8
№5 (4171), 19.01.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ИГІ ІС ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ ҚАЙСАР ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ 21 қаңтарда болатын Сенат отырысын- да бір заң жобасын қарау жоспарланды. Парламент Сенатының Төрағасы Қасым- Жомарт Тоқаев жəне Бюро мүшелері қабылдаған қаулыға сəйкес, депутат- тар назарына «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту жəне жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кəсiптiк жəне өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мəтінде: «Қазақстан Республикасындағы ме- рекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасындағы кəсiптiк жəне өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №1, 1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кəсiптiк жəне өзге де мерекелердің тізбесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Алғыс айту күні – 1 наурыз»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Геолог күні – сəуірдің бірінші жексенбісі». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. СЕНАТ ОТЫРЫСЫНДА БІР ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛАДЫ Мұнда арнайы келген Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы адам өлтіріп қашып бара жатқан қарулы қылмыскерді ұстаған осы мектептің оқушылары Данияр Отарбаев, Заманбек Тоғызбаев, Рамазан Хайруллаев, Арслан Казез, Алексей Миллер, Əкімжан Серікбаевты жəне олардың ата-аналары мен ұстаздарын марапатта- ды. Оқиға 11 қаңтар күні Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр ауылында болды. Аудан орталығындағы Титов көшесінің бойындағы № 138 мектеп-лицейдің 11-сыныбының бір топ оқушысы сабақтан шығып келе жатқан бола- тын. Олар көше бойында төбелесіп жатқан екі ер адамды жəне оның бірінің қолында пышақ барын көреді де мектеп мұғалімдеріне хабарламақшы болады. Алайда, кенеттен оның біреуі екіншісіне пышақ салып алған. Оқушылар ешбір ойланбастан дереу оқиға орнынан бой тасаламақ болған қарулы қылмыскердің соңына түседі. «Біз алты бала келе жатқанбыз. Адам өлтіріп қашып бара жатқан ер адамды ұстау үшін үш-үштен бөліндік те қаумалай қудық. Ең қорқыныштысы қылмыскерді ұстаған кезімізде оның қолында əлі қанға боялған пышақ бар еді. Қуып жетіп оны жерге жыққан кезде балалардың бірі аяғымен қылмыскердің қолындағы пышақты теуіп қалғанда, суық қару аулаққа ұшып түсті. Содан кейін барып біз мектепке хабарластық», – дейді 11-сынып оқушысы Заманбек Тоғызбаев. Марапат кезінде сөз сөйлеген Өтеген батыр ауылындағы №138 мектеп-лицейдің директоры Роза Бақтыгерейқызы Шоманова қылмыскердің соңынан қуып жетіп ұстаған жəне оны дереу қарусыздандырған оқушылардың қайсарлығын КЕШЕ АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПАРЛА- МЕНТ МƏЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВПЕН ЖƏНЕ ПРЕ- МЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВПЕН КЕЗЕКТЕН ТЫС ПАРЛАМЕНТТІК САЙ- ЛАУ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ ӨТКІЗДІ. КЕЗДЕСУГЕ ПРЕЗИДЕНТ ƏКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ДЕ ҚАТЫСТЫ. Елбасы Мəжіліс депутаттарының кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасы бүгінде түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар қоғамдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік бұл ұсынысты қолдайтынын қоғамдық пікірді білу мақсатында жүргізілген сауалнамалардан да көруге болатынына назар аударды. Өз кезегінде Қ.Жақыпов мұндай шешімге партиялардың сайлаушылардың жаңа сенім мандатын алу, ауқымды қоғамдық топтасу, сонымен бірге, барлық деңгейдегі реформаларды жүзеге асыру үшін Мəжіліс пен мəслихаттардың іс- қимылдарын үндестіру қажеттігі басты себеп болғанын айтты. Сондай-ақ, Елбасы Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездесіп, консультация өткізді. Консультация барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы Мəжіліс депутаттарының бастамасы қаралды. Қазақстан Президенті бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқанын жəне мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен əлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отырғанын атап өтті. Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ӨТЕГЕН БАТЫР АУЫЛЫНДАҒЫ №38 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ АКТ ЗАЛЫ- НА ЖИНАЛҒАН ОҚУШЫЛАР, ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР МЕН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЕРЕКШЕ МАРАПАТТАУДЫҢ КУƏСІ БОЛДЫ. мақтан етті. Сонымен қатар, ол осындай па- триот балалар тəрбиелеуге атсалысып жүрген ұстаздарға да алғыс айтты. Əсіресе, ержүрек оқушылардың сынып жетекшісі, тəжірибелі ұстаз Гүлжан Отарбаеваның оқушыларға патриоттық тəрбие берудегі еңбегін атап өтті. Алматы облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.Масимов қарулы қылмыскерді ұстап, поли- ция қызметкерлеріне үлкен көмек көрсеткен оқушыларға жəне олардың ата-аналары мен мектеп ұстаздарына алғыс айтып, Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майо- ры Мұрат Ұрұмхановтың алғыс хатымен марапат- тады жəне оқушыларға атаулы сағат табыстады. Сонымен қатар, Н.Масимов ержүрек оқушылардың алдағы Ұлттық бірыңғай тесті табысты тапсырула- рына тілек білдіріп, оларды болашақта ішкі істер органының оқу орындарына түсуге шақырды. Жиында Іле ауданы əкімінің орынбасары Д.Жүнісов те сөз сөйлеп, оқушылардың қайсарлығын мақтан етті. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының көмегімен қолға түскен күдікті Іле аудандық Ішкі істер басқармасының тергеу изоляторына қамалып, тергеу алды амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастаманың Мəжіліс пен мəслихат сайлауын біріктіруге, қаржылық жəне ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды. Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бастама дер кезінде көтерілгенін, өйткені, Мəжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев бұл күні Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен де консультация өткізді. Кездесу барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу мəселесі талқыланды. Мемлекет басшысы Мəжіліс депутаттарының үндеуін алғанын, онда аталған бастамаға реформаларды жəне мемлекет белгілеген дағдарысқа қарсы шара- ларды тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Парламенттің қос палатасының төрағаларымен жəне Премьер-Министрмен консультация өткізгенін айтты. И.Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сəйкес, Парламентті не- месе Парламент Мəжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төрағаларымен жəне Премьер-Министрмен консультациядан кейін тарата алатынын айтты. Сонымен бірге, Конституциялық кеңес төрағасы кезектен тыс сайлау Парламент немесе Парламент Мəжілісі өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізілетініне назар аударды. И.Рогов Мəжіліске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық деңгейдегі мəслихат сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына толық сай келетінін атап өтті. Өз тілшімізден Сондай-ақ, сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға жəне Сенаттың шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтарына жіберу ту- ралы мəселені талқылау жоспарланып отыр. Бюрода жұмысқа қабылданатын үш заң жобасы бойынша бас комитеттер белгіленді. Қаржы жəне бюджет комитетіне «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы белгіленді. «Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетіне берілді. Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитеті «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі (энергия тиімділігін артты- ру жəне жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры əкімшісі ретінде əрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификация- лау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бұл заң жобалары бойынша тиісті қорытындылар əзірлеу мерзімі 2016 жылғы 29 ақпанға дейін белгіленді.

Сақшы №05 (4171)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №5 (4171) 19.01.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №05 (4171)

№5(4171),

19.01.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ИГІ ІС

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

ҚАЙСАР ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

21 қаңтарда болатын Сенат отырысын-да бір заң жобасын қарау жоспарланды. Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жəне Бюро мүшелері қабылдаған қаулыға сəйкес, депутат-тар назарына «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту жəне жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кəсiптiк жəне өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мəтінде: «Қазақстан Республикасындағы ме-рекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кəсiптiк жəне өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы

№ 3 8 2 7 Ж а р л ы ғ ы н а ( Қ а з а қ с т а н Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №1,

1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кəсiптiк жəне өзге де мерекелердің тізбесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Алғыс айту күні – 1 наурыз»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Геолог күні – сəуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

СЕНАТ ОТЫРЫСЫНДА БІР ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛАДЫ

Мұнда арнайы келген Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы адам өлтіріп қашып бара жатқан қарулы қылмыскерді ұстаған осы мектептің оқушылары Данияр Отарбаев, Заманбек Тоғызбаев, Рамазан Хайруллаев, Арслан Казез, Алексей Миллер, Əкімжан Серікбаевты жəне олардың ата-аналары мен ұстаздарын марапатта-ды.

Оқиға 11 қаңтар күні Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр ауылында болды. Аудан орталығындағы Титов көшесінің бойындағы № 138 мектеп-лицейдің 11-сыныбының бір топ оқушысы сабақтан шығып келе жатқан бола-тын. Олар көше бойында төбелесіп жатқан екі ер адамды жəне оның бірінің қолында пышақ барын көреді де мектеп мұғалімдеріне хабарламақшы болады. Алайда, кенеттен оның біреуі екіншісіне пышақ салып алған. Оқушылар ешбір ойланбастан дереу оқиға орнынан бой тасаламақ болған қарулы қылмыскердің соңына түседі.

«Біз алты бала келе жатқанбыз. Адам өлтіріп қашып бара жатқан ер адамды ұстау үшін үш-үштен бөліндік те қаумалай қудық. Ең қорқыныштысы қылмыскерді ұстаған кезімізде оның қолында əлі қанға боялған пышақ бар еді. Қуып жетіп оны жерге жыққан кезде балалардың бірі аяғымен қылмыскердің қолындағы пышақты теуіп қалғанда, суық қару аулаққа ұшып түсті. Содан кейін барып біз мектепке хабарластық», – дейді 11-сынып оқушысы Заманбек Тоғызбаев.

Марапат кезінде сөз сөйлеген Өтеген батыр ауылындағы №138 мектеп-лицейдің директоры Роза Бақтыгерейқызы Шоманова қылмыскердің соңынан қуып жетіп ұстаған жəне оны дереу қарусыздандырған оқушылардың қайсарлығын

КЕШЕ АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПАРЛА-МЕНТ МƏЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВПЕН ЖƏНЕ ПРЕ-МЬЕР-МИНИСТР КƏРІМ МƏСІМОВПЕН КЕЗЕКТЕН ТЫС ПАРЛАМЕНТТІК САЙ-ЛАУ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ ӨТКІЗДІ. КЕЗДЕСУГЕ ПРЕЗИДЕНТ ƏКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ДЕ ҚАТЫСТЫ.

Елбасы Мəжіліс депутаттарының кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасы бүгінде түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар қоғамдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік бұл ұсынысты қолдайтынын қоғамдық пікірді білу мақсатында жүргізілген сауалнамалардан да көруге болатынына назар аударды.

Өз кезегінде Қ.Жақыпов мұндай шешімге партиялардың сайлаушылардың жаңа сенім мандатын алу, ауқымды қоғамдық топтасу, сонымен бірге, барлық деңгейдегі реформаларды жүзеге асыру үшін Мəжіліс пен мəслихаттардың іс-қимылдарын үндестіру қажеттігі басты себеп болғанын айтты.

Сондай-ақ, Елбасы Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездесіп, консультация өткізді.

Консультация барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы Мəжіліс депутаттарының бастамасы қаралды.

Қазақстан Президенті бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқанын жəне мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен əлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отырғанын атап өтті.

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ӨТЕГЕН БАТЫР АУЫЛЫНДАҒЫ №38 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ АКТ ЗАЛЫ-НА ЖИНАЛҒАН ОҚУШЫЛАР, ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР МЕН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЕРЕКШЕ МАРАПАТТАУДЫҢ КУƏСІ БОЛДЫ.

мақтан етті. Сонымен қатар, ол осындай па-триот балалар тəрбиелеуге атсалысып жүрген ұстаздарға да алғыс айтты. Əсіресе, ержүрек оқушылардың сынып жетекшісі, тəжірибелі ұстаз Гүлжан Отарбаеваның оқушыларға патриоттық тəрбие берудегі еңбегін атап өтті.

Алматы облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.Масимов қарулы қылмыскерді ұстап, поли-ция қызметкерлеріне үлкен көмек көрсеткен оқушыларға жəне олардың ата-аналары мен мектеп ұстаздарына алғыс айтып, Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майо-

ры Мұрат Ұрұмхановтың алғыс хатымен марапат-тады жəне оқушыларға атаулы сағат табыстады. Сонымен қатар, Н.Масимов ержүрек оқушылардың алдағы Ұлттық бірыңғай тесті табысты тапсырула-рына тілек білдіріп, оларды болашақта ішкі істер органының оқу орындарына түсуге шақырды. Жиында Іле ауданы əкімінің орынбасары Д.Жүнісов те сөз сөйлеп, оқушылардың қайсарлығын мақтан етті.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының көмегімен қолға түскен күдікті Іле аудандық Ішкі істер басқармасының тергеу изоляторына қамалып, тергеу алды амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастаманың Мəжіліс пен мəслихат сайлауын біріктіруге, қаржылық жəне ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бастама дер кезінде көтерілгенін, өйткені, Мəжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл күні Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен де консультация өткізді. Кездесу барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу мəселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Мəжіліс депутаттарының үндеуін алғанын, онда аталған бастамаға реформаларды жəне мемлекет белгілеген дағдарысқа қарсы шара-ларды тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Парламенттің қос палатасының төрағаларымен жəне Премьер-Министрмен консультация өткізгенін айтты.

И.Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сəйкес, Парламентті не-месе Парламент Мəжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төрағаларымен жəне Премьер-Министрмен консультациядан кейін тарата алатынын айтты. Сонымен бірге, Конституциялық кеңес төрағасы кезектен тыс сайлау Парламент немесе Парламент Мəжілісі өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізілетініне назар аударды.

И.Рогов Мəжіліске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық деңгейдегі мəслихат сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына толық сай келетінін атап өтті.

Өз тілшімізден

Сондай-ақ, сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға жəне Сенаттың шет мемлекеттерд ің парламенттер імен ынтымақтастық жөніндегі топтарына жіберу ту-ралы мəселені талқылау жоспарланып отыр.

Бюрода жұмысқа қабылданатын үш заң жобасы бойынша бас комитеттер белгіленді.

Қаржы жəне бюджет комитетіне «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы белгіленді.

«Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетіне берілді.

Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитеті «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі (энергия тиімділігін артты-ру жəне жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры əкімшісі ретінде əрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) ратификация-лау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Бұл заң жобалары бойынша тиісті қорытындылар əзірлеу мерзімі 2016 жылғы 29 ақпанға дейін белгіленді.

Page 2: Сақшы №05 (4171)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№5 (4171), сейсенбі, 19.01.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

,

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Индонезия

Ресей

Əлеуметтік желілер тексеріліп жатыр

Перу

АҚШ

Индонезия елінде де тазарту жұмыстары басталды. Олар содырларға соғыс ашпас бұрын алдымен əлеуметтік желілерді тексеріп, осы саланы реттеп алмақ.

Елде болған лаңкестік əрекеттерден кейін билік теріс ағымдардың идеясын тарататын 11 веб-сайт пен бірнеше əлеуметтік аккаунтты жапты. Индонезия Байланыс министрлігінің мəліметіне сүйенсек, ендігі жерде Үкімет күдік туғызған сайттарды қатаң бақылауына алмақ. Қазір Үкімет мүшелері Facebook, Twitter жəне телеграмм əлеуметтік желілерінде экстремистік ақпараттарды таратпауға өтініш жасап отыр. Өз кезегінде Джакарта полициясының басшы-сы өткен шабуылды ұйымдастырған атышулы жиһадшы Бахрун Найм Индонезиядағы сыбайлас-тарымен үнемі интернет арқылы байланысып, «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымына қатысты ақпарат таратып келгенін айтты.

Əкім бол, халқыңа жақын бол Қашаған жобасы іске қосылады

Е.Досаев АИИБ ашылуына қатысты

Доллар 78 рубльге шарықтады

Ең жас ана қайтыс болды

АҚШ баллистикалық зымыран сынауға жауапты ирандық компаниялар мен жеке тұлғаларға жаңа санкциялар салды. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.

Иран 2015 жылдың күзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңес ін ің ек і қарарын бұзатын орта қашықтықтың баллистикалық зымыранын сынаған болатын.

Ж а ң а с а н к ц и я И р а н н ы ң з ы м ы р а н бағдарламасына қатысты 11 азамат пен компанияға америкалық банк жүйес ін пайдалануға тыйым салады. Бұл шешім Иранға қатысты халықаралық санкциялар алынып тасталғаннан кейін қабылданды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНДЕ АППАРАТ ОТЫ-РЫСЫ АУМАҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖАҢА БАСШЫЛАРЫН ТАНЫСТЫРУДАН БАСТАЛ-ДЫ.

Елорда əкімі Əділбек Жақсыбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментінің жаңа басшысы Дулат Əзбергеновті жəне Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы қызметін қоса атқаратын Əдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тілеген Каскинді таныстырды.

Қала əкімдігі сайтының хабарлауынша, Астана əкімі отырыс барысында аудан əкімдерінің

халықпен жəне еңбек ұжымдарымен есеп беру кездесулеріне жеке тоқталып, мұндай кездесулердің жергілікті атқарушы органдар үшін де, қала тұрғындарының өздері үшін де маңызды екендігін атап өтті. Халықпен есеп беру кездесулері кеше басталды.

«Халық пен қала тұрғындарының проблемалық мəселелерін уақытылы шешуге ерекше назар ауда-ру керек», – деді Ə.Жақсыбеков.

Қажет болған жағдайда тұрғындардың сұрақтарына толық жауап қайтару үшін қалалық басқармалардың өкілдері де есеп беру кездесулеріне қатысады.

ПАРИЖ ҚАЛАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖƏНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫНА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ЕҢБЕК ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

Осы шара аясында жүргізілген екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Швецияның Жұмыспен қамту министрінің жауапты хатшысы Ирен Веннемо зейнетақымен қамсыздандыруды дамыту бойын-ша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қоюға келісті. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымне қатар, Т.Дүйсенова Германияның Еңбек жəне əлеуметтік мəселелер федералдық министрлігінің өкілі Сюзан Гофманмен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша кадрларды оқыту, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арт-тыру мəселелеріндегі екіжақты ынтымақтастықты белсендіру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Түркиямен де əлеуметтік қауіпсіздік мəселелері бойынша ынтымақтастық орнатпақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау жəне

Əлемді əлеуметтік мəселе алаңдатады əлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына қатысушы елдердің жұмыспен қамту, еңбек жəне əлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің Парижде өткен кездесуі аясындағы екіжақты келісімнің нəтижесінде Денсаулық сақтау жəне əлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Түркияның Еңбек жəне əлеуметтік қауіпсіздік министрі Сулейман Соялу əлеуметтік қауіпсіздік мəселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қоюға келісті», – делінген министрлік ақпаратында.

Ведомствоның атап өтуінше, тараптар өз бетінше жұмыспен айналысушы азаматтарды нəтижелі жұмыспен қамтылуға тарту жəне оларды əлеуметтік қамсыздандырумен қамту мəселелері бойынша тəжірибемен алмасу, сондай-ақ, Қазақстанның протездік-ортопедиялық саласын дамыту туралы келісімге келді.

Француз мамандары Қазақстанның онкологиялық қызметін жетілдіруге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Парижде өткен жұмыспен қамту, еңбек жəне əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша министрлер кездесуіне əлемнің 42 елінің өкілдері қатысты.

БЕЙЖІҢДЕ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИННІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АЗИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНВЕСТИ-ЦИЯЛАР БАНКІНІҢ 57 ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЕЛДІҢ ӨКІЛДЕРІ АИИБ АШЫЛУ РƏСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҰЛТТЫҚ ЭКО-НОМИКА МИНИСТРІ ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ БАСТАП БАРДЫ.

АИИБ ашылу рəсімінен кейін Басқарушылар кеңесінің инаугурациясы өтіп, онда Президентті

т а ғ а й ы н д а у м ə с е л е с і , Директорлар кеңесін құру жəне басқа да негізгі құжаттар тізімі қарастырылды жəне қабылданды.

« Қ а з а қ с т а н А И И Б құрылтайшыларының бірі болып банкті құруда басынан белсенді қатысты. АИИБ құру Азиядағы инфрақұрылымдық жобаларға қосымша инвестицияларды тартуға, оның ішінде Қазақстанда, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру жəне даму банкі жəне Азиялық даму банкі сияқты көпжақты банктердің қызметін толықтырады», – деді Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, өңірлік мүше ретінде Қазақстанның мəртебесі болашақта «Нұрлы Жол» жəне «Жібек жолы экономикалық белдеуі» мемлекеттік бағдарламаларының түйісуі шеңберінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін АИИБ қаражатына жол ашады.

Банк капиталының үйлестірілуіне сəйкес, банк капиталындағы Қазақстанның жалпы үлесі 129,3 немесе 0,7 пайызды құрайды. Төленетін капитал 145,9 млн. АҚШ долларын құрап, жыл сайын 5 траншпен төленеді.

БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАШАҒАН МҰНАЙ КЕНІШІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ТАЯУДА ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БРИФИНГТЕ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ ВЛАДИМИР ШКОЛЬНИК МƏЛІМ ЕТТІ.

«Биыл Қашаған жобасын іске асырамыз. Келесі жылдан бастап, ол мұнай өндіру көлеміне өз үлесін қоса бастайды», – деді В.Школьник.

Оның мəліметтері бойынша, Қашағанда алғашқы жылы 7 млн. тонна мұнай өндіріле бастайды, келесі жылы 11 млн. тонна, ал одан кейінгі кезеңдерде 13 млн. тонна мұнай шығарылмақ.

Сонымен қатар, министрдің атап өткеніндей, биыл Қазақстан 77 миллион тонна мұнай шығаруды жоспарлауда.

Еске сала кетейік, Қашаған кенішіндегі мұнай өндірісі 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталады деп жоспарланған болатын. Алайда, 24 қыркүйекте кеніштегі өндіру жұмыстары қайта тоқтады. Ондағы газ құбырлары жұмысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Қашағанның геологиялық қоры 4,8, млрд. тонна мұнайды құрап отыр. Жалпы, 38 миллиард баррель мұнай мен 1 триллион текше метр газ қоры жинақталған.

2015 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ІРІ ТАБИҒИ УРАН ӨНДІРУШІ РЕТІНДЕ ƏЛЕМДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ОРНЫН САҚТАП ҚАЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ «ҚАЗАТОМӨНЕРКƏСІП» ҰАК» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН ХАБАРЛАДЫ.

«Қазақстан ірі табиғи уран өндіруші ретіндегі əлемдегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. 2015 жылы «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ холдингі құрамындағы кəсіпорындар 23,8 мың тонна уран (жылдық жоспардың 101%) өндірді, соның ішінде еншілес жəне бағынышты кəсіпорындардағы үлестерін қоса есептегенде Ұлттық атом ком-паниясы өндірген уран көлемі 13 мың тоннаны (жылдық жоспардың 102%) құрады», – делінген хабарламада.

Есепті кезеңде «ҮМЗ» АҚ 141,2 мың тонна тан-тал өнімдерін, 96,9 мың тонна ниобий өнімдерін жəне 1,6 млн. тонна бериллий өнімдерін өндірді.

«МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС Маңғыстау об-лысы жəне Ақтау қаласындағы тұтынушылар үшін 4 890 850 мың кВт/сағат электр энергиясын, 3 592 339 ГКал жылу энергиясын өндіріп, 1 214 511 мың текше метр су əзірлесе, соның 11 397 мың текше метрі ауыз су.

«Уран байыту орталығы» ЖАҚ 5,1 млн. БЖБ (бөлу жұмысының бірлігі 1 келі уранды белгілі деңгейге дейін байытуға жұмсалатын электр энергиясының шығынын сипаттайды) көлемінде байытылған уран өнімін шығарды.

23,8 мың тонна уран өндірілді

БҮГІНГЕ ДЕЙIН 7600 КƏСIПКЕР СУБСИДИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КӨМЕК АЛДЫ.

Бұл туралы шағын жəне орта бизнес саласын қолдау шараларына арналған ОКҚ брифингi ба-рысында «Даму» кəсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ Басқарушы директоры Ғабит Лесбеков мəлiмдедi.

«Кəсiпкерлерге субсидиялау бағдарламасы өте тиімді болып отыр. Ол бойынша бүгінге дейiн 7600 кəсiпкер көмек алған болса, 2015 жылы 1595 келiсiмшартқа қол қойылды. Жалпы 26 млрд. теңге субсидия бөлiндi. Сөйтiп, кəсiпкерлер осы субсидияның көмегiмен 260 млрд. теңге көлемінде несиелiк портфельге қол жеткiздi», – дедi Ғ.Лесбеков.

Оның айтуынша, 2015 жылы кепiлдеме беру бағдарламасы да кəсiпкерлерге өте қажет құралдың бiрiне айналды.

«Неге десеңiз, барлық екiншi деңгейлi банктер кепiлдеменi бағалау саясатын күшейтуіне байла-нысты көптеген кəсiпкер өздерiнiң жоспарларын, жобаларын жүзеге асыруға қаражат ала алмай қалды. Сондықтан осы бағдарлама оларға үлкен мүмкiндiк бердi», – дедi Ғ.Лесбеков.

Қанша кəсіпкер көмек алды?

17 ҚАҢТАРДА ТЕГЕРАНДА «ЭЙР АСТАНА» ƏУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН АРА-СЫНДА ТҰРАҚТЫ ТУРА ƏУЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗУІ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ.

«Бұл құжатқа сəйкес, «Эйр Астана» əуе компания-сы 2016 жылдың маусым айынан бастап Тегеран жəне Алматы арасында жиілігі аптасына 3 рет тура əуе қатынастарын орнатады», – деп хабарлайды Инвестициялар жəне даму министрлігінің баспасөз

ЕЛІМІЗДЕ 19 ЖƏНЕ 20 ҚАҢТАРДА ҚАТТЫ АЯЗ БОЛА-ДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ. РЕСЕЙДІҢ СІБІРДЕГІ ТАЙМЫР ӨЛКЕСІНЕН БАСТАЛҒАН СУЫҚ АНТИЦИКЛОН ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК, ОРТАЛЫҚ ЖƏНЕ ШЫҒЫС ОБЛЫС-ТАРЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН БОЛА-ДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КАЗГИДРОМЕТ СИНОПТИКТЕРІ ХАБАРЛАЙДЫ.

19-20 қаңтарда қатты аяз бо-лып, түнгі температура 30-35ºC, ал күндіз 20-25ºC аяз болады деп күтілуде. Оған күшті жел мен бұрқасын қосылып, күн одан сай-ын суыта түспек.

21 қаңтарда оңтүстік циклонның тегеурінімен антициклон мен аяз шығысқа қарай ауысады.

Республиканың батысында Қара теңізден циклон ықпалымен жылбысқы қар жауып, жел 15-25 м/с-қа

Күн суытып, қатты аяз болады

жетіп, температура 3-8ºC-қа климаттық нормадан артады деп күтілуде.

Оңтүстікте ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады.

Мəскеу биржасында сауда-саттықтың ашылуында америкалық валюта бағамы 1 долларға 78 рубльге артты.

Мəскеу биржасында валюта сауда-саттығы 2016 жылғы 18 қаңтарда рубль бағамының төмендеуімен басталды. Сауда-саттық басталғаннан бірден 78,936 рубльге жетіп, жыл ішінде алғаш рет 78 рубльге шарықтады, бұл өткен сауда-саттықтың жабылу деңгейінен 1,333 рубльге жоғары.

Бұдан бұрын 78 рубльден жоғарыға 2014 жылы 16 желтоқсанда көтерілген.

Мəскеу биржасында еуро бағамы бүгінде 86,864 рубль белгісіне жетіп, өсу үстінде, бұл – өткен сауда-саттықтың жабылу деңгейінен 1,184 рубльге жоғары.

Перуде адамзат тарихындағы ең жас ана Лина Медина қайтыс болды, ол 5 жасында бала туған. Ғылымға кішкентай қыздың қалай жүкті болғаны, оны қалай көтеріп, сау баланы дүниеге əкелуі əлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр.

Қыз 5-ке толғанда ата-анасы оны ауруханаға əкеледі. Олар қыздың асқазанында ісік бар деп ойлаған, алайда, тексеру барысында баланың дені сау екені, оның 7 айлық жүкті екені анықталған.

5 жасар қыз 1939 жылы 14 мамырда кесар тілігі көмегімен босанады. Жас анадан ер бала туып, Жерардо деген есім беріледі.

Лина Медина бойжетіп, тұрмысқа шығып, тағы да бірнеше баланы дүниеге əкеледі. Балалары оған немере, шөберелер сыйлайды. Тұңғышы Жерардодан анасы 40 жыл ұзақ өмір сүріп, 2015 жылғы 8 қарашада 82 жасында өмірден озды.

Иранға санкциялар салды

Тегеранға енді аптасына 3 рет ұшасыңқызметі. Инвестициялар жəне даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орын-басары Талғат Ластаев жəне «Эйр Астана» əуекомпаниясы Президентінің орынбасары Ербол Оспанов басқарған қазақстандық делегация Иранның авиациялық басқарушы ұйымымен жақын арада Тегеран жəне Астана арасында тікелей əуе қатынасының ашылуы жөнінде келіссөздер өткізді. Қазіргі уақытта ирандық «Махан Эйр» əуе компа-ниясы Тегеран жəне Алматы қалалары арасында аптасына 2 рет ұшуда.

Page 3: Сақшы №05 (4171)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№5 (4171), сейсенбі, 19.01.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ТҰСАУКЕСЕР ТАҒАЙЫНДАУ

Жаңа басшыны таныстырды

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ВЛАДИМИР БОЖ-КО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫН ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ТАНЫСТЫРДЫ.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары, азаматтық қорғау қызметінің полковнигі Владимир Беккер осы комитеттің төрағасы болып тағайындалды. Жаңа бас-шыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко таныстырды.

Азаматтық қорғау полковнигі Владимир Робертович 1965 жылы 18 қарашада бұрынғы Семей облысының Үржар ауданына қарасты Благодатное ауылында туған.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары т е х н и к а л ы қ у ч и л и щ е с і н « Ө р т қауіпсіздігі» мамандығы бойынша үздік тəмамдады. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы өңірлік университетін «Заң» мамандығы бойынша бітірді.

Азаматтық қорғау саласында 1986 жылдың қазан айынан бастап қызмет етіп келеді.

1991 жылға дейін əртүрлі орта жəне аға басқарушы құрам лауазымдарында жұмыс жасады. 1991 жылдың сəуір ай-ынан бастап 2008 жылдың қыркүйек ай-ына дейін басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

2008 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.

2014 жылдың казан айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ол ІІ дəрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, І, ІІ, ІІІ дəрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда жəне жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері», «Өрт сөндіру қызметінің үздігі» төсбелгілерімен, «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» орденімен марапатталған.

«Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сəйкес генерал-майор В.Петров келісімшарттың аяқталуына жəне басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Шараға Ішкі істер министрін ің бірінші орынбасары, полиция гене-рал-лейтенанты Марат Демеуов, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан Ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, ІІО мен Ұлттық ұлан Ардагерлері қазақстандық кеңесі төрағасының орынбасары, ІІМ Орталық аппараты Ардагерлері кеңес ін ің төрағасы, милиция полковнигі Берік Сүлейменов, ІІМ Орталық аппаратының жеке құрамы, кітапқа есімдері ен-ген ІІ дүниежүзілік соғыстың көзі тірі майдангерлері жəне олардың туған-туыстары қатысты.

Айта кететіні, «Жеңіс жолында» кітабы ішкі істер органдарының, қылмыстық атқару жүйесінің, азаматтық қорғаныс жəне Ұлттық ұлан қызметінде еңбек еткен соғыс ардагерлеріне арналған.

Шарада алдымен сөз кезегін Өмірзақ Қоспанұлы алып, 7500 данамен жарық көрген кітапты шығарудағы мақсаттарын айтты.

«Бүгін біз игілікті іс-шараның куəгері болып отырмыз. Ішкі істер органдарын-да қызмет еткен – қиын-қыстау кезеңде майданға қатысып, ерлік көрсеткен ардагерлерді ұлықтап, есімдерін мəңгі есте қалдыру мақсатында «Жеңіс жо-лында» кітабын жарыққа шығардық. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған бұл игі бастамамызға Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы қолдау б і л д і р д і . Б ұл еңбек т і ң тұсаукесеріне майдангерлердің бала-лары мен туған-туыстарын шақырып отырмыз. Соғыс өртінен Отанын қорғап, Ұлы Жеңіске жеткізген ардақты ағаларымыздың ерліктерін бүгінгі буын тəртіп сақшылары біліп жүрулері тиіс», – деді Өмірзақ Болсамбеков өз сөзінде. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ардагерлер ұйымында соғысқа

Ішкі істер министрінің орынбаса-ры, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұловтың төра ғалығымен өткен кеңеске «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды жасап шығарушы Қаржы министрлігінің өкілдері, ІІМ комитет төрағаларының орынбасар-лары, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ Оқу орталығы, медициналық мекемелерінің басшылығы жəне осы құрылымдардың тыл қызметкерлері қатысты.

З а ң д а ғ ы ж а ң а ш ы л д ы қ т а р талқыланған селекторлық кеңес отыры-сына төрағалық еткен Берік Бисенқұлов: «Өткен жылдың 4 желтоқсанында ел Президенті «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға қол қойды. Елбасының Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» 5 институттық реформасын іске асыру ая-сында қабылданған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы осы жылдың қаңтар айында қолданысқа енді», – деді. Ол кеңес отырысына қатысқандарды күн тəртібіне қойылған сұрақпен таныс-тырып өтті. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнын қолданысқа енгізілуі жəне заңды қолданудағы тəжірибе» сұрағы күн тəртібіне шығарылып, селекторлық кеңес отырысының қатысушылары заңдағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндама жаса-ды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды қолдану кезінде туындайтын кейбір келелі сұрақтар жөнінде ІІМ Тыл департаментінің бастығы, поли-ция полковнигі Сергей Каверников сөз сөйледі.

«Бұл заң мемлекеттік сатып алуларды жеңілдетуге жəне ашық жүргізуге негіз болып, жемқорлық қаупін төмендетуге жəне сатып алулардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа заң негізінде бұдан былай сатып алу-

«ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Ғани АТЫМТАЙ, суреттерді түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

ТАЯУДА ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ «ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РƏСІМІ ӨТТІ.

қатысқан майдангерлерді қосқанда 60 мыңнан астам ардагер бар. Олар соғыстан кейінгі жылдары қылмыстың жолын кесуге атсалысты.

600-ге жуық беттен тұратын «Жеңіс жолында» кітабының беташарын-да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы Жеңіс туралы: «...Бұл соғысқа көп ел қатысты, миллиондаған адам майдан даласында қаза тапты жəне соншасы жарақат алды, жақындары жапа шекті. Біз – жеңімпаз əкелердің бақытты ұрпағымыз. Егер олар жеңіске жетпегенде, қазір біздің жағдайымыз қандай боларын елестетудің өзі қиын. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық. Мен жастардың оларға əрдайым көмектескен ін , қарт ата-аналарын құрметтегенін қалаймын, біздің халық сондай болуға

тиіс. Ардагерлер арамызда аман-есен ұзақ жүріп, адамгершілік, моральдық ұстанымдарымен жас буынға үлгі бола берсін», – деген сөзі басылған. Ары қарай қан майданда ерл ік көрсетіп, кейінгі саналы ғұмырларын ішкі істер органдарына арнаған 2600-ге жуық ардагердің өмірбаяндары фотосуреттерімен қоса беріліпті. Сондай-ақ, Кеңес Одағының 15 батыры мен екі Даңқ орденінің иегері туралы арнайы бөлім де бар.

Шарада І І дүниежүз іл ік соғыс ардагерлері – В.Кальсин, К.Бекенов, И . З айченко , К .Жолдыбаев с ө з сөйлеп, өздерін елеп-ескерген ІІМ б а с ш ы л ы ғ ы н а а л ғ ы с б і л д і р д і . Сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры Ж.Бөкенбаевтың қызы Ж.Бөкенбаева, Қазақ ССР ІІМ министрінің орынбасары Б.Омаровтың жұбайы И.Омарова жəне

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ бастығы болған З.Ағыбаевтың қызы А.Ағыбаева да ризашылық білдіріп, жылы естеліктерімен бөлісті.

Бұдан соң шақырылған қонақтарға кітаптарды табыстау рəсімі өтті.

І с -шара соңында Ішк і і с тер министрінің бірінші орынбасары, по-лиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов Ішкі і стер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымына мұрағаттық материалдарды іріктеп, кітаптың жарық көруіне үлес қосқандары үшін алғысын білдіріп, ардагерлерге мықты денсаулық, қажымас қайрат тіледі.

КЕҢЕС

ЗАҢДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫЖадыра МЫРЗАХМЕТ, cурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ ЖЫЛ БАСЫНАН ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН ҚР «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ҚАРАЛҒАН БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ РЕЖИМІНДЕ СЕЛЕКТОРЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.

Жан АЙБЕК, cурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТІП, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫНА ЕҢБЕГІН СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ. ІІМ КАДР ЖҰМЫСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ АЛТЫНҒАЛИ ƏБДІҒАЛИЕВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН САЛТАНАТТЫ ЖИЫНДА ІШКІ ІСТЕР ОРГА-НЫНДА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

лар бірыңғай электронды форматта жүргізіледі, мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын əзірлеу, бекіту жəне конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау институ-ты енгізілді», – деді ол.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңға байланысты өзге ілеспелі заңдарға, соның ішінде, Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске, Бюджет кодексінің «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» тармағына жəне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Департамент бастығы Сергей Каверников өз баянда-масында Бас прокуратура, Қаржылық бақылау комитеті, ІІМ Ішкі бақылау басқармаларының ішкі істер органда-

рында мемлекеттік сатып алуларды жүргізу тəртібі кезінде заңдылықтың с а қ т а л у ы б о й ы н ш а ж ү р г і з г е н тексерістерінің қорытындыларына ІІМ Тыл департаменті сараптама жасағанына баса тоқталды.

«Сараптама нəтижес інде Ішк і істер министрлігі құрылымдарында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының бұрмалануы анықталды. Кəсіби талаптарға сəйкес келмегеніне қарамастан конкурстық байқаудың ж е ң і м п а з ы н т а н у , ə л е у е т т і жеткізушілердің конкурсқа қатысу жөніндегі өтініштерін негізсіз кері қайтару жəне басқа да ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына қайшы заң бұзушылықтар орын алған», – дейді полиция полковнигі. Ол, сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алу тура-лы» заңға соңғы 8 жылдың ішінде 45 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін жеткізді. Сондықтан да, заңдағы жаңашылдықты қадағалап отыру арқылы мемлекеттік сатып алулар саласында кəсібилікті арттыру керектігін айтты.

Селекторлық кеңес отырысы ба-рысында мемлекеттік сатып алулар веб-порталының жұмысы, заңның бұрмалануына жол бермеу жəне оның орындалуын жүйелі бақылау тақырыптарында Қаржылық бақылау комитетінің Мемлекеттік сатып алу-лар саласын бақылау басқармасының сарапшысы, «Электронды сауда орталығы» ЖШС директорының орын-басары баяндама жасады. Сондай-ақ, кеңес қатысушылары баяндамашыларға мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жасап, сұрақтарын қойды. Жиын соңында ІІМ комитет төрағаларының орынбасарларына, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ Оқу орталығы жəне медициналық мекемелерінің басшылығына «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының бұлжытпай орында-луы жеке бақылауларына алуы тапсы-рылды.

Зейнеткерлік куəлігін алғандардың қатарында полиция полковниктері Б. Каженов, А.Досмағабетов, Ж.Шаймарданова, полиция подполковнигі Д.Ахметов, полиция майоры Ш.Кенжалина, С.Аманжолова бар.

Биыл ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шыққандардың басын қосқан жиынды Алтынғали Үсенұлы құттықтау сөзімен ашып, ардагерлердің қатарын толықтырайын деп отырған қызметкерлердің əрқайсысының жеке адамгершілік қасиетіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, қым-қуыт, қауырт қызметті қиынсынбай, абыроймен осыншама жыл атқарып келгендері үшін алғысын білдірді.

«Өмірде еңбек жолының басы жəне соңы болады. Міне, бүгін еңбек демалысына шыққан үлгілі қызметкерлерді міндеттерін абыроймен атқарды деп айта аламын.

ТАҒЫЛЫМ

ЕҢСЕЛІ ЕҢБЕК ИЕЛЕРІ

Олар қандай құрметке болсын лайық. Сіңірген еңбектері мен үлгілі қызметтері үшін ІІМ басшылығының жəне Кадр жұмысы департаменті атынан алғысымды айтқым келеді. Осы саладағы көпжылдық тəжірибелеріңіз азаматтық өмірде жол тауып кетулеріңізге көп көмегін тигізетініне кəміл сенемін. Ішкі істер органдары қатарынан құрметті еңбек демалысына шыққан азаматтарға азаматтық өмірде де сұраныс жоғары», – деген А.Əбдіғалиев сенімнен шыға білген кешегі қатардағы қызметкер, бүгінгі зейнеткерлер үшін ішкі істер органының есігі əрдайым ашық екенін айтты. Жас буынға жол көрсетіп, көп жылдық тəжірибелерімен бөлісеміз дейтіндерді қуана қарсы алатындарын да жеткізді.

Жылдар бойы бірге қызмет еткен ізбасар əріптестері де салтанатты жиын ба-рысында сөз алып, білмегенін үйретіп, білгенімен бөліскен аға буынға ерекше алғыстарын айтып, есте қалған ерекше оқиғаларды жүздеріне күлкі үйіре отыра еске алды. Ғұмырын ішкі істер саласына арнаған ардақтылардың əрқайсысына жеке алғыс білдірген əріптестері жүрекжарды тілектерін, жылы-жылы лебіздерін жеткізіп, іскерлік қабілеттері мен кəсіби біліктіліктерін жоғары бағалайтындарын айтып өтті. Бұдан соң əріптестерінің ерекше ілтипатына бөленген зейнеткерлер сөз алып, қимастық сезімдерін білдірді.

«Басшылық құрамға жəне өзімен қатар қызмет еткен əріптестеріме алғысымды білдіремін. Осы Ішкі істер министрлігінде қызмет еткен 8 жылдың ішінде тек жақсы сəттер ғана есімде қалыпты. Бұл жылдар маған көп жақсылық əкелді, ертеңгі күні ерекше əсермен еске алып отыратын боламын», – деген Шынар Кенжалина зей-неткер куəлігін алған əріптестерінің дендеріне саулық, отбасыларына береке, əр бастаған істеріне сəттілік тіледі. Зейнеткерлікке шыққандарға салтанатты жиын барысында сый-құрмет көрсетілді.

Page 4: Сақшы №05 (4171)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№5 (4171), сейсенбі, 19.01.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ АКАДЕМИЯ ТЫНЫСЫ

Халықпен етене еңбек етпек

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ПƏТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВТЕРІ ӨКІЛДЕРІ ЕЛОРДАДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕ МƏСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ.

Ж е р г і л і к т і п о л и ц и я қызметін ің бастығы, поли-ция полковниг і Бақытжан Малыбаев алғашқы кездесуін Астана қаласы «Есіл» ПИК өкілдерімен өткізді.Кездесу а у д а н д ы қ ə к і м ш і л і к т і ң ғимаратында өтт і . Жиынға Есіл ауданы əкімінің орын-басары А. Қайыржанов пен учаскелік полиция инспектор-лары қатысты.

Бақытжан Малыбаев жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметі мен оған жүктелген міндеттер туралы, соның ішінде,

жергілікті полиция қызметіндегі айқын ерекшелік – халыққа есеп беру мен қызметінің ашықтығы жөнінде айтып өтті.

«Қазіргі таңда біз белсенді түрде жұмыс жүргізудеміз. Учаскелік инспектор-лар үйлерді арнайы аралап, жұртшылыққа хабарлап, оларға жеке мəліметтері жазылған карточкалар таратуда. Қазір сауда үйлерінде, тұрмыстық нысандарда, үй кіреберістерінде учаскелік инспектордың фотосы мен оның телефон нөмірі ілінетін болады. Шын мəнісіне келсек, халық пен учаскелік инспекторлар, ПИК төрағаларымен біріге жұмыс атқаратын болса, полицияның жұмысы жанданып, нəтижесін бермек» деді полиция бастығы.

Оның айтуынша, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуде кез келген азаматтың көкейінде құқықтық мəдениет қалыптасу керек. Елорда тұрғындары мен полицейлердің қарым-қатынасының біте қайнасуы ұсақ құқық бұзушылық пен күрделі қылмыстарды болдырмаудың алдын алуға кепіл болып табылады.

Кездесу барысында жергілікті полиция қызметінің бастығы пəтер иелері кооперативтері төрағаларын толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қоғамдық орындар мен көшелерде орын алатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аулалар мен үйлердің кіреберістерін бейнебақылау камераларын орнату, сондай-ақ, қылмыстың алдын алуға баса назар салу керек екендігін сөзге арқау етті.

Кездесуді қорытындылай келе, осындай басқосулар жиі, əрі əрбір ауданда өткізіліп тұратындығын айта кетті.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

ІІМ Алматы Академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Талғат Кулибаев төрағалық еткен маңызды шараға І ІМ Кадр департамент і бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Құрұмбаев, Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков жəне аумақтық ішкі істер органдары-нан келген арнайы өкілдер қатысты. Биылғы жыл бойынша аумақтарға тəжірибеден өтуге бөлінген 4-курс курсанттарының жалпы саны 279-ды құрап отыр. Нақтырақ айтар болсақ, тергеуші-криминалист мамандығы бойынша 90, жедел криминалистика мамандығы бойынша 47, жедел іздестіру мамандығы бойынша 88, əкімшілік құқық мамандығы бойынша 54 курсант Академияда алған теориялық білімдерін нақты тəжірибеде сынап көрмек.

ІІМ Алматы Академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Талғат Кулибаев жиналғандарды Академия тарихымен қысқаша таныстырып өтті. Сонымен қатар, соңғы уақыттардағы Академияда, оның ішінде, білім беру

Жергілікті полиция – жаңа бастама

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Ж е р г і л і к т і п о л и ц и я н ы ң басшылығын тағайындау кезінде Ішкі істер министрі облыс əкіміне ұсыныс жасап, министрдің ұ с ы н ы с ы м ə с л и х а т т а ғ ы депутаттардың келіс ім інен өтіп, облыс əкімінің шешімімен тағайындалады.

Қарағанды облысының əк ім і Нұрмұхамбет Əбдібеков жергілікті по-лиция қызметінің бастығы лауазымы-на мəслихаттың ұйғарымы бойынша Жалғасбай Сұлтанғалиұлы Жақаевты тағайындады.

Жалғасбай Сұлтанғалиұлы 1964 жылы туған. 1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебін тəмамдаған. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында 30 жылдан астам еңбек етіп келеді. Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын уақытша ұстау изоляторының милиция қызметкері болып бастап, кейін Жезқазған қалалық Ішкі істер бөлімінде учаскелік милиция инспекторы, ал 1989 жылдан бастап тергеу бөлімінде қызмет атқарған. Кейін облыстың тергеу бөлімдерінде басшылық лауазымдарында қызмет жасады. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды облыстық ІІД Сəтбаев қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. Облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков жергілікті полиция қызметінің бастығына сəттілік тілеп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне тілектестік білдірді.

Жергілікті полицияның ерекшелігі бұдан былай қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайтын тəртіп сақшылары халықпен бірлесіп етене жұмыс жасайды. Жылына бір рет облыстық мəслихат депутаттары алдында, сонымен қатар, халық алдында атқарған жұмыстары бойынша есеп береді. Жергілікті полицияда қызмет атқаратын барлық қызметкерлер жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Бүгінгі таңда жаңадан құрылған жергілікті полицияға облыс бойынша 2 мыңнан астам қызметкер кіріп отыр. Олар учаскелік полиция инспекторлары, кəмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеу тобының қызметкерлері, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі, табиғатты қорғау бөлімі, жол-патрульдік полиция секілді бірқатар қызмет өтіп отыр. Бір сөзбен айтқанда қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайтын қызметтер. Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметкерлерінің алдына міндеттер қойылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қуаныш МЕДЕУБАЕВ

ЖАҢА 2016 ЖЫЛ ӨҢІРЛЕРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЙЕГЕ ЕНГІЗУМЕН БАСТАЛДЫ. БҰРЫН ТЕК ТІКЕЛЕЙ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕН ОБЛЫСТАРДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНЕ ҒАНА БАҒЫНҒАН ƏКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – ЖЕРГІЛІКТІ, ЯҒНИ, МУНИЦИПАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БОЛЫП ТҮРЛЕНІП, ОБЛЫСТАРДАҒЫ ƏКІМДІКТЕРДІҢ ҚАРАМАҒЫНА ОЙЫСТЫ.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Ақмола облысы Степногор қаласында жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды. Бұл туралы қала əкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Степногор қалалық мəслихатының кезектен тыс 49-сессиясы өтті. Сайкен Алпысбаевтың төрағалығымен өткен сессияда Степногор қалалық ІІБ бастығы К.Нұрмағамбетов облыс əкімі Сергей Кулагиннің келісімімен жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына Əсет Омаровтың кандидатурасын ұсынды. Сессияда депутаттар Əсет Омаровтың кандидатурасын бірауыздан колдады.

Əсет Омаров 1980 жылы туған. 2004 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тəмамдаған. Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі кезге дейін Степногор қалалық ІІБ бастығының орынбасары болды.

Ұзақ уақыт ішкі істер органдарында қызмет еткен ол жақсы жағынан танылып, өзін жауапкершілігі мол басшы ретінде көрсете білген.

Айша БЕКҚЫЗЫ

Жиында осы іс-шараны өткізу ба-рысында кездескен проблемалар талқыланып, көлік инфрақұрылымы нысандарындағы бірлескен қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыру сөз болды. Айлықтың негізгі мақсаты – адамдардың теміржолды кесіп өтерде жəне теміржол аймағында мал бағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, қайғылы жағдайлар санын төмендету.

2015 жылдың соңында өткен жұмыс кездесуінде екі тарап жоспарланған іс-шаралар бойынша қысқаша есеп берді.

Көліктегі ІІД бастығының орын-басары, полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов теміржол нысандарындағы құқық бұзушылықтың жəне көлік оқиғаларының алдын алу бойын-ша теміржол ұйымдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстың нəтижесі апта сайын Ішкі істер желілік басқармалары ( б ө л і м ш е л е р і ) б а с ш ы л а р ы н ы ң қатысуымен өтет ін селекторлық мəжілісте талқыланатынын атап өтті.

Бір айлық кезеңде 3909 əкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 109 ұсақ бұзақылық анықталған.

Қ о ғ а м д ы қ о р ы н д а р д а төңірегіндегілердің мазасын алғаны үшін 43 адам жауапқа тартылды. 44 рет алдын алу шаралары өткізілді, оның ішінде, 34 дөңгелек үстел, 10 брифинг. Теміржол бойында тұратын жергілікті халықпен 87 рет, жолаушылар пойыз-дарында 67, теміржол ұйымдарында 93, оқу орындарында 110 кездесу өткізіліп, іс-шаралардың міндеті мен мақсаты, сонымен қатар, құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін құқықтық жауапкершілік жайлары түсіндірілді.

Көліктегі ІІД Əкімшілік полиция басқармасы мен Астана стансасындағы ІІЖБ бірлесе отырып, 40-шы стансадағы теміржол ұйымының өкілдерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Кездесуге қатысқан жергілікті атқарушы орган, көлік прокуратурасы, «Нұр Отан» пар-тиясы жəне БАҚ өкілдері теміржолдағы қауіпсіздік мəселесін сөз етті.

КУРСАНТТАР АУМАҚТАРҒА БӨЛІНДІ

Айып ИМАНҒАЗИЕВ, Алматы қаласы

ЖЫЛ БАСЫНДА АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫ 4-КУРС КУР-САНТТАРЫН АУМАҚТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ТАРАТЫП-БӨЛУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.

саласында атқарылып жатқан бірқатар оң өзгерістерге тоқталды.

«Қа з і р г і т аңда А кадемияның материалдық-техникалық базасы заман талабына сай толықтай жабдықталған. Білім алушылардың дəріс тыңдау ауди-ториялары, мəдени іс-шаралар өткізу орындары, спортпен шұғылдану залдары мен жаттығу алаңдарына қайта жаңарту жұмыстары жасалды. Олар оқу орнының ғылыми қызметін жақсартып, оқу жүйесіне жаңа технологияларды енгізуге жол ашып, компьютермен оқытудың за-манауи техникалық құралдарын кеңінен қолдануға септігін тигізді. Əсіресе, оқу жүйесіндегі ғылыми ізденістер мен жаңа технологияларды қолданысқа енгізуге аса мəн берілуде. Сол себепті, оқу жүйесін компьютермен қамтамасыз ету, техникалық құралдарды жыл сайын жетілдіріп отыру біздің басты назарымыз-да. Жалпы айтар болсақ курсанттардың алаңсыз білім алып, өз салалары бойын-ша кəсіби шыңдалуына Академия барлық мүмкіндікті жасап отыр. Бұдан бөлек Академияның профессорлық-оқытушы құрамы білім беруде өздерінің ғылыми

ізденістері мен ашқан жаңалықтарының арқасында республикадағы жоғары оқу орындарының арасында зор беделге ие. Оқу орны осы уақытқа дейінгі өз тарихында 20 мыңнан астам жоғары деңгейлі маман тəрбиелеп шығарды, олардың ішінде, 21 генерал мен жоғары басшы құрамда қызмет атқарып жүрген азаматтар бар», – деді полиция генерал-майоры Талғат Асқарұлы.

Іс-шараға қатысушылар Академия басшылығына сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Жалпы кездесу сұрақ-жауап, еркін отырып əңгімелесу түрінде өтті. Аумақтардан келген өкілдер Алматы Академиясының профессорлық-о қ ы т у ш ы қ ұ р а м ы м е н ө з г е д е қызметкерлердің кəсіби мамандарды дайындап шығудағы ұзақ жылдық еңбектері мен өмірлік тəжірибелеріне сенім артатындарын жеткізді. Сондай-ақ, Академия бастығы, полиция генерал-майоры Т.Кулибаевқа еліміздің ішкі істер саласын кəсіби кадрлармен қамтамасыз етудегі атқарып отырған бүгінгі еңбегі үшін аумақтық ІІД басшыларының жəне өз аттарынан алғыс айтатында-рын жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді. Жиын соңында Академия басшылығы мен қызметкерлері шараға келген қонақтармен естелік суретке түсті.

Айта кетейік, ІІМ Алматы Академиясы бүгінгі таңда республикамыздағы ішкі істер органдарын жоғары деңгейлі кəсіби мамандармен қамтамасыз етіп отырған айтулы оқу орындардың бірі бо-лып табылады. Академиядан жыл сайын тергеуші-криминалист, жедел-крими-налистика, жедел-іздестіру, əкімшілік құқық мамандықтары бойынша 300-ге жуық курсант білім алып, полиция лей-тенанты атағын иеленіп шығады. Қазіргі таңда олардың барлығы дерлік еліміздің əр аумағындағы ішкі істер органдарын-да өз мамандықтары бойынша қызмет атқарып келеді.

АКЦИЯ

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС – ЖЕМІСТІ

Ж.БАҚҚАРАЕВА, Көліктегі ІІД

КӨЛІКТЕГІ ІІД БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМ-ПАНИЯСЫ» АҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ӨТКЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІНДЕ 2015 ЖЫЛДЫҢ 10 ЖЕЛТОҚСАНЫ МЕН 2016 ЖЫЛДЫҢ 10 ҚАҢТАРЫ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН «ТЕМІРЖОЛ – АСА ҚАУІПТІ АЙМАҚ» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.

«Жүргізіліп отырған іс-шараларға қарамастан теміржол көлігін шұғыл тежеу, жылжымалы құрамның адамдар-ды жарақаттау оқиғалары жалғасуда. Жыл басынан бері 6 адамды теміржол көлігі қағып кеткен болса, оның 5-еуі қаза тапқан. Олардың екеуі кəмелеттік жасқа толмағандар. Шұғыл тежеудің 18 дерегі тіркелген. Сол себепті, теміржол маңында қандай себеппен жүргенде де өте абай болу керек. Осыған бай-ланысты азаматтар теміржол көлігі аймағында сақтық ережелерін қатаң сақтап, өз өміріне жəне теміржол көлігіне қауіп тудырмау керектігін есте сақтағандары абзал», – деді Талғат Жүкенұлы сөзін қорытындылап.

«ҚТЖ»ҰҚ» АҚ-тың «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Н.Мағзұмбеков компания тарапынан атқарылған шаралар туралы баяндап шықты. Теміржолдағы қауіпсіздік бойынша айлық аясында 14 жерде шара өткізіліп, осы мерзім ішінде теміржол

бойындағы қауіп туралы ескерту белгілері орналастырылып, қауіпті орын-дар мен аймақтар қоршалған. Ескерту белгілерінің, плакаттардың бар-жоқтығы тексеріліп, осы айлық кезінде қосымша тағы 797-сі орнатылған жəне 744 белгі қайта жаңартылған. Магистралдық жəне станса жолдарының 190,76 шақырымға созылатын малға қарсы қоршауына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыс орындарындағы, қызмет көрсету жəне жылжымалы құрам нысандарындағы өрт қауіпсіздігі құралдарының, өрт дабы-лы жүйесі мен электр құрылғыларының дұрыстығына 1231 рет тексеру жүргізіліп, қауіпсіздік ережелерінің 543 рет бұзылғаны анықталған.

Кездесу соңында департамент пен «ҚТЖ»ҰК» АҚ өкілдері тоқсан сайын жұмыстық кездесу өткізіп, жұмыстарын қорытындылау туралы шешім қабылдады. Десек те, теміржол аймағында қауіпсіздік шараларын сақтау əрбір азаматтың бірінші кезектегі міндеті болып табылады.

СЫНАҚ

Айжан ҚЫДЫРБАЕВА, Жамбыл облысы ТЖД

ҚАЗТЕСТ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАЙТЫН ЖҮЙЕ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЕЛІМІЗДІҢ ƏРБІР БҰРЫШЫНДА ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІНЕ ТОЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Тест көрсеткішіОсындай іс-шараның бірі Жамбыл о б л ы с ы Т ө т е н ш е ж а ғ д а й л а р департамент і Өрт сөнд іру жəне а п а т т ы қ - қ ұ т қ а р у ж ұ м ы с т а р ы қызметінің қызметкерлері арасында өтті. Олар Қазтест бағдарламасы бойынша тест тапсырды. Тест об-лыс əкімдігінің Тілдер басқармасы Мемлекеттік тілді дамыту орталығында ұйымдастырылды.

Аталған шараға жалпы азаматтық қорғау қызметкерлерінен 556 адам қатысты. Қазтест жүйесі тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым,

оқылым бөлімдері бойынша өткізілді. Айта кеткен жөн, Қазтест бағдарламасы бойынша оқудан өткен барлық

қызметкерлер тест қорытындыларына қол жеткізіп, өздерінің жинаған балдық көрсеткіштерімен танысты.

Page 5: Сақшы №05 (4171)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№5 (4171), сейсенбі, 19.01.2016 е-mail:[email protected]

АЗАМАТТЫҚ ҮН

К о р п о р а ц и я ғ а т и і с т і т ө л е м төленбегендіктен шағым Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби ПБ-не түсті. Əл-Фараби ПБ бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов бұл істі аса тəжірибелі тергеуші Ерғали Қарсыбаевқа тапсыруды хош көрді. Өйткені, полиция майоры Ерғали Рахманбердіұлы ысылған, қылмысты ізін суытпай тез арада ашып, кінəлілерді анықтау мақсатында өзінің тəжірибесін кеңінен қолдана білетін, əдіс-тəсілі мол тергеуші.

Ерғали өндірісіне осы істі қабылдап ала отырып, қатты ойланды. Мемлекет мүлкіне қос қолын аямай салған алаяқты қалай табу керек? Олардың сыбайластары кімдер? Құжаттарды кім жасап беріп жүр? Алаяқ біреу ме, əлде көп пе?

Сол күні Ерғалидың жұмыс бөлмесінің жарығы түнн ің жарымына дей ін өшкен жоқ. Аға тергеуші жинақталған құжаттармен оңаша отырып, ұзақ танысты. Ал, ертесіне корпорация өкілдерінің шағымы бойынша жолға шықты.

Алаяқта ұят та, ар да, тіпті қорқу сезімі де болмайды. Өз мақсаттарына жету үшін неше түрлі қитұрқылықтарға, аярлыққа барады . Ұйымдасқан қылмыстық топ Шымкент қаласындағы бос жатқан жер учаскесінде «екі қабатты тұрғын үй бар, қабырғасы кірпіштен өрілген» деген жалған құжат дайындаған. Содан кейін «Юг Финанс МКҰ» ЖШС-іне құжаттарды өткізіп, Икрам Қасымовтың атына 11 миллион 500 мың теңге несие алған.

Айлакерлер бұдан соң да қарап отыра алмапты. «Самал-1» шағын ау-данында қабырғасы күйген кірпіштен тұрғызылған екі қабатты үй бар де-ген жалған құжат дайындайды да Б.Сұлтанова дегеннің атына 12 милли-он теңге шығартады.

«Дəніккен қарсақ құйрығымен ін қазады» деген бар. Əбден дəніккен алаяқтар енді «Аграрлық несие кор-порациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалын төңіректей бастайды. «Мал шаруашылығын өркендетумен айналысамыз» деп 25

Саяси жарияланым Президенттің бұған дейінгі Қазақстан халқына арнаған Бес халықтық реформасы-мен, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспа-рымен, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауымен астасып жатқан үлкен бағдарламалық құжат. Осы стратегиялық міндеттемелерді уақытылы жүзеге асыру мақсатында 59 заң қабылданып, оның барлығы жаңа жылдан бастап күшіне еніп отыр.

Мемлекет басшысы қалың бұқараға біртұтас азаматтық, «Мəңгілік Ел» ұлттық идеологиясы қағидатында, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы арқылы үш тұғырлы тіл саясаты негізінде бірлігі берік, ынтымағы жарасқан елді нығайту əрі дамытуды көздейтіндігін жеткізіп, барша жұртты осы көзделген мақсатты орындауда бірлесе жұмыс істеуге шақырады. Сөз жоқ, мақаладағы міндеттердің шешімінің табылуы Ұлы Дала елін ұлы істерге жетелеп, жаңа жасампаздық биіктен көрсетеді.

Ең басты айтарлығы, Елбасының бағдарламалы мақаласында ғасыр ортасына қарай əлемдег і о зық дамыған 30 елдің қатарына қосылу арманының нақты тетіктері қамтылған. Дамудың сара жолындағы атқарылар жұмыстарды салмақтап берген Мемлекет басшысы Тəуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арман-мен аяқ басқанымызды, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар екенін жеткізді. Мақаладағы «əр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке жəне отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда туған жер-ге сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді» деген ой көпшілікке үлкен серпіліс береді.

Мемлекет – белгілі бір территориялық аумағы, бекітілген шекарасы, өзіне тəн құқықтық жүйесі, құндылықтары бар құрылым. Алғашқы кезекте мем-лекет – ол, мемлекеттік аппарат. Ал аппарат мемлекеттің өркендеуі мен сол институттың дамуына тікелей жауапты. Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметкерлер алдына қойып отырған талабы да осыдан бастау ала -ды. Қазір осыған орай, мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейіп отыр.

Осы орайда, Елбасы мақалада көрсеткен бірінші реформасында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған ой айтады. «Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның маңызды қыры оның

Сонымен қатар, біз нығайдық, эко-номикамыз дамыды, халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болдық. Жиырма бес жылдың ішінде осы байтақ далада бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет – Тəуелсіз Қазақстан елі көш түзеді, осы жылдар аралығында Қазақстан əлем таныған елге айналды.

2016 жылғы қаңтардың 6-сында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын жариялады. Ұлт Жоспары бұл ең ал-дымен, еліміздің бүкіл экономикалық жүйесінің терең модернизациялану жоспары. Əлемнің аса дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына қосылу үшін Қазақстан əлемдік аренада бəсекелестікке қабілеттілігін көтеруі керек.

М а қ а л а н ы ң а с а м а ң ы з д ы жаңалықтарының бірі – жергілікті п олиция қызме т і т у ралы з аң . Құқықтық тəрт іпт і сақтау үш ін жерг іл ікт і билік органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылады. Жаңа заңда сонымен қатар, азаматтардың этикалық нор-маларды бұзған полициялардың үстінен түсірген арыз-шағымдарын қарайтын қоғамдық кеңестер мен өзге де кеңестік органдар жүйесін құру қарастырылған. Сондай-ақ, «Қылмыстық құқық бұзушылық кар-тасы» интернет-порталы құрылатын б о л а д ы . О ғ а н е л д е г і б а р л ы қ қылмыстық құқық бұзушылықтар жедел енгізіледі. Бұл жұртшылықтың қ ұ қ ы қ қ о р ғ а у о р г а н д а р ы н ы ң жұмысының тиімділігін бақылауына мүмкіндік береді.

М а қ а л а д а а й т ы л ғ а н д а й « Ə р ұ р п а қ т ы ң ө з а р м а н ы б а р . О л а р д а қ а ш а н д а т у ғ а н ж е р -ге деген сүйіспеншілік сезімі, өз х а л қ ы м е н О т а н ы н ы ң б а қ ы т ы

туралы аңсары айқын көр інед і . Ата -бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үш ін Қазақстанның Тəуелс і зд і г і асыл арман болып келд і . Б і з олардың а за т жəне т ə у е л с і з О т а н д ы а ң с а ғ а н к ө п ғасырлық қиялдарын і с жүз іне асырдық. Біз Қазақстанның осы-нау тарихи тағдырына сенеміз . М е н қ а з а қ с т а н д ы қ т а р д ы Ұ л т Жоспарын жүзеге асыруға жəне реформаларды жүргізуге барын-ша белсенді қатысуға, олар аша-тын мүмкіндіктерді пайдалануға ш а қ ы р а м ы н . Б і з ө з і м і з д і ң қ а з а қ с т а н д ы қ а р м а н ы м ы з д ы ң орындалуына жəне Қазақстанның өркендеу іне сен імд і түрде қол жеткізетін боламыз!».

Күнделікті жұмыста көлік поли-ция қызметкерлері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда еңбек етуде. Атап айтсақ, 2015 жылы Павлодар стансасындағы І ІЖб-де барлығы 83 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде ашылғаны 65, жəне де 2600 əкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ашылу 78,3 пайызды құрап отыр.

Бүгінгі күні біздің басты мақсатымыз – Павлодар стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызмет атқару аумағында, əуе жəне теміржол көлік нысандарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жəне қылмыстың алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру болып табылады. Сонымен бірге, заңдылықты сақтау, қызметтік тəртіп бұзушылықты жою бойын-ша профилактикалық сипаттағы іс-шараларға ерекше назар аудары-лады. Павлодар стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің жеке құрамы ұлттың осы басты жоспарын іске асыру үшін бар күш-жігерін аямай еңбек етеді.

Павлодар стансасындағы ІІЖБ

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

ЫНТАЛЫДАН ШЫҚҚАН ЫНТАЛЫ ЖІГІТСабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

48 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ! БҰЛ АЗ ҚАРЖЫ ЕМЕС. АЛАЙДА, САЙРАМДЫҚ АЛАЯҚТАР «ЮГ ФИНАНС МКҰ» ЖШС МЕН «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПО-РАЦИЯСЫ» АҚ ОҚО ФИЛИАЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРЫП, ОСЫНША ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРЫП, САЗҒА ОТЫРҒЫЗЫП КЕТКЕН.

миллион теңгені кассадан шытырлатып санап алады.

Біз баяндап отырған оқиға аға тергеуші Ерғали Қарсыбаевтың тергеу қорытындысынан соң белгілі болып отыр. Ол осы алаяқтық қылмысты ашу үшін табанынан тозып қаншама мекемен і араламады десең і зш і . Алғашында ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі қолға түсті. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындап, сот алдында жауап берді. Үш айлық тер-геу осылай аяқталды. Қылмыскерлер 5,5 жəне 6 жылды арқалап кете барды. Алайда, осы қылмыстық топтың екі мүшесі соңдарына аңдушы түскенін сезісімен іздерін жасырып үлгерді. Бүгінде ол екеуі Өзбекстанда жүр де-ген дерек бар. Халықаралық іздеудегі бұлар да көп кешікпей қолға түсері сөзсіз.

Орал қаласының тұрғыны Аманкелді Жанысов Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында балық зауыты са-лынады деген хабарды естісімен дегбірі

кетті. Ол өзі басқаратын «КарСибАгро» ЖШС арқылы түлкібастықтармен келісімшартқа отырып, өз есеп-шо-тына 78 619 267 теңге түсіртеді. Мұнан соң Амангелді төбе көрсетпей қояды. Астана жақтан келетін «ал-тын балықты» күте-күте түлкібастық серіктестік басшыларының екі көздері төртеу болады. Ақыры алданғандарын біліп, сандарын бір-ақ соғады.

Міне, осы істі де Ерғали Рахманбер-діұлы өзі тергеді. Соңында Астанадан ұсталған алаяқ 5,5 жылға кесілді.

...Бұл оқиға Ерғалидың Шымкент қалалық ІІБ Абай ПБ-де қарақшылық жəне тонау қылмыстарын тергеу бөлімінің аға тергеушісі қызметін атқарып жүргенде орын алды. 1983 жылы туған Төлеби ауданы Сұлтан Рабат ауылының тұрғыны Хусан Шымкенттегі бір үйге келеді. Осында оның сөз байласып жүрген келіншегі бар болатын. Б ірақ ол келгенде келіншек үйде болмай шығады. Есікті келіншектің анасы ашады. «Бұдан

былай қызыма келуші болма» дейді келіншектің анасы. Хусан осы сөзді кек тұтып қалады. Асхана пышағымен А.Ю.-ды пышақтап өлтіріп, жиһаз үстінде тұрған қоңыр портмонені, ұялы телефонды жымқырып кетеді. Портмоненің ішінде 105 мың теңге бар екен.

Шұғыл іздестіру тобы күдікт ін і Өзбекстанға өтетін кеден бекетінен ұстады. Ерғали күдіктіні өзі тергеді. Қылмысын толық мойындаған Хусан 16 жылды арқалап кете барды.

Бұл Шымкент қалалық ІІБ алаяқтық қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция майоры Ерғали Қарсыбаевтың өндірісіндегі істер. Ол 2015 жылдың 11 айында 95 қылмыстық істі өндірісіне алып, сотқа жолдаған. Соның 89-ы ауыр қылмыс болатын. Сотқа жолданған қылмыстық істері бойынша қосымша тергеуге, тергеу мерзімінің бұзылуына жəне азамат-тарды заңсыз жауапкершілікке тарту жəйттері орын алмаған. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығы, сарапшылар комиссиясы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасы оны 2015 жылдың «Ең үздік тергеушісі» деген аталым бойынша марапаттап, бағалы сыйлық берді.

Ерғали Қарсыбаев Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген соң еңбек жо-лын ІІМ Б.Момышұлы атындағы заң колледжінде инспектор болып бас-тады. Көп ұзамай аға инспектор, кадр бөлімінің бастығы лауазымына көтерілді. 2005 жылы ол Еңбекші аудандық ішкі істер бөліміне тергеуші болып ауысты. Осы бөлімде аға тергеуші, аға анықтаушы, анықтау бөлімінің бастығы болып еңбек етті. 2011 жылы оны Абай аудандық ішкі істер бөлімі қарақшылық жəне тергеу қылмыстарын тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі қызметіне жібереді.

2012 жылы ішкі істер саласының барлық қызметкерлері аттестациядан өтті. Оның қорытындысы бойынша Ерғали бірінші дəрежелі сертификатқа ие болды жəне жоғары қызметке лайық

деп бағаланды. Міне, осыдан соң ол Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Тергеу басқармасына мүлікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі қызметіне жоғарылатылды. 2014 жылы полиция майоры Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби ПБ-іне ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі қызметіне ұсынылды. Ал, 2015 жылдан Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция гене-рал-майоры А.Оспановтың бұйрығымен Шымкент қалалық ІІБ алаяқтық қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі қызметінде.

Еселі еңбегінің арқасында Ерғали «Тергеу қызмет іне – 50 жыл» , «Ішкі істер органында – 10 жыл» төсбелг ілер імен марапатталды. Облыстық ішкі істер департаменті та-рапынан алған грамоталары мен Алғыс хаттары бір төбе.

Ерғалидың əкес і Рахманберд і Қазығұрт ауданы Ынталы елді мекенінде шаруа адамы еді. Қоңыртөбел күй кешті. Əкесі Рахманберді мен анасы Ұғылай сонау 1995 жылы Меккеге барып, қажы атанып келді. 10 ұл-қыз тəрбиелеп өсірген анасы Елбасы қолынан «Алтын алқа» алды.

Өнегелі отбасы 10 ұл-қызын да жоғары оқу орындарында оқытты. Бір шаңырақтан 5 медицина қызметкері шықты. Екі баласы білім саласында еңбек етіп жүр. Махмұт сот-сараптама бюросында басқарма бастығының орынбасары. Тағы бір бауыры банкте қызметкер.

Рахманберді ақылға кенен, сөзге ұста, көрген-білгені, көңілге тоқығаны мол кісі еді. Ынталы ауылы оны би сай-лады. Қажылық сапарлардан оралған ол жастарды имандылыққа тəрбиеледі. «Ауылдың телі-тентегі Рахманберді ақсақалдың алдына келгенде көгендегі қозыдай жуасып қалушы еді» деседі көнекөз қариялар.

Ерғали, міне, осындай отбасында өсті. Ішкі істер органдарында білікті басшылардың тəрбиесін көрді. Енді «Ең үздік тергеуші» атанбасына құқы да жоқ еді...

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІН ҰЛЫ ІСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ƏРБІР САЛАНЫ ЕЛЕП-ЕКШЕП, АРТЫҚ-ЕРЕКШЕЛІГІН, КЕМ-КЕТІГІН НАЗАРЫН-ДА ҰСТАП, ƏРДАЙЫМ СОНЫ ҰСЫНЫСТАР МЕН ТЫҢ ИДЕЯЛАРДЫ ОРТАҒА СА-ЛЫП, ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ НЕГІЗ БОЛЫП ОТЫРҒАН ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНДА КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ КҮРЕ ЖОЛДЫ ТАҒЫ БІР МƏРТЕ АЙҚЫНДАП БЕРДІ.

арқаулық нормаларының құқық қорғау органдарына да қатысты болатынымен байланысты» деуі бізге жаңа міндеттерді жүктеп, сенімге сай болу үшін өзіміздің кəсіби шеберлігімізді əрдайым биікте ұстап, əдепті де жоғары этикалы маман ретінде шыңдала түсуімізді талап етеді.

Елбасы бұрын да ерекше назар ау-дарып жүрген мəселе – құқық тəртібі жəне заңдылық жөнінде бұл жолы да нақты ұстанымдар айтылады. Мəселен, «Екінші реформаның мəні – тəуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға жəне құқық тəрт іб ін нығайтуға бағытталуы тиістігінде. Бұдан бөлек, бізге барлық құқық қорғау органдарының жəне бəрінен бұрын полицияның адамдардың мүддесі мен құқықтық тəртіпті нығайту қызметінде тұруына қол жеткізуіміз қажет» деген талабы осы салада еңбек етіп жүрген біздің – Ұлттық ұландықтардың қай-қайсысымызға да жоғары міндеттер жүктейді.

Сондай-ақ, мақалада көрсетілген ілкімді шаралардың бірі «Қылмыстық

құқық бұзушылық картасы» интернет-порталы құрылатын болады. Мұндай тетік əлемнің бірқатар елдерінде та-бысты қолданылып келеді. Осы веб-ресурсқа елдегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жедел енгізіледі. Бұл жұртшылықтың құқық қорғау орган-дары жұмысының тиімділігін бақылауына мүмкіндік береді» деуі жұртшылықтың жеке бас құқықтарының, қауіпсіздігінің қорғалуына сенімділігін нығайтары сөзсіз.

Қорыта айтқанда, аталған еңбекті оқып отырғанда, ең алдымен, біздің елімізде жасалып жатқанның бəрі адам үшін, оның құқығын қорғау үшін екені анық байқалады.

Қазақстанда құқықтық мемлекеттің орнықтырылуы – Елбасы алға қойып отырған, сенімділік ахуалын жақсартуға бағытталған мəртебелі міндет. Оның жүзеге асуына біздер, ұландықтар да өз үлесімізді қосатын боламыз.

Мұхамедқали САТОВ,ҚР Ұлттық ұланы

Бас қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық

жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник

25 ЖЫЛ БҰРЫН ҚАЗАҚСТАН ТƏУЕЛСІЗ ЖƏНЕ ЕРКІН ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСТІ. ОСЫ ЖОЛДА, ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТАРИХЫМЫЗДА ЖАС МЕМЛЕКЕТ НЕБІР ҚИЫНДЫҚТАРДЫ, СЫНАҚТАР МЕН АУЫРТПАЛЫҚТАРДЫ БАСТАН ӨТКЕРДІ. ОСЫЛАРҒА ҚАРАМАСТАН, БІЗ БҰЛ КЕЗЕҢДІ АБЫРОЙМЕН ӨТЕ БІЛДІК, ЖАҢА ДƏУІРДІҢ, ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫҚ.

Қазақстандықтардың жалпыұлттық арманы

Page 6: Сақшы №05 (4171)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№5 (4171), сейсенбі, 19.01.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАРАЙСЫҢ!

Алматы қаласында өткізілетін «Қысқы универсиада-2017» шарасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт-жарылыс қаупі бар кəсіпорындарда жəне көпшілік жиналатын нысандардағы тексерістер барысында құралдық бақылау жүйесін енгізу жəне жетілдіру бойынша жұмыстарда инновация басым бағытта болып отыр.

Алматы қаласы ТЖД жеке құрамына жаңа б іл імдер мен практикалық машықтарды беру мақсатындағы семинарға Өртке қарсы қызмет ге-нерал-майоры, департамент басшы-сы С.Əубəкіров басшылық жасады. Нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құралдық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша өткен семинар-кеңеске Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Өрт қауіпсіздігі жəне азаматтық қорғаныс» ҒЗИ мамандары: бас ғылыми қызметкер О.Көкушев жəне бас маман Т.Жұмағалиев шақырылды.

Олар портативті аспаптарды көрсетті. Олардың ішінде: металдан жасалған конструкцияларға оттан қорғау құрамдарын жағу сапасын анықтауға мүмкіндік беретін магниттік қалыңдық өлшеуіш; дифференциалдық манометр – түтінге қарсы қорғаныс жүйесімен жабдықталған ғимараттардағы ауаның артық қысымын анықтауға мүмкіндік береді; анемометр – түтінді жою жүйесіндегі ауаның нақты шығынына өлшеу жүргізеді; шуыл өлшеуіш – өрт барысында адамдарды көшіруді басқару жəне құлақтандыру жүйесі шығаратын дыбыстың деңгейін анықтайды жəне т.б. құралдар бар.

Семинар қатысушыларының наза-рын ерекше аударғаны түтіндік, жылу өрт хабарлағыштарын тестілеу бол-

СЕМИНАР-КЕҢЕС

Қауіпсіздікке де инновация қажет

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ СҰРАҚТАРЫ БОЙ-ЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ.

ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ІІБ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ƏДІЛХАН УƏЛИЕВ ҚЫЛМЫСКЕРДІ ҰСТАУДА ЖƏНЕ АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРУДА БАТЫЛДЫҚ ТАНЫТҚАН АЗАМАТТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ.

Е с т і г е н е л д і ң жағасын ұстатқан бұл оқиға өткен жылы қыркүйек айының соңында болған еді. Қаланың Ворошилов к ө ш е с і н д е г і к ө п қ а б а т т ы үйлердің біріндегі кіреберісте 56 жа-сар əйелді белгісіз біреу пышақпен ауыр жаралап, сөмкесін ұрламақ болған . Ж ə б і р л е н у ш і н і ң а й ғ ай ын е с т і г е н к ө р ш і с і А н д р е й С к р и п к и н д е р е у көмекке ұмтылған. Өз өміріне төнген қатерге қарамай, өзі де қылмыскердің қолынан жараланса да, батыл қимылының арқасында қауіпті қылмыскерді құрықтап, полиция жасағына тапсырған.

Азаматтық саналылық танытып, қылмыстың ашылуына өзінің батыл қимылы арқылы үлес қосқан Андрей Скрипинге қалалық ІІБ басшылығы жеке құрам ал-дында алғыс білдіріп, Өскемен қалалық ІІБ мақтау қағазы жəне Өскемен қаласы əкімі атынан грамотамен марапаттады.

Сонымен қатар, мақтау қағазымен Шығыс Қазақстан Заң колледжінің студенті, əрі полицияның жас көмекшілер жасағының командирі 18 жасар Əділет Жұмағалиев марапатталды.

10.09.2015 жылы Өскемен қаласындағы Алматы көшесінде орналасқан үйлердің бірінде өрт апаты болған болатын. Əділет Жұмағалиев сол отқа оранған пəтерден əйел мен оның баласын құтқарып қалған. Одан соң оқиға орнына жедел жəрдем шақыртып үлгеріпті, өйткені, өзі түтіннен уланып қалғандықтан, шақырған жедел жəрдемімен аурухана жеткізілген.

Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі

ОБЛЫСТЫҚ ƏКІМШІЛІКТІҢ МƏЖІЛІС ЗАЛЫН-ДА ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ƏКІМІ Б.АТАМҚҰЛОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Күн тəртібінде облыс аумағындағы су қоймалардың ахуалы, көктемгі су басу, сел, қар көшкіні жəне сырғымалардың ал-дын алуды қамтамасыз ету бойынша дайындық іс-шаралары мəселелері қаралды.

Комиссия жұмысына облыстың қалалары мен аудандарының əкімдері жəне олардың орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдердің бастықтары, «Қазсушар» РМК ОҚФ, «Қазселденқорғау» ОҚФ басшылары қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы А.Путейко баяндама жасап, дамбаларды қорғауға жа-уапты болып бекітілген мекемелерімен су басудың алдын алу бойынша жұмыстарын белсенді жүргізуі ескертілді. Сырдария өзені бойында орналасқан елді мекендерді су басуды алдын алу бойынша мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылды.

Облыс əкімі Б.Атамқұлов қалалар мен аудандардың əкімдерін тыңдап, су басу қауіпі жоғары учаскелерде тұрақты кезекшілік ұйымдастыруды жəне су басуға қарсы іс-шараларға тартылатын күш жəне құралдарға қосымша жаңарту жүргізуді тапсырды. Сырдария өзенінің жəне басқа да су нысандарының бойында орналасқан қауіпті учаскелерде жергілікті хабарлау жүйесін орнатуға ерекше назар аудартты.

ТЖ комиссия отырысы жұмысының қорытындысы бойынша қалалар мен аудандардың əкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ресейл ік əр іптестер ін қазақстандықтардың атынан Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру жəне апаттық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекетт ік мекемесін ің бастығы құттықтауға келді. Азаматтық қорғау полковнигі Əділ Көкеев ресейлік құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді мерейтойларымен шын жүректен құттықтап, бірлесе жемісті еңбек етуді жалғастыра беруін тіледі.

Ол өз сөзінде Ресей құтқарушы қызметінің – мықты, шұғыл əрекет ету жұмысы жолға қойылған құрылым екендігіне жəне төтенше жағдайды жою жұмыстарын ең жоғарғы озық деңгейде өткізетіндігіне тоқталды. «Қазақстан Республикасында Ресей құтқару қызметі беделі жоғары. Сіздің қызметтің халықаралық дəрежедегі тəжірибесі, материалдық-техникалық зама-науи жарақтануы, мамандардың біліктілік деңгейі əлем бойынша алдыңғы орында. Сондықтан да біз сіздермен тəжірибе алмасуға, тізе қосып шынайы жағдайларда жұмыс істеуге қашанда əзірміз», – деді ол.

Ресей ТЖМ №70 өрт сөндіру «Арнайы басқармасы» МҚМФ бастығы полковник Андрей Заровский екі мемлекеттің бір-бірімен тығыз əрекеттестік байланы-сы үшін рахметін жеткізді. Ол өз сөзінде Қазақстан халқының өте тату-тəтті жəне қонақжай екеніне тоқталды.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЖАНДАНДЫРА ТҮСУ МАҚСАТЫНДА СОҢҒЫ ТЕХНО-ЛОГИЯЛАРДЫ СƏТТІ ПАЙДАЛАНЫП ЖҮР. ТАЯУДА ӨТКЕН ИНТЕРНЕТ-КОН-ФЕРЕНЦИЯ ОСЫНЫҢ БІР АЙҒАҒЫ.

БІР СƏТКЕ ДЕ БОСАҢСЫМАҚ ЕМЕС

Д е п а р т а м е н т т і ң п о р т а л ы н д а «Нашақорлық, заңсыз есірткі сау-дасымен күрес жəне мемлекеттік заңнамаларды түсіндіру» тақырыбында өткен конференцияда интернет пайдаланушылардың сұрақтарына облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының Нашақорлықтың алдын алу жəне ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы, полиция майоры Мейрам Жапбасов жауап берді.

«Бұл тақырып кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Себебі, өткен жылы өңірде есірткі құралдарын заңсыз сау-дадан алу бойынша көрсеткіш 71 пайызға артқан. Бұл аймақтағы есірткі жағдайын талдау жұмыстары бойынша қабылданып жатқан алдын алу іс-шараларының нəтиже бергенін айқын көрсетеді. Сəйкесінше тұрғындар ара-сында есірткі қолданушылар саны да төмендеп отыр», дейді ол.

2015 жылы медициналық көрсеткіштер бойынша наркологиялық орталықтарда есептен 133 адам шығарылған. Қазіргі таңда облыста нашақорлар есебінде

есірткіге тəуелді 810 адам тұр. Оның ішінде, 50 əйел, 19 кəмелеттік жасқа толмаған жеткіншек бар. Олардың 557-сі инъекциялық есірткілерді пайдаланады. Бұл сандар облыстағы нашақорлардың емделу динамикасының тұрақтылығын көрсетеді.

Интернет-конференция барысында ақмолалықтар тəртіп сақшыларына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды. Келіп түскен сұрақтардың дені жастар арасындағы нашақорлық мəселесіне қатысты болды.

Жастар арасындағы нашақорлық – қазіргі заманның маңызды жəне қауіпті мəселесіне айналып отырғаны жасырын емес. Есірткінің қоғамға тигізетін зияны орасан зор. Бұл – жасөспірім-нашақорлардың тұлғалық деградациясына алып келіп, олардың қылмыстарды жасау импульсын арт-тырады, қоғамның интеллектуалды потенциалын төмендетеді. Ақмола облысында есірткіні пайдаланушылар көбінесе – жастар. Жасөспірімдік кезең – 15-25 жас, жасөспірім психикалық

түрде осал болған кез деп айтуға бо-лады.

«Өз і н і ң жасына байланысты , жасөспірім жаңаны іздеуге, еліктеуге, қарсылық көрсетуге, өз мүмкіндіктерін асыра бағалауға əуес келеді. Қазіргі заманда рухани қарым-қатынастар, қандай да бір əлеуметтік мəселелер мен өмірлік қиындықтар жағдайында жастар барлық мəселелердің шешімін есірткіден табуға тырысады. Сондықтан да, ата-аналар мен құқық қорғаушы органдар алдында жасөспірімдік ортада есірткілер мен психотропты заттарды пайдалану мерзімін ерте анықтау басты міндеттердің бірі болып тұр. Алдын алу шараларының бірі – оқушылар мен студенттерді есірткі пайдалануға қатысты тестілеу болып отыр. Осындай жұмыс Ақмола облысының бірнеше оқу орындарында сəтті өткізілді. Жеке тұлға ғана емес, тұтастай қоғам үшін қауіпті болып табылатын есірткі саудасымен күрес бір сəтке де босаңсымақ емес», – дейді полиция майоры М.Жапбасов.

Тұрғындармен интерактивті қатынас ІІД басшылығына өз қызметкерлерінің жұмысы мен тəртіпті қорғауға қатысты мəселелері жайында жалпы тұжырым жасауға көмектеседі.

Ақмола облыстық ІІБ баспасөз қызметі

ды. Оған түтін, қызу температура, от жарығы сияқты қауіпті өрт факторла-рын имитациялауға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар кіреді.

Инспекторлық құрам дəр істер мен əдістемелік құралдарға үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, бірқатар ұсыныстар жасады. Семинар мақсаты іс жүзінде орындалды десе де болады. «Талқылау уақыты жеміст і өтт і , – деп атап өтті Алматы қаласы ТЖД басшысы С.Əубəкіров. – Мұндай аспаптар мен

құрылғыларды жұмыс барысында қолдану инспекторлық бақылаудың субъективтік үлгісін жоққа шығаруы қажет, оның нəтижесінде – олар тіркеген көрсеткіштерге негізделген объективтік шешім шығара алады».

Қызметке инновацияны тарту жұмысы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің айрықша бақылауында жəне бұдан əрі де жалғастырылатын болады.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ 5546 ƏСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ, КЕЛІСІМШАРТ ҚЫЗМЕТІНІҢ СЕРЖАНТЫ МҰХТАР ӨРБІСІНОВ ЖЕДЕЛ ЖƏРДЕМ КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІН ӨЛІМ АУЗЫНДА ЖАТҚАН ЖАС ЖАРЫМДАҒЫ БҮЛДІРШІНГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІП, АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ.

« Б а т ы с » ө ң і р л і к қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мəліметке сəйкес, бұл оқиға 9 қаңтар күні болған. Бірақ бұл оқиға туралы 5546 əскери бөлім командирі, подполковник Бегайдар Құрттыбаевтың атына баланың ата-анасы жазған хаттан кейін ғана белгілі болып отыр. Онда қызы Мəдинаны құтқарып қалғаны үшін əкесі Ерлан Дəулетқалиев жауынгер-ге шынайы ризашылығын білдірген.

Сол күні кешкі сағат 22.00 шамасында М.Өрбіс інов үйінің жанындағы «Атаба» дүкеніне кіргенде, есінен танып қалған кішкентай қызын құтқармақ болып

жанталасқан ер адамды көреді. Температурасы 40,5 градусқа дейін көтерілген қыз есінен айырылып, сандырақтай бастайды. Сержант сол бойда жедел жəрдем шақырып, дəрігерлер келгенге дейін үйінде өзінің зайыбы, жедел жəрдем фельдшері Самалмен бірге қызға алғашқы медициналық жəрдем көрсетеді. Қызуын түсіріп, денесіне сылау жасайды. Ізінше келген жедел жəрдем дəрігері баланы құтқаруда дұрыс қадам жасалғанын атап көрсетеді.

Аталмыш бөлім командирінің тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Саян Аманжолов кішкентай Мəдинаны құтқарғаны үшін сержант М.Өрбісіновтің марапатқа ұсынылғанын мəлім етті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі,Атырау қаласы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНЕ «ПРОМ-ЖИЛСТРОЙКОМПЛЕКС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ АТЫНАН АЛҒЫС ХАТ КЕЛІП ТҮСТІ.

Хатта: «Құрметті Əлібек Əбдікəрімұлы! «Промжилстройкомплекс» ЖШС ұжымы жəне «Алюминистрой» шағын ауданы тұрғындарының атынан Қамзин көшесінің бойындағы тұрғызылып жатқан «Павлодар қаласы 350-400 келушілерге арналған Архистратиг Михаил Шіркеуі» нысанында 2016 жылғы 12 қаңтарда пайда болған қауіпті жағдайды жою бойынша жедел əрекет еткені үшін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне алғыс білдіремін.

Төтенше жағдайлар департаментінің уақытында əрекет етуі жəне шұғыл іс-шаралары арқасында адамдардың өмірі мен денсаулықтарына төнген қауіп-қатер жойылды. Сіз басқарып отырған бөлімше қызметкерлері төтенше жағдайлардың салдарын жойып қана қоймай, сонымен қатар осыған ұқсас жағымсыз жағдайлар кезінде де белсенді қызмет көрсетіп келеді.

Қатардағы азаматтардың төтенше жағдайларда құтқарушылар тарапынан қорғаныш барын сезінуі, кез келген уақытта көмекке келуге жəне қауіпті жоюға дайын нағыз кəсіпқойларға деген сенімнің орнығуы ТЖД қызметкерлері үшін олардың қиын жəне жауапты еңбектеріне марапат болып табылады» делінген.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ерді ісінен таны

АЛҒЫС АЙТСАМ ДЕП ЕДІМ...

Нағыз кəсіпқойларға сенім мол

Сəбиді аман алып қалды КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ АТАУЛЫ ДАТА

Қызыл суға қамсыз емес Ресей құтқару

қызметіне ширек ғасыр

БИЫЛ РЕСЕЙДІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР. БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА ОСЫ ДАТАҒА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖИНАЛЫС ӨТТІ.

Page 7: Сақшы №05 (4171)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№5 (4171), сейсенбі, 19.01.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ

Бетті дайындаған Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

СПАРТАКИАДА

Қарағандылықтардың қырағылығы сыналды

Қарулы Күштер үздіктері анықталуда ФУТБОЛ

Құрама бапкерін өзі таңдайды

« А қ т ө б е » к о м а н д а с ы н ы ң құрамы мен олардың жалақысы, кадрлық өзгер і стер туралы айтылған баспасөз мəслихатына т і лш і лермен қа тар футбол жанкүйерлері шақырылды. Бұған дейін Ақтөбеден Астанаға ауысқан медиа-офицер Марат Жұмабаев қайта оралып, Асылбек Қуанышев клубтың бейнетүсірілімдеріне жа-уап беретін болды. Бас директоры Дмитрий Васильевтің айтуынша, клубтың өз телеарнасы құрылады. Команданың ресми сайты қазақ тілінде де ақпарат таратады. «Қазір ойыншылар Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиындарында жүр. 9 футболшы трансферге шығарылды. Кейбірінің агенттерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта Украина мен Африкадан да фут-болшылар келуі ықтимал», – дейді Д.Васильев.

Бас директордың айтуынша, негізгі құрамдағы ойыншылардың кем дегенде алтауы жас футболшы

Минус 50 градус температура мен ақ ұлпа қар коньки тебу үшін қолайлы жағдай туғызды. Мұз айдыны конькимен жүгіру спорты-мен əуестенушілерге толы болды. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ұжымы департамент бастығының орынбасары, полковник Асет Ысмағұловпен бірге мұз айдыны-на шығып, бұрыннан коньки тебе білетіндері басқаларына үйретіп, мəре-сəре болды.

Ведомство қызметкерлерінің кейб ір і бұл күн і б ір інші рет к он ь ки к и і п , м ұ з ғ а шығып т ұ р е д і . М ұ з ғ а ж а ң а д а н тұрғандарға тəжірибесі мол, сырғанаудың қыр-сырларын білетін əріптестері демеу болды. Оларды алдымен қолтығынан демеп, одан кейін тепе-теңдік

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАНЫ-МАЛ ЖЕРЛЕСТЕРІ СЕРІК СƏПИЕВТІ «ПОЛИЦИЯ ФОРМАСЫН» КИГЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН, ДӨП БА-СЫП ТАНЫДЫ. ЖЕРГІЛІКТІ 101ТВ ИНТЕРНЕТ-ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІЛЕРІ ЖҮРГІЗГЕН САУАЛНАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА, БОКСШЫ СƏПИЕВТІ ЖАЗА БАСПАЙ ТАНИТЫНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨП ЕКЕНДІГІ АНЫҚТАЛДЫ.

Серік Сəпиев өзінің еңбекқорлығымен əлемдік барлық мүмкін титулдарды жеңіп алған спортшы. Оның жүлде қоржынында Азия жəне Олимпиада ойындарын қосқанда, əлемдік жəне құрлықтық додалардың жеңісті алқалары бар, ол расында да танымал тұлға деп айтуға болады.

Қоғамдық 101tv.kz интернет-телеарнасының тілшілері қала көшелеріне Серік Сəпиевтің суретін алып шығып, жүргіншілер арасында сауалнама жүргізген болатын. Тапсырманы қиындату үшін боксшыға компютер арқылы «полиция формасы» кигізілген. Соған қарамастан, қарағандылықтардың көпшілігі Серікті дөп басып таныған болса, кейбіреулері «ол органға қызметке тұрған ба?» деп таңданыстарын білдіріпті. Сауалнамаға тартылғандардың арасында спортшының адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалап, оны мақтай жөнелгендер де көп болыпты.

Естеріңізге сала кетсек, Серік Сəпиев былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің атынан еліміздің үздік спорт менеджері атағын иелен-ген болатын. Олимпиада чемпионы жəне Вэл Баркер кубогының иегері бүгінде «Астана Арланс» кəсіпқой бокс клубының Бас директоры болып қызмет етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕ СПОРТТЫҢ ƏСКЕРИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША XIII СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ.

АЛМАТЫ ƏКІМІ БАУЫРЖАН БАЙБЕК 2017 ҚЫСҚЫ УНИВЕР-СИАДА ОЙЫНДАРЫ ӨТЕТІН СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛА-ДЫ. БҰЛ ҒИМАРАТТАР БОЛАШАҚТА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ ƏРІ АЛМАТЫНЫҢ 1000 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ ҚАРСАҢЫНДА ЕСІКТЕРІН АЙҚАРА АШАТЫН БОЛАДЫ», - ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ƏКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ САМАТ СМАҚОВ ПАВЛОДАРЛЫҚ «ЕРТІС» КЛУБЫНАН КЕТТІ. ФУТБОЛШЫНЫҢ КЕЛІСІМШАРТТЫ ҮЗГЕНІН КЛУБ БАСШЫЛЫҒЫ РАСТАДЫ.

Бұған дейін фуболшы «Ақтөбе» командасымен келісімге келе алмаған еді. Дегенмен, ол кейін клубпен бірге Түркияға дайындыққа аттанды.

Айта кетейік, 37 жастағы спортшы «Ертіс» клубына 2015 жылдың басында Алматының «Қайрат» клубынан келген болатын. Павлодар клубының құрамында Смақов өткен маусымда 26 матч өткізіп, үш гол соқты.

Мұз айдынындағы ұмытылмас күнСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ЖАСТАР» СТАДИОНЫНЫҢ МҰЗ АЙДЫНЫНДА ӨТКЕН СПОРТТЫҚ САБАҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ. СПОРТ ОРТАЛЫҒЫНДА КОНЬКИ ТЕУІП ҮЙРЕНЕМІН ДЕУШІЛЕР ҮШІН ҚАШАНДА ЕСІК АШЫҚ.

ұстауға, сырғанау қимылдарына үйрет іп , кей іннен өзд і г інен сырғанауына мүмкіндік берілді. Алғаш «қанат қағушылардың» а р а с ы н д а к о н ь к и д і ң қ ы р -сырын ертерек меңгеріп кет-кендер де болды. Ал əуелден машықтанғандар əріптестеріне бір орында, ауада шыр айналу секілді, тағы да басқа трюктік қимылдарды көрсетіп, олардың конькиге ынтасын арттыра түсті.

С п о р т к ү н і ұ м ы т ы л м а с , позитивті əсерімен ұжымға жаңа күш, сергектік, жаңа міндеттерді шешу мен қоғам үшін маңызды істерді орындау жолында ерек-ше қуат берді. «Сау денеде – саламатты рух», – деп бекер айтылмаған. Департаментте спорттық дайындық күндері

жұмасына екі рет өтіп тұрады. Қ а з і р ə з і р г е қ ы с м а у с ы -мы болғандықтан, Солтүст ік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қысқы спорт түрлерімен шұғылдануда. М ұ н д а й « С п о р т к ү н д е р і »

қызметкерлерге зардап шек-кендерге уақытылы көмекке келу үшін жақсы дене формасын сақтап, спорттық нормативтерді сəтті тапсыруға үлкен көмек.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

С а й ы с қ ы с қ ы к е з е ң н і ң б а ғ д а р л а м а с ы б о й ы н ш а өткізіледі. Оған гір екісайысы,

пионатында өнер көрсету үшін құрама командаға кіруге бақ сы-насты.

Барлығы Спартакиаданың ал-дын ала кезеңдерінде 2 300-ден аса əскери қызметші қатысады. ҚР ҚК XIII Спартакиада қысқы кезеңінің шешуші сəті Ақмола облысының Щучье қаласында өтеді. Шешуші кезеңге 500-ден аса əскери қызметші қатысады деп көзделіп отыр.

Ал б іл ікт іл ік талаптардың нормативтерін орындаған үздік спортшыларға ҚР спорт шебері спорттық атағы беріледі.

Шешуші сайыстың нəтижелері бойынша үздік армия спортшы-лары ТМД достастық армиясының чемпионаттары мен өзге де халықаралық əскери-спорттық жарыстарда Қарулы Күштердің на-мысын қорғайтын болады, деп ха-барлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

армспорт, қысқы Президенттік к ө п с а й ы с , ш а ң ғ ы с п о р т ы (патрульдердің жарысы) жəне

шахмат сияқты спорттың түрлері кіреді.

Алғашқы болып Аэроұтқыр əскерлерінің чемпионаты бастал-ды. 12740 əскери бөлімінің ба-засында 200-ден аса армиялық спортшы Қарулы Күштердің чем-

Өз телеарнасы болады«АҚТӨБЕ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ТҮРКИЯНЫҢ БЕЛЕК ҚАЛАСЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУДЫ БАСТАДЫ. БИЫЛҒЫ ФУТБОЛ МАУСЫМЫН-ДА УКРАИНА МЕН АФРИКАДАН ОЙЫНШЫЛАР КЕЛУІ МҮМКІН. БҰЛ ТУРАЛЫ «АҚТӨБЕ» ФК БАС ДИРЕКТОРЫ ДМИТРИЙ ВАСИЛЬЕВ БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА МƏЛІМДЕДІ.

болады. Бұл облыс əкімі Бердібек Сапарбаев тың н ұ с қа уымен атқарылған жұмыс. «Ақтөбе» командасының алғашқы ойы-ны Қобыланды батыр атындағы стадионда өтуі үшін барлық қажетті шаралар қолға алын-ды. Жоспар бойынша алаңды 1-сəу ірде пайдалануға беру қажет. Мұнда қазір ресейлік ма-мандар еңбек етіп жүр», – дейді клубтың баспасөз қызметі. Айта

кетейік, негізгі билеттердің құны 300-1500 теңге аралығында бо-лады. Ал орталық сектордағы орындардың құны 3 мың теңге болады деп жоспарланған. Бұл барлық билеттің 10 пайызын

құрайды. Биылғы «Ақтөбе» фут-бол клубының негізгі бюджеті 2 миллиард теңге болып бекітілді. Оның 800 миллион теңгесі өткен жылдан қалған қарызды өтеуге жұмсалады.

УНИВЕРСИАДА-2017

Спорт нысандарының ашылуы Алматының 1000 жылдығына орайластырылады

«Универсиада» басшылығының мəліметі бойынша барлық спорт нысандары 2016 жылдың 30 та-мызында пайдалануға беріледі. Қазір теңге бағамының өзгеруіне қарамастан құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүрг і з і л і п ж а т ы р ж ə н е б е л г і л е н г е н мерзімде аяқталады. Мысалы, үстіміздегі жылдың 22 науры-

зында Медеу а уданында ғы 3000 орындық Мұз аренасының жаттығу айдыны дайын бола-ды, ал 6 шілдеде негізгі аре-на мен əкімшілік ғимараттың құрылысы аяқталып, нысанның айналасы абаттандырылады. Бұлардан өзге, 12 мың орындық М ұ з с а р а й ы н ы ң ə к і м ш і л і к ғимаратының, осындағы бассейн

мен жаттығу мұз айдынының құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның нег і з г і блогы 2016 жылдың 9 мамырында пайдалану ғ а беріледі, ал нысанның айнала-сын абаттандыру жұмыстары 6 шілдеде аяқталады. Атлеттер ауылындағы 5 мың орындық 4 т ұ р ғ ы н ү й 2 2 н а у р ы з д а берілсе, тағы 4 тұрғын үй 9 мамырда іске қосылады. Ал 6 шілдеде соңғы 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұлардың айналасын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары 1 та-мызда жүзеге асады. Барлық нысандардың құрылыс-монтаж

жұмыстары тамыздың соңында аяқталып , биылғы жылдың 30 тамызында пайдалануға беріледі. Құрылыстың əр кезеңі Алматы əкімі Б. Байбектің жеке бақылауына алынған.

Естер ің і з ге сала кетей і к , таяуда ғана 12 мың орындық Мұз сарайының кіші аренасының, жаңа бассейннің, Универсиада спорт нысандары мен Атлеттер ауылының бизнес-мүмкіндіктерінің тұсаукесері өткен болатын. Бұл шараға қала əкімі Бауыржан Байбек, спортшылар, бизнес-мендер, журналистер, блогерлер жəне басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ АРМИЯ ОРТАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫ СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ ЖОҒАРЫ НƏТИЖЕЛЕР КӨРСЕТТІ, ДЕП ХАБАР-ЛАДЫ ВЕДОМСТВОНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Тараз қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін жəне əйелдер күресінен Қазақстан чемпионатының бірінші күні өз мəресіне келіп жетті. Чемпионат сегіз салмақ дəрежеде өтуде. Сайыстың бірінші күнінде чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды. 59 келіге дейінгі салмақта АОСК штаттық командасының спортшысы Дастан Өскенбеков Қазақстанның чемпионы атанды. 71 келіге дейінгі салмақта АОСК-ның мерзімді қызметтегі əскери қызметшісі қатардағы жауынгер Өмірзақ Əбунасыр күміс жүлдегері атанды.

Жарыс Біріккен күрес əлемінің (UWW) қолданыстағы қағидалары мен ережелеріне сəйкес өткізіледі. Төрешілік етудің сапасын арттыру үшін турнирге Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Моңғолия жəне Беларусь елінің халықаралық дəрежедегі төрешілері шақырылды. Одан кейін олар қазақстандық мамандарға семинарлар өткізеді.

Армия спортшылары алда

ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА БАПКЕРІН ӨЗІ ТАҢДАЙДЫ. 15 ҚАҢТАР ҚФФ ЖАРИЯЛАҒАН БАПКЕР ТАҢДАУ НАУҚАНЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ.

Шарт бойынша 15 қаңтарға дейін халық дауыс беру арқылы «ұлттық құраманы жергілікті əлде шетелдік бапкер жаттықтыру керек пе?» деген сауалнамаға өз таңдауларын жасауы тиіс еді. Қорытындысы бойынша 15 қаңтарға дейін 50 мың жанкүйер дауыс берсе ҚФФ фанаттарға нақты кандидаттардың тізімін ұсынуға келіскен. Бірақ 15 қаңтарға дейін дауыс берушілердің саны үш мыңға жеткен жоқ.

Енді ҚФФ бапкер тағайындауды толық өзіне алып, қаңтардың соңына дейін ұлттық құрама жаттықтырушысын тағайындайды.

«Ертіс» клубынан кетті

Page 8: Сақшы №05 (4171)

СӨЗ СОҢЫ№5 (4171), сейсенбі, 19.01.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор:

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 14201Тапсырыс: №1992

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШƏМШІ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МҮСІЛІМ, Жадыра МЫРЗАХМЕТОВАТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ҚЫС БАСТАЛҒАЛЫ ҚАРБАЛАС. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ КА-168/5 МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН ЖАНДАР ҮШІН ДЕ БҰЛ МЕЗГІЛДІҢ ӨЗ ЕРЕКШЕЛІГІ БАР.

Б.ТАЙПАҚОВ, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/5 мекемесі

ТАЯУДА УК-161/2 МЕКЕМЕСІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ЖАРИЯЛЫЛЫҒЫН ЖƏНЕ АЙҚЫНДЫҒЫН ПАШ ЕТУ МАҚСАТЫНДА КОЛОНИЯДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ТУЫСТАРЫ ШАҚЫРЫЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ. ШАРА ШЕҢБЕРІНДЕ СОНДАЙ-АҚ, ӨНЕГЕЛІ ЖƏНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ МАҚСАТЫНДА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ЕҢ ҮЗДІК ҚАР МҮСІНІНЕ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Нұргүл АЛМАҒАМБЕТОВА, УК-161/2 мекемесі

АШЫҚ ЕСІК КҮНІІЗГІЛІК ИІРІМДЕРІ

ҚАРДАН ҚАЛАНҒАН МҮСІНДЕР

Ойлан, тап!

Жеміс

«... қарай-мын» Бет Қарақалпақ

астанасы

Салмақ өлшемі

Мұсылман мемлекеті Тыйым Өтірік емес

Тастанды нəрсе

Барыс септігі

жалғауыМоңғолия

облысыСлавян ұлты Ата тек Ресей көлік

маркасы

Балалар ойыны

Ұлттық сусын

Ақын шабыты

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВ

Бүгінгі күнге дейін басы жылымықтан бір арылмайтын оңтүстік өңірлерді айтпағанда, Сарыарқа жотасы деп аталғанымен солтүстік аймаққа жататын Астананың өзінде оқтын-оқтын майборан соғып, ауа райы қарлы болып, бірлі-екілі аяз бой көрсеткенімен, жалпы «жылауық қыс» болды.

«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды, Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды», дегендей, Абайша да қыстың сəні ақ қар мен сары аяз ғой. Ауа райын болжаушылар алдағы үш күнде Астанадағы ауа температурасының -35 градусқа жететінін айтады. «Басқанда табан астың сықырлап тұрмаған қыс – қыс па, тəйірі», дейді жылдың осы мезгілі туралы сөз бастай қалсаң ауыл қазағы. Олардың пайымынша, түз малы – жылқыға аяз жағымды көрінеді. Ал, қазақтың «жылқымен жаны бір екені» пəлсафалық түсінік ретінде ақын тілімен де сан мəрте айтылған.

Қыстың қазақ үшін тағы бір «сүйкімді» сəті болады. Қазір бар қазақтың күздігін шоқымдап тауысып, соғымын сойып, жайланып отырған кезі. Дəстүрмен шеке, омыртқа беру де басталып кетті. Ауылдағы ағайын бұған кəдімгідей мерекелік рең береді. Əр отбасы кезекке тұрып, ауылдың бір белсендісі тізім түзеді. Ол күн омыртқа берушілер үшін аса маңызды болып есептеліп, отанасы жұмысынан сұранып, ер азаматы шаруасын ерте еңсеріп, белгіленген уақытқа сақадай-сай дайын отырмақ. Асы əзір болмаса, отанасының «берместің асы піспейді», деген сыңайдағы əжуə-қалжыңның нысанына айналар реті бар. Қыңыр сөздің отағасын а й н а л ы п ө т п е й т і н і т а ғ ы а н ы қ . Қ а й р а н ауыл – салт -дəс түр берік орнаған, тіл саф күйінде сақталған, əзіл-қалжыңның «отаны» ғой. Ойды-қырды шолып ай-тылатын əңгімелер осын-дайда шырайын табады. Халықаралық тақырып, ішкі-сыртқы саясат түк қалмай түгенделед і . Бұл бір ғанибет кезең! Қалалық жұмысбасты ағайынның да бас қосып қалатын кез і – о сы омыртқа. Бірақ, олар үшін міндетті тізім жазы-латын қалың дəптер жоқ. Оның сəті түссе – сенбі мен жексенбіде түседі. Қанша аяз буып тұр десең де, қыстың қызығы өзінде.

Жер бетін ақ ұлпа қар жапқалы қылмыстық атқару жүйесі бойынша қысқы шығармашылық шаралары қолға алынған болатын Соның бірі – қардан мүсіндер қалау. Жалпы қардан ғажайып мүсіндер жасау төзімділікті талап ететін дүние. Соны біле тұра сотталғандар бірінен-бірі асып түсетін əсем туынды-лар жасап шығару үшін күннен-күнге мүсіншілік өнеріне ерекше ден қоюда. Құдды Жаңа жыл жаңа серпін берген-дей əсерде. Күнде ойлаған ойларын шығармашылық шабытпен іске асыру барысында сотталғандардың қиялының жүйріктігі таңдай қақтырмай қоймайды. Осыған орай, таяуда осы өнер туынды-лары арасында байқау өткізілген еді. Əр

Мекемеде бұл байқауды өтк ізу бұрыннан бар дəстүр. Бүгінде түзеу мекемесінің аумағында мұз қалашығы құрылысы бой көтерген. Сайысқа дайындық өткен жылдың с о ң ы н д а - а қ б а с т а -лып кеткен болатын. Қардан қажетті бөліктер даярланған соң, оларды біріктіріп қалау уақыты келді. Бір жақсысы биыл қар молынан жауды. Осылайша, сотталғандар уақытты босқа өткізбей, ғ ажайып , с əнд і қ ар жауһарларын тұрғызды. Сайыстың тартысты өткені сондай, оны қорытындылау төрешілер үшін өте қиынға соқты. Əрбір жұмыс өзінше керемет, ерекше еді. Бірақ та, сотталғандардың ішінен іріктелген қазылар алқасы жəне қамқоршылық кеңесі өз шешімдерін жариялап, соның қорытындысы бойынша бірінші орынды №1 жасақ пен оның «Боксерлік шаршы алаң» туындысы жеңіп алды. Байқауда жеңімпаз атанған сотталғандар ақшалай сыйақымен марапатталды.

«Сотталғандардың туыстары өзінің жақындарын көріп, дəстүрлі іс-шараның өткізілуі аясында олардың тұрмысымен, тəртібімен, ұстау режимімен танысуға мүмкіндік алды. Осындай мекеме əкімшілігінің тарапынан сенім білдіру акция-сы тəрбие үрдісіне оң əсер етіп, алдағы уақытта сотталғандардың түзелуіне, колониядағы лайықты тұрмыстық жағдайлардың құрылуына, сотталғандардың еңбекпен қамтылуына, оларды мəдени жəне шығармашылық бос уақытын ұйымдастыруға жақсы серпін береді», – деп атап өтті мекеме бастығының тəрбие жұмысы бойынша орынбасары, əділет майоры Азамат Ғаббасов.

Жаттығу «101» пульт іне кел іп түскен қоңыраудан басталды. Іс жүзінде жедел қызметкер қоңырау шалған азамат үрейлі дауыспен өрт оқиғасы орын алғанын хабар-лап, тез жетулерін өтінген. Азаматтық қорғау бөлімшесі оқиға орнына жыл-дам жетті. Осылайша, «Тайынша ау-даны қарт жəне мүгедек адамдарға арналған «Надежда» қоғамы» МКК ғимаратындағы шартты төтенше жағдай сырт көзге шынайы болып көрінді. Өйткені, Тайынша қаласының №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 50 лет Октября көшесіндегі нысанда шы-нымен де өрт ошағын ұйымдастырған болатын. Бəрі де нақты оқиғадай: өрт техникасының қиқуы, азаматтық қорғау қызметкерлерінің жедел əрекеті, адам-дарды эвакуациялау, əскери орнығу жəне өрт ошағын оқшаулау ретімен өтті.

жасақ өз қиялдарынан шыққан көркем суреттемелерімен алдыңғы орынды иеленуге тырысып баққаны, əсіресе, тəрбие бөлімі мен əкімшілікті, соның ішінде, мекеме қызметкерлерін қуантып тастады.

Байқауды ұйымдастырушылар мұндай шаралар сотталушылар арасында тəртіп пен мəдениеттің нығайып, олардың бір-біріне деген құрметін оятып, мекемедегі ауызбірлікке оң əсер ететіндігін айтады. Мекемедегі түзелу жолға түсу үшін көмек ретінде жүзеге асырылып жатқан қысқы шығармашылық шараларды қылмыстық атқару жүйесін ізгілендірудегі бір иірім деп қарастыруға болады. Өздеріне осындай көңіл бөлгеннің өзі жазасын

өтеушілер үшін үлкен мəртебе. Ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыры-лып, ендігі өмірі осында өтіп жатқандар үшін бұл ішкі ойлары мен сезімін сыртқа шығарудың бір жолы. Ал қардан мүсін жасау олардың шыдамы мен төзімін, асыл қасиеттерін шығармашылық ша-быт қосып шыңдай түспесе, мұқатпақ емес.

Жазасын өтеушілердің жасаған мүсіндерін қарап отырып, бейне бір талантты суретшінің жазбаларын көріп отырғандай сезімге берілесің. Мұндай əдемілікті əрлеу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Оларға қарап оты-рып, бала кезің есіңе еріксіз түсетіні рас. Қалай десек те, мақтауға лайық іс, қанша дəріптесе де артық емес. Күн жылына еріп кететін болса да, қыс маусымындағы адам еңбегінен туған осындай əсерлі пейзаждар онсыз да сұлу қыстың ажарын кіргізіп тұрғандай.

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

ТАЙЫНШАДАҒЫ ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ «ТАЙЫНША АУДАНЫ ҚАРТ ЖƏНЕ МҮГЕДЕК АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН «ҮМІТ» ҚОҒАМЫ» МКК-ДЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ.

О қ у - ж а т т ы ғ у д а қойылған тактикалық мақсат «Тайынша ауда-ны қарт жəне мүгедек адамдарға арналған «Надежда» қоғамы» МКК ғимаратынан өрт шыға қалған жағдайда, с о ғ а н д а й ы н б о л у . Ж а т т ы ғ у б о й ы н ш а тамақ ішу бөлмесінде электр желісінде қысқа тұйықталудан өрт шығып, ол электр желісі жəне по-лимер жабындары бойы-мен тұтанып, тамақ ішу бөлмесіне өрт жайылу қаупі төнді. Өрт коман-

дасы мен ғимарат жұмыскерлерінің үйлесімді əрекеті нəтижесінде өрт

ошағы ауыздықталып, «тілсіз жау» жарты сағатқа жеткізілмей толығымен жойылды.

Жаттығу аяқталған соң бірден оқу-жаттығудың өткізілуін сырттай қарап, бағалап тұрған өрт сөндіру басшылары туындаған шартты төтенше жағдайды жою барысына егжей-тегжейлі талдау жасады. Сарапшылардың пікірі бойын-ша жаттығуға қатысқан мамандар мен қызметкерлер өздерінің жоғары кəсіби, білікті əрекеттерін көрсетіп, қойылған тапсырманы сəтті орындады.

Бұл іс-шараға Тайынша қаласы №17 өрт сөндіру бөлімінің 2 өрт техникасы, «Элеватор Тайынши-2006» ЖШС-ның 1 өрт техникасы, аурухананың 1 техни-касы жəне жеке құрамнан 20-дан астам адам қатысты.

Н.БАЙҚАДАМОВ,Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша қаласы №17 ӨСБ бастығы, азаматтық

қорғау подполковнигі

Өнерге əркімнің-ақ бар таласы

ЭТЮД

Астананы аяз буып тұрАйткен ШƏМШІ

АСТАНАНЫ АЯЗ БУЫП ТҰР. КӨШЕЛЕРДЕГІ ІЛУЛІ ТЕРМОМЕТР БАҒАНЫ ƏРТҮРЛІ ДЕРЕК АЙТАДЫ. БІРАҚ, ӨЛШЕУІШСІЗ-АҚ АЯЗ ҚАУҚАРЫН ҚҰЛАҒЫНЫҢ ҰШЫМЕН БІЛЕТІН ҚАЗАҚ ҮШІН «КІРПІГІНЕ ҚЫРАУ ТҰРЫП, ҚАБАҒЫНА МҰЗ ҚАТАТЫН» АЯЗ ТҰРҒАНЫ АЯН ҚАЗІР.

...деген екен

Белгілі жазушылар Сəкен Жүнісов пен Адам Мекебаев 1985 жылы Москвадағы əдебиет институтына оқуға түседі. Сонда, тапқыр əзілге жүйрік ақын Қадыр Мырза Əли: «Адам – Сəкен боламын деп, Сəкен – Адам боламын деп оқып жа-тыр», – деген екен.