28
15 топ ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ - ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ ЕЛЕУСИЗОВА САҒЫНЫШ ҚОЖАБАЙҚЫЗЫ КОЛЛЕДЖ ӘДІСКЕРІ ИСМАГУЛОВА АЙЖАН АМИРЖАНОВНА ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ ШАРИПОВ АСЛАН АСКЕРОВИЧ ТОП ЖЕТЕКШІСІ АБИМОЛДИНА ЖҰЛДЫЗГҮЛ АБДУАЛИЕВНА 2015 жыл

жизнь колледжа

  • Upload
    manzyr

  • View
    935

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: жизнь колледжа

15 топ ДИРЕКТОРДЫҢ

ОҚУ - ЖҰМЫСЫ

ЖӨНІНДЕГІ

ОРЫНБАСАРЫ

ЕЛЕУСИЗОВА САҒЫНЫШ

ҚОЖАБАЙҚЫЗЫ

КОЛЛЕДЖ

ӘДІСКЕРІ

ИСМАГУЛОВА АЙЖАН

АМИРЖАНОВНА

ДИРЕКТОРДЫҢ

ТӘРБИЕ-ІСІ

ЖӨНІНДЕГІ

ОРЫНБАСАРЫ

ШАРИПОВ АСЛАН

АСКЕРОВИЧ

ТОП

ЖЕТЕКШІСІ

АБИМОЛДИНА ЖҰЛДЫЗГҮЛ

АБДУАЛИЕВНА

2015 жыл

Page 2: жизнь колледжа

Ең алғаш колледжге келген күн

1 қыркүйек 2015 жыл

Page 3: жизнь колледжа

Топ өмірінен

Page 4: жизнь колледжа

Топ белсенділері

Сардар:

Абдрахман Нұрсұлтан

Әлімжан Заманбек

Мәдениет

секторы:

Әмитов Иса

Тәртіп

секторы:

Жиенбаев Меңғали

Спорт

секторы:

Боранбаев Ерлан

Ред коллегия:

Құсайынов Мерлан

Тазалық

секторы:

Асылғали Мейірбек

Шаруашылық

секторы:

Отаралин Даурен

Әр

білі

м а

луш

ы -

жек

е тұ

лға

4

Page 5: жизнь колледжа

Тәуелсіздік күніӘнмен жеткізілген патриоттық сезім

Желтоқсан айында Ақтөбе автожол колледжінде тарих пәнінің оқытушысы А.Д.Жиенгазинаның ұйымдастыруымен «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әндер сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты: өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухқа тәрбиелеу, сайысқа қатысушылардың шеберлігін көтеру, патриоттық сезімді насихаттау.

Патриоттық әндер сайысына қатысқандар Отанға, туған жерге деген сезімдерін әнмен,өлең жырлармен жеткізді.Сайыс қорытындысы бойынша 3-орынға 105 «Техник – құрылысшы», 2 – орынға 1 – топ «Автокөліктерді жөндеуші слесары», 1-орынға «Автомобиль кранының машинисі» ие болса, бас жүлдеге ие болған 15 топ «Автокөліктерді жөндеуші слесары» білім алушыларын колледж директоры Алишева Жанар Қуандыққызы мақтау қағазымен және колледж кубогымен марапаттады.Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында өткізілген мәдени шараның алар орны ерекше болды.

5

Page 6: жизнь колледжа

Студенттер күніне арналған ашық тәрбие сағатында

Ізгі

шар

а

6

Page 7: жизнь колледжа

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» тәрбие сағатында

Ақтөбе автожол колледжінің № 15 топ оқушыларының арасында «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында топ оқушылары екіге бөлініп, өзара сайыс өткізді. Бұл ашық сабақтың мақсаты: студенттердің ой – өрісін, білімдерін кеңейтіп, өз елін, жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды.

Ізгі шара

7

Page 8: жизнь колледжа

Үздік куратор - 2015Ұ

лаға

тты

ұст

азы

м

Ұ С Т А З Ұстаз – өнегесімен қымбатты, еңбегімен сымбатты8

Page 9: жизнь колледжа

Бүгінгі оқушы – ертеңгі білікті маман

Керек кәсіп

Елдің елдігін сақтап, көркейтетін де, басқа елмен терезесін тең етіп өркендететін де – білімді ұрпақ.Ал олардың болашағын айқындап беретін, білім мен тәрбиенің алтын дәнін себетін, талантын ұштайтын, қанаттарын қатайтып, өмірлік жолдарын таңдай білуге талпындыратын – білім ордалары.Сондай білім ордаларының бірі – «Ақтөбе автожол колледжі».Жақсы маманның тәрбиесі ұстазға байланысты.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде колледж ұстаздарының еңбегі зор.Қазіргі білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарында көрсетілген мемлекеттік маңызы бар міндеттердің бірі – жастардың өз кәсібіне деген қызығушылығын қалыптастыру мәселесі.Бұл орайда колледждің алдына қойып отырған міндеттері – мамандары кәсіби даярлаудың сапасын көтеру, олардың таңдап алған мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, өз кәсібіне деген жауапкершілігін қалыптастыру.Мектеп бітірген соң оқушылардың колледжге келуі – олардың өміріндегі алғашқы дербес қадамдарының бірі.1 курсқа келгенде жан-жақтан әртүрлі балалар жиналады, олардың мінез-құлықтары да, тәрбиесі де, өз - өздерін ұстауы да әртүрлі болады.Бұрын сабақ үлгерімі төмен, тәртібі нашар деген балалар 9 сыныптан соң, колледжге кетуіне мүдделі болатын.Бүгінгі таңда бұл көзқарас біршама өзгерді.Қазіргі кезде колледжде оқығысы келетін балалардың ішінде жақсы оқитын, тәртібі жақсы оқушылар да көптеп кездеседі.Олар өздері қызығатын нақты бір кәсіпті меңгерсем деп алдына үлкен мақсат қойып келеді.Тіпті, сабақ үлгерімі төмен, «бұзық» деген балалар да бірте-бірте колледж тәртібіне бейімделеді, талапқа бағынады, жауапкершілікті үйренеді.Колледжді аяқтаған соң олар мүлде басқа адам болып шығады.Есейген, ержеткен, ақыл тоқтатқан, үлкен өмірге бет алған, өз бетінше өмір сүруге үйренген, әр ісіне жауап бере алатын адам, кәсіби маман болып шығады.Білім алушыларымыз келешекте тек биіктерден көрініп, Абай атамыз айтқандай, «Атаның ұлы емес, адамның ұлы» болсын деп тілеймін! Білім ордасының мәртебесі асқақтай берсін! Абимолдина Жұлдызгүл Абдуалиевна 9

Page 10: жизнь колледжа

15 т

оп

10

Page 11: жизнь колледжа

Ізбасарлар алға, Биіктерге самға.Біліміміз барда,Жүреміз тек алда. 15 топ

11

Page 12: жизнь колледжа

...ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН

СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН...

8 Н

АУРЫ

З - Х

АЛ

ЫҚ

АРА

ЛЫ

Қ Ә

ЙЕ

ЛД

ЕР

КҮН

І

12

Page 13: жизнь колледжа

АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!22 наурыз – Ж

АҢА Ж

ЫЛ

13

Page 14: жизнь колледжа

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

7 м

амы

р

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

мерекесін Ақтөбе қаласының тұрғындары

мен қонақтары барынша сән – салтанаты

мен өткізді.ҚР Тұңғыш Президенті

Н.Назарбаев атындағы орталық саябаққа

жиналған жұрт үлкен экраннан Астана

қаласында өткізіліп жатқан Жеңістің 70

жылдығына және Отан қорғаушылар

күніне арналған әскери шеруді

тамашалады.Бұл шеруге Ақтөбеден екі

мәрте Кеңес Одағының Батыры

Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс

күштерінің Әскери институтының

курсанттары қатысқан еді.Шеруді үлкен Экраннан тамашалау

аяқталған соң Ақтөбе қаласының әкімінің Қазақстан Қарулы

Күштердің құрылғанына 23 жыл толуына арналған Алғыс хатын

табыс етті.Сонымен қатар біздің Ақтөбе автожол колледжінің

білім алушылары да қатысып үлкен әсермен оралды.14

Page 15: жизнь колледжа

Майдангер батырларға арналған кеш

І курс 15 – топ білім алушылары Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлерді құрметтеу мақсатында кеш ұйымдастырып, шағын дайындаған номерлерін ұсынды. Атап айтсақ «Отан үшін отқа түс», «Соғыс жылдарынан», «Ауған жауынгерлеріне арнау» көркем сөз оқыды.»Ана», «Катюша», «Атамекен» әндерін орындады.Кеш қонақтары Тәйкенов С.Х., Сәтен Ғ.М. әңгімесін аса ілтипатпен тыңдаған білім алушылар қойған сұрақтарына жауап алды.

Ұлы

Жеңіске - 70 ж

ыл

15

Page 16: жизнь колледжа

Тыл ардагеріне көмекБа

стам

а

Мен Мұсағалиев Қаныбек, Ақтөбе автожол колледжінің №15 топ студентімін. Біз осы жақында 9 мамыр жеңіс күніне орай №15 топ оқушылары және топ жетекшісі Абимолдина Жұлдызгүл Абдуалиқызы болып тыл ардагері Вера Ивановна әжеміздің үйіне көмектесуге бардық.Вера Ивановна әжеміз бізге өзінің басынан кешкен оқиғаларын айтып берді. Бұл кісі жауға қару алып шаппаса да, жеңіске ерен еңбегі сіңген кісі. Қазіргі таңда осындай ата -әжелеріміздің арқасында бейбіт өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан ол кісілерге айтар алғысымыз шексіз және де біз секілді колледж студенттерін үлкенге құрмет, кішіге ізет етіп, осындай бейбіт өмір сыйлаған ата - әжелерімізге құрмет көрсетіп, қолдан келген көмектерін көрсетуге шақырамыз!!!

16

Page 17: жизнь колледжа

«ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»

Аталар ерлігіне бас иеміз

Дүр сілкінді дүние, дүрлікті жұртЖайсаң дүние өзгерді әп-сәтте күрт.Алай – дүлей бір дауыл соғып өттіСап тыйылды қуаныш, күлкі жым-жырт.

Ызғарлы сөз, зұлым соғыс басталды деп,Дұшпанмен айқасқа түс, тезірек жетОтан үшін жауынгер от кешіп өтҰрпаққа үлгі болғайсың жеңіске сеп.

Page 18: жизнь колледжа

С.Бәйішов атындағы облыстық кітапхана

Бабалар үнін тыңдаймыз,Жатқа оқып жырлаймыз.

Болашақта ел қамын,Қолда ту ғып ұстаймыз.

Мәң

гілі

к ел

дің

ерте

ңі –

біл

імді

жас

тар

18

Page 19: жизнь колледжа

С.Жиенбаев атындағы кітапхана

2015 жылы 24 ақпан күні С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойына орай «Ұлы даланың ұлы хандары» атты тарихи – танымдық кеш өткізілді.

Талаптың мініп тұлпары

н

19

Page 20: жизнь колледжа

Науанова Жұмагүлата – аналар комитеті

Ақтөбе автожол колледжіне биыл менің балам оқуға түсті.Колледжге ең алғаш келген күні ұстаздардың студенттерге деген жауапкершіліктерін көрдім.Колледждің жақсы да,жоғары қалыптастырылғаны бірден байқалады.Ұстаздармен студенттер арасындағы қарым-қатынас өте жоғары деңгейде қалыптасқан.Колледж спортқа, өнерге және басқа салаларға балаларды тартуда.Колледж балаларға жақсы мамандық алуларына үлкен қызмет етуде.Қаншама студенттер қазіргі уақытта көрнекті маман иесі болып шықты.Менің балам Иса Әмитов осы колледждің бірінші курсында оқып жатыр.Балам жақсы маман иесі боларына сенімдімін.Колледжде «КВН» командасына қатысып көзге түсіп жүр.Колледж жастары қоғамдық жұмыстарға да ат салысуда.Мен ұстаздарға үлкен рахмет айтқым келеді.Оқу жылы басталғалы осы колледждің жетістіктерін көріп келемін.Балаларға жоғары деңгейде маман иесі болуларына жақсы жағдай жасалған.Колледж ішіндегі қалыптасқан тәртіппен, тәрбиеде өте жоғары.Балалардың жақсы мамандық алып шығуларына көп жағдай жасалған.Колледжде ұйымшылдық жақсы қалыптасқан және ұстаздар өте білімді де, жоғары маман екені көрінуде.Мен 15 топ жетекшісі Жұлдыз апайдың оқушылармен жұмысына риза болдым.Колледж ұжымы болашақта да жоғарыдан көріне беретініне сеніммен қарауға болады.

Сұх

бат

20

Page 21: жизнь колледжа

Шайгузова Мадина

ата - ана

Мен Мұғалжар ауданындағы Еңбек негізгі мектебінде 30 жылда мектеп директоры болып қызмет жасадым.Сол мектептің түлектерінің көбі осы колледжден әртүрлі мамандық бойынша оқып,білім алып,қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр.Атап айтсақ: Қапаров Аманбек, Қожабергенов Алтынбек, Қусаинов Айбат.Ал 2008 жылы өзімнің үлкен немерем Исен Ануар оның кластастары Сәметов Дулат, Жұмағалиев Жанболат, Аққошқаров Медет оқуға түсіп, оқуларын аяқтап, қазіргі таңда жұмыс жасап, еңбектерінің жемісін жеп отыр.Биыл сол мектептің түлектері: Узбасқан Бақдәулет, Жоламан Әділбек, Обаш Ерден, Тастемір Батырбек, Саметов Нурболат оқу бітіргелі отыр.Бұлар да өмірдің еңбек жолына аттанғалы отыр.Осы үстіміздегі оқу жылында тағы 5 түлек оқуға келіп, әртүрлі мамандық бойынша оқып жатыр.Оның ішінде менің немерем Есенов Ернар бар және оның сыныптастары: Қусаинов Азамат, Қусаинов Мирлан, Абдуллин Ерболат, Саметов Нұрсейт.Бұл колледжі ер балаларға лайықты мамандық береді.Осы оқу жыл бойынша мен колледжде болып жатқан іс-шараларға қатысып, көп жақсы істердің куәсі болып жүрмін.Немерем оқитын 15 топ, яғни авто - слесарлық мамандығы бойынша оқитын көптеген жетістіктерімен үлгілі топ.Бұл жетістік куратор апайы Жұлдыздың еңбегі.Әр жерден келген ер балаларды бір семьяның баласындай ұстау өте қиын.Соған қарамастан оқушыларын өте жақсы дәрежеде тәрбиелеп отыр.Колледждің бәсекеге сай қабілетті мамандар дайындауға үлесі зор және келешегі бар деп айтуға болады.

Сұхбат

21

Page 22: жизнь колледжа

Менің колледжім –С

туде

нтте

р ле

бізі

Мен Абдрахман Нұрсұлтан 9 - шы сыныпты . аяқтағаннан кейін осы колледжді таңдадым,және . өз таңдауым үшін өкінбеймін.Елбасы Н.Назарбаев . «техник мамандықтар иесін экономистермен, . заңгерлермен салыстыруға болмайды, олар біздің . болашағымыздың дамуына үлкен үлес қосатын . азаматтар» деген болатын.Сондықтан «техникалық мамандықты таңдау – елбасы сөзін қолдау» деп түсінемін.Міне 1-ші курсты да аяқтап жатырмын.Құрметті оқытушылар, сіздердің қаталдықтарыңызға, мейірімдеріңізге, 1 жылда берген білімдеріңізге, әрдайым қол созып көмектескендеріңізге үлкен рахмет.

Мен Орын Нұржан Ақтөбе қаласында №8 мектепті аяқтап, осы колледжге келіп түстім.Ғылым мен техниканың өрістеп тұрған заманында Қазақстанның дамуы, әлемнің озық елдерінің қатарына қосылуы үшін техникалық мамандықтар аса қажет.Менің мамандығым да солардың қатарында.Еңбек нарығында білімді мамандар ғана сұранысқа ие.Мұны жеке түсінетін оқытушыларымыз өз білімгерлеріне сапалы білім беруде аянып қалған емес.Өндірістік сабақта өтетін тәжірибие сағаттары да өз кәсібімізді меңгеруге көмектеседі.Мен мамандығымды мақтан етемін.

Мен Сержанов Мержан бала кезімнен әкемнің ж жанында жүріп, техникаға деген қ қызығушылығым арта бастады, әрі бұл іске и икемімнің бар екенінде байқадым. 9 – сыныпты бітіргеннен кейін, Ақтөбе автожол колледжімен мектебімізге кәсіптік бағыт бағдар беру кезінде білдім, осында құжат тапсыруға бел будым. Ал колледжге түскеннен кейін мамандығым жайлы тереңірек біле бастадым. «Автокөліктерді жөндеуші слесарі» мамандығының арнайы пәндері маған өте қызық, пәнге қызығушылығымды арттыруға арнайы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері Мәжит ағайлар үлестерін қосуда.

22

Page 23: жизнь колледжа

– менің мақтанышымС

туденттер лебізі

Мен Мұсағалиев Қаныбек Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында Жансен Кереев атындағы орта мектебінде оқып,9-шысыныпты бітірдім.9-шы сыныпты бітірер кезде, Ақтөбе қаласы«Ақтөбе автожол колледжінен» кәсіптік бағдар беру үшін Абимолдина Жұлдызгүл Абдуалиқызы келіп,бізге колледжді таныстырды.Маған колледж ұнады.Мен бала кезімнен машинаайдағанды және жөндеуді үйренгім келетін, сол себептен 9-шысыныпта ТҚС-да жұмыс істеп жүрдім «Ақтөбе автожол колледжімен»танысқаннан кейін,осы мамандық иесі болуды мақсат етіп «Авто-слесарь» мамандығына түстім.Қазіргі кезде мен «Ақтөбе автожол колледжінің» 15 топ студентімін.Маған мамандығым ұнайды және де осы колледжде үздік маман иелері сабақ береді.Мен өз мамандығым туралы теорияда, өндірістік сабақта көріп жүрмін.Бұл колледжде бәсекеге сай қабілетті мамандарды дайындайды. Колледжде балдарға оқуға бар жағдай жасалған, көптеген үйірмелер бар.Мен осы колледжді бітіріп болашақта үздік маман иесі болғым келеді.Мен өз мамандығымды сүйемін «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңды таңдай біл» демекші мен өз мамандығымды дұрыс таңдадым.Мамандығым – мақтанышым.

Мен Исмағзам Райымбек Ақтөбе қаласындағы № 21 орта мектеп-гимназиясының, 9 сыныпты аяқтап осы колледжге келдім.9 сынып бітірген соң, анам осындай колледж бар екенін айтты.Колледжге келіп, өзіме жақын мамандық «Автокөліктерді жөндеуші слесаріне» түстім.Мен осы колледжге түскелі көптеген іс-шаралар мен мерекелерге қатысып, өз деңгейімді көтердім.Олимпиадаларға қатысып, өз білімімді тексердім.Тексеріп қана қоймай, өз деңгейімді арттырдым.Колледж маған осындайымен қызықты.Сол себепті мен осы колледжді таңдадым.\мамандығым – автокөліктерді жөндеуші слесарі.Бұл мамандық қазіргі білім мен ғылым және техниканың дамыған кезінде өте қажетті мамандық.Сол себепті осы мамандықты таңдадым.Мақсатым колледж бітірген соң, жоғарғы оқу орнына түсіп және өз алдыма техникалық қызмет көрсету орталығын ашсам деген арманым бар.Мен өз мамандығымның сырына қанығып, өзгенің емес, өзінің қызметімнің жемісін жеп, шыңына өрмелегім келеді... Елбасымыз кәсіптік білімге көп көңіл бөліп жатқан уақытта,ер адамға тән осы бір мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін.Болашақта «жақсы маман», «білікті маман», «кәсіби маман» иесі атанып, өз ісімнің шебері болғым келеді.

23

Page 24: жизнь колледжа

Топтың жетістіктері Бі

здің

мақ

таны

шы

мыз

24

Page 25: жизнь колледжа

Спорт шынықтырады,достық біріктіреді

Спорт

25

Page 26: жизнь колледжа

Біздің колледж – сенің жеңіске жетер жолыңМ

аман

дықт

ың

бәрі

жақ

сы,

қала

уыңд

ы т

аңда

й бі

л.

26

Ақтөбе автожол колледжі 2015-2016 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша түлектерді шақырады:

Мамандықтар:

(Техник - механик) - 9 сынып негізінде 3 жыл 10 ай / 11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай(Электр - механик) - 9 сынып негізінде 3 жыл 6 ай / 11 сынып негізінде 2 жыл 6 ай(Құрылысшы - техник) - 9 сынып негізінде 3 жыл 6 ай / 11 сынып негізінде 2 жыл 6 ай(Автокөліктерді жөндеуші слесары) - 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай / 11 сынып негізінде 10 ай(Бір ожаулы экскаватор машинисі) - 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай / 11 сынып негізінде 10 ай(Автомобиль кранының машинисі) - 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай (Электргаз дәнекерлеуші) - 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай / 11 сынып негізінде 10 ай 

Актюбинский автомобильно-дорожный колледж обьявляет прием обучающихсяна 2015-2016 уч.г. по нижеследующим специальностям:

Специальности:

(Техник - механик) - на базе 9 кл - 3 года 10 месяцев / на базе 11 кл – 2 года 10 месяцев(Электромеханик) - на базе 9кл – 3 года 6 месяцев / на базе 11 кл – 2 года 6 месяцев(Техник - строитель) - на базе 9 кл – 3года 6 месяцев / на базе 11 кл – 2 года 6 месяцев(Слесарь по ремонту автомобилей) - на базе 9 кл – 2 года 10 месяцев / на базе 11 кл – 10 месяцев(Машинист экскаватора одноковшевого) - на базе 9 кл – 2 года 10 месяцев / на базе 11 кл – 10 месяцев(Машинист крана автомобильного) - на базе 9 кл – 2 года 10 месяцев (Электрогазосварщик) - на базе 9 кл – 2 года 10 месяцев / на базе 11кл – 10 месяцев

Біздің мекен-жайымыз:Ақтөбе қаласы,

Гришин көшесі, 7тел: 8 (7132) 51-37-68,

51-35-16, 51-66-51 Cайт: http//www.avto-koll.ai.kz

Page 27: жизнь колледжа

9 – 11 сынып бітіруші түлектерге кәсіптік бағыт –

бағдар беру кезінде

Бегалы орта мектебі 19 орта мектеп

21 мектеп гимназия

40 орта мектеп

34 орта мектепСаралжын орта мектебі

Сазды орта мектебі

Page 28: жизнь колледжа

15 ТОП ҒАЛАМАТ

1.Авто колледж, нұрлы колледж,

Бұл біздің, оқу орнымыз.

Алтын колледж, жарқын колледж,

Болашаққа бастайтын бізді сен ғана.

Қайырмасы:

Алдымызда арман көп,

Алдымызда сан белес

Әр түлектің ойлаған арманы бір сол,

Көңілімде шалқып күй

Жүрегімізде нұр тұнып,

Сезімің мен жетекшіңді әрқашан шын сүй

15 топ қой ғаламат,

Қанекей бізге шапалақ.

Тобымызды біз қорғаймыз,

Жұлдыз апайға шапалақ.

2.Авто колледж, нұрлы колледж,

Бұл біздің, оқу орнымыз.

Алтын колледж, жарқын колледж,

Болашаққа бастайтын бізді сен ғана.

Қайырмасы:

3.Біздер болашақ маманбыз,

Жұлдыз апайда анамыз.

Бәсекеге сай қабілетті,

Автослесарлар боламыз.