8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСи гАЗЕТ www.zhaikpress.kz Сейсенбі, 29 қазан 2013 жыл №132 (19893) + 12 0 С + 7 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] 3 ӘДебиеТ ӘЛеМІ керуеН САрАЙ 8 Шұрайлы жырдың шұғыласы 5 Орал өңірі 4 алтын, 2 күміс, 2 қола! Қысқа-нұсқа . Қаратөбе ауданының халқы академик Р.Еле- шевтің 75 жасқа толуын кең көлемде атап өтті. Аудан басшылығы мерейтой иесінің иығына зерделі шапан жауып, тұлпар мінгізді. Қаратөбе мектеп-гимназиясының спорт залында академик Рахымжан Елешев атындағы жүлде үшін қазақша күрестен «Түйе палуан» додасы өтті. Жарыс қорытындысында бәсекелестерін айқын басымдық- пен ұтқан Роман Сыдықов «Түйе палуан» тұғырына көтеріліп, жеңімпаз атанды. . «Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекет- тік атаулы әлеуметтік көмекке 23323,0 мың тең- ге қарастырылған болатын. Бөлінген қаржыдан күні бүгінге дейін 91 отбасына 9758,8 мың теңге тағайындалып төленді. . «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Фари- за Оңғарсынованың «Дауа» кітабын насихаттау мақсатында «Жыр менің жалғыз тарланым» атты жыр кеші Оралдағы орталық балалар кітапханасының оқу залында өз мәресіне жетті. Кеште Фариза ақынның шығармашылығына қа- тысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар ақын шығармаларын оқи отырып, поэзия патшалығы әйел әлемінің энциклопедиясын ақтарғандай әсерде қалды. . Қазан айының соңғы жексенбісі ҚР Әлеуметтік Өз тілшілерімізден сала қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі. Осы атау- лы күнді басқа әріптестерімен облыстық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының ұжымы да құр- метпен атап өтті. Мереке қарсаңында ұжымда өткен салтанатты шарада аталмыш орталықтың директоры А.Қожы- мов сан жылғы жемісті еңбегімен танылған қызмет- керлерді ақшалай-заттай сыйлықтармен марапат- талды. Мәселен, аталмыш орталықтың Жәнібек аудандық бөлімшесінің бастығы Мирас Сарбалинге «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісі та- быс етілді. Марапатталғандардың арасында Орынай Сайдулова, Бақыт Есенғалиева секілді еңбек озатта- ры бар. Сондай-ақ осы ұжымда бұрын еңбек еткен 14 зейнеткерге ақшалай сыйлық берілді. . Күзгі-қысқы мезгілде облыс аумағында орын алуы ықтимал төтенше жағдайлар негізінен бала- лардың, балықшылардың жұқа мұз үстіне шығып суға кетуі, газға улану, тұрмыстық өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, ауа райының қолайсыздығынан жол- көлік оқиғасының жиілеуі, пиротехникалық өнім- дерден балалардың жарақат алуы болып табылады. Осы оқиғалардың алдын алуға байланыс- ты 29 қазан күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Күзгі-қыс- қы мезгілде ТЖ-ның алдын алу» тақырыбында ар- найы жиын өтпек. Қанаттанып қайтты Ұшақ жасау жанданады Қарағанды облысында индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру аясында 12 мың жаңа жұмыс орны ашылады. и ндустрияландыру картасы- на жалпы сомасы 500 млрд. теңгенің 75 жобасы еніп отыр. Бүгінде 3,5 мың жұмыс орнын қамтитын 46 жоба іске қосылды. Олардың 28-і жоспарлы деңгейде өнім шығаруда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның баспасөз мәслихатына қатысқан Қарағанды облысының әкімі Ба- уыржан Әбдішев мәлімдеді. - Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елба- сы Қарағанды облысына қатысты біраз сын айтты. Солардың бірі – өңірде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша гранттардың уақтылы бөлінбеуі. Бүгінде соған орай тиісті шара- лар алынуда. Желтоқсан айында аталмыш бағдарлама аясында 10 млн. теңге бөлуді көздеп отыр- мыз. Қомақты қаражат үш жобаны іске қосуға мүмкіндік бермек. Вагон жасау зауыты құрылысына келсек, бұл өндіріс орнының құрылысы әлі басталған жоқ. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып бола келді. Қалған мәселелерді Индус- трия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Қазақстан темір- жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп шешеміз. Облыста фер- мерлерге арналған ұшақтар жа- сау ісі де аяқталмай қалды. Оның басты себебі, бізбен әріптестік орнатқысы келген компанияның келісімшарт және техникалық құжаттары талапқа сай емес бо- лып шыққанында. Қазіргі кезде бірнеше компаниямен әріптестік орнатуға ұсыныстар жасадық. Бұйыртса, бұл істі қайта қолға ала- мыз, - деді облыс әкімі. Сәкен әБІлхалЫҚОВ, «Орал өңірі»

Газета Орал Өнiрi №132

  • Upload
    -

  • View
    260

  • Download
    8

Embed Size (px)

DESCRIPTION

 

Citation preview

Page 1: Газета Орал Өнiрi №132

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСи гАЗЕТ

www.zhaikpress.kz

Сейсенбі,29 қазан 2013 жыл№132 (19893)

+ 12 0С

+ 7 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

3

ӘДебиеТ ӘЛеМІ

керуеН САрАЙ

8

Шұрайлы жырдың шұғыласы 5

Орал өңірі

4 алтын, 2 күміс,2 қола!

Қысқа-нұсқа. Қаратөбе ауданының халқы академик Р.Еле-шевтің 75 жасқа толуын кең көлемде атап өтті. Аудан басшылығы мерейтой иесінің иығына зерделі шапан жауып, тұлпар мінгізді.

Қаратөбе мектеп-гимназиясының спорт залында академик Рахымжан Елешев атындағы жүлде үшін қазақша күрестен «Түйе палуан» додасы өтті. Жарыс қорытындысында бәсекелестерін айқын басымдық-пен ұтқан Роман Сыдықов «Түйе палуан» тұғырына көтеріліп, жеңімпаз атанды.

. «Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекет-тік атаулы әлеуметтік көмекке 23323,0 мың тең-ге қарастырылған болатын. Бөлінген қаржыдан күні бүгінге дейін 91 отбасына 9758,8 мың теңге тағайындалып төленді. . «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Фари-за Оңғарсынованың «Дауа» кітабын насихаттау мақсатында «Жыр менің жалғыз тарланым» атты жыр кеші Оралдағы орталық балалар кітапханасының оқу залында өз мәресіне жетті.

Кеште Фариза ақынның шығармашылығына қа-тысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Оқырмандар ақын шығармаларын оқи отырып, поэзия патшалығы әйел әлемінің энциклопедиясын ақтарғандай әсерде қалды. . Қазан айының соңғы жексенбісі ҚР Әлеуметтік

Өз тілшілерімізден

сала қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі. Осы атау-лы күнді басқа әріптестерімен облыстық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының ұжымы да құр-метпен атап өтті.

Мереке қарсаңында ұжымда өткен салтанатты шарада аталмыш орталықтың директоры А.Қожы-мов сан жылғы жемісті еңбегімен танылған қызмет-керлерді ақшалай-заттай сыйлықтармен марапат-талды. Мәселен, аталмыш орталықтың Жәнібек аудандық бөлімшесінің бастығы Мирас Сарбалинге «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісі та-быс етілді. Марапатталғандардың арасында Орынай Сайдулова, Бақыт Есенғалиева секілді еңбек озатта-ры бар. Сондай-ақ осы ұжымда бұрын еңбек еткен 14 зейнеткерге ақшалай сыйлық берілді.

. Күзгі-қысқы мезгілде облыс аумағында орын алуы ықтимал төтенше жағдайлар негізінен бала-лардың, балықшылардың жұқа мұз үстіне шығып суға кетуі, газға улану, тұрмыстық өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, ауа райының қолайсыздығынан жол- көлік оқиғасының жиілеуі, пиротехникалық өнім-дерден балалардың жарақат алуы болып табылады.

Осы оқиғалардың алдын алуға байланыс-ты 29 қазан күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Күзгі-қыс-қы мезгілде ТЖ-ның алдын алу» тақырыбында ар-найы жиын өтпек.

Қанаттанып қайтты

Ұшақ жасау жанданадыҚарағанды облысында индустрияландыру

картасы жобаларын жүзеге асыру аясында 12 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

индустрияландыру картасы-на жалпы сомасы 500 млрд.

теңгенің 75 жобасы еніп отыр. Бүгінде 3,5 мың жұмыс орнын қамтитын 46 жоба іске қосылды. Олардың 28-і жоспарлы деңгейде өнім шығаруда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның баспасөз мәслихатына қатысқан Қарағанды облысының әкімі Ба-уыржан Әбдішев мәлімдеді.

- Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елба-сы Қарағанды облысына қатысты біраз сын айтты. Солардың бірі – өңірде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша гранттардың уақтылы бөлінбеуі. Бүгінде соған орай тиісті шара-лар алынуда. Желтоқсан айында

аталмыш бағдарлама аясында 10 млн. теңге бөлуді көздеп отыр-мыз. Қомақты қаражат үш жобаны іске қосуға мүмкіндік бермек. Вагон жасау зауыты құрылысына келсек, бұл өндіріс орнының құрылысы әлі басталған жоқ. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып бола келді. Қалған мәселелерді Индус-трия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Қазақстан темір-жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп шешеміз. Облыста фер-мерлерге арналған ұшақтар жа-сау ісі де аяқталмай қалды. Оның басты себебі, бізбен әріптестік орнатқысы келген компанияның келісімшарт және техникалық құжаттары талапқа сай емес бо-лып шыққанында. Қазіргі кезде бірнеше компаниямен әріптестік орнатуға ұсыныстар жасадық. Бұйыртса, бұл істі қайта қолға ала-мыз, - деді облыс әкімі.

Сәкен әБІлхалЫҚОВ,«Орал өңірі»

Page 2: Газета Орал Өнiрi №132

Кеше қалалық әкімдіктің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев жетекшілік жасады.

ақпаратСейсенбі, 29 қазан 2013 жыл

[email protected]

Көлеңкелі экономикамен күреС күшеймек

Таяуда Орталық коммуникациялар қызметінде «Көлеңкелі экономикамен күрес және алкоголь айналымын бақылауды күшейту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев, Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Әмрин және ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов журналистерге аталған тақырыпта мәлімдеме жасады.

Жуырда өткен Үкіметтің ке- ңейтілген отырысында Ел-

басы Үкіметтен алкогольді өнім-дердің айналымын тәртіпке кел- тіруді талап еткен болатын. Са-лық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев журналистермен кез-десуде Елбасы тапсырмасының орындалуы жайында тарқата әңгі-меледі. Ол 2016 жылға дейін алко-гольді өнімдерге акциз салығы 3,1 есеге дейін жоғарылайтынын айт-ты. Бұл орайда салық өсуіне байла-нысты алкогольдің заңсыз айналы-мы күшеюі мүмкін екендігін ескеріп, Қаржы министрлігі мәселенің ал-дын алу бағытында бірқатар ша-раларды да ойластырған. Әнуар Жұмаділдаев бұл заң жобасының жуық арада Парламент қарауына ұсынылатынын мәлімдеді.

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Әмрин кеден-дік органдардың атқарған істе-ріне тоқталғанда сала бойынша ашылған қылмыстық жағдайлар-ды да тізіп өтті. Оның айтуынша, кедендік саладағы қылмыстық

істердің ел экономикасына кел-тірген зияны 4,9 миллиард теңгені құраған.

Санитарлық-эпидемиология-лық қадағалау комитеті төрағасы-ның орынбасары Нұрқан Сәдуа-қасовтың айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген деректе Қазақстанда орта есеп-пен жан басына шаққанда жы-лына 11 литр спирттік ішімдік ішілетін көрінеді. Ал халықара-лық қалыптасқан түсінік бойынша егер арақ-шарап ішу әр тұрғынға 8 литрден асса, қоғам үшін қауіпті деп танылған. Ұлт денсаулығына алаңдаушылық танытқан Елбасы осы мәселеге қатысты жоғарыда аталған отырыста «Қуаты жоғары» спиртті ішімдіктерді айналым-нан азайту мақсатында оған қа-тысты салық түрін көбейтіп, са-лыстырмалы түрде денсаулыққа кері әсері кемдеу шарап және сыраға акциз бағасын азайту ке-ректігін айтқан болатын. Атал-мыш заң жобасында алкогольді өнімдерді сату нүктелері мен уақытына шектеу қою, спирттік ішімдіктер айналымындағы заң-бұзушылықтарға жазаны күшейту жағдайлары қарастырылған.

Нұртас СафуллиН,«Орал өңірі»

Саяси кеңестің кеңейтілген жиыны

- Саяси кеңес отырысына 53 мүшенің 51-і қатысып отыр. Кворум толық. Жұмысымызды бастайық. Құрметті кеңес мү-шелері, жақында елордамыз Астанада «Нұр Отан» партия-сының кезектен тыс сиезі өтті. Онда көптеген келелі мәселе ортаға салынып, шешім қабылданды. Алынған шешім-дердің бірегейі бұл - партияның саяси доктринасының қабыл- дануы. Саяси доктрина алдын ала партия мүшелеріне, қоғам- ға ұсынылып, жұртшылықтың пікірін ескере отырып мақұл-данды. Ұсыныстардың барлығы еліміздің экономикасының өсуі- не, халықтың әл-ауқатын кө- теруге бағытталды. Партия Тө-рағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ұлы жол шағын қадамнан басталады» дей келе, бір кездері шағын ғана топ-тан құралған саяси ұйымның бүгінде ілкімді істердің пар-тиясына айналғанын, «Нұр Отанның» болашаққа жол сіл-тейтін темірқазық болуы керек екендігін атап өтті. Бұл тұрғыда бізде, Батыс Қазақстан облы-сында мүмкіншілік мол. 29 мың- нан астам партия мүшесі 312 бастауыш партия ұйымына біріккен. Үш партия филиалы, партиялық бақылау бекеттері, барлық деңгейдегі мәслихат- тарда депутаттық фракциялар, «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс жасауда. Партия Төра-ғасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сөзінде жеткен жетістіктер-ге тоқмейілсімей, алдымызда тұрған келелі міндеттерді шешу үшін белсенді жұмыс істеуге шақырды. Елбасымыздың тап-сырмалары, біріншіден, пар- тия басты патриоттық күш

Аққали Әубекеров, «Нұр отан» партиясы бҚо филиалы төрағасының орынбасары:

- Бұл тарихи сиез болды. Саяси доктри-на қабылданды. Елбасының жасаған бағ-дарламалық баяндамасында ел, қоғам алдын-да тұрған келелі мақсат-міндеттер көтеріліп, еңбек ету қажеттігі басты ұстанымға айнал-ды. Бұл бағыттағы жұмыстарға жұмылдыру

партия аппаратының қызметкерлері ретіндегі біздерге де жүктеліп отыр. Доктринаны іске асыру үшін жақында партияның бағдарламасы қабылданатын болады.

валентина МихНо, сиез делегаты, «отделстрой» ЖШС-ның басшысы:

- «Нұр Отан» партиясының сиезіне қаты-сып, партияның Саяси кеңесіне облыстан мүше болып сайлану мен үшін үлкен мәртебе болды. Партияның саяси доктринасының қабылдануына менің де үлесім бар екендігі мақтаныш туғызады. Сиезде еліміздің 2050

жылға дейінгі дамуына қатысты қабырғалы міндеттер қойылды. Алдағы уақытта осы міндеттерді орындауға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.

болуы тиіс. екіншіден, пар-тия жалпыұлттық бірлік пен келісімнің орталық буыны бо-луы міндетті. Үшіншіден, «Нұр Отан» азаматтық қоғамның көш- басшысы болуы тиіс. Төртінші-ден, партиялық көшбасшылық-тың басты бағыты жалпыұлттық экономикалық және әлеуметтік инновацияның орталығына ай-налуы керек. бесіншіден, XXI ғасырдың көшбасшы партия- сы жалпыхалықтық бақылаудың басты құралы. Алтыншы, жастарын қолдаған партия ғана көшбасшылыққа ие болады. Жетінші, «Нұр Отан» сыртқы саясатта мемлекетіміздің құнды-лықтарын қорғауы тиіс, – деді Нұрлан Асқарұлы.

Саяси кеңес отырысында, сондай-ақ бір топ сиез делегат- тарының баяндамалары тыңдал-ды. Атап айтқанда, «Нұр Отан»

азаматтық қоғам бастамалары-мен бірге» тақырыбында об- лыс әкімінің орынбасары Бақ- тияр Мәкен, «Нұр Отан»: қыз-мет көрсетудің жаңаруы жо-лында» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Ақ-қали Әубекеров, «Нұр Отан»: тәуелсіздік құндылықтары» та- қырыбында «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жан-тас Сафуллин, «Нұр Отан» - центр экономических и социальных инноваций» тақырыбында «От-делстрой» ЖШС-ның басшысы Валентина Михно, «Әлеуметтік жаңғыртудың маңызды бағы- ты – жастар саясаты» тақыры-бында «Жас Отан» ЖҚ БҚО фи-лиалының жетекшісі Дархан Қадралиев баяндама жасады.

Жиын соңында Саяси кеңес-тің қаулысы қабылданды.

Тоқтар КЕНЖЕҒалиЕВ,«Орал өңірі»

Ғалымды қабылдадыОблыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірімізге

іссапармен келген көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА және Ресей ауыл шаруашылығы академияларының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Елешевті қабылдады.

- Туған жерге табан тіремегелі көп болған еді. Батыс Қазақстан облысының экономикасы, халық-тың әлеуметтік жағдайы қан- дай деңгейде екенін көзбен кө-ру мақсатында облысымыздың аудандарын, соның ішінде кін-дік қаным тамған Қаратөбе ау-данындағы ауылдарды аралап келген болатынмын. Соңғы жыл-

дарда шалғай жатқан Қаратө- бенің жолы түзеліп, аудан ор- талығын айтпағанда кейбір ел- ді мекендерге дейін көгілдір отын жеткізілгенін көру көңілі- ме қуаныш ұялатты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабыл-дауында осы сапарымнан алған әсеріммен бөлістім. Әңгіме ба- рысында Орал өңірінде агро-өндіріс пен ғылымды ұштастыра дамыту жайы сөз болды, - деді Рахымжан Елешұлы қабылдау-дан соң журналистерге берген сұхбатында.

Нұртас НаБиОллаҰлЫ,«Орал өңірі»

Елбасы тапсырмасы орындалуда

Page 3: Газета Орал Өнiрi №132

Сейсенбі, 29 қазан 2013 жыл3

[email protected]

қоғам

Өз тілшіміз

Жаңа жобалар мақұлдандыОблыс әкімдігінің

шағын залында аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда жалпы мөлшері 635,3 миллион теңгелік 7 жаңа жоба қаралды.

Кеңес отырысын облыс әкімі-нің орынбасары Марат Кәрімов жүргізді.

Кеңес мүшелері бұл жолы жаңа жобалармен қатар, өткен кезеңнен қалған және 5 жобаның жайын талқылады. Жаңа жобалардың алтауы кеңес мүшелері тарапы-нан бірауыздан мақұлданып, тек «Красноштан» ЖК-ның жобасы

ғана кейінге қалдырылды. Кеңес мүшелерінің пікірінше, бұл жоба-ны әзірге мақұлдауға болмайды. Жобаны жан-жақты талқылаған олар авторға жобаның кемшін тұстарын көрсетіп, оны түзетуге кеңес берді. Сөйтіп, жұмысқа қажетті автокөліктер мен жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға бағытталған алты жаңа жоба ма-

құлданып, демеуқаржылық (суб-сидиялау) мүмкіндігіне ие болды.

«БЖК - 2020» бағдарламасы шеңберінде қолдау алған бұл жобалар моноқалаларды дамы-ту бағдарламасы шеңберінде сауда үйлерінің құрылысы, құры-лыс материалдары, азық-түлік өндірісі және көлік қызметтері салаларына арналған.

айша ӨТЕБәлІ,«Орал өңірі»

Мүмкіндігі шектеулі жан-дар арасында республикалық дейгейде тұңғыш рет өткен бұл сайысқа облыстан 26 адам қатысты. Қатысушылар он ата-лымның 5-еуінен жүлдегер ата-нып қайтты. Мейрамгүл Ғалиева (М.Өтемісов атындағы БҚМУ) «Үздік студент» аталымы бойын-ша І орын, Жібек Камалиева (нашар еститін балаларға арнал-ған облыстық мектеп-интернат) «Ақылдылар» аталымы бойынша ІІ орын, Сергей Ионов «Жасам-паз» аталымы бойынша ІІ орын, Ришад Жылқайдаров (Сырым ауданы) «Үздік әлеуметтік жоба» бойынша ІІІ орын, Гүлбаршын Тілеуғалиева (Орал қаласы) «Ал-тын қауырсын» аталымынан ІІІ орын иеленді.

- Жүлдегер атанбаған қаты-сушылар үлкен додада өздерін сынап, алдағы уақытқа бағыт-бағдар алды. Қазылар алқасы бә-рін атап өтті. Оларды келешекте осындай шығармашылық сын-дарда биіктерден көрінеді деп сенеміз. Жерлестеріміздің бәрі де қанаттанып, шабыт алып қайт-ты, - дейді облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов.

Сондай-ақ бұл байқау әлеу-меттік қорғау жүйесі қызмет-керлерінің күнімен қатар кел-гендіктен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік жобаларға қатысты үлкен конференция ұйымдас-тырған. «Әр облыс өзінің әлеу-меттік жобаларымен, жоспар-ларымен бөлісті. Жұмысын көрсеткен біздің облыстың «Бәй-терек» қоғамдық ұйымы мара-

патталды», - дейді Жұмажан Қож-жанов.

- Шешуші кезең үш бөлімнен тұрды. Алдымен өзімізді та-ныстырдық, сосын әлеуметтік жобамызды, кейін портфолио-мызды қорғадық. Елордаға ал-ғаш баруым - өте әдемі шаһар екен. Астана қаласын үш сағат жаяу аралағанымда шаршаға-нымды сезбедім. Түрлі мәдени орындарда болдық. «Қазмедиа» орталығында болып, “Қазақстан” телеарнасының «Түнгі студия-да Нұрлан Қоянбаев» бағдар-ламасының түсіріліміне де қатыстық. Елімізге танымал тұлғаларды көріп, әңгімелерін тыңдадық. Көптеген достар таптым. Маған демеу болған, көмектескен университетіме, студенттерге, анама, достары-ма, «Авангард» және «Эверест» студияларына алғыс айтамын, - дейді үлкен әсерімен бөліскен жеңімпаз Мейрамгүл Ғалиева.

Мейрамгүлдің жобасы коксарт-роз ауруымен ауыратын ұл-қыз-дарға ортопедиялық аяқ киім-дердің жаңа дизайнын жасауға арналған.

Қанаттанып қайтты

Нұрлыбек РахМаНОВ,«Орал өңірі»

Кеше «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан жерлестеріміз өңірге оралды.

Қатысушылар бұл байқаудан соң өз-өзімізге деген сеніміміз нығайды, – дейді. Өздерін нө-пір халықтың қарсылап тұрға- нын көрген мүмкіндігі шектеулі

жандардың кейбірі қуаныш пен толқудан көз жастарына да ерік берді.

Суреттерді түсіргенА.куПриеНко

26 қазан күні Алматы қала-сында Қазақстан Суретшілер одағының хVІІ съезі өтті. биыл құрылғанына 80 жыл толып отырған Қазақстан өнер шебер-лерінің шығармашылық ұйы-мының құрылтайына батыс-қазақстандық суретшілер де қатысқан болатын.

Аталмыш съезде жерлесіміз, Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы Қайыр Ораз-ғалиев «Үздік шығармашылығы үшін» алтын медальға ие болды. Тағы бір оралдық суретші Асхат Әбдешев одақтың Құрмет грамота-сымен марапатталды.

- Кәсіби өнер ұйымынан алған бұл марапаттың орны біз үшін өте зор, – дейді Қайыр бізге телефон арқылы.

Осы сиез үстінде батысқазақ-стандық Бақтығали Оразов, Ва-силий Сумароко, Сергей Зинин, Хайдар Шаблиев сынды қылқалам шеберлері Қазақстан Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданды.

Қайырдың алтын медалі

Қазақстан республикасының «Қазақ-стан республикасындағы сайлау тура-лы», конституциялық заңның 44-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы, 5-тармағы негізінде округтік сайлау комиссия-ларының орал қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орны-на қалалық мәслихат депутаттығына сайланғандардың сайлау қорытынды- сын жариялау туралы

х А б А р Л А М А С Ыорал қаласының №6 қалалық сайлау

округі бойыншаТізімге енгізілген сайлаушылардың

жалпы саны - 8335Дауыс беруге қатысқан азаматтардың

жалпы саны - 2775Әрбір кандидат үшін берілген дауыс

саны:Каженов Марат Жаулыбайұлы

- 2292 дауыс,Ескенов Данияр Уразбайұлы

- 453 дауыс.Жарамсыз деп танылған

бюллетеньдердің саны:№502 сайлау учаскесі - 20№510 сайлау учаскесі - 3№548 сайлау учаскесі - 2№554 сайлау учаскесі - 5Округ бойынша депутат ретінде - ка-

женов Марат Жаулыбайұлы, туған жылы -1971 19 қазан, ұлты - қазақ, «Енсепов М.Б» ЖК директоры, Орал қаласы, Самал-3, 2-үй, 9-пәтер тұрғын, «Нұр Отан» партия мүшесі сайланды.

орал қаласының №11 қалалық сай-лау округі бойынша

Тізімге енгізілген сайлаушылардыңжалпы саны - 9178

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны - 3390

Әрбір кандидат үшін берілгендауыс саны:

Жакибаев Мурат Орынбайұлы -2878 дауыс,

Миндеев Жумагали Туляугалиұлы - 441 дауыс

Жарамсыз деп танылған бюлле-теньдердің саны:

№471 сайлау учаскесі - 5№472 сайлау учаскесі - 31№477 сайлау учаскесі - 14№479 сайлау учаскесі - 16№536 сайлау учаскесі - 5Округ бойынша депутат ретінде – Жа-

кибаев Мурат орынбайұлы, туған жылы -1975, 13 қаңтар ұлты - қазақ, «Орал-Тер-минал» ЖШС бас директоры, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 79/2-үй, 14-пәтер тұрғын, «Нұр Отан» партия мүшесі сайланды.

Page 4: Газета Орал Өнiрi №132

хат-хабарСейсенбі, 29 қазан 2013 жыл4 [email protected]

Көңілдері толмай тарады

Өткенде, дәлірек болсақ, 18 қазан күні Зашаған кентінің әкімі Құрманғали Байғаржановтың осы аймақта тұрмыс кешіп жатқан тұрғындардың алдында есеп беруі өтті. Осы жердің ауасын жұтып, суын ішіп тұрып жатқандықтан, әкіміміз өткен тоғыз айда, яғни шамамен 275 күнде не тындырды, қандай шаруаларды атқарып жатыр, нендей шаруалар әкімді күндіз-түні мазалап жүр, келешекте тағы қандай шаруалар бітірмегін білмек болып мен де сол жиынға бардым.

бірден айта кетейік, кешкі сағат 17.00-ге белгіленген

жиналыс уақытында басталмады. Халықта кінә жоқ, айтылған уа-қытта тайлы-таяғы қалмай, №30 мектептің үлкендеу залына жина-лып, күтіп отырды. Ылғи қымбат көліктерді тақымдаған қонақтар белгіленген уақыттан жарты сағат асқанда барып шаң берді. Кешіккендеріне ешкім кешірім сұрап уақыт алып жатпады, Кент әкімі есеп беруге кірісті (бұлар өт-кендегі Елордадағы жиында Елба-сының әкім-қараларға «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деп халық-тың алдында кішік болуды мық-тап тапсырғанынын құлақтарына қыстырмаған ба дерсің). Осы ара-да баяғыда бір бала «Қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қаш-

қанынан жылаймын» дегенінің кері болды. Зашаған кентін жаға-лай жатқан үлкенді-кішілі ауылда ылғи қазақ тұрады десек, тіптен қателеспейміз. Сондықтан осы жиынға келгендердің дені емес, түгелге жуығы – қаракөздер, со-ның ішінде күні кеше ауылдан көшіп келгендер еді. Бірақ соған қарамастан Байғаржанов баян-дамасын орысша ойқастатып, қағаздан бас алмай оқып шықты.Оны жиналғандардың барлығы дерлік түсінді деп айта алмай-мыз. Сөйтіп, әкім мемлекеттік тіл-ді менсінбеді. Күні кеше әкіміміз Нұрлан Ноғаев Астанада өткен брифингте бастан-аяқ қазақша төгілтті ғой сөздерін. Облыстың экономикалық, шаруашылық ты-нысын қағазға қарамай, қазақтың

жалпақ тілімен қалай әдемі баян етті. Байғаржанов әкімнің сол кез-десуін де көрмеген болып тұр ғой. Ал орысша сөйлей қойсын, сонда не айтты дейсіз бе?.. Байғаржанов облыс көлемінде болашақта са-лынар немесе біткелі жатқан құ-рылыстар туралы, тұрғындардың отбасы мүшелері мен малдары-на берілген анықтамалар жайлы «жырлады». Ол да ештеңе емес, көздері құртылған қаңғыбас ит-тер туралы мақтана есеп берді. Құдды бір Зашаған кентінде одан басқа күтіп тұрған, күйіп жатқан шаруалар жоқтай тамсанып айтты. Ал осы жақта тұратын 40 мыңдай халықтың арқасына аяздай ба-тып келе жатқан мәселелер көп қой, көп... Соның ең біріншісі – қалаға қатынайтын көліктердің

жүйкені жұқартып болғаны. Түн болса, қою қараңғылыққа енетін жарықсыз көшелер, олардың таза- лығы, егілмей жатып, көктей сол-ған жас теректер («Жасыл ел» бағдарламасымен Южный көше-сіне шаншылған). Салауатты ғұмыр кешуге бастайтын, әсіресе, жастар үшін аса қажет мәдениет ошақтары мен спорт кешендерінің көзді ойып тұрғандығы, тағысын тағылар. Бұл кентте қылмыс атаулы өршіп тұр. Оларды ақи-тақи ашу жәйі сын көтермейді. Алдын ала айтсақ, әкім Байғаржанов бұл мәселені мүлдем аузына алған жоқ.

Иә, бұл жақтың халқын авто-бустардың қатынасы әбден ығыр еткен. Анау №2, 6, 7, 21, 45 сынды маршруттардың қозғалыс жиілігі-не осы жақта тұратын халықтың өкпесі қара қазандай. Соған бай-ланысты жұрт автобустардың ер-те тоқтап, қаладағы мектептерде оқитын балалардың үйлеріне жете алмай қиналатындығын ай-тып, сұрақтарын қазақ тілінде ауызша, жазбаша жолдап жатты. Байғаржанов пен автобус паркі қожайындары оларға орыс тілінде жауап қайтарып, оған түсінбеген ақ жаулықты аналар сұрақтарын қайталап қоюмен болды. Бір тұр-ғын қыс кезінде автобустарды ызғыған жел өтінде, күзде қара жауынның астында (аялдамалар-да қалқа жоқ) ұзақ күтетіндерін, ондайда балалардың тоңып қа-латынын айтты. Автобустарды жиі жүргізуге болмай ма? Осы жерде қала әкімінің орынбасары Қ. Елубаев:

- Мен СХИ-да оқып жүрген кезім-

де автобустардың жүру жиілігі тым ұзақ, сирек қатынайтын. Біз қалаға кейде жаяу кететінбіз, - деп қатырып тұрып, «жауап» қай- тарды... Сонда бұл мемқызмет-кердің Зашаған кенттік округіне қарайтын ауылдардағы бала-ша-ғаны, үлкендерді қалаға жаяу қатынауға шақырғаны ма?..

Бұл жиынға Зашаған кенті ғана емес, Кең дала, Болашақ, Балау-са, Арман, Сарытау ауылдарынан қарайған халық қатысты. Солай бола тұрса да, кент әкімі және оның аппараты өздерінде өтетін осынау маңызды жиынға тіптен әзірленбеген сияқты. Олай дей-тініміз зал толы халыққа бір ғана микрофон табылыпты. Оны ұстаған әкімдік қызметкері сөйлеушілер мен сұрақ қоюшылар арасында та-сумен болды. Қарайған халықтың қайсысына үлгерсін, кейбіреулер-ге жалғыз микрофон жетпеді. Әрі-беріден соң ол қалалық мәслихат хатшысының қолына көшті.

Әкім есебін тыңдауға келген халық одан жұмыс немесе үй сұ- раған жоқ. Жамағатқа жалпыла-ма қажет жағдайларды қаузады. Кенттің әлеуметтік-тұрмыстық жағ- дайын, жол, көлік қатынасын жақ-сартуға байланысты сұрақтарын қойды. Бірақ оларға тұшымды жа- уап қайтарылмады. Сөйтіп, көпші-лік көптен күткен жиынға көңілде-рі толмай тарады. Күні кеше қайта сайланған кент әкімінің есебінің сиқы осындай болды...

Мұрат СаНЖаНҰлЫ,

прокуратура органының ардагері, әділет кеңесшісі

«Жаяу жүргінші, көрініп жүр!»

Биылғы 9 айда облыс бойынша жаяу жүргіншілердің қатысуымен 156 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркеліп, оның салдарынан 17 адам қаза тапты, 143 жан түрлі жарақат алды.

Жаяу жүргіншілермен қа-тысты ЖКО көбіне күз

және қысқы қараңғы кездерде орын алады.

Сондықтан Орал қалалық жол полиция бөлімі күзгі, қысқы қа-раңғы мезгілде «Жаяу жүргінші, көрініп жүр!» атты акция өткізуде. Біздер жаяу жүргіншілерге сырт-қы киімнің сыртына жарықтан-дырып тұратын лентаны тағып жүруге ұсыныс береміз, әсіресе, ол балаларға және кәрі адамдар-

ға қажет. Автокөлік жүргізуші жа-рықтандырып тұратын лентаны көріп, тәртіп бұзбайды.

Балаларының қауіпсіздігін қам-тамасыз ету әр ата-ананың міндеті болғандықтан, Орал қалалық жол полициясы және №41 мектеп-гимназияның жас жол сақшылары балалардың сыртқы киімдеріне жарыққа шағылысатын лентаны тағуға шақырады.

орал қалалық ІІб жол полиция бөлімі

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік кеңеюде

Сондай-ақ электронды үкімет порталы арқылы

алынатын электрондық қызмет түрлері де қарқынды дамып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Орталық арқылы қызмет тү-рін алып шаруаларын бітірген тұлғалар қаншама. Орталық-та мүмкіндігі шектеулі тұлға-ларды қабылдау мақсатында

бірыңғай арнайы орын жа-сақталған. Облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандар орталыққа келмей-ақ 1414 тегін бірегей ақпарат орталы-ғы желісіне хабарласса бол-ғаны, орталық қызметкерле-рі олардың үйлеріне барып қажеттіліктеріне сай құжаттан-дырып немесе сұраған анық-

тамасын беруге мүмкіндігі бар. 1414 телефонына қоңырау соғу кез келген ұялы байланыстан да немесе үй телефонынан да тегін.

Жәдігер ДәРМЕНОВ, орталықтың қоғаммен

байланыс жөніндегі менеджері

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет түрін алудың жолдары күн өткен сайын жеңілдеп келеді.

Сумма вкладаот 1000 тг9,4%* годовыхв тенге

Салым сомасы1000 тг бастап

теңгеменжылына 9,4%*

Салымдар"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" аҚ-мен

сақтандырылған

Вклады застрахованыв аО "Казахстанский фонд гарантирования депозитов"

БаНКхОуМ КРЕДиТТез, оңай, тиімді

* тиімді сыйақы мөлшерлемесі* эффективная ставка вознаграждения

14.05.13 ж. №1.1.188 лицензия, ҚР ҰБ Қаржы нарығын жәнеқаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті

+7 (701) 386 04 34+7 (701) 435 10 12

Шұрайлы жырдың шұғыласы

Қала әкіміне құлаққағыс

Page 5: Газета Орал Өнiрi №132

Сейсенбі, 29 қазан 2013 жыл[email protected] 5әдебиет әлемі

Шұрайлы жырдың шұғыласы

2013 жылы «бір ел – бір кітап» акция-сына ақын Фариза оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағы ұсынылды.

күлкімді, жайлы күнімді, Азапты қайғы, мұңымды Өзіммен бөліскенің үшін, Қатем мен жеңістерім үшін,Менің мынау қиындау тағдырым болып, о баста көріскенің үшін, Өлең, мен сені аялап өтем! - деген

Фаризаның жыр жолдарынан өлең-дүние-нің алдында бейкүнә көңілмен келіп, тал бойына өлеңнің өлшеусіз құдіретін тар-та білген ақынды көреміз. Сол құдіреттен таным, түйсік, тереңдік тауып, дүрмекті дүниенің есігін ашып, төрінде төрелік ай-тар деңгейге көтерілген ақын қандай шын-шыл? Шындықпен жүрекпен тілдескен ақын-ның халық алдындағы жауапкершілігі де өлшеусіз, жалқылығы да аян. Оның «Жалқы мен тобыр» деген өлеңінде:

«Жұрт неге маған жауықты», деп өзің босқа кішірме. Талантты болу қауіпті, талантсыздардың ішінде. Өтсе де өмір: алды жар;тылсым ба маңы, сор ма арты. халқының даңқын қалдырар, түбінде, әйтеуір, сол жалқы, -

дегені – шып-шып шыққан шындықтың шері. Жаңағы бір-екі шумаққа қайтадан зер салайықшы. Біз неге осы дара жандардың өмірін біржақты білуге құштармыз. Ақынның қарым-қабілеті қалықтап, шабыты шарықтап, шынайы дүниелері халық қалауынан шығып жатса қуанбаймыз ба? Тіршіліктің терезесі-нен қарап тұрсақ, біреу ілгері, біреу кейін келеді. Ілгері кеткенді көре алмаушылықтан, кейін қалғанды орынсыз мүсіркеушіліктен қашан арыламыз? Сөйтіп, ақынның адал жанын аярлықпен қинау бізге дейін де, біздің кезімізде де, тіпті бізден кейін де өмір сүреріне сенесің. Дәл осыдан құтыла алма-ған соң ақын әлемінен араша сұрайсың.

Мұны ұғатын ойлының от-тынысы, оны өртейтін зымиян топтың ісі. Ар аттауға адалдық қолын байлар,

Ал ісікті іреуге жоқ қылышы. Жаудан бетер жақының, ісің де ала, Мәнім кеткен, бар әзір мысым ғана. келем ала қарға боп көп ішінде Ақиқатты айтқаным үшін ғана, -деуі - зымияндыққа жауабы. Әр ғасырдың өзіне тән ерекшелігі,

күлімдеген күнгейі мен жан жабырқатар күйкілігі болады. Күнгейі айтылар, айтылып та жатыр. Күнгейіміз көбейсін. Ал күйкілік деген не? Бұл ма, бұл – осы ғасырдың ортақ опасыздығы – жемқорлық. Бұл барша елдің азабына, жазылмас жарасына айналып ба-рады. Кейбір жанның алдында бұрын Құ-дайдай сыйынып, құрдай жорғаладық. Ал сол адамның бүгінде жемсауы тойымсыз жегі құрттай тамырланып, ел байлығын есеп-сіз тонауда, тойынуда. Әрине, тойынған соң жалт береді. «Тек» дегенді түсінер тентегің

жоқ. Ақын осы бітпес жараны жазсам дейді. Жаңылыс басқанды адалға жүгінтсем дей-ді. Қарау жанды қалауыма көндірсем дейді. Қоғамға қомағайдың келбетін танытып, кес-кінін кейіптеу арқылы адал атырапқа тарт-сам дейді.

Мал бағып, нан таппаймын терек егіп, Дүниенің тегін нәрін келем еміп. Араным ашылғандай тойымсызбын- Мен осы жүргем жоқ па кереленіп. Дүние бас айналып тұр ма адасып,шаң жұтып жатыр сұлық қыр да жазық. Дәл менің аранымнан қорыққандай, барады жер бетінен су да қашып, -

деген тұжырым дәл бүгінгі мезгіл мінбесі-нен айтылар отты орамдар. Адамдарды тәрбиелеудің өзін азаматтық борыштан гөрі адамзаттық жүктің дәл өзіндей қарастырған ақын жер бетіндегі барлық жаманаттарға кесек атады, құтылар дауа іздейді. Сол да-уаны іздеп тауып жеткізгеніне қуанады, ал орындалмағанына өзегі өртеніп өкінеді.

Жарқылдап қол ұстасып таңдай жырмен, Жүрсемші, кіл есімнен танбай мүлдем. Жердегі қасіреттен адамзатты, бәрібір азат ете алмаймын мен, -немесеЖақсылар жаман болып шықты бүгін,

Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім. Әулие дегендерім арамза екен. Салды ма біздің елге жұт құрығын, -

деуінде не жалғандық бар. Көзіміз көріп, құлағымыз үйренген нәрсе. Ғасырлар бойы қасықтап жинақтаған қасиетіміздің қақпа-сын қайырдық, абыройын әрі-сәрі еттік. «Біз осы қайда барамыз?» деген ойдан гөрі, «Біз осы қайдан келеміз?» деген ой көбірек. Әрине, ақын қазақтық болмысымызға то-пырақ шашудан аулақ. Десе де, өз еліне өзе-гі талғандарды емес, өзегінен тепкендерді көргенде осылай демеске амалы жоқ.

Жабуға әзір қымтанып қақпаны ерте, бірін-бірі менсінбей-жатқан ерке. бірлік жоқта байлық та берекесіз, бауырмалдық болмаса, бақ та келте.

бақ құсы кеп басыңа қонса-күндік бақ үйінде жұмақтай болса тірлік. Түндігінен тамшы аққан ошағымды, қалқалаймын жанымды қолшатыр ғып, -

деп бүгінгі белең алған берекесіздікпен белін буып беттеседі. Айтылмаған шындық-тың шылбырына оралып шерін төгеді. Елінің ошағы бүтін, шаңырағын шашақты ету жо-лында шаршайды.

Иә, ақынды алаңдатар жай көп. Ма-засыз өлең жазуды, мазмұнды тірлігіне айналдырғаны анық.

Ақша десе құжынап бал араша, Қарар жан жоқ, санаға, данаға аса. бұл не заман – Адалдық шарасыздан, Ақша – арсыздың табанын тазаласа, -дейді. НемесеЖалғандықпен улайды санаңды әр күн, Жүрегімде сол удан жарам бар мың. Жасандылық, жалаңдық, жалтақтыққа, еті үйреніп барады адамдардың. Жалғандықтың жыртысы мықты қандай, Жер жарылып жатса да, нық тұрардай. Ақтың аппақ екенін біреулерге, күйзелесің дәлелдеп ұқтыра алмай, -

деуі ақынның соңғы сөзі емес шығар. Соңғы сөзі болмаған соң да осы бір-екі аяқты пенденің ертеңі не болар екен, қайда барып тірелер екен деген жанайқай сұрақ үнемі жаныштай береді.

Ақындарда бірбеттілік, айтқанынан қайт пау деген ортақ олжадай мінез бар. Мұның өзі қалыпты жайды, қарапайым адамдық келбеттің анықтамасындай түп-кілікті төркініңді білдіреді. Ақын болма-саң да кез келгенімізде дәл осындай бір-сөзділік, бірізділік табылып жатса құба-құп. Ақын апамыздың қаламынан туған бір шоғыр өлеңдер осы адамдық ирімдеріне үңілдіреді.

Сезімді сезу – маған жүк, Жан сауғаласам, кеш, қауым. Саясатым менің – адалдық,

Жалтақтық, міне, сол жауым. Құлағын салар басшы кем, Шындығыммен ғана мықты едім. Жауын-шашынның астымен,күнелтуді менен күтпе, елім, -

деуі де сондықтан. Фариза Оңғарсынова өзінің ақындық жолында осындай асқақ мінездерге қайта-қайта соғып, оның мүсін-мүшесін түгелдеумен келді. Ол бұл жерде «қайталаушылыққа ұрындым-ау» деп жан-жағына жалтақтамайды. Секем алып сескен-бейді. Өкінбейді. Себебі ол барша адамзатқа керекті нәрсені жоқтап отыр. Сондықтан да бағыты дұрыс. Айтқаны – ақиқат. Әйтеуір, Отаны аманда ойсыздан да, ойсыздықтан

туар опасыздан да іргесі аулақ, ұясы биік.Жүрек сенсің отаным, қоғамым да, Мейлің күлдір, күрсіндір, ора мұңға– Мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін, Сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да, -

дегені қаншалықты шындық болса, Отан-ға деген өлшеусіз махаббаты соншалықты нанымды. Жасанды, жаттанды, жадағай елжіреу емес, сәбидің пәктігіндей шынайы. Отанды сүюдің өзгеше жолы болуы мүмкін емес. Осының бәрі - ұрпақ үшін өсиет, қоғам үшін қазына.

Фариза ақынның айтары мол, шешімі шерлі. Жанайқайы жақсатты көрінуді емес, ақындық ақиқатты жақтайды. Ақынның көзі қашанда өз ауласына қарамай, әлем аурасын аңдиды. Әлемнің тыныштығы арқылы жанына жібек, жүрегіне қуат құяды. Халқынан қалаулы азаматтар күтеді. Жігіттен жігер, қызынан қылықты мейірім, ұрпағынан ірілік іздейді. Өзінің анасын аялауды, оған деген аңсар сезім шуағына бөленгісі келеді. Туған ел мен тілдің қадірін жеткізсем деген арманына нүкте қойып көрген жоқ. Себебі тіліміздің тірлігіне айтар тура сөз әлі түгелденген жоқ. Туған жердің мұңы да таусылмақ емес. Ақсақалдарымыз ақ сөйлесе дейді. Жағымпаздарға жаны қас, жебірлерге, жетесіздерге бағыттар жебесі әлі жетеді. Себебі әлгілердің өзі азаяр емес. Міне, ақын арыны осыны байқатады.

рақат түн, дырду мен дабыр қалып, Жазылған жыр жүректің шамын жағып, елдігі мен ерлігі қалғығанды, Аттан салып оятсын дабыл қағып. Дүниеден іздеуменен нұрлы бесін, Талпыныстан танбаған жыр-күресім, Адамдық пен адалдық семсеріндей, Жағымпаздың ту сыртын тілгілесін, -

деуінен ақынның ұстанымы айқын кө-рінеді. Ол жыр жүрегінің шамын жағып, түнекті жарық әлемге айналдырып келеді, әлеуметтің айтпағын аттан салып әйгілеп келеді. Адалдық пен адамдық ұраны ақынды әр кез қалғытпайды.

Тілес ЖАЗЫҚбАЙ,Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі

Page 6: Газета Орал Өнiрi №132

ел-жұртСейсенбі, 29 қазан 2013 жыл

[email protected]

Оның мамандығының өзі ізгіліктен тұрады. Орал қаласындағы «Мұқтаж азаматтарға үйден әлеу-меттік көмек көрсету бөлім-шесі» мемлекеттік меке-месінің қызметкері Қамар Сәрсекенова туралы осыны айтсақ, орынды болар.

Қамар Құбайысқызы Терек-ті ауданының Ақсуат ауылында өмірге келіп, өсіп-өнді. Мектеп бітіргесін, бірден сол кездегі Орал-дың А.Пушкин атындағы пединс-титутына (қазіргі БҚМУ) оқуға түсті. 1980 жылы қазақ мектептеріне

арналған орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын алған Қамардың алдында сан алуан бағыт тұрды. Бірақ ол мемлекеттік жолдама бойынша Тайпақ ауданы Базаршолан ауылына жол тартты. Аянбай еңбек етіп, өмірлік және тәрбиешілік тәжірибе жинақтай берді. Жылдар өткесін, Орал қаласына оралып, түрлі мекемеде тәрбие жұмысымен айналысты.Соңғы жылдары осында.

Оның тәрбие жұмысындағы мол тәжірибесі жұмысында көп кәдеге асты. Өйткені қазіргі жұмыс орнына кірісу оңай болған жоқ. Мұнда да кез келген адам жұмысқа қабылданбайды. Кез-дейсоқ қабылданғанның өзінде тұ-рақтамайды...

– Себебі қариялардың жан дү-ниесін, қарттықтың қыры мен сы-рын терең білуің қажет. Тәрбие жұмысындағы сан жылғы тәжі-рибем болса да, алғашқыда маған да оңай тимеді. Бұған дейін бала-лармен жұмыс істеп келсем, мұнда басқаша екен. Бақытыма үнемі жақсы адамдар ұшырасып жүр. Қамқорлығыма алған 8 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Солардың төр-теуі ерлі-зайыпты, - дейді Қамар Құбайысқызы.

Әдетте, әлеуметтік қызмет-кер десе, қарияларға, басқа да міскін жандарға дәрі әкеліп, та-мағын пісіретін, үй-ішін жинай-тын, кірін жуатын ізгі жандар деп түсінетініміз рас. Дұрысында, оның аясы одан да кең. Мәселен, психологиялық көмектің өзі неге тұрады?! Қамқорланушы қария не кейуананың жанында отырып, ұзақ уақыт әңгімелесуің де керек. Өйткені олар өзін тыңдағанды, мұңын шаққанды, көңіліндегі қай-ғысы мен қуанышын бөліскенді жақсы көреді. Кейде құжаттарын реттеп, құқықтық көмек көрсе-туің, кейде қаржылық жұмысын реттеуің қажет.

Қамардың қамқорлығындағы-лар негізінен жасы егде жандар. Ең жасы 58-де. Бәрінің де созылма-лы дерті бар, үнемі ауырады. Көпші-лігі - жалғызбасты және өзге ұлт өкілдері. Бір айтарлық жәйт, атал-мыш әлеуметтік мекемеге ақыл-есі кем, тері және жұқпалы, өкпе ауруларымен науқастанатындар алынбайды. Орал қаласында неме-се өңірімізде тұратын ұл-қыздары бар қариялар да қабылданбайды. Тек балалары зейнеткер әрі бірін-

Ізгілік ші және екінші топтағы мүгедек болса ғана қамқорлыққа алы-нуына рұқсат етіледі. Ал Қамар-дың қамқорлығындағы өзге ұлт өкілдерінің ұл-қыздары Ресейде өмір сүреді екен. Қамар Құбайыс-қызының еңбек демалысында өзін уақытша ауыстыратын Бибігүл Ғабдолова сынды әріптесі де бар.

- Өте елгезек жан. Тікелей мін-деттерінен басқа құжаттарды реттейді, жұмыс дәптерін ұдайы толтырып отырады. Кейде: «Қарт-тармен қалай тіл табамын?» деп кеңес сұрап та қояды. Кәсібіне ықыласы бар жаннан айналмассың ба? - дейді тәжірибелі әлеуметтік қызметкер.

Жаны ізгі Қамардың тағы бір жақсы дағдысы барынан хабар-дар болдық. Ол, міне, 17 жыл бойы үздіксіз ораза ұстап ке-леді. Құран-Кәрімнен алынған дұғаларды ұдайы оқып отырады. Сол бір Жаратушының, алдын-дағы мінәжатымен өзінің от-басына, тума-туыстарына, қала берді қамқорлығындағы қария-ларға, Отанына тыныштық пен тоқтық тілеп отырады. Ниетіне орай онымен тілектес жандар кө-бейіп келеді. Мәселен, бұрынғы тәрбиеленушісі, балалар үйінің түлегі, бүгінгі кәсіпкер Самат Мол-дашев апайының бес қамқорлану-шысын «меншіктеп» алған. Соларға мереке сайын азық-түлік, өзге де сый-сияпат әкелуді бір ұмытқан

емес. Апайымен бірге жүріп, үнемі құрмет күтіп отыратын жандарды жарылқап жатқаны.

Қамар еңбек ететін мекеме-дегі №6 бөлімшенің меңгерушісі Тәрбие Ғалиева осы әріптесі және жалпы ұжымы туралы былай деп ой түйеді.

- Біздің мекеме осыдан үш жыл бұрын Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-ламаларды үйлестіру бөлімінен бөлініп шықты. Жыл өткен сай-ын қызметкерлердің жағдайына көңіл бөлу жақсарып келеді. Мы-салы, осы салада 18 жыл бойы істеп келе жатқан Валентина Дья-конова сияқты қызметкеріміз бар. Былтыр соған кәсіподақ арқылы «Ақжайық» шипажайына жолда-ма берілді. Жұмыс өтіліне 10 жыл толған кеңесшіміз Жаңылсын Тас-болатова да сонда демалды. Бұдан басқа таңдаулы қызметкерлер ме-реке сайын марапатталып отыры-лады. Әрі мекеме басшысы Арман Дәулетов те лауазымдық мінде-тін жауапкершілікпен атқарумен қатар, ұжымға да ілтипатты. Біз-дің ұжым негізінен әйелдерден тұрады ғой. Қызметкерлердің орта жасы - 42. Жас басшымыздың па-расатына дән ризамыз. Келешек-те де ұйымдаса еңбек ететінімізге сенім мол. Ал Қамар әріптесіме тілегім – абыройлы еңбек, отбасы бақыты және сый-құрмет!

“Тасқала ауданы әкімі аппараты” ММ, 000910 Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Абай к., 23-үй, анықтама үшін телефон: 8(71139)21397, факс: 21372, электрондық мекенжайы: [email protected] бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ашық конкурс жариялайды.

Тасқала ауданының мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру жә-не спорт бөлімінің басшысы, санаты еR-1, лауазымдық еңбекақысы ең-бек сіңірген жылдарына байланыс-ты 109548 теңгеден 147985 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, об-лыс және аудан әкімінің тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласын да-мыту жұмыстарын ұйымдастыру. Мәдени мұраларды үгіт насихат жүргізу, тілдерді дамыту бойынша бағдарламаларының әзірлігін және іске асыру, ауданда мәдени шараларды өткізу жұмыстарын үйлестіру. Дене шынықтыру және спорт дамыту аудандық жоспарларын орын-далуын жүзеге асыру. Спорт сайыста-рында әр түрлі спорт түрлерінен аудан-дық құрама командаларын дайындық жүргізуін және олардың қатыстыру жұмыстарын үйлестіру, облыстық ту-ризм және спорт басқармасына ақпа-раттар мен мәліметтерді талдау және тапсыру. Сыбайлас жемқорлықпен кү-рес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дер-бес жауап береді. Жалпы құқықтық оқыту жұмыстарын ұйымдастырады. Жергілікті атқарушы органның өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өзінің және қа-рауындағы қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспарлау.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары кәсіптік: білім; гуманитарлық ғылымдар; өнер салалары бойынша.

Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (2 бірлік) лауазымы, санаты еG-3, лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылда-рына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Ша-руа қожалықтарын, кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін бақылау. Кіші және орта биз-несті есепке алып, жұмыстарын ұйым-дастыру және қадағалау. Азық-түлік ба-ғасының мониторингісін үнемі жүргізу, тиісті мәліметтерді аудан әкімі аппара-тына уақытында тапсыру. Елді мекендер-дің аумағында санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Кадрлар жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ әкімінің шешім-дері, өкімдері жобаларын рәсімдеу. Кә-сіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу. НҚА қабылдануына байланысты әділет органдарына ұсыну, ресми жа-риялау, тізілім толтыру жұмыстарын жүр-гізу. Барлық салтанатты іс-шараларды дайындау, өткізу, хаттамалау, халықпен кездесулерді және жиналыстарды, атау-лы күндерді, мемлекеттік мейрамдарды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру, қоғамдық ұйымдары-мен жұмыс істеу, марапаттау құжаттарын жүргізу. Құқықтық оқытуларды өткізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көр-сету бойынша есептілік жүргізу. Жүк-телген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау. Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орын-дау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспарлау. Ішкі еңбек тәртіп ере-жесін сақтауға міндетті.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары білім; Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санат-тағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жыл-дан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес; құқық; білім; гуманитар-лық ғылымдар; техникалық ғылымдар технологиялар; ауыл шаруашылығы ғы-лымдары салалары бойынша.

Мерей ауылдық округі әкімі аппа-ратының бас маман-бухгалтері ла-уазымы, санаты еG-3, лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдары-на байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп,

әкімдікке ұсыну жұмыстарын жүргізу.Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жасалған қаржылық операциялар-ды көрсетуге, уақытында және дұрыс құжаттарды рәсімдеу. Ашылған лимит-тер мен мақсатына сәйкес қаражаттарды дұрыс және тиімді жұмсалуын бақылау. Шығын сметасының орындалуын, дұрыс есеп жүргізуін, бухгалтерлік есебінің уақытында құрылуын және тапсыруын, уақытында есеп ақысын есептеуін және төленуін, түгендеу қорытындыларын уақытында және дұрыс анықтау, оларды есепте көрсету. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу. Дұрыс және уақтылы мүлікті түгендеуге /ин-вентаризация/ бірдейлендіру жұмысын жүргізу. Қаржы көздерінің тиімді шы-ғындалуын үйлестіру. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмыстарын жүргізу. Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдастыру, болжау және жоспар-лау. Қаржы игеру жұмыстарын жүргізу. Жүктелген міндеттерге байланысты есептік, ақпараттық-аналитикалық мате-риалдар мен құжаттарын орындау. Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйым-дастыру, болжау және жоспарлау. Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауға міндетті.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары білімді немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес не-месе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыс-тарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары бойынша.

Мерей (1 бірлік), Тасқала (1 бір-лік), Шежін (1 бірлік), Ақтау (1 бірлік), Қазақстан (1 бірлік) ауылдық округтері әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымы, санаты еG-4, лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдары-на байланысты 42922 теңгеден 64704 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Кадр-лар жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын рәсімдеу. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу. НҚА

қабылдануына байланысты әділет ор-гандарына ұсыну, ресми жариялау, тізілім толтыру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойын-ша есептілік жүргізу. Әлеуметтік көмек көрсетуінің барлық түрінен құжаттарды қабылдау және дайындау. Барлық сал-танатты іс-шараларды дайындау, өткізу, хаттамалау, халықпен кездесулерді және жиналыстарды, атаулы күндерді, мемлекеттік мейрамдарды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға және үйлестіруге, қоғамдық ұйымдарымен жұмыс істеуге, марапаттау құжаттарын жүргізу. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалармен наградталған аналар ба-засын үнемі жаңартуға және жалпы марапаттау мәселелерімен айналысу. Құқықтық оқытулар жүргізу. Нотариалды іс-әрекеттерді жүргізу. Әлеуметтік сала бойынша жұмыстарды үйлестіру және қадағалау. Әлеуметтік карта базасын үнемі жаңарту. Қоғамдық тәртіпті сақтау іс-шараларының орындауын бақылау. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын бақылау. Ауылдық округ бойынша та-бысы аз адамдарды анықтау, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзу. Ауылдық әкімі аппа-ратын құжаттармен қамтамасыз ету, күнделікті кіріс корреспонденциясын қабылдау, тіркеу, өңдеу, рәсімдеу, жіберу және өтуін бақылау. Уақытша архивтік құжаттарды сақтап кейіннен мұрағатқа тапсыру. Шығыс корреспонденцияла-рын уақытында жіберу. Жеке және заң-ды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, орындау мерзімін бақылауға алу. Жүктелген міндеттерге байланыс-ты есептік, ақпараттық-аналитикалық материалдар мен құжаттарын орындау. Әкімнің жоспарларын жасау. Жалпы құжаттардың орындалуын бақылау. Өз лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындау, өз жұмысын ұйымдас-тыру, болжау және жоспарлау. Ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтауға міндетті.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар және биз-нес; құқық; білім; гуманитарлық ғылым-дар; техникалық ғылымдар технология-лар; ауыл шаруашылығы ғылымдары салалары бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқық-тық актілерді білу, «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комис-сиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүр-гізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: белгіленген үлгідегі өтініш; 3х4 өлшемдегі бір фотосурет белгілен-ген нысанда толтырылған сауалнама; білім туралы құжаттардың нотариал-дық куәландырылған көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжаттың нота-риалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қа-рашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Нормативтік- құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы тура-лы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті ор-ганмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені тура-лы қолданыстағы сертификат.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс туралы осы хабарландыру жа-рияланған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде құжат тігілген мұқабаға орналас-тырылып Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Абай к., 23-үй, 2-қабат, №211 бөлмеге қолма-қол немесе [email protected] электрондық пошта арқылы жолдана-ды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы жолдаған азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әнгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар осы кандидаттарды әнгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 күн ішінде конкурс жариялаған “Тасқала ауданы әкімі аппараты” ММ-да өтеді.

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Серік ихСаНҒали,«Орал өңірі»

Page 7: Газета Орал Өнiрi №132

«ОРал ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 15888, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: С.әБІлхалЫҚОВ

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы СафуллиН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБаЙДуллиН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІКТІ ТІлШІлЕР: Тілес ЖаЗЫҚБаЙ (ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖаПаҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ аҚБаСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМаҒалиЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек аЙТаШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТауБаЕВ,Сырымбек ТҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОлаЕВа (жауапты хатшы),Тоқтар КЕНЖЕҒалиЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚаБЖаНОВ (арнайы тілші),Сәкен әБІлхалЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РахМаНОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

хабар-ошарCейсенбі, 29 қазан 2013 жыл

[email protected]

Жоғары қабілетті және сәулелік жүктемесі айтарлықтай төмен соңғы үлгідегі аппаратта компьютерлік томография (қабатталған рентге-нология) өткізіледі.

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19-үй (“Омега” зауыты ауданы). “Меди-циналық орталық” ЖШС.

Анықтама алу үшін телефон: 53-72-59.

«Жайықмұнай» ЖШС «ҒЗЖИмұнайгаз» АҚ бір- лесе отырып, Қазақстан Республикасының Қор-шаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің «Батыс Қазақ-стан облысы бойынша экология департаменті» ММ ЖОБА ҰСЫНАДЫ: «ЧМГККО. ГКДҚ-1/2. ГКДҚ-1/2 компрессордың қосымша блогының қондырғысы.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайларға хабарласа аласыз: Жайық-Каспий эко-логия департаменті Батыс Қазақстан облыстық филиалының мекенжайы бойынша: Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 59, телефон: 8 (7112) 50-04-81, 51-53-52. Атқарушы: «ҒЗЖИмұнайгаз» АҚ – жобаны дайындаушы, Ақтау қаласы, телефон: 8 (7292) 60-02-08 (қос.: 211, 113), факс: 8 (7292) 60-02-08 (қос.: 380).

Тапсырыс беруші: «Жайықмұнай» ЖШС, Орал қаласы, телефон: 8 (7112) 98-66-00, факс: 8 (7112) 98-66-01.

Жаңақала ауданы Мәстексай ауылынң тұрғыны болған бірімізге әке, бірімізге ардақты аға Қайырбек хайроллаұлы хабиевтің бақилық болғанына 29 қазанда 1 жыл болуына орай сағынышпен еске аламыз.

Аяулы әке, асыл арман,Сағыныш сізге деген басылар ма?!Көз жұмдың, дүниеден өттің ерте,Тағдырдың жазғанына шара бар ма?!

Сағына еске алушылар: анасы Жұпар, інісі Төлеген отбасымен

Қазталов ауданының тұрғыны болған досымыз Дархан Ғазизұлы Нұрмашевтың бақилық болғанына 5 жыл болуына орай сағынышпен еске аламыз. Егер де ортамызда болса, 26 қазанда 30 жасқа толған болар еді.

Қандай зұлым саған көзін қадаған,Ажал алды жұлып сені арадан.Қайғырады достарың мен ата-анаң,Жетпеді деп арманына қалаған.

Еске алушылар: сыныптастары, достары

Батыс Қазақстан облысы бойынша «БТА банкінің» еншілес ұйымы компаниясы «БТА Страхование» акционерлік қоғамы филиалының орналасқан жеріне өзгеріс енгенін хабарлайды. Филиалдың жаңа ор-наласқан жері: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 45-үй.

090000, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45, 2-қабат, 213-бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 505406, факс: 8-(7112) 506506, email: [email protected]

Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің бас ма-маны Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:электрондық құжатайналымының, электрондық цифр-

лық қолтаңба куәлігінің жұмыс істеуі бойынша жұмыс- тар жүргізеді;

электрондық құжатайналымы жетілдіру бойынша жұ-мысты жүргізеді, техникалық ерекшелікке, ақпараттық жүйеде пайдаланылатын техникалық және ұйымдастыру-өкімдік құжаттамаларды қамту және құру талаптарын анықтайды;

пайдалануға рұқсат етілген жаңа компьютерлік және көшірме-көбейту техникасын, ақпаратты өңдеу техника- лық құралдарын, персоналды компьютерлер және жүйе-лер, автоматтандырылған жүмыс орындарын енгізу бо-йынша жұмысты жүргізеді;

ақпараттық қауіпсіздік, ұйымдастыру техникасы мен компьютерлік бағдарламаларды қондыру, үздіксіз және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді, оларды пайдалануға дайындығын тексереді, ұйымдас-тыру техникасын, коммуникацияның жағдайына бақылау жүргізеді, олардың дұрыс жұмыс істемеуі анықталған жағдайда оларды жою бойынша немесе заңнамаға сәйкес жөндеу жұмыстарын және басқа техникалық қызмет көрсету түрлерін өткізу үшін мамандарды тарту бойын- ша шаралар қолданады;

басқарманың персоналдық компьютерлерінде «Па-рус», «Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі» бағдарламаларының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

басқарма қызметі туралы ақпараттарды басқарманың интернет-ресурсында тиісті тарауларына орналастыра-ды, оларды бұдан әрі және жүйелі жаңартуды қамтама- сыз етеді.

конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан

кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функ-ционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мамандықтар «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент). Техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер).

Конкурс «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орна- ласуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалып-тастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекі- тілген бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға кон-курс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға конкурс өткiзу туралы хабарлан- дыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:

1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәланды-рылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр-лiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бе- кiтiлген (Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқық-тық актiлердiң тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен бел-гiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидат-тарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар етілген күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-де өтеді.

«батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ «б» корпустың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Облыстық ішкі істер департамен-тінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 26 қазан күні таңғы сағат 04-те аталмыш полиция бөлімі бастығының орынбасары, майор В.Безьянов, жедел уәкіл, ка-питан А.Есетов, тергеуші, капитан Р.Күнтуаров, криминалист-сарапшы, лейтенант А.Мұратұлы, учаскелік ин-спектор, капитан С.Төлепбергенов, орманшы Б.Кушпаев, қорықшы И.Ка-ракушиев «Браконьер» жедел шара-сы барысында Январцев қорығынан жарығын жарқыратқан автокөлікті көреді. Күдіктілер оқ атқаннан кейін жасырынып жатқан полицейлер мен орманшылар олардың ізіне түседі. Сол кезде орманшы Б.Кушпаев ес-керту оқтарын аспанға атқанымен,

күдіктілер тоқтамайды. Содан ол «УАЗ» автокөлігінің доңғалағын көз- деп атады, алайда оқ артқы орын-дықта отырған Январцев ауылының 35 жасар тұрғынына тиеді. Омыртқа тұсынан жараланған ол ұсталғаннан кейін Дарияндағы аудандық ауру-ханаға жеткізілді. Бұдан басқа авто-көлікте Дариян ауылының 22, 23, 29 жасар және Рубежканың 30 жасар тұрғындары болған, сонымен қатар еліктің еті тәркіленді. Күдіктілердің бәрі Приурал полиция бөліміне апарылған.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК 288-бабы 2-бөлі-міне сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

арман БОлаТҰлЫ

Заңсыз аң аулағандар ұсталдыЗеленов ауданына қарасты Приурал полиция бөлімінің

қызметкерлері орманшылармен бірге браконьерлерді қолға түсірді.

Page 8: Газета Орал Өнiрi №132

керуен СарайСейсенбі, 29 қазан 2013 жыл8 [email protected]

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Қостанайдың «Тобылы» Оралдың «Ақжайығын» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда батысқазақ-стандықтар ширағырақ қимыл-дағанымен, гол соғатын бір-неше мүмкіндікті пайдалана алмады. Ойынның екінші кезе-ңі қостанайлықтардың айқын басымдылығымен өтті. Алды-мен Орал футболының түлегі, «Тобылдың» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев «Ақжайықтың» қақпасын дәл көздеді. Бұдан кейін қонақтар сапында Эльдар Абдрахманов екінші ескерту алып, алаңнан қуылды. Сонда да олар қорғанысты ұмытып, алға ұмтылып бақты. Осын-дай сәттерде «Тобыл» ойын-шылары бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Қосымша минут-тарда «Ақжайық» сапындағы чехиялық қорғаушы Якуб Хле-боун алаң иелерінің қақпасын баспен дәл көздей алмаса, іле-шала қарымта шабуыл-да Нұрбол Жұмасқалиев осы ойындағы екінші добын соқты. Сөйтіп, «Ақжайықты» мүлдем қиын жағдайда қалдырды.

Қарашаның 2-сі күні өтетін соңғы турда 16 ұпайы бар «Ақжайық» өз алаңында «Аты-рауды» қабылдайды. Өз алаңын-да «Востокпен» тең ойнаған «Жетісу» Талдықорғанда «То-былмен» күш сынасады. Бұл екі команданың да 19-дан ұпайла-ры бар. «Восток» сырт алаң-да «Таразбен» кездеседі. Осы ойындар қай команданың пре-мьер-лигамен қоштасатынын анықтайды.

Ал «Ақжайықтың» қосалқы құрамы биылғы маусымда нә-тижелі ойынымен көрінуде. Олар Қостанайда да алаң ие-лерін 2:1 есебімен тізе бүктір-ді. 11-минутта оралдықтардан Петр Новеньков есеп ашса, 39-минутта алаң иелерінен Бейбіт Әбішев 11 метрлік айып добын дәл орындап, таразы

«Нұрболдың» қос добы

Алматыда аяқталған бокстан әлем чемпионатында ел құрамасы бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. Қоржында 8 медаль, соның ішінде 4 алтын, 2 күміс, 2 қола бар.

Осы додада Біржан Жақыпов ақыры арманына жетіп, әлем чем-пионы атанды. Финалда алжирлік боксшымен кездескен жерлесіміз 3:0 есебімен жеңіске жетті. Үш раунд бойы шабуылдаған жерлесі-міз тек қорғана білетіндігін ғана емес, техникалық арсеналы да бай екенін дәлелдеді. Сондай-ақ соққысын діттеген жеріне жеткізе алатын мерген екендігін де көрдік. Олай дейтініміз, Біржанның тура соққыларынан кейін алжирлік боксшы Мохамед Флисси үш мәр-те қабағы жарылып, дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Иә, Жақыповты талай сынадық. Өзгелердің жолын кесті деп те айыптап жаттық. Шыны керек, 2005 жылғы әлем чемпионатынан кейін өзінің де жолы болмай кетті. Әлемдік аренада қайта-қайта жолы қытайлық Зоу Шиминмен түйісіп, жеңіп тұрса да, төрешілердің сүріндірген кезі аз болмады. Қанша жерден даттасақ та, та-лай додаларда жеңіске лайықты болған бірден-бір боксшымыз осы. Төреші Біржанның қолын көтергенде, халық түгел қуанды. Әсіресе, VIP-трибунада отырған Серік Сәпиевтің шаттанғанын көр-сеңіз, құдды бір, өзі үшінші рет әлем чемпионы болып тұрғандай жас балаша секіре берді.

Қоржынға екінші алтынды сал-ған Мерей Ақшалов та мықты жігіт. Үш раунд бойы Мерей бір

қадам артқа шегінген жоқ. Азу-лы қарсыласынан еш қорықпай, Ғани Жайлауовтың Ясниер Толе-до Лопесте екі рет кеткен есесін қайтарып берді! «Қарсыласым өте қарымды. Бапкерлер тапсырма-сын бір сәт те есімнен шығарма-дым. Бұл жеңісімді Қазақстан халқы мен кеше ғана дүние есігін ашқан қызыма арнаймын! Жан- күйерлер рухымды көтерді! Қол-дау көрсеткені үшін шексіз алғы-сымды айтамын!» - деді Мерей са-йыс соңында берген сұхбатында.

Елеусінов ерледі!Өзге елдің боксшыларының

барлығы көздері көгеріп, қабақ-тары жарылып жатыр. Ресейлік Артем Чеботаревті көрдік. Бетінің сау тамтығы қалмапты. Мереймен жұдырықтасқан кубалық Ясниер Толедо Лопестің де бетінен бет қалмаған еді. Ал Қазақстан бокс-шылары әлем чемпионатын қалай бастады, солай аяқтады. 69 келіде айқасқан Данияр Елеусіновтың сымбатты сұлбасына еш зақым келмепті.

Елеусінов те финалда Куба-ның қабыланымен жұдырықтас-қан. Ариснойдис Деспайн – жас та болса, биылғы біріншілікте талай мықтының жолын кескен хас шебер. Дегенмен Даниярға бір соққысын да дұрыстап өткізе алған жоқ. Қолды-аяққа тұрмай-тын жерлесіміз шаршы алаңды ай-нала жүріп, қарсыласының әбден «итін» шығарды.

- 69 келі – қазақтың салмағы. Егер ел үмітін ақтай алмай, чем-пион бола алмасам, мен үшін үл-кен ұят болар еді. Осы салмақта қазақтар әрдайым намысты қолдан бермей, чемпион болып жүрулері керек. Ендігі арманым – олимпиа-да шыңы! Ал бұл алтынды Елба-сымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаймын, - деп ағынан жарылды айқастан соң Данияр Елеусінов.

Құрама қоржынына төртінші алтынды салған Жәнібек Әлім-

ханұлынан, шыны керек, толағай табыс күтпегеніміз рас. Бірақ Еуропа чемпионы, ирландиялық Джон Куиглиді қуып жүріп сабаған жерлесіміз өзі қатысқан алғашқы әлем чемпионатында-ақ чемпион атанды! Оның әлі тәжірибесі аз, бұл оның алғашқы ірі додасы еді. Тісқаққан қарсыластарымен әлі көп жолықпаған. Алайда Жәнібек сенім үдесінен шықты. Куиглидің сау жерін қалдырмай, раунд баста-ласымен нокдаунға жіберді. Қалған раундтарда екі боксшы да өткір соққыларын аяған жоқ. Әйткенмен Әлімханұлының шоқтығы бәрібір биік тұрды. Жекпе-жек аяқталған соң Джонның көз жасын тоқтата алмай тұрғанын көрдік. Ал Жәнібек жеңісін жанкүйерлер мен Елбасына арнады.

«Мәңгі екінші» немесе «Күміс жігіт»

Бесінші алтынды Әділбек Ниязымбетов алып береді деп үміттенген едік, бұған дейінгі әлем біріншілігінде, олимпиада ойындарында, тіпті Азия чемпио-натында күміспен күптелген жер-лесіміз тағы да финалда сүрінді. «Мәңгі екінші» дейсіздер ме, жоқ әлде «Күміс жігіт» дейсіздер ме, өз қалауларыңыз.

Ақтық айқаста Әділбек кубалық Хулио де ла Круз Пераззамен кез-десті. Екеуі түйдей құрдас. 1989 жылдың төлдері. Сондай-ақ ескі таныстар, 2011 жылы Бакуде өткен әлем біріншілігінде біздің Әділбек осы кубалықтан жеңілген. Сол шай-қаста 13:17 есебі тіркелген бола-тын. Есе қайтара ма деп үміттенген едік, бірақ Ниязымбетовтың бабы келмеді ме, көңіл күйі дұрыс бол-мады ма, әлде бапкерлер алқа- сы дұрыс тактика қолданбады ма, әйтеуір, Ниязымбетов әдемі бок-сымен бізді қуанта алған жоқ.

Әдетте Әділбек өзі бастап ша-буылдамайтын. Алдыңғы қолын тастап қойып, негізінен джебпен

ғана жұмыс істейтін. Сонысы осы уақытқа дейін нәтиже беріп кел-ді. Өзбекті де солай жеңді. Бірақ бұл жолы неге екені белгісіз жер-лесіміз жекпе-жек басталғаннан шабуылдаумен болды да, Хулио ла Круздың қарымта соққыларына түсіп қала берді. Бірінші раундта екі төреші ұпайды Әділбектің ен-шісіне жазғанымен, екіншісінде үшеуі де кубалықтың басымды-лығын байқапты. Ал үшінші раунд-та «не бел кетеді, не белбеу кетеді» деп алға атойлап шапқан Ниязым-бетов Хулионы «қуып» жете алма-ды. Қорытынды есеп – 1:2.

Чемпионатты нокаутпен аяқтадық

Әлем чемпионатын дәл осы-лай аяқтаймыз деген ой үш ұйық-тасақ та, түсімізге кірмеген еді. Бірақ солай болды. Өз жеріміз-де өтіп жатқан дүбірлі доданың шымылдығын айқын жеңіспен

Тоқтар КЕНЖЕҒалиЕВ,«Орал өңірі»

4 алтын, 2 күміс, 2 қола!жабуы тиіс болған Иван Дычко өзі нокаутқа түсіп қалды.

Ваня айқасты тәп-тәуір-ақ бастаған. Өзін қашан да жеңіл се-зінетін жерлесіміз шаршы алаңда ойқастап жүрді. Бірінші раундта да, екінші раундта да басымдылығы байқалып, үш төреші де ұпайларын еш күмәнсіз біздің алыпқа беріп жатты. Бірақ шаршы алаң иесін тек құлатып қана жеңбесе, жеңісті бермейтінін түсінген қарсыласы, әзірбайжандық Әбжылан Маго-медрасул Меджидов үшінші раунд бастала бере жойқын соққысымен жерлесімізді шалқасынан түсірді. Негізі осы кезде-ақ жекпе-жекті тоқтатуға болар еді. Бірақ орны-нан әупірімдеп тұрып келе жатқан Ваняға рефери тағы бір мүмкіндік беріп көргісі келді. Сегізге дейін санап, Дычконы есін жиғызды. Алайда алыбымыз сол күйі өзі-не келе алмады. Қайта шабуылға лап қойған Меджидов оң қолын құлаштай тастап, Ваняны орнынан өз еркімен көтеріле алмастай бір-жолата құлатты. Шаршы алаңға де-реу дәрігерлер көтеріліп, Ваняны демеп тұрғызды. Нашатыр спиртін иіскетіп, өз бұрышына әзер жет-кізді.

Негізі екеуі 2011 жылы Бакуде өткен дүниежүзілік додада кез-дескен. Ол кезде жерлесіміз 9:16 есебімен жеңілген. Есе қайтарар деп едік, қайдағы... Өзі құлап, масқара болды.

Осындайда куба боксшысы, боксшы дегеннен гөрі дәу деуге келетін Алексис Рубалкабаны иек-тен ұрып сұлатқан өзіміздің Мұх-тархан Ділдәбековтей қандасы-мыздың ізбасарын іздейді екенсің.

Ал әлем чемпионатының қо-рытындысы бойынша 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды енші-леген Қазақстан құрамасы жал-пыкомандалық есепте бірінші орын алды. Екінші орында екі алтын, екі күмісі және бір қоласы бар Куба құрамасы. Екі алтын, бір қоласы бар Әзірбайжан үздік үштікте.

оралдың оғланы – әлем чемпионы!