297

ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

  • Upload
    others

  • View
    6

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар
Page 2: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар
Page 3: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

ҚОЖАНАСЫР ƏҢГІМЕЛЕРІ

 

  

Ұйғыр тілінен аударып құрастырған: Қайнолла Омарұлы

Кирилшеге көшірген: Мəди Төлемісов

ШАҢХАЙ

2014 ж.

Page 4: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

2009 ж. Үрімші қаласында шыққан «Қожанасыр əңгімелері»

кітабының мұқабасы

Page 5: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар
Page 6: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

1  

ƏКЕҢЕ ТАРТҚАН-АҚ ЕКЕНСІҢ

Хан үлкен медреседе оқып келген ұлын Қожанасырға жатып кеп

мақтап:

– Ханзадамның кəмелетке жеткендігі соншалық, кісінің

ойындағысын біліп алады, – депті.

Қожанасыр:

– Мəртебелі хан, ханзаданы кісінің ойына алғанымен емес,

алдымен жұдырыққа жұмғанымен бір сынап көрсек қайтеді, – деп,

жүзігін уысына жұмып тұрып, ханзадаға көрсетіп, – қане, ханзада

қолымдағы немене, – депті.

Ханзада не дерін білмей аңырып қалыпты. Қожанасыр:

– Белгісін айтып берейін, өзі дөңгелек, ортасы тесік, ол не? –

депті.

– Е, білдім, білдім, қолыңыздағы диірменнің тасы, – депті

ханзада.

Қожекең сонда жұлып алғандай:

– Ақылыңнан айнала кетейін, əкеңе тартқан-ақ екенсің, – деп

жүріп кетіпті.

Page 7: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

2  

ИЕСІНЕ БЕРЕ САЛЫП ҚҰТЫЛАМЫН

Қожанасыр қолының қысқалығынан, құрбан айтта құрбан шала

алмапты. Мешітке намазға барып қайтып келе жатса, көшеде бір

ешкі жүр екен, Қожекең оны ұстап əкеліп, құрбанға шалып тастапты.

Мұны көрген көршісі Қожанасырға:

– Қожеке, қияметте бұл ешкінің сұрағы болса қайтерсіз? – депті.

– Мойындамай қоямын, – депті Қожекең.

– Мойындамай қайтіп құтыласыз, қияметте сол ешкінің өзі

шығып куəлік береді, – депті көршісі.

Қожанасыр:

– О-һо, ондай болса, жақсылық екен. Егер қияметте ешкі тіріліп

алдыма келетін болса, ұстап алып иесіне бере салып құтылмаймын

ба, – депті.

ЖАҚСЫ ДА ЕМЕС, ЖАМАН ДА ЕМЕС

Қожанасыр дүкен ашып отырса, жанына қаланың бастығы келіп:

– Қожеке, тіршілік қалай болып жатыр, – деп сұрапты.

– Тақсыр, жақсы да емес, жаман да емес, – депті Қожанасыр.

Page 8: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

3  

– Жақсы да емес, жаман да емес болса қандай болғаны? – депті

таңырқаған бастық.

Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, тіршілік жаман дейін десем, бажы алғанда сіз ренжисіз,

жақсы дейін десем, үйге барғанда қатыным ренжиді, сондықтан,

жақсы да емес, жаман да емес дегенім ғой, – депті.

ТАЗЫНЫҢ ӨЗІ БОЛАДЫ

Шаһардың бір қарау байы болыпты. Ол Қожанасырға бір тазы

сатып əкеліп беруді бұйырыпты. Қожанасыр оған мыңқ етпейтін

маңқасқадан біреуін əкеліп берсе керек.

– Ей, мен саған тазы əкеліп бер демеп пе едім? – депті бай

ашуланып.

– Ренжімеңіз, байеке, бұл ит сіздің үйде бір жеті байлаулы

тұратын болса, арықтап тазының өзі болады, – деп жауап беріпті

Қожанасыр.

Page 9: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

4  

АСҚАБАҚҚА ЛАЙЫҚ ҚАЗАН

Қожанасыр бір қыстаққа барса, ол жердің кісілері Қожанасырға

көпіре мақтаныпты:

– Биыл өніміміз керемет болды, бір асқабақтың өзі бір арбаға

сыймай қалды.

Қожанасыр да олардан қалыспай:

– Біздің шаһардың қазаншылары да алдарына адам салмай тұр,

он саусақтарынан өнер тамады. Олар биыл үйдей, күмбездей

қазандарды жасап шықты, – депті.

– Қожеке, сондай да үлкен қазан бола ма екен, – десіпті олар.

– Ақымақ екенсіңдер, ондай үлкен қазан болмаса, сендер

өндірген асқабақтар неменеде піседі, асқабаққа лайық қазан деген

сол, – депті Қожанасыр.

АЛДЫМЕН ӨЗІМІЗ ҚАМТЫП ЖІБЕРЕМІЗ

Бір күні Қожанасыр ұйықтап жатса, үйіне ұры кіріпті. Мұны

сезген əйелі:

– Үй, тұр, үйге ұры кірді, – депті.

Page 10: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

5  

– Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті

Қожанасыр, – Егер ұрылар қолына ілінетіндей бірер нəрсе таба қалса,

алдымен өзіміз қамтып жібереміз.

БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛЕУІ

Жаңбыр тапшы болған жаздың бір күні медресенің қалпесі

оқушыларын ертіп, Құдайдан жаңбыр тілегелі бара жатқанда

Қожанасыр кезігіпті.

– Қалпеке, балаларды ертіп қайда бара жатырсыз? – деп сұрапты

Қожанасыр.

– Құдай балалардың тілеуін тез қабылдайды дейді, Құдайдан

жаңбыр тілегелі бара жатырмыз, – деп жауап беріпті қалпе.

Қожанасыр:

– Аңқау екенсіз ғой, балалардың тілеуі қабыл болатын болса,

өзіңіз əлдеқашан өлген болар едіңіз, – депті.

Page 11: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

6  

БЕРМЕСТІҢ СЫЛТАУЫ

Бір күні көршісін Қожанасырдың үйінен елек сұрай келіпті.

– Ой, қарағым-ай, қара басымды сұрасаң беру ші едім. Үйдегілер

оған су құйып қойыпты, бос емес, – депті Қожанасыр.

Алгы көршісі қайран қалып:

– Қожеке, бұл не дегеніңіз, елекке де су құя ма екен, – депті.

– Ей, ақымақ, берместің сылтауын іздегенде елекке су құю былай

тұрсын, арқанмен аспандағы айды байлап қоюға да болады, – депті

Қожанасыр.

КУƏЛІК БЕРУ

Бір кісі Қожанасырға келіп:

– Қожеке, менің біреуде бидай алымсағым бар еді, ертең қазының

алдына бармақпын, Сіз бірге барып куəлік беріңізші, – деп

қиылыпты. Қожанасыр мақұл болып қазының алдына барыпты да:

– Даугердің бұл кісіде арпа алымсағы барлығына куəлік беремін,

– депті.

– Даугер бидай алымсағым бар деді ғой, – депті аң-таң болған

Page 12: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

7  

қазы.

Қожанасыр:

– Өтірік дау үшін арпа мен бидайдың бəрі бір емес пе? Бидай

емес, арпа өндіріп алса да үлкен олжа, қалғанын өзіңіз біліңіз, – деп

кете барыпты.

ӨЛІКТІҢ ӨЗІНЕН СҰРАҢДАР

Қожанасыр мəліге1 имам болып тұрған күндердің бірінде сол

жердегі байлардың біреуі қайтыс бопты. Жамағат Қожанасырды

оның жаназасын шығаруға шақырса, Қожанасыр бармай қойыпты.

– Жаназасын неге шығармайсыз, – деп сұрағандарға Қожанасыр:

– Ол жарықтық менің имам сайланғаныма наразы еді. Екеуіміз

араз болып жүргенде, мен оның жаназасын шығарсам, ол ашуланып

атып тұруы ықтимал, өтірік десеңдер өліктің өзінен сұраңдар, –

депті.

                                                              1 Мəлі – махалла, қала орамы

Page 13: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

8  

ТӨРТ АЯҚТАП ЗЫТУ

Қожанасыр ханға тарту ету үшін бір қазды сойып, етін бұзбай

бүтін пісіріп алып, жолға шығыпты, жол-жөнекей қарны ашып,

қаздың бір борбайын өзі жеп қойыпты. Хан тартуға əкелген сыңар

аяқ қазды көрген соң:

– Қазыңыздың бір борбайы жоқ қой, Қожеке, – деп сұрапты.

Қожанасыр іркілмей:

– Биылғы қаздардың барлығы сыңар борбай екен, – деп бір аяғын

бауырына қысып сыңар аяғымен қорада тұрған қаздарды көрсетіпті.

Хан малайына:

– Мына қаздарды таяқтың астынан алып қуалап жібер, – деп

бұйырыпты. Малай таяғын үйірген заман, қаздар екі аяғын тең

басып зытып беріпті. Хан екі аяқты қаздарды Қожанасырға көрсетіп:

– Ананы қарашы, қаздар екі аяқтап зытып барады ғой, неге өтірік

айтасың? – деп жазғырыпты Қожанасырды.

– Егер, – депті Қожанасыр ханға, – ана таяқпен сізді дəл осындай

үркітетін болса, жан сауғалау үшін, екі аяқтап емес төрт аяқтап

зытқан болар едіңіз, – депті.

Page 14: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

9  

БҰЛ ҚАНДАЙ НАМАЗ?

Қожанасыр дəрет алса бір аяғына су жетпей қалыпты. Ол намазға

ұйығанда, бір аяғын көтеріп тұрып оқыпты. Оны көрген қарым:

– Қожеке, бұл қандай намаз? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Бұл бір аяғының дəреті жоқ намаз, – деп жауап беріпті.

ҚАЙДА ТАРТТЫҢЫЗ

Бір күні түнде Қожанасырдың үйіне ұры кіріп, барды-жоқтысын

буып-түйіп бір-ақ көтеріп жөнеліпті. Ұрылар есіктен шыға бергенде

Қожанасыр үйдегі қалған-құтқандарын жинастырып көтеріп алып,

ұрылардың артынан ілесіпті. Ұрылар Қожанасырды танып:

– Қожеке, түн ішінде қайда тарттыңыз, – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Құдайдың мұнысына да мың бір шүкір, көші-қонға көлік жоқ,

қарадай қамалып отыр едік, бір тəуірі сіздер көмектесіп, көшіріп

қоятын болдыңыздар, – депті.

Page 15: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

10  

ЕРТЕҢ ҚИЯМЕТ-ҚАЙЫМ БОЛМАЙ МА ...

Қожанасырдың қой борлап семіртіп отырғанын сезген байдың

мырзалары Қожанасырды алдап, оның борлаған қойын сойып жеу

жөнінде кеңес құрыпты. Олар Қожанасырдың үйіне келіп:

– Моллалардың айтуына қарағанда ертең қиямет-қайым болады

екен. Қожеке, енді қой бағып несіне əуре боласыз?

Қойыңызды алып жүріңіз, өзеннің бойына апарып сояйық та, көп

болып тоя бір жейік, – депті. Қожанасыр, мақұл болыпты да, қойды

өзеннің бойына апарып, сойып етін қазанға салыпты. Байдың

мырзалары етті көбірек жеудің қамында болып, асыл киімдерін

Қожанасырдың қарап тұруына тастапты да өздері ет піскенше өзенге

шомылғалы кетісіпті. Олар кеткен соң, Қожанасыр əлгі

мырзалардың киімін түгелдей отқа жағып, етті пісіріп қойыпты.

Мырзалар судан шығып, киінейін десе, ештеме жоқ.

– Қожеке қалжыңды қойыңыз, киімдерімізді қайда жасырып

қойдыңыз, дағдартпай бере салыңыз, – депті.

Қожанасыр:

– Қайдағы қалжың, нансаңдар түгелдей отқа жағып, ет пісірдім, –

депті.

– Үй, бұл не қылғаныңыз, біз енді не киеміз, – деп

Page 16: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

11  

шұрқырасыпты əлгі мырзалар.

Қожанасыр сонда:

– Ақымақ-ақ екенсіңдер, ертең қиямет-қайым болмай ма, киімнің

сендерге не қажеті бар? – депті.

ЖƏННАТТЫҢ ІШІ ТОЛЫП КЕТКЕН БОЛСА ...

Бір күні патша:

– Мен ол дүниеге барғанда жəннатқа кіремін бе, тозаққа кіремін

бе, қане əділ бағаңды айтты, – депті Қожанасырға.

– Тозаққа кіресіз, тақсыр, – деп жауап беріпті Қожанасыріркілмей.

Ашуланғаны соншалық, патшаның сақалына дейін дірілдеп кетіпті.

Бұны көрген Қожанасыр:

– Алдияр, тақсыр, оншалық кəрленбеңізші, əсілінде мен сізді

жəннатқа кіресіз демекші едім. Бірақ, жендеттердің қылышынан

бейкүнə өлген адамдармен жаннаттың іш толып кеткен болса, сізді

сыймай қалар ма екен деп тозаққа кіресіз дей салғаным ғой, – депті.

Page 17: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

12  

МҰҚТАЖДЫҚТАН

Бір күні патша Қожанасырдан былай деп сұрапты:

– Қожанасыр, бір жағыңызға алтын жəне бір жағыңызға ақиқат

қойса, қайсысын алар едіңіз?

– Тақсыр, алтынды алар едім, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Ақылсыз, надан екенсіз, – депті патша Қожанасырға, – дүние,

мал-мүлік деген табылады. Ақиқатқа қол жеткізу о ңайға түспейді,

сіздің орныңызда мен болсам, ақиқатты алған болар едім.

– Алдияр, тақсыр, дұрыс айтасыз, – депті Қожанасыр, – кімде не

кем болса, ол соны алады. Менің алтынды алсақ болуым, сіздің

ақиқатты алсақ болуыңыз бəрі мұқтаждықтан.

КӨРГЕН САЙЫН ЕСКЕ АЛАМЫН

Қожанасырдың қолына салып жүрген əдемі алтын жүзігі бар

екен, оған қызыққан бір саудагер досы Қожанасырға:

– Екеуіміз бал жаласқан дос едік қой, мен жуықта саудамен

сапарға шықпақпын, қайта оралғанша өзіңізді сағынамын ғой,

жүзігіңізді маған қиыңыз, өзіңізді сағынғанда, жүзігіңізге қарап,

Page 18: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

13  

өзіңізді көргендей болып жүрейін, – депті.

– Мен де сізді сағынып қалатын ұқсаймын, – депті Қожанасыр

əлгі досына, – ең жақсысы, жүзік өзімде қалсын, жүзікті көрген

сайын досым сұрағанда бермеп едім деп өзіңді еске аламын ғой, –

депті.

ТӨРТ АЯҚТЫ ҚАЗЫ

Бір күні шаһардың қазысы Қожанасырды тəлкек қылып:

– Қожеке, сіздің көзіңізге бір нəрсе екі болып көрінетін болыпты

деп естідім. Ақылыңыздан адасқаннан саусыз ба? – депті.

– Рас айтасыз тақсыр, қазірдің өзінде, көзіме өзіңіз төрт аяқты

болып көрініп тұрсыз, – депті Қожанасыр.

ЖАҢҒАҚ ЖƏНЕ ІНЖІР

Күндердің бірінде Қожанасыр патшаға тарту-таралғы үшін

жаңғақ апармақшы болыпты. Патшаның жаңғақты жанындай жақсы

көріп, інжірден жиренетінін білетін бір қу Қожанасырға:

Page 19: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

14  

– Патша жаңғақты жақтырмайды, оған інжір апарыңыз, – деп

ақыл көрсетіпті.

Қожанасыр інжір апарған екен, патша қатты ренжіп,

Қожанасырды өзі əкелген інжірмен соғуды бұйырыпты.

Басына інжір əр рет тигенде, Қожекең "Құдай-ау, мұныңа шүкір"

депті.

Патша аң-таң болып:

– Ей, Қожанасыр, таяқ жегеніңнен қоймай, шүкірлік қылғаның

қалай? – деп сұрапты. Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, мен əсілі сізге тарту үшін жаңғақ əкелмекші едім, бір

ақылды досымның кеңес бойынша інжір əкелгемін. Егер жаңғақ

əкелген болсам, басымның сау-тамтығы қалмай, сорым əбден

қайнайды екен, інжір əкелгеніме мың шүкірлік етіп тұрғаным сол

ғой, – деп жауап беріпті.

ҚОРЖЫНДА

Қожанасыр есегін сату үшін мал базарға жетелеп бара жатып,

есегінің құйрығына батпақ жабысып тұрғанын байқайды. Есек

алушылардың көзіне жаман көрініп, бағасы төмендеп кетпесін деп,

Page 20: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

15  

есегінің құйрығын түбінен кесіп алып, қоржынына салып қойыпты.

Есек алушының біреуі:

– Есегіңіз жақсы есек екен, айыбы-ақ құйрығы жоқ екен, – депті

Қожанасырға.

Қожанасыр дереу:

– Нарқын айта беріңіз есектің құйрығы қоржында, – деп

қоржындағы құйыршықны шолтаң еткізіп суырып алыпты.

ƏЛХАМДУЛЛА ӨЛУГЕ ТАЯДЫ

Қожанасырдың барып тұрған жемеңгер, саудагер танысы бар

екен. Күндердің бірінде, ол сауда істеп келіп жүріп, ауырып

Қожанасырдың үйінде жатыпты. Оның көңілін сұрай келген

дос-жарандары Қожанасырдан:

– Бұл адамның халі қандай? – деп сұрапты. Сонда Қожанасыр:

– Екі күннің алдында бір мысал тəуір еді, əлхамдулла енді өлуге

таяды, – депті.

Page 21: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

16  

ЕТ ЖƏНЕ БАЛТА

Қожанасыр бір күні базардан ет алып келе оны қатыны асып жеп

алыпты да, Қожекеңе етті ит жеп кетті, – депті.

Ертеңінде Қожанасыр бір балта сатып əкеліп, оны сандыққа

салып қойыпты. Қатыны көріп:

– Балтаны сандыққа салғанды қайдан көрдің, үһ не? – десе керек.

– Бір теңгелік етті алып кеткен ит, бес теңгелік балтаны қояды

ғой дейсің бе, сандыққа салып қойған абзал ғой, – депті.

ӨЗІМ ДЕ БІЛМЕЙМІН

Бір күні Қожанасыр өзеннің бойында аяқ-қолын көсіле тастап,

өлген кісідей ұйықтап жатса, бір кісі жанына келіп оятып:

– Мына өзеннің өткелі қай жерде, білесіз бе? – деп сұрапты.

– Тірі кезімде əнеу жерден өтуші едім. Өлгеннен кейін қай

жерінен өтетінін өзім де білмеймін, – депті сонда Қожанасыр.

Page 22: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

17  

ӨЗІМ ЕКЕН ДЕППІН

Күндердің бірінде Қожанасыр базар аралап жүріп, бір адаммен

қарама-қарсы келіп қалыпты. Қожанасыр дереу қол беріп

амандаспақшы болса, əлгі адам Қожанасырды танымағандықтан,

сүле-сапалау ғана амандасыпты.

Қожанасыр:

– Білмегенді сұрағанның айыбы жоқ, сіз кім боласыз? – деп

сұрапты.

Əлгі адам:

– Менің кім екенімді білмесеңіз, не үшін қол беріп амандастыңыз?

– депті.

Қожанасыр оған:

– Бойыңыз менің бойымен тең, шапаныңыз шапанымен бірдей

екен. Соған қарап мен сізді өзім екен деппін, – депті.

ЖЕЛБЕГЕЙЛІГІМДІ ТАУЫП БЕР

Қожанасыр есегіне мініп бір өзеннің бойына келіп тоқтапты да,

желбегейлігі мен сəлдесін шешіп, есегінің үстіне қоя салып өзі дəрет

Page 23: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

18  

алуға отырыпты. Осы орайда ұрылар Қожанасырдың желбегейлігі

мен сəлдесін ұрлап кетіпті. Қожанасыр дəрет алып болып, есегінің

жанына келсе, желбегейлігі мен сəлдесі жоқ болып шығады.

Қожанасыр есектің шомын сыпырып алып, өзінің арқасына

таңыпты да:

– Бар, желбегейлігімді тауып əкеліп беріп, шомыңды ал, – деп

есекті бір теуіп қуалап жіберіпті.

ЕСЕК ҚАЗЫ

Қожанасыр есегін жоғалтып алып, іздеп жүрсе бір танысы

əзілдеп:

– Қожеке, есегіңіз пəлен шаһарға барып қазы болыпты деп

естідім, – депті.

– Мен де солай болды ғой деп ойлаған едім. Өйткені, мен қашан

да қазы жайлы сөз қозғасам болғаны есегім құлағынсалып ұйып

тыңдаушы еді, – депті сонда Қожанасыр іркілмей.

Page 24: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

19  

ҚЫЗЫЛ ӨҢЕШКЕ ӨРТ КЕТКЕНДЕ

Бір күні Қожанасырдың үйіне бір саудагер дос келіпті. Қожекең

мейманына тұшпара жасап беріпті, қарны ашып келген саудагер

ыстық тұшпараны қомағайлана асап жіберіпті де аузының күйгенін

байқатпау үшін үйдің төбесіне қарап отыра беріпті, аздан соң,

сездірмей ғана:

– Қожеке бұл үйдің төбесі қашан жаптыңыз? – деп сұрапты.

– Қызыл өңешке өрт кеткенде, – деп жауап беріпті Қожекең

дереу.

ӨЗІМ ДЕ БІЛЕ АЛМАЙ ТҰРМЫН

Қожанасыр бір баққа кіріп, алмадан қоржынға толтырып

жатқанда, бағбан үстінен түсіп қалыпты.

– Қожеке, бақта неғып жүрсіз, – деп сұрапты бағбан.

– Бір қатты дауыл тұрып, мені ұшырған беті осы жерге əкеліп

тастады, – деп жауап беріпті Қожекең.

– Ондай болса алманы неге үздіңіз?

– Дауыл ұшырып əкете бере ме деп, ағаштың бұтағын қармаған

Page 25: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

20  

едім, алма төгіліп кетті.

– Оныңызды да кешірейін, ал алманы қоржынға кім салды?

– Ей, ақымақ, – депті сонда Қожанасыр, – менің ақылым жетпей

тұрған істі сен қайдан білесің, қоржынға салғаныма не деп жауап

берерімді өзім де біле алмай тұрмын.

ЖАҚСЫ ҚАЛА

Қожанасыр бір қалаға барыпты, тонардың текшесінде төбе болып

тұрған самсаларға көзі тұнып кетіпті де, қарны əбден ашқан

Қожанасыр иесінен сұрамай-ақ, самсаны жей беріпті.

Самсашының ашуы келіп, көсеумен Қожанасырды көміп-көміп

жіберіпті. Сонда Қожанасыр:

– Па, па, не деген жақсы қала бұл! Самсашылары самсасын ұрып

тұрып жегізеді екен, – деп жайына кете беріпті.

Page 26: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

21  

КӨНЕ КЕБІН, КӨНЕ КӨР

Бір күні Қожанасыр баласына:

– Жарқыным, мен өлгенде кебіндікті көне матадан дайында,

көмерде көне көрге көміңдер, – деп өсиет айтыпты.

Қожанасырдың ұлы аң-таң болыпты:

– Неге өйтеміз? – деп сұрапты.

– Ей, балам, надансың, – деп кейіпті Қожанасыр, – кебін де көне,

көр де көне болса, Мүңкір-Нəңкір бұл сұралып болған аруақ екен

деп, сұраусыз қалдырса ғажап емес қой.

ЖҮЙРІК ӨГІЗ

Бір күні патша ат бəйгесі болатынын жариялап, жүйріктердің

бəрін бəйгеге қосуды бұйырыпты. Мұны естіген жұрт сəйгүліктерін

сайлап бəйгеге қосуға келісіпті, бұл хабарды естіген Қожанасыр де

екі сербегі арбайған кəрі өгізіне мініп, бəйге майданына келіпті. Оны

көрген патша ашуға басып:

– Қожанасыр, – мұның не қылық? Ат бəйгесіне өгіз мініп

келіпсің ғой, – депті.

Page 27: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

22  

– Патша ағзам, бұл өгіз жарысқа түссе аттарыңызды артта

қалтырып кететініне ант бере аламын. Неге десеңіз, ол бұзау кезінде

мойыншағын үзіп тұра қашқанда атпенен қуып жете алмаушы едік,

енді ұшатын дəрежеге жеткен болса ғажап емес, – депті Қожанасыр.

ҚҰДАЙ ҚАЙТІП КӨРЕДІ? ...

Қожанасыр кешке шейін ауыр еңбек істеп арып-шаршап

келетіндіктен түнде қатты ұйықтап қалып, таңертеңгі намазға үлгіре

алмай қала жаздап, асығып-үсігіп жүріп дəрет алып, үйден жүгіре

басып шығып кетеді екен. Мұны көрген əйелі:

– Қожеке, намазға барарда асықпай дəрет алып, үйден шығарда

"бісміллə" деп босағадан оң аяғыңмен аттап шық, əйтпегенде, намаз

қабыл болмайды, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Əй, қатын, ақымақсың ғой, менің табалдырықтан қайсы

аяғыммен аттағанымды қараңғыда Құдай қайтіп көреді, – депті.

Page 28: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

23  

ҚАЗЫНЫҢ НАЗАРЫ

Бір күні ауылдың бегі:

– "Ауылымызға қазы келді, əр адам, үй басы барлары қой,

жоқтары тауық болса да қайыр-сақауат беріп, қазының назарына

ілініңдер" дып жарлық шығарыпты. Қожанасыр жарлықты

естігеннен кейін, төрт жұмыртқаны орамалға түйіп алып, бектің

алдына тартыпты. Оны көрген көршісі:

– Қожеке, бұл не қылғаныңыз? Тауық болса да апарсаңыз болмас

па еді, қазының назарынан қағыс қалмайсыз ба, – депті.

– Қызық екенсіз, – депті сонда Қожанасыр, – Қазының назарынан

соқыр жармақ та қағыс қалып көрген жоқ, зіңгіттей бір адам қағыс

қалады ғой дейсіз бе? – депті.

ҚАЗЫ ЖƏНЕ ТОЗАҚ

Бір күні шаһардың қазысы Қожанасырдан былай деп сұрапты:

– Ақыретке барғанда, сіз ұжмаққа кіресіз бе, тозаққа кіресіз бе?

– Қазы тақсыр өзіңіз ше? – депті Қожекең.

– Құдай жолында істеген құлшылық-ибадатымның арқасында

Page 29: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

24  

ұжмаққа кіремін деп ойлаймын, – депті қазы.

– Ондай болса, – депті сонда Қожанасыр кілмей, – мен тозаққа

тура тартамын.

СƏЛДЕЛІ САЙТАН

Қожанасыр ишанның арбасын айдап келе жатса, қарсы алдынан

бір арбакеш шыға келіпті. Қожекең арбасын бұрмай жолдың қақ

ортасымес айдапты. Қарсы келе жатқан арбакеші:

Ей, Қожанасыр, жолды босат, – деп айғай салыпты.

– Неге босатамын, жолды сен босат!

– Жолды босат деген соң босат, – депті арбакеш өкірештеп, –

менің арбамда отырған ишан екенін көрмедің бе?

– Сенің арбаңда отырған ишан болғанда, менің арбамда отырған

ишан емей сəлделі сайтан ғой деп пе едің, – депті сонда Қожанасыр.

МЫСЫҚ АДАСТЫРУ

Қожанасырдың мысығы тым бая болып, кісінің тынышын ала

Page 30: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

25  

берген соң, одан құтылу үшін, Қожекең мысықты қаланың сыртына

апарып тастайын деп қапқа салып кетіп бара жатса, бір таныс

кезігіп:

– Қожеке қайда бара жатырсыз, – деп сұрапты.

– Базарға, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Үй, Қожеке, базар артыңызда қалды ғой, – депті қайран қалған

танысы.

– Ақырын сөйле, бар болғыр, мен мысықты адастырып жүрмін, –

депті Қожанасыр.

АЙЫП АНАСЫНДА

Қожанасырдың арқандап қойған бұзауы арқанды үзіп қашып

кетіпті. Қожанасыр бұзауын қуалап, ұстай алмай əбден діңкесі

құрыпты. Ашуға булыққан Қожанасыр байлаулы тұрған сиырды

жатып кеп ұрса керек, бұған Қожанасырдың əйелі ренжіп:

– Батыр-ау, байлаулы тұрған сиырды неге ұрасың, – депті.

Қожанасыр:

– Бұзауға анасы үйретпесе, ол арқан үзуді қайдан біледі, барлық

айып анасында, – депті.

Page 31: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

26  

АЩЫ ӨРІК ЖЕГЕН БҰЛБҰЛ

Қожанасыр өрік жегісі келіп, бір баққа түсіпті. Бақтың ішінде

жалғыз-ақ түп ащы өрік бар екен. Қожанасыр бұл баққа кіргеніне

өкініп: "Мейлі, ашы болса да ауыз тиіп көрейін" деп өрік ағашына

шығып, өрік жеп тұрғанда бағбан көріп қойып:

– Ей, сен кімсің, – деп сұрапты. Қожанасыр не дерін білмей:

– Бұлбұлмын, – депті.

– Бұлбұл болсаң қане сайрашы, – депті бағбан.

Барылдаған дауысымен сайрағансымақ болыпты Қожанасыр.

– Өстіп те сайрайтын бұлбұл бола ма екен, – десе керек əлгі

бағбан.

Сонда Қожанасыр:

– Ей, ащы өрік жеген бұлбұлдың сайрағаны осындай болады, –

депті.

ТЕСІК ҚАНА ҚАЛАДЫ ...

Қожанасыр мектепте оқып жүрген кезі екен, бір күні мұғалімі

одан:

Page 32: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

27  

– Қожанасыр, төрттен төртты алса қаншасы қалады? – деп

сұрапты. Қожанасыр оған жауап бере алмапты.

Мұғалімнің ашуы келіп:

– Үй-и, сен не оқып жүрсің? Қалтаңда төрт теңге бар делік, сол

төрт теңге түгелімен түсіп қалса, түбінде не қалады? – деп

түсіндіріпті.

Қожанасыр:

– Мұғалім жауабын енді таптым, төрт теңге түгел түсіп қалған

болса, тесік қана қалады, – деп жауап беріпті.

СИЫРДЫ ӨЗІМ АЛАМЫН

Қожанасыр сиырын сатуға базарға апарып:

– Бұл сиырдан мезі болдым. Бұзаулап алты ай болмай-ақ суалып

кетеді. Басын бір адам ұстап тұрмаса сауғызбайды,

тынымсыздығынан биыл қысыр қалды. Қалағандарыңыз алыңыздар,

– деп айғай салыпты. Сиырын жамандағанын естіген алармандардың

бірде-бірі Қожанасырдың сиырына көз қырын салмапты. Мұны

байқап тұрған салакеш Қожанасырға:

– Қожеке бүйтсеңіз бұл сиырды сата алмайсыз, маған беріңіз,

Page 33: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

28  

мен сатып берейін, – деп сиырды жетегіне алып, келген

алармандарға көпірте мақтапты:

– Бұл сиырдың сүттілігінде шек жоқ – əр сауғанда жарты қазан

сүт береді. Жыл құрғатпай бұзаулайды, өзі жуас, – депті.

Салакештің мақтауын естіген Қожанасыр:

– Үй! Егер айтқаныңдай болатын болса, əкел сиырды өзім

аламын, – деп сиырды салакештің қолынан алып жетелеп жүре

беріпті.

АЛДЫМЕН ШАМДЫ ЖАҚ

Қожанасыр бір күні кеште бір танысының үйіне қонаққа

барыпты, шай ішіп отырғанда шамның білтесі таусылып өшіп

қалыпты, əлгі танысы Қожанасырға:

– Қожеке оң жағыңызда тұрған шамды алып бере салыңызшы, –

депті.

– Қожанасыр:

– Қараңғыда оң мен солды қайдан білейін, алдымен шамды жақ,

– депті.

Page 34: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

29  

АЛМА АҒАШ

Қожанасыр ауласына алма ағашын отырғызыпты. Оны əр күні

кеште қопарып алып үйіне кіргізіп, таңертең қайтадан орнына

отырғызады екен, мұны көрген көршісі:

– Қожеке, алса ағашын түнде үйге кіргізіп қоятыныңыз қалай? –

деп сұрапты.

– Көршіңді ұры дегізбей өзіңе-өзің мықты бол деген осы, – деп

жауап беріпті Қожанасыр.

ҰЯЛҒАНЫМНАН ЖЕЙМІН

Бір күні Қожанасыр замандасымен бірге палау басып жемекші

болыпты. Замандас Қожанасырдан:

– Қожеке сəбіз аршуды білесіз бе, – деп сұрапты.

– Жоқ білмеймін, – депті Қожанасыр.

– Сəбіз, пияз қуыруды білесіз бе?

– Жоқ, оны да білмеймін.

– Ондай болса, палау бықтыруды ше?

– Оны да білмеуші едім.

Page 35: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

30  

Замандасы палауды пісіріп, қоян жон қып табаққа салып əкеліп:

– Қожеке, тамақ жеуді де білмейсіз бе? – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Тамақ жеуді де білмеуші едім. Сенен ұялғанымнан жеймін ғой,

– деп апыл-құпыл асай беріпті.

ЖҰМЫСЫМ ҚАРБАЛАС

Бір күні Қожанасырдың əйелі ауырып қалса Қожекең əйелінің

жанына отыра қалып:

Қайран жансерігім-ай, мені қасіретте қалдырдың-ау. Құдай

қосқан қосағым-ай! деп еңіреп қоя беріпті. Оны естіген көршілері:

– Қожеке-ау, өлмеген кісіге осыншалық жылағаныңыз не

қылғаныңыз, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Жұмысым қарбалас бір жанмын. Қапелімде, əйелім таза болып

кетсе, дер кезінде жылауға мұрса болмай қала ма деп, алдын ала

жылағаным ғой, – депті.

Page 36: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

31  

ДҮНИЕНІҢ ТАҚСІРЕТІ

Бір кісі Қожанасырдан:

– Барлық науқастың тақсіретіне шипа табылады екен, бұл

дүниенің тақсіретіне шипа табылар ма екен? – деп сұрапты.

– Дүниенің тақсіретінің де шипасы бар, – депті Қожанасыр.

– Қандай шипа екен ол, – депті əлгі кісі.

Қожанасыр:

– Көзіңді ағызып жібер де, дүниені көрмей бейқам жасай берсең

болғаны, – депті.

УƏЗІР МЕН ЕСЕК

Қожанасыр ел арасына "менің есегім уəзірден ақылды" деп сөз

таратыпты. Бұл сөзді уəзір естіп патшаға Қожанасырдың үстінен

арыз беріпті. Патша кəрленіп, Қожанасырды шақыртып алып:

– Қожанасыр, сен қитұрқы сөз таратып, менің уəзірімнің

салауатына шек келтіріпсің, есегіңнің уəзірімнен ақылды екендігіне

дəлел көрсет, егер көрсетпейді екенсің зынданға тасталасың, – депті.

Қожанасыр:

Page 37: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

32  

– Дəлелім бар, бір кезде есегім көпірден өтіп бара жатып аяғын

көпірдің жарығына сұғып алған еді, əбігерге түсіп жүріп əрең

шығарып алдым. Содан бері есегім сол көпірден өткенде өте абайлап

өтетін болды. Ал уəзіріңіз қазынаға суық қолын сұғып, талай рет

бетқара болса да абайлауды білмей, суық қолын қазынаға тағы

сұғыпты. Егер уəзіріңіздің есегім құрлы ақылы болса, онда

əлдеқашан қолын тартқан болар еді ғой, – депті.

ҚАНДАЙ КЕЛГЕН БОЛСА СОНДАЙ СОҒУ

Қожанасыр бір күні балтасын қолына алып келе жатса, ауылдың

биінің қабаған иті алдынан үре шығып, Қожекеңе тап беріпті.

Қожанасыр итті балтамен қақ басқа беріп кеткен екен. Ит сеспей

қатыпты.

Би жүгіріп шығып:

– Ей, Қожанасыр, бұл не қылығың, итті өлтіре ұрған бар ма? Тым

болмаса, балтаның сабымен ұрсаң болмас па еді, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, итіңіз басымен келгендігі үшін балтаның басымен

ұрдым, құйрығымен келген болса ғой, балтаның сабымен ұратын

Page 38: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

33  

едім. Қандай келген болса сондай соғу деген осы ғой, – депті.

ЕКІ КӨЗІН БІРДЕЙ ҚЫСЫП АЛСА

Қожанасырдан біреу былай деп сұрапты:

– Қожеке, адамдар мылтық атқанда, не үшін бір көзін қысып

алады?

Қожанасыр:

– Соған да ақылың жетпеді ме? Екі көзін бірдей қысып алса

қайтіп көре алады екен? – депті.

СЫЗ ЖƏНЕ НАН

Қожанасыр алыс сапардан шаршап-шалдығып келе жатып, бір

қарау танысының үйіне түсіпті. Танысы:

– Қожеке, шөлдеп келдіңіз ғой, сусын ішіп, жантайып дем

алыңыз, – деп бір шыны суық су беріпті.

Қожанасыр əлгі танысына:

– Досым, мен жолда шаршап, қалжыраған соң бір көлдің

Page 39: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

34  

жағасында дем алған едім, сол жерде бірқыдыру ұйықтап, денем сыз

тартып қапты. Ең жақсысы сіз маған бір нан берсеңіз денемдегі

сызды сорып алар еді, – депті.

БИІК ҚОРҒАН ДАЛДА БОЛА МА?

Бір күні Қожанасыр қазының ауласының алдынан өтіп бара жатса,

бір топ адам балшық илеп, ауланың қорғанын биіктетіп жатыпты.

Қожанасыр əлгілерден:

– Қорғанды несіне биіктетіп жатырсыңдар, – деп сұрапты.

– Ұры кірмесін деп биіктетіп жатырмыз, – депті олар.

– Босқа əуре болыпсыңдар, ұрының үлкені осы аулада тұрса, оған

биік қорған далда бола ма, – депті Қожанасыр.

ƏЗІРЕЙІЛ МЕН ҚОЖАНАСЫР

Қожанасырдың əйелі ауырып төсек тартып жатып қалыпты.

Қожекең əйелінің көңілін аулау үшін: " Құдай-ау! Қатыныма берген

дертті маған берсеңші? Ол тартқан азапты мен тартсам болмас па

Page 40: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

35  

еді" деп Құдайға жалбарынады екен. Дəл сол кезде сабанын жеп

болып, себетті басына киіп алған сиыры үйге кіріп келіпті;

Қожанасыр оны Əзірейіл екен деп шошып, жағасын ұстап көзі

шарасынан шығып:

– Ей-я, Əзірейіл, кімнің ауру, кімнің сау екенін өзің білесің ғой,

жан алғанда да ауру-сауына қарайтын шығарсың, – депті.

ҮКІ НЕ ДЕЙДІ

Қожанасыр "мен құстардың тілін білемін" деп жүрген күндердің

бірінде, патша оны аңға ертіп шығыпты. Олар құлазыған далада

шақырып отырған бір үкіге кезігіпті.

Патша Қожанасырдан:

– Жə, Қожанасыр, ана құс не деп тұр, – деп сұрапты. Сонда

Қожанасыр:

– Патшаның зұлымдығы осы беті кете берсе көп ұзамай-ақ

шаһарларда құлазып, менің мекеніме айналады деп отыр, – деп

жауап беріпті.

Page 41: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

36  

ҚАЗЫ ЖƏНЕ АҚЫЛ

Бір күні біреулер Қожанасырға:

– Шаһарымыздың қазысы ақылынан адасыпты, – деп хабар

жеткізіпті.

Қожанасыр естігеннен кейін ойланып отырып қалса керек.

Əлгілер Қожанасырдан:

– Неге ойланып қалдыңыз, – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Қазы тегінде ақылдан жұрдай тұрса, ол жəне несінен адасты

екен деп ойлап отырмын, – депті.

КЕРБАҚҚАН МАҚҰЛЫҚ

Ел ішінде бір содыр бай суға кетіп өліпті. Оның өлігін іздегендер

байдың суға түскен жерінің төменгі жағынан іздеп жүрсе,

Қожанасыр келіп:

Төменгі жақтан іздеп əуре болмаңдар, – депті іздеу шілерге, –

жоғары жақтан іздеңдер, тірі кезінде барып тұрған кербаққан

мақұлық еді, суға кеткенде де кербағып, өрге қарай аққан болу керек,

– депті.

Page 42: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

37  

ДАҚСЫЗ ЖАЗЫЛАСЫЗ

Бір кісі Қожанасырдан:

– Қожеке, көзім ауырып қалды, оған не шипа? – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Мен тісім ауырғанда, тісімді суыртып құтылғамын, сіз де

көзіңізді суыртып тастасаңыз, дақсыз жазыласыз, – депті.

ИІСКЕ СЫЛДЫР

Қожанасыр бір асхананың есік алдында ауқат қылады екен,

күндердің бірінде асхананың қожайыны Қожанасырға:

– Сен əр күні асхананың алдында отырып алып палау, мəнтінің

мүңкіген жағымды исімен-ақ қарныңды тойғызып жүрсің, енді

соның ақшасын төлегенің жөн, – депті.

Қожанасыр:

– Иіске де ақша төлеген бар ма? – депті.

– Палау мес мəнтіні қойып, оның мүңкіген иісіне де ақша аламын,

əйтпесе, жүр қазыға жүгінеміз, – деп қиғылық салып Қожанасырды

қазының алдына алып барыпты əлгі қожайын.

Page 43: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

38  

Қазы Қожанасырға қарап:

Қош, бұл дауға айтарың бар ма? – депті.

– Дұрыс, – депті сонда Қожекең қазыға, – бұл қожайынның

тамақтарының иісі мұрныма келгенде, менің аузыма сілекей толғаны

да рас. Ал мен əр күні асхананың алдында отырып сылдырлатып

теңге санағанымда, оның сылдырын естіп, бұл қожайынның ойына

табыс оралып, көңіліне көлеңке түскені де рас. Сөйтіп, иіске сылдыр

беріп, арамыздағы алыс-беріс біткен болатын, – депті.

ƏЙЕЛДІҢ СӨЗІ

Қазы шариғат айтқан сайын: "əйелдердің шашы ұзын, ақылы

қысқа болады, əйелдің сөзіне ермеңдер" деп уағыздайды екен.

Қожанасыр бір күні қазыдан:

– Əйелдің сөзіне ергенім жөн бе? – деп сұрапты.

Тегінде əйелдің сөзіне еруші болма, – депті қазы.

Қожанасыр:

– Əйелім бүгін борлап отырған екі қойдың біреуін қазыға берейік

деп еді, қара басып қапелімде əйелдің айтқанына нана жаздаппын-ау!

Мұндай жақсы болар ма? – деп артына бұрылып кете барыпты.

Page 44: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

39  

Қазы орнынан атып тұрып:

– Қожеке, біраз сабыр етіңізші, – деп оны шақырып алып, –

əйелдің сөзіне кей-кейде ерген де жөн! – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Дұрыс, ондай болғанда қазының айтқанына да кей-кейде

кірмеген де жөн екен! – деп кете барыпты.

ЖАРЛЫҚ БОЙЫНША

Қожанасырдың патша ордасында шарбармандық істеп жүрген

кезі екен. Патша Қожанасырға:

– Қожанасыр, сен іскерлеу болғаның жөн ғой, мен бір жұмысқа

жұмсағанда, соған қатысты істердің барлығын бір жолда тындыра

келетін бол! – депті.

Бір күні патша науқастанып қалып Қожанасырды дəрігер

шақырып əкелуге жұмсапты, Қожанасыр дəрігерді ертіп, ақыреттік

мата, табыт көтеретін зузаны алып имамды қоса шақырып келіпті.

Патша ашуланып:

– Мен сені дəрігер шақыруға ғана жіберген едім ғой, бұларды

қайткелі əкелдің, – деп кейіпті.

Page 45: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

40  

Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, жарлығыңыз бойынша істелді, өзіңіз алға шында бір

жұмысты істегенде соған қатысты істердің барлығын бір жолда

тындыра келуді айтқан едіңіз, сол бойынша, науқасқа қатысты бар

жұмыстың бəрін бітіре келдім, – депті.

ҚАТЫСЫ ҮЛКЕН

Бір кісі Қожанасырдан:

– Көк жөтел болып қалдым, қандай дəрі ішсем шипа болар екен,

– деп сұрапты.

Қожанасыр біраз ойланып алып:

– Сүргі ішіңіз, – депті.

– Сүргінің жөтелмен нендей қатысы бар?

– Қатысы үлкен, сүргі ішкен соң байқап жөтелетін боласыз, –

депті.

Page 46: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

41  

БІЛГІШ БОЛСАҢ

Қожанасыр арық жағасында жайбарақат отырса, жанына біреу

келіп:

– Қожанасыр, білгіш болсаң айта қойшы, осы арықтағы су неше

шелек шығады, – деп сұрапты.

Қожанасыр іркілместен:

– Егер шелек арықтың өзіндей болса, бір-ақ шелек шығады.

Шелек арықтың жартысындай болса, екі шелек шығар еді, – деп

жауап беріпті.

АҚЫМАҚҚА АҚЫМАҚША ЖАУАП БЕРУ

Екі ақымақ таласып қалыпты, біреуі:

– Теңізге өрт кететін болса, балықтар отқа жанып түгейді-ау! –

деп қайғырыпты. Енді біреуі:

– Ей, сен оған қам жеме, егер теңізге өрт кететін бола, балықтар

ағаш басына шығып алады, – депті.

Екеуі таласып отырғанда үстілеріне келген Қожанасыр:

– Барып тұрған надан екенсіңдер, балық ағаш басына шыға

алатын өгіз бе екен, – депті.

Page 47: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

42  

МЫСЫҚ ЖƏНЕ ЕТ

Қожанасыр ет жемегелі едəуір уақыт болған екен, қызылсыраған

соң қасаптан үш қадақ ет сатып əкеліп, əйеліне тұшпара жасап қой,

деп өзі қызметіне кетеді. Қожанасыр кеткен соң əйелі етті өзі асып

жеп алады да оған кеспе көже жасап қояды. Қожанасыр кеште

қайтып келсе, тұшпара емес, кеспе көже жасалған екен.

Қожанасыр əйелінен:

– Неге тұшпара жасамадың? – деп сұрайды. Əйелі Қожанасырға:

– Етті мысық жеп қойыпты, – дейді.

Қожанасыр төрде жатқан мысқты дереу таразыға тартып көрсе.

Мысық үш қадақ шығады, Қожанасыр əйеліне таңдана қарап:

– Бəйбіше, мысықтың ауырлығы үш қадақ болды, мысықтың

салмағы осы болғанда, ол жеген ет қайда кетті, ал мұны еттің

салмағы десек, онда мысық қайда? – депті.

АРТЫҚ АҚЫ ТӨЛЕУ

Қожанасыр бір күні моншаға жуынғалы барған екен,моншашы

Қожанасырды алымсынбағандай орамалдың көнесін, жуынатын

Page 48: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

43  

легеннің майсқан-қабысқанынан біреуін ұстата беріп, жуынатын

орынды иегімен меңзей салады.

Қожанасыр жуынып болып, шығарында басқалардан біресе

артық ақы төлеп кете береді. Моншашы артық ақша алған соң,

Қожанасырдың қылығына қайран қалады да, өз қылығынан

ұялғандай қымсынады.

Қожанасыр екінші рет жəне сол моншаға жуынғалы келеді,

моншашы көрген жерден жалбырақтап жаңа леген, жаңа орамал

беріп, жуынатын орнын арнайы көрсетіп, бəйек болады.

Бірақ, Қожанасыр жуынып болып, моншаға ақы төлемей

қайқайып кете барады. Моншашы артынан айғай салып:

– Қожеке, моншаға ақша төлеуді ұмытқансыз ба? – дейді.

Сонда Қожанасыр:

– Кешіріңіз, тақсыр, алдыңғы рет жуынғанда еселеп артық ақы

төлегенім дəл қазіргідей-ақ есімде, – депті.

ҰЙҚЫМДЫ ІЗДЕП

Бір күні Қожанасыр көшеде түнделетіп келе жатса, түнгі

күзетшілер ұстап алып:

Page 49: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

44  

– Түн ортасы болғанда көшеде неғып жүрсің? – деп сұрайды.

Қожанасыр:

– Бүгін түн ұйқым қашып, елегізіп ұйықтай алмадым. Сондықтан,

ұйқымды іздеп, лажсыз көшеде жүрмін, – деп жауап береді.

АТЫҢНАН БІЛДІМ

Қожанасырдың таныстарынан біреуі Қожанасырды іздеп келсе

Қожанасырдың есігі құлыптаулы екен, əлгі кісі Қожанасырдың

есігіне: "Есек" деп жазып қойып кетіп қалыпты. Ертеңінде

Қожанасыр əлгі танысын базарда кезіктіріп:

Ей, ағасы, кеше біздің үйге барған екенсің, мен жоқ, бекерге əуре

болыпсың, – дейді.

– Оны қайдан білдің? – дейді əлгі танысы.

– Есікке атыңды жазып кеткес екенсің, сол атыңнан білдім, –

депті Қожанасыр.

Page 50: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

45  

ШҰҚАНАҚҚА ЖИЫЛЫП ҚАЛАДЫ

Бір күні жай əңгімеде отырғандар Қожанасырдан:

– Қожеке, не үшін біреулер бай, енді біреулер кедей болады? –

деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Байлық мал-мүлік, ақша деген нəрселер бейне суға, ал,

кедейлер бейне құзар шыңға ұқсайды. Байлар биік шыңнан

сарқылған су құйылатын шұқанақ, сондықтан, байлық та, ақша да,

сол шұқанаққа жиылып қалады, – деп жауап беріпті.

ДƏУЛЕТСІЗДІҢ СӨЗІ МІР

Қожанасырға көршілес елдің қиқар байы Қожанасырдың бір

қойын қойына қосып əкетіпті. Қожанасыр қойын іздеп барып,

байдың малының ішінде жүрген қойын танып, ұстап алмақшы болса,

əлгі қиқар бай міз бақпастан: "қой өзімдікі" деп бет бақтырмай

қойыпты. Арызданып қазыға барса да Қожанасырдың сөзін өрге

бақтырмапты. Бай Қожанасырды масқаралап:

– Босқа сорланып əуре болса, даулеттінің сөзі – пір деген осы, –

Page 51: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

46  

депті.

Ертеңінде Қожанасыр байдың өрісінен бес қойды бөліп алдап

əкеліп, қорасына қамап алады. Қиқар бай қойын ізімен қуып келіп,

Қожанасырдан сұрайды.

Қожанасыр жауап берудің орнына қиқар байды жатып кеп сыбап

тұқым-тұқиянынан түк қоймай иянаттайды.

Бай булығып:

– Үй, бұл не қылған қылығың? – депті.

Қожанасыр сонда:

– Бұл, дəл осындай қылық байеке, даулетсіздің сөзі – мір, деген

осы! – депті.

АҚЫЛЫҢ ЖЕТПЕСЕ

– Ойлап, бірер істің байыбына ақылың жетпегенде қайту керек? –

деп сұрапты біреу Қожанасырдан.

Сонда Қожанасыр:

– Ақылың жетпесе, ақылыңа су бүркіп созсаң ұзарады, əйтпесе,

қаңсып үзіліп кетеді, – деп жауап беріпті.

Page 52: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

47  

АҚЫМАҚ КЕЗҚҰЙРЫҚ

Қожанасырды көршісі қонаққа шақырыпты, қонағасыға

Қожанасырдың тісіне жұмсақ деп қансоқы мен көкпек асып беріпті.

Борлаған қойдың ішіндегі қан аралас сұйық майға пиязы, күріш

араластырып, ішекке құйып пісірген қансоқы жəне білем майға дəрі

қосып көкбауырдың екі бүйірін делдитып толтырып, аузын істікпен

түйреп пісірген көкпек əдетте сирек кездесетін тағам болғандықтан

Қожанасырдың таңдайына татып тілін шүйірген соң Қожекең

таңырқай сұрапты:

– Бұл қонағасының дəмділігінде айтар жоқ екен, ал, бұл тағамды

қайтіп дайындайды?

Көршісі тəптіштеп айтып береді.

Мен бір ұмытшақ жанмын, айнала кетейін, қарағым, маған

қағазға жазып бер, – деп Қожекең оны жаздырып алады.

Ертеңінде Қожанасыр əлгі жағымды тағамдарды жасап жемек

болып, табаққа ішек, көкбауыр, май, дəрілерді салып алып,

күншуаққа отырып жөндемекші болып есік алдына шығады.

Бұларды сол жерге қойып үйде қалған əлгі қағазды алып қайта

шықса, қызыл аңдып жер бауырлай ұшып жүрген кезқұйрық

табақтағы ішек-көкбауырды іліп əкетіпті.

Page 53: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

48  

Қожанасыр аңтарыла аспанға қарап:

– Ей, ақымақ кезқұйрық, көк бауыр мен ішекті əкеткеніңмен оны

жасап жеудің əдісі жазылған қағаз менде, бəрібір жасап жей

алмайсың, – депті.

ЖҮГІРТКЕНДІ ЖҮГІНТКЕН

Қожанасыр екі қабат ғимараттың екінші қабатында тұрады екен.

Бір күні Қожанасыр түскі демалыста ұйықтап жатса, бірінші қабатта

отыратын көршісі айғайсалып:

– Қожеке, үйде барсыз ба? – дейді.

Қожанасыр орнынан тұрып:

– Иə, немене? – деп сұрайды.

– Бері түсіңізші, біраз бұйымтай бар еді.

Қожанасыр басқыштан түсіп көршісінің жанына келгенде

көршісі:

– Қожеке, үйіңізде сүт бар шығар, бір шыны сүт беріп тұрыңыз, –

депті.

Қожанасыр "жүр" деп, көршісін екінші қабатқа ертіп шығып:

– Бүгін бұзау еміп қойыпты, үйде бір қасық та сүт жоқ, – депті.

Page 54: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

49  

Көршісі ренжіп:

– Мені əурелеп, екінші қабатқа шығармай-ақ, осыны айта

салсаңыз болмас па еді, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Сіз де мені төменге шақырып түсірмей, сұрайтын сүтті үйіңізде

тұрып-ақ сұрасаңыз болар еді ғой? – жүгірткенді жүгінткен деген

осы, – депті.

ЖЕБІРЕЙІЛ ДЕ СЕСКЕНЕР

Қожанасыр қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады.

Дос-жарандары арт-артынан көңіл сұрап келіпті. Қожанасыр

таныстарының біреуіне:

– Менің дарбазама шаһар бегінің атын үлкейтіп жазып қойшы, –

деп өтініш етеді.

Танысы таңырқап:

– Оның неге қажеті бар? – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Ебепке себеп деген екен, шаһар бегінің түксиген түрінен

Жебірейіл де сескенер. Дарбазадағы бектің атын көрсе, Жебірейіл

үйге кірмей тайып тұруы ғажап емес дегенім ғой, – депті.

Page 55: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

50  

ҰСЫНЫС

Күз айларының сəтті бір күні, Қожанасырдың көршісі келін

түсіріп, той жасамақ екен. Тойдың ұсыныс қағазын Қожанасыр

таратыпты. Ел ішінде тəкаппарлықпен аты шыққан бір бай бар екен,

тойдың ұсыныс қағазын апарған Қожанасырды мəртебесіне

теңгермеген бай нығызсып:

– Ұсыныс қағаз əкелуге сенен тəуірірек адам табылмады ма екен,

– депті.

Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, тəуірірек адамдар да бар еді, бірақ, олар сол тəуірірек

байлардың ұсыныс қағазын таратып кетті, – депті.

ƏКЕМЕ ЕРІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫН

Күндердің бірінде Қожанасыр есекке мініп түнделетіп келе жатса,

алдынан тонаушылар шыға келеді. Қожанасыр қарғып түсіп, есегінің

бауырына кіріп жасырына қалады. Байқап қалған тонаушылардың

біреуі:

– Ей, сен кімсің? – деп сұрапты.

Page 56: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

51  

– Есектің баласымын, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

Тонаушылардың енді біреуі:

– Бұл есегің еркек есек екен ғой, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Шешем тойға кеткен еді, əкеме еріп келе жатырмын, – депті.

ХИКМЕТТІ СӨЗ

Қожанасырдың кіре тасып жүрген кезі екен, бір саудагер

Қожанасырға:

– Ішіне шыны-аяқ салынған бір сандық жүгім бар, кім оны

көтеріп үйіме жеткізіп берсе, ақысына үш ауыз хикметті сөз айтып

беремін, – депті. Мұны естіген басқа кірекештер:

– "Құр қасық ауыз жыртады" деген, құр сөзге де кіре тартамыз ба,

– деп көнбепті.

Қожанасыр: "ақша табылады, ақыл табылмайды, хикметті

сөздерді естіп, ақылымды арттырайын" деп ойласа керек, жүкті

көтеруге мақұл болады.

Қожанасыр сандықты арталап жарым жолға келгенде:

– Жə, қане, хикметті сөзіңізді айтыңыз, естиік, – депті.

Page 57: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

52  

Саудагер:

– Біреу сізге "тоқшылықтан ашаршылық жақсы" десе, дүниеде

оған сенуші болмаңыз – депті. Қожанасыр:

– Па, па, бұл табылмайтын-ақ сөз екен, – деп тағы азырақ жүрген

соң:

– Ал, енді екіншісін естісек қайтеді, – депті.

Саудагер:

– Егер біреу сізге "аттыдан жаяу жақсы" десе, оған да сенуші

болмаңыз, – депті.

Қожанасыр таңдайын қағып, тамсанып қойып:

– Бұл сөздің мағынасы тіпті терең екен, – депті де жəне жүріпті.

Аздан соң, хикметті сөздің үшіншісін сұрапты.

Саудагер қулана:

– Үшіншісі – біреу сізге "бұл дүниеде сенен өткен ақымақ

кірекеш те бар" десе, сірə да сенбеңіз, бола ма? – депті.

Қожанасыр көтеріп келе жатқан сандықты жерге шар қ еткізіп

тастай салып:

– Біреу сізге "мына сандықтағы шыны-аяқ тағылмады" десе,

мүлдем сенуші болмаңыз, – депті де жүріп кетіпті.

Page 58: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

53  

ЕКІ САМАУЫР

Инеліктей шаншиған сары, мұрны шелектей біреу Қожанасырды

тəлкек қылғысы келсе керек:

– Қожеке, естісем сізге бір астау қажет екен, мен осы мұрнымды

сізге сатып берейін, астау жасап алсаңыз қайтеді, – депті.

Қожанасыр əлгі адамға:

– Ондай болғанда, сіз зиян тартып қаласыз ғой, астау арзанға

тұратын нəрсе, одан да мұрныңызды мыскерге апарсаңыз, келіскен

екі самауыр соғып береді. Біреуін қалың малға беріп ұлыңызға

қалыңдық айттырасыз да, енді бірін келініңізге жасау қыласыз, анық

пайда осы, – депті.

СƏЖДЕ

Ауыл ақсақалдары Қожанасырды ат түйедей қалап имамдыққа

көрсетіпті. Қожанасыр имам болуды қаламайтындығын айтса,

ақыңды артығымен елден жинап береміз деп уəде етіпті. Сонымен,

арада екі-үш ай өтіпті. Қожанасырға ешнəрсе бермепті. Бір күні

Қожанасыр намаз артынан уағыз айтып:

Page 59: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

54  

– Намазға ұйығанда, кім де кім болсын имамның ижадатынсыз

сəждеден басын көтеретін болса, өзі – кəпір, қатыны – талақ болады,

– депті. Ертеңінде таңертеңгі намазға келгендерді сəждеге бас

қойдырыпты да Қожанасыр жата беріпті. Қожанасырдың

қатарындағы біреу:

– Қожеке, ұйықтап қалғаннан саусыз ба? Басыңызды неге

көтермейсіз? – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Имамдық қақымды бүгіннен қалдырмай жинап беремін деп ант

бермейді екен, жатқаным жатқан, – депті.

ЖАЗЫЛҒАН ХАТ

Қожанасыр қоныстанған өңірдегі бір бай той жасап, іргелі елді

түгел шақырғанда, бір ғана Қожанасырды тойына шақырмапты.

Қожекең аңтарылып отырмай-ақ, бір парақ ақ қағазды екі бүктеп

конвертке салып, жан қалтаға басып алып тойға тартқан елмен бірге

той жасаған байдың ауылына келеді де байды шақыртып алып:

– Мына хатты сізге бейсі би жазды, деп қолына береді.

Той иесі қуанышты мереймен Қожанасырды құрметті орынға

Page 60: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

55  

орналастырып, сый табақ тартыпты. Бай конвертті ашып ішіндегі

қағазға қараса, ешнəрсе жазылмаған ақ қағаз екен.

Бай Қожанасырдан:

– Қожеке, бұл қағазға ешнəрсе жазылмағаны қалай? – деп

сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Бидің жұмысы қарбалас, бірдеме жазуға мұрсасы келмеген

болса керек, – деп жауап беріпті.

ЖЕЛПІГІШ

Қожанасыр тұрмыста қиналғандығы үшін, біреудің ақылымен

тауықтың қауырсынынан желпігіш жасап сатыпты.

Алармандар желпігішті желпіп көргенде, қауырсыны бір-бірден

суырылып түсе бастапты. Бұған қарап сапас өте нашар жасалған

желпігіш екен депті алушылар.

Қожанасыр оларға:

– Желпігішті істете білмегенсіңдер, желпігішті қозғалтпай ұстап

тұрып, бастарыңды екі жаққа тез шайқасаңдар, желпігіш сурылмақ

тұр ғой ешнəрсе етпейді, – депті.

Page 61: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

56  

СӨЗ АРАЛЫҒЫНДА

Қожанасыр жаз күндерінің бірінде көшеде айран сатып отырса,

сумақы саудагердің біреуі Қожанасырды алдауға түсіру үшін бір кесе

айран алмақшы болады,Қожанасыр айранды өлшеп құйғанша алаяқ

саудагер Қожанасырды сөзге айналдырып, ананы-мынаны сұрап,

сөзді жапырақтай жаудырады. Кесесіне құйған айранды алып

ақшасын берместен кете барады. Сонда Қожанасыр:

– Ей, көпес, айранның ақшасын төлеңіз, – дейді. Саудагер:

– Сөз арасында ақшасын берген сияқты едім ғой, – деп

қырыстанады.

Қожанасыр саудагердің қолындағы кесені жұлып алып, айранды

қайтадан шелекке құя салады, сонан соң кесені жалап-жұқтап

саудагерге ұстата салып:

– Сөз арасында сен де айран ішкен сияқты едің ғой, енді кете бар,

– дейді.

Page 62: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

57  

ЕСІКТЕН-АҚ ШЫҒЫП КЕТЕЙІН

Қожанасыр бала кезінде. бір күні жеміс бақшасына тамнан

артылып түсіп, жемістен тойғанша жеп, қайтадан тамнан артылып

шығып кетпекші болғанда бағбан көріп қалып ұстап алыпты да:

– Қожеке, бүйтіп тамнан қарғып түсіп-шығып жүруің ұят емес пе?

– депті.

Сонда Қожанасыр:

– Тамнан артылып түскеніме ашуыңыз келетін болса, есіктен-ақ

шығып кетейін, – деп есікке қарай жөнеліпті.

ШАТТЫҚ КҮН

Патша ағзам Қожанасырды шақыртып алып оған:

– Сен тынбай ел аралап, еліміздің барлық жеріне аяғың жетіп

тəмам жұртпен араласып тұрасың, халқымыздың ең шаттанатын күні

қайсы күн екен, хабарың бар ма? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Менің білуімше халықтың ең шаттанатын күні – мəртебелі

патша ағзам өзіңіз ұжмаққа сапар шегетін күн екен, – депті.

Page 63: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

58  

СУҒА ШӨГІП КЕТЕМІЗ

Күндердің бірінде, бір аңқау Қожанасырдан:

– Қожеке, жер бетіндегі адамдар не үшін барлығы бір бағытқа

қарап жүрмей, əр бағытқа қарап жүреді? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр оған:

– Бұл əлем – бейне теңселіп тұрған бір үлкен кеме сияқты. Егер

адамдар əр бағытқа жүріп, дүниенің төрт бұрышын тең басып

тұрмаса, кеме бір жағына аударылады да, барлығымыз суға шөгіп

кетеміз, – деп жауап беріпті.

КЕҢ КӨР

Қожанасыр отырған үйінің тарлығын айтып мұңын шағыныпты,

естіп отырғандардың біреуі Қожекеңнің көңілін аулап:

– Қожеке, оншалық налып қайтесіз, бұл жалған – төрт күндік, өте

шығады, Аллатағала ол дүниеде көріңізді кең қылсын! – депті.

– Рақым қылғыш Құдай болса, бұл дүниеде маған үйді кеңінен

берсін. Ол дүниеде берген кең көрде мен көкпар тартады ғой деп пе

едің, – депті Қожанасыр.

Page 64: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

59  

СЕН ДЕ ҰЯЛМАДЫҢ БА?

Қожанасырдан біреу есегін мініске сұрапты. Бергісі келмеген

Қожекең:

– Есегім үйде жоқ еді, – депті. Егескендей дəл сол мезгілде

қорадағы есек аңырап қоя беріпті. Əлгі адам Қожанасырдың өтірік

айтқанына ренжіп:

– Қожеке, аппақ сақалыңызбен өтірік айтудан ұялмайыз ба? –

депті. Сонда Қожанасыр жалма-жан:

– Аппақ сақалыммен айтқан менің сөзіме сенбей есектің сөзіне

сеніп тұрсың ғой, сен де аппақ сақалыңмен ұялмадың ба? – депті.

МЫҢ НƏЛЕТ

Қожанасыр бір күні мешітке бара жатқан жолында байқаусыздан

бір қара тасқа сүрініп ұзынынан түсіпті де тасты: "мың нəлет саған"

деп сыбапты. Дəл сол кезде қарсысынан шыға келген ишан бұл

сыбауды естіп қалса керек, екі көзі шатынап Қожанасырға:

– Сен маған не үшін "нəлет" жаудырасың? Жүр қазыға! – деп

жағасынан алып, Қожанасырды дедектеткен беті қазыға апарады.

Page 65: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

60  

Қазы даугердің сөзін естіген соң "ишанымызға тіл тигізгендігің

үшін жарым теңге айып төлейсің" деп үкім кеседі, қазының қате

үкімі Қожанасырдың жанына аяздай батқан соң жан қалтасынан бір

теңгені алып қазыға ұсынып тұрып:

– Мың нəлет дегенге аларың жарым теңге болса, мынаның

қалған жарты теңгесі үшін саған да мың нəлет, – депті де жүріп

кетіпті.

ҚОЖАНАСЫР – ЕСЕК ТӨРЕСІ

Патша Қожанасырды масқаралау үшін бір күні алдына шақыртып

келіп, орда мансаптыларының барлығын жинап пəрмен жариялапты:

– Бүгіннен бастап Қожанасырға есек төресі деген мансап беруді

лайық көрдік ...

Орданың ояздары ду күлісіпті.

Қожанасыр орнынан тұрып патшаға иіліп тəжім етіп,

разыгерлігін білдіреді де, патшаның тағынан да жоғары шығып

отырады, бұған патшаның ашуы келіп:

– Ей, Қожанасыр, сен патшаның тағынан да жоғары шығып

отыруға қайтіп дəтің барды? – дейді ақырып.

Page 66: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

61  

Қожанасыр сабырлы əуенмен орда ояздарына қарап:

– Уа, халқым, сабырлы болыңыздар! Пəрмені ұлы мəртебем

бойынша, өз міндетімді атқаруға кірістім, бастықтарыңның

ақылынан ауа жайылушы болсаңдар! – депті.

ЕКІ КҮН БҰРЫН ӨЛЕДІ ЕКЕМІН

Қожанасыр бір күні хан ордасының шабарманына қалжыңдап:

– Байқаңыз, тақсыр! Екі-ақ күндік су терлігің қалды, – депті.

Айтқанындай екі күннен кейін шарбарман аттан жығылып, мойны

үзіліп өліпті.

Хан Қожанасырды ордаға шақыртып:

– Орда шабарманының өлуіне сен себепкер болдың, қылмысыңа

мойынсал боласың ба, жоқ? – деп сұраса керек. Қожанасыр:

– Алдияр тақсыр, əміріңізден шықпаймын, – депті.

Хан ашуға қатала аптығып:

– Сен шабарманның қашан өлерін біледі екенсің, ондай болса

өзіңнің қашан өлеріңді де білесің бе? – депті.

Қожанасыр ханның арам ойын біле қойып:

– Білемін, алдияр тақсыр, – түнде аспанға қарап, жұлдызыма

Page 67: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

62  

бақсам, сізден екі күн бұрын өледі екемін, – депті.

Хан өз өліс жайлы хабарды естіген соң жүрегі шайлығып,

Қожанасырды өлтіру ниетінен бас тартып, ішінен:

– О, əкпар Құдай! Қожанасырдың ғұмырын ұзарта бергей! – деп

күбірлепті.

ЗЫНДАН ТЕКСЕРУ

Нендей ой себеп болғандығы белгісіз, бір күні патша

Қожанасырды шақыртып алып:

– Сен маған ілесесің, зындан тексереміз, – дейді.

Қожанасыр мақұл деп ілесіп жүре барады.

Патша зындандағылардан:

– Сендер нендей қылмыс істегендіктерің үшін қамалдыңдар, –

деп сұрайды. "Қылмыстылар" жапа тармағай:

– Тақсыр, біз ешқандай қылмыссыз-ақ зынданға тасталдық, –

дейді. Бір ғана адам өзінің нақ қылмыс өткізгендігін айтады.

Қожанасыр патшаға:

– Тақсыр, патша ағзам, менің мəслихатыма құлақ ассаңыз, мына

жалғыз қылмыстыны зынданнан шығарып жіберіңіз. Əйтпегенде,

оның күнəсы ана бейкүнə адамдарға жұғып жүрмесін, – депті.

Page 68: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

63  

КІМ ЕСУАС

Қожанасыр бір жолы бесін намазына есекке мініп барыпты.

Намазға отырарда есегін де мешітке кіргізіп босағаға байлап

қойыпты. Оны көрген имам:

– Есекті мешітке кіргізіп байлаған бұл қандай есуас, – деп

айғайлалан.

Қожанасыр орнынан ұшып тұрып:

– Тақсыр есуас кім болар екен? Сіздің бір теңгелік кəлешіңіз

мехрапта тұрса ғой күнə емес, менің бес ділдəлық есегім босағада

тұрса есуастық болып па!– деп дүрсе қоя берген екен. Имам мүдіріп

қалыпты.

СЕНДЕРДЕН ҮЙРЕНСЕК БОЛАДЫ ЕКЕН

Бір еріккен бай Қожанасырды тəлкек қылғысы келіп, бірнеше

мырзаларымен бас қоса отырып, Қожанасырды шақырып əкеліп

қауын тіліп беріпті.

Бай мен мырзалар өздері жеген қауындарының шапағын ақырын

жылжытып Қожанасырдың алдына үйе беріпті, қауын желініп

Page 69: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

64  

болғанда бай:

– Ойпырау! Қожеке, қауынның барлығын жалғыз өзің жеген

ұқсамайсың ба? – деп шапаққа қарапты, сонда Қожанасыр жымиып

қана:

– Біз де қауын жедік деп жүріппіз ғой, қауынды шапағымен

қосып жеуді сіздерден үйренсек болады екен, – депті.

АСҚАН ӨСІМҚОР ЕКЕН

Бір кезде Қожанасырдың қалтасында ақшасы қалмаған соң

Құдайға жалбарыныпты:

– Е, жаратқан Алла, менің халімді көріп тұрсың ғой! Мені

пенденің алдында мүсеуретпей-ақ, өзің жүз теңге бере сал! Бас бүтін

бере салуға қимасаң, қарызға болса да мейлі ...

Дəл осы кезде Қожанасырдың есігін біреу тақылдатады, есікті

ашса, есікті қаққан мыңбегі екен, мыңбегі Қожанасырға:

– Қожеке, малымыз Құдай жолына арнап, бір

мешітсалдырмақшы еді, сізге он теңге алман-салық түсті, – депті.

Қожанасыр таңдана бір қарап:

– Сұраған ақшаны бермегенімен қоймай, бермеген ақшасына

Page 70: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

65  

өсім сұрағаны, Құдайдың бұл қай қылығы? Па-па! Құдай да асқан

өсімқор екен ғой, – депті.

ЖАҢҒАҚ БӨЛІП БЕРГЕННІҢ АҚЫСЫ

Екі бала ойнап жүріп бір тал жаңғақ тауып алады да, соған

таласып, екеуі жатып кеп төбелеседі.

Төбелестің үстінен түскен Қожанасыр, балалардан төбелестің

мəн-жайын ұққан соң, əлгі жалғыз тал жаңғақты қолына алып,

пышағымен ортасынас қақ жарып, жаңғақтың екіге бөлінген

қабығын екі балаға беріп.

Қожанасыр өзі дəнін алыпты да:

– Міне бұл, сендерге жаңғақ бөліп бергеннің ақысын үшін

алғаным. Енді төбелеспей ойнаңдар, – деп жүріп кетеді.

АЗАНШЫСЫ АҚЫМАҚ, ЖАМАҒАТЫ НАЙЫНСАП

Қожанасыр мекендеген өңірдің мешіті аласа, жөнсал салынған

екен дейді. Дəм айдап Қожанасыр бір үлкен қалаға барса, биік

Page 71: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

66  

мұнараның үстінде азан шақырып тұрған азаншыны көріп,

таңғалыпты да өзіне-өзі:

– Астағыпыралла! Үлкен шаһардың азаншысы ақымақ, жамағаты

найынсап болатын көрінеді ғой, азаншысы ақымақ болмаса, ана

биікке шығудан бұрын қайтіп түсеміз деп ойласа болмас па еді!

Өңеші үзілгенше айғайлаған азаншыға титтей де назар

аудармағанына қарағанда жамағаты түгелдей найынсап екен, – депті.

АМАНАТҚА ҚИЯНАТ

Қожанасырдың əйелі балаларын ертіп төркіндеп кетіпті де,

Қожанасыр жалғыз үйін күзетіп қалыпты. Өз қолынан тамақ жасап

жеу келмегендіктен, үш-төрт күнге дейін құр шаймен ғана

азықтанып əбден қиналыпты. Қожанасырдың халінен хабары бар

мешіттің азаншысы келіп:

– Қожеке-ау, бүйтіп қарадай қиналғанша, барып

бала-шағаларыңызды алып келсеңіз болмай ма, – депті.

Қожанасыр:

– Мен кетсем үйім иен қалатын болып тұр, – депті. Азаншы

тұрып:

Page 72: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

67  

– Бірер күнге үйіңізді Құдайға аманат қойып, барып келсеңіз бе?

– депті.

Қожанасыр азаншының ақылы бойынша үйін Құдайға аманат

қойып, жолаушылап кетеді. Бала-шағасын алып қайтып келсе,

дарбазасының есігін біреу шығарып алып кетіпті. Қожанасыр көп

ойланып отырмай-ақ, түнделетіп барып, мешіттің есігін жұлып

əкеліп жоғалған есігінің орнына орнатып алады.

Азаншы бұл істі білгеннен кейін, бір топ жамағатты бастап

келеді де апыл-ғұпыл Қожанасырды безектетіп отырып қазының

алдына апарады. Қазы:

– Мешіт Құдайдың үйі, сен Қожанасыр ұялмай, мешіттің есігін

қопарып алуға қайтіп дəтің шыдады, – деп ақырыпты.

Сонда Қожанасыр тайсалмай тұрып:

– Мен үйімді Құдайға аманат қойған едім. Құдай өзі аманатқа

қиянат істепті. Сондықтан, Құдайдың үйінің есігін қопарып əкеліп

орнатып алдым. Құдай өз есігімді қашан тауып əкеліп берсе,

мешіттің есігін сол заман дереу қайтарып беремін, – депті.

Page 73: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

68  

ОРАЗАМ БҰЗЫЛАДЫ

Қожанасыр медреседе оқып жүрген кезінде, тынымсыз да, тентек

екен. Ораза айының бір күні сабақ үстінде тыныш отырмаған соң

молла ашуланып, қолына таяқты ала салып:

– Ей, тыныш отырасың ба, жоқ, таяқ жейсің бе? – деп зекіпті.

Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, тыныш отырайын, егер таяқ жесем, оразам бұзылады,

Құдай алдында тағы күнəлы боламыз ғой, – депті.

ШАҺАР ДЕЛҚҰЛЫСЫ

Жақсыны көрмекке дегендейін бір шаһарды жақсы деп мақтаған

соң, Қожанасыр көргісі келіп, барса керек. Көшесін аралап келе

жатса бейтаныс біреу кезігіп Қожанасырдан жөн сұрапты.

– Қайдан келесіз?

– Шаһар аралап келемін.

– Бұл шаһар қандай екен?

– Қойыңыз! Осыны шаһар дейді екен. Өте лат, оның үстіне көз

Page 74: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

69  

тартарлықтай бірдемесі жоқ, жұт жайлап тұр екен.

– Шаһардың əкімі ше?

– Шаһары мынау болғанда, оның əкімі қайсы бір оңған неме

дейсің, асқан залым, парақор оппа қорқаудың өзі деседі екен.

Əлгі бейтаныстың өңі бірдес өзгеріп, безгек болғандай селкілдеп

Қожанасырға:

– Менің кім екенімді білесің бе? – депті.

– Білмеймін, тақсыр.

– Мен осы шаһардың əкімі боламын, аптасына бір күн бұқараша

киініп, шаһарды аралап, ел жайын біліп тұрамын, – дейді.

Қожанасыр əлгі əкімге:

– Менің кім екенімді білесің бе? – депті.

Жоқ, – деп жауап беріпті əкім.

– Құдайға шүкір, – депті сонда Қожанасыр, – Ондай болса танып

алыңыз, шаһардың делқұлысы мен боламын. Əр аптада бір рет

ақылымнан азып қаламын. Бүгін дəл сол ақылымнан азған күнім еді,

сізге кезігіп қалғанымды қарамайсыз ба? – деп жүріп кетіпті.

Page 75: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

70  

ҚАЗЫҒА БЕРІЛГЕН ЖАУАП

Əр шөптің басын бір шалып, əңгімелесіп отырған қазы

Қожанасырдан:

– Қожеке, намаз оқыған кезде қырағатты қате немесе ауыстырып

оқыған кездеріңіз болды ма? – деп сұрапты.

– Бар, тақсыр, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Қандай жағдайларда қате кетеді?

– Ақша төлемей ас ішу есіме түскенде, бейтаныс сұлу əйелдердің

сыңғырлаған күлкісі құлағыма естілген кезде, тағы қазы болып пара

жесем бе екен деген ойларға оралғанымда қате оқып қоямын, –

депті.

ДҮЛДҮЛ

Ойына келгеннің бəрін істегісі келген бір патша Қожанасырды

шақырып алып:

– Мен ұшатын қанаты бар дүлдүлге мінгім келеді. Қайтсем болар

екен деп ақыл сұрапты.

– Дүлдүл деген бапқа байланысты. Ана сəйгүліктеріңіздің ішінен

Page 76: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

71  

ең жақсы біреуін таңдап алып, он жыл баптасаңыз, қанаттанып

дүлдүлдің өзі болады, – деп ақыл беріпті Қожанасыр.

Қожанасырдың зерделі екендігін білетін патша, бұл сөзге шүбəсіз

сеніп:

– Олай болса, атты баптау үшін нендей шарт керек? – деп

сұрапты.

Қожанасыр:

– Пəлендей көп нəрсе қажетсіз. Бес жүз ділдə мен он жылдық

мерзім берсеңіз-ақ жетіп жатыр, – дейді.

Патша Қожанасырға маңдай алды жақсы атынан біреуін мінгізіп,

бес жүз ділдə беріп жолға салады.

Қожанасыр үйіне келіп, болған оқиғаны əйеліне айтса əйелі

абыржып:

– Тəйір-ай! Атқа қанат біткенін қайдан көрдің? Тыныш жүрмей

басыңа бір пəле тапқан екенсің, – депті.

Қожанасыр əйеліне:

– Сен оған алаңдама, оның жөні былай: атты үш-төрт жыл

пайдаланамыз да, семіртіп соғымға жығамыз. Атқа қанат бітеді

дегенге сенген ақымақ патша аттың мерзімнен бұрын қанаттанып,

ұшып кеткеніне десенуі керек қой, – депті.

Page 77: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

72  

ЖАС

Қожанасыр ауылындағы біреудің түнгі өлең тойына барған екен.

Отырған топ өзара, бір-бірінен жас сұрасады. Жасамыс тартқанымен

жақында ғана тоқалдыққа жас қыз алған бір бай өз жасын жасырып

көп кем айтыпты. Бұл байдың қылығына таңырқап отырған

Қожанасырдан де біреу жас сұрапты:

– Қожеке, биыл қаншаға келдіңіз?

– Отызға, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Міне, қызық, – депті отырғандардың біреуі, – Мұнан он жыл

бұрын отыздамын деген едіңіз ғой!

– Дұрыс айтасыз, менің жасым сол жерде тоқтап қалған.

– Қашаннан бері?

– Жас қызбен тұрмыстануды ойлағаннан бері, – деп кекете жауап

беріпті Қожанасыр.

ЫНДЫНСЫЗДЫҒЫМНАН ЕМЕС

Жаздың бір күні, Қожанасыр əйелі екеуі бал-қаймақтап шай ішіп

отырса, тостағандағы балға бір шыбын түсіп, малшынып қалады.

Page 78: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

73  

Қожанасыр ақырын еппен ғана шыбынды ұстап, шыбынның

денесіне жабысқан балды тілінің ұшымен жалап тазартып қоя

береді.

Əйел көріп:

– Апыр-ау! Соншалық ашкөз, неткен ындының кеткен жаның, –

деп кейиді. Сонда Қожанасыр:

– Ей, қатын, сен надан-ақсың ғой, бұл менің ындынсыздығымнан

істегенім емес. Білесің бе? Мына шыбынға жаным ашқандықтан.

Егер шыбын үстіндегі балдың жұғынымен обыр байдың қолына

түссе, шайнап жей салар еді, – депті.

ҚҮДАЙ ӨЗІ БІЛЕДІ

Қожанасыр жолаушы келе жатып, бір жұтаңқы қарау байдың

үйіне түскенін өзі де аңғармаса керек, үй иесі Қожанасырдан

сүлесапа ғана жөн сұрайды, Қожанасыр кететін іспеттеніп қозғалып

тойған екен. Үй иесі: шайға қарауға асықсаңыз, тамақ ауыз тиіп

аттаныңыз деп, дастарқанға санаулы ғана қатты құрт шашып,

ортасына бір тостаған сары май қойыпты, қатты құртқа тісі өтпесін

білген Қожанасыр сары майды қалақпен ойып асай беріпті.

Page 79: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

74  

– Үй, Қожеке, сары майды құртпен қосып жеңіз, тек өзін жесеңіз

жүрегіңіздің запыранын қоздырып, қазан толмасыңызды қайнатады,

– депті.

Қожанасыр үнсіз отырып сары майды жеп болыпты да:

– Кімнің қазан толмасы қайнап жатқанын бір Құдай өзі біледі, –

Тəңірден тойымдық ... Аллаһуакбар, – деп бетін сипап жүріп кетіпті.

ҚОЖАНАСЫР-МЕРГЕН

Екі ауылдың ортасындағы төбеге хан бастатқан бір топ адам

жиналып алып, саятшылық, аңшылық, мергендік жайлы əңгіме

дүкен құрыпты. Қожанасыр тыңдап отырып, реті келгенде, өзінің

мергендігі жөнінде нашына келтіріп отырып бір бөсіп жіберген екен

дейді. Хан естіп, іш тартса керек:

– Ей, Қожанасыр, мергендігің қызығарлық екен, ертең маған ілес,

бір күн аң қаралық, – депті.

Қожанасыр мақұл болады.

Ертеңінде хан шабармандарын ертіп Қожанасырмен бірге аңға

шығады. Баспалап атысқа келгенде, жайылымға шыққан киік кезіге

кетіпті. Хан Қожанасырға:

Page 80: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

75  

– Сен ат, бұл сен үшін бір сын, – депті.

Қожанасыр отыра қап атқан екен оғы айдалаға кетіпті.

Сылтау тапқыш Қожекең дереу:

– Алдияр тақсыр, хан тұрғанда алдымен қараның оқ шығарғаны

əдепсіздік қой, деп ана оқты тақсыр өзіңізге арнап атқан едім, – депті

де екінші рет жəне атып қалған екен ол оғы да тимепті. Қожанасыр,

– ханды сыйласаң уəзірімен деген екен. Мына оқты уəзір үшін атқан

едім, – депті. Үшінші рет атқанда, оғы дəл тиіп, киік қалпақтай

түсіпті.

– Міне бұл, нақ өз оғым, – депті сонда Қожекең, – Ім! Мерген

деген міне өстіп атады.

ӨЗІҢДІ ТАРПАҢНЫҢ ҮСТІНЕН ЖЕРГЕ ТАСТАП КӨР

Қожанасыр жас кезінде асау үйреткіш екен. Бір күні тарпаң шу

асауды ноқталап қана мініп, тақымын қысып қалған екен,

мөңкіп-мөңкіп жерге қойыпты да кетіпті. Қатты жығылғаны

соншалық көпке дейін ыңыранып жатып қалыпты. Қожанасырдың

қызықты кейпіне құмартатын бір топ жас жығылғанды сүйемелдеуді

ұмытып, тек қана оны айнала қоршап таңырқап қалыпты. Əлден соң

Page 81: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

76  

біреуі:

– Қожеке, жата бересіз бе? Не болды сізге, – деп сұрапты. Есін

əрең жиған Қожанасыр:

– Менің неге тұрмай жатқанымды білгің келсе, өзіңді тарпаң

асаудың үстінен жерге тастап көрші, сонда ғана мені сүйеп тұрғызу

есіңе түседі, – депті.

БАСЫМА ЖАСТАНАЙЫН

Қожанасыр қаладан қайтқан сапарында түнге қалып, бір

танысының үйіне əрең жетіпті. Танысы Қожанасырдың аш-тоғымен

жұмысы болмай, нəр татырмай, төсек салып беріпті де, өзі төр үйіне

кіріп жатып алыпты. Аш жатқан Қожекең, ішек-қарны қоңқылдап,

ары-бері аунап ұйықтай алмай ақыры төр үйдің есігін

тықылдатыпты.

– Е, не болды? – депті танысы.

– Бір-екі нан бере салыңызшы!

– Түс көріп жүрсің бе, түн ішінде нанды қайтпексің?

– Жастығым аласа болып, ұйқым келмей жатыр, нанды басыма

жастайын деп едім, – депті Қожанасыр.

Page 82: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

77  

ҚОЖАНАСЫРДЫҢ ТЫРНАСЫ

Қожанасыр қырғауылға тұзақ құрып қойса, бір күні тұзағына

тырна түсіп қалыпты. Қараса, тырна өте көріксіз құс екен.

Қожанасыр "артық жерін алып тастаса қайтер екен" деп тырнаның

алдымен құйрығын кесіп тастап байқаса, əлі де көңіліне жатпапты.

Бұдан кейінсидиған, сала-құлаш сирақтарын кесіп тастап қараса,

енді сорайып құрықтай мойны қалыпты. Ең соңындасиқын бұзып

тұрған соң мойнын да кесіп алыпты. Тырна да тіршілігінен

айрылыпты. Қожанасыр сонда бір-ақ байқап:

– Е, міне енді көңілдегідей əйбат құс болдың, – деген екен дейді.

ҚОРЖЫН

Қожанасырдың əйелі бар өнерін салып, əдемілеп отырып бір

қоржын тоқып алады, сол қоржынды Қожанасыр иығына арта салып

базарға барып дүкен аралап жүргенде қоржынынан айрылып

қалыпты.

Қожанасыр:

– Əттеген-ай, əбден-ақ тотидым. Қатыныма не десем болар екен,

Page 83: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

78  

үйге барғанша ойлана барайын, – деп ойлана-ойлана үйіне келіпті.

Қатынына:

– Қатын, базарда бүгін таңғажайып бір іс болды, бұ не деген

сұмдық десеңші, базаршылардың барлығы қоржынынан айрылды, –

депті.

– Өзің ше? – депті əйелі. Сонда Қожанасыр:

– Барлығы қоржынынан айырылғанда, əрине мен де соның

ішінде болмаймын ба, – депті.

КҮНƏ КҮБІСІ

Қожанасырдың қала сағалап жүрген кезі екен. Қолында

қаржылық жарты жармағы да қалмапты. Қайтерін білмей, үйінің

ішінде сатуға жараса, сол жарар дейтінді, су тасып ішіп жүрген

тұлып көзіне түседі. Тұлыпты үрлеп делдитіп, аузын мықтап буып,

базарға салыпты. Өзінді күні алушы шықпай торығып отырса, бір

бай келіп сұрапты:

– Тұлыпты сатасың ба?

– Бұл тұлып емес, күнə күбісі деген осы, сатуға болмайды!

– Ондай болса, несіне базарға салып отырсың?

Page 84: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

79  

– Күнəлы пенделерді күнəсынан айықтыру үшін.

– Қайткенде күнəсынан айығады?

Қожанасыр жымың қағып:

– Ол оңай, күнəлі пенделер тұлыптың аузынан "пү" деп үрлейді,

күнəсын тұлыптың ішіне кіре қалады да өзі күнəдан айығады.

Таңертеңнен бері қыруар парасатты адамдар күнəсын тұлыпқа "пү"

деп тастап, айығып жолға түсті. Зердеңіз толық болса сіз де бірер

сом ақша беріп, күнəңыздан арылып алыңыз! – депті.

Бай "күнəдан арылу мұншалық оңай болса, бір сом берсем

берейін" деп Қожанасырға бір сом ақша беріп, тұлыпты үрлеуге

кіріседі, бай тұлыптың аузынан үрлегенде Қожанасыр тұлыптың бір

бұрышынан қысып қалған екен бай тұлыптағы желге тақалып

булығып қалады да:

– Бұл қайткенің, басқалардың күнəсі менің құрсағыма кіріп кетті

ғой, – деп ренжиді.

Қожанасыр:

– Тақсыр, сіздің күнəңыз өте тоңмойын екен, бірер үрлегенге кіре

қоятын емес, – дейді. Бай қайтерін білмей, ділгір болып тұрғанда

Қожанасыр жəне мынадай ақыл көрсетеді:

– Сіз маған жəне он сом ақша берсеңіз, тұлыптағы күнəның

барлығын өзенге төге саламын да, тұлыпты босатып берейін,

Page 85: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

80  

сонымен басқалардың күнəсынан да əрі өз күнəңыздан да ада-күде

арыласыз, – дейді. Бай мақұл болып, тұлыпты он сомға сатып алады.

Қожанасыр қуанышты мереймен:

– Байлардың ішінде, ақылыңыз кəмелетке жеткен бай сіз-ақ

екенсіз, дүниеде бірден-бір күнəсыз бай міне сіз ғана болдыңыз, –

деп мақтап тастап, үйіне қайтыпты.

ПІСКЕН ТАУЫҚ ПЕН ҚУЫРҒАН БИДАЙ

Бір кезбе саудагер ұзақтан келе жатып, бір сарайға түсіпті.

Сарайшы оған түнгі тамағы үшін бір пісірген тауық пен екі

жұмыртқа беріпті. Таңертең аттанарда сарайшыға:

– Қайтарымда да осы сарайға түсемін, есебін сонда бір-ақ

жасарсыз, – деп кете беріпті.

Үш жыл өткеннен кейін əлгі саудагер қайта оралып жəне сол

сарайға түсіпті. Сарайшы жəне баяғысынша тауық, жұмыртқамен

тамақтандырыпты.

Ертеңінде саудагер сарайшыдан:

– Берген тамағыңыз үшін қанша ақша төлеймін? – дейді.

Сарайшы ары-бері есептеп көріп:

Page 86: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

81  

– Екі жүз теңге төлесең болды! – дейді.

– Екі тауық пен төрт жұмыртқа екі жүз теңге бола ма? – деп

саудагер қайран қалыпты.

– Əрине, солай болады! – депті сарайшы сонда, – Өзіңіз ойлап

көріңізші, мұнан үш жыл бұрын жеген тауығың егер тірі болатын

болса, əр жылы алпыс-жетпіс жұмыртқа туатын еді ғой, жұмыртқаны

бастырсам, тым болмағанда қырық-елу шөже шығатын еді. Əне

сөйтіп, үш жылдық өсімімен қосқанда менің сарайымның ауласы

тауыққа лық толмас па еді. Өзің есептеп көрші! Қайта мен

ынсаптылық етіп екі жүз теңге ғана сұрадым, – дейді.

Саудагер мен сарайшы келісе алмай, қазыға барып жүгініседі.

Сарайшы қазыға көз қысып: "менің сөзімді сөйлесең артығымен

пара аласың" дегендей ишарат береді.

Қазы саудагерден:

– Сен тауықтың етін жеуден бұрын бағасын сұраған ба едің, – деп

сұрайды. Саудагер:

– Жоқ, тауықтың бағасы барлық адамға мəлім, оның несін

сұрамақшымын, – деп жауап береді. Қазы:

– Сен қашан қайтып келетініңді сарайшыға айтқан ба едің, – деп

сұрайды. Саудагер:

– Жоқ!– деп жауап береді.

Page 87: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

82  

– Не тауықтың нарқына тоқтаспапсың, не қайтып келер

уақытыңды айтпапсың, тауықтар тірі болып жұмыртқаласа, шөже

басып шығарып, онда оның нарқы екі жүз теңгеден əлдеқашан асып

кеткен болар еді ғой, қайта сарайшы ынсапты адам екен. Екі жүз

теңгені төлеуің əбден дұрыс! – деп үкім шығарыпты.

Саудагер қазының үкіміне наразы болып, көмегі тиер деп

Қожанасырды тауып, болған оқиғаның барлығын айтады,

Қожанасыр саудагерді ертіп қазыға барып, шығарған үкімінің қате

екендігін көрсетіп, қайтадан үкім шығаруды талап етеді. Қазы

амалсыздан үш күннен кейін қайта сұралатындығын айтады.

Белгіленген күні Қожанасыр əтей кешігіп келіпті. Тағаты

таусылып, Қожанасырдың келер жолына көз алмай қарап тұрған

қазы Қожанасырды көріп:

– Ей, Қожанасыр! Неге белгіленген уақытта жетіп келмейсің?

Осыншалық сарылтқан бар ма? – деп бұрқырайды.

– Ренжімеңіз, тақсыр, – депті Қожанасыр, – Көршім екеуіміз

ортақ бидай екпекші едік. Жердің ылғалы кеуіп қалған екен,

шашатын бидай ұрығын қуырып берейін деп соған айналып кеш

қалдым.

Қазы тарқ-тарқ күліп:

– Өтірік айтпаңыз! Қуырылған бидайдың көктегенін қайдан

Page 88: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

83  

көрдің? – депті.

– Дұрыс айтасыз, қазы тақсыр, қуырылған бидайдың көктеуіне

сенбейді екенсіз, онда не үшін пісірілген тауық жұмыртқалайды деп

үкім шығарасыз? – деп сұрапты сонда Қожанасыр.

Қазы жамағат алдында масқара болып, əбден титықтап лажсыз

алдыңғы үкімнің қате екендігін мойындайды. Саудагер Қожанасырға

рақмет айтады.

ҚАЙҒЫРҒАНДА ҚАРЫН ТОЮ

Қожанасырдың бір замандасы басқа бір шаһарға барып, шаһар

əкімі болыпты. Бірнеше жыл өткен соң бір жəйтпен Қожанасыр да

сол шаһарға барған екен.

Қожанасырдың келгендігін естіген шаһар əкімі кісі жіберіп,

Қожанасырды үйіне шақыртып келеді, Қожанасырдың алдына табақ

тартылысымен-ақ əлгі əкім оған сұрауды жаңбырдай жаудырады:

– Жə, Қожеке, ел-жұрт тегіс аман ба?

– Құдайға шүкір, аман-есен!

– Ұлымның халі жақсы ма?

– Көзің көргендегіден жақсы.

Page 89: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

84  

– Шешемнің денсаулығы жақсы ма?

– Өте жақсы, өзің көргендей.

– Біздің əлгі итіміз – "бөрібасар" бар шығар?

– Бар, аулаға жан жолатпайды.

– Мен шығып отыратын жуан жиде бар ма?

– ......

Бұл сұраулар Қожанасырды əбден мезі қыпты. Қожанасырдың

қарны əбден ашады, сонда да əлгі əкім тамақ жеуге титтей де орай

тудырмай сұрауды жаудыра беріпті:

– Қош, біздің "бөрібасар" сау дедің ғой, ə?

– Жоқ, мен жолға шығардан бір күн бұрын өлді.

– Үй, рас па не болып өлді? – деп əкімнің көзі бағжаң ете түсті.

Қожанасыр:

– Тобылғы торы атыңыздың сүйегін кеміріп жатқанда сүйекке

қақалып өлді.

– Ей! Торы атымды өлді дейсің? Ол неғып өлді?

– Əйеліңді жерлеп қайтып келе жатқанда, сүрініп жығылып,

мойны үзіліп өлді.

– Əйелің өлді деймісің?!

– И-иə, тақсыр, ұлыңыздың қазасына қайғырып, көп жылап қаза

болды.

Page 90: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

85  

– Ойбай, Құдай-ау! Ұлым да өлген бе еді?!

– Иə, ажалға не шара, үйіңіздің төбесі түсіп кетіп, басып өлтірді.

Əкім "Қайран қара шаңырағым-ай! Бауыр етім – қайран ұлым!

Құдай қосқан қосағым-ай!" деп зар еңіреп, дөңбекшиды. Қожанасыр

сол орайдан пайдаланып, қарнын тойдырып алыпты да:

– Сабыр етіңіз, тақсыр! Шаттанғанда алдыма ас қойған едіңіз, сіз

қайғырғанда қарным əрең тойды. Қалған іске салауат, аллаһу акбар,

қош тұрыңыз, – деп жүріп кетіпті.

УАҒЫЗ

Жашиық намаздан кейін имам уағыз айтпақ болып мехрапқа

шығып, екі көзін тас жұмған беті бедірейіп тұрыпты да қалыпты.

Жамағаттың ішінен біреуі:

– Имам хазірет, уақыт босқа өтпесін, қане сөзді бастаңыз, – депті.

Имам сəлден кейін барып көзін ашып:

– Есіме ешнəрсе түспесі бар ма? – депті.

Мен сіздің ақылыңызға қайранмын!, – алдыңғы қатарда отырған

Қожанасыр жұлып алғандай, – еш болмағанда, мінбеден түсіп кетуде

есіңізге келмеді ме?

Page 91: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

86  

БІР ҚАСЫҚ АЙРАН БОЛСА БҰЙЫРМАСЫН

Аң қуып арып-шаршап келе жатқан патша Қожанасырдың

ауылына келіп, аттан түспей тұрып:

– Ей, Қожанасыр, шөлдеп өлерменге жеттік, үйіңде айран болса

алып шық, – депті.

Қожанасыр үйінен шығып:

– Тақсыр, патша ағзам, кешіргейсіз, үйімде бір қасық айран болса

бұйырмасын, – депті.

Қожанасырдың жауабынан түңілген патша үміті өткендей

атының басын бұрып, жүріп кетеді. Олар жүріп əудем жерге

барғанда, Қожанасыр үйіндегі айран ұйытатын шелегін алып шығып,

патшаның артынан айғайлап:

– Уай, патша ағзам, бері келіңіз! – деп шақырады.

Патша мен оның атқосшылары Қожанасыр бізге қайтсе де айран

беретін болды деп ойлап, қайтадан жарыса шауып жетсе, Қожанасыр

айран ұйытатын шелегін көрсетіп:.

– Сенбесеңіз шелекті көріңіз, патша ағзам, Құдайға рас! Бір

қасық айран болса бұйырмасын, – депті.

Page 92: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

87  

СІЗДЕН ТƏЛІМ АЛСА

Қожанасыр қоныстанған жердің мыңбегі Қожанасырға бір

қабаған ит тауып əкеліп бер деп бұйырыпты, Қожанасыр біреудің

басын баса да "мыңқ" етпейтін жаман итін алып мыңбекке жетелеп

апарады, мыңбек итті жаратпай ашуланып:

– Қожанасыр, мен саған аулаға адам жолатпайтын қабаған ит

əкел десем, қарашы мына əкелген итіңнің түріне, – депті.

Қожанасыр байыппен:

– Сабыр етіңіз, мыңбек тақсыр, бұл ит бірнеше күн сізден тəлім

алатын болса, аула түгіл, ауыл өңіріне адам жолатпайтын болады, –

депті.

ПАРЫҚ

Бір күні Қожанасыр моншаға барыпты. Қарбалас жұмысы

болғандықтан асығып барған беті сұпыда жуынып отырған бейтаныс

біреудің жанына отыра қалып жуына беріпті. Сұпыда отырған адам

шаһар əкімі екен. Ол Қожанасыр менің алдымда əдеп-иба істемеді

деп ашуға басып:

Page 93: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

88  

– Ей, ибасыз, көргенсіз неме, сенің есектен қаншалық парқың бар,

– депті шадыраңдап.

Қожанасыр дереу екеуінің аралығындағы бос жерді қарыстап

жіберіп:

– Парық онша көп емес екен. Əрең екі-ақ қарыс шықты! – деп

жауап беріпті.

ҚАСИЕТТІ ҚЫСҚАШ

Қожанасыр базар аралап келе жатса, семсер сатып отырған

біреуді кезіктіреді. Семсердің бағасын сұраса əлгі саудагер:

– Семсерім жүз теңге, – дейді.

Қожанасыр:

– Бұл не деген қымбат, – деп таңырқапты.

Саудагер:

– Таңырқамаңыз! Қымбат болғаны – бұл семсердің қасиеті бар,

семсерді қолға алып, дұшпанға сілтейтін болсаң өздігінен бес кез

ұзарады, – депті.

– Ой, Құдай-ай, мұның да қасиеті шамалы екен ғой, – депті сонда

Қожанасыр, – менің қатынымның ашуы келгенде, қолындағы

Page 94: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

89  

қысқашы он кез ұзарады. Сенің семсерің жүз теңге болған жерде мен

қысқашты екі жүз теңгеге сатсам болғандай екен.

АЙ МЕН КҮН

Еріккен біреу Қожанасырдан:

– Қожеке, ай жақсы ма, күн жақсы ма, – деп сұрапты.

– Ай жақсы, – деп жауап беріпті Қожанасыр, – Неге десең күн

күндіз шығады ғой өзің білесің, ай болса, түнде шығып қараңғы

түнді жарытады, – депті.

ЖҮЗ ДІЛДƏ

Қожанасыр бір молланың аузынан: "Құдайға шын ниетімен

құлшылық етіп тіленсе, сұрағанын береді" дегендей естиды де, өз

басындағы жоқшылық жағдайын айтып, ең соңында:

– Ей, Аллатағала! Мен сияқты кедей пендеңізге істейтін

шапағатыңыз болса жүз ділдə атаңызшы, егер бір ділдəсі кем болса

алмайыын, – депті.

Page 95: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

90  

Қожанасырдың бұл зарын естіп тұрған көршісі бір қарау бай

Қожанасырды сынап көру үшін үйінен тоқсан тоғыз ділдəны алып

шығып Қожанасырдың шаңырағынан тастап жіберіп байқаса,

Қожанасыр ділдəны санап жіберіп: "тоқсан тоғыз ділдəны берген

Құдай қалған бірерін де бере салатын шығар" деп сандығына салып

қойыпты.

Қожанасырды қоқитамын деп жүріп өзім шоқиып қалмайын деп

ойлаған қарау бай іле-шала Қожанасырдың үйіне кіріп:

– Қожанасыр, жаңағы шаңырақтан түскен тоқсан тоғыз ділдəны

сені сынап көрейін, Құдайға айтқан уəдесінде тұра ма екен деп мен

тастаған едім, – депті.

Қожанасыр қарау байға алая қарап:

– Е, байеке, Құдайға құлшылық істеп əрең тілеп алған азғантай

ділдəға еншілес болғың келіп тұр ма? Сенің ділдəңды көргемін жоқ,

сандалмай аулақ жүр, – деп бет баттырмапты.

Қарау бай Қожанасырды қазыға жүр деп сүйрепті.

Қожанасыр:

– Мен қазының алдына барудан қорықпаймын, бірақ, менің бір

киер шапаным жоқ, жалба-жұлба жаман шапанмен қайтіп барамын,

– депті.

Қарау бай лажсыз үйінен жаңа шапанын əкеліп бергеннен соң

Page 96: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

91  

Қожекең:

– Қазының алдына салпақтап жаяу бармаймын, – деп

қырсықтанады. Болмаған соң бай атын Қожанасырға беріп, өзі

жаяулап, екеуі қазыға барыпты.

Қарау бай болған оқиғаны қазыға баян еһді.

Қазы Қожанасырға қарап:

– Біреуі кем жүз ділдə алғаның рас па? – деп сұрайды.

Қожанасыр:

– Бұл нақақ, жала жапқандық. Мұндай жалақор, оңбаған байды

өмірімде кездестіргенім осы. Егер мұның еркіне қоймаңыз, үстімдегі

шапаным мен астымдағы атымды да менікі деп жала жабудан

тайынбайтын көрінеді, – дейді.

Қарау бай алам дегенінен айрылып опық отына түсіп қала беріпті.

Қожекең қазының үкімі бойынша ат мініп шапан киіп ділдəны

иемденіп жайбарақат кете беріпті.

ЕНДЕШЕСІН ӨЗІҢ БІЛ

Бір күні таңертең Қожанасыр базарға бара жатса көршісі

Қожанасырдан:

Page 97: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

92  

– Қожеке, түнде қораңызда дабыр-дүбір үн шығып жатыр еді, не

болды, – деп сұрапты.

Қожанасыр:

– Ешнəрсе болмады. "Əлгі" екеуіміз біраз түс шайысып қалдық, –

дейді.

– Ендеше... дүрс етіп шыққан үн немене?

– Шапаным төсектен жерге түсіп кеткен еді, – депті Қожанасыр.

Көршісі қайран болып:

– Шапан да дүрс ете ме? – депті.

Қожанасыр:

– Шапанның ішінде мен өзім болған соң, дүрс ете дүрс еткен

шығар. Ендешесін өзің біл, – депті.

ГƏП СƏЛДЕ ДЕ БОЛСА

Бір күні, Қожанасыр басына үлкен сəлде орап, мешіттен қайтып

келе жатса, бейтаныс біреу кезігіп, мына хатты оқып беріңізші,

моллаеке, – депті.

– Хат танымаушы едім, – дейті Қожанасыр.

Əлгі кісі таңырқап:

Page 98: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

93  

– Басыңызда шаңырақтай сəлде тұрып, хат танымағаныңыз ұят

емес пе? – депті.

Қожанасыр басындағы сəлдесін алып, əлгі кісінің басына

кидіріп:

– Қанеки, гəп сəлде де болса, ана хатты өзің оқып жіберші, –

депті.

АТ ДЕГЕН СОЛ ЕМЕС ПЕ

Қожанасыр қан жолда келе жатып, бір сыңар қасаң таға тауып

алады. Қуанғаны соншалық, үйіне кіре беріп:

– Қатын, қатын! "Құдайға шүкір" де, Құдай бізге де ат бермекші,

– депті.

– Құдай ат берсе жаяу келуің қалай, – депті қатыны аң-таң

болып.

Сонда Қожанасыр күлміңдеп:

– Міне, бір сыңар тағаны көрдің бе? Құдай енді үш таға, төрт

борбай берсе, ат деген сол емес пе? – депті.

Page 99: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

94  

АШЫТҚЫСЫЗ НАН

Қожанасыр ел қыдырып келіп əйеліне:

– Ертең үйге қонақ келмекші, əйбаттап майға нан пісіріп қой, –

деп бұйырыпты.

Қатыны:

– Үйде бір шымшым да ұн болмаса, неден пісіремін, – деп

ренжісе керек.

Қожанасыр:

– Ұн қалмаған болса, ашытқысыз-ақ пісіре сал, – депті.

ШАҺАРЫҢЫЗДЫ БАСЫМА КИЕРМІН-АУ

Бір жылы жазда Қожанасыр базарға шығып, қауынсатыпты. Бір

күні қауын сатып отырса, шаһарбегінің шабарманы бір топ адаммен

келіп, Қожанасырдың қауынынан тойғанша жеп, ақша төлемей кетіп

қалады.

Қожанасыр шаһарбегінің кеңсесіне барып арыз айтып:

– Тақсыр, шабарманыңыздан ақшамды өндіріп бермейтін

болсаңыз, бұл шаһарыңызды басыма бір-ақ киермін-ау, – деп сес

Page 100: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

95  

көрсетіпті.

Шаһарбегі Қожанасырдың дау-жанжал қозғап, шаһарда

аласапыраң тудыруынан именіп, шабармандарынан ақшасын өндіріп

беріпті де, Қожанасырдан:

– Қожеке, егер ақшаңды алып бермесем шаһарды басыңа қайтіп

киер едің, – деп сұрапты.

– Ол оңай, – депті сонда Қожекең, – шаһардың қақ ортасын

тауып аламын да, басымды жерге тіреп, аяғымды аспанға қаратасын,

сонда шаһарыңыз басыма киілмей көрсінші!?

СЕНІКІ ДЕ РАС

Қожанасыр көршісінің көңілін сыйласа керек. Бір күні көршісі

Қожанасырға келіп қатынын жатып кеп жамандапты. Қожанасыр

естіп болып:

– Дұрыс айтасың, сөзің рас, қатыныңның мінезі шайпау екен, –

депті.

Ертеңінде əлгі көршісінің əйелі келіп, Қожанасырға байын ілікке

алғысыз етіп жамандапты. Қожанасыр оған да "айтқаның рас" депті.

Көрші əйел кеткен соң, Қожанасырдың əйелі ренжіп Қожанасырға:

Page 101: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

96  

– Үй, ер болмай, жер болсаң еді-ау! Ол келсе онікі де рас, бұл

келсе, бұнікі де рас дегенің қайткенің, – депті. Қожанасыр біраз

ойланып отырғаннан кейін əйеліне:

– Ойлап көрсем, сайып келгенде сенікі де рас екен, – депті.

ҰЯЛҒАНЫМНАН

Бір күні Қожанасырдың үйіне ұры кірген екен. Қожанасыр сезіп

қалады да еппен барып, бос тұрған сандықтың ішіне түсіп, жата

қалады.

Екі ұры Қожанасырдың үйінен іліккен алардай бір нəрсе таба

алмай, ақтарып жүріп, сандықты ашып қалады. Қараса, сандықтың

ішінде Қожанасыр жатқан болып шығады.

– Қожеке, сандыққа түсіп алғаның қалай? – деп сұрапты ұрылар.

Сонда Қожанасыр:

– Үйімде сендерге олжаға татырлықтай бір нəрсе болмаған соң,

ұялғанымнан сандыққа өзім түсіп едім, – депті.

Page 102: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

97  

ШӨЛДЕП ҚАЛҒАН ШЫҒАР

Қожанасыр біреудің тойына барған екен. Үй толы алқа-қотан

отырғандарды ығына қарай əрбір дастарқандарға бөліп

орналастырады да, алуан түрлі тағамдар қойып шай құяды.

Қожанасырдың өр жағында отырған жуан сəлделі біреу алдындағы

тағамдарды жапырақ жеген түйеше асағанымен қоймай, екі жан

қалтасына, қойны-қоншына сықай беріпті. Барлығын бағып отырған

Қожанасыр шай шəугімін алыпты да əлгі жуан сəлделінің жан

қалтасына шайды да құйып жіберіпті. Сəлделі ашуға басып:

– Ей, Қожанасыр, жан қалтаға шай құйғаның не? Бұл қай

қылығың, – депті. Сонда Қожанасыр:

– Білсеңіз қамқорлық, жан қалтаңыз дəнді-құжырлы тағамдарды

көп жеді, шөлдеп қалған шығар, – депті.

КІМГЕ КІНƏЛІ

Қожанасыр көп уақыт сүр бойдақ жүріп, кейіндеп бір əйел алған

екен. Алған əйелі шарқая, шайпау болып, қит етсе беттен алып,

жоқтан өзгеге шармаяқтасып, Қожанасырды қатын алғанына "қап"

Page 103: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

98  

дегізіпті.

Бір күні тағы да аяқ астынан бұлқан-талқан болып Қожанасырға:

– Құдай қаңғыртып, сені де ер деп тиіппін, сендей ерге тигенше,

жерге тисемші, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Сендей қатынды ала қоятын жер кімге кінəлі екен, – депті.

АНА АППАҚ САҚАЛЫҢМЕН

Қожанасыр үйінде отырса, далада ойнап жүрген баласы жүгірген

бойы жылап келіп:

– Əке, қолымдағы наным құдыққа түсіп кетті, – депті.

Қожанасыр жүгіріп шығып, құдыққа еңкейіп қараса құдықтың

ішінде дəл өзі сияқты сақалы қауқиған бір шал тұр екен, Қожекең

оған тебіте тұрып:

– Ана аппақ сақалыңмен қаршадай баланың қолындағы нанын

тартып алудан ұялмадың ба? – депті.

Page 104: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

99  

ОҒАН НЕ АМАЛ?

Қожанасырдың қала мекенденген бір дос қонаққа шақырып,

қонақасыға қазы асып, палау басыпты. Алдына ас келгенде

Қожанасыр палаудан аз жеп, туралған қазыны арт-артынан қос

жапырақтап асапты. Дастарқандастың біреуі Қожанасырға:

– Бір шеңгел палауға бір жапырақтан ғана қазы қосып жейтін

жосын болушы еді, сіздің екіден қарбытқаныңыз қалай, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Қарағым-ау, үш жапырақтан қарбытайын десем аузыма

сыймаса, оған не амал? – депті.

ШИПА

Ауылдың бір қу ауыз ділмары Қожанасырдың алдынан шығып:

– Қожеке, түнде ұйықтап жатсам, бір тышқан аузымнан кіріп

ішіме кетіп қалды, оған не шипа? – деп сұрапты. Сонда Қожанасыр

мүдірместен:

– Шипас оңай, бір аш мысықты ұстап ал дағы суға бір малып,

жұтып жібер, – депті.

Page 105: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

100  

ҚАЙДАН БІЛЕСІҢДЕР?

Қожанасыр ескеуілдеп мақтанысқан бір топ баланың арасына

отыра қалып, бөскен екен дейді:

Бір күні Мамырбайдың ауылына барсам, қалың жылқыны жарға

иіріп, өмірі жүген-құрық тимеген бір үшу асауды ұстамақшы екен,

жылқышылардың тастаса шалмасы, созса құрығы түспей, əлгі асау

торы əбден əспенсіп алған екен, кімде-кім жақындаса тік шапшиды

екен. Бала кезімнен асаудың құлағымен ойнап үйренген басым,

мазаққа қайдан көнейін, атылып барып асау торының шоқтығынан

сап етіп, қарғып мініп алдым, жүген-ноқтасыз, жайдақ асау

құйындата жөнелді. Құдай сақтасын, шоқтығынан мықтап ұстап

қаққан шегедей қадалып қалыппын. Бір уақытта алдыма қарасам екі

арқан бойы биік жардың жағалауына таяп қалған екем, үзеңгіні екі

аяғыммен шіреп теуіп тізгінді шалқая тартып қалып едім, əлгі асау

төбеге ұрғандай тоқтады. Енді болмаса, екпінімен жардан бір-ақ

ұшатын едім, – депті.

Аңыра тыңдап отырған балалардың біреуі:

– Қожеке-ау, асауды жүген-ноқтасыз жайдақ міндім дедіңіз ғой

жаңа ғана, – деп сұрапты. Сонда Қожанасыр балаларға:

– Ей, ол заманда сендерге ақыл кірмеген сəбисіңдер,

Page 106: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

101  

жүген-ноқталы, ер тоқымды ат па? Əлде жүген-ноқтасыз, жайдақ ат

па? Оны қайдан білесіңдер! – депті.

ҰЖМАҚ ПЕН ТОЗАҚ ТОЛҒАНҒА ДЕЙІН

Біреулер Қожанасырдан:

– Адамзат қашанға дейін туылып, өле бермек? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Ұжмақ пен тозақ толғанға дейін, – деп жауап беріпті.

ҚАЗЫ

Қожанасырдың көршісі əйел алып той жасап, бір ай болғанда

жаңа түскен келіншек босанып, ер бала тапқан екен. Қожанасырды

шақырып "жаңа туған нəрестеге ат қойып беріңіз" деп өтініпті

көршісі.

Қожанасыр нəрестеге "Бөбек қазы" деп ат қойып беріпті.

Көршісі:

– Қожеке, жаңа туған нəрестеге "қазы" деп ат қойғаныңызға

Page 107: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

102  

ғажаптанамын, – депті.

Қожанасыр көршісіне:

– "Қазы" деген ат балаңыздың затына сай тауып қойылған ат.

Өзіңіз ойлаңызшы! Бұл нəресте құрсақтағы кезінің өзінде-ақ тоғыз

айлық жолды бір айда басты. Жарық дүниені көрген соң, бір жылға

жетпей-ақ Меккеге барып келмесіне кім кепіл? – депті.

СОРПАСЫНЫҢ СОРПАСЫНЫҢ СОРПАСЫ

Қожанасырдың бір саятшы дос болған екен. Бір күні

Қожанасырға бірнеше қоян соғып əкеліп беріпті. Қожанасыр досына

қоян етін асып, сорпа суымен күтіп жолға салады. Арадан біраз күн

өткен соң Қожанасырдың дарбазасын біреу тарсылдатады. Есік

ашып қараса Қожекеңді іздеп келіп тұрған бір топ адам екен.

Қожанасыр олардан жөн сұрағанда, олар:

– Біз сізге қоян соғып əкеліп берген досыңыздың достары

боламыз, – деп жауап беріпті.

Қожанасыр оларды үйіне бастап əкеліп, өз əлінше күтіп жолға

салады. Жəне бірер жетіден соң тағы да бейтаныс алты-жеті адам

келеді. Қожанасыр олардан жөн сұрағанда:

Page 108: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

103  

– Біз сізге қоян соғып берген досыңыздың достарының

достарымыз деп жауап береді. Қожанасыр:

– Жарайды, табылмайтын таныстардан екенсіздер, үйге

кіріңіздер деп төрге шығарады да үлкен кеселерге арықта ағып

жатқан лай суды толтыра құйып алдарына қойып:

– Қанеки, ас алыңыздар, – депті.

– Қожеке, мұныңыз не, – деп əлгі бір топ адам таңырқай сұрапты.

Сонда Қожанасыр оларға:

– Бұл менің досым əкеліп берген қоянның етінің сорпасының

сорпасының сорпасы, – депті.

ОЙБАЙЛАҒАНЫН ЕСТІМЕСІН ДЕП

Қожанасыр бір күні мектепке келмей қалыпты. Ертеңінде

мұғалім Қожанасырдан:

– Кеше неге мектепке келмедің, – деп сұрапты.

Қожанасыр:

– Ауруханаға бардым, – депті.

– Ауырып қалдың ба? – деп сұрапты мұғалім.

Сонда Қожекең:

Page 109: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

104  

– Жоқ, ағайым тісін тарттырған еді. Ағайымның ауруға шыдамай,

ойбайлағанын ел естімесін деп дарбазаның алдына шығып алып

əндетіп отырдым, – депті.

ИТ ЖІИРКЕНДІ

Қожанасырдың иті өте сақ құлақ екен. Түн баласы əмір таппай

қора күзетіп, күндіз көлеңкеде жатып ұйықтайды екен.

Күндердің бірі Қожанасырдың үйіне мыңбегі келгенде

Қожанасырдың иті "шəу" етіп үргенді қойып, бұрыштағы

қалтарысқа кіріп кетеді. Оны көрген мыңбегі, жатып кеп қарқылдап

күліп:

– Қожеке, итіңіз менен қорқып, кірерге тесік таппай жүрме, қалай,

– депті.

Қожанасыр мыңбегіне:

– Олай емес, тақсыр, сізден қорыққан жоқ, жіиркенгені ғой, –

депті.

Page 110: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

105  

САСҚАЛАҚТАУ

Қожанасыр əйелін түнгі тойға ертіп баруға иландыру үшін оны

əбден мадақтапты:

– Пай-пай, біздің бəйбіше əйел затының алды, ұрға шының

сарасы ғой, ерінің айтқанын бұзбаған деген əйел заттың тамаша

қасиеті емес пе? Енеміз жарықтық баптап қана өзіңдей жалғыз-ақ

қыз туған екен! – депті.

Əйелі Қожанасырға:

– Е, екі қыз тапқан болса қайтпек едің, – деп қадала сұрағанда,

Қожанасыр сасқалақтап қалып барып:

– Оны да өзім ала салған болар едім, – деп жауап беріпті.

БІР КҮН НЕШЕ САҒАТ?

Қожанасыр мектепте оқып жүрген күндердің бірінде мұғалім

Қожанасырдан:

– Бір күн неше сағат? – деп сұрапты.

– Жиырма бес сағат, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Есің ауысқан ба, қалай? Жиырма төрт сағат болмай ма екен, –

Page 111: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

106  

депті мұғалім. Сонда Қожанасыр:

– Кеше ғана "күн бір сағат ұзарды" деп едіңіз ғой, – депті.

САЙРАНДАУ

Қожанасыр ораза ұстамағандығы үшін, имам айыпқа

бұйыртамын деп оны қазыға алып барыпты. Қазы Қожанасырға зілді

бейнемен:

– Сен діннен бездің бе, не үшін ораза ұстамайсың? – депті.

Сонда Қожанасыр имамға:

– Ей, тақсыр, білсеңіз жылында бір келген оразаны ұстап

қайтеміз, емін-еркін бір сайрандап алмасын ба, – депті.

БЕРГЕНІҢЕ БЕРЕКЕ

Қожанасыр түс көріпті. Түсінде бір əтеш тауығы бар екен, сол

тауығын базарға апарып бағаласып жатады екен. Қожанасыр əтешіне

он бес теңге сұрапты, алушы бес теңге болса қалай депті, сөйтіп,

бағаны бір-біріне үгістіріп барып ақыры тоғыз теңгеге тоқтасыпты.

Page 112: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

107  

Дəл тоғыз теңгеге бітім болғанда Қожанасыр оянып кетеді. Байқаса

түсі екен. Қожанасыр түсін қимай, дереу екі көзін тас жұмып алып:

– Айтқаның келсін, бергеніңе береке, əкел, тоғыз теңгеңді бер де

əтешті ұстап алып жүре бер, – деп қолын созыпты.

ПАРЫЗ

Күндердің бірінде мешіттің имамы жолшыбай Қожанасырдың

үйіне түсіп қонақ болыпты.

Дастарқан жайылып тағам тартылған соң имам "бісміллə

рахманыррахим, мына тағамды тауса жеу сүннəт, ана тағамды

тауыса жеу де сүннəт..." деп, бірдемде-ақ дастарқандағы

тəтті-дəмдіні сілбі жеген сиырша жайпап болыпты, сөйтіп отырғанда,

Қожанасырдың бес жастағы ұлы сырттан жүгіріп үйге кірген екен,

имам Қожанасырға қарап:

– Қожеке, мынау "жігіт" сіздің балаңыз ба? – деп сұрапты.

– Иə, тақсыр!

– Аты кім?

– Парыз.

Имам таңырқап:

Page 113: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

108  

– Үй, парыз деп те ат қойыла ма? – депті имам.

Сонда Қожанасыр:

– Алдияр, тақсыр, баламыздың аты сүннəт болатын, имам жеп

қоя ма деп парыз дегенім ғой, – депті.

ҚАЗЫНЫҢ ҚҰРБЫЛАСЫ

Бір күні Қожанасыр есегін жетелеп базарға бара жатса, алдынан

қазы кезігеді. Қазы Қожанасырды сайқы қып:

– Қожеке, құрбыласың екеуің қай жаққа сапар шектіңдер? – деп

сұрапты.

– Иə, тақсыр, – депті Қожекең, – мына сырласыңыз "сіздің үйге

барғым келді" деген соң, сіздікіне қарап сапар шеккен едік, жолы

болардың жеңгесі алдынан шығады дегендей, міне өзіңіз жолдан

кезігіп, жол қысқарғаны мұндай жақсы болар ма.

ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚҚАНША ҚҰДАҢНАН ...

Күндердің бірінде Қожанасыр мешітте намаз оқып отырып,

Page 114: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

109  

намаздың "сəлемін" алдымен сол жағына онан кейін оң жағына

беріпті. Намаздан тараған соң, намаздастарының біреуі

Қожанасырға:

– Қожеке, сіз жаңағы намазда жаңсақ кетірдіңіз, – намаздың

"сəлемін" алдымен оң жаққа беретінді ұмытып қалғансыз ба? –

депті.

Қожанасыр:

– Ұмытқан жоқпын, бірақ, сол кезде сол жағымда ұлымның

қайнатасы-құдамыз отыр екен. "Құдайдан қорыққанша құдаңнан

қорық" деген сөз есіме келді де, алдымен сол жағыма сəлем бердім, –

депті.

НЕШЕ РЕКАҒАТ?

Қожанасыр намазды мешітке барып оқымағандығы үшін,

айыпталып жазаға тартылған екен.

Қазы Қожанасырдан:

– Сен намазды не үшін мешітке келіп оқымайсың? – деп сұрапты.

Қожанасыр:

– Намазды үйімде оқыдым, – деп жауап беріпті. Қазы

Қожанасырға:

Page 115: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

110  

– Өтірік айтасың! Үйіңде оқығаның рас болса, жашиық намазы

неше рекағат, білесің бе? – деп сұрапты.

Қожанасыр:

– Білем тақсыр, жиырма рекағат, – депті.

– Қожанасырды дүреге басыңдар! – деп жарлық беріпті қазы.

Дүреленіп жатқан Қожанасырға жаны ашыған біреуі

Қожанасырдың құлағына сыбырлап: он рекағат десеңіз болғаны,

құтыласыз, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Жиырма рекағат дегендігім үшін осыншалық соқты, он рекағат

десем ұрып өлтіретін шығар, – депті.

КІШКЕНТАЙ СƏЛДЕ

Қожанасыр намазға барғанда басына сəлде орамайды екен, бір

күні ерте тұрып, таңертеңгі намазға барарында, алагеуімде бас

киімін таба алмай, асығып басына сəлдеге ұқсатып ақ орамалды

орай салыпты, намаздан қайтып келе жатып үйіне жақындағанда

Қожанасырдың иті иесін танымай өзіне арыстандай атылыпты.

Сонда Қожанасыр басындағы сəлдесін қолына алып:

Page 116: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

111  

– Ой-пырай-ə, кішкентай сəлдені көргенде осыншалық өрекписің,

егер қазы-ишан, имам, моллалардың дəу сəлдесін көрсең, жай

түскендей жайратады екенсің-ау, – депті итіне.

БІР КИЕРЛІГІМ ЖЕСІН

Бір күні көрші ауылда той болып жатқан соң Қожанасыр

қаннен-қаперсіз үстіндегі көне шапанымен тойға барса ешкім де

оған "үйге кіріңіз" демепті. Көзге ілмеген соң, үйіне қайта келіп көне

киімдерін аустырып, үстіне бір киер киімдерін киіп қайта барған

екен, даяшылар бəйек болып алдынан шығып төрге отырғызып,

алдына сый табақ тартыпты. Отырғандар: "қанеки, ас алыңыз..."

дегенде, Қожанасыр:

– Ал, же, сілейе бір тойшы, – деп бір киерінің жеңіне, қойнына

тамақты сүңгіте беріпті.

Күтушілер бұған таң-тамаша болып:

– Қожеке, бұл қайткеніңіз, – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Сый-құрмет бір киерім үшін болғандықтан, сыбағаны да сол

жесін, – депті.

Page 117: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

112  

СОЛАЙ БОЛАР ДЕП ОЙЛАҒАН ЕДІМ

Күндердің бірінде Қожанасыр жоғалып кеткен есегін іздеп келе

жатса, алдынан сенделектеп бір шала мас кезігеді. Əлгі мас

Қожанасырдан:

– Қожекеғ кешкіріп қалғанда көшеде не іздеп келесіз, – деп

сұрайды.

– Есегім жоғалып, соны іздеп келемін, – депті Қожанасыр.

Əлгі адам Қожанасырды тəлкек қылмақ болып:

– Есегіңіз мас болып, анау көшенің бұрышында жығылып жатыр,

– депті.

– Мен де солай болар деп ойлаған едім, – депті Қожекең əлгі

шала мастың сөзін қуаттап, – есегімнің сен сияқты бірқанша

көңілдестері бар еді солармен бас қосып бірге сайрандаған болуы

ғажап емес.

ШАЙНАП БЕРУ

Біреу отырғандарға үй мысығын мақтап:

– Біздің бұл мысық, өте ерке, асты шайнап бермесе əсте жемейді,

Page 118: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

113  

– дегенде Қожанасыр сөз қыстырып:

– Ондай болғанда, тышқанды да шайнап бересіз бе, – депті.

КҮЛДІРГІ

Бір күні Қожанасыр арасанға түскелі бара жатса ауыл жастары

алдынан шығып:

– Қожеке, бізге біраз күлдіргі айтып беріңізші, – деп талап

қойыпты.

Қожанасыр мақұл көрген раймен:

– Қожанасыр бір күні арасанға түсіпті, – дейді де тоқтап қалады.

Жастар:

– Е, содан кейін...? – деп сұрайды.

– Əлы арасанға түспесем, одан кейін не болғанын қайдан білейін,

– депті Қожанасыр.

Жашар қызыға қарап:

– Жə, қызығын арасаннан қайтқанда естиік, – деп Қожанасырды

жолына жөнелтеді де арасаннан қайтарын күтеді.

Қожанасыр жуынып қайтқанда жастар жəне:

– Қожанасыр арасанға түскенде нендей қызық болған екен, – деп

Page 119: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

114  

сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Ақымақ-ақ екенсіңдер, басқалар арасанға түссе ешнəрсе

болмаған жерде, мен арасанға түскенде бірдеме болды ғой дейсіңдер

ме, – деп жүріп кетіпті.

БЕЗСЕҢ МЕНЕН БЕЗ

Қожанасырдың тағы бір реткі алған қатыны жетесіздеу адам

болыпты, онысымен қоймай қатты сəнқой екен. Өзінді күнді

таранып-сыланумен өткізеді екен де, үй шаруасы Қожанасырдың

мойнында болыпты. Қожанасыр əйелінің қылығынан əбден мезі

болып жүргенде əйелі бір күні Қожанасырға:

– Ей, бақадай шулаған туыс-жұрағатың, оның үстіне алпыс

ағайын, қырық жездең бар екен, бірі кетсе, бірі келеді. Қайсы бірінен

безіп, қайсы біріне бəйек болайын? Бір басымды қайда тартамын,

тегінде маған ренжуші болса, – депті.

Қожанасыр əйеліне:

– Барлығына бəйек болсаң да мейлі, безсең менен безші, – депті.

Page 120: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

115  

НАМЫСТЫ БІЛМЕЙТІН КІСІ

Қожанасыр алыстағы бір досына хат жазып жатса, біреу

үн-түнсіз келіп, Қожанасырдың артында тұрып, Қожанасырдың

хатын ұрлап оқыпты. Қожанасыр сезген соң, хатының соңына:

"қадірлі досым, саған жазатын сөзім көп еді, амал не, намысты

білмейтін бір кісі менің артымда тұрып алып, хатымды ұрлап оқып

тұр" деп жазыпты.

Əлгі кісі Қожанасырға:

– Ей, сен біреуді неге қарадай иянаттайсың, сенің хатыңды кім

оқыпты, – деп ашу шақырады.

Сонда Қожанасыр оған:

– Хатты ұрлап оқымаған болсаң, менің иянаттағанымды қайдан

білдің, – депті.

ҰЙЫҚТАП ҚАЛДЫМ

Қожанасыр құрбысымен екеуі базаршылап барып, сарайға

қонады. Жатқан соң құрбысы Қожанасырдан:

Page 121: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

116  

– Қожеке, ұйықтадың ба, – деп сұрапты.

Қожанасыр:

– Е, не дейсің?

– Өзіңнен қарызға біраз ақша сұрағым бар еді.

Қожанасыр дереу қор ете түсіп:

– Мен ұйықтап қалдым, – депті.

ТҰШПАРА СУЫҒАНША

Бір күні Қожанасыр асқан қомағай біреумен бірге аспұзылға

отырып, тұшпара алдырыпты. Алдарына тұшпара келген соң,

Қожанасыр енді жеуге қол қойғанда, əлгі қомағай Қожанасырға:

– Қожеке, тұшпараны суыған соң жеген жөн шығар, – депті.

Қожанасыр қолына алған тұшпараны қылғи салып:

– Қадірмендім, тұшпараның суығанына қарасам, маған ештеме

қалмайтын сияқты депті.

Page 122: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

117  

КӨЗƏЙНЕКТІ БЕРЕ САЛ

Ұйықтап қалған Қожанасыр түн ортасында əйелін жұлқылап

оятып:

– Ей, бəйбіше, бəйбіше, тезірек көзəйнегімді беріп жіберші, –

депті.

Əйелі қайран болып:

– Жеті түнде, көзəйнекті қайтпексің? – деп сұрапты.

– Міне қызық, бір түс көрген едім, өте буалдыр тартып, көзəйнек

керек болып тұрғаны, – депті Қожанасыр.

ТҮС

Бір күні Қожанасыр аяңдап қазының кеңсесіне келсе, бір бай

қазыны кеу-кеулеп мақтап жатыр екен:

– Тақсыр, түнде түс көрген екем, түсімде ол дүниеге барсам

Құдай сізді періштелерге мақтап жатыр екен, соны естіп қайттым, –

депті.

– Бұл түс тым маңызды екен, – депті Қожанасыр қазыға, – бұл

түсті жори қалсақ, жақын арада сізге мына байдың немесе Құдайдың

Page 123: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

118  

мұқтаждығы түседі екен.

МƏРТЕБЕҢЕ САЙ ҮЙ

Күндердің бірінде Қожанасырды аудан əкімі шақыртып алып көк

басылық мансап беріпті, жəне былай депті:

– Қожеке, енді мəртебеңізге сай үлкенірек үйге көшіп алыңыз.

Сонда Қожанасыр əкімге:

– Рахмет, тақсыр, сонша жылдан бері үйім тарлық қылған жоқ еді,

мансап беріп, үйімді тарылтып қойғаныңыз-ай! – депті.

ҚЫРЫҚ ШІБИГЕ БІР ƏТЕШ

Патша Қожанасырды сайқы-мазақ етпек болып көлдің бойына

шақыртады, Қожанасырдан жасырын қырық ұрғашыға бірден

жұмыртқа ұстатып:

– Барлығың көлге түсіп, бірден жұмыртқа алып шығасыңдар! –

дейді.

Қырық ұрғашы көлге түсіп, қолдарына бірден жұмыртқа ұстап

Page 124: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

119  

қайта шығады. Қырық бірінші болып Қожанасыр көлге түсіп, қайта

шыққан беті тура тартып, патшаның алдына келіпті де екі қолымен

санын шапалақтап жіберіп əтеш болып шақырыпты. Патша

ашуланып:

– Қожанасыр, бұл қай қылығың? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр патшаға:

– Патша ағзам, тауық өсіруді білмейді екенсіз, тым құрығанда

қырық шібиге бір əтеш болмаса бола ма, – депті.

ПАТШАНЫҢ НАРҚЫ

Патша Қожанасырдан сұраған екен:

– Қожанасыр, сен бір əділ бағаңды айтшы, менің

қадір-қымбатымның нарқы қаншаға тұрады?

Қожанасыр іркілмей-ақ жауап беріпті:

– Тақсыр, қадір-қымбатыңыз елу ділдəдан аспайды! Патша ашуға

басып:

– Не деген зердесіз жансың? – депті кəрленіп, – белімдегі алтын

белбеуімнің өзі-ақ елу ділдəлық болмай ма?

– Солай, тақсыр, – дейді Қожанасыр, – алтын белбеуіңіз

Page 125: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

120  

болғандықтан сол бағаны бердім, болмаса əуелі үстеу бер демекші

едім.

МƏСЛИХАТ

Қожанасырдың даңқын естіген біреу шалғайдан іздеп келіп,

Қожанасырдан мəслихат сұрапты:

– Қожеке, бұл жалғанда, қым-қуыт, қыруар оқиғаларды бастан

кештім, ию-қию дүниенің қайсы бірін жадыма сақтарымды біле

алмадым, сіз бір мəслихат беріңізші.

– Бұл жалғанда басқадан көрген жақсылығың болса, өле-өлгенше

жадыңда сақта; өзіңнің басқаларға істеген жақсылығың болса дереу

жадыңнан шығарып таста, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

БАЙ ЖОҚ ЖЕРГЕ КІРГЕН ЖАҚСЫ

Бір күні жұрт Қожанасырдан:

– Қожеке, тозаққа кірген жақсы ма? Ұжмаққа кірген жақсы ма? –

деп сұрапты.

Page 126: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

121  

Қожекең титтей де іркілмей:

– Қай жерде бай жоқ болса, сол жерге кірген жақсы, – деп жауап

беріпті.

ҚИЯМЕТ

Шаһардың атақты бір байы Қожанасырды үйіне шақырып келіп:

– Қожеке, сізді оқымысты молда, зерделі адам дейді ел, қашан

қиямет болады, айтып беріңізші, – деп сұрапты.

– Сіз өлген күннің ертеңінде, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Оны қайдан білдіңіз? – дейді бай.

– Қайдан білуші едім, мирасқорларыңыздың ниетінен білдім. Сіз

өлген күннің ертеңінде-ақ, мирасқорларыңыз, мал-мүлікке таласып

əлемнің астан-кестеңін шығарады. Қияамет деген сол, – депті

Қожанасыр.

АЙЛАКЕР КИІК

Патша Қожанасырды саятқа ертіп шығыпты. Түзде кезіккен бір

Page 127: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

122  

киікке оқ шығарған екен, оғы дарымапты. Патша ұялғанынан:

– Сонша жылдан бері аң аулап жүргенде бірде-бір оғым зая

кетпеген еді, бұл киік байқаусызда тез өтіп кетті ғой деймін, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Дұрыс айтасыз, тақсыр, егер киіктің орнында бірер жүз адам

болса, бір өтпен-ақ жайратқан болар едіңіз. Анау өте айлакер киік

екен, – депті.

ОЛ ДҮНИЕНІҢ КЕҢДІГІ

Қожанасыр бір төбеге жиналып алқа-қотан отырып дүрілдесіп

жатқан бір топ адамның жанына келген екен, біреуі Қожанасырдан

сұрапты.

– Қожеке, ол дүниенің кеңдігі қаншалық екен, кеше бір молда о

дүние бұ дүниеден де кең болады дейді ғой.

Дəл сол мезгілде бір топ адам бір өлікті көтеріп баражатқан екен.

Қожанасыр əлгі өлікті нұсқап тұрып:

– Əне, ана кісі о дүниеге кетіп бара жатыр, о дүниенің кеңдігін

білгілерің келсе, сол кісінің артынан еріп барып өздерің өлшеп

көріңдер, – деп жауап беріпті.

Page 128: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

123  

АСАТАЯҚ

Қожанасыр қартайғанда, жақсы көретін бір досы оған бір əдемі

асатаяқ сатып əкеліп беріпті. Бірақ, таяқ Қожанасырдың бойына шақ

келмей қалса керек.

Қожанасыр асатаяқты бойына дəлдестіру үшін таяқтың басынан

екі қарыс кесіп тастапты да, басына шүберек орап қояды. Көрген

кісілер асатаяққа іші ашып:

– Обал-ай! Асаңыз өте тамаша еді, обалды етіп бас жағынан

кескеніңізді қарашы! Артық болса төменгі ұшынан кессеңіз болмас

па еді? – депті.

Қожанасыр оларға:

– Асаның басы айтса айтқандай əйбат еді. Бірақ, таянайын десем,

басы сорайып асылып қалдым, асаның ұзын жағы осы басында екен

емес пе, өстімеске не шара! – депті.

ƏДІЛЕТ ТАСЫ

Қожанасыр бір байға айлықшы болып жалданған екен. Ай

ақырында ақысын аларда бай алуан түрлі жал тауып, ақысының қақ

Page 129: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

124  

жартысын бермепті. Қожанасыр құса болып, арызданып төреге

барыпты, бірақ, төре тек тарту-таралғы апарғандардың ғана сөзін

сөйлеп, Қожанасырға көз қырын да салмапты.

Қожанасыр ертеңінде бір орамалға төрт-бес малта тасты түйіп

алып тағы төреге барыпты. Төре Қожанасырдың қолындағы

түйіншектің қомақты екенін байқап, ең алдымен Қожанасырдың

дауын сұрап, байды шақыртып, ақысын алып беріпті. Дау-шар

қызметі бітіп, Қожанасыр ауаша қалған кезде төре Қожанасырға:

– Қожеке, орамалдағың не нəрсе, енді атпайсың ба? – дегенде

Қожеке төреге:

– Сіздің араныңызды аштырып, тағатыңызды тауысқан əділет тас

деген нəрсе осы еді. Егер дауды əділдікпен сұрамаған болсаңыз,

əділет тас басыңызға тимекші болатын, – депті.

БІРЕУІ ҒАНА КЕМ

Көшеде көп ұшырап тұратын пайдакүнем біреу бар екен. Бір күні

Қожанасырға кезігіп, өтісі бардай-ақ:

– Жұма күні бірқыдыру достарыммен сіздікіне бармақпыз,

дайындық көріп қойыңыз, – депті.

Page 130: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

125  

Қожанасыр:

– Иə, ..., – депті.

Жұма күні əлгі пайдакөс бірқанша адамдарды ертіп,

Қожанасырдың үйіне келеді. Қожанасыр олармен амандасып, жөн

сұрап қана отыра беріпті. Ас-су бермепті. Сарылып едəуір отырған

соң, əлгі пайдакөс Қожанасырды шақырып:

– Қожеке, қарын ашып, ішегіміз шұрылдап кетті, отырасыз ба,

қолға су құйдыра бермейіз бе? – дейді.

Қожанасыр:

– Қолға су құйдыра берейін десем, бір ғана нəрсе кем, – депті.

– Немене кем? – дейді пайдакөс.

– Ақша, – депті Қожанасыр оның құлағына.

ОҒАН НЕ АМАЛ

Қожанасыр дайындықсыз үйіне бірнеше қонақ ертіп келіпті де,

қонақтарын дарбазаның сыртында қалдырып, тамақ жайын білмек

болып өзі үйіне келеді, бұған əйелі бұрқырап:

– Дастарқанға салатындай бір нəрсе болмаса, біле тұрып, қонақ

шарқырғаның не? – деп бұлқан-талқан болады.

Page 131: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

126  

– Ондай болса, сен алдарынан шығып, "Қожанасыр үйде жоқ"

деп хабарла, қалғанын маған қоя бер, – депті Қожекең.

Қожанасырдың əйелі аулаға шығып:

– Қожанасыр үйде жоқ еді, өзі бар уақытта келіңіздер, – депті

əлгі меймандарға.

– Өтірік айтпаңыз, – депті меймандар, – Қожекең жаңа ғана бізді

ертіп келіп, үйге кіріп кеткен еді ғой?

Бұл сөздердің бəрін естіп тұрған Қожанасыр қатынын ұятқа

қалдырмау үшін:

– Мейман болғанда барып тұрған тоңмойын мейман екенсіңдер,

жоқ деген соң жоқ болмай ма, Қожекең алдыңғы есіктен кірген болса,

қатынынан қорқып, артқы есктен шығып кеткен шығар. Оған не

амал! – депті.

ҚАЗДЫҢ СОРПАСЫ

Бір кезде Қожанасыр сырқаттанған соң тамыршыға тамырын

ұстатқан екен, тамыршы, Қожанасырға "қаз сорпасын іш, шипасы

сол", – депті.

Қожанасыр азығын белбеуіне түйіп, таяғын қолына алып, қала

Page 132: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

127  

сыртындағы көлден қаз аулауға барады. Көлде қаз қаншалық көп

болғанымен Қожанасыр ұзынды күн жүріп, бірде қаз ұстай алмапты.

Сонымен, Қожанасырдың сүлкіні түсіп кешке таяу нанын көл суына

салып жеп отырса, жанына жəне бір аңшы келіп:

– Қожеке, бұл жерде неғып отырсыз? – деп сұрапты. Қожанасыр

оған:

– Сырқатыма шипа болар ма екен деп, қаздың сорпасына нан

шылап жеп отырмын, – депті.

ИМАМ "АЛАМДЫ" ҒАНА ҮЙРЕНГЕН

Бір күні көл бойында дəрет сындырып отырған имам

байқаусызда тайғанаған беті барып көлге түсіп кетіпті. Көл

жағасында жүргендер жүгірісіп келіп, имамға: "Қолыңызды беріңіз!"

деп қолын созса, имам қолын бермепті. Дəл осы оқиғаның үстіне

келген Қожанасыр жағада тұрғандарға:

– Ей, жарандар, имам "беремді" үйренбеген, "аламды" ғана

үйренген, – депті де имамға қолын созып:

Қане, тақсыр, қолымды алыңыз! деген екен, имам дереу

Қожанасырдың қолына жабыса кетіпті.

Page 133: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

128  

БІЛГЕНІҢДІ ІСТЕ

Дүздемегі жараспаған ерлі-байлы жандар Қожанасырға көрші

болыпты, олар екі күннің бірінде жанжалдасып тұрады екен.

Бір күні, əйелімен шекелескен соң, ашуға булыққан көршісі

Қожанасырға келіп:

– Мен бұл қатынмен отаса алмайтын сияқтымын. Көзімнен

жоғалсын осы! Талақ етіп, қоя берейін деген ойға келдім, қалай

қарайсыз? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр оған:

– Қатыныңды талақ етіп қоя бер десем, қатынсыраған күні мені

сыбайсың, қоя берме десем ғой қазір-ақ сыбайсың, сондықтан, өз

білгеніңді істе, – деп жауап береді.

КІШІПЕЙІЛ ПАЙҒАМБАР

Күндердің бірінде Қожанасыр қауымға:

– Маған Құдайдан əмір келді, пайғамбар болдым, сенбесеңдер, өз

кереметімді көрсетемін, – депті.

Топтың ішінен біреуі:

Page 134: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

129  

– Қане керемет көрсетпек болсаңыз, əнеу жуан теректі "сүп" деп

алдыңа келтіре қойшы! – депті.

Қожанасыр білген дұғаларын күбірлеп оқып "сүп" деген екен,

терек орнынан қыбырлап та қоймапты, сонан соң Қожанасыр дереу

жүгіріп теректің түбіне барып:

– Пайғамбарлардың ішіндегі ең кішіпейілі мен боламын! Терек

келмесе де, ренжіместен-ақ алдына өзім барып тұрмын! – депті.

МОЛЛА ШАЙТАН

Қожанасыр имам болып тұрған күндердің бірінде, намаздан кейін

жамағатқа уағыз айтып:

– Ғазиз пенделер, шайтанның сөзіне əсте нанбаңдар, шайтан

кісіні аздырады, жаман жолға бастайды ... – депті.

Мешітте отырғандардың біреуі:

– Шайтан тап қазірдің өзінде мені азғырып жатыр, қайтсем болар?

– деп сұрапты.

– Не деп азғырды, – депті Қожанасыр.

– Екі шапаныңның біреуін имамға бер деп жатыр, – деп жауап

беріпті əлгі адам.

Page 135: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

130  

– Ондай деген болса, ол молла шайтан екен, оның айтқанын

орындағаның жөн. Шапаныңды бүгіннен қалдырмай əкеліп бер! –

депті Қожанасыр.

ЕТІҢ АРАМДАНБАПТЫ

Бір күні Қожанасыр кешке дейін еңбек істеп бұрлығып, əбден

қарны ашқаннан кейін, тоя ет жеп сорпа-су ішкісі келеді де қазанға

мол ғып ет салып өзі жантайып дамылдайды, ет пісті-ау деген кезде

жер ошақ басына барса, бір бұралқы ит сүйек кеміріп жатады.

Қожанасыр етті табаққа түсіріп, енді жейтін кезде көңіліне күдік

пайда болып: "Апырау, жаңағы ит қайдағы сүйекті кемірді, қазанға

ауыз салмады ма? Бұл ет арамданып жүрмесін, неде болса молладан

бір сұрайын", – деп табақты көтеріп алып молланікіне кіреді.

Молладан:

– Моллаке, иттің демі тиген асты жеуге бола ма? Үкімін айтып

беріңізші, – депті.

Молла кітап ашып көріп:

– Əттеген-ай! Қайран ет! Арамданып қалсан екен, кітапта

айтылуынша, қырық кез жерден иттің демі тисе арам болады депті, –

Page 136: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

131  

дейді.

Қожанасыр сипалақтап:

– Апырай! Моллаке өте ұятты іс болды. Бір тамақ ауыз тигізейін

деп бұл етті əтей сізге арнап асқан едім. Қарашы енді қырсық

шалғанын! – дейді.

Сол мезет молланың ойына бір нəрсе оралғандай Қожанасырға:

– Тоқтаңызшы, Қожеке, жаңа қандай ит дедіңіз, кітаптан

жақсырақ қарап көрейін, – депті.

– Бұралқы ит болатын, – депті Қожанасыр.

Молла кітабын ақтарыстырып көріп:

– Кітапта "ит" делініпті, "бұралқы" деген сөз жазылмаған екен.

Етің арамданбапты, қане, табақтың бетін ашпайсыз ба, – депті.

Қожанасыр моллаға:

– Тақсыр-ай! Қапелімде сіздің обалыңызға қала жаздаппын! Олай

болса, бұралқы иттің демі тиген етті сіз-ақ жеңіз, – депті де табақты

тастап жүріп кетіпті.

Page 137: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

132  

ДƏРЕТІҢДІ АЛ ДА КЕБІСІМДІ БЕР

Қожанасыр бір үлкен тоған бойына келіп дəрет алып, аяғына мəсі

тартып жатқанда кебісінің бірі суға түсіп кетіпті, Қожекең ағып бара

жатқан кебісін ұстай алмай ыза болып:

– Ей, өзің ынсапсыз тоған екенсің, Құдай жолындағы бір реткі

дəрет үшін он бес теңгелік кебісімді аласың ба, – деп, дереу тоғанға

қарай тоңқайып тұрып, тарқ еткізіп жел қоя беріп, дəретіңді ал да

кебісімді бер, – депті.

ҚҰЛМҰҚАМБЕТ ЕЗБЕ

Қожанасырдың балаларының біреуі туада заржақ, жылауық

болыпты. Көрер таңды көзілмей өткізген Қожанасырдың əйелі

Қожанасырға:

– Ей! Бұл баланың жапасын мен ғана тартам ба? Бұл заржақ

немені мен күлге аунап таппадым ғой, əкесі болған соң, сен де бір

қарасаңшы, бүгін түнде баланы өзің уат! – дейді.

– Иə, – деп Қожанасыр қайта киінеді, оның бір жаққа баруға

оңтайланғанын көрген соң, əйелі тағы ашуға басып:

Page 138: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

133  

– Əй-и! Мен саған баланы уатып, ұйықтат дедім ғой, желкілдеп,

тағы қайда барасың? – депті. Сонда Қожанасыр əйеліне:

– Құлмұқамбет езбені шақырып келейін деймін, ол Құран

оқығанда мешіттегілер түгел ұйықтайтын, оның Құранын естісе

баламыз да ұйықтап қала ма екен деймін, – депті.

ЖАСТЫҒЫМ

Бір күні, Қожанасыр жаяу жортып келе жатса, алдынан бір

көлденең тоған кез болады. Аттай алмай екі аяғын жұптап алып тік

секірген екен шалынып барып жалманынан түсіпті. "Басқалар көрсе

күлкі қылып жүрмесін" деп ойлаған Қожекең өкінішті ұнмен

дауыстап жібереді:

– Қайран жастық! Жас кезім болса... Бəлем... деп, жан-жағына

жалтақтай қарап орнынан тұрса, маңында ешкім жоқ екен.

Қожекең өзіне-өзі күбірлеп:

– Жастығымның да əуселесі белгілі болатын, əуел бастан-ақ нас

басқан қор емес пе едім, – деп орнынан тұрып жүріп кетіпті.

Page 139: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

134  

ОҢ МЕН СОЛДЫҢ ...

Паша уəзірлерімен ақылдасып алған соң, Қожанасырды

келістіріп бір жеңу үшін ордаға шақырыпты. Қожекең келген соң

патша Қожанасырға өте кішіпейілділікпен:

– Қожеке, біз бір нəрсеге мұқтаж болып отырмыз, сол

мұқтаждықтың қажетінен шыға алар ма екенсіз? – дейді.

– Қане, тақсыр, қажетіңізді айтыңыз, – депті Қожанасыр. Уəзір

тұрып:

– Мəртебелі мырза, патшамыз бүтін емес, жарты жөтелге мұқтаж

болып отыр. Осының жөнін өзіңіз келтірсеңіз, – дейді.

Қожанасыр титтей де таңырқамай-ақ, қынынан пышағын суырып

алып, аузының дəл ортасына тік ұстап тұрып қатты жөтеледі де:

– Патша ағзам, қаласаңыз оң жақтағы жарты жөтелді алыңыз.

Немес сол жақтағы жартысын, – деп орнынан тұрып жүріп кетеді.

ЕЛДІҢ КҮЛКІСІНЕН ҚҰТЫЛУ ҮШІН

Бір күні Қожанасыр баласы екеуі бір есекке мінгесіп бара

жатыпты. Көргендер:

Page 140: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

135  

– Ананы қараңдаршы, екі бірдей адам бір есекке мінгескенін, –

деп күліседі. Мұнан соң Қожанасыр өзі түсіп баласын ғана мінгізіп,

есекті алдыға салып айдаған екен, оны көргендер:

– Екі жастың біріне келгенде өзі жаяу жүріп, жас баласын есекке

мінгізіп алғаны несі? – деп күлсе керек. Қожанасыр енді не дер екен

деп есекке өзі мініп баласына айдатқан екен, көргендер жəне:

– Қаршадай баланы жаяу салпақтатып, есекке өзі мініп алғаны

қайткені? – десіп күлкі етіпті.

Осыдан кейін Қожанасыр есектен қарғып түсіпті де есекті

иығына көтеріпті. Баласы қайран болып:

– Əке, бұл қайткеніңіз? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр баласына:

– Елдің күлкісінен құтылу үшін бұдан басқа шара қалмады, –

депті.

ҚОЖАНАСЫРДЫҢ МҮШЕЛІ

Бір кісі Қожанасырдан: жылыңыз не болады? – деп сұрапты.

– Жылым айдаһар, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

Əлгі кісі таңырқап:

Page 141: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

136  

– Айдаһар да жылға кіре ме екен? – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Мен туылғанда жылым жылан болатын, қазір қырыққа келдім.

Жылан қырық жылда айдаһарға айнала ғажап емес қой, – деп жауап

беріпті.

ЖАҢЫЛТПАШ ЕСЕПТІ ҮЙРЕНБЕГЕН ЕКЕМ

Қожанасыр бас құрап қатын алған екен. Үйленгеніне үш ай

болар-болмастан əйелі босанып қалыпты. Қожанасыр қайран қалып:

– Үй, қатын, елдің қатыны тоғыз айда босанады екен. Сенің

үш-ақ айда босанғаның қалай? – деп сұрапты əйелінен.

– Соны білмейсіз бе, – депті əйелі, – сіз мені алғалы үш ай болды,

мен саған тигелі ше?

– Үш ай, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Жə, ондай болса, – депті əйелі, – үшке үшті қосса алты, оған

жүкті болған үш айды қоссақ, тоғыз ай деген сол емес пе?

– Жарайсың, қатын, – депті Қожанасыр, – мұндай жаңылтпаш

есепті үйренбеген екем.

Page 142: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

137  

ЕСЕКТІҢ СҮЙІНШІСІНЕ ЕСЕК

Күндердің бірінде Қожанасыр есегін жоғалтып алып, іздеп мал

базарға барыпты да:

– Ой-ой, жарандар! Естімедік демеңдер, мен есек жоғалттым.

Кімде-кім тауып əкеліп берсе, есегімді сүйіншісіне беремін, – деп

жар сапты.

Естігендер таңырқап:

– Қожеке, есектің сүйіншісіне есек берсеңіз, өзіңізге несі қалады?

– деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Несі қалушы еді, есекті тауып алғаным қалады, – деп жауап

беріпті.

АҚЫРЫ БІР ОСЫ КӨРГЕ КЕЛМЕЙ ҚҰТЫЛМАС

Күндердің бірі Қожанасыр базарға барса, сол күні базардың қара

құрттай қайнаған күні екен. Адам дегеніңіз жыртылып айрылады.

Сол қарақұрықта жүріп Қожанасыр қоржынынан айрылып қалады,

Қожекең қайдан іздесем табылар екен деп ойлайды да, тұп-тура

Page 143: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

138  

көрлікке барып отырады, бұны көргендер:

– Ұрыны іздестірмей көрлікте неғып отырсыз, – деп сұрайды.

Сонда Қожанасыр оларға:

– Іздеп несіне əуре болайын, ұры қаншалық əккі болғанымен,

ақыры бір осы көрге келмей құтылмас, – депті.

КӨЗІМІЗ ӨТКІРЛІГІ

Бір күні Қожанасырдың шапанын əйелі жуып далаға жайып

қойған екен. Қожанасыр түнде далаға шықса қалбайып тұрған

нəрсені ұры екен деп, үйден шитсіз алып шығып атып-атып

жіберіпті. Ертеңінде қараса шапанды шұрық-шұрық қып оқ тесіп

тастапты. Əйелі ренжіп, Қожанасырға:

– Ей, сен осы жындымысың, өз шапаныңды өзің атқылағаның не,

– депті.

Сонда Қожанасыр əйеліне:

– Құдайға шүкірлік ет, бұл да болса менің көзімнің өткірлігі,

зəуде ана шапанның ішінде өзім болып қалсам, сен байқұс жесір

қалған болар едің, – депті.

Page 144: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

139  

КӨРГЕ КІРГЕНДЕ КӨСІЛЕ ЖАТЫП ЖАҚСЫ

ҰЙЫҚТАЙТЫН БОЛАСЫҢ

Қожанасырдан бір танысы былай деп сұрапты:

– Қожеке, кісі қалай жата жақсы ұйықтайды?

– Қалай жату жағымды болса, солай жатқаның жөн.

– Қалай жатсам да ұйықтай алмайтын болдым, қайтсем болар

екен?

Сонда Қожанасыр оған:

– Ондай болғанда, сабырлылық қажет. Көрге кіргенде көсіле

жатып жақсы ұйықтайтын боласың, – депті.

ШЫҚПАЙ ШЫДАҒАН МЕНІҢ ЖАНЫМ

Бойдақ жүрмесін деп дос-жарандары Қожанасырға бір жөнсал

əйел алып беріпті. Жөнсал болғанда, бет-бітімі тым көріксіз болса

керек, Қожанасыр əйелінің мінін бетіне салмай, базардан бір айна

сатып əкеліп үйіне іліп қояды. Əйелі айнадан өз бет-əлпетін көріп,

Қожанасырға ренжіп:

– Басқасы құрып қалғандай, адамның бет-аузын басқаша

Page 145: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

140  

көрсететін айнаны алғаныңды қарашы, мұндай айнаның барынан да

жоғы, – деп айнаны жерге бір қойып шағып тастапты.

Қожанасыр жатып кеп күліп:

– Айнадан бетіңді бір көргеніңе, соншалық тұлан-тұттың мен

күніне он рет көремін, сонда да шықпай шыдаған менің жаным

неткен сірі жан десеңізші, – депті.

ҚЫРЫҚ СҰРАУҒА БІР ЖАУАП

Күндердің бірінде бір патшаның ордасына екінші бір патшаның

оқымысты келіп, өзінің сұрайтын қырық сұрауы бар екенін, қырық

сұрауға бір жауап беруді талап ететіндігін айтыпты. Паша ары-бері

толғанып көріп, ақыры бұл сұрақтарға жауап берсе Қожанасыр бере

алар деген оймен Қожанасырды шақыртып алыпты. Қожанасыр

ордаға келіп, істің ұзын ырғасын түсінгеннен кейін, əлгі

оқымыстыға:

– Жə, тақсыр, сұрауыңызды қойыңыз, құлағым сізде, – депті.

Оқымысты арт-артынан қардай жаудырып қырық сұрау қойыпты да:

– Ал, Қожеке, енді жауап беріңіз, – депті.

Қожанасыр орнынан тұрып:

Page 146: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

141  

– Сұрауыңыздың бірде-бірін түсінсем бұйырмасын, өтірік болса

арам қатайын! Сұрауыңыздың жауабы осы, – деп жүріп кетіпті.

КӨЗІҢ АУЫРСА ҚОЛЫҢДЫ ТИ

Қожанасыр ауырған адамдарды емдеп-домдап жүреді екен.

Күндердің бірінде көзі ауырған біреу Қожанасырға келіп:

– Көзім ауырып жүр, бұған немене шипа болар екен? – деп

сұрапты.

Қожанасыр көзі ауырған кісінің бетіне қарап қойып:

– Ауруыңның тегі ішіңде екен, ішіңде жылан бар ұқсайды, –

депті.

Көзі ауырған адам зəресі қалмай:

– Енді қайтемін, оның емі не еді, – деп жалбарыныпты.

– Қолың босай қалса болғаны ішіңді сипай бер, – депті Қожекең.

Көзі ауырған адам Қожанасырдың айтқаны бойынша дамыл

алмай іші сипай беріпті. Бір жетіден кейін көзісауығыпты. Ішімдегі

жылан қайтты екен деп, Қожанасырдың алдына тағы келіпті:

– Қожеке, жəне бір тексеріп көріңізші, көзім сауықты, ішімдегі

жылан əлі бар ма екен? – деп сұрапты.

Page 147: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

142  

Қожанасыр бетінен бір қарап:

– Көзің де жазылыпты, жылан да жоқ болыпты, "көзің ауырса,

қолыңды ти" деген міне осы, – депті.

ҚАЗАННЫҢ ҚАЗАСЫН

Қожанасырдың қазаны кішкенелік қылған соң, көршісінің

қазанын қарызға алып істетіп, қайтарып берерде үлкен қазанның

ішіне бір кішкене қазан салып апарып береді.

Қазанның иесі қайран қалып:

– Қожеке, қазанның ішіне қазан салып əкелгеніңіз қайткеніңіз? –

деп сұрапты.

Қожанасыр оған:

– Қазаныңыз жүкті екен, біздің үйге барғаннан кейін босанды,

туған баласымен қосып əкелдім, – деп жауап беріпті. Қазанның иесі

Қожанасырға:

– Е, бұдан кейін де қазан қажет болса, тартынбай-ақ алып істетіп

тұрыңыз, – деп қанағаттанғандық білдіріпті.

Арадан бір ай өткеннен кейін, əлгі көршісінен жəне үлкен қазан

сұрап барған екен. Күлміңдеп екі айтқызбай ұстата береді.

Page 148: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

143  

Арада ай өтіпті, Қожанасыр қазанды иесіне апарып бермеген соң,

қазанның иесі қазанын алғалы келеді. Қожанасыр қазан иесіне:

– Жарықтық, иманды болғыр, сондай əйбат қазан еді, жаны

жəннатта болсын! Қазаныңыз туыт үшінде қаза болды, – депті

жыламсырап. Қазанның иесі:

– Ей, есуаспысың? Қазан қаза бола ма екен? – дейді.

Сонда Қожанасыр:

– Нағыз есуас сен екенсің, қазанның туғанына сенеді екенсің,

өлгеніне неге сенбейсің? – депті.

БІЛГЕНДЕРІҢ БІЛМЕГЕНДЕРІҢЕ ҮЙРЕТІҢДЕР

Күндердің бірінде Қожанасыр медресеге барып, мінбеге

шығыпты да шəкірт пен моллалардан:

– Менің сендерге не айтайын дегенімді білесіңдер ме? – деп

сұрапты.

Естігендердің барлығы бір ауыздан:

– Білмейміз, – де спты.

– Білмегенге сөйлеудің қажеті жоқ, – деп Қожанасыр мінбеден

түсіп кетіпті.

Page 149: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

144  

Бір жетіден кейін Қожанасыр тағы медресеге келіп, баяғысынша

сұрау қойған екен, шəкірттер "білеміз" деп жауап беріпті.

– Ел білгенді қайталай айтудың қажеті не, – деп Қожекең кетіп

қалыпты. Үшінші рет Қожанасыр жəне сұрағанда моллалар

ақылдасып алып:

– Жарымымыз білеміз, жарымымыз білмейміз, – деп жауап

беріпті.

Сонда Қожанасыр:

– Ондай болса, білгендерің білмегендеріңе үйретіңдер, – деп кете

берген екен.

МҮСЕУРЕМЕУ ҮШІН

Бір таныс саудагер Қожанасырдан:

– Сен ақшаны жақсы көресің бе, жек көресің бе? – деп сұрапты.

– Жақсы көремін, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Неге жақсы көресің? – дейді саудагер.

– Жалдап саудагерлердің алдында мүсеуремеу үшін, – депті

сонда Қожанасыр.

Page 150: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

145  

ЖАНЫ ҚАЙСЫ ЖЕРДЕН ШЫҒЫП КЕТТІ ЕКЕН

Еріккен патша саятқа шықпақшы болып, Қожанасырды

шақыртып алып: "сен қаршығаларымды алып артымнан кел" деп

бұйырыпты да жүріп кетіпті. Қожанасыр патшаның

қаршығаларының ең қыран дегенінен үшеуін таңдап алып, қапқа

салады да, аузын мықтап буып, қанжығалай салып, соқтырып

отырып құс қайыратын жерге жетіп келеді.

Патша Қожанасырдан " қаршыға қане" деп сұрайды.

Қожанасыр қаптың аузын шешіп қараса, қаршығалар əлдеқашае

өліп болған екен.

Патша ашуланып: "бұл не қылғаның" деп ақырады. Сонда

Қожанасыр сасқалақтап:

– Тақсыр, патша ағзам, қаптың аузын жымдастырып-ақ байлаған

едім, қаршығалардың жаны қайсы жерден шығып кетті екен, өзім де

қайранмын! – деп аңтарылады.

КӨҢІЛДЕСІН КӨРГЕНДЕ

Күндердің бірінде Қожанасыр есекке мініп жортып келе жатса,

Page 151: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

146  

жанында ерткен бір топ адамы бар шаһардың əкімі алдынан кезігіпті,

Қожанасыр енді сəлем берейін дегенше, есегі аңырап қоя береді.

Акім ашуға басып:

– Ей, Қожанасыр, есегің неткен ибасыз неме еді, аңырамайтын

уақытта аңырайтыны несі? – дейді.

Сонда Қожанасыр:

– Əсілінде, есегім ибалы еді, бірақ, сіздей көңілдесін көргенде,

əдеп-ибаны ұмытып қалған болуы ғажап емес, – деп жауап беріпті.

ӨЗ ТОНЫ

Жыл соңында патша ел ақсақалдарын шақырып, қонақасы

беріпті. Соңынан барлығына тартуға тон кигізеді де, Қожанасырға

есектің шомын тарту етеді.

Қожанасыр орнынан тұрып:

– Уа, жарандар, патшаның сый-құрметіне рақмет!

Барлықтарыңызға арнап базардан тон алдырып тарту етті, ал маған

ерекше ілтипат етіп, өз үстіндегі тонын кигізді. Бұл қамқорлыққа

мың бір рақмет, – депті.

Page 152: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

147  

БІР ТҮЙЕ ЗИЯН ТАРТҚАНША

Қожанасырдың бар-жоғы бес түйесі бар екен. Бір күні

Қожанасыр түйесін өзі жайыпты, кеште өрістен қайтарда түйесін

санаса түгел екен. Бір түйесін ұстап мініп, түйелерін айдап жолға

шыққаннан кейін санап көрсе бір түйесі кем шығады. "Аһау, лезде

қайда жоғалды, төбеге шығып байқайын" деп түйеден түсіп, төбеге

шығып санаса түйесі түгел шығады. "Е, түгел екен" деп түйесін

мініп, түйелерін жинап айдап келе жатып, сақтықта қорлық жоқ деп

жəне бір санаған екен, тағы бір түйесі кем шығады. "Енді қайдан

іздесем екен" деп тұрады да "бағана жаяу санағанда түгел еді ғой"

деп түйеден жерге түсіп, қайта санаған екен, түйесі түгел болыпты.

Сонда Қожанасыр "қой енді, қарап жүріп бір түйе зиян тартқанша

түйемді жаяу айдап кеткенім абзал екен" деп, мініп жүрген түйесін

қоя беріп, түйелерін жаяу айдап үйіне келген екен дейді.

ОПАСЫЗ КЕБІС

Күндердің бірінде Қожанасыр суының ағыны қатты бір арықтан

аттай бергенде, бір кебіс абайсызда суға түсіп кетіпті. Бірге келе

Page 153: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

148  

жатқандардың біреуі қимастықпен:

– Əй, Қожеке, бір əп-əйбат кебісіңізден айрылып қалғаныңыз-ай!

– дейді. Сонда Қожанасыр бақайынан келмеген іспеттеніп:

– Əйбат болмай қараң қалсын, иесіне опа қылмаған ондай

кебістен құтылғаныма шүкірлік, – деп сыңар кебісін қолтығына қыса

салып, жүріп кетіпті.

ШЕБЕР ШАШТАРАЗ

Қожанасыр бір күні шаштаразға шаш алдырған екен.

Шаштараз олақтығынан Қожанасырдың бас терісінің бірқанша

жерін ұстараға кестіреді де қанын тыю үшін қан шыққан жердің

барлығына мақта жапсырады. Ең соңында Қожанасыр:

– Асқан шебер шаштараз екенсің, басымның жартысына мақта

егіп бердің, енді қалған жартысына өзім зығыр егейін. Сол зығырдан

май тартқан кезде келіп қақыңды аларсың, – деп шаштаразға ақы

бермей жүріп кетіпті.

Page 154: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

149  

ШАПАҒАТЫҢ ШАМАЛЫ ЕКЕН

Күндердің бірінде, Қожанасыр аш-жалаңаштықтан əбден

тарыққан соң бір биік дауалдың түбінде құбылаға қарап жүгініп

отырып Құдайға сиыныпты:

– Ей, Пəруардігер Алла, жоқшылықтың семсері еттен өтіп

сүйекке жетті. Бұл жанымды неге осынша қинайсың? Мен сияқты

момын пендеңе шапағат істеп, байлық берсеңші, болмаса қинамай

аманатыңды ...! – депті.

Қожанасырдың мұң-зары айтылып түгемей-ақ биік дауалдың

кемерінде қопсып босап қалған кірпіштің сынығы ұшып келіп

Қожанасырдың арқасына тиеді. Қожанасыр "Алла" деп, арқасын

сипап тұрып:

– Байлық бер десем, бақайыңнан келмеп еді, аманатыңды ал

десем, асыққаның соншалық... Бақсам, сенің шапағатың да шамалы

екен, – депті.

Page 155: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

150  

БІР ЖҰДЫРЫҚ БЕС ТЕҢГЕ

Бір күні Қожанасыр қан базарда кетіп бара жатса арт жағынан

біреу желкеге қойып қалады. Бұрылып артына қараса, бейтаныс

біреу екен.

– Кешіріңіз, – депті əлгі адам, – мен сізді құрбыларымның

біреуіне ұқсатып, қалжыңдаған едім.

Қожанасырдың ашуы келгені соншалық, қоярда-қоймай əлгі

кісіні қазының алдына сүйреп апарыпты.

Қазы болған оқиғаны естігеннен кейін, əлгі кісіге "бейкүнə

біреуді ұрғандығың үшін бес теңге төлейсің " деп айып кесіпті. Əлгі

кісінің жан қалтасында теңгесі болмағандықтан, үйіне барып теңге

алып келуге қазыдан рұқсат сұрапты. Қазы мақұл көріпті.

Қожанасыр сарылып көп сақтапты, əлгі кісі келмепті. Тоса-тоса

тағаты таусылған Қожекең орнынан атып тұрып, қазыны көкжелкеге

періп қалыпты, қазы домалап барып қайта тұрысымен:

– Қожеке, бұл қайткеніңіз? – деп бажырая тігіл сұрақ қойыиты.

Сонда Қожанасыр:

– Бір жұдырықтың нарқы бес теңге болатын болса, əлгі кісі

келгенде бес теңгені сіз-ақ алыңыз, – деп жүріп кетіпті.

Page 156: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

151  

АШЫЛЫП ҚАЛЫПТЫ

Патша аң аулауға шыққанда Қожанасырды еріп шығыпты.

Далаға қонған түні уəзірлеріне айтып, түнде Қожанасырдың

мініп жүрген атының ернін кестіріп тастайды, патшаның

сайқалдығын сезген Қожанасыр таңға жақын жанындағылар шырт

ұйқыға батқанда еппен барып, патшаның мінетін атының құйрығын

түбінен тұжыра кесіп тастап, қайтып келіп, түк білмеген болып

жатып алады.

Алагеуімде асығыс аттанып аңға барып сəскеде қайта оралған

патша арт жағындағы Қожанасырға қарап:

– Қожеке атың неменеге ыржиып күледі? – депті.

Сонда Қожанасыр патшаға:

– Тақсыр, атыңыздың абиыры ашылып қалыпты, соны көріп

күлгені ғой, – депті.

ТАҢДАНАРЛЫҚ НЕСІ БАР?

Қожанасыр хан сарайына бір күні жұмыс бабымен барып қалған

екен. Біреулер бір ұрыны ұстап ханның алдына əкеледі. Хан ұрыны

көргеп жерден-ақ кəрленіп:

Page 157: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

152  

– Ей, пəтшағар, сен осымен сегіз рет келіп тұрсың білесің бе?

Ар-намыстан арылған қандай бау кеспе неме едің? – дейді.

Ханның сөзіне Қожанасыр сақылдап кеп күледі. Хан

Қожанасырға де ажыраңдап:

– Ей, Қожанасыр, денің сау ма, неменеге күлесің? – дейді.

Қожанасыр:

– Сарайыңызға күн құрғатпай кіріп-шығып жүретін ұрыларға сот

жүрмейді екен, бұл ұры небəрі сегіз-ақ рет келсе, оның таңданарлық

несі бар? – депті.

АЗАН

Қожанасыр мешітке азаншы болған кезінде бір күні азан

шақырып тұрса, есік алдынан өтіп бара жатқан бір танысы,

Қожанасырға айғай салып:

– Қожеке, қаттырақ айқайламасаңыз азан жақсы естілімйді екен,

– депті.

Сонда Қожанасыр азанды тоқтата қойып:

– Естімесең өзіңнен көр, мен өз дауысымды бес шақырым

жерден де ести беремін, – депті.

Page 158: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

153  

ҚОЖАНАСЫР-ƏНШІ

Қожанасыр моншада жуынып отырып атырабына қараса, өзінен

басқа ешкім жоқ екен. Өзінше ыңырсып, бір əуенге салып жырласа

керек, Қожанасырдың даусы даңғарадай үлкен бос үйдің төбесіне

жаңғырығып моншаның іші əн əуенімен тербетілгендей сезіледі,

бұған масаттанған ол моншадан шыққан беті қан базарға барып,

адамдар тобына қарап:

– Ей, жамағат, мен қазір сендерге бір тамаша əн шырқап берейін,

таңғалғанда таңдайларыңды тақылдатасыңдар, – дейді де "əнін"

бастайды. Қожекеңнің дауысы бірде күжілдесе, бірде шіңкілдеп

естушілерді əбден зеріктіреді, естушілердің біреуі:

– Қожеке, əніңізге рақмет, тізгініңізді тартқаныңыз жөн болар ма

екен, дауысыңыз құрбақаның шұрылындай құлағымызды сасытты

ғой тіпті, – депті ренжіп.

Қожанасыр айтып жатқан "əнін" тоқтата қойып:

– Ондай болса осы алаңға бір монша салып беріп, өздеріңізді

торығудан, мені зорығудан құтқарсаңыздар екен, – депті.

Page 159: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

154  

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Бір күні Қожанасыр баласын базардан шай-тұз əкелу үшін

жұмсап, бірнеше сом ақшаны қолына береді де, шапалақпен бір

тартып:

– Ақшаны ұрыға беріп жүрме! – депті.

Мұны көріп тұрған Қожанасырдың əйелі:

– Ей, денің сау ма, жоғалтпаған ақша үшін баланы неге ұрасың? –

депті.

Сонда Қожанасыр:

– Жоғалтқаннан кейін ұрып-соғұдың қажеті не? Сақтықта қорлық

жоқ деген осы, – деген екен.

МҰНАРА

Қожанасыр Тұрпанға барғанда біреулер:

– Қожеке, Тұрпанның зəулім мұнарасын қайтіп жасаған, білесіз

бе, – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Соған да ақылдарың жетпеді ме? Көне кəрізді түбінен төңкере

салған емес пе, – депті.

Page 160: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

155  

ҚОЙДЫҢ НАРҚЫ

Қожанасыр борлаған қойын сату үшін базарға жетелеп барыпты.

Мал базардағы алармандардың біреуі қойды көріп:

– Қожеке, қойды қаншаға сатасз? – деп сұрапты.

Қожанасыр оған:

– Мен бұл қойды бес теңге беріп алғамын алты теңгеге сатайын

деген ойдамын, егер алушы шыға қалса, жеті теңгеге сатармын,

қойға бақсам сегіз теңгеге татиды. Егер қойға қызықсаңыз тоғыз

теңге деңізші, он теңгеге бере саламын, – деп жауап беріпті.

ТЫШҚАН ДƏРІСІ

Бір жылдары Қожанасырды жоқшылық əбден қонжитыпты. Амал

табудың артына түскен Қожанасыр ұсақ малта тастарды жинап

дорбаға салып, базарға апарып, жайма ашып отырса біреу келіп:

– Қожеке, сатып отырғаныңыз немене, – деп сұрапты.

– Алыңыз, – депті Қожанасыр, – тышқан дəрісі.

– Бұны қайтіп істетеді, – деп сұрапты əлгі кісі.

Қожанасыр оған:

Page 161: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

156  

– Тышқанды ұстап аласың да осы тастан біреуін кеңірдегіне

нығап жіберіп, тышқанды басыңнан айналдырып жерге бір қойсаң,

əрқандай тышқан тіл тартпай-ақ жан береді, – депті.

Əлгі кісі Қожанасырға:

– Тышқанды ұстап алған кісі аузына тас тықпай-ақ ұрсада өледі

ғой, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Өйтсең де өлуі мүмкін, бірақ, дəрі сатылмай қалады емес пе, –

депті.

ЕКІ ЖАЛЫН БІР БОЛЫП

Бір күні Қожанасырдың əйелі нанын тік тонарға жапсырып

болған соң Қожанасырды шақырып:

– Ей, мырза, ана тонардағы нанға қарай тұр, мен кеші тамақты

дайындайын, – дейді де үйге кіріи кетеді.

Қожанасыр тонардың текшесіне шығып отырса, төбегешығып

жеміс кептіріп жүрген көршісінің бойжеткен сұлу қызына көзі түседі

де, аңсары ауып, аңырып қарап қалады. Бірқыдыру уақыттан соң

Қожанасырдың əйелі үйден шығып төбедегі қыздан көз алмай

Page 162: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

157  

телмірген Қожанасырға дүрсе қоя беріп:

– Қожеке, неге сонша төбеге қарап телміріп қалдың, көзіңе

жасыл жалын көрінді ме, – депті.

Қожанасыр көзін төбеден бұрып тонарға қараса, наны күйіп

тотқа айналған екен, абыржыған Қожекең əйеліне:

– Ойбу, əттеген-ай! Мəссаған, мына қырсықты! Екі жалын бірігіп

нанды қоқ қып жіберген екен ғой, – депті.

ТЫРНАҚ ЖАРАСЫ

Қожанасыр бір реткі тойда бір қомағай сорлымен табақтас

болады. Ол алдыға табақ тартылысымен араны ашылып, ал

дегенде-ақ палауға басқан етке шеңгел салады.

Қожанасыр оған:

– Бауыр, палауды табақтың өз жақ шетінен жейтін болар, – дейді.

Əлгі қомағай жақтыртпаған бейнемен:

– Үстінен жесе не болады екен, – дейді.

Сонда Қожанасыр оған:

– Үстінен жесең, палауды тырнақ жарасына душар етеді екенсің,

– деген екен.

Page 163: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

158  

ЖАНЖАЛ

Қожанасыр шырт ұйқыда жатса көшеден жанжал дауысы

шығады, Қожекең орнынан тұрады да əйелін оятып:

– Ей, қатын, көшеде жанжал болып жатыр, ана менің шапанымды

бере сал, мен барып байқап келейін, – деп шапанын жамыла салып

шығып кетеді. Қожанасыр барысымен-ақ ұрынарға қара таба алмай

жүрген бір топ мас Қожанасырдың шапанын іліп алып қашып кетеді.

Қожанасыр бостан-босқа шапанынан айрылып өкінішпен қайта

оралғанда əйелі:

– Көшедегі не жанжал екен, – деп сұрайты.

Сонда Қожанасыр:

– Не болушы еді, менің шапаным жөніндегі жанжал екен,

шапанымды əкетті де, тындым болды, – деп жауап беріпті.

НЕ ІСТЕУІМДІ ӨЗІМ БІЛЕМ

Қожанасыр баласы екеуі еспе қайыққа отырып дариядан өтіп

бара жатады. Дəл дарияның ортасына барғанда дауыл соғып,

буырқанған толқын тұрады. Қожанасыр шошып, Құдайға сиына

Page 164: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

159  

бастапты:

– Ей, Жаратқан Алла, өзің сақтағайсың, егер сау-сəлемет жағаға

жеткізсең еді, ақсарыбас айтып аруақтар үшін мазар басына шырақ

жағам.

Жанында отырған баласы Қожанасырға:

– Əке, өзіміз сығырайған қаңылтыр шам жағып отырғанда, мазар

басына жағатын қайдағы шырақ? – деп сұрапты.

Қожанасыр ұлына:

– Əй, ауызбен жағаласпай тыныш отыр, алдымен аман-есен

жағаға бір шығып алайықшы, одан кейін не істеуімді өзім білем, –

депті.

ҚОРЫЛДАУ

Қожанасыр жашиық намазынан кейінгі қырағатта отырып, көзі

ұйқыға кетіп қор ете түсіпті. Қасында отырған біреу Қожанасырды

нұқып:

– Қожеке, намаз үстінде ұйықтағаныңыз қайткеніңіз? – деп

сұрапты.

Сонда Қожанасыр əлгі адамға:

Page 165: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

160  

– Ұйықтамадым, қор еткенім – келген ұйқыны үркіткенім емес

пе, – деп жауап беріпті.

БОПСА

Бір күні Қожанасыр жұмыс жайымен қазылар ордасына барады.

Қазы ордасындағылар Қожанасырды сөзге айналдырып отырып,

қоржынын тығып тастайды. Қожанасыр қазыға:

– Қазы тақсыр, жақсылықта қоржынымды таптырып беріңіз,

əйтпесе қолымнан келгенімді істеймін, – деп бопса көрсетеді.

Қожанасыр жерге қаратып кете ме деп күдіктенген қазы

Қожанасырдың қоржынын дер кезінде таптырып беріпті де,

Қожанасырдан:

– Қожеке, егер қоржыныңыз табылмаса қайтер едіңіз,

қолыңыздан не келер еді? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр қазыға:

– Күдіктенгеніңізге разымын, тақсыр, менің қолымнан келетіні –

үйдегі көне кенептен тағы бір қоржын тіктіріп алу ғана болар еді, –

деп жауап береді.

Page 166: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

161  

АЙ ЖƏНЕ ЖҰЛДЫЗ

Бір күні Қожанасырдан жамағат:

– Жаңа ай туғанда ескі ай қайда кетеді? – деп сұрапты.

Жаңа ай туғанда, ескі айды Құдай турап-турап жұлдыз жасайды,

– деп жауап беріпті Қожанасыр.

ҚОЖАНАСЫРДЫҢ ТІЛЕУІ

Қожанасырдың ауылында бір қарау бай болған екен.

Қарғыс атқандай кездейсоқ науқасқа шалдығып төсек тартып

талай күндер жатып қалады, Қожанасыр оның көңілін сұрай

бармаған екен, бір күні Қожанасыр байдың үйінің жанынан өтіп бара

жатып, бай баласының есік алдында тұрғанын көріп:

– Əкеңнің халі қандай, тəуір ме? – деп сұрапты.

Байдың баласы:

– Құдайға шүкір, тілеуіңіздегідей, – депті.

Қожанасыр байдың баласына:

– Егер менің тілеуімдегідей болса, үйлеріңнен не үшін азан-қазан

жылаған үн шықпайды? – депті.

Page 167: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

162  

СҰЛУ МЕН НАН

Қожанасырдың жастай алған келіншегі өз көркіне өзі мəз болып

сұлулығымен мақтанады екен, бір күні Қожанасыр əлгі сұлу

келіншегімен əңгімелесіп көп отырса керек, қарнының əбден

ашқанын бір-ақ біліп, келіншегінен нан сұрапты.

Келіншегі Қожанасырға:

– Нан жеп қайтесің, менің бетіме қарап қана отырсың, қарның

тойғаны, – депті.

Қожанасыр:

– Сондай екендігінде дау жоқ. Бірақ, сұлулығың божып кеткен

екен, жүрегімді қыжылдатып барады, нан батырып жемесем

басылмайтын сияқты, – депті.

АҚЫМАҚ

Бір күні Қожанасыр базарда бас қосып, жиналған топқа əдейілеп

келіп мақтанып:

– Кеше мені патша ағзам шақыртқан соң барсам маған оң қол

уəзірлік мансап берді, – депті. Естіп отырғандардың біреуі:

Page 168: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

163  

– Қожеке, ақымақ екенсіз, өйтіп өтірік айтпаңыз, – деп сөз

қыстырыпты.

Сонда Қожанасыр:

– Тура айтасың, мен ақымақ болғандығым үшін патша маған

уəзірлік мансап берді, əйтпесе ол қайда? – депті.

ЕРДЕН ТҮСКЕМ ЖОҚ

Қожанасырдың патша сарайында шабарман болып жүрген кезі

екен, патша бір күні оған:

– Қожанасыр, атқа мін де тізгін ұшымен барып ерден түспей

қазыны тез шақырып кел, – депті.

Қожанасыр атқа міне салып құйындатқан беті қазының үйіне

барса, қазы бірмұнша қонақтарымен бірге тамақ жегелі жатыр екен

дейді. Оны білген соң, Қожанасыр аттың ер-тоқымын алып, ерге

мінген бойы қазының үйіне кіріп, ерге мініп отырып тамақ жейді.

Қазы Қожанасырдың мұнысына қайран болып:

– Қожеке, бұл қай қырыңыз?-деп сұрапты.

Қожанасыр сонда:

– Патша ағзам, ерден түспей сізді шақырып кел деп жіберген еді.

Аттан түссем де, ерден түспей отырғаным сол, – депті.

Page 169: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

164  

САТЫ САТАМЫН

Қожанасыр біреуге саты жасатқан екен. Соны алып келе жетіп,

бір жеміс бақшасының жанына таяғанда уылжып піскен түрлі

жемістердің иісі мұрнын жарып, аузының суын құртады. О жақ, бұ

жаққа көз салып ешкім көрінбеген соң сатысын бақшаның

қорғанына сүйей салып, өзі ішіне түспек болады.

Саты көтеріп бақшада айналсоқтап жүрген Қожанасырды бағбан

көргеннен кейін жанына келіп:

– Қожеке, бұл жерде неғып жүрсіз?

– Саты сатпақшы едім.

– Саты сатпақшы болсаңыз базарға бармағаныңыз қалай?

Сонда Қожанасыр:

– Базар басқарушылар саты базарының орнын əлі белгілемеген

екен, сондықтан қалаған жерімде сатуға еріктімін, – депті.

ҚАЗЫНЫҢ ТАМАҚСАУЛЫҒЫ

Қожанасыр тыныш жүрмей топ жиылған бірнеше орында

қазының тамақсаулығы жөнінде сықақ айтады. Оны сырттай естіп

Page 170: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

165  

алған қазы ебін тауып есесін қайтармақ болып жүреді. Бір күні

есігінің алдынан өтіп бара жатқан қазыға Қожанасыр:

– Е, жол болсын, тақсыр? – депті.

Қазы Қожанасырды кекеп:

– Иə, тамақсау болғандығым үшін солай бара жатырмын, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Қайта айналып келесіз бе, жоқ, содан ары салдыртып сəйлікке

бір-ақ тартамсыз? – деп күліпті.

ТЕҢІЗ СУЫ

Қожанасырдан біреу:

– Теңіздің суы не үшін тұзды болады? – деп сұрапты.

– Теңіз деген ақпайтын көлдің ең үлкені, тұздап қоймаса, суы

сасып кетпей ме! – деп жауап беріпті Қожанасыр.

ӨСІМҚОР ЖƏНЕ ДАҒАР

Қожанасырмен ауылдас бір өсімқор саудагер болған екен. Бір

Page 171: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

166  

күні Қожанасырдан қарызға дағар сұрапты. Қожанасыр:

– Өзіңізден дағар аямас-ақ едім, бірақ, біздің дағар туып қалған

еді, əлі қырқына толған жоқ, – депті.

Өсімқор Қожанасырға:

– Қызық екенсіз, дағар да туа ма екен, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Сіздің бір теңгеңіз жылына он рет туса да гəп жоқ. Біздің дағар

өмірінде бір рет туса не болады екен! – депті.

ЖАРТЫ БАҒА

Қожанасырдың шашы түсіп, басының қақ жартысы тақырланып

кетеді. Бір күні Қожанасыр шаштаразға шашын алдырып болып,

белгілі бағаның жартысына балап қана ақы төлеп кете береді.

– Қожеке, жарым баға бердіңіз ғой? – дейді шаштараз.

Қожанасыр:

– Сенің алғаның да жарты бастың шашы ғой. Егер Құдай маған

рақым қылып, жастық шағыма қайта оралсам, бүтін бағаны сонда

аларсың, – депті.

Page 172: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

167  

ӨГІЗДЕН СҰРА

Күндердің бірінде Қожанасыр базардан бір өгіз сатып алып

жетелеп үйіне қайтыпты. Жол бойы көргендер "өгізді қаншаға

алдыңыз" деп сұрай-сұрай Қожанасырды əбден мезі қылса керек.

Ондай болса деп Қожанасыр өгіздің бас жібінен ұстап, алдына салып

айдап келе жатса жəне біреулер:

– Өгізді қаншаға алдыңыз? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр əлгі адамға:

– Ей, қарағым, өгізді мен алмадым, мені өгіз алды, нарқын

өгізден сұра, – депті.

МАЙДЫҢ КҮНЖАРАСЫ

Қожанасырды ұятқа қалдырмақшы болған патша бір күні оған

"шелпек пісіртіп жесін" деп бір бөтелке сідік жіберіп береді.

Қожанасырда орайын тауып патшаның сыбағасын бір қайтарсам

деп жүргенде, патшаның тісі ауырады. Бармаған балгері, істетпеген

емі қалмай, ақыры лажсыздан Қожанасырды шақыртады. Қожанасыр

өзінің кептірген дайрағынан біразын қағазға əдемілеп орап алады да,

Page 173: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

168  

патшаның алдына барады.

Қожанасыр патшаға:

– Тақсыр, мен сізге дəрі əкелдім, дəріні дəл ауырған тісіңізбен

тістеп, аузыңызды мықтап жұмып отырсаңыз болғаны, тісіңіздің

қақсағаны дереу басылады, – депті.

Патша адам дайрағын тістеп, біраз отырған соң оның сасығына

шыдамай қынжылып:

– Қожанасыр-ау! Мынауың нендей дəрі еді, сасықтығынан

қаңсарым жарыла жаздады ғой, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Бұл дəрі – сіз маған жіберген майдың күнжарасы еді, – деп

жауап беріпті.

ІШІРТКІ

Қожанасырдың əйелі айы-күні толып толғата бастағанда-ақ,

Қожекең кіндік анасын шақырып əкеледі.

Сонан соң "аман-есен қол-аяғын бауырына алса екен" деп тілеу

тілеп отыра береді. Бірақ, əйелі туыт үстінде тұмса болғандығы ма,

əйтеуір қатты қиналады. Кіндік анасы абыр жып:

Page 174: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

169  

– Қожеке-ау! Əйеліңіз қиналып кетті ғой! Аңырып отырғанша,

білсең өзің, білмесең біреуді шақырып кел, тіпті болмағанда ішірткі

жаздырып əкеліп, шипалық қамын істесеңші, – депті.

Қожанасыр есік алдына шығып төрт асық, бір қуыршақ əкеліп,

кіндік ананың қолына беріп:

– Мынаны апар да əйелімнің астына таяу қойып қой, ұл болса –

асыққа, қыз болса – қуыршаққа қызығып түсе қалады, – депті.

ИЕҢ ҚҰРЛЫ АҚЫЛЫҢ БОЛСА

Қаңтардың қатаған аязды күндерінің бірі екен, Қожанасыр

есегіне күйреуік артып келе жатыпты. Кешкі қызыл шұнақ үскірік

жүргенде Қожанасыр қалтырап қатты тоңады. Қожанасыр "мен

осыншалық тоңғанда, хайуан да болса есек тіпті тоңды ғой, екеуіміз

бір жылынып алып жүрейік" деп, есектің үстіндегі күйреуікке

сіріңке тартып от жағады. Турап тұрған күйреуік лап ете түседі.

Үстіндегі өрттен үріккен есек, өлер-тірілеріне қарамай, тыртыңдап,

зыта береді.

Есегін қуалап жете алмаған соң Қожанасыр есектің артынан

айғай салып:

Page 175: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

170  

– Ей, жануар есегім, иең құрлы ақылың болса, өзіңді өзенге таста,

– депті.

АЙЫБЫН ЖАСЫРУ

Қожанасыр базардан қайтып келе жатып, мас болып жатқан бір

орда мансаптысының үстіндегі оқалы тоны мен басындағы сəлдесін

шешіп алып кетеді. Ертеңінде əлгі мансапты қол астындағы

бірқанша қызметкерлерін аттандырып, сəлдесі мен тонын тауып

əкелуді бұйырады. Қызметкерлер базарға барса, мансаптының тонын

киіп, сəлдесін орап, каннен-каперсіз кетіп бара жатқан Қожанасырды

кезіктіреді де, үстіндегі мансаптының киімдерін шештіріп алмақ

болады. Бірақ, Қожанасыр:

– Бұл киімдерді өз иесінің қолына өз қолымен табыс етемін, –

деп қарысады. Қызметкерлер Қожанасырды əлгі мансаптының

алдына алып барады.

Мансапты Қожанасырдан:

– Үстіңдегі тон мен сəлдені қайдан алдың, – деп сұрайды.

Қожанасыр:

– Кеше кеште келе жатсам, біреу мас болып, көшеде жатыр екен.

Page 176: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

171  

"Сендей шариғат жолынан азған антұрған немеге тон мен сəлде

мүлде зая ғой" дедім де шешіп алып, өзін арыққа домалата салғамын.

Егер сол мас сіз болсаңыз, тоныңыз бен сəлдеңіз, міне, тақсыр, –

депті.

Əлгі мансапты Қожанасырға:

– Жо-жо-жоқ, мен мас болып көрген пенде емеспін. Бірақ, киімге

киім ұқсай береді ғой. Бұл тон мен сəлде тіпті де менікі емес, өз

иесін тауып беріңіз, – депті.

ƏДІЛ ЕСЕК

Бір күні Қожанасыр есегін іздеп жүрсе, бір құрбысы қалжыңдап:

– Қожеке, есегіңіз шаһарға барып, қазы болыпты-мыс, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Құдайға шүкір, бірақ, есегім əділ есек еді, екі-ақ күнде

мансабынан айрылып қайтып келуі мүмкін, – депті.

Page 177: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

172  

ЖЕГЕНГЕ ЖАРАЙ

Қожанасырдың мешітке имам болып жүрген кезі екен. Бір күні

мешіттің рауағына шығып азан шақырып тұрса, жолшыбай кетіп

бара жатқан біреу:

– Қожеке, азанды қаттырақ дауыстап шақырыңыз, мына

аумақтағы ел-жұрт тегіс естісін, – депті.

Қожанасыр азанды тоқтатып:

– Азан да жегенге жарай шақырылады, егер, мырзам, бүйірің

шыға тоя жеп жүрген болсаң, сен-ақ азаншы бол, – деп рауақтан

түсіп кетіпті.

АЛТЫН ЕГУ

Күндердің бірінде Қожанасыр аздап тың игеріп егіндік жер

баптап алу мақсатымен кетпен шауып еңбектеніп жатса,

саятшылықтан қайтқан патша Қожанасырдың жанына келіп:

– Қожеке, бұл жерге не егіп жатырсың? – деп сұрапты.

– Алтын егіп жатырмын, – депті Қожанасыр.

– Алтынды да еге ме екен?

Page 178: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

173  

– Əрине егеді, тақсыр, екпесе сіздің қазынаңыздағы алтын қайтіп

көбейеді!

Патша Қожанасырдың сөзіне дүдəмал болып, мұның сөзінің

рас-өтірігін бір сынап көрейін деген оймен жан қалтасынан екі ділдə

алып Қожанасырға беріп:

– Мынаны қосып еге сал, өніміне ортақ болайық! – дейді.

Қожанасыр:

– Құп, тақсыр, міне бүгін ұлы бейсенбі күн! Бүгін егемін, бір

жеті баптап, келер жұма күні өнісін мəртебелі құзырыңызға

апарамын, – дейді.

Патша Қожанасырдың сөзіне разы болып, ордасына қайтады.

Уағдалаған жұма күні Қожанасыр патшаның ордасына барып

патшаға:

– Тақсыр, еккен алтыныңыз мол өнім берді, екі ділдəдан жиырма

ділдə өнген екен, он ділдəсын сізге əкелдім, – деп патшаның алдына

қойыпты.

Он ділдəны көргенде патшаның қуанышы қойнына сыймай,

ендігі ретте егу үшін елу ділдə ұрықтық беріпті.

Бір жеті өткеннен кейін Қожанасыр патшаның алдына құр қол

сопайып өзі барады.

– Қожеке, алтын қайда? – депті патша

Page 179: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

174  

– Тақсыр, бұл рет Құдай ұрды. Жаңбыр жаумай, ыстықта

алтынның бəрі қурап кетті, – депті Қожанасыр.

Патша ашуға басып:

– Өтірік айтпа! Алтын қурай ма екен? – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, ақылыңыздан адаспаған болғайсыз, алтынның

көктегеніне сенеді екеніз, қурап қалатындығына не үшін сенбейсіз? –

депті де ордадан шығып кете барыпты.

НАМАЗДАРЫҢ ҚАБЫЛ БОЛМАЙДЫ

Бір кезде Қожанасыр ұсыныс бойынша шалғайдағы бір мешітке

барып, бір ай имам болған екен. Мерзім бітіп қайтарында, имамдық

ақысын бермей құр қол қайтарады.

Қожанасырдың ашуы келіп, шығарып салуға келгендерге:

– Сендердің мені осылайша құр қол қайтаратындықтарыңды

келгенде-ақ білгемін, сондықтан, бір айдан бері дəретсіз жүріп

имамдық істедім. Маған ұйып отырған намаздарың түгелімен қабыл

болмайды, – деп жүріп кетіпті.

Page 180: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

175  

ӨЗІҢНЕН КӨР

Қожанасыр əр күні дерлік үйіне түнде келеді екен. Бір күні əйелі

Қожанасырға:

– Ей, ......, екі кештің арасында далада жүрме, бейуақта сайтан

аздырып жүрмесін, – дейді.

Қожанасыр əйелінен:

– Сайтан қайтіп аздырады екен? – деп сұрайды.

– Сайтан қылымсыған қыз бейнесіне кіріп алып, ерлерді

аздырады екен. Сақ бол! – дейді əйелі.

Қожанасыр:

– Қой, қоқсыма, осы да сөз болып па, қылымсыған қыз емес,

тіпті, хор қызы бейнесіне кіріп келсе де мені аздыра алмайды, –

депті.

Ертеңінде Қожанасыр жəне түнге қалады, əйелі жас қыз

бейнесінде киініп, басына үлбіреген қызыл жаулық орап, Қожанасыр

келетін жол бойындағы бір теректің түбінде жасырынып тұрады.

Қожанасыр қайтып келе жатып əлгі жерге жақындағанда əйелі қыз

дауысқа салып:

– Ей, мырза, бері қарашы! – дейді.

Қожанасыр жалт қараса хор қызындай бір сұлу мүсінге көзі

Page 181: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

176  

түседі де жүрегі тайша тулап:

– Əй, ...... сен кімсің? – дейді.

Қыз:

– Мен сайтанның қызымын, сізді аздырғалы тұрмын, – дейді.

– Аздырамын деп əуре болмай-ақ қой, өзің дайын болсаң

болғаны, – деп Қожекең "сайтанның" жанына жетіп барып қараса өз

əйелі екен.

Сонда Қожанасыр:

– Қалай екен? Мені əрқандай сайтан аздыра алмайды деген едім

ғой, енді міне өзің аздырдың емес пе, енді кімнен көресің? Өзіңнен

көр, – депті.

АҚЫМАҚ ЕКЕНСІҢ

Бір күні түнде Қожанасырдың ұлы түс көріпті. Таңертең əкесіне:

– Əке, мен түнде түс көрдім, түсімде бір жорғаға мініп тайпалтып

барады екемін, – дей бергенде Қожанасыр ұлының сөзін бөліп:

– Ақымақ екенсің, ақыры мінген соң пыраққа мініп, аспанға

ұшсаң болмас па еді, – депті.

Page 182: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

177  

ШАМДЫ ӨШІР

Бір күні түнде Қожанасыр қауыммен бірге мешітте отырса,

көршісінің баласы жүгіріп келіпті де:

– Қожеке, сүйінші! Сүйінші беріңіз, əйеліңіз босанды, – депті.

Қожанасыр жан қалтасынан жарым теңге алып беріпті.

Аздан кейін Қожанасырдың үлкен ұлы жетіп:

– Əке, апам босанды, сүйінші бер! – депті.

Қожанасыр оған да жарым теңге беріпті де:

– Тапқан-таянғанды сүйіншіге берсем, бала-шағаны немен

бағамын! Тез бар-дағы шамды өшір! Жарықты көрген соң

арт-артынан шуап шыға бермесін, – депті.

БАСҚАЛАР ДА КӨРСІН

Қожанасырдың есегінің мінезі өте шəркез екен. Оны сатып

жіберіп құтылайын деген оймен бір бедекшіге 2 сатып бер деп

базарға жіберіпті.

Əлгі есек тісін көрмекші болғандарды тістеп, сауырын

                                                              2 Бедекші – делдал, алыпсатар

Page 183: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

178  

сипамақшы болғандарды теуіп, маңына жан жуытпапты. Бедекші

бағалармен саудаласуға шарасыз болып, есегін қайтадан

Қожанасырға табыс етіп:

– Есегіңіздің мінезі тым тарпаң екен, алармандардың барлығын

үркітіп жіберді, бұл есекті ешкім де алмайтын сияқты, – депті.

Қожанасыр бедекшіге:

– Бұл хайуанды мен де сатайын деген ойда емес едім, шынын

айтсам, бұл есектің маған көрсеткен қорлығын басқалар да көрсін

деп, базарға салған едім, – депті.

ҚИЯМЕТ ҚАРЫЗЫ

Бір кезде бір саудагер Қожанасырға өтірік жала жауып, қақымды

бермей қойды деп сүйреп қазыға апарады. Саудагер қазыға астыртын

пара беріп қойған екен. Қожанасырды көрген жерден-ақ қазы:

– Қожанасыр, сен мына саудагердің қақысын бересің бе, жоқ,

қияметке қарыз ғып арқалап кетесің бе, – дейді. Қожанасыр:

– Тақсыр, қияметте де қазыға пара, саудагерге жала қажет

болатын шығар. Бұл кісінің мендегі алатын қақысын қиямет қарызы

болып қала берсін, – депті.

Page 184: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

179  

НƏПСІСІ АҚЫЛДЫҢ ЖЕЛКЕСІНЕ МІНГЕНДЕ

Жексұрын біреу Қожанасырдан:

– Қожеке, кемеңгер адамсыз ғой, маған айтыңызшы, адам қандай

уақытта ақылынан азады? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Нəпсісі ақылдың желкесіне мінгенде, – деп жауап беріпті.

БІР СҰРАУ

Қожанасырдың медреседе оқып жүрген кезі екен молла сынау

алу үшін:

– Қожанасыр, саған қиын сұраудан біреуін берейін бе, əлде

оңайынан екеуін бе? – деп сұрапты.

– Қиын сұраудан бір сұрау беріңіз, – депті Қожанасыр.

– Мақұл, ондай болса жауап бер, – депті молла, – Адам қайдан

пайда болған?

– Адамды анасы туған.

– Одан бұрын ше?

– Молдеке, мұныңыз екінші сұрау болды ғой, – депті сонда

Қожанасыр.

Page 185: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

180  

ЖАЛҚАУ

Бір күні Қожанасыр жалқаудан сұраса керек:

– Қарағым, ахуалың қандай, жақсы өтіп жатырсың ба?

– Жаман емес, – депті жалқау, – табылғанын қорек етемін,

табылмаса қанағатты місе тұтамын.

– Ондай болса, – депті Қожанасыр, – сен шаһарымыздың

бұралқы иттеріне ұқсайды екенсің!

АЛДАНҒАНДЫҒЫҢА МОЙЫНДА

Басқа бір шаһардың бір алаяқ бай саудагері Қожанасырдың

атағын естиді екен. Бірақ, мойынсал емес екен. "Сіңірі шыққан

кедейден де сондай зерделі адам шыға ма? Егер шын зерделі болса,

мендей жылпосты бір алдап көрсінші!" деп ойлайды да

Қожанасырды сынамақшы болып, əлгі бай Қожанасыр тұрған

шаһарға қарап жолға шығады. Шаһарға жақындаған жерде, атызға

есекпен сүйреткі салып жүрген Қожанасырға кезігеді.

Əлгі бай Қожанасырға:

– Шаһарыңызда Қожанасыр деген біреу бар екен ғой, мен соны

Page 186: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

181  

іздеп келе жатырмын, – депті.

– Ол адамда не бұйымтайыңыз бар еді? – деп сұрапты

Қожанасыр байдан.

Бай Қожанасырды іздеудегі мақсатын айтып беріпті. Қожанасыр:

– Мен Қожанасырдың көршісі боламын, Қожанасыр айтса

айтқандай зерделі адам, сізді алдаймын десе алдап кетеді, əуре

болмай-ақ, қайтып кеткеніңіз жөн, – депті. Бірақ бай:

– Қойыңыз, ол мені тіпті де алдай алмайды, – деп бой бермепті.

Қожанасыр байға:

– Қожанасыр жоқ жерде бөспеңіз, ол келетін болса, сізді алдап

осы жерге отырғызып кетеді, – депті.

– Мені алдай алмайды деген соң алдай алмайды, – деп бай онан

ары өндіршектепті.

– Ендеше былай болсын. Сіз осы жерде менің есегім мен

сүйремге қарай тұрыңыз, мен сіздің қашырыңызды мініп барып

Қожанасырды бір демде-ақ шақырып келейін, алдай ала ма, жоқ па

сонда көріңіз, – депті Қожекең.

Бай мақұл болады, Қожанасыр қашырға мініп, желдіртіп шаһарға

қайтады.

Бай Қожанасырды кешке дейін күтеді, ешбір жан келмейді.

Қараңғы үйірілгенде бай ақыры лажсыз Қожанасырдың есегіне мініп

Page 187: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

182  

шаһарға кіреді.

Бай ертеңінде базарға барса, қашыр мініп, көсілтіп жүрген

Қожанасырды көреді де:

– Ей, ..., сен қандай жансың! Кеше ұзынды күні айдалада

күттірдің. Əлгі Қожанасырды ертіп барғаның қане! Бұл не деген

алдамшылық! – депті.

Сонда Қожанасыр байға:

– Жарайды, міне енді, қалың топтың алдында Қожанасырға

алданғандығыңа мойында! – депті.

МЕН ДЕ ӨЛЕТІН ЕДІМ

Күндердің бірінде Қожанасыр қатты ашығады. Амалдап қарнын

тойғызу үшін, танымайтын бір ауылдың шетіне барып, өзін

тамыршы, балгермін деп таныстырады. Сол маңдағы əйелі қатты

ауырған біреу əйелін емдету үшін Қожанасырды үйіне ертіп барады.

Қожанасыр науқас əйелдің тамырын ұстап болған соң үй иесіне:

"бір таба нан, бір шыны сары май əкел" дейді. Үй иесі дереу əкеліп

алдына қояды. Қожанасырдың басқамен жұмысы болмай сары май

мен нанды араластырып соға береді. Қарны əбден тойғанда: "Құдай

Page 188: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

183  

тағала науқасқа шипа берсін, аллауакбар" деп бата беріп бетін сипап,

жүріп кетеді.

Науқас адам сол күні жан үзіп қаза болады. Əлгі адам

Қожанасырға келіп:

– Ей, сен қандай балгерсің? Сен емдеген науқас адам қаза болып

кетті ғой, – дейді ренжіп.

Сонда Қожанасыр оған:

– Өлген болса, жаны жəннатта болсын! Егер кешегі май мен

нанды жемеген болсам, ендігі дейін мен де өлетін едім, – дейді.

ҚУАНҒАННАН ТОЙ ЖАСАР ЕДІМ

Бір күні əкімнің есегі жоғалып кетіп, Қожанасырды шақыртып:

– Қожеке, əр уақыт есегіңізді жоғалтып іздеп жүруші едіңіз, жоқ

іздеу тəжірибеңіз мол шығар, менің есегім жоғалып кетті, ренжімей

іздеп тауып берсеңіз, – деп өтініпті.

Қожанасыр əкімнің есегін іздеуге мақұл болғаннан кейін,

көше-көшені аралап, өлеңдетіп жүрсе керек. Оның шат мерейде

əндетіп жүргенін көрген бір танысын Қожанасырдан:

– Қожеке, неғып жүрсің? – деп сұрайды.

Page 189: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

184  

Қожанасыр оған:

– Əкімнің жоғалған есегін іздеп жүрмін, – деп жауап береді.

Əлгі таныс Қожанасырға жəне:

– Өзің қуаныштасың ғой, – дейді.

Сонда Қожанасыр оған:

– Е, əрине, əкімнің есегі жоғалғанда қуанғаннан əндетіп жүрмін,

ал, əкімнің өзі жоғалса қуанғаннан той жасар едім, – дейді.

ҚИЯМЕТ

Еріккен ел Қожанасырдан сұраса керек:

– Қожеке, көптен ақылды адамсыз, бізге айтып беріңізші, қиямет

қашан болады?

Қожанасыр оларға:

– Менің қатыным өлген күні кіші қиямет, өзім өлген күн үлкен

қиямет болады, – деп жауап беріпті.

Page 190: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

185  

СҰРАЛМАҒАН ДАУ

Бір шебер Қожанасырдан:

– Қожеке, бір шебердің сиыры қазының сиырын сүзіп өлтіріпті

делік, мұндай дауды қалай бітіру керек? – деп сұрапты.

– Сиырдың нарқын төлетіп алу керек, – депті Қожанасыр.

– Зəуіде қазының сиыры шебердің сиырын сүзіп өлтірсе ше? –

деп сұрапты шебер.

Сонда Қожанасыр:

– Оны жақсы білмейді екемін, мен ес білгелі бұл жалғанда ондай

дау сұралмады, – депті.

ШАПАНЫМДЫ МІНГЕСТІРІП АЛЫҢЫЗ

Жəрменке базар болған күні Қожанасыр мініп барған есегін

сатып жіберіп, жаяу қайтып келе жатса, артынан атпен желе-жортып

келе жатқан имам кездеседі:

– Тақсыр, жаяу қалдым, шапанымды мінгестіре кетіңізші!

– Мақұл, болады, қай жерге дейін мінгестіремін?

– Біздің ауылға дейін.

Page 191: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

186  

– Ауылыңа барған соң шапаныңды кімге беремін?

– Əрине, өзіме бересіз.

Имам қайран қалып:

– Сен барғанша тосып тұрам ба? – дейді.

– Жоқ, тақсыр, – дейді сонда Қожанасыр, – мен шапанның ішінде

болғандығым үшін, өзіме тастап жүре бересіз емес пе?

ЖИҺАНДА ЖОҚ БІР КҮН

Қожанасырдың бояушылық істеп жүрген күндерінің бірі екен.

Өзін асқан əзілшімін деп жүрген біреу Қожанасырға бір мата əкеліп:

– Қожеке, осы матамды жиһанда жоқ бір түрлі бояумен бояп

беріңіз, – депті.

– "Жиһанда жоқ бояу" дегенің қандай бояу, – деп сұрапты

Қожанасыр. Əлгі кісі:

– Қызыл да емес, қара да емес, көк те емес, сары да емес, жасыл

да емес, күлгін де емес, əйтеуір, жиһанда жоқ бояу, – депті.

Қожанасыр:

– Болады, қалауыңыз бойынша бояп берейін, – депті.

– Қашан келіп алайын? – деп сұрапты əлгі кісі.

Page 192: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

187  

Қожанасыр оған:

– Жиһанда жоқ бір күні, иағни сенбі де, жексенбі де, дүйсенбі де,

сейсенбі де, сəрсенбі де, бейсенбі де, жұма да емес бір күні келіп ал,

– депті.

ТҮСТІ ЖОРУ

Патша түс көріпті. Түсінде біреу патшаның барлық тісін қағып

алыпты. Ертеңінде патша уəзіріне көрген түсін жорытыпты.

– Түсіңізге қарағанда, бала-шағаларыңыз түгел өліп, жалғыз

басыңыз қалады екен, – деп жорыпты уəзір.

Уəзірдің жоруына наразы болған патша оны өлімге үкім етіпті.

Сол арада бір жұмыспен ордаға Қожанасыр келіп қалыпты. Патша

көрген түсін Қожанасырға жорытыпты.

– Түсіңіздің тегі тереңде екен. Бала-шалағаларыңызға қарағанда,

өзіңіздің өміріңіз ұзақ болады екен, – деп жорыпты Қожанасыр.

Қожанасырдың жоруына риза болған патша оған рақмет

айтыпты.

Page 193: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

188  

ЖЕБІРЕЙІЛ ДЕ ҚАРТАЯДЫ

Қарызға белшесінен батқан сорлы біреу Қожанасырға келіп,

күй-жайын айтып:

– Ол дүниеге барғанда, қарыз арқаламай, бұл дүниеде өтеп

болғанша Құдай өмір берсе екен, – депті.

Сонда Қожанасыр əлгінің көңілін аулап:

– Абыржыма, сен қарыздарыңды қайтарып болғанша, Жебірейіл

де қартайып, жан алуға шамасы келмейтін болар, – депті.

ҚАЛАСАҢ ШАПАЛАҚ ЖЕ

Қожанасыр біреудің жеміс бақшасына жеміс ұрлауға кіріп,

сабағында самсып, мəуелеп тұрған жемістерді көріп, өзіне-өзі "жə,

Қожеке, бақшаға ебін тауып жалғыз кіріп алдың, қаласаң алма же,

қаласаң шабдалы же, қаласаң өрік же, қаласаң алхоры же" деп

тұрғанда бағбан байқатпай артынан келіп, Қожанасырды шапалақпен

тартып кеп жіберіпті. Қожанасыр дереу:

– Қаласаң шапалақ же, – деп бақшадан зытып беріпті.

Page 194: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

189  

СЫР САҚТАУ ҚИЫН

Қожанасырдан біреу сұрапты:

– Бұл қалада сыр сақтайтын тəуір біреуді табуға болар ма екен?

Қожанасыр оған:

– Қаламызда жаңбыр көп жауады, сырды шайып кетпеген күнде

де оңдырып жібереді, сондықтан да қаламызда сыр сақтау қиын, –

деп жауап беріпті.

ЕШТЕМЕ

Қожанасыр мешкей біреумен бірге жолаушы жүріпті. Түскі тамақ

үшін Қожанасырдың наны мен пісіріп алған жұмыртқасын жепті.

Кешкі тамақ кезінде, əлгі мешкей анадай жердегі тоған бойына

барып, жалғыз өзі отырып, пісіріп алған тамақтарын Қожанасырдан

жасырып жей бастапты. Қожанасыр байқатпай көктен түскендей

үстіне жетіп барып:

– Мешеке, жеп отырғаныңыз не? – деп сұрапты.

– Ештеме, – депті əлгі мешкей жеп жатқан еттерін тыққыштап.

– Ештемеңізді шығармайсыз ба, – депті сонда Қожанасыр, –

ештемеңізді болса да бөле желік!

Page 195: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

190  

ҚАЗДЫҢ ҚАЛҒАН-ҚҰТҚАНДАРЫ

Қожанасыр ордада ояздық істеп жүргенде, бір күні біреу патшаға

бітеу пісірілген қазды тартуға əкеліпті. Патша қазды Қожанасырға

ұстатып:

– Міне, Қожеке өзіңіз əділдікпен бөліп беріңізші, – депті.

Қожанасыр қаздың басы кесіп патшаға ұсынып:

– Сіз еліміздің басшысы боласыз, сондықтан, қаздың басы сіздің

сыбағаңыз, – депті. Одан соң қаздың мойнын кесіп алып ханшаға

ұсынып:

– Ер – бас болғанда, əйел – мойын, қаздың мойны сіздің

сыбағаңыз, – депті.

Қаздың сирағын шаһзадаға беріп:

– Міне, бұл шаһзадаға тəн, шаһзада патшаның ізбасары, мұны

жесе тағыңыздың іргетасы бекем болады, – депті.

Соңында қаздың екі қанатын кесіп екі қызына ұсынып:

– Қыздарыңыз жақында ұядан ұшады, барған жері құтты болсын,

қанаттары талмастай берік болсын, – депті.

Қожанасыр қаздың бұлшық етті бүтін денесін өзі алып:

– Міне құлыңыз ендігі қалған-құтқанын алғанына да дəн риза, –

депті де жүріп кетіпті.

Page 196: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

191  

КӨРІ ТЕРЕҢ БОЛСЫН

Шаһардың бір үлкен салауаттысы қаза бопты. Қожанасыр көңіл

айта барып, Құран оқып, батасының соңында:

– Марқұмның көрі терең болсын, – деп тілепті.

– Қожеке, бұл қандай бата? Жаны жəннатта болсын деңіз, – деген

екен өлімді болғандардың біреуі.

– Иманды болғыр, тірі кезінде жоғарыға өрмелегіш еді, өлгеннен

кейін де жоғарыға өрмелейімін деп көрден шығып кетіп, жəннаттан

орын тимей қалып жүрмесін дегенім ғой, – депті Қожанасыр.

ҚОРЫЛДАҒАНҒА АМАЛ

Қожанасыр түнгі тойда өте кеш қалғандықтан, досының үйіне

қона кетеді. Дос екеуі қатар жатса керек. Əлгі дос бас жастыққа

тисімен қорылдап ұйқыға кетіпті. Қожанасыр оның қорылынан

ұйықтай алмай көпке дейін дөңбекшіп жатады да, ақыры лажысыз

жанында қорылдап жатқан досының басын тырнайды. Дос ояна

келіп:

– Қожеке, басымды неге тырнайсың? – депті.

Page 197: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

192  

– Басым қышып болмаған соң, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Қышыса өз басыңды қасымайсың ба – депті дос.

– Қараңғыда қайдан білейін, сенің қорылдаған үнің басымды

айналдырып жіберген-ау деймін, – депті Қожанасыр.

МЕНІҢ ЕСЕБІМДЕ

Бір жылы Қожанасыр ораза айында ауыз бекітіп ораза ұстапты.

Оразаның есебінен жаңылмау үшін əр күні ауыз ашқаннан кейін

ілулі тұрған дорбаға бір тас салып қояды екен. Қожанасырдың

кішкентай қызы дорбадағы бұл тастарды көріп "атам маған

қақпақыл ойнау үшін əкеліп қойған екен" деп қуанып, өзі жинаған

тастарын да қосып қояды.

Бір күні көршісі Қожанасырдан:

– Қожеке, бүгін оразаның нешесі болды? – деп сұрапты.

Қожанасыр " бүгін ..." деп жүгіріп үйіне кіріп дорбадағы тасты

санаса бір жүз жетпіс екі екен, Қожанасыр өзіне-өзі күмəнды

бейнемен көршісіне:

– Бүгін оразаның жетпіс екісі, – деп жауап беріпті.

Көршісі таңырқап:

Page 198: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

193  

– Қожеке, бұныңыз қандай есеп, бір ай отыз күн емес пе? – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Əуел десең бұл тарта айтқаным, менің есебімше болса,

Құдайды бір жүз жетпіс екі оразаға қарыздар еткен болар едік, –

депті.

СІЗ АҚЫМАҚ

Қожанасыр бір күні қазыны "ақымақ" деп иянаттапты. Қазы

патшаға Қожанасыр үстінен арыз беріпті. Патша Қожанасырды

шақыртып алып:

– Сіз ақымақ адам емессіз деп, қазымыздан кешірім сұра!

Əйтпесе сені жазалаймын, – деп ақырыпты.

Қожанасыр орнынан тұрып, қазының алдына барып, иіліп тұрып:

– Сіз ақымақ, адам емессіз! – депті.

Патша Қожанасырға кешірім етіпті.

Page 199: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

194  

БӨДЕНЕ

Жоқшылық жайлап, жұт болған жылы астық жетпей ел қатты

ашыққан екен. Қожанасыр балаларын аштан өлтірмеу үшін, бір

байдың астық қамбасына ұрлыққа кіріпті.

Қожанасыр қабына астық толтырып жатқанда есіктен бай кіріп

келіп:

– Кімсің? – деп ақырыпты.

– Бөдене! – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Бөдене болсаң, шаппалыққа бармай, бұл жерде неғып жүрсің?

– Бөдене де үй жоқ, қайда барса бытбылдық, бытбылдық, – деп

сайрай беріпті Қожанасыр.

ҚИЫН СҰРАУ

Патшаның ордасына басқа елден үш саудагер келіп, патшаның

елінен сұрайтын, бірден үш сұраулары бар екенін айтады. Патша

сұрауларын сұрауына ризалық білдірген соң, ордадағылардан

сұраған екен, ордадағылардың ешқайсын жауап бере алмапты. Біреуі:

"Қожанасырды шақырып келсек қайтеді" деп мəслихат беріпті.

Page 200: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

195  

Патша мақұл көріп, Қожанасырды шақыртыпты.

Қожанасыр есегіне мініп, текіректеткен беті тура патшаның

алдына келгенде тізгінін тартып, топ етіп түсе қалады:

– Қош, тақсыр, патша ағзам, бұйрығыңыз бойынша келдім.

– Ал, Қожанасыр, мына қонақтардың сұрауларына жауап беріп

көрші.

Қожанасыр саудагерлерге қарап:

– Құлағым сіздерде, сұрауларыңызды сұрай беріңіздер, – депті.

Бірінші саудагер сұрапты:

– Жердің кіндігі қай жерде?

Қожанасыр титтей де іркілмей қолындағы таяғымен нұқып

тұрып:

– Міне, есегімнің оң аяғы басып тұрған жерде, – деп жауап

беріпті.

– Қандай дəлелің бар? – деп сұрапты саудагер.

– Сіз алдымен өлшеп көріңіз, бір қарыс артық немесе бір қарыс

кем болса, міне мен бармын ғой, – депті Қожанасыр. Саудагер бұған

ауыз аша алмайды.

Екінші саудагер сұрапты:

– Аспандағы жұлдыздың саны қанша?

– Менің есегімнің түгі қанша болса, аспандағы жұлдыз сонша, –

Page 201: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

196  

деп жауап беріпті Қожанасыр, – сенбесеңіз санаңыз, артық, кем

болса мені табыңыз.

Сонымен екінші саудагердің де аузы буылыпты.

Қожанасыр үшінші саудагерге: "Сіз де сұрауыңызды қоя беріңіз"

депті. Ол:

– Менің сақалым қанша тал, – деп сұрапты.

– Есегімнің құйрық қылы қанша тал болса, сақалыңыз сонша тал,

– деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Оған нендей сипатың бар, – депті əлгі саудагер тебініп.

– Сенбесең, сен сақалыңды бір талдан санап жұл, мен есегімнің

құйрық қылын жұлайын, артық-кем болса, өзім кепіл, – депті

Қожанасыр, саудагердің аузына сөз түспей, сақалын сипаған беті

сілейіп тұрып қалыпты.

ҚҰДЫҚТАҒЫ АЙ

Қожанасыр түнде құдықтан су алғалы барады. Айлы түн екен,

айдың сəулесі құдықтағы суға түсіп тұрса керек. Қожанасыр "ай

құдыққа түсіп кеткен екен, оны құдықтан шығарып орнына қояйын"

деп құдыққа шеңгел қармақ салған екен. Қармағы құдықтың

Page 202: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

197  

сағасындағы қамыс тамырына ілініп қалса, Қожанасыр "айға ілінген

екен" деп бар күшін салып табандап тұрып тартады. Ақыры арқаны

үзіліп, шалқасынан түседі де, аспандағы айды көріп: "Құдайға шүкір,

біраз қиналсам да, əйтеуір айды қайтадан өз орнына шығарған екем"

деп суын алып алаңсыз үйіне тартады.

ҚАСҚЫР ЖƏНЕ ЖОЛБАРЫС

Бір би бір қойды қасқыр тамақтап жатқан жерінен айырып алады,

қойды үйіне əкеліп, бауыздамақ болғанда қой маңыраса керек. Сол

уақытта айналсоқтап байқап жүрген Қожанасыр бидің жанына

келіпті.

Қожанасырды көре салып би:

– Бұл қойды қасқырдың аузынан əзер айырып алдым, – депті.

– Ондай болса, – депті Қожанасыр, – сені неге иянаттайды?

– Не деп иянаттады? – деп тігіле қалса керек би.

– Не деуші еді, "қасқырдан құтылғанымен жолбарысқа

тұтылдым" дейді, – депті Қожанасыр.

Page 203: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

198  

ДОСТАРЫМНЫҢ САНЫ

Қожанасыр қазылыққа отырған кезінде, үйінен күндіз-түні кісі

үзілмейді екен, біреу Қожанасырдан:

– Қожеке-ау, достарыңыз не деген көп, келіп-кетіп жатқандардың

есебі бар ма? – деп сұрапты.

Қожанасыр:

– Досымның санының қанша екенін өзім де білмеймін, олардың

санын мен қазылықтан түскенде сұраңыз, – депті.

РАС СӨЗ

Патша бұқараның мұң-мұқтажын білмек үшін аралап жүріп,

Қожанасырдың үйіне келіп қалады:

– Алдымен маған егіндік жер-суыңды көрсет.

– Жер-су əлдеқашан əкімнің иелігіне өтіп кеткен.

– Ондай болса, астығыңды көрсет!

– Астықты патша ағзамға тапсырғамын.

– Үйіңнің төбесі қайда?

– Мың басы алман үшін ашып əкетті.

Page 204: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

199  

– Ондай болса, үй мүліктерің қане?

– Қазыға пара үшін бердім.

– Балаңыз жоқ па?

– Бір ұлым бар еді, жүз басы ұрып өлтірді.

Патша ашуға басып:

– Ондай болса, əйелің қайда? – деп сұрайды.

– Сіздің көзіңіз тие ме деп қалтарыс жерге отырғызып қойдым, –

дейді Қожекең.

– Патша тұлан-тұта ақырып:

– Ақымақ екенсің, соншалық көп өтірік айтқан бар ма? – дейді.

Қожанасыр:

– Тақсыр, патша, бəрі де рас, егер рас болмаса сіз де мұншалық

ашуланбаған болар едіңіз, – дейді.

ШАЙТАННЫҢ ӨЗІ

Бір күні алдамкөс делдал Қожанасырдан:

– Қожеке, сізді жын-шайтандармен барыс-келісі бар дейді жұрт,

шайтан қандай болады екен, – деп сұрайды.

– Шайтанның қандай екенін менен сұрағанша, – дейді сонда

Page 205: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

200  

Қожекең жауап беріп, – түнде үйіңдегі айнаға қарасаң, нақ

шайтанның өзін көресің.

ҚАРЫЗ БОЛЫП ҚАЛМАУ ҮШІН

Күндердің бірінде Қожанасыр асханаға кіріп, келістіріп жасалған

тамақтан бір тəрелке алып жейді. Тамақты жеп болған соң босаған

тəрелкені қолына ұстап, сыртқа қарай кете барады.

Аспаз:

– Қожанасыр, ана тəрелкені қайда əкетіп барасың? – дейді.

Сонда Қожанасыр:

– Қарыз болып қалмау үшін тəрелкені сатып, жеген тамақтың

ақшасын төлей салайын, – деп жауап береді.

ҚҰМАРДАН БІР ШЫҒАР ЕДІМ

Байдың ерке шорасы Қожанасырды кемсіте сөйлеп:

– Əкем түнде түс көріпті, түсінде қияметке барғанда түйеге

мініпті, түйесін сен жетектеп жүріпсің, – дейді.

Page 206: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

201  

Сонда Қожанасыр:

– Ой, онда өте жақсы болған екен, егер мес əкеңнің түйесі

жетектесем, тұп-тура тозаққа кіргізіп құмардан бір шығар едім, –

депті.

МАҒАН САЛСА

– Қожанасыр шаштараздық істеп жүрген кезде, сол маңда

қараулықпен аты шыққан бір молла болған екен. Ол дайым шашын

Қожанасырға алдырып, ақысын бермей:

ғұмырыңды тілеп бата бердім деп жүріп кете береді екен.

Бір күні Қожанасыр молланың шашын алып сақал-мұртын

басарда:

– Молдеке, мұрт керек пе? – деп сұрайды.

– Əрине, керек, – дейді молла.

Қожанасыр молланың мұртын ұстарамен қырып алып, қолына

береді де:

– Тақсыр, сақалыңызды ше? – деп сұрайды.

Молла тұйткілсп барып:

– Қой ары, сақалым керек емес, е, керек емес! – дейді.

Page 207: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

202  

Қожанасыр молланың сақалын ұстарамен оңды-солды екі-ақ

сыпырып:

– Керексіз болса, сыпырындымен бірге кетсін, – деп жерге тастай

салады. Бұған молланың ашуы келіп, Қожанасырды айыптай

бастайды.

Сонда Қожанасыр моллаға:

– Ренжімеңіз, тақсыр, өзіңіздің қалауыңыз бойынша істедім.

Маған салса, шашыңызды да алмаған болар едім, енді сақал-мұртсыз

батаңыз ақпайды. Бұдан кейін басқа шаштаразға барыңыз, – дейді.

БЕТ-АУЗЫМДЫ КӨРСЕТПЕУ ҮШІН

Қожанасыр ордада қызмет істегенде, тыныш жүрмей, патшаны

сықақ қылғандығы үшін патша ашуланып:

– Ордадан жоғал! Маған ендігəрі бет-аузыңды көрсетуші болма!

– деп Қожанасырды ордадан қуалап жіберіпті.

Арада көп өтпей-ақ, патша ордасына басқа мемлекеттен елшілер

келіпті, патша əлгі келген елшілердің сұрауына жауап бере алмай

қиналып, ақыры лажсыз Қожанасырды қайта шақыртып келіпті.

Қожанасыр ордаға арт жағымен көткеншектеп кіріп келеді, мұны

Page 208: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

203  

көрген патша тағы да от алып-қопаға түсіп:

– Қожанасыр, неғып əдепсіз болып кеткенсің? Менің алдыма

көткеншектеп кіруге қайтіп дəтің барды? – дейді.

Сонда Қожанасыр:

– Бұйрығыңыз бойынша, тақсыр, өзіңіз маған "ендігəрі

бет-аузыңды көрсетуші болма" деген едіңіз ғой, сондықтан,

бет-аузымды көрсетпеу үшін көткеншектеп арт жағымен келдім, –

дейді.

ӨЗІ ҚҰЛАП ТҮСТІ

Қожанасыр бұрынғы əйелі өлген соң бір жесір əйелмен үйленеді.

Бір күні түнде төсекте жатқанда, əйелі бұрынғы өлген байын

Қожанасырға жатып кеп мақтайды. Қожанасыр де қарап жатпай:

– Менің бұрынғы əйелім марқұм момын, ақ жарқын, сондай

жақсы адам еді, – дейді де қойнындағы əйелін төсектен итеріп

домалатып жібереді. Жерге қатты түскен əйел қолы мертігіп, ойбай

салып, шарқылдап Қожанасырмен жағаласа түседі. Көршілері келіп:

– Қожеке, түктен-түк жоқ, бейкүнə əйелді төсектен итеріп

жіберген бар ма? Бұл не қылғаныңыз? – деп Қожанасырды айыптай

Page 209: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

204  

сұрайды.

– Мен итермедім, өзі түсіп кетті, – дейді Қожекең.

– Қайтіп түсіп кетті, – деп сұрайды көршілері.

– Жатарда, – дейді Қожанасыр сонда бұл сұрауға маңғаздана

жауап беріп, – екеуіміз бір төсекке жатқан болатынбыз, біз жатып

көп өтпей-ақ, бұл əйелдің бұрынғы байы келіп ортамызға жатты,

аздан соң марқұм менің бұрынғы əйелім келді, бүйтіп, бір төсекте

төрт адам болдық. Ақыры мына əйелім төсекке сыймай өзі құлап

түсті.

ДОЛАЙ БОЛМАЙ МА?

Қожанасыр дүкеннен сым алмақшы екен, бір сымды алдырып

көріп, нарқына келіседі: "сымым жап-жаңа тұрса, сым алып қайтемін,

одан да шапан алайыншы" деп сымды сатушыға қайтарып беріп,

шапаннан біреуін алдырып киіп көреді: "құйып қойғандай дəл келді,

бойыма құп жарасты" деп ақша төлемей жүре бергенде сатушы:

– Шапанның ақшасын бермейсің бе? Қайда зытып барасың? –

деп сұрайды.

Сонда Қожанасыр оған:

Page 210: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

205  

– Үй, жаңа ғана қолыңа қайтарып берген сымның ақшасына

долай болмай ма? – дейді.

У

Қожанасырдың медреседе оқып жүрген кезі екен. Бір күні сабақ

пысықтап отырғанда біреу моллаға бір шыны бал əкеліп береді,

молла балды алып, бетін қағазбен мықтап жауып, ойыққа қояды да

Қожанасырға:

Мына ыдыстағы – у, тиюші болма, жақындайтын болсаң иісі

мұрныңа барса да тіл тартпай өлесің! – деп сыртқа шығып кетеді.

Қожанасыр молланың сия құтысын жерге бір қойып шағып

тастап, онан соң ойықтағы балды алады да моллаға тағы біреу

əкелген жұмалық нанға қосып жеп шыныны тақыр-таза қып қояды.

Молла қайтып келіп, шынының бос тұрғанын көреді де

Қожанасырдан:

– Мынаны кім жеді? – деп сұрайды.

– Тақсыр, байқаусызда, сия құтыңызды қағып кетіп тағып алдым,

– дейді сонда Қожанасыр, – сонан соң ұялғанымнан өліп алайын деп

уды алып иіскеп едім өлмедім. Сіз келгенше тезірек өле қалайын деп

Page 211: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

206  

барлығын жалап-жұқтап жеп қойдым, сонда да өле алмай отырмын!

ӨТПЕЙТІН ҰСТАРА

Қожанасырға бір танысы:

– Қожеке, шашыңыз өсіп кеткен екен алып берейін, – дейді.

Қожанасыр мақұл болып, шашы жібітеді, таныс бір өтпейтін

ұстарамен Қожанасырдың шашын қыра бастайды. Қожанасыр

басының ауырғанына шыдамай тістеніп, екі көзін тарс жұмып алады.

Танысы Қожанасырдан:

– Қожеке, қатты сүйсіндіңіз бе? Ұйықтап қалдыңыз ба? – деп

сұрайды.

Сонда Қожанасыр:

– Рас айттың, ұйықтап қалып түс көрдім. Түсімде басымды бір ит

кеміріп жатыр екен, – деп жауап береді.

Page 212: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

207  

МЕШІТІҢІЗДІ КӨШІРІП КЕТІҢІЗ

Бір күні Қожанасыр мешіттің алдынан өтіп бара жатса имам

жазғырып:

– Ей, имансыз! Мұнан былай намазға келмейтін болсаң бұл

қыстақтан көшіп кет! – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Тақсыр, мен жалғыз өзім қайда барып жаңа қыстақ құрайын. Ең

жақсысы намазшыларыңызды ертіп, өзіңіз мешітіңізді көшіріп

кетіңіз, – деп жауап қатыпты.

ПАТША МЕН ЖІП

Бір ақылсыз патша шет елден келген елшілер мен

оқымыстылардың алдында пəтуасыз сөйлеп елді ұятқа қалдыра

берген соң. Уəзірлер Қожанасырды патшаға ақылшы болуға ұсыныс

етеді.

Қожанасыр ақылшы болсам болайын деп келіп патшаға мынадай

шарт қояды:

– Көрпеңіздің астынан бір жіп өткізіп, оның бір ұшы аяғыңызға

Page 213: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

208  

байлаймын, бір ұшын өзім ұстап отырамын, егер сіз дұрыс

сөйлесеңіз қозғамаймын, қате сөйлейді екенсіз жіпті тартып

қаламын, сіз сөзден тиыла қаласыз, – дейді.

Патша Қожанасырдың шартына мақұл болады. Шетел елшілері

бір күні патшаға амандаса келіпті, патша елшілерден:

– Елдеріңізде ит пен мысық семіз бола ма? – деп сұрайды. Сол

кезде Қожанасыр жіпті тартып қалады, патша төбеге ұрғандай

сөзден тоқтайды. Қожанасыр патшаның сөзін жаймашуақтап:

– Патшамыз "астарлы" сөйлейді. Ит пен мысықтың семіруі –

тоқтықтан. Сонда патшамыздың сөзінің мағынасы – ел-жұртыңыз

тоқшылық па дегенді білдіреді, – дейді.

Елшілер патшаның "астарлы" сөзіне дəн риза болып,

орындарынан тұрып патшаға иіліп тəжім қылады, сол-ақ екен патша

Қожанасырға шадыраңдай ақырып:

– Пəтшағар, ақымақ ақылшы екенсің, сондай терең мағыналы

сөйлеп отырсам, жіпті неге тартасың? – дейді.

Page 214: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

209  

ЖҮКТІ ТЕҢ КӨТЕРУ

Бір күні Қожанасыр екі басы толы қоржынды астына салып

есегін мініп кетіп бара жатады. Жолшыбай кезіккендер

Қожанасырға:

– Қожеке, есегіңізге қоржын артқаныңыз аз болғандай оның

үстіне өзіңіз мініп алыпсыз, хайуан да болса обал емес пе? – дейді.

– Рас-ау, хайуанға обал болмасыншы, жүкті тең көтерейік, – деп

Қожанасыр есектен қарғып түсіп қоржынды иығына салады да,

есегіне қайта мініп алады.

БАТА

Қожанасыр етікші болып жүрген күндердің бірінде шаһардың

салауатты үлкен имамының біреуі Қожанасырға келіп:

– Қожеке, мəсімнің тұмсығы ұлтарған жерінен тесіліп қалып,

дəрет тоқтамай жүргені, қазір жамап жіберіңізші, – дейді.

Қожанасыр имамға:

– Тақсыр, қазір қолым бос емес, ертең келіңіз, – дейді.

Имам қоқан-лоқы салып:

Page 215: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

210  

– Болмайды, қазір дереу тігіп бермейтін болсаң көретінің бар,

мен саған теріс бата беретін болсам табалдырығыңнан аттай алмай

қаласың! – дейді.

– Батаңыз соншалық құдіретті болса, мəсіңізге оң батадан бірді

беріп, оны мəңгі жыртылмайтын қып алыңыз, – деп жауап

қайтарыпты Қожекең.

ҰРЫДАН СҰРАҢДАР

Қожанасырдың есегін ұры алып кетеді. Көршісі онан:

– Қожеке, есегіңізді қайтіп ұрлапты, түнде ме, күндіз бе? – деп

сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Есекті ұры алғанда мен жоқ едім, қайтіп ұрлағанын ұрыдан

сұраңдар! – деп жауап беріпті.

Page 216: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

211  

СЕН ДЕ ШҮКІРЛІК ЕТ

Бір күні Қожанасыр есегін жоғалтып алып, үйіне келеді де

қайта-қайта "Құдайға шүкір, Құдайға шүкір" дейді.

– Үй, есек жоғалтқан адам өкінбеуші ме еді, "шүкірің" не айтып

отырған, – деп ашуланады əйелі.

– Құдайдың бір сақтағанын көрмейсің бе? Егер есектің үстінде

өзім болсам, менен де айрылып қалатын едің, сен де шүкірлік ет, –

дейді.

ТӨТЕ ЖОЛ ШЫҒЫП ҚАЛСА ...

Жуан теректің түбінде ойнап жүрген бір топ бала жолда келе

жатқан Қожанасырды көреді де оның калошын алдап алып қашпақ

болады:

– Қожеке, мына теректің басына қарға ұя салған екен, балапанын

алайық десек ешқайсымыз шыға алмадық. Сіз шығып алып

беріңізші, – деп жалына шулайды.

Қожанасыр мақұл болып, калошын шешіп белбеуіне қыстыра

салып, терекке жармасады.

Page 217: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

212  

Балалар:

– Қожеке, терекке шыққанда калоштың қажеті не? Калошыңызды

тастап қойып шығыңыз, біз қарап тұрайық, – деседі.

Сонда Қожанасыр:

– Теректің басынас ары қарай жүретін төте жол шығып қалса,

қайта түсіп əуре болмай-ақ, содан ары үйге төте тартамын ғой, –

деген екен.

ƏУРЕ БОЛЫП ЖҮРМЕСІН

Бір күні Қожанасырдың үйіне ұры кіреді. Ұрының қолына

ілінерлік бір нəрсе болмағандықтан ұрылар құр қол қайтады. Есіктен

шыға бергенде Қожанасыр оларға:

– Е, батырлар, есікті сырттан мықтап құлыптай салыңдар, басқа

ұрылар үйге кіріп əуре болып жүрмесін, – депті.

Page 218: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

213  

ƏДІЛЕТСІЗ ƏЛЕМ

Қожанасыр бір күні жаңғақ ағашының түбінде көлеңкелеп

отырып ішінен:

– Құдайдың ақылын да кемеліне келді деуге болмайды екен,

осыншалық жуан, зəулім жеміс ағашына түйенің құмалағындай ғана

жеміс жаратқанын қарашы! Жіп-жіңішке шілбиген тамырға астау

табақтай қауын, дарбыз жаратқаны қайткені екен! Əй, аділетсіз

əлем-ай, – дейді.

Дəл сол кезде сабағынан үзілген бір тал жаңғақ Қожанасырдың

шекесіне тиіп, шекесі білеуленып шыға келеді.

Қожанасыр шекесін сипап тұрып:

– Құдайдың ақылынас айналайын! Білгендігі үшін Құдай сүзеген

сиырға мүйіз бермепті деген осы-ау, егер басыма жаңғақ тимей,

қауын-дарбыз тиген болса, сеспей қатады екенмін, – дейді.

Page 219: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

214  

БҰЗАУДЫҢ АРАБША АТАЛУЫ

Қожанасыр медреседе арабша оқып жүреді екен, бір күні молла

Қожанасырдас емтихан алып:

– Қожанасыр, бұзауды арабша не дейді? – деп сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Арабтар бұзау есейіп сиыр болғанға дейін сабырлылық етеді де,

бұзау сиыр болған соң барып, оны "бақара"3 дейді, – деп жауап

беріпті.

АЛМАНЫҢ ҮЛКЕНДІГІ

Ескеуілдеп бөсіп отырған топты адамның үстіне Қожанасыр

келіпті. Отыра қалып Қожанасыр де бөсіпті:

– Па, мен көріп жүрген баққалдың4 алмаларын көрмедіңдер,

біреуінің өзі жеті-сегіз жың5 шықпаса есеп емес ...

Естіп отырғандар қайран қалысып:

– Ауырлығы айтқаныңыздай болса, үлкендігі қаншалық? – дейді.

Қожанасыр жауап беруге бейімделе бергенде баққалдың біреуі

                                                              3 Бақара – арабша сиыр деген сөз, Құран Кəрімнің аса қасиетті екінші сүресі «Бақара» деп аталғанынан ғана Қожекеңе мəлім болатын 4 Баққал – бақалшы, бакалеямен шұғылданатын саудагер 5 Жың – ежелгі ауырлық өлшем бірлігі, 500 грамға тең келеді

Page 220: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

215  

келіп қалады.

– Үлкендігі де шамалы, – дейді Қожанасыр, – жұдырықтай ғана.

Естіп отырғандар ду күлісіп:

– Ауырлығы жеті-сегіз жың, үлкендігі жұдырықтай ғана болса ол

қандай алма болғаны? – деседі.

– Егер мына баққал келе қалмаған болса, ол алмалардың

үлкендігі дарбыздай болған болар еді, – дейді Қожанасыр.

САУАПТЫ ІС

Бір залым патша болған екен, ол, Қожанасырдан:

– Қожеке, зерделі адамсыз ғой, ендігі қалған өмірімде бірер

сауапты іс істесем деген ойым бар, қайтсем болар екен, ақыл

көрсетіңізші, – депті.

– Тақсыр, сіз үшін сауапты іс істеудің бірден бір дұрыс жолы –

күндіз-түні ұйқыдан бас алмау, – депті Қожанасыр.

– Ұйқының нендей сауабы болмақ? – деп патша таңдана сұрапты.

Сонда Қожанасыр:

– Залым патшаның барынан жоғы, қылмыс істегеннен

ұйықтағаны – сауап, – деп жауап қайтарыпты.

Page 221: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

216  

ЕСЕГІМ ШАБАН

Қожанасырдың есегі мың салса бір баспайтын шабан екен.

"Шабан үйрек бұрын ұшар" дегендейін Қожанасыр қашан да

есегінің шабандығын еске алып, елден бұрын жолға шығады екен.

Бір күні Қожанасыр есегіне мініп кетіп бара жатса, көршісі жолығып

жөн сұрайды:

– Қожеке, қайда тарттыңыз?

– Жұма намазға.

– Бүгін бейсенбі емес пе?

– Ол, айтқаныңыз дұрыс, бірақ, есегімнің түрі мынау, жұмаға да

үлгіре алмай қалам ба деймін. Сондықтан, "атың шабан болса

алдына шығып аяңда" дегендейін күні бұртын жолға шыққаным ғой,

– депті Қожанасыр.

ҚЫЛ КӨПІРДЕН ӨТУ

Бір күні жамағат Қожанасырдан:

– Қожеке, құрбанға қой шалғандар қияметтің қыл көпірінен сол

шалған қойына мініп өтеді екен. Ал құрбанға қой шалуға шамасы

Page 222: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

217  

келмей, май қоңырсытып ырымын істегендер неменеге мініп өтеді?

– деп сұрапты.

Сода Қожанасыр:

– Май шелекке мініп өтеді, – деп жауап беріпті.

ТАТЫРМАЙ САҚТАДЫМ

Қожанасырдың бір қушыкеш танысы Қожанасырдан:

– Қожеке, сізде қырық жыл сақтаған мұз қант бар дейді, қайтіп

сақтадыңыз, əкеліңізші, дəмін татайық? – деп сұрапты.

– Дəмін татайын дегендерге татырмай сақтадым. Əйтпесе, оны

қырық жыл емес, қырық күн де сақтай алмаған болар едім, – деп

жауап беріпті сонда Қожанасыр.

КӨҢІЛ АУЛАУҒА ЖАУАП

Қожанасырдың есегі құлап өліп, қатты қасірет шегіпті.

Көршілердің бірі Қожанасырдың көңілін аулап:

– Қойыңыз, Қожеке, соншалық қайғыратын не тұр, бұл есекті

Page 223: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

218  

алған Құдай тағы бір есек берер, – депті.

Қожанасыр:

– Е-е, қарағым-ай, мен білетін Құдай сол болса, бес ділдəсыз есек

бермейді ғой, – депті.

АТАҚТЫ ЕМСЕК

Қожанасыр емсектік істеп жүрген күндердің бірінде қарны

қабақтай, борбайы таяқтай, боғағы күйектей, екі беті табақтай біреу

май басып жүре алмай, қиналғанын айтып, шипа іздеп келеді:

– Қанша ақы талап етсеңіз де берейін, осы дерттен айықтырып

беріңізші. Он қадам жол жүрсем болды, жүрегім аузыма тығылып,

булығып өле жаздаймын, – дейді.

Қожанасыр əлгі семізді көріп отырып:

– Жүрегіңізді май басып кеткен екен, бұған шипа жоқ, ұзаса

жарты жылда, əйтпесе он шақты күнде дүние саласыз, – дейді.

Əлгі семізді өлімнің уайымы басып, қайғы-қасіреттің зардабынан

кеңірдегінен тамақ өтпей, жатса ұйқысы қашып, он неше күннің

ішінде-ақ арықтап жінтіктеліп, сатқа ұрғандай болады, бірақ,

өлмейді.

Page 224: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

219  

Жүдеп-жадап еттен айрылған əлгі семіз Қожанасырға

өкпелегендей болып:

– Өзіңіз қалайсыз? Емсектік істесеңіз пейіліңізбен істемейсіз бе?

Елдің зəресін алғаныңыз қалай, – дейді.

– Міне, сауыққаныңыз осы, – дейді Қожекең сонда, – енді,

емсектік еңбек ақымды бергеніңіз жөн.

ЕСЕКТІҢ АҢЫРАҒАНЫ АБЗАЛ

Еріккен патша ақын болсам деген ойға салынып, балдыр-батпақ

сөздердің басын қосып, өлең жазыпты да Қожанасырға оқып беріпті.

Қожанасыр естіп отырып:

– Тақсыр, өлең жазуды ақындарға беріп, сіз патшалығыңызды

жүргізсеңіз де болар, – деп насихат айтыпты.

Патша ашуға басып:

– Апарыңдар мына ақымақты, малымен қосып қораға қамап

қойыңдар, өлеңнің қадірін білмейтін неме ғой, сол қорада тұрып

есектің аңырағанын естісін! – деп бұйырады.

Қожанасырды қораға бір жеті қамағаннан кейін "сазайын тартты,

енді өлеңімді естісе мақтауы ықтимал" деп ойлаған патша

Page 225: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

220  

Қожанасырды шақыртып алып жаңадан жазған өлеңдерін жоғары

дауыспен оқып береді де:

– Қалай, Қожеке, бұл өлеңдерім жараса керек? – дейді.

Қожанасыр жұмған аузын ашпастан артына бұрылып, мал қораға

қарай тартады. Патша Қожанасырды тоқтатып:

– Қайда бармақсың? – деп сұрайды.

Қожанасыр сонда:

– Мал қораға, тақсыр, барінен де есектің аңырағаны абзал екен, –

дейді.

ҚҰРАН

Күндердің бірінде Қожанасырдың ақша салып жүрген

сандықшасын ұры алып кетеді. Қожанасыр сандығынан айрылғанын

айтып ренжіп отырса, көршісі Қожанасырға:

– Ондай сандыққа бірер дұға жаздырып қойған болсаңыз ғой,

ұрының қолы қалтырап ала алмаған болар еді, – дейді.

– Бірер дұғалығыңыз не айтып отырған, сандықтың ішінде бүтін

Құранның өзі бар болатын, – дейді Қожекең сонда.

Page 226: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

221  

ҮШ ТҮРЛІ МАҚҰЛЫҚҚА БІР ТҮРЛІ АЗЫҚ

Еріккен патша сайқы-мазақ ету үшін, Қожанасырды шақыртып

алып, қолына бір теңге ақша беріп:

– Мынаған үш түрлі мақұлыққа азық боларлық бір түрлі нəрсе

сатып əкел, – депті.

Қожанасыр базарға барып, бір үлкен қауын сатып əкеліп патшаға:

– Бұл қауынның етін өзіңіз жеңіз, қабығын есегіңіз жесін,

ұрығын тауығыңызға беріңіз, сонда үш түрлі мақұлық бірдей

азықтанады, – депті.

ҚАТЫСТЫ СӨЗ

Қожанасыр бір күні алма бағына ұрлыққа кіріп, пісіп тұрған

алманы абың-күбің үзіп, қойны-қоншына тыға бастапты.

Осы кезде бағбан үстінен түсіп қалып:

– Ой, Қожеке, аппақ сақалыңыз мынау, басыңыздағы қазандай

сəлдеңіз анау, осы жасқа келгенде алма ұрламай, сұрасаңыз да

бермес пе едім, бұл не қылғаныңыз? – деп сөгіпті.

Қожанасыр күмілжіп біраз үндемей тұрыпты да, басынкөтеріп

Page 227: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

222  

алып:

– Қатыныңа неге торғыннан көйлек алып бермепсің? – деп

бағбанның өзіне бағжия қарапты.

– Сіздің алма ұрлауыңызбен менің əйеліме көйлек алып

беруімнің не қатысы бар? – деп бағбан таңырқай сұрағанда Қожекең:

– Бұдан басқа сөздің жөні келмесе, енді не деуші едім, – депті де

жолына түсіпті.

КҮНДІЗ ЖҰЛДЫЗ КӨРУ

Жарыместеу біреу Қожанасырдан:

– Қожеке, күндіз жұлдыз көрген адам бақытты болады дейді.

Қайткенде күндіз жұлдыз көруге болады? – деп сұрапты.

– Көруге болады, – депті Қожанасыр, – қырық күн қатықсыз қара

тамақ ішіп, қараңғы үйден шықпай жатып, қырық күн толғанда

далаға шықсаң жұлдызды қайтсең де көресің!

Əлгі адам Қожанасырдың айтқаны бойынша қырық күн қараңғы

үйде жатып, қатықсыз тамақ жеп, қырық бірінші күні таяққа сүйеніп

əрең дегенде далаға шыққан екен, бас айналып, қол-аяғы дірілдеп,

көзіне ала-жасыл жұлдыз шалар көрініпті.

Page 228: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

223  

Сонда əлгі адам:

– Па, Қожанасырдың кемеңгерін-ай! Тападай тал түстің өзінде-ақ

жер мен көктің бəріне жұлдыз қаптатып жібергенін қарашы! – депті.

ҰЙҚЫМ ҚАТТЫ

Қожанасырдың медреседе оқып жүрген кезі екен. Бір күні

жолаушы жүрмек болған бір саудагер Қожанасырға он сом ақша

беріп:

– Мен алысқа жолаушы жүрмекші едім. Сапарымның сəтті болуы

үшін əр күнгі бес уақыт намазыңның соңында маған ақ жол тілеп

дұға оқып тұр, – депті.

Қожанасыр он сом ақшаның төрт сомын алып, алты сомын

саудагердің өзіне қайтарып беріп:

– Тақсыр, кешіріңіз, ұйқым қатты адаммын, таңертеңгі намазға

үлгіре алмаймын, жашиық намазынан бұрын ұйықтаймын,

сондықтан екі реткі намаздағы дұғаның ақшасын өзіңіз алыңыз, –

депті.

Page 229: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

224  

КУƏЛІК БЕРУ

Сол бір заманның қазысы дау-дамай істерін бір жайлы етуде

көбінесе өтірік куəшыларға сүйенеді екен. Сол салты бойынша

бейкүнə жандарды бекер шырылдатпасыншы деп ойлаған

Қожанасыр бір кедейдің дауына куəшы болмақшы болып, қазының

алдына барыпты. Қазы Қожанасырдың шыншылдығынан сескенсе

керек. Амалын тауып оны куəшылықтан қалдыру үшін:

– Куəшы болатын адам нақ дін мұсылман болуы керек. Оның

өлшемі Құранның барлық аятын жатқа айтып бере алуы шарт, –

депті.

Қожанасыр қазының талабы бойынша сұраған аяттардың бəрін

жатқа оқып беріпті, қазы Қожанасырдан өлген адамның сүйегін

жуындырғанда оқитын дұғаны сұраған екен Қожекең оны да оқып

беріпті.

– Мұның да жетерсіз, – депті қазы, – өлікті арулап қабырға

қойғанда оқитын дұғаны білесің бе?

Қожанасыр қазыға:

– Оны да білемін тақсыр, мысалы: "бақытты пенде екенсің,

қазының алдында өтірік куəлік беруден өлгенде ғана құтылдың"

деймін, – деп жауап беріпті.

Page 230: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

225  

ҚАЙЫҚ СЕРУЕНІ

Күндердің бірінде қаланың əкімі Қожанасырға:

– Сен мені қайыққа отырғызып сейілдет, – дейді.

Қожанасыр əкімнің талабы бойынша оны қайыққа отырғызып

дариядан өткізбек болады, дəл дарияның ортасына келгенде қайық

толқынға соғылып, екі жаққа кезек шайқалған екен, əкімнің зəресі

ұшып:

– Қожеке, өмірімде қайыққа отырмаған жан едім,

қорыққанымнан жүрегім аузыма тығылып тұр, садағаң кетейін, бір

амал істеші! – дейді. Қожанасыр "иə, алдияр" деп келіп əкімнің

қолынан ұстап тұрып, суға арт-артынан тоғытып-тоғытып алып,

қайтадан қайыққа отырғызып:

– Əкім тақсыр, əлі де қорқып отырсыз ба? – деп сұрайды.

– Жо-жо-жоқ, енді, жүрегім орнына түсті, – дейді əкім.

– Бəсе, суға тұншықпаған адам қайықтың қадірін білмейді, –

дейді Қожекең əкімге.

Page 231: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

226  

ОЛ ДҮНИЕДЕ

Қожанасырдың бала кезі екен. Ересек біреу Қожанасырды тəлкек

тылып:

– Қожа бала-ай, шешең марқұм бар болса, некесін қиып өзім

алсам, сен маған ұл болған болар едің ғой, – депті.

– Қазірдің өзінде де кешікпедіңіз, – депті Қожанасыр сонда, –

ондай ниетіңіз болса, ертең-ақ жаназаңызға ел шақырыңыз. Мен

ұлыңыздың орнында жаназа намазыңызды жақсылап шығартайын,

шешеммен тойды ол дүниеде жасап аларсыз.

КАЛОШТЫҢ МІНЕЗІ

Бір тойда Қожанасыр калошын шешіп, қолтығына қысып төрге

шығады. Отырғандардың бірі:

– Қожеке, калошыңызды далаға қойсаңыз да болушы еді ғой, –

депті.

Сонда Қожанасыр:

– Əй, бауырым-ай, менің калошымның жаман мінезі бар, кім жүр

десе соған ілесіп, иесін тастап кете береді, – депті.

Page 232: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

227  

ЕГЕР ИТ БОЛСА

Қаланың əкімі Қожанасырды шақыртып алып:

– Қожанасыр, сен тыныш жүрмей, менің шабарманымды не үшін

"ит" деп иянаттайсың? – деп жатып кеп тергепті.

Қожанасыр əкімге:

– Қойыңыз, тақсыр, ит емессің деген шығармын. Егер

шабарманыңыз ит болса, өзіңізді де қан жоса етіп талаған болар еді.

Қарасам, басы-көзіңіз сау көрінеді ғой, – депті.

МЕЗІРЕТТІҢ КЕРЕМЕТІ

Мезіретші біреу Қожанасырды көрсе-ақ болғаны:

– Ей, досым, біздің үйге барып, от жаққан жерді көріп, бірер

шəугім шай ішіп қайтайын демейсің, – деп кейиді екен. Бір күні

Қожанасыр "досының кереметін бір көрейінші" деп оның үйіне

келеді. Қожанасырдың келе жатқанын терезеден көріп отырған əлгі

мезіретші əйеліне:

– Сен далаға шығып күйеуім үйде жоқ, базарға кетті деп қой, –

депті. Əйелі айтқанындай есік алдына:

Page 233: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

228  

– Қожеке, біздің үйдегі кісі жоқ еді, базарға кетті, – депті.

– Күйеуіңізге айтып қойыңыз, бұдан былай базарға барғанда

басы терезенің алдына тастап кетуші болмасын, – депті де Қожекең

қайтып кетіпті.

ШƏКІРТ

Қожанасырды əкесі кішкентайынан етікшіге шəкірттікке беріпті.

Екі жылдан соң əкесі Қожанасырдан:

– Балам, етікшілікті жақсы үйренген шығарсың?, – деп сұрапты.

– Бала бағуды жақсы үйреніп алдым деп жауап беріпті. Сонда

Қожекең, – Құдай бұйырса енді екі жылдан кейін су тасып, қора

тазалаудың да маманы болатын сияқтымын.

ҚОЙ ЖЕМЕЙТІН ҚАСҚЫР

– Қожеке, мен қой жайғалы талай жыл болды қасқырдың

көптігінен күндіз-түні кірпік ілмей, көргілікті əбден көрдім. Бұл

дүниеде қой жемейтін қасқыр бар ма? – деп сұрапты бір қойшы

Page 234: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

229  

Қожанасырдан.

– Бар, – депті Қожанасыр.

– Ол қандай қасқыр? – деп сұрапты қойшы қайталай.

– Өлген қасқыр, – деп жауап беріпті сонда Қожанасыр.

ҚЫЗТЕКЕ БАЛЫҚ

Күндердің бірінде Қожанасыр патшаға келіскен бір балықты

тартуға апарады. Патша разы болғандықтан қайтарында

Қожанасырға бір ділдə береді. Көріп отырған уəзір іштарлық қылып:

– Тақсыр бір балық үшін бір ділдəдан бере берсеңіз, ордада

қазына қалмайды. Қожанасырға берген бір ділдəны қайтарып алу

керек, – дейді.

– Бергенді қайтарып аламыз десек ұятқа қалмаймыз ба? – дейді

патша.

Уəзір патшаға ақыл көрсетіп:

– Оның амалы оңай, Қожанасырды шақырып келеміз де

"балығың еркек пе, ұрғашы ма?" деп сұраймыз, еркек балық десе,

маған ұрғашын керек дейміз, ұрғашы балық десе, еркегі керек еді

дейміз де балықты өзіне беріп, ділдəны қайтарып аламыз, – дейді.

Page 235: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

230  

Патша Қожанасырды шақыртып келіп:

– Маған əкелген балығың еркек пе, ұрғашы ма? – деп сұрайды.

Қожанасыр патшаның арам ойын біле қойып:

– Менің əкелгенім қызтеке балық еді, – дейді.

Патша мен уəзір Қожанасырдың жауабына жұмған аузын аша

алмай дал ұрып қала береді.

ЕНДІ ҚОЗҒАЛМАЙ ЖАТАЙЫН

Қожанасыр түнделетіп келе жатып, бір зираттың жанынан өте

бергенде, алдынан бір топ атты адам шыға келеді. Бұлар тонаушылар

болса керек деп ойлаған Қожанасыр бос қабырдың ішіне жасырына

қалады. Бірақ, атшылардың біреуі көріп қалады да, тебініп қабырдың

алдына келіп:

– Сен кімсің, бері шық! – дейді.

Қожанасыр қабырдың ішінде жатып:

– Мен өлікпін, əурелеп қайтесің. Құдайыма құлшылық етіп жата

берейін, – дейді.

– Өлік болсаң қабырдың сыртында не іздеп жүрсің?

– Серуендеп жүргенім ғой!

Page 236: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

231  

– Өлік те серуендей ме екен?

– Кешіргейіздер, тақсырлар! Серуендеген менің қай те ңым,

айтып-айтпай, серуендеймін деп жүріп қателесіппін, енді

қозғалмай-ақ жатайын, – дейді Қожекең.

ДОСЫМ БОЛҒАНДЫҒЫҢ ҮШІН

Бір дос Қожанасырдан қарыз ақша сұрапты:

– Қожеке, өзіңнен жақын жанашырым жоқ, қиналып қалдым,

азырақ ақша қарыз беріп тұрыңыз, – депті.

Сонда Қожанасыр:

– Менің ақша бере алмайтынымды өзің де білесің, бірақ, досым

болғандығың үшін, қанша сұрасаң да мен уəде берейін, – депті.

ҰРЫ АЛА КЕТПЕСІН

Қожанасырды əкесі егістік жұмысына жұмсап:

– Жұмысыңды бітіріп, қайтарыңда кетпен мен шəугіміңді бір

қалтарысқа жасырып көміп қой, ұры алып кетпесін, – депті.

Page 237: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

232  

Жұмысын бітіргеннен кейін əкесінің айтқаны бойынша, кетпені

мен шəугімін жаңғақ ағашының түбіне көміп қойып, Қожанасыр

алаңсыз үйіне қайтады. Ауылға келсе, əкесі мешіттің алдында бір

топ адаммен сөйлесіп тұрыпты.

Қожанасыр əкесінің алдына келіп:

– Ата-ата шəугім мен кетпенді жаңғақ ағашының түбіне көміп

қойдым, – депті дауыстап.

Қожанасырдың бұл қылығына əкесі ашуланып, үйіне келгеннен

кейін, Қожанасырдың құлағын созып:

– Елден жасырған нəрсені сонша көп адам арасында айғайлап

айтқан бар ма? – деп зекіпті.

Қожанасыр екінші ондай оғаштық істемеуге уəде беріпті əкесіне,

ертеңінде Қожанасыр атызға барса көміп қойған кетпені мен

шəугімін ұры алып кетіпті. Қожанасыр əкесіне айтайын деп жүгірген

беті келсе, əкесі жəне мешіттің алдында басқалармен сөйлесіп

отырыпты, ол əкесінің жанына келіп құлағына:

– Ата! Кетпен мен шəугімді ұры алып кетіпті, – деп сыбырлапты.

Page 238: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

233  

ТЕРІС АТ

Қожанасыр бала кезінде ат мінуге өлердей құштар екен. Бірақ, ол

атқа қай жағынан мінетіндігін, үзеңгіге алдымен қайсы аяғын

саларын да білмей, дағдарып тұрғанын көрген достарының біреуі:

– О-һо, Қожеке, атқа қалай мінуді үйретіп қояйын ба? – депті.

Қожанасыр намыстанып, өз білгені бойынша атқа секіріп мінген

екен теріс мініп алыпты.

– Атқа теріс мініп алғаның қайткенің? – деп сұрапты əлгі досы.

– Бұл арам қатқырдың өзі теріс, оң тұруды білмесе, мен

қайтпекпін!... – депті Қожанасыр.

ЕМСЕК

Əкесі Қожанасырды бала кезінде емсектікке тарбиелепті:

– Науқас адамдың тексергенде алдымен "парыз" кес, екінші рет

барып көргенде науқас адамның алдындағы ыдыс-аяғына сəп-салып,

мөлшермен: "парызды бұзыпсың" деп сес көрсет, өйткені, науқас

адамдар көбінесе емсектің айтқаны бойынша істемей, парызды

бұзып, көңілі тартқан тамағын жейді, сондықтан, мөлшерің дұрыс

Page 239: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

234  

шығып қалса болғаны, науқас адамның саған ықыласы ауып, ісің

оңға басқаны ...

Қожанасыр əкесінің айтқанын қалт етпей, бір науқасты алғаш

көргенде парыз кеседі. Екінші рет барып парызын адақтамақ болып

науқас адамның жан-жағына қараса, бірде бір ыдыс-аяқ жоқ. Тек

ойықта тышқан қажаған бір тал жұмыртқа тұрғанын көреді де,

науқас адамды жазғыра бастайды:

– Парызды бұзыпсың!

– Сенсеңіз, сізге көрінгеннен бері əуел десеңіз нəр татпадым, –

депті өзеуреген науқас адам.

– Өтірік айтасың! – депті Қожанасыр дүрсе қоя беріп, –

жұмыртқа жепсің ғой?!

ҚИСЫҚ НАН

Қожанасыр наубайлықты үйреніп, өзі пісірген нандарын сату

үшін базарға апарыпты. Бірақ, Қожанасырдың тонарға жапсырған

нандарының барлығы қиқы-шойқы болып піскен екен.

Алушылардың біреуі Қожанасырды кемсітіп:

– Қожеке, пісірген наныңыздың барлығы қисық қой? – депті.

Page 240: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

235  

– Ала беріңіз, – депті Қожанасыр, – ұнның өзі қисық болса оған

амалым не?!

– Ұн да қисық бола ма екен? – депті алушы қайран болып.

– Əрине, – депті Қожанасыр оған жауап орнына, – Мен ұн

базарынан бұл ұнды аларда, алақаныма салып көрсем қисық екен,

ашуым келіп: " бұл сияқты қисық ұнның бидайын қандай диқан

еккен екен" деп қузастырсам, ол бидайды еккен диқанның ерні

жырық еді десті елдер. Ол жырық ерін диқанның əкесі кім екенін,

мен қайдан табайын... Ала беріңіз, нанның өзі қисық емес, гəп ұнда.

ҚАЛАҒА БАРУҒА УАҚЫТЫМ ЖОҚ

Қожанасырдың медреседе оқып жүрген күндерінің бірінде,

көршісі Қожанасырға келіп, қаладағы туысына бір парша хат жазып

беруді өтінеді.

– Жанымды жалпағынан жая салып-ақ жазып берер едім, бірақ,

қалаға баруға уақытым жоқ, – деп қиылыпты Қожанасыр.

Көршісі аң-таң болып:

– Қожеке-ау, мен сізді қалаға бар демедім ғой, хат жазып беріңіз

дедім, – деген екен, Қожанасыр оған:

Page 241: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

236  

– Менің жазған хатымды өзімнен басқа адам оқи алмайды. Сізге

хат жазып берсем, туысыңызға өзім барып оқып беруім керек, – деп

жауап беріпті.

ҚОЖАНАСЫР МЕН ИШАН

Қожанасырдың медреседе шəкірт кезі екен. Бір күні ишанмен

сапарлас болыпты, кешке шейін жол жүріп қоналқада ишан екеуі екі

жақтап жүріп тамақ жасапты, ишан Қожанасырды алдамақшы

болып:

– Қожанасыр, мына палау піскенше жантайып, біраз ұйықтап

алайық, – депті.

Қожанасыр мақұл көріп, жантайыпты, ишан жата салып

қорылдап ұйқыға кетіпті, Қожанасыр орнынан ақырын тұрып барып,

палауды түк қалдырмай жеп болады да, қазанға су толтырып қойып,

қайта келіп орнына жатып алады.

Аздан соң ишан оянып:

– Қадірменді Пайғамбарымыздың марқабатына бөленіп түс

көрген екем, ол мені салтанатты дастарқанға ұсыныс етті. Қонағасы

үстінде қонағасы ... – деп мақтана бастаса керек.

– Міне қызық, – депті Қожанасыр ишанның сөзін бөліп, – мен де

Page 242: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

237  

дəл сіз айтқандай түс көрдім. Қарасам алдыңыз алуан түрлі

тағамдармен толған екен. Мені ешкім көзге ілмеген соң, тілімді

тістеп аш қайтып келдім де қазандағы палауды мүсеурей отырып

табаққа салып алып, мүсеуреп отырып жей салдым. Сізді

қонағасыдан əбден тойып келеді ғой деп ойлап, ашты шығарып шай

қайнатып қойдым. Əкеліп құйсам ішесіз бе ?...

АҚ ҚҰМ

Қожанасырдың медреседе оқып жүрген кезі екен, демалыс

күндерінің бірі, бір сабақтасымен екеуі қыстаққа серуендей барып,

бір кесе айран сатып алып ішпек болады. Сабақтасы жан

қалтасындағы ақ құм шекерін алып, айран құйған кесенің өзі жақ

шетіне ғана сеуіп қасықпен іше бастайды. Қожанасыр жерден бір

уын құмды ұстап алып, айранға салмақшы болғанда, сабақтас көзін

алайтып:

– Қожеке, оны қайтпексің? – дейді.

– Айран көрсем оған құм саламын деп ант еткен едім, – дейді

Қожанасыр оған, – мейлі, қара құм себуге қосылмасаң, ақ құмнан

салшы!

Page 243: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

238  

НЕСИЕГЕ ЖАУАП ЖОҚ

Біреудің өзі шеше алмаған бірқанша сұраулары бар екен,

медресенің шəкірттерінен сұрап біліп алу үшін медресеге келіпті.

Медресенің шəкірттерінің ешқайсын жауап бере алмай оған

– Қожанасыр моллаға барыңыз, сұрауларыңызға сол адам жауап

бере алады, – депті шəкірттер.

Əлгі адам он шақты анарды қойнына шығып алып, Қожанасырға

келеді.

– Қожанасыр моллада нендей бұйымтайыңыз бар еді? – деп

сұрайды Қожанасыр əлгі адамнан. Ол келудегі мақсатын айтады.

Əлгі кісінің қойнындағы анарға Қожанасырдың көзі түсіп: не

себепті қойнына анар шығып жүргенін сұралан.

– Əрбір сұрауыма жауап бергенде, бірден анар беремін, – дейді

əлгі адам.

– Мен Қожанасырдың қызметкері боламын, – депті Қожанасыр, –

сұрауыңыздан бір-екеуін менен сұрап көріңізші, қане анарға

татырлық жауап шығарма екен, бір байқап көрелік.

Əлгі адам "мақұл" деп сұрауларын сұрай бастайды.

Оның қойнындағы анары əпсəтте-ақ Қожанасырдың қолына өтеді.

Əлгі адам "қызметкері мұндай зерделі болғанда, Қожанасырдың өзі

Page 244: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

239  

қандай кемеңгер адам екен!" деп ойлайды. Ол сұрауын жалғасты

сұрамақшы болған екен, оның қойны бос қалғанын байқаған

Қожанасыр сөзін бөліп:

– Қойныңыз бос тұрғанда, несиеге жауап жоқ, – деген екен.

ТОҚАШ

Қожанасырдың ауылында бір қарау бай болған екен. Бір күні

үйіне қонақ келсе көп тұрып кеуіп, ағаштай қатып қалған бірнеше

тоқашты салып дастарқанын жайыпты. Ол тоқаштарды қолмен

сындырып жеуге мүмкіндік болмағандықтан желінбей дастарқанда

қала беріпті. Бір күні байдың малайы тоқаш тізілген табақты көтеріп

бара жатып, босағадан аттай бергенде аяғы шалынып жығылып

тоқаштың біреуін сындырып алыпты. Қарау бай оны көріп, басынан

бағы тайғандай қатты ренжіпті. Мұны көрген Қожанасыр жерге

түсіп сынған тоқаштың паршаларын түк қоймай теріп алып, қарау

байдың қолына беріп тұрып:

– Оншалық қайғырып қайтесіз, бай еке! Сынып қалған тоқашты

қарғашашыға апарсаңыз, үш-төрт қарғашамен-ақ қалпына келтіре

салады, – деп тоқтау айтыпты.

Page 245: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

240  

ОН ШӨКІМ ТАМАҚ

Қожанасырдың еңбегін жалдап күнелтіп жүрген кезі екен, сыған

байдың біреуі Қожанасырды жалдамақшы болып:

– Бір күндік еңбек ақыңа жарты жармақ ақша, он шөкім тамақ

берейін, – депті.

Қожанасыр байға күн бойы еңбек етіп, кеште жарты жармақ

ақшаны алып жан қалтасына салып, сыған байдың "он шөкім" деп

əкелген тамағын үш-ақ асай сапты да:

– Қалған жеті шөкім тамақты жеу үшін қашан келемін, – депті

байға.

РАС БОЛЫП ЖҮРМЕСІН

Бір күні Қожанасыр көшеде жаңғақ атып ойнап жүрген бір топ

баланың жанына келіп "осы балаларды бір алдайыншы" деп:

– Əй, балалар! Ана көшеде бір адам жанына барған балаларға

тақиясын толтыра жаңғақ салып беріп жатыр, ұмтылыңдар, – депті.

Балалар ұлар-шу болып Қожанасыр айтқан жаққа қарай

жапырыла жүгірсе керек, сонда "жаңғақ беріп жатқаны рас болып

Page 246: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

241  

жүрмесін" деп, балалардың артынан Қожекеңнің өзі де ілесе

жүгірген екен.

ТҮЙЕ МЕ ЕДІ ...

Қожекең көшеде кетіп бара жатып екі балаға кезігіп қалады.

Оның біреуінің жылап отырғанын көріп Қожекең:

– Неге жылап отырсың? – деп сұрапты.

Ана бала құлағымды тістеп алды, – депті жылаған бала.

– Жоқ, мен тістемедім, – депті екінші бала, – Ол өз құлағын өзі

тістеп алды.

– Өтірік айтасың! – депті Қожанасыр оған, – Түйе ме еді ол, өз

құлағын өзі тістеп алатын ...

АЙЫП ӨЗІМДЕ

Қожанасырдың Бəтима жəне Қатипа атты екі қызы бар екен.

Бəтиманы егіншіге, Қатипаны ағашшыға тұрмыстандырыпты. Арада

айлар өтіп жылға айналғанда, екі қызы төркіндеп келіп жатыпты.

Page 247: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

242  

Түнгі жай əңгімеде отырғанда:

– Жасыңыз болса ұлғайды, жаяу жүріп қиналып-ақ қалған екенсіз

ата, биыл ауа райы жақсы, жауын-шашын мол болатын болса, күйеу

балаңыз қырға молынан бидай егіп, күзгі жиым-терімнен кейін сізге

бір ат сатып əкеліп бермекші, – депті Бəтима.

– Қартайған шағыңызда айран-сүт ішпей қайтіп шыдайсыз? Биыл

Құдай оңдап құрғақшылық болса, үй, ғимарат көптеп салынып, кəсіп

көп табылар еді, күйеу балаңыз күзде сізге бір бұзаулы сиыр сатып

əкеліп беремін, – деп жүр депті Қатипа.

Сонда Қожанасыр жағасын ұстап былай депті:

– Япырым-ай!... Біреуіңе жауын-шашын қажет болса, енді

біреуіңе құрғақшылық қажет екен, мен де ат мініп, айран-сүт

ішкендей болдым, мұндай күйге түсерімді білген болсам екеуіңді де

бірдей түйешіге тұрмыстандырмас па едім, айып өзімде.

ӨЗІ АЛДАП КЕТІПТІ

Қожанасырдың ауылында бір бала:

– Мені ешкім алдай алмайды, – деп мақтанады екен.

Қожанасыр бір күні ол баладан:

Page 248: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

243  

– Дүниеде сені ешкім алдай алмай ма? – деп сұрапты.

– Жоқ! – деп жауап беріпті əлгі бала.

– Тоқта, – депті Қожанасыр, – сені алдайтын баланы мен қазір-ақ

шақырып келейін, орныңнан қозғалмай тоса тұр!

Қожанасыр сол кеткен беті қайтып келмепті. Мақтаншақ бала

тоса-тоса əбден тағаты таусылып тұрғанда, бір танысы келіп:

– Бұл жерде неғып отырсың? – деп сұрапты.

– Қожанасыр "сені алдайтын баланы шақырып келемін" деп

кеткен еді, соны тосып отырмын, – депті мақтаншақ бала.

– Е! – депті танысы, – Қожекеңнің өзі алдап кетіпті сені.

КӨКСЕУГЕ ДЕ БОЛМАҒАН

Қожанасыр бір күні "бір кесе қой етінің сорпасы болар ма еді "

деп көксеп отырса, көршісінің баласы бір кесе көтеріп келіп:

– Əкемнің кетеуі кетіп "əттең сорпа" деп отыр. Сіздікі ет асқан

болса сорпасынан бір кесе берсін дейді, – депті.

– Бұл үйде отырып əуел десең бір нəрсені көксеуге де болмайтын

болды ғой, көршілер көкейіңдегіні де біліп алатын болды-ау! – депті

өзіне-өзі Қожанасыр.

Page 249: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

244  

ШІРІК ОРАЗА

Қожанасырдың медреседе мұғалімдік істеп жүрген кезі екен.

Ораза айының бір күні оқушылардың біреуі бір себет келіскен

шабдалы əкеліп беріпті. Аузы ораза Қожанасыр шөлге шыдамай,

салқында сақталған шабдалыны рақаттанып жей беріпті.

– Мұғалім, – депті көріп қалған оқушыларының біреуі, – сіз

"ораза ұстаған адам ешнəрсе жемеу керек, əйтпесе ораза бұзылады"

деп ескерту берген едіңіз, шабдалы жесеңіз, оразаңыз бұзылмай ма,

– деп сұрапты.

– Солай, айтқаным рас, – депті Қожанасыр, – бірақ, менің оразам

сіздердікіне ұқсамайтын шірік ораза. Сондықтан, күн қатты

қызғанда дымдандырып тұрмаса үзіліп кетеді.

ҚОЖАНАСЫР МЕН ƏЗІРЕЙІЛ

Қожанасыр таңертеңгі намазға барарында он бес тиындық теңге

ақшаны ермек етіп бара жатып, қолынан түсіріп алып, ары-бері іздеп

таба алмай, "намаздан шыққан соң іздейін, намазым қаза болып

жүрмесін" деп мешітке кіріп кетеді.

Page 250: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

245  

Намаздан шыққан соң əбігерге түсіп қанша іздесе де тиынын

таба алмайды. Қожанасыр тиын жоғалтқан маңдағы ұсақ тастардың

арасын қарастырып жүргенде, көше аралап сүт сатып қайтып келе

жатқан бір бала Қожанасырға сəлем береді.

– Балам, сен осы арадан қашан өттің, – деп сұрайды Қожанасыр

сүтші баладан.

– Елдер намаз оқып жатқанда.

– Осы араға тиындарымды жоғалтып алған едім, тауып алсаң

бере қойшы!

– Тауып алсам өзіңізге бере салмас па едім.

– Бере сал, қалқам ...

Сүтші бала Қожанасырдың разылығын алу үшін өз жанынан он

бес тиынды Қожанасырға береді де жолына түседі. Бала кеткен соң

іздеп жүріп, Қожанасыр құм арасынан өз тиынын да тауып алады.

Сөйтіп, Қожекеңнің он бес тиыны отыз тиын болады. Қожекең

"осындайды себеп етіп əр күні сүт сатушы балалардан азын-аулақ

теңге жинап алуға да болады екен-ау" деп ойлайды, сонымен,

Қожекең əр күні алагеуімде тұрады да, сүт сатушы балалардың

жолын тосып:

– Мен осы араға əлгінде ғана он бес тиынымды жоғалтқан едім,

тауып алсаң бере сал, балам, – дейді.

Page 251: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

246  

Бастапқы күндері сүтші балалар Қожанасырдан оңай құтыла

алмайтындықтарын мөлшерлеп, он бес тиыннан ақша беріп өтіпті,

кейін келе Қожанасырдан безіп басқа жолмен айналып жүретін

болыпты.

Қожанасырдың бұл қылмысынан хабар тапқан Құдай Əзірейілді

шақырып алып:

– Сен барып Қожанасырға жапасы аз, кірімі мол бір түрлі өнер

үйретіп кел, – деп бұйырыпты.

Қожанасыр мешіттің алдында сүтші балалардан теңге түсірмекші

болып тұрғанда Əзірейіл жанына келіп:

– Қожеке, сіз сүтші балалардың алдында қорланып қайтесіз ......

Мен Құдайдың əмірі бойынша сізге өнер үйретуге келдім, – деп

құлағына сыбырлапты.

– Құлдық, Құдайға құлдық, – депті Əзірейілдің үнін естіп зəресі

ұшқан Қожанасыр, – жақыннан бері жамаушылықты үйренуді ойлап

жүрмін, қаласаңыз бірге үйренейік, қазіргі өнеріңіз өте жиіркенішті,

адамдардың жанын сіз аласыз да, ұятқа мен қалып жүрмейін ...

Page 252: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

247  

ИШАН ЖƏНЕ САҚАЛ

Қожанасыр ишан болып тұрған кезі екен. Баласы одан:

– Əке, адамды батпақтан жасаған дейді екен, батпақтан жасап

алған соң құманға салып пісіре ме, жоқ па? – деп сұрапты.

– Шешеңді құманға салған, мені құманға салған жоқ.

– Неге? – депті баласы аң-таң болып.

– Əй, ақымақ, мені құманға салса, сақалым үйтіліп, ишандыққа

жарамай қалмайым ба, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

ШАБДАЛЫ ЕКЕНДІГІН КІМ АЙТТЫ СЕНДЕРГЕ

Қожанасыр бір дорба шабдалы көтеріп келе жатып, көшеде ойнап

жүрген бір топ балаға:

– Менің дорбамның ішіндегі немене екендігін тапсаңдар,

сендерге бірден шабдалы беремін, – депті.

– Дорбаңыздағы шабдалы, – депті балалар жамырай жауап беріп.

– Дорбадағының шабдалы екендігін кім айтты сендерге, – депті

Қожанасыр аң-таң болып.

Page 253: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

248  

НАМАЗДАН БЕЗІП ...

Қожанасыр намазға бара беруден мезі болып, бір күні намаз

уақытында ауласының төріндегі үңгірге кіріп, жасырынып жатқанын

баласы көріп қалып, сұрапты:

– Ата, кімнен қорқып бұл үңгірге жасырынып жүрсіз?

– Азаншының азанынан, тез есікті жап балам! – депті Қожекең.

БАЛАЛАРДЫҢ ДА СОРЫ ҚАЙНАЙТЫН БОЛЫПТЫ-АУ!

Той-томалақ, ойын-сауық бола болғаны, хан сарайы мен

бай-билердің алдында көлкек қағып жағымпазданып жүретін бір

əнші болған екен. Қожанасыр оны иттен де жек көреді екен. Бір күні

əлгі əнші бір кішкентай баланы ертіп кетіп бара жатса Қожанасыр

одан:

– Бұл бала неменеңіз болады? – деп сұрапты.

– Өз ұлым, – деп жауап беріпті əнші.

Қожанасыр жағасын ұстап:

– Бізбен кетсе бір сəрі еді, енді балалардың да соры қайнайтын

болыпты-ау! – депті.

Page 254: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

249  

ЖЕР СУАРУДЫ ҮЙРЕНІП АЛАСЫҢ

Əкесі Қожанасырды ертіп жүріп:

– Менен жер суаруды үйреніп ал, – депті.

Қожанасыр жер суарып жүріп бір бақаны көреді. Бақаны ұстап

алып, мойнынан шалмалап, жіптің бір ұшын өзінің белбеуінен

байлап қояды. Қожанасыр əрі-бері жүргенде бақа сүйретіліп,

буынып қырқылдаса керек.

– Əй, надан! – депті сонда Қожанасыр бақаға, – сабыр ет, маған

ерсең менен жер суаруды үйреніп аласың.

ПАТШАНЫҢ ƏМІРІ УƏЖІП

Патша бір күні қатын-бала-шағасымен бас қосып көңіл көтеру

мақсатымен Қожанасырды шақыртып алып оған:

– Сен бізге кішкентай баланың қылығын көрсетіп көңілімізді

көтересің, – деп əмір етіпті.

– Ондай болса маған патшалық киімдеріңізді киіндіріңіз,

көрсетсем көрсетейін, – депті Қожанасыр.

Патша мақұл болыпты, Қожекең патшаның киімдерін киініп

Page 255: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

250  

алған соң еңбектеген бала болып төрт аяқтап еңбектеп барып

жуынды төккен шұқанаққа домалап түсіп бақырып, ары-бері жатып

кеп аунапты.

Оны көрген патша ашуға булығып:

– Үй, Қожанасыр, ол қайткенің? Андағы киім-кешекті неге

былғайсың!? – деп ақырыпты.

Қожанасыр сонда:

– Тақсыр, патшаның əмірі уəжіп. Өзіңіз кішкентай баланың

қылығын көрсет дедіңіз ғой, мен міне болмашы ғана қылығын

көрсеттім. Оған қанағат етпейсіз. Енді киім-кешекті өзенге тастап,

суға ағызғанды көрсетемін, – депті.

ҚОЖАНАСЫР МЕН ИМАМ

Қожанасырдың мəлісіндегі мешіттің имамы бір сүрені де толық

білмейтін "шала молла" екен. Қожанасыр оны қатты

масқаралағандығы үшін əбден өшесіпті.

Имам бір күні мəлідегі бір топ сотқар балаларды жинап алып,

оларға ақша беріп алдап, Қожанасырды сабауға айтақтапты. Олар

Қожанасырдың қала шетіне шыққан орайынан пайдаланып, оны

Page 256: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

251  

ұстап алып жатып кеп сабапты. Қожанасыр өліп-талып жүріп

содырлардың қолынан əрең құтылып, аяқ аяғына тимей қашқанда,

содырларға қарасын көрсетпей кетіпті. Екі иығынан дем алып

ентігіп əрең келе жатса, алдынан əлгі имам кез болып:

– Е, Қожеке, не болған сізге қара терге түсіпсіз ғой, – деп

сұрапты.

– Пəй-пəй-əй, сұрамай-ақ қойыңыз! Мəлідегі жамағат мені ортаға

алып, маған мешітке қазы болып беріңіз деп əурелемесі бар ма, əрең

дегенде қашып құтылдым. Олар жəне қоярда қоймай артымнан

қуалап келе жатыр, – депті Қожанасыр.

Бұл сөзді естігенде имамның көзі күлімдеп сөйлей жөнеліпті:

– Өй, өз қадірін өзі білмеген сорлы, халық саған қазы бол десе

көнбегенің қайткенің? Егер сенің орныңда мен болсам, жанымдай

жақтырған болар едім!...

– Ендеше, менің орныма сіз барып қазы болыңыз.

– Мен қайтіп қазы боламын?

– Менің шапанымды киесіз, сəлдемді басыңызға орайсз да ана

көпірдің жанында тұрасыз, топты адам келеді де, ақ жайнамазға

отырғызып, көтеріп, мешітке апарады.

Ақымақ имам дереу Қожанасырдың айтқандарын істепті де,

көпірдің жанына барып, тағатсыздана тосып тұрыпты.

Page 257: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

252  

Сол аралықта Қожанасырды ұрған содырлар жетіп келісіп,

Қожанасырдың киімін киініп тұрған имамды Қожанасыр екен деп

ұстап алып, итше тепкілеп сабапты.

ИТ

Патшаның кішкентай ұлы Қожанасырды бірінші рет көріп

əкесінен:

– Ата, анау кім? – деп сұрапты.

Патша баласының құлағына сыбырлап:

– Ит, – депті.

Сонан бастап патшаның баласы Қожанасырды көрген жерден-ақ

"ит-ит" деп айғай салатын бопты.

Қожанасыр бір күні ханзаданы ұстап алып оның құлағын тістеп

алыпты.

– Өи, антұрған шор аяқ! – деп ақырыпты патша, – ханзаданың

құлағын неге тістеп аласың?

– Кемеңгер патша ағзам! – депті Қожанасыр сонда, – иттің адам

қабатыны өзіңізге ежелден мəлім ғой!

Page 258: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

253  

МЕН ОРТАЛАРЫҢЫЗДА ЖАТЫП ҚОРҒАЙМЫН

Патша уəзірімен Қожанасырды ертіп аң аулап шығады. Ұзынды

күн сарпалдаңда жүріп, əбден шаршағандықтан, ордаға қайтып

кетуден ерініп, тоғайлы өңірге қона кетеді.

Маңында үйірлі бөрінің ұлығаны естіліп тұрған, көзге түртсе

көргісіз қараңғы түнде патша қорқып отырғанын айтады. Қожекең

сонда:

– Ондай болса, сіз менің оң жағыма жатыңыз, уəзіріңіз сол

жағыма жатсын, қорықпаңыздар, мен орталарыңызда жатып

қорғаймын, – депті.

САЛАУАТЫМ БАР ЕКЕН

Қожанасыр бір күні дарияда суға шомылып жүріп,

балықшылардың балыққа ау жайғанын көреді де, судың ішімен

сүңгіп барып ауға кіре қалады, аудың ауырлай қалғанын сезген

балықшылар "неде болса, ауға балықтың ең үлкені ілінді" десіп,

ауды дереу жинап алып қараса, ауда ақшия күліп Қожанасыр

жатпасы бар ма.

Page 259: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

254  

– Қожеке, бұл қай қылығыңыз, бізді сайқы-мазақ еткеніңіз бе? –

десіпті балықшылар.

– Неде болса, арманыма бір жеттім, – депті сонда Қожанасыр, –

бұрыннас бері "балық болуға салауатым боларма?" деп жүруші едім,

міне салауатым бар екен, əйтпесе əуре болып торды жияр ма едіңдер.

МЕН ЖЫЛАМАҒАНДА КІМ ЖЫЛАЙДЫ

Бір айға жетпеген уақыт ішінде Қожанасырдың əйелі мен есегі

бірінес соң бірі іле-шала қаза бопты. Əйелі қаза болғанда Қожекең

екі күн жылап сонымен сабыр еткен екен, есегі өлгенде жылаудан

бас алмапты. Мұны көрген көршісі Қожанасырдан не үшін

соншалық жылайтынын сұраған екен.

– Əйелім өлгенде бүкіл мəлімдегі қауым жиылып келіп, "сабыр

етіңіз, орнында бар оңалады, ел-жұрт болып басыңызды бүтіндеп

қоямыз" десіп тоқтау айтқан еді. Есегім өлгенде "саған есек алып

береміз" деген сөз еткімнің де аузынан шықпады. Мен жыламағанда

кім жылайды, – депті Қожанасыр.

Page 260: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

255  

ШЫЛДЫР

Қожанасырдың қазылық істеп жүрген кезі екен, екі адам

дауласып алдына келеді:

– Түсімде бұл адам менес жиырма теңгемді шылдырлатып алған

еді, енді сұрасам бермей қойды, – депті даугер.

Қожанасыр жауапкерге сес көрсетіп, одан жиырма теңгені

алыпты да оны екі адамның алақанының арасысына салып

шылдырлатыпты. Одан соң даугерден:

– Теңгенің шылдырын естідің бе? – деп сұрапты.

– Естідім, – депті даугер.

– Естіген болсаң, əне сол "шылдырды" ал да жан қалтаңа сал,

қалғаны бұл адамның өзіне тəн деп, жиырма теңгені жауапкердің

өзіне қайтарып беріпті Қожекең.

ТҮЙЕГЕ ҚАНАТ БІТСЕ ...

Қожанасыр бір күні қан базардың ортасында тұрып алып:

– Ей, жарандар! Құдайға шүкірлік етіңдер, түйеге қанат біткен

болса, міне осындай күсет базар ашып, алаңсыз жүре аласыңдар ма!

Page 261: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

256  

– депті.

– Түйеге қанат бітсе, оның бұл базармен нендей қатысы болмақ?

– деп сұрапты біреу.

– Ей, ақымақ, түйеде қанат болсыншы, ұшып барып үйдің

төбесіне қонады да, əр күні үйдің төбесін түсіріп, жыл бойы үй

жасаумен күнің өтер еді-ау, бəлем! – депті Қожанасыр.

ЖЫЛАҒАННЫҢ СЕБЕБІ

Қожанасыр өзеннің бойында жайбарақат отырса, бір топ соқыр

адам бірін-бірі жетектеп жанына келіп:

– Бұл өзеннің көпірі қай жерде? – деп сұрапты.

– Бұл маңда көпір жоқ, – депті Қожанасыр.

– Ондай болса, бізді арғы жағаға көтеріп өткізіп қойыңызшы, –

десіпті соқырлар, – ақыңызға əрбіріміз бір теңгеден ақша берейік.

Қожанасыр мақұл болып, соқырлардың тоғызын бір-бірден

көтеріп өзеннің арғы жағасына өткізеді де, тоғызынан тоғыз теңге

алады. Қайта келіп ең соңында қалған біреуін көтеріп өтіп бара

жатқанда толқын соғып, əлгі соқырды су ағыза жөнеледі, суға кеткен

соқыр суға бірде шөгіп, бірде қалқып бара жатып, аянышты атты

Page 262: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

257  

дауыспен зарлағанда, жағадағы тоғыз соқырдың іші-бауыры елжіреп,

егіле жылапты. Қожанасыр да оларға қосылып жылапты. Бұл халді

көрген біреулер Қожанасырдан:

– Мына соқырлар суға кеткен жолдастарына жылап отыр, ал сіз

неге жылайсыз? – деп сұрапты.

– Ана соқырмен бірге суға ағып кеткен бір теңгем үшін

жылаймын, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

МЕНІҢ БАСЫМ ҚАЙДА

Қожанасыр бір күні түнде үйіне келіп қонған дос екеуі қатар

жатқан екен, Қожанасыр досының басын қайта-қайта тырнай берсе

керек.

– Қожеке, бұл қайткеніңіз? Басымды неге тырнай бересіз? – депті

досы.

– Бұл не ғажап, – депті Қожанасыр, – тырнағаным сенің басың

болса, онда менің басым қайда?

Page 263: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

258  

ДƏМДІ СОРПА

Қожанасыр базардан қайтып келе жатса, оны көрген бір топ бала:

– Сіздікіне барып қонақ боламыз, молынан қонағасы бересіз, –

деп шұрқыраспты.

Қожанасыр мақұл болып, оларды ертіп келіп:

– Сендер біраз сабыр етіп тұра тұрыңдар, мен үйге бұрынырақ

барып айтып қойып шығайын, – деп балаларды есік алдына

тоқтатып қойып өзі үйіне келіп əйеліне айтқан екен.

– Сақалың ағарып сары тісті болғанға дейін ақылың толмады ғой

сенің, – деп əйелі ашуға басыпты, – үйде бір жапырақ ет жоқ,

неменеңді сорпа жасап бер дейсің?

Қожанасыр сонда:

– Жə, мейлі, ондай болса қойдық, – деп қазанын көтеріп шығып,

қазанды көрсетіп тұрып балалардан кешірім сұрапты:

– Қарақтарым, жас қартайып, ақыл марқайған кезім, ақылсыз да

емеспін, бірақ, үйде ет қалмапты. Егер ет бар болса мына қазанды

толтыра асып, сендерге дəмді сорпа жасатып бермес пе едім.

Page 264: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

259  

ƏДІЛ ҮКІМ

Қожанасыр қазылық істеп жүргенде қатынын тоқтатпайтын

сұмпайы біреу болған екен. Ол бір күн арызданып Қожанасырға

келіп:

– Қазы тақсыр, əйеліммен болған арада бас араздық туылды,

мұнан былай отаса алмайтын сияқтымыз, ажыратып жіберсеңіз екен

деп келдім, үй жиһаздарын өз еңбегімен тапқамын, оны өзім алуға

тиістімін, – депті.

Қожанасыр ол адамды ақылға көндіріп, нысапқа оралдырмақшы

болып едəуір насихаттаса да көнбеген соң:

– Жə, ондай болса үйіңдегі барлық жиһаздарыңды бір-бірден

тізімге алдыр, сонан кейін ойласып көрейін, – деген екен.

Əлгі адам былай деп тізім беріпті:

– Үй-пүй, қора-мора, кілем-мілем, сиыр-миыр, киіз-пиіз,

сандық-мандық ...

Қожекең даугердің сөзін толық естігеннен кейін мынадай үкім

шығарыпты:

– Бір отбасында ер мен əйелдің тең еңбегі бар. Сондықтан,

отбасындағы барлық мал-мүлікті тең бөлісіп алу керек.

– Үй əйеліңізге тəн, мүй сізге; кілем əйеліңізге, мілем сізге; сиыр

Page 265: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

260  

əйеліңізге, миыр сізге, сандық əйеліңізге, мандық сізге ...

Даугер үкімді ести сала қолды-аяққа тұрмай Қожанасырға жатып

кеп жалбарынады.

– Тақсыр, айтқаныңыз болсын, өзіңіздің баста айтқаныңыздай

болсын, араға мен басқа сөз қоспайын, үйдегі мал-мүлікті екеуімізге

тең бөліп беріңізші!

БƏРІ ДЕ ЖАҚСЫ

Қожанасыр қарны ашып, көңілісіз келе жатса қаланың əкімі одан:

– Палау жақсы ма, мəнті жақсы ма? – деп сұрапты.

– Қолда жоқ нəрсенің қайсы жақсы екендігін қайдан білейін? –

депті Қожанасыр.

Əкім аспазға дереу палау мен мəнті əкелтеді. Қожанасыр

палау-мəнтіні тоя жеп болып:

– Палауды жаман деуге ұялып тұрмын, мəнтіні жаман деуге

қиғым келмейді, бұл екі түрлі тағамнан кейін мұздай суық шəрбат

ішілсе, содан кейін бір түйінді пікір айтуға болар еді, – депті.

Əкім шəрбат құйдырыпты. Қожанасыр шəрбатты рақаттана

сіміріп алған соң:

Page 266: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

261  

– Палау да, мəнті де, оның соңынан ішкен мұздай суық шəрбат та

бəрі де жақсы екен. Əкім, сізге рақмет, – деп жүріп кетіпті.

ТАМАҚ ЖЕГІСІ КЕЛЕДІ ЕКЕН

Қожанасырдың көршісі жаңадан жасатқан ғимараттарын

Қожанасырға көрсетіп, бəрін қоймай аралатып мақтанса керек.

Ары-бері аралап көп жүргендіктен Қожанасырдың қарны əбден

ашыпты, соңында аралап асханаға келгенде Қожанасыр айналсоқтап,

ананы-мынаны көрген болып, таңырқай тамсанған екен, көршісі

разы болған бейнемен:

– Қожеке, асханам қандай, бабында ма екен, – деп сұрапты.

– Мойынсалмын! – депті Қожанасыр, – асханаңызға кірген адам,

дереу тамақ жегісі келеді екен.

КӨШЕНІ КІМ ТАЗАЛАЙДЫ

Қожанасыр жұмыс жайымен қазы ордасына барып, қазымен

сөйлесіп отырғанда өзара дауласқан екі адам кіріп келеді.

– Екеуіміз көршіміз, – депті олар, – үйіміз үлкен көшенің

Page 267: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

262  

бұрышында болғандықтан, ары-бері өткендер таңертең-кеште есік

алдымызға дəрет сындырып кетеді. Өзіңіз бір əділ үкіміңізді

айтыңызшы, бізше болғанда екеуіміз кезек-кезек бір жетіден

тазаласақ дейміз ...

Қазы Қожанасырға қарап:

– Сізше бұл дауды қайсы жосын бойынша бір жайлы етсек болар

екен? – депті.

– Бұлардың үйлері үлкен көшеге қараған жаққа тура келеді екен,

үлкен көше көпке тəн ғой. Сондықтан, оны бұл екеуіне тазалату жөн

болмас. Сіз қазысыз – көптің атасысыз, меніңше болғанда көшені сіз

тазалағаныңыз жөн, – депті Қожекең.

ҚОЖАНАСЫР МЕН КІРЕКЕШ

Бір күні Қожанасыр дос екеуі базардан бір қап жүгері сатып алып,

оны кірекешке көтертіп келе жатып, қан базардағы қара құрықта

кірекештен айрылып қалыпты. Арада бір жеті өтіп жəне досы екеуі

базарға бара жатса, өздеріне қарай келе жатқан əлгі адастырып

кеткен кірекешті көріп, Қожанасыр тұра қашыпты.

– Кірекешті ұстап алады екен десе, тұра қашқаның қайткенің? –

Page 268: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

263  

депті дос бұған қайран қалып.

– Əй, тəйір-ай, қашпай қайтемін? – депті Қожанасыр, – кірекеш

менің жүгері салынған қабымды бір жетіден бері тастамай көтеріп

жүрген болса, оның кіре ақысын қайдан тауып беремін.

ЕШНƏРСЕ

Қожанасыр қазылық істеп жүрген кезі екен, екі адам дауласып

алдына келіпті.

– Тақсыр, жолда келе жатсам, бұл адам ауыр қапты көтере алмай

тұр екен, ол менен көмек сұрады. "Ақыма не бересің" десем,

"ешнəрсе" деді. Мес қабын "əуп-əупірім" деп көтертіп жіберіп,

айтқаны бойынша "ешнəрсе" сұрасам бермей қойды, өзіңіз əділ

үкімін кесіп, еңбек ақымды өндіріп берсеңіз екен, – депті даугер.

Қожанасыр астыңдағы сырмақтың бір бұрышы қайырып атып:

– Қарашы, сырмақтың астында не бар екен? – деп сұрапты

даугерден.

– Ешнəрсе.

– О-һо, бəле, əне сол "ешнəрсені" ал да жолыңа түс, – депті

Қожекең.

Page 269: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

264  

МҮСƏПІР

Қожанасыр басқа бір шаһарға барған екен, бір адам одан:

– Қожеке, бүгін күнге не? – деп сұрапты.

– Мен бұл шаһарға шеттен келдім, əлі бұл жердің ай-күнімен

таныстығым жоқ, – деп жауап беріпті Қожекең.

ШАЙЫР

Қожанасыр қарны ашып келе жатып, бір баққа кіріп сұраусыз

өрік жеп жатқанда бағбан көріп қойып:

– Сен кімсің? – деп сұрапты.

Қожанасыр өрік ағашын жабыса құшақтап тұрып:

– Мен өріктің шайырымын, – деп жауап беріпті.

– Шайырдың да сөйлей алатыны бола ма екен? – депті бағбан.

– Кешіріңіз, тақсыр, аңғармай қалыппын, шылып-шылып,

шылып ...

Page 270: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

265  

БЕС ТЕҢГЕ ҮШІН

Қожанасыр бір өсімқорға елу бес теңге қарыздар екен. Бір күні

таныстарымен шайханада шай ішіп отырса, əлгі өсімқор келіп

Қожанасырға қадала қарап, мелшиіп тұра қалады, оның бұл

қылығынан қысылған Қожанасыр өсімқорды шетке шақырып алып

сұрапты:

– Мен саған қанта ақшаға қарыздармын?

– Елу бес теңгеге, – депті өсімқор.

– Жарайды, – депті Қожанасыр, – ертең келіп отыз теңгеңді ал.

Жиырма теңгеңді кейінірек бере салармыы. Енді мойнымда бес

теңгең қалды, дұрыс па?

– Дұрыс, – депті өсімқор.

ТЕНТЕК ЖƏНЕ ЖЫНДЫ

Қожанасыр ұн тарту үшін диірменге бидай апарыпты. Кезек

күтіп отырып елдің қабындағы бидайды қос уыстап өз қабына сала

беріпті.

Оны көрген диірменші:

Page 271: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

266  

– Қожеке бұл не қылғаныңыз? – деп сұрапты.

– Мен тентекпін, – деп жауап беріпті Қожанасыр.

– Тентек болсаң, – депті диірменші, – не үшін өз қабыңдағы

бидайды басқалардың қабына салмайсың?

– Өйтсем, мен барып тұрған жындының өзі болмас па едім, –

депті Қожанасыр.

ТАБЫСПАЙЫНША АЛЫСПАС

Қожанасыр бір есегін сату үшін базарға апарып бедекшіге беріпті.

Бедекші алушыларды қызықтыру үшін:

– Бұл есек өзі асыл тұқымды, майталман жорға, момақан жуас,

аттан да қарулы ..., – деп мақтаған екен, есектің нарқы бірден

өрлепті.

Бедекшінің мақтауы, алушылардың жапа тармағай қызығуы –

Қожекеңнің де делебеіін қоздырып:

– Тоқта! – депті өзіне-өзі, – есегімде соншалық өнер бар тұрып,

елге сатқанша өзім сатып алмаймын ба?

Есектің нарқы өрлеп елу теңгеге шыққанда, Қожекең бедекшіге

елу теңгені сатып беріп есекті өзі алыпты.

Page 272: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

267  

Үйіне қайтып келіп қатынына болған ахуалды айтып берген екен,

қатыны Қожанасырға мынадай бір жаңалықты айтыпты:

– Сен кетіп, көп өтпей есік алдына бір сүт-қаймақ сатушы келді,

"қаймағыңның нарқы қанша?" десем, "жарым теңге" деді. Мен

қолымдағы алтын жүзігімді ұстата салдым да, қаймағын іліп алып,

қашып үйге кіріп кеттім, əлгі қаймақ сатушы есік алдында сілейіп

едəуір тұрды да кетіп қалды, қандай? Келістіріп отырып бір

алдаппын ба?

– Табыспайынша алыспас, – депті Қожекең, – базарда мен, үйде

сен осылай сауда жүргізсек, көп өтпей-ақ байып шыға келеміз ғой.

АХУАЛЫ ҚАНЫҚ БОЛҒАНДЫҚТАН

Қожанасыр базардағы астық дүкенінің алдында отырса, аумақ

бойынша алдамкөстікпен аты шыққан бір адам сол астық дүкенінен

бір ағаш күріш сатып алыпты. Ол күріштің ақшасын төлеп, енді

кетпекші болғанда, ойы басқаға болынып тұрған астық сатушы:

– Күріштің ақшасын бермедің ғой? – депті əлгі адамға.

Өзара ұғыпастық болғандықтан, дау ұлғайып кетіп, астық

сатушы Қожанасырды куəлікке тартады.

Page 273: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

268  

– Ақша бергенін көрдім, – депті Қожанасыр, – бірақ, бұл

адамның ахуалы маған қанық болғандықтан өз көзіме өзім сенгім

келмей тұр.

ІШІРТКІ

Шаһар əкімінің тамағына сүйек тұрып қалып өле жаздапты.

Бармаған балгері, істетпеген емі қалмаса да, ешқайсын шипа

болмапты. Басқалардың кеңесі бойынша Қожанасырды шақыртуға

адам жіберген екен, Қожанасыр өзі бармай бір парақ қағазға

"ішірткі" жазып беріпті. Əкім Қожанасыр жазған қағазды ашып

көрісімен-ақ өңі сұрланып, көзі шарасынан шығып басын көтеріп

қалған екен тамағындағы сүйек ары өтіп кетіпті. Оны көргендер

қайран қалып, бұған қандай қасиетті дұға жазылды екен десіп

қағазға қараса "параға жеген қойдың сүйегі сорыңды қайнатқаны

сол" деп жазылған екен.

Page 274: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

269  

НАҚ АҚША

Қожанасыр бір өсімқорға қарыздар екен. Бір күні базарға

бармақшы болып үйінен шықса, əлгі өсімқор үйіне қарап келе

жатады. Қожанасыр əйеліне бірқанша сөзді ұғындырған соң, өзі

есіктің артына жасырынып қалады.

– Үйде еркек жоқ, – депті Қожанасырдың əйелі, өсімқордың

алдынан шығып, – немене, бірер шаруамен келген бе едіңіз?

– Не үшін келуші едім? – депті өсімқор ашуға басып, –сендердегі

алымсағымды алғалы келдім.

– Əуре болғаныңыз-ай, – депті Қожанасырдың əйелі, – біз əлі

ақша құрай алғамыз жоқ.

– Қарызды қияметте қайтарасыңдар ма? – депті өсімқор

ақыраңдап.

– Ренжімеңіз, тақсыр, тез арада қайтарамыз, ертеңнен бастап,

Қожекең есік алдына қатарынан тікен қаламшасын отырғызбақшы.

Есік алдынан ары-бері өткен қой-қозылардың балақ жүні əрине

тікенге ілінбей қоймайды. Оны жинап алып, жіп иіріп, базарға

апарып сатып ақшаға айналдырамыз, əне сол ақшаны сіздің

алмағыңызға атап қойдық ...

Бұл сөзді естіген өсімқор қарқылдап тұрып күлсе керек, сонда

Page 275: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

270  

Қожанасыр есіктен басын ақырын шығарып тұрып:

– Неде болса, нақ ақша алатын болдым деп қуанышың қойныңа

сыймай күлгенің-ау, ə? – депті.

ЕСЕКТІҢ ҰРЫҒЫ

Бір күні Қожанасыр екі есекке бұршақ артып жолға шығады. Бір

есегі жолда батпаққа құйлап қалып, қабы жарылып, бұршағы жерге

шашылады. Қожанасыр есегін батпақтан шығарып алу үшін қата

əурелене де шамасы келмейді, есек барған сайын терең құйлап,

батпақтан басы ғана көрініп қалады.

Қожекең шарасы таусылып, сүлкіні түсіп, мұңайып отырса

жолдан өткен бір саудагер көріп Қожанасырдан:

– Бұл жерде неғып отырсыз? – деп сұрапты.

– Есектің ұрығын еккен едім, – депті Қожанасыр, – соның көктеп

шығуын күтіп отырмын.

– Мына қызықты қара! – депті саудагер Қожанасырдың сөзіне

таңырқап, – мен осынша жасқа келіп есектің ұрығы бар, оны жерге

егеді дегенді естімеген екем! ...

– Сенбесеңіз, міне, көріңіз! – депті Қожанасыр жанында батпаққа

Page 276: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

271  

құйлап жатқан есекті көрсетіп, – мынау жаңа ғана көктеп жер бетіне

шыққаны, ендігісі əне көктейін деп қалды.

Саудагер жерде шашылып жатқан бұршақты жəне батпақтан

басын ғана қылтиып тұрған есекті көріп, көзі жеткен соң көңіліндегі

барлық күдігінен шүбəсызданады.

– Тақсыр, құдіретіңізге мойынысалмын, – депті саудагер

Қожанасырға жалынышты бейнемен, –сауда-саттық істерім күсет.

Бірақ, күш-көліктен тапшылығым бар, маған бұл ұрықтарыңыздан

аздап сатып берсеңіз қайтеді?

– Меселдеңізді қайтарып қайтем, сатып берсем берейін, – депті

Қожекең, – егер баға нарқына жараса алсақ, барлығын алам десеңіз

де мейлі! Бірталай керкілдесулерден кейін, Қожанасыр бір есек пен

екі қап ұрықтықты саудагерге, ал, саудагер бар түйелерін үстіндегі

тоғанағымен қосып Қожанасырға беретін болып келіседі.

Саудагер шашылған ұрықтан топ-тобымен есек өніп шығуын

күтіп сол жерде қалыпты, Қожекең түйелерін айдап өз жолына

түсіпті.

Page 277: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

272  

ЖАҒЫҢ БОСАҒАҒА ТИГІР

Жағың босағаға тигір деп қарғыс алған біреу бар екен. Екі

адамның бас қосылса болғаны сөзге араласып, аузына келгенін

күйсей беріп, елді əбден мезі қылғандықтан, ол бар жерде

Қожанасыр сөзге араласпай шеттеп отырса керек. Əлгі көкжақ

Қожанасырды көре сап:

– Қожеке, сіз де бірер ауыз бірдеме десеңізші, тіліңіз жоқ па? –

депті.

– Тілім бар болатын, – депті сонда Қожанасыр, – Елдер "жағың

босағаға тигір" дей берген соң, тілімді таңдайыма шегелеп тастадым.

ӨТІРІК ЕМСЕК ПЕН ҚАСАПТЫҢ ПАРҚЫ

Біреу Қожанасырдан:

– Қожеке, өтірік емсек пен қасаптың парқы не? – деп сұрапты.

– Қасап алдымен бауыздап жанын шығарып, онан соң терісін

сыпырады. Өтірік емсек болса, алдымен терісін сыпырып алып, онан

кейін жанын шығарады, парқы сол, – деп жауап беріпті Қожекең.

Page 278: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

273  

АДАЛДЫҚ

Патша бір күні Қожанасырға қыр көрсетіп:

– Дегенің тіліңнің ұшында ғана, маған ешқандай адалдығың жоқ,

– депті.

– Ондай емес, патша ағзам, – депті Қожанасыр, – Мен өзіңізге

шын пейілімен-ақ адалмын.

– Адал екенің рас болса, мына көлге өзіңді тасташы, шың

адалдығыңды көрейін, – депті патша Қожанасырға. Қожекең лəм

деместен есікке қарай жүріпті.

– Ей, қайда барасың? – деп сұрапты патша.

– Балықшы достарымдікіне, – деп жауап беріпті Қожанасыр, –

олардан суға малтуды үйреніп келмекшімін.

ҚАЙЫРЛЫ ДҰҒАҢЫЗДЫҢ АРҚАСЫНДА

Патша Қожанасырға көпіре сөйлеп амандасыпты:

– Қош, Қожеке, ахуалатыңыз қандай?

– Ахуалатым атан түйедей! – деп жауап беріпті Қожекең. Патша

қарқылдап күліп əзілдепті:

Page 279: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

274  

– Ахуалатым "иттей" деп айтар ма екен десем мен сізді.

– Кешіріңіз, тақсыр! Қайырлы дұғаңыздың арқасында ахуалатым

иттей! – депті Қожанасыр алдыңғы айтқанына түзету беріп.

– Онда, жаңа неге "атан түйедей" дейсің? – депті патша.

– Адам алжасайын десе, не шара? – депті Қожекең, – жаңа

өзіңіздің қайырлы мереймен хал сұрағандығыңызды мен білмей

қалыппын!

ҚОЖАНАСЫРДЫҢ ҚАЙЛАСЫ

Қожанасыр бір топ саудагерлермен бірге сапарға шығып,

қоналқаға керуен сарайына қонады. Таңертеңінде тұрып, аттанар

алдында, атына жем берейін десе, кермеге байланған көп аттың

ішінен өз атын тани алмапты. Басқалардан сұрауға намыстаныпты.

Қожекеңнің сонда тапқан қайласы – садағын қолына алып жағын

тартып тұрып:

– Ой, сапарластар, мына аттардың арасында бір иесіз ат жүр екен,

мен оны атпақшымын! Еті бізге табылмайтын олжа ғой, – деп

дауыстапты.

Саудагерлер Қожанасырдың сөзінен тіксініп, əр қайсысы өз

Page 280: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

275  

аттарын шешіп алып, жетектеп кетеді. Сөйтіп, "иесіз" қалғанда ғана

Қожанасыр атын танып алыпты.

ШАЙТАН МЕН АРАҚКЕШ

Ел көзіне əбден жексұрын болған бір арақкеш масаңдау келіп

Қожанасырды құшақтап жатып кеп жылап:

– Сіздің мені жегідей жек көретіндігіңізді əбден білем, бірақ,

менің осы халге түсуіме өзім емес, шайтан себепкер ..., – депті.

Қожанасыр арақкешті өзінен ауашалап тұрып:

– Қап, аттеген-ай, ə! Бұрынырақ неге келмедің? – депті.

– Бұрынырақ келген болсам қайтпекші едіңіз? – депті арақкеш

аң-таң болып.

– Сен айтқан шайтан жаңа ғана маған келіп, "мен өз

тіршілігіммен тыныш өмір өткізіп жатқан шайтан едім, əлгі бір

арақкештердің жаманатқа мені қалдырып, сол сылтаумен өзі

ішімдікке салынып, менің атақ-абиырымды айрандай төгіп жүріпті"

деп сенің үстіңнен шелектеп шер төкті. Бұрынырақ келген болсаң

екеуіңді бір беттестіретін едім, – депті Қожанасыр.

Page 281: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

276  

АҚЫЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ТҮЙЕ

Қожанасыр бір күні қала сыртына барып серуендеу үшін түйеге

мініп жолға шығыпты, жолшыбай керуеншілерге кезігіп, солармен

бірге жүріп келе жатқанда, астындағы түйесі жол жағасындағы

қарайған томардан үркіп жығып кетіпті, қатты жығылғандығы үшін

Қожанасыр ес-түсін білмей талып қалыпты. Керуеншілер

Қожанасырдың бетіне қайта-қайта суық су бүркіп əрең дегенде ес

жидырып, сүйемелдеп түйесіне мінгізіпті.

Кешке жақын, көк жасаң көрікті бір өңірге келіп қоналқаға түседі.

Қожекеңнің денесі сырқырап ауырып шыдатпай жанына қатты

батады. Денесінің ауруына себепкер болған түйеге тісін басып:

– Сен арам қатқырдың сазайын бір тарттырмасам ба, бəлем! –

деп қолына пышағын ала салып, шөгіп жатқан түйесін бауыздауынан

орып тастапты.

Бұл жəйтті көрген керуеншілер қайран болысып Қожанасырдан:

– Қожеке, бұл не қылғаныңыз? – деп сұрапты.

– Бұл залымды ақылынан жұрдай етіп, мінбесем, – деп жауап

беріпті Қожекең, – жəне бір рет жығатын болса, мені мүлдем жоқ

қылатын көрінеді.

– Түйені ақылынан жұрдай етудің шарасы – басын кесу ме? – деп

Page 282: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

277  

сұрапты керуеншілер.

– Барып тұрған надан екенсіңдер, – деп жауап қатыпты

Қожанасыр, – əрқандай жануардың ақылы басында болады дегенді

естімеген бе едіңдер? Енді ол бастан айрылған соң, қайтіп мінсем де

мені жығуға ақылы жетпес.

ҮШ ТАЛАҚТЫҢ ШАРИҒАТЫ

Қожекең қазылық істеп дəурендеп тұрған кезде біреу шариғат

сұрап алдына келіп:

– Тақсыр, мен қатынымен төбелесіп қалып, "мұнан кейін, егер

сенімен бір жастыққа бас қосатын болсам үш талақсың" деген сөз

ашу үстінде аузымнан шығып кеткен еді. Одан қайтіп алудың қандай

пəтуа-шариғаты бар? – деп жалбарыныпты.

Қожекең оған:

– Сіз қатыныңызбен бірге жатқанда, бір жастыққа емес,

екеулеріңіз екі жастыққа жатсаңыздар болғаны, – деп жауап беріпті.

Page 283: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

278  

ЕСЕК ЖЫРАУ

Қожанасыр бір күні есегіне мініп қала шетіне қарай тартып бара

жатып, хан ордасының алдына жиналған қара нөпір көп адамды

көреді. Бұл не қылған адам екен деп жанына келсе, хан үшін арнайы

жасалған мінбенің үстінде қалғып-шұлғып хан отырыпты,

айналасында орданың көлтекбай қағымпаз жыраулары ханды мақтап

шығарған өлеңдерін сарнап жатыр екен. Қожекең аңтарылып соларға

қарап тұрғанда, ойда жоқта астындағы есегі азан-қазан аңырап базар

аспанын басына бір-ақ кисе керек. Хан алдында туылған бұл

сорақылықтан зəресі ұшқан орда əпербақандары қару-жарақтарын

шарқылдатып, "қылмыстыны" ұстауға тұра ұмтылғанда, қарайған

халық "қаш та қаш"-қа кірісіп майдан аласапыран болып, дүние

миша былығады.

– Əй, салпаң құлақ ақымақ! – депті шу-шұрқаннан пайдаланып

өзін далдаға алған Қожекең есегіне кейіген бейнемен, – егер сен де

ханды мақтап жырлағың келген болса, қолқа-жүрегіңді солқылдатып

соншалық өлерменденбей-ақ, өзіңді басып, аз да болса ұстамдылық

етіп, салмақты болсаң болмас па еді?! ...

Page 284: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

279  

ТӨРТ ҚЫЗ ҰЗАТҚАН ҮЙДІҢ ІШІ

Бір күні түнде Қожанасырдың мəлісіне өрт кетіп, ел қотарылып

көшіпті. Басқалар үй ішіндегі мүліктерін арбаға басып көшсе,

Қожанасыр көнетоз төсеніші мен көрпе-жастығын буып арқасына

көтеріп жолға шығыпты.

Оны көрген көршісі Қожанасырдан:

– Үй-мүлкіңіздің бар-жоғы осы ма? Бұл қандай үйдің іші? – деп

сұрапты.

– Төрт қыз ұзатқан үйдің іші, – деп жауап беріпті Қожекең.

МҮШЕЛ

Патша шырын ішіп отырып, өзінің не жылы туылғандығын

қузастырыпты. Қожанасыр жыл қайырып:

– Мүшеліңіз ит екен, – депті.

Бұл сөз патшаға жақпаса керек:

– Əлемге əйгілі болып туылған мен сияқты құдірет иесінің жылы

ит болса бола ма? Жақсырақ есептеп көріңіз, Қожеке, тым болмаса

қасқыр шығар.

Page 285: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

280  

– Ондай болса, сіз иттігіңізде тұра беріңіз, мадақтау жағын маған

қойсаңыз болды, жылыңыз пілге тураланады, – депті Қожекең.

ТІКЕН

Қожанасыр жалаңаяқ қос айдап жер жыртып жүрсе, табанына

тікен кіріп кетіпті. Қожекең табанындағы тікенді суырып алып:

– Жалаңаяқ келгенім мұндай жақсы болар ма, егер калошымды

киіп келген болсам табаны тесіліп қалады екен-ау, – депті.

СЫЛТАУҒА СЫЛҚ ЕТПЕЙ АМАЛЫҢ НЕ?

Қожанасыр базардан бүтін пісірілген бір тауықтың етін сатып

алып, шайханаға кіріп жеп отырса, бір қайыршы сəлем беріп,

жанына келіп отыра қалады:

– Жегеніңіз ас болсын, тақсыр, сатып алғаныңыз семіз тауық екен,

бір борбайын маған бере салыңызшы, жеп көрейін, тісім өтер ме

екен ..., – депті.

– Өзімдікі болса, бөліп-жармай-ақ бере салар едім, – депті

Қожекең, – біреудің аманат тауығы еді.

– Үй, ол не дегеніңіз? – депті қайыршы, – жеп отырған нəрсе де

Page 286: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

281  

аманат бола ма екен?

Қожанасыр тауықтың етін түк қалдырмай жеп болып:

– Ей, не қылған жаның? Сылтауға сылқ етпей амалың не? – депті.

ДƏМІ БІР

Қожанасыр арбасына бірнеше себет үзім басып, базарға апара

жатса, бір топ бала Қожанасырдың алдын орап:

– Қожеке, үзіміңізден бізге бір-бір үзбеден беріңізші, – деп жатып

кеп жалбарынады. Балалардың қалауы бойынша бір үзбеден берейін

десе, үлкен бір себеттегісі де жетпейтін болған соң, Қожекең, бір

үзбе үзімді алып балаларға бір-бір түйірден таратып беріпті.

Балалар шұрқырап:

– Қожеке, бұл қайткеніңіз, əрбірімізге бір үзбеден берсеңіз

болмай ма? – десіпті. Қожекең балаларға күле қарап:

– Үзімнің бір түйірінің де, бір үзбесінің де дəмі бір, қарақтарым!

"Қанағат қарын тойғызар" деген, – депті.

Page 287: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

282  

ҚОЖАНАСЫСЫРДЫҢ КҮРКЕЙІ

Қожанасыр базар аралап жүріп өзі көрген бір іске қайран қалады

– бір топ саудагерлер үлкендігі көкектей-ақ бір құсты он теңгеге

саудаласып жатса керек.

– Ұшар құстың базары күсет болған бір күн ұқсайды бүгін, – деп

ойлапты Қожекең, – анадай құсты он теңгеге алғанда, менің

күркейімді отыз теңгеге сөзсіз алатын болу керек ...

Ертеңінде Қожекең күркейін базарға салса, нарқы жарым

теңгеден аспапты ...

– Осы да қылық болды ма? – депті Қожекең, – Кеше ғана емес пе

еді, менің күркейімнің төрттен бір бөлегіне тең келмейтін шүйкедей

құсты он теңгеге саудаласып тұр едіңдер ғой, бүгін түйедей күркейді

жарым теңге дейсіңдер. Тəйір-ау, нысап та керек қой! ...

– Қожеке, – депті алушылар, – кешегі он теңгеге нарқы шыққан

тоты құс болатын, оның бағасы басқа ұшар құстардан құнды, себебі

сол – тоты адам сықылды сөйлей алады.

– Тоты адам сықылды сөйлесе, күркей де адам сықылды түрегеп

тұра алады емес пе, – депті Қожекең.

Page 288: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

283  

ҚҰДАЙҒА ШҮКІР

Қожанасыр бір күні есегіне мініп егіндікті аралап келе жатса,

кездейсоқ жер сілкініпті. Қожекең есегінен қарғып түсіп "Құдайға

шүкір!" депті.

– Қожеке, неменеге шүкірлік етіп отырсыз? – деп сұрапты

маңындағылар.

– Құдай өзі бір сақтады емес пе! – депті Қожекең, – жер сілкінген

кезде үйімде болсам, үйдің төбесі түсіп астында қалмас па едім? ...

ҮМІТСІЗДІК – ШАЙТАН ІСІ

Қожанасыр бір бақалшыға қарыздар болыпты. Көктемде есігінің

алдына жеміс ағаш қаламшасын отырғызып жатса, бақалшы

алымсағын сұрай келіп, Қожанасырдың қаламша отырғызып

жатқанын көріп:

– Қожеке, бұл қаламшаларыңыз қашан өнім берер-ау, сіз оның

жемсін қашан жерсіз? – деп сұрапты.

– Бабамыздың қарызын төлеу үшін əкеміз отырғызған жеміс

ағаш қаламшасының жемісін біз жедік, бірақ, сонда да ешбір

Page 289: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

284  

тиынның басын құрай алмадық, – депті бақалшының келудегі

мақсатын сезген Қожекең, – енді мен отырғызған қаламшалардың

жемісін бала-шағаларымнан артып сізге де тиер, үмітсіздік – шайтан

ісі ...

ЕЖІРЕ КҮБІ

Екі адам бір ежіре күбіге таласып қалыпты да бірін-бірі қазыға

сүйреп, Қожанасырды куəлікке ерте келіпті.

– Қожанасыр, даугердің ежіре күбісі барлығын білесің бе? – деп

сұрапты қазы.

– И-иə, білемін, тақсыр! – депті Қожанасыр.

– Ежелден бар екенін білесің бе?

– Күбішек кезінен-ақ білемін, – депті Қожекең, – сол кісінің

қолында есейтіп-ержеткен күбі болатын ...

СИЫНУ

Қожекең бір күні базарға барып, қасаптан ет алыпты да, ақшасын

кем төлепті, наубайдан нан алып, ақшасын артығымен төлепті. Үйіне

Page 290: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

285  

қайтып келген соң "қасаптың менде қақысы қалды, ол жөн болмады.

Наубайда менің қақым кетті, ол да жөн болмады ..." деп ойлап

Құдайға сиыныпты:

– Е, Аллатағала! Өзіңе үміт артқан пендеңді жарылқап, наубайда

қалған ақшамды ал дағы қасапқа өз қөлыңмен бере сал, сөйтіп, мені

ауыртпалықтан айықтырғайсың!

МУЗЫКАНТ

Музыканттар бас қосқан жерде біреулер Қожанасырдан:

– Қайсы музыканы жақсы шертесіз? – деп сұрапты.

– Əкем марқұм, асқан шебер музыкант еді, – депті Қожекең, –

мен де барлық музыканы білемін, перне басуға олақтығым болмаса.

ЗƏМЗƏМ

Бір даугер Қожанасырды куəлікке тартқан екен, жауапкер

"Қожанасыр қажыға бармаған адам, оның куəліктен өтуіне шарты

толмайды " деп қасарысып тұрып алыпты.

Page 291: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

286  

– Мен бала кезімде-ақ қажыға барғамын, – депті Қожекең міз

бақпастан.

– Қажыға барғаның рас болса, – депті қазы Қожанасырға, – қане

айта қойшы, зəмзам суы шығатын құдық Қағбаның қайсы жағында

екен?

– Мен қажыға барған кезде бір топ адам "Зəмзəм құдығын қайсы

жерден қазсақ болар екен" деп ақылдасып жатқан кезі екен, – деп

жауап беріпті Қожекең.

ӨМІРІҢ АЗАППЕН ӨТЕДІ

Қожанасыр қаншалық əбігерленсе де басына сəлде орауды

үйрене алмай, ақыры сəлдесін салып құтылмақ болып, базарға

апарған екен, бір бедекші сатып алыпты. Қожанасыр екінші күні

базарға барса, əлгі бедекші сəлдені біреуге сатпақшы болып

саудаласып тұрғанын көреді де алушының жанына барып, құлағына

сыбырлапты:

– Андағы сəлдені алушы болма, басыңа орай алмай өмірің

азаппен өтеді ...

Page 292: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

287  

КҮШІҢ БОЛСА ЕНДІ КӨРСЕТ!

Қожанасыр көршісінің үйінен бір кесе ұн қарыз алып келе жатса,

қатты жел тұрып, ұнын түк қоймай ұшырып кетіпті, Қожекең бос

қалған кесеге құм толтырыпты да, желдің өтіне кесені көтере ұстап:

– Қане, күшің болса енді көрсет! – депті іші ашып.

СОҚЫР БОЛМАСА АҚСАҚТЫҢ АЛДЫНА САУ АДАМ КЕЛЕР

МЕ ЕДІ?

Қожанасыр екі көзден айрылған соң ауылдан-ауылға қыдырып

жүріп, бір күні Темір патшаның сарайына садақа сұрай барыпты.

– Атың кім? – деп сұрапты Ақсақ Темір Қожанасырдан.

– Дəулет, – деп жауап беріпті Қожекең. Патша кеңкілдеп кекей

бір күліп алыпты да:

– Тəубе! "Даулет" атты соқырды да кісі көреді екен, ə? – депті.

– Бұл Құдайдың құдіретіне қайранмын! – депті сонда Қожекең, –

соқыр болмаса ақсақтың алдына сау адам келер ме еді?

Page 293: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

288  

СЕН ТӨРКІНІҢДЕ, ҚЫЗ ҮЙДЕ, ТҰЗ ОРНЫНДА БОЛСА ...

Қожанасыр бойжеткен қызын ұзатқаннан кейін, үй жұмысы

əйеліне қалады. Қожекеңнің бұл əйелі өте олақ адам болса керек,

тамақ жасауды жақсы білмейді екен, тамақ жасаған сайын

Қожекеңнен:

– Мына асқа қаншалық тұз салам, қаншалық бұрыш? – деп

қайта-қайта сұрап мазасын алыпты. Қожекең басы қатып "тоқта, мен

барып қызымнан сұрап келейін" деп шыға жөнеліпті. Қызының

үйіне барып қызынан:

– Балам, бір қазан асқа қаншалық тұз салу керек, қаншалық

бұрыш? – деп сұрапты.

Қызы:

– Бір шөкім тұз, бір шымшым бұрыш, есіңнен көтеріліп кетпесін,

ата! – депті.

Қожекең ұмытып қалып жүрмейін деп, жол бойы айғайлап: "бір

шөкім, бір шымшым" деп келе жатқан екен, жол шетіндегі қырманда

бидай ұшырып тұрған диқан шал жүгіріп келіп, Қожанасырды

желкеге түйіп қалыпты.

– Үй! Неге ұрасың? – депті Қожекең.

– Ниетің өзіңе жолдас болғыр, неге бір шөкім, бір шымшым

Page 294: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

289  

дейсің?

– Енді не деуші едім?

– Жүз шелек, жүз қап демеймісің?

– Қожекең "жүз шелек, жүз қап" деп айғайлаған беті желкесін

сипап жолына түседі. Сол бетімен бара жатса, көл жағасында

мылтығын оқтап үйрек аңдып тұрған бір аушы жүгіріп келіп

Қожанасырды арқаға періп қалады.

– Ей, неге ұрасың? – деп сұрапты.

– Қастығың бар ма? Тыныш жүрмей неге айғайлайсың?

– Енді қайтіп жүр дейсің?

– Үндемей, дауалдың түбімен еңбектеп өтіп кет!

Қожекең оған да "мақұл" деп, дауалдың түбімен еңбектеп келе

жатқан екен. Оны көрген бағбан ұры екен деп күмəнданып,

байқатпай келіп таяқпен қыр жіліншікке салып қапты.

– Зəредей күнəм жоқ, неге бүйтіп қан қақсатып ұрасың адамды? –

депті Қожекең ашуланып.

– Сен ұры болмасаң неге там жағалап, жасырынып еңбектеп

жүресің?

– Ендеше қайтіп жүрсем болмақ?

– Қан жолдың қақ ортасымен тіп-тік жүр.

Қожекең оған да мақұл болып жолына түседі, əрең дегенде үйіне

Page 295: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

290  

жетіпті, Қожекеңді көп тосып, қазандағы сорпасы да суып қалған

болса керек. Қатыны Қожекеңді көрген жерден:

– Тез айтшы, қаншалық тұз-бұрыш салу керек екен? – депті.

– Сорпаңды ит ішсін! Қазаның қаңсып, түбі түссін! Сен

төркініңде, қыз үйде, тұз орнында тұрса мен мұншалық жəбір

көрмес едім ғой! – депті əбден жəбірленген Қожекең жыламсырап.

ЖҮГЕРІ НАН

Қожанасырдың əйелі ет асыпты. Бір кесе сорпа мен жүгері нанын

Қожекеңнің алдына қойыпты. Қожекең жүгері нанын сындырып

кеседегі сорпаға салған екен барлығы түбіне шөгіп кетіпті.

– Малтау білмейтіні бар, көлге түсу қай теңі екен? – депті

Қожекең жүгері нанына ренжіп.

АҚЫРЕТКЕ ҚАЙТІП ЖАЯУ БАРМАҚПЫН

Қожанасырдың жалғыз есегі өліп қалып, қатты қайғырыпты.

Оған бір танысы көңіл айтып:

Page 296: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар

291  

– Қожеке, қайғырып қайтесіз, барлығымызда бір күні сол

ақыретке барамыз ғой, – депті

– Ақыретке мініп бара жатқан жалғыз есектен айрылып отырсақ,

– депті Қожекең оған жауап орнына, – Енді қайтып жаяу бармақпын?

БІЛІМ АЛУ ҮШІН

Бір күні топты бала мектепке бара жатса Қожанасыр да олардың

артынан еріп отырып мектепке барыпты. Балалардың барлығы өз

сыныптарына бөлініп кіріп кетіпті де Қожекең қайсы сыныпқа

кірерін білмей аңырып қалыпты. Мұны көрген балалар:

– Қожеке, кімді іздейсіз? – деп сұрапты.

– Оқитын жерді іздеп таба алмай жүрмін, – депті Қожекең.

– Жасыңыз ұлғайып қалғанда оқып қайтпексіз? – депті балалар.

– Білім алу кəрі-жас деп айырмайтын шығар? – депті Қожекең.

Page 297: ҚОЖАНАСЫР · 2015. 5. 14. · 5 – Дыбысыңды шығарма, ұры қашып кетіп жүрмесін депті Қожанасыр, – Егер ұрылар