36
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт- бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Осыған орай, ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби- мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде. Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, соның бір саласы бойынша қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды, басқа да түрлі саладағы мәтіндерді өзге тілдерге аударып, дүниежүзіне таныстыру және жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аударма саласында қаншама көп жұмыстар атқарылып жатса да, әлі де бұл саладағы еңбектерді молайтудың теориялық және практикалық маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі трансформацялық модельдерін қарастыру жұмысы мәселені толығымен жоймаса да, осы бағыттағы ізденістерге белгілі бір үлес болуға мүмкіндігі бар. , 1

біріккен сөздер курсовой

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: біріккен сөздер курсовой

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Осыған орай, ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде. Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, соның бір саласы бойынша қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды, басқа да түрлі саладағы мәтіндерді өзге тілдерге аударып, дүниежүзіне таныстыру және жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аударма саласында қаншама көп жұмыстар атқарылып жатса да, әлі де бұл саладағы еңбектерді молайтудың теориялық және практикалық маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі трансформацялық модельдерін қарастыру жұмысы мәселені толығымен жоймаса да, осы бағыттағы ізденістерге белгілі бір үлес болуға мүмкіндігі бар. ,

Курстық жұмыстың мақсаты: ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің әдіс-тәсілдерін зерттеу, көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері мыналар:Біріккен сөздердің аудармасы, олардың құрылымдық түрлерін қарастыру.Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілу тәсілдеріне қолданылатын аударма теориясының негзгі әдістерін анықтау.

Зерттеу нысаны. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздер.Зерттеудің пәні. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді құрылымдық және

семантикалық тұрғыдан салыстыра-салғастыра зерттеу негізінде оларды қазақ тіліне берудің трансформациялық модельдерін екі халықтың ойлау ерекшеліктерін және ұлттық құндылықтарын зерттеп ұсыну. Зерттеудің негізгі дерек көздері. Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде ағылшынша-орысша, ағылшынша-қазақша аударма сөздіктер, ағылшын тіліндегі классикалық әдебиеттердің аударма материалдарынан алынған екі мыңнан астам кеспе қағаздар қолданылды.

Теориялық құндылығы. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу процесіндегі аударма теориясының негіздерін анықтау арқылы,

1

Page 2: біріккен сөздер курсовой

онда қолданылатын жалпы ұстанымдар мен ұғымдарды талдап көрсету негізінде тек ағылшын тіліндегі немесе қазақ тіліндегі трансформациялық модельдерге қатысты теорияның ғана емес, жалпы аударма теориясы саласының сипатын жүйелеуге мүмкіндік пайда болады. Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар жалпы аударма теориясы, этнолингвистика, ағылшын және қазақ тіл білімі, лингвомәдениеттану мәселелерін жан-жақты сұрыптауға, олардың теориялық принциптерін негіздеуге көмектесе отырып, жаңа ғылыми бағыттардың өзек ала бастауына әсер етеді.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған көркем шығармалардан жинақталған тілдік деректер қазақ тілінің сөздік құрамын байытып, сол арқылы жалпы тіл білімінің де сұранысын өтей алатындықтан, соңғы жылдарда іргесі қаланып жатқан лингвоконцептология ілімін де дамытар маңызды арналар қатарына жатқызуға болады.

Диссертацияда ұсынылған қағидалар мен ғылыми талдаулар аударматанудың теориялық мәселелерін дамыта келе, қазіргі кездегі терминдерге қатысты көкейтесті проблемаларды шешуге де ат салысып, жалпы аударматану ғылымының теориялық тұжырымдарын дамытуға өз үлесін қосады.

Практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне аудару жұмыстарында, шет тілін үйрету барысында, практикалық сабақтарда қолдануға болады. Диссертацияда ұсынылған тың көзқарастар мен пікірлер қазақ тіл ғылымындағы аудармаға қатысты бағыттың дамуына септігін тигізетіндіктен, жасалған тұжырымдар мен анықтамаларды қазіргі ағылшын және қазіргі қазақ тілінің теориялық курстарында, аударма теориясы және салғастырмалы грамматика пәндерін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында жан-жақты пайдалануға, сонымен қатар ағылшын-қазақ тіліндегі біріккен сөздер сөздігі ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының бірінші тарауында ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің теориялық бағыттары сөз болғандықтан сипаттау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, талдау әдістері қолданылды. Жұмыстың екінші тарауы жалпы аударма теориясы мен ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі трансформациялық модельдеріне арналғандықтан онда жүйелеу, сыни тұрғыдан баяндау, жинақтау, текстологиялық, түсіндірмелі, жүйелі-кешенді талдау әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (тоериялық бөлім), практикалық бөлімнен, қорытынды, қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2

Page 3: біріккен сөздер курсовой

1. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілупроцесіндегі аударма теориясының негіздері

1.1Аударма мәселелерінің теориялық негіздерінің бағыттары

Аударма – адамзаттың ой әрекетінің ежелгі түрлерінің бірі. Қоғамдық тарихта түрлі тілде сөйлейтін топтар пайда болысымен, аудармаға қажеттілік пайда болған. Екі немесе бірнеше тілді немесе диалектіні меңгерген алғашқы ауызша аудармашылар әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар мен тайпалар арасындағы бірін-бірі түсіне алмау шектеуін шешуге ықпал еткен.

Ағылшын тіліндегі сөйлемнің құрамындағы біріккен сөздің мағынасы аудармадағы сәйкес сөйлемнің ауқымында толық ашылмай қалған жағдайда, баламалылық жоғарғы күрделі синтаксистік тұтастықтың аумағында ашылады. Демек, ағылшын тіліндегі біріккен сөздің қазақ тіліндегі мағынасын және оның қазақ тіліне берілу жолдарын айқындауда түпнұсқа мәтініндегі сөйлем мен аударма тіл мәтініндегі оған сәйкес сөйлемді ғана емес, сонымен қатар сөйлем мен оған сәйкес күрделі синтаксистік тұтастықты қоса салғастыру керек. Әр түрлі жүйеге жататын тілдердің материалдарын осылайша салғастыру осы тілдердің ортақ қасиеттерімен қатар, олардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

3

Page 4: біріккен сөздер курсовой

Аударма саласында еңбек еткен ғалымдардың әрқайсысы оны әр қырынан қарастырған. Мәселен, А.М.Алдашева аударматану ғылымының негізгі міндеттері мен “аударма”, “баламалылық” ұғымдарының мәнін ашып, аударма мәтінге қойылатын талаптарды анықтап, аударма сапасының көрсеткіштерін белгілеп берді [1, 74 б.].

Аударма әдеби шығарма арқылы бір халықтың өмірін келесі бір халыққа таныстыру арқылы екі ел арасында рухани көпір орнатуға ат салысады. Демек аударманың мақсаты-түпнұсқа тілді білмейтін оқырманды аударма арқылы өзге елдің әдет-ғұрпымен, мәдениетімен етене таныстыру. Л.С.Бархударов аударма ұғымына “белгілі бір мәтіннің мағынасын сақтай отырып қайта құрылуы” [2, 3 б.] деп, А.В.Федоров: “аударма дегеніміз-өзге тілдің құралдарымен баяндалған тексті екінші тілдің құралдарымен барынша толық, әрі дәл жеткізу” [3, 15 б.] деп анықтама берген. Олай болса, аударма – түпнұсқаның басқа тілде қайта өңделіп жасалуы, тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас процесі, тіларалық трансформация, сөз жасау өнері.

Ғалымдар аудармаға өзіне тән ерекше талаптар қойып, оның қыры мен сырын аша түсу бағытында еңбек еткен. Мәселен, көркем аударманың өз мәтініне сөз қосып, негізгі ойдан ауытқып кетуге, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп ұғымсыз сірестіріп қоюға болмайтындығына ғалымдар бірауыздан келіседі. Бастапқы шығармадағы тілдік, стильдік ерекшеліктерді ескере отырып, оның көркемдік, идеялық қасиеттерін толық жеткізу аудармаға қойылар талаптардың бірі. Осыдан келіп, аудармашыға қойылатын түпнұсқаның мағынасы мен көркемдігін қатар беру талабы туындайды. Е.В.Бреус аударманы тек екі тілдің байланысы ғана емес, сонымен бірге екі мәдениеттің арасындағы байланыс та көрініс табатын тіларалық қатынас әрекеті деп санайды [4, 19 б.].

Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға төрт анықтама береді: денотативті теория бойынша, “перевод есть процесс описания при помощи языка перевода денотатов, описанных на языке оригинала” деген анықтама берген [5, 32 б.]. Трансформациялық теория бойынша, “перевод есть нечто иное, как преобразование единиц и структур языка оригинала в единицы и структуры языка перевода” деген анықтама берген [5, 38 б.]. Семантикалық теория бойынша, “перевод “заключается в раскрытий сущности эквивалентных отношений между содержанием оригинала и перевода” деген анықтама берген. Баламалық деңгейлері теориясы тұрғысынан: “модель переводческой деятельности, основанную на предположений, что отношения эквивалентности устанавливаются между анологичными уровнями содержания текстов оригинала и перевода” деген анықтама ұсынған болатын [5, 62 б.].

И.Н.Гарбовский былай деп анықтама береді: “Аударма дегеніміз- түпнұсқаның басқа тілде қайта өңдеп жасалуы; тіларалық және мәдениетаралық коммуникация процесі; тіларалық трансформация; сөз жасау өнері” [6, 9 б.].

4

Page 5: біріккен сөздер курсовой

А.И.Федоров аударма барысында мынадай жағдайларға баса көңіл бөлу керек деп есептейді:

1 Түпнұсқа тілде кездесетін сөздердің барлығы дерлік аударма тілдің сөздік қорында кездесе бермейді;

2 Түпнұсқа тіл мен аударма тілдегі сөздердің мағынасы тек жартылай ғана сәйкес келуі мүмкін;

3 Түпнұсқа тілдегі көп мағыналы сөздің берер мағынасы аударма тілде әр түрлі сөздер арқылы берілуі мүмкін [7, 133 б.].

А.Поповичтің анықтамасына сүйенсек: “В переводе существует “мера”, которую нельзя нарушать. Нарушение этой “меры” ведет к тому, что перевод становится адаптацией” [8, 143 б.].

Қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған. Олардың негізгілеріне денотаттық, семантикалық және трансформациялық үлгілер жатады. Денотаттық үлгіде аударма тіл мен өмір шындығының байланысы басты назарға алынады. Кейде аударманың жағдаяттық үлгісі деп те аталатын бұл модель өмір шындығының әлдеқандай құбылыстарының атаулары аударма тілде жоқ болса да, тілдік заңдылықтардың көмегімен салыстырудың мүмкіндігі әрқашан болады деген заңдылыққа саяды. Семантикалық үлгі аударма үдерісінде сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі саналатын семаларға мән берумен байланысып жатады. Ал трансформациялық модельді сөздердің орындарын ауыстыру, сөйлемнің құрылымын өзгерту, сөз таптары мен сөйлем мүшелерін өзгерту, сөз қосу, сөздерді түсіру сынды әдістердің негізіндегі аударма деп түсінуге болады. Аударма теориясының зерттеу нысанының бірі болып табылатын грамматикалық трансформация жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Аударма процесі осы трансформация кезіндегі орын алар өзгерістер негізінде қаралады.

1.2 Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердідің зерттелу бағыттарыАғылшын тілінде жаңа сөз жасау конверсия, сөздерді біріктіру, префикстік

және суффикстік әдістері арқылы жүргізіледі. Ағылшын тілінде біріккен сөздер сөзқосым үрдісінің нәтижесінде қалыптасады. Ал екі немесе одан көп түбірлерді қосу арқылы бір сөз жасайтын сөзжасамның бір жолы – біріктіру (сomposition). Біріккен сөздердің ағылшын тіл білімінің лексикология саласында да қарастырылуы, ең алдымен олардың сөздік құрамды байытатын ең негізгі бөлік екендігімен астарласып жатыр. Мұнда лексикологияның нысандық ерекшелігі де рөл ойнайды. Лексикологияны сөз туралы ғылым екендігін ғалымдар толық тән алады. Сондықтан ағылшын тілінде біріккен сөздердің лексикологиядан орын алуы олардың жеке сөзге жақын сипаттарының басымдығында. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер сөйлеу кезінде қаншалықты кең қолданылса да, теориялық жағынан олар туралы әлі де өз шешімін таппаған сұрақтар көп кездеседі. Сондықтан О.Д.Мешков [9]. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздерге қатысты еңбегінде ағылшын

5

Page 6: біріккен сөздер курсовой

сөзжасамының қыр-сырын жан-жақты айқындауда көптеген проблемаларға кезігетінін айта келіп, оларды төмендегідей санамалап шығады:

1. Күрделі сөздердің өзіндік ерекшеліктерін айқындау.2. Күрделі сөздердің шығу төркіні проблемасы.3. Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің арақатысы проблемасы.4. Күрделі сөздердің компоненттерінің арақатысы проблемасы.5. Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы.6. Сөзжасамның тілдің морфологиялық және синтаксистік құрылымымен

байланысы проблемасы.7. Күрделі сөздердегі ұлттық ерекшеліктер проблемасы.8. Күрделі сөздерді жіктеу проблемасы.9. Күрделі сөздің модельдерін сипаттау проблемасы.Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер төмендегідей топтарға бөлінеді:І. Сөз таптарына қарай:1. Зат есімдер, мысалы: baby-moon, address book, letter-box, match-box;2. Сын есімдер, мысалы: power-happy, old-hand, new-born, light-headed;3. Етістіктер, мысалы: to honey-moon, to baby-sit, to henpeck, to blackmail;4. Үстеулер, мысалы: down deep, headfirst, splash down;5. Шылаулар, мысалы: into, within, onto, without;6. Сан есімдер, мысалы : fifty-five, seventy-eight, thirty-eight, ninety-one.ІІ. Құрамындағы компоненттерінің қатысына қарай:1. Аралық (neutral), олар екі түбірден ешқандай морфемаларсыз бірігуінен

жасалады, мысалы, outrageous, she-goat, general public, space age, iron-clad;2. Морфологиялық (morphological), мұнда компоненттер «o» немесе «i»

дауысты яки «s» дауыссыз дәнекер дыбыстары арқылы байланысады: astrospace, handicraft, sportsman, craftsman, tradesfolk, Anglo-Saxon;

3. Синтактикалық (syntactical) немесе лексикаланған фразалар мұнда компоненттер көмекші формалар арқылы байланысады, мысалы, hold-a-lot-of-beer, sick-in-the-mud, breakfast-in-the-bedder, free-for-all, do-or-die, lily-of-the-valley, bring-and-buy sale, washing-up-liquid, Jack-of-all-trades, good-for-nothing. ІІІ. Құрылымына қарай:

1. Екі түбірден тұратын негізгі күрделі сөздер, мысалы, job-hunt, hidebound, go-go, tip-top, heartache, speak-easy, double-cross, chatter-box, whitewash;

2. Түбірлерінде аффикстері болатын туынды (derivational) күрделі сөздер, мысалы, ear-minded, hydro-skimmer, guided missile, baked beans, runner-up, horn-rimmed, factory-packed, science-based, chain-smoker;

3. Үш немесе одан да көп түбірлерден тұратын күрделі сөздер, мысалы, cornflower-blue, eggshell-thin, singer-songwriter, greenhouse effect, one-parent family;

4. Қысқарған күрделі сөздер, мысалы. VJ-day, motocross, intervision, Eurodollar, T-shirt, math-mistress, H-bag, X-mas, G-man.

ІV. Компоненттерінің арасындағы қатынасқа қарай:

6

Page 7: біріккен сөздер курсовой

1. Бағыныңқы күрделі сөздер. Мұнда компоненттердің бірі семантикалық жағынан негізгі және басыңқы болады да, екіншісі бағыныңқы болады, бұл бағыныңқылық қатынас түрліше болуы мүмкін: салыстырмалы қатынаста, мысалы, honey-sweet, eggshell-thin, шектеу қатынасында, мысалы, breast-high, knee-deep, екпіндік қатынаста, мысалы, dog-cheap, обьектілік қатынаста, мысалы, gold-rich, себептік қатынаста, мысалы, love-sick, кеңістік қатынаста, мысалы, top-heavy, мезгілдік қатынаста, мысалы, spring-fresh, субьектілік қатынаста, мысалы, foot-sore т.б.

2. Екі компоненті де семантикалық жағынан тең дәрежедегі салаласқан күрделі сөздер. Бұл топқа бір кісі атқаратын екі қызметті білдіретін secretary-stenographer, woman-doctor т.б. күрделі сөздер жатады. Аталған топқа редупликация арқылы жасалған күрделі сөздер де жатады: fifty-fifty, no-no, pooh-pooh, pretty-pretty, blah-blah және өзара дыбыстық алмасуға ұшыраған редупликация арқылы жасалған күрделі сөздерді де жатқызуға болады: criss-cross, walkie-talkie, razzle-dazzle, bibble-babble, chit-chat.

V. Күрделі сөздер компоненттерінің орналасу тәртібіне қарай тура тәртіпті күрделі сөздер, мысалы, kill-joy және жанама тәртіпті күрделі сөздер болып бөлінеді, мысалы, nuclear-free, rope-ripe т.б.

Күрделі сөздің құрылымдық бірігуі мына мәселелерге байланысты болады: екпіннің бір болуы, бірге немесе дефис арқылы жазылуы, семантикалық тұтастығы, морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуы.

Ағылшын тіліндегі жеке сөзге тән белгілер мен күрделі сөздерге тән белгілерді салыстырғанда біріккен сөздер сөз тіркестеріне қарағанда, жеке сөздерге әлдеқайда жақын деген қорытынды шықты.

Күрделі сөздер ағылшын тіліндегі әр алуан ұғымдардың атауы ретінде қызмет етеді. Олардың әркелкілігі жасалу жолдарына, мағыналық сипатына, формалық ерекшеліктеріне қарай сипатталады. Мысалы, ағылшын тілінде foot сөзінің қатысы арқылы foot way (жүргінші жолы, бір аяқ жол) foot wear (аяқ киім) foot ball (футбол добы), football (футбол), footballer (футболшы), footmark (із), footpad (жүргінші жолы, бір аяқ жол), footstool (аяққа арналған шағын орындық), foot-warmer (аяқ жылытқыш), footnote (сілтеме), footstep (із), footprint (аяқ алынған таңба (із)), foot-race (жүгіруден жарыс), footpath (бір аяқ жол), footmark (із), footfall (басылған аяқ дыбысы), т.б. күрделі зат есімдер жасалынған. Мұнда күрделі зат есімдердің компоненттерінің бірігуі, қосарлануы немесе тіркесуінің өзі мағына өзгертетіні көңіл аудартады. Бұл мысалдарда foot және ball сөздерінің тіркесе байланысуы, басқаша айтқанда бөлек жазылуы аяқпен ойнауға арналған ойын құралы деген мағынаны білдірсе, олардың бірігіп келуі, яғни бірге жазылуы доппен ойналатын ойын деген мағынаны беріп тұр. Олай болса, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің компоненттерінің бірігуі мен тіркесуі мағына ажыратушылық қызмет атқарады.

Қолымыздағы материалдар негізінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің төмендегі модельдер бойынша жасалған мысалдарын қарастырып көрейік:

7

Page 8: біріккен сөздер курсовой

- N+N моделі-екі зат есім түбірлерінің бірігуі арқылы: hand paper, tear gas, piano keys, painter-lover, workforce, bird-dog, boat-ride, sunbather, oak tree, coffee time, cough drops, air-rifle, motorcycle, killer shark, cane sugar;

- A+N+Suf-ed моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі+-ed сын есім суффиксі: long-legged, grey-haired, black-eyed, lean-faced;

- Num.car+N моделі-есептік сан есім түбірі+зат есім түбірі: ten-year, two-room (екінші компонентіне еркін тіркестердегідей –s қосымшасы жалғанбайды), three-star, one-step, five-year, two-foot, three-hand, three-corner, four-square;

Num.car+N моделінен a) Num.car+N=N, яғни есептік сан есім түбірі +екі зат есім түбірлерімен байланысқан шағын моделі жасалатын жолы бар: five man crew, five-year period, one-step dance, three-star brandy;

- Num.ord+N моделі- реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі: second-hand, first-rate, second-class, first aid, first-hand, first cousin, first-night;

Num.ord+N моделінен төмендегідей шағын моделі жасалады:a) Num.ord+N=N реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі зат есіммен

байланысқан шағын моделі: second-hand shop, first-year-student, hundredth-year goods, first-hand newspaper;

- N+A моделі-зат есім түбірі+сын есім түбірі: world-wide, blood-thirsty, crush-proof, paper-thin, grass-green, bony-dry, worldwide, penny-wise, pound-foolish, trigger-happy, knee-high;

- N+PII моделі-зат есім түбірі+есімшенің ІІ формасының түбірі: panic-stricken, snow-covered, brick built, fin-stabilized, gravity-powdered, jeep-mounted, shoulder-fired, custom-built, paper-made, science-based, war-damaged, country-bred;

- A+A моделі-сын есім түбірі+сын есім түбірі: red-hot, dark-blue, deaf-mute, dark-green, honest-true, heavy-thick, noble-good, light-green, Anglo-French, socioeconomic, physicotechnical;

- A+PI моделі-сын есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: good-looking, odd-looking, hard-working, high-flying, wide-spreading, far-reaching;

- A+N моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі: darkroom, hot house, handyman, blueprint, greengrocer, tenderfoot, lazy-bones, black shirt, mad house, greybeard, light-skirts;

- V+N моделі-етістік түбірі+зат есім түбірі: cut-throat, pickpocket, punch card, scarecrow, call girl, turncoat, drawbridge, pushbutton, selectman;

- A+PII моделі-сын есім түбірі+есімшенің ІI формасының түбірі: soft-spoken, clean-cut, deep-cut, far-gone, foreign-built, clean-shaven; - N+PI моделі-зат есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: egg-lying, water-holding, date-processing, top-selling, epoch-making, coal-forming, acid-resisting, cash-paying, cliff-nesting, fur-bearing;

- V+V моделі-екі етістік түбірлерінің бірігуінен: hearsay, makebelieve;

8

Page 9: біріккен сөздер курсовой

-PI+N моделі-есімшенің І формасының түбірі+зат есім түбірі: humming-bird, cleaning woman, diving board, frying machine, whipping boy, mocking bird; - V+A моделі-етістік түбірі+сын есім түбірі: speak-easy; - D+N моделі-үстеу+зат есім түбірі: output, after-life, after crop, aftermath, out-voter, outcollege, by-election, by-law, by-product, downtown, overcoat, undershirt, uproad; - D+A моделі-үстеу+сын есім түбірі: ever-green, ever-young, ever-helpful; Ағылшын тіліндегі кейбір күрделі сөздердің мағыналары құрамындағы компоненттердің негізгі тура мағынасына байланысты алынуы да көп кездесетін жайт. Мысалы, handbag күрделі зат есімі hand (қол) және bag (сөмке) сөздерінен бірігу арқылы жасалған да, қол сөмке деген мағынада қолданылады. Екі компонент те өз тура мағыналарында қолданылған. Осы жағдайларды назарға алғанда, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің құрамындағы компоненттердің мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасына міндетті түрде әсері болады деген қорытынды жасауға болады. Алайда компоненттердің мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасында дараланып көрініп тұруы керек деген пікірді ұстанбаймыз, басқаша айтқанда, күрделі сөз екі сөзден құралса сол екі сөздің аражігі ажырап тұрады деген пікірді қолдап отырған жоқпыз. Керісінше, екі түрлі мағына білдеретін сөздер күрделі сөз жасау үшін біріккенде олардың мағынасы біртұтастық сипатқа ие болады. Өйткені күрделі сөздердің мағыналарының тұтастығына қарсы келу ағылшын тілінде қолданылатын “грамматикалық тәсілдер арқылы жасалған екі немесе бірнеше түбірдің бір лексикалық бірлікке бірігуін күрделі сөз деп атаймыз” [10] деген ережеге де қарсы келу болып шығады. Күрделі сөздегі жаңа лексикалық тұтастық жаңа бір мағынаны білдіреді. Сол біртұтас мағынаны күрделі сөздің мағынасы деп есептейміз. “Біртұтастық” терминін А.И.Смирницкий енгізген болатын [10, 56 б.].

Кез-келген жеке сөздегідей күрделі сөзге де мағыналық тұтастық тән. Сөздердегі мағыналық тұтастықтың деңгейі үнемі бірдей бола бермейді. Өйткені ол мағына күрделі сөздердің жалпы мағынасында оның құрамындағы компонеттерінің жеке мағыналарының көріну деңгейіне байланысты болады. Бұл тұрғыдан алғанда, жеке лексикалық мағыналардың бірігіп біртұтас мағынаға ие болуы тұрақты тіркестердің идиомалану процесі сияқты құрамындағы сөздердің мағыналарынан ажырап барып, басқа бір тұтас мағына құрайтындығымен және компоненттердің бірі немесе бірнешеуі өз мағыналарын сақтап қалып, тұтас мағына құрайтындығымен түсіндіруге болады. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің бұл сипаты оларды компоненттерінің мағыналарын сақтаған күрделі сөздер және компоненттерінің мағыналары сақталмаған күрделі сөздер деп топтастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, watchman (қарауыл), chessplayer (шахматшы) күрделі сөздерінің мағыналық құрамы компоненттердің мағыналарынан алынғаны көрінеді: watch сөзі қазақ тілінде қарау, көру деген мағыналарды

9

Page 10: біріккен сөздер курсовой

білдіреді. Ал man адам деген сөз. Екеуі бірігіп қарайтын адам деген мағынаны құрап отыр. Сондай-ақ chess – шахмат және player-ойыншы сөздерінен шахмат ойыншысы деген мағына құралған. Ал blackmail (бопса), chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер туралы бұл тұжырымды жасай алмаймыз. Өйткені blackmail сөзінің құрамындағы black қара, mail хат-хабар деген мағыналарды білдіретін сөздерден бопса (шантаж) мағынасы құралып тұр. Демек, бұл мағына компоненттердің тура мағыналарынан тікелей туындап тұрған жоқ. Бірақ жанама түрде ол мағыналардың әсері болады. Айталық, қара сөзінің көптеген ауыспалы мағыналары бар. Сол мағыналардың бірі жағымсыз, ұнамсыз деген мағына. Талданып жатқан күрделі зат есім black қара сөзінің осы мағынасына қатысты деп есептейміз. Қазақ тілінде бопса сөзі белгілі бір жағымсыз қылықтарға (қылмыстарға) кездейсоқ куәгер болған кісі, қылмысты кісіден қылмысты жасырып жүруі үшін ақы, төлем сұрауы дегенді білдіреді. Ағылшын тіліндегі blackmail күрделі сөзіндегі black сөзі жоғарыдағы семантикалық мәндер жинақталған деп есептейміз. Сол үшін ағылшын тілінде сөйлеушілер (ағылшындар) blackmail күрделі сөзін бірден бопса деген мағынада түсінеді. Жоғарыда келтірілген chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер де өз компоненттерінің мағынасынан құралмаған. Бірақ chair сөзінің мағынасының семаларын (мағыналық бөлшектерін) жақсы түсінетін ағылшындар chairman күрделі зат есімін де бірден басқарушы мәнінде түсінеді. Мылжың адам мәніндегі chatterbox күрделі сөзі де өз компоненттерінің мағынасын сақтамай жасалған күрделі сөздер қатарына жатады. Сонда біртұтас мағына дегенде күрделі сөздердің құрамындағы компоненттерінің семантикалық мағыналарын ескере келе жасалған нәтижедегі мағынаны еске аламыз.

1.3 Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелу бағыттары

10

Page 11: біріккен сөздер курсовой

Бұл үшінші тарауша қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі мен олардың ағылшын тіліндегі күрделі сөздермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары тұрғысында.

Вен диаграммасы

Ағылшын тілінде Біріккен сөздер Қазақ тілінде

1 сурет – Вен диаграммасы Курстық жұмыстың «Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу тәсілдері мен трансформациялық модельдері» деп аталатын екінші тарауы ағылшын тілі материалдарының негізінде аударманың негізгі әдістері мен трансформациялық модельдеріне арналған.

11

АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Күрделі сөздержасалуына қарай біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, тіркескен сөз,қысқарған сөз деп бөлек терминдермен аталады.

ҰҚСАСТЫҚТАРЫБіріккен сөздердің сыртқы формалары мен жазылуүлгілері ұқсайды:Біріккен түбірлер: pussyfoot; көзқарас.Қосарланған түбірлер:night- club, many-sided; ата-анaТіркескен түбірлер: show and tell; темір жолҚысқарған түбірлер: V-day, G-man; АҚШ..

АйЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Күрделі сөздердің жасалуы жағынан барлық түрлері compound wordsнемесе compounds деген бір ғана терминмен аталабереді

Page 12: біріккен сөздер курсовой

2. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілу тәсілдері мен трансформациялық модельдері

2.1Орын ауыстыру және ауыстыру

Аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер талданады. Мұнда «трансформация», «трансформациялық әдіс», «трансформациялық модель», «когнитивтік трансформация», «семантикалық немесе грамматикалық трансформация» сынды бірқатар ұғымдар туралы В.Н.Комиссаров, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров, А.Д.Швейцер, Л.К.Латышев, Н.Хомский, В.Г.Гак т.б. ғалымдардың пікірлері сарапталды. Мысалы, В.Г.Гак, И.Н.Гарбовский аудармалық трансформацияны “екі тілде де бар изоморфты тәсілдерді пайдаланудан ауытқу” деп көрсеткен [6].

Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Яғни, бір мазмұнның бірнеше түрлі формада тұлғаланып берілуі де трансформацияның бір түріне жатады. Мысалы, ағылшын тілінде grey head біріккен сөзі қазақ тілінде шашына ақ кіре бастаған кәрі кісі деген мағынаны білдіреді. Дәл осы мазмұн ағылшын тілінің өзінде old man деген қолданыспен де берілуі мүмкін. Бұл құбылыс кейде когнитивтік трансформация деп те аталып жүр. Когнитивтік болатын себебі, мұнда тілдің тұрпат межесіне қарағанда, мазмұн өрісі басымырақ көрініс тапқан. Ал мазмұн өрісі адамның ішкі жан-дүниесімен, ой- санасымен тікелей байланысты. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан  бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді  қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы  тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейе түспек. Бұл күні  ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау  өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Когнитивті тіл білімінің негізгі нысаны – тіл. Бұл ілім өткен ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та қалыптасты. Оның бастауында психолог Дж. Миллер және америкалық лингвист Н.Хомский тұрды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған генеративті лингвистика тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірінің бастамасы болғандығы анық. Тіл білімінің формалды бағыттарының бір тармағы болған бұл бастама Н.Хомскийдің «Синтаксистік құрылымдар» (1957) атты әйгілі еңбегіндегі идеялардың негізінде қалыптасты. Аталған еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген. Демек трансформациялық грамматиканың

12

Page 13: біріккен сөздер курсовой

алғашқы бастаулары синтаксиспен байланысты қалыптасқандығы анық. Ал кейін соның негізінде фонологиялық және морфологиялық деңгейлерде де трансформациялық әдістер қалыптасқан. Біз ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің трансформациялық модельдерін осы тұрғыдан сөз етеміз. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Мұнда «ядролық синтаксистік құрылымдарды» ауыстырудың ең басты операцияларының қатарына логикалық-синтаксистік байланыстар мен лексикалық құрамның ортақтығы жатады. Басқаша айтқанда, түпнұсқа тілінің мәтіні бастапқы құрылымдардың жиынтығы ретінде түсініледі, әрі оларға аударылатын тілден сәйкестік табылуы немесе бұл сәйкестіктер трансформация ережелеріне сай «шығуы» тиіс. Осы тұста аудармашы санасында мәтінді трансформациялау процесі жүріп жатқанда, ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі баламалары, яғни трансформациялық модельдері қарастырылып жататынын айта кеткен жөн. Оның үстіне екі тілде де біріккен сөздер көп қолданылатын тілдік категориялар қатарына жатады. Мысалы, ағылшын тіліндегі “If he gets rid of his sweetheart, he can marry the other girl” [11, 204 б.] деген сөйлемді қазақ тіліне аударғанда, оның құрамындағы sweetheart біріккен зат есімін қазақ тіліне қалай аударған дұрыс? Бұл зат есімнің құрамдас компоненттерінің мағыналарымен тікелей байланысы жоқтығы анық. Тек ағылшындардың оны келіншек, нақсүйер, қалыңдық мағыналарында қолданатыны аудармашы санасынан өтеді. Нәтижеде, бұл сөйлем Ә.Ахметовтың аудармасында “Егер қалыңдығынан құтылса, ол ана екінші қызға үйленеді” [12, 112 б.] деп берілген. Бұл сөйлемде sweetheart біріккен сөзі қалыңдық болып аударылған. Бұл баламалы аудармаға жатады. Себебі ағылшын тіліндегі бұл біріккен сөз, негізінен, sweet және heart сөздерінен құралған. Оны тікелей аударғанда, тәтті жүрек (нақсүйер) болып шығар еді. Ал бұл сөздің орнына аудармашы «қалыңдық» деген сөзді қолдануды лайық санаған. Сондықтан бұл аударманы баламалы аударма түріне жатқызамыз.

Аудармалық трансформацияны әр қырынан қарастырған анықтамалардың барлығына ортақ пікір бастапқы тілдегі мазмұнды екінші бір аударма тіліне ауыстыру дегенге саяды. Әсіресе, Р.К.Миньяр-Белоручевтің «бастапқы ақпарат мазмұнын сақтай отырып, түпнұсқа мәтінінің формалық немесе семантикалық құрамдас бөлшектерін өзгерту» деген пікірімен санаспауға болмайды [13, 201 б.].

Сонымен, аудармалық трансформация – белгілі бір тілдегі сөздік және грамматикалық ережелерге сай жасалған мазмұнды екінші бір тілде сөйлеушілер түсінетіндей етіп ауыстыру. Осыдан трансформациялық әдістер, трансформациялық модельдер келіп шығады. Бұлардың тілдік мазмұнды екінші тілге тиімді ауыстыру үшін қолданылатыны белгілі.

13

Page 14: біріккен сөздер курсовой

Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға төрт анықтама берген [5, 62 б.].

А.Д.Швейцер аударма үлгілеріне мынадай анықтама берген:1 Денотативтік немесе ситуативтік үлгі түпнұсқа көріністері мен аударма

көріністері арасындағы байланысты көрсетеді.2 Семантикалық үлгі түпнұсқа тіліндегі әртүрлі тұлғалардың,

мағыналардың түрлі семантикалық үлгілері арқылы берілуі.3 Трансформациялық үлгі дегеніміз- тіларалық эквиваленттілік негізі бола

алатын құрылымдарды жасау тәсілі [14, 280 б.].Аудармашының кейде түпнұсқаның дәстүрлі түсініктерін сақтауға

тырысып, аударылатын тілдің ұлттық ерекшеліктеріне мән бермей қоюы, ал кей кездерде аударылатын тілдің ұлттық нақыштарын сақтауға тырысып, бастапқы шығармаға обал жасалатыны кездесіп жатады. Осы мәселе айналасында В.Гумбольдт, С.П.Маркиш, Л.Вайсбергер, К.Мэргэн, Б.Уорф, К.И.Чуковский т.б. ғалымдар пікір білдірген. Мысалы, В.Гумбольдт бұл екі қауіпке ұшырамау мүмкін еместігін айтты, қауіпке ұшырамаудың жолын философиямен байланыстыратын ғалымдар бар. А.С.Ермағамбетованың аударма үшін философияның да қажеті бар екендігін білдірген пікірі осымен астарласып жатыр [15, 185 б.].

Аудармалық трансформацияларын ғалымдар әр түрлі жіктейді. Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады:

1. Орын алмастыру;2. Сөз қосу;3. Ауыстыру;4. Түсіріп тастау (опущения) [16, 190-231 бб.].Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің

орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны. Бұл трансформацияны мына мысалдар арқылы талдап көрсетуге болады. “Therefore, mon ami, I fear that you must forswear your beauty sleep tonight, and join me in my all-night vigil in that flat below – armed with that excellent revolver of yours, bien entendu!” [11, 31 б.], “Соған қарағанда, достым, бүгін тәтті ұйқыңды қиып, төменгі пәтерде менімен бірге түні бойы кірпік қақпай отыруға тура келер. Әрине, әлгі тапаншаңды өзіңмен бірге ала жүрсең, абзал болар еді” [12, 25 б.]. Бұл сөйлемде all-night біріккен үстеуі қазақ тіліне түні бойы болып аударылған. Бұл аударманы сөзбе-сөз аударма әдісіне жатқыза аламыз. Мұндағы all-night біріккен сөзі сөздіктерде түні бойы болып берілген. Алайда бастапқы тілде екінші орында тұрған сөз аудармада бірінші орынға шыққанын айта кеткен жөн. Бұл жағынан бұл аударманы орын алмастыру моделіне жатқызуға болады.

14

Page 15: біріккен сөздер курсовой

Ауыстыру тәсіліне аударма барысында сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін, сондай-ақ лексикалық ауыстыруларды (нақтылау, жалпылау, антонимдік аударма, компенсация) жатқызуға болады. А.М.Алдашева бұл ретте сөздіктегі сәйкестіктер көркем аудармада ұғымдық-мазмұндық, стильдік және экспрессиялық қызметінде елеулі айырмашылықтар жоқ тілдік құралдардың орны ауыстырылатындығын, ал енді кейбір жағдайларда екі мәтіннің коммуникативті-функционалдық теңбе-тендігіне қол жеткізу үшін мәтіндегі сөздің дәлме-дәл баламасы емес, мағынасы жуық, сөздің стильдік қызметін нақтылайтын, экспрессивті бояуын бере алатын басқа сөзбен (тіркеспен, фразамен) ауыстырылатындығын айтады [1, 173-175 бб.]. Кейде түпнұсқа сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше де болуы мүмкін. Бұл бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекет болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, түпнұсқадағы тілдік бірліктер аударма тіліне сол қалпында берілуі шарт емес. Тек мазмұн кемшіліксіз сақталуы қажет. Мына мысалдарды талдап көрейік: “Now then, school marm, she said” [11, 205 б.], сөйлемін Ә.Ахметов қазақ тіліне “Ал, мұғалім мадам, сіз не дейсіз?-деді ол” [12, 113 б.] деп берген. Бұл сөйлемде school marm біріккен зат есімі мұғалім мадам болып аударылған. Бұл аударманы сөз ауыстыру моделіне жатқызамыз. Өйткені, мұнда school мектеп сөзінің орнына мұғалім сөзі берілген. Яғни, мектеп мадамы дегеннің орнына мұғалім мадам сөзі қолданылған.

“…and raising the revolver he fired point-blank at the woman’s retreating figure just as I flung myself upon him” [11, 36 б.], “...ол қаруын көтере беріп, сытылып бара жатқан әйелді көздеді. Дәл осы кезде мен оны бас салдым” [12, 28 б.]. Аталған сөйлемде point-blank біріккен сөзі қазақ тіліне көздеді болып аударылған. Негізінде, point-blank біріккен сөзі зат есім қызметінде тұр. Ал аудармашы оны fire етістігінің көмегімен етістікке айналдырып аударған. Осы тұрғыдан алып, мұны сөз ауыстыру моделіне жатқызамыз. Ғалымдардың сөз ауыстыру моделі көп жағдайда сөз таптарын ауыстырумен байланысты болады деген пікірін осы мысал қуаттайды.

“A returning wayfarer, slightly drunk, was lurching along the pavement and almost collided with Poirot, who said something sharply to him which I did not catch” [11, 33 б.], “Қарсы жақтан теңселе басып келе жатқан масаңдау біреу Пуароны қағып кете жаздады. Пуаро ашуланып, әлгіге бірдеме деді, бірақ оның не дегенін ұқпай қалдым” [12, 27 б.], сөйлемдегі wayfarer біріккен сөзі біреу болып аударылған. Бұл аударма сөз ауыстыру әдісі бойынша жасалған. Негізінде, wayfarer біріккен зат есімі жолда жүруші деген мағынаны білдіреді. Ал қолымыздағы аудармада ол біреу деп берілген.

“A horrid thing to do, of course, and I feel quite ashamed of telling you, but you know what flat-hunting is” [11, 23 б.], ““Жиренішті зат қой, әрине тіпті мұны сіздерге айтуға да ұят. Бірақ түсінесіздер ғой, “басқа түссе баспақшыл” дегендей, баспана іздеп қиналғанда адам не істемейді?”-деп бөгеліп қалды” [12, 20 б.]. Мұнда flat-hunting біріккен сөзі баспана іздеп болып аударылған.

15

Page 16: біріккен сөздер курсовой

Мұнда flat пәтер сөзінің орнына баспана, ал hunting аулау, аңшылық сөздерінің орнына іздеу деген сөз қолданылған. Сондықтан бұл сөйлем сөз ауыстыру әдісі бойынша аударылған. Кейде түпнұсқа сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада әр түрлі сөз таптары арқылы берілсе, енді бірде түпнұсқадағы негізгі етістік аударма тілде бірнеше сөзден тұратын аналитикалық формалар арқылы берілуі де мүмкін. Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде немесе керісінше де беріле алады.

2.2 Сөз қосу және сөз түсіру Сөз қосу (добавления) дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Мысалы, ағылшын тіліндегі “Some of them must be perfect palaces; the swimming-baths, the lounges, the restaurants the palm courts- really, it must be hard to believe thаt one is on the sea” [11, 41 б.] сөйлемі қазақ тіліне ““Ия, тамаша болар еді”, - деп құптай кеттіп мен оны. “Ол кемелердің кейбіреуін сәулетті сарай десең де артық болмайды, шомылатын бассейндер, демалыс бөлмелері, мейрамханалары, пальма ағашы өсірілген саяжайлары – жан рахатының бәрі бар. Тіпті теңізде келе жатқаның да мүлдем есіңнен шығып кетеді” [12, 31 б.] деп аударылған. Cөйлемдегі the palm courts біріккен зат есімі қазақ тіліне пальма ағашы өсірілген саяжайлары еркін тіркесі арқылы берілген. Palm пальма, court аула болып аударылатынын ескерсек, автор аударма мәтініне пальма ауласы деп беруді місе тұтпай, қазақ тілді оқырмандарға the palm courts біріккен зат есімін түпнұсқа мәтінінен аударма мәтініне сөз қосу арқылы пальма ағашы өсірілген саяжайлары деп жеткізуді жөн көрген.

Келесі мысалдарды талдап көрелік: “He only actually lived in it a fortnight – then he advertised it to be let furnished” [11, 279 б.], “Ол да екі-ақ апта тұрып, сосын үйді жалға беретіні жөнінде хабарландыру жасайды” [12, 125 б.]. Ағылшын тіліндегі a fortnight біріккен үстеуі қазақ тілінде екі апта мағынасын береді. Алайда мұнда бұл екі сөздің арасында -ақ демеулігі қолданылған. Сол арқылы сөйлемге шектеу, тежеу мәні қосыла берілген. Демек, бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған.

“It represented a tall, fair woman, with something subtly un-English in her face” [11, 283 б.], “Бұл бойшаң, аққұбаша келген әйелдің суреті болатын. Бірақ бет-әлпетінен оның ағылшын әйелі емес екені байқалады” [12, 127 б.]. Түпнұсқа мәтініндегі fair woman біріккен зат есімі орыс тіліне блондинка, ал қазақ тіліне аққұба болып аударылады. Ә.Ахметовтың келтірілген аудармасында бұл біріккен зат есім аққұбаша келген әйел деп аударылған. Бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған. Өйткені мұнда «келген» сөзі қосылып отыр.

Сөз түсіру (опущения), яғни бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз. Мысалы, “Why did you, a young man of thirty-three, good -looking, fond of sport, popular with your friends, devote so much of your time to an elderly woman

16

Page 17: біріккен сөздер курсовой

with whom you could hardly have anything in common?” [11, 213 б.], “Сіз отыз үш жастағы жас, әдемі, спортпен шұғылданып жүрген, достарыңыздың арасында беделіңіз бар, сегіз қырлы, бір сырлы жігітсіз, ал соншама уақытыңызды жасы жетіп тұрған кәрі кемпірге арнауыңыздың себебі не?” [12, 113 б.]. Бұл сөз түсіру моделіне жатады. Мұнда «көрінетін» мағынасын беретін looking сөзі берілмеген. Аудармашы тек good сөзін аударумен шектелген.

“They say, “I never eat flesh”, in a way that puts you right off your nice little beefsteak” [11, 198 б.], “Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің” [12, 109 б.]. Бұл аудармада beefsteak біріккен зат есімі қазақ тіліне ет болып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тіліне сиыр, сиыр еті болып аударылады.

Белгілі бір тілдегі мәтінді екінші бір тілге аударудың өнімді тәсілдерінің біріне сөзбе-сөз аудару тәсілі жататындықтан, диссертацияға «Сөзбе-сөз аудару тәсілінің қолданылуы» атты арнайы тарауша қосылған. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады. Мысалы, “And the palm-trees I like them not” [11, 63 б.], “Пальма ағаштары да ұнамайды” [12, 44 б.]. “A sunburnt man with a grey beard, in white clothes and wearing a helmet, came to meet us” [11, 63 б.], “Бізді күнге күйген, бурыл сақалды, ақ киім киген, басында телпегі бар бір адам қарсы алды” [12, 45 б.]. “ The face? Oh! That was easy enough, and the light of that gas jet was too bad for you to see the make up” [11, 71 б.], “Бетімде ме? Ойбай ол оп-оңай ғой. Сосын анау сығырайған газшамның жарығымен сіз менің бетімдегі гримді де жөнді байқай алмадыңыз” [12, 49 б.]. Бұл сөйлемдердегі the palm-trees, gas jet біріккен зат есімдері қазақ тіліне пальма дағаштары, газшам болып, sunburnt біріккен сын есімі күнге күйген болып аударылған. Бұл аудармалардағы біріккен сөздерді тек лексикалық жағынан және біріккен сөздер тұрғысынан ғана шартты түрде сөзбе-сөз аудармаға жатқызып отырмыз. Мысалы, sunburnt біріккен сын есімі sun - күн және burn - жағу, күйдіру мағыналарын беретін сөздерден біріккен. Қазақ тіліне аударылғанда осы екі сөз (күнге күйген) қолданылып тұрғандықтан, бұл аударманы сөзбе-сөз аударма тәсіліне жатқызамыз.

2.2 Сөзді түрлендіру және түсіндірме түріндегі аударма

Сөз түрлендіру тәсілі де ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне аударғанда ең көп қолданылатын тәсіл. Өйткені, ағылшын тілі мен қазақ тілі сияқты екі түрлі топқа жататын тілдердің материалдарын аудару барысында мәтінге көптеп түрлендіру жасауға тура келеді. Ол түрлендірулер кейде семантикалық деңгейде, кейде морфологиялық, кейде синтаксистік деңгейде болуы мүмкін. Яғни, ағылшын тіліндегі біріккен сөздер қазақ тіліне үнемі біріккен сөз болып аударылмағанымен, ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің

17

Page 18: біріккен сөздер курсовой

құрылымы жағынан қазақ тіліндегі біріккен сөздермен сәйкестенуі келесі мысалдармен негізделеді. “If Sir Ambrose was intended victim, he might possibly have purloined a rare manuscript or two that no one else would miss” [11] сөйлемі қазақ тіліне “Ал егер оның ойы сэр Эмброузды құрту болса, ол жан адам жоқтай қоймайтын сирек қолжазбаның бір-екеуін қымқырып кетер еді” [12] болып, “Mr.Mayherne was practical, not emotional. He coughed again, took off his pince-nez, polished them carefully, and replaced them on his nose” [11] сөйлемі “Жөтеліп қойып, адвокат көзәйнегін алып асықпай сүртіп, қайта киді” [12] болып аударылса, “I want you to ascertain for me exactly how much is newspaper chatter, and how much may be said to be founded on fact” [11] сөйлемі “Сізден үнқағаздардың шулатып жатқаны мен әлі де алда айтылатын әңгімелердің қаншалықты дәлелді деректерге негізделгенін анық біліп беруіңізді өтінемін” [12] деп беріледі. Сөзбе-сөз аудармада ғана біріккен сөз сақталып қалуы мүмкін, өзге жағдайларда мәтін құрамында қандай да бір сөз түрделендіру процесі жүзеге асары сөзсіз. Ғалымдардың сөз түрлендіру жөніндегі пікірлерін негізге ала отырып, сөз түрлендіруді басқа да аудару тәсілдерінен ажырататын көрсеткіш ретінде оның мынадай негізгі белгілерін санаймыз: аударма мәтіндегі балманың түпнұсқа мәтіндегі бірліктен лексикалық және грамматикалық тұрғыдан алғанда ауытқуы; балама құрамының 3 сыңардан аспауы; сөз түрлендіру әрекетін автоматты түрде жүзеге асыру мүмкін еместігі. Мысалы, “They lived very quietly, seeing no one, and hardly ever going outside the cottage garden” [11, 278 б.] деген сөйлем қазақ тіліне “Ешкіммен араласпай, тіпті бағының сыртына да шықпай, өздерімен өздері ғана тұрып жатыпты” [12, 125 б.] деп аударылған. Ағылшын тілінде the cottage garden үйдің бағы деген мағынаны білдіреді. Аудармада «үйдің» сөзі түсіріліп қолдануының өзі түрлендіруге жатады. Сонымен қатар, “Come in here, said Jack promptly, leading the way into the deserted ladies’ drawing-room of the hotel, a dreary apartment, with a good deal of red plush about it” [11, 281 б.] сөйлемі қазақ тіліне “Мұнда кіріңіз – деді Джек қонақ үйдің сол кезде бос тұрған, әйелдерге арналған бөлмесіне қарай жол бастап. Қызыл мақпалмен қапталған қапастау бөлме болатын” [12, 126 б.] болып аударылған. Бұл сөйлемде ladies’ drawing-room біріккен зат есімі әйелдерге арналған бөлме болып берілген. Мұнда «арналған» сөзі түрлендіру мақсатында қолданылып тұр.

Түсіндірме түріндегі аударма да аударма үдерісінде жиі қолданылады. Аударма барысында кейде түпнұсқа тілдегі белгілі бір тілдік бірліктің баламасы бір немесе бірнеше сөзбен беріле алмауы мүмкін. Бұл жағдайда аудармашы түсіндірме тәсілін қолданады.

Түсіндірме түріндегі аударма аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын әдебиеттердің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін сөздер тобын, яғни баламасыз лексиканы аудару тәсілі ретінде сипатталады және бұл аудару тәсілінің ерекшелігі - түпнұсқа тіліндегі бірліктің мағынасының аударма тіліне

18

Page 19: біріккен сөздер курсовой

жайылмалы синтаксистік құрылымдар арқылы берілуінде. Түпнұсқа бірлігі мен оның аударма тіліндегі баламасының арасында лексикалық сәйкестік болмайды немесе бұл сәйкестік едәуір төмен болып келеді, аударма тіліндегі баламаның ішіндегі синтаксистік байланыс әртүрлі болады, түсіндірме түрінде аударма жасау іс-әрекетінің автоматтылығы сөзбе-сөз аударуға қарағанда әлдеқайда төмен, дегенмен түпнұсқа мәтіндегі бірлікті аудару процесі автоматты түрде жүзеге асырылмайды деп қорытындылауға да болмайды және синтаксистік-кұрылымдық үлгі тұрақты болып келмейді. Мысалы: “The trouble with you young fellows is that you are so cocksure nothing can exist outside your own philosophy that you get the wind up when something occurs to jolt you out of that opinion” [11, 275 б.], “Жастардың бір жаман жері сол, сендер өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін сыңаржақсыңдар. Ал енді әлгі сенімдеріңді басқа біреулер жоққа шығара қалса, зәрелерің кете бастайды” [12, 123 б.]. Бұл сөйлемде қолданылған біріккен зат есім әтеш және сенімді деген мағыналарын білдіретін cock және sure сөздерінен құралған. Бұл күрделі сөзге аударма сөздікте өзіне сенімді деген мағына көрсетілген. Алайда аудармада ол сыңаржақ деп берілген, яғни оған өздеріңнің философияңнан басқаға сенбейтін деген түсіндірме беріліп отыр. Осы түсіндірме арқылы өзіне ғана сену мәні қосыла беріліп отыр. Олай болмаған жағдайда тек сыңаржақ сөзінің өзі cocksure біріккен зат есімінің мағынасын толық аша алмас еді деп ойлаймыз. Сол себепті мұнда түсіндірме тәсілі қолданылған деп санаймыз.

Келесі “Emily French had been a strong-willed old woman, willing to pay her price for what she wanted” [11, 215 б.] сөйлемін Ә.Ахметов қазақ тіліне “Эмили Фрэнч өз есебіне шегедей, көңіліне ұнаған нәрсенің құнын жақсы білетін кемпір болатын” [12, 144 б.] деп аударған. Негізінде, ағылшын тілінде strong-willed біріккен сын есімі қазақ тіліне тікелей аударғанда өз тілектеріне, қалауларына мықты немесе берік деген мағынада жұмсалады, бірақ аудармашы оны қазақ оқырмандарының түсінігіне сәйкестендіріп өз есебіне шегедей деген тұрақты тіркес арқылы түсіндіре беріп отыр. Алайда өз қалауларына, өз тілектеріне мықты немесе берік деп берсе де автор қателеспеген болар еді, өйткені ол қолданыс та қазақ ұғымына жат емес. Аудармашының мақсаты біздіңше мықтылық, берік деген мағыналарды шегедей сөзін қолдану арқылы беруді жөн санаған. Шеге-мықтау, бекіту, қатайту мәндерін де өз семантикасында қамтитыны белгілі.

Сонымен, аударма – адамзаттың ой әрекетінің ежелгі түрлерінің бірі. Қоғамдық тарихта түрлі тілде сөйлейтін топтар пайда болысымен, аудармаға қажеттілік пайда болған. Екі немесе бірнеше тілді немесе диалектіні меңгерген алғашқы ауызша аудармашылар әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар мен тайпалар арасындағы бірін-бірі түсіне алмау шектеуін шешуге ықпал еткен. Ағылшын тіліндегі сөйлемнің құрамындағы біріккен сөздің мағынасы аудармадағы сәйкес сөйлемнің ауқымында толық ашылмай қалған жағдайда, баламалылық жоғарғы күрделі синтаксистік тұтастықтың аумағында ашылады. Демек, ағылшын тіліндегі біріккен сөздің қазақ тіліндегі мағынасын және оның

19

Page 20: біріккен сөздер курсовой

қазақ тіліне берілу жолдарын айқындауда түпнұсқа мәтініндегі сөйлем мен аударма тіл мәтініндегі оған сәйкес сөйлемді ғана емес, сонымен қатар сөйлем мен оған сәйкес күрделі синтаксистік тұтастықты қоса салғастыру керек. Әр түрлі жүйеге жататын тілдердің материалдарын осылайша салғастыру осы тілдердің ортақ қасиеттерімен қатар, олардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Қорыта келе, бұл курстық жұмыста аударманудың қалыптасу тарихына шолу жасалып, Кеңестік дәуірдегі ғалымдар мен Отандық ғұламалардың зерттеу еңбектері тақырып айналасында сарапталады. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов, С.И.Кауфман, Т.Н.Михельсон, Э.Ф.Скороходько т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскені нақты деректермен дәйектеле түсіндірілген. Ал кейінгі жылдарда орыс және қазақ тілдерінің аударма мәселесі жөнінде отандық ғалымдардан Ө.Айтбаев, А.М.Алдашева қалам тартса, герман тілдері мен қазақ тілі аудармасының кейбір мәселелері М.Ш.Құрманов, Р.Нұрғалиев еңбектерінде сарапталды. Ағылшын, қазақ аударма теориясы бойынша ұлттық-мәдени реңдегі сөздерді беру мәселелері А.С.Ермағамбетованың, А.Исламның еңбектерінде қарастырылады.

Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөз жасаудың негізгі жолдары мен олар жайлы ғылыми пікірлер сараптала келіп, біріккен сөздердің зерттелу деңгейі сөз болады. Жұмыстың 1-ші тарауында, аударманың теориялық мәселелері екі бағытта: аударманың көркемдік-эстетикалық жақтарына, бейнеліліктің, айқындықтың бір тілден екінші тілге берілу тәсілдеріне баса көңіл бөлетін бағытта және аударма мәселелерін лингвистикалық тұрғыдан қарастыратын бағытта зерттеледі және аударма бір халықты басқа елдердің мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен таныстыру үшін қызмет етеді. Аударма барысында аудармашының мәдениетаралық байланыстың, этномәдени қарым-қатынастың ортасында әділ дәнекер бола білуі оның ең басты міндеттері саналғандықтан ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын

20

Page 21: біріккен сөздер курсовой

айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау  өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Қазақ тілінде әрбір сөз табының күрделі түрлері біріккен, қосарланған, тіркескен немесе қысқартылып алынған формалары арнайы тексерілсе, ағылшын тілінде күрделі сөздер (compound words немсе compounds) деген атаумен сыңарлары бірге жазылатын күрделі сөздер де, бөлек жазылатын күрделі сөздер де, дефис арқылы жазылатын күрделі сөздер де, and, to, in және т.б. жалғаулықтар арқылы жасалған күрделі сөздер де атала береді.

Ағылшын және қазақ тіліндегі күрделі сөздерді сөзжасамдық тәсілдерге, сыртқы тұлғасына, белгілі бір сөз табына қатысы, мағыналық сипаты мен олардың біртұтас мағыналарына, құрамдас сыңарларының тұлғалық, формалық сипатына, жазылу сипатына, екпіннің рөліне, белгілі бір сөйлем құрамындағы синтаксистік қызметіне байланысты қарастырған дұрыс. Ағылшын және қазақ тілдері екі түрлі тілдік топқа жататындықтан, ондағы біріккен сөздердің сыртқы формаларында да, компоненттік ерекшеліктерінде де елеулі айырмашылықтар болады және ағылшын тіліндегі күрделі сөздің құрылымдық бірігуі екпіннің бір болуына; бірге немесе дефис арқылы жазылуына; семантикалық тұтастығына; морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуына байланысты болады.

Жұмыстың 2-ші тарауында, қазіргі уақытта аударма теориясында бірнеше үлгі (модель) жасалған. Соның ішінде жағдаяттылық, трансформациялық және семантикалық трансформациялар кеңінен таралған және ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдерінің ғылыми негізде дәйектелуі түйіндер жасауға мүмкіндік беретіндігі. Аударма трансформациясында орын алмастыру, сөз қосу, ауыстыру, түсіріп тастау (опущения), яғни бір компонентін түсіру және т.б. әдістері бар. Белгілі бір шығарманы аударуда бірнеше тәсіл қатар қолданыла береді. Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де біріккен сөздердің мағынасы үнемі компоненттерінің мағыналарына қарай анықтала бермейді. 2-ші тарауда қарастырылған мысалдарды алсақ: “It represented a tall, fair woman, with something subtly un-English in her face” [11, 283 б.], “Бұл бойшаң, аққұбаша келген әйелдің суреті болатын. Бірақ бет-әлпетінен оның ағылшын әйелі емес екені байқалады” [12, 127 б.]. Түпнұсқа мәтініндегі fair woman біріккен зат есімі орыс тіліне блондинка, ал қазақ тіліне аққұба болып аударылады. Ә.Ахметовтың келтірілген аудармасында бұл біріккен зат есім аққұбаша келген әйел деп аударылған. Бұл аудармада сөз қосу тәсілі қолданылған. Өйткені мұнда «келген» сөзі қосылып отыр.“Therefore, mon ami, I fear that you must forswear your beauty sleep tonight, and join me in my all-night vigil in that flat below – armed with that excellent revolver of yours, bien entendu!” [11, 31 б.], “Соған қарағанда, достым, бүгін тәтті ұйқыңды қиып, төменгі пәтерде менімен бірге түні бойы кірпік қақпай отыруға тура келер. Әрине, әлгі тапаншаңды өзіңмен бірге ала жүрсең, абзал болар еді” [12, 25 б.]. Бұл сөйлемде all-night біріккен үстеуі қазақ тіліне түні бойы болып

21

Page 22: біріккен сөздер курсовой

аударылған. Бұл аударманы сөзбе-сөз аударма әдісіне жатқыза аламыз. Мұндағы all-night біріккен сөзі сөздіктерде түні бойы болып берілген. Алайда бастапқы тілде екінші орында тұрған сөз аудармада бірінші орынға шыққанын айта кеткен жөн. Бұл жағынан бұл аударманы орын алмастыру моделіне жатқызуға болады.“A returning wayfarer, slightly drunk, was lurching along the pavement and almost collided with Poirot, who said something sharply to him which I did not catch” [11, 33 б.], “Қарсы жақтан теңселе басып келе жатқан масаңдау біреу Пуароны қағып кете жаздады. Пуаро ашуланып, әлгіге бірдеме деді, бірақ оның не дегенін ұқпай қалдым” [12, 27 б.], сөйлемдегі wayfarer біріккен сөзі біреу болып аударылған. Бұл аударма сөз ауыстыру әдісі бойынша жасалған. Негізінде, wayfarer біріккен зат есімі жолда жүруші деген мағынаны білдіреді. Ал қолымыздағы аудармада ол біреу деп берілген.“They say, “I never eat flesh”, in a way that puts you right off your nice little beefsteak” [11, 198 б.], “Олар еш уақытта да ет жемейміз дегенді айтқан кезде, жегелі отырған бір үзім етті де тастап кетесің” [12, 109 б.]. Бұл аудармада beefsteak біріккен зат есімі қазақ тіліне ет болып аударылуына қарағанда, мұнда да сөз түсіру әдісі орын алған. Ағылшын тіліндегі beef қазақ тіліне сиыр, сиыр еті болып аударылады.

Осы мысалдар арқылы ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне трансформациялық модльдер негізінде берілгендігін көре аламыз.

22

Page 23: біріккен сөздер курсовой

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1 Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелері. – Алматы: Арыс, 1999. – 215 б. 2 Бархударов Л.С. Уровни языковой иерархий и перевод. Тетради переводчика. – М., 1969. – 112 c. 3 Федоров А.В. Основы общей теории перевода. – М.: Высшая школа, 1983. – 303 с. 4 Бреус Е.В. Основы теорий и практики перевода с русского на английский язык: учеб. пос. – М.: Изд УРАО, 2006. – 208 с. 5 Комиссаров В.Н. Слово о переводе: очерки лингвистических учений о переводе. – М.: Международные отношения, 1973. – 214 с. 6 Гарбовский И.Н. Теория перевода. – М.: Изд. МУ, 2004. – 544 с. 7 Федоров А.В. Введение в теорию перевода. – М., 1953. – 336 с. 8 Попович А. Проблемы художественного перевода. – М.: Высшая школа, 1980. – 199 с. 9 Мешков О.Д. Словообразование современного английского языка. – М.: Наука, 1976. – 245 с. 10 Смирницкий А.И. Лексикология английского языка / Изд. Литературы на иностранных языках. Второе издание. – М., 1956. – 260 с. 11 Agatha Christie Selected stories. – M.: Progress Publishers, 1976. – 334 p.

23

Page 24: біріккен сөздер курсовой

12 Ахметов Ә. Ғайып болған миллион / Кристи Агата. Әңгімелер. – Алматы: Жалын, 2003. – 160 б. 13 Миньяр-Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод – М.: Воениздательство, 1980. – 237 с. 14 Швейцер А.Д. Перевод и лингвистика. – М.: Воениздательство, 1973. – 280 c. 15 Ермагамбетова А.С. Сущность и значения национальных слов-реалий в языке художественного произведения и способы их перевода: дисс. ... канд. фил. наук. – Алматы, 1972. – 185 c. 16 Бархударов Л.С. Язык и перевод. – М.: Международные отношения, 1975. – 240 с.

24