8
Газет 2007 жылғы 22 қарашадан шығады Тілегіміз – тату тірлік, мұратымыз – ауыз бірлік! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМ №10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жыл [email protected] БҰРЫМДЫ БОЙЖЕТКЕНДЕР БАЙҚАУЫ Қыз келіншектер мерекесі құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГI Қызылордада жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі «Бұрымды ару» байқауының кезекті бәсекесі аяқталды. Биыл ол еліміздегі Жастар жылының құрметіне арналды. БІРІНШІ БЕТТІҢ БЕЙНЕСІ Байқауға қаланың жоғары оқу орындарынан 10 ару қатысты. Ұзын бұрымдары бар студент қыздар сахнада өздерінің қабілеттерін де танытты. Бәсеке бірнеше турдан құралды. Онда жас қыздар өздерінің қолдарынан келетін өнерлерін көрсетті. Ролик дайындап, ән салды, би биледі. Сахнадан бел- гілі шығармалардан үзінді оқыды. Қатысушылар сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен таным- дарын да байқатты. Соңында бұрымдарын қалай өретіндерін көрсетіп, ол жөнінде сыр шертті. Қазылар алқасы Мәншүк Мәметова атындағы колледждің студенті Ақмаржан Орманды үздік деп жариялады. «Мен бала жасымнан шашымды мұқият күтіп, өсіріп келемін. Анам ылғи ұзын шаштың қыз көркі екенін айтып отырады. Енді конкурсқа қатысқаныма қатты қуаныштымын. Байқауға қатысқандардың бәрінің бұрымдары жақсы. Мен өзім сайысқа жақсы дайындалдым», – деді соңынан гран-при иегері. «Аталмыш байқаудың кеңге танымал болғаны біздер үшін де қуанышты, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Алмасбек Есмаханов. – Биыл біз оны үшінші жыл өткіздік. Байқау өте тартымды өтті. Бұл үшін қолдау білдір- гені үшін қалалық әкімдікке алғыс айтамын. Сондай- ақ демеушілік көмегін көрсеткен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясына ризамыз». Байқау соңында барлық қатысушыларға сый-си- япат жасалды. ҚЫЗЫЛОРДА ТАҒАЙЫНДАУ Біздің елімізде 2016 жылдан бері «Алғыс айту күні» атты мереке атап өтіліп келеді. Осыған орай биылғы 1 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық басқармасы мерекелік шара өткізді. Шара аясында «Әлем елдеріндегі алғыс айту дәстүрлері» тақырыбында лекция оқылды. Балабақша тәрбиеленушілерінің арасында «Менің алғысым» тақырыбында сурет салудан, мектеп оқушылары арасында «Алғыс айту- па- рызым» тақырыбында эссе жазудан байқаулар ұйымдастырылды. Мұнан соң атаулы күн «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында мерекелік кон- цертке ұласты. Мерекеге орай мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көрсету де көрініс тап- ты. «Байқоңыр қалалық аналар кеңесінің» мүшелері соғыс және еңбек арда- герлеріне арнап «Сыбаға» қайырымдылық акциясын өткізді. Осы күнге орай «Шын жүректен...» атты қорытынды мерекелік салтанатты кеш өтті. Оған облысы әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан халқы ассамб- леясы мен этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. САҒЫНТАЕВ - МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ «НҰР ОТАН» ӨЗІНІҢ СЪЕЗІН ӨТКІЗДІ Партия төрағасы ең алдымен қол жет- кізген жетістіктерге тоқталды. Осы уақыт аралығында экспорттық сауда көлемі 9 есе- ге өскен. Халықтың әл-ауқатын көтермесе, кез келген экономикалық жетістіктің керегі жоқ. Сонымен қатар, бұл ақшаны әкімдер мен үкімет дұрыс жұмсауы тиіс. – Атаулы көмек ең мұқтаждарға берілуі керек. Мен өзім бұны жеке бақылауда ұстаймын және партиялықтардан қаражаттың расымен тек мұқтаждарға берілгенін бақылауда ұстауларын сұраймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы әзірге әлеуметтік блокты жақсарту үшін Ұлттық қордан қанша ақшаны бөлетінін айтқан жоқ. – Біз мұғалімдердің жалақысын өсірдік, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсірдік. 1 шілде- ден бастап бюджет саласындағы ең аз жалақыны 30 пайызға өсіруді тапсырамын, – деді тағы. – Миллионерлерге мемлекет- тен тағы көмек берудің қажеті не? Кірісі аз отбасылар арасынан 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады екен. Көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуды тапсырамын. (Соңы 2-бетте) Президент әкімшілігінің сайтын- да орналасқан жарлықта: Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хат- шысы болып тағайындалсын» делінген. Сондай-ақ, Сағынтаевтың Президенттің қызы Дариға Назар- баевамен және басқалармен бір- ге билік басындағы «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси кеңесі құрамына кіргені атап өтілген. Бұған дейін Мемлекеттік хат- шы қызметін кешегі ауыс-түйісте вице-премьердің орынтағына барған Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы атқарып келген еді. Қазақстан Премьер-министрі лауазымынан 21 ақпан күні босап қалған Бақытжан Сағынтаев 1 на- урыз күні Мемлекеттік хатшы бо- лып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ха- барлады. 4 5 АФРИКАДАН КЕЛГЕН «ҚАЗАҚТАР» 6 ӨТКЕН ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ ТҰЛПАР ІЗІ ЖОҒАЛМАС 8 ҚУРАҒАН АҒАШТЫҢ БОЗДАУЫ Еліміздегі өткен аптадағы басты жаңалықтардың бірі 27-28 ақпан күндері Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өткені болды. Ол партияның құрылғанына 20 жыл толуымен орайлас өткізілді. Жиынды «Нұр Отан» партиясын төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ашып, алғашқы сөзді партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Гүлдана БЕКЕНБАЕВА СЕНАТОРЛАР СЫР ӨҢІРІНДЕ БОЛДЫ Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмыр- за Еламанов жұмыс бабымен Қызылорда облысында болып қайтты. Олардың Сыр өңіріне келгендегі басты мақсаты халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігін көзбен көріп, ауыл еңбеккерлерімен пікірлесу еді. Сенаторлар 4 наурыз күні Арал және Қазалы аудандарында сапар шек- ті. Бірінші кезекте Арал ауданының аудандық ауруханасында, «Аралтұз» мекемесінде және аудандық жұмыспен қамту орталығында, Қазалы ауданындағы ауруханада, жұмыспен қамту орталығында және аудандық орта мектепте болып, аудан белсенділерімен, мекеме ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, жастармен, шаруа қожалықтарымен, дәрігерлермен, кәсіпкерлер мен мұғалімдер және көп балалы аналар- мен сондай-ақ, тұрмыс деңгейі төмен отбасылармен кездесті. (Соңы 2-бетте) Гүлдана БЕКЕНБАЕВА АЛҒЫС АЙТУ АЙШЫҚТАРЫ Жансая НҰРҚОЖА Гүлдана БЕКЕНБАЕВА -

құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

  • Upload
    others

  • View
    9

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

Газет 2007 жылғы

22 қарашаданшығады

Тілегіміз – тату тірлік, мұратымыз – ауыз бірлік!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМ№10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жыл

[email protected]

БҰРЫМДЫ БОЙЖЕТКЕНДЕР БАЙҚАУЫ

Қыз келіншектер мерекесі құтты болсын!

ЕЛ ТIЛЕГIҚызылордада жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі «Бұрымды ару» байқауының кезекті бәсекесі аяқталды. Биыл ол еліміздегі Жастар жылының құрметіне арналды.

БІРІНШІ БЕТТІҢ БЕЙНЕСІ

Байқауға қаланың жоғары оқу орындарынан 10 ару қатысты. Ұзын бұрымдары бар студент қыздар сахнада өздерінің қабілеттерін де танытты.

Бәсеке бірнеше турдан құралды. Онда жас қыздар өздерінің қолдарынан келетін өнерлерін көрсетті. Ролик дайындап, ән салды, би биледі. Сахнадан бел-гілі шығармалардан үзінді оқыды. Қатысушылар сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен таным-дарын да байқатты. Соңында бұрымдарын қалай өретіндерін көрсетіп, ол жөнінде сыр шертті.

Қазылар алқасы Мәншүк Мәметова атындағы колледждің студенті Ақмаржан Орманды үздік деп жариялады.

«Мен бала жасымнан шашымды мұқият күтіп, өсіріп келемін. Анам ылғи ұзын шаштың қыз көркі екенін айтып отырады. Енді конкурсқа қатысқаныма қатты қуаныштымын. Байқауға қатысқандардың бәрінің бұрымдары жақсы. Мен өзім сайысқа жақсы дайындалдым», – деді соңынан гран-при иегері.

«Аталмыш байқаудың кеңге танымал болғаны

біздер үшін де қуанышты, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Алмасбек Есмаханов. – Биыл біз оны үшінші жыл өткіздік. Байқау өте тартымды өтті. Бұл үшін қолдау білдір-гені үшін қалалық әкімдікке алғыс айтамын. Сондай-ақ демеушілік көмегін көрсеткен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясына ризамыз».

Байқау соңында барлық қатысушыларға сый-си-япат жасалды.

ҚЫЗЫЛОРДА

ТАҒАЙЫНДАУ

Біздің елімізде 2016 жылдан бері «Алғыс айту күні» атты мереке атап өтіліп келеді. Осыған орай биылғы 1 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық басқармасы мерекелік шара өткізді.

Шара аясында «Әлем елдеріндегі алғыс айту дәстүрлері» тақырыбында лекция оқылды. Балабақша тәрбиеленушілерінің арасында «Менің алғысым» тақырыбында сурет салудан, мектеп оқушылары арасында «Алғыс айту- па-рызым» тақырыбында эссе жазудан байқаулар ұйымдастырылды. Мұнан соң атаулы күн «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында мерекелік кон-цертке ұласты.

Мерекеге орай мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көрсету де көрініс тап-ты. «Байқоңыр қалалық аналар кеңесінің» мүшелері соғыс және еңбек арда-герлеріне арнап «Сыбаға» қайырымдылық акциясын өткізді.

Осы күнге орай «Шын жүректен...» атты қорытынды мерекелік салтанатты кеш өтті. Оған облысы әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан халқы ассамб-леясы мен этномәдени бірлестік мүшелері қатысты.

САҒЫНТАЕВ - МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ

«НҰР ОТАН» ӨЗІНІҢ СЪЕЗІН ӨТКІЗДІ

Партия төрағасы ең алдымен қол жет-кізген жетістіктерге тоқталды. Осы уақыт аралығында экспорттық сауда көлемі 9 есе-ге өскен. Халықтың әл-ауқатын көтермесе, кез келген экономикалық жетістіктің керегі жоқ. Сонымен қатар, бұл ақшаны әкімдер мен үкімет дұрыс жұмсауы тиіс.

– Атаулы көмек ең мұқтаждарға берілуі керек. Мен өзім бұны жеке бақылауда ұстаймын және партиялықтардан қаражаттың расымен тек мұқтаждарға берілгенін бақылауда ұстауларын сұраймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әзірге әлеуметтік блокты жақсарту үшін Ұлттық қордан қанша ақшаны бөлетінін айтқан жоқ.

– Біз мұғалімдердің жалақысын өсірдік, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсірдік. 1 шілде-ден бастап бюджет саласындағы ең аз жалақыны 30 пайызға өсіруді тапсырамын, – деді тағы. – Миллионерлерге мемлекет-тен тағы көмек берудің қажеті не? Кірісі аз отбасылар арасынан 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады екен. Көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуды тапсырамын.

(Соңы 2-бетте)

Президент әкімшілігінің сайтын-да орналасқан жарлықта: Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хат-шысы болып тағайындалсын» делінген.

С о н д а й - а қ , С а ғ ы н та е в т ы ң Президенттің қызы Дариға Назар-баевамен және басқалармен бір-ге билік басындағы «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси кеңесі құрамына кіргені атап өтілген.

Бұған дейін Мемлекеттік хат-шы қызметін кешегі ауыс-түйісте вице-премьердің орынтағына барған Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы атқарып келген еді.

Қазақстан Премьер-министрі лауазымынан 21 ақпан күні босап қалған Бақытжан Сағынтаев 1 на-урыз күні Мемлекеттік хатшы бо-лып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ха-барлады.

4 5 АФРИКАДАН КЕЛГЕН «ҚАЗАҚТАР»

6ӨТКЕН ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ

ТҰЛПАР ІЗІ ЖОҒАЛМАС

8ҚУРАҒАН АҒАШТЫҢ БОЗДАУЫ

Еліміздегі өткен аптадағы басты жаңалықтардың бірі 27-28 ақпан күндері Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өткені болды. Ол партияның құрылғанына 20 жыл толуымен орайлас өткізілді.Жиынды «Нұр Отан» партиясын төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ашып, алғашқы сөзді партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

СЕНАТОРЛАР СЫР ӨҢІРІНДЕ БОЛДЫ

Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмыр-за Еламанов жұмыс бабымен Қызылорда облысында болып қайтты. Олардың Сыр өңіріне келгендегі басты мақсаты халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігін көзбен көріп, ауыл еңбеккерлерімен пікірлесу еді.

Сенаторлар 4 наурыз күні Арал және Қазалы аудандарында сапар шек-ті. Бірінші кезекте Арал ауданының аудандық ауруханасында, «Аралтұз» мекемесінде және аудандық жұмыспен қамту орталығында, Қазалы ауданындағы ауруханада, жұмыспен қамту орталығында және аудандық орта мектепте болып, аудан белсенділерімен, мекеме ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, жастармен, шаруа қожалықтарымен, дәрігерлермен, кәсіпкерлер мен мұғалімдер және көп балалы аналар-мен сондай-ақ, тұрмыс деңгейі төмен отбасылармен кездесті.

(Соңы 2-бетте)

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

АЛҒЫС АЙТУ АЙШЫҚТАРЫ

Жансая НҰРҚОЖА

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

-

Page 2: құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

2№10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жыл e-mail: [email protected]

Орыс тілінде жарияланған материалды қазақша нұсқасы төмендегідей:

«Дәл қазір Мәскеудің орталығындамын. Қарапайым ғана нәрсені түсіне алмай отырмын, құрметті ресейліктер!

Сіздердің іні-қарындастарыңыз үшін біздің елде 1 500 орыс мектебі бар. 1 мектепте 2 400 славян білім алады деп есептесек, 3 млн 600 славян орысша оқып жатыр.

Енді Ресейдегі 900 мың қазақты есепке алып, математикалық пропорцияға салсақ, онда кем дегенде, 360 қазақ мектебі болуы керек. Сіздер бұндай құқықты қазақтан басқа Ресейде тұрып жатқан татар, кавказдарға да бермей отырсыңдар. Қайда сіздердің көпұлтты мемлекет болғандарың?

Мен сіздердің үкіметтен 360 қазақ мектебін ашуды сұрай алмаймын. Алайда, өзімің биілігмен Қазақстандағы 1 500 орыс мектебін жабуды талап ете аламын.

Әрине, сіздер ол кезде маған «фашист», «ұлтшыл» деп тарпа бас саласыздар. Осыдан кейін өздеріңіздің кім екендеріңді өздеріңіз айтсаңыздар. Ал ұлы орыс шовинисі күйінше қалсаңыздар, сіздерде болашақ жоқ. Мемлекеттеріңде осындай үлкен мәселе бар!»

ҚОҒАМ

МІНЕ, КЕРЕК БОЛСА!

(Соңы. Басы 1-бетте)Аймақтардағы атқарушы ор-

ган қызметкерлерінің айлығын 25 пайызға өсіру үшін 980 миллиард теңге бөлінеді.

Төраға мүгедек бала асы-рап отырған ата-аналар мен отбасыларға, асыраушыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға арттыруды тапсыратынын жеткіз-ді. Бүгінде елімізде төрттен көп ба-лалы 340 мың отбасы бар. Олар-ды қолдау үшін 500 миллиард бөлінген. Мұндай қолдауды алда да жалғастыру керек. Толық емес, көп балалы отбасыларды қолдау ке-рек. Жұмыспен қамту керек.

Бұдан кейін Назарбаев мынадай маңызды мәселеге тоқталды:

– Осындай отбасыларға жеке жәрдемақы берілгенде көп бала-лы аналардың жәрдемақысын, мүгедектік үшін жәрдемақыны және басқа да берілетін әлеуметтік көмектерді есептемеу керек. Әйтпесе бәрін есептей келгенде, олар ауқатты отбасы болып сана-лып кетеді. Денсаулық сақтау са-ласын дұрыстау үшін қосымша 120 миллиард теңге бөлуді тапсыра-мын.

Бұған қоса, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға 40 мың пәтер салынатыны белгілі болды. Ол Үкіметке «Нұрлы жер» арқылы 40 мыңға жуық пәтер салуды тап-сыратынын айтты. Бұл аренда жүйесіндегі пәтерлер болады және әлеуметтік аз қамтылғандарға ар-налады. Бұл үшін 7 жыл қатарынан 50 млрд теңге бөлінеді. Көп бала-лы мен толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін тұрғын үй несиесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 3-5 пайызбен беріледі.

«Әкімдер халыққа жақын болуы керек» деген Нұрсұлтан Назар-баев оларды көрсеткіш қуалап, популизммен айналыспауға шақырды. Елбасының пайымда-уынша, маңыздысы – есеп емес, аймақтағы халықтың жағдайы. Пре-зидент әкімдердің халықпен кез-десу форматын ауыстыру керек-тігін және болашақта кездесулер-

ді қалай өткізу керектігін ойласты-руды сұрады.

Назарбаев облыстар әкімдеріне болашағы бар ауылдарды ірік-теп алуды тапсырды. Бұл ретте, ол Есімовтің Ауыл шаруашылығы министр болып тұрған кездегі жұмысын атап, болашағы бар ауыл-дарды, дамуды қажет ететін және оншақты үй қалған ауылдарды анықтағанын, ондай жерлерге ауру-хана салғанша, болашағы бар жер-лерге интернат салуды ұсынғанын айтты.

– Біздің ауылдарды даму нүктесіне айналдыру керек, – деді партия төрағасы. – Қытайдың индустрияландыруды қалай бастағаны есіме түсіп отыр. Олар ауыл шаруашылығын дамытты, электроника шығара бастады. Біз электроника ойлап шығармай-ақ қояйық, бірақ ауылда жұмыс орын-дарын ашуға болады ғой.

– Барлық бағдарлама бар, – деді ол бұдан әрі. – Индустриялық, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау бағдарламалары бар...

Бәрі бар, қаржыны бердік. Сол бағдарламалардың барлығы орын-далса, халықтың жағдайы түзеледі.

Назарбаев бюджетті бақылап, әрбір теңгенің қайда жұмсалып жатқанын қадағалаудан, ауру-хана мен мектептер салып, жол жөндеуден басқа Үкіметтің басты жұмысы болмауы тиіс екенін айт-ты. Нақтырақ айтсақ, Президенттің пайымдауынша, Үкіметтің басты назары нақты жұмыстарда болуы керек.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы жемқорлықты жоюға қатты көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Әсіресе, жастар арасында. Биыл жастар жылы, олар – біздің болашағымыз. А л п а р т и я жа с ка д рл а рд ы қолдауға көңіл бөлсін. «Нұр Отан» мүшелерінің бәрі нағыз ұлтжанды, абыройлы болуы керек. Біз бүгін сан қуаламай, сапаға көшеміз. Партия мүшелерінің сапасы маңызды бо-луы қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев баяндама-сын жарты сағатта оқып болды. Ол нақты тапсымалардан бастаған

сөзін партиялықтарға сенетінімен аяқтады.

Съезде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Аллюр» компа-ниялар тобы» АҚ басқарма төрағасы Андрей Лаврентьев, көп бала-лы ана Ғалия Ақбасова, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Зенчен-ко және К» шаруа қожалығының басшысы Иван Зенченко, «Нұр Отанның» Батыс Қазақстан об-лысы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазиз, «Самхат» ЖШС ди-ректоры Самал Тілеубаева, «Еге-мен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Балалардың құқығын қорғау ұйымының же-текшісі Динара Закиева, «STEM» академиясының негізін салушы Әбутәліп Мүтәлі, атыраулық кар-диолог дәрігер Жанар Оралбекова, үш кен байыту орталығының дирек-торы Мұрат Бөрібаев, Мәжіліс де-путаты Нұрлан Әбдіров сөз сөйледі.

Соңында Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаев форумды қорытындылады.

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

ТӨРТ АДАМ ИІС ТИІП, ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Түркістан облысының Төлебиі ауданының орталығы – Ленгер қаласындағы №1 шағын ауданда газдан уланған 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

ОҚЫС ОҚИҒАҚайғылы оқиға 1 наурыз күні орын алған. Ол көп қабатты үйдің 4

қабатындағы екі пәтердің тұрғындарын қамтыған. Олардың бірінде – 1 адам жантәсілім етсе, келесісінде отбасының 3 мүшесі бірдей тіл тартпай кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, марқұмдар төменгі қабатта тұратын көршілерінің үйіне газ колонкасын орнатып, оның түтін шығатын тұрбасын үйдің желдеткішіне шығарып қоюы салдарынан газбен ула-нып қалған.

«ОРЫС МЕКТЕПТЕРІН ЖАПТЫРУҒА ҚҰҚЫМЫЗ БАР»

АСТАНАҒА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ КЕРЕГІ БОЛМАЙ ҚАЛДЫ

Әкімшілікті трансформациялауға сәйкес, әкімшіліктегі бірнеше басқармалар біріктірілетін болды. Ата айтқанда, қоғамдық даму істері, мәдениет және спорт, тілдерді дамыту және арxив ісі басқармалары біріктірілмек. Сөйтіп, Астанадағы тілдерді дамыту басқармасы жабылып, жаңа басқармаға кіріктірілмек.

Қала әкімінің бұл әрекеті тіл жанашырларын алаңдатып отыр. Мәселен, жақында құрылған «Отандастар» қоры төрағасының орынбасары, жур-налист Мәди Манатбек: «Астанада тіл басқармасын жабу не үшін керек болды, бұған кім араша түсе ала-ды?! Елді ойлайтын ертеңшіл әкім деп мақтаған Бақыт Сұлтановтың бүгінгі шешімі шынымен жаға ұстатты. Елордамызда мемлекеттік тіл мәселесі шешіліп қойғандай, енді тіл басқармасы дербес ме-кеме ретінде жұмыс істемейтін болыпты. Бұл әкімнің де тіл дегенде тіксініп қалатынын кім білген» деп жазады.

Журналистің ойынша, қазақ тілінің қолданыс аясы үлкен аймақтардың өзінде тіл басқармалары жұмыс істеп тұрғанда, енді қазақшалынып келе жатқан Ас-танада тіл басқармасының жабылуы бұрыс шешім.

«Ресей Федерациясында бірде-бір қазақ мектебі жоқ! Көп ұлтты мемлекет бола тұра, осылай істесеңіздер, сіздердің болашақтарыңыз жоқ». «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев Facebook әлеуметтік желісіне осылай деп жазды.

«НҰР ОТАН» ӨЗІНІҢ СЪЕЗІН ӨТКІЗДІ Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

СЕНАТОРЛАР СЫР ӨҢІРІНДЕ БОЛДЫ

(Соңы. Басы 1-бетте) Елбасының тапсырмасына

сәйкес сонымен қатар биылғы жылдың 1 шілдесінен бас-тап жалақысы төмен бюджет қызметкерлерінің еңбек ақысы 30 пайызға ұлғаятыны және аудан, облыстардағы атқарушы органдардың төменгі буын қызметкерлерінің еңбек ақысы 25 пайызға көтерілетіні айтылды. Сондай-ақ қоғамдық талқылауға түскен «Мұғалім мәртебесі ту-ралы» заң жобасындағы ерек-шеліктер мен жаңалықтарға да

тоқталды.Кездесу барысында аудан бел-

сенділері, шаруа қожалықтары мен қоғамдық ұйымдар бас-шылары мен жұмысшылары, аудандық маслихат депутат-тары, кәсіпкерлер мен жастар, дәрігерлер мен мұғалімдер және көп балалы аналар, сондай-ақ тұрмыс деңгейі төмен отбасылар арасындағы кездесу барысында көп балалы отбасылар мен табы-сы аз отбасыларға қарастырылған жеңілдіктер, дәрігерлердің мәртебесі, жас мамандардың

болашағы, жеке кәсіп үшін бөлінетін субсидиялар туралы, баспаналы болу үшін қиындықтар мен жеңілдіктері және халықты толғандырып жүрген басқа да маңызды сұрақтар қойылды. Депутаттармен кездесу жақсы деңгейде өтіп, қажетті ақпараттар берілді.

Сенаторлар барша Сыр өңірінің халқын бірлесе жұмыс атқарып, алға қойған мақсаттарға бірге же-туге шақырды.

Арман Шораев:

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов әкімшілік аппаратының кезек-ті отырысын өткізіп, онда қала әкімдігін трансформациялаудың екінші кезеңі талқыланды. Бұл туралы әкімшіліктің ре-сми веб-сайтында жазылды.

Археолог Әзілхан Тәжекеев Сыр бойындағы Жетіасар қалашығынан кезінде табылған қазақтың музыкалық аспабы – домбыраға ұқсайтын көне жәдігер туралы мәлімдеді. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz хабарлады.

– 1973 жылы Қызылорда облысы аумағында Хо-резм экспедициясы арнайы зерттеу шараларын жүргізді, – деді археолог. – Сол жұмыстар барысын-да Жетіасар қалашығында да қажетті іс-шаралар атқарылды. Аталған шара барысында домбыраға ұқсайтын дүние көзге түскен. Мен бұл жайында былтыр білдім.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, PhD докторанты Әзілхан Тәжекеев архивте қажетті мәліметтерге көз салып отырғанында домбыраға ұқсайтын бұйымға көзі түскенін айтты. Аспап-та қасқырдың суреті ойылып салыныпты. Қазақ шертер мен домбыраның қосындысын қоссаз деп атайды. Табылған аспаптың ұзындығы 65 санти-метрге жуық. Демек, бұл аспап қоссаз домбыра болуы мүмкін және оның ежелгі түрлері болғанын дәлелдейді.

ДОМБЫРАҒА ҰҚСАС АСПАП ТАБЫЛДЫ

Жансая НҰРҚОЖА

ЛУКАШЕНКО БІРТҰТАС ВАЛЮТАҒА КЕЛІСТІ

МӘССАҒАН!

Беларусь президенті Александр Лукашенко 1 наурыз күні Ресеймен біртұтас валюта жасасуға келісім бер-ді. Бұл туралы Sputnik сайты хабар-лады.

«Белорус лидері Александр Лука-шенко Ресеймен біртұтас валюта ен-гізу мен біртұтас эмиссиялық орталық жасау бастамасын қолдайды» де-лінген ақпарда. Мемлекет басшы-сы мұны жұма күні Минскіде тікелей

эфирде өткен «Президентпен Үлкен әңгіме» барысында.

Беларусь президенті біртұтас ва-люта туралы «Говорит Москва» радиостансасының директоры Вла-димир Мамонтовтың одақтық мем-лекет турасында қойған сұрағына жа-уап беру барысында айтты.

Лукашенко соңғы уақыттары біртұтас валюта жайында жиі сөз қозғалып кеткенін атап өтіп, өзінің

БРИФИНГ

ЖАЛҒАН АҚПАР – ЖАЛАНЫҢ БІР ТҮРІ

Бұған содан бір күн бұрын «Фейсбук» әлеуметтік желісінде «Қызылордада аяғы ауыр келіншекті полиция ұстап алып кетіп, «тыныш жүрмесең аналық құқыңнан айырамыз» деп қорқытты» деген жалған ақпарат тарағаны се-беп болды.

Бұрнағы күні түнде сағат 00:59-да «Фей-сбук» әлеуметтік желісін қолданушы Құрал Сейтханұлы қала тұрғыны, жалғызбасты ана әкімнің қабылдауына барып,оны әкім тапсыр-масымен полиция ұстап әкеткендігі жөнінде жариялаған еді.

Блогердің парақшасында «Шұғыл. Осы жаңа ғана Қызылорда қаласынан бір жалғызбасты екі баласы бар және үшінші баласына аяғы ауыр әйел хабарласып, Қызылорда қаласындағы әкімнің қабылдауына барған кезде әкімнің тап-сырмасымен полиция ұстап өзін қамағанын, үстіндегі пальтосын шешіп алып суық жер-де бес сағат ұстағанын, онымен қоймай, по-лиция формасындағы әйел келіп аяғының ауырлығына қарамастан, бетінен шапалақпен екі рет ұрғанын жылап тұрып айтты. «Әйелдердің бәрін бастап жүрген сен. Тыныш жүрмесең аналық құқыңнан айырамыз, одан әрмен де неше түрлі бәлеге ұшыратамыз» деп қорқытқан құсайды. Телефон нөмірі бар. Хабар-ласамын деген адвокаттар мен журналистер болса көмектесіңіздер» делінген.

Полиция департаменті басшысының айтуын-ша, әлеуметтік желіде көтерілген мәселеге бай-ланысты дереу тексеру жұмыстары жүргізілген.

– Алайда, мұндай оқиға не облыс әкімдігінде, не болмаса қала әкімдігінде орын алмағандығы анықталды. Жарияланған постқа 20 минут ішін-де облыстық ішкі істер департаментінің жауабы берілді. Сонымен қатар, таңертеңгілік уақытта да тексеру жұмыстары жүргізіліп, мұндай факт болмағандығы анықталды, – дейді Қайрат Мұхитов.

Жалған ақпар таратқан жауапқа тарты-лады. Бұл кеше өңірлік коммуникация-лар қызметінде облыс әкімдігі аппарат басшысының орынбасары Серік Шотаев пен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов өткізген бри-финг кезінде ескертілді.

бұған қарсы емес екенін білдірді.«Бүгін бізге ортақ валюта ұсынылды.

Біз қолдаймыз! Әрине, бұл рубль бола-ды», – деп мәлімдеді мемлекет бас-шысы. Президент ортақ ақшаның белорустің емес, орыстың рублі болуы керек екенін басып айтты. Бұдан бөлек, біртұтас эмиссиялық орталықтың қайда орналасуы керектігін де білдірді.

«Минскіде ме? Жоқ, Смоленскіде. Оның қайда болғаны маңызды емес, тіпті Ресей президентінің отаны, сүйікті қаласы – Питерде-ақ бола берсін», – деді Лукашенко.

Беларусь президентінің отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тікелей эфир негізінде жүргізген «Президент-пен үлкен әңгіме» забары 7,5 сағатқа созылды. Оған екі жүзге жуық, жур-налист, сарапшылар мен шенеунік-тер қатысты.

Гүлжайна ЖАҢАБАТЫРОВА

Гүлжайна ЖАҢАБАТЫРОВА

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

Page 3: құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

3№10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жылe-mail: [email protected]

ӘЛЕУМЕТ

Отбасындағы береке-бірлік ене мен келіннің сыйластығы мен олардың арасындағы қарым-қатынасқа тығыз байланысты. Сондықтан да оқырман жұртшылықты осы мәселе төңірегінде ой бөлісіп, пікір алысуға шақырғым келеді. Өйткені, көп жағдайда шаңырақтың шайқалмауы, отбасында береке-бірліктің кең өріс ала түсуі де осы енелер мен келіндерге байланысты.

ЕНЕ МЕН КЕЛІН ҚАТЫНАСЫОЙҒА АЛАРЛЫҚ. ОРТАҒА САЛДЫҚ

Келіннің ақылы мен тәрбиесі келін бо-лып түскен жерінде үлгі ретінде сөз етілетін-дей болуы керек. Енең жас болса, онымен ашық-жарқын сырласып, тымыраймай, әңгімеңді айтсаң, ол да сені жақын тарта-ды. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» демекші, сырыңды өз шешеңмен емес, енеңе айтып отырған өте дұрыс. Неғұрлым енеңмен сырлас болсаң, жігіт те сені соғұрлым сыйлап өтетіні рас.

Қазақта «Жақсы келін – келін, жаман келін – келсап» деген сөз бар. Әркім де өз әулетіне түскен келінінің жақсы болғанын қалайтыны сөзсіз. «Келінді – аяғынан» де-гендей, жаңа түскен келінге сын көзбен қарау қашаннан бар нәрсе. Халық арасын-да айтылатын мына әнде:

Алдыменен өзіңнің енең сынар,Емендей бол, бұл сынға емен шыдар.Жас келінге қаттырақ қарағаны,Ширатып бір алайын деген шығар, – деген

жолдар айтылады. Кейде қыздарымыздың енесімен керісіп жататын себебі осы сынға әзір еместігі ме, деп те ойлайсың. Бірақ кез келген ене келінді «келсап» етпей, тәрбиелеуі керек. Тәрбие, өнеге аларлық небір келіндер мен енелер жетерлік.

Менің бір құрбым осыдан бірнеше жыл бұрын келін түсірді. Жаңа түскен келіні мен үшеуміз жолымыз түсіп, базарға ұсақ-түйек заттар алуға бірге шықтық. Қоғамдық көлікке міндік. Онда автокөлік жүргізушінің жанында жалғыз орын бос екен. Әлгі жас келін соған жүгіріп барып отыра кетті. Біз құрбым екеуміз бір-біріміз-ге қарастық. Мен автокөлік жүргізушіге: «Туған енесіне орын бермей, тұрғызып қойып, мына келіннің отырысын-ай», – де-дім келінге де естірте. Жүргізуші де таң көрмеді. «Қазіргі жастар сондай ғой, енді қайтесіз», – деді де, жайбарақат отыра бер-ді. Құрбыма қарап, аяп кеттім, өңі бұзылып, жыламсырағандай болып тұр. Жас келіннің сондай қылық көрсеткеніне аң-таң. Менен қатты ыңғайсызданып тұр, білемін. Та-

нымайтын жастар да тұрып үлкендерге орын береді ғой. Бірақ көпшіліктің көзінше ешнәрсе деп айта алмады. Оның орнында басқа ене болғанда әлдеқандай болар ма еді?! Сол жерде айғайын сап, келінін де, өзін де жеккөрінішті етер еді.

Базарға да жеттік. Құрбым түк болмағандай керектілерін алып, келіні-мен сөйлесіп кетті. Сол құрбыммен ан-да-санда жөн сұрасып тұрамын. Қазір не-мерелері бар. Анда-санда келіні енесінің бетінен алып, көңілін түсіреді. Енесі келіні-нен қорықпайды-ау, баласымен тұрып жатқаннан кейін немерелері бар, ажыра-сып кетпесе екен деп, бет жыртқысы да кел-мейді. Басқа енелер болса баяғыда-ақ, бала-сына жамандап, қыздың шешесіне айтып, ұрыс-жанжал шығарып ажырастырып жі-берер ме еді, деген ойға келемін.

Өзім де екі келінді болдым. Үлкен келінім-мен бірге тұрғаныма он жеті жыл болды. Өз қызымдай көремін. Ол да «мамалап» тұрады. Алғаш тамақ жасағанда, тұзы ащы-лау болса, балама: «Ол тұз салмады екен деп мен де салып қойыппын, кінә менен» деген сияқты келінімнің сөзін сөйледім. Содан да ма, келінім өзімді сыйлайды. Қазір келінім тамақты өте дәмді пісіреді. Ауыра қалсам, «Мама, дәрігерге көрінсеңізші. Қандай дәрілер керек, алып берейін», – деп, көңіліме қарайды. Келінім екеуміз бір зат алсақ бір-бірімізге көрсетеміз. «Міне, мынаны алдық» деп, мәз боламыз. Бірде балам: «Мама, мені тудыңыз ба, жоқ әлде, Гүлнарды тудыңыз ба?» – дегені бар. Өйткені, көбіне келінімнің сөзін сөйлеп тұрамын.

Келінім екінші балаға босанарда перзен-тханадан үш-төрт күн бұрын сақтандыру бөлімінде жатты. Сол жерде жатып, толғағы таңғы сағат алтыда басталыпты. Мен сағат тоғыздарда жұмыстан сұранып бардым. Жанында болып, босанған соң, өз-өзіне кел-генде шайын, тамағын беріп, кешке бір-ақ шықтым. Келінім маған риза болғаны соншалық: «Мама, өзімнің туған анамнан

Бану ШАЛОВА

Бүгінде кез-келген мемлекетте кө п б а л а л ы от б а с ы н а жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіру, тегін білім беру, ана мен балаға тегін емделу, көпбалалы ана мен жалғызбасты аналарды тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету сынды жеңілдіктер жан-жақты қарастырылған.

21 мың теңге кімдерге тиесілі?

Мәселен, көршілес елдерді алып қарайтын болсақ, Өзбекстан мен Қырғызстанда бала екі жасқа толғанша қосымша жәрдемақы төленеді. Ал Қырғызстанда 4 бала-сы бар ананы бірден мемлекеттік те-гін үй беруге тіркейді. Биылдан бастап Ресейде екінші бала туған аналарға төлейтін қаржы 453 мың 26 рубльге теңеседі, теңгеге шаққанда шамамен 2,3 миллион теңге қаржыны құрайды. Сондай-ақ, мұнда көпбалалы аналар-ды баспанамен қамтитын мемле-кеттік қор жұмыс жасайды. Бұл қор 2003 жылдан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Тұрғын үй қорына түскен қаржыны көп балалы аналардың үй мәселесін қамтып отырады. Cоны-мен қатар бұл елде көп балалы ана-лар үшін коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер жасалған.

Қазақстандағы көпбалалы отбасы-на мемлекет тарапынан қаншалықты қолдау көрсетіліп жатыр? Осы орай-да мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұр Отан» съезінде көпбалалы отбасыларға қолдауды артты-ру мәселесіне тоқталып, атқарушы билікке жаңа міндеттер жүктеген бо-латын. Онда президент «көпбалалы отбасының әр баласына 21 мың теңге төленеді» деген болатын. Мұндай әлеуметтік қолдауға кімдер ие бола алады және жеңілдіктер кімдерге ти-есілі?

«21 мың теңге кімге тиесілі?» де-ген сұрақтың жауабын Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды ү й л е с т і р у ж ә н е ә л е у м е т т і к бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшы-сы Алмашова Шаризат Елтайқызына айтып берді. Оның айтуынша, Қызылордада қазіргі таңда 35 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады. Жалпы облыс бойынша «Ал-тын алқа», «Күміс алқа» алқасымен марапатталған 17 мыңнан астам көпбалалы аналар бар. Сонымен қатар кәмелет жасқа толмаған 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 18 мыңнан астам отбасы бар. «Елбасы Н.Назарбаев «НұрОтан» партиясының съезінде «көпбалалы отбасындағы әр балаға 20 мыңнан кем емес жәрдемақы төленсін» деген тапсыр-ма берді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы әр балаға күнкөріс деңгейінің 70 пайызы, ша-мамен 20 мың 789 теңгені құрап отыр. Тұрмысы төмен отбасыларға жиынтық табыстың жан басына шаққанда 20 мың 579 теңгеден ас-пайтын көпбалалы отбасындағы балаларға 20 мың 789 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ал отбасындағы қалған мүшелеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайы-зы, кедейлік шегіменен отбасындағы табыстың ортасындағы айырма ғана төленеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 мың 698 теңге болса, соның 70 пайызы кедейлік шегі болып есепте-леді. Дәл қазір күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен, яғни, 14 мың 849 теңгеден төмен отбасыларына атау-лы әлеуметтік көмек тағайындалып жатыр. Оны 50-70 пайызға дейін арттыру тапсырылды. Яғни, 14 мың теңге 20 мың 789 теңгеге дейін көтеріледі. Біздің облыста көптеген отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы болады», - деді әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Шаризат Елтайқызы.

С о н д а й - а қ , б ө л і м б а с ш ы -сы Қызылорда облысы бойынша көпбалалы әлеуметтік аз қамтылған отбасына қандай әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқандығы жөнінде айтып өтті. «Қазіргі кезде облыс-та аз қамтылған отбасындағы мек-теп жасындағы балаларға қоғамдық көліктерде тегін жүру мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қатар балаларға тегін ыстық тамақ пен және тегін киіммен қамтамасыз ету қарастырылып жатыр және аз қамтылған отбасындағы мек-теп жасына дейінгі балалардың балабақшамен тегін қамтамасыз ету мақсатында балабақшаларды бюд-жет есебінен субсидиялау үшін есеп-теулер жүргізіліп жатыр. Бүгінде білім басқармасы осы мәселені жан-жақты қарастыруда.»

Қызылордада Дамир Бозаев есімді 15 жасар жасөспірім шенеуніктер шебі-нен орын алды. Бұл туралы Sputnik ха-барлады.

БӘРЕКЕЛДІ!

«Қызылордалық орта мектептің 9-сынып оқушысы Дамир Бозаев облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ресми түрде қызмет алды. Ол облыстық ведомство басшысының штаттан тыс кеңесшісі болды», – делінген сайттың депар-тамент баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген хабарында.

Он бес жасар кеңесші, баспасөз қызметінің мәліметінше, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенді мүшесі, оқу үздігі, бірнеше диплом мен алғыс хаттардың иегері болып та-былады.

Әдеттегіден өзгеше тағайындау жасаудың бас-тамашысы болған Қызылорда облыстық мемле-кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Абзал Му-химов өзі басқаратын ведомостваның мектеп оқушылары арасында пәрменді жұмыс жасауына ерікті клубтың айтарлықтай көмек көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

«Біз оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді де жүргізіп келеміз. Оларды адал еңбек етуге шақырамыз. Бұл мәселеде біз-ге «Адал ұрпақ» клубы көмекке келеді», – деді Мухимов.

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСӨСПІРІМ ШЕНУНІК АТАНДЫ

Қазақта «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» деген аталы сөз бар. Сол қасиетті ғақлияның түбіріне үңілсек, онда ата-ананың бала өмірінде алатын орнының қаншалықты маңызды екенін бағамдауға болады. Шынымен де әке-шешенің тәрбиесі мен өнегесі, олардың бала алдындағы жауапкершілігі талай жылдар емес, ғасырлар бедерінде айқындалып және айшықталған. Бұл турасында Шығыс ойшылы әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп айтып кеткен.

ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ ШОЛПАН ӘЗІРБЕКОВАМАМАНДЫҒЫ – МАҚТАНЫШЫ

Осыдан-ақ бала тәрбиесі ең әуелі ана құрсағынан басталатындығын, одан соң оған бүкіл отбасының жауаптылығын аңғарамыз. Ал Абай атамыз: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген. Біздің бүгінгі кейіп-керіміз тап осындай өнегелі отбасы-нан шыққан.

Шолпан Әзірбекова Қызылорда қаласында Жорабек пен Айгүлдің отбасында 1982 жылы 23 тамызда дүние есігін ашқан. Қаладағы №136 орта мектепті үздік бітірген ол әке ізін жалғастыру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемле-кеттік университетіне түсіп, заңгер мамандығын алып шығады. Өзінің еңбекқор, ізденімпаз, тыңғылықты қасиетімен көптің көңілінен шыққан Шолпан мұнда да білімділігі мен білік-тілігін көрсетеді. Оқуды ойдағыдай тәмамдаған ол 2003-2008 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі істер басқарамасының кәмелеттік жасқа толмаған бөлімінде инспектор, аға инспектор қызметтерін атқарады.

Ал 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін тергеу бөлімінде аға тергеу-шілікті абыроймен орындап келе жатқан оның осындай қиын да қатерлі жұмысты ер адамдарша алып жүруіне отбасындағы салмақты да салиқалы тәрбиесінің ықпалы зор десек, артық айтқандық болмас. Олай деуге себеп те жоқ емес. Ана-сы Айгүл мен әкесі Жорабектің бала-ларына үнемі ешкімнің ала жібін ат-тамауды, өтірік пен өсекке үйір бол-мауды, адам баласының көз жасы-на қалмауды үйретіп отыруы Шол-пан қыздың өмірлік кредосына ай-налады. Оның үстіне, 1979-2003 жыл-

дар аралығында ішкі істер саласында әртүрлі қызметтер атқарып, бүгінде отставкадағы майор әкесі Жорабектің өзі сүйген ісінің майталманы болуы және жұмысына адалдығы қызының жүрек қалауы болған қызметті абы-роймен алып жүруіне септігін тигізеді.

Отбасында оның әпкесі Аманкүл де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тарих пәнінен дәріс беріп, қаншама жылдар бойы Сыр бойындағы тарихты сүйетін шәкірттерді оқытып, тәрбиелеп ке-леді. Ал інісі Дарханның Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасында қылмыстық полиция бөлімінде же-дел уәкіл, аға лейтенант екендігін ес-керсек, онда Әзірбековтер әулетінің өмірден, ата-анадан алған тәлімінің өнегелілігін, жемісін жазбай тануға болады. Ол үнемі «жоғарыда болуы» үшін салауатты өмір салтын ұстанады. Өйткені, полиция қызметкері сау бо-луы керек.

Жас болса да өз ортасында сый-лы да құрметті осы бір салмақты да салиқалы жанның өмірі айналасындағыларға шынымен де үлгі боларлық. Ол жарқын да жылы жүзімен көпшілікті баурай отырып, өзін де сыйлата біледі. Әке мен ана-дан көрген, ұшқанда ұясынан ілген тәрбиесі Шолпанның адами болмы-сына әсер етіп қана қоймай, оның қайратты да қажырлы болуына үлкен көмек болды. Сондықтан да нәзік жандылар өз мойындарына ала бер-мейтін осы бір қызығы мен қиындығы қатар жүретін ішкі істер саласындағы еңбек еткен жылдар оны одан әрі де шыңдай түсті.

Қызмет пен отбасының бере-кесін қатар ұстап, шаңырағының ұйытқысы, адал жар, аяулы ана

Шолпан қазіргі таңда Құдай қосқан қосағымен екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Жұмысында салмақты, ер адамдарша қайыспас нардай іс тын-дыратын біздің кейіпкеріміз, ошақ басында – мейірімді ана, аяулы әйел, құрбы-құрдасқа – барынша ашық та шынайы.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Шолпанның қоғам үшін еткен еңбегі еленді. Оған өзінің қызметіне деген адалдығы үшін ҚР ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» үздік медалі және 2 дәрежелі «ІІО үздігі» медалі табысталды. Оның алған алғыс хаттары да жетерлік. Әрине, оның барлығы да – Шолпан атқарған қызметке берілген баға. Ол – оған лайық та.

Өзінің адал пейілінің арқасында Шолпан осы кездің өзінде атақ-шеннен де кенде емес. Оның әскери шені – майор. Әңгіме атақта да емес. Мәселенің барлығы – Шолпан сын-ды қазақ қыздарының өз отба-сы мен қоғам тәрбиесін қатар ала жүріп, сол жолда биік абырой-бе-делге жетуінде. «Ішкі істер органда-рында 16 жыл жұмыс атқарудамын. Балалық шағымнан бастап мен по-лицияда қызмет етуді армандай-тынмын, адамдарды тез арада қылмыскерлерден қорғауды арман-дадым. Менің әкем – мен үшін асқар тауым және де қасиетті үлгі», – дейді Шолпан Әзірбекова.

Ендеше, атына заты сай Шол-пан жұлдыздай жарқыраған біздің кейіпкеріміздің алар асуы әлі алда, ол бағындырар биіктер де көп. Тек соған талмас қанат, зор денсаулық, саналы ғұмыры жетсін!

ҚЫЗЫЛОРДА

Жансая НҰРҚОЖА

артық көремін сізді», – деп жылап жі-берді.

Балама: «Ол да біреудің әлпештеп өсірген қызы ғой. Оған оң көзіңмен қара. Ренжітпе. Сен оны қадірлей біл. Көңілін көтер. Үш немеремнің ана-сы болды. Үлкен ұлың есейіп қалды, Марсель тоғызыншы сыныпта оқиды. Қызың Жанель – үшінші сыныпта, Ислам бір жастан асты. Балаларың – сенің өміріңді жалғастырушы. Оған қоса, қайтыс болып кеткен ініңнің ба-ласы Дамир де сенің балаң. Оны да ба-лам деп, еркелетіп отырады. Сен он-дай әйел таппайсың» деп отырамын.

Қазақта «Келін – қайын ененің топырағынан» деген сөз де бекер ай-тылмаса керек. Көрген адам келінімді: «Қызың ба?» деп сұрайды. Өзі де маған ұқсайды. Олай болса, «Келіннің жақсы болмағы енесіне де байланысты», – деп ойлаймын.

Басында түйсігі бар келін енесінің жақсылығын түсінеді. Түйсігі жоқ келін енесі қанша асты-үстіне түссе де түсінбейді. Мысал келтіріп айта ке-тейін. Кезінде бір туысым келін алды. Келіні жоғары білімді, қызметі бар, өзі түр десе түрі де бар, әдемі-ақ! Жігіт те әп-әдемі, сымбатты, жоғары білімді. Астанада қыздың ұзату тойы болды. Жігіттің ел-жұрты, үлкен кісілер Ал-матыда болғаннан кейін той осын-да болмақшы. Екі аптаға демалыс-тарын алып, бала мен келін осында – Алматыға келді. Ауыл қала маңында. Келген күннің ертесі жастар әсем қала – Алматыны аралап, кеш бата үйге ке-леді. Келін қысқа шорты киген, асүйде тамақ әзірлеп жатқан енесіне «здрас-ти» дейді де, бөлмесіне кіріп кетеді. Екі күн түске дейін ұйықтапты. Со-дан енесі жарылардай болып келіні-не: «Қысқа тылтиған шортиыңмен көрші-қолаң не демейді? Қайта, кеш батқан соң ешкім көрмей қалды. Бұл – ауыл. Олай жүрме, келін деген атың бар. Үйде тоқсанға келіп қалған әжең отыр. Мен ертең ерте жұмысқа кет-кенде әжеңе шайын бер, аз уақытқа келсең де, өзіңді келін екеніңді көрсетсеңші» дегені, сол-ақ екен, әлгі келін енесінің бетінен алып, түн орта-сында үйден шығып, келген жағына тайып тұрған еді. Үлкенді тыңдамаған келін қандай келін болмақ?! Келешек-те баласын қалай тәрбиелемек?! Сол

келін өз қателігін түсініп, күйеуінен кешірім сұрап өзі барыпты. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» дегендей ақыры жараспапты.

Тағы бір танысым келінді болды. Ораза айының кезі. Отбасымен ораза ұстаған. Жаңа түскен келіні сәресіне сағат үште тұрып, тамақтарын дайын-дап, сәлем жасап, ілтипат көрсеткеніне ата-енесі дән риза. Мүмкін жігіт айтқан болуы керек. «Тұр, сен енді осы үйге келінсің, үлкен кісілердің сәрелерін дайында, ата-анамды сыйла» деген-ге ұқсайды. Жаңа түскен келін бұл мін-детті мінсіз атқарған. Ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынасқа жігіттің де ролі өте зор деп ойлаймын.

Кейбір енелер өз келіндерін «ашсам – алақанымда, жұмсам –жұдырығымда ұстауым керек» десе, енді бір енелер келіндерінің білмегенін үйретіп, түсінбегендерін түсіндіріп, маңдайынан сипап отырады. Менің ойымша, қай ене болса да, өз келіні-не ыстық ықыласпен мейірін төгіп, кем-кетіктерін айтып отырса, ол үйде ырыс, бақ-береке де болатыны-на күмәнім жоқ. Қалай дегенде де, қыз – жатжұрттық. О баста, Алла тағала қыздарды солай жаратқан. Шы-нында да әйел адам отбасының бар ауыртпалығын мойнына іліп алып, түн ұйқысын төрт бөліп, жылаған баласын емізіп, бесігін тербетеді. Мезгілімен ас әзірлеп, ата-енесі мен күйеуінің ба-бын тапқысы келеді. Кейбір есерсоқтау келген күйеулерінің де ауыр сөзін көтеруіне тура келеді.

Отбасының қалыптасуында нәзік жандылардың да орны ерекше. Әйел – күйеуінің ойына қозғау са-латын, көңілін көтеріп, ерекше сер-пілте түсетін жан. Ердің еңселі, абы-ройлы жүруі әйелге де байланысты. Сондықтан да халқымыз: «Ерді ер қылатын да әйел, жер қылатын да әйел» деп тектен-текке айтпаған бо-лар.

Жаңа түскен жас келіндерге салқын қабақ көрсетіп, жер-жебіріне жете бер-мей, қайта ақылын айтып, жол көрсету әрбір абзал енелердің міндеті болуы керек-ақ. Оны түсінетін келін жас кезі-нен ата-ене сыйлап, инабатты болуы керек дегім келеді.

АЛМАТЫ

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

Page 4: құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

4№10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жыл e-mail: [email protected]

ПАЙЫМ

Ұзақбай Мамин ақсақал – елорданың қадірлі ақсақалдарының бірі. Ол – күні кеше Үкімет басшысы болып тағайындалған Асқар Маминнің әкесі. Сонымен бірге, бүгінгі бас қала атанып отырған, кешегі Ақмоланың дамуына бір кісідей үлес қосқан айтулы азамат. Көп жылдар құрылыс саласында жауапты қызмет атқарған. Қазақстанның құрметті құрылысшысы. Ақмола облысының құрметті азаматы.

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Біз өмірден көргені мен түйгені мол қариямен жолығып, өткен дәуір мен өзі қызмет атқарған жылдар тура-лы әңгімелескен едік.

– Ұзақбай аға, біраз өмірдің белесінен асып отырсыз. Кейде өткен кезеңге көз жүгірткенде жадыңызға қандай ойлар түседі?

– Айналайын, адам шыр етіп дүниеге келгенде, оның пеше-несіне тағдыры жазылып қояды дейді. Өзім ұзақ ғұмыр сүремін деп еш ойлаған емеспін. Бұл да бір маған тағдырдың ұсынған сыйы деп білемін. Кейде өткен өмірім жазылмаған кітап секіл-ді әсер қалдырады. Соның әрбір парағын ашқан сайын көз алды-ма сонау қыр астында сағымдай бұлдырап қалған балалық кезім есіме түседі. Біздің балалық шағымыз шаттыққа толы бол-ды деп айта алмаймын. 1937 жылдың қандай болғаны та-рихтан мәлім. Халқымыздың игі жақсылары түрмеге тоғытылып, жұртты жағалай үрей қысқан шақ. Елдің тұрмысы төмен, тойынып ешкім ас ішпейді. Әйтеуір қолдағы барды қажетке жаратады. Осындай жүдеу күндер басымыздан өтті. Бірақ сондай қиындыққа қарамастан білім алып, ел қатарлы адам болуға ұмтылдық. Әке-шешемнің сегіз баласы болды. Мен үйдің екіншісімін, үлкеніміз – апам. Әкем заң саласында қызмет атқарды. Қарағанды облысының Қарқаралы, қазіргі Бұхар жырау және Нұра ауда-нында прокурор болып істеді. Тәртіпті, әділдікті жаны сүйді. Бізге әкеміздің сол тәрбиесі жа-сымыздан бойымызға сіңді. Қарағандының «Долинка» ауы-лында тұрғанымызда, әкем айықпас ауруға шалдықты. Со-дан Алматыға барып емделді, ауруханаға жатты, бірақ сауығып кетпеді. Ақыры, зейнеткерлік-ке де жетпестен, 59 жасында өмірден өтті. Әкем сырқаты жа-нына батып жүргеннен кейін ағайынның ортасына көшіп ба-руды жөн санады. Онда мен Қарағанды тау-кен техникумын-да оқимын.

– Әкеңіз қай жерде өмірге келген?

– Бүгінгі Ақмола облысының Ерейментау ауданы. Әкем сонда туып, ержеткен. Кейін жұмыс бабымен Қарағандыға қоныс аударған. Сөйтіп, отбасы-мыз сол кезде Фрунзе болған, қазір Бестоғай селолық окур-гі аталатын ауылға көшіп келді. Мен онда техникумды аяқтап, оқу орнының жолдамасымен «Қарағандыуглеобогощение» тресінде қарапайым ағаш ше-бері болып, еңбек етіп жүргем. Жұмысым өзіме ұнайды. Басшылық та еңбегімді бағалап, көтермелеп отырды. Бірақ әкем: «Елге келіп жұмыс істе, көз ал-дымда жүр» деп қоймай шақыра берді. Басшыларға: «Әкем ауру, үйдің үлкенімін, менен басқа бас көтерер адам жоқ. Бауыр-ларым әлі жас» деп жұмыстан босату туралы арыз жазсам, олар айнала қипақтап, жібер-гісі келмейді. Ақыры, босап елге келдім. Бірде Қарағандыда жүргенде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен маған шақыру

қағаз келіп тұр. Қорқып кет-тім. Әкеме ешқандай жала жабылмаған. Нағашыларым соғыста болғанмен, ешқандай артық сөздері жоқ. Сөйтіп, еп-теп қобалжулы көңілмен аталған мекеменің табалдырығын атта-дым. Подполковник Тоқпанов деген кісі қабылдады. Түсі жылы адам екен. Көңілім ор-нына түсті. «Балам, біз сені Мәскеу¬дегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғарғы мектебі-не оқуға жібергіміз келіп отыр. Соған Қарағандыдан төрт жігіт-ті көздедік. Соның бірі – сен. Онда төрт жыл оқисың. Кел-геннен кейін жұмысқа орналас-тырып, пәтермен қамтамасыз етеміз» деп әңгімеге тартты. Ой-ланып қалдым. Бірақ әкеммен ақылдасуды жөн көрдім. Ол кісіге: «Қазір әкем қатты сырқаттанып, ауруханада жа-тыр. Соған айтып көрейін. Со-дан кейін сізге жауабымды бе-ремін» деп ойымды айттым. Ол кезде әкем Алматыда ем алып жатыр еді. Соған келіп, болған жайды айтып бердім. Әкем ұзақ ойға батып: «Ұлым, кішкене кіді-ре тұр, мен тәуірленіп алайын» деп ақылға салды. Әкемнің бұл қызметті онша ұнатпағанын іш-тей түсіндім. Сондағы әкемнің дипломатиялық қасиетіне әлі күнге таңғалам. Баласының бір-ден бетін қайтармай, оны маған мәдениетті түрде жеткізді.

– Содан ауылға оралдыңыз.– Иә, күзде елге келдім.

Жаңадан құрылған совхозға құрылысшы болып кірдім. Ол уақытта ауылдық жер-де құрылыс жұмыстары соншалықты қарқын алмаған еді. Содан іргелі жобаларды қолға ала бастадық. Құрылыс саласы бойынша білімді маман-дар да аз. Соған қарамастан білек сыбанып еңбек еттік. Алдымен совхозға мектеп пен әкімшілік ғимаратын салдық. Бұл оқу ордасы әлі күнге дейін тұр. Одан қаншама балалар түлеп ұшты. Сосын екі жүз адамдық мәдениет үйін пайдалануға бердік. Кезінде оның сахна-сында әйгілі опера әншісі Ер-мек Серкебаевтан бастап, талай жұлдыздар өнер көрсетті. Қазір сол мәдениет үйі әлі күнге дейі-не ел кәдесіне жарап тұр. Тұрғын үйлер көптеп салынды. Біздің де отбасымыз жаңа үйге көшіп, жағдайымыз жақсара бастады. Мал шаруашылығына арналған үлкен базалар салынды. Нансаңыз, осы жұмыстардың бәрі айналдырған үш жыл ішін-де жүзеге асты.

– Өміріңізге үлгі болған әке-шешеңіз қандай кісілер еді?

– Жоғарыда айттым, әкемнің заң саласының қызметкері болғанын. Әкемнің аты – Жа-пар. Анамның есімі – Жанбала. Әкемде жоғары білім болмаған секілді. Қызылжарда оқыпты. Арнаулы орта білім алған деп ой-лаймын. Қарағанды облысының заң саласында ұзақ жыл қызмет атқарды. Көз көрген замандаста-ры оның адалдығын үлгі етеді. Өте таза, турашыл, жауапкер-шілігі жоғары азамат болған. Өмірде артық дүние жинамаған адам. Бірде әкеме қонаққа кел-ген жолдастары оған: «Үйде жер-ге төсейтін кілем де жоқ қой» деп

әзілдегенде, ол кісі: «Кілемнен әрбір балам артық» деп жа¬уап беріпті.

Шындығында, біз елге көшіп келгенде, жұрт қызығатындай мүлкіміз болған жоқ. Анам он құрсақ көтерген. Екеуі ерте шеті-неп кетіпті. Шешем нағыз қазақ әйелі еді. Әкемді ерекше сыйлап, соның қас-қабағын бағады. Бізді де сол кісі тәрбиеледі. Үй шару-асына да мығым болды. Әкем қайтыс болғаннан кейін бала-ларын ешкімге жаутаңдатпай, бар ауыртпалықты үнсіз көтеріп жүрді. Сол кезде менің мойныма да біраз жүк артылды. Соңымнан ерген бауырларымды оқытып, аяқтарынан тұрғызып жібе-руді мақсат еттім. Олар аудан орталығындағы мектеп-интер-натта жақып оқыды. Бірақ басы-мыз бір жерде болса ғой ойлап жүрдім. Және өзім де жоғары оқу орнында оқысам деп арман-даймын. Осы мақсатпен қалаға қоныс аударуды жөн көрдік. Бұған анам қарсы болған жоқ. Қайта ниетімді құптады. Әкемнің жылын бергеннен кейін облыс орталығына көшіп келдік.

– Сол кездегі Целиноград қой...

– Иә. Бірақ қалада мені тани-тын ешкім жоқ. Жұмыс табу да оңай болмады. Ақыры, Це-линоград элеватор-диірмен құрылысы тресіне өндірістік және техникалық бөлімнің қатардағы инженері болып ор-наластым. Ішімнен: «Басым-ды бір сұғып алсам, қалғанын сосын көремін» деп ойлап қоямын. Ауқымы үлкен ме-кеме. Астық сақтайтын элева-торлар құрылысын жүргізеді. Целиноградтың тың өлкесі ата-нып, айдарынан жел есіп тұрған шақ. Жалақым да мардымсыз. Ұжымда бір қазақ жоқ. Бәрі – өзге ұлттың өкілдері. Қиындық болса да шыдадым. Адал, беріліп жұмыс істегеннен кейін басшылық еңбегімді бағалап, аға инженер, кейінірек жоба-лау бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады. Үй алу да біраз қиындық тудырды. Жұмысқа кіргенде пәтер кезегіне тұрғам. Жұмысқа орналасқанда пәтер кезегіне жазылдым. Бірде пәтер бөлу комиссиясы құрылып, үй бөлініп жатыр дегенді естідім. Маған екі бөлме емес, бір бөлме бөліп қойыпты. Комиссияға кел-сем, оған ешкімді жібермей-ді. Әйтеуір, жол тауып, комис-сия алдына бардым. «Біздің халықта жазылмаған заң бар. Егер әкең жоқ болса, соның ор-нында қалған ұл үйдің иесі бо-лады. Біз үйде сегіз жанбыз. Бәріміз бір бөлмеге қалай сия-мыз? Бұларыңыз заңға қайшы. Менің кезегім келіп тұр. Әділ шешпесеңіздер, онда жоғары жаққа шағымданамын» дедім. Ақыры, комиссия бір шешім-ге келіп, маған екінші қабаттан екі бөлмелі пәтер берді. Содан қалалық атқару комитетінің пәтерлерге ордер жазатын бөлімге келдім. Сондағы орыс келіншек ордерді ұсынып, «қол қойыңыз» дегенде, көзім екі бөлменің орнына «үш бөлме» деген жазуға түсті. Сасқаннан: «Маған екі бөлме бөліп еді ғой» десем, ол: «Үндемеңіз, сізге бірінші қабаттан үш бөлме бер-ді, құтты болсын!» деп жыми-ды. Сөйтіп, анам мен бауырла-рымды қуа¬нышқа бөленді. Жұмыс істей жүріп, құрылыс институтының кешкі бөлімін бітіріп алдым. Жоғары білімді маман боллдым. Кейін мені Атбасардың құрылыс меке-месіне бас инженер етіп жіберді. Онда бір жылдай ғана қызмет іс-тедім. Содан мені облыстық пар-тия комитетінің құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болуға ұсынды. Ол кезде отба-сым бар, жасым отызға тақап қалған. Бірақ Атбасарда үлкен элеватор салып жатқаннан кейін, сол құрылысты аяқтап кетейін деп, ол қызметтен бас тарттым. Кейін Қорғалжынға құрылыс бөлімінің бастығы болып бар-дым.

– Қазіргі Қорғалжын ауда-ны ма?

– Сол, онда үш жыл жұмыс істедім. Қазақы жер. Ұлттық дәстүрді берік ұстаған. Өзім мектепті, жоғары оқу орнын орысша оқығаннан кейін, еп-теп тілге шорқақтау болдым. Бұрынғы ЖМК-ның басшысы орыс болған екен. Онша жұмыс жүрмеген. Алдағы күнге жоспар жасап, қыруар шаруаны атқаруға

ЕЛ МЕН ЖЕРДІҢ ТАҒДЫРЫ ЕСІМІЗДЕ ЖҮРДІ Қызылорда қаласына қарасты «Досан»

ауылының тұрғындары Амангелді мен Айнұр – замандастарына үлгі болатын жастар. Бүгінде жас отбасы иелері қолдан келетін істері бойынша ашқан кәсіптерін сәтті жүзеге асырып келеді.

ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА

Ерлі-зайыптылар алдымен үй-ішімен ақылдасып, сосын кәсіпкерлер палатасы-нан кеңес алды. Бұған дейін Айнұр оқу ор-нын оқып, мамандық алғанымен, тұрмысқа шығуына байланысты үй шаруасынан айналы-сып келген еді. Ол үйде отырса да, қыздарды сәндеудің әдіс-тәсілдерін үйреніп, ауылдағы қыз-келіншектерге қызмет көрсетті. Уақыт өте сұраныстың артуы Айнұрға өз кәсібін ашуға ой салады.

Осылайша, Айнұр ауылда жоқ шаштараздың қызметін көрсетуді таңдаса, Амангелді өзінің негізгі мамандығы – автокөлік жөндеу орталығын ашуды жоспарлады. Жас отбасының мақсаттарының орындалуына «Бастау» жоба-сы септігін тигізді.

Жобаға отбасы атынан Айнұр қатысып, 1 ай көлемінде кәсіпті жүргізудің алғы шартымен та-нысты, біліктілігін жетілдірді. Бизнес-тренері-мен бірге бизнес-жоспарын әзірлеп, болашақ кәсібінің моделін қалыптастырды.

– «Бастауды» Айнұр оқығанымен, биз-нес отбасылық болып саналады. Сондықтан да Айнұр мен Амангелдінің бизнес-жоспары өзгелерінікіне қарағанда ерекше. Бір жоспарда екі идея бар, – дейді кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Олжас Аяғанов.

Бір айлық курсты бітірген соң Айнұр облыстық комиссия алдында жобасын сәтті қорғап, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан 3 млн теңге несие алады. Осы қаржыға Амангелді автокөлік жөндейтін техникалық қызмет көрсету орталығына қажетті құрал-жабдық алса, Айнұр сұлулық салонын ашты.

– «Досан» және «Абай» ауылдарына техникалық жөндеу орталығы мен шаштараз біреу ғана болғандықтан, жұмысымыз, шүкір, сәтті. Алға басып жатыр. Келушілер саны күннен күнге артуда. Осындай жобаны ұйымдастырып, бізге ұсынған ұйымға алғысымыз шексіз, – дей-ді кәсіпкер Айнұр Нұрлыбек.

– Кәсіпті бастауға алған несиеміз техникалық жөндеу орталығының бір боксын салуға ғана жетті. Алдағы уақытта қосымша бір бокс ашып, жаныма жұмысшы алғым келеді. Енді келіншегімнің сұлулық салонын кеңейту жос-парымызда бар, – дейді Амангелді Датқабеков.

Айта кету керек, қазір Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасына қатысушылар үшін құжат қабылдауды бастады.

ҚЫЗЫЛОРДА

ЖАС ОТБАСЫ КӘСІБІН ТАПТЫ

Зибаш ӘЛИ

Ұзақбай МАМИН:

тура келді. Бірден қойып кет-тім. Аудан орталығынан жатақхана, мектеп-интернат, аурухана және мәдениет үйінің құрылыс-тарын бастадық. Бұрын аудан орталығында он-дай құрылыс жүрмеген. «Са-бынды», «Жантек»е ауылда-рынан жаңа үлгідегі мәдениет үйін пайдалануға бердік. «Амангелді» совхозында мал бордақылайтын кешен мен тұрғын үй салдық. Одан кейін қиырда жатқан «Талдысай» совхозының электр стансасының құрылысын жүргіздік. Оған қыста ұшақпен қатынайсыз. Аллаға шүкір, Қорғалжыннан абыроймен аттандым. Со-дан облыс орталығындағы шаруашылығы шалтаяқтап тұрған ЖМК-24-ке басшы етіп тағайындады. Сол кезде маған жасы үлкендеу бір кісі: «Егер осы ПМК-ны көтерсеңіз, сізге орден беру керек» деп айтқаны бар еді. Содан барлық жоспар-ды жүйелеп, іске кірістік. Бір-те-бірте жұмысымыз алға ба-сып, атымыз шықты. Жоғары жақтан жылы пікірлер естідік. Сөйтіп жүргенде, қаладағы екі ЖМК қосылып, ірілен-дірілген мекемеге мені төраға етіп таға¬йындады. Көптеген тұрғын үй салдық. Облыстың барлық аудандарында құрылыс жұмыстарын жүргіздік. Одан алып облыстық ауыл құрылысы басқармасы бастығының орын-басарына тағайындады. Үлкен жобаларды қолға алдық. Ауыл шаруашылығына қажетті ауқымды ғимараттар құрылысын жүргіздік. Осын-да табан аудармай екі-үш жыл еңбек еттім.

– Үнемі шаруашылығы қожырай бастаған мекемеге басшы болып барыпсыз...

– Енді саған бір қызықты ай-тайын. Содан баяғы қалаға кел-генде алғашқы еңбек жолымды бастаған Целиноград элеватор-диірмен құрылысы тресінің бас-шысы болып тағайындалдым. Осы сәт менің ойымнан шықпайды. Жас маман атанып жүргенде, сонда басшылықта отырған азаматтарды көріп: «Менің де сондай білімім бол-са» деп қызығатын едім. Енді он жылдан кейін әртүрлі мекеме-де қызмет істеп, тәжірибем мо-лайып, оралып отырмын. Өзіме таныс адамдардың бәрі жылы қарсы алды. Бұл жерде де жа-ман болған жоқпын. Құрылыс ұжымдарының алдында жүрдік.

Мәскеу¬дегі одақтық министрліктің алқа жиынын-да сөз сөйледім. «Халықтар достығы» орденімен марапат-талдым. Сол уақытта Орталық партия комитетінің кезекті пле-нумынан кейін елдің аграрлық саласын өркендету жөнінде күрделі шешім қабылданады. Соған орай, Целиноград облы-сында Агро¬өнеркәсіптік ко-митеті құрылды. Оған бес ми-нистрлікке қарайтын мекеме топтастырылды. Соған мені жаңа төраға Андрей Браунның құрылыс жөніндегі орынбасары етіп тағайындады.

– Ақмола облысының әкімі болған Андрей Браун ба?

– Иә. Содан бес министр-лік арасындағы құрылыс жұмыстарына байланысты тиімді шешімдерді өндіріске енгізіп отырдық. Сөйтіп, республикадағы абырой-лы ұжымға айналдық. Облыс орталығындағы «Целинасан-техмонтаж» тресінің талай жыл-дан бері жұмысы қожырап, бе-рекесі кетіп, үлкен ұжымға дұрыс басшы табылмай, шару-асы шатқаяқтап тұрған. Тәртіп бойынша аталған трест басшы-сын облыстық партия бюросы бекітеді. Бюроға Алматыдағы Орталық партия комитетінен бір қазақ азаматы келіп қатысты. Алматыдан келген өкіл «Ма-мин» деген фамилияны есті-генде, орнынан түрегеліп, «Мен сіздерге басшыны жергілікті ұлт өкілдерінен таңда деп айтып едім ғой» деді. Отырғандардың бастары салбырап кеткен. Сол кезде обкомның құрылыс жөніндегі хатшысы Борис Бо-номенко: «Мамин – он казах, на-стоящий казах» деп Орталықтан келген өкілге үн қатты. Мен басшы болып келген трест республиканың тоғыз облы-сына инженерлік, кәріз және су желілерін жүргізетін үлкен ұжым болды. Ірі көлемдегі жобаларды іске асырдық.

– Сол кезеңде облыс-та биліктің тізгінін ұстап отыр¬ғандардың жергілік-ті халыққа көзқарасы қандай болды?

– Аса жақсы болды деп айта алмаймын. Бізді билікке жақындата қоймады. Аудан-да партия комитетінің бірінші

хатшысы қазақ болса, атқару комитетінің төрағасына орыс тағайындалды. Саясат со-лай еді ғой. Қазақ азаматтары басшылықта санаулы болды.

– Санаулы болғаннан кейін бір-біріңізбен жақын таныс болған шығарсыздар?

– Әрине, араластық. Мәселен, Астрахан ауданында туған Қайреддин Кәрібаевпен жақын сыйластым. Ол көп жылдар Теңіз ауданында пар-тия комитетінің бірінші хат-шысы болды. Жақсы азамат еді. Ырыскелді Жақсыбековті білемін. Жиындарда кез-десіп жүрдік. Бұл кісі ұзақ уақыт облыстық кинофикация басқармасына жетекшілік етті. Целиноград аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Төлеген Ошағановты танушы едім. Атбасар аудандық партия комитетінің бірінші хат-шысы Зейнолла Шайдаров деген кісі болды. Сол кезде облыстық атқару комитетінің төрағасы болған Қасым Тәукеновті сырттай білгенімен, жүзбе-жүз кездескен емес едім. Бірде өзі телефон ша-лып, бір мәселемен хабарлас-ты. Содан таныстығымыз бас-талды. Ол бұған дейін Ерей-ментау, Атбасар ауданының партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып қызмет істеген. Білімді, текті азамат. Елдің тари-хын өте жақсы біледі. Туған ұлты үшін басын бәйгеге де тікті.1980 жылдардың басы болу керек, бюро мәжілісінде облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Николай Морозов-пен халқымыздың намысын қорғап, екеуі үш сағат айтысты. Не керек, Морозов ертеңіне ау-руханадан бір-ақ шықты. Кейін Қасекең Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хат-шысы болып, жемісті еңбек етті.

– Қаладағы қолтаңбаңыз қалған құрылыстарды айта аласыз ба?

– Қазіргі Қабанбай батыр даңғылы жақтағы көпірден рес¬публика даңғылына түсе бергенде жолдың екі қапталында бір тоғыз қабат, екіншісі он екі қабат екі биік үй тұр. Соны біздің трест салды. Оны сол кездегі облыс¬тық партия комитетінің бірін-ші хатшысы Николай Мо-розов екеу¬міз ақылдасып, әуежайдан келе жатқанда, Есілдің жағалауындағы ескі жер үйлердің орнына осындай биік үйлерді салып қояйық деп жобалаған едік. Солай бір-екі үйдің іргетасын қаладық. Кейін қоғамда өзгерістер басталып кетті де, ол аяқсыз қалды. Со-дан шаһардың кіреберісі әдемі болсын деп,

Абылай хан даңғылының бас жағында, яғни Қарағанды жақтан келетін күре жолдың бойынан еңселі, биік үйлерді тұрғыздық. Республика даңғылының бойынан ұшақ және теміржол билеттерін са-татын ғимаратты салдық. Қазір ол өзгеріп кетті. Абай көшесінен «Мелодия» деген дүкен ғимараты бой көтерді. Қысқасы, осындай көп құрылыстар жүргізілді.

– Отбасыңызға тоқталып өтсеңіз.

– Жұбайым Раямен тату-тәтті ғұмыр кештік. Оны-мен өткен өмірімді бақытты шақтарымының бірі деп ай-тамын. Амал не, қазір ол кісі арамызда жоқ. Екеуміз екі ұл, бір қыз тәрбиеледік. Балаларымның бәрі ержетіп, жоғары білім алды. Бүгінде олар да жұрт қатарлы елге еңбек етуде. Қазір немерелерімнің қызығын көріп, солардың орта-сында ақылшы болып отырған бақытты атамын.

– Жастардың тәрбие¬сіне қалай қарайсыз?

– Қазіргі жастар ана тілін ұмытып барады. Бұл – қауіпті құбылыс. Кейде жағалауда се-руендеп жүргенде әжесі, ше-шесі және немересі үшеуі қосылып, орысша сөйлеп бара жатқандарын көремін. Авардың ұлы ақыны Расул Ғамзатов: «Егер тілім кетер бол-са құрып-ақ, мен даярмын өлуге де бүгін-ақ» деп бекер айтпаған. Жастардың тәрбиесі үлкендерді алаңдатады. Жап-жас қыздар темекі тартады. Ертең одан туған сәби не болады? Оны ой-лап жатқан кім бар? Жастар ата-анасын тыңдап, олардың айтқан тәрбиесімен жүрсе жақсы аза-мат болып қалыптасады. Мен де өз немерелерімнің қазақша сөйлегендерін қалап, қадағалап отырамын. Егер ана тіліміздің қадірін білмесек, тарихымыз бен дәстүрімізден ажырап қалар едік. Осындай ойлар мені де мазалайды.

–Өкінішіңіз бар ма?– Адам болғасын, өкініш бол-

маушы ма еді. Менің бір ғана өкінішім бар, ол – өмірлік серігім Рая бүгінгі күнге жете алмады. Бірақ бәріне шүкірлік етемін, балалар өздеріне тапсырылған биік міндеттерді әрдайым абы-роймен атқара берсе екен деп тілеймін.

– Рақмет, Ұзақбай аға, лайым айтқаныңыз келсін!

Сұхбаттасқан Азамат ҚҰСАЙЫН

(Арнайы «Ел тілегі» үшін)АСТАНА

ТЕНДІ ӨЛТІРГЕНДЕР ІСІ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына қатысты шығарылған үкім Алматыда 13 наурызда қайта қаралады, деп хабарлайды Today.kz.

СОТ ЗАЛЫНАН

Шағымды мәнерлеп сырғанаушының ана-сы түсірген.

«Алматы қалалық сотының қылмыстық і с т е р жө н і н д е г і с о т кол л е г и я с ы А . Құдайбергенов, Н. Қиясов, Ж. Толыбаеваға қ а т ы с т ы ш ы қ қ а н ү к і м н і ң қ а ш а н қаралатынын бекітті, ол 2019 жылдың 17 қаңтарында қылмыстық іс бойынша мамандандырылған сотта шыққан үкімге қатысушылардың аппеляциялық шағымы бойынша жүзеге асты», – делінген хабар-ламада.

Шағымды мәнерлеп сырғанаушының ана-сы түсірген. Оның ойынша, тергеу амалда-ры толық жүргізілмеген, сот сотталушылар «қылмысты басқа адамдардың бұйрығы бойынша жасаған» деген сөзді есепке алмаған.

Шағымды сотталушылардың өздері де түсіргені бұрын хабарланған еді. Әрқайсысы 18 жылға сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов та сот үкімімен келіс-пейтіндерін айтқан. Сотталушылар үкімге қарсы шағымды екі аптадан соң жасаған. Мәнерлеп сырғанаушының қазасына қатысты кінәні автокөлік ұрылары жарты-лай ғана мойындады. Олар бәрі аяқ асты-нан болғанын айтты.

Зибаш ӘЛИ

Page 5: құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

5№10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жылe-mail: [email protected]

Мен жас күнімнен үлкен кісілердің әңгімесін тыңдауға құмар болып өстім. Ертеректе үлкен кісілерден «Кішкене атамыз көрші елдің бір байының ма-лын бағып жүргенінде, қысқы боранда жылқысы ығып, бірнеше күн бойы ізіне ере беріпті, боран басылғанда тоқтағаны қары жұқа, ықтасыны мол жер екен, сол маңда қалып, жазғытұры ас-қатыққа сойған бір тайдан басқа малды түгел алып оралғанда, бай риза болып, Қоңыр деген қызын Кішкенеге қосыпты» деген әңгімені естуші едік.

Бұдан уақыт бұрын, «Қазалы» газетінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 7 7 н ө м і р і н е н Ш а р а ф а д и н Алтынбайұлының «Біз Кішкене бабаның ұрпақтарымыз» деген мақаласын оқып, онда айтылған жайттарға таң қалып жүрдім. Онда Кішкене бабаның тари-хы біз естігеннен бөлек, ағасы Палуанға өкпелеп, 20-30 күн жүретін жерге шығандап кеткені жазылыпты. Онда тағы Кішкененің Бәйдібектің қызын алғаны айтылады. Осылардың бәрі мені көптен ойландырып жүруші еді.

Бұрынғы шежірелердің Бәйдібекті бірі VІ-VІІ ғасырда, бірі ХІІ ғасырда өмір сүрген етіп қояды. Ал Алматы облыстық «Жетісу» газетінде 2000 жылғы 11 қаңтарда шыққан «Бәйдібек пен Нұрила» атты мақала мен Жәлел Айдарханұлының 2012 жылы жарық көрген «Албандар» атты кітабында Бәйдібектің 1356-1419 жылдары, әйелі Нұриланың (Домалақ ана) 1378-1456 жылдары, олардың ұлы Жарықшақтың 1398-1475 жылдары, Жарықшақтың үшінші баласы Дулаттың 1426-1506 жыл-дары өмір сүргені, Бәйдібек бидің 1397 жылы 41 жасында 19 жасар Нұриламен некелескені жазылған.

Енді менің албан құдам Бақыт Мүсілімұлы құрастырған ата-ба-ба шежіресі мен Шарафаддин Алтынбайұлы жазған тарихатты салыс-тырып көрейік. Ол былай тарқатылады: Бәйдібек – Жарықшақ – Албан – Сары – Сүйерқұл – Мәмбет (Алжан) – Сы-рымбет– Хангелді – Тілеуке – Тоқтамыс – Бекмырза – Сәтек – Болтай – Қосалы – Шәкір – Мүсілім – Бақыт. Ал Бақыт (1954 ж. туған) құдамнан – Мақсат (1980

ж.) – Әли (2006 ж.). Сонда Бәйдібекке дейінгі аралық 19 атадан тұратын бо-лып шығады. Демек, оның балалары Жарықшақ пен нақты Қоңыр деген қызы болған болса, 18 атада тұр. Ал біздің газеттегі мақаланың авторы Кіш-кене баба шежіресін былай өрістетеді: Әлім – Жаманақ (Шекті) – Өріс – Есенәлі – Кішкене – Жиеней – Әлдеберлі – Шақабай – Айса – Құдас – Аю – Әлі – Бақы (1875-?) – Алтынбай (1900-1984) – Ша-рафадин (1950) – Қайрат (1974) – Диас (2000). Демек, осы күні туған Кішкене ұрпағы Әлімге дейін 17 ұрпақты құраса, Кішкене Кішкене 13 атадан шаң береді.

Сонда бұдан 663 жыл бұрын, 1656 жылы туған Бәйдібектен тарайтын Қоңырды ағасы Жарықшақтан (1398) екі жыл кейін, 1400 жылдары өмірге келді деп есептесек, оның жасы биыл 619-да болады екен. Олай болса, ол шамамен 1400-1450 жылдар арасында туған біздің 17 атада тұрған Әлім атамыздың өзінен бір ата үлкен болып шықпай ма? Егер Қоңырдың жасын 35-ке бөліп қарастырсақ, ол 18 атаға тура келеді. Ал 13 аталықта тұрған Кішкененің жасын осы есеппен есептеп көрсек, ол 455-ке барып тіреледі. Сонда Кішкене өзінен 166 жас үлкендігі бар Қоңырға қалай үйленеді?

Әрине, қазақта жылнамалар жазылмаған, бірақ шежіре ауызша ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, жатта-лып, құймақұлақ кісілер арқылы бүгінгі күнге жеткен. Аласапыран, бас қайғы заманда сақтап қалған сиректе болса шығып жатыр, ал мән бермегендердің отқа жаққандар болды. Кейбір рулар шежіресін әлі күнге дейін түгелдей алмай жүргені өтірік емес. Ал нағашы

жағын зерттеу шежіреде қыздарды жазу қалыптаспаған, тіпті мүмкін емес десем болар. Себебі, осы күнгі жастардың көбі нағашысы түгілі, өзінің екі атасынан арғы жағын біле бермейді. Ендеше, Кішке-не атамыздың Ұлы жүздегі Бәйдібек бидің қызы Қоңырға емес, Бәйдібек ат-тас басқа бір адамның қызы Қоңырға үйленген болуы мүмкін ғой.

М е н ө з і м о қ ы ғ а н Ұл ы ж ү з шежірелерінің бірде-бірінен Бәйдібек бидің Қоңыр деген қызы болған деген жерін таппадым. Сосын «Кішкененің Сарыүйсін деген үлкен баласы нағашы жұртында қалыпты» деген сөзді айтып жүргендерді де естідік. Бұл да жобаға жуыспайтын әңгіме деп ойлаймын. Се-бебі, Ұлы жүздегі 11 тайпаның 7-і осы Бәйдібектен тарайды. Сарыүйсін де Кіш-кенеден 5 ата үлкен екені шежірелерінде жазылған.

Әр ел өздерінің шежіресін біздің ел-ден артық білетін болар деп есептеймін. Орта жүз Арғындағы Тобықты Абайдың немере інісі Құдайбердіұлы Шәкәрім Кіші жүз шежіресінің бастапқы таралуын жазғанда, Әлімнің алты баласының екеуі – Айнық пен Тегенболатты лақап аттары-мен «Қарасақал» деп бір атқа теліп, ал-тыншы баласының орнын Әліммен бірге туған Шөменнің баласы Шөмекеймен толтырып жіберген қателігін, кейін Мұхамеджан Тынышбаев көшіріп жа-зып, барлық шежірелерде Шөмекейді Әлімнен туғызып қойғаны сияқты, қонысы бөлек елдің шежіресін нақты өздеріндей үлкендеріміз біле бермеуі мүмкін. Есесіне, өз елі шежірелерін біз-ден артық білетін шығар.

Жоғарыдағы мақаладағы екінші бір жаңылыс: Жанқожа батырға байланыс-ты шыққан көптеген кітаптарда 1710-1720 жылдар шамасында туған, кейін «Шағырай батыр» атанған Қарасақал Мырзакелдіұлы 1774 жылы дүниеге кел-ген Жанқожа батырдың қарамағындағы жүз батырының бірі ретінде 1841 жылы өткен Созақ соғысына қатыстырылып, 1860 жылы Жанқожа қайтыс болғанша қасында болды делініп жүр. Негізінде, бірнеше архивтен алынған жазушы Мол-дахмет Қаназовтың мәліметтерінде жа-зылып жүргеніндей, Жанқожа батырдың

қасында күйеу баласы Жақайым Шағырай деген кісі болған. (2018 жылы шыққан «Құрманай Төремұрат жырау» кітабының 165 бетінде: «Жанқожа ба-тыр сол кеткеннен Сырдария бойына қайтып келген жоқ. Боқан тауын жай-лап, қыстап үш жыл жүрді. Қасында он екі жасар баласы Жолшы мен Шағырай деген күйеу баласы, қызы және әйелі болды» делінген). Бұрынғы кісілердің әңгімелерінде «Күйеу баласы Шағырай атқосшысы Жанқожа батыр қайтқаннан кейін шырақшысы болыпты» деп айты-латын.

Шамасы, архивтерден алынған мәліметтердің бірінен Шағырай есімі кездескен болуы керек, зерттеу-ші Әбсаттар Оспанов және басқалар Жақайым Шағырайды Қарасақал Мырзакелдіұлымен шатыстырып жүр. Шағырай батырдың әкесі Мырзакелді батырдың төрт әйелінен 10 ер баласы болған. Ал Шағырай батырдың өзінен Түйебай, Бурабай, Жеке, Жауғашар, Дәуіт, Сиқым атты 6 ер бала тараған. Бұл күнде олардың барлығынан Арал, Қазалы, Байқоңыр қалаларында, Қызылорда, Жамбыл, Шымкент, Ал-маты облыстарында ұрпақтар бар. Шағырайдың кіші баласы Сиқымнан басқа бес баласы да батыр болған. Төртінші баласы Жауғашардың бала-сы Ойса да атақты батыр болыпты. Сол Шағырайдың немересі Ойса батыр көбінесе Дабыл батырдың қасында жүрген, яғни тарихи деректерде Жанқожа батырдың жүз батырының бірінен саналған.

Біздің жас күнімізде Қазалы ауданының «Абай» ауылында өмір сүрген құймақұлақ әңгімеші Кәнісбекке төртқара Әліпбай Шоратайұлы деген шежіреші ақсақал жиі келетін. Келген сайын алдынан шығып күтіп алып, есегін байлау кезінде «Әлімге ұран болған Шағырай батырдың ұрпағы амансың ба?», деп басымнан сипайтын. Сол үлкендердің айтқан әңгімесінде және Құдайберген Ысмағұлұлының «Тұран Қазалы» газетінің 2006 жылғы 21 қазандағы нөмірінде жарияланған «Қызылбас палуанның әңгімесі» атты мақаласында Қызылбас палуанның: «Жас күнімде бұл маңайда маған күш-қайраты тең келетін адам жоқ деп жүргенімде, қартайған шал Қарасақал Жанайұлдары, Кәдір, Сәдір батырлардың бірінен оңбай таяқ жедім», дегені айтылады.

Шағырай батыр туралы басқа бір әңгімеде сол екі батырдың жас жігіт кезінде жасы ұлғайған Шағырай ба-

тыр, саят құруға туыс інілері Кәдір, Сәдірлерден құсын сұрағанда, сыл-тау айтып бергісі келмеген екі інісін үйді айналдыра қуып, сабағаны ай-тылатын. Жақайым Қызылбас палу-ан Жанқожадан жасы кіші, замандас. Қызылбас палуаннан Кәдір, Сәдір батыр-лар бір аталық үлкен, ал Кәдір, Сәдір ба-тырлардан Шағырай бір ата үлкен. Енді Шағырай (1710 жыл шамасында туып, 1790 жылдар шамасында дүниеден өткен деп айтылатын) Жанқожадан екі аталық, 60-64 жасқа үлкен. Шағырай 1791 жылы 80 жастың үстінде қайтыс болса, Жанқожа 1841 жылы Созаққа шабуыл жасағанда қаза тапқан.

Қарасақалға Шағырай есімі оның 1710-1715 жылдары Ақтөбенің Жем өзені бойындағы «Шағырай үстірті» маңында туғандығы себеп болды ғой деп ойлай-мын. Шағырай батыр, әрі би болған, өз заманында өмірінің көп бөлігін, құба қалмақтармен, Хиуа, Қоқан хандығы басқыншыларымен, түрікмендермен соғысумен, өмірін жерін қорғаумен өткен. Өмірін ат үстінде жаугершілік-те өткізген батыр әрі қара қылды қақ жарған әділдігімен еліне сыйлы би болған.

Бұл күнде өмірден өтіп кеткен көне көз ақсақалдардың Шағырай батыр әрі би туралы аңызға бергісіз әңгімелері көп болатын. Қазіргі жазылған тарихи кітаптардан Жанқожа батыр заманынан бұрын жаугершілік, соғыс болмағандай ой, түсінік қалыптасқан. Үлкендердің әңгімесіне қарағанда, Мырзакелдіұлы Шағырай батыр немере туысы Еременұлы Итемген батырмен, Май-дан Киікбай батырмен, Бәйбек төртқара Әйтеке би ұлы Өтебаспен, Басықара би, Жақайым Сартай, Жылқыайдар, Жылқыаман батырлармен замандас адам болған. Осы замандас тарихи тұлғалардың ішінде батыр әрі би, есімі ұранға айналған Шағырай батыр тура-лы облысымыздан шыққан тарихшы жазушылардың мәліметтерінің бол-мауы салдарынан осы күнге дейін есімі жарыққа шықпай келеді. Келешек жа-зушыларымызбен тарихшыларымыз алдағы уақытта жоғарыда аталып өткен кемшіліктерді қайталамай, қалпына келтіруге жұмыс жасаса. Аудандық маслихат пен ономастикалық комис-сия ескеріп, жаңадан салынып жатқан көшелерден өзіне лайық бір көшеге есімі берілсе орынды болар еді.

Төлепберген ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ, еңбек ардагері Қазалы ауданы

РУХАНИЯТ

ТАРИХИ ТАНЫМ

(Жалғасы. Басы №№ 7-9 нөмірлерде)

Әңгіме ыңғайына қарағанда, бұл уақиғалар 1572 жылдың ша-масында орын алған сыңайлы. Өйткені әлгі шамада «<...> До-вольный расположением при-знательного народа, свободный от стыда и боязни, Иоанн по воз-вращении в столицу величаво принял гонца Ханского», – делін-ген аталмыш еңбектің 752-бетін-де. Хан деп отырғаны – Қырым әміршісі Дәулетгерей. Елші патшаға хан атынан хат әкелген. Онда Дәулетгерей өзінің Ресей-ге ауыр қол ертіп, елді жаулауға бармағанын, керісінше, пат-шамен бітім-бәтуа жасасуға ғана ниеттеніп келгенін айтып

ақталыпты. Солай дей келіп, одан әрі орыстың әскербасылары Қырым қосындарын жеңдік деп бекер мақтанып жүргендерін, өзі ат тізгінін аттары зорыққан н о ғ а й л а р д ы ң ш а р а с ы з өтінішіне құлақ асып қана кері тартқанын, жалпы өткенде орын алған болмашы қателіктер орыстың күштілігінен гөрі қырымдықтардың басымдығына көбірек дәлел бола алатынын уәждейді. «Екі ел Астрахан мен Қазан үшін қашанғы қырқыса береміз?» – деп хан одан әрі ойын былай өрбітеді: «Бер, еке-уін де маған, сонда мәңгі-бақи дос болып қаламыз. Сөйтсе, мені күнәдан да сақтап қалар едің. Біздің қасиетті кітабымыз бойын-ша мұсылман жұрты кәпірдің қол астында қалмауы керек. Қазына, мал талап етіп отырғаным жоқ. Екі жағымызда Литва мен Чер-кес, тізе қосып қимылдасақ аш болмаспыз».

Хан Астраханды ғана сұрады, алайда, Иоанн ендігі жерде оған жауапты төменшік жүзбен емес, жеңімпаз ретінде қайтарды: «Екі арадағы қантөгістен сақтану арқылы біз осыған дейін өзімнің бауырым Дәулетгерейді есір-кеп келген едім, сөйтсем, түк те есіркей алмаппын. Талап етіп отырғаны ақылға сыймай-тын нәрсе. Жау бетте бүгінде жалғыз жалаң қылыш – Қырым ғана қалды. Ал енді оған өзіміз бағындырған ұлыстарды басы

бүтін қайтарып берер болсақ, Қазанды екінші қылыш, Астра-ханды үшінші қылыш, Ноғайды төртінші қылыш етіп, жауы-мызды көбейтер едік».

Бұдан кейінгі әңгіменің шыл-бырын түпнұсқа тілде жіберейік:

«Девлет-Гирей, отпустив на-конец знаменитого Российского Посла Афанасия Нагого в Моск-ву, желал, чтобы Государь осво-бодил и Крымского, Ян-Болдыя, который 17 лет томился у нас в неволе...» [Н. М. Карамзин. Ис-тория государства Российского. М.: НПФ «РАН», 1993. Т. 9, Гл. 4, С. 752].

Бұл мәліметтен ХVІ ғасырдың орта шенінде Қырым хандығында орыстар тілі келмей Ян-Болдый деп кеткен белгілі мырза (Ка-рамзин оны «Ханский Вельможа» деп атайды) өмір сүргенін, 1565 жылдар шамасында Мәскеуге Қырым ханының елшісі ретінде келгенінде оны орыстардың кейін қайтармай, тұтқын ретінде еріксіз ұстап қалғанын көреміз.

О с ы Я н - Б о л д ы й е л ш і кіріптарлықпен Ресейдің қай мүйісінде тұруы мүмкін?

Көне күндердің куәлік парақтарын ақтарсақ, орыс та-рихында көрші елдерден ама-нат ретінде ұсталған бел-гілі адамдар әртүрлі амал-мен қолға түсірілгеннен кейін ел астанасынан бөгде жер-де ұсталғандары байқалады. Олар кәдуілгі тұтқындай қапас

үйқамақта емес, астанадан аса қашық емес елді мекендерде бүкіл жағдайы жасалған кәдуілгі шартақ-шетендерде өмір кеш-кен. Шыңғысхан заманынан Руське ауысқан «ақ үйлі ама-нат» жорасының сорабы осылай болатын. Тіпті ақ патша Қазақ хандығынан келер қатерге қарсы кепілге ұстаған Ораз-Мухамед сұлтанды Мәскеу жанабындағы Касимовка қаласынан үй-жай салып беріп орналастырғаны белгілі. Атақты Шәміл имам да осы төңіректегі Калугада біраз өмірін өткізді. 1552 жылы Қаһарлы Иван Қазанды алғанда Сафагерей ханның жасағында болған белгілі жауынгер-жы-рау Доспамбет (тарихи құжатта Досмағамбет – Дос-Мухаммед) тұтқынға алынып, Мәскеуге ай-далады. Кейін түрмеден бо-сап шыққанмен, елге қайтуына тыйым салынады. Ысмайыл би 1560 жылы күзде ІV Иванға хат жазып, осы Досмағамбетті боса-тып алған. «Мұса балаларының бірі Досмұхаммед (Досым) Ноғайлының елшілік істерін басқарып, Мәскеуде тұрды, – деп жазады Ә. Сарай. – Оның ұлдары боярлық дәрежеге көтерілген-ді. Орысқа қолға түскен Ноғайлының батыр-бағыландары соның төңірегінде күн өткізіп, жан со-зып жүрді».

Ендеше, қырымлы Ян-Болдыйдың да он жеті жыл бойы тұтқын есебінде тұрған жерін Мәскеу төңірегінен, оның ішін-де осы аймақтағы Болдый ата-уына келетін елді мекендерден іздеу керек.

Орыс әдебиеті тарихымен аз-кем таныс әркім-ақ ондай ныспы-лы жерді бірден-ақ еске түсіре алады: Пушкин десе Болдино, Болдино десе ақын Пушкиннің ойға оралады. Дәлірек айтқанда, қазіргі Нижегород облысының аумағында, Нижний Новгород қаласының оңтүстік-шығысында 170 шақырым жерде жатқан Большое Болдино ауылы бар. Бұл табаны күректей төрт ғасыр бойы Пушкиндер әулетінің ба-сыбайлы меншігінде болған ме-кен. Ауылдың тағаны ХІV ғасырда тартылған. Бұл әскербасы және патша сарайының қарашысы (окольничий) Евстафий Пуш-кинге литвалықтардың 1580 жылы Смоленскіге жасаған ша-буылы кезінде көрсеткен ер-лігі үшін және поляк королі Сте-фан Баториймен арадағы қиын дипломатиялық келіссөздердің түйткілдерін сәтімен шешкен еңбегі үшін Қаһарлы Иван тарапы-нан иелік жер ретінде тарту етіл-ген. 1612 жылы Болдино Дмитрий Пожарский мен Кузьма Мининнің Нижегород жасағына қатысқан еңбегі ескеріліп, Иван Федо-рович Пушкиннің қарамағына көшіріледі. Оның артында мирасқор қалмағандықтан, ен-

шілі жер (поместье) марқұмның бауыры Федор Пушкиннің аты-на жазылады. 1781 жылы Болди-но Александр Пушкиннің иелігі-не көшеді. Ал 1741–1790 жыл-дар аралығында оны болашақ атақты ақынның атасы Лев Пуш-кин қоныс етіпті. Ол өлген соң ауылдың жартысы жаңа шаруа-лы мекенжайымен (усадьба) қоса ақынның әкесі Сергей Львовичке еншіленеді.

Ақынның өзі Болдиноға үш рет келіп, кей жылдары осын-да тұрған. Үйленер алдында соққанында іле-шала тырысқақ індеті өршіп, астанаға қайта ал-май қалады да, күз маусымын осында өткізеді. Әдебиет тари-хына «Болдино күзі» деген атпен енген бірнеше айда ақын «Евге-ний Онегинді», «Белкин повес-тері» топтамасын және «Шағын трагедияларды» аяқтайды. Оған қосымша жаңадан «Коломнадағы үй» өлеңді баянын, ішінде «Бесы», «Безумных лет угасшее весе-лье...», «Рифма», «На перевод Илиады», «Труд», «Прощанье», «Заклинание», «Два чувства див-но близки нам...» сияқты өлеңдері бар отыз шақты лирикалық жырларды төгіп тастайды. 1833 жылдың күзінде екінші рет кел-генінде «Мыс салт аттыны», «Анджело», «Өлі патшайым жайындағы ертегі», «Балықшы мен балық жайындағы ертегі», «Қарғаның мәткесі» поэмаларын, бірқатар өлеңдерін жазып, «Пу-гачев тарихын» аяқтайды. 1834 жылы күзде үшінші мәрте кел-генде аз жазады, бірақ саз жазып, «Алтын қораз жайындағы ерте-гіні» дүниеге келтіріпті. Бүгінде мұнда А. С. Пушкиннің Мемле-кеттік Болдино музей-қорығы ашылған.

Ақынның қаламына қайрат берген Болдино елді мекені Мордва қыраты деп аталатын, орманы мен далалық жері ара-лас өңірде орналасқан. Бағзыда бұл аймақ мордва тайпаларының жері болған. ХІV ғасырмен бел-гіленетін эрзяндар қорымынан табылған айғақтар осыны көрсетеді. «Болдино жеріне орыстардың қай шамада келгені жөнінде дәл мәлімет жоқ», – дей-ді бірқатар зерттеушілер. Алай-да олар бұл маңға 1340 жылдан кейінгі кезеңде аяқ басқан сияқты. Себебі, осы шамада князь Конс-тантин Васильевич Алтын Орда ханының жарлығымен Суздаль-Нижегород ұлы князьдігінің тіз-гінін қолына алып, орыстарды өлкені қоныстануға шақырыпты. Қоныстану үрдісі ХVІІ–ХVІІІ ғасырларда ғана аяқталады. Сол себепті Болдино округінде-гі көптеген елді мекендер дәл осы кезеңде ірге көтерген. Бұдан шығатын қорытынды, Болди-но ауылының қазығы өлкеге орыстар келмей тұрып, олардан әлдеқайда ерте қағылған.

Зерттеушілердің бір парасының пайымдауынша, «Болдино» сөзі мордваша Болдай дейтін кісі есімімен байланысты шыққан. Солай дей тұра, іле-шала Бол-дино ертеде Забортники деп аталғанын, бұл атау жабайы ара балын жинайтын мордва кәсібіне (бортничество) байланысты қойылуы мүмкін екені уәжделеді. Сонда бір халықтың (мордваның) өкілдері бір мекен атауын өз тіл-дерінде екі түрлі атағандарына жол болсын. Зорлықпен жасалған қисынсыз ойдың шеті міне, осын-дай жерлерде кәдімгідей көрініп-ақ қалады.

О б а л ы н е ш і к , о р ы с өлкетанушыларының бірқатары Болдино атауының айдан анық түркілік төркінін аттап кете алмап-ты. Әлгі пікірлер бойынша өңірдің түркілік ескі атауы әу баста «Ель Болдино» түрінде әліптелген екен. Кейін құжаттарға Еболди-но деп қысқарып түскен. 1612 жылға дейін солай аталып келеді де, арада оншақты жыл өткенде әлгі атаудың тағы да «е»-сі түсіп қалып, «Болдино» дейтін қазіргі атына ие болады.

Ель Болдиноның «Ел Болды» яғни «Болдының елі (жұрты)» дейтін мағынадағы топоним екен-дігіне қосымша айғақ жетіп ар-тылады. Әсіресе бұл маңайдағы түркіше жер-су атауларынан көз сүрінеді. Ең алдымен Болдино ме-кені Чеки (Шек) өзенінің саласы Азанның (Азанканың) жағасында тұр. Азан жүйтки ағып отырып Жамалай (Жималейка) өзеніне барып қосылады. Одан әрі Има-лы (Поималей) дейтін сайлы жер кездеседі. Ималыны орысша «қандағаш өскен сай» деп аудара-ды. Болдиноның өзі оң қанатымен Алатор уезінің жерімен шектесіп жатыр. Бұл – бір.

Екіншіден, Болдино өңірі таза егіншіліктің жері емес. Негізінен орман-тоғайсыз, далалы жазық болып келеді. Селоның маңайы боз құмайт пен қара құмайттан тұрады. Ауа райы қоңыржай, қалыпты – континентті. Ақбас жоңышқа, беде, бетеге сынды дала шөптері аса көп. Бір сөзбен айтқанда, күректеп су бөліп, та-наптап жер жыртып қана қоймай, отарлап мал жаюға да әбден қолайы келетін алап. Жергілік-ті өлкетанушылар Пушкин әулеті тұсындағы Болдиноның әлеуметтік жігін саралай келіп, мұнда диқан қауымнан өзге кәсіптің адамдары көбірек кез-десетінін басып айтатыны тегін болмаса керек: «Преобладание бобыльских дворов над крестьян-скими говорит о том, что в то да-лекое время земледелие в жизни болдинцев было далеко не глав-ным, хотя земля и считалась «доб-рой». Больше половины сельчан составляли бобыли, оторванные от земли и занимающиеся ремес-лом, бортничеством и охотой».

Берік ЖҮСІПОВ

ТҰЛПАР ІЗІ ЖОҒАЛМАС

ШЕЖІРЕ

ҚОҢЫРДЫҢ КІШКЕНЕГЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?

Page 6: құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

6№10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жыл e-mail: [email protected]

ДЕРЕК

ТРАМПТЫҢ ТЕГЕУРІНІНЕН ТУҒАН ТЕКЕТІРЕС

САЯСИ САРАПТАМА

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын арасында Вьетнамның Ханой қаласында басталған екінші саммит күтпеген жерден ақырына жетпей аяқталып қалды. Бұған Ақ үй егесінің сұхбатшысынан Пхеньянға жақын жердегі құпия ядролық кәсіпорынды жедел жауып тастау жөніндегі та-лабы әсер еткен сияқты.

Саммит алдын ала келісілгендей, 27-28 ақпан күндері өтті. Бірінші күні әріптестер алдымен еке-уі оңаша сөйлесті де, түскі астан кейін кеңейтілген құрамда жалғастырды. Ал келесі күні саясаткер-лер тет-а-тет жағдайында келіссөз жүргізілген Legend Metropole отелінен белгіленген мерзім-нен көп бұрын кетіп қалды. Тараптардың бірле-се ішетін түскі асы да тоқтатылды. Сондықтан Трамп жоспарлы баспасөз мәслихатын мерзімі-нен біраз бұрын өткізіп жіберді. Осыған орай Ақ үй тараптардың келісімге келе алмағанын ашық

мойындады. The Sunday Times газетінің 3 наурыз күні

жазуынша, екі президенттің өз кездесулерін неге бұлай шолақ қайырғандары КХДР-дың Лондондағы елшілігінің Оңтүстік Кореядан пана тапқан бұрынғы қызметкері Тхэ Ён Хо мәліметінен белгілі болған. Жоғарыда әңгіме Чхоллим қаласындағы уран байыту зауыты жайында бо-лып отыр. Басылымның дерегінше, келіссөз ба-рысында Америка тарапы өздерінің бұл өндіріс орны жөнінде хабардар екенін мәлімдеп, оны жа-буды талап еткен. Мұндай өктем талапқа Ким Чен Ын бас тартумен жауап қайтарған. Содан кейін келіссөз бірден тоқтап қалған.

«Аталмыш зауыттың тұрған жерін Монтерей қаласындағы (АҚШ, Калифорния) Миддлбери халықаралық зерттеу институты ядролық қаруды таратпау орталығының мамандары тапқан. Олар мұны спутниктен түсірілген суреттер арқылы

Қаңтар айының соңғы күндерінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов басқаратын республикалық Жеңіл атлетика федерациясы (ЖАФ) Африкадағы Кения елінің бес спортшысына

Қазақстанның азаматтығы берілгенін хабарлады. Бұл республика туы астына шетелдік саңлақтарды топтастыруға қатысты тағы да алуан мазмұнды пікірталас толқыны туып кетуіне себепкер болды.

Қазақстан спортына қандай табыстар әкеле алады?ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

«СПОРТ ПАДИШАСЫ» СЫР БЕРДІСоңғы жылдарға дейін еліміздің ЖАФ

отандық федерациялар арасындағы кадр проблемасын шешуде мұндай тәсілге бара қоймаған санаулылардың бірі болып келіп еді. Оған сырттан спортшыларға ғана емес, жаттықтырушылар да шақырылған жоқ. Бұл үрдіс 2017 жылдың жазында бұзылды. Сол кезде Өскеменде облыс әкімінің қолдауымен «Алтай» клу-бы құрылды. Оған шетелдерден, – соның ішінде Кения да бар, – бірнеше спорт-шы алдырылды. Ал өткен жылдың көктемінде Даниал Ахметов ЖАФ пре-зиденті болып сайланды. Енді ол Шығыс Қазақстанға әкелінген сол спортшылар-ды ұлттық құрама сапына қосуға пәрмен берді.

Осы жерде Даниал Кенжетайұлының Қазақстанда құрылған, барлық жетістік-терін шет елдерден жеткізілген саңлақтар алып беріп келе жатқан басқа спорт клубының жебеушісі болғанын еске сала кетейік. Әңгіме 2006 жылы ірге қалаған «Астана» велоклубы турасында болып отыр. Сол кезде премьер-министр болып тұрған Ахметов Қазақстан велоспорт фе-дерациясын басқаратын еді.

Жеңіл атлетика әуесқойлары кениялық желаяқтардың өздеріне көрші эфиопиялық әріптестері тәрізді әлемдегі орта және алыс қашықтықтардағы жа-рыстарда дес бермейтін ең жүйрік ат-леттер екенін жақсы біледі. Жалпы, «қара құрлықтың» бұлардан басқа, Су-дан, Сомали және Джибути секілді елдері қосылатын бұл бөлігі жоғары класты «ор-талар» мен стайерлерді ұдайы шығарып тұрады. Бұл үшін соңғы Олимпиада-да олардың 12 медальды, соның ішінде 6 алтын жүлдені жеңіп алғанын айтсақ та жеткілікті. Атап айтқанда, әйелдер 1 500, 5 000 метрлік қашықтықтар мен ма-рафонда алдарына жан салмаса, күміс медальға 10 000 метрде (Ол эфиопиялық спортшыға бұйырды) және кедергілі 3 000 метрде қол жеткізді. Соңғы дис-танцияда Бахрейннің атынан түскен кениялық жүйрік алтын жүлдегер атанды.

Айтпақшы, Бахрейн өткен Азиадада спринтерлерді түгел нигериялықтардан, «орталар» мен стайерлерді Кения мен Эфиопиядан құрап, 12 алтын медаль жеңіп алды. Бұл сан Қазақстан делегациясының барлық Олимпиадаларда алған алтын жүлделерінен асып түседі. Жеңіл ат-летика құрамаларын осындай жолмен жабдықтау бірқатар араб мемлекеттері мен Түркияға да тән... Мысалы, 2016 жылғы Ойындарда түрік құрамасында оншақты кениялық өнер көрсетті. Ке-ниядан шыққандар тіпті АҚШ команда-сында да бар, солардың бірі – Пол Чели-мо 5 000 метрге жүгіруде Риода күміс ме-даль алды. Бұдан бірнеше жыл бұрын Ре-сей Африка елдерінен төрт жүйрік алды-рып, Поволжья дене тәрбиесі академи-ясына тіркеп қойды. Алайда, РФ Жеңіл атлетика федерациясының басшылығы ауысқаннан кейін бұл «жоба» жабылып қалды.

Енді бүгінгі күннің шындығына қайта оралайық. Орта және ұзақ қашықтықтар – Қазақстан құрамасының ең осал тұсы. Ерлер мен әйелдердің 1 500, 5 000 және 10 000 метрлерге жүгірулерінде, сондай-ақ әйелдердің 3 000 метрлік стипль-чезесінде біздің отандастары-мыз тәуелсіздік жылдарында бір рет те Олимпиялық ойындарға жете де ал-

мады. Сөйтіп, халықаралық деңгейде бәсекеге түсуге мүлдем қабілетсіз екен-дерін танытты. Міне, кениялықтар тап осы «тесікті» бітеу үшін алдырылды. Бірақ олар енді Қазақстан азаматтығын алу-лары үшін Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) 2018 жылғы шіл-деде бекіткен бірқатар процедуралардан өтулері керек. Соның ішінде «спорттық азаматтықты» ауыстырған саңлақтың кемінде үш жыл өткеннен кейін ғана сол елдің құрамасы сапында өнер көрсете алатыны айтылған. Дегенмен, Қазақстан федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембековтің пайымынша, «күту мер-зімі бір күннен үш жылға дейін созылуы мүмкін».

Қалай дегенде де, бұл Кения желаяқтарының мүлдем жаңа при-нципті жағдайларда жүргізілетін іріктеу сынақтарынан өтіп, қажетті рейтингілік ұпайларды жинап үлгеріп, 2020 жылғы Олимпиадаға қатысатындарына кепіл-дік бере алмайды. Рас, олардың ара-сында бұл міндетті бірінші сында-ақ шешуге қабілеттері жететін Нора Дже-руто, Каролин Кипкируи секілді қыздар да бар. Олар IAAF белгілеген ең жоғарғы квалификациялық нормаларды бір-ден орындап шығулары әбден мүмкін. Алайда, іріктеу кезеңі аяқталатын келесі жылғы 29 маусымға дейін Қазақстан азаматтығын алып үлгермесе ше? Онда келесі олимпиялық циклды күте ме? Со-лай болған жағдайда мұның біздің еліміз үшін келтірер шығынын кім көтереді?

КЕРІ ӘСЕРДІҢ КЕРМЕГІҚазақстанның әртүрлі құрамалары

сапына сырттан спортшы шақыру керек пе, жоқ па, деген пікірталас төңірегіндегі уәждер мен уәжіптерде көбіне байырқалы әңгімеден гөрі ет қызуымен айтыла салатын көңіл күй ауандары орын алып жатады. Ал егер осы мәселеге таза прагматикалық көзқарас тұрғысынан кел-сек қалай болып шығар еді?

Бұл үшін ең алдымен біздің елімізде спорт жетістіктерінің алатын ролі мен мемлекеттің оны неге қаржыландырып тұратынын пайымдап көрейік. Бірін-шіден, ол өзіндік бір әлеуметтік лифт сияқты: спорттағы жетістіктері арқасында жас қыздарымыз бен жігіттеріміз белгілі бір дәрежедегі материалдық игіліктерге қол жеткізеді, сондай-ақ қоғамда таны-мал бола бастайды, мұның өзі олардың бұдан әрі өмірде орындарын тауып ке-тулеріне мүмкіндік береді. Мұны Оль-га Шишигина, Серік Сәпиев сияқты басқа да «жұлдыздарымыздың» мы-салдары толық айғақтайды. Екінші-ден, атлеттеріміздің Олимпиадалар мен әлем чемпионаттарындағы кезек-ті жеңістерінен кейін әдетте спорт сек-цияларына жазылатын балалар санын күрт арттырып жібереді. Үшіншіден, осы жеңістер Қазақстан азаматтарының көкейлерінде мақтаныш сезімін оя-тып, олардың өз отандарына деген құрметтерін, патриоттық рухтарын арт-тыра түседі. Төртіншіден, халықаралық жарыстардағы жетістіктер еліміздің сырттағы имиджін күшейтуге әсер етеді. Бұл жерде салауатты тұрмыс салты ту-ралы айта алмаймыз, себебі, бұқаралық спортпен салыстырғанда, кәсіпқой спорттың адам денсаулығын керісінше бұзатыны рас.

Енді сол төрт факторды сырттан ал-дырылатын спортшыларға қатысты

қозғап көрейік. Жоғарыда айтылған әлеуметтік лифттің басқа жақтан алдырылған спортшыларға қатысты пәлендей күші жоқ. Себебі, олар мұндағы спорттық жолдарын аяқтағаннан кейін бәрібір өздерінің туған елдеріне қайтады. Тіпті кейбірінің оны аяқтамай жатып-ақ қайтып кетулері де мүмкін. Онда мұның бізге қандай пайдасы бар? Ол біздің өскелең ұрпаққа қандай өнеге бе-реді? Сірә, ешбір тәлім бере алмаса ке-рек. Шетелдіктер жеңістері мысалын-да патриоттық рухты қалай көтерерсің? Бұл да жобаға соқпайды. Қалып тұрғаны тек төртінші фактор ғана. Оның жайын төменде қарастырайық.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, біздің мемлекітіміз Қазақстанның ше-телдердегі имиджін көтеру үшін жыл сайын 50 миллион доллар шамасында қаржы жұмсайды екен. Бұған, әлбетте, ЭКСПО, Универсиада, әртүрлі қаржылық форумдар, әлем діндері лидерлерінің съезі деген сияқты «таза мал шашпаққа» құрылатын өте қымбат жобалар үшін жаратылатын қаржылар кірмейді. Сон-ша шашылғанымызбен, бізге бұлардан келетін пайда өте-мөте аз. Олай бол-са, спорттағы жоғары жетістіктердің әкелетін жақсы жақтары, бұларға қарағанда, әлдеқайда көп. Мұндағы танымалдылық жоғарыда айтылған жиындар атаулының қай-қайсысын да он орайды. Айтқандай, біздің Ресей-ге еріп, Универсиаданың мәртебесін өзіміз үрлеп өсіріп жүргеніміз болмаса, ол беделі мен мәнділігі жағынан күллі әлемде қатардағы жай көп сайыстардың ешқайсысынан аса алмайды. Бірақ сол студенттік ойындар Қазақстанның қазір атын әйтеуір жақсы жағынан шығарып жүрген бірден-бір спорт бәсекесі болып қалып отыр.

Осы орайда Олимпиада жүлдегері атанған Денис Теннің қазасының халықаралық аренада қаншалықты шу көтергенін еске түсіріп көрейік. Бұған, әлбетте, оның нағыз салиқалы жарыстар-да биік тұғырдан көрініп келгені себеп-керлік етті. Осы тұрғыдан қарағанда, шет елдер спортшыларын «жекешелен-

діріп» алудың оншалықты нашар нәрсе де емес екенін сезуге болады. Бірақ біз мұнда қай ел мен құрлықтың спортшы-ларын тартуға болатыны жайлы да ойла-нып алуымыз керек. Егер әңгіме ресей-лік, украиналық, тіпті қытай мен моңғол (қырғыздар туралы айтпағанда) спорт-шылар жайында болып жатса, шет ел-дерде анау айтқандай проблема туа бер-мейді. Айрықша бір фанаттар мен ма-мандар болмаса, олардың бізге кетіп қалғандары үшін қырғын салатында кез-десе қоймайды. Мәселен, өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері па-луан Нурислам Санаевтың шын мәнінде қазақ немесе тіпті қазақстандық та емес, ресейлік тува ұлтының өкілі екенін, дзюдошы Отгонцецег Галбадрахтың – моңғолы қызы, зілтемірші Фархад Харкидің қытайлық дүнған, бессайысшы Елена Потапенконың украин қызы екенін көп адам біле де бермейді.

Бірақ Қазақстан құрамасы сапында Африкадан келген қара түсті спортшы-лар алаңға шыға келгенде, оның былайғы жұрт тұрмақ, өз жанкүйерлеріміз үшін де қалай әсер ететінін ойлап көрдіңіздер ме? Біздің желбіреген көк туымыздың саясында тұрған түстері бөлек кениялық жүйріктерді көрген шетел аудитори-ясы Қазақстанды қалай және қандай әсермен қабылдайды? Бұл біздің функционерлердің әйтеуір бір жетістік-ке жету үшін қандай да бір күмәнді тір-ліктерге бара беретіндерін, олардың бәрін ақшаның күшімен шешуге ұмтылатындарын айғақтап беретін бол-са керек. Біз жоғарыда Санаев пен Гал-бадрах жайлы ойымызды ашық мәтінмен жеткізе отырып, мұның ептеп кешірімді екенін байқатқанымызбен, мұндай айла-амалдың кениялықтар үшін оншалықты оңды болып шыға қоймайтынын айтқымыз келеді. Мұның әсері шынын-да кері әрекеттің кермек дәмін таттыра-ды. Басқасын айтпағанда, оларды біздің өз жанкүйерлеріміздің өзінің қабылдай қоюы қиын.

ЕКІЖҮЗДІЛІКТІҢ ЕРСІ ЕЛЕСТЕРІ Осы жолдардың авторы шетел

спортшыларын Қазақстанның түрлі құрамалары құрамына тартуға қатысты өзінің позициясын бұдан бес жыл бұрын «Операция «натурализация» деп ата-латын мақаласында білдірген еді. Сондықтан оларды қайталап жатқымыз келмейді. Мен басқа нәрсе жайында ай-тайын.

Б і зд і ң ел і м і зд е қа та рд а ғ ы жанкүйерлердің өзінің «легионер» мен «натурализация жасалған» спортшыларға деген көзқарастары екі түрлі стандартты ұстанады. Тұтастай алғанда, жұрт олар-ды басында оншалықты ықыласпен қабылдай бермейді. Ал егер сол спорт-шы ірі халықаралық бәсекеде жеңіс тұғырынан көрініп қайтса, жаңағы көзқарас аяқ астынан өзгеріп, оларды ұлттық батыр деңгейіне дейін апарып қоя салады. Мысалы, Қытайдан кел-ген Майя Манеза мен Зүлфия Чиншан-ло, сосын манағы Санаев және басқалар жөнінде тура осыны айтуға болады. Ал жоғарыда айтылған Каролин Кипкиру, айталық, 2020 жылы Токиоға барып, Олимпиялық ойындардан алтын медаль жеңіп алып жатса, ол қалай қабылданар еді? Мен натурализацияға қарсы болып жүрген кісілердің өзі содан кейін пікір-лерін кілт өзгертіп, Африкадан кел-ген желаяқтарды аспанға көтеріп: «Иә, бұлар – біздің мақтанышымыз, олар Қазақстанның атын әлемге танытты, әнұранын ойнатты» деп масайрап шыға келетіндеріне титтей де күмән келтір-меймін.

Басқаша айтқанда, бізде қоғамдық пікірдің өзі күштілер жағына қарай бұрыла береді. Бәріне де «нәтиже» үстемдік етеді. Осы тұрғыдан келгенде, біз елді алдында даңққа бөлеген кез кел-ген спортшыны кейінгі нашар әрекеттері үшін ақтап алуға әзірміз. Мұны допингпен қолға түсіп қалған Илья Ильин мен басқа да спортшылардың жанкүйерлер ара-сында әлі де қаһарман саналып жүрген даңқтары толық айғақтайды. Сол се-бепті де шетелдік спортшыларды тар-ту жөніндегі пікірде де әзірге біржақты тұжырымды түйін жоқ.

АЛМАТЫ

Жеңіс ДӘРМЕНОВ

АФРИКАДАН КЕЛГЕН «ЖАҢА ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ»

Қаңтар айының соңғы күндерінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов басқаратын республикалық Жеңіл атлетика федерациясы (ЖАФ) Африкадағы Кения елінің бес спортшысына Қазақстанның азаматтығы берілгенін хабарлады. Бұл республика туы астына шетелдік саңлақтарды топтастыруға қатысты тағы да алуан мазмұнды пікірталас толқыны туып кетуіне себепкер болды.

анықтаған» деп хабарлады бұл туралы ТАСС. Қалай дегенде де, екі ел басшысының

бұл жолғы келіссөзі алғаш Сингапурде өткен басқосуларына қарағанда ештеңенің шешіп қарық қыла қоймағанға ұқсайды. Онда 2018 жылдың жа-зында болған алғашқы кездесуде екі мемлекет басшысы біраз мәселенің басын қайырып қайтқан еді. Саммит қорытындысында тараптар бірлес-кен құжат қабылдаған. Соларға сәйкес, Вашин-гтон КХДР-ға қауіпсіздігін қорғауға уәде берген, ал Пхеньян қарусыздану үдерісін одан әрі жалғай беруге ықылас білдірген.

Енді, міне, соның бәрі бір-ақ сәтте көзден ұшқандай әсер қалдырды. Кейін белгілі болғанындай, Ким Чен Ын ядролық нысандардың аздаған бөлігін құртуға келісім берген екен. Бірақ бұл Дональд Трампқа жеткіліксіз көрінген. АҚШ жағы бұған қоса, Солтүстік Кореяға салып отырған санкцияларының бір бөлігін қысқартудан бас тартқан. Соған қарамастан, тараптар алдағы уақытта қарым-қатынастың жалғасатынын ай-тып, бұдан қара аспанды суға алдырудың қажеті жоқ екенін жеткізген.

Шынтуайтын айтқанда, екі жақ Ханойда қадап айтатындай бір келісімге келген жоқ. Бұл кездесудің нәтижесінен жұртты көп нәрсе күтіп еді деуге де болмайды. Екі жақ бірінші күні-ақ бәрін кейін жеткізетін болып барынша құпия ұстады. Алайда, келесі күні таңертең мұндағы тірліктің оншалықты мәз емес екені байқалып қалды. Ба-сында екі жақтың жұмыс ланчы, яғни бірге ауқат ішулері болмайтыны ресми түрде жария етіл-ді. Соңынан лидерлердің ешқандай құжатқа қол

қоймайтыны, бірлескен мәлімдеме жасамайты-ны жеткізілді. Соған қарамастан, олар жұртты істің мұнымен бітпейтінін, келіссөздің алдағы уақытта жалғасын табатынын айтып сендіру-ге тырысты.

Сарапшылар саммиттің бұлай нәтижесіз әрі тез аяқталуына Дональд Трамптың бәрін бел-ден басқысы келгені, өктемдік көрсетуге әрекет еткені әсер етті деген пікірге ұйыды. Осы рет-те Ресей Каргени орталығы «Россия в АТР» бағдарламасының директоры Александр Габу-ев жиын қорытындысының осылай шығатыны алдын ала белгілі болды дегенді алға тартады. «Қазір маңыздысы нәтиже емес, керегі – про-цесс» дейді ол. Әзірге тараптардың ешқайсысы да бір-бірінің айтқандарына көне салмайды.

«Бастысы, 2017 жылғы қыс пен күздегі жағдай болған жоқ (ол кезде Пхеньян ракета-ядролық сынақтар жасаған еді), – деген уәж келтіреді сарапшы бұдан әрі. – Трамп мәселені шұғыл оңынан шешіп, Нобель сыйлығын алуға ынта-лы болып отыр».

Габуев бұл мәселеде Солтүстік Корея тарапы-нан арандатушылық болмайтынына да сенімді. Себебі, бұл ел қазірдің өзінде ядролық қаруы бар деген мәртебені алып үлгерген. Оны әлем мойындады. Сондықтан Ким Чен Ын АҚШ пре-зидентімен тең дәрежеде сөйлескенді қалайды.

«Бұл тұйыққа тірелушілік әлі бірқатар уақытқа созылады деп ойлаймын, – дейді Сток-гольмдегі (Швеция) Корей түбегі істері жөніндегі сарапшы Ли Сан Су. – Трамптың өз елі ішіндегі проблемалары бастан асады, оның Пхеньянға жасаған аздаған жеңілдіктерінің өзі ол жақта да-уыл болып көтерілетін қарсылыққа тап келеді».

Ал КХДР-ға келсек, оның бетінен қайтуы тек санкциялардың әлеуеті азайғаннан кейін ғана басталады. Бірақ бұл жағдай күні ертең бола сал-майды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лав-ров жексенбі күні Кувейттің «Куна» агенттігі-не берген сұхбатында Сирия мәселесін шешуде Астана форумының бұған қарағанда анағұрлым көп міндет атқарғанын қадап айтты.

Сонымен, тағы да әліптің артын бағатын күн туып тұр.

Ержан УӘЙІС, саясаттанушы

Page 7: құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

7№10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жылe-mail: [email protected]

ДЕРЕК

ТАЛПЫНҒАН ЖЕТЕР МҰРАТҚА

АКАДЕМИК ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАР ӨМІРДЕН ӨТТІ

ҮКІЛІ ҮМІТ

Өнерлі Қожабековтер отба-сында дүниеге келген Әнелмен әңгімелесу сәті бізге де түсті.

– Менің анам мен әкем осы Қызылжарма ауылдық округтің м әд е н и е т ү й і н д е жұ м ы с атқарады, – деді ол.– Бірде біздің мәдениет үйіне респуб-ликадан хат келеді. Хатта 2019 жылдың ақпан айының 8-інде Шәмші әндері арасында байқау өтетіні жазылған.

С о д а н а н а м м а ғ а н қатысатынымды айтты. Өзімнің ұстазыммен бірге байқауға Шәмші атамыздың әндерінің ішінен «Дүнген қызына» әнін таңдадық.. Біраз еңбектеніп, талпынып, бар күш-жігерімді са-лып, таңдаған әнімді айтып, да-усымды жаттықтырып дайын-далдым. Байқау үш кезеңнен тұрды. Мен орта буын өкілдері

арасында өтетін кезеңге қатыстым. Республиканың әр облысынан 15 бүлдіршін бақ сынастық. Мен нәтижесінде бас жүлдеге ие болдым.

– Баласы атқа шапса анасы тақымын қысады» деген емес пе, біз де оған қатты алаңдадық. Ақырында небәрі 6-сыныпта оқитын Әнелім 15 талапкердің ішінен оза шауып Қызылорда облысының атын шығарды, – дейді оны анасы Қуаныш. – Бала кезінен өнерге жақын бол-ды, өзімізбен бірге сахналарға алып шығатынбыз. Біздың жанұя өнерлі отбасылардың бірі. Отбасымызбен облысқа

қарасты аудандарға концерт қойып тұрамыз.

Оқуда озат балғынның алда жететін жетістіктері, алатын асулары көп деп сенім арта-ды сынып жетекшісі Сарбасова Айтолқын. Өте алғыр, талант-ты оқушы. Сабағы үздік. Мек-тептегі іс-шараларға қатысып, белсенділік танытып үнемі қатарластарының алдында.

Ән өнерінің құдіреті жай-лы талай ақын жазушылар ой қозғап кеткен. Даусы зор қызымыздың бүгіндегі жетістік-тері тек бұл ғана емес.

ҚЫЗЫЛОРДА

Әбдуәли Қайдар – қазақ халқының тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан айту-лы тұлға, қазақ этнолингвистикасының не-гізін салушы. Ол саналы ғұмырының ба-сым бөлігін тіл білімі саласын дамытуға, ғалымдар даярлауға арнады. Академик тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бас-тап қазақ тілінің мәртебесі үшін қызмет етіп, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының пре-зиденті болды. Белгілі ғалым сонымен бір-ге қазіргі заманғы ұйғыр тілінің дамуына үлкен үлес қосты. Ол бұл салада академик Маловтың лайықты ізбасары атанды.

Ә бд у әл и Қ а й д а р 1 9 2 4 ж ы л ы 1 3 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Талдыбұлақ ауылында туған. 1942 жылы мамырда қазақ орта мектебін және он айлық педагогика курсын аяқтап, өзі сұранып майданға аттанады. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерлігі үшін ІІІ

дәрежелі «Даңқ» (1944), І дәрежелі және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» (1944), екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» (1945) ордендерімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдармен наградталған.

Әбдуәли Қайдар – Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982), Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың ие-гері (1971), Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (ака-демик) мүшесі (1989), Башқұртстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991). Ол А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты этнолингвистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ұйғыртану бөлімінің меңгерушісі болды.

Әбдуәли Қайдардың ғылымды дамы-ту мен ғылым кадрларын даярлаудағы еңбектері үкімет тарапынан жоғары бағаланып, «Халықтар достығы», «Отан» ор-дендерімен, «Құрмет нышаны» (Түркия), «Ана тілінің айбары» алтын белгісімен және 12 медальмен, көптеген құрмет грамотала-рымен марапатталған.

Жатқан жерің жайлы болсын, тіл ғылымының толымды тұлғасы!

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы, белгілі түркітанушы, филоло-гия ғылымдарының докторы, профессор Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар 95 жасқа қараған шағында дүние салды.

ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, табиғи монополияларды реттеу бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облыстық департаменті қорытындысының негізінде, 2019 жылдың 1-наурызынан бастап электр энергия тарифтерінің төмендейтін болған.

Сонымен, бұл бағамдар мынадай:1. Орташа босату тарифі – 16,87 тенге ҚҚС-мен;2. Жеке тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 15,44 теңге

ҚҚС-мен.3. Тұрғындар саны мен тұтыну көлемі негізінде электрп-

литаларын пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін сараланған тариф бекітілсін:

•1 – деңгей 70 кВт*с дейін 1 адамға айына – 14,38 теңге ҚҚС-мен;

•2 – деңгей 70-тен 150 кВт*с дейін 1 адамға айына – 18,54 теңге ҚҚС-мен;

•3 – деңгей 150 кВт*с жоғары 1 адамға айына – 23,17 теңге ҚҚС-мен;

3. Тұрғындар саны мен тұтыну көлемі негізінде электр пли-таларын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін сараланған та-риф бекітілсін:

•1 – деңгей 90 кВт*с дейін 1 адамға айына – 14,38 теңге ҚҚС-мен;

•2 – деңгей 90-нан 170 кВт*с дейін 1 адамға айына – 18,54 теңге ҚҚС-мен;

•3 – деңгей 170 кВт*с жоғары 1 адамға айына – 23,17 теңге ҚҚС-мен;

4. Тұтыну көлемі негізінде жеке тұратын ҰОС ардагерлері және осыларға теңестірілетін мүгедектер, жасы бойынша пенсионерлер үшін сараланған тариф бекітілсін:

•1 – деңгей 100 кВт*с дейін 1 адамға айына – 14,38 теңге ҚҚС-мен;

•2 – деңгей 100-ден 150 кВт*с дейін 1 адамға айына – 18,54 теңге ҚҚС-мен;

•3 – деңгей 150 кВт*с жоғары 1 адамға айына – 23,17 теңге ҚҚС-мен;

5. Тұтыну көлемі негізінде жеке тұратын ҰОС ардагерлері және осыларға теңестірілетін мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер үшін сараланған тариф бекітілсін:

•1 – деңгей 100 кВт*с дейін 1 адамға айына – 14,38 теңге ҚҚС-мен;

•2 – деңгей 100-ден 170 кВт*с дейін 1 адамға айына – 18,54 теңге ҚҚС-мен;

•3 – деңгей 170 кВт*с жоғары 1 адамға айына – 23,17 теңге ҚҚС-мен;

6. Заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 18,17 теңге ҚҚС-мен.

7. Бюджеттік ұйымдар үшін тариф – 24,12 теңге ҚҚС-мен.8. Өзге тұтынушылар үшін тариф – 17,05 теңге ҚҚС-мен.

Елімізде электр энергия тарифтері төмендейді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі

Сондықтан Елбасы Н.Ә. Назарбаев сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі деп көрсетті.

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында қарастырылған. Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру және қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру мәселелері Қазақстанда жүргізілетін жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың қазақстандық үлгісі заң үстемдігі, ашықтық, айқындық және есеп берушілік-ке негізделген мемлекеттік қызметті,құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту және этизациялау арқылы мем-лекеттік биліктің барлық вертикалды жүйесін жүйелі реформалауға бағытталған. Осыған орай, Қазақстан Рес-публикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми-нистрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік кауіп-сіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша Депар-таментінде 2019 жылға бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша түрлі жиындар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Департаменттің мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тек-серу жүргізу кестесіне сәйкес әр басталған кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеріп, заңсыздыққа жол бермеу туралы жиын өткізіп, хаттамасымен танысады. Бүгінде Департамент бойынша құқықтық бұзушылықтар анықталмады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік да-муына кедергі болар басты мәселелердің бірі. Сондықтан, онымен күрес жалқының емес, жалпының жұмысы болуы керек. Яғни, әр қазақстандық ортақ мақсатқа жұмылып, жемқорлықты жоюға өз үлесін қосқаны абзал.

Департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын, мемлекеттік қызметшілердің «Әдеп кодексін» бұзу фактілері орын алған жағдайда хабарлау үшін «Сенім телефоны» 8/7274/264717 жұмыс істейді. Сонымен қатар азаматтардың өтініштері мен жүгінуін жинақтау үшін Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі, №5 мекен-жайында департаменттің арнайы арыз-шағым жәшігі орналастырылған.

Қабылбек ҚЫСТАУБАЕВҚазақстан Республикасы Индустрия

және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік

кауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша

департаменті басшысы

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін бірша-ма деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетел-дік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

Қызылорда қаласындағы Сақтапберген Әжіков атындағы №144 мектептің 6-сынып оқушысы Әнел Қожабек – бүгінде республикалық ән сайыстарында жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген жас таланттардың бірі. Өнері ата-анасынан дарыған бүлдіршіннің жетістік-тері айтуға тұрарлық. Ол таяуда республикалық Шәмші Қалдаяқов әндері байқауында үздік көрініп, бас жүлдемен оралды.

Зибаш ӘЛИ

Ас мәзіріне ерекше көңіл бөлген жөн. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына және де ең бастысы организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигі-зеді. Жасыратыны жоқ, жиі улану тағамға сапасыз, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдерін немесе санитарлық нормалардың бұзылуымен дайындалған және сақталған өнімдерді пайдаланған кезде пайда болады.

Тамақтан улану көбінесе адамның бактерия, ви-рус, саңырауқұлақтар, паразиттер немесе токсин-дермен зарарланған тағамдарды тұтынғаннан бола-ды. Уланудың алғашқы белгілері токсин адам ағзасына түскен сәттен бастап жарты сағат немесе бірнеше сағат ішінде пайда болады. Мұндай жағдайда ағзаға тез ара-да алғашқы көмек көрсету қажет. Себебі, аз уақыт ішін-де ағзаның жалпы улануы болады. Тамақтан уланудың алғашқы белгілері:

жүрек айнуы және құсу; диарея (қан немесе шырыш қосылған

сұйық нәжіс пайда болуы мүмкін); ішек аймағында ауырсыну сезімдері.

Дененің сулы-тұзды қорын қалпына келті-ру үшін көп мөлшерде сұйықтық ішу керек. Уланған соң бір тәуліктен кейін диетаны ұстау қажет. Рационға ботқалар (күріш) және сорпалар кіреді. Науқасқа сүт, ет, балық жеуге болмайды. Ал науқастың жағдайы жақсарған соң, рационға аз мөлшерде пісірілген неме-се майсыз ет, балықтың майсыз сорттары, қышқыл сүт өнімдері және т.б. енгізіледі.

Қазіргі таңда жастар жиі тұтынатын фаст-фуд өнімдерінің зияны өте көп Фаст-фуд тағамдарының құрамында болатын әртүрлі жасанды қоспалар мен химиялық заттардың болуын көпшілік біле бермейді.

Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебурек-тер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екені сізді қызықтырды ма? Осын-дай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың тапшылығына бай-ланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойын-ша тамақтанады.

Фаст-фудтан уланудың себептері: 1. Сақтау талаптарының бұзылуы бұл тез бүлінетін

өнімдер -2 ден +4 оС дейінгі температурада және

72сағатта кем емес уақытта сақталуы керек; 2. Аспаздың қолындағы жаралар тіпті аспаздың

саусағындағы кішкентай жара, келушілердің жалпы улануына әкеліп соқтыруы мүмкін.

3. Асты ішер алдында жеке бас тазалығын сақтауды ұмытып кеткен боларсыз, сірә?

Фаст-фудтан улануға жол бермеу үшін мұндай уланудың тиімді профилактикасы – саламатты, табиғи қауіпсіз тағамды таңдап, мұндай тағамдардаы пайдаланудан бас тарту қажет. Егер дұрыс тамақтанбасаңыздар, өте тез әрі кең қолданылатын тағамдарды сатып алу кезінде бірқатар маңызды заттарға назар аударған дұрыс:

қажетті санитарлық – гигиеналық тексеру-лерден өтетін жеткілікті ірі және белгілі сату орында-рын таңдау;

үй-жайдың, үстелдің, ыдыстың, қызмет көрсететін персоналдң қолы мен жұмыс киімінің тазалығына назар аудару;

сатып алынған тамақты бүліну, ластану,дұрыс емес дайындалуына белгілерін анықтау үшін мұқият қарап-тексеру

Ас адамның арқауы болғандықтан біз тағамдарды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пай-далану мерзіміне қарағанымыз жөн.

Міне сол кезде ғана көптеген аурулардың ал-дын аламыз. Сондай-ақ, жас қыздарға да дұрыс тамақтанудың пайдасы мол екенін атап өткен жөн. Адамның беті – ішкі жан-дүниесінің айнасы ғана емес, денсаулықтың да көрінісі.

Салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтанып, ауырмайтын жол іздейік.

Жаннұр ЖАҚСЫЛЫҚҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы»

ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Жалағаш аудандық

бөлімшесінің зертханашысы

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕЙІК

Елбасы халыққа жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың мықты болуы туралы айтқан болатын.

«Сапалы тамақ – денсаулық кепілі» - демекші, адамзат өзін-өзі күтіп, дұрыс тамақтануы қажет.

ҚҰТТЫҚТАУ!

Сізді бүгінгі мерейлі 70 жасқа толуыңызбен құттықтаймыз. Бүгінгі мерейлі жасыңызға ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз. Жас ұрпақтың білімін шыңдаудан басталған еңбек жолыңыз бүгінде жемісті жалғасын тауып келеді. Сондықтан да, сізді өзіңізден кейінгі буынға ұлағатты үлгі көрсетіп келе жатқан зиялы тұлғалардың бірі деп бағалаймыз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін! Сіз тәлімгер тұлғасыз. Қызметтегі та-быс пен ұжым алдындағы абырой-беделдің тара-

зысын тең ұстай білудің төркіні сергектік пен құзыреттілік екенін үйреттіңіз. Жас мамандар үлгі тұтатын, ұрпақтарыңызға мақтаныш бо-лардай дара жолыңыз қазыналы ардагерлікке алып келді. Жұбайыңыз екеуіңіз шуақты шаңырақ ас-тында тәрбиелі ұл-қыз өргізіп, үлкен әулеттің қасиетті төріне айналдыңыздар. Сіздерге мықты денсаулық, қажыр-қайрат, отбасыңызға бақыт пен береке, немерелер мен шөберелердің қызығын тамашалайтын ұзақ ғұмыр тілейміз. Асқар бейнеңіз әрдайым құрмет пен абырой биігінен көрінсін.

Құттықтаушылар: Егіншібаевтар әулеті.

Құрметті Зейнолла Дауылбайұлы !

Page 8: құтты болсын! ЕЛ ТIЛЕГIgazeta-eltilegi.webpress.kz/storage/c7/c73925ae56d21e... · 2019-04-05 · сондай-ақ өздерінің ұлт дәстүрі жөнінен

8№10 (606) Сәрсенбі 6 наурыз 2019 жыл e-mail: [email protected]

ТАНЫМ

Бәрекелді!

Имандылық иірімдері

«ЖАРАСЫМДЫ ЖАНҰЯ» №1(91) ҚАҢТАР 2019

Республикалық «Жарасымды жанұя» журналының кезекті саны шықты. Журналдың жаңа саны жағымды жаңалығымен, танымдық ақпаратымен, cүбелі сұқбат пен қызықты әңгімелерімен сүйікті оқырмандарына жол тартты. Сондай-ақ, журналдың жаңалығы: «Motivation», «Әріптер әлемі», «Болашақ бүгіннен...» секілді жаңа айдарлар қосылды.

Меншік иесі: «Эврика Пресс Қызылорда»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Анар ЕгіншібаеваАҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫӘбілбай Садықбеков, Данияр Сұлтанбеков,

Рысбай Кәрімов, Зинабдин Шермағамбетов,

Ібайдулла Тілеп

Серік ПІРНАЗАР

Гүлдана БЕКЕНБАЕВАЗибаш ӘЛИ

Гүлжайна МҰРАТҚЫЗЫ

Бас редактор

Тілшілер

Дизайнер

Газет Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі,

Ақпарат және мұрағат комитетінде қайта тіркеліп, 2017 жылдың 14 сәуірінде есеп-ке алу туралы №16459-Г куәлігі берілген.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, беттелді. «PRINT»

баспахансында басылды. Қызылорда қаласы

Байтұрсынов көшесі, 49 үй.Телефон: 27-61-62

Қолжазба өңделеді және авторға қайтарылмайды

Жарияланымдар газеттің түпкілікті көзқарасын білдірмейді

Газет бетіндегі жарияланымдардың позициясы мен фактілері үшін редакция жауап бермейді

Газетті тасымалдауға «Евразия Пресс» ЖШС Тел: 27-85-75

және «Казпошта» АҚҚызылорда облыстық филиалы жауапты

Тел: 23-54-91

E-mail: [email protected]Электронды нұсқасы: https://gazeta-eltilegi.webpress.kz

Газеттің басылу сапасына жауапты «PRINT» баспаханасы

Газет әр аптаның сәрсенбі күні жарық көреді

Республикалық «Ел тілегі» ақпараттық-танымдық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа

менеджіменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған

Алғашқы есепке қою кезіндегі нөмірі мен мерзімі

№8729-Г, 19.10.2007 ж.

Редакцияның мекен-жайы:

Қызылорда қаласы, Д.Қонаев көшесі 10«а»

Телефон: 30-27-17

Индекс 66503Таралымы 6000 дана

Жауапты хатшыЖансая ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Директор«Ел тілегі» газетінің

редакциясы

ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қызылорда гуманитарлық заң және тех-қ

колледжі

Наурыздың 1-і күні Еуро-парламенттегі Латвия өкілі Ан-дрей Мамыкин оның аясында ұйымдастырылған «Алпамыс батыр» жырын оқу эстафетасын жалғастырып әкетті.

Латыш депутаты осыған б а й л а н ы с т ы э с та ф е та н ы қазақстандық журналист Жанат Эрнстен қабылдап алған екен.

Бұл турасында берілген ақпарда депутаттың жырдан үзінді оқып сәтін көрсететін бей-нежазба бірге ұсынылған.

Онда Андрей Мамыкин:«Сонда Алпамыс сөйледі, Ашыса жаның Гүлбаршын.Жолама менің қасыма,Нелер келіп, не кетпес,Ер жігіттің басына», – деп

дүрілдеп тұр. Өзінің қалап алған жолдарын

жатқа айтып берген ол сосын эстафетаны Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкоға ұсынды.

Айта кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы Ал-маты қалалық ішкі саясат басқармасының тапсырысы-мен жүзеге асып келеді. Оның өткен жылғы жарысында бірінші орынды Алматыдағы №180 орта мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Абсатар жеңіп алып, 1 500 000 теңге сыйақыға қол жеткізді.

А л б и ы л о қ у ш ы л а р «Қобыланды батыр» жырын оқып жарысады.

ЛАТЫШ ДЕПУТАТЫ

Қазақстанда басталған «Тұлпар мініп, ту алған» ұл т т ы қ жо б а с ы н ы ң жаңғырығы Еуропаға да жетті.

Гүлдана БЕКЕНБАЕВА

Ислам дініне қатысты мифтердің ішінде «Құрма ағашының боздауы» деп аталатын мынадай әңгіме бар.

Пайғамбар хұтпаны қурап қалған құрма ағашына сүйеніп оқитын еді дейді. Бір күні сол ағаш пайғамбар бастаған сахабалар кел-генде боздап қоя беріпті. Дауысы буаз түйенің боздауына ұқсайды екен дейді. Ол дауысты сол араға жиналып қалған сахабалардың барлығы (басқа ұлт адамдары болмаған) естіпті. Бірер мәрте боз-дап тына қалмапты, тоқтаусыз боз-дай беріпті. Боздауын қоймаған соң пайғамбар жанына жақын барып, сипап жіберсе, әлгі байғұс ағаш дереу жұбанып, боздауын қоя қойыпты. Осы оқиғадан «құрма ағашының өзі пайғамбарымызды сонша жақсы көретін еді» деген қорытынды шығарады. Оның сыртында «егер қураған ағаштың өзі пайғамбарды сонша жақсы көретін болса, біз – адамдар пайғамбарды қалай жақсы көрмейміз, қайта одан сай-ын жақсы көруіміз керек» деген ой жасырын тұр. Осы ойды тірілте түсу үшін «ағаштың боздаған дауысын естіген сахабалардың көздерінен жас парлап тұрды» дегенді қосады. Әнәс бин Мәлік деген хазіреттің ау-

зына «Мешіттің өзі оның боздауынан теңселіп кетті» деген сөзді салып, тіпті әсерлендіре түседі. Пайғамбар болса, «егер мен оны сипамасам, ол маған деген сағыныштан қияметке дейін боздап тұрар еді» депті. Көрдіңіз бе, арабтар тіпті ол ағашты боздатып қана қоймайды, оған сағына алатын сезім үстейді.

Пайғамбар қураған ағашқа қарап: «Сені бұрынғы бақшаңа қайта отырғызайын ба, әлде жұмаққа отырғызайын ба?» деп сұрапты. «Мені жұмаққа отырғыз, – депті құрма. – Бірақ ескіріп шірі-

мейтін жерде болайын». Ағашқа жай айтқыза салмайды, шартын қоса айтқызады. «Ағаштың бұлай сөйлегенін жалғыз Пайғамбар емес, сол арада тұрғандардың бәрі түгел естіді» деп, куәлерді көбейтіп аяқтайды әңгімені. Сөйтіп қураған ағашты боздатып қана қоймайды, оны адамша сөйлетеді де.

Осы әңгімеге дінге ұйыған көпшілік риясыз иланады. Ай-тар ойды образдап, бейнелеп түсіндіргеніне емес, кәдімгі түйенің боздағанына қалай иланса, қурап қалған ағаш та дауыс шығарып,

түйеше боздапты деп иланады. «Қураған ағаш боздайтын ба еді?» десең, «Алланың құдіретінде шек жоқ» деп, таласа кетуі мүмкін. Мей-лі, не десе де, мен қураған ағаш түйеше боздады дегенге илана алмаймын, ойдан шығарған аңыз деп қабылдаймын. Көркем әдебиеті күшті дамыған арабтар адамның жүрек қылын шертерліктей неше қилы әңгіме тудырып, оны дінмен байланыстырып, аңғал адамдарды нандырып тастаған.

Иланбайтын себебім, басқа жұрт та қазақтың Шалқұйрығы (Ертөстіктің тұлпары) мен Керқұласы (Кендебайдың аты) сөйледі дегенге сенбейді? Егер аузы бар қазақтың тірі жануарының сөйлегеніне жұрт сенбесе, неге мен арабтың қурап қалған қу ағашының боздағанына сенуім керек? Басқа жұрт былай тұрсын өзіміздің әдебиеттанушылар ертегінің дәл осы жерін миф дейді, ертекшінің қымызға тойып, масай-ып алып, өз жанынан қиялданып, болмасты болды ғып айтқаны дейді. Сөйтеді де, қурап қалған құрманың боздағанына сеніп отырады. Сон-да Шалқұйрық пен Керқұла аттың сөйлегені өтірік те, қурап қалған ағаштың боздағаны шын болғаны ма?

М е н Ш а л қ ұ й р ы қ п е н Керқұланың сөйлегеніне сенумен бірге, Керқұланы қазіргі мобилді бай-ланыс – қалта телефоны идеясының авторы деп танимын.

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ

ҚУРАҒАН АҒАШТЫҢ БОЗДАУЫ МЕН ШАЛҚҰЙРЫҚТЫҢ СӨЙЛЕУІ...

Тәмсілдер тәлімі

ТӘУІП ПЕН ШАХ

Кездесуде екі голды да соққан Жуниор Ка-бананга қаһарман атанды. Ол алғашқы добын 7-минутта түсірді. Ал 66-минутта екінші рет шабуылды нәтижелі аяқтады.

Бұл алматылықтардың жаңа бас жаттықтырушысы Алексей Шпилевскийдің өткізген ресми матчы болды.

Еске сала кетейік, «Астана» осымен төртінші мәрте Суперкубокты жеңіп алды. Ол бұған дейін 2011, 2015 және 2018 жылдары биіктен көрініп еді. Ал трофейді екі рет ұтқан «Қайрат» қатарынан екінші жыл ұтылып қалып отыр.

Қазақстан чемпионатының премьер-ли-гасы келесі аптаның демалыс күндері жаңа маусымды ашады.

Ресейдің Красноярск қаласында басталған Универсиадада Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы медаль түсті. Оны шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова жеңіп алды.

Жанбота екінші финалдық сайыста 79,38 балл жинап үшінші сатыдан көрінді. Бірінші орынға беларусьтік Александра Романовская (100,29) шықса, екінші орынға ресейлік Лю-бовь Никитина (91,29) табан тіреді.

Тағы бір қазақстандық спортшы қыз – Аяна Жолдас төртінші орынға орналасты.

Сүйінші!

УНИВЕРСИАДАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ

Біздің форвард «Левски» ко-мандасында жыл соңына дейін жалға алу құқығымен ойнайды. Келіссөздер қысқы трансфердің соңғы күні аяқталып, 28 ақпанда жабылды. Қыста софиялық клуб-ты «Ордабасының» бұрынғы жаттықтырушысы Георги Де-рменджиев қолға алған еді.

Еркебұлан Сейдахмет болгар клубының ойыншысы ретінде алғашқы сұхбатын да берді.

«Барлығы өте жақсы, – деді ол. – Мен «Левскиге» кел-геніме қуаныштымын. Оның

Болгариядағы ең танымал клуб екенін білемін. Негізінен ша-буылшымын, бірақ екі қапталда ойнай беремін. Жаттықтырушы қайда қойса, сонда ойнаймын. Тіпті қорғаушы позициясында ойнауға дайынмын. Нанымды адал тауып, клубтың даңқын арттыруға бар күшімді саламын. Мен әртүрлі финттер жасап, әдемі голдар-ды көп соғып, жанкүйерлеріме қуаныш, ләззат сыйлағым келеді. Біздің командамыздың жалғыз мақсаты – чемпиондық».

Еркебұлан «Тараз» коман-

дасы сапында ойнаса, кейін Ре-сей премьер-лигадағы «Уфаға» ауысқан еді.

«Левски» 23 турдан 48 ұпаймен чемпионатта екінші орында тұр. Команда чемпионаттың қайта жалғасуындағы бірінші матчын 3 наурыз күні Софияның тағы бір жасағы – «Славиямен» өткізді. Бұл ойынға Сейдахмет қатысқан жоқ. Ол запастағы ойыншылар арасы-нан да көрінбеді.

Дегенмен, Еркебұланның алда өзін танытатынына сенгіміз келеді.

ФУТБОЛ

ЕРКЕБҰЛАН ЕУРОПА ЕРНЕУІНДЕ

Ертеде бір шах бар еді. Сол бір күні сырқаттанып қалды. Нөкерлері жер-жерден тәуіптер алдырып, патшаны емдете бастады. Бірақ қартайып қалған билеушіге ем қонбады.

Ағып айлар, жылжып жылдар өтті. Ал төсекке таңылған әмірші орынан тұрар болмады. Кезінде талай жерді жаулап алған сардар еді, енді көлденең келген кеселдің алдында дәрменсіз болып шықты.

Бір күні өзінің жатысынан түңілген шах мұның бәріне емдеушілер кінәлі деп тауып, олардың бәрін өлтіруге пәрмен берді.

Көңілсіз күндер бұрынғысынша өтіп жатты. Күндердің күнінде шах бас уәзіріне былай деді:

– Уәзірім, есің де, сен маған «назар салуыңа арзымайтын бір тәуіп қалды» деп едің ғой. Оның кім еді?

– Иә, ондай адам бар. Жақын жерде тұрады. – Емдей ала ма?– Емдейді. Бірақ берекесіз біреу. Бейәдеп. Өте мәдениетсіз. Аузын ашса,

боқтық борайды. Таяуда ол «патшаны қалай емдеуге болатынын білем» деп еді.

– Онда неге маған айтпадың?– О, әміршім, мен әкелер едім, бірақ сен оның бейәдеп тірлігі үшін менің

басымды аласың ғой.– Алмаймын. Ант ішемін. Әкел сол тәуіпті.Бас уәзір сол бойда шауып барып, айтылған тәуіпті алып келді. – Сен мені емдей алады дейді ғой. Сол рас па? – деді патша оған келген

бойында.– Менің емдей алатын-алмайтынымда сенің шаруаң болмасын! Сен

менің патша бола алатын-алмайтыныма күмәндана бер, бірақ тәуіпшілікте нең бар? Кәрі қақпас, сен одан не білетін едің!

Бүкіл өмірінде бір адамнан мұндай естіп көрмеген әмірші өз түкірігіне өзі қақалып қала жаздады.

Жасауыл сарбаздары көргенсіз тәуіптің қолын артына қайырып, алып бара жатты.

Шығар есіктің аузына барғанда емші жігіт артына бұрылып:– Әй, мен сенің ең соңғы үмітіңмін. Мені өлтірсең, сені емдейтін ешкім

қалмайды. Бәрін өзің құрттың! Ал сен сені бүгін-ақ табаныңнан тік тұрғызар едім, – деді.

Осыдан кейін дереу ақылға келіп, сабасына түскен шах жасауылды тоқтатып:

– Бері қайтарыңдар, – деді. Бірақ тәуіп патшаның алдына келгеннен кейін, емдеп шығару үшін ал-

дымен өзінің үш шарт қоятынын айтты.– Ол қандай шарт? Айт, – деді әмірші. – Бірінші, нөкерлеріңе пәрмен бер, қақпадан шығар есіктің аузына

патшалықтағы ең жүйрік атты ерттеп қойсын. – Жақсы. Айтқанын орындаңдар! – деді патша. – Егер мені жазып

шығарсаң, саған алтын қаптар артылан қырық атты да сыйға тартамын. – Ол сосын... соңыра. Осының артынша. Екінші, мен сені емдеп жатқан

кезде сарайда бір тірі пенде болмасын.– Бұл не үшін тағы?– Себебі, емдеп жатқан кезімде бір жеріңді ауыртып алуым мүмкін. Сен

айқайлайсың. Ал бұлар сенің осал жеріңді көрмеуі керек.– Бұл да дұрыс екен. Үшінші шартың қандай?– Үшінші, қызметшілерің ем кезінде қанша шақырсаң да келмейтін бол-

сын.Патша үш шартты да қабыл алды. Сарайда бұлар екеуден-екеу қалды.Сол кезде шах:– Баста! – деді.– Нені бастайын, кәрі есек?! – деді сонда бұған тәуіп. – Кім сені емдейін

деп жатыр? Мені емдей алады деп кім айтты саған?! Сен менің қақпаныма түстің, айуан! Енді мен сенен бүкіл халықтың кегін алам. Осы сәтті көптен күтіп жүр едім, ақыры сәті түсті. Осыған байланысты менің үш арманым бар еді. Біріншісі – сенің мынау ұятсыз танауыңа түкіру!

Осыны айтты да, емші қатты күшеніп тұрып, патшаның бетіне түкіріп жіберді.

Әмірші өзінің қазір бұған қарсы ештеңе істей алмайтынын ойлап, қудай болып қуарып кетті. Мұндай арсыздықты бұрын ешқашан көрмеген ол қаны басына шауып, жатқан жерінде басы мен мойнын қозғап, қимылдай бастады.

– Ей, шірік бөрене, кәрі сасық ит, сен қозғаласың ғой тағы! Тфу, саған тағы бір рет! Қарай гөр, жұрттың бәрі өлместің күйін кешіп жүр, сен болсаң, қазынаның бар байлығын үйіңе тасып бітірдің. Сондықтан менің екінші арманым сенің басыңнан бастап, аяғыңа дейін дәрет сындыру еді.

Соны айтқан тәуіп шалбарының бауын ағыта бастады. Қауқарсыз патша қалай қозғалақтағанмен, бұл жазадан да құтыла алмады. Ол ашынғаннан төсегінен жерге құлап түсті.

– Менің үшінші арманым!Патша арсыз тәуіптің үшінші арманын естігенде, жараланған аңдай

ыңырсып қоя берді. Ол бар күшін салып, еңбектеп қару-жарақтары тұрған жерге қарай жылжыды.

– Шабамын, басыңды аламын! – деп айқайлады патша. – Өз қолыммен пәршек-пәршек етемін!

Осыны айтқан шах ақырын орнынан тұрып, қабырғадан ұстап, қару-жарақ жәшігіне жетті. Қалтыраған қолымен қылышын алып, артына бұрылса... ешкім жоқ екен. Тәуіп табанын жалтыратып үлгеріпті.

Патша бұдан кейін ақырын жүріп, есіктің алдына шықты. Сол кезде оның бойынан ұлы қолбасшының жауынгерлік рухы қайта оянды.

– Қайда ол? – деп бақырды әмірші таяу маңда тұрған қызметшілеріне.Олар дауыстап сөйлеуге қорқып, қақпа жақты көздерімен көрсетті. Сөйтсе, емші сол жерде тұрған сәйгүлікке мініп, жаңа ғана кетіп қалған екен.Патша дереу бір ат алдыртып, үстіне секіріп мінді де, тәуіптің соңынан қуа

жөнелді. Ол шапқан сайын бойына күш құйылып келе жатқанын байқады. Шапқан сайын жаны кіре бастағанын сезді.

Бір кезде оған: «Құдайым-ау, сенің атқа отырмағаныма да он жылдан асыпты ғой. Он жылдан бері аттың жалын көрмеппін. Он жыл ат үстінде маңдайымды желге сүйдірмеппін», деп ой келіп, жылап жіберді.

Кенет арт жағынан жақындап қалған аттар тұяғының дүрсілін естіді. Қараса, өзінің уәзірлері мен сарбаздары бір қауым болып шауып келе жатыр екен.

Олар:– Жасасын әмірші! – деп жаңғырықтыра айқай салды.Сарбаздар шауып жеткенде, топырақты құшақтап жатқан патшаны көрді.– Ой, оңбаған тәуіп! Ах, сен күшік! Сен бір керуен алтын алатындай еңбек

сіңірдің маған! – деп күліп жатты патша.Серік ҚОЖАМҚҰЛҰЛЫ.

ФУТБОЛ

«АСТАНА» – СУПЕРКУБОК ИЕСІ

Болгарияның «Левски» клубыың ресми сайтында Қазақстан құрамасының 19 жасар шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметпен келісім-шартқа қол қойылғаны туралы жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Наурыздың 3-і күні Алма-тыда футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін жергілікті «Қайрат» пен «Астана» ара-сында бәсекелік ойын ойналды. Матчта елордалықтар 2:0 есебі-мен жеңіске жетті.

Сүйінші дана!

Алматыдағы «Атамұра» баспасынан қазалылық ақын Сағыныш Мұхитқызының (Өтеулиева) «Сырұя» атты тұңғыш жыр жинағы жарыққа шықты. Онда ұстаз ақынның өмір жай-лы толғамдары топтастырылған.

«СЫРҰЯ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Бөл

імд

і дай

ынд

аған

Дам

ир Қ

ОЖ

АМ

ҚҰ

Л

Журналдың жаңа нөмірі