106
Сәбет Бап-Баба ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (оқу-анықтамалық қолданба) Пікірлер Ұғымдар Түсініктер Деректер Анықтамалар Түсіндірмелер Алматы 2007

психология негiздерi

  • Upload
    -

  • View
    407

  • Download
    19

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: психология негiздерi

Сәбет Бап-Баба

ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ(оқу-анықтамалық қолданба)

ПікірлерҰғымдар

Түсініктер

ДеректерАнықтамалар

Түсіндірмелер

Алматы

2007

Page 2: психология негiздерi

ББК 88.3 С 28

Пікір жазғандар:

Қ.Ералин – профессор, педагогика докторы Б. Ортаев – доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты,

Жауапты редактор:

К.Беркінбаев – профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты

С 28 Сəбет Бап-Баба (Бабаев). Психология негіздері: Оқу-анықтамалық қолданба. Алматы: Нұр-пресс, 2007. – 06 бет.

ISBN 9965-83-6 Оқулық жоғары оқу орындарының «Педагогика жəне

психология» мамандығы студенттеріне арналады. Пəннің типтік бағдарламасы негізінде бұл оқу құралына енген

психологиялық білім мазмұны ұғым, түсініктеме, анықтамалар күйінде беріліп отыр. Бұл студенттердің дəрістер мен оқулықтардан игерген білімдерін жалпылыққа келтіріп, теориялық тұрғыдан бекітуіне жəрдем береді.

Кітап автордың бұдан бұрын жарық көрген «Жалпы психология» дəрісбаяндар курсына енбеген соны психологиялық ақпараттарды молынан қамтыды.

Оқу құралы сонымен бірге психологиялық танымен кеңейтуді көздеген кең оқырман қауымында да өз қолданымын табар деп ойлаймыз.

ББК 88.3

С 06)05(00

0303020000−

© Сəбет Бап-Баба, 2007. ISBN 9965-83-6 © Нұр-пресс, 2007.

Page 3: психология негiздерi

3

Бүкіл қазаққа төнген тауқыметті жылдарда балалығын – аштықпен, есейген шағын – соғыс зардабымен өткізіп, кемелденген кезде сырқат ша-лып, жалғызының қызығын көре алмай дүниеден ерте өткен аяулы анам (Пүлжетпес) Күмісай ру-хына арнадым.

Автор

1. Психология пәні және нысаныПсихология міндеттері

Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен ар-найы ғылым – психология(грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады.

Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген анықтамаларды қарастырайық.

1-кезең – психология жанжөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.

II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жараты-лыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспек-ция), одан алған деректерін баяндау болған.

III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.

IV-кезең – психология шынайызаңдылықтарды,психикакөріністеріментетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.

Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.

Page 4: психология негiздерi

Психологияпәні1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаныңжүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттейалуы.

Психологиянысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тари-хи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерек-шеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.

Психологияның негізгі міндеттері:- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;- психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;- психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы

ендіруге жәрдем ету.Психология зерттеулерініңміндеттеріменәдістеріқоғамдық және

жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды. Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: �) заттасқан

болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойын-дау; �) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажы-ралмас бірлікте болатынын қолдау; �) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.

XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тір-шілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.

Page 5: психология негiздерi

5

Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.

Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен дамуда.

2. Психология әдістеріПсихологиялық зерттеулер кезеңдері

«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл-діреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.

Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.

Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері –бақылау және эксперимент.

Бақылау– зерттеудің ғылыми әдісі – деректі суреттеп баянда-удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі – психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.

Араласабақылау – зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.

Сырттай бақылау – әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.

Өзіндікбақылау (интроспекция) – адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.

Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты-сы – эксперимент- психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс-әрекетіне белсенді араласуы.

Психологиялықэксперименттіңнегізгіміндеті – жан дүниелік іш-тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.

Page 6: психология негiздерi

6

Зертханалық эксперимент – арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.

Табиғи эксперимент – еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.

Тестілеуәдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау.

Психологиялықтест – сыналушының жеке басының кейбір ерек-шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.

Құжаттардыталдауәдісі – адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық тал-дауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдау атауын алған.

Құрастырыпжобалауәдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулер-де кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.

Сауалнама әдісі – әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.

Өмірнамалық әдіс – кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжас-тырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.

Page 7: психология негiздерi

7

Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) –оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім –кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.

Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалықәдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні – психикалық заңдылықтарды жеке адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерт-теу.

Социометрия – әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі – бірлікті іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын гра-фикпен бейнелейтін соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.

Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін жасақталғантоп әдісі қолданылады.

Тұлғаның мәнді әлеуметтік сапа-қасиеттерін диагностикалау мақсатында эксперттікбағалау және тұлғанытоппенбағалауәдістері пайдаланылуда.

Тұлғанытоппенбағалауәдісі – адам мінездемесін топ мүшелерінің өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.

Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақтызерттеуәдістері қолданылады. Олар: болжамұсыну, эксперименталдықтәсіл мен соғансайматериал,сыналушылардыңбастапқыбақылау және экс-перименттіктоптарынайыру,экспериментсерияларынанықтау,эксперименталдыматериалдардыстатистикалықжәнетеориялықөңдеуденөткізужәнет.б.

Page 8: психология негiздерi

8

3. Психологияның қоғамдық және гуманитарғылымдар жүйесіндегі орны

XIX ғасырда позитивизм бағытындағы философияның негізін қалаған О. Конттың (�798-�857) ғылымдарды топтастыру жүйесі кең қолданымда болды. Дегенмен осы жүйеде психологияға орын табылмады. Ғалым пайымдауынша, психология әлі (үш кезең заңына орай) метафизикалық сатыда, ғылым ретінде пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы үшін мұндай тұжырым, әрине, әділ болатын.

Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі ортада ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, талқыдан өтті. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғылымтанушысы Е.М.Кедров (�903-�985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше, ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа:жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық– бөлуді ұсынады да, олардың бастарын бір түзу бойында емес, үшбұрыш шыңдарына орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында жаратылыс-тану қылымдары, төменгі сол жақта – әлеуметтану, ал төменгі оң тарапта – философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың бәрімен бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең орынға ие болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды бөлімдерінің бірі) тек психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, олармен философия да, логика да айналысады. Психология, сонымен, барша ғылыми білімдермен өзара байланысқа келеді.

Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблема-ларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди-цина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық

Page 9: психология негiздерi

9

зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.

Психология және логика байланысы ойлау жөніндегі психологиялық білімдер тарихында анық көрінеді. Осы ғылыми білімдердің әрбірі ойлау құбылыстарын ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың шұғылданатыны ақиқат жөніндегі мәселе, ойлаудың болмысқа деген танымдық қатынасы туралы проблема. Ал психологияның айналыса-тыны – ойлау үдерісінің жүрісі, жеке адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау құбылысының сананың басқа да тараптарымен аралық нақты байланыс, қатынастары.

Психологияжәнеәлеуметтанубайланысыәлеуметтікпсихоло-гияныжарыққа келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі өзекті проблема: тұлға және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; тұлғааралық байланыстар. Шағын социологиялық зерттеулер деңгейінде (кіші топ зерттеулері: отбасы, еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен әлеуметтік-психологиялық бағыт айырмашылықтарын ажырату қиынға соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың (социологиялық) әлеуметтік психо-логиядан бөліне көрінетін тұсы – ондағы зерттеулердің ірі де ауқымды, макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі, зерттеуге түскен құбылыстарды қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстың болуы.

Психологияжәне педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі қалыптасқан құбылыс. Барша ғұлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін, оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетік-тер мен заңдарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты.

Психологияжәне биология байланысы. Адам дамуының табиғи және әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема- психология үшін аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де ізденіс азығы. Екі ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде әрбір жеке адамның даралықты дамуындағы тума берілген және өмір барысында қалыптасатын сапа-қасиеттерінің сыры ашылады.

Психологияжәнемедицина байланысы медициналықпсихологияның туындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінің психологиялық ере-кшеліктерін және сырқат адамның әекет-қылығындағы психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика

Page 10: психология негiздерi

�0

бұзылысын зерттеуші медициналық білім саласы патопсихологияның психологиялық әдістерін орайластырады.

Психологияжәне саясаттану байланысынан саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана, астар сана, адам көңіл күйі, еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары және ұстанымдарын зерттеуші саясатпсихологиясы пайда болды. Бұл ғылым адам әрекет-қылығын үдеріс ретінде танып, оны жеке тұлғаның қоршаған ортамен өзара ықпалдастық қатынасының нәтижесі деп біледі. Себебі тұлға әрекеттері сыртқы ықпалдар мен психологиялық талдаудың тікелей нысаны болған субъекттің оларды қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады.

4. Осы заман психологиясының құрылымыПсихологияның арнайы және қолданбалы салалары

Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.

Психологияның негізі - жалпыпсихология. Бұл саланың атқаратын қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары мен тетіктерін зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің бірі психологиятарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи үдерістердің мән-мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.

Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздеме-лері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар жағдайлар келесідей:

1) нақты іс-әрекет (еңбек психологиясы, медициналық, педагогикалық психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы);

2) даму (жануарлар психологиясы, салыстырмалы психология, даму психологиясы, балалар психологиясы және т.б.);

Page 11: психология негiздерi

��

3) адамныңәлеуметтікжағдайы мен оның қоғамғақатынасы (әлеуметтік психология; тұлға психологиясы; топ психологиясы; тап, тайпа психологиясы; ұлыс, ұлт психологиясы және т.б.).

Және бір аса маңызды жағдаят – бұл іс-әрекет мақсаттары (жаңа білім-дерді ашу, алу немесе олардың қолданылуы): тұғырлы және қолданбалы ғылымдар; зерттеу аймағына орай: даму, шығармашылық, тұлға және т.б. психологиясы. Өзге ғылымдармен байланысына қарай психология келесі салаларға бөлінген: психофизиология, нейропсихология, математикалық психология. Психологияның әртүрлі қызмет, тәжірибемен болған күрделі байланыстары ұйымдастырушылық, инженерлік, спорттық, педагогикалық психологияда байқалады.

Жануарлардың психикалық ерекшіліктерін зоопсихология зерттейді.Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын,

психикалық үдерістерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапа-қасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын зерт-тейді.

Әлеуметтік психологияның айналысатыны: адамның тұлғалық сапаларының әлеуметтік-психологиялық көріністері; оның адамдар және топтармен қарым-қатынастары; адамдардың психологиялық үйлестігі, ірі топтардағы әлеуметтік-психологиялық қатынастар заңдылықтары (адамдардың әрқилы қауымдастығына радионың, теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы).

Педагогикалықпсихологиятұлғаның оқу және тәрбие үдерісіне байланысты даму заңдылықтарын зерттейді.

Саясатпсихологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, адам көңіл күйі және еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады.

Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан проблема-ларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады. Мысалы, еңбекпсихологиясы – адамның еңбектену және іс-әрекетке келуінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектену дағдыларының даму заңдылықтарын айқындаумен шұғылданады.

Инженерлік психология – адам және осы заманғы техника арасындағы өзара ықпалдасты қатынастар үдерісінің заңдылықтарын зерттеп, оларды жобалау тәжірибесінде, автоматтасқан жаңа басқару жүйелерін, техниканың соңы түрлерін жасау мен пайдалануда қолдану жолдарын қарастырады.

Page 12: психология негiздерi

��

Авиацияжәне ғарыштық психология - ұшқыш, ғарышкер іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды.

Медициналықпсихология – дәрігер қызметінің психологиялық ерек-шеліктерін және сырқат адамның әрекет – қылығына тән психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін орайластырады.

Патопсихология – психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика бұзылыстарының заңдылықтарын ашады.

Заңгерлік психология – қылмыс үдерісіне қатысқандардың мі-нез-құлығындағы психологиялық заңдылықтарды ашып, қылмыскер тұлғасының қалыптасуы мен оның бойына біткен мінез-құлығының психологиялық проблемаларымен айналысады (куәгер психологиясы, сауалнама жүргізудің психологиялық талаптары және т.б.).

Әскерипсихология- соғысәрекеттері жағдайындағы сарбаздар мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

5. Адам психикасы жөнінде түсінік

Психика– бұл адамның қоршаған ортамен белсенді өзара қарым-қатынас әрекеттеріне негіз болушы болмыстық саналық (идеалды) өрнек жүйесіндегі субъектив ақпардың (сигналдың) әлеуметтікпен шарттасқан бейнесі. Психика адам мінез-құлығы және іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беріп, реттеу қызметін атқарады.

Адам психикасы өз тіршілігіне арқау болған қоғамдық әдіс-тәсілдер негізінде туындаған ерекше құбылыс – сана формасына енеді. Деген-мен, сана психиканың барша мән-мағынасын қамти алмайды. Онымен қатар адамда табиғаттан берілген тума құрылымдар (тума-бейсана іс-әрекеттері аймағы), сондай-ақ өмір барысында қабылданып, автоматтасқан дағдылар (астар сана аймағы) бар.

Психиканыңнегізгі көріністері: саналық (психикалық) бейнелер қалыптасуына байланысты психикалық үдерістер және іс-әрекетті психикалық тұрғыдан реттеп барушы үдерістер.

Меншікті, өзіндік іс-әрекет – адам психикасының қалыптасуы мен жүзеге келуінің басты негізі.

Page 13: психология негiздерi

�3

Іс-әрекет–жалпы адамзаттың тәжірибе негізінде саналы бел-гіленген мақсаттардың іске асуымен болатын болмысты меңгерудің адамдық әдіс-тәсілі. Адам іс-әрекеті қоғамдық – тарихи ілгерілеудің қозғаушы күші, сонымен бірге ол жеке адамның психикалық даму құралы ретінде де қызмет етеді. Адамның заттасқан іс-әрекеті, оның қоғамдық-тарихи тәжірибесі тұлға санасының сезімдік және ұғым-теориялық аймақтарының басын біріктіреді.

Адам психикасының қалыптасу үдерісінде оның заттасқан нысан-дармен болған сырттай әрекеттері ішкі ақыл-ес әрекеттеріне ауысады. Осыдан, яғни ой әрекеті қабілетінен адам нысандар арасындағы әртүрлі қатынастар жобасын құруға, өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері барластыруға үйренеді. Бұдан көзіміз жететіні – психика мазмұны жалпыланған қатынастар, мән және мағыналарды, яғни бейнелік қалыптан тыс құрылымдарды да қамтиды.

Психиканың ғылыми түсініктемесі келесідей негіздемелерді сүйеніш етеді:

�) психика материя дамуының белгілі сатысында, яғни жануарлар ағзасының туындау кезеңінде пайда болып, сол ағзалардың икемдесу, бейімделу әрекет-қылығының бейнелеу – реттеу тетігіне айналды. Жануарлардың эволюциялық даму барысында олардың психикасы жетіліп барды. Өз қалыптасу жолында психика екі: инстинкттік қалыптасу және даралықты дағдылану – кезеңдерін басып өтті.

�) Адам психикасы, сана – психика дамуының ең жоғары сатысы; оның пайда болуы адамның ұжымдық қарым-қатынас жағдайындағы еңбектік іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.

3) Адам психикасы оның белсенді іс-әрекеттерінің арқасында қалыптасады. Психика заңдылықтары– сырттай заттармен болған өзара ықпалды қатынастардың алғашқыда психикалық бейнелерге ауы-суы және кейін сол психикалық бейнелердің өз реттеуімен басқарымды әрекеттерге өтуі заңдылықтары.

�) Психика ми қызметімен жанамаласқан, бірақ ол өздігінен идеалды, яғни әлеуметтік - мәдени жағдаяттар нәтижесінде пайда болған саналық құбылыс.

5) Психикалық құбылыстар белгілі құрылымға және ұйымдасу жүйесіне ие.

Page 14: психология негiздерi

��

6. Ми және психика. Психика құрылымы Психика қызметтері

Адам психикасы – мидың табиғи өнімі емес, әлеуметтік жағдайлар туындысы. Алайда, ол табиғи, физиологиялық зат – мидың арқасында әрекетке келеді. Психиканы ми әрекетінен ажыратып та болмайды, соны-мен бірге оны бүтіндей нейрофизиологиялық үдеріс деп те атау орынсыз. Психика мен физиологиялық үдерістердің өзара қатынасы – идеалды дүние мен заттасқан болмыстық ажыралмас байланысы.

Психика – ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан түсіп жатқан ақпараттың

ерекше тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты психикалық бейнелеуі – бұл қоғамды- тарихи тәжірибеде қалыптасқан сөздік белгі, адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.

Психиканың негізгі жасау белгілері – оның жүйелілігі, біртұтастығы, бөлшекке түспейтіндігі.

Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықты қамтамасыз етуші көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден тұрады. Психика көп деңгейлі ғана емес, ол сонымен бірге көптеген қасиет-сапаларға ие бола тұрып, сан алуан қызметтерді орындайды. Көрінген жүйе өз құрылымымен, әрекеттік қозғалысымен, бірлікті (интегралды) күй-қалпымен және жүйелі қасиеттерімен сипатталады.

Психикалық жүйе өзінің ұйымдасу шарттарымен ерекшеленеді. Ол жүйе психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарғажәне психикалыққасиеттерге ажыралады.

Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және интропсихика.

Экзопсихика–психикалық дүниенің адам ағзасынан тыс жатқан болмысты бейнелеуші бір бөлігі.

Эндопсихика – психикалық болмыстың адам азғысының қалпын бейнелеуші құрамы.

Интропсихика – құрамды психиканың адам ойын, ерік күшін, қиялын, ұйқыдағы түстерін қамтыған бөлшегі.

Психика қоршаған дүние жөніндегі санаға келіп түскен ақпараттарды біріктіру және оларға түсініктеме беру, оларды адамның қажеттерімен сәйкестендіру және адам әрекет қылығының бейімделу, болмысқа икем-делу үдерісінде реттеу қызметтерін атқарып бару үшін қажет.

Page 15: психология негiздерi

�5

У.Джемс пікірінше, психиканың негізгі қызметі: сырттай болмысты бейнелеу негізінде жеке әрекет-қылықты басқару және ретке келтіру, сонымен бірге оны адам қажетіне сәйкестендіру.

Е.Ф. Ломов өз еңбектерінде тұлға әрекет-қылығы мен іс-әрекетіне байланысты психиканың үш түрлі қызметін ажырат: танымдық, ретте-ушілік, ақпарат алмасымен қарым-қатынасқа келу (коммуникативті). Адамның бейімделуі мен шығармашыл әрекетке түсуі осы үш қызметтің орындалуына тікелеу тәуелді.

7. Психикалық үдерістерді топтастыру

Барша психикалық құбылыстар өзара байланыста, дегенмен дәстүрлі психология оларды үш топқа бөліп қарастырады: �) психикалық үдерістер; �) психикалық қалыптар; 3) тұлғаның психикалық қасиеттері.

Психикалық үдерістер негізгі тірек құбылыстар ретінде қарастырылады, ал психикалық қалыптар мен қасиеттерді уақытша әрі психикалық үдерістердің тектік ауысулары деп білеміз. Барша психикалық құбылыстар өзара бірігумен бейнелеу-реттеу іс-әрекеттерінің біртұтас сарынын құрайды.

Негізгі үш психикалық құбылыс сипаттамасы төмендегідей: Психикалық үдерістер – бейнелеу – реттеу іс-әрекеттерінің жекелен-

ген тұтас қозғалысы. Психикалық үдерістің әр түрі өз бейнелеу нысанына, өз реттеп бару ерекшелігі және меншікті заңдылықтарына ие.

Психикалық үдерістер психикалық құбылыстардың бастау көзі- осы-лар негізінде психикалық өрнектер қалыптасады.

Субъекттің бейнеленуші нысанмен белсенді қарым-қатынасы, нысан-ды тануға және онымен әрекеттік байланысқа түсуге бағытталған ерекше өту жүйесі осы психикалық үдерістерден көрінеді.

Психикалық үдерістер түрі: �) танымдық (түйсік, қабылдау, ойлау, қиял және жад); �) еріктік; 3) көңіл-күйлік.

Адамның психикалық іс-әрекеті – бұл таным, ерік және көңіл-күй үдерістерінің бірігімі.

Психикалыққалыптар – іс-әрекет мазмұны және сол мазмұнға болған адам қатынасында айқындалушы психиканың уақытша өзіндік көрінісі. Психикалық қалып - адам психикасы бейнелерінің үздіксіз жаңаланып, ауысып тұруымен болады. Болмыспен араласу барысында адамның барша психикалық әлемі салыстырмалы тұрақты бірігімде бо-лып, оның нақты мезеттегі уақытша көңіл-күйінен, ынта-ықыласынан, яғни психикалық қалпынан байқалады.

Page 16: психология негiздерi

�6

Психикалық қалып психикалық белсенділіктің жалпы қызметтік деңгейінде адамның нақты мезеттік іс-әрекетіне, бағдары мен оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді көрініс береді.

Психикалық қалыптың барша түрлері төмендегідей өзара топтасуы-мен ажыралады:

· септүрткілік(мотивтік)-қажеттіктерге байланысты ұстанымдар, ниеттер, қызығулар, мұдделер, құмарлықтар.

· сана дайындығықалпы– зейінділік пен жұмыс қабілеттілігінің әрқилы деңгейлерінде көрінеді;

· эмоционалдық– көңіл-күйге байланысты түйсіну, көңіл-күйге бай-ланысты сырттай ықпал-әсерге жауап, көңіл-күй шарпулары – стресс, аффект, фрустрация;

· еріктік- адамның нақты мезеттегі іс-әрекетке деген ынталылығы, ұмтылысы, шешімділігі, табандылығы, өжеттігі т.б. Бұлар қатарында психиканың өзара сыбайлас тұлғалық қалыптары да болады: психопатия, мінез асқынуы, невроздар және психикалық дамудың тоқырауы.

Психикалық қасиеттері– психиканың әрбір жеке адамға тән тек-тік ерекшеліктері, тұлға бойына біткен психикалық үдерістердің іске асу ерекшеліктері.

Тұлғалық психика қасиеттері: �) темперамент, �) тұлғабағыт-бағдары (қажеттер мүдделер, дүниетаным және мұрат-мақсаттар); 3) мінез; �) қабілеттер.

8. Сана – психиканың жоғары формасыСананың пайда болуы және дамуы

Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді.I-кезең. қарапайымсезімталдық– бұл сатыда тек өкілдерінің инс-

тинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары қалыптасады.

II-кезең.Заттайқабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі – дағдылар, яғни тек өкілінің жеке-дара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар фор-масы.

III-кезең. Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллек-туалды әрекет-қылық – заттар арасындағы байланыс – қатынастарды бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы.

Page 17: психология негiздерi

�7

Қарапайымсезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оның әрекет-қылығы тума инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т.б.) байланысты ке-леді. Заттайқабылдау кезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай күйінде тану жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, жеке-дара әрекет-қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.

Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байла-ныстарды бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, нәтижеде кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, оны орындаудың жаңа жолдарын «ойластыру» дәрежесіне көтеріледі. Бірақ «ақыл-ес» әрекеті бұл кезеңде биологиялық қажеттер аймағынан шықпай, көрнекілік шеңберінде орындалып жатады.

Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама жоғары деңгейлі (себебі Homo sapiens – ақылды адам). Адам санасы, ақыл-ойы қажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын тіршілік жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуінен бірте-бірте қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттық материалды, ру-хани мәдениеті – барша адамдардың психикалық дамуымен байланысты жүзеге келген жетістіктерінің ұжымдық формасы.

Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекет-қылығының әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары мен қызметтерін асажоғарыпсихикалыққызметтерге ауыстырады. Енді тума қалыптасқан инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар анайы адамиласқан, қоғамдық-тарихи шарттасқан ес, ойлау, қабылдау (қисынды ес, дерексіз – қисынды ойлау) формаларына өтеді. Адам бұдан былай тарихи даму үдерісінде қалыптасқан жанама құралдарды пайдала-нып, сөйлеу рәміздерін қолдану қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті.Жоғарыпсихикалыққызметтер бірлігі адам санасының пайда болып, орнығуына арқау болды.

Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей ерекшеліктерге ие:

· нәсілдік және табиғи түрткі (эмпирикалық) жолдармен қабылданған әрекет-қылық формаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдар таңдаудың түбегейлі жаңа құралы – сөзбен ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзаттық тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады.

Page 18: психология негiздерi

�8

· адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды бай-ланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.

· сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.

Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу қабілеті. Тұлға өз іс-әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей, оның даму заңдылықтарын білу негізінде орындалып жатады. Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты қалануын болжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.

· жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:

1) ғылым – заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;

2) өнер– болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік тұрғыдан игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;

3) әлеуметтікталап, өлшем–шектеулер– қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;

4) адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемала-рына (өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т.б.) болған қатынастарын реттеуге қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қыймыл үлгілерінің жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.

Сенім– заттасқан дүние зерттеулері және ой қисыны (логика) негіз-дерімен дәлелденбейтін ерекше психикалық құбылыс.

Қоғамдық сананың барша формалары бірлікті идеология құрайды. Идеология– бұл адамдардың болмысқа, бір-біріне, қоғам өміріне болған қатынастарын реттеуші тірек құндылықтар мен негіздемелік ұғым, пікірлер жүйесі.

Page 19: психология негiздерi

�9

Сана өзіндік сана және өзіндік жауап әрекетке келу (саморефлексия) қабілеттерімен байланысты.

Өз төңірегіндегі дүниені сезінумен адам өзін сол дүниеге байланыс-тыра қабылдайды.

Өзіндіксана – бұл адамның қоршаған әлемге болған құндылықты – мәнді тұлғалық қатынастарының жүйесі.

Адам психикасының ерекшелігі ретінде сана бидоминанта тетік-тері арқылы іске асып отырады. Бидоминантадегеніміз тұлғаның көп түрлі «мендік» болмыстары (нақты «мен», қияли «мен», өткендегі «мен», болашақтағы «мен», отбасындағы «мен», ресми «мен» және т.б.) арасындағы «ой ортақтасу» қабілеті, оның өзімен өзі қатынасқа келуі. Осы тұлға бойындағы диалог әлеуметтік өлшемдермен жанама күйге енеді. Адамның ішкі «Мені» - интериоризацияланған «Өзге», яғни өмір барысында тұлға бойына сіңген әлеуметтік бастау.

Болмыс құбылыстары адамның тәжірибе, қажеттеріне тәуелді оның санасында өзіндік қалау- таңдауға сәйкестендіріле бейнеленеді.

Ой, ойлауға қарағанда сана мәні кеңірек. Ол психикалық іс-әрекеттердің барша формаларын қамтыған сыртқы дүниенің біртұтас, бірігімді бейнесі. Оның құрамы әлемдік бейнелердің сезімдікформа-ларынан (түйсік, қабылдау, елес), рационалдық танымнан (дүниенің жалпылама – теориялық бейнесі), сонымен бірге психикалық өзіндікреттеулердің көңіл-күй, еріктік аймақтарынан тұрады.

Сана - болмыстың категориялық – құндылықты бейнесі және жалпы адамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекет-қылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей.

Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы бел-сенділігі мен әрекетшеңдігі нәтижесінде қалыптасқан өзара сыбайлас байланысты психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орында-лып барады. Осыдан сана біршама үдерістік (процессуальные) және мазмұндық ерекшеліктерге ие.

Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен байланыстар түзудегі белсенді қозғалғыштығымен (динамика), заттық бағдарлылығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы өзіндік бағалау (саморефлексия) қабілетімен сипатталады.

Жеке тұлғаның төңірегіндегілермен ықпалдасты ара қатынастарының берік тұрақтанған әдіс-тәсілдері түбегейлі бекіп, оның астар санасы мен жоғары санасын қалыптастырады.

Page 20: психология негiздерi

�0

Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік – тарихи ықпалға тәуелді. Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың барша құрылымдары әлеуметтік –мәдени сипат алады.

Жеке адам санасы және оның құрылымдары кіші балалық шақтан сыртқы әлеуметтік жанамаланған іс-әрекеттер құрамын өз бойына сіңіре меншіктеумен (интериоризация) қалыптасып барады.

9. Психика деңгейлерінің өзара байланысы

Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана,астарсанажәнеашықсана.

Психикалық іс-әрекеттіңбейсана(бессознательный)деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни – организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру).

Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.

Психикалық іс-әрекеттің астарсана (подсознательный) деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен импульстік-көңіл-күйлік(импуль-сивно-эмоциональные) әрекеттеріаймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылық-әрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері.

Page 21: психология негiздерi

��

Астар сана көп деңгейлі құрылым: төменгі деңгейде ол – автоматтасқан дағдылар және олардың бірігімдері, ал жоғары деңгейде бұл – сезім көрегендігі (интуиция).

Астардеңгейліавтоматизмдер– бұл орындалатын іс-әрекеттердің біртекті жағдайларда бірыңғай тұрақты қайталанып отыратын көріністері, яғни динамикалық стереотиптер. Бұл ұғым мәні – қалыпты жағдайлардағы жауап әрекеттердің үздік байланысты, «шынжырлы» тіз-бегі (көлік жүргізушінің әдетті қызметі, «отбасы, ошақ қасы» міндеттерін орындау, қолдағы құрал-саймандарды ойланып жатпастан пайдалана білу, сөйлеу мен ым-ишара әдеттері). Бұлардың бәрі тек өкілінің өз іс-әрекетін реттеуі үшін қолданатын дайын қылық-әрекеттерінің жиынтық топта-масы. Осы дағдылы әрекеттердің болуынан сана жүктемесі жеңілдеп, оның бұдан былайғы шығармашыл істермен айналысуына жол ашылады. Сана үздіксіз қайталанып отыратын біртекті әрекет, міндеттер шешуден құтылады.

Астар санаға әрқилы психикалықбірігімдер де ысырыла, өтіп жа-тады. Олар – орындалмай қалған тілек, ниеттер; шектелген ұмтылыстар; әрқилы қатерлер мен күйзелістер; амбициялар мен әсіре талғамдар (ұялшақтық, жасқаншақтық, мансап құмарлық және т.б.). Мұндай бірігімдер тұлғаның тұрақты әрекет-қылықтарының астар саналық бағыт-бағдарын аңдатады.

Астар сана – бұл бойға сіңген қалыптар мен ұстанымдар, жоғары деңгейлі адамгершілік қасиеттер мен сапалар. Ашық сана мүмкіндіктері әбден шектелген шақта астар сана әрекетке келеді (шектен тыс ашу, ыза, күтілмеген қуаныш, аса күшті психикалық жүктеме, күйзеліс жағдайларында).

Астар сананың аса жоғары аймағы – сезімкөрегендігі(интуиция),аян–бұл проблемді жағдайды бірігімді қабылдау, күтілмеген шешімдердің «жарқылы», өткен тәжірибенің «суырып салма» қорытылуынан болатын алдағы оқиғаның дамуын ырықсыз жобалай білу, яғни көрегендік.

Адам психикасының санадан тыс аймағы – оның психикасының тұңғиығында жатқан күнделікті тұрмыста белгісіз құбылыс. Ол көбіне адамның эволюциялық даму үдерісінде қалыптасқан. Астар сана аймағына келесі құбылыстар енген: түс көру, көрегендік, көңіл шарпуы, гипноз, сенім, қорқыныш, қияли үрей, өзінше пайда болған қауіптер, негізсіз қуаныш. Тек өкілінің әрқилы жағдайларда қандай да әдіспен, ойланбастан жоспарсыз әрекет істеуге дайын болуы да психиканың са-надан тыс көріністері.

Page 22: психология негiздерi

��

Астар сана аймағы өте тұрақты, бұлжымас. Бұл деңгейдегі адам әрекет-қылығын тек қана психотерапия және гипноз әдістерімен біршама басқаруға болады.

Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада өз жалғасын табуы мүмкін. Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады.

Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға түспейді. З.Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады.

Дау-дамайлы қалыптан құтылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске мәжбүр болады.

Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд тұжырымдарынан өзгеше. Ол ашық сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай, керісінше ашық сананы ұжымдық бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архетип – адамзат тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп түсіндіреді.

Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу себепті жинақталған астар саналық ұмтылыстары негізінде өз бойындағы мүмкіндіктерін де-рбес іске асыруға талпынады. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге «сыбырлап» тұратын ой не сана емес, ол «көзсіз» сезім, астар сана. Біздің барша бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында жатыр.

Сана құралы - ұғым, түсініктер, ал астарсана көңіл шарпулары мен сезімдерге арқа сүйейді. Астар сана деңгейінде қабылданған нысандар мен құбылыстарға және олардың астар санада қалыптасқан өлшем-шек-теріне «қас-қағымда» шұғыл баға беріледі.

Астар санамен бір қатар З.Фрейд адам психикасының тұғырлы мәндік тетіктері, яғни тұлғаның әлеуметтік ықпал жасау, өзін инабаттылық арна-сында қадағалай білу қабілеттері ретінде танылған жоғарысана–«суперэгоны» ажырата қарастырады. Адамның барша рухани дүниесі – бұл тек өкілінің өзімшілдік тоқырауына қарсы тұратын, идеялық шыңдалуы мен ізгілікті жетілуін білдіруші жоғарысанааймағы.

Page 23: психология негiздерi

�3

Ашықсана – бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену саласы. Ол көп жағдайларда адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары мен әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады.

Танымал грузин психологі Д.Н.Узнадзе (1886-1950) және оның шәкірттері өзекті түсініктеме принципі ретінде ұстаным(установка)принципін ажыратады. Бұл принцип мәні – әрқандай ұстанымнан субъекттің біртұтас модификациясын, оның болмысты қабылдауға әрі белгілі нақты тәсілмен әрекеттенуге дайындығын байқаймыз. Узнадзе пікірінше, ұстанымда психиканың ашық сана және астар сана аймақтары бірігімге келеді. Әрбір әрекет – қылық жағдайы ежелден қалыптасқан мінез-құлық, әрекет топтарын жүзеге келтіріп, іске қосады.

Адам психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: �) бейсана – инстинкттік тума қимылдар; �) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар, әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер; 3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер. Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік рөл атқарады.

Адам санасы – оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену бары-сында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке көрініс береді.

Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-әрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған орны мен құрылымына тәуелді.

Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адам іс-әрекеті заттар

Page 24: психология негiздерi

��

мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құрал-жабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын сақтайды.

10. Психика және іс-әрекет

Адам психикасы оның іс-әрекетінде қалыптасады әрі көрініс береді.Іс-әрекет – жалпы адамзаттық тәжірибе негізінде саналы белгі-

ленген мақсаттарға жету арқылы болмысты игерудің адамдық әдіс-тәсілдері.

Адамның қандай да әрекеті белгілі сеп-түрткілерден болады да нақты мақсатқа бағдарланады, сонымен бірге ол арқылы түрлі, мәселелер шешімін табады әрі адамның қоршаған ортаға болған қатынас, көзқарасын танытады. Іс-әрекет сананың барша қызметін, толықтай көңіл-күй толғаныстарын өз ішіне қамтиды. Әрбір адамдық қарапайым әрекет, яғни адамның нақты тән-денелік әрекеті – міндетті түрде қайсы бір психологиялық әрекетпен, әрекеттегі адамның басқаларға, қоршаған ортаға қатынасын білдіруші ауқымды күйзеліс-қуаныштары және бағаларымен бірлесе жүреді.

Психика Іс-әрекетте қалыптасып, мінез-құлықта белгі береді.Өзіндік іс-әрекеттің дерек-мәнін түсіну оның орындалу шарт,

жағдайларына өзгерістер ендіреді, нәтижеде оның жалпы жүрісі мен сипаты жаңа өң алады; іс-әрекет сыртқы тітіргендіргіштерге жауап қимылдардың қарапайым бірігімі болып қалмастан, ол енді басқаша реттелуге түседі: іс-әрекет өзіне арқау болған физиология заңдылықтары тұрғысынан түсіндірілмей, психологиялық заңдылықтар биігінен айқындалуды қажет етеді.

Сана адам іс-әрекетін сырттай басқаратын тысқы орта күші емес. Ол іс-әрекеттің алғышарты, сонымен бірге оның нәтижесі де.

Сананың әрқилы денгейлері мен типтері сонымен бірге әрекет-қылықтың да түрлі деңгейлері мен санқилы типтерін білдіреді (бейсана жауап қимылдар, түсінімді әрекет, әдет қылықтар). Сана дамуындағы сатылар әрекеттің не мінездің қылықтық ішкі табиғатындағы өзгерістерді аңдатады, ал ішкі табиғи өзгеріс іс-әрекеттің сырттай шынайы өту психологиялық заңдылықтарына ықпал жасап, оларды өзгерістерге келтіреді. Осыдан, сана құрылымын өтіп жатқан әрекеттің сыртқы, шынайы көрінісімен анықтауға, түсіндіруге болады.

Page 25: психология негiздерi

�5

Сонымен, сана мен іс-әрекеттің не мінездің қылықтық бірлігі сана мен болмыстың не тұрмыстың, субъект пен объекттің бірлігіне негізде-леді. Ал сана осы бірліктің мазмұнын жанама күйге келтіреді. Нысанға деген бір қатынастың өзі санаға да, әрекет-қылыққа да себепші болады, бірі – психикалық бейне (ой) пайда етсе, екіншісі – заттасқан әрекетке жұмылдырады.

11. Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері

Іс-әрекет – бұл саналы түзілген мақсаттың орындалуына бағытталып, қоғамдық мәнді құндылықтар немесе әлеуметтік тәжірибені игеруге байланысты субъекттің болмысқа деген белсенді қатынасының формасы.

Іс-әрекет барысында адам болмысы және оның психикасы көрініс береді, қалыптасады және дамиды.

Іс-әрекет – екі негізгі белгіге ие өте ерекшеленген қатынас формасы:1. Іс-әрекет – бұл қандай да нәтижені қолға түсіруге көзделген өнімді

қатынас түрі. Бірақ мұндай іс-әрекеттің өнімі тек заттасқан күйде ғана (тұрмыс қажеттері, құнды жәдігерлер және т.б.) болып қалмай, адамның әлеуметтік тәжірибе формалары да (білім, ептілік, дағды және т.б.) болуы мүмкін. Осыдан іс-әрекет үш негізгі түрде көрінеді, іске асып барады. Олар – еңбек, ойын және оқу.

2. Іс-әрекет – болашақ нәтиженің идеалды бейнесі ретінде саналы танылған мақсатпен реттелуші қатынас түрі. Іс-әрекеттің мазмұнын, құрылымын және қозғалысын айқындаушы басты өлшем – бұл мақсат. Осынысымен де іс-әрекет адамның басқа белсенділік формаларынан ажыралады.

Іс-әрекетті анықтаушы жоғарыда аталған екі ерекше белгі оның негізгі жалпы психологиялық қасиеттерін нықтылауға мүмкіндік береді. Мұндай қасиеттерді атасақ, олар: белсенділік, өнімділік (нәтижелілік), танылу мүмкіндігі, әлеуметтік шарттылығы, іс-әрекеттің заттасқандығы (субъект әрекетінің міндетті түрде өзінен тыс нысанға бағытталуы), іс-әрекеттің икемшілдігі (жағдай өзгерісіне орай ауысуы, қайта құрылуы), жүйелілігі.

Іс-әрекеттіңсырттайсипаттамасыеңбек (ойын, оқу), «субъект», «нысаны»(объекті), «зат», «іс-әрекет жағдайлары және жабдықтары» түсініктері негізінде беріледі.

Page 26: психология негiздерi

�6

Еңбек заттары – субъекттің өз іс-әрекетінде практикалық не ой жүзінде ықпалды өзара қатысқа түсетін мүліктер, үдерістер, құбылыстар жиынтығы.

Еңбекқұрал-саймандары–еңбек заттарының ерекшеліктерін тану және оларға ықпал жасауда адам мүмкіндіктерінің жоғарылауына себепші жабдықтар жиынтығы.

Еңбекшарттары–іс-әрекеттің әлеуметтік, психологиялық және санитарлық-гигиеналық сипаттамалары.

Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасы- үдерістер мен нақты әрекеттің реттеліп бару тетіктерінің, құрылымы мен мазмұнының, сондай-ақ оны іске асырудың әрекет-қимыл шараларының баянын белгілейді.

Белсенділік – адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты қатынас формаларының бірігімі. Белсенділік формаларының бәрі де бірдей негізгі деңгей түрінде қарастырылады.

Жоғарыдеңгейдетұлғаның мінез-құлық, әрекет-қылық, әлеуметтік себеп-салдарлы белсенділігі көрініс береді, ал төменгідеңгейде – тек өкілінің мекенді жүйешелерінің белсенділігі орын алады.

Іс-әрекеттиптері: еңбек, оқу және ойын.Еңбектікіс-әрекет– адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы

құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі.

Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін рет-теуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп барады.

Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (ког-нитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптар-ды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.

Оқуіс-әрекеті – мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды иге-руге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса,

Page 27: психология негiздерi

�7

оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы ретінде қызмет етеді.

Қалаған іс-әрекет түрі сияқты оқу іс-әрекеті де құрылымдық деңгейге ие бола тұрып, жекеленген бірліктерден құралады (әрекет, амал (опера-ция), шарт-жағдайлар, қажеттер, сеп-түрткілер, міндеттер). Оқу іс-әрекеті бірліктерінің өзара қатынасқа түсіп, орайласуы оның даралықты сипатын береді.

Аталған іс-әрекет түрлері әлеуметтік-тарихи даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырады. Осыдан әр кезеңде тұлғаның жас деңгейі мен даму ерекшеліктеріне байланысты жетекші іс-әрекет түрі алға тартылады.

Жетекші іс-әрекеттүрі – бұл адамның қандай да бір даму сатысындағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болып, қалыптасуына ықпал етуші әрекет түрі.

Іс-әрекеттипі – жеке – дара және бірлікті іс-әрекеттер.Бірліктііс-әрекет– жеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъ-

ект тарапынан орындалады, мұндай субъект ортақ мақсат, міндеттер төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.

Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді – сыртқа және ішкі.Сыртқыіс-әрекет– орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет,

көңіл-күй, тілдесу –қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша түрлері, типтері және үдерістері.

Іс-әрекет субъект-объектті,субъект-субъекттіболып, екі түрде ажыралады.

Іс-әрекеттің субъекті-объекттітипінде әрекет нысаны ретінде жан-сыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп таныған екі не одан көп адамдар қатысады.

Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді. Орындаушыіс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс

жсауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен қатынасқа түседі.

Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін бел-гілейді.

Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге бөлінеді.

Page 28: психология негiздерi

�8

Тікелейіс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты табиғи көзбен қолма-қол алады.

Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі, рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық құралдар).

12. Негізгі психикалық үдерістер

Психикалық үдерістер – психикалық іс-әрекет көріністерінің жиынтығы. Әрбір психикалық үдеріс жалпы бейнелеу нысаны мен бір текті бейнелеу – реттеу ерекшелігіне ие. Мұндай үдерістер танымдық, еріктік және көңіл-күйлік болып ажыралады.

Танымдықүдерістер әрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін қамтамасыз етеді және оның ақпараттық қорын қалыптастырады. Бей-нелеу нысанына орай олар бес түрге бөлінеді.

1.Сезімдік (сенсорлы) үдерістерболмыстық жеке қасиеттерін (физикалық, химиялық, т.б.) бейнелейді. Бұл үдерістердің психикалық нәтижесі түйсік деп аталады.Сенсорлы үдерістер түр ерекшелік-терімен бір қатар жалпы психикалық заңдылықтарға жүгінеді: олар сезімталдықтың жоғары және төмен, айырма (дифференциалды) табалдырықтарымен шектелген, адаптация (бейімделу), сенсибилиза-ция (сезімталдық), шұғыл айырма (контраст) және синестезия (қосарлы түйсік) заңдарына бағынады.

2.Қабылдау (перцептивті) үдерісі заттар мен құбылыстардың мәнді айырмашылық белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас күйінде бейнелеу әрекеті. Бұл үдерістердің нәтижесін психологияда қабылдау деп атау қалыптасқан. Перцептивті үдерістер өздерінің түр ерекшеліктерімен (көру, есіту және сезіну) бір қатар ортақ, жалпы заңдылықтарға тәуелді. Олар - қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы бағыты; біртұтастығы; құрылымдығы; апперцепциялылығы, яғни өткен тәжірибеге байланыстылығы; константтығы, яғни заттық шынайы сана бейнесінің затты қабылдау шарттарына тәуелсіздігі.

3. Ақыл-ес (интеллектуал) үдерістері- бұл заттар мен құбылыстардың мәнді өзара байланыстары және ерекшеліктерін бейне-леу әрекеттері; интеллектуал үдерістер (ойлау) болмысты салыстыру, бейнақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру, сырттай заттастыра тану (экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен

Page 29: психология негiздерi

�9

бейнелеу қызметін атқарады; проблемді мәселелерді шешу барысындағы танымдық іс-әрекеттер мен ойлау әрекеттері және амалдар келесідей кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру, қорытындылау, дерек-сіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру; формальды нәтижелерге жету ерекшеліктеріне тәуелді

ойлауформалары:пікір, ұғым, түсінік-болып ажырылады. Сонымен бірге ойлау:практикалық және теориялық, эмпирикалық және ғылыми, көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және бейнақты, стандартты және шығармашыл - түрлерінеде бөлінеді; ашық сана мен астар сананың өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік, аян) ойлау қабілеті қалыптасады.

Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы – интеллект деп аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді мәселелерді шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін қамтамасыз етеді.

4.Қиял– іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туында-уы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді.

5.Ес(мнемикалық)үдерістері- өткенде қабылданған материалды санаға түсіру, оның сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге жұретін психикалық әрекеттер; естің келесідей жіктелуін аңғару қажет: естүрлері (бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), есжүйелері(сезімдік, қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және естиптері (естің бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен, есте сақталу жылдамдығымен, көлемі мен жетекшілік рөліне байланысты жекеленген – типологиялық есформалары- ырықты және ырықсыз ес – ажыралады.

Реттеуші психикалық үдерістер қатарына еріктікжәне көңіл-күй үдерістері еніп, саналы әрекет-қылық пен кенеттен болатын бейберекет (спонтанно-импульсивные) мінез-құлық қимыл-әрекеттерін қамтамасыз етеді.

6. Ерік– жоспарланған нәтиженің мәнін түсінуден адам белсенділігінің өзінен өзі іске қосылуына себепші психикалық үдеріс. Ол белсенділік қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен көрініс беріп, орындалып жатады. Қарапайым әрекет – бұл мақсат – әрекет – нәтиже бағасы

Page 30: психология негiздерi

30

араларындағы байланыстан белгілі болады, ал күрделі ерік әрекетінің құрылымы өзгеше: қажеттік – ықтимал мақсат – сеп-түрткілер күресі – шешім қабылдау – орындау әрекеттері жүйесі – оларды бағалау және түзету – қорытынды әрекеттер – ақырғы нәтижелердің жинақты бағасы.

Ерік мәні қажетті нәтижеге жету жолындағы табандылықтан көрінеді.

7.Көңілшарпулары (эмоции) –сыртқы ықпалдардың қажеттілік мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын сезу арқылы бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу беруші психикалық үдерістер.

13. Түйсік: жалпы сипаттама

Түйсік – болмыстың қарапайым қасиеттерін (физикалық, химиялық және т.б.), сонымен бірге қоршаған ортаның ықпалдарына болған адам сезімталдығын тікелей, сезім деңгейінде бейнелеуші психикалық үдеріс.

Түйсіктің негізг і қасиеттері : модальдығы, мекендігі , созылыңқылығы.

Тітіркенушілігі (модальность) -өте қарапайым психикалық сиг-налдар ретінде (жүйке сигналдарымен салыстырғанда) түйсіктің ерекшелігін танытатын сапалық сипаттама. Түйсіктің қандай да түрі өзіне тән тітіркенушілік сипатына ие. Көру түйсігі үшін бұл – түр-түс, жарық, сәуле толыққандылығы; есту түйсігі үшін – үн деңгейі, ырғақ, дауыс күші; сипай сезу үшін – қаттылық, кедір-бұдырлығы.

Мекендігі (локальность)-түйсіктік кеңістікке байланысты сипаты.

Созылыңқылығы –түйсіктің уақыт, мерзімге орайласқан сипаты.Жеделдігі(интенсивность) – түйсіктің сандық сипаты.Түйсік түрлерінің баршасы жалпы психо-физиологиялық

заңдылықтарға негізделеді. Олар – сезімталдық табалдырықтары, бейімделу, сезімталдық (сенсибилизация), шұғыл айырма (контраст), түйсік қосарлылығы (синестезия).

Түйсіну мүмкіндігінің ең төмен табалдырығы - өте нәзік байқалатын түйсік тудыру үшін қажет тітіркендіргіш күштің ең аз мөлшері, деңгейі.

Page 31: психология негiздерi

3�

Түйсінумүмкіндігінің еңжоғарытабалдырығы – жоғарылаған сайын ағзаға салмақ түсіретін не түйсіну қабілетін жоятын тітір-кендіргіш күштердің ең жоғары мөлшері, деңгейі.

Ықтималсезімталдық – ықпал жеделдігінің өзгерістеріне болған сезімталдық. Ол табалдырық айырмаларымен өлшенеді.

Айырутабалдырықтары – түйсік жеделдігін өзгертуге қажет екі біртекті тітіркендіргіштің күшіндегі болар-болмас өзгешелік.

Бейімделу– әрекеттегі тітіркендіргіштің күші мен созылыңқылығына икемдесу нәтижесінде талдағыштар сезімталдығының өзгеріске түсуі.

Сезімталдық(сенсибилизация) – ішкі (психикалық) жағдаяттардың ықпалымен талдағыштар сезімталдығының көтерілуі.

Толықтырушысезімталдық–қандай да бір сезім түрінің жетіспеуі-нен басқа сезім ағзалары сезімталдығының күшеюі (мысалы, зағиптердің есіту, иіс сезу қабілеттерінің артуы).

Қосарлытүйсіну(синестезия) – белгілі заттың нақты өзіне тән сезімдік түйсігіне оның қандай да бір қасиетіне байланыстыра екінші бір сезімді ойдан қосу (тәтті лимонның сарғылт түрі ауызда қышқылт дәм пайда етеді; гүлдің хош иісі, көрмей тұрып-ақ оның сұлу бейнесін түйсіндіреді).

Шұғыл айырма (контраст) – кейбір қасиеттерге болған сезімталдықтың екінші бір қарама-қарсы болмыс белгілерінің әсерінен көтерілуі. Мысалы, бір түсті фигура ашық фонда қарауытып көрінсе, қара фонда ағараңдайды.

Сезімталдықтыңкемуі (десенсибилизация) – бір талдағыштар күшті қозуынан басқа сезім, түйсіктердің төмендеуі.

Көрутүйсігі. Көру түйсігінің пайда болуы үшін көру рецепторлары – көз торына электромагнитті толқындар әсер етуі қажет. Адам айыратын түр-түстер хроматикалық (грек.хрома-түр-түс) және ахроматикалық (түссіз – ақ, қара және сұр түстің әрқилы реңктері) болып ажыралады.

Түр-түс–әрқилы толқынды электромагниттік сәулелердің әсерінен болатын психикалық құбылыс. Адам көзі 300-ден 700нм (нанометр) қабілетіне ие.

Есітутүйсігі.Есіту ағзасы секундына 16-дан 20 мың толқындар шегіндегі дыбыстарды сезе алады. Дегенмен, есітудің ең тиімді сезімталдығы 2000-3000 герц аралығында (бұл аса қорыққан әйелдің жан айғайына сәйкес дыбыс биіктігі).

Page 32: психология негiздерi

3�

Адам өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыстар) дыбысты сезбейді. Табалдырық асты төмен жиіліктегі 6 герц дыбыстар адам психика-сына кері ықпал жасап, бас ауыртады, шаршатады, көңіл күйзелісіне тап қылады, ал 7 герц дыбыстар тіпті жүрек қызметінің тоқтауына соқтыруы мүмкін.

Сипайсезу(тактиль)түйсіктері – жанасу түйсіктері. Тактильді рецепторлар бармақ ұштарында көптеп шоғырланған.

Қозғалыс сезу (кинестезиялық) түйсіктер – адамның өз тәні мүшелерінің кеңістіктегі жағдайы мен орын ауыстыруын сезінуі.

Тербеліс (вибрациялық)түйсіктері серпінді ортадағы 15-тен 1500 герц дейінгі тербелістерді бейнелеу нәтижесінде пайда болады. Психикалық тұрғыдан тербелістер адамды қатты жалықтырады әрі тіпті пайдасыз. Көп жағдайда олардан сақтанған жөн.

Иістүйсіктеріауа құрамындағы иісті зат бөлшектерінің мұрын қуысындағы иіс сезу клеткаларын тітіркендіру әсерінен туындайды.

Дәмтүйсіктері. Бұл түйсіктердің барша түрлері төрт қилы (ащы, тұзды, қышқыл және тәтті) дәмнің түрліше бірігуінен пайда болады.

Табиғи(органикалық)түйсіктер – ішкі ағзаларда жайғасқан ин-терорецепторлармен байланысты түйсіктер. Мұндай түйсіктердің болуынан адам тойғанын, ашырқағанын, тынысының тарылғанын, жүрек айнығанын сезеді.

Адамныңсезімталдық(сенсорлы)қалпы– бұл әрбір тек өкіліне тән әрқилы сезімталдық қабілеттерінің даму денгейі және олардың жүйелі әрекетте болуы.

14. Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері

Қабылдау–бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз(ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу түрлерімен ажыралады.

Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау симультанды (бір әрекетті) және сукцессивті (кезеңді, бірізді) формалдығына ие.

Page 33: психология негiздерi

33

Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; іс-әрекеттік– қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.

Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін.

Қабылдаудыңжалпызаңдылықтары:мағыналылығы, жалпылығы, заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы).

Қабылдаудыңмағыналылығыжәнежалпылығы. Қабылдау нәтижесі – заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.

Қабылдаудыңзаттасқандығы–заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.

Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да).

Қабылдауқұрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.

Қабылдаудыңтаңдамалылығы.Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.

Апперцепция–қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.

Қабылдаутұрақтылығы – заттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.

Page 34: психология негiздерi

3�

Қабылдаутүрлері: затты, уақытты қабылдау; қатынастарды, қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.

15. Елес: жалпы сипаттама

Қабылдауда болатын сезімдік бейнелердің жасалуынан санада өз алдына ерекшеленген жаңа психикалық құрылым – елестер пайда бо-лады.

Елес–бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының санадағы қайта жалпылай жасалған психикалық бейнесі.

Елесте заттың барша бітістері мен белгілері теңдей жарқын, дәлдікпен нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс-әрекетімізбен бай-ланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей қажет, маңызды тараптары шығарылады, қалған тұстары бұлдыр күйінде қалады.

Елестер қабылдану түрлеріне орай бөлінеді (көру, есіту және т.б.).Елестердің негізгі ерекшеліктері:- елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне

күңгірттеу;- елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін

ажыратып болмайды;- елесте әрдайым жалпыланған бейне сақталады (тау елесі, мысалы,

ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша тауларға тән белгі – биік шоғыр).

- бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-даралықты келеді. Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің өзіндік ерекшелігінен болады;

- елес көрнекі – бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған танымдық, білім қызметін атқаруы мүмкін;

- түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;

- елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы – есте сақталғанды елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан-жақты талдауға салып, нақтылай бастаймыз.

Елес қабылдау үдерісінің қарабайыр, сол күйінде қайталануы емес, ол ауыспалы қозғалысты құрылым, әр мезеттегі нақты жағдайға байланыс-ты жаңаланып, тұлғаның күрделі өмірін бейнелеп барушы психикалық құбылыс.

Page 35: психология негiздерi

35

Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі – бұл адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есіту түйсігінен айрылған әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі шығармашылығының сүйеніші еткен.

Эйдеттік (грек. eidos-бейне) елес –ырықсыз бір көргеннен есте қаларлық толық та жарқын елес.

Персевераттық(лат.perseveratio-табандылық)елес–бұл қандай да елес бейненің ырықсыз, ойдан шықпай, қайталана еске түсе беруі.

16. Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері

Зейін– бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.

Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажы-ратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.

У.Джемсзейіннің келесі түрлерін қарастырады: �) сезімдік (сенсор-лы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын.

Ырықсыззейінқандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және ол үшін ерік күшін қажет етпейді.

Ырықтызейіннемесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт аралығында орындалып жатады.

Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншіктізейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.

Page 36: психология негiздерi

36

В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндікбағдарлау деген зейіннің және бір түрін атап көрсетеді.

Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б. болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.

Сыртқабағытталғанзейін–тысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады.

Ішкебағдарланғанзейін–психиканың өз қорындағы ниетті нысан-дарды бөліп алу қызметін атқарады.

Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін арттырады.

Зейін жеке-даралықтыжәне ұжымдық болып та ажыралады. Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін.

Зейін қасиетері:тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен ауысуы.

Зейінтұрақтылығыоның уақыт аралығында шоғырлы сақталу мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін, бірақ іс өніміне әсер етпейтін қысқа мерзімді зейін тербелістерінің болуы да заңды.

Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипат-талады.

Зейінніңбөлінуібір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.

Зейінкөлемі–бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара байланыспаған заттар саны.

Зейінауысуы– жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі мүмкін.

Page 37: психология негiздерi

37

Зейінніңжеке–даралықтыерекшеліктері– бірнеше жағдаяттарға байланысты. Олар: жоғары жүйке қызметінің типі, тек өкілінің психикалық даму жағдайы, оның күнделікті психикалық қалпы, үйреншікті қызметінің шарттары.

17. Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері

Ес –адамның болмыспен өткендегі өзара ықпалдасты қарым-қатынасының психикалық бейнесі, оның тіршілігіне қажет ақпараттық қор.

Ақпаратты сақтау қабілеті және оны іріктеп, таңдаумен қажетті іс-әрекетке қосып баруы, әрекет-қылықты реттеу үшін пайдалануы – тек өкілің қоршаған ортамен байланысын қамсыздандырушы мидың негізгі қасиеті. Ес арқылы өмір тәжірибесі бірігеді, адамзат мұдениеті мен жеке бас тіршілігі үздіксіз дамиды. Ес негізінде адам бүгінгісін бағдарлап, келешегін болжастырады.

Есті интелекттік және тұлғалық жүйешелер ретінде белгілі құрылымға ие қызмет, үдеріс, психикалық болмыс деп сипаттауға бо-лады.

Ежелден қалыптасқан ғылыми көзқарастар бойынша ес, бір тараптан – психикалық қызмет (функция), ал, екіншіден – үдеріс (процесс) ретінде қарастырылып жүр.

Естің психикалыққызметі, яғни қандай да мнемикалық (лат. mnema – ес) нәтиже беруге қатысуы, оның психикалық болмысы (реальность). Бұл жағдайда назарға ес тиімділігінің нәтижелілік тарапы алынады.

Естиімділігі– бұл мнемикалық іс-әрекеттің өнімділігі, сапасы және сенімділігі

Мнемикалықіс-әрекеттіңөнімділігі–бұл есте қалдырылған және қайта жаңғыртылған материалдың саны (ес көлемі), есте қалдыру мен қайта жаңғырту шапшаңдығы.

Мнемикалық іс – әрекеттің сапасы – есте қалдырылған мен жаңғыртылғанның дәлдігі.

Мнемикалықіс–әрекеттіңсенімділігі – (валидность): ес беріктігі, жылдам әрі дәл есте қалдыру және жаңғырту ықтималдығы.

Ес нәтижесі оның үдерістік табиғатының (процессуальная сторона) салдары.

Еспсихикалықүдерісретінде мнемикалық әрекеттерімен, мнемикалық амалдарымен, есте қалдыру және қайта жаңғырту және т.б. кезеңдерімен

Page 38: психология негiздерi

38

сипатталады. Ес үдерісінің жалпы мнемикалық мазмұнын суреттеп, баяндау үшін бесүдерістүрінескеру қажет. Олар: есте қалдыру, есте сақтау, ұмыту, тану және қайта жаңғырту.

Естеқалдыру –бұл санаға жаңадан түсіп жатқан ақпаратты ұйымдастыру (рәміздей, бекіту, «меншіктеу»). Есте қалдыру шартты түрде екіге бөлінеді: ақпараттың өзін тікелей жадтарәміздеп (коди-ровать) бекіту және ақпараттан алған әсерді ғана естеқалдыру (запе-чатление).

Есте сақтау–есте қалдырылған ақпаратты белсенді не енжар (ырықты не ырықсыз) қайта өңдеп, меншікті ақпаратқа айналдыру (трансформация).

Ұмыту–сақтауға кері үдеріс, есте қалдырылған материалды қайта жаңғырту не тану мүмкіндіктерінің кемеюі.

Қайтажаңғырту–бұрын есте қалдырылған материалды тіктеу (реконструкция). Қайта жаңғырту үдерісі «тіл ұшына келтіру» (припо-минание) және еске түсіру әрекеттерін де қамтиды.

Тану–нысандар мен құбылыстарды олармен тікелей қатынасқа түскен сәтте бұрыннан белгілі қалпында қабылдау.

Есті есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту мақсатындағы ақпаратты ұйымдастыру үдерістерінің жүйесі және сол ақпаратты өңдеу қызметін атқаратын тұлғаның танымдық қабілеттері мен ол меңгерген білімдердің жүйелі арақатынасқа келуін қамтамасыз ететін интеллекттік жүйеше деп те қарастыруға болады.

Ел не өндірісті басқарған адам іс-әрекетінде белгілі мөлшерде естің барша негізгі түрлері көрінеді. Егер есті уақыт- мерзімге орай топтастыра-тын болсақ, ендеше оның келесідей түрлерін ажырата білу қажет: қысқамерзімді,нақтыіс-әрекеттік(оперативті)жәнеұзақмерзімді.

Қысқамерзімді ес – қабылдау аймағына түскен нысандар мен жағдайлар тобын бір көргеннен тікелей байқау және бекіту қызметін атқарады. Мұндай мерзімді естің қызмет бабы 30 секундтық, қабылдау көлемі - 5-7 нысан.

Нақтыіс-әрекеттікес – қажетті әрі мезеттік іс-әрекет нәтижесіне жету үшін ғана жасалған ақпаратты іріктеп сақтау және іске асыру жұмысына бағытталады. Бұл ес үдерісінің жалғастығы орындалатын іс-әрекетке жұмсалған уақыт мөлшерімен сипатталады.

Ұзақмерзімдіес–аса жоғары маңыздылыққа ие болған ақпаратты түбегейлі не ауқымды уақыт жадта сақтау қызметімен байланысты.

Page 39: психология негiздерi

39

Сенсорлы(сезімдік)ес–сезімдік ықпалдарды тікелей байқау, яғни нысанның сезімдік әсерін көрнекі бейне түрінде анық әрі толықтай қабылдап, өте қысқа уақыт аралығында сақтап тұру (0,25сек.).

Іс-әрекет субъекті ақпаратты түрлі сезім ағзаларының: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипай сезу – арқасында қабылдайды.

Осыған орай көруесі,естуесі,иіссезуесі,сипайсезуесіжәне дәмсезуесіажыралады.

Бұлардың басқа ақпаратты жадта қалдыру сипатына байланысты вербалды(сөздік ес), бейнелі,моторлы(қозғалыс есі),эмоционалды(көңіл, сезім, толғанысесі),сондай-ақзаттардыңкеңістікте,уақытаралығындажайғасу,сандық,аты-жөні,адамдардыжадтақалдыруес түрлері бөліне қарастырылады.

Жадта қалдыру үдерісінің даму дәрежесін ескерумен есті тікелейнақты және жанамадеп ажыратудың да үлкен маңызы бар.

Тікелейнақтыестіңерекшелігі – есте қалдырылған материалдың өңдеуі кем, қалай қабылданса, сол күйінде бейнеленіп, психикалық бекімге түседі. Мұндай жағдайларда субъект материалды көп мәрте қайталаумен, ешқандай құрал, әдіс қолданбастан, өңдеусіз жаттап алады.

Жанамаес–материалды есте қалдырудың әдіс, жолдарын іздестіріп, мағынасын түсініп, талдау, салыстырумен орындалатын ес түрі.

Есте қалдыру әдісі бойынша ес механикалық және ассоциативті(мағыналы) ес-түрлеріне ажыралады.

Адам жадының негізгі қызметі ақпарат іздерін мағыналы (ассоциа-тивті) байланыстар бойынша есте қалдыру және қайта жаңғырту. Ассо-циативті естің үш түрі танылған: сыбайласбайланыстыес: ақпараттар қандай да мәнді өңдеуге келтірілмейді, олар арасындағы байланыс түрі өте қарапайым; қарама-қарсыбайланыстыес: логикалық (қисынды) қарсы қойып салыстыруға негізделген байланыс түрі; ұқсастыққабай-ланыстыес: қандай да бір жағдайды ойға ала отырып, адам онымен байланысқан және бір оқиға, зат, тұлғаны есіне түсіреді.

Іс-әрекет мақсатына орай келесідей ес түрлерін айыра белгілеуге болады:

1)ырықсызес–ақпараттың өздігінен, қандай да арнайы жатта-уды қажет етпестен іс-әрекет барысында есте қалу түрі. Мұндай ес балалық шақта аса күшті дамиды да жас ұлғайған сайын бәсеңдейді;

2)ырықтыес– ақпараттың жадта қалуы мақсатқа байланысты, арнайы тәсілдерді қолданумен орындалады.

Page 40: психология негiздерi

�0

Ырықтыестіңтиімділігіесте қалдыру мақсатына (қаншалықты берік, ұзақ уақыт жадта сақтау қажетіне орай); жаттау тәсілдерінетәуелді.

18. Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы

Ойлау–танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.

Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие болғандары:

1)ойлауіс-әрекеттері–белгілі міндетті шешуге бағытталған ой әрекеттері мен амалдарының жүйесі.

2)ойлауамалдары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру, жүйелестіру және нақтылау;

3)ойлауформалары:пікір, ұғым, түсінік;4) ойлаутүрлері:тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және

теориялық –бейнақты;Мазмұныбойынша тәжірибелік, ғылыми, көркемөнеройлау іс-

әрекеттері ажыралады.Құрылымы жағынан ойлау іс-әрекеттері а) алдын ала белгілі ере-

желер бойынша орындалатын алгоритмдікжәне б) қалыптан тыс мәселелерді шығармашылдықпен шешуге бағышталған эвристикалықболып бөлінеді.

Бейнақтылық деңгейіне орай эмпирикалықжәне теориялықойлау түрлері ажыралады.

Ой әрекеттерінің бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқан екі тарапы ретінде көрінетін талдау (анализ) және біріктіру (синтез) өзара ықпалдастығы негізінде орындалады.

Жеке-даралықты ойлау қызметін сипаттауда келесідей ақыл сапалары ескеріледі: жүйелілік, бірізділік, дәлел-дәйектілік, икемділік, шапшаңдық және т.б., сондай-ақ тек өкілінің ойлау типі мен интеллектуал ерек-шеліктері.

Психологияда танылған ойлау формалары – пікір, ұғымжәнетүсінік.

Пікір–зат жөніндегі нақты таным, оның қандай да бір қасиетін, байланыс не қатынастарын мақұлдау немесе терістеу. Бейнеленуші

Page 41: психология негiздерi

��

зат мазмұнына тәуелді ойлау бірнеше түрге бөлінеді. Олар – жеке және жалпы, шартты және тиянақты шешімді, болымды және теріскей.

Ұғым – бірнеше пікірлер негізінде белгілі қорытынды жасауда қолданылатын ойлау формасы.

Дедуктивұғым – ықтимал, жалпыдан жалқыға келтірілген ұғым.Индуктив ұғым – ықтимал, кейбір құбылыстардың жекеленген

белгілері бойынша барша біртекті заттар жөнінде, яғни жалқыдан жалпыға өте, берілетін ұғым.

Түсінік – біртекті топ заттары мен құбылыстарының мәнді қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы.

Ойлау әрекеттері – біртекті мәселелерді белгілі әдістермен шешуге негізделген қайтажасаушы (репродуктив) және ізденістік (өнімді – продуктив) болып ажыралады. Қалыптан тыс проблемаларды ше-шуде қолданылатын ойлау әрекеттері өзіндік құрылымға ие болып, ол кезеңдерге бөлініп, бірізді орындалып барады:

1) Бастапқы кезең – танымды әрекеттің бастауы – тек өкілінің туындаған проблемалық жағдайды түсінуі.

2)Екіншікезең – шешілетін мәселе бойынша принциптерді, жалпы жобаны, шешу әдістерін айқындап, ашып алу. Бұл үшін нақты құбылысты жалпы өзара байланыстар аймағында көре біліп, оның мүмкін болған себептерін жоғары ықтималды болжау – гипотезалармен түсіндіру.

3)Үшіншікезең–мәселе шешімі бойынша алға тартылған гипотеза-ларды тексеру. Бұл тексеріс әрқилы іс-әрекеттер сипат, мазмұнына орай әртүрлі арнайы әдіс-тәсілдермен іске асырылуы мүмкін.

4)Төртінші,қорыту кезеңіндемәселе бойынша алынған нәтиже бастау талаптарымен салыстырылады. Егер соңғы нәтиже мен бастапқы талап сәйкес келсе, зерттелуші нысанның дұрыс ақпараттық-логикалық сұлбасының (моделінің) жасалғаны, яғни қойылған проблеманың шешім тапқаны.

Ойлау іс-әрекеттері бірінен екіншісіне ауысып баратын ой амалдары түрінде орындалып жатады: салыстыру–жалпылау, бейнақтылау(абстракция)–топтастыру(классификация)–нақтылау.

Ойлау амалдары – бір мақсат арнасындағы ой әрекеттерінің тобы.

Салыстыру – құбылыстарды топтастыруға мүмкіндік ашатын әрі құбылыстар және олардың қасиеттерінің ұқсастығы мен ерекшелігін айқындайтын ойлау амалы.

Page 42: психология негiздерi

��

Жалпылау - ойлау қасиеті, сонымен бірге негізгі ой амалы. Ойдың жалпылау ісі екі деңгейде өтеді: бірінші, қарапайым деңгей - ұқсас заттарды сыртқы белгілері бойынша біріктіру, қосу. Екінші деңгей – заттардың мәнді жалпы белгілерін ажырату.

Бейнақтылау (абстракция)– құбылыстардың қандай да бір тұрғыдан мәнді жеке қасиеттерін дерексіздендіре бейнелеу амалы.

Жалпылау және бейнақтылау негізінде топтастыру мен нақтылау ой жұмыстары іске асады.

Топтастыру (классификация) –нысандарды мәнді белгілері бойынша бір топқа келтіріп, басын қосу.

Нақтылау(конкретизация) – біртұтас нысанды оның мәнді өзара байланыстары бірігімінде танумен оны теориялық қалыпқа келтіру.

19. Ойлау түрлері

Психология ғылымында ойлау түрлерін ажыратуға байланысты алғашқы қабылданған генетикалықтоптастыруәдісі. Бұл бойынша ойлау әрекеті дамуының үш деңгейі еленген:

- тәжірибе–әрекеттіойлау–нақты заттармен тікелей байланыса, ой қызметін орындау түрі;

- көрнекі-бейнеліойлау–елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрі;

- сөздік – логикалы немесе сөздік – рәмізді ойлау – абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.

Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау үдерісі келесі түрлерге бөлінеді:

Вербалды (сөздік) және визуалды(көру),нақты және дерексіз (абс-тракт) ойлау.

Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі: теориялықжәне тәжірибелік.Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау бағытынан теориялықой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта жасау бағытында тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі алға тартылады.

Ойды тереңдей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар бөліне көрінеді.

Page 43: психология негiздерi

�3

Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді. Мұндай қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орында-лады.

Теориялықойлау жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын өзіне тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде – адамның жасампаздық іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы құбылыстардың даму заңдылықтары нақты айқындалады.

Логикалық (қисынды) ойлау – логикалық амалдар (салыстыру, жүелеу, қорыту және т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.

Синкретикалық (біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес, сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара байланыстырылады.

Шешілетін мәселе және орындалатын іс-әрекеттердің стандартты не стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыралады: алго-ритмдік,дискурсив, эвристикалық және шығармашыл ойлау.

Алгоритмдікойлау–типтік мәселелерді шешуге қажет алдын ала белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан ойлау түрі.

Дискурсивойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген ой әрекеті түрі.

Шығармашылойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.

Эвристикалықойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін табуға бағытталған өнімді ойлау үдерісі.

Танымдық үдерістер өздерінің өту сипаттары бойынша шұғылсезімдік (интуитивтік) және аналитикалық (талдауға негізделген) бо-лып бөлінеді.

Шұғыл сезімдік (интуитивті) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.

Ойлаудың арнайы бір түрі – аутистикалықойлау –психикалық сырқаттармен байланыста көрінеді (мысалы, ақылдан адасу, ес ауу жағдайында). Өмірде мұндай сырқатты ойдың өтпелі формалары көптеп кездеседі: нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз, шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.

Page 44: психология негiздерi

��

20. Ойлау сапасы

Ойлауөрістілігі–адамның мәселені тұтастай қамтып, сонымен бірге оның жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті.

Ойтереңдігі – күрделі мәселелердің мәніне жете енуден көрінеді. Ой тереңдігіне қарсы сапа – ойүстірттігі. Мұндайда адам басты нәрсені көрмей, қажеті кем жағдайлардан аса алмайды.

Ойдербестігі – адамның жаңаміндеттерді алға тартып,басқалар жәрдемінсіз-ақ оларды шешудің жолдарын таба білу.

Ойасығыстығы - тұлғаның кезіккен мәселені жан-жақты ойлас-тырып алмай, қандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру, жетерлі ой сарабынан өтпеген жауаптар мен пікірлер айту әдеті.

Ойикемділігі – мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері құрсауына маталып қалмай, қалыптан тыс шешім жол-дарын іздестірудегі еркіндігі, жағдай өзгерістеріне орай жаңаша ой жүргізу қабілеттілігі.

Ойжүйріктігі – адамның ауысқан, бейтаныс жағдайлар мәнін жылдам түсініп, ойланумен дұрыс жол таба білу қасиеті.

Ойлау әрекетінде көрініс беретін шабандық жүйке жүйесінің типі – жай қозғалғыштығымен байланысты. Айзенкпікірінше, ақыл үдерістерінің шапшаңдығы адамдар арасындағы ой-өріс, парасат ерекшеліктерінің негізгі тірегі.

Ой сындарлылығы – адамның өзінің де, өзгенің де ой, пікірін шынайы бағалай білу ептілігі, алға тартылған тұжырымдар мен қорытындыларды тиянақты әрі жан-жақты тексерістен өткізе алу қабілеті. Ойлаудың жеке-даралықты ерекшелігі әр адамның өзіне тән, өз қызметімен байланысты ойлау түрлерін таңдай білуіне байланысты. Мысалы, бір адам – көрнекі - әрекеттік ой түрін таңдаса, екіншісі – көрнекі–бейнелі ой толғастыруды қалайды, ал үшіншісі, тұлғалық деңгейі жоғары адам – абстракт-логикалық ойлауды қару етеді.

21. Зерде және оның құрылымы

Тұлғаның ойлау сапасы, қабілеті оның зердесінен көрінеді.Зерде (интеллект-лат. Inteellectus – ақыл-ес) тек өкілінің ақыл-ес

қабілеттерінің тұрақты құрылымы, оның танымдық мүмкіндіктерінің денгейі, адамның өмір жағдайларына бейімделуіне арқау болар психикалық тетіктері, болмыстың мәнді өзара байланыстарын түсіне

Page 45: психология негiздерi

�5

білуі, сонымен бірге тұлғаға тән қауымдық мәдениет тәжірибесіне араласа жүру қасиеті.

Қазіргі күнде «зерде» мәнін түсіндірудің үш жолы бар:1.биологиялықтұрғыдан зерде – бұл «жаңа жағдайға саналы икем-

десуге қабілеттілік»;2. педагогикалық тұрғыдан зерде – бұл «оқу, оқытуға

қабілеттілік»;3. құрылымдықтұрғыдан зерде – бұл барша ойлау құралдарын

мақсатқа бейімдестіре жұмылдыруға «қабілеттілік» және «әрқилы қабілеттер бірігімі».

Адам бойындағы танымдық үдерістердің жиынтығы сол адамның ақыл, парасатын, яғни зердесін анықтайды.

Векслер анықтауында «Зерде – ақылды, саналы ойлай білу мен тір-шілік жағдайларында ұтымды табысқа жеткізетін ауқымды қабілеттілік», яғни зердеадамныңқоршағанортадабейімделебілуқабілетіретіндеқарастырылады.

Зердеқұрылымы.Ч.Спирменкөзқарасында, әрбір адам өзінің жал-пы зердесінің белгілі деңгейімен сипатталады. Осыған орай тек өкілі қоршаған ортаға өзінше бейімдеседі. Сонымен бірге, адамдардың бәрінде әрқилы дәрежеде дамыған, нақты қызметтерде ғана көрінетін арнайызерделілік болады.

Торстоунжалпы зерденің әрқилы құрылым элементтерін қарастыра отырып, алғашқы ақыл-ес мүмкіндіктерін атайды. Олар – �) есептеу қабілеті; �) сөз икемділігі; 3) сөздік қабылдау; �) кеңістікте бағдар алып жүру қабілеті; 5) ес; 6) пікір жүргізу қабілеті; 7) қабылдау шапшаңдығы.

Р.Кэттел пайымдауынша, әр адамның ақыл, ес, парасаттық, яғни зерделілік мүмкіндігі тумадан беріледі. Осы қасиет тұлғаның өмір барысындағы ойлау, дерексіздендіру (абстракциялау) және пікір жүргізуге деген қабілеттерінің негізін береді. Шамамен, �0 жас деңгейінде тұлғаның зерделілік дамуы өзінің шарықтау дәрежесіне жетеді.

22. Ой белсенділігін көтеру әдістері

Ойлау әрекеттері белсенділігін көтеру үшін ой үдерістерінің әрқилы ұйымдасқан формаларын пайдалануға болады. Солардың бірі «ақыл шабуылы» (брейнсторминг). АҚШ ғалымы А.Обсорн ұсынған бұл әдіс

Page 46: психология негiздерi

�6

топпен жұмыс істеуде идеялар не шешімдер туындатудың аса бір өнімді жолы ретінде кеңінен қолданым табуда.

«Ақыл шабуылын»ұйымдастырудың негізгі ережелері келесідей:- топ әрқилы мамандық бағытындағы түрліше ойлау еркіндігі бар 7-�0

адамнан құралады. Олардың �-3 ғана қарастырылатын мәселе бойынша хабардар болса, жеткілікті.

- «сынға тұсау салуға», яғни өзгелер пікірін кесуге, ол бойынша сын айтуға шек қойылады. Ой бөліскенді мақтау-негізгі шарт, бөгде идеясын дамыта жалғастырған немесе өз ұсынысын ортақтасқан марапаттала-ды.

- қатысушылар ешқандай қысым көрмей, өзін еркін сезінуі үшін жара-сымды қатынастар мен жайлы да шуақты жағдайлар жасалуы міндетті. Отырғыштар шеңбер бойлап орналастырылуы тиіс.

- айтылатын ойлардың бәрі магнитті таспаға жазылады не стенографиялық әдіспен хатталады. Авторы көрсетілмейді.

- брейнсторминг нәтижесінде алынған пікір, идеялар қаралған про-блемалармен айналысатын мамандар – эксперт тобына құнды идеялар-ды іріктеу үшін өткізіледі. Зерттеулер дәлелдегендей, бағалы идеялар мұндайда �0% көлемінде болуы ықтимал. Қатысушылар эксперт топқа енгізілмейді.

Әрқилы мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтаушы топ жүргізетін «ақыл шабуылы» негізінде «синектикалықтай-талас» (sinтonik – басқалар толғанысын бөлісу) әдісі пайда болды. Бұл әдісті ұсынған ғалым У. Тормен міндетті болған төрт арнайы сәйкестікке негізделген тәсілді орындау талабын қояды:тура (берілгенге ұқсас мәселелер қалай шешілетінін ойланып көріңіз); өзбасыне басқа толғанысынан болған – эмпатиялық(мәселе нысанындағы бейнеге еніп, сол тұрғыдан көзқарас білдіріңіз); рәміздік– символикалық (екі ауыз сөзбен мәселе мәнінің өрнекті анықтамасын беріңіз); қияли –фантастикалық (ойланып көріңізші, бұл мәселені ертегі сиқыршысы қалай шешкен болар еді).

Ізденіс белсенділігін көтерудің және бір жолы –фокальдынысанәдісі (фокаль-фокус- зейін шоғырланған нүкте). Бұл әдістің мәні – кездейсоқ таңдап алынған бірнеше нысан белгілері қарастырылып жатқан нысанға беріледі, нәтижеде тосын, көзге оғаш бірікпе пайда болады. Мұндайда адам бұрынғы әдеттенген ойлау қалпынан босанып, өз тоғышарлығын жеңумен жұрт құсап емес, бұрын соңғы болмаған ойлау жүйесіне өтуге дағдыланады. Мысалы, егер кездейсоқ нысан ретінде «жолбарыс» алып,

Page 47: психология негiздерi

�7

ал назарда (фокальда) «қалам» болса, санаға «жолақ қалам», «азулы қалам» сияқты ой кіреді. Осы тіркестерді таразылай және дамыта отырып, соны, түбегейлі жаңа шешімдерге келу мүмкін (Архимед «эврикасы»: адам және ол шомылған ваннадан төгілген су байланысынан таразылап болмайтын ірі заттарды өлшеу тәсілі ашылды).

Морфологиялықталдауәдісі–алғашқыда нысанның өзекті, яғни басты сипаттамалары бөліп алынады, ал кейін олардың әрқайсысына байланысты балама – элементтер тізімі жасалады.

Ойлау әрекетін жеделдестіруге бақылау сұрақтары, әдістері де үлкен жәрдемін тигізеді. Бұл әдісте ой бөлісу сұхбатына қатысып отырғандарға бағыттау сұрақтары қойылады, мысалы: «Ал керісінше істесе не болады? Нысан формасын өзгертсе, қалай болар еді? Ал нысанды ұлғайтсақ не кішірейтсек не болмақ? » және т.б.

Жоғарыда аталған шығармашылық ой мүмкіндіктерінің белсенділігін көтеру әдістері қиялды бейне байланыстарын мақсатты бағытта дамы-туды көздейді.

23. Ойлау жүйесінің бұзылысы

Маманданған психологтар ойлау жүйесінің бұзылыстарын, оның қалыпты стандарттан, «нормадан» ауысу дәрежесін, формасын жақсы тани біледі. Аса көтеріңкі масаттыққа (кейде негізсіз – эйфорияға) бөленіп немесе қандай да бір іспен шектен тыс, қызыға шұғылданған шақта адамда ой үдерісінің тосын шапшаңдығы байқалып, бір ой екін-шісіне «мінбелеп» кететін жәйті бар. Бірін бірі «қуалай», үздіксіз шығып жатқан бұрқасын ойлар біртіндеп үстірт сипат алып, санамызға симай, төңірегіміздегілерге «сел жаңбыр» болып шашыла бастайды. Мұндай ырықсыз, шегі бітпес әрі басқарымнан кеткен ой ағымы психологияда «ментизм» атауын алған.

Ал жоғарыда аталған психикалық қалыпқа – кереғар сапа – орынсыз «ойбайсалдығы». Бұл жағдайда ойлау әрекеті шабандайды, ой өзінің «түйме-түйінінен» бөлініп, басты мән-мағына ажыратудан қалады. «байсалдылықтың» мұндай түрімен «сырқаттанған» адам бірдеңе жөнінде айта отырып, қажетсіз нәрселерді шексіз «жіпке тізген» баянсыз әңгімесімен тыңдаушыны әбден жалықтырады.

Шектен тыс сезімтал, қозғыштығы жоғары адамдар кейде сәйкестігі жанаспайтын заттар мен құбылыстарды, өзара қарама-қарсылықты идея-лар мен тұжырымдарды біріктіруге тырысып, ұғымды ұғыммен шатасты-

Page 48: психология негiздерi

�8

рып, ой салу әлегіне түседі. Мұндай «субъектив» ойлау «паралогиялық» (қисыннан тыс таным) деп аталады.

Логикалық байланыстары бұзылған, мағыналық бірлігі жоқ, бірақ сөз тіркестері мен сөйлем құрылымы ойдағыдай дұрыс. Іс-әрекет иесі сізге мейлінше байыппен бірдеңені түсіндіріп жатқан сияқты, ал сіз болсаңыз одан ешнәрсе түсінбейсіз. Мұндай жағдайдағы психикалық өнімсіз әрекет – «жыртысты ой» (разорванное мышление) атауын алған.

Ескіден тұрақталып, санаға сіңген шешімдер мен тұжырымдарға көзсіз еліктеп үйренген адам күтілмеген не жаңа жағдайларда өз бетін-ше дербес жол табу қабілетінен айрылып, соны, қалыптан тыс шешім шығаруға әлі жетпейді. Мұндайдағы адамның ойлау әрекеті психологияда «ой ригидтігі» деп аталады.

Ойлауқызметініңригидтігі–бұл икемсіз құбылыс мәнін жіті зертте-мей, бұрыннан не өзімшілдікпен «пішілген» көзқарас тезіне салу, сезімдік ықпалды әсірелеу, үлгіден шыға алмай, «көзсіз» бағалауға дағдылану.

Сәби не ересек өзінің қаћарман, өнертапқыш не әйгілі адам болғанын армандайды. Біздің психикамыздың тұңғиық үдерістерін бейнелеуші ішкі қияли дүние кей адамдардың ойлау жүйесінде жетекші жағдаятқа айналады. Бұл «аутистикалықойлау» деп аталады.

Аутистикалықойлау негізі – адамның жеке басы толғаныстары дүниесіне тереңдей шомып, шындықтан ажырау; болмыс байланыста-рынан айрылып, төңірегіндегілермен қарым-қатынастан қалуы.

Ой бұзылысының асқынған түрі – сандырақнемесе ақыл-ес моно-маниясы. Сандырақ – бұл болмыс шындығына жанаспайтын, тіпті оған қайшы келетін ойлар, идеялар, пікірлер.

Сырттай қарағанға, кәдімгідей –ақ адам, ал сөйлеп бастаса, айтқандарының бәрі тыңдағанның миына қонбайды. Мұндай ойлау қызметінің бұзылысына ұшыраған адамдар тобының келесідей түрлері бар: «ойлап тапқыш сандырақты», «реформатор сандырақты», «қызғаныш сандырақты», «эротикалық сандырақты», «күмәншіл сандырақты».

Сандырақты идеялардың «шынайылылық» дәрежесі мен интел-лектуалды сапасы олардың «илеуіне түскен» тыңдармандардың ойлау мүмкіндіктеріне тәуелді. Көп алдында құлпырта төгіп, баяндалып жатқан идеялардың «сандырақтық» сипатын сезу оңай емес, кейде тіпті мүмкін болмайды да. Сондықтан мұндай сандырақты түсіндірмелер мен тұжырымдар кей адамдар тобын жеңіл еліктіреді, ал фанатик не параной-дты тұлғалардың қолында бұл «сырқатты» ойлар аса қауіпті әлеуметтік

Page 49: психология негiздерi

�9

қаруға айналуы мүмкін (кешегі дағдарыс жылдары қаптап кеткен «ақ әулие» - «сары әулиелер», т.с.с. есіңізде болар).

24. Шығармашылық. Шығармашыл ойлау

Шығармашылықіс-әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа, қалыптан тыс ізденістерге дем беріп, қоғамдық дамудың ілгерілеуін қамтамасыз етеді.

Шығармашылойлау–жаңа идеяларға, қоғам жаңалықтарын ашу мен жаңа шешімдерге қол жеткізіп, проблемалардың түбегейлі, бұрын-соңды болмаған жолдарымен анықталып, өріс алуына мүмкіндік беретін ойлау әдіс-әрекеті.

Әдетте, психологтар шығармашылдыққа кедергі болар төртпсихикалықжәйтті атайды:

- Конформизм (еліктегіштік)– адамның басқаға ұқсап бағу ниеті.Адамдар өзгелер ортасында бөлектеніп көріну қаупінен өздерінің

жаңалықты идеяларын айтудан тартынады. Олардың мұндай қатерленуі көбіне балалық шақтағы ересектер мен құрбыларының түсініспестігі мен мінеуіне ұшырап, опық жегенінің салдарынан.

- Цензура(тыйымсалу)-өз идеясына болған ішкі сын. Қатаң ішкі цензуралы адам проблеманың өз бетінше шешілуін күткенді абзал көреді, немесе шешім жауапкершілігін басқаға аудара салғанды мақұл тұтады. Мұндай ынтасыздық, әдетте, әміршіл-әкімшіл тәрбиені ұстанған және көрінген нәрсені сылтау етіп сынағанды, кейіп жекігенді әдетке айналдырған ата-ана балаларында қалыптасады.

- Ригидтік (кертартпалық)– бір үйреншік көзқарастан, пікірден басқасына ауысу қиыншылығы. Ригидтік дайын шешімдерді жетілдіру-ге, таныс, қалыптағы заттар мен құбылыстардағы тосын жаңалықтарды сезінуге мүмкіндік бермейді.

- Шұғылжауаптабуниеті. Шұғыл жауап табу - әркімде бола бермей-тін қасиет. Әдетте, ең «әдемі» шешім «шығармашылық үзілісі» кезінде, адамның шешілуі тиіс проблема үстінде қадалып отыра бермей, зейінін одан ауыстырып, босаңсыған дем алыс шағында ойға түседі.

Шығармашыл тұлғалар психологияда нонконформистер деп аталған. Мұндай адамдар қоршаған орта талаптарын өз ұстанымдарына сәйкес келсе ғана, қабылдайды. Олардың өмір, қоғам, төңіректегі дүние жөніндегі дүниетанымы қалыптан тыс, жұрт ойындағыдай емес. Бұл адамдар идеологиялық құрсаудан азат. Шығармашыл тұлғалардың интел-

Page 50: психология негiздерi

50

лекті бірігімді (синтетичен): олар әрқилы құбылыстар арасында байла-ныстар түзуге құштар. Сонымен бірге мұндай тұлғалардың ойлау әрекеті дивергентті,яғни бір зат не құбылыстың өзінде әрқилы байланыстар табуға шебер. Олардың бойында балалық шақтан қалған таңдану мен қайран қалу әдеті өмір бойы сақталады. Олар сезімтал, тосындықтан қашпай, қабылдайды, яғни сензитивті.

Шығармашыл тұлға өзінің жан дүниелік мүмкіндіктерін ұдайы сезіп барады, оның таным, білімдері бір күйде тұрақтанып қалмай жаңа із-деністерге, жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасауға деме-уші үздіксіз қайта құрылым өзгерістеріне түсіп, жаңа нәтижелерге қол жеткізіп жатады. Мұндай тұлғаның психикалық белсенділігі қалыпты санадан жоғары, көрегенді.

Типологиялық ерекшеліктеріне байланысты шығармашыл тұлғалар өнерде, ғылымда және техникада бойына біткен жасампаздық қасиеттерін өзінше іске асыруға қабілетті.

Тұлғаның көркем өнерлі типі дүниені көркем бейнелер түрінде меңгереді, оларды жасаудың тетіктерін игереді, эстетикалық бағыты мен дүниетанымын жариялау үшін сөз саптау, бой көрсету, мәнерлі дыбыстау жүйелерін қарастырады. Өнермент пен оның талантына тәнті адамдар арасында рухани үндестік, психикалық бірлестік, бейнелі - көңіл туыстығы, құндылыққа болған ортақ баға орнығады.

25. Қиял: жалпы сипаттама және түрлері

Қиял қабылдау үдерісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорыту, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгіні жаңалай өзгертіп барады.

Қиял–ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі – ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.

Қиял арқылы адам келешекті болжайды, өз әрекет-қылығын реттейді, болмысты шығармашылықпен қайта жасайды.

Ой үдерісінің әр қадамы өз ішіне қиял элементтерін қамтиды, соны-мен бірге қабылдаудың біртұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қиял бағыттауымен тұлға болашақтық шексіз кеңістігінде ой сайранына шығады, өткен тарих тұңқиығы суреттемелерін қайта құрастырып, бүгінгі ұрпақ назарына ұсынады.

Page 51: психология негiздерi

5�

Қиялдыңнегізгіқызметтері:- Мақсат пайымдау – іс-әрекеттің болашақ нәтижесі қиялда жасалып,

ол тек субъект санасында ғана орын тебеді әрі сол субъект белсенділігін ниеттелгенді қолға түсіру бағытында жетелейді.

- Көрегендік (антиципация) - өткен тәжірибе элементтерін қорыту және сол элементтер арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды анықтау арқылы болашақты (ұнамды не кері салдарын, ықпалдасты әрекеттер мен жағдай мазмұнын) жобалау.

- Құрастыру және жоспарлау – қабылдау және өткен тәжірибе эле-менттерін саналық талдау-біріктіру әрекеттерінің нәтижелерімен салыс-тырып (сәйкестендіру) негізінде ниеттелген болашақ бейнесін жасау.

- Болмыс олқылығын толтыру – кейде адам өзінің шынайы әрекет жасау мүмкіндігінен айрылады не қоршаған орта ықпалымен болмыстан ажыралады. Мұндай жағдайда адам өз қиялының күшімен қолы, қадамы жетпеген аймаққа өтіп, қияли әрекетке кірісіп, шынайы болмыста істей алмаған іс-әрекет орнын қиялдық әрекетпен толтырады.

- Бөгде адамның ішкі жан дүниесіне ену – суреттеме не баян түзу не-гізінде қиял басқа адам толғанысын жасауға қабілетті, сол арқылы оның ішкі көңіл-күй әлемін тануға мүмкіндік береді. Қиялдың бұл қызметі адамдар арасында түсіністік пен тұлғааралық қатынастар жасаудың құралына айналады.

Сонымен, қиял адам іс-әрекеті мен оның тіршілігінің, әлеуметтік қарым-қатынасы мен танымының ажыралмас бөлігі есептеледі.

Қиялформаларыныңбаршасын екі үлкен топқа келтіруге болады:- ырықсыз–адам мақсаты мен ниетіне тәуелсіз, сана жұмысымен

басқарылмайтын қиял. Мұндай қиял сана белсенділігі кемігенде не оның жұмыс әрекеті бұзылысқа түскенде пайда болады;

- ырықты– шығармашыл ойға не іс-әрекет міндеттеріне бағындырылып, сана басқарымында болатын қиял түрі.

Бірінші топқа түс көру кіреді. Түс бейнелері астар сана қатысуымен не бас миы қабығының жеке бөлімшелерінің қалдық белсенділігімен байланысты туындайды.

Сана жұмысының бұзылысы қиялдық сандырақформасына себепші болады. Сандырақты қалыпта пайда болатын қиял бейнелері, әдетте, кері, болымсыз эмоционалды сипатқа ие. Кейбір улағыш және наркотик заттар әсерінен галлюцинациялар көрініс береді. Бұл сана бақылауының жетімсіздігінен қияли өзгеріске түскен болмыстың шындыққа жа-наспайтын психикалық бейнесі ретінде қабылдануы.

Page 52: психология негiздерi

5�

Қиялдың ырықты және ырықсыз формалары ортасында асқақарман(грезы) өз ерекшелігімен назар аударады. Бұл психикалық құбылыс туын-дау мезетіне орай ырықсыз қиялға жақын; себебі ол сана белсенділігі төмендеп, адам ағзасы босаңсыған не мүлгу шағында пайда болады.

Ал ырықты қиялға ұқсастығы ниет болуына және адамның өз қалауымен бұл үдерісті басқара алу мүмкіндігіне негізделген. Асқақ арман әрдайым ұнамды да болымды сипатқа ие. Адам әрқашан тәтті өмір мен шуақты сәтті аңсайды, асқақ арман тұтады.

Екінші топқа біріккен қиял түрлері: фантазиялар, өсек-аяң,ересектердің ғылыми,көркемөнер,техникалықшығармашылығы,балаларшығармашылығы,арманжәнет.б.

Фантазия –жадтан тоқылған, болмыстан алшақ бейнелер құрылымы (әпсана, миф, ертегі, әлемнің Жерден тыс бөліктерінің қияли суреттемелері). Фантазия бейнелері бұрыннан бар тәжірибе элементтерінің жаңа бірігімін жасауға, түсініксіз құбылыстардың бейнелі түсіндірмесін табуға, ақпарат олқылығын толтыруға пайдаланылады.

Арман–ойдағы ниетті болашақ бейнесі. Қиял әрекеттік көрінісі тұрғысынан енжар(пассив – асқақ арман (грезы), негізсіз арман) және белсенді (актив) болып екіге бөлінеді. Белсенді қиял өз кезегінде қайта жасаушы (зат бейнесі берілген) және шығармашыл(жоспарлы ойға сәйкес іріктелген материал бойынша жаңа бейне жасау) түрлерге ажыралады.

Қиялдың жетекші сипаттары: жарқындығы, анықтығы, шынайылылығы, бақылауға келетіндігі, бейне белсенділігінің дәрежесі.

26. Әрекет-қылықтық эмоциялық реттелуі

Эмоция(көңіл шарпуы, сезім) – әрекет-қылықты бейберекет (импуль-сив) реттеуші психикалық құбылыс. Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар адам іс-әрекеті мен мінез-қылығында маңызды роль атқарып, төмендегі қызметтерді орындайды:

- эмоцияныңқарайлас–бағалау(отражательно-оценочная) қызметі.Әрқилы адамдар бір затқа өздерінің сезімдік тұрғысына қарай түрліше көңіл аударып, қабылдайды.

Біреудің «жақсы» дегенін, екіншілер «жаман» деп таниды. Бір адамның құндылық деп жинағанын және біреу қоқыс деп айналып өтеді.

Page 53: психология негiздерi

53

- эмоцияныңбасқарушылыққызметі.Эмоция адам қылық-әрекетін басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.

- эмоцияныңқорғаныстыққызметі. Адамды шынайы не жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.

Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы бо-лар. «қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған.

- эмоцияныңынталандырушықызметі–адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.

- эмоцияныңтолықтырушықызметі. Қандай да проблема бойынша шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша толықтырулар беруде жәрдемге келеді.

- эмоцияның сигналдыққызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)

Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін, яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты. Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап, қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.

Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза,таңдану.Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.

Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың арқауы, өзегі. Түйсікте болмыстың материалдығы бейнеленсе, эмоцияда - оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс кейпіне енеді.

Түйсіктің эмоциялықкейпі –бұл біздің түйсік сапасына болған қатынасымыз, нысанның қажеттілік қасиеттерінің психикалық бейне-

Page 54: психология негiздерi

5�

ленуі. Мысалы, біз гүлдің хош иісін, табиғаттың әсем көрінісін ұнатамыз, жағымсыз иістен, шектен тыс шудан тыжырынамыз.

Эмоционалдыүндестік– заттасқан ортадағы күнделікті болып жататын өзгерістерге орай нақты эмоционалды жауап әрекет. Эмо-ционалды үндестік адамның көңіл шарпуы күшіне, оның көңіл кейпіне байланысты анықталады.

Көңіл-күй (настроение) – бұл жағдаймен шарттасқан тұрақты, психикалық әрекетті қоздырушы не тежеуші эмоциялық қалып. Эмоция не сезімнің әсерімен болатын психикалық белсенділіктің аса жоғары деңгейі – шабыт(воодушевление) ал ең төменгі деңгейі – селқостық(апатия) аталады.

Теріскей ықпалдардан туындайтын психикалық әрекеттің шамалы қателігінен адам жабырқау(расстроенность) қалпына түседі.

Әрқилы эмоциялық ықпалдар жағдайындағы адамның көңіл-күй тұрақтылығы оның әрекет-қылығының бір қалыптылығы мен мінез-құлықтық ұстамдылығынан көрінеді.

Сезімдер–бұл әлеуметтік мәнді құбылыстар бейнесінің эмоциялық формасы. Олар қандай да бір жағдайлардың нақты тұлғаның тіршілік қалпына сәйкестігінен не үйлеспейтіндігінен пайда болады. Сезім әрқашан тұлғаның өзімен, әлеуметтік мәнді құндылықтармен орайлас келеді. Әр адамның өзіне тән, оның тұлғалық бағытын айқындаушы жетекші сезімі болады. Сол сезім адамның болмыспен орнатқан өзара ықпалдасты байланыстарын реттеп отырады.

Сезімдер тәжірибелік,іззеттілік,эстетикалықжәнетанымдықболып бөлінеді.

Тәжірибелік сезімдер – іс-әрекет үдерісінде пайда болатын психикалық қалып.

Іззеттілік(нравственные)сезімдер-өзінің және өзгелердің әрекет-қылығына деген эмоциялық, көңіл-күй қатынасы.

Эстетикалықсезімдер–қоршаған материалдың және әлеуметтік дүниедегі әсемдікке болған сезімталдық, әрқандай сұлулық пен әсемдікті құндылық ретінде тану.

27. Әрекет-қылықтық реттелуіндегі ерік маңызы

Ерік – әрекет-қылықтық саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет-қылық белсенділігін жұмылдыру.

Page 55: психология негiздерi

55

Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.

Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шартта-ры, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоци-ялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.

Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.

28. Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:

-ынталандыру(инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.

-тұрақтандыру(стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедер-гілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.

-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.

Ерік әрекеттері қарапайымжәне күрделікеледі.Қарапайымерікәрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін

ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады.

Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет:

- мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс;- мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;- мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда

болуы;- сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін

таңдау;- мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау;- қабылданған шешімді іске асыру;- қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы

кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп бару.

Page 56: психология негiздерi

56

Іс-әрекетті саналы реттеп бару үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді.

Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық:

- Ынталылық–бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.

- Батылдық– бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты.

- Тартыншақтық– жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып.

- Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді.

- Сенімділік- бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.

- Табандылықпсихикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті.

-Ұстамдылық–біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады.

29. Психикалық қалыптар: түрлері, сипаттамалары және топтасуы

Психикалық қалып –тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі.

Page 57: психология негiздерi

57

Психикалық қалыптар ситуативтіжәне тұлғалық болып бөлінеді.

Ситуативтіқалып– оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар тұлғаның жалпы әрекет-қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпықызметтікжәне іс-әрекет пен мінез-құлықтық күрделі жағдайларындағы психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы, жанжалдыпсихикалыққалыптарға ажыралады.

Тұлғаныңтұрақтыпсихикалыққалыптарыкелесідей: ұтымды және күйзелісті қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар, ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы.

Жалпыланған негізгі психикалық қалып – бұл ой, сана сергектігі.Сергектікқалып–бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалпы,

адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.Шаршап–шалдығуқалпы–уақытша жұмыс қабілетінің кемуінен,

физиологиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және жедел әрі ұзақ мерзімді іс-әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау сезімдері тобындағы субъектив түйсінулерден пайда болатын ағза қалпы.

Психикалық күштену (напряжение) қалпы – іс-әрекеттің күрделенген жағдайларындағы интеллектуалды және эмоциялы – еріктік құбылыстары.

Тұлғаныңдағдарыстықалпы–адамның психикалы бұзылысқа кел-тіруші жағдайларға жауап қатынасы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте, өз ұстанымдарын қорғаныс бағытында қайта жасап, өзгерістерге келтіре алады. Психикалық жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс, жөнсіздік қайта түзеуге келген рет-тәртіптілікпен оң бағытқа түседі, ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде орын алатын жалған тәртіптілік (псевдоупорядоченность) тұлғаның әлеуметтік ортадан аласталып, мұңды қиялға (грезы) батуына, ал кейде ішімдікке, нашақорлыққа берілуіне себепші болады.

Жабығу(депрессиялық)қалыптары–сырқатты енжарлықпен бірге көрінетін болымсыз эмоциялы- психикалық жағдай.

Аралық(пограничные)қалыптар–қоғамдық норма (талап, тәртіп) және патология (организмдегі физиологиялық ауытқу) арасындағы сы-байлас психологиялық құбылыстар: невроздар, психикалық ауытқулар, психикалық даму тоқырауы (ақыл-ес кемістігі).

Page 58: психология негiздерi

58

Психикалықнормасипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшелік-теріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп-салдарлылығы; тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай тәртіптілікте көрінуі; мақсат, сеп-түрткі және әдістердің үйлесімділігі; басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік талаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.

Психикалық бұзылысқа түскен тұлғалар әрекеттеріне тән сипаттар: жанжалды, берекетсіздік, аяқасты қызбалық, екінші сигналдыжүйедегі кемшіліктер,түсіне қабылдаутетіктерінің дұрыс іскеқосылмауы.

Психикалық ауытқулар уақытша (шыдамсыздық, күйбеңділік, невроз-дар) және тұрақты (психопатия, ақыл-ес кемістігі) болып ажыралады.

Адамның психикалық қалпын келесідей негіздерде топтастыруға бола-ды: �) психикалық қалып туындау жағдайларына байланысты – тұлғалықжәне ситуативті;�) психикалық іс-әрекеттегі басымдылық танытқан жетекші бірліктерге тәуелді – интеллектуалды,еріктік,эмоционалдыжәне т.б. 3) адам бойындағы психикалық қалыптың көріну дәрежесіне сәйкес – тереңнеүстірт;�) өту мерзіміне қарай – қысқамерзімді,созылған, ұзақмерзімді және т.б. 5) тұлғаға ықпал жасау сипатына орай - ұнамды, болымсыз,күш-қуат арттырушы стеникалықжәне кері -астеникалық;6) саналылық деңгейіне орай - ойластырылғанне тосатты, жоспарланбағанқалыптар; 7) қалыпты туындатқан себеп-терге орай; 8) қалыптың оны пайда еткен объектив жағдайларға сәйкес болуына байланысты.

Көпшілік адамдарға тән типтік ұнамды не болымсыз қалыптарды бөле қарастыруға болады: а) күнделікті, тұрмыстық (махаббат, бақыт, қайғы және т.б.); б) кәсіби (іс-әрекетке, күтілмеген жағдайларға орайласқан). Бұлар қатарына кәсібижарамдылық,кәсіпмәнінтану,қызметтабы-сынанқуаныш,ерікбелсенділігіқалыптарын жатқызуға болады.

Еңбек әрекеттерінің тиімділігі үшін өте маңызды психикалық қалып – бұл кәсібиқызығушылық.Бұл қалыпқа тән сипаттар: кәсіби іс-әрекеттің маңыздылығын саналы сезіну; кәсіби қызмет бабында көбірек білуге және сол салада белсенді қызмет жасауға ұмтылу; кәсіп саласына болған жоғары зейінділік және сол кәсіптің тұлға санасын толығымен билеп алуы.

Кәсіби іс-әрекеттің көптүрлілігі мен шығармашылық сипаты адамда шығармашылшабытмүмкіндігін ашады. Мұндай шабыт ғалымдарға, жазушыларға, суреткерлерге, актерларға, музыканттарға тән келеді. Шабытсипаттары:шығармашылық көтеріңкілік; қабылдау әсерлілігі;

Page 59: психология негiздерi

59

бұрыннан көрген, білгендерді қайта жаңғырту қабілетінің жоғары дәрежеде болуы; қиял қанаттылығы мен қуаттылығы; тосын әсерлер бірігімдерін жасаудағы шеберлік және т.б. кәсіби іс-әрекет тиімділігін арттыруға қажет және бір қалып – бұл таңдаған әрекетке және оның элементтеріне психикалық тұрғыдан дайын болу.

Адамның тіршілік (іс-әрекет, қызмет, қарым-қатынас) үдерісінде ұнамды (стеникалық) қалыптармен бір қатар болымсыз (астеникалық) психикалық қалыптар пайда болуы мүмкін. Мысалы, батылсыздық психикалық қалып ретінде адамның өзіне сенімсіздігінен не дербестігінің болмауынан ғана емес, ол кезіккен шектен тыс жағдайлардың жаңалығынан, тосындылығынан, түсініксіздігінен әрі шиеленіскендігінен де болуы мүмкін. Мұндай шарттар тұлғаны психикалықкүйзеліснемесепсихикалықкүштенуқалпына түсіреді.

Бұл орайда түбегейлі нақтыіс-әрекеттік (операционная) күштенуге ұшырау орындалып жатқан іс-әрекеттің күрделілігінен пайда болады: сезімдік ажырату қиындығы; аса жоғары қырағылықтың қажеттігі; көру-қозғалу әрекеттерін байланыстыру қиындығы; ойлау жүктемесінің ауырлығы және т.б. сонымен бірге тосын эмоциялық жағдайлардан туын-дайтын көңіл-күйшиеленісі.

30. Ашық сана қалпы. Ұйқы және түс көру

Дәстүрлі психология адамға тән екі ашық сана қалпын ажыратады: �) тынығу мезеті ретінде танылған ұйқы және �) сергектік немесе сананың белсенділік қалпы. Сергектік жағдайында тұлғаның барша ағзасы ұтымды қызметке дайын сырттай дүние сигналдарын қабылдауға және талдауға, олардың қай бірін жадқа алуға немесе бұрынғы тәжірибе мен дағдыларға орай оларға сәйкес не кері әрекет-қылықпен жауап қайтаруға қабілеті. Сонымен, сергектік–адамныңқоршағанортаықпалдарынабейімділікқалпынбілдіретінпсихикалыққұбылыс.

Адам ағзасы орташа �6 сағат сергектік және 8 сағат ұйқының алма-са ауысуымен қызмет жасап барады. Ұзақ уақыт психология ғылымы ұйқыны сергектік жағдайында жұмсалған күш-қуатты қайта тіктеуге мүмкіндік беретін ағзаның толық тынығуы деген түсінікпен келген. Ұйқы жетімсіздігі әрекет –қылыққа әсер етеді: ой және еңбек әрекеті шабан-дайды не жойылады; кей адамдарды тіпті жол-жөнекей ұйқы қысады; �-3 күн ұйқысыздықтан адам галлюцинацияға тап болып, сандырақтай бастайды. Қазірде белгілі болғаны - ұйқы ағзаны қайта қалпына келтіруші

Page 60: психология негiздерi

60

ғана құбылыс емес, ол әрқилы психикалық сатыларды қамтып, түрлі қызметтерді орындайды. Ми белсенділігіне байланысты «жай ұйқы» және «шапшаң, әдеттен тыс, ұйқы» - ажыралады.

Хартман болжамынша, ұйқы мезетіндегі адамның сыртқы ортадан ажыралуы күні бойы жинақталған ақпаратты өңдеу үшін қажет.

Ұйқы кезіндегі көретін түстеріміз біздің сеп-түрткілеріміз бен ни-еттерімізді бейнелейді. Түс көру адамның орындалмаған тілектерінің символдық іске асуын қамтамасыз етеді, бітпей қалған істен не қатерлі ойлардан болған қозу ошақтарына басу береді.

Фрейд пікірінше, түс көру күні бойы жинақталған эмоционалдық күйзеліс, күштенуді азайтып, психологиялық жайлылық (комфорт) бе-реді, осыдан адам қанағаттану сезімін алып, бойын жеңілдетеді. Фаулкс зерттеулері көрсеткендей, түс көру, ұйқы кезіндегі мидың жедел қызметі адамға ұйқы мезетінде оның проблемаларын шешуге жәрдем беру немесе адамды күйзелткен ниеттер мен толғаныстарды басу қасиетіне ие.

Френч және Фромм болжамдарына орай, түс көру адамның психологиялық қалпын тұрақтандыру тетігі ролін атқарып, осыдан адам өз проблемаларын шешу үшін қажет күш-қуатын көтереді. Түс арқылы адам бейсаналық дүниеге ерекше бір «терезе» ашады. Сонымен бірге, түс бейсана мен ашық сана арасында ақпарат алмасуға қажет «арна» қызметін де атқарады. Осыдан ақпарат қоры басымдау бейсана рәміздік не айқын формада ашық санаға керекті ақпарат жеткізеді (мысалы, болашақта күтілген оқиғалар, болып қалар сырқаттар, ішкі жандүниелік сырқатты нүктелер жөніндегі сәуегейлік болжамдар.

31. Тұлға түсінігі. Тұлға және қоғам

Психология көптеген жаратылыстану және қоғамтану ғылымдар қатарында адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ олардың жеке өздеріне тән ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.

Бұл орайда психология тұлғатерминімен бір қатар адам,текөкілі(индивид) және «даралық»түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.

Адам-өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек өкілі.

Page 61: психология негiздерi

6�

Текөкілі –бұл homo sapiens (саналы адам) ретінде нақты адам, дамудың адамдық алғы шарттарын (нышандарын) бойына сіңірген жаратылыс туындысы.

Даралық – нақты адамның тұтастай болмысының, оның табиғи және әлеуметтік меңгерілген қажеттерінің қайталанбас, ерекше сипаты.

Даралық әр адамның меншікті тәжірибесінен, білімінен, пікірі-нен, ұстаным – көзғарастарынан, мінезі мен темпераментіндегі өзгешеліктерден көрінеді, адам өз даралығын дәлелдейді, бекітеді.

Адамдаралығыныңнегізгікөрсеткіштері–сеп-түрткілері (моти-втері), темпераменті, қабілеттері, мінезі.

Сеп-түрткілер (мотивы) – іс-әрекетке ынталандырушы не мәжбүрлеуші, белгілі қажеттердің қанағаттандырылуымен байла-нысты, «не үшін іс-әрекет орындалып жатыр?» деген сұраққа жауап беретін ниет, талаптар (побуждения). Тіршілік жағдайына, қажеттеріне орай әрбір адам өзіне тән салыстырмалы тұрақты және қайталанбас сеп-түрткілержүйесін(мотивация) пайдаланады.

Темперамент–психикалық іс-әрекеттердің жүйке-динамикалық ерекшеліктері тұрғысынан тек өкіліне берілетін сипаттама.

Қабілеттер – қандай да бір не бірнеше іс-әрекеттерді табысты орындауға кепіл болар психикалық қасиеттер.

Мінез – тұлғаның құндылықты – бағыттаушы және әрекет-қылықты сапаларының жиынтығы, адам әрекет-қылығының типі.

Тұлғатүсінігіне байланысты біз ең алдымен адамның әлеуметтік мәнді сапалары жүйесіне назар аударамыз. Қоғаммен байланыста ғана адам қалыптасады және оның әлеуметтік мәні көрінеді.

Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарт-тар жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай, шарттар өткендегі әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік – биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың ажыралмас бірлігінен құралады. Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижеде бір ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі әсер жасауы мүмкін. Сонымен, тұлға қоғамдық қатынастар нысаны және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъекті.

Page 62: психология негiздерi

6�

32. Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері

Тұлға бес түрлі мүмкіндіктерімен сипатталады. Олар келесідей: танымдық,құндылықты,шығармашылдық,ара-қатынастық(ком-муникативтік)жәнекөркемөнерлік.

Тұлғаныңтанымдық (гносеологиялық) мүмкіндігі оның өзі жинақтаған ақпараттың көлемі және сапасымен анықталады. Бұл ақпарат сыртқы дүние (табиғат және әлеуметтік) жөніндегі білімдер мен өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар да кіреді.

Тұлғаныңқұндылықтық(аксиологиялық)мүмкіндігі оның ізгілік-тілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне орай әлеуметтену үдерісінде игеріп қабылдаған мұраттары, өмірлік мақсаттары, наным-сенімдері және ұмтылыс-ниеттері, яғни бұл психологиялық және идеологиялық сәттердің бірлігі, тұлға санасы мен оның өзіндік санасы жөнінде әрі бұлардың бәрі көңіл-күй, ерік және зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен қалыптасып, тұлғаның дүниетанымында, көзқарастарында және тіршілік ұмтылыстарында ашылып, көрінуі.

Тұлғаныңшығармашылдықмүмкіндігі -ол қабылдаған және өз бетінше меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық , өнім беру немесе қайта жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың қандай да бір не бірнеше еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен қадағалау-бағалау салаларындағы іске асыру шамасы.

Тұлғаныңқарым-қатынас (коммунинативті)мүмкіндігі -оның басқа адамдармен жасаған, орнықтырған әңгіме сұхбатқа түсу, байланыс түзу әрекеттерінің сипаты және беріктілігі. Өз мазмұны бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу әлеуметтік рөлдер жүйесінде байқалады.

Тұлғаның көркемөнерлікмүмкіндігі - оның әсемдік әлеміндегі қажеттерінің деңгейі, мазмұны және жеделдігімен, сонымен бірге олардың қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында әрі өнер туындыларын қажетсінуінде, пайдалануында ен жая, ашылады.

Әрқандай қоғам өзінің тұлғалық сапа – қасиеттерді бағалау өлшемін (критерии) тағайындайды.

Page 63: психология негiздерi

63

33. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы

Тұлға көп деңгейлі ұйымдасу құрылымына ие. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуының ең жоғары әрі жетекші деңгейі - оның қажетсіну–сеп-түрткілікаймағы,яғни тұлға бағдары, оның қоғамға, жеке адамдарға, өзіне және өзінің еңбектік міндеттеріне қатынасы. Тұлғалықтың мәнді тараптары – оның ұстаным бағыт – бағдары ғана емес, өзі қалаған қарым – қатынастарын іске асыра білу қабілеттілігінде. Бұл адамның іс-әрекеттік мүмкіндіктерінің даму деңгейіне, оның қабілеттеріне, білімдері мен ептіліктеріне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ес, зерделік сапаларына тәуелді.

Адам дайын қабілет не мінезбен дүниеге келмейді. Бұл қасиеттер өмір барысында, белгілі табиғи тіршілік желісінде қалыптасады.

Адамның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің негізгі сапалары, жүйке үдерістерінің жүрісі оның нәсілдік(генотип) болмысынатәуелді. Әр адамның биологиялық құрылымында, яғни бастау табиғатында оның психикалық даму мүмкіндіктерінің бар-шасына негіз қаланған, Дегенмен, әлеуметтік тіршілік иесі білім мен ғылымда, салт – дәстұрде, заттасқан және рухани мәдениетте бекіген өткен әулеттер тәжірибесін меңгергеннен соң ғана тұлға санатына көтеріледі. Адамның табиғи тарапын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адам табиғатының өзі тек биологиялық эволюция өнімі ғана емес, ол тарихтың да туындысы. Адам бойындағы биологиялықты оның “хайуандық” белгілері деп қарауға типті де болмайды. Адамның барша биологиялық табиғи нышандары адами болмысқа ғана тән, олардың бірде бірі жануарларда болмайды. Нақты қоғамдық шарт, жағдайларда ғана адам қалыптасып, тұлғалық дәрежеде көрінеді.

Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді.

Тұлға ерекшелігі – оның дербестігі. Өзінің жеке дербестігін таныған тек өкілі қалай болса, солай өтіп, ауысып жатқан әлеуметтік нұсқау талап-тардан өзін тәуелсіз, еркін сезеді; әлеуметтік жүгенсіздіктер мен әміршіл-әкімшіл, қуғын-сүргін замандарда өз болмысын билеп біледі, қоғамдық

Page 64: психология негiздерi

6�

күйзелістерден жабырқап, тарықпайды. Тұлға дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы руханижігерлілікпен байланысты келеді.

Рухани жігерлілік тұлғаның жоғары санасынан, барша ұждансыздыққа табанды қарсы тұра білуді қажетсінуінен, ұлағатты мұраттарға жан-тәнімен берілгендігінен, азаматтыққа сай келмейтін өресіз, өнегесіз ниеттерден алшақ болуынан, бір мезеттік мансап пен пайдакүнемдікке берілмеуі мен жалған әлеуметтік жалтаң белсенділіктен аулақ жүруінен көрінеді. Неғұрлым қоғамның рухани-мәдени деңгейі төмен болса, ол қоғамда жалпыламай теңдестіру бағыты белең алып, адам қадірін тану қалады, талапты саяси-идеологиялық стандарттарға көзсіз бағынушылар, құлдық психологиядағы пенделер саны ұлғаяды.

Тұлға сапалары оның тұрмыс – қызметтік жеке қатынастарының өрісімен әлеумет тіршілігінің әрқилы саласына еніп, араласа білуімен анықталады. Шығармашыл тұлға тікелей әлеуметтік қоршау шеңберінде тұсауланып қалмай, ауқымды да кең қоғамдық өмір даңғылында даму бағытын алады. Бір тұлға бойының өзінен бүкіл әлеуметтің болашақ даму желісін аңғарамыз. Себебі тұлғалыққа жетіскен әрбір адам – қоғам келешегінің айнасы, содан да ол елдің бүгінгі жағдайынан озық жүреді. Тұлға дербестігі оның матаулы тұйық топ тұсауынан тәуелсіздігін білдіреді, тұлға дамығандығының көрсеткіші есептеледі.

Тұлғадамуы–оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өмір кезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі қоғамдық алғы шарттарды, әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдаяттардың күшін жойып отыруын талап етеді.

Тек өкілінің тұлғалыққа жетілуінде ұқсастыру(идентификация) мен тұлғалықдербестену(персонализация) үлкен маңызға ие.

Идентификация–тек өкілі санасында өзін басқа адамдармен, тіп-ті бүкіл адамдар қауымы, қоғамымен теңдестіру, ұқсастыру сезімінің қалыптасуы.

Персонализация - әрбір тұлғаның басқа адамдар арасындағы өзінің ке-мелді өкілеттілігін, қадір – қасиетін ұлықтай білуі мен нақты әлеуметтік қауымдастықта өз мүмкіндіктерін ашып, іске асыра білу сезімі.

Өзге адамдармен тұлға өзінің «Мен» сезімімен, яғни өзі жөніндегі өз тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас жасайды. Тұлғаның өзіндік танымы (рефлексия) нақты «Мен» мәніне сәйкес болуы да, болмауы да мүмкін. Өз «Менін» орынсыз асқақ тұту не оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден ішкі тұлғалық дау-дамай күйзелісі (конфликт) пайда болады.

Page 65: психология негiздерi

65

Тұлғаның өмір жолы нақты тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді. Өндірістік - материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының, әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір сүру қалпын айқындайды, оның әрекет – қылығындағы тұрақтанған меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.

Әр тұлға өзінің өмірлікізгіліктібағыт–бағдарын (стратегиясын) қалыптастырады. Ізгілікті бағыт - бағдар мәні – тұлғаның өмірлік ұстанымы, өз құндылықты бағытына сәйкес ағымдағы тіршілік жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылай әдістері жүйесінің тұрақталған бет алысы.

Тұлға қалпының аса маңызды көрсеткіші оның өзіндік психикалық реттеу әрекеті, оның әрекет – қылығының әлеуметтік қалыптасқан өлшем – шектерге сай емес, тікелей жанама қарым – қатынасқа түсе білуі.

Тұлға өзінің тұрақтанған қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: - сыртқыықпалдарғасезімталдығы,тұрақтысеп–түрткі,қызығу, қоршаған ортамен қатынастүзу қабілетіжәне өзіндік әрекет- қылықты реттеудің адамгершілік принциптері. Тұлғаның бұл ерекшеліктерінің бәрі тума (генетикалық), нәсілдік және әлеуметтік - мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі.

34. Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара байланысы

Тұлғаның болашақ психикалық даму мүмкіндіктері оның биологиялық ұйымдасу табиғатында күні ілгері берілген. Оның жекеленген даму сұлбасы (схемасы) да тек өкілінің осы табиғи негізі – генотипімен анықталады. Дамудың әрқилы кезеңдері түрлі гендер бақылауында бола-ды, дегенмен, олардың белсенділігі аяқ асты өздігінен көрінбей, сыртқы ықпалдар әсерінен іске асып жатады.

Психикалық даму үдерісі тек генетикалық себептерден ғана бол-май, оған ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың да себептік әсерінің маңызы үлкен. Бұл себептердің (детерминанттар) бәрі де өзара байланыс-ты. Қалыптастырушы қызмет (функция) неғұрлым күрделі келсе, табиғи және әлеуметтік себептердің өзара байланысы да тығыз болады.

Дамудың әрбір нақты кезеңінде белгілі қоршаған орта ықпалдарына деген сезімталдық жоғары таңдамалық сипатқа (сензитивтікке) иелігі-мен ерекшеленеді.

Page 66: психология негiздерi

66

Сензитивтік –бұл кей орта ықпалдарын өткізіп, қалғандарына тосқауыл болатын тұлғалық елеуіш қасиет.

Ол айырым адамдарда тар, ал өзгелерде кеңдеу келеді. Нақты тек өкіліне, оның даму бағытына қоршаған орта ықпал-әсерінің ауқымы мезеттік жағдайға сәйкес көрініс береді.

Әр даму кезеңі ендігі дамуға негіз қалайды. Адамның даму субъек-ті болуына оның бір ғана белсенділігі жеткіліксіз. Оның қандай орта ықпалдарын қалайтыны сол адамның психикалық ерекшеліктеріне тәуелді. Өзін қоршаған ортаға жаңалықты өзгерістер ендіре отырып, адам өз генотиптік бағдарламасын іске асыру үшін тиімді жағдайлар жасайды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде баршаға бірдей әрекет-қылық формалары қаланып, ал кейінгі кезеңдерде даралықты, жекеленген қылық формалары пайда бола бастайды.

Адамның табиғи тұстарын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адамдағы биологиялық сипаттарды оның бойындағы қандай да төменгіліктің белгісі деп түсінуден аулақ болған жөн. Адам құрылымындағы биологиялық нышандардың өзін де тек адамилық ныша-ны деп білген дұрыс. Адам тумадан өзінің әмбебап дамуының генетикалық мүмкіндіктеріне негіз болған жоғары биологиялық құрылымға ие. Адам биологиясының өзі де әлеуметтік себепті, яғни оның қоғамдық – тарихи дамуымен орайласқан.

Психиканың пісіп жетілуі мен қалыптасуын ажырата білген орынды.Психиканыңпісіпжетілуі–бұл адам психикасының іштей өз бетін-

ше (спонтанное) өзгерістерге түсуі.Психиканыңқалыптасуы – бұл психиканың сыртқы ықпалдарға

және ең алдымен әлеуметтік әсерлерге тәуелді дамып, белгілі нәтижеге келуі.

Жалпы генетикалық жағдаяттардың әсері себебінен болатын тек өкілінің барша морфологиялық, физиологиялық және психикалық ерекшеліктердің бірлігі – адамқұрылымын(конституциясын) түзеді.

Биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара ықпалдастық проблемасы психология тарихында психологиялық дамудың бірнеше теорияларының пайда болуына негіз қалады.

Биологиялық пісіпжетілу теориясы адамның психикалық қызметтері нәсілдікпен анықталатынын, оның қоршаған ортаға тәуелсіздігін, ағзаның биологиялық пісіп жетілуі барысында дамитыны жөнінде тұжырым жасайды. Әрбір тек өкілінің дамуы бүкіл адамзат тегінің дамуын қайталап отырады (биогенетикалық заң).

Page 67: психология негiздерi

67

Қоршағанортаныңжетекшілікролітеориясы бойынша – адамның психикалық дамуындағы шешуші жағдаят – бұл қоршаған орта. Бұл теорияны қолдаушылар психикалық дамудағы сапалық өзгерістерді жастық кезеңдермен байланыстырмай, олардың бәрі білім, ептілік және дағдылардың топталуынан деп түсіндіреді.

Қазіргі заман ғылым деректері белгілі биологиялық жағдаяттардың адамның қандай да психикалық сапаларының қалыптасуын қиындататын не жеңілдететін шарттар ретінде қызмет ететінін айғақтайды.

Генетикамен сыбайлас психология саласы – психогенетика–тек өкілінің әрекет-қылық ерекшеліктерінде көрінетін генотип пен орта жағдайларының өзара байланысын зерттейді.

35. Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу

Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады:

�.Тұлға проблемасының әдіснамалықжәнежалпытеориялықзерттеулері. Бұл зерттеулер келесі әдіснамалық принциптер мен пробле-маларды ашуға арналған: сана және іс-әрекет бірлігі принципі; тұлғалық принципі, тұлғаның себептілік принципі, биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы принципі, тұлға бойындағы даралық және қоғамдық сипаттар, субъект проблемасы, жүйелілік бағытының іске асып баруы, және т.б. Тұлға психологиясындағы жалпы теориялық проблемалар: тұлға құрылымы проблемасы, тұлға типологиясы, қозғалысы (динами-касы) және дамуы, т.б. проблемалар.

2.Тұлғаның нақтықұрылымбірліктерінжәнетұлғаерекшелік-терін, яғнитұлғаның сеп-түрткі – қажетсіну аймағын, агрессивтігін, күйзелісін, мінезін және т.б. эмпирикалықталдауғаарналған зертте-улер.

3.Тұлғажөніндегі біртұтасавторлықтеориялар:Фрейд, Юнг, Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары.

Тұлға жөніндегі зерттелеулердің бұл үш тобы өзара байланысты келеді.

Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу бере отырып, екі негізгі бағытты – номотетикалық және идеографиялық - ажырата атамай болмайды.

Номотетикалықбағыт–тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебап заңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты

Page 68: психология негiздерi

68

әдістер – жаратылыстану әдістері: бақылау, эксперимент, деректерді математикалық – статистикалық өңдеу.

Идеографиялық бағыт–тұлға бірегейлігін, оның қайталанбас біртұтастығын дәріптейді де негізгі зерттеу әдістері ретінде рефлек-сия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін қолдана отырып, олардан алынған деректерді теориялық жалпылыққа келтіреді әрі түсіндіре баяндайды.

Тұлға психологиясындағы психоаналитикалықбағдар XIX-XX ғ.ғ. тоғысында пайда болды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд.

Фрейдтің тұлға теориясының басты бөлімдері: бейсана проблемалары, психикалық ақпарат құрылымы, тұлға динамикасы, тұлғаны зерттеу әдістері, даму және невроздар.

Фрейд пікірінше, психикалық өмір ашық сана, астар сана және бейсаналық деңгейде өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер мен табиғи қозғаушы күштерді қамтиды.

Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы ажыралады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім) инс-тинктері.

Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстин-кттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді.

Өлім инстинкттері – қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне (мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік және агрессия) бағдарланады.

Көп жылғы клиникалық зерттеулері негізінде В. Фрейд өзінің инс-тинкттер жөніндегі тұжырымдамаларын ұсынды. Осыған байланысты ол адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады:

«ОЛ»(Ид-ОНО),«МЕН»(ЭГО-Я),»ЖОҒАРЫМЕН»(СУПЕРЭГО-сверхЯ).

«ОЛ» (Ид-Оно) – Абай өз философиясында бұл түсінікті «Менікі» терминімен береді - психиканың бейсаналық бөлігі, биологиялық тума инстинктті құмарлықтардың (агрессивті және сексуалды) бұрқанысты ошағы. «ОЛ» «либидо» деп аталатын сексуалды энергиямен қаныққан. Адам – тұйықталған энергетикалық жүйе, әр адам бойындағы күш-қуат – тұрақты шама. Бейсаналылығынан әрі ақыл өлшеміне келмейтіндігінен (иррационал) «ОЛ» қанағат алу (рахаттану) принципіне бағынады, яғни адам өмірінің басты мұраты – рахат және бақыт осы инстинкттен.

Page 69: психология негiздерi

69

«МЕН»(Эго-Я)–инстинкті «Ол» талаптарын үздіксіз шынайылылық (реальность) принципі негізінде орындап баруға ұмтылады. «МЕН» адам бойында бейсана және ашық сана күйінде бірдей орын иелейді. «МЕН» деңгейі инстинктті «ОЛ» - мен ұдайы тайталаста болып, адамның сексуалды құмарлықтарын басып отырады. «МЕН» үш ықпал әсеріне: «ОЛ», «ЖОҒАРЫ МЕН» және өз талаптарына бағындыруды көздеген қоғамға – тәуелді келеді. «МЕН» аталғандар арасында үйлесімділік орнатуға ат салысады, бірақ рахаттану принципін басты мақсат тұтпай, болмыс шындығымен жүргенді қалайды.

«ЖОҒАРЫМЕН» (Супер – эго, сверх - я) –ата-аналар және қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің ба-рысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан бол-мысына ұқсап дамиды. Ұқсау не сәйкестену (идентификация) желісінде ер балаларда «Эдип комплексі», ал қыз балаларда «Электра комплексі» қалыптасады. Бұл комплекс түрлері баланың сәйкестену нысанына (әке не ананың біреуіне) болған екі ұшты, бірі-біріне қайшы толғаныс (жақсы көру мен жек көру) сезімдерінен құралады. Тұлға «Мені» сыртқы дүниені анықтайды. «Ол»(эго) және Жоғары МЕН (супер эго) көбіне өзара сиыспайтын талаптар қояды. Мұндай жағдайларда «МЕН» күшті ықпалдарға тап болып, оны «үрей»билейді. «Мен» осы үрейге қарсы ере-кше тосқауылдар – психологиялыққорғаныстетіктерін іске қосады.

Әлемдік психологияда тұлға теориясына орай өз маңыздылығымен әйгіленген бағыт – бұл бихевиоризм.Бихевиоризмнің зерттеулері аясы – адам әрекет-қылығы, ал психология сол әрекет-қылықты күні ілгері болжау және қадағалауды міндетіне алған жаратылыстану ғылымының эксперименталды саласы есептелінді.

Бұл бағыт негізін қалаушы Д.Уотсонпікірінше, адам тумадан қарапайым реакциялар мен рефлекстерге ғана бейімделген, бірақ мұндай нәсілдік шарттар саны шектеулі, аз санды. Осыдан тек өкілінің барша әрекет-қылығы оқу-үйретудің нәтижесінде пайда болады.

Уотсонның анықтауынша, тұлға – әдетті дағдылар жүйесінің туын-дысы. Сондықтан да ғалым тұлға сипатын, оның практикалық қызметін ұзақ уақыт зерттеу барысында анықталған әрекеттерінің жиынтығынан байқауға болатынын алға тартады.

Бихевиоризм ұстанымына сәйкес, әрекет-қылық талдауы қатаң объ-ективті сипатта болып, сырттай байқалатын жауап әрекеттерге (реак-ция) ғана негізделуі тиіс (объектив таным, қолға түспейтіндердің бәрі бекер, яғни адам ойы, санасы өлшестіруге, санаққа келмейді, осыдан

Page 70: психология негiздерi

70

олар зерттеу нысаны бола алмайды). Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқанның бәрі – тылсым сыр. Шынайы зерттелетін нәрсе – бұл адамның тысқы әсерге болған жауап әрекеті, оның сырттай көрінетін әрекет-қылықтары және осы әрекеттерге мәжбүрлеуші қоршаған орта ықпалдары (стимулы) мен жағдайлары. Психологтың міндеті – жауап әрекетке орай ықтимал ықпалды анықтау, сол ықпалды пайымдау арқылы қандай жауап әрекет боларын болжастыру.

Сонымен, бихевиоризм тұрғысынан тек өкілінің бойында қоршаған ортаға икемдесуге қажет жауап әрекетке байланысты қандай мүмкіндіктер болса, солардың бәрі түгелдей тұлғалық сипатты береді, яғни тұлға – бұл дағдылар, саналы басқарылатын инстинкттер, әлеуметтенген эмоциялар, жаңа дағдылар түзуге қажет бейімдесу қабілеті, қалыптасқан дағдыларды бекіту және сақтап қалу қасиеті;

Осыдан, тұлға - ұйымдасқан және ықтималды тұрақты дағдылар жүйесі. Дағдылар тұрақты әрекет-қылық негізі, сонымен бірге олар тіршіліктің өзгермелі жағдайларына бейімдескен, болмыс өзгерісіне сәйкес жаңа дағдыларды қалыптастырады.

Тұлғапсихологиясының гуманистік бағыты-психоанализ және бихевиоризм принциптеріне қарсы тұжырымдарымен қалыптасты. Бұл психологиялық теорияның басты ұстанымы: адам – бірегей және қайталанбас, әлеммен ашық байланыстағы, өзін-өзі жетілдіріп баруға қабілетті біртұтас құбылыс. Гуманистік психологияның ірі өкілдерінің бірі А.Маслоу.

Гуманистік психологияны басқа ғылыми ағымдардан ерекшелейтін принциптер төмендегідей:

- адамды біртұтас дүние ретінде қарастыру;- адамға деген қамқорлық негізі – психотерапиялық жәрдем;- адам болмысы бастауының субъективтігі;- тұлға түсініктері мен құндылықтарының басымдылығы;- тұлға бойындағы ұнамды қасиет – сапаларды ұлағаттау, олардың

өзінше іске қосылуы мен қалыптасуын зерттеу;- тұлғаның өткен өміріне байланысты себептік жағдаяттарға

байыппен қатынас жасау;- сырқат адамдарда болып қалатын жекеленген деректерді емес,

қалыпты немесе данагөй тұлғаларды зерттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдерді икемділікпен пайдалану.

Page 71: психология негiздерi

7�

Тұлғаныңрөлдіктеориясыадам әрекет-қылығын екі түсінік негізінде сипаттайды: «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл теорияның не-гізгі тұжырымдарын берген қалымдар Т.Парсонс,Р.Мертонжәне т.б.

Әлеуметтік мәртебе (статус) – бұл тек өкілінің қоғамдық құқықтары мен міндеттері жүйесіндегі басқа да көптеген амал-әрекеттерімен байланысқан негізгі де нақты дәрежелік бағыт-бағдары.

Әр адамның әлеуметтік мәртебесі оның ішкі жандүниелік ұстанымдары мен құндылықтарынан, сондай-ақ сырттай кейпінен (киім киісінен, мінез-құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз саптау мәнерінен және т.б.) көрінеді.

Әлеуметтік мәртебе өзінің жоғары деңгейінде болса – ол мақтаныш, ол тұлға қанағатының белгісі, ал егер ол төмен дәрежеде көрінсе, жек көрушілік, тіпті жеркеніш күйзелістерін туындатады.

Қай деңгейде болмасын, адамның әлеуметтік бағдар – бағытының ауысуы тұлғалық қасиет-сапалардың өзгеруіне себепші болады да, оның «Мен» құрылымына ерекшеленген сипат ендіреді, өзіндік санасы мен өзіндік бағамын жаңа арнаға салады. Адам араласқан әлеуметтік қатынастар жүйесі де жаңаланады, сырттай қатынастағы адамдар көзқарасы да ауысып, назарындағы тұлғадан күтетін тілек-ниеттері жүйесі өткендегі қалпынан шығады.

Әлеуметтікрөл–қоршаған орта адамдары қалау-күткеніне сәйкес нақты тұлғаның мәртебесіне орайласқан әрекет-қылық үлгісі (моделі), яғни өзге адамдардың өз әрекеттерін нақты мәртебелі тұлғада бекіген құқықтар мен міндеттерге сәйкестендіріп, немесе оларды бұлжытпай қайталап, орындауы.

Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі де осы әлеуметтік рөлді атқару барысында өз өрісін тауып, іске асып жатады. Субъект ретіндегі адамның өз әлеуметтік рөлін атқаруы оның қызығулары мен қажеттеріне сай болған білім, дағды және ептіліктерінен көрінеді.

Рөлдік әрекет-қылық – әрдайым әлеуметтік жүйе, сонымен бірге тек өкілінің субъектив құндылықты бағыт-бағдары, қызығулары мен қажеттеріне орай қойылатын шынайы рөлдік талаптар бірлігіне сәйкес іске асып отырады.

Сондықтан, әр адамның түрлі әлеуметтік топтармен, олар арқылы бүкіл қоғаммен байланыстыратын өз әлеуметтік рөлін орындау әрекеті тікелей оның санасы, психикасы, даралығы және бірегей «Мені» тұрғысынан өңдеуден өтеді.

Page 72: психология негiздерi

7�

36. Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері

Тұлға әлеуметтенуі –бұл тұлғаның қоғамдық құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы.

Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады.

Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері: 1) ерте балалық шақ тәжірибесі – психикалық қызметтер мен әрекет-

қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;2) әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері;3) қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара

ықпал-әсері.Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже-

лер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді.

Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы – екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол – қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (ин-териоризациялауы).

Бұл орайда интериоризациялау дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі.

Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні - өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: �) өз «Менін» тану; �) өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну.

Өз «Менін» тану мен оның мәнінтүсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен «Мен - бейнені» қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады.

Өз«Менін»тану ерте балалық шақта өтеді: �-ден 5-жасқа дейін тік жүруге және сөйлеуге үйренеді, ойы мен санасы дамиды, күрделі іс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бас-тысы – орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу.

Page 73: психология негiздерi

73

Өз«Менінің»мән-мағынасынтүсіну–бұл тұлғаның құндылықты бой көтеріп, кемелденуі. Бұл үдеріс орта балалық шақта басталып, «Мен-ге» (яғни «маған») ұқсаған «басқа адамдармен» өзін ұдайы салыс-тыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани – адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері қалыптасады.

З. Фрейд әлеуметтенудің келесідей психологиялық тетіктерін ажы-ратады: ұқсау (имитация), теңестіру(идендификация), ұят және кінәсезімдері.

Ұқсау(имитаця)–баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақын-жуық, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін.

Теңестіру (идентификация) – қандай да қауымдастық мүшесі екенін сезіну. Өзін теңестіру арқылы бала ата-аналарының, ағайын-туыстарының, достарының, көршілерінің және т.б. әрекет-қылық үлгілерін, олар бойындағы құндылықты өнегелерді өзінің меншікті сапа-қасиеттері ретінде қабылдайды.

Психологиялық ұқсау мен теңестіру ұнамды тетіктер ретінде танылған, себебі бұлар белгілі әрекет-қылық қалыптарын қабылдауға бағдарланған. Ал ұят пен кінә – кейбір әрекет-қылық үлгілерін қабылдауға шек қояды немесе тіпті қабылдатпайды, осыдан мұндай тетіктер болымсыз не кері деп есептеледі.

Ұят, әдетте, адамды масқара, әшкере ету сезімімен бірге жүреді. Бұл сезім тұлға әрекетін басқалар көзімен бағалауға негізделген.

Кінәсезіну–әр адамның өз айыбын өзі бағалауымен іштей күйзеліске түсуі. Адам өз жазасын өзі береді, ал мұны қадағалау әр тұлғаның өз ар-намысына байланысты.

Амеркан психологі Ч.Кули бала санасы мен оның өзіндік санасының қалыптасуында сол баланы қоршаған бастапқы ұжымдардағы өзге адамдар (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңызды болатынына назар аударады.

Қоршаған орта адамдарының пікірлері тұлға үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі солардың ықпал-әсері арқасында тек өкілінің «Мен» сезімі дамиды. Ч. Кули бұл құбылысты «айналы (зеркальное) Мен» деп атаған.

Өзге адамдар – тек өкілінің көрінісін беретін айна іспетті, осы өзге адамдармен ұдайы қарым-қатынасқа келуден баланың өз «Мені»

Page 74: психология негiздерi

7�

қалыптасады, яғни адам «Мені» әрбір тек өкілінің басқалармен ықпалдасты байланысынан туындайды.

Шынында да «айналы Мен» баланың өзіндік санасының маңызды элементі есептеледі. Осының арқасында балада өзіндік баға беру қабілеті дамиды, өз бойына басқалар көзімен қарауға үйреніп, өзін олардан саналы түрде ажырата біліп, өз қадірін мақтанышпен тануға немесе өз «Менін» қадірлемеуге дағдыланады.

Уақыт өтумен, бастапқы ұжымдардғы әлеуметтік ықпалды байланыстардың кеңеюімен субъективті «Мен» нығайып, тұрақтана бастайды: қоршаған адамдар ықпалымен тек өкілінің өзіндік қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын жоғары дәрежеде игеруге қол жеткізеді.

Ч. Кули теориясының ұнамды тарапы – адами «Мен» қалыптасуында әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақын-жуықтар, көршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалауында. Дегенмен, ол бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуінде бастапқы ұжымдардың ролін әсірелей отырып, әлеуметтік мекемелер (оқу, білім, тәрбие орындары) ықпалына ақау түсірді. Мем-лекеттіктапсырысжәнеарнайытәрбиеболмағанжердеболымды«Мен»қалыптаспайтынынЧ.Кули ескермеді

Американдық ғалым- психолог Дж.Мид баланың әлеуметтік кемелде-нуінде әлеуметтік қарым-қатынастармен бір қатар, адамдармен араласу барысында қолданылатын рәміздер және ым-ишараларды түсініп әрі пайдаланудың үлкен маңызды болатынына баса назар аударды.

Өзара түсінісу мен әлеуметтік қатынастарға келуде Дж.Мид балалық шақтағы басқа адамдар рөлін қабылдау қабілетіне байланысты екеніне ден қойды. Мұндай қабілеттің орнығуында балалықшақтағыойындар маңызды болатынын алға тартты. Ұжымдық ойынға енуден бала белгілі рөлді атқаруға кіріседі, соң өсіп тәжірибе жинақтай отырып, ол ойынға қатысқан бірнеше адамдардың рөлін орындауға тырысады.

Сонымен бірге, оның ақылы, өзіндік санасы дамиды, келе-келе әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын меңгере бастайды, өзіне болған талаптар мен ұстанымдардың мәнін түсінетін болады.

Кемелге жетіп, «Мен» дәрежесіне көтерілген тұлғаның көрсеткіші – әлеуметтіктопқалыптарыменқұндылықтарын,соләлеуметтіңөзіне қойғанталаптарыменұстанымдарынқабылдауы, яғни Дж. Мид пікірінше, бұл нақты тек өкіліне қойылған талаптар мен ұстанымдардың жалпыланған ұжымдық бейнесі.

Page 75: психология негiздерi

75

Өзі қатысып отырған әлеуметтік топ талаптары мен ұстанымдарын қабылдағаннан бастап, тек өкілі өзінің кемелденген субъектив «Меніне» ие болады.

Осы сәттен бастап, ол топтың басқа да мүшелерімен бірге топ мүдделеріне ортақтасып, жалпы проблемаларды шешуге араласады.

Әлеуметтену – бұл белгілі әлеуметтік шарттармен үйлескен тұлғаның белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыруы. Әлеуметтенуден тұлға қоғамның толыққанды мүшесі ретінде танылады.

Адамның сән көрінісі, талғам, қажетсіну бағдары ауыспалы болса, ал дүниетанымдық көзқарастары, жалпыадамзаттың мәдени құндылықтары тұрақтылау келеді. Әр әулет өкілінің өмірге араласуы өз проблемаларын пайда етеді. Әлеуметтену – бұл жаңа әулетті өткен салт-дәстүрлер мен құндылықтарға бағындыру емес. Егер бұлай болса, тарихи үдеріс өз да-муынан қалады, әке мен баланың айырмашылығы жоғалады. Әлеуметтену – әрбір ұрпақтың өз дәуіріне сай жасай білуі, өз қоғамына орай әлеуметтік – психологиялық ұстанымдарды түсініп, тіршілік қызметін орындауы.

Әміршіл-әкімшіл қоғамдағы әлеуметтену – жас әулеттің ересек-тер ұстанымын бұлжытпай қайталап, орындауы. Ал өркениетті де-мократияшыл қоғамдағы әулеттер арасындағы қатынастар теңдік пен қызметтестік негізінде болып, жаңа әулеттің жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде дамуына жол ашуы басты шарт.

Тек өкілінің әлеуметтік мұраға ортақтасуы – оның қоғам мәдениетін қабылдауы.

Мәдениет – бұл рухани және материалды құндылықтарда, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастарда көрініс берген адам-зат табысы. Адамдардың әрқилы өмір саласындағы (еңбек, тұрмыс, қоғамдық және саяси тіршілік, т.б.) қажетті әрекет-қылық, қалып, талаптарының бәрі – мәдениетте көрінеді. Тек өкілінің әлеуметтену нәтижесі оның әлеуметтік құнды деп танылған ерекшеліктерінде: ақыл, мінез, іс-қимыл әрекеттерінде, тәрбиелілігі мен оқымыстылығында, қоғамдық бейімдесе білуінде байқалады.

Тек өкілінің әрқилы жас даму кезеңдеріндегі психикасы белгілі сапалардың дамуына бейім келеді. Әлеуметтену үдерісінде тұлғаның өмірлік ұстанымдары мен мінез бітістері, жалпыланған әрекет-қылық әдістері мен принциптері қалыптасады.

Сонымен, әлеуметтену– бұл әлеуметтікмекемелердің арнайыбағытталғанжағдайларынданемесетұлғағаболғанәртүрліөмірлікшарттардың кездейсоқ ықпалынантуындайтын әлеуметтік

Page 76: психология негiздерi

76

құндылықтармен әлеуметке бейімдескен әрекет-қылық әдістеріжүйесінигеруүдерісі(соныменбірге–нәтижесі).

Әлеуметтену сапасы мен сипаты көп жағдайда нақты қоғамның әлеуметтік құрылысымен анықталады.

Әлеуметтенген тұлғаның психикалық қалып шеңберінде көрініс бе-ретін бірнеше ерекшеліктерін атауға болады.

Тұлға өз дамуында әлеуметтік бейімділікпен бір қатар тұлғалық дербестік, өз даралығынтұрақтандыру қажеттігіне ие. Сындар-лы жағдайларда мұндай тұлға өз өмірлік бағытын қорғай алады, өз ұстанымдары мен құндылықты көзқарастарын сақтап қалу күшіне ие. Қатерлі жағдайларда қандай да ауытқулардың алдын алып, психикалық қорғаныс табуға тырысады.

Тиянақты кемелденген тұлға үшін қалыпты шарттар: үздіксіз даму жағдайында болып, өзін-өзі жетілдіріп бару және өз мүмкіндіктерін іске асыра білу; өзі үшін жаңа табыс шектерін белгілей отырып, «ертеңгі күн қуанышын» көре білу; өз қабілеті мүмкіндіктерін ашып, пайдала-ну; ал қиыншылық басқа түскенде – ымырашылдыққа келіп, жағдайға бейімдесумен әрекет жасай білу. Психикалық ұстамды тек өкілі басқа адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болып, олардың мүдделері мен қажеттеріне сезімтал келеді.

Өз өмірлік жоспарын түзуде психикалық тұрақтанған тұлға шынайы мүмкіндіктерінен аспай, күші келмейтін талаптарға ұрынбай, орын-сыз әрекеттерден сақтана біледі. Дамыған тұлға жоғары дәрежелі әділдік, ар-намыс және абырой сезімдеріне бай келеді. Ол алдына қойған шындыққа сай да мәнді өз мақсаттарын орындауда табандылық көрсетіп, көздегеніне жетпей, тынбайды. Қиындау талаптар кезіксе, бұл тұлға психикалық күйзеліс ауытқуына түспей, тактикалық жол-жосық табуда шеберлік таныта алады. Өз табыстары мен ұтылыстарының себебін басқадан көрмей, өз мойнына ала біледі. Күрделі өмір жағдайларында жауапкершілік көтеруге әрі орынды тәуекелдікке бел буып, қалаған істі бастай алады. Көңіл-күй тұрақтылығынан жетілген тұлға әсемдік пен қастерлі руханидүниеге сезімталдығымен ерекшеленеді. Өз сый-қадірін құрметтей білумен бірге, ол өзіне сырттай көз жіберіп, бағалауға бейім, сонымен қатар, әңгіме-сұхбатта орынды әзіл пайдаланып, фәлсафалық сын, күмән айтуда шеберлік танытады.

Әлеуметтенудіңкелесідей кезеңдерінажырата көрсетуге болады:1. Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала

Page 77: психология негiздерi

77

әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі, икемделеді, еліктейді).

2. Дараланукезеңі(басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды).

3. Бірігу(интеграция)кезеңі(қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).

4. Еңбеккерліккезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).

5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы).

37. Тұлғаның психологиялық бітістері

Психикикалық қасиетттер жиынтығы тұлғаның психикалықбітістерінқұрайды. Өмірлік проблемаларды шеше отырып, адам өзінің психикалық мүмкіндіктерін ескереді, ортамен байланыста өз әдістерін қолданады, өз тіршілігіне сай даралығын пайдаланады.

Тек өкілінің жеке психикалық қасиеттері өзара жүйелі қарым-қатынасқа түсіп, тұлға санасын құрайды. Тұлғаның мұндай психикалық сапалары дәстүрлі төрт топқа бөлінеді: темперамент,бағыт-бағдар,қабілеттер,мінез.

Бұл психикалық сапалар жүйесі тұлғақұрылымынтүзеді.Тұлғаның психологиялық құрылымындағы элементтер - әдетте,

«тұлғабітістері» деп аталатын психологиялық қасиеттер және ерек-шеліктер.

Тұлға қасиеттерін бірнеше топқа бөліп, атауға болады.Тұлғаның ең төмен деңгейлі қасиеттер тобы - бұл адамның

биологиялықшарттасқан сапалар жиынтығы: психиканың жасқа, жынысқа байланысты және жүйке жүйесі типі мен темпераментке орайласқан тума қасиеттері.

Келесі топ өз ішіне адампсихикалықүдерістерініңтумажәнежағдаяттарғатәуелді, сонымен біргежаттығумен де дамып,жетілушідаралықтыерекшеліктерінқамтиды, яғни ес, жад, түйсік, ойлау, қабылдау қасиеттері.

Page 78: психология негiздерi

78

Психикалық қасиеттердің үшінші тобы тұлғаның даралықтыәлеуметтіктәжірибесі, яғни адамның өмір барысында меңгерген білімдері, дағдылары, ептіліктері мен әдеттері. Бұл сапалар, әдетте, әлеуметтік сипатта болып, арнайы оқу және тәрбие барысында қалыптасады.

Тұлғаның ең жоғары деңгейі – бұл оның бағыт-бағдарлылығы. Бұл деңгей өз ішіне адамның құштарлық, тілек, қызығу, бейімділік, мұрат, сенім-наным, дүниетаным сезімдерін, сондай-ақ мінез-құлық ерекшеліктері мен өзіндік бағалау қабілетін қамтиды. Тұлға бағыт-бағдарлылығы әлеуметтік негізді, осыдан бұл жоғары қасиеттер қоғамдық тәрбие ықпалымен қалыптасып, сол адам жасап жатқан нақты қоғамның идеологиясына сай келеді.

Тұлғаның құрылымдық деңгейлері жанама тетік – іс-әрекетке орай өзара байланысты.

Психология ғылымында тұлғаның психикалық құрылымын анықтауға орай бірнеше тұжырымдар қалыптасқан.

Б.Г. Ананьев –тек өкілі,тұлға, даралық, іс-әрекет субъекті сияқты жекеленген категориялардың баршасын біріктіре, жалпыланған «адам» категориясын пайдаланғанды дұрыс көреді. Ол әрбір элементі өз құрылымшаларына ие адамның жалпы құрылымын ұсынады. Тек өкілі ретіндегі адам құрылымы осыдан өз ішіне жас және жыныстық, даралықты және тектік (дене құрылысы, жүйке қозғалысы және т.б. ере-кшеліктер), психофизиологиялық қызметтер, органикалық қажеттер, нышандар мен темпераменттерді қамтиды.

Тұлғалық ұйымдасудың өзі де екі дәрежеде көрінетін біршама күрделі құбылыс: алғашқы, жоғары тұлға дәрежесі – бұл мәртебе, әлеуметтік роль, құндылықты бағыт-бағдарлар; ал екінші дәрежелі, жалпыға бірдей тұлғалық қасиеттер – әрекет-қылық тобы, сана және т.б.

Тұлға құрылымы жөнінде ғылымда танымал болған теориялық тұжырымдардың және бірін З.Фрейд,оның шәкірті К.Г.Юнгұсынған. Ол бойынша әрқандай тұлға өз алдына жүйе ретінде танылып, өз ішіне келесідей элементтерді қамтиды: «Мен» (эго), дара бейсаналық және оның бірігімдері, ұжымдық бейсана және оның бастау негіздері, тек өкілі (персона) және т.б.

Көптеген психолог-ғалымдар тұлғаның құрылымдық бірлігі ретінде «бітіс» (черты), категориясын ажыратады. Осыған орай «бітістерте-ориясын»ұсынған Г.Олпорт бұл тұлға элементін екіге ажыратады: �) жалпытұлғалықбітістер(белгілі мәдениет шеңберінде жасап жатқан

Page 79: психология негiздерi

79

адамдардың көпшілігіне тән қалаған тұлғалық сипат); �) даратұлғалықбітіс(диспозиция – басқа адамдармен салыстырып болмайтын, тек бір ғана тұлғаға тән болып, оның бірегейлігін танытушы ерекше қасиет).

Тұлға бойындағы психикалық бітістердің бәрі өзара байланысты, дегенмен өз дербестігіне ие, бір-біріне тәуелсіз. Әр адамдағы бітіс екінші біреудің не көпшіліктің таңған ойы емес, ол нақты адамда нақты көрінетін шынайы құбылыс (біреудің өкпешілдігі, екіншінің - даңғойлығы, үшінші біреудің – иман жүзділігі және т.б.).

Тұлға бітістерін әрқилы негізде топтастыруға болады:1)үстіртінбітістер–тұлғаның біртекті негізге ие болмаған әрі

тұрақсыз, өзара сыбайлас келген бірнеше әрекет-қылықтық сипат-қасиеттері;

2)тұғырлыбастаубітістері– адамның әрекет-қылық қасиеттерінің тұрақтылығын аңдатып, кемелденген тұлғалық ой мен бой дәрежесін танытушы психологиялық жағдаяттар жиынтығы.

Сонымен, тұлғабітісі–бұладамныңәрекет-қылығындакөрінісберетін,соныменбіргеәрқилыжағдайларменмезеттердебіртектіәрекет-қимылжасауғабейімдестірушіпсихикалықдүниебірліктері (Р.Кеттелл).

38. Тұлға типологиясы

Тұлғаның көптүрлі ғылыми типологиясын шартты түрде бірнеше топқа келтіруге болады.

Тұлға типологиясын анықтауға негіз болған ең ежелгі психологиялық таным жетістігі – гуморалдық (сұйықтық) теориялар. Бұл теориялар бойынша тұлға типі адам (жануар) ағзасындағы қандай да сұйықтық (қан, шырын және т.б.) түрімен байланыстырылады. Бұл орайда типологиялық ажыратудың бастау көзін ежелгі грек ғалым дәрігері Гиппократ берген. Ол тұлға типін ағзадағы төрт сұйықтыққа байланыстырады – қан, өт, қара және сары шырын (запыран). Осылардың қай бірінің басымдылығы темперамент типіне ықпал жасайды: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик.

Ал Гален темпераменттің аталған түрлерін артериялықжәне веноздыққан құрылымдарының өзара қатынасымен байланыстырады.

Қанның сапалық ерекшеліктерінің тұлға қасиеттерімен байланыстылығы И.Канттеориясына да арқау болды. Ол темпера-менттерді келесідей бөлістерге келтіреді: сезімтемпераменттері

Page 80: психология негiздерi

80

(сангвиник – көңілді адам темпераменті; меланхолик – жабығыңқы адам темпераменті) іс-әрекеттіктемпераменттер (холерик - ұстамсыз адам темпераменті; флегматик – байсалды адам темпераменті).

Орыс ғалымы П.Ф.Лесгафттемпераменттердің дәстүрлі типтерін адамның қан айналу жүйесінің ерекшеліктері және ағзадағы зат алмасу жылдамдығына байланыстыра ажыратады.

Морфологиялықтеорияларда тұлға қасиетін ажыратудың басты белгісі ретінде адамның дене құрылысындағы ерекшеліктері аталады. Ф.Галльбас сүйегі типтері мен мінез бітістері арасындағы байланыстың барына назар аударды.

Тұлғаның дене көрінісіне (конституционалды типология)орай Э.Кречмер адамды төрт типке бөледі: астеник, пикник, атлетик, дипластик (Конституционалды типология негізі – жатырдағы ұрықтық даму динамикасынан болатын туғаннан соңғы дене құрылымының ере-кшеліктері).

1) астеник(әлжуаз) адам – нәзік денелі, қушық кеуде, тар иық, қол-аяғы серейген ұзын, сопақ жүзді, бірақ жүйке жүйесі мен бас миы күшті дамыған; ынжық;

2) пикник(шәлтік) адам – кіші не орта бойлы, етшең, биік кеуделі, қарынды, қысқа мойын, домалақ басты; көпшіл;

3) атлетик(шомбал) адам – ірі, қарулы денелі, бұлшық етті, дене бөліктері өзара сәйкес дамыған, кең иықты; маңғаз;

4) дипластик (мүгедек) адам – тән-дене құрылымы қисынсыз жаралған,тартыншақ;

Психофизиологиялықтеорияларда тұлға типтерін ажыратудың басты белгісіне субъекттің психологиялық әрі физиологиялық ерекшелік-тері алынады, әсіресе тек өкілінің жүйке жүйесі қасиеттеріне басымды назар аударылады. Осы тұрғыдан зерттеу жүргізген И.П.Павлов әрекет-қылықта көрініп, Гиппократтық төрт түрлі темперамент түріне сай ке-летін жоғары жүйке қызметінің төрт типін айырады –күшті,тепе-тең,қозғалмалы,қозужәнетежелусапаларына байланысты.

Дегенмен, аталған психофизиологиялық сапа – қасиеттер таза күйінде жеке-дара көрінбей, өзара араласа бірігіп, жүйкелік қасиеттердің көп санды түріне негіз береді.

Психология ғылымында орын алған келесі бір теория – психиатрикалықтипологияатамасын алған. Бұл теория психикалық сырқаттану (пато-психология) белгілеріне негізделіп, дәрігерлік емдеу тәжірибелерінде пайдаланылады.

Page 81: психология негiздерi

8�

Психикалық науқастар материалдарын талдау негізінде мінездік сырқаттардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:

Делқұлы - есуас (шизоидты) тип – сырттай дүниемен байланысы үзілген, ой-сана бірізділігі жоқ, әрекет-қылығы басқарымсыз, алда не істейтінін болжастыру мүмкін емес, басқалармен қатынасы тұйық, өте көңілшек, өз білгені ғана дұрыс, талаптары шындықтан алшақ, ойын өз логикасымен ғана түзеді, осыдан оның ой-санасы даралықты, кейде саналылардың түсіне де кірмейтін бірегей пікір айтып салуы бекер емес; бұлар тұйық, ашушаң, көпшіліктен бөлектенгенді қалайды.

Құйылмамінезді(циклоидты) тип – әрекет-қылығы тұрақсыз ауыспа-лы, қуанышы мұңға, мұңы қапелімді жан күйзелісімен алмасуы қиын емес; құлшына іске кірісіп, демде қолын суытады. Мұндай жанкүйлік қалыптардың жылдам ауысуынан адам шаршайды, осыдан оның әрекет-қылығы қарама-қарсылықты, не боларын болжастыру мүмкін емес.

Желікпе(гипертимді)тип - ұдайы, қай жағдайда да көңілді, бейғам, қойны дерексіз қуанышқа толы; жоғары белсенділікті, күш-қуаты то-лып-тасқан, алайда бұлардың бәрі көбіне жайсыз мақсаттарға бағыт алып кетеді (ішімділікке, нашақорлыққа, жыныстық байланыстар мен бұзақылыққа және т.б.). Мұндай адамдармен іскерлік қатынас жасау қиын, себебі бұлардың уәде, борыштығы кем, мүдделері үстірт, тұрақсыз, сынға шыдамсыз, «мүмкін» мен «мүмкін емес» арасын айыра бермейді.

Мұңшыл(сензитивті) тип – әрдайым жабығыңқы, өмір шуағын көре білмейді, төңіректегінің бәрі ол үшін мәнсіз, қатерлі, өкпелегіш, тез шаршайды, жақындары тарапынан жақсылық лебі бола қойса, жайдары күйге келіп, ал оңашада қайтадан баяғы қара уайымға шомады.

Тартыншақ (психоастеник) тип – шектен тыс табансыз, үркек, қадамының бәрі ол үшін күмән, түгелдей қорқыныш құрсауында. Осылардың бәрінен қалайда қорғану үшін ырым сақтауға, өзінше салт, шаралар жасап әлекке түседі.

Қояншық(эпилептоидты) тип – шектен тыс ашушаң, жұрт пікіріне төзімсіз, қарсы сөзге шыдамсыз, отбасының билеп төстеушісі, ұстамсыз, балағат сөзге, қол жұмсауға бейім, кейде не күйге түскенін өзі сезбей, бас билігінен айырылады.

Шарбая(истероидты) тип – қандай да жолмен болмасын өзіне назар аудартуға бейімшіл, өз дегеніне жетуде жөн-жосық таңдамайды (қаруы - өтірік, жала, арсыздық және т.б.).

Күдікшіл (параноидты) тип – қандай да идея, ой, сезім құрсауына маталып, ұдайы әсіре күйзелісте жүреді, қызғаншақтық, секемшілдік,

Page 82: психология негiздерi

8�

кекшілдік сезімдеріне беріліп, қандай да идеяны орынсыз әсірелеумен қалған дүниені көре алмайды.

Елікшіл(конформды) тип - өмірлік ұстанымы - «басқалар қандай бол-са, мен де сондай», өз бағыт-бағдарына ие бола алмай, нақты әлеуметтік топтық әрекет-қылық, пікір, көзқарас шарттарының матауында жүреді.

Қазіргі кезеңде психология ғылымында тұлғаны типтестірудің жоғарыда аталған 3 теориясынан өзге әлеуметтік-тұлғалықтипология (тұлғаның басқа адамдармен қатынасына негізделген Юнгтеориясы),психогеометриялықтипология(адамның қандай да геометриялық фигу-раларды қызыға таңдауына негізделген С.Деллингер теориясы), сезімдік(сенсорлы) типология (адамның көру, есіту, қозғалыс әрекеттеріне негіз-делген Э.А.Голубеважәне т.б. теориясы), тұлға-өміржолытипологиясы (тұлғаларды өзара салыстырумен емес, ал олардың әрқайсысының өз жеке өмір жолына қатысты типтестіруге негізделген К.А.Абдулханова –Славскаятеориясы) қабылданып, зерттеу нәтижелерін беріп жатыр.

39. Тұлға бағыт-бағдары. Тұлға дамуы

Тұлғабағыт-бағдары–бұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағыт-бағдар жүйесі, өмірлік арқау еткен қажетері, әрекет-қылықтарына ықпал жасаушы құндылықтар мен сеп- түрткілер, тұлғаның өмір жолы жүйесін құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері.

Тұлғалықбағыт-бағдарлар төмендегідей ерекшеліктерімен ажы-ралады:

1. Тұлға қарым-қатынастарының әлеуметтік маңыздылығы, олардың қоғамдық мәнділігі - күнделікті әрекет-қылығындағы ізгілік, инабаттылық нышандары, тұлға адамгершілігінің прогресті әлеуметтік идеяларға сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік саналылығы.

2. Тұлға қажетсінулерінің көп қырлылығы, оның қызығушылық ауқымының кеңдігі мен негізгі қызықсыну бағдарының нақтылығы – тұлғаның ізгілікті мұрат белгілеп, оған табанды ұмтыла білуі.

3. Қарым-қатынастарының тұрақтылық дәрежесі – тұлға әрекеттерінің бірізділігі мен бірегей беріктілігі.

Әрқандай тұлғаның әрекет – қылығы мен мінездік ұстанымы оның мұрат еткен өмірлік бағыт-бағдарына сай анықталады. Тұлғалық бақыт-бағдар – бұл нақты адам санасының құндылықты орайласқан категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенім-дері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы категория негізінде қалыптасып барады.

Page 83: психология негiздерi

83

Қажетсінуденадам ағзасының, тек өкілінің, тұлға және әлеуметтік қауымдастықтың тіршілігі мен даму шарттары түзіледі әрі іске асып барады.

Қажеттік–адамның биологиялық тіршілік иесі, тек өкілі және тұлға ретінде өзіне ұтымды болған өмірлік шарттарының тиісті қалпын жою не ауысу жағдайларын түзетуге деген ұмтылыс ниеті.

Аса мәнді, тұғырлы қажеттіктер адамның барша психикалық бағыт-бағдарын – яғни сезімдерін, ой-өрісін, еркі мен ағзаның сырттан қабылдау (сенсорлы) жүйелерін айқындайды.

А.Х.Маслоу тұлғаның бірі бірінен басым келетін сеп-түрткілік (мотивация) жобасын түзе отырып, адам әрекет-қылығын бағыттауда жоғары қажеттіктердің орындалуы төменгі қажеттіктердің іске асуына байланысты болатынын тұжырымдаған, яғни, қарапайымдап айтатын болсақ, қарны аш баладан жоғары ой-өріс күту орынсыз.

Сонымен, А.Х.Маслоу пікірінше, мән-маңыздылық деңгейі біртіндеп жоғарылап баратын адам қажеттері төмендегідей:

1) физиологиялық (органикалық) қажеттіктер: аштық, шөл, жыныстық ниет және т.б.;

2) қорғанысқажеттіктері: өзін қатерсіз сезіну, қорқыныштан, сәтсіздіктен және агрессиядан қорғау, құтылу;

3) қоршаған ортаға керекті болужәне сүйіспеншілік, мейірқажеттігі: қауымға мүшелік, адамдар сапынан көріну, танымалдыққа жету және көпшіліктің қабылдауы;

4) сый-құрмет (ұлағаттыболу) қажеттігі: таңдаған саладағы жоғары білімділік пен шеберлік, табыскер бола білу, қолдау-қуаттау көру, танымалдыққа ерісу, бедел;

5) танымқажеттіктері: білу, епті болу, түсіну, зерттей алу;6) әсемдік(эстетикалық)қажеттері:жан-жақты үйлесім, сим-

метрия, тәртіп-реттілік, сұлулық;7) өз бойындағымүмкіндіктерді аша білу қажеттігі: мақсат,

қабілеттерді іске асыру, тұлғаның өзіндік дамуы.Сеп-түрткі(мотивация) – бұл ниеттелген қажеттікке орай ағзаның

белгілі бағытта белсенділікке келуіне ықпал жасаушы нақты жүйке құрылымдарының (функционалды жүйенің) қозуы.

Әрекет-қылық сеп-түрткісі әрдайым эмоционалды келеді. Біздің ұмтылыс әрекеттеріміздің қай-қайсысы да көңіл шарпуынсыз болмайды. Бұл орайда кей эмоциялар алыс мұраттарға бағытталған стратегиялық қызметтерді орындап, біз көздеген кей нысандардың маңыздылығын, оған

Page 84: психология негiздерi

8�

байланысты адамның қажетсіну деңгейін байқатады, ал өзге біреулері қажеттік нысанына жетуді қамтамасыз етуші жекеленген жағдайлар мен шарттардың мән – мағынасынан хабар береді.

Адамның сеп – түрткілік қалпы келесі психологиялық категори-ялардан көрінеді:қызығулар,тілектер, ұмтылыстар, ниеттер,құштарлықтар,құмарлықтар,ұстанымдар.

Қызығу–адамның тұрақты қажеттерімен байланысты көңіл-күйге толық сәйкестенген бағыт-бағдары. Қызығу тұрақты маңызға ие болған нысанға жоғары көңіл бөлуден көрінеді.

Тілек–қажеттікті қамтамасыз етуге сай келген затпен байла-нысты сеп- түрткілік қалып. Тілек қандай да қажеттіктің пісіп жетілу кезеңін білдіріп, оның әрекет мақсаты және жоспарына сәйкес болуынан сезіледі.

Ұмтылыс–тілек нысанына болған көңілдің көтеріңкілікпен бағыт алуы.

Құштарлық– белгілі нысанға болған тұрақты да шарпулы көңіл ұмтылысы. Мұндай аффектті жағдайдағы қажеттік өзге қажеттіктердің бәрінен басым келіп, адам тіршілігінің барша бағыт-бағдарына ықпал жасайды. Құштарлық адамның ерік және көңіл-күй ниеттерінің басын біріктіреді. Ол адам көздеген нысанның қоғамдық құндылығына орай ұнамды да ұнамсыз болуы ықтимал.

Құмарлық–адамның қандай да нысандар тобына көзсіз әуестенуінен болатын психикалық қалып. Адам бойындағы құмарлық тума, табиғи не-гізді болуы да, сондай-ақ оның өмір барысында әлеуметтік жағдайлардың себебінен қалыптасуы да мүмкін.

Ниет–белгілі мақсатты іске асыруға көзделіп, әрекет құралдары мен әдістері айқын саналы қабылданған шешім. Ниет ауқымында адамның әрекет жасауға деген талаптануы мен жоспарлау қызметі біріге орындалады.

Ұстаным – адамның белгілі жағдайларда әрекет-қылықтың үйреншікті әдістерін қолдануға дайын болу қалпы; бұл әрекет-қылықтық нейродинамикалық тұрғыдан шартталған тұрақты жобасы. Ұстаным – адам мінез-қылығына біткен, өзгеріске келе бермейтін, аса тұрақтанған психикалық белгі. Екі түрлі ұстаным өз алдына көрініс беруі мүмкін: жалпыжәне жіктемелі(бекіген) .

Жалпы ұстаным – қандай да құбылыстардың үлкен тобына байла-нысты көрініс берсе, жіктемелі ұстаным – дараланған нысандарға орай байқалады.

Page 85: психология негiздерi

85

40. Мінез жөнінде түсінікМінез құрамы мен құрылымы

Мінез -өз алдына дараланған тұлғалық болмысты құрастырушы әрекет- қылықтардың сеп-түрткілері мен әдістерінің тұрақтанған жүйесі.

Әлеуметтік жағдайларда қалыптасып әрі әлеуметтік орта ықпалында бола отырып, мінез өзінің даму барысында тек өкілінің генетикалық ерекшеліктерімен, оның жоғары жүйке әрекеті типімен байланысты келеді.

Мінез – тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан әрекет-қылығының жөн-жобасы; бекіген, өзгеріске келмейтін жекеленген қылықтар ерекшелігі. Осыдан да бір адам екіншіге ұқсамайды. Дегенмен, мінездің бір беткей-лігін мойындай отырып, әрқилы өмір жағдайларында бір адамның өзінде де түрлі, тіпті бір-біріне қайшы келетін мінез сапалары көрініс беретінін есте ұстағанымыз жөн.

Мінез және оның әрқилы қырларының қалыптасуында қоршаған ортаның сындарлы талаптары, адамның өмір жолында кезігетін аса қажетті жағдайлар өте маңызды рөл атқарады. Мұндай ықпалды жағдаяттар, әсіресе, адамға оның балалық және жас өспірімдік шақтарында күшті әсер жасап, нақты мінез бітімін қамтамасыз етеді. Алайда, мінез тұлғаның дүниетаным, өмірлік бағыт-бағдарымен байланысты болатындықтан, ол ересек шақта да белгілі мақсатты бағдарда жедел күйде қалыптасып, өрістеп баруы мүмкін.

Мінездің біршама элементтерден құралатынын бүгінде барша ғалымдар мойындап отыр. Ондай элементтер - бітістер, қасиеттер, сапалар және т.б.

Мінез бітістері – бұл жеке адам ерекшеліктерінің даралықты көрсеткіш, белгілері. Бітістерді зерттеуде аса маңызды келетіні олар ара-сында нақты адам бойындағы жетекші бітісті таба білу. Осы талапқа орай Н.Д.Левитовбарша мінез бітістерін екі топқа бөледі: бағыт-бағдар бітістері және ерік бітістері.

Бір топ ғалымдар бітістердің келесідей жинақтарын ажыратуды ұсынады: көңіл-күйлі (қызбалық, жабырқаңқылық, оптимистік), мо-ральды (адалдық, жауапкершілік), еріктік (батылдық, табандылық, ұстамдылық), ой-өрістік (бақылағыштық, қызығушылық, ойлампаздық, зеректік, тапқырлық).

Page 86: психология негiздерi

86

Ортақбітістер–белгілі топ өкілдерінің өмір жағдайларына бірдей сәйкес келіп, ондағы әрбір мүше, адам бойында үлкен не кіші мөлшерде көрінетін жалпылама психикалық белгілер.

У.Э.Фремипсихологиясында адам мінезі мәнін оның тіршілік бағыт-бағдары анықтайды, осыған орай адам төңірегіндегі дүниемен қарым-қатынасқа түседі.

Ғалым пайымдауынша, тұлғамінезі–бұл біреуі басымдау келген бір-неше тіршілік бағыттарының жиынтығы. Э.Фреми екі басты бағытты ажырата, қарастырады: өнімді және өнімсіз. Ал бұлардың әрқайсысы өз ішінде белгілі мінез типтерін қамтиды.

О.Ранке типологиясында адам мінезі (орташа адам, жүйкесі шалдыққан (невротик) адам, шығармашыл адам) ерік тұрғысынан даму генезисіне байланысты қарастырылады; ал А.Лоуэн типологиясында мінез типтері «Мен»-бейне ерекшеліктеріне байланыстырыла зерттеледі (жағымпаз (мазохист), шарбая (истерик), махаббатшыл (нарциссичес-кий), делқұлы (есуас - шизоид) типтер).

Сонымен, мінез –бұлтекөкілініңөмірлікжоспарыменшарттасқантұрақтыдажалпыланғанәрекет-қылықтарыныңжүйесі.Мінез – тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты, жеке өзіне тән сапа-қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қаланған сапалар көрініс береді.

Бір мінез бітістері жетекшілік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінез-дегі мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-теңдігі.

Мінездіңеріктікбітістері-әрекет-қылықты саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. Мінездің негізгі сапалары: табандылығы, жігерлілігі, ұстамдылығы мен байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.

Мінезтабандылығы–әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.

Мінезкүш-қуаты–адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті.

Мінезберіктігі–мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі.Мінез байсалдылығы– әрекет-қылықтық бір қалыптылығы мен

ұстамдылығы, тұлғаның көңіл-күй – еріктік тұрақтылығы.

Page 87: психология негiздерi

87

Мінездіңкөңіл-күйге орай ерекшеліктері –тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл-күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажы-ралады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, талғамды және т.б.

Мінездің зерделік, ой-өріс (интеллектуал) бітістері – ақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты – типологиялық ерекшеліктері.

Тұлғаның ақыл-ес, ой-өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, бірегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл-ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы.

Мінез сан – алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет-қылықты реттеу қажеттігі туғанда олар арасынан нақты мезетте керек болатыны алғы шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тара-пы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында адамның өзін-өзі билей алу қабілеті оның саналы еріккүшіне,бұл сапа-мен бірге жүретін тұрақтылықпен табандылыққасиеттеріне байла-нысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтықсапалары оның инабаттылық және танымдық (когнитивтік) бағыт-бағдарларымен айқындалады.

Мінез бітістерінің асқынуы – мінездің қалыптан тыс жағдайлары, жалпылай мінез тұрақтылығына ие болумен бірге кейбір әсер – ықпалдарды көтере алмауы (әзілге шыдамсыздық, сын көтермеу және т.б.).

41. Темперамент: қасиеттері мен типтері

Темперамент–тек өкілінің психикалық белсенділігінен көрінетін психодинамикалық қасиеттерінің бірлігі, яғни психикалық жауап әрекеттерінің жеделдігі, шапшаңдығы, қарқыны.

Академик И.П.Павлов темпераменттің физиологиялық негіз-дерін талдай отырып, бұл психикалық қасиеттің жүйке жүйесі типіне тәуелділігін, бас миы қызметінің жеке жүйке үдерісі – қозу мен теже-луге байланыстылығын дәлелдеді. Жүйкенің қозу мен тежелу күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығы тумадан, әр адамда әрқилы.Осы қасиеттердің ара қатынасына орай И.П.Павлов жоғары жүйке қызметінің � типін ажыратты: «ұстамсыз»( жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы басым – холерик темпераментіне сәйкес) ; «тіршең» (жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы мен тежелуі тең – сангвиник темпераментіне

Page 88: психология негiздерi

88

сәйкес); «байсалды» (жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, селқос – флегматиктемпераментіне сәйкес); «әлсіз» (жүйке жүйесі нашар, тежелуі басым, қозғалысы кем – меланхолик темпераментінің негізі).

Темперамент атауларын ғылымға алғаш ежелгі грек дәрігері Гип-пократ (�60-377ж. б.э.д.) енгізген. Ол темперамент түрлерін адам ағзасындағы әрқилы сұйықтықтардың басымдылығына қарай ажыратқан: қаны (сангвис) басым– сангвиник (қайратты, жылдам, өмірі шуақ, көпшіл, қуанышқа да , күйзеліске де бірдей төзімді; сарыөті(холэ)–хо-лерик( ашушаң, шыдамсыз, қызбалы, ұстамсыз, күйгелек, көңіл кейпі ауыспалы; шырышы(флегма)басым–флегматик(байсалды, жайсаң, ұстамды, бір істен екіншісіне ауысуы қиын, жаңа жағдайларға бейімделуі ауыр); қараөті(мелайнахолэ)басым(запыранды)–меланхолик(тұйық, ұяң, көңілшек, тартыншақ, тез шаршайды, қиындыққа төзімсіз).

Темпераментте біріге көрінетін жүйкелік қасиеттер тобы тек өкілінің бірнеше психикалық ерекшеліктерін береді:

�. Психикалық үдерістер шапшаңдығы мен жеделдігі, психикалық белсенділік, бұлшық ет – моторлы қимыл, қозғалыстар түрі.

�. Сыртқы ауыспалы жағдайларға бейімділік, икемшілдік не бір -беткейлік.

3. Әрекет-қылықтың бір тарапты сырттай әсерлерге басыбайлылығы (экстраверсия) не адамның өз ішкі дүниелік сезімдері мен ұғымдарына тәуелділігі (интроверсия).

�. Сезімталдық, көңілшектік, қабылдағыштық, көңіл қызбалығы мен шарпулылығы және олардың тұрақтылығы.

Кейбір темперамент түрлерінде аталған сапалар жеке адам болмысына орай «араласа»көрінеді.

Әрқилы өмір жағдайларына байланысты туындайтын психикалық қалыптар адам темпераментіне тәуелді келеді. Алайда, адамның әрекет-қылық мәдениеті темпераменттен болмай, тәрбиеге тәуелді қалыптасады.

Құбылыстарға, өмір міндеттеріне, төңіректегі адамдарға қатынасының шама, деңгейіне орай әр адам өз мейлінше күш-қуат жұмсап, өзінің төзімділігін нығайтуға қабілетті, өз әрекеттерінің жеделділігімен жұмыс қарқынын өзгерте алады.

Адам мінезінің ерекшеліктері, яғни оның әрекет-қылықтарының мәнері (стилі) – тікелей темпераментке тәуелді. Осыдан, темперамент мінезге тиісті жеке қасиеттерді өрбітуші, адамның айырым қабілеттерін дамытушы табиғи негіз.

Page 89: психология негiздерi

89

Адамдар әрқилы жол, тәсілдерді пайдаланумен өздерінің «әлсіз» тараптарына психикалық толықтырулар беру арқылы бірдей табыстарға жетуі мүмкін.

Өмір жағдайларының әсерінен холерикте селқостық, шабандық, енжарлық, ынтасыздық туындап жатса, ал меланхолик қайратты да табанды болып шыға келеді. Тұрмыстық тәжірибе мен адам тәрбиесі оның темпераментіне әрдайым «бүркеме» қызметін атқарады. Деген-мен, тосын, аса күшті ықпалдардан, қатерлі жағдайлардан, бұрыннан қалыптасқан тежеулі жауап әрекеттер қозу қалпына келіп, жаңа сапаға көтерілуі мүмкін. Холериктер, меланхоликтер шыдамсыздық пен психикалық ұстамсыздыққа бейім келеді. Алайда, тұлға қылығы мен жалпы адамдардың әрекеттік болмысын түбегейлі бір тума, табиғи ере-кшелікке байланыстыра бағалау ғылыми тұрғыдан қате.

Сонымен, адамның өмір және іс-қызмет шарттарына тәуелді оның қайсы бір темпераменттік қасиеттері күшейе түссе, енді біреулері бәсең дәрежеде білінеді. Табиғи шарттылығына қарамастан, темпераментті тұлғалық сапа ретінде қарастырған жөн, себебі онда адамның табиғи да, әлеуметтік игерілген де қасиеттері көрініс береді.

42. Қабілеттер: психологиялық тетіктері мен құрылымы

Қабілет – адамның әрқилы іс-әрекеттерге орай көрініс бере-тін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық – физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу-түзету сапаларының жиынтығы.

Әрқандай қызмет, іс-әрекет адамның тән-дене, психофизиологиялық және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты талаптар легін алға тартады. Осыдан, қабілет-тұлға қасиеттерінің нақты іс-әрекет талап-тарына сәйкестік шама-шарқын көрсетеді.

Қабілеттер жалпыжәне арнайыболып бөлінеді.Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар

қарапайым және күрделі болып ажыралады.Қарапайымқабілеттер–болмысты жай бейнелеуде, қабылдау,

ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде қалаған әрекет орындауда іске қосылады.

Күрделі қабілеттер–оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады. Қарапайым және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами іс-әрекеттердің бірде біріне араласа алмайды.

Page 90: психология негiздерi

90

Іс -әрекет түрлер іне орай арнайы қаб ілеттер – сызу, көркемөнер – әдеби, нақты-ғылыми (математикалық және т.б.), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық, т.с.с. болып ажыралады.

Қабілеттер тек өкілі бойындағы білім, ептілік және дағдылармен шектелмейді. Олар нақты іс-әрекет тәсілдерінің шапшаң әрі берік игерілуінен көрінеді, тек өкілінің психикалық әрекеттерін реттеп ба-рушы тетік ретінде қызмет етеді.

43. Қабілет және нышан, нәсілдік

Қабілеттер нышан күйіндегі даму үшін қажетті болатын табиғи, нәсілдіктен бекіген алғы шарттарға негізделеді.

Адам қабілеттері тумадан берілмейді. Алайда, кейінгі өмір барысында дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт – нышаноның гендік тұғырында бекіген.

Қабілет нышандары – бұл әрқилы талдығыштар мен мидың кей-бір қабық аймақтары және жарымшарларының жұмысын қамтамасыз етуші жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Тума нышандар уақытша жүйке байланыстарының жеделдігін, олардың тұрақтылығын, бірінші және екінші сигналдық жүйелердің ара қатынасын анықтайды.

Адамдар арасындағы бастапқы табиғи айырмашылықтар дайын қабілеттерден емес, ал осы нышандық белгілердің әртүрлілігінен.

Нышандар мен қабілеттер арасындағы алшақтықты өлшеп болмайды. Оны тұлғаның бүкіл өмірлік даму жолымен ғана салыстыра, атау мүмкін. Нышандар көп мәнді әрі түрлі бағытта жайыла, өрбу-өрістеуі ықтимал. Нышандар – қабілеттер дамуының алғы шарты ғана. Нышандар не-гізінде дамушы – қабілеттер, бірақ олар нақты нышандардың қызметінен болмай, нышандарды өзінің құрамдас бөлігі ретінде қамтыған даму құбылысының өнімі. Тек өкілінің тіршілігіне етене еніп, олар өзіндік дамуға түседі, қайта жасалады және өзгеріп барады.

Нәсілдік белгілер адам дамуына қажетті шарттарының бірі ретінде, әрине, қатысады, алайда оның дамуы нәсілдік ықпалға тікелей байла-нысты емес, себебі, біріншіден – нәсілдік белгілер мен тұлғаның өмір барысында нақты игерген сапа – қасиеттері ажырамас бірлікті құрайды; осыдан қандай да психикалық қабілетті нәсілдіктен деп айту қателікті;

Page 91: психология негiздерi

9�

екіншіден – нәсілдіктен нақты психологиялық мазмұнға ие психикалық қабілеттің өзі пайда болмайды, оның дамуына негіз болатын табиғи алғы шарт – нышан ғана беріледі. Қабілет дамуының табиғи алғы шарты тек себепші ғана, ал адамның дарындылығы мен оның даму мүмкіндіктерін ол бойынша күні ілгері анықтап болмайды.

44. Қабілет және іс-әрекет

Қабілет іс-әрекет талаптарына орай бастау алады әрі сол нақты іс-әрекетте қалыптасады.

Қабілет іс-әрекетке қосылмаған күннің өзінде, тұлға бойында оның іске асар мүмкіндігі ретінде сақталады. Қорытындылап айтсақ, қабілет – тұлғаның қандай да нақты іс-әрекет, қызметке жарамдылығын та-нытушы күрделі әрі бірігімді психикалық ерекшеліктер жиынтығы.

Қандай да жетістіктер барысында іске аса отырып, адам қабілеттері тек көрініп қана қалмастан, жаңа белес деңгейінде қалыптасып, одан әрі дамуда болады.

Адамды басқа тіршілік түрлерінен ажыратушы белгі ретінде қабілеттер сол адамныңтабиғи-әлеуметтікболмысынқұрайды, ал ол болмыс – тарих өнімі. Адам табиғаты оның еңбектік іс-әрекетіне негіз-деліп, тарихи даму процесінде қалыптасады, сонымен бірге өзгерістерге түсіп отырады. Зерде (интеллектуал) қабілеттері адамның қоршаған дүниені мейлінше таныған сайын, оны өзгеріске келтіре білу ептілік, дағдыларының өрістеуімен бірге дами түседі. Тұлғаның көркем-өнер, әдеби шығармашылық, ән-күй және т.б. қабілеттері өнердің әрқилы түрлерінің даму барысына орайлас келеді.

Еңбектік іс-әрекет аясының кеңеюі және оның жаңа түрлерінің пайда болуымен адамда қабілеттердің де жаңа түрлері қалыптасып барады. Адам қабілеттері мен олардың құрылымы тарихи өзгерісте болатын еңбек бөлісі формаларына тәуелді келеді.

Тарихи даму барысында адамзат қауымында әрқилы маманданған қабілеттер қалыптасып отырады. Олардың бәрі де адамның дербес еңбектенуіне және тарихи дамуға байланысты жасап, жинақтағандарды оқып, үйреніп меңгеруіне қажет қабілеттерде түрліше көрініс табады. Нәтижеде, іс-әрекеттің әрқилы түрлеріне орай – арнайықабілеттер және жалпықабілеттерөзара жіктеледі.

Page 92: психология негiздерi

9�

45. Қапбілет және дарындылық

Жалпы қабілет көбіне “дарындылық” терминімен белгіленіп жүр.Дарындылық – бұл белгілі іс-әрекет саласындағы табысты

қамтамасыз етуші қабілеттер тобы (комплекс).Арнайы қабілеттер нақты мамандыққа орай іс-әрекет түріне қатысты

көрінеді. Қандай да бір арнайы қабілеттер ішінде тек өкілінің адами қызметтерінің жетекші формаларының жалпы шарттарымен сәйкес келетін жалпы дарындылық та байқалуы мүмкін.

Адамның шынайы дарындылық кейпі осы жалпы және арнайы қасиеттердің ажырамас, өзара кіріге, бірігуімен ғана қамтамасыз етіледі.

Дарындылықтың аса жоғары деңгейі «талант» және «данышпандық» ұғымдарымен айқындалған.

Талант–нақты іс-әрекетке болған жоғары қабілеттілік.Данышпандық–бір дәуірлік мәні бар жетістіктерге арқау болған

қабілеттердің ең жоғары деңгейі.Дарындылықтың, әсіресе, данышпандықтың психикалық ерек-

шеліктері жоғары дамыған тұлғада (интеллектте) оның қалыптан тыс ойлау мүмкіндігінен, жасампаздық сапаларынан, күшті көрегендігінен сезіледі.

Данышпандық табыстардың алғы шарты – шығармашыл жанпидалық, бірегей жаңалық іздестіруге құлшыныс, жалпыадамзаттық мәдениеттің әрқилы саласында аса жоғары жетістіктерге болған ұмтылыс. Дарынды адамдар бала күннен ерте жедел психикалық да-муымен ерекшеленеді. Дарындылық пен данышпандықтың дамуына тұлғаның бірегей, тек өзіне тән ерекше психикалық бітістеріне кедергілік етпейтін ұнамды әлеуметтік жағдайлар қажет.

Данышпан дарындылығы белгілі бағытта өрбиді, сонымен бірге сол бағыттың қандай да қырлары басымдау келіп, оларға байланысты қабілет түрлері оның шығармашылығында жетекші бағдар күйінде көрініп барады.

Қабілеттердің даму барысындағы аса маңызды да мәнді көрсеткіштер – сол қабілет қарқындылығы әрі оның жеңіл де шапшаң игеру мен алға іл-герілеуге жарасымдылығы. қабілеттердің нақты көрінісі мен дәлелдемесі білім игерудегі шапшаңдық және білімдік табыс нәтижесі, қажетті білім-дер шеңберін мүлтіксіз меңгеру. Әр түрлі адамдар бір орайлас білімдерді игере отырып, әрқилы ойлау, ақыл деңгейіне көтеріледі.

Page 93: психология негiздерi

93

Дарындылық көрсеткіші ретінде тұлғаның даму дәуірлері де алы-нуы мүмкін. Оның ерте жаста көрінуі (жағдайлардың әртүрлілігіне қарамастан) – дарындылықтың аса жоғары болуының белгісі. Бірақ, дарындылық ерте жаста көрінбеді, сондықтан ол болашақта өріс ала алмайды деп қорытындылауға болмайды. Мұның дәлелі әйгілі физик Эйнштейн – бала күнінде мектепте физикадан үштік бағаға «зар» болған оқушы, кейін, есейген шақта осы ғылым саласының әйгілі жетекшісіне айналды. Кейде дарындылық ерте көрініп, бірақ соңынан біз күткендей даму деңгейіне жете алмай қалады. Сондай-ақ, бар беретінін жастық шағында жарқыратып, кейін тоқырауға түсетіндерде аз емес. Мұндай жастарды халықаралық тілде «вундеркиндтер» деп атайды.

Сонымен, қабілеттердің ерте жастан көрінуі әлі дарындылық белгісін бермейді. Бұл тек адамның жалпы дамуындағы мәнді мезеттер ретінде ғана танылуы мүмкін.

Сырттай кедергіліік жағдайларындағы үлкен жетістіктерді қолға кіргізу – жоғары қабілеттіліктің дәлелі. Алайда, жағымсыз жағдайларды жеңе, өтіп, жоғары жетістіктерге жету тек қабілеттіліктен болмайтынын, оның тікелей тұлғалық ерік сапасына байланысты болатынын ұмытпаған жөн. Көптеген қабілеттер жоғары әрі жасампаздығы мол адамдар, өздерінің дамуына кедергілік жасайтын жағдайларды жеңе алмай «сөніп» қалған сәттері аз болған емес. Сондықтан қабілеттердің дамуында қоғамдық жағдайлардың мәнді келетінін бірде естен шығармаған жөн.

46. Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу және сөйлеу

Ортақтасу(общение) – адамдар арасындағы рәміздік жүйе арқылы қоғамдық тәжірибе мен мәдени мұраны бірден бірге өткізуге және бірлікті іс-әрекет ұйымдастыруға бағышталған өзара әлеуметтік ықпалдасты қатынас түрі.

Ортақтасу әрекеті өзінің мазмұны,қызметіжәне құрал-жабдықтарыбойынша ажыралады.

Ортақтасу мазмұны көп мәнді, оның мақсаттары атқаратын қызметтерімен байланысты келеді. Психологияда ортақтасудың төрт не-гізгі қызметі аталады: ақпараттық–тілдесу(ақпарат қабылдау және жеткізу); реттеу-тілдесу(адамдардың өзара бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағышталған интерактивті саналық қатынасы; қабылдау-тиімділік(адамдарды әлеуметтік нысан ретінде қабылдап,

Page 94: психология негiздерi

9�

олардың көңіл-күй аймағына ықпал жасау); көңіл-күй–сезімшарпуы(адамның өзіндік көңіл толғанысын сездіре білуі).

Қолданылған құрал-жабдықтарына орай ортақтасу тікелейжәне жанама,туражәне қосымша,сөздік(вербалды) және ым-ишаратты(паравербалды) болуы мүмкін.

Ортақтасутехникасы–психикалық байланыстар құру, ортақтасқан адамға ықпал жасау үшін әрқилы психикалық тәсілдерді қолдану; ортақтасу формасына сәйкес құрал-жабдықтар таңдау.

Ортақтасуформалары: іскерлік, кәсіби, тұрмыстың, жеке және көпшілікпен байланыс жасау.

Сөйлесудің (коммуникация) негізгі құралдары–лексикалық және синтаксистік ұйымдасқан табиғи ауызша сөз. Сөйлесу барысында хабар-лаушы айтатынын рәміздік (код) жүйеге келтіреді де ақпарат қабылдаушы оны рәміздік күйден ұғымға келтіреді (декодирование). Ақпаратты рәмізге түсіру, оны сөздік құрамға келтіру ақпараттың мән-мағынасын алдын ала ұғып алуға байланысты орындалады. Ал ақпаратты қабылдау сөздік сигналдардың рәміздікшешімінтабу(декодирование) және олардың мағынасынұғуүдерістерініңбірлігіменатқарылады.

Сөйлесу үдерісінің құрылуы – күрделі іс-әрекет түрінен, алдымен адамда сөйлесу әрекетіне деген ынта-ықылас (мотив) туындайды, кейін айтар ойын бағдарламаластырады, лексикалық және синтаксистік тұрғыдан өрнектейді, іштей (күбірлеп) айтып шығады, содан соң ғана дауыстап, хабарлайды. Ауызша сөйлесуде бұлардың бәрі бірқалыпты (стереотипті) қайталанып барады.

Айтушының сөзі экспрессивті(сезімдік) аталады, ал тыңдарманның қабылдау әрекеті импрессивтісөзбен байланысты. Импрессивтісөзталдаумен (қабылданатын ақпарат құрамды бөлік, мәнді элементтерге ажыралады) және біріктірумен (синтез – сөйлемнің жеке элементтері біріктіріліп, мағыналық сұлбаға түсіріледі) бірге жүреді.

Тек өкілінің сөзі оның мәдени деңгейін, жан дүниесін, психикалық өзіндік реттеулер ерекшеліктерін байқатады, яғни «ауызын ашса – көмекейі көрінеді». Дұрыс әрі соны өз ойын өрнектей алмау – адамның ой шорқақтығының белгісі. Сөйлеу мәнері мен ортақтасу тәсілі – тұлғаның дүниетанымын, нәзік сезімталдығын, ой-өріс, ақыл мүмкіндіктері мен жалпы сауаттылығын танытады.

Ортақтасу барысындағы мәндіақпараталмасудың(сөйлесу)жәнебіржағдаяты –бұл мәлімет жеткізудің және оны қабылдаудың сөздік емес (паралингвистикалық), яғни ым-ишаратты құралдары.

Page 95: психология негiздерi

95

Мұндай жабдықтардың үш түрі ажыралады: дыбыстық (фонационды), қозғалыстық (кинетикалық) және графикалық (жазба).

Дыбыстықпаралингвистикалық құралдар қатарына – дауыс ырғағы, сөйлеу жеделдігі мен көтеріңкілігі, екпін тұрақтылығы, дыбыстау ере-кшеліктері және іркілістер мезетіндегі әрекеттер – кіреді.

Сөйлеудің қозғалыстыққосымшалары – дене қимылы (жесты), дене қалпы (поза), ым-ишара (мимика).

Адам ым-ишарасы өз бастауын жануарлар әлемінен алады. Адам мен жануардың ортақ ым-ишаралары баршылық, мысалы қорқыныш, үрку, қатерлену сезімдерін білдіру өзара ұқсас келеді. Алайда, тек өкілі – адам өзіне тән ерекше ишараларымен жануарлардан бөлектенеді: шабыттану, таңдану, көңіл білдіру – жануарлар мимикасында жоқ белгілер.

Тілдесудің сөздік не сөздік емес құралдары ортақтасу мақсатына, формасына, әріптеске болған қатынасқа орайлас болуы шарт. Көптеген көңіл-күй – шарпулы сезімдер астар саналы (подсознательные) келіп, ортақ әңгіменің жасырын сыр-қырларынан мәлімет беруі ықтимал (көз астынан сүзе қарау – ашу белгісі, айқара құшақ жаю – шын ниет белгісі, қол ұшын әзер ұсына сәлемдесу – менсінбеу, т.б.). Оқыс сөз, кібіртіктеу, аңдамай сөйлеу – бұлар да ортақтасу субъекттерінің астар саналы бағыт-бағдарынан хабар береді.

Ортақтасу барысында тұлғаларды өзара түсіністікке келтіретін негізгі тетіктер- ұқсату (идентификация), басқаныңкөңіл-кейпіне ене білу(эмпатия),субъекттіңөзін-өзітануыменбасқаныңкейпінсезебілуі(рефлексия).

Ортақтасу тұрғысынан идентификация–бұл тұлғаның өз сұхбаттас не іс-әрекеттік әріптесін тану және оның ойы мен ұғым-түсініктерін анық қабылдау мақсатымен ой аймағында оған ұқсап бағуы және өзін оның орнына қоя, бағалауы. Эмпатия– бұл да тұлғаның оймен өзін басқаға сәйкестендіруі, бірақ бұл үдерістегі негізгі мақсат – әріптестің толғаныс не күйзеліс сезімдерін түсіне, көңіл білдіру.

Өзара түсіністікке келу проблемасындағы рефлексиямәні – әрбір тұлғаның өз бойындағы қасиеттерін әріптесінің көзімен ой сарабына сала білуі. Өзара түсінісу барысында рефлексия субъекттердің қатынас жасау әрекет-қылығын бағыттап, қалыптастыруға, олардың бір-бірінің ішкі жан-дүниесі ерекшеліктерін барластыруға жәрдемдесетін ерекше кері байланыс құралы ретінде қабылданған.

Қарым-қатынас барысында керібайланыс–әріптес әрекет-қимылы, оның сөйлесу мазмұнына болған қатынасы – кең қолданылады. Әріптестің

Page 96: психология негiздерi

96

ішкі ойын, жасырын сырларын жарыққа шығару үшін оны кері байланыс әрекеттеріне әдейі келтіру де көзделеді.

Қарым-қатынас жасау, әңгіме-сұхбат жүргізу шеберлігі әріптестердің әрқайсысы өзін сұхбаттас адамының орнына қоя білуі, ол ойлағандай ойлауы, төңіректегілерді ол қабылдағандай қабылдай білуі, әріптесінің көңілі тұрғысынан оның әрекеттеріне сипаттама бере алуы сияқты психологиялық қабілеттерден құралады.

47. Тұлғааралық қатынастар психологиясы

Тұлғааралыққатынастар – бұл адамдар арасындағы объектив пайымдалатын, әрқилы дәрежеде түсіністікпен бағаланатын өзара байланыстар.

Мұндай қатынастар негізінде өзара байланысқан адамдардың эмоциялық қалпы мен психологиялық ерекшеліктері жатыр. Іскерлік қатынастардан ажырату үшін мұндай байланыстарды экспрессиялы, эмоциялы деп те атау қабылданған.

Тұлғааралық қатынастардың дамуы жыныстық, жас, ұлттық және басқа да жағдаяттарға тәуелді. Аралық байланыстарда әйелдер, мысалы, өзін айқара ашып танытқанды қалайды, өзі жөніндегі мәлімет, ақпараттарды басқалар алдында жайып салуға оңтайлы. Олар көбіне жалғыздығына қиналатынын әңгіме арқауы етеді. Әйелдер адам аралық қатынастарда көрінетін ерекшеліктерімен еленсе, ерлер – іскерлік сапала-рымен танылады. Әртүрлі ұлттық қауымдастықтарда өзара байланыстар адамның қоғамдағы беделіне, жыныстық – жастық мәртебесіне, түрлі әлеуметтік топтарда болуына тәуелді түзіледі.

Тұлғааралық қатынастардың ен жаю үдерісі, аралық байланыстар динамикасын, реттеу механизмдері мен олардың даму шарттарын қамтиды.

Тұлғааралық қатынастар дамуының қозғалысты көрінісі: олардың туындауы, бекуі, кемелденуі, кейін бұл үдеріс біртіндеп әлсірей бастай-ды.

Тұлғааралыққатынастардамуыбірнеше кезеңдерден өтеді: танысу, ашыналық, жолдастық және достық. Таныстық қоғамда қалыптасқан әлеуметтік –мәдени нормаларға сәйкес қалыптасады. Ашыналық қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан бо-лады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.

Page 97: психология негiздерi

97

Достық қатынас ортақ мүдделік мазмұнға ие болып, мұндай деңгейдегі араласуда адамдар қызығулары, ұмтылыстары мен мақсаттары бір арнаға түседі.

Тұлғалар арасындағы өзара ықпалды байланыс қатынас мүшелерінің әлеуметтік бағыт-бағдарларымен, олардың мән-мағынасымен, әлеуметтік-психологиялық таным – рефлексиясымен айқындалады. Тұлғалар қатынастарының мәні әлеуметтік қабылдау (перцепция) тетіктері мен себептік (каузальды) жағдаяттардың шарттарына орайласады.

Қабылданатын әлеуметтік нысан нақты адам таңдап алған байла-ныстар жүйесіндегі мән-мағынамен бағаланады. Қатынасқа түскен адам-дар сапалары сәйкес не өзара толықтыратын болса, адамдар арасындағы байланыстар ұнамды сипат алады, ал мұндай екеу не көпшілік сапа, қасиеттері бірі-біріне кереғар келіп, өзара психологиялық сыйымсыздық сипатта болса, қатынастар болымсыз күйге келеді.

Қабылданушы әлеуметтік тұлға әрдайым өзі ниеттеген әсер қалдыру үшін байланыстар табысына жол ашатын, нақты әлеуметтік топтар күткен өз кейіп - келбетін - имиджін, яғни өзінің белгілі тұлғалық бейнесін қалыптастыруға ұмтылады.

Сұхбаттас өз әріптесіне ықпал жасай отырып, әдетте, өз мақсатына жету үшін оған қолайлы әсер қалдыруға, байланыс түзіп отырған адамының мінез-құлығы мен сырттай кейпіне сәйкес әрі бейім өз ұғымын қалыптастыруға тырысады.

Адамның сырттай кейпі оның ұлттық, әлеуметтік сипаты, психикалық сапалары мен мәдениет деңгейі және т.б. жөніндегі көптеген ақпарат мәліметтердің бірігімі ретінде пайымдалады. Бірін-бірі қабылдай отырып, адамдар сұхбаттасының мінезі, психикалық қалпы, оның коммуникативті және іс-әрекеттік бейімдері жөнінде қорытындыға келеді.

Басқа адамдар әрекет-қылығына берілетін баға көбіне асығысты, бір жақты болып қана қоймай, кейде тіпті қисынсыз да болады. Әрекет-қылықтың кейбір себептері орынсыз әсіреленеді не өз деңгейінде еленбей қалады.

Ер мен әйелдің бағалауы мен өзіндік баға беруі сәйкес келмейді. Ер-лер өзін не басқаларды сапалық тұрғысынан бағаласа, әйелдер көңіл-күй әсерімен баға береді. Өз қылықтарын әйелдер төңірегіндегі жағдайларға байланыстыра түсіндіруге тырысады.

Адамдардың өзара ықпалдастық байланыстарында тұлғаның бағалау жүйесі ғана көрініп қоймай, олардың ақыл-ес (интеллект) типі де ашы-лады. Мысалға, эмпирикалық тип тұрмыстағы күнделікті күйбең, майда-шүйдеден әрі аса алмайды, құбылыстар арасындағы жүйелілікті,

Page 98: психология негiздерi

98

көптараптылық пен олардың элементтері арасындағы динамиканы аңдай бермейді. Басқа адамдардың әрекет-қылықтарының астарындағы себеп-терді қарапайымдастыруға бейім. Ал абстрактты тип жалқылықтан гөрі жалпылық қорытынды жасап, заттар аймағынан шығып, дерексіздік деңгейде ой топшылауға қабілетті келеді.

Әрқилы бағалау шектері нақты қызметтестік және қарама-қарсылықтар жағдайында өзінің шынайы көрінісін алады. Дау-дамайлы жағдайды адам қарсыласының әлсіздеу тұстарын табуға ынталы келеді.

Қарым-қатынас субъекттерінің әрқилы мәртебелік деңгейі де өзара бағалау сипатына ықпал жасайды. Басшы өз қарауындағы адам сапа-сын бір тұрғыдан зерделесе, бағынышты басшыны екінші бір тұсынан бағалайды, мұндайда алдымен басшының сырттай көріністі белгілері көзге түседі де, бағынышты тұлға басшыда өзіне ғана қажет болған сапа көріністерге мән береді.

Сырттай көрініс, ақпарат белгілерін пайдалану адамаралық қатынастардың бәрінде бірдей қабылданған әдіс. Қай жағдайда да адам өз қалауына сәйкес екінші адам әрекетін күтеді. Әрекеті өз ойындағыдай болса, адам қанағат табады, ал күткеніндей болмаса, өкінеді, дағдарысқа түседі, тіпті жек көретін болады.

Адамдардың көбі өздерін өзінде қалыптасқан мінез-құлық талапта-рына сай көрсетуге бейімделген. Қарым-қатынас нәтижелерін алдын ала жоспарлай отырып, әріптесін қалайда өзі күткен әрекетке түсіруге ты-рысады. Көңілшек адам өзін «өкпелі» көрсетеді, тәкаппар тұлға қайткен күнде де қарсыласына «соққы беруге» дайын тұрады. Адамдар әрдайым өз бойында құнды деп таныған қасиеттерін алға тартуға тырысады. Кей-бір адамдардың істерін істеп алып, «қайтейін, мен осындаймын!» - деп қасарысатыны осыдан.

Қайсы бір көңіл әсерлері адамның сырттай кейпі, көріністеріне (бой ұстау, ым-ишара, қозғалыс қимылдары) орай қалыптасады, дегенмен мұндайда асығыс пікір топшылаудан аулақ болған жөн. Адамның шы-найы мәнін оның әрқилы жағдайдағы әрекет-қылығын талдай отырып, қандай да рольде көріну үшін жамылған бет пердесі түскенде ғана түсіну мүмкін.

Көбіне жақын адамдар арасында қатынастар, бейтаныстар араларындағыдан гөрі қиындау соғады. Мұның себебі: адамды неғұрлым жақсы танысақ, соғұрлым оның нені қаламайтынын білеміз. Құндылықты бағыт-бағдарлары орайласа келген адамдардың өзара түсіністігі

Page 99: психология негiздерi

99

жоғарылау келеді. Ал рухани бірлестік болған жерде қатынас мызғымас сипатқа ие болады.

Әр тұлға басқа адамдарды бағалаудың өзіндік өлшеміне ие. Екінші адамды тани отырып, тек өкілі онымен қатынас жасаудың жол-жобасын түзеді, күні ілгері оның мінез-құлығына сәйкестене әрекет жасаудың жол-дарын қарастырады. Сонымен бірге, өз әрекетінің әріптесі тұрғысынан қалай қабылданатынын пайымдайды. Осыдан адамда әлеуметтікрефлексияқұбылысы пайда болады. Адамдардың бәрі өз бейнесінің араласқан адамдары көңілінде ұнамды кейіппен орныққанын қалайды, өз қадір-қасиетінің беделінің жоғарыдан көрінгенін армандайды.

48. Дау-дамай психологиясы

Дау-дамай(конфликт) – әрқилы мұддеге бағытталған тараптардың қарама-қайшылықты тайталасы.

Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың негізгі типтерін ажырата білу аса маңызды келеді.

Мұндай байланыстардың субъекттеріне тәуелді дау-дамай келесідей типтерге бөлінеді: тұлғаныңөзбойындағы,тұлғаларарасындағы,топ-тарбайланысындағы,топішіндегі,топтарарасындағықайшылықты қатынастар.

Тек өкілдері арасындағы дау-дамайлар мен кіші топтар арасындағы жанжалдар тайталасқа түскен тараптардың әрекет-қылықтарымен көрінетін мүдделер сәйкессіздігінен болады. Ал ірі топтар арасында бола-тын дау-дамайлар негізі көпшілік көңіл-күйі мен қоғамдық пікірлердің қарама-қарсылығынан туындайды.

Дау-дамайлар әлеуметтік біртекті құрылымдар ішінде – горизонталдыжәне басқарушы мен басқарылушы құрылымдар ара қатынасында – вер-тикалды – пайда болуы мүмкін. Дегенмен, қай жағдайда да ол өз ара алшақтауға, тайталасқа алып келеді, көбіне – жауласу мен жеккөрушілікке тоғыстырады. Жанжалдар қатынастардың бір саласында пайда болуымен шектелмей, екінші аймақтарына өтіп, жаңа келіспеушіліктер жүйесінің туындауына себепші болады.

Дау-дамайлы жағдайлар қатынасқа түскен тараптардың болмысқа де-ген көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен шынайыжәне жалғанси-пат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолда-рына мән берілмейді.

Page 100: психология негiздерi

�00

Айырым кезеңдерде негізсіз ойдан жасалған қайшылықтардың се-бебінен жалған, әдейі ұйымдастырылған дау-дамайлар кезігіп жатады. Мұндай тайталас екінші тарап ниетін орынды бағаламай, оның әрекетін шындық тезінен өткізбей түсінуден келіп шығады. Кейде адамдар өздеріне қаратылған ақпарат қателігінің көп мәнділігін ұқпай, оның арасынан өз пайымына сай мәліметті орынсыз бөліп алып, жанжалды қатынастарына арқау етеді.

Әлеуметтік жүйені дамытудағы рөліне орай дау-дамайлар бітістіруші(конструктивті) не бұзақы(деструктивті) болып ажыралады.

Бітістірушідау–жүйенің өзгермелі қоршаған орта шарттарына икемдесуге қолайлы жағдайлар жасауда жәрдемін көрсетеді, ал бұзақыдау–белгілі құрылым тиімділігін төмендетіп, оның біртіндеп жойы-луына себепші болады.

Даулы қарама-қарсылықтар – тек өкілі мен әлеуметтік жүйе дамуының негізі. Адам даулы жағдайлардан қашпауға тырысқаны жөн, керісінше, одан бейімділікпен жол табуға ынта білдіргені дұрыс.

Жанжалға араласушы адамдар әрекет-қылығы үш түрлі бағытта көрінуі ықтимал: бұзақы – деструктивті, жағымпаз-конформды, бітістіруші-конструктивті, осыған орай адамдар типі ажыралады.

Бұзақытип-өз мүддесінің матауында қалып, оны қалайда іске асы-ру үшін жанжалға «май құйып», үдете түсуге шебер адам. Бұл типтегі тек өкілдері әрдайым дауға «әпербақандықпен» дайын тұрып, көздеген мақсатынан қайтпайды, екінші тараптың келісім жасауға деген ниетін бірде көре білмейді (террористер, әкімдік беделді адамдар, құбылыс мәнін пайымдай алмайтын тек өкілдері).

Жағымпазтип–қойылған талаптарды ойсыз бас шұлғумен, иіле қабылдай отырып, екінші тараптың жанжалды әрекеттерін үдете түсуге итермелейді.

Бітістірушітип–екеуара тиімді болған шешімдер тауып, жанжал өртін басуға ниетті адам.

Дау-дамайлы жағдайларға бақылау қоюдың бір қатар жолдары бар:

�) болуы мүмкін жанжалдың алдын алып, оған қатысушылар жөнінде мәліметтер топтау ;

�) жанжалды басқарымсыз қалдыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеу;

3) дау-дамай шешіміне бейтарап бедел иелерін тарту;�) даулы екі тарапқа да тиімді шешім мүмкіндіктерін қарастыру;

Page 101: психология негiздерi

�0�

5) іскерлік, әріптестік қатынасқа қолдау беріп, оны бітістіріп, кейін болатын алауыздық көңіл-күй шарпуларының көзін басу.

Қазіргі заман дау-дамай мәселесімен айналысатын конфликтологиялық психология жанжалды жағдайлардан шығу әдістеріне көп көңіл бөлуде:

�) өзара жанжалды әрекеттерден (өз беделі мен табыстарын әсірелей көрсету, басқаны кеміте, әдейі дауға шақыру) қашу;

�) «проблеманы бірлікті шешу» ережесін (басқа есебінен пайда ниет-темеу, екі тарапқа да тиімді шешім жолын ойластыру) ұстану;

3) келісім (компромисс) – екі тараптың да көзқарас, пікірлерінің үйлесім табуы;

�) үшінші тараптан көмек сұрау – тікелей дау-дамайдан тыс, бейтарап бедел иелерін екі тарап мүшелерін бітістіруге шақыру.

49. Кіші топ психологиясы

Кішітоп–барлық мүшелері бір – бірімен тікелей қарым-қатынасқа келген адамдар бірлестігі. Әдетте, мұндай бірлестік өз ішіне екі не одан көп бірнеше ондаған адамды қамтиды.

Бұл сипаттағы топтар қатарына отбасы, дос-жарандар, көршілестер, сынып, студенттік топ, спорт командасы және т.б. жатады.

Бірігу сипатына орай кіші топтардың келесідей түрлері ажырайды:1)диффуздытоп–бірлікті іс-әрекет мазмұны болмаған, ашыналық

қатынасқа негізделген шашыраңқы бірігім;2)ассоциативтітоп– жеке тұлғалық мәнге ие болған мақсаттар

төңірегіндегі байланысты бірігім (аңшылар, балықшылар және т.б.)3)корпорация– жеке – топтық ортақ мүдделермен жанамаланған өз

дербестігі шектелмеген тұлғалар қатынасынан пайда болған ірі бірігім;4)ұжым– жеке және қоғамдық мүдделер бірлігімен жанамаланған

тұлға аралық қатынасқа келген адамдар бірлестігі.Ақпарат алмасу арналарының көптүрлілігіне байланысты топтар

орайластырылғанжәне жекебилікті,тізбекті,шеңберліжәне т.б. түрде бөлінеді.

Ақпараткөзіорайластырылғантопта оның бір ғана мүшесі (басшы, лидер) топ байланысын ұйымдастырады, топ тіршілігіне жеке басшылық жасайды.

Жеке биліктітоптамүшелердің бәрі ақпарат алмасуға теңдей қатысады, олардың қатынас құқы ешқандай талаптармен шектелмейді.

Page 102: психология негiздерi

�0�

Әлеуметтік топтардың ерекшеленген түрі – референтті топ.Референттітоп–бұл шынайы не қияли әлеуметтік бірлестік. Бұған

мүше болған тек өкілдері өз әрекет-қылығы мен өзіндік бағасын осы топта қабылданған шарттар және талаптар деңгейімен өлшестіреді.

Кішітопқұрылымы–бұл тұлғалар арасында орныққан байла-ныстар жиынтығы. Кіші топтағы тек өкілдерінің белсенділігінің негізгі аймағы бірлікті іс-әрекет пен сөйлесу болғандықтан кіші топты зерттеуде ортақ қызметтен туындаған байланыс және қатынастар құрылымына (нақты жұмыс орындау, ұйымдастыру, экономикалық басқару) және тіл-десу мен психологиялық қатынасқа (ақпарат алмасу, көңіл-күй ортақтасу, роль және бедел бөлісу) мән беріледі.

Кішітоптыңақпараталмасу(коммуникативті) құрылымы–бұл тек өкілдері арасындағы байланыстар жиынтығы. Бұл құрылымда аса маңызды болатындар: ақпарат алмасу жүйесіндегі тұлғалардың иелей-тін беделі (топ айналымындағы ақпаратты алу және жеткізу мүмкіндігі, ақпарат көлемі, оның топ тіршілігін қамтамасыз етудегі маңызы), топтағы ақпарат алысудың бағдары мен жеделдігі.

Кішітоптыңрольдікқұрылымы–бұл тек өкілдері арасындағы қатынастар бірлігі.

Бұл құрылымда аса маңызды келетін жағдаят - бұл топтықролдерді,яғни топтық үдеріс қатысушыларына таңылған, олардың күтетін және іске асыратын әрекет-қылықтарының көпке тән әдістерін бөлістіру.

Кішітоптағы әлеуметтік билікжәнеықпалқұрылымы–бұл тұлғалар арасындағы өмір, тіршілік бағыт-бағдарлары және өзара ықпал жасау жеделдігімен сипатталған байланыстар тобы.

Ықпалды жүзеге асыруға тәуелді әлеуметтік биліктің әрқилы типі өзара ажыралады: марапаттау, мәжбүрлеу, өкілетті, экспертті және ре-ферентті.

50. Топтағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастарТоп көшбасшысы

Топжасалуы–бұл алғашқыда шашыраңқы (диффузды) әлеуметтік бірігімдегі адамдарды өзара байланысты іс-әрекетке және өзара тәуелді қатынастарға түсіріп, қайта ұйымдастыру.

Топтықжіктеме (дифференциация) – бұл әлеуметтік топ мүшелерінің өзара қатынастарындағы қызметіне сәйкес бедел үстемдігі (иерархия).

Page 103: психология негiздерi

�03

Ресмитоптықжіктеме – ресми – рольдік беделдердің өзара тәуелділігі (завод директоры - цех, бөлімшелер бастықтары – брига-дирлер – жұмысшылар).

Ресмиленбегентоптыңжіктеме–бірлестіктегі жеке тұлғаның беделітоптың әрқилы мүшелерінің оған болған қатынасына тәуелді анықталады.

Кішітоптаеленетіннегізгіқұбылыстар:топішілік қатынастар құрылымындағы бірігім мүшелерінің орны мен жағдайы, олардың бағыт-бағдары, беделі, ролі, топтың әлеуметтік-психологиялық динамикасы, яғни оның пайда болуы, дамуы, топ басшылығы, топ ішіндегі қатынас- байланыстар, топта бекіген талаптар және топтық бақылау.

Кішітопмүшесініңұстанымсипаты–ұстанымның топішілік құбылыстарға бағытталған қатынас жүйесінің тұрақтылығы. Топқа мүше болған адам ұстанымының (позициясының) кемелді тұлғалық деңгейге жетіп, орнығуы оның тұрақтылығына, қайшылықсыз, яғни бір принциптігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты айқындалады.

Топтықбедел (статус) –топ мүшесінің топішілік қатынастар жүйесінде иеленген орны, әлеуметтік ролі.

Топ тіршілігінің негізгі реттеушісі – топта қалыптасқан талаптаржүйесі(нормалар) мен топтыққұндылықтар.

Топ басшысы (бұйрықпен белгіленген) ресми топ қатынастары мен қызметтеріне жетекшілік жасайды, ал топтағы бейресми тұлғааралық байланыстар көшбасшы (лидер) тарапынан орындалады. Лидер топ мүшелері тарапынан жоғары бағаланатын психикалық сапаларға ие болады да тән де, ал топ бастығы заңмен белгіленген ресми басқару мен бағындыру өкілеттеріне ие.

Лидер–топ ішіндегі бір адамның өзінің белгілі жағдайларда басым келген шешім қабылдау құқығымен топ мүшелері арасында танымал болып, қабылдануы.

Тұлғалық және қызметтік жөн-жосықты жоғары деңгейде тани білген бастық лидер де болып көріне алады, дегенмен басшылардың көбінің, әдетте, әкімдік басқарушы (администратор) дәрежесінен ары көтерілуге шамасы жетпейді.

Лидердің басшыдан айырмашылығы – ол топтың барша тіршілігіне араласа бермейді, әрі топ мақсатына жетекшілік ету оның міндеті емес.

Page 104: психология негiздерi

�0�

Топқа басшылық жасау қызметі әрқилы тәсілмен, яғни стильменатқарылуы мүмкін. Басқару стильдерінің танымал түрлері – әміршіл-әкімшіл (авторитарлы), либералдыжәнедемократиялы.

Әкімшіл басшылық стилі –жеке өзімшіл, субъектив сипатты мадақтау және кінәлау жолымен, көбіне бұйыруды құрал еткен басқару түрі.

Либералды басшылық стилі –топ өмірінің бір жақты шешім күтетін, жауапкерлі мәселелеріне араласпауды ұстаным еткен басқару түрі.

Демократиялы басшылық стилі –топ мүшелерінің бәрімен жолдастық, әріптестік қатынас түзуге бағытталған, олардың жұмыс бабындағы ынтасы мен белсенділігін ыждағатты тану және топ тір-шілігі мәселелерін ортақтаса талқылау сипатты басқару түрі.

Басшылықтың әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) стилі – қайқызметсаласындаболмасын,негізіненөкім,бұйрықбасымдылығыменсипат-талады,мадақтауменжазалауөрескелсубъективтігіменеленеді.

Басшылықтың өзбастылық (либералды) стилі – топ өмірі мен оған байланысты көкейкесті мәселелерге араласпау, топ мүшелерінің жетігіне парықсыз еріп, көрінген проблемаға орай «бас шұлғып», келісімпаздықтан әрі аса алмау.

Басшылықтың ұлағаттылық (демократиялық) стилі- басшытұлғаныңтопмүшелерініңбаршасыменжолдастыққатынастүзебілуімен, олардыңқалаған істегі бастауқадамына зерделі денқояжүріп,топқызметініңқалағанмәселесіндедау-дамайсызеркінпікір-таластықолдап-қуаттауыменерекшеленеді.

Page 105: психология негiздерi

�05

М а з м ұ н ы

1. Психология пәні және нысаны. Психология міндеттері.........................................3 2. Психология әдістері. Психологиялық зерттеулер кезеңдері. ...............................5 3. Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны............8 4. Осы заман психологиясының құрылымы Психологияның арнайы және қолданбалы салалары ..........................................10 5. Адам психикасы жөнінде түсінік ...........................................................................12 6. Ми және психика. Психика құрылымы. Психика қызметтері.............................14 7. Психикалық үдерістерді топтастыру......................................................................15 8. Сана – психиканың жоғары формасы Сананың пайда болуы және дамуы ........................................................................16 9. Психика деңгейлерінің өзара байланысы..............................................................2010. Психика және іс-әрекет ..........................................................................................2411. Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері................................................................2512. Негізгі психикалық үдерістер..................................................................................2813. Түйсік: жалпы сипаттама.........................................................................................3014. Қабылдау : негізгі қасиеттері және түрлері ..........................................................3215. Елес: жалпы сипаттама ..........................................................................................3416. Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері.....................................................................3517. Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері....................................................................3718. Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы .......................................................................4019. Ойлау түрлері............................................................................................................4220. Ойлау сапасы ..........................................................................................................4421. Зерде және оның құрылымы....................................................................................4422. Ой белсенділігін көтеру әдістері ..........................................................................4523. Ойлау жүйесінің бұзылысы.....................................................................................4724. Шығармашылық. Шығармашыл ойлау...................................................................4925. Қиял: жалпы сипаттама және түрлері.....................................................................5026. Әрекет-қылықтың эмоциялық реттелуі..................................................................5227. Әрекет-қылықтың реттелуіндегі ерік маңызы.......................................................5428. Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:....................................................................5529. Психикалық қалыптар: түрлері, сипаттамалары және топтасуы ........................5630. Ашық сана қалпы. Ұйқы және түс көру.................................................................5931. Тұлға түсінігі. Тұлға және қоғам............................................................................6032. Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері...............................................................6233. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы...................................................................6334. Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік

жағдаяттардың өзара байланысы ..........................................................................6535. Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу...................................6736. Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері..............................................7237. Тұлғаның психологиялық бітістері.........................................................................7738. Тұлға типологиясы...................................................................................................7939. Тұлға бағыт-бағдары. Тұлға дамуы........................................................................8240. Мінез жөнінде түсінік. Мінез құрамы мен құрылымы.........................................85

Page 106: психология негiздерi

41. Темперамент: қасиеттері мен типтері.................................................................87 42. Қабілеттер: психологиялық тетіктері мен құрылымы......................................89 43. Қабілет, нышан жəне нəсілдік.............................................................................90 44. Қабілет жəне іс-əрекет.........................................................................................91 45. Қабілет жəне дарындылық...................................................................................92 46. Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу жəне сөйлеу.......................................................93 47. Тұлғааралық қатынастар психологиясы.............................................................96 48. Дау-дамай психологиясы.....................................................................................99 49. Кіші топ психологиясы .....................................................................................101 50. Топтағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастар. Топ көшбасшысы.............102

Сәбет Бап-Баба

ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ Оқу-анықтамалық қолданба

ЖШС «Нұр-прессі» бас директоры

Жансеитов Н. Н.

Басылымѓа жауапты ќызметкерлер: Омарќожаева Г.К., Төребаева Г.А. Беттеуші: Төребаева Г.А. Дизайн: Савельев А.О.

Оператор: Умурова Г. О.

Басуѓа 20.12.2006 ќол ќойылды. Офсеттiк басылыс. Пiшiмi 60х901/

16. Ќаѓазы офсеттiк. Ќарiп түрi «Таймс». Шартты баспа табаѓы 6,6.

Таралымы 500. Тапсырыс № 31. «Нұр-пресс» баспасы

050057 Алматы ќ.,

М. Өзтүрiк к-сi, 12 үй. Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650. Е-mail: [email protected]

ЖШС “Нұр-пресс” баспаханасында басылѓан

106