30
Жоспар Кіріспе................................................ ..................... Негізгі бөлім.................................................. .......... 1. Практик психологка сипаттама 2. Практик психологтың кәсіби іс –әрекетінің міндеттері 3.Практик психологтың міндеті 4. Практик психологтың кәсіби іс- әрекетіндегі психотерапияның алатын орны 5. Практик психологтың қызметінің тиімділігі Қорытынды............................................ ............. Пайдаланған әдебиеттер.................................... Кіріспе Практикалық психологтардың міндеттері адамдардың неғұрлым шығармашылықты және икемді болуларына көмектесуге бағдарланған практикалық психологиядан туындайды. Практикалық психологтар өзерінің кәсіби іс-әрекеттерімен адамдар өмір сүріп, жұмыс жасайтын жерлердегі қиындықтарды шешу үшін теориядағы жетістіктерді және психологиялық әдістерді қолдану арқылы адамдардың психологиялық денсаулығын жақсартуға және қоғамның психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етеді. Психологтың кәсіби іс-әрекетінің міндеттемелері мен түрлері факторлардың 2 тобымен анықталады: (1) практикалық психологияның құрылымына қатысты мамандандырылуымен және (2) оның өзі жұмыс жасайтын адамдардың (клиенттердің) немесе топтың психологиялық қиындықтарының сипатымен анықталады. Осыған байланысты практикалық психологияның құрылымында психологтар іс-әрекеттерінің: психодиагностика; психотерапия; психологиялық түзету;

практик психолог (2)

Embed Size (px)

Citation preview

ЖоспарКіріспе.....................................................................Негізгі бөлім............................................................1. Практик психологка сипаттама 2. Практик психологтың кәсіби іс –әрекетінің міндеттері 3.Практик психологтың міндеті4. Практик психологтың кәсіби іс- әрекетіндегі психотерапияның алатын орны5. Практик психологтың қызметінің тиімділігіҚорытынды......................................................... Пайдаланған әдебиеттер....................................

КіріспеПрактикалық психологтардың міндеттері адамдардың неғұрлым шығармашылықты және икемді болуларына көмектесуге бағдарланған практикалық психологиядан туындайды. Практикалық психологтар өзерінің кәсіби іс-әрекеттерімен адамдар өмір сүріп, жұмыс жасайтын жерлердегі қиындықтарды шешу үшін теориядағы жетістіктерді және психологиялық әдістерді қолдану арқылы адамдардың психологиялық денсаулығын жақсартуға және қоғамның психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етеді. Психологтың кәсіби іс-әрекетінің міндеттемелері мен түрлері факторлардың 2 тобымен анықталады: (1) практикалық психологияның құрылымына қатысты мамандандырылуымен және (2) оның өзі жұмыс жасайтын адамдардың (клиенттердің) немесе топтың психологиялық қиындықтарының сипатымен анықталады. Осыған байланысты практикалық психологияның құрылымында психологтар іс-әрекеттерінің: психодиагностика; психотерапия; психологиялық түзету; психологиялық кеңес беру; профилактика; психогигиена, яғни дені сау өмір салтын тәрбиелеу, реабилитация; психологиялық ағарту және ғылыми зерттеулерді жүргізу сияқты түрлері ерекшеленеді. Психологиялық көмектің кең таралуына байланысты оның тиімділігі туралы мәселе өзекті бола бастады. Психологтың жұмысының мерзімдік аспектілері мен сапаларына қойылатын талаптар артып отыр. Психотерапияның тиімділігін бағалау бірнеше жағдайларды ескерумен жүзеге асады. 1. Психолог ие болуға тиіс тұлғалық сапалардың тізімі клиентпен бірге уайымдап, оны сезіне білуден тұрады. Психологтарды көбінесе кішкене оқиғаларды ұлғайтып қарауға дайын тұратындықтары үшін сынайды. Дегенмен, психотерапия жекелерден маңыздыларды анықтап, ұсақтарды қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Үш-төрт детальдарды бөліп алу арқылы психолог көптеген нәрселерді біле алады. Ұсақтарды анықтап, түсініп, оларды пайдалана білу үшін психолог оларды сезіне білу қабілетіне ие болу керек. Бұл жай ғана уайымшыл әйел деп оны елемеу, яғни

психотерапияның мәні болып табылатын ең маңыздыны елемеумен бірдей. Тіпті психолог техниканы шексіз біліп, бірақ клиенттің уайымын, қамқорсыздығын, қозулығын сезіне білуге мүмкіндік беретін өзінің сезімталдығын шектесе, онда оның профессионалдығына күмәнмен қарауға болады. Ол осындай қабілетке ие болуға міндетті және өзінің әрекеттерін басқара білуі керек.

Психологтардың көпшілігі адамзат қатынастарының мәнін түсініп, оларды уайымдауға бейім. Олар үшін өмірдің әрбір сәті мазмұнға толы. Олардың сеанстары шешуші кездесуге айналады, айтылғандардың барлығы терең мазмұнға толы болады. Келесі психологтар клиентке «техникалық» жағынан қарайды. Олар үшін тек қана қорытынды ғана маңызды, яғни мәселенің мәні. Осындай психологтардың кейбіреулері істің мәніне байланысты қасында өзге адамдардың бар екенін сезінбейді. Олар өз сезімдеріне сенбейді. Олар тұлғалық ерекшеліктерді жылдам сезінетін серіктері асығыс қорытынды жасайды деп есептейді.

Клиентің әрекетіне деген реакциясын ұмытқан психолог қарым-қатынас кезінде оны адекватты бағалайды, бірақ өздерінің сезімдерін қайта құра алмайды, себебі олар оған қате болып көрінеді. Мысалы, клиент оған ұнамай қалды, бірақ ол мұны оған айтуға қорқады: мүмкін ол адамдарға көмектескісі келгені үшін психолог болған шығар, міне енді оған көмекке келіп еді оған адам ұнамай қалды. Бұл когнитивті диссонанс және психолог бұны тіпті өзіне де мойындамайды. Психотерапияның кейбір мектептерінде келесідей ереже бар: «өзінің мәселесіне ұқсас мәселесі бар пациентпен психолог жұмыс істемеуі керек; терапевтің өзі орындай алмағанды пациент орындай алады деп күтудің қажеті жоқ».

Кейде психолог өзін қамқорсыз, компетентсіз сезінеді. Мұндай реакцияны сезініп және түсіне білу керек: шындығында да оның себебі осы клиент пе? Мұны түсініп өзінің қамқорсыздығын мойындай білу ерлік. Мұнсыз кәсіби және тұлғалық өсу мүмкін емес. Мұндай жағдайларда өздеріне есеп бере білетін және сезімдерін түсіне білетіндер сеанстарда айтылғандардың барлығын әрқашан естеріне түсіре білуге қабілетті болады. Өз мамандықтарын күшейтуге оларда мүмкіндік бар, бірақ қиындықпен. Олар практиканың басында өздерінің байсалды серіктестеріне қарағанда профессионал болып көрінеді. Бірақ реакция бере білу қабілеті - психолог үшін бірінші кезекте. Осыған ие психологтар түптің түбінде керемет профессионалдар болып шығады. Олар тіпті бас кезінде сенімсіз болып көрінгенмен де, өмірге деген мұқият зейіннің маңыздылығын олар өздерінің бағыттарымен көрсетеді.

Психологқа ақыл мен ерлік қажет. Ол пациентпен жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін компромиске тырыспай, қажет және дұрыс деп тапқандарын орындау керек. Пациент үшін жауапкершілікті сезінуі керек. Психотерапевт жан жақты болу керек, бір әдістен келесі әдіске өте біліп, адам тұлғасын романтикалық ете білуі керек.

2. Өз ісіне білікті психологтың кәсіби қызметінің төмендегідей белгілермен айырықшаланатынын тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген ТМД әдебиеттеріндегі материалдарға сүйенеміз.

Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін мінез-құлық болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда,өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.

- Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді. Мысалы, психолог өзіне көңіл аударған адамға өз мамандығын жете меңгерген кәсіп иесі екендігін көрсете алудың орнына немесе өз ой түйіні арқылы өзіне көңіл аударған адамның түсініктерін түгелдей жоққа шығарып, мән-мағынаның бәрін жойып жібереді.

- Өз ісіне білікті емес психолог психологиялық көмек көрсету мақсатын өзінің «Мен-тұжырымдамасы» арқылы құруға тырысады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіне қөңіл аударған адамның «Мен-тұжырымдамасын» жоққа шығарып, оның құқықты қолдану жүзеге асыруға ықыласты білдірмейді. Өз ісіне білікті емес психолог – бұл мақсатын көздейді, өзінің бойындағы ерекшеліктерін іске асыру үшін қолданады. Клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді.

- Өз ісіне білікті психолог вербальды және вербальды емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білуі керек.

- Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.

- Өз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.

- Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.

- Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өйткені жұмыс барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.

- Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қала береді.

- Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін «Мен» деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғарғы мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарға байланысты жүзеге асырады.

- Өз ісіне білікті емес психолог «Мен» деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол өзінің мәдени өнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандартты деп түсінеді.

- Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Осы псилогиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударушының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушы бір-бірінен нақты ажырата алады.

- Өз ісіне білікті психолог кәсіби қызметті барысында барлық қатысушылардың жауапкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзіңде бір-бірінен дұрыс ажыратып отыру жауапкершілігін жүзеге асырады.

- Өз ісіне білікті емес психолог құпиялықты сақтай алмайды, психологиялық ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.

- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрәжесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестермен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының «Мен тұжырымдамасын» қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды.

- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.

- Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: «Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істеймін»- дегені оның өз ісіне жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпайылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өзі үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді.

- Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ғана жұмыс істеуді қарастырып, өзінің «Мен тұжырымдамасын» психологиялық ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: «психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын»- деген сенімді ойда болады.

- Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады және де керісінше клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өз ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер ету, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді.

- Өз ісіне білікті емес психолог үшін тұлғааралық және өзара әсер етуде түсінушілік болмайды. Ол өз іс-әрекетінің барысында тек тікелей әсер етудің бейнесін бір жақты байқайды және көреді. Сөйтіп, өз ісіне білікті емес психолог «Мен тұжырымдамасын» және оның дәрежесін жоғары қойып, көңіл аударған адаммен есептеспей, өзінің ойын ерекше бөліп көрсетуге тырысады. Ал, өз ісіне білікті психолог өзінің «Мен тұжырымдамасының» мазмұнын және оның клиентпен өзара әрекеттегі қосылу дәрежесін бөліп, айырықша атап қарамайды.

Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен

сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.

- Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіби рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді.

- Өз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлермен немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, өзінің мықтылығын айырықша көрсеткендігін байқатады.

- Өз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады. Бұл жалпылама ғылыми білім өз жұмысының барысындағы жаңа теориялар мен жаңа қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Өз ісіне білікті психолог оларды негізінде психологиялық көмек көрсетудің өзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана теорияны ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас көзқарастарды қабылдауға икемділік танытып, өзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға көшуге тырысады.

- Өз ісіне білікті емес психолог бір ғана өзіне танымалы теориямен жүруді көздеп, альтернативтік ойларға көңіл аудармайды, ол басқа көзқарастарға жүйе ретінде талдау жасай алмайды, басқаша айтқанда өз ісіне білікті емес психологтың қорытындыланған теориясы өзінің жеке ойының нәтижесі емес.

- Өз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы – сол теорияны шындықтық көрінісі деп түсінумен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс көріп байқайды және түсінеді. Ол теорияны адамның мәдени және жыныстық тиістілігіне байланысты жетілдіретін және өзгертетін , ойлаудың тәсілі деп қарастырады. Осыған орай, өз ісіне білікті психологтың қатынасы өз мәнерінде кез-келген теорияны ойлауда адам өмірінің психикалық шындығын, сондай-ақ мәдени және жыныстық тиістіліктің шындығын бейнелейтін кезеңдерде бөліп қарауға негізделген. Басқа сөзбен айтқанда өз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны өз теориясын қорытындылағанда

көрінетіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады.

- Өз ісінің білікті емес психолог әр түрлі теорияның авторларына қарсы шығып, теорияның заты мен әдістерін жеке көрсете алмайды. Ол үшін өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді. Өз ісіне берік психолог позициясы кәсіби рефлекске құрылады, ал өз ісінің берік емес психологтың позициясы Мен-концепциясына құрылады. Мұны мына төмендегідей формуламен көрсетуге болады.

ПБП (практикалық білікті психолог) - (жалпылама теория; Мен-психолог; «Мен-тұжырымдама»), бұл жерде ПБП өз ісіне білікті психологтың позициясы. Ол жалпылама теорияның рефлексиясына, оның кәсібіне қатынасы, мен-тұжырымдама мазмұны рефлексиясы дегенді білдіреді.

ПБК (Мен-психолог; Мен-тұжырымдама), бұл жерде өзіне көңіл аударған адаммен қарым-қатынас мәнісі (Мен) практикалық психологтың Мен-тұжырымдамасының мазмұнымен анықталады.

Бұл формуларлық негізінде сипаттау өз ісіне білікті практикалық психологтың күрделілік дәрежесіне қарай оның жұмысын ұшқыштың жұмысына тең келетін күрделі сәт. Мұның өзі тұрақты кәсіби рефлексияның өзіне көңіл аударған адаммен /тұрақты/ қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі, яғни кәсіби нақты әрекет жасай отырып, пайдалы психологиялық көмек көрсетудің көрінісі деп айтуга болады. Практик психолог қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Психолог білім беру мекемесіндегі тәрбиешілер мен педагогтарға «Жедел жәрдем», балаларға «күтуші»ретінде емес, кәсіби маман ретінде келеді.Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын,психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психи-калық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді.Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап –үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді.Білім беруде екі басты іс-әрекет жасаушы – мұғалім және оқушы. Бірақ педагог пен балаға психологиялық кеңес беруді қажет етеді. Неге мектепте балалар пән мағлұматтарын меңгеріп үлгермейді, неге қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі, неге кейде агрессивті, жалқау. Осы және тағы басқа сұрақтар ата-аналар мен педагогтарды ойландырады.Осындай мәселелермен олар психологқа жүгінуге даяр. Ал психолог бұл мәселелерді шешу үшін келесі талаптарды орындауы қажет.

Психологиялық кәсіптілік – бұл психологиялық мәселелерді шеше алу және оларды көріп қорытынды жасау болып табылады.Мектеп жағдайына қатысты, идиалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты енгізу болып табылады.Қазіргі кездегі мектептердегі психологтордың алдында мектеп әкімшілігі жағынан танымдықтары мотивтенген балаларды іздестіру тапсырмасы тұрады. Біздің пікірімізше бұл тапсырманы басқалай құрастыру жөн: іздеу емес,танымдық мотивацияны құру. Себебі, танымдық мотивацияны құру арқылы оқушылардың мотивацияларын дамыту дұрыс.Білім беру жүйесінің мәселесінің мазмұны баланың танымдық ерекшеліктері мен тұлғалық эмоционалды сферасын диагностикалау мәселесімен тікелей байланысты. Бірақта көпшілік мектептің бетке ұстар мұғалімдері «психолог тестер ғана өткізеді» деп ескертеді. Бұл әрине өкінішті.В.П. Зинченко «Диагностикалау тек тестерге негізделмейді, оның интерпритациясының өңделуіне негізделеді» дейді Яғни бұл жағдайда біріншіден қажет ерекшелікті анықтау, екіншіден нені түзету керек соны іздеу. Егер психолог тек сандармен сызбанұсқаларды сызумен ғана шектелсе шындығында бұл психолог психолог емес.Мектепке қатысты идеалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты кірістіру, алайда бұнда бұл әрекетті қолдану мүмкіндігі аз. Біздің ойымызша, ең мүмкін болар шешім: психологтың мұғалімдермен жұмысы. Осылайша мектептегі психологиялық қызмет туралы ғана емес, психологиялық-–педагогикалық бірлескен іс-әрекет туралы сөз ету орынды.Психолог өз жұмысын жүргізу үшін ыңғайлы орын қажет.Кабинет – бұл қажетті психологиялық қызметтердің компоненті.Психолог кез-келген мекемеде жұмыс істей отырып, негізгі тапсырмаларды шешеді. Кейбір неғұрлым қажетті іс-әрекеттерге көңіл бөлейік: практикалық психолог ең бірінші психология – педагогикалық шарттарды бақылауға міндетті. Ол балалардың даму ерекшеліктері баланың негізгі даму барысында қалыптасқанын ескеру керек.Баланың дамуындағы шарттарды талқылау барысында Л.С.Выготскийдің «дамудың жақын аймағы» принципін қолдану дұрыс. Бұл принципті қолдау арқылы психология-педагогикалық бағдар дамудың сол деңгейінде бала жақын арадағы уақытта неге жете алатындығын бейнелейді. Педагогикалық тәжірбиеде бұл принциптің негізгі қиындығы «дамудың жақын аймағы». Дамудың жақын аймағы жасөспірімдерде және жоғарғы сынып оқушыларында ересек адамдармен өзін тану, интелектуалды және тұлғалық рефлекция, өзіндік ұйымдастыру мәселесі аумағында құрылады. Дәл осы кезеңде өмірлік көрінісі, өзін-өзі тануы, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін,қызы-ғушылықтарын сынап көруі қалыптасады.Педагогикалық ұйымда, сол сияқты жанұяда үнемі әр түрлі қақтығыстар болады, көбінде ересек адамдардың психологиялық хабарсыздығынан, бірін-бірі тыңдай алмауынан, тыңдағысы келмегеннен, түсінбеуден, кешірмеуден болады.

Сондықтан да, тәжірбиелі психологқа балалармен жұмыс істейтін адамдардың психологиялық мәдениетін көтеру қажет.

3.Практикалық психологтың міндеттері практикалық психология рухының нақтылануы, оның жауапкершілігінің сферасы мен шынайы жағдайларының сипатталуы болып табылады. Мәселен, балалармен және жастармен жұмыс жасайтын психологтар: агрессивтілігі мінез-құлық ұзақ мерзімді мазасыздық, зейінсіздік, мөлшерден тыс сезімталдық, ынжықтық, мектепке барудан, сабақта жауап беруден қорқу, жүйелі ұрлық баланың үйде немесе мектепте өтірік айтуы, мектептен немесе үйден қашып кету; мінез-құлықтағы күтпеген өзгерістер, оқудағы төмен нәтижелер, сабақтың бірін меңгерудегі қиыншылықтар; мектептегі оқушыға қызығушылықтың болмауы; сөйлеу тілінің шығу тегі; жүйке-психикалық бұзылыстары; бастың жүйелі ауыруы, ұйқының қашуы, себепсіз шаршау сияқты педагогикалық құралдармен шешілмейтін мәселелермен айналысады. Практикалық психологтың кәсіби іс-әрекеттерінің міндеттерін екі негіздеме бойынша бөлген орынды. Бірінші негіздеме бұл – іс-әрекеттің ұйымдастырушы көркемделуінің сипаты. Психолог қайсыбір мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымның штаттағы қызметкері бола алады, тәжірибелеуші маман ретінде өз бетінше немесе аймақтың кеңес беруші, психотерапевтік немесе диагностикалық құрылымның құрамында жұмыс жасай алады. Қайсыбір ұйымда жұмыс жасайтын психолог сол ұйым іс-әрекеттерінің ерекшеліктерінен және оның жағдайларынан туындайтын міндеттерді шешеді. Ол еңбекті психологиялық жақсарту, тұлғаралық және топ аралық қатынастарды басқару жөніндегі ұсыныстарды жасайды. Қызметкерлердің психикалық қысымының, моралды күйінің, эмоциялы ахуал деңгейінің мониторингі және ықтималды өңдеулермен, оқиғалармен байланысты сол көрсеткіштерді болжау, оның (психологтың) басты ісі болып болып табылады. Клиникалық психолог негізінен психологиялық көмекке мұқтаж адамдардың мәселелерін шешумен айналысады. Әрине өз-өзіне сыйластықпен қарайтын маман қолына алған міндеттерінің шеңберін кәсіби біліктілігінің деңгейімен шектейді. Кәсіби психолог, өз мүмкіндіктері мен біліктілігінің деңгейін шынайы бағалайды. Сол мүмкіндіктерінің шектеулерін түсініп мойындайды, қызметтестерімен және аралас мамандықтардың өкілдері – психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және т.б. бірлесіп қызмет етеді. Оның клиентке «жоқ, мен бұл мәселелермен айналыспаймын» деген жауабы, оның кәсіби біліксіздігінің көрсеткіші емес. Психологтың міндеттерін дифференциялаудың екінші негіздемесі – олардың жоспарға қатынасы. Негіздеме бойынша жоспарлы (ағымдағы) және шұғыл міндеттер ерекшеленеді. Жоспарлы міндеттер ұйымдағы

қызметкерлер іс-әрекетін психологиялық қамтамасыз ету қажеттілігімен немесе клиникалық қабылдау режимімен міндеттеледі. Жоспарлы міндеттердің кейбірі қысқа мерзімді болса, тағы бірі ұзақ мерзімді болады. Қысқа мерзімді міндеттердің нақты құрылымы, мақсаты және нәтижесі болады. Мәселен, оларға тестілеу жатады. Ұзақ мерзімді міндеттер психологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіруге бағдарланған нақты идеялар мен ойлардың жүзеге асуын білдіреді. Ұйымдастырушы психологтың ұзақ мерзімді міндеттері психологияның заңдарына сай персонал іс-әрекеттерінің жағдайларын жүйелі жүргізуінде анықталады. Бұл жеке-дара сәйкессіздіктердің, қолайлы шешімдердің анықталуын көздейді және билікке ие қызметкерлерді үгіттеуді, психологиялық тұрғыда қажет деп есептелінсе, ұйымдастырушы, қаржылық, технологиялық және басқа да өзгерістерді болжайды. Психологтың клиентпен қызметі мазмұны мен мерзімі бойынша нақты белгіленбеген нәтижелермен ұзақ мерзімді міндеттердің мысалы болып табылады. Кикілжіңдер, апаттар, залалдар, жеке-дара зорығу, сондай-ақ аталған және басқа да эксцесстердің кері психикалық және әлеуметтік психологиялық салдарын жою сияқты қызметкерлердің жұмыс жасауының реттелген үрдісіндегі кез келген бұзылыстардың психологиялық себептерін анықтау ұйымдастырушы психологтың шұғыл міндеттерінің қатарына жатады. Практик психологтың алдындағы міндеттердің қалай құрастырылатыны жайлы сәйкес құжаттардан білуге болады. Мәселен, мектептегі психологиялық қызметтің өзіне тән мақсаттары мен міндеттері бар. Оның негізгі мақсаты – балалар мен жас өспірімдердің психикалық денсаулығы мен білім алу қызығушылықтарына ықпал ету. Бұл: оқу-тәрбие процесінің психологиялық диагностикасын; мектептегі балалардың танымдық эмоциялық және әлеуметтік дамуына толыққанды ықпалын қамтамасыз ету мақсатында психологтың белсенді кірісуін: педагогтар мен ата-аналарға, балаларға қамқорлық көрсетуге қатысты барлық мәселелерде көмектесуді; мұғалімдер мен ата–аналарды психологиялық оқытуды; оқушылардың жеке-дара қиындықтарын және педагогтардың кәсіби мәселелерін шешуде мектеп қызметкерлерімен және ата-аналармен бірлескен жұмысты болжайды. Мектептегі психологқа төмендегідей міндеттер жүктеледі: балалардың оқуға даярлығын анықтау, мұғаліммен бірлесіп бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды мектепке бейімдеудің жеке-дара бағдарламасын құрастыру; оқушылардың даралық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдермен және ата-аналармен бірігіп, дамытпалы бағдарламаларды даярлау және жүзеге асыру; оқушылардың өміріндегі өтпелі кезеңдерді қадағалау; үлгермеуші және тәртіпсіз оқушылармен диагностикалық түзету жұмыстарын жүргізу;

оқуға және тәрбиеге кедергі келтіретін оқушылардың интеллектілі және тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау және түзету; оқушылардың мұғаліммен, құрдастарымен, ата-аналарымен тұлғааралық қатынастарындағы бұзылыстарды анықтау және жою; балаларды оқыту және тәрбиелеудің, олардың психикалық қызметтерінің дамуының психологиялық мәселелері жөнінде мектептің әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беру; оқу, даму, өмірде өз-өзін анықтау, өз-өзін тәрбиелеу, ересектермен және құрдастарымен өзара қатынастары жөнінде оқушыларға жеке-дара және топтық кеңес беру; оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау және оларды дамыту жөнінде оқушылармен тұрақты жұмыс жасаудың қорытындысы ретінде кәсіби бағдарлау. Осылайша, практикалық психологтардың кәсіби міндеттері оның іштей мамандануымен және нақты ұйымның іс-әрекеттеріне қатысуымен міндеттелген психологиялық проблемалардың табиғаты мен бастапқы бағдарынан туындайды. Пихотерапия - іс шаралардың, адамның психикасына ықпал етудің жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай-ақ сәйкес мәселелерді зерттейтін дәрігерлік және тәжірибелік психологияның саласы. Психотерапияны психологиялық құралдармен жүйке-психикалық және психосоматикалық ауруларды және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екіге бөледі. 4.Психотерапия — психология және медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қодданылатын психологиялык, құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Бұл термин сөзі адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипнөз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.«Психотерапия» грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген ұғымды білдіреді. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады. Психотерапияның негізі – логопедия (сөзбен әсер ету). Бұл арада К.С. Станиславскидің «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөзі

ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірімен астасып жатыр.Ю.В.Каннабих «Психотерапия дегеніміз – ауруларды емдеуге психикалық әдістерді жоспарлы түрде қолдану» дейді. Психотерапияда ауруға себепші болатын психикалық әсерлер аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы, жүйелі және біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған адаммен күнделікті жұмысы – психотерапия. Оған дәрігер диагноз туралы ойы, сырқат адамға дертін түсіндіруі, жазылған рецепті берердегі жігерлендіру сөздері т.б. жатады.«Психотерапия» - термині 1872 жылы Д.Тьюктың «иллюстарция»влияние разума на тело» - кітабында енгізіліп, 19 – ғасырдың аяғынан кең қолдана бастады.

Психотерапияның бұл күндері кең мағынада қолданылуы туралы Страсбург қаласында Европа психотерапевтер ассоцияциясының 1990 жылы қабылданған Декларациясында көрсетілген. Аталған декларацияда психотерапия «көңіл – күйдің жалпы гармониясы» - на бағытталған және төмендегі міәндеттерді қамтиды:- психотерапия гуманитарлық ғылым саласы ретінде мамандықтарды еркін қолданылады;- психотерапия білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық дайындықты талап етеді.- психотерапия әдістердің көптеген түрлері қолданылады.Психотерапия дегеніміз – ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негіздлген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі – сөзбен әсер ету. Бірақ психотерапияда сөзден де басқа көптеген факторлар қолданылады.Жалпы және арнайы психотерапия болады. Психотерапияның көптеген әсерлерін барлық маман дәрігерлер қолдануы керек. Психотерапияның кейбір арнайы түрлерін (гипноз, өзін - өзі жаттықтыру) тәжірибелі, бұл саланың арнайы тәселдерін игерген психотерапевтер жүргізуі керек.

Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия), оларға күн сәулесі де, есік пен желдеткішті ашып – жабуда, оларғакүн сәулесі де, әтірдің иісі де тез әсер етеді. Ауру адам сыпайылығын сақатап осыларды кейде айтпауы мүмкін. Ал мұны дәрігер түсінуі керек.

Ауру адамдарды қарау, процедуралар мен белгілеулердің орындалуында адамдардың табиғи ұялшақтығын ескеру керек. Сондықтан айтылған ерекшеліктерді естен шығармау қажет. Аурухана жағдайында мейіркештер дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқаша болған жағдайда, ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл күйі төмендеп, жүйке жүйесі зақымданады. Қорғау режимін сақтауда қызметкерлердің өзара қарым – қатынасы үлкен рөл атқарады. Лауазымы жоғары тұрған қызметкерлер басқаларға ауру адамның көзінше даусын көтеріп сөйлемегені, ескерту жасамағаны дұрыс.

Аурухана кафедраларын клиникалық базасы болғандықтан, олардың жағдайы мүлде ерекше. Қорғау режимі студенттердің үнемі есінде болуы керек. Егер студенттердің сыртқы пішіні жарасымды, сыпайы болса әрі олар

өз ісіне ұқыпты қараса, ауру адамдардың да көңіл күйі дұрыс болары қақ. Ешбір ауру адам студенттің дөрекілігін көтермейді. Мекеменің бағытына байланысты қорғау режимінінің ерекшеліктері де түрліше болады. Ауру адамды ауруханаға қабылдау кезінде оны қай палатаға орналастырудың да мәні зор. Мұндайда ауру адамның жасы, ерекшеліктері, ақыл – ойының дамуы, ауруының күштілігі барынша ескеріледі. Ауруы асқынған адамдарды жеке палатаға жатқызған жөн.

Рентгендік тексерудің өзіндік ерекшелігі бар. Ауру адамдар (әсіресе туберкулез, жара не ісігі барлар) осы тексеруді объективті санап, үмітпен асыға күтеді. Бұл тексерудің алдында ауру адамдар түні бойы ұйықтай, мазасызданып, қобалжып, сақтанады. Сондықтан рентгенолог дәрігер, емдеуші дәрігер мен мейркеш рентген бөлмесінде абайлап сөйлеп, ауру адамның көзінше дәрігерлік тұрғыдан пікір айтпау керек. Кез келген таныс емес сөзді ауру адам өзінше түсінеді. Дәрігердің «өкпесі мөлдір» екен деген сөзіне ауру адам секем ала. Егер ауру адам түсіндіруді сұраса, оның ол сұрауын орындау қажет. Өйткені ауру адам дәрігердің журналға жазғанын өінше түсінетіндіктен, олардың өзін - өзі өлтірмекші болғаны, сөйтіп психиатриялық ауруханаға түскені туралы деректер аз емес.

Бастин (Bastine R., 1982) психотерапияны ондағы психикалық сипаттағы мәселелер немесе қиындықтар туындағанда науқасқа психологиялық құралдар арқылы кәсіби көмек көрсетілетін өзара жеке әрекет етудің ерекше түрін айтады.П.Ледер (Leder S., 1993) жан-жақтылығын белгілей отыра, психотерапия туралы келесідей ұғымдарды атайды:1) психикалық және тәндік қызмет саласында ағзаның жағдайы мен қызметіне ықпал ететін емдеу әдісі ретінде;2) үйрету үдерісін қөзғалысқа келтіретін әсер ету немесе ықпалын тигізу әдісі ретінде;3) әлеуметтік бақылау мақсатына қызмет ететін құрал қимылы әдісі ретінде;4) адамдардың өзара әрекеттесу мен қатынасу барысында болатын құбылыстар кешені ретінде.Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк (Tuke D.Н.) енгізді. Психотерапия термині гипнөз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90-жж. ғана жалпы қолданылатын болады.Штротц (Strotzka Н. Н., 1982) пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі.»Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу

талпынысынан бас тартуымен терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін белгілеу үшін қолданылады.Білімі немесе қызмет түрі бойынша дәрігерлер болып табылмайтын психотерапевттер «жанмен емдеу» бастапқы мағынасына негізделетін басқа – философиялық және психологиялық — психотерапияның моделін ұсынады. Бұл көзқарастың негізгі мақсаты психикалық бұзылуды емдеу емес, онда психотерапевт аурудың серігі, досы, тәлімгері ретінде болатын сана және жеке тұлға қалыптасу үдерісіндегі көмек.Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ. Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға талпынған Александрович (Aleksandrowicz J.W., 1979) болды:1) техникалар сипатындағы әдістер;2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін жағдайларды анықтайтын әдістер;3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын әдістер;4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы мағынасы да бар (Исурина ГИПНОТЕРАПИЯ, 1995), себебі олардың әрқайсысы түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына қатысты нақты алғышарттарға байланысты.

1985 ж. өзінде Б.Д.Карвасарский психотерапияны келесідей жіктеген:1) жеке-нысаналы психотерапия әдістері;2) суггестивті (ұйыту) психотерапия әдістері;3) мінез-құлық (шартты-рефлекторлық) психотерапия әдістері.Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді. Психотерапевтикалық әсер ету — бұл белгілі мақсаттарымен, сол мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен, қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық тексерісімен және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалық-психологиялық араласу (интервенция) түрі. Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның

әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән. Психотерапевтік көмек тұлға құрылымындағы үлкен өзгерістермен сипатталатын реконструкциясының өңделуінің ұзақ мерзімді үрдісі. Клиент, тұлғасының реконструкциясына мұқтаж болғандықтан оған белсенді ықпалды болжайды. Психотерапевтің клиенті бұл – психикалық ақиқатының қайта жасалуы немесе реконструкциясы қажет адам. Психотерапия ойлаудың, мінез-құлықтың және тұлғаның өзгеруімен клиентпен ұзақ қатынасумен ассоциацияланады. Өте жиі психотерапияны психикалық патологияның проблемаларымен айналысады деп есептейді. Шынымен, психотерапия көбінде «қалыпсыз» клиенттермен жанасады. Жиі психотерапия клиентке медикаментоздық ықпал етудің фонында жүзеге асып, емдеудің қосалқы әдісі ретінде анықталады. Психотерапияның маңызды ерекшелігі клиент тұлғасының реконструкциясына, әсіресе, оның бірінші сатыларында жауапкершілік психотерапевтің мойнында болатынында. Психологиялық кеңес беруде тұлға өнімділігінің өзгеруімен байланысты нәтижелерге жауапкершілік психолог пен клиенттің арасында бөлінеді. Тәжірибеде психологиялық көмектің жеке түрлерінің арасындағы айырмашылықтар жоғалады, өйткені көптеген мамандар оларды бір-бірінен ажыратпайды. Сұхбаттасушы клиенттің күрделі проблемаларын анықтаса, бірден кеңес беруге немесе психотерапевтік әдістерге көше алады. Психотерапевт үнемі сұхбаттасу мен кеңес беруді қолданады. Психологиялық көмектің кейбір түрлері әлеуметтік қолайлы тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Бұл – терапия алдын–ала келісімсіз жүзеге асатын мекемелерге тән. Терапияның көптеген түрлерінің жарияланатын мақсаты – «тұлғаға дербес бағытын табуға, одан кейін сол бағытпен байланысты мақсатқа жетуге көмектесу». Алайда психологтардың барлығы сол мақсаттарды қол жетерліктей жасай алмайды. Осылайша психологиялық көмек, бұл – жалпылама ұғым. Сұхбаттасу, диагностика, кеңес беру және психотерапия клиентке көмек көрсетуге бағытталғандықтан сол ұғымға кіреді. Сонымен бірге, әлемде интернационалды тәрбиеден (этноцентризмнің шеткі түрлерін жеңу) жасырын алқаштар топтарына дейін психологиялық көмек көрсету бағдарламалары көптеп кездеседі. Әрбір нақты жағдайда клиенттің проблемалары мен тұлғасының ерекшеліктерін ескеріліп, психологиялық көмектің жеке-дара бағдарламасы құрастыралады. Адамдарға психологиялық көмек көрсету бірқатар жағдайлардың негізінде өте қарапайым іс бола қоймайды. Көбінде психологиялық көмек көрсетуде тіл, мәдениет және басқа да жағдайлар кедергі келтіреді. Терапияның кейбір түрлері вербалды емес қарым – қатынасқа негізделгендіктен көбісі адамдардың сөйлегенін талап етеді. Сондықтан, психолог пен клиенттің вербалды қабеліттері маңызды рөл ойнайды.

Олардың тілдегі, мәдениеттегі және материалды жағдайларындағы кедергілер бір-бірімен тіл табысуда әсер етуі мүмкін. Психологиялық көмектің кең таралуына байланысты оның тиімділігі туралы мәселе өзекті бола бастады. Психологтың жұмысының мерзімдік аспектілері мен сапаларына қойылатын талаптар артып отыр. Психотерапияның тиімділігін бағалау бірнеше жағдайларды ескерумен жүзеге асады. 5.Психолог қызметінің тиімділігі- бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынасының мекеме мақсаттарына сәйкес келу деңгейі. Психолог қызметінің тиімділігінің негізгі факторы оның тұлғасы: профессионалдық, психологиялық құзырлық, адамға көмектесуді шын ниетімен қалау, қабылданған шешім мен әрекеттеріне жауап беру, жаңа міндеттерге, оған ұсынылған әрбір жаңа клиент мәселесінің жеке тарихына шығармашылықпен қарау. Психолог ие болуға тиіс тұлғалық сапалардың тізімі клиентпен бірге уайымдап, оны сезіне білуден тұрады. Психологтарды көбінесе кішкене оқиғаларды ұлғайтып қарауға дайын тұратындықтары үшін сынайды. Дегенмен, психотерапия жекелерден маңыздыларды анықтап, ұсақтарды қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Үш-төрт детальдарды бөліп алу арқылы психолог көптеген нәрселерді біле алады. Ұсақтарды анықтап, түсініп, оларды пайдалана білу үшін психолог оларды сезіне білу қабілетіне ие болу керек. Бұл жай ғана уайымшыл әйел деп оны елемеу, яғни психотерапияның мәні болып табылатын ең маңыздыны елемеумен бірдей. Тіпті психолог техниканы шексіз біліп, бірақ клиенттің уайымын, қамқорсыздығын, қозулығын сезіне білуге мүмкіндік беретін өзінің сезімталдығын шектесе, онда оның профессионалдығына күмәнмен қарауға болады. Ол осындай қабілетке ие болуға міндетті және өзінің әрекеттерін басқара білуі керек.

Психологтардың көпшілігі адамзат қатынастарының мәнін түсініп, оларды уайымдауға бейім. Олар үшін өмірдің әрбір сәті мазмұнға толы. Олардың сеанстары шешуші кездесуге айналады, айтылғандардың барлығы терең мазмұнға толы болады. Келесі психологтар клиентке «техникалық» жағынан қарайды. Олар үшін тек қана қорытынды ғана маңызды, яғни мәселенің мәні. Осындай психологтардың кейбіреулері істің мәніне байланысты қасында өзге адамдардың бар екенін сезінбейді. Олар өз сезімдеріне сенбейді. Олар тұлғалық ерекшеліктерді жылдам сезінетін серіктері асығыс қорытынды жасайды деп есептейді.

Клиентің әрекетіне деген реакциясын ұмытқан психолог қарым-қатынас кезінде оны адекватты бағалайды, бірақ өздерінің сезімдерін қайта құра алмайды, себебі олар оған қате болып көрінеді. Мысалы, клиент оған ұнамай қалды, бірақ ол мұны оған айтуға қорқады: мүмкін ол адамдарға көмектескісі келгені үшін психолог болған шығар, міне енді оған көмекке келіп еді оған

адам ұнамай қалды. Бұл когнитивті диссонанс және психолог бұны тіпті өзіне де мойындамайды. Психотерапияның кейбір мектептерінде келесідей ереже бар: «өзінің мәселесіне ұқсас мәселесі бар пациентпен психолог жұмыс істемеуі керек; терапевтің өзі орындай алмағанды пациент орындай алады деп күтудің қажеті жоқ».

Кейде психолог өзін қамқорсыз, компетентсіз сезінеді. Мұндай реакцияны сезініп және түсіне білу керек: шындығында да оның себебі осы клиент пе? Мұны түсініп өзінің қамқорсыздығын мойындай білу ерлік. Мұнсыз кәсіби және тұлғалық өсу мүмкін емес. Мұндай жағдайларда өздеріне есеп бере білетін және сезімдерін түсіне білетіндер сеанстарда айтылғандардың барлығын әрқашан естеріне түсіре білуге қабілетті болады. Өз мамандықтарын күшейтуге оларда мүмкіндік бар, бірақ қиындықпен. Олар практиканың басында өздерінің байсалды серіктестеріне қарағанда профессионал болып көрінеді. Бірақ реакция бере білу қабілеті - психолог үшін бірінші кезекте. Осыған ие психологтар түптің түбінде керемет профессионалдар болып шығады. Олар тіпті бас кезінде сенімсіз болып көрінгенмен де, өмірге деген мұқият зейіннің маңыздылығын олар өздерінің бағыттарымен көрсетеді.

Психологқа ақыл мен ерлік қажет. Ол пациентпен жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін компромиске тырыспай, қажет және дұрыс деп тапқандарын орындау керек. Пациент үшін жауапкершілікті сезінуі керек. Психотерапевт жан жақты болу керек, бір әдістен келесі әдіске өте біліп, адам тұлғасын романтикалық ете білуі керек. практикалық психологтың қызметінің тиімділігі тек қана оның тікелей тұлғалық сапаларымен ғана анықталмайды. Тұлғалық ерекшеліктері әр түрлі адамдар психотерапияның әр түрлі түрлерін қажет етулері мүмкін, жұмыстарының тиімділіктері клиент типтеріне байланысты психотерапевтердің арасында жүйелі айырмашылық бар. Психолог клиен және тапсырыс берушілермен белгілі бір әлеуметтік, ұйымдық, экономикалық және өзге де жағдайларда жұмыс жасайды. Сондықтан да кеңес беру жүйесі мен психотерапияның тиімділігінің басты факторы клиенттің өзі болып табылады. Кейбір адамдардың психологтың қабылдауына әуестіктен немесе оған бір нәрсені дәлелдеу ниетімен баратындары белгілі. Мұндай жағдайларды мүмкіндігінше тапсырыс кезінде болдырмау психолог маманнан және кеңес беруді жалпы қою ісіне байланысты. Клиенттің бірге жұмыс жасауға тілегінің болмауы, өз әрекетіндегі бір нәрсені өзгертуі психолог іс-әрекетін қиындатады. Клиенттің әрекеттері, әрекет етудің жалпы ережелерін сақтау, психолог кеңесін орындау практикалық психолог іс-әрекетінің тиімділігіне әсер ететін факторлардың қатарына жатады. Практикалық психология жүйесіндегі көптеген нәрселер материалдық жағдайлармен анықталады: ыңғайлы бөлме, қажетті құрал-жабдықтар және т.б.

Психолог алдында тұрған міндеттерді шешу үшін психолог диагностика жүргізетіндей және кеңес беру мен психотерапияның қажетті шараларын өткізетіндей ұзақ мерзім қажет. Уақыт жеке темпке байланысты. Әрине, уақытқа қатысты психолог және кеңес берілетін клиент, мекеме басшысы арасында келіспеушіліктер болуы мүмкін. Біріншіден диагностикалық жұмыстың тиімділігі туралы, содан барып психологиялық ықпал туралы мәселені шешкен орынды. Іс-әрекет критериилері психолог ұстанатын теориялық негіздермен, психологиялық мәлімет алуда қолданылатын әдістермен байланысты. Жұмыс теориясы ғылымның даму деңгейі мен психологтың кәсіби кемелденуін бейнелейді. Психодиагностикалық әдістердің тиімділігі сонымен қатар психологтың емделуші адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне де байланысты. Психолог алған мәліметтер белгілі бір деңгейде клиенттің мінез-құлығына да байланысты болады. Психодиагностиканың тиімділігі бағдарлама дайындау мен әдістеме батареяларын таңдау сапасына байланысты. Диагностикалық бағдарламаны тағайындау келесідей әрекеттерден тұрады. Диагностика пәнін анықтау (тұлға қасиеттері, әрекет, уайым, когнитивтік үрдістер, әлеуметтік-психологиялық құбылыс). осыған байланысты адекватты әдістемелер немесе олардың жиынтығын таңдау; таңдалған әдіс көмегімен психикалық құбылыстың қандай жолмен диагностикаланатындығын анықтау; әдістің өзі бағытталған нәрсені зерттейтіндігіне көз жеткізу. Бұл әдістің валидтілігі туралы мәселе. Әдістің қандай мақсатқа бағытталғандығын анықтау: ғылыми зерттеу үшін, практикалық диагностика немесе кадрларды таңдау мен орналастыру. Диагностикалық әдістердің өңделген нормалары міндетті түрде болуы керек және нәтижелерін интерпретациялау түсінікті болуы керек; диагностика бағдарламасын кім жүргізетіндігін анықтау керек: егер психолг болса, әдіс күрделірек болады; әдістің қай категориядағы адамдарға арналғандығын анықтау: балалар не ересектер, сау адамдар немесе аурулар, сауатты немесе сауатсыз сыналушылар; топтар немесе жеке индивидтер; диагностиканың мерзімі мен уақытын, сонымен қатар тестілеудің мерзімдік нормасын анықтау; әдістің үнемділігіне қойылатын талапты бағалау: арнайы құралдарды қажет ету, зерттеу жүргізуге арналған орынды безендіру. Клиникалық белгілердің жақсаруы психологиялық ықпалдың тиімділігінің маңызды критериі екендігімен авторлардың көпшілігі келіседі.

Қорытынды Қорыта келгенде, практик психолог қызметінің тиімділігінің кәсіби жоғары деңгейде болуы – клиенттің өзін толыққанды сезінуінің және тұлғалық мәселесінің шешілуінің кепілі Көмекке мұқтаж адам психологқа қарағанда едәуір тәуелді жағдайда болады. Сол себептен, білікті маман әрқашан басқа адамдарға көмек ұсынуда сол жағдайды ескеруі тиіс. Терапевтен қарапайымдылық пен даналық талап етіледі. Ол адамға қалай көмектесуге болатынын әрдайым біле бермейді, өйткені проблемалар жиі психологиялық теория мен тәжірибенің қазіргі жағдайы үшін тым күрделі келеді. Сондай-ақ, психологтың клиентпен өткізетін шынайы уақыты оның өмірімен салыстырғанда өте аз. Дегенмен, осындай қиыншылықтарға қарамастан адамдарға психологиялық көмек қажет-ақ, әрі олардың өмірін және тұтастай қоғамның жайын біршама өзгерте алады.

Пайдаланған әдебиеттер

Алешина Ю.Е. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. М., 1999 г2.Бурлачук Л.Ф., Грабская И.А. Кочарян А.С.Основы психотерапии. Киев., 1999 г3.Васьковская С.В.., Горностай П.Н. Психологическое консультирование: Ситуационные задачи.Киев, 19964. Введение в практическую социальную психологию. М.19965.Горностай П.Н.,Васьковская С.В. Теория и практика психологического консультирования.Проблемный подход.Киев, 19956.Кочюнас Р.Основы психологического консультирование. М. 19997.Психологическое консультирование и психотерапия.- Т1 Теория и методология. М. 19988. Рабочая книга школьного психолога \ Под ред. И.В.Дубровиной. М., 19919.Роджерс К.Р. Консультирование и психотерапия.Новейшие подходы в области практической работы \ Пер. С. англ. М., 199910.Психотерапевтическая энциклопедия \ Под общ.ред. Б.Д.Карвасарского.СП.Б. 1998

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Орталық Азия Университеті

РефератТақырыбы: Практик психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі психотерапияның алатын орны

Орындаған: Оразақын А Тексерген: Турниязова Ж

Алматы. 2014