8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ www.zhaikpress.kz Сейсенбі, 12 қараша 2013 жыл №138 (19899) + 8 0 С + 1 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] ҚОғАМ МӘСЕЛЕ 4 Мал басы көбейді, шаруа енді не дейді? 3 Орал өңірі Жастар сенбілікке шықты 5 АҚПАРАТТАР АғЫНЫ Олимпиада алауы ғарыштан оралды Кеше редакцияға «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов хабарласы, қазақтың аса көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің Алматыда ұзақ жыл- дар тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылатындығы жөнінде ақжолтай хабарды жеткізді. Қор төрағасының мәліметіне қарағанда, бұл жөнінде Алматы қаласының әкімі Ахмет жан Есімовтің арнайы шешімі шыққан. Осы ресми құжат негізінде ардақты ақын отбасы мен 197193 жылдары тұрған Алматыдағы Жамбыл көшесінің бойындағы №163 үйге қабырғалы қаламгер Қадыр Мырза Әліге құрмет ретінде ескерткіш тақта ілінбек. Бұл шара, қор басшылығының мәліметі не қарағанда, ақынның туған күні – келер жылғы 5 қаңтар қарсаңында жүзеге аспақ. Қадырға құрмет БҚО бойынша экономикалық қыл мысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жыл басынан бері алкогольдік өнімдердің заңсыз ай налымы фактілері бойынша 4 қылмыс тық іс қозғап, 46,7 мың бөтелке спирт ішімдіктерін тәркіледі. Оралдағы «Михаил», «Мирлан», «Ал тын Алма» базарларының аумағындағы қоймалардан жалған есепке алубақы лау маркалары жапсырылған 425 шыны алкоголь өнімдері табылды. Оларды Ақтөбе қаласындағы «Геом» ЖШС, «Ак роспищепром» ЖШС, «Maxsimus» ЖШС өндірген. Шымкент бекетінен Орал бе кетіне 15 атаудан тұратын 22 212 шыны арақтың вагонмен жеткізілгені және табылған спирттік ішімдіктер Шымкент қаласындағы «Тұтынушы» ЖШСында өндірілгені анықталды. Заңсыз айналымнан алынды Теректі ауданының Долинное ауылындағы «Исмаилов» шаруа қожалығының басшысы Ержан Исмаилов мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 67 ірі қара және асыл тұқымды 4 бұқашық саты алды. Мал басын асылдандыру және көбейту мақсатымен Е.Исмаилов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қо ры» АҚдан 13,8 млн. теңге несие алды. Несиенің шарты өте жеңіл – жылдық өсімі небары 6 пайыз, оның үстіне екі жыл бойы демалыс беріледі. Шаруа шылықта бұрыннан 30 аналық мал бар еді, енді мемлекеттік бағдарлама ар қасында малы көбейді. Қазір қора сында 100 ірі қара тұр. Малға қысқы азық молынан дайындалған. Округте тағы да екі қожалық «Махорин» және «Тарас» ШҚ да несие алып, шаруаларын кеңейтуде. «Сыбаға» малды көбейтуде Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг ен италияндық астронавт Луки Пармитано бар ХғС экседициясына қатысушылар Жерге қайты оралды. «Союз ТМА09М» басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қа ласынан оңтүстікшығысқа қарай астана уақыты бойынша сағат 8:49да қонды. ХҒСтағы экспедицисын ақтаған ғарыш керлер Жерге Сочи олимпиадасының алауын алып келді. Ғарышкерлер мен олимпиада алауы ның Жерге оралуын Ресей тікұшақтары бақылады. Еске сала кетейік, 9 қараша күні олим пиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рзанский алып шықты. Іскерлік қарым-қатынас ҚАРҚын АлмАҚ Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Орал Өңiрi №138

  • Upload
    -

  • View
    276

  • Download
    8

Embed Size (px)

DESCRIPTION

 

Citation preview

Page 1: Орал Өңiрi №138

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ

www.zhaikpress.kz

Сейсенбі,12 қараша 2013 жыл№138 (19899)

+ 8 0С

+ 1 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

ҚОғАМ

МӘСЕЛЕ

4Мал басы көбейді, шаруа енді не дейді?

3

Орал өңірі

Жастар сенбілікке шықты

5

АҚПАРАТТАР АғЫНЫОлимпиада алауы ғарыштан оралды

Кеше редакцияға «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов хабарласып­, қазақтың аса көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің Алматыда ұзақ жыл-дар тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылатындығы жөнінде ақжолтай хабарды жеткізді.

Қор төрағасының мәліметіне қарағанда, бұл жөнінде Алматы қаласының әкімі Ахмет­жан Есімовтің арнайы шешімі шыққан. Осы ресми құжат негізінде ардақты ақын отбасы­мен 1971­93 жылдары тұрған Алматыдағы Жамбыл көшесінің бойындағы №163 үйге қабырғалы қаламгер Қадыр Мырза Әліге құрмет ретінде ескерткіш тақта ілінбек. Бұл шара, қор басшылығының мәліметі­не қарағанда, ақынның туған күні – келер жылғы 5 қаңтар қарсаңында жүзеге аспақ.

Қадырға құрмет

БҚО бойынша экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жыл басынан бері алкогольдік өнімдердің заңсыз ай­налымы фактілері бойынша 4 қылмыс­тық іс қозғап, 46,7 мың бөтелке спирт ішімдіктерін тәркіледі.

Оралдағы «Михаил», «Мирлан», «Ал­тын Алма» базарларының аумағындағы қоймалардан жалған есепке алу­бақы­лау маркалары жапсырылған 425 шыны алкоголь өнімдері табылды. Оларды Ақтөбе қаласындағы «Геом» ЖШС, «Ак­роспищепром» ЖШС, «Maxsimus» ЖШС өндірген. Шымкент бекетінен Орал бе­кетіне 15 атаудан тұратын 22 212 шыны арақтың вагонмен жеткізілгені және табылған спирттік ішімдіктер Шымкент қаласындағы «Тұтынушы» ЖШС­ында өндірілгені анықталды.

Заңсыз айналымнан алынды

Теректі ауданының Долинное ауылындағы «Исмаилов» шаруа қожалығының басшысы Ержан Исмаилов мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 67 ірі қара және асыл тұқымды 4 бұқашық сатып­ алды.

Мал басын асылдандыру және көбейту мақсатымен Е.Исмаилов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қо­ ры» АҚ­дан 13,8 млн. теңге несие алды. Несиенің шарты өте жеңіл – жылдық өсімі небары 6 пайыз, оның үстіне екі жыл бойы демалыс беріледі. Шаруа­шы­лықта бұрыннан 30 аналық мал бар еді, енді мемлекеттік бағдарлама ар­қасында малы көбейді. Қазір қора­ сында 100 ірі қара тұр. Малға қысқы азық молынан дайындалған. Округте тағы да екі қожалық ­ «Махорин» және «Тарас» ШҚ да несие алып, шаруаларын кеңейтуде.

«Сыбаға» малды көбейтуде

Құрамында Ресей ғарышкері Федор Юрчихин, американдық астронавт Карен Найберг п­ен италияндық астронавт Луки Пармитано бар ХғС эксп­едициясына қатысушылар Жерге қайтып­ оралды.

«Союз ТМА­09М» басқарылатын көлік кемесі жоспарланғандай, Жезқазған қа­ласынан оңтүстік­шығысқа қарай астана уақыты бойынша сағат 8:49­да қонды. ХҒС­тағы экспедиция­сын ая­қтаған ғарыш­керлер Жерге Сочи олимпиадасының алауын алып келді.

Ғарышкерлер мен олимпиада алауы­ның Жерге оралуын Ресей тікұшақтары бақылады.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні олим­пиада алауы бірінші рет ашық ғарышта болды. Ғарышқа оны Ресей ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Ря­занский алып шықты.

Іскерлік қарым-қатынас ҚАРҚын АлмАҚ

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Page 2: Орал Өңiрi №138

АҚПАРАТCейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

[email protected]

Өткен аптада «Қазмедиа орталығында» ҚР Парламенті Мәжілісі қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Омархан Өксікбаев және Сенаттың экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі, сенатор Ми- хаил Бортниктің қатысуымен брифинг өтті. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орын-далу барысы сөз болды.

Ләззат ШАҒАТАЙ,«Орал өңірі»

Отырыста алдымен Орал қа­ласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Махамбет Батырғалиев­тің есебі тыңдалды. Тәртіптік ке­ңес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі облыстық басқармамен бірле­ сіп жүргізген тексеріс кезінде аталмыш бөлімде бірқатар кем­ шіліктердің орын алып келге­ні анықталған. Әсіресе, азамат­тардың арыз­шағымдарын қарау кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген. Отырыста бөлім қыз­ меткерлерінің жауапкершілігін күшейтіп, алдағы уақытта мұндай олқылыққа тосқауыл қою қажет­тігі атап көрсетіліп, тиісті ұсыныс жасалды.

Зеленов аудандық сәулет жә­не құрылыс бөлімінің басшы­сы Арман Жұмабековтің ісі де жер мәселесіне қатысты болды. А.Жұмабеков жер телімін сұра­

Қос қызметкерге – тәртіптік жазаҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіп­-

тік кеңесінің 8 қараша күнгі отырысында қос бірдей мемлекет- тік қызметкердің тәртіп­тік ісі қаралды.

ған ауыл тұрғынының бірден ме­селін қайтарып, оның құқығы мен заңды мүддесін жүзеге асыруы­ на кедергі жасаған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ту­ ралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін бө­лім басшысына тәртіптік жаза қолдану Зеленов ауданы әкіміне ұсынылды.

Мемлекеттік ұйымдардың (мек тептердің) қызметіне заңсыз араласып, жеке тұлғалардың құ­қықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға кедергі жасағаны, сонымен қатар екінші біреулер­ ге заңсыз артықшылық көрсетке­ні үшін «Сыбайлас жемқорлық­ қа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы­на сәйкес Орал қалалық білім беру бөлімі басшысының орынба­сары Серік Сафиуллин де тиісті тәртіптік жазаға тартылатын бо­лады.

Арман БОЛАТҰЛЫ

– Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет тарапынан жі­ берілген кемшіліктер мен олқы­лықтардың ішінде 22 мәселені нақты атап өтті. Оның 80 пайы­зы бюджет мәселесіне тікелей қатысты. Кейбір министрліктер өз жұмысын толық атқара алмай

отыр. Әсіресе, Қаржы министрлігі тарапынан көп олқылықтар жібе­рілді. Олардың құзыретіне кіретін шаруа – күнделікті мониторинг жа­сап, бюджеттің игерілуіне қатысты мәселелердің бәрін талдап отыру. Осы функция­ны олар толығымен атқармады, – деді Омархан Нұр­тайұлы.

Сондай­ақ депутаттың айтуын­ша, осы жағдайдың салдарынан,

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 303 млрд. теңге игерілмеген. Оның 125 млрд. теңгесі бюджет­ тік бағдарламалар әкімшілері, 170 млрд. теңгесі жергілікті атқа­ рушы органдар тарапынан іс­ ке аспаған. Қазіргі таңда Парла­ ментке бюджетті нақтылау бо­ йынша заң жобасы келіп түскен. Алдағы уақытта 65 млрд. тең­ ге қаржыны қысқарту жоспар­ланып, 100 млрд. теңгеге жуық ұлттық компания­лардың есеп­шоттарына, жарғылық қорына аудару қарастырылуда.

«Бүгінгі үкіметтің жұмысын қа­лай бағалайсыз?» деген журна­ листердің сұрағына:

– Әр үкімет өз деңгейінде қыз­ метін атқарып жатыр. Бүгінгі үкі­мет ең нашар деуге болмайды. Себебі әр үкімет басшысы қызмет істеген кезде экономикалық жә­не бюджеттік жағдай әр түрлі бо­ лады. Бүгінгідей дағдарыс сезі­ліп, салық түсімдері кеміп жат­ қан кезде, біздің әлемдік экс­портқа шығаратын өнім баға­сы бірде түсіп, бірде көтеріліп отырған жағдайда үкіметке де оңай болып отырған жоқ, – деп жауап қайтарды депутат.

Қаржы министрлігін сынғА Алды

Серік ИХСАНҒАЛИ,«Орал өңірі»

Басқосуды аталмыш басқарма басшысының орынбасары Асқар Қапылов пен осы басқарманың ар­найы есепке алу бөлімінің аға про­куроры Ержан Мұхитов жүргізді.

Сала мамандарының айтуын­ ша, осы жылдың тоғыз айында түрлі мемлекеттік органдар та­ рапынан жүргізілген жалпы тек­ серістің 26, соның ішінде жеке кәсіпкерге қатыстысы 18,2 пайыз­ ға кеміген. Сонымен қатар заң­ға қайшы келгендіктен, 241 тек­ серуді тіркеуден бас тарту ту­ ралы шешім шығарылған. Атал­ мыш тексерістер салық, санитар­ лық қадағалау, аумақтық жер инс­ пекция­сы және басқа мемлекет­тік органдардың үлесіне тиеді. Тіркеуден бас тарту хақында қо­ рытынды ең көп жолданған мем­

Себепсіз тексеру қысқарды

Жақында Қазақстан Республикасы Бас прокуратура-сының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті облыстық басқармасында «Құқықтық статисти-ка және арнайы есепке алу органдарының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау қызметі жайында» атты баспасөз мәслихаты болып өтті.

лекеттік бақылаушы органдар­ға құқықбұзушылықты жою ту­ ралы прокурорлық ықпал ету кесімі жолданып, 18 тұлға тәр­тіптік жауапкершілікке тарты­лыпты. Басқарма «Бизнес тіре­гі» жобасының тиімділігін одан әрі арттыру жолында Орал қа­ласындағы қоғамдық көліктер­де көрсету үшін бейнетаспалар жолдады. Алайда комитеттің ар­ найы сайтына жеке кәсіпкер та­рапынан жүгіну тым аз. Тоғыз ай ішінде бар болғаны 9 жүгіну түскен екен. Соның сегізі бойын­ша түсінік беріліп, бір жүгіну негізінде Шыңғырлау аудандық прокуратурасының көмегімен ықпал ету кесімі шығарылып, сол аудандағы салық басқармасының бір қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылған. Мәслихат соңын­ да журналистердің сұрақтарына жауап берілді.

1978 жылы Алматы декларация­­сының қабылдануы бүкіл халық­аралық қоғам үшін маңызды оқиға болды. Осы жылы қабылданған де­кларация­да белгіленген алғашқы медициналық­санитарлық жәрдем көрсетудің философия­сы халық денсаулығын сақтау саласындағы бірыңғай стратегия­ны жасаудың тұңғыш халықаралық талпыныс еді. Декларация­ның көмегімен адам­ның өз денсаулығына адам өмірінің ең жоғарғы құндылығы ретінде қа­рау құқығы бүкіл мемлекеттер та­рапынан сөзсіз мақұлданды және әлемдік денсаулық сақтау өзінің даму бағытын өзгертті.

Алматы декларация­сының іске асырылуы миллиардтаған адамдар­

Ескерткіш тақта ашылдыТаяуда медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) бойынша Алматы декларациясының 35 жылдығына орай ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының (ДДҰ) директоры Жужанна Жакаб, БҰҰ Балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің ҚР-дағы өкілі Джун Кукита және т.б. қатысуымен ескерткіш тақтаның салтанатты ашы-луы болды.

ға өз денсаулығын сақтап қалу жолында және өмір сүру уақытын арттыруға нағыз мүмкіндік беріп отыр. Соңғы онжылдықтар бо­йынша бүкіл әлемдегі денсау­ лық сақтау алға қарай айтарлық­тай жылжыды. Алғашқы меди­ циналық­санитарлық көмек көр­ сетудің перспективалары ешқа­ шан қазіргідей жоғары бағала­ нып көрген жоқ. Қазақстанда ха­лық денсаулығын сақтауға ерек­ше назар бөлінуде. Медицина­ лық жәрдемнің қолжетімділігі мен сапалы болуын қамтамасыз ету қазақстандық денсаулық сақ­тау жүйесінің стратегия­лық мін­деті болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Жастар кітаптыэлекТРондыҚ нұсҚАдА оҚиды

ҚР Мәдениет және ақп­арат министрлігі «Қазақстанның электронды кітап­ханасы» атты үлкен жобаны іске асырды. Онда 4280 кітап­ және 16 мыңнан астам құжаттың көшірмелері бар. Кітап­хана қоры үнемі жаңарып­ отырады.

б а с п а с ө з д і ң э л е к т р о н ­ды нұсқасын мықтап қолға алу қажет, – деді ол. – Қа­зіргі кезде біз барлық жаңалықты таңертең оқи­ мыз. Түстен кейін оның барлы­ғы маңызды емес болып қалуы мүмкін. Ал газет­журналдардың ертеңгі нөмірі шыққанша, біраз уақыттың кететіні белгілі. Әрине, газеттің алыстағы ауылға жетуі керек. Алайда көзіқарақты, креа­ тивті оқырман барлық жаңалық­

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,«Орал өңірі»

ты ғаламтордан алып, оқи са­лады. Сондықтан қазақ тілді бұ­ қаралық ақпарат құралдары бо­ лашақта өздерінің интернет сайттарын мықтап қолға алула­ ры қажет. Баспасөздің жұмысы тек таралыммен ғана емес, оның сайтына кірген адамдардың са­нымен де бағаланатын болады».

Бұл жоба еліміздің жаста­ры тарапынан қызу қол­дау табуда. Сол себепті

олар жаңа кітаптың дүкенге түсуін күтпей­ақ, оны ғаламтордан та­ уып, электронды нұсқасын оқиды. Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация­лар қыз­ метінде өткен брифингте Мәде­ниет және ақпарат министрі Мұх­ тар Құл­Мұхаммед дәл осылай мәлімдеді. «Бүгінде қазақ тілді

Page 3: Орал Өңiрi №138

Cейсенбі, 12 қараша 2013 жыл3

[email protected]

ҚоғАм

Алдағы айда Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры­ның ашылғанына 20 жыл толмақ. Бүгін осы айтулы мерекеге орай «Батыс Қазақстан аймағындағы театрлардың шығармашылық жағ­ дайы және оны жақсартудың жол­дары» атты форум­фестиваль бас­ талды. Оралға Қазақстан театр қайраткерлері одағының төраға­сы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған театр тарландары келді.

Қазақстанның батыс аймағын­дағы театрлардың шығармашы­лық тынысы, әлеуметтік жағдайы, театрдың мемлекет пен қоғам өмі­ріне қажеттілігін арттыру мақса­ тында өткелі отырған форум­фес­ тивальдің жұмысына Ақтөбе, Аты­рау және Маңғыстау облыстары­ның әкімшілігі мен мәдениет бас­ қармасының өкілдері, театр қыз­ меткерлері қатысуда.

Форум ая­сында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау театр­ ларының қойылымдары қойылып, шеберлік сабақтары мен әр түрлі тағылымды кездесулер өтпек. Фо­рум­фестивальдің шымылдығы 15 қараша күні жабылады.

Ақ Жайықта өнер мерекесі

Өз тілшіміз

Кеше облыстық орталық мешітте аудан және ауыл имамдарына арналған бір ап­талық діни сауатты жетіл-діру курсы басталды. Қасиет-ті орынға жиналған түрлі жастағы имамдар алдында ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл-имамы Руслан Сұлтанов п­ен облыстық дін істері деп­арта-ментінің басшысы Талғат Нығмет сөз сөйледі.

оҚуы

– Құрметті бауырлар, ­ деді Руслан Тыныштықұлы, – оқу кур­сына келгендеріңізге көп рақмет! Осыдан бұрын да оқу өткізіліп, онда имамдар білімін жетілдіруге кеңінен мүмкіндік алды. Оқудың мақсаты ­ имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру. Содан ке­ йін олар халық арасында дәстүр­лі Әбу Ханифа мәзһабын ұдайы насихаттап, теріс ағымдағыларға лайықты тойтарыс бере алады.

Имам-молдалардың

Халықтың діни сауатын жетілді­ ріп, адамдардың бойында иман­ дылық негіздерін қалыптастыр­ мақ. Осы оқуды ойдағыдай ұйымдастырып, оның нәтижелі өтуіне жан­жақты көмек бер­ген облыс, қала әкімдіктеріне, облыстық дін істері департа­ментіне, қала берді демеушілер­ге шын жүректен алғыс айтып, ризашылығымды білдіремін. Іс­ке сәт, жамағат!

Облыстық дін істері департа­ментінің басшысы Талғат Нығмет екі курс өткізудің алдын ала жос­парланғанын айта келіп, жұмыс барысына қанағаттанғандық се­зімін білдірді. Оның айтуынша, курстың бір айырмашылығы ­ ен­ді кәсіпқой имамдармен қатар, оған ел ішіндегі әуесқой мол­далар да шақырылады. Өйткені қазір өңірде 360 әуесқой молда бар. Сондай­ақ оқу барысын­

да дін иелері тек қасиетті Құ­ ран­Кәрімнің негіздерін, араб ті­ лін меңгеріп қоймай, психоло­гия­ және риториканы да оқып үйренеді. Бұл имамдардың ел­жұртпен тез тіл табысып кетуіне жәрдемдеспек.

– Жаңадан тағайындалған өкіл­имамдарыңыз жас та білімді азамат. Оның келешекке белгі­леген өзіндік жоспары бар. Біз өз тарапымыздан оған жан­жақты көмек көрсетеміз. Барлық дін­ге ортақ мемлекеттік құрылым болсақ та, сізге үнемі бүйрегім бұрып тұрады. Өйткені нағыз ис­лам – атадан қалған ардақты ру­ хани мұра, – деді Талғат Рахым­ұлы.

Содан кейін Т.Нығмет өз де­партаментінің қызметкерлерін, дінтанушы мамандарды жинал­ғандарға таныстырып шықты. Ал өкіл­имам Р.Сұлтанов тая­уда об­ лыстық мешітке Алматыдан үш дін маманы келетінін хабарла­ ды. Олардың екеуі – сонау Мысыр еліндегі бүкіл ислам әлеміне та­ нымал «Әл­Азхар» университе­тінің түлектері, шығысқазақстан­дық 30 жастағы Мұратбек Қыс­ таубаев пен шымкенттік 26 жас­ тағы Әсет Раманқұлов. Жиын со­ ңында Зеленов ауданы, Дария­н ауылының имамы Меңдеш Жа­қыпов ақ батасын берді.

Суретті түсірген Т.ТОҚМӘМБЕТОв

Серік ИХСАНҒАЛИ,«Орал өңірі»

Сенбілік айлығының ая­қтал­ғанына қарамастан, Шаған жаға­ лауы көшесі, 5 және 7­шағын­аудандары, Курени және Чапаев затоны аумағындағы жұмыстар­ға облыстық жастар сая­саты басқармасының қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жас­тар ұйымдарының мүшелері жұмылдырылды. Нәтижесінде

сенбілікке шыҚТы

ЖастарТәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері үшін

2013 жыл «Экологиялық мәдениет және қоршаған ор-таны қорғау жылы» болып жариялануына байланысты өткен сенбіде жастар қаланың әр ауданында жоспардан тыс сенбілік ұйымдастырды.

сенбілікке 2000­ға жуық адам қатысты.

Аталмыш шара қала тұр­ғындарына төңіректі таза ұс­тауға, экология­лық мәдениетті қалыптастырып, жастарды ең­бекқорлыққа баулуға мұрын­ дық болғаны кәміл.

Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

Оралда өткен «WestKazInvest­2013» халықаралық бизнес фору­ мы ая­сында «Машзауыт» консор­циумын құру туралы машина жа­ сау зауыттары келісімге қол қой­ ды. Консорциум құрамына «Зе­ нит», «Гидроприбор» ҒЗИ, «Оме­га», «Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Промвентиля­ция­», «ҚазАр­маПром», «Зениттехсервис» және Ақсай индустриалды паркі енді.

«Машзауыт» консорциумын құ­ рудағы мақсат – машина жасау зауыттарын Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған, Қаражанбас, Бозащы, Қарақұдық, Шынар кен орнында жұмыс істеп жатқан жер қойна­уын пайдаланушылар үшін тауар өндіру, қызмет көрсету үрдістері­не қатыстыру. Келісім шеңберін­де консорциумның үйлестіруші­ сі болып «Зениттехсервис» ЖШС таңдалынды. Үйлестіруші жер қой­ науын пайдаланушылардан ха­лықаралық стандарттарға сәйкес қосалқы бөлшектер, металл құ­рамалар, құрал­жабдық жасауға тапсырыстар қабылдайды. Келісім­де зауыттар арасындағы өзара бәсекелестікті болдырмас үшін әр зауыттың негізгі жұмыс бағыттары анықталған.

Машинажасаушылардың

консорциумы

Ішкі әскер – Биыл егемен елімізде-

гі қоғамдық қауіпсіздікті кірпік қақпай күзетіп тұрған Қазақстан Рес-публикасы Ішкі істер ми-нистрлігі ішкі әскерінің құрылғанына 21 жыл толды. Сейсенбі күні Зе-ленов аудандық мәдениет үйінде «Ішкі әскер нағыз ерлер үшін» акциясы ая-сында Орал қаласындағы №5517 әскери бөлімінің бір топ өнерпаз әскери қызметшілері көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды.

Ел азаматтарына әскери қыз­меттің маңызын түсіндіріп, Отан­ға деген ерен сүйіспеншілікті, жауынгерлік ерлікті дәріптеп, әскери қызмет беделін нығай­туды мақсат еткен салтанатты шара ішкі әскердің құрылу тари­хы, сайыпқыран сарбаздар ер­ ліктері туралы деректі фильм­мен басталды. Сонымен қатар мәдениет үйінің дәлізінде әске­ри бөлімнің кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еге­мендік жылдарында жүргізген сарабдал сая­саты туралы кі­таптар, «Ішкі әскер жаршысы», «Бүркіт» журналдары мен «Қал­қан» газеті көпшіліктің назары­ на ұсынылды.

Жергілікті тұрғындардың ал­ дында әскери қызметшілерден жасақталған оркестр өнер көр­ сетті. Айтулы іс­шараға жинал­ғандарға 5517­әскери бөлімі ко­ мандирінің тәрбие және әлеу­меттік­құқықтық жұмыстар жө­ нінде орынбасары, капитан Се­рік Әлімбеков ішкі әскердің ел тыныштығын сақтау бағытында атқарып отырған қызметін әңгі­ мелеп берді. Кеште ішкі әскер оркестрі әскери патриоттық ән­ дерді шырқаса, сержант Жұма­гелді Камалов Құрманғазының «Балбырауын» күйін төгілте орын­ дап берді. Атқыштар ротасы­ның сарбазы Ербол Меңдіха­ новтың орындауындағы «Қазақ­тың жігіттері» әні қазақ жауын­

герлерінің жігерлі, рухты, на­ мысты бейнесін айшықтай түсті.

Кеш соңында Серік Әлімбеков өңір жастарына патриоттық тәр­бие беру бағытында ішкі әскер­ лермен бірлесе жұмыс жасауда белсенділік танытқаны үшін Пе­реметный ауылдық округінің әкімі Ая­н Халауединге, аудан­дық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Денис Сады­қовқа, аудандық мәдени дема­ лыс орталығының директоры Медхат Қамбетовке алғысхат та­быс етті.

Тағылымды шара нәтижесінде жастардың әскери өмірге де­ген қызығушылықтары артып, алдағы уақытта әскер қатарында Отан алдындағы азаматтық бо­рышын өтеуге ниет білдірушілер мен әскери оқу орындарында білім алғысы келетіндер қатары көбейетініне сенім мол.

Надежда ЕСҚАЛИҚЫЗЫ,Зеленов ауданы

ТынышТыҚ кеПілі

Page 4: Орал Өңiрi №138

Ауыл-АймАҚсейсенбі, 12 қараша 2013 жыл4 [email protected]

«Қазагроқаржы» АҚ арқылы 33 “МТЗ­80”, “МТЗ­82” тракторлары мен бір “КамАЗ”, 26 бірлік ауыл ша­руашылығы техникаларын алды. Бұл да облыс аудандары бойын­ша ең жоғары көрсеткіш болды. Сондай­ақ былтырғы жылы ау­ данның тауар өндірушілері 144,4 млн. теңге қайтарымсыз демеу­қаржы (субсидия­) алуға қол жет­кізді. «Жұмыспен қамту ­ 2020» бағдарламасы бойынша ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін беріл­ген 382,8 млн. теңге несиенің де­ ні де мал шаруашылығы саласына жұмсалды. Осыншама үкімет қол­дауы аудандағы мал шаруашылы­ғын дамытуға әсер етпей қалған жоқ. Мал өткен қысқа сүбелі келді. Жемшөптің молдығы қыстан ары­май шығуға мүмкіндік берді. Мал басының шығыны айтарлықтай азайып, қоңды мал оңды төл еріт­ті.

Биыл аудан бойынша 14124 бас бұзау, 76638 бас қозы мен лақ, 3538 бас құлын, 160 бота алынды. Атап айтқанда, сиыр малының басы тоғыз айлық көрсеткіш бойынша 43080 басқа, қой мен ешкі 164828 басқа, жылқы 13078 басқа, түйе

Осы мәселеге байланыс­ты аудандық кәсіпкер­ лік, ауыл шаруашылығы

және ветеринария­ бөлімінің бас маманы Наталья­ Сажинадан бұл тұрғыда ауданда атқары­ лып жатқан жұмыстар жөнін­де айтып беруді сұраған едік. Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асып отыр­ ған үш жылдың ішінде ауданда бірқатар жұмыстар атқарылған. Аталмыш бағдарлама өмірге келгеннен бері аудандық кәсіп­керлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария­ бөлімінің қызмет­керлері барлық ауылдық округ­терді аралап, кәсіпкерлер мен тұрғындарға бағдарламаны наси­ хаттап, оның төрт бағыты бойын­ ша түсінік жұмыстарын жүргізуде.

– Кәсіпкерлікті қолдау жөнін­дегі жедел топ биылдың өзін­де 162 адамды қамтып, түсінік жұмыстарын жүргізді, – дейді ол, ­ Соңғы рет, биыл қазан айын­да өткен ауылдық округ әкімде­рінің есеп беру жиналыстарына қатынасып, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағ­дарламаларды насихаттап, тұр­ғындарға нақты да айқын түр­ де түсіндіріп бердік. Аудан әкі­мі ауылдық округтерде болып, жұртшылықпен кездескенде кә­сіпкерлікті дамыту, мемлекеттің беріп отырған демеуқаржысын пайдалану, шағын цехтар ашу, ауылда асыл тұқымды мал, құс

Мал басы көбейді,шАРуА енді не дейді?

Елбасының тап­сырмасы бойынша елімізде ауыл шаруашылығын қолдау шаралары жыл санап­ жетілдірілуде. Өткен жылы аудан бойынша 62 шаруа 202,6 млн. теңге несие алды. Соның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 50 шаруа 157,24 млн. теңге, «Агронесиекорп­ора-циясы» АҚ арқылы 1 шаруа 10 млн. теңге, «Жаңақала несие» ЖШС арқылы 11 адам 35,4 млн. теңге несиеге қол жеткізді. «Сыбаға» бағдарламасы бойын-ша 21 адам 145,59 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Осыған орай ауданымыз облыс бойынша ең көп­ несие алған аймақтардың қатарына кірді.

988 басқа жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сиыр 5510 басқа, қой 11988 басқа, жылқы 2252 басқа, түйе 37 басқа көбейді.

Жаңақалалық мал өсірушілер үкімет қолдауынан биыл да кенде қалған жоқ. Тоғыз ай ішінде 18 ша­руа қожалығы «Сыбағадан» 44025 мың теңге сыбаға алса, бір ша­ руа «Бизнес­Аймақ» бағдарламасы бойынша 2 млн. теңге, 46 тауар өндіруші «Жұмыспен қамту ­ 2020» бағдарламасы бойынша 86 млн. теңге алуға қол жеткізіп, «Жаңа­қала­несие» ЖШС 22 шаруаға 98 млн. теңге несие берді. Несиелеу, қайтарымсыз демеуқаржы беру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Осыған орай ауданда қожалық құрушылар қатары көбейіп келе­ді. Биылғы жыл басында шаруа қожалықтарының саны 337 бол­са, тоғыз ай соңында 358­ге жетіп, 21­ге артты. Жаңақала ауданында төрт түлік басы көбейді. Аудандық

статистика мәліметі бойынша ауданда 4544 аула барын ескер­сек, бір аулаға 9,5 сиыр, 36,3 қой, 2,9 жылқы, 4,5 үйге бір түйе келеді екен. Бұл жаман көрсеткіш емес.

Шүкір, мал басы көбейді, енді шаруалар не дейді. Алаңы неде?

Бақытжамал МАғзЕНОвА, жеке шаруа: ­ Үкімет мал шаруашылығын да­

мытуға үлкен көмек көрсетіп отыр. Қолы жеткендер жеңілдікті несие­лер, қайтарымсыз демеуқаржы­лар алуда. Жағдай жасалған соң мал басы өсуде. Мұның бәрі тек шаруа қожалықтарына көрсетіле­ ді... Ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларында малды өсі­ рудің шаралары алынған да, оны өткізудің жолдары қарастырыл­маған. Ет бағасы арзандап кетті. Біз мал тапсыратын Атырау база­ рын шетелдің сапасыз еті басып алды. Біз өсірген малымызды өт­кізетін жер таппай, делдалдарға жем болудамыз.

Ержан ДОСҚАЛИЕв, шаруа қожалығының жетекшісі:– Біреудің жеке шаруасына «да­

мыт» деп жеңілдікпен қомақты не­сие беру, көл­көсір қайтарымсыз қаржы беру бұрын болмаған жай. Мемлекеттің тарапынан жасалып отырған қолдау шаралары қо­ жалықтардың дамып кетуіне мүм­кіндік берді. Тек енді ерінбей еңбектеніп, ұтымды ұйымдасты­ ра білу керек. Соңғы жылдары өзенге су түспеуі қиындық ту­дырып отыр. Жер асты суы да ашып кетті. Бұрын ата­бабамызға құтты ата қоныс болған жерлер су болмағасын ел ауып, бос қалды... Екінші қиындық – малымыз өт­пейді. Арзанға берсек, өсірген құнын ақтамайды. Малды өсіруге қолдау көрсеткен үкімет енді дел­ далсыз өткізетін тетіктерін ұйым­дастырса, малды ауылдың тұр­мысы түзеле түсер еді...

Мұндай пікірді жұмыссыздық­ты азайтып, өзін­өзі жұмыспен

қамтуды іске асыру мақсатын­ да берілген «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша не­ сие алып, мал өсірумен айна­лысқандар да айтады.

– Тұрмысымызды түзейміз деп несие арқылы алған малымыз биыл алған бағасына өтпей қалды. Бруцеллезге шығып, саны ке­ мігені бар. Шөп бағасы да тым қымбат. Қазір тоқсан сайын өсі­мін төлеудеміз. Ақпаннан бастап несие қайтарымы басталады. Ол – қомақты қаржы. Несиені қайтар­ған кезде өсіріп отырған малы­мызды өсімімен қайта өткізіп, бұ­рынғы күйімізде қаламыз ба деп қорқамыз. Тағы бір жылға кейін қалдырса, айналдырып алар едік, – дейді солардың бірі Э. Атауова.

Қысқасы, үкімет қолдауынан кейін мал басы көбейді. Алайда ет бағасының арзандап, малды өткізетін жердің болмауы та­ уар өндірушілерді көбірек алаң­датады.

Өмірзақ АҚБАСОВ,Жаңақала ауданы

Екі жылда 489,5 миллион қолға тисе...Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен 11 қазанда өткен. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ағымдағы жылдың өткен 9 айының қорытындысы тыңдалғанын көп­шілік қауым жақсы біледі. Жиында Елбасы Үкімет қызметінің басым бағыттары мен алда тұрған міндеттерді саралап­, бірқатар тап­сыр-малар берді. Сонымен бірге Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет-тік құрылымдардың жұмысына баға бере отырып­, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқарудағы олқылықтарды атап­ көрсетті. Елбасы кеңейтілген отырыста сөйлеген сөзінде «Бизнестің жол кар-тасы - 2020» бағдарламасы кәсіп­керлікті қолдаудың тиімді тетігіне айнала тұрса да, бұл жобаны жүзеге асыруда кемшіліктердің орын алғанына тоқталды. Мәселен, еліміздегі 43 аудан мен облыстық маңы-зы бар қалалар аталған бағдар-лама шеңберінде несиелердің п­айыздық мөлшерлемелерін субсидиялау жұмыстарын жүргізбей, жетісп­ейтін инфра-құрылымдарды тартуда бірде-бір жобаны іске асырмаған. Бұл қызмет түрі бойынша облысымыздағы 5 ауданда қарқын баяу болса, соның ішін-де біздің аудан да бар.

өсіру және бау­бақша егу сия­қты өзекті мәселелерді тынбастан ай­ тып келеді. Аудан басшысы сон­дай­ақ кәсіпкерлердің шағын жә­ не орта бизнесті жетілдіру ба­ғытындағы атқарып жатқан жұ­мыстарына ұдайы назар ауда­рып отырады. Мәселен, жуырда ол Жәнібек ауылындағы Қайрат Татрановтың шаруашылығында болғанда кәсіпкердің мейрамха­на, автокөлік жөндейтін станса мен көлік жуатын орын салуға қамданып жатырғанын көріп, кә­сібін жандандырғалы отырған оған біраз ақыл­кеңесін айтып, бағыт берді. Басқа ауылдық округтерде де алдағы уақытта шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда осын­дай қарымды істер жалғасаты­ нына сенеміз.

Аудандағы кәсіпкерлік саласы­ның ұңғыл­шұңғылын жақсы бі­ летін маманның мәліметіне сүйен­сек, кәсіпкерлікті қолдау жөнін­ дегі жедел топ жұмысын ая­қтаған соң ауданда кәсіпкерлікті да­мыту инфрақұрылымының қыр­ сырын толық қамтыған «Кәсіп­керлікті дамытудың 2013­2015 жылдарға арналған картасы» жа­салған. Картаға сәйкес ауданға 2014 жылы 239,5 миллион, ал 2015 жылға 250 миллион теңгенің қажеттілігі есептелініп отыр.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі­нің бас маманы өз сөзінде кәсіп­ керлікті қолдау ая­сында қеңес беруші білікті мамандар кәсіп­керлерге сервистік қызмет түр­

лерін көрсетіп, кәсіпкерлік қыз­метті тиімді әрі сауатты жүргізу мақсатында өз бизнесін құру, биз­нес идея­ның келешегін талдау, кәсіпкерліктегі маркетинг, қыз­ меткерлерді басқару, кәсіпкер­ліктің заңды тетіктері, тағы да басқа бағыттар бойынша тегін кеңес бергенін айтады. Мыса­лы, кәсіпкерлікті қолдауға ар­налған бағдарламаларды ауыл­дық округтер тұрғындарына түсіндіру, насихаттау шаралары­на «Даму» кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» АҚ Батыс Қазақ­ стан облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері атсалысқан. Аталған қордың жылына екі рет ұйымдастырып өткізілетін екі күндік семинар­курсына 33 тыңдаушы қатысып, тегін кеңес­тер алған. Сондай­ақ биыл мау­сым айында «Назарбаев уни­ верситеті» АҚ базасында 4 кәсіп­ кер «Бизнестің жол картасы ­2020» бағдарламасының төртінші бағыты – кәсіпкерлік мүмкіндікті арттыру бойынша үш күндік биз­нес­курсқа қатысып, білімін же­тілдірген. Сол сия­қты аталмыш бағдарламаның жаңа бизнес – бастамаларды қолдау жөніндегі бірінші бағытына сай аудандағы 4 кәсіпкер тағамдық азықтар өн­ діру (пиццерия­, шағын наубай­ хана), сәулет және компьютерлік қызмет бойынша грант алу үшін облыстық конкурсқа қатысып, өте алмаған. Ал бағдарламаның осы бағыты бойынша үш шаруа

қожалығы өздерінің шаруашылық­тарында электр желілерін өткізу және жол төсеп салу жұмыстарын жүргізеді деп жоспарлауда.

– Ауданның табиғат­климаттық жағдайын есепке алғанда кәсіп­керліктің мал шаруашылығы, құс өсірушілік бағыттары, сондай­ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өң­ деу, азық­түлік тағамдарын өнді­ру және басқа өндіріс салаларын дамытуға мүмкіндік бар. Алай­ да ауылдық жерде несие алу үшін кепілге қоя­тын жылжымай­тын мүлік өте төмен бағаланады. Мәселен, құны 1,5­2 миллион теңге тұратын үй 0,7­1,0 миллион теңгеге бағаланады. «Жұмыс­пен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 3 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Бірақ жыл­жымайтын мүліктің төмен баға­лануына берілетін қаржы мөл­ шері кәсіпкерлікпен айналыса­мын деген тұрғындардың мүм­ кіндігін шектеуде. Сондай­ақ екін­ші деңгейлі банктердің ауылдық жердегі жылжымайтын мүліктер­ді облыс орталығынан шалғай жатқандығымен байланыстырып, кепілдікке алмауы да қиындықтың бірі болып табылады. Сонымен бір­ге несиені рәсімдеу кезінде тиісті ресми құжаттардан басқа қосым­ша көптеген түрлі анықтамалар мен құжаттарды талап ету де несие алудағы басты кедергілер болуда, ­ дейді Наталья­ Владимирқызы.

Нұрымбек ЖАПАҚОВ,Жәнібек ауданы

Page 5: Орал Өңiрi №138

фоРумсейсенбі, 12 қараша 2013 жыл[email protected] 5

10-11 қараша күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында Қазақстан мен Ресейдің Х аймақаралық әріптестік форумы өтті. Дәстүрлі шара биыл «Өнеркәсіп кооперациясы» тақырыбына арналды.

Өндіріс шарықтап, озық технология­ өрге басқан қазіргі заманда Ресей

сия­қты ірі елмен бұл саладағы ынтымақтастық біздің экономи­камыз бен халқымыздың тұрмы­сына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Оған еліміздің Ресейдің 80­ге жуық өңірімен қарқынды қарым­қатынас орнатып, биыл тоғыз айдың өзінде өзара сауда айна­лымы 18 млрд. АҚШ долларын құрап отырғаны дәлел.

Жиын қос ел бизнес өкілде­рінің көрмесімен ашылды. Бұл екі жақтың кәсіпкерлеріне де өзара тиімді келісімшарттар жа­сау үшін таптырмас мүмкіндік болды. Екі елдің 30­ға жуық ай­мағынан жиналған кәсіпорындар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жо­ баларын ұсынды. Форумға 3 мың­дай адам қатысты.

Көрменің салтанатты ашылуын­ да алғашқы сөз кезегін шара өткен Свердлов облысының гу­бернаторы Евгений Куйвашев алса, Ресейдегі Қазақстан елші­лігінің кеңесші­елшісі Виктор Те­мірбаев, Ресей сауда­өндірістік палатасы президенті Михаил Круг шараның маңызына тоқталды.

Көрмеге қазақстандық «Қазақ­ стан темір жолы» ҰҚ» АҚ, «Азия­­авто» АҚ, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» ААҚ, «Қостанай боркомбинаты» АҚ, «Қазэнерго­кабель» АҚ, «Кентау трансфор­матор зауыты» АҚ, «Екібастұз ГРЭС­2» АҚ, «Қазазот» ЖШС, «Қара­ ғанды фармацевтикалық кешені» ЖШС, «Ордабасы­Құс» ЖШС сия­қ­ ты нысандар өнімдерін қойды. Батыс Қазақстан облысынан үш өнеркәсіп нысанының – «Стек­лосервис» ЖШС, «Crown Батыс» ЖШС және «Орал сауда­өнеркә­сіп компания­сының» өнімдері жұрт назарына ұсынылды. Енді бұлардың экспорт көкжиегі ке­ңейері сөзсіз.

Бірінші күн қорытындылана келе, «Уралвагонзавод» ААҚ (РФ) мен «Семейинжиринг» АҚ (ҚР)

Нұрлыбек РАХМАНОВ,“Орал өңірі”Орал - Екатеринбор – Орал

бронетанк техникаларын қайта жабдықтайтын ортақ өндіріс орнын ашуға келісімшарт жасады. «Урал­трансмаш» ААҚ (РФ) мен «АЗТМ» АҚ (ҚР) ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Ресейлік «Пенетрон» ком­пания­сы инновация­лық өнімдерін Қазақстан аумағына тарату жөнін­де «Тобыл» АҚ­мен (ҚР) меморан­дум жасады. «Тобыл» АҚ ресейлік «Витаполя­рос» компания­сымен Қостанай облысында азық­түлік өнімдеріне қаптама шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға уағ­даласты. Ресейлік «Энергосервис» компания­сы қазақстандық «Вагон сервис орталығы» ЖШС­на жаб­дықтарын жеткізуге келісімшарт жа­састы. Әл­Фараби атындағы Қазақ­тың Ұлттық университеті Ресейдің бірінші Президенті Б.Ельцин атын­дағы Урал федералды университеті­мен бірлесіп «Еуразия­­G­GLOBAL» аймақтық орталығын және «Жасыл көпір – ұрпақтан ұрпаққа» еуразия­­лық платформасын құру жөнінде келісімшартқа қол қойды.

Әл­Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университеті ректоры Ғалым Мұтанов: «Көрмені Урал федерал­ды университетімен бірлесіп ұйым­ дастырдық. Бұл біздің тығыз қа­ рым­қатынасымызды көрсетсе ке­рек. Біздің тарапымыздан 70­ке жуық жоба қойылды. Оның ішінде отандық нано жер серігі, нанома­териалдар қойылды. Мақсатымыз – шетелдермен тәжірибе алмаса оты­рып, әлемдік деңгейге шығу» – дей­ді.

Ал «Алматы ауыр машина жасау зауыты» ААҚ бас директоры Жетпіс­бай Едігенов: «Ресейде инжиниринг дамып келеді. «Урал транспорттық машина жасау зауыты» бізге ин­жиниринг компания­лар бойынша технология­лық құжаттама береді, жетпеген заттарды ұсынады. Бір­лескен кәсіпорын ашамыз», деді.

Калинин атындағы машина жа­сау зауыты тарапынан «Фламинго» сауда орталығы көрмеге түрлі жүк көтергіш, көше сыпыратын, қар тазалайтын шағын техникаларын

шығарды. Орталық директоры Рафаэль Хайруллин: «Жүк көтер­гіш шағын техникалар өндірістің барлық саласында сұранысқа ие. Қазақстанда «Рахат» кондитер фабрикасы, «Қазхром» компания­­сы, Соколов­Сарыбай кен орны, «Тыныс» АҚ сия­қты көп жылдан келе жатқан серіктестеріміз бар. Қазақстанда бізбен жұмыс істейтін өндіріс орындары көбейе түсуде. Бұл көрмеде де кәсіпкерлер өнім­дерімізге қызығушылық танытып, келісімшарт жасау ниеттерін біл­діруде» – деді.

Көрмеде жұрт назарын аудар­ған «Азия­авто» компания­сының президенті Ерік Сағымбаев ре­сейлік «АвтоВАЗ»­бен серіктес­тік ая­сында ертең Өскеменде жаңа зауыттың алғашқы кірпіші қаланатынын айтты. «Зауытта ма­шина құрастырып, дәнекерлеп, боя­йтын боламыз. Біртіндеп бөл­шек шығарамыз. Алдағы жеті жыл­да 500 мың көлік шығарылады деп жоспарлануда. Оның жарты­сы экспортқа шықпақ. Негізінен «Лада Гранта», жаңа «Лада Калина» және алдағы 2­3 жылда өндіріске қосылатын жаңа «Лада 4х4»­темір тұлпарын маманданатын бола­мыз» – дейді.

Екатеринборда өткен Х аймақаралық форумның екінші күні пленарлық

жиын өтіп, оны Ресей прези­денті Владимир Путин ашып, төрағалық етті. Жиынға Қазақ­ стан Республикасының Президен­ті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

­ Біз бүгінде Қазақстанның 14 облысымен, Астана және Алма­ты қалаларымен экономикалық байланыстамыз. Әр түрлі салада 200­ден аса аймақаралық келісім­ге қол қойылды. Қазақстан сау­да­саттық саласында ең басты әріптесімізге айналды. Соңғы он жылда сауда­саттық төрт есеге арт­ты. Инвестиция­лық әріптестігіміз де нығайып келеді. Мұны дамыта түсу үшін қазірден­ақ аймақара­лық шекаралық ынтымақтастықты

жетілдіріле түскен жаңа форматқа бағыттау керек. 2015 жылы бастау алатын Еуразия­лық экономикалық одақты айтып тұрмын. Мерекелік Х форум да соған бағытталды. Ре­сей, Қазақстан және Беларусь еркін капиталы, тауары, қызмет, жұмыс күші бар нарық құрады. Ол үшін технология­лық, өндірістік бірлес­тіктерге қарай жүруіміз керек­тігі түсінікті. Ондаған, жүздеген кәсіпорындарымыздан тұратын тиімді өндірістік желілер құру қажет. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысы өзара тиімді кооперация­ның жо­лындағы кедергілерді жойды, ­ деді РФ президенті Владимир Пу­тин өз сөзінде. Владимир Влади­мирович екі ел арасындағы жақсы дамыған өндіріс салаларына, та­уар айналымы көрсеткіштеріне тоқталды. Кейбір уақытша қиын­дықтардың бар екендігін де тілге тиек етті.

­ Бұл форум ерекше маңызға ие. Екі ел арасында тату көршілік пен ХХІ ғасырдағы одақтастық келісіміне қол қойылады. Бұл Қазақстан мен Ресейдің үшінші мыңжылдықтағы өзара тиімді әріптестігіне сенімді негізі бола­тынына сенімдімін. Әріптестіктің мәні зор саласы – бүгінгі форум тақырыбына айналған өндірістік кооперация­. Бұл жиында екі ел­дің көтеріп отырған мәселелері де ұқсас. Бізді бизнесті жүргізу­ге барынша жағдай туғызылған ашық нарық біріктіреді. Қос елдің экономикалық дамуының мақ­сат­міндеттері таңдалды. Ықпал­ дастықты шекаралас өңірлерде бастағанбыз. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңіс­тік құрып, енді Еуразия­лық эко­ номикалық одақ құруға қарай ке­леміз, ­ деді өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы. Адамзат қоғамының алдағы дамуы үшінші өндірістік революция­ ая­сында жаңа жасыл технология­ға, энергия­ның тиімді көздеріне, жаңа технология­ға қа­тысты екенін айтқан Елбасымыз

енді кәсіпкерлік қауымдастығы­ның рөлі арта түсетініне баса тоқ­талды. Сол себепті Қазақстанның инновация­лық жобаларға ерек­ше назар аударып отырғанын айтқан Президентіміз «Ехро­2017» халықаралық көрмесінің де осы бағытқа арналғанын әңгімеледі. Екі елдің арасында машина жасау, тау­кен өндірісі, уран, химия­лық өндіріс салалары бойынша бай­ланыстың жақсы дамығанын айт­қан Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің үздік кәсіпорындарын атап өтті.

Қуат өндірісі саласындағы ын­тымақтастықтың болашағы зор. Ғылым саласында көкжиек кеңейіп келеді. Сол себепті жаңа техноло­гия­лар саласында қос елдің күш біріктіруін құптайтынын жеткіз­ді. Келешекте адамзат қуаттың жаңа түрлерін іздеуге көшетінін, соның жолдарын бүгіннен қарас­тыруымыз қажеттігін бұл жиын­да да еске салды Нұрсұлтан Әбішұлы. Қазақстандық бизнес өндіріс кооперация­сын өзара тиімді жағдайда кеңейте түсуге әзір екендігін кесіп айтқан Пре­зидентіміз екі ел басшылығының басты мақсаты бизнестің дамуына барынша қолайлы жағдай туғызу екенін жеткізді.

Елбасымыз келесі жылы дәстүрлі форумды Аты­рау қаласында көмірсутек

саласындағы инновация­ларға ар­нап өткізуді ұсынды.

Форумда Ресейдің Аймақтар­ды дамыту министрі Игорь Слю­ня­ев, ҚР Премьер­министрінің орынбасары ­ Индустрия­ және жаңа технология­лар министрі Әсет Исекешев, РФ Экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат До­саев, РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров, Свер­длов облысының губернаторы Евгений Куйвашев, Павлодар об­лысының әкімі Ерлан Арын, Че­ ля­бі облысының губернаторы Ми­хаил Юревич, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі.

­ Бүгінде Батыс Қазақстан об­ лысының әкімдігі Ресейдің көрші­лес бес облысымен – Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орын­бормен және Татарстан Респуб­ликасымен сауда­экономикалық, ғылыми­техникалық, мәдени ын­ тымақтастық келісіміне қол қой­ды. Соған сәйкес түрлі салада өзара тиімді байланыстар орна­ды. Кәсіпорындарымыз ресейлік өндіріс нысандарымен қауымдас­ тықты кеңейтуде. Мамандар тә­жірибе алмасып тұрады. Көрме­лер, жәрмеңкелер, бизнес­фо­румдар ұйымдастырылады, ­ деп облыс әкімі Нұрлан Ноғаев біраз нақты мысалдар келтіре келе, бұл форумның ықпалымен жаңа әріптестік қарым­қатынастар ор­ нап, тиімді келісімшарттар жаса­ лып, бизнестің шекарасы кеңейе­тініне сенім артты. Соның айға­ғындай форум ая­сында бірқатар келісімшарттар жасалды.

Жиын қорытындысында қос елдің мемлекет басшылары фо­рум жұмысына жоғары баға беріп, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация­сының тату көршілігі мен ХХІ ғасырдағы одақтастығы келісіміне қол қойды.

Іскерлік қарым-қатынас ҚАРҚын АлмАҚ

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Page 6: Орал Өңiрi №138

хАТ-хАбАРсейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

[email protected]

1. Батыс Қазақстан облысы әкімі ап­п­аратының талдау және бақылау бөлімінің бас маманы («Д-4» санаты, 1 бір-лік).

«Д-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет

өткерген жылдарына байланысты 71 751 (min) теңгеден 96 735 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:Тұрғын үй­коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және

қайта құру, елді мекендерді газдандыру бағдарламаларын іске асыру мәселелері, КПО б.в. компания­сымен (өкілеттік шегінде) өзара іс­қимыл жасау, энергетика және тұрғын үй­коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау мәселелері. Же­текшілік ететін бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының орындалуын бақылау. Облыс әкімі актілерінің жобаларын, облыс әкімдігінің отырыстарына, кеңестерге және жұмыс топтарының отырыстарына материалдар, ақпараттық­талдау жазбаларын дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талап­тар: «Құқық» немесе «Өнер» (сәулет) немесе «Әлеуметтік ғы­

лымдар және бизнес» (экономика немесе менеджмент немесе есепке алу және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика) немесе «Жаратылыс ғылымдары» немесе «Техникалық ғылымдар және технология­лар» немесе «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (энергия­мен қамтамасыз ету неме­се электр энергетикасы) немесе «Қызметтер» мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағы­

тына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары

бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде не­месе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар дая­рлау жөніндегі республикалық комиссия­ бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды ая­қтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы.Қазақстан Республикасының Конституция­сын, Қазақстан

Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасы­ ның Үкіметі туралы» Конституция­лық заңдарын, Қазақстан Рес­ публикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi ту­ралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның маманда­нуына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік­құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегия­сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си ба­ғыты» стратегия­сын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мін­ деттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. Батыс Қазақстан облысы әкімі ап­п­аратының мем- лекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы («Д-4» санаты, 1 бірлік).

«Д-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өт­керген жылдарына байланысты 71 751 (min) теңгеден 96 735 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:Облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия­

отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету және өткізу, комиссия­ шешімдерінің орындалуын бақылау. Облыс­тағы, қаладағы немесе аудандағы қоғамдық­сая­си, әлеуметтік­экономикалық және басқа да үрдістер туралы ақпараттарды талдау, сондай­ақ терроризмге қарсы комиссия­ның оның пай­ да болуына ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнін­ дегі ұсыныстарын дайындау. Ақпараттық­талдау материалда­ рын, анықтамалар, жазбалар, кеңестерге материалдар дайын­дау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талап­тар: Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағы­

тына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары

бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде не­месе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар дая­рлау жөніндегі республикалық комиссия­ бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды ая­қтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы.Қазақстан Республикасының Конституция­сын, Қазақстан

Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республика­сының Үкіметі туралы» Конституция­лық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер тура­лы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртi­ бi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның ма­ мандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік­құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегия­сы – қалыптасқан мемлекеттің жа­ ңа сая­си бағыты» стратегия­сын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мін­ деттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06­7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссия­сын қалып­тастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:1) осы Қағидаларға 2­қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3­қосымшаға сәй­

кес нысанда толтырылған сауалнама;3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырыл­

ған көшiрмелерi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжат­ тарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персонал­ ды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәлан­дырылған көшiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құ­жаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персо­ налды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі­ нің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік­құқықтық актілер­ дің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркел­ген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгі­ ленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өтке­ ні туралы қолданыстағы сертификат.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгi­

не және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәре­желер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жария­ланымдар және өз­ ге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлі­меттер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жа­

рия­ланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы ке­ рек. Конкурс комиссия­сының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма­қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжат­ тар (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрон­ дық пошта мекенжайына электронды түрде бере алады. Кон­курсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу бас­талғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды

әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.

Осы лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығындары төленбейді, үй және жеңілдіктер берілмейді.

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің ап­п­араты, 09000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс): 8 (7112) 51-39-04,

е-mail: [email protected], бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

«Казахавтодор» РММ БҚОФ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2014­ 2018 жж. арналған іс­шаралар жоспары жобасына қоғамдық тыңдалым өтеті­ нін хабарлайды. Тыңдалым 2013 жылдың 18 қарашасында сағат 16.00­де БҚО, Орал қаласы, Ихсанов көшесі, 44/1 мекенжайында орналасқан «Казах­ автодор» РММ БҚОФ ғимаратында өтеді.

Мүдделі жұртшылық «Казахавтодор» РММ БҚОФ­та жасалған Қоршаған орта­ ны қорғау жөніндегі іс­шаралар жоспары жобасы материалдарымен келесі ме­ кенжай бойынша таныса алады: ҚР, Орал қаласы, Уральский тупик көшесі, 2­үй, телефон: 87058329799.

Жобаның электронды нұсқасын [email protected] электронды поштасы­нан сұрата аласыздар, сонымен қатар көрсетілген электронды поштаға өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жібере аласыздар.

МАЭ сотының 12.10.2013 ж. ше­шімімен арыз бо­йынша «Акунова М.З» ЖК­ның банк­роттығы туралы азаматтық іс қоз­ғалды.

БҚО, Орал қ., Са­райшық көш., 61, 3­пәтер.

10 қараша күні құрамында об­лыстық дін істері басқармасы, құқық қорғау органдарының қыз­меткерлері және журналистер бар топ рейдтік сапармен осы мекенжайда болды. Биік көк дуал­мен қоршалған үйдің іші әндетіп отырған адамдарға толы. Арасын­да еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін жүр. 36 ересек адам, 26 баланы санадық. 12 бала мек­тепке дейінгі жаста екен. Лауазым­ды тұлғалардың заңды талабына бағынғысы келмеген баптистер түскі сағат 12.00­ге дейін әнде­ рін үзбей отырып алды. Бұл ән, олардың пікірінше, құлшылық ету. “Құдайымыз Иса пайғамбар, ол жақында келеді, бізді жұмаққа апа­рады, бізбен бірге болмағандар тозаққа түседі” деп жалғаса бере­ тін сектанттардың әдеттегі әләу­лайы бұл жерде де көрініп тұр. Өзін Кенжетай деп таныстырған қауым мүшесі: “Көзім осы жерге келгесін ғана ашылды, Исаны тап­ тым” деп көлгірсіді. Жалпы, бір байқағанымыз, мұндағылардың бет­жүзінде эмоция­ аз, зомбидің күйіне еніп кеткендей әсер қал­дырады. Ұйымда конспирация­ тәртібі қатаң сақталатыны да байқалды. Себебі бақылаушы ор­ гандар тарапынан тексеріс тудыр­мас үшін не жетекшісі, не руха­ни көсемі жоқ. Болса да айтпай­ды. Ұйымды тіркетуді тіпті де ойламайды. Жыл басынан бері арнайы белгіленген орыннан тыс жерде, заңсыз құлшылық ету фак­ тілеріне байланысты қауымның бірнеше мүшесіне әкімшілік хат­ тама толтырылып, миллиондаған теңге айыппұл салынса да, оны

төлеуге талпынып жатқан ешкім жоқ.

Саламат ЖҰМАғҰЛОв, БҚО дін істері басқармасының бас маманы:

- Осы заңсыз ұйымның заңсыз діни жоралғылар жасаумен айна-лысқанына бірнеше жыл болды. Өздеріңіз көргендей, бұлар тіркел- гісі келмейді. Осыған байланысты жыл басынан бері біздің басқарма мен құқық қорғау органдары бір- лесіп, ресми тіркелмеген “Еван- гелистік христиан баптистер” қауымдастығының мү­шелеріне қа- тысты ҚР Әкімшілік құқықбұзу-шылық туралы заңының 374-1-бабы 1-бөлімі және 357-бабының 1-бөлімі бойынша 37 әкімшілік құ- қықбұзушылық хаттамасын тол-тырдық. Барлығы 2 млн. 778 мың теңгеге айыппұл салдық. Бірақ ол айыппұлдарды қазір ешкім тө-лемей отыр. Алдағы уақытта заңсыз әрекеттер тыйылмаса, заңмен қаралған өзге де мәжбү­рлеу шаралары жү­ргізілетін болады.

Діни қауымдастықтың әрекеті­не көршілері де қарсы. “114” қа­уырт желісіне баптистердің діни әдебиеттерді заңсыз таратқандығы туралы шағым түскен. Осы Көк­шетау көшесінің тұрғыны Ольга Непля­х та бұл жайларды растады. “Олар менің екі баламды сектаға тартпақ болып, қолдарына діни әдебиеттер берген. Осы үйге көлік көп келеді. Әсіресе, сәрсенбі мен жексенбіде кешкі 23.00­ден кейін құлағымызға тыным жоқ. Кіреді­шығады, ән салады, кішкентай сәбилерін де көк ала қойдай қы­ лып сабап жатады. Біздің сұрай­тынымыз ­ осы сектаны жабу ке­рек”, ­ дейді Ольга.

Рейд соңында тіркелмеген қа­ уымның бірнеше мүшесіне әкім­шілік хаттама толтырылып, айып­пұл салынды.

Баптистердің бұл қай басынғаны?Дін атын жамылған секталар көптеген адамның санасын

улап, жиған-тергенін айтпағанда, отбасы мен Отаны секілді ең қастерлі ұғымдардан безіндіруде. Қазақстанда бұл әрекетке тоқтам салу үшін “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заң қабылданды. Заңға сәйкес, бейбіт тірлікті құптайтын, экстремистік пиғылды көздемейтін діни ұйымдар мен бірлестіктер тіркеуден өтті. Бірақ үй ішінен үй тігіп, өзім білемдікке салынып жатқандары да жоқ емес. Орал қаласындағы Көкшетау көшесінің бойындағы №5 үйде орналасқан өздерін “Евангелистік христиан баптистер шіркеулер кеңесі” деп атайтын күмәнді ұйым – солардың бірі.

Тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕВ,«Орал өңірі»

Антоний әкей,Орал және Ақтөбе п­равославие еп­архиясы-ның архиеп­ископ­ы:

­ Баптистер сектасы елімізде осыдан екі­үш ға­ сыр бұрын пайда болса, иеговашылар онан ке­йін өмірге келді. Бәрі де христиан дінінің атын жамылған, іс жүзінде оның жөн­жоралғысымен санасқысы келмейтін топтар. Қасиетті Інжілдің кейбір қағидаларын міндетті санамайды. Әсіресе,

ресми биліктің қоғамдық­сая­си, әлеуметтік мән­маңызын мойындауға қарсы. Сондықтан ресми православие бұл ағымдарды «христиандық» деп есептемейді, олармен қарым­қатынасқа үзілді­кесілді қарсы. Өйт­ кені олармен айтысып­тартысудың қажеті жоқ. Ақиқатты мойындату қиын. Бірақ ондайға бармаймыз. Бізде дін бостандығы бар. Қазақ жерін­де ислам мен христиандықтың православие тармағы өзара сыйластық пен ынтымақ жағдайында өмір сүруде. Елбасымыз Н.Назарбаев «Ис­ лам мен православие ­ Отанымыздың қос рухани қанаты» деп бекер айт­ паған. Ресми христиандықтың бір тармағы ретінде мемлекетті сыйлаймыз, заңына бас иеміз. Православ христиандарын Отанды сүюге, мемлекетті құрметтеуге және имандылыққа шақырамыз. Әрі өзге дін өкілдерімен та­тулықты уағыздаймыз. Өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы басшылық еткен Қазақстан Республикасы рухани өмірімізге барлық қолайлы жағдайды жасап отыр, жасай береді де. Қашан да Елбасының сая­сатын қолдаймыз!

Page 7: Орал Өңiрi №138

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 15872, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: Ұ.САРИЕВА

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІкТІ ТІЛШІЛЕР: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙТАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ,Сырымбек ТҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

хАбАР-ошАРCейсенбі, 12 қараша 2013 жыл

[email protected]

Жоғары қабілетті және сәулелік жүктемесі айтарлықтай төмен соңғы үлгідегі аппаратта компьютерлік томография­ (қабатталған рентгенология­) өткізіледі.

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 19­үй (“Омега” зауыты ауданы). “Медициналық орталық” ЖШС.

Анықтама алу үшін телефон: 53-72-59.

Орал қаласының тұрғыны болған, ая­улы жар, асыл ана, ардақты да алтын әжеміз Райхан Елеубаева ортамызда болғанда, бүгін, 12 қараша күні 62 жасқа толғанын тойлар едік. Әттең, сұм ажал арамыздан ерте алып кетті.

Мынау өмір қарамас жасыңа да,Кеудемізде сағыныш басыла ма!Төрімізде тұрасың әрдайым да,Ая­улы жар, ақ әже, асыл ана!

Еске алушылар: жұбайы Темірхан, бала, қыздары Шапағат-Айжан, Арман-Эльмира, немерелері

Алдиярхан, Мұхамедияр, Даниял, жиендері Әділ, Аделина, Әдия

Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауы­ лының, кейін Орал қаласының тұрғы­ ны болған құдамыз Баймұрат Жолбас- шыұлы Лұқп­анов егер де ортамызда болса, 16 қарашада 50 жасқа толар еді.

Құдам едіңіз, қадірлі өткен ардағым,Аз күн ғұмыр кешсең де адалдықтан танбадың.Қамығады балалар сізді ойлаумен әрдайым,Амал бар ма, пейіште шалқысыншы әз­жаның.

Еске алушылар: құдасы Бекбау, қыз күйеуі Анар-Жаннұр, жиендері Бексұлтан,

Нығыметтолла, Айсара

Жарамсыз деп­ танылсынБатыргалиева Зарина Бауыржановнаның атына 08.06.2011 жылы

№30 ЖОББМ берген №0278 серия­сы 743 орта білім туралы аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

«Халесов Ж.Р.» ЖК (860721301859 куәлік­тің серия­сы 12915 №0631663 08.11. 2013 ж.) өз жұмысын тоқтатқан­дығын хабарлайды.

2013 жылғы 13 қарашада сағат 15.00­де орман қоры жерлеріне жататын Жәңгір хан көшесі бойы, Атырау қ., ­ Саратов қ. автожолы, демалыс және мәдениет сая­бағы ауданында және Желаев автотрассасы ауданындағы жерлерді Орал қаласының елді мекен жерлер санатына аудару жөнінде қо­ғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Мекенжайы: Орал қаласы, Достық­Дружба даңғылы 182/1, Орал қаласы әкімдігі ғимаратының кіші залында, 2­қабат, материалдармен Батыс Қа­ зақстан облысының жер қатынастары басқармасында танысуға болады.

Анықтама телефоны: 8 (7112) 50-05-61

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, Орал газ, мұнай жә­ не салалық технология­лар колледжінің ұжымы колледж дирек­ торы Серік Хайырұлы Мұхамбеталиевке ая­улы анасы

Назираныңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі, облыстық ішкі іс­ тер департаменті соғыс және еңбек ардагері

Рамазан Таукинніңқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын­жуық­тарына қайғырып көңіл айтады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Ұлы Отан соғысының арда­гері

Таукин Рамазан Хажымұлыныңқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен тума­туыста­рына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

2013 жылдың 9 қарашасында Ұлы Отан соғысының ардагері, милиция­ полковнигі Рамазан Хажымұлы Таукин өмірден озды.

Рамазан Хажымұлы Таукин 1920 жылдың 5 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы­на қарасты Базаршолан ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Орал қаласындағы №4 орта мектепті тәмамдаған. Мектеп бітіргеннен кейін Қазақстан ЛКЖО Камен ау­дандық комитетінде екінші хат­шы болып қызмет атқарды. 1939 жылдың қарашасында әскерге алынып, КСРО Қарулы күштері қатарында Украинада, Виницк облысында әскери міндетін ат­қарды. 1940 жылы Солтүстік Бу­ковина және Бессарабия­ аумағын азат ету жорығына қатысады.

1941 жылдың жазында екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Рамазан Таукин алғашқы күннен­ақ майдан шебінен табылды. 1944 жылы Беларусь және Польшаны азат етуге арналған «Багратион» операция­сына қатысқан Р.Таукин Минск, Калинковичи, Баранови­чи, Бобруйск, Варшава, Данциг, Гданьск, Штеттен қалаларын азат

етуге де атсалысты.Отан қорғаудағы жанқия­рлық

ерлігі үшін Р.Таукин Қызыл Жұлдыз орденімен, І­ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен және 17 жауынгерлік медальмен марапатталған.

Ұлы Отан соғысы ая­қталғаннан соң ол Қаратөбе, Чапаев, Жым­питы аудандарының партия­­кеңес құрылымдарында жауапты қызметтер атқарды.

1951 жылы Қазақстан Ком­партия­сы ОК жанындағы Жоға­ ры партия­лық мектепке оқуға түсіп, бертін келе Қазақстан ком­партия­сы Батыс Қазақстан об­комында лауазымды қызметтер­ де істеді.

1966­74 жылдары Қазақ ССР ІІМ құрылымдарында қызмет етіп, ІІМ полковнигі дәрежесімен зей­нетке шықты. Жылдар бойғы қа­жырлы еңбегінің нәтижесінде Р.Таукиннің жауынгерлік­әскери марапатына бейбіт заманда Ең­ бек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі”, ор­дендері және көптеген медаль­дар қосылды. Ол Отан мүддесі мен ортақ іске білім­білігі мен қажыр­қайратын сарқа жұмсаған

нағыз азамат еді.Рамазан Хажымұлының іскер

ұйымдастырушы, тамаша жол­ дас, үлгілі отағасы ретіндегі жар­ қын бейнесі батысқазақстандық­тардың жадында әрдайым сақ­талады.

Н.НОҒАЕВ, М.ҚҰЛШАР, к.НЫҒМЕТ, М.МҰХАМБЕТОВ,

Б.ЖҰМАҒАЛИЕВ, С.ШӘПкЕНОВ, М.кӘРІМОВ, С.СүЛЕЙМЕН, А.БАДАШЕВ,

Б.МӘкЕН, Е.САЛЫҚОВ, М.ТОҚЖАНОВ, А.кӨЛГІНОВ,

М.ӘБИСАТОВ

Рамазан Хажымұлы ТАУКИН

Салтанатты шара мектебіміз­дегі «Жас ұлан» ұйымының және «Жол қозғалысының жас инспек­торлары», «Қыран» атты жас по­лиция­ топтарының сап түзеуімен ашылды. Содан соң акция­ның жоспары, «Тоқта!», «Назар аудар!», «Жол ашық!» пәрмендерімен жая­у жүргіншілерге арналған жол бел­гілерін пайдалану мен жолда жү­ ру ережелерінің бағыт­бағдарла­ ры таныстырылды.

Жолда, көшеде жүру ережеле­рін сақтау мақсатында 1­4 сынып оқушыларына арналған «Жол ере­ жесін білейік!» атты ертегі саба­ ғы «Жолдос көмекке асығады» мультфильміне ұласты. Ал 5­7 сы­

«Мен және менің полицейім»Таяуда қаламыздағы №40 орта мектепте оқушыларды полиция жұмысымен таныстыру мақсатында дәл осындай тақырыпта акция өтті.

нып оқушылары үшін «Мен – болашақ полицей» атты құ­ қықтық дәріс сабағы ұйым­ дастырылды. «Біздің инспек­ тор» тақырыбында өткен дөң­гелек үстелге мектебіміздің инспекторы, полиция­ капи­ таны Мирғали Сапарғалиұлы қатысып, полиция­ қызметкер­лерінің қиын да қызықты жұ­ мысы туралы әңгімеледі. 8­10 сынып оқушыларына арнал­ ған «Аңдап басқын ая­қты, жас ұлан!» шарасы өткізілді. Он­ да жол­көлік оқиғаларының салдарынан болған жайсыз жағдайлар жөнінде бейне­ фильм көрсетілді. Артынан «Полиция­ – дос әрі қорғаушы» та­қырыбында өткен басқосуда әр­ кім өз ойларымен бөлісті.

Акция­ флеш­мобпен қорытын­ дыланып, шараға белсене қатыс­қандар алғысхаттармен марапат­

талды.

Сандуғаш ЖУМИЕВА,№40 орта мектеп

директорының орынбасары

Page 8: Орал Өңiрi №138

кеРуен сАРАйсейсенбі, 12 қараша 2013 жыл8 [email protected]

Жарық дүниені өз көзіңмен көре алмаудан артық қасірет жоқ шығар дейсің. Бірақ маңдайға жазылған тағдырына мойынсұнбай, қиындыққа қарсы тұрған қажырлы жандар да жетерлік. Солардың бірі – Сансызбай Досқалиев.

Сансызбай аға көз жанары көр­месе де, өз өміріне шүкіршілік ете­ді. Жолдасы Үмітай Нәсіпқызының бүгінгі өмірі жұмыстан үйдегі жұ­байына асығып, сәл де болсын мұңын сейілтумен өтіп жатыр. Ағамыз осыдан 5 жыл бұрын авто­көлік жүргізушісі болып қызмет еткен еді.

13 қараша – халықаралық зағип­тар күні

“Қос жанарым – отбасым”

­ Жаратушы Алла адам баласы­на жеті күнде жаралған көк пен жердегі табиғаттың кереметін көруге көз берді. Бірақ бұл ба­қыт маған 50­ден асқаннан кейін бұйырмапты. 2007 жылғы наурыз айынан бастап көзімнің көруі на­шарлана бастады. Дәрігерлер көз­дегі қан қысымы деген диагноз қойды. Ақ халаттылардың алдына қанша барсам да, ендігі уақытта

көзіме ешқандай емнің көмек болмайтынын ескертті, ­ деп өткен өмірін сағынышпен еске алды. ­ Қазір ойласам, адам үшін еңбек еткеннен бақытты, қуанышты уа­қыт жоқ екен. Қол­ая­ғы балғадай, дені сау жандар еңбектен қаш­пауы керек. Еңбек адамның өмі­ріне күш береді, ­ дейді.

Ағамыз жұбайы Үмітай апай мен балаларының амандығын ті­леумен келеді. Өйткені «қос жа­нарым – отбасым» деп отбасының арқасында ел қатарлы өмір сүріп отырғанына өзін бақытты санай­ды. Өмірдің ащысы мен тәттісін бірге татып келе жатқан олар ұл­қыз тәрбиелеп өсірген ая­улы жан­дар.

Иә, Сансызбай аға айтқандай, қол­ая­ғы балғадай азаматтарымыз еңбек етуге жалқауланып, отбасы бақытын таптағандар қаншама?! Осындай жігерлі жандарды көріп, барлық адам өз өмірін бағаласа екен деген ой келеді.

Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ,Қазталов ауданы

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының және Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Орал» студенттер альянсы» корпоративтік қоры Халықаралық студенттер күніне орай жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының оқушылары арасында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырды.

БҚИТУ­дың спорт залында өткен сайысқа 10 команда қа­тысты. Волейболдан І орынды Батыс Қазақстан гуманитарлық академия­сы, ІІ орынды эконо­мика және ақпараттық техно­

логия­лар колледжі, ІІІ орын­ды Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі иелен­ген болса, баскетболдан І орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық­техникалық университеті, ІІ орын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мем­лекеттік университеті, ІІІ орын Батыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне бұйырды.

Ал №7 жалпы орта білім бе­ретін мектебінің спорттық ала­ңында шағын футбол ойыны өткізілді. Доп додасында І орын­ды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық­техникалық университеті, ІІ орынды М.Өте­місов атындағы Батыс Қазақ­стан мемлекеттік университе­ті, ІІІ орынды экономика және ақпараттық технология­лар кол­леджі иеленді.

Өз тілшіміз

Студенттер күніндегі сПоРТТыҚ сАйыс

“Энергия” фитнес орталығында өткен аптаның демалыс күндері бадминтоннан БҚО ашық біріншілігі болып өтті.

Жарыстың ашылу салтана­тында облыстық туризм дене шынықтыру және спорт басқар­ма басшысының міндетін атқа­рушы Ә.Нұрмұханов сөз сөйледі. Жарысқа қатысушы спортшы­ларды құттықтап, жеңіс тіледі. Аталмыш додаға көршілес Сара­тов, Балаков, өзіміздің Қостанай облысынан және Бөрлі аудан­дарынан 70­ке жуық спортшы­лар қатысып, бақтарын сынады.

Бадминтоншылар бәсекесі

Осы жарыста әйелдердің жеке­лей сынында Е.Яковлева (Қос­танай), ерлердің жекелей сы­нында С. Ержақанов (Қостанай), әйелдердің жұптасқан сынында Е.Яковлева (Қостанай), С.Гри­горьева (Балаков қ. РФ), ерлер­дің жұптасқан сынында С.Ержа­қанов, Е.Әлембаев (Қостанай), аралас жұптасқан сында С.Ер­жақанов, Е.Яковлева (Қостанай) жеңіс тұғырынан көрінді.

Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ,

Орал қаласы

Облыстық қан орталығында ақысыз донорлық шара өтті. Игі іске БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері атсалысты.

Ақысыз ерікті донорлық акция­­лары біздің аймақта үнемі өткізі­ліп тұрады. Бұлардың барлығы ҚР денсаулық саласын дамыту мақсатында 2011­2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ая­сын­да жүзеге асырылып келеді. Қан орталығының донорлық кадр­ларды құру бөлімінің меңгерушісі Ақкүміс Нұржанованың айтуынша, бүгінгі таңда ақысыз ерікті түрде қан тапсыру өмірлік маңызды дәрілерді алудың жалғыз ғана көзі саналады.

БҚО ІІД әкімшілік полиция­ басқармасының қызметкерлері ерікті донорлық акция­сын 17 қа­раша – Бүкіләлемдік жол­көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орайластырып отыр.

­ Қазақстан бұл әлемдік қоз­ғалысқа шамамен бес жыл бұрын қосылды. Әкімшілік полиция­ басқармасының қызметкерлері үнемі донорлық көмек көрсетіп келеді, қазіргі акция­ да солардың қатарында. Бүгінгі акция­ға бар­лық жеке құрам атсалысуда. Біз ақысыз қан тапсыру арқылы жол­көлік оқиғаларынан зардап шек­кен жандарға көмек қолын созуды мақсат тұттық, ­ дейді БҚО ІІД әкім­

шілік полиция­ басқармасының аға инспекторы, полиция­ подпол­ковнигі Нұртай Лезов.

Басқарманың көптеген қыз­меткерлері – тұрақты донорлар, мысалы, Руслан Довкариев 15 рет қан тапсырған екен.

­ Бұл – біздің қанға мұқтаж жандарға көмегіміз, ЖКО­дан зар­дап шеккен азаматтарымыздың денсаулығын қалпына келтіруге қосқан үлесіміз. Мен қанды алғаш рет тапсырып тұрған жоқпын, бұл істі өзімнің азаматтық борышым деп санаймын, ­ деп атап өтті по­лиция­ капитаны Асқар Сәлімов.

­ Әлемдік тәжірибеден байқа­ғанымыздай, ақысыз, ерікті до­

норлық қан және оның құрамы қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне кепіл болады. Біз полиция­ қызмет­керлеріне өздерінің донорлық қозғалысқа қатысулары арқылы бізге көрсетіп отырған зор қол­даулары үшін алғысымыз шексіз. Барлық донорларға денсаулық пен амандық тілейміз, ­ деді қан орталығы донорлық кадрларды қалыптастыру бөлімінің меңгеру­шісі Ақкүміс Нұржанова.

Галина САМОЙЛОВА

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

Қан денсаулық үшін