8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСи ГАЗЕТ www.zhAiKpress.Kz Сейсенбі, 8 сәуір 2014 жыл №38 (19957) + 13 0 С - 4 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] Орал өңірі ЕЛ-ЖҰРТ ӘЛЕУМЕТ 4-5 Жарқын өмірдің жолашары Батыстың батырлары 5 Жәрмеңкеден ЖұмыСҚА Таяуда «Нұр Отан» партиясының Зеленов аудандық филиалында үкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұыс орындарының жәреңкесі өтті. Тұңғыш рет ұйыдастырылған бұл еңбек жәреңкесіне аудандағы елекеттік екеелер, кәсіпорындар ен жеке кәсіпкерлер қатысты. А удан бойынша 2017 мүм кіндігі шектеулі жан болса, оның 773і – ІІІ топ мүгедектері, 1035сі І, ІІ топта болса, олардың ішінде 16 жасқа толмағандар саны 159. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша, осы ған дейін 8 мүмкіндігі шектеулі аудан тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасқан, бұдан бөлек әлеумет тік жұмыс орындарына 12, уақытша жұмысқа 3 және кәсіби оқуға 4 мүмкіндігі шектеулі жан жіберіл ген. Өткен жылы 2 мүгедек «Жұмыс пен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өз ісін ашуға мүмкіндік алды. Елбасының биылғы Жолда уында айтылғанындай, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оларды тұрақты жұ мыспен қамту бір күндік шаруа емес, біз бүгін ұсыныспікірлерді тыңдай отырып, алдағы уақытта да жұмыстанатын боламыз, дейді аудан әкімінің орынбасары Гүлназ Құлжанова. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынба сары А.Сигунов әр аптаның сәр сенбісінде өтетін қоғамдық қабыл дауда айтылған мүгедек жандар дың мұңмұқтажы мен оларды толғандырған мәселелердің на зарда болатынын, жәрмеңке жыл бойы төрт мәрте өтетінін айтты. Жәрмеңкеге қатысқан 15 мүмкін дігі шектеулі жанның кейбірі білім жетілдіру курсына жолданып, ал бәзбіріне өз кәсібін ашу туралы кеңес берілді, кейбіріне жұмыс ұсынылды, ІІІ топ мүгедегі, бұрынғы мед бике Айнұр Құдабаева қайта даяр лау курсынан өткен соң, аудандық ауруханаға жұмысқа орналасатын болды. Надежда ЕСЕтОвА, Зеленов ауданы Ассамблеяның кезекті сессиясында өзекТі мәСелелеР ҚАРАлмАҚ жыл Ұлы Жеңіске 1945 2015

Орал Өңiрi №38

  • Upload
    -

  • View
    275

  • Download
    17

Embed Size (px)

DESCRIPTION

zhaikpress.kz

Citation preview

Page 1: Орал Өңiрi №38

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСи ГАЗЕТ

www.zhAiKpress.Kz

Сейсенбі,8 сәуір 2014 жыл№38 (19957)

+ 13 0С

- 4 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

Орал өңіріЕЛ-ЖҰРТ

ӘЛЕУМЕТ

4-5

Жарқын өмірдің жолашары

Батыстыңбатырлары

5

Жәрмеңкеден ЖұмыСҚА

Таяуда «Нұр Отан» партиясының Зеленов аудандық филиалында м­үм­кіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұм­ыс орындарының жәрм­еңкесі өтті. Тұңғыш рет ұйым­дастырылған бұл еңбек жәрм­еңкесіне аудандағы м­ем­лекеттік м­екем­елер, кәсіпорындар м­ен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Аудан бойынша 2017 мүм­кіндігі шектеулі жан болса,

оның 773­і – ІІІ топ мүгедектері, 1035­сі І, ІІ топта болса, олардың

ішінде 16 жасқа толмағандар саны ­ 159. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша, осы­

ған дейін 8 мүмкіндігі шектеулі аудан тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасқан, бұдан бөлек әлеумет­ тік жұмыс орындарына 12, уақытша

жұмысқа 3 және кәсіби оқуға 4 мүмкіндігі шектеулі жан жіберіл­ген. Өткен жылы 2 мүгедек «Жұмыс­пен қамту ­ 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өз ісін ашуға мүмкіндік алды.

­ Елбасының биылғы Жолда­уында айтылғанындай, мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оларды тұрақты жұ­мыспен қамту бір күндік шаруа емес, біз бүгін ұсыныс­пікірлерді тыңдай отырып, алдағы уақытта да жұмыстанатын боламыз, ­ дейді аудан әкімінің орынбасары Гүлназ Құлжанова.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынба­сары А.Сигунов әр аптаның сәр­

сенбісінде өтетін қоғамдық қабыл­дауда айтылған мүгедек жандар­дың мұң­мұқтажы мен оларды толғандырған мәселелердің на­зарда болатынын, жәрмеңке жыл бойы төрт мәрте өтетінін айтты. Жәрмеңкеге қатысқан 15 мүмкін­дігі шектеулі жанның кейбірі білім жетілдіру курсына жолданып, ал бәзбіріне өз кәсібін ашу туралы кеңес берілді, кейбіріне жұмыс ұсынылды,

ІІІ топ мүгедегі, бұрынғы мед­бике Айнұр Құдабаева қайта даяр­лау курсынан өткен соң, аудандық ауруханаға жұмысқа орналасатын болды.

Надежда ЕСЕтОвА, Зеленов ауданы

Ассамблеяның кезекті сессиясындаөзекТі мәСелелеР ҚАРАлмАҚ

жыл

Ұлы Жеңіске

19452015

Page 2: Орал Өңiрi №38

АҚПАРАТСейсенбі, 8 сәуір 2014 жыл

[email protected]

Сәуірдің 3-і күні «Бей-бітшілік пен келісім­нің жол картасы» м­егажо-басы аясындағы кезекті эстафетаны табыстау үшін Ақжайық ауданы әкім­і Нарим­ан Төреғалиев бастаған делегация Жа- ңақала ауданына келді.

айтыскер Орынбек Меңдіқұлов жыр шумақтарымен «Қош келді­ңіз!» айтса, сахнада жергілікті өнер­ паздар күй өңірдегі үзілмес өнер жалғастығын паш етті. Содан ке­ йін «Мәңгілік алауға», Күйшілер ал­леясына гүл шоқтары қойылды.

Әкімдіктің мәжіліс залында өткен «Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» тақы­

Мегажоба ЖАңАҚАлАдА

– Құзырлы мемлекеттік органдармен бірге осын­дай шешімге келдік. Бірлескен қабылдаулар палатаның алаңында өтеді. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына мемлекеттік органдармен бірлесе өткізілетін қабылдау күндерінің кестесі жасалды, ­ деді БҚО кәсіпкерлер пала­тасы директорының орынбасары Нұрлан Қайыршин.

Басқосудан кейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша департаментінің заңгерлік бө­ лімінің басшысы Оралбек Құлмұрзин, баға қалып­тастыру бөлімінің басшысы Бибігүл Хамидуллина және палата өкілдері кәсіпкерлерді қабылдады. Қабылдауға келген «Кублей» ЖШС компаниясының заңгері Ә.Айт­мағанбетова су және кәріз тарифтерінің қазіргі деңгейі кәсіпорынның табысына өз салқынын тигізетінін ай­тып, тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды тарифтерден жеңілдік берілетін топқа енгізуді неме­се отандық өндірісшілерді қолдау бағытында тариф­терді бұрынғы деңгейде қалдыруды ұсынды. «Әділет» республикалық ұлттық ғылыми­білім беру орталығының өкілі С.Баймұқашев желідегі электр қуатының айыры луы кесірінен екі күн бойы жұмыстанған электронды жар­нама сызбаларынан айырылғанын айтып, кімге, қалай шағымдануға болатынын құзырлы органның өкілде­ рінен сұрап білді.

Кәсіпкерлерді қабылдау кесте бойынша Оралдағы Т.Масин көшесіндегі 67 мекенжайында жалғасады. Сон­ дай­ақ 24­30­86, 24­30­93 телефондары арқылы бай­ланысуға болады.

Кәсіпкерлерді тұрақты қабылдамақ

Бизнес пен билік арасындағы тиім­ді әріп-тестік негізінде кәсіпкерлікті дам­ыту және кәсіпкерліктегі кездесетін түйткілдерді жедел шешу м­ақсатында айм­ақтық кәсіпкерлік пала-тасы «Ашық есік» форм­атында кәсіпкерлерді тұрақты қабылдайтын болды. Бұл туралы БАҚ құралдары өкілдерім­ен өткен брифингте м­әлім­ болды.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

рыбындағы жиынды ашқан аудан әкімі Лавр Хайретдинов алдымен келген қонақтар мен Жаңақала ауданы өкілдерін таныстырып, слайд арқылы өңірдің тыныс­тір­шілігінен көршілердегі ахуалмен салыстыра отырып, хабар бер­ ді. Мұнан кейін қос ауданның қо­ ғамдық келісім кеңестерінің төр­ағалары З.Сисенғали мен Ғ.Лұқ­

панов, еңбек ардагерлері Н.Ма­қанов пен И.Еремин, мектеп мұ­ғалімі О.Искарина мен «Радуга» ұлттық мәдени орталығының же­ текшісі В.Боричевская сөз алды. Елдікті, татулықты, дамуды әңгіме­леріне өзек еткен олардың сөзін Ақжайық ауданы әкімі Нариман Төреғалиев пен Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Ғайса Қапақов жалғады.

– Қай кезде де маңызын жой­майтын ұлтаралық татулық пен ұр­ пақ тәрбиесі жөнінде ой бөліскен

осы отырыстың пайдасы көп бо­лады деп санаймын. «Мәңгілік ел­ге» айналуда, дамыған елдердің қатарына қосылуда бірлік, дос­ тық, татулықты нығайта отырып жететін биіктер, ­ деген Н.Төреға­ лиевтің сөзін қуаттаған ақын Са­ ғынтай Бисенғалиев «Жаңақала – жыр қала» өлеңін оқып, жиналған­дарды бір серпілтті. Сосын қос ауданның әкімі меморандумға қол қойды.

Ақжайық аудандық балалар шығармашылығы орталығы тәр­ биелеген шебер балалардың қо­лынан шыққан бұйымдар көрген жанды бейжай қалдырмайтын туындылар екен. Сүйекті егеп жа­ саған түрлі аңның бейнелері, шы­найы көліктен аумайтын ойын­ шық автокөліктер, зергерлік бұ­йымдар, сәтті түсірілген фото­ суреттер, ағаштан ойып жасалған бұйымдар мен пейзаждар жи­налған жұрттың жанарын суарды.

Ал концерт көпшіліктің көңілі­нен шықты. Оркестр, дәстүрлі музыка, би, хор, эстрада, бәрі­бә­рі табылған көңілді кешке жаңа­қалалықтар орнынан тұрып, қо­шемет көрсетті. Шара соңында қос әкім сахнаға көтеріліп, Нариман Төреғалиұлы Лавр Хайретдиновке тілек кітабын табыстады.

Қ.ЗИНУЛЛИН,Жаңақала ауданы

Көршілерін құшақ жая қарсы алған жаңақала­лықтар қонақтарды ал­

дымен қос күйші – Мәмен мен Тұяқбердінің кесенесіне әкеліп, өнер алыптарының аруағына тәу еткізді. Тастөбе шайқасына ар­ налған мемориалға, қуғын­сүргін құрбандары мен полигон зарда­бына арналған ескерткішке тағ­зым еткеннен кейін меймандар «Достық» алаңына келді. Орталық алаңда жаңақалалықтар сап құрып, дәліз жасап, қонақтарды лайық­ты деңгейде қарсылап алды. Жас

Универсиадаға әлемнің 60­қа жуық елінен 3 мыңнан астам спортшы, бүкіл әлемнен 80 мыңдай түрлі делегация мүшесі, қонақтар, көрермендер мен жанкүйерлер келмек. Жарыс әлемнің 100 түрлі телеарнасынан көрсетілмек. Бұл туралы ҚР Президенті жа­нындағы ОКҚ­ның брифингінде айтылды.

Халықаралық студенттік спорт федера­циясының (FISU) президенті Клод Луи Гал­льеннің айтуынша, универсиада сайыстары «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында, «Ме­деу» биік таулы мұз айдынында, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплин кешенін­де, Б.Шолақ атындағы спорт сарайында, «Ақбұлақ» жабық мұз айдынында, Солдат сайында орналасқан шаңғы және биатлон стадиондарының кешенінде және «Таба­ ған» кешенінде өтпек. Сонымен қатар үш жаңа нысан салынбақ. Яғни Алматы қала­сының Алатау ауданында 12 мың орындық мұз сарайы мен 5 мың орындық олим­пиадалық ауыл, Медеу ауданында 3 мың көрермендік мұзсарай бой көтереді.

– Универсиадада еліміздің намысын қор­ ғайтын спортшылар тұратын олимпиада­лық ауыл соңынан Алматы қаласындағы студенттердің пайдаланылуына беріледі. Бұл жатақхана мәселесін шешуге көмегін тигізеді. Жалпы алғанда, аталмыш нысан­ дардың құрылысы көп кешікпей бастала­ ды, – деді ҚР Ұлттық студенттік спорт фе­ дерациясының президенті Қайрат Зәка­риянов.

Өз тілшіміз

Универсиадаға дайындық басталды

2017 жылы Алм­атыда өтетін ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы универ-сиадаға қаты-сушылар спорттың 13 түрі бойынша сынға түседі. P 2014 жылдың 21­25 наурыз күндері Алматы қаласында

көздері нашар көретіндер арасында дойбы мен тоғызқұ­ малақтан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өт­кізілді.

Жарысқа 8 команда қатысып, Батыс Қазақстан облысының командасы дойбыдан І орын, ал тоғызқұмалақтан ІІ орынға ие болды.

P Ақжайық ауданында биыл кем дегенде 4100 тал егу жоспар­ланды. Айталық, аудан орталығындағы Жұбан саябағы одан әрі көгалдандырылады. Ауылдардағы тәрбие және білім меке­мелерінің аумақтарында алма, өрік т.б. жеміс ағаштарын отыр­ ғызу ойластырылды. 19 сәуірде ауданның бүкіл елді мекенінде көріктендіру жөнінде сенбіліктер ұйымдастырылады.

Бұл шара барысында ел­жұрттан ХХ ғасырға тиесілі жиһаз, тұр­мыстық техника, зергерлік туындылар, салтанатты кеш киімдері, фарфор статуэткалары, мектептік бұйымдар мен кәдесыйлар, ойын­шықтар жинау жоспарлануда. Бұған туған өлкесінің тарихын қадір тұтар барша жерлесіміз атсалыса алады. Желтоқсан айында атал­ мыш акция кезінде жиналған жәдігерлерден көрме ұйымдастыры­ лып, ел­жұрттың назарына ұсыну көзделуде.

«Ұрпаққа мұра болар сыйлықтар»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ағым-дағы жылдың сәуір-қараша айлары аралығында «Ұрпақ- қа мұра болар сыйлықтар» атты акция жариялап отыр.

P Таяуда Теректі ауданының Ақсоғым ауылдық клубында «Бұрымды ару – 2014» байқауы өтті. Байқауға қатысушылар «Мен елімнің аруымын», «Ең ұзын шаш», «Кім жылдам?», «Тіл өне­рі», «Сұлулық сыры», «Өнерліге өріс кең», «Адам көркі – шүбе­рек» сынды кезеңдер бойынша бақ сынады. Сайыс қорытын­ дысында «Бұрымды ару – 2014» атағы Аяулым Әбілқайырова­ға бұйырды. Ал Құрманай Заур «Өнерлі ару», Аида Ибра­ шева «Сүйкімді ару», Аққу Темірғалиева «Сымбатты ару», Саи­ да Қуанышәлиева «Инабатты ару» аталымдарына ие болып, марапатталды.

Қазақстан 2050

МӘҢГІЛІК ЕЛ

Page 3: Орал Өңiрi №38

Сейсенбі, 8 сәуір 2014 жыл3

[email protected]

ҚоғАм

­ Азаматтық қоғамды дамыту және оны тиімді жүзеге асыру үшін облыстағы мемлекеттік құ­ рылымдар және азаматтық қоғам институттары арасында іскер­лік әріптестік қатынасты нығайту бағытындағы жұмыстар өз жал­ғасын табуда, – деді өңірдегі ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар ынтымақтастығы және VI Азамат­тық форум ұсынбаларын іске асыру барысы жайындағы баян­дамасында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова. Форум ұсынбаларын іске асыру және орындау мақ­сатында 2014­2015 жылдарға ар­налған іс­шаралар жоспарына сәйкес ҮЕҰ­ның қызметіне жүйелі түрде қолдау көрсетілуде. Оған дәлел қалада, аудандарда мем­лекеттік әлеуметтік тапсырыстар­дың көлемі жыл санап ұлғайып келеді. Мысалы, 2006 жылы об­лыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 13464,0 мың теңге қаражат бөлінсе, 2013 жылы 153837,0 мың теңгеге же­ тіп, 14 бағыт бойынша 126 әлеу­меттік жоба жүзеге асырылған.

Айгүл Оразқызының айтуынша, барлық жоба қоғамдық келісімді нығайту және діни экстремизм, ра­дикализм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі құндылықтарымыз­ды насихаттау, мемлекеттік тіл­ді дамыту, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын жетілдіру, аймақ­ тық экологиялық жағдайды жақ­ сарту және өзге де салалар­ды қамтиды. Бүгінде қоғамдық ұйымдардың маңызды жобала­рын бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру жүзеге асырыла­ ды. Мәдениет саласы мен мүге­дектерді қолдау бағытында қыз­мет ететін ҮЕҰ­ның жобалары

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕвА,«Орал өңірі»

Кеше облыс әкім­дігінде облыс әкім­і Нұрлан Ноғаевтың төрағалығым­ен үкім­еттік ем­ес ұйым­дарм­ен ынтым­ақтастық және өзара іс-қим­ыл жөніндегі облыстық кеңестің жиыны өтті.

ҮЕҰ ынтымаққа ұйытқы болуы тиіс

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОв

демеушілік көмек арқылы жүзеге асырылуда. Дегенмен әлеуметтік тапсырысты өткізу барысын­да түйткілдер де бар көрінеді. «Мемлекеттік сатып алу тура­лы» заң бойынша ҮЕҰ мемлекет­тік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өзімен жасалған шарт бойын­ша өз міндеттемелерін уақтылы орындайтынына ақшалай кепілдік беруі қажет. Бұл жағдай олардың қорларының болмауына байла­нысты маңызды конкурстарға қа­тысуына кедергі келтіруде. «Жыл сайын жоғары тұрған органдар тарапынан әлеуметтік тапсы­рыстарға талаптар өзгертіліп, күшейтіліп келеді. Іс­шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асырмайтын мемлекеттік орган­дар міндетті түрде бюджеттен ҮЕҰ­мен жұмыс істеуге қаражат қа­растыруы тиіс» деді баяндамашы.

Биыл ҮЕҰ­ны қолдау бағытын­да тапсырыстар шеңберінде 106 млн. 220 мың теңге, соның ішінде ішкі саясат басқармасы арқылы 26 млн. теңге, тілдерді дамы­ту басқармасы арқылы 10 млн. 838 мың теңге, облыстық жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасымен 45 млн. теңге жә­не республикалық бюджеттен облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы арқылы 9 млн. 451 мың теңге, облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 14931 мың теңге бөлініп, 14 бағыт бойынша 89 әлеуметтік жоба іске асырылады. Бұған қоса бюджет­ті нақтылау барысында ҮЕҰ­мен жұмыс істеуге Орал қаласы және аудандық әкімдіктер мен мем­лекеттік органдар өз салалары бойынша қаражат бөлетін бола­

­ Атқарушы билік пен азамат­тық қоғам арасындағы әріптестік­ті өрістетуіміз қажет. Өйткені екі жақтың да көздегені бір, мүддесі ортақ. Қоғамдағы келеңсіздіктің алдын алу арқылы азаматтық қо­ғамды дамыта отырып, мәселе­ лерді шешеміз. Ел бірлігін, ұлт татулығын, тарих пен мәдениетті, өзіміздің сонау заманнан келе жатқан әдебиетімізді ардақтай отырып, еліміздің дамуына әркім өз үлесін қосады. Қоғамдық ұйым­

сат оған тіреліп қалмауы керек. Ынта, жұмысты істеуге деген ықы­лас болуы шарт. Үкіметтік емес ұйымдарда алға қойған міндет­терді шешуге ынтасы күшті жан­дар жұмыс істейді. ҮЕҰ қоғамдағы шешілуі тиіс мәселелерді шешу үшін құрылады, ­ деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кеңес отырысын­да ҮЕҰ­ны белсене жұмыс істеуге шақырды.

«Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық альянсы» қауымдас­тығы заңды тұлғалар бірлестігі­нің атқарушы директоры Га­мал Түзелбаевтың айтуынша, альянсқа түрлі салада қызмет ететін 18 белсенді ҮЕҰ біріккен. Өткен жылы бірлестік бірқатар шаруаларды тындырған. Соның бір мысалы VІ азаматтық форум­ға дайындық барысында облыс­тағы қоғамдық ұйымдардың конгресі өткізілген. Сонымен қа­тар облыстық денсаулық сақтау басқармасымен Орал қаласы мен аудандарда түрлі аурулардың ал­дын алу бағытындағы бірлескен шаралары нәтижелі болды. Биыл да Азаматтық альянс бірқатар маңызды шараларды өткізуді жос­парлап отыр, – Гамал Түзелбаев.

­ Біз 2008 жылдан бері мем­лекеттік тапсырыстармен түрлі әлеуметтік жобаларды орындап келеміз. 2012 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының тап­сырысымен және Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолда­уымен өзара және қайырымды­лық көмек көрсету үшін жұмыс­пен қамтамасыз ету мәселесі бойынша делдалдық қызмет көр­сету жобасын жүзеге асырдық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы өмірге деген құл­

Кеңес отырысында «БҚО эко­логиялық ұйымдары ассоциа­циясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазез Хаймулдин, об­лыстық ерікті мүгедектер қоға­мының төрағасы Жұмажан Қож­жанов, М.Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев, «Қазақстан аграрийлері» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Меңболат Сахметов жә­не өзгелері қоршаған ортаны қор­ғау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі ҮЕҰ­ның маңызды ролін атап көрсетіп, Орал қала­сын таза ұстау бағытындағы сенбіліктерде сәндік ағаш көшет­терін отырғызу, саябақтар салу жайындағы ой­пікірлерін ортаға салды.

«Жайық дауысы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Хадиша Мұқанова өңірдің экологиялық жағдайына, жақында Бөкей ор­дасы ауданы аумағына ресей­лік әскери полигонынан ұшы­рылған зымыранның құлауына алаңдаушылығын білдіріп, осы мәселеге қатысты облыс басшы­сының түсінік беруін сұрады. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарына қарасты 1 млн. 467 мың гектар жері ре­сейлік әскери полигонға жалға берілген. Тиісті министрліктерде бұл жердің 1 млн. 100 мың гек­тарын шаруашылық мақсаттарға қайтару жөнінде келісімшарт жо­басы дайындалуда. «Бүгінде Ка­пустин Яр полигонында ядролық, атомдық сынақтар өткізілмейді. Ұшатын нысандар сыналады. Құ­лаған зымыран метеорология­лық, көздеген жеріне жетпеген. Ол қоршаған ортаға залал келтір­меген. Мамандар тексерді» деді Нұрлан Асқарұлы.

ды. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ­лар күші мен мүмкіндіктерін біріктіру нәтижесінде қоғамды демократияландыру, әлеуметтік­экономикалық жағдайын жақ­сартуда ауқымды жобалар іске асырылмақ. Облысымызда әділет департаментінде ресми түрде 607 үкіметтік емес ұйым тіркеліп, мемлекеттік органдармен ынты­мақтастықпен 14 бағыт бойынша жұмыс атқаруда.

дардың жұмысы тек бюджеттен бөлінетін қаржымен шектеліп қалмауы керек. Демеушілік және қайырымдылық мақсаттағы қар­жы­қаражат әр ұйымның алдына қойған міндеттерін орындауға тартылуы тиіс. Барлық жұмыстың негізі ­ ынта­жігерде. Әрине, жұ­мысты жүргізуде қаржылық, ма­териалдық жағдайдың көп нәр­ сені анықтайтынын жоққа шыға­руға болмайды, бірақ басты мақ­

шыныстарын арттыруға үлес қосу болатын. Мүгедектік топтағы 24 азаматтың тұрақты жұмысқа ор­наласуына, 30­ының қоғамдық жұмысқа, мүмкіндігі шектеулі 12 жанның әр түрлі мамандыққа үй­ренуіне көмек көрсетілді. 2013 жылы да осындай жобаны орын­дадық, ­ деді “БҚО Семей ядро­ лық полигонының мүгедектер қо­ғамы” қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Мағжан Бисенғалиев.

Облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік

тапсырысқа бөлінген қаржы-қаражат:

2006 жыл

13464,0 мың теңге

2013 жыл

153837,0 мың теңге

Page 4: Орал Өңiрi №38

ел-ЖұРТСейсенбі, 8 сәуір 2014 жыл4 [email protected]

Кеше Қазақстан халқы Батыс Қазақстан ассам­блеясы төрағасының орынбаса-ры, хатшылық басшы-сы Ғайса Қапақов және облыстағы этно-м­әдени бірлестік жетекшілері «Қазақстан-Орал» те-леарнасында брифинг өткізді.

Батыстың батырларыКелесі жылы 1941­45 жылдар

аралығындағы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғандығына 70 жыл толмақ. Бұл айтулы дата ТМД ел­дерінің аясында кең көлемде ата­лып өтіледі деп күтілуде. Әрі биылғы Жеңіс күні де таяп келеді. Сол се­бепті біз ел басына күн туған шақта ортақ Отан үшін қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсеткен біздің өңірден шыққан Кеңес Одағының Батырлары мен «Даңқ» орденінің толық иегерлерінің өмірбаяндық деректерін ел­жұрттың жадында жаңғыртқанды қош көрдік.

Сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі үшін 40 батысқа­зақстандыққа Кеңес Одағының Баты­ры атағы берілсе, 6 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Хиуаз Доспановаға фашистік Германиямен соғыста 300­ден аса әуе шайқасына қатысып, өшпес ерлік өнегесін көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атағы берілді.

Жеңістің 70 жылдығына арналған біздің жылнамамыз әліпбилік (алфа­виттік) жүйемен беріледі.

«Ақ шағала» – Астанада Астана қаласында Л.Гум­илев атындағы Еуразия ұлттық университеті

жанындағы «Кәусар» м­әдени-таным­дық бірлестігінің ұйым­дастыруым­ен бел-гілі ақын Ақұштап Бақтыгереевам­ен әдеби-сазды кеш өтті.

Қазақстан Республика­сының мәдениет қай­раткері, «Құрмет» ор­

денінің және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының ие­гері, «Жайықтың ақ шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгереева – жалынды жырларымен, жас­тарға ақыл­кеңесімен, тәуел­ сіз елдің болашағын қалып­тастыруда еңбек сіңіріп жүрген ақынның бірі. Ол жас ұрпақ тәрбиесі және ұлттық құнды­лықтарды қастерлеу жайлы ой­толғамдарын студенттердің са­насына көбірек сіңіру қажет деп есептейді.

Кешті аталмыш бірлестіктің жетекшісі, белгілі әнші Кенже­ғали Мыржықбай жүргізді.

Ән мен жыр үйлесім тапқан кеште танымал жазушы Алтын­шаш Жағанова, сатирик жазушы Табыл Құлияс, ақын Маржан

Ершу, жазушы Айгүл Кемелбаева өрелі өлеңімен халқының жү­регінен орын алған ақын­ана­ның қоғамдағы рөлі жайлы ой­ларын ортаға салды.

Белгілі ақын Серік Тұрғын­бекұлы Ақұштап Бақтыгереева­ға арнаған, сиясы әлі кеппеген өлеңін айрықша шабытпен ел алдында оқып берді.

«Қайсар мінез,мәрт Ана,Құшақ ашып,қол алып.Аққу қонды ортамаОрал жақтан оралып!» деп

басталған ақын жыры Жайық қызының барлық асыл қасиеті мен қадірін өлеңмен өре біл­гендігімен ерекшеленді. Серік ақынның шабытты жыры:

«Толтырғандай олқыны,Өткен күннен осыны ұқ...

Ақ Жайықтың толқыныКетті Есілге қосылып!

Жан жүрегін түсініп,Жан жылуын аяма.Ақ гүліңді ұсынып,Аққуыңды аяла.

Мойын бұрмай басқаға,Елордаға тамсанып.«Ақұштап!»­ депАстанаТұрғандайын ән салып!» деп

аяқталғанда, өнерсүйер қауым шынайы қошемет білдірді.

Ал Жұмаш Сомжүрек ақын­ның шығармашылығын елу жылдан бері зерттеп келе жат­қанын айтып, Ақұштап Бақты­герееваның 1967 жылы жарық көрген алғашқы жыр жинағы «Өрімталды» төсқалтасынан шы­ғарып, көрермендерге көрсе­тіп, өзінің ақынға деген құрмет

сезімін білдірді. Ол кейіннен жарық көрген кітаптарын да зерделеп, ақынның өршіл поэ­зиясын бес тақырыпқа бөліп қарауға болатынын жеткізді. Зерттеуші соның ішінде Ақұш­таптың махаббат лирикасы мен азаматтық поэзиясына тоқтал­ды.

Ақын, Қазақстан Жазушы­лар одағының мүшесі Айбатыр Сейтақ осы кеште Ақұштаптың «Ақ шағала» атты жыр жинағын оқығанда туған өлеңін оқып берді.

«Ой маржанын көргенде жар­қылдаған,

Жыр­жинақтың танылды нар­қы маған.

Көкейіме ақынның жырлары­нан

Лебі келді Жайықтың аңқыл­даған.

АБДОЛОвМихаил

М.Абдолов 1918 жылы 1 мамыр күні Батыс Қазақстан об­ лысы Чапаев ауда­ нының Бітік ауы­лында туған. Ауыл мектебін бітірген­нен кейін 1938 жылға дейін совхозда малшы болып істеген, кейіннен Қы­зыл әскер қатарына шақырылған.

Абдолов болған әскери құрама соғыстың алғашқы күндерінен бас­тап­ақ фашистермен ұрысқа шықты. Ұрыс даласы жауынгерді шыңдады. Ол Волгадан Берлинге дейін ұрыс жолдарынан өтті. Тәжірибелі және батыл барлаушы ретінде оған ең жауапты да маңызды операциялар сеніп тапсырылды.

111­дербес барлау ротасының бөлімше командирі, аға сержант Абдолов Югославия және Венгрия далаларындағы ұрыстарда ерекше көзге түсті.

Ұрыстағы ерлігі және батырлығы үшін М.Абдоловқа 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ол 1946 жылы елге оралып, Чапаев ауданының "Первомай" сов­хозында малшы болып еңбек етті.

Ленин, Қызыл Ту, 1­дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ор­дендерімен және медальдармен марапатталған.

М.Абдолов 2006 жылғы 9 мамыр­да, тура Жеңіс күні қайтыс болды.

жыл

Ұлы Жеңіске

19452015

Ассамблеяның кезекті сессиясында өзекТі мәСелелеР ҚАРАлмАҚ

Тікелей эфир желісінде өткен жиында өңірдегі этно­мәдени бірлес­

тіктердің жұмысы, сәуірдің 18­і күні Астанада өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сес­сиясы, 1 мамыр – Қазақстан хал­қы бірлігі мерекесіне дайындық барысы сөз болды.

­ Ассамблея өз құрылымда­рының толыққанды жұмыс іс­теуін, олардың шешімдерінің пәрменділігін арттыруды бас­ты назарда ұстауда. Жұмыс ауқымын кеңейтіп, жан­жақты түсіндіру шараларын атқардық. Жұмысымыздың нақты бағыт­тарын анықтадық. «Ассамблея тек билеу және ән айтумен шек­

Нұрлыбек РАХМАН,"Орал өңірі"

теледі» деген жаңсақ ұғымды өзгерттік, халыққа ассамблея­ның негізгі мақсатын ұғындыр­дық. Басқа ұйымдармен тығыз жұмыс жүруде. Ассамблеяның кезекті сессиясында өзекті мә­селелер қаралмақ, ­ деді Ғайса Хамидоллаұлы.

Брифингте сөз алған татар мәдени орталығының төрағасы Ришат Хайруллин, орыс мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі­ нің төрағасы Сергей Погодин, армян этно­мәдени орталығы­ның жетекшісі Аветик Амир­ханян ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстарын, өздері же­ текшілік ететін этнобірлестік­тердегі тындырымды істерді сөз етті. Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту барысын әңгімеледі.

Брифингке қатысушылар жиын соңында тілшілердің са­уалдарына жауап берді.

Лаура БЕКБОЛАТОвА, «Қа-зақстан-Орал» телерадиосы:

­ Мүмкіндігі шектеулі жан­дармен ассамблея қандай жұ­мыстар жүргізуде?

­ Мүмкіндігі шектеулі жандар­ды қай бағыттағы жұмыстарға тартатынымыз жайлы ойлас­тырудамыз. Балаларды қорғау орталығымен бірлесе іс­шара­лар өткізудеміз. Кәсіпкерлерді жетім балаларға көмектесуге тартудамыз.

- Эльмира РАХМЕШЕвА, «ТДК-42» телеарнасы:

­ Алда келе жатқан Ынтымақ

мерекесі қандай деңгейде атап өтіледі?

­ 30 сәуір күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы облыс орталығында қо­ рытындыланады. Түрлі ұлттың қолөнер көрмесі ұйымдастырыл­мақ. 1 мамыр күні үлкен шеру өтпек. Ел­жұрттың назарына де­ малыс саябағында мазмұнды шаралар ұсынылмақ.

- Роман КОПНЯЕв, «ТДК-42» телеарнасы:

­ Ассамблеяның алдағы сес­сиясына делегаттар сайланды ма?

­ Ассамблеяның 20 мүшесі сессияға қатыспақ. Олардың қатарында этно­мәдени бірлес­тіктердің жаңадан сайланған төрағалары бар.

Page 5: Орал Өңiрi №38

жыл

Ұлы Жеңіске

19452015

әлеумеТСейсенбі, 8 сәуір 2014 жыл[email protected] 5

Кеше Оралдағы Сырым­ Датұлы алаңында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Ұзақ өм­ір сүру өз қолыңда!» тақырыбында кең ауқым­ды акция өтті.

Жарқын өмірдің ЖолАшАРы

Мерейтойлық мүшәйра

Ақұштап ақынның 70 жасқа толу мерейтойына орай Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­верситеті студент­ақындар мүшәйрасын жариялайды. Бұл жыр додасының басты мақсаты – жас ақындардың қабілет­қарымын, талант­дарынын шыңдау және олар­ды шығармашылық ізденіске ынталандыру. Мүшәй­раға қатысушыларға мынадай екі талап қойылады:

– «Жырымды сізге арнадым» ­ ақын Ақұштап Бақтыгерееваға арналған өлең­жыр (көлемі шектел­мейді).

– Еркін тақырып (көлемі шектелмейді).Мүшәйраның алғашқы кезеңі 1­12 сәуір күндері өтіп,

жас ақындардың өлеңдері сарапталады. Ал 24 сәуір күні өтетін екінші кезеңге арнайы шақырту жіберіледі. Мүшәйраның жеңімпаз­жүлдегерлері дипломдарға қоса ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатта­лады.

Ақын А.Бақтыгереева атындағыбас жүлде біреу – 80 000 теңге,Бірінші орын біреу – 50 000 теңге,Екінші орын біреу – 40 000 теңге,Үшінші орын екеу – 20 000 теңге, сондай­ақ ынта­

ландыру сыйлықтары да қарастырылған.

Ғажап сәтке таңырқап жел де тынып,

Аққу­жыры қоныпты көлге тұнық.Көркем сурет келеді көз ал­

дыңаТолқынындай Жайықтың тер­

бетіліп», ­ деп басталған жыр жолдары: «Ақ Жайықта ән салып жүреді екен Шағаладай шарқ ұрып жүрегіңіз!» деген оймен түйінделеді.

Жыр кешінде ақын­ның сөзіне жазылған Бейбіт Оралұлының және Сейфуллин Жол­ барыстың әндері орындалды. Өршіл рухты әндерді Еура­зия ұлттық универси­тетінің журналистика және саясаттану фа­ культетінің студент­тері орындаса, «Кәу­ сар» мәдени­таным­дық бірлестігінің ұйым­дастыруымен өнерлі студенттер Ақұштап ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Ақұштап – қоғам­дағы келеңсіз құбы­лыстарға жүрегі ауы­рып жүретін ақын. Өзінің Жайығын, ел экологиясын, қазақ

қызының тәрбиесін, ұлт намы­сын жырына арқау етіп жүргені де сондықтан. Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмай­ды деп есептейтін ақын кеште қыздар тәрбиесі туралы ерекше ой толғады.

Жанар НҰРҒАЛИ, ақын-журналист,

АСТАНА

Қосымша ақпараттарды мына телефондар арқылы алуға болады:

8 (7112) 51-30-62, 8 (7112) 51-42-66. 8 777 182 15 30; 8 701 623 07 27; 8 777 797 10 07: 8 775 345 23 00

АйТҚҰЛОвСәлім Нығметұлы

С . А й т қ ұ л о в 1913 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы­ның Мұқыр кентін­де туған.

1941 жылғы шілде айында С.Айт­құлов соғысқа аттанған, сол жерден оны барлаушылар мектебіне оқуға жібереді. 1943 жылдың жазында ол тағы да армия қатарына алынып, «тіл» алып келу тапсырмасын алған. Осы міндетті ойдағыдай орындағаны үшін алғашқы ұрыс наградасы – «Ер­лігі үшін» медалін алды.

Днепрдегі операция Сәлім Айт­құловтың батырлығын паш еткен өмірбаянының бір парағы болып табылады.

1943 жылы 17 қазанда Днепрдегі операция үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жерлесіміз жеңісті Польша жерінде қарсылады.

1946 жылдан бастап запастағы кіші лейтенант С.Айтқұлов Орал қаласындағы облыстық тұтынушы­лар одағында басшылық қызметтер атқарды, Оралдың Приреченский аудандық партия комитетінің хатшы­сы болып сайланды.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.

С.Айтқұлов 1975 жылы 24 сәуірде қайтыс болды, Орал қаласында жер­ленген.

АХМИРОвҚасым Шабанұлы

Қ.Ахмиров 1923 жылы Саратов об­лысы Дергачев ауданының Алтата ауылында дүниеге келген.

1941 жылдың қыркүйегінде Кеңес әскері қатарына, 1942 жылдың шілде айынан бастап майдандағы армияға шақырылды, кіші лейтенант курсын бітіргеннен кейін Воронеж, Орталық майдандардағы ұрыстарға қатысады.

Бір ұрыста 5­атқыштар ротасының командирі опат болады, жауынгер­лер қатары сиреп, қару­жарақ бі­теді. Осындай сын сағатта Ахмиров ротаны басқаруды өз мойнына ала­ды, дұшпанның бекінісін бұзып өту жөнінде шешім қабылдап, жауын­герлерді шабуылға ерте біледі.

Қиын жағдайда батыл да орынды шешім қабылдағаны үшін Қ.Ахмировке 1943 жылы 17 қазанда Кеңес Одағы­ның Батыры атағы берілді. Ахмиров Жеңісті Берлинде қарсы алды.

Ленин, Қызыл Ту, 1­дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдар­мен марапатталған.

1949 жылдың 6 маусымында Қ.Ахмиров теміржолдағы кездейсоқ оқиға салдарынан қайтыс болды.

­Бұл шараның басты мақсаты – халықты салауатты өмір сал­

тын ұстануға шақыру. Яғни әрбір адам жүйелі түрде спортпен айналысып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығына жете мән беруі керек. Мұны Елбасымыздың өзі отандас­тарымызға арнаған Жолдау­ларында айтып келеді. Қазақ­ стандықтарды спортқа барын­ша көптеп тарту бағытында мемлекет тарапынан қажет жағдайлар жасалуда. Соның бірі – дәстүрлі түрде өтіп ке­ле жатқан осы шара. Бүгін еліміздің барлық өңірінде, аудан­ауылдарында тұратын еңбектеген баладан бастап, ең­кейген кәріге дейін аталмыш акцияға қатысуда. Осы орай­да өскелең ұрпақ – жастарға артылар үміт зор. Жалпы алғанда, спорт адамның сергек жүруіне себепші болып қана қоймай, интеллектуалды түрде

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОв,"Орал өңірі"

жетілдіріп, тұлғаның көптеген мүмкіндігін ашады. Облысы­мызда спорт саласы жақсы да­муда. Соның нәтижесінде жер­лестеріміз көптеген жарыстан жүлдемен оралып жүр. Кеше Сочиде өткен қысқы олим­пиада ойындары барысында шортрекшілеріміз жүлдеге қол­созым жетпей қалды. Алдағы уақытта олардың да, өзге спортшыларымыздың да чем­пион боларына сенім мол, ­ деді акцияның ашылу салтана­тында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Сонан соң ЖОО, колледж студенттері, мектеп оқушыла­ры, қала тұрғындары «Жатты­ғуға дайындал!» ұранымен түрлі жаттығулар жасады. Дартс, қол күресі, веложарыс­тан сынға түсті. Баскетбол, футбол ойнады. Бұл кезде «Ару аналар», «Сударушка» ансамбльдері, «Мастэр Дэнс» тобы және жекелеген әнші­лер сахнаға шығып, өнерле­рін ортаға салды. Шара соңы жастар денсаулық орталығы еріктілерінің орындауындағы флеш­мобпен аяқталды.

Софья ИМАНҒАЛИЕвА, зейнеткер:

­ Мен 10 жасымнан бастап спортты жаныма серік етіп келемін. Соның арқасында өмірде көптеген жетістікке жеттім. «КСРО­ның оқу­ағар­ту ісінің үздігі», «Қазақстанн­ың еңбек сіңірген мұғалімі» атандым. Жеңіл атлетикадан бірнеше мәрте облыс, рес­публика чемпионы болдым. Спортқа келген адам еш уақытта қартаймайды. Биыл 82 жасқа толамын, бірақ, шүкір, әлі күнге дейін басым ауырып, балтырым сыздаған емес.

Гүлжауһар БЕКҚАЗИЕвА, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі:

­ Шара барысында отыз­дан аса адамның бойы мен салмағын, қан қысымын өл­шедік. Соның тек 20 пайыз­дайының ғана денсаулығы талапқа сай. Көбінде, әсіресе, жастарда артық салмақ бар. Бұл – дене қозғалысы аз­дығының белгісі. Аталмыш шара осынау олқылықтар­дың орнын толтырып, көп­шіліктің салауатты өмір салтын ұстануға ұйытқы бо­ларына сенімім мол.

Page 6: Орал Өңiрi №38

хАТ-хАбАРСейсенбі, 8 сәуір 2014 жыл

[email protected]

Ж

Облыс әкімінің қолдауымен ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Мекеме қызметінің негізгі мақсаттары жастардың азаматтық бастамаларын, рухани­адамгер­ шілік, зияткерлік, шығармашылық әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру. Жастар үшін кеңестер ұйымдастыру, соның ішінде жас отбасыларға, Қазақстан аймағында жүзеге асы­рылатын барлық мемлекеттік, салалық және аумақтық бағдарламалар мен жобалар бойынша 14-29 жас аралығындағы жастарға әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері жастарды жұмысқа орналастыру, психологиялық­педагогикалық және заңгерлік тегін кеңестер беріп, қабылдаулар жүргізеді.

Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Петровский көшесі, №48 үй.Байланыс телефондары: 26-72-28.

Енді смартфон пайдала­нушылары өздері үшін кез келген ыңғайлы уақытта Шығыс пен Батыс арасында керуендік сауданың даму кезеңіне тарихи сапар жасай алады. Мобильді қосымша Қазақстан және Орта Азия бойынша саяхаттап жүрген отандық және ше­телдік туристтерге және де отандық тарихты зерттеп жүрген барлық қазақстандық мектеп оқушыларына тамаша көмекші болады.

Қосымшаның үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі ыңғайлы интерфей­сі бар. Ол – үш дәуірге бөлінген карта. Бұл Ұлы Жібек жолының дамуының негізгі ке­ зеңдерін оңай зерттеуге мүмкіндік береді. Карталарда барлық ескерткіштердің орна­ ласқан жерлері және де көне мемлекеттер­дің шекаралары белгіленген. Әр картада Google Map­қа байланысты белгілер бар. Сол нүктелерге басқан кезде, сіз сәулеттік кешен туралы ақпарат бар бетке өтесіз. Он­ да мәтіндік сипаттама мен суреттер бар – артефактілер мен қазбалар жүргізілген жер­лердің екі фотосуреті бар.

Қосымшада өзінің іздеуіші мен геоло­кациясы бар. Сондықтан сәулеттік­тарихи ескерткішті табу өте оңай. Мысалы, сіз Ал­матыдан машинамен шығып, шығыс бағыт­та жүріп келе жатырсыз. Картада ең жа­ қын жердегі белгіні табасыз. Ол Google Map­пен байланыстырылған. «Бағыт салу» де­ ген опцияны таңдайсыз, сол кезде қосым­ ша автоматты түрде Google Map картасын­ да түрлі түсті сызық немесе кішкене нұсқа­ лар түрінде бағытты салады.

«Kcell» АҚ бас атқарушы директоры Али Аган былай дейді: «Біз өте бай тарихы бар елде өмір сүреміз. Қазіргі Қазақстан аума­

Ұлы Жібек жолы –СмАРТфондАРғА АРнАлғАн

ЖАңА ҚоСымшА«Ұлы Жібек жолы»

м­обильді қосым­шасы Жібек жолының тарихын б.д.д. ІІ ғасырдан бастап, б.д. XV ғасырға дейін әңгім­елеп береді.

ғында орналасқан көптеген қалалардың өркендеуі нақты осы Ұлы Жібек жолында сауда қатынастары жанданған кезге келе­ ді. Бұл тақырыпқа жүздеген кітаптар мен тарихи зерттеулер жазылған. Бірақ қазіргі заманда ақпаратты алу мен алмасу тез жү­зеге асып, тарихи еңбектерді зерттеуге уа­қыт қалмай қалып жатады. Сондықтан біз Қазақстан тарихының қызықты фактілері­мен қолжетімді әрі қолайлы түрде таныс­тыратын мобильді қосымшаны әзірледік. Бұған қоса, біздің қосымшамыз еліміздің қонақтарына мәдени­тарихи танымал жер­лерімен заманауи интербелсенді түрде – смартфондар мен планшеттердің экранда­рынан танысуға көмектеседі».

Барлық тарихи деректер, соның ішінде карталар, тарихи ескерткіштерді сипаттай­тын мәтіндер, суреттер ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұ­лан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдары докторы Карл Байпақов басқаратын отандық архео­ логтар мен картографтар тобымен әзірле­ ніп, ұсынылды. Жалпы қосымша Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Еуропадағы бірне­ ше қаланың аумағында орналасқан 45 тари­хи құрылыс туралы әңгімелейді.

«Ұлы Жібек жолы» мобильді қосымша­ ны смартфонға немесе планшетке Play Mar­­ ket немесе AppStor­e­да тегін көшіріп алуға болады. Көшіріп алу үшін аталған дүкен­дердің іздеуіштеріне «Silk Road» деген мә­тінді енгізу керек.

1101 қысқа нөміріне жіберілген кез келген бос емес SMS автомат­ ты түрде «Ағаш отырғызу» қоғам­дық ұйымының шотына 100 теңге аударатын болады. Телефонның не бары бірнеше түймесін басып, сіз өзіңізге, болашақ ұрпақ пен өз еліңізге ағаш сыйлайсыз.

1101 нөміріне SMS жіберген­нен кейін, абонентке бір код келіп түседі, осы кодты posadider­evo.kz сайтына енгізген кезде, оған алғыс ретінде Қазақстан табиғатының су­реті бар жұмыс үстелі үшін сүретті түсқағаз алуға болады. Сонымен бірге www.posadider­evo.kz сайтын­да смс­ты есептеуіш көрсетілген. Ол онлайн режимінде Kcell, Activ және Vegaline абоненттері жолда­ған қысқа хабарлама санын тіркей­ді. Хабарлама саны шектелмеген,

SMS жіберіп, ағаш отырғыз

сондықтан смс­ты неғұрлым көп жіберген сайын, соғұрлым көп ағаш Қазақстанның қалалары мен аймақтарын көріктендіреді.

«Біз «Ксеll»­дің «Жасыл Қала» SMS­жобасына қосылғанына қуа­ныштымыз. Аса ірі ұялы байланыс операторының қатысуы көптеген қазақстандықтың еліміздің эколо­гиясын жақсартуға атсалысуы үшін керемет мүмкіндік береді. Әрбір жіберілген SMS­хабарламасы, бір­ бірден тамшылап, нағыз біріккен экологиялық ілгерілеу мен даму толқынын жасайтынына мен се­німдімін» деп PosadiDer­evo.kz РҚҰ басқарушы директоры Дәурен Жолдасбаев түсініктеме жасады.

Жаңа әлеуметтік жобаның іске қосылуына «Ксеll» компаниясы өзінің корпоративтік клиенттері

мен БАҚ өкілдерін шақырды. «Ксеll» қызметкерлерімен бірге олар осы күні Алматыдағы Тұңғыш президент атындағы саябақтың алдындағы гүлзарға 50 шырша отырғызды. «Ксеll» компаниясы­ның бастамасымен корпоративтік клиенттер дәстүрлі стандартты жаңа жыл сыйлықтарының орнына әл­Фараби мен Навои көшелері­нің қиылысында жеке саяжолын сыйлыққа алды. Алматыдан кейін тура осындай атаулы саяжолдар Қазақстанның тағы үш қаласы: Ас­тана, Қарағанды мен Шымкентте пайда болады.

«Қазақстанның зор байлығы – бұл әлемнің түкпір­түкпіріндегі адамдарды тартатын оның бірегей табиғаты. Әрбір қазақстандықтың міндеті – осы байлықты сақтап, оны мейлінше арттыру. «Жасыл қала» жобасын іске қосу – бұл эко­ логиялық тепе­теңдікті ұстап тұру­ дағы салмақты қадам. Себебі ел­ дің жасыл байлығын өте аз уақыт­

та жоюға болады, ал оны қалпына келтіру үшін он шақты жыл қажет. Тек өзіміз ғана емес, біздің бала­ларымыз да, болашақ ұрпақ та таза ауаны қажетсінеді. Олардың қандай жағдайда өсіп, өмір сү­ ретіні – тек бізге, өзіміздің тарты­луымыз бен салатын күш­жігері­мізге тәуелді. Мен корпоративтік клиенттердің сыйлық ретінде кә­ десыйды емес, тірі тән­шань шыр­шаларын қабылдауға келіскен­

дері үшін оларға өз алғысымды білдіремін. Бұл дегеніміз, біз қор­ шаған ортаны қорғау үшін қосатын үлесіміздің қаншалықты маңызды екенін түсінетін қоғамда өмір сү­ретінімізді білдіреді. Оған қоса, мен «Жасыл қала» жобасына атсалы­сып, ағаштарды отырғызу үшін смс жолдайтын барлық клиенттеріміз­ ге рақмет айтқым келеді» деп атап өтті «Ксеll» АҚ бас атқарушы ди­ректоры Али Аган.

Ұялы телефонның не бары бірнеше түйм­есін басып, ағаш отырғызғыңыз келе м­е? Осы күннен бастап, м­ұны кез келген Kcell, Activ және Vegaline абоненті жасай алады.

Ж

Зеленов аудандық №2 сотының баспа­ сөз хатшысы Сәуле Қайсарованың мәлі­метінше, Зеленов АІІБ Приурал ПБ­ның тергеушісінің ұсынымына сай, сәуірдің 1 күні азамат Г. Зеленов ауданының Да­риян ауылында бұрынғы танысы А. есім­ ді азаматпен болған арадағы кикілжің ке­зінде жәбірленушінің аяғына 3­4 жерден пышақ салған. Аталған жарақаттардан жә­ бірленуші қансырап, ауруханаға жеткізіл­ген бойда көз жұмады. Ал қылмыскер оқиға орнынан бой тасалайды.

1 сәуір күні аталған оқиға бойынша

ҚР ҚК­ның 103­бабы 3­бөлімімен қылмыс­тық іс қозғалып, күдікті сол күні ұстала­ ды. Тергеуші 3 сәуірде айыпталушының ауыр қылмыс жасағанын, тергеу орган­ дары мен соттан жалтару мүмкіндігін ес­ кере отырып, сотқа «қамауға алу» түрін­дегі бұлтартпау шарасын қабылдау тура­лы өтінімін түсірген. Сот күдіктіні 2 айға қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Нұржан ДҮЗБАтЫР,Зеленов ауданы

Күдікті қамауға алынды Зеленов аудандық сотым­ен ағым­дағы жылдың 4 сәуірінде азам­атты

ауыр жарақаттап, өлім­ге соқтырған қылм­ыс жасағаны үшін айыпталып отырған күдіктіге қатысты қам­ауға алу шарасы қабылданды.

Алғашқы тең ойынБірінші лиганың беташар м­атчында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу-Сұңқарын» қабылдады.

Оралдықтарды алаңға тәжіри­белі қорғаушылардың бірі Руслан Қайыров бастап шықты. Алайда жағдай лық толы стадион күткен­дегідей болған жоқ. Ойынның бас­ тапқы сәтінде­ақ «Ақжайықтың» жас қақпашысы Андрей Неупокоевтің өрескел қателігінен кейін Константин За­дорожный қонақтарды алға шығарды. Есесіне екінші таймда «Ақжайықтан» сер­ биялық шабуылшы Данило Белич 11 метр­ лік айып добын дәл орындап, есепті те­ңестірді. Сөйтіп, 1:1 есебімен тең аяқтал­

ған алғашқы матч бірінші лига кездесу­лерінің де оңайға түспейтінін көрсетті.

Оралдықтар келесі ойынын сырт алаң­ да 12 сәуір күні «Астана­1964» команда­сымен өткізеді.

Арман БОЛАтҰЛЫ

Page 7: Орал Өңiрi №38

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16478, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: Н.САФуЛЛИН

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІктІ тІЛШІЛЕР: тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОв (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОв (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕв (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙтАШЕв (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСтАУБАЕв,Сырымбек тҰяҚОв (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕвА (жауапты хатшы),тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕв (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОв (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОв (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОв (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

телефондар:

хАбАР-ошАРCейсенбі, 8 сәуір 2014 жыл

[email protected]

«Қазпошта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұжы­ мы мен байланыс қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы дирек­тордың орынбасары Дәрішева Гүлбаршын Ғабдықайырқызына

әкесініңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 090001, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, 1-қабат, 115-бөлме, анықтама үшін телефон-дар: 8(7112)519227, факс: 8(7112)511636, электрондық ме-кенжайы: [email protected]

Әкімшілік және кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына бай­ ланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: ­ Басқарма қызметкерлерімен, арнайы тексеру қорытындысын

алғанға дейін, келісімшарттар жасау бойынша құжаттар толтыру; ­ ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің БҚО

бойынша департаментіне мемлекеттік қызметшілердің саны және бос лауазымдарға өткізілген конкурстар (АГС­6 ныса­ ны бойынша), қазақ және шетел тілдерін оқып­үйрену курстарын ұйымдастыру туралы мәліметтер ұсыну;

­ ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің БҚО бойынша департаментіне аттестациядан өткен мемлекеттік қызметшілер, орталық және салалық оқу орындарында білік­тілігін арттырғандар туралы мәліметтер ұсыну;

­ Бөлімге келіп түскен хаттарға жауаптар мен бұйрықтар жоба­ларын дайындау;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары, Гуманитарлық ғылымдар (филология мамандығы бойын­ша) немесе орта кәсіптік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Дербес компьютерде жұмыс істей білуі.

Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мер-зіміне).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланыс­ты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:­ Жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету жағдайын

талдау, оны ұйымдастыру және бақылау. Балалар мен жасөспірімдерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы медициналық ұйымдардың қыз­метін үйлестіру. Балалар мен жасөспірімдердің ауруларын төмендету бойынша нақты іс­шараларды әзірлеу және жүзе­ге асыру. Республикалық деңгейді қосқанда, стационарлық және амбулаторлық кезеңде балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін медициналық көмек сапасын бақылау. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау саласындағы мемлекет­тік және салалық бағдарламалардың орындалуын талдау және бақылау. Педиатрия мәселелері жөніндегі конференциялар, се­минарлар мен мәжілістерді ұйымдастыру және өткізуге қатысу.

­ Талдай білу қабілеті, тіл табыса білу және атқаратын жұмыстарына жауапкершілікте болу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі ­ жоғары немесе орта кәсіптік (медициналық). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Дербес компьютерде жұмыс істей білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:­ өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;­ 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы

толтырылған сауалнама;­ бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырыл­

ған көшiрмелерi, немесе өзге де заңдарда белгіленген тәр­ тіппен куәландырылған көшірмелері /мемлекеттік қызмет­шілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

­ еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куә­ландырылған көшiрмесi немесе өзге де заңдарда белгілен­ген тәртіппен куәландырылған көшірмелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мем­лекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

­ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік­құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

­ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

­ құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгілен­ген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бас­тап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойын­ша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімін­де азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық адресіне жіберілген (қоса тіркелген құжаттар­ дың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комис­сиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табы­лады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей бе­реді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде конкурс жариялаған «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ­да өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтер­меақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Қазталов ауданы Жаңатаң ауылының тұрғыны болған сүйікті әкеміз, атамыз Ғалымжан Төлешқалиұлы Макулов-тың өмірден озғанына 20 жыл болуына орай сағынышпен еске аламыз.

Өмір неткен алдамшы еді өтпелі,20 жыл өтіпті­ау сіз өмірден өткелі.Әр кез сізді сағынышпен еске алып,Көзден жас, көңілден мұң кетпеді.

Еске алушылар: бала-келіні Жұмағали-Гүлжиян, немерелері Айнұр, Гүлмира-Ербол, Эльмира-Армат,

жиені Амир

Жаңақала ауданы Бірлік ауылының тұрғыны болған досымыз Жарқынбек Есенғабылұлы Ибрашев тірі болса, 45 жасқа толар еді. Жаны жомарт, ешкім­ нен жақсылығын аямайтын досымыз біздің көңілімізден кетер емес. Артында қалған жары мен қос бүлдіршіні аман болсын! Досымыздың жаны жәннатта, иманы жолдас болсын.

45­ке толар едің сәуірде,Тірі болсаң, тойлар едік бүгінде.Әттең, әттең, арамызда жоқсың сен,Жүректерге жара салдың бұл күнде.

Еске алушылар: достары Ақан-Асылбике

Қоскөл ауылының тұрғыны болған бірімізге аяулы жар, бірімізге асқар тау­дай әке, немерелерінің сүйікті атасы Әділгерей Ысқақұлының дүниеден оз­ ғанына 1 жыл болуына байланысты са­ғынышпен еске аламыз.

Ардақты әке сағынамыз,Қара жерге қия алмай қамығамыз.Өзгеше қолдан келер ештеңе жоқ,Амал жоқ, сұм тағдырға бағынамыз.

Асқа шақыруӘкеміздің дүниеден өткеніне 1 жыл болуына байланысты

20 сәуірде Қоскөл ауылындағы «Жанна» кафесінде ас беріледі.

Еске алушылар: зайыбы, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-шөберелері

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы­ ның тұрғыны болған бірімізге сүйікті ұл, адал жар, қамқор әке Талғат Мендіғали- ұлы Шәріпқалиевтің бақилық болға­нына 12 сәуір күні 40 күн болады.

Асыл ұл, бауыр, аяулы әке, асылдар ма,Сағыныш сізге деген басылар ма?!Көз жұмдың, дүниеден өттің ерте,Тағдырдың жазғанына шара бар ма?!

Сағына еске алушылар: әкесі, анасы, бауырлары, зайыбы

Нұржамал, ұлы тілеужан

77 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан облысымыздың шаруашылығы мен қоғам­дық қызметіне еңбегі сіңген құрметті қызметкері Сағынғали Кенжеғалиұлы Меңдібаев қайтыс болды.

Ол Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы “Аман­гелді” колхозының Ақсуат ауылында дүниеге келді.

Орал ауыл шаруашылығын механизациялау тех­никумын бітіріп, кейін кеңес әскерінің қатарындағы борышын өтеп оралған ол 1959 жылдан бастап туған ұжымшарында прораб, құрылыс бойынша бригадир болып жұмыс жасады. Кейін партиялық жұмысқа жо­ ғарылатылып, Калинин ұжымшарында партком хат­ шысы, Зеленов аупарткомның хатшысы қызметінде болды.

1973 жылы Орал облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

1983­1986 жылдар аралығында Шыңғырлау ауат­комның төрағасы, 1986­1997 жылдар аралығында об­ лыстық ауыл шаруашылығы департаменті басшысы­ның орынбасары, облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарып, зей­нет демалысына шықты.

Сағынғали Меңдібаев қай жерде қызмет атқарма­

сын, тек жақсы жағынан жарқырай көрінді, білік­ті де білімді, тиянақты қызметкер болды.

Ұзақ жылғы адал ең­бегі Үкімет тарапынан жоғары бағаланып, «Ха­ лықтар достығы» орде­німен, көптеген медаль­ дармен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тә­уелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын медалі­мен 4 рет марапатталды.

Марқұмның ел алдындағы еңбегі мен жарқын бейнесі оны танып­білген адамдардың есінде ұзақ сақталады.

Н.НОҒАЕв, С.ШӘПкЕНОв, А.БАДАШЕв, М.кӘРІМОв, Б.МӘкЕН, А.ӨтЕҒҰЛОв,

А.кӨЛГІНОв, М.МҰХАМБЕтОв, М.ОҢҒАРБЕкОв, М.УСОв, Е.ПАк, А.кИМ,

Ә.НҰРҒАЛИЕв, Ғ.ХАЙМУЛДИН, С.АХМЕтОв, к.ЖАҚЫПОв, А.ХАЛЕЛОв

Сағынғали МЕҢДІБАЕв

Page 8: Орал Өңiрi №38

кеРуен САРАйCейсенбі, 8 сәуір 2014 жыл8 [email protected]

Маңғыстаулықтар топ жардыОралда

м­әреге жеткен ҚР бокс федерациясы-ның құрм­етті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнирде м­аңғыстаулық боксшылар төрт бірдей алтын м­едальді жеңіп алды.

Атап айтқанда, Қуанышбай Сәрсенбаев 49 кг, Сулейман Бердукаев 69 кг, Ерік Әлжанов 75 кг, Мағжан Базарбай 91 кг салмақта жеңімпаз атанды. Қазіргі кезде Маңғыстау облысының намысын қорғап жүрген Е.Әлжанов – Батыс Қазақстан боксының түлегі. Ол осы жолы «Үздік техникасы үшін» аталымын да иеленді. Бұл жарыста БҚО­дан 64 келі салмақта

Ақпан айында аяқ астынан немерем Нұрайым сырқаттанып қалып, оны облыс­тық жұқпалы аурулар ауруханасына алып келдік. Сол кезде жылы жүзбен қарсы алып, ем­домының барлығын жасаған III бала­ лар бөлімшесінің дәрігері Бибігүл Жекен­қызына деген әжелік алғысым шексіз. «Бір айналдырса, шыр айналдырады» де­мекші, одан кейін ұлым Радик те қатты ауырып, кейін кіші 4 айлық немерем Жа­нель де қатты науқастанып қалды. Осын­дай басымызға ауыртпалық түскен кез­де жүгіріп барған жеріміз осы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына еді. Бүгінгі таңда барлығы науқастарынан мұнтаздай айығып, жанұяларына оралды. Осыған

орай дәрігерлер Бибігүл Жекенқызынан бастап Райса Темірханқызы Сапарова, Ай­ нұрлым Хамидоллақызы Нурушова, Жа­ ңылғаным Айтиева, сонымен қатар жан­сақтау бөлімінің меңгерушісі Досқалиев Меңдігерей Абылқасымұлына көп­көп рақметімді айта отырып, Қазталов ауда­ны жұқпалы аурулар бөлімінің медбикесі Гүлжиян Нұғманова мен “Жедел жәрдем” жүргізушісі Камалов Шайханға да зор алғысымды білдіремін. Еңбектерінің же­місін көріп, осындай бар ауруға ем бола біліп, алғысқа бөленіп жүре берсін.

Әжесі: Фарида УРАЗАЛИЕвА,Қазталов ауданы

Алғысым шексіз

Бақытжан Қонарбай ғана топ жарды. Сол секілді Қуаныш Сабыр (Павлодар) 52 келі, Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола) 56 келі, Сұлтанбек Данаев (Жамбыл) 81 келі, Сер­гей Макарихин 60 келі, Асылхан Тухтаев 91 келіден жоғары салмақта (соңғы екеуі Қазақстан құрамасы атынан сынға түсті) чемпиондыққа қол жеткізді. Қазылардан Елеусіз Дүйсеков «Үздік төреші» атанды.

Аталмыш дәстүрлі жарысқа биыл Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия ел­дерінен барлығы 144 боксшы қатысты.

Елжан ЕРАЛЫ

Бас жүлдеақтөбеліктерге бұйырды

Сәуірдің 4-6-сы аралығында қалам­ыздағы Әйтиев көшесі бойындағы спорт залда (ОЖСШМ) м­ем­лекет және қоғам­ қайраткері Мұстақым­ Ықсановты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында қалааралық турнир өтті.

Биыл тоғызыншы мәрте болған жарыс­ қа бұл жолы да көрші Атырау, Ақтау, Ақ­ төбе қалаларының және облысымыздың сегіз командасы қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған облыстық мәсли­хаттың хатшысы Мәлік Құлшар, М.Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев бұл сайыстың мән­маңызына тоқталды.

Үш күнге созылған жарыстың нәтиже­ сінде ақтөбеліктер бас жүлдені еншілесе, БҚО құрамасы мен ақтаулықтар қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Мәди ЫҚЫЛАССуретті түсірген темірболат тОҚМАМБЕтОв

Құттықтаймыз!

Қазталов ауданы Ақпәтер ауылының тұрғыны, қадірлі апа­мыз, құрметті Ұштап БИСЕНҒАЛИҚЫЗЫН 60 жасқа толу ме­рейтойымен құттықтаймыз!

Деніңізге саулық, отбасы амандығын тілейміз. Арамызда ақылшы болып, ұзақ ғұмыр сүруіңізге тілектеспіз.

тілек білдірушілер: іні-келініңіз Балғазы- Сара, ініңіз Мұстафа, кіндік қызыңыз

Самал-Арман, Айана, Есмұрат-Сандуғаш, Айзере

Орал қаласының тұрғыны, өңірімізге қадірлі ақсақал, Ұлы Отан соғысының ардагері, аяулы, ардақты әкеміз Уақас Беғалыұлы МҰХАМБЕТҚАЛИЕвТІ 90 жасқа толу мерейтойы­мен шын жүректен құттықтаймыз!

Асу­асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?!Айдын шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?!Аспанды алты айналсам, жерді жеті айналсам,Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме!

Жалғыз едің ұрпағың орман болды, жан әке!Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке!Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік,Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!

Ұшырағанда демеген асқар тауым, жан әке!Қосылғанда жебеген басты арқауым, жан әке!Кемелдік пен тереңдік даналықтың мезгілі,Тоқсан атты сеңгірден асқан шағың, жан әке!

Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке,Баршамызға ақылшы, әке, ата боп әрдайым,Аман­есен жүре бер арамызда, жан әке!

Игі тілекпен: қыз-күйеу балаларыңыз, бала-келіндеріңіз, немере-жиендеріңіз және Қауметовтер әулетінен Нұрлан-Жаннат

Елімізге танымал өнер жұлдыздары сіздің тойда ән салады.кәсіби асабалар тойыңыздың шырайын ашады.

Ұл мен қыздың қуанышына, көптен күткен тойыңызға тарту жасаңыз.

Шыққан шығын орнын тауып оралар.той тарқаса да, оның қызығы ұмытылмайды.

«Zhaik Petr­oleum Ltd» ЖШС қоршаған ортаға әсерін тигізу туралы «Теміржолдың тұйықталған басы мен көмірсутек шикізатын өңдейтін және сақтау кешені құрылысы» жобасының қоғамдық тыңдауларды өткізуі туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдауларды 2014 жылғы 29 сәуірде сағат 11.00­де ҚР, БҚО, Зеленов ауда­ны, Белес кенті, мәдениет үйі ғимаратында өткізу белгіленіп отыр.

Мүдделі тұлғалар «ҚОҚ» материалдарымен ҚР, БҚО, Орал қаласы, Уральский тупик, 2­үй мекенжайында таныса алады.

ҚОҚ материалдарының электрондық нұсқасын zhaikpetr­[email protected]­u электрон­ дық пошта мекенжайынан сұратуға болады, ескертулер мен ұсыныстар көрсетілген мекенжайда қабылданады.

Түзету

«Орал өңірі» газетінің биылғы 3 сәуір күнгі санында («Оө», №36, 03.04.2014 ж.) жарияланған «Аманат арқалаған Аманкелді» атты материалда мақала авторы Сүйеу Халықов тарапынан «От тілді, орақ ауызды Махамбет ақынның туғанына 120 жыл толғалы отырған шақта...» деп жаңсақтыққа жол берілген. Осы жолдардың «От тілді, орақ ауызды Махамбет ақынның туғанына 211 жыл толғалы отыр­ ған шақта...» деп оқылуын сұраймыз.

Редакция алқасы

ҒЗЖИ «Газжобалау» ЖШС 2014 жылғы 18 сәуір күні сағат 10.00-де ЖШС-ның қатысушыларының жалпы жиналысы өтетінін хабарлайды

Мекенжайы: Орал қ., Дина Нұрпейісова көшесі, 12/1.Қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 18 сәуір күні сағат 9.30­ға дейін жүргізіледі.

Күн тәртібі:1. 2013 жылдың қаржы­шаруашылық қызметінің қорытындысы туралы есеп.2. 2013 жылдың қаржы­шаруашылық қызметінің ревизия актісін бекіту.3. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жылдық баланс және бір үлес есебінде дивиденд

көлемін бекіту.2014 жылғы 18 сәуір жиналым жетпей қалған жағдайда жиналыс 2014 жылғы 18 сәуір сағат

10.00­де өткізіледі.

Сур

етті

түсі

рген

Тем

ірбо

лат

ТОҚМ

АМБе

ТОВ