36
Оны салғызған кім? Ақыртас ғаламның сегізінші кереметі!

жаңа нұсқа ақыртас

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: жаңа нұсқа ақыртас

Оны салғызған кім?

Ақыртас ғаламның сегізінші кереметі!

Page 2: жаңа нұсқа ақыртас

Ауданы 170х146=2500 м2, шамада 25 мың тас блоктардан тұратын қамалдың қазіргі жалпы көрінісі осындай.

Ақыртас – Тараздан 40 шақырым шығысында тау бөктерінде жатыр.

Ақыртас құрылысын салудан бұрын осы құрылысқа қажет материалдарды қоңыр төбенің астынан іздеп тапты. Ең ғажабы төбе астындағы көмулі құрылысқа жетерлік белгісіз материалдар мөлшерін нендей инженерлік әдістермен анықтап алды десеңізші. Таң қалмай көріңіз. Білім ғылымсыз, бұл жобаның жүзеге асуы тіптен мүмкін емес еді. Басқа құрылыс материалдардың жоқтығынан тастан тұрғызуға мәжбүр болды немесе мұндай адам төзгісіз ауыр жұмыстарға бармаған болар еді.

Қалмақан Шекеев,Еңбек ардагері,

құрылыс инженері,тарих зерттеушісі

Page 3: жаңа нұсқа ақыртас
Page 4: жаңа нұсқа ақыртас
Page 5: жаңа нұсқа ақыртас

4. Қамал иесінің әкімшілік, билік өкілдері мен мемлекеттік жоғарғы лауазым иелері, әскер басылар т.б. өкілдеріне арналған нысан.

3. Қамал иесінің жоғарғы шаруашылық басқарушылары тұратын жай. Қамалға сырттан кіріп шығар есіктері бөлек.

2.Қамал иесінің жеке өзінің жанұясына арналған бөлік

1. Қамал иесінің жеке мемлекеттік басқару жүйесіне арналған басқару ордасы.

5. Мұнда ғимараттың төбесіне шығу түсу баспалдақтары орналасқан. Қамал басында жүріп тұрыу барысында бір-біріне кедергі келтірмеу үшін, осы тәсілді өте ұтымды жобалай білген.

Page 6: жаңа нұсқа ақыртас

8. Қамал иесінің мәртебелі қонақтарды күту залы (кіші зал)

9. Қамал иесінің қазына сақтайтын құпия бөлмесі. Есік не терезе қойылмаған, арнайы салынған бітеу екі бөлме.

6. Қамал ортасында сыйымдылығы 800 шаршы метр екі су тоспасы (резервур) орналасқан. Екі тоспа өзара жер асты су құбырлары арқы сумен толтырылып отырған. Қамалдың ірге тасын соғудан бұрын алдымен су тоспасын салудың басты мақсаты, ғимараттың қабырғаларының екі жақ беті іріктелген (блоктармен) дестелеп қаланып шығып, екі арасы түрлі тау жыныстармен, (құм-топырақ, шағал басқа да әртүрлі қоспалармен) су бүркіп нығыздап отырған. Сондықтан қажетті судың қоры күн ілгері (су тоспасы) жасалған.

7. Мұнда қамалдық қос қапталындағы бір типтегі жүйелер, керуен - сарайы. Онда керуеншілердің жүк қоймалары, күзетшілері тынығатын бөлмелер.

Page 7: жаңа нұсқа ақыртас

10. Мына суретте хан сарайын және оның қазына қоймалары және олардың жанұясы күзету үшін сарбаздарға арналған ұзындығы 18 метр ені әртүрлі өлшемдегі 3 ұзын дәліздер (каридор) сыртқа кіріп шығатын жалғыз есікті, жарық тек төбеден түседі, басқа саңлауы жоқ, көп қабатты нарға (ярус), лайықталынған әскери казарма. Ғимаратта қабырғаларынан жарық түсер терезе қарастырылмаған.

11. Қамал иесінің тек қазынасын қорғайтын сарбаздарға арналған жай.

Page 8: жаңа нұсқа ақыртас

Қоңыр төбенің етегіндегі кірпіш өндіруге арналған 1,5 га. шамасындағы құрылыс алаңы. Мұнда сары топырақтың қоры жеткілікті. Осы арада кірпіш, қыш құбырлар дайындалып, олар мына суреттегі төбе беткейіндегі жал – жал, қазылған жылғаларда - арналған пеште күйдірілмек болған.

Жуан, осы төбенің астында құрылысқа қажет тас блоктардың мол қоры сақталған. Жалпы құрылысқа 100 мың шаршы метр тас блоктар қажет болған. Демек, мұнда соншама тас қорлары жеткілікті екенін, құрылысты бастамас бұрын анықтап алған. Соған лайықтап, құрылыстың жоспары жасалынған. Осы жер асты шахтыдан 25 мың шаршы метр тас блоктарды өндірген.

Page 9: жаңа нұсқа ақыртас

Алып тастарды жер астынан қалай қазып алса, қуаты мол, айла әрекеті жеткілікті алып бабалар, күш-иесі, бірнеше қабат жылқының жал-құйрығынан есілген жуан арқандармен ғимаратқа дейінгі екі аралыққа, жұмыр ағаштардан төсеніш жол салып соның үсітмен сүйрете отырып жеткізген. Қазіргі әлемдегі кеңінен қолданыста жүрген болат жіңішке сымдардан өрілген (тросс) көтергіш – тасмал құралдарының шығу тегі қазақтардың қыл-шылбыр арқандарының үлгісінен алынған.

Жуан төбенің он түстігінен 25 мын шаршы метр құрылысқа қажет тас блоктар жер астынан өндірілген. Сол ауыр тас блоктар 300 метр аралықтағы құрылыс алаңына қандай тасмал құралдармен жеткізілген.

Page 10: жаңа нұсқа ақыртас

Ғимараттың күн батысындағы қарауыл мұнарасы (смотревая башня) аты айтып тұрғандай, қамалдың төрт бұрышында осындай төрт бақылау мұнарасы орналасқан. Мұндағы сәулетші -жобалаушылардың негізгі мақсаты, қамалдың осал тұсын тікбұрыш жасамай, жартылай дөңгелек етіп жасау себебі, қамалдың бұрышынан бұзылуына жол бермеу. Ал, қамалдың сыртқы қабырғаларының ішке енкіш (уклон) ережесін сақтанылуы ғимараттың төбесінен сыртағы табанын еркін бақылау мүмкіндігі ескерілген.

Ғимараттың сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 5,5 метр, әрбір мерге 10см ішке қарай еңкіш (уклон) ережесін қатаң сақтап отырған. Табаны 5,5метр, төбесі 3,5 метр болғанда сыртқы қабырғасының биіктігі 20 метрболып шығады.

Page 11: жаңа нұсқа ақыртас

Өкініштісі сол жылдары іргесінен өтетін Турксиб темір жол бекеттері мен көпір құрылыстарына дайын

материалдар ретінде 2 метрден асатын қабырғалары сөгіліп пайдаланған.

Жергілікті көне көз қариялардың айтулары

бойынша 1917 жылға дейін биіктігі 4 мерден жоғары

болған.

Page 12: жаңа нұсқа ақыртас

Мына ғимараттың оң жақ қабырғаларына жанама үйілген үлкен төбе топырақ үйінділері қамалдың жер асты ірге тасының орнынан (траншея) шығарылған 10 000 куб топырақ. Мұндағы мақсат, сол үйінді топырақ арқылы ғимараттың ішкі жағына қажет тас блоктарды сырттан асыру үшін жасаланған. Осы әдіспен жалпы құрылыс жұмыстары барысында қабырғаларына жапсарлап үйе отырып, соншама ауыр тас блоктарды көтеріп қою амалдарын жүзеге асырған. Мысыр пирамидасындағы айла тәсілдер толық қайталанады. Олар да пирамиданың айналасына үйілген құм-топырақ арқылы ірі тас блоктарды соншама биікке сүйрету арқылы жеткізген.

Page 13: жаңа нұсқа ақыртас

Ал, мұндағы калонналардың (діңгектер)-дің атқаратын қызметі, сәндік үшін деуге келмейді. Қазіргі трибуна сықылды төбесі жабық, алды ашық, алаңдағы түрлі көрініс, ат ойыны, әскери жаттығу, т.б. ұлттық дәстүрлерді тамашалауға арналған.

Ыстық күнде су жылытуға арналған (1,40 х а 0,5 х 0,2 м)

бітеу астау - Ақыртас

Жуынып-шайынуға арналған тұмысғы

жырық жасалынған астау- Ақыртас

Бітеуіндегі жылы сумен жырақ астауда отырып, жуынып шайыну үшін қос астау – Ақыртас осылай

біріктірілетін болған.

Page 14: жаңа нұсқа ақыртас

Мына суреттегі Ақыртастың ішкі бас корпусының негізгі қабырғалары жер асты деңгейінен 2,5 м. қаланып шыққан. Бұл дегеніміз, қамалдың жер асыты тағы бір қабаттан тұратындығына нақты дәлел. Демек, ғимараттың жер асты қабаты (подвал) қазына мүлік сақтайтын жайға арналып салынған.

Сыртқы су құбырлары екі түрлі болған. Тұрқы ұзыны түзу

магистральға лайықталған.

Тұрқы қысқа кішігірім аралыққа ықшамдап

жасалынған.

Ішкі су құбырлары кіші шеңберлі үлгіде

дайындалған.

Page 15: жаңа нұсқа ақыртас

Ғимараттың барлық сыртқы-ішкі қабарғалары Ұлы Қытай қорғанындағыдай қос қапталы ірі тас блоктармен қорап (опалубка) ретінде қаланып ортасы, түрлі тау жыныстарымен толтырылып, су бүркіп түйгіштеу (трамвовка) арқылы, бітеу бекем бүтін қабырғалар тұрғызған.

Қамал құрылысы өте сауатты, геометриялық есептерге сәйкес, соншама сәтті атқарылған. Салмақ түсетін топырақ жынысының тығыздығы, жерасты су деңгейі, ғимараттың жалпы жерге түсер салмағы, ірге тасының жерге қазып орнатылуы, осы айтылған ережелер Ақыртаста өте ұқыпты қатаң сақталынған.

Page 16: жаңа нұсқа ақыртас

Мына суретте, Ұлы Қытай қорғанындағы ірге тасы - қабырғалары әріленіп бір жүйеге келтірілген тас блоктардан дестеленіп қаланып шыққан.

2. Ал, мына суретте, Ақыртастың сырт қабырғаларының төртінші қатарынан бастап Қытай қорғанындағы амал-тәсілдері қайталанады. Неліктен, әу баста тұтас осылай басталмаған? Оның басты себебі: Ақыртаста тас қоры жеткіліксіз, әрі жер астында, оны әуелі жер бетіне шығару керек. Таңдау мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан, сәлетшілер алдымен тастан іріктеп қалап шығып, соңынан әк ертінділер қоспасымен блок тастардың тек түйіскен араларын (шов) әрілеп шығу жоспарланған. Алайда, оған қажет әк ертінділері мен қоспаларын дайындайтын материалдар қоры жеткілікті болмай шықты. Сондықтан, Қытай қорғанындарындағы әдіс амалдарға, амалсыз төртінші қатардан бастап барып отыр.

Page 17: жаңа нұсқа ақыртас

Салмағы бірнеше тонналық бітеу тастарды темір қашаумен бірнеше

жерден үңгілеп, қатты тау аршасымен сыналап бөлшектеп сындыру амалдары

Page 18: жаңа нұсқа ақыртас

Соншама, көлемдегі тастарды өңдеп, әрілеп бір жүйеге келтіру үшін, төгілген тер, ерең еңбек, өз алдына, тасқа салса қайтпайтын, асыл металл құралдарын қайдан алды? Демек, болатты суару әдістерін ата – бабаларымыз, әйгілі Дамаскінің шеберлерінің құпия әдістерінен әлде қайда бұрын меңгерген.

Page 19: жаңа нұсқа ақыртас

Суретте көрсетіліп отырған Ұлы Қытай қорғандарымен Ақыртаста дайындалған кірпіш үлгілерімен формалық кескіндері сай келеді. Сырт қабырларының шыңырау басы бір келкі кірпіш – кесектерімен табанына тегіс төселеніп шығу көзделген. Жүріп тұру қауіпсіздігі, сыртағы жаудың ішке енуіне кедергі (барьера) қабырғаларыда кірпіштен өрілетін болған.

Ұлы Қытай қорғанындағы төсеніш (плита үлгілері)

Ақыртастағы төсеніш (плита үлгілері)

Page 20: жаңа нұсқа ақыртас

Кіреберіс бас қақпаның қос қапталы кілең осындай әріленген плита тас блоктармен көмкерілмек болған.

Қамалға төтенше қауіп төнген кезде төңірегіне от жағып белгі беруге

арналған арнайы шығынқы - қосымша қабырға.

Ғимараттың қабырғалары тастан тұрғызылғанда төбесін жабу қалай

жоспарланған? Мұнда тек дөңгелек етіп, кірпіштен бір тұтас (купол) өріліп

шығарылмақ болған.

Page 21: жаңа нұсқа ақыртас

2004 – 2009 жылдары аралығында мәдени бағдарламаға сәйкес жүргізілген Ақыртастағы қазба жұмыстарынан табылған жалғыз дана, жұмыр тасқа қашап жазылған ерте түріктік – руниялық жазу сызу белгілері нені аңғартады. Бас аяғы 14 - 10 сөзбен 30 жазудан тұратын – белгілері жөнінде белгілі түрколог, ғалым Аманжоловтың, «назначения однабразных чертычек, возможно связано со счетом» деген болжамды бізде қолдаймыз. Олай дейтініміз Ақыртас құрылыс ғимаратына қажет көптеген тастардан дайындалып, әртүрлі мақсаттарға арналған, түрлі конструкциялық бөлшектерден тұрады. Айталық, Ақыртас тас - ванналар, ою – өрнектелген маңдайша тас, ғимараттың сыртқы келбетін әрлеуге арналған түрлі формадағы тастарды дайындау. Мұның өзі аз емес 1500 көлеміндегі жеке өңделген арнайы блоктардан тұрады. Міне, осылардың әртүрінен қаншалықты дайындалғанын белгілеп тастың бетіне түсіріп отырған есеп, сан белгілері.

Page 22: жаңа нұсқа ақыртас

Мына суретте К. Байпақовтың «михраб» тасы көрсетілген. 2000 – 2002 жылдары зерттеу барысының нәтижесінде ғалымдар «аула» мешіт салуға арналған орын деген тұжырымға келді. Оны мешіт екенін сол ауланың ішінен табылған «михрабқа» қарап анықтады. (К.Байпақов, Алматы, 2005 ж. 131 б.) Михраб бөлменің Меккеге қараған жағында, азан айтушыға лайық қуыс – орын, михрабта тұрған азан айтушы, қалай жығылып тұрса, арттағы жұрт діни құлшылық әрекеттерін солай атқаратын болған. Бөлменің қақ ортасындағы жатқан белгісіз тасты михрабқа балап, мешіт болған деу қисынсыз. Ал, мешіт орны деп отырған 18х13=214м2 үлкен зал, негізгі бас корпус, мешіт орны емес, ол қамал иесінің мәжіліс, түрлі жиын, кеңес, басқада салтанатты қабылдау, бас қосулардың кезінде, бөгде адамдардан күзетілуі керек болған. Оны кіреберіс шығуға арналған 3 есіктің қос қапталындағы күзетшілеріне қалдырылған орнынан пайымдауға болады.

Михраб тасы

Page 23: жаңа нұсқа ақыртас

Сондай-ақ, аулада тас бағаналарды орнатуға пайдаланатын тас тұғырлар жатқан. Оларды арнайы мешіт салуға дайындап қойған болу керек. (К.Байпақов, Алматы, 2005ж. 131 б.) бұл айтылып отырған, тас тұғырлар емес, ол қамал иесінің салтанат залының есігінің төбесіне қойылатын өрнектелген маңдайша (перемычка) тас. Оның бар жоғы біреу ғана.

Ал бұл жерде «бағаналы типтегі» мешіт орналасуы тиіс еді. Оларға тән ерекшілік - мешіт салуға өте көп бағаналар қолданылғандығы. (К.Байпақов, Алматы, 2005ж. 131 б.) Суретте көорсетілген бағаналар емес, тұрқы қысқа 1,2 метр есіктердің төбесіне арналған маңдайша - тас. Оның да бар жоғы екеу ғана.

Page 24: жаңа нұсқа ақыртас

«Мемлекеттік резиденция» ретінде соғылған сарай Ақыртастан 1 шақырым оңтүстік-батыста тау қыратының үстінде орналасқан. Қамал іргесінде мемлекеттік бекініс орналасқан». «К. Байпақов, Алматы, 2005 ж. 97 бет).

«Мемлекттік резиденция» «мелекеттік бекініс» деп межелеген нысан, ақыртас құрылысын жүргізушілер, жобалаушылар, атқарушы, орындаушы, түрлі кәсіп мамандары мен тас шеберлері жатып тұратын, саман кірпіштен салынған уақытша жатақ - жертөле. Қабырғасы қалың саман кірпіш, табаны сыз, топырақ, қараңғы қапас, тастай жылуы жоқ-түнек.

Нысанның бұл маңайда орналасуының басты себебі: тас қазу, өңдеу орнына жақын. Іргесінде ағып жатқан кішкене бұлағы бар, қысында күн шуақ, беті оңтүстік төбенің күнгей жағы, желден ық, қар тез еріп кететін, тұрмыстық қолайлы жағы ескерілген.

Замок-резиденция правительля.Акыртас. Гостевой парадный зал.

Фрагменты упавшего свода (К. Байпаков, 2007 ж.)

Замок-резиденция правителя.Акыртас. Общий вид раскопа

(К. Байпаков, 2007 ж)

2008 жылы осы жертөленің басына орнатылған құны 14 млн теңге «Хан шатыры»

Page 25: жаңа нұсқа ақыртас

Ақыртас – 1 қорымы мен Ақыртас – 2 қорымында жерленгендер б.з.д. 3 ғасырмен б.з. 3 ғасыр аралығы. (К. Байпаков, Алматы, 2010 ж. 176 бет)

Page 26: жаңа нұсқа ақыртас

Ақыртас қала ма? Қамал ма? Қазіргі тарихшылар, Ақыртасты орта ғасырлық Касрабас қаласына балап отыр.

Араб географтары, Ибн Хордадбек пен Ибн Жапардың ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы осы өңірге сапар кезінде, Ұлы Жібек жолындағы қалалардың түсін – түстеп олардың ара қашықтығын, жұртын, нақтылап айтып кеткен. Касрабас - Тараздан терістік, шығысында 5 фарсах (30 шақырым) аралықта құм жиегінде орналасқан деп бір емес екі саяхатшы нұқып айтады. Оның ата-жұрты қазірде мәлім, сол аралықта жатыр. Тарихта орны бар, 1-1,5 ғасыр салтанат құрған белгілі қала. Ал, Ақыртас – Тараздан 40 шақырым тау бөктерінде Касрабастан 10 шақырым алшақ, басқа бағытта жатыр. Құрылысы аяқталмаған, жобасы қалаға келмейді.

Жеке тұлғаның, жан-ұясы, оның қазына байлығын қорғайтын, қорғанысы мықты қамал ретінде салынған. Сырт қабырғаларының қалындығы 5 метр, 2 метр тереңдікте қазып орнатылған, қабырғалары қалың, бұзып амалы қиын, су шаймайды, жел мұжымайды, үсінен асып түсе алмайды, сырт қабырғасы биік, астынан қазып кіре алмайды, табаны терең, іргесіндегі бұлақ суын бөгеп тастаса, жасырын жер асты су құбыры жүргізілген. Азық-түлік қоры жеткілікті, оны сақтайтын төменгі жер асты қабаты (подвал) және бар. Демек, нағыз бекініс, қамал ретінде салынған.

Page 27: жаңа нұсқа ақыртас

Бұл өңірде б.з.б. қандай беделді ұлыс немесе мемлекет мекен етті, ертедегі Қытай жазба деректеріне үңілер болсақ, б.з.б. Іле бойында, жалпы, Жетісу өңірінде үйсіндерден басқа іргелі мемлекет болды деген дерек жоқ. Осы маңайдағы ұлыстардың түсін түстеп, қоныстарын түгендеп шыққан ежелгі Қытай тарихшылары Есікті орталық астанасы еткен құдіретті ұлы мемлекет үйсіндер ұлысы екендігін жазады. Үйсіндер осы өңірге келіп орныққан соң өркен жайып гүлденеді де, ұлан-байтақ өңірде қуатты да құдіретті, мемлекет құрады. «Үйсін күнму Елжау би үздік шыққан көсем, қажырлы қаһарман, соғыс өнеріне шебер, асқан ақыл-парасатты адам еді» (Көне қазақ тарихы. Алматы, 1993 ж. 68 б.). Қытай деректері үйсіндердің күшейген кезін былайша баяндайды. «Үйсіндер батыс өңірдегі ең құдіретті мемлекет, оларда 120 мың түтін 188,8 мың саламатты әскері» болған. Елжау бидің 10 ұлы болған, соның тақ мұрагері етіп белгілеген тұңғыш баласы жас шағында, 22 жасында қайтыс болады. Ежаудың қайтыс болған баласы қазіргі Есіктен табылған Алтын адам деп жүрген 22-23 жасында қыршын кеткен сүйікті тұңғыш ұлы. (Бұл жөнінде Алтын адам деп жүргеніміз кім деген? мәліметті ғаламтордан оқи аласыз.) Осы алып құрылысты салдырмақ болған халқымыздың дарынды қай тұлғасы болды екен? «Алтын, күміс асыл тастардан жасалған әшекейлер Үйсін мемлекетінің оның қазіргі мұрагері қазақ халқының мәдениетінің өте жоғары болғанын көрсетеді (К. Ақышев, Алматы, 1973 жыл)»

Page 28: жаңа нұсқа ақыртас

1963-1968 жж. белгілі археолог А. Г. Максимованың Ақыртастың маңындағы 4 бұлақ сағасындағы 6 жыл қазба жұмыстарын жүргізеді. 500-тан астам қорғандағы жерленгендер сол Ақыртастың құрылысына белсене қатысқан біздің дәуіріміздің басында өмір сүрген жергілікті үйсіндер ұрпақтары. Рассмотрев и сопоставив керамический материал, надмогильник и погребальные сооружения с усунскими памятниками, известными на территории семиречья, мы датируем описанную цепочку курганов I-III в.в.н.э. (Максимова, Алма-ата, 1975г. стр.159).

«Расположенные могильники относятся к VІ векам до нашей эры» (К. Байпаков, газета Знамя труда, Тараз, 10.2007 г.) Демек бұл қорғанда жерленгендер Ақыртас құрылысы барысында дүние салғандар, олай болса біздің болжамымыздың тағы бір дәлелі ретінде б.з.б. 1 ғасырдың басы деуімізді толықтыра түседі. Ақыртас ғимараты біздің дәуірімізден бұрынғы, үйсіндердің дәуірлеген алтын ғасыры II-I ғасырдың тоғысқан тұсында салынған құрылыс.

Page 29: жаңа нұсқа ақыртас

Елжау би мен оның балаларының арасында таққа таласу Елжаудың көзінің тірісінде-ақ басталған болатын. Елжау би тақ мұрагері етіп қайтыс болған үлкен баласының ұлы, немересі Жөншіні тағайындайды. Тақ мұрагері бола алмағанына наразы болған екінші өжет баласы Дулы бұлік шығарып, Жөнші биді өлтіріп тастауғасұқтанады. Бұл жайды байқаған Күнму Елжау Дулының өлтіріп тастауынан қауіптеніп, он мың әскермен Жөнші биді бөлек ұстайды. Елжау 10 мың әскерімен өзін қорғап ортада тұрды. Сонымен, үйсін елі өз ішінен үш ұлысқа бөлінеді. Бірақ барлығы Күнмуге (Күнбиге) бағынады. (Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір шежіресі, Қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993жыл, 68 бет.)Сол үш ұлыстың тақ мұрагері Жөнші би қайда орналасты? Дулы (Дұғлы) би Іле бойында шығыста қалды делік. Ал бас Күнму Елжау би жоғарыда аталған орталық Ыстықкөлде тұрған болса, Жөнші би 10 мың әскерімен бөлек батыстың қай өңірінде жайғасты??? «Ақыртастан қашық емес 6-8 верст тау бөктерінде үлуқ Қайынды деген шатқалының етегінде ертедегі үлкен қаланын ескі жұрты бар». (Каллаур, Москва 1895 жыл.)

Page 30: жаңа нұсқа ақыртас

Мынау суретте сол Каллаурдың 1895 жылғы Ұлы Қайыңды тау бөктерінде орналасқан белгісіз үлкен 40 га қаласының бет бейнесі. Қайыңды өзенінің қос қапталын алып жатыр.

Page 31: жаңа нұсқа ақыртас

Ұлы Қайыңды тау бөктеріндегі 40 га белгісіз үлкен қаланың қазіргі жұрты.

Қаланың іргетастарының қалдықтары Қаланың шашылып жатқан тұрмыстық көне бұйымдар қалдықтары

Page 32: жаңа нұсқа ақыртас

Каллаурдың 1895 жылғы нұсқаған қаласы тау бөктерінде күн бүгінге дейін үлкен Қайынды болып аталады. Қала аумағы 40 га зор алқапты алып жатыр. Бұл дегенің б.д.б. Жетісу алқабында бұрын-соңды болмаған елді мекен. Міне жоғарыда айтылған Елжау бидің үшінші батыста орналасқан ставкасы, Жөнші бидің 10мың сарбазының орналасқан елді мекен осы демекпіз. Іргесінде мол суы өзен бола тұра қала жер асты құбырлар арқылы сумен қамтамасыз етіп отырған. Демек өркениетті қала болған. Мұндағы табылған жер асты су құбырлары Ақыртастағы су құбырларымен бірдей, бір шебердің қолынан шыққандай. Ақыртас құрылысына мыңдаған адам күші қатысқан. Соларға қажет адамдар күші Жөнші биде жеткілікті болды. Ақыртас қамалы сонау 8-9 шақырым алшақты емес, неліктен осы маңайда салынбаған? Күрделі құрылысты салуға мұнда жарамды ірі тас қоры жоқ. Ал Ақыртастың орналасқан ауданында ғана ірі тас блоктар қоры табылып отыр.

Тақ мұрагер Жөнші бидің қауіпсыздығы әрі мемлекеттің жиған терген қазына байлығын сақтайтын қорғанысы күшті қамал ретінде Ақыртасты Елжау би неге соқтырмасқа? Акырташ, как на одно из замечательных древних архитектурных сооружении в Туркестане. Для подобной циклопической затей нужно было имеет, огромные средство, необходимо было располагать массой рабских рук и огромными богатствами. На такое дело мог решится какой–нибудь могучий народный властелин». (Иванов, Москва 1885ж. «Известия императорского Русского географического общество»).

Page 33: жаңа нұсқа ақыртас

Елжау биде байлықта та, жұмыс қолы да жеткілікті. Ал құрылысты салу үшін болса да тәжіребиелі құрылыс мамандары тас шеберлері қажет. Елжау биге бұл мүмкіндіктің сәті, тағы келіп тұр. Қытай патшалығымен құда-жекжаттықтан басқа да қарым-қатынас жақсы орныққан кез. Жөнші биге аспан елі патшалығы бір емес екі қызын беріп отыр. Осының алдында Шижун ханым қайтыс болғаннан кейін қытай патшалығы Жөнші биге тағы бір қызын берген болатын. Осыдан біраз бұрын Қатайдың атақты Ұлы қорғаны да аяқталған. Тастан нендей құрылыс тұрғызуға Қытайлықтарда тәжіребиелі сәулетшілер де, мамандарда жеткілікті.

Page 34: жаңа нұсқа ақыртас

Елжау бидің қайткенде де бұл қамалды тезірек аяқтап тақ мұрагері Жөнші биге барлық байлықтарын қоса тапсырып, сырт жаудан берік, алынбас қамалмен бекемдеп, кетуге асық, оның қаупі Дулы (Дұғлы) бидің әкеге деген тақ жөніндегі наразылығы. Осыны ескерген Елжау биге Ақыртас қамалы тез аяқталуы қажет еді. Бүткіл Қазақ рухын,кезінде төңірегіне тұтас мойындатқан, дарынды дара тұлға Елжау би Ақыртас құрылысын аяқтауды үлгермеді. Елжау бидің қайтыс болуына байланысты, Ақыртасты аяқтаудың енді ешкімге қажеті болмай қалды. Ақыртас құрылысының аяқталмауының басты себебі осында.

Ұлан-ғайыр өлкеміздің мақтанышы алып Ақыртас құрылысы, жалпы қазақ мақтанышы, дана бабаларымыздың маңдай-тері, ақыл-ойы, бүгінгі бізге жеткен таспен өрілген баға жетпес, өшпес мұрасы, құрылыс сәулет өнерінің теңдесі жоқ ескерткіш үлгісі. Оны жобалағанда, соқтырғанда, соққанда қазақтың дарынды дара тұлғасы-Елжау би. Халқымыздың жирма бір ғасыр бұрын әлемде баламасы жоқ астана - орталығы ретінде соғылған. Ақыртастың Ақиқаты да, Сыры да, Шыны да осы.

Page 35: жаңа нұсқа ақыртас

Әттең, ұлы тұлғаның бастаған батыл ісі аяқталған жағдайда, әлемдегі жеті кереметтің қақ ортасында қазақтың киелі рухын асқақтатып тұрар еді.Бабаларымыздың тарихи мақтанышы, ғажап ескерткіші Ақыртастың әлем ғажаптарының қатарынан орын алуына құны да, құпиясы да, құдіреті де жетеді.(К.Шекеев, Зерде журналы, Х,1993ж.). Ақыртас – 2014 жылы ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді. Автордан: Құрметті оқырман! Мен 1968 жылдан бері 47 жыл көлемінде осы ескерткіштің құпияларын зерттеумен айналысып келемін. Сіздердің назарларыңызға соңғы жылдары зерттеу барысында анықталған жаңалықтарды ұсынып отырмын. Нәтиже бар. Құпиялар да жетерлік. Ақыртас - халқымыздың мақтанышы. Оны бүкіл адамзат мойындайтын күн жақын. Жаратушы ием! Соған жетуге жазсын.

Келесі бетті қараңыз Тараз қаласы Тел : 8 775 973 80 81

Анықтама: Мемлекет тарапынан, «мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес 2005-2009 жылдары – Шоқан Уәлиханов атындағы археология институтына осы ғимаратқа қазба жұмыстарына арнайы 201 млн. тг. қаржы бөлініп, ол толық игерілді...

Page 36: жаңа нұсқа ақыртас

1968-2015 жылдары Ақыртас туралы Республикалық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар.

1. Шекеев Қ. «Тағы да Ақыртас туралы», Лениншіл жас 1968 жылы 1-наурыз

2. Шекеев Қ. «Ақыртастың ақиқат сыры неде?», Білім және еңбек журналы 1971 ж. №113. Шекеев Қ. «Тағыда Ақыртас туралы», Зерде журналы 1993 ж. №104. Шекеев Қ. «Ақыртас ақиқаты», Айқын газеті 2012 ж. 4-сәуір5. Шекеев Қ. «Ақыртас ақиқаты», Ақ жол газеті 2012 ж. 21 сәуір6. Шекеев Қ. «Ақыртас ақиқаты», Қазақстан заман газеті 2012ж. 21қыркүйек7. Шекеев Қ. «Ақыртас ақиқаты толық ашылды», Мәдениет 2013ж. № 48. Шекеев Қ. «Ақыртас ақиқаты» парасат журналы №5 2013 ж9. Шекеев Қ. Загадка крепости Ақыртас «Экспресс К» 21 сентябрь 2013 ж.10.Шекеев Қ. «Ақыртас ақиқаты», Жалын журналы 2014 ж. №311. Шекеев Қ. «Ақыртас ақиқаты», Қарахан журналы 2014 ж. №9

12. Шекеев Қ. «Әйгілі Ақыртас қамалын салдырған кім? » Түркі әлемі газеті, 2015 ж. №5

13.Шекеев Қ. «Ақыртастың құпиясы» Достық-Дружба журналы, 2015, №2