18
болашақ энергиясы Астана − Халықаралық мамандандырылған EXPO 2017 көрмесін өткізу құқығына үміткер қала

broshure_expo2017_kaz_pages

Embed Size (px)

DESCRIPTION

 

Citation preview

болашақэнергиясыАстана − Халықаралық мамандандырылған EXPO 2017 көрмесін өткізу құқығына үміткер қала

2 Болашақ стратегиясы

Бүгінгі Қазақстан

Ертеңгі күнге сенімділік

Энергия – өмір кепілі

Астанаға қош келдіңіздер

48

1214

Қазақстан Республикасы 2011 жылы Астанада Халықаралық мамандандырылған EXPO 2017 көрмесін өткізуге өтінім берді. Біздің EXPO 2017 үшін ұсынып отырған тақырыбымыз «Болашақ энергиясы», бүгінгі таңда барынша өзекті және халықаралық күн тәртібінің түйінді тармақтарының бірі болып табылады.

Біздің ел мұнай, газ, көмір, уранның бай қорына ие. Баламалы энергетика саласында өз мүмкіндіктерімізді белсенді дамытып отырмыз. EXPO 2017 көрмесінде энергия үнемдеу са-ласында ең үздік әлемдік жаңалықтарды, күн, су және жел энергиясын пайдаланудың жаңа технологияларын жинап көрсеткіміз келіп отыр.

Климаттың қатты өзгеруі, су, азық-түлік және энергетика дағдарысы әлемнен дамудың жаңа парадигмасын талап етеді. Керемет ресурстық және зияткерлік әлеуетке ие Қазақстан қажетті шешімдерді іздестіру үшін таптырмас орын бола алады деген сенімдемін. Біз тиімді «Жасыл экономика» құруда халықаралық серіктестікті қалыптастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.

2017 жылы Астанамыз өзінің 20 жылдығын атап өтпек. Біз осы бір мерейтойлық жылда өз жерімізде EXPO 2017 халықаралық көрмесін қуана қабылдаймыз. Барша қазақстандықтар атынан бүкіл әлемге айтарым: біздің елімізге қош келдіңіз.

Біз үшін бұл жоғары мәртебе ғана емес, әлемдік энергетика саласында ынтымақтастықты орнықты дамыту жолындағы өзіміздің елеулі үлесімізді қосу мүмкіндігіміз.

Қазақстан Республикасы ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев

Болашақстратегиясы

БүгінгіҚазақстан

Қазақстан 2011 жылғы 16 желтоқсанда өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен атап өтті. Барлық 20 жыл бойы республика халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауын, экономиканың қарқында өсуін, сондай-ақ инвестицияларды тартудың орнықтылығын көрсете білді.

4

Жас мемлекеттің бас қаласы – Астана өзінің 20-жылдығын 2017 жылы атап өтпек. Астана Қазақстан халқының жасампаздығы, шығармашылығы мен прогресінің нышаны болып табылады. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» сыйына ие бол-ды. Сөйтіп жас елорда әлемдегі ең таңдаулы 30 қаланың тізіміне енді.

5

2010 жылы Қазақстан астанасында ЕҚЫҰ Саммиті өтті. Бұл Еуропаның географиялық шегінен тыс – Орталық Азияда өткен және Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістік тарихында ең үлкен алғашқы ЕҚЫҰ Саммиті. Қазақстан VII қысқы Азия ойында-ры және Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумы сияқты маңызды халықаралық іс-шараларды өткізді.

БүгінгіҚазақстан

6

Азия ойындарын өткізгеннен кейін Астана және Алматы қалаларының спорт алаңдарында Қазақстан спорттың қысқы түрлері бойынша Еу-ропа және Азия чемпионаттарына қатысу үшін әлемнің әр бұрышынан спортшыларды қабылдады. 2017 жылы Қазақстан Алматыда 28-і Қысқы Универсиада өткізіледі. Қысқы ойындар университет спортының бүкіл тарихында инновациялық болады деген сенім бар. Жыл сайын әлемнің ғылыми және шығармашылық зиялылары мен үздік ойшылдары Қазақстан елордасында заманымыздың өзекті мәслелерін талқылау үшін Астана экономикалық форумына жиналады.

7

Ертеңгікүнге сенімділік

Қазіргі уақытта Қазақстан Аста-на қаласында 2017 жылы EXPO 2017 Халықаралық Көрмесін өткізу құқығына арналған белсенді қызметті жүргізіп келеді. Бұл көрме Қазақстан үшін бүкіл адамзатты толғандырып отырған тақырыпты дамыту мен көтерудің бірегей мүмкіндігіне арналған үлкен қадам болады.

8

Ертеңгікүнге сенімділік

9

Қазақстан EXPO 2017 Қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін және қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді дайындық жүріп жатыр.

көрмесін күтуде

6 7777

Энергия − өмір кепілі

EXPO 2017 көрмесінің тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол қазіргі заманда ғаламдық маңызы бар баламалы энергия көздерін тұрақты пайдалану тақырыбын терең қозғайды. Энергияның жетіспеушілік проблемасы мен онымен байланысты қоршаған ортаға арналған тәуекелдер адамзаттың басым проблемалар тізімінің алдында тұр және бүкіл әлемдік қоғамдастықты толқытып отыр.

EXPO 2017 тек болашақты қана болжап қоймай, барынша сенімді және теңдестірілген энергетикалық болашағын құру сценарийі мен мүмкіндіктерін көрсететін таңғажайып халықаралық іс-шара болады.

Роберт МанделлЭкономика жөніндегі нобель лауреаты (1999 жыл)

Қазақстан, атап айтқанда Астана, 2017 жылы EXPO Халықаралық көрмесін өткізуге үміткер болып табылады. Менің ойымша, бұл Астана және Қазақстан үшін тамаша мүмкіндік, сондықтан да бұл бастамашылықты мен қолдаймын.

Басты аспектісі – көрменің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы - Қазақстанды энергияның ірі өндірушісіне дайындап жаңа мүмкіндік туғызады. Көрменің бұл тақырыбы әлемдегі бір де бір елді немқұрайлы қалдырмайды және, менің ойымша, бұл Астана үшін тамаша мүмкіндік, Астана EXPO 2017-ні өте табысты өткізуге қабілетті.

12

6 77776 7777

Қазақстан күн энергиясы, жел энергиясы мен биомасса түрінде жаңартылатын энергияның елеулі ресурстарына ие. Алайда қазіргі уақытқа дейін тек гидроэнергия дамып кеңінен қолданып келді.

Қазақстан энергияның жаңартылатын ресурстары мен балама көздерін дамытуды қарастырып отыр: 2024 жылға дейін дамыту перспективасымен 2015 жылға дейін жел энергетикасын дамытудың ұлттық бағдарламасының жобасы әзірленді.

Клаус ТиссенФотовольтаика жөніндегі кеңесші, Виста менеджментПрофессор

Мен Астанаға барудың жаңа мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын. EXPO 2017 көрмесі және «Болашақ энергиясы» тақырыбы энергияның жаңа көздерін дамытуды ұсынады. Бұл Қазақстан үшін үлкен қадам. Сонымен қатар, Қазақстанның дамуындағы ең елеулі кезеңдердің бірі. Біз Қазақстанның энергияның ядролық көздерін пайдаланудан бас тартуы-мен байланысты жетістіктерін қолдаймыз, Фукусима мен Чернобыльдің қайғылы оқиғасы бәрінің есінде, сондықтан күн және жел сияқты энергияның жаңа көздерін әзірлеу тым өзекті болып табылады.

13

EXPO 2017 арналған аумақ Астана қаласын дамыту жүйесінде елеулі архитектуралық мәнге ие. Ол қаланың ең заманауи және айрықша ғимараттары орналасқан жаңа әкімшілік орталығында, Мыңжылдық аллеясына жақын жер-де орналасқан.

14

Астанағақош келдіңіздер

EXPO 2017 арналған аумақ шығыс жағынан айналма жолмен, оңтүстік жағынан қалалық мәндегі жолмен және батыс пен солтүстік жағынан қала көшелерімен шектеледі.

EXPO 2017 көрме кешені қолайлы жерде орналасқан, әуежай, теміржол вокзалы, автовокзал, автобус станциялары мен қоғамдық көлік бағдарларымен қосылған. EXPO 2017 арналған аумақ 113 гектар жерді алып жатыр, олардың ішінде 25 гектар көрме кешеніне арналған. EXPO 2017 аумағының 40% астамы түрлі құрылымдарға, қалған бөлігі ашық қоғамдық орындарға үшін арналған. Көрме кешені 100 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

15

67

www.expo2017astana.comwww.expo2017astana.com

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі