8
№41 (4207), 2.06.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ БАлАлАРҒА БАР ЖАҒдАЙ ЖАСАлУЫ қАЖЕТ салтанат САММИТ ТИІМДІ ТҰғЫРНАМАғА АйНАЛДЫ ЖЕДЕЛ ТЕРГЕу ТОПТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ ЕРТЕГІлЕР ӘлЕМІНЕ ЕНГЕН БӨБЕКТЕР «Самұрық құс», «Қызыл гүл», «Фея» және «Сыған қызы» сынды ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен шара сурет салу, дартс, би, эстафеталық жарыстармен басталды. Әуелі Қазақстан Республикасының Әнұраны орын- далып, одан соң полиция полкі командирінің міндетін ақарушы, полиция подполковнигі Данияр Қайыпов сөз сөйледі. Мұндағы барлық бағдарлама мен ән-күй дипполк қызметкерлерінің өз күшімен дайындалып жатқандығын, ертегі кейіпкерлеріне дейін олардың ата-аналарының әріптестері екендігін атап өткен ол балаларды мерекемен құттықтады. «Әрбір ата-ана үшін баланың қуанышты күлкісінен, уайымсыз еркелігінен асқан бақыт жоқ. Сондықтан да бүгінгі шара – шын жүректен шын ықыласпен жасалып жатқан шараның бірі. Біз сендердің ертеңгі күні өскенде ата-аналарың секілді ел игілігіне қызмет етер үлкен азамат болатындарыңызға сенеміз. Ендеше, қай кезде де осы бүгінгі күнгідей бейғам заман болсын», – деді полиция подполковнигі Данияр Қырғызбайұлы. Шара ортаға «Самұрық құсты» шақырумен басталды. Балаларға бұл құстың ертегідегі ең ізгі кейіпкерлердің бірі екендігі, оның аңызға айналған мәңгілік құс екендігі айтылды. Самұрық құс ұшар басы зеңгір көкпен таласқан алып бәйтеректің басын мекендейді. Онда оның ұясы бар. Ұясында алтын күн бар. МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГүЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОвА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРғАу КүНІН МЕРЕКЕЛЕуГЕ АРНАЛғАН ІС- ШАРАЛАРғА ҚАТЫСТЫ. АСТАНА ҚАЛАСЫНЫң «АСТАНАЛЫҚ» САЯБАғЫНДА ӨТКЕН «ҚОШ КЕЛДІң, ЖАз!» АТТЫ БАЛАЛАР ОйЫН- САуЫҚ БАғДАРЛАМАСЫН ТАМАШАЛАғАН МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ БАЛАЛАРЫМЫзДЫң БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАғЫ, ЖАҚСЫ БІЛІМ АЛуЫ, ДЕНСАуЛЫҚТАРЫНЫң МЫҚТЫ БОЛуЫ, үЛКЕНДЕРДІң ЫҚЫЛАСЫ МЕН ҚАМҚОРЛЫғЫНА БӨЛЕНуІ үШІН ҚАзАҚСТАН ПРЕзИДЕНТІ ТӘуЕЛСІзДІКТІң АЛғАШҚЫ КүНДЕРІНЕН БАСТАП БАРЛЫҚ ЖАғДАйДЫ ЖАСАП КЕЛЕ ЖАТҚАНДЫғЫН АйТТЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚОРДАНЫң БАСПАСӨз ҚЫзМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізді. заманауи мек- тептер, балабақшалар, ауруханалар, спорттық ғимараттар, балалар алаңдары салынуда, қайырымдылық қорлары мен өзге де ұйымдар қызмет атқаруда. Мысалы, бүгінде Астанада 40 мыңға жуық бүлдіршін балабақшаға барып, 117 мыңнан астам оқушы білім алуда. Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы шығармашылық үйірмелерінің жұмысымен танысып, «Біз үздікті таңдаймыз!» атты балалар суреттерінің көрмесінде, «Шебер қолдар» шеберханасында, сонымен қатар, зияткерлік және спорттық ойын- дар алаңдарында болды. Сол күні Г.Әбдіқалықова «Қазақстан» Орталық концерт залында балаларға арналған «Bi Жұлдызай», «Таң Шолпан» және «Бала дауысы» республикалық конкурстар жеңімпаздарының қатысуымен өткен «Біз – Ұлы Дала Елінің ұрпақтарымыз!» атты гала-концертке қатысты. Мемлекеттік хатшы егемен Қазақстанның алғашқы қадамдарының бірі балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етумен байла- нысты екендігін атап өтті. 1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ның «Баланың құқықтары туралы» конвенци- ясын ратификациялады. Бұл конвенцияға қосылу мемлекеттің әлем қауымдастығының өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі құжаттары талаптарына адалдығын паш етті. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында па- лата депутаттары «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел тергеу топ- тарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Келісімге 2015 жылғы 16 қазанда Бурабай кентінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының басшылары қол қойған. Құжатта Тараптардың құзыретті органдарының іс жүргізуіндегі дәлелдемелерді ұсыну не процестік әрекеттерді және жедел-іздестіру іс- шараларын жүргізу қажет болатын қылмыстық істер бойынша өзара байланысты қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру үшін тараптардың аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру қарастырылады. Келісімде олардың қызметі және қызметін тоқтату мәселелерін реттеу қамтылып отыр. «Келісім ТМД Конвенциясының құқықтық көмектер туралы 63-бабын қолдануды нақтылап, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бой- ынша құқықтық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейды, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға соқтырмайды», – дейді Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов. Жалпы келісім ТМД қатысушы мемлекеттерінің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық тиімділігін арттырады. Жедел тергеу қызметін атқарудағы нақты шаралар Қазақстанның тергеу қызметтерінің де тиімділігін көтереді. Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында парламент Сенатының Төрағасы қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығы хV отырысының жұмысын ашты. Бірінші кезекте ол былтыр өткен бесінші съезді қорытындылап, бұл жиынның табысты өткенін атап өтті. Осы орайда Сенат Төрағасы діни көшбасшылар, көптеген елдің жоғары лауазымды тұлғалары Астанадағы форумға арнайы келгенін еске сал- ды. Бұл тұрғыда Саммит әлемдік проблемалар- ды шешудің ортақ қадамдарын іздестіру үшін саясаткерлерге, діни көшбасшыларға тиімді тұғырнамаға айналды. «БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун былтыр маусым айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезіне келгенде атап өткендей, тыныш- сыз кезеңде діни көшбасшылардың негізгі рөлі маңызды болып табылады. Өз кезегінде олар ортақ проблемаларды шешу мен бейбітшілікке қол жеткізуде жалпы негізді ұсына отырып, қоғамдастықтарды біріктіру үшін діни байланы- стырушы қызметін атқарады. Бұған діни билікті пайдалана отырып қол жеткізуге болады, яғни адамдарды жалпы құндылықтарды насихаттауға ынталандыру арқылы іске асыру мүмкіндігі бар», – деді ол. Атап айтқанда, хатшылық мүшелері қазіргі уақытта Дінаралық диалогқа үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы, құрметті медаль және Бейбітшілік және келісім мұражайы мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізуде. Нұрлан ОРАзғАЛИЕв, суреттер автордікі КЕШЕ ІІМ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТЕРДІ КүзЕТу ЖӨНІНДЕГІ ПО- ЛИЦИЯ ПОЛКІНДЕ 1 МАуСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРғАу КүНІНЕ ОРАй МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ. Самұрық осы алтын күнді айдаһардан қорғайды. Балаларды ертегідей еліткен «Самұрық құс» бүгінгі мерекесінде балаларға елордамыздың төрінен орын тепкен «Бәйтерек» ескерткішінің суретін салуға тап- сырма берді. Осылайша, қолдарына бір-бірден ак- варель мен қылқалам тиген балалар қиялға беріліп, алғашқы байқауға бар ынтасымен кірісті. Ата- аналары да шыдап тұра алмаса керек, баласының байқаудан сүрінбей өткеніне тілектестікпен, бірге көмектесіп жатты. «Самұрықтың» көңіліне ұнаған суреттер зал төріндегі слайд тақташасына ілінді. Жалпы, бұл күні «Самұрық құсқа» ұнамаған суреттер болған жоқ. Осылайша, балалардың ортасына кезек келген «Сыған қызы» би билетсе, «Фея» викториналық сұрақтардан жарыс өткізді, ал «Қызыл гүл» дарт- стан балалардың мергендігін сынады. Осы күні балалардың жеңіске жетпей, сыйлықсыз қалғаны болған жоқ. Бағдарлама соңында осында жиналған барша балаға тәтті тағамдар мен ойыншықтар үлестірілді. Одан соң олар бас ғимарат ауласына құрылған батутта асыр салып ойнады. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан адам құқықтарына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжатты ратификациялады, олардың 15-тен астамы мақсатты түрде балалар құқықтарын қорғайды. Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай институционалды және заңнамалық деңгейде балалар құқықтарын қорғаудың ұлттық моделі қалыптасты. Ел басшылығының саяси ерік- жігері мен балалар құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету ісіндегі мемлекеттік сындарлы саясаттың айшықты белгісі болып табылатын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Г.Әбдіқалықова балалардың әсемдік, шығармашылық және жасампаздық әлемінде өмір сүруіне барлық жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы: «Балаларымызды тәрбиелей отырып, біз мемлекетіміздің болашақ әлеуетін қалыптастырамыз, олар елдің даму- ына атсалысып, Отанымыздың табыстары мен жетістіктерін арттыратын болады», – деді. Сөзінің соңында Гүлшара Әбдіқалықова балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде биліктің барлық тармағын, азаматтық қоғам мен үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарды өзара тығыз байланыста болуға шақырды. Астанадағы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар «Астаналық» және Студентер саябақтарында, Қаржы министрлігі мен Оқушылар сарайы алдындағы алаңдарда өтті. Мереке күні еліміздің барлық өңіріндегі орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар, сарайлар мен ойын-сауық кешендері балаларға және олардың ата-аналарына есіктерін айқара ашты.

Сақшы №41 (4207)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №41 (4207) 2.06.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №41 (4207)

№41(4207),

2.06.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

БАлАлАРҒА БАР ЖАҒдАЙ ЖАСАлУЫ қАЖЕТ

салтанат

САММИТ ТИІМДІ ТҰғЫРНАМАғА АйНАЛДЫ

ЖЕДЕЛ ТЕРГЕу ТОПТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

ЕРТЕГІлЕР ӘлЕМІНЕ ЕНГЕН БӨБЕКТЕР

«Самұрық құс», «Қызыл гүл», «Фея» және «Сыған қызы» сынды ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен шара сурет салу, дартс, би, эстафеталық жарыстармен басталды. Әуелі Қазақстан Республикасының Әнұраны орын-далып, одан соң полиция полкі командирінің міндетін ақарушы, полиция подполковнигі Данияр Қайыпов сөз сөйледі. Мұндағы барлық бағдарлама мен ән-күй дипполк қызметкерлерінің өз күшімен дайындалып жатқандығын, ертегі кейіпкерлеріне дейін олардың ата-аналарының әріптестері екендігін атап өткен ол балаларды мерекемен құттықтады. «Әрбір ата-ана үшін баланың қуанышты күлкісінен, уайымсыз еркелігінен асқан бақыт жоқ. Сондықтан да бүгінгі шара – шын жүректен шын ықыласпен жасалып жатқан шараның бірі. Біз сендердің ертеңгі күні өскенде ата-аналарың секілді ел игілігіне қызмет етер үлкен азамат болатындарыңызға сенеміз. Ендеше, қай кезде де осы бүгінгі күнгідей бейғам заман болсын», – деді полиция подполковнигі Данияр Қырғызбайұлы.

Шара ортаға «Самұрық құсты» шақырумен басталды. Балаларға бұл құстың ертегідегі ең ізгі кейіпкерлердің бірі екендігі, оның аңызға айналған мәңгілік құс екендігі айтылды. Самұрық құс ұшар басы зеңгір көкпен таласқан алып бәйтеректің басын мекендейді. Онда оның ұясы бар. Ұясында алтын күн бар.

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГүЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОвА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРғАу КүНІН МЕРЕКЕЛЕуГЕ АРНАЛғАН ІС-ШАРАЛАРғА ҚАТЫСТЫ. АСТАНА ҚАЛАСЫНЫң «АСТАНАЛЫҚ» САЯБАғЫНДА ӨТКЕН «ҚОШ КЕЛДІң, ЖАз!» АТТЫ БАЛАЛАР ОйЫН-САуЫҚ БАғДАРЛАМАСЫН ТАМАШАЛАғАН МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ БАЛАЛАРЫМЫзДЫң БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАғЫ, ЖАҚСЫ БІЛІМ АЛуЫ, ДЕНСАуЛЫҚТАРЫНЫң МЫҚТЫ БОЛуЫ, үЛКЕНДЕРДІң ЫҚЫЛАСЫ МЕН ҚАМҚОРЛЫғЫНА БӨЛЕНуІ үШІН ҚАзАҚСТАН ПРЕзИДЕНТІ ТӘуЕЛСІзДІКТІң АЛғАШҚЫ КүНДЕРІНЕН БАСТАП БАРЛЫҚ ЖАғДАйДЫ ЖАСАП КЕЛЕ ЖАТҚАНДЫғЫН АйТТЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚОРДАНЫң БАСПАСӨз ҚЫзМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізді. заманауи мек-тептер, балабақшалар, ауруханалар, спорттық ғимараттар, балалар алаңдары салынуда, қайырымдылық қорлары мен өзге де ұйымдар қызмет атқаруда. Мысалы, бүгінде Астанада 40 мыңға жуық бүлдіршін балабақшаға барып, 117 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы шығармашылық үйірмелерінің жұмысымен танысып, «Біз үздікті таңдаймыз!» атты балалар суреттерінің көрмесінде, «Шебер қолдар» шеберханасында, сонымен қатар, зияткерлік және спорттық ойын-дар алаңдарында болды.

Сол күні Г.Әбдіқалықова «Қазақстан» Орталық концерт залында балаларға арналған «Bi Жұлдызай», «Таң Шолпан» және «Бала дауысы» республикалық конкурстар жеңімпаздарының қатысуымен өткен «Біз – Ұлы Дала Елінің ұрпақтарымыз!» атты гала-концертке қатысты.

Мемлекеттік хатшы егемен Қазақстанның алғашқы қадамдарының бірі балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етумен байла-нысты екендігін атап өтті. 1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ның «Баланың құқықтары туралы» конвенци-ясын ратификациялады. Бұл конвенцияға қосылу мемлекеттің әлем қауымдастығының өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі құжаттары талаптарына адалдығын паш етті.

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында па-лата депутаттары «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел тергеу топ-тарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Келісімге 2015 жылғы 16 қазанда Бурабай кентінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының басшылары қол қойған.

Құжатта Тараптардың құзыретті органдарының іс жүргізуіндегі дәлелдемелерді ұсыну не процестік әрекеттерді және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу қажет болатын қылмыстық істер бойынша өзара байланысты қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру үшін тараптардың аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру қарастырылады. Келісімде олардың қызметі және қызметін тоқтату мәселелерін реттеу қамтылып отыр.

«Келісім ТМД Конвенциясының құқықтық көмектер туралы 63-бабын қолдануды нақтылап, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бой-ынша құқықтық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейды, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға соқтырмайды», – дейді Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов.

Жалпы келісім ТМД қатысушы мемлекеттерінің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық тиімділігін арттырады. Жедел тергеу қызметін атқарудағы нақты шаралар Қазақстанның тергеу қызметтерінің де тиімділігін көтереді.

Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында парламент Сенатының Төрағасы қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығы хV отырысының жұмысын ашты.

Бірінші кезекте ол былтыр өткен бесінші съезді қорытындылап, бұл жиынның табысты өткенін атап өтті.

Осы орайда Сенат Төрағасы діни көшбасшылар, көптеген елдің жоғары лауазымды тұлғалары Астанадағы форумға арнайы келгенін еске сал-ды. Бұл тұрғыда Саммит әлемдік проблемалар-ды шешудің ортақ қадамдарын іздестіру үшін саясаткерлерге, діни көшбасшыларға тиімді тұғырнамаға айналды.

«БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун былтыр маусым айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезіне келгенде атап өткендей, тыныш-сыз кезеңде діни көшбасшылардың негізгі рөлі маңызды болып табылады. Өз кезегінде олар ортақ проблемаларды шешу мен бейбітшілікке қол жеткізуде жалпы негізді ұсына отырып, қоғамдастықтарды біріктіру үшін діни байланы-стырушы қызметін атқарады. Бұған діни билікті пайдалана отырып қол жеткізуге болады, яғни адамдарды жалпы құндылықтарды насихаттауға ынталандыру арқылы іске асыру мүмкіндігі бар», – деді ол.

Атап айтқанда, хатшылық мүшелері қазіргі уақытта Дінаралық диалогқа үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы, құрметті медаль және Бейбітшілік және келісім мұражайы мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізуде.

Нұрлан ОРАзғАЛИЕв, суреттер автордікі

КЕШЕ ІІМ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТЕРДІ КүзЕТу ЖӨНІНДЕГІ ПО-ЛИЦИЯ ПОЛКІНДЕ 1 МАуСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРғАу КүНІНЕ ОРАй МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ.

Самұрық осы алтын күнді айдаһардан қорғайды. Балаларды ертегідей еліткен «Самұрық құс» бүгінгі мерекесінде балаларға елордамыздың төрінен орын тепкен «Бәйтерек» ескерткішінің суретін салуға тап-сырма берді. Осылайша, қолдарына бір-бірден ак-варель мен қылқалам тиген балалар қиялға беріліп, алғашқы байқауға бар ынтасымен кірісті. Ата-аналары да шыдап тұра алмаса керек, баласының байқаудан сүрінбей өткеніне тілектестікпен, бірге көмектесіп жатты. «Самұрықтың» көңіліне ұнаған суреттер зал төріндегі слайд тақташасына ілінді. Жалпы, бұл күні «Самұрық құсқа» ұнамаған суреттер болған жоқ.

Осылайша, балалардың ортасына кезек келген «Сыған қызы» би билетсе, «Фея» викториналық сұрақтардан жарыс өткізді, ал «Қызыл гүл» дарт-стан балалардың мергендігін сынады. Осы күні балалардың жеңіске жетпей, сыйлықсыз қалғаны болған жоқ. Бағдарлама соңында осында жиналған барша балаға тәтті тағамдар мен ойыншықтар үлестірілді. Одан соң олар бас ғимарат ауласына құрылған батутта асыр салып ойнады.

Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан адам құқықтарына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжатты ратификациялады, олардың 15-тен астамы мақсатты түрде балалар құқықтарын қорғайды.

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай институционалды және заңнамалық деңгейде балалар құқықтарын қорғаудың ұлттық моделі қалыптасты. Ел басшылығының саяси ерік-жігері мен балалар құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету ісіндегі мемлекеттік сындарлы саясаттың айшықты белгісі болып табылатын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды.

Г .Әбд іқалықова балалардың әсемд ік , шығармашылық және жасампаздық әлемінде өмір сүруіне барлық жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы: «Балаларымызды

тәрбиелей отырып, біз мемлекетіміздің болашақ әлеуетін қалыптастырамыз, олар елдің даму-ына атсалысып, Отанымыздың табыстары мен жетістіктерін арттыратын болады», – деді.

Сөзінің соңында Гүлшара Әбдіқалықова балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде биліктің барлық тармағын, азаматтық қоғам мен үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарды өзара тығыз байланыста болуға шақырды.

Астанадағы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар «Астаналық» және Студентер саябақтарында, Қаржы министрлігі мен Оқушылар сарайы алдындағы алаңдарда өтті.

Мереке күні еліміздің барлық өңіріндегі орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар, сарайлар мен ойын-сауық кешендері балаларға және олардың ата-аналарына есіктерін айқара ашты.

Page 2: Сақшы №41 (4207)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№41 (4207), бейсенбі, 2.06.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Ресей

1 гектар жерді тегін береді

Франция

Үндістан

Ресейліктерге Қиыр Шығыстан 1 гек-тар жерге ие болуға құқық беретін заң 1 маусымнан күшіне енді. Бұл мүмкіндікті бірінші болып Қиыр Шығыс федералдық округінің тұрғындары пайдалана алады. Бұл туралы РБК хабарлады.

Банктер төлемдерді күнбе-күн орындауға көшеді

Білім саласы сөз болды

2 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин қол қойған «қиыршығыстық гектар» ту-ралы заң 1 маусымда заңды күшіне енді. Бұл заңға сəйкес, Ресей азаматы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік немесе муниципалдық иеліктегі 1 гектар жерді тегін ала алады.

Тег ін гектарды Якутия , Камчатка , Приморье жəне Хабаровск өлкелерінде, Амур, Магадан жəне Сахалин облыстарында, Еврей автономиялық облысында, сонымен қатар, Чукоткада алуға болады.

Учаске 5 жыл пайдалануға тегін беріледі. Кейін оны жалға алуға немесе жеке меншік ретінде алуға болады. Жерді пайдаланбаған жағдайда ол қайтарылып алынады. Құжатқа сəйкес, шарттағы тараптардың бірі шетелдік, азаматтығы жоқ немесе капиталында олардың үлесі немесе шетелдік компаниялардың үлесі бар заңды тұлға болған жағдайда «қиыршығыстық гектарды» сатып алуға-сатуға жəне жалға алуға болмайды.

Оқ-дəрілер қоймасынан өрт шықты

Ү н д і с т а н н ы ң с о л т ү с т і г і н д е г і Махараштра штатындағы оқ-дəрілер қоймасында болған өрт салдарынан кем дегенде 17 сарбаз қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасаған Би-би-си хабарлады.

Өрттің соңы бірнеше жарылысқа ұласып, көршілес кенттердің мыңға жуық тұрғыны қауіпсіз жерге кетуге мəжбүр болды.

Соңғы жылдары Үндістанда оқ-дəрілер қоймаларында өрт оқиғалары жиі орын алып жатыр. 2010 жылы елдің шығысындағы ірі қоймалардың бірінде болған өрт бірнеше жарылысқа əкеліп соқтырған, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

2007 жылы Анантнаг ауданындағы бірнеше кенттің тұрғындары қоймадағы жарылыстан кейін қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт салдарынан 25 адам зардап шекті.

2 0 0 0 ж ы л ы е л д і ң с о л т ү с т і г і н д е г і Бхаратпурдағы оқ-дəрілер қоймасында болған өрт екі адамның өліміне əкеліп соқтырды. Одан келтірілген шығын 90 млн долларға жуық со-маны құраған.

2017 ЖЫЛДЫҢ 1 МАУСЫ-МЫНАН БАСТАП ЕЛІМІЗДІҢ БАНКТЕРІ ТӨЛЕМ АУДАРЫМ-ДАРЫН КҮНБЕ-КҮН АТҚАРУҒА КӨШЕТІН БОЛАДЫ. КЕШЕ ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ ДАНИЯР АҚЫШЕВ ОСЫЛАЙ МƏЛІМ ЕТТІ. ОТЫРЫСТА «ТӨЛЕМДЕР МЕН ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА ТАЛҚЫЛАНҒАН БОЛАТЫН.

«Заң жобасы банктерд ің төлем агенттері желісі арқылы төлем қызметтерінің белгілі бір қызметтерін көрсету мүмкіндігін көздейді. Бұл халық үшін базалық банктік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, төлемдер мен ақша ауда-рымдарын жүзеге асыру тəртібі айқындалады. Бұл ретте төлем құралдары, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тəсілдері мен негізгі рəсімдері айқындалып отыр. Осыған байланысты заң жобасында банк процестерін жақсартатын жəне төлемдерді жасау тəсілдерін кеңейтетін құқықтық нормалар қамтылған», – деді Д.Ақышев.

Оның айтуына қарағанда, құжатта төлем қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау нормалары да қамтылып отыр. Атап айтқанда, банктерде төлемдерді орындау мерзімі

қысқартылады. Бұл ретте төлемдерді орындау мерзімі ең көбі төрт күннен екі күнге қысқарса, ал 2017 жылдың 1 маусымынан бастап төлемдер күнбе-күн атқарылатын болады.

«Сонымен қатар, тұлғалардың талаптары бойынша банк шоттарынан жəрдемақылар мен əлеуметтік төлемдерді алу барысында тұрғын үй төлемдерін өндіріп алуға шектеу енгізіледі. Банктер тарифтерінің айқындылығы қамтамасыз етіледі. Мəселен, олардың клиентті төлем опера-циясын жасағанға дейін комиссияның мөлшерімен таныстыру міндеті енгізіліп, сондай-ақ, біржақты тараппен шарттың талаптарын, тарифтерді ұлғайтуға тыйым салынады», – деді Бас банкир.

МƏЖІЛІСТЕ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯ-СЫ ЖАНЫНДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК КЕҢЕС ОТЫРЫ-СЫНДА 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЕНГІЗУ ЖƏНЕ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ СТАНДАРТТА-РЫН ЖАҢАРТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, қоғам арасында кеңінен талқыланып жатқан мəселенің өзектілігі – білім беру үдерісін жаңғыртудың қажеттілігімен негізделеді. Бұдан бөлек, білім мен ғылым саласының бəсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру, орнықты экономикалық өсім үшін адами капиталды дамыту ең бірінші кезекте орта білімнің оңтайлы моделін таңдауға, оны енгізудегі тиімділікке тікелей байланысты. Сондықтан да қазіргі таңда педагогтар ортасында ғана емес, жалпы қоғамда тұтастай білім беру саласының бағыты, формалары, кезеңдері, моделді енгізу мерзімдері, оның нəтижелілігіне қатысты болжам-дар кеңінен талқылану үстінде.

Күн тəртібіндегі өзекті мəселені талқылау барысында депутаттар 12 жылдық білім беру-ден бөлек, білім мазмұнының сапасын арттыру, мектептерді оқулықпен уақытылы қамтамасыз ету секілді проблемаларды да көтерді. Бұдан бөлек, тараптар үш тілді оқыту жүйесін енгізуге қатысты да пікір алмасып, педагог кадрлар даярлау, орта білім мекемесіндегі ресурстық қамтамасыз ету-лерге қатысты сұрақтар қозғалды.

Депутаттар, əсіресе, ауылдық жерлердегі шағын жинақталған мектептердің оқу процесін жаңғыртуға бағытталған қадамдарға назар ау-дарды. Бұнымен қоса, халық қалаулылары Білім жəне ғылым министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің қызметіне де көңіл бөлді. Олардың айтуынша, кеңес мүшелері министрлік үшін білім реформасындағы өзгерістерге сəйкес, қазақстандық қоғамның пікірлерін ескере отырып, ұсыныстар əзірлеуі керек. Талқылау нəтижесінде «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Əлеуметтік кеңес Үкіметке бірқатар ұсыныс жолдады.

БІРІККЕН АРАБ ƏМІРЛІКТЕРІ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖҰМЫС САПА-РЫМЕН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚАЗҒАРЫШТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАР-ЛАДЫ.

Жұмыс сапары барысында олар Қазақстанның ғарыш кəсіпорындарының нысандарына бар-ды. Араб мамандары Алматыда «Ғарыш-Экология ғылыми-зерттеу орталығы» РМК-ның жұмысымен танысып, «Ғарыш зерттеулері мен технологияларының ұлттық орталығы» АҚ В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясында болды.

Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына бару кезінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин араб əріптестеріне Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыштық жүйесінің қызметі туралы баяндап берді. Қонақтарға ЖҚЗ сер і к тер ін басқарудың жердегі кешенінің жəне ғарыш суреттерін алу жəне өңдеу орталығының жұмысы көрсетілді.

БАƏ Ғарыш агенттігінің өкілдері Астанада салынып жатқан ғарыш инфрақұрылымының б ірегей жоғары технологиялық нысаны болып табылатын ғарыш аппарат-тарын құрастыру-сынақтан өткізу кешенінің тəжірибесіне ерекше қызығушылығын білдірді.

Елімізге БАƏ Ғарыш агенттігі делегациясы келді

ҰҒО-ның қабырғасында Қазғарыш төрағасының м.а. Мейірбек Молдабеков пен БАƏ Ғарыш агенттігінің төрағасы Халифа Мұхаммед Тани ар-Румейси ИДМ Аэроғарыш комитеті мен БАƏ Ғарыш агенттігінің арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу жəне пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Кеше БАƏ ғарыш ведомствосының делегациясы Астана қаласының маңындағы Ақкөлге шығып, онда тағы бір ғарыш нысаны – «Ғарыштық байланыстың республикалық орталығы» АҚ (ҒБРО) ғарыштық аппараттарды басқарудың жəне байланыс мониторингі жүйесінің жердегі кешеніне барды. ҒБРО-ның вице-президенті Бауыржан Құдабаев қонақтарға «Қазсат» спутниктік бай-ланыс тобының жұмысы туралы баяндап берді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҚ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДАҒЫ ШЫҢЖАҢ-ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫҚ ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚҰЛЖА ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНЕ БАРДЫ. ЭКСКУРСИЯНЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЖАНАР ИМАНАЛЫ ӨТКІЗДІ.

Оның айтуынша, бүгінде оқу мекемесінде 7-12-сыныптар аралығында 1200 оқушы білім алып жатыр. Мектептегі гуманитарлық пəндер қазақ тілінде, жаратылыстану пəндері қытай тілінде өткізілуде. Сондай-ақ балаларға ағылшын тілі де үйретіледі. Таңертеңнен бері барлық бала сабақта болса, түстен кейін олардың демалуға немесе мектеп жанында жұмыс істеп отырған 27 үйірменің біріне баруға мүмкіндігі бар.

Бұл мектепте киім үлгісі спорттық. Балалар спорттық шалбар, көгілдір түсті жеңіл жейделер мен күртешелер киеді. Кеуделеріне оқушы туралы мəліметтер жазылған бейдж тағады.

Атамекенге келуді армандайдыМектеп ауласында 700 адам тұратын жатақхана,

дəретханалар жəне монша орналасқан.Күн сайын негізгі қоңырау кезінде мектеп

алдындағы алаңда би түріндегі сергіту сəті өткізіледі. Балалар əуелі кунг-фу амалдарын көрсетіп, одан кейін қазақтың қара жорғасын, ұйғыр билерін билейді.

Асханада ұлдар мен қыздар бөлек тамақтанады. Мұнда қытай жəне ұйғыр тағамдары беріледі. Наурыз мерекесінде балалар үшін қазақтың ұлттық тағамдары – наурыз көже, бауырсақ, қазақша ет əзірленеді. Асханада бейнебақылау жазбасы көрсетілетін арнайы экран орналасқан. Осылайша, балалар ас дайындау бөлмесінде не пісіріліп жатқанын көре алады.

7-сынып оқушысы Кəрима Бердіқызының ай-туынша, оның мектептегі сүйікті пəні – қазақ əдебиеті. Қыз бала Абай, Мұхтар Əуезов, Фариза Оңғарсынова жəне Мұхтар Шахановтың

шығармаларын сүйіп оқитынын айтты. Ол болашақта Қазақстанға барып, онда қазіргі заманғы ақын-жазушылармен танысуды ар-мандайды.

Жанар Иманалының түсіндіруінше, облыста білім беру тегін, себебі, мемлекет орта білімге жыл сайын əр балаға 2 мың юань (шамамен 100 мың теңге) бөліп отырады. Бұл сома барлық шығындарды өтейді. Төленуге тиесілі тек жатақхана мен тамақтану. Жатақханада тұру бағасы бір тоқсанда 200 юань (10 мың теңге), тамақтану – күніне 14 юань (700 теңге).

Мектеп 1935 жылдан бері жұмыс істеп келеді, оның қабырғасында көптеген та-нымал қазақ қайраткер б іл ім алды. Педагогикалық құрам ҚХР ШҰАӨ Ұлттық-саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы төрағасы Асхат Керімбай мен атақты опера əншісі Майра Мұхамедқызының осы мектептің түлектері екендігін мақтаныш етеді.

2016 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛЫ КҮНДЕРГЕ ҰЛАСАТЫН СУЫҚТЫҚТЫҢ ҮШ ТОЛҚЫНЫ КҮТІЛІП ОТЫР. БҰЛ ТУРАЛЫ «КАЗГИДРОМЕТ» МАМАНДАРЫ ХАБАРЛАДЫ.

Елдің көптеген бөлігінде жауын-шашынның көп мөлшерде түсуі күтілуде, тек Маңғыстау облы-сында, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде жəне Қарағанды облысының батысында нормадағыдан азырақ болмақ.

«Бір айдың ішінде жылы күндерге ұласатын суықтықтың үш толқыны күтіліп отыр. Айдың басында салқын əрі ылғалды ауа массасына толы циклон жауын-шашынды салқын күн рай-ын соқтырады, елдің солтүстігінде ауаның тем-пературасы 1-6 градус жылылықты көрсетсе, аймақтың жекелеген аймақтарында 2 градусқа дейін суық болады», – делінген «Қазгидрометтің» болжамында.

Суық ауа райы сақтала ма?

Ескі көліктермен жүруге тыйым салады

Қала биліг і астананың орталық көшелерінде 19 жылдан асқан ескі көліктердің жүруіне тыйым салатын қаулы шығарды. Бұл туралы Life.ru ха-барлады.

Париж билігі 1997 жылға дейінгі шығарылған көліктердің қала орталығында жұмыс күндері жүруіне тыйым салды. Сондай-ақ астананың орталық бөліг інде 2000 жылға дейінг і мотоциклдердің де кіруіне болмайды. Le Monde басылымының хабарлауынша, мұндай шара Париж экологиясын едəуір жақсартуға мүмкіндік бермек.

Қаулы күші салмағы 3,5 тоннаға дейінгі бензинмен жəне дизельмен жүретін жəне коммерциялық көліктерге қатысты. Сөйтіп, тыйым салынған темір тұлпарлар Париж автопаркі көліктерінің 10 пайызын құрайды.

Жаңа ережелерді бұзған ескі көлік иелеріне ағымдағы жылы 35 еуро, ал 2017 жылдан ба-стап 68 еуро айыппұл салу көзделген. Қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден күшіне енеді. Бұдан əрі Париж көшелеріндегі автомобильдердің экологияға сəйкестігі қатайтыла түсетін бо-лады. Мəселен, 2020 жылдан бастап қала көшелерінде шығарылғанына 9 жылдан аспай-тын көлік құралдарына ғана рұқсат етілмек.

Елдің батысы мен оңтүстіг інде өткінші найзағайлы жаңбырлардан түнде ауаның тем-пературасы 7-12 градус, күндіз 12-20 градусқа дейінгі жылылықты көрсетеді. Оңтүстікте түнде 10-18 градус жылы болса, күндіз 27-35 градус ыстық болады. Одан кейін Орта Азиядан жылы ауа массаларының ағынымен бірге күндізгі ауа температурасының көтерілуі күтіліп отыр: Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз 23-31 градус, оңтүстік аймақтарда күндіз 33-40 градус ыстық болады.

«Суық түсудің кезекті екі толқынын айдың ортасында жəне соңында күтуге болады, қалған күндері көбіне жылы күн райы болжанып отыр. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстігінде ауаның температурасы 34 градусқа дейін, ал оңтүстікте 40 градусқа дейін көтеріледі», – деп хабарлады синоптиктер.

Page 3: Сақшы №41 (4207)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№41 (4207), бейсенбі, 2.06.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

«КӨКНӘР-2016»

Осыған орай жақында Жамбыл облысының Шу қаласында ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы, əділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов, сондай-ақ, ОАӨАҮО өкілдері, ҰҚК шекара қызметі мен ҚМ Мемлекетт ік к ір іс комитет і , Жамбыл облысы əкімдігі өкілдері, аумақтық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлініс басшыларының қатысуымен «Көкнəр-2016» жедел алдын алу ша-расы бойынша нұсқаулық кеңес өтті.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды пысықтау мақсатында өткен кеңес жұмысына, сонымен қатар, ішкі істер органдарының арнайы бөліністері мен Ұлттық Ұлан əскери қызметшілері қ а тысып , қо ғ амның ең ө зек т і

Е р л і к к ө р с е т к е н т ə р т і п сақшыларының ата-аналарын мара-паттау салтанаты жол-патрульдік по-лиция полкі жеке құрамының шеруімен басталды. Осылайша полицейлер ел қорғаны болар ер тəрбиелеген ата-аналарға құрметтерін білдірді. Тəртіп сақшылары күнделікті қызметті алып жүру барысында түрлі қиындықтармен бетпе-бет келіп, бастарын бəске тігіп жатады. Сын сағатта олар осалдық танытпай, оңтайлы əрекет етудің үлгісін көрсетіп жүр. Көзсіз ерлікке баратын полиция қызметкерлерінің бұл əрекеті азаматтық міндеттерін абыройлы атқарып жүргендерінің дəлелі. Қауырт қызмет иелері полиция старшинасы Марал Тұрғымбаев, поли-ция аға сержанты Бағлан Қарымбаев, полиция сержанты Ерболат Рысбеков қызмет барысында қиындықтарға

Сондай-ақ, Алматы қаласындағы №3 жəне №57-ші жалпы орта білім беретін мектептерде болған бөлімше жəне прокуратура қызметкерлері оқушылар арасында теміржол қауіпсіздігі ту-ралы əңгіме өткізді. Бұл мектептер теміржолға жақын орналасқандықтан оқушылар көб іне тем іржолдан өту тəртібін сақтай бермейді. Ал,

АУҚЫМДЫ ОПЕРАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ АЙҚЫНЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ НЕГІЗІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЕР ТУҒЫЗЫП ОТЫРҒАН ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕНІҢ БІРІ. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ШУ АЛҚАБЫ ЕСІРТКІ ТҰҚЫМДАС ӨСІМДІКТЕРДІҢ ІРІ КӨЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНЫ БҮГІНДЕ ЕШКІМГЕ ЖАСЫРЫН ЖАЙТ ЕМЕС. ЕСІРТКІ ТҰҚЫМДАС ӨСІМДІКТЕРДІ ЖИНАП, ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ, СОНДАЙ-АҚ, ЕЛ АУМАҒЫ МЕН СЫРТҚА ТАРАЛУЫНА МҮДДЕЛІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП-ТАР ЖЕТЕРЛІК. ƏРІ БҰЛ «САЛА» ОЛАРДЫҢ НАЗАРЫН ЕРЕКШЕ АУДАРЫП ОТЫР.

тақырыбына айналған сұрақтар бой-ынша ойларын ортаға салды.

Естеріңізге сала кетейік, «Көкнəр» – есірткі тұқымдас өсімдіктердің өсуі жəне пісуі кезеңінде жыл сайын ма-усым мен қазан айлары аралығында өткізілетін жедел шара. Шу алқабынан каннабистік топтағы есірткі дайында-умен, шығарумен айналысатын адам-дарды анықтап, ұстау, сонымен қатар, «ауған» есірткі арнасының транзитін жо-юды басты мақсат етіп алған ауқымды операцияның тағы бір көздегені – каннабистік топтардағы есірткінің алғашқы шығарылатын жері ретіндегі есірткі өндірісін жою болып табылады.

Сондай-ақ, заңсыз жолмен қаржы кірістерін алу мақсатында қылмыспен

айналысатын ұйымдасқан топтардың экономикалық негізі мен олардың инфрақұрылымының көзін құрту, нашақорлық жəне есірткі қылмысы деңгейін азайту да назардан тыс қалған емес.

Биыл есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасау тиімділігін артты-ру жəне облыс аумағынан есірткі шығаруға жол бермеу мақсатында негізгі магистральды тас жолында «Рубеж-Есірткі» қосымша жылжыма-лы бекеттері жұмыстарын бастаған болатын. Есірткі жолдары мен тасы-малдау арналарын жабу үшін күндіз де, түнде де қолданылатын қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған мобильдік жедел іздестіру топтары құрылып, баруға қиын жерлерде орналасқан аудан-дарда іс-шаралар өткізу кезінде тікұшақтар мен ұшақтардың көмегіне жүгіну де оңтайлы іске асырылып келеді.

Құмды жерлерде арнайы мақсаттағы бөліністердің қатысуымен патрульдік жасауды іске асыру үшін өткізгіштігі жо ғары автокөл і к тер қолдану мəселесіне де ерекше мəн беріліп отыр. Бақылау жəне марихуана дай-ындаумен айналысатын қылмыстық топтарды ұстау кезінде беспилоттық ұшатын аппараттар қолданылып жүр. Ел аумағында, сондай-ақ, теміржол, əуе жəне теңіз көліктерінде іс-шаралар кешені іске асырылатын болады.

Кеңес барысында осы сұрақтар кең інен талқыланып, операция нəтижелілігін барынша қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының барлық мүмкіндігі жəне материалдық-техникалық ресурстарын қатыстыру тапсырылды.

ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті

Полицейлер мен жеке күзет құрылымдарының басшылары құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету жəне қылмысқа қарсы күрес мəселелеріндегі бірлескен жұмыстарын қорытындылады. Тəжірибе алмасу, Ресей Федерациясының күзет қызметі саласындағы новеллалармен танысу мақсатында қонақ ретінде Түмен облыстық Күзет кəсіпорындары ассоциациясы бас директорының орын-басары Михаил Филиппов кеңес отыры-сына шақырылды.

Облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəлов: «Күн сайын көшелерді патрульдеуге күзет құрылымдарының қызметкерлері тартылады жəне радиоалмасу мен бағдарлар беру тəртібі жасалды», – деп іс-қимыл жасасудағы оң үрдістерге тоқтала кетті.

Бірлескен оқу-жаттығу сабақтары барысында кел іп түскен дабыл белгілеріне жедел ден қою дағдылары жетілдіріліп, бірлескен мобильдік топ-тар құрылды.

ІІМ ƏПК Күзет қызметін бақылау басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Алпысбай Са ғындықов з аңнама ғ а мони -торинг жасау жəне уақтылы тиісті түзетулер енгізуге бастамашылық ету бойынша Ішкі істер министрлігінің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айта кетті. Бүгінгі күні заңнама жеке күзет ұйымдарының құқықтарын айтарлықтай кеңейтуді көздеп отыр. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Күзет қызметін бақылау жөніндегі бөлім бастығы, полиция подполковнигі

КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Мəдина БАЛҒАШОҚОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖƏНЕ ЖЕКЕ КҮЗЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАСУ МƏСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

ТАЛҚЫ

Вадим Яценко жыл басынан бергі жеке күзет агенттіктерінің жұмыс нəтижелеріне тоқтала кетті. Облыс аумағында 463 түрлі жеке меншік нысанды күзететін 72 күзет кəсіпорны жұмыс істейді.

М е м л е к е т т і к е м е с к ү з е т құрылымдарының күзетшілерімен күзетілетін объектілерде 18 қылмыстық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, 25 күдікті ұсталып, ІІО жеткізілді, 250 əкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Осы бағытта «Жедел Күзет», «Боец», «Барс», «Сommandos», «Аларм-секьюрити» ЖШС сынды агенттіктердің оң жұмысын атап өтуге болады.

« А р м а н » д ү к е н і н д е г і т ү н г і ұрлық, «Доктор» дəріханасына ену деректері «Жедел Күзет» ЖШС ж ə н е « С o m m a n d o s » А А » Ж Ш С к ү з е т ф и р м а л а р ы н ы ң қ ы р а ғ ы қызметкерлерінің көмегімен ашыл-ды. Вадим Яценко оң мысалдардан бөлек күзет қызметін жүзеге асыруда жол берілген кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға да тоқтала кетті. «Дабыл белгісі» іске қосылуы кезінде де күзет фирмаларының мобильді топтарының уақытылы келмеуінің келеңсіз фактілері мысалға келтірілді.

Облыста құқықтық тəртіпті сақтау бойынша іс-қимыл жасасуда құқықтық реттеу саласында туындайтын барлық мəселелер талқылауға жəне алқа шешімін қабылдауға ұсынылды. Семинар ІІД басшылығы құқығымен қызметте ерекшеленген үздік күзет құрылымдарының басшылары мен күзетшілерін марапаттаумен аяқталды.

МАРАПАТ

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АТА-АНАЛАРТАЯУДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН III ДƏРЕЖЕЛІ «АЙБЫН» ОРДЕНІМЕН, «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛҒАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АТА-АНАЛАРЫНА АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ АМАНТАЙ ƏУБƏКІРОВТІҢ АТЫНАН АЛҒЫС ХАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ.

тап болып, шешуші кезеңде дұрыс əрекет ете білген сақшылардың бірі. Жауапты шақта батырлық танытқан бұл қызметкерлердің ерліктері елеусіз қалмай, мемлекеттік марапатқа ұсынылды. Салтанатты жиын соңында Астана қалалық ІІД басшылығы ба-тыр ұлдар тəрбиелеген ата-аналарға алғыстарын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 27 ақпанда Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік поли-ция қызметкерлері Марал Тұрғымбаев пен Ерболат Рыспековке түнгі 10-дар шамасында өндірістік аймақта болған ұрлық туралы хабар келіп түседі. Қаскүнем ұрыларды қолға түсіруге бағытталған жедел шаралар кезінде олар құрылыс вагонындағы адамдардың құжаттарын тексере ба-стайды. Сол мезетте күтпеген жерден

вагон ішіндегілердің біреуі полицей-лерге оқ жаудырады. Оқиға орнына келіп жеткен жедел топ көп ұзамай полицейлерге қастандық жасаған 43 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын ұстайды. Кейін полицей-лерге оқ жаудырған күдіктінің ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотты болғаны да белгілі бола-ды. Ал атылған оқтың салдарынан ауыр жараланған жол-патрульдік полиция қызметкерлері ауруханаға жатқызылады. Қаскөй полиция стар-шинасы Марал Тұрғымбаевқа төрт жерден оқ атса, полиция сержан-ты Ерболат Рыспаевты екі жерден жарақаттапты.

Елбасының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Бағлан Қарымбаев жол ережесін өрескел бұзған Lada Kalina автокөлігін қуып жетіп, тоқтатқан. Оқиға өткен жылдың қараша айында болды. Оқиғаның мəн-жайына қысқаша тоқталып өтсек, «Лада» жеңіл көлігін тізгіндеген жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, із суытпақ болады. Аға сер-жант Бағлан орнынан қозғалып кеткен көліктің рөліне жармасып, қозғалуына кедергі келтіргісі келеді. Алайда, по-лицей көліктің рөлін мықтап ұстаған күйі келесі қиылысқа дейін сүйретіліп барады. Өмірін қатерге тіккен жол сақшысы дене жарақатын алғанына қарамастан жүгенсіз жүргізушінің жо-лын бөгейді. Медициналық тексеру кейіннен жауапсыз көлік иесінің мас болғанын анықтап берген. Заң талап-тарына бағынбаған жүргізуші Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол сондай-ақ, Қызылордада қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген екен.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

ҚАУІПСІЗДІК

САҚ ЖҮРСЕҢ САУ БОЛАРСЫҢГүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

ЖУЫРДА АЛМАТЫ-1 СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ АЛМАТЫ-2 СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БӨЛІМШЕСІНДЕ ЖЕТІСУ КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫМЕН БІРЛЕСКЕН ШАРА ӨТКІЗІЛДІ. БҰЛ БАСҚОСУДЫҢ МАҚСАТЫ – АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫ МЕН МƏДЕНИЕТІН ЖƏНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРУ.

теміржолды кез келген жерден кесіп өтудің арты қайғылы оқиғаларға ұласып жататынын баршамыз жақсы білеміз.

Кездесу барысында мамандар кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу бағытында ұсақ қылмыстардың өзі ауыр қылмыстарға апаратын жол екенін айтып, оқушылар

арасында заң тарапынан түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Терроризм туралы жалған ақпарат таратуға қолданылатын жаза туралы да кеңінен əңгіме болды.

М е к т е п т е р д е ө т к е н « с ы н ы п сағатына» қатысқан желілік бөлімше қызметкерлері кəмелетке толмағандар арасында кездесет ін алаяқтық қылмысынан қалай сақтанудың жолын түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Бас прокура-турасы əзірлеген ата-аналар мен оқытушыларға арналған жадынамалар таратылды. Онда кəмелетке толмаған балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу жайлы ескертулер мен сенім телефондары жазылған.

ШАРА

«ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН»Талғат АҚМҰҚАНОВ, Батыс Қазақстан облысы

ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 30 МАМЫРЫНАН 3 МАУСЫМЫ-НА ДЕЙІН ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН АУҚЫМДЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ОСЫЛАЙ АТАЛАДЫ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ШАРАҒА ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕН БӨЛЕК ЖЕРГІЛІКТІ ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ ДА БІРКІСІДЕЙ АТСАЛЫСУДА.

Шара барысында ҚАЖ мамандары учаскелік полиция инспекторларымен бірге аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандарды тұрғылықты жері, жұмыс, оқу орындары бойынша тексеріп, сотталғандарға бақылау жəне қадағалау жасау іс-шараларын жүзеге асырып келеді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Жəнібек аудандық про-бация қызметінің қызметкерлері де аталған шара барысында сотталғандардың туған-туыстары, достары мен көрші-көлемдерімен əңгімелесіп, есепте тұрғандар жөнінде пікір мен мінездемелер жинақтауда.

Жалпы Жəнібек аудандық пробация қызметі аудандық Ішкі істері бөлімінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, өңір бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тарапынан жиі тіркелетін құқық бұзушық пен қайта қылмыс жасаудын алдын алу мақсатында ұдайы шаралар ұйымдастырып отыра-ды. Мамандар бүгінде ел көлемінде өтіп жатқан алдын алу шарасының маңызы зор екенін айтады. «Себебі, тексеру барысында сотталушының барлық туған-туыстарымен сұхбаттасқан кезде оның жеке басын зерделейтін мəліметтерді анықтауға мол мүмкіндік туады. Ал психологиялық жағынан жақсы зерделен-се, сотталушының құқық бұзушылық жасау фактілері де азаймақ. Сондай-ақ, сотталғандарды қадағалап қана қоймай, оларды оң жолға түсіру бағытында əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде де нақты нəтижелерге қол жеткізуіге болады», – дейді пробация қызметінің мамандары.

Есепте тұрған сотталғандармен оларға əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету аясында сұхбаттасу, əнгімелесу – атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Жақында аудандық пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандар үшін Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінің Жəнібек аудандық филиалына экскурсия да ұйымдастырылды.

Page 4: Сақшы №41 (4207)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№41 (4207), бейсенбі, 2.06.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

О с ы о р а й д а ш а р а н ы ұйымдастырушылар БАҚ-пен жұмысты жандандыра түсудегі мақсат сот жұмысын насихаттау ғана емес, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында қарастырылған сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету екендігін айтады. Сонымен қатар, дөңгелек үстел өткізу Қазақстан Республикасы Əскери сотының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарында белгіленген екен.

Д ө ң г е л е к ү с т е л б а р ы с ы н д а Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Төрағасының 2016 жылдың 28 сəуіріндегі өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

БАҚ-пен ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСПЕКНұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

ӨТКЕН АПТАДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ƏСКЕРИ СОТТА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ-КАСЫ СОТТАРЫНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ. ОҒАН ОСЫ СОТТЫҢ СУДЬЯ-ЛАРЫ, КЕҢСЕ МЕҢГЕРУШІСІ ЖƏНЕ МАМАНДАРЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР, АРНАЙЫ ШАҚЫРТЫЛҒАН САЛАЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІ – «ҚАЛҚАН», «НА СТРАЖЕ», «САҚШЫ» БАСЫЛЫМДАРЫ ЖƏНЕ «БҮРКІТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТІЛШІЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы тұжырымдамасы талқыланды. Тұжырымдаманың негізгі міндеттері халықтың сотқа деген сенімін арттыру, бұл бағыттағы жұмысқа судьялар корпусының өкілдерін қатыстыру, сот жүйесінің ж ұ м ы с ы ж а й л ы а қ п а р а т т ы қ материалдардың сапасын жақсарту, соттың ақпаратымен жұмыс істеу ерекшеліктерін БАҚ өкілдеріне үйрету болып табылатыны айтылды.

«Ұлт Жоспары аясында біздің Əскери сотта, жалпы Жоғарғы сот бойынша да жұмысымыздың ашықтығы толықтай бір жолға қойылған. Мəселен, бүгінгі таңда елімізде барлық соттардағы сот отырысы жүз пайыз дыбыс-бей-

не жазбалық тіркеумен қамтамасыз етілген. Ал БАҚ бойынша да жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп келеді. «Хабар» телеарнасында жүретін «Төрелік», «Правосудие», КТК телеарнасындағы «Черный квадрат» бағдарламалары жəне тағы да басқа көптеген жа-рияланымдарымыз осының айғағы. Ақпарат құралдарымен жұмысты жан-дандыра түсудегі бір мақсатымыз – азаматтардың құқықтық сауаты мен мəдениетін арттыруға ықпал ету», – деді дөңгелек үстелді жүргізген əскери сот судьясы Асқар Қайыров.

Қатысушылар талқыланып жатқан тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді. Тұжырымдаманы іске асыру соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылын одан əрі дамытуға, қоғамның сот жүйесіне де-ген сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мəдениетін қалыптастыруға ықпал ететін болады.

«Ақпарат құралдарымен жұмыс біз ойластырып отырған деңгейде жүзеге асатын болса, соттардың қызметі туралы тұрғындардың тиісінше ақпараттануына, азаматтардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот тəртібімен қорғау белсенділігін арттыруға, сот жүйесінің жұмысын БАҚ-та ақпараттық жариялаудың сапасын арттыруға, республикадағы соттар қызметі тура-лы объективті əрі сенімді ақпаратты кең інен тарату үш ін заманауи ақпараттық-коммуникациялық техно-логияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді», – дейді отырыста пікірін білдірген Əскери сот судьясы Баязит Дəрібаев.

Отырыста сот жұмысына қатысты өзге де мəселелер мен оларды жария-лау тəртібі сөз болды. Пікірін білдірген ақпарат құралдары өкілдері сотпен байланысты жұмыс жүргізу халықтың құқықтық сана-сезімін арттыруға оң ықпал ететін болса, əріптестікке дайын екендіктерін жеткізді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ.

Семинарға Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойын-ша департаменті басшысының орынбасары, əдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев, осы департаменттің сыбайлас жемқорлық профилакти-касы басқармасының бас маманы Қ.Абдраманов, Жергілікті полиция қызметінің барлық бөлімшелері, сонымен қатар жол-патрульдік полициясының қызметкерлері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының құқықтық негіздері жəне алдын-алу шараларын» талқылау. Қ.Абдраманов өз сөзінде сыбайлас жемқорлық проблемасы ежелден келе жатқан індет екенін жəне ол індет барлық елдерде орын алып отырғанын атап өтті. «2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске байланысты жаңа стратегия қабылданған. Сот ор-гандары мен құқық қоғау органдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өзара жұмыстар атқарылып келеді. Қаншама лауазымды тұлғалар ұсталып, мүліктері тəркіленіп, жазаланып жатса да, сыбайлас жемқорлыққа деректері азаймай тұр», – деді ол.

Шара барысында Қызылорда облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Е.Жаукеев сөз сөйледі. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық профилактикалық жұмыстарды тиімді жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы берік ұстанып, сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат алу үшін жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру үшін полиция қызметінің ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Семинар соңында қатысушылардың пікірі тыңдалып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптарын алды.

Алдағы уақытта қызметкерлермен осы бағытта жұмыс жалғасатын болады.Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

СЕМИНАР

Күресудің бір жолы – алдын алу

Қайықтағы полиция жасағының құрамында Астана қалалық ІІД Жерг іл і кт і полиция қызмет ін ің жол-патрульдік полиция полкінің арнайы дайындықтан өткен екі-үш полиция қызметкерімен қатар бір кеме жүргізушісі бар. Қайық – с у д а ғ ы п о л и ц и я п у н к т і б о -лып саналады. Себебі, олардың да функционалдық міндеттеріне тəртіпт і қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру жəне құтқару жұмыстарын жүргізу к і р е д і . Қ а й ы қ т а ғ ы п о л и ц е й -лер судағы төтенше жағдайлар кезінде құтқарушының да міндетін қоса атқарады. Яғни, өзенді то-руылдау кезінде суға батып бара жатқандарды көрсе қастарынан өте шықпай, оларды құтқаруға кіріседі. Құтқарушының жұмысын қатар алып жүру оларға еш қиындық тудырмай-ды. Өйткені, қайықтағы полиция жасағына қызметке алу кезінде олармен арнайы нұсқаулық өткізіліп, құтқару жұмыстарының да қыр-сыры үйретілген.

ҚУАТЫ КҮШТІ КАТЕРҚайықтағы жасақ қызмет ін ің

өзге құрылымдардан ерекшеліг і – олар автопатруль мен жаяу патрульдің аяғы жетпейтін Есіл өзеніндегі тəртіпке жауап береді. Өзен бойындағы тəрт іпт і олар елімізде шығарылған «Kazboat-47» патрульдік қайығымен қамтамасыз е т ед і . Ө з ен жа ғ а сында қ ұ қық бұзушылықтарға жол бермес үшін кеме жүрг і з уш і с імен қосқанда 3 қ ы з м е т к е р с ы й ы м д ы л ы ғ ы 5 а д а м д ы қ қ а й ы қ қ а о т ы р ы п , к ү н д е л і к т і к е з е к ш і л і к т е р і н атқарады. Ерекше атап өтет ін і , қ а й ы қ т а ғ ы п о л и ц е й л е р д і ң ж ұ м ы с у а қ ы т ы ө з г е қ ұ р ы л ы м қызметкерлерінікі секілді таңмен таласа басталмайды. Себебі, таңғы уақытта бұл жерді өлі тыныштық жайлайды . Өзен жа ға сында ғы т і рл і к т ү с тен кей і н ғ ана қыза түсетіндіктен олардың да жұмысы сағат екіге таман бір-ақ басталады. Яғни, Астана қалалық ІІД бастығы Амантай Əубəкіровтің бұйрығына сəйкес қайықтағы полицейлер өзең маңын сағат 14:00-ден бастап 21:00-ге дейінгі аралықта дамыл-сыз патрульдейді.

Т іпт і , күнн ің ыстық-суығы да оларға кедергі емес. Бір сөзбен айтқанда, қайықтағы сақшылар

ҚАЙЫҚТАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫР-СЫРЫЕЛІМІЗДІҢ ТƏРТІБІ МЕН ТЫНЫШТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ЖҮРГЕН ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫНА ЖҮКТЕЛЕТІН МІНДЕТ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН АРТПАСА КЕМІГЕН ЕМЕС. ОЛАРДЫҢ ТАПСЫРЫЛҒАН МІНДЕТТІ МІНСІЗ АЛЫП ЖҮРУМЕН ҚАТАР ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТАЛМАЙ ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕНДЕРІНЕ КУƏ БОЛЫП ЖҮРМІЗ. ОСЫҒАН ДЕЙІН ОЛАР ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК, АТ, ВЕЛОСИПЕДТЕРГЕ ОТЫРЫП ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП КЕЛСЕ, ОСЫ ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНАН БАСТАП ЕЛОРДАЛЫҚ САҚШЫЛАР ҚАЙЫҚҚА МІНІП, ӨЗЕН-КӨЛДЕРДІ ДЕ БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ. ЕСІЛДЕН АҚБҰЛАҚ ӨЗЕНІНЕ ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚТА ҚАЙЫҚПЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫМ-ҚУЫТ ТІРЛІГІМЕН БІЗ ДЕ ТАНЫ-СЫП ҚАЙТТЫҚ.

сатыр-сұтыр жауын, алай-дүлей желге, шақырайған күнге қарамай күнделікті қызмет етеді. Бұған өзіміз де куə болдық. Олай дейтініміз, с ақшылар қайықтарына м і н і п , қызметтеріне кірісіп жатқан кезде күтпеген жерден жауын жауды да кетті. Алайда, «Kazboat-47» қайығы барлық жағдайда оларға қорған бола алады. «Мəселен, жаңбыр жау-ып кеткен кездері қызметтіккатердің шатыры көтеріледі. Бұдан бөлек, полицияның қайығы дабыл, жыл-жымалы радиоқұрылғы жəне басқа да қажетті арнайы құралдармен, сондай-ақ, құтқару күртелерімен, ө р т с өнд і р г іш қ ұралдар жəне а л ғ а ш қ ы м е д и ц и н а л ы қ к ө м е к көрсетуге арналған қобдишамен жабдықталған. Жəне де қайықтың к о р п у с ы ж е ң і л , қ о з ғ а л т қ ы ш ы қуатты, оған қоса қайық жеңіл қозғалатындығымен өте қолайлы болып о тыр . Б і р а қ б ұл к еме -де жылдамдық өлшемі жоқ, жел қарсы бағыттан болса, сəйкесінше ж ы л д а м д ы қ т а б ə с е ң д е й д і . Қозғалтқыштың қуаты 60 аттың күшімен тең. Қайықтың ұзындығы

– 4,88, ені 1,75 метр, құрылымдық көлем і – 250 кел і , жүк көтеру мөлшері – 700 келі», – деді қайық жүргізушісі Владимир Потупалов. Ал бұл полиция жасағының марш-руты Сарыарқа көпірінен басталып, Ақордаға дейін жалғасады. Күніне екі қызметкер кезекшілікке түседі, одан бөлек бір-екі қызметкер ауы-сымда болады.

ЕСІЛ ЖАҒАСЫНДА «ЕСІРЕТІНДЕР» ДЕ БАР

Өзен бойында көбіне-көп ұсақ құқық бұзушылықтар орын алатыны айтпаса да түсінікті. Есіл жағалауы жастардың кешқұрым уақытта бас қосатын орны болғандықтан олар бұл жерде тəртіп бұзушылыққа жиі жол береді. Қарапайым ережені ұстана бермейтін жастар жағы тыйым салынған жерлермен жүріп, қауіпсіздік ережелерін елемейтін көрінеді. Ал Есіл жағалауында спирттік ішімдік ішіп, өзеңге қоқыс тастап, жиегінде велосипед тебетіндерге ескерту шаралары қолданылады. «Тағы бір айта кететіні, Есіл жағасында тек қана қармақпен ғана балық аулауға рұқсат етілген. Яғни, ау құрып балық аулауға тыйым салынған. Алайда, дəл Есіл өзеніне ау тастап, балық аулайтындар жоқтың қасы», – деді өз сөзінде Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік полиция полкінің штаб бастығы, полиция аға лейтенанты Қуаныш Еркінов.

Түс ауа уақытта қайықтағы по-лицейлермен Сарыарқа көпірінен қозғалдық. Қуықтай ғана қайыққа мінгескен полиция қызметкерлерінің соңдарына ілестік. Олар қайықпен өзеннің бергі бетінен арғы бетіне дейін бір шолып өтті. Сол мезетте арқаны кеңге салып Есіл жағалауында

тынығып отырған жастарға қарай бет алдық. Есіл жағасының жиегінде отырған кезде шалт қимылдап қалсаң, сырғып кетуін мүмкін. Сондықтан да тəртіп сақшылары саябаққа демалуға келген тұрғындарға қау іпс ізд ік ережелерін сақтауға кеңес беріп, өзен-көлдердің тұнығын лайлама-уларын сұрады. Өйткен жағдайда, ұсақ құқық бұзушылық үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылатындарын да ескертті.

«Бір байқағанымыз, көбіне жастар жаға жиегінде шешініп тастап отыра-ды. Бəлкім, суға шомылуға оқталатын шығар. Ол жағы бізге беймəлім. Əйтеуір, Есіл жағасында шомылуға болмайтынын айтып түсіндіріп, суға түсуге арналған арнайы жағажайға жол көрсетеміз. Осылайша, қызмет көрсету аумағымыздың тəртібіне бас-көз болып, қырағы қадағалап, құқық бұзушылықпен күресеміз. Қарап отырсақ, жұмыс уақытында Сарыарқа көпірінен Ақордаға дейін 4-5 рет ба-рып келеді екенбіз», – дейді полиция сержанты Нұрсұлтан Темірғалиев.

А й т а к е т е й і к , қ а й ы қ т а ғ ы сақшылар жол-патрульдік поли-ция қызметкерлері секілді толық ж а б д ы қ т а л а д ы . Я ғ н и , о л а р -да қару , резеңке таяқшалары, қолкісен, жылжымалы радиостан-са, бейнетіркегіштер жəне құтқару жилеттері өздерімен жүреді.

Сондай-ақ, ауқымды мереке күндері олар да өзге əріптестері секілді күшейтілген қызмет түріне көшіп, түннің бір уағына дейін тəртіпті бақылайды. Биыл жаңадан құрылған қайықтағы полиция жасағы қызметті қыркүйек айына дейін алып жүреді.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суреттер Əсет СЫЗДЫҚОВТІКІ

Page 5: Сақшы №41 (4207)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№41 (4207), бейсенбі, 2.06.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

АСТАНА ҚАЛАСЫ МКҚБ

Астана қаласы МКҚБ да бұл ұстанымды берік ұстанған мекеменің бірі. Жақында қатарға жаңадан қосылған жас мамандарды ішкі істер органдарындағы қызметке бейімдеу мақсатында елордалық МКҚБ-да жас қызметкерлер мен олардың тəлімгерлерінің слеті ұйымдастырылған болатын.

Аға буынмен тəжірибе алмасу, жастардың тың идеяларына құлақ асып, ортақ міндетті абыроймен алып жүруді мақсат тұтқан игі шара қаланың «Орталық сайлау комиссиясы» ғимаратында өтті.

Іс-шара барысында тəлімгерлер өздеріне бекітілген жас қызметкерлердің жетістіктері, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасулары бойынша атқарып жатқан

Айталық, 2016 жылдың 3 айында қызметі жəне нақты көрсетк іштер і ү ш і н 9 қ ы з м е т к е р м а р а п а т т а л ғ а н . Бұл – былтырғымен салыстырғанда біршама көп.

І І М - н і ң № 1 8 - 1 8 -4 - 1 4 / 4 5 3 - И ж ə н е қызметтік автокөліктерді қызмет уақытысында т и і м д і п а й д а л а н у -ы н ж ə н е қ ы з м е т т і к автокөліктерге қатысты келеңсіз жағдайлар мен төтенше оқиғалардың алдын алу мақсатында І ІМ-н ің 2006 жылғы 17 шілдесіндегі №357 бұйрығымен бекітілген «ҚР ІІМ комендаттық п а т р у л ь д е р д і ң ж ұ м ы с ы ж ө н і н д е г і » нұсқаулығына сəйкес О ң т ү с т і к Қ а з а қ с т а н облыстық ІІД-нің жеке құрам қызметкерлерінің н ы с а н д ы к и і м к и ю , қызметтік этика ережелерін сақтауын бақылау, заңдылық пен тəртіпті сақтауды қалыпты ұстап тұру , қызметтік жəне жеке автокөлікті пай-далану, жолда жүру ережелерін бұзу жайттарын болдырмау мақсатында шығарылған Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Арыс аудандық ІІБ б а с ш ы л ы ғ ы б ұ й р ы қ т а р ы н ы ң негізінде құрылған коменданттық патруль тобының қызметкерлерімен комендаттық іс-шаралар жүргізіліпті.

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, ре-формалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру жəне 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бой-ынша жеке құрам қызметкерлерімен б і р л е с е о т ы р ы п і с - ш а р а л а р ұйымдастыру, ҚР Президентінің «Нұр Отан» партиясының XXVI съезінде көрсетілген барлық бағыттағы талап-

Жақында Ішкі істер департаменті Жерг іл і кт і полиция қызмет ін ің кезекші бөліміне Уəлиханов көшесінің бойындағы аулалардың б ір інде кəмелетке толмаған жасөспірімді көлік қағып кетті деген ақпарат келіп түскен. Көлік жүргізушісі болған жол-көлік апаты жайында полицияға хабарламастан оқиға орнын тастап кетіп қалған. Дереу іске кіріскен іздестіру бөлімінің қызметкерлері же-дел іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді.

Оқиғаның мəн-жайын кейін өз аузынан баяндап берген «Мазда» көл і г і н ің жүрг і зуш і с і : «Айнаға қарағанда артымда ешкім болма-ды. Жан баласының жоқтығына кө з жетк і з г еннен кей і н артқа шегіне бастадым. Кенет бірдеңеге со ғылғанымды сез і п , көл і к тен шықтым. Жолдың арғы жағында үсті-басын қағып жатқан баланы көрдім. Одан «Бəрі дұрыс па, еш жерің ау-ырмады ма?» деп сұрағанда, ол «жоқ бəрі жақсы» деп жауап берді. «Ата-анаңа хабарласайық» деп едім, ол «жоқ, керегі жоқ» деді. Мен оған өзімнің нөмірімді бердім. 10 күн бойы ешкім хабарласпады», – дейді.

Кейіннен 10 жастағы баланың бұл оқиға жайында ешкімге айтпағаны белгілі болды. Тек біраз күннен кейін ғана өзін нашар сезінген жасөспірімді ата-анасы ауруханаға апарған.

«Жауап алу барысында жүргізуші жазбаша көрсе тпе берд і . Б ұл факті бойынша ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-ба-бымен əкімшілік өндіріс қозғалып, іс материалдары одан əрі тергеу үшін Петропавл қалалық ІІБ-не тапсы-рылды», – деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті по-лиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Мадияр Харипов.

Осыған ұқсас тағы бір жол-көлік апаты Сəтпаев көшесінде тіркелген. Жаяу жүрг іншілер жолында б ір

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Өткен жылы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне енгізілген жаңа штатқа байланысты қатардағы, кіші жəне бас-шы құрамның бос лауазымдарына байқау жарияланған болатын.

Байқау қорытындысы б о й ы н ш а 1 5 0 ж а с қызметкер іріктеліп алын-ды. Бұған дейін Өрт сөндіру мекемес інде мұншама қызметкерді іріктеп алу жағдайы болмаған. Бұл дегеніңіз азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің штаттық санының 20 пай-ызын жаңадан қызметке орналасқан қызметкерлер құрайтындығын көрсетеді деген сөз. Қызметкерлердің аталған дəрежесі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік, тəртіптік жəне əскери заң бұзушылықтарға жол бермеу, заңдылықтарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің неғұрлым кəсіби дайындық дəрежесі жоғары қызметкерлерінен тұратын тəлімгерлер қауымы жас буын өкілдеріне үнемі тəлім-тəрбие беруге үлкен үлес қосып келеді.

Осыған орай жақында қызметке жаңа қадам басқан жас қызметкерлерді кəсіби білімдерін арттыру, тəлімгерлік рөлін көтеру мақсатында азаматтық қорғаныс саласының жас қызметкерлерімен жəне олардың тəлімгерлерімен өңірлік слет өткізілді.

Шарада алғаш болып сөз алған Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Шайкрамов бүгінгі қатысушы қонақтарға өзінің жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, азаматтық қорғау саласының құрметті ардагері Юсуп Бешли-оглы да көпшілік ортасынан табылғанын атап өткен жөн. Олар өрт сөндіру саласының қиын да күрделі мамандықтардың бірі екендіктерін тілге тиек етіп, жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлерге қызметте табыстар тіледі.

Сонымен қатар, слетке Жамбыл облысы ТЖД, Өрт сөндіру қызметінің, қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы мен Кəсіби даярлық мектебінің тыңдаушылары қатысты.

Шара кезінде сөз алған департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Евгений Мершиев ағалық ақыл-кеңесін айтса, басқарманың бас маманы, лейтенант Асқар Абдуалиев тəлімгеріне берген тəлім-тəрбиесі үшін алғысын білдірді. Байзақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері, азаматтық қорғау майоры Гүлнəр Жамантаева мен оның шəкірттерінің бірі – азаматтық қорғау лейте-нанты Ильяс Рысалдиев те қоян-қолтық бірлесе жұмыс атқарып жатқандықтарын мақтанышпен жеткізді. Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бекмұрат Сұрабалдиев болса қадір тұтатын тəлімгерлерінің бірі Юсуп Бешли-оглы екендігін ерекше атап өтті.

Шараға қатысушылар сыр-сымбаты жарасқан нəзік жанды қызметкерлердің де жылы лебіздерін ерекше ықыласпен қабылдады. Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчері Жұмагүл Утеулиева диспетчерлердің шұғыл əрі жауапты да күрделі жұмысынан сыр шертіп, əріптестерінің ерлік істерін тасада қалдырмай сөз етіп, тіпті олар өртке шыққан уақытта уайым шегетінін де жасырмады.

2015, 2016 жылдары Жамбыл облысының жас қызмектерлерінен, атап айтқанда, қыздар құрама командасы спорттық додада топ жарып, əйелдер құрама командаларының қатысуымен Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының XXIV Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионатында жүлделі бірінші орынды қанжығаларына байлағаны белгілі. Сол уақытта командаға жетекшілік еткен азаматтық қорғау лейтенанты Ескендір Əйділда азаматтық қорғау сержанты Нұрсұлтан Сейткалиев жөнінде де ерекше тоқталып, оның чем-пионатта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін тілге тиек етті.

Шараға қатысушы барша тəлімгер мен жас қызметкерлер алғыс хаттармен жəне грамоталармен марапатталды.

Мадина ГАРИФОВА

БІРЛІГІ БЕКЕМДЕЛГЕН БӨЛІМСабырбек ОЛЖАБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облысы

ІІМ-НІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 26 МАУСЫМДАҒЫ «ҚР ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТƏРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ƏДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН БЕКІТУ ТУ-РАЛЫ» №564 БҰЙРЫҒЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛҒАН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРЫС АУДАНДЫҚ ІІБ-ДЕ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ТƏРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ТƏРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА БІРҚАТАР ІС-ШАРА АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ.

ЖОЛДА САҚ БОЛ, ЖАСӨСПІРІМ!Ерлан МАХМЕТОВ, Солтсүтік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҚАРСАҢЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАП, САҚ БОЛУЛАРЫН ЕСКЕРТЕДІ. «ƏСІРЕСЕ, ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БОЛАТЫН ЖОЛ-КӨЛІК АПАТТАРЫНЫҢ ЖИІЛЕУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЕКІ ЕСЕ САҚ БОЛУЛАРЫ ТИІС», – ДЕЙДІ МАМАНДАР.

Тəлімгер. Тəжірибе. Талап ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕГЕУРІНДІ ТƏРТІПКЕ БАУЛЫП, ТЕРЕҢ ТƏРБИЕ БЕРУ. ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН АРТТЫРЫП, ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІН АДАЛ АТҚАРУҒА ОҢ БАҒЫТ СІЛТЕУ. МІНЕ, ЖЕР-ЖЕРДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ТƏЛІМГЕРЛЕР СЛЕТІНІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ ОСЫ.

жұмыстары туралы баяндама жасаса, жас мамандар ішкі істер органдарындағы қызметке бейімделуі жəне кəсіби қалыптасуы тұрғысында ойларын ортаға салды.

Ал, Астана қаласы МКҚБ-ның психологтары шара барысында жас маманның ұжымда қалыптасуына психологиялық тұрғыда сүйемелдеуге бағытталған əдістемелік нұсқаулықтармен таныстырып, бейнероликтер көрсетті.

Сонымен қатар, шара шеңберінде жас қызметкерлерді ел егемендігінің дара жолымен, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тарихи рөлімен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайына экс-курсия ұйымдастырылды.

Бұдан басқа жас полицейлерді идеологиялық жəне патриоттық тəрбиелеу, ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының əскери жəне жауынгерлік тарихымен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Əскери-тарихи музейіне, сондай-ақ, ғасырлардың таңбасы мен табы қалған жəдігерлер, археологиялық, этнографиялық жəне мəдени ескерткіштермен толыққан ел тарихында алғаш рет ашылған Ұлттық мұражайға ұжымдық саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында жас маманды кəсіби қызметке бейімдеуге бағытталған тəлімгерлік жұмыстарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тəлімгерлер жəне жас мамандар Ішкі істер министрінің құзырымен марапаттауға ұсынылды.

тарды орындау, «100 нақты қадам» – Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарына сəйкес тиісті бағыттарымен жұмысты жандандыру бөлім басшыларының ұдайы назарын-да. Сонымен бірге, ҚР Президентінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Ж а р л ы ғ ы м е н б е к і т і л г е н « Қ Р мемлекеттік қызметшілерінің əдеп кодексінің» талаптарын бұлжытпай орындауға көңіл бөлінуде екеніне көзіміз жетті.

Арыс аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Алым Садықов, бөлім инспекторы, полиция капитаны Шыңғыс Омаров жəне полиция аға лейтенанты Ерлан Бейдалиев жеке құрам арасындағы тəрбие жұмыстарын жандандыру, əр полицейді жедел қызметтік мақсатқа жұмылдыру, осылайша, толайым табыстарға жету жолында үнемі күресіп келеді жəне ол табыссыз да емес.

Айталық, Арыс аудандық ІІБ-н ің кадр саласы бойынша 3 ай көлемінде 5 қызметкердің шені жо ғ арылатылыпты . Бөл імде 4 қоғамдық құрылым – офицерлік, полицейлік, тəлімгерлік жəне арда-герлер кеңесі жұмыс істейді. Жас мамандарды дайындау жəне олар-ды тəрбиелеу үшін əрбір жас по-лицейге тəлімгерлер бекіт ілген. Тəртіп сақшыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырып, оларды елге адал қызмет етуге тəрбиелеу мақсатындағы жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Мереке күндері бөлім басшы-лары мен қоғамдық құрылымдар бірлесе отырып түрлі іс-шаралар өткізеді . Мəселен, мерекелерде жас полицейлердің ата-аналары-мен кездесу, қызмет барысында қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету сияқты жұмыстар үнемі жалғасын тауып келеді. Бір ғана мысал.

Арыс аудандық ІІБ бастығы, поли-ция полковнигі Нұрлан Исабековтің бұйрығымен «Халықаралық əйелдер күн і» мерекес і а талып өт і лд і . Бөлімдегі барлық қыз-келіншекке бағалы сыйлықтар мен 50 мың теңге көлемінде əрқайсысына ақшалай сыйлықтар берілді.

Арыс аудандық ІІБ Уақытша ұстау изоляторының бастығы қызметінен зейнеткерлікке шыққан полиция ка-питаны Аман Бердіқұлов ұзақ уақыт науқастан соң қайтыс болған еді. Оның жұбайы Қымбат Бердіқұловаға мерекеге орай бағалы сыйлық жəне 75 мың теңге ақшалай көмекті жеке құрам жəне Арыс аудандық ІІБ Ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Аймағанбетов үйіне арнайы барып табыс етті.

Сондай-ақ Наурыз мерекесіне орай түрлі спорттық іс-шаралар өткізілді. Жеңімпаздар бөлім бастығының сыйлықтарымен марапатталды.

Арыстық полицейлер арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың қалыпты екеніне əрдайым көзіміз жетіп жүр. Əр сапарымызда олардың бір іс-шарасының үстінен түсеміз.

«Бұқаралық спорт, түрлі мəдени іс-шаралар, тағылымдық жиын-дар полицейлерді шыңдай түседі. Бойлары сергек, ойы ояу болады. Сондықтан біз күн сайын дерлік пайдалы жұмыс істеуге тырысамыз. Оның ішінде қайырымдылық іс-шараларды да ұмытпаймыз», – дейді аудандық ІІБ бастығының орынба-сары, полиция подполковнигі Алым Садықов.

бүлдіршінді автокөлік соғып кет-кен. Көлік иесі жол апатынан кейін оқиға орнына бірден полиция мен жедел жəрдем шақыртады. Ал 9 жастағы жасөсп ір ім түрл і дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

« М е д и ц и н а л ы қ к ө м е к көрсетілгеннен кейін бала үйіне жібер ілд і . Ал 23 жастағы көлік иесіне жүргізілген медициналық куəландыру қорытындысы жол-көлік апаты кезінде жүргізушінің сау болғанын көрсетті. Бұл факті бойынша ҚР ƏҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлімі бойынша материал жи-налды. Осы баптың санкциясы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде əкімшілік айыппұл салуды көздейді», – дейді Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция

қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Шəмшиден Ақышев.

ІІД Жергілікті полиция қызметінің ақпараты бойынша, осы жылдың төрт айында облыс жолдарында кəмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған 4 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апат салдарынан 4 бала жарақат алған. Өткен жылы 11 жол-көлік апа-ты тіркесе, соның салдарынан 1 бала қайтыс болып, 11-і жарақат алған.

Ата-аналардың назарына! Жазғы демалыс кезінде балаларыңызға бақылауды күшейтуіңізді, олардың қайда жəне кіммен жүргенін білу қажеттігін, жол қауіпсіздік ережелерін бұзбау керектігін, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға туралы дереу полицияға хабарлауыңызды жəне жедел жəрдемге жүгінулеріңізді сұраймыз.

Page 6: Сақшы №41 (4207)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№41 (4207), бейсенбі, 2.06.2016 е-mail:[email protected]

ТАРИХ. ТҰЛҒА. ТАҒЗЫМ

31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

Президент Н. Ə. Назарбаев 1997 жылы 31 мамыр күнін саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп белгіледі. «ХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы жап-пай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамға қайғы-қасірет əкелді. Қазақ халқының көрнект і перзенттері – Шəкəрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сəкен Сейфуллин, М а ғ ж а н Ж ұ м а б а е в , Б е й і м б е т Майлин жəне басқа да көптеген с а ң л а қ т а р ы м ы з қ у ғ ы н - с ү р г і н құрбандары болды» деп Елбасымыз атап көрсеткендей, бұл жылдарды еске алып, тарихымызға тəу етіп, бүгінгі арқалаған аманат пен ертеңгі болашақтың мəнін тану, маңызын ұғыну əрбір қазақстандық үшін басты міндет.

1924-1933 жылдардағы аштық 2,5 миллион қазақтың өмірін жалмаған. Қазақстанда 1937-38 жылдары 107 мың адам репрессияға ілігіп, 27 мыңы атылған. 1921-1953 жылдар аралығында жалпы Кеңес халқының 5,5 миллион азаматы қуғын-сүргінге ұ ш ы р а ғ а н . Ол а р д ы ң 6 4 2 9 8 0 - і атуға кесілген. 2369220 адам кемі 5 жыл немесе 25 жылға лагерьге айдалған, түрмеге қамалған жəне ұзақ мерзімге жер аударылған. Тұтқындарды қамау үшін 53 лагерь құрылған, ал түрмелердің саны 30 мыңнан асып жығылған. Қазақстанда Карлаг, Степлаг, Алжир деген ата-умен арнайы лагерьлер жұмыс істеген. Қазақстанның өзінде «халық жауының» əйелі болғаны үшін 18 мың əйел азап лагерінен өткен.

Өктем халықтардың отар елді əрқашан да тұқыртып ұстауы əуелден мəлім жай. Екі ғасырға жуық патша өкіметі жүргізіп келген аяр саясат Кеңес өкіметі тұсында өрши түспесе кеміген жоқ. 1919 жылдың басына қарай Қазақстанға кеңес билігі орныға бастады. Алаш қайраткерлеріне кешірім жасалды. «Ақ болсын, қызыл болсын бəрiбiр, мен тек қазақ ұлтын тебiннен құтқарып, соның мүддесiн қорғайтын мемлекеттi жақтаймын», – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өзге де Алаш қайраткерлері енді

СƏКЕН жəне ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫXX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ ҚАЗАҚ ҮШІН БІРНЕШЕ БИЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ АУЫ-СУЫМЕН ҚАТАР, АЛАПАТ АШАРШЫЛЫҚ ПЕН ЖАППАЙ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАТҚАН АУЫР ЖЫЛДАРМЕН БАСТАЛДЫ. ҚАЗІРГІ КҮНДЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫ РЕТІНДЕ 1921 ЖЫЛДАН 1953 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫН НЕГІЗГЕ АЛЫП ЖҮРГЕНІМІЗБЕН, РЕСЕЙ БИЛІГІНЕ ҚАРАҒАН ҮШ ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ УАҚЫТТА БАС КӨТЕРЕР АЗАМАТТАРҒА ҚАРАТЫЛҒАН ЖАЗАЛАУ МЕН ҚУДАЛАУ БІР СƏТКЕ ДЕ ТЫНҒАН ЕМЕС. ҒАСЫРЛАР БОЙҒЫ ОСЫНДАЙ АЛАСАПЫРАН ҰЛТТЫ ҚҰРТЫП ЖІБЕРМЕСЕ ДЕ, РУХ-СЫЗ, ҚОРҚАҚ, ЖАЛТАҚ МІНЕЗДЕРГЕ ШАЛДЫҚТЫРДЫ.

Кеңес үкіметі мүмкіндік берсе, ұлтына адал еңбек етіп, ойға алған ұлы мақсаттарын қолдан келгенше орын-дап қалуға тырысты. Алайда үкімет билігі күшейіп алғанша ғана қулық жасаған кеңестік құрсау сорпа бетіне шығар зиялы қауымға қайта шүйлікті. Əлихан Бөкейханды Қазақстан жерінен шеттетті. Артына аңду салып, əр басқан қадамын қадағалап отырды. Əуелі 1921-1922 жылдардағы аштық кезінде аштан қырылған елге көмек көрсету үшін елден мал жинаған қайраткерлерді Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліс ұйымдастырды деген жала-мен ұстайды. Алғашқы құрбандардың бірі болып Жүсіпбек Аймуытов атылып кетті. Шетелге қашпақшы болды деп Шəкəрім Құдайбердіұлын сұраусыз атып тастады. Одан əрі Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Смағұл Сəдуақасовқа қара бұлт төнеді. Бірінен соң бірін ұстап, түрмеге жап-ты. Əрине, бұрынғы «Алашорда» мүшелерін тазалап болған соң, ке-зек Кеңес өкіметіне шын сенген, оны ортануға еңбек еткен ұлтшыл қайраткерлерге келеді. Отаршыл өкіметтің мақсаты қарауындағы бо-дан елде ешбір бас көтерер азамат қалмауы керек еді.

Сталин Қазақстандағы бас кесері болған Ежовты Мəскеуге алдырып генарал атағын беріп, қазір бізге бағынбаушылық, ұлтшылдық көбейіп бара жатыр, жалпы жағдай əрдайым назарыңда болсын деп нұсқау береді. Ол Қазақстанның НКВД басшыларына «Мұхтар Əуезов неге əлі бос жүр, мен оны бұрыннан білем» деп телефон соғады. Сол кезде республиканың бас газеттерінде халық жаулары туралы мақалалар жиі басыла бастайды. Онда

Сəкен Сейфуллиннің де аты аталады. Соның алдында Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Левон Мирзоян қазақтың бірінші ақыны деп өз қолымен Сəкеннің кеудесіне «Еңбек қызыл ту» орденін таққан болатын. Бұл оқиғадан кейін Сəкен Мирзоянның қабылдауына жазылып, мəселенің мəнісін сұрайды. Сонда Мирзоянның «Қымбатты Сəкен! Қазір газеттер менің бақылауымнан шығып кетті», деген сөздері архивте сақталып қалған деген мəлімет береді профессор Тілеу Көлбаев.

Осы процестердің қалай жүріп отырғаны туралы ГПУ тергеушісі коммунист Ф.Иванов «БКП(б) Қазақ өлкелік комитетіне – Голощекинге жəне Сəдуақасовқа ГПУ қызметкерлерінің жауапты қазақ қызметкерлерінен мəліметтерді іс жүзінде қалай жинай-тыны туралы» мынадай мағлұмдама жазды.

«Қызылорда қаласы. 1926 жыл 10 қыркүйек.

Мен, ГПУ-дің қызметкері, Шишко, Б е р е с т и н , О з о л , А л ь ш а н с к и й сияқты губерниялық еуропалық қызметкерлер тобының жүргіз іп отырған саясатына көзбе-көз куə боп отырғандықтан да мынаны мəлімдеуді парызым деп есептеймін: бұл топ өзінің қарамағындағы барлық күш пен мүмкіндікті пайдаланып, жинақталған материалдарды қазақ қызметкерлерінің соңына түсіп, қудалауға қасақана бағыттап отыр» деп басталған бұл хатта, «ГПУ-дің жүргізіп отырған кезек күттірмейтін төтенше істерінің басты жұмысы жа-уапты қазақ қызметкерлерінің үстінен жалған деректер жинау болып табыла-ды» деп көрсетеді. Жалған деректерді

жинау үшін қылмыскерлерді жалдау, барымташыларды тұтқындап, жалған көрсетінді жаздыру; тінту жұмыстарын күшейтіп, қазақ қызметкерлерін бір-біріне қасақана айдап салып, бір-бірін кінəлату секілді тəсілдер қолданып отырғанын айтады. «ГПУ-дің төтенше шараларының нəтижесінде кедей-лер мен орта шаруаларды қазақ қызметкерлеріне жолатпай, олардың арасына жік түсіру үшін жыл сайын ондаған кедей құрбандыққа шалы-нады. Біз оларды өз қолымызбен өлтірмесек те, орыс бұзақыларының қолымен көз ін жоямыз. . . Орыс тұрғындарына: барымтаны, тонау-ды ұйымдастырушылар солар деп көрсетеміз, ол ойымыз жүзеге аспаған жағдайда, бұл қылмысты орыс кулак-тары мен атамандарына, қазақтың рубасыларына аудара саламыз. Бұл – Қазақстан жағдайында жауапты қазақ қызметкерлеріне қарсы күнделікті қолданылып отырған ең ұтымды əдіс...» [Жұртбай Т. «Ұраным Алаш». «Ел-шежіре», 2008. 128 б.]

Жоғарыдағы арандату мен жала жабудың қитұрқы тəсілдері барлық қуғын-сүргін құрбандарына жүргізілді. Ұлтым деп, тілім деп арпалысып, билікте отырсын, баспасөзде бол-сын өз ойын ашық айтып, тайсалмай күресіп жүрген Сəкеннің де соңында қаншама жала мен көрсетінді қатталып жатты. «Біздің қазақ коммунистерінің кейбіреуі қазақ тілі туралы қатты кірісуге: «біреу ұлтшыл деп айтады...» деп бой тартады. Бірақ бұл қулық, ..., ол – жарамсақтық, жағымпаздық. Кейбір сасық, жалмауыз демагог өзін «жақсы коммунист екен» деп айтсын деп, қазақ тілін кіргіземін деп жүрген белсенді адамдарды «анау ұлтшыл, мынау ұлтшыл» деп жүр, одан қымсынбай, айылын жимай іске кірісе беру керек» деп бар қайратын жұмсап, кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізуді жүзеге асырғанда, «қазақты қазақ дейік, сая-си қатені түзетейік» деп ұлттың атын қайта қайтарып əпергенде, Ахмет Байтұрсыновты ұлықтап, елу жылдық мерейтойын өткізгенде Сəкен өзінің де қара тізімге еніп кеткенін білген жоқ. «Жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі

халықтардың қатарына қосылуы ке-рек» деп армандап, Кеңес өкіметінің оған жеткізетініне сенді. Өзі өкіметті басқарған екі жыл ішінде ол бар күшін ұлт болашағына арнады. Оқу-ағарту саласын күшейтуге, халықты сауаттандыруға тырысты. Бірақ Сəкен алданған еді. Кеңес өкіметі ақыры дегеніне жетті. Қазақтың тектілерінің тамырын бірте-бірте үзді де, айтқанына көніп, айдағанына жүретін көнбіс бас-шылар билікке келді.

Бұған дейін Колчактың қамауын көрген, түрме азабын татса да мойымаған Сəкенді өзі құрған өкіметі 1937 жылдың 24 қыркүйегінде абақтыға қамады. Сəкентанушы ғалым Амантай Кəкен: «КСРО Жоғарғы сотының көшпелі əскери коллегиясы Алматыда, 1938 жылдың 25 ақпанында, 16 сағат 40 минутта Сəкеннің қылмыстық ісін қарады. Сот істі 20 минуттың ішінде қарап, Сəкен Сейфуллинді ату жаза-сына кесті. Архив құжаттарына сенсек, сол күні 39 адамның ісі қаралып, бəрі атылып, құжаттары қатталған» дейді. Арыстардың өзінің ғана көзін жоюды аз көрген жауыз өкімет, құрбандардың бүк іл əулет ін құртып ж іберуге тырысқан. Сəкеннің əкесі Сейфолла да көп өтпей, КарЛАГ-та атылған. Інісі Мəлік із-түзсіз жоғалған. Сəкеннің өзге де туыстары, қарындасы, күйеу бала-ларына дейін қудалауға ұшырайды.

XX ғасырдың басы қазақ үшін жап-пай ояну дəуірі болды жəне жап-пай қудалауға ұшырады. Отаршыл саясатқа қарсы жүйелі ақылмен, саяси тəсілдермен жəне халықты ағарту жолымен күрестер жүріп өтті. Ұлы мұраттың соңына жете алмады десек те 30-40 жыл ішінде арыстарымыз артына мол мұра қалтырып, болашақты ама-наттап кетті. Алаш пен Сəкеннің жолы бөлек болды десек те, ортақ бір мүдде – ұлт мүддесі үшін тілектері тоғысып жатқан. Сакентанушы, филолог-ғалым Тұрсынбек Кəкішев «Сəкеннен кейін бірде-бір өкімет басшысы қазақ тілінде іс жүргізу былай тұрсын, қазақша сөйлеуден қалды» деп көрсетеді. Бүгінгі таңда тəуелсіздік алып, өз алдымызға ту тіккенімізбен де, саңлақ Сəкендер көтерген мəселелердің əлі де бір түйіні шешілмей жатқанын көзімізбен көріп отырмыз.

Есбол НҰРАХМЕТ, С.Сейфуллин мұражайының

ғылыми қызметкері

Полиция қызметкерлерінің жəне Оқу орталығы тыңдаушыларының та-рихи сезімін қалыптастыру жəне мəдениеттілік деңгейін арттыру, оларды тарихқа тарту – ІІМ Павлодар қаласындағы Оқу орталығы басшылығының басымды тəрбие бағыты.

Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жəне аштық күніне орай идеологиялық жəне тəрбие жұмыстарын арттыру шеңберінде Оқу орталығының қызметкерлері мен тыңдаушылары Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Есімдер жадымызда!» атты еске алу кешіне қатысты. Онда саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары көзінің қарашығындай сақтаған құжаттармен танысты. Ресми мəлеметтерге сүйенсек, Павлодар облысы бойынша 4360 адам қуғын-сүргінге ұшыраған, НКВД үштігімен 2450 адам сотталған, ату жазасына 932 адам кесілді. 30-жылдардағы елімізде болған репрессиялар жайлы Кеңес кезінде ашық айтылмаған, 50-жылдардан бастап жазықсыз қудаланғандардың есімдері ақталып, ұрпақтарына əкелерінің ақ бейнелері қайта оралды. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін осы тақырып жөнінде мұражайда жаңа экспозициялар ашылды. Содан кейін Оқу орталығының қызметкерлері мен тыңдаушылары аштықтан қаза болғандардың жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Адамзаттың басынан кешірген қасірет ұмыт болған жағдайда, оның уақыты өте қайталануы хақ. Бұл күн жазықсыз қуғын-сүргінге ұшараған аға ұрпақтарды еске алу күні, өскелең ұрпақ, еліміздің болашағы үшін мəңгілік есте ұстайтын, тарихи, ұмытылмайтын əрі рухани, мəдени жетуліге апа-ратын киелі күн. Тарих – өшпейтін із, бұрмаланбайтын жол. Ер есімі – ел есімде!

Ежелгі ғұламалардың айтуынша, қасіретті ұмытса, ол қайталанады. Өйткені, еске алу біз үшін репрессия режимі құрбандары алдындағы міндетті атқару ғана емес, өткен қателіктерді қайталаудан сақтану үшін қажет.

Шараға №5 гимназия, №7 мектеп-гимназия, «Даналық» медициналық колледжінің студенттері, 5573 əскери бөлім сарбаздары, тыл еңбеккерлері, е ң б е к а р д а г е р л е р і , С а р ы а р қ а ауданының тұрғындары қатысты. Қ у ғ ы н - с ү р г і н ж ə н е а ш а р ш ы л ы қ қасіреті əрбір отбасыға, əрбір адамға əсерін тигізбей қойған жоқ. Құрбанға ұшырағандардың саны миллиондар-мен есептеледі. Көпшілігі Қытайға, Ауғанстанға, Ресейге жəне басқа елдер-ге жер аударуға мүжбүр болды.

Шараны ұйымдастырушылардың ал-дына қойған мақсаты – адам айтқысыз трагедияны жастар мен балалардың санасына сіңіріп, қазақстандық жаңа ұрпаққа жеткізу. Осы зұлмат жылдары қаза болғандарды еске алу, «1932-1933

ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЗОБАЛАҢЫДəметкен БЕКОВА, Астана қаласы

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНІҢ ТАРИХИ-МƏДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖƏНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ САҚТАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖƏНЕ ТОТАЛИТАРИЗМ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ «АЛЖИР» МЕМОРИАЛДЫ-МҰРАЖАЙ КЕШЕНІМЕН ЖƏНЕ САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІМЕН БІРЛЕСКЕН «ОПЫҚ ЗАМАН ЖАДЫНАН…» КЕШІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. ШАРА «1932-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ» МОНУМЕНТІНІҢ ЖАНЫНДА ӨТКІЗІЛДІ.

Нұрлан АШЫҚБАЕВ, Павлодар қаласы

31 МАМЫР ЖАЗЫҚСЫЗ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН ЕЛ АЗАМАТ-ТАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ. БҰЛ КҮН – ЖЫЛ САЙ-ЫН ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП ЖАТАТЫН ӨТКЕН КҮНДЕРДІҢ ЗҰЛМАТЫН ЕСКЕ ТҮСІРІП, СОЛ ЖЫЛДАРДЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ ТУРАЛЫ ҰРПАҒЫНА ЕСКЕ САЛЫП ОТЫРАТЫН КҮН.

Қасіретті ұмытпау қажет

жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументінің жанында тəу ету. Бұл орынға əлемнің əр бұрышынан кел-ген адамдар жиналады.

Композиция монументалды жəне мү с і нд і к бөл і к т ерден қ ұрал ған . Авторлары – атақты қазақстандық мүсінші Валерий Пирожков, монументал-ды бөлігі архитектор Орал Əлібаевтікі. Мүсінші Валерий Борисовичтің айту-ынша, ол өзінің осы жұмысымен сол кезеңнің бар трагедиясын көрсеткісі келген. Мүсіндік композицияның орта-сында қолдарын аспанға жайған əйел бейнесі орналасқан. Оның алдында ұл бала бейнесі. Əйел-ана көкке қарап жал-барынып, баланың аман қалуын сұрап

тұр. Баланың қолында жүген. Бұл үмітті, қайта жаңаруды білдіреді.

Композицияның монументалды үзіндісі киіз үйдің кереге формасындағы «Қайғы қабырғасынан» тұрады жəне əйел мен баланың фигураларынан құралған мүсіндік композиция. Композицияның негізгі бел ортасында қазақтардың жерлеу орындарында кездесетін тас мүсін орналасқан. Автор осындай шешім арқылы о дүниеге кеткен жандар мен тірілердің арасындағы байланы-сты көрсеткісі келді. Əрбір отбасының тарихында, еліміздің тарихында өмір жалғасын табуда.

Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтің, қуғын-с үр г і н г е ұшыра ғандардың қызы Анна Гавриш жəне атбасарлық Егор

Иванцовтың, Саяси қуғын-сүргін жəне тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінің дирек-торы Мейрамбай Ораловтың сөздерін жиналғандар ерекше ықыласпен тыңдады.

Саяси қуғын-сүргін жəне жаппай ашаршылық құрбандарына «Арман-ай» əнін ҚР Еңбек сіңірген əртісі Серік Оспанов арнады. Алжир тұтқындарының естеліктерінен аштықтан құтқарушы құрт туралы, қазақ халқының лагерь тұтқындарына жəне жер аударылған барлық халықтарға көрсеткен ұлы қолдауы туралы өлеңнің б ірнеше нұсқасынын болғаны белгілі. Желтоқсан ақыны Асқар Сағынаевтың «Қазақ құрты

туралы баллада» өлеңін 5573 əскери бөлімнің қатардағы жауынгері Юрий Халинның орындауында мəн бар сияқты.

Осы күні «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументінің жанынан құрылған сах-надан өмірден мезгілсіз озған белгілі ақындардың өлеңдерін 16-18 жасар студенттер мен сарбаздар оқыды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қазақ тілі» шығармасын қатардағы жауынгер Жамбыл Жақсылықов оқып берді.

Қазақ совет əдебиетін ің нег із ін қалаушы ақын Сəкен Сейфуллиннің «Са ғындым» өлең і н «Даналық» медициналық колледжінің студенті Айжамал Мамытова, ал «Күздегі дала-да» өлеңін қатардағы жауынгер Айдос Жанабаев тебірене оқып берді.

Балалар, жастар мен ересектер ерек-ше ықыласпен Қазақстанның зиялы қауымының тағдыры туралы əңгімелерді тыңдай білді. Қазақ əдебиетінің жарқын қайраткерлерінің бірі, құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің «Арман» өлеңін қатардағы жауынгер Аяз Маликов, сондай-ақ, клас-сик Мағжан Жұмабаевтың «Бостандық» өлеңін «Даналық» колледжінің студенті Ділбар Қалпақбаева шабыттана оқыды.

«Опық заман жадынан…» кешінен естелік болсын деп барлық қатысушылар м е н к ө р е р м е н д е р « 1 9 3 2 - 1 9 3 3 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументінің жанында фото-суретке түсті.

Page 7: Сақшы №41 (4207)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№41 (4207), бейсенбі, 2.06.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

ШАҒЫН ФУТБОЛДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ

Кездесулер қолданыстағы ереже-ге сəйкес айналым жүйесі бойынша өтіп, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Үкіметтік мекеме-лер мен Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полктерінің жəне алаң иесі – Астана қаласы Күзет басқармасының құрама командасы өзара мықтыны анықтады.

Турнирдің ашылу салтанатын ІІМ Əкімшілік полиция комитеті Күзет қызметін бақылау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрболат Сүйіндіков сөз сөйлеп ашты. Күзет қызметінің спорттық жетістіктеріне тоқталған ол таяуда волейбол-дан өткен республикалық турнир-де басқарма командасының 3-орын алғанын ерекше атап өтті. Турнирге қатысушыларға сəттілік тіледі.

А л а ң д а ф у т б о л ш ы л а р д ы ң қолданыстағы ережелерді сақтауына, жалпы ойын барысына бас төреші Бағлан Асқаров басшылық жасады. Тартысты өткен кездесулер нəтижесінде жүлделі үшінші орынға 3 ұпаймен Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі, екінші орынға

Тəуелсіздік құрметіне арналған турнир

6 ұпаймен ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ие болса, əр жыл сай-ын өткізілетін дəстүрлі жарысымыздың екі дүркін жеңімпазы атағына ие бола отырып, 9 ұпаймен жеңіс тұғырына Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, құрама ко-мандасы көтерілді.

Астаналық гарнизондағы күзет поли-циясы қызметкерлерінің арасында са-ламатты өмір салтын насихаттай оты-

рып, олардың дене дайындықтарының деңгейін арттыру, спортқа бейімдеу арқылы бойында батылдық пен қайраттылықты қалыптастыру, өз қуат-күшіне сенімділігін тəрбиелеу, төзімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарыста үздік но-минациялар да өз иелерін тапты. Аталымдар бойынша «Үздік қақпашы» атағына Күзет қызметі басқармасы Орталық аппаратының қақпашысы Қайрат Мəдиев, «Үздік қорғаушы» атағына Үк іметт ік мекемелерд і күзету жөніндегі полиция полкінің қорғаушысы Алиджан Мамедрзаев, «Үздік шабуылшы» атағына Астана қаласы Күзет басқармасының шабуыл-шысы Оралбек Омаров ие болды.

Облыс орталығындағы «Жастар» стадионында кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар мен спорт басқармасы ашық есік күнін өткізді. Велоспорттан Қазақстан чемпионы, халықаралық дəрежедегі спорт шебері Олег Земляков оқушыларға шеберлік сағатын өткізді. Олег 22 жасында əлемнің 30-дан астам елін ара-лап үлгерген. Жас спортшы спорттың қалайша өмірде көмек беретіні жайлы оқушыларға айтып берді. «Бүгінде

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ

ПОЛКОВНИКТІ ЕСКЕ АЛДЫ

Исабай Ахметбекұлы отыз бес жыл өрт күзетінде қызмет атқарып, еңбек жолында Жамбыл облыстық ІІББ аудандық өрт сөндіру аға инспекторынан өрт күзеті бастығы жолына дейін өтті. Өзінің барлық білімін, күш-жігері мен тəжірибесін ол өрт қауіпсіздігін нығайту үшін жұмсады. И.Ахметбеков тəлімгер, бірінші дəрежелі ма-ман, жүздеген оқушы тəрбиелеген ұстаз. Еңбек жолында облыстың өртке қарсы қызметінің қалыптасуы мен да-

муына зор үлесін қосты. Оның бастамасымен жəне оның тікелей басшылығымен 1983-1986 жылдары Аса, Меркі, Б.Момышұлы, жəне Фурманов ауылдарында, сондай-ақ, Жаңатас жəне Қаратау қалаларында төрт қабатты өрт сөндіру депо ғимараттары салынды.

Додаға облыс бойынша жалпы 15 команда қатысып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» анықталды. Жарыс 3 кезең бой-ынша өрбіді. Олар – Оқу мұнарасының 4-қабатына шабуылдық сатымен шығу; 100 метрлік кедергілері бар жолақпен жүгіру; Өрт автоцистернасына жауынгерлік қанат жаю.

Жарысты Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Сабиров өзінің құттықтау сөзімен ашып, өрт сөндіруші-құтқарушылар үшін бұл жарыс тек жоғары спорттық көрсеткіштер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, шынайы жағдайға да үнемі дайын болу қажеттігін білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде жарыстың кейінгі өскелең ұрпаққа берер пайдасының мол екендігін, патриоттық рух тұрғысынан тəрбиелеуге септігін тигізетіндігін баса айтты.

Мекеме бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Шайкрамов қызметкерлердің жылдамдықтары мен кəсіби шеберліктерін шыңдайтын мұндай жарыстардың үнемі өткізіліп отыратындығын тілге тиек етті.

Мұнан əрі азаматтық қорғау саласының құрметті ардагерлері – Мəдибек Жапашев, Керімхан Архабаев, Вячеслав Богинич жəне Қуаныш Күзенбаев, сондай-ақ, полковниктің қызы Қарлығаш Ахметбекова құттықтау сөз сөйледі. Олар қатысушыларға табыс пен жеңіс тіледі.

Өрттен құтқару спортының жалпы командалық есебі бой-ынша Тараз қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері алға суырылып шығып, бірінші орынды иемденді. Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінен құралған команда екінші орыннан көрінді. Ал Т.Рысқұлов аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің құрама командасы үшінші орынға ие болды.

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТОБЫЛ» ФК СТАДИОНЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ҮМІТКЕРЛЕР ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ БОЙЫНША НОР-МАТИВ ТАПСЫРДЫ.

Қазақстан Республикасы заңдарын білуден тестілеуден өткен 24 адам нор-матив тапсыруға жіберілді, оның ішінде 3-еуі қыз бала. Үміткерлердің жасы 20-дан 25 жасқа дейін. Алғашқы кезең ер адамдар үшін көлденең ағашқа тартылу болды. Жақсы баға алу үшін кемінде 15 рет тартылу керек. Ал қыздар үшін – кешенді күш жаттығулары. Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда «есептелмеді» деген команда үш реттен артық берілсе, одан кейін тест тап-сырушы сынақтан шығарылып тасталады. Азаматтық қорғау органдарына қызметке кіретін əрбір кандидаттың денсаулығы мықты, төзімді болуы қажет. Сол көрсеткіштердің бірі – 13-17 секундта 100 метрлік қашықтықты жүгіріп өту. Қортынды кезеңде ер азаматтарға 3000 метр, ал қыз балаларға 1000 метрлік жүгіріс болды. Дене дайындығы бойынша норматив тапсыру кадрлар бөлімінің бастығы Идрес Такенов пен инспектор Жанна Үмбетовалардың қадағалауымен өтті. Нормативті тапсыру барысында тосын жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін «Қостанай облысы ТЖД ӨС жəне АҚЖҚ» дəрігері Айгүл Сəрсенова кезекшілік етті.

Дене дайындығы бойынша норматив тапсыру үміткерлер тестілеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні бойынша өткізіледі. Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің барлық үміткерлері енді əңгімелесуге келуге тиіс.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Оқушыларды жазғы уақытта спортқа тарту

Құтқарушы болу қиын ба?

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ №7 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕТІМ ЖƏНЕ АТА-АНА ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТƏРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТКІЗДІ.

Айыртау ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері аудан орталығы Саумалкөл селосына жуырда қамқорлыққа алынған балаларға «Көңілді сөре» спорттық іс-шарасын өткізу үшін келді. Шара ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Мұндай жарыстарда балалар жолдастық, ынтымақтастық жəне өзара көмектесу сезімдерін толығымен бойға сіңіріп, жоғары мақсатқа жетудегі жолда сүрінбей өтуге үйренеді. Оның үстіне спорттық іс-шаралар азаматтық қорғау қызметінің и м и д ж і н а р т т ы р а -ды. ІІМ ТЖК «кадрлар ұстаханасы» – Көкшетау техникалық институтына түсуге талапкерлерді тар-туды да мақсат етеді.

Спорттық сайыстарға мектеп директоры Елемес Қалиев, Өрт сөндіру б ө л і м і б а с т ы ғ ы н ы ң орынбасары Сейілбек С ə р с е н б а е в ж ə н е қарауыл бастығы Шоқан Жетібаев, сонымен қатар, департаменттің «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамы қатысқан бола-тын.

Спорттық іс-шара төрт кезеңнен тұрса, əр кезең төрт жарысты құрады. Мектеп-интернаттың 8 отбасынан 2 топ – «Адреналин» жəне «Агент 01» құрылды, сонымен бірге, əр топқа өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен балалар үйінің қыздары қатысты. Əр сайыста олар ептілік, жеделдік, дəлдік, тапқырлық танытты.

Тапсырмалар қызықтылығымен жəне əртүрлілігімен ерекшеленді: бірінші кезең өрт сөндіруге арналған алғашқы өрт сөндіру құралдарын табуға арнал-са, екінші кезеңде балаларға «үй жануарларын» құтқаруға тура келді, үшінші кезең топ капитандарының өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киюден тұрса, соңында қатысушыларды флеш-моб күтті. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орын «Адреналин» тобына бұйырды. Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сайыс қорытындысын жариялаудан кейін мектеп-интернаты ғимаратының алдында тəрбиеленушілер, балалар мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері түрлі-түсті жейделер киіп, Көкшетау техникалық институты – КТИ əріптері жазылатындай қатарға тұрып, флеш-моб ұйымдастырды.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

СПОРТТЫҚ ШАРА

Жанға жағымды мереке

Турнирдің ашылу салтанатын Атырау қалалық Дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің бастығы М.Айтқалиев ашып, жарысқа қатысушыларға сəттіліктер тіледі. Жарыс өте тартысты өтіп, 2-орынды Атырау қалалық пробация қызметі, ал 1-орынды УГ-157/10 мекемесі командасы жеңіп алды. Аса белсенділікпен атсалысып, таласты-тартысты өткен жарыс түрлерінен озып шыққандар да аз болған жоқ. Жарыс қорытындысы ба-рысында Атырау қалалық Дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің бастығы М.Айтқалиев іс-шараға қатысушы жазасын өтеушілерге үлкен алғыс білдіріп, белсенділікпен көзге түскен сотталғандарды мақтау қағаздарымен марапаттады. Пробация қызметі жазасын өтеуші азаматтардың өз орта-сында уақытын тиімді пайдаланып, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, пробация есебінде тұрғандарға жергілікті органдармен біріге отырып əлеуметтік, медициналық көмек көрсетуді басты мақсат етеді. Қоғамдық жəне адами қарым-қатынасқа бейімделулері оңай болу үшін мұндай іс-шаралардың берері мол.

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Пробация есебінде тұрғандарМ.ƏБУОВА, Атырау қаласы

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ «МҰНАЙШЫ» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ТҰЛҒАЛАР МЕН УГ-157/10 МЕКЕМЕСІНІҢ СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАРЫ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ.

Нұрболат ӨМІРЗАҚОВ, Жамбыл облысы

ТАЯУДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНА САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН САРП ЕТКЕН ІШКІ ҚЫЗМЕТ ПОЛКОВНИГІ ИСАБАЙ АХМЕТБЕКОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫНАН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ.

Ерлан МАХМЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ БОС УАҚЫТТАРЫН ҚАУІПСІЗ ӨТКІЗУІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖƏНЕ КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ОРЫН АЛМАУ-ЫН ҚАДАҒАЛАУ МАҚСАТЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ТАРТУ ҮСТІНДЕ.

велоспортпен айналысу барлық балаға қолжетімді. Олардың барлығы тегін əрі əрқайсысына тиімді уақытта өткізіледі», – деді ол. Сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде футбол секциясы да жұмыс істейді. Бұл спорт түріндегі жас спортшылардың жетістіктері жайында кездесу барысында жасөспірімдерге ашық есік күнін ұйымдастырушылар ай-тып берді. Ашық есік күніне қала мектептерінен 50-ден астам оқушы жиналды.

«Өткізіліп жатқан шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Сонымен қатар, кəмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың жолын кесу. Осы орайда біз ұйымдастырушылармен бірігіп, балаларға бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жол сілтемекшіміз», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция май-оры Людмила Лысакова.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ БИЫЛҒЫ ЕҢ ІРІ МЕРЕКЕЛІК ШАРАНЫҢ БІРІ БОЛМАҚ. МЕРЕЙТОЙДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МƏНІ ӨТЕ ЕРЕКШЕ. ОСЫ ОРАЙДА АСТАНА ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН Ғ.ҚАЙЫРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ СПОРТ АЛАҢЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының басшылығы мен жеке құрамы Оқу орталығының кəсіподақ комитетінің төрайымы, қызметкер

ҚОЗДЫБАЕВА Зағира Тұрмаханқызыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Page 8: Сақшы №41 (4207)

сөз соңы№41 (4207), бейсенбі, 2.06.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13029Тапсырыс: №2720

Нөмірдің кезекшісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

Дәстүрлі ДоДа Мереке

Жол ЕРЕЖЕСІН БІлГЕН ЖолдА қАлМАЙдЫ

«Өткізіліп жатқан спорттық және танымдық шараның басты мақсаты – оқушылар арасындағы жолда жүру ережесінен білімдерін шыңдау, бала-лармен орын алатын жол көлік апат-тарын төмендету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған», – дейді Петропавл қалалық Ішк і і с тер басқармасы Жерг іл ікт і полиция қызметі бастығының орынбасары, по-лиция майоры Шәмшиден Ақышев.

Ж о л д а ж ү р у е р е ж е л е р і н і ң білгіштеріне, ең алдымен, саптық

Көң ілд і мерекеге жиналған б а л а қ а й қ о н а қ т а р ғ а к ө л і к полицейлері жүрекжарды лебіз-тілектерін білдірді. Бағдарламаның бірінші бөлімінде бүлдіршіндер түрлі-түсті бормен департаменттің әкімшілік ғимаратының ауласына сурет салып, сан алуан туындыла-рын безендірді. Осыдан кейін ба-лалар сабын көпіршіктерін жіберіп, көңілдері көтеріле түсті.

А л к ә с і б и а к т е р л а р д ы ң қ а т ы с у ы м е н ө т к і з і л г е н т е а т р л а н д ы р ы л ғ а н к ө р і н і с балалардың қуанышын еселей түсті. Мерекелік шараға келген әр бүлдіршін ертегі көрінісінің қатысушысы болды. Сонымен қатар, олар конкурстарға қатысып, жұмбақтар шешті, ән айтып, би биледі.

Қуанышқа толы мерекені бірге атап өтуге келген әрбір бүлдіршіннің көзінде мейірім, күлкі, шаттық ойнады. Көлік сақшылары кішкентай қонақтардың барлығына мерекелік сыйлықтар мен тәттілер ұсынды. Ең бастысы, әрбір кішкентай жүректерде жылы естеліктер қалды.

Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл тек көңілді мереке ғана емес, сондай-ақ, қоғамның толыққанды қалыптаса алуы үшін балалардың құқығын қорғау мен сақтаудың аса маңыздылығын қоғам алдында еске салу.

Көліктегі ІІд баспасөз қызметі

Өрт сөндіру бөлімінің бастығы С.Шаймерденов бүлдіршіндерді Қызылорда облысының өрт сөндіру қызметінің тарихымен таныстырды. Ол өрт сөндіруші қызметінің қыр-сырына жан-жақты тоқталып, бұл мамандықты таңдаған адамдарға қойылар басты талаптарды атап өтті. «Барлық төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндірушілер әрдайым бірінші болып көмекке келіп, адамдарға көмек көрсетеді. Осы қайсар жігіттер көп қабатты тұрғын үйлерді, ірі өнеркәсіптерді, техногендік өрттерді сөндіруге қатысып, өрттің ары қарай таралуына жол бер-меуге тырысады», – деді ол.

Балабақша тәрбиеленушілері өрт сөндіруші қызметкерлердің әңгімелерін мұқият тыңдады. Әрбір өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері батыл және төзімді, өте жақсы физикалық жағдайда болуы тиіс, сонымен қатар, өртке қарсы күрес үшін теориялық және практикалық білімдері болу керек.

Өрт сөндіру техникаларын және жаңа құрал-жабдықтары мен өрт сөндірушінің киімдерін балалар үлкен қызушылықпен қарады. Соның дәлелі, балалар өрт сөндірушілердің киімдері мен каскаларын киіп көріп, өрт сөндіру автокөліктеріне отырды.

Ашық есік күні соңында өрт немесе түтін шыққан жағдайда «101» немесе «112» телефондарына хабарласып, дұрыс мәлімет пен аты-жөндерін және теле-фонын айтулары керектігі тәрбиешілерге ескертілді.

Сайыс өскелең ұрпақтың арасында жеке және қоғамдық қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, шығармашылықтарын дамытып, балаларды қолдау мақсатында өткізілді.

Атырау қаласы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Р.Юсупов балаларға өрт кезіндегі іс-әрекеттер мен тұрмыстағы қарапайым өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндірді. Сондай-ақ, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі таныстырылып, кейін балалар өрт сөндірушінің киімін киіп көруге қызығушылық танытты.

Балалар шараға белсенді қатысты, қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, өздерінің де қызықтырған сауалдарын қойды. Өрт сөндірушілердің жұмысы оңай емес екеніне көз жеткізгендей болды. Шара соңында бүлдіршіндерге бей-неролик көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.

Ж а з ғ ы д е м а л ы с у а қ ы т ы н д а балалардың отқа салғырт қарауынан өрт туындау қауіптілігі, олардың су тоғандарында өлімдері айтарлықтай артады. Өткен жылы қаламызда өрттен 6 бала, су тоғандарында 2 бала қаза тапқан болатын. Осындай төтенше жағдайлардың, балалардың қаза табуы мен мерт ігу ін ің ал-дын алу мақсатында балаларды өрт қауіпсіздігінің, су тоғандары қауіпсіздігінің ережелері, төтенше жағдайлар кіріспесімен таныстырып, жасөспірімдермен өмір қауіпсіздігі негіздеріне оқу-тәрбиелік жұмыстар ұдайы жүргізіліп келеді.

Әнұранмен ашылған акцияға 100-ден астам бала белсенді қатысты. Өр т с ө н д і р у т е х н и к а л а р ы н ы ң көрсетілімдерін тамашалаған балалар

ПЕТРОПАвЛ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЖОЛ ҚОзғАЛЫСЫ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫң ЖАРЫСЫ 25 ҚАЛА МЕКТЕБІНЕН 250-ДЕН АСТАМ МЕКТЕП ОҚуШЫСЫН ЖИНАДЫ. АйТА КЕТЕйІК, ҚАЛАЛЫҚ №23 МЕКТЕБІНДЕ ӨТКЕН ДӘСТүРЛІ ДОДАДА ЖОЛ ҚОзғАЛЫСЫНЫң ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖОЛДА ЖүРу ЕРЕЖЕЛЕРІ ТуРАЛЫ БІЛІМДЕРІН ғАНА СЫНАғАН ЖОҚ.

Ерлан МАХМЕТОв, Солтүстік Қазақстан облысы

байқау сайысынан сүрінбей өтуге тура келді. Тағы бір сынақ – ол велосипедт і мәнерлеп жүрг ізу . Мектеп оқушылары кедергілерден өтіп, екі дөңгелекті көліктерін басқару шеберліктерін көрсете білулері тиіс болатын. Бұл сайыста №43 мек-теп оқушыларының құрамасына тең келер ешкім болмады. Сондай-ақ, «Қауіпсіз дөңгелек» сайысы үздік жол қозғалысын реттеушіні анықтады, бүгінде олар полиция қызметкерлеріне қолғабыс жасауға дайын.

«Біз үлкендердің, оның ішінде тәртіп сақшыларының көмекшілеріміз. Жолдағы тәртіпті реттеп, жолды қауіпсіз ету үшін өз үлесімізді қосып жүргенімізге қуанамын», – дейді Петропавл қаласының №23 мектебінің оқушысы Полина Синягина.

Жарыс қорытындысы бойынша жол қозғалысының жас инспекторлары сайысының жеңімпазы болып бірінші гимназия атанды. Екінші орын №23 мектеп еншісінде. Айта кеткен жөн, бұл құрама соңғы жылдары осы сайыс түрінен ешкімге дес бермей келеді. Сайыстың қола жүлдесін №4 мек-теп оқушылары қанағат тұтты. Енді жеңіске жеткен құрама өз намысын облыстық жол қозғалысының жас инспекторлары сайысында қорғап, республикалық жарысқа жолдама ала-ды. Жыл басынан облыс жолдарында жол көлік апаттарынан екі бала зардап шекті.

акция

ШАТТЫқ СЫЙлАҒАН ШАРААСТАНА ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАғДАйЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ОҚуШЫЛАР САРАйЫНЫң АЛДЫНДА ЖАС АСТАНАЛЫҚТАР МЕН ЕЛОРДА ҚОНАҚТАРЫ үШІН «ҚАуІПСІз ЖАзғЫ ДЕМАЛЫС» МЕРЕКЕЛІК АКЦИ-ЯСЫН ҰйЫМДАСТЫРДЫ. АКЦИЯ БАЛАЛАРДЫң ДЕМАЛЫС КЕзІНДЕГІ ҚАуІПСІзДІГІН ҚАМТАМАСЫз ЕТу МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-МЕРЕКЕЛІК СИПАТТА ӨТТІ.

Айтолқын РАЖМАН, Астана қаласы БАЛАЛАРДЫ ҚОРғАу КүНІ ҚАРСАңЫНДА АТЫРАу ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАғДАйЛАР БАСҚАРМАСЫНЫң ҚЫзМЕТКЕРЛЕРІ «БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» БАЛАБАҚШАСЫНДА «ОТТЫ ЖЕңу» ТАҚЫРЫБЫНДА СуРЕТ САЛу САйЫСЫН ҰйЫМДАСТЫРДЫ.

Э.ГуМАРОвА, Атырау қаласы

өздерін құтқарушы орындарында көрді. Департамент қызметкерлерінің суда, өртте әрекет ету мен көмектесудің ережелері туралы түсіндіріп, көрсеткен

көрнекіліктеріне қызығушылықпен қарап, өздерін де сынап көрді.

Ашық аспан астында өткен шарада өздеріне арналған ойын басталған кезде жас бүлдіршіндердің акция барысындағы белсенділігі арта түсті. Барлығы қойылған сұрақтарға жа-рыса жауап беріп, сыйлық алуға асықты. Елорданың болашағы болар балалардың қауіпсіздік негіздерін дәріптеп өсіп келе жатқаны барша-ны қуантты. Олар арнайы орындар-да шығарған өрттерді де сөндірді, асфальтқа зор ынтамен суреттер де салды, құтқарушылардың арнайы киімдерін киіп көріп, медициналық көмек жабдықтарымен, қызметтік көліктердің мүмкіндіктерімен таны-сты. Концерттік нөмірлерге қосылып ән шырқады, би биледі. Көңілді тапқырлар клубы ұйымдастырған флэшмобқа да қатысты. Осындай шараның қатысушылары болғанына мақтанып, құтқарушылармен, олардың киімдерімен, құрал-жабдықтарымен суреттерге түсті. Акция соңында қалада өткен алдын алу шараларына үлестерін қосқан мұғалімдерді мара-паттау салтанаты болды.

Кішкентай қонақтарКӨЛІКТЕГІ ІІД-ДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРғАу КүНІНЕ ОРАй ҰйЫМДАСТЫРЫЛғАН МЕРЕКЕЛІК ШАРАғА 1 МЕН 13 ЖАС АРАЛЫғЫНДАғЫ 50-ДЕН АСТАМ БАЛА ҚАТЫСТЫ.

сайыс

ашық есік күні

«отты жеңу» оңай емес

құтқарушылар қызметіне қызыға қарады

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРғАу КүНІ ҚАРСАңЫНДА «ЖАДЫРА» БАЛАБАҚШАСЫНЫң БАЛАЛАРЫ ШИЕЛІ АуДАНЫ №9 ӨРТ СӨНДІРу БӨЛІМІНІң ӨРТ СӨНДІРуШІ АғАЛАРЫНА ҚОНАҚҚА КЕЛДІ. БҰЛ – МЕКЕ-МЕДЕ ЖЫЛ САйЫН ДӘСТүРГЕ АйНАЛғАН ИГІ ШАРАНЫң БІРІ.

Д.ӘБСАДЫҚОв, Қызылорда облысы

Құрастырған Ескендір ТасболаТовОйлан, тап!

Тамақ талғаушы

ҰстазТүрік

тағамыБалық

сорпасы

Мағына

Қаламақы ... Каспаров Веб-парақша

Әйгілі композитор

Әскери адам белгісі Түсінік Қал

КермекАлматы универ-ситеті

Үрмелі аспап Шылау түрі Темір ақша