15

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

  • Upload
    hanhan

  • View
    278

  • Download
    19

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының
Page 2: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Назарбаев Университетінің негізгі ерекшеліктері: заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік, академиялық адалдық, оқуға түсу және одан әрі оқу үшін қойылатын қатаң академиялық талаптар, оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі - ағылшын тілі, бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау, сонымен қатар халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы.

ПАЙЫМЫҚазақстанды және әлемді дамытуға және өркендетуге қажетті ғалымдарды, мамандарды, жетекшілер мен кәсіпкерлерді даярлау.

МИССИЯСЫҚазақстанның жоғары білім беру және ғылым жүйесінде реформаларды жүргізудің моделі болу және Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы болып қалыптасуына үлес қосу.

• Питтсбург Университеті (АҚШ) • Уорвик Университеті (Ұлыбритания)• Висконсин Мэдисон Университеті (АҚШ)• Аргон ұлттық зертханасы (АҚШ)• Берклидегі Лоуренс Ұлттық Зертханасы (АҚШ)

• Питтсбург Университетінің Медициналық орталығы (АҚШ)

• Кембридж Университеті (Ұлыбритания) • Колорадо Тау-кен ісі мектебі (АҚШ) • Дьюк Университеті (АҚШ) • Сингапурдың Ұлттық Университеті (Сингапур)

• Лондонның Университеттік колледжі (Ұлыбритания)

• Пенсильвания Университеті (АҚШ)

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫІ мақсат. Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық.Назарбаев Университетінің тәжірибесін Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына таратуды қамтамасыз ету.ІІ мақсат. Академиялық көшбасшылықАкадемиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау арқылы Назарбаев Университетінің миссиясына қол жеткізуІІІ мақсат. Ғылыми көшбасшылықӘлемнің озық ғылыми және зерттеу орталықтарымен әріптестікте әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүйесін қалыптастыруІV мақсат. Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің моделін құруҚазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі қызмет көрсету моделі ретінде Назарбаев Университетінің денсаулық сақтау жүйесін құруV мақсат. Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізуҚазақстандағы инновациялардың негізгі қозғаушы күші болу және Астананың инновациялардың өңірлік орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосу.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕР

Ашылуы: 2010 жылғы маусым Орналасқан жері: Астана, Қазақстан

Page 3: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

4 5

Назарбаев Университеті ашылған сәтінен бастап Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың ірі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі ретінде қызмет етуде. Университет эксперименттік алаң болып табылады, оның табысты нәтижелері еліміздің жоғары білім беру жүйесіне таратылады.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНазарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі (ЖББМ) халықаралық әдістерді қолдана отырып, Қазақстан мен Орта Азияның білім беру саясатына ерекше назар аударатын, әлемдік деңгейдегі ғылыми және білім беру орталығы ретінде қалыптасуға бағытталған.

Оқу бағдарламалары:Мамандандырудың үш саласындағы «Білім берудегі басқару» магистратура бағдарламасы: мектептегі білім, жоғары білім, инклюзивті білім беру

• «Көп тілді білім беру» магистратура бағдарламасы• Білім берудегі докторантура бағдарламасы

Докторантура бағдарламасының алғашқы 9 түлегі 2017 жылдың жазында дипломдарын алды

ЖОҒАРЫ БІЛІМ РЕФОРМАСЫЖББМ Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында НУ тәжірибесін таратуда маңызды рөл атқарады. ЖББМ біліктілікті арттыру курстарын өткізу арқылы жоғары оқу орындары басшыларының әлеуетін жетілдіруге өз үлесін қосуда. 2013-2016 жылдар аралығында Қазақстанның ұлттық және өңірлік жоғары оқу орындарының 300-ден астам басшылары негізгі мақсаты жоғары білім берудегі өзгерістердің кешенді процесін басқаруда көмек көрсететін тренингтерге қатысты. Біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысқандар:

• ЖОО-лардың басшылары• ЖОО-лардың Басқарушы кеңестері• ЖОО-лардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері• Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері.

Тренингтер:ЖББМ Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлеріне жүйелі түрде тренингтер, семинарлар мен шеберлік сабақтарын мына тақырыптарда өткізеді: оқытудың интерактивті әдістемелері, зерттеу әдістері, сыни педагогика, ғылыми мақалаларды жариялау, академиялық ағылшын тілі. Қазақстанның 13 қаласында өткізілген тренингтерге 1200 тыңдаушы қатысты.

АК

АД

ЕМИ

ЯЛ

ЫҚ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

ҚА

КА

ДЕМ

ИЯ

ЛЫ

Қ К

ӨШ

БА

СШ

ЫЛ

ЫҚ

стр

ате

гия

жаңа оқу бағдарламасы

біл

ім б

ер

у

НЗММектеп

БҒМ

орта білім беру

біліктілікті арттыру

ЖББМ біл

ім б

ер

у ү

де

ріс

і

зер

ттеул

ер

ғылым

мұғалімқолдау көрсету

қол жеткізу

көшбасшылық

көп тілді меңгеру

магистратура бағдарламасы

педагогикалық

теория

тəжірибелік үйретуҒылым жəне технологиялар мектебі

оқу

зе

ртх

ан

ас

ы

пəндік мұғалімдер

əріптестік

студенттеруниверситет

пəндік мұғалімдер

ОРТА БІЛІМ РЕФОРМАСЫ – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН ӘРІПТЕСТІКНазарбаев Университеті туралы ортақ заңға сәйкес қызмет атқаратын Назарбаев Зияткерлік Мектептерімен (НЗМ) Назарбаев Университеті тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Назарбаев Зияткерлік Мектептері (НЗМ) Қазақстанның мектептерінде орта білімнің мазмұнын жаңарту бойынша реформасын бастап келеді. 2016 жылы жаңа оқу жылының басында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) еліміздің жалпы білім беру мектептерінде НЗМ-нің бастауыш сынаптарға арналған бағдарламасын енгізе бастады, осы арқылы НЗМ реформаларының ауқымын күшейтті. ЖББМ ғылыми зерттеулер және мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары саласында НЗМ-мен ынтымақтасады, сондай-ақ орта білімнің мазмұнын жаңарту бойынша реформаларды іске асыруға қолдау көрсетеді.

2013 жылдан бастап ЖББМ-нің магистратура бағдарламалары бойынша НЗМ-нің 111 мұғалімі білім алды, сондай-ақ заманауи педагогикалық теория мен оқытудың практикалық әдістерін зерттеу мақсатында 100 мұғалім біліктілікті арттыру курстарына қатысты.

2017 жылы Назарбаев Университеті Ғылым және технологиялар мектебінің 2 апталық тренингтері мен зертханалық практикумдарына НЗМ-нің 140 пәндік мұғалімдері қатысты.

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сұрауы бойынша Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (NUSOM) елімізде медициналық білімді жаңғырту, озық тәжірибе алмасу және NUSOM тәжірибесін тарату мақсатында 6 медициналық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты орнатты.

Осы ынтымақтастықтың шеңберінде Қазақстанның 6 медициналық жоғары оқу орындарының әр деңгейдегі 72 басшысына арналған тренингтер ұйымдастырылды. Медициналық ЖОО-лар NUSOM-ның халықаралық әріптес жоғары оқу орнымен ынтымақтастық моделін қабылдай бастады. NUSOM Денсаулық сақтау министрлігінің және еліміздегі медициналық университеттердің стратегиялық консультанты болып табылады (19-бетті қараңыз).

4 5

Page 4: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

6 7

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУНазарбаев Университетінің негізгі институционалдық міндеттерінің бірі озық тәжірибені тарату болып табылады. Осы мақсатта НУ тұрақты негізде тренингтерді және оқыту семинарларын ұйымдастырады, сондай-ақ жыл сайын өткізілетін Жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумының шеңберінде қосымша іс-шараларды жүргізеді. 2017 жылы НУ-да университеттің тәжірибесін тарататын арнайы департамент ашылды.

EHELF – ЖОҒАРЫ БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

2012 жылдан бастап EHELF жоғары білім беру, НУ тәжірибесін тарату мәселелері бойынша халықаралық сындарлы сұхбатқа арналған платформа болып табылады. Жыл сайын форумға 500-ден астам халықаралық және қазақстандық білім беру өкілдері қатысады.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРЖББМ-нің профессорлары, қызметкерлері мен докторант студенттері білім беруді интернационалдандыру, жоғары білім берудегі менеджмент және басқару, бастауыш және орта білім, әйелдердің көшбасшылығы сияқты салаларда зерттеулер жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) елдегі білім беру жүйесін модернизациялау бойынша бастамаларын қолдау мақсатында ЖББМ Кембридж университеті мен Пенсильвания университетінің профессорларымен және халықаралық сарапшыларымен бірлесіп, Қазақстанда білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын әзірледі.

ӘЙГІЛІ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:• Халық аузымен айтылған білім беру тарихы (2013 жыл)

• Қазақстанда білім беруді реформалаудың 2015-2020 жылдарға арналған стратегиялық бағыттарын әзірлеу (2014 жыл)

• Білім беру саласын реформалау және интернационалдандыру: Қазақстандағы мектеп реформасы (2015 жыл)

• Жоғары білім реформасы және даму жолы: Қазақстанның үлгісі (2017 жыл)

• Қазақстандағы инклюзивті білім беру (2018 жылы шығарылатын жарияланым)

АК

АД

ЕМИ

ЯЛ

ЫҚ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

Қ

КІТАПХАНАНЫҢ ТРЕНИНГТЕРІНУ Кітапханасы қазақстандық жоғары оқу орындары кітапханашыларының әлеуетін кәсіби дамытуға және жетілдіруге арналған негізгі оқу орталығы болып табылады. НУ кітапханашылары кітапханалық істің сарапшылары болып табылады, зерттеулермен айналысады және өз еңбектерін басып шығарады.

РЕГИСТРАТОР ОФИСІНІҢ ТРЕНИНГТЕРІРегистратор офисі қазақстандық ЖОО регистраторларының жұмысын жаңғырту бастамасының негізгі буыны болып табылады. НУ толық қызметтер түрін көрсететін регистраторлар офисін дамыту мақсатында Қазақстанның Академиялық регистраторларының қауымдастығын құруды жоспарлап отыр.

БАСҚА МАМАНДАН-ДЫРЫЛҒАН ТРЕНИНГТЕРНУ тәжірибесін тарату бойынша мамандандырылған тренингтерді Провост офисі, Қабылдау департаменті, Студенттік істер жөніндегі департамент, Студенттерді кәсіптік бағдарлау және дамыту орталығы және Университеттің басқа да бөлімшелері жүргізеді.

КӘСІБИ ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР Жоғары білім берудің әртүрлі салаларындағы идеялармен және озық тәжірибемен алмасу мақсатында НУ Қазақстандық білім берудегі зерттеулер қауымдастығы, Қазақ тілі оқытушыларының қауымдастығы сияқты кәсіби ұлттық қауымдастықтардың құрылуына ықпалын тигізді.

АК

АД

ЕМИ

ЯЛ

ЫҚ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

Қ

Наградалар:• «Ғылым көшбасшысы» наградасы, қазақстандықтардың импакт факторы жоғары журналдардағы мақалалары, әлеуметтік ғылымдар, 2016 жыл. Томсон Рейтер компаниясы, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен бірге

• «Ғылым көшбасшысы» наградасы, қазақстандықтардың импакт факторы жоғары журналдардағы мақалалары, материалдар туралы ғылым, Томсон Рейтер компаниясы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен бірге

6

Алдыңғы EHELF форумдарының тақырыптары: 2017 Жоғары білім саласындағы басшылық, менеджмент және көшбасшылық 2016 Жоғары білім және экономиканы жаңғырту:инновациялық және зерттеу

университеттері 2015 ХХІ ғасырдың түлектері: негізгі құзырет және заманауи еңбек нарығы 2014 Табысты университет: құру жолдары 2013 Қазақстандағы білім беру саясатының жетістіктері 2012 Жоғары білім берудегі жаһандық үрдістер және олардың өңірлік деңгейдегі

ықпалы

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТРЕНИНГТЕР

7

Page 5: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

8 9

АКАДЕМИЯЛЫҚ САПАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕКТЕПТЕРІ

• Инженерия мектебі*• Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі*• Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (2017)• Ғылым және технологиялар мектебі*

*Бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады

АКАДЕМИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР• Фаундейшн (университет алдындағы дайындық) бағдарламасы**

• 17 Бакалавриат бағдарламасы

• 23 Магистратура бағдарламасы• 3 Докторантура бағдарламасы• 1 «Медицина докторы» бағдарламасы

Бағдарламалар туралы толық ақпаратты www.nu.edu.kz веб сайтынан алуға болады

• Академиялық тұтастық (этикалық қағидаттарды сақтау, адалдық): тәртіптік және академиялық бұзушылықтарға төзбеушілік

• Халықаралық стандарттарға сәйкес оқуға түсу және одан әрі оқу үшін қойылатын қатаң академиялық талаптар

• Студенттерге бағдарланған және олардың таланттарын ашуға көмектесетін оқыту ортасы

• Академиялық және ғылыми жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін оқыту және ғылыми зерттеулер жүргізудегі негізгі тіл ағылшын тілі болып табылады.

• Білім мен ғылымның интеграциясы: профессорлардың ғылыми зерттеулерді жүргізуі, студенттерді зерттеулер жүргізу дағдыларына үйрету, студенттерді оқытушылардың зерттеу жобаларына тарту, сондай-ақ конференцияларға бірлесіп қатысу (мүмкіндігінше)

• Оқытушылардың студенттерге арналған академиялық және ғылыми мәселелер бойынша және кәсіби даму туралы жеке консультациялар жүйесі

• Жазғы семестр кезінде шетелдік ЖОО-ларда, оның ішінде НУ-дың әріптес ЖОО-ларында білім алу мүмкіндігі

• Барлық студенттер үшін тағылымдамалардан өту мүмкіндігі• Стратегиялық әріптестіктер

КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ ІРІКТЕУДІҢ АШЫҚ ЖҮЙЕСІСтуденттерді конкурстық негізде іріктеудің ашық жүйесі тек қана академиялық жетістіктердің негізінде жүргізіледі. НУ-дың дайындық, бакалавриат, магистратура және докторантура сияқты барлық білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін талапкерлер белгіленген іріктеу критерийлеріне сай болулары және бірқатар күрделі емтихандарды сәтті тапсырулары тиіс. Оқуға түсудің халықаралық стандартталған үлгілері: IELTS, APTIS (Британдық кеңес әкімшілік етеді), SAT, ACT, GRE, MCAT және т.б. болып табылады. Университетке оқуға түскен соң студенттер оқуларын табысты жалғастыру үшін жоғары академиялық стандарттарға сай болулары тиіс.

ТҮЛЕКТІҢ АТРИБУТТАРЫ• Өз мамандығы бойынша терең және жан-жақты білімге ие болу;• Зияткерлік тұрғыдан жетік, білімқұмар, жаңашыл және ойлау өрісі кең болу;• Дұрыс шешімдер қабылдауға қабілетті болу және басқаларды ұйымдастыра және тарта білу;

• Жаңа мүмкіндіктерді жасауға қабілетті, алғыр, ынталы болу;• Көп тілді және көп мәдениетті ортаға еркін бейімделе білу;• Қазақстанның патриоты бола тұра, әлемнің тәрбиелі және төзімді азаматы болу;• Өзінің жеке және тұлғалық қабілеттерін көрсете білу;• Өз елін дамыту жолында көшбасшылық рөлді өзіне алуға дайын болу.

СТУДЕНТТЕРДІҢ КОНТИНГЕНТІ

Студенттердің контингентін интернационалдандыру басымды міндет болып табылады.

АК

АД

ЕМИ

ЯЛ

ЫҚ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

Қ

НУ- ДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР

2586

806 99 70

708

АК

АД

ЕМИ

ЯЛ

ЫҚ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

Қ

Студенттердің жалпы саны

4269

• Медицина мектебі• Жоғары бизнес мектебі• Жоғары білім беру мектебі• Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Медицина докторы» бағдарламасының студенттері

Фаундейшн бағдарламасының студенттері

Бакалаврлар

Магистрлер PHD студенттері

НУ СТУДЕНТТЕРІ МЫНА МЕКТЕПТЕРДІ БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР:

Дереккөзі: Регистратор офисі, 2017 жылғы 05 қыркүйектегі жағдай бойынша

32 % Назарбаев Зияткерлік мектептері

27 % “Білім инновация” лицейлері

18% Гимназиялар, лицейлер

9 % Жаутіков атындағы физика- математика мектеп-интернаты

7 % Дарынды балаларға арналған мектептер

5 % Жалпы білім беру мектептері

2 % Басқалар

257

9

1827

32

** бір жылдық бағдарлама

26халықаралық студент

2

11

11

1

3

1

3

1

63

11

8

Page 6: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

10 11

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ

НУ түлектері мынадай беделді университеттерге оқуға түсті: Карнеги-Меллон Университеті, Колумбия Университеті, Дьюк Университеті, Цюрихтегі Швейцарияның жоғары техникалық мектебі, Лондонның империялық колледжі, Король Абдалла атындағы Ғылыми-технологиялық университет, Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебі, Массачусетс технологиялар институты, Стэнфорд Университеті, Сингапурдың Ұлттық Университеті, Сеулдің Ұлттық Университеті, Лондонның Университеттік Колледжі, Токио технологиялық институті, Цинхуа Университеті, Берклидегі Калифорния Университеті, Питтсбург Университеті, Висконсин-Мэдисон Университеті және Уорвик Университеті және т.б.

АК

АД

ЕМИ

ЯЛ

ЫҚ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

ҚА

КА

ДЕМ

ИЯ

ЛЫ

Қ К

ӨШ

БА

СШ

ЫЛ

ЫҚ

БАКАЛАВР ТҮЛЕКТЕРДІҢ САЛАЛАР БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ

Түлек магистратура бағдарламаларында

Түлек докторантура бағдарламаларында

Түлек бірлескен магистратура және

докторантура бағдарламаларында

271Түлек шетелдік

ЖОО-ларда

9Түлек Қазақстанның

басқа жоғары оқу орындарында

493

Білім және ғылым Мемлекеттік сектор және ұлттық компанияларКонсалтинг және аудит Қызмет көрсету саласы Маркетинг және сату Мұнай мен газ Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар Басқа

Білім және ғылым Мемлекеттік сектор және ұлттық компаниялар Консалтинг және аудит Қызмет көрсету саласы ҚұрылысАқпараттық технологиялар және телекоммуникациялар Өңдеу өнеркәсібіБасқа

*Басқа: құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, халықаралық ұйымдар, көлік саласы

МАГИСТР ТҮЛЕКТЕРДІҢ САЛАЛАР БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ

Түлек “Медицина докторы”

бағдарламасында

74 13 17

ШЕТЕЛДЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ• Booking.com (Амстердам, Нидерланды)• Cisco Systems (Прага – Чехия, Амстердам - Нидерланды)• Континентал Калуга (Мәскеу, Ресей)• Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым (Монреаль, Канада)• Procter and Gamble (Варшава –Польша, Мәскеу– Ресей)• Шлюмберже (Аккра, Гана)• SKC пленкалар мен химиялық материалдар шығаратын компания (Сеул,Оңтүстік Корея)

НУ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ СТАРТАПТАРЫ• AE Lab – құрғақ трасформаторларға прогностикалық қызмет көрсету• Aqua Point – жоғары сапалы суға арналған құрылғыларды шығару• Bio Terra – көкөністерді, тұқымдар мен көшеттерді өсіру • Black Rainbow – анимациялық студия• Ecoprot - спорттық тағамдарды әзірлеу • Genotest – жеке генетикалық тестілеу қызметтері • Remonteka.kz – техника жөндеу қызметтері• Sanat Jewelry – қолдан жасалған әшекей бұйымдарды өндіру • Skills Pro – балаларға арналған робот техникасы курстары• Әлеуметтік дәмхана – мүмкіндіктері шектеулі адамдарды оқыту мен жұмысқа орналастыруға арналған дәмхана

• Vzaperti – квесттерге арналған бөлме

Дереккөзі: Мансап және кәсіптік бейімдеу орталығы, 2017 жылғы маусымдағы жағдай бойынша

317Түлек НУ-да

Дереккөзі: Мансап және кәсіптік бейімдеу орталығы, 2017 жылғы 11 қыркүйектегі жағдай бойынша

10 11

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІНУ 2015 жылдан бастап түлектерді дайындап шығарады. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев НУ- дағы салтанатты оқу бітіру рәсімінің үшеуіне де қатысты.

Бағдарлама түлектері

Жұмысқа орналас-қандар

Оқуды әрі қарай жалғастыр-

ғандар

Жұмыс іздеуде

Басқалар (оқудағы үзіліс,мансаптағы

үзіліс, декрет)Барлығы

Бакалаврлар 449 (34 %)

576 (44%)

141 (11 %)

142 (11%)

1308 (100 %)

Магистрлер және PhD

392 (79 %)

21 (4 %)

40 (8 %)

44 (9 %)

497 (100 %)

Барлығы 841 (47 %)

597 (33 %)

181 (10 %)

186 (10 %)

1805 (100 %)

Page 7: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

12

ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫТалантты студенттермен қатар, университеттің табысты қызметінің негізі жоғары білікті оқытушылар болып табылады. ОПҚ-ға қойылатын жоғары талаптар мен мұқият іріктеудің арқасында университет жоғары білікті және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, белсенді түрде ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын оқытушыларды тарта білді. НУ оқытушылары әлемнің 50-ден астам елдерінің өкілдері болып табылады, олардың көпшілігі АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Канаданың, Грекияның, Италияның, Оңтүстік Кореяның, Ресейдің, Үндістанның, Бельгияның және Австралияның азаматтары болып табылады. НУ-да 391 оқытушы мен нұсқаушылар, сонымен қатар 84 оқытушы ассистенттері және 5 постдокторант жұмыс істейді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРӘлемдік деңгейдегі университетте жаһандық стандарттардан түсінігі бар жоғары білікті әкімшілік персонал жұмыс істеуі тиіс. НУ қызметкерлердің кәсіби дамуы үшін түрлі мүмкіндіктерді, оның ішінде академиялық мансапты жоғарылату мүмкіндігін ұсынады. Мысалы, “Талап” стипендиясы, сонымен қатар 54 қызметкер НУ-дың магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алды.

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕКТЕРІЖалпы, НУ-да «Болашақ» бағдарламасының шамамен 300 түлегі жұмыс істейді, бұл Университетті Болашақ бағдарламасының түлектерін жұмыспен қамтитын ең ірі жұмыс беруші ретінде танытады. Сонымен қатар, НУ қызметкерлерінің көпшілігі өз бетінше және басқа халықаралық стипендиялар арқылы шетелде білім алды.

АК

АД

ЕМИ

ЯЛ

ЫҚ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

Қ

ЖЕРГІЛІКТІ ОПҚ-НЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ:• Шетелде жұмыс істейтін қазақстандық диаспораның жоғары білікті өкілдерін (оқытушылар мен зерттеушілерді) тарту;

• «Болашақ» бағдарламасының дарынды түлектері мен шетелдік жоғары оқу орындарының PhD деңгейлі басқа да түлектерін тарту;

• «Болашақ» бағдарламасы және «Талап» стипендиялық бағдарламасы (қазіргі кезде 51 стипендиат) арқылы жергілікті ОПҚ-ны дамыту бағдарламасы;

• НУ магистранттары мен докторанттарын оқытушылардың ассистенттері және ғылыми ассистенттер ретінде ішінара жұмыспен қамту.

• Постдокторанттарға арналған бағдарлама.

Ескертпе: Профессорлардың барлығы докторлық дәреженің иегерлері болып табылады

Шетелдік ОПҚ 23%77% Жергілікті ОПҚ

67% 33%13029

68

164

Профессор Қауымдастырылған профессор Ассистент профессор Нұсқаушы

Ерлер Әйелдер

Дереккөзі: Адами ресурстарды басқару департаменті , 2017 жылғы 04 қыркүйектегі жағдай бойынша

12 13

Page 8: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

14 15

Page 9: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

16 17

ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

НУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ:• НУ Мектептерінде барлық профессорлар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, оларға қатысатын студенттер саны біртіндеп ұлғаюда.

• National Laboratory of Astana Өмір туралы ғылымдар орталығы мен Энергетика және жаңа материалдар туралы орталық сияқты, екі ғылыми орталықтағы басымды ғылыми бағыттарға сәйкес пәнаралық қолданбалы зерттеулерді жүргізетін НУ-дың еншілес ұйымы болып табылады.

• Ұлттық талдамалық орталық мемлекеттік саясат және экономика саласындағы зерттеу жобалары арқылы мемлекеттік және жеке секторларға арналған консалтингтік және талдамалық қызметтер көрсетеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫҢ ОРТАША ҮЛЕСТІК ИНДЕКСІ, 2011-2017 жж.

413 зерттеуші(ОПҚ және ғылыми орталықтардың қызметкерлері)

Ғылыми жарияланымдар санының өсуі (2012 жылы 45 жарияланым, 2016 жылы 382 жарияланым)

Студенттердің 65 ғылыми жарияланымдары (бірлескен авторлық және жеке) шығарылды

2011-2017 жылдар аралығында 1306 халықаралық жарияланым шығарылды

2011-2017 жылдар аралығында бірлескен авторлықта 934 (72%) халықаралық жарияланым шығарылды

НУ ғылыми мақалаларының 11%-ы әлемнің ең көп дәйексөз келтірілген басылымдарының 10%-ында басылып шықты.

64 ғылыми және оқу зертханалары

Томсон Рейтер компаниясы НУ-ды 2016 жылы ең көп дәйексөз келтірілген Қазақстандық ғылыми ұйым болып таныды.

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ СЫРТҚЫ САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУНУ-дың ғылыми жобалары тиісті салалардағы ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық сыртқы бағалауынан өтеді. Зерттеулерді қаржыландыру жобаның сапасын қамтамасыз етуге арналған сыртқы бағалаудың нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау (2.4 %)

Әлеуметтік ғылымдар (7.2 %)

Медицина (7.6 %)

Физика және астрономияХимия және молекулярлық биология (6.0 %)

Басқа (10.2 %) Қоғамдық ғылымдар (11.8 %)

Физика және астрономия (10.4 %)

Материалтану (7.7 %)

Химиялық инженерия (3.9 %)

Инженерия (2.7 %)

Химия (3.9 %)

Энергия (16.2 %)

Компьютерлік ғылым/Информатика Математика (6.4 %)

*Дереккөзі: SciVal арқылы Scopus деректер қоры, 2017 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша

1) Технологиялар саласындағы зерттеулер:• Ауқымды деректерді өңдеу және басқару• Жасанды интеллект• Биомедицина, биоинформатика және биоинженерия• Жаңа материалдар туралы ғылым

2) Климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын жеңілдету бойынша зерттеулер:

• Энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым

3) Еуразияның тарихы, мәдениеті, тілдері және әлеуметтік- экономикалық дамуы

• Регенерациялық медицина және ұзақ өмір сүру жөніндегі конференция

• Дербестелген медицина және жаһандық денсаулық сақтау жөніндегі конференция

• Жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы

• «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» қазақ тілі симпозиумы

• Нарықтың даму қезеңіндегі мемлекеттердің форумы

• НУ және Лоуренс Ұлттық зертханасының, Берклидегі Калифорния Университетінің семинарлары

• «Инерциялық термоядролық синтездің ауыр иондары» конференциясы

• «Болашақ энергиясы» форумы• Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының конгресі

• Халықаралық жоба менеджерлері қауымдастығының форумы

ҒЫ

ЛЫ

МИ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

Қ ҒЫ

ЛЫ

МИ

КӨ

ШБ

АС

ШЫ

ЛЫ

Қ

НУ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕЛІСІНДЕ ІРІ

ТОРАПҚА АЙНАЛУДЫ МАҚСАТ ТҰТАДЫ

ЖУРНАЛДАРДЫҢ САНАТТАРЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАР, 2011-2016

11 25 89Авторлық құқық

Патенттер Зияткерлік меншік құжаттарын алуға өтінімдер

*Дереккөзі: SciVal арқылы Scopus деректер қоры, 2017 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша

Chulalongkorn University

Colorado School of Mines

Duke University

Hong Kong University of Science and Technology

Indian Institute of Technology, Bombay

Kazakh National Technical University

King Saud University

L.N. Gumilyov Eurasian National University

Moscow State

University

National University of Singapore

Peking University

Seoul National University

Singapore University of Technology and Design

Tsinghua UniversityUnited Arab

Emirates University

University College London

University of Cambridge

University of Colombo

University of Indonesia

University of Luxembourg

University of Malaya

University of Pennsylvania

University of Pittsburgh

University of Tokyo

University of Wisconsin

University of Yangon

Al Farabi Kazakh National University

World (1.0)

2,4

2,2

2

1,8

1,6

1,4

1,2

1

0,8

0,6

0,4

0,2

0 10 30 40 50 60 70 80

Халықаралық ынтымақтастық (%)

0

King AbdullahUniversity of Scienceand Technology

(1.14)Chulalongkorn University

Colorado School of Mines

Duke University

Hong Kong University of Science and Technology

Indian Institute of Technology, Bombay

Kazakh National Technical University

King Saud University

L.N. Gumilyov Eurasian National University

Moscow State

University

National University of Singapore

Peking University

Seoul National University

Singapore University of Technology and Design

Tsinghua UniversityUnited Arab

Emirates University

University College London

University of Cambridge

University of Colombo

University of Indonesia

University of Luxembourg

University of Malaya

University of Pennsylvania

University of Pittsburgh

University of Tokyo

University of Wisconsin

University of Yangon

Al Farabi Kazakh National University

World (1.0)

2,4

2,2

2

1,8

1,6

1,4

1,2

1

0,8

0,6

0,4

0,2

0 10 30 40 50 60 70 800

King AbdullahUniversity of Scienceand Technology

(1.14)

НУ зерттеушілері Принстон Университетін, Кембридж Университетін, Оксфорд Университетін, Гарвард Университетін, Колумбия Университетін, Токио Университетін, INSEAD, Гонконг Университетін, Макс Планк Институтын, Сеулдің Ұлттық Университетін қоса алғанда, 518 халықаралық ұйыммен ынтымақтастықта жұмыс істейді..

ТҰРАҚТЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ҮЛГІЛЕРІ (2011-2017 жж.)С

алал

ар б

ойы

нша

жар

ияла

ным

дард

ың

орта

ша

үлес

тік

инде

ксі

*Дереккөзі: SciVal арқылы Scopus деректер қоры, 2017 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша

Page 10: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

18 19

БІЛІМДІ, ҒЫЛЫМДЫ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ

ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР: МЕДИЦИНА МЕКТЕБІМедицина мектебі жаңашылдыққа және өмір бойы білім алуға ынталандыратын тиісті академиялық ортаны құру арқылы медициналық білім беру, биомедициналық зерттеулер, пациенттерге медициналық көмек көрсету мен күтім жасау саласында әлемдік деңгейдегі орталық болуға ұмтылады.

ИН

ТЕГР

АЦ

ИЯЛ

АН

ҒАН

АКА

ДЕМ

ИЯЛ

ЫҚ

ДЕН

САУЛ

ЫҚ

СА

ҚТА

У Ж

ҮЙЕС

ІН Қ

ҰРУ

ИН

НО

ВАЦ

ИЯ

ЛА

Р ЖӘ

НЕ К

ОМ

МЕРЦ

ИЯ

ЛА

НД

ЫРУ

НУ университеттің медициналық орталығының (UMC) клиникаларын, Өмір туралы ғылымдар орталығын (ӨҒМ) және Медицина мектебін қамтитын интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің негізін қалыптастырды, ол мына бағыттарға:• кадрлық әлеуетті дамытуға, клиницист - дәрігерлердің, сондай-ақ іргелі және трансляциялық, клиникалық зерттеулермен айналысатын дәрігер - ғалымдардың жаңа буынын даярлауға

• клиникалық диагностика мен емдеудегі серпілісті жүзеге асыруға• көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын талдау мен жақсарту үшін клиникалық ақпаратты пайдалануға

• медициналық көмектің сапасын және медициналық қызмет көрсетудің экономикалық тиімділігінің сапасын жақсартуға

• тәжірибе алмасу және бірлескен хаттамалар мен рәсімдерді жасау мақсатында Қазақстанның медициналық университеттерімен және орталықтарымен тығыз ынтымақтасуға бағытталған.

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ:• дәлелді медицина• пациентке бағытталған медициналық көмек

19

Стратегиялық әріптесі – Питтсбург Университеті• Медицина докторы бағдарламасы (2015 жылғы тамыз) • Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша магистратура бағдарламасы (2016 жылғы күз)

• Медициналық бикелерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы (2016 жылғы жаз)

• Медициналық бикелерге арналған бакалавриат бағдарламасы (2017 жылғы күз)

• Молекулалық медицина бойынша магистратура бағдарламасы (2017 жылғы тамыз)

Медицина мектебі Қазақстанның басқа медициналық университеттері үшін ұлттық стратегиялық әріптес болып табылады (5-бетті қараңыз).

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР: ӨМІР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ОРТАЛЫҒЫUMC және Медицина мектебіндегі зерттеулерден басқа, Өмір туралы ғылымдар орталығындағы зерттеулердің мына:• Геномдық зерттеулер және дербестелген медицина• Регенерациялық медицина және жасанды ағзалар• Биоинженерия, инновациялық жасуша технологиялары және жасуша терапиясы

• Трансляциялық медицина, табиғи қартаю, жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау сияқты басым бағыттары бойынша биомедициналық ғылым саласындағы заманауи жетістіктерді практикаға енгізу арқылы өмір сүру, денсаулық және ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКА: УНИВЕРСИТЕТТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫУниверситеттің медициналық орталығы (UMC) жоғары сапалы, тиімді және қауіпсіз медициналық көмек көрсетудің озық жүйесін жасауға тырысады. UMC НУ-дың Медицина мектебінде биомедицина саласындағы болашақ көшбасшыларды, зерттеушілерді және клиницист дәрігерлерді даярлайтын клиникалық база болып табылады.UMC-тің құрамына 4 аурухана кіреді, олардың 3-і JCI халықаралық аккредиттеудің, аурухана сапасының алтын стандартының иегерлері болып табылады.• Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы – 2015 жылы JCI қайта аккредитациясын алды;

• Республикалық балаларды оңалту орталығы – 2014 жылы JCI аккредитациясын алды;• Республикалық диагностикалық орталық – 2014 жылы JCI аккредитациясын алды;• Ұлттық онкология және трансплантология орталығы (қайта құрылуда).Стратегиялық әріптесі – Питтсбург Университетінің Медициналық орталығы. UPMC

Page 11: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

20 21

17 ЖОБА

4 жоба ақпараттық технологиялар және робот техникасы саласында

7 жоба биомедицина саласында

3 Энергия үнемдеуші технологиялар саласында

3 жоба жаңа материалдар саласында

ASTANA BUSINESS CAMPUS (ABC)Кәсіпкерлердің, беделді фирмалардың, R & D командаларының, стартаптардың, сондай-ақ оқытушылардың, студенттердің және бизнес саласындағы кәсіпқойлардың озық инновациялық хабты құру мақсатындағы бірлескен жұмысы мен белсенді өзара іс-әрекеттері ABC-тың ерекшелігі болып табылады.

КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ОФИСІНІҢ

ҚЫЗМЕТТЕРІ БИЗНЕС

ИНКУБАЦИЯЛАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ

ТЕХНОПАРК

Жобаларды іріктеу

Техноло-гиялық бағалау

Патенттеу Маркетинг және бизнесті

жоспарлау

Тәжірибе үлгілерін жасау және

пилоттық өндіру

ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРИнновациялық кластердің мақсаты Университетте жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен озық идеялардың нәтижелерін инновациялық коммерциялық өнімдерге айналдыруға мүмкіндік беретін серпінді экожүйені құру болып табылады. Осы экожүйені дамыту үшін:• НУ-дың кәсіпкерлік және инновациялық қызметті ынталандыратын кәсіпкерлік университет ретінде қалыптасуы

• өнертапқыштар мен әлеуетті кәсіпкерлерге бизнесті құру және дамыту бойынша жан-жақты көмек көрсету және мамандандырылған кәсіби қолдау көрсету (мысалы, заңгерлік қызметтер көрсету)

• қаржыландыру көздерін іздеуге көмектесу және, мүмкіндігінше, стартап жобаларына қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған НУ-дың Астана Бизнес Кампусының ғылыми паркіне халықаралық және ұлттық компаниялардың ауқымды бөлігін тарту үшін инфрақұрылымды дамыту қажет. Астана Бизнес Кампусы ұлттық жоба болып табылады.

Көшбасшылық және басқару

Ұйымдастырушылық әлеует, адамдар және ынталандыру

Оқыту мен білімді меңгерудегі кәсіпкерлікті дамыту

Ескертпе: жасыл түс – қол жеткізілді, қызғылт сары түс – даму үдерісінде.

НУ-ДЫҢ ЖАҢА КОМПАНИЯЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫHeartStitch жүрек ақауы мен басқа да қан тамырлары құрылымдарын емдеудің инновациялық жүйесі болып табылады. Осы бірегей технология жүрек ақауын ашық операциясыз мүмкіндік береді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУҚазіргі уақытта НУ-да бастапқы капиталды ұсыну және бизнес қолдаушыларды тарту бойынша қаржы тетіктері жасалуда. Болашақта табысты жобалар халықаралық венчурлық капиталдың қатысушыларына ұсынылатын болады.

ИН

НО

ВАЦ

ИЯ

ЛА

Р Ж

ӘН

Е К

ОМ

МЕР

ЦИ

ЯЛ

АН

ДЫ

РУИ

НН

ОВА

ЦИ

ЯЛ

АР Ж

ӘН

Е КО

ММ

ЕРЦИ

ЯЛ

АН

ДЫ

РУ

НУ-ДЫҢ КӘСІПКЕРЛІК УНИВЕРСИТЕТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ:

ABC QUICK START БАҒДАРЛАМАСЫ

• 2016 жылы – 7 жоба• 2017 жылы - 9 жоба

Коммерцияландыру офисі, бизнес-инкубатор, технопарк, НУ мектептері мен ғылыми орталықтары бірлесе отырып, зерттеу және инновациялық қызмет үшін ABC–де серпінді ортаны құруда бірлесіп жұмыс істеуде.

2016 жылы НУ сыртқы ұйымдар үшін мамандандырылған қызметтердің мына түрлерін іске қосты: биомедицина саласындағы стартаптар үшін биотехнологиялық зертханалардың қызметтері; химиялық салада және тамақ өнеркәсібінде мамандандырылған компаниялар үшін зертханалар қызметтері; тәжірибе үлгісін әзірлеу және сынақтан өткізу.

20

Кәсіпкерлерге арналған даму мүмкіндіктер

Біліммен алмасу үшін университет пен бизнестің арасындағы ынтымақтастық

Университетті интернационалдандыру (әртүрлі халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамыту).

• Үлгілерді жасау шеберханасы

• Медиа зертхана • Тәжірибелік-

эксперименттік цех• Таза газдар өндіру

цехы • Биотехнологиялық

зертхана

Page 12: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

22 23

TЕХНОПАРК

Anymatic -төлемдерді жинау жүйелері, көлік тұрақтарын автоматтандыру жүйелері, жол қозғалысы ережелерін бұзудан алынатын айыппұлдарды өңдеу орталықтары үшін бағдарламалық қамтамасыз ету

Basire Design Group - 3D-дизайн және құрылыс сәулетіндегі модельдеу

Digi Based – ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, навигация мен радиобайланыс саласында кешенді шешімдерді ұсынатын компания

Educated Medical Solutions – медициналық мақсаттағы өнімдерді өндіруге арналған таза/ стерильді сертификатталған бөлме

Батареялар институты – батареялардың жаңа түрлерін әзірлеуге арналған 2 зертхана

Қазақстандық ақпараттық технологиялар – ақпараттық құралдар, әлеуметтік желілер мен сайттардан берілетін ақпараттар ағымын автоматтық түрде жинайтын, құрылымдайтын және талдайтын жүйе

New Service Art – ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту

Технологиялық процестерді оңтайландыру - технологиялық процестерді оңтайландыруға, өндірістің энергия тиімділігін, модельдеу процесін бағалауға арналған АТ-шешімдер

Phillips – медициналық жабдықтарға арналған сервис орталығы

ЖАСТАРДЫҢ СТАРТАПТАР КОНКУРСЫН ҚОЛДАУ2016 жылғы қазанда НУ және басқа университеттердің студенттерін қоса алғанда, Астанадағы жас кәсіпкерлердің стартаптарын қолдау үшін ABC Quick Start бағдарламасын іске қосты. Осы бағдарлама Shell Қазақстан компаниясымен және басқа да демеушілермен ынтымақтастықта бастапқы капиталды ұсынуды, технологияларға қол жеткізуді, бизнес-консультациялар мен мамандандырылған кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.ABC Quick Start бағдарламасы қысқа мерзім ішінде жобаларды белсенді іске қосу мақсатында бизнесті дамытудың ерте кезеңінен бастап қолдайды. ABC Quick Start қатысушылары биомедицина, ақпараттық және мобильді технологиялар, қаржылық технологиялар, инфрақұрылым және таза технологиялар, білім беру технологиялары және әлеуметтік инновациялар салаларында жарысты.

3D Metal принтер – металмен жазылатын, ажыратымдылығы жоғарыФОТОЭЛЕКТРЛІК

ПАНЕЛЬДЕР (180 М2)

25 кВт-қа дейін электр энергиясы

ГЕЛИОКОЛЛЕКТОРЛАР (32 М2)

16 кВт-қа дейін жылу энергиясы

ЖЕЛ ГЕНЕРАТОРЛАРЫ

25 кВт-қа дейін электр энергиясы

ТОПЫРАҚТЫ ЖЫЛУ СОРҒЫ (30 М)

3 кВт-қа дейін жылу энергиясы

ТЕХНОПАРК РЕЗИДЕНТТЕРІ

AE LABқұрғақ

трасформаторлар мониторингінің

жүйесі

EGISTIKжерге дәл тұйықтаудың геоақпараттық жүйесі

GREEN LAUNDRYгелиоколлекторларды

пайдалана отырып, өзіне-өзі қызмет

көрсетуге арналған кір жуатын орын

3D MAP LABORATORYғимараттарды

3D форматында цифрлау қызметі

KOMPRAкелісімшарт

бойынша контрагенттерді тексеру қызметі

MOBIGARDENдербес

қозғалмалы “жасыл

құрылғылар”

DOC.KZалыс қашықтықтан

медициналық көмек көрсетуге

арналған ақпараттық

технологиялар

ELECTRIC_DRIVE

мүгедектердің механикалық

арбасын автоматтандыруға арналған электр

жетегі

QRMOVEқоғамдық көліктерге арналған

электрондық төлемдер жүйесі

ИН

НО

ВАЦ

ИЯ

ЛА

Р Ж

ӘН

Е К

ОМ

МЕР

ЦИ

ЯЛ

АН

ДЫ

РУИ

НН

ОВА

ЦИ

ЯЛ

АР Ж

ӘН

Е КО

ММ

ЕРЦИ

ЯЛ

АН

ДЫ

РУ

ABC Технопаркінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге және күнделікті мәселелерді шешуге арналған объектілер орналасқан. Технопарктің жалпы ауданы 2328 м2

23

2017 ЖЫЛҒЫ ABC QUICK START БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

2016 ЖЫЛҒЫ ABC QUICK START БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ АЛАҢЫ Әлеуметтік

дәмхана – ерекше қабілеттері бар ересектерді оқытуға және жұмысқа орналастыруға арналған дәмхана

Бионика – мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін 3D-принтері арқылы жеке протездер жасау

Salemdeme – жолсеріктер арқылы әлемнің кез келген жеріне сәлемдемені жіберуге мүмкіндік беретін қызмет

IZZI – интернет арқылы шағын және орта бизнес үшін бронь жасау қызметі

Giftsensor – әлеуметтік желілердегі пайдаланушының профилін лингвистикалық және визуалды талдаудың негізінде сыйлықтарды таңдауға арналған сервис

Smart Monkey – балаларды дамытуға арналған ойындар жиынтығы.

Page 13: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

24 25

НЕГІЗГІ ДАТАЛАР:

2006

НАУРЫЗ

Халықаралық деңгейдегі беделді университетті құру идеясын Президент алғаш рет жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жариялады

КҮЗ

Университетті құру бойынша жаңа жобалық топтың тағайындалуы. «Астананың жаңа университеті» АҚ-тың құрылуы

2009

МАУСЫМ

Назарбаев Университетінің ашылу рәсімі.

КҮЗ

Дайындық мектебінде сабақтардың басталуы.

Ғылыми орталықтардың ашылуы – Энергетикалық зерттеулер орталығы және Өмір туралы ғылымдар орталығы

2010 2011

МАУСЫМ

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңына қол қою

ТАМЫЗ

Бакалавриат мектептерінің ашылуы

КҮЗ

Назарбаев Университетінің алғашқы ғылыми жарияланымы Медицина саласындағы алғашқы ғылыми конференция

2012

НАУРЫЗ

Ұлттық медициналық холдинг клиникасының алғашқы JCI аккредиттеуден өтуі

КҮЗ

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің және Жоғары білім беру мектебінің ашылуы Бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға түскен алғашқы студенттерді оқуға қабылдау

2013

КӨКТЕМ

Жоғары бизнес мектебінде Executive MBA бағдарламасының іске қосылуы

Жоғары қамқоршылық кеңестің Назарбаев Университетінің 2013-2020 жылдарға арналған стратегиясын бекітуі

2014

МАМЫР

«Қазақстан-2050» – Oxford Univer-sity Press баспасы шығарған НУ-дың алғашқы басылымы

ШІЛДЕ

Пилоттық Технопарктің ашылуы

КҮЗ

Инженерия, ғылым және технологиялар, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектептерінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарлама-ларының іске қосылуы

НАУРЫЗ

National Laboratory Astana ғылыми орталығының құрылуы

МАУСЫМ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен алғашқы түлектердің оқу бітіру рәсімі

ТАМЫЗ

Медицина мектебінің ашылуы

КҮЗ

Назарбаев Университетінің өз дайындық бағдарламасының іске қосылуы

Ұлттық медициналық холдинг клиникаларының базасында Univer-sity Medical Center құру

ЖЕЛТОҚСАН

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Зерттеу университеті» мәртебесін алу

2015 2016

МАУСЫМ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен екінші түлектердің оқу бітіру рәсімі

ҚЫРКҮЙЕК

ABC Quick Start Ac-celeration алғашқы бағдарламасының

іске қосылуы

ҚАЗАН

Докторантура бағдарламасы бойынша алғашқы дипломдарды қорғау (Жоғары

білім беру мектебі)

ҚАЗАН

Университеттің институционалдық өзін-өзі бағалаудың басталуы

СӘУІР

Азиялық университеттер бірлестігінің құрылуы

МАМЫР

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен үшінші түлектердің оқу бітіру рәсімі

ТАМЫЗ

НУ-дың сыртқы тәуелсіз бағалаудан өтуі және бағалау нәтижелері бойынша есептің жариялануы

ҚЫРКҮЙЕК

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің ашылуы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде PhD бағдарламасының ашылуы

Қазақстанның білім беру саласын реформалауға қосқан үлесі үшін “Ең үздік әлеуметтік жоба” номинациясында IPMA күміс медалін алуы

2017

IPMA- Халықаралық жоба менеджерлері қауымдастығының

Page 14: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

Uly Dala

Мемлекет: Қазақстан Жалпы ауданы: 2,7 миллион шаршы километр Халқының саны: 18 миллион адам

Aстана

Астана қаласы Жалпы ауданы:722 ш.км Халқының саны: 1 миллион адам

Page 15: СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ - nu.edu.kz · PDF fileбасқару, білім беру және т.б. салалардағы ел көшбасшыларының

28

nu.edu.kzҚабанбай Батыр даңғылы

Астана, Қазақстан Тел: +7 (7172) 709022

@NUedukz – Twitter

@NUedukz – Instagram

@Nazarbayev University group/page – Facebook

@Nazarbayev University open community -VKontakte