8
№9 (4175), 2.02.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ БЕС БАСЫМ БАҒЫТ пРоКуРоРЛАР АзАМАТТЫҚ іСТЕРГЕ ҚАТЫСпАй ЖүР KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 359,85 теңгеге тең болды. осылайша, ұлттық валюта таңғы сессияға қарағанда 2 теңгеге нығайып отыр. Таңғы сессияда бағам 361,42 теңгеге тең болған еді. Күндізгі сессия кезінде алғашқы келісім 359,5 теңгемен басталды. Сессияда төменгі келісім 358,5 теңгемен, жоғарысы 361,3 теңгемен жасал- ды. Сауда көлемі болса 56,3 миллион доллардан асты. Айта кетейік, 2016 жылдың 1 ақпанынан бас- тап Ұлттық банктің ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша ше- тел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін 6 теңге, евро үшін 7 теңге болып бекітілді. Дегенмен, ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу 355 теңге, кей жерлерде тіпті 354 теңгемен бекітілді. Сарапшы Евгений Кочетов бұған ақша айырбастау орындарының бағамның не боларын білмегендігі себеп болып отырғанын айтты. «Естеріңізде болса, өткен аптада ақша ай- ырбастау орындары долларды не үшін сатып алмағандарын түсіндірген болатын. олар жай ғана бағамның қалай өзгеретінін білмейді. Қазір де сондай жағдай болып отыр. Бүгін Мәскеудегі сауданың ашылуынан кейін доллар 1 теңгеге қымбаттады, ал мұнай бағасы кей жерлерде баррель құны 35 доллардан түсе бастады. Сонымен қатар, бұған жаңа ережелерге сәйкес шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің өзгеруі себеп болды. Бір сөзбен айтқанда, ақша айырбастау орындары қазір жағдайды бақылап отыр», – деді Е.Кочетов. ТЕңГЕ НЫғАЯ ТүСТі Елімізде азаматтық істерге прокурорлардың қатысуы шектеліп отыр. Бұл туралы кеше қР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жоғарғы Сот судьясы Бағлан Мақұлбеков мәлім етті. «Ұлт Жоспарының 26-қадамында прокурорлардың азаматтық істерді қарауға қатысуы туралы айтылған. Жалпы, прокурорлардың азаматтық істер бойынша про- цестерге қатысуы кеңес заманынан қалған үрдіс болатын. Қазір ел экономикасының шарықтап дамуына, нарықтық қатынастардың тереңдеуіне байланысты жаңа қоғамдық қатынастар пайда болды. осы қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа заңдар пайда болды. Бұл үдерістердің негізінде прокурорлардың азаматтық істер бойынша сот процесіне қатысуының қоғамдық қажеттілігі болмай отыр», – деді Б.Мақұлбеков. Егер ресми дерекке жүгінетін болсақ, 2014 жылы республика бойынша шамамен 73 мың азаматтық іске прокурорлар қатысқан. Бұл – барлық қаралған істің 11,3 пайызы. «Ал операциялық тәртіпте прокурорлар неба- ры 1030, кассациялық тәртіпте 520, ал бақылау тәртібінде 94 ғана наразылық келтірген. осы келтірілген мәлімет прокурорлардың азаматтық істер бойынша қатысуын дәлелдейді. Ал енді биыл қолданысқа енгізілген жаңартылған азаматтық істер кодексі бойынша егер сот процесінде мемлекеттің мүддесіне қарсы даулар, өзінің құқықтары мен бостандықтарын өз бетімен қорғай алмайтын азаматтар және сот немесе про- куратура сол процеске қатысуы қажет деп тапқан жағдайда прокурорлар қатыса алады», – деп нақтылады Жоғарғы Сот судьясы. «ҚАзАҚСТАН-2050», «НҰРЛЫ ЖоЛ» МЕН «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» РЕФоРМАЛАРЫ «НҰР оТАН» пАРТИЯСЫНЫң САйЛАуАЛДЫ БАғДАРЛАМАСЫНЫң НЕГізіНЕ АйНАЛДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ КЕШЕ «НҰР оТАН» пАРТИЯСЫНДА өТКЕН «НҰР оТАН» пАРТИЯСЫНЫң XVII СЪЕзіНДЕ пРЕзИДЕНТ Н.НАзАРБАЕВ ҚойғАН ҚАзАҚСТАНДЫ ДА- МЫТу МӘСЕЛЕЛЕРі» АТТЫ ДөңГЕЛЕК үСТЕЛДЕ пАРТИЯ хАТШЫСЫ ФАРхАД ҚуАНғАНоВ МӘЛіМ ЕТТі. «Мемлекет басшысы өзінің «Нұр отан» партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде әлемдік қауымдастық алдына жаңа кең ауқымды қауіп- қатерлер төнгендігін атап өтті. ол – жаһандық экономикалық дағдарыс, әлемдік валюталық дағдарыс, девальвация. Бүгінде тұтас бір аймақтың аумағын қақтығыстар шарпып кеткен. Сонымен қатар, әлем бойынша бұрын- соңды болмаған миграциялық дағдарысты көріп отырмыз. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір мүшесі ретінде осы қатерлердің екпінін сезініп отыр. осы жағдайда президенттің бірлік пен ықпалдастыққа негізделген мемлекеттік бағытына балама жоқ десе де болады. Мемлекет басшысының сәтті әрі сара саясатының арқасында тұрақтылықтың, өсімнің және жасампаздықтың маңызды әлеуеті қалыптасты», – деді партия хатшысы. оның пікірінше, Қазақстан бағытын «Қазақстан-2050» бағдарламасы, өзінің сипаты бойынша, елді экономикалық дағдарыстан аз шығынмен алып шығуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы, сонымен қатар, елдің болашаққа арналған межесі – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары реформалар жиынтығын анықтап беріп отыр. «осы мемлекеттік бағдарламалар және «100 нақты қадам» реформалары «Нұр отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізіне айнал- ды. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «Нұр отан» партиясының бұның алдындағы тұғырнамасында белгіленген ең негізгі міндеттемелер уақытынан бұрын орындалды», – деп түйді ойын Ф.Қуанғанов. Сонымен қатар, партия хатшысы ел экономикасының құрылымдық жаңғыруы төрт негізгі салаға негізделетінін атап өтті. ант қаБылдау оТАНдЫ қоРҒАУ – ЕҢ ҰлЫқ қЫЗМЕТ Жаңа әскери қалашықта өткізілген ант қабылдау салтанатына Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, Астана қаласы әкімдігінің жетекшілері, дін өкілдері, ардагерлер, сарбаздардың жақындары, туған-туыстары ар- найы қатысты. Сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімін алғы сөзімен ашқан Ұлттық ұланның Астана гарнизонындағы 5573 әскери бөлімінің командирі, полиция полковнигі Нұрбол Миртаев: «Ант қабылдау – ол ер азаматтың өмірінде бір-ақ рет болатын жауапты сәт. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрдің жолымен 2015 жылдың екінші шақырылымында келген жас сарбаздар ант қабылдайын деп отыр. Қазақ халқы Алтайдан Атырауға дейін, Арқадан Алатауға дейін жерді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған. Неміс басқыншылары шабуылдаған кезде де біздің қазақтың батыр жігіттері жауға тойтарыс берген. Талай ғасыр халқының еркіндігін сыртқы жаулардан қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздың, кешегі фашизмнің отын өшірген майдангер аталары- мыз аманаттаған отанымыздың тәуелсіздігін қырағы күзету – ең ұлық қызмет», – деп жас жауынгерлерді жігерлендіре сөйледі. Сондай-ақ, ол сапта тұрған жас сарбаздарға мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден қорғау жолындағы жауапты қызметті абы- роймен атқаруларын тіледі. Содан соң, оның бұйыруымен жас сарбаздардан ант қабылдау салтанаты басталды. Бір уақытта 900-ге жуық жас сарбаз ант қабылдап, әскер қатарын толықтырды. Сарбаздардың туған-туыстары, жақын- жоралары осы күні ант қабылдау салтанатының куәсі болды. Қақаған аязға қарамастан сарбаздарға жауапты сәтте қолдау білдіріп келгендердің қарасы қалың болды. осы сәтті көзімен көріп, сарбаздардың қасынан табылған ет жақындары ерекше толқыды. Жауынгерлердің алыстан ат арытып келген жақын-жораларының ішінен ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарды да көре алдық. Солардың бірі Қайырбек зейнуллаев есімді сарбаздың ата-әжесі халлаудин пен үміт Қарпықовтар. Жадыра МЫРзАхМЕТ, сурет Серік ЖоЛДАСпЕКоВТіКі өТКЕН СЕНБіДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫң 5573 ӘСКЕРИ БөЛіМіНДЕ ЖАС САРБАзДАРДЫң АНТ ҚАБЫЛДАу РӘСіМіНЕ АРНАЛғАН САЛТАНАТ- ТЫ ШАРА өТТі. оСЫ КүНі ЕЛіМізДің БАРЛЫҚ өңіРіНЕН КЕЛГЕН 900-ГЕ ЖуЫҚ ЖАС ЖАуЫНГЕР оТАН АЛДЫНДА АДАЛ ҚЫзМЕТ ЕТуГЕ СЕРТ ЕТТі. «Ер азаматты түзейтін де, күзейтін де – әскер. отан алдындағы борышын өтеу әрбір азаматтың міндеті деп білеміз. Сондықтан да немереміз Қайырбекті елінің патриоты етіп тәрбиелеп, ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңіріп өсірдік. отан алдындағы борышын өтеуді міндеті санаған немереміз Қайырбек – мақтанышымыз, көз қуанышымыз. Бауырымызда өскен немереміздің қару асынып, ел қатарлы әскерге алынып жатқанын көруден асқан бақыт жоқ. осы күні жауапты сәтте оның жанынан табылу үшін Қостанайдан арнайы келіп отырмыз. Әскер қатарын толықтырып отырған сарбаздар тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен құқықтық тәртіп күзетін қырағы қамтамасыз етіп, қызметтерін мінсіз атқарсын», – дейді үміт Қарпықова. Бір жарым сағатқа созылған ант қабылдау рәсімінен кейін еліміздің әр өңірінен келген қонақтардың құрметіне ұландықтар концерттік бағдарлама ұсынды. «Нұр отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында 5 басым бағыт аталды. Біріншісі, дағдарысқа қарсы тұрақтандыру. Былтыр біздің елде дағдарысқа қарсы жоспар жасалды. онда негізінен іскерлік белсенділікті арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға маңыз берілген. Елбасы, сонымен қатар, әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның қасақана өсуіне жол бермеуді тапсырды. осы тұрғыда біздің елде отандық тауарлардың үлесін арттыру бойынша бірқатар тапсырма берілді. Мемлекет басшысының сөзі бойынша, мемлекеттік шығыстар қатаң үнемдеуге көшіріледі. Экономикалық өсімнің жаңа ресурсы ретінде аймақаралық ықпалдастықтың дамытылуы ерекше атап көрсетілді», – деді ол. оның сөзінше, екінші бағыт бойынша, ел экономикасының құрылымдық жаңғырту қолға алынады. «Құрылымдық өзгерістердің тұғыры төрт базалық салаға негізделмек. олар: түсті металл, мұнай-газ өндірісі, электр энергетикалық кешен, сондай- ақ, аграрлық сектор. үшінші бағыт – қазақстандықтардың өмірінің жаңа сапа стандарттарын енгізу. Денсаулық сақтау саласында кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуде жекеменшік сектордың үлесі арттыры- лады. Әлеуметтік нысандарды салуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік құралдары кеңінен қолданылады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енеді. партия Көшбасшысы аз қамтылған халық санатына және мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмекті ұлғайтуды маңызды тақырыптардың бірі ретінде көтерді», – деп атап өтті Ф.Қуанғанов. оның айтуынша, төртінші бағыт ретінде Елбасымен конституциялық патриоттықты дамыту мәселесі көтеріліп отыр. Н.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, конституциялық патриоттықтың негізгі принциптері – құқықтық тәртіп, жалпы заңға бағынушылық. Бесінші бағытта аймақтық тұрақтылықты сақтау тапсырылды. «Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ, ТМД және орталық Азия бойынша көршілерімізбен стратегиялық серіктестігіміз ары қарай қарқындатыла бер- мек», – деп түйді сөзін партия хатшысы. Еске сала кетейік, 29 қаңтарда Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр отан» партиясының XVII съезі өткен болатын.

Сақшы №09 (4175)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №09 (4175) 2.02.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №09 (4175)

№9(4175),

2.02.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

БЕС БАСЫМ БАҒЫТпРоКуРоРЛАР АзАМАТТЫҚ іСТЕРГЕ ҚАТЫСпАй ЖүР

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 359,85 теңгеге тең болды. осылайша, ұлттық валюта таңғы сессияға қарағанда 2 теңгеге нығайып отыр. Таңғы сессияда бағам 361,42 теңгеге тең болған еді.

Күндізгі сессия кезінде алғашқы келісім 359,5 теңгемен басталды. Сессияда төменгі келісім 358,5 теңгемен, жоғарысы 361,3 теңгемен жасал-ды. Сауда көлемі болса 56,3 миллион доллардан асты.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 ақпанынан бас-тап Ұлттық банктің ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша ше-тел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін 6 теңге, евро үшін 7 теңге болып бекітілді.

Дегенмен, ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу 355 теңге, кей жерлерде тіпті 354 теңгемен бекітілді. Сарапшы Евгений Кочетов бұған ақша айырбастау орындарының бағамның не боларын білмегендігі себеп болып отырғанын айтты.

«Естеріңізде болса, өткен аптада ақша ай-ырбастау орындары долларды не үшін сатып алмағандарын түсіндірген болатын. олар жай ғана бағамның қалай өзгеретінін білмейді. Қазір де сондай жағдай болып отыр. Бүгін Мәскеудегі сауданың ашылуынан кейін доллар 1 теңгеге қымбаттады, ал мұнай бағасы кей жерлерде баррель құны 35 доллардан түсе бастады. Сонымен қатар, бұған жаңа ережелерге сәйкес шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің өзгеруі себеп болды. Бір сөзбен айтқанда, ақша айырбастау орындары қазір жағдайды бақылап отыр», – деді Е.Кочетов.

ТЕңГЕ НЫғАЯ ТүСТі

Е л і м і з д е а з а м а т т ы қ і с т е р г е прокурорлардың қатысуы шектеліп отыр. Бұл туралы кеше қР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жоғарғы Сот судьясы Бағлан Мақұлбеков мәлім етті.

« Ұ л т Ж о с п а р ы н ы ң 2 6 - қ а д а м ы н д а п р о к у р о р л а р д ы ң а з а м а т т ы қ і с т е р д і қарауға қатысуы туралы айтылған. Жалпы, прокурорлардың азаматтық істер бойынша про-цестерге қатысуы кеңес заманынан қалған үрдіс болатын. Қазір ел экономикасының шарықтап дамуына, нарықтық қатынастардың тереңдеуіне байланысты жаңа қоғамдық қатынастар пайда болды. осы қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа заңдар пайда болды. Бұл үдерістердің негізінде прокурорлардың азаматтық істер бойынша сот процесіне қатысуының қоғамдық қажеттілігі болмай отыр», – деді Б.Мақұлбеков.

Егер ресми дерекке жүгінетін болсақ, 2014 жылы республика бойынша шамамен 73 мың азаматтық іске прокурорлар қатысқан. Бұл – барлық қаралған істің 11,3 пайызы.

«Ал операциялық тәртіпте прокурорлар неба-ры 1030, кассациялық тәртіпте 520, ал бақылау тәртібінде 94 ғана наразылық келтірген. осы келтірілген мәлімет прокурорлардың азаматтық істер бойынша қатысуын дәлелдейді. Ал енді биыл қолданысқа енгізілген жаңартылған азаматтық істер кодексі бойынша егер сот процесінде мемлекеттің мүддесіне қарсы даулар, өзінің құқықтары мен бостандықтарын өз бетімен қорғай алмайтын азаматтар және сот немесе про-куратура сол процеске қатысуы қажет деп тапқан жағдайда прокурорлар қатыса алады», – деп нақтылады Жоғарғы Сот судьясы.

«ҚАзАҚСТАН-2050», «НҰРЛЫ ЖоЛ» МЕН «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» РЕФоРМАЛАРЫ «НҰР оТАН» пАРТИЯСЫНЫң САйЛАуАЛДЫ БАғДАРЛАМАСЫНЫң НЕГізіНЕ АйНАЛДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ КЕШЕ «НҰР оТАН» пАРТИЯСЫНДА өТКЕН «НҰР оТАН» пАРТИЯСЫНЫң XVII СЪЕзіНДЕ пРЕзИДЕНТ Н.НАзАРБАЕВ ҚойғАН ҚАзАҚСТАНДЫ ДА-МЫТу МӘСЕЛЕЛЕРі» АТТЫ ДөңГЕЛЕК үСТЕЛДЕ пАРТИЯ хАТШЫСЫ ФАРхАД ҚуАНғАНоВ МӘЛіМ ЕТТі.

«Мемлекет басшысы өзінің «Нұр отан» партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде әлемдік қауымдастық алдына жаңа кең ауқымды қауіп-қатерлер төнгендігін атап өтті. ол – жаһандық экономикалық дағдарыс, әлемдік валюталық дағдарыс, девальвация. Бүгінде тұтас бір аймақтың аумағын қақтығыстар шарпып кеткен. Сонымен қатар, әлем бойынша бұрын-соңды болмаған миграциялық дағдарысты көріп отырмыз.

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір мүшесі ретінде осы қатерлердің екпінін сезініп отыр. осы жағдайда президенттің бірлік пен ықпалдастыққа негізделген мемлекеттік бағытына балама жоқ десе де болады. Мемлекет басшысының сәтті әрі сара саясатының арқасында тұрақтылықтың, өсімнің және жасампаздықтың маңызды әлеуеті қалыптасты», – деді партия хатшысы.

оның пікірінше, Қазақстан бағытын «Қазақстан-2050» бағдарламасы, өзінің сипаты бойынша, елді экономикалық дағдарыстан аз шығынмен алып шығуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы, сонымен қатар, елдің болашаққа арналған межесі – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары реформалар жиынтығын анықтап беріп отыр.

«осы мемлекеттік бағдарламалар және «100 нақты қадам» реформалары «Нұр отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізіне айнал-ды. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «Нұр отан» партиясының бұның алдындағы тұғырнамасында белгіленген ең негізгі міндеттемелер уақытынан бұрын орындалды», – деп түйді ойын Ф.Қуанғанов.

Сонымен қатар, партия хатшысы ел экономикасының құрылымдық жаңғыруы төрт негізгі салаға негізделетінін атап өтті.

ант қаБылдау

оТАНдЫ қоРҒАУ – ЕҢ ҰлЫқ қЫЗМЕТ

Жаңа әскери қалашықта өткізілген ант қабылдау салтанатына Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, Астана қаласы әкімдігінің жетекшілері, дін өкілдері, ардагерлер, сарбаздардың жақындары, туған-туыстары ар-найы қатысты. Сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімін алғы сөзімен ашқан Ұлттық ұланның Астана гарнизонындағы 5573 әскери бөлімінің командирі, полиция полковнигі Нұрбол Миртаев: «Ант қабылдау – ол ер азаматтың өмірінде бір-ақ рет болатын жауапты сәт. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрдің жолымен 2015 жылдың екінші шақырылымында келген жас сарбаздар ант қабылдайын деп отыр. Қазақ халқы Алтайдан Атырауға дейін, Арқадан Алатауға дейін жерді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған. Неміс басқыншылары шабуылдаған кезде де біздің қазақтың батыр жігіттері жауға тойтарыс берген. Талай ғасыр халқының еркіндігін сыртқы жаулардан қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздың, кешегі фашизмнің отын өшірген майдангер аталары-мыз аманаттаған отанымыздың тәуелсіздігін қырағы күзету – ең ұлық қызмет», – деп жас жауынгерлерді жігерлендіре сөйледі.

Сондай-ақ, ол сапта тұрған жас сарбаздарға мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден қорғау жолындағы жауапты қызметті абы-роймен атқаруларын тіледі. Содан соң, оның бұйыруымен жас сарбаздардан ант қабылдау салтанаты басталды. Бір уақытта 900-ге жуық жас сарбаз ант қабылдап, әскер қатарын толықтырды. Сарбаздардың туған-туыстары, жақын-жоралары осы күні ант қабылдау салтанатының куәсі болды. Қақаған аязға қарамастан сарбаздарға жауапты сәтте қолдау білдіріп келгендердің қарасы қалың болды. осы сәтті көзімен көріп, сарбаздардың қасынан табылған ет жақындары ерекше толқыды. Жауынгерлердің алыстан ат арытып келген жақын-жораларының ішінен ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарды да көре алдық. Солардың бірі Қайырбек зейнуллаев есімді сарбаздың ата-әжесі халлаудин пен үміт Қарпықовтар.

Жадыра МЫРзАхМЕТ, сурет Серік ЖоЛДАСпЕКоВТіКі

өТКЕН СЕНБіДЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫң 5573 ӘСКЕРИ БөЛіМіНДЕ ЖАС САРБАзДАРДЫң АНТ ҚАБЫЛДАу РӘСіМіНЕ АРНАЛғАН САЛТАНАТ-ТЫ ШАРА өТТі. оСЫ КүНі ЕЛіМізДің БАРЛЫҚ өңіРіНЕН КЕЛГЕН 900-ГЕ ЖуЫҚ ЖАС ЖАуЫНГЕР оТАН АЛДЫНДА АДАЛ ҚЫзМЕТ ЕТуГЕ СЕРТ ЕТТі.

«Ер азаматты түзейтін де, күзейтін де – әскер. отан алдындағы борышын өтеу әрбір азаматтың міндеті деп білеміз. Сондықтан да немереміз Қайырбекті елінің патриоты етіп тәрбиелеп, ұлтжандылық қасиеттерді бойына сіңіріп өсірдік. отан алдындағы борышын өтеуді міндеті санаған немереміз Қайырбек – мақтанышымыз, көз қуанышымыз. Бауырымызда өскен немереміздің қару асынып, ел қатарлы әскерге алынып жатқанын көруден асқан бақыт жоқ. осы күні жауапты сәтте оның жанынан табылу үшін Қостанайдан арнайы келіп отырмыз. Әскер қатарын толықтырып отырған сарбаздар тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен құқықтық тәртіп күзетін қырағы қамтамасыз етіп, қызметтерін мінсіз атқарсын», – дейді үміт Қарпықова. Бір жарым сағатқа созылған ант қабылдау рәсімінен кейін еліміздің әр өңірінен келген қонақтардың құрметіне ұландықтар концерттік бағдарлама ұсынды.

«Нұр отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында 5 басым бағыт аталды. Біріншісі, дағдарысқа қарсы тұрақтандыру. Былтыр біздің елде дағдарысқа қарсы жоспар жасалды. онда негізінен іскерлік белсенділікті арттыруға, халықты жұмыспен қамтуға маңыз берілген. Елбасы, сонымен қатар, әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның қасақана өсуіне жол бермеуді тапсырды. осы тұрғыда біздің елде отандық тауарлардың үлесін арттыру бойынша бірқатар тапсырма берілді. Мемлекет басшысының сөзі бойынша, мемлекеттік шығыстар қатаң үнемдеуге көшіріледі. Экономикалық өсімнің жаңа ресурсы ретінде аймақаралық ықпалдастықтың дамытылуы ерекше атап көрсетілді», – деді ол.

оның сөзінше, екінші бағыт бойынша, ел экономикасының құрылымдық жаңғырту қолға алынады.

«Құрылымдық өзгерістердің тұғыры төрт базалық салаға негізделмек. олар: түсті металл, мұнай-газ өндірісі, электр энергетикалық кешен, сондай-ақ, аграрлық сектор. үшінші бағыт – қазақстандықтардың өмірінің жаңа сапа стандарттарын енгізу. Денсаулық сақтау саласында кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуде жекеменшік сектордың үлесі арттыры-лады. Әлеуметтік нысандарды салуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік құралдары кеңінен қолданылады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енеді. партия Көшбасшысы аз қамтылған халық санатына және мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмекті ұлғайтуды маңызды тақырыптардың бірі ретінде көтерді», – деп атап өтті Ф.Қуанғанов.

оның айтуынша, төртінші бағыт ретінде Елбасымен конституциялық патриоттықты дамыту мәселесі көтеріліп отыр. Н.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, конституциялық патриоттықтың негізгі принциптері – құқықтық тәртіп, жалпы заңға бағынушылық. Бесінші бағытта аймақтық тұрақтылықты сақтау тапсырылды.

«Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ, ТМД және орталық Азия бойынша көршілерімізбен стратегиялық серіктестігіміз ары қарай қарқындатыла бер-мек», – деп түйді сөзін партия хатшысы.

Еске сала кетейік, 29 қаңтарда Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Нұр отан» партиясының XVII съезі өткен болатын.

Page 2: Сақшы №09 (4175)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№9 (4175), сейсенбі, 2.02.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

,

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Италия

Франция

Жидектер гүлдей бастады

Швейцария

Сальвадор

«G-20» саммитіне қатысуы талқыланды

Сайлауалды бағдарламасы қабылданды

Ай сайын 2,5 мың франк төлей ме?

Ақшаға қатысты астыртын əрекеттер жасауда күдікті деп танылған – кома-да жатқан Сальвадор елінің бұрынғы президенті Франсиско Флорес сенбі күні кешке 56 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады.

Флорес Сальвадорды 1999-2004 жыл-дар аралығында басқарған. Құқық қорғау органдарының мəліметтерінше, ол Тайвань үкіметінің Сальвадорға 2003-2004 жылдары берген 15,3 миллион долларға чектарды ұрлаған. Бұл ақша АҚШ жəне Коста-Рика банк-тері арқылы өтіп, одан кейін Багам аралдарына ауыстырылған. Флорестің өзі бұл айыптарды жоққа шығаруда.

ТАЯУДА АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XVII СЪЕЗІ ӨТТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН ХАБАРЛАДЫ.

Съезге екі мыңнан астам адам қатысты, о л а р д ы ң қ а т а р ы н д а р е с п у б л и к а н ы ң барлық өңірінде өткен конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің басшы-лары, мəдениет жəне спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпустың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының, бастауыш партия ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Іс-шара барысында «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ, Парламент Мəжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітіліп, партияның Саяси кеңесі құрамына өзгеріс енгізілді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елді дамытудың негізгі мəселелеріне тоқталып, «Нұр Отан»

партиясының алдына жаңа сайлауалды бағдарламасына қатысты бірқатар нақты міндет қойды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті былтыр басталған Бес институционалдық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін 59 жаңа заң қабылданғанын айтты. Бүгінде барлық мемлекеттік орган оған қатысты белсене жұмыс жүргізуде, қазірдің өзінде нақты нəтижелер бар.

«Бес реформаны тиімді жүзеге асыру – біздің ХХI ғасырда табысты болуымыздың кілті. 100 қадам – шын мəнінде елді əрі қарай дамытудың жүйелі мəселелеріне арналған менің 100 нақты шешімім. Ұлт Жоспары орындалу үшін Ұлттық комиссия жұмысына қоса барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметтердің кəсіби іс-қимылы қажет. Сондықтан əкімдер жəне «Нұр Отан» партиясының бүкіл жүйесі мұны ең басты міндеттің бірі санағаны жөн. Ұлт Жоспары біздің алдағы бесжылдық кезеңге арналған жаңа сайлауалды бағдарламамыздың өзегі болып табылады», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ , Елбасы сайлау алдындағы бағдарламаның негізгі бағыттары туралы да егжей-тегжейлі айтып берді.

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖƏНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ШАХРАТ НҰРЫШЕВ ҚХР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ КӨМЕКШІСІ (МИНИСТРДІҢ ОРЫН-БАСАРЫ) ЛИ ХУЭЙЛАЙМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.

Екі тарап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың (2015 жылғы қыркүйек) жəне Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің (2015 жылғы желтоқсан) Қытайға сапары барысында қол жеткізілген Қазақстан мен ҚХР арасындағы саяси, экономикалық жəне гуманитарлық ынтымақтастықтың ахуалы жəне перспектива-ларын, өзара сенім шараларын жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Ш.Нұрышев Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Президенті Н.Назарбаевты «G-20» саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Қазақстандық дипло-мат бұл Мемлекет басшысының қуатты əрі гүлденіп келе жатқан Қазақстанды қалыптастыру жолындағы ерекше рөлін көрсететінін атап өтті.

Ли Хуэйлай екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастықты, ҚР жəне ҚХР Көшбасшыларының арасындағы достық сипаттағы қарым-қатынасты, сондай-ақ, Н.Назарбаевтың қазақстандық-қытайлық жан-жақты стратегиялық серіктестіктің дамуына жеке өзі зор үлес қосқанын атап өтті.

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС РЕ-ФОРМАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА «ЖАҢАРУ» СЫБАЙ-ЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ОРАЛБАЙ ƏБДІКƏРІМОВ АЙТТЫ.

Жемқорлық деңгейін төмендетуге боладыбайланысты. «Жаңару» ұлттық қозғалысы Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға, жемқорлықпен күресуге бағытталған. Барлық облыста филиалдарымыз жұмыс істейді. Əрбір облыстағы əкімдікпен меморандумдарға қол қойылған», – деді.

Сондай-ақ, қоғамдық бірлестік жетекшісі келе-шекте қандай жағдайлар, қандай заман туса да, біз одан аман шығамыз деген бəріміздің ойымыз бір деген пікір білдірді.

«Өткен жұмада Президент «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде қазіргі жағдай қандай екенін, болашаққа қандай жол-мен барамыз деген сұрақтарды көтеріп, xалыққа өз ойын жеткізді. Мемлекет басшысының айтқан сөздерінде əр адамға қай саласы болмасын, эко-номика, саяси салалар болсын, қазіргі аxуалға біздің жауабымыз, тығырықтан шығудың жолдары ұғынықты айтылған. Енді қалғаны осыны жүзеге асыру. Осы съезде қабылданған шешімдерді «Нұр Отан» партиясының мүшелері қолдап, соны сайлаудың алдында болатын үгіт-насиxат кезінде ары қарай талдап, xалыққа жеткізуге тырысады. Бұл сайлаудың өзі xалықтың басын біріктіру үшін жасалуда. Бір ел етіп жұмылдыру. Байқасаңыздар, сайлауалды бағдарлама «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталады. Қай партия сайлауға қатысса да, ол xалықтың бірлігін аңсауы тиіс. Елбасы айтқандай, басқа елдердің тариxына қарасақ, жағдайына қарасақ, егер xалық «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарса ғана үлкен нəтижелерге қол жеткізе алады. Міне, осыған біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев шақырды», – деп атап өтті О.Əбдікəрімов.

Оның сөз інше, xалық Елбасының «Нұр Отан» партиясының съезінде ұсынған негізгі 5 басымдықтың елде жүзеге асырылуын қолдап отыр.

«Ол кісінің сөздері, бағдарламалары қай өңірге барсаң да қолдау тауып жатқандығын көресің. Елбасыға жалпы xалық сенім артып отыр. Келешекте қандай жағдайлар, қандай заман туса да, біз одан аман шығамыз деген бəріміздің ойымыз бір», – деді «Жаңару» қозғалысының төрағасы.

«1991 жылдан бастап, Тəуелсіздік алғалы бері қазақстандықтар өз басынан сан қилы тариxты бастан кешті. Қиыншылықты көрді. Бірақ содан аман-есен шығып ғана қоймай, экономикасын қарыштата білді, əсем Астананы салды, барлық əлемге танымал болды, осының барлығы – қазақ xалқының бірлігі арқасында. Сайлау қарсаңында осыны жеткізу – барлығымыздың да міндетіміз», – деп түйді сөзін О.Əбдікəрімов.

ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫНА ШЕТЕЛДІК СУДЬЯЛАР МЕН ЗАҢГЕРЛЕР КІРЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МƏСЛИХАТЫНДА ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ АЙГҮЛ ҚЫДЫРБАЕВА МƏЛІМДЕДІ.

Халықаралық кеңес құрамына кімдер кіреді?

А.Қыдырбаева Жоғарғы Соттың жанынан құрылған халықаралық кеңестің жұмысына тоқталды. Бұл кеңес сот төрелігінің отандық жүйесін жетілдіру мəселелеріне қатысты сарапшылық консультациялар береді.

«Оның құрамына қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік беделді судьялар мен заңгерлер кіреді. Кеңесті Жоғары Сот төрағасы басқарады. Оның мүшелері бір жылдық мерзімге сайланады. Кеңес отырысы жылына кем дегенде екі рет өтеді», – деді А.Қыдырбаева.

Оның айтуынша, кеңесті құру кезінде Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің, сондай-ақ, ел Үкіметі жанындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің тəжірибесі ескерілген.

5 АҚПАН КҮНІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОНГРЕСС-ХОЛЛ САРАЙЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР АҚЫНЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВҚА АРНАЛҒАН ƏДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТЕДІ. БҰЛ ШАРАНЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ АҚЫННЫҢ ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ АЛҒАШ РЕТ ҰЙЫМДАСТЫРЫП ОТЫР.

Филармонияның бас директоры жəне көркемдік жетекшісі Сəкен Əбдірахманов ақынның туған күні қарсаңында осындай кеш өткізіп, елордалық көрермендерге əн мен күйден шашу шашу тура-лы бастама көтерген болса, оны қала əкімдігі де, өнер ұжымы да бірден қолдаған.

Осы кештің басында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері , Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Серік Тұрғынбекұлы халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев туралы кіріспе сөз сөйлейді деп күтілуде.

«Мұқағалидың кешін оркестрмен алғаш рет өткізгелі тұрмыз. Ақын сөзіне жазылған əндердің ноталары оркестрге түсірілді. Осы мəдени шараға үлкен дайындық жасалып жа-тыр. Жаңа шығармалар да орындалады. Рухани байлықты қадір тұтатын көрермендеріміз үшін сазды да мəнді кеш болғалы тұр», – дейді ди-рижер, күйші, композитор, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі жəне бас дирижері Айтқали Жайымов.

Тұрсынжан Шапайдың «Қайран Қарасазым-ай» деген əнін Арман Жайым оркестрге лайықтады. Ермұрат Үсеновтің «Ұран» деген күйі орында-лады.

Танымал өнер қайраткерлері Майра Ілиясова, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ жəне филармонияның басқа да əншілері Мұқағалидың сөзіне жазылған əндерді орындайды. Сондай-ақ, ақынның өлеңдері оқылады.

Мұқағалиға арналған əдеби-музыкалық кеш

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНДЕ БОЛДЫ.

Шара барысында болашақ заңгерлер, саясат-танушылар мен əлеуметтанушылар жоғары заң шығару органының ғимаратында саяхат жасап, Сенат пен Мəжілістің отырыс залдарында, бірлескен отырыс залында, халықаралық кездесу залын-да, баспасөз орталығында, кітапханада болды, жұмыс органдарының қызметімен танысты. Шара барысында Сенат пен Мəжіліс аппараттарының қызметкерлері қос палаталы Парламенттің тарихы-

Студенттер Парламент тарихымен таныстымен таныстырды. Осыдан дəл 20 жыл бұрын 1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің алғашқы отырысын ашқан болатын. Студенттерге түрлі шақырылымдағы депутаттардың қызметі туралы əңгімелеп, шетелдік парламенттік делегациялардың естелік сыйлықтарының көрмесі таныстырылды.

Парламентте болған кезде студенттер Сенат де-путаты Бірғаным Əйтімовамен кездесіп, Қазақстан парламентаризмінің дамуы туралы лекциясын тыңдады, сондай-ақ, заң шығару жұмыстарының ерекшеліктері жəне кейбір құқықтық актілердің мазмұны туралы қойылған сауалдарға жауап алды.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында сы-байлас жемқорлыққа қарсы күрес реформалары жүзеге асырылады. Осындай іс-шараның бірі – «Ашық Үкімет» жүйесін құру. Бұл жүйе таяу арада жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Президент «Нұр Отан» партиясының съезінде айтып өтті», – деді О.Əбдікəрімов.

Сондай-ақ, оның сөзінше, бұл жұмысқа əрбір министрлік, облыстық, қалалық жəне аудандық мəслихаттар жанынан құрылатын қоғамдық кеңестер үлес қосады. Бұл кеңестердің өкілеттілігі заңды түрде бекітілді, тиісті заң биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енді.

«Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың жұмысына ықпал ететін болады. Бұл – үлкен іс. Бұдан бөлек, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін заң қабылданып отыр. Осы жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге бағытталған нақты қадамдар болып табылады», – деді ол.

Президет 2021 жылға қарай сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен 50 елдің қатарына кіру міндетін қойғанын атап өткен Оралбай Əбдікəрімов:

«Менің ойымша, бұл – қол жеткізуге болатын мақсат. Бұл, ең алдымен, біздің бүкіл қоғамға

Италияда ауа райы күрт жылынып, жидектер гүлдей бастады. Тіпті, бұрын-соңды қыс мезгілінде мұндай температу-ра болмаған деседі.

Биыл өзге жылдармен салыстырғанда орташа есеппен 6 градусқа жылырақ болып тұр. Ал негізінен Италияда қаңтар ең суық ай болып саналады. Бірақ елдің оңтүстік аймақтарында термометр +19 градусты көрсетіп тұр. Тіпті, кей жерлерде мамырда бүршік жаратын гүлдер шығып, жидектер гүлдей бастаған.

Мамандардың айтуынша, жылы қыс бірінші кезекте ауылшаруашылық иелеріне айтарлықтай кесірін тигізуі мүмкін.

«Бұл жағдай уақыт өте келе қалыпты жағдайға айналмақ. Алдағы 100 жылдық болжам бойынша 2100 жылы Италияның солтүстігінде ауа температурасы 5 градусқа көтерілмек. Сондықтан қазір бізге жылы бо-лып отырған қыс болашақта үйреншікті болып кетеді», – дейді Италияның Қоршаған ортаны қорғау институтының қызметкері Франческа Джордано.

Олланд қылмыскерді кешірді

Франция Президенті Франсуа Олланд зорлық-зомбылық көрсетіп келген күйеуін өлтіріп, 10 жыл түрмеде қамау жазасы кесілген 68 жастағы Жаклин Сважға рақымшылық жасау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Ж.Саваждың күйеуі жұбайын жəне қызын жылдар бойы соққыға жығып келген, сондай-ақ, ұлын қорлап, өз-өзіне қол салуына себеп-кер болған.

Ұлы өз-өзіне қол салған күннің ертесіне Саваж күйеуін өлтіреді. Бұл іс Францияда көптің талқысына түсіп, 400 мыңнан астам адам петицияға қол қойып, Президенттен əйелге рақымшылық жасауын сұраған.

Швейцарияда маусым айында барлық кəмелет жасына жеткен азаматтарға ай сайын 2,5 мың франк төлейтін заң қабылдауы мүмкін.

Бұл сома қазіргі бағамға шаққанда, 2,5 мың еуро. Балаларға төлем 625 франкты құрайды. Бұл Швейцарияда жыл сайын осындай төлемдерге 208 млрд. франк шығындайтынын білдіреді. 150 млрд. франкты ел бюджетінен, ал 55 млрд. франкты əлеуметтік сақтандыру қорларынан алуды ұсынды.

Бұл заң жобасы мақұлданған жағдайда, Швейцария өз азаматтарына ең төменгі ай сайынғы табыс ұсынатын алғашқы ел болады.

Demoscope компаниясы бұдан бұрын швейцарлықтар арасында зерттеу жүргізді, оған 1076 адам қатысты. Олардың тек 2 пайы-зы ғана егер ай сайынғы төлем тағайындалса, жұмыстарын тастауға əзір екендіктерін айтқан. Ал 8 пайызы жұмыстарын жалғастыра ма, жоқ па, əзірге білмейтіндерін белгілеген. Ал 56 пай-ызы заң жобасы мақұлданбайды деп санайды.

Бұрынғы Президент қайтыс болды

Page 3: Сақшы №09 (4175)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№9 (4175), сейсенбі, 2.02.2016 е-mail:[email protected]

ЖЕДЕЛ КЕҢЕС

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД2016 жылғы 27 қаңтар күні Петропавл қаласына қысқа мерзімді

іссапарымен келген ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы, азаматтық қорғау полковнигі Владимир Беккер Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтановпен кездесіп, іссапардың мақсаты мен азаматтық қорғау саласындағы аумақ алдында тұрған міндеттерді талқылады.

ЖЇКТЕЛЕР МІНДЕТ – ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫШығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің 2015 жылдағы

жедел қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылды. Жедел кеңеске Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов қатысты.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫАл, Атырау облыстық ІІД-де өткен жедел кеңеске Ішкі істер

министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов қатысты. Жедел кеңесте Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының талаптарын орындау мақсатында ішкі істер органдарының 2015 жылғы қызметінің қорытындысы мен ішкі істер органдарының басты міндеттері талқыланды.

Департамент қызметіндегі жедел қорытындылау жиналысына Елбасының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген талаптарын іске асыру шеңберінде құрылған облыстық, қалалық жəне аудандық жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты.

«Жергілікті полицияның құрылуы құқық қорғау қызметін аймақ тұрғындарымен жақын ететіндігі сөзсіз. Жергілікті полицияның жұмысы құқық бұзушылықтар про-филактикасын арттыруға, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін көтеруге, қоғамда құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» тудыруға мүмкіндік береді», – деді кеңесте сөз алған полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов.

Департамент басшылығы өткен жылы облыс аумағындағы қылмыспен күрес, құқықтық тəртіп жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне өз қатарында тəртіп пен заңдылықтың сақталуы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы атқарылған шаралар жөнінде баяндама жасады.

Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Байболұлының айтуынша, қылмыстық заң мен сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жағдайында бөліністердің жедел қызметінің көрсеткіштерін төмендетпей, қылмыстар туралы барлық арыз-шағымдар мен хабарламаларға мүлтіксіз жедел жауап қайтаруды қамтамасыз ете отырып, деңгейін жоғарылату қажет. Жаңа құқық қорғау құрылымы – жергілікті полиция қызметінде оның қалыптасуы мен тиімді қызмет етуіне басты назар аударылады.

Сонымен қатар, ол Президенттің тапсырмасына сəйкес мемлекеттік-жекеменшік əріптестікті пробация қызметін дамыту шегінде түзеу колониялары құрылысын салу мəселелерін тыңғылықты зерделеу бойынша жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті. Шарадан кейін кеңеске қатысушылар ІІО-ның мұражайын аралап, та-нысты.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майо-р ы Ж а н а р б е к Б а қ т ы б а е в а т а п ө т кендей , қылмыстық ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданған ұйымдастырушылық жəне тəжірибелік шаралардың нəтижес і нде 2014 ж ы л м е н с а л ы с т ы р ғ а н д а ө т к е н жылы жасалған қылмыстардың саны 2 мыңға азайған. Тонау 23, қарақшылық шабуыл 11, бұзақылық 30, бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері 20 пайызға төмендеген. Көшеде жа-салатын қылмыстар 5 пайызға азайса, кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар үштен бір бөлікке кеміген. Департамент бастығы сондай-ақ, жасалған қылмыстарды ашудың

нəтижелілігі артқанын атап өтті. Ауыр қылмыстардың ашылуы 8 пайызға жақсарған. Өткен жылы 290 есірткі қылмысы анықталды, нəтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 161 келі есірткі заты алынды.

2015 жыл көлемінде ұрлықпен айналысқан 84 топ ұсталып, заңдық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 32-сі пəтер тонаушылар тобы, 18-і мал ұрлаушылар тобы.

2015 жылы ішкі істер органдарының қызметкерлері құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеуш іл і к қа ғидасын қалыптастыру бағытындағы жұмысқа ерекше көңіл бөлді. Шығысқазақстандық сақшылар 330 мың əкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде,

алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 25 мың азамат жауапқа тартылды, 10 мыңнан астам адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 250 мың азамат жол жүру ережелерін бұзғандары үшін жауапқа тартылды.

Жедел кеңесте сөз алған Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысқа ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетті. Ішкі істер органда-ры жұмысының аталған бағытында Елбасы ұсынған 5 институционалдық р е ф о р м а н ы о р ы н д а у б о й ы н ш а Ұлт Жоспарын іске асыру аясында жаңа құрылған жергілікті полиция қызметіне үлкен міндет жүктеліп отыр. Сонымен қатар, Марат Ғанұлы облыс-та тіркелген қылмыстардың 53 пайы-зын бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері құрайтынын атап өтті. Осыған бай-ланысты, оның алдын алу жəне ашу бойынша жұмыстар, ҚР ІІМ-нің «2015-2017 жылдарға арналған бөтіннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бойын-ша бағдарламасын» орындау басым сипатта екенін айты.

Сонымен қатар, ІІД жұмысын жаңа қылмыстық заңнама жағдайында ұйымдастыру, қылмыстар туралы барлық хабарламаларға жедел ден қою, жеке құрам арасында тəртіп пен заңдылықты нығайту бойынша жұмыстарды жақсарту қажеттілігін де атап көрсетті.

«2015 жылдың жұмыс қорытындысы Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің қойылған міндеттерді орындағанын көрсетеді. Осыған орай, облыс полицейлері жұмысын оң бағалаймын», – деп қорытындылады сөзін Марат Демеуов. Кеңесте облыс ішкі істер органдарының бөлімшелері мен аумақтық органдарына 2016 жылға жұмыстың басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Кейін Владимир Робертович Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ның «Жедел-құтқару жасағы» ММ-не барып, ведомствоға бағынысты мекеменің күнделікті атқаратын жұмысымен, жеке құрамымен жəне техникалық қамтылуымен танысты.

Іссапар бағдарламасына сəйкес, қалалық мəдениет үйінің акт залында Солтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевт ің қатысуымен жəне Владимир Беккердің т ө р а ғ а л ы ғ ы м е н С Қ О Т ө т е н ш е жағдайлар департаментінің 2015 жылғы жұмыс қорытындысы жəне 2016 жылға қойылған міндеттер бойынша жиналыс өткізілді. Аумақтық органның ж ə н е в е д о м с т в о ғ а б а ғ ы н ы с т ы мекемелердің қызметкерлері алдында департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Павел Филиппов, д е п а р т а м е н т т і ң қ ұ р ы л ы м д ы қ б ө л і м ш е л е р і м е н в е д о м с т в о ғ а бағынысты мекемелердің бастықтары атқарылған жұмыстар туралы баян-дады.

Мəжілісте көкейкесті мəселелер қаралды, оларды шешу жолдары, со-нымен қатар, 2016 жылға департа-мент бөлімшелерінің даму мақсаттары ұсынылды.

Департамент бастығының баяндама-сында қадағалауға алынған нысандарға, облыс тұрғындары арасындағы бақылау-алдын алу жұмыстарына ерек-ше назар аударылды. Атап айтсақ,

СҚО бойынша өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға, өртте қаза болғандар саны 17, ал жарақат алған солтүстікқазақстандықтар саны 24 пайызға азайған.

Сонымен қатар, Павел Владимирович 2015 жылғы І ІМ ТЖК аумақтық органының жұмысын сипаттайтын мына сандарды мысалға келтірді: департаменттің апаттық-құтқару қызметтері өрттерге, апаттық-құтқару жұмыстарына жəне басқа да қауырт жұмыстарға 2 мыңға жуық рет шығып, 167 адамды құтқарып қалған, ТЖ орындарынан 1800-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылған, 265 зардап

шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді, 800 миллион теңгеден астам сомадағы материалдық құндылықтар құтқарылды.

Мəжіліс барысында селге қарсы іс-шараларды дайындау жəне өткізу, өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау жəне оның алдын алу жағдайлары туралы, Уəлиханов ауданының ТЖ бөлімінің қорытындылары жайында баяндамалар тындалды

К о м и т е т т ө р а ғ а с ы а у м а қ т ы қ органның қызмет індег і күрдел і мəселелерді белгілеумен қатар, де-партамент қызметіне конструктивті баға беріп, бірқатар мəселелердің шешу жолдарын көрсет іп, зама-науи үлгідегі жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындады. «Алдыңызда тұрған міндеттерді шешуде ІІМ ТЖ комитеті қол ұшын беруге əрқашан дайын», – деді өз сөзінде Владимир Робертович.

Сонымен бірге, аталмыш жиналыстың өту барысында департаментт ің қ ұ р ы л ы м д ы қ б ө л і м ш е л е р і м е н ведомствоға бағынысты мекемелердің қызметкерлерін облыс əкімінің, ІІМ ТЖК төрағасының, СҚО ТЖД жəне ІІД бастықтарының алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен мара-паттау салтанаты болды. Комитеттің аумақтық органының 20 өкілі қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін жəне жұмысында жоғары нəтиже алғаны үшін марапатталды.

І с -шара аяқталған соң коми-тет төрағасы «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің №1 өрт сөндіру бөліміне к ір іп, жеке құрамымен кездесіп, бөлімшенің қызметімен танысып, солтүстікқазақстандық өрт сөндіруші-құтқарушылардың жауынгерл і к дайындығына жоғары баға берді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖДҚызылорда облысы ТЖД-де департамент қызметінің 2015 жылғы

жұмыс қорытындысы жəне алға қойған мақсаты жөнінде өткен жиынға да ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары, генерал-майор Жасұлан Жұмашев төрағалық етті.

Жиын барысында департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов «Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2015 жылғы жедел қызмет жұмысының қорытындылары жəне 2016 жылға алға қойылған мақсаттары» тақырыбында баяндама жасады.

«Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-əрекет жасау тұрғындар мен аумақты табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Облыстық, қалалық, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Департамент қала жəне аудандар əкімдеріне 2015 жылғы ТЖК жоспарларына Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласындағы кезек күттірмейтін мəселелерді енгізуге ұсыныс жасады.

2015 жылы Қызылорда облысының қала жəне аудандарда ТЖК-ның жалпы саны 67 отырысы өтіп, өзекті мəселелер шешімін тапты. Облыс аумағындағы орын алуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 2 506 құрылым құрылған. 2015 жылы 2 525 апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді, нəтижесінде 433 адам құтқарылды (оның ішінде 185 бала), сонымен қатар, 256 адамға медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдай аймағынан, қар құрсауынан жəне апат орында-рынан 360 адам мен 40 автокөлік қауіпсіз жерге көшірілді.

2015 жылы «Жартасты қала Астана» оқу полигонында өткізілген «Қазқұтқару-2015» халықаралық жиын-семинарда департаменттің «Жас құтқарушы» командасы жүлделі 2-орынды жəне Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген ХІІІ Халықаралық жас құтқарушы-өрт сөндірушілер слетінде «Жас құтқарушы» командасы ТМД елдерінің 15 командасының ішінде 4-орынды иеленді.

2013 жылдан бері республикалық маңызы бар апаттық қауіпті жолдардың телімдерінде трассалық-медициналық құтқару бекеттері тəулік бойы кезекшілік жасайды, облыста жедел медициналық көмек көрсету үшін 3 трассалық-медициналық құтқару бекеттері құрылған (Шиелі, Жосалы жəне Əйтеке би кенттерінде). Трассалық-медициналық құтқару бекеттерінің бри-гадасына жедел əрекет ету үшін 50 шақырымнан қызметтік жол телімдері бекітілген. Трассалық-медициналық құтқару бекеттерінің бригадасы шамамен 30 минут ішінде қызмет жасау орнына жетеді. 2015 жылы «Апаттар медици-насы орталығы» мекемесінің филиалы жəне трассалық-медициналық құтқару бекеттері төтенше жағдайларға 148 рет шығып, 233 адамға (оның ішінде 1 бала) медициналық көмек көрсетті жəне 46 адамды ауруханаға жеткізді.

2015 жылы өрт саны 7,4, өрттен зардап шеккен адам саны 17,6 жəне қайтыс болған адам саны 22,2 пайызға кеміген. Есепті мерзімде облыс аумағында түрлі шаруашылық бағыттағы барлығы 853 нысанға бақылау жұмыстары жүргізілді, 72 мың тұрғын үйдің 272 709 тұрғынына өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық таратылып, түсіндірілді. Өрт қауiпсiздiгi қағидасы талаптарын бұзған 402 жеке жəне заңды тұлғаға қатысты əкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Нысандардың жұмысын уақытша тоқтату жəне берілген нұсқама талаптарын орындату мақсатында Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 72 талап-арыз жолданып, 52 талап-арыз қанағаттандырылды, 12 талап-арыз қараусыз қалдырылды, 8 талап-арыз сот-та қаралуда». Сонымен бірге, жұмыс қорытындылары бойынша ведомстволық бағынысты бөлімшелер мен құрылымдық мекемелер басшыларының баянда-малары тыңдалды.

Жиын қорытындысында ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары, генерал-майор Жасұлан Қыдырғожаұлы департаменттің жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта барлық бағыттағы құрылымдық бөлімшелердің жұмысын бұдан əрі дамыту үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Page 4: Сақшы №09 (4175)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№9 (4175), сейсенбі, 2.02.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Жұмыс сапары барысында де-партамент бастығы мысты өң ір сақшыларымен кездесіп, өткен жылғы жұмыс қорытындыларын тыңдап, алдағы атқарар қызметтеріне бірқатар міндет жүктеді.

Сəтбаевтық сақшылармен кездес-кен Мергенбай Баймендіұлы алдымен қалалық ІІБ-нің жеке құрамына жаңа басшылықты – полиция подполковнигі Асхат Дүйсембековті таныстырып өтті. Бұған дейін Ақтоғай аудандық Ішкі істер бөлімін басқарған Асхат Маратұлы ішкі істер органдарында 1997 жыл-дан бастап қызмет атқарып келеді. Қызмет жолын Шет аудандық Ішкі істер бөліміне қарасты Жарық кенттік полиция бөлімінде кəмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеу тобының инспекторы болып бастаған полиция подполковнигі анықтау, тергеу салала-рынан өтіп, Шет, Балқаш қалалық ішкі істер органдары бастықтарының бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 20 жылға жуық құқық қорғау саласында еңбек етіп келе жатқан поли-ция подполковнигі Асхат Маратұлы жеке құрамға таныстыруға келген департа-мент бастығы Мергенбай Жаппаровқа алдағы уақытта жиған тəжірибесін кеншілер қаласының тыныштығын қорғауға қолданатынын жеткізді.

Айта кету керек, қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығын жеке құрамға та-ныстыру, сондай-ақ, өткен жылдың жедел қызметіне қорытынды жасау мақсатында өткен жиынға Сəтбаев қаласының жаңадан тағайындалған əкімі Арман Ыдырысов та қатысты. Оңтайлы сəтті ұтымды пайдаланған полиция генерал-майоры Мергенбай Баймендіұлы қала əкіміне ішкі істер органының материалдық базасын жаңарту сұрақтары бойынша да ұсыныс білдіріп, алдағы уақытта б і р л е с і п жұмыс а т қ ар у ғ а ние т білдірді.

Көктемге дайындық мəселесі көтерілді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ІІМ ТЖ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР ЖАСҰЛАН ЖҰМАШЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ. ЖИНАЛЫСҚА ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ МЕН ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ЖƏНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ƏКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Б.ОРЫНБЕКОВ ҚАТЫСТЫ.

Күн тəртібі бойынша Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жəне оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою саласындағы 2015 жылғы жедел қызмет жұмысының қорытындысы жəне 2016 жылға жоспарлары қаралды. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2015 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша де-партамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Данилов баяндады. Ол 2016 жылы облыс халқын жəне аумағын түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға аса мəн берілетіндігін баса айтты.

Жиналыс барысында Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстарының, өрт қауіпсіздігінің, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың, азаматтық қорғаудың, кадрлық қызметтің жəне 2016 жылдың көктемгі кезеңіне дайындық салалары бойынша баяндамалар тыңдалды.

Салтанатты жиналыс барысында Ішкі істер министрінің орынбасары спорттық көрсеткіштерге үлес қосқаны үшін, спортшыларды дайындағаны үшін жəне өрт сөндіру-құтқару спортын насихаттағаны үшін «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мансур Шайкрамов, Мамандандырылған Тараз колледжінің директоры Кенжебек Майкотов, «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ көлік жүргізушісі Мейірбек Садықовты «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті В.Божконың Алғыс хатымен марапаттады.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

МЫСТЫ ӨҢІРДЕ ӨТКЕН ЖИЫНДАРБақытжан ҚҰДИЯРОВ, Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ МЕРГЕНБАЙ ЖАППАРОВ ТАЯУДА ЖЕЗҚАЗҒАН ӨҢІРІНДЕ БОЛЫП, СƏТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНА БӨЛІМНІҢ ЖАҢА БАСТЫҒЫН ТАНЫСТЫРДЫ.

Осыдан кейін облыстың бас полицейі Сəтбаев қалалық Ішкі істер бөлімі қызметкерлер ін ің өткен жылғы есеб ін тыңдап, алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, сыбай-лас жемқорлық мəселелерін шешу, қылмыстық істерді сапалы тергеу міндеттерін жүктеді. Жиын бары-сында ІІД бастығы былтырғы жылы Сəтбаев қалалық Ішкі істер бөлімінің тергеушілері қылмыстық істерді тергеу кезінде алдыңғы қатардан көрініп, об-лыс бойынша тергеушілер арасында үздік шыққанын да тілге тиек етті.

Сəтбаев қаласынан кейін Мергенбай Жаппаров Жезқазған қалалық Ішкі істер басқармасына атбасын бұрды. Жезқазған өңірінің бұрын өз алдына жеке облыс

болғаны баршаға белгілі. Қалалық Ішкі істер басқармасында өткен жиында по-лиция генерал-майоры жеке құрамға би-ылдан бастап қайта құрылған жергілікті полиция қызметі туралы түсіндіріп өтті. 400-ге жуық тəртіп сақшысы қызмет ІІБ жеке құрамына жаңа міндеттер жүктеп, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруды тапсырған өңірдің бас полицейі: «Қиын-қыстау кезеңде қала тұрғындарының қауіпсіздігін қорғап, қылмысқа бармау үшін алдын алу іс-шараларын жүргізіп, халықты хабардар етіп отырудың мəні зор. Сол себепті полиция қызметкерінің имиджіне нұсқан келтірмей, өз араларыңызда сыбай-лас жемқорлыққа жол бермеулеріңіз қажет», – деп атап өтті.

Департамент бастығымен кезде-суде жалпы өңір сақшыларының былтырғы жылы атқарған жұмыстары оң бағаланды. Ауыр жəне аса ауыр қылмыстардың азайғандығы тілге тиек етілді. Мысты өңірге бір күндік сапармен келген облыстық Ішкі істер департаменті бастығының жұмысы Жезқазған қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторы мен қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайтын жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторларының жұмыс орыны, учаскелік полиция тіректерін аралаумен аяқталды.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТІКЕЛЕЙ БАСТА-МАСЫМЕН ЖАН-ЖАҚТЫ ЗЕРДЕЛЕНІП ҚОЛҒА АЛЫНҒАН 2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ ЕЛІМІЗДІ ӨСУІ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ ДАРА ДАҢҒЫЛЫНА БАСТАП ОТЫР.

Жақында Астана қаласы əуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы Теміржан Рамазанов жеке құраммен жиын өткізіп, Жолдаудағы міндеттерді, жалпыхалықтық реформалардың мəні мен мазмұнын зерделеп, толықтай түсіндіріп өтті. «Астана қаласы əуежайындағы ЖПБ-нің басты міндеті елордаға əлемнің əр түкпірінен келіп-кетіп жатқан жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау. Құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қауіптің алдын алу. Қазіргі таңда бөлімде алпыстан аса қызметкер жұмыс атқарады. Енді 2016 жылы ЭКСПО-2017 қарсаңында тағы 55 қызметкерге орын бөлінді. Еліміздің Көшбасшысы дағдарыс кезінде еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік жағдайын жақсартуда қандай қадам жасау керектігін анық айтып өтті. Жолдауда айтылған ауқымды тапсырмаларды орындауда біздің мүмкіндігіміз мол», – деді Теміржан Бақытұлы. Əлемдік дағдарыстың алдын алу, елде тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамыта отырып, əлеуметтің əлеуетін арттыруды көрегенділікпен бағамдаған Елбасының бағыт-бағдарлары біздің елімізді тағы бір дағдарыстан тайсақтамай, батыл қадам жасауға шешім қабылдауға жігерлендіріп отыр деді ол.

Əуежайдағы ЖПБ бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, поли-ция подполковнигі Дастан Əділханов да айтылған ойды қолдап, «мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда ұқыптылық пен үнемділікке назар аударып, халықтың бірлігін нығайту баршамыздың міндетіміз» екендігін атап өтті: «Бұл бағдарламалық мақаланы ел Президентінің «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары мен былтырғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының жалғасы деп қабылдауымыз керек. Бұл ретте баршамыз ерінбей еңбек етіп, біз ғана емес, күллі төрткіл дүниенің басына түскен қиыншылықтардан мойымай өтуге тиіспіз», – деді ол.

Астана қаласы əуежайындағы ЖПБ

ЭКСПО-2017: жаңа жұмыс орындары

Солтүстік Қазақстан облысы жолда-рында орын алатын апаттар көрсеткіші 13,3 пайызға төмендеді. Жол қозғалысы ережелерін 2321 өрескел бұзу фактісі тіркелді. Көлікті масаң күйде жүргізген – 125, бегіленген жылдамдықты асырған

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА ОБЛЫС ƏКІМІ НҰРЛАН НОҒАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА СƏЙКЕС БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ƏКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТІРКЕУ-ЕМТИХАН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БӨЛІМШЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛМАҚ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі Батыс Қазақстан облысы филиалында өткен баспасөз мəслихатында басқарма бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жанболат Жаншин мəлім етті. Жанболат Жасқайратұлының айтуынша, бұл жоба көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куəліктерін беру жəне əкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс рəсімдерін атқаруға бай-ланысты тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартады. Ең бастысы, электронды жүйе кезекке өзі қойып, реттік нөмір береді. Бүгінде тіркеу-емтихан алу жұмыстары бөлімшесінің ғимаратында осы жобаға сəйкес орын кеңейтілуде. Қосымша іс жүргізушілер ретінде азаматтық қызметкерлер алынып, барлық жұмыс электронды түрде атқарылатын болады.

Жергілікті халық үшін аса қажетті жобаны жүзеге асыру үшін тиісті қаражат бөлініп, оны биыл барынша тезірек іске қосу көзделуде. Тіркеу-емтихан алу жұмыстары бөлімшесінде бұрын қызмет көрсететін үш терезе болса, бұл қазір бесеуге жеткізілді. Бүгінгі таңда кезек азайды. Өңірде мұндай қызмет Оралдан басқа Ақсай қаласы мен Қазталов ауданында көрсетіледі.

Дегенмен, аудандардан облыс орталығына келуді ыңғай көретіндер аз емес. Жалпы, мұндай электронды кезек жүйесі еліміздің Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары-нан басқа барлық өңірінде бар. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Марат Бассаровтың мəлім еткеніндей, бұл жобаға аталмыш мекеме кеңес беруші ретінде қатысуда. Электронды кезек жүйесі орнатылатын орын ретінде бірнеше нұсқа қаралғанымен, соның ішінде тіркеу-емтихан алу жұмыстары бөлімшесінің ғимараты таңдалып алынды. Мұнда бұрынғыдай терезелер жойылып, келушілерге дəл халыққа қызмет көрсету орталығындағыдай қызмет көрсетіледі.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ҚЫЗМЕТ

КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТЫҢ КӨРСЕТКІШІЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ САҚТАУ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАУ, САҚТАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖҰМЫСТЫҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙ-ЫНША КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП, НƏТИЖЕСІНДЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ 5162, ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ БҰЗУДЫҢ 1158 ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ.

– 447, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 692 жүргізуші ұсталды.

Профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру арқылы олардың өмір сүру жағдайына мəн берілуде. Қаңтардың 1-нен бастап ІІО есепке 222 тұлға қойылды. Оның 23-і шартты-мерзімінен бұрын босап шыққандар болса, 11-і формальді түрде əкімшілік қ а д а ғ а л а у ғ а а л ы н ғ а н д а р , 2 1 - і бұрын істі болғандар жəне 20-сы аз қамтылған отбасы. Тұрмыстық-отбасылық заң бұзушылықтарға бақылау күшейтілді. Отбасында жан-жал шығарушыларға қорғау жөнінде 75 ескерту жазылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, тұрғындар арасында кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту бой-ынша мақсатты жұмыстар жүргізу жалғасуда. «Тек қаңтар айының жи-ырма бес күні ішінде алкогольге қарсы

заңнаманы бұзғаны үшін – 492, ұсақ бұзақылық үшін – 51, мысықтар мен иттерді бағып-қағу ережелерін бұзғаны үшін – 183 əкімшілік хаттама толты-рылды. Тұрғындардың мазасын алып, тыныштықты бұзған – 89, қоғамдық орындарда темекі шеккен – 157, тыйым салынған орындарда темекі бұйымдарын сатқан 21 адам жауапкершілікке тар-тылды. 3 313 адамға жалпы сомасы 22 млн. теңгеден астам айыппұл салынып, 10 млн. теңгеге жуығы өндіріліп алын-ды.

«Құқық бұзушылықтарды анықтаудың мақсаты – азаматтарға айыппұл са-лып жазалау емес, жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізу. Олардың құрамына ауа райының қолайсыз кездерінде жол үстінде қалған жүргізушілерге, ауыл тұрғындарына көмек көрсету, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды үсіп қалудан аман алып қалу секілді жұмыстар кіреді», – дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Электронды кезек енгізілмек

Page 5: Сақшы №09 (4175)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№9 (4175), сейсенбі, 2.02.2016 е-mail:[email protected]

ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН

АЗАМАТТЫҚ ҮНЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

Кəсіби маман дайындаудың басты қағидаты

– Е р ж а н Б а л т а б а й ұ л ы , 2 0 1 5 ж ы л д ы қ а л а й қ о р ы т ы н д ы л а д ы ң ы з д а р . Осыған орай жылдың басты көрсеткіштеріне тоқталсаңыз.

Соның бірі – жуырда Ішкі істер министрлігінің Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығында өткен жиын. Онда орталықтың 2015 жылғы жұмысы қорытындыланып , алда т ұр ған міндеттері сараланды. Сондай-ақ, жиында Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты аху-алда: өсім, реформалар, даму» атты ел халқына Жолдауындағы талаптары ая-сында алға қойылған маңызды міндеттер талқыланды. Жиынға Оқу орталығының басшысы, полиция полковнигі Бекайдар Тойлыбаев төрағалық етті. Сонымен қатар, жиын барысында Мемлекет басшының «Бес институттық реформа-сы бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында берілген тапсырмала-рын іске асыру шеңберінде құрылған жергілікті полиция қызметіне үлкен мəн берілді. Ұжым басшысы жаңа қызметтің құқық қорғау органдарын халыққа жақын ете түсетінін, ішкі істер органда-рына деген халықтың сенімін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Мəлім болғандай, биыл 1 қаңтардан бастап «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталып кетті. Бізге тарихымызда бұрын-соңды болмаған ауқымда ұлттық заңнамамызға сай құқықтық шараларды жүзеге асыру міндеті бұйырды. Ал Ұлт Жоспарының 30-қадамында көрсетілгендей, бұл жерде жергілікті полиция қызметіне де үлкен жауапкершілік жүктелді. Осыған орай, жергілікті полиция қызметіне жүктелген негізгі міндеттер – құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тəртіпт і қорғау, əк імшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндіріс, хаттама түріндегі қылмыстық əрекет бойынша сотқа дейінгі тергеу, ішкі істер органдарының арнайы қабылдағыштары мен қабылдап-тарату орындарында құқық бұзушыларды ұстау. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметіне жедел жағдай жөнінде келіп түскен ақпараттарды сараптау мен жинақтау, қылмыстар, қоғамдық тəртіпті бұзу, дүлей апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар жөніндегі хабарламаларға кідіріссіз əрекет ету, кезекші тəуліктерде қылмыстарды ізін суытпай ашуда шұғыл шараларды жүргізу жүктеледі.

Жиында сөз алған заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Т.Қаратаев қоғамдағы нөлдік төзімділік қағидаты туралы айта келе, Елбасының «Қазақстан – 2050 Стратегиясы:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ə:НАЗАРБАЕВТЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ МАКСАТЫНДА АСТАНА СТАНСАСЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БАСҚАРМАСЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТЫ АСА ҚҰРМЕТПЕН ТАЛҚЫЛАДЫ.

Елбасымыздың кезекті Жолдауының негізгі міндеттерін талқылап, əр қызметкер өз пікірін білдірді. Бұл Жолдау əлемдік экономикалық дағдарыс кезінде Қазақстанның тығырықтан шығудың тиімді жолдарын жəне дамуын айқын көрсетеді.

Осы Жолдауды жүзеге асыру мақсатында Астана стансасындағы ІІЖБ сақшылары теміржол нысандарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға сақадай сай тұр. Осы ретте басқарманың əрбір қызметкері өзінің лауазымдық міндетіне зор жауапкершілікпен қарап, қызмет сапасының жоғары болуына міндетті. Басқарманың əр сақшысы Жолдаудың басты құжат екенін сөзсіз біледі. Сондықтан да биылғы Жолдау Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыруға арналып отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында құқық қорғау органдарының қызметінде орын алып жатқан мəселелерге ерекше мəн беріп, полиция қызметкерлерінің кəсіби беделін нығайту жəне арттыру бойынша жүйелі шаралар қолдану талабын қойды.

Осы мақаладағы құқықтық тəртіп пен заңдылықты нығайту мəселелеріне арналған бөлімді Елбасымыз мұқият талдап, нақты ұсыныстар жасады. Айталық, бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадамды» жүзеге асыру шеңберінде жергілікті полиция қызметі құрылды. Жергілікті полиция қызметін құру арқылы құқық бұзушылық пен заң бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев əлемдік сын-қатерлерге төтеп беріп, мемле-кет тұрақтылығын сақтауда полицияның халық алдындағы жауапкершілігі мен беделін көтеру керек екендігін атап өтті. Əсіресе, халықтың арыз-шағымына ден қойып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қадағалау сақшылардың басты міндеті екенін нақтылап айтты. Сондықтан қолданып отырған шаралардың барлығы по-лиция қызметінің қоғам алдында ашықтығын көрсете алады, себебі, қоғам мен мемлекет алдында полицияның жауапкершілігі жылдан жылға арту-да. Осындай жұмыс ауқымының өсуіне қарамастан Астана стансасы ІІЖБ қызметкерлері заңдылықты сақтай отырып, өз міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асырып жатыр. Алдағы уақытта да азаматтардың заңмен белгіленген құқықтарын қорғау – ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі басым бағыттарының бірі болып қалады.

Ержан САПАРОВ,Астана стансасындағы ІІЖБ бастығы, полиция подполковнигі

БҮГІНГІ ТАҢДА ЕЛІМІЗДІҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖАҢА ТАЛАП-ТАР НЕГІЗІНДЕ ЖАҢА БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ. ЕЛБАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АЛДЫ-НА ҚОЙЫП ОТЫРҒАН СЫНДАРЛЫ МІНДЕТТЕРІНЕ САЙ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НƏТИЖЕСІ ДЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЕКЕНДІГІ КӨРІНІП ОТЫР.

қалыптасқан мемлекеттің – жаңа саяси бағыты» Жолдауынан дəйектер келтірді. Осыдан 3 жыл бұрын жарияланған Жолдауында Мемлекет басшысы құқық бұзушылыққа, бұзақылыққа, мəдениетс і зд і кке төзбеушіл ікке шақырды. Өйткені, ол қоғамдағы тыныштықты бұзады жəне азаматтардың өмір сүру сапасын төмендететіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, Ұлт Жоспарының қадамдарында атап көрсетілген бағыттар бойынша да еліміздегі құқық қорғау саласының қызметінде істің ілгерілеуі көрініс беріп келеді. Айталық, Президенттің Жергілікті полиция қызметін құру туралы заңға қол қоюы, қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жəне мұндай шараға азаматтардың белсенді қатысуына мүмкіндіктер берді. Сонымен қатар, соңғы кездері құқық қорғау органдарының жұмысы елімізде жалпы қылмыстың өсуін тежей оты-рып, кішігірім құқық бұзушылықтардың алдын алуына жəне оларды жедел анықтауға бағытталғанын да бағамдауға болады. Бұл бастама сөз етіле бастаған күннен-ақ, біздің орталық ұстаздарының дəрістерінде кеңінен көрініс тауып келеді, – деді ол.

Бүгінгі күні оқу орталығында 500-ге жуық тыңдаушы б іл ім алуда. Оларды кəсіби маман ретінде дай-ындау мақсатында оқытушы құрам жүйелі жоспар, терең ойластырылған іс-шараларды қолға алуда. «Дұрыс əрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады» – деп айтқан екен ұлы ойшыл, философ Əбу Насыр əл-Фараби. Полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптарды ескере оты-рып оқыту бағдарламаларында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша халықаралық стандарттар, ІІО қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, көпшілік алдында сөз сөйлеулер мен шешендік өнер дағдыларын оқыту, сы-

байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ал-дын алу жəне ескерту, халықпен тиімді қарым-қатынас, психологиялық даярлау мəселелерін зерделеу көзделген.

Бұл орайда , Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласындағы екінші реформаға құқық тəртібі жəне заңдылық мəселелері еніп отыр. Онда? «Біз барлық құқық қорғау органдарының, соның ішінде, бəрінен бұрын полиция қызметкерлерінің азаматтардың мүддесі мен құқықтық тəртібін нығайту қызметінде нық тұруына қол жеткізуіміз қажет. Бұл үшін жергілікті билік органдары мен жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылады. Жергілікті полиция қызметінің қарауына қоғамдық тəртіп күзеті, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұсақ құқық бұзушылықтарға атымен төзбеушілік мəселелері беріліп отыр», – делінген. Оқу орталығының жеке құрамы бұл міндеттерді орындауға бір кісідей жұмыла кірісіп кетті. ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының басшылығы мен жеке құрамы Ұлт Жоспарын іске асыру бойынша бұдан əрі де бар амал-дарды қолға алып, жалпы халықтың полицияға сенімін арттырып, жұмысты жандандыра түсеріне сенім мол.

Ендеше, «Барды бағалап, дамыта білейік» деген аталы сөзді əрдайым санамызда сақтасақ деймін. Барды бағалай білейік те, қазақстандық қоғамның беріктігі мен тыныштығын, ел імізд ің б ірл іг і мен ынтымағын көзіміздің қарашығындай сақтайық. Біз сол тыныштықты қорғауға да, сақтауға да əрдайым əзірміз. Ел тыныштығы – əр шаңырақтың тыныштығы. Бұл – барша-мызды толғандыратын жай.

Марат АЛТЫБАЕВ,ІІМ Б.Момышұлы атындағы

Оқу орталығы

ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНДА АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

ҚЫЛМЫСТАРДЫ АШЫП, ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ ҚҰРЫҚТАУДА ЖЕДЕЛ ƏРЕКЕТ ЕТЕТІН ІЗДЕСТІРУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ, ЖЕДЕЛ УƏКІЛДЕРДІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ҚИЫН ДА КҮРДЕЛІ. БҰЛ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ, БІЛІКТІЛІКТІ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚТЫ, ҚАЙСАРЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ. ОСЫНДАЙ МАҢЫЗДЫ САЛАНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ ТУРАЛЫ ҚАРАҒАНДЫ-СҰРЫПТАУ СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ ЕРЖАН ТЕМІРБЕКОВПЕН АРНАЙЫ СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

– Жаңа заңнаманың енгізілуіне, сондай-ақ, ҚР Əкімшілік кодекстің бірнеше бабы Қылмыстық кодекске көшкеніне байланысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың

ж а л п ы с а н ы ө т к е н ж ы л м е н салыстырғанда 11,88 пайызға ұлғайды. Тарқатып айтар болсақ, өткен жылы 125 қылмыс пен 54 қылмыстық əрекет тіркелген. Қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші 90,9 пайызды құрады. Ал, 2014 жылы бұл көрсеткіш 93,3 пайыз болатын. Қылмысты ашу деңгейінің төмендеуі ашылу көрсеткішіндегі формуланың өзгеруіне байланысты болып отыр. Қазіргі уақытта негізгі күш ауыр жəне аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ, өзгенің мүлкін ұрлау сын-ды заңсыздықтардың алдын алуға жұмсалуда. Ауыр қылмыстардың тіркелу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеді, ал, ашылу көрсеткіші 90 пайызды құрады, 2014 жылы бұл көрсеткіш 86,7 пайыз болған еді. Өндірісте барлығы 9 қылмыстық іс аяқталды, ал 2014 жылы дəл осындай кезеңде 13 іс аяқталған болатын.

– Қылмыстың алдын алу, жо-лын кесу, анықтау жəне ашу мақсатында қандай іс-шаралар жүргізілуде?

– ҚР ІІМ Алқасының шешімдерін орындау бойынша ұдайы жүргізілетін жедел алдын алу іс-шараларының негізінде аса ауыр емес қылмыстардың ашылу көрсетк іш і 33 ,3 пайызға ұлғайды, өндірісте 10 іс аяқталды. Ашылу көрсеткіші 90,9% құрады. Үнемі жүргізілетін алдын алу іс-шараларының негізінде ауырлығы орташа деңгейдегі қылмыстар саны төмендеді. 2014 жылы

135 қылмыстық іс тіркелсе, биыл 99 қылмыстық іс тіркеліп, 26,67 пайызға азайып отыр. Ашылу көрсеткіші – 72,3 пайыз. Сонымен қатар, жүргізілетін осындай алдын алу іс-шараларының негізінде ұялы телефон ұрлау фактісі біршама тұрақталды. Жүргізілген сараптамаларға жүгінсек, ұялы телефон ұрлығының белең алуына азаматтардың өз мүліктеріне жауапсыз, немқұрайлы қарауы себеп болып отыр. Барлық вок-залдар мен жолаушылар пойыздарында алдын алу іс-шаралары жүргізіледі, жолаушылардың жеке мүліктеріне абай болуы үнемі ескертіліп, үндеухаттар таратылады. Алайда, жеке мүлкін қараусыз қалдырып, немқұрайлылық танытатын азаматтар əлі де азаймай отыр.

– Өткен жылы ашылған қай қылмыстарға ерекше тоқталар едіңіз?

– 2015 жылы жылжымалы құрамнан өзгенің мүлкін ұрлау фактісі бойынша, яғни, рельстерді майлауға арналған бөлшектерді ұрлау қылмысы тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеден асып жығылады. Алғашында шешуі жоқ жұмбақтай боп көрінген шым-шытырық 15 томдық қылмыстың беті білікті жігіттердің арқасында көп ұзамай-ақ ашылды. Күдіктілер тобы анықталып, қылмыскерлердің қитұрқы істері əшкереленді. Кейіннен мате-риалдар толықтырып, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Осы қылмыстың қыр-сырын ашып, нағыз кəсібиліктерін т а н ы т қ а н ж е д е л у ə к і л д е р д і ң біліктіліктерін айрықша атап өткім к елед і . Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уəкілі, полиция майоры С.Сəрсенбаев, жедел уəкілдер Б.Оспанов, Б.Қалиев, Е.Мəліков жəне тергеу бөлімінің тергеушісі, поли-ция аға лейтенанты С.Маселов, кри-миналист, полиция аға лейтенанты Т.Синеевтің еңбегін ерекше атағым келеді.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 12 айында бұрын жасалған 72 қылмыс ашылды. Оның ішінде 12 қылмыс өткен

жылдар санатындағы қылмыстар болып отыр, ал кезекші тəулікте 73 қылмыс ашылды.

– Нашақорлық – бүгінгі таңда адамзатты алаңдатып отырған əлемдік мəселе. Есірткі бизнесіне қарсы күрес мəселесі бойынша не айтар едіңіз?

– Есірткінің заңсыз айналымына бай-ланысты қылмыстарды анықтау бой-ынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта 20 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 5-еуі қылмыс жəне 15-і қылмыстық əрекет, 2014 жылы 7 қылмыстық əрекет тіркелген, оның ішінде, есірткі затта-рын өткізу бойынша 3 факті анықталды. Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша 1 ерекше ауыр қылмыс тіркелді (2014 жылы - 1). Өндірістегі 20 іс аяқталды (5 – қылмыстық іс, 15 – қылмыстық əрекет). Ашылу көрсеткіші 100 пайыз-ды құрап отыр. Ірі көлемдегі есірткіні тəркілеуге бағытталған мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларын жолау-шылар пойыздарында жүргізу, сондай-ақ, ІІЖБ қызмет көрсету аумағында есірткі заттарын өткізу деректерін анықтауды негізгі басым бағытымыз деп есептейміз.

– Ал, жедел уəкілге қойылатын басты талап қандай? Сіздіңше же-дел уəкіл қандай болуы тиіс?

– Жедел қызметкерлердің қауіп-қатерге толы, бір қарағанда қарапайым халыққа көрінбейтін жұмысы бір секундқа да тынбайды. Алайда, олар осындай мамандықты өздері таңдады. Сондықтан, жедел уəкіл біріншіден, кəсіби маман ғана емес, өз ісіне жауапты, сауатты тұлға болуы тиіс. «Жауынгерлік тəрбие əскери киімде емес, жөргекте жатыр», – деп Бауыржан Момышұлы тегін айтпаса керекті. Кез келген же-дел уəкіл жауапкершілік, төзімділік, шыдамдылық сынды қасиеттерді бойға сіңіруі қажет.

Сұхбатыңызға рахмет. Сұхбаттасқан Ж.ТҰРСЫНОВА,

Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ

ДАҒДАРЫСТА ДАМУҒА ЖОЛ САЛҒАН ҚҰЖАТ

Page 6: Сақшы №09 (4175)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№9 (4175), сейсенбі, 2.02.2016 е-mail:[email protected]

АРДАГЕР

ТҰЛҒА

Ішкі істер органдарының зейнеткері, Атбасар аудандық ІІБ-нің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Родионов – саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған аға буын өкілі. Салтанатты басқосуда мерейтой иесін Ақмола облыстық ІІД-нің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Нұрғалиев, аудандық соғыс жəне еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы И.Комиссаров, аудандық «Нұр Отан» филиалы партиясының төрағасы К.Тажбенов жəне аудан зейнеткерлері мен ардагерлері құттықтап, жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, қуаныш иесіне мықты денсаулық, отбасына амандық тіледі.

Жиналысты ашқан Атбасар аудандық ІІБ-нің бастығы, полиция полковнигі Ш.Тубеков Владимир Павловичтің өмір жолына қысқаша тоқталып өтіп, оның Ардагерлер кеңесінің төрағасы лауазымында атқарып жатқан айтулы бастама-ларына алғысын білдірді. Ал, аудандық соғыс жəне еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы И.Комиссаров мерейтой иесіне Атбасар ауданының əкімі А.Никишовтың атынан құттықтау хатын табыстап, замандасына ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде

Бөкей ордасы ауданы Қаракөл-Шоңай маңында өмір есігін ашқан генерал Ұлы Отан соғысынан кейін Мəскеуде тұрғанымен, туған жерімен байланы-сын үзбеген. Келген кездерінде өзі еске алатындай, Адай руының кеңшалбар (Мəмбетқұл) бөлімінен тарайтын Қолөткенов Жексенбайдан үш ұл, екі қыз өрбіген. Ұлдары Айталы, Орынбай, Шанабас. Шəкір мен Сəтбай Айталыдан туған. Шəкірді қарт анасы Айғаным ба-уырына басқандықтан, ол Жексенбаев, Жексенбайұлы болып жазылған.

Нулы да сулы Шоңай көлін қазан төңкерісіне дейін хан тұқымдары Махамбет, Науша, Нəреш, Сұлтан, Ибраш, Сəлім (шын аты Сəлімгерей) Бөкейхановтар жайлаған. Осы маңдағы ең биік те сəнді ғимарат Махамбеттің қарағай үйі болған (Махамбет пен Науша Бөкейхановтардың атақты күйші екені де мəлім). Жалпы, Шоңай көлінде жиырмадан астам рудың екі жүздей шаңырағы түтін түтеткен. Шоңай көлінің шығыс бетіндегі 6-7 шақырым қашықтықта Тастөбе аталған жерде Жексенбайдың жазғы орыны болған. Табиғаты ерекше, айнала көк шалғын. Жазда киіз үйлер тігілген. Соның бірінде 1901 жылы Шəкір шыр етіп жерге түскен. Алдымен Шоңай көліндегі бастауыш мектепке жаяу барып оқыған шəкірт Шəкір 1912-1917 жылдары Ордада білім алады. Тіпті, осындағы педагогикалық училищенің 1 курсын тəмамдап үлгереді. Ағаларына ілесіп, Басқұншақ тұз өндірісінде жұмыс жасаған Шəкір 1919 жылы 20 мау-сымда дəл осы Шоңайдың көк шалғын жерінен атқа отырып, Ордаға біржола аттанады. Анасы Жəмила көз жасын көл қылып, қимай шығарып салады. Бұл Хан ордасында жаңа өкімет орнап, қазақтың тұңғыш атты əскер полкі ұйымдастырылып жатқан кез-тін. Шəкір Жексенбаевтың əскери өмірі осылайша басталған еді.

Генералдың өз қолымен жазған өмірбаянына қарағанда, аталмыш полктің курсанты болып қабылданған жас жігіт кейін атты əскер эскадро-ны құрамында Орынборға ауысады. Борисоглебск атты əскер курсында оқып, 1920 жылы 30 маусымда ко-

ШОҢАЙДАН ШЫҚҚАН ГЕНЕРАЛБИЫЛ 28 АҚПАНДА ƏСКЕРИ ҚАЙРАТКЕР, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР ШƏКІР ЖЕКСЕНБАЕВТЫҢ (1901-1988) ТУҒАНЫНА 115 ЖЫЛ ТОЛМАҚ.

МЕРЕЙТОЙ

ҚҰРМЕТ

Атбасардың абыройлы азаматыЖАҚЫНДА АТБАСАР АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНДЕ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ВЛАДИМИР РОДИОНОВТЫҢ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. ЖИЫНҒА ЖИНАЛҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ІІБ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНАН БӨЛЕК, ВЛАДИМИР ПАВЛОВИЧТІҢ ҮЗЕҢГІЛЕСТЕРІ, ƏРІПТЕС ДОСТАРЫ МЕН КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ДЕ БОЛДЫ.

мандир атағын алып, І дербес қазақ атты əскер дивизионына оралады. Əуелі взвод командирі, кейін эска-дрон командирінің көмекшісі болған Шəкір Жексенбаев арнайы жолда-мамен Бас штаб академиясында төрт жыл оқып, 1924 жылы жоғары əскери білім алып шығады. Қызмет баспалдағымен өрлеген қазақ жігіті рота командирлігінен Қазақ АССР Орталық атқару комитеті атындағы Біріккен əскери мектептің оқу бөлімінің бастығы, Қазақстан əскери комиссари-аты саптық бөлімінің бастығы, Белорус əскери округі 37-атқыштар дивизиясы 110-атқыштар полкінің штаб бастығына дейін көтеріледі. Ал 1930-1931 жыл-дары Жоғары химиялық академиялық курсында оқып шыққаннан кейін əскери өмірінің жаңа кезеңі басталады. Яғни химиялық қызметке ауысқан ол 1932 жылдан бастап осы қиын саланың ауыр жүгін қайыспай көтерді. Былайғы жұрт қыр-сырына қанық болмаса да, əскерде химиялық қорғаныстың маңызы зор еді. Ұлы Отан соғысына дейін-ақ біраз лауазымды қызметтің басын қайырып үлгерген Шəкір Жексенбаев бірнеше майданның химиялық қорғау саласын басқарысуға тікелей қатысып, ерекше көзге түсед і . Химиялық қарудың аса қауіпті, əрі зардабы зор екендігін түсінген əскери басшылар Бас қолбасшы И.В.Сталиннің 1941 жылғы 13 тамыздағы №0285 бұйрығы негізінде арнайы əскерлерді қайта құра бастады. Ұйымдастырушылық жұмыстардың басы-қасында жүрген полковник Ш.Жексенбаев 1941 жылғы 28 қазанда Брянск майданы химиялық қорғаныс бөлімінің бастығы болып тағайындалып, осы қызметті 1943 жылғы қазанға дейін абыроймен атқарды. Соның дəлеліндей қолбасшы тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін сол жылғы 11 наурызда Қызыл

ту, 23 қыркүйекте бірінші дəрежелі Отан соғысы ордендерімен мара-патталып, 16 қазанда техникалық əскерлердің генерал-майоры атағы беріледі. Ш.Жексенбаев осындай жоғары атақтарды иеленген тұңғыш қазақ еді.

Айта кетейік, Қызыл ту – КСРО-да жоғары бағаланған алғашқы ордендердің бірі . Отан қорғауда ерекше батырлығы мен қайсарлық көрсеткені үшін берілетін осынау ор-денмен Шəкір Жексенбаев бір емес, төрт мəрте марапатталған. Соның алғашқысын алған кезде Брянск май-данын генерал-лейтенант Мартиниш (Макс) Рейтер басқарған. Ал штаб бастығы, генерал-лейтенант Леонид Сандалов Ш.Жексенбаевқа: «...ерекше жігерлі жəне ынталы. Əскери тап-сырмаларды орындауда майданның бүкіл химиялық əскерлері жақсы дайындықтан өткізілген. Жаудың

химиялық шабуылына қарсы дайындық бойынша əскер арасында үлкен жұмыс жүргізілген. Бұл жұмыс əлі де жалғасуда. Майданның əскери жəне арнайы химиялық бөлімшелері жауынгерлерінің химиялық білімдерін шыңдауға сауатты да батыл басшылық жасайды. Өз мамандығына адал, толық берілген білімді əскери қолбасшы. Неміс фашистеріне қарсы шайқастарға жеке өзі де тікелей қатысқан. Мемлекеттің Қызыл ту ордені марапатына лайық» деген мінездеме бере отырып, марапат-тау қағазына қол қойған.

Ұлы Отан соғысы кезінде химиялық əскерлер аз көз ге түскен жоқ . Химиялық əскер бөлімшелері талай құрметті атаққа қол жеткізсе, 28 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанып, мыңнан астамы орден-ме-дальдармен марапатталды. Бір ғана мысал, солардың бел ортасында жүрген Шəкір Жексенбаев дайындап, басшылық еткен фугасты отшашқыш роталар 1942 жылдың ақпанында 13-армия құрамында ерлік көрсетті. Сол жылдың жазында аталған рота-лар 13-інші жəне 38-армия құрамында жаудың 9 танкісі мен мыңға жуық солдат-офицерлерін жойған. Сондай-ақ, Воронеж-Касторное операциясы (1943 жылғы 24 қаңтар – 2 ақпан) кезінде əскери химик Ш.Жексенбаев шабуыл барысында химиялық реакция нəтижесінде жаудан тасалану үшін қою түтінді 8 шақырым қашықтықта қолданып, кеңес əскерлері жаудың 12 дивизиядан тұратын 2-нем іс армиясының қорғанысын шығынсыз бұзған. Бұл операцияға екі жақтан 125 мың адам, 2100-ден астам зеңбірек-минометтер, 65 танк қатынасқан. 17 мың дұшпан қаза болып, 82 мыңы тұтқынға түскен.

Курск, Орел, Брянск қалалары азат етілгеннен кейін 2-Прибалтика майданы құрылып, оның да химиялық қорғаныс

бөлімін Ш.Жексенбаев басқарады. Кеңес Одағы қалалары мен селоларын, соның ішінде, Рига қаласын жаудан босатқан əскерлер кейін Ленинград майданына қосылады. Ақыры 1945 жылғы 8 мамырда неміс фашистерінің «Курляндия» тобы да тізе бүгеді. 1944 жылғы қарашада тағы да Қызыл ту, 1945 жылғы 23 ақпанда Ленин орденімен марапатталған қазақ генералының мəртебесі биіктеп тұрған кез еді ол. Қанқұйлы соғыс біткен соң əскерлерді таратып, қайта бөлу, қару-жарақ пен техниканы қабылдаумен айналысқан Ш.Жексенбаевтың өңіріне 1945 жылғы 6 маусымда Лениград майданының қолбасшысы, маршал Л.А.Говоров тағы бір Қызыл ту орденін тағады.

Соғыстан кейін химиялық қорғаныс саласындағы қызметін жалғастырған Шəкір Жексенбаев білімін жетілдіре түсіп, 1949 жылдан В.В.Куйбышев атындағы əскери академияда дəріс береді. 1950 жылғы мамырда төртінші Қызыл ту орденімен марапатталған генерал-майор əскери кадрларды даярлауға да айрықша еңбек сіңірді.

Генералдың ұлы, марқұм Олег меди-цина ғылымдарының докторы атанып, отбасымен дəрігерлік салада қызмет етсе, немересі Марина қазіргі таңда Мəскеу қаласында тұрады. Ал інісі, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жыл Бөкей ордасы ауданында ұстаздық еткен Сəтбай Айталиевтен тараған ұрпақтар, шүкір, баршылық. Осы аудандағы Ұялы ауылындағы мектеп Ш.Жексенбаевтың есімімен аталса, Орал қаласындағы бір көшеге генералдың аты берілген. Биыл қазақ тарихында ерекше орыны бар бірегей тұлғаның туғанына 115 жыл то-лып отыр. Ендеше, халықтың қаһарман ұлына қандай құрмет те артық емес.

Айболат ҚҰРЫМБАЕВ,тарих магистрі,

Ғайсағали САМИҒОЛЛАҰЛЫ,Орал қаласы

Қызметтік міндеті мен мамандығына берік жанның бағындырған белесі жақындарына тарту ете б іл ген жылылығымен ғана емес, əріптестері мен замандастарына таныта білген адамгершілігімен де биік.

1983-1986 жылдар аралығында ІІМ Алматы əскери-техникалық училищесінің курсанты, 1996 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген Талғат Нұрғалиұлы төтенше жағдайлар саласын жас кезінен таңдаған еді.

Азамат қорғау полковнигі Талғат Сабиров өртке қарсы қызмет орган-дарында 1983 жылғы қыркүйек айы-нан бастап қызмет атқарып келеді. Ал, 2005 жылғы ақпан айынан бастап «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жамбыл облыстық филиалы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2013 жылғы наурыз айында

Білікті маманның биігіТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫНДА 32 ЖЫЛДАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫН-БАСАРЫ, АЗАМАТ КОРҒАУ ПОЛКОВНИГІ ТАЛҒАТ САБИРОВ ТАЯУДА ЕР ЖАСЫ – 50-ГЕ КЕЛГЕН ҚУАНЫШЫН АТАП ӨТКЕН ЕДІ.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы болып тағайындалды. 2015 жылғы ақпан айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Отыз жылдан астам б ір сала-да абыройлы қызмет атқарып келе жатқан маманның еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Еңбегі бағаланды, лауа-зымы көтерілді. Талғат Нұрғалиұлы төтенше жағдайларды жою жəне ал-дын алудағы мемлекеттік жүйесін дамтуға жəне нығайтуға қосқан айтарлықтай үлес і , с ондай -ақ , қызметтік міндеттерін үздік орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда жəне жою-да үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

органдарының ардагері», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» жəне «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, ІІІ дəрежелі медальдарымен, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» жəне «Ар-намыс абы-ройы» төсбелгілерімен марапатталған.

Талғат Сабиров қызмет атқарған жылдары облыс аумағында орын алған ірі өрттерді сөндіруде бірнеше рет жетекшілік етіп, оның дұрыс шешім қабылдай алу жəне аянбай қызмет атқаруының арқасында өрттер қысқа мерзімде жойылды. Ол өзін гарни-зон бөлімшелерінің шұғыл қызметтік жұмыстарын ұйымдастыру мəселесін тиісті деңгейде шеше алатын білікті маман ретінде таныта білді. Қызметтік міндеттерін ұқыпты орындап, жұмыста шыншылдықты бетке ұстаған аға буын өкілі кəсібилігімен ғана емес, ағалық ақыл-кеңесімен де жас мамандарға жақсы тəлімгер бола алады. Бүгінде жұбайымен бірге екі ұл тəрбиелеп отырған үлгілі отағасы 50 деген бір белесін осындай абырой-марапатпен қарсы алып отыр.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Нұрғалиев мерейтой иесінің омырауына «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрметті ардагері» белгісін тағып, В.Родионовтың заң жəне тəртіп істеріне қосқан үлесі туралы, ардагерлер бірлестігіндегі құқық қорғау саласындағы жұмысы туралы айтып өтті. Аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары К.Тажбенов те жылы лебізін айтып, ардагерге аудан өміріне қосқан қоғамдық үлестері үшін алғысын жеткізді. Аудандық ІІБ-ның ардагерлер мен зейнеткерлер атынан құттықтауын білдірген подполковник Р.Рахимов Владимир Павловичтің адамгершілік қасиетін атап өтті.

Салтанатты кеште Атбасар аудандық ІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Ш.Тубеков мерейтой иесіне бағалы сыйлық тапсырып, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеп: «Өскелең ұрпаққа патриоттық тəрбие беріп, жас мамандарды ішкі істер саласының қыр-сырына баулуда сіздердің алар орындарыңыз қашанда бөлек. Сондықтан да алдағы уақытта да кеңестегі ақылшы ағалармен қоғам қауіпсіздігін қорғауда тығыз ынтымақтастықты жалғастыра береміз деген сенімдемін», – деп атап өтті. Кеш соңында сөз алған Владимир Павлович əріптестеріне ықылас-құрметтері үшін ризашылығын білдірді.

Владимир Родионов – ауданға танымал азаматтардың бірі. Ішкі істер бөлімінде ұзақ уақыт қызмет еткен ол 1994-1998 жылдар аралығында Атбасар аудандық Ішкі істер бөлімін басқарған. Ал, 2008 жылдан бастап Ардагерлер кеңесіне төрағалық етіп келеді.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Департамент қызметкерлері алды-мен ардагер, милиция майоры Тукпат Бакишевтің қара шаңырағында бо-лып, қарт жауынгермен жүздесті. 1925 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Сібе ауылында дүниеге келген қария сұрапыл соғыс

«ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА» КІТАБЫН ТАРТУ ЕТТІАСТАНЫ ҚАЛАСЫ ТЖД-НІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ А.БЕКЕШЕВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАЯУДА ҒАНА ЖАРЫҚҚА ШЫҚҚАН «ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА» КІТАБЫН ТАБЫС ЕТТІ.

жылдарында артиллерия полкінің 21-ші гвардиялық девизиясында ра-диотелефоншы қызметінде өз боры-шын атқарған. Бірнеше медальмен марапатталған ардагер өзі секілді қан майданда қолына қару ұстап, елін қорғаған ерлер туралы кітапты қолына

алып, өткен жылдардың қойнауында қалған естеліктерімен бөлісті.

Тың туынды табыс етілген Ұлы Отан соғысының тағы бір ардагері – ішкі қызмет майоры Иван Заиченко. Иван Афанасьевич 1923 жылы Ақмола облысының Алексеевка ауданындағы Рамадан ауылында дүние есігін ашқан. 1942 жылы Қызыл əскер қатарына шақырылған ол Сталинград маңында 169-атқыштар дивизиясындағы зеңбірек батальонында соғысқан. 1946-1956 жыл-дары ішкі қызмет органдарында қызмет атқарған Иван Афанасьевичтің соңғы жұмыс атқарған жері – Целиноград облыстық бөлімшесінің өрт сөндіру күзеті. Ұлы Отан соғысы төсбелгісімен, «Сталингардты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін» медальда-рымен марапатталған қарт жауынгер бұл құрметке де ризашылығын білдірді.

Д е п а р т а м е н т қ ы з м е т к е р л е р і ардагерлерді келе жатқан Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтап, соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жарыққа шыққан соғыс ардагерлері жайлы өмірбаяндық анықтама кітабын табыс етті.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Page 7: Сақшы №09 (4175)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№9 (4175), сейсенбі, 2.02.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

КҮРЕС

Ларионова, жарайсың!

РИО-2016

Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон полиция-сы департаментінің басшылығы мен жеке құрамы департаменттің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ішкі істер органдарының ардагері, полиция подполковнигі

ДӨҢБАЕВ Жаңабек Орынбайұлыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғыларына ортақтасып көңіл ай-тады.

Олимпиадаға тағы бір лицензия

2015 жылдың қыркүйек ай-ында Қазақстан Республикасы І ш к і і с т е р м и н и с т р л і г і н і ң Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының спорт кешен інде əскери самбодан өткен 23 жасқа дейінгі спорт-

Белгілі палуан əріптесіміз, Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкері Екатерина Ларионова Красноярск қаласында ер-лер мен əйелдер арасында еркін күрестен өткен ХХVІІ халықаралық Иван Ярыгин турнирінде қола жүлдені жеңіп алды.

Б ұ л ж а р ы с қ а əлемнің алпыс шақты елінен мықты па-луандар қатысқан. Е.Ларионова 63 келіге дей і н г і с алмақта өнер көрсетіп, үшінші орынға көтерілді.

Бұл – Екатеринаның биылғы жыл басынан бергі екінші жүлдесі. М ұ н ы ң а л д ы н д а Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында ол алтын медальды жеңіп алған болатын.

Еске сала кетер болсақ, полиция кіші лейтенанты Екатерина Ларионова - Қазақстанның көп дүркін чем-пионы, кадеттер арасындағы əлем чемпионы, əлемдік юниор чемпионатының қола жүлдегері, юниорлар мен жастар арасында төрт дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионаттарының көп дүркін чемпионы, əлем чемпионатының қола жүлдегері, ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасын-да Əлем чемпионатының күміс жүлдегері, ересектер арасында халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасы Президентінің əйелдер күресінен кубок иегері, халықаралық дəрежедегі спорт шебері.

Батыс Қазақстан облысы ІІД басшылығы мен жеке құрамы Катяны осынау тағы бір жеңісімен құттықтап, Қазақ елінің намысын қорғау жолындағы еңбегіне толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.

Айта кетейік, əйелдер күресінен 2014 жылғы Əлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дəрежедегі спорт шебері Е.Ларионованың биылғы басты мақсаты – Рио-де-Жанейро олимпиадасы жолдамасын иеленіп, сонда сəтті өнер көрсету.

2015 жылдың тамыз жəне қараша айларында марафон жəне жар-тылай марафонға қатысушылар алғаш рет атаулы нөмірлерге ие болған еді. Мұндай тəжірибе

БОКС

МАРАФОН

«Цеснабанк» АҚ директор-лар кеңесінің төрағасы Дəурен Жақсыбеков пен Геннадий Головкин қатысқан банк пен кəсіпқой боксшы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа белесіне арналған бірлескен баспасөз кон-ференциясында алдын ала жоспар бойынша Генаның 2016 жылы үш жекпе-жек өткізуі ықтимал екендігі белгілі болды. Сондай-ақ, журналистердің сұрағына жауап берген боксшы тек С.Альвареспен жоспарланған жекпе-жекке қатысты түсініктеме берді.

«С.Альвареспен жекпе-жек бола-ды, оны 2016 жылдың қыркүйегіне жоспарлап отырмыз», – деп қысқа қайырды ол.

Ал баспасөз мəслихатынан соң Геннадий Головкиннің спорт менеджері Олег Германн GGG командасының 2016 жылғы бол-жамды жекпе-жектері туралы айтып берді.

«Генаның сəу ір айындағы жекпе-жегі нақты кіммен өтеді деп айту маған қиынға соғып тұр. Геннадий Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Уэйдпен, сондай-ақ, Сондерспен келіссөздер жүріп жатыр. Осы жылдың тағы бір мақсаты – қыркүйек айында үлкен мега жекпе-жек өткізу. Одан кейінгі жоспар – желтоқсан айында бір жекпе-жек өткізу. Бірақ, алдымен

Геннадий ГОЛОВКИН:

Елордада нағыз жекпе-жек өткізгім келеді

ТАЯУДА ЕЛОРДАДАҒЫ «ЦЕСНАБАНК» АҚ БАС ҒИМАРАТЫНДА WBA, IBO, WBC IBF НҰСҚАЛАРЫ БОЙЫНША ƏЛЕМ ЧЕМПИОНЫ, ƏЛЕМГЕ ƏЙГІЛІ КƏСІПҚОЙ БОКСШЫ ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИНМЕН БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

сəуір мен қыркүйектегі жекпе-жектер өтуі керек, желтоқсандағы жекпе-жек туралы соларға байла-нысты айтылады», – деп мəлімдеді О.Германн.

Бір айта кетерлігі, «Цеснабанк» АҚ Геннадий Головкиннің құрметіне о р а й А с т а н а қ а л а с ы н д а ғ ы бөлімшелерінің біріне «GGG» ата-уын берді. Бұл туралы банктің директорлар кеңесінің төрағасы Дəурен Жақсыбеков мəлімдеді.

«Əлем алдында Қазақстанның боксы мен имиджін насихаттау-да сіңірген еңбегі үшін жəне

о н ың ж ан к ү й е рл е р і н е с ый р е т і н д е « Ц е с н а б а н к » А Қ Астана қаласындағы Сарыарқа д а ң ғ ы л ы н д а о р н а л а с қ а н корпоративт і к ор талығына Геннадий Головкиннің атын беруд і ұйғарды. Сондай-ақ, Геннадий Головкиннің жерлестері үшін де сый жасап, Қарағанды қаласындағы Ерубаев көшесіндегі бөлімшеге де кəсіпқой боксшының атын бердік», – деп мəлім етті Д.Жақсыбеков.

Баспасөз конференциясы ба-рысында Геннадий Головкин

Отаны – Қазақстанда, ел орда-сы Астанада нағыз жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Сол секілді, туған жеріне келіп қуанып жатқанын, «Цеснабанкпен» арада ғы ынтымақта с тықты қуана қолдайтынын , банк -пен ынтымақтастық орнатып, əртүрлі жобаларға ықыласпен қатысатынын қуана жеткізді. Сонымен бірге, Кəсіптік бокс ака-демиясын ашуға да болатынын атап өтті.

« Қ а з а қ с т а н д а д а ж е к п е -жек өткізгім келеді. Астанада көңілімнен шығатын бокс өткізсем деймін. Тіпті, жекпе-жек те емес, нағыз кəсіптік шоу өткізуге бола-ды. Яғни, нағыз кəсіпқой бокстың не екенін көрсетер жекпе-жек», – деді Геннадий Головкин. Сондай-ақ, осы тұста ол Қарағанды об-лысында туристік кешен салып жатқаны жайлы ақпараттың жалған екенін де айтты.

«Мұндай дақпыртты кімнің таратқанын білмеймін. Ешқандай туристік кешен салып жатқаным жоқ. Мұны əкімдік айтқан болса, солардан барып сұраңыздар», – деді боксшы.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин Қазақстандағы ірі қаржы ұйымдарының бірі – «Цеснабанк» АҚ-тың елшісі атанған болатын. Сондай-ақ, GGG белгісі жəне Геннадий Головкиннің суреті бар «MasterCard» карточкасы шығарылды.

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ

САМБО

СПОРТ ШЕБЕРІ АТАНДЫІІМ ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУР-САНТТАРЫ ƏСКЕРИ САМ-БОДАН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СПОРТ ШЕБЕРІ» АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ.

шылар арасындағы Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң ч е м п и о -натында Академияның кур -санттары жең імпаз атанып, əскери самбодан «Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң с п о р т шебері» нормативін орындады.

Аталған чемпионатқа 7 ко-манда қатысты. Олар: Астана қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан об-л ы с ы , Қ а р а ғ а н д ы о б л ы с ы , Оңтүст ік Қазақстан облысы, Қостанай облысы – барлығы 108 спортшы бақтарын сынады. Қатысқандардың арасында: 6 спорт шебері, 36 спорт шеберлігіне үміткер, 29 бірінші санаттағы спортшылар болды.

А л ғ а ш қ ы к е з д е с у л е р д і ң бірінде Байдаурен Чуюнбаевтың ең маңызды қарсыласы Батыс Қазақстан облысының мықты палу-аны Шыңғыс Кажиакбаров болды.

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі

Спорт жəне денешынықтыру істері комитетінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығымен əскери самбодан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы 4 курс курсанты Байдаурен Чуюнбаевқа жəне 3 курс курсанты Аслан Бекболатқа берілді.

А т а л ғ а н к у р с а н т т а р д ы ң жаттықтырушылары жауынгерлік ж ə н е д е н е д а й ы н д ы ғ ы кафедрасының қызметкерлері – полиция полковнигі А.Ақылбеков, полиция подполковнигі Б.Өтенов, п о л и ц и я п о д п о л к о в н и г і Р.Таңқыбаев, полиция капитаны Е.Кабидуллинов.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция полковниг і Мирлан Қызылов жаттықтырушылар мен курсанттарды жетістіктерімен сал-танатты түрде құттықтап, сəттілік пен кəсіби өрлеу тіледі.

Айдарбек АҚЫЛБЕКОВ,ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы

Қостанай Академиясыжауынгерлік жəне дене

дайындығы кафедрасының аға оқытушысы,

полиция полковнигі

Скандинавиялық жүріс түрі қосылды

АЛМАТЫ МАРАФОНЫНА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ТАҒЫ БІР ТҮРІ – СКАНДИНАВИЯЛЫҚ ЖҮРІС ТƏРТІБІ ҚОСЫЛДЫ. СОНДАЙ-АҚ, ОСЫ АҚПАН АЙЫНДА ЖҮГІРЕМ ДЕУШІЛЕР 10 ШАҚЫРЫМДЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ БОЙЫНША ЖАРЫСҚА ҚАТЫСЫП, СТАРТТЫҚ НӨМІРЛЕР АЛА АЛАДЫ.

С о н ы м е н қ а т а р , б е с і н ш і мерейтойлық Алматы марафо-нына жеңіл атлетиканың тағы бір түрі – скандинавиялық жүріс тəртібі қосылды. Скандинавиялық жүріс – шаңғышы секілді екі қолға арнайы сүйеніш таяқша ұстап алып жүрет ін жүр і с . Таяқтың арқасында екі аяққа салмақ бірдей түседі. Соның арқасында ұзақ қашықтыққа жүруге болады. Сəйкесінше, мұндай жүріспен ересектер де айналыса алады. 10 шақырымға арналған бұл қашықтыққа барлық ниет білдірушілердің қатысуға мүмкіндіктері бар.

Егер скандинавиялық жүріске арналған таяқшаларды сатып алуға мүмкіндік жоқ болса, оларды «Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебінен тегін алуға болады. Сондай-ақ, аталған мектептің ма-мандары айына бір рет осы жүріс бойынша қоғамдық жаттығулар ұйымдастырады. Жаттығулардың уақыт кестесі Алматы марафоны сайтына жарияланады.

А й т а к е т е л і к , б е с і н ш і мерейтойлық Алматы марафо-нынан жиналған қаржы «Арди» оңалту орталығына тірек-қозғалыс жүйес ін қалпына келт іру ге арналған төрт аппарат сатып алуға жұмсалады. Ал скандинавиялық жүріс бойынша старттық нөмірлер таратылмайды.

барлық халықаралық марафон-дарда қолданылады. Бұл үрдіс осы ақпан айында өткізілетін 10 шақырымдық қашықтыққа жарыс барысында да жалғасын табады.

Бұл үшін www.almaty-marathon.kz сайтына кіріп, тиісті сауалнамаға жауап беріп, старттық жарнаны төлеу қажет. Ал мұны ақпан айына дейін жасағандар атаулы нөмірге автоматты түрде ие болды.

«Марафон – өмірде үлкен жетістіктердің бірі. Ол, ағзаның физикалық қана емес, сондай-ақ, психологиялық кедергілерін ж е ң у г е м ү м к і н д і к б е р е д і . Алғашқы кезде қаншалықты қиын болғанымен , тұрақты дайындықтың, жаттығулардың арқасында əртүрлі қашықтықтағы марафондарға қатысуға бола-ды», – деді Алматы марафоны ұйымдастыру комитетінің директо-ры Салтанат Қазыбаева.

Ал 10 шақырымдық марафонға қатысушылар арасындағы ең таны-мал қашықтықтардың бірі. Сондай-ақ, ұйымдастыру комитетінің ха-барлауынша, алдағы сəуір айында Алматы марафонына старттық па-кеттер алу шарасы барысында да атаулы нөмірлерге қол жеткізуге болады.

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Артём Захаров Жапонияның Ошима қаласында ве-лоспорттан өткен Азия чемпионатында тректік жарыс - омниум көпсайысында күміс жүлдегер атанды. Осылайша, ол 2016 жылғы жазғы Олимпиадалық ойынға лицензия ұтып алды.

«Велоспорт бойынша Азия чемпионаты Жапонияда 19-30 қаңтар аралығында өтті. «Велотректе омниум» тəртібінде СҚО шабандозы Артем Захаров жапондық спортшы Хашимото Эльді алға оздырып, күміс медальды еншіледі. Үшінші орынға қытайлық Лю Хао жайғасты», – деп хабарлады СҚО бас бапкері Сергей Курчин.

Азияның күміс жүлдесі «Track Team Astana» командасының өкілі Артем Захаровқа Қазақстанның олимпиадалық рейтингі есебінде 105 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Бұдан бұрынырақ Артем Захаров Гонконгта велотрек бойынша əлем кубогының қорытынды кезеңінде скретч жарысының жеңімпазы атанған болатын.

Тұтастай Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияда өткен Азия чемпионатында «элита» санатында екі күміс жүлдені иеленді. Артем Захаровтан басқа екінші орынға жеке жарыста қазақстандық Диас Өмірзақов көтерілді.

2016 жылдың 28 қаңтарында отставкадағы полиция подполковнигі Жаңабек Дөңбаев 49 жасында мезгілсіз дүниеден озды.

Жаңабек Орынбайұлы 1967 жылы 30 наурыз-да Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Көксу ауы-лында дүниеге келген.

Қызмет жолының ба-сым бөлігін, яғни, 1997 жылдан бастап 2015 жылдың желтоқсан ай-ына дейін ол ІІМ-нің Көш і - қон полиция -сы департаментіндегі жұмысқа арнады. Соңғы атқарған лауазымы – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің ерекше тапсыр-малар жөніндегі аға инспекторы.

Жаңабек Орынбайұлы білікті əрі кəсіби ше-бер маман ед і . Ол осы м інс із қызмет і үшін министрлік басшылығының тарапынан бірнеше рет марапатталған болатын. Ұжымда беделге ие, əрқашан айналасындағыларға қолдау мен көмек көрсете білетін, ашық мінезді, елгезек адам еді.

Жаңабек Орынбайұлы біздің жүрегімізде əрқашан жарқын жүзді əрі иманды адам болып қала бермек.

ҚАЗАНАМА

Page 8: Сақшы №09 (4175)

сөз соңы№9 (4175), сейсенбі, 2.02.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор:

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 14829Тапсырыс: №2069

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШӘМШІ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МүСІлІМ, Жадыра МЫРЗАхМЕТовАТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Нұрлан оРАЗҒАлИЕв, Сабырбек олЖАБАЕв

ТАРАз ҚАЛАСЫНДАғЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АуРухАНАСЫНДА ШАРТ-ТЫ өРТТі СөНДіРу БойЫНША өРТ-ТАКТИКАЛЫҚ оҚу-ЖАТТЫғуЫ өТТі.

Мейіржан АйМАНоВ, Жамбыл облысы

Оқу-жаттығу

Мәселен, 2016 жылғы 5 қаңтарда Айгөлек көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді, өрттің алаңы 100 шаршы метр құрады. 9 қаңтарда Қайрақты тұйық көшесіндегі мекенжайда үйдің үстіңгі жабыны мен жиһазы 10 шаршы метр көлемінде өртенді. одан өзге оқиғаларда адам өлімі болған. 11 қаңтар күні Қарағанды көшесіндегі өртті сөндіру кезінде зардап шегуші табылып, оны алып шыққаннан соң кезекші қарауыл оған алғашқы жәрдем көрсеткен екен, бірақ, адамды аман алып қалу мүмкін болмады, келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның жан тәс іл ім еткендігін хабарлады.

Сонымен қатар, жекеменшік үйлердің аулаларындағы қора-жайлардың жану жағдайлары мен моншалардың жану

Жаттығуға Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелері (№15 МөСБ, №1 МөСБ, №1өСБ, №3өСБ), кезекшілік өрт сөндіру қызметі мен «өС және АҚЖҚ» ММ басқарма аппараты қызметкерлері тар-тылды. Шараға «өС және АҚЖҚ» ММ-нің 8 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамнан 40 қызметкер жұмылдырылды.

Тактикалық жаттығудың мақсаты – аталған нысанда шартты өрт сөндіруді ұйымдастыру мен жүргізу бойынша аға басшы және қатардағы жеке құрамды тәжірибелік тұрғыдан машықтау, сонымен қатар, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қаланың басқа да қызметтерімен және нысанның қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеуін пысықтау болып табылды.

Жаттығу жоспары бойынша өрт нысанның әкімшілік корпусының 3-қабатындағы кітапханада болды. от көрші бөлмелерге және жоғарғы шатыр бөлмелеріне қауіп төндірген. өрт сал-дарынан кітаптар, сөрелер және жиһаз бен компьютер өртенеді. Апаттың көлемі 141 шаршы метрді құраған.

Б К Б Қ б а ғ ы т т а у ш ы с ы № 3 жоғарғы шақыру бойынша шар-

ӨРТТІ АУЫЗдЫқТАУ ЖолЫ КӨРСЕТІлдІ

ты өртті сөндіруге Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдары жіберілді. оқиға орнын-да өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылып, 2 жауынгерлік тел ім құрылды. өрт сөндіруге 1 АЦ, №1өГ-на орналастырылып, 2 «Б» оқпаны және қорғауға 3 «Б» оқпаны берілді. 2 ГТҚҚ буыны іске қосылды. Құтқарылған балалар мен медицина қызметкерлерінің саны 60 адамды құрады. Жамбыл облысы ТЖ

департаменті апаттық-құтқару және өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары М.Шайкрамов оқу -жаттығуды қорытындылау барысын-да оның стратегиялық мәнділіг ін және оқу-жаттығу өткен объектінің а с а м а ң ы з д ы л ы ғ ы н а й т ы п , бөлімшелердің шартты өртті жою бойынша іс-қимылдарына жоғары баға берді. Жаттығудың соңында экскурсия ұйымдастырылып, онда объектінің техникалық жабдықталуы мен маңыздылықтары түсіндірілді.

қауіпсіздік әліппесі

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғалар мен адамдар қазасының алдын алу мақсатында осы қауіпті кезеңде жүріс-тұрыс ережелерін сақтау мен шұғыл жағдайларда әрекет ете білу қажеттігін ескерту қажет деп санайды.

Алдымен, қысқы уақытта жолға шыққанда қарапайым ережелерді есте сақтаңыздар:

- Ауа райы туралы ақпараттан құлағдар болыңыздар; - киімді көп етіп алыңыздар;- машинада азық-түлік қоры, ыстық шай болсын;- ықшам жылытқыш аспап та машинада артықтық етпейді;- жолға түнде, боранда шықпаңыздар, түнде бағдар ұстау өте күрделі;- жолдан шықпаңыздар;- үрейленбеңіздер, сабыр сақтаңыздар.Егер жолда боранға тап болсаңыз қарды қазып ішінде қорғануға болатынын

есіңізде ұстаңыз (мысалы құлаған ағаш астында). Адам егер осындай табиғи қуыстарға тығылса, оның денесінен бөлінген жылу сол азғана кеңістікті жылыта алады.

Бұндай жағдайда ұйықтап қалмауға тырысып, қуыстың «төбесіндегі» ауа кіретін саңылауды қар басып қалмауын ұдайы қадағалап отыру қажет.

Қарлы боранның аяқталуын жүріп келе жатып күтуге болмайды. Ерте ме, кеш пе жолдан адасып, қажып, шаршағанды басу үшін отырғанда үсіп кетуіңіз мүмкін. Тіпті, жылы киімнің өзі аяздың желінен ұзақ қорғай алмайды. Сондықтан сол санаулы уақытта өзіңізді қорғаудың жолын іздеңіздер. Естеріңізде болсын, қар әрі құрылыс және жылу ұстайтын жақсы материал.

Сізді құтқаратыны – дұрыс орын таңдап, қардан пана салу. Бұл сізге, денсаулығыңызға нұқсан келтірмей, қарлы боранның аяғын күтіп, ауа райы дұрысталғаннан соң сапарыңызды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Егер қарлы боранның аяқталуын машинаның ішінде күтетін болсаңыз, оның капотын желге қаратып, барынша жылы қымтанып, жағармайды үнемдеп, ара-сында жылытып отырыңыз.

Қар басып қалған автокөліктің қозғалтқышын от алдыруға қатаң тыйым салы-нады. Машинаның газ шығатын мұржасын қардан аршып, газдың машинаның астына емес, ауаға кетуін қамтамасыз етіңіз. Бұл әрекетіңіз кезінде автокөліктен адасып қалмас үшін арқанмен, бөкебаймен бір шетін автокөлікке, екіншісін өзіңізге байлап алыңыз. Адамдар борап тұрған қалың қарда бағдар жоғалтып, өз үйлерінен бірнеше метр жерде ажал құшқан оқиғалар да болған.

Қысқы уақытта аман қалу шұғыл жағдайларда білікті және дұрыс әрекет етуге байланысты болады.

АБЗАлЫ – АлдЫН АлУСоЛТүСТіК өңіРДің ҚЫСЫ ҚАТТЫ АЯзЫ, БҰРҚАСЫНЫ МЕН БоРА-НЫ, ДАуЫЛЫ МЕН КөКТАйғАғЫ СИЯҚТЫ ҚАуіпТі ҚҰБЫЛЫСЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДі. ҚЫС БАСТАЛғАЛЫ оБЛЫС ТҰРғЫНДАРЫНА АЛДЫН АЛу АҚпАРАТЫН ЖЕТКізу МАҚСАТЫНДА ДАуЫЛ ТуРАЛЫ 11 ЕСКЕРТу ЖАРИЯЛАНғАН.

Асхат БӘКіШЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

жадыңызда жүрсін!

ЖӨНдЕУСІЗ пЕШ ЖЫлУ ӘКЕлМЕЙдІ

АуА РАйЫНЫң СуЫп КЕТуіНЕ БАйЛАНЫСТЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЖөНДЕуСіз пЕШТЕР МЕН МҰРЖАЛАРДАН ШЫғАТЫН өРТТЕРДің САНЫ АРТЫп оТЫР. ЖЫЛЫТу МАуСЫМЫНЫң БАСЫНАН БАСТАп АСТАНА ҚАЛАСЫНЫң ЖЕКЕ ТҰРғЫН үй СЕКТоРЫНДА 192 өРТ оҚИғАСЫ ТіРКЕЛДі. өРТТЕРДің ШЫғуЫНЫң НЕГізГі СЕБЕпТЕРі – оТ ЖАғАТЫН пЕШТің ДҰРЫС оРНАЛАСТЫРЫЛМАуЫ.

жағдайлары да көбейді. Бұл жағдайлардың көб і пештердің құдықтарының дұрыс салынбауынан және пештердің тез тұтанғыш зат-тардан немесе шатырдың а ғ аш құрылымдарынан алшақ тұрмауынан бола-ды. Сонымен қатар, тәртібі бойынша пештің алдында қаңылтыр қасбеті болмауы-нан болады.

2016 жылғы 1 қаңтарда Шу көшесінде жекеменшік үйдің ауласындағы моншаның ша-тыры мен ағаш құрылымдары жанды. өрттің себебі, пештің мұржасының құрылымының дұрыс болмауы. өрт түнгі мезгілде болған, бірақ үй

иесінің өртті дер кезінде байқағанының арқасында өртті мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлері уақытында сөндірді.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметі барлық азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ескертеді. пештерді салу кезінде өртке қарсы шег ін істерд і сақтау керек және мұржаларды жанбайтын заттан жа-сау керек. Егер осы ережелерге немқұрайлы қарайтын болсаңыздар, сіз өздеріңізге де, өзгелерге де қауіп-қатер төндіресіздер.

Ө р т ш ы қ қ а н ж а ғ д а й д а 101 нөміріне хабарласыңыз!

Жәнібек КүСЕлБАЕв,Астана қаласы ТЖд бас маманы,

азаматтық қорғау капитаны

Қызылорда облысы мәдениет басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл игі істі өңірлік халық шығармашылығын дамыту орталығының мамандары қолға алған еді. Бірлесе атқарылған шара ба-рысында қылмыстық жазасын өтеушілер арасында саламатты өмір сал-тын қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр. Жазасын өтеушілерді денешынықтырумен жүйелі айналысуға тарту, сондай-ақ, сотталғандарды қатыстыра отырып мәдени-спорттық іс-шараларды өткізу – мекемеде оң жолға қойылған жұмыстардың бірі.

«Сардар» фильмі – «Қазақфильм» кино студиясының отансүйгіштік, ұлттық құндылық тақырыбында түсірген туындысы. Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы кино бөлімінің 2 маманы мекемеге келіп, жаза мерзімін өтеушілерге осы кино туындыны көрсетіп, ерекше тарту жаса-ды. Шағын залға жиналған 210 сотталған ел тарихындағы елеулі оқиғаның куәсі болып, кино өнердің керемет әсерін сезіне алды. Тарихи фильмнен үлкен әсер алған жаза мерзімін өтеушілер шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да мекемедегі қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысатындықтарын айтты.

«Қоғамнан оқшауланған сотталғандарды қайта тәрбиелеу – оңай іс емес. Десек те, сала қызметкерлері жаза мерзімін өтеушілердің пайдалы еңбекпен айналысып, білім алуына, қоғамға қауіп тудыратын маскүнемдік, нашақорлық секілді жат қылықтардан бас тартуына, түзу жолға түсуіне ықпал ететін тәрбиелік мәнді іс-шараларды кең көлемде ұйымдастырып келеді. Жаза басып жаңылғандарды қоғамнан шеттетпей, керісінше адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп, қабілет-қарымын ұлғайтуымыз қажет», – дейді зК-169/5 мекемесінің қызметкерлері.

Игі іс

Түзу жолға түсірер тәрбие

ҚЫзЫЛоРДА оБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРу ЖүйЕСі ДЕпАРТАМЕНТіНің зК-169/5 МЕКЕМЕСіНДЕ ЖАзАСЫН өТЕп ЖАТҚАН 200-ДЕН АСТАМ СоТТАЛғАН ЖАҚЫНДА «САРДАР» КөРКЕМ ФИЛьМіН ТАМАШАЛАп, ЕЛіМіз БЕН ЕЛБАСЫ ТуРАЛЫ ҚҰНДЫ КіТАпТАРМЕН ТАНЫСуғА МүМКіНДіК АЛДЫ.

Айнұр ӘБДРАШИТоВА, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Ойлан, тап!... публи-цистика

Мақтау, қошемет

Мұрын ауруы Көкөніс Балалар

телеарнасы

Сканди-навия елі Ыңғай Үлкен қала Темір

шіріндісі

Қар адамы

Пәтуа беруші адам Ылди Қытайдағы

ұлт Жалау

«Кісен ашқан»

Тура ... Цзэдун ... хан Құрастырған Ескендір ТасболаТов