8
№13 (4179), 16.02.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ пАРлАМЕНТТІК ТЫҢдАУ ӨТЕТІН БолдЫ КөРМЕГЕ ҚАТЫСАТЫНДАРғА ЖЕңіЛДіКТЕР ЖАСАЛАДЫ 15 ақпан – кеҢес ӘскерЛерініҢ ауғанстаннан шығарыЛған кҮні АУҒАН АлАУЫ – МӘҢГІлІК ЕСТЕ БИЫЛ СӘуіР АйЫНДА пАРЛАМЕНТ СЕНА- ТЫНДА «ЕуРАзИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ ДүНИЕЖүзіЛіК САуДА ҰйЫМЫ ЖАғДАйЫНДА ОТАНДЫҚ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫң БӘСЕКЕГЕ ҚАБіЛЕТТіЛіГіН АРТТЫРу – зАңНАМАЛЫҚ РЕТТЕу ЖӘНЕ ОНЫ ТӘЖіРИБЕЛіК ТҰРғЫДАН іСКЕ АСЫРу» ТАҚЫРЫБЫНДА пАРЛАМЕНТТіК ТЫңДАу өТЕТіН БОЛДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ ШЕШіМ КЕШЕ БОЛғАН СЕНАТ БЮРОСЫНДА ҚАБЫЛДАНДЫ. АТЫРАу ОБЛЫСЫ Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл то- луына орай Атырау қаласының Жеңіс саябағында орналасқан Ауған соғысы ардагерлері мен құрбандарына арналған ескерткіш алаңында салтанатты жиын өтті. Шараға ауған соғысының ардагерлері – Атырау облыстық ііД Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есмұхан Қажкенов, Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Мұхтар Әзімов, Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы, поли- ция подполковнигі Мералы Баймұханов, сондай-ақ, ішкі істер органдарының жас қызметкерлері қатысты. Кештің басты мақсаты – ауған соғысында қаза тапқан отандастарымызды еске алу, интернационалдық міндеттерін атқара жүріп көрсеткен ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау, қызметкерлерді Отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Жеңіс саябағына жиналғандар интернационалдық борыштарын өтеуде ауған соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, соғыстан елге оралып, кейінгі өмірін ішкі істер органдарына арнаған аға буынға сый-құрмет көрсетті. Бүгінде арамызда жоқ ауған ардагерлері мен әріптестерін естен шығармаған атыраулық полиция қызметкерлері ішкі істер департаментінің басшылығы, жеке құрамы және Ардагерлер кеңесінің аты- нан ауған соғысы ардагерлері мен құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерліктеріне тағзым етті. Дәл осы күні ескерткіш алаңында ішкі істер органдарына қабылданып, сапқа тұрған жас сақшылар салтанатты түрде ант қабылдады. Гүлнәзира МҰхТАРовА ііМ-Нің пАвЛОДАР ҚАЛАСЫНДАғЫ ОҚу ОРТАЛЫғЫ «Біз – интернационалистерміз!». ІІМ-нің павлодар қаласындағы оқу орталығында ауған соғысы ардагерлерімен өткен кездесу осы- лай аталады. Кадр және тәрбие жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынған тәрбиелік, танымдық шараға тыңдаушылар толықтай қатысты. Идеологиялық тәрбие жұмысы шеңберінде өткен кездесу болашақ поли- ция қызметкерлерінің бойында өз туған еліне патриоттық сезімін арттыру қаза қстанда жұмыспен қамтылған халықтың 37 пайызы шағын және орта бизнес саласында. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылу көрсеткіші жыл сайын артып отыр. Мәселен, 2015 жылдың үш тоқсанында осы саладағы жұмыспен қамтылғандар 3 млн. 214,9 мың адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға өскен. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарланды. Ұлттық палатаның мәліметіне қарағанда, тұтастай алғанда былтырғы жылы шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту 12,5 пайызға (1 108 мың адамға), ал орта кәсіпкерлікте 12,9 пайызға (352 мың адам) артқан. Бұдан бөлек, қазақстандық бизнестің басым бөлігін жеке кәсіпкерлік, шаруа қожалықтары мен заңды тұлғалар формасындағы шағын кәсіпорындар құрап отыр. «Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналыса- тын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың 72 пай- ызын жеке кәсіпкерлер (ЖК), 14 пайызын шаруа және фермер қожалықтары, 13,6 пайызын шағын кәсіпкерліктер құрап отыр. ірі кәсіпкерліктердің үлесі 0,1 пайызды ғана құрайды», – делінген баспасөз баянында. Сонымен бірге, 2014 жыл мен 2015 жылғы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны біршама төмендегені байқалады. Бұдан бөлек, шағын және орта кәсіпорындардың үлесінің көптігіне қарамастан, іЖө салымның қомақты үлесі ірі бизнестің еншісінде тұр. Мәселен, 2014 жылы іЖө ірі кәсіпорындар үлесі 74 пайыз, шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 26 пайызды құрады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің ең ауқымды үлесі сауда, құрылыс салаларына тиесілі. палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, парламенттік тыңдаулар қабылданған заңдардың іске асырылу барысы туралы жан- жақты және толық ақпарат алып, түйінді мәселелерді терең зерделеуге мүмкіндік береді. «өткен жылы Ұлт Жоспары шеңберінде ауыл шаруашылығын жандандыруға бағытталған бірқатар заң қабылданды. Ол заңдардың орындалу барысы әрдайым депутаттардың назарында бо- луы қажет. Сонымен қатар, еліміздің Еуразиялық экономикалық одақтағы және Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігі жағдайында агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады», – деді Қ.Тоқаев. парламенттік тыңдауды өткізуді ұйымдастыру Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне жүктелді. Сондай-ақ, Сенат Бюросы жоғарғы палатаның 2016 жылғы 18 ақпанда болатын кезекті отырысының күн тәртібін келісті. Сенаторлар Қазақстан «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауар- ларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімді; Қазақстан мен Молдова арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді және осы келісімді іске асыру бойынша атқару хаттамасын; Қазақстан мен Ресей арасындағы Сарышаған сынақ по- лигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Ресей арасындағы Сарышаған сынақ поли- гонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу Кеше парламент Сенаты қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген оты- рысы болып өтті. онда «қаза қстан Республикасының үкіметі мен халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында «ЭКСпо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. ЖҰМЫСпЕН ҚАМТЫЛғАНДАР – БИзНЕС САЛАСЫНДА Бұл құжат негізінен «Болашақ энергиясы» тақырыбымен 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық «ЭКСпО-2017» көрмесіне қатысушылар үшін жағымды ахуал қалыптастыруға бағытталады. Келісім негізінен елімізде өтетін көрмеге қатысушыларды ынталандыру мақсатында ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну үшін құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталады. Құжатты қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражаттарды талап етпейді. Сонымен қатар, еліміз үшін жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға соқтырмайды. заң жобасы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылатын болады. Сондай-ақ, отырыста Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей волков «ЭКСпО-2017» көрмесіне ресми қатысушылардың жүргізуші куәліктері Қазақстан аумағында заңды деп таны- латынын мәлім етті. Оның айтуынша, Келісім үш тарау мен 24 баптан тұрады. туралы үкіметаралық хаттаманы; Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өтеусіз әскери- техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заңдар жобала- рын талқылайды. Бюрода, сондай-ақ, үкіметтен келген заң жо- балары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Адамдардың реадмиссиясы туралы Қазақстан мен Норвегияның үкіметаралық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. және тарихи сана-сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Кешке ауған соғысының ардагерлері – Асқар Бисмильдинов пен құрмет демалысындағы полиция подполковнигі Абылай Кеңесбаев қатысты. Кездесу барысында Асқар Кабдулұлы мен Абылай Кұнанбайұлы өздері секілді интернационалдық борыштарын өтеген азаматтардың ерлік жолы жас ұрпаққа өнеге екенін айтып, сұрапыл соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Қос ардагерге құрмет көрсеткен Оқу орталығының тыңдаушылары жүректен шыққан жалынды өлең жолдарында тарту етті. Кешке шақырылған ауған соғысының ардагерлері ауған соғысындағы ауыртпалықты айта отырып, тыңдаушыларға бейбіт күннің нарқын біліп, қастерлеуге шақырды. Кездесу соңында өздерінің әскери әндерін тыңдаушыларға шырқап берді. Кеште сөз алған Оқу орталығы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ерболат Оразалин борыштарын адал атқарған ауған соғысы ардагерлерінің есімін жас ұрпаққа жеткізу, тарихтан әділетті орын беру – бүгінгі күннің маңызды мәселесі екенін айтып өтті. «Бейбітшілік үшін күрескен ағалардың ерлігін сақтау, оларды үлгі-өнеге тұту – әр азаматтың борышы. Жас ұрпақ бұдан үлгі-өнеге алу керек», – деп шараның мәні мен маңызына кеңірек тоқталды ол. Кеш соңында ардагерлер жиналған қауымға жылы лебіздерін жеткізіп, Оқу орталығы басшылығына осындай тағылымды кездесуді ұйымдастыруға ұйытқы болғандары үшін алғыстарын білдірді. Шара соңында Оқу орталығының ар- найы алғашқы даярлық курс тыңдаушылары кеш қонақтарына естелікке бейбіт күннің алқызыл гүлін сыйға тартты. Нұрлан АШЫқБАЕв

Сақшы №13 (4179)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №13 (4179) 16.02.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №13 (4179)

№13(4179),

16.02.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

пАРлАМЕНТТІК ТЫҢдАУ ӨТЕТІН БолдЫ

КөРМЕГЕ ҚАТЫСАТЫНДАРғА ЖЕңіЛДіКТЕР ЖАСАЛАДЫ

15 ақпан – кеҢес ӘскерЛерініҢ ауғанстаннан шығарыЛған кҮні

АУҒАН АлАУЫ – МӘҢГІлІК ЕСТЕ

БИЫЛ СӘуіР АйЫНДА пАРЛАМЕНТ СЕНА-ТЫНДА «ЕуРАзИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ ДүНИЕЖүзіЛіК САуДА ҰйЫМЫ ЖАғДАйЫНДА ОТАНДЫҚ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫң БӘСЕКЕГЕ ҚАБіЛЕТТіЛіГіН АРТТЫРу – зАңНАМАЛЫҚ РЕТТЕу ЖӘНЕ ОНЫ ТӘЖіРИБЕЛіК ТҰРғЫДАН іСКЕ АСЫРу» ТАҚЫРЫБЫНДА пАРЛАМЕНТТіК ТЫңДАу өТЕТіН БОЛДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ ШЕШіМ КЕШЕ БОЛғАН СЕНАТ БЮРОСЫНДА ҚАБЫЛДАНДЫ.

АТЫРАу ОБЛЫСЫАуған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл то-

луына орай Атырау қаласының Жеңіс саябағында орналасқан Ауған соғысы ардагерлері мен құрбандарына арналған ескерткіш алаңында салтанатты жиын өтті.

Шараға ауған соғысының ардагерлері – Атырау облыстық ііД Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есмұхан Қажкенов, Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Мұхтар Әзімов, Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы, поли-ция подполковнигі Мералы Баймұханов, сондай-ақ, ішкі істер органдарының жас қызметкерлері қатысты. Кештің басты мақсаты – ауған соғысында қаза тапқан отандастарымызды еске алу, интернационалдық міндеттерін атқара жүріп көрсеткен ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау, қызметкерлерді Отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Жеңіс саябағына жиналғандар интернационалдық борыштарын өтеуде ауған соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, соғыстан елге оралып, кейінгі өмірін ішкі істер органдарына арнаған аға буынға сый-құрмет көрсетті. Бүгінде арамызда жоқ ауған ардагерлері мен әріптестерін естен шығармаған атыраулық полиция қызметкерлері ішкі істер департаментінің басшылығы, жеке құрамы және Ардагерлер кеңесінің аты-нан ауған соғысы ардагерлері мен құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерліктеріне тағзым етті. Дәл осы күні ескерткіш алаңында ішкі істер органдарына қабылданып, сапқа тұрған жас сақшылар салтанатты түрде ант қабылдады.

Гүлнәзира МҰхТАРовА

ііМ-Нің пАвЛОДАР ҚАЛАСЫНДАғЫ ОҚу ОРТАЛЫғЫ«Біз – интернационалистерміз!». ІІМ-нің павлодар қаласындағы

оқу орталығында ауған соғысы ардагерлерімен өткен кездесу осы-лай аталады. Кадр және тәрбие жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынған тәрбиелік, танымдық шараға тыңдаушылар толықтай қатысты.

Идеологиялық тәрбие жұмысы шеңберінде өткен кездесу болашақ поли-ция қызметкерлерінің бойында өз туған еліне патриоттық сезімін арттыру

қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың 37 пайызы шағын және орта бизнес саласында. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылу көрсеткіші жыл сайын артып отыр.

Мәселен, 2015 жылдың үш тоқсанында осы саладағы жұмыспен қамтылғандар 3 млн. 214,9 мың адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға өскен. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Ұлттық палатаның мәліметіне қарағанда, тұтастай алғанда былтырғы жылы шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамту 12,5 пайызға (1 108 мың адамға), ал орта кәсіпкерлікте 12,9 пайызға (352 мың адам) артқан. Бұдан бөлек, қазақстандық бизнестің басым бөлігін жеке кәсіпкерлік, шаруа қожалықтары мен заңды тұлғалар формасындағы шағын кәсіпорындар құрап отыр.

«Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналыса-тын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың 72 пай-ызын жеке кәсіпкерлер (ЖК), 14 пайызын шаруа және фермер қожалықтары, 13,6 пайызын шағын кәсіпкерліктер құрап отыр. ірі кәсіпкерліктердің үлесі 0,1 пайызды ғана құрайды», – делінген баспасөз баянында.

Сонымен бірге, 2014 жыл мен 2015 жылғы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны біршама төмендегені байқалады. Бұдан бөлек, шағын және орта кәсіпорындардың үлесінің көптігіне қарамастан, іЖө салымның қомақты үлесі ірі бизнестің еншісінде тұр. Мәселен, 2014 жылы іЖө ірі кәсіпорындар үлесі 74 пайыз, шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 26 пайызды құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің ең ауқымды үлесі сауда, құрылыс салаларына тиесілі.

палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, парламенттік тыңдаулар қабылданған заңдардың іске асырылу барысы туралы жан-жақты және толық ақпарат алып, түйінді мәселелерді терең зерделеуге мүмкіндік береді.

«өткен жылы Ұлт Жоспары шеңберінде ауыл шаруашылығын жандандыруға бағытталған бірқатар заң қабылданды. Ол заңдардың орындалу барысы әрдайым депутаттардың назарында бо-луы қажет. Сонымен қатар, еліміздің Еуразиялық экономикалық одақтағы және Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігі жағдайында агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады», – деді Қ.Тоқаев.

парламенттік тыңдауды өткізуді ұйымдастыру Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне жүктелді.

Сондай-ақ, Сенат Бюросы жоғарғы палатаның 2016 жылғы 18 ақпанда болатын кезекті отырысының күн тәртібін келісті.

Сенаторлар Қазақстан «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауар-ларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны

2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімді; Қазақстан мен Молдова арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді және осы келісімді іске асыру бойынша атқару хаттамасын; Қазақстан мен Ресей арасындағы Сарышаған сынақ по-лигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Ресей арасындағы Сарышаған сынақ поли-гонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу

Кеше парламент Сенаты қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген оты-рысы болып өтті . онда «қазақстан Республикасының үкіметі мен халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында «ЭКСпо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

ЖҰМЫСпЕН ҚАМТЫЛғАНДАР – БИзНЕС САЛАСЫНДА

Бұл құжат негізінен «Болашақ энергиясы» тақырыбымен 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық «ЭКСпО-2017» көрмес іне қатысушылар үшін жағымды ахуал қалыптастыруға бағытталады. Келіс ім нег із інен елімізде өтетін көрмеге қатысушыларды ынталандыру мақсатында ресми қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну үшін құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталады. Құжатты қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражаттарды талап етпейді. Сонымен қатар, еліміз үшін жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға соқтырмайды.

заң жобасы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылатын болады.

Сондай-ақ, отырыста Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей волков «ЭКСпО-2017» көрмесіне ресми қатысушылардың жүргізуші куәліктері Қазақстан аумағында заңды деп таны-латынын мәлім етті. Оның айтуынша, Келісім үш тарау мен 24 баптан тұрады.

туралы үкіметаралық хаттаманы; Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заңдар жобала-рын талқылайды.

Бюрода, сондай-ақ, үкіметтен келген заң жо-балары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Адамдардың реадмиссиясы туралы Қазақстан мен Норвегияның үкіметаралық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

және тарихи сана-сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Кешке ауған соғысының ардагерлері – Асқар Бисмильдинов пен құрмет демалысындағы полиция подполковнигі Абылай Кеңесбаев қатысты.

Кездесу барысында Асқар Кабдулұлы мен Абылай Кұнанбайұлы өздері секілді интернационалдық борыштарын өтеген азаматтардың ерлік жолы жас ұрпаққа өнеге екенін айтып, сұрапыл соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Қос ардагерге құрмет көрсеткен Оқу орталығының тыңдаушылары жүректен шыққан жалынды өлең жолдарында тарту етті.

Кешке шақырылған ауған соғысының ардагерлері ауған соғысындағы ауыртпалықты айта отырып, тыңдаушыларға бейбіт күннің нарқын біліп, қастерлеуге шақырды. Кездесу соңында өздерінің әскери әндерін тыңдаушыларға шырқап берді.

Кеште сөз алған Оқу орталығы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ерболат Оразалин борыштарын адал атқарған ауған соғысы ардагерлерінің есімін жас ұрпаққа жеткізу, тарихтан әділетті орын беру – бүгінгі күннің маңызды мәселесі екенін айтып өтті. «Бейбітшілік үшін күрескен ағалардың ерлігін сақтау, оларды үлгі-өнеге тұту – әр азаматтың борышы. Жас ұрпақ бұдан үлгі-өнеге алу керек», – деп шараның мәні мен маңызына кеңірек тоқталды ол.

Кеш соңында ардагерлер жиналған қауымға жылы лебіздерін жеткізіп, Оқу орталығы басшылығына осындай тағылымды кездесуді ұйымдастыруға ұйытқы болғандары үшін алғыстарын білдірді. Шара соңында Оқу орталығының ар-найы алғашқы даярлық курс тыңдаушылары кеш қонақтарына естелікке бейбіт күннің алқызыл гүлін сыйға тартты.

Нұрлан АШЫқБАЕв

Page 2: Сақшы №13 (4179)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№13 (4179), сейсенбі, 16.02.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

,

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

АҚШ

Лаңкестік шабуылдар жасалуы мүмкін

Қытай

Өзбекстан

Колумбия

Теңгемен салынған депозиттердің үлесі артпақ

Дағдарысты тежейтін төрт бағыт

Соңғы 10 жылда 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздардың бойларының өсуі орташа алғанда 2,8 сантиметрге артқан. Бұл тура-лы Өзбек телеграф агенттігі хабарлады.

Бұл жөнінде Өзбекстандағы балалар спортын дамыту қорының қорғаншы кеңесінің отырысын-да ел Президенті Ислам Каримов мəлімдеген.

«Өзбекстанда 14 жастағы ұлдардың бойының өсуі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сəйкес келеді. Нақтылай кетсек, 14 жастағы ұлдарымыз бен қыздарымыздың бойының өсуі орташа алғанда соңғы 10 жылда 2,8 сантиметрге ұзарған», – деп атап өткен И.Каримов.

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ҚОСЫМША ЖЕ-ДЕЛ ШАРАЛАР 4 БАҒЫТ БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ. КЕШЕ ӨТКЕН ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ ОСЫЛАЙ ДЕП МƏЛІМ ЕТТІ.

«Үкімет Мемлекет басшысының 2016 жылғы 10 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысын-да берген тапсырмаларын орындау үшін 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспарын əзірледі. Дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар 4 бағыт бойынша қалыптастырылды», – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, аталған бағыттардың біріншісі ақша-несие саясатының тиімділігін арт-тыру жəне қаржылық тұрақтылықты қолдауға негізделген.

Екіншісі, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканы қолдау жөніндегі шара-ларды кеңейтуді көздейді.

Үшінші бағыт шағын жəне орта бизнесті жəне экономиканың негізгі салаларын қолдауға арнал-са, ал төртіншісі іскерлік белсенділік пен халықты жұмыспен қамтуды қолдауды қарастырады.

Сондай-ақ, министр өз сөзінде 2016 жылы республикалық бюджетт ің тапшылығын қаржыландыруға 350 млрд. теңге бағытталатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, 2015 жылғы 400 млрд. теңге ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, 2016 жылы 1 450 млрд. теңге сомасындағы еркін зейнетақы жинақтары бірнеше бағыт бо-йынша инвестицияланады. Министрдің сөзіне қарағанда, 2016 жылы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға 350 млрд. теңге бағытталады. БЖЗҚ портфелін əртараптандыруды жəне азаматтардың зейнетақы жинақтары кірістілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында сыртқы нарықтарда инвестициялау үшін 500 млрд. теңгені шетел валютасына айырбастау ескерілген. Мұнымен қоса, 600 млрд. теңге нақты экономика-ны қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктер мен ұлттық холдингтердің, компаниялардың шартталған облигацияларын алуға бағытталмақ.

«Ұсынылып отырған бағыттар зейнетақы активтерінің барынша серпін беруін қамтамасыз

етіп, инвестициялардың сақталуына кепілдік береді. Салымшылардың мүддесіне орай БЖЗҚ зейнетақы активтерін бөлу нарықтық пайыздық ставка талап-тарымен жүзеге асырылады», – деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын бағыттар бойынша инвестициялау ұсынысы 2016 жылға уақытша шешім болып отыр. Осы орайда зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Үк імет отырысы барысында 2016 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан экспорттық-кедендік баж салығының құбылмалы мөлшерлемесіне көшетіні белгілі болды.

«Мұнай-газ секторы мен тау-кен металлургиялық кешенді қолдау үшін пайдалы қазбаларды өндіруге жеңілдіктерді ұсыну, 2016 жылдың 1 наурызынан əлемдік бағаға байлай отырып, экспорттық-кедендік баж салығының құбылмалы мөлшерлемесін енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, мұнай-газ секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экспорттық-кедендік баж салығы мазуттың тоннасына 30 долларға дейін төмендетілді», – деді Ұлттық экономика министрі.

Оның сөзіне қарағанда, мұнайға байланысты меже бойынша, яғни, барреліне 25 доллар-дан төмен əлемдік баға кезінде экспорттық-кедендік баж салығы мөлшерлемесі 0-ге теңеледі, ал берреліне 25 доллардан жоғары əлемдік баға аясында экспорттық-кедендік баж салығы мөлшерлемесі тиісті межеге сəйкес айқындалады.

«Осы арқылы, мұнайға əлемдік бағаның өсуімен экспорттық-кедендік баж салығы көлемі де арта-ды», – деп түсіндірді Е.Досаев.

Сонымен қатар, 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейінгі аралықта бір тоннаға 15 еуро мөлшерінде мазутқа маусымдық баж салығының мерзімін белгілеу ұсынылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тағы 27,9 млрд. теңге 2017 жылдың соңына дейін апатты жəне үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін 2016-2017 жылдары 42 мектептің құрылысына бөлінеді. Оның ішінде 23 мектеп Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы жəне Астанадағы апатты мектептердің орнына жəне 19 мектеп Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астанадағы үш ауысымдағы мектептерді болдыр-мау мақсатында салынады.

«Сонымен қатар, 10 млрд. теңге «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы аясында транзиттік əлеуетті кеңейтуге жəне транзиттік жүктерді Қытайдан Иранға, Түрікменстанға, Əзербайжанға, Түркияға жəне əрі қарай Еуропаға тасымалдауды қамтамасыз ету тұрғысында Құрықтағы паромды өткелдің құрылысын жалғастыруға бөлінеді», – деді Е.Досаев.

Мұнымен қоса, 10 млрд. теңге Атырау об-лысында арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық нысандары құрылысын жалғастыруға бөлінбек.

АСТАНАДА ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АК-ЦИЯ БАСТАЛДЫ. МАМАНДАР МЕН ТҮРЛІ ВЕДОМСТВОЛАРДАҒЫ САРАПШЫЛАР МІНГЕН «МƏҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН ТҮСІНДІРЕДІ.

Акция ұйымдастырушыларының хабарлауын-ша, «Мəңгілік Ел» пойызы Қазақстанның 33 елді

«Мəңгілік Ел» пойызы жолға шықты

ТЕҢГЕМЕН САЛЫНҒАН ДЕПОЗИТТЕР ҮЛЕСІНІҢ АРТУЫ КҮТІЛУДЕ. КЕШЕ ҮКІМЕТТІҢ СЕЛЕКТОРЛЫҚ РЕЖІМДЕГІ ОТЫРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ ДАНИЯР АҚЫШЕВ ОСЫЛАЙ ДЕДІ.

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГТЕ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСШЫСЫ ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ МƏЛІМ ЕТТІ.

«Биылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы ая-сында талапкерлердің ағылшын тілі деңгейіне жəне жұмыс өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу үшін IELTS жүйесі бойынша 5 баллдан артық жинау қажет. Бұл – ағылшынның орташа деңгейі деген сөз. Егер бұрын тіл білімінің бастапқы деңгейімен өте берген болса, енді ағылшын тілі орташа деңгейде болуы тиіс», – деді Ғ.Нығыметов.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы 601 стипендия, олардың ішінде 80 пай-ызы магистратураға, қалған 20 пайызы тағылымдамаға берілген.

Сондай-ақ, соңғы 3-4 жылда «Болашақ» бағдарламасының 10-15 түлегі елге келмей қалған көрінеді.

«Стипендиаттардың міндеті: шетел-де жақсы оқу жəне Қазақстанға ора-лу. Кепілдікке жылжымайтын мүлігі қойылады. Елге оралудан бас тартқан немесе басқа жоспарлары болған сти-пендиаттар бағдарлама аясында бөлінген қаражаттарды толықтай қайтарып, оның үстіне 10 пайыздық айыппұлды өтеп беруі тиіс. Өз міндеттемелерінен кетіп

КЕШЕ АЛМАТЫДА 28 ПАНФИЛОВШЫЛАР АТЫНДАҒЫ САЯБАҚТА КЕҢЕС ƏСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 27 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ МƏҢГІЛІК АЛАУ МЕН ИНТЕР-НАЦИОНАЛИСТ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ.

Салтанатты шараға ІІ дүниежүзілік жəне Ауған соғысының ардагерлері, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, Алматы гарни-зоны əскери бөлімшелерінің басшылығы мен жауынгерлері жəне қала тұрғындары қатысты.

Ең алдымен саябаққа жиналған қауым Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейін ауған соғысының ардагерлері бастаған топ Мəңгілік алау мен Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Өз сөзінде Ауған соғысының даңқты ба-тыры, жауынгерлер арасында «Қара май-ор» атанған Қазақстан Қарулы күштерінің отставкадағы полковнигі Борис Керімбаев жиналған жұртшылықты бүгінгі атаулы күнмен құттықтай отырып, Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлердің ерліктері ешқашан да ұмытылмайтындығын айтты.

«Ауған соғысының аяқталғанына, мінеки, 27 жыл уақыт өтті. 10 жылға созылған сол бір сұрапыл соғыста талай боздақтарымыздан айырылдық. Бірақ олардың ерліктері ешқашан да ұмытылмайды. Интернационалист-жауынгерлер өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орын-дады. Міне, 27 жылдан бері еліміз жаңа кезеңде өмір сүріп келеді. Енді аналарымыз ұлдарын əскерге жіберуден қорықпайды. Сұм соғыс енді ешқашан да болмасын», – деді отставкадағы полковник Б.Керімбаев.

мекенінде болып, Наурыз мерекесінің қарсаңында сапарын Алматыда аяқтайды.

«Акцияның не г і з г і л ейтмотив і – Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы, 1 наурыз – Алғыс күніне арналған шаралар циклы, сондай-ақ, бес институционалдық реформа, «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны іске асыру. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы Қазақстанның жасампаз бастамаларының белгісімен өтуі тиіс», – делінген «Қоғамдық келісім» хабарламасында.

«Мəңгілік Ел» – бұл қазақстандықтарды қайырымдылық қызметке т ар т у ғ а бағытталған «Қайырымдылық керуені»

атты жаңа ұлттық қайырымдылық науқаны. Ол қазақстандық біртектіліктің, қоғамдық келісімнің жəне жалпыұлттық бірліктің нығаюына септігін тигізетін жоба», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Пойыз тоқтайтын елді мекендердің тұрғындары қоғамдық қабылдау туралы толық ақпарат ала алады, кеңестерді түрлі ведомстволардың маман-дары өткізеді, бұдан басқа, мəдени-бұқаралық жəне ойын-сауық шараларын өткізу жоспарланып отыр.

«Болашақ» талапты күшейттіқалған бірде-бір стипендиат жоқ», – деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы.

Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының 2016 жылғы бюджеті 19 млрд. теңгені құрап отыр.

«Түлектерді шетелде оқытуға деп бөлінген біздің бюджетіміз биыл 19 млрд. теңгені құрап отыр», – деді Ғ.Нығыметов.

Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының н ə т и ж е л е р і н б а ғ а м д а й о т ы р ы п , б и ы л бағдарламаның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары əзірленген.

Айта кетейік, 22 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасымен 11 мыңнан астам түлек шетелде білім алып келді.

«2016 жылдың 1 қаңтарында Ұлттық банк жеке тұлғалардың ұлттық валютамен сақталған депозиттеріне берілетін сыйақы ставкасының ең жоғарғы көлемін 10 пайыздан 14 пайызға дейін көтеріп, шетел валютасындағы депозиттердің ставкасын 3-тен 2 пайызға дейін төмендетті. Бұл теңге депозиттерінің тартымдылығын арттыруға, біздің елдің азаматтарының жинақтарын қорғауға мүмкіндік береді», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Д.Ақышев өз сөзінде алдағы уақытта ұлттық валютамен сақталған депозиттердің үлесі арта түсетіндігін баса айтты. Сонымен қатар, бұл жайт экономиканы несиелеу үшін банктердегі теңге өтімділігін қамтамасыз ететін болады.

«Мұндай жағдайда Ұлттық банк ақша нарығына арналған пайыздық саясат тетіктерін жетілдірумен жұмыс істеуін жалғастырады», – деді ол.

Ауған соғысы ардагерлерін еске алды

«Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобының содырлары Құрама Штаттардың аумағында жаңа лаңкестік əрекеттерді ұйымдастыруға əрекеттенуі мүмкін. Бұл жөнінде кеше CBS телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тағы Орталық бар-лау басқармасының директоры Джон Бреннан мəлімдеді.

«Мен олар мұнда өздерінің адамдарын, материалдарын жіберуге əрекеттенеді деп ойлаймын», – деп шамалады ОББ-ның басшы-сы. Бұдан басқа, лаңкестер АҚШ аумағында жалданған адамдарға сенуі де мүмкін.

«Олар міндетті түрде табысқа жетеді деп ойламаймын», – деді Д.Бреннан. Лаңкестер Батыс пен Мұсылман əлемінің арасында жан-жал шығаруға əрекеттеніп отыр дейді ол. Д.Бреннанның пікірінше, бұл ИМ қатарына жаңа жақтастарды тарту мақсатымен жасалып отыр.

ОББ-ның директоры арнайы қызметтердің Еуропада лаңкестік əрекеттердің жолын кескенін хабарлады. «Сөзіме сенсеңіздер, қауіпсіздік жəне барлау қызметтері көптеген шабуылдың алдын алған», – деді ол. Бұл ретте орындаушы күдіктілер де ұсталды. Бреннанның айтуынша, олар Ирактан Сирияға, одан Еуропаға өткен.

Юань бағамы не үшін құлдырады?

Қытайдың Орталық банкінің төрағасы Чжоу Сяочуань «қытайдың ұлттық ва-лютасына шабуыл жасады» деп əлдебір халықаралық алыпсатарларды айыпта-ды. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабар-лады.

Банк төрағасының айтуынша, соңғы кез-де жиілеп кеткен юань бағамының ұдайы құлдырауына бұдан басқа себеп жоқ екен. Чжоу Сяочуань пікірінше, Қытай билігі елдегі валюта нарығында алыпсатарлар басымдығына жол бермеуі тиіс көрінеді.

Бұл мəлімдеме шығыс Жаңа жылын мере-келеу кезінде бір апта жұмысын тоқтатқан қытай қор нарығының қайта ашылар тұсында айтылды.

Юань бағамын тұрақтандыру шаралары елдің валюта қорының азаюына əкеліп соққан болатын.

Өзбектер «ұзарып» барады

Колумбияда 5 мыңнан астам жүкті əйел Зика безгегін жұқтырған. Олардың 30 пайызы - Венесуэла шекарасына жақын орналасқан аймақтың тұрғындары.

Ал бүкіл ел бойынша бүгінде осы дертке 31 мың 500 тұрғын шалдыққан. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 23 пайызға көп. Бір апта ішінде вирусты жұқтырған аяғы ауыр келіншектер саны бірден 58 пайызға артып отыр. Осы ретте Колумбия билігі əйелдерге алдағы 6-8 ай ішінде жүктіліктен бас тартуға кеңес берген. Өйткені, Зика безгегі құрсақтағы баланың дамуы-на кері əсер етуі мүмкін деген қауіп бар.

Жүкті əйелдер Зика безгегін жұқтырған

Page 3: Сақшы №13 (4179)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№13 (4179), сейсенбі, 16.02.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ЖАҢА ЖОБА АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Аталмыш шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық тал-дау орталығының теологы Сабыр Төлегенов, сондай-ақ, мемлекеттік мекеменің бөлімдері мен қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Сабыр Төлегенов қоғамға төнетін экстремизм мен терроризмнің қаупі жəне зардаптары туралы сөз қозғады. Қазіргі уақыттағы өзекті проблемалардың бірі болып табылатын діни экстремизм мен терроризм туралы талқылаудың маңыздылығы жəне дəстүрлі исламның дəстүрлі емес діни ағымдардан айырмашылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қызметкерлерге Атырау облысы Дін істері басқармасымен дайындалған бейнеролик көрсетіліп, «Діни экстремизмге, терроризмге жол жоқ» атты брошюралар таратылды.

Қызметкерлерді толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Дөңгелек үстел жиынын қорытындылай келе, Атырау облысы ТЖД «ӨС жəне АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Р.Қазиханов Сабыр Дүйсебайұлына кездесуге келгені үшін алғыс білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

«Медициналық пойыздар жоба-сы – бұл шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді қолжетімді ететін еліміздің тарихындағы теңдес і жоқ жоба. Медициналық қызметті қолжетімді етумен қатар, олар халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мəселесін шешуге көмектесед і . Кенш ілер қаласынан жолға шығатын пойыз алғашқы сапарын осы облыстың 19 стан-сасын аралаудан бастайды. «Саламатты Қазақстан» пойызы ақпан айының 15-і мен наурыз айының 16-сы аралығында Қарағанды облысына қарасты елді ме-кендерде белгіленген кестеге сəйкес қызмет көрсетеді. Бұл пойыздың келесі бағыты туралы ақпарат халықтың наза-рына қосымша ұсынылатын болады», – деді ТЖК өкілі.

«Саламатты Қазақстан» пойызы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Теміржол апаттық медицина госпиталі»

МЕДИЦИНАҒА МҰҚТАЖ АЛЫС АУЫЛДАР ҮШІН

Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

КЕШЕ ШАЛҒАЙДАҒЫ ШАҒЫН СТАНСАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ МАҢЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» КОНСУЛЬТАТИВТІ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ҚАРАҒАНДЫ СТАНСАСЫНАН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ. БҰЛ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГ-ТЕ ТЖК БӨЛІМ БАСШЫСЫ РУСЛАН ИМАНҚҰЛОВ ЖЕТКІЗДІ.

АҚ, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ жəне Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің бірігіп іске қосқан медициналық пойыздарының бірі. Ресми өкілдің мəлімдеуінше, 2010 жылдан бері осымен 3-ші медициналық пойыз іске қосылып отыр. Соның бірі «Саламатты Қазақстан». Олар шалғайдағы стан-салар мен шағын бекеттерде қызмет көрсетіп келеді. Пойыздар қажетті барлық диагностикалық құрылғылармен жабдықталған жəне бұл сапарға 18-ден астам білікті медициналық (терапевт, невропотолог, хирург, гинеколог, мам-молог, кардиолог, стамотолог жəне т.б) маман жұмылдырылған.

« М е д и ц и н а л ы қ к а д р қ ұ р а м ы біліктілігі бірінші санаттан төмен емес дəрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерден тұрады. Бұл пой-ыздар медициналық тексерістен өту мүмкіндігі жоқ, медициналық көмекке мұқтаж ауыл-аймақ тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді. Пойыздағы медициналық көмек халық үшін ең əуелі тегін жүргізілуімен тиімді болып отыр. Тағы бір айта кететіні, тіпті, бұл пой-ыздарда елімізде жекеменшік секторға

өткен стамотологиялық қызмет те тегін көрсетіледі. Мұндағы медициналық қызметтің сапасы облыс көлеміндегі клиникалардың деңгейінен төмен емес», – дейді Руслан Иманқұлов. Оның айтуынша, өткен жылы пойыздың медицина мамандары стансадан ондаған шақырым қашықтықтағы ауыр науқастарға барып, сол жер-де оларға қажетті көмек көрсеткен. Брифинг барысында ресми өкілдің сөзін жалғастырған ІІМ ТЖК «Теміржол апаттық медицина госпиталі» АҚ өкілі Ғабділнұр Əбділманов бірер мысал келтіріп өтті.

«Есту аппаратымен жүретін жас жігіт пойыздағы медициналық көмекке жүгінген. Өзінің есту қабілеті төмен деп ойлаған əлгі жігіт үш жыл бойы аппаратты тағып жүрген екен. Оны өзінің əжесінен алыпты. Есту аппара-ты істен шыққан соң көрші-көлемнен медициналық пойыз туралы естіп-біліп, осында келіпті. Мамандар осы жерде оның құлағын қарап, тазартып береді. Содан кейін аппараттың қажеті де бол-май қалды. Тексере келе оның құлағы жай ғана бітеліп қалған болып шықты.

Екінші бір жағдайда, тісінен түгел айырылған ауыл тұрғыны шіріп кет-кен тістерін емдету үшін əлгі пойызға мініп кетеді. Дəрігерлердің кеңесімен пойызға ілесіп кеткен ол барлық станса-ларды аралайды. Сол аралықта барлық тісін емдетіп алуға мүмкіндігі туып, ауылына сап-сау тістерімен оралды», – дейді ол. Оның айтуынша, медициналық пойыздардың маңыздылығы жыл өткен сайын артып келеді. Оған тұрғындардың дəрігерге жүгінуі бой-ынша статистикалық мəліметтер дəлел.

«Өздеріңіз білесіздер, біздің халық ауру асқынып кетпейінше, медицинаның көмегіне жүгінбейді. Ал пойыздарда көрсетілетін медициналық көмекке жүгінетін адамдар саны жетіп арты-лады. Айтар болсақ, медициналық пойыздардың дəрігерлері тəулігіне кем дегенде 150-200 адам қабылдайды», – деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Ғабділнұр Тауфикұлы. Оның айтуынша, медициналық пойыз алдағы күндері Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарынан шығып, республи-ка бойынша медициналық көмекке зəру тұрғындарға көмек көрсетпек. Пойыз стансаға тоқтағаннан бастап, жүріп кет-кенше халыққа тегін қызмет көрсетіледі.

«Ауыратындардың дені егде жастағы адамдар. Себебі, жас келген сайын денсаулық та сыр бере бастайды. Сондай-ақ, зейнеткерлердің басқаларға қара ғанда бос уақыттары көп . Сондықтан да, пойыздағы медициналық көмекке жүг інет індерд ің басым бөлігін егде жастағылар құрап отыр. Емделушінің қайдан қалай келгенінде шаруамыз жоқ, оның жасына да шектеу қойылмайды. Көмекке жүгінгендерге түгел қызмет көрсетеміз», – деді ол. Жоғарғы сапа мен медициналық пойыздар жұмысының қалыптасқан жүйесінің көмегімен кейбір адамдардан қатерлі ісік дертінің ауыр түрлері де анықталған.

Салтанатты шараға аудан əкімі Болат Жұмабеков, аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы, ішкі істер департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшелері жəне Қызылжар ауданының жұртшылығы қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, по-лиция генерал-майоры Берік Білəлов Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бой-ынша ақпараттық-насихат тобы сақшылармен бірге Қызылжар ауда-нынан бастап, жыл бойына облыстың барлық аудандарын аралайтынын атап өтті.

Іс-шара бағдарламасында – ІІД мұражайының жылжымалы экспо-зициялары жұмысымен таныстыру, Даңқ аллеясында гүл шоқтарын қою, Ішкі істер департаментінің а рнайы т е хника сын к өр се т у жұмыстары жүргізіледі. Ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлері марапатталып, Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Ақпараттық-насихат тобының жұмысына қатысу мақсатында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі істер органдары жəне Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің» төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков арнайы келді.

Кеңес төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Қоспанұлы өз сөзінде жас-тарды патриоттық сезімге тəрбиелеудегі ардагерлер ұйымдарының рөлімен, республикалық ардагерлер кеңесіндегі өткізіліп жатқан жұмыстармен танысты-рып өтті.

Іс-шараның басты бөлімдерінің бірі – облыстың ішкі істер органдарының ардагерлерін марапаттау шарасы болды. Облыстық Ардагерлер кеңесінің төралқасы бастауыш ардагерлер ұйымының 2015 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, өзінің қаулысымен үздіктерді анықтады. ІІО қызметкерлеріне олардың кəсіби қалыптасуында, патриоттық тəрбие беруде практикалық жəне əдістемелік көмек көрсеткені үшін 1-орынға ие болған Əкімшілік поли-ция басқармасының ардагерлері, 2-орынға ие болған Петропавл қалалық ІІБ ардагерлері, 3-орынды иеленген Жамбыл аудандық ІІО мен Тайынша ауданы ІІО ардагерлері марапатталды.

Қоғамдық кеңес төрағасы Мұғалжар ауданының прокуроры Ə.Биманов төрағалық еткен комиссия отыры-сына аудан əк ім ін ің орынбаса -ры К.Назаров, Мұғалжар аудандық мəслихатының хатшысы С.Салықбаев, аудандық əділет басқармасының бас-шысы С.Қазбағамбетов, аудандық А р д а г е р л е р к е ң е с і н і ң м ү ш е с і Ш.Достанова, «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ.М.Аймағамбетов , Кəсіпкерлердің Ұлттық палатасы аудандық филиалының директоры М.Кумашев, «Жастар» патриоттық клубының төрағасы Ж.Табылғанов, «Береке-Қандыағаш» ЖШС дирек-

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

ПРОБАЦИЯ ПƏРМЕНСІЗ ЕМЕСГүлсезім ЕШМАҒАМБЕТОВА, Ақтөбе облысы

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ МƏЖІЛІС ЗАЛЫНДА МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ПРОКУРОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Ғ.ХАЙРУЛЛИНА, Атырау облысы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ-НІҢ МƏЖІЛІС ЗАЛЫНДА «ДІНИ ЭКСТРЕ-МИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ƏРЕКЕТ ЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ. МАҚСАТЫ – ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРУ.

торы А.Ахметов, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты №1,2 Мұғалжар аудандық пробация бөлімі өкілдері жəне аудандық прокуратура қызметкерлері қатысты.

Күн тəртібіндегі бірінші мəселе қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген сотталған жəне түзеу мекемелерінен босатылған тұлғалардың жергілікті атқарушы жəне уəкілетті органдар тарапынан жұмыспен қамтылуы болды. Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы, əділет капитаны Р.Жұмабаев осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Аталған кезеңдегі көрсеткіштер бой-

ынша Мұғалжар аудандық пробация қызметі есебінде тұрған, пробациялық əлеуметтік-құқықтық көмек алуға жүгінген 50 сотталушыға арналып əлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы жасалып, оның ішінде 6 сотталушыға 2 немесе одан да көп жеке бағдарлама жасалды. Оның ішінде: Мұғалжар ауданы əкімшілігіне 19, жұмыспен қамту бөлімі мен орталығына 13, медициналық тегін көмек алу үшін Мұғалжар аудандық ауруханасына 24, өзге де əлеуметтік-құқықтық көмек алуға 2 жеке бағдарлама жолданды. Жолданған əлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламаларына сəйкес 37 көмек көрсетілген, оның іш інде , шартты сынақ мерз імге сотталған 12, бас бостандығын шектеу жазасына сотталған 26, оның ішінде 1 əйел бар. Денсаулық сақтау бөлімінен 24 сотталушы медициналық тегін көмек алды, 6 сотталушы жұмыспен қамту бөлімі мен орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды, 7 азаматқа өзге де көмектер, яғни, құқықтық көмектер көрсетілді.

Алдағы уақытта сотталғандарды жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жұмыспен қамту бойынша көмек көрсетілетіндігі айтылды. Сөз соңында ұсыныстар ортаға салынып, аудан əкімдігі мен пробация қызметіне сол бойынша жүргізілген жұмыстардың нəтижелері мен қабылданған шаралар жөнінде мəлімдеу тапсырылды.

Ақпараттық насихаттың маңызы зор

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА БАСТАДЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА 11 АҚПАНДА ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ МƏДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҒИМАРАТЫНДА ЖАЛҒАСТЫ.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Жеке құрам жəне дін

Сондай-ақ, қызметінде жоғары жетістіктерге жеткен Қызылжар аудандық ІІБ қызметкерлері де марапатқа ие болды. Аудандық үздік 6 полицей ІІД бастығының қолынан грамоталар жəне алғыс хаттар алды. Салтанатты іс-шарада ауданның күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында өткен жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рəсімі де өткізілді. Шағын футболдан жəне жауынгерлік қарудан атудан өткен командалық сайыстарда 1-орынды иеленгені үшін Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімінің командасы дипломмен, кубокпен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Page 4: Сақшы №13 (4179)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№13 (4179), сейсенбі, 16.02.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ. ТАРИХ. ТҰЛҒА

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Белая Гора ауылын-да туып-өскен Серік Айдарханұлы 1987 жылы əскери борышын өтеуге аттана-ды. Алғашқы алты айын Өзбекстанның Ферғана қаласындағы əуе-десанттық əскердің оқу бөлімінде өткеріп, кейін сержант атағын алады. Ал одан кейін ауған соғысы – атақты 56 шабуылды-десанттық бригадаға қосылады.

Ауған соғысына аттанған кезде ол 20 жастағы жалындап тұрған жігіт «Бұл соғыс жас жігіт жүрегінде қандай із қалдырды?» деген сұрағымызға Серік Айдарханұлы: «Біз он жылдың төңірегінде өз жерімізде емес, бөтен жартасты жерде жүріп соғыстық. Кеңес əскерлерін бұл жерге адам өлтіру немесе елді жою үшін жіберген жоқ, керісінше, қайғы-қасіретке толы жердің халқына бейбітшілік пен ынтымақтастық орнатып, оларды

Тарихи деректерге сүйенсек 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін он жылға созылған Ауғанстандағы соғысқа 23 мың қазақстандық қатысып, 749 жау-ынгер майдан даласында қаза болды, 26-сы із-түзсіз жоғалды, мыңнан астамы мүгедек болып оралса, мыңы соғыстан кейін елге келіп, қайтыс болды. Сол соғысқа қатысқан қазақстандықтардың 821-і қызылордалық болса, олардың 20-сы қаза тауып, 31-і мүгедек болып оралды, тəжік-ауған шекарасында 2 қызылордалық опат болған.

Жат жерде өмірден өткен 749 қыршынға хабарсыз кеткен 26 боздақ пен елге келгесін қайтыс болған 1000 жауынгерді қоссақ 1775 адам болады екен. Бұлардың барлығы да өрімдей жас, 18 бен 21-дің аралығындағы жігіттер еді жəне көбісі қазақтар бо-латын. Сонда осыншама қазақстандық отбасы қайғы жұтты, аңырап ана, қайғыға батып əке қалды артында деген сөз емес пе бұл?! Олар аман болғанда бүгінде қаншама ұрпақ өрбіген болар еді, қаншама отбасы мына заманның бейбіт күнін кешер еді?! Бұл бізге белгілісі, ал, кеңес дəуірінің талай сыры «өте құпия» деген таңбаның қапасында жатқаны жасырын емес. Алла жазса олардың да ашылар күні жетер.

Күні кешеге дейін кеңестік билік өзге елдерге əскер кіргізуі туралы деректерді құпия ұстады, ал Ауғанстандағы жағдайды жасыруға болмай қалды. Иə, Ауғанстан соғысы жасыруға келмей қалды, алайда оның да əлі беймəлім, ашылмаған тұстары бар екені тағы да жасырын емес.

К е ң е с ө к і м е т і н і ң с о н а у 1930-жылдардан-ақ түрлі соғыстарға араласып отырғаны белгілі. 1941-45 жылғы соғысқа дейінгіні есепке алмағанның өзінде бергі жағындағы ша-руа да аз жүк емес. Соның бір дəлелі гер-ман фашизмімен соғыс біте салысымен кеңес өкіметінің Қытайға əскер кіргізуі. Жапониямен соғыс жүріп жатқанына қарамастан кеңес əскерлері қытай ше-карасынан жасырын өткен сол кез тура-лы Сыр өңірінің құрметті азаматы, соғыс жəне еңбек ардагері Бөрібай Құлманов ақсақал: «Жеңіске жетіп, Берлинді ара-лап, енді елге қайтамыз деп жүргенде өзім түсінбейтін жайларға кезіктім. Қолымда құпия пакет бар бір көруге зар боп жүрген Қызылорданың тұсынан Алматыға қарай өте шықтым. Негізінен қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ жігіттерінен құралатын бұл құрама тек соғыста əбден ысылған офицерлерден тұратын, оның басым көпшілігі қазақтар болатын, ал, аз ғана сержанттардың тек қана орыс ұлтынан болғанын да түсіне алмадық. Осы жерде жинап, шекарадан өткізді де, Шығыс Түркістан ұлттық əскері киімін кигізіп, соғысқа кіргізді. Бұл жердегі басшымыз Əлихан төре, бас қолбасшы Оспан батыр бол-ды», – деп əңгімелейді. Қытайлық зерттеуші Ж.Сəмитұлы: «Кеңес Одағына Шыңжанда бұрқ ете түскен халықтық көтеріліс табылмайтын жақсы бір орай болып кезікті. Моңғолияның дербестігін мойындағысы келмей сіресіп келе жатқан Қытай үкіметінің алдында енді сөйтіп қасарыса берсе Шыңжаннан да айырылып қалу қаупі тұрғанын сездіру үшін Кеңес Одағы Шығыс Түркістан ре-спубликасын құратындығын білдірді...», – деп сол кезең шындығын жайып салады да, көтерілістегі Оспан ба-тыр рөлін көрсете отырып, үкімет басшысы Əлихан төреден бастап, Ахметжан Қами, Ысқақбек Мононов, Əбдікəрім Айбасов сынды көтеріліске ешқандай қатысы жоқ адамдардың азаттық қозғалысына басшы болып шыға келгендігін, олардың барлығы да кеңес барлау орнының қызметкерлері екенін айтады. Міне, бұл жəйттің, бұл соғыстың да көп тұсы əлі де құпия жа-тыр. Ал, Куба, Вьетнам, Сирия, Египет, Ангола жəне т.б. жерлердегі соғыс қимылдары туралы зерттеулер жасау, оған қатысқан қазақстандықтарды іздеу, сырбойылықтарды табу, олардың естеліктерін қағазға түсіру де келер күндер міндеті екені айқын. Мəселен, 1962 жылғы «Кариб дағдарысы» кезінде Куба əскерлері құрамында соғысқа қатысқандар сапында да қызылордалықтар болса, 1964-65

15 ақпан – Кеңес əскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

ОЛАР ОТАН БҰЙРЫҒЫН ОРЫНДАДЫ

БҮГІНГІ ТАҢДА МАМЫРАЖАЙ КҮН КЕШКЕН ҚАЗАҚ ЕЛІ ӨТКЕН КЕЗЕҢДІ, КЕШЕГІ КЕҢЕС ДƏУІРІНДЕГІ ЕЛГЕ АУЫР ТИГЕН ТҰСТАРДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЖОҚ ЖƏНЕ ОЛ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ ДА. СОНЫҢ БІРІ – КЕҢЕС БИЛІГІНІҢ ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ЖЕТПІСІНШІ ЖЫЛДАРЫНЫҢ СОҢЫНДА АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕ ƏСКЕР КІРГІЗУІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ.

ЖАСТЫҒЫН ЖАЛЫН ШАРПЫҒАНИ.ЫСҚАҚОВА, Қарағанды облысы

БАЙТАҚ ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗЫП, БҰЛ ДҮНИЕДЕН БЕЙХАБАР ПЕРІШТЕДЕЙ ЖАНЫ ПƏК СƏБИЛЕРДІҢ ШЫРЫЛЫН ШЫҢЫРАУҒА БАТЫРҒАН АУҒАН АЛАУЫНЫҢ СӨНГЕНІНЕ БИЫЛ 27 ЖЫЛ БОЛДЫ. ОН ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН СҰРАПЫЛ СОҒЫСТА ӨЛІМ МЕН ӨМІРДІҢ ОРТАСЫНДА ОТ КЕШКЕН ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ АЗ ЕМЕС. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ҚАРАПАЙЫМ ҒАНА ТІРШІЛІГІ БАР, ОТБАСЫНДА 4 БАЛАНЫҢ ƏКЕСІ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЗЕЙНЕТКЕРІ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ СЕРІК ОСАНОВ.

кедейліктен қорғау үшін келген бола-тынбыз. Кеңес əскерлері ішкі жанжал мен соғысқа мойынсынбай, жергілікті халыққа барынша қамқорлық көрсетіп, оларды бірінші кезекте азық-түлік пен керек-жарақпен қамтамасыз етіп, мек-тептер, жолдар, зауыттар мен электр стансалар салуымыз керек еді. Бірақ шын мəнісіне келгенде душмандар бізге ешқандай мүмкіндік бермеді. Біздің солдаттардың көбісі жарылғыш минадан көз жұмды. Душмандардың қулығының салдарынан біздің өзіміздің қару өзімізге оқ болып тиді. Бізбен бірге соғысқа аттанып, қайтқанда тек сүйегін ғана алып шыққан солдаттардың əкесіне, шешесіне, бауырлары мен туыс-тарына бас иемін. Біз тек Отан алдында өзіміздің əскери, азаматтық борышы-мызды өтедік. Əрине соғыстың аты – соғыс. Соғыс бізді де ерте есейтті», – деп жауап берді.

Бүгінде ауған соғысының ардагерлерін Ұлы Отан соғысына қатысушылармен теңестіргені белгілі. Бұл жөніндегі ойын ол: «Егер 1943 жылы Курск түбінде 20 жастағы жігіт фашистер арасында өзін гранатамен жарса, 1983 жылы Кандагар қаласында 20 жастағы жас жігіт өзін душмандар арасында жарды. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жас жігіттер мен ауған соғысында ерлік көрсеткен жас жігіттің айырмашылығы неде? Демек, ауған соғысының ардагерлері де Ұлы Жеңістің ұрпағы емес пе?», – деп білдірді.

Серік Айдарханұлы ауған соғысынан кеңес əскерлерінің шығарылуының 10, 15, 20 жылдық мерекелеріне орай «Ерлік істері үшін», ІІ дəрежелі «Үздік əскери қызметі үшін», «Əскери қимылдардың ардагері» атты медаль-дармен марапатталған. Сонымен қоса, оның кеудесінде бүгінде ТМД кеңесі жанындағы жауынгер-интернационали-стер ісі бойынша комитет төрағасының жарлығымен Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушевтің «Ерекше қызметі үшін» медалі жарқырап тұр.

Ауған соғысы аяқталысымен 1989 жылдан бастап еліміздің ішкі істер органдарында қызмет атқарған Серік Осанов: «Егер Ауғанстанда ес іртк і тасымалдаушы керуеннің жолын бөгеумен айналыссам, өз еліме оралып, ес ірткі таратушы-лармен күрес жүрг ізет ін Шығыс Қазақстан облыстық І ІД Ес іртк і бизнесіне қарсы күрес басқармасында қызмет етуден бастадым. Содан Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі же-дел басқарушы құрамның əр са-ласында қызмет еттім. Ішкі істер органдарында қызмет атқара жүріп, Шығыс Қазақстан облыстық І ІД ауған соғысының ардагерлері кеңесін басқардым. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының зейнеткерімін», – дейд і . Алайда , з ейнеткерл і к ке шыққанымен Серік Айдарханұлы осы күнге дейін жастарға білгенімен бөліс іп, үнемі тəжірибелік көмек көрсетіп отырады.

жылдары Вьетнам əскерімен бірге соғысқа кірген қармақшылық Иса Бейсенов, 1968-71 жылдары Египеттегі от-жалынды жылдарға араласқан қ ы з ы л о р д а л ы қ т а р Ш а й х и с л а м Төлегенов, Аманкелді Досаев, 1975-76 жылдары Ангола жеріндегі ұрыстарға қатысқан шиелілік Бақыт Анафияев, қызылордалық Сергей Турчеев, қармақшылық Мұрат Бадраков, 1989 жылы Таудағы Карабах ұрыстарына қатысқан жаңақорғандық Орынбек Асылбаев жəне т.б. талай сырдың куəсі екені анық. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстар мен зерттеулердің Қазақстан тарихының кейбір жаңа парақтарын ашары да күмəнсіз.

Иə, бұл қақтығыстар мен соғыстардың шығынсыз болмағаны да белгілі. Ал, ауған соғысына келер болсақ, оның Қазақстан үшін өте ауыр болғаны да ақиқат. 1979 жылдың соңына қарай ауған еліндегі сая-си жағдай күрт асқынып кетті, билікке наразылық күшейіп, 26 уалаятта 18 көтеріліс шықты. Билік басындағылардың өзара таласы асқына түсті, ел соғыс жағдайына көшті. Мұны Кеңестер Одағы өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады да, басшылардың шағын тобы – Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, И.А.Суслов, Д.Ф.Устинов, А.А.Громыколар 1979 жылдың 12 желтоқсанында Ауғанстанға кеңес əскерлерін енгізу туралы шешім қабылдады. Осылайша кеңестік билік Ауғанстан басшылығына өздеріне сенімді адамды əкелмек болды.1979 жылдың 25 желтоқсанында 108-ші атқыштар дивизиясының алдыңғы бөлімдері мен 103-ші əуе-десантшылар дивизиясының алдыңғы эшалоны мемлекеттік шека-раны құрғақтан да, əуеден де кесіп өтіп, Ауғанстан территориясына кірген болатын.

Сол күндері Ауғанстан жеріне алғаш кірген дивизияның басқы колонна-сында командир БМП-ның механик-жүргізушісі болған сырбойылық жау-ынгер Қайраддин Баймаханов: «Семей облысының Аягөз қаласында алты айлық дайындықтан кейін əскери борышымды атқарып жүрген бола-тынмын. 1979 жылдың маусымын-да біздің бөлімді оңтүстік шекараға, Кушка қаласы маңына əкелді. Біз Аягөзде жүргенде-ақ «солдат теле-графы» Ауғанстандағы соғысқа арала-сады екенбіз деген хабарды жеткізген болатын. Кушкаға келісімен шұғыл дайындық басталды да, 14 қараша күні біз мемлекеттік шекараға келіп тұрдық. Біздің полк осы жерде бір жарым айдай тұрды, бұл жүйкеге əсер етер өте ауыр күндер еді. 28 желтоқсан күні шекара-дан өтуге бұйрық болды да, біз Кушка қаласынан бар болғаны 225 шақырым жердегі Шинданд қаласындағы душ-мандар басып алған əскери аэродром-ды қайтарып алу ұрысына кіріп кеттік. Ауғанстан шекарасынан өткенімізге екі сағат өтпей-ақ оқ пен оттың ортасына кірген біздер соғыс деген зұлматтың не екенін сонда ұқтық. Қатар жігіттердің оққа ұшқандары да, жараланғандары да болды. Бұл операциядан соң Кандагар қаласына бет алдық», – деп еске алады. Иə, талай боздақтың өмірін қиған ауған соғысы осылай басталған еді.

Ауған даласында оққа ұшқандар сүйегі мырыш табыттармен еліне

жеткізілді, жаралылар да елге оралды. Он жылға созылған осы соғыс жылда-рында 50-ден астам қызылордалық мемлекеттік марапаттарға ие бо-лып, ордендермен, медальдармен наградталған. Ал, Арал ауданын-да өмірге келген əскери ұшқыш Вдадимир Очиров ауған соғысына қатысқан қазақстандықтар ішінен ең алғашқы болып Кеңес Одағының Батыры атағын алған болатын. Арал топырағынан түлеп ұшып, бұл күнде Мəскеу қаласында тұратын генерал-лейтенант В.Очиров та ол күндердің аса ауыр, қасіретті болғанын ай-тады өз естел іг інде. Қазалылық Əлімжан Ерниязов 1979 жылдың ж е л т о қ с а н ы н а н 1 9 8 1 ж ы л д ы ң қарашасына дейін Ауғанстандағы қанды ұрыстарға қатысып, взвод, рота командирі қызметін атқарды.1980 жылы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз»,

ал 1981 жылы «Отанға қызметі үшін» ордендерімен марапатталған ол 2000 жылы генерал-майор шенін алды, қаз ір Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуде.

Тағдыр дегенге дауа бар ма?! Осы ауған соғысына бір үйден екі азаматтың, егіздердің қатысқан жағдайлары да бар. Мəселен, байқоңырлық Рамбердиев Қазбек Ойнарұлы 1981 жылы екі жыл Ауғанстан соғысынан қайтып келе жатып, Самарқан қаласында туған інісі Рамбердиев Сейітбек Ойнарұлын кез ікт іред і . Сөйтсе , ол əскерге шақырылып, Ауғанстанға бағыт алған екен. Екі бауырдың қоштасу сəтіндегі көңіл-күйлерін суреттеуге қағаз да, қалам да шыдамас, сірə. Алланың бұйрығы шығар Сейітбек те 1983 жылы сол соғыстан аман-есен елге орал-ды. Сол сияқты, ағалы-інілі Ниязхан мен Мейрамхан Мұхановтар, Сейітхан мен Талғат Дүзелбаевтар, ағалы-інілі Қайреддин мен Еркін Баймахановтар, егіздер Хасан,Үсен Омаровтар да ауған соғысын басынан өткерген азаматтар еді.

Ауған соғысында ерлік көрсетіп, қаза тапқан жерлестерімізді есте қалдыру, жастарға олардың ерлік істерін жеткізу бағытындағы алғашқы жұмыстарды сол кездегі комсомол ұйымдары жүргізгені белгілі. Мəселен, ауған соғысында ерл і кпен қаза тапқан , «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған қызылордалық қыршын жас Батырхан Шалғынбаев есімін өзі оқыған мектепке беруде комсомол ұйымының атқарған еңбегі зор екенін айтсақ – бұл ондаған мысалдың бірі ғана. Соған қарамастан Ауған соғысы ардагерлері бейбіт өмірде түрлі қиындықтарға кездесіп жатты. Осы жағдайлар ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық ұйымдарын құруға мұрындық болды. Бұл ұйым бірте-бірте нығайып, қоғамға айналды.

2000 жыл. Алматы қаласында өткен Ауған соғысы ардагерлерінің құрылтайы Республикалық ауған соғысы жəне жергілікті соғыс ардагерлерінің қоғамын құру туралы шешім қабылдады. «Ауған жəне жергілікті соғыс ардагерлері одағының» Қызылорда облыстық фили-алы 2000 жылы күзде заңды тіркеуден өтті. Сол күннен бері облыстық филиалға Қайреддин Баймаханов төрағалық етуде. Филиал бүгінгі таңда ауған жəне жергілікті соғыс ардагерлерінің жəне соғыста қаза тапқандардың от-басы мүшелерінің заңдық құқықтарын қорғау, оларға материалдық жəне моральдық қолдау көрсету, жастарға отаншылдық тəрбие беру мақсатында акциялар, шаралар ұйымдастыруда жастар ұйымдарына көмек көрсету жəне т.с.с. жұмыстарды жүзеге асыру-да. Филиалдың аудандарда, Байқоңыр қаласында бөлімдері жұмыс істейді.

Филиал басшылығының мұрындық болуымен жəне облыстық əкімшіліктің

көмегімен өткен жылы ауған жəне жергілікті соғыс құрбандарына облыс орталығында ескерткіш қойылды, осыдан 10 жыл бұрын «Тағзым» ескерткіш кітабы жарыққа шықты. Облыс мектептерінде, мекемелерде ауған соғысында қаза тапқандарға а р н а л ғ а н е с к е р т к і ш т а қ т а л а р қ ойылуда . А у ғ ан с о ғысы жəне жергілікті соғыстар туралы, ондағы қызылордалықтар көрсеткен ерліктер туралы кітаптар, түрлі материалдар жарыққа шығуда, БАҚ мақалалар жариялануда. Филиал ел өміріндегі барлық оқиғаларға үн қосуда, ел дамуындағы істерге атсалысуда, түрлі спорттық, мəдени жəне əскери-патриоттық шаралардың өтуіне өз үлестерін қосуда. Иə, жақында ғана облыстық Ішкі істер департаментінде, Қ ы з ы л о р д а а г р о т е х н и к а л ы қ колледжінде өткен кездесулер осы шаралардың бір мысалы деуімізге болады.

«Ауған жəне жерг іл і кт і соғыс ардагерлері одағының» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайреддин Баймаханов: «Атқарылып жатқан і стер көп жəне атқарар істеріміз де аз емес. Ауған соғысында екі рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған жерлесіміз Анатолий Шарахимовтың, «Қызыл Жұлдыз» о р д е н і н і ң и е г е р л е р і Д а н а б е к Нұрмаханов, Омар Тұрманов жəне т.б. жауынгерлер ерлігі өскелең ұрпаққа өнеге емес пе?! Біздің ардагерлердің қазір 15-20-сы өзге облыстарға қоныс аударды. Сол сияқты біздің облыста туғанмен, басқа қалаларда оқып жүріп, сол жақтан əскерге шақырылып, кейін сол қалада қызметке қалып қойған жерлестеріміз де аз емес. Біз олармен байланыс орнатуды да мақсат етіп отырмыз», – дейді.

Міне, биыл кеңес əскерлерін ің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толып отыр. Иə, осыдан 27 жыл бұрын 1989 жылы 15 ақпанда 40-шы армия қолбасшысы Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейте-нант Б.В.Громовтың басшылығымен к е ң е с ə с к е р л е р і н і ң ш е к т е у л і контингенті Ауғанстан шекарасын тастап, Кеңес Одағы шекарасы-на өткен еді. Қаншама боздақты жұтқан, талай қыршын жастың өмірін үзген ауған соғысы осылай аяқталып еді. Не дерсің тағдыр шіркінге, десек те олар өзге елге сол кездегі Отан бұйрығымен барған еді ғой.

Иə, олар Отан бұйрығын орындады, өмір-дарияға енді ғана құлаш ұрғанына қарамастан намыс туын құлатқан жоқ. Барлығыңа мың мəрте тағзым!

Алдажар ƏБІЛОВ,Қорқыт ата атындағы

ҚМУ доцентіХалықаралық Ақпараттандыру

академиясының академигі

Page 5: Сақшы №13 (4179)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№13 (4179), сейсенбі, 16.02.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ. ТАРИХ. ТҰЛҒА

ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНДЕ

Жат жердегі қиын-қыстау күндерде к е ң е с ə с к е р л е р і н е ж ү к т е л г е н жауапкершіліктерді абыроймен орын-дау жолында қаншама жауынгер денсаулықтарынан айырылды. Солардың бірі – Алматы қаласы Мамандандырылған

күзет қызметі басқармасында еңбек еткен полиция аға сержанты Серік Байсұлтанов. Ол өткен жылы ауған жерінде жүріп денсаулығына келген зардаптан қайтыс болды. Жуырда кеңес əскерлерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай аталған басқармада əріптестері Серік Байсұлтановты еске алуға арналған салтанатты шара ұйымдастырып, самбо күресінен жарыс өткізді.

С о ғ ы с ж а у ы н г е р л е р і н е арналған шара ауған соғысында қаза тапқандарды б ір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Интернационалист жауынгерлердің ауған соғысындағы ерлігі, олардың патриоттық сезімдері жайлы ба-яндама жасаған Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орын-басары полиция подполковнигі Ж.Ережепов ауған соғысының жалпы себептері мен сол соғыста ерлік үлгісін көрсеткен кеңес

жауынгерлері жайлы кеңінен əңгімелеп, ауған соғысының ардагерлеріне алғыс білдірді.

«Ауғанстаннан кеңес əскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де соғыс салған жара əлі күнге дейін айықпай

Бұл – сол жылы ғана төңкеріс арқылы өкімет билігін қолға алған Нұр Мұхаммед Тараки бастаған Ауған халықтық-демократтарының жеңісі болатын. Болашақта КСРО да социалистік бағыт ұстайды деп үміттенген ауған халқының бұл жең іст і өз ін ік індей қабылдаған шаттықты сəт еді. Бұл тақырыпты еліміздің оқу бағдарламасына жедел енгізіп жіберуі де осы қуаныштың əсері болатын. Бірақ... Бұл қуаныш ұзаққа бармады.

АДР-дың үк імет басшысы бо-л ы п к е л г е н Х . А м и н б а с т а п қ ы ұстанымынан тайып, бүлік шығарып, ақыры Таракиді өлтіріп, орнына өзі отырды. Мұны КСРО-ға қауіп деп санаған СОКП ауған жеріне əскер кіргізуге шешім қабылдады. Кеңес жауынгерлері сөйтіп ауған топырағына аяқ басты. Бұл 1979 жыл болатын.

Майданға аттанған 22 мыңнан астам қазақстандық сардарлардың бірі – қатардағы жауынгер Нұрыла Əшімов еді.

«Ауған жолы ауыр болды, – дейді Нұрыла Б ірмағанбетұлы . – Б і з дүниежүз і картасы бойынша ХХ ғасырдың ек інші жартысындағы і р і с о ғыс ошағы бол ған а у ғ ан қантөг і с і н ің аяқталар тұсында ұрысқа к ір і с т і к . Бұл кез кеңес əскер ін ің таулы-тасты аймақта соғысуға əбден бейімделіп алған

Полиция подполковнигі Нұрыла ƏШІМОВ:

АУҒАН САЛҒАН ЖАРА ЖАЗЫЛАР ЕМЕС

Айткен ШƏМШІ, суретті түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

1978 ЖЫЛЫ ҮМІТІМІЗГЕ ҚАНАТ БАЙЛАП ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУГЕ ТАЛАПТАНҒАНЫМЫЗДА ТҮРЛІ ПƏНДЕРДЕН СЫНАҚТАР ТАПСЫРУҒА ТУРА КЕЛДІ. СОНЫҢ ІШІНДЕ ЕСТЕ ҚАЛҒАНЫ – ТАРИХ ПƏНІНЕН ƏР ТАЛАПКЕР-ГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚОЙЫЛҒАН «СƏУІР ТӨҢКЕРІСІ» ДЕГЕН СҰРАҚ ЕДІ.

кезі еді. Соғыс туралы естімесе, көрмеген кейінгі буынға тау-тас арасында соғысу оңайға соқпай, көп шығын болғанын естідік».

« А Қ Ш , И р а н м е н П ə к с т а н ж е р л е р і н д е а р н а й ы қ а р у л ы дайындықтан өткен жанкештілер қылтиған шөптің өзін қиып түсетін с ұ р м е р г е н д е р е д і . С о ғ ы с т ы ң

алғашқы жылдарында мырышты табыттардың ауған жерінен кеңес елдер ін ің түкп ір - түкп ір іне күн құрғамай ағылған кезі де осы тұс бо-латын. Душман деп аталған жаудың қапысыз шеберлігін, олардың ныса-наны мүлт жібермейтінін батальон, бөлім қолбасшылары мен олардың саяси істер жөніндегі орынбасар-лары күн сайын жауынгерлердің, əсіресе, қатарға жаңа қосылған жас сарбаздардың құлағына құйып отыр-ды. Бұл офицерлердің бізді əкелік қ амқорлықпен с ақ тандырғаны еді», – деп ауған жауынгері оларды бүгінде ризашылықпен еске алады.

1985 жылы мектепт і б і т і р і п , Қ ы з ы л о р д а қ а л а с ы н д а ғ ы «Ауылқұрылыс» тресінде жүргізуші болып істейтін əкесінің жанында слесарьлықпен айналысқан Нұрыла Əшімовті 12 сəу ір күні қалалық əскери комиссариатқа шақыртты. Ойында қылаудай күмəн жоқ түбіт м ұр т ты ж а с ө ре н с а лып - ұ рып комиссариатқа жетіп барады. 12 сəуірде іргесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы тұрғандықтан ба, əйтеуір, қызылордалықтар өзге өңірлерге қарағанда Ғарыш күнін ерекше атап

өтетін. Бұл күні Нұрыланың сынып-тастары бас қоспақ болып келіскен. Мына қырсықты қарашы енд і? ! Əскери комиссариат оның қолына «дəрігерлік комиссиядан өтсін» де-ген бұрыштама қойылған қағазды ұстатып қоя береді. Не керек, со-нымен ол бір-ақ күнде қалалық та, облыстық та комиссиядан өтіп, Алматы облысының Іле ауданындағы əскерге шақыртылғандарды жинау бекетіне бет түзеді. Сауық кеші де, əскерге шығарып салу рəсімі де жайына қалды. Сол күні түнде Қандыағаш арқылы Чешенстан аста-насы Грозный қаласына аттанды. Онда əскерге шақырылған жас бу-ынды іріктеу басталды. Сонымен Нұрыла үшін керзі етікті əскер өмірі басталды да кетті.

«Грозныйға дейін біз қайда ба-р а тынымызды б і л г ен жоқпыз . Əйтеу і р шетел ге де г ен сыбыс шықты. Ол Ауғанстан болды ғой. Сол заматта ауған жеріне В, С ка-тегориялы жүргізушілер аса қажет екен. Соған ілігіп «20 «А» коман-дасы» деген атаумен 600 адам əскер қатарына алынып, 5 айлық оқу-жаттығу дайындық курсынан өткеннен соң Кабулға аттандық. Оның ішінен БТР жүргізушісі ретінде тікұшақпен мені ғана таулы-тасты Бағлан провинциясындағы Пулихури қаласындағы автовзвод құрамына əкеліп қосты. Ауғанстан соғысында «жеңіл шеп» деген түсінік болған жоқ. Əркез бойыңды сұрмерген сені көздеп тұрғандай үрей билейді», – деген ауған соғысының ардагері алысқа мұңая көз тастады.

«Соғыста есіңізде тұрақтап, жат-талып қалған сəт немесе оқиға болды ма?», деп сұрарсыз бəлкім.

Артынша суық хабарды ест ід ім. Нес і н айтасыз , көрмей қалған көздер, естімей қалған құлақтар, есінен ауып пұшайман күй кеш-кен жандар қаншама?.. Жақынын жоғалтып, қан жылаған аналар, ата -анасынан айырылып жет ім атанғандарды айтсаңшы?! Анасының өлі омырауына жабысқан сəбиді көргеніңде жүрег ің ез іледі . Бұл соғысқа қарапайым ауған халқы кінəлі емес еді ғой?!».

«Осыдан 27 жыл бұрын өз ім көрген қасіретті сурет көз алдыма келіп тұра қалады. Ол – баяғы өлі ана көкірегіне жабысқан бала, ебіл-дебіл боп шыңғыра жүгірген жетімек. Ауған соғысы салған дене жара-сы қарақотырланып қалғанымен, психологиялық жара жазылар емес, – деді əңгімесін жалғаған Нұрыла Бірмағанбетұлы. – Екі жыл бойы (тіптен офицерлер 4-5 жылдап от ортасында жүрді) күндерін үреймен өткізген кей жандарға əлі күнге дейін «Ауған соғысының ардагері» деген мəртебе берілмей келеді. Бұл интернационалдық парызын адал атқарып, шейіт болған боздақтар рухы алдында да керек-ақ мезірет еді».

Ауған соғысының ардагері, бүгінгі ІІМ-нің зейнеткері, отставкадағы полиция подполковниг і Нұрыла Бірмағанбетұлы əңгімесін одан əрі жалғады: «Өз басым тағдырыма өкпем жоқ. Оқ жауған ортадан аман оралдым. Үйлі-барандымын. Ж ұ б а й ы м С а л т а н а т е к е у м і з Айжан, Гүлжан, Аружан атты ару қыздарымыз бен Нұрсұлтан есімді алтын асықтай ұл тəрбиелеп отыр-мыз. Қыздарымыздың алды сту-дент болса, екеуі мектепте оқиды.

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

ТАБАНЫ КҮРЕКТЕЙ ОН ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН АУҒАН СОҒЫСЫ – КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ СОҢҒЫ СОҒЫСЫ. АЛАЙДА, ОСЫ АУҒАН СОҒЫСЫ ҚАНША ОТБАСЫЛАРДЫҢ ЖҮРЕКТЕРІНДЕ ЖАЗЫЛМАЙТЫН ЖАРА БОЛЫП ҚАЛДЫ. ҚАНША БОЗДАҚ ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАБЫТ БОЛЫП ОРАЛСА, ҚАНША ЖАУЫНГЕРДІҢ ДЕНЕСІ ЖАТ ЖЕРДЕ МƏҢГІЛІККЕ ҚАЛЫП ҚОЙДЫ. АЛ, БҮГІНДЕ ТІРІ КЕЛГЕНДЕРІНІҢ ДЕ ҚАТАРЫ СИРЕП КЕЛЕДІ.

келеді. Бүгінгі ұрпақ аталған соғыстың құрбаны болғандар мен елге аман-есен келіп бейбіт күндегі қажырлылықтың үл г і с і н көрсеткен азаматтарды ұмытпауы керек. Біздің əріптесіміз Серік Байсұлтанов та сол бір сұрапыл соғыстың ортасынан оралып, күзет қызметінде абыройлы еңбек етті. Оның ерлік жолы да, еңбек жолы да бүгінгі жас қызметкерлерге үлгі-өнеге», – деді полиция подполковнигі Ж.Ережепов.

А т а л ғ а н ш а р а ғ а қ а т ы с қ а н Ауғанстандағы соғысқа қатысқан ардагерлердің қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Байдəулет Дəркембаев та соғыс хроникасын тілге тиек етіп, ауған соғысының ардагері Серік Байсұлтановтың жары Шынар Əлжанованың төсіне «Ана шапағаты» медалін тағып, жастарға патриоттық тəрбие беруге қосқан үлестері үшін басқарма басшыларына арнайы алғыс хаттар табыстады.

Спорттық жарысқа ұласқан сал-танатты шара кез інде басқарма қызметкерлері самбодан əдемі ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысқа түсті.Үш команда арасындағы самбо жарысынан жүлделі бірінші орын-ды 3-полиция батальоны жеңіп алса, екінші орын мен үшінші орынды 4 жəне 1-батальонның самбошылары бөлісті. Əріптестері, əсіресе, полиция сержан-ты Нүсіпқожа Нұрбол мен полиция аға лейтенанты Еркебұлан Мұқаев секілді самбошылардың ширақ қимылына дəн риза болды.

Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған шара мерекелік концертке ұласты.

Болды. 1987 жылы күзде Ахмед шах Масуд атты бас душманға қарсы Пангиер қаласында тамырын əріден алатын (ХХ ғасырдың басында осы аттас көтеріліс болған) Хост деп аталатын əскери операция ұйымдастырылды. Əсіресе, осындай аса маңызды операциялар кезінде бұйрық мүлтіксіз орындалуы ке-рек. Əскери тəртіп бойынша тех-никалар бірі-бірінен озып кетпей бастапқы лекпен жүріп отыруы тиіс. Бұл – соғыс жағдайындағы талап. Алдымен бортына барлау міндетін атқаратын айналмалы пушкалар орналастырылған мен ің КамАЗ-ым, одан соң ғана басқа техни-калар соның ізімен жүріп отыруы тиіс болды. Осындай нұсқаманы құлағымызға құйып алған біз ұйқыға бас қойдық. О, ғажап! Сол түні түс көрдім. Əкем: «Балам тоқта, алдыңа қара!» дейді. Көліктен түссем, тіреп тоқтаған жерім терең құзды жар екен. Айтып үлгермедім. Кезекші жауынгердің «Рота оян, көтеріл!» деген дауысы түсімді үзіп жіберді. Сонымен , А хмед шах Масудқа қарсы жолға шықтық. Нұсқаулықта айтылған бұйрықты естен шығарған ресейлік Александр деген қарулас жолдасым мені басып озып, алдыма түсті. «Мұнысы несі?» деп түсінбей, басымды шайқадым да қойдым. Ауызды ашып-жиғанша болған жоқ, минаны басқан БТР жарылып, күлі көкке ұшты. Бəріміз тоқтадық. Есеп бойынша оның орнында болуға тиісті мен аман қалдым. Сол кезде қол-аяғы жұлынып кеткен Александрдың кейін Ташкент госпиталінде үлкен азаппен көз жұмғанын ест ід ім . Əскерден босап елге қайтып келе жатқанда Ташкентке арнайы соғып, оның шарасыз халін көрген едім.

Былай қарап отырсам, ірілі-ұсақты жүзден аса марапат алған екем. Оның ішінде, əрине, 1989 жылы алған II дəрежелі «Үздік əскери қызметі үшін» жəне «Ерлік істері үшін» медальдарының орны бөлек. Олар əркез Ауғанстан күндерін есіме түсіріп тұрады».

Нұрыла өзін бейбіт өмірде де жолы болған азамат деп санайды. 1993 жылы Жамбыл гидромелиоративтік университеттің əскери кафедра-сын тəмамдаған ол о сы жылы Қы зыл о рд ад а ғ ы 11 0 б ри г а д а -да криминалист-сарапшы болып қызметін бастады. Одан əрі Байқоңыр қаласында осы мамандық бойын-ша жұмысын жалғастырды. Өзін жан-жақты көрсете білген талапты жігітке Астанадағы əріптестерінің де көзі түскен еді. Сөйтіп, 2009 жылы елорданы бетке алған Нұрыла Бірмағанбетұлы Астананың қым-қуыт тірлігіне араласты да кетті. Мұнда да криминалист-сарапшы қызметін абыроймен атқарған оны əріптестері былтырғы 28 желтоқсанда құрметті демалысқа шығарып салған еді. Отставкадағы подполковник: «Жұмыс істеп үйренген адам қол қусырып отыра алмайды екен», – дейді. «Қазір жұбайым Салтанат ашқан шағын кəсіпкерлікке үлес қосып жүрген жайым бар. Бұл саланы да бір көрейін дедім», – деп жымиып қояды арда-гер азамат. Қалам-қағазды жинап, қоштасар сəтімізде: «Бейбіт өмірге не жетсін, ондай соғыстардың аты өшсін, өтеуі ауыр болды ғой!», – деді. Соғысты өз көзімен көрген жігіт ағасы осы сөздерді айтқанда маңдайына аздап сызық үйріле түсіп: «Əлем тыныш емес, қой», – деді тағы да. Біз де ардагердің тілегіне қосылдық. Тыныштық болғай!

Page 6: Сақшы №13 (4179)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№13 (4179), сейсенбі, 16.02.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ҚҰҚЫҚ

«Заң жəне мен»ЯВЛЕНКАДАҒЫ КӨШПЕЛІ ЖИЫНК е ң е й т і л г е н м ə ж і л і с к е Е с і л

ауданының əкімі Мұратбек Əбішев, ауылдық округ əкімдері, ІІД жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан жұртшылығы, арда-герлер қатысты.

І ІД - н і ң Штаб б а с ты ғы Сəуле Андағұлова баяндамасында негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Жыл басынан бері 993 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 767 қылмыс, 226 теріс қылық. Құқық бұзушылықтар саны 41 пайызға азайған. Қабылданған шаралардың нəтижесінде адам өлтіру, қарақшылық, бұзақылық, алаяқтық, сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыс саны азайып, құқық бұзушылықтарды ашу-да оң көрсеткіштерге қол жеткізілген. Жедел уəкілдер ашқан қылмыстар саны 200 пайызға, учаскелік ин-спекторлар ашқан қылмыстар 460 пайызға артқан. Қызметтік іздестіру иттерімен əшкереленген қылмыстар 30-ға көбейді. Штаб бастығының баяндамасына сəйкес, 2016 жылғы қаңтар айында 59 есірткі қылмысы анықталған болса, оның 10-ы есірткі сатуға қатысты. Заңсыз айналымнан 98 келіден астам есірткі заттары тəркіленді, оның 60 гр-ға жуығы ге-роин.

ІІД Жергілікті полиция қызметінің 2016 жылдың алғашқы айындағы нəтижелері туралы полиция полковнигі Қанат Айтбаев баяндады. «ЖПҚ құрамына 390 учаскелік полиция ин-спекторы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 378 қызметкер кіреді. Жылдың алғашқы айында жүргізген жұмысты қорытындыладық. Нəтижелері де белгілі. Қаңтар айының басынан 12 мың

Жергілікті полицияның ювеналдық, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің мамандары ұйымдастырған дөңгелек үстелге бірнеше факультет студенттері, олардың ата-аналары, педагогтар қатысты. Шара барысындағы əңгіме жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, жеткіншектерге қатысты жыныстық қол сұқпаушылық, ерте жастағы неке мəселесі жəне отбасын құруға жауапкершілікті қалыптастыру тақырыбында өрбіді.

Студенттер қоғамда кездесіп жатқан жайсыз жайлар туралы өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, болашақ маман иелері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Соңғы кезде балалар мен жасөспірімдердің тəрбиесіне байланысты келеңсіз оқиғалар жиілеп кеткені жасырын емес. Бұл жағдайдың негізгі себептері – жыныстық қатынас аясындағы жауапсыздық, денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша қажетті білімнің болмауы; əр жасөспірімнің, жастың алдында тұратын сұрақтарға үлкендердің жауап бере алмауы жəне көмектесе алмауы, кəмелеттік жасқа толмағандардың соңы жасанды түсікке немесе ерте жаста ана атануға алып келетін, оның салдары баладан безу мен əлеуметтік жетімдік деректері, кəмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы жезөкшелік болып табылады.

Осыған орай, адамгершілік-жыныстық тəрбие бойынша қоғамдық жедел ша-ралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Ол ең біріншіден өскелең ұрпаққа қатысты. Олардың бойында белсенді тұлғалық қасиеттер қалыптастыру жəне болашақта тығыз отбасылық қатынас құруға танымын тəрбиелеу. Сонымен қатар, жоспарланбаған жүктілік, жастардың қауіпті мінездерінің алдын алу мəселелері шешілуі тиіс. Сондықтан да бұл мəселеге үстірт қарауға болмайды.

Айта кетейік, балалар қылмысы жəне балалар мен əйелдерге қатысты жасала-тын қылмыстар, зорлық-зомбылық, оның ішінде сексуалдық сипаттағы, сондай-ақ, отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстар Тараз қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі басшылығының ерекше бақылауына алынған. Аса криминогенді оқу орындарының оқушыларымен жұмыс бойынша жеке жедел-профилактикалық жұмыстар жоспары жасалған. Қала аумағында орналасқан əрбір оқу орнына, басшы құрамнан полиция қызметкерлері бекітілген, олар оқушылармен жүйелі түрде лекция жəне əңгімелесулер өткізуде.

Т.СƏУЛЕБАЕВ,Тараз қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы,

полиция полковнигі

Семинарға қиын жағдайға тап болған сəтте түзу, дұрыс бағыт таңдауға жол көрсете алатын түрлі маман иелері қатысты. Атап айтар болсақ, кəмелетке толмағандар ісі бойын-ша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Фарида Құрманова, облыстық прокурордың аға кеңесшісі Алмагүл Исмағұлова, қалалық білім беру бөлімінің балалардың құқығын қорғау бойынша сектор меңгерушісі, облыстық дінтану орталығының дінтанушысы, облыстық саламатты өмір салтын қорғау орталығының психологі жəне Жергілікті полиция қызметі Ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Əділхан Габдушев қатысты. Сондай-ақ, шараға кəмелетке толмағандар ісі бойынша учаскелік полиция инспекторлары, мектеп жəне колледж директорларының тəрбие ісі бойынша орынбасарлары, білім беру бөлімінің əдіскерлері де атсалысты.

Қаз ірг і таңда елді жастар мен жасөсп ір імдер арасындағы суи-ц и д , к ə м е л е т ж а с қ а т о л м а ғ а н жасөспірімдерге қатысты сексуалдық с ипа т т а ғы əре ке т т ер , с ондай -ақ, дəстүрлі емес діни ағымдарға ерушілерд ің көп кездесу і қатты алаңдатып отыр. Осыған орай семи-нарда балалар арасындағы жыныстық сипаттағы қылмыстар мен суицид тақырыбымен байланысты көптеген мəселелер талқыға салынды.

Осыған орай, таяуда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде облыстық прокуратура мен ҚАЖ мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырушы Қызылорда облысы бойын-ша Қоғамдық байқау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ақпараттық кездесу өткізді.

Кездесудің басты көздегені – сотталғандардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабына сəйкес шартты түрде мерзімінен бұрын жəне 73-бабына сəйкес жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауысты-рып, босатудың тиімділігін насихаттау болып табылады. Насихат жұмыстарына түзеу мекемелерінен аталған ізгілендіру актілері қолданылып жазасын өтеуден босатылған, қазіргі уақытта бостандықтағы өмірге бейімделіп, қайта əлеуметтенген азаматтар қатыстырылды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінен 2014 жылы мамыр айында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтың бірі кездесу ба-рысында жаза өтеушілерге түзелу жолына бет бұру қажеттігін, бостандықтағы өмірде олардың ата-аналары, туыстары күтіп отырғанын айтып берді. Ол сондай-ақ, босатылып шыққан соң жұмыспен, тұрғылықты мекенжаймен қамтылуға көмек беретін атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер жөнінде əңгімелеп берді. Ал, облыс прокурорының көмекшісі Д.Əбіш қылмыстық заңнамалардағы өзгерістерге кеңінен тоқталып, мемлекет тарапынан жазасын өтеушілер мен босатылғандарға қатысты мемлекет саясатын жеткізді. Қызылорда облысы бой-ынша Қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі Н.Иванов ақпараттық кездесудің маңыздылығына кеңінен тоқталып, қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі ізгілендіру актілерінің орындалуы қоғамдық бақылауды жүзеге асырушы ұйымдар тарапынан оң бағасын алатындығын жеткізді.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ЯВЛЕНКА АУЫЛЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КӨШПЕЛІ ЖЕДЕЛ КЕҢЕСІ ӨТТІ. КҮН ТƏРТІБІНДЕГІ МƏСЕЛЕ – ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТІК ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

ТАРАЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ БІР АПТА КӨЛЕМІНДЕ «ЗАҢ ЖƏНЕ МЕН» ТАҚЫРЫБЫНА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР ЦИКЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БҰЛ ШАРАЛАРҒА ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ ЕРСАЙЫН РЫСҚҰЛБЕКОВ ҚАТЫСТЫ.

СЕМИНАР-КЕҢЕС

Жеткіншектердің тағдыры алаңдатады

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИ-ЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ БІРІНДЕ КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

Шара барысында осы санаттағы қылмыстарға жол бермеу, олардың алдын алу, жолын кесу, сонымен қатар, жастардың діни теріс ағымдарға түсу жолдарының алдын алу бағытында білім беру, прокуратура жəне ішкі істер органдары тарапынан бірлескен іс-қимылдар тəртібі белгіленіп, семинарға қатысушыларға жеткізілді.

Десек те, жыл басынан бері балалар арасында өзіне өзі қол салу, бойынша 1 факті тіркелген. Балалықтың ауы-лынан алыстай қоймаған 16 жасқа толмаған жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа түскені үшін 4 қылмыстық іс тіркелсе (ҚР ҚК-нің 122-бабына сəйкес), балаларды пайдалана отырып, оларды азғындық жолға итермелеу бойынша (ҚР ҚК-нің 124-бабына сəйкес) 1 факті тіркеліп, қылмыстық іс тергелуде.

Кəмелет жасына толмағандарға жыныстық жəбір көрсету фактілеріне тек құзырлы органның ғана емес, былайғы жұрттың да көңілі алаң. «Жетімі мен жесірін жылатпаған» ел едік. Енді ата-бабадан мирас болып

қалған сол бір асыл қасиеттің үдесінен шығудың орнына, тепсе темір үзетін азаматтарымыздың керісінше айуандық əрекетке баруына «жаның ашып, қаның қайнайтынын» несін жасырамыз?!

Ж е р г і л і к т і п о л и ц и я қ ы з м е т і Ювеналдық полиция бөл ім і н і ң бастығы Ə.Габдушев «он екіде бір гүлі ашылмаған жеткіншектер құқығының бұлай тапталуына, ең алдымен азамат-тар бойындағы адамгершілік қасиеттің құлдырауы себеп» екенін айтады.

Ж и ы н с о ң ы н д а б і л і м б е р у ұйымдарында балалар арасында ақша жинау, бопсалау фактілерінің алдын алып, оларды бақылауда ұстау үшін кəмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар, прокуратура мен білім беру органдары өкілдерінен құралған мобильді топтың бары айтылды. Бірқатар топтар (№26 жалпы білім беру орта мектебі, кешкі мектеп жəне ҚазИТУ колледжі) жеткен жетістіктері бойынша түрлі номинациялармен марапатталды.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

əкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ, олардың алдын алу жөніндегі жұмыстар жандандырылатын болады», – деді ол.

Кадр жұмысы басқармасының б а с т ы ғ ы , п о л и ц и я п о л к о в н и г і Қапез Дəулетбаев баяндамасында кадр саясаты туралы айтып өтті. Солтү с т і к Қа зақс тан облыстық І ІД бастығы, полиция генерал-майоры Бер ік Б ілəлов мəжіл іст і қорытындылай келе, қызметкерлерге нəтижелі қызмет атқаруды тапсыр-ды. «Бастысы – көрсеткіштерге қол

жеткізу емес, қоғамдық тəртіпті , жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аудан жұртшылығының қатысуымен өткізілетін мұндай көшпелі кеңестерде т ұ р ғ ы н д а р п о л и ц и я қ ы з м е т і жұмысының нəтижелерімен таныса-ды. Өзекті мəселелерін ортаға салып, олардың шешу жолдарын анықтай алады», – деп атап өтті полиция ведомствосының жетекшісі.

С о н д а й - а қ , ж и ы н д а ү з д і к қызметкерлер марапатталды. Ішкі істер органдарымен белсенді өзара іс-қимыл жасағаны үшін Есіл ауданының əкімі Мұратбек Əбішевке алғыс хат табысталды, 20-дан астам офицер мен сержант алғыс хаттармен ма-рапатталды. Жиынға 22 жыл бұрын қызметтік міндеттерін атқару кезінде қарулы қылмыскерлер қолынан қаза тапқан учаскелік полиция инспек-торы, милиция капитаны Анатолий Добрыниннің əкесі Николай Добрынин шақырылып, оған естелік сыйлық тар-ту етілді.

Мəжіліс аяқталған соң полиция генерал-майоры азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Шара соңы қызметтік міндеттерін атқару кез інде қайтыс болған полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Кейін меймандарға арнап Есіл аудандық Ішкі істер бөлімінің əкімшілік ғимаратында экскурсия ұйымдастырылды.

Ж.ЕСМАХАНОВ, Қызылорда облысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНДА «ƏЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ: «СЕН ҚОҒАМҒА КЕРЕКСІҢ!» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗЕКТІ ТҮРМЕ ФО-РУМЫ ӨТКЕНІ БЕЛГІЛІ. ОНЫҢ МАҚСАТЫ – ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР МЕН БОСАТЫЛҒАНДАРДЫ ƏЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ, ҚҰЗЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Əлеуметтік бейімдеу əлеуеті

Page 7: Сақшы №13 (4179)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№13 (4179), сейсенбі, 16.02.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

ШАҢҒЫ

Дайындық барысында Абай қаласындағы мекеме қызметкерлері ұйымдасқан түрде мəдени-спорттық іс шара аясында демалуға шыққан болатын. Олар «Жігер» спорттық стадионындағы мұз айдынында дайындық жүргізді. Дайындық кезінде кəсіби спорт шебері, əділет капитаны Н.Раенко əріптестерімен тəжірибесімен бөлісті. Барлық қызметкерлер бой жазып жақсы демалып, жоғары көңіл-күймен жəне жарысқа деген тың күшпен оралды. Жарыстар кезең-кезеңімен өткізілетін болады.

Жарысты Астана қаласы МКҚБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Е.Нұржігітов ашып, сай-ыскерлерге сəттілік тіледі. «Спорт – біздің қызметтің ажырамас бөлшегі. Ал спорт сыйлайтын бəсекелестік біздің қызметтегі кəсіби қасиеттерімізді нығайта түсер күшке ие. Ендеше, бүгінгі күнді де жұмыс күніміздің бір бөлшегі ретінде қарастырсақ бола-ды», – деді ол. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында 1000 метр қашықтыққа жүгіруден Астана қаласы МКҚБ полицейі, полиция кіші сержан-ты Сүлгін Ходжагельдиева жүлделі 1-орынға ие болды. Ал, 2-орынды ІІМ Дипломатиялық өкілдікті күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкері, полиция лейтенанты Айжан Бейсебаева қанжығасына байласа , жүлдел і 3-орынға ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкері Ақзада Түкібаева орнықты. Ал ерлерден 2000 метрге жүгіру бойын-ша 30 жасқа дейінгілер арасында ІІМ

Мұндай игі бастаманы Астана қалалық Ішкі істер департаменті, Астана қаласының Туризм, денешынықтыру жəне спорт басқармасы жəне Астана қаласы əкімдігі «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебімен» бірігіп, «Барыс» хоккей клубының қолдауымен қолға алып отыр.

«Бұл бастаманы біз бірауыздан қолдадық. Көздегеніміз – балалардың қандай да бір спорт түрімен шұғылдануына қызығушылықтарын ояту. Сонымен қатар, хок-кей ойынының тəртібімен жақын таныстыру. Еліміздің болашағы жастардың теріс жолға салынып кетуіне жол бермеген абзал. Осы жас олардың алкогольді ішімдік ішумен, темекі шегумен əуестенетін кезі. Сондықтан да, жас жеткіншектердің ара-сында саламатты өмір салтын насихаттап, спорттағы жетістіктерімізбен бөлісуді міндет санадық. Ал спорттың бұл түріне келетін болсақ, хоккей бұл командалық ойын. Ал өмірде өзіңнің командаң болмаса, əрине, қиын», – деді «Барыс» хоккей клубының ойыншысы Дамир Рыспаев.

Аяқтарына коньки киіп бір уақытта мұз айдынына шыққан балалардың қуаныштарында шек жоқ еді. Олар аядай мұз айдынында байыз таппай коньки тепті. «Барыс» хоккей клубының ойыншылары шеберлік сағаты кезінде оларға шайбаны иіріп əкетуді үйретіп, мұз айдынында өзіңе сенімді сырғанаудың құпиясымен бөлісті. Балалар үйі тəрбиеленушілерінің бəрі бірдей мұзда шебер сырғанамаса да, хоккей ойыншыларына ұқсап бағуға тырысты.

Бізбен тілдескен 12 жастағы Карина есімді балалар үйінің тəрбиеленушісі мұз айдынында шебер сырғанауды үйренгісі келетінін айтып қалды. Бұл оның мұз ай-дынына бірінші рет келуі екен. Ол мұзда сырғанаудан ерекше лəззат алып, құрбы-замандастарымен одан бетер жақын бола түскенін айтты. Бір сағат уақытқа жуық мұз айдынында сырғанап, шат-шадыман болған балалар шара соңында «Барыс» хоккей клубының ойыншыларымен естелік суретке түсіп, қолтаңбаларын алды. Балалар үйінің тəрбиеленушілері спортшылардан қолтаңба алу үшін қаз-қатар тізіліп, кезекке тұрды. Олар мұзда сырғанау шеберлігін көрсеткен спортшыларға ерекше ілтипаттарын білдірді.

«Барыстағы» шеберлік сабағы

Жадыра АЙБЕК

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАҒДЫРДЫҢ ҚАТАЛ СЫНЫНА ҰШЫРАҒАН БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТƏРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕН ҚАМҚОРЛЫҚТАРЫН АЯҒАН ЕМЕС. БАЛА КӨҢІЛІНЕ НҰР СЕБУ ҮШІН БАРЫН САЛЫП ЖҮРГЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БҰЛ ЖОЛЫ ОЛАРҒА МҰЗ АЙДЫНЫНДА СЫРҒАНАУ ЖƏНЕ «БАРЫС» ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ ОЙ-ЫНШЫЛАРЫНАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН АЛУ МҮМКІНДІГІН СЫЙЛАДЫ.

«Жас құтқарушы» үйірмелерін құру ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің кəсіби бағдарына ықпал етіп, жедел қызметтің беделін арттырып, имиджін көтереді. Бүгінгі таңда облыстағы орта оқу орындарының базасында 240 «Жас құтқарушы» үйірмелері құрылған. Жасөспірімдерді оқытуды Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінің меңгерушілері жүзеге асырады. Теориялық жəне практикалық сабақтар бек іт ілген күнт і збел ік жоспарға сəйкес өткізіледі. Бағдарлама қыркүйектен бастап мамырға дейін бүкіл оқу кезеңіне арналған. Ол оқушылардың жалпы денешынықтыру, арнайы, өртке қарсы, суда жүзу жəне медициналық дайындығын қамтиды.

С о н ы м е н қ а т а р , ж ы л с а й ы н кəсіби мереке қарсаңында құтқару бөл імшелер інде, жедел-құтқару жасағы, мамандандырылған жəне өрт сөндіру бөлімдерінде облыстың ТЖ органдары мамандарымен жəне ардагерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары барысында оқушыларға трансляция арқылы деректі филь-мдер мен бейнероликтер көрсетіледі. Жоғары сынып оқушылары арасында республикадағы Азаматтық қорғау саласындағы жалғыз жоғары бейінді б іл імі бар мамандар даярлайтын Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша кəсіптік бағдарлау, насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

О б л ы с т ы ң а у д а н д а р ы м е н қалаларында жыл сайын оқу жылы

ҮЙІРМЕ

«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» – ЛАЙЫҚТЫ ІЗБАСАРА.ҚАЖКЕНОВ, Ақмола облысы

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖД ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫМЕН БІРЛЕСІП ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ, ТƏРБИЕЛЕУ ЖƏНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, БАЛАЛАРДЫ ƏРТҮРЛІ ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ІС-ƏРЕКЕТТЕРГЕ БАУЛУ МАҚСАТЫНДА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕПТЕРІНІҢ БАЗА-СЫНДА «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» ҮЙІРМЕЛЕРІН ҚҰРЫП, ОҚУ-ТƏРБИЕ ҮДЕРІСТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША МАҚСАТТЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІП КЕЛЕДІ.

қ о р ы т ы н д ы с ы б о й ы н ш а « Ж а с құтқарушы» үйірмелері арасында жа-рыстар өткізіліп, балалар жарыстың барлық кезеңінде үйірме сабақтарында алынған теориялық жəне практикалық даярлықтарын қуана-қуана көрсетеді.

Облыста жарыстарды ұйымдастыру бойынша Көкшетау жəне Степногор қалаларының Төтенше жағдайлар басқармалары бəрінен үздік болып та-былады. «Жас құтқарушы» үйірмелерін Көкшетау қ ала сының Тө тенше жағдайлар басқармасы «Əулет» мек-тептен тыс жұмыстар орталығымен өзара тығыз байланыста жүргізеді. 2015 жылғы мамыр айында Көкшетау қалалық №12 жалпы білім беретін орта мектепте жас құтқарушылар арасын-да қаладағы 18 жалпы білім беретін мектептерден жиналған 180 баланың қатысуымен өрт-құтқару спорты бойын-ша жарыстар өтті.

2015 жылдың қазан-қараша айлары аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында жас құтқарушылар команда-лары арасында «Кішкентай сіріңкіден – үлкен бəле» атты макеттер мен қолөнер байқауы өтті. «Əулет» мектептен тыс жұмыстар орталығында 2015 жылғы 11 желтоқсанда байқауды қорытындылау

жəне жеңімпаздарды марапаттау рəсімі өтті.

2015 жылғы оқу жылында Степногор қаласындағы 16-МӨСБ аумағында қала мектептері мен қала маңы ауыл мектептеріндегі «Жас құтқарушы» топтарының арасында өрт-құтқару спорты бойынша тұрақты сайыстар өткізілді. Əсіресе, мамырдағы жарыс-тарды атай кету қажет. Жарыстың үш кезеңіне 7 команда қатысты. Əр кезең қорытындысы бойынша жəне жарыстар соңында қазылар алқасы қорытынды шығарып, үздік нəтиже көрсеткен командалар анықтады. Заводской кенттің орта мектебі барлық тапсыр-маларды абыроймен жеңіп шығып, екінші жыл қатарынан жүлделі бірінші орын иеленсе, екінші жəне үшінші орындар Ақсу каласы №2 ОМ пен Степногор қалалық №5 КЖМЛ коман-далары арасында бөлінді. Жабылу салтанатында барлық балалар дип-ломдар мен естелік сыйлықтармен ма-рапатталды.

Жарыстарды ұйымдастыруда ора-сан зор демеушілік көмекті Степногор қаласының «Отан» РҚБ ҚӨ, Ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы, «Балалар шығармашылық үйі» көрсетті.

Гарнизонның үздіктері анықталды

МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АСТАНАЛЫҚ ГАРНИЗОН БОЙЫНША КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІНІСТЕРІ АРАСЫНДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ ӨТТІ. ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЕЛОРДАДАҒЫ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ ШАҢҒЫ РОЛЛЕР ТРАССАСЫНДА ӨТКЕН ЖАРЫСТАР ЕРЛЕР ЖƏНЕ ƏЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Ерболат Құнанбаев мəреге бірінші жетті. Одан кейін Астана қаласы МКҚБ полицейі, полиция сер-жанты Мұрат Серікбай екінші кел-

се, үздіктер үштігін Астана қаласы МКҚБ полицейі, полиция кіші сержанты Кенжеболат Ильяшов бекітті. 40 жасқа дейінгі жарысқа қатысушылар арасында 2000 метр қашықтыққа жүгіру бой-ынша жүлделі 1-орынға ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкері, полиция капитаны Жомарт Боранбаев орнықса, жүлделі 2-орынға осы мекеменің қызметкері, полиция капитаны Ғабит Бекжасаров, 3-орынға Астана қаласы МКҚБ-ның басқарама аппаратының қызметкері, полиция капитаны Ғабит Сарсембаев ие болды.

Төртінші топ 40 жастан жоғары қызметкерлерден құралды. Оның қорытындысында Астана қаласы МКҚБ-ның Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Руслан Боскеев жүлделі 1-орынға ие болса, 2-орынға ІІМ Дипломатиялық өкілдікті күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкері, полиция капитаны Ризабек Қабдолов орнықты. 3-орын осы мекеменің қызметкері, полиция капитаны Бауыржан Бірмағамбетовтің еншісінде.

Жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынға Астана қаласы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы команда-сы ие болса, 2-орынды ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командасы, ал 3-орынды ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің командасы иеленді.

Өз тілшімізденсуреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРІ МАКАРОВ ТАПАНШАСЫНАН АТУДАН ҮЗДІК АТАНДЫ.

Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында ІІО қызметкерлері арасында футболдан жəне Макаров тапаншасынан ату-дан үздіктер анықталды. Жарыс Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілген болатын. Бескөл ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің футбол алаңында күш құрылымдарының қызметкерлері кездесіп, мұнда алаң иелері – аудандық полицейлер басым түсті. Сонымен бірге, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері спорттық шеберліктерін көрсетіп екінші орынды иеленсе, үшінші орын Мамандандырылған күзет қызметі басқармасына бұйырды.

Ал атқыштар арасында өткізілген тартыста ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Бейсенбай Кемікбаевқа тең келер жан болмады. Ол 39 ұпай жинады. Бұл жарысқа қатысушылар арасындағы ең үздік көрсеткіш. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды аудандық ІІБ командасы иеленді.

«Бұл іс-шараны өткізудің басты мақсаты – спорттық ептілікті шыңдау ғана емес, сондай-ақ, кəсіби шеберлікті арттыру, басқа да мемлекеттік органдармен өзара əрекет ету шараларын пысықтау. Полиция ардагерлерінің жарысқа қатысуы жəне олардың жеңіс тұғырынан табылуы – бұл, кəсіби шеберліктің, спорттық шыдамдылықтың жəне өз ісіне берілгендіктің айқын дəлелі», – дейді Қызылжар ауданы ІІБ бастығының орынбасары Бауыржан Сəдуақасов.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ОҚ АТУ

Мергендік машық мұқалмайды

Кəсіби жарыстар өтудеН.САЛФЕТНИКОВА, АК 159/9 мекемесі

МЕМЛЕКЕТТІК АК 159/9 ƏЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАЗАСЫН ӨТЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ЖОСПАР БОЙЫНША МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КƏСІБИ ДАЙЫНДЫҚ ТҮРІНЕН ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАРЫСТАР ӨТКІЗІЛУДЕ. САЙЫСТАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТТЕРДЕН БАСТАП, ОҚ АТУ ЖƏНЕ ТАҒЫ ДА БАСҚА СПОРТТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ТҮРЛЕРІН ҚАМТИДЫ.

Page 8: Сақшы №13 (4179)

сөз соңы№13 (4179), сейсенбі, 16.02.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор:

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 14829Тапсырыс: №2146

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШӘМШІ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

ОРАЛДАғЫ ҚАДЫР МЫРзА ӘЛі АТЫНДАғЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ өНЕР ОРТАЛЫғЫНДА АҚЫН, хАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫйЛЫғЫНЫң ИЕГЕРі АҚҰШТАп БАҚТЫГЕРЕЕвАНЫң ШЫғАРМАШЫЛЫғЫНА АРНАЛғАН ӘДЕБИ КЕШ өТТі.

Салтанат ЕСМҰхАНОвА, Орал қаласы

пАвЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖ ДЕпАРТАМЕНТіНің «өРТ СөНДіРу ЖӘНЕ АпАТТЫҚ-ҚҰТҚАРу ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫзМЕТі» ММ МАМАНДАРЫ КЕНЖЕКөЛ АуЫЛЫНДАғЫ ОТБАСЫЛЫҚ БАЛАЛАР АуЫЛЫНЫң ЖЕТКіНШЕКТЕРіНЕ АРНАп ҚАуіпСізДіК САБАғЫН өТКізДі.

Г.СЕйЛхАНОвА, павлодар облысы ТЖД

Игі іс

ИнтерактИвті сабақ

ӘдебИ кеш

ЖАЙЫҒЫМ дЕп СЫР АШқАН АқЫНқауіпсіздік сабағы

Баланы бастан...

Құра

сты

рған

Еск

енді

р Та

сбол

аТо

вО

йлан

, тап

! Сканди-навия крос-

сворды

ОҚО ауданы

Әлемдегі 10-шы өзен ... Мартин

Тәжік қаласы «Корни» әні Бір (ағыл) ... әл-Фитр

(Айт)

...-2 опера-торы

ЖОО (орыс)

Бокс ұйымы

Майкро-софт ...

Құран жаттаған

адам

Харам ақша Теңіз Орысша есім

Жазушы ... Шәріпов

Қымыз ыдысы

Компью-тер бағ-

дарламасы

өрт сөндіру-техникалық орталығының басшысы Г.Сейлханова, №2 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Б.Нұрмағамбетов және өрт сөндіруші К.Какимов жүргізген сабақтың мақсаты – қауіпсіз өмір салтын, экстремалды жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін еске салу. Гүлнәр закуанқызы өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қалай дұрыс қолдану қажеттігін және улы газ-дан тыныс алу органдарын қорғаудың қолмен жасалатын қарапайым әдістерін көрсетті. Сонымен қатар, балаларға өрт кезінде ересек адамдар болмаған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндірді. өрт пайда болған жағдайда «101» телефонына хабарласып, абыржуға берілмеу қажеттігін еске салды. Балалар үйінің ұжымына және балаларға жадынама және парақша түріндегі көрнекі құралдар таратылды.

Қанат Бекболатұлы жақын арада болашақ мамандықтарын таңдауға тура келетін жоғары сынып оқушыларына ііМ ТЖ комитетінің жоғары оқу орны – Көкшетау техникалық институтына түсу шарттары туралы айтып берді.

«Сабақта бүлдіршіндер белсенділіктерімен ерекшеленіп, қауіпсіздік ережелері білімдерін таласа бөлісті. Жеке қауіпсіздігінің негіздері жастайынан бастап әрбір балада қалануы тиіс», – деп атап өтті бөлімше командирі Бахтияр Райымбетұлы.

Қауіпсіздік сабағы барысында балалар өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы туралы, өрт кезінде қалай әрекет ету керектігі, қалай эвакуацияланып, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету қажеттігі туралы білді.

Оған Орал қаласы әкімінің орынба-сары Марс Сатыбалдиев, 5517 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынба-сары, майор вячеслав пак, облыстық газеттердің бас редакторлары, қаланың бір топ зиялы қаламгер-ақындары, оку-шылар мен студенттер және де 5517 әскери бөлімінің жауынгерлері қатысты.

«Жайығым деп сыр ашып, жырдан төккен кестесін» тақырыбында өткен әдеби-поэзиялық кештің шымылдығы ақынның сөзіне жазылған белгілі саз-гер ілия Жақановтың «Оралдың ерке самалы» әнімен ашылды. Бұдан әрі Ақұштап апамыздың әр жылдарда жазылған жырлары оқылып, тағылымды

Кешке Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Тілдерді да-мыту және әдістемелік бөлімінің бас-шысы Ләззат Есімова мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, профес-сор Аман Абасилов қатысты. Әдеби

Қайырымдылық іс-шараға өз үлестерін қосуға астаналық ТЖД-нің жеке құрамы мен басшылығы атсалысты. өз азаматтық міндеттерін орындауға тәжірибелі құтқарушылардан басқа өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлері де келді. Басым бөлігі алғаш рет қан тапсыруға келсе де, жауапкершілік танытып отыр. Олардың барлығы да қан тапсыруға дайындықтарын медицина қызметкерлерінің түсіндіруіне сәйкес жасап келіп отыр.

Мамандардың айтуынша қан тапсыру донордың өз денсаулығына да пайда-лы. Донорлық ағзаның қан-тамырларын реттеп, иммундық жүйесін нығайтады. Осылайша, астаналық ТЖД қызметкерлері тек төтенше жағдайларда ғана емес, мұқтаж адамдарға қан тапсыру арқылы да олардың өмірлерін құтқарады деуге болады.

Астана қаласы ТЖд баспасөз қызметі

ҚОСТАНАй ОБЛЫСЫНЫң ТөТЕНШЕ ЖАғДАйЛАР ДЕпАРТАМЕНТіНің АзАМАТТЫҚ ҚОРғАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫң МАМАНДАРЫ ҚОСТАНАй ҚАЛАСЫНЫң М.ГОРьКИй АТЫНДАғЫ №12 МЕКТЕп-ГИМНАзИЯНЫң 8-СЫНЫп ОҚуШЫЛАРЫНЫң ҚАТЫСуЫМЕН «өРТ САЛДАРЫНАН ЭвАКу-АЦИЯЛАу КЕзіНДЕГі БАЛАЛАРДЫң іС-ӘРЕКЕТі», «АБАйЛА, ЖҰҚА МҰз» ТАҚЫРЫпТАРЫНА ИНТЕРАКТИвТі САБАҚ өТКізДі.

Сабақтың мақсаты – өрт кезінде балалардың өздерін дұрыс ұстау дағдыларын үйрету, оқушыларды өрт кезінде, сонымен қатар, қыс кезінде облыстың су қоймаларында өздерін қалай ұстау қажеттігіне, эвакуациялауға және мұз ойы-лып түсіп кеткен жағдайда салқын тиген және үсік шалған кезде алғашқы көмек көрсетуге үйрету. Алда көктем келеді. Балықшылар соңғы мүмкіндікті пайдала-нып соңғы рет болса да мұз астынан балық аулауға шығып қайтуға тырысады, ал спортпен айналысатындар шаңғы және коньки тебеді. Бірақ олар, көктемнің қауіпті жыл мезгілінің бірі екенін түсінбейді, өйткені, осы кезеңде қар еріп, мұз бұзылып бастайды. өзендерде, көлдерде және жасанды су қоймаларында, әсіресе, ағынды су жерлерде мұз үстінде жүру қауіпті. Сондықтан өзін-өзі ұстау және өзара көмек көрсету мәселесі өзекті болып келеді.

Сабақ онлайн режимінде интерактивті тақтада көрсетумен өткізілді. Сабақты нәтижелі қабылдау үшін интерактивті тақтада әр сөйлеушінің презентациясы, сонымен қатар, материалды бекіту үшін «өрт салдарынан балаларды эвакуация-лау» мультимедиялық бейнеролигі көрсетілді. Байланысқа Қостанай облысының 69 мектебі, 1932 оқушысы шықты.

қостанай облысының ТЖд

естеліктері тыңдалды. өз кезегінде сөз алған ақын әдеби кешке жиналған жастар мен сарбаздарға , кешт і ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

«Шығармашылық кеш жас ұрпақ үшін керек. өйткені, әдеби кеш адамның жан дүниесін нұрландырады. Әдебиетті оқымаған, рухани тайыз адамдар өмірде бақыт таба бермейді. Олардың кейбіреуі ақыл-ой жағынан мүгедек, қатыгездеу болып келеді. өздеріңіз қасынан күнде өтіп, кейде мән бермей жүрген «Мен қазақпын!» деп жырлаған Жұбан Молдағалиевтың көзін көріп, сөзін естіп, дәм-тұздас болып, әдебиеттегі қарындасына айналдым. Кеше ғана ортамызда болған бүкіл қазақтың тағдыры мен тари-хын өлең-қауызға сыйдырған, осын-дай ғ имаратқа атын қалдырған қ а з а қ т ы ң ұ л ы а қ ы н ы Қ а д ы р М ы р з а л и е в а ғ а м ы з б е н А л м а т ы д а к өрш і т ұ рдым . Е л а р а л а ғ а н , х а л ы қ п е н жүздескен әдеби сапарларда бірге жүрд ім , өм ірде

туған ағамдай жаныма жақын тұттым. Осындай ұлы адамдардың қасында жүріп, оларды құрмет тұтуды үйрендім. Бұрын қаламызда мен оқыған қазақша №11 мектеп біреу ғана еді. Ол кезде қала қазақтары өз тілімізді ұмыта бастап едік. Орал қаласында өз тілімізде өлең оқымаған едік. Қазір қазақ мектептері көбейді. Еркіндік алған қазақ даласын-да, өлең оқып өсіп келе жатқан сендер бақытты ұрпақсыңдар! Сондықтан туған жердің қаламгерлерін көзбен көріп, олардың шығармашылығымен танысып жүріңдер, айналайындар!» – деген ақын жиылған жұртшылыққа жырларын оқып берді.

«Алаш жырының ақ шағаласы» атты кітап көрмесі мен «Жайығым деп сыр ашып, жырдан төккен кестесін» атты мультимедиялық-библиографиялық бейнекөрсетілім кеш шырайын аша түсті. Қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев ақынға тілегін арнап, қала әкімдігі атынан естелік сыйлық табыстады.

ҒАСЫРдА БІР ТУАТЫН дАРАБоЗҚЫзЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОйЫНША ҚАЖД зК-169/5 МЕКЕМЕСіНДЕ ҚАзАҚ хАЛҚЫНЫң АҚИЫҚ АҚЫНЫ МҰҚАғАЛИ МАҚАТАЕвТЫң 85 ЖЫЛДЫғЫНА ОРАй «ғАСЫРДА БіР ТуАТЫН ДАРАБОз» АТТЫ ӘДЕБИ-САзДЫ КЕШ өТТі. ДЕпАРТАМЕНТТің МЕМЛЕКЕТТіК ТіЛ БөЛіМі ҰйЫМДАСТЫРғАН ӘДЕБИ КЕШТің МАҚСАТЫ – іШКі іСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫзМЕТКЕРЛЕРіНЕ АҚЫННЫң ШЫғАРМАШЫЛЫғЫН НАСИхАТТАу.

Дана ДОСТАНОвА, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

кешті мекеме бастығы Т.Қалымбетов ашып, департаменттің мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстарына көмек көрсетіп жүрген Ләззат Жұмаханқызы мен Аман Мәделханұлын ҚАЖД бастығының алғыс хаттарымен марапаттады.

Әдеби кеш «Жазылар естеліктер

мен туралы», «поэзия – жүрек тілі», «Аққудың қанатына жазылған сыр», «Құлақтан кіріп, бойды алар» бөлімдерінен тұрды. Алғашқы бөлімде ақынның өм ір і жайлы бейнеба-ян көрсетілді. «поэзия – жүрек тілі» бөлімінде ақынның «Фариза» өлеңін Жалағаш аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенан-ты А.Сақыбеков, «Сәби-Ана» өлеңін зК-169/5 мекемесінің мемлекеттік тіл маманы А.Әбдрашитова, «Шеше сен бақыттысың» өлеңін Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекто-ры, әділет аға лейтенанты Ф.Сембаева, «Арыз жазып кетейін» өлеңін зК-169/4 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты А.Әбдәлі жатқа оқыды. Ал, ақынның сөзіне жазылған «Қайран жеңгем», «Сенің көзің» әнін зК-169/1 мекемесінің кезекші қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет кіші лейтенанты Р.Байділдаев орында-ды. Әсерлі әрі тартымды өткен кеш соңын түйіндеген «Аққудың қанатына жазылған сыр» бөлімінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық қойылым көрсетілді.

Кешті қорытындылаған қонақтар – Ләззат Есімова мен Аман Абасилов М.Мақатаевтың шығармашылығына тоқталып, «қазақ халқының ақын-жазушыларының шығармалары үздіксіз насихатталса, осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тапса» деген игі тілектерін білдірді.

донорлық – әр адамның азаматтық міндеті

өТКЕН ЖҰМА КүНі АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД «өС ЖӘНЕ АҚЖҚ» ММ-ДЕ АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД МЕН өРТ СөНДіРу ҚЫзМЕТіНің ҚЫзМЕТКЕРЛЕРі ДОНОРЛЫҚ ҚАН ТАпСЫРДЫ. іС-ШАРАғА БАРЛЫғЫ 40-ҚА ЖуЫҚ ҚЫзМЕТКЕР АТСАЛЫСТЫ.

Балалар амандығы үшін