14
ТАУХИДТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ДІНІМІЗДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

  • Upload
    -

  • View
    520

  • Download
    8

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

ТАУХИДТІҢ

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН

ДІНІМІЗДЕ АЛАТЫН

ОРНЫ

Page 2: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

2

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

ТАУХИДТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ДІНІМІЗДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

Мәтін

Аллаһ Тағала былай деді: «Мен жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық

етулері үшін ғана жараттым» (Зәрият сүресі, 56-аят).

Тағы да Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, әр үмметке: “Аллаһқа ғана

құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар”, - дейтін елші

жібердік» (Нахл сүресі, 36-аят).

Тағы да Аллаһ былай айтты: «Раббың: “Одан өзге ешкімге құлшылық

етпеңдер және ата-аналарыңа игілік жасаңдар!” - деп әмір етті. Егер

олардың біреуі немесе екеуі де қартайып қалса, онда оларға “Уфф!” –

деме, айқайлама, бірақ сыпайы сөздермен сөйле. Екеуінің алдында

мойынсыну қанатын мейірімменен жайып: “Раббым! Олар мені

кішкентайымнан тәрбиелегендері үшін, оларды мейіріміңе бөле”, - деп

айт» (Исра сүресі, 23-24-аяттар).

Тағы да Аллаһ былай айтты: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді

серік қоспаңдар! Ата-аналарыңа игілік жасаңдар, сондай-ақ туыстарыңа,

жетімдерге, кедейлерге, жақындарынан болған көршілер мен жақын емес

көршілерге, жандарыңдағы жолдастарыңа, жолаушыларға және қол

астыңдағыларға (құлдарға) жақсылық жасаңдар. Негізінде, Аллаһ

тәкәппар, мақтаншақты жақсы көрмейді» (Ниса сүресі, 36-аят).

Тағы да Аллаһ былай деді: «Былай де: “Келіңдер! Сендерге Раббыларыңның

харам еткенін оқиын: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әке-шешеге

игілік істеңдер, өз балаларыңды жарлылықтан (жоқшылықтан) қорқып

өлтірмеңдер. Біз сендерді де, оларды да ризыққа бөлейміз. Байқалатын

және жасырын болсын арсыздыққа жақындамаңдар. Аллаһ тыйым салған

біреуді өлтіруші болмаңдар, тек жазасы сол болса. Осыны Ол сендерге

өсиет етті, мүмкін ойланарсыңдар! Жетімнің мал-мүлкіне

жақындамаңдар, тек есейгенге дейін ең жақсы жолмен колдана тұрсаңдар

болады. Өлшеу мен таразыны әділетпен орындаңдар, Біз біреуге оның

шамасынан тыс нәрсені жүктемейміз. Жақындырыңмен болса да,

сөйлегенде әділ болыңдар. Аллаһтың міндетін орындаңдар, осыны Ол

сендерге өсиет етті, еске аларсыңдар. Бұл – Менің тура жолым. Оған

ілесіңдер! Басқа жолдарға ермеңдер, әйтпесе олар сендерді Оның

жолынан адастырады. Осыны Ол сендерге өсиет етті, сақтанарсыңдар”»

(Ән`ам сүресі, 151-153-аяттар).

Ибн Мас`уд былай деген: "Кімде-кім Мұхаммадтың мөр қойылған өсиетін көргісі

Page 3: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

3

келсе, Аллаһ Тағаланың: «Келіңдер! Сендерге Раббыларыңның харам еткенін

оқиын: “Оған еш нәрсені серік қоспаңдар"» деген аятынан «Бұл — Менің

тура жолым» аятына дейін оқысын" (Тирмизи 3072).

Му`аз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, одан пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) «Әй, Муаз! Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы

және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?»- деп сұрағанын

әңгімелейді. Сонда Муаз: "Аллаһ пен Оның елшісі оны артық біледі" -деп жауап

қатады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ

Тағаланың құлдарындағы хақысы – құлдардың тек Аллаһқа құлшылық

қылып, Оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы – кімде-кім

Аллаһқа серік қоспаса, сол адамды азаптамауы» - дейді. Му`аз: “Әй, Аллһтың

елшісі, адамдарды осымен сүйіншілейін бе?” – деп сұрайды. Сонда пайғамбар

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оларды сүйіншілеме, өйткені

олар жайбарақаттылық танытар» - деді (Бухари 5967, Муслим 30).

Бұл тақырыпта қарастырылатын мәселелер:

1) Жын мен адамзат жаратылуындағы даналық.

2) Құлшылық дегеніміз - таухид (Аллаһты жалғыздау), өйткені (пайғамбарлар

мен қауымдарының) арасындағы талас-тартыс дәл осы мәселеде болған.

3) Кімде-кім оны (яғни, таухидті) орындамаса, онда ол Аллаһқа құлшылық

етеді деп саналмайды. Бұл Аллаһтың мына сөздерімен мағыналас: «Сендер де

менің құлшылық ететініме құлшылық етпейсіңдер» (Кәфирун сүресі, 3-

аят).

4) Елшілердің жіберілуіндегі даналық.

5) Елшілік бүкіл халықтарды қамтыған.

6) Бүкіл пайғамбарлардың діні бір болған.

7) Ұлы мәселе: Аллаһқа деген құлшылық тек тағутты теріске шығарумен ғана

іске асады. Бұл Аллаһтың мына сөздерімен мағыналас: «Кім тағутқа (ширкке)

қарсы болса, әрі Аллаһқа иман келтірсе, онда ол үзілмейтін берік тұтқаны

ұстап алды» (Бақара сүресі, 256-аят).

8) Тағут Аллаһтан өзге құлшылық етілетін барлық нәрсені қамтып алған.

9) «Ән`ам» сүресінің үш анық аятының сәләфтардың (ізгі ата-бабаларымыздың)

алдында маңыздылығы. Ол аяттар он мәселені көздейді. Ең біріншісі: Аллаһқа

серік қосудан тыйылу.

10) «Исра» сүресінің анық аяттары. Олар он сегіз мәселені қамтыған. Аллаһ

Тағала сөзін былай деп бастаған: «Аллаһтан басқа құлшылық етілетін тәңір

тұтпа, әйтпесе сөгіске қалып, қолдаусыз қаласың» (Исра сүресі, 22-аят).

Және келесі сөздермен аяқтаған: «Аллаһтан басқа құлшылық етілетін тәңір

тұтпа, әйтпесе тозаққа кінәланған, қуылған болып тасталасың» (Исра

сүресі, 39-аят). Пәк Аллаһ осы мәселелердің маңыздылығына біздің

Page 4: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

4

назарымызды келесі сөздермен аударған: «Міне осы, Раббыңның саған

даналықтан еткен уахиі» (Исра сүресі, 39-аят).

11) «Ниса» сүресінің "он құқық" деп аталатын аятын. Ол жерде Аллаһ Тағала

сөзін былай деп бастаған: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді

серік қоспаңдар!» (Ниса сүресі, 36-аят).

12) Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болар

алдындағы өсиетіне нұсқау.

13) Аллаһтың біздегі хақысын білу.

14) Егер олар Аллаһтың хақысын орындаса, онда олардың Аллаһтағы хақысы

қандай екенін білу.

15) Бұл мәселені сахабалардың көбі білмеген.

16) Білімді пайдасы бар мақсатпен жасыру рұқсат етілген.

17) Мұсылманды қуантатын нәрсемен сүйіншілеудің мустахаб (қалаулы іс)

болып табылатындығы.

18) Аллаһтың мейірімінің кеңдігіне сеніп қалып, жайбарақаттылық танытудан

қауіптену.

19) Сұралушы адамның бір нәрсені білмесе былай деп жауап қайтаруы: "Аллаһ

және Оның елшісі жақсырақ біледі".

20) Адамдардың арасынан жеке біреулерді ерекшелеп, оларға білім беру

рұқсат етілгендігі.

21) Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) есекке

мініп, арқасына біреуді мінгестіруі оның қарапайымдылығын танытады.

22) Малға мініп, артына біреуді мінгестірудің рұқсат етілгендігі.

23) Му`аз ибн Жәбәлдың артықшылығы.

24) Таухид мәселесінің үлкен маңыздылығы.

Аллаһ Тағала былай деді: «Мен жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық

етулері үшін ғана жараттым» (Зәрият сүресі, 56-аят).

Шарх

Жындар – жасырын әлем. Біз оларды көрмесек те, оларға иман келтіреміз. Сол

себепті де олар «әл-жин» деп аталған, ал ол сөз “жасырылу” деген мағынаны

беретін «әл-ижтинән» сөзінен шыққан. Сол үшін, бізге көрінбейтін ананың

құрсағындағы бала да, сол түбірден шыққан «әл-жәнин» сөзімен аталады.

Жындар жасырын әлемге жатады. Олардың бар екеніне иман келтіру парыз.

Ал оларға сенбеген адам дінсіз болады. Өйткені, ол Аллаһтың және Оның

елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарлағанын жасынға

шығарып, әрі бүкіл үмметтің бірауызды келісімін теріске шығарып жатыр.

Араб тілінің грамматикасына сай қарастырсақ, онда бұл аятта мағынаны

шектеу тәсілі (услюб әл-хаср уәл-қаср) қолданылған. Осыдан түсінетініміз,

Page 5: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

5

Аллаһ Тағала жындар мен адамзатты құлшылық етуден басқа ешнәрсе үшін

жаратпады. Осы дүниеде пайда болуымыздың бір ғана даналығы мен мақсаты

бар екен. Адам баласы Раббысына ғибадат ету қажет. Ал оның айналасындағы

бүкіл нәрсе оның пайдасы мен игілігі үшін жасалған.

Кейбір ғалымдар «құлшылық етулері үшін» деген сөздерді “жалғыздаулары

үшін” деп түсіндірді. Ал басқа ғалымдар: “бұйырғандарымды орындап,

тыйғандарымнан аулақ болу арқылы Маған бас июлері үшін” деп тәпсірледі. Ойлап

қарасақ, Аллаһты жалғыздау да, Оған бағынудың бір түрі болып табылады.

Міне осы – жындар мен адамзаттың жаратылу даналығы мен мақсаты.

Сондықтан, Аллаһ Тағала пенделеріне ақыл берді, әрі елшілер жіберіп,

кітаптар түсірді. Ал егер олардың жаратылу мақсаты, жәндіктер мен

хайуандардың жаратылу мақсаты іспеттес болғанда, елшілерді жіберу мен

кітаптарды түсірудің еш мәнісі қалмайтын еді. Себебі, ақырында бұл өсіп-өніп,

сосын құрғап-солып қоқымға айналған ағашқа ұқсап қалады. Сол үшін, Аллаһ

Тағала былай деді: «Саған Құранды парыз еткен (Аллаһ), міндетті түрде

сені кері оралатын жаққа қайтарады» (Қасас сүресі, 85-аят). Сен міндетті

түрде Оған қарай қайтып, амалдарың үшін не сый, не жаза аласың: жақсылық

үшін жақсыны, жамандық үшін жаманды.

Жындар мен адамзаттың жаратылу мақсатының орындалуы Аллаһқа пайда

әкелмейді. Сол үшін Ол: «Олардың Маған ризық бергенін де,

тамақтандырғанын да қаламаймын», - деп айтты (Зәрият сүресі, 57-аят).

Керісінше, Аллаһқа құлшылық ету – жаратылыстарға қажет нәрсе. Оның

пайдасы оларға қайтады. Бағынушының бағынуы да, күнәһардың күнәсы да

Аллаһқа еш зиян тигізбейді.

Аллаһ Тағала былай деді: «Егер сендер және жер бетіндегі бүкіл нәрсе

бірдей кәпір болсаңдар, онда Аллаһ Бай (Мұқтаж емес), Мақтаулы»

(Ибраһим сүресі, 8-аят).

Ал енді Аллаһтың мына сөздеріне келер болсақ: «Кімде-кім Аллаһқа жақсы

қарыз берсе, Ол оны еселеп арттырып береді» (Бақара сүресі, 245-аят), онда

бұл шын мәнінде Аллаһқа қарыз беру емес, Ол бұдан бай! Алайда Раббымыз

құлы мен Өзінің арасындағы қарым-қатынасты қарызбен салыстырды. Өйткені,

қарыз дегеніміз қайтарылуы міндетті болған нәрсе. Осылайша, Аллаһ қарыз

алған біреу қарызын қайтарып беретіні сияқты, игі іс істеушіге амалының

сауабын міндетті түрде қайтарып, әлбетте сыйға бөлейтінін хабарлағысы келді.

Сақтау

Тағы да Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, әр үмметке: “Аллаһқа ғана

құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар”, - дейтін елші

жібердік» (Нахл сүресі, 36-аят).

Жекелеген сөздер:

Үммет

Page 6: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

6

Құранда үммет сөзі төрт мағынада келеді:

1) Ел, қауым, адамдардың тобы. Мысал: «Расында, әр үмметке (яғни, әр елге):

“Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар”, -

дейтін елші жібердік» (Нахл сүресі, 36-аят);

2) Имам, үлгі. Мысал: «Расында, Ибраһим үммет (яғни, үлгі) болған» (Нахл

сүресі, 120-аят);

3) Дін. Мысал: «Шын мәнінде, біз ата-бабаларымызды бір үмметте (яғни,

дінде) таптық» (Зухруф сүресі, 23-аят);

4) Уақыт, заман, мерзім. Мысалы: «Ол біраз үммет (яғни, мерзім) өткен соң

еске алды» (Юсуф сүресі, 45-аят).

Құлшылық

Шейхул-ислам Ибн Тәймия (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) былай деген:

“Құлшылық дегеніміз – бұл Аллаһ жақсы көріп, разы болатын барлық жасырын

немесе жария сөздер мен істерді қамтыған есім” (Қараңыз «`Убудия», «Мәжму`ул-

фәтәуә» 10/149).

Тағут

«Тағут» сөзі «шектен шығу, шекарадан асу» деген мағына береді. Сондықтан,

жағасынан тасып жатқан өзен туралы арабтар: «тоғо (шекарадан асты) әл-ма у

(су)», - дейді.

Ибн әл-Қайим (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) былай деді: “Тағут – бұл

адамның шектен шығуына себеп болатын ма`буд (оған басқалар құлшылық етілетін

нысан), мәтбу` (оның артынан басқалар ілесетін нәрсе) немесе муто` (оған басқалар

бағынатын біреу)”.

Ал біз талқылап жатқан аятқа келсек, онда бұл жерде «тағут» деп Аллаһтан

өзге құлшылық етілетін барлық нәрсе меңзелуде.

Елші

Елші (“расул”, көпше түрі “русул”) - оған уахи арқылы шариғат берiлген, әрі

соны жеткiзуге бұйырылған адам.

Шарх

«Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар» деген

сөздер «Мен жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін ғана

жараттым» сөздеріне ұқсас. Яғни, қалай Аллаһ жаратылыстарды Өзіне

құлшылық ету үшін жаратса, солай елшілерді де құлшылықпен жіберді.

Елшілерді адамдарға егіншілік пен шарушылықты, өндіріс пен кәсіптерді

үйрету үшін немесе қалай ішіп, қалай жеу керегін үйрету үшін жібермеді,

сондай-ақ Раббының бар екенін, Оның ғана Жаратушы, Басқарушы, Билеуші

екенін мойындатқызу мақсатымен жібермеді. Жоқ! Оларды Аллаһ өздері

танып, өздері мойындайтын Раббыларына құлшылық етуді әмір ету үшін

жіберді. «Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер» - бұл бұйрық, «тағуттан аулақ

болыңдар» - бұл тыйым салу мағынасында келген бұйрық.

Page 7: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

7

Елшілер жіберілуінің даналығы:

1) Дәлел жеткізу (иқамату әл-хужжа). Аллаһ Тағала былай деді: «Елшілерді

қуандырушы, қорқытушы етiп жiбердiк. Елшiлерден кейiн адамдардың

Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшiн. Аллаһ Тағала – аса Үстем, әрi

хикмет Иесi» (Ниса сүресі, 165-аят).

2) Мейірім (әр-рахма). Аллаһ Тағала: «Біз сені тек әлемдер үшін мейірім

ретінде ғана жібердік», - деп айтты (Әнбия сүресі, 107-аят).

3) Аллаһтың алдында адам қандай міндеттерді орындау керегін жан-жақты

кейіпте тек елшілердің жолы арқылы ғана біле алады.

Елшілер: «Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ

болыңдар» деді. Бұл аятта «ижтәнибу» сөзі қолданылған. Оның мағынасы

«тастаңдар, қалдырыңдар» деген сөздерден күштірек. Өйткені, «ижтинәб» сөзі

араб тілінде: «Бір нәрсенің өзін де, оған апаратын барлық құралдар мен жолдарды да

қалдыруды» білдіреді.

Аллаһ Тағала: «Аллаһқа ғана құлышылық етіңдер» деп, немесе «тағуттан

аулақ болыңдар» деп шектеліп қалмады. Өйткені, таухид (жалғыздау, бірлеу)

екі тіректен құралады:

1) Исбәт (бекіту, растау);

2) Нәфий (теріске шығару).

Жәй ғана теріске шығару бір нәрсенің жоқ екенін білдірсе, бекітумен ғана

шектелу серіктестікке, ортақтастыққа кедергі болмайды. Бұған мысал:

“Зәйд тұрып тұр” - бұл сөйлемде Зәйдтың тұрып тұрғаны расталып жатыр,

бірақ оның тұрып тұруында жалғыз екені айтылмайды.

“Ешкім тұрған жоқ” – бұл жоққа шығару ғана.

“Зәйд тұрып тұр. Одан басқа ешкім тұрған жоқ” – бұл Зәйдтың тұрып

тұруындағы жалғыздығын білдіреді. Себебі, осы сөйлемде исбәт та (бекіту),

нәфий де (теріске шығару) қамтылған.

Дәлелдің жүзі (уәжһул-истдләл)

Аятта бүкіл елшілер мен пайғамбарлардың таухидке шақырғаны және

елдеріне «Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар»

деген сөздермен жіберілгені баяндалған.

Тағы да Аллаһ былай айтты: «Раббың: “Одан өзге ешкімге құлшылық

етпеңдер және ата-аналарыңа игілік жасаңдар!” - деп әмір етті. Егер

олардың біреуі немесе екеуі де қартайып қалса, онда оларға “Уфф!” –

деме, айқайлама, бірақ сыпайы сөздермен сөйле. Екеуінің алдында

мойынсыну қанатын мейірімменен жайып: “Раббым! Олар мені

Page 8: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

8

кішкентайымнан тәрбиелегендері үшін, оларды мейіріміңе бөле”, - деп

айт» (Исра сүресі, 23-24-аяттар).

Шарх

Аллаһтың әмірі екі түрге бөлінеді:

1) Шариғи әмір (қодоун шар`ий);

2) Болмыстағы әмір (қодоун кәуний).

Шариғи әмір жүзеге асуы да, аспауы да мүмкін. Бірақ ол тек Аллаһтың жақсы

көретін нәрселеріне қатысты. Бұған мысал осы аят: «Раббың: “Одан өзге

ешкімге құлшылық етпеңдер...!” - деп әмір етті». Сондықтан, аяттағы «қодо»

деген сөз «заңдастырды, өсиет етті» және т.б. соған ұқсас мағыналарды білдіре

береді.

Ал болмыстағы әмірге келер болсақ, онда ол міндетті түрде орын алып, жүзеге

асады. Бірақ ол Аллаһтың сүйетініне де, жек көретініне де қатысты. Бұған

мысал Аллаһтын келесі сөздері: «Біз Исраил ұрпақтарына жер бетінде екі

рет бұзақылық жасайсыңдар, әрі шектен тыс дандайсып кетесіңдер деп

Кітапта әмір еттік» (Исра сүресі, 4-аят). Бұл аяттағы әмір болмыстағы,

табиғаттағы, тағдырдағы әмір болып табылады. Себебі, Аллаһ жер бетінде

бұзақылық жасауды заңдастырмады, сондай-ақ оны жақсы да көрмейді.

Осы жерде біреу былай сұрақ қою мүмкін: Аллаһ Тағала болмыста Өзі

сүймейтін бір нәрсені әмір етуі мүмкін деп айттыңдар. Онда неге ол Өзі

сүймейтін нәрсені әмір етеді?

Жауаб: Сүйікті нәрселердің екі түрі болады:

1) Өздігінен сүйікті;

2) Өзге үшін сүйікті.

Өзге үшін сүйікті болып табылатын нәрсе, өздігінен жек көрінішті болуы

мүмкін. Алайда Аллаһ оны ондағы даналық пен пайдасы үшін жақсы көреді.

Осылайша, ол бір жағынан сүйікті, басқа жағынан жек көрінішті болады.

Мысалы: Аллаһ Тағала адамдарға құрғақшылықты, астықтың шықпай қалуын,

ауру-сырқаттарды, кедейлік пен таршылықты жібереді. Сонда да Аллаһ оларға

жеңілдікті қалап, оларға зиян тигізгісі келмейді. Алайда бұл аталған

жағдайларды нәтижесінде болатын бір данылықтар мен хикметтер үшін

жазмыш етеді. Осылайша, ол бір жағынан сүйікті, басқа жағынан жек

көрінішті болады.

Аллаһ Тағала: «Құрлық пен теңізде бұзақылық адамдардың қолдары

жасаған нәрсесі үшін және олар істегендерінің бір бөлігін татып, әрі тура

жолға оралулары үшін пайда болады», - деп айтты (Рум сүресі, 41-аят).

Біреу: «Бір нәрсе бір жағынан сүйікті, басқа жағынан жағымсыз, жек көрінішті

болатынын қалай елестуге болады?», - деп сұрауы мүмкін.

Оған жауап келесідей: Науқас адам емделіп жүргенде дәмі ащы, иісі ұнамсыз

дәрілер ішеді. Ол кісі сол дәрмектерді бір жағынан иісі, түсі, дәмі үшін жек

Page 9: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

9

көрсе, басқа жағынан оны аурудан жазылып, сырқаттан айығып кетуіне себеп

болғандығы үшін жақсы көреді. Немесе бір адам қанын тоқтату үшін оны

отпен күйдіреді. Бір жағынан ол оны әкелетін ауыруы үшін жек көрсе, басқа

жағынан қан кетуді тежейтіні үшін жақсы көреді.

Аллаһ Тағала: «Раббың: “Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер...!” - деп

әмір етті», - деді. Бірақ басында «Раббың» деп жеке, пайғамбардың өзіне

айтса, кейінірек: «етпеңдер», - деп сөздерін жалпы, бүкіл үмметке арнады.

Басқа аяттарда да осындай кездеседі: «Әй,пайғамбар! Егер әйелдеріңе

талақ берсеңдер» (Таләқ сүресі, 1-аят). Бұның бірнеше пайдасы бар:

1) Көңіл аудару. Өйткені, айтушы өз тыңдарманының назарын аударып тұруы

қажет.

2) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) – үмметінің көсемі.

Оған бағытталған үндеу, бүкіл үмметке де бағытталған.

3) Осы аятта пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

Раббы емес, жаратылыс екеніне, әрі құлшылық нысаны емес, құл екеніне

ерекше нұсқау бар. Аллаһқа ғана құлшылық ету әмір етілген сөздер оған да

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты.

Сонда да оның Аллаһқа құл болуының өзі үлкен артықшылық пен бедел.

Сондықтан, Аллаһ Тағала ең ұлы оқиғалар мен орындарда ол кісіні (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құлшылық етушілігімен сипаттайды.

Мәселен, Раббымыз оны қорғап: «Егер құлымызға түсірген нәрсемізде

күдіктенетін болсаңдар», - деді (Бақара сүресі, 23-аят); оның пайғамбарлығын

және адамдарға жіберілген елші екендігін растап: «Құлына Ажыратушыны

(Құранды) түсірген Аллаһ ұлы», - деді (Фурқан сүресі, 1-аят); Исра мен

Ми`раж оқиғасы жайында баяндап: «Бір түнде құлын Харам мешітінен,

аяттарымыздан көрсету үшін Біз оның айналасын берекелі еткен Ақса

мешітіне апарған (Аллаһ) Пәк» (Исра сүресі, 1-аят), - деп айтты.

Құл болу үш түрге бөлінеді:

1) Жалпы. Бұл бүкіл жаратылысты қамтып алған. Аллаһ Тағала былай деді:

«Аспандар мен жердегі бүкіл нәрсе ерекше Мейірімдіге құл болып келеді»

(Мәриям сүресі, 93-аят). Осы түрге имансыздар да кіреді.

2) Жеке. Бұл бағыну арқылы құл болған кісілерге қатысты. Аллаһ Тағала былай

деді: «Ерекше Мейірімдінің құлдары жер бетінде сыпайы жүреді, ал егер

оларға надандар тіл тигізсе: “Сәлем!” - деп айтады» (Фурқан сүресі, 63-аят).

Осы түрге Аллаһқа оның заңдастырғаны арқылы ғибадат ететін барлық адам

жатады.

3) Ерекше. Бұл елшілердің (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құл

болуы. Нұх туралы Аллаһ: «Расында, ол шүкір етуші құл еді», - деді (Исра

сүресі, 3-аят); Мухаммад туралы: «Егер құлымызға түсірген нәрсемізде

күдіктенетін болсаңдар», - деді (Бақара сүресі, 23-аят); басқа бір елшілер

жайында Ол: «Құлдарымыз Ибраһимді, Исхақты, Йә`қубты есіңе ал. Олар

Page 10: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

10

мықты да, қырағы еді», - деп айтты (Сад сүресі, 46-аят).

Дәлелдің жүзі (уәжһуд-диләлә)

Аллаһ Тағала: «Раббың: “Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер...!” - деп

әмір етті», - деді. Осы сөздер таухидті (бірқұдайшылықты) тәпсірлейді, ал ол

дегеніміз: Аллаһқа құлшылық етіп, Одан басқа біреуге ғибадат етуді тастау.

Бірқұдайшылық дегеніміз – міне осы! Ал енді Аллаһтан өзге біреуге құлшылық

етуді қалдырмастан, Оған сиынып жүру жайында айтар болсақ, онда бұл

таухид деп аталмайды. Мушриктер (көпқұдайшылар) Аллаһқа құлшылық етіп

жүрген, алайда олар Онымен бірге тағы бір нәрселерге ғибадат ететін еді. Сол

үшін олар мушиктер боп атанды. Аллаһқа құлшылық етіп қана жүру маңызды

емес, бірақ міндетті түрде Аллаһқа құлшылық етіп, Одан басқа біреуге немесе

бір нәрсеге табынуды қалдыру қажет. Әйтпесе, адам Аллаһқа құлшылық етуші

де, бірқұдайшыл да бола алмайды. Намаз оқып, ораза тұтып, зекет беріп,

қажылыққа барып жүрген адам, Аллаһтан өзге біреуге ғибадат етуді тастамаса,

мұсылман болып есептелмейді. Оның намазы да, оразасы да, қажылығы да

пайда әкелмейді. Себебі, ол кісі Аллаһтың: «Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер

және тағуттан аулақ болыңдар» (Нахл сүресі, 36-аят), «Раббың: “Одан өзге

ешкімге құлшылық етпеңдер...!” - деп әмір етті» (Исра сүресі, 23-аят) деген

аяттарын орындамады.

Тағы да Аллаһ былай айтты: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді

серік қоспаңдар! Ата-аналарыңа игілік жасаңдар, сондай-ақ туыстарыңа,

жетімдерге, кедейлерге, жақындарынан болған көршілер мен жақын емес

көршілерге, жандарыңдағы жолдастарыңа, жолаушыларға және қол

астыңдағыларға (құлдарға) жақсылық жасаңдар. Негізінде, Аллаһ

тәкәппар, мақтаншақты жақсы көрмейді» (Ниса сүресі, 36-аят).

Бұл аят ғалымдар арасында «аятул-хуқуқ» (құқықтар аяты) деп аталады. Бұл

аяттың мағынасы алдынғы аяттармен және “Лә иләһа илләл-Ллаһ” куәлігімен

толық сәйкес келеді. Өйткені, “Лә иләһа” – Аллаһтан өзге құлшылық етілетін

тәңірлерді теріске шығару болып табылады (нәфий), ал бұл «Оған ешкімді

серік қоспаңдар!» сөздерімен сәйкес. “Илләл-Ллаһ” – Аллаһтың ғана

құлшылыққа лайықты шынайы тәңір екенін растау болып саналады, ал бұл

«Аллаһқа құлшылық етіңдер» сөздеріне сай.

Араб грамматикасына жүгінсек, талдап жатқан аятымызда ширктің барлық

түрлері, әрі серік ретінде қосылуы мүмкін болған бүкіл нәрселер қамтып

алынғанын көре аламыз. Себебі, «Оған ешкімді серік қоспаңдар!» сөздерінде

«тушрику» деген нақ осы шақтағы естістік келген (фи`л мудори`). Ал ол өз

кезегінде екі нәрседен тұрады: масдар (естістіктен жасалған зат есім)

және зәмән (уақыт). Масдардың әрқашан нәкира (тұйық райында) болатыны

Page 11: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

11

араб тілін үйренген адамның баршасына мәлім. Тура сол сияқты, «шәй-а»

(«ешкімді») деген сөз тұйық райында, яғни “әлиф-ләм” артикілісіз келіп тұр.

Ондай болса, араб тілінің мына қағидасы еске түседі: “Егер тұйық райындағы сөз

тыйым салу, теріске шығару, шарт қою, сұрақ қою сөйлемінде келіп тұрса, онда ол

жалпы мағына береді”. Назар аударсаңыз, «Оған ешкімді серік қоспаңдар!»

сөйлемі тыйым салу мағынасында келіп тұр. Демек, бұл аяттың мән-мағынасын

толыққанды жеткізу үшін оны былай аударған дұрыс: “Оған қандай да біреуді

және қандай да бір нәрсені серік қосудың қандай да бір түрімен ортақ етпеңдер!”.

Аллаһқа ешкімді серік қосуға болмайды: пайғамбарды да, періштені де,

әулиені де, тіпті дүниені де Аллаһқа ортақ етуге болмайды. Егер адамның

басты уайымы дүние болса, онда ол оған құл болып кеткені. Сол үшін

пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Динардың құлы

құрыды, дирһамның құлы құрыды», - деп айтты (Бухари 2/327).

Раббымыз: «Аллаһқа құлшылық етіңдер», - деп бұйырған соң, «Оған ешкімді

серік қоспаңдар!» - деп ширктен қайтарды. Өйткені, ширк құлшылықты

бұзып жібереді. Дәретсіздік намаз бен тауафты бұзатыны секілді, Аллаһқа

серік қосу да ғибадатты бұзады. Сондықтан, Аллаһ ширкті тыйым салмай

қоймады.

Тағы да Аллаһ былай деді: «Былай де: “Келіңдер! Сендерге Раббыларыңның

харам еткенін оқиын: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әке-шешеге

игілік істеңдер, өз балаларыңды жарлылықтан (жоқшылықтан) қорқып

өлтірмеңдер. Біз сендерді де, оларды да ризыққа бөлейміз. Байқалатын

және жасырын болсын арсыздыққа жақындамаңдар. Аллаһ тыйым салған

біреуді өлтіруші болмаңдар, тек жазасы сол болса. Осыны Ол сендерге

өсиет етті, мүмкін ойланарсыңдар! Жетімнің мал-мүлкіне

жақындамаңдар, тек есейгенге дейін ең жақсы жолмен колдана тұрсаңдар

болады. Өлшеу мен таразыны әділетпен орындаңдар, Біз біреуге оның

шамасынан тыс нәрсені жүктемейміз. Жақындырыңмен болса да,

сөйлегенде әділ болыңдар. Аллаһтың міндетін орындаңдар, осыны Ол

сендерге өсиет етті, еске аларсыңдар. Бұл – Менің тура жолым. Оған

ілесіңдер! Басқа жолдарға ермеңдер, әйтпесе олар сендерді Оның

жолынан адастырады. Осыны Ол сендерге өсиет етті, сақтанарсыңдар”»

(Ән`ам сүресі, 151-153-аяттар).

«Былай де» деген сөздер пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) бағытталған үндеу.

«Сендерге Раббыларыңның харам еткенін оқиын» деген сөздерде бір

нәрсені харам немесе халәл ете алатын, рұқсат етіп, тыйым сала алатын тек

Аллаһ екеніне дәлел бар.

Аллаһ Тағала: «Сендерге Раббыларыңның харам еткенін оқиын: “Оған еш

Page 12: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

12

нәрсені серік қоспаңдар”», - деп елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) харамдардың ең ұлысынан бастап атап беруді бұйырды. Егер біреу

сізге: «Ең ұлы харам не? Аллаһ тыйым салған ең ұлы нәрсе не? Ең ұлы күнә

қандай?» - деген сұрақтарды қойса, онда сіз: «Аллаһқа серік қосу», - деп жауап

беріңіз.

Ширк – күнәлардың ең қатерлісі, ең қауіптісі. Ол дегеніміз: Аллаһтан басқа

біреуге құлшылық түрлерінің бірін арнау. Ғибадатқа тек қана Аллаһ лайық,

оны тек Оған арнау міндет. Аллаһ Тағала: «Еш нәрсені серік қоспаңдар», -

деді. Кімді болса да, жақындатылған періштені де, пайғамбарлар мен ізгілерді

де, талдар мен тастарды да, қабірлер мен кесенелерді де – ешкімді Раббыға

ортақ етуге рұқсат етілмейді. Аллаһтан басқа ешкімге құлшылықтың қандай да

бір түрін арнауға болмайды: нәзірлерді де, құрбандықты да, тауәфты да,

дұғаны да, қорқу мен үмітті де және т.б.

Ибн Мас`уд былай деген: "Кімде-кім Мұхаммадтың мөр қойылған өсиетін көргісі

келсе, Аллаһ Тағаланың: «Келіңдер! Сендерге Раббыларыңның харам еткенін

оқиын:“Оған еш нәрсені серік қоспаңдар"» деген аятынан «Бұл — Менің

тура жолым» аятына дейін оқысын" (Тирмизи 3072).

Ғалымдар арасында бұл хадистің сенімділігі жөнінде қарама-қайшылықтар

бар. Мысалға, шейх әл-Әлбәни бұл хабарды «Да`иф әл-жәми`»

кітабында әлсіз десе, шейх әл-Арнаут оны хасан деп бағалаған (Қараңыз:

«Тахриж жәми` әл-усул»).

Ибн Мас`удтың сөздерінің мағынасы: егер пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) өзінің мөрімен бекітіп, сосын оны қайтыс болғанынан кейін

ғана ашылатындай бір өсиет қалдырып кеткенінде еді, онда он нәрсені

қамтыған жоғарыдағы аят сол өсиет болып табылар еді. Ибн Мас`удтың осы

сөздері, көпқұдайшылықты тыйым салумен басталатын әлгі аяттардың аса

маңыздылығын көрсетсе керек. Демек, бұл ұйғарым ең артық, ең маңызды және

ең ұлы болып саналады.

Му`аз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, одан пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) «Әй, Муаз! Аллаһ Тағаланың құлдарындағы хақысы

және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?»- деп сұрағанын

әңгімелейді. Сонда Муаз: "Аллаһ пен Оның елшісі оны артық біледі" -деп жауап

қатады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ

Тағаланың құлдарындағы хақысы – құлдардың тек Аллаһқа құлшылық

қылып, Оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы – кімде-кім

Аллаһқа серік қоспаса, сол адамды азаптамауы» - дейді. Му`аз: “Әй, Аллһтың

елшісі, адамдарды осымен сүйіншілейін бе?” – деп сұрайды. Сонда пайғамбар

Page 13: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

13

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оларды сүйіншілеме, өйткені

олар жайбарақаттылық танытар» - деді (Бухари 5967, Муслим 30).

Шарх

Бұл ұлы хадисте Му`аз ибн Жәбәлдың артықшылығы көрсетілген. Оның

артықшылықтары өте көп. Ол – Му`аз ибн Жәбәл әл-Хазражий әл-Әнсарий. Ол

білімге толған сауыт секілді еді. Үмметімізде халәл мен харам мәселесін ең

жақсы білетін Му`аз болатын. Меккені ашқан соң, пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) оны сол жерде би әрі мұғалім ретінде қалдырды.

Біраздан кейін, Һижраның 9-шы не 10-шы жылдары оны Аллаһтың елшісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Иәманға би әрі мұғалім ретінде

жібереді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болып

кеткен соң, `Умар оны Шам аймағына би әрі мұғалім ретінде жібереді. Міне сол

жерде Му`аз дүниеден озады. Аллаһ оған және барлық сахабаларға разы

болсын!

Му`аз былай деді: “Бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанымда...”. Бұдан біз пайғамбарымыздың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), бүкіл жаратылыстардың ішіндегі ең

ардақтысы болып есептелетініне қарамастан, қарапайым және сыпайы

болғанын байқаймыз.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Му`азға ұлы

нәрселер үйреткісі келді. Алайда, ол бұны сауал-жауап тәсілі арқылы жасауды

ұйғарды. Өйткені, осылай, тыңдаушының көңілі мен назары қаттырақ

аударылып тұрады. Расында, сауал-жауап тәсілі сабақ берудегі ең өнімді, ең

жемісті әдіс болып табылады. Себебі, оқушыдан ол білмейтін нәрсені сұрап,

сосын барып қана оған жауапты ұсыну, оған соны бірден айтып бергеннен

жақсырақ. Бұл - сабақ берудің,ілім үйретудің жолы. Бұл – пайғамбардың (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әдісі.

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Тағаланың

құлдарындағы хақысы және құлдардың Аллаһтағы хақысы туралы білесің

бе?» - деген сұрағына Му`аз: “ Аллаһ пен Оның елшісі оны артық біледі ”, - деп

жауап береді. Осы диалогта білім ізденуші ұстану керек болған ұлы әдептердің

біріне нұсқау бар: егер ол өзі білмейтін нәрсе жайында сұралса, оған үңілмей,

надандықпен кірмей, білімді оның иесіне тапсырып: «Аллаһ және Оның елшісі

жақсырақ біледі» деп айту. Адамның білмейтін нәрсесі туралы: «Білмейм!»

немесе «Аллаһ біледі!» деп айтуы ешқандей да ұят я болмаса айып емес.

Керісінше, бұл ол адамның артықшылығын, тақуалығын, әдептілігін білдіреді.

Бір күні имам Мәликке біреу келіп 40 сұрақ қояды. Ол болса олардың алтауына

ғана жауап беріп, қалғандарына: “Мен білмеймін”, - деп айтады. Сонда сұрақ

қойған кісі: “Мен осындай да, сондай жерден келдім, ұзақ жол жүрдім, тер

Page 14: Таухидтің маңыздылығы мен дінімізде алатын орны

14

төктім, ал сіз: «Мен білмеймін!», - деп жауап беріп жатсыз ба?!”. Сонда имам

оған: “Көлігіңе мін де, келген жеріңе қайт! Ауылыңа жеткен соң: «Мәликтен

сұрадым, ал ол: “Білмеймін”, - деп жауап берді», - деп айт”, - деді. Ғалымдардың

әдебі осындай!

Аллаһ Тағала былай деді: «Тілдеріңнің “бұл – рұқсат етілген, бұл – тыйым

салынған” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар! Аллаһқа өтірік жала

жапқан боласыңдар. Шын мәнінде, Аллаһқа өтірік жала жапқандар

құтылмайды» (Нәхл сүресі, 116-аят).

Тағы да Ол былай айтты: «Айт: “Күдіксіз, Раббым жария немесе жасырын

болған арсыздықтарды, барлық күнәларды, еш ақысыз жәбірлеуді, оған

байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаһқа серік

қосуларыңды және Аллаһ туралы білмейтін нәрселеріңді айтуға тыйым

салды”» (Ә’раф сүресі, 33-аят).

Әрі қарай хадисте: «Құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серік

қоспауы», - деп айтылған. Бұл - Аллаһтың құлдарындағы хақысы. Аллаһ

адамдарды құлшылық ету үшін жаратқан, сондықтан олардың осы мақсатты

орындау Аллаһтың хақысы болып табылады. Аллаһ Тағала: «Мен жындар

мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым», - деді

(Зәрият сүресі, 56-аят). Аллаһтың хақысы – ең ұлы құқық. Бәрінен бұрын

Раббымыз осыны атайды: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді

серік қоспаңдар! Ата-аналарыңа игілік жасаңдар, сондай-ақ туыстарыңа,

жетімдерге, кедейлерге, жақындарынан болған көршілер мен жақын емес

көршілерге, жандарыңдағы жолдастарыңа, жолаушыларға және қол

астыңдағыларға (құлдарға) жақсылық жасаңдар. Негізінде, Аллаһ

тәкәппар, мақтаншақты жақсы көрмейді» (Ниса сүресі, 36-аят).

«Құлдардың Аллаһтағы хақысы» деген сөздердің мағынасы:

жаратылыстарымен болған қарым-қатынаста Аллаһ Өзін міндеттеген нәрсесі.

Аллаһты міндеттеген Оның құлдары емес, Ол Өзі Өзіне қалаған нәрсесін парыз

етті. Аллаһ Тағала былай деді: «Раббыларың Өзіне мейірімді міндеттеді»

(Ән`ам сүресі, 45-аят).

Аллаһ жақсырақ біледі!

Дерек көзі: Әл Ханифия форумы