8
№11 (4177), 9.02.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ЕлБАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІН ҚАБЫлдАдЫ ЕКІ ЕЛГЕ КөМЕК КөРСЕТІЛЕДІ ЕРКІН САуДА ТуРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛАДЫ иГі іс ҚАРлЫҒАШ КӨМЕК үкімет үйінде премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері бойынша комиссияның бірінші отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Сел мен су тасқындарынан зардап шеккен Тәжікстанда қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, комиссия Қазақстан үкіметіне бұл елге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге кеңес берді. Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына ет және сүт консервілері, өсімдік майы және сары май, ұн, макарон өнімдері жеткізіледі. Бұдан басқа, комиссия 2015 жылдың қарашасында қатты жер сілкінісінен зардап шек- кен Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге кеңес берді. Бұл елге жатын төсек-орындар, ыдыс-аяқтар, пештер, қысқы шатырларды жеткізу жоспарланып отыр. әулиекөл ауданына қарасты Доңғарбай ауылындағы отбасы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұрауға мәжбүр болады. өйткені, көп балалы отбасының бір жастағы сәбиі ыстық суға күйіп қалған еді. Шырылдаған баланы тез арада аудандық ауруханаға жеткізу қажет бо- лады. Алайда, Доңғарбай ауылы – аудан орталығынан 80 шақырым жер- де орналасқан елді мекен. Жығылғанға жұдырық болғандай, қыстың көзі қырауда қалың қар жауып, жолдар да жабылып қалған еді. Ауданға жету сәбидің ата-анасы үшін қиынның қиыны еді. Періштенің жағдайы туралы естіген Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары бірден көмекке келеді. «Трэкол» арнайы жабдықталған көлігімен жолға шыққан мамандар жолай әулиекөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерін және орталық аудандық аурухананың медбикесі мен реа- ниматологын өздерімен бірге ала кетеді. Екі сағат жолсыз, ауыр әрі дымқыл қар үстімен жол жүріп, олар дәрігерлерді тағатсыздана күткен отбасыға жеткізеді. Балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен ақ халаттылар сәбиді ауруханаға жатқызу қажет деп шешті. Кішкентай баламен бірге, бес баланың ішінен тұмауратып отырған тағы бірі – екі жастағы нәресте екеуін КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАзАРБАЕВ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ ВЛАДИМИР ШКОЛЬНИКТІ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚОРДАНЫң БАСПАСөз ҚЫзМЕТІ хАБАРЛАДЫ. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы және электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал мен министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ, көмірсутек шикізаты бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік пен үкімет қабылдап жатқан шаралар да қарастырылды. Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жо- баларды, соның ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 млн. тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылып отырған көлемді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. «Мұнай бағасының төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімнің өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. әлемнің барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдің мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ», – деді В.Школьник. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тап- сырма берді. Кеше парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. онда депутаттар «Бір та- раптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда ту- ралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Құжат алдағы уақытта палатаның жалпы отырысына шығарылмақ. Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, келісім зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау жөніндегі тараптардың міндеттерін нығайтады. Бұдан бөлек, құжат тараптар арасындағы орнықты даму, электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық бағыттарын айқындайды. «Келісім тараптар арасындағы сауда- ны реттеудегі өзгерістер туралы алдын ала хабарламалар алмасуды қарастырады. Бұл техникалық, санитарлық реттеу шаралары- на жауапты мемлекеттік органдар мен кеден қызметтері арасындағы тығыз ынтымақтастықты қалыптастыру бағытында маңызды болып табы- лады. Сонымен қатар, келісім Дүниежүзілік сауда ұйымының еркін сауда аймақтарын қалыптастыру туралы нормаларын есепке ала отырып әзірленген. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы сауда байланыс- тарын күшейтуге ықпал ететін болады», – деді вице-министр. Оның айтуынша, Вьетнам елімен жасалған келісімшарт күшіне енгеннен соң елдер арасындағы кедендік баж алынып таста- лады. Ал бұдан республикалық бюджеттің жоғалтатын шығыны импорт деңгейін 2014 жылғы көрсеткішпен есептегенде шамамен 458 млн. теңге болуы ықтимал. «Алайда, ондай шығындардың орны сыртқы сау- да қызметтеріне қазақстандық қатысушылардың корпоративтік табыс салығы түріндегі бюджет түсімінің артуы есебінен өтелетіні күтіледі. Яғни, алдағы уақытта Вьетнам елімен импорттық- экспорттық баждар алынып, бұл еліміздегі тауарлардың экспортын арттыруға да мүмкіндік береді», – деді Т.Жақсылықов. Оның айтуынша, қазіргі таңда Вьетнамнан келетін импорт деңгейі қазақстандық экспорт ауқымынан сәл ғана аса- ды. Алдағы уақытта қазақстандық экспорттың басымдығын астық пен ұн, сиыр еті құрауы мүмкін. ҚЫС ҚАҺАРЫНА МІНГЕНДЕ КөМЕККЕ зәРу ЖАНДАРДЫң САНЫ АзАй- МАСЫ АНЫҚ. СЫН САғАТТА КәСІБИ МАМАННЫң ЖАНЫңНАН ТАБЫ- ЛЫП, ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ҚАМҚОРЛЫғЫН АЯМАуЫ ДА үЛКЕН ДЕМЕу ЕМЕС ПЕ? ТАЯуДА ҚОСТАНАйЛЫҚ ЖәНЕ ШЫғЫСҚАзАҚСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРуШЫЛАРДЫң ОСЫНДАй ҚЫРАғЫЛЫҚТАРЫ МЕН БІЛІКТІЛІКТЕРІ СәБИЛЕРДІ АМАН АЛЫП ҚАЛуғА ТүРТКІ БОЛДЫ. анасымен бірге құтқарушы топ ауруханаға алып кетті. Тас жолда анасымен балаларды жедел жәрдем көлігі күтіп алып, олар аман-есен ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар балаларды жедел жәрдемге тапсыра салысымен, сол арадағы Дәмді ауылының маңында Науырзым тас жолында тоқтап қалған жас жігітке көмектесуге асықты. Оның «ГАзель» маркілі көлігі тас жолда, қар басып қалған тұсында бұзылып қалған екен. Құтқарушылар көліктегі ақауды жөндеуге көмектесіп, онымен бірге әулиекөл ауданы орталығына дейін бірге еріп жүрді. Қар құрсауынан құтқару операциялары еліміздің шығыс өңірде де іске қосылды. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның құтқарушылары өткен демалыс күндері өскемен-Алматы тас жолында 80-ге жуық жолаушыны қар құрсауынан алып шықты. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Қолайсыз метеожағдайға байланысты – қатты боран мен бұрқасыннан бірқатар жол учаскелері жабылып жатыр. Соған қарамастан жолда қалғандар туралы ақпараттар кезекші бөлімге күн-түн демей түсіп жатады. Бұл жолы қарлы боран екі жолаушы автобусы мен бірнеше жүк және жеңіл көліктің жолын бөгеп, қамауға алған. Жол талғамайтын жүк көлігімен Жарма ауданы ТЖБ қызметкерлері кезекті іссапарына шығып, құтқарушылар қар құрсауында қалған 78 адамды, оның ішінде, 3 баланы құтқарды. Сондай-ақ, қар кептелісінен 7 жеңіл және 2 жүк көлігі шығарылды. Соның ішінде, атай кететіні, құтқарушылар Аягөз ауданында асқазан жарасының талмасы диагнозымен аудан орталығына жеткізілуі қажетті сырқатты тиісті орынға уақытында жетуіне көмектесті. Дәрігерлер 55 жа- сар ер адамды шұғыл аудандық ауруханаға жатқызу үшін қалың қардан жедел жәрдем көлігімен өте алмайтын болған соң, Аягөз ауданы ТЖБ құтқарушыларынан көмек сұраған. Қазіргі таңда өскемен-Алматы автожолындағы апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Жергілікті жерлерде №55 өСБ-нің 3 қызметкері кезекшілік етуде.

Сақшы №11 (4177)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №11 (4177) 9.02.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №11 (4177)

№11(4177),

9.02.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ЕлБАСЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІН ҚАБЫлдАдЫ

ЕКІ ЕЛГЕ КөМЕК КөРСЕТІЛЕДІ

ЕРКІН САуДА ТуРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛАДЫ

иГі іс

ҚАРлЫҒАШ КӨМЕК

үкімет үйінде премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері бойынша комиссияның бірінші отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Сел мен су тасқындарынан зардап шеккен Тәжікстанда қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, комиссия Қазақстан үкіметіне бұл елге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге кеңес берді. Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына ет және сүт консервілері, өсімдік майы және сары май, ұн, макарон өнімдері жеткізіледі.

Бұдан басқа , комиссия 2015 жылдың қарашасында қатты жер сілкінісінен зардап шек-кен Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге кеңес берді. Бұл елге жатын төсек-орындар, ыдыс-аяқтар, пештер, қысқы шатырларды жеткізу жоспарланып отыр.

әулиекөл ауданына қарасты Доңғарбай ауылындағы отбасы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінен көмек сұрауға мәжбүр болады. өйткені, көп балалы отбасының бір жастағы сәбиі ыстық суға күйіп қалған еді.

Шырылдаған баланы тез арада аудандық ауруханаға жеткізу қажет бо-лады. Алайда, Доңғарбай ауылы – аудан орталығынан 80 шақырым жер-де орналасқан елді мекен. Жығылғанға жұдырық болғандай, қыстың көзі қырауда қалың қар жауып, жолдар да жабылып қалған еді. Ауданға жету сәбидің ата-анасы үшін қиынның қиыны еді.

Періштенің жағдайы туралы естіген Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары бірден көмекке келеді. «Трэкол» арнайы жабдықталған көлігімен жолға шыққан мамандар жолай әулиекөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерін және орталық аудандық аурухананың медбикесі мен реа-ниматологын өздерімен бірге ала кетеді. Екі сағат жолсыз, ауыр әрі дымқыл қар үстімен жол жүріп, олар дәрігерлерді тағатсыздана күткен отбасыға жеткізеді. Балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен ақ халаттылар сәбиді ауруханаға жатқызу қажет деп шешті. Кішкентай баламен бірге, бес баланың ішінен тұмауратып отырған тағы бірі – екі жастағы нәресте екеуін

КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАзАРБАЕВ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ ВЛАДИМИР ШКОЛЬНИКТІ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚОРДАНЫң БАСПАСөз ҚЫзМЕТІ хАБАРЛАДЫ.

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы және электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал мен министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады.

Сондай-ақ, көмірсутек шикізаты бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік пен үкімет қабылдап жатқан шаралар да қарастырылды.

Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жо-баларды, соның ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту,

Қарашығанақ кенішін кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 млн. тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылып отырған көлемді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

«Мұнай бағасының төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімнің өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. әлемнің барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдің мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ», – деді В.Школьник.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тап-сырма берді.

Кеше парламент Сенаты Экономикалық с а я с а т , и н н о в а ц и я л ы қ д а м у ж ә н е кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. онда депутаттар «Бір та-раптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда ту-ралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Құжат алдағы уақытта палатаның жалпы отырысына шығарылмақ.

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, келісім зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау жөніндегі тараптардың міндеттерін нығайтады. Бұдан бөлек, құжат тараптар арасындағы орнықты даму, электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық бағыттарын айқындайды.

«Кел іс ім тараптар арасындағы сауда-ны реттеудегі өзгерістер туралы алдын ала хабарламалар алмасуды қарастырады. Бұл техникалық, санитарлық реттеу шаралары-на жауапты мемлекеттік органдар мен кеден қызметтері арасындағы тығыз ынтымақтастықты қалыптастыру бағытында маңызды болып табы-лады. Сонымен қатар, келісім Дүниежүзілік сауда ұйымының еркін сауда аймақтарын қалыптастыру туралы нормаларын есепке ала отырып әзірленген. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы сауда байланыс-тарын күшейтуге ықпал ететін болады», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, Вьетнам елімен жасалған келіс імшарт күшіне енгеннен соң елдер арасындағы кедендік баж алынып таста-лады. Ал бұдан республикалық бюджеттің жоғалтатын шығыны импорт деңгейін 2014 жылғы көрсеткішпен есептегенде шамамен 458 млн. теңге болуы ықтимал.

«Алайда, ондай шығындардың орны сыртқы сау-да қызметтеріне қазақстандық қатысушылардың корпоративтік табыс салығы түріндегі бюджет түсімінің артуы есебінен өтелетіні күтіледі. Яғни, алдағы уақытта Вьетнам елімен импорттық-экспорттық баждар алынып, бұл еліміздегі тауарлардың экспортын арттыруға да мүмкіндік береді», – деді Т.Жақсылықов. Оның айтуынша, қазіргі таңда Вьетнамнан келетін импорт деңгейі қазақстандық экспорт ауқымынан сәл ғана аса-ды. Алдағы уақытта қазақстандық экспорттың басымдығын астық пен ұн, сиыр еті құрауы мүмкін.

ҚЫС ҚАҺАРЫНА МІНГЕНДЕ КөМЕККЕ зәРу ЖАНДАРДЫң САНЫ АзАй-МАСЫ АНЫҚ. СЫН САғАТТА КәСІБИ МАМАННЫң ЖАНЫңНАН ТАБЫ-ЛЫП, ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ҚАМҚОРЛЫғЫН АЯМАуЫ ДА үЛКЕН ДЕМЕу ЕМЕС ПЕ? ТАЯуДА ҚОСТАНАйЛЫҚ ЖәНЕ ШЫғЫСҚАзАҚСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРуШЫЛАРДЫң ОСЫНДАй ҚЫРАғЫЛЫҚТАРЫ МЕН БІЛІКТІЛІКТЕРІ СәБИЛЕРДІ АМАН АЛЫП ҚАЛуғА ТүРТКІ БОЛДЫ.

анасымен бірге құтқарушы топ ауруханаға алып кетті. Тас жолда анасымен балаларды жедел жәрдем көлігі күтіп алып, олар аман-есен ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылар балаларды жедел жәрдемге тапсыра салысымен, сол арадағы Дәмді ауылының маңында Науырзым тас жолында тоқтап қалған жас жігітке көмектесуге асықты. Оның «ГАзель» маркілі көлігі тас жолда, қар басып қалған тұсында бұзылып қалған екен. Құтқарушылар көліктегі ақауды жөндеуге көмектесіп, онымен бірге әулиекөл ауданы орталығына дейін бірге еріп жүрді.

Қар құрсауынан құтқару операциялары еліміздің шығыс өңірде де іске қосылды. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның құтқарушылары өткен демалыс күндері өскемен-Алматы тас жолында 80-ге жуық жолаушыны қар құрсауынан алып шықты. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қолайсыз метеожағдайға байланысты – қатты боран мен бұрқасыннан бірқатар жол учаскелері жабылып жатыр. Соған қарамастан жолда қалғандар туралы ақпараттар кезекші бөлімге күн-түн демей түсіп жатады. Бұл жолы қарлы боран екі жолаушы автобусы мен бірнеше жүк және жеңіл көліктің жолын бөгеп, қамауға алған.

Жол талғамайтын жүк көлігімен Жарма ауданы ТЖБ қызметкерлері кезекті іссапарына шығып, құтқарушылар қар құрсауында қалған 78 адамды, оның ішінде, 3 баланы құтқарды. Сондай-ақ, қар кептелісінен 7 жеңіл және 2 жүк көлігі шығарылды.

Соның ішінде, атай кететіні, құтқарушылар Аягөз ауданында асқазан жарасының талмасы диагнозымен аудан орталығына жеткізілуі қажетті сырқатты тиісті орынға уақытында жетуіне көмектесті. Дәрігерлер 55 жа-сар ер адамды шұғыл аудандық ауруханаға жатқызу үшін қалың қардан жедел жәрдем көлігімен өте алмайтын болған соң, Аягөз ауданы ТЖБ құтқарушыларынан көмек сұраған.

Қазіргі таңда өскемен-Алматы автожолындағы апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Жергілікті жерлерде №55 өСБ-нің 3 қызметкері кезекшілік етуде.

Page 2: Сақшы №11 (4177)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№11 (4177), сейсенбі, 9.02.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

,

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Жапония

20 мың құпия мəліметті қолды етті

Қытай

Венесуэла

Тайвань

2 мыңға жуық өтініш келіп түскен

Қытайларды Жаңа жылмен құттықтады

Дүкендер 4 сағат жұмыс істейді

Каракастағы сауда орталықтары жұмыстың қысқартылған кестесіне өту жөніндегі шешім қабылданды, енді олар күніне төрт сағат қызмет көрсетеді. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.

Кəсіпкерлер үкіметтің электр қуатын үнемдеу туралы нұсқаулығын орындау үшін осы қадамға барған.

Билік Эль-Ниньо табиғи құбылысы салдары-нан елдегі су электр стансаларындағы су деңгейі ең төменгі деңгейге жеткенін мəлімдеп отыр.

Дүкендердің жұмыс сағаттары қысқартылса, оның қызметкерлері де жаппай қысқартылады. Ж а ң а ж а с а л ғ а н е ң б е к к е с т е с і н д е қызметкерлердің жартысына жуығы қажетсіз болып танылады.

Венесуэла үкіметі, сондай-ақ, жеке үй иелеріне электр энергиясын үнемдеуді өтініп отыр. Қаңтар айынан бастап елдегі сумен жабдықтау жүйесі де қысқартылған уақытпен жұмыс істеуде.

ҚЫТАЙ КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАСПА ОРГАНЫ «ЖЭНЬМИНЬ ЖИБАО», ҚЫТАЙ ОРТАЛЫҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ, ҚХР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕС САЙТЫ (HTTP://WWW.GOV.CN), «СИНЬ-ХУА» АГЕНТТІГІ ЖƏНЕ ТАҒЫ ДА БАСҚА ЖЕТЕКШІ ҚЫТАЙЛЫҚ БАҚ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚЫТАЙ ХАЛҚЫН АЙ КҮНТІЗБЕСІ БОЙЫНША ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ.

«4 ақпан күні Ақордада CITIC Group жəне басқа да қытайлық компания өкілдерімен кезде-су барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытай халқына «Чуньцзе» мерекесімен құттықтауын жолдады. Қазақстан Президенті алғаш рет Қазақстандағы қытай компания өкілдерімен жеке кездесу өткізіп, қытай халқын ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады», – деп жазады ҚХР бұқаралық ақпарат құралдары.

Сондай-ақ, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жəне Қазақстанның əлеуметтік-

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНА VIBER ЖƏНЕ WHATSAPP АРҚЫЛЫ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН. БҰЛ ЖӨНІНДЕ ПАРТИЯНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ АБЫЛАЙХАН ОСПАНОВ МƏЛIМДЕДI.

экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін қытай кəсіпорнына алғысын білдірді. Сонымен бірге, ол Қазақстан Үкіметі екі ел арасындағы прагматикалық ынтымақтастықты кеңейту саяса-тын одан əрі жалғастыра беретінін атап өтті.

«Н.Назарбаев «Жібек жолы» экономикалық белдеуі мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатты бірлесіп жылжытуға үлес қосу үшін қытайдың ірі кəсіпорындары Қазақстанға инвес-тиция салатынына сенім білдірді», – деп жазады қытайлық БАҚ.

Басылымда Н.Назарбаевпен бірге қытай халқын Жаңа жыл мерекесімен Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон, Пəкстан Президенті Мамнун Хусейн мен Кения Президенті Ухуру Кениата да құттықтағаны жазылған.

Айта кетейік, Қытай халқы биылғы Мешін жы-лында ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін 8 ақпан күні тойлайды. «Көктем мерекесі» («Чуньцзе») елдің ең басты мейрамы болып са-налады.

«2015 жылы республикалық қоғамдық қабылдауда партия депутаттары 77, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары 68, оның ішінде министрлер 22 қабылдау өткізді. Министрлердің қоғамдық қабылдауына азаматтар телефон арқылы немесе онлайн тіркелу арқылы жазыла алады. Жалпы айтқанда, бір министр орташа есеппен 10-20 азаматты қабылдап, оның өтінішін тыңдай алады. Əсіресе, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің қабылдауына аза-маттар үлкен қызығушылық танытады», – деді ол.

Сонымен қатар, А.Оспанов мəлім еткендей, қоғамдық қабылдауда азаматтарға сапалы жəне уақытылы кеңес беру үшін барлық шаралар қабылданған.

«Бізде Қазақстан бойынша Call-center жұмыс істейді. Таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қажетті кеңес алуға болады. Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айында біз Viber жəне WhatsApp желілерін іске қостық. Айта кету керек, сол уақыттан бері өңірлерден шамамен 2 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ал қоғамдық қабылдауға күніне шамамен 10-15 адам келеді», – деді РҚҚ меңгерушісі.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ ТƏРКІЛЕНГЕН АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ БОЙЫНША ӨЗАРА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ.

Осы келісімді реттейтін «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт-ты ратификациялау туралы» заң жобасы кеше Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің отыры-сында қаралды.

Қазақстан мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Құрама корольдіг і арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт 2015 жылы 3 қарашада Лондон қаласында жасалған. Шарт Қазақстан мен Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландияның құзыретті органдарының қылмыстық істер бой-

Қос ел өзара келісімге келдіынша, сондай-ақ, сот жəне сот-тан тыс рəсімдер бойынша тер-геу жəне қылмыстық қудалауда өзара құқықтық көмек көрсету мəселелеріндегі өзара іс-қимыл мəселелерін регламенттейді.

«Бұл шарттың тəрк іленген активтерді қайтару жəне бөлу бойынша өз ерекшеліктері бар. Əдетте тараптар тəрк іленген активтерді өзара тең бөледі. Бірақ, біз бұл шартта ағылшындармен кейбір жағдайларда активтерді ерекше тəртіп бойынша бөлу ту-ралы келісімге келдік. Бұл орайда мемлекеттің ұрланған қаражаты бөлінбейді жəне толық көлемде қайтарылатынын атап өту керек. Тек оны қайтаруға жұмсалған шығын ғана өтеледі», – деді Бас

прокурордың орынбасары Иоган Меркель.Бас прокуратура шартты іске асыруға жауапты

орталық орган болып табылады.«Ұлыбритания мемлекеті Қылмыстық істер

бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт-ты Еуроодақ елдерінен бұрын Қазақстанмен жасасуы Елбасының халықаралық аренадағы беделінің жоғары екенін, Қазақстан дипломатиясы жəне Бас прокуратура жұмысының жүйелі түрде ұйымдастырылғанын көрсетіп отырғанын атап өту қажет деп санаймын», – деді Сенат депутаты Бектас Бекназаров.

Оның айтуынша, депутаттардан ескертпелер мен ұсыныстар түскен жоқ. Заңды қабылдау жағымсыз əлеуметтік-экономикалық салдарға əкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен шығындарды қажет етпейді. Заң жобасы енді Сенаттың жалпы отырысында қаралатын бо-лады.

БИЫЛ РЕСЕЙ 2050 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖАЛҒА АЛҒАН БАЙҚОҢЫРДЫҢ БІР БӨЛІГІ, НАҚТЫРАҚ АЙТСАҚ, БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫМЕН ТҮЙІСІП ЖАТҚАН 11,6 МЫҢ ГЕКТАР АУМАҚ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ЖЕР БЕТІНДЕГІ ҒАРЫШ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫН ПАЙ-ДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ РАНО ДЖУРАЕВА МƏЛІМ ЕТТІ.

«Аумағы 11,6 мың гектар 4 жер учаскесін Қазақстанға қайтару туралы уағдаластыққа өткен жылдың күзінде қол жеткізілді. Біз бұл жерді мүлде пайдаланбаймыз. Кадастрлық жұмыстар аяқталды жəне I жартыжылдықта жерді жал-дан шығару қорытындысы дайын болады. Жер учаскелері қазақстандық əріптестеріміздің баста-масымен қайтарылады. Олар инфрақұрылымды дамытпақшы, қонақ үйлер салуы мүмкін», – дейді Рано Джураева.

Байқоңыр ғарыш айлағы мен жалпы қаланың аумағы 672 мың гектар жерді алып жатыр. Ресей бұл кешенді Қазақстаннан жылына 115 млн. дол-лардан 2050 жылға дейін жалға алған. Жердің тиісті бөлігі Қазақстанға қайтарылғаннан кейін жал бағасы қайта қаралмайды.

Байқоңырдың бір бөлігін қайтарады

АҚПАН АЙЫНАН БАСТАП ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДЕ ƏСКЕРИ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР АРАСЫНДА «БАТЫР АРУЛАР» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ. ЕКІНШІ МƏРТЕ ӨТЕТІН СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА АРМИЯНЫҢ ОН ЕКІ АРУЫ ТАҢДАЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Алғашқы «Батыр арулар» республикалық байқауы өмірін əскери қызметке арнаған жандар туралы болды. Үміткерлер өтінім бергеннен бастап шешуші кезеңге дейін ауыр сынақтардан өтті. Олар оқ атты, гра-ната лақтырды, əртүрлі кедергілерден өтті, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды басқарды.

Биылғы байқауға өтініш қабылдау ақпаннан басталды. 25 наурызға дейін байқауға қатысуға ниет білдіргендер сау-алнаманы толтырып жібереді, өзі жəне ҚР Қарулы Күштері қатарындағы əскери қызмет туралы əңгімелеп береді.

Екінші кезеңде Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында ашық дауыс беріледі. Ол 1 сəуірде баста-лып, 15 маусымда аяқталады. Барынша көп дауыс жинағандар байқау жеңімпазы атанады.

Естеріңізге сала кетсек, «Батыр арулар» – ҚР ҚК қыз-келіншек əскери қызметшілері арасында

«Батыр арулар» байқауы басталды

өткізілетін республикалық байқау. Бірінші байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен өтінім білдірген 123 əйел əскери қызметші қатысты. Сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік əзірлігін, төзімділігі мен күшін дəлелдеген 12 жеңімпаз анықталды. Байқау мəресінде қыз-келіншектерді кəсіби стилистердің ажарлану қызметі көрсетіледі жəне мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосес-сия жүргізіледі.

БИЫЛ АСТАНАДА 18 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫН АШУ КӨЗДЕЛГЕН. БҰЛ ТУРАЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ХАБАР-ЛАДЫ.

Үстіміздегі жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, 1565 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 121-і – өнеркəсіп, 336-сы – сауда, 73-і – көлік жəне байланыс, 221-і – білім жəне денсаулық сақтау, 171-і құрылыс жəне коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 643-і экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.

Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша Астана қаласы əкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 310 адамды жұмысқа орналас-тырды. Жастар тəжірибесінен өтуге 62 түлек жіберілді.

Айта кетейік, 2015 жылы елордада 18 389 жаңа жұмыс орны құрылды. Өткен жылдың қорытындылары бойынша Астана қаласы əкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 5 937 адам жұмысқа орналастырылды.

Елордада қанша жұмыс орны ашылады?

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖƏРДЕМДЕСУІМЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭКСПОРТ-ТАУШЫЛАР 30 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА ІРІ ҚАРА МАЛ МЕН ҚОЙ ЕТІН ЖЕТКІЗУ БОЙЫН-ША ҰЗАҚМЕРЗІМДІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ШАРТТЫ БЕКІТТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ПАЛАТАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН ХАБАРЛАДЫ.

Атап айтқанда, бұл Иран елінен санкциялар алынғаннан кейін екі мемлекет арасындағы бірінші шарт болып отыр. Осы келісім Қазақстан делегациясының Тегеранға іскерлік сапарының аясында жасалып отыр.

Іскерлік кеңестің барысында қазақстандық ком-пания мен ирандық кəсіпкерлер арасында тиісті келіссөздер жүргізілді.

«Қазақстан мен Иранның бизнес-қоғамдастығы ынтымақтастыққа елеулі қызығушылық та-нытып отыр. Осы қарқынмен біздің елдердің

Иранға ет жөнелтемізсауда-экономикалық қатынастарын арт-тыра алатынымызға сенімдімін. Осы орайда агроөнеркəсіптік кешен мен азық-түлік өнеркəсібі салаларындағы Қазақстанның кəсіпкерлерін бай-ланыстарды белсенді түрде өрбітуге шақырамын, себебі бұл бағытта еліміздің əлеуеті өте жоғары», – деді Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мəжитов.

Жапонияда белгісіз хакерлер тобы технологиялық жəне саяси маңызы бар 20 мың құпия мəліметті қолды етті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.

Хакерлер тобы іс барысында Emdivi вирусын жіберу арқылы мəліметтерді білдіртпей ұрлаған. Олардың арасында қорғаныс фирмаларының шетелдермен байланысы, құпия хаттары бар. Мұндай заңсыз əрекеттің салдарынан осыған дейін 1 мыңға жуық сайт зардап шекті.

Кибер шабуыл кезінде осы вирус түрі өткен жылдың мамыр айында ұлттық зейнетақы қорының 31 компьютеріне жіберіліп, 1,25 миллион жергілікті халықтың шоты ұрланған. Бірқатар маманның болжамы бойынша, заңсыз əрекетке қытайлық хакерлердің қатысы бо-луы мүмкін. Алайда, бұл ойдың растығын дəлелдейтін ешбір ақпарат табылмады.

Отшашу атқандарға айыппұл салынады

Қытай жеріне жеткен биылғы Жаңа жыл мерекесі биліктің жаңа айыппұл түрін бекітуден басталды. Бұл туралы Bloomberg.com хабарлады.

Себебі, мұнда бірнеше ірі қалада мерекелік отшашу салдарынан ауада аса улы қабат қалыптасып, халықтың денсаулығына тікелей қауіп төнді.

Мысалы, Шанхай қаласында от шашқан не-месе өзге пиротехника түрін пайдаланған адам 500 юань (шамамен 27 500 теңге) айыппұл төлеп, жауапқа тартылады. Билік шығарған бұл заңды қадағалау үшін 300 мың белсенді адам қала көшелерін кезектесіп бақылауға кірісті.

Дүйсенбі күні, яғни, кеше сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, Тайваньда жер сілкінісі құрбандарының саны 37 адамға дейін өскен, соның ішінде кем дегенде 10-ы - балалар. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Тайнань қаласының өртке қарсы қызметінен мəлім еткендей, табылған 37 құрбанның ішінде 35-і - Тайнань қаласындағы Юнкан ауданындағы "Вэйгуань цзиньлун" көпқабатты ғимаратының тұрғындары. Тағы 110-нан астам адам құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болып отыр.

Қытайлық сейсмологиялық жел ілер орталығының хабарлауынша, 6 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 03:57-де Тайваньдағы Гаосюн қаласында магнитудасы 6,7 (Тайвань метеорологиялық қызметінің хабарламасы бойынша, зілзала күші 6,4 балды құраған) жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінен жапа шекті

Page 3: Сақшы №11 (4177)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№11 (4177), сейсенбі, 9.02.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

МӘЖІЛІС

2016 жылдың 1 қаңтарынан жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады. Ол атқарушы органдар мен жергілікті қауымдастыққа есеп береді. Алғашқы гарнизондық таратуда облыс əкімінің орынбасары Владимир Бубенкоға облыс орталығындағы қоғамдық тəртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тех-ника мен жеке құрамның жарақтандырылуы таныстырылды.

Гарнизондық таратуды өткізудегі басты мақсат – жеке құрамның сырт киімдерінің жинақы болып, автокөліктер мен құрал-жабдықтарды қажетті жағдайда баптап-ұстау жəне еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерді ма-рапаттау. Көше қылмыстарын ашуда сауатты əрекеттер жасағаны үшін үш қызметкер ІІД бастығының қолынан алғыс хаттар алды. Солардың бірі – Петропавл қаласының жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы батальонының полицейі Нұрлан Коқабаев. Ол қала тұрғынын тонап кеткен ұрыны ұстауда көзге түскен. Полиция сержанты еңбегінің еленіп, бағаланып жатқанына қуанышты екенін айтып, басшылықтың жұмысына ризашылығын білдірді.

Петропавл қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының бастығы, полиция май-оры Самат Құсбековтің хабарлауынша, қаңтар айының қорытындысы бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында мың жарымнан астам түрлі əкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың 1400-ден астамы ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша. 16 милли-он теңгеден астам əкімшілік айыппұл салынып, оның 8 миллион 697 мыңы өндіріліп алынды.

Полицейлердің айтуынша, жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарының басым бөлігі Орталықтың бейнекамералары арқылы анықталады. Қазіргі уақытта Петропавл қаласында 74 камера орнатылған. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

О т ы р ы с ж ұ м ы с ы н а Т ө т е н ш е жағдайларды жою жəне алдын алу бойынша облыстық комиссия мүшелері, облыстың Азаматтық қорғау қызметінің бастықтары, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының басшылары, Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жауапты қызметкерлері, Петропавл қаласы мен аудандардың əкімдері қатысты.

Отырысты облыс əкімі ашып жүргізіп, қатысушыларға су тасқыны қаупі жоғары кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу жəне халықты, шаруашылық жəне коммуникация нысандарын қажетті қорғаныспен қамтамасыз ету туралы міндет жүктеді. «Петропавл қаласы мен аудан əкімдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыла-ры көзделген шаралардың орындалуын толық көлемде қамтамасыз етулері тиіс», – деді аумақ басшысы кіріспе сөзінде.

Кейін сөз сөйлеген облыстың ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Павел Филиппов төтенше жағдайларды жою жəне алдын алу саласындағы

Мəжілісті институт бастығы, поли-ция полковнигі Сəлімгерей Қаракүшев ашып: «Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде Жолдауды халыққа жеткізіп, наси-хаттау жұмыстары қызу жүріп жа-тыр. Əлемдік дағдарысқа қарамастан еліміздің қазіргі мүмкіндіктері есепке алына отырып, Елбасымыздың Жолдауы барлық əлеуметтік міндеттемелердің толығымен сақталатынын айқындайды. Жолдау талаптарынан туындайтын міндеттерді жоғары деңгейде орындау үшін Жолдау міндеттерін түсіндіру, на-сихаттау іс-шараларын жүзеге асыру-мыз керек. Сонымен қатар, Жолдауда қарастырылған бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» атты стратегиялық Ұлт Жоспарының талаптары да қамтылуы тиіс. Біз Жолдау салған ізбен жүруіміз керек», – деп атап көрсетті.

Президент Жолдауына тоқталған Сəлімгерей Иманғалиұлы мəжіліске ар-найы қонақ ретінде шақырылған фило-софия ғылымдарының докторы, профес-сор, Қазақстан Республикасы Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, ғылым жəне қоғам қайраткері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

Гүлнəр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

МЕДЕУ АУДАНЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯСЫ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ. ТАЯУДА ӨТКЕН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫ МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ƏКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РУМИЛЬ ТАУ-ФИКОВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТТІ.

«Кездесу барысында жергілікті полиция қызметінің құрылуы мен іс-əрекетінің жүзеге асырылуы туралы өзекті мəселелер сөз болды. Бұл қызмет түрі жаңа болғанымен, оның қызметкерлерінің міндеттері бұрынғыдай. ЖПҚ-нің негізгі бағыттары құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тəртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, əкімшілік құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ қылмыстық əрекеттердің сотқа дейінгі тергеу өндірісін хаттамалық негізде іске асыру болып табылады», – деп түсіндірді Медеу аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Байғожаев.

Сонымен қатар, полиция басшылығы жасалған жұмыстар туралы өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді. ІІБ статистикалық мəліметтері бой-ынша, 2015 жылы полицияның учаскелік инспекторларымен 1 мың 730 қылмыс ашылды. Табиғатты қорғау полиция бөлімімен осы кезең аралығында 3 мың 657 əкімшілік құқық бұзушылық əшкереленіп, 19 миллион 311 мың 617 теңге айыппұл салынды.

«Сондай-ақ, ювеналдық полиция тарапы жағынан да өткен жылдың қорытындысы бойынша, жасөспірімдер қылмысының 20 пайызға азайғаны байқалады. Жол-патрульдік полициясы полкінің экипажымен 1 мың қылмыстың «ізі суымай» ашылды. Сонымен қатар, өткен жылы біздің бөлімше қызметкерлерінің күшімен 264 қоғамдық іс-шаралар өткізіліп, қоғамдық тəртіпті сақтау жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, біздің ауданда алғашқылардың бірі болып «Қырағы көрші» бағдарламасы енгізілді. «Қауіпсіз қала» жəне «Қауіпсіз аула» жобалары да өзінің тиімді нəтижелерін көрсетуде», – деді подполковник С.Байғожаев.

Кездесу барысында жұртшылықпен əңгімелесулер өтіп, азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға, кəсіби жауаптар алды. Əсіресе, 28-ші əкімшілік учаскенің тұрғындары белсенділік танытты.

Алғашқы айына есеп берді

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ОБЛЫС ƏКІМІ ЕРІК СҰЛТАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ МƏЖІЛІСІ ӨТТІ. ЖИЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ЖƏНЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ КЕЛЕҢСІЗ САЛДАРЫНАН ХАЛЫҚТЫ, НЫСАНДАР МЕН АУМАҚТЫ ҚОРҒАУ БОЙ-ЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚАБЫЛДАҒАН ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ МƏСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ.

жұмыстар туралы ақпарат беріп, белгіленген іс-шараларды өткізуде жергілікті атқарушы органдардың қолдау жасауының маңыздылығына тоқталды. «ТЖ алдын алу жəне жою-да облысымызда 2015 жылы 159 млн. теңге артық сомма игерілді, жерг і л і к т і а тқару органдардың қолдауымен қосымша 9 өрт сөндіру бекеті құрылды», – деді ІІМ ТЖК-нің аумақтық орган бастығы.

Сондай-ақ, Павел Владимирович д е п а р т а м е н т п е н б а ғ ы н ы с т ы ведомстволардың, өзге де қызметтердің төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою бойынша өткізетін іс-шаралары туралы айтты. Ол көктемгі су тасқыны кезінде азаматтық қорғаныс қызметтері атқарған жұмыстарының ауқымдылығын атап өтті. «Адамдар мен шаруашылық жүргізу нысандарын қорғау бойынша кең көлемді шаралар жүргізілуде. Облыстың елді мекендер аумақтарынан 300 мың тонна қар та-сып шығару жұмыстары жүргізілді. Гидротехникалық құрылыстардың жөнделуі, су тасқынына қарсы іс-

шаралар дайындау жəне өткізумен байланысты күрделі мəселелер бой-ынша тапсырмалар талқыланды жəне берілді. Облыстық су тасқынына қарсы штабтың мəжілістері, аудан əкімдерімен селекторлық отырыстар өткізілді», – деді департамент бастығы.

Отырыс барысында Петропавл қ а л а с ы н ы ң ə к і м д і к ө к і л д е р і , «Казводхоз» жəне «Казгидромет» АМК филиалының директорлары, аудан əкімдерінің орынбасарлары, азаматтық қорғаныс қызметтері бастықтарының баяндамалары тыңдалды. Олар өңірдегі су тасқыны жағдайының жал-пы суретін сипаттап, тас жолдар мен су қоймалардың жəне ондағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша, су тасқынына жəне төтенше жағдайларға дайындық мəселесі жай-ында сөз сөйледі.

Т ы ң д а у д а н к е й і н ұ с ы н ы л ғ а н ақпараттарды сараптап, облыс əкімі Ерік Сұлтанов облысымыздың азаматтық қорғау қызметтеріне, департамент жəне басқарма басшыларына, аудан əкімдеріне жəне гидротехникалық құрылыс иелеріне осы кезеңнен-ақ төтенше жағдайларға уақытылы əрекет етуге, табиғи апаттың келеңсіз салда-рынан халықты қорғауға тапсырмалар берді.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

ЖОЛДАУ САЛҒАН ІЗЖ.НҰРМҰХАМБЕТОВА, Ақтөбе қаласы

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНДА ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МƏЖІЛІСІ ӨТТІ. МƏЖІЛІСКЕ АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ АРНАЙЫ ҚОНАҚ РЕТІНДЕ ШАҚЫРЫЛЫП, КЕЛЕЛІ ОЙ, КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК ЖАЙЫНДА СӨЗ ҚОЗҒАДЫ.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІП ПЕН ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТКЕ ТҮСЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИ-ЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫГАРНИЗОНДЫҚ САПТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ. САПТЫҚ ТАРАТУҒА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ КЕШЕНДІ КҮШІ – ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДЕН БӨЛЕК ОБЛЫС ЖƏНЕ ҚАЛА БАСШЫЛЫҒЫ, МƏСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ, ІІД ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ МЕН АРДАГЕРЛЕР ҚАТЫСТЫ.

университетінің əлеуметтік-саяси пəндер кафедрасының профессоры Амангелді Əбдірахманұлына сөз кезегін ұсынды.

Амангелді Айталы: «Президенттің Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол деуі тегін емес. «Арман» деген сөз – ол негізінен идеологиялық бағыт, рухани меже. Бұл тұста «ар-ман» психологиялық пікір де бола алады: «Арман – ықылас, арман – тілек. Бұл арман-тілек Президент айтқан ынтаға айналса, халық ынта-ланып осы арманға жұмылса, ол ынта халықты белсенділікке алып келсе, ол белсенділік нақты іс-əрекетке, амалға айналса, елдің болашағы жүзеге асы-рылады», – деп сөз бастады. Профессор Жолдаудың қазақ еліне берері мол екендігін, əр адам өз бойындағы писсимистік қабілетті жоюға əрекет етсе алынбайтын қамал жоқ екендігін баса айтты. «Бұл – отбасында бала-шағамызға, немерелерімізге айтатын əңгімеміз. Бұл жұмыста айтылатын əңгімеміз болуы тиіс. Бұл – жалпы елдіктің əңгімесі. Сондықтан Президент ұсынған бұл арман – жалғасып келе жатқан қазақтың арманы. Талай та-рихи қиын кезеңдерден аман қалып, осындай жағдайға жеттік. «Енді алға

аяқ басайық», – деген Президенттің ұсынысы. Əрине, бұл халықтың бірден-бір əрекетіне айналатыны анық», – деп өз ойын қорытындылады.

А з а м а т т ы қ - қ ұ қ ы қ т ы қ п ə н д е р кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Светлана Николаева мен əкімшілік құқық жəне ІІО əкімшілік қызметі кафедрасының бастығы, поли-ция полковнигі Нұрлан Жетпісбай «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске асырылу кезеңі сатысындағы қадамдар, оның ішінде ішкі істер органдарына қатысты қадамдардың бүгінгі күнгі бета-лысы мен институттағы іс-шаралар ту-ралы баяндады. Өз кезегінде Светлана Леонтьевна «Кəсіби мемлекеттік ап-парат қалыптастыру» шеңберінде мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнаманың маңызды аспектісі, оның базалық нормаларының құқық қорғау органдарына қатысы туралы сөз етті.

Нұрлан Ықсанұлы жасаған баянда-масында «Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, жергілікті по-лиция қызметін құру, жол полици-я сы қызметкерлер і н і ң э тикасы жəне өзге де мəселелер 29, 30, 31, 32-қадамдарда айқындалып отыр», – дей келе, 30-қадамға ерекше тоқталып, «Жергілікті атқарушы органдарға жəне жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылып, жұмысын бастап кеткендігін, осыған орай біздің институттың басшылығы ІІМ-не М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында «Жергілікті полиция қызметін жетілдіру жолдары» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізу жөнінде ұсыныс жасап, аталған бастама ІІМ басшылығы тара-пынан қолдау тапқандығын көрсетті.

Соңында институт бастығы С.Қаракүшев «Ел Президенті қазақстандықтарды Ұлттық Жоспарды жүзеге асыруда жəне реформаларды өткізуде белсенділік танытуға жəне бар мүмкіндіктерді пай-далана білуге үндейді. Институттың жеке құрамы Елбасының жан-жақты сараланған, кең ауқымды іс-қимылдар жоспарын қолдайды. Президентіміз айтып өткендей, бұл дағдарыстан шығу үшін қажетті ерекше күш – халық бірлігі, біртұтас ерік-жігер болуы тиіс. Бұл бізде бар», – деп ғылыми кеңестің кеңейтілген мəжілісті қорытындылай келе, Амангелді Əбдірахманұлы Айталыға заң институтының қызметкерлері ара-сында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағыттарын насихаттау, патриоттық жəне ұлттық келісім сезімін тəрбиелеу жұмысына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

БАЙҚАУ

Жалпыгарнизондық саптан сынақ өтті

Page 4: Сақшы №11 (4177)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№11 (4177), сейсенбі, 9.02.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯКЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ КЕЛЕЛІ ЖИЫНЫ

Семинарға қатысқан Жамбыл об-лысы əкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығынан Ақпараттық түсіндіру жəне талдау бөлімінің бас-шысы Ерзат Жакипов пен психо-лог Айжан Дербісəлиева суицидтік мəселелерді қоғамдық жəне діни тұрғыда қарастырып, өте ауқымды ақпараттармен таныстырды. Жамбыл облысының Психикалық аурулар диспансерінің психолог-суицидологы Жанар Байгутиева суицидтік əрекетке барушылардың мінез-құлық көрінісін психологиялық жəне медициналық қырынан сипаттап, алдын алу шара-ларын ұсынды. «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің шұғыл əрекет бригадасының фельшері Азиза Юсупова қандай да бір суицидтік əрекетке барғаннан кейінгі адам өмірін сақтап қалуға қатысты алғашқы медициналық көмек көрсету тəсілдерін іс-тəжірибе жүзінде көрсетті.

Адам өмірінен бағалы ештеңе жоқ. Соңғы жылдары ішкі істер органдарын-да өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің белең алуы өткір мəселенің бірі болып отыр. Жастар арасында жиілеп кеткен аты жаман «дерт» кімнің де болсын қабырғасын қайыстырмай қоймасы анық. Жұмысқа жаңадан орналасып, еңбек жолын жаңа бастаған жас ма-мандар үшін еңбекте де, өмірде де кез-

Жиында кеңесші органның төрағасын сайлау, 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен бөтенннің мүлкін ұрлау, оның ішінде, мал ұрлығының алдын алуға қатысты қолданылатын шаралар кең інен талқыланды.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган ел Президенті Н.Назарбаевтың: «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары жəне Ішкі істер министрінің «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы Консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығы негізінде құрылды.

Елбасының алға қойған тапсырма-сы – мемлекеттік органдар қызметінің а ш ы қ т ы ғ ы м е н ж а р и я л ы л ы ғ ы н қамтамасыз ету. Осы мақсатта құралған ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мақсаты – құқық қорғау сала-сында мемлекеттік саясатты іске асыруға азаматтарды тарту, мемлекеттің құқық қорғау жүйесіне халықтың сенімін арт-тыру, полицияны халыққа жақындату, алдағы уақытта құқықтық мемлекетті нығайтуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін көтеру, ішкі істер органдарының қызметіне консультативтік, əдістемелік жəне өзге де қолдаулар көрсету.

ІІД жанындағы консультативтік органның құрамына өңірдің қоғам

Сондай-ақ, жол-патрульдік полициясы мен учаскелік инспекторлардың күшейтілген тəртіпте жұмыс істеуінің нəтижесінде көше қылмыстары төмендеп, отбасылық-тұрмыстық жəне қоғамдық орындарда қылмыс жасау көрсеткіштері едəуір кеміді.

Еске сала кетейік, Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамды» орындау мақсатында жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастаған болатын. Бұл құрылым по-лиция қызметінің ашықтығы мен азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етуді қамтамасыз етеді. «Бөлімше қызметінің алғашқы бір айының қорытындысы жұмыс барысында өз тиімділігін көрсетуде. Қызметкерлерді материалдық-техникалық, оның ішінде фото жəне бейнетіркегіш техникалық құралдарымен жарақтандыру алдын алу жұмыстарының сапасына елеулі ықпал етуде», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, по-лиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Оның ішінде, 174 жүргізуші көлікті мас күйде басқарса, 985-і рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені, ал тағы 700-і жылдамдық режимін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

«Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің басты міндеті – қоғамдық тəртіпті сақтау, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау жəне жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру. Қоғамда ұсақ бұзақылықтарға мүлдем төзбеушілік принципін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев. Жыл басынан бері алкогольге қарсы заңнаманы бұзған мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық жасаған – 151, тыныштықты бұзған – 140, қоғамдық орындарда темекі тартқан 400-ге жуық, мысықтар мен иттерді асырау қағидаларын бұзған – 400-ден астам солтүстікқазақстандық жазаланды.

Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің жұмысы қылмыстарды ашуға да бағытталған. Тек соңғы тəулікте қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полициясы батальоны қызметкерлері 5 күдіктіні ұстады. Олардың екеуі дүңгіршекке бұзып кірмек болған. Жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері полиция кіші сержанты Александр Арапов пен полиция кіші сержанты Асиман Мирзоев күдіктілерді іздерін суытпай ұстайды. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері көлікті тонаған 35 жастағы петропавлдықты, сонымен бірге, əйелдерді тонамақ болған тағы екі қала тұрғынын құрықтады.

«Жаңа қызмет жұмысын бастағалы тұрғындар тарапынан да түсіністік бар. Олар қоғамдық тəртіпті нығайтуда жаңа леп сезілетінін жасырмай, сəті түскенде айтып жатады», – дейді жергілікті полицейлер.

Асылай ҒҰБАШЕВА, Батыс Қазақстан облысы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ІІД ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАН ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ ТАЯУДА ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ОСЫ ОРГАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Гүлнəр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯСЫ БІР АЙ ІШІНДЕ 900-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫ ƏШКЕРЕЛЕДІ. БӨЛІМШЕНІҢ МƏЛІМЕТІНШЕ, ЖАЛПЫ СОММАСЫ 28 МИЛЛИОН 275 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 8604 ƏКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛҒАН.

қайраткерлер і , а тап айтқанда , жоғары оқу орындарының рек -т орлары , с а я си п ар тиялардың өкілдері, шығармашылық ортаның зиялы қауымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық альянс, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді. Жаңа ережеге сəйкес, Консультативтік-кеңесші органның мүшесі 9 адамнан аспауы қажет. Бірінші отырыста ашық дауыс беру арқылы кеңесші органның мүшелері арасынан Консультативтік-кеңесші органның төрағасы – Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ректорының кеңесшісі, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Қазыбай Бозымов сайланды.

Салтанатты жиын барысында ІІД бастығы, полиция полковнигі Махамбет Абисатов консультативтік-кеңесші органнның мүшелеріне қызметтік куəліктерін табыс етті. Отырыста облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, поли-ция майоры Кенжебек Құспаев аймақта мал ұрлығының алдын алуға қатысты іс-шаралар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, ішкі істер тарапынан қолға алынған шараларға қарамастан бөтеннің мүлкін ұрлау əлі күнге дейін маңызды мəселелердің бір болып отыр. Өткен жылы өңірде бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 7249 факті тіркелсе, бұл сан аймақтағы қылмыстардың 56,3 пайызын құраған. Баяндамасында

жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары мал ұрлығымен қатар, пəтер тонау, автокөліктен ұрлау қылмыстары, олардың алдын алу бой-ынша қолданылып жатқан іс-шараларға да тоқталды.

«2015 жылы 688 мал ұрлығы тіркелді. Тұрғындардың 1748 малы ұрланып, шығын 154 млн. 604 мың теңгені құрап отыр. 528 жағдай бойынша мал ұрлығы жайылымда болса, тек 160-факті са-райлар мен қораларда тіркелген. Ауылдық жерлерде мал жайылымын дұрыс ұйымдастырмау қылмыстың өршуіне түрткі болып отыр. Тұрғындар малдарын арнайы мал бағушыға тап-сырмай, еркіне жіберіп қояды. Малдары жоғалған соң ғана алдымен өздері іздеп, кейіннен полицияға келіп жата-ды», – деді полиция майоры Кенжебек Құспаев.

Жиында ІІД басшылығы бөтеннің мүлк і н ұрлау қылмыс деңгей ін төмендету жəне оның алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы орган-дарымен, азаматтық қоғам институтта-рымен өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқару қажеттігін тілге тиек етті.

Консультативтік-кеңесші органның мүшелері бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының алдын алу бойын-ша облыстық ІІД жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып атқару үшін бірқатар ұсыныс білдірді. Атап айтқанда, ақылы авотұрақтарды ұйымдастыру, көпқабатты үйлердің подъездеріне коды бар құлыптар жəне домофондар орнату, күзет қызметі қызметкерлерінің жұмысын тексеру мəселелерін шешуді алға тартты.

Сондай-ақ, кеңесші органның мүшесі, ақын, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері Ақұштап Бақтыгерейқызы учаскелік поли-ция қызметінің жұмысын одан əрі жақсартып, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау қажеттігін атап өтсе, Асыланбек Зиннатұлы по-лиция қызметімен бірлесе отырып, қоғамда белең алып отырған құқық бұзушылықтар туралы бейнеролик-тер дайындап, халыққа ұсынса деген пікірлерін жеткізді.

Жиын соңында консультативтік-кеңесш і органның мүшелер ін ің ұсыныстары бойынша облыстық ІІД бастығы тəртіп сақшыларына нақты тапсырмалар берді.

СЕМИНАР

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҰМЫСТЫҢ АЛҒАШҚЫ АЙЫ ІШІНДЕ ОБЛЫСТА 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ. СЕГІЗ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ.

ӨМІРІҢ – ӨЗ ҚОЛЫҢДА

Мадина ГАРИФОВА, Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ МЕКЕМЕСІНІҢ КАДР ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАН ПСИХОЛОГЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ НАЗИРА АҚЫЛОВАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЖЕКЕ ҚҰРАМ АРАСЫНДА СУИЦИДТІК ƏРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ.

Бір айдың қорытындысы

Қоғамдық тəртіпте жаңа леп

дескен қиындықтан мойымай өтуі үшін жұмыспен қатар қоғамдық-спорттық бастамаларға араласып тұрғаны жөн. Осы орайда семинарға қатысушылардың басым көпшілігі жас буын өкілдерін құрады.

Іс-шараның барысында жиналғандар а қ ы н М ұ х т а р Ш а х а н о в т ы ң «Жігерлендіру» жəне «Тұлпар намысы» атты өлеңдеріне арналған бейнесюжет тамашалады.

Суицидтік əрекеттерді болдырмау үшін өткізілген семинарда адамның суицидке бару себебі мен өзіне-өзі қол жұмсаушы адамды сырт белгілері арқылы қалай тануға болатыны айқындалып, көрсетілді. Айтылған ойды толықтырып, пікір айтқан Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Бейбіт Арықбаев жəне кезекшілік өрт сөндіру қызметінің аға көмекшісі Уəлихан Тəшенов, кадр жұмыстары бөлімінің бастығы Ақмарал Шахабаева өз-өзіне қол жұмсау теріс əрекет екендігін, өмірде шешімі жоқ

түйін болмайтындығын атап айтып, бүгінгі семинардан алған əсерімен бөлісті.

Мекеме бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев өз кезег інде бүг інг ідей семинарлардың жиі өткізілуі бүгінгі таңда қажетт і шаралардың б ір і екендігін баса айтып, жиын барысын-да өмірге қажетті ақыл-кеңестерді түртіп алып отырғандығын жеткізіп, шара қонақтарына арнайы уақыт бөліп келгендері үшін алғысын білдірді

Біз де өз тарапымыздан өмірде сүрінсең де, қайғы-қасіретке кезіксең де ешқашан мойыма, қайта басыңды көтеріп, аяғыңды нық басып, кеудеңді тік ұстап, артыңнан саған қарап тұрған жұртыңа «өмір тоқтап қалған жоқ, мен əлі де биік шыңдарды бағындырамын, мен алдыма қойған мақсатқа жетемін деп əр адамға өзін қайрап, шыңдай түскені жөн дегіміз келеді. Өз өміріміз өз қолымызда екендігін ешқашан да ұмытпағанымыз абзал.

ІІД-нің дерегі бойынша, жергілікті полиция халықтың белсенді бөлігін профилактикалық қызметтерге қоса отырып, полицияның қоғамдық көмекшілермен өзара байланысты күшейтеді. Қызмет көрсетуде ерекше белсенділік танытқан азаматтар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

«Жергілікті полиция қызметіне жүктелген негізгі міндеттері – құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тəртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, əкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі қылмыстық əрекеттерді сотқа дейінгі тергеу өндірісін хаттамалық негізде жүзеге асыру, ішкі істер органдарының арнайы қабылдағыштары мен қабылдап-тарату мекемесінде адамдарды ұстау болып табылады. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметіне келіп түскен жедел жағдай туралы ақпараттарды жинау мен талдауды, қылмыс туралы ақпараттарға жедел əрі кідіріссіз əрекет етуді жүзеге асыру жүктелген. Кезекші тəулік ішінде қылмыстың ізін суыт-пай ашу да, табиғи апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде жедел шара қолдану да жаңа қызметтің міндеті болып табылады», – деді Жасұлан Байкенов.

Page 5: Сақшы №11 (4177)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№11 (4177), сейсенбі, 9.02.2016 е-mail:[email protected]

Бетті дайындаған Гүлнəр МАҒЗҰМОВА

ҚЫЗМЕТ

ҚЫЛМЫСҚА ТӨЗБЕУ – ТƏРТІПТІ КҮШЕЙТЕДІ

КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ СОНАУ КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАҒАН КЕЗЕҢМЕН САБАҚТАС. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ТҮРКІСТАН-СІБІР МАГИСТРАЛІНЕН БАСТАЛҒАН КӨЛІК ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ ҚАЗІР БІР ҒАСЫРҒА ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ. АТАЛҒАН САЛАНЫҢ СОЛ КЕЗДЕГІ МІНДЕТІ ЖОЛ БОЙЫН, ƏУЕ ЖОЛДАРЫН ІШКІ ЖƏНЕ СЫРТҚЫ ЖАУЛАРДАН ҚОРҒАУ, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖƏНЕ ТЕМІРЖОЛМЕН, ƏУЕ ЖОЛЫМЕН ТАСЫЛДАНАТЫН ЖҮКТЕРДІҢ АМАНДЫҒЫНА ЖАУАП БЕРУ БОЛСА, БҰЛ ҚЫЗМЕТ ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ЖЕТІЛДІРІЛІП, МІНДЕТ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ. ОСЫҒАН ОРАЙ БІЗ АЛМАТЫ-1 СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ДƏУЛЕТБЕК ТАНИКЕНОВПЕН ЖОЛЫҒЫП, ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ СТАНСАҒА ҚАРАСТЫ АУМАҚТАРДЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ЖАЙЛЫ СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

– Дəулетбек Хамзаұлы, Сіз басқарып отырған Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы бір шеті Семей, бір шеті Түркістанға дейінгі аймақтың тəртібін бақылап, осы екі ортаға қатынайтын жолаушылар мен т а с ы м а л д а н а т ы н ж ү к т е р д і ң қауіпсіздігіне жауап береді. Сөз жоқ, сіздерге жүктелген міндет өте ауқымды. Маңызды міндет жүктелген жерде жауапкершілік те жоғары. Осындай міндет пен жауапкершіліктен құралатын жетістіктеріңіз қай деңгейде?

– Біздің желілік басқарма 1660 шақырым теміржолға жəне 2 əуежайға қызмет көрсетеді. Қазақта «Адам үйден қырық қадам ұзаған соң – мүсəпір» деген мақал бар. Меніңше осы мақал тегін айтылмаған. Өйткені, діттеген жеріне жеткенше жолаушының жүрегі күпті, көңілі алаң. Жолаушылардың барар жеріне алаңсыз жетулерін жіті қадағалайтын біздің жігіттер.Тəулік бойы Қазақстанмен қатар, алыс-жақын шетелдермен арада бір тынбайтын теміржол қозғалысында тəртіп сақтау, қауіпсіздікті күзету өте қиын шаруа. Бұл саладағы қиындықтың бірі – қылмысты ашу. Өйткені, тұрғылықты жерлердегі сияқты емес, дөңгелектің үстіндегі қылмысты ашу біздің мамандардан асқан шеберлікті, кəсібилікті талап етеді. Өткен жылғы көрсеткіштерге тоқталатын болсақ, 394 қылмыс тіркелді. Жылжымалы құрамнан жүк ұрлау фактісі – 66. Бəрімізге белгілісі теміржолда тіркелетін қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құраса, оның ішінде ұялы телефон ұрлығы көп. Қазіргі кезең – технология кезеңі, бір адамның басында екіден, үштен ұялы телефон бар. Ұрлыққа көбінесе жолаушылардың өздері қолайлы жағдай тудырады. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дегендей жолаушылардың небір қымбат телефондары мен смарт-фондарын қараусыз қалдырып кетудің соңы үлкен өкінішке ұласып жатады. Бұл қылмысты ашу да қиынға соғады. Мысалы, өткен жылы ұялы телефон ұрлаудың 40 фактісі тіркелсе, оның ашылу пайызы 54,8 пайыз болды. Ұялы телефон ұрлығына қатысты жүргізілген алдын алу шараларының нəтижесінде бұл көрсеткіш одан арғы жылдардағы көрсетк іштермен салыстырғанда төмендегені рас. Бірақ ең алдымен жолаушылардың өз заттарына өздері сақ болғанына не жетсін.

Ал, жылжымалы құрамнан жүк ұрлау мəселесіне келетін болсақ, 2015 жылы Ішкі істер желілік басқармасы «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамына қарасты Алматы бөлімшесімен бірлесе отырып, контейнерлер мен ва-гондардан жүк ұрлаудың алдын алу

Сондай-ақ, қандай қылмыс болмасын ең алдымен ұсақ бұзақылықтан бастау алады. Ұсақ қылмыстарға жол бермеу арқылы, ауыр қылмыстардың алдын алуда Қазақстан Республикасының П р е з и д е н т і Н . Н а з а р б а е в т ы ң тəртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асырудың маңызы зор. Елбасының тəртіп сақшыларының алдына қойған міндеттерінің бірі – қандай да бір ұсақ қылмыстардың өзіне бейжай қарамай, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының да атқарып жатқан істері ауқымды.

Ұсақ қылмыстардың алдын алудың тиімді жолы – жолаушылар ара-сында құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» жауапкершілігін түсіндіру.

ШАРА

ҚАЛА МƏДЕНИЕТІ – ВОКЗАЛДАН БАСТАЛАДЫҚАНДАЙ ҚАЛА БОЛМАСЫН ОҒАН АЛҒАШ КЕЛГЕН АДАМНЫҢ СОЛ ҚАЛА ТУ-РАЛЫ ПІКІРІ ВОКЗАЛ МЕН ƏУЕЖАЙДАН БАСТАЛАТЫНЫ АНЫҚ. ЕГЕР ВОКЗАЛ МЕН ƏУЕЖАЙ ТАЗА, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖОҒАРЫ БОЛСА, ОЛ ҚАЛАНЫҢ МƏРТЕБЕСІН ӨСІРЕДІ. АЛМАТЫ – ТЕК ҚАЗАҚСТАН ЕМЕС ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ƏР ТАРАПЫНАН КЕЛЕТІН ЖОЛАУШЫЛАР АЯЛДАЙТЫН ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ. БІЗДІҢ МІНДЕТ ОСЫ МАҢЫЗДЫ ОРЫНДАРДЫҢ ТƏРТІБІН ҚАДАҒАЛАП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ƏР ЖОЛАУШЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. ОСЫ МАҚСАТТА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ТІЗБЕГІ ДЕ ЕШҚАШАН ТОЛАСТАҒАН ЕМЕС.

мақсатында біріккен жоспар жасаған болатынбыз. Жылжымалы құрамның стансадан шығарда пломбалары мұқият тексеріліп, фото-бейне түрінде тіркеледі жəне жүк мақсатты жеріне жеткенше əр станса сайын тексеріліп тұрады. Сондай-ақ, Отар стансасынан Ақтоғай стансасы-на дейін тосқауылдар қойылды.

Алматы-1 ІІЖ басқармасына қарасты аумақта тіркелген жүк ұрлықтарына талдау жасаған кезде ұрлықтың негізінен Шу стансасы мен Алматы-1 стансасына дейінгі аралықта орын алатыны анықталды. Сондықтан да осы аралық қатаң бақылауға алы-нып, нəтижесінде ұрлық саны біршама азайды. Жүк сақталатын аулалар мен жүк қабылдайтын-жөнелтетін парктер-де де жүйелі түрде жедел жұмыстар атқарылды. Десек те, өткен жылы тіркелген 32 қылмыс əлі ашылмай тұр. Бүгінде бұл бағытта жедел-іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, біздің қызмет көрсететін аумағымызда Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының негізгі көзі –Достық пен Алтынкөл стансалары бар. Бұл шекаралық бекеттер арқылы күніне мыңдаған тонна импорттық жəне экспорттық жүктер тасымалданады.

Өткен жылы əскерилендірілген күзет қызмет көрсететін Достық-

Алматы, Алтынкөл-Алматы теміржол учаскелерінде де жүк ұрлығы орын алды. Қалыптасқан жағдайға талдау жасай отырып, « Ə с к е р и л е н д і р і л г е н т е м і р ж о л к ү з е т і » акционерлік қоғамына түрлі ұсыныстар жолданды.

– Расында да өзі ата-уы айтып тұрғандай жылжымалы құрамнан жүк ұрлау қылмысын ашу оңай шаруа емес. Сондықтан да орын алған қылмыстардың біраз уақытқа дейін ашылмай қалуы жиі кез-десе ме?

– 2015 жылы «бұрын жасалған» 60 қылмыс жəне «өткен жылдары» жасалған 10 қылмыс ашыл-ды. Ішкі істер министрлігі Қ ы л м ы с т ы қ а т қ а р у жүйесінің мекемелерінен 3 өз қылмысын мойындау

əрекеті тіркелді.– Т е м і р ж о л д ы ң е с і р т к і

тасымалдауға да қолайлы көлік екені аян. Оның үстіне шуы көп Шу алқабын жағалайтын есірткі та-сымалдаушылар да сіздер қызмет көрсететін аймақ арқылы өтеді. Сондықтан да есірткіге қарсы күрес жүргізуде Ішкі істер желілік басқармасына жүктелетін міндет де зор болатын шығар?

– Өткен жылы есірткіге қатысты 40 қылмыс тіркеліп, барлығы 12 келіден астам есірткі заты тəркіленді. Əрине, бұл сондай бір елеулі көрсеткіш емес, алайда ашылған əрбір қылмыстың артында біздің полиция қызметкерлерінің зор еңбегі бар. Алдағы уақытта қолда бар барлық күштер мен құралдарды оңтайландырып, барлық қызметтерді есірткі қылмыстарының алдын алу мен анықтауға жұмылдыру жоспарланып отыр.

Ж у ы р д а а н ы қ т а л ғ а н е с і р т к і қылмыстарының бірі – «Тұзақ» алдын алу іс-шарасының барысында Алматы қаласының тұрғынынан 623,11 грамм гашиш тəркіленді. Негізінен есірткі тасымалдаумен бұрын сотталғандар айналысады. Сонымен қатар, теміржол алаяқтар да жиі кездесетін сала. Біз бұл қылмыстың алдын алуды да бас-ты назарда ұстаймыз. Алаяқтардың

негізгі ұсынатын қызметі – теміржолға жолсерік немесе басқа да қызметтерге орналастыру болып келеді. Жуырда Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының жедел уəкілдері дəл осындай алаяқтықпен айналысып жүрген жігітті қолға түсірді. Ол Іле ауда-нында тұратын əйел адамнан Алматы-Мəскеу бағытындағы пойызға жолсерік қызметіне орналастырамын деген желеу-мен 50 мың теңге алған.

– Ішкі істер желілік қызметі сан салалы. Осы қым-қуыт тірлікке толы салада тағы да қандай қылмыстар кездеседі?

– Қазақстан Республикасының белг і ленген шекарасын заңсыз бұзушылар да теміржолды жиі пай-даланады. Өткен жылы шетелдік 115 азамат əкімшілік жазаға тартылып, 35 адам ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ, заңсыз көші-қонға қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды.

С о н д а й - а қ , б і з д і ң б а с т ы мақсаттарымыздың бірі – «Қылмысқа мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру. Теміржолдағы түрлі тəртіпсіздіктер мен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін Ішкі істер желілік басқармасында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.Егер өткен жылғы көрсеткіштерге тағы бір оралатын болсақ былтыр əкімшілік құқық бұзушылық бойынша 6474 тəртіп бұзушылық тіркелді.

Теміржолдағы қылмыстардың бірі – пойыз əйнектерін сындыру қылмысы. Мұндай келеңсізд іктер нег із інен кəмелетке толмаған балалардың қолымен жасалады. Мысалы, өткен жылы жолау-шы пойыздарында əйнек сындырудың 21 фактісі тіркелді, соның 13 фактісі ашыл-май отыр. Маусымдық ұрлықтардың бірі – көмір ұрлығы. Қалай көмір тасымалдау науқаны басталады, солай осы ұрлық түрі көбейеді. Сонымен қатар, пойызды шұғыл тоқтату, жолаушы пойыздарының əйнегін сындыру, теміржол рельстеріне бөгде заттар қою сияқты қылмыстардың алдын алуда атқарылып жатқан шаралар бір толастамайды.

Біз қызмет көрсететін аймақта республикадағы ең ірі əрі ішкі жəне халықаралық жолаушы жəне жүк тасы-малданатын əуежай – Алматы əуежайы мен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы əуежай орналасқан. Бұл бізге тек үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймайды, аса сақ болуды да міндеттейді. Өткен

жылғы бір ғана фактіге тоқталсақ Алматы қаласындағы əуежай Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері «Эйр Астана» əуе компаниясының Алматы-Пекин, Алматы-Гонконг бағытында ұшатын ұшақтарында ақша ұрлаумен айналысып жүрген қылмыстық топты қолға түсірді.

– Дəулетбек Хамзаұлы, ішкі істер желілік саласында тағы қандай проблемалар бар?

–Жел іл і к полиция қызмет інде кездесетін проблемалар теміржол саласындағы проблемалармен тығыз байланысты. Мысалы, көп жылдар-дан бері шешілмей келе жатқан проблемалардың бірі – пойызға мінген кезде адамдар, оның ішінде көбінесе балалар жолаушы пойыздарының ва-гондары мен перрон арасындағы қуысқа түсіп кетіп, мертігіп жатады. Бұл, əрине, біз тиісті орындарға қаншама рет ұсыныс жасасақ та, шешілуі қиын мəселе болып тұр. Оның себебі – перрондар кеңес кезіндегі стандартқа сай салынған да, қазіргі пойыздардың көлеміне сай келмейді. Сонымен қатар, теміржол бойындағы қараусыз малдардың сал-дарынан болатын апаттарды жою да мүмкін болмауда. Малдарын теміржол бойына қараусыз жіберген мал иелеріне тек əкімшілік шара ғана қолданылатын болғандықтан бұл əрекет тыйылмай келеді. Өткен жылы 71 жазатайым оқиға тіркеліп, 16 адам қаза бол-ды. Мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында біздер теміржол маманда-рымен бірлескен жоспарлар жасап, жиі басқосулар өткіземіз.

Сондай-ақ, жаз айларында демалысқа шыққан жұрт теміржол қызметін жиі пайдаланады. Соған байланыс-ты пойыздарға билет алу мəселесі кəдімгідей үлкен мəселеге айналады. Осы кезде алыпсатарлардың да саудасы қыза түседі. Алайда, оларды қылмыстық жазаға тартатын заңнамалардың осалдығынан заңсыз билет сататын-дарды ауыздықтау да оңай емес.

Кезек күттірмейтін бір мəселе – теміржол бойы мен вокзалдарда бей-не камералар санын арттыру қажет. Теміржол вокзалдарында орын алған тəртіп бұзушылықтарға тоқсан сайын жүргізілетін мониторинге қарап отырсақ, қылмыстар бейнебақылау камералары жұмыс істемейтін немесе орнатылмаған жерлерде жасалады екен. Егер каме-ралар саны артса аталған жерлерде кездесуі мүмкін қылмыстардың ал-дын алумен қатар, лаңкестікке қарсы шаралар да күшейе түсер еді. Бүгінгі таңда лаңкестікке қарсы күресті жан-дандыру ең басты мəселелердің бірі екені даусыз. Бұл орайда теміржол саласының басшыларына тыйым салынған жүктерді тасымалдауға тый-ым салу жəне теміржол нысандарының лаңкестікке қарсы қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында «Рапискан» атты теле-рентген құрылғыларын қоюға ұсыныс жасап отырмыз. Желілік по-лиция қызметкерлерінің əуежайдың ішкі аймағына кіру мəселесін шешу де біраз уақытқа созылып келеді. Бұл бізге жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін қажет-ақ.

Сұхбатыңызға рахмет.Сұхбаттасқан Гүлнəр МАҒЗҰМОВА

Осыған орай біз өткен жылы «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен, аумақтық прокуратура жəне теміржол қызметкерлерімен бірлесіп 71 алдын алу шарасын өткіздік. Мұндай шара кезінде тұрғындарға қоғамдық орындарды лас-тау, белгіленбеген жерде сауда жасау сияқты теріс əрекеттердің зардабы жəне қолданылатын жаза туралы түсіндірілді. Мысалы, Қызылорда-Семей, Алматы-Новосібір, Алматы-Қарағанды арасына

қатынайтын жола-ушы пойыздарын-да «Теміржолдағы кездесу» атты шара тұрақты түрде өтті. С о н ы м е н қ а т а р , теміржолға жақын тұратын тұрғындар арасында жəне стан-саларда да 53 рет кездесу өткізілсе, жа-затайым оқиғалар жиі тіркелетін стансалар-да мұндай шаралар-ды жиі-жиі өткіздік.

Т е м і р ж о л ғ а жақын орналасқан оқу орындарының с т у д е н т т е р і м е н , еңбек ұжымдарымен

жəне мектеп оқушыларымен кез-десу өткізіп, заң талаптарын жəне қауіпсіздік шараларын түсіндірудің нəтижесінде өткен жылы теміржолдың бел г і л енбе г ен жерлер і н ен ө т у фактісі біршама азайды. Сонымен қатар , тем іржол аймақтарының қауіпті аймақтарын ескеріп жəне жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында «Қазақстан теміржолы» басшылығына Алматы-1 ІІЖБ-нің қызмет к өр се т у аймақтарында теміржол арқылы адамдардың жиі өтетін учаскелеріне қоршаулар мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер орнату, «Абайлаңыз, теміржол аса қауіпті аймақ!», «Жүргінші, абайлаңыз! Теміржолдың рұқсат етілмеген жерінен өтуге болмайды!» сияқты жаңа заман талабына сай көрнекілік құралдарын орнату жайлы ұсыныстар берудеміз.

Қызмет көрсету учаскелерінде жүк пойыздарын шұ ғыл т ежеу себептеріне талдау жасағанымызда, осындай белг ілер мен көп ірлер болмағандықтан 2015 жылы 50 факті орын алған екен. Əсіресе, Алматы-1 жəне Алматы-2 стансаларының ара-сында, Медеу, Жетісу, Байсерке, Ақсеңгір, Боралдай, Жетіген сияқты стансаларда пойыздардың адамдар

мен малдарды басып кетпеу үшін 3 ми-нуттан 13 минутқа дейін тоқтап тұруы анықталды.

Өткен жылы Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері барлығы 3056 əкімшілік қ ұ қық б ұ з ушылық əреке т т ер і н анықтады. Соның ішінде ең көп анықталғаны қоғамдық орындарда темекі шегу. Бір жыл ішінде осындай 593 факті тіркеліпті. Ал, жолаушылар арасында жиі кездесетін тағы бір əрекет – қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу. Өткен жылғы анықталған осындай əрекет саны –174.

Ұсақ бұзақылықтың алдын алу мен тəртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын насихаттаудың бір жолы – «Сенім купесі». Желілік басқарма

қызметкерлері жолаушы пойызда-рын аралап, əр купеге кіріп жолау-шылармен емен-жарқын əңгіме ба-рысында қоғамдық тəртіпті сақтау, вокзалдар мен пойыздарда жеке зат-тарына сақ болу, оларды бейтаныс адамдарға сеніп қалдырмау жайлы түсіндіреміз. «Сенім купесі» шарасы-на сондай-ақ, пойыз бастықтары мен жолсеріктерді де қатыстырамыз, олар да жолаушылардың тілек-шағымдарына жауап беріп, пікір алмасады.

М.РЫСАЛДИЕВ,Алматы-1 стансасындағы ІІЖБ

Əкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры

Page 6: Сақшы №11 (4177)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№11 (4177), сейсенбі, 9.02.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЛМЫС пен ЖАЗА

Елімізде қылмысқа баратындардың д е н і б ұ р ы н с о т т ы б о л ғ а н басбұзарлар . Қылмыс жасауды кəсібіне айналдырғандар жазасын өтеп шыққаннан кей ін де қайта жаза басып жатады. Қоғамда сот-ты болғандар жөнінде «Қолын бір былғаған адамнан бəрін күтуге бо-лады» деген пікір де қалыптасып қалған. «Сотты болғандардың адам қатарына қосылуы екіталай» де-ген түсінікті түгелімен жойып бола алмай жатқанымыз тағы бар. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп шыққан сотталушыны қоғам құшақ жайып қарсы алмасы анық. Қоғам мен қылмыскер бір-біріне кереғар ұғым екені əлімсақтан белг іл і . Т іпт і , қылмыскер деген «құрметті атақ» өмір бойы алды-нан шығып, аяғынан шалатыны да сотталғандардың шымбайына батпай-тын болған. Шындығы сол, темір тор-дан түзеліп шығуға ниеттенетіндер некен-саяқ. Бір рет шалыс қадам басқандар қылмыс жасауды кейін ата кəсібіне айналдырып алып жүрген жоқ па?

ҚАПАСТАН ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ...

Ж а з а с ы н ө т е у о р ы н д а р ы н д а жұмыспен қамту – сотталғанның қ о ғ а м ғ а қ а й т а о р а л у ы н а берілетін жалғыз мүмкіндік емес. Сотталушыларды бас бостандығынан айыру орындарында жұмыспен қамту, техникалық мамандықтарға оқыту да оң жолға қойылған. Өйткені , жаза басқандардың арасында, тіпті, орта б іл ім і жоқ сотталғандарды да кездест іруге болады. Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 495 сотталушының 40-қа жуығы мекемедегі кешкі мектепте біл ім алып жүр. Бұл жөнінде бізді ЕЦ-166/10 мекемесінен арнайы репортаж жасауға барғанымызда мекеменің сотталғандар арасындағы тəрбие жұмысы бөлімінің бастығы, əділет майоры Берік БАКУЛИН хабардар етті.

К а т а ң ұ с т а у р е ж и м і н д е г і колонияның қым-қуыт т ірліг імен танысу мүмкіндігін құр жібермей, жазасын өтеп жатқандармен жарты сағат болса да тілдесуді құп көрдік. Аты айтып тұрғандай, аса ауыр қылмыс жасағандарды ұстайтын колонияға бізді де толық тексерістен өткізіп барып кіргізді. Ішке енбес бұрын кіреберісте бірнеше қызметкер

Түрме

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ҚАЙТА СІҢІСІП КЕТУІНЕ КҮМƏНМЕН ҚАРАЙТЫНЫМЫЗ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. СЕБЕБІ, ЖАЗАСЫН ӨТЕП КЕЛГЕНДЕРДІҢ ДЕНІ БОСТАНДЫҚТЫҢ БАҒАСЫН ТҮСІНБЕЙ ЖҮРГЕНІН КӨРІП ЖҮРМІЗ. ШЫНДЫҒЫНДА, ҚАПАСТАҒЫ ӨМІРДІҢ ДƏМІН ТАТҚАНДАРДЫ ҚОҒАМҒА ҚАЙТАРУ ҚИЫН ІСКЕ АЙНАЛЫП ТҰР.

қайта тəрбиелеу мекеніқайта тəрбиелеу мекені

тінтіп шығып, қойын дəптер мен қаламсабымды ғана алып к іруге рұқсат берді. Себебі, тəртіп сондай. Бұл жерде, тіпті өз қызметкерлерін де күнделікт і осылай тексереді . Темірдей тəртіп орнаған мекеменің тірлігіне қанықпас бұрын, ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының орынбасарына жолығып, келудегі мақсатымызды түсіндірдік. Рұқсатын алып барып, сотталғандардың тəрбие жұмысына жауап беретін Берік Сансызбайұлы мекеменің ішкі тынысымен таныстыру-ды бастады. Қатаң ұстау режиміндегі колонияда адам өлт іру, зорлық, қарақшылық, нашақорлық секілді аса ауыр қылмыс жасағандар жаза-сын өтеп жүргенін айта кеткен жөн. Ауыр қылмыс жасаған сотталғандар жазасын өтеп жатқан мекемеге ке-луге əу баста жүрексінгеніміз де рас. Бірақ, ғимараттың ішіне енгенде бұл үрейіміз бірден сейілді. Тек бұл жөнінде сəл кейінірек...

Ішке енбес бұрын ғимараттың сыр-тынан қару асынған сарбаздарды көзіміз шалды. Кейін білгеніміздей, Ұлттық ұланның əскери қызметшілері ауысыммен ғимараттың сыртқы тəртібіне бас-көз болады екен. ЕЦ-166/10 мекемесінде күзет қызметі жоғары деңгейде. Содан да болар, қашып кетуге қарекет ететіндер де жоқ екен. Өйткені, мекеме аумағына сотталғандардың жүріс-тұрысын

бақылап отыру үшін 400-ге жуық бақылау камерасы орнатылған. Бұл дегеніміз, сытылып қашу мүмкіндігі жоқтың қасы деген сөз. Ішке енгенде бас бостандықтарынан айырылған сотталушылардың бос жүрген біреуін байқамадық. Біреуі қолға күрегін алып қар күресе, енді бірі асханадағы жұмысқа кіріскен. Аспазшы қызметін атқарып жүрген сотталушылар бұл уақытта ас əзірлеудің қамымен жүр екен.

Осы жерде ауысыммен 13 сотталу-шы аспазшының қызметін атқарып, сол үшін аз-маз ақы алып отыр. Асхананың т і рл і г і не араласқан сотталушылар қазан-қазан тамақ əзірлеудің үстінде болғандықтан бізге мойын бұрып қарауға да мұршалары болмады. Тіпті, олардың өздерінің н а у б а й х а н а л а р ы д а б а р е к е н . Басшылықтың айтуынша, наубайхана-да күніне мыңнан астам бірінші, екінші сұрыптағы бөлке нан пісіріледі. Осы жерде пісірілген бөлке нандар бұдан бөлек 4 мекемеге жіберіледі. Нан пісіруді бір адамдай меңгерген жаза-сын өтеушілерді, тіпті, қылмыскер деу-ге қимайсың. Жүздеріне қарап, ауыр қылмыс жасады дегенге де сенбейсің. Алайда, қазақтың «адамның ала-сы ішінде» деген аталы сөзді ұмыт қалдыруға болмас.

Сотталғандардың колониядағы өмірі бір бөлек əңгіме. Қылмыстық атқару кодексіне сəйкес, темір торға тоғытылғандарға туыс-туғандарымен кездесуге рұқсат етілген. Жазасын өтеушілердің жақындары екі сағаттан екі күнге дейін сотталушылардың қастарында бола алады. Екі күнге дейін деп отырғанымыз, тəртібі жақсы жазасын өтеушілерге тоқсанына бір рет отбасы, не болмаса, туыс-туғандары келіп, екі күнге дейін о сында қалу ға рұқсат е т і л ген . Қонақтар ек і күнд і к ішер асын өздерімен б ірге алып келеді де, колониядағы келушілерге арналған орынға орналасады. Келушілерге арналған арнайы бөлмелер барлық керек-жарақпен жабдықталған . Біз барғанда колонияда жазасын өтеп жүрген сотталушының отбасы келіп, əкелерін екі күнге орталары-на алған екен. Жазасын өтеушінің екі ұлы əкесінің бауырына тығылып, есі шығып жүргенін байқамай қалу мүмкін емес еді.

ҚОҒАМ ЖƏНЕ ҚЫЛМЫСКЕРЕлімізде түрмелерді түбегейлі жой-

ып жіберу мүмкін болмағанымен, жазасын өтеушілердің саны қысқарып к е л е ж а т қ а н ы к ө ң і л г е м е д е у . Мəселен, Астана қаласындағы ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жүргендердің саны соңғы бес жылмен

салыстырғанда əлдеқайда қысқарған. Яғни, осыдан бірер жыл бұрын жаза-сын өтеушілердің саны 900-ден асып жығылған екен. Олардың орташа жасы 40-45 жас аралығын құрайды. Жалпы, кейбір деректерге сүйенсек, былтыр Қазақстанның тарихында тұңғыш рет түрмедегілер саны 40 мың адамға дейін азайған. Соңғы үш жыл ішінде еліміздегі сотталғандардың саны 25 пайызға кеміген. Бүгін олардың саны 90-жылдарға қарағанда 2 есе, ал 80-жылдарға қарағанда 3 есе аз. Сондай-ақ, елімізде 2016 жылға дейін темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқандар 20 пайызға азаяды деп күтілуде. Бұл – осы бағытта атқарылған оңтайлы істер өз нəтижесін беріп келе жатқанының дəлелі. Қылмыскердің абақтыдан босатылғаннан кей ін қылмыс əлеміне қайта оралмауы үшін колонияда техникалық мамандықтар алып шығуына мүмкіндік жасалған. Астана қаласындағы жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыстың арқасында сотты болғандардың жұмысқа тұрғызу мүмкін болып отыр. Мекемедегі техникалық колледжде сотталғандар бір жыл көлемінде сан-техник, автослесарь, дəнекерлеуші с ек і лд і үш мамандық бойынша оқытылады. Қазір осы мамандықтар бойынша 61 жазасын өтеуші білім алып жүр.

Дегенмен де, қатаң режиміндегі ко-лонияда сотталғандардың барлығын бірдей жұмыспен қамту мүмкін бол-май тұр . Осында жазасын өтеп жүргендердің 200-ге жуығы ғана еңбекке араласып, аз-маз нəпақа тауып отыр. Өз кезег інде, кешкі мектепте оқитын оқушылар, зейнет-керлер, мүгедектер мен науқастар жұмысқа қабылданбайды. Жұмысқа аларда сотталушының еңбекке де-ген құлшынысы жəне қарым-қабілеті ерекше ескеріледі, тəртібімен үлгілі б олып жүр гендер ғ ана мұндай мүмкіндікке ие. Сотталғандардың тəртіп тізгінін қолына алған Берік Б а к у л и н н і ң с ө з і н е с ү й е н с е к , олардың жұмысқа тұруға деген талпыныстары да күшті. Біріншіден, с о т тал ғандарды еңбекке тарту қайта əлеуметтендіруді тиімді түрде жүргізуге ықпал етеді. Сондай-ақ, жазасын өтеушілерд і жұмыспен қамту олардың қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жүріп жа-с а й т ы н қ ы л м ы с т а р ы н ы ң ү л е с салмағын азайтуға да əсер етеді. Сотталғандар мекемедегі тігін фа-

брикасында тапсырыспен өздерінің киет ін сырт ки імдер інен бастап əскери формаларға дейін тігеді. Ал жиһаз цехында терезе, есік, төсек-орын гарнитуры, киім салатын шкаф сияқты əртүрлі мақсаттағы жиһаз заттары дайындалады. Колонияларға т а р т ы л ғ а н ж е к е к ə с і п к е р л і к субъектілері «адамға балық берген-ше, балық аулайтын қармақ бер» де-ген тəмсілмен жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтып отыр. Себеб і , еңбек бəрін де жеңбек.

ӨКІНІШ пен ҮМІТТепсе темір үзет ін, жауырыны

қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай сотталушыларды көргенде еріксіз күрсінесің. Əсіресе, көздері жай-нап тұрған жас жігіттердің басым бөліг і қазақтар екені қабырғаны қ а й ы с т ы р м а й қ о й м а й д ы . Б а с прокуратураның келтірген дерегіне сүйенсек, абақтыда отырғандардың 63 пайызы қазақтар екен. Астана қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жүрген Елдос (есімі өзгертіліп алынды) осы жерде шаштараз болып жұмыс істейді. Елдос бізбен əңгімелесуден тартын-бай, мəн-жайды еш бүкпесіз айтуға келіс ім бергендердің алғашқысы болды. Елдостың кісі өлтіргені үшін сотталып, осында жазасын өтеп жүргеніне 3 жылдан артық уақыт өткен екен. Жастықтың желігімен жаза басқан 29 жастағы жігіт бұл ісіне өкінетінін айтып қалды. Селтең басып

сенделіп жүрген кездерін өкінішпен еске алады.

«Жалындап тұрған жастық шағымда күш-жігерімді пайдалы іске жұмсамай, қылмыстың ауыр қамытын кидім. Осында жазамды өтеп жатқаныма 3 жылға жуық уақыт болды. Шаш алуды кəсібіме айналдырдым, бұл іст ің басы-қасында жүргеніме 16 жыл болды. Бұл мамандықты өз бетімше үйренгенім болмаса, ар-найы білімім жоқ. Бостандық өмірде де осы іспен айналысқаным көп көмегін тигізіп жатыр. Күніне кем дегенде 10 адам шашын қидырады. Маңдай теріммен тапқан жалақым қара басыма артығымен жетеді», – деген Елдос жазасын өтеп шыққаннан кейін кəсіпкерлікпен айналысқысы келетінін де жасырмады. Осы ме-кемеде, не болмаса, бостандыққа шыққаннан к ей і н шаштара зшы мамандығын оқып, өз ісін дөңгелетуді армандайды. Себебі, оның қолынан келетін іс осы ғана.

Ал жиһаз дайындау ісімен айна-лысатын Алексей (есімі өзгертіліп алынды) болса т ем і р т ор ға 10 жылға қамалған. Оның сөз інше, ж и һ а з ш ы л а р д ы ң қ о л қ у с ы р ы п отырған кезі болған емес, тапсырыс көп болғандықтан тиісінше табыс-тары да жоғары. Жалақыға жұмыс істейтін Алексей артылған қаражатты үйіне жіберіп тұрады. Жасы қырыққа кеп қалған сотталушы сөзге сараң болып шықты. «Осы іспен айналысу өзіме ұнайды. Ай сайын жалақымыз

банктік карточкаға түсіп тұрады. Осы мекемедегі дүкеннен керек-жарағымызды аламыз, артылғанын жақындарыма жіберуге тырыса-мын. Отбасын құрған болатынмын. Бірақ, балам жоқ. Мерзімім ұзақ болғандықтан, əйелімнің бағын бай-ламайын деп шештім. Мені сарғайып күтпеуін сұрадым. Себебі , маған байланып қалмай, бағын тауып кеткенін қаладым», – деді Алексей. Бұл жөнінде оған айту оңайға түспей тұрғанын байқау қиын емес еді.

Басшылықтың сөзінше, бұл жерде бірнеше қайтара келіп түсетіндер д е жоқ еме с . Т үрмеден бо с ап шыққаннан кейін барар жері, ба-сар тауы қалмағандықтан кейбіреуі қасақана қылмыс жасап, үйреншікті орнына қайта оралып жатады . Тіпті, кей қаңғыбастар колонияны тұрғылықты мекендеріне де айнал-дырып алған. Оларға қоқыс аралап қорлық өмір кешкеннен мемлекеттің қ а р а ж а т ы н а к ү н к ө р і п ж ү р г е н əлдеқайда тиімді болып тұр. Ал рес-ми деректерге сүйенсек, Қазақстанда түрмедегілерді ұстап отыру үшін мемлекет қазынасынан жыл сайын 30 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Жыл сайын түрмедегі əр адамға мемлекет 750 мың теңге жұмсайды. Былтырғы есеп бойын-ша, еліміздегі 75 түзету мекемесінде 40159 сотталушы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларын өтеп жа-тыр. Олардың дені аса ауыр немесе ауыр қылмыс жасағандар.

Page 7: Сақшы №11 (4177)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№11 (4177), сейсенбі, 9.02.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

СЫНАҚ

Қайта аттестаттаудан өтті

ДЗЮДО

ЖАҢА НЫСАН

Шақырылған меймандардың арасында Денешынықтыру жəне спорт басқармасының бастығы Руслан Есеналин, Солтүст ік Қ а з а қ с т а н о б л ы с т ы қ І І Д бастығының орынбасары, поли-ция полковнигі Виктор Букреев, облыстық «Динамо» ДШСҚ төрағасы, полиция полковнигі Каирбек Орумбаев, сондай-ақ, спорт мектептерінің директор-лары, облыстағы əртүрлі спорт бойынша бапкерлер, жетекші спортшылар болды. Ал, кеш-ке ең басты қонағы рет інде қазақстандық кəсіпқой боксшы, ЕВU версиясы бойынша ең жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы, WBA нұсқасы бойынша 2015 жылғы Əлем чемпионы Жанат Жақиянов қатысты.

Салтанатты шара «Бұл – спорт, бұл – біздің тағдырымыз» атты бейнеклипті тамашалау-дан басталды. Клип аяқталған соң фанфаралық əуендер ой-нап, сахнаға курсанттардан құралған институттың спорттық белсенд ілер і шықты. Өткен жылдың спорттық қорытындылары туралы Əскери институттың денешынықтыру дайындығы жəне спорт кафедрасының бастығы,

Нағыз сайыпқыран жігіттердің айқасы деп қоян-қолтық жекпе-жекті айтуға болады. Оның үстіне осындай спорт түрін серік ет-кен еліміздің сыртқы жəне ішкі тыныштығын қорғап жүрген азматтарымыздың мықты да епті болғаны елдің де көңіліне ме-дет. Қоян-қолтық жекпе-жекте қарсыласыңды қол-аяқ былай тұрсын оңтайы келсе күресе кетіп, құлаған сəтте тырп еткізбей, 20 се-кунд ұстаған соң, артынша ауырту əдісін қолдану арқылы жеңілгенін мойындатуға болады. Бір сөзбен

Ағымдағы жылдың 1-4 ақпаны аралығында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар д е п а р т а м е н т і м е м л е к е т т і к м е к е м е с і «Өрт сөндіруші» АҚ-тың Қостанай облысы филиалының қызметкерлерін қайта аттестаттау сынағынан өткізді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік емес өртке қарсы жəне апаттық-құтқару қызметтері бағытын регламенттейтін құжаттарға сəйкес жүргізілді. Акционерлік қоғамның Қостанай облысы филиалының 26 қызметкері төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою саласындағы квалификациялық талаптар мен нормативтік-құқықтық актілер бойынша теориялық білімдерінің, сондай-ақ, денешынықтыру дайындықтарының жоғары деңгейде екенін толық көлемде дəлелдеп шықты.

«Өрт сөндіруші» АҚ Қостанай облысы филиалының баспасөз қызметі

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚУАНАРЛЫҚ

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫНДА 2015 ЖЫЛДЫҢ СПОРТТЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ. ОСЫ ШАРАҒА ОРАЙ ИНСТИТУТ КЛУБЫНДА СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖƏНЕ СПОРТТЫҚ-КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША КЕШ ӨТКІЗІЛІП, ОНДА ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

полковник Серік Капажанов ба-яндама жасады. «Соңғы үш жыл-да институт өмірінде спортпен шұғылданушылар қатарының ар-тып келе жатқан оң динамика-сы байқалады. Жыл сайын бұл өсім 30 пайызға артып келеді. Біздің бұл көрсеткішіміз Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының А й м а қ т ы қ қ о л б а с ш ы л ы ғ ы жəне бөлімшелерінің арасын-да спорттық-көпшілік жұмыстар бойынша өткен байқауда 1-орын иеленуімізге мүмкіндік берді. Бұл Əскери институттың спорт комитетін ің денешынықтыру дайындығы бойынша жүргізген орасан зор еңбегінің нəтижесі деп білемін. Ал жалпы 2015 жылға алдымызға қойған мақсаттарды толықтай орындап шықтық. Біздің тарапымыздан ƏСК төсбелг і иелерін, разрядты спортшыларды дайындау жұмыстары мақсатты түрде жүзеге асырылып келеді», – деді ол.

Есепті кезеңде Əскери-спорттық кешеннің төсбелгі иегерлері келесідей ретте дайындалған: үздіктер – 98 əскери қызметкер, I дəрежелі – 264 əскери қызметкер; I I д ə р е ж е л і – 3 4 0 ə с к е р и қызметкер. Разрядты спортшы-лар: спорт шеберлері – 3 əскери қызметкер; спорт шеберлігіне кандидат – 11 əскери қызметкер; I разряд – 161 əскери қызметкер; II разряд – 216 əскери қызметкер; III разряд – 270 əскери қызметкер; спорт жөніндегі нұсқаушылар – 92 əскери қызметкер; спорттық төрешілері – 114 əскери қызметкер.

Серік Əскербекұлы Ұлттық ұланның 2015 жылға арналған 1 3 - ш і С п а р т а к и а д а с ы н ы ң қорытындысын жиналғандардың есіне сала кетті. Онда əскери оқу орны Президенттік қысқы көпсайыстан, штатты қарудан оқ атудан, əскери үшсайыстан жəне жеңілатлетикалық кростан бірінші орындарды жеңіп алған болатын.

Соған сəйкес, жалпыкомандалық бірінші орынды да Əскери институт жеңіп алған еді.

Спорттық кеш барысында жылдың үздік спортшыларын ма-рапаттау рəсімі болып өтті. Оларға жыл жүлдесін Əскери институт бастығының міндетін атқарушы, полковник Серікхан Абселемов та-быс етті. Ол, əсіресе, институттың үздік спортшысы – 3-курс курсан-ты Есетхан Үзембаевты ерекше атап өтті. 2015 жылы Есетхан спорттық жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Əскери институттың біріншілігінде əскери үшсайыс бойынша 2-орын, 1000 метрге жүг іруден 3-орын иеленген. Республикалық жиындарда екі кезеңді өткеріп, онда да жоғары көрсеткіштер көрсетті: Ұлттық ұланның біріншілігінде əскери үшсайыстан 1-орын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 3-ші Спартакиадасының жазғы кезеңінде жоғары əскери оқу орыны курсанттары арасында əскери үшсайыстан 1-орын. Бұл екі жарыста да курсант Үзембаев əскери үшсайыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.

Сал т ана т ты к ешт і ң с оңы əскери институт курсанттарының күшімен, «Жең іс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тəрбиеленушілерінің қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға жалғасты. Əн мен тілектер кезектескен жиында кеш қонақтары институт басшылығы мен курсанттарына спорттық жетістіктер тілеп жатты. Солардың ішінде, WBA нұсқасы бойынша уақытша əлем чемпионы Жанат Жақиянов өз сөзін қорытындылай келе: «Жеткен жетістікке тоқтап қалмай, одан да үлкен асуларды бағындыруға шақырамын», – деді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Əскери институтының баспасөз қызметі

ІІМ-нің Семей қаласындағы Оқу орталығының оқу бөлімінің а ғ а о қытушы-əд і с к ер і , п о -лиция подполковниг і Ольга Владимировнаның ұлы Владислав Балабан 2015 жылдың мамыр айында Францияның Годервиль қаласында балалар, юниор-лар жəне үлкендер арасында Киокушинкай каратэ (KWF) бойын-ша өткен Еуропаның ашық чемпи-онатына (European Kyokushin Open Goderville 2015) қатысып, жүлделі 1-орынды жеңіп алған болатын.

Таяуда жас спортшы тағы бір мəрте қоржынына жүлде сал-д ы . А л м а т ы қ а л а с ы н д а ғ ы «Достық» спорт кешен інде республиканың əр өңірінен кел-

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС

ҚОЛБАСШЫ КУБОГЫ ҮШІН ЖАРЫСҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫ ƏСКЕРИ БӨЛІМ СПОРТШЫЛА-РЫ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН БАҚ СЫНАСТЫ. ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ КУБО-ГЫ ҮШІН ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ЖАРЫС 3-5 АҚПАН КҮНДЕРІ 5451 ƏСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

айтқанда, бұл сайысты көрген жанның бейжай қалмайтыны рас. Қарағандыдағы ашық жарыста тоғыз команда сапында сексен алты əскери қызметші 9 салмақ дəрежесінде өнер көрсетті.

Команда мүшелері Ұлттық ұланның ə с кери бөл імдер і орналасқан Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Степногор жəне елор-дамыз Астана қалаларынан кел-ген тоғыз əскери бөлімнің əскери қызметшілері.

ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» ө ң і р л і к қ о л б а с ш ы л ы ғ ы

қолбасшысының қамқорлығымен өткізілетін турнир облыс деңгейінде маңызды шараға айналды.

Жарыстың ашы-лу салтанатында ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, ге-н е р а л - м а й о р Еркін Ботақанов қ ұ т т ы қ т а п с ө з

сөйледі. Оның айтуынша, бұл спорттық шараның мақсаты – қоян-қолтық ұрысты əскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту, əскери оқытудың маңызды құралы ретінде саламатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың кəсіби шеберлігін жəне төрешілердің біліктілігін арттыру.

Жарыстың алдын ала кезеңінде жəне жартылай финалда 5451, 6505, 5516 əскери бөлімдерінің ко-мандалары көш бастады. Үшінші күнгі бəсекелер мықтыларды ір іктейтін қорытынды жарыс болғандықтан жекпе-жектер тар-тысты өтті. Жалпыкомандалық есепте алаң иелері 5451 əскери

бөлімінің спортшылары бірінші орынды жəне ауыспалы кубокты иеленді. 6505 əскери бөлімінің к о м а н д а с ы е к і н ш і о р ы н ғ а тұрақтаса, Теміртау қаласынан келген 5516 əскери бөлімінің командасы үшінші орынға табан тіреді.

Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы жарыстың мықтыларына алқаларын, грамоталары мен ауыспалы ку-бокты табыс етіп, спортшыларға, жаттықтырушылар құрамына, төрешілерге алғысын білдірді.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

ЖАРАЙСЫҢ!

Владиславтың кезекті жеңісіГүлжан МАСАЛОВА, Семей қаласы

ВЛАДИСЛАВ БАЛАБАН – ҚАЗАҚТЫҢ МАҢДАЙЫНА БІТКЕН ТАЛАНТТЫ СПОРТШЫЛАРДЫҢ БІРІ. ОЛ АНАНЫҢ СҮТІМЕН, ƏКЕНІҢ КҮШІМЕН БОЙ-ЫНА ДАРЫҒАН БІЛІМІМЕН ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТІП КЕЛЕДІ.

ген спортшылардың қатысуымен юниорлар, жасөспірімдер, қыздар, əйелдер мен ерлер арасындағы толық контактілі каратэ бойынша Қазақстанның бірінші біріккен чем-пионаты өткен болатын. Аталған чемпионатқа түрлі федерациялар-дан 350-ден астам спорт шебері қатысты. Олар – IKO-1, WKO, IFK, KAN, KWF, IKO- 3 халықаралық ұйымдардың өкілдері. Осынау бəйгеде əріптесіміздің ұлы тағы да жеңімпаз атанып, 1-орынды еншіледі.

Бұл қуанышқа оқу орталығының ұжымы да ортақтасып, жас спорт-шыны анасының əріптестері аты-нан ІІМ-нің Семей қаласындағы Оқу орталығының бастығы, по-лиция подполковнигі А.Аманғазин құттықтады. Аймақтың абырой-ын асқақтатқан жасөспірімге денсаулық, қатарластарынан озған мықты спортшы болуымен қатар, Қазақ елінің намысын қорғайтын спорт шебері болуды да тіледі. Жас спортшының жаттықтырушысына жəне тəрбиелеп, өсірген ата-

анасына алғыс білдірді. Алдағы уақытта да жас спортшыға толағай табыстар тілейміз!

Алтын таққан палуан қыз

Қазақстандық дзюдошы қыз Парижде өткен жарыста алтын иеленді. Моңғолиядан Қазақстан құрамасына ауысқан Галбадрах Отгонцэгцэг Парижде өтіп жатқан Гранд Слам жарысында бас жүлдені иеленді.

Ол финалға дейін тунистік Олфа Сауодиді, жапониялық Ами Кондоны, кубалық Дайарис Альваресті жеңді. Ал жартылай финалда бельгиялық Чарлин Ван Сниктен басым түсті.

Финалда Галбадрах Отгонцэгцэг бұрынғы командала-сы Моңғолия құрамасының мүшесі Мунхбат Уранцецегті юко əдісімен жеңді. Екі спортшы осыған дейін үш рет кездесіп, барлығында Мунхбат жеңіске жеткен еді.

Бұл – Галбадрах Отгонцэгцэгтің Гранд Слам жарыстарындағы алғашқы алтыны. Ол осыған дейін Джеджуде өткен Гран-При жарысында алтын, Ташкент пен Цинбаодағы сында қола алған.

Париждегі жеңісі үшін Галбадрах Отгонцэгцэг рейтингіне 500 ұпай қосты. Ол енді 23-орыннан 16-орынға көтеріледі.

Денешынықтыру кешені ашылды

Алматы облысындағы Жаркент қаласында денешынықтыру жəне сауықтыру кешені ашыл-ды. Салтанатты шараға облыс əкімі Амандық Баталов қатысты.

«Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев, əсіресе, жастардың арасында саламатты өмір салтын дəріптеудің, спортта жоғары жетістіктерге жету мен бұқараның денешынықтырумен, спортпен белсенді айналысуына қажетті барлық жағдайларды жасаудың маңызын жиі айтады. Сондықтан, спорт біздің өміріміздің өзегі, өскелең ұрпақтың негізі болуы тиіс. Бүгінгі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы – кəсіби спортшыларға да, спортты жақсы көретін адамдар үшін де айтулы оқиға», – деді өңір басшысы А.Баталов.

Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ойын залы, бокс залы, тренажер залы, сол сияқты 480 орынды ста-дион, волейбол, баскетбол алаңдары бар.

Бүгінгі күні мұнда 925 жасөспірім спортпен айналыс-са, кешкі уақытта аудан тұрғындары бұқаралық спорт түрлерімен шұғылданады. Кешен құрылысына 542,3 млн. теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жəне «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, ге-нерал-майоры Күреңбеков Амантай Жəнкеұлының ағасы

ЖАНКЕҰЛЫ Қайраттың қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Ішкі істер министрлігі Бəрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының басшылық жəне профессорлық-оқытушылар құрамы Академияның əкімшілік құқық жəне ішкі істер органдарының əкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Əліби Тұрсынбекұлы Нұрмағамбетовке анасы

ҚАСЫМБАЕВА Орынтайдыңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС-нің ұжымы «ERNUR Медиа-холдинг» ЖШС-нің директоры Нұрмаханов Ерлан Зайыпұлына анасы

ОҢЛАБЕКҚЫЗЫ Күлжанныңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Page 8: Сақшы №11 (4177)

сөз соңы№11 (4177), сейсенбі, 9.02.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор:

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 14829Тапсырыс: №2105

Нөмірдің кезекшісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

Ашық сАбАқ

ЖАрАйсың! БЕКТАСТЫҢ БАТЫлдЫҒЫ

Қауіпсіздік алғышарттары

Патриотизмнің нағыз үлгісімен, қарапайым батырлық пен батыл іспен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек құтқару операциялары, қызмет кезінде, төтенше жағдайларды жою барысында емес, күнделікті өмірде де жиі кездесіп жатады. Осындай оқиғаның бірі таяуда Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауылында болған еді.

Шымкент-Шаян автокөлік жолында жол-көлік апаты тіркеледі. Апат салдарынан көлік аударылып кетіп, ішінде 17 жастағы жігіт қысылып қалады. Сол сәтте Бәйдібек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері, азаматтық қорғау аға лейте-нанты Бектас Айнабеков оқиға орнының маңынан өтіп бара жатқан. Ол ойланбастан зардап шеккенге көмекке ұмтылады. Ес-түссіз жатқан бозбаланы темір тұлпардың ішінен шығарып, аудандық ауруханаға тез арада жеткізеді. Енді бір сәт кешеуілдесе, жас жігіт өмірімен қоштасатындай еді.

Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Бектас Жаңабайұлы жақында Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бейбіт күннің батыры болса бұл батылдығын азаматтық борышым деп қана бағалаған.

оңтүстік Қазақстан облысы ТЖд баспасөз қызметі

ТөТЕНШЕ ЖАғДАйЛАРДЫ БОЛДЫРМАуДЫң МАңЫзДЫ БІР әДІСІ – ҚАуІПСІзДІК ШАРАЛАРЫ ЖөНІНДЕ ОҚЫТуғА БАғЫТТАЛғАН үГІТ-НАСИхАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖүРГІзу, зАРДАП ШЕККЕН АДАМДАРғА АЛғАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КөМЕК КөРСЕТЕ БІЛу.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары облыс көлеміндегі 11 мектепте ашық сабақтар өткізді.

Сабақтар «Облыс су айдындарында азаматтардың күзг і , қысқы, көктемгі және жазғы мезгілдерде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында өткізіліп, оқу барысында шамамен 900 оқушы және 21 мұғалім оқытылды.

Сабақтардың негізгі мақсаты – оқушыларға жеке қауіпсіздігі мен жақындарының қауіпсіздігі, дағдылар және төтенше жағдайларда құтқару денсаулығын сақтау, зардап шеккендерге қажетті алғашқы көмекпен қамтамасыз ету қабілетін үйрету.

Балалар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде өмірін сақтау үшін қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтау қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөнінде бейне материалдар-мен көмек әдістері көрсетілді. Мұндай сабақтар оқу жылы бойы облыс көлеміндегі барлық мектептерде жалғасын табатын болады.

ІІМ ТЖК «оӨАЖҚЖ» ММ

ПОЛИЦИЯ ҚЫзМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ҚҰТҚАРуШЫЛАР ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА ПАТРИОТИзМ ДЕГЕН ҰғЫММЕН ЖИІ КЕзДЕСЕДІ. БҰЛ СөзДІң МАғЫНАСЫ ОТАНғА АДАЛ ҚЫзМЕТ ЕТу ДЕГЕНДІ МЕңзЕйДІ.

ҚЫзЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД «өСЖАҚЖҚ» ММ №2 МАМАНДАНДЫРЫЛғАН өРТ СөНДІРу БөЛІМІНДЕ ҚЫзЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫң АБАй ДАңғЫЛЫ №64 МЕКЕНЖАйДА ОРНАЛАСҚАН ҚЫзЫЛОРДА ҚАЛАСЫ КөПСАЛАЛЫ «ҰЛАғАТ-ҚЫзЫЛОРДА» КОЛЛЕДЖІНІң «ТөТЕНШЕ ЖАғДАй САЛАСЫ» СТуДЕНТТЕРІ үШІН АШЫҚ ЕСІК КүНІ өТТІ.

Студенттер Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу ережесімен танысты.

өрт бөліміндегі экскурсияны бөлімнің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Р.Бәйімбетов және бөлімнің аға өрт сөндіруші құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Б.Романқұлов жүргізді. Студенттер өрт сөндіру құрал-жабдықтары техникасымен танысты.

Осы іс-шараны өткізудің мақсаты – өрт сөндіруші мамандығы жөнінде насихаттау, жас ұрпақты өрт сөндіруші мамандығына қызықтыру, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік мәдениетін насихаттау болды. Мамандық таңдау – адамның жас кезінде жасайтын өмірдегі ең маңызды таңдау жасауларының бірі, сол себепті мамандық таңдай отырып, кез келген адам өз өмірінің келешегін таңдайды.

Қызылорда облысы ТЖд баспасөз қызметі

Ашық есік күні

«Ұлағаттағы» үгіт шарасы

Оқу-ЖАттығу

«ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕН АуМАҚТЫ СЫРДАРИЯ өзЕНІНДЕ СЕң ЖүРу КЕзІНДЕ Су АЛу ҚАуПІ ТуЫНДАғАН НЕМЕСЕ Су АЛғАН КЕзІНДЕГІ БАСҚАРу ОРГАНДАРЫНЫң, АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРу ҚЫзМЕТТЕРІНІң КүШТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНЫң ІС ҚИМЫЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚу-ЖАТТЫғу ҰйЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Сырдария өзенінде өткен оқу

Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлар орын алғанда азаматтық қорғау қызметтерінің әзірлігі мен жауынгерлік дайындығын тексеру, адам-дарды эвакуациялау және төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шаралар мен іс-әрекеттер жоспарының орындалуын тексеру.

Іс-шараға азаматтық қорғаудың 15 қызметі толықтай қатысты, қызмет басшыларының жиыны қала әкімдігінде ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Ақжарма ауылын су басу қаупі туындады. Азаматтық қорғаудың барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, су басу аумағында орналасқан адамдар ауылдағы №143 мектепте ұйымдастырылған эвакуациялық жинақтау пунктіне эвакуацияланды, әрі қарай Қызылорда қаласының №212 орта мектебіндегі эвакуациялық қабылдау пунктіне жеткізілді.

Аталған тұрғыдағы оқу-жаттығуларды ұйымдастырып, өткізу азаматтық қорғау қызметінің дайындық деңгейін тексеруге және жетілдіруге, анықталған қателіктер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

Қызылорда қаласы ТЖБ баспасөз қызметі

АлМАТЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

Жасөспірімдер «Жас буын есірткіге қарсы», «Саламатты өмір салты үшін», «Біздің арамызда есірткіге орын жоқ» ұрандарымен өткізілген спорттық шараларға қатысты. Оқушылардың спорттық машықтарын қалалық юве-налды полиция инспекторларынан, Алмалы ауданы әкімдіг інің, қала прокуратурасының және Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінен құралған қазылар бағалады.

«Алматы полициясының есірткі би знес імен к үрес бөл імшелер і нашақорлыққа және есірткі бизнесіне

Акция

қарсы алдын алу ш а р а л а р ы н ы ң тиімділіг ін арт-тыру мақсатында ж ұ м ы с т а р ж ү р г і з у д е . С о н д ы қ т а н д а , б і з д і ң ж ұ м ы с ы м ы з д а м ұ н д а й ш а р а -л а р ж и і ө т і п тұрады. өйткені, бұл шаралардың т и і м д і л і г і н е

әлдеқашан көз жеткізгенбіз. Бүгінгі таңда Қазақстанның жастары есірткі заттарын пайдаланудың зиянынан жақсы хабардар. Сол себепті де мұндай акциялар олардың осы бағыттардағы жұмыстарды жүргізуге көмектесу, насихаттауға атсалысу рет інде қарастырылады. Соның бір тәсілі – спорт. Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен, түрлі сыйлықтармен марапатталатын болады. Осы шара барысында біз оқушыларға құқықтық сауаттарын жетілдіре түсу мақсатында ведомстволық «Наркопост» және «Есірткісіз болашақ» журналдарын таратып бердік», – дейді Алматы қалалық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, поли-ция полковнигі Азамат Садыров.

Бұдан өзге, полиция қызметкерлері таяуда осындай профилактикалық акцияларды колледж оқушыларымен

д е ө т к і з г е н е к е н . А л м а т ы қалалық саламатты өмір сал-тын қалыптастыру орталығы, қ а л а л ы қ н а р к о л о г и я л ы қ медициналық-әлеуметтік түзеу о р т а л ы ғ ы , с о н д а й - а қ , п р о -куратура өк і лдер імен б і р і г е отырып халықаралық Бизнес академиясының колледжінде 1-3-курс студенттері арасында «Спайстан сақтан»» және «Темекі шегудің алдын алу» тақырыбында семинар-тренингтер өткізілді.

Алматы қалалық ІІд баспасөз қызметі

ЕЛІМІз БОйЫНША ДәСТүРГЕ АйНАЛғАН «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ» АКЦИЯСЫНЫң КЕзЕКТІ ШАРАСЫ БҰЛ ЖОЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫң №124, 136, 34, 167, 58 ЖәНЕ 55 ОРТА МЕКТЕПТЕРІНІң 7-10 СЫНЫП ОҚуШЫЛАРЫН ҚАМТЫДЫ.

Қазағым – менің ұлы елім, ғаламның ашқан түнегін, Кең байтақ алтын өрісім, өзіңдей асқақ жүрегім.

Мен – сенің бастау бұлағың, өзіне шашу бұл әнім. Сап түзеп шықты нық басып, Қырандай берік Ұланың.

Сен маған жұмақ бағымсың, Бар әлем сені танысын. Ант берем мәңгі қорғауға Алаштың арын, намысын!

Қ.МАлдЫБАЕв,5516 әскери бөлімі командирінің ТжӘҚЖ

жөніндегі орынбасары, майор

Жыр-шАшу

АНТ БЕРдІМ...