2
Газет 1928 жылдың қыркүйек айынан бастап шыға бастады 2018 жыл 9 наурыз жұма № 10 (061) Наурыз айының басында ҚР Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Естайұлы Шүкеев жұмыс сапарымен «Родина агрофирмасы» ЖШС-де болып қайтты. Бұл шаруашылығы көпсалалы құрылым. Негізгі бағыты – мал шаруашылығы мен егіншілік. Мұндағы орташа жылдық табыс деңгейі 6 миллиард теңгені құрайды. Еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 11 миллион теңгеден асып жығылады. Ел үкіметінің алға қойған міндеті – «Астананың азық- түлік белдеуін» кеңейтіп, қала тұрғындарын азық- түлікпен мейілінше молынан қамту. Ал «Родина» ЖШС болса осы міндетті ойдағыдай шешуге өзінің сүбелі үлесін қосып келеді. Бұл күні ел үкіметінің өкілдері Ақмол ауылындағы құс етін өңдейтін зауытта да болды. Министрдің қатысуымен еліміздің ауылшаруашылығы саласындағы көкейкесті мəселелер талқыланды. Р. БЕЛГІБАЙ. Мерейлі мереке –1 наурыз Алғыс күні уақыт ағымына сай дүниеге келіп, оны тəуелсіз елімізде жыл сайын атап өту дəстүрге айналды. Елбасының бастамасымен дəл осы күні елімізді мекендеген барша ұлт пен ұлыс өкілдері қазақ халқына алғыс айтады. Оның себебі де жоқ емес. ХХ ғасырдың басында Қазақстанға 5 миллион адам қоныс аударды, бұл тағдырдың басқа салғаны еді. Қасиетті қазақ жеріне бір шаңырақ астына əртүрлі ұлыс өкілдері топтасты. Барлығы бірігіп, болашақ тəуелсіз елдің, көпұлтты мемлекеттің іргетасын қалады. Ұлтаралық татулық пен келісім басты орынға шығып, бұл қағида елдің ұлттық идеясы мен қуатына айналды. Аудан əкімі Малғаждар Тəткеев аға буын өкілдерімен кездесу барысында сталиндік қуғын- сүргін жылдарының тарихына қысқаша тоқталып өтті. Қазақстанға күштеп жер аударылғандардың қатарында украин, белорус, ингуш, шешен, түрік, неміс жəне орыс ұлтының өкілдері болды. Олардың əрине, кеңпейіл қазақ халқына деген алғыстары шексіз. Қазақтар сол бір қиын-қыстау күндері жер ауып келгендерге босағасынан орын беріп, бір үзім нанын бөліп қарайласты. Кездесуге шақырылғандардың арасында ауыл- шаруашылығы саласының еңбеккерлері мен мұғалімдер, құлылысшылар, мемлекеттік орган өкілдері болды. Атап айтсақ: Боранбай Рахымбеков (Ақмол), Мейрамхан Əбдіғали (Нұресіл), Хайролда Кəкенов (Максимовка), Мергазиян Закиров (Родина), Ерғали Сағымбаев (Новоишимка), Сайлаубек Жүкетаев (Оразақ) жəне т.б. Р. ҚАДІРЖАН. Ақмол. ÌÈÍÈÑÒÐ ÀÓÄÀÍÄÀ ÁÎËÄÛ ÀËҒÛÑ ÊҮÍІÍÄÅÃІ ÊÅÇÄÅÑÓ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа ҮНДЕУІ Құрметті қазақстандықтар! Наурыз айының еліміздің Тəуелсіздік күнтізбесінде ерек- ше орны бар. Біз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтеміз. Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. Қымбатты əйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында құттықтаймыз. Осы ізгі оқиғалардың бəрі Қазақстан халқын біріктіре түседі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осыған бағытталған. Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік. Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды. Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерген. Бұл ескерткіштерді еліміздегі түрлі этностық топтар ба- старына күн туған кезде бауырына басқан қазақтың жері мен еліне алғыс ретінде өз бастамаларымен тұрғызды. Қазақ халқы да оларға ұлттық тарихымызға көрсеткен зор құрметі үшін алғысын білдіреді. Осындай өзара құрмет пен сенім мызғымас ел бірлігіне негіз болса, ізгі шаралар халқымыздың кең пейілі мен дар- хан көңілінің айқын көрінісіне айналуда. Жақсылықты жадында сақтай білген елдің рухы қашан да биік. Заманауи Қазақстанның өсіп-өркендеуіне əрбір отанда- сымыз өз үлесін қосты. Əйел – тіршілік тұтқасы, отбасының жылуы, əдемілік пен сұлулықтың сим- волы. Сұлулыққа сұқтанбау мүмкін бе? Нəзік жандылардың бойындағы əдемілік мына өмірді де əдемі ете түседі. 8-наурыз – Халықаралық əйелдер мерекесіне орай аудан орталығындағы Мəдениет үйінде салта- натты шара мен мерекелік концерт болып өтті. Аудан əкімі М.С.Тəткеев өзінің құттықтау сөзінде əйел-аналардың қоғамымыздағы алар орнының айырықша екендігіне тоқталды. Əйел тек отбасының шырайы емес, тəуелсіз еліміздің бір тірегі болып табыла- ды. Өңір басшысы жүректері жылылық пен мейірімге толы əйел - аналардың еңбекте озат болып қана қоймай, жанұядағы парызын есте сақтап, бала тəрбиелеп, заман ағымынан қалыспай отырғандықтарын да тілге тиек етті. Нəзік жандыларды мерейлі мерекелерімен құттықтаған Малғаждар Сəттарұлы оларды Құрметті ханымдар! Сіздерді 8 – наурыз Халықаралық əйелдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Жылдың əр күні сіздерді шуақты күндерімен жəне хош иісті гүлдерімен қарсы алсын, ал жаныңызда əрқашан жақын жəне сізді сүйетін адамдар болсын! Сізге жəне сіздің жанұяңызға тек қана қуаныш пен бірлік тілейміз! Қанат АХМЕТОВ, білім бөлімінің басшысы. Êөïáàëàëû àíàëàð "Àëòûí" æәíå "Êүìіñ" àëқàìåí ìàðàïàòòàëäû Əйтекова Шолпан Мəнапқызы, Қорғанбаева Жақсыбике Орын- басарқызы, Нұрланхан Сəулегүл. Àқìîëà îáëûñûíûң êәñіïîäàқ îðòàëûғûíûң Àëғûñ õàòûìåí Сəрсембаева Ботагөз Ертайқызы, Газдиева Тома Мухарбековна, Исмайылова Бибигүл Есайқызы, Жұмағалиева Жаңагүл Атша- барқызы. Àóäàí әêіìіíің Àëғûñ õàòûìåí Бутакова Александра Николаевна, Бапақова Анаргүл Асылбекқызы, Ганеева Менынур Фанисовна, Қасымова Гүлбағираш Далабайқызы, Хастаева Əсем Жанұзаққызы, Жұрынтаева Қатима Жəркенқызы, Айдаболова Жадыра Адайқызы, Тумаева Маргарита Федоровна, Батырғалеева Жанеля Жалғасқызы, Қуандыкова Бəтима Жомартқызы, Рахметова Айсұлу Төлеуқызы, Арынғазина Гүлнара Қабдоллақызы, Айдосова Бибігүл Елеусізқызы, Фазылова Марал Сақышқызы. Құрмет грамоталарымен, Алғыс хат- тармен марапаттады. Салтанатты шара көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен болған мерекелік концерт- ке ұласты. Ж. СƏЛКЕНҰЛЫ. Суретте: Гүлбағираш Қасымова полиция капитаны. Жалғасы 2-бетте.

ÌÈÍÈÑÒÐ ÀÓÄÀÍÄÀ ÁÎËÄÛesil-nura.webpress.kz/storage/19/19f9d0c9a7107448b5111cbe4cf23334.pdfГазет 1928 жылдың қыркүйек айынан бастап

  • Upload
    others

  • View
    35

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Газет 1928 жылдың қыркүйек айынан бастап шыға бастады

2018 жыл 9 наурыз

жұма№ 10(061) Наурыз айының басында ҚР Ауылшаруашылығы

министрі Өмірзақ Естайұлы Шүкеев жұмыс сапарымен «Родина агрофирмасы» ЖШС-де болып қайтты.

Бұл шаруашылығы көпсалалы құрылым. Негізгі бағыты – мал шаруашылығы мен егіншілік. Мұндағы орташа жылдық табыс деңгейі 6 миллиард теңгені құрайды. Еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 11 миллион теңгеден асып жығылады.

Ел үкіметінің алға қойған міндеті – «Астананың азық-түлік белдеуін» кеңейтіп, қала тұрғындарын азық-түлікпен мейілінше молынан қамту. Ал «Родина» ЖШС болса осы міндетті ойдағыдай шешуге өзінің сүбелі үлесін қосып келеді.

Бұл күні ел үкіметінің өкілдері Ақмол ауылындағы құс етін өңдейтін зауытта да болды.

Министрдің қатысуымен еліміздің ауылшаруашылығы саласындағы көкейкесті мəселелер талқыланды.

Р. БЕЛГІБАЙ.

Мерейлі мереке –1 наурыз Алғыс күні уақыт ағымына сай дүниеге келіп, оны тəуелсіз елімізде жыл сайын атап өту дəстүрге айналды. Елбасының бастамасымен дəл осы күні елімізді мекендеген барша ұлт пен ұлыс өкілдері қазақ халқына алғыс айтады. Оның себебі де жоқ емес.

ХХ ғасырдың басында Қазақстанға 5 миллион адам қоныс аударды, бұл тағдырдың басқа салғаны еді. Қасиетті қазақ жеріне бір шаңырақ астына əртүрлі ұлыс өкілдері топтасты. Барлығы бірігіп, болашақ тəуелсіз елдің, көпұлтты мемлекеттің іргетасын қалады. Ұлтаралық татулық пен келісім басты орынға шығып, бұл қағида елдің ұлттық идеясы мен қуатына айналды.

Аудан əкімі Малғаждар Тəткеев аға буын өкілдерімен кездесу барысында сталиндік қуғын-сүргін жылдарының тарихына қысқаша тоқталып өтті. Қазақстанға күштеп жер аударылғандардың қатарында украин, белорус, ингуш, шешен, түрік, неміс жəне орыс ұлтының өкілдері болды.

Олардың əрине, кеңпейіл қазақ халқына деген алғыстары шексіз. Қазақтар сол бір қиын-қыстау күндері жер ауып келгендерге босағасынан орын беріп, бір үзім нанын бөліп қарайласты.

Кездесуге шақырылғандардың арасында ауыл-шаруашылығы саласының еңбеккерлері мен мұғалімдер, құлылысшылар, мемлекеттік орган өкілдері болды. Атап айтсақ: Боранбай Рахымбеков (Ақмол), Мейрамхан Əбдіғали (Нұресіл), Хайролда Кəкенов (Максимовка), Мергазиян Закиров (Родина), Ерғали Сағымбаев (Новоишимка), Сайлаубек Жүкетаев (Оразақ) жəне т.б.

Р. ҚАДІРЖАН.Ақмол.

ÌÈÍÈÑÒÐ ÀÓÄÀÍÄÀ ÁÎËÄÛ

ÀËҒÛÑ ÊҮÍІÍÄÅÃІ ÊÅÇÄÅÑÓ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты

халыққа ҮНДЕУІ

Құрметті қазақстандықтар!Наурыз айының еліміздің Тəуелсіздік күнтізбесінде ерек-

ше орны бар.Біз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап

өтеміз.Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы

құрылған күн.Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем

айының еншісінде. Қымбатты əйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында

құттықтаймыз.Осы ізгі оқиғалардың бəрі Қазақстан халқын біріктіре

түседі.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осыған бағытталған.Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының

арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік.Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар

оны жоғары бағалайды.

Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерген.

Бұл ескерткіштерді еліміздегі түрлі этностық топтар ба-старына күн туған кезде бауырына басқан қазақтың жері мен еліне алғыс ретінде өз бастамаларымен тұрғызды.

Қазақ халқы да оларға ұлттық тарихымызға көрсеткен зор құрметі үшін алғысын білдіреді.

Осындай өзара құрмет пен сенім мызғымас ел бірлігіне негіз болса, ізгі шаралар халқымыздың кең пейілі мен дар-хан көңілінің айқын көрінісіне айналуда.

Жақсылықты жадында сақтай білген елдің рухы қашан да биік.

Заманауи Қазақстанның өсіп-өркендеуіне əрбір отанда-сымыз өз үлесін қосты.

Əйел – тіршілік тұтқасы, отбасының жылуы, əдемілік пен сұлулықтың сим-волы. Сұлулыққа сұқтанбау мүмкін бе? Нəзік жандылардың бойындағы əдемілік мына өмірді де əдемі ете түседі.

8-наурыз – Халықаралық əйелдер мерекесіне орай аудан орталығындағы Мəдениет үйінде салта-натты шара мен мерекелік концерт болып өтті.

Аудан əкімі М.С.Тəткеев өзінің құттықтау сөзінде əйел-аналардың қоғамымыздағы алар орнының айырықша екендігіне тоқталды. Əйел тек отбасының шырайы емес, тəуелсіз еліміздің бір тірегі болып табыла-ды.

Өңір басшысы жүректері жылылық пен мейірімге толы əйел - аналардың еңбекте озат болып қана қоймай, жанұядағы парызын есте сақтап, бала тəрбиелеп, заман ағымынан қалыспай отырғандықтарын да тілге тиек етті.

Нəзік жандыларды мерейлі мерекелерімен құттықтаған Малғаждар Сəттарұлы оларды

Құрметті ханымдар!Сіздерді 8 – наурыз Халықаралық əйелдер

күнімен шын жүректен құтықтаймыз!

Жылдың əр күні сіздерді шуақты күндерімен жəне хош иісті гүлдерімен қарсы алсын, ал жаныңызда əрқашан жақын жəне сізді сүйетін адамдар болсын! Сізге жəне сіздің жанұяңызға тек қана қуаныш пен бірлік тілейміз!

Қанат АХМЕТОВ, білім бөлімінің басшысы.

күнімен шын жүректен

иісті гүлдерімен қарсы

сізді сүйетін адамдар болсын! Сізге жəне сіздің жанұяңызға тек қана қуаныш пен бірлік

Қанат АХМЕТОВ, білім бөлімінің басшысы.

Êөïáàëàëû àíàëàð "Àëòûí" æәíå

"Êүìіñ" àëқàìåí ìàðàïàòòàëäû Əйтекова Шолпан Мəнапқызы,

Қор ғанбаева Жақсыбике Орын-басарқызы, Нұрланхан Сəулегүл.

Àқìîëà îáëûñûíûң êәñіïîäàқ îðòàëûғûíûң Àëғûñ õàòûìåí

Сəрсембаева Ботагөз Ертайқызы, Газдиева Тома Мухарбековна, Исмайылова Бибигүл Есайқызы, Жұмағалиева Жаңагүл Атша-барқызы.

Àóäàí әêіìіíің Àëғûñ õàòûìåí

Бутакова Александра Николаевна, Бапақова Анаргүл Асылбекқызы, Ганеева Менын ур Фанисовна, Қасымова Гүлбағираш Далабайқызы, Хастаева Əсем Жанұзаққызы, Жұрынтаева Қатима Жəркенқызы, Айдаболова Жадыра Адайқызы, Тумаева Маргарита Федоровна, Батырғалеева Жанеля Жалғасқызы, Қуандыкова Бəтима Жомартқызы, Рахметова Айсұлу Төлеуқызы, Арынғазина Гүлнара Қабдоллақызы, Айдосова Бибігүл Елеусізқызы, Фазылова Марал Сақышқызы.

Құрмет грамоталарымен, Алғыс хат-тармен марапаттады. Салтанатты шара көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен болған мерекелік концерт-ке ұласты.

Ж. СƏЛКЕНҰЛЫ.

Суретте: Гүлбағираш Қасымова полиция капитаны.

Жалғасы 2-бетте.

№ 10 (061) 09.03.188

Газет редакцияныњ компьютерлiк цехында терiлiп, беттеледi. «Көкше-Полиграфия» АЌ-ында офсеттік тәсілмен басылып шығарылды. Көкшетау ќаласы, Әуелбеков кµшесi, 98 ‰й.Мерзімдік баспасөз басылым, ақпарат агенттігін және желілік басылымды

есепке қою туралы N 16264-Г Куәлігін 2016 жылы 23 желтоқсанда Ќазаќстан Республикасыныњ Аќпарат және коммуникация министрлiгi берген.

Таралымы – 1300 дана. Тапсырыс-наряд N 690. Индекс 65821. Газет ж±ма к‰нi шыѓады. Кµлемi 1 баспа табаќ.

«Перне» ЖШС (Ақмола облысы

Целиноград ауданы)

Меншiк иесi:

Редакция єрбiр автордыњ пiкiрiмен келiсе бермейдi. Келтірілген деректерге, сондай-аќ хабарландырулар мен жарнамаларѓа - берген кісілер жауапты.

«Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округі əкімінің аппараты» ММ-сі 2018 жылы 13 сəуір күні сағат 15-00 елді мекендер ауылдық округіндегі көше атауларын беру жəне атауларын өзгертуіне сəйкес аймақтық халқының пікірін білу үшін Қосшы ауылының №1 ОМ ғимаратында Қосшы ауылдық округі тұрғындарының жиыны өтеді деп хабарлайды.

Күн тəртібінде– «Дорожная», «Интернациональная» көшелерінің

атауын қайта атау туралы.– Қосшы ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы.

«Ақмол ауылдық округі əкімінің аппараты» ММ 2018 жылғы 3 наурыз күні сағат 15.00-де тұрғындар жəне жергілікті жиын мүшелері қатысуымен жиыны өткенін хабарлайды.

2018 жылгы 2 ақпандағы – берліген хабарландыру бой-ынша сұрақтар қарастырылды.

Жийынға қатысушылардын жəне жергілікті жиын мүшелері пікірін еске ала отырып келесі шешім қабылдады:

1. 1,2,3,4 шағын ауылдардағы жана көшелерге атау берілісін:

– 1 шағын аудан 1 көше- Мыржақып Дулатов– 1 шағын аудан əкімшілі ғимараттар көше –Жет жарғы– 2 шағын аудан 2 көше- Мағжан Жұмабаев– 2 шағын аудан 3 көше- Төле Би– 3 шағын аудан 1 көше- Айтеке Би– 3 шағын аудан 2 көше- Қазбек Би– 3 шағын аудан 3 көше- Құрманғазы Тілендиев– 4 шағын аудан 1 көше- Фаруза Онғасарова– 4 шағын аудан 2 көше- Мəншук Мамадова– 4 шағын аудан 3 көше - Муқағали Мақатаев– 4 шағын аудан 4 көше – Дина Нұрпейсова– 2,3,4 шағын аудан 2 көше- Рахымжан Қошкарбаев– 2,3,4 шағын аудан 3 көше- Кене Сары– 4 шағын аудан 4 көше –Роза Бағланова– 4 шағын аудан 4 көше- Амангельді Иманов2. Ақмол ауылының №5 орта мектебіне И.И.Шарф аты

берілісін.3. Ақмол ауылынын келесі көшелері қайта аталсын: – 9-ая Пятилетка көшесі - ИИ. Шарф.– Степная көшесі - Жаңа Жол– Приозерная көшесі - Қосқопа

1-Наурыз – Алғыс күнінде Ақмол ауылындағы Мəдениет үйінде «Малиновка» орыс халық хорының құрылғанына 45 жыл толуына орай салтанатты шара болып өтті. Шығармашылық кештің жүргізушісі Наталья Горицына қазақстандық жаңа мерекенің мəн маңызына жан-жақты тоқталды.

– Көктемтің басталуы бұл үміт пен мақсаттар кезеңі, шуақты күн көңіл күйді көтереді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессия-сында Елбасы Н.Ə.Назарбаев 1-на-урызды этностардың бір-біріне жəне қазақтарға деген құрметі негізінде Алғыс күні деп атап өту туралы ұсыныс жасаған еді. Кешегі оты-зыншы жылдардың зобалаңында қазақтар тарихи мекендерінен күштеп жер аударылған халық өкілдерін ыстық ықыласпен бауыр-ларына басты, - деді ол тебіреніспен

сөз қозғап.Осындай ауқымды мереке

қарсаңында атақты «Малинов-ка» орыс халық хоры ұжымының есептік коцерті болды. Аталған өнер ұжымы 1973 жылдың 20 ақпанында Социалистік Еңбек Ері Иван Ива-нович Шарфтың бастамасымен ұйымдарстырылған-ды.

Содан бері бұл ұжымға ҚР Еңбек сіңірген мəдениет қызметкері Вла-димир Гроза жетекшілік етіп келеді. Табыс көп күттірген жоқ. 1975 жылы хор ұжымына «Халықтық» деген атақ берілді.

Целиноград ауданының əкімі осынау мəдени шараға құр қол келген жоқ. Өңір басшысы өз кезегінде Влади-мир Трофимовичке қомақты ақшалай жəне бағалы сыйлықтар тапсырды. «Малиновка» халық хоры осы уақыт аралығында бірқатар жетістіктерге жетті. Көптеген дипломдар мен Мақтау қағаздары осы сөзіміздің айқын дəлелі. Олар облыстық,

республикалық ірі өнер додаларын-да жеңімпаз атанды, репертуары бүгінде 100-ден астам хор компози-цияларынан тұрады.

Хор репертуарындағы «Орен-бург шəлісі», «Гармонь шекараны білмейді», «Мамонька», басқа да əндері ұжымның визиттік құжатына айналған. Осы орайда хорды баянмен сүйемелдейтін Алексей Трачев, Петр Иванов жəне хореограф Валенти-на Шмидттің еңбектерін айырықша атай кеткен жөн.

Есептік концерт барысын-да музыканттардың орындауын-да жү ректі қозғайтын орыс халық əндері орындалды. Ұжымның белді мүшелері Фариза Ідірісова, Ер-бол Манапов, Евгений Дистергефт, Айнұр Жұмабаева жəне Людмила Шариповалар бұл жолы əсем дауы-старымен көпшілікті тəнті етті.

Р. ҚАДІРЖАН, өз тілшіміз.Ақмол.

Өнер ұжымының есептік коцерті көңілден шықты

Əрбір адам үшін туып-өскен өңірі - шағын от-аны қашанда ыстық. Өзінің 90 жылдығын қарсы алғалы отырған аудан ешқашан көнермейді, ол əрі қарай өмір белестерін артқа тастап, дами бер-мек.

Биылғы жыл əрбір аудан тұрғыны үшін маңызды жыл, ауданның ірге тасы қаланғанына 90 жыл толғалы отыр. Целиноградтықтар бұл оқиғаны мақтан тұтып қана қоймай, оның болшағының жарқын болатындығына да сенімді. 90 жыл адам өмірі үшін аз мерзім емес. Осы жасқа жетіп, аудан жетістігін көзімен көріп отырған өңір құрдастары да баршылық арамызда. Енді осы бір ауданның даму кезеңдері көз алдарында өткен, иықтарына ауыр жүк түскен адамдар төңірегінде сөз қозғауды жөн көріп отырмыз.

Оспанова Хамида Махметқызы 1928 жылы туған.

Ата-анасынан ерте айрылып, өгей əке отбасындағы үш қызға ана да, пана да бола білді. Хамида əжей бүгінде оқушы кездегі оқиғаларды сағынышпен, тебіреніспен еске алады. Төңкерістен Тастақ пен Қосшоқыдағы мек-тепке екі аяқты арбамен қалай қатынағандарын əлі ұмытқан жоқ. 1967 жылы Максимовка ауылына қоныс аударып, осындағы балабақшада ұзақ жыл еңбек етті. Ерімен бірге өзінің 4 баласымен қоса 2 баланы асырап алып, ержеткізді. Қазіргі кезде Хамида Махметқызының 6 баласы, 16 немересі мен 25 шөбересі бар. Шау тартқан жасына қарамастан Хамида əжей əлі де тың, келешек ұрпақты тəрбиелеу ісінде қалыс қалып отырған жоқ.

Кривошеев Михаил Дмитриевич 1928 жылы Макси-мовка ауылында дүниеге келген. Өзінің анасы, Қызыл ту орденінің иегері, балбармақ сауыншы, еңбек озаты Ана-стасия Поликарповна мен майдангер əкесін мақтан етеді. Ал Михаилдің өзі Жайнақ стансасында су жүйесінде жұмыс істеді. Əскер қатарында азаматтық борышын өтеп келген соң туған ауылында жүргізуші болып еңбек етті. Ауданның дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін бірқатар мерейтолық медальдармен марапатталған.

Онищенко Екатерина Михайловна да осы Макси-мовка селосының тумасы. Оның еңбек жолы да айтуға тұрарлықтай. Кезінде колхозда түйелер мен бұқалардың бақташысы болды, орман алқабының күтімін қадағалады. Оның еселі еңбегі лайықты бағаланып, бірқатар үкімет наградаларымен лайықты марапатталды. Қазіргі кезде де ол ауыл өміріне белсене ат салысып келеді.

Байнахатова Гүлбарам – Жалғызқұдық ауылының қадірменді адамдарының бірі. Оның балалық кезеңі мен жастық шағы да қиын-қыстау кезеңдермен тұспа-тұс келді. Соғыс кезінде анасымен бірге тылда еңбек етіп, майдангерлерге киім тікті. Өзінің 90 жасында да кейуа-на əңгімеден, сөзден қалған жоқ. Рухани жағынан бай, əн айтып, домбыра шертеді.

Міне, аудан құрдастарының нақты бейнелері осындай, олардың əрқайсысының өңірдің дамуына қосқан үлестері зор. Мұндай адамдар жайлы алдағы уақытта жазатын боламыз.

Бақыт ХАМИТОВА, кітапханашы.

Целиноград ауданына – 90 жыл

ӨҢІÐÌÅÍ ÁІÐÃÅ ÒҮËÅÃÅÍ

Ақпан айының орта шенінде Қараөткел №2 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің əдіскерлері А.А.Қабыкенова жəне Г.Қ. Нұрмұханованың ұйымдастыруымен мектеп психологтарының жиналысы болып өтті.

«Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру жəне суицидтің алдын-алу» тақырыбында өткен жиында елімізде орын алып жатқан жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілері сөз бо-лып, осындай жайттардың алдын-алу мақсатында ау-дан мектептерінде атқарылып жатқан ір-шараларға шолу жасалды. Осы орайда ағымдағы оқу жылының 9-шы қаңтарынан бастап мектеп психологтары ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, Білім жəне ғылым министрліктерінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы бойынша «Bilim foundation» қоғамдық қорының ұсынуымен «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру жəне суицидтің алдын-алу» жобасы бойынша жұмыс жасап жатқандығын айта кету керек. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін мектеп психологтары мен учаскелік

дəрігер мамандар арнайы оқу курсынан өткен болатын. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы қажет. Мектеп психологтары қазірге дейін бірнеше кезеңі орындалған бағдарлама бойынша атқарылған істер туралы есеп беріп, өзекті мəселелерді талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Жиын соңында аудындық білім бөлімінің əдіскері А.А.Қабыкенова мектеп психологтарына оқу курсынан өткендігін растайтын сертификаттар тапсырып, алдағы жұмыстарына сəттілік тіледі.

Самал АБЫЛОВА, психолог.

Семеновка.

ÏÑÈÕÎËÎÃÒÀÐ ÆÈÛÍÛ

Хабарландыру