8
№48 (7135) 29/11/2018 ж. www.ordazhuldyzy.kz [email protected] www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress. Аудандық қоғамдық-саяси газет 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ЕЛІМЕН ЕТЕНЕ ЕЛбАСЫ құрметті бөкейліктер! Баршаңызды тәуелсіз еліміздің күнтізбесіндегі айтулы күн, шынайы жалпыхалықтық мереке — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Президент күнін Қазақстанның тарихи табыстарының күні деуге де болады. Өйткені бүгінгі жеткен жетістіктеріміз бен шыққан биік белестеріміз – Тұңғыш Президенттің тәуелсіздік тұғырын бекіту жолындағы жемісті еңбегінің жеңісі. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Қазақстанның әлемнің дамыған өркениетті мемлекеттерімен терезесі тең, беделі бекем, болашағы зор мемлекет болып қалыптасуында Елбасының еңбегі қаншалықты зор екенін баршамыз да жақсы білеміз. Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға жеткізетініне ешқандай күмәніміз жоқ. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауы аясында ауданымызда атқарылып жатқан халықтың әл- ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, коммуналдық, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу жолындағы істер сөзіміздің айғағы. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жоспарлы жұмыстар одан әрі жалғаса бермек. Ардақты ағайын! «Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді» – деп тегін айтылмаса керек. Халқын осындай жасампаз істерге бастаған көреген басшысы бар еліміздің алар асуы, бағындырар биіктері әлі де алда екені айқын. Тұңғыш Президент күні мерекесі баршамызға құтты болсын, ағайын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік пен табыс тілеймін. Аудан әкімі Нұрлан РАХЫМЖАНОВ Бұдан 27 жыл бұрын желтоқсанда отандастарымыз тарихи таңдау жасап, егемен еліміздің Тұңғыш Президентін сайлады. Жарқын болашаққа деген үміт жалпыхалықтық сенімге ұласты. Бұл қадам нәтижелі болып, ширек ғасыр аралығында Қазақстан әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан көрінді. Тұтас дәуірге татитын жылдардағы сындарлы жұмыстар жасампаздықтың жемісі мен жеңісіне айналды. Елімізде Президенттік басқару институтының қалыптасуына жол ашқан 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді. Бұл – тарихи таңдаудың қапысыз жасалғандығының айқын айғағы. Тәуелсіз еліміздің абыройлы асуларының Елбасы есімімен тығыз байланыста екендігінің бір дәлелі. Тәуелсіз, қуатты мемле- кет қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын айшықтайтын маңызды мереке ретінде тарих көшімен жалғаса бермек. Қазақстан Республика- сын аяғынан тұрғызған, қалыптастырған ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін Алаш жұрты жоғары бағалауда. Республиканың Тұңғыш Пре- зиденті шекарамызды шегендеп, толыққанды тәуелсіз мемлекет құрды. Халық пен мемлекеттің бір- лігін берік ұйыстырды. Елбасы Ата заңымыздың мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болды және бола да береді. Нұрсұлтан Әбішұлы ширек ғасырдан астам уақыттан бері ҚР Конституциясының өзіне берген өкілеттігіне сай салиқалы да сарабдал саясат жүргізіп, елімізді басқарып келеді. Осы мерзім ішін- дегі халықаралық қатынастарда, экономикада, әлеуметтік салада, саясатта т.б. салаларда қол жет- кізген жетістіктеріміздің барлығы Н.Назарбаевтың көрегендігінің арқасы. Елімізде бірлік пен ынтымақтың сақталуына, халықаралық аренада беделінің өсуіне, демократиялық үрдістердің қалыптасуына орасан зор үлес қосып, Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа кеңінен танытты, өзі де қайраткер ретінде танылды. Мемлекет басшысы бір сөзінде: – Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейір- бан, ақкөңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені «ұлым» деп, «перзентім» деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты,толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ» деген-ді. Елі еріне, ері еліне сенген шақта бөкейліктер де Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған жарқын істердің сапында болады деген сенім- демін. Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Тілеген АРЫСТАНБЕКОВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

№48 (7135) 29/11/2018 ж.

[email protected]

www.facebook.com/zhaikpresstwitter.com/zhaikpresswww.instagram.com/zhaikpress.

Аудандық қоғамдық-саяси газет

1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

ЕЛІМЕН ЕТЕНЕ ЕЛбАСЫ

құрметті бөкейліктер!Баршаңызды тәуелсіз еліміздің күнтізбесіндегі айтулы күн,

шынайы жалпыхалықтық мереке — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Президент күнін Қазақстанның тарихи табыстарының күні деуге де болады. Өйткені бүгінгі жеткен жетістіктеріміз бен шыққан биік белестеріміз – Тұңғыш Президенттің тәуелсіздік тұғырын бекіту жолындағы жемісті еңбегінің жеңісі.

Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды.

Қазақстанның әлемнің дамыған өркениетті мемлекеттерімен терезесі тең, беделі бекем, болашағы зор мемлекет болып қалыптасуында Елбасының еңбегі қаншалықты зор екенін баршамыз да жақсы білеміз.

Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының бастамасымен атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға жеткізетініне ешқандай күмәніміз жоқ.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауы аясында ауданымызда атқарылып жатқан халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, коммуналдық, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу жолындағы істер сөзіміздің айғағы. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жоспарлы жұмыстар одан әрі жалғаса бермек.

Ардақты ағайын!«Көреген басшы елді өсіреді, күшті майдан ерді өсіреді» –

деп тегін айтылмаса керек. Халқын осындай жасампаз істерге бастаған көреген басшысы бар еліміздің алар асуы, бағындырар биіктері әлі де алда екені айқын.

Тұңғыш Президент күні мерекесі баршамызға құтты болсын, ағайын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік пен табыс тілеймін.

Аудан әкімі Нұрлан РАХЫМЖАНОВ

Бұдан 27 жыл бұрын желтоқсанда отандастарымыз тарихи таңдау жасап, егемен еліміздің Тұңғыш Президентін сайлады. Жарқын болашаққа деген үміт жалпыхалықтық сенімге ұласты. Бұл қадам нәтижелі болып, ширек ғасыр аралығында Қазақстан әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан көрінді. Тұтас дәуірге татитын жылдардағы сындарлы жұмыстар жасампаздықтың жемісі мен жеңісіне айналды. Елімізде Президенттік басқару институтының қалыптасуына жол ашқан 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді. Бұл – тарихи таңдаудың қапысыз жасалғандығының айқын айғағы. Тәуелсіз еліміздің абыройлы асуларының Елбасы есімімен тығыз байланыста екендігінің бір дәлелі.

Тәуелсіз, қуатты мемле-кет қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын айшықтайтын маңызды мереке ретінде тарих көшімен жалғаса бермек. Қазақстан Республика-сын аяғынан тұрғызған, қалыптастырған ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президенттің ерен еңбегін Алаш жұрты жоғары бағалауда.

Республиканың Тұңғыш Пре-зиденті шекарамызды шегендеп, толыққанды тәуелсіз мемлекет құрды. Халық пен мемлекеттің бір-лігін берік ұйыстырды. Елбасы Ата заңымыздың мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болды және бола да береді. Нұрсұлтан Әбішұлы ширек ғасырдан астам уақыттан бері ҚР Конституциясының өзіне берген өкілеттігіне сай салиқалы да

сарабдал саясат жүргізіп, елімізді басқарып келеді. Осы мерзім ішін-дегі халықаралық қатынастарда, экономикада, әлеуметтік салада, саясатта т.б. салаларда қол жет-кізген жетістіктеріміздің барлығы Н.Назарбаевтың көрегендігінің арқасы. Елімізде бірлік пен ынтымақтың сақталуына, халықаралық аренада беделінің өсуіне, демократиялық үрдістердің қалыптасуына орасан зор үлес қосып, Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа кеңінен танытты, өзі де қайраткер ретінде танылды.

Мемлекет басшысы бір сөзінде: –Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейір-бан, ақкөңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені «ұлым» деп, «перзентім» деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты,толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ» деген-ді.

Елі еріне, ері еліне сенген шақта бөкейліктер де Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған жарқын істердің сапында болады деген сенім-демін.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Тілеген АРЫСТАНБЕКОВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

Page 2: 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

2 АҚПАРАТ“Орда жұлдызы”

№48 (7135) 29/11/2018 ж.

ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ құРМЕТПЕН

Басқосуды ашқан аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов Жарылқасын Игімбетұлының іскерлік қырына, адами қасиетіне тоқталып, зейнеткерлік жасқа абыроймен жеткенін атап көрсетті, алғысхат табыстады. Әкімдік пен мәслихат аппараты ұжымы атынан иығына шапан жапты. Мәслихат хатшысы Ербо-лат Таңатов мерейжас иесімен бір ауылда өскендігін айтып, Жәкеңнің әкесі Игімбеттің екінші тыңда еселі еңбек етіп, орден-медальдармен марапатталғанын, Қазақ CCР Жоғары Кеңесіне депутат болғанын, тәлімді

отбасынан шыққан ұрпақтардың дәстүрді лайықты жалғастырып жатқанын баяндады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков партияның облыстық филиалы төрағасы орынбасары Серік Сүлейменнің алғысхатын, аудандық экономи-ка және қаржы бөлімі басшысы Раушан Абдоллина өз ұжымының тарту-таралғыларын ұсынды. Өз қатарларына қосылып жатқан жанды биылғы көктемде зей-неткерлікке шыққан Жанғуат Еркеғалиев, аудандық ардагер-лер кеңесі төрағасы Иманбай Ма-

шотов құттықтап, ұзақ жыл бірге істеген әріптесі, аудандық салық басқармасының бөлім басшысы Мұрат Таңатов пен қазынашылық басқарманың жас маманы Айгүл Елекенова да жүрекжарды лебіз-дерін жаудырды.

Пайғамбар жасына жеткен Жарылқасын Өтешқалиев өзін осылайша ұлықтап жатқан көпшілікке, шараны ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдіріп, ертеңнен бастап қызметті доғаратынын мәлімдеді.

Дәулет ӘЛИЕВ

Қарашаның үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекесі саналады. Осы кәсіби мерекеге орай облыс орталығында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің басын қосқан салтанатты шара өтті. Қызметтегі жетістіктері үшін ауыл шаруашылығының айтулы мамандары Ауыл шаруашылығы министрлігінің марапатына ие болды. Еңбегі еленгендер қатарында ауданымыздағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бас-шысы Сүйінбек Хайроллин бар. Ол мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің құрмет грамотасын иеленді.

Бұл тура бір жыл, бір ай бұрын «Орда жұлдызында» (2017 жылғы 24 қазан) жарияланған «Жұмыстар жүйелі атқарылса игі» атты мақалада айтылған-ды. Бұл менің тілшілік қызметімдегі тырнақалды жазбам болатын.

Содан бері талай өзгерістер

болды. Өз басым әскерде бо-лып, азаматтық міндетімді өтеп келдім. Отардағы оқу-жаттығу орталығынан басталған сарбаздық кезеңді биылғы қарашада Семейде аяқтадым.

Сайқында да бірқатар көңіл қуантарлық өзгерістер орын алған.

Үйлер қатары толығып, жолымыз жаңарып, ауылымыз ажарлана түскен. Бір өкініштісі, сақиналы құдықтардың жыры әлі бітпепті.

Аталмыш мақаламда: «орашолақ жасалған жұмыстың зардабын жаңбырдан соң тар-тамыз. Себебі ылғалды бойына жиып алған топырақ басылып, шұңқырлар опырылып кетері мәлім. Ондай жағдай бола қалса, ауыл іші шұрық-тесік болып қалмай ма? Сонда кімді кінәлаймыз?» деген жолдар бар-ды. Сол сандырағым келіп, тесіктер талай жамалыпты. Алайда бәрі бірдей емес. Оған Ә.Жангелдин көшесіндегі №20 үйдің алдындағы түсірілген мына

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған мәдени-көпшілік шаралар жоспары Іс-шаралар атауы Өткізілу уақыты Өтетін орны Жауаптылар

«Тұңғыш Президент – мемлекет көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс 29 қараша Сайқын ауылы М-С.Бабажанов ат.ЖОББ мектебі

«Ұлт мақтанышы – Елбасы», «Елбасына алғысымыз шексіз» атты дөңгелек үстелдер 29 қараша Барлық ауылдық округте Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Тұңғыш Президент күніне арналған үстел теннисінен жарыс 29 қараша Сайқын ауылы«Нарын жастары» ЖҚБ, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

«Елбасы туралы мен не білемін?» оқушылар арасында интеллектуалдық сайыс 29 қараша Барлық ауылдық округте Аудандық білім беру бөлімі

«Арманы үлкен – азат ел» тарихи музейде экскурсия 30 қараша Хан ордасы ауылы Бөкей ордасы тарихи-музей кешені

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай аудандық жастар форумы 30 қараша Сайқын ауылыАудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі

«Дара тұлға, дана тұлға – Елбасы» атты мерекелік концерт 30 қараша Сайқын ауылы Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, аудандық демалыс орталығы

«Менің Президентім» мерекелік шара 30 қараша - 1 желтоқсан Барлық ауылдық округте Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі.

Тұңғыш Президент күніне орай ардагерлер арасында волейбол ойыны 1 желтоқсан Сайқын ауылы Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына жиналған аудан әкімі мен мәслихат аппараты, аудан орталығындағы мекеме-ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер жетекшілері аудандық қазынашылық басқарманың басшысы Жарылқасын Өтешқалиевті құрмет көрсетіп, зейнеткерлікке шығарып салды. Ол еңбек жолын қатардағы есепшіліктен бастап, қырық жылдан астам уақыт қаржы, салық, қаржылық бақылау, қазынашылық салаларында қызмет атқарып келді.

«Айта кетелік, көшелерде орнатылған сақиналы құдықтар бірі жер бетінен жарты метрдей шығып тұрса, енді бірі жермен-жексен. Қайсыбірінің қақпағын автокөлік сындырып кетіп ауыстырды да. Әлі де талайы ауыстырылуы мүмкін. Сондықтан, біздіңше, сақиналы құдықтарды биіктеткен абзал.»

САқИНАЛЫ құДЫқ ЖЫРЫ бІТПЕПТІ

МИНИСТРЛІК МАРАПАТЫНА ИЕ бОЛДЫ

суретіміз (№1 сурет) дәлел. Үй иесі Каримолла аға Ғайсинның айтуынша, шілде айында бұршақ аралас қатты нөсер болып, жолды кесе тартылған су құбыры әжептәуір опырылып-ты. Тиісті мекеме басшылары-на, аудандық сәулет, құрылыс бөліміне құлаққағыс жасағанымен құрылысты жүргізген және екі жылға кепілдік берген «Аль-фаСервисСтрой» ЖШС-інің жөндейтінін желеу етіп, көпке шейін ешкім қозғала қоймапты. Кімдер екенін білмейді, бірде біре-улер тау етіп топырақ төгіп кетсе, тәмәм жер қатарға таялғанда әлгі топырақты тегістепті. Тегістеді де-ген сөз ғана, олақтың орашолақ әрекетіндей шала жасалған.

Дұрысында сақиналы құдықтар Б.Жәнекешев пен Т.Масин көшесі қиылысынан түсірілген мына су-реттегідей (№2 сурет) болуы ке-рек қой. Сол тұстан түстікке қарай сәл аттағанымызда керісінше көріністі көзіміз шалды (№3 су-рет). Жолдың жиегінде, төменде жатқан құдықтың қақпағы ғана қылаңдайды. Сәл жауын-шашын-да ішіне су сорғалайтыны сөзсіз. Б.Жәнекешев көшесіндегі №26

екі пәтерлі үйдің тұрғындары Галя Өтегенова мен Айтқаным Жұмағалиева апайлар құдықты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарына көрсетіп, көмек сұрағандарын жеткізді. Елбасы саясатын елге насихаттаушы, халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған ұйым өкілі бұл іске қозғау салар деген үміттеміз.

Әділет ӘБДІРОВ

Page 3: 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН 3“Орда жұлдызы”№48 (7135) 29/11/2018 ж.

Қазір ел Үкіметінің ақпараттық технологияларды игеруді ба-рынша жылдамдатуға ұмтылып отырғандығы сөзсіз. Аудан халқы емес, тұтас республика жұртшылығының ең көп жүгінетіні m.egov.kz сайты.

Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының меңгерушісі Рашид Абуовтың айтуынша, елдің шетінде орналасқан біздің аудан-да жыл басынан бері көрсетілген тек электронды қызмет саны 10367-ні құрап отыр, оның 5124-і ұялы телефон арқылы көрсетілген мобильді үкімет қызметі екен. Бүгінге дейін 4023 тұлға электрондық цифрлық кілт алған. Өз уақытын саф алтыннан кем санамайтын тұрғындарымыз сол ЭЦК-нің мүмкіндіктерін үйден отырып-ақ пайдалана-ды. Ал тұрғылықты жерінде интернет желісі болмағандар, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығындағы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын кәдеге асырып, қажетінде орталықтың білікті мамандарының көмегіне жүгінеді екен. Айта кетелік, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында да салықтық аударымдар мен түрлі есеп-терін жөнелту үшін дәл осын-дай орталық қызмет етеді. Тек өкінішке қарай, жаңа заманның ақпараттық технологияларын та-ратушы – кең жолақты интернет желілері ауылдарымыздың бәріне бірдей жеткенмен, жылдамдығы сын көтермейді. «Сондықтан да биылғы жылы қолданысқа енгізілуі тиіс онлайн-кассаларды орнатуды жеке кәсіпкерлерден талап ете алмай отырған жайы-мыз бар», – деді аудандық мем-лекеттік кірістер басқармасының басшысы Радик Ғұмаров. Оның айтуынша, қазіргі таңда аудан бойынша тек бір ғана онлайн-касса қызмет етіп тұрса, оның өзінде сол баяғы желінің салда-рынан үзілістер байқалады екен. Интернеттің жылдамдығы бізге не үшін қажет? Ол ақпараттық заман ағымына ілесу үшін және бүкіл ел болып цифрландыру заманына

ОНЛАЙН-САУДА АУЫЛҒА ЖЕТТІҚазіргі таңда цифрлы экономика, цифрландыру және цифрлы сауаттылықты арттыру дегенің жаһанның күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Кешегі күнгі ертегіміз шындыққа айналды. Титтей телефонмен таудай шаруаны шешуге болады. Цифрландыру еңбек өнімділігін арттырса, жеке азаматтар үшін уақыттарын үнемдеп, қолжетімді болды. Осы тұрғыда аудандағы цифрлы қызметті сарапқа салып көрсек, артық етпес.

Бөкейлік өнертапқыш Саян Баятов Зеңгі бабаның төліне электронды ен

тағып, ұялы телефон арқылы түгендеп отыратын болды. Негізгі мамандығы ағылшын тілінің мама-ны. Информатика мен ағылшын тілін жетік білетін Саян жаңа технологияны тануда заманауи құрылғыларды зерттеп білуге аса құмар. Жаңаны білмекке деген қызығушылығы Саянды текке отырғызбады. Алдымен ескі смар-тфоннан қой бағатын құрылғы жа-сап, оны серкенің мойнына тағып, отарын телефон арқылы бағуды қолға алды. Жас өнертапқыш Саян Арсанұлының бұл жаңалығы туралы облыстық газет «Малды телефон арқылы бағуға болады» деп («Орал өңірі», 13 қазан 2018 жыл) жар салған-ды.

Семинарға қатысушылар ханордалық жас кәсіпкер Саян Баятовтың радиожиілік техно-логиясын пайдалану арқылы

малдың сырғаларын арнайы құрылғының (таяқша) көмегімен 30 см – 3метр жерден оқып, ақпаратты өңдейтін компьютерге (немесе ұялы телефонға) түсіруге болатыны жайындағы әңгімесін қызыға тыңдап, сызбаларды, қондырғыларды көзбен көрді. Түстен кейін «Арсан» шаруа қожалығына барып, ондағы баспақтардың сырғаларын оқу арқылы жаңа технологияның пайдасына куә болды.

– «RFID технологиясын қолдану бағыттары өте көп, мысалы, үлкен қоймаларда заттың ішін ашып қарамай-ақ, траншвер арқылы өткізіп шығып тез арада санап алуға болады, – деген өнертапқыш Саян Баятов ауылдастары мен ауданнан келгендерге егжей-тег-жейлі түсіндіріп берді.

Иә, бүгінгі нәрсе ертеңге өлшем емес. Мал бағу да, өнім өндіріп оны өңдеу де, нарыққа шығарып, табысқа кенелу жолы

қарай өту үшін қажет. Себебі қазіргі ақпараттық технологиялар дегеніміз – ол цифрлы сана мен технологияларға қол жеткізудің басты алғышарты. Ол туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мен әркімнің цифр-ландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол жаһандық бәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға қол жеткізудің құралы. Онсыз өзін құрметтейтін ел қалыпты өмір сүре алмайды. Бәсекелестік болмаса біз артта қаламыз және алда келе жатқан мемлекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Пайданың, өнімділіктің және капиталдандырудың күрт артуы – мәселе осында. Цифрлы экономи-ка осыны береді» деген еді.

Аудан тұрғындары арасында онлайн-сауда нарығы біртіндеп жолға қойылып келеді. «Ин-тернет-дүкендерден алынған тауарлардың сапасы ауыл ішіндегі сауда нүктелеріндегілерден еш кем емес, қайта керісінше бағасы

қолжетімді. Біраз қаржы үнемдеуге мүмкіндік бар»,– дейді ханордалық Ұлжан Ғазезова. Иә, алғашында төмен бағаларға қарап, күмәнданған жұртшылықтың сенімі қазір бекемделе түскендей. Аудандық пошта байланысы торабының тасымал бөлімі қызметкері Шолпан Хайрошева да оны растап отыр. Оған барлық округтерге үзіліссіз келіп жатқан тапсырыстар айқын дәлел.

Цифрландыру үдерісі аудандық аурухананы, ауыл шаруашылығын, жер қатынастарын, білім беру бөлімдерін, тіпті «Нұр Отан» партиясын да айналып өтпепті. Аталған партияның аудандық фи-лиалы осы айдың басынан «Цифр-лы партия» жобасы негізінде партия мүшелерінің өзекті дерек-тер базасы, партия мүшелерінің әлеуметтік жобалары мен партиялық резервті қалыптастыру, онлайн қызметтер мен онлайн оқыту, өтініш берушілердің партияға жазған өтініштерін өздері қадағалауы және мемлекеттік

бағдарламалардың электрондық мониторингтеу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйесін жасауды мақсат тұтуда. Сонымен қатар цифрландыру жобасы аясын-да балаларға арналған ақысыз ІТ-сыныптар, білікті мамандарды даярлауға арналған ІТ-орталықтар ашу жүзеге асырылмақ. Оған Сайқын ауылындағы М-С.Бабажанов атындағы орта мек-теп базасында ашылған ІТ-сынып зор ықпал етеді деп күтілуде.

Американдық футуролог Реймонд Курцвейл 1990 жылы жарық көрген «Интеллектуалды машиналар дәуірі» атты алғашқы еңбегінде ХХІ ғасырдың басында сымсыз байланыстың белең ала-тынын, интернет желісінің дамуы мен оның қоғамдағы рөлі хақында болжаған болатын. Сонымен қатар ол 1998 жылы жасанды интел-лект шахмат ойынында адамды жеңеді деп дөп басып айтқан. Шын мәнінде бұл жағдай бір жыл бұрын, яғни 1997 жылы орын алды. DEEP Blue-нің Гарри Каспа-

ровты жеңгені. Оның болашаққа болжамы талай фантастиктерді жолда қалдыратындай. Оның ай-туынша, 2019 жылы робототехни-ка қарқыны өсіп, ол үй тұрмысына көмектесетін роботтардан бас-талып, ақылды үй технологиясы барлық жерде таралады. Әрі осы ғасырдың 40-жылдары адамзат ауруларды түгел жеңіп, ағзасына нанотехнологияларды ендіріп, өз өмірлерін ұзартуға мүмкіндік алады. Бұл – бұл ма, атақты футу-ролог, жапон физигі Митио Каку цифрлы технологиялар болашақта адамдар ойын оқуға мүмкіндік береді, ол үшін сіздің миыңыздағы барлық ақпараттарды оқиды да, соның негізінде көшірмеңізді жасайды. Сіз өлген кезде бұл егіз-көшірмеңіз сіздің орныңызға өмір сүріп, сіздің мінезіңіздің негізінде дами алады және сіздің жадыңызды жаңа таныстықтармен байыта береді дегенді айтады».

Иә, ғылым мен білімге негіз-делген цифрлы әлем қол бұлғап шақырып тұр. Түрі көбейген ауруларды да жеңбек, экономи-каны дамытып, тұрмысымызды жайландырмақ, өмірімізді де ұзартады. Ыбырай Алтынсарын айтқан «Айшылық алыс жерлер-ден жылдам хабар алғызған» заман артта қалып, болжауы қиын болашақ күтіп тұр алдымызда.

Қысқасын айтқанда, цифрландырудың сиқырлы әлеміне енуде аудан тұрғындары түпкілікті әзір демесек те, жастарымыздың жаңалыққа деген ынта-жігері және ұмтылысы жаман емес. Дегенмен қол жеткенге тоқмейілсудің ешбір реті жоқ. Керісінше, үдерісті одан әрі үдете түсу қажет.

Раушан БАҚЫТОВА

СИЫРЛАРЫМЫЗ ЭЛЕКТРОНДЫ СЫРҒА ТАҒАДЫ Бұл туралы Хан ордасы ауылында «RFID» сырғаларын мал шаруашылығында қолдану» тақырыбында өткен аудандық семинарда белгілі болды.

да өзгерген. Сол жайды тез ұғынып, ағымға ілескендердің ғана жолы болмақ. Елбасымыз жиі ескертетін бәсекеге қабілеттілік осылай қалыптасады. Жаңалыққа үрке қарамай, үйренуге, тезірек өндіріске енгізуге ұмтылған абзал. Бір өкініштісі, аталмыш семинарға тиісті мекеме басшы-лары мен ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері мен санаулы шаруа қожалығы жетекшілерінен басқа өзге округтерден өкілдер келмеді.

Малды компьютерге тез түсіру,

есебін тиянақты жүргізумен қатар, тұқымын жақсарту, тауарлы сүт өндіру, бордақылау, т.б. істерге септігі мол қондырғының болашағы зор. Сондықтан да облыстық кәсіпкерлік және ин-дустриалды-инновациялық даму басқармасы Саян Арсанұлының жобасын өңірдегі тың жоба ретінде бағалап, «Даму» қорының 2 млн. теңгелік қайтарымсыз гран-тын беруге шешім қабылдаған.

«Арсан» шаруа қожалығының мал қыстағында да, құдықта да

күн батареялары орнатылғанын байқадық. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Серік Айтқалиев мұндай қондырғы құнының 80%-ын мемлекет көтеретінін айтты. Яғни субсидия береді. Алдағы жастар жылында Саяндай ізденімпаз замандастар мемлекет ұсынып отырған мүмкіндікті молынан қолданып, шаруасын дөңгелетер деп сенеміз.

Каримолла ҒАЙСИН

Page 4: 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі“Орда жұлдызы”

№48 (7135) 29/11/2018 ж.

Елдің шетінде, желдің өтінде тұрған құм қойнауындағы ауданның

Елбасын екі келтірердей не қасиеті болды деген сауал туары заңды. Сонау 1990 жылдардың басында Н.Назарбаев Қазанға барған сапарында қазақтың соңғы ханы, сарабдал саясат жүргізе білген Жәңгірдің су-ретін көріп, тарихи мәліметті естіп біледі. Ол кезде Алаш тарихының ақтаңдақтары әлі де тарих тұңғиығында жатқан кезі болатын.

1990 жылдың қыркүйегінде Хан ордасына табан тіреген Ел-басымыз уақыттың тығыздығына қарамастан тарихи, мәдени, архитектуралық нысандар-ды жаяу аралап көрді. Қазақ тарихында ойып орын алатын қасиетті өлкенің тарихына қанықты.

Бүгінде талай қонақты бай жәдігерлерімен таңдай қақтырған аудандық тарихи- музей кешені ол кезде тарихи-революциялық музейі деп атала-тын. Тарихи жәдігерлер қоры да, сәні мен салтанаты да жадаулау еді. Осы музейдің ұсыныс-пікір-лер кітапшасында Н.Назарбаев «Орданың тарихи музейінен зор әсер алдым. Өз жерінің, өз елінің

ЕЛбАСЫ АУДАНҒА ЕКІ МӘРТЕ КЕЛДІ Облыс орталығынан шалғайда жатқан ауданымызға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы ат басын бұрып, екі мәрте келген екен.

тарихын, атақты азаматтарын құрметтей білу деген халық сана-сезімінің өсуіне себеп болмақ. Орда жұртшылығына, музей қызметкерлеріне зор бақыт, табыс тілеймін» деп қолтаңба қалдырған екен.

Ұлт тарихындағы талай

марғасқаның кіндік қаны тамған, Хан Жәңгірдің ізі қалған ме-кенді аралаған Ұлт Басшысы архитектуралық нысандарды мемлекеттік қорғауға алып, жөндеу, қайта қалпына келтіру мәселесін жауапты адамдарға жүктеген болатын. Ол сөз

жүзінде қалмай, қолға алынды да. Елбасының Орда жеріне келген алғаш сапарынан бастап өлкеміздің мәдени мұрасына көңіл бөліне бастады. Аудандық тарихи музейдің екінші тыны-сы ашылғандай болды. Хан сарайының шығыс флигелі,

дәрігер Сергачев үйі, педтех-никум ғимараттары музейдің қарамағына берілді.

Осы тұрғыда туған жеріне ғана емес, тұтас ұлттың тарихына мүлтіксіз қызмет еткен Темірбо-лат Махимовтің өлшеусіз еңбегін айта кеткен жөн.

Page 5: 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі 5

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай адами болмыс, қасиет-қабілетін ерекше бағалайсыз,

өзіңізге үлгі тұтасыз?

МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ

“Орда жұлдызы”№48 (7135) 29/11/2018 ж.

Назымгүл ОРАЗГЕЛДИЕВА, Бөкей ордасы тарихи-музей кешені

директорының орынбасары: – Мен Елбасымыздың асқан көрегенділігін, парасаттылығын жоғары бағалаймын. Ұлт

басшысының көрегенділігі сарабдал саясатынан көрінсе, парасаттылығын әр ісінен, әрекетінен,

зиялылығын сөзінен байқауға болады. Тілге шешен, оқыған-тоқығаны, өмірден алған сабағы

мен тәлімі мол. Кез келген орта, кез келген жағдайда ұтымды сөз, пәтуалы әңгіме айтады. Осы бір шешен-

дігіне таң қаламын. Парасаттылық пен зиялылық текпен, қанмен берілетін қасиет қой. Үлгі тұтқанмен көшіріп ала алмайсың.

Сондықтан таң қаламын деймін..

Асқар ӘЖІҒАЛИЕВ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

– Өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз, Әнұранымыз, төл валютамыз бен Ата

заңымыздың негізі қалыптасқан ел ретінде іргесін бекітіп, шекарасын шегелеген Елба-

сымыз Нұрсұлтан Әбішұлының көшбасшылық қасиетін ерекше бағалаймын. Оның күрмеуі көп қиын шақта тыңнан түрен салып, биікке

жетелей білген батылдығы, стратегиялық таланты мен көрегенділігі біз секілді мемлекеттік қызметкерлер

үшін өнеге болмақ. Сарабдал да салиқалы саясатының арқасында қазақ елін ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеп, әлемнің

алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің қатарына қоса білген Елбасының берік ұстанымдары мен жарқын болашаққа деген

риясыз сенімі бізді де биік мақсаттарға жетелейді.

Мейрамбек АҚҚАЛИЕВ, Сайқын ауылдық округінің әкімі:

– Елбасының көрегендігі мен көшбасшылық қасиеті, іскерлік қарым-қабілеті тәнті қылады.

Көшбасшылықтың барлық болмысы Ұлт басшысының бір өзінен табылады емес

пе? Жоғары бағалап отырған қасиеттерін тарқатып айтсақ, саясатты айналып өте

алмаймыз. Сонау тоқырау жылдары еліміздің экономикалық ахуалын басты межеге алып,

геосаяси жағдайды емес, халықтың әлеуетін жақсартуға ба-рын салды. Елдің ішкі тұрақтылығы мен бірлігін ойлады. Туған жерінің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп келетін Президентіміздің

табандылығы мен қайтпас қажырлылығына қайран қаламын.

Жалғас ТАШУОВ, Мұратсай ауылдық округінің әкімі:

– Ежелгі Шығыс аңыздарында «есті патшаның бойында алты әулиенің қасиеті

болады» деген екен. Бабаларға арман болған Тәуелсіздікті орнату бір басқа да, түрі басқа, тілегі бір әр алуан ұлт өкілдерін бір шаңырақ

астына топтастырып, бір мақсат-мүддеге жұмылдыру, бүгінгі заманның көшіне ілесіп қана қоймай, меженің алдыңғы қатарынан

көрінуге қызмет ету, сөйте тұра қасиетті тарихтың алтын тамырын үзіп алмай, қайта жандандыру тегін адамның қолынан келетін

іс емес. Осы тұрғыдан алғанда мен Елбасымыздың мақсат-мұратына беріктігіне, ісіне адалдығы мен көшбасшылық қырына,

азаматтығына қызығамын, тәнті боламын. Бұл аталғандардың бәрі ана сүтімен, әкенің қанымен берілетін қасиеттер ғой. Бір асылға бір ғасырда берілетін қасиеттер десе де артық айтқандық емес.

Орынгүл МАРАЛОВА, аудандық орталықтандырылған кітапханалар

жүйесінің кітапханашысы:– Мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың

бойында әр Қазақстан азаматы үлгі алатын-дай айрықша қасиеті көп дер едім. Әсіресе, оның ұлтжандылығын, еліне, жеріне деген

шексіз махаббатын қалай айтып өтпеуге болады? Біз, яғни, жас мамандар Елбасымыз секілді патриотизмнің жоғары үлгісін көрсете

білуге тиістіміз. Елбасының халықпен жүздескен сайын өнерден де құралақан еместігін байқаймыз. Оның қазақтың ұлттық әндерін

жатқа білетіндігі де таң қалдырады. Және ол кісінің салауатты өмір салтын ұстанып, көптеген жас буынға үлгі болып отырғаны

да шындық.

Арнайы келген Елбасына өлкенің тарихын, маңызы мен мәнін жеткізе білген Темірболат ағамыз үлкен тарихи кешеннің мызғымас іргетасын қалап бер-ген-ді сол кезде.

Араға жеті жыл салып Елбасы 1997 жылдың қыркүйегінде құм Нарынға екінші мәрте келіп, Жәңгірдің кесенесін салтанатты түрде ашты.

Кейін Бөкей ордасы тарихи-музей кешені Президентіміздің бастамасымен қабылданған «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына» енді. Күтімсіз

қалған ғимараттар қалпына келтіріліп, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мысалы, қыздар учи-

лищесі ғимараты, Хан сарайының батыс флигелі мен орталық бөлігі тұрғызылды және кешеннің аула-сы абаттандырылды.

Аудандық тарихи-му-зей кешені Қазақстанның жалпыұлттық киелі 100 нысанының қатарына енгізілді.

Қан сіңген қасиетті Нарын осы,

Би сөйлеп,Батыр жортып,Хандар жатқан, – деп ақын

Ғайсағали Сейтақ жырлағандай, әр тасы тарих, құлпытасы кие тұнған Нарынға Елбасының екі келгені де өз алдына бір тарих.

Құм Нарынның құт-киесі тек осы жерде туғандарға емес, күллі қазаққа ортақ, өлке тарихы әр қазақ үшін көздің қарашығындай қастерлі.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Page 6: 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

6 ОЙТүРТкі

АДАМДЫҒЫҢ қАЙДА, АҒАЙЫН?!

“Орда жұлдызы”№48 (7135) 29/11/2018 ж.

АНАСЫН ЗАРЛАТЫП, қАРЫНДАСЫН қАН қАқСАТқАН

Бисен ауылының тумасы Нәзира Ғалиева ағаның жақсысы қандайын

Ағасы жақсы қандай-ды, Алдыңда асқар таудай-ды, Сүйенгенде сүйеніш,

Құлағанда қолдайды, – деген жыр-шумақтан білетін шығар. Ресейді тұрақты мекен қылған Нәзира анасының шақыруымен ауылға келеді. Ағасы Талиғат ащы суға жақындау болғаны соншалық, жұмыс жасап, нәпақа табу, отбасын құрып, ұрпақ өсіру дегеннің бәрін әлдеқашан кейінгі орынға қойған. Алыстан қарындасы келген күні де осы әдетінен жаңылған жоқ.

Дастархан басында басталған келіспеушілік Талиғаттың жұдырық сермеуіне жалғасты. Төркіндеп кеп отырған қарындасын шашынан алып есікке сүйреп, маңдайдан соғып, күш көрсеткен. Жұдырық та сөз емес, ақаңнан ұрттап, кекірік атып тұрған ағатайы тіпті пышақ ала жүгіріпті. Нәзира мас ағасының қолынан сытылып шығып, далаға қашып құтылған. Сыртқа шығып үлгермесе, ағасының қолынан ажал құшпасына кім кепіл?!

Қарындасы ағасын кешір-мейтінін айтты. Ағайындылар арасындағы осы жайт сотта қаралып, Талиғат Ғалиевке қатысты іс 150 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылсын деген үкіммен аяқталды.

Сайқындық Жарасқан Темірбековтің қарындасқа деген «ілтипаты» дәл осы

Талиғаттың әрекетінен кем түспейді. Жарасқан да ішкілікке әуес. Сайқындық «сарбазымыз» қарындасын былай қойып, анасын да балағаттап, қоқан-лоқы көрсетіп, отбасының шырқын бұзуды әдетке айналдырған. Жарасқанның анасы Зере құқық қорғау органдарына арызданып, өз баласынан араша сұрап отыр. Тұрақты жұмысы, күндік табысы жоқ болса да аузын арақтан құрғатпайтын Жарасқан анасы мен қарындасын сөзбен қажап, кемсітіп, балағаттап, күн демей, түн демей шу шығарып, істі боп отыр. Қарындасқа қорған болудың орнына отбасының ойранын шығарған Жарасқанды бір туғаны кешіріп, өткеннен сабақ алар деп үміттенсе де, анасы Зере ұлына қатаң жаза тағайындауды сұраған. Сайқындық «батырымыз» да жиырма тәулікке қамауға алын-ды. Мұндай қамақ та «үй тенте-гін» тезге сала алмады. Тек бір жылдың ішінде аудандық сотта Жарасқан Темірбековке қатысты төрт бірдей іс қаралып, оның екеуі қамауға алынумен, қалған екеуі татуласумен аяқталған.

Тағы бір сайқындық аза-мат Спандияр Қабышовтың үй ішіне көрсетіп отырған шатағын айтсақ, жылағанның алдынан өкірген шықты деген болады. Спекеңнің үстіне тек бір жылдың өзінде он бір іс қаралған. Анасының жегенін желім, ішкенін ірің қылып отырған адамды тіпті азамат деп айтуға болмас, сірә?! Анасы туған ұлынан көрген зәбірін айтқанда етегі жасқа толады. «Жүйкем әбден тозды. Істерге амалым қалмады» дейді байғұс ана. Сот алдына істі боп кел-

ген Спекең әр келген сайын қылған ісіне өкінетінін, анасынан кешірім сұрайтынын, қайталап мұндай әрекетке бармайтынын айтып ақталады. Бірақ осы уәдесінің бәрі сот ғимаратының босағасынан әрі аспайды-ау. Спандияр Қабышов мәжбүрлі түрде емделіп те келді. Бірақ кейіпкеріміздің санасы «айығар» күн алыс сияқты.

«Ағайынның азары болса да, безері болмас» дегендей, шаңырағының шырқын бұзған маскүнем аға, ұлдан ана мен қарындастың теріс айналып жатқаны жоқ. Бірақ соны түсініп жатқан жан бар ма?!

АҒАСЫНЫҢ қОЛЫНАН АЖАЛ құШТЫ

Хан ордасының тұрғындары ағайынды Бисен мен Мұрат Азиевтердің текетіресі қайғылы жағдаймен аяқталды.

Марқұм болған Мұрат та іш-кілікке әуес болған екен. Ішкен сайын ағасы отырған үйдің қожайыны екені «есіне түсіп», үйді босатуын талап еткен. Биылғы жылдың 15 наурызын-да да ақаңнан «жұқалатқан» Мұрат бауырына келіп, бәз баяғы әңгімесіне басқан. Сөзіне селт етпеген ағасын жағадан алып, кеудесі мен басына 3-4 жұдырығын жұмсап үлгереді. Ағасы да қарап қалмайды, басын бұғып отырып қалып, қорғанады. Құлаштап сермеген жұдырығы ауа қармап қалған Мұрат тәубесіне түсіп, сыртқа шығып кетеді. Бисен осы уақыт аралығында пышақпен қаруланып үлгереді. Інісі қайтып кеп бас салар болса, қорғанбақ болады. Ойлағаны

дөп келді. Мұрат сәлден соң қайта келіп, ағасының жағасына қайта жармасады. Бисен де қолындағы пышағын оңды-солды сермеп үлгереді. Бірақ інісінің жарақаттанғанын байқап үлгермейді. Сыртқы бөлмеге шығып қан құсқан Мұрат қайта кіріп, ас үйдегі үстел қасына кеп, құлай кетеді. Сол орында тырп етпестен ертеңгі күнге дейін жатады. Келесі күні тірлік баяғысынша жалғаса береді. Бисен таңертеңгілік малын жайғап келіп, таңғы, түскі асын ішеді. Осы уақытта інісінің орнынан тұрмаса да, сөйлеп жатқанын айтады. Түскі екіде үйді сыртынан кілттеп, тағы да малдың шаруасымен сыртта жүреді. Кешкі жетілер-де ғана інісінің қыбыр етпей, қимылсыз жатқанын байқап, дабыл қағады. Інісінің мас боп келіп, келесі күні бас көтерместен жататынына көзі үйренген Бисен інісін өлтіруді мақсат етпегенін, дер кезінде дәрігер шақырып, алғашқы көмек көрсете алмағанына өкінетінін, қамқорлығында кәмелетке толмаған қызы барын айтып, қатаң жаза тағайындамауын сұраған. Десе де, жүйке ауытқушылығымен психикалық орталықта есепте тұратын Бисен Азиев қылмысты деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Осылайша, ағайындылар арасындағы текетірес өліммен аяқталып, бір шаңырақты шырақсыз қалдырды: іні өліп, аға түрмеге тоғытылды. Бисен Азиевтің қызы сотталушының інісінің қамқорлығына беріл-ді. Анасыз өсіп келе жатқан жауқазын ғұмыр енді әке қамқорынсыз қалды.

Кімді не деп кінәларсың мұндайда?! Адамдықты аяқ асты қып, анаға ақыртып, қарындасқа қоқан-лоқы көрсеткізіп тұрған шишаға сыйса да, кісілік-ке кереғар арақ екені аян. Арақтың адам қылмайтынын білсе те, әуестігімізді тежей алмайтындығымыз қандай қиын...

Көнеден келе жатқан тәмсіл бар. Әкесі бала-сына ренжіген сайын үй алдындағы терекке шеге қаға береді екен. Қағылған шегенің көптігі сондай, бос орын қалмапты. Бала-сы әкесінен «терекке неге шеге қағып жүрсіз?» деп сұрайды. Әкесі себебін айта-ды. Баласы ұялып, әкесінен кешірім сұрап, тек жақсы ісімен қуантпақ болады. Баласының әрбір жақсы әрекеті үшін бір шегеден суырылып алынатын бола-ды. Баласы уәдесінде тұрып, күндер өткен соң, теректе бірде-бір шеге қалмайды. Баласы қуанып: «Әке, ренжіткен сәттерім үшін кешірім сұраймын. Шегенің бәрі алынды, кешірдіңіз бе?» деп сұрайды. Сонда әкесі «Шегенің бәрі алын-ды-ау, орны қалғаны болма-са...» деген екен.

Жетесі барға жеткілікті түрде айтылған тәмсіл.

Анамызға, бауырларымызға жатқа айтпас сөзімізді айтып, жабырқатпайықшы, кешірім сұрағанмен көңілде дік, жүректе із қалатынын ұмытпайықшы, ағайын!

Гүлжиһан САҒИТОВА,аудандық сот төрайымы,

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Этикалық нормаларға сәйкес кейіпкерлер аттары өзгертіліп берілді.

Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың. Иә, тап солай. Мұны туыстықтың, ағайындықтың құндылығын жақсы білген аталарымыз өмірлік қағида қып қалдырған екен. Қазірде бір әкенің белінен тарағандар бір-бірін көрсе сөйлеспей жатып, төбелесе кетуге әзір тұрады. Бүгінгінің шындығы осы. Бұл әркім өз қазанында қайнап жататын үлкен қалаларда емес, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған шағын ауылдарда да айқын көрініс тапқан. Біздің ауданда да ағайындылар арасындағы дау-дамай сотқа жетіп, тіпті қайғылы оқиға да тіркелген екен. Осы бір жаға ұстатар жайттарды таратып айтсақ, артық етпес.

Page 7: 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

Меншік иесі:“Жайық Пресс” ЖшС

Бас директорРауан СӘБИТОВ

“Жайық Пресс” ЖшСБөкей ордасы аудандық

“Орда жұлдызы” қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы

ұлпан ЖАкИНА

Газетті есепке қою туралы №12259-Г куәлікті 2012 жылғы 19 қаңтардаҚазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігініңАқпарат және мұрағат комитеті берген.

Газет БҚО әділет департаменті, Бөкей ордасы аудандық әділет басқармасында 09.01.2012 жылы тіркелген.Тіркеу №7-1926-15-ф-л

Мекенжайымыз: 090200 Батыс Қазақстан облысы,Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ. Әзербаев көшесі, 10/1 үй.Телефондар: Редактор: 21-5-30. Тілшілер: 21-8-42 (факс)Біздің электронды поштамыз: [email protected]

Белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет “Жайық Пресс”медиахолдингінде компьютерлікәдіспен теріліп, беттелді.“Полиграфсервис” ЖШС баспаханасында басылды.Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 27/6.

Газет аптасына 1 рет шығады.

Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 48.Таралымы 1663 дана.

ХАТ-ХАБАР 7“Орда жұлдызы”№48 (7135) 29/11/2018 ж.

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

«бІЗ – бОЛАШАқ ұЛАНбЫЗ»Бөкей ордасы колледжінде «Арлан» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Дәурен Әменовтың ұйымдастыруымен «Біз – болашақ ұланбыз» атты әскери-патриоттық ойын өткізілді.

ҮЙ САТЫЛАДЫОрал қаласы Құс фабрикасы ауданынан үй сатылады. Алдағы уақытта

он сотықтың жартысын сатуыңызға да болады. Жалпы аумағы 170 ш.м. Үйге су, табиғи газ, жарығы мен септик құрылғылары түгел кіргізілген. Қабырғасы керамзит блоктан, үйдің шатыры черепица, іргетасы мықты, биік, еденіне жылыту құрылғысы орнатылған, жуынатын бөлмесі мен әжетханасы бөлек-бөлек қарастырылған. Бережек қарызы жоқ. Құны 10 000 000 теңге. Ұялы байланыс: 87058120702.

Еске алуСайқын ауылының тұрғыны болған

М.Мәметова атындағы совхозда ұзақ жыл еңбек еткен, әулетіміздің ақылшысы, басшысы Әбілқасым Әбдірешев арамызда жүрсе 70 жасқа толар еді. Ешкімді басындырмаған ер мінезді, қайсар да қайырқом, аңғал да адал жанды туған күнінде жүрегіміз езіле еске алып, топырағың торқа, иманың жолдас бол-сын дейміз.

Құлағандай биіктен шынарымыз,Қас-қағымда сөнгендей шырағымыз.Ардақтайды ұрпағың, ұмытпайды,Қабыл болсын оқытқан құранымыз.

Еске алушылар: жолдасы Сабира, қайын апасы Райса, ұл-келіні Талғат- Ғалия, қыздары Арайлым, Әсел және немере- жиендері

Салтанат, Лунара, Қайсар, Сайдар

Бисен ауылының тұрғыны болған аб-зал жан, ардақты аға, қадірлі әке Ержан Еділбаевтың өмірден өткеніне 1 жыл толып отыр. Тағдырдың ісіне не шара?! Жайраңдап кіріп келердей Сізді елеңдеп күтеміз. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын.

Солғын тартып кетті неге мына күз?Жаным жаурап, кеудем қырау болып мұз.Жабырқаған жылдар жылжып барады,Сізсіз өткен күндер қандай сұрықсыз?..

Қайғыра еске алушылар: Еділбаевтар әулеті

Студенттерді әскери қызметке ынталандыруды көздеген осынау шара барысында қатысушылар автоматты белгілі уақытта шашып-жинап жылдамдықтарын байқатса, пневматикалық қарудан нысананы дәлдеу арқылы мергендіктерін көрсетті. Әрмен қарай гір тасын көтеру, дартс ату, арқан тартысы секілді спорттық ойындармен

айшықталды.Бұл шараға аудандық қорғаныс

істері жөніндегі бөлім басшы-сы, подполковник Асхат Сан, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Тұрарбек Апақаев, № 17 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Сабыржан Ибрашев, әскери есеп және жинақтау бөлімінің инспекто-ры Мерей Бисембаев қатысып,

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей, әскери патриоттық тәрбиені күшейтудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ қыс кезіндегі төтенше оқиғалар орын алған жағдайда қандай іс-әрекетке көшу туралы да түсінік берілді.

Мейрамгүл ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ, топ жетекшісі

«Болашағың өз қолыңда» жобасы бойын-ша ұйымдастырылған бұл тартысты кездесу нәтижесінде «Жастар» құрамасы І орынды, «Сұңқар» командасы ІІ, ал «Жалын» ІІІ орынға ие болды. Салауатты өмір салты ұстанымын паш етіп, жастарға серпін берген, олардың бос

уақытын тиімді өткізуді көздеген мұндай спорттық шаралар алда да өз жалғасын таба бермек.

Бекзат ҒАБДОЛЛА, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық

орталығының Темір Масин ауылдық округіндегі маманы

Бір он шақты күнде қараша да аяқталып, қыстың алғашқы айы есік қаққалы тұр. Қысты қатерсіз, тосын жайтсыз өткізуге дайынбыз ба?

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына, ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж. Жұмашевтың арнайы бұйрығына сәйкес қыс мезгілінде орын алуы ықтимал оқиғалардың алдын

алу, адамдардың шығынына жол бермеу мақсатында облыс бойынша «Қауіпсіз қыс» айлығы жарияланды.

Айлық аясында халыққа аудан аумағындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын, мұздағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, газ баллон жабдықтарын және пешпен жылыту қондырғыларының қауіпсіз қолданысын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлерге,

шаруашылық құрылыстарға аула рейдтер ұйымдастыруда.

Ауылдық округтерде және елді мекендердегі халықтың назары-на мал азығын, жемшөпті сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ереже-лерін сақтау туралы жиындар өткізу жоспарланды.

Тұрарбек АПАҚАЕВ, төтенше жағдайлар бөлімінің

бастығы, азаматтық қорғау майоры

бөрлілік баскетболшылар тайталасты Темір Масин ауылдық округіндегі М.Бегалиева атындағы орта мектептің базасында бөрлілік жастардың арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті.

Ішкі істер органдарында көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында министрлік азаматтар-ды тұрғылықты жері мен уақытша тұратын жері бойынша онлайн тір-кеу режимінде ресімдеу шараларын қабылдады. Бұл қызметтерді пайда-лану үшін тұрғын үй меншікиесінің және есепке тіркелетін адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы және онымен қолданушы ретінде egov.kz порта-лына тіркелуі қажет. Сонда ғана порталдың “Азаматтарға” бөліміне, одан әрі “Азаматтық, миграция және иммиграция” бөлімшесіндегі “Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару” қосымшасына қол жеткізуге болады.

Тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркелгісі келетін азамат портал арқылы өтініш береді, тұрғын үйдің меншік иесі өзінің ЭЦҚ көмегімен өтінішті бекітеді, яғни электрондық фор-матта өзінің тұрғын үйіне тіркеуге келісім береді. Берілген өтінімді өңдеу шамамен 10 минуттай уақыт алады, содан кейін жаңа тіркеу мекенжайы бойынша мекенжай анықтамасына тапсырыс беруге бо-лады. Портал арқылы тіркелудің өз артықшылықтары: өтініштің үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн түрде берілуі, соның есебінен тұрғындар ХҚКО-ға бару және кезек күту уақытын үнемдейді. Ағымдағы жылдың 9 айында біздің облыс

бойынша “тұрғылықты жері бойын-ша тіркеу” мемлекеттік қызметін “электрондық үкімет” порталын 500-ге жуық адам пайдаланыпты.

Сонымен қатар порталда egov.kz электронды үй кітабы онлайн режимінде іске қосылды. Яғни ме-кенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру қызметі. Енді жылжымайтын мүлік иесінің үйінде тіркелген барлық адамдар туралы мәліметті бір анықтамадан білуге мүмкіндік бар. Бұл қызметті алу үшін тұрғын үй иесі egov.kz порталын қолдана отырып, “Жылжымайтын мүлік” - “тұрғын үй қатынастары” бөлімінен қызметке тапсырыс береді. Көрсетілген тізімнен қажетті жылжымайтын мүлік обьектісін таңдап, SMS-пароль немесе ЭЦК көмегімен сұрау салуды растау арқылы жүзеге асырылады.

Белгіленген мекенжай бойын-ша тіркелген тұлғалар туралы анықтаманың өзектілігі олардың мекенжай мәліметінде мекенжай тіркеу кодының (16 таңбалы саны) болуына байланысты. Егер де тіркелген тұлғалардың тізімі толық болмаған жағдайда, тұрғын үй иесі олардың мекенжайына жылжымай-тын мүліктің мекенжай тіркеу кодын енгізу үшін портал немесе ХҚКО-ға жүгіне отырып шаралар қабылдауы қажет.

Мақпал БЕКҚАЛИЕВА, аудандық полиция бөлімінің

көші-қон қызметінің инспекторы, полиция капитаны

қыстың қамы қазірден

ҮЙДЕ ОТЫРЫП, АНЫқТАМА АЛАСЫЗ

Page 8: 1 ЖЕЛТОқСАН – ТұҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_48.pdf · 4 ТұңғЫш ПРеЗИдеНТ күНі “Орда

8 СОңғЫ БеТҚұттықтаймыз!қОС ӨНЕРПАЗҒА қОЛДАУ

“Орда жұлдызы”№48 (7135) 29/11/2018 ж.

Сайқын ауылының тұрғыны мейірімді жан, қамқор аға, ақылшы ата Жарылқасын Өтешқалиевті пайғамбар жасына толуымен құттықтаймыз. Арамызда шаттыққа толы ғұмыр кешіп, қиындықта жанымызда қамқор болып жүре беріңіз.

Сый-құрметті Құдай берсін басыңызға,Әрқашан Қыдыр жүрсін қасыңызда.Жасыңыз жүзден ассын деп тілейміз,Қосылып жылдар тағы жасыңызға.

Игі тілекпен: іні-келінің Бердібек-Меңдігүл, немере іні-келіндерің: Жамбыл-Мақпал, қыз-күйеулерің: Жақсылық-Айнұр, Тарих-

Самал, Оралбек-Үнзила, Мирас-Әсел, немере-жиендері

Сайқын ауылының тұрғыны көз қуанышымыз, баламыз, аға-апаларының қамқоршысы, іні-қарындастарының ақылшысы Нұрлыбек Иманбаевты қиып түсер қылыштай жарқылдаған 40 жасымен құттықтаймыз.

Тілейміз біз таусылмайтын төзімді, Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді. Денсаулығың мықты болсын, жан балам, Құттықтайды бауырларың өзіңді

Ақ жарма тілек білдірушілер: ата-анасы Машан-Күміс, аға-жеңгесі Ержан-Бота, Бауыржан, апа-жезделері Қайыржан-

Гүлнар, Жансерік-Назым, Манарбек-Гүлсара, қарындасы Бекзат, інілері Нұрхат, Асхат, Береке-Аяулым, Аманғали

Сайқын ауылының тұрғыны, ақылшы қамқорымыз Нұрлыбек Иманбаевты келіп жеткен 40 жасымен құттықтаймыз. Жаны-мызда әрдайым демеп жүретін жан аға, аспаныңыздан күн күліп әрқашан жайнап жүріңіз.

Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,Жалғанда тілек бар ма одан асқан.Аман боп жанұяң мен бауырларың,Жалғансын ақ таңдарың нұрын шашқан.

Құттықтаушылар: қарындас-күйеу баласы Асхат-Іңкәр, Аян-Зият, жиендері Кәусар, Мұстафа, Дарын

Құм Нарынның тумасы, Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актеры әрі бас ре-жиссері Самал Әбуовтың «Театр. Тарих. Тағылым.» атты алғашқы жинағы жарық көрді. Кітаптың аты айтып тұрғандай, жинаққа облыстық қазақ драма театры, онда қолтаңбасы қалған өнер тұлғалары, бүгінде қызмет етіп жүрген театр майталмандары туралы мақалалар жинақталған.

– Бұл жинағым «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасындағы «Өнегелі құндылықтар» бағытына өз үлесімді қосу мақсатында құрастырылды. Негізінен театр өнеріне еңбегі сіңген тұлғалар жайлы естелік, мақалалар енген бұл кітабым бір жағынан осы саладағы жиырма жылдық еңбегімнің есебі болып табы-лады, – дейді автор. Х.Бөкеева

АСАбАЛАРДЫҢ АЛДАСПАНЫ АНЫқТАЛДЫ

Бисен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауданымызда алғаш рет «Асабалар алаңы» атты сөз майталмандарының аудандық байқауы өтті.

Дүбірлі тойды басқарып, дүйім қауымды аузына қаратқан асабалар мұнда да тартынып қалмады. «Аса-балар әлқиссасында» бірі суырып-салмалығымен көзге іліксе, енді бірі түрлі аспапта ойнап патша көңіл жұртшылықтың ілтипатына бөленді. Төрт турда олар өздерінің мәлім де беймәлім тұстарын көрсетіп, жөн-жоралғылардың жайын түсіндіріп, жиналғандарға жаңа қырынан та-нылды. Байқауға қатысқан бисендік Эльдар Құдабаев тұсау кесу дәстүрін, мұратсайлық Мейірхан Қуанышқалиев қыз ұзату тойын, ордалық азулы асаба Қобылан Айтқалиев тілашар-ды, ал сайқындық Ринат Машотов «алтын тойды» өткізу ретін дәріптеп, өздерінің шеберліктерін байқатты.

Асабалардың талабы мен талғамын, ой-өрісі мен өнерін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев, аудандық демалыс орталығының директоры Жоламан Сейсенғалиев, Б.Жәнекешев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Елеубай Насыров таразыға салды. Қазылар ұйғарымымен Мейірхан Қуанышқалиев «Майталман асаба», Эльдар Құдабаев «Көрермен көзайымы», Ринат Машо-тов «Сегіз қырлы, бір сырлы асаба», Қобылан Айтқалиев «Нағыз қазақы асаба» аталымдарына лайық деп танылды.

Екатерина МӨКЕШЕВА,штаттан тыс тілші

Жаңақала ауданында «Күй атасы Құрманғазыға 200 жыл» республикалық балалар мен жастар байқауы өтіп, ауданның бір топ өнерпаз балғындары қатысқан еді. Аспапта орындаушылық қобыз, фортепиано, баян және вокал номи-нациясы бойынша өнер көрсеткен оқушыларымыз жүлделі орындармен оралып, саз мектебінің мәртебесін одан әрі асқақтатты.

Атап айтсақ, қобыз сыныбының шәкірттері Жансая Әміржан (ұстазы Жасмина Қабденғалиева), Рада Манасова (ұстазы Зухра Дүйсенғалиева), фортепиано сыныбының шәкірті Назерке Мараловалар (ұстазы Гүлфия Ихсанова) Алматы қаласына жолдама алса, Аққу Ертарғын, Айзере Капанова вокал номинациясы бойынша (ұстазы Самал Рахымжанова), Әдемі Тайырқызы (Гульфия Ихсанова, фортепиано), Зари-на Сүлеймен, Анэлья Сисенбайқызы (Зухра Дүйсенғалиева, қобыз) бірінші орынды қанжығаларына байлап оралды. Ал Жасмина Оразғалиева (ұстазы Жасмина Қабденғалиева, қобыз), Жарас Серіков, Ералы Зұлхарнаев (ұстазы Ермек Ша-рипов, баян сыныбы), Жанерке Фазылова, Әдемі Тайырқызы (Гульфия Ихсанова, фортепиано), Жәңгір Гафурлар (ұстазы Самал Рахымжанова, фортепиано) екінші орынды иеленді. Тағы бір қобызшы қызымыз Жаннұр Ахметкерей (ұстазы Ж.Қабденғалиева) үшінші орынды місе тұтты.

Сондай-ақ бұл байқаудан ұстаздарымыз да құр қол қайтпады, «Қазақстан таланттары» өнер білім дамыту шығармашалық орталығынан арнайы алғысхаттары табыс етілді. Осы байқауға екі аталым бойынша шәкірт дайындаған Самал Рахымжанова «Үздік тәлімгер» төсбелгісімен марапатталды.

Айзада ТІЛЕПОВА, аудандық балалар саз мектебі директорының орынбасары

САЗ МЕКТЕбІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева мен аудандық білім

бөлімінің басшысы Ержан Иманбаев аудандық саз мек-тебіне арнайы келіп, Мәскеуге жолға шыққалы отырған қос өнерпаз Сезім мен Айым Хами-доллалармен кездесіп, кіш-кентай өнерпаздарға сәттілік тіледі. Бұл өнерлі өрімталдар Орал қаласында өткен саз-гер Назиб Жиганов атындағы І халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауында үздік шығып, Мәскеуге жолдама алған еді.

Кешті саз мектебінің ди-ректоры Қуаныш Дүйсекешев ашып, Айым мен Сезімнің өнер

әлеміндегі жетістіктерімен та-ныстырды. Аудан әкімінің орын-басары Лариса Қайырғалиева облыстық, республикалық жарыстарда топ жарған шәкірттерге фортепианоның қыр-сырын үйреткен ұстазына алғысын айтып, Мәскеу төріне ел намысын қорғауға баратын жас фортепианошылардың анасына аудан әкімінің алғысын жеткізіп, аудан әкімдігінің 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмегін табыстады.

Аудандық білім бөлімінің бас-шысы Ержан Иманбаев талантты шәкірттерін жеңіске жетелеп жүрген Самал Рахымжановаға алғыс хат пен естелік сыйлығын ұсынды. М.Мәметова атындағы

орта мектептің директоры Асылхан Аманғалиев қос жеткіншектің жүлдемен оралу-ларына тілекші екенін жеткізді.

Аудандық саз мектебінің директоры Қуаныш Дүйсекешев шәкірттерінің талабы зор екенін айтып, осындай тәрбие мен тәлімі мол балапандарын өз күштерімен Мәскеуге алып бара жатқан ата-анаға саз мектебінің ұжымы атынан ризашылығын білдірді.

Кеш соңында Айым мен Сезім жиналғандар назарына Назиб Жигановтың «Сказка», Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» сынды шығармаларын нақышына келтіре орындады.

Әділет ӘЗІЛХАНҰЛЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ КІТАбЫ ЖАРЫқ КӨРДІ

атындағы облыстық қазақ драма театрының құрылғанына ширек ғасыр толуы қарсаңында жарық көрген бұл еңбек, театр тарихының жылнамасы іспеттес өнерсүйер қауымға арналған.

Самал Әбуовтің отбасы да өнерден алыс емес. Жұбайы Эльмира Мақашева театр әртістігімен қатар, аударманың тізгінін қатар ұстап жүрген жан. Эльмираның аудармасымен ше-телдік бірнеше қойылым театр сахналарынан көрініс тапты. Бірі режиссер, бірі аудармашы боп үйлесімді тандем құраған жұптың тұңғыштары Гүлдана да бүлдіршін кезінен өнер майда-нында қолтаңбасын қалдырып үлгерген өнерлі жас.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ

БҚО, Орал қаласы, Ж. Молдағалиев көшесі, 19 үй «Нұр Отан» партиясы БҚОФ

«ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР»жалпы республикалық акциясы

Білікті мамандар мен заңгерлерден

ТЕГІН КӨМЕК АЛ!ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

8-775-300-02-148-(7112)-51-01-94

30 ҚАРАША 2018 ЖЫЛ

САҒАТ 16-00-ДЕ