26
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІ

Қазақстан өзендері

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Қазақстан өзендері

ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІ

Page 4: Қазақстан өзендері
Page 5: Қазақстан өзендері

Ұзындығы 500 км

Өзен Ұзындығы Қазақстанда

Нұра 978 км 978 кмТорғай 825 км 825 км

Ойыл (өзен) 800 км 800 кмСарысу 800 км 800 км

Жем 712 км 712 кмТалас 661 км 453 км

Үлкен Өзен 650 км 260 кмКіші Өзен 638 км 395 км

Елек 623 км кмЫрғыз 593 км 593км

Сағыз өзені 511 км 511 кмШідерті өзені 502 км 502км

Page 6: Қазақстан өзендері

Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі су алабына бөлінеді. Бірі-Солтүстік

Мұзды мұхит алабы, екіншісі – ішкі ағынсыз көлдер

алабы.

Page 7: Қазақстан өзендері

Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер Сауыр, Тарбағатай және Алтай тауларынан Сарыарқа мен Оңтүстік

Орал тауларының оңтүстік-шығысынан басталады. Ішкі ағынсыз көлдер алабына Балқаш–Алакөлге құятын басын

Тянь-Шань таулары мен Жоңғар Алатауынан алатын өзендер және Арал теңізі алабына орталық Тянь-Шань тауларынан

шығатын өзендер енеді.

Page 8: Қазақстан өзендері

Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің

ішінде 84 694-і шағын (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305-і орташа(500 км-ге дейін) және

23-і ірі (500-1000 км-ден астам өзендер) қатарына жатады.

Page 9: Қазақстан өзендері

Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұзындығы – 1700 км болса, жалпы ұзындығы – 4248 км.

Page 10: Қазақстан өзендері
Page 11: Қазақстан өзендері

Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұзындығы –

1400 км, ал жалпы ұзындығы – 2219 км-ді құрайды. Егін суару мақсатында қарқынды

пайдалануының себебінен ағыны кейбір жылдары Аралға жетпей тартылып қалады.

Page 12: Қазақстан өзендері
Page 13: Қазақстан өзендері

Балқаш көлі алабындағы ірі өзен - Іленің республика шегіндегі ұзындығы

– 815 км, жалпы ұзындығы – 1001 км. Оның ірі салаларының бірі Шілік өзенінен бастап,

Шамалған өзеніне дейін ұзындығы – 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.

Page 14: Қазақстан өзендері
Page 15: Қазақстан өзендері

Батыс Қазақстан жерін негізінен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс,

яғни Оңтүстік Оралдан басталады. Қазақстандағы ұзындығы – 1082 км, жалпы

ұзындығы – 2428 км.

Page 16: Қазақстан өзендері
Page 17: Қазақстан өзендері

Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем т.б. өзендері жатады. Бірақ, бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып, тасиды.

Page 18: Қазақстан өзендері
Page 19: Қазақстан өзендері

Жем өзені Мұғалжар тауларынан бастау алып, Каспий теңізіне құяды. Суы көктемде тасиды. Кей жылдары теңізге жетпей, сорға сіңіп кетеді. Өзен

жағалары құм мен саздан түзілген. Суы мұнай кәсіпорындарына, егістік жерлерді суаруға

пайдаланылады.

Page 20: Қазақстан өзендері

Сарысу өзені Сарыарқа шоқыларынан басталып, Жақсы Сарысу және Жаман Сарысу бастауларының қосылуынан құралады. Ұзындығы – 781 км.

Нұра өзені де Сарыарқаның аласа тауларынан бастау алады. Ұзындығы – 978 км Нұра өзені Қорғалжын көліне құяды. Ол бұл көлге тек суы мол жылдары ғана жетеді.

Қазақстан өзендерінің жылдық жалпы су қоры – 105,3 млрд. м3.  Мұның 54 пайызы Қазақстан аумағында, 46 пайызы іргелес республикалар жерінде.

Page 21: Қазақстан өзендері
Page 22: Қазақстан өзендері

Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы менСарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Page 23: Қазақстан өзендері
Page 24: Қазақстан өзендері

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға

Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс

саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан

басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.Балқаш-Алакөл көлдер

жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле,

Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.

Page 25: Қазақстан өзендері

Қазақстанның ірілі-ұсақты барлық өзендерін қоса алғанда жылына 

87 млрд.м3 –ге жуық суды пайдалануға мүмкіндік бар.

Page 26: Қазақстан өзендері

Назарларыңызға рақмет!