31
Түпқараған аудандық білім бөлімі, аудандық білім үйлестіру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес, Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Қ. Изтлеуованың ұйымдастыруымен балабақшамызда «Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған және құзырлылық амалдар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

  • Upload
    others

  • View
    3

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Түпқараған аудандық білім бөлімі, аудандық білім үйлестіру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес, Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Қ. Изтлеуованың ұйымдастыруымен балабақшамызда «Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған және құзырлылық амалдар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Page 2: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

«Адамды тәрбиелеу – демек, оның

ертеңгі қуанышқа ие болатын

келешек жолын тәрбиелеу»

А.С. Макаренко

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»деп атап өткен болатын. Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы, МКҚК «Бәйтерек» балабақшасы жоба бойынша 140 бала тәрбиелеуде. Балабақшамызда тәжірибелі жоғары санатты мамандармен қоса жас мамандардар да еңбек етуде. Балабақша педагогтары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің жаңа әдістерін пайдаланып келеді. Республикалық, облыстық білім жетілдіру курстарына қатысып, жаңа бағытта «Тәй-тәй», «Монтессори», «Тұз терапиясы» технологияларын оқу үрдістерінде енгізіп бастадық. Осы оқу жылында Түпқараған аудандық білім бөлімі, аудандық білім үйлестіру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес, Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Қ. Изтлеуованың ұйымдастыруымен балабақшамызда «Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған және құзырлылық амалдар» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқыту процесіне жаңа технологияларды пайдалану, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу.

Семинар практикалық бөлімнен басталып, онда балабақша тәрбиешісі Д.Нұрмагамбетова, А.Ақмолдина, Ж.Бекназарова және ата-ана А.Нурбосиновалар орталықтарда «Тәй-тәй»технологиясымен үлгі сабақ көрсетсе, «Табиғат байлықтары» тақырыбында «Тұз терапиясын» қолдана отырып, жоғары санатты тәрбиешіміз А.Бекмагамбетова, «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі А.Бекмұратова, «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Б.Беришбаевалар десант сабақ көрсетті. С.Тоғызбаева, М.Онайбаева, Г. Жайчибековалар «Балабақшадағы жеке тұлғаға бағытталған үш тілді үйретудегі құзырлылық амалдар» тақырыбында ертегі желісінде ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен ертегілер еліне саяхат жасады. «Біз өнерлі баламыз» атты сазды өнер көрсетілімін ән-саз жетекшісі А.Темиртасова, «Қиял әлемінде» қол өнер көрмесін бейнелеу пәні жетекшісі Ж.Бекназарова көрсетті. Балабақша психологі Б.Шайхигалиева келген қонақтармен «Ұжымдық. Достық. Әріптестік» тақырыбында қызықты тренинг ұйымдастырды. Семинар соңы дөңгелек үстел басында пікір алмасумен қорытындыланды. Нәтижесінде үлгілі сабақ көрсеткен балабақшамыздың тәрбиешілері А.Бекмагамбетова, Д.Нұрмагамбетовалар, «Бәйтерек» балабақшасы аудандық білім бөлімі басшысының «Алғыс» хатымен марапатталды. Семинардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа алған балабақша директоры Ү.Нұрмұханқызының еңбегі ұшан-теңіз. Аудан көлемінде осындай семинарлар ұйымдастырып, жас мамандарға тәжірибе көрсету игілікті істің бастауы болса, біздің балабақшадан азғантай болса да өздеріне қажетті тұстарын алып жатса, біз оған қуаныштымыз.

Түпқараған ауданы

Ақшұқыр селосы

«Бәйтерек» балабақшасының әдіскері П.Жансап

Page 3: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

МКҚК «Бәйтерек» балабақшасы

«Гүл шоғы»тақырыбындағы кіріктірілген оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

(тәй-тәй технологиясымен)

Page 4: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология, көркем әдебиет, бейнелеу өнері.Тақырыбы: «Гүл шоғы».Мақсаты:Білімділігі: Гүлдер туралы түсінік беру арқылы қызғалдақ гүлін танып атай білуін дамыту, гүл шоғы туралы мағлұмат беру. Бөлме гүлдерімен дала гүлдерінің айырмашылығын түсіндіру. Аспазшылыққа үйрету.Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтандыру. Шығармашылық қабілеттерімен,эстетикалық сезімін қалыптастыру.Тәрбиелілігі: Табиғатқа, гүлдерге деген қамқорлық сезімдерін ояту. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Ғылым орталығы: ноутбук, гүл туралы слайд,құмырадағы табиғи қызғалдақ гүл шоғы.Өнер орталығы: гүлдер жиынтығы макеті, су сүлгі, ермексаз, тақтай.Көркем әдебиет орталығы: ноутбук, табиғи қызғалдақ гүлінін макеті.Әдіс –тәсіл: сөздік, зерттеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ -жауап.Жаңа сөз: гүлдің күлтешесі.Билингвизм: Гүл-цветок, қызғалдақ-тюльпан Гүл шоғы-букет цветовТехнология: «Тәй- тәй» технологиясы.Жұмыс жасайтын орталықтар: «Ғылым», «Көркем әдебиет», «Өнер», «Аспаз» орталықтар.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Іздену- ұйымдастырушы

-Балалар, бүгін тобымыз әсем гүлдерге толы керемет көңіл-күй сыйлап тұр. -Ал, сендердің көңіл- күйлерің қалай?Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен амандасайық.Күннің көзі ашылып,Көкке шуақ шашылып.Құтты қонақ келіпті,Төрімізге еніпті.Амандасу үлкенгеТәрбиенің басы ғой,Ал, қанекей бәріміз,Сәлем дейік үлкенге!Сәлеметсіздер ме, апайлар!Ғажайып сәт:-Гүл күлтешесінен қызғалдақ кейпінде киінген қыз шығады.- Балалар мен қызғалдақ гүлімін, кең далада жалғыз тұрып зерігіп кеттім, балалар менің достарым жоқ сендер маған дос боласыңдар ма?Әрине балалар дос болады, дегенмен қызғалдақ біз саған өз достарыңды табуға көмектесеміз, солай ғой балалар олай болса, өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша орталықтарға бөлінейік.

«Ғылым» орталығыБалалар, Ғылым орталығына қош келдіңіздер!Педагог үнтаспа арқылы музыка қосады.Көктем күн Жер-ананы қыздырып , табиғаттағы бар ті ршілік иелері оянып, гүлдер Жер-анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтелерін көтеріп, күнге қарай қол созады.-Балалар сендер көктемнің алғашқы гүлдері болып, Жер анадан нәр алып күлтелеріңді аштыңдар.Қандай сезімде болдыңдар?Гүлдердің адамдарға тигізетін пайдасы бар ма?Гүлдер жерге көрік, әсемдік, әдемілік береді. Адамдарға қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлайды. Гүлдердің кейбір түрінен түрлі дәрілер дайындайды.Оларды үш топқа бөлеміз: бөлме гүлдері, бақша гүлдері, дала гүлдері. Олардың бір-

-Жақсы.

Балалар қонақтармен амандасады.

-Иә, көмектесеміз

Балалар ноутбукка назар аударады.

-Гүл сияқты сезіндік.-Бар.Ауаны тазартады, айналаға көрік береді.

Балалар зейін қойып тыңдайды

Page 5: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Рефлексті -коррекциялаушы

Іздену-

бірінен айырмашылығы бөлме гүлдері айрықша күтімді қажет етеді, бақша гүлдерін уақтында отырғызып, күтім жасап отырады, дала гүлдері табиғатта өз алдына тіршілік етеді, оған күтім жасамайды. Барлық гүлдердің бір-бірінен айырмашылығы пішіні, иістері, сабақтары, жапырақтары жағынан ерекшеленеді. Гүл ауаны улы заттардан қорғайды. Балалар бүгін көктем мезгілінде шығатын гүлдердің бірі-қызғалдақпен таныс боламыз.Қызғалдақ көктемнің сәуір, мамыр айларында жазық далаға қырда өсетін өсімдік. Бұл гүлдер құлпырып өсіп, даланың сәнін келтіреді. Балаларға қызғалдақ гүлін ұстатып иіскету.Балалар қызғалдақтың иісі қандай?Гүлдің құрылысымен танысайық:Тамыры: өсімдіктерді жерде мұқият ұстап сумен қамтамасыз етеді.Сабағы: жапырақтардың күнге қарай көтеріліп өсуіне көмектесіп оларды көтеріп тұрады. Жапырағы: қоректі күннің көзінен алады. Өсімдік денесіндегі судың мөлшерін бір қалыпты ұстауға көмектеседі.Қызғалдақтың 32 түрі бар. Бұлардың биіктігі 3-50 см – дейін өседі. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамыры мен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып , оны құрғақ салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ пиязшықтардың ішінде табиғатта кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланатын өсімдік.Балалар қызғалдақ орыс тілінде: Гүл-цветокҚызғалдақ-тюльпанГүл шоғы-букет цветов

Балалар гүлдерге қандай күтім керек? Балалар біз бүгін қызғалдақ гүлінің құрылысымен таныс болдық. Жинап алып гүл шоғын жасайды. Гүл шоғын мерекелерде аналарымызға сыйлаймыз. Ал, бүгін біз гүл шоғын қызғалдаққа сыйлаймыз. Дидактикалык ойын: «Гүлдерді ажырату»Мақсаты: Танымдық қабілеттерін арттыру.Балалар гүлдерді топтарына қарай қалташаларға саламыз.

Сергіту сәті слайд арқылы көрсетіледі.

-Балалар, бізге кімдер келді?Балалар бүгін қандай гүлді көрдіңдер?Кызғалдақ қандай гүл?-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар.

«Көркем әдебиет» орталығы

-Хош иісті

Балалар қайталайды

Гүлге су керек. Сүйіспеншілік керек. Гүлге жылу керек. Гүлге күтім керек

Гүлдердің әрқайсысын өз қалташаларына салады.

-Қызғалдақ гүлі -Дала гүлі

Page 6: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

ұйымдастырушы «Көркем әдебиет» орталығына қош келдініздер!Балалар бізге бүгін кім келді?Қызғалдақ әбден зерігіп өзіне достар іздеп жүр екен.Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.Аналарға сыйлайтын,Аралар бал жинайтын.Бұл немене,балалар,Үзуге адам қимайтын.(Ноутбуктен көрсету).Балалар гүлдің түрлері өте көп.Гүлдер: бөлме гүлдері, бақша гүлдері, дала гүлдері болып бөлінеді. Гүл –табиғаттың әсем көрінісі. Адамдарға қуанышпен бақыт сыйлайды. Сондықтан гүлдерді үнемі күтіп баптау керек. -Ендеше, бүгін біз ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде «Қызғалдақ» ертегісімен танысамыз.«Қызғалдақ» ертегісіЕртеде заманда бір қызғалдақ гүл өмір сүріпті.Қызғалдақтың басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Қызғалдақ жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін қызғалдақтың көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әртүрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы жерге себіледі. Қызғалдақ оны байқамайды. Қызғалдақ тағы да менің достарым жоқ деп мұңайып жылай бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң, гүл жан жағына қараса кішкентай –кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді. Қызғалдақ : «Енді менің достарым көбейді, алақай» -деп қуанады. Содан бәрі әртүрлі гүлдер жерге шыға бастайды.Гүлдер көбейіп үлкен гүл шоғына айналыпты. Міне балалар осылай қызғалдақ өзіне коптеген достар тауыпты. Балалар енді осы ертегіні ойын-жаттығумен жалғастырамыз.«Қызғалдақ» ертегісін ойын-жаттығу арқылы бірге сомдайды.Мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, зейінділікке тәрбиелеу.

Балалар гүлдер туралы қандай тыйым сөздер білеміз? Иә, балалар гүлді жұлуға болмайды, гүлдер әсемдіктің, әдеміліктің символы, сондықтан әрдайым күтуді қажет етеді.

Қызғалдақ гүлі

Ертегіні мұқият зейін қойып тыңдайды.

Балалар ертегі жүрісі бойынша заттарды ретімен орналастырады.

Гүлді жұлма, бұтақты сындырма.Жалғыз ағашты кеспе.Көкті таптама.

Page 7: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Рефлексті -коррекциялаушы

Іздену- ұйымдастырушы

«Гүлді жұлма, ағашты жастай қырықпа» иә балалар, ағаштарды кесуге, гүлдерді жұлуға болмайды екен.Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар береді.-Қызғалдақтың досы болды ма?-Достары қалай пайда болды?

Балалар ертегі сіздерге ұнады ма?Қорытындылау сұрақтары.

«Аспазшы» - сюжетті-рольді ойын орталығы

Аспазшы балалардың қолдарын жууды ұйымдастырады.-Балалар, ойын орталығына қош келдіңіздер!Балалар бүгін бізге кім келді?Қызғалдақ қандай себеппен келді?Олай болса, досымызға тәтті тоқаш пісірейік? Біз бүгін осы кескіштерді пайдаланып тәтті тоқаштар дайындаймыз.-Тоқаш дайындау үшін ұнға су, тұз, қант, сүт, жұмыртқа, қаймақ қосып қамыр илейміз. Міне, мынадай қамыр дайын болады.Алдымен сендер тақтайшаны майлап алыңдар. Аспазшы қамырды бөліктерге бөліп балаларға берді.-Қамырды алақандарымыздың жылуын бере отырып домалақтаймыз. Тақтай үстіне қойып жазамыз. Кескіштерді алып кесеміз.-Балалар, дайын болған тоқаш кеспелерін ыдысқа салып,пешке қоямыз. (Тәрбиеші көмекшісі жасаған қамырды пешке алып кетеді).Аспазшы балалардың қолдарын жууды ұйымдастырады.

-Балалар, тәтті тоқаш дайын болғанша мен сендерге «Қызғалдақ» туралы өлең оқып беремін.Бар сұлулық өн бойынан табылар,Қызғалдаққа сын барма екен табылар, Ренжігенге қуанышын сыйлайтын,Сиқырлы оның қасиеті тағы бар.Көз тартады тіпті санау алыстан,Сағынысып Жер-Анамен табысқан.Жасыл шөптен даралап әдейі,Боялғандай қызыл түсте қаныққан.

-Болған жоқ.-Қызғалдақ қимыл жасап билейді, тұқымы жерге себіліп, жаңбыр жауғанда достары пайда болады.

-Иә, ұнады.Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қолдарын жуып келеді.

-Қызғалдақ гүлі. Дос іздеп келді.

Балалар тоқаш пісіруге дайындалады.

Балалар тақтайшаны майлап, жұмысқа кіріседі.

Алақандарына салып домалақтайды, оқтаумен ысады, әртүрлі пішінді кескіштермен қамырды кеседі.

Page 8: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Рефлексті-коррекциялаушы

Іздену-ұйымдастырушы

Балалар, тоқаштарымыз дайын болған сияқты, кәне дәмін татып көрейік, қалай екен?(дайын болған тоқаштардан қонақтарға ауыз тигізу)

Сергіту сәті:Біз гүлдерше өсеміз,Жапырағы жайқалған.Сабақтары салалы,Желге ырғалып шайқалған.

-Балалар, бүгін біз не жасап үйрендік?-Тоқаштар жасаған сендерге ұнады ма?-Сендерге рахмет! Өз қолдарыңмен тәтті тоқаштар жасап еңбек етіп, үлкендерді қуанттыңдар.«Өнер» орталығы.Балалар, өнер орталығына қош келдіңіздер!Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Көктем мезгілінде күн жылынып, дала гүлдері жайқалып шыға бастайды. Міне, солардың бірі қырдың қызғалдағы бізге достарын іздеп келіпті, біз қызғалдаққа оқу іс-әрекетіміздің барысында достар тауып береміз, солай ғой балалар.Балалар мына дала көрінісі макетіне назар аударайықшы.Балалар көктемде шығатын дала гүлдерінін бірі –Қызғалдақ. Қызғалдақтың түсі қандай? Қызғалдақ –шөптесін өсімдік. Көктемде далада, тау етектерінде өседі. Әдемі гүл шоқтарын анамызға сыйлауға болады. Біздің елімізде қызғалдақ бейнесін қолөнер шеберлері көп пайдаланған. Зергерлер сақина, білезік, камзол қапсырмаларына, тігінші киім түрлеріне, үй жабдықтарына қоржын дорбаларға қызғалдақ гүлін салып әшекейлеп, безендірген. Балалар олай болса, қызғалдақ гүлінен гүл шоғын жасаймыз. Алдымен жұмысқа кіріспес бұрын саусақ жаттығуын жасап аламыз. Саусақ жаттығуы:Жер қазайық (саусақтармен жер қазған әрекетті көрсетеді).Дән салайық (сұқ саусақпен дән салады).Гүл өсірейік (гүлдің өскенін көрсетеді).Су құяйық (тамшылатып су құяды).Педагог керекті заттарды беріп үлгі бойынша жасалу жолдарын үйрету.-Балалар, қызғалдақ гүлінің күлтелерінің түсі қандай?Ермексазды алақанға салып

Балалар қимылмен жасайды.

Әртүрлі гүлді тоқаштар жасап үйрендік.Иә, ұнады.-Сау болыңыз.

-Көктем мезгілі.

-Иә, көмектесеміз.

-Қызыл.

-Балалар бейнетаспаға назар аударады.

-Балалар жетекшімен бірге саусақ жаттығуларын орындайды.

-ҚызылСабағы мен жапырақтары жасыл

Page 9: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Рефлексті-коррекциялаушы

домалақтап жұмсарту арқылы ширатып сабағын, алақанмен сәл басып жалпақтап сопақша етіп жапырағын, күлтесін жасау үшін үш бірдей домалақ жсап алуымыз керек. Саусақтарымыздың көмегімен сопақша пішінге келтіріп, оны жалпақтап, екі ұшын сұқ сасақ, ортаңғы сасақ көмегімен доғалдап күлтелерін жасаймыз.

Балалардан гүл шоғын салу үшін ермексаздың қандай түсін пайдаланғанын, немен толықтырғанын сұрап, балалардың жұмысына талдау жасау, мадақтау

Балалар қалай және қандай түстер пайдаланғанын айтады. Жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:Нені білу керек: Гүлдер туралы, гүл шоғы туралы түсінеді.Нені игереді: Қызғалдақ гүлін мүсіндеуді, гүл түрлерін ажырата білді.Нені білді: Қызғалдақ гүлін танып атады, гүл шоғын жасап үйренді.

Ғылым» орталығында тәрбиеші: Нұрмагамбетова Динара Көмекбайқызы «Көркем әдебиет» орталығында тәрбиеші: Ақмолдина Амангүл Мұратжанқызы «Өнер» орталығында бейнелеу пәні мұғалімі Бекназарова Женіс Базарбайқызы «Аспазшы» сюжетті–рөлді ойын орталығында ата-ана: Нұрбосинова Айман Сұлтанқызы

Page 10: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа
Page 11: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Түпқараған ауданыАқшұқыр селосы

МКҚК «Бәйтерек» балабақшасыТәрбиеші: А.Бекмагамбетова

«Табиғат байлықтары»тақырыбындағы оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным». «Қатынас».Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология.Тақырыбы: «Табиғат байлықтары».Мақсаты:Білімділігі: Балаларды еліміздің табиғат байлықтарының (өсімдіктер, өзен-көлдер, пайдалы қазбалар) түрлерімен таныстыру; олардың халық игілігіне қажеттілігін ұғындыру. Дамытушылығы: Табиғат туралы алған білімдерін дамыту. Сөйлеу, ойлау, зейін аудара білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Табиғат байлықтарын үнемді қолдану туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; туған елдің байлығына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, бейнелеу өнері.Көрнекіліктер: табиғат дыбыстары жазылған үнтаспа, табиғат байлықтары көріністерінен слайд, әр балаға қорапша, түрлі-түсті тұздар.Алдын ала атқарылатын жұмыс: табиғат туралы тақпақтар жаттау, «Тұз не үшін керек?»тақырыбында әңгіме жүргізу.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекетіМотивациялық қозғаушы

Балаларға қонақтармен амандасуды ұсынады.-Балалар, сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма? -Олай болса, мен сендерді еліміздің әсем де сұлу табиғатына қиялмен саяхаттап қайтуға шақырамын. Қане, барлығымыз көзімізді жұмайық.-Міне, біз еліміздің сұлу табиғатын тамашалап келеміз. Шыңында аппақ қар жатырған, аспанмен таласқан асқар таулар, мөлдір таза өзендер мен көлдер, жап-жасыл жайқалған ну ормандар, кең жазира далалар, сан алуан гүлдер, жануарлар. Алыстан құстардың әсем әндері естіледі. Табиғат қандай тамаша!-Көздерімізді ашып, бақшамызға оралайық.

Балалар қонақтармен амандасады.-Иә

Балалар көздерін жұмып, табиғат үндеріне елтіп, қиялдайды.

Көздерін ашады.

Іздену- ұйымдастырушы Балалар, біз қиялымызбен қайда барып қайттық?

-Табиғат дегеніміз не?-Табиғат қандай топтарға бөлінеді?-Өлі табиғатқа не жатады? -Тірі табиғатқа не жатады?-Кім табиғат туралы тақпақ біледі?-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Табиғат дегеніміз-адам, аң-құс, өсімдік,тау-тас, өзен-көлдер, күн, ауа, жер. Бұлардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Осылардың қайсысы адам үшін ең қажеттісі деп ойлайсыңдар? Олай болса балалар,қызықты көрініс тамашалайық.Көрініс «Табиғат айтысы».-Тоқтай тұрыңыздар, дауласпаңдар. Барлығың да

Табиғат аясына саяхаттап қайттық.Табиғат бізді қоршаған орта.Өлі ж/е тірі табиғат.

Күн, су, ауа, тау, тас т.б.Адам, өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер т.б.Тақпақтар айтады.

Зейін қойып тыңдайды.

Балалар өз ойларын айтады.Тамашалайды.

Тәрбиешінің түсіндірмесін

Page 12: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

қажетсіңдер. Сендер біздің байлығымызсыңдар. Балалар біз бүгін табиғат байлықтары туралы әңгімелесеміз. Табиғат байлықтарын пайдалану нәтижесінде адамдар азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар, жанар – жағар май, шикізат алады. (Слайд көрсетіп әңгімелейді). Біздің еліміз табиғи байлықтарға бай ел. Соның бірі өзен, көл, теңіздердегі балықтар. Онда сазан, алабұға, албырт, табан т.б. көптеген балықтар бар. Солардың ішіндегі еті жұмсақ, бағалысы бекіре. Бекіре өзіміздің Каспий теңізінде де бар. Олар азайып бара жатқандықтан бекірені аулауға тыйым салған. Балықтарға қалай көмектесе аламыз?-Табиғат байлықтарына ну ормандарымызды, емдік шөптерімізді қоса аламыз. Қазақстанда жолжелкен, жалбыз, өгейшөп, түймедағыт.б.емдік шөптер көп. Біздің өлкемізде адыраспан, жусан, итмұрын сияқты емдік шөптер өседі. Емдік шөптердің қандай пайдасы бар? -Табиғат байлықтарына жерден өндірілетін пайдалы қазбалар да жатады. Мынау көмір, ол ертедегі өсімдіктердің шіріген қалдықтары сазға айналып, жер қойнауында қатып қалуының нәтижесінде пайда болады. Көмір Қарағанды, Екібастұзда өндіріледі. Көмірдің түсі қандай, оны не үшін пайдаланады?-Біздің өлкемізде қандай пайдалы қазба өндіріледі?-Дұрыс, бізде мұнай өндіріледі. Оның түсі қоңыр қошқыл, кейде ашық сарғыш түсті болады. Оны «қара алтын» деп те атайды. Еліміз мұнай қоры жөнінен алдыңғы орындардың бірінде тұр. Мұнай көп жылғы жиналған өсімдік, жануарлар қалдықтарынан пайда болады. Мұнайдан не алынады?Жанар-жағармайдан басқа мұнайдан иіссу, крем, дәрі-дәрмек, пластмасса т.б. заттар алынады.Табиғи байлыққа жататын пайдалы қазбаның тағы бір түрі – тұз.-Тұз не үшін қолданылады?-Ас тұзы біздің елімізде Арал теңізінен, Балқаш көлінен, Ертіс, Есіл өзендерінен алынады. Ас тұзынан басқа техникалық, емдік тұз түрлері бар.Сергіту сәті.Өзеннен жүзіп өтеміз.Тауға өрмелеп шығамыз.Тау-тастардан секіріп,Ну-орманнан өтеміз.Ашық алаңға жетіп,Қуанып біз демаламыз.Д/о «Табиғат ғажайыптары».-Балалар, енді мен сендерді табиғат байлықтарының бірі тұзбен сурет салуға шақырамын.

тыңдайды.

Өзен, көл, теңізді таза ұстаймыз.

Шөптерден түрлі дәрілер жасайды.

Түсі қара, үйді жылыту үшін, үлкен пештерді қыздыру үшін.Бізде мұнай өндіріледі.

Мұнайдан жанармай, жағармай алады.

Өз білгендерін айтады.

Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.

Қызығушылықпен ойнайды.Балалар арнаулы тақтайшаларда тұзбен сурет салады.

Рефлексті коррекциялаушы

Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік? Табиғат байлықтарына не жатады? Елімізде табиғат байлықтары көп екен. Бірақ үнемді пайдаланбасақ олар да таусылады. Сондықтан да табиғатты аялап, табиғи байлықтарымызды үнемдеп пайдаланайық.

Тыңдайды, жадыларына сақтайды.

Page 13: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа
Page 14: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Балабақшадағы жеке тұлғаға бағытталған үш тілді үйретудегі құзырлылық амалдар ертегі желісімен (ересек топ)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар ! Ән «Ертегілер елінде»

Тілім,дінім самғаған шарықтасын,Самғаудан ем уақытта жалықпасын.Өз алдында өмірден теңдік алған,Ана тілім көгімде қалықтасын.-дей отыра ертегілер еліне қош келдіңіздер!Ең алдымен кезекті біздің балабақша бүлдіршіндерінің тақпақтарына берейік. Ақансері Тілім барда мақтанам Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған

Бану Орыс тілі екінші тілім менің Шет тілдерін балабақшада үйренемін Көп тілді меңгеріп білсем егер Жан-жақты, кемеңгер боп мен өсемін.

Әділхан Ағылшын тілі біз үшін,Ана тілмен пара-пар.Тілді үйренген балалар,Барлығында аңғарар.

Есікті қағып ішке Дара кіреді.Дараның қолында планшеті бар.-Hello, children! My name is Dara.-Сәлем балалар! Менің атым Дара. СМС келген дыбыс шығады.Дара планшеттің қарайды.-Балалар маған ормандағы достарымнан хат келіпті.-Хатта мені орманға шақырыпты және тосын сыйлар күтіп тұрғанын айтыпты.-Балалар менімен бірге барасыңдар ма?Балалар: Ия,әрине.Дара: Олай болса,кеттік.Let s go, children!-Let s go!Балалармен бірге орманға келеді,орманнан түлкі шығады.Түлкі:-I m red fox. I live in forest. Who are you.

- Я лиса,живу в лесу.Чтобы зайти в лес вы должны показать на чтобы способный.Мен қызыл түлкімін.Мен орманда тұрамын.Орманға кіру үшін алдымен өнерлерінде көрсетіңдер.Жүргізуші: Балалар өнерлерімізді көрсетеміз бе? Балалар өнерлерін көрсетеді.»Чунга-чанга» биі.

Page 15: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Түлкі:Можете зайти в лес я разрешаю Молодцы ребята.Орманға кіре берулеріңе рұқсат! Жарайсыңдар балалар!Алдарынан 3 қақпа шығады.(слайд арқылы көрсету)Дара:Балалар,достарымның тосын сыйлары осы болды ғой. Балалар бірге санайықшы. Бір,екі,үш. Раз,два,три.One, two, three.Түстерін атайықшы. Қызыл-красный-red Көк-синий-blueСары-желтый-yellowБалалар,қане 1-ші қақпаны ашып көрейікші.Қазақ ертегісі «Алдар көсенің сиқырлы тоны» Автор:Сақылдаған сары аяз. Сол сары аязда Алдаркөсе ғана жапан түзде жаман атымен жортып келеді.Кенеттен алдынан бір аттылының көрінбесі бар ма? Атының желісіне қарап оның бай адам екенін біле қойды.Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап ,әндете бастайды.Бай:-Ей сен немене тоңған жоқсың ба? Алдар көсе:-оңсаң,өзің тоңған шығарсын. Менің тоным тоңдырмайды,қайта ыссылап кеттім.Бай:-Мүмкін емес.-Немене, көрмей тұрсың ба?Бай:-Көріп тұрмын.Шұрық тесік.Алдар көсе:--Мәселе сонда,сол шұрық тесікте.Мына тесіктен кірген жел,мына тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады.-Алдар көсе:-Шіркін, ана әдемі тонды қолыма түсірсем. Бай:-Тоныңды маған сатшиш!-Жоқ, сатпаймын мен онсыз үсіп өлемін ғой. Бай:-Тоныңды сат,қалағаныңды беремін. Автор: Алдаркөсе үндемей,аспанға қарап отырады.Алдар көсе:--Жоқ, ақшаның қажеті жоқ. Астындағы атыңды берсең,мүмкін ойланармын.-Жетпіс жеті жамауы,жетпіс сегіз жыртығы бар,шұрық тесік тоныма ауыстырып алдым.-Жолдың алыс-жақынынжортқан біледі,дәмнің ащы-тұщысын татқан біледі.

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?-Кімдерді көрдіңдер бұл ертегіде?

Page 16: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Балалар: Бай мен Алдар көсені көрдік.Жүргізуші:Алдар кімді алдады?Балалар : Байды алдады.Жүргізуші:Қалай алдады?Дара:Балалар екінші қақпаны көрейік.Слайд арқылы 2-ші қақпа ашылады.Орыс ертегісі «Колобок» Автор:Жили-были старик со старухой. Просит старик:Алдияр:-Испеки старуха, колобок. Жансая старуха:-Из чего печь-то муки нету дома.

Алдияр старик:-Э-эх,старуха!По коробу поскреби,по сусеку помети,вот и муки набереться.Автор:Взяла старуха крылышко,по коробу поскребла,по сусеку помела и набралось муки.Замесила тесто на сметане,изжарела в масле и положила колобок на окошечко остудить.Колобок полежал-полежал и вдруг покатился.Катится колобок по дороге и навстречу ему заяц:-Колобок,колобок я тебя сьем!Аида:-Не ешь меня, косой зайчик!Я тебе песенку спою.Автор:Сказал колобок и запел. Аида:Я по коробу скребен, По сусеку метен, На сметане мешон, Да и масле жарен, На окошке стужон, Я от дедушки ушел, Я от бабушки ушел, Я от тебя зайчик тоже убегу.Автор:И покатился колобок дальше и навстречу ему волк:Омар:Колобок ,колобок я тебя сьем!Аида:Не ешь меня,серый волк!Я тебе песенку спою! Я по коробу скребен, По сусеку метен, На сметане мешон, Да и масле жарен, На окошке стужон, Я от дедушки ушел, Я от бабушки ушел, Я от зайца ушел, Я от тебя серый волк тоже убегу!Автор:Покатился колобок дальше и навстречу ему медведь:Ерсін:Колобок,колобок я тебя сьем!Аида:Не ешь меня косолапый медведь я тебя песенку спою. Я по коробу скребен, По сусеку метен, На сметане мешон,

Page 17: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Да и масле жарен, На окошке стужон, Я от дедушки ушел, Я от бабушки ушел, Я от зайца ушел, Я от волка ушел, -Я от тебя косолапый медведь тоже убегу.И опять покатился и навстречу ему лиса:Іңкәр:-Здравствуй, колобок ! Какой ты хорошенький!Сядька на пенек, спой свою песенку.Аида:Я по коробу скребен, По сусеку метен, На сметане мешон, Да и масле жарен, На окошке стужон, Я от дедушки ушел, Я от бабушки ушел, Я от зайца ушел, Я от волка ушел, Я от медведя ушел. Я от тебя лиса тоже убегу.Іңкәр:-Какая славная песенка! -Но ведь я колобок,стара стала плохо слышу.Сядь-ка на мою мордочку пропой еще разок. Автор:И тогда хитрый лиса сьел колобка.На этим нашей сказке- конец.Дара::Балалар бұл ертегі қалай?Ұнады ма сендерге? Нені көрдіңдер?Бұл ертегіде қандай аңдармен кездестік?Оларды атайықшы.«Түлкі», « аю», «қасқыр», « қоян» үш тілде айтқызу.Дара:Ең соңғы қақпамыз ашылсын! Ағылшын ертегісі « The wooden house»Автор: There stood a small wooden house in the open field.

A mouse ran by:Mouse: – Little house, little house! Who lives in the little house?Автор: - Nobody answered. The mouse went into the house and began to live there.

A frog hopped by:Frog: – Little house, little house! Who lives in the little house?I am a mouse. And who are you?

- I am a frog. Let’s live together.Автор:So the mouse and the frog began living together.

A hare ran by. He saw the house and asked:- – Little house, little house! Who lives in the little house?- I am a mouse.- I am a frog. And who are you?- And I am a hare. Let’s live together.- And I am a fox.

Автор:The fox climbed into the house too.A wolf ran by

– Little house, little house! Who lives in the little house?- I am a mouse.- I am a frog.- I am a hare.- And I am a fox. And who are you?- I am a wolf.

Автор:The wolf climbed into house too, and they all started living together.A bear walked by. He saw the house and roared:– Little house, little house! Who lives in the little house?

- I am a mouse.

Page 18: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

- I am a frog.- And I am a hare.- And I am a fox.- And I am a wolf. Who are you?- And I am a bear- Let’s live together- I live onto the roof

Автор:The bear started climbing onto the roof and – crushed the whole house! All of the scared animals ran away in different directions!Then the bear made the wooden house and they are living together friendly.

Дара:Жүргізуші:Бұл ертегіде аңдарды атайықшы.Дара:үйшік-домик-houseБақа-лягушка-frogТышқан -Мышка - MouseТүлкі - Лиса - FoxҚасқыр - Волк - WolfҚоян - Зайчик - HareАю - Медведь –BearДара:-Балалар сендерге орманға шыққан саяхатымыз ұнады ма? -Менің достарымның тосын сыйы ұнады ма? -Қандай аңдарды кездестірдік? - Қандай тілдерді меңгердіңдер?- Орыс және ағылшын тілінде сөйлеп үйрендік пе?- Балалар, мен сендермен енді қоштасамын. Қош сау болыңдар!Жүргізуші:Олай болса,келесі кезекті балалардың орыс, ағылшын тілдеріндегі өлең-тақпақтарына берейік.

Іңкәр: Там и книжки и игрушки, Там любимые друзья! Мне она почти как мама, И детсад наш самый лучший.Мақсат: Очень весело в саду, Я с радостью туда иду. Чтобы целый день играть, Бегать, петь и тонцевать.Нұршат:My flag is blue

My flag is bright I like it very much The yellow sun The blue, blue sky

Page 19: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

And the eagle is flying highАлихан:Kazakhstan is my country

Kazakhstan is my land I live happy with my friends

Жүргізуші:Жарайсыңдар балаларХор «Ертегілер елінде» Н.Еспанов.

«Біз өнерлі баламыз» сазды өнер көрсетілімі

Page 20: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа
Page 21: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

«Қиял әлемінде» қол өнер көрмесі

Дайындаған:Бейнелеу пәні мұғалімі Ж.Бекназарова

Түпқараған ауданы

Page 22: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Ақшұқыр ауылыМКҚК «Бәйтерек» балабақшасы

«Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған және құзырлылық амалдар»

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

«Ұжымдық. Достық. Әріптестік»тренинг

Психолог: Б.Шайхигалиева

«Ұжымдық. Достық. Әріптестік»

Page 23: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

Тренинг мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл-күйлерін көтеру.

Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болу мақсатында тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. 1. «Танысу» жаттығуыТренингке қатысушылар өз-өздерін таныстырады.

2. Топқа бөлінуҚатысушылар 3 топқа бөлінеді. Үш топқа мына аттар ұсынылады. І – топ: ҰжымдықІІ – топ: ДостықІІІ – топ: Әріптестік

Тапсырма. «Ой жинақтау». Әр топқа өз атауларына байланысты 3 сұрақтан беріледі. Ойлануға 5 минут уақыт.

Психолог: Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Достық - адамдарды бір – біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп байланыстыратын ізгілікті қарым – қатынас. Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдар болады. Міне – ол дос адам. Дос болу - таныстықтан бастап, шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, алдамау. Әріптестік дегеніміз - белгілі бір ұйымдарда бірігіп жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды. Әріптестік белгілі бір мамандықтар бойынша бөлінеді. Мәселен мұғалімдер, дәрігерлер, әншілер, құрылысшылар.

«Достық алақаны» жаттығуы.

Ақ парақтың бетіне әрбір қатысушы өз алақандарын басып салады. Астына өз есімдерін жазу керек. Қатысушылар стол үстіне парақтарын қалдырып, өздері парақтан параққа жылжиды. Тапсырма: алақан иесіне жақсы тілек немесе осы адамның бойында бүгін тренингте ұнаған жақсы қасиеттерін жазулары керек.

«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.

Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Психолог: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап,

Page 24: baiterek-sad.skom.kzbaiterek-sad.skom.kz/files/ashik_kuni.docx · Web viewСеминардың жақсы деңгейде өтуін ұйымдастырып, басшылыққа

жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

Бүгінгі тренинг жаттығуымызға қатысқандарыңызға көп рахмет! Көктемдей құлпырып, әрдайым бір-бірімізге жүрек жылуымызды сыйлап жүрейік. Келесі кездескенше!