28
ВАКЦИНА ОРЫНДАҒАН: 11 «А»АЛЬФИЯ Зерттеу сұрағы: "Неліктен адамдар вакцинацияныбір жерде сәтті қолданса, енді елдің басқа шетінде одан түбегейлі бас таратады?"

Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

  • Upload
    mariah

  • View
    95

  • Download
    8

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия. Зерттеу сұрағы: "Неліктен адамдар вакцинацияныбір жерде сәтті қолданса, енді елдің басқа шетінде одан түбегейлі бас таратады?". Кіріспе:. - PowerPoint PPT Presentation

Citation preview

Page 1: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

ВАКЦИНАОРЫНДАҒАН: 11 «А»АЛЬФИЯ

Зерттеу сұрағы: "Неліктен адамдар вакцинацияныбір жерде сәтті қолданса, енді елдің басқа шетінде одан түбегейлі бас таратады?"

Page 2: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

Кіріспе:Бұл медициналық процесс адамдарды қауіпті аурулардан сақтайды, бірақ кей-кезде осы процесстің кесірінен көп адамдар өліп жатады. Осы медициналық процесс-вакцинация деп аталады. Жалпы айтқанда қазіргі таңда вакцина ұғымы - "жеңіл түрде ауыру" деген тезиспен түсіндіріледі. Әр адамды вакцина туралы сұрақтар мазалады десем қателеспеймін, себебі қазіргі вакцинация өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ендеше, мен бұл зерттеушілік эссемде вакцина жайында мәліметтер келтіріп, вакцинацияның екі позициясын қорғайтын боламын, сондай-ақ, адамдарды осы тақырып аясына байланысты мазалайтын сұрақтарға жауап беруге тырысамын.

Page 3: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Жалпы айтқанда, вакцина препараттары қатаң түрде бақылаудан өткізіліп барып адамдарға егіледі. Осы препараттардың қауіпсіздігін, зиянсыздығын және тиімділігін тексеру үшін лабораториялық, клиникалық тексерулер өткізіледі. Ол тек қана адамдарға емес, сондай-ақ жануарларға да салынады.Әр түрлі аурулар мен вирустарды алдын-алу мақсатында жүргізілетін вакцинацияның қандай екенін және оның мерзімін білген дұрыс болады. Мерзімін қадағалау үшін егілетін вакциналарға арнайы күнтізбе бар. Әр жылда вакцинацияның апталығы өтіп тұрады. Вакцинация ақысыз түрде өтеді,яғни,оған мемлекет тарапынан ақша бөлінеді.

Page 4: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Вакцинацияның маңыздылығы бүгінгі күні адамдардың өмірін қорғап,олардың әр-түрлі аурулардан сақтап қалуымен ерекшеленеді. Осыдан мен вакцинацияның оң әсерін көрсете аламын. Вакцинацияның жақсы жақтары бар болғанымен де , оны егудің зиянды жақтары да бар екені рас. Ол бірде адамның ағзасының қабылдауына байланысты болса, енді біреуде вакцинаның өзіне байланысты болады. Вакцинаны кейбір адамдар ұстайтын дініне байланысты екпейді. Сондай-ақ, ең көп кездесетін себептердің бірі жас отбасылардың өздерінің жаңа туылған балаларыңа вакцина екпес бұрын оны балаға егу керек пе, әлде керек емес пе деген сұраққа жауап таба алмауында.Интернет парақшаларында да вакцина деген сөзді енгізген кезде «вакцина зиян ба?», «оны егу керек пе?» деген секілді сұрақтар көптеп кездеседі.

Page 5: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Вакцинаны еккеннен кейін адамдар қайтыс болып та жатады. Мұндай айыптаулардың ел арасындағы вакцина қабылдауға деген қорқыныш сеуіп жатқандығы жасырын емес. Осылайша адамдар вакцинацияға сенімсіз көзқараспен қарайды. «Инфекция адам таң¬да¬май¬ды. Егер егу жұмыстары жаппай жүр¬гі¬зіл¬месе, ұлттық генофондқа да кері әсерін ти¬гі-зеді. Сондықтан бірен-саран қарсылық көр¬сеткендерге де мұқият түсіндіру жұмыс¬та¬рын қолға алып, міндетті түрде егу жұ¬мыс¬тарын жүргізу керек», – дейді дәрігерлер. Осындай тезиспен дәрігерлер және медициналық мекемелер мен ұйымдар адамдарды сендіру мақсатында жұмыстар атқаруда. Бірақ, адамдардын вакцина туралы ойлары әлі де болса өзгерген жоқ. Яғни, адамдардың кейбіреулері вакцина жайында жақсы ойда болса,енді біреулері қарсы тұрған ойында қалып отыр. Сол себептен оқырмандардың назарын вакцинация тақырыбына аударып, осы мәселенің асты-үстіне түсіп талдап көргелі отырмын.

Page 6: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Сондықтан казіргі таңда адамдардың неліктен вакцинацияға күмәндікпен қарайтынын түпкі себептерін білу алға қойылған мақсаттардың бірі болып табылады. Осымен менің тақырыпты ашуға арналған зерттеу сұрағым осындай : «Неліктен адамдар вакцинацияны бір жерде сәтті қолданса, ал енді елдің басқа шетінде одан түбегейлі бас тартады?» Осы сұраққа жауап іздей отырып вакцинаны егудің оң және теріс жақтарын зерттеп,оның қоғамда,медицинада алатын орнын және ерекшелігін анықтаймын. Айтылған мақсатыма жету үшін зерттеудің анализ және синтез әдістерін қолданатын боламын. Егер мен жоғарыда аталып өткен зерттеу әдістерін тиімді қолданып, сенімді дереккөздерімен жұмыс жасасам, онда толығымен зерттеу сұрағыма жауап тауып, айтылған екі позицияны да нақтылап, дәлелдеймін деген ойдамын.

Page 7: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Page 8: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Вакцина деген медициналық терминнің түсінігіне анықтама келтіріп кетсем: ол-белгілі бір ауруларды жоюға бағытталған микроорганизмдерден жасалатын препарат болып табылады. Қазіргі таңда вакцинация дәстүрлі түрде кішкентай балалар мен ересек адамдардың әр түрлі вирустардан, жұқпалы аурулардан сақтанудағы үлкен спектрдегі профилактикасы болып табылады. Вакцинация поликлиникаларда, кішкентай балалардың оқу орындарына және ересек адамдардың жұмыс жасайтын орындарына байланысты егіледі. Сондай-ақ, адамдар өз еркімен ақылы медициналық мекемелерге барып егіле алады.

Page 9: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• . Көбінесе мектептерде өзімізге осындай екпелер салынады, сондықтан да, осы профилактика бәрімізге таныс екені рас. Вакцинаны егу алдында балалардың ата-аналарынан келісім алынып, арнайы қағазға қол қойылады. Яғни, вакцинаны адамның келісімін алғаннан кейін ғана егуге болады. Вакцинацияның көмегімен бір кездері мыңдаған балаларды өлтірген қызылша, туберкулез,дифтерия және тағы да осы секілді көптеген инфекциялардан қорғана аламыз. Жоғарыда аталғандай, вакцина кейбір адамдардың ағзасына көмегін тигізсе, кейбір адамдардың ағзаларына кері әсерін қалдырады. Әрине, әрбір препараттың кері әсері бар деген пікір- ащы шындық, оның ішінде вакциналардың бар екені рас. Әйтсе де вакцинаның кері әсері, жұқпалы аурулардың кері әсеріне қарағанда, әлдеқайда зор екенін айтсақ қателеспейміз.

Page 10: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Вакцина адамдарды әр түрлі қауіпті аурулардан сақтауымен ерекшеленеді. Дәлелдемелер осы көзқарасты жақтайды: Америка педиатрия академиясының мәліметі бойынша вакцина адам ағзасына 90-99 % тиімді болып келеді. Вакцинация профилактикасына барған балаларда қаупі зор аурулардың симптомдары өте жеңіл түрде өтеді. Мысалға екі баланы алатын болсам, олар дәл сол бір аурумен ауырады. Бірақ, екпеден өтпеген балада,екпе еккен балаға қарағанда осы аурудың симптомдары өте ауыр жағдайда өтеді. (American Academy of Pediatrics,

"Why Does My Child Need to be Immunized?," www.healthychildren.org (accessed Dec. 17, 2009)). «Балалар Академиясы Қоғамының» келтірген ақпараттары бойынша: АҚШ-та кішкентай балаларға егілген екпелердің арқасында елдегі көптеген аурулар мен өлім санының көрсеткіші жақсы жаққа өзгерді, яғни бір жылдың ішінде 10.5 миллион инфекциялық аурулар мен 33000 бала өлімі азайтылды. (Zhou, et al., "Economic Evaluation

of Routine Childhood Immunization with DTaP, Hib, IPV, MMR and Hep B Vaccines in the United States," Pediatric Academic Societies Conference, Seattle, Washington, May 2003) . Вакцинаның көмегі арқылы 2012 жылы қауіпті аурулардың қатері азайтылды. Адамдардың көпшілік бөлігі сенімді көзқараспен вакцинация жүргізді.

Page 11: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

2011 жылғы вакцинацияға қарағанда 2012 жылы 19-49 жас аралығындағы адамдардың 35,3 % гепатитке қарсы вакцина, негрлердің 34,2 %, латын-американдықтардың 27,5 % , диабетке қарсы адамдардың 15,1% екті. Яғни, осы статистика адамдардың вакцинаға сенетіндіктерін дәлелдеп тұр. (Noninfluenza Vaccination Coverage Among Adults — United States, 2012

Walter W. Williams, MD1, Peng-Jun Lu, MD, PhD1, Alissa O’Halloran, MSPH1, Carolyn B. Bridges, MD1,Tamara Pilishvili, MPH2,

• Craig M. Hales3, MD, Lauri E. Markowitz, MD4 (Author affiliations at end of text) MMWR / February 7, 2014). Вакцина егуден бас тартатын ата-аналар балаларына қандай қауіп-қатер төнетінін түсінбейді. Қазақстан дәрігерлерінің зерттеулері бойынша осыдан 30-40 жыл бұрын қызылша немесе дифтерия инфекцияларының кесірінен балалар өлімі жиі орын алатын.

Page 12: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Жер шарындағы бар халықты жайлаған табиғи оспаның көзі алғаш рет тек 1978 жылы вакцинаның көмегімен жойылды. Ал, 2002 жылы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда полиомиелитті жою жұмыстары кең етек алды. Айта кетелік, ең соңғы рет полиомиелит елімізде 1995 жылы тіркелді. Қауіпті аурулар кез-келген жерде күтіп тұруы мүмкін. Балаңыздың денсаулығына алаңсыз болғыңыз келсе, вакцинадан бас тартпағаныңыз абзал деп мәлімет келтіреді.(Д.ТЕМІРАЛИЕВА,№6 Шымкент қалалық емханасыныңжұқпалы аурулар дәрігері.)Жоғарыда көрсетілген дәлелдемелердің көмегімен вакцина- адам денсаулығына пайдалы медициналық препарат деген қорытындыға келдім.

Page 13: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Вакцина адамның денсаулығын қорғап , аса қауіпті аурулардан сақтайды деп оң көзқарас келтірсек, енді біреулері осы пікірге қарсы пікірлерін білдіруде. Сондай-ақ, осы пікірлерге бірнеше дәлелдемемел келтіреді. Сонымен, кейбір адамдардың ойынша вакцина-адам үшін өте зиянды медициналық препарат болып табылады. Жалпы вакциналар адамның денсаулығына қауіп төндіріп, аяқ астынан анафилактикалық шокқа алып келеді, яғни үлкен қатерге әкеледі. Сондықтан аурулардың көпшілігі вакцинаны қатты қажет етпейді деген дәлелмен вакцинаның еш маңыздылығы жоқ деп мәлімет келтіреді. (Health Resources and Services Administration, "National Childhood Vaccine Injury Act Vaccine Injury Table," www.hrsa.gov (accessed Jan. 6, 2010)). 2010 жылы АҚШ-та мықты түрде көксау орын алған болатын, яғни максимумге жетті. Украинада осы ауруға қарсы 1,5 жаста екпе ексе, АҚШ-та 4-6 жастағы және 11-12 жастаға жасөспірімдерге және дәрігерлердің кеңесімен кейбір балалар вакцина егеді.

Page 14: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Бірақ та, өзіміз көріп тұрғанымыздай осында екпелер саны қатерді азайтудың орнына, керісінше көксау ауруының ең биік шыңына әкелді. Вакцина жаңа туылған балалардың ауыру қаупін үлкейтіп жатыр. Қазіргі уақытта көп таралған вакцинаның түрі АКДС туралы әңгіме де аз емес. Әрине, оның теріс жаға туралы айтылады. Себебі, нарыққа басқа жаңа вакциналар шықпаған кезде, АКДС туралы оң көзқарастар айтылды. Оны ексек ешқандай жаман әсері болмайды, аурулардан қорғайды деген болатын. Вакцина салғанда адам өліп жатса, онда ол вакцинанның кесірінен емес, басқа факторлардың әсерінен болады деп вакцинаны жақтаған дәрігерлер мен фармацевттер аз болған жоқ. Кейін, осы АКДС -ті түгел бәріне дерлік салды, ол 95 % құрады және кәдімгі поливитаминдер ретінде салынды.

Page 15: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Кейін рынокқа жаңа және қымбат вакциналар шыққан соң, бұл жерде ситуация мүлдем өзгерді. Ендігі кезде: осы вакцинаның түрі; қауіпті, ескі, дұрыс тазартылмаған деген пікірлерін айтты. Бір кездері жақсы,пайдалы болған вакциналардың түрі, қымбат препараттар шыққаннан кейін жаман болып кетті.(http://antivakcina.org/beskletochnaya-vakcina-aakds-taki-da-nezashhishhaet-ot-koklyusha-ochevidnoe-stanovitsya-yavnym/). Қорытында жасасам: вакцина адам денсаулығы үшін маңызды емес, ол тек дәрігерлерге табыс түсіруге көмектеседі.

Page 16: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Зерттей келе, мен вакцинаның тек денсаулыққа ғана пайдасын емес, сондай-ақ, оның мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізетініне көз жеткіздім. Сенімді деректерге сүйене отырып, мынадай дәлелдер келтіре аламын: әрбір вакцинацияға жұмсалған 1$ ақша, медициналық мекемелердегі вакцинаны екпеген адамдарды аурулардан емдеуге кететін 6.30$ ақшаны үнемдейді.( Every Child By Two, "Economic Value of Vaccines," www.ecbt.org (accessed Jan. 11, 2010)). Жыл сайын «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы» денсаулық сақтау үшін қаражат бөледі. Мысалы: туберкулез, көксау, дифтерия, қызылша секілді инфекциялардан сақтану мақсатында егілетін вакциналарға АҚШ-тың өзін жыл сайын 1,5млрд доллар қаражат жұмсайды. Осы қаражат арқылы 1984 жылы ғаламшардағы балалардың 50 % егілді, 1990 жылдың орталарында балалардың 90 % -на вакцина егілді. Статитистика бойынша 1978-1984 жылдар арасында 1 миллион адамның өмірі аман алынып қалды. (Кембридж оқулығы. БОТАНИКА ММА им. И.М. Сеченова.Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут. БИОЛОГИЯ. Т. 1 637 бет)

Page 17: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Есіңізге салып кетсем «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы» барлық елдегі адамдардың денсаулығын сақтауға көмектесетін, осы мақсатта әр-түрлі шаралар ұйымдастыратын сенімді ұйым болып табылады. Рас, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы¬мының экология комитетінің маман¬да-ры әртүрлі мемлекеттердегі инфекциялық ау¬рулардың туындауын сараптай келе, олар¬ды екпесіз-ақ, уақытылы түрде дәрігерлерге қаралып тұру, таза ауыз су мен сапалы, дұрыс тамақтану арқылы жеңу¬ге болады деген қорытындыға келген. Алайда бүгінде таза ауызсуға жер хал¬қының 89 пайызының ғана қол жеткізіп, 783 млн адамның ластанған су көздерін пайдалануға мәжбүр болып отырғанын, күн сайын төмендеп бара жатқан экологиялық жағдайлар мен адамдардың дұрыс тамақ¬тану режимін жиі бұзатынын есепке алсақ, вакцинасыз күніміз қараң екеніне көзіміз жетеді. Яғни бүгінде адамзат вакцинаға тәуелді.( Алтын НАЖМЕДЕНОВА, ҚазҰУ-дың эпидемиология кафедрасының доценті, ме-дицина ғылымының докторы, про¬фес¬сор) Вакцина егу үшін адамдарға барлық жағдай жасалынған және қазіргі таңда вакцина егу үшін адамдар өз қалтасынан ақша шығармайды.

Page 18: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

Жоғарыда аталған ұйымның арқасында вакцина үшін мемлекет өз қазынасынан қаражат бөліп, аурулар мен өлім санын азайту үстінде. Қорытындылай келе, вакцинаны егу жан-жақты ұйымдастырылған, үлкен спектрдегі шара болып табылады. Және ол экономикаға оң әсер етеді.

• Жоғары мақалада мен вакцина экономикаға жақсы әсер тудырады десем, ендігі кезекте контрургумент келтіре аламын. Жыл сайын ғалымдар, дәрігерлер вакцина туралы әңгіме қозғағанда оның экономикамен тығыз байланыстырады. Олардың бағасына мықты көңіл бөледі. Олардың зерттеулері бойынша жаңа вакциналардың бағасы бұрынғы вакциналарға қарағанда жоғары. Ол біз үшін тиімді емес. Сондай-ақ, АЛЬЯНС ГАВИ кедей елдерде балалардың өмірін сақтап қалуы үшін осы вакциналадрың бағасын әдейі қымбаттатқан. Бұл мәселе болашақта қатты бақылауды қажет етеді дейді политиктер. ( Economic evaluation of vaccination: capturing the full benefits, with an application to human papillomavirus T. Ba¨rnighausen1,2, D. E. Bloom1, E. T. Cafiero1 and J. C. O’Brien1.1) Department of Global Health and Population, Harvard School of Public Health, Boston, MA, USA and 2) Africa Centre for Health and Population Studies,University of KwaZulu-Natal, Mtubatuba, South Africa. ).

Page 19: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Жоғарыда келтіріп кеткен мәлімет бойынша адамдардың ағзасы вакцинаға әр-түрліше жауап береді. Кейбіреулеріне вакцина жақса, енді біреулеріне кері әсерін береді (побочные действияәсерлердің кесірінен мемлекет көп шығынға әкеледі. Әрине, шығын тұрған жерде, экономикамыз жақсы бола қоймайды. (Иванченко О. И., Лисицина Т. С., Никулина Н. В. «Иммунологические реакции в диагностике, профилактике и эпидемиологическом надзоре за инфекционными болезнями». Пермь, — 1991. — С. 71-74.) . Мамандар вакцинацияның экономикалық тиімділігін зерттеу мақсатында математикалық модельдеуді пайдаланады. Оның экономикалық тиімділігін анықтауда 4 этапты жүзеге асырады. Бірақ, мамандарға осы этаптарды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар тудырылмаған. Оның себебі, мамандар вакциналардың кейбір препараттарының құрамымен толықтай таныс емес, яғни, нақты ақпараттар өте аз.

Page 20: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

Сондықтан олар қандай да бір дұрыс зерттеу жүргізіп, қорытынды жасай алмайды. Өзіміз байқағанымыздай, бұл жерде экономикалық тиімділікті зерттеу қиынға соғады. Болашақта бұл зерттеу түрін жетік меңгерсек экономика мен денсаулық деңгейі туралы көп мәлімет алып, қорытынды жасай аламыз деген болжам бар. (Correspondence: [email protected] for Vaccine Research, World Health Organization, 20 Avenue Appia,CH-1211, Geneva, Switzerland) Қорытындылай келе, вакцинацияның экономикаға әсері толықтай зерттелмеген. Кейбір ұйымдар вакцинаның бағасын көтеріп, өзіңе пайда түсіреді. Вакцина тиімді емес және ол экономикаға кері әсер етеді.

Page 21: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

ҚОРЫТЫНДЫ

Page 22: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Қорытындылай келе, вакцина егуге қатысты айтылып жүрген әңгіме де, көтеріліп жатқан мәселе де аз емес екеніне көз жеткіздім. Вакцина адамдардың ауыру қаупін төмендетеді. Вакцинаның кейбір адамдардың ағзасына тигізетін әсері, қауіпті аурулардың әсеріне қарағанда дымда емес. Медицинада прогресс жүрген кезеңнен бастап, вакцинаның көмегімен адамдардың жұқпалы аурулармен ауыру қаупі төмендетілді. Бірақ, зерттей келе мен вакцинацияның тек оң әсерін емес, сондай-ақ теріс әсерлері бар екеніне көз жеткіздім. Осы екі позицияны нақтылайтын аргументтер мен дәлелдер де аз болған жоқ. Ең бастысы, зерттеудің анализ және синтез әдістерін қолданып, зерттеу сұрағыма жауап табу үстінде сенімділігі жоғары дереккөздерді пайдаландым.

Page 23: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Зерттеудің маңызды бөліктеріне тоқталып кетсем: жалпы айтқанда мен вакцинаның экономика мен денсаулыққа оң және теріс әсерін анықтадым. Кейбір танымал ұйымдардың зерттеулері нәтижесінде вакцина адамдарды әлдеқайда қауіпті жұқпалы аурулардан сақтайды және олардың ауыру қаупін төмендетеді. Жүргізілген зерттеулер мен статистиканың арқасында мен осындай қорытындыға келдім. Кейбір жұртшылық вакцинаға сенімсіздік танытады. Ал осы сенімсіздік танытқандары қате деп, олардың ойын жоққа шығара алмаймын. Себебі, зерттеу барысында вакцинаның адам өміріне қауіпті екеніне де көз жеткіздім.

Page 24: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Вакцина адамдарды әр түрлі қауіпті ауруларға әкеледі, тіпті адамдар оның әсерінен өліп жатады. Бір кездері мақтаған вакцинаны, жаңа қымбат вакцина пайда болған кезден бастап ол туралы жаман ойларын білдіргендері, дәрігерлердің өздеріңе өздері қарсы шыққандығын көрсетеді. Осыдан шығатын түйін: вакцина адамға зиян келтірсе, бір жағынан дәрігерлерге пайда әкеледі. Адамдарды жұқпалы аурулардан сақтау мақсатында егілетін вакцина, жұқпалы аурулармен ауыратын адамдарды емдеуге кететін біраз қаражатты үнемдеуімен ерекшеленеді. Осылайша оның экономикаға біраз көмегі тиетіндігі дәлелденді.

Page 25: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

• Оның экономикалық тиімділігі туралы көзқарасқа қарсы көзқарас та туындаған болатын. Арнайы ұйымдар кедей елдерде вакцинаның бағасын көтеріп, өздеріңе пайда түсірген. Әрине осы мәселе экономикаға кері әсер етті деген қорытындыға келдім. Менің ойымша осындай оқиғалардың мүмкін болатын нәтижесі: адамдар болашақта да вакцинаны пайдаланады. Себебі, вакцина өзекті мәселердің бірі болып табылады және осы мәселе қызу талқылану үстінде. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы жоғарыда аталған проблемаларды шешу мақсатында жұмыс атқарып, осы мәселені бір жаққа шығарады деген ой қалыптасып отыр. Қорытындылай келе, мен зерттеу жұмысымның нәтижесінде зерттеу сұрағыма жауап таптым. Адамдардың вакцинаға сенуі мен оған күмәндікпен қарауы бірнеше факторлардың әсерінен болады. Олар: вакцинаның әр адамның ағзасына әр түрліше әсер етуі, бағасы және дәрігерлердің іс-әрекеттері. Сондай-ақ, вакцинаның қандай да бір басқа препараттар сияқты артықшылықтары мен кемшіліктері болады және вакцинаны егу-екпеуі адамдардың өзіндік шешімі деген қорытындыға келдім

Page 26: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

BibliographyБірінші деңгейлі дереккөздер:

1.American Academy of Pediatrics, "Why Does My Child Need to be Immunized?," www.healthychildren.org (accessed Dec. 17, 2009)

2. http://antivakcina.org/beskletochnaya-vakcina-aakds-taki-da-ne-zashhishhaet-ot-

koklyusha-ochevidnoe-stanovitsya-yavnym/

3.Every Child By Two, "Economic Value of Vaccines," www.ecbt.org (accessed Jan. 11, 2010))

4. http://vaccines.procon.org/view.resource.php?resourceID=003588#36

5.Zhou, et al., "Economic Evaluation of Routine Childhood Immunization with DTaP, Hib, IPV, MMR and Hep B Vaccines in the United States," Pediatric Academic Societies Conference, Seattle, Washington, May 2003.

6. Кэмбридж биология оқулығы. БОТАНИКА ММА им. И.М. Сеченова.Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут. БИОЛОГИЯ. Т. 1 637 бет

Page 27: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

Екінші деңгейлі дереккөздер :

1. http://archive.adiletgazeti.kz/ob/1260-vakcinany-ziyany-men-paydasy.html

2. http://alashainasy.kz/society/32166/

3. http://www.medep.ru/articles/art_23/

Page 28: Вакцина Орындаған : 11 «А» Альфия

EBSCOEBSCO:

• 1. Department of Global Health and Population, Harvard School of Public Health, Boston, MA, USA and 2) Africa Centre for Health and Population Studies,University of KwaZulu-Natal, Mtubatuba, South Africa

• 2.Longitudinal Analysis of the Effect of Nonmedical\Exemption Law and Vaccine Uptake on Vaccine-Targeted.Disease Rates.Y. Tony Yang, ScD, LLM, MPH, and Vicky Debold, RN, PhD.(February 2014, Vol 104, No. 2 | American Journal of Public Health )

• 3.Q&A - Economic analyses for vaccine introduction

• decisions in low- and middle- income countries

• Raymond Hutubessy

• 4.Economic evaluation of vaccination: capturing the full benefits, with an

• application to human papillomavirus

• T. Ba¨rnighausen1,2, D. E. Bloom1, E. T. Cafiero1 and J. C. O’Brien1