8
(Соңы 4-бетте) БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ Ойталқы НЕСИЕНІҢ ЖАБЫЛУЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕЙ МЕ? Ж ақын күндері екін ші деңгейлі банк терге берешек қа зақ стандықтардың саны 500 мыңға дейін азаяды. Бұған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматта рының борыш жүтемесін азайту туралы» Жарлығы себеп болып отыр. Несие жүктемесі жеңілдесе ха лықтың тұрмысы түзеле ме? Мамандардың пікірін білген едік. ТҮЙТКІЛ (Соңы 3-бетте) (Соңы 5-бетте) №68 (3193) 10 қыркүйек 2019 ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет [email protected] (Соңы 3-бетте) БІР РЕТТІК ЖЕҢІЛДІК ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ҚҰТҚАРМАЙДЫ Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: – Банк секторларының тұтынушыларды несиелендіру саясаты бұған дейін де жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі. Түптеп келгенде жаппай не- сиелендірудің салдарынан халықтың төлем қабілеті күрт төмендеп кетті. Әсіресе, тұтынушылық несиелердің түр-түрі пайда болғалы екінші деңгейлі банктердің «тұтқынына» айналған банк тұтынушыларының саны күннен күнге көбейіп отыр. Ай сайын бар тапқанын кредитке құйып, тақыл-тұқыл тамақтанатындарды да көзіміз көріп жүр. Бұлай кете берсе, халық кедей- лене береді. Оның үстіне, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің несие үстінен көретін пайыздық мөлшерлемесі рекордтық көрсеткішке ие. Бір сөзбен айтқанда, еліміздегі тұрғындардың тұрмыс деңгейі мен банктердің халыққа несие беру мөлшерлемесінің арасында тепе-теңдік жоқ. Әрине, халық несиені қандай да бір мұқтаждығын өтеу үшін немесе тұр- мысын сәл де болса жақсарту үшін алады. Бірақ, олар алмақтың салмағы ауыр екенін кеш түсінеді. Мақсат ХАЛЫҚ, экономист: – Үкіметтің мұндай қадамға баруының өзіндік себептері бар. Соның бастысы халықтың қаржылық жағдайының нашарлап кетуі. 2015 жылдан бері есептесек елде девальвация болды, валютамыз еркін айналымға жі- берілді. Салдарынан көз алдымызда халықтың кірісі күрт төмендеп кет- ті. Бірақ, нарықтағы баға өспесе, кеміген жоқ. Қарап отырсақ тек өткен жылы халықтың нақты табысы 3 пайызға өскен. Соңғы кезде Экономика министрлігі қазақстандықтардың орташа табысы 170 мың теңгеден асты деп шамалап жүр. Бұл дерек шындыққа жанаспайды. Ал, аталған шараға экономикалық тұрғыда баға берсем, бұл дұрыс шешім болды дей алмаймын. Біріншіден, мемлекет халықтың қарызын төлеп беруге міндетті емес. Екіншіден, бұл масылдық психологияны қа- лыптастырады. Үшіншіден, банк өз клиенттерінің қарызын кешірмейді, оны мемлекет қарапайым салық төлеушілердің есебінен төлейін деп отыр. ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚТЫ ЖАЛҒАЙТЫН АЛТЫН КӨПІР Сонымен қоғамды сан түрлі ойға жетелеп, түрлі пікір туғызған Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысы да өтті. Шын мәнінде Президенттің қоғам өкілдерімен мұндай ашық та сындарлы диалогқа баруы бұрын орын алған емес. Бұған дейін Мемлекет басшысымен болатын басқосулар, тіпті БАҚ өкілдерімен кездесулер көбіне қатаң сценарий аясында, жақсыны асырып, жаманды жасыру сипатында өтетін. Тағы бір қорқынышты есепке көз сал- сақ, бір басында екі несиесі бар қазақстан- дықтардың саны 1 миллион 200 мыңнан асып жығылса, 300 мыңнан астам банк тұтынушы- сының бір басында үш кредиті бар екен. Соған қарамастан, екінші деңгейлі банктерге «жіпсіз байланған» тұтынушылардың саны жылдан жылға көбеймесе, азайған емес. Сәйкесінше, алмақтың салмағын көтере ал- май, банк алдында қарызға белшеден батқан борышкерлердің де қарасы жылдан-жылға толығып келеді. Яғни, бүгінде банктен алған несиесін дер кезінде қайтара алмай «қара тізімге» енген тұтынушылардың саны бір миллионнан асып отыр. Жалпы, банк тілімен айтқанда «пробле- малық несиенің» қаржы секторына ғана емес, ел экономикасына тигізер зияны шашетектен. Олай болса, осы уақытқа дейін еліміздегі екінші деңгейлі банктер неге халыққа несие- ні оңды-солды таратып, осынша мәрттік танытқан? Мұның негізгі екі себебі бар. Бірін- «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК» ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУГЕ СЕНСЕК, ҚАЗАҚСТАН ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТ КӨР- СЕТКІШІ БОЙЫНША ӘЛЕМДЕ КӨШБАСШЫ ЕЛГЕ АЙНАЛЫПТЫ. ДӘЛІРЕК АЙТҚАНДА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНКТІК НЕСИЕЛЕРДІҢ 30 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ «ҚАРА ТІЗІМГЕ» КІРГЕН. РЕСМИ АҚПАРАТҚА ЗЕР САЛ- САҚ, БҮГІНГІ ТАҢДА БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ БАНК АЛДЫНДАҒЫ БЕРЕШЕГІ 4 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ. АЗ БА, КӨП ПЕ? САНЫ 18 МИЛЛИОН 560 МЫҢҒА ЖЕТЕР-ЖЕТПЕС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ШАМАМЕН 5,1 МИЛЛИ- ОНЫНЫҢ НЕСИЕ АЛУ МҮМКІНДІГІ БОЛСА, ЕНДІ ЖОҒАРЫДАҒЫ 4 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ОСЫ БЕЛСЕНДІ НЕСИЕ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖАН БАСЫНА ТЕҢ БӨЛІП КӨРІҢІЗ. РАС, БӨЛУГЕ БАТЫЛЫҢ БАРМАЙДЫ. шісі, тиісті заңдардың банктердің жағында болғандығы. Екіншісі, банктер банкрот болса, оларға мемлекеттік деңгейде көмек көрсетіліп, қайтарымсыз несиелерді «пробле- малық несиелер» санатына жатқыза салады. Бұл аз десеңіз, мемлекет екінші деңгейлі банктердің дағдарысын ескеріп, аяғынан тік тұруына көмектескенін талай рет көз көрді. 8- бет 2- бет ҚАРА ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ 6- бет «OMABELLE» ТОНДАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ Дана ҚАРАЖАНОВА, «КазлегпромАлматы» ЖШС қаржы директоры: «ЖАСАҒАН ТАУАРЫМЫЗ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛСА – ЕҢБЕКТІҢ ЖАНҒАНЫ» – Отандық нарықтан өз өнімімізді көрсек қуанып қаламыз. Шынайы патриот ретінде кейде өнімнің сапасы мен бағасы- на қарамастан сатып алатынымыз да сондықтан. «Казлег промАлматы» фабрикасының тауарларына қатысты жылы пікірлерді жиі естиміз. Біздің де кәсіпкерлер осындай әдемі аяқ киімдер жасай алады екен ғой деп басында таңданғанымыз да рас. Өндіріс қай кезден басталды? – Жаңа істі бастау қашан да қиын. Ол үшін өзің тәуекел еткелі отырған саланы әбден зерттеп, жауапкершілігін түсініп, жүргізе ала- тыныңа сенімді болғанда ғана іске кіріскен жөн. ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚИЫН

ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

  • Upload
    others

  • View
    10

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

(Соңы 4-бетте)

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Ойталқы НЕСИЕНІҢ ЖАБЫЛУЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕЙ МЕ?

Жақын күндері екін­ші деңгейлі банк­терге берешек қа­

зақ стандықтардың саны 500 мыңға дейін азаяды. Бұған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматта­рының борыш жүтемесін азайту туралы» Жарлығы себеп болып отыр. Несие жүктемесі жеңілдесе ха­лықтың тұрмысы түзеле ме? Мамандардың пікірін білген едік.

ТҮЙТКІЛ

(Соң

ы 3

-бет

те)

(Соңы 5-бетте)

№68 (3193) 10 қыркүйек 2019ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

[email protected]

(Соңы 3-бетте)

БІР РЕТТІК ЖЕҢІЛДІК ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ҚҰТҚАРМАЙДЫ

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:– Банк секторларының тұтынушыларды несиелендіру саясаты бұған

дейін де жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі. Түптеп келгенде жаппай не-сиелендірудің салдарынан халықтың төлем қабілеті күрт төмендеп кетті. Әсіресе, тұтынушылық несиелердің түр-түрі пайда болғалы екінші деңгейлі банктердің «тұтқынына» айналған банк тұтынушыларының саны күннен күнге көбейіп отыр. Ай сайын бар тапқанын кредитке құйып, тақыл-тұқыл тамақтанатындарды да көзіміз көріп жүр. Бұлай кете берсе, халық кедей-лене береді. Оның үстіне, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің несие үстінен көретін пайыздық мөлшерлемесі рекордтық көрсеткішке ие. Бір сөзбен айтқанда, еліміздегі тұрғындардың тұрмыс деңгейі мен банктердің халыққа несие беру мөлшерлемесінің арасында тепе-теңдік жоқ.

Әрине, халық несиені қандай да бір мұқтаждығын өтеу үшін немесе тұр-мысын сәл де болса жақсарту үшін алады. Бірақ, олар алмақтың салмағы ауыр екенін кеш түсінеді.

Мақсат ХАЛЫҚ, экономист:– Үкіметтің мұндай қадамға баруының өзіндік себептері бар. Соның

бастысы халықтың қаржылық жағдайының нашарлап кетуі. 2015 жылдан бері есептесек елде девальвация болды, валютамыз еркін айналымға жі-берілді. Салдарынан көз алдымызда халықтың кірісі күрт төмендеп кет-ті. Бірақ, нарықтағы баға өспесе, кеміген жоқ. Қарап отырсақ тек өткен жылы халықтың нақты табысы 3 пайызға өскен. Соңғы кезде Экономика министрлігі қазақстандықтардың орташа табысы 170 мың теңгеден асты деп шамалап жүр. Бұл дерек шындыққа жанаспайды.

Ал, аталған шараға экономикалық тұрғыда баға берсем, бұл дұрыс шешім болды дей алмаймын. Біріншіден, мемлекет халықтың қарызын төлеп беруге міндетті емес. Екіншіден, бұл масылдық психологияны қа-лыптастырады. Үшіншіден, банк өз клиенттерінің қарызын кешірмейді, оны мемлекет қарапайым салық төлеушілердің есебінен төлейін деп отыр.

ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІБИЛІК ПЕН ХАЛЫҚТЫ ЖАЛҒАЙТЫН

АЛТЫН КӨПІР

Сонымен қоғамды сан түрлі ойға жетелеп, түрлі пікір туғызған Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысы да өтті. Шын мәнінде Президенттің қоғам өкілдерімен мұндай ашық та сындарлы диалогқа баруы бұрын орын алған емес. Бұған дейін Мемлекет басшысымен болатын басқосулар, тіпті БАҚ өкілдерімен кездесулер көбіне қатаң сценарий аясында, жақсыны асырып, жаманды жасыру сипатында өтетін.

Тағы бір қорқынышты есепке көз сал-сақ, бір басында екі несиесі бар қазақстан-дықтардың саны 1 миллион 200 мыңнан асып жығылса, 300 мыңнан астам банк тұтынушы-сының бір басында үш кредиті бар екен. Соған қарамастан, екінші деңгейлі банктерге «жіпсіз байланған» тұтынушылардың саны жылдан жылға көбеймесе, азайған емес. Сәйкесінше, алмақтың салмағын көтере ал-май, банк алдында қарызға белшеден батқан борышкерлердің де қарасы жылдан-жылға

толығып келеді. Яғни, бүгінде банктен алған несиесін дер кезінде қайтара алмай «қара тізімге» енген тұтынушылардың саны бір миллионнан асып отыр.

Жалпы, банк тілімен айтқанда «пробле-малық несиенің» қаржы секторына ғана емес, ел экономикасына тигізер зияны шашетектен. Олай болса, осы уақытқа дейін еліміздегі екінші деңгейлі банктер неге халыққа несие-ні оңды-солды таратып, осынша мәрттік танытқан? Мұның негізгі екі себебі бар. Бірін-

«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК» ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУГЕ СЕНСЕК, ҚАЗАҚСТАН ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТ КӨР-СЕТКІШІ БОЙЫНША ӘЛЕМДЕ КӨШБАСШЫ ЕЛГЕ АЙНАЛЫПТЫ. ДӘЛІРЕК АЙТҚАНДА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНКТІК НЕСИЕЛЕРДІҢ 30 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ «ҚАРА ТІЗІМГЕ» КІРГЕН. РЕСМИ АҚПАРАТҚА ЗЕР САЛ-САҚ, БҮГІНГІ ТАҢДА БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ БАНК АЛДЫНДАҒЫ БЕРЕШЕГІ 4 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ. АЗ БА, КӨП ПЕ? САНЫ 18 МИЛЛИОН 560 МЫҢҒА ЖЕТЕР-ЖЕТПЕС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ШАМАМЕН 5,1 МИЛЛИ-ОНЫНЫҢ НЕСИЕ АЛУ МҮМКІНДІГІ БОЛСА, ЕНДІ ЖОҒАРЫДАҒЫ 4 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ОСЫ БЕЛСЕНДІ НЕСИЕ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖАН БАСЫНА ТЕҢ БӨЛІП КӨРІҢІЗ. РАС, БӨЛУГЕ БАТЫЛЫҢ БАРМАЙДЫ.

шісі, тиісті заңдардың банктердің жағында болғандығы. Екіншісі, банктер банкрот болса, оларға мемлекеттік деңгейде көмек көрсетіліп, қайтарымсыз несиелерді «пробле-малық несиелер» санатына жатқыза салады. Бұл аз десеңіз, мемлекет екінші деңгейлі банктердің дағдарысын ескеріп, аяғынан тік тұруына көмектескенін талай рет көз көрді.

8-бет

2-бет

ҚАРА ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ

6-бет

«OMABELLE» ТОНДАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Дана ҚАРАЖАНОВА, «Казлегпром­Алматы» ЖШС қаржы директоры:

«ЖАСАҒАН ТАУАРЫМЫЗ СҰРАНЫСҚА

ИЕ БОЛСА – ЕҢБЕКТІҢ ЖАНҒАНЫ»

– Отандық нарықтан өз өнімімізді көрсек қуанып қаламыз. Шынайы патриот ретінде кейде өнімнің сапасы мен бағасы-на қарамастан сатып алатынымыз да сондықтан. «Казлег­пром­Алматы» фабрикасының тауарларына қатысты жылы пікірлерді жиі естиміз. Біздің де кәсіпкерлер осындай әдемі аяқ киімдер жасай алады екен ғой деп басында таңданғанымыз да рас. Өндіріс қай кезден басталды?– Жаңа істі бастау қашан да қиын. Ол үшін өзің тәуекел еткелі

отырған саланы әбден зерттеп, жауапкершілігін түсініп, жүргізе ала-тыныңа сенімді болғанда ғана іске кіріскен жөн.

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚИЫН

Page 2: ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

2 №68 (3193) 10 қыркүйек [email protected]ҚҰҚЫҚ

СОТ ІС ҚАРАДЫ

Басқосу

бір әдісі болса керек. Жиында сөз алған Алматы облысы Әділет департаментінің заңды тұлғалар-ды тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тілек Арынханұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қар-сы күрес баршамызға ортақ іс» екеніне тоқталса, департаменттің бақылау және құжат айналымын қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Балым Сержанқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» деген тақы-рыпта баяндама оқыды.

Кездесу барысында Қазақстан Республика-сының 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ту-ралы» заңы, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстан-ның тұрақтылығы мен өркендеуі нің негізі»

атты халыққа Жолдауы, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев тың «Қазақстан: 2050 жолдауы», «Нұр-Отан» партиясының 2015-2025 жыл-дарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы кеңінен талқыланды. Студенттер қауымы тарапынан Әділет департа-ментінің қызметкерлеріне сұрақтар қойылып, оларға қызметкерлер жауап берді. Бұған қоса, Ілияс Жансүгіров атындағы университеттің құқық және экономика факультеті азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары студенттер-мен ой бөлісті.

Б.ТОКПАКОВА,Алматы облысы Әділет департаментінің

бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ҚЫЗМЕТІНЕ ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБІ

Ақтөбеде қатарласын пы шақтап өлтірген мектеп оқу шысына қатысты сот отырысы басталды. 8 айдан бері қамауда отырған жас­өспірімге қасақана адам өл­тірген деген айып тағылуда. Ақтөбе облысының қылмыс­

тық істер жөніндегі мамандан­дырылған ауданаралық сотында ауылдасын мұз айдынында өл­тірген оқушының ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті. Оқиға осыдан 8 ай бұрын Шалқар қала­сында болған. Мемлекеттік ай­ыптаушы Айнұр Досмұрзаеваның айтуынша, коньки тебуге барған екі мектептің оқушылары қала орталығындағы мұз айдынында төбелескен.

– 2019 жылы 26 қаңтарда Шалқар көлінің мұз айдынын­да 15­20 оқушы кездесіп, жан­жалдасып қалған. Балалар топ болып тұрғанда Асылбек Сабыр келіп, «не болды, не жиын?» деп сұраған. Сол кезде Мирасбек Дәу­летияр жеке сөйлесуге 5­6 метр жерге ұзап кетеді. Жәбірленуші айыпталушыдан «біздің мектептің балаларына неге әңгіме айтасың?»

деп сұраған. Асылбек Сабыр еш­теңе айтпағанын, тыныш жүріңдер деп қайтарып жібергенін жет­кізген. Соңынан Мирасбек Дәу­летияр алдында тұрған Асылбек Сабырды бір рет ұрған. Сол кезде өзге бір бала Асылбек Сабырдың аяғынан шалып, құлатқан. Тергеу кезінде анықталмаған балалар айыпталушыны теуіп, денесін жа­ралаған. «Жабылмаңдар» деп ай­қайлаған, оны өзгелер де естіген. Тергеу кезінде Асылбек Сабырдың суық қару болып табылмайтын, туристік мақсатта пайдалануға арналған жиналмалы пышақты оң қолына ұстап, қарсы келген Мирасбек Дәулетиярдың жүрегі­не сұғып алғаны белгілі болды. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды, – деді ол.

Бұл қылмысқа күдікті ретінде Шалқардағы мектептердің бірін­де оқитын 16 жастағы оқушы ұсталған. Айыпталушы Асылбек Сабыр биыл 11­сыныпта оқуы тиіс еді. Алайда ол 8 айдан бері қамау­да отыр. Айыпталушының анасы айыптау актісімен келіспейді. Анасының айтуынша, жасөспірім­дердің топтасқан төбелесі кезінде

ПӘРМЕН

«OMABELLE» ТАУАР ТАҢБАСЫ ҚА­ЗІРГЕ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАНҒА ТАНЫ­МАЛ БОЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАС БРЕНД ТЕРДІҢ БІРІ. ОЛ 2018 ЖЫЛЫ «ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ИНС­ТИТУТЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМ­ЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНДА ӨЗ ТАУАР ТАҢБАСЫН ТІРКЕГЕН. СОНЫМЕН ҚА­ТАР, «OMABELLE» ТҮРЛІ ІШІКТЕРДЕН ТІ ГІЛГЕН БАС КИІМДЕРДІҢ, ТОНДАР­ДЫҢ ТАУАР БЕЛГІСІ БОЛЫП КЕЛЕДІ.

Қазіргі уақытта бұл тауардың эксклюзивті үлгі­дегі түрлері өте көп. Тіпті, қымбаттығына қара­мастан, аң терісінен жасалған тондарға сұраныс та өте жоғары.

Алайда, сұраныс көбейген сайын, олардың есебінен пайда тапсам деген кәсіпкерлер де азай­май отыр. Мысалы, Нұр­Сұлтан қаласында бұл тауардың атын жамылып, сатуды да бастап кеткен кәсіпкерлердің бір қатары анықталды. Тауарларын шығарып үлгермеген құқық иегерлерінің, енді тау­ар таңбаларын қорғау үшін Әділет департаментіне жүгінуіне тура келеді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында құқық ие­ленушіден Нұр­Сұлтан қаласы «ЕВРАЗИЯ» сауда орталықтарындағы кәсіпкерлердің «Omabelle» та­уар таңбасы бар жалған (контрафактілік) тондарды сатып жатқаны жөнінде арыз келіп түсті. Әділет департаменті өз кезегінде, кәсіпкерлерге қатысты

жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, 21 дана жалған тонның сатылып жатқанын анықтады. Бір тонның бағасы 180 000 теңгені (сату бағасы 300 000 теңге) құрайды. Сонымен қатар, тексеру барсында бұл тондар құқық иесінің келісімінсіз азаматтық айна­лымға рұқсатсыз енгізілгені анықталды.

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары тура­лы» Қазақстан Республикасы заңының 4­бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды. Яғни, кәсіпкерлерде «Omabelle» тауар таңбасын қолдану үшін, құқық иегерімен келісім шарттың болуы міндетті.

Алайда, «ЕВРАЗИЯ» сауда орталықтарындағы кәсіпкерлердің «Omabelle» тауар таңбасын қол­дануға құқықтық лицензиялық келісімі жоқ екені тексеру барысында нақты анықталып отыр. Осыған орай, Нұр­Сұлтан қаласының әділет департа­ментінің қызметкерлері ӘҚБК­нің 158­бабына сәй­кес әкімшілік іс қозғап, мамандандырылған аудан­аралық әкімшілік сотына істі қарау үшін жолдады.

Ағымдағы жылдың маусым айында, жоғарыда аталған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалған тондары тәркіленді.

Анаргүл КУНАЕВА,Нұр­Сұлтан қаласы Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі

бөлімнің маманы

салып, жауапкершіліктен қашу мақсатын­да ша ғымданатыны жиі байқалады.

Аталған істерді қараудың өзінің ерек­шеліктері бар: бұл санаттағы істер бойын­ша сот талқылауына дайындық мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды және ол ұзартуға жатпайды, ал, дайындық аяқталған соң шағым бойынша қозғалған азаматтық іс 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

Бұл санаттағы істер бойынша шағым­ды өндіріске қабылдаудың өзіндік ерек­шелігі бар. Мысалы: Қазақстан Респуб­ликасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Соттардың атқа­рушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 4­тармағына сай, іс жүргізуге шағымды қабылдау туралы мәселені шешу кезінде сот АПК­нің 250­бабының бірінші бөлігінде көз­делген мерзімді тараптың сақтағанын не сақтамағанын тексеруі тиіс. Сотқа жүгінген тарап сот орындаушысының жасаған әрекеті (әрекетсіздігі), әрекетті жасаудан бас тартуы өзіне қашан мәлім болғаны туралы дәлелдемені ұсынуға міндетті делінген.

АПК­нің 124­бабының бірінші және екінші бөліктерінің мағынасынан про­цестік әрекеттерді жасау құқығы заңда

белгіленген процестік мерзімнің аяқта­луымен жойылатыны көрінеді делінген. Демек, атқарушылық өндіріс бойынша тарап болып табылатын өндіріп алушы немесе борышкер сот орындаушының әрекетіне шағым жасағанда, сот орын­даушының әрекеті немесе әрекетсіздігі өзіне мәлім болған уақыттан кейін 10 жұмыс күні ішінде шағымдануға құқылы және ол мерзімді дәлелдеуі тиіс.

Егер шағым аталған мерзімді өткізіп барып сотқа берілсе және мерзімді қал­пына келтіру туралы өтінішхат болмаса, онда жоғарыда көрсетілген нормаларға сай шағымданушыға шағым кері қайта­рылады. Сонымен қатар, сот талқылауына дайындық барысында сот орындаушыдан атқарушылық өндірісті алдыртқан жөн деп санаймын, себебі атарушылық өн­дірістің қалай жүргізілгені және шағымда көрсетілген уәждерді тексеруге мүмкін­шілік болады.

Сот тәжірибесінде сотқа жүгіну мер­зімін өткізіп алған соң шағымданып, өтінішхат болмағандықтан көптеген шағымдар өндіріске қабылданбай кері қайтарылып жатады. Ал, мұның салдары қоғам тарапынан соттарға қатысты түсін­бестіктер туындатуға себепші болады.

Бүгінгі күні сот ғимаратындағы фронт­

Айыпты орындығында – оқушы

мұз айдынында ең кемі 20 бала болған. «Бірақ, айып тек менің балама тағылған» деп отыр.

– Баламның қалтасында пышақ болмаған. Пышақ мұз айдынында төбелескен балалардың бірінің қалтасынан түсіп қалған. Бір топ бала оның шекесіне тапанша тақап, қысым жасаған. Сондықтан ұлым жерде жатқан пышақты алып, қорғанған. Қысым жасалма­са, 16 жастағы бала қараптан­қа­рап біреуге қиянат жасамайды ғой. Бірақ тергеу балама жасалған қысымды ескермей отыр, – дейді Алмагүл Сүлейменова.

Дегенмен прокурор мұз ай­дынында болған өзге жасөспірім­дердің бұл іске қатысы бары «тергеу кезінде анықталмаған»

деп отыр. Марқұм Мирасбек Дәулетияр дың жақындары да «тергеудің нашарлығынан басқа күдіктілер қылмыстық жауапкер­шіліктен құтылып кетті» дейді.

– Істің қаралуына көңілім тол­майды. Уайымнан 20 келіден ар­тық салмақ тастадым. Ұйқы жоқ. Өмірден түңіліп кеттім. Заң бар ма, әлде жоқ па, түсінбей қалдым. Өзі мойындап тұрған адамды сегіз ай бойы қалай тексере береді?! Қылмыскердің әділ жазасын алға­нын қалаймын, – дейді көз жұмған баланың әкесі Жұмабек Оразалин.

Сотталушы 2 қыркүйек күні өткен сот отырысында алқа би­лерден бас тартып, істі кәсіби су­дьяның қарауын сұрады. Басты сот талқылауы 16 қыркүйекте өтеді. Айта кетелік, жасөспірім Қыл­мыстық кодекстің 99­бабының 2­бөлімі 14­тармағымен («Қасақа­на адам өлтіру») айыпталуда. Бұл бап бойынша күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТОВА,

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

«OMABELLE» тондары тәркіленді

САРАП

ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ­ТЫҢ ШЕШІМІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС. АЛАЙДА, ӨКІНІШКЕ ОРАЙ, БІЗДЕ СОТ Ш Е Ш І М І Ш Ы Ғ Ы П , З А Ң Д Ы КҮШІНЕ ЕНГЕНІМЕН, ОНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ КӨҢІЛ ҚУАНТ­ПАЙДЫ. КӨП ЖАҒДАЙДА БО­РЫШКЕРДЕН ҚАРЫЗДЫ ӨНДІРУ, АЛИМЕНТ ӨНДІРУ ТУРАЛЫ СОТ ШЕШІМІ ОРЫНДАЛМАЙ ОРТА ЖОЛДА ҚАЛЫП ЖАТАДЫ.

Заң талаптарына сай, сот шешімін орындамаған азаматтарды сот орындау­шылар бірнеше рет әкімшілік жазаға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тарта алады. Алайда, борышкерлердің көбі сот шешімі шықпай жатып­ақ өз аттарындағы дүние­мүліктерін өзге туы­старының атына жаздырып, жауапкер­шіліктен қашады. Борышкерлердің атын­да ешқандай дүние­мүлік жоқ болып шығады. Кейбіреулердің сот шешіміне пысқырып та қарамайтыны сондықтан. Тіпті кейде сот орын дау шыларының өздерінің ар­намысына тиіп, қар сылық көрсетіп, оларды да жүгіртіп, әбігерге салады. Сондай­ақ, сот орындаушылар­дың әрекеттеріне дау айтатындары да жоқ емес.

Сот орындаушының әрекетіне дау айту туралы азаматтық істер Қазақстан Респуб ликасы Азаматтық процестік ко­дексінің 250­бабының талаптарына сай қаралады. Сот орындаушылардың әре­

кетіне дау айту, сот актісі қабылданып, орындау барысында туындайды. Осы істерді қарау барысында борышкерлердің сот актісін орындау уақытын созбалаңға

офистерде адвокаттар, медиаторлар күн сайын ақысыз негізде азаматтарға көмек көрсетіп отыр. Бұл жағдайда тараптарға шағыммен сотқа жүгінбес бұрын қажет құжаттарды толық жинап, білікті заңгер­лердің немесе фронт­офисте қызмет көр­сететін адвокаттардың көмегіне жүгіне отырып шағымды дайындаған дұрыс деп санаймын.

Сонымен қатар, тәжірибеде көптеген сот орындаушының қызметіне төленетін ақыны борышкерлер төлегісі келмейді. Нәтижесінде сот орындаушының ақы­сын бекіту туралы қаулыларға дау айту шағымдары да көп кездеседі.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушының мәртебесі туралы» заңы­ның 120­бабының талаптарына сай, атқа­рушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғаннан кейін ғана орындалса, борышкер сот барысында белгіленген шығыстарды төлеуден және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу­ден босатылмайды. Мұндай жағдай орын алмас үшін, шағымданушы сотта бұл заңның талаптары сот орындаушымен бұзылғанын дәлелдеуі тиіс. Осы заңның баптарына сәйкес, мемлекеттік, жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттар бойынша олар­ды толық орындау және аяқтау жөнінде шаралар қолданылуға тиіс. Әрбір азамат заңды сақ тау ға, сот шешімін орындауға міндетті. Өз сөзімді қорытындылай келе сот шешімі – орындалуымен құнды дегім келеді.

Жазираш ДЕРБІСАЛИЕВА,Қызылорда қалалық сотының

судьясы

БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!Алматы облысының Әділет департаменті мен

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, сондай-ақ, «Гуманитарлық-эка-номикалық» колледж қызметкерлерінің ұй-ымдастыруымен студенттерге арнап «Кемелді келешекке – парасыз жол!» атты кездесу өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамта-масыз етудің қажетті шарты» деп айтқан екен кезінде Арестотель. «Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ болмақ», деген сөз де осы ғұламаға тиесілі.

Осы тұста Алматы облысы Әділет депар-

таменті қызметкерлерінің негізгі мақсаты тек жастармен жүздесіп қоймай, оларға жемқор-лыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру, жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру, студенттер арасында заң-дылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әре-кет ете білуге тәрбиелеу болып табылады.

Кездесуге жетекшілік еткен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде құқық және экономика факультетінің аға оқы-тушысы Лаура Садуақасова шараны жүргізуді екі студентіне жүктеген болатын. Бұл да жастарды жауаптылыққа тәрбиелеудің, ортаға үйретудің

Page 3: ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

3№68 (3193) 10 қыркүйек [email protected] ҚОҒАМ

Сауалнаманы дайындаған Камила ЫСҚАҚОВА, «Заң газеті»

(Соң

ы. Б

асы

1-б

етт

е)

Ойталқы

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: Мақсат ХАЛЫҚ, экономист:

НЕСИЕНІҢ ЖАБЫЛУЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕЙ МЕ?Осы жағынан алғанда, мемлекеттің әлеуметтік жағынан аз қамтылған

тұрғындарына көмек ретінде алған несиелерінің бір бөлігін жабуға шешім қабылдағаны дұрыс. Бірақ, бұл шара жалпы халықтың тұрмыс деңгейіне айтарлықтай оң әсерін тигізеді дей алмаймын. Бұл әлеуметтің жекелеген топтары бір қыжалатынан шығатын бір реттік шара ғана. Сондықтан, осы-дан кейін қаржы саласында жақсы жаңалықтар болады екен деп күту бекер.

Банктердің қызметі бұрынғысынша алға жылжи береді. Кейбір ақпарат-тарда осы жолы қарызы өтелгендер енді қайтып несие ала алмайды деп жүр. Дұрысы, енді банктен несие алып, оны қайтармағандарға кредит берілмейді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та қазір осыны көлденең тартып отыр. Мұн-дай жағдайда, мемлекет банктен несие алып, оны төлеуге қабілетсіз, яғни

күнкөріс деңгейі төмен әлеуметтік топқа қаржылық қолдау көрсетудің тетіктерін ойластыруы керек. Бұл ретте банктердің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтіп, олардың пайыздық мөлшерлемелері мен түрлі алым-салықтарын жөнсіз үстемелеулеріне заңмен шектеу қойылуы тиіс.

Яғни, мұндай шешімге наразы болатындар да табылады. Мемлекет әлеуметтің кейбір топтарына екі пайызбен ипотекалық несие беруді бастап кетті. Бірақ, осының өзін төлей алмай отырған адамдар бар. Осыған қараған-да, халықтың банк алдындағы берешегінің бір бөлігін кешіріп немесе пайызын кеміткеннен жағдай оңалып кетпейді. Себебі, бұл уақытша жеңілдік, қысылған халықты алдаусырату. Мұндайды қайта-қайта жасау қауіпті. Бюджет мұндай шығынды көтере алмайды. Ең дұрысы, сол халықтың қолына қар-мақ ұстатып, балықты өзі аулайтындай жағдай жасаған дұрыс болар еді.

ТҮЙТКІЛ

(Соңы. Басы 1-бетте)

БІР РЕТТІК ЖЕҢІЛДІК ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ҚҰТҚАРМАЙДЫ

Тәуекелден басқа амал қайсы?

Ал, екінші деңгейлі банктерге тәуелді тұтынушының тәуекел етуден басқа ама-лы жоқ. Мысалы, 2012 жылы «Банк және банктік қызмет туралы» заңға несиені мұраға қалдыру туралы бап енгізілді. Бұл алда-жалда о дүниеге аттанып кет-сеңіз, банк алдындағы қарызыңызды артыңызда қалған ұрпағыңыз өтейді деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі ел Үкіметінің банктік саясаты «сіз үшін тағы не істей аламыз?» дегенге саяды.

Десек те, Қазақстан Респубикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуыр-да несиеге рақымшылық жасап, бірқатар банк «тұтқындарының» берешегін жеңіл-детуге шешім қабылдаған-ды. Алғашын-да халықтың жекелеген санаттарының банк алдындағы 300 мыңға дейінгі қары-зы кешіріледі дегенді естігенде халық аса сенген жоқ. Алайда, өткен аптадан бері есепшоттарына тиын-тебен түсіп, несие-лерінің жабылғандығы туралы хабарлама алғандардың қуанышында шек жоқ. Осылайша, бірі қарызының азайғанына аң-таң боп отырғанда, келесілері өзде рін рақымшылыққа ілінгендердің тізімі-нен таба алмай өкпелі. Осы орайда, біз «кімнің несиесіне рақымшылық немесе жеңілдік жасалады? Олардың саны қан-ша? Кредиттің айыппұлы мен өсімпұлын кім төлейді? Кімдерге қарыз алуға шек-теу қойылады?» – деген сұрақтарға жауап алу үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азай-ту шаралары туралы» 2019 жылдың 26 маусымдағы Жарлығымен танысқан едік.

Жарлықтың жарылқауына ие болғандар

Жарлыққа сай, біріншіден, қарызды өтеу шарасы әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған. Атап айтқанда: көп балалы отбасылар, асыраушысынан ай-ырылған, мүгедек баласы бар отбасылар; бала кезінен мүгедектер; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 29 жасқа толмаған жетім балалар, ата-ана-сының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айы-рылғандар.

Талапқа сай, бұл топтардың қары-

Туристер Алматы мен

Нұр-Сұлтанды таңдайды

Әрбір шетелдік саяхатшы орта есеппен алғанда 2018 жылы Алма-тыда тәулігіне 69 доллар жаратып, олардың қалада жұмсаған шығын-дарының жылдық жиынтық көлемі 194 млн долларға жуықтаған. Яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда туристердің шығындары 34,6 пайыз-ға артқан. Нұр-Сұлтандағы күндік туристік шығынның орташа сомасы 123 доллар, ал жылдық шығындары-ның көлемі 82 млн долларды құраған көрінеді. Mastercard мәліметіне қа-рағанда қазақстандық қалаларға негізінен көршілес Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан тұрғындары көп саяхаттайды.

210-нан аса ел мен аумақта тұты-нушыларды, қаржылық институттар мен сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік құрылымдарды бай-ланыстырып, төлемдерді өңдеу-дің әлемдегі ең жылдам желісін басқарып отырған MasterCard-тың әлемдік туризмге жүргізілген 10 жылдық зерттеуі нарықтағы жағдай-ды анықтауға зор септігін тигізіп отыр. Атап айтқанда оның мәлімет-теріне қарағанда халықаралық сая-хаттар ұлғайып, оған Азия-Тынық мұхит өңіріндегі елдердің қосатын үлесі де айтарлықтай өсіп келе жа-тыр. Оны Бангкоктың биыл төртінші рет қатарынан Mastercard Global Destination Cities рейтингінде әлем-дегі ең көп саяхатталған озық 10 қаланың тізімінде көш бастап тұрға-нынан да аңғаруға болады. Мысалы, 2018 жылы Бангкокқа 22,7 млн ту-рист келіп, олардың мұнда түнеуінің ұзақтығы орта есеппен 4,8-ді құрап, күндік шығындары 184 долларды құраған. Одан кейінгі орындағы Па-рижге 19,1 млн, Лондонға 19,09 млн, Дубайға 15,9 млн, Сингапурға 14,6 млн саяхатшы келген.

Туристердің жылдық шығысы-ның көлемі жағынан бұл тізімді Дубай (30,8 млрд доллар), Мекке (20,09 млрд доллар), Бангкок (20,03 млрд доллар), Сингапур (16,5 млрд доллар), Лондон (16,4 млрд дол-лар) бастап тұр. Мұндағы күндік шығынның орташа сомасы Дубайда 553 доллар, Меккеде 135 доллар, Бангкокта 184 доллар, Сингапурда 272 доллар, Лондонда 148 долларды құраған.

Осы арада 2018 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтанға саяхаттап келген шетелдіктердің жалпы саны 600 мың адамды құрағанын айта кет-кен жөн шығар. Оның 200 мыңы Нұр-Сұлтанның үлесінде. Бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салы-стырғанда олардың саны 11,7%-ға ғана артқанын көрсетіп отыр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

300 МЫҢ КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?Қазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмен-

деуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстан-дықты қуантқаны рас. Алайда көпшілік тарапынан «жеңілдікті кімдер пайда-лана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек?» деген сұрақтар жиі туындауда. Осы сұрақтарды талқылап, кішігірім лайфхактармен бөлісуді жөн көрдік.

ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:✅ – enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;✅ – «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәр-

тебені тексеру» тетігін таңдау;✅ – Өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу;НЕМЕСЕ:✅ – 111- бірыңғай нөмеріне хабарласу.ТАҒЫ ДА:✅ – egov.kz электронды порталында көруге болады.ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:✅ – ХҚО-ға барыңыз.Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспе-

сеңіз, онда – 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек. Сондай-ақ, сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

Уақытыңызды әртүрлі жұмсауға болады, бірақ біз әрқашан сіз үшін оңтайлы шешім табуға тырысамыз және бос уақыттарыңызды жақындарыңызға көбірек жұмсағандарыңызды қалаймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі

РЕЙТИНГ

Жаһандық төлем индус­триясында қызмет жасай­тын технологиялық ком­пания дәстүрлі Mastercard Global Destination Cities рейтингін жариялады. Ше­телдік туристер ең көп са­яхаттайтын әлемнің 200 қаласының қатарында Қазақстаннан Нұр­Сұл­тан мен Алматы қалалары кіріп отыр. Атап айтқанда Алматы 186, Нұр­Сұлтан 197 орында тұр.

Екіншіден, айыппұл мен өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндік берілген. Жарлыққа сай, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін кепілсіз тұтынушылық қарыз неси-елері бойынша айыппұл мен өсімпұл са-лынған 5 миллион қазақстандықтың бе-решегі жеңілдейді. Мұнда жалпы қарыз мөлшері 3 млиллион теңгеден аспайтын борышкерлердің 300 мың теңгеге дей-

інгі қарызы кешіріледі. Алайда, есептен шығару шарасы ай сайынғы төлемдерден босатылады деген сөз емес. Сондай-ақ, несие төлеуді кешіктіру 90 күннен асса, уақыт кешіктіргендер мен қарызы туралы мәліметі коллекторларға тапсырылған азаматтар бұл рақымшылыққа ілінбейді.

Екінің біріне несие бұйырмайды

Үшіншіден, бұл Жарлықта қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту мәселесі қарастырылған. Енді екінші деңгейлі банктерге күнкөріс миниму-мынан төмен табыстары бар және әртүрлі жеңілдік алатын азаматтарға несие беру-ге тыйым салу; барлық тұтынушылық қамтамасыз етілмеген несиелері бой-ынша айыппұлдарды, комиссиялық төлемдерді және басқа да төлемдерді 90 күннен асырып кешіктірген жеке тұлғаларға төлеуге тыйым салу; несие беру кезінде қосымша реттеу шаралары заңдастырылмақ.

Жалпы жоғарыдағы игі шараны жүзеге асыру үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегіне дейін жалғасады. Несие рақымшылығына іліну үшін азаматтарға өтініш жазудың немесе құжат жинаудың керегі жоқ. Қарызы барлардың тізімін мемлекеттік органдар олардың қаты-суынсыз автоматтандырған жүйе арқылы жасап, сол бойынша жеңілдік шарасы жүзеге асады. Ал, қарыздың өтелген, өтелмегені туралы ақпараттарды ХҚО немесе электронды үкіметтің веб-пор-талындағы жеке кабинеттен де алуға болады.

Банк клиенттерін қызықтырған «егер бір отбасындағы бірнеше адамда несие болса, бәріне бірдей жеңілдік жасала ма?» деген сұраққа келсек, бұл жоғары-дағы санатқа жататындардың бәріне қа-тысты. Мысалы, көпбалалы отбасындағы ата-ананың екеуінің де басында кредит болса, олардың несиесі келісімшарт бо-йынша жеке-жеке өтеледі. Яғни, екеуін қосқанда отбасының 600 мыңға дейін гі қарызы азаяды. Халықты алаңдатқан та ғы бір сұраққа да жауап бемей кетсек болмас. «ҚР Президентінің Жарлығымен осы жолы несиелік жеңілдікке ие болған-дар кейін тағы несие ала алады ма?» деген сауал қазір жеңілдік алғандардың баршасын уайымға салып отыр. Бұған қатысты ҚР Ұлттық банкінің жауабы мәлім. Құзырлы орын өкілдерінің ай-туынша, бұл шара азаматтарды несие алу құқығынан айырмайды екен. Демек, Мемлекет басшысы жариялаған бір рет-тік жеңілдік халықты банкке тәуелділік-тен құтқармайды.

Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Тұтынушы құқығы

зының жалпы сомасы 2019 жылғы 1 маусымындағы жағдай бойынша үш миллион теңгеден аспауы тиіс. Ал, өте-летін берешектің мөлшері (негізгі борыш + оған есептелген сыйақы) әр борышкер-ге 300 мың теңгеден аспайды. Қалғаны өздігімен қайтарылады. Егер азаматтың басында бірнеше несие болса, алдымен қарызы көп несие жабылады.

Кеше ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупованың қа-тысуымен брифинг өтіп, Президент Қ.Тоқаевтың халықтың кейбір санатының несие жүктемесін азайту туралы Жарлығынан кейін орын алған сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, бұған дейін 300 мың теңгеге дейін қарызы кешірілуі тиіс көпбалалы аналардың біразы тізімге енбей қалған болатын. Вице-минстрдің айтуынша, аты-жөндерін тізімнен таба алмаған көпбалалы ата-аналарға қапалануға әлі ерте.

– Бұл науқанды аяқтау мерзімі нақты бел-гіленбеген. Егер жылдың аяғына дейін осы бес санаттың біріне енетінін растайтын құжаттарды ұсынса, сәйкесінше ол адам бұл тізімге енгізіледі, – деді вице-министр.

Яғни, жыл соңына дейін бұл тізімді жаңартуға мүмкіндік бар екен. Соған сай, мемлекет тізімге кейін енген адамның да қарызын шегеру үшін 300 мың теңгеге дейін әлі ақша бөледі.

«Ақшаны алмаймын» десеңіз де еріктісізСонымен қатар, ол Президенттің Жарлығы

бойынша бұл жеңілдікке табысына қарамастан

бес санатқа енетін мемлекеттің барлық азаматы ие екенін баса атап өтті. Мысалы, Сіз көп балалы ана болсаңыз әрі кепілсіз несиеңіз болса, онда мемлекет сізге 300 мың теңгеге дейін бір реттік көмек ақша бөледі. Ал бұл көмек ақшаны керек етпейтіндер табылып жатса, онда ақшаны кері бюджетке қайтаруға болады.

– Бұл ақшаны ерікті түрде кері қайта-руға болады. Әрине, ол бюджетке қайтары-лады және басқа мақсаттарға жұмсалады. Немесе ол адам өзі қажет етпеген ақшаны шынымен де мұқтаж адамдарға бере алады, – деді ол.

Кешірілмейтін кредиттер Светлана Жакупова 2019 жылдың 1 шілдесінен

кейін өз атына несие тіркеткендер, бұл жеңілдікке іліне алмайтынына да баса назар аудартты.

– Кейбір көпбалалы аналар келіп, несиесі неге шегерілмегенін айтып, шағымдануда. Сөйтсе олардың біразы несиені 1 шілдеден кейін тір-кеткені анықталып жатыр. Ондайда оларға бұл жеңілдік бұйырмайды. Екіншіден, несие сомасы 3 миллион теңгеден аспауы шарт. Сонымен қатар,

Бет қатталып жатқанда

ТІЗІМ ӘЛІ ТОЛЫҒАДЫ коллекторлық компанияларға өтіп кеткен несие-лер де есептен шығарылмайды, – дейді ол.

ҚР Ұлттық банк басқармасы төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, банктер коллекторлық компаниялармен екі жағдайда жұмыс істейді. Біріншісі – несие банк балансынан жойылмайды, коллекторлар банк атынан несие алушымен қарым-қатынасқа түседі. Мұндай несиелер банктердің балансын-да сақталады және сәйкесінше олар бұл акци-яға іліне алады. Ал егер несие коллекторлық компанияға сатылған болса, онда ол банктер мен шағын несиелік ұйымдар балансынан алы-нады.

Артық ақша қартаңызға түседіKaspi Bank мәліметтері бойынша, «Егер сізде

300 мың теңгеге кепілсіз несие тіркелсе, ал оның 100 мыңын осыған дейін сіз төлеген болсаңыз, онда қалған ақшаны Kaspi Gold карточкаңызға аударады. Егер сізде Kaspi Gold картасы болмаса, онда ол артылған ақшаны Kaspi банктің кез келген филиалынан ала аласыз».

Дайындаған К.ЫСҚАҚОВА,«Заң газеті»

Page 4: ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

4 №68 (3193) 10 қыркүйек [email protected]

(Соңы. Басы 1-бетте)

Бастама

«СМАРТ СОТ» – УАҚЫТ ПЕН ҚАРЖЫНЫ ҮНЕМДЕЙДІ

Өмір бір орнында тұрмайды. Заман ілгерілеген сайын ақпараттық технологиялар араласпаған сала қалмай ба­рады. Жаңа инновациялар көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартып қоймай, жеделдігін арттырып, қаржылық шығы­нын кемітуге ықпалды болып отыр.

Бүгінде қалтаға салып жүретін ақылды компьютер, сымсыз байланысты интернет әрбір үйде бар, әрбір отба­сы аталған технологияларды қолданады. Бұл үрдісті әрбір құрылым өз жұмысында пайдалана білгені жөн. Мәселен, жаңа технологиялар сот жүйесіне де көптеген жаңалық алып

келді. Соның ішінде «Смарт сот» жобасы Қазақстан Респуб­ликасының сот жүйесінде өзінің лайықты орнын тапты.

Жаңа пилоттық жоба көптеген артық шылықтар ұсынады. Айталық «Смарт сот» жобасы сотқа қатысушылардың сот отырыстарына сырттай атсалысуына мүмкіндік береді. Ол үшін сот залына арнайы келудің қажеті жоқ. Соның арқасында азаматтар уақыты мен қаражатын үнемдейді. Аталған жобаға қатысу үшін күнделікті қолданып жүрген смарт­телефонға «TrueConf» бағдарламасын қондыру қажет. Бұл бағдарлама сот қатысушыларына Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің аумағының әр жерінен сот отырысына тіке­лей қатысуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта республика соттарында «Смарт сот» жобасы арқылы шетелде жүрген азаматтардың қатысуымен он үш мәжіліс өткізілді.

Қылмыстық істерді қарау кезінде «Смарт сот» жобасы сотталушыны сот мәжілісіне қамау орындарынан этаппен айдап әкелуді қажет етпейді. Жоба үкіметтің сотталушыны айдап әкелуге жұмсалатын қаражатын сақтап, күту уақытын үнемдейді және арнайы қауіпсіздік шараларын ұйымдасты­ру керек емес. Сонымен қатар, сот аталған жобамен істерді қарастырған кезде істің қарау мерзімін қысқартып, сот төрелігінің тиімділігі мен қолжетімділігін көтереді. Сотқа қа­тысушылар «Смарт сот» жобасымен өткізілген мәжілістерге жоғары баға беріп отыр.

Г.ҚУАНЫШЕВА,Хромтау аудандық сотының бас маманы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

ТҰҒЫР

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІБИЛІК ПЕН ХАЛЫҚТЫ ЖАЛҒАЙТЫН АЛТЫН КӨПІР

Сондықтан жұртшылық Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне онша мән бер-меген, оны осындай бас қосулардың біріне санаған. Тіпті жиын басталғанша әріптестеріміздің біразы отырысты еш-нәрсе шешпейтін, бос әңгімеге санап жүрді. Алайда, отырыс та ә дегеннен ха лық тың көкейінде жүрген мәселелер, халықтың наразылығына себеп болып жатқан жағдайлар, оларды шешу мен жоюдың амалдары Қоғамдық кеңес мү-шелерінің аузымен жүйелі түрде ашық айтыла бастағанда бәрі де сабасына түсіп, қалай бас изеп кеткендерін өздері де біл-мей қалды.

Жалпы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Мемлекет басшысы жанындағы консуль-тативтік-кеңесші орган ретінде құрылға-ны белгілі. Мақсат – қоғам, саяси пар-тиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен бірге мемлекеттік саясаттың өзекті мәсе-лелерін зерделеп, солардың негізінде басымдықтарды айқындап тұжырымдау. Ұлттық кеңес үш бағыт – саяси, эко-номикалық және әлеуметтік бағыттар бо йынша жұмыс жүргізеді. Сондықтан оның мүшелері осы үш топқа шоғыр-ланған. Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай, жылына үш реттен артық өткізілмейді. Ұйымның шешім-дері көпшілік дауысымен қабылданады. Отырысқа қатысушылардың дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші рөлге ие болады. Кеңес төраға-сы – Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев. Төраға орынбасары – Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшы-сы – Президент кеңесшісі Ерлан Қарин.

Алғашқы отырыс Мемлекет басшы-сының беташар сөзімен ашылды. Қа-сым-Жомарт Кемелұлы бұл ұйымның қоғам өміріндегі маңызы – кез келген жаңа бастама қоғамда ашық талқыланып, халықтың қолдауына ие болуы тиісті-гімен атап көрсетті. Қазақстандықтардың биліктен нақты ұсыныстар мен нәтижелер күтіп отырғанын айтып, Ұлттық кеңестің осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналатынына сенімін білдірді. «Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін

өте маңызды. Отандастарымыз ел бо-лашағына бей-жай қарамайтын болды. Ашық түрде өз пікірлерін айта бастады», – деді осы ретте Президент.

Өзі бұл жиында көптің көкейінде сұрақ тудырып, алаңдаушылығына негіз болған бірқатар мәселелерге қатысты уәжін айтып, ұстанымын білдірді. Со-лардың бірі Қытайдан әкелінетін өн-дірістер жайлы. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы уақытта ел арасында тарап жүрген «жер шетелдіктерге са-тылады екен» немесе «көрші елдің 55 ескі зауытын көшіреді, оған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен» деген әңгімелер ниеті бұзық адамдардың та-ратып жүрген қауесеті. Олар халықтың патриоттық ұстанымына манипуляция жасауды шебер меңгерген. Өз мақсатта-рына эмоция ға тез берілетін адамдарды пайдала нып, өз ойларына жетуге ты-рысады. Осы жай лы айта келіп, «Бұн-дай манипуляция лар геосаясаттың бір бөлшегі екенін де түсіну керек. Негізгі мақсат – халықтың бірлігін бұзып, Қа-зақстандағы жағдайды тұрақсыздан-дыру. Алайда, біз дана халықпыз және ондайды ажырата аламыз. Ал, биліктің негізгі міндеті – диалог ар қылы халыққа мемлекеттік саясаттың мақ саттарын жан-жақты түсіндіру», – деп мәлімдеді. Жалпы шетелдік инвестициялардың тек қана ең қажет салаға тартылатыны, өзге елдерден мұндай көмек алу Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея сынды дамыған елдердің тәжірибесі екенін айтты. Осы орайда Мемлекет бас-шысының «Біз ұлттық мүддені қашанда бірінші орынға қоямыз. Тағы да шегелеп айтамын, жерімізді ешкімге бермейміз, халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз, ол басты назарда болады» де-ген сөзі жұртшылық үшін құран сөзіндей әсер еткені даусыз. Өйткені, Президент-тің осы қызметке кіріскен сәтінен бастап айтқан сөзі мен ісі бір жерден шығып келеді.

Мемлекет басшысы өз саясатының негізгі басымдықтарымен де бөлісті. Бұл ретте оның жастарға қатысты сын-дарлы пікірі мен ұстанымы олардың өз болашағына, жалпы халықтың ел келешегіне деген сенімін оятқаны анық еді. Қасым-Жомарт Кемелұлы әлемдік үдеріске сай жастар дүниетанымының

да трансформацияға ұшырап жатқанын, олардың үлкен саяси және технологиялық өзгерістер дәуірінде өз орнын табуға ты-рысатынын айта келе өзінің Президент ретінде белсенді әрі нақты мақсатқа ұмтылған жастарға жағдай жасап, осы қиын өмірде өз орнын табуына көмектесу-ді көздейтінін айтқан болатын. Мемлекет басшысының осыған орай «... біз бизнес ашуға, мұқтаж балаларға тегін білім алуға жағдай жасап, дарынды жастарды іздеп, жас басқарушылардың кадрлық резервін жасақтап жатырмыз. Биліктің тізгінін со-ларға тапсырамыз» дегені қазірдің өзінде жұртшылықтың зор қуанышын тудырып жатқанына ел куә.

Жиында аталмыш саяси, экономика-лық және әлеуметтік топтардың әрқайсы-нынан екі адам сөз алды. Қозғалған мәсе-ле, айтылған ұсыныстардың қай-қайсы да өзекті еді. Жалпы оларды осы отырысқа алып шығып, Мемлекет басшысының на-зарына ұсыну қоғамдық пікірді, мамандар сараптамаларын, ғылыми тұжырымдарды жан-жақты зерделеу, талқылау нәтиже-сінде жүзеге асыпты. Бұл айтылғанның шындықтан алыс еместігін отырыста айтылған әңгімелер мазмұны да аңғартты. Мәселен, алдымен сөз алған «Талап» қол-данбалы зерттеу орталығының директоры Рақым Ошақбаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры табысының мардымсыз-дығы салымшылардың сенімін жойып отырғанын мәлімдеген еді. Шынында да қамсыз қарттығы үшін тірнектеп жиып жатқан қаржысының тағдырына бүгінде

алаңдамайтын жан жоққа тән. Ошақбаев мырза мұның нақты себебін атап көрсет-ті. Оның айтуынша, міндетті зейнетақы жинақтаушы қордың биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы нақты та-бысы небәрі 0,09 пайыз болыпты. Соған қарамастан «БЖЗҚ» АҚ жұмыс істеген бір жылдың ішінде зейнетақы активтерін басқармаса да 45 миллиард теңге комис-сия алған. Ал, әкімшілік шығындарға деп жыл бойына 20 млрд теңге ұстапты. Бұл еліміздің бүкіл қаржы жүйесін басқа-ратын Қаржы министрлігінің әкімшілік шығындар құрамынан үш есеге көп. Демек, Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалған БЖЗҚ ойына келгенін істеуде. Осыны айтқан Ошақбаев мырза қоғам тарапынан айтылып жүрген бұл қор-лардағы барлық ақшаны бір әлеуметтік сақтандыру қорына біріктіру туралы ұсынысты қолдайтындарын білдірді. Со-нымен қатар, Еңбек және халықты әлеу-меттік қорғау министрлігі және Ұлттық экономика министрлігімен бірігіп жұмыс тобын құру қажеттігін, мұның жаңа мүм-кіндіктерге жол ашатынын айтты.

Зейнетақы жүйесіне қатысты қоғам белсендісі, блогер Жәнібек Қожық та көптің көкейіндегі ер азаматтардың зей-нет жасын 60-қа, әйелдердікін 55 жасқа төмендету жайлы тілегін жеткізген еді.

өзі айтқандай, «Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін барлығы-мыз жұмыла әрекет етіп», барлық жерде мемлекеттік тілді міндеттейтін Мем-лекеттік тіл туралы заң қабылдауымыз керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар Ата Заңда Мемлекеттік тіл мәртебесін жеке дара иеленуі үшін 7- баптың 2- тармағын алып тастайтын уақыт жеткенін айтып, Мемлекет басшысы батасын берсе «Ақ жол» партиясы Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын жасауға дайын екендігін жеткізді. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік деңгейде дамуы үшін және тиісті заңдар-дың орындалуын қадағалау мақсатында тікелей Президентке қарайтын Тіл агент-тігі құрылуы қажеттігі жөнінде ұсыныс қосты.

Өзге де пікірлер көп айтылды. Олар-дың бәрі қоғамдық өміріміздің сан сала-сының өзекті мәселелеріне бағытталды. Мәселен, Мұхтар Тайжан «жер шетел-діктерге жалға да берілмей, өзіміздің қазақтарға жекеменшікке де ұсынылмаса» деген ойын ортаға салса, адвокат Айман Омарова «елде көбейіп кеткен зорлау оқиғаларымен айналысатын арнайы де-партамент құру қажеттігін» алға тартты. Белгілі құқық қорғаушы сонымен қатар журналистер тағдырына да араша сұрап, олардың жиі жазалануына негіз болатын

Отыз жылғы ұстанған саясатқа бү-гінде сын айтушылар аз емес. Саяси ре-форма жасап, жүйені модернизацияламай жағдайды түзеу мүмкін еместігі айқын сезілуде. Жиында айтылған жүйелі сөз, сындарлы ұсыныстың ауқымды тобы саяси үдерістерді демократизациялау, заңнаманы ұлт мүддесіне сай ырықтанды-рып, либерализациялау, билік тармақта-ры арасындағы қарым-қатынастардағы теңсіздікті жою, қоғам тынысын ашып, халық пен билік арасын жақындату жай-ын қамтыды.

Бұл жөнінде баяндаған саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, осы мақ-саттарға жету үшін талай рет түзеліп, күзелген «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шеру-лер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», «Саяси партиялар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» «Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның депутаттары туралы» заңда-рын қоғам талабы, уақыт ағымы тұрғы-сынан қайта жазу қажет. Сонымен қатар «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «Сот реформасы және пенитенциарлық жүйелерді реформалау туралы» арнайы тұжырымдамалар бірінші кезекте қабыл-данғаны жөн.

Жиында өз жерінде өгей баланың күй-ін кешкен мемлекеттік тіл – қазақ тілінің жайы да көтерілді. Қоғам қайраткері Қазыбек Иса Мемлекет басшысының

Қылмыстық кодекстегі «жала жабу» бабын алып тастайтын мезгіл жеткенін мәлімдеді.

Танымал саясаттанушы Саясат Нұр-бек жоғарғы білім беру ісінің уақыт талабына, еңбек нарығының сұранысына сай еместігін, олардан шығып жатқан мамандардың практикалық білімдер мен дағдылардан ада екендігіне назар аударт-ты. Білім мен нарықты бірге қарау жөнін-де дәйектемелерді алға тартып, нақты ұсыныстар қосты.

Мемлекет басшысы әрбір айтылған пікірді, ұсынысты мұқият тыңдап, кей-бірін түртіп алып отырды. Жалпы бұл отырыс елдегі қалыптасқан мәселелерді жинақтап, сараптап, жүйелеп жеткізіп, нақты шешімін айқындаудың тиімді әдісі, зор мүмкіндігі болғандай. Әрине, айтылмай қалған мәселелер аз емес еді. Жұртшылық әсіресе, қоғам тарапынан өз көзқарастары үшін жазықты болып, түрмеге қамалды деп саналатын тұтқын-дарға қатысты әңгіменің айтылмауына қынжылыс білдірді. Десе де, Ұлттық сенім кеңесінің бұл отырысы белгілі деңгейде билік пен қоғамның арасында диалогтың орнап, халықтың мемлекетке деген сенімінің оянуына айрықша ықпал етті деп айтуға болады. Алдағы уақытта онда көтерілетін мәселенің ауқымы бұ-дан кең, байыпты, сындарлы болатынына сенім зор.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,«Заң газеті»

Page 5: ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

5№68 (3193) 10 қыркүйек [email protected] СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

«ЖАСАҒАН ТАУАРЫМЫЗ СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛСА –

ЕҢБЕКТІҢ ЖАНҒАНЫ»

«Казлегпром-Алматы» ЖШС негізі-нен тігін және аяқ киім өнімдерін жа-саумен айналысады. Жеңіл өнеркәсіпке бейімделіп, 2011 жылдан бері отандық нарыққа өз өнімін ұсынып келеді. Ай-тарға оңай көрінгенмен, біз бүгінгідей жетістікке бір күнде жете қойғанымыз жоқ. Алғашқы кезде арнайы киім (спец-одежда) тігумен айналыстық. Мемле-кеттік сатып алу бойынша қорғаныс, шекара қызметкерлерінің, Ішкі істер министрлігінің арнайы киімдерін тіктік. 2015 жылдан бастап квази секторларға, өндірістік компаниялардан мемлекеттік сатып алумен тапсырыс алып, жұмысы-мыз кеңейе түсті. Ал, сұраныс болып, өнім ұлғайған сайын тауардың түрін көбейтіп, нарықтағы орныңды бекіте түскің келеді емес пе? Осылайша аяқ киім жасауды қолға алып, бұған қоса ерлердің костюмдерін тігуді бастадық. Қазіргі күні мектеп оқушыларының формаларын да ті-геміз. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап жейде тігетін цехты іске қостық. Қазіргі уақытта аяқ киімнің бес цехы жұмыс істеп тұр. Оның моделіне дейін өзіміз ойласты-рамыз. Мамандарымыздың барлығы өз ісінің шебері, өте тәжірибелі. Киім өнер-кәсібі бойынша сегіз цех жұмыс істеп тұр. Әр цех өз жұмысына маманданған.

Кәсіпкерлік – ұшқыр қиял мен тоқтау-сыз еңбексіз, ізденіссіз алға жылжу мүм-кін емес. Өз өніміңді жарнамалап, сату-дың тетігін табу да мұндайда шешуші рөл атқарады. Жақсы тауар жасап, ол иесін таппай, қоймаларда шірісе – кәсіптің құр-дымға кеткені емей немене? Сондықтан, сапалы өнім шығарып қана қоймай, оның нарықтан өз орнын табуына, сатылымы мол болуына ықпал ету керек. Бүгінде біз бірнеше ірі сауда орталықтарынан дүкендер ашып, өнімдерімізді сатылымға шығарып отырмыз. Сұраныс та жаман емес.

– Қоғамда «Елімізде жеңіл өнер-кәсіп дамымаған, Қытайдың, Түр-кияның, одан қалды Қырғызстан мен Өзбекстанның киімдерін киіп жүрміз» дегенді жиі естиміз. Шын-дығында біз неге өз нарығымызды өзгелерге беріп отырмыз? Әлде бәсе-келестікке отандық өнімдер шыда-май ма?– Отандық жеңіл өнімде сырттан ке-

летін киім-кешектер көп. Жасыратыны жоқ, көршілес Қытай, Өзбекстан, Қырғыз елінің тауарлары Қазақстан нарығын жау-лап алды. Тұрғындарымыз сол елдердің тауарларын көбірек тұтынады. Себебі, бұл аталған елдерде жеңіл өнеркәсіпке мемлекет тарапынан жан-жақты жеңіл-діктер қарастырылған. Салық жағынан болсын, насихат жағынан болсын көмек көп. Бізде бұл саланың ақсауына шикізат-тың жоқтығы бірден-бір себеп. Өзіміздің матамыз болмағандықтан біз оны шетел-ден аламыз. Ал, бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын өсіріп, бағаға әсер етеді. Қазір әлемнің кез келген түкпіріне шека-ра ашық. Соған сай халықтың да киімге, оның матасына, сапасына деген талабы мен талғамы өскен. Мысалы, біз матаны Түркия, Қытай, Италия, Украина сияқты елдерден аламыз. Былғары бойынша да солай. Былғары өнеркәсібі өзімізде де бар. Бірақ олар әзірге жалпы азаматтарға ар-налған аяқ киімдерді тігуге пайдалануға жарамайды. Тек жұмыс аяқ киімдерін, арнайы аяқ киімдерді тігуге болады. Биыл отандық былғары өндірушілердің былға-рысынан 150 мың жұп аяқ киім тігуді жоспарлап отырмыз.

Отандық жеңіл өнеркәсіптің аяғына тұсау болып тұрған келесі мәселе жарна-маның, насихаттың жоқтығына келіп тіре-леді. Бізге қарапайым сауда орындарынан орын алып, киімдерімізді сатудың өзі тым қымбатқа түсуде. Орынды жалға алу, са-лық жағынан да жеңілдіктер қарастырыл-маған. Мысалы, жоғарыда біз шикізатты шетелден аламыз дедік. Ал, оны елге жеткізу кезінде кедендік алым-салықтар төлейміз. Егер осы кедендік салықтарға жеңілдік жасалса, бұл отандық тауарлар-дың ішкі нарықтағы бағасының арзанда-уына айтарлықтай әсер ететін еді. Қарап отырсаңыз, біздің тіккен киімдеріміз сол шетелден келіп жатқан тауарларға бәсе-келес бола алады. Сапасы ешқайсысынан кем емес. Айырмашылық тек бағасында ғана. Әрине, халық қалтасына қарайды. Әркім қаржылық мүмкіндігін ескере оты-рып киімнің арзанын алғысы келеді. Бұл түсінікті жәйт. Мұның сыртында, біз бір елден мата сатып әкелсек «Оны қайдан алдың, тауарлық сәйкестік сертификаты қайсы, санитарлық-гигиеналық құжат-тары қайда? Мемлекеттік стандарттарға сай ма?» деп жан-жақтан сұрақ қойып, тауарды қатаң сүзгіден өткізіп, тексереді. Тіпті, оны дайын өнім ретінде нарыққа шығармас бұрын аталған талаптар бой-ынша тағы тексеруден өтеміз. Ал, ше-телден келіп жатқан дайын киім-кешекке осындай талап қойып, бақылап жатқан ешкім жоқ. Оның матасы сапалы ма, не-ден жасалған, қауіпсіздігі қандай деген сауалдар басы ашық күйінде қалуда. Осы жағынан алып қарағанда біздің қолымыз-дан шыққан дүниелер әлдеқайда сапалы, қауіпсіз деуге болады.

– Тауарларыңызды сыртқы на-рыққа шығару жағы қалай? – Бұл да біртіндеп алға жылжып

келеді. Алдымен өзіміздің ішкі нарығы-мызды қамтамасыз етіп, бұдан әрі өнім-дерімізді шетелге экспорттауды жоспар-лап отырмыз. Былтырдан бастап аяқ киімдеріміздің біраз бөлігін Ресейге жө-нелттік. Келешекте шекарамызды кеңей-теміз. Алайда, экспортқа шығару да оңай шаруа емес. Оған да қыруар қаржы, күш керек. Жалпы сұраныс болса, жылына бір миллионға дейін киім, бес жүз мың жұп аяқ киім тігуге қауқарымыз бар.

– Жалпы, елімізде өз кәсібіңді бастау қаншалықты жеңіл? – «Көз қорқақ, қол батыр» дейді қа-

зақ. Сол айтпақшы, өз ісін бастау – тек шыдамдылардың, іскер жандардың ісі. Фабрика басшысы Айбек Бектұрғанов ізденістің адамы. Бұл компанияны құрмас бұрын ол әлемнің түкпір-түкпірін аралап, оның ішінде жеңіл өнеркәсібі дамыған Қытай, Түркия, Италия сияқты мемлекет-тердегі алпауыт тігін фабрикаларының жұмысын көріп, солардың аяқ алысын аңдап, үлкен дайындық жасаған. Компа-ния басшысы ұжымға өте сыйлы адам. Ол әрбір қызметкердің осы жерде дамуына, маман ретінде қалыптасуына қатты көңіл бөледі. Қазақстандықтарды шетелден келіп жатқан «сенімсіз» киімдерден бас тартқызып, өзіміз киіндірсек деген ниет көп нәрсені аңғартса керек.

Айбек Бектұрғанов – компанияның басшысы ғана емес, алғашқы тұтынушы-сы. Ол киімдерді алдымен өзі киіп көреді.

аяқ киімдеріміз табиғи өнімнен жасалады. Бұл да басқалардан оқ бойы оздырып тұр. Өзбекстанға қарағанда біздің пайдала-натын шикізатымыз анағұрлым сапалы. Осы жағынан да біз ұтып отырмыз. Мұны көрмелерге келген шетелдік сарапшы-лар сан рет мойындап кеткен. Жалпы, «Қазақстанда жасалған» деп ауыз толты-рып айта кетерлік артықшылықтарымыз баршылық. Сондықтан, ішкі нарықтағы тұтынушылар «біздің қолымыздан түк келмейді» деген солақай пікірлерін тү-бегейлі өзгертуі керек. Өзімізге өзіміз қолдау білдіріп, отандық жеңіл өнер-кәсіптердің өнімдеріне сеніммен қарап, тұтынатын болсақ, кәсіпкерліктің іл-герілеуіне себеп болар едік. Отандық өн-дірушілердің тауарларын дүкен сөрелері-не көптеп шығарып, сауда орындарында өз тауарларымыздың сатылуына жағдай жасалса, салықтарды, басқа да төлемдерді төмендетіп, керісінше, шетелден келетін киімдерге деген талапты күшейтсе, қа-зақстандықтардың кәсіп бастауға деген ынтасы артары, кәсіпкерлердің сенімі бекитіні күмәнсіз.

– Естуімізше, қазақстандық судьялардың мантиясын да сіздер тігіпсіздер. Киім үлгілерін өздеріңіз ұсынасыздар ма?– Иә. Анау мынау емес, қазылардың

мантиясын тігу бізге үлкен жауапкершілік жүктеді. Жұмыс сеніп тапсырылғаннан кейін күні-түні еңбектендік. Алдымен

– Оныңыз рас. Қытайдың көшірмелері нарықта аз емес. Тіпті, әлемдік брендке айналған киімдерді де қайталауды шебер меңгерген. Бірақ, азаматтар ненің жақсы, ненің сапасыз екенін ажырататын, таңдау жасай алатын жағдайға жетті. Оларды алдау мүмкін емес.

Дегенмен, біз әзірге авторлық құқығы-мызды бұзып, үлгілерімізді қайталау секілді келеңсіз жағдайға тап болған жоқпыз. Шыны керек, оған көңіл бөліп, қадағалап жатуға уақытымыз да жоқ. Жалпы бізде жұмыс қауырт. Мамандарды үйрету, тәжірибеден шыңдау, оқыту деген-дерге қатты көңіл бөлеміз. Бізде тәжірибе жинақтаушыларға арналған бөлек цех жұмыс істейді. Онда жас тігіншілер тігін машинасында қалай отыру керектігінен бастап, тігудің қыр-сырларын бүге-шігесі-не дейін үйренеді. Тек содан кейін ғана қайнаған тігін цехынан өз орнын табады. Себебі, жеңіл өнеркәсіп те басқа салалар сияқты қателікті «кешірмейді». Бір киім бүлінсе де шығын. Тіккен киімдеріміз-ден олқылық табылса бүкіл өнеркәсіптің атына кір келіп, ондағы қызметкерлердің еңбегі еш болады. Сол себепті, ол жағына аса қатаң қараймыз. Осы уақытқа дейін тұтынушылар да, тауарымызды саудалап отырған дүкендер де кімдеріміздің са-пасына сын айтып, кері қайтарған емес. Тек жекелеген азаматтардың сұранысы бойынша кейде киімдердің өлшемдерін ауыстырып береміз.

– Еңбек нарығында тігіншілерге деген сұраныс қаншалықты жоға-ры? – Сұраныс бар. Әсіресе, тәжірибелі,

шебер тігіншілер жұмыссыз қалмайды. Біздің тігіншілер дайындайтын оқу ор-талығын ашуымыздың өзі оларға деген сұраныстың жылдан-жылға артқандығын көрсетеді. Маусым кезінде, тапсырыс алған уақыттарда жұмыс қолы жетіспей жатады. Сондай-ақ, бізге еңбекпен қамту мекемелері арқылы келіп, жұмысқа орна-ласып жатқандар бар. Жұмыс істеймін, менің қолымнан келеді деген адамдарға біздің есігіміз әрқашан ашық. Тіпті, біздің оқу орталықта оқып, үйреніп, кейін өз кәсіптерін ашып жатқандар да жетерлік. Оларды өзімізге бәсекелес болады деп қо-рықпаймыз, керісінше, қуанамыз. Бізден үйреніп, бізде оқығысы келетіндер көп. Себебі, біріншіден оқу тегін, екіншіден мұндағы қондырғылардың бәрі замана-уи, ең таңдаулысы. Сондықтан болар, жеңіл өнеркәсіпке арналған жаңа дүние шығарғандар бізге өз тауарларының мүмкіндігін көрсетіп, сұраныс тудыруға тырысады.

– Қалай ойлайсыз, жеңіл өнер-кәсіпті болашақта автоматтан-дыру мүмкін бе? Дамыған елдерде он адамның атқарған жұмысын бір роботтың үйлестіріп отырғанын байқаймыз. Сол сияқты, жеңілөнер-кәсіпке заманауи техникаларды пай-далану салаға қаншалықты өзгеріс әкелуі мүмкін?– Әзірге ондай өзгеріс орын алады деп

ойламаймын. Жеңіл өнеркәсіптегі адам-ның жұмысын техника алмастыра алмай-ды. Өйткені, бұл бір қалыпқа салынған, қатып қалған дүние емес. Адамдардың дене бітімі де, сән де күн сайын өзгеріп тұрады. Әрбір өнім творчестволық ойдың жемісі. Мұны ең ақылды роботтың өзі істей алмайды. Оның үстіне жеңіл өнер-кәсіп әлеуметтік маңызды сала. Онда әй-елдер жұмыс істейді. Жалпы, бұл саланы толықтай автоматтандыру мүмкін емес. Жеңіл өнеркәсібі өркендеген Қытай да, Түркия да негізінен адам күшімен жұмыс істеп жатыр.

– Кәсіпкерлікті қолдау үшін жа-салған жеңілдіктер аз дей алмай-мыз. Тіпті, оларды тексеруге де мораторий жарияланғаны белгілі. Бұл қаншалықты пайдасын тигізіп жатыр? Шындығында кәсіпкерлерді тексеру тыйылды ма? – Биылдыққа ондай тексерулер кел-

ген жоқ. Өткен жылы құзырлы орындар бірінен соң бірі келіп тексерген. Жалпы тұтынушылар тарапынан шағым түсіп не-месе тиісті органдардың жөнсіз тексеріс жасап мазалауы тыйылды деп сеніммен айта аламын.

– Уақыт тауып ой бөліскеніңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Айнұр СЕМБАЕВА,

«Заң газеті»

Көңілінен шықпаса, олқылығы болса бірден айтады. Түптеп келгенде, ол – әрі басшы, әрі тұтынушы, сарапшы әрі ком-паниямыздың қозғалтқышы. Мысалы, алғашқы жылдары бізде отыз шақты қызметкер болса, қазір оның саны бес жүз елуге жетті. Жүз елуге жуық тігінші аяқкиім цехтарында жұмыс істесе, екі жүз елудейі тігін цехтарында еңбек етеді. Оқу бітірген жас мамандарды конкурспен жұмысқа қабылдап, осы жерде тәжірибе жинақтатып, Италияға біліктілікті жетіл-діру курстарына жіберіп тұрамыз.

– Сіздердің өнімдеріңіз шетелдік тауарлардан несімен ерекшеленеді? Мысалы, Қазақстанда тігілген аяқ киімдердің түріктер тіккен аяқ киімнен қандай айырмашылығы бар? – Біріншіден, біздің аяқ киімдеріміз

халықаралық талаптарға сай тігілетіндік-тен, сапасы жағынан ешкімге есе жібер-мейді. Екіншіден, халықаралық нарықта еуропалық стандарттарға жауап бере алатын тауарлардың бағасы қымбат ке-леді. Ал, біздің аяқ киімдеріміздің сапасы еуропалық қалыпқа сай және Қытаймен салыстырғанда, біздің киімдеріміз бен

киімнің үлгісі қандай болуы керек, мата-сын таңдағанда неге мән берген жөн, жібі, тіпті тігістері мен ұлттық нақыштағы кестелерін қалай орналастырамыз деген сұрақтарды көпшілік талқысына салып, ұзақ ақылдастық. Өйткені, мемлекет атынан үкім шығаратын судьялардың мантиясы жүріп, тұруына ыңғайлы бо-луы керек. Матаның ауа өткізгіштігі, оның қыр тыстанып немесе мыж-мыж болып қалмауына қатты көңіл бөлген дұрыс. Осылайша, біз ҚР Жоғарғы Со-тымен кеңесіп, үлгілерді көрсеттік. Бәрі келісілгеннен кейін судьялар тіккен жаңа мантияларымызды киіп көріп, біраз уақыт сынақтан өткізіп, көңілдерінен шыққан соң жаппай тігуге көштік.

– Сіздердің авторлық құқықта-рыңызға қол сұғушылар болды ма? Жасыратыны жоқ, қытайлықтар әлемде не жылт етсе, соны лезде көшіріп басып, қайталап жатады. Тіпті, кез келген зат қазір түп-нұсқасы және Қытайда жасалған көшірмесі деп екіге бөлінеді. Бүгінге дейін сіздердің жасаған киімдердің үлгісін қайталап, заң бұзғандар болды ма?

(Соңы. Басы 1-бетте)

Дана ҚАРАЖАНОВА, «Казлегпром-Алматы» ЖШС қаржы директоры:

Бізге қарапайым сауда орындарынан орын алып, киім-дерімізді сатудың өзі тым қымбатқа түсуде. Орынды жалға алу, салық жағынан да жеңілдіктер қарастырылмаған. Мы-салы, жоғарыда біз шикізатты шетелден аламыз дедік. Ал, оны елге жеткізу кезінде кедендік алым-салықтар төлейміз. Егер осы кедендік салықтарға жеңілдік жасалса, бұл отандық тауарлардың ішкі нарықтағы бағасының арзандауына айтар-лықтай әсер ететін еді.

Page 6: ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

6 №68 (3193) 10 қыркүйек [email protected]

Дөңгелек үстел

АЙҒАҚ ЗАТТАРДЫ САҚТАУДА НЕНІ ЕСКЕРГЕН ЖӨН?

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы К.Кенжебековтің, судьялар А.Замбаевтың, Л.Ильясованың, кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Г.Саутованың, Жамбыл облысы прокуратурасының басқар-ма прокуроры А.Избанованың, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты З.Дургалованың және сот мамандары-ның қатысуымен «Сотқа дейінгі тергеу барысында және сот талқылауында айғақ заттардың тағдырын шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында К.Кенжебеков тергеу әрекетін жүргізу барысында алынған барлық нәрселер айғақ заттар ретінде та-ныла бермейтінін айтып, нақты ұсыныстар айтты.

– ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 220-бабының талап-тары бойынша қарап-тексеру кезінде алынған заттардың іске қатысы бар-жоғы, ҚР ҚПК-нің 118-бабының талаптары бойын-ша сәйкестігі анықталады. Яғни, егер заттар қылмыстық құқық бұзушылық құралы болды деп пайымдауға негiз болса немесе оларда қылмыстық құқық бұзушылықтың iздері сақталып қалса немесе олар қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектiлерi болса, сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықты табу, iстiң нақты мән-жайларын анықтап алу, кiнәлi адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңiлдету құралы болуы мүмкiн ақша мен өзге де құндылықтар, нәрсе-лер мен құжаттар заттай дәлелдемелер болып танылады. Іске қатысы жоқ және дәлелдемелік маңызы жоқ нәрселердің айғақ заттар ретінде танылуы және іске тіркелуі істің ұлғайып кетуіне, айғақ заттарды сақтау бөлмесінің толып кетуіне, осы нәрсенің

тағдырын шешу бойынша сот үкімін орындаумен байланысты қажетсіз жұмыстың жасалуына әкеп соғады, – дейді К.Кенже-беков.

Сонымен бірге, спикер айғақ заттардың тағдырын шешпеу үкімнің өзгертілуіне негіз болатынын судьялардың назарына салды.

Шара барысында қатысушылар айғақ заттарды жою бөлі-гінде үкімнің уақытылы орындалуына, олардың мемлекет пай-дасына өндірілуіне, иесіне қайтарылуына қатысты мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар тақырып аясында талқы-ланған өзекті мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.

Райхан РАТОВА, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

ТАРАЗЫ

ҚАРА ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ

Ел тізгінін қолына алған Президент алғашқы Жолдауында өткенге тоқталып, барымызға баға бере келе, тәуелсіздікпен өрілген отыз жылды жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңіне балады. Алдағы күндерге айқын бағыт-бағдар берген Жолдауда барлық сала қамтылды.

Биліктің қай саласы болмасын, ол мемлекетке, халыққа қызмет етеді. Сот билігі де ел азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғап, өркениетті мемлекетті қалып-тастыруда маңызды рөлге ие. Осы жолда сот жүйесі кезең-кезеңімен сот-құқықтық реформаларды іске асырып, сапалы, сенімді әрі халықаралық талаптарға сай қызмет көрсетуде. Бұл сот билігі мен қоғам арасында тұрақты байланыс пен қолжетімділікті, сенім мен ашықтықты орнатуға жол ашты. Азаматтардың құқықтық сауатын арт-тырып, олардың әлеуетін нығайта түсуде заң нормаларының қисынды қолданылуы маңызды. Бұл қазіргідей әлемдік өркениет пен дамыған елдер қатарына қосылуға ұмтылған кезеңде аса қажет талаптардың бірі болып қала бермек.

Осыған орай билік халықтан бөлінбей, тиімді байланыс орната отырып, қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару секілді негізгі басымдықтарды сақтауға тиіс. Жолдауда Президент осы мәселеге бірінші назар аударып, белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көп-теген шағымдар биліктің қай саласында болмасын қордаланған түйткілдердің барын дәлелдейтінін айтты.

Сот билігіне жеке және заңды тұлғалар күнделікті жүгінетіндіктен және сот шешімі, қаулысы немесе үкімі тек бір жақтың ғана пайдасына шешілетіндіктен, на-разылықтың, реніш пен сенімсіздіктің туындайтыны да заңды құбылыс. Дегенмен, сот тек жазалаушы билік емес. Оның бір дәлелі – бүгінде азаматтардың арыз-шағымдары мен сенімсіздігін сейілту мақсатында істерді медиативтік келісіммен немесе өзара татуласу арқылы шешу жолдары бір ізге түсіп келеді. Бұл жағдайда сот алдында өз құқығын тең сақтайтын тараптар билікке деген көзқарасын өзгертіп, жүйеге сенімі артатыны, өз құқығын сауатты әрі тиімді қорғау мүмкіндігіне ие болатыны сөзсіз.

Жолдаудың «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деп ата-латын екінші бөлігінде Президент сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі рефор-маларға тоқталды. Соның ішінде сот шешімдерінің сапасын арттыруға, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыруға, соттардың дауларды шешу барысында қосымша айғақтар жинау құқығына ерекше мән берді. Судья әр істі қарау барысында ішкі түйсігі мен жеке пайымына, заң мен арына сүйенеді. Бұл жағдайда әртүрлі сот практикасы қа-лыптасады. Дегенмен, судья әр сот актісін мұқият талдап, заңдарды тиімді әрі орынды қолдана отырып, адам тағдырын әділ жолмен шешуі керек.

Заңдар заман талабына сай әрі бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруға кері әсерін тигізбеуі үшін үнемі толықтырылып, жаңартылып, қайта қабылдануда. Тәу-елсіздік алғаннан соң, кеңестік тәжірибе мен заңдардан бас тартып, жеке заңдар базасын қалыптастырған жас мемлекетіміз осылайша даму және өркендеу үстінде. Соттар заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтарды, азаматтардың күмән тудыруы мүмкін тұстарды, кез келген түсініксіз жағдайлар бойынша түсіндірмелер жүргізуде. Әр іске қатысты судья сот актісін жарияланған соң тараптарға түсіндірме жүргізу де тәжірибеге енгізіліп, көпшіліктің қолдауына ие болды. Мұның барлығы азамат-тардың құқықтық сауаттарын арттырып, сенімін қалыптастыру мақсатында тұрақты жүргізіліп жатыр.

Президент шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тартсақ та, елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұрғанын айтқан болатын. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам сау-дасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыс-тарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін айтып, Парламент пен Үкіметке тапсырма берді. Бұл көпшіліктің көңілінде жүрген, жұрттың талқысына жиі түсетін қоғам үшін ең өзекті тақырыптың бірі. Халықтың жанын ауыртып келе жатқан түйткілдің алдағы уақытта оң шешілері-нен үміттіміз.

Сол сияқты Жолдауда броконьерлік, сыбайлас жемқорлық заңнамаларына да мән берілді. Табиғи байлығымызды қорғау – баршамызға міндет. Бүгінде қадағалаудың аздығынан Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды да еркін аулайтындардың қатары көбейді. Жауаптылықтан қашқан аңшылар қолынан табиғатты қорғайтын екі орман қорықшысының қаза болуы бұл мәселеде батыл шешімдер жасау керектігін алға шығарып отыр.

Сот жүйесін реформалауда жүктелген маңызды міндеттерді бәріміз сапалы орын-дауға тиіспіз. Сонда ғана әрбір азаматтың шынайы сеніміне, сот тәуелсіздігіне, жүй-едегі оң өзгерістерге қол жеткізе аламыз.

Гүлмаржан ӘДІЛСҰЛТАНИ,Ақтау қалалық сотының судьясы,

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

ПАЙЫМ

Сотта қаралған әкімшілік істердің басым бөлігін ӘҚБтК-ң 608 және 610-ба-бымен қаралған істер құрайды. Кодекстің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірт-кілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бергені» үшін жауаптылықты қарастырады. 2019 жылдың 6 айында осы баппен 36 адам жауапқа тартылып, 2-і әкімшілік қамаққа алынған, 34-і көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Ал, 2018 жыл-дың 6 айында ӘҚБтК-ң 608-бабымен жауапқа тартылған 36 тұлғаның 5-не әкімшілік қамақ түрінде жаза белгілен-се, 31 тұлға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Алақандай ғана аудандағы жағдай осындай. Мұның өзі жазаның қатаңдатылуы жүргізушілердің жауаптылығын көтеруге түрткі бола ал-май отырғанының айғағы.

Әкімшілік қамақ түріндегі жаза кө-лік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдарға қатысты қолданылған. Іс қарау тәжірибесі көлік құралын масаң күйде басқаратындар саны азаймай отыр ғанын көрсетеді. Сонымен қатар, көлік басқару құқығынан айырылған адамдардың орын алған жағдайдан сабақ алмай, көлік рөліне қайта отырған дерек-тері де кездеседі.

2019 жылдың 6 айында аудандық сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық ко-дексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) тағы да 4 адамға қатысты сот үкімі шыға-рылған. Төртеуі де кезінде көлікті масаң күйде жүргізгені үшін айыпталған, заң-ды жазасын алған. Бірақ, бастапқы жаза сабақ болмай тұрғаны ғой.

Мысалы, Габдулла Калдыбаев деген азамат бүгінгі күнге дейін Қылмыстық кодекстің 346-бабымен 4 рет сотталып,

түпкілікті 8 (сегіз) жылға көлік құра-лын басқару құқығынан айырылған. Бұған қоса 200 (екі жүз) сағат қоғам-дық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалып отыр. Болашақта мұндай жауаптылықты белден басатын азамат-тарды қамаққа алып, көлігін мемле-кет пайдасына тәркілеу түрінде қатаң жаза қолдану қажет. Себебі мұндай адамдарға қоғамдық қауіпсіздіктің қан-шалықты маңызды екенін, ортақ заңды сыйлау баршамыздың міндетіміз екенін басқаша түсіндіру мүмкін емес сияқты.

Енді Әкімшілік құқықбұзушылық ко-дексіндегі жиі қолданылатын 610-бап қа келейік. Мұнда «Көлiк құралдары жүр-гiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағида-ларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан құқықбұзушылығы» үшін жауаптылық белгілеу тетігі дәйектелген. Қарапайым тілмен айтқанда жүргізушілердің жол ережесін бұзып, жол апатының туында-уына түрткі болуы.

2019 жылдың 6 айында ӘҚБтК-ң 610-бабымен, яғни жол көлік оқиғасын жасағаны үшін жауапқа тартылған 19 тұлғаның 13-іне әкімшілік айыппұл түрінде жаза белгіленген, 4 тұлға көлік құралдарын басқару құқығынан айы-рылған.

Мысалы, 2019 жылғы 11 наурызда Г.Абдрахманов Шұбарқұдық кентінде екінші дәрежелі жолдың бойымен кетіп бара жатып, Ақтөбе-Астрахан тас жо-лында басты жолмен жақындап қалған «Seat Toledo» маркалы көлік құралына жол бермей соқтығысқан. Алған соққы-дан «Seat Toledo» маркалы көлік құралы жүру бағытын өзгертіп, жолдың қарсы бетінде екінші дәрежелі жолдан бас-ты жолға шығуға дайындалып тұрған «Лада 21723» көлігіне барып соқтығы-сып, кө лік құралдарын бүлдірген және жолаушының денсаулығына жеңiл зиян келтiрген.

ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ

ОҢ ӨЗГЕРІС ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Сот әкімшілік құқық бұзушылық-тың сипатын, істің мән-жайын, құқық бұзушының жеке басын, құқық бұ-зушылықпен жас баланың денсаулығы-на зиян келтірілгенін, үш бірдей көлік құралы бүлінгенін, ішінде жолаушыла-ры бар, жолаушылар тасымалдайтын көлік құралы (такси) жүргізушісі та-рапынан жол жүрісі қағидасы өрескел бұзылғанын, оқиғаның көлік қозғалысы үлкен халықаралық жолда орын алға-нын ескере отырып, болашақта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оған көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды жөн санады. Өйткені, өзіңнің, сонша жолау-шының қауіпсіздігіне жауапты екеніңді біле тұрып, негізгі жолдағы көлікті жібермей, апатқа себепші болу жүр-гізушінің өз ісіне немқұрайды қарайты-нын анық көрсетсе керек. Көлік құралын басқару құқығынан айыру Г.Абдрахма-новқа ой салар, қателігін қайталамауына түрткі болар деген ойдамын.

ӘҚБтК-нің 613-бабының 1, 4-бөлік-тері «Ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, бел-гіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамауына» қатысты жауапкершілікті қарайды. 2019 жыл-дың 6 айында ӘҚБтК-ң 613-бабымен 2 адам жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, жүргізуші куәлігі жоқ бір аза-матқа 126 250 (жүз жиырма алты мың екі жүз елу) теңге әкімшілік айыппұл са-лынған, екіншісі 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі «Жүргізушінің жол жүрісі қағи-даларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы» үшін арнайы жа-уаптылық белгілеуді көздейді. Есепті кезеңде 2 тұлға оқиға орнын тастап кеткені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қара жолдың заңы қатаң. Сондықтан жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын сақтамау зардап шегуден бөлек, айып-пұл, әкімшілік қамақ, көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолдануға әкеп соғатынын ескертіп отырған жөн.

Н.БАҚТЫҒАЛИЕВ,Темір аудандық сотының

төрағасы АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

СТАТИСТИКАҒА СҮЙЕНСЕК, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ СОТЫНДА 2019 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА 274 ӘКІМШІЛІК ІС АЯҚТАЛСА, 2018 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА 207 ӘКІМШІЛІК ІС ҚАРАЛҒАН ЕКЕН. СОНЫҢ ІШІНДЕ 2019 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСКЕ САЙ (БҰДАН БЫЛАЙ ӘҚБТК) КӨЛІК-ТЕГІ, ЖОЛДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 60 ӘКІМШІЛІК ІС ҚАРАЛҒАН БОЛСА, 2018 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫН ДА 50 ІС БОЛҒАН. БАЙҚАП ТҰРҒАНЫМЫЗДАЙ БИЫЛ 10 ІСКЕ АРТЫҚ.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖАҢА ПАРЛАМЕНТТІК МАУСЫМДЫ «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕН-ДЕУІНІҢ КЕПІЛІ» ДЕП АТАЛАТЫН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫМЕН БАСТАДЫ.

Page 7: ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

7№68 (3193) 10 қыркүйек [email protected]

Алматы қаласы Тел.: 8(727) 292-29-27, 292-40-89, факс: 8 (727) 292-29-92

E-mail: [email protected]

Нұр-Сұлтан қаласы Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.Тел.: 8 (7172) 52-02-11

ЖАРНАМА БӨЛІМІ:

«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М.Горь-кий көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162) 25-77-17.

«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар қ., Естай көшесі 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл кө-шесі, 11. Тел.: 8 (7112) 42-00-71.

Қалиасқаров Нұрлан Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішов көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.Тел.: 8 (7152) 46-02-57, ұялы тел.: 8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59.

ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов- Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07, ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.

«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин көшесі 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы тел.: 87774348344 және Ақтау қаласы.

ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.: 87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru.

Ершова Людмила ЖК, Шымкент қ., Жел-тоқсан көшесі, 20 б.

«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА), директоры Кривилова Татьяна Ивановна. Шымкент қ., Г.Иляев көшесі, 47 (Шаймер-денов к. бұрышы) RBK банктің жанында, Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp : +7-705-705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@gmaіl.com

«Юридическая фирма «Консультант» ЖШС Орал қ., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.: 8 (7112) 50-88-05.

«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.

ИП «Сагидоллина Б.», 1 Теміржол вокза-лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы. ardawka_94@maіl.ru, Тел: 87058762218.

«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған қ., ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282) 24-29-66, 87058147221.

ЖК Гавриленко И.И., Қостанай қ.,пр. әл-Фараби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс: 8 (7142) 53-63-21.

«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызыл-орда қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89, ұялы тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78

ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкел-ді көшесі 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.: 87017268772, 87054422939.

ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қа-зақстан Конституциясы көшесі, 28-үй, 1-қа-бат. Тел.: (87152) 46-74-77.

«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сырым Датов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО, 102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы тел.: 8701 920 45 38.

ЖК «Выдай», Өскемен қаласы, 60. Тел.: 8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.

ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы көшесі, 55, Алма сауда орталығы, 4-қабат, 419в-бөлім, 426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы тел.: 8707-705-9222 Emaіl:kaldybayeva@maіl.ru.

ЕЛДЕН-ЖЕРДЕН

ӘРТҮРЛІ

ТАРАТУ2. «Шынғыс и К» (БСН 000640005765) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар хабарландыру жария-

ланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Щучинск қ., Горкий к., 1-үй.

6. «Қазақстан Республикасындағы ВАМЕД Менеджмент унд Сервис ГмбХ» Өкілдігі, БСН 090442020352, өзінің таратылаты-нын хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 (екі) ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 188, 802-кеңсе.

ЖАЗА

ІШІМДІКТІҢ ЗАРДАБЫ

Сол күні кешке Бақыт өзінің азаматтық некедегі жұбайы Гул-зираны алып, Тараз қаласына жолға шыққан. Ағасы жаңа отау құрған ұлына дүбірлетіп той бер-мек. Мұндайда үндемей қалып қа-лай отырарсың. Тойда қонақтар-ды күтем деген Бақыт желпілдеп жүріп спирттік ішімдікті көп іш-кенін байқамай қалды. Оның үстіне, алаңдайтын да ештеңе жоқ. Таразға келер алдында ауылдағы адам тасымалдап нәпақа тауып жүрген таныс жігітпен келісіп, кешке үйге қайтудың амалын да ойлап қойған.

Інісінің тойында тартынбай ішті, алаңсыз думандатты. Бой-бойына тараған ішімдіктен есі кеткен жігіт өздерінің тойдан қаншада шыққандарын, таксиде кімдермен бірге қайт-қанын және үйіне қаншада келгендерін біл-мейді. Ештеңе есінде қалмаған. Ертесіне тұра салып жұмысқа асыққан оны жұбайының дәрі сұраған дауысы тоқтатқан. Жанына барса әйелінің бетінде сау тамтық жоқ. Домбығып ісіп кеткен. Ішінен түнде келіншегімді ұрып-соққан екенмін ғой деп ойлаған ол ұялғаннан еш нәрсе сұрай алмады.

Содан жұбайына дәріні беріп, «жұмысқа кеттім» деп сыртқа шыққанша асыққан. Түнде не болғанын есіне түсірейін деп қанша тал-пынғанымен, көз алды тұман. Жұмыс орнына барған соң да әріптесіне «жұбайымды ұрып қойған сияқтымын, бет-аузы көгеріп кетіпті», – деп айтқанмен, оған көмек көрсетуге еш шара қолдана қоймады. Әріптесіне не істерін білмей тұрғанын, ауылдың дәрігеріне айтуға ұялатынын айтып ағынан жарылды.

Жұмыста байыз тауып отыра алмаған Бақыт түскі үзілісте үйіне келгенде келін-шегінің қимылсыз жатқанын көріп, жақын-дап қараған кезде қайтыс болып кеткенін аңғарады. Өзінің қызғанышты сылтау етіп әйеліне жұдырық көтеретінін білетін Бақыт бұл жолғы қайғының да ар жағында сол ескі дерттің жатқанын сезді.

3. 1. «Востокцветмет» ЖШС қатысушыларының кезекті жалпы жиналысын өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі – Серіктестік).

Серіктестік (Атқарушы органның орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Александр Протозанов атындағы көше, 121) өзінің қатысушыла-рына Серіктестік Басқармасының шешімі негізінде 2019 жыл 10 қазан 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Александр Протозанов атындағы көше, 121, Қазақстан Республикасының «Шек-теулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңының 44-бабына сәйкес, «Востокцветмет» ЖШС қатысушыларының кезекті Жалпы жиналысы болатынын хабарлайды.

Қатысушыларды тіркеу 2019 жыл 10 қазан көрсетілген мекенжай бойынша 09 сағат 30 минуттан 10 сағат 45 минутқа дейін жүргізіледі.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар қатысушылардың тізімі 2019 жылғы 09 қазан 00 сағат 00 минутқа дейінгі жағдай бойынша жасалады.

Жиналысты өткізудің, сырттай дауыс берудің тәртібі Қазақстан Республикасы-ның «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңының 47, 48 бабтарымен реттеледі.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:Серіктестіктің 2019 жыл бірінші жарты жылдықтағы қаржылық есептілігін

бекіту;Серіктестіктің әрекет қорытындылары бойынша таза кірісін бөлу.Серіктестіктің еншілес компаниясын тарату – KAZ Minerals Copper Finance

Limited.Бірінші жиналыста кворум болмай қалған жағдайдағы жиналысты қайта өткізу

күні – 2019 жыл 14 қазан, 11 сағат 00 минут.Серіктестіктің қатысушыларының Жалпы жиналысының күн тәртібіндегі

мәселелер жөніндегі ақпараттармен (материалдармен) «Востокцветмет» ЖШС атқарушы органы орналасқан жерде танысуға болады.

4. «SHUSTRINI» (ШУСТРИНИ) ЖШС, БСН 080340017970, Жарғы Капиталының 5000 теңгеге дейін азайғандығы туралы хабарлайды. Талап-шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 128-үй, н.п.70.

5. МЖӘ жобасын бастау туралы хабарлама«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ денсаулық сақтау

саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жөнінде келесі Жоба туралы ха-барлайды: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы заңының 44-бабына сәйкес, 2015 жылдың 31 қазанында әлеуетті жеке серіктес-тіктің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын бастау туралы хабарланады. 1. «Қарағанды қаласында компьютерлік томография кабинетін ашу» жобасы. Жоба-ны іске асыру мерзімі: 2019–2022 жж. МЖӘ жобасының алдын-ала мерзімі – 3 жыл. Қызмет түрі: медициналық қызмет. Бюджеттен болжанатын төлемдер және (неме-се) мемлекеттік қолдау шаралары: Денсаулық сақтау ұйымдарынан орын беру. Аймақтардағы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің нақты қажеттілігі: халықтың 100-ден астам әлеуметі әлсіз санаты Қарағанды облысының аумағында компьютерлік томография алу кезегінде тұр. Жобаны техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегейлендіру: қолданылмайды . Жеке серіктестер МЖӘ-ге келесі үлгіде қатысады: 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес тікелей келіссөздер жүргізу. Жоба инвестор есебінен жүзеге асырылады. Жоспарланған МЖӘ жо-басын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке серіктестер альтернативті ұсыныстар ұсына алады. Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға қызығушылық білдірген әлеуетті жеке серіктестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Ереженің 130-тармағында көрсетілген, жеке серіктесті анықтау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге балама ұсыныс ұсынады. Әлеуетті жеке серіктес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай болуы керек: 1) Құқықтық қабілеттілікке ие (заңды тұлғалар үшін) және іс-әрекетке қабілеттілігі болуы (жеке кәсіпкер үшін); 2) салықтық берешегінің болмауы, салық төлеуші болуы; 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарына ие болуы; 4) бан-кроттыққа болмаса таратуға жатпайтын, тиісті негізгі құралдардың құнының баланс-тық құны он пайыздан асатын, оның мүлкі қамауға тыйым салынбаған болуы керек, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы керек. 5) соңғы үш жылда күшіне енген сот шешімі негізінде жау-апкершіліксіз әлеуетті жеке серіктес ретінде тану туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттары бойынша, өз міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы керек. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ осы хабарламаны жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде балама ұсыныстар қабылдай-ды. Анықтама үшін: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, мекенжайы: Алиханов к., 2, тел.: +7 (7212) 413368.

ЖАРНАМА

Баспасөз — 2020

Құрметті оқырман!«Заң газеті» және «Юридическая газета» басылым дарына, «Заң» және «Фемида» журналдарынажазылу жалғасып жатқанын естеріңізге салғымыз келеді.

Төл басылым да рыңыздан қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті»

«Заң» журналы – 75849«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері және Алматы қаласын дағы «Дауыс» жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға болады.

Әйеліне қол жұмсап, өліміне себепші болған азамат сотта өзінің істеген әрекеті-не өкінетінін айтып, жәбірленушінің ата- анасынан, туған-туысынан кешірім сұрады. Бірақ одан не пайда? Жап-жас, әлі жиырма беске жетпеген қыз аяусыз соққыдан көз жұмды.

Айыпталушы азамат жұбайының денсау-лығына қасақана ауыр зиян келтіріп, өлімге әкеп соқтыратын әрекеттер жасағаны үшін аудандық соттың үкімімен Қылмыстық ко-декстің 103-бабының 3 бөлігімен кінәлі деп

танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Спирттік ішімдіктің зардабы адам өлімі-не әкеліп соқтырды. Ал егер спирттік ішім-дік ішпесе айуандық іс-әрекетке барар ма еді? – деген сұрақ көбіміздің көкейімізде тұрды.

Марат ОМАРБЕКОВ,

Тараз қаласының мамандандырылғантергеу сотының бас маманы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

МЕДИАЦИЯ

МЕДИАТОР МӘМІЛЕГЕ КЕЛТІРУГЕ МҮДДЕЛІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «МЕДИАЦИЯ ТУ-РАЛЫ» ЗАҢЫ 2011 ЖЫЛЫ 28 ҚАҢТАРДА ҚАБЫЛДАНЫП, ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА.

Заңнама бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешуге медиация қолданылады. Сондай-ақ, онша ауыр емес және ауыр-лығы орташа қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүр гізу барысында қаралатын даулар және ат қарушылық іс жүргізуді орындау ке зінде туындайтын қатынастарды заң мен реттеуге де медиаторлар араласа алады.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асыры-латын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында ме-диатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Жалпы медиация өзінің даму тарихында отбасылық құқық саласында ерекше үрдіс алуда. Бұл ретте, Батыс Қазақстан облысы Казталов аданының №2 сотында үстіміздегі жылдың 8 айында он бес неке бұзу туралы істің бесеуі медиатордың қатысуымен қаралған. Яғни, медиация арқылы әсіресе неке-отбасылық даулардың оң шешілуіне қол жеткізіп келеді.

Неке сақталмаса сыйластыққа сына түседі. Отбасындағы тыныш-тықтың бала болашағына да әсері мол. «Судьялар істі қарау кезінде сотқа жүгінуші тараптарға келісу процедураларын қолдану мүмкіндігі жайлы айтады. Медиация – дауласқандарды бітіспес жауға айналдыр-май, бітімгершілікке шақыратын жаңа жүйе. Ол ғасырлардан бері қазақ даласында қалыптасқан дәстүрмен үндесіп, қайта жаңғырды. Медиа ция-ның тиімділігі мол, сондықтан бар мүмкіндікті қолдана білейік.

Жаңылсын ДҮЙСЕНОВА, Қазталов ауданының №2 сотының

бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы

Page 8: ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ · 2019-09-09 · лы» Қазақстан Республикасы заңының 4бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан

8 №68 (3193) 10 қыркүйек [email protected]ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ

Редакторлар кеңесінің төрағасы – президентДосымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 050012, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы көшесi (бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.Қабылдау бөлмесi: 292-43-43; 292-79-61 (факс); Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі, 78, 105-кеңсефакс: 8 (7172) 52-02-11E-mail: [email protected]«Заң газеті» аптасына 2 рет – сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.

Жеке таралым 5455 данаАпталық таралым 10910 дана

Тапсырыс №135 Индекс 65921

Газет Қазақстан Республикасы бойынша таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм iшiнде қа былданады.

Газеттi есепке қою туралы №16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-да Қазақстан Респуб лика сының Мәде ниет және ақпарат министрлiгi берген.

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 (727) 51-78-31

Меншiк иесi: «ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Бас редакторАйнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың орынбасарыСәкен ҚАЛДЫБАЕВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторыЕрлік КЕБЕКБАЙ

Нұр-Сұлтан Айша Құрманғали 8 707 851 91 13.

Алматы Нұрбол Әлдібаев 8 701 357 66 84. Айтақын Бұлғақов 8 705 111 37 21.

Ақмола Қалкөз Жүсiп 8 701 300 14 74.

Түркістан Шадияр облысы Мекен бай ұлы 8 775 733 56 65.

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:

МӘСЕЛЕ

Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Қайрат Айдарбеков түзеу мекемелерінен жазасын өтеп шыққан азаматтарды жұ-мысқа орналастыру, өмірге бейімдеу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Оның айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жеті айында тү-зеу мекемелерінен босаған 953 азамат пробациялық бейімдеуден өткен. Олардың 146-сы жұмысқа орналастырылған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 120 адам болған екен. Яғни, жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастыру бағытында аздап ілгері жылжушылық бар.

Департамент бастығы осы орайда, бірқатар аудандар мен қалалардағы жер-гілікті әкімдіктердің жазасын өтеп шыққандарды еңбекке орналастыру мәселесіне мүлдем көңіл бөлмей отырғандығын айтты. Степногорск қаласында жазасын өтеп шыққан адамға берілетін бір реттік жәрдемақы берілмеген. Бостандыққа жаңа шыққан адамның алғашқы кездерде өмір сүруі үшін ақша қажет болатыны түсінікті. Жұмысқа орналаса алмай, адамдар тарапынан қамқорлық сезінбеген ондай жандар қайтадан қылмысқа бой ұратынын өмір көрсетуде. Сондықтан бұл мәселеге жеңіл-желпі қарауға болмайды.

Облыс басшысы осыған орай, мәжіліске қатысқан қала, аудан әкімдеріне аталмыш мәселеге байыпты қарап, қажетті қаржы қарастыру қажеттігін ескерт-ті. «Қазіргі күні түзеу мекемесінен шыққандардың 35 пайызы ғана еңбекпен қамтылған, ал 129 адам мүлдем жұмыссыз. Жазасын өтеп бостандыққа шыққан, күнкөрістік жұмысы жоқ адам амалсыз қайтадан қылмысқа бой алдырады. Сон-дықтан бұл мәселені шешуге жеткілікті көңіл бөлінуі керек. Егер жазасын өтеп шыққандарды еңбекпен қамтысақ, онда қылмыс көрсеткіші қазіргіден басқа болар еді», – деген облыс басшысы мәселені шешуге байыпты қарау қажеттігіне назар аударды.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқанов қылмыстың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. Жыл басынан бері облыс аумағында жасалған 8 мыңдай қылмыстың 2,5 мыңын жұмыссыз жүр-ген азаматтар жасаған екен. Бұның өзі қылмыстың бір себебінің жұмыссыздық болып отырғанын көрсетеді. Сонымен бірге, жалпы қылмыстың қомақты бөлігі арақ ішіп алып қылмыс жасайтындардың еншісіне тиеді. Осыған орай, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда арақ ішкендерге қарсы күреске, заңсыз спирт ішімдіктерін сатудың жолын кесуге ерекше көңіл бөліп, рейдтер өткізіп тұрады. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда арақ ішіп жүрген 7 мыңнан астам адам ұсталып, айықтырғыштарға апарылған. Қазіргі күні 500-ден астам адам маскүнем ретінде тіркеуде тұр. Сілетідегі маскүнемдіктен емдеу орнында жыл сайын 300-дей адам емдеу курсынан өтеді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтер барысында 129 заңсыз арақ сату оқиғасы анықталып, 4 дүкен иесі лицензиясынан айырылған, ал 24-нің лицензиясы уақытша тоқтатылған.

Осы арада жергілікті полиция қызметі бастығы өткен жылмен салыстырған-да арақ ішіп алып қылмыс жасаушылар санының 18 пайызға артқанын айтып, Атбасар, Целиноград және Бурабай аудандарынан айықтырғыш аталып жүрген айықтыру-оңалту орталықтарын ашу қажеттігін тілге тиек етті. Кеңес заманында әр аудан орталығында айықтырғыш болатын. Өтпелі кезеңде сол айықтырғыштар түгелге жуық жабылып қалды. Қазіргі күні Ақмола облысында Көкшетау қаласы мен Степногорск қаласында ғана айықтырғыш бар. Аудан орталықтарында мас болып тәртіп бұзғандарды уақытша ұстайтын мекеме жоқ. Осыған орай, жергілікті учаскелік инспекторлар оларға ескерту жасаумен ғана шектеледі.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова балалар мен жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Соңғы бес жылдың ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жасау көрсеткіші 1,5 есеге кеміген. Жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстардың көбі мүліктік сипаттағы қылмыстар, атап айтқанда ұрлық, тонаушылық, қарақшылық және бұ-зақылық қылмыстардың үлесіне тиеді. Дегенмен де, биылғы жылдың жеті айында жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырған-да 11,4 пайызға өсіпті. Жыл басынан бері жасалған қылмыстардың 38-і мектеп оқушыларының үлесінде болса, 41-ін колледж оқушылары жасаған.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу бағытында білім басқармасымен мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. Әр мектепте қылмыстың алдын алу кеңестері құрылып, жұмыс жасайды. Оның құрамына мұғалімдермен бірге психологтар, ата-аналар кіреді. Қазіргі күні тәртібі нашар 431 жасөспірім ар-найы есепте тұр. Олармен тұрақты тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы басқарманың ұйымдастыруымен есепте тұрған балаларды түзеу мекемелеріне саяхатқа алып бару шарасы ұйымдастырылыпты. Жыл басынан бері осындай 26 саяхат ұйымдастырылған. Тәртібі нашар балалар түзеу мекемесін көзімен көргенде көзқарастары өзгереді дейді басқарма басшысының орынбасары.

Балалар арасындағы қылмыстың алдын алудың тағы бір жолы – жасөспірім-дердің уақытын қызықты және пайдалы іспен айналысып өткізуіне жағдай туғызу. Қазіргі күні облыс мектептерінде оқитын 90 мың бала қосымша сабақтар мен үйірмелерге, ал 60 мың бала спорт секцияларына қатысады. Бүгінгі күні облыс мектептерінде 226 әскери-патриоттық клуб жұмыс жасайды. Сонымен бірге от-басы клубтары ашылып, көпшілікке қызмет етіп жатыр. Қазіргі күні 8 мектепте медиация бұрыштары ашылған. Мектеп медиациясы балалар арасында болған келеңсіз жайларды өзара түсіністікпен шешуге жағдай жасайды.

Облыс прокурорының көмекшісі Санат Шәріповтың айтуынша, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылдармен салыстырғанда біршама өскен. Әсіресе, ұялы телефон ұрлығы көбейіп кеткен. Қылмыстың бұл түрі барлық қылмыстың 20 пайызын құрайды. Қылмыс жасаушылардың 90 пайызы жұмыссыздар болса, түзеу мекемелерінен шыққандардың еншісіне тиетін қылмыстық көрсеткіш те жоғары болып отыр.

Облыс әкімінің жанындағы құқық қорғау мәселелері жөніндегі комиссия оты-рысында қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, құзырлы органдарға сол шешімдерде белгіленген міндеттерді орындау тапсырылды.

Қалкөз ЖҮСІП, «Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

лекеттің дамуына бармақ басты, көз қыс-тылықтың тигізер залалына тоқталып, ту-рашылықты ту еткен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би даналықтарынан үзінді келтірді.

Жемқорлықпен күресті әр ұжым әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді. Бірі заңның мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бірі жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлер-ге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды. Қадағалаушы орган болып саналатын прокуратура қызметкерлері де заңның бұзылмауына, заңдылықтардың сақталуы-на, азаматтар құқығының тапталмауына бақылау жасай отырып, жемқорлықты жүгендеуге атсалысады. Себебі, мемлекет-тік органдарда жемқорлықтың орын алуы азаматтардың билікке сенімін төмендетіп, болашаққа деген үмітін сөндіреді. Осыған орай қарапайым халықты да жемқорлықпен күреске жұмылдыру мақсатында жемқор-лық деректері туралы ақпарат бергендер-ге мемлекет тарапынан арнайы сыйақы тағайындалғанын айтып өткен жөн. Бұл өз кезегінде азаматтардың жауапкершілігін кө-теріп, жемқорлыққа жаза бар екендігін, оны

жоюға әркім үлес қоса алатынын ұғындыра түскені ақиқат. Прокуратура қызметкерлері жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтар-ды дер кезінде тіркеп, жауаптылардың заң талаптарына сай жазасын алуын бақылауға болатынын тілге тиек етті.

Алқалы жиынның маңызына тоқталған ИЧ-167/10 мекемесі бастығының орынба-сары, әділет подполковнигі А.Тәңірбер-генов, қоғам өміріндегі түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселенің негізгісі жемқорлық екенін айта келе: «Осыған орай арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Бірақ жемқорлықты тежеу мәселесі әлі де толық шешімін таппай жатыр. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен бүкіл халық күресу керек. Жалпы, «жемқорлықтың алдын алу құқық қорғау органдарының да, халықтың да басты па-рызы екенін ұмытпауымыз керек», – деп жиналғандарды кеселмен күресте бірігіп қималдауға шақырды.

А.ТАЛҒАТҚЫЗЫ,ИЧ-167/10 мекемесінің

КСТ аға инспекторы

Жақында Байқоңыр қалалық про-бация бөлімі мен қалалық мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталғандарға арналған тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында кез келген тәуел-ділікті жеңуге болатындығы және ол үшін барынша талпыну керектігі айтылды. Мысал ретінде, нашақорлыққа тәуелді сот-талғандардың өмірінен үзінділер көрсетіл-ді. Сонымен бірге, Халықаралық Нельсон Мандела күніне байланысты, бұл күннің не үшін маңызды екені, шығу тарихы туралы жан-жақты түсінік берілді.

Қысқаша тоқтала кетсек, Нельсон Ман-дела – Оңтүстік Африка Республикасының тәуелсіздігі, қара нәсілділердің теңдігі үшін өмір бойы күресіп, өмірінің 27 жылын түр-меде өткізген жан. Соған қарамастан, адал-дық пен шындық үшін күресуін өмір бойы тоқтатпай, ақырында әділдік жеңіп, Н.Ман-дела тәуелсіз Оңтүстік Африка Республика-сының тұңғыш Президенті, яғни ең жоғарғы мемлекеттік лауазымына дейін көтерілген. Бұған қоса бүкіл әлемді мойындатып, 1993 жылы «Әлем бейбітшілігі» санаты бойынша Нобель сыйлығының иегері атанған. Осы-ның өзі алдына мақсат қойған, тәуекелшіл жандар жетпейтін биік, алмайтын қамал

жоқ екенін дәлелдейді. Жиын барысында айтылған әңгімелер сотталғандарға үміт сыйлап, қиыншылықпен күресте жігерін жанитынына сенім мол.

Баяндамашы сөзінен кейін сотталған азаматтардың сұрақ қойып, қозғалған тақырыпқа үн қосып отыруының өзі ша-раның өз мақсатына жеткенін көрсетеді. Осы тектес іс-шаралар жыл соңына дейін сотталғандардың қатысуымен өткізіліп, әрі қарай өз жалғасын табады.

А.ТАНБАЕВ, Байқоңыр қалалық пробация

қызметі бөлімінің бастығыҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Мамандық алу мақсатыңа жеткізеді

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жү-йесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде 42 сот-талған азамат «Электргазбен дәнекерлеуші», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша колледжді тәмамдап, дипломдарын алды. Шараға 10 ай бойы жазасын өтеушілерге білім нәрін берген

Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі мен Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің мұғалімдері, Қызылорда облысы

Ақмола облысы әкімінің жанындағы құқық қорғау жөніндегі ко-миссияның кезекті отырысында түзеу мекемелерінен жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастыру, қылмыстың, оның ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен

қамту қиын

ШАРА

Көп болып күрескен

іс нәтижеліТәуелсіз еліміздің экономикасының

дамуына кедергі келтіріп, қоғамның дерті-не айналған ең өзекті мәселе – сыбай-лас жемқорлық. «Бір қарын майды бір құмалық шірітеді» деген халқымыздың нақыл сөзі бар. Сондықтан да, құлқын-ның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті, бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес жүргізу бойынша іс-шаралар тұрақты қолға алынуда.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ де-партаменті ИЧ-167/10 мекемесінде «Заң бұзушылықтардың алдын алу» атты тақы-рыпта семинар кеңес өткізілді. Іс- шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті-гінің Шымкент қаласы бойынша депар-таментінің бас маманы Ж.Альжанова мен Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ депар-таменті өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі Н.Сембаев және мекеменің жеке құрамы қатысты.

Семинар кеңес барысында Жазира Альжанова сөз алып, мемлекет пен ұлт қа-уіпсіздігіне қатерлі, ел абыройын төменде-тетін сыбайлас жемқорлық дертімен күрес жүргізу қоғамымыздың алдында тұрған күрделі міндет екенін түсіндіріп өтті.

Әділет подполковнигі Н.Сембаев мем-

ЖИЫН

АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ ЖОҚ

ИГІ ІСбойынша ҚАЖ департаментінің СЕҰ тобының бас маманы А.Аб-жалиева, СЕҰ бөлімшесінің қызметкерлері қатысты. Мекемеде колледждің ашылғанына биыл 6 жыл толады.

«Мамандықтары бойынша диплом алған азаматтардың жаза мерзімі аяқталғанша осы мекемеде ақылы жұмысқа орналасып, жалақы алып, қылмыспен келтірген шығындарын өтеуге мүмкін-діктері бар. Бұл азаматтар жақсы оқығандары үшін ай сайын 21500 теңгеден шәкіртақы алып тұрады. Сотталғандардың жеке істері бойынша атқару парақтары болса, шәкіртақысынан белгіленген сома ұсталып отырады. Сотталғандар туыстарына материалдық қолдау көрсету, жеке басына қатысты қажетті заттарды сатып алуы үшін шәкіртақысын пайдаланады, – деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі С.Тоқтамысов.

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша диплом алған жазасын өтеуші азамат «Бізді сотталған деп бөлмей, жеке тұлға ретінде қалыптасуымызға жағдай жасап, білім алып ма-мандық иесі атануымызға жол ашып отырған мекеме әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Осы мамандықты 10 ай оқып игердім, ай сайын 21500 теңге шәкіртақы алып тұрдым, бостандыққа шыққан соң да осы мамандығым бойынша кәсіп ашып, өзімді одан әрі дамытамын. Сондай-ақ, біздің бос уақытымыз болмайды, мәдени шараларға қатысамыз, мекеме кітапханасына келіп, кітаптар оқи-мыз. Осының бәрі бостандыққа шыққан соң қоғамнан шеттетіліп қалмай, өз ортамызды тауып, қалыпты тіршілік етуімізге септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді.

Қолдарына диплом алған 42 адам тек темір тордың аржағында ғана емес, бостандықта да алған білімімен жұмысқа орналаса алады. Мекемеде әртүрлі мамандықтар бойынша ақылы жұмысқа қабылдайтын 9 жеке кәсіпкердің жұмыс орындары бар. Алдағы уақытта бұл колледжде оқытылатын мамандықтар санын арттыру жоспарланып отыр. Келесі оқу жылында С.Ысқақов атындағы Қы-зылорда құрылыс және бизнес колледжімен келісім шарт негізінде «Ағаш ұстасы» мамандығын ашу жоспарланып отыр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД