52
1 ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ТАПАНОВА СӘУЛЕ ЕСЕМБЕКҚЫЗЫ Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын 10.01.02 қазақ әдебиеті Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның АВТОРЕФЕРАТЫ Қазақстан Республикасы Астана, 2007

ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

  • Upload
    others

  • View
    16

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

1

ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында

ТАПАНОВА СӘУЛЕ ЕСЕМБЕКҚЫЗЫ

Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын

10.01.02 – қазақ әдебиеті

Филология ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Астана, 2007

Page 2: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

2

Жұмыс Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ

әдебиеті кафедрасында орындалды

Ғылыми кеңесші: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым

академиясының академигі, филология

ғылымдарының докторы, профессор

Нұрғали Р.

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,

профессор Сыдықов Т.

филология ғылымдарының докторы,

профессор Бисенғали З.

филология ғылымдарының докторы,

профессор Ергөбек Қ.

Жетекші ұйым: ҚР Білім және ғылым министрлігі

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Диссертация 2007 жылдың «29» қарашада сағат 14.00-де Л. Н. Гумилев

атындағы Еуразия ұлттық университетінің 10.01.02 - қазақ әдебиеті және

10.01.07 – салыстырмалы әдебиеттану мамандықтары бойынша филология

ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.31.03

диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5 үй.

Диссертациямен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2007 жылдың «___» қазанда таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор Қ. Алпысбаев

Page 3: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

3

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тақырыптық сарынның өзі -

әдебиеттану термині бойынша мотив деп аталатыны белгілі. Осы тұрғыдан

келгенде бірнеше жазушының шығармасында, әр түрлі әдеби нұсқада, әр

дәуірдің әдебиетінде белгілі бір сарын қайталанып келеді. Әдеби термин

ретінде 20-жылдардан бері А.Веселовский [1,80-б.], В.Я.Проп [2,230-б.]

еңбектерінде зерттеле бастады. Бұл зерттеушілер әр халық әдебиетінде

бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші әдебиетке, дәуірден дәуірге

көшіп жүрген сюжеттік сарындар бар деп қарайды. Алайда ұқсас сюжеттік

сарындарды өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен,

ұлттық әдеби процестен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді.

Ұқсас сарындар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың өмір-

тұрмысындағы ұқсас жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деуге лайық. Кейде

олар сараланып, іріктеліп, қалыптасқан дәстүрлі сарындар болады. Немесе,

шығарманың құрамындағы бір айшық, жеке бөлігі сияқты болып келеді.

Мәселен, ауыз әдебиетіндегі сиқырлы айна, ақылына көркі сай жаннан асқан

сұлу қыз, абжыланның ханшаны ұрлап әкетуі т.с.с. Кейбір жанрда тұрақты

сарындар, мотивтер ұшырасады. Мысалы, эпопея мен авантюрлік

романдардағы саяхатқа шығу, кеменің күйреуі, өліктің тірілуі және т.б. Мұндай

сарындар кейде жеке дара ашылып, бертін келе автордың өзіндік суреткерлік

шеберлігімен, дүниетанымымен, көркемдік шығарма құрылымымен

ұштастырылып қарала бастады. Кейде мотив пен тақырып ұғымын бір деп

қарайды. Мотивке сұлулық, ізгілік, ар, қорқыныш, махаббат, өлім секілді мәңгі

тақырыптарды жатқызады. Поэзиядағы мотивтің мән-жайы әлі зерттей түсуді

қажет етеді. Оқиғалы, драмалық туындыларда қайталанып келетін сюжетті

мотивтер кездеседі. Олар әр жазушының шығармасында әрқалай қайталанады.

Көптеген әдеби мотивтер мифологиямен бірге адамзат мәдениетінің рухани

қазынасына келіп қосылады.

Қазіргі әдебиеттануда қалыптасқан мотив түрлері: фольклорлық,

лирикалық, қайталама, тарихи-салыстырмалы болып жіктеліп жүр.

Зерттеудің өзектілігі. Көркемөнер, нақтылай алғанда, әдебиет халықтың

сана-сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние бола отырып,

адамзат өркениетімен, адам тағдырымен байланысты сан-салалы мәселелерден

құрылады. Солардың бір арнасы – екі адамның арасындағы ғашықтық сезім. Әр

тағдыр иесінің көзімен көріп, көңілімен түйсінетін бұл қасиетті ұғым адам

баласымен бірге жасап келеді. Адам ата мен Хауа анадан бастап бірде қуантып,

бірде жылатып келе жатқан махаббат құдіреті терең. Батыс философиясы

тарихында Эмпедокл өзінің космологиялық ілімінде махаббат бүкіл әлемді

ұйымдастырып тұрған басты күш деп білді. Ертедегі грек, Рим

қолжазбаларында махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дүниенің кілті

солардың қолында делініп, құдайдың өзі махаббат мәнінде ұғынылған. Платон

махаббатты алғаш рет сезімдік және рухани деп екіге жіктеп, сезімдік махаббат

- сұлулықты сырттай ғана қызықтайтын төменгі форма, ал рухани махаббат

Page 4: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

4

адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы дейді. Бұл екеуінің

арасындағы тығыз байланысты, сезімдік махаббаттың рухани махаббатқа

ауысуын философ махаббаттың кемелденуі деп қараған [3,164-165- бб.].

Осыған сүйене отырып, Фома Аквинский «Нағыз махаббат – құдайды сүю»

деген [4,140-б.]. Махаббатты адам бойындағы құмарлық сезімдердің ең күштісі

деп бағалаған француздың ұлы ойшылы Вольтердің тұжырымын Бальзак та

мойындаған. Ол сүйіспеншілік мәселесіндегі шешуші рөлді жүрекке береді. Ал,

шығыс жұлдыздары Хафиз бен Сағди шынайы махаббаттың ешқашан ізсіз

кетпейтінін, адам ғұмырында бұл сезімнің бірге жасайтынын айтқан. Орта

ғасырларда махаббат ұғымы көркем туындылардың ғана нышаны емес,

дүниетаным, дін, философия, эстетика салаларының бастау алатын бұлағы

болып саналады. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында, діни

әдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзиясында да басты тақырып махаббат болды.

Көптеген онтологиялық, аксиологиялық, гносеологиялық мәселелердің шешуін

табар түйіні осы махаббат категориясы еді. Қазақтың ғашықтық жырлары,

лиро-эпикалақ дастандары ғасырлар бойы халықтың інжу-маржандары

санатында сақталып, бағаланып келеді. Түп тамыры шығыстан тартылған

Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиқа сияқты қиссалармен бірге, қазақ топырағында

туған «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-

Кебек» тәрізді жырлар халық жадында берік орнықты. Халық аңыздарының

үлгісінде жазылған С.Мұқановтың «Сұлушаш», И.Байзақовтың «Құралай

сұлу», «Ақбөпе» поэмаларындағы басты сюжеттік арна ғашықтық сезімнен

бастау алады. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде әдебиетте бой

көрсеткен қазақ прозалық шығармаларындағы басты тақырып сүйіспеншілік,

махаббат сезіміне, осы жолдағы күрес-әрекеттерге арналғаны белгілі. Бұл

тақырып одан кейінде түрлі жанрдағы шығармаларда көтеріліп, осы кезге дейін

жырланып келеді.

Қазіргі әдебиеттануда адам құндылығы, оның өзін қоршаған ортамен

күрделі қарым-қатынасқа түсуіндегі болмысы, ішкі жан дүниесіндегі

өзгерістер, әлеуметтік, психологиялық, лирикалық, драмалық ықпалдастықта

кешенді көрініс тауып жатқаны белгілі. Ал, бұл тақырыптың ежелден әдеби

мұраларда жырланып, дәріптеліп, күні бүгінге дейін кең тынысты романдарда

суреттеліп келгені осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық

жұмыстың басты мақсаты – махаббат сарынының қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі

жолын, әдебиет дамуындағы жаңаша көрінісін ғылыми пайымдау. Негізгі

мақсатты орындау үшін диссертациялық жұмыста мынадай басты міндеттерді

шешу алға қойылды:

- ауыз әдебиеті үлгілеріндегі ғашықтық сарынның басты белгілерін,

ұқсастық-ерекшеліктерін айқындау;

- халық әндеріндегі, елге танымал өнерпаздардың туындыларындағы

ғашықтық сарынды, оның эстетикалық қуатын саралау;

- жазба әдебиеттің қалыптасу кезеңіндегі шығармаларда көрініс берген

махаббат сарынының берілу жолдарын, амал-тәсілдерін ашу;

Page 5: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

5

- қазақ әдебиетіндегі сал-серілер ғұмырына арналған көркем

шығармалардағы ғашықтық сарынның суреттелуін, оның өнер тұлғаларының

өмір белестерін айқындаудағы деректілік сипатын айқындау;

- тарихи романдардағы оқиға желісіне арқау болған махаббат сарынының

көркемдік жүйеге, кейіпкерлердің суреттелуіне тигізген ықпалын саралау;

- әлеуметтік-психологиялық романдардағы кейіпкер болмысын, мінез-

сипатын ашудағы сүйіспеншілік сарынның әсерін дәйектеу.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақ романдары туралы Ғ.Мүсірепов,

Б.Кенжебаев, М.Қаратаев, Р.Бердібай, Б.Шалабаев, В.Лизунова, Т.Нұртазин,

Ә.Нарымбетов, Ғ.Тоғжанов, М.Базарбаев, А.Нұрқатов, Е.Ысмайылов,

З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, З.Кедрина, Н.Ғабдуллин,

Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, М.Атымов, Қ.Жармағанбетов, С.Сейітов, М.Хасенов,

З.Серікқалиұлы, Т.Сыдықов, Қ.Ергөбек, З.Бисенғали, Б.Әбдіғазиұлы,

С.Мақпырұлы, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев, Қ.Алпысбаев, Т.Рақымжанов,

М.Хамзин, Т.Жұртбай, Р.Тұрысбек т.б. зерттеуші-ғалымдардың еңбегінде әр

қырынан қарастырылды.

Зерттеу нысаны. Диссертацияда оқиға желісінде ғашықтық сарын кең

суреттелген көркем туындылар қарастырылды. Бұл орайда, халықтық

жырлардан «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан»,

«Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Күлше қыз бен Назымбек», «Есім сері

Зылиха», шығыстық сюжетке құрылған «Жүсіп-Зылиха», «Сейфүлмәлік-

Бәдіғұлжамал», «Бозжігіт», «Хұсрау уа Шырын» дастандары, Ж.Аймауытовтың

«Ақбілек», М.Әуезовтің «Абай жолы», С.Мұқановтың «Ботагөз»,

«Адасқандар», «Балуан Шолақ», Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Ә.Кекілбаевтың

«Аңыздың ақыры», З.Шашкиннің «Тоқаш Бокин», «Доктор Дарханов»,

С.Жүнісовтің «Ақан сері», С.Шаймерденовтың «Инеш», І.Есенберлиннің

«Ғашықтар», «Махаббат мейрамы», «Алтын құс», Ә.Нұршайықовтың

«Махаббат, қызық мол жылдар», Ө.Қанахиннің «Құдірет», С.Ерубаевтың

«Менің құрдастарым», Р.Тоқтаровтың «Бақыт», «Тұлпардың сыны»,

Б.Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр», Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз»,

Ә.Таразидің «Бұлтқа салған ұясын», Р.Сейсембаевтың «Шайтанның тағы»,

Ш.Құмарованың «Әйел бақыты», «Сезім патшалығы» т.б. қаламгерлердің

шығармалары арқау болды.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Диссертациялық жұмысқа

нысан болған мәселенің шешімін іздеуде қазақ әдебиеттануының жетекші

өкілдерінің, зерттеуші ғалымдардың еңбектері назарға алынды. Атап айтқанда,

А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев,

М.Ғабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Е.Ысмайылов, З.Ахметов, Н.Ғабдуллин,

З.Қабдолов, М.Базарбаев, Т.Кәкішев, Р.Бердібай, С.Қирабаев, Р.Нұрғали,

Ә.Нарымбетов, Қ.Алпысбаев, М.Хамзин, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Т.Сыдықов,

Қ.Ергөбек, З.Бисенғали, Т.Рахымжанов т.б. зерттеушілердің еңбектеріне

сүйендік. Сондай-ақ, шетел ғалымдары мен әдебиеттанушыларының, атап

айтқанда, Г.Л.Абрамович, Л.И.Тимофеевич, Л.Я.Гинзбург, А.А.Потебня,

Г.Н.Поспелов, Н.А.Гуляев, М.М.Бахтин, И.В.Силантьев т.б. еңбектеріндегі

теориялық-әдіснамалық тұжырымдар негізге алынды.

Page 6: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

6

Зерттеу әдісі. Диссертацияны жазу барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама,

тарихи-салыстырмалы, кешенді талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері тиісінше

пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста

қазақ әдебиетіндегі роман жанрына арқау болған ғашықтық сарын

монографиялық деңгейде алғаш рет арнайы зерттелді. Замана шындығын,

өздерін толғандырған кезеңді мәселелерді ән-жырларына өзек еткен ақындар

шығармашылығында үзбей көрініс берген махаббат тақырыбының дәстүрлі

сипатта жырланып, қазақтың жыр-дастандары мен қара өлеңдеріндегі

жалғастықты көрсеткен эстетикалық туындылар екендігі зерделенді. Сал-

серілердің өлең-жырмен қабат өрілген өмірлерінде шынайы сезім мен терең

сүйіспеншіліктің алатын орны, мән-маңызы айқындалып, дәуір сипатымен

үйлестіре талданды. Алғашқы қазақ романдарындағы сүйіспеншілік мәселесі

тек қоғамдық-әлеуметтік бейнелеу тұрғысында ғана емес, адамдардың ежелден

аңсаған азаттық, тәуелсіздік ұғымдарымен, моральдық-этикалық, құқықтық

қағидаларымен іргелес алынып, оларға тиісті баға берілді. Ел тарихының

кезеңді тұстары суреттелген тарихи романдардағы ұлттық дербестік, ұлттық

психология, салт-дәстүр мен ғұрыптың шығарма кейіпкерлері арасында

орнаған сүйіспеншілік, ғашықтық әрекеттермен жалғастықта талданып,

қаламгерлердің шығармашылық ерекшеліктері тұрғысында қарастырылды.

Сондай-ақ, қазақ романдарының бірқатары алғаш рет әлеуметтік-

психологиялық туындылар ретінде аталып, ондағы жастар арасындағы

сүйіспеншілік, мораль мәселесі қоғам, орта ахуалымен байланыстырыла

талданып, ғылыми ізденістер жүргізілді.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Бұл зерттеу

жұмысының нәтижелерін жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын

зерттеуде, қазақ прозасына, жекелеген қаламгерлер шығармашылығына

арналған арнайы курстар мен семинарлар жүргізуде кеңінен пайдалануға

болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. - ғашықтық сарын – ертедегі әдеби мұралардан бастап, қазіргі кезеңдегі

туындыларға дейін тұрақты жырланып келе жатқан тақырып;

- ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар мен ғашықтық дастандар –

сүйіспеншілік сарынын жырлаудағы алғашқы бастаулар;

- ақын-өнерпаздардың, сал-серілердің ән-жырлары – махаббат тақырыбын

жырлаудағы ұлттық үлгілер;

- қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдар - қоғамдық-әлеуметтік жағдай

аясында адам бостандығын, жастар арасындағы сүйіспеншілік мәселесін

алдыңғы кезекке шығарған туындылар;

- қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар - халық аңсаған ұлт тәуелсіздігі мен

бейбіт өмірдің мұрат-мақсатын сүйіспеншілік, махаббат мәселесімен

өзектестірген шығармалар;

- әлеуметтік-психологиялық сипаттағы көркем шығармалар - дәуір мен

адам, қоғам мен жастар арасындағы сан қырлы қатынастарды көрсету үстінде,

Page 7: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

7

адамгершілік, сыйластық пен махаббат секілді ұғымдарды кешенді түрде арқау

еткен туындылар.

Жұмыстың жариялануы мен сарапталуы. Ғылыми зерттеу жұмысына

өзек болған мәселелер бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінде өткен «Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық тағлымы» атты

Халықаралық ғылыми конференцияда (2002 ж., 24 қазан), Ө.А.Байқоңыров

атындағы Жезқазған университетінде «Ө.Байқоңыров оқулары» атты екінші

(2002 ж. 15 қазан), үшінші (2004 ж. 20 қазан), төртінші (2006 ж. 25 қазан)

Халықаралық ғылыми конференцияда, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау

университетінде «Шоқан оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференцияда,

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-інде өткен «Қазіргі заманғы түркология: теориясы,

практикасы және алдағы міндеттері» атты екінші Халықаралық түркология

конгресінде (2006 ж. ) тақырыптық баяндамалар жасалды.

Ғылыми жұмыстың негізгі қорытындылары республикалық ғылыми-

әдістемелік журналдарда, жоғары оқу орындарының хабаршыларында

жарияланды. Диссертация мазмұнын баяндайтын зерттеу кітаптары жарық

көрді. Жұмыс Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінің қазақ әдебиеті

кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт бөлімнен,

қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі мен маңызы, мақсаты мен

міндеттері, зерттелу деңгейі, зерттеу нысаны, теориялық-әдіснамалық негіздері,

зерттеу әдісі, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы,

қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар айқындалды.

Жұмыстың бірінші бөлімі «Ғашықтық жыр-дастандар – қазақ

романының бастау-арналары» деп аталады. Қазақ әдебиеті тарихындағы көркем туындылардың қай-қайсысы да өзінің

түп төркіні – халық ауыз әдебиетінен нәр алып дәстүрлік жалғастық табады.

Бүгінгі таңдағы әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған іргелі туындылары

бар қазақ әдебиетіндегі алуан тақырыптар, сан түрлі сарындар, өлмес идеялар,

өміршең мұраттардың бәрі де о баста ауыз әдебиетінде, оның ішінде поэзия

саласында көрініс тапқан. Бұл орайда біз нысана етіп отырған махаббат

тақырыбы да алғаш осы халық ауыз әдебиетінде, яғни, халықтық ән-өлеңдерде,

эпостық жырларда көрінген. Мәселен, көнеден жеткен авторы белгісіз мына

шумақтар соның бір дәлеліндей:

Көрдім де бір сұлуды болдым ғашық,

Алашқа білдірмедім аузымды ашып.

Жарасқан бал, шекерге күміс қасық,

Жүреміз сүйтіп қашан араласып [5,188-б.].

Фольклорлық үгілердің қашаннан-ақ эстетикалық сипаты мол болған, онда

әсемдіктен, ойдан жырақ, сұлулықтан тыс дүние жоқ. Бұлар халықтық ой-

сананың туындысы ретінде үнемі эстетикалық оймен терең астасып жатады.

Фольклор туындыларында көркемдік сын мен эстетикалық таным егіз ұғым

Page 8: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

8

ретінде әуел бастан әсемдікті жырлау талабымен ұштасып отырады. Өмірдегі

құбылыстар: ел қорғаған батыр, бас бостандығы үшін күрескен ұл мен қыз,

ақылгөй қарт әсемдік заңдарына сәйкес жырланады.

Сұлулық, әсемдік, әдемілік символы болған әйелдер туралы сөз қозғасақ,

әрбір ұлттың әдемілікті сезінуі мен әсемдікті қабылдауында өзіндік ерекшелік

болатынын естен шығаруға болмайды. Мәселен, қазақ ауыз әдебиетінде,

поэтикалық шығармаларда әйел сұлулығын, кескін-келбетін, мінез-құлық, іс-

әрекетін суреттейтін туындылар аз емес. Бұл тұрғыда қазақ батырлар жырының

да, лиро-эпостық жырлардың да, ертегілердің де орны ерекше.

Қай халықтың болса да фольклоры өзіндік, даралық ерекшелікке сай

қалыптасқан.

Жалпы қазақ эпосы, оның өзі батырлар жыры, лиро-эпос болып екі салаға

бөлінсе, қазақ лиро-эпостары негізінен үш түрге жіктелген:

1. Халықтың төл туындылары – ел арасына кең тараған, баспа бетін

көрген дастандар. Олар: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман –

Шолпан»;

2. Халық арасына ауызша тараған нұсқалар: «Күлше қыз», «Құл мен

қыз», «Мақпал қыз», «Есім - Зылиха»;

3. Шығыс әдебиетінен алынған қиссалар. Олар: «Мұңлық - Зарлық»,

«Сейфілмәлік», «Бозжігіт», «Таһир - Зухра», «Жүсіп - Зылиха», «Шәкір-

Шәкірат» т.б. Лиро-эпостар халық дастандарына, жұртшылық сүйіп оқитын

шығармаларға айналған [6,449-б]. Әйел тағдырын арқау еткен бұл жырларды

қазақ зерттеушілері әр қилы атап келеді. Бірде жанрына қарай «лиро-эпос»

десе, бірде мазмұнына сай «тұрмыс-салт жырлары» деп атаған. Дұрысында

бірін лирика сарынына құрылған лиро-эпостық жырлар, екіншісін ұсақ салт

өлеңдері деп білу ләзім. Бұл жырлардың қай-қайсысында да ғашықтық сарын,

махаббат тақырыбы шырқау биікке көтеріле, дамытыла жеткізіліп,

тыңдаушысын барынша баурап алған.

Эпостық жырлардың ең көне үлгілерінің бірі – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

жыры. Оның сюжеті біздің заманымыздан үш-төрт ғасыр бұрын шығып, Алтай,

Ертіс, Тарбағатай, Алатауда қоныстанған тайпалар ортасында кең тараған.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры басталғаннан-ақ оның басты тақырыбы

сұлулық пен әсемдік екендігін бірден-ақ байқауға болады. Нәзік әуен сазындай

жайдары, ашық, әсем әнмен басталатын жыр қалың тоғай ішінде адасып

елеңдеп жүрген маралды әдемі сезімге әсер ету мақсатымен суреттейді. Марал

мен Баян арасында үлкен жақындық бар. Бірі – табиғаттың еркесі, аң сұлуы

болса, екіншісі – ел еркесі, адамзаттың сұлуы. Жырдағы осы ғайыптан келген

табиғаттың ерке сұлу маралы кіршіксіз, таза махаббаттың символындай жарқ

етіп көрінеді. Табиғаттың өзі елжіреп, сұлулық нұрын төгіп тұрғандай сезіледі.

Жыр әсемдікті тап басып, тілсіз табиғат пен адам өмірін қатар алып,

сұлулықтың құпия әсем сырына бой ұрады.

Қазақтың лиро-эпос жырларына көш басшы болған «Қозы Көрпеш – Баян

сұлу» жырынан кейінгі тілі көркем, көлемді сюжетті жыры – «Қыз Жібек»

жыры ел арасына ауызша да, жазбаша да кең тараған жыр. «Қыз Жібек»

жырының нұсқалары көп емес және олардың бір-бірінен айырмашылығы да аз.

Page 9: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

9

Басында оның оқиғасы Төлеген–Жібек махаббатымен ғана шектеліп,

трагедиямен біткен сияқты. Әрі қарай айтушы ортамен жанжалдасқан Жібектің

трагедиясын жеңілдету үшін жырға әмеңгерлік идеясын қосып, оның шешуін

жай прозаға айналдырады. Сол идея бойынша Жібек бұдан былайғы жерде

Төлеген жоқтауын Жағалбайлы еліне арналған өзінің жесірлік мүддесімен

байланыстырады. Әмеңгерлік салты бойынша Төлеген өлген соң Жібек

Сансызбайға қосылады.

«Батырлық, байлық кімде жоқ, ғашықтың жөні бір басқа» дейтін Төлеген

Базарбайдың еркінен тыс сүйіспеншілік іздейді. Жібекке ғашық болады. Жібек

сияқты сұлуға ғашық тек Төлеген ғана емес. Сол елдің атқа мінер

азаматтарының біразының қолы жетпей жүрген аруды, сырттан келген

Төлегенге жетектетіп жібермейтіні белгілі. Төлеген елдегі көп ғашықтардың

бірі – Бекежанның қолынан қаза табады.

Төлеген басындағы биік арманды көрсету үшін оның махаббатын әсірелеу

мақсатында айтушы «қыз таңдау» оқиғасын қосады. Жырда Жібек – көп

сұлудың бірі ғана емес, атадан көргені, анадан білгені бар туысы, бақ-дәулеті

ауқымды атаның қызы. Ол заманда жақсы әйел, ибалы қызға қойылатын негізгі

шарт – оның сұлулығы, ақылы, әлеуметтік жағдайы болған. Ал Жібек бойынан

осының барлығын кездестіруге болады. Ертеде қыз таңдаған байлар: «Көріп

алған көріктіден, көрмей алған текті артық» деген.

Жырда ескі мен жаңаның тартысы бар десек, сол жаңалықтың үлгісін,

жастардың еркіндік идеясын Жібек пен Төлегеннің махаббаты тұсынан

іздейміз.

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік-қоғамдық

тіршілігін, тұрмыс-салтын қамтитын, халық арасына кең тараған, оқиғасы

реалистік өмірден алынған қазақтың лиро-эпостық жырларының бірі – «Айман-

Шолпан» жыры. Жыр Маманның екі қызын әуелі сұлулық, бақыт, салтанат

құшағында көрсетеді де, кейін екеуін тұтқынға түсіріп, теңсіздікке ұшыратады.

Бұл шендестіру Маман мен Көтібардың бақ салтанатын мақтай келіп, олардың

өте ұсақ, халықтың мінезге жат адамдар екенін, феодалдық зорлық бар жерде

қазақ қызының бағы жанбайтындығын көрсетеді. Жырдағы Шолпан мен

Арыстанның махаббаты екі елді бітістіруге себеп болады. Ал, жырдағы Айман -

өте ақылды, парасатты қыз. Айманның махаббаты романтикалық-трагедиялық

сарында емес, прозалық-реалистік арнада баяндалған. Өз басының мүддесіне

келгенде, ол – бас бостандығын іздеген, үлкен махаббат иесі болған образ.

Жоғарыда аталған қазақтың ғашықтық жырларынан басқа ХІХ ғасырда

туып, сюжеттік негізіне әлеумет теңсіздігін, феодалдық қоғам қайшылығын

арқау еткен «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Күлше қыз-Назымбек», «Есім сері-

Зылиха» жырларының да көркемдік-тарихи мәні ерекше. Мұндай жырлардың

кеңес дәуірінде де туғанын ескерсек («Құралай сұлу», «Сұлушаш»), олардың

реализмі алғашқы лиро-эпостық жыр үлгілерінен өмірге тереңдеу қабысып

жататынын көреміз [7,237-б.].

Бұл жырларда айтылатын Мақпалдың сүйгені - Әбен, Айымның ғашығы –

Талайлы, Зылиханың жары – Есім бұқара халық ортасынан шыққан кедей-

Page 10: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

10

жалшылар. Қолдары қысқа кедей жігіттерінің өздерінің сүйген қыздарына

қосыла алмай, ру қоғамының ескі салтынан соққы жейді.

ҮІІ-ХІІ ғасырларда ең жоғары өркендеу дәрежесіне жетіп, дүниежүзілік

тарихи маңызға ие болған біртұтас араб-мұсылман мәдениетінің ықпалына

басқа елдер сияқты қазақ сахарасы да ілікті. Араб-мұсылман мәдениетінің өзі

көптеген әлемдік мәдени мұралардың көркем де озық үлгілерін өз бойына

сіңіру арқылы биікке көтеріліп, өзіндік өрнек қалыптастырған болатын.

«Шығыс мұралары қазақ даласына әр түрлі жолмен келіп жетті. Біріншіден,

олар халықтардың күнделікті қарым-қатынастары арқылы ауызша түрде жетті.

Екіншіден, бұлар қолжазба күйінде таралады. Бірақ шығыс сюжеттері қазақ

халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арнасында жырланады. Сондықтан қазақ

эпикалық дәстүрі бұған өз әсерін тигізбей қойған жоқ» [8,8-б.].

Шығыс халықтары әдебиеттерінің өзара байланысы және бір-біріне

жасаған игі әсері түрліше деңгейде болды. Солардың бірі – көркем

шығармалардың адамгершілік мазмұн-мағынасын, оқиға желісін, өрнек

тәсілдерін түсіне, өрбіте қабылдау болып табылады. Соның айқын дәлелі

ретінде Рудаки, Фирдоуси, Низами, Физули, Науаи, Саади, Хафиз, Жәми

шығармаларын қазақ ақындары өзінше дамыта жырлап, тыңнан толғап,

«нәзира» дәстүрімен, халық арасына таратқан нұсқаларын айтуымыз керек.

Абай шығыстық желіге «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» дастандарын жазса,

Ш.Жәңгіров «Ескендір Зұлқарнайды», Т.Ізтілеуов «Рүстем-Дастанды»

жырлады. Бүгінде араб, парсы, үнді аңыз-ертегілерінен келген «Мың бір түн»,

«Тотынаме», «Жүсіп-Зылиха», «Сейфүлмәлік», «Мұңлық-Зарлық», «Бозжігіт»,

«Шәкір-Шәкірат» т.б. сияқты ғашықтық дастандар қазақ топырағында қайта

түлеп, жаңарып, бай фольклорлық мұраларымыздың қатарын толықтырды.

Батыстың «Ромео мен Джульеттасы», шығыстың «Ләйлі-Мәжнүнімен»

үндесіп жатқан, махаббат мұңын шертетін «Таһир-Зуһра» дастанының сюжеті

араб, үнді елдерінде бұрыннан бар екені белгілі. Бұл жырда да осыған дейінгі

айтылған дастандар сияқты бірін-бірі шын сүйген екі ғашықтың бақытына

жетуіне кері кеткен әдет-ғұрып пен күштілер билеген кезеңнің кедергісінен

құрбан болған жастардың өмірі суреттеледі. Екі жастың қайғылы махаббаты

арқау болған бұл дастанда өмірдегі ең аяулы нәрсе – жан сұлулығы, достыққа,

ғашықтыққа берік болу, арманына жету үшін қара күш иелерімен, қиындықпен

күресе білу, көңілі сүйгенін кіршіксіз сақтай білу керектігі жырланады.

Шығыс тақырыбына жазылған қазақ дастандары - ғасырлар бойы

халқымызбен бірге жасап келе жатқан аса құнды мұралар. Махаббат пен ерлік

қоса өрілген осы аталған ғашықтық дастандар тақырыптық, идеялық жағынан

болсын, оқиғаны суреттеуі, көркемдік ерекшеліктері жөнінен болсын қазақ

халқының ауыз әдебиеті нұсқаларымен орайласып, үйлесіп жатады.

Ғашықтық дастандар мен лиро-эпостарда өмірдегі ең аяулы нәрсе – жан

сұлулығы, достыққа, ғашықтыққа берік болу, арманына жету үшін қиындықпен

күресе білу.

ХІІІ-ХІҮ ғасыр әдебиетінде ғашықтық желісін негізгі мәселе етіп алған

қисса-дастандар да туа бастайды. Көпке белгілі Низамидің «Хұсрау уа

Шырын» дастанын Оянушылық дәстүрімен халық тілінде түрікше сөйлеткен

Page 11: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

11

ақын Құтб (1341-42). Құтб дастанының бұрыннан мәлім құрылысы мен

сюжетін толық сақтай отырып, өз оқырманының түсінігіне лайық жазған [9,37-

б.].

Ұлтымыздың өркендеу тарихында, мәдени және әдеби өмірімізде ХІХ

ғасырдың орны бөлек. Қазақ мәдениетінің жарық жұлдыздары Шоқан, Ыбырай,

Абай шығармалары қазақ ғылымына, мәдениеті мен әдебиетіне жаңа арна

әкеліп қана қойған жоқ, осы тұста жарқырап көрінді. Қазақ әдебиетінде

сүйіспеншілік, ғашықтық мәселесіне тұңғыш рет арнайы тоқталған Абай

болатын. Ауызбен айтуға ұят саналып, әркімнің өз жүрегінде тұншықтырылып

келген сүйіспеншілік жеңіл-желпі емес, қайта, адамгершілік асыл қасиеттердің

қатарынан орын алатын, мораль нормаларының мықты бір өлшемі екенін

танытқан Абаймен бірге әдебиетке махаббат лирикасы келгендігі анық.

Ұлтымыздың әдеби-мәдени өміріне айрықша із қалдырған, жастайынан

өнер қуған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, сайын даланы ән мен жырға

толтырған, ай маңдайлы, ақ дидарлы сұлу қыздарды жүрек құштарымен, іңкәр

көңілімен, шалқар сезіммен толқыта суреттеген, терең сырға, ұшқыр қиялға

толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын, сал-серілердің

ролі айрықша болғаны мәлім. Өздерін толғандырған жайларды өлең

өрнектерімен бейнелеген сал-серілер шығармаларының бір қыры – махаббат

мәселесі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қазақтың ұлттық

оянушылығының бір көрінісі ретінде ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы назира дәстүрі

қайтадан жаңғыра дами бастайды. Назиралық әдеби тәсіл мен машықтық

негізінен қисса-дастандарда жалғасын тапты.

Халық арасына кең тараған хиссалардың қатарында «Қыз Жібек»,

«Мұңлық-Зарлық», «Сейфілмәлік», «Орақ-Күлше», «Таһир-Зухра», «Назым»,

«Бозжігіт» т.б. бар еді. Әр түрлі тақырыпқа (дін, ғашықтық, әділдік т.б.)

арналған бұл хиссалардың негізінде адамдықты, адамды сүюді армандаған

халық қиялының көріністері жатты. Олардың кейбіреулері бірнеше рет

басылды да.

«Айқап» журналының, «Қазақ» газетінің беттерінде шығыс әдебиеттерінен

аудармалар жасады. Олардың ішінен «Рүстем-Зораб» (Фирдоусидің

«Шахнамесінен» М.Сералин аударған), «Мың бір түн» ертегісінен үзінділер

аударылды.

ХІХ ғасырдағы 70-жылдардан бастап орыс әдебиетімен байланыс өріс

алды. Бұл игі дәстүрдің негізін салған – Ыбырай, Абай және Шәкәрім. Абай

Пушкин мен Лермонтовты, ал Шәкәрім Пушкиннің «Дубровский», «Боран»

сияқты прозалық шығармаларын өлеңмен аударып, орыстың классикалық

әдебиетін қазақ оқушысының өнер үйренер, адамгершілік тағлым алар

дүниесіне айналдырды.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Шәңгерей ақын

поэзияға өзгеше леп, лебіз әкелді. Ақынның «Жігіттің болса алған жақсы

жары», «Жылдарда жыл болады бағзы-бағзы», «Қатшекейге», «Ғылым»,

«Эдисон», «Қияға мен бір қыран көз жіберген» т.б. өлеңдерінде заманның

Page 12: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

12

ғылым-білімге ұмтылу талабына алыстан үн қоса отырып, ақын сұлулықты,

мөлдір махаббатты, табиғаттың әсем көркін жырға қосты.

ХХ ғасырдың басында шынайы көркем үлгідегі, мазмұндық және идеялық

астары терең поэмалар көбейді. Бұл кезеңде С.Торайғыровтың,

Ш.Құдайбердиевтің, М.Сералиннің т.б. ақындардың түрлі сипаттағы поэмалары

жазылды. Ал осынау реалистік поэма жасау дәстүрінің түп тамыры Абай

шығармашылығынан бастау алғаны мәлім. Абай қазақтың ұлттық әдебиетінде

бұрыннан бар дастаншылдық, хиссашылдық дәстүрді өңдеп, жаңғыртып, оған

жаңа дәуірдің ыңғайына туралап, туған жұртына қайта ұсынды. Романтикалық

поэмалардың табиғатына реалистік қасиет дарыта жырлады. Сөйтіп, соны

сипаттағы қазақ поэмасының негізін қалады.

ХХ ғасыр басындағы қазақ романшылары үшін аса таныс тақырып – ауыл

өмірі, ел тынысы болатын. Сондықтан да М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев,

С.Көбеев, С.Торайғыров, Т.Жомартбаев т.б. жазушылар өздеріне етене жақын

ортаның әдет-салт ғұрпын, ұлттық психологиясын шығармаларына арқау етті.

Қазақ романдарында жеке адамдар, қаһармандар тағдырын олардың өзара

араласуларын қоғамдық мәнi күштi оқиғалармен байланыстыра баяндайтын,

суреттейтiн салт-дәстүр қалыптасты. Бұл жөнiнен қазақ романдары орыс

әдебиетiнде қалыптасқан iлгершiл, өскелең өнеге iзге түскенi байқалады. Қазақ

прозасының дамуына ықпал еткен бірнеше факторларды айта келіп, ғалым З.

Бисенғали: «Қазақ прозасының жаңа арнаға шығуына үлкен әсер еткен

маңызды факторлардың бірі – көрші елдер әдебиетінің ықпалы. Осылардың

ішінде әсіресе орыс әдебиетінің ықпалы ерекше. Классикалық орыс әдебиеті

туындыларымен танысу, оларды аудару арқылы қазақ жазушы, журналистері

әдебиет, шығарма негізіндегі көркемдік пен тереңдікті аңғарды, шеберліктерін

ұштады, үйренді»- дейді [10, 133-б.].

Дәуір басындағы жанрлық, көркемдік ізденістердің нәтижесінде туған,

осыған дейін қалыптасқан үлгіні өзгерткен шығармалардың бірі Шәкәрім

Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романы болды.

Бұл тұрғыда Шәкәрім шығармашылығын докторлық диссертация деңгейде

алғаш зерттеуші Б.Әбдіғазиұлының: «Шәкәрімнің прозасы ешкімге ұқсамайтын

айрықша қасиетке бай болды. Мәселен, тұңғыш қазақ романының авторы

М.Дулатов әлеуметтік прозаның бастауында тұрса, ойшыл Шәкәрімнің

прозалық шығармаларында философиялық-психологиялық сипат басым жатты»

[11,144-б.] деген пікіріне қосылмауға лаж жоқ. Ақиқат құбылыстарды

философиялық тұрғыдан бағалауға ұмтылу және оны жеріне жеткізе талдап

көрсету Ш.Құдайбердиев прозасының стиліне тән сипат.

Дәстүр мәселесі – кең ұғым. Әр халықтың әдебиеті мен өнерінде әр дәуірде

сандаған дәстүрлер пайда болып, оның озығы бертінге дейін жетіп отырған.

Фольклордың әсер етуі күні бүгінге дейін созылып келе жатқан құбылыс. Ол

өзінің идеялық-эстетикалық мәнін жоғалтпай, қаламгерлердің

шығармашылығына бай рухани қазына болды. Қазақ фольклорын зерттеуші

Н.Смирнованың байқауынша: «эпостың тақырыбы мен сюжетінің өзі қазақ

кеңес әдебиетіне қажет болып шықты» [12,427-б.]. Одан әрі зерттеуші лиро-

эпикалық, реалистік поэманың қалыптасуына ең алдымен эпостың әлеуметтік-

Page 13: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

13

тұрмыстық сипаты, халық өмірін шындық тұрғыда бейнелеуі әсер етті деген ой

айтады. Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасып, дамуына үлес қосып, ұлттық

әдебиеттің барлық саласында толассыз еңбек еткен қаламгерлердің бірі

С.Мұқанов болды. Оның бірқатар шығармалары («Жетім қыз», «Сұлушаш»,

«Жұпархан») ел аузындағы аңыз-әңгіме желісіне құрылған. С.Мұқановтың

лиро-эпостық жанрдағы көлемді де көркем шығармасы – «Сұлушаш» ертедегі

аңызға негізделіп жазылған. Бұл жөнінде автордың өзі былай дейді: «Біздің

ауылда Бәжінің Қазыбегі деген бар. Сол бәріміз Қабанбайдың Қабдолынан

ертегі, аңыз-әңгіме тыңдаушы едік. «Сұлушашты» бізге сол айтты. Мен маңғаз

Алтайды құлдың баласы, кісі есігінде михнат көрген батырақ еттім. Құлдың

баласына ғашық Сұлушаш сүйіктісімен бірге елге сыймай, тағы тауға паналаған

болып шықты. Қайсар, Ермектерді жанымнан қостым да, сюжет құрадым»

[13,138-б.]. Қаламгердің халық аңыздарына құлағының түрік жүретінін мына

пікірден тағы да байқауымызға болады: «Торғай өңірінде болғанда,

«Сарыторғай» совхозындағы Жәуке мешітінің қасындағы «Қыз тамы» дейтін

мазарды көрдік. Сонда: «Дәу де болса, бұл өзім жырлаған Сұлушаштың мазары

болса керек. Олай дейтінім – ел аузындағы «Сұлушаш» дастанында «Саласында

Сарыторғайды мекен еткен» деген сөздер бар»,-дейді [14,103-б.].

«Сұлушаш» сюжетінің көркемдігі туралы М.Әуезов та мынадай пікір

айтқан: «Сұлушаш» халық аңызы мен жырының желісінен туған. Бірақ ақын

сол әңгіменің өрісін нығайтып, қоғамдық маңызы зор драмаға айналдырып жыр

етеді. Мұнда барлық тартыстың қоғамдық, таптық тамырларын аша отырып,

кейіпкерлерінің таптық мінез-бітімін айқындай суреттеу арқылы, халық

аузындағы әңгімеге сыр-сымбат, жаңа сана-сапа бітіреді» [15,59-б.].

Поэма сюжеттік желісі жағынан лиро-эпостық дастандарға етене жақын.

Поэтикалық шеберлігі жағынан да өзіне тән ерекшеліктері мол туынды. Мұнда

Алтай бейнесі толық ашылған. Ақылы келбетіне сай, мақсаты биік Алтай өз

замандастарынан көш жоғары. Есіктегі құл мен күң Шұнақ пен Тезектен туған

Алтай Сұлушашқа жасқанбай-ақ, сүйіспеншілігін білдіреді. Ол жеке басының

бостандығы мен сүйіспеншілігі үшін күрес үстінде әлеуметтік қиянаттың

таяғын талай жейді. «Басқаны Сұлушаштың сүйері жоқ, Алтайдан басқа көңіл

иері жоқ» қыз бейнесін беруде автор қыздың сезім мен махаббатқа

тұрақтылығын терең жырлайды.

Ақын екі тап өкілі жастарының туу, өсу жағдайын реалистік түрде

сипаттаса, ал олардың сүйіспеншілігіне келгенде, көркем түрде, романтикаға

бөлей жырлайды. Мұнда махаббат – басты мәселе. Екі жастың бір-біріне деген

аса ынтықтығы талай қиын іс-әрекеттер жасауға, кедергілерді жеңуге

итермелейді. Олардың арманына жетпеген трагедиясының себебі - әлеуметтік

жағдай. Тап тартысы асқынған дәуірдің әділетсіздігін, оған қарсы тұрар күштің

туып келе жатқанын шығарма болмысы арқылы білдіреді. Алтай мен Сұлушаш

секілді жастардың арманды тілегінің аяқталмай, мақсат-ойларының

орындалмай қалған себептері өмірдің терең қатпарларына шөккен еді.

Сондықтан аңызға құрылып, көптеген фольклорлық элементтерді бойында

сақтағанымен, бұл шындық болмысты шынайы суреттеген туынды.

Page 14: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

14

Қорыта айтқанда, қазақ әдебиетіндегі махаббат сарыны алғаш рет ауыз

әдебиеті үлгілерінде көрініс тапты. Сан ғасырлар бойы ауыздан ауызға көшіп,

халық көңілінің сүзгісінен өтіп өңделген, жаңарған аңыздар бүгінмен сабақтас.

Аңыз-жырлардағы өмір үшін, махаббат үшін күрес, жақсылыққа ұмтылу, түрлі

әрекеттер арқылы сол дәуірдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға тырысу, сол

жолдағы қаһармандардың ерлігі – халықтың өмірге құштарлығын, арман-

мұраттарының биіктігін танытады. Халықтық мұралардан арна тапқан

ғашықтық сарын, өршіл де асқақ арман-аңсарлар одан әрі роман жанрында

өрбіп, жалғастық тапты.

2 Тарихи шығармалардағы ғашықтық сарын.

2.1 Тарихи романдардағы сүйіспеншілік сарынның көркемдік

шындықты ашудағы қызметі. Тарихилық – дәуірдің бет-бейнесін, нақты

оқиғалар мен адам тағдырлары арқылы көрсететін ұғым. Қазіргі қазақ

әдебиетінде тарихи тақырыпқа жазылған романдардың маңызы жоғары. Қазақ

тарихи романы қай кезеңге арналса да ол суреттеліп отырған дәуірдің халық

тағдырында атқарған роліне жан-жақты талдау жасап, өткен мен бүгіннің

арасына дәнекер болады.

Ұлттық әдебиетімізде тарихи тақырыпты арқау ету кеңінен қанат жайған

келелі дәстүр десе де болғандай. Бұл, әсіресе, ХХ ғасырдың алпысыншы

жылдарынан кейін кең етек алғаны белгілі. Осы кезеңде өмірге келген

І.Есенберлиннің «Қаһар», «Жанталас», «Алмас қылыш», Д.Әбіловтің «Ақын

арманы», З.Ақышевтың «Жаяу Мұса», Ә.Әлімжановтың «Жаушы»,

С.Жүнісовтің «Ақан сері», Ә.Кекілбаевтің «Үркер», «Елаң-алаң»,

М.Мағауиннің «Аласапыран», Д.Досжановтың «Жібек жолы», С.Сматаевтың

«Елім-ай» т.б. тарихи, тарихи-ғұмырнамалық романдары соның дәлелі.

Кеудеде жан тұрғанда адам баласынан сезім күйі, құштарлығы өлмек емес.

Өртеніп, күйіп-жану, махаббат оты – жан беріп, жан алысқан соғыстарда да,

халық басындағы небір зұлмат күндерде де өз орнын тапқан, екі аяқты пендеге

қуат, дем берген, келер күндерге деген үмітін кеудесінде маздатып отырған.

Тарихи шығарма – тек халықтың тарихын, шежіресін, кескілескен

шайқастарды ғана суреттеумен шектелсе көремдік сапасына нұсқан келер еді.

Белгілі әдебиеттанушы-ғалым Р.Бердібаев «Қазақ тарихи романы» атты

еңбегінде тарихи тақырыпта ізденістерімен көрініп жүрген Д.Досжанов,

С.Сматаевтардың табыстарын атай келіп, былай дейді: «Жазушылар тарихи

тақырыптарға тек әлеуметтік факторлар іздеп қоймай, мәдени, адамгершілік,

психологиялық факторларды табуға да көңіл бөліп келеді»[16,235-б.].

С.Сматаевтың «Елім-ай» трилогиясы жанрлық тұрғыдан алғанда, сөз жоқ,

қазақ халқының аса ауыр күрделі кезеңі – ХVІІІ ғасыр оқиғаларын

панорамалық сипатта қамтыған эпикалық шығарма.

1960-1970-жылдар аралығында алғаш бой көрсете бастаған тарихи

тақырып, оған қалам тартқан жазушылар әдебиетімізге өзіндік өзгеше, үнмен

тың серпіліс әкелгендігі белгілі. Қазақ әдебиетінде бел алып, өрістей бастаған

бұл тақырып кеңестік идеологияны қатты шошытып, дүрбелең туғызды. Халық

тарихын өзіне таныстырудың аса маңыздылығын сезіне білген жазушылар

әуелгіде сол мақсатпен тым біржақты кетіп қалғандығы да аз сөз болған жоқ.

Page 15: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

15

Оның ішінде «Көшпенділер» трилогиясының авторы І.Есенберлин де, біз сөз

етіп отырған С.Сматаев т,б. жазушылар бар. Сыншы-әдебиеттанушылар

олардың хронологиялық оқиғалар тізбегін, қуалап, адам образын ашуға аз

көңіл бөлетіні туралы жазды. Бір мысал келтіре кетейік: «... «Елім-ай»

романының тарихи негіздері хроникаларға қазақ шежірелеріне ғылымның

беделді зерттеушілеріне сүйеніп жазылған. Оқиға ұзақ мерзімді, кең атырапты

қамтитын болғандықтан сюжет құрылысында панорамалық мозайкалық сипаты

бар. Осы ерекшелік кемшілікке де ұрындырады, жеке эпизодтардың басы

бірікпей ыдырап жан-жаққа тартып тұрған жерлер мол »,- дейді сыншы-

ғалым Р.Нұрғали [17,300-б.].

Сыншы пікірінен тарихи тақырыпқа барудың қиындығы, мұндай кең

көлемде алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі аңғарылады. Сонымен бірге,

ғалым жазушыны бірыңғай кінәлап отырған жоқ, бұл тақырыптың

күрделілігіне, жауапкершіліктің тым жоғарлылығына мегзейтіндей: Жазушы

осындай азды-көпті ескертпелерді ескерген болуы керек, шығарманың үшінші

кітабын алғашқы екеуінен әлдеқайда көлемді етіп ала отырып, образ қырларына

тереңдеп баруды, кейіпкердің сезім күйлеріне бойлауды мақсат тұтыпты.

Әрине, бұдан келіп жазушы әуелгі екі кітабында құштарлық, махаббат

мәселесін мүлде жадынан шығарған деуге болмайды.

С.Сматаевтың алғашқы кітабының өзінде-ақ ойрат жігітінің тұтқынға

түскен қазақ қызы Маржанды құлай сүйгендігін, онымен қоштасудың қандай

ауыр болып қиналғандығын әдемі әсермен суреттейді.

Жазушының көңіл аудартар бір ұстанатын бағыты – қазақпен жауласқан

қалмақтардың ел тағдырына тым селсоқ, бір жақты қарамайтындығы. Жазушы

аңғартар идея – жауласуға қарапайым халық кінәлі емес, көбінесе билікке,

жерге таласушылық ашкөзділік, ел билеушілердің қанағатсыздығы, озбырлығы

дегенге саяды. Әйтпесе, жоңғарда да ел сүйер, жар сүйер ерлер болғаны күмән

тудырмайды. Үшінші кітаптағы Қаз дауысты Қазыбекке достық құшағын

жаятын Жырғал бейнесі де осы ойымызды айғақтай түседі. Ал оның қызы

қазаққа жиен Шараһай сұлу мен Қаз дауысты Қазыбек арасындағы сезім күйі

жазушының тағы бір соны ізденісін аңғартады. Қаз дауысты Қазыбек би де сол

дүйім жұртты аузына қаратқан кемеңгер дана қалпында аспаннан түсе қалған

жоқ, барлық адамдарға тән жастық бозбалашылық сезімі оның да басынан

өткен. Жазушы суреттеуіндегі оның Шараһай сұлуға деген махаббаты өте

нанымды, бидің адамдық қырларын толықтыра түсердей сәтті шыққан.

Cыншы-ғалым Сыдықов Т.С. «Қазақ тарихи романы» атты докторлық

монографиясында С.Сматаевтың «Елім-ай» шығармасын талдауға көп орын

берген. Осында ғалым романнан үзінді келтіре отырып, ойын былай түйіндейді:

«Елім-ай» романында қара қылды қақ жарған Ошаған би ауылына төркіндеп

келген сүйікті немересі Бексанаға: «Қайда жүрсең аман бол, қарағым. Енді көре

алармын ба, көрмеспін бе, атаңды сыйлап, енеңді қадірлеп өт. Жарыңа жолдас,

ауылыңа инабатты бол жүдә тегі»- деп ескілердің есті жолын аманат етеді.

Атадан ондай ақыл-кеңес алған ұрпақ қайтып азсын? Қайтып көктемесін?

Даламыздың байтақ, пейіліміздің кең, мінезіміз өр, ұрпағымыз ер болатыны,

міне, осы салттың, ғұрыптың шапағатынан. Мұның бәрі от басы, ошақ қасын

Page 16: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

16

түртпектеу емес, қоғамды, тарихты әлеуметтік зерттеу, философиялық толғану,

тұжырымдау, характерді ұлттық құнармен нәрлендіру» [18.103-б.].

Төрт тарапты дүр сілкіндірген қандай қаһарлы билеуші болса да жер

әлемді ұстап тұрған ұлы күш – махаббаттан ештеңе биік емес. Шын сүйіскен

ғашықтардың алдында азуы алты қарыс әміршілер де дәрменсіз.

І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы кітабы «Алмас

қылышта» Жәнібек ханның Жаған сұлуға өлердей ғашықтығынан оның

өтінішінен бас тарта алмай, сүйген жігіті-Хасанды қасына алдыруына рұқсат

беруі де күйіп-жандырған махаббат құдіреті болатын. Осындай махаббатқа

толы сезім шарпысуының С.Сматаев шығармасында неше алуан хикаясы

шертіледі. Оның бірі – қазақтың хас батырларының бірі Бөгенбайға қатысты.

Бөгенбай нағыз батырға тән ер мінезі, тәуекел деп тас жұтар бірбеткейлігі,

сондай еріне сенген Бопыштай сұлудың өжеттігі, ер сөзін екі етпес қазақ

қызының қайсарлығы тайға таңба басқандай айқын бедерлі. Турасын айтқанда,

елдің тұтастығын сақтай алған ұл-қыздарымыздың осындай әрекеті,

сүйіспеншілік сезімдерінің беріктігі. Трилогиядағы кездесетін Рухия, Маржан,

Гүлбану, Гүлдарайым, Бөгенбай батыр сүйген Бопыш қыз, Шараһай т.б. арулар

бейнелерінде нығыз жаужүрек батырларға серік болар адалдық, әдеп, ибалық,

тектілік, қылықтылық қасиеттердің бәрі бар. Сонымен бірге оларда

отаншылдық сезім де, сүйгеніне деген махаббаты да өте жоғары да таза.

Аталған авторлардың шығармалары, тарихи тақырыпты игерудегі өзіндік

ерекшеліктері, стильдік қырлары, тарихты көркем ойлау жүйесі бойынша

бейнелеу, кейіпкер сомдау тәсілдері жайлы зерттеулер, ғылыми еңбектер,

мақалалар қатар түзеді. Бұл орайда М.Қаратаев [19], Р.Бердібаев [16],

С.Қирабаев [20], Р.Нұрғалиев [21], Ш.Елеукенов [22], З.Серікқалиев [23],

Т.Сыдықов [24], Қ.Алпысбаев [25], Т.Жұртбай [26], Ж.Дәдебаев [27],

Б.Майтанов [28], М.Хамзин [29], Т.Рақымжанов [30], Ә.Тарақов [31] т.б.

еңбектерінде жан-жақты ғылыми пайымдаулар жасалды. Жалпы, тарихи

тақырып көркем әдебиеттің басты нысаналарының бірі болды.

Бұл бөлімде біздің сөз еткелі отырған мәселеміз тарихи шығармалардағы

махаббат тақырыбы. Зерттеу тақырыбына нысана етіп алып отырған

С.Мұқановтың «Ботагөз» романы, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы,

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Ә.Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры», З.Шашкиннің

«Тоқаш Бокин» туындылары.

С.Мұқановтың «Ботагөз» романы тек қазақтың ғана емес, дүние жүзі

халықтарының рухани қазынасына айналған, мәңгілікке кеткен мұра. Бұл

шығармасы арқылы жазушы өз халқының биік мәдениетін, кең пейілін, озық

дәстүрін, үздік парасатын, ерекше жаралған ұл-қыздарын әлем халықтарына

паш етті.

С.Мұқанов әр шығармасында қазақ халқының тарихындағы елеулі

өзгерістерді кеңінен көрсете білген жазушы. Осындай шығармаларының бірі –

дауылды тарихи оқиғалардың Қазақстан өміріне тигізген ықпалын, адамдар

тағдырына олардың енгізген өзгерістерін шеберлікпен көрсеткен «Ботагөз»

романы болатын.

Page 17: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

17

Романда Ботагөз бірнеше жерде әр қырынан суреттеледі. Автор оны

кейіпкерлер көзімен бірде қызығып, бірде қызғанып, тіпті бірде өшпенділік

сезімдермен суреттейді. Әркім өз көзқарасы, ниеті, тілегі тұрғысынан баға

береді.

«... Мынау қалың бермеген, жүзіктің көзінен өткендей, қылыштай

қылпылдаған жас жігіт, анау аққудың көгілдіріндей желкілдеп өсіп келе жатқан

бүлдіршін қыз. Ол қыз «Ботагөз» десе – ботагөз. Тұнжыраған қарақаттай екі

көзі жаутаңдап мөлдірейді де тұрады. Асқар соны сағалап жүр» [32,155-б.].

Бұл Итбайға арам ой салатын жағымпаз, жексұрын Бүркітбайдың сөзімен

берілетін тұсы. Шығарманың қай тұсында берілген портрет болсын, бәріне тән

ортақтық – оның табиғи сұлулығы сақталған.

Ботагөз – ескі салт-дәстүрлерге қарсы күрескен жаңа дәуірдің адамы.

Бесіктен белі шықпай жатып-ақ көргені қиыншылық. Әке өлімі, аяулы сырласы

болған жеңгесі – Ақбаланың аянышты халде көз жұмуы, туған ағалары мен

жалғыз нағашысы Амантайдың, сүйгені Асқардың жазықсыз қуғын-сүргінге

ұшырауы Ботагөздің бір басына жетіп артылатын ауыртпашылық еді.

Ботагөздің мінезіндегі қызға тән нәзіктік, сыпайгершілік оның төзімді де батыл

қажырлылығымен үйлесім тапқан. Біз Асқардың ел ісіне араласып, талай

қиындықты басынан өткерген тұстарында нәрестесін құшақтап, неше түрлі

намысына тиер сөзді, өсекті естіп, өмірдің ащы-тұщысын бастан өткерген

Ботагөзді көреміз. Осының барлығына төпеп берерлік қажыр-қайраты мен

ақылдылығының арқасында ол бақытты күнді алдан тосып алады.

Асқар мен Ботагөздің арасындағы түсіністік өте бір жарасымын тапқан,

басы артық қыздырма сезімнен ада қалыпта суреттеледі. Екеуінің арасындағы

таза да мөлдір махаббатын тек жалаң жүрек сезімі етіп көрсетпейді, оны

қоғамдық істермен әдемі үндестіріп бейнелейді. Біріне-бірі үлкен сеніммен

қарайтын ғашықтардың ел басына күн туған кезде, өз бастарының қамынан

гөрі, халықтың жағдайына баса назар аударуы шығарманың болашақ ұрпаққа

берер тәрбиелік мәнінің жоғары екендігін танытады.

Ботагөз басынан өткен осындай жанын жегідей жеген жалған cөзден

қиналу Асқардың басынан да өтеді.

Жазушы Асқар бейнесін кесек әрекетімен, ой-арман биіктігімен тартымды

бейнелейді. Сол арқылы автордың оқыған, мәдениетті жастарымыздың көп

болуын, басқа мәдениетті озық елдерден артта қалмауын армандағаны сезіледі.

Романда Асқардың алғашқы Ботагөзге деген сезімінің ояна бастаған кезін,

іштей мазалаған белгісіз бір ойлар, берекесін алған ішкі толғаныстарын табиғат

көріністерімен астастыра суреттейді. Екі жастың берік махаббаты қоғам

қайшылықтарымен астаса беріліп, сезім тұрақтылығын, осы жолдағы күрестің

баяндылығын паш етеді.

«Ботагөз» романы – қазақ әдебиетінің зор әлеуметтік-тарихи және

эстетикалық мәні бар аса ірі шығармалардың бірі. Өзінен кейінгі озық

шығармаларға көш басшы болды.

ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының отаршылдық қанау астындағы

өмірінің шындығы мен оның азаттық, теңдік жолындағы күресін кең

Page 18: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

18

бейнелеген, қазақ әдебиетіндегі күрделі эпикалық шығарма есебінде ол әдебиет

тарихында зор жетістік ретінде бағаланды.

Тарихты көркем әдебиетте бейнелеудің әлем әдебиетіндегі тамаша

үлгілерін еске ала отырып, біздегі, яғни қазақ әдебиетіндегі бірегей үлгі ретінде

ұлы жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романын айта аламыз.

«Абай жолы» - қазақ өмірінің айнасы, үлкен бір энциклопедиясы, тұтас бір

дәуірді жан-жақты толық бейнелеп берген, мазмұн-мағынасы, көркемдік бітімі,

сипат-ерекшелігі жағынан да үздік шығарма.

Ал біздің қарастыратын мәселеміз: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы

ғашықтық сезімді беру жолындағы жазушының шеберлігі, шығарманың өне

бойында табиғи өріліп отыратын махаббат тақырыбы.

Роман-эпопеяның екінші кітабында әрқайсысы жеке шығармаға арқау

болатын тақырыптар жеткілікті. Солардың бірі - әйелдің бас бостандығымен

жалғасып, сабақтасып жататын махаббат тақырыбы.

Романда бір-бірін жүрек қалауымен ұнатқан екі жастың қосылуына

ешқандай мүмкіндік болмады. Олардың бас еркін өздеріне билетпей,

танымайтын, білмейтін жат адамдармен атастырған әке әмірі жүріп тұрған кез.

Тағдырдың жазуынан, әкенің әмірінен асар дәрмен жоқ. Өзімен терезесі тең

Алшынбайдай құда тапқанына Құнанбай риза. Әке-шешенің Абайдан ықтияр,

таңдау сұрамай, қақпалап апарып Ділдәға қосады.

Тоғжан Абайдың тұрмыс-дәулетіне қызыққан қыз емес, оның ақыл-

парасатына, биік адамдық тұлғасына бас иген. Адал жүрегін ұсынған. Мәңгілік

жүрегіне жазылмас жара салған Абай - Тоғжан өмірінде қайталанбас, орны

бөлек адам. Екі жүрек егіздік тапқан, бірін-бірі іштей танып, тіл қатқан.

Біржола келмеске кеткен, Тоғжанын күн өткен сайын сағынады. Ата заңымен

ұзатылып кеткен, бақыты басқа біреуге бұйырған, басқа құшақтағы Тоғжанның

жүрегі де Абайын іздеп қан жылайды. Бұлқынып шығар дәрмен жоқ. Жүрекке

түскен сары уайым оның жанын да жегідей жеп жатыр. Тоғжан үшін Абайсыз

өмір – қуыс дүние, өлі тіршілік. Еріксіз ұзатылып бара жатқанда, «өзіне оң

сапар тілеген жоқ», өлім тілеп кетті. Яғни бұдан түйер ой - жүрек қалауымен

қосылмаған пендеге өмір өліммен тең екендігі.

Шығармадағы Тоғжан бейнесі – шынайы махаббаттың, қазақ қыздарының

ғажайып үлгісі ретінде нанымды суреттелген. Абай Тоғжанмен кездесуі мен

сырласуын бүкіл саналы ғұмырының мағыналы сәті, бақыты деп санайды. Абай

мен Тоғжанның ішкі сезімі мен толғаныстары барынша реалистік тұрғыда

суреттелген.

Романда Абай мен Әйгерім арасындағы махаббат та өте бір әдемі

нәзіктікпен, табиғилықпен суреттелген.

Әйгерімінен Тоғжанын тапқан Абай өзінің жуандығын бұлдап, тізе

көрсетіп оны еріксіз алмақ емес, Әйгерімге сөз салуға Жиреншені жіберіп

жатқанда, Абай осыны қатты ескертеді. «Бір нәрседен қатты сақ бол. Бар-

барымша айтатыным сол. Қайсысы көнсе де, Құнанбай баласы еді, елге істейтін

тізесі көп жуан ауыл еді, бермесем әлгі бола ма, кесірі тие ме деген ойды ойлай

көрмесін. Ата айдынымен, ауыл атағымен алар болсам, онда қыз алған, жар

алған болмаспын, қорлық алған болармын»-дейді [33,317-б.].

Page 19: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

19

Абай мен Әйгерімді қосқан екеуінің бойындағы өнерге деген үлкен құрмет,

өнерді жанымен түсініп, сезінетіндіктері де болар. Тоғжанын жоғалтып, көңілі

құлазып жүрген кезінде, кездейсоқ жағдайда әдемі, әсем әнімен Абайды

ұйқысынан оятқан, өмір сүруіне деген үлкен құлшыныс әкелген Әйгерім,

Абайдың бойындағы көпке дари бермейтін ұлы қасиеттерін, өнерге деген

ыстық ықласын, оған үлкен жанаршырлықпен қарайтынын түсініп, бағалай

білді. Әйгерімін Абай да қадірлей білді. Әйгерім үшін әнсіз өмір жоқ.

Әйгерімнің салған әні Абайға қуаныш әкелді, жанын жадыратты.

«Абай жолында» ән өнеріне, ән айтылатын, жастардың басын қосатын,

ғашықтарды табыстыратын халқымыздың түрлі ойын-сауық кештеріне, той-

думандарға баса назар аударады. Жазушы адам өміріне ән мен жырдың

қаншалықты қатысы барлығын Абай басынан өткен барлық жағдай оның

ішінде Абай – Тоғжан, Абай - Әйгерім және маңындағы жастар Әмір мен

Үмітей, Оралбай мен Керімбала арасындағы қарым-қатынастарды сөз еткенде

тереңірек тоқталады. Бұлардың ғашықтығының трагедиялық салдары –

халықтық дәстүрдің өзгермес заңына қарсылық нәтижесі. Шығармадағы Мәкен

– Дәрмен, Қуандық, Салтанат, Салиха мәселелері де айтылмыш жағдайлармен

тамырлас.

Бүгінгі күні әдеби процесте ерекше көкейкесті деген мәселелердің

бірсыпырасы осымен, адамның өзін-өзі танып, білуге деген талпынысының

терең сипат алуымен тығыз байланысты. Адамның өз ішіне бойлауы, өз

жанының иірімдері бұрылыс бұлтарыстарындағы құпиясын ашуға, оны тануға,

көркейтуге деген саналы құштарлығы неғұрлым күшейе түскен сайын оның

белсенділігі де соғұрлым ұштала түсуде. Осы ретте суреткерлердің адамның

жан дүниесіне тереңдеп баруы, түрлі сезімдік, ақыл-ой толғаныстарына талдау

жасауы, соның бәрінде адамгершілік, тазалық пен тиянақтылық бірінші орынға

қойылуы, біздің қоғамымыздың өз даму сатысы талабынан, рухани және

материалдық талабынан туып отырғаны даусыз.

Сондықтан М.Әуезов шығармаларына талдау жасағанда, олардың

шығармаларындағы авторлық бағытының ерекшелігімен қатар, ұлттық,

халықтық сипат – белгілеріне де назар аударамыз.

Тоғжанмен арадағы бақытты шақ, Тоғжанды жоғалтудың ауырлығы,

Әйгеріммен табысу, бұл табысудың налаға ауысуы – бәрі бір-бірімен қарама-

қарсы мәндегі оқиғалар. Табиғи ортада да Абай осындай қым-қиғаш өмірді

бастан өткереді. Аңшылық пен пәк табиғатты тамашалау, оның ләззаты, одан

ауыр, тым жабырқау күйге ауысуы – бұлар да контрастық қатынаста алынған.

Осы боранды күні Абайдың Тоғжанмен ұшырасуы бұған дейінгі қарама-

қайшылық барлық оқиғаларға түгелдей қайшы әрі бұл қарама-қарсылықтардың

ең шырқау биігі болып табылады.

Жазушы кейіпкер психологиясын ашуда ішкі және сыртқы әрекеттер мен

қоршаған табиғи, әлеуметтік орта құбылыстарын керемет жарасымдылықпен

астастырып, тұтастырып жібереді. Сонда кейіпкердің санасындағы ішкі

монолог пен диалог та, оның іс-әрекеті мен сыртқы түр-қалпы да, табиғат

құбылыстары мен әлеуметтік алғышарттар – бәрі де астасып кетіп, басты бір

мақсатқа, кейіпкер характерін кең әр қырынан ашуға қызмет етеді.

Page 20: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

20

Ғашықтық сырларды, ғашықтық жұптар арақатынасын суреттеуде

М.Әуезов пен классикалық орыс әдебиеті өкілдерінің арасындағы тақырыптық

жалғастық байқалады. Жоғарыда келтірілген үзінділерден А.С.Пушкиннің

«Евгений Онегиндегі» Татьянасы мен Тоғжанның ішкі жан дүниесіндегі

қиналыстары бірін-бірі толықтырып тұрған сияқты. Ауырып келген Абай мен

оны көріп тұрған Тоғжанның жағдайы, Тоғжанның жан қиналысынан шыққан

сөздері Пушкин кейіпкерлерімен рухтас, үндес болып келеді. Абай мен Тоғжан,

Абай мен Әйгерім арасы – ғашықтық сезімнің қатпары мен бұралаңы мол,

жанды ауыртар дерті де бар таза, табиғи көрінісі.

Кейiпкердiң iшкi жан дүниесiн тереңдей ашып көрсету мақсатында

Л.Н.Толстойдың “Соғыс және бейбiтшiлiк” эпопеясындағы жараланып келе

жатқан Андрей мен Наташаның кездесу сәтiндегi жүрек ауырар тұстары, бiрiн-

бiрi өлердей ұнатып, бүгiнде соның бәрi көрген түстей болып өте шыққанына

қиналуы, кешегi жақыны бүгiн жат болып тұрғаны, қандай қиналғанман өткен

өмiрдiң бұларға ендi қайтып келмеске кеткен тұстарымен жалғастығын тауып

жатыр. Тағы да осындай бiр байланыс М.Ю.Лермонтовтың “Бiздiң

заманымыздың геройымен” де жақындасады. Бүгiнде осы тақырыпқа

(сүйiспеншiлiк, ғашықтық) қалам тартқан жазушылардың барлығына Пушкин

дәстүрi көшбасшы болды десек артық айтқандық болмас. Бiрақ әр шығарманың

шешуiн жазушы өзi табады. Л.Толстойдың “Анна Каренинасы” махаббаттың

құрған қақпанынан құтылу тұсын - өз басын құрбандыққа шалу жолымен

аяқтаса, Шолоховтың “Көтерiлген тыңындағы” Лушко тағдыр салды, мен

көндiммен өмiрiн жалғастырады. Бұл шығармалар белгiлi бiр кезеңнiң

моральдық құлқына баға бере алады.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы қазақ әдебиетінің соны

табыстары туралы сөз болғанда, асқан суреткерлік шеберлікпен қазақ елін,

жерін, қазақ ұл-қыздарын, азаматтарын, яғни қазақ әлемін, біріншіден,

қазақтардың өзіне, екіншіден, алыс-жақын шетелдіктерге таныта алған, қазақ

әдебиетінің классигі Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпаны» ауызға алынатыны белгілі.

Ғ.Мүсіреповтің 1975, 1980 жылдардағы «Ұлпан» шығармасының екі түрлі

нұсқасын қарастырғанда байқағанымыз, 1980 жылғы 3 томдық жинағына енген

«Ұлпан» шығармасының мәтіні мейлінше толықтырылып, қайта өңделгені. Бұл

нұсқа Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік қабілетін, жазушылық шеберлігін біржола

айқындап берген туынды екеніне талас жоқ.

Ғ.Мүсіреповтің бұл шығармасы тікелей махаббат жайлы, сүйіспеншілікті

бейнелейтін туынды емес. Ондағы негізгі арқау - өткен ғасырдағы қоғамдық -

әлеуметтік өмірдің шындықтары екені де дау тудырмаса керек. Сонда да бізге

бұл шығарма ең алдымен маздақ махаббат туралы тамаша туынды болып

көріне береді. Оның себебі, Ұлпан-Есеней арасындағы, дәлірек айтқанда жас

ару мен алпысты алқымдаған ақсақал арасындағы шынайы, шарпысқан

сезімдердің жалт еткізіліп жақсы суреттелуінде емес, немесе Шынар мен

Мүсіреп арасындағы жарасымның жарқылынан да емес, ол бас тұлға – менің,

сенің және олардың Ұлпанына айналып кеткен ару, алып ана Ұлпанның жүрек

жылуында, туған еліне деген, кіндік кесіп, кір жуған жеріне деген жалын

махаббатында. Ия, Ұлпанның осы ұлы махаббаты – шығарманың тінін өріп,

Page 21: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

21

тілін өрнектеп тұрған басты желі, нәзік те керемет күш. Біздің бұлай түйсініп,

түсінуіміздің тағы бір себебі – Ұлпанның осы махаббаты шығарманың өн

бойында жарасымды беріліп отырады. Ол шығарманың барлық аймақ,

алқаптарына дейін бағындырып, баурап, жаулап алған. Бұл әрине, автор

Ғ.Мүсіреповтің осы махаббатқа сезімін жете, тереңнен игере алғандығының,

оған күш-қуаты, таланты, қабілеті, шеберлігі жеткендігінің белгісі. Соның

нәтижесінде «Ұлпан» айрықша туынды бола білді. Ұлпанның ұлы махаббаты

мен Ғ.Мүсіреповтің жарқын таланты лапылдап табысып, кіршіксіз ұштасуы –

аталмыш шығарманы ұлы дүниеге айналдырған себептер.

Ұлпанды тудырған дәуір. Есенейге үлкен салмақ салып, өмірлік жар болуға

бекінгенде ол небір қиын сын сағаттардан өтті. Есенейдің бірнеше мүшел жас

алшақтығынан, қаһарлы қабағымен халқын уысында ұстап отырған ұсқынсыз

түр-түсінен қатты шошынып, бірнеше күн үйіне жоламай, қашып жүрген

Ұлпан, ақ-қараны танып, өзіне-өзі келген шақта қайта оралып, тағдырдың

салған ісіне мойын ұсынуы оңай шаруа емес. Шығармада Ұлпан бойындағы

ақылдылық пен сұлулық, шешімділік қатар өріліп отырады.

Ұлпан бейнесі – тұтас бір дәуірдің, тарихи үлкен кеңістіктің кетігін бір өзі

толтырғандай кесек бейне.

Жалпы сұлулықты сүйіп өткен жазушының мына бір сөздерін келтіре

кетейік: «Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ау: ой ұлылығы, сұлулық

ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы... Ұлпан-

менің Монна Лизам». Немесе, «Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра

алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой

деймін. Қандай да байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің

бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе,

оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім» [34-б.]. Сұлуға ғашық бола

білу де бақыт.

Осы тұрғыдан келгенде, халықтың ұлттық психологиясын баяндай алған,

әрбір жеке адамды өзіндік характерімен бере білген қаламгердің мол

мұрасының сырына қаныға отырып, оның құнды дүние екендігіне көзіміз

жетеді.

2.2 Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның символдық және

философиялық мәні.

Тарихи дәуірлер мен оқиғаларды, тарихи адамдардың өмірін көркем

бейнелеп елестеткен, дүниетанымдық ізденістері жоғары шығармалардың

қатарына Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын жатқызуға болады.

«Аңыздың ақыры» романы Әбіш Кекілбаевтың бұрыннан жазғандарынан

сыры да, сипаты да мүлде бөлек, жазушының шығармашылық тың табысы, өсу,

іздену эволюциясының жаңа қыры дерлік, өзіндік концепциясы бар дүние.

Жазушы мұнда өзінің ойшылдығы мен парасатты суреткерлігін көрсеткен десек

асыра айтқандық емес [35,42-б.].

Романның негізгі сюжеті шығыс елдерінің ежелгі аңыздарының негізінде

алынған. Тарихта болған дерек пен шығармашылық қиял, фольклорлық бастау

мен реалистік баяндау осы шығармада ерекше жымдасып кетеді де, халықтың

Page 22: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

22

әр қилы аңыз әңгімелерін өзінше қызғылықты түсіндіретін автордың көркемдік

философиялық концепциясы барынша толық, айқын танылады.

Романның басты кейіпкері – Алмас хан. Ол өз халқын толық бағындыруда

да, оны басқаруда да, оған жаңа жетістіктер қосуда да табысқа жеткен әмірші.

Бірақ ол халқына өз философиясын уағыздауда жеңіліске ұшырайды.

Сондықтан автор кейіпкердің ой жүйесін, сезіну, түйсіну өрісін, оның

құбылыстарын, суреттеуге ерекше көңіл бөледі. Әміршінің мінез-құлқы –

романның негізгі желісі.

Үлкен ханша – әміршіні бұрын қасынан шығармайтын өркөкірек бәйбіше

жас әйелімен оңаша кеткеніне риза емес. Тірі ол түгілі, өлген әйеліне мешіт

салған жылы ұлы ханымның ұзақ уақыт қабағынан кірбің кетпеді.

Кіші ханша – «Он алтыға жаңа шыққан бала қыздың мінезі баяғы алғашқы

әйелін еске түсіреді. Тарпақ-тұрпақсыз, биязы. Биліктің әзәзіл дәміне әлі

құныға қоймаған уыз жас» [35,43-б.]. Жорықтағы жарының құрметіне мұнара

салғызған кіші ханым – ақ сезімнің, адал махаббаттың иесі.

Әміршінің бейнесін жасағанда Ә.Кекілбаев тарихи материалдарға сүйеніп,

қазіргі болмысқа сәйкес әлеуметтік-психологиялық модель жасаған.

Эгоцентризм мен өзін ғана сүюдің жалғыздыққа, рухани азушылыққа

ұшырататынын көрсеткен. Жазушы шеберлігі Жаппардың өзімен өзі сөйлескен

монологын беруде ерекше көзге түседі. Жасынан сәулетшілік өнер бойына

дарыған Жаппарға (әкеден берілген қабілеттілік) дүние жүзінде теңдесі жоқ

мұнара салу ісі тапсырылады.

Кіші ханшаға ерекше ықылас, құмарлық сезінген сәулетші мұнараны

салудың жаңа түрін ойлайды. Оның ойынша мұнара ендігі жерде өзінің

ұлылығымен емес, адамдарда басқа адамдарға деген сенім, сүйіспеншілік

сезімін туғызуы керек. Осы ойын іске асыру үшін сәулетші аса көп жұмыс

істейді. Алғашқыда сәулетші хан бақшасының ішінде жас сұлуды жиі көру

мүмкіндігі бар ккетікті бекітпеді. Енді сәулетші қалайда жас сұлуды өзіне

қарату үшін, оның өзіне деген сүйіспеншілік сезімін туғызу үшін мұнараны

ерекше ықыласпен әшекейлеп сала бастайды.

Жер бетіне өзінің әмірлігін, үстемдігін жүргізіп, ашса алақанында – жұмса

жұдырығында ұстай білген Әмірші «мұнара бейнелеген асқақ махаббаттың иесі

кім, ол кімге деген ақ сезім» деп іздеумен болады.

Кіші ханша әміршінің алдында жалғыз-ақ күнә істепті. Онда да өңінде

емес, түсінде күйеуінің көзіне шөп салыпты. Бірақ сол жалғыз қылмысының

өзін әміршінің қырағы көзі қалт жібермепті. Әміршінің мына монологына көңіл

бөлейік: «Ханымның сол жолғы түсінде құшқан еркегі басқа ешкім де емес,

әнеу күнгі монтаны жігіт. Ханым онымен өңінде болмағанымен түсінде

табысты. Ендеше сол бір жайнақ көз жігітпен өмірінде болмағанмен, көңілінде

әлдеқашан қауышқан. Көңілінде ол ханымға бұдан гөрі әлдеқайда

жақынырақ...» [35,172-б.].

Шығармада жазушы тек Әміршінің ғана қатыгездігін орынсыз кінәлай

бермейді, оның іс-әрекеттерін төтелеп даттай да бермейді, автор адамшылық

қасиетті, адамның жеке басын аяққа таптайтын зорлық пен зұлымдықтың, билік

құмарлықтың шірік философиясын әшкерелеуге назар аударады. Қаншалық

Page 23: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

23

қаһарлы, қайратты болғанмен, Әміршінің өзі де, шынтуайтқа келгенде

көрсоқыр, қатыгез. Ол өзгелерді қайғы-қасыретке ұшыратумен бірге, өзі де

шектеусіз биліктің құрбаны болады.

Қазақ тарихи романдарына кірістірілетін аңыздар өмірлік шындыққа ажар

бітіріп, мазмұнын тереңдетеді, философиялық мән-маңыз береді. Олардың

образдарында, характерлік сипаттарында реализмнен гөрі романтикалық бояу

басым. Өйткені олар түгелдей тарих төрінен бағзы заманда-ақ өз орындарын

алып, халық көңілінде өздеріне лайық ерекшеліктерімен, мінез

даралықтарымен орныққан тұлғалар. Қаламгердің сюжет желісі түгелдей

аңыздан арна тартқан «Аңыздың ақыры» романы – сүйегі таза тарихи роман.

Мұндағы тарихи деректердің барлығы дерлік көркемдік шешімін үйлесімді

тапқан туынды.

Тарихилық деген ұғым шығармада суреттелетін дәуірдің алуан түрлі

ерекшелігінің сақталуын білдіреді. Қазақ халқы да өз басынан талай тарихи

оқиғаларды өткізген халық. Сондай шығармалардың бірі З.Шашкиннің «Тоқаш

Бокин» романы. Жазушының бұл романы тарихи тақырыпта жазылған көлемді

шығарма. Онда қазақ жерінде болған төңкеріс қозғалысының белгілі бір кезеңі

суреттеледі.

Белгілі ғалым, зерттеуші Х.Сүйіншәлиев: «Тоқаш Бокин» романы қазақ

кеңес әдебиетіне қосылған зор үлес, идеялық және көркемдік сапасы жоғары

шығарма [36,131-б.] десе, әдебиет зерттеуші, ғалым Б.Майтанов: «М.Әуезовтегі

байыпты философиялық интонация, Ғ.Мүсіреповтегі траги-комикалық

астарлардың бірлігі, қос авторға ортақ романтикалық леп пен қатал реалистік

нақыштар үйлесімі ұқсас та өзгеше стиль қырларын құрағаны мәлім.

З.Шашкин, Ә.Нұрпейісов сияқты кейінгі буын қаламгерлер творчествосында

жоғарғыдағы көркемдік-эстетикалық принциптер мол ізденіс нәтижесінде соны

даралық белгілермен көрініс тапты» [37,167-б.], деуі де бұл романға берілген

үлкен баға.

Шығармада Тоқаш бейнесі біржақты күресте ғана көрініп қоймайды, соған

қоса, Тоқаштың жалынды жастық жүрегінің сыры да ашылады. Достық,

махаббат дүниесінде Тоқаш бейнесінің өзіне тән жаңалықтары бар. Романда

Тоқашты ақ ниет, адал жан, ақжарқын адам бейнесінде көрсетуде, оның ішкі

сырларын ашуда жазушының көп ізденгендігі байқалады. Ол Тоқаштың

сүйіспеншілік сезімін ұстаған идеясына ұштастыра, азаттық күресіне

қабыстыра, күрделендіре суреттеу арқылы ашылады.

Романдағы Аянбектің қызы Айгүл – Тоқаштың сүйген қызы. Кезінде Айгүл

әкесімен бірге Қытайға өтіп кеткен. Сол кездегі ел басына түскен түрлі

ауыртпашылық бұлардың да басында болады. Әкесі Құлжаның байы

Бабашевтың атшысы болса, Айгүл сол үйдің күңі болып жүреді. Айгүл мен

Тоқаш бірін-бірі қалтықсыз сүйеді. Екеуінің де бір-біріне құмарлығы кіршіксіз.

Романда бірнеше әйелдер бейнесі берілген. Олардың ішінде Кәрден

байдың қызы Бикен бар. Ол ақыл, амалын қатар жұмсай біледі. Бақ құмар да

емес. Ол Тоқаштың атағына емес, болмысына ғашық. Бикен Тоқашқа қанша

айыптаулар тағылса да, ешбіріне сенбейді. Түрмедегі Тоқашқа ас-су жеткізіп,

бостандыққа шығуына тілекші болады. Кейін Тоқаш тұтқыннан босағанда, той

Page 24: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

24

жасап, ерекше қуаныш білдіреді. Шығармадағы осы тұс «Абай жолы» роман-

эпопеясындағы Абай мен Салтанат арасындағы сезімді суреттейтін көрініске

орайлас келеді. Жазушы Бикен образы арқылы қазақ романдарында бұрын-

соңды көп кездеспеген қазақ өмірінің жаңа бетін ашады.

Тоқаш бейнесі жаны таза, саналы күрескерлерге лайық жақсы адамдарға

тән абзал қасиеттер мен қайтпас ерліктерге ізгілік пен әділет істерге толы. Сол

ауыр заман шындығын әр дәрежедегі кейіпкерлердің тағдыры арқылы

суреттейді. Тоқаш, Айгүл, Бикен т.б. Бұлардың басындағы ауыртпалық біреу

болғанымен, кейіпкер ретіндегі тағдырлары әр түрлі.

Көркем әдебиеттің басты компоненті адам образы болғандықтан

З.Шашкин әсіресе, образды әр қырынан жіті қадағалайды да идеялық,

философиялық, көркемдік бірлігін сақтауға айрықша көңіл бөледі.

Тоқаштың Айгүлге деген адал махаббаты кіршіксіз. Оған деген жүрек

жалыны ешқашан сөнбек емес. Тоқаштың басына түскен үлкен қайғының бірі

Айгүлден айрылған кезі еді. Айгүлдің өлігін көріп те түңілмейді, қабірінің

басында болса да үмітін үзбейді.

Роман оқиғасы дамуы, құрылысы мен стилі жағынан қазақ

романдарындағы бар дағдыны қайталамайды. Автор ойды ықшамдап, аз сөзге

терең мағына беруді көздеген. Жазушы табиғат құбылысы мен адам көңіл-

күйінің байланысын сәтті пайдаланып отырған. Кейіпкерлер бейнесі де шағын

да нақты ашылып, туындының өн бойында оқыс оқиғаларды беру арқылы,

оның даму, шиеленісу шарттарын өзінше құрған. Қаламгердің осындай

шығармашылық ерекшелігі оқырмандар жүрегіне жол тауып, көркем

дүниесінің қазақ әдебиеті сапынан өз орнын табуына мүмкіндік берді.

3 Ақын, сал-серілер өміріне арналған шығармалардағы махаббат.

3.1 С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» романындағы ғашықтық

характердің берілуі. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-

эпопеясынан кейін, жазушы салған жаңа дәстүр негізінде әдебиетіміз өнер

адамдарының ғұмырын, олар өмір сүрген дәуір шындығын бейнелейтін

шығармалармен толықты. Олар: С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», З.Ақышевтың

«Жаяу Мұса», Ә.Әбішевтің «Найзағай», С.Жүнісовтің «Ақан сері» романдары.

Жұмыстың бұл тараушасында жазушы Сәбит Мұқановтың «Балуан

Шолақ» романындағы Балуан Шолақ пен Ғалия арасындағы ғашықтық сезім,

махаббат мәселелері талданады.

«Балуан Шолақ» - ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында күреске

толы ғұмыр кешкен өнерпаз тағдырынан өмір шындығына негізделіп жазылған

шығарма. Жазушы Балуан Шолақ ән-өлеңдерінің шығармашылық сырын

тереңнен ашады. Туындыдағы ұлттық психология – халық жанының пәктігін,

өнерге деген құрметін, сал-серілік, әншілік өнердің асқақтығын танытады.

Балуан Шолақтың болмыс-бітімі, көкірек көзі, сана-сезімі, ой-толғамы көп

адамнан артық бола тұра, сол әлеуметтік келеңсіздік пен кемсітушіліктің

тұтқынына айналады. Бойында қайрат пен күш бар, ақыл мен пайым бар, бірақ

оны әлеуметтік теңсіздік буып тастаған. Сол ғаламат күш оны сүйгені Ғалиямен

де еркін тұруына мүмкіншілік бермей, соңында адам қолынан қаза табады.

Бірін-бірі сүйген екі жас қауіпті қыспақта қалған.

Page 25: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

25

Шығармадағы Ғалия бейнесі, өмір жолы тарихи деректен алшақ кетпейді.

Ізеттілік, ұлттық салт-дәстүрді бойына жинақтаған, жан дүниесі бай, тартымды

етіп суреттейді.

«Келіншектің қарақаттай мөлдір, күлімдеген көзі Нұрмағанбетке күн

сәулесінен өткір қадалып, оның өмірде жаннан жасқанбаған көзін тайдырып

жібереді. Сол өткір қарастан оның бойы отқа тиген қорғасындай еріп кеткен

сияқтанды, аузына сөз түспей, жаутаңдап қарай берді» [38,44-б.].

Ғалияның портретіне назар аударғанда, автор өз кейіпкерінің хал-күйін,

оның түрлі іс-әрекеттерін ашып көрсету мақсатында психологиялық талдаудың

эпикалық тәсіліне көбірек сүйенген. Жазушы бірде іс-әрекетті бейнелеп

отырып, кейіпкердің сезім әлемі, жан дүниесіне ойысу сияқты көркемдік

тәсілдерді шебер пайдаланған. Ғалия портреті кейіпкердің ішкі жан сипаты,

суреті есепті.

Балуан Шолақтың келе жатқанын естiген Ғалия оны iштей тосып-ақ

жүрген болатын. Тағдырдың табыстыруымен араға бiраз уақыт салып, қайтадан

кездескен Балуан Шолақ пен Ғалия бiрiн-бiрi асыға күткен ғашықтардай iштей

арпалысуда:

“Қараған сайын Ғалияға ол құмарта түстi. қазiр алғашқы екпiнмен жұтқан

жарты аяқ қымыздың өзi әрi өтпей, өңешiнде тұрып қалған сияқтанды. Өлең айт

деп қолқалаған кезде де домбыраға қолы жүрмей, аузына сөз түспей, жүрегiнде

бiр ән толқып, ол ән кеңiрдегiне сыймай кептелiп, тығылып тұрғандай болды”

[38,84-б.].

Осыдан кейiн жазушы екеуiнiң арасындағы көзқарасты, ерекше бiр сезiмдi,

қатты толқуды қалай жасырамыз дегенмен де іште сақтай алмай, сыртқа

шығарып алғандарын маңайында отырған жiгiттердiң байқап қалғанын мына

диалог арқылы бередi:

- “Дауылпаз деген бiр құс бар, дауысы жер жарады, қасына келсе

жұдырықтай” дегендей,- дедi бiреуi - Балуан, Балуан”, -деп жұрттың дәсердей

қылып жүргенi осы ма?! Қаңқайған денесi болмаса мынауыңда береке шамалы

екен!..”

- Бiлмей айтып отырсың,- дедi қасындағысы, – еркектiң сиқыры әйел емес

пе? Әйелге елтiмеген, әйел арбап, қуатын да қайратын да мұрындықтаған

түйедей жетегiне алғанын абайламай отырмысың?..” [38,84-б.].

Балуан Шолақтың көңiлi барлығын Ғалия ана жылы да көзқарасынан

аңғарған, бұл жолы да аңғарды: “Балуанға қараған сайын, жүрегiнде бұрын

бықсып жанған құмарлық оты қызына түстi…” [38,89-б.].

Жазушы екеуiнiң арасындағы сүйiспеншiлiктi сөзбен суреттемей, көбiне

iшкi сезiмге жеңдiредi, iс-әрекет үстiндегi ым-ишара, қимыл-қозғалыс, салт-

дәстүр түрiндегi қарым-қатынастар үстiнде көрiнiс берiп жатады.

С.Мұқанов адамның iшкi әрекетi өз алдына дербес құбылыс емес, ол

сыртқы практикалық әрекетпен, материалдық өмiр шындықтарымен тығыз

бiрлiкте ашылады дей отырып, кейiпкердiң iшкi әрекетiнен оның сыртқы

әрекетiне немесе, керiсiнше, тысқы әрекеттен iшкi әрекетке ойысып отырады.

Ұнату, жақсы көру сезiмiн бiлдiрудiң бiр жолы көзбен түсiнiсу, ымды

ұғыну, жүрiс-тұрысымен, қимыл-қозғалысын iзеттiлiкпен жеткiзу сияқты да

Page 26: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

26

жолдары бар. Осындай әдемi де астарлы, қылықты да қызықты түсiнiсу

жолдарын жазушы шығармада жиi қолданады.

-Менiң бүгiн оралып келетiнiмдi қайдан бiлдiң? –дедi Балуан қуланған боп.

-Еркектiң әйелге деген бар сыры көзiнде тұрмай ма, Балуан - дедi Ғалия

күлiп, – көзқарасыңызбен айтып аттанбадыңыз ба маған, “кешке оралам” деген

сөздi?..

–Ә, солай ма едi? -деп Балуан мойындай қалды [38,92-б.].

Осы жолғы кездесулерi бұлардың тағдырын мүлдем өзгертедi. Бiрiн-бiрi

көптен берi бiлетiн адамдай тез түсiнiстiк тапты. Бiрiн-бiрi көруге деген

құштарлық туа бастады. Тосу, iздеп алаңдау, асыға күту сияқты жүрекке

тынышсыздық кiре бастайды.

Әсем Ақбозбен ел аралап, думан-сауықпен күн кешiрген Шолақ,

тағдырдың айдауымен бiр күнi бiр ауылда қыз ұзатылатын тойға кез келiп,

кешкi ойын-сауығында болады. Ел арасына танымал болып қалған басы сыйлы

өнерлi Шолақты ұзатылатын қыздың қасына отырғызады. Бұл кезде Шолақтың

жасы жиырма үштерге келген кезi болатын.

Қасында отырған қызға қараса: «аршыған жұмыртқадай аппақ жүздi,

мөлдiр көздi, мiнезi ойнақы бiреу екен» [38,86-б.].

Жазушы қыздың сыртқы келбетiн жiгiт қызығатындай етiп суреттей

отырып, мiнез-құлқындағы жеңiлтектiктi де ескертiп өтедi. Балуанның бала

жасынан бойына бiткен бiр мiнезi - аяғыштық болатын. Балқаштың өз күйеуiн

менсiнбейтiндiгiн айтып, «өмiрлiк панаңа ал!» деген өтiнiшiне қарсылық

бiлдiре алмай, өзiн ұнатып, өмiрлiк жар болуға бел буған қызды сүймеген

адамынан құтқаруға серт байласады. «Батыр аңғал келедi» дегендей, сол сәтте

көңiл жықпай бiрден шешiм жасауы өнерлi жiгiтке тән қасиет екенi бұрыннан

белгiлi.

Шығармада аз да болса Балуан Шолақтың өміріне қатысы бар өзіндік бір

ерекшелігімен есте қалған қыз – Татьяна.

Балуан Шолақ ояздың қара күшiне қарсы қара күш жасау ретiнде оның

қызы Татьянаны «ояз адамшылыққа келсе, мен де адамшылыққа келем» деген

ниетпен ұрлап алып қашып, тауға апарып паналайды. Жолда жолыққан

Ақылбай:

- Құсың құтты болсын!

- Менде өзiм сүйген бiр ғана құс бар, -дедi Балуан күрсiнiп,- одан басқа

бұлбұлдың да, тотының да керегi жоқ.

- Кiм ол?

- Ғалия.

- “Сексен сұлу сылаңдап тұрсадағы Ғалияның алмаймын кiрпiгiне! -деп

шығарған әнiмдi естiп пе ең ?

- Естiгем.

- Сол сөзiм-сөз» [38,130-б.].

Осы бiр диалогтан да Ғалия Балуан үшiн тек аз уақыттағы ғана көңiл

көтерер адамы емес, оның шын сүйген ғашығы екендiгiн көрсетедi. Тау

басында Татьянамен бiрге болғанда ән айтылады. Айтылған әннiң әуенi

жүрекке өте жылы тиедi де, әнде үлкен бiр сыр жатқанын сезген қыз:

Page 27: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

27

- Қандай ән?

- Ғашығыма шығарған…

- Жаңылмасам, естуiмше, ғашығыңыздың аты Ғалия болу керек?»-дедi

Татьяна Балуанның бетiне күлiмсiрей қарап [38,136-б.]. Осы әннiң әуенiне

елтiген екеуi де бiраз уақыттың қалай өткенiн де байқамады. Қыз тағы да ән

айтқанын қалап едi…

- Әр нәрсе дәмiмен, Тәнәйжан! – дедi Балуан, (“Татьяна” деген сөздiң

орнына “Тәнәйжан” деген сөз аузына қалай түскенiн Балуан байқамай да қалды.

Татьяна ол сөзге түсiнбегендiктен мән бермедi) [38,136-б.]. Ғалиясын еске

түсiрiп, сағынышын өлеңмен басқан Балуан көпке дейiн iшкi жан дүниесi

астан-кестен болып, сезiмнiң шеңберiнен шығып кете алмай, жаудың қызы деп

әкелген Татьянаға үлкен бiр iлтипатпен, сезiммен қарады. Балуанның

бойындағы үлкен адамгершiлiктi, кез келген ер азаматтың қолынан келе

бермейтiн шыдамдылықтың Балуан бойынан табылуы, көрсеқызар, жеңiл

ойлылықтан тазалығы бiр көрген нәсiлi бөлек Татьянаны да бейжай

қалдырмайды. Осы кездесудiң соңы Татьяна Балуанды шын ұнатып қалады.

Оны қоштасар алдында мойындап:

- Дүниеде екi сүю бар ма, аға?

- Жоқ!..

- Ендеше, мен сiздi ғана сүйем!..-дедi де, қыз өксiп жылап жiбердi.

- Рахмет сiзге!.. Мен ендi дүниеде адам барына да, достық барына да,

махаббат барына да сенем!..

Қызды бауырына басқан Балуан, не сөз айтарын бiлмей қалды.

- Ал, хош, сүйiктi Тәнәйжан! -дедi Балуан, аз уақыт үнсiз тұрғаннан кейiн.

- Хош! –дедi Татьяна әлсiз дауыспен, одан әрi сөйлесудiң қажетi жоғын

ұғып. Балуанның Ғалияға деген сертi бұзылмастай берiк екендiгiне оның көзi

әбден жетiп болған [38,139-б.].

Автор Балуанды бiраз сынға салып, бәрiнен де сүрiндiрмей алып шығады.

Яғни Балуан тек күш иесi ғана емес, махаббатқа берiк, сүйгенi Ғалияға деген

адал көңiлi осы тұста тағы да көрiнедi.

Жалпы Балуан сұлулыққа селсоқ қарамайды. Өнерлi сал-серiлердiң

бойындағы қыз құмарлық, жақсыға құштарлық Балуан бойынан да көрiнiп

жатады. Балуанның көңiл аудара қарауы Татьянаны да ойсыз қалдырмады.

Тағдырдың жазуымен жазықсыз қыздың аз күнгi Балуанмен бiрге болуы, қыз

жүрегiне өмiрлiк естен кетпейтiн жылылық ұялатады. Таза бiр әдемi

сыйласудың махаббатқа ұштасуын көремiз.

Елсiз-күнсiз биiк таудың басында, ќараңғы түнде, баспанасыз жерде оңаша

екеуден-екеу қалып, панасыз қызды шекпенiне бөлей, құшағына алған Балуан

қыз құшып жатырмын деген бөгде ойдан аулақ болды. Ойында тек сүйгенi

Ғалия ғана болады. Ғалияға деген берiк және адал жүрек сертiнен жаңылмады.

Жазушы “сексен сұлу сылаңдап тұрса дағы, Ғалияның алмаймын кiрпiгiне”

деген антынан Балуанды айнытқан емес. Сүйгенiнiң сенiмдi серiгi болып, өз

бақытына шамасы келгенше күресе алған, бар өмiрiн ғашығы Ғалияға арнаған

Балуанның бейнесi шығармада сәттi шыққан.

Page 28: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

28

3.2 С.Жүнісовтің «Ақан сері» роман-дилогиясындағы ғашықтық

сарынның әлеуметтік маңызы.

С.Жүнісов Ақан өміріне қатысты барлық оқиғаларды сол қалпында

суреттеп қана беруден бойын аулақ салған. Яғни тиісті көл-көсір

материалдарды пайдалана отырып талдау, жинақтау жасауды көздейді. Ақан

өміріне байланысты негізгі мен өткінші шындықтардың ара салмағын ажырата

отырып көркем шындыққа айналдырған.

Ел арасында Ақан сері мен Ақтоқты туралы айтылып келген біраз аңыз

әңгімелерді оқи отырып, «Ақан, Ақтоқты, Жалмұқан хикаясының шындығы»

[39-б.] деген көлемді бір мақалаға тоқталып өтейік. Онда біршама деректер

келтіріліп,айтылған мәселелер нақты фактілермен дәлелденген. Ақтоқтыны

алып қашқан Ақан құтылмайтынын білген соң, Ақтоқтыны аттан лақтырып

жібергендігін, оның жараланғандығын жазады. Шынтуайтында оқиға басқаша

өрбіген. Ақан сері қызды алып қашқанда жаужүрек Жалмұқан мен оның

серіктері артынан қуып береді. Қуғыншылар: «Айырылып қалдық-ау, құтылып

кетті-ау?» деген сәтте Ақан мен Ақтоқты Есіл өзеннің алдында жатқан кәдімгі

сарымиға келіп тіреледі. Осы кезде қуғыншылар да жетеді. Ақан сері аттан

секіріп түсіп «маған бұйырмаған Ақтоқты, Жалмұқан саған да жоқ»,-деп

Ақтоқтының қабағының үстін қанжармен орып түсіреді. Қызыл қаны аспанға

шапшыған Ақтоқты талып құлайды. Бар адам жапа-тармағай соған ұмтылғанда,

Ақан атына мініп кетіп отырады. Бұл оқиғаның шын мәнісінде болғанын Ақан

серінің:

«Басыңды сарымида кесіп тастап,

Құныңмен даулассам ед өлгенімше», - деген сөздері дәлелдейді. Мұнан

шығатын қорытынды: Ақтоқты аттан құлағанда жараланбаған. Оның айдай

аппақ ақ жүзіне қанжардың мәңгілік өшпес таңбасын Ақан өз қолымен салған.

Осындай тарихи шындығы мен жазушының фантазиясы қоса өрілген

көркем туынды бүгінде қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған құнды мұра.

Ақтоқтыны Ақан алғаш осы шілдехананың үстінде көреді. Асыға күткен

сәтіне ақын жетеді. Топ арасынан аққудың балапанындай болып, кіріп келген

Ақтоқтыны жазушы былай суреттейді:

«Бір кезде жұрттың соңын ала Ақтоқтының маңдайы жарқ етті. Өзі де

айтса айтқандай-ақ екен. Тоқсан түрлі шөптің ішіндегі раушандай жайнап,

көздің жауын алғандай. Тостағандай қарақат көзі танадай жарқырап, бір-ақ уыс

беліне қиылған жағасыз қамзол қыналып, аппақ ұзын мойынды, жасы он

жетілерге келген қыз маңайындағы құрбыларынан ерекше көрінеді. Жүріс-

тұрысында еркіндік бар, өз жұртының алдында бір келісті еркелігі бар,

бойындағы мінсіз көркіне әдептілігі сай келіп, еріксіз Ақанды елең еткізген»

[40,46-б.].

Жазушы шығарманың өн бойында Ақтоқтыны әр қырынан оқырманына

жақындата түседі, тереңірек тануымызға мүмкіншілік жасайды.

Осындай үлбіреген Ақтоқтының жүрек түпкірінде ауыр бір мұң байқалады:

«Ер бала боп жүре бергенге не жетсін, шіркін... – деп жеңіл күрсініп қалды...»

[40,56-б.]. Ол мұң басының бос еместігі. Әкесі Бақтыбай Сүтемгеннен

Page 29: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

29

Ақтоқтының қырық жетісін де алып, өрісі малға толып, қуанышы қойнына

сыймай, алған малының өсімін есептей алмай әуре болып жүрген тұсы.

Тартыс – шығарма үшін аса зәру емес, сонда ғана характер дараланады,

характер адамды танытады. Жазушы бұндай шешімге бірден әкелген жоқ.

Осыған дейінгі екеуінің араларындағы болған кездесулердегі ақтарылған

сырлардың, үнсіз жүрек ұғысуларының, кертартпа заманның кедергілерінің

тоғысып барып жеткен шегі осы байламға әкеліп тіреді. Бірақ барлық

жағдайдан хабардар болып отырған Жалмұқан бастаған Сүтемген ауылының

жігіттері жолды торауылдап, Ақтоқтыны сүйгенінен айырады.

Ақтоқтыны алып қашқан Ақанның соңынан қуып келген жігіттер бір

кездегі Ақанның әнін айтып, жаттап өскен бозбалалар. Бұған кім кінәлі? Уақыт

па, жоқ Адам ба?

«Ақан – бүкіл қарауыл атын, қала берді қазақ атын аспанға шығарар

ардагер емес, әрқайсысының әкесін өлтірген қаныпезер сияқты. Төніп тұрған

көп тобыр, қапысын тауып айдалада жалғыз Ақанды қанға боямақ» [40,186-б.].

Қоршауда қалған қос ғашық енді күресуге дәрменсіз. Жан-жақтан

садақтың оғынша қадалған мейірімсіз, қанды ауыз қасқырдың көзіндей

анталаған кісәпірлер төніп тұр. Ақтоқтының ойлағаны Ақанның жанының

жәбір көрмеуі еді. Есіне ақыл қылып айтқан апасы Ақтотының «Ақанды шын

сүйсең, басын сыйла, текке аяқ астында мерт болмасын, Ақан көптің Ақаны,

елдің Ақаны» деген сөзі түсіп:

« - Ақан аға, кездігіңді маған беріңізші»,-деді. Ақтоқтының бетін қайтарып

көрмеген Ақан ештеме ойламастан қолына қалай ұстата салғанын да

байқамады. Ақтоқты кездікті шапанының ішіне тықты.

« - Ақан аға, хақ тағала сіз екеуімізді қосылуға жазбаған екен. Мен үшін

жүдеп мынадай ессіздердің алдында қор болмаңыз. Ақтоқтылар көп, Ақан сері

біреу ғана қарауылда. Мен сізге татымайтын сол көп Ақтоқтылардан аса

алмаған бір бейбақ екенмін. Сізбен бірге өлу қолымнан келмеді. Бұғалыққа

мойынсұнар көп жасық қыздардың бірі ғанамын. Өмір бойы енді сіздің адал

жүрегіңіздің, махаббат періштесінің қарғысы атсын мені. Мен енді сізбен еркін

серуен құрар азат Ақтоқты емеспін, көгендегі басыбайлы қара тоқтымын,- деп

соңғы сөзін әрең құрап жылап жіберген Ақтоқты Ақанның мойнына асылып,

көкірегіне соңғы жасын төгіп-төгіп жібереді» [40,186-б.].

Ақан жеңіледі, қалтасы қалың, құрығы ұзын Жалмұқан жеңеді. Қалыңдығы

Ақтоқтыны ата жолымен қолына қондырады. Жазушы сол кездегі теңсіздікті,

әділетсіздікті әшкерелейді.

Қорыта келгенде, арқада ән салтанатын құрған атақты әнші, ақын,

композитор Балуан Шолақ, Ақан сері сияқты өмірін өнермен өрнектеген

С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», С.Жүнісовтің «Ақан сері» дилогиясы –

ұлттық, халықтық сипаттағы әдеби мұра. Мұндағы ғашықтық сарын өнерді кие

тұтқан ортада бірде күйініш, бірде сүйініш әкеліп, алма-кезек ауысқан көңіл

толқынысын терең беруімен бағалы.

4 Әлеуметтік-психологиялық туындылардағы махаббат тақырыбы.

4.1. Романдардағы махаббат мәселесі және психологиялық талдау.

Жанрлық атаулардың шартты сипаты бар. Бұл мәселені арнайы зерттеуші

Page 30: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

30

Л.Гинзбург XYII ғасырда жазылған мадам де Лафеттің «Принцесса

Колеквекая», Шодерло де Лаклоның «Манан Лескосьен» атты шығармаларын

психологиялық роман санайды [41,289-б.]. Гете қаламынан туған «Жас

Вертердің қасіреті» – психологиялық роман болса, М.Лермонтовтың «Біздің

заманымыздың қаһармандары» – аналитикалық шығарма. Сол сияқты,

Ф.Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза», «Ағайынды Карамазовтар», «Нақұрыс»

шығармалары аталмыш роман жанр талаптарына толық жауап береді. Қазақ

әдебиетіндегі психологиялық романның алғашқы үлгісі – Ж.Аймауытовтың

«Ақбілегі». Жазушы адам ойы мен сезімінің сан алуан шырғалаңы мен сан

құбылған көңіл-күйін батыл да шынайы, қарама-қайшылықты жағдайда

көрсетеді. Қазақ әдебиетіндегі әр кезеңдерде туған «Абай жолы», «Оянған

өлке», «Ақжайық», «Қан мен тер», «Ақан сері» – әлеуметтік-психологиялық

роман міндетін көтерген туындылар.

Адам жанының әр қилы күй-сезімдерін көрсететін махаббат тақырыбы

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», С.Мұқановтың «Адасқандар»,

С.Шаймерденовтың «Инеш», З.Шашкиннің «Доктор Дарханов»,

С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ө.Қанахинның «Құдірет»,

І.Есенберлиннің «Ғашықтар», «Алтын құс», «Махаббат мейрамы»,

Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы

парыз», Б.Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр», Ә.Таразидің «Бұлтқа салған

ұясын», Р.Тоқтаровтың «Бақыт», «Тұлпардың сыны», Р.Сейсенбаевтың

«Шайтанның тағы», Ш.Құмарованың «Әйел шырағы», «Сезім патшалығы» т.б.

романдарында көрініс тапқан.

Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген

қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Прозадағы ырғақ, стиль,

композиция, көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлген жазушы, халық тілінің

сөз байлығын еркін қолданумен қатар, еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау,

характерлерді даралау, сезім, ой толғауларын көрсету дәстүрлерін ұтымды

пайдаланған. Жазушының шығармашылық даралығы, әсіресе, «Ақбілек»

романында айқын көрінеді. Заман сырын жеке тағдырлар арқылы ашатын

роман жанрының ерекшелігі туындыда толық берілген. Ақбілек қазақ

қыздарына тән табиғатымен, мінез-болмысымен, парасатты әйел-ана ретіндегі

қасиетімен көрінеді. Осы арқылы қаламгердің де ішкі рухани еркіндігі мен ой

бостандығы байқалады. Бұл сипат сол кезең жазушыларының бірқатарына

(«М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі», М.Әуезовтің «Қаралы сұлу») ортақ

болды.

Кейіпкердің ішкі жан дүниесін бейнелеу, оның психологиялық негізін ашу

тек оны суреттеудің бір бөлігі ғана емес, сонымен бірге, адамның іс-әрекетін

түсіндірудің себептік қызметін (мотивировка) атқаруымен де маңызды. Осы

мақсатта жазушы психологиялық талдаудың түрлерін – авторлық анықтама,

баяндау, сол арқылы жасалатын автордың немесе кейіпкердің естеліктері,

монолог түрлерін қисынды пайдаланады. Мәселен, Ақбілектің монологы оның

психологиялық жай-күйін ашатын авторлық баяндаудан басталады. Бұл

монологтың ерекшелігі – кейіпкердің жеке басының моральдық-психологиялық

ерекшеліктерімен қатар, Ақбілек ұрынған жағдайдан да туындайды. Ақбілектің

Page 31: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

31

аянышты зарына ұласатын монологта адам тағдырына немқұрайды қараған

табиғаттың безбүйректігі көрсетіледі: «Ей, тәңірім-ау! Осы келе жатқанда бір

қазаға ұшырап кетсемші! Астымдағы ат омақасып, астында тіл қатпай

қалсамшы!..» [42,202-б.].

Ж.Аймауытов реализміне ажар қосып, оқырман көңілінен шығуға ықпал

жасайтын күш – психологиялық талдау ерекшелігі, яғни адам көңілі әуені мен

мінез-құлқын, ішкі сырын нәзік әрі терең баяндауға бейімділік, зергерлік.

Қаламгердің адамның жан дүниесіне терең бойлайтын ерекшілігі кейіпкер

бітімін табиғи жасауда шынайы көрініс береді.

С.Мұқановтың «Адасқандар» романы 20-жылдары болып жатқан

әлеуметтік жағдайды сәтті бейнелеген, Бүркіт пен Бәтестің махаббат

трагедиясын шынайы суреттеген туынды. Романның формалық жаңалығы –

күнделік-сыр түрінде жазылғаны. 30-жылдары қазақ әдебиетінде бұл форма әлі

қалыптаса қоймаған. Шығармада суреттелетін Бәтес пен Бүркіттің алғашқы

кездесуден-ақ, тіл табысуын Бәтестің күнделігінен көреміз. Екеуінің бала

махаббаты есейе келе, ыстық сүйіспеншілікке айналады. Шығармадағы Бәтесс-

үлкен махаббаттың иесі, тартысты тағдырдың тауқыметіне ұшырап, сезім

сергелдеңіне түседі. Сүйгеніне қосылуына етектен тартқан ескілік мұрша

бермей, араға киліккен Мүсәпірдің әрекеті сүйгенінен айырады. Тағдыр

талауына түскен Бәтес адасып, сүймеген адамына қосылады. Бүркітті

ұмытпаған Бәтес оны көруді армандайды. Әрі осы ойын Еркінге ашық айтады.

Жазушы шығармада Бәтес пен Бүркіттің көңіл-күйлерінің әр қилы сәтін

табиғатпен астастыра береді: «Қайырлы болсын!» -деп, Шолпан көзін қысты.

Сауысқандар әлденеге неге таңдайын қақты. «Сыбырласыңдар, армансыз

сыбырласыңдар, мен тірі жанға айтпаймын!» дегендей, нақ сол арада жел

тұрып, қамысты шулата бастады. «Біз сені жасырайық, қорықпа!» дегендей,

шық қалыңдап, жер жүзі аппақ теңіз болып кетті» [43,53-б.] десе, ал енді алда

болар жаманшылықтың хабарын да осы табиғат арқылы сездіреді: «Армансыз

сүйісіңдер, енді жолығар, жолықпастарыңды кім біледі» дегендей, жұлдыздар

көзін жұмып, бір жағын бұлт қоршалай, бірге жаралмаған дене бөлшектігін

жасады. Жел үдей түсті. Құлағыма мұңды, ащы бір күй естілді» [43,283-б.].

«Адасқандар» романы - С.Мұқановтың проза жанрына түбегейлі бет

бұруының ғана емес, қазақ әдебиетінде қара сөздің қасиетін биіктеткен

айырықша туындысы.

4.2 Қазақ романдарындағы психологизмнің сүйіспеншілікті

танытудағы қызметі. Қандай шығарма болмасын әсерден туады. Суреткер

сезіміне сырттай түрткі болатын әсерді ой елегінен өткізгенде ғана, оқырман

көңілінен шығатын шығарма туады. Сондай ой талқысынан туған

шығармалардың бірі – махаббат пен жастық кездің қызығынан тұратын

студенттік өмірді суреттеген С.Шаймерденовтің «Инеш» романы. Шығармада

Мәулен мен Инештің арасындағы махаббат, олардың айналасындағы дос-

құрбылары, Инеш тәрбиеленген орта көрінеді.

Инеш өз айналасындағы адамдардың бар қылығын Мәулен бейнесімен

салыстырып отырады. Өз сүйіктісінің бойынан мін таппайтын ғашықтардың

қасиеті оған да тән. Мәуленнің өзімен бірге өмірдің бар қызық-ауыртпалығын

Page 32: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

32

көтеріп, бірге болуын қалайды. Өзгелерге ақылшы, пана болып жүрген, өмірдің

ащы-тұщысын көп татып, шираған, жатқа паң, жақынға бауырмал Гүлшат

сияқты досының қасында Инеш тым нәзік те ерке.

Романда балапанын қорыған құстай Инешті аялаған анасы Мәдиненің,

ақкөңіл, мейірімді Әсем әженің, жартыны жарып, бүтінді бөліп жеген құрбысы

Гүлшаттың бейнелері нанымды жасалған. Оқуын бітірген Инеш еркелікті

тастап, бірбеткей мінезіне басып, ешкімнен жәрдем күтіп, кішірейместен,

ауылға, өз болашағын жасауға аттанады. Өзін шығарып салуға келген

Гүлшатпен қимай қоштасады. Инеш өз қатесін кеш болса да, түсініп, өзін

қоршаған, аялаған адамдардың жақсылығын енді түсінеді.

Әр түрлі сезімдерді бейнелеу үстінде кейіпкердің жан дүниесінде болып

жатқан психологиялық құбылыстардың ішкі күресі ашылады. Романда Инеш

сезіміндегі қарама-қайшылықтар бірте-бірте сейіліп, өз қалауының, жүрек

соғысының үніне құлақ қоюы, өз-өзімен сырласуы – қаламгер

шығармашылығына тән сыршылдықты аңғартады.

С.Ерубаев шығармаларының негізі – драма. Шығармадағы образды биікке

көтеру, адам психологиясын ашу, әр кейіпкердің даму ерекшелігін суреттеу де

қаламгердің «Менің құрдастарым» романына тән. Роман жөнінде ғалым

Т.Кәкішев: «Саттар Ерубаев та нағыз жазушының ынта-тілегі, поэтикалық

ерекшелігі бар еді. Сондықтан да ол нақтылы өмір материалдарына көркемдік

кеңдік жасау арқылы бірден-бір дұрыс жолмен жүрді»,- деген пікірі мейілінше

дәл айтылған [44-б.].

«Менің құрдастарым» романының құрылымы өмір материалдарына да,

авторлық нысанаға да ортақ жасалған. Бірінен-бірі туындап отыратын оқиғаның

өрісі нақты байқалмаса да, орталық қаһармандарға тиісті өмір сатылары тыс

қалмайды. Мұндағы әрбір құбылыс кейіпкердің өсу, мінез қалыптастыру

жолдарынан хабардар етеді. Шығармадағы әрбір эпизод, тараулардың көтеріп

тұрған идеялық жүгі бар. Мәселен, Рақметтің Ленинград тау-кен институтында

оқыған кезін әңгімелеу осындай ниеттен туған. Рақмет пен Лиза қарым-

қатынастары арқылы екі жастың әлеуметтік алшақтықтары сонша

аңғарылмайды да. Керісінше, жаңа дәуірдің адам санасына әкелген орасан

өзгерісін, екі жастың бір-біріне іңкәрлігін көрсету үстінде ерекше мәнге ие

болған.

Романда жастардың жігерлі ұмтылыстары, олардың адам, кәсіп иесі

ретіндегі қалыптасулары кең қамтылған. Рақмет, Лиза, Мырзаш, Ұлболсын,

Аркаша, Айша секілді жаңа дәуір адамдарының іс-әрекеті, көңіл-күйлері

нақтылы елес береді. Ескінің өзімшіл көзқарасының көпке ортақ қоғамдық

көзқарасқа ауысуы, сол негізде адам бойында жаңа моральдік сапалардың тууы,

Рақмет, Дәмелі, Ықылас арасындағы қарым-қатынастардан анық көрінеді.

Қиын күндерде өкпеге қиса да, өлімге қимаған Ықылас Рақметті шын ажалдан

сақтайды. Оның қателіктеріне Лиза да кешіріммен қарайды. Мұның бәрі дос,

сүйіскен жастардың ынтымағын жарасымды көрсетеді.

Адамзаттың мәңгілік тақырыбы – махаббатты арқау етіп, бір отбасы

аясында өткен оқиғалар негізінде әлеуметтік мәселелерді қозғаған, белгілі

жазушы Ө.Қанахиннің «Құдірет» романы 1979 жылы жарық көріп, жастар

Page 33: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

33

арасында әр түрлі пікірлер тудырған шығарма болды. Өз кезінде мораль

тақырыбында адамдар арасындағы түрлі қайшылықтар төңірегінде оқушысын

ойландырып, сол арқылы өзіне үңілуге жетелейтін туындылардың бірі –

«Құдірет» романы. Мұндағы оқиға үш адамның төңірегінде өрбиді. Олар:

Гүлнұр, Ернар, Профессор Бекмырза Оразымбетов.

Жазушы романдағы басты кейіпкерлердің бірі Гүлнұрды алғаш

оқырманмен былай таныстырады: «Қызыл топырағы әлі дегдіп үлгірмеген

сопақ төмпешік – жаңа қабір сыпаның аяқ жағында қос тізерлеп, бір жап-жас

қыз отыр. Белі бүгіліңкі, шашы жайылып, иығы салбырап, еңсесі түсіп кеткен.

Егіле жылайды. Көкешім-ау, көкешім!-деп іштей де, естірте де зар илейді қыз. –

Кімге тастап кеттің бізді? Артыңда сүйеніш болар кімің бар еді сонша? [45,5-б].

Мектеп қабырғасынан жаңа ғана түлеп ұшқан өрімдей жас қыз Гүлнұр

өзінен отыз екі жас үлкен адамға тұрмысқа шығады. Профессор Бекмырза

Оразымбетовтің көмегімен өзінің қалаған мамандығы бойынша оқуға түседі.

Өмірінің негізгі бір белесін студенттік қадамымен бірге аттайды. Махаббат па?

Жоқ. Кәдімгі адамгершілік сыйластық. Байлыққа, мансапқа қызығу ма? Жоқ.

Гүлнұр бірден саналы түрде ондай тоғышар есепке бара қоятындай күйкі

пендешілік «мектебінен» өткен жоқ болатын. Жас қыз қамқорлығын көрген,

адамгершілігі биік, ел аузындағы айтулы бір азаматқа өзіне деген жылы

мейіріміне орай өз еркімен тұрмысқа шығады да, он шақты жылдай ерлі-

зайыптылар бақытты тұрмыс құрады. Әдепкіде Гүлнұр молшылыққа кенелген,

ештеңеден кенде емес әйел сияқты болып көрінеді. Кенеттен жас келіншектің

өміріне өзгеріс енеді. Ол – жас аспирант Ернар болатын. Ернар алғаш Гүлнұрды

көргенде «Не деген көрік! Не деген сымбат! Құдіреті күшті табиғаттың

мұншама шеберлігіне, жомарттығына не бересің? Кәдімгі Моно Лизаның өзі!»

деп таңырқайды.

Ернар мен Гүлнұрдың үнсіз ұғысқандарын көпті көрген профессор бірден-

ақ байқайды. Өзінің Гүлнұрға үйленуі өмірінде жіберген ең бір үлкен қателігі

екенін профессор түсінеді. Өзінің жас зайыбын бақытты ете алмағанын

мойындайды.

Гүлнұр көз алдында кенеттен биіктеп кетеді. Күндердің бір күнінде ол шын

сезімнің, шынайы махаббаттың не екенін бүкіл табиғатымен ұғады да, жүрек

қалауының құлы болады. Өмірінде жасаған қателігін түйсініп, көңіліне

жұбаныш етіп келген ұғым-түсініктен біржола босайды. Жазушы кейіпкерін

тауып, тағдыр қисынын дәл тапқан. Осы тұрғыдан келгенде ол мейілінше

шыншыл. Сүйгенінен опасыздық көрген Гүлнұр болмысын, қайшылықты

тағдырын ашып, бақытсыз әйелдің Ернардан кек алып, өзін өлімге қиюмен

шығармасын аяқтайды. Сөйтіп, махаббат жарасымының, үйлесімінің бұзылуын

көрсетеді. Жалпы адамға қол көтеру, қастандық жасаудың себебін ашып,

адамдар арасындағы адамгершілік, шынайы сүйіспеншілік мәселелерін

дәріптеуімен бұл шығарма өз кезіндегі айырықша сипаттағы туындылардың

бірі болды.

І.Есенберлин туындылары өмірдегі келелі проблемаларды қамтыған,

қоғамның әр түрлі салаларында еңбек етіп жүрген адамдар арасындағы қарым-

қатынастарды көрсететін шығармалар. Жазушының махаббат, сүйіспеншілік

Page 34: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

34

сезіміне арналған «Ғашықтар», «Алтын құс», «Махаббат мейрамы» сияқты

романдары өз кезінде әдебиет сыншыларынан шын бағасын алған. Бұл

шығармаларда жастар арасындағы сүйіспеншілік, достық қатынастар мен

қуаныш-шаттығы, мұңы мен қайғысы араласқан өмір иірімдері суреттеледі.

Автордың өзі «Соңғы жылдар жазбаларынан» (1976-1983) атты топтамасында

ғашықтық мәселесі жөніндегі көзқарасын былайша білдіреді: «Меніңше, бұл

өмірде махаббаттан асқан қазына жоқ. Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты

сараң кісі бұрынғысынан да сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана

түсер еді. Өйткені, адамның көңілін кеңітер, жанын жібітер махаббаттан асқан

күш жоқ»[46].

Қаламгер «Ғашықтар» романында Жантастың айтуымен махаббат

қуанышын мынадай төрт түрге бөледі: «Бірі – мезеттік қуаныш. Ол тек өткінші

ләззат сезімінен туады. Екіншісі – аз уақыттың қуанышы. Бұл бірін-бірі сүймей

қосылған ерлі-зайыпты адамдардың өмір кешкен алғашқы ойлары тәрізді.

Үшіншісі – екі адамның жан сезімімен, мінез-құлқымен байланысты махаббат.

Бірін-бірі бір кездері жақсы көрсе де, артынан суып тоңази қалатын махаббат.

Ал, төртіншісі – шын махаббат. Бұл махаббат таза ұстай білсең, мәңгі

өзгермейтін махаббат. Жасың ұлғайып қартайсаң да, сол жас қалпында қалатын

қасиетті сезім» [47.303-304-бб.].

Романның басты проблемасы адамдар арасындағы сыйластық

қатынастардан, сүйіспеншілік сезімдерден, яғни, Жантас пен Ұлболсын,

Шерубай мен Ұлболсын, Жантас пен Аяужан арасындағы әр түрлі сезімдерден

өріс алады. Шығармадағы Аяужан мен Жантас арасындағы Жарастықты

махаббат жастарға үлгі боларлықтай сипатымен сүйсіндірсе, Шерубай мен

Ұлболсын арасындағы жағдай қазақ қыздарының тәрбиесіндегі олқылықты

байқатады. Сол арқылы жастарды ойланбай жүріп от басудан сақтандырады.

І.Есенберлиннің кейіпкерлері түрліше бейнеленеді: бірде нәзік жанның

жан күйзелісі жаныңды жеп, тәніңді тілгілегендей күй кешсең, енді бірде ой

тұңғиығына сүңгисің, тағы бірде демін ішіне тартып сұрланған беттің

сұмдығынан сескенесің. Алайда, суреткердің негізгі мақсаты – кейіпкер бейнесі

мен тебіренісін оқырманға терең ашып беру. Барлық шеберлік, бояу, штрих,

келбет құбылысы – бәрі осы мақсат-мұратқа бағытталған. Шығарманың

сюжеттік желісін шымыр тарата білетіндігі, адам мінездерінің логикасын

табиғи таныта алатындығына, әлеуметтік жағдайлар мен кейіпкердің жеке бас

аңсарларының тұтас бірлікте берілетіндігі І.Есенберлин романының өзгеге

ұқсамайтын даралық келбетін танытады. Бұл ғашықтар жайлы жазылған

романның оқиғасы, стильдік баяндалуы өзгеше әуезді болса, Ал «Алтын құс»

романындағы Ақбаян мен Сабыр арасындағы махаббат талай уақыт тезінен

өтсе де, тотықпаған, сарқылмаған күйде екі жастың жүрек түбінде тұмардай

сақталған қалпында суреттеледі.

Ақбаян Сабыр үшін тек алғашқы махаббаттың белгісі болған сұлу әйел

ғана емес, барша тіршілігінің мұраты, баяны секілді. Ақбаянға деген Сабырдың

сезімі қайта-қайта көңіл толқынысын тудырып, жанын шымырлататын кәусар

сезім. Алайда, адамның сырт кескіні мен ішкі жан дүниесінің үйлесімі үнемі

жараса бермейді екен. Бүгінгі Ақбаян мүлдем басқа. Қолындағы барын қанағат

Page 35: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

35

тұтпай, көңіл алаңы басқа бақытты іздейді. Ол сырт тұлғасы мен қызмет бабы

келіскен Әлжанды көрісімен, соған айналып жүре береді. Махаббат, сезім

шынайылығы дегендерді тәрк ете отырып, Сабырға деген махаббатын

тіршіліктің арзан алданышына оңай айырбастай салады. Жазушы

шығармасында бір-біріне қарама-қайшы адам характерлерін жасауда (мәселен,

Сабыр мен Әлжан, Ақбаян мен Татьяна, Ақбаян мен Бәтима) үлкен ұтымдылық

танытқан. Романда Ақбаянмен қатар бейнеленетін кейіпкердің бірі - Әлжан.

Соғыс кезінде ел қатарлы қызмет атқарған, білікті маман, тәжірибелі

ұйымдастырушы. Отбасында да Ақбаяндай сұлуды жар етіп, бағы жанған адам.

Ал, ішкі жан дүниесі жағынан өзімшіл, жеке бас мүддесін ғана күйттейтін

тоғышар жан. Әлжанның шын бейнесі байқала бастағанда, Сабыр осындай

адамға тап болған Ақбаянға жаны ашып, қатты қиналады. Осы кезде Сабырдың

жанына медеу болған сыйластықпен, түсіністікпен бірге өмір кешіп жатқан

жары – Татьяна. Автор шығарма соңында барша адамның жақсылыққа жаны

жақын болып, бір-бірін сыйлап өту керектігі туралы ой түйеді.

І.Есенберлиннің енді бір шығармасы –«Махаббат мейрамы» романында

Еркебұлан мен Жұлдыздың шынайы бақытқа қол жеткізудегі бастарынан

өткерген қиындықтарын көрсетеді. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер – белгілі

ақын Асығат, әйелі Қырмызы, жалғыз ұлдары Еркебұлан. Романда Еркебұлан

мен Жұлдыздың алғаш танысқан кездегі қыздың портреті былайша беріледі:

«... қос бұрымы балтырына дейін жетіп бұраңдап бара жатқан қыпша бел,

орта бойлы осы бір қыз баланың түрін көрмесе де, оның ақ құба, қыр мұрын,

бота көз, оймақ ауыз екеніне шек келтірмеді. Жаудыраған, қарақаттай қап-қара

үлкен бота көзімен мөлдіреп қарағанда Еркебұланның ішіне біреу шоқ тастап

жібергендей болды» [47,81-б]. Сұлулық әрдайым адамның жүрегіне қуаныш

ұялатады. Жұлдыздың сұлулығы Еркебұланның кеудесін орасан бір сезімге

билетті. Ол сезім – махаббат, қуанышы, махаббат мейрамы еді.

Әр жазушы әдебиетке әр қырынан келіп, өзіндік өрнегін қалдырады.

Жазушы Б.Нұржекеев қаламынан туған шығармалар әр түрлі тақырыптарды,

негізінен, адам бойындағы бақыт пен сәтсіздік, өкініш пен үміт, қуаныш пен

қайғы секілді мәселелерді қамтиды.

Б.Нұржекеев туындыларында әйел психологиясының қат-қабат иірімдеріне

тереңдеп, махаббат сезімін дәріптейді. Жазушы шығармаларында әйел

кейіпкерлердің әлемі, қоғам мен тұрмыстағы орны, мінез-сипаттары кестелі

бейнеленеді. Қаламгердің «Күтумен кешкен ғұмыр» романының басты

сюжеттік желісі суан елінің әнші-сазгер жігіті Әтікеннің жастық өмірі мен

әншілік өнеріне байланысты оқиғаларға құрылған. Шығармада қилы заманның

зардабынан өспей жатып өшкен өнерлі жігіт Әтікеннің өмір талқысына түсіп,

одан кейінгі жағдайы беймәлім қалған тағдыры, өмірлерін үмітпен, күтумен

өткізген ата-анасы мен жары Қайныкештің жағдайлары суреттеледі. Ата-анасы

арманды күйде көз жұмса, Қайныкеш Әтікеннің әнмен арнап жазған хабарын

естіп, сүйіктісін көре алмаса да, ғазиз жүрегі әнмен табысып жатып, тыным

табады. Шығармаға арқау болған әйелдер - әр түрлі тағдыр иесі. Қайныкеш -

Әтікеннің ғашық жары, Жамалхан - Әтіке мен Қайныкешті таныстырушы,

табыстырушы, Қайныкештің сырлас жеңгесі. Әуес - әнші Әтікенің бір

Page 36: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

36

көргеннен құлай ұнатқан ашынасы, Қайныкештің рулас апасы. Бүбіш - Әтікенің

жолдасы Сейітбатталдың ұнатқан қызы.

Осылардың бәріне ортақ бір қасиет бар. Ол - әрқайсысының бойынан

табылатын, қазақ қыздарына тән парасаттылық, байыптылық, әсемдік пен

пәктік. Осындай биік қасиеттерді қыздарының бойына сіңіріп, олардың

жүрегіне ұялата білген – аналар. Қай халықтың да жас ұрпақты тәрбиелеу

дәстүрі сол халықтың мінез-құлқына, сана-сезіміне, салт-ғұрпы мен

дүниетанымына байланысты болған. Ең алғаш Әтіке мен Қайныкешті қарағай

ішінде қыз-келіншектермен рауғаш теріп жүргенде таныстырып, тілекші болған

Жамалхан – халқымыздың салтына лайық алынған жеңге бейнесі. Автор

шығармасында қайын сіңіліге ат қою, атасының атын, руды атамау, қыз бен

жігіт арасына дәнекер болу, саптауы терең, мағыналы сөз айта білу т.б.

үрдістерді мол көрсеткен.

Романдағы Бүбіжан бейнесі арқылы әдептілікті, инабаттылықты

насихаттайды. Бұған автордың адамгершілік мұраттарының бірі – әдептілікті

баса суреттеуінен көз жеткіземіз.

Жалпы, қаламгер замана шындығын, кейіпкерлердің бітім-болмысын, ішкі

жан дүниесін, әр қилы тағдырларын, жастар арасындағы сүйіспеншілік сезім

иірімдерін терең суреттеп, ұлттық таным-тәрбиеге үлес қосқан деген түйін

жасаймыз.

4.3. Қазіргі психологиялық романдардағы ғашықтық желі және

шеберлік. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» шығармасы әр шығармашылық

кезеңіне жауапкершілікпен қарайтын қаламгер қолтаңбасын айғақтайды.

Шығармадағы қилы тағдырлар – жеке басының қамы мен атақ-даңқ мәселесін

жоғары қойған Әзім, ел мен жеріне адал еңбегін арнаған Жәдігер, өз орнын

таппаған Бәкизат бейнелері оралымды шыққан. Үшеуі де заманы ортақ,

тағдыры үйлес, әрқайсысы өмір сүрудің өзіне лайық жолдарын таңдаған.

Жазушы халық өмірінің ауыр да ащы шындығын суреттей отырып, кейіпкерлер

характерлерін де өз ортасының шындығына лайық дамытады.

Бәкизаттың өмірі де өкінішке толы. Кезінде небір марқасқа жігіттерді көзге

ілмеген тәкаппар Бәкизат, бүгінгі – отбасы тірлігіне байланған қатардағы көп

әйелдің бірі, өзін құлай сүйсе де, өзі қаламаған Жәдігердің жары. Бәкизат пен

Әзімнің арасы суып, Бәкизаттың қиналып жүргенінде, оны бұл жағдайдан

арашалап алған – Жәдігер еді. Жәдігер Бәкизатты шын сүйді. Сұлу қыздың

көңілін тауып, сый көрсету қолынан келмесе де, жасандылығы, жылтырағы

жоқ, таза жүрегімен сүйген еді. Ал, Бәкизатта ондай шынайы сүйіспеншілік

болған емес. Сондықтан, Жәдігердің мінез-қылығы, сөйлеген сөзі, әрекеті

Бәкизатқа түрпідей тиді. Осының өзі Бәкизат психологиясындағы драматизмді

шиеленістіріп жібереді. Ә.Нұрпейісовтің романында адам болмысының

ерекшелігі тұтастай ашылады. Шығармадағы үш адамның тағдыры арқылы

үлкен әлеуметтік-қоғамдық адами күрделі проблемаларды тереңнен қозғай

білген. Жазушының психологиялық талдауы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге

асады. Кейде автордың тікелей толғануы немесе кейіпкердің сырт келбеті мен

ой-толғаныстары арқылы беріледі. Көркем шығарманың реалистік қуатын

арттыруда шығармадағы портрет, монолог, диалог, пейзаж, мінездеме,

Page 37: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

37

композиция құру мен сюжет өрбітудің ерекшелігі мол. Жазушы кейіпкерлерінің

жан сезімін тереңнен, бар шынайы болмысымен ашып беру үшін, оның өміріне

қатысты тікелей де, жанама да оқиғаларды әр қырынан алған.

Жазушы Ш.Құмарова шығармашылығы көпке танымал. Әсіресе, өзінің

машықты тақырыбы – махаббат мәселесін жырлауда өз кейіпкерлерінің асқақ

рухқа, терең романтизмге толы болмысын шынайы ашады. Ш.Құмарова

шығармашылығына байланысты мерзімді басылымдарда жарық көрген

мақалаларда қаламгер шығармаларының болмысы сан қырынан ашылады.

Өмірдің шынайы келбетін шегіне жеткізе суреттеген, қазақ қыздарының

бойындағы алуан қасиеттерді сипаттаған жазушы шығармасының бірі – «Әйел

шырағы» деп аталады. Мұнда адам бойындағы адамгершілік, махаббат мәселесі

көтеріледі. Жазушы романның бас кейіпкері Пәризатты жаны пәк, көңілі

қаяусыз, жауапкершілігі мол адам етіп суреттейді. Ол – жазушының биік

мұратынан туған. Пәризаттың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, көркі аса

жарасымдылықпен бейнеленіп, табиғи дала аруының болмысын береді. Осы

қасиеттерді автор кейіпкердің әрекеттерімен бірлікте көрсетеді. Мәселен, анасы

мен ағасына о баста қамқорлық көрсетуі, берекесі қашқан шаңырақтың жылуын

қайта жандандыруы, аға мен жеңге арасындағы дәнекерлігі, жұбайы

Әбдіқайымның мінезіндегі кемшілікке деген кешірімділігі – оның таза,

парасатты болмысын айғақтайды. Пәризат күйеуі Әбдіқайымның көңілі ауған

Ақтеңгемен алғаш ауруханада кездеседі. Ауыр науқастанып, келген Ақтеңгенің

жарқ еткен ажарын алғаш көргенде, «неткен сұлу әйел» деп таңырқайды.

Осыдан кейін оған бауыр басып, тезірек сауығып кетуіне тілекші болады. Өзіне

жақын тартып, бүкпесіз еркін әңгімеге шақырған Ақтеңгеге риза болып, кезі

келгенде ақылдасып, мұң-сырын ақтарысып жүреді, екеуі де сырлас дос

тапқандай қуанады.

Романда басқа да әйелдер бейнесін толықтыратын кейіпкерлер бар.

Олардың қатарында Шамшынұр, Нәписа, Үкібалаларды атауға болады. Осылар

арқылы да автор отбасындағы әдет-дағдыларды, кейіпкерлер бойындағы әр

түрлі тұрмыстық жағдайларда бой көрсетіп отыратын қасиеттерді бір-бірімен

кейде салыстыра, кейде қарама-қарсы қоя отырып ашады. Әйел характерін

нақты әрекеттер үстінде ашып, оның ішкі дүниесіндегі, болмыс-бітіміндегі

ерекшеліктерді айқындайды.

Ш.Құмарованың «Сезім патшалығы» романы тәуелсіздік алған Қазақстан

жеріндегі нарық заманының көрінісі, аумалы-төкпелі кезеңдегі адамдар

психологиясын, қиыншылық зардабын суреттейді. Сонымен қатар, романда

ұлттық қасиет, салт-дәстүр көріністері мол орын алған. Жазушы әділет пен

адамгершілікті марапаттап, жамандық пен зұлымдыққа қарсы бағытталған

белсенді күресті сипаттайды. Толассыз тартысқа құрылған романдағы бас

кейіпкер Жәнібек белгілі тіс дәрігері, орнықты отбасы бар адам. Сөйте тұра,

өзінің қарамағындағы жетім қыз Гүлмирамен көңілдес болады. Бұл Жәнібек

отбасының шырқының бұзылуына әкеп соғады. Төрт құбыласы түгел, шалқып

өмір сүріп жатқан Жәнібек сырқатқа ұшырап, мүгедектер арбасына таңылады.

Әйелі Ризат күйеуіне опасыздық жасап, тастап кетеді, дос-жарандарының бәрі

теріс айналып кеткенде, Гүлмира ғана қасынан табылады. Романда жас болса

Page 38: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

38

да, өмір талқысынан сағы сынбаған Гүлмираның ақылдылығы, төзімділігі –

Жәнібекті сүйген жүрегінің әмірімен атқарылады. Қаншама қиындықты көрсе

де, Гүлмира жақсылықты болашақтан күтеді, бақыт пен бақ атаулы тек

күреспен келетінін түсінеді.

Жазушы «Сезім патшалығында» қазіргі заманның ыңғайына бейімделген

кейіпкерді де суреттейді. Ол – албырт та өжет, сұлу да ақылды Қызғалдақ

бейнесі. Адамдардың қадір-қасиеті олардың адамгершілік пен арға, махаббат

пен парызға деген көзқарасымен өлшенетіні ақиқат. Олай болса, замандастың

ішкі әлемінің, парасаты мен азаматтық бет-бейнесінің, өмірдегі арман-

мұратының әдеби шығармада көрініс табуы қаламгердің де ой-толғанысынан

хабар береді. Ойы биік, өресі кең замандас тұлғасын жасауда Ш.Құмарова

өзінің шығармашылық даралығын да таныта алды. Ол - әдебиеттің көне

бастауларынан желі тартып келе жатқан сүйіспеншілік, махаббат сезімінің

ерекшелігін адам бойындағы әр түрлі сезім-қасиеттерімен ұштастыра береді.

Осы тұрғыдан келгенде, Ш.Құмарованың шығармалары бүгінгі күннің

эстетикалық қажеттігін өтеуге тұрарлық көркем дүниелер.

60-80-інші жылдардағы адам мәселесіне көптеп қалам тартқан

жазушылардың бірі – Ә.Тарази. Жазушының «Бұлтқа салған ұясын» романында

түрліше тағдыр иелері арасындағы қарым-қатынастар көрінеді. Солардың

ішінде отбасының жайма шуақ қызығынан аулақтап, өз бақытын сырттан

іздеген Ұлмекен, Омар тағдырлары суреттеледі.

Кезiнде түкiрiгi жерге түспей тұрған, үлкенге де, кiшiге де «Омеке» болған

азаматтың басына iс түскенде адамдардың басқаша қырынан танылуы, тiптi

келiншегi Сәуле жұмыстан екi ай босап, тағдыр тәлкегiне ұшыраған кезде

жарына ешқандай жәрдем бере алмауы өкiнiштi-ақ. Сәуле үшiн ең басты мақсат

жақсы тұру, жақсы киiну, жүру.

Сәуле Омардың жүрек қалауымен сүйiп қосылған жары емес. Кезiнде

Омардың шешесi өз төркiнiне барып, жақын ағайынның қызы, «кеудеге тепсең

де кетпейтiн өз адамымыз» деп осы Сәуленi жетектеп келген. Он алты жыл

бiрге тұрғанда жар болып сырласып көрмеген, кедейлiктiң зардабын көбiрек

көрген Сәуледен басқа жағдайды күту де мүмкiн емес едi.

Ұлмекен болса Омарды шын сүйген болатын. Өзiнiң неше жыл отасқан

жұбайы Досымнан да кетiп қалып, қиналғанда Омардың қасында болады. Сол

күннен бастап Омар бар дүниенi ұмытты, өзiнiң мүшкiл халiн ұмытты, күрес,

намыс, ұят қалды жайына, он алты жыл бойы өмiр арбасына бiрге жегiлiп келе

жатқан серiгi Сәуледен Ұлболсын жақын болады.

Ұлмекен Омардың бақыты үшiн өз бақытын құрбан қылады. Адам өмiрi

қысқа, махаббат одан да қысқа. Бiрақ махаббаттың мәнi өмiрдiң өз мәнiнен

әлдеқайда терең. Махаббат ұзақтығымен емес, тереңдiгiмен қызық,

тереңдiгiмен қымбат. Мiне, автор Ұлмекен бейнесi арқылы оқырманға осыны

жеткiзгiсi келген. Шығарма соңында Әкiм Тарази Ұлмекендi жеңiлтектiктен

арылтып, адамгершiлiк қасиетiн айқындап, Омармен кездеспеуге, оның

отбасын бұзбауға, өз күйеуi Досымға қайтып барған келiншектiң бейнесiн

ашады.

Page 39: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

39

Қолында байлық та, қызмет те бар адамдар бақытты ма? Олар үшiн өмiр

сүрудегi ең қажеттiлiк не? Баланың ойыншығындай жасанды, әдемi өмiрмен

өмiр сүруге бола ма? Болса неге Омар, Ұлмекендер жоқ iздеп тағдырдың

тәлкегiне түседi. Жан қиналысын бастан өткередi. Бәрiнен безiнiп тыныш

өмiрiн азапқа айналдырған романындағы Омар, Ұлмекеннiң тағдыры

оқырманға ой салады.

Ә.Тарази қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыптық өрісі –

адамгершілік мәселесін қозғайды. Терең парасат пен рухтың төзімділігі – бұл

шығармалардың үлкен жетістігі.

Өмiр сүрген қоғамында болып жатқан оқиғалардың баршасы жазушы

жүрегi арқылы өтедi десек, көркем сөздегi қадамын өмiрге ендi араласа

бастаған жiгiттер мен қыздардың iшкi сезiм сырларын шешумен бастаған,

әдебиетiмiзде өзiндiк үнiмен дара шыққан қаламгерлердiң бiрi – Р.Тоқтаров.

Р.Тоқтаровтың қаламынан туған «Бақыт», «Тұлпардың сыны»

романдарында үнемi жас адамдар өкiлі, солардың уыз махаббаты, ардақты асыл

достықтары сөз болады.

Бұл шығармаларда негiзiнен жастар өмiрi, олардың алдағы үлкен жолда

адаспай, жаңылмай дұрыс өмiр сүруiне, жолдағы кездесетiн ауыртпалықтар мен

түрлi келеңсiз жайларды кезiнде ақылға жүгiндiрiп, өмiр сынынан сүрiнбей өтсе

екен деген мақсатпен жазылған. Бәрiнен бұрын, жазушы жақсылық пен

жамандықты негiзгi объект етiп ала отырып, iшкi сұлулықты, iшкi тереңдiктi,

рухани күштiлiктi жоғары қойып дәрiптейдi. Жазушының авторлық баяндауы

қарапайым тұрмыстық детальды сәттi пайдалана бiлген. Қаламгер өз

оқырманының жан дүниесiне кiре отырып, адам тағдыры, қоғам келбетi,

кейiпкерлердiң психологиялық жиынтық болымысы сияқты қасиеттердi аса бiр

сыршылдықпен ашып көрсетедi.

Автор «Бақыт» романындағы Қайыр, Анар, Жәлел, Зәру, Едiлбайлармен

бiрге қуанады, бiрге күйiнедi. Сол арқылы жалпы өмiрдегi әр түрлi пиғылмен

өмiр сүретiн, адамдардың арасында өмiр кешедi.

Р.Тоқтаров жастар тiрлiгiн суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны

сұлу, мұраты асқақ жiгiттер мен қыздардың барша ұнамды қасиеттерiн

жинақтап көрсете бiлген шым-шытырық оқиғалы, көп кейiпкерлi, түрлi

махаббатқа құрылған тағы бiр шығармасы –“Тұлпардың сыны” романы.

Алматыға келiп оқуға түсе алмай, елге барғанымен тосып отырған ешкiмi

жоқ жетiм қыз Мағрипаның басынан өткен түрлi жағдайлар сөз болады.

Романда Қара-Жұман мен Мағрипаның арасындағы алғашқы пәк те нәзік

сезімдері, бiр-бiрiне деген сенiмi, таза да шынайы алғашқы махаббаттары

суреттелсе, Мағрипа мен Гераттың арасындағы махаббат - бүгiнде жастар

арасында өте жиi кедесетiн, алғашқыда өлiп-өшiп, күйдiм-сүйдiмге салып,

арты орны толмайтын өкiнiшпен аяқталатын махаббат.

Романдағы тағы бiр тоқталып өтетiн кейiпкерiмiз - Иренғайып. Автор

Иренғайыптың мойнына бiр азамат көтеретiн жүктi артады. Бойында

адамгершiлiк қасиетi мол, өте кiшпейiл де қарапайым жiгiт. Өмiрде жолы

болмай жүрген Мағрипаға қиналғанда сүйеу болған адал жары. Романдағы

басты кейiпкер Мағрипаның өмiрден опық жеп, ендi ешкiмге сенгiсi

Page 40: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

40

келмейтiндiгi, тiптi өзiн адал сүйген адамы, яғни күйеуi Иренғайыптың өзiне

күдiкпен қарайтындығы нанымды жағдай. Жазушы Мағрипаның бұндай күйге

қалай түскенiн Иренғайыптың ойымен берген: «Мүмкiн, бұған Мағрипаның

шын жетiмдiгi себепкер болған шығар? Жетiм адамға еш нәрсе шын, толық

күйiнде орайласпайды. Ол бiрге туған ағаны, ет бауыр iнiнi, ата сыйлас үлкендi,

көкейтестi досты талап еттi. Ол солардың қайсысының болсын шын болғанын,

ең құрмады шынға ұқсас болғанын тiледi. Ол жұрттың бәрiне де алаңсыз

сенiммен қарап, еркелей құшақ жайып ұмтылды. Ол солардың ешқайсына шарт

қойған жоқ. Шарт қоюды қулық, арамдық деп бiлдi. Сондықтан да жазықсыз

шапалақ жедi. Бiр емес, екi емес, әлде неше рет жеп, осы күйде шарға бойы,

қарға тартып қалды» [48,486-б]. Шығармада Иренғайыптың адамгершiлiгiн,

сүйген адамына деген адалдығын тағы да бiр дәлелдейтiн тұсы осы. Осыған

дейiн жiгiт атаулыға сенiмсiздiкпен қарау, тұрақсыздық тек соларға ғана тән

сияқты сыңар жақты ойдан - жаны да, ары да таза Иренғайыпты таныған соң

мүлдем арыламыз.

Шығармада кездесетiн басқа да жастар арасындағы түрлi сезiмдегi

махаббаттар сөз болады. Олар: Ақдидар мен Гераттың, Саумалкүл мен

Гераттың арасындағы белгiлi бiр есеппен құрылған сезiмдер. Жазушы

романдарындағы кейiпкерлер ауылдан шыққан. Қазақ жастарының басынан

кешiрген және кешiрiп отырған арғы-бергi әлеуметтiк өмiрдегi күрделi

жағдайларды барынша татымды бейнелеп беруге ден қойғанының анық куәгерi

болып отырмыз

Жазушы өз кейiпкерлерiнiң жан дүниесiн бiлу үшiн психологиялық

талдаудың портрет, пейзаж, монолог, диалог, ортақ төл сөз сияқты көркемдiк

құралдарын пайдалана отырып, кейiпкерлердiң характерiн толық қанды етiп

ашады. Р.Тоқтаровтың қай шығармасын алсақ та геройдың iшкi жан сезiмiн

суреттеу басым.

Р.Тоқтаровтың романдарының мақсаты адамгершiлiктi, адалдықты,

тазалықты ту ғып тiккен махаббат атты ұлы сезiмнiң мәңгiлiк екендiгiн анықтай

отырып, өскелең жас ұрпаққа үлгi етедi.

Әрбiр жазушының көркемдiк-стильдiк iзденiстерi қаһарманның iшкi әлемiн

ашуға қызмет етедi. З.Шашкин де осы тұрғыда көп iзденiс танытқан жазушы.

Ол шығармаларында образдың iшкi сезiмiнiң иiрiмдерi мен характерiн

көрсетуде, оның психологиясы мен күйiнiш-сүйiнiшiн, сөйлеу төркiнiн, қимыл-

қозғалысын, бет-пiшiнiн суреттеудi молынан пайдаланады. Жазушы осы

көркемдiк тәсiлдер арқылы қаһарманның iшкi әлемiне ене отырып, оның жан

дүниесiнiң сипатын көз алдымызға елестетедi.

Шығармадағы Дәмеш образының көлеңкелеу тұсы –оның осыған дейiнгi

сүйген жiгiтi Қайырды тез ұмытып, аз уақыт iшiнде Ниязбен көңiл қосуы.

Мүмкiн шын сүю, нағыз ғашық болу дегендi Ниязды көрiп, онымен араласқан

кезiнде түсiнуi де мүмкiн ғой. Ғашықтық сезiм айтып келмейдi. Жүрек

қалауымен болады. Шығармада Дәмештен айырылдым деп қатты қайғырған

Қайырды да байқамаймыз. Сондықтан ауыр науқастан айығып, қиналғанда

Page 41: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

41

өмiрiне арашашы болған, жаңа өмiрдi Ниязбен бастауы да З.Шашкин

творчествосының сәттi табысы болып саналады.

З.Шашкин шығармаларының мазмұны, көтерген тақырыбының

қомақтылығы кейiпкерлерiнiң жаңашылдық сипатымен ғана емес, әдеби

формасының сонылығымен де көз түседi. Жазушы төл әдебиетiмiзде әбден

қалыптасқан сүрлеуде қайталамай, өзiнше көркемдiк тәсiлдер қолдануға,

әсiреқызыл, жалтырақ сөзге үйiрлiк, шұбалаңқылықтан бойын аулақ салып,

қазақ прозасына аз сөзбен көп ойды бiлдiру, оқиға қоюлығы, сюжет ширақтығы

сияқты екпiндi, публицистикамен төркiндес стильдi әкелуге әрекет еткен. Өз

шығармаларында ол iшкi диалогты көбiрек қолдануға тырысқан. Сонымен

қатар iшкi монолог, портрет, пейзаж беруде де жазушының өз ерекшелiктерi,

iзденiстерi бар.

Жалпы, жазушыларымыздың соңғы кезде адамгершiлiк мәселесiн көбiрек

қозғауы, адамның iшкi жан дүниесiне жiтi үңiлiп, жанына тереңнен барлау

жасап, сөйтiп, сезiмiн тәрбиелеуге құлшынуы жайдан-жай болмаса керек.

Бұның өзi бiр жағынан заңды да. Өйткенi, бүгiнгi уақыт талабы адамгершiлiк

пен азаматтыққа қатты көңiл бөлiп, бәрiн де адам, адамдық фактор

шешетiндiгiн, бәрi де адамгершiлiкке келiп тiрелетiнiн күн тәртiбiне қойып

отыр. Осындай шығармалардың бірі – жазушы Роллан Сейсенбаевтың

“Шайтанның тағы” романы.

Романдағы Баян, Қайрат, Омар басындағы махаббат мәселесін жазушы

Баянның мінез-құлқын, нанымын, сенімін, ой-пікірін, өмірге көзқарасын,

психологиясын, күйініш-сүйінішін, басқаларға қарым-қатынасын шебер

суреттеудің негізінде барлық жағдайларды тұтастай көз алдымызға жайып

салады.

Баянның тағы бiр қыры; оның мiнезiнiң ашық та ешқандай жасандылығы

жоқ екенiн байқатса, екiншiден, қазақ қыздарының бойындағы ұяңдықтан гөрi,

қала тәрбиесiмен өскен батылдығы басым екендiгiн байқатады. Бiр кездегi

алып-ұшып, тыным бермейтiн сүюден гөрi, жай-күйдi ұғыну басым. Баян ессiз

ғашықтыққа емес, естi ақылына бой беретiн келiншек. Романның соңында өз

шешiмiн тура айталатын, ақылды да адамгершiлiгi мол, адал, парасатты әйел

образын сомдай алғандығын көреміз..

Шығармада жазушы жастардың қажымас қайраты, құдiретi мен жан

сұлулығы, қайғы-қасiретi және олардың тек сырт дүние болмысын ғана емес,

iшкi жан дүниесiн тереңнен көрсетуде үлкен жетiстiкке жеткен, әрi жан-жақты

ашып көрсете бiлген.

XX ғасырдың орта шеніндегі қоғамдағы өзгеріс пен әлеуметтік жағдайдың

қайнаған ортасында болған жастар бейнесі көптеген шығармаларға арқау

болды. Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы соғыстан

кейін жаңа өмірге құштарлықпен қадам жасаған жастар әлемін суреттеуге

құрылған. Соғыс жылдарының ауыртпалығына төтеп беріп, рухани сынақтан

абыроймен өткен роман кейіпкерлері өз бойларына бейбіт өмірге деген

сүйіспеншілікті, білімге деген ынтаны, дос-жар көңілдің кірбіңсіз қалпын

сақтаған қаһармандар. Бұл туынды адамгершіліктің асқақ рухын, соны өз

Page 42: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

42

бойларына жиған жастардың жан-дүниесін алуан түрлі көркемдік тәсілдермен

көрсетіп, оқырманның көңіліне ізгілік дәнін сеуіп, болашаққа жол нұсқайтын

шығарма. Кейіпкерлерін суреттеуде автор бірінші жақта баяндау әдісін

қолданған. Романның бас кейіпкері майдангер, университет студенті,

журналист Ербол Есенов. Оның мінез сипаты, жеке басының қасиеттері әр

алуан адамдармен қарым-қатынасында ашылады. Сырттай қораш көрінгенімен,

Ербол өз ортасына сыйлы, көңілі кең, досқа адал, білмекке құмар ойлы жас. Ол

адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді серік еткен төзімді, абырой-арды жоғары

ұстайтын адам. Оны жазушы романдағы Меңтайға, Танаға байланысты

әрекеттер үстінде ашады. Ол Меңтайды тек сұлулығы үшін ғана емес,

адамгершілігі, өнегелі тәрбиесі, терең ақылы үшін де құлай сүйеді. Бірін-бірі

сүйген қос ғашықтың арасына тікенек болып енген Тұмажан секілді ойы таяз,

әрекеті қарау кейіпкерді кірістіру арқылы жазушы адамдық қасиет деген

ұғымның бағасын тереңдете түседі. Жақсы қыздың абыройы тәнінде ғана емес,

жанында болатынын, Меңтайдың басты қасиеті ақылдылығы, адалдығы,

арлылығы, жанының жұмсақтығы деп түйген Ербол басына түскен қатал

сыннан абыроймен өтеді де, бұл оның адамгершілік өресін биіктете түседі.

Ә.Нұршайықов кейіпкерлерінің іс-әрекеттері ауыр сәттерде де, махаббат пен

еңбекте де адамгершілік өлшемдерімен бағаланады. Романдағы Ербол мен

Меңтай бейнелері, олардың шынайы қарым-қатынасы оқырманға терең ой

салады.

Әдебиет әлеміндегі ілгеріге ұмтылу ағарту дәуірінен бастап, ғылыми-

философиялық мағынада түсіндіріліп келеді. Бұл мәселе әсіресе, өткен ғасырда

терең мәнге ие болды. Себебі, тарихи дамудың бұл кезеңінде қоғамнаң әр түрлі

саласындағы өзгерістер адамзат санасына ілгерілеу, серпіліс әкелді.

Әдебиет пен өнер – қоғамның рухани мәдениетіндегі кешенді құбылыс.

Олардың бір-бірімен үздіксіз байланыста болуы, дамуы, өткеннің озығын,

бүгіннің жаңалығымен үнемі қабыстырып отыруы – олардың өміршеңдігін

тереңдетіп, эстетикалық танымдық қуатын өсіреді. Көркемдік әлемінде

жаңашылдыққа ұмтылу-үздіксіз жүріп отыратын заңды құбылыс. Бұл ретте,

шығармашылық иелерінің ролі үлкен. Себебі, айнала тіршілікті жалықпай

зерттеу, жаңа соқпақтар табу, бағыт-бағдарды межелеу, көркемдік биікке жету

– суреткер еңбегінің ажырамас бөлігі.

Көркем шығармада адам бейнесі, оның әр түрлі мінез-сипаты мен көңіл-

күйінің суреттелуі әр дәуірде өз ерекшелігімен көрініп отырған. Соның ішінде

тамырын үзбей қазірге дейін жырланып келе жатқаны – махаббат тақырыбы.

Оның фольклор мұраларынан бастап, бүгінге дейінгі көлемді романдарға өзек

болуы – махаббат, ғашықтық сарынының мәңгіге жеткен өміршеңдігін

көрсетеді. Біздің талдауға өзек еткен көркем туындыларымыз да осы ғашықтық

сарынның арқауының әлі де жалғаса беретінін дәлелдейді.

ҚОРЫТЫНДЫ. Қазақ романдарындағы ғашықтық мәселесін сөз етерден

бұрын жалпы осы сүйіспеншілік мәселесі дәстүрлі халықтық әдебиетімізде

қалай көрініс тапқанына шолу жасадық. Ондағы мақсатымыз – ғашықтық

тақырыбының жүйелену, даму, әр қырымен көріну жолдарына әдеби және

ғылыми тұрғыдан баға беру.

Page 43: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

43

Қазақ романдарындағы ғашықтық сарындарды талдау нысанасына алған

ғылыми жұмыс бірнеше тарауға жіктеліп, әрбір тарауда маңызды бір мәселені

талдадақ. «Ғашықтық жыр-дастандар – қазақ романының бастау-арналары» деп

аталатын бірінші бөлімде халық ауыз әдебиетіндегі сүйіспеншіліктің

жырлануына тоқталадық. Әсіресе, лиро-эпостық жырлардағы ғашықтық

мәселесі тереңдей қарастырылып, ғылыми тұрғыда зерделенеді. Екінші бөлім

«Тарихи шығармалардағы ғашықтық сарын» деп аталып, іштей «Тарихи

романдардағы ғашықтық сарынның көркемдік шындықты ашудағы қызметі»,

«Тарихи романдардағы ғашықтық сарынның символдық және философиялық

мәні» атты тараушаларға бөлінеді. Бұл тараушалардағы талдау өзегі – тарихи

тақырыптағы туындылардың ғашықтық желілерді қалай арқау еткендігі сөз

болады. Ұлттық әдебиеттегі тарихи романдарды негізге ала отырып, ғылыми

талдаулар, сараптаулар жүргізілді. С.Мұқановтың «Ботагөз», М.Әуезовтің

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», З.Шашкиннің

«Тоқаш Бокин», Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романдарындағы

ғашықтық желілерге, ғашық жандардың психикасын суреттеу тәсілдеріне

тоқталдық. Үшінші бөлім «Ақын, сал-серілер өміріне арналған

шығармалардағы махаббат» делініп, өнер тақырыбындағы туындылар

талданған. Бұл бөлімнің бірінші тараушасында С.Мұқановтың «Балуан Шолақ»

романындағы ғашықтық характердің берілуін қарастырсақ, екінші

тараушасында С.Жүнісовтің «Ақан сері» роман-дилогиясындағы ғашықтық

сарынның әлеуметтік маңызы сөз болады. Төртінші бөлім психологиялық

романдардағы махаббат тақырыбы жан-жақты қарастырылады. Атап айтқанда,

махаббат мәселесін психологиялық талдау жолдарымен таныту ерекшелігі,

психологизмнің ішкі әлемдегі сезім ахуалын берудегі қызметі, ғашықтық

желілерді суреттеудегі қаламгерлік шеберлік мәселелері жүйелі түрде

талданады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – М., 1989. – 305 с.

2 Введение в литературоведение. Под общей редакцией Чернец Л.В. – М.:

Высш.шк., 2006. – 680 с.

3 Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. Антикалық философия. –

Алматы: Жазушы, 2005. Т.2. – 568 б.

4 Орта ғасырлық діни философия. Жиырма томдық. – Алматы: Жазушы,

2005. Т.5 – 568 б.

5 Қара өлең. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

6 Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. – Алматы: Бірлік, 1999. – 752 б.

7 Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 312

б.

8 Қыраубаева А. Қазақ әдебиетінің шығыстық қисса-дастандардың түп-

төркіні мен қалыптасуы. – Алматы, 1997. –271 б.

Page 44: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

44

9 Ибатов А. Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының сөздігі. – Алматы,

1974. –37 б.

10 Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. – Алматы, Мектеп,

1989. – 136 б.

11 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128 б.

12 Смирнова Н. Фольклор және әдебиет. // Қазақ әдебиетінің тарихы. –

Алматы: Жазушы, 1968. – 560 б.

13 Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 1974. – 270 б.

14 Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім. – Алматы: Жазушы, 1982 . – 360

б.

15 Ергөбек Қ. Сәбит Мұқанов. – Алматы: Мектеп, 1989. – 144б.

16 Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Санат, 1997. – 336 б.

17 Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. – 576 б.

18 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология.

Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика). Филология

ғылымдарының докторы . . . диссертация. – Алматы, 1997. – 290 б.

19 Қаратаев М. Революция рухымен. – Алматы: Жазушы, 1978. – 416 б.

20 Қирабаев С. «Үркер» романы. //Уақыт және қаламгер. 12-кітап. –

Алматы: Жазушы, 1986. – 264 б.

21 Нұрғалиев Р. Телағыс: Әдеби дәстүр мен әдеби даму. – Алматы:

Жазушы, 1986. – 440 б.

22 Елеукенов Ш. Тарих және көркем шындық. //Жұлдыз. – Алматы, 1973.

№11. 44-49 б.

23 Серікқалиев З. Ақ жол. – Алматы: Жазушы, 1990. – 464 б.

24 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романының көркемдік тілі. – Алматы: Ер-

Дәулет, 1988. – 164 б.

25 Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: Таным және көркемдік. – Алматы:

Ғылым, 1999. – 281 б.

26 Жұртбай Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 368 б.

27 Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы:

Ғылым, 1991. – 207 б.

28 Майтанов Б. Тарихи тақырыпқа ақындық көзқарас. //Жұлдыз. –

Алматы: 1991. №2.

29 Хамзин М. Қазіргі қазақ романы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2001. – 205 б.

30 Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. –

223 б.

31 Тарақов Ә. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы. (Абылай хан

бейнесінің көркемдік тағылымы). – Алматы: Қазақ университеті, 2004, – 341 б.

32 Мұқанов С. Ботагөз. – Алматы: Жазушы, 1989. – 478 б.

33 Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. Екі томдық. Абай. – Алматы:

Жазушы, 1989. 1-кітап. – 616 б.

34 Мүсірепов Ғ. Ұлпан. – Алматы: Жазушы, 1975. – 280 б.

35 Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалары.– Алматы: Жазушы,

1989. Т.1. – 400 б.

36 Сүйіншәлиев Х. Ізденіс іздері. – Алматы: Жазушы, 1975. – 220 б.

Page 45: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

45

37 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы:

Санат, 1996. – 336 б.

38 Мұқанов С. Алтын аймақ. – Алматы: Жазушы, 1988. –270 б.

39 Мущанов М.. Ақан, Ақтоқты, Жалмұхан хикаяттарының дұрыстығы //

Сарыарқа. – Жезқазған, 10.10.2002.

40 Жүнісов С. Ақан сері. 2 томдық шығармалар. – Алматы: Жазушы,

1981. Т.1 – 368 б.

41 Гинзбург Л.О. О психологической прозе. – Л: Советский писатель.

Ленинградское отделение, 1971. – с. 464.

42 Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. –560 б.

43 Мұқанов С. Адасқандар. – Астана: Елорда, 1999. – 309 б.

44 Саттар Ерубаев. Мәңгілік өмір. – Алматы: Жазушы, 1993. – 544 б.

45 Қанахин Ө. Құдірет. – Алматы: Жазушы, 1979. – 342 б.

46 Есенберлин І. Соңғы жылдар жазбаларынан // Қазақ әдебиеті. 1980.

10.09.

47 Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы:

Жазушы, 1984.- 400 б.

48 Тоқтаров Р. Тұлпардың сыны. – Алматы: 1975. – 350 б.

Page 46: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

46

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР

Монография мен кітаптар:

1 Реалистік образ жасау жолындағы ізденістер. Оқу құралы. – Жезқазған:

ЖезУ, 1999. – 78 б.

2 Әйелдер образын жасаудағы алғашқы тәжірибелер. Оқу құралы. –

Жезқазған: ЖезУ, 1999. – 51 б.

3 Қазақ тарихи романдарындағы махаббат желісі. Оқу құралы. – Астана:

«Ана тілі –Ата тарих». 2006. –100 б.

4 Психологиялық романдардағы махаббат тақырыбы. Оқу құралы. –

Астана: «Ана тілі –Ата тарих». 2007. –134 б.

5 Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын. Монография. – Астана, 2007. –

280 б.

Ғылыми мақалалар: 6 Алғашқы қазақ романдарындағы әйелдер бейнесі // Қазақ тілі мен

әдебиеті. – 1998, №8. – 83-88 б.

7 ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ақын-жазушылардың

шығармаларындағы әйелдер бейнесі. Ы.Алтынсарин мұралары және білім

берудің өзекті мәселелері. Аймақтық ғылыми практикалық конференция.

Жезқазған: ЖезУ, 2001. – 168-172 б.

8 «Ұлпан» – ғашықтық роман. Жезқазған университетінің хабаршысы.

2002, № 1. – 106-108 б.

9 «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ғашықтық сезімді беру жолындағы

жазушының шеберлігі. ІІ- Халықаралық Байқоңыров оқуларының ғылыми

конференциясының материалдары. – Жезқазған: ЖезУ, 2002. – 106-108 б.

10 Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы образ сомдау

шеберлігі.// Жезқазған университетінің хабаршысы. – 2002. № 2. – 25-27 б.

11 І.Есенберлиннің «Ғашықтар» романының көркемдік ерекшеліктері.

Жезқазған университетінің хабаршысы. – 2002, № 2. – 27-30 б.

12 Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Есеней мен Ұлпан арасындағы

үлкен сезім. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 24 қазан

2002 ж. өткен «Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық тағлымы» атты Халықаралық

ғылыми конференцияның материалдары. Көкейкесті әдебиеттану. 2 кітап. –

Астана. 2002. 80-85 б.

13 С.Жүнісовтің «Ақан сері» диологиясындағы Ақан бейнесі. Білім

берудің қазіргі үлгісі: Мамандар даярлаудың жаңа технологиясы. ІІІ –

Халықаралық Байқоңыров оқуларының ғылыми жинағы. – Жезқазған: ЖезУ,

2003. –54-59 б.

14 Ә.Тарази шығармаларындағы адам тағдыры. Білім берудің қазіргі

үлгісі: Мамандар даярлаудың жаңа технологиясы. ІІІ – Халықаралық

Байқоңыров оқуларының ғылыми жинағы. –Жезқазған: ЖезУ, 2003. –64-68 б.

15 Р.Тоқтаров романдарындағы ғашықтық мәселесі. // ҚР ҰҒА-ның

хабарлары. – Алматы, 2003. №5. – 84-89 б.

16 60-90-жылдардағы қазақ романдарындағы махаббат, адамгершілік

мәселелері. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.

Page 47: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

47

Әдебиет және өнер мәселелері: Ғылыми мақалалар жинағы, 6-шығарылуы, –

Алматы, 2003. – 36-44 б.

17 Cезім сергелдеңі (Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бойынша)

//Ұлт тағылымы. Ғылыми-педагогикалық басылым. 2004, №3. – 151-155 б.

18 Ғашықтық жырлардың тәрбиелік мәні. // Қазақ тілі мен әдебиеті,

2004, №7. 67-71 б.

19 Алғашқы кеңес дәуіріндегі прозалардағы ғашықтық сезім және

дәуірдің өзіндік ерекшелігі (С.Мұқанов шығармалары бойынша). «Шоқан

тағылымы -9» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.

– Көкшетау, 2004. – 79-82 б.

20 Кейіпкер психологиясын ашу шеберлігі. Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінде 17 қазан 2003 ж. өткен «Алаш қайраткерлері

шығармашылық мұрасының қазіргі мәдени-рухани және ғылыми дамумен

сабақтастығы» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.

Көкейкесті әдебиеттану. 4 кітап. – Астана, 2004. – 140-144 б.

21 Адал махаббатты аңсаған жастар. Ұлытау –Жезқазған - көне

өркениет пен Ә.Х.Марғұланның ғылыми зерттеу аймағы. Республикалық «3 -

Марғұлан оқулары» материалдарының жинағы. – Жезқазған: ЖезУ, 2004. –141-

145 б.

22 Ш.Құмарова шығармаларындағы махаббат сезімін ашу жолдары.

Ұлытау -Жезқазған – көне өркениет пен Ә.Х.Марғұланның ғылыми зерттеу

аймағы. Республикалық «3-Марғұлан оқулары» материалдарының жинағы. –

Жезқазған: ЖезУ, 2004. – 146-151 б.

23 І.Есенберлин шығармасындағы махаббат және ғадауат // Ізденіс.

Гуманитарлық ғылымдар сериясы, 2004, №4 (2). – 244-249 б.

24 Шәкәрім шығармаларындағы махаббат мәселесі. Л.Н.Гумилев

атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. – Астана, 2004, №4. –

13-17 б.

25 Қазақ мәдениетінің рухани көздері. Ежелгі түркі өркениеті және

Қорқыт Ата мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-

практикалық конференцияның материалдары. – Қызылорда. Қорқыт Ата

атындағы ҚМУ баспасы, 2004. – 282-285 б.

26 Ақын, сал-серілер өміріне арналған шығармалардағы ғашықтық.

Жезқазған: кеше, бүгін, ертең. Ғылыми-тәжірибелік конференция

материалдары. – Жезқазған, ЖезУ. 2004. – 125-134 б.

27 Әйелдер образын жасаудағы ұлттық ерекшелік. Ө.А.Байқоңыров

атындағы Жезқазған университетінің Хабаршысы, 2005, №2. – 77-80 б.

28 Алғашқы қазақ романдары Б.Кенжебаев зерттеуінде. Проф.

Б.Кенжебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ әдебиетінің

тарихы: методология және теория» атты Халықаралық ғылыми-зерттеу

конференциясының материалдары. Көкейкесті әдебиеттану. 5 кітап. – Астана,

2005. – 90-95 б.

29 Кейіпкер психологиясын ашудағы жазушы ізденісі. Л.Н.Гумилев

атындағы Еуразия ұлттық университеті Хабаршысы, 2005, №1., – 147-150 бб.

Page 48: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

48

30 З. Шашкиннің «Доктор Дарханов романындағы мамандық пен

махаббат желісінің егіз өрілуі» // Абай, 2005, №1. – 23-25 б.

31 Фольклорлық шығармалардағы ғашықтық. «Шоқан тағылымы-11»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау,

2006. – 242-244 б.

32 Қаһарманның ішкі жан әлемін ашу шеберлігі (Ә.Нұршайықовтың

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша) // Қ.А.Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы. – Түркістан. 2006,

қаңтар-ақпан, №1. – 96-99 б.

33 Абай шығармаларындағы ғашықтық сарын. ҚР Білім беру саласындағы

тіл саясаты: тәжірибелер, мәселелер мен перспективалар. Республикалық

ғылыми-практикалық конференция. Еуразия гуманитарлық институты. –

Астана, 2006. – 267-270 б.

34 Қазақ прозасындағы махаббат тақырыбы. Қазіргі заманғы түркология:

теориясы, практикасы және алдағы міндеттері. Екі том. Екінші том (ІІ

халықаралық түркология конгресінің материалдары, 6-9 қазан. 2004 ж.) –

Түркістан, «Тұран» баспасы. 2006. – 242-246 б.

35 Б.Нұржекеевтің «Күтумен кешкен ғұмыр» романындағы ғашықтар

тағдырының ұлттық психология мен педагогикаға тән берілісі //Қарағанды

университетінің Хабаршысы, 2006, №4(44), – 114-117 б.

36 Тарих арналарындағы махаббат дертінің айшықталуы. «Шоқан

тағылымы-12» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.

– Көкшетау, 2007. – 109-112 б.

37 Қанды жорықтардағы құштарлық сипаты. «Шоқан тағылымы -12»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Көкшетау,

2007. – 118-121 б.

38 Психологиялық романдардағы ғашықтық мотив. «Шоқан тағылымы -

12» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –

Көкшетау, 2007. – 122-126 б.

39 Сал-серілер шығармаларындағы сұлулық пен махаббат мәселесі.

«Қайнар» университетінің хабаршысы, 2007, №2/1, – 91-95 б.

40 Абай шығармаларындағы ғашықтық сарын. ҚХР. – Синдян Жастар-

Өрендер баспасы. 21.05.2007, – 1-11 б.

41 Б.Нұржекеевтің романындағы ғашықтық сарын. ҚХР. – Синдян

Жастар- Өрендер баспасы. 21.05.2007, – 12-21 б.

42 Ө.Қанахинның «Құдірет» романындағы ғашықтық сезім. Еуразия

гуманитарлық институтының хабаршысы. 2007, № 3., – Астана.

Диссертант еңбектеріне байланысты жарияланған мақалалар:

1 Әлжантегі Т. Мәңгі тақырыпқа арналған монография // Орталық

Қазақстан. 17 шілде, 2007.

2 Ештанаев Ғ. Ғалымның тағы бір табысы // Мысты өңір, 3 тамыз, 2007.

3 Ахметов К., Үмбетова А. Сөздегі сезім сырларын зерделеген

//Сарыарқа, 7 қыркүйек, 2007.

Page 49: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

49

РЕЗЮМЕ

на автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора

филологических наук по специальности 10.01.02-казахская литература

Тапанова Сауле Есембековна

«Мотив влюбленности в казахском романе»

Казахская проза двадцатого века изобразила многогранность судьбы

народа, передала основную суть идеалов и стремлений, свойственных человеку.

Исторический и социально-общественный облик эпохи казахские литературные

деятели передавали через описание действий и поступков, характера и

поведения, взаимоотношений, мыслей и чаяний, духовного мира

художественных образов. Одно из высоких чувств, свойственных человечеству

– это любовь, влюбленность. Оно воспевается с давних времен, начиная с

народного фольклора до сегодняшних объемных произведений прозы,

развиваясь вместе с познанием мира человеком, развитием религии,

философии, эстетики. С этой точки зрения данная работа, в которой проведено

самостоятельное исследование темы любви, тайны чувства влюбленности, его

эстетического влияния, приемов и способов его выражения в прозаических

произведениях, является очень актуальной.

Цель исследования – дать новое толкование традиционного изображения

и особенностей воплощения в жанре романа, способов и приемов передачи

мотива любви в казахской литературе, выбор художественных направлений в

соответствии с развитием общества, изменения чувств и настроений, поведения

человека.

Объектом исследования явились художественные произведения, в основу

сюжета которых лег мотив влюбленности. А именно, лиро- эпические сказания

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», эпосы, основанные

на восточных сюжетах «Жүсіп-Зылиха», «Бозжігіт», «Хұсрау уа Шырын», а

также романы Ж.Аймауытова «Ақбілек», М.Ауезова «Путь Абая», С.Муканова

«Сулушаш», «Ботагөз», «Сбившиеся с пути», Г.Мусрепова «Ұлпан»,

З.Шашкина «Тоқаш Бокин», С.Жунусова «Ақан сері», С.Шаймерденова

«Инеш», И.Есенберлина «Влюбленные», «Праздник любви», А.Нуршаихова

«Годы радости и любви», О.Канахина «Всемогушество», С.Ерубаева «Мои

ровесники», Б.Нуржекеева «Жизнь проведенная ожиданием», А.Нурпеисова

«Последний долг», Р.Токтарова «Счастье», Ш.Кумаровой «Женское счастье»,

«Царство чувств» и другие произведения стали источниками диссертационного

исследования.

В исследовании были использованы традиционные методы научного

описания, историко-сопоставительного сравнения, комплексного анализа,

систематизации, обобщения.

Научная новизна исследования. В диссертационной работе впервые

целенаправленно был изучен на уровне монографии мотив влюбленности,

ставший стержнем жанра романа в казахской литературе. Было принято к

Page 50: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

50

сведению, что тема любви, постоянно воспеваемая в произведениях акынов,

которые раскрывали правду жизни, проблемы, волновавшие их, изображалась в

традиционных чертах. Эта тема любви явилась эстетическим произведением,

нашедшим продолжение в казахских эпосах-песнях и песнях-плачах. Была

выявлена и проанализирована в соответствии со спецификой эпохи особая роль

истинного чувства и глубокой любви в тесно переплетенной песнями и

сказаниями жизни сал-сери (акынов-певцов). Раскрытая в первых казахских

романах проблема любви была рассмотрена фундаментально не только с точки

зрения социально-общественного изображения, но и изучена наряду с веками

взлелеянными мечтами о свободе, независимости, с морально-этическими и

правовыми нормами. Этим представлениям была дана соответствующая

оценка. В исторических романах, изображающих поворотные периоды в

истории народа, национальное своеобразие, национальная психология,

традиции, обычаи и нравы анализировались в их связи с чувствами нежности,

поведением и взаимоотношеними влюбленных персонажей, рассматривались с

точки зрения творческих особенностей писателей. Также ряд казахских

романов впервые анализировались как социально-психологические

произведения, чувства влюбленности их героев, моральные проблемы

разбирались относительно общественного состояния, окружающей среды;

проводились научные изыскания.

На защиту выносятся следующие положения:

- мотив влюбленности – постоянно воспеваемая тема, начиная с

ранних литературных наследий до современных произведений;

- лиро-эпические сказания и поэмы о влюбленных в устном народном

творчестве – первооснова мотива влюбленности;

- песни-сказы искусных акынов и сал-сери – национальные эталоны

воспевания темы любви;

- первые романы в казахской литературе – произведения,

выдвинувшие на первый план в социально-общественных условиях свободу

человека, чувство влюбленности между молодыми людьми;

- исторические романы в казахской литературе – произведения,

актуализировавшие желанную для народа независимость нации и цели-идеалы

мирной жизни наряду с чувством любви, влюбленности;

- художественные произведения, описывающие социально-

психологические проблемы – произведения, комплексно раскрывающие наряду

с многогранными взаимоотношениями между эпохой и человеком, обществом

и молодежью, такие понятия как гуманизм, уважение и любовь.

Теоретическая и практическая значимость исследования. Результаты

данного исследования могут быть использованы при изучении истории

казахской литературы двадцатого века, в програмах спецкурсов и

спецсеминаров, посвященных изучению казахской прозы, творчества

отдельных писателей.

Page 51: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

51

RESUME

of dissertation of Tapanova Saule Essembekovna on the theme

“The Love Motif in the Kazakh Novel”

Speciality 10.01.02 – Kazakh Literature

The Kazakh prose of the twentieth century portrayed the diversity of the

people’s destiny, and depicted the basic ideals and aspirations that are typical for all

humans. Kazakh writers showed the historic and social aspect of the epoch through

the description of behavior and attitudes, characters, interrelations, thoughts and

wishes, of the inner world of literary figures. One of the valuable feelings that are

distinctive for a human being is love. It has been sung of for a long time starting with

folklore till today’s voluminous prosaic works, developing side by side with world

cognition, evolution of religion, philosophy and esthetics. From this point of view

this dissertation is a work of original scholarship and very topical. It studies the love

theme, the mystery of this feeling, its esthetic influence, and ways and means of its

portrayal in prose.

The purpose of this research consists of a new interpretation of traditional

portrayal and picturing peculiarities in novel genre, as well as ways and means of

representing love motifs in Kazakh literature, in selecting artistic trends according to

the development of society, human feelings and mood change.

The research sources are belles-lettres based on love motifs. Namely lyrical

and epic tales “Kosy Korpesh and Bayan Sulu”, “Kyz Zhibek”, “Aiman-Sholpan”,

epos based on oriental topics “Zhusip and Zyliha”, “Bozjigit”, “Husrau&Shyryn”, as

well as novels of Zh.Aimautov “Akbilek”, M.Auezov’s “Abai’s Path”, S.Mukanov’s

“Botagoz”, “The Lost”, G.Musrepov’s “Ulpan”, Z.Shashkin’s “Tokash Bokin”,

S.Zhunussov’s “Akan Seri”, S.Shaimerdenov’s “Inesh”, I.Essenberlin’s “In Love”,

“Love Festival”, A.Nurshaichov’s “In the Days of Joy and Love”, O.Kanakhin’s

“Omnipotence”, S.Erubayev’s “My Peers”, Sh.Kumarov’s “Woman’s Happiness”,

“The Realm of Feelings” and other literary works were the sources of this scientific

thesis.

The traditional methods of scientific description, historic-comparison and

complex analysis, systematization and generalization were used during the

investigation process.

The scientific novelty of the research. For the first time the love motif that had

become the core of the novel genre in Kazakh literature was purposefully studied as a

monograph in the dissertation. It was taken into consideration that the love theme has

been always sung in Akyns’ poetry – which revealed the reality of life and

challenging problems – was portrayed in a traditional outline. This love theme was

Page 52: ӘОЖ 811.512.122 - 3:82.091 Қолжазба құқығында ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/2876/kazak...М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

52

the esthetic work which was extended in Kazakh epos and mourning-songs. The

specific role of the true feeling and deep love was revealed and analyzed in the lives

of the Sal-Seri which were closely interlaced with songs and legends in accordance

with the specific character of the epoch. The love theme that had been sung in the

first Kazakh novels was studied thoroughly not only from the point of view of social

portrayal but was considered equally with the centuries-long cherished hope of

freedom, independence and with the moral-ethic and legal norms. The appropriate

evaluation was given to these concepts. In historic novels that depicted the crucial

periods in the nation’s history the national peculiarity, national psychology, customs

and traditions were analyzed in their connection with the feelings of tenderness and

love, conduct and interrelations of characters being in love, and were considered from

the point of view of the creative originality of the writers. Some Kazakh novels were

also analyzed for the first time as social and psychological works; the love feelings of

their characters, and moral problems were considered concerning the social structure

and milieu; the scientific investigation was undertaken.

The basic positions which are born on protection:

- love motif is the theme regularly sung of, starting with the early literary

heritage until the present-day works;

- lyric and epic tales and poems about people in-love in folk poetry are the

first principle and source of love motif;

- song-tales by skillful Akyns and the Sal-Seri are the national standard

(model) of singing of love themes;

- the first novels in Kazakh literature are works that brought to the forefront

human freedom and love between young people in social conditions;

- historic novels in Kazakh literature are the works that showed the

topicality of the longed for independence of the nation and the goals and ideals of a

peaceful life equally with the feeling of love;

- fiction works that reveal social and psychological problems are the works

which give an all-round consideration of such conceptions like humanity, respect and

love equally with many-sided interrelations between the epoch and people, society

and youth.

The theoretical and practical significance of the research. The results of the

research can be used in the process of studying the history of the Kazakh literature of

the twentieth century as well in the programmes of special courses and seminars

dedicated to the study of Kazakh prose and literary activity of some other writers.