8
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ ТЕОРИЯНЫ ӨНДІРІСПЕН ҰШТАСТЫРА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Дуальное обучение и соц. партнеры

  • Upload
    manzyr

  • View
    248

  • Download
    15

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Дуальное обучение и соц. партнеры

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ – ТЕОРИЯНЫ

ӨНДІРІСПЕН ҰШТАСТЫРА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. 

Page 2: Дуальное обучение и соц. партнеры

Дуалдау реформасының тиімді жақтары

Жұмыссыздық деңгейін төмендету

Сапалы оқу жүйесін қалыптастыру

Оқу орны мен кәсіпорын салалары арасында байланыс орнату

Жаңа технологияны меңгерген жас мамандарды өндіріске тарту

Жұмыс берушілердің сұраныстарын

қанағаттандыру

Оқыту жүйесінде теория мен

практиканы қатар іске асыру

Page 3: Дуальное обучение и соц. партнеры

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндірісі, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Дуалды жүйенің негізгі – болашақ жас маманның оқу орны мен өндіріске қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату. Дуалды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, білім алушы оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуалды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.

Page 4: Дуальное обучение и соц. партнеры

Ынтымақтастық төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қолдану арқылы оқушылардың тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі).

2. Ары қарай жұмысқа орналасу мен өндірістік тәжірибеден өтуге үш жақты шарттар жасау.

3. Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе әзірлеу.

4. Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу.

5. Оқу бітірушілердің қорытынды аттестациясы кезеңінде кәсіпорын өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы. Кәсіпорын өкілдері мемлекеттік біліктілік комиссиясына басшылық етеді, диплом жобаларының жетекшілері болып табылады.

6. Кәсіпорындарда арнайы пәндер оқытушыларының сынақ өтулерін ұйымдастыру. Колледж түлектерін дайындауда білімді  тәуелсіз бағалау сапасы үрдісінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестіктер белсенді түрде  қатысып отырады.

Page 5: Дуальное обучение и соц. партнеры

Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:

1. Білім алушының кәсіби өзін-өзі билеуі;

2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;

3. Білім алушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;

4.Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;

5. Білім алушының тәжірибелік деңгейінің жоғарылауы;

6. Білім алушы жаңа ортаға бейімделуі

7. Білім алушылардың одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы.

8. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілін жоғарылату

Page 6: Дуальное обучение и соц. партнеры

  2015-2016 оқу жылында қаламыздағы 4 ірі мекемелермен 3 жақты келісім шарт жасалып, «Автокөліктерді жөндеуші слесары» біліктілігі бойынша дуалды оқытудың эксперименттік алаңындағы ІІ-курс 15-топ білім алушылары оқу жоспарына сәйкес келісім шарт негізінде «Көл- Авто»; «Елек-Лада»; «Вест Моторс Сервис»; «Данай-Ақтөбе» мекемелерінде дуалды оқытуда іс тәжірибеден өтуде.

Page 7: Дуальное обучение и соц. партнеры

Колледж серіктестіктері

«Көл-Авто-Ақтөбе» ЖШС

«Вест Моторс Сервис» ЖШС

«Елек - Лада» ЖШС«Данай - Ақтөбе»

ЖШС

Page 8: Дуальное обучение и соц. партнеры

Дуалды оқыту жүйесі – заман талабы