24
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ www.zhaIkpress.kz Сенбі, 16 қараша 2013 жыл №140 (19901) + 4 0 С - 1 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] «ОРАЛ ӨҢІРІ» - 95 Орал өңірі «ОРАЛ ӨҢІРІ» - 95 20 Фотоөнер: кеше және бүгін «ОРАЛ ӨҢІРІ» - 95 17 Сағынасың сол жылдарды... «ОРАЛ ӨҢІРІ» - 95 9 "Мені өлең өлкесіне "ұзатқан"... 4-6 Ғасырға таяу ғұмыр Сізді және сіз басқарып отырған «Орал өңірі» газеті редакциясының ұжымын 95 жылдық мерейтойы- мен шын жүректен құттықтай- мыз! 95 жыл дегеніміз бұл – біздің Ота- нымыздың бірнеше ұрпақтарының жетістіктері мен жеңістерінің ше- жіресі. Сол шежірені жиып-теріп, шашыратпай халыққа жеткізіп келе жатқан өздеріңізсіздер, яғни жур- налистер. Солардың ішінде сіздердің де еңбектеріңіз мол. Себебі бәрімізге жастайымыздан таныс, сырлас до- сымыз болған облыстық газеттің журналистер қауымы облыс пен Орал қаласының тыныс-тіршілігін, бүгіні мен ертеңін, өлкенің кешегі бай шежіресін, қазіргі таңдағы бо- лып жатқан тың өзгерістер мен өзекті мәселелерді де шынайы түрде Құрметті Бауыржан Файзоллаұлы! қалың бұқараға жеткізіп келеді. Бүгінгі күні де облыстың қос газеті – Жайық өңірі оқырмандарының асыға күтіп оқитын үнқағаздары. Өңіріміздің өсіп- өнуіне, қарыштап дамуына, халқының бақытты ғұмыр кешуіне озық ойлы мақалаларыңызбен, қызықты сұхбат- тарыңызбен, пайдалы ақыл-кеңестері- ңізбен өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Еліміздің жетістігіне қуанып, кем- шілігіне күйіне білесіздер. Сіздердің осы шынайылықтарыңыз үшін де халықтың ризашылығы зор. Сіздер өз басылымдарыңызда Пар- ламенттің, соның ішінде Батыс Қа- зақстан облысы депутаттарының жұмыстарын әрдайым жүйелі түр- де беріп тұратындықтарыңызды ри- зашылықпен айтқымыз келеді. Алдағы уақытта да тек табыс- тар тілей отырып, қаламдарыңыз мұқалмасын дегіміз келеді. Қ. ЖАҚЫПОВ, Б.ӘЙТІМОВА, В. КИЯНСКИЙ, Е. ТАРАСЕНКО, С. ОРАЗОВ, Р. АХМЕТОВ, Е. МҰҚАЕВ, Ш. ӨТЕМІСОВ Игі тілекпен, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары: Барша журналистер қауымына зор денсаулық, отбасыларына амандық, белсенді өмір, сарқылмас ізденгіштік және шығармашылық жарқын көңіл, бақытты өмір тілейміз. Редакция ұжымы мен барша оқырмандар қауымын облысымыздың кемел де кемеңгер газеті «Орал өңірінің» 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Елдік пен ерлік шежіресіне толы өткенге тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет дарыту үшін таптырмай- тын тағылым. «Орал өңірінің» жүріп өткен жолы – халқымыздың тарихынан бір мысқал ауытқыған емес, оның өмірінің айнасы. Әрқашан нағыз халықтың үні бола білді. Жүгі ауған түйедей тар кезеңге талай тап келсе де, «жоғынан бар, барынан нар» жасады. Дәстүрінен жаңылмаған ұжымды күні бүгінге дейін ұшқыр қиял мен ұғымтал қалам, ұлт болашағын ойлайтын ұлағат пен мәселеге байыппен қарайтын үлкен парасат айшықтайды. Сүйікті газетімізге ұзақ шығармашылық ғұмыр, «Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген, тілшілер қауымына кәсіби шыңдалу мен зор денсаулық тілеймін! Ізгі ниетпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Қымбатты достар!

Орал Өңiрi №140

  • Upload
    -

  • View
    295

  • Download
    13

Embed Size (px)

DESCRIPTION

 

Citation preview

Page 1: Орал Өңiрi №140

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ

www.zhaIkpress.kz

Сенбі,16 қараша 2013 жыл№140 (19901)

+ 4 0С

- 1 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

«ОРАЛ ӨҢІРІ» - 95

Орал өңірі

«ОРАЛ ӨҢІРІ» - 95

20Фотоөнер: кеше және бүгін

«ОРАЛ ӨҢІРІ» - 95

17Сағынасың сол жылдарды...

«ОРАЛ ӨҢІРІ» - 95

9"Мені өлең өлкесіне "ұзатқан"...

4-6Ғасырға таяу ғұмыр

Сізді және сіз басқарып отырған «Орал өңірі» газеті редакциясының ұжымын 95 жылдық мерейтойы- мен шын жүректен құттықтай-мыз!

95 жыл дегеніміз бұл – біздің Ота-нымыздың бірнеше ұрпақтарының жетістіктері мен жеңістерінің ше-жіресі. Сол шежірені жиып-теріп, шашыратпай халыққа жеткізіп келе жатқан өздеріңізсіздер, яғни жур-налистер. Солардың ішінде сіздердің де еңбектеріңіз мол. Себебі бәрімізге жастайымыздан таныс, сырлас до-сымыз болған облыстық газеттің журналистер қауымы облыс пен Орал қаласының тыныс-тіршілігін, бүгіні мен ертеңін, өлкенің кешегі бай шежіресін, қазіргі таңдағы бо-лып жатқан тың өзгерістер мен өзекті мәселелерді де шынайы түрде

Құрметті Бауыржан Файзоллаұлы!қалың бұқараға жеткізіп келеді. Бүгінгі күні де облыстың қос газеті – Жайық өңірі оқырмандарының асыға күтіп оқитын үнқағаздары. Өңіріміздің өсіп- өнуіне, қарыштап дамуына, халқының бақытты ғұмыр кешуіне озық ойлы мақалаларыңызбен, қызықты сұхбат-тарыңызбен, пайдалы ақыл-кеңестері- ңізбен өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Еліміздің жетістігіне қуанып, кем-шілігіне күйіне білесіздер. Сіздердің осы шынайылықтарыңыз үшін де халықтың ризашылығы зор.

Сіздер өз басылымдарыңызда Пар-ламенттің, соның ішінде Батыс Қа-зақстан облысы депутаттарының жұмыстарын әрдайым жүйелі түр-де беріп тұратындықтарыңызды ри-зашылықпен айтқымыз келеді.

Алдағы уақытта да тек табыс-тар тілей отырып, қаламдарыңыз мұқалмасын дегіміз келеді.

Қ. ЖАҚЫПОВ,

Б.ӘЙТІМОВА,

В. КИЯНСКИЙ,

Е. ТАРАСЕНКО,

С. ОРАЗОВ,

Р. АХМЕТОВ,

Е. МҰҚАЕВ,

Ш. ӨТЕМІСОВ

Игі тілекпен, Қазақстан РеспубликасыПарламентінің депутаттары:

Барша журналистер қауымына зор денсаулық, отбасыларына амандық, белсенді өмір, сарқылмас ізденгіштік және шығармашылық жарқын көңіл, бақытты өмір тілейміз.

Редакция ұжымы мен барша оқырмандар қауымын облысымыздың кемел де кемеңгер газеті «Орал өңірінің» 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Елдік пен ерлік шежіресіне толы өткенге тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет дарыту үшін таптырмай-тын тағылым.

«Орал өңірінің» жүріп өткен жолы – халқымыздың тарихынан бір мысқал ауытқыған емес, оның өмірінің айнасы. Әрқашан нағыз халықтың үні бола білді.

Жүгі ауған түйедей тар кезеңге талай тап келсе де, «жоғынан бар, барынан нар» жасады.

Дәстүрінен жаңылмаған ұжымды күні бүгінге дейін ұшқыр қиял мен ұғымтал қалам, ұлт болашағын ойлайтын ұлағат пен мәселеге байыппен қарайтын үлкен парасат айшықтайды.

Сүйікті газетімізге ұзақ шығармашылық ғұмыр, «Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген, тілшілер қауымына кәсіби шыңдалу мен зор денсаулық тілеймін!

Ізгі ниетпен,Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ

Қымбатты достар!

Page 2: Орал Өңiрi №140

АҚПАРАТCенбі, 16 қараша 2013 жыл

[email protected]

Кеше ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен шағын қалалар мен жергілікті жер-дегі жолдардың жай-күйін талқылаған селекторлық отырыс өтті.

Отырыста аталған салаларға жауапты министрлердің баян-дамалары тыңдалған соң, об-лыс әкімдері де қалыптасқан ахуалға түсінік берді.

Премьер-министр Серік Ах-метов бұрын қаражат аз бөлін- ген қиын кездер де болғанын, енді үлкен қаражаттың игеріл- мейтініне көңілі толмайтынын білдірді. Моноқалалардағы жо-баларды тек есеп үшін емес, нақты жұмыс істейтіндей қы- лып жоспарлауды, кәсіпкерлікті дамытуды нықтап тапсырды. Серік Нығметұлы облыс әкім- деріне шағын қалалар әкімде-рінің толық есебін тыңдауға, жұмысын жүргізе алмай отыр-ғандарға шара қолдану кере-ктігін, қажет болған жағдайда қызметінен ауыстыру жөнінде нұсқау берді.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,«Орал өңірі»

Жиында жол мәселесі қоз-ғалғанда облысымызға қатысты сын айтылды. Елбасының Ба- тыс Қазақстан облысына сапа- рынан кейін мәселені қадаға-лауды тапсырғанын айтқан Се- рік Ахметов БҚО-да жолдардың 53 пайызы жарамсыз екенді-гін тілге тиек етті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев орын алған жағдайды егжей-тегжейлі тү- сіндіріп, алдағы жоспарлар- мен де бөлісті. Облыста жол-дың жалпы ұзындығы 6 530 ша-қырым болса, оның 1 287 ша- қырымы республикалық, қал-ған 5 243 шақырымы облыс, аудандық маңызы бар жол. 19 пайызына қатқыл табан төселген болса, 46 пайызын-да шиыршық тас, 35 пайызы топырақты жол. 445 елді ме-кен болса, соның 62-інде ғана тас жол бар. Ал алты аудан орталығы – Қазталов, Жәнібек, Сайқын, Қаратөбе, Шыңғырлау

облыс орталығына асфальт жолмен жалғасып жатқан жоқ. Биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жергі-лікті бюджеттен 551,8 млн.тең-

Жиналғандарды облыс әкі-мінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов құттықтады.

– Бәріңізді ұлттық ақша-тең-генің жиырма жылдық мерей-тойымен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік ме-рекесімен құттықтай отырып, табыс пен денсаулық тілеймін! Осыдан 20 жыл бұрын Елба-

Теңгеге – 20 жылОблыстық қазақ дра-ма театрында ұлттық ақшамыз-теңгенің шығарылғанына 20 жыл толуына орай салтанат-ты мәжіліс пен концерт өтті. Оған өңіріміздің қаржыгерлері, осы саланың ардагерлері мен өзге де қонақтар қатысты.

Жолдардың жай-күйі ТАлҚылАнды

дан кейін бір топ қаржы саласы-ның қызметкерін облыс әкімі Н.Ноғаевтың атынан құттықтап, алғысхатпен марапаттады.

ҚР Ұлттық банкі облыстық бөлімшесі директорының мін-детін уақытша атқарушы Ғалия Сатыбалдина шағын хабарла- ма жасады. Ол мерекеге орай бір топ қаржыгерді марапат-тап, сый-сияпат көрсетті. Мере- келік шарада банк саласы қыз- меткерлерінің балалары мен немерелерінен құрылған «Банк-шоу» ансамблі өнер көрсет- ті. Жиналғандарға теңгенің 15 жылдық мерейтойына арнал- ған деректі бейнетаспа көрсе-тілді. Шара соңы мерекелік кон-цертке ұласты.

Серпін САЯҚ

Суреттерді түсірген Александр КУПРИЕНКО

сымыз Н.Назарбаев ұлттық ақша шығарып, айналымға ен- гізу жөнінде көрегендік шешім қабылдап, елді ықтимал күрделі ахуалдан сақтап қалды. Сонан бері еліміз өтпелі кезеңнің та- лай қиындығын бастан өткерді. Бірақ Отанымыз бен теңгенің

тұрақтылығын сақтап, эконо- миканың өрісті дамуын қам- тамасыз етті. Мен қазір осында отырған сала ардагерлерінің өнегесіне бас ие отырып, олар-дың орнын басқан жастар тек биіктен көрінсін дегім келеді, - деді Серік Жамбылұлы. Со-

Тарихымыз тереңдеЖантасНАБИОЛЛАҰЛЫ,«Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры

Облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында ғасырға жуық ғұмыры бар басылымның тарихынан сыр шертетін музей ашсақ, тарихын түгендесек деген игі мақсат 2012 жылы-ақ басталған болатын. Өз газетімізді өзіміз зерттеп, тігінділерін түгендеп, ең алғашқы нөмірлерінен бастап ұйымдастырған, шығарған тұлғаларды іздестіруді жоспарладық. Зерттей келе, Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев сын-ды тұлғалардың 1918 жылы «Дұрыстық жолы» газетінің редакциялық алқа құрамында болғанын білдік. Алқада мүше болған Ғұмар Қараш пен Ғабдолғазиз Мұсағалиев 1911-1913 жылдары «Қазақстан» атауымен газет шығарушылар қатарында болған екен. Сондықтан істі «Қазақстан» газетінен бастауды жөн көрдік.

Міне, Ресей мұрағаттарынан іздестіріп, 1911-

1913 жылдар аралығында Орал қаласында шығып

тұрған «Қазақстан» газетінің 16 санын тауып,

көшірмесін алдырып, араб әрпінен қазіргі әліпбеге

аударып, бұл басылымды шығарған тұлғалар

туралы деректермен толықтыра отырып, бір

жинақ шығардық. Бұл жинақты ұлтымыздың то-

лыққанды газет ретінде жүйелі шығып тұрған тұңғыш

басылымы – «Қазақстан» газетіне арналған алғашқы

кітап, шағын энциклопедия десек те болады.

ге, республикалық бюджеттен 1 млрд. 820 млн. теңге бөлін- ген. Оған Ақсай-Шыңғырлау, Жымпиты-Қаратөбе, Чапаев-Жа- ңақала-Сайқын, Алғай-Жалпақтал- Жұлдыз-Қарасу жолдарының кейбір бөліктеріне күрделі жөн-деу жасалған. 2014-2016 жыл-дары облыстық және аудан- дық маңызы бар автокөлік жол-дарын дамыту бағытына 24 млрд. теңге шамасында (2014 жыл – 6,0 млрд. теңге; 2015 жыл – 7,0 млрд. теңге; 2016 жыл – 7,0 млрд. теңге) қаржы қарастыры-лу жоспарланған.

Отырыс соңында Үкімет бас-шысы 2014-2016 жылдары жер-гілікті маңызы бар жолдарды дамытуға республикалық бюд-жеттен 115 млрд. теңге қаржы бөліну жоспарлағандығын айт- ты. Мұны әлі толықтай сарап-тау керектігін айтқан Серік Нығ-метұлы оны салалық министр-ліктерге жүктеді.

Бүгінгі мерейтойға арналған екінші бір құнды

еңбек – «Қос газеттің тарихы» деп аталады. Бұл,

өздеріңіз де шамалап отырғандарыңыздай, Батыс

Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі»

мен «Приуралье» газеттерінің ғасырға жуық тарихын

қамтыған жинақ. Кітапта газеттің 1918-1919 жылғы

алғашқы сандары аудармасымен беріліп, басылым-

ды қалыптастырған, жетекшілік еткен, әр жылдары

қызмет жасаған тұлғалар туралы деректер топтас-

тырылды. Осы зерттеулер барысында газетке редак-

торлық еткен бірнеше тұлғаның саяси репрессия

құрбаны болғанын, «Халық жауы» деген жаламен

атылғанын анықтадық. Осының өзі газет редакциясында қиын-қыстау жыл-

дарда елім деп еңіреген азаматтар қызмет атқарғанының дәлелі емес пе?!

Осы атаулы күнге арналған үшінші кітап – «Жайық

журналистері». Бұл жинақта аталмыш қос басылым-

да күні бүгін қызмет атқарып жүрген журналис-

тердің таңдаулы мақалалары іріктеліп берілген.

Жалпы, әрбір газет-журнал редакциясы өзінің таң-

даулы жарияланымдарын топтастырып, кітап етіп

шығаруы – бұрыннан бар дәстүр. «Жайық Пресс»

ЖШС да осы бір игілікті дәстүрді жалғастырмақ

ниетте.

Міне, құрметті оқырман, Батыс Қазақстан облыстық қо-ғамдық-саяси «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейтойын осындай ойлы дүниелермен, мән- ді де мағыналы шаралармен өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрқашан, әр кезде де басылым тойы – оқырманның да тойы. Мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын!

Page 3: Орал Өңiрi №140

Cенбі, 16 қараша 2013 жыл3

[email protected]

ҚоғАм

Мерей мен жауапкершілік

Біздің басылымның алғашқы саны шыққан сонау 1918 жыл-дың қараша айы ел-жұрттың

ақ пен қызыл, бай мен батырақ бо- лып жікке бөлініп, жаға жыртысып, азамат соғысына ұрынған кез еді. Со-дан бері қанша су ақты, қаншама рет құс келіп, құс қайтты. Кеңес өкіметін орнату, жаңа экономикалық саясат пен кәмпеске, қазақ даласын жайлаған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін, екінші дүниежүзілік соғыстың лаңы мен соғыс қиратқан халық шаруашы-лығын қалпына келтіру кезеңі, қазақ-ты өз ел, өз жерінде азшылыққа ұшы-ратып, тұқыртып жасытқан тың игеру науқаны мен «Қазақстандағы қой са-нын 50 миллионға жеткізейік!» де- ген сықылды қарадүрсін экономика-лық саясаттың «кемелденген социа-лизм» арқылы тоқырауға барып тіре- луі... Ал тындырған түгі жоқ, есесіне көпірме сөзі көп қайта құрудың соңы туысқан республикалардың Тәуел-сіздік шеруіне ұласқаны баршаңызға мәлім. Міне, осы кезеңдердің бәрін «Орал өңірі» ел-жұртпен бірге өт- керді. Ендігі кезекте газеттің тарихы-нан там-тұм мағлұмат.

Батыс Қазақстан облыстық қоғам- дық-саяси «Орал өңірі» газеті – қазір- гі заманғы қазақстандық ақпарат ай- дынындағы ең байырғы басылым-дардың бірі. Бастауында Ғұмар Қа-раш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Ахмет Мәметов, Мұстафа Көкебаев сынды Алашорда қозғалысы батыс бөлімінің қайраткерлері тұрған бүгіндері әр-қайсысы өз алдына дербес екі редак- ция – «Орал өңірі» және «Приура-лье» газеттерінің 1918 жылдың 17 қарашасында қазіргі Бөкей ор-дасы ауданының аумағында «Из- вестия-Хабар» деген ортақ атаумен алғашқы нөмірі басылып, оқырман қауымға жол тартқан екен. Әрине, содан бері әр кезеңдегі қоғамдық- саяси көзқарасқа байланысты қос басылымның атауы әлденеше рет өзгерді. Мысалы, «Орал өңірінің» та- рихына үңілер болсақ, біздің газет әр жылдары «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жолы», «Қызыл ту», «Екпін-ді құрылыс», «Октябрь туы» деген атаулармен шыққан. Ал 1963 жыл- дың 1 мамырынан бастап, қазіргі атауымен ел-жұртқа тарап келе жат- қан біздің газет 1968 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

● Бас редактор бағаны

дар да біздің редакциямен шығар-машылық байланыста болған. Бертін келе, халқымыздың шежірелі-шер- менді тарихының тиянақты зертте-луіне белсенді атсалысқан тарих- шы-ғалым, 1932-37 жылдары Орал педагогикалық институтында қызмет істеген Қажым Жұмәлиев те редак-цияның шығармашылық тыныс-тір-шілігіне араласып тұрған.

«Орал өңірі» газеті редакциясы- ның қазіргі ұжымының алдында бү-гінгі таңда қандай келелі міндеттер тұр, енді осыған келейік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлы мәртебелі Тәуелсіздікке ие бол- ған қазақ елінің әлеуметтік-экономи-калық тұрғыдан өркендеп, гүлдене түсуі біздің атамекенімізді мекенде-ген ұлттардың достығы мен Қазақ- стан халқының дінаралық татулығы-на тікелей тәуелді екендігін ел-жұрт- тың жадына жиі салып отырады. Отандастарымыздың осы бағыттағы ынтымағының нығая түсуіне үнемі мүдделілік таныта отырып қызмет істеу – біздің ұжымның ең басты мұ-рат-мақсаты. Сонымен қатар қалың бұқараның нақты факті-факторларға негізделген орынды базынасын рес-ми билікке жеткізуді де біз өзіміздің негізгі міндет-миссиямыз санаймыз. Бұған қоса мемлекеттік билік буын-дарының елдің экономикасын ілге-рілету мен әлеуметтің әл-ауқатын жақсарту үшін қолға алған жоба-жос-пар, бағдарламаларынан ел-жұрт- ты уақтылы хабардар қылып отыру да біз үнемі ескерер маңызды шаруа- лардың бірі. Сондай-ақ отандаста-рымызды, әсіресе, әлі оң-солын та-нып, ақ-қараны түбегейлі айырып үл- гермеген жас қауымды теріс пиғыл- ды діни ағым дар мен мысық тілеулі жат идеологияға арбалудан сақтан- дыру да мемлекетшіл БАҚ атаулы- ның назарынан тыс қалмауы шарт.

Сөз соңында айтарым, біздің ре- дакцияның қазіргі ұжымы ғасырға жуық ғұмырында талай тұлғаның қолтаңбасы қалған «Орал өңірі» га-зетінің шежіресі мол тарихын орын-ды мақтан-мерей тұтады һәм мұн- дай мекемеде қызмет істеу зор жа- уапкершілік екенін түсінеді.

Ортақ мереке құтты болсын, біз-ге жазар, ал сізге тұшынып оқыр дү- ние көбейгей, әлеумет!

Қадірлі оқырман, міне, сіздің қолыңызда «Орал өңірінің» 95 жылдығына орай шығарылған сіз бен біздің төл газетіміздің мерейтойлық саны. Иә, 95 жыл жеке адам үшін де, жалпы қоғам үшін де аз уақыт емес. Газет қалың бұқараның ортақ игілігі болғандықтан, біз «Орал өңірінің» жүріп өткен жолын қоғамдық тұрғыдан шолуға пейілдіміз.

Бүгінгі «Орал өңірі» газеті кезінде Хамза Есенжанов, Жұбан Молдаға-лиев, Хамит Ерғалиев, Жәрдем Тіле-ков, Сағынғали Сейітов, Қадыр Мыр- за Әлі, Жанғали Нәбиуллин, Ақұштап Бақтыгереева сынды қазіргі заман-ғы қазақ әдебиетінің әлеуетті өкіл- дерінің тырнақалды туындылары жа- рияланып, осындай қабырғалы қалам-герлерді темірқанаттандырған ақ- жолтай басылым. Сондай-ақ соғысқа дейін Қасым Аманжолов пен Аб-долла Жұмағалиевтай арқалы ақын-

Шыңғырлау ауданындағы Пол- тава селолық округінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында сенбілік өтті. Оған 5 мекеме, 3 шар- уа қожалығы, барлығы 80 адам қатысып, біраз техника жұмылды-рылды. Сенбілікке қатысушылар құрал-саймандарымен қоқыс жи-нап, көшенің бойындағы ағаштар- ды әктеді, өзге де тазалау жұмы-сымен айналысты.

Ауылдағы сенбілік

2013 жылғы 20 қараша күні сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің үлкен залында Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы келесі күн тәртібімен өт-кізіледі:

1. 2013-2015 жылдарға арнал-ған Орал қаласының бюджетін нақ-тылау туралы.

2. Қалалық сайлау комиссиясы-ның ақпараты.

3. Әр түрлі.

Орал қалалық мәслихаты

Хабарландыру

Жақында Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен 1995-1997 жә- не 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қала-аралық турнир өтті.

Бұған Ақтөбе, Маңғыстау, Аты-рау, Батыс Қазақстан, Петропавл, Қызылорда, Шалқар, Қазалы, Ба- зой қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысты. В.Ивченконы ес- ке алуға арналған дәстүрлі тур-нирге облыс атынан қаладағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мек-тебінің бес спортшысы қатысып, олардың екеуі жүлдемен оралды. Грек-рим күресі бөлімінің жаттық-тырушысы Д.Куратовтың айтуын-ша, 29 келі салмақ дәрежесінде Мирланбек Амангелдиев бес кез-десу өткізіп, қола жүлдеге ие бол- са, 32 келіде алты рет бәсекеге түскен Азат Мұхамедиев І орынды иеленді.

Жеңіспен оралды

«Astana School of Business and Technology» ЖШС Қазталов ауданы бойынша 82 адамды «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шең-берінде бизнес әліппесіне оқыт- ты. Мұндай оқу курстары Қазталов және Жалпақтал ауылдарында ұйымдастырылды.

Бағдарламаға қатысушылар ауылда кәсіпкерлікті бастау, ке-ңейту, бизнес-жоспар әзірлеу, ша- ғын несие ұйымдарымен жұмыс жасау тақырыптарында дәрістер алды. Қатысушыларға кәсіпкерлік-тің қыр-сырынан хабар беретін әдістемелік оқу құралдары тара-тылды. Астана қаласынан келген компанияның өкілдері оқу соңын- да барлық қатысушыларға серти-фикат табыс етті.

Астанаданкеліп оқытты

Үкімет отырысында вице-премьер Индустрия және жаңа технологиялар минис-трі Әсет Исекешевтің ай-туынша, екінші бес жылдықта қаржыландырылуы таңдал- ған басымдықтарға сәйкес негізгі салалық секторлар- ға көбірек назар аударыла-ды. 2020 жылға дейінгі ке-зеңді қамтитын бұл индус- триалдық-инновациялық бағдарламаның екінші бес жылдығының тұжырымдама-сы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзір-ленуде. Құжатта өндіру және өңдеу өнеркәсібі бойын- ша қолға алынатын жұмыстар ауқымы белгіленген, соған орай салалардағы құнды тө-

Тұжырымдама жобасы талқыланды

Бейсенбіде Премьер-министрдің бірінші орын-басары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің индустриал-дық-инновациялық дамуының екінші кезеңінің (2015-2019 ж.ж.) тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Селекторлық тәртіпте өткен кеңеске облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов қатысты.

гүлбаршын әЖІгЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

мендету, еңбек өнімділігін арттыру, қуат сыйымдылы-ғын азайту шаралары қарас-тырылған. Тұжырымдама ая- сында басым салаларды жә-не кластерлерді дамыту, өн- дірістік күштерді орналас-тыру және өңірлерді дамы- ту, қаржы жүйесін дамыту және индустрияландыру бағ- дарламасының екінші бес-жылдығын қаржыландыру, өнеркәсіптік саясаттың құ- ралдары және іске асыру те- тіктері жан-жақты қарасты-рылып отыр.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің бірінші орын-басары Серік Шәпкенов тұ- жырымдама жобасына қа- тысты тиісті ұсыныстарды дайындауды сала басшыла-рына тапсырды. Өңіріміз бо-йынша мұнайгаз кластерін аталмыш тұжырымдамаға енгізу ұсынылған.

– Елдің индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280 млрд. теңге құрайтын маңғыстаулық 34 жоба ен- ді. Оның ішінде республикалық картада 2 жоба, ал өңірлік-те 32 жоба бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру кезінде 8800 маңғыстаулық жұмысқа тартылады. Ал соның ішінде 1800 адам бүгінде аяқталған 23 жобада еңбек етуде», - деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін тағы екі ірі жоба аяқталатын болады. Олар – сметалық құны 83,5 млрд. теңге құрайтын «Каспий Битум» және «Каспий Цемент» за-уыттары. Сондай-ақ бұл кәсіпорындарда 600 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Мұнымен қоса алдағы жылдары сметалық құны 65,1 млрд. теңгенің 9 жобасын аяқтау жоспарла- нып отыр. Бұл тұрғыда, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Өз тілшіміз

Маңғыстауда 34 жоба

15 қараша күні ҚР Прези-денті жанын- дағы Орталық коммуникация-лар қызметін-дегі баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Алик Ай-дарбаев (сурет-те) облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде мәлім етті.

Page 4: Орал Өңiрi №140

«оРАл өңіРі» – 95Сенбі, 16 қараша 2013 жыл

[email protected]

Бүгінде «Орал өңірі» газетінің алғашқы саны «1918 жылы 17 қарашада Бөкей об-лысы кеңесінің органы ретінде «Хабар» деген атпен жарық көрген» делінеді. Де-генмен газет тарихын одан әріге тартатын да тарихи дерек жоқ емес. Бұл туралы сәл кейінірек...

Отты жылдар. Ордада

Әуелден ірі қоғамдық-саяси оқиға-лардың ордасына айналған Ішкі орда - Бөкейлік өңірінің алғашқы қазақ баспа-сөзінің қалыптасуына да ерекше орны бар. Әсіресе, 1917-1918 жылдардың ала-сапыран өзгерістері Бөкей ордасын да шарпыды. Қазақ даласына, әсіресе, батыс өлкеге ерекше ықпалы бар Ордада кеңес өкіметін орнатуға большевиктер де бел-сене кірісті.

Бөкей ордасында большевиктер би-лігі 1917 жылдың 1 желтоқсаны күні ор- наған екен. Ішкі орда ол кезде Астра-хан губерниясына бағынышты еді. 1918 жылдың басында Бөкей ордасына Астра-хан қаласынан ұлты мордва С.Милютин

Ғасырға таяу

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің тарихы да қазақ халқының аума-лы-төкпелі, талайлы тағдырымен сабақтас. Атауы сан мәрте өзгерсе де, үзілмей шығып келе жатқанына бір ғасырға жуықтаған бұл басылымның бетінде талай ұлт зиялыларының үкілі үміті, асқақ арманы, елге қызмет етсем деген мақсат-мүддесі көрінді.

Бисен ЖҰМАҒАЛИЕВ,соғыс және еңбек ардагері:

– Әлі есімде, ме- нің алғашқы шағын мақалам 1939 жылы осы газетте жарық көрді. «Екпінді құ-рылыс» газетімен байланысым Ұлы

Отан соғысы жылдарында да үзілген жоқ. Ерлік танытқан жерлестерім жөнінде жиі жазуға тырыстым. Бір айта кетерлігі, соғыс жылдарында пошта жақсы жұмыс жасады. Менің жіберген хатымның бәрі редакцияға жетеді, олардың жазғанын мен уақтылы алып тұрдым.

Соғыстан соң да тағдыр мені осы газет-пен байланыстырды. Мені журналистика-дан хабары бар деп, облыстық екі газетті, аудандық газеттерді қарау үшін облыстық атқару комитетінде нұсқаушы етіп бекітті. Ал 1949 жылы «Екпінді құрылыс» газетіне бас редакторының орынбасары, екі жылдан соң бас редактор болып тағайындалдым. Содан 1955 жылдың қарашасына дейін осы лауазымда қызмет атқардым. Соңынан, яғни өлке тарап, Орал қайтадан өз алдына облыс болғанда газеттің атын өзгерту қажеттілігі туындады. Сонда менің «Орал өңірі» деп атасақ қайтеді деген ұсынысым қабылдан- ды. Жалпы алғанда, өзім өмір жолымның жақсы болып қалыптасуын облыстық га- зетпен байланыстырамын.

«Орал өңірі» – елімізде алғаш шыққан газеттің бірі. Сондықтан оның жасына қарай тәжірибесі де көп. Әлі күнге дейін Оралдың басылымдары нашар деп естіп көрген жоқпын, сол себепті қашан да биіктен көріне берулеріңізге тілектеспін. Басылымда жұрт қызыға оқитын мақала көп болсын!

Мәжит ЖАДАНОВ, соғыс және еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі:

- «Орал өңірі» – жа- ныма ең жақын басы-лым. Облыстың ты-ныс-тіршілігін біліп

отыру үшін оқимын. Өзім осы газетте со-нау бір кездері 8 жыл қызмет істедім. Еңбекке араласқаннан бері үзбей жазы- лып, оқитын тұрақты оқырманымын. Шы-ғатын күндерін білгесін, кешіксе, алаңдап отырамын.

Есімхан МЕҢЕШОВ,Қазталов аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы:

– «Орал өңірі» газе-тінің алғашқы саны- ның шыққанына 95 жыл толу мерекесі-мен газеттің бұрын-

ғы қызметкерлерін және қазіргі ұжымын шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық аманшылық, еліміздің өркендеуінің жаршысы бола бе- ру жолында зор шығармашылық табыс тілеймін.

бастаған бір топ большевик келеді. Сөй-тіп, 21-22 наурыз күндері Ордада Бөкей жұмысшы, солдат және қазақ депутатта-ры кеңесінің атқару комитеті құрылып, С.Милютин оның басшылығына сайла-нады. Кеңес үкіметінің идеологиясын Бөкейлікке таратып, көпшілікті соңынан ерту үшін қызылдар газет шығару керек-тігін түсінген. Орда жұртына газет таңсық емес-ті. 1911 жылы шыққан «Қазақстан» газетін айтпағанда, сол 1917 жылдың ала-сапыранында «Ұран» газеті шығып, енді ояна бастаған қазақ қоғамына еркіндік туралы ой тастап жатқан болатын...

Большевиктер Астрахан қаласынан орыс қаріпті баспахана құралдарын алдыртты. Ордадағы «Ұран» газетінің баспаханасы да солардың қолына көшкен. Көп кешікпей Ордада 1918 жылғы 17 қараша күні орыс және қазақ тілдерінде шығатын «Известия» - «Хабар» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Оның редакторы – Ішкі ордалықты басқарушы облыстық кіндік (орталық) коми-тет төрағасы С.Милютин еді.

Осы газеттің алғашқы санында об-лыстық кіндік комитеттің №112 хаттама-сы жарияланған. Онда «баспасөз тарату ісі ілгерілеп, жемісті һәм пайдалы болуы үшін Астраханнан келген жаңа баспаха- на мен Хан ордасындағы «Ұран» баспа-ханасын біріктіріліп, ол баспахананы басқару ісі жолдас Выгдорщикке тапсы-рылатыны» айтылады.

«Известия» – «Хабар» 1918 жылдың соңына дейін 31 нөмірі шыққан. Ресей Федерациясының Мәскеу және Санкт- Петербург архивтерінен аталмыш газет-тің түгелге жуық санын тауып, көшірме- сін алдық.

Газет 1919 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Киргизская правда» – «Қазақ дұрыстығы» деген атаумен шыға бас-тады. Бұл газетте де редактор ретінде С.Милютиннің фамилиясы жүр. Бірақ газет мақалаларынан және зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен басылым жұмысына сол кездегі аса көрнекті қа- зақ зиялылары С.Меңдешев, М.Көкебаев, Ғ.Қараш, Ғ.Мұсағалиев, Ш.Бекмұхамедов, Х.Есенбаев, Т.Сафиев, И.Меңдіханов, Ғ.Бегалиев, Ғ.Бөкейханов, т.б. қатысқан-

дығы белгілі. «Жайық Пресс» ЖШС тара- пынан жасалған жұмыстардың нәтиже-сінде Мәскеу архивтерінде сақталған осы басылымның тігіндісі де бүгінде елге, Орал қаласына жеткізіліп, тарих- шы мамандардың назар аударуын күтуде.

Мәскеу қаласының іргесіндегі Химки қаласында, Ресей мемлекеттік кітапха-насының газет бөлімінде «Дұрыстық жолы» газетінің де тігіндісі сақталған. Бұл – Хан ордасында 1919 жылдың 20 хұт айынан (ақпан) бастап таза қазақ тілінде шыққан газет.

«Дұрыстық жолы» газетінің атын қойып, тұсауын кескен – белгілі қазақ ақыны, ағартушы Ғұмар Қараш. Ақынның «Дұрыстық жолы» атты өлеңі осы газеттің бірінші санында жарияланған.

«1919 жылы ақпан айында Ордада өткен сауатты қазақ жастарының жина-лысына Шафхат Бекмұхамедов, Бисен Жәнекешов, Мұстафа Көкебаев, Халел Есенбаев, Ғали Бегалиев, Ғабит Сарбаев, Әмірғали Меңешов, Хайырлы Бекқалиев, Хамид Чурин, Ғұмар Қараш секілді азамат-тар қатысып, бұған дейін «Хабар» және «Қазақ дұрыстығы» аталып екі тілде шығып келген газет орнына бір ғана қазақ тілін-де газет шығару мәселесін талқылады. Көпшіліктің ұйғарымымен газет атауы «Дұрыстық жолы» болып өзгертілгенде, оның редакция алқасына Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұса-ғалиев, Халел Есенбаев және осы жол-дардың авторы кірді...» – деп жазды газеттің жартығасырлық мерейтойына арналған мерекелік нөмірде (1968 жылғы 17 қараша) сол кезде Мәскеу қаласында тұрып жатқан Тамимдар Сафиев «Газет осылай шығарылды» атты мақаласында.

Сол кезеңде Хан ордасында шыққан газеттердің тарихын түгендеуге зерт-теуші Мұстафа Ысмағұлов ағамыз көп еңбек еткен. 1974 жылы 5 мамыр – баспасөз күні қарсаңында сол кезде Қазақ ССР Ғылым академиясының Фи-лософия және право институтының ғы- лыми қызметкері болып қызмет етіп жүр-ген Мұстафа ағамыз «Дұрыстық жолы» газетінің шыға бастағанына 55 жыл то-луына арнап Алматы телеарнасынан ар-

Қазбек ҚҰттЫМҰРАтҰЛЫ,«Орал өңірі»

Ардагерлерденақ тілек

“Екпінді құрылыс” газетінің ұжымы. 5 мамыр, 1934 жыл

Page 5: Орал Өңiрi №140

[email protected]

«оРАл өңіРі» – 95Сенбі, 16 қараша 2013 жыл

ғұмырнайы хабар ұйымдастырған екен. Ке-ңестік идеологияның қылышынан қан тамып тұрған, Ғұмар Қараш секілді ұлт зиялыларының атын атауға тыйым са-лынған тұста ғалым ағамыздың бұл ең- бегін үлкен ерлікке теңеуге болады. Мұстафа Ысмағұловтың көп қолжазба- сы бүгінде Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұр.

Деректерде «Дұрыстық жолы» 1919 жылы 10 шілдеде өзінің он бірінші нөмірінен кейін шығуын тоқтатты» делінеді. Мәскеу кітапханасында «Дұрыстық жолының» осы 11 саны түгел сақталған. Бұл тігіндінің кө-шірмесі бүгінде Оралға әкелінді. Газеттің тоқтауына 1919 жылдың орта шеніне дейін тікелей РСФСР-ға қарап келген Бөкей об-лысының сол жылы шілдеде қазақ елдерін басқаратын Кирревком құрылғаннан кейін Қазақстанның құрамына Бөкей губерния-сы болып енуі себеп болған. Осыдан кейін «Дұрыстық жолының» орнына «Қызыл дала» газеті біраз уақыт шығып тұрды деген де- ректі кездестірдік. Ресей Федерациясы мемлекеттік архивінің тізімінде «Красная степь» (Степная газета. Издания Букеевско-го губернского отделения Астраханского КрайРОСТа, Урда) газетінің жалғыз саны (№6, 13 қараша, 1920 жыл) сақталғандығы туралы мәлімет табылды. Бірақ оның «Дұ-рыстық жолына» қатысы бар-жоғын анық- тау мүмкін болмады.

Оралдағы “Қызыл ту”

Басылымның бұдан кейінгі тарихында ақтаңдақ бар. 2010 жылы «Арыс» баспасы-нан шыққан «Батыс Қазақстан» энцикло-педиясында «Дұрыстық жолынан» кейін газеттің «Сахара таңы» деп аталғанын ай-тып өтеді. Бірақ мұндай газет әзірге та-былмады. Оның үстіне басылым тарихын осы кезге дейін зерттеген мамандардың бірде-бірі мұндай атаулы газет туралы айтпайды.

1920 жылдары Бөкейлікте «Кедей туы», «Қазақ жарлылары» атты да басылымдар шыққандығы жөнінде аракідік айтылып жүр. Мысалы, қазақ кеңес баспасөзінің та-рихын зерттеуші белгілі ғалым Светлана Смағұлова «Қазақ мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы. (ХХ ғасыр- дың 20-30 жылдары)» атты еңбегінде (Ал- маты, «Елтаным», 2011) былай дейді:

«Батыс Қазақстан облыстық «Қызыл ту» газеті 1920 жылдан Орал қаласында шығып, сол кездегі көкейкесті мәселелер-ді газетке жариялап отырған... «Еңбекші қазақ» газетіндегі хабарламада газеттің Орал губерниялық партия комитеті мен губерниялық атқару комитетінің тілі ре-тінде жетісіне 3 рет шығып тұрғандығы, газетке Бөкейде шыққан «Кедей туы» га-зеті барлық қызметкерлер және алды-рушыларымен қосылғандығы да айтылды». («Еңбекші қазақ», 1926, 7 ғинуар, №219)

«Қазақстан баспасөзі» атты мақала-сында (27.04.1923 жыл, «Еңбекші қазақ») басылымның сол кездегі редакторы Сә- кен Сейфуллин Орал облысындағы газеттер туралы былай дейді:

«Қызыл ту» Орал губисполкомының га-зеті, жетісіне бір шығады. Екі бет. Баспасы, қағазы өте нашар. Бұрыннан газет оқып ысылған адам болмаса, елде жатқан ша-руалар тыңнан көргенде айырып оқи да алатын емес. Басында тұрған міндетті атқарушылары да бұрын ондай жұмыс- қа жегіліп көрген болмасқа тиіс. Басқа га-

зеттерге қарағанда, қалам қайраткерлеріне «Қызыл ту» өте мұқтаж.

Бұл айтылған газеттерден басқа Бө-кейде «Қазақ жарлылары» деген бір жа-ғы орысша, бір жағы қазақша бір газет шығады. Қазақшасы орысшадан аудары-лып отырылған. Сөзі түсініксіз. Баспасы өте көмескі...»

Мәскеу мемлекеттік архивінің көне ба- сылымдар бөлімі каталогында С431 және В35 нөмірлерімен тіркелген «Киргизская беднота» («Қазақ жарлылары» осы болса керек) атты газеттің атауына кездестік. Қыс- қаша «Орыс-қазақ газеті. Бөкей РКПб губко- мы мен губаткомының басылымы. Орда қаласы» деген түсінік берілген. Қорда ба-сылымның 1922-1923 жылдары шыққан ті- гіндісі бар делінеді. Бірақ музей қызмет-керлері аталмыш газетті таба алмады...

Енді 1920 жылы Орал қаласынан шық- қан «Қызыл ту» газетіне келейік. Осы жер-де Батыс Қазақстан өңіріндегі әкімшілік-аумақтық бөліністер туралы тоқтала кет- кен жөн болады.

1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Хал-комкеңі «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы» ережені бекітіп, сол арқылы ревкомның дәргейіне Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыс-тарын берді. 1920 жылы 26 тамызда Қазақ АКСР-ін құру туралы декрет жарияланды. Сөйтіп, автономиялық республиканың аумағы, облыстары мен уездері белгіленді. Орал облысының құрамына Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездері, бұрынғы За-каспийск облысының Маңғышлақ уезі, 4 және 5 Адай болыстары енді. 1920 жылғы 12 қазанда Орал облысы губернияға ай-налып, Гурьев, Жымпиты, Елек, Калмы-ков, Ойыл, Орал уездерін біріктірді. Ас-трахан губерниясынан Бөкей ордасының аумағы бөлініп, Қазақстанның «Бөкей губерниясы» атанды. 1925 жылы 18 ма-мырда Бөкей губерниясы жойылып, уезд ретінде Орал губерниясына берілді. («Ба- тыс Қазақстан» энциклопедиясы)

1920 жылы Қазақ АКСР-ы құрылғаннан бастап қазақ тілінде газет-журнал шыға-ру ісі күшейді. Ғалым Тұрсынбек Кәкішев ағамыздың зерттеуінше, 1920 жылы 4 газет, 1921 жылы 6 газет, 3 журнал, 1922 жылы 8 газет, 2 журнал, 1923 жылы 9 газет, 3 журнал, 1924 жылы 10 газет, 2 журнал, 1925 жылы 13 газет, 5 журнал шыққан екен.

Міне, осылайша «Қызыл ту» газеті Орал қаласында 1920 жылдан бастап шыға бастады. Облыс пен губерния орталығы ретінде Орал қаласының статусы әбден беки бастаған кез болатын. Жоғарыдағы зерттеуде «Қызыл ту» газетінің 1925 жыл- ғы тиражы 1870 болғаны айтылады. Ал 1926 жылы газет аптасына 3 мәрте шығып, Орал өңіріне 2800 данамен тараған. Сонымен қатар газет қосымшасы ретінде «Жастар дау-сы» газеті шығарылып, оның редакторлығын К.Өтеғалиев атқарған екен. Бұл қосымша газеттің көтерген негізгі міндеті – жастар баспасын нығайту, ауылдағы жас тілшілер-ге бағыт беріп, олардың санын көбейту, жастарды оқуға тарту болғандығы жөнінде ғалым С.Смағұлова айтып өткен.

Атылған редакторлар

Бұл жылдар – Совет үкіметінің іргета-сы бекіп, барлық саланы большевиктер өз қолына мығым ұстай бастаған кез бо-латын. Халық арасындағы идеологиялық жұмыстарда өте ықпалды газет-журнал ісіне

ерекше көңіл бөлінді. Сол кезеңдерге тән тағы бір ерекшелік – журналист кадрларды қазақ даласының бір шетінен екінші қиырына сапырылыстыру, жиі-жиі өзгертіп отыру «дәстүрі» қалыптасқаны. Бұл әдетте «жер-гілікті кадрлардың тапшылығынан» делінді. Алайда Оралдағы газетке 1930 жылдары солтүстікқазақстандық Әбдрахман Бай-ділдин, қостанайлық Рахым Сүгіров, сол-түстікқазақстандық Ғалым Малдыбаев, көкшетаулық Елжас Бекеновтердің бас- шылыққа тағайындалуы жергілікті маман-дардың аздығынан емес, олардың саяси сенімсіздігінен болса керек. Кеңес идео-логтары жастайынан бірге өсіп, бірге қалыптасқан, көзқарасы бір адамдарды бір жерге қоюдың қауіпті екенін түсініп, оларды ыдыратуға тырысқандай. Сон-дықтан да алғашқы қазақ баспасөзін қалыптастыруға бір кісідей еңбек еткен батысқазақстандық Ғабдолғазиз Мұсаға-лиев, Мұстафа Көкебаевтар Ақ Жайық- тан аласталып кетті. Ахмет Мәметов 1921 жылы партия қатарынан шығарылған соң енді мүлдем баспасөз саласына жақын- дай алмайтынын біліп, жаңа мамандық алуға – Саратов институтының медици- на факультетіне түсуге мәжбүр болды. Сонда да 1937-нің қанды қасабынан құ- тылмады. Оралдық алғашқы журналис-тердің бірі қаратөбелік Медеш Оралдиев Семей мен Қарағанды өңірлерінде бір- неше газеттің іргетасын қалап жүріп, «халық жауы» атанып, атылып кетті...

Газеттің 1930 жылдардағы тігіндісін бей-жай оқу мүмкін емес. Тырнақ астынан кір іздеу, таптық күрес, бір қоғамның екіге бөлі-ніп, қара күйе жағуы, газет мақалалары- ның еш дәлелсіз жала жабу құралына ай-налуы – сол бір қаралы күндердің қасіреті- нен хабар бергендей.

Сол заманның тынысын дәл түйсіну үшін Орал округтік партия комитеті мен атқару комитеті және кәсіпшілер кеңе-сінің органы «Қызыл ту» газетінде 1930 жылғы мамыр-маусым айларында жария-ланған кейбір мақалалардың тақырыбына назар салайық: «Бөрінің бөлтіріктері», «Ау- дандағы адасушылар», «Жасын жасырған», «Бандымен аралас екен», «Еңбекшілер арасынан қуылсын»... Бір қызығы, осынау «әшкерелеуші» мақалалардың біреуінде де нақты автор жоқ. Еш дәлелсіз, «жаптым жала, жақтым күйе» стилінде жазылған домалақ арыз дерсіз. Алайда осы хаттар ақ-қарасы тексерілмей-ақ саяси қуғын-сүр-гіннің желеуіне айналды. Жоғарыда беріл-ген газет мақалалары шығып жатқан тұста басылымның тиражы 10400-14200 данаға жеткен!

Бұл кезеңде газет редакциясында қыз- мет еткен журналистерге де оңай тимеге- ні ақиқат. Олар екі оттың ортасында қал- ған еді: жоғары жақ күн сайын «әшкере- леуші» мақалалар талап етсе, мұндай ма- қалалардың жариялануы талай жазықсыз боздақтың түбіне жететінін газет қызмет-керлері жақсы түсінетін.

1936-1937 жылдары «Екпінді құрылыс» газетінің жауапты редакторы болған, «ха- лық жауы» атанып атылған Сәтбек Иман-құловтың қылмыстық ісін ақтарғанда біраз жәйтке куә боламыз.

1937 жылдың 13 қазанында қамауға алынған Сәтбек Иманқұловқа тағылған айып – «ұлтшыл-контрреволюциялық ас- тыртын ұйым мүшесі, Кеңес үкіметін күшпен құлатып, Қазақ ССР-ін бөліп әке- туді мақсат тұтқан» деген айып тағылған. Сонымен бірге «Екпінді құрылыс» газетін-де басшы болып тұрғанда «редакцияға жау элементтерді жұмысқа алғаны» дә-лелденген. Мысалы, «ұлтшыл Мәжит Мұ- қашевты қызметке алып, бөлім бастығы қызметін бергені, Алашорда байының қызы, Амангелді Имановты өлтіруге қа- тысқан жаудың қызы Данаш Байқадамованы стенографшы етіп жұмысқа алғаны» үлкен

Жалғасы 6-бетте

қылмысқа саналған. Сәтбек Иманқұловтың қылмыстық ісінде

«Екпінді құрылыс» газетінде сол жылдары қызмет еткен редактордың орынбасары Мереш Дәулетияров, редакция хатшысы Нұрмұхан Түркин, партия бөлімінің меңге-рушісі Қуан Тастайбеков, аппарат бөлімінің меңгерушісі Тілек Чанеев, т.б. тұлғаларға «ұлтшыл» деген анықтама беріліпті. Оның дәлелі ретінде «Алашордашыларды әшке-релейтін мақалалардың жариялануына ке-дергі жасады» дегенді алға тартады. Кеңес үкіметінің қанқұйлы саясатын жүргізуші идеологиялық мекемеде – облыстық газет- те қызмет ете жүріп, өз халқына араша болуға ұмтылған Алаш арыстарының аруа-ғына еріксіз бас иеміз.

1930 жылдардың саяси репрессия нау-қаны әр жылдары редакцияда басшылық қызмет атқарған Ахмет Мәметов, Әбдірах- ман Байділдин, Рахым Сүгіров, Сәтбек Иманқұловтарды «халық жауы» дегізіп, атып жіберді. Тағы бір редактор Батырбек Әл- жанов та дәл осындай жаламен 10 жылға сотталып, 1940 жылы Севостлаг НКВД-сы- ның лагерінде қайтыс болған. Мұндай қу-ғын-сүргіннен редакцияның қарапайым қызметкерлері де аман қалмаған. Міне, Қазақстанның бір қиырында жатқан өңір- лік газеттің өзі осындай аласапыранды бас-тан кешіпті...

“Оралым менің,

Оралым...”

Әрине, сол жылдары «Қызыл ту» газеті тек әшкерелеуші қызыл шоқпар ғана бол- ды десек, қателесеміз. Ұлт зиялылары ба- сылымды барынша қазақ қоғамына пайда- лы етуге тырысты. 1932-1937 жылдары Орал педагогикалық институтында жұмыс істе- ген Қажым Жұмалиев редакция жұмысы-на белсене араласты. Сол кездері Орал қаласында болған Қасым Аманжоловтың өлеңдері «Екпінді құрылыс» газетінде жиі басылды. Қасымның қаламдас досы, 1934-1936 жылдары Орал пединститутында оқыған ақын Абдолла Жұмағалиевтің де газет тарихында орны бар. Ақиық ақын-дардың 1932-1936 жылдары газет редак-циясында қызмет атқарғаны жөніндегі ес-керткіш тақта кезінде «Екпінді құрылыс» газетінің редакциясы болған ғимаратқа – Орал қаласы, Ғұмар Қараш көшесіндегі 14-үйге орнатылған.

Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Хамит Ерғалиев, Жәрдем Тілеков, Сағын-ғали Сейітов секілді қазақ әдебиетінің алыптары да алғашқы қадамдарын қа- зіргі «Орал өңірі» газетінде бастағаны жөнінде ақпарат бар.

«Қызыл ту» газеті 1920 жылдан 1932 жылға дейін шығып, сол жылы «Екпінді құ- рылыс» атанған. «Орал өңірі» газетінің 50 жылдығына арналған мерекелік №229 (1968 ж. 17 қараша) санында ардагер жур-налист Мәжит Үмбетовтің «Менің мек-тебім» атты естелігінде мынадай жолдар бар: «...1932 жылдың март айында болар деймін, облыстық газетке «Екпінді құры- лыс» деп ат қойып, шаңырағын көтердік. Облыстық газет атанғанмен, газетшілер бірден жеткілікті бола қоймады. Бірсыпы-ра уақытқа дейін бұрынғы аудандық га-зетте істегендермен газет шығарылып тұрды. Ал олардың бәрі дерлік практик. Журналистика институтын бітіру былай тұрсын, тіпті олардың ішінде толық орта білімі барлар некен-саяқ болатын. Кейін аудандық газеттерден, басқа жерлерден қызметкерлер алдырылды. Секретарь бо-лып Ишақат Бегалиев, бөлім меңгерушіле- рі болып Қуан Тастайбеков, Ислям Хайру- шев келді. Мұнан кейін газетке Нұрмұқан Түр-

Page 6: Орал Өңiрi №140
Page 7: Орал Өңiрi №140

ел-жұРТСенбі, 16 қараша 2013 жыл

[email protected]

Қоғамдағы азаматтық сектордың белсенділігі артпайынша, мемлекет толыққанды өмір сүре алмайды. Бұл туралы Астанада өткен VI Азаматтық форумда айтылды. Қазақстанның барлық өңірінен келген делегаттар екі күн бойы елдегі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) билік құрылымдарымен арадағы қарым-қатынасын талқылап, бірлесіп жұмыс істеудің жолдарын талқылады. Форумға Батыс Қазақстан облысының делегациясын облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бастап барды.

Билік – бизнес – ҮЕҰ үштігі

Форумның ашылу сал- танатында сөз алған ҚР Президенті әкім-

шілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев азаматтық сектордағы мемлекеттік тап-сырыстың сапалы орындалуын күтуге құқылы екендігін қадап айтты. «Жетекші сарапшылар-дың бағалаулары бойынша, үкі-меттік емес сектор біздің еліміз-дегі ең қарқынды әлеуметтік институттардың бірі болып сана-лады. Бұл – ел халқының үштен бірі жұмыс істейтін ҮЕҰ-ның бір миллион жұмысшысының әлеуметтік желісі. Сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы ҮЕҰ қызметі туралы біледі, тағы 40 пайы-зы нақты ұйымды және оның жұмыс саласын атап бере ала- ды. Енді ҮЕҰ-лардан сатып алы- натын қызметтердің сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар мемле- кеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін жетілдіру және оның орындалуына мониторинг жа-сау керек», - деді ол.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағын-таевтың айтуынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру, жасыл экономи-каны дамыту, шекара маңы ынтымақтастығын өрістету се- кілді ұлттық жобаларды жүзе-ге асырудың іс жүзіндегі бар- лық кезеңдерінде ҮЕҰ мүмкін-діктерін іске қосу маңызды фак-тор болып табылады.

Форумда сөз алған танымал саясаттанушы Дос Көшім қазақ тілді үкіметтік емес ұйымдарды оқытуға арналған арнайы бағ-дарлама қажеттігін алға тарт-ты. «Бізде 90-жылдардың ба-сында ұйымдарды қалай құру, қалай қаржы табу, оны қалай игеру керектігін халықаралық ұйымдар оқытты. Шындығында, барлығын да орыс тілді аза-маттар үйретті. Ендігі уақытта сол орыс тілді азаматтар тағы да оқытуда. Қазақ тілді ұйым-дардың, әсіресе, ауылдық жер- лерде қарқын алмай жатқан-дығының себебі осындай нақты бағдарламаның болмауы деп ойлаймын. Сондықтан міндетті түрде қазақ тілді ұйымдарды оқытатын бағдарлама керек», - деді саясаттанушы. Сонымен қатар ол қоғамдық ұйымдар мен мемлекет арасындағы қа-рым-қатынасқа да тоқталып, олардың арасында теңдік сақ-талуы қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік әлеуметтік тап-

азаматтық қоғамды өркендетеді

тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ,"Орал өңірі",Астана қаласы

Жамал ИХСАНОВА, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы ҮЕҰ-лармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі:

- Облысымызда 600-ден аса үкіметтік емес ұйым бар. Әрине, бәрі бірдей белсенді емес. Елуден аса ұйымға мем-лекеттік қолдау көрсетілуде. Форумға

біздің облыстан 24 делегат келді. Осы делегаттардың 30 пайы-зы - ауылдағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Жалпы 14 бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың барлығын қамтыдық. Бізге ең ұнағаны - министрлермен кездесу. Әр қоғамдық бірлестік ол жерде өз ой-пікірін ашық айтты. Ең бас-тысы, «Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тура- лы» заң жобасын талқылауға қатыстық. Жоба заң ретінде, бұйырса, келесі жылы Парламентте қабылданады деп отыр-мыз. Бір мықтап ескерер нәрсе - екіжақты жауапкершілік. “Алмақтың да салмағы бар” екендігін қоғамдық ұйымдар естен шығармауы керек.

Меңболат САХМЕТОВ, «Қазақстан аграрийлері» РҚБ төрағасы:

- Мұндай үлкен форум бізге көптен қажет еді. Осы жиында біз өз ой-пікір, ұсынысымызды еркін айтуға мүмкіндік алдық. Көптеген мемлекеттік билік құрылымдарының басшыларымен кез-дестік. Әсіресе, Ауыл шаруашылығы

министрі Асылжан Мамытбековпен болған жүздесу қызу талқылау, пікір алмасу түрінде өтті. Осы форумнан біз өзіміздің алдымызға нақты міндеттер қойып, соларды жүзеге асыруға болатындығына нық сеніммен қайтып барамыз.

Жұмажан ҚОЖЖАНОВ, облыстық мүгедектер ұйымының төрағасы:

- Мұндай форумдар бізге ауадай қажет. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға тек мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдардың да қосатын үлесі өте зор. Түрлі жобалар бойынша қаржы алып,

жұмыс істеу арқылы еліміздің экономикасына үлес қосуда- мыз. Әсіресе, аудан-ауылдардағы ұйымдардың белсенділігін баса айтқым келеді. Биылғы форумның ерекшелігі Қазақ- станның барлық өңірінен келген әріптестермен тәжірибе ал-масудамыз. Жалпы, билік, ҮЕҰ, бизнес үш жақтан күш біріктір- се, қоғамның көптеген күрмеулі мәселелері шешілетіні сөзсіз.

Бұл күндері «Орал өңірі» газетінің 95 жылдығы мерекеленуде. Мен үшін оның рухани серігіме айналғанына 50 жылдан асыпты. Осы жылдар ішін­де басылым өз оқырмандарының жү­регіне тура жол тапқан, еліміздің ру­ хани өміріне өзіндік қолтаңбасын қал­ дырған талай танымал журналистер кәсіптік бағытында жете шыңдалған ізгілік ұясына айналып үлгерді. Әсіресе, газеттің жастарға патриоттық тәр­ бие беруде, интеллектуалды мәдениет үлгісін қалыптастыруда атқарған, ат­қаратын міндеті зор.

Айтулы мерейтойы үстінде рухани серігім – «Орал өңірі» газетінің оқыр­мандары көбейе берсін, беделі асқақтап биіктей түсуіне тілектестік білдіре­мін. Қаламгерлеріне шабытыңыз ша­ лықтап, еңбегіңіз еселене берсін деймін.

Әмірхан ҚАРАСАЕВ,еңбек және тыл ардагері,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Жәңгір хан атындағы

БҚАТУ-дың профессоры

Құрметті Бауыржан Файзоллаұлы!

Сізді және Сіз басқаратын «Орал өңірі»

газетінің редакция ұжымын басылым­ ның 95 жылдық мерейтойымен шын жү­ректен құттықтаймын!

Бастауында Алаштың аяулы азамат­тары тұрған еліміздің өткеніне куә, бүгіні мен ертеңіне бағдаршы байырғы басы­лым ақпарат кеңістігіндегі ғасырлық ғұмырына аяқ басып отыр. Осынау шежі­реге толы уақыт өткелінде тағдыр те­перішімен бүтіндей бес бас редакторы қанды қуғын­сүргіннің құрбаны болып, заман ағымымен қаншама рет аты өзгерсе де, заты өзгермеген айбынды да ақжолтай басылым – «Орал өңірі» бүгінде қайта түлеп, жаңа өмірдің жаршысы бо­лып келеді.

Жүз жылға таяу уақыт ішінде қаншама рет ақиқатқа араша болып, қаншама рет сөнген үміттерді оятты десеңізші бұл басылым. Ал осы редакцияның қа­ сиетті қара шаңырағынан үкіленіп, шығармашылықтың аламан бәйгесіне қосылған талантты қаламгерлер қан­шама.

Қашан да жүйрік қаламына ұшқыр ой мен өткір сөзді сабақтап, шындықтың қорғаны, жарқын жаңалықтардың жар­ шысы болудан бір танбаған «Орал өңі­рінің» соңғы уақытта Ресей мұрағат­тарында шаң басқан тарихы түгенде­ліп, екінші тынысының ашылғаны анық. Осындай бай тарихымен және өнегелі шежіресімен де оның басқа басылым­дармен салыстырғанда абыройы асқақ, оқырмандары алдындағы беделі биік жә­ не алатын әлі талай асу алда деп білемін.

«Орал өңірі» газеті редакциясының барлық қызметкерлеріне мықты денсау­лық, шығармашылық зор табыстар, игілікті ұзақ өмір және отбасылық баян­ды бақыт тілеймін!

Құрметпен, Серікқали МҰҚАШЕВ, Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы Медиа-орталығының басшысы –

Бас прокурордың аға көмекшісі,Астана қаласы

сырыс үшін тендерді уақытында өткізу қажет. Бұл пікірді ҚР Пар-ламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская білдірді. «Тендерлер жыл ортасында не-месе қарашада өткізіледі, сол себепті бөлінген ақшаны игеру мүмкін емес», - деді депутат. С.Романовскаяның атап өтуінше, көптеген коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға қатысады. Бірақ олардағы басты түйткіл - жо-бамен жұмыс істеуге қажетті қаржының жоқтығы. Сол се-бепті мемлекет қаражаттың бір бөлігін жұмыстардың бастапқы кезеңінде бөлгені дұрыс.

Бұл пікірге қатысты жауап берген ҚР Президенті әкімші-лігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев 2013 жылы орталық мемлекеттік құрылым-дар тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2 млрд. теңге бөлінгенін және соңғы 10 жылда бұл бағыттағы қар-жы шамамен 11 миллиард тең-гені құрағандығын жеткізді. «Қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 8 ми- нистрлік пен ведомство орна-ластырады. Енді бұл бағыттағы жұмыстарды басқа да ведомство-лар қолға алатын болады» деді ол. Президент әкімшілігі бас- шысының орынбасары өз сө- зінде белгілі бір тапсырысты ҮЕҰ-лардың бірнеше жыл ішін- де атқаруына мүмкіндік бере- тін әдістеме жасау керектігін баса айтты. Оның пайымынша, бұл олардың жұмыстарының са-пасын арттыра түседі. Бұдан бөлек ауылдық жерлердегі және шағын қалалардағы ҮЕҰ-лар-дың жұмыстарын белсендірек жүргізу қажет. Қазіргі уақытта ҮЕҰ жұмыстарының 80 пайы- зы республикалық деңгейде орындалуда.

Азаматтық форум барысын-да «Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы талқыланды. Заң жоба-сын ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев талқыға ұсынды. «VI Азаматтық форум бұл бағыттағы мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жүйелі жұмыстарына жаңа сер-пін беретіндігіне сенімдімін. Мен қазіргі таңда көптеген күрделі мәселелерді шешу көзделген «ҮЕҰ-ларды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасының дайын-далғанын білемін. Сондықтан осы залда отырған қаржы сала- сына қатысты барлық министр-

ліктердің өкілдеріне осы заң жобасын осында, форум аясын- да кеңінен талқылап, қажет бол-ған жағдайда ҮЕҰ пікірлерінің ескерілуін қамтамасыз етуге шақырамын», - деді бірінші ви-це-премьер. Сонымен қатар Б.Сағынтаев ҮЕҰ-лармен бір- лескен жобаларды жүзеге асы-руға және аталған ұйымдарды дамытуға мемлекет тарапынан 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап өтті.

Форумның алғашқы күні де-легаттар министрлермен және ведомство басшыларымен кез-десіп, сауалдарын тікелей қойып, көзбе-көз жауап естіді. Өздері- нің ұсыныстарын беруге мүм- кіндік алды. Форумның екінші күні жұмыс секцияларда жал-ғасып, нәтижесінде қорытын- ды құжат қабылданды.

VI Азаматтық форум жұмы- сы «Таным» сыйлығын тапсы- румен аяқталды.

Тойға шашу

Page 8: Орал Өңiрi №140

Уақыт өте газеттеріміздің алғашқы нөмірлерінің елге әкелінуі қалыпты жағдайға айналып, қызығы мен қуанышы мол бұл сәт те тарих қойнауына кетер. Газеттеріміздің тарихын-да маңызды орын алатын сапарымыздың желісін есте қалсын деген оймен баяндауды жөн көрдім. Жалпы, Мәскеуге сапа-рымыз туралы әріптесім Қазбек Құттымұратұлының мақаласы жарияланған болатын. Мақалада «Мәскеудегі алғашқы күніміздің жартысы күтумен, жартысы шаң басқан газет тігінділерін ақтарумен өтті» деген жолдар бар. Осы мақалада айтылған жәйттерді қайталамай, жарты күніміз неге күтумен кеткендігін және кейбір айтылмаған тұстарға тоқталмақпын.

Облысымыздағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері-не биыл 95 жыл деп кеуде кер-генімізбен қолымызда ешқандай тігінділері, соның ішінде алғашқы нөмірлері болған жоқ. Кезінде, 1960 жылдары газетіміздің алғаш-қы нөмірлері Ресейден алдырыл-ған екен, бірақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аласа-пыранда редакциялар баспаха-намен қоса ғимараттан да айы-рылып, қаңғырып жүргенде бәрін жоғалтқан. Сондықтан мерейлі жасқа байланысты атқарыла-тын шараларымыздың басты-сын алғашқы нөмірлерді тауып, көшірмелерін елге әкелуден бастауды жөн көрдік. Іздегені-міз Қазақстанның бірде-бір мұ-рағаты мен кітапханаларында болмағандықтан, Мәскеуге жол тарттық. Сол сапарда менің ойы-ма осыдан бір ғасыр бұрынғы оқиғалар түсті...

«Қазақстан» газеті, №8, 1912 жылдың 6 наурызы. Ғұмар Қараш-тың «Баку» атты мақаласында: «Былтыр 1911 жылы зауза жұл-дызының бас күнінде «Қазақстан» газетін атқа мінгізіп, адам ету қайғысында адамдар арасында етілген бір қаулы бойынша Алла деп аттанып, Баку қаласындағы қажы Зинелғабиден Тағиевті із-деп елден екеу шықтық. «Еріккен екі тентек елден шығып кетті» деушілер көп болса да, жан-тән көңілдерінен «қайырлы сапар-лары болып, жеңіл барып, ауыр қайтқай» деп дұға етуші қайыр достарымыз болуын да білетін едік. Ақ ниетіміз құрметіне Алла тізгінімізді оңғарып, барған қажы-мыз хош алды. «Қазақстанға» мың сом жәрдем берді...» делінген еді. Осыдан 101 жыл бұрын халықтың

санасын оятып, білім, ғылымды үйренуге шақырған тұңғыш ба-сылымды ұйымдастырушылар Ғұмар Қараш пен Елеусін Бұйрин өз қаражатымен, елге қажет га-зетті шығаруға керекті қаржыны қарызға іздеп Әзірбайжанның Баку қаласына барыпты. Ара-да бір ғасыр өтті. Жағдай тіптен өзгерді. Кешегі Ғұмар Қараш аталарымыздың сөзі қалған газет тігінділерін іздеп, елден төртеу Мәскеуге аттанып барамыз. Бізде бәрі басқаша. Қарыз сұрамаймыз, ешкім жеке қалтасынан қаржы шығармайды, барлық жол шығы-ны мемлекеттің есебінен. Мұның бәрі – ата-бабаларымыздың орын-далған арманы – ұлы мәртебелі Тәуелсіздіктің арқасы!

Біздің топтың құрамында «Орал өңірі» газетінің арнаулы тілшісі Қазбек Қабжанов, «Приуралье» газетінің фототілшісі Александр Куприенко, бейнеоператор Те-мірболат Тоқмәмбетов және осы жолдардың авторы болды. Әрқай-сысымыздың өзіндік міндетіміз бар. Қазбек Құттымұратұлы араб әліпбиімен жазылғандарды оқып, бізге қажеттісін айқындау керек. Фототілші ыждағаттап табылған құжаттарды суретке түсірсе, бейне-оператор болашақта жасалатын деректі фильмге түсірілім жасауы тиіс.

Бұдан бір жыл бұрын да Мәс-кеуге арнайы барып, Ғұмар Қа-раштың туған немересі Надежда Қарашевамен емен-жарқын әңгі-мелескенбіз. Биыл да сол әдеттен жаңылмадық. Мәскеуге келіп, ор-наласқан соң Ғұмар атамыздың немересіне сәлемдесуге бардық. Апамыз әдетінше жылы шырай- мен қарсы алды. Ұзақ әңгімелес- тік, күн бата үйге қайттық.

Ертеңіне ертемен Ресей мем-лекеттік мұрағатына бардық. Алдын ала электрондық пошта арқылы хат жазысып, телефон-мен сөйлескенімізде, біз іздеген

газет нөмірлерінің бар екендігін хабарлаған еді. Бірақ көшірмесін жібермей, «Өздеріңіз аяқтай кел-мей, іс бітпейді» деген. Осы сөзді айтқан РФ Мемлекеттік архивінің ғылыми кітапхана меңгерушісі Тамара Буякевичке бас тіреп бар-дым. Оған келу мақсатымызды егжей-тегжейлі түсіндіріп, қасым-дағы әріптестеріммен іске кірі-суге рұқсат сұрадым. Әңгімеле-сіп отырған кезде ол біз іздеген газеттердің түпнұсқа тігіндісін алдырды. Көзбен көріп, қолға ұстағанда іштей қатты қуандым. Бірақ қуанышым су сепкендей ба-сылды. Өйткені «Фото және бейне мамандарыңды архивке кіргі-зуге болмайды. Аппаратурасыз кіріп, қажеттеріңізді қарай беріңіз-дер» дейді. Мен газетті қарауға емес, көшірмесін елге алып ке-туге келгенімді айтып, «Ендеше, көшірмесін сіз жасап беріңіз, мен ақысын төлейін» деп ұсыныс жа-садым. «Әр бет – 200 рубль, неше бет керек, тапсырыс беріңіз. Бірақ біздің фотокөшірме жасайтын маманымыздың жұмысы өте көп. Сондықтан сіздерге қашан жібе-ретінімізді айта алмаймын» деп қарап тұр! Алыстан ат арытып келгенде істің арты сөзбұйдаға салынып, нәтижесіз қайтуымыз әбден мүмкін болғандықтан, көз алдымдағы газеттің көшірмесін қалайда алып кетуге тырыстым.

«Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деп атам қазақ қалай тауып айтқан! Бірақ күнім түсіп отырған кісіні іш тартып, ең болмаса руын сұрап жа-қындасайын десең, қазақ емес. Содан «Арғы аталарыңыз қайда болды, Қазақстанмен байланы-сы бар ма?» - деп сөз бағытын өзгерттім. Дәл түсіппін, арғы аталары қазақстандық екен. Ата-ларының туған жерін, қонысын, не себепті Ресейге көшкендігін айтып, әңгімеміз жараса бас-тады. Әрі-беріден соң саясатқа

көштік. Мен Қазақстан мен Ресей Президенттерінің достық қарым-қатынасы арқасында екі елдің тату-тәтті екендігін, біздің облы-сымыз Ресейдің бес бірдей губер-ниясымен шектесетіндігін, өткен жылы облыс әкімі осы бес бірдей губерния басшыларымен өзара іс-қимыл меморандумына қол қойғандығын айттым. Екі ел ара-сындағы түрлі жағдайды қозғап, арамыз жыли бастады. Қарапайым адамдар бір-біріне мүмкіндігінше көмектесіп, екі елдің қатынасын шынайы достыққа ұластыруға ұмтылу қажеттігін сөз еттік. Ұзын сөздің қысқасы, айналып негіз-гі шаруамызға қайта оралдық. Осылайша, Тамара Буякевичтің соңғы сөзі бойынша газетіміздің алғашқы үш нөмірінің көшірмесін сапалы етіп өздері жасап, сол күні қолымызға береді және өзіміздің маманымыз өз құрал-жабдығымен кіріп, фото көшірмесін жасайды. Ал біз әр бетке 200 рубльден емес, 100 рубльден төлейтін болдық.

Әріптестерім ішке кіріп, білек сыбанып іске кірісіп кетті. Әсіресе, Александр Куприенко мен Темір-болат Тоқмәмбетовке сын болды. Арнайы көмекші құралдарсыз са-палы газет көшірмесін жасау оңай емес. Фотоаппаратты штативке орнатып, газет тігіндісін тегіс ұстап, фокусын келтірудің қиындығын кәсіби маман ғана біледі. Оның үстіне уақыт тығыз. Бірақ жігіттер жарады. Жат елдің мемлекеттік архивінде өз үйінде жүргендей қимылдады. Таң атқалы нәр сыз-бағанын ұмытып та кетті. Кешкісін мұрағат жабылар уақытта біз де жұмысымызды аяқтадық. Флеш-камызда «Известия» («Хабар») газетінің 1918 жылғы 17, 19, 21 қараша күндері шыққан алғашқы үш санының көшірмесі, «Киргиз-ская правда» («Қазақ дұрыстығы») газетінің 1919 жылғы 1 қаңтардан 7 ақпанға дейін шыққан №1-24 сандары, сондай-ақ «Яицкая прав-да» газетінің 1919 жылғы бірнеше санының көшірмесі жатты. Тамақ ішпесек те, тапқанымызға тойы-нып, пәтерімізге көңілді қайттық.

Келесі күніміз Мәскеу маңын-дағы Химки қаласы, Библиотеч-ная (Кітапхана) көшесі, №15 үйде орналасқан Ломоносов атындағы Ресей мемлекеттік кітапханасы-ның газет бөлімінде өтті.

Мұнда да күтпеген жағдай бол-ды. Ресейде қай мекемеге барса-ңыз да, сақтық күшті. Есікте күзет, арнайы тексеру құралының ас-тынан өтесіз. Артынып-тартынып кіріп барған бізге шошына қарады. Төрт ер адамбыз. Қолымызда фото, бейне құрал-жабдықтар салынған сөмкелеріміз бар.

Сәлемдесіп, шаруамызды ай-тар-айтпастан: “Немене, банк то-найын деп жүрсіздер ме? Бұл кі-тапхана!” - деп дүрсе қоя бастады сөзін іштен шақыртумен шыққан кітапхана кезекшісі.

Біз мақсатымызды барымызша түсіндіріп жатырмыз.

- Фотоға, бейнеге түсіру үшін алдын ала сұраныс хат жазу ке-рек. Оны басшылар бірнеше күн қарайды. Шетелден болғандықтан, рұқсат тіптен берілмеуі де мүмкін! - деп бір тоқтады.

1911-1913 жылдары шыққан «Қазақстан» газетінің түпнұсқасы осында екенін білеміз. 1919 жылы шыққан «Дұрыстық жолы» газеті де болып қалар деген үмітіміз де бар еді. Бірақ тоқсаныншы жыл-дардың басында Ғұмар Қарашты зерттеуші ғалым Мақсат Тәж-Мұрат «Қазақстан» газетімен таны-су үшін Ресейге арнайы келгенде, оған: «Ғимараттың подвалы суға кетті, газеттер сонда жатыр» деген сылтаумен ештеңе көрсетпегенін білеміз. Осыны ойлап, абдырай бастадық.

“Біздің алыстан тікелей ат ба-сын тіреп, арнайы келгенімізді басшылығыңызға айтып көрсеңіз қайтеді? Мүмкін болса, өзіміз сөйлесейік”, - деп ұсыныс жаса-дық. Жақтырмағанын іштей емес, сырттай білдіріп, ұсынысымызды директорға жеткізуге кетті. 10-15 минуттан кейін қайтып кел-ді. Кімге барғанын, не айтқанын, оған кім тапсырма бергенін біл-мейміз. Бірақ бағанағы ашулы апайымыз 180 градусқа өзгеріп келді. Ғайыптан тайып бәріне рұқсат ала келіпті. Жылы шырай-мен ішке кіргізді. Біз аң-таң. Бір-бірімізге қарап мәз болдық. Іштей «Алланың қолдағаны болар, ісіміз сәтті болсын» деп іске кірістік. Әдетте кітапхана оқырмандары оқу залында ғана отырып, қолы-на берген дүниемен танысса, біз кітапхананың сақтау камерала-рын, сирек қор бөлмелерін емін-еркін аралап кеттік! «Қазақстан» газетінің түпнұсқа тігіндісін қол-мен ұстап, әр бетін парақтап ашып қарап, сақталу сапасына риза болдық. «Дұрыстық жолын» да таптық. Тоғыз қабатты ғимараттың ішіндегі қажетті көріністерді фотоға, бейнетаспаға армансыз түсірдік. Сөйтіп, кешкісін дискіге әрі флешкаға «Дұрыстық жолы» газетінің 1919 жылғы 20 ақпан мен 10 шілде аралығында шыққан 11 санының түгел көшірмесін алып, Мәскеуге қайттық.

«Дұрыстық жолы» газетінің алар орны ерекше екендігін әр оқырман білуі тиіс. Аса қиын, қауіпті кезде басын бәйгеге тігіп, қазақ зиялылары бас қосып, «Ана тіліміз – қазақ тілі, сондықтан баспасөз тек қазақ тілінде шықса жеткілікті» деп, Ғұмар Қараштың «Дұрыстық жолы» өлеңімен бас-талып жарық көрген басылым бұл! Ұстанымы айқын, берік, жаны рухани бай алдыңғы толқын осы-лайша елдігімізді сақтау үшін қиыншылықтарға қасқайып қарсы тұрған.

Біз ең болмағанда осы ата-ба-баларымыздың еңбегін ұрпаққа жеткізсек деп елге оралдық.

Орал-Мәскеу-Орал

Алғашқы нөмірлероРАлғА ҚАлАй әкелінді?

Cенбі, 16 қараша 2013 жыл8

[email protected]

«оРАл өңіРі» – 95

Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ,«Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры

Журналист Қазбек Құттымұратұлы Мәскеу мұрағатында

Page 9: Орал Өңiрi №140

Сенбі, 16 қараша 2013 жыл9

[email protected]

«оРАл өңіРі» – 95

- Ақұштап апа, әдетте жо-ғары оқу орнын Алматыда тәмамдаған адам сол жақта қалушы еді. Ал сіздің еңбек жо-лыңызды туған жерде, «Орал өңірі» газетінен бастауға нендей факторлар әсер етті? Сол кездегі тәжірибелі аға-апаларыңыздан не үйрендіңіз, кімдердің кол-дау-көмегін, ақыл-кеңесін са-ғынышпен еске аласыз?

- Еңбек жолымды «Орал өңірі» газетінен бастауға себеп болған – Жайыққа деген махаб-бат. 1966 жылы Қазақтың қыздар педагогикалық институтын бітіріп, туған жерге деген сағыныш, ақындық һәм перзенттік махаб-батпен елге келдім. Содан «Орал өңірі» газетінің редакциясының мәдениет бөліміне қызметке тұрдым. Ол кезде мақалалардың дені шаруашылық, еңбек адамда-ры жайлы болатын. Бірде бөлім басшысы Қалиев Болат аға Ал-матыдан бір топ ақын-жазушы-лар келетінін айтып, «Өзің де өлең жазасың, барып қатысып кайт, ақпарат алып кел» деп жі-берген еді. Жұбан Молдағалиев, Берқайыр Аманшин, Жәрдем Тілеков ағаларымыз жиынның соңын ала «Араларында өлең оқитын, жазатындар бар ма?» деп сұрады. Мен өлең жазатынымды, облыстық газеттен келгенімді ай-тып, бір-екі өлеңімді оқып бердім. Берқайыр ағамыз «Ақын болайын деп тұрған, өлеңге икемді, әдеби тұрғыдан дарынды бала екен» деді. Содан ағаларымыз маған әдеби орта керектігін, сол жағын мықтап ескеру қажет екендігін қадап айтты. Сол ағаларымыздың әлгі сөзінің әсерімен көп ұзамай Алматыға, «Қазақ әдебиеті» газеті-не қызметке шақырылдым. Сөйтіп, Алматыға кеткен жайым бар. Бірақ жылдар өтіп, жасқа жас жамалған сайын адам туған жердің тар-тылыс күшін бұрынғыдан бетер

күшті сезіне түседі екен. Оның үстіне жаһанданудың демі күн санап күшейе түскен мына қым-қуыт уақыт, алмағайып заманда ұрпақ тәрбиесіне, әсіресе, ұлттық құндылықтарға негізделген қыз бала тәрбиесіне барынша үлес қосып, атсалысайын деп тағы да Ақ Жайығыма оралдым.

Мені әдебиет әлеміне ақ пейіл, ақ тілекпен аттандырған, өлең өлкесіне өз қолдарымен «ұзатқан» «Орал өңіріндегі» аға-апаларымның ешқайсысын бө-ліп-жарып алалай алмаймын. Себебі бәрі де қолдарынан кел-ген көмектерін аямады. Хами-долла Қыдыров ағамыз «Ақын қызымыз» деп үнемі қолпаштап жүретін. Бұрынғылардың көзін көріп, сөзін естіп қалған ол кез-дегі кісілердің сыйластығы күш-ті еді ғой. Облыстық газетте аз ғана уақыт қызмет істесем де, аға-апаларымыздың сыйластық, адамгершілік жағынан бірінен-бірі өтетіндігі әлі күнге дейін жа-дымда. Алматыға аттанарда да «Орал өңіріндегі» аға-апаларым «Айналайын, жолын болсын!» деп шығарып салды. Ол адамдардың жүрегінде жылу мен мейірім мол кезең еді-ау!

- Ақын көзімен қарағанда, қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары бүгіндері қандай тақырыптарды толыққанды көтеріп, жан-жақты көрсетіп, нендей мәселелерді назардан тыс қалдыруда?

- Қазіргі таңда әр түрлі тақы-рыптар еркін қамтылып жүр. Қо-ғамдағы түйткілді мәселелер, елі-міздегі, шетелдердегі жағдайлар да көтеріліп, талқыланып жазы-луда. Сондай-ақ қазір «Ана жер-де қылмыс болды, мына жерде қылмыс болды» деп жиі жазылып жүр. Ал «Неге мұндай жағдайлар елімізде орын алып жатыр?» деп

дың пікірінше, нәрестенің денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келеді-мыс. Сіздің ана, әже ретінде осы мәселе жөнінде пікіріңізді білсек деп едік?

- Бесік зиян болса, ата-баба-ларымыз ғасырлар бойы пай-даланбаған болар еді. Бесіктегі бала ең алдымен, таза жатады. Жатқан жері жәйлі, жылы, таза болса, бөпенің ұйқысы қанық бо-лады. Ал ұйқының қануы жүйке жүйесінің жетілуі мен толыққанды қызметі үшін өте-мөте маңызды. Оянғасын құндақтаулы балбөбек аяқ-қолын шығарамын деп белсен-ді қимыл-қозғалысқа көшеді, бұл оның бұлшық еттерін дамытады. Бесіктің арқасында сәбидің денесі түзу, иықты, денелі болып өседі. Кезінде 28 елдің медалін алған қазақтың мәңгілік түйе палуаны Қажымұқан мен даланың алыбы Балуан Шолақ, әсем әнімен әлемді сүйсінткен Әміре мен Кеңес одағы кезінде-ақ 1960 жылы Римде өткен олимпиадалық ойындардың күміс жүлдесіне қол жеткізген жеңіл атлет, атақты желаяқ Ғұсман Қосанов, қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітова мен мың бұралған биші Шара Жиенқұлова, ғұлама ғалымдар Шоқан, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев, міне, осындай даланың даңқты пер-зенттерінің бәрі де бесікке бө-ленгендер. Осындай нақты мы-салдардан кейін, меніңше, бесіктің зиян-залалы жөнінде әңгіме көңірсітудің өзі қисынсыз. Ал памперсті жаппай пайдаланған шетелдіктер бүгіндері дені дұрыс ұрпақ сүюге зар. Осы тұрғыдан келгенде, қазіргілердің бесік пай-даланбауы ғасырдың қасіреті деп білемін. Бүгінгі таңда бесікті көбіне жарнамалық мақсатта, тәрбие сабақтарында салт-дәстүріміздің бір көрінісі ретінде көрсетуге ғана пайдаланып жүрміз. Бесіктің пай-дасы өте көп, пайдаланған дұрыс!

Өйткені аз ғана халықпыз, жо-ғалмауымыз үшін саналы, сауат-ты болуымыз керек. Ата-бабала-рымыздан келе жатқан қазақтың өзіндік жолы бар емес пе? Қазіргі ақпарат тасқыны дәуірінде жат діни ағым мен мысықтілеулі идеологияға арбалу, оған қоса орынсыз еліктеушілік белең алып тұрған заманда ұлттық идеоло-гиямыз мықты болуы керек. Ұлт-тық идеологиямыз мықты болса, қыздарымыз жат діни ағымның жетегінде кетер ме еді? Мені кей сәттерде «Осы біз кешігіп қалған жоқпыз ба?» деген үрей билей-ді. Мектеп, балабақшадан бастап жарнамалық емес, кәдімгідей жос-парлы, ұлттық таным-түсінігімізге негізделіп заңдастырылған бағ-дарлама керек. Бәріне төреші уақыт, қыздарға сенемін. Барлығы иманды тәлім-тәрбие мен сауат арқылы келеді. Жас санаға теріс ықпалды жою үшін ұлттық идео-логия тұрғысынан өте ауқымды жұмыс атқарылуы керек, арнайы бағдарлама қажет деп ойлаймын. Кейде келер ғасыр қыздарынан басқа әлемнің бойжеткенін елес-тетемін...

- «Орал өңірі» газетінің 95 жылдық мерейтойы қар-саңында айтар тілегіңіз?

- Бұл – үлкен той. Бүгінгі «Орал өңірі» өзінің түп-тамырын негізін-де 1911-1913 жылдары шығып тұрған «Қазақстан» газетінен ала-ды деп жүрміз. Өткен ғасырдың басында Ғұмар Қараш, Бақытжан Қаратаев, Елеусін Бұйрин сынды заманының озық ойлы азаматта-ры қазақ жұртын ел қылу үшін,

өздерінің өмірлік мұрат-мақсаты санайтын «Орал өңірінің» бүгінгі ұжымына қатты ризамын. Алдағы уақытта да редакцияның тыныс-тіршілігіне қосылар жас толқын аға буын салған сара жолдан ауытқымайтындығына, елдік мұ-рат-мақсаттан айнымайтындығына сенімдімін. «Орал өңірі» - тарихи газет, бүкіл кең байтақ Қазақстан бойынша ең байырғы басылым-дардың бірі. Келер ұрпақ газеттің беделін көтеруге әрқашан қызмет етеді деп сенемін.

Бір ғасырға жуық уақыттан бері елдік мүддеге қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан газеттің мерей-тойы – бұл Жайық жұртының ортақ мерекесі. Сол себепті ортақ той құтты болсын, журналист қауым үшін ел-жұртқа жеткізер жақсы-лық көбейгей!

Ұлты үшін еңбек еткендердің есімдері мәңгі ұмытылмайтын-дығын Алаш қайраткерлерін ар-дақтау арқылы редакция ұжымы 95 жылдық қарсаңында тағы дә-лелдеп отыр.

Менің мектепте оқып жүргенде жазған тұңғыш өлеңімді жариялап, ақын деп танытқан «Орал өңіріне» алғысым шексіз.

Құстарым ерке көлдегіТербейді желің құрақты,Құйын да тентек сендегіБалалық шағым сияқтыО, туған жер! – деген тұңғыш

шумағым осы газетте жарияланған еді. Мені өлең өлкесіне «ұзатқан» төл газетім әрқашан жақсылықтың жаршысы бола бергей!

Сұхбаттасқан Динара ИҒАЛИҚЫЗЫ

«Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап БАҚтЫгЕРЕЕВА:

«Мені өлең өлкесіне «ұзатқан» –

себебін іздеп, алдын алу жолда-рын қарастырып, адамды ойлан-дыратын материалдар аздау бо-лып көрінеді менің көзіме. Қоғам қатігезденіп бара жатқандықтан, пайым-парасат, ұрпақ тәрбиесі, мейірім туралы көбірек жазылса екен деймін. Жібі түзу, дені дұрыс идеология әлсіреген кезеңде ме-йірім азайып кетеді өзі.

Өткен шаралар, жиындар ту-ралы жазамыз көбіне. Ал «Жиын-нан қандай қорытынды шық-ты, нәтижесі не болды?» деген мәселелерге көп мән бере бер-мейміз. Бұл - оқырман алдында ақпарат беделін түсіріп жіберетін жайт.

- Қазіргі кейбір педиатр-лар дүниеге келген сәбилерді бесікке бөлеуге қарсы. Олар-

- ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ХХІ ғасырдың бойжеткендеріне

«Іштеріңнен шығадыжаңа дарын,

Бізден биік болады саналарың. Бізден бөлек болады

ғасырың да, Бізден бөлек болады

модаларың...Мейлің түрлі түспенен

қасты боя,Алуан тілде айтылар

жастық Ода.Білетінім: Отанын, Халқын сүюБолу қажет қашан да бас-

ты мода!» деп өлеңмен сәлем жолдадыңыз. Келесі ғасырдың бойжеткендеріне қандай ама-нат айтар едіңіз?

- Қашан да мен ұлтыңды, халқыңды сүй дедім қыздарға.

өзгелермен терезесін тең қылу үшін бастарын бәйгеге тігіп, жан-кешті еңбек етіп газет шығарды. Алаш арыстары газет арқылы қазақ бұқарасын қалғып-мүлгіген марғау қалпынан арылтып, қазақ сахарасына ілім-білімнің сәуле-сін түсірді. Халқына рухани ба-ғыт-бағдар берген шамшырақ тұлғаларға қатысты тарихи дерек-терді мұқият зерттеп, ел-жұрттың назарына жүйелі ұсынуды жолға қойған азаматтардың еңбегі жана берсін. Еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайта түсуді

«оРАл өңіРі»

Page 10: Орал Өңiрi №140

Cенбі, 16 қараша 2013 жыл10

[email protected]

«Орал өңірінің» редак-циясы Карев үйінде тұрғанда, Ұлы Отан соғысына аттанып, ерлік-пен қаза тапқан ерлердің құрметіне ілінген тақта бо-лушы еді. С.Құдайбергенов, Ә.Құсайынов, Б.Нұрғалиев, Ж.Құдасов, Ғ.Қалиев. Бес адам. Кешегі сұрапылда көктей солған бес ғұмыр. Бір кезде бүгінгі біз сияқты журналистік қарбалас қызметтің қызығы мен шыжығын тең тартып, ой-нап-күліп, «Орал өңірінде» қатар жүрген өрендер. Қаншама мақала-туынды-лары қалды екен жазыл-май...

Кейін газет редакциясы өзіне арнайы салдырған жаңа ме-

кен, баспасөз үйіне көшірілді. Бес боздаққа арналған тақтаны біз тас-тамай, өзімізбен жаңа орынға ала келдік. Редакторымыз Бақтыбай Далабаев оны әспеттеп, көрнек-ті жерге ілдіріп қойды. Газет тарихының шежіресі деп арнайы стенді жасатты өз алдына. Сол стендіге бұрын редакцияда еңбек еткен журналистердің фотосу-реттерін әйнектеп ілдірді. Қайдан алғанын білмейміз, олардың ішін-де жоғарыда айтқан бесеудің бірі Сағит Құдайбергеновтің де фото-сы бар еді. Назарды өзіне бірден аударатын ол фотода Сағит ағай үстінде айқұш-ұйқыш тартылған қайыс портупейі жалтыраған офи-цер формасы құйып қойғандай жарасып отыр.

Күндердің күнінде жылы ор-нымызды суытып, көшуге тура келді. Көшкеніміздің қайсыбірін айтамыз, талай көштік. Қайда көшсек те, бес боздақтың есімі жазылған тақта мен стендіні өзі-мізбен бірге қалдырмай, алып жүрдік. Медициналық училищенің бұрынғы жатақханасын да мекен-дедік-ау бір кезде. Сол тұста төрт бөліктен тұратын стендінің біре-уін ұрлатып алдық (бағалы метал-мен көмкерілген болатын). Онда Құдайбергеновтің суреті де бірге кетіпті...

2000 жыл-ау деймін, онда «Орал өңірі» газетінің редакциясы Дос-тық даңғылындағы баспасөз үйінде еді. Мен отырған бөлмеге алпысты алқымдап жүрген, бойы ортадан жоғарылау, толықша дегеннен гөрі тұрқы кесектеу, шымыр десек, келіп қалар, бір азамат еркін басып кірді. Қысқаша амандық-саулық-тан соң, өзі бірден айта қоймаға-

сын, жөн-жосығын білгіміз келіп отырған ыңғай таныттық. Ол бол-са: “Інім, дәлізге шығайық, жөнімді айтамын”, - деді. Ал керек болса. Арғы жағымыздан ашу атойлай бастаса да, үлкен адам болғасын сөзін жерге тастамай, шықтық дәлізге. Ол болса, мені соғыста қаза тапқан боздақтарға қойылған ескерткіш тақтаның қасына ертіп келді. “Мына кісі, - деді салалы, ірі саусағымен С.Құдайбергенов деген фамилияны түртіп, - менің әкемнің ағасы болады. Мен де Құ-дайбергеновпін”, - деді. Қапелімде аузымызға сөз түспей, «Апырмай, аға, рас па?» - деп қолын қыса беріппіз. Қатты қуанғанымыз рас. Өйткені біз сол бес боздақтың соңында кімдері қалды деп та-лай іздестіріп, ақыры ешкімді таба алмай қойғанбыз. Мына кісі сол біздің іздегеніміздің бірі ғой. Өз аяғымен редакцияға келіп тұр. Ендеше, не тұрыс. Ағамызды қайтадан бөлмеге шақырып, әң-гімеге тарттық. Сонда ол кісінің айтқаны мынау болды. Бұл азамат осы Орал қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде дәріс оқитын оқытушы жолдасына (біз ол азаматтың жөн-жосығын сол бойда тәптіштеп алмағанымызға әлі күнге өкінеміз. Сірә, Құдай-бергеновтен енді айырылмай-тын болармыз деп ойладық-ау) қыдырып келген. Әңгімеден әңгі-ме шығып, редакцияда әкесінің ағасы Сағит Құдайбергеновтің аты-жөні жазулы тақтаның ілулі тұрғанын естиді. Содан арнайы жұмыс қылып, редакцияға кел-ген беті екен. «Әкемнің ағасын ұмытпағандарыңызға рақмет айта келдім», - деді. Біз болсақ, ағамызға сұрақтарды жаудырып жатырмыз. Бұл азамат ауыл шар-уашылығы саласының, соның ішін-де қой шаруашылығының мама-ны екен. Ұзақ жыл ВАСХНИЛ-дің жұмсауымен Моңғолия елінде ғылыми іссапарда болып, ол жақтың шаруашылығын ғылыми негізде дамытуға, жүргізуге көмектескен. Сағит Құдайбергенов жөнінде көп ештеңе білмейді. Әкесінен

там-тұмдап естігені Сағит көкесі заманында оқыған-тоқығаны бір басына молынан жетерлік көзі ашық, көңілі сергек жан болған. Бар білетіні, сол соғыстың орта шамасында ерлікпен қаза тапқан сияқты. Басқа мәлімет жоқ. «Ал Сағит көкеңіздің соңында қалған кімдері бар?» Ағамыз бұл сұрақ-қа қиналды. «Көкем үйленгеннен кейін көп ұзамай соғыс басталып-ты да, «Орал өңірі» газетінде жұмыс жасап жүрген жерінен майданға алынған. Соңында сәби сүймек түгілі, махаббаттың бал қаймағын шайқап үлгермеген жас қалыңды-ғы ғана қалған...». “Ол кісінің ке-йінгі тағдырынан хабарыңыз бар ма?” - дедік шыдамсызданған біз. Осы кезде диктофонымыздың түймесін түртіп, ағамызға қарай жақындаттық. Ондағы ойымыз екеуара әңгімені кейін газетке пайдалану еді. Алайда осы арада ағамыз біз күтпеген қылық таныт-ты. «Жоқ, жоқ. Інім, ананы өшірі-ңіз, ешқандай мақала жазбаймын деп уәде берсеңіз ғана айтамын әңгімемді. Бұл туралы үйдегі жең-гең де білмейді. Жан баласына айтқан жоқпын», - деп азарда-безер болды. Үлкен адаммен сау-даласып отырған жараспайды ғой, ағамыздың айтқанына көніп, диктофонды тіл-құлақтан айы-рып, қағаз-қаламды да суырмаға зытырдық (ағамыздың өтініші бойынша). «Әкем оң-солымды та-нып, әбден ат-жалын тартқанымда айтып еді. Сағит көкеміздің әйелі кейін Алматыға кетеді. Әр көшесі көкемізді көз алдына әкелетін Оралда жүре беру оңай тимеген шығар... Оның үстіне етегіне ораты-лып жатқан баласы жоқ, жас адам. Ғазиза екен есімі. Осы Оралдың қазақ драма театрының актрисасы, көрген еркектің көзін суыратын көрікті жан болған. Тағы былайы-рақ барғасын, дәлірек айтсам, Моңғолияда жүргенімде ол кісінің әйгілі жазушы Ғабит ағамызбен көңілі жарасқанын естідім. Бұл, сірә, Ғабеңнің Рая жеңгемізге (ак-триса Мұхамбетьярова) ақи-тақи суып, қайран көңілдің сары ала

күзге әбден ауысқан тұсы болса керек. Моңғолиядағы біраз жыл-ға созылған іссапардың төбесі көрініп, елге, Целиноградыма жи-налдым. Алматыға сапарлап, Ға-зиза апамызды іздеп тауып алып, сәлем берсем деген біраздан бері ойымда жүрген шаруама әбден табан тіредім. Анықтама бюросы арқылы Ғабеңнің қайда тұратынын әреңдеп жүріп білдім. Дұрысы, зорға алдым. Үкімет адамдары тұратын үй екен. Ол кезде шет елде жұмыс істегендерге ақшаны доллармен төлейді. Оны өзіміздің кеңес банкнотына айналдырған-да пішен ақша болып шыға келді. Әуелі апамызды көрейін, таны-сайын, сосын жақсылап сый-сия-пат жасармыз деп таксимен ад-реске жеттім. Арнайы күзеттен өтіп, екінші қабатқа көтерілдім. Мен іздеп келе жатқан пәтердің есігі жартылай ашық тұр... Са-лып-ұрып кіріп бармай, қоңырау шалдым. Сол бойда, арғы жақтан «Да, да, Алексей, заходи» деген әйелдің даусы естілді. Алексейі несі деп табалдырықтан аттадым да тұрып қалдым. Әдемі халаты жерге сызылған, келісті келген егде жастағы әйел есікке қарай жүре түсті де, мені көріп кілт тоқтады. Сосын салқын дауыспен менің қазақ екенімді көріп тұрса да, «Вы к кому, молодой человек? Я жду сантехника», - деп түсін суыққа салды. Мен “Ғазиза апай-ды іздеп келе жатырмын”, - дедім сасқалақтап. «А я вас не знаю?». Апай илігетін ыңғай танытпады. Әрі қысылып, әрі толқып тұрып, Сағит Құдайбергеновтің інісінің баласы екенімді мәлім еттім, әкем-нің аманаты бойынша сәлемде-се келгенімді жеткіздім. Апайым болса, маңдайдан ұрғандай етіп, «Никакого Кудайбергенова не знаю, прошу выйти!» - деп ба-рынша салқын айтты. Салым суға кетіп шығып жүре бердім. Бағана, жұбайымды «Әуелі апайды тауып алайын», - деп таксиде қалдырып кеткенім қандай көрім болған. Ол кісіге «Бұл үйде тұрмайды екен» деген сыңайдағы бірдемені айт-тым-ау деймін, елге қайтып кет-тік. Содан көкемізге қатысты әңгі-мелерден бетім қайтып қалған, мына сіздердегі тақтаға байланыс-ты хабарды естігенде көзіммен көргенше көңілім өрекпумен бол-ды. Көрдім. «Орал өңіріне», оның азаматтарына рақмет!» Осылай деген азамат көп аялдамай, бізбен қоштасып шығып кетті. Журналис-термен кездесейік, рақметіңізді сол жерде айтыңыз дегенімізге де уақытының тығыздығынан бөгеле алмады. Содан бері бірнеше жыл ауды. Сағит Құдайбергеновтің жұрағатының сол әңгімесін осы уақытқа дейін жарияламай шыдап келдік. Бірақ енді ол уәдемізді бұ-зуға тура келіп тұр. Оның себебі бар. Жуырда әріптесіміз Қазбек Құттымұратұлы ғаламтор арқылы Сағит Құдайбергеновтің дере-гін ұзақ іздеп, ақыры тапты. Осы жолдардың авторынан сүйінші сұ-рап (мен анау әңгімені Қазбекке айтып бергенмін), деректің қағазға

басылған көшірмесін қолымызға ұстатты. Ол төмендегідей. Сағит Құдайбергенов 1942 жылы қаң-тарда редакцияда жұмыс істеп жүрген жерінен соғысқа алына-ды. Сол жылы партия қатарына қабылданған. Соңында Орал қа-ласы, Саратов көшесі, 102-үйде тұратын жары Ғазиза Нұрғали-қызы Бисенова қалған (әскери журналист, мемлекет қайраткері Бисен ағамыз Жұмағалиев былай дейді: «Ғазиза апамыз асқан көрік-ті, Оралдағы қазақ театрының маң-дайалды актрисасы болған адам ғой... Көре қалдым. Кейін Алматы-ға қоныс аударған. Мұхтар, Ғабит, Сәбит сынды мықтыларымыздың жәдитше (араб) жазғандарын ма-шинкіге көшіретін шебер маши-нистка ретінде олардың талай шығармаларын тасқа басуға көп еңбек сіңірген”).

Әуелі гвардия старшинасы бол-са араға бір жылға жетер жетпес уақыт салып, Құдайбергенов гвар-дия лейтенанты дәрежесін алған. Старшина кезінде, 1943 жылдың 7 тамызында көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Ту орденіне ұсынылыпты. 103-гвардиялық атқыштар полкінің командирі толтырған марапаттау қағазында гвардия майоры Тиу-нов былай деп жазады: «...В бою 17.07.43 года под д. Дмитровка, когда командир роты вышел из строя, тов. Кудайбергенов смело принял командование ротой и по-вел в атаку, выбив немцев с зани-маемых позиций, уничтожив при этом шесть солдат противника» - дей келіп майор Тиунов одан әрі Құдайбергеновтің арада екі күн өткенде, яғни 19.07.43 жылы Сте-пановка деревнясының түбінде танкілерін тасаланып шабуылға шыққан жаудың жаяу әскерін пуле-метпен атқылап, танкілерден бөліп, кейін бәрін жер жастандырға-нын жазады. Құдайбергеновтің осы ерлігінің арқасында шабуылға тойтарыс беріліп, фашистер көп шығынға ұшыраған. Қайран ер арада бір жылдың үстінде уақыт өткенде Литва жерін жаудан азат ету кезіндегі ауыр ұрыста ерлік-пен қаза табады. 171-гвардиялық атқыштар полкінің командирі, гвардия полковнигі Курешовтің толтырған марапаттау қағазында Сағит Құдайбергеновтің 1944 жы-лы 16 қазан күні қарсы шабуыл-дап, жаудың қорғанысын бұзып, қоян-қолтық ұрыс кезінде оққа ұшқанын жазады. Бұл жолы ол жауынгерлік Қызыл Ту ордені-не ұсынылған. Біздің қолымызда Құдайбергеновтің бұл награда-ларды алған, алмағаны жайлы мәлі-мет жоқ. Алайда Қызыл Жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ор-дендерімен марапатталған сияқты. Қаһарман журналист жөніндегі мәліметтерді әлі де іздестіре бе-ретінімізді оқырмандарымыздың қаперіне саламыз. Редакциядан майданға аттанып, оралмай қал-ған бес ердің біреуінің («Орал өңірінен» соғысқа он журналист аттанған деген де мәлімет бар) әзірге бізге белгілі болған жай-жапсары осы.

Бес ердің біреуіЕсенжол ҚЫСтАУБАЕВ,«Орал өңірі»

«оРАл өңіРі» – 95

Page 11: Орал Өңiрi №140

«оРАл өңіРі» – 95Сенбі, 16 қараша 2013 жыл

[email protected]

Ғарифолла КӨШЕНОВ, Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Алматы қаласы

Болашақ майдангер 1942 жылдың тамыз айында

сол училищеге оқуға түсіп, со- ғыс жағдайына байланысты оқуды толық бітірмей, сегіз ай-да тәмамдап, 1943 жылы 19 жа-сында Украин майданындағы 6-шабуылдаушы инженер-сапер бригадасының құрамында Ук- раинаның Сумы, Полтава, Харь- ков облыстары жерлерін жау- дан тазартып, қиян-кескі атыс-пен Днепр өзенінен де аман өтіп, Киевті жаудан азат етуге қатысады. Бұдан кейін 2-Бела-русь майданы сапер взводының құрамында Беларусь қалала- рын азат етуде кіші командир ретінде жас жауынгерлерді бас- қарған лейтенант дәрежесін- де қатысады. Басқыншы жау-дың Курск иініндегі шабуылға шыққан неміс-фашист әскерле-

Облысымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің бірі Қосаман аға Орынбасаров болатын. Ол Қаратөбе ауданы- ның тумасы, Қаратөбе орта мектебін 18 жа-сында тәмамдап, сол жылы әскер қатарына шақырылады. Соғыстың жүріп жатқанына екінші жыл. Соның алдында Ленинград бай-ланыс училищесі Орал қаласына көшіп кел-ген-ді.

болып абыройлы еңбек етеді. Зейнеткерлік еңбек демалысы-на шықпастан бұрын Мәскеуде өткен Бүкілодақтық журналис-тер форумына қатысып, респуб- лика журналистері атынан сөз сөйлеп, бүгінде 95 жылдық ме- рейтойын атап өтіп жатқан об-лыстық газетіміз туралы маз- мұнды әңгіме қозғап, облыс- тық «Орал өңірінің» абырой-бе-делін арттыра түскен аға жур-налист ретінде көпке белгілі болды. Сол форумда сөйлеген сөзіне дән риза болған мәс-кеулік ұйымдастырушылар об- лыстық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы М.Ық- сановқа телефон соғып, риза-шылықтарын арнайы жеткізеді. Ол 1985 жылы болатын. Мәс-кеуден жеткен жақсы хабар-ға риза болған бірінші хатшы сол кездегі газет редакторы Бақтыбай Далабаевқа телефон соғып, Қосекеңнің жай-жапса-рын сұрайды. Бұл кезде ол зей-нет жасына шықса да, жұмыс іс-теп жүрген еді. «Ендеше, - дейді бірінші хатшы. – Өзі демалысқа шығамын дегенше жұмыс істей берсін».

Ұлы Отан соғысының және баспасөз майданының ардаге-рі, Қазақстанның құрметті жур-налисі, облыстық «Орал өңірі» газетінде өзіндік із қалдырған Қосаман Орынбасаров газеттің 95 жылдық мерейтойына бір жыл қалғанда бақилыққа атта-нып кетті. Біздер, қазіргі жур-налистер, осындай ағалардың шәкірті болғанымызды мақта-ныш тұтамыз.

Ғилаж НАУРЗИН,ардагер журналист

Қос майданның

АРдАгеРі едірінің Прохоровкадағы шайқасына қатысып, жеңіске жетушілер қа-тарында болған. Бұдан кейін жас жауынгер-дің жауынгерлік жолы Румы-ния, Польша, Германия жерле-рінде болған қанды ұрыстарға қатысты.

Қосаман Орынбасаров со- ғысқа бастан-аяқ қатысып, ел- ге офицер болып оралады. Со-ғыстан кейінгі бейбіт кезеңде Украина, Беларусь қалаларын азат етудегі ерлік еңбегі ескері-ліп, майдангер ретінде аталған республикаларда болып, талай марапатқа ие болғаны белгілі.

Жастық кезеңі майданда өт-кен жас жігіт соғыстан кейінгі еңбек жолын аудандық газет- те қатардағы әдеби қызметкер, жауапты хатшы болып бастап,

журналистік жолға біржола түседі.

Қаратөбе аудандық газетін-де еңбек етіп жүрген жас жур-налисті сол жылдарда облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде ре- дактор болып жүрген Бисақаң – Бисен Жұмағалиев 1953 жы-лы облыстық газетке әдеби қызметкерлікке шақырып, жұ-мысқа қабылдайды. Кейін Ал-маты жоғары партия мектебін сырттай оқып жүріп, ойдағыдай тәмамдайды. Редакцияның хат, өнеркәсіп бөлімдерінде мең- геруші, зейнеткерлік еңбек де- малысына шығардан бұрын редакция алқасының мүшесі

Еліміздің ақпарат айдынында өзінің лайықты орны бар «Орал өңірі» га­зетінің 95 жылдық мерейтойына орай редакцияның бүгінгі шығармашылық ұжы­ мына, газеттің мың­сан оқырман­дары мен белсенді авторларына осы ұжым ардагерлерінің бірі ретінде шын жүректен ыстық сәлем жолдаймын.

«Орал өңірі» газеті – еліміздегі өңірлік басылымдардың деніне ағалығы бар, ғасыр жасаған көне үнжария болуымен бірге, әр жылдары осы ұжымда еңбек ет­кен оралдық қаламгерлердің әлденеше ұрпағы үшін, соның ішінде бойындағы барлық шығармашылық қуатын бүгінгі мерейгердің ыстық­суығына сарп ет­кен біздер үшін де жанымызға айрықша жақын ұшқан ұя, жүрегімізге ыстық кін­дікжұрт. Сондықтан да біздер, бүгінде әр қиырда жүрген газет ардагерлері, Жа­ йық жұртының ақиқат алаңындағы шамшырағы іспеттес басылымның ға­ сырлық ғұмырының тұтас бір кезеңінде туған басылымның туын биік көтеріп, оның насихатшылық беделі мен көркем­дік сапасы жолында, оралдық қалың қа­уымды игілікті істерге үндеген көсемдік қызметін ойдағыдай атқаруы жолын­да күш­жігерімізді сарқа атсалысқаны­мызды мақтан тұтамыз. Сондықтан да «Орал өңірінің» мерейтойы – белгілі дәрежеде біздердің де мерейтойымыз. Ендеше, осындай орны бөлек ортақ ме­ рейтой күні редакцияның қазіргі тізгін­ұстар басшылары мен бүкіл қаламгер қауымына олардың мерейгер басылым­ның шығармашылық сапында егемен елдің жаңа шежіресін жазу жолындағы игілікті қызметінде тың жетістіктер тілейміз.

Экономикасы өрлеп, жұртының әлеу­меттік тұрмысы жыл ауған сайын жақ­сарған үстіне жақсарып келе жатқан туған өлкенің аға басылымын әманда алғы шептен, көркемдік беделін жаңа биіктерден көре бергіміз келеді.

Данияр ЕЛЕУСІНОВ,ҚР-ның еңбек сіңірген

спорт шебері, бокс-тан Қазақстан

Республикасының бірнеше дүркін чемпио-ны, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия және

әлем чемпионы:

­ Біраз жылдан бері Астана қаласында тұрсам да, менің дүниежүзілік додаларға қатысты жеңіс­жетістіктерімді жерлес­теріме, Жайық жұртына жеткізуде «Орал өңірі» газеті алдына жан салған емес. Осын­дай ақжолтай пейілі үшін бұл басылым мен үшін ерекше ыстық. Кіндік қаным тамған өл­кенің айнасына айналған газеттің оқырма­ны көбейе берсін деймін.

«Орал өңіріндегі» аға­апаларымды, арда­гер журналистер мен оқырман қауымды га­зеттің 95 жылдық мерейтойымен құттық­таймын! Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте толағай табыс пен өмірде бақ­береке, ырыс­ынтымақ, дәулетті тұрмыс тілеймін!

Тәуелсіз қазақ елінің халықаралық бай­рақты бәсекелерде, әлем чемпионаттары мен олимпиадалық ойындарда мәртебесі биіктеп, мерейі үстем болып, абыройы асқақтай берсін!

Тойға тілек

Ернат ҚҰСПАНОВ,ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері,

шотакан-каратэ-додан Қазақстанның чемпионы,Әлем кубогының иегері:

­ Менің жеңістерім үшін ел­жұрттан ең алдымен сүйінші сұрайтын – «Орал өңірі» газетінің редакциясында қызмет істейтін ағаларым. Сол себепті «Орал өңірі» дегенде менің көңілім бөлек. Спортшылар қауымын жеңіске жігерлендірер мақалалар облыстық газеттерде қазіргіден бетер жиі жарияланса да, артықтық етпейді. Ал біздер сіздерге ылғи тек жеңіс шыңдарынан қол бұлғайық.

Жайық журналистерін және газет оқырмандарын «Орал өңірінің» 95 жылдығымен құттықтай отырып, жерлестеріме адам баласына тән барша жақсылық пен қуанышты тілеймін!

Чемпиондарқұттықтайды!

­ «Орал өңірінің» жергілікті спортшылардың жеңіс­жетістігін үнемі назарда ұстап, осындай тәсіл арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақты спортпен шұғылдануға жетелейтіні ұнайды. Былтыр мен Ташкенттен Әлем кубогы үшін сайыстың жеңімпазы болып оралғанда да, журналист ағаларымның ілтипатын сезін­генмін.

Үлкен­кішісі салауатты өмір салтын ұстанатын, жастары спортқа үйір ел халқының өр рухты, денсаулығы мықты және бәсекеге қабілетті болатындығы шүбәсіз. «Орал өңірі» журналистерінің осы бағыттағы жұмыстары баянды бола бергей.

Редакция ұжымы мен оқырмандарды облыстық газеттің мерейтойымен құттықтап, баршаңызға барлық жақсылықты тілеймін!

Ерболат БАЙБАТЫРОВ, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан еліміздің бірнеше мәрте чемпионы, Әлем кубогының иегері, дүниежүзінің төрт дүркін чемпионы:

Page 12: Орал Өңiрi №140

Сенбі, 16 қараша 2013 жыл [email protected]

Тойға шашу

«Орал өңіріне»Рух алып сенің маңғаз тұрысыңнан,Табылған талапкердің нұры шыңнан.Көп емес, дөп сөйлейтін мінезіңнен,Тентектің талай жерде қыры сынған.

Өңірі –жалпақ жатқан Оралымның,Өмірі-жайсаң мінез қоғамымның.Іздері тектіліктің сайрап жатыр,Ішінде шежірелі торабыңның.

Сүйеніп қаламыма мен де келгем,Келмесем, өмір жүгін теңгерер ме ем.Есенжол, Ғайсағали, Аманкелді,Жанғали,Тихоны бар елге келгем.

Үн бөлек. Тыныс бөлек. Орта бөлек.Таппайсың маңайынан жорта дерек.Қаймықпай қалам тербеп жүру үшінҚалтқысыз қамқор болар орта керек.

Танимын әлі күнге тынысыңнан,Жоғары баға алғансың ұлысыңнан.Қарымды қаламгерің көп болсыншы,Үздік ой, оқырманға, жыр ұсынған.

Танимын мен өзіңді «Текті елім» деп,Қонады керегеңе кептерім кеп.Өзіме қымбат «Орал өңірінен» Өмірі хабар үзіп кеткенім жоқ.

12

Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «При-уралье» газеттерінің шыға бастағанына 95 жыл толуына орайластырылған шаралар өткен сей-сенбі күні «Жайық Пресс» ЖШС ғимаратында баста-лып кетті. Қос редак-цияда әр жылдары қызмет атқарған ардагер журналистер бас қосып, газет му-зейін аралап көрді.

Ғасырға жуық тарихы бар қос редакция-ны туған үйіндей кө-

ретін ардагер журналистер аз емес. Солардың ең басында тұрған – «Екпінді құрылыс» газетінің 1953-1955 жылдар-дағы редакторы, тоқсаннан асса да, таяққа сүйенбеген (тіфә-тіфә!) майдангер Бисен

Жұмағалиев ағамыз да осы шараның нақ ортасында жүр-ді. Белгілі ақын, соңғы жыл-дары сырқатына байланысты жұрт алдына шықпай кеткен Жанғали Набиуллин ағамыз

да бұл күні үйінде жата ал-мапты. 1991-2002 жылдары «Орал өңірі» газетін басқар-ған Мәжит Қайырғалиев, 2003-2006 жылдары «При-уралье» газетіне басшылық еткен Владислав Ярлов, ар-дагер журналистер Ғилаж Наурзин, Құбаш Қажымов, Тәрбие Смағұлова, Энгельс

Шыңғали, Амантай Боранқұл, Ольга Кулик, Нина Елисее-ва, Амангелді Ақмұрзин, Гүл-жан Хайруллина – баршасы «Жайық Пресс» мекемесінің қазіргі ғимаратын аралап

көріп, тілшілердің тыныс- тіршілігімен танысты. Ғима- раттың ең жоғарғы қабатын-да орналасқан, осы мерейлі датаға орай арнайы жасақ-талған музей бөлмесінде ардагерлеріміз ерекше күй кешті. Өйткені мұндағы жә- дігерлер мен көне суреттер-дің басты кейіпкерлері –

өздері, яғни аға ұрпақ бола-тын. «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин ардагерлерден осы музейді болашақта одан әрі кеңей-тіп жасақтауға ақыл-кеңес

сұрайтынын жеткізді.– Біз қос газеттің 95

жыл-дық мерейтойын ба-рынша есте қалатын, бо- лашаққа мұра болатындай шаралармен қарсылауды ұйғарған едік. Әсіресе, га- зетіміздің тарихына, осы басылымдарды қалыптас-тыруға зор үлес қосқан тұл-ғаларды танытуға мән бер-дік. Міне, соңғы бір жылдың ішінде «Жайық Пресс» ЖШС үш кітаптың тұсауын кесіп отыр. Оның алғашқысы - 1911-1913 жылдары Орал қаласында шығып тұрған ұлтымыздың тұңғыш газеті «Қазақстан» туралы болса, екінші кітап «Қос газеттің тарихы» - «История двух га- зет» деп аталды. Бұл – «Орал өңірі» мен «Приура-лье» газеттерінің алғашқы санынан күні бүгінге дейін-гі тарихын қамтып шыққан ерекше жинақ. Үшінші кі- тап «Жайық журналистері» деп аталады. Мұнда редак- цияда күні бүгін қызмет атқарып жүрген журналис-тердің үздік мақалалары жинақталған, - деп атап өтті «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Са-фуллин.

Ардагерлермен кездесу дастарқан басында көңілді әңгімемен жалғасты. Газет-тің арғы-бергі тарихы, бір-ге қызметтес болған әріп-тестер туралы естеліктер айтылды. Бисен аға сонау 1968 жылы қос газеттің «Құрмет белгісі» орденімен қалай марапатталғанын әң- гімелеп берді. Аға буын әріптестердің қай-қайсы- сы да өз сөзінде «Жайық Пресс» медиахолдингінің бүгінгі жұмысына ризашы-лығын білдіріп, әсіресе, бас-пасөз тарихын түгендеуге байланысты жұмыстарға қолдау көрсетті.

Кездесу соңында арда- герлердің әрқайсысына мерейтойға арнайы шыға-рылған жинақ-кітаптар жә-не ақшалай сыйақы тарту етілді.

Қазбек ҚҰттЫМҰРАтҰЛЫ,

«Орал өңірі»Суреттерді

түсірген автор

Газет тойын АРдАгеРлеР бАСТАды

Құрметті «Орал өңірі» газетіредакциясының ұжымы!

Қадірлі Бауыржан Файзоллаұлы!Алтай-Тарбағатайдағы қаламгер қауым-

ның, Шығыс Қазақстан облысындағы жур-налистер мен ақын-жазушылардың атынан «Орал өңірі» газетінің ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Бастауында әйгілі Ғұмар Қараш, Ахмет Мәметов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев сынды Алаш орда қозғалысының қайраткерлері тұрған бұл басылымның қазақ баспасөзінде алатын орны ерекше. Әр жылдары «Қазақ-стан», «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жо-лы», «Қызыл ту», «Екпінді құрылыс» деген атаулармен шыққан газеттің тарихын биыл толықтай түгендеуге кіріскендеріңізді, әсіресе, осы мақсатпен Мәскеу қаласына дейін барып, Ресейдің мемлекеттік мұрағатындағы «Орал өңірінің» тарихына қатысты біраз деректерге қол жеткізгендеріңізді «Егемен Қазақстан» газетінің жақындағы сандарының бірінен оқып, біліп отырмыз.

Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің Хам-за Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Хамит Ерғалиев, Сағынғали Сейітов, Қадыр Мыр-за Әлі сынды ірі өкілдерінің алғашқы туын-дыларын кезінде жариялаған «Орал өңірі» газетінің қазақ әдебиеті үшін де орны бөлек деп айтуға болады. Басылымның қазақ руханиятындағы алатын сүбелі орны бар екенін Шығыс Қазақстандағы қаламгерлер де жақсы біледі.

Құрметті «Орал өңірі» газетінің ұжымы! Мерейтойларыңыз құтты болсын! Баршаңызға қаламгерлік қайрат, шығармашылық табыс тілейміз. Басылымның абырой-беделі арта берсін!

Игі тілекпен, Нұржан ҚуаНтайұлы,

Шығыс Қазақстан облыстық «Шығыс ақпарат» медиахолдингінің бас директо-

ры, Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы

Дариға МҰШТАНОВА

Тойғатілек

«оРАл өңіРі» – 95

Page 13: Орал Өңiрi №140

Сенбі, 16 қараша 2013 жыл[email protected] 13

Мерейтой аясындағы ҚАйыРымдылыҚ

«Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейтойына байланысты «Жайық Пресс» ЖШС қаламыздағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Шараны ашқан жас- өспірімдер үйі- нің директоры

Өмірбай Қалымбетов облыс-тық басылымдарды мерей-тойларымен құттықтап, қазір- гі таңда «Шаңырақта» 112 жас тұрып жатқанын айтты. Олар- дың 21-і - жетімдер, 91-і - ата-

Өмірбай ҚАЛЫМБЕТОВ, «Шаңырақ» жасөспірім-

дер үйінің директоры:- Мұндағы балалар

өмірге налып жүргеннен соң, сәл нәрсеге ренжі-гіш келеді. Мәселен, олар мектеп бітіріп, студент ата-нып, университетке оқу- ға барғанда әдемі киінген, барлық оқу құралы бар өз замандастарын көріп қатты қиналады. Мына беріліп отырған киім-кешек сол қиналыстарын жеңілдететіні сөзсіз.

Ғалия СЕНҒАЛИЕВА,

облыстық отбасылық үлгідегі балалар

ауылының директоры:- «Орал өңірі», «При-

уралье» газеттері біздің рухани серігімізге айнал-ғанына көп жылдың жүзі болды. Қаламгер қауым-ды ортақ мерейтойларымен құттықтай-мыз. Ақшаны той тойлауға емес, қайырым-дылыққа жұмсап жатқаныңызға қуанып, сауапқа жазсын дейміз.

Михаил ВОЛКОВ, Орал ақпараттық-

технологиялар колледжінің студенті:- «Жас дәурен» бала

кешенінде тәрбие алып, міне, екі жылдан бері осында тұрамын. Жағ-дайым шүкір. Бұрынғы №5 кәсіптік лицейде автослесарьлық мамандыққа оқудамын. Жалпы өзім өнерге жақынмын. Болашақта бұл бағыт-та да білім алғым келеді. Бүгін жылы күртеше, бас киім, қолғап, аяқ киім алдым. Күн салқындап келе жатқасын «киім алу керек еді» деп іштей ойлап жүргенмін. Менің осы тілегімді Құдай берді.

Асыл ШУЛЬДАЙС, жатақхана

тұрғыны:- Мемлекетке риза-

мыз, бізге барынша жәр-демдесіп келеді. Ағам Ар-ман Алматыдан Құрлық әскерлерінің әскери ин- ститутын тәмамдап, қазір Ақтөбеде әскери қызметте жүр. Өзім тұр-мыс құрып, егіз баланың анасы болып отырмын.

Мейірімділік өзгелерге қамқор болу де-генді білдіреді ғой. Қайырымдылық, адам-гершілік турасында «Орал өңірі» газетінен жиі оқитын едім. Журналистер игілікті істер жөнінде жазып қана қоймай, өздері де оған атсалысатынын нақты сезінудемін.

Роза КӨШӘЛИЕВА, «Ақ тілек» балабақша-

сының қызметкері:- Өзім балалар үйінде

тәрбиеленіп, мектептен соң Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті атандым. Өнер және мә- дениет факультетінде оқып, 2011 жылы Оралыма оралып, «Шаңырақ» жатақха-насынан бөлме алдым. Облыстық білім басқармасының, Орал қалалық білім бөлімінің жәрдем беруінің арқасында үш жылдан бері балабақшада мамандығым бойынша қызмет атқарып жүрмін.

«Орал өңірі», «Приуралье» газеттерін көптен бері оқимын. Екеуі де маған ұнай- ды. Газет тілшілерінің, басқа да қызмет-керлердің бізге қолұшын беріп жатқан- дарына ризамыз. Журналист ағайындарға денсаулық, отбасы амандығын, еңбекте және шығармашылық табыстар тілеймін!

ана қамқорлығынсыз қал-ғандар, осылардың ішінде 23-і - студент. Ал 24 отбасы мен 18 жалғызбасты ана 60 баланы тәрбиелеп өсіру-де.

- Біздің серіктестікте қыз-мет істейтін журналистер,

баспаханашылар сықылды жүзден аса қызметкер өз ең- бекақыларынан қаржы бө-ліп, соның нәтижесінде сіз-дерге шын ниетімізбен кө- мек көрсеткелі отырмыз. Осыған дейін, яғни газетте-ріміздің мерейлі жылдары барлық қызметкер дастарқан

басына жиналып, бәріміз бірге мерекені ресторан-да атап өтетін едік. Биыл осы дәстүрімізді бұзып, мейрамханаға кететін қар-жыға сіздерге қажет нәр-селерді алуды жөн деп шештік. Иә, мына алынған

заттар да, мемлекет тарапы-нан жасалып жатқан көмек-тер де сіздердің қажеттілік-теріңді толық өтемейтіні белгілі. Дегенмен де бей-біт елде, кең байтақ жерде өмір сүріп жатқанымызға, тәуелсіз мемлекетіміз оқу-ға, еңбек етуге, әлеуметтік

жағдайды жақсартуға ба-рынша мүмкіндікті туғызып отырғанына, деніміздің сау- лығына шүкір деуіміз ке-рек. Жаратушы иеміз адамға қиыншылықты сынақ үшін жібереді дейді ғой. Сол қиын-дықты жеңгендер бақытты

болады. Сондықтан алдағы уақытта сіздердің де бақыт-ты болуларыңа тілектеспін, - деді «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин.

«Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің бас редактор-лары Бауыржан Ғұбайдул-лин мен Роза Сыйқова адам адамға дос, бауыр екенін, соған орай ата-бабалары-мыз жетім-жесірін жылатпа-ғанын, қайта «жетім көрсең, жебей жүр» деген қағиданы ұстанғандығын, сол дәстүр- ге сәйкес бүгінгі шара ұйым- дастырылып отырғандығын, ол алдағы уақытта да жал-ғасын табатынын айтты.

Сөйтіп, 300 мың теңгеден астам қаржыға “Шаңырақ-тың” тұрғындарына қысқы киім-кешек, көрпе-жастық, қазақ тіліндегі кітаптар мен ойыншықтар табысталды. Тәтті күлше мен тоқаштар үлестірілген кезде қуанбаған бала болған жоқ. Ал жас ана Маржан Қалметоваға 6 жасар ұлын емдетуге апару үшін жол қаражатына 30 мың тең-ге ақшалай көмек берілді.

Шара соңында сөз алған жатақхана тәрбиеленушіле-рі облыстық газеттерді 95 жылдық мерейтойымен құт- тықтап, қайырымдылық ша- расы үшін серіктестік қыз-меткерлеріне ризашылығын білдірді.

Сәкен МҰРАтҰЛЫ,"Орал өңірі"

«оРАл өңіРі» – 95

Page 14: Орал Өңiрi №140

«оРАл өңіРі» – 95Сенбі, 16 қараша 2013 жыл

[email protected]

Себебі кейіпкерім, «Қазақстан-ның құрметті журналисі» Ғилаж Наурзиннің «Орал өңірі» газеті редакциясында қызмет істеген басқаларға қарағанда жөні бө-лек. Бөлектігі – ол газетті шын жүрегімен іздейді, шын сағынып келеді. Себебі «Орал өңірі» оның немересі мен шөбересінен кейін-гі ең қимасы және дүниедегі ең ыстық ұясы. «Орал өңірі» - оның өткен және бүгінгі өмірі. 35 жыл журналистік қызметінің 15 жылын «Орал өңіріне» арнаған ардагер журналистің бүгінгі өмірінің мәні де осы газет сияқты. Оның Орал-да шығатын әр газетті жинап, жұртқа тегін үлестіріп жүруі, соны күнделікті дағдысына айналдыруы осыған дәлел болса керек. Ғилаж ағамыздың бұлжымайтын өз күн тәртібі бар. Газет шығатын әр бей-сенбі күні ағамыз үйінен таңертең сағат 10-да шығады. «Информ-биржа», «Жайық үні» газеттерінің редакциясына соғып, сөмкесін ре-дакциялардан артылған газеттер-ге толтырып алады. Содан сөмке-сін сүйретіп қалалық әкімшілікке соғады, онда отырған ардагерлер-ге газет үлестіреді. Одан шығып Мұхит көшесі, 57/1-үйдегі «Жайық Престің» кеңсесіне келеді. Ағамыз бірден үшінші қабатқа, өзінің қа-ра шаңырағы – «Орал өңірінің» редакциясына көтеріліп, барлық кабинетке кіріп, газет үлестіреді. Бұл сәтте редакция ұжымы күнде-лікті қарбалас жұмыспен отыра-ды. Әрине, емен-жарқын амандық сұрасқан тілшілердің ол кісіге көп уақыт бөле алмайтыны белгілі. Ондайда шал кеткісі келмей тұрса да, әдейі бір жаққа асыққан кейіп танытады. «Мен кеттім, иә... иә, мен кеттім...» деп қалбалақтайды бәрімізге кезек-кезек қарап. Бірақ кеткісі келмей, туған газетінің иісін жұтып, шығармашылық ұжымның

ауасымен кішкене болса да тыныс-тап алғысы келіп тұрады. Ондайда оның шүңірек көзіндегі қимастық пен сағынышты сезіп қоямын. «Қайда асығасың, кел, отыр» дей-мін. Шалың аңқ ете түседі.

1930 жылы Қаратөбе ауданы-ның Егіндікөл ауылдық кеңесінде туып-өсіп, сонау сұрапыл соғыс жылдары майданнан келген жа-уынгер хаты мен «қара қағазды» тасыған «поштабай бала» жастай жетім қалыпты. Балалар үйінде тәрбиеленген оны соғыстан жа-ралы болып оралған бұрынғы «Социализм» колхозының басқар-масы Баймұқанов Наурыз деген адам асырап алады. Өз әке-ше-шесі Хайролла мен Збирадан ерте айырылған ағамыз үшін өкіл әкенің орны ерекше. «Мені адам қатарына қосқан өкіл әкемнің аты-на Наурзин болып жазылдым» дей-ді ол даусы дірілдеп. Сосын тағы да: «Смоленск қаласындағы ұрыс майданында оң аяғын қалдырып келген сол әкем 1950 жылы, 52 жасында қайтыс болды. Ерте кет-ті...» деп кішкентай шүңірек көзі-не әп-сәтте лықсып жас толады.

Сексеннің үшеуіне келген қария сол сәтте әкесін, соғысқа құрбан болған балалық шағын сағынып жылағысы келіп отырған баладай елестеп кетеді.

1948 жылы Орал педагогика-лық институтына оқуға түсіп, 1952 жылы тәмамдаған ол жолдама-мен Қостанай облысының Жеті-қара аудандық мектебінен бір-ақ шығады. Ұстаздық қызметі Атырау, кейін Оңтүстік Қазақстан облыс-тарында жалғасқан ағамыздың қаламының желі ақыры оны Мақ-тарал аудандық газетіне әкеледі. Бірден жауапты хатшы болады. 1964-1966 жылдары Алматы жо-ғары партия мектебінде оқиды. Бітірген соң Талдықорған, Шым-кент, Атырау, Қостанай, Алматы қалаларында және өзіміздің өңір-дегі аудандық газеттерде редак-тор, редактордың орынбасары болады. Журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері Есенжол Қыстаубаев: «1977 жылы алғаш «Орал өңірі» газеті редакциясының табалдырығын аттағанымда Ғилаж ағамыз газеттің құрылыс және су шаруашылығы бөлімін басқарады

екен. Жұмыста өте сақ, тіпті оның сақтығы сауысқанды да жол-да қалдыратындай еді. Соның арқасында ол жазған мақаладан дау туып не қате кетіп көрмеді. Оның үстіне арақ пен темекіні ау-зына алмаған ағамыз таза жүріп, таза сөйледі. Біреудің сыртынан ғайбат сөз айтпады», – дейді.

Есақаң айтпақшы, жан баласы-на жамандық жасамай, осы тазалы-ғын қарапайым тірлігіне ту еткен ағамыз 1990 жылы «Орал өңірі» газетінен зейнетке шықты. 2009 жылы ҚР Журналистер одағының 50 жылдығы тойы қарсаңында облыстық газеттің белді бөлімдерін басқарған, кейінгі толқын журна-листерді тәрбиелеуге үлес қосқан ардагерге «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілді. Ағамыз әр жылдарда алған медальда-ры мен грамоталарының тізімін қолмен жазыпты. Онысы 7 парақ болады екен. Оның бәрін тізіп жазуға газет беті көтермес. Басты-сы – партияға адал коммунистің өз заманының беделді журналисі болғаны анық.

Ғилаж ағамыздың тағдыры әу баста қиын болған. Жетімдік тартқан жаутаңкөз балалығы бүгінде жаутаңкөз қарттыққа ай-налған. Зайыбынан, одан кейін жалғыз ұлы Нүркеннен айыры-лыпты. Құдайға шүкір, одан неме-ре сүйіп үлгерді. Бұл дегенің бақыт қой! Тағдыр таяқтаған сәттерде келіні мен сол немересі Лаура оған сүйеу болды. Бүгінде тұрмысқа шыққан немересінен Ілияс есімді шөбересі бар (суретте). Күйеу баласы Талғатты өз ұлынан кем көрмейді.

- 1978 жылы «Орал өңірі» га-зеті берген екі бөлмелі пәтерім-де аман-есен тұрып жатырмын. Кейде сол үйге де сыймай кете-мін. Сосын халықпен араласып, сөйлесу үшін адамдарға тегін га-зет тасимын, - дейді ағамыз. Иә, онысы енді белгілі, пәлтесінің етегі желпілдеп, «Орал өңірі», қайдасың?» деп дедектеп же-тетін шалды үйге сыйғызбайтын, үйге отырғызбайтын газетке де-ген сағыныш болар, сірә! «Орал өңіріне» бір күн келмей қалсам, бірдеңе жетпей тұрғандай, бір бүйірім бос тұрғандай болады» дейді қария.

Келген сайын бүгінде редак-циясының ең үлкені саналатын Есенжолдан бастап бәрімізге бір соғып кететін шалды бәрі сый-лайды. Әсіресе, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Набиоллаұлының ардагерлерге деген ықыласы өзгеше. Мемле-кеттік мереке атаулысын құр жі-бермейтін директор қарт журна-листерді дастарқан басына жинап, газеттің тарихынан сыр шертіседі, оларға сый-сияпат жасап, қолынан келгенше көмектеседі. Ықыласқа зәру қарт журналистер ондайда бір жасап қалады.

Ал Ғилаж ағамыз әр келген сайын үлестірген газеттерінің орнына «Орал өңірі», «Приура-лье» және біздің баспаханадан шығатын «Егемен Қазақстан» мен аудандық газеттерді сөмкесіне сықап салып алады. Бізден кейін-гі бағыты - өзінің замандастары. Соңғы жаңалықтарды оларға жеткізуге асыққан ағамыз: “Олар бірден «Газет әкелдің бе?» деп сұрайды. Ал мен оларға: «Әуелі менің денсаулығымды сұрамай-сыңдар ма?» деп наз айтып, біраз қалжыңдасып аламыз» дейді.

- Журналист Жүсіпкерей Нұр-тасов досым еді, өмірден ол да кетті... Соғыс кезінде хат тасып, та-лай ананың ақ батасын алып едім, сірә, мені сақтап жүрген сол бата шығар, - дейді қарт журналист. 17 қараша - «Орал өңірінің» алғашқы саны шыққан күн. Бүгіндері ре-дакция ұжымы мен журналисти-ка ардагерлері төл газетіміздің 95 жылдығына арналған мерей-тойлық шаралардың бел орта-сында жүр. Осы аптаның сей-сенбісінде «Жайық Пресс» ЖШС ұйымдастырған мерекелік шара-ға қатысып шыққан ағамыз тағы да құйындатып келіп қалды. Өте көңілді екен. Қолында күнде көріп, көзіміз үйренген газет таситын баяғы ескі сөмкесі емес, «Орал өңіріне – 95 жыл» деген сыйлыққа толы қоржын. Мәз-мейрам бо-лып тұрып: «Саған сәлемдесуге келдім» деп, әдеттегідей қолын берді. Бірақ қолы күндегідей мұздай емес, жып-жылы екен. Ол жылылық өзінің қара шаңырағы - «Орал өңірі» сыйлаған жан жылуы болса керек. Аман болшы, сары шал!

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

Аман болшы, сары шал!Осынау қағілез қартты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары қала көшелерінен жиі

көретінмін. Қашан көрсең де, шүйкедей шал жан-жағына алақтай қарап, асығыс желіп келе жататын. 2003 жылдан бастап жақын тани бастадық. Әрине, адамды жақын тану үшін оны күн сайын көріп, бірер минут сөйлесу аздық етеді. Бірақ мен оны баяғыдан білетін сияқтымын. Неге екенін қайдам, оны көргенде, әкем есіме түседі. Өзінің жасы 83-те. Бірақ көргенде «Қал қалай?» деймін. «Жақсы». Шал қолын беріп амандаса-ды. Таң атпай қаланы шарлап, сөмкесіне газет артып жүгіріп жүрген оның тарамыс қолдары мұп-мұздай болып, ауыр сөмкенің бауы қиып тастаған алақаны қызарып, таңбаланып тұрады. «Қолың тоңып қалыпты ғой» деймін. Қос қолыммен жібермей ұстап тұрамын қолын. Өзі ұялшақ, қаумалаған жас тілшілерден қысылып, «Өй, өй?!.» деп тартыншақтайды. Бірақ жан баласына жамандығы жоқ «сәби-қартқа» менің де бір жақсылық жасағым, келгенде ең болмаса күліп амандасып, күліп шығарып салғым келіп тұрады.

Ардагер журналист Ғилаж Наурзинді 80 жасымен құттықтау сәті.2010 жыл

Page 15: Орал Өңiрi №140

Сенбі, 16 қараша 2013 жыл15

[email protected]

«оРАл өңіРі» – 95

«Газет санама мемлекеТшіл РухТы СіңіРді»

Ел тәуелсіздігінің елең-алаң шағында «Орал өңірі» газетіне жетекшілік жасау Мәжит Қайырғалиевке бұйырды. Қоғамдық формация өзгеріп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға бет бұрған тұстағы қиындықтан «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» алып шығуға ол көп үлес қосты. 1972 жылдан 2002 жылға дейін редакцияның «ыстығына күйіп, суығына тоңған» Мәжит Қайырғалиұлымен болған сұхбатымыз газеттің кешегісі мен бүгінгісі туралы өрбіді.

- Аға, сіз "Орал өңіріне" қа-лай келдіңіз?

- Мен редакцияға ойда жоқ жер-ден келген адам емеспін. Мектеп қабырғасында жүргеннен газет-пен байланыста болдым. Мәселен, тың игеру жылдарында, яғни 1956 жылы астық молайып, халықтың жағдайы жақсарған тұста «Тың ба-тырлары» деген тұңғыш өлеңімді жібердім. Ол уақытта Хамидолла Қыдыров, Әмин Фатихов деген журналистер бар. Содан 1957 жылы Орал педагогикалық инсти-тутына оқуға түстім. Студенттік кез-де редакцияға жиі барып жүрдім. 3-курста жүргенімде газеттің бас редакторы Қарқабат Бәйкенов Қаратөбенің бір ақын жігіті екеу-мізге айтыс ұйымдастыруға тап-сырма берді. Мен ет комбинаты, ол механикалық зауыт атынан сахнаға шығып, оралдықтардың алдында өнер көрсеттік. Арты-нан оны облыстық радиодан берді. Редакция басшылығы бұл тапсырманы орындағаныма ри-за болғандығынан шығар, көп кешікпей газет бетіне топтама өлеңдерім шықты. Сөйтіп, оқушы кезімде басталған редакциямен байланысым студенттік шақта одан әрі дамыды.

Диплом алған соң өзімнің ту-ған ауылым, сол кездегі Тайпақ ауданының Котельный ауылында-ғы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болдым. Осы кезде кеңшардың көркемөнерпаз-дар үйірмесін құрдым. 1965 жылы аудандық мәдениет бөлімінің мең- герушісі етіп тағайындады. Жеті жылдай осында жұмыс істеген соң, Оралға келдім. Сол кезде маған шапағаты көп тиген жанның бірі - облыстық кинофикация басқар-масының бастығы Ғарифа Рахме-това. Ол мені аталмыш басқарма-

герушісі Тихон Әліпқалиев сезсе керек, мен туралы, редакцияға қызметке тұрғым келетіні жөнінде бас редакторға айтады. Сөйтіп, 1972 жылдың тамызында «Орал өңіріне» қызметке алындым.

Редакцияда жұмыс істейтін Ғабдырахим Өтепбергенов де-ген досым бас редактор Хабир Нұрмұхамедовке алып кірді. Бас редактор мені сырттай білетінін, мақалаларымды оқып жүргенін айтты да, кіші әдеби қызметкер штатына қабылдады. Менімен алғаш жұмыс жасаған хат бөлі-мінің меңгерушісі Орынбасаров Қосаман ағай болды. Екеуміз бір бөлмеде отырдық. Ол ауылдан келген хаттарды іріктейді, ақпа-ратқа жарайтын хаттарды маған береді. Маған ерекше қамқор көрсеткен жандардың бірі - Идият Мұратов. Оның өзіндік себебі бар. Мектеп қабырғасында жүр-генімде, яғни 8-сыныптан соң аудан орталығындағы білім ұя-сына ауысып барғанымда, сол мектептің директоры Идият ағам еді. Сол сыйластығымыз ол кісі бұл фәниден өткенше үзілген жоқ. Редакцияда Алғали Мерғалиев, Жүсіп Өтеғалиев ағалармен бір бөлмеде отырдым. Ерекше қа-дыр тұтқан адамымның бірі – Бо-лат Қалиев. Ол партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі болды. Өзі әзілқой, тамаша адам еді. Сөйтіп, газетте мақалаларым ғана емес, әңгімелерім де жарық көре бастады. Редакцияға қызметке қабылданған жылдың күзінде «Соңғы бәйге» деген беташар әңгімем шықты. Әңгімем шыққан бойда жауапты хатшы Қажиахмет Жаңғазиев бөлмесіне шақырып алып, өз ілтипатын білдірді. Газет-те Ораз Мұсақұлов деген инсти-тутта бірге оқыған досым болды. Редакция қабырғасында жүріп

адам еді. Ол кезде тілші, аға тіл-ші, арнаулы тілші лауазымдары бойынша қызмет атқардым.

Кейін Бақтыбай Далабаев бас редактор болып келді. Ол редакцияның жұмысын жаңаша ұйымдастырды. Еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру бұрышын ашты. Талап күшейді. Ең басты-сы, қызметкерлердің әлеуметтік мәселесін шешуге көп үлес қос-ты. Пәтер жалдап, біреудің шағын лашығында уақытша тұрып жүр-геннің бәріне пәтер алып берді. Кейбір аға буын әріптестерімнің зейнеткерлікке шығуына байла-нысты мені түрлі бөлімдердің меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі етіп бекітті. Редакция ал-қасының мүшесі айына екі мәрте бас мақала жазуы керек. Ал бір бас мақалаға 30 сом қаламақы қойылады. Ол кезде бұл көп ақша. Он жылдай бас редактор болған соң Бақтыбай Далабайұлы басқа қызметке ауысты. Бұл редакция қызметкеріне беріліп тұрған пә-терлердің тоқтап қалуына себепші болды.

Өзім жетекшілік жасаған бөлім-дердің ішінен маған агроөнеркә-сіп бөлімі ұнайтын еді. 1984 жылы осы бөлімнің меңгерушісі болдым. Өзім ауылдың баласы болғасын, бұл бағытта мақалалар жазғанда еш қиналмайтынмын.

ның кино жөніндегі аға инспек-торы етіп қызметке алды. 1972 жылы құрамына қаладағы төрт кинотеатр кіретін «Мир» кино-театрлар бірлестігінің директоры болдым. Газетпен байланысым осы кезде жаңа арнаға түсті. Яғни газетке жаңа кинолар жөнінде рецензиялық мақалаларды жиі жазып тұрдым. Кино саласындағы директор лауазымында жүрсем де, редакцияға қарай аңсарым ауып отыратын. Менің осы жағдайымды газеттің мәдениет бөлімінің мең-

Азамат Иманбаев деген жігітпен достастым. Жүсіпкерей Нұртасов, Ғилаж Наурзин сынды аға буын өкілдерінен біраз нәрсе үйрендім. Құбаш Қажымов, Ғайсағали Сейтақ, Есенжол Қыстаубаев, Аманкелді Шахин, Дариға Мұштанова, Тамара Елеуова, Тәрбие Смағұлова, Мира Шүйіншәлиевамен де қызметтес болғанымды абырой тұтамын.

Бас редакторымыз зейнетке шыққан соң Махмұт Шомбалов деген азамат басшылық жасады. Жай сөйлейтін, бірақ талабы қатты

1988 жылы Ғарифолла Көшенов бас редакторлыққа келіп, мені орынбасары етіп бекітті. Ал 1991 жылы облыстың сол кездегі бас-шысы Нәжімедин Есқалиев мені бас редактор етіп тағайындады. Ол өте қиын кез болатын. Қаржы тап-шы, қызметкерлердің жалақысы төмен. Яғни журналистер 1,5-3 мың теңге еңбекақы алып жүрді. Сол уақытта кейбір қызметкерге «Егер отбасыларыңды асырай алатындай жұмыс тапсаңдар, ол жаққа ауысуларыңа еш ренжімес-

тен рұқсат етемін, ертең жағдайы-мыз оңалғасын, қайтып келесіз ғой», дедім. Бірқатары кетті. Ал журналистикаға шын берілген-дер аз жалақыны қанағат қылып, орындарында қалды.

Ол уақытта телетайп деген бол-ды. Материалдар сонымен түседі. Түскен материалдар теріледі. Ол біраз қиындық тудыратын. Соған байланысты 1994 жылы «Приура-лье» газетінің бас редакторы Сер-гей Кульпин екеуміз сол кездегі облыс әкімі Қабиболла Жақыповқа кіріп, қаржылық жағдайымызды, жаңа технологияға көше алмай жатқанымызды баяндадық. Сөй-тіп, екі редакцияның әрқайсысына 400 мың теңгеден ақша бөлінді. Бөлінген қаражатқа екі ком-пьютер, екі принтер алдық. Бұл редакцияның жаңа белеске шы-ғуы деп айтуға болады.

- Сіз газетке не бердім деп ойлайсыз?

- Редактор кезімде «бәленше бәлен жұмыс жасады, түгенше тү-ген жұмыс жасады» деп көрсетпей, очерк тәріздес қылып, яғни өмір-мен байланыстырып жазу бағы- тында талап қойдым. Журналис-терге еркіндік бердім. Кім не жазса да, қалай жазса қолынан қақпауға тырыстым. Әрине, сырт-

тай бақылап жүрдім. Мен редак-цияға жетекшілік жасаған уақыт қиын кез, газетті сапалы шығаруға, қызметкерлерге қолдан келген кө-мекті аямауға тырыстым. Сөйтіп, атқарушы биліктің де, бұқара ха- лықтың да көңілінен шығу үшін білімім мен білігімді аяған жоқпын.

- Ал газет сізге не берді?

- Шығармашылығыма үлкен жол ашты. Редакцияға келгеннен кейін өлеңдерім, әңгімелерім

жарық көрді. Сосын адамдар-мен қарым-қатынасқа, әділдікке үйретті. Сөздің шыны керек, еге-мендік алған шақта тәуелсіздік дегенді біраз адам түсінбеуі се-бепті еліміздің болашағына қатыс-ты түрлі пікірлер айтылды. Сол кезде Елбасымыздың саясатын, Үкіметтің, жергілікті атқарушы биліктің бұл бағытта атқарып жат-қан жұмыстарын байыпты түрде жан-жақты түсіндірдік. Яғни газет санама мемлекетшіл рухты сіңірді.

- Сіздің сурет салуға да ерекше ынтаңыздың барын білеміз...

- Суретке бала кезден бастап қызығушылығым оянды. Өскесін суретші болғым келді. Мектеп бітірер тұста салған суретте-рімді конвертке салып, Харьков көркемсурет институтына жібер-дім. Бірде ол жақтан «суреттен өттім деп есепте, қалғаны емти-ханнан соң белгілі болады» деген бағытта хат келді. Бірақ ол жаққа баруға мүмкіндік болмады. Деген-мен де бұл өнерді әлі күнге дейін жаныма серік етіп келемін. Жалпы, адамға суретші, ақын болуы міндет емес, ал өнерді түсінуі тиіс.

- Әңгімеңізге көп-көп рақмет.Сұхбаттасқан

Сәкен әБІЛХАЛЫҚОВ

Мәжит ҚАЙЫРҒАЛИЕВ:

1992 жыл. "Орал өңірі" газеті редакциясының қызметкерлері

Page 16: Орал Өңiрi №140

Кім білмейді

йында жазғандарынан ойының сұңғылалығына тәнті бола-сыз. Руханиятымыздың Ұлы Абай, Дина, Құрманғазы, Дәу- леткерей, Сырым, Махамбет, т.б. алыптарымыздың шығарма-шылығын, еңбектерін, мұрала- рын жіктеп, талдап көрсет- кен дүниелерінің әрдайым та- нымдық, тағылымдық құнды-лығы Х.Ұбановтың атын тіп- ті асқақтатты. Ұлы Отан со-ғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері туралы жазған- дары өз алдына бір төбе. Осын- дай жанның Ілбішін мәдениет үйін ширек ғасыр абыроймен басқаруы да заңды. Бір газет-журналдардан «Журналистер келе жатыр» деген естілсе, «Не- ге, өзіміздің Хамен Ұбанов бар емес пе?» дейтін осы ілбішіндік-тер.

Көкірек көзі ашық мұндай жанның 1976 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 1986 жылы облысымызда мәдениет саласында тұңғыш болып Еңбек Қызыл Ту орденін өңіріне тағуы да тегіннен тек емес.

Зейнеткерлікке шыққан соң өнерді насихаттауды тіпті кү- шейте түсіп, бүгінге дейін айма-ғымыздың Жәнібек ауданынан басқа жерлерінің бәрінде, Оң- түстік Қазақстан мен Атырау- дың елді мекендерінде, Астана- ның өзінде екі рет лекция-кон- цертпен болуы, домбырасын, сырнайын, ортекесін арқалап, «бүгінгінің сал-серісі, айырма-шылығы – қасында нөкерлері жоқ» деген лебізге бөлену тек Хамен Ұбановқа тән-ау!

Бекболат БЕКЕС,Ақжайық ауданы

училищесінде оқығанын және қосыңыз.

Жаңағы тұңғыш мақалаға келейік. Мәшинені жүйткіткен азаматты басқа іс күйіп жат-са да, сол заманда Оралдағы элеваторға астық тасуға мін-детті түрде шығаратын. Егін орағы шеру тартқанда, науқанға дайындықтағы мәкіліктер жа-мырамай ма. Көрген көзде жа-зық жоқ. «Автобаза астық тасу-ға әзір емес» деген хаты «Орал өңірінде» жарияланды. Сын шын болған соң шаруашылық бас- шылары тиісті шара алып, бұл туралы газетке хабарлауына тура келді.

Толғауы тоқсан тіршілігіміз-де олқылық атаулы аз ба. Тек сол кейде шектен шығып ке- теді ғой. Әңгіме осында. Мұн-дайда Х.Ұбанов талай атқа қонып, «Орал өңірінің» бетінде дабылдатқан. Мұндай мақала-ларын тізімдесең, жуыр маңда шетіне жетпейсің. Былайғы кез-де сырбаз сөйлеп, бипаз жүре- тін, сыртқы сәніне ішкі мәні келіскен Хамақаң ушыққан ке- леңсіздік көрсе, қашанда қарап қалмады. 1967 жылы «Чапаев» кеңшарын (соңынан «Чапаев» асыл тұқымды мал зауыты) бас- қарған әйгілі А.В.Черекаевтың (ғылыми жұмыстары үшін шар-тарапқа танылып, артынан ака-демик атанған) да бір мәселе- де аяғын тарттырғаны бар. Сол шаруашылықта Ұ.Бейісова де- ген жұмысшы шым баспанасы әбден тозып, төбесі сықырлап тұрғасын директордан үй сұ-рамай ма. Өзі құрылыс бөлі- мінде істейтін анаға бір ыңғай-лы үй қарастырудың орнына ол әңгімені бұрып, «сол үйдің астында қалып өлсең, мен жа-уап бермеймін», – деп ат-то- нын ала қашса керек. Бұл сөзін естігендер жағаларын ұстай- ды. Көп ұзамай «Адам тағды- ры ойыншық па?» деген ат-

пен жарияланған ма- қалада директордың бірсыпыра еңбеккерді шаруашылықтан текке қуғаны да баяндалып, мұның шуы обкомға да жетеді. Ғалымды жақтаушылар көп болғанымен, әрине, шын-дықтың мысы жеңеді. Марқұм Черекаев сол шақта «Ұбанов деген пәле қайдан шықты?» деп, Хамақаң жұмыс бабымен Ілбішінге ауысып кеткенде, шы-нымен қуаныпты.

Бүгінгі 83 жасына дейін бел-сенді ауыл тілшісі қай тақырып-қа қалам тербемеді десеңізші. Ұлы Отан соғысы кезінде бала жүрегінде сақталған ел сурет-тері облыстың бас газетінен үзбей орын алып тұрды. «Біз сол кезде оқушы едік» атты мақаласындағы қазақтың қос қаһарман қызы Әлия мен Мәншүктің ерліктері жайын-да білген жұртымыздың бүкіл қайғыны серпіп тастаған қуа-нышына талайлар тебіренгені сөзсіз. Қазақтың тағы бір мақ-танышы, қыран қызы Хиуаз Доспанованың ерлігін елдің есіне қайта-қайта салушылар-дың қатарында Хамақаң бол-ды. 1999 жылы «Орал өңірінде» жарияланған «Қазақтың ұш-қыш қызына қашан құрмет көр-сетіледі?» деген мақаласын ке- йін «Егемен Қазақстан» іліп әкетіп, бұл тақырыпты тағы кө-терді. Халық тілегі қабыл бо- лып, Х.Доспановаға Қазақстан Республикасының Халық Қа-һарманы атағы берілді. Міне, қаламның қуаты деген осы.

Иә, «Орал өңірінің» жылдар жүзіндегі тігінділерінен авторы Хамен Ұбанов болып табыла- тын жарияланымдар «аттаған сайын» кездеседі. Жұртымыз- дың тілінде, көкірегінде, пайы- мында ғасырлар бойы қоры- тылып, шыңдалған қазынала- рымыз, құндылықтарымыз жа-

хАмАҚАңды

Мәдениет саласының маңмаңгері Хамен Ұбановты (суретте) өз аймағымызды айтпағанда, мына Атырау-дың ауылдарынан да сұрастырып жатады, оған ыстық сәлемдерін жолдайды. Жақсы адамды, өнерлі кісіні жұрт неге сұрамасын.

Негізі, Хамақаңның бү- кіл еңбек жолы мәде- ниет саласында өтті.

Ауыл-елде көркемөнерпаздық- ты өрістетіп, ата-бабаларымыз- дың музыкалық мұрасын, дәс- түрімізді, тарихымызды наси- хаттаудағы еңбегі атырабымыз-ға жақсы мәлім. Неге мәлім бол-масын, зейнеткерлікке шыққан 1992 жылдан кейін де өнеріміз- дің қамымен ойға-қырға шап-қасын. Ал о бастан оның аты- ның жалпақ елге танымалдығы – тілшілік қызметінен. Әсіресе, 1960 жылдан бастап еліміздің газет-журналдарында «Хамен Ұбанов» деп қол қойған мақа-ла-суреттемелер жиі көрінетін болды. Ауылдың өзінде, тұрғын-дардың көз алдында жүретін тілшінің аты әйгілі журналис-терден гөрі асқақтап кететіні бар. Баспасөздің бір кереметі осы ғой. Х.Ұбановтың қолынан шыққан дүниелер жарияланба- ған мерзімдік басылымдар елі- мізде жоқ-ау. Міне, бүгін өзінің 95 жылдығын қарсылап жат- қан «Орал өңірінде» оның ал-ғашқы мақаласы жарық көр- геніне 55 жылдан асып ба-рады екен. Бұл 1958 жыл еді. Сол кезде біздің кейіпкеріміз Жымпитыдағы №10 автобаза-да шопыр болатын. Айтпақшы, оқуға құштарлықты осы Хама-қаңнан үйрену керек. Орал- дағы пединститутты қазақ ті- лі мен әдебиеті пәні бойынша тә-мамдап, Чапаев ауданында мұ- ғалімдік еңбек жолын бастай-ды. 1954 жылы тұрмыс қамы- мен Жымпитыға келіп, ұжым-шар-кеңшар театрында істейді, сәл кейін мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болады. «Темір тұлпардың» тілін табуға құмартқаны сол кезде, керек тастың ауырлығы бар ма. Курс-ты филиалдан оқып алды. Бұған 1959-1966 жылдары Оралдағы Құрманғазы атындағы музыка

Сенбі, 16 қараша 2013 жыл16

[email protected]

«оРАл өңіРі» – 95

“Сіз “Орал өңірін” не үшін оқисыз?”Қуандық РӘШҚАЛИЕВ,

Саралжын ауылдық округінің әкімі,Бөкей ордасы ауданы

«Орал өңірі» газетін тартымды мақалала­ ры үшін оқимын. Төл газетіміздің жаңа нө­мірін парақтап, оқып шығу – күнделікті әде­ тім. Әрине, бұл газеттің маған ғана емес, барша оқырман үшін де маңызы жоғары. Қаламы қарымды журналистер қолынан шыққан дүние көзі қарақты оқырман на­зарынан тыс қалған емес. Жәнібек ауданы бойынша меншікті тілші Нұрымбек Жа­пақовтың кеңес кезіндегі кинофильмдер жайында жазған шуақты мақалалары ұнайды.

Газеттің 95 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Лунара АРЫСТАНОВА, Қазақ радиосының облыстық

филиалының редактор-жүргізушісі:

– Бұл газетті облыс жаңалықтарына қанығу үшін оқимын. Алыс­жақын ауыл­аймақтың тыныс­тіршілігінен, қала­ мыздың мәдениетінен, қоғамдық­сая­ си тыныс­тіршілігінен, қолға алын­ ған тың жобалардан тез хабардар боламын.

Журналистер қауымын «Орал өңі­ рінің» 95 жылдығымен құттықтап, шығармашылықтың шыңынан көріне беріңіздер деп тілек жолдаймын.

Тойға тілек

Қадірменді әріптестер!

«Орал өңірі» газетінің редакциясы ұжымы бүгіндері Жайық жұртымен бір­ге төл басылымның 95 жылдық мерей­тойын атап өтуде. Бұл – газет бес жылы кем ғасыр бойы халқына қалтқысыз еңбек етіп келеді деген сөз бұл. Батыс Қазақстанның ғасыр ішіндегі бастан кешкен тарихи оқиғаларына, замана болмысына газет тігінділері куә. Демек, «Орал өңірі» ­ ел шежіресінің бір бөлігі.

Бір кездері Ғұмар Қараш, Ахмет Мә­метов, Қасым Аманжолов сияқты алаш­тың ардақты азаматтары атсалыс­ қан газет қашанда өз биігінен көрініп жүр. «Орал өңірінде» бүгіндері тәуелсіз елдің жылнамасы жазылу үстінде. Алда­ ғы уақытта да газет бетінде оқырман­ның олжасына айналатын жарияланым­дар көп, басылымның бағындырар асуы асқақ болсын деп тілек жолдаймын.

Ғабит МҮСІРЕП,«Рауан» баспа үйі» ЖШС-ның

бас директоры, «Дарын» мемле-кеттік жастар және ҚР Президенті

сыйлықтарының лауреаты,Астана қаласы

Елімнің ескірмейтін шежіресі

Тым-тырыс жату енді болсын қайдан,Қалам – қару, ақ қағаз беті майдан.Ғасырлық ғұмырыңда өзің жазған,Кетпейді тарлан-тарих бір сәт ойдан.

Өтсе де бастан дәурен, дүние жалған,Өзіңде үкілі үміт, жанған арман.Жұбанды жұртына алғаш таныстырып,Қасымның қаламының ізі қалған.

От алған бірі асылдың Хамаң еді,Көтерген төбесіне тәмам елі.Шықса да шың басына Қадыр-қыран,Өзіңе бір қайырылып қарар еді.

Берқайыр, Сағынғали, Тайыр ақын,Бөлеген жауһар жырға елін, халқын.Сарғайған парағыңды иіскеп тұрып, Өзіңді жыл құсындай сағынатын.

Ақ Жайық жырларының пайғамбары,Жанғали ақ бетіңде сайрандады.Ақұштап шағалаң боп қалықтаса,Қол соғып, мынау жұртың қайран қалды.

Ұлықтап қалам-парақ қасиетін,Түйетін жүрегіне өсиетін.Елімнің ескірмейтін шежіресі,Ұрпақ бар өзіңе кеп бас иетін.

Халқымның мұңдасы да сырластары,Әлі де алынатын алда асқары.Жасай бер, Жайығымның жағасында,Ақиқаттың мұқалмас алдаспаны.

Закария СИСЕНҒАЛИ, ақын-журналист, «Орал өңірінің» 1991-1992 жылдардағы меншікті тілшісі

Тойға шашу

Page 17: Орал Өңiрi №140

Сенбі, 16 қараша 2013 жыл17

[email protected]

«Орал өңіріндегі» өткен жылдарыма қайырылсам, ең алдымен сонау 1977-1978 жыл-дар көз алдыма келіп тұра қалады. Ылғи да солай. Мүмкін ол менің журналистиканы жаңа бастаған жылдарым болғандықтан, қимас кездерім ретінде көңілдің ең жақын, ең ыстық түкпіріне әбден қонақтап қалғандығынан шығар. Сәулеленіп, жарқырайды да жатады. Сенбейсіз бе? Ендеше, құлақ түріңіз.

Қос газеттің редакциясы ол тұста Оралдағы сол кездегі нән үйлердің бірінен саналатын, та-рихи ғимарат Карев үйінде. Міне, айлапат ұзын, енді, мықты баспал-дақтармен жоғары көтеріліп келе жатқаным көз алдыма келеді. Анау-мынауды екі иінінен демал-дырып тастайтын тепкішектер-мен үшінші қабатқа да жеттім. Құ-лағыма ағалардың дабырласқан үні келеді. Үшінші қабатта аяқта-латын баспалдақты айналдыра қоршаған вестибюльде Жанғали ағай бастаған журналистер темекі тартып тұр. Жәкең көтеріңкі да-уыспен сөйлеп жатыр: «Темекіні ышқынтып тартасың ғой... Міне, былай... Көрдің бе? Темекінің ұшы қып-қызыл болып қызарғанын... Сол кезде сигареттің ұшындағы температура 300 градусқа дейін жетеді екен... Соған біздің организ-міміз қалай шыдайды десейші», - дейді қасында тұрғандарға. Бұл - Жәкеңнің темекіге жаңа әуестеніп жүргендерге жиі айтатын әңгімесі. Редакцияның дәлізіне кіретін есік-ті аша бергенімде, бірқалыпты сартылдаған машинкілердің үні құлаққа келді. Бұл – телетайп бөлмесінен шығып жатқан үн. Тәулік бойы тыным таппайтын телетайп бізге жұмыр жердің кез келген нүктесінен (әрине, тіл-шілері жұмыс істейтін) ақпарат-тар жеткізіп жатады. Осы күнгі ғаламтордың «әкесі». Оның есігі кейде тез ашылып, арғы жағынан жұмсақ жымиған Жұмақыздың жүзі көрінеді. Редакциядағы жі-гіттердің төбесінен қарайтын бойлы-сойлы, қол-аяғы балғадай, қарсы келген жігіт-желеңнің жү-регін жұлқып қалардай ажарлы қыз - Жұмақыз. Ресей жағында туып-өскен, орта мектепті сонда бітірген. Қатарымыз болғандықтан әзілдесіп, ойнағымыз келіп тұрады. Өзі де еркелей үн қатып, қылықты жымияды. Орысша араластырып сөйлейді. «Молодой человек, по-чему опаздываем?..» - дейді жорта тиісіп.

Телетайп бөлмесінен аса берге-німде, біздің машинкашылар оты-ратын бөлмеден де аппараттар-дың дыбысы құлаққа келді. Мұнда Ақкенже, Мағрипа, Гүлсара апай-лар алдарындағы машинкіден бас алмай, материал басып жатады. Ол кезде бас-басымызда машин-

ка жоқ. Қаламмен жазып әкелген мақалаңды осы апаларымыз көз майын тауысып тасқа басады. Неғұрлым тез басып берсе, жақсы, әйтпесе, жата береді. Қаулы-қарар, одақтық, республикалық, облыстық деңгейлердегі ресми жиналыстар көп. Газет беті содан босамайды. Машинка бөліміне қарсы бөлмеде хат, өнеркәсіп және транспорт, совет құрылысы бөлімдері отырады. Мұнда айтқан сөздерін қапелімде түсіну қиын, өйткені ылғи дыбдырлап асығыс сөйлейтін, баладай ақкөңіл Алғали ағай (Мерғалиев) алыс ауданмен бөлмені басына көтеріп сөйлесіп жатады. Одан әріректе бөлім бастығы Қосаман Орынбасаров ағай отыр. Қосекең - бөлмеде қамалып көп отырмайтын адам. Көбіне «Мен пароходствоға ма-қала алуға кеттім, жігіттер», - деп сызып жоғалады. Пароходство дегесін Қосекеңді ешкім іздемей-ді. Іздесе де таба алмайды. Өйтке-ні пароходство Жайық өзенінің арғы бетінде. Әлгіні телефонмен алу да ахирет. Қайран, Қосекең! Жылдар өте «Мен пароходствоға кеттім» дейтіні жігіттерге мақал болып кететінін білді ме екен? Өмір ештеңеге бас қатырып жат-пайтын, неге болса да «Ну ладно» деп тарта беретін Қосекеңе қарсы үстелде Азамат Иманбаев оты-рады. Көзілдірігі жылт-жылт етіп, «Алеке, осы бөлмеде жалғыз сіз бе, жайлап сөйлессеңізші», - деп кейде қабағын шытады Алғали ағайға. Азекең көп ашуланбай-тын адам. Ал кейде жоқтан өзгеге тортиып, кәмпитке өкпелеген ба-ладай болып қалатыны бар. Мы-нау айқай мыңғырына дыңғыр болмай, алдындағы қағазына үңіліп отыра беретін бір жан бар бұл бөлмеде. Ол анау, тортасын айырған сары майдай деп біз-

дер, тұстастары, қағытатын сары қыз то есть сары келіншек Та-мара - хат бөлімінің қызметкері.Үстіне тау құласа да (оның бетін әрмен қылсын), мыңқ етпейтін сары қыздың салмақтылығына таңғалмасқа болмайды. Бұған дейін Чапаев аудандық газетінде қызмет істеген, содан тұрмысқа шығып, бізге ауысып келгеніне көп болмаған. Осы кезде бөлмеге орта бойлы, бұйра шашты, келісті келген жігіт ағасы келіп кіреді. –Бәрің білесіңдер, бүгін кәсіподақ ұйымының жиналысы, жұмыстан кейін кетіп қалмаңдар, - дейді ол бөлмедегілерге жағалай көз тастап. Бұл - редакция бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ораз Мұсақұлов. Өткенде редак-ция болып шаңғы тебуге шықтық. Екі апта бойы хабарланса да, мен құсаған 4-5 жігіттен басқа еш-кім шықпады. Үлкеніміз Орекең болып Хан тоғайында біраз сыр-ғанадық. Қызығы соңында болды. Кәсіподақтың төрағасы ретінде Орекең бізді мейрамханаға алып барды. Қысқасы, шаңғы тебуге бөлінген біраз қаражаттың басы-на су құйып жіберіппіз. Бағанадан шұқшиып, мақала жазып жатқан тағы бір келісті келген ағамыз Мәжит Қайырғалиев басын шұ-ғыл көтеріп: «Сен, жиналыстан бұ-рын, өткенде шаңғы тебеміз деп кәсіподақтың ақшасын талан-та-ражға салыпсыңдар. Әуелі, соның есебін бер», - деді жұлып алғандай. Екеуі құрдастыққа салып, қатты ой-найды. Орекең қалжыңғой, күлкіге айналдырып жеңістік бермейді. Мынау - партия тұрмысы және үгіт, насихат бөлімдерінің бөлме-сі. Мұнда Болат Қалиев, Ғарифол-ла Көшенов, Ғалиасқар Қосанов, Жүсіпкерей Нұртасов төртеуі отырады. Әңгіменің тізгінін үнемі қағып отыратын – Болат ағай. Кей-

де көзілдірігі мұрнының ұшында бөлмелестеріне маңғаз, байсалды кейіппен қарап: «Лениннің арғы атасы қыпшақ, яғни өзіміздің қазақ екен ғой... Ульянов дегені кәдімгі Ұлан дегеннен шыққан екен... Бәсе, ұсқыны да орысқа келмей-ді ғой. Бүйрек бет, қысық көздеу», - деп әріптестерін сөйлеткісі келіп, жағалай қарайды. Іштеріндегі жа-сы үлкені, соғыс ардагері, комму-нист Ғалиасқар ағамыз маңайына, есік-терезеге жалтақтап, қауіпте-ніп қалады. Күн көсемнің арғы тегіне күмән келтіретін сөздер-ден қорқып кеткені. «Әй, Болат, жұрт не демейді, қайтесің, сондай әңгіме неге керек... » -деп сыбыр-лай сөйлейді. Бөкес оған басыл-майды: «Жоқ, Ғалақа, олай демеңіз, «жел тұрмаса, шөптің басы қи-мылдамайды» деген бар. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегенді қайда қоясыз...» - деп тықақтай түседі. Бөкес сыртынан «ата бойдақ» атап кеткен Жүсіпкерей ағамыз (өмірі үйленбеген адам) төмен қарап ақырын күледі де «Пушкин де қоңырқай ғой... Қа-заққа шатысы жоқ па, Бөке?» - деп әңгімені көсемнен басқа жаққа бұрады. Болат ағамыздың Пушкин-ді айтса, жаны енеді. Александр ақынның махаббат хикаяларына кірісе бергені сол еді, бөлмеге Қосекең, Қосаман Орынбасаров ағамыз келіп кірді. Болат ағамыз оны көрген бойда бөлмеде отырғандарға көзін қысып қалып: «Әуелі махаббат деген не нәрсе, соны шешіп алайық», - дейді де: «Қосеке, осы махаббат дегенді сіз қалай түсінесіз?» - деп төтесінен сұрақ қояды. Кешегі Ұлы Отан со-ғысына бастан-аяқ қатысып кел-ген Қосекеңнен сұрасаңыз, соғыс жайлы әңгіме сұраңыз. Сағаттап айтуға бар. Ал мына сұраққа: «Әй, Болат-ай, сен де қайдағыны

Сағынасың сол жылдарды...(қаз-қалпында)

айтасың-ау... Мен ондай мәселені білмеймін», - деп бөлмеден шығып кетуге асығады. «Жоқ, Қосеке, олай демеңіз. Махаббатты білмесеңіз, жеңгем бес баланы қалай тапты?». «Ту...». Қосекең бөлмеден шыға жөнелді. Қаламнан қолы сәл бо-саса, Бөкең осылайша айналасын күлкіге шомылдырып отырады. Құрылыс және су шаруашылығы бөлімін Ғилаж Наурзин басқарады. Қолдарын уқалап қойып, мұқият сөйлеп, сақ қозғалатын адам. Мен сол кісінің қарауындамын. «Мұқият бол, жазғаныңды тағы бір қарап шық», - деп үнемі үргелектеніп оты-рады. Маған ағам басында тым сақ, өзінің көлеңкесінен өзі қорқатын адамдай болып көрінгенін жа-сырмаймын. Қазір кіріп келсем, бұрыштағы үстелінде екпеттеп жазып жатыр. Үстелінің астында жуан қарын, қоңыр портфель бір жамбастап жантаяды. Іші толған саяси құжаттар, қаулы-қарарлар жарияланған газеттер. Пленум, конференциялар көбейген сайын портфельдің қарны қампия түседі. Ғилақаң ерінбей оларды жинай береді. Мақала жазғанда әлгілер-ді қиыстырып шебер пайдалана-ды. «Ғилақа, мамыр пленумының материалдары жоқ па?» - деп жі-гіттер сұрап жатады. «Өздеріңіз неге жинап жүрмейсіңдер...» - деп Ғилақаң әуелі ұрсып алады, сосын сұрағанын береді.

Қосаман, Қажиахмет, Болат, Байдолла, Жүсіп, Идаят, Алғали, Жүсіпкерей, Ораз, Азамат, Қабды-рахим, Қуаныш ағалардың бүгінде дидарлары сағынышқа айналып, арамыздан мәңгілікке алыстап кеткеніне де біраз уақыт болып қалыпты. Тірі жүргендерінде мы-нау 95 жылдық тойдың ортасынан табылар еді-ау!

Сағынасың ағалардың соңынан ілескен сол бір жылдарды...

Есенжол ҚЫСтАУБАЕВ,«Орал өңірі»

«оРАл өңіРі» – 95

Page 18: Орал Өңiрi №140

“Сіз “Орал өңірін” не үшін оқисыз?”

Тойға тілек

Құрметті «Орал өңірі» газетінің редакция ұжымы!

Қасиетті Жайық өңірінің айнасы – «Орал өңірі» газетінің 95 жылдық ме­ рейтойымен шын жүректен құттық­таймын!

«Орал өңірі» – еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар, тари­хы тереңнен сыр шертетін, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік­экономика­ лық жетістіктерін, Қазақстан Республи­касының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамала­рын, сондай­ақ өңір экономикасын, та­ рихын және қоғамның әлеуметтік ты­ныс­тіршілігін қалың оқырманға қалт­қысыз жеткізуге зор үлес қосып келе жатқан байырғы басылымдардың бірі.

Елдік мүддені әрдайым жоғары қойып, қалың оқырманын ой салар, рух берер материалдарымен қуантып, Жайық өңі­ рінің шын мәніндегі жанашырына ай­налған басылымның алар асуы, көте­рілер биігі әлі алда!

Бүгінгі мерейтой – бүкіл оқырман қа­уымының, газет жанашырларының ме­рекесі.

Мерейтой құтты болсын! Редакция ұжымына шалқар шабыт және тың шығармашылық жетістіктер тілей­ мін!

Игі тілекпен,

Нұрлан ҚАЛҚА,ақын-журналист,

Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты,

Астана қаласы

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

газеті құқық

бөлімінің редакторы:

– «Орал өңірі» газетінің редакциясын­да мен ҚазМУ­дың журналистика фа­ культетін бітіргеннен кейін 1984­87 жылдары қызмет істедім. Сондықтан өз басым «Орал өңірін» менің тала­бымды ұштап, қадамымды құптап те­мірқанаттандырған редакция ретін­ де құрмет тұтамын.

Кезінде облыстық газетте өзіммен қызметтес болған ағалар мен заман­дастарымды, «Орал өңірінің» бүгінгі ұжымын және оқырмандар аудитория­сын газеттің 95 жылдық мерейтойы­мен құттықтай отырып, баршаңыз­ ға қажымас қайрат, зор денсаулық жә­ не әріптестеріме шалқар шабыт пен тың табыс тілеймін.

Жаңылсын ХАСАНОВА, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның

әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:

– Бір ғасырға жуық уақыт бойы өңір халқының рухани байлығына айналған басылымның оқырмандар үшін орны бө­ лек. Қазіргі ақпарат кеңістігінде бұқаралық ақпарат құрал­ дарының ішінде радио, телевидение және интернет сонша­лықты шапшаңдықпен дамығанымен, газеттің орнын баса алмайтындығы анық. Облыстық «Орал өңірі» газеті шыққан күні кешкісін қолыма алып, мүмкіндігінше, әрине, өңірдегі сан түрлі жаңалықтарды оқимын. Басылымдағы мәдениет саласынан жазылған мақалалар­ ды қалт жібермеймін. Сондықтан газеттің тойы тек ұжымның емес, оқырманда ­

рының да тойы деп есептеп, барлық жерлестерімді ортақ мерекемен құттықтап, жақсылық атаулының бәрін тілеймін.

Тілекжан РЫСҚАЛИЕВ, философия ғылымдарының докторы, профессор, «Орал өңірі» газетінің байырғы оқырманы:

– Газетте билік өкілдерінің жұмысына қатысты ресми мағлұматтар да, елімізге, облысымызға ортақ мүдде үшін ерек іс­қимылымен, мінез­құлқымен, адамшылығымен та­ нымал болған тұлғалардың өмір жолдары да, әңгімелер де, өлең­жыр да, танымдық мағлұматтар да – бәрі де шамаға шақ күйде жарияланып жатады. Газеттен облыс, қала, аудан­дар өмірінен жаңалықтарды оқып тұрамыз. Бауыржанның,

Есенжолдың, Серік Ихсанғалидың, Қазбектің және басқаларының суреттемелері көңілімізден шығып жүр. Жантас, Бауыржан сияқты жаңаша ойлайтын талант­ты азаматтар басқаратын «Орал өңірінің» бүгінгі ұжымы бұрынғы майтал­ ман тілшілердің, ақын­жазушылардың үлгілі істерін өздерінше шебер жалғастырып келеді.

95 жылдығын тойлап жатқан «Орал өңірі» газетінің ұжымына зор шығармашы­ лық табыс тілеймін. Әрдайым оқырманның көңілінен шыға білсін.

Борис ІЗБАСАРОВ, ҚР Ұлттық банктің

Батыс Қазақстан филиалының директоры:

– Облыстық «Орал өңірі» газетін сонау қырдың астында қалған жас кезімнен бері оқимын. Оған да 40 жылдан асыпты. Өңірдегі жақсы жаңалықтың жаршысы, озық тәжірибені та­ ратушы, өнегелі өмірдің насихатшысы бола білген басылым­ды осы уақыт ширегінде өсті, мазмұны жағынан байып, ин­теллектуалдық деңгейі көтерілді деп толық сеніммен айта аламыз.

Соңғы кездері жиі жарық көріп жүрген қоғамдық және саяси мәселелерді, тарихи оқиғаларды қаузаған мақалаларды сүйсініп оқитын болдық. Экономикалық, қаржы­қаражат тақырыбындағы сараптамалық материалдар да назарымыздан қағыс қалмайды. Әсіресе, газеттің етжеңді нөмірлері тартымды мақалалармен, сәтті безендіріліммен шығып, көпшіліктің көңілінен шығуда. «Ұран» газеті облыстық газет­ тің бастауы болуы мүмкін екендігі жөніндегі мақаланы тұшына оқығанбыз. Оқыла­ тын газет шығарып отырған «Жайық Пресс» ЖШС ұжымының өз басылымдарының тарихына үңіліп, өткенді жинақтауға ұмтылған ізденісі құптарлық.

Газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған журналистерге, редакция ұжымы­ на 95 жылдық мерейтой құтты болсын, еңбектеріңіз жансын, аман­сау жүріңіздер дейміз.

– Алғашқы нөмірі жарық көргендігіне 95 жыл толғалы отыр­ ған облыстың айнасы, тілі мен көзіне айналған газеттен көз

жазған емеспін. Өйткені өңіріміздегі жаңалықтың алғашқы жар­шысы. Бұрынғы кезде баспасөз беті ауыл шаруашылығы, эко­

номика сықылды мәселелерден көз ашпай келсе, кейінгі жыл­ дары тарихқа жақсы бетбұрыс жасады. Соның айғағы ре­

тінде бүгінде «Орал өңірінде» тарихи, соның ішінде өлке тарихы­на қатысты материалдар жиі жарияланып жүр. Елдің өткен өмі­

ріне қатысты мақалалар, көпшіліктің пікірін туғызып, көптеген күрделі мәселе­ лердің басын ашуға себепші болды. Мен газетті сол үшін іздеп оқимын.

Соңғы жылдары «Жайық қалашығының» тарихы туралы өте көп танымдық­ғы­ лыми мақалалар жарияланды. Осылайша бүгінгі буын газет арқылы өлке тарихы­ нан молынан хабардар болды деп ойлаймын. Әлі де болса, облыстың төл газетін­ де тарихи дүниелердің жиі жарияланғандығын қалаймын.

Сара ТАНАБАЕВА,ҚР мәдениет қайраткері:

ҚағанатСаған мекен – Ақжайық – маған мекен,Оған жер жоқ келетін ғаламда тең.Сол мекенді жайлаған жайсаң жұрттыңМалы-жаны, аң-құсы аман ба екен?

Шарықтай ма Шалқарда шағала кең,Жайық, сірә, мөлдіреп аға ма екен?Татқан дәмің табиғи, жарамды ма,Жұтқан ауаң, ішкен су таза ма екен?

Ақ жолынан адасқан ұлан жоқ па,Көргенсіздер жақпай ма Құранды отқа?Төніп тұрған табиғи апат жоқ па,Келіп тұрған іргеде ылаң жоқ па?

Текті шалдар түгел ме – даналарың,Болашақты болжай ма балаларың?Елдің атын шығарар кімдерің бар,Туған жоқ па «шыр етіп» жаңа дарын?

Бүгінгі ұрпақ кімдерден көрді үлгіні,Бола ала ма заманның ең білгірі?Күнге қарай бет алған керуеннен Түсіп қалып жүрмей ме Елдің жүгі?

Байрақ қылып байырғы даланы асыл,Тұрақ қылған текті сөз қағанатын.Сан сұрақтың жауабын, ей оқырман,«Өңірінен Оралдың» таба аласың!

Төрің аман – ен жайлау ел отырған,Елің аман – төрінен сөзі оқылған.Абызыңдай ардақты төл газетті,Құттықталық, тойымен, кел, оқырман!

Сағынтай БИСЕНҒАЛИЕВ,ақын, Қазақстан Ақын-жыршылар

одағының мүшесі

ГазетБұлақтың сімірген тұнығын,Бастауын барынша таза еткен.Бақылап бәрінің “қылығын”,Бәрін де оқимыз газеттен.Бағытын әділ деп білетін,Баршаға бет бұрып беттеді.Білетін, саусағын бүгетін, Бейкүнә газеттің беттері.Бітер деп бүгінде бір ісі, Билетпей айтарын биіктен.Бірбеткей заманның тынысы,Буынсыз тіліңді “иіткен”.Беталдын арымен жуатын,Білімің төгілген шуақ-ты,Балапан тіліңнің қуаты,Баланың бойында жүрді ұзақ.Бар етіп өткеннің елесін,Бағытың сан тарау тілінген.Бәріне бас болып келесің,Бәрі де анаңның тілінен!

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Тойға шашу

«оРАл өңіРі» – [email protected]Сенбі, 16 қараша 2013 жыл

Page 19: Орал Өңiрi №140

тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ,"Орал өңірі"

Page 20: Орал Өңiрi №140

[email protected]Сенбі, 16 қараша 2013 жыл

КешеКеңес үкіметі тұсындағы фото-

аппараттармен екінің бірі жұмыс істей алмайтын. Ол кездің фотогра-фына күннің жарықтығына қарай суреттің сапасы әр түрлі болатын, фотопленкалардың сапасын айы-ра білуі аса маңызды-тұғын. Фото-пленкадағы кадр таусылып қалса, таспаны қолмен кері айналды-рып, қараңғы бөлмеге барып, ол жоқ болса костюмін көлегейлеп таспаны фотоаппараттың ішінен алатын. Оны жылт еткен сәуле жоқ жерде өзінің арнайы ыды-сына салу ұзақ-сонар үрдістің басы ғана. Мұны қараңғы жерде атқару үшін фотографтың қолы үйрену керек. Одан кейін қараңғы бөлмеде фотокассетадағы плен-каны фотобачокта «проявитель», «закрепительге» салып, одан таза сумен шайып сорғытатын. Әр хи-микаттың нақты мөлшері милли-граммен өлшенетін болғандықтан, бұл тұста фотограф химикке айна-лады. Сосын «увеличитель» атты құралдың кішкентай ғана көзінен түсірілген сұлбаны тамашалай-тын. Сурет сапалы болу үшін сол ұлғайтқыш құрал арқылы түсетін жарықтың жылдамдығын реттеп, бірнеше нұсқа шығарып көреді. Одан кейін фотоқағаздарды пласт-массадан жасалған, төртбұрышты арнаулы ыдыстарға салып, «проя-витель», «закрепитель» дейтін түрлі химиялық қоспалармен жуа-тын. Қысқашпен байыппен алып, су қағаздарды кептіру үшін арнайы құрылғыға жапсыратын. Электр тогымен қыздырылатын онда фо-тоқағаздар кеуіп, дайын болады. Мінекейіңіз, қаншама машақаты көп дүние. Ал суретті газетке салу үшін жұмыс мұнымен бітпейтін. Арнайы құрылғыға суретті салып, онда сурет қаңылтырға басылатын. Фотограф темір кесетін қайшымен қаңылтырдағы суреттерді көлемі бойынша кесетін. Суреттің кері бейнесі түскен қаңылтыр «фото-ларды» баспаханаға тапсыратын. Мұны біз сол кездің кәсіби фото-тілшісі Сансызбай Қажыкенұлы, тілші бола жүріп фотоаппарат-ты жанына серік еткен Есенжол Жұмағұлұлы, Сырымбек Жәрдем-ұлынан сұрап білдік.

БүгінҚазіргі сандық технология

дәуірінде өмір сүретін бізге жоға-рыда айтылған үрдістің бірі де түсімізге енбейді. Сандық аппа-ратты арнайы орындарға апарып күйін келтіріп аласың да, батырма-сын сырт еткізе қаласың. Болды… Қазір екінің бірінің қолында фо-тоаппарат. Тіпті ұялы телефондар да суретке сапалы түсіреді. Бірақ адамды терең ойға жетелейтін, таң қалдыратындай биік талғамға сай сурет түсіру - әлі де машақаты мол жұмыс. Кәсіби фотографтар

«оРАл өңіРі» – 95

суреттің сапасы фотоаппарат- тың қымбаттылығына байланысты емес, тәжірибеге, ерекше қабілет пен ұшқыр қиялға тәуелді дейді.

Қоғам шындығын тарихта қал-дыратын фотосуретшілер. Бүгінде әлемде талай фотосуретші «ыстық нүктелерде» оққа ұшып, төтен-ше жағдайлар арасында мертігіп те жатыр. Шындықты көрсеткені үшін таяққа да жығылатындары жасырын емес. Ғаламтордың да-муы фотожурналистиканың да-муына үлкен ықпал етті. Қазіргі фототілшінің оқиға орнынан са-наулы сәтті репортаж жасап, оны жүздеген-мыңдаған адамның сол сәтте хабардар болуына мүмкін-дігі бар. Себебі фотоөнер – жур-налистиканың ұшқыр саласы. Ол – қас-қағым сәттің шежіресі. Ерекше қырағылықты, ептілік-қа-ғілездікті талап етеді. Кәсіби ше-бер түсірген суреттің өзі «сөйлеп» тұрады. Тақырыпты бір кадрмен-ақ ашатын, тосын сәтті қағып түсіп, адамның болмысын қас-қағым

оқулық кітабы жарыққа шықты. Одан бөлек ғаламторды ашсаңыз да, іздеген сұрағыңызға жауап та-басыз. Сондай-ақ фотоаппаратты са-тып алғанда онымен бірге қолдану кітапшасы келеді. Фотоаппаратты жаңадан қолға алған жас ондағы фото түсіруге қойылған талаптар-ды орындаса да, алдына біршама жол ашылады. Осы кәсіпке шындап кіріссе, ақылы 1-3 айлық курстар бар. Астана, Алматы қалаларында, Ресейдің көршілес қалаларына сол үшін арнайы баруға бола-ды» деп жауап берді. Сондай-ақ үйрену барысында тәжірибесін қағазға түсіріп жүргені жақсы деп кеңес берді. «Мәселен, саябақта жарықты мына мөлшерге қойдым, ғимарат ішінде мынаған деп жа-зып жүрсе, сапаға қол жеткізеді», - дейді фототілші.

рықтың бәрін дайындап қояды, өзгермейді. Біреулері орталық алаңдарда жүреді, бірі мекеме-лерде фотограф болып қызмет атқарады. Ал фототілшілікте жа-сандылық жоқ. Жаңағыдай белгілі бір шеңберге сыймайды. Ең бас-тысы, адамның қырағылығы бо-лып жатқан оқиғаның жеткізілуін дәл табу арқылы жүзеге асады. Алдын ала дайындап қою жоқ. Демек, талант пен қабілет, ұшқыр қиял керек. Әрине, техникалық жағын ескеру міндетті. Фототіл-шілік – көзқарас пен пікірді сурет арқылы беретін журналистиканың бір саласы. Кез келген оқиға, күтпеген жағдайлардың көрінісі фототілшілердің еншісінде.

Дамыған елдерде фотожур-налистердің авторлық құқығы, қаламақы және де басқа әлеу-

білу шеберлікке алып келеді. Өкінішке қарай, бұл сала артта қалып тұр. Тіпті мамандардың өзі фотоаппараттың ішкі құрылысын біле бермейді әрі оның әрбір бөл-шектерінің қазақша атауы жоқ. «Егер колледждердің бірі осы мамандықты оқытуды қолға алса, той жағалап жүрген жастардың бәрі барар еді», - дейді фототілші Рафхат Халелов.

Үшіншіден, сала ардагерлерінің дайын бай тәжірибесін жастарға үйрететін орталық қажет.

Төртіншіден, бұрын фотожур-налистер өздерiнiң фотосурет-терiн орталық мұрағатқа тап-сыратын. Оны қажеттi уақытта пайдаланып отыруға мүмкiндiк болатын. Қазiр ол жүйе жоқ. Бү-гінгі тарихты болашақта іздеу де қиынға соғуы мүмкін. Себебі қазір фототiлшiлердiң мұрағаттары өз қолдарында, олардан суреттерін мұрағат та сұрап жатқан жоқ. Сан-дық сақтау құралдары да сенімсіз дүние – екі күннің бірінде істен шығып, ондағы архив жоғалып жа-тады. Мұның өзі – шешуін табуы тиіс өзекті мәселе.

Қас-қағым сәт –қайталанбас мезет

Қазақ жаңалықтан қалыспаған ғой. Мәселен, 1839 жыл Фран-цияның Париж академиясында Луи Дагер мен Джозеф Ньепс деген ғалымдар фотографияны өмірге алып келген. Үш жылдан соң, 1841 жылы Жәңгір хан Ордада мектеп ашқанда Ресейден арнайы фотограф алдырып, оқушылар-мен бірге суретке түскен. Осы-дан-ақ аталарымыздың заманауи жаңалықтан қалыспағанын көруге болады.

Ал қазақтың тұңғыш фото-графы – Шәңгерей Бөкеев. Яғни қазақ фотоөнері біздің облыстан бастау алады. 1901 жылы Бөкей ордасының 100 жылдығы ата-лып өткенде Петерборға барған да Шәңгерей Бөкеевке Николай ІІ патша құрал-жабдықтарымен қоса, фотоаппарат сыйлаған. Фотоөнерді жақсы меңгерген Шәңгерейдің суреттері арқылы талай белгілі тұлғалардың бейнесі бізге жетті.

Бұдан біз суреттің тарих қойнауына кететінін көреміз. Сурет болмаса өмірден өткен жайсаң жандардың, ұлттың ұлы тұлғаларының бейнесі жады-мыздан өшер еді. Ондай сурет-тер ұлтымыздың байлығы сана-лады. Тіпті әр үйдегі сақталатын фотоальбомның өзі – осының кішкене дәлелі. Қариялар сурет-терге қарап сағыныш естеліктерін ағытады. Қас-қағым сәтті суретке іліктіріп үлгермесек, ол мезетті ешқашан кері қайтара алмаймыз. Сурет осынысымен құнды.

Фотоөнер:кеше және бүгінНұрлыбек РАХМАНОВ,

«Орал өңірі»

сәттік бейне арқылы ашатын ше-берлер аз десек, солардың бірі – Рафхат Халелов. Оған «Фотоөнер сіз үшін ең алдымен, қызығушы-лық, құмарлық па, кәсіп пе, табыс көзі ме әлде жай ермек пе?» деген сұрақ қойған едік.

- Мен қызығушылық уақыттан өттім, қазір маманданған кәсібім. Бүгінде бала кезден жинаған тәжірибемді өз балаларыммен, жастармен бөлісудемін. Фото ар-қылы табыс тауып жүрген жастар көп. Көбісі мейрамханалардан орын алып алған, ғимарат иесі-не күн сайын ақы төлеп отыра-ды. Ал той иесі қуанышын кәсіби фотографқа түсіре алмайды. Се-бебі мейрамхана иелері өз фото-графымыз бар деп маңайлатпай-ды. Фотограф жастардың табыс тапқандарын құптаймын, тек сапа-лы түсіргенін дұрыс көремін. Той-дан не қып-қызыл, не көкпеңбек, не сап-сары боп кеткен, адамдардың бет-аузы анық емес суреттерді алып қайтып жүргеніміз шындық. Көбіне ізденіс жетпейді, - дейді Раф-хат. «Жастарға осы өнердің қыр-сырына үйрететін қазақ тіліндегі әдістемелік құралдар бар ма? Әлде бәрі аппараттың өзінен үйреніп, тәжірибе жылдармен келе ме?» деген сауалымызға Рафхат Ха-лелов: «Ізденген жасқа бәрі бар. «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, танымал фототілші Асыл-хан Әбдірайымұлының жақында қазақ тілінде фотоөнер жайлы

- Бұрын сыртқа басқа, ғимарат ішіне басқа сезімталдығы бар тас-па алынатын. Ол дұрыс өңделме-се, барлық суреттен айырылып қалу қаупі тұратын. «Проявка» жасалған таспаға шұқшиып оты-рып, әр кадрдың сәтті шыққанына көз жеткізіп, оның қайсысын ба-сып шығару керектігін нөмірлеп қағазға түсіруге тура келді. Қазір үрдіс оңайлап, флеш-картқа сақ-талады, сол жерде сәтсіз кадр-лардан арылып отырасың. Бұрын кез келген арзан фотоаппаратпен де кәсіби шебер сурет түсіруге болса, бүгін жоғары деңгейге құрал-жабдығың сай болуы ке-рек. Мүмкіндігі жоғары объек-тивтер арзан тұрмайды. Бұрын таспаны бүлдіріп алып бар кадр-дан айырылып қалу қаупі болса, бүгіндері көбінесе флеш-карт іс-тен шығып жатады. Бұдан сақтану үшін, мәселен, Елбасы сапарлары, маңызды жиналыстар кезінде су-реттерді бірден 2-3 флеш-картқа көшірме жасап жатамыз. Қазір бұл саланың құралдары өте көп, ең бастысы – сапалы мен сапасыз құ-рал-жабдықты айыра білу, - дейді облыстық «Приуралье» газетінің фототілшісі Александр Куприенко.

Фотограф пен фототілші – екі басқа

Фотограф пен фототілшінің айырмашылығы бар. Фотограф белгілі бір құжатқа түсіреді, жа-

меттік жағдайлары заңның ая-сында шешілген. Себебі олардың кәсіптері қоғамға қатты ықпал ете алатындығы ескеріледі. Ал бізде қалай? Еңбектері тиісті дәрежеде өз бағасын алып жүр ме?

Біріншіден, авторлық құқық сақтала бермейді. Сайттардан олардың еңбегін әркім көшіріп алып, өз керегіне жарата алады. Ал дамыған елдердің сайттары-нан сурет көшіре алмайсыз, ав-торына сілтеме шығып тұрады. Жалпы бізде суретті алып тұрып оның авторын сұрау, оған хабар-ласып бірауыз болса да, рұқсатын сұрайтындар сирек кездеседі. Мәселен, екі-үш жыл бұрын Орал қаласында көшедегі баннерлерде суреттерін көрген фотограф ав-торлық құқығын аяқ асты еткен-дерден 5-6 млн. теңге моральдық шығын сот арқылы өндіріп алған.

Екіншіден, біздің елімізде фо-тожурналистика мамандығын бе- ретін оқу орны жоқ. Журналис-тика мамандығында арнайы пән оқытылады. Қазіргі фототілші-лердің барлығы – бұл салаға қы-зығушылықпен келіп, тәжірибе жинап, өздігінен саланың қыр-сы-рын меңгергендер. Маман даяр-лайтын оқу орны, арнайы әдісте-мелік кітаптардың қазақ тілінде тапшылығы – бұл саланың дамуы-на және жастардың мамандықты игеруіне көп кедергі. Әрине, бұл салаға да теориялық білім ке-рек. Теориялық заңдылықтарды

Page 21: Орал Өңiрi №140

«оРАл өңіРі» – 95Сенбі, 16 қараша 2013 жыл

[email protected]

“Сіз “Орал өңірін” не үшін оқисыз?”

Бір әулеттен шыққанҚоС Тілші

«Орал өңірі» газетінің редак-циясында менің екі атам қызмет жасаған. Өткенімізге үңіліп жатқан мерейтойлы кезеңде сол қаламдастарыңызды да ұмытпай, еске алғанымыз жөн болар деп жазып отырмын.

Мәжит Үмбетов 1895-98 жыл-дар шамасында бұрынғы Орда ауданы, қазіргі Атырау облысы

Құрманғазы ауданындағы Балқұдық ауыл- дық округінің жеріндегі Ноғайбай ауы-лында өмір есігін ашқан екен. Руы са-рыкемпір кете. 1928 жылы шақыртумен Ноғайбайдан Оралға көшіп, «Екпінді құры-лыс» газетіне журналист болып жұмыс- қа тұрған. Естуімше, өз заманының білім-ді шежіре адамы болған екен. Бүкіл

«Орал өңірім»Не жазды екен бүгін деп,Өзіңде болар көңілім.Арқалаған жүгің көп,Газетім – «Орал өңірім».

Оқымасам әр күні,Тұрғандай жаным қаңырап.Жанымның жақын төркіні,Киелі қара шаңырақ.

Айтарымыз көп біздің,Дегендей оқып, ұқ бәрін.Тап-тұйнақтай жеткіздің,Облыс жаңалықтарын.

Тебіренген кезімде,Хат жаздым саған қаламды ап.Назарым болып өзіңде,Кешіксең, жүрем алаңдап.

Елбасы сара бағытынГазетім дәйім қолдады.Жеткізіп шалғай ауылға,Алынған реформаны.

Тарих бұлай қалмаса,Ұстайды бәрін есте кім.Жеріне жете жазбаса,Қарымды журналистерің.

Өзіңде талай мықтылар,Өзіңде «Орал өңірім».Тап басып, тауып шықтыңдар,Оқырмандар көңілін.

Түзедің талай кемісті,Табысқа ұжым мақтанбас.Істерің болсын жемісті,Құтты болсын жеткен жас.

Толып тұр бүгін кемелің,Тойыңды мен де еледім.Оқырманмен бір жасап,Арта берсін беделің.

Өмірзақ АҚБАСОВ,Жаңақала аудандық “Жаңарған өңір”

газетінің бас редакторы

пен жүріп материал жинағанын үлкендер айтып отыратын.

Бисенбай Жұмағалиев Оралдан мұға-лімдер даярлайтын оқу орнын тәмамдаған. Талапта мұғалім болып жүргенде, Ордада- ғы «Жаңа жол» газетіне шақыртылған. Ол жерде екі жыл журналист болып жұмыс іс-теп, кейін Оралға, «Екпінді құрылыс» газеті-не ауысқан. 1937 жылы 30 жасында Мәскеу қаласында құрт ауруынан қайтыс болған. Төменде Бисенбай атамның дүниеден өтер алдында айтқан өлеңі:

Әссәләмү алейкүм, ағаларым,Өсірген тәрбиелеп даналарым.Еске алып бәріңізге сәлем жаздым,Басқаға одан әрі келмей қалім.Аман ба мал бастарың мен көргендей,Үй-іші, бала-шаға, апа, жеңгей.Естідім бір шешемнің қазалығын,Барғанда ахиретке иман бергей.Кейінгі бала-шаға нәсіл назапЖеткенше кәрілікке аман жүргей.Аман ба елім-жұртым, туған жерім?Тобылтып қозы-бұзау қуған жерім.Жігітке туған жері – Мысыр деген.Ойласам сол жерімді сырқар белім.Аман ба Апандыкөл, Маракөл мен,Жаз болса толатұғын көшкен елмен.Аунаған жиырма бір жыл осы екі көл,Шығады өле-өлгенше не қып естен?!.Одан соң Орлыкөл мен Масқаркөл-ай,Шөлдесем салқынымен басар шөл-ай.Көл-көл деп бөлмелейтін жүлгелер-ай,Қоскөлдің Ұзынкөл мен төбелері-ай.

Борпылдап бөртпесіне қой жайылып,Жұлатын боз изенін түйелер-ай.Көлбақа, тарбақа мен масалар-ай.Кеппейтін ұзын жазға шалшық су-ай,Бәрінен асыл еді-ау Тәкең көл-ай. Жасым бар дәл отызға келіп тұрмын,Мойнымды сақалыққа бұрып тұрмын.Келмейді жастық дәурен енді бізге,Елес боп өте шығар ол бір кезде.Ағалар, осылайша сөз бастадым,Жаза алмай сөздің артын көп тастадым.Шұбатып терең сөзді айтпасам да,Түсінер негізіне деп тастадым...Бисенғали қайтқанда, қасында 1898

жылы туған ағасы Әмірғали болған екен. Інісін жат жерде жерлеп, қазасына қай-ғырып, мынадай өлең шығарыпты:

Япырым-ай, мына дүния шолағын-ай.Айтуға тілім келте, олағын-ай.Қазақ жоқ жақын жерде шақыртатын,Көмдірдім орыстарға шырағымды-ай.Аты бар Зейнеш деген келінім-ай,От жақпас ерте тұрып ерініп-ай.Сүйеніп шырағыма еркелейтін,Жүресің болашақта не қылып-ай...Кейін Ұлы Отан соғысы басталғанда

Әмірғали майданға алынып, сол жақта өзі де қаза тапқан. Міне, бір әулеттен шыққан қос журналистің тағдыры осындай...

Мұратбек қажы КАСПИҰЛЫ,Жаңақала ауданы

әулетімен білімді, білікті болған. Ұлы Ғиният Атырау драма театрының дирек-торы болды. Мәжит Үмбетовтің інісі Шәйи Үмбетов соғыс жылдары Қаракөл-Шоңай ауылдық кеңесінің төрағасы болған, кейін Орда аудандық партия комитетінде екін- ші хатшы болып істеген. Тағы бір інісі Рама-зан Орал пединститутын қызыл дипломмен бітіріп, Жаңақала ауданында басшылық жұмыстар – мектеп директоры, партком қызметтерін атқарған.

Мәжит Үмбетов атамыз қазіргі «Орал өңірі» газетінің редакциясында – бұрынғы «Қызыл ту», «Екпінді құрылыс» газеттерінде көп жыл қызмет атқарған, ардагер журналист болатын. Өкініш- ке қарай, ол кісінің толық өмірбаяны қолымызға түспей отыр.

Біздің әулеттен шыққан тағы бір жур-налист Бисенбай Жұмағалиев 1907 жылы Бөкей ордасының Ноғайбай деген жерінде Жұмағали Мұрынтайұлының шаңырағында дүниеге келген. Орда мектебінің түлегі. Ноғайбай ауылы бұрын Ордаға қарады. По-лигон құрылуына байланысты 1952 жылы ұйыған елдің тоз-тозын шығарды ғой...

Бисенбай атамыз жастайынан ерте көз-ге түскенімен, құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, бар болғаны отыз жыл ғана өмір сүріпті. Жанынан суырып өлең шығарған. Өлеңдерін сол кезде ауыл балалары жат- қа айтып жүреді екен. Бүгінде жасы 85-ке келіп отырған, Сайқын ауылында тұратын Мағауия ата және Бисенбайдың Әмірғали деген ағасының қызы, Орда ауылында тұратын Уәкилә апа сол өлеңдерді әлі ұмытпаған екен. Өмірден ұрпақсыз өткен, дәріптейтін адамы жоқ Бисенбай атамыз 1930 жылдары тілші болып қызмет етіп, ат-

Тойға шашу

Алпамыс КӨШКІНБАЕВ, Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Сындар ДӘУЕШОВА,Орал қалалық білім беру

бөлімінің әдіскері:

– «Орал өңірінің» әр санын үне­мі оқымасам да, өзіме қызықты тақырыптарды таңдап оқи­мын. Әсіресе, ұмыт қала бас­ таған тұлғаларды жарыққа шығаратын «Тағзым», қоғамның келеңсіз тұстарын ашып, оқырманға ой салатын «Көкейкесті», облысымызға еңбегі сіңіп жүрген, танымал жандардың ішкі сырымен бөлісетін «Сұхбат» беті оқыр­ман ретінде менің назарымнан тыс қалған емес.

Артур МАҒЗОМОВ, «Хабар» агенттігінің

бағдарламалар дирекциясының редакторы:

– Туған жерім Ба­тыс Қазақстан облысында теле­визия және газет саласында қыз­ меттер атқардым. Төл баспасөзіміздің жанашыры ретінде әрдайым үн қосып, үз­ бей оқып келгенмін. Қазір Астана қаласы­ ның тұрғыны болғандықтан, газет қолға тимейді. Облыстық газеттер республи­ каға таралмайтындықтан, ғаламтордағы сайтынан ғана оқуға мүмкіндігіміз бар. Аймақ жаңалықтары туралы өзекті ма­териалдар ғаламторға уақытынан кешік­ пей, жедел шығып тұрса деген ұсынысым бар.

– Облысымыздағы жағымды жаңалықтар­ дан хабардар болу үшін «Орал өңірін» үнемі жаз­

дырып аламын. Кейінгі кезде «Орал өңірінің» 95 жылдық тарихына қатысты зерттеу

мақалалары жиі шығып жүр. Соның ішінде Мәскеу мұрағаттарында сақталған га­зеттің алғашқы сандарының көшірмесінің

елге әкелінуі, Ақжайық ауданының далалық жерінен көмбеге жасырылған «Орал өңірінің» ескі сандарының табы­луы қызығушылығымды тудырды. Сондай­ақ газеттің әр жылдарын­да қызмет атқарған журналистердің қиын­қыстау кезеңде елге хабар таратудағы ерен еңбектері туралы мақалаларды да үзбей оқимын.

Page 22: Орал Өңiрi №140

хАбАР-ошАРСенбі, 16 қараша 2013 жыл

[email protected]

Сырым ауданы Жамбыл ауылының байырғы тұрғы- ны болған адал жар, қам- қор әке, еліне сыйлы ұла- ғатты ұстаз Әнжан Кажге-рейұлы Қажгереевті егер де ортамызда болса, 17 қа-рашада мерейлі 80 жасқа

толар еді. Осыған орай, қимастықпен сағына еске ала-мыз.

Бар ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған жан әкеміз ұстаздық жолда аянбай еңбек етіп, өзінің үлгі-өнегесімен шәкірт жүрегіне жол тауып, жемісті еңбек етті. Әкеміздің білім беру саласындағы, ел өміріндегі салиқалы жолын білетін әріптестері, тума-туыс, көз көрген тебіреніспен еске алады. Осыдан 20 жыл бұ-рын өмірден өтсе де, асыл бейнеңді, дара тұлғаңды сағынамыз. Өшпейтін ізіңді, игі ісіңді жалғастырып ке- ле жатқан ұрпағыңыз өзіңізді үлгі тұтып, мейірбан жү-зіңізді әрдайым есте сақтайды.

Сағына еске алушылар: зайыбы Іңкәр,

ұл-қыздары, немере-жиендері

Бөрлі ауданы Ақсай қа- ласының тұрғыны болған бірімізге асқар таудай әке, бірімізге мейірімді ата Қабдолла Балмолдаұлы-ның бақилық болғанына жүз күн болды. Ортамызда тірі болса, 17 қараша күні 77 жасқа толар еді, сағынышпен еске аламыз.

Жүз күн өтті асқар тауым құлағалы,Жүз күн өтті балаларың іздеп, жылағалы.Әр күніміз сағынышпен өткенімен,Жүрегіміз «әке» деп соғады әлі.Күндер өтіп жатыр, міне, біздер үшін қаралы, Сені іздейді балаларың, жүрегіміз жаралы.Жұмбағы мен сырлары көп жалған мына дүние-ай,Өзегімді өртеп менің, бөліп-жарып барады.Алла салды басымызға сынақты,Жиі еске алсын деп пе, бізді жылатты.Қайғысы мен қызығы көп өмір-ай,Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.Тағдырға қайткенде де бағынамыз,Еске алып, әке, өзіңді сағынамыз.Жаның сенің жәннатта болсыншы депАлланың бір өзіне табынамыз.

Еске алушылар: зайыбы тұрсынғаным, қызы Мариям, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері, шөберелері

Сырым ауданы Сырым ауылының тұрғыны болған бірімізге сүйікті әке, біріміз-ге адал жар, асқар таудай ағамыз Көпжан Кеңесұлы Құспановтың бақилық бол-ғанына 23 қарашада 1 жыл болады.

Адал жар, аяулы әке – асыл арман,Сағыныш сізге деген басылар ма?!Көз жұмдың, дүниеден өттің ерте,Тағдырдың жазғанына шара бар ма?

Марқұмның бір жылдық ас берілуі 23 қарашада Сырым ауылы «Мерей» мейрамханасында өтеді.

Еске алушылар: Құспановтар отбасы

Жаңақала ауданы Қы-зылоба ауылының тұрғыны болған бірімізге сүйікті ұл, аяулы жар, асқар таудай әке, ардақты аға болған Дәуір- бек Маратұлы Кенжеға-лиевті сағына еске аламыз. Арамызда тірі жүрсе, 30 жасқа толып, жарқын бей-несімен қуантып жүрер еді.

Өмір неткен алдамшы еді, өтпелі,1 жыл өтті-ау сен өмірден кеткелі.Аға, сені сағынышпен еске алып,Көзден жас, көңілден мұң кетпеді.Өзіңмен кеткен шығар көп арманың,Бәрі де құзырында бір Алланың.Сағынуда ата-анаң, жұбайың мен бауырың,Күтіп жүр ғой сен келер деп Амирің.Қабырғада ілулі тұр суретің,Жарқын бейнең, аңқылдаған келбетің.«Әке» деген сөзді естімей кетіп ең,Суретіңе қарап сенің «әке» дейді Амирің.Тағдырдың салғанына шара бар ма,Алыстап, ерте кеттің арамыздан.Ағатай, жатқан жерің жарық болсын,Жүрегің жақсылыққа таза тұнған.

Еске алушылар: әке-шешесі, зайыбы Асия, баласы Амир, бауырлары

Айнұр, әйгерім, Құралай

“Б” корпусы бойынша «Орал қаласының кәсіпкер-лік бөлімі» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Орал қаласының кә-сіпкерлік бөлімінің бас маман-есепшісі (Е-R-4 санаты) лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 56 375 теңгеден 76 234 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:Есеп жүргізу, жалақыны, салықтар мен зейнетақы ауда-

рымдарын есептеу, Салық комитетіне санақ органдарына есеп беру, бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын даярлау, орташа кезеңге бюджеттік болжам әзірлеп оты-ру. Төлем құжаттарына қол қою құқығы бар, бөлімнің стратегиялық жоспарына материалдар даярлау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жыл-

дан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейін-гі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамасын тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік- құқықтық актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, компьютер-де жұмыс істей білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - өкілетті орган белгілеген нысандағы өтiніш;- 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысан-

дағы толтырылған сауалнама; - бiлiмi туралы құжаттардың (шетелдік оқу орындарынан

білім алған азаматтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 8 «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ере-жесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес берілген білімінің деңгейіне және даярлау бейініне сәйкестігіне қол жеткізу мақсатында тану және нострификациялау рәсімінен өтулері қажет) нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері/ мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжат-тарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

- еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куә-ландырылған көшiрмесі немесе өзге де заңдарда белгілен-ген тәртіппен куәландырылған көшірмелері/ мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр-лiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекi-тiлген (Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқық- тық актiлердiң тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

- құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгi-ленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы ха-барландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссия- сының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азамат-тардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрон- дық мекенжайына жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырыл-ған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комис-сиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрон- дық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түп-нұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұ- рын кешіктірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберіл- мейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттар-ды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бас-тап бес күн ішінде конкурс жариялаған «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-да өтеді. Аталмыш лауазымдарға ор-наласатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, 090000, Орал қаласы, Достық-

Дружба даңғылы, 182/1-үй, 1-қабат, 1-бөлме, анықтама үшін телефондар:

8 (7112) 505206, электрондық мекенжайы: [email protected]

Оқиға қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні орын алып, оған екі «Үкі» түнгі іздестіру тобынан жасақ-талған полиция қызметкерлері жұ-мылдырылған. Жанжал туындаған

«Оскардағы» жанжалСейсенбі күні облыстық

ішкі істер департамен-

тінде «Оскар» түнгі клу-

бы маңында топтасып

төбелескендерге қатысты

баспасөз мәслихаты өтті.

Бұл туралы анықтау

бөлімінің бастығы, полиция

полковнигі Игорь Зинченко

мәлімдеме жасады.

орында болған тұлғалар полиция қызметкерлерінің шақыртуымен же- дел жәрдем арқылы облыстық кли-никалық ауруханасына жеткізіледі. Алайда полиция қызметкерлері жә- не облыстық клиникалық ауруха-насының медицина қызметкерінің анықтамасы бойынша мас күйінде болған 22 жасар И. есімді жігіт БҚО ІІД-ге қарасты қабылдау орнында шу шығарып, полиция қызметкерлері- нің заң тұрғысындағы талаптарына бағынбаған. Ал осы топтасқан тө-белестің тағы бір мүшесі, Орал қа-ласының тұрғыны 23 жасар А-дан өзін жоғарыда көрсетілген 22 жасар азаматтың ұрып-соққаны және оған

шара қолдану туралы арызы келіп түсті.

Облыстық клиникалық аурухана-сында азамат И-ға қатысты ҚР ӘҚК 330-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзғандығы үшін (ұсақ бұзақылық) хаттама толтырылып, арнайы қабыл-дау орнына тоғытылады. Алайда аза- мат И. өзін жайсыз сезінгендігі ту- ралы шағым түсіріп, облыстық кли-никалық ауруханасына жатқызылды.

Әкімшілік іс алдағы уақытта об-лыстық мамандандырылған әкімші- лік сотына қаралуға жолданды.Тер- геу амалдары жүргізілуде.

Ләззат ШАҒАтАЙ

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес депар-таменті (қаржы полициясы) басшылығы және ұжымы Нұркен Жұмабайұлы Нәбиевке, оның тума-туыстарына әкесі

Жұмабай Нәбиұлы Нәбиевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Page 23: Орал Өңiрi №140

ҚызмеТСенбі, 16 қараша 2013 жыл

[email protected]

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 15972, 6 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редакторлар: С.әБІЛХАЛЫҚОВ, г.әЖІгЕРЕЕВА

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08,

МЕНШІКтІ тІЛШІЛЕР: тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙтАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСтАУБАЕВ,Сырымбек тҰЯҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен әБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

телефондар:

1. Кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы (Д-О-3). Лауа-зымдық жалақысы еңбек сіңірген жылда- рына байланысты 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.

Функционалдық жұмыс бағыты: Бөлім қызметін басқару, үйлестіру және ұйымдасты- ру. Бөлімнің негізгі тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз ету. Тех-никалық және кәсіптік білім беру мекемелері- нің облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмы-сын үйлестіру. Кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты құрастыру. ҚР білім беруді дамы-тудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет-тік бағдарламасымен жұмыстану, жүргізілген аттестациялау комиссия тексерісі және лицен- зиялау нәтижелері бойынша талдау және басқа да мәліметтерді дайындауға қатысу, басқарма- ның негізгі қызметі бойынша басқарма басшы-сының тапсырмасын уақытында және сапалы орындау, азаматтардың шағымдарын қарауды қамтамасыз ету.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоға-ры (білім).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) мемлекеттік органдарда басшылық неме- се өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функцио-налдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы- лық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдар-ламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымда-рында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық ко-миссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.Қазақстан Республикасының Конституциясын,

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб- ликасының Президенті туралы», «Қазақстан Рес- публикасының Парламентi және оның депутат- тарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Респуб-ликасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемле-кеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер ту-ралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық акті- лерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалып-тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» страте-гиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойын-ша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына мынадай құжаттарын тапсырады: белгіленген нысандағы өтініш, 3х4 үлгідегі суретпен белгіле-ген нысандағы толтырылған сауалнама, білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшір-мелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсау-лығы туралы анықтама, Қазақстан Республика-сы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құ-жаттарды тапсыру сәтінде белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өт-кені туралы сертификат.

Конкурсқа қатысу үшін хабарлама жариялан-ған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде құ- жат тігілетін мұқабада орналастырылған құжат-тарды БҚО білім басқармасына тапсыру қажет.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны, үміткерлерді, әңгімелесуге жіберу туралы хабар-дар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Ба-тыс Қазақстан облысының білім басқармасының аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ: Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72-үй, анықтама үшін телефондар: 26-04-74, факс 26-04-68, электрондық

мекенжайы: [email protected], «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 201-үй, 401-бөлме, анықтама алу телефоны 50-97-89, 50-60-02 (факс), электрондық мекенжай: economica @westkaz.kz.

«Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орнына ашық конкурс жариялайды:

Өңірлік даму және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің декреттік дема-лысы кезеңіне) (D-О-4 санаты). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байла-нысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік

органдардың стратегиялық жоспарларының тиім- ділігін талдау және бағалау; Стратегиялық және операциялық жоспарлардың іске асырылуы жө-ніндегі есептерді талдау; Мемлекеттік органдар- дың стратегиялық жоспарда айқындалған мақсат- тар мен міндеттерге сәйкес нысаналы индикатор-лар мен нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізуін бағалау.

Үміткерге қойылатын талаптар: мамандық бойынша жоғары білім, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақ- ты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республи- касының Президенті туралы», «Қазақстан Респуб- ликасының Парламентi және оның депутаттары- ның мәртебесi туралы», «Қазақстан Республика-сының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ту- ралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi ту-

ралы» Заңдарын, қаржы-экономикалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының норматив- тік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» страте- гиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба- ғыты» стратегиясын білуі. Іс жүргізу негіздерін, компьютерде жұмыс істей білу.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06- 7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орна- ласуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйры-ғының негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар Батыс Қазақстан облысының экономика және бюд-жеттік жоспарлау басқармасына келесі құжаттар- ды тапсырады:

- белгіленген нысандағы өтініш;- 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда

толтырылған сауалнама;- бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куә-

ландырылған көшiрмелерi;- еңбек қызметін растайтын құжаттың нота-

риалдық куәландырылған көшiрмесi;- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы- ның нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркел- ген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

- құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті орган- мен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәти- жемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде құжат тігілген мұқабаға салы-нып, тапсырылуы керек.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар осы кан- дидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған «Батыс Қазақстан облысының эконо-мика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-да өтеді.

«Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ

«Б» корпусы бойынша «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бос мемлекеттік әкім-шілік лауазымға орналасуға конкурс жария-лайды: Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі- нің аналитика және баға секторының меңге-рушісі (Е-R-3 санаты) лауазымдық жалақы- сы қызмет өткерген жылдарына байланысты 74312 теңгеден 99937 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:Шағын кәсіпкерлік, сауда және қызмет көрсе-

ту салаларын дамыту бөлімі бойынша орта мер- зімді жоспар құру. Облыстық және қалалық құ- рылымдардың жазбаша мен ауызша сұраныста- рына ақпарат дайындау. Қала әкімдігінің отырыс- тарына материалдар дайындау. Заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдарын қарасу. Кәсіпкер-лермен ағымдағы жұмыстарды жүргізу, кеңес бе- ру. Орал қаласындағы шағын кәсіпкерлікті дамы- ту мен қолдау бағдарламасын жасау және жүзеге асыру. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мониторингі-сінің есебін жүргізу. Бөлімнің стратегиялық жос-парын құру және әзірлеу. Жабайы базарлармен күрес бойынша іс-шаралар өткізу, хаттамалар тол-тыру және материалдарды сот органдарына жі- беру. Баға мониторингісін жүргізу. Аналитика және баға секторын басқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылым және бизнес (эко-

номика, қаржы, жергілікті өзін-өзі басқару) ма-мандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың бі- ріне сәйкес болуы тиіс:

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жыл-дан кем емес, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Рес-публикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Ше-телде кадрлар даярлау жөніндегі республика- лық комиссия бекітетін басым мамандықтар бо-йынша оқуды аяқтауы, ғылыми дәрежесінің бар болуы. Қазақстан Республикасы заңнамасын тес- тілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқық-тық актілерді білу, мемлекеттік тілді білу, ком- пьютерде жұмыс істей білу. Осы санаттағы лауа-зымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - өкілетті орган белгілеген нысандағы өтiніш;- 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгіле-

ген нысандағы –толтырылған сауалнама; - бiлiмi туралы құжаттардың (шетелдік оқу

орындарынан білім алған азаматтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 8 «Білім туралы құжаттар-ды тану және нострификациялау ережесін бекі-ту туралы» бұйрығына сәйкес берілген білімінің деңгейіне және даярлау бейініне сәйкестігіне қол жеткізу мақсатында тану және нострификациялау рәсімінен өтулері қажет) нотариалдық куәлан-дырылған көшiрмелерi немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірме-лері/ мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжат- тарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдар-дың кадр қызметі куәландыра алады/;

- еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариал- дық куәландырылған көшiрмесі немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері/ мемлекеттік қызметшілер тапсыра-тын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекет- тік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасы-ның нормативтiк-құқықтық актiлердiң тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тiркел-ген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

- құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi орган- мен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәти-

жемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күні- нен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік орган-ға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қа- рауына құжаттарды қабылдау мерзімінде аза-маттардың өздері әкеліп берген, поштамен неме-се электрондық мекенжайына жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну кон-курс комиссиясының оларды қараудан бас тар- туы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы бер- ген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгіме-лесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын ке- шіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұс- қасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы ха-бардар ету күнінен бастап бес күн ішінде конкурс жариялаған «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлі- мі» ММ-да өтеді. Аталмыш лауазымдарға орна-ласатын үміткерлер үшін көтермеақы шығында- ры, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы 182/1-үй, 1-қабат, 1-бөлме, анықтама үшін телефондар: 8 (7112) 505206, электрондық мекенжайы: [email protected]

Жарамсыз деп танылсын

Батыргалиева Зарина Бауыржановнаның атына 08.06.2011 жылы №30 ЖОББМ берген №0278 743 орта білімі туралы аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Page 24: Орал Өңiрi №140

кеРуен САРАйСенбі, 16 қараша 2013 жыл24 [email protected]

Құттықтаймыз!Орал қаласының тұрғыны, сүйікті ба-

ламыз Манас Жасқайратұлы УТЕГЕ-НОВТІ 14 қарашада 40 жасқа толған ту- ған күнімен шын жүректен құттықтай-мыз!

Құтты болсын 40 деген жасыңыз,Аман болсын әрқашанда басыңыз.Бейнет көрмей, қызығы мол өмірдеӘлі талай асулардан асыңыз.

Құттықтаушылар: әкеңіз Жасқайрат, анаңыз Күлән, ініңіз Жарас

«Батыс-West -2» – ел үздігі!

Алты кезеңнен тұратын кубоктың қорытынды сайы-сы Шымкент қаласында өтіп, онда батысқазақстандық ко-манда ерекше өнер көрсетті. Бұл жөнінде таратып айтар болсақ, І кезеңде, яғни «Іздеу-құтқару жұмыстары» бойынша батысқазақстандықтар 2-орын алса, ІІ және ІІІ кезеңдерде «Жасанды рельефтегі тау ту- ризмі» және «Шаңғы туризмі техникасы» бойынша 1-орын- ды иеленді. «Табиғи рельефте- гі тау туризмі» мен «Жаяу ту-ризм» бойынша өткізілген жа-

Спорттық туризм бойынша ҚР кубогы үшін көпсайысты туристік жарыста облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының құрама командасы жеңімпаз атанып қайтты.

Аталмыш мереке «Ақкөгершін» тобында да тойланды. Бүлдір-шіндер күзге арналған тақпақ-өлеңдерін айтты. «Масақ» украин халық ертегісін сомдады. Жылы жаққа ұшып бара жатқан құстар-мен қимай қоштасып, оларға қам- қор болды. Көкөніс-жемістер өзі-нің жырымен ортада би биледі. Мың бұралған бишілер кештің сәнін келтірді. «Ақкөгершін» то-бының қыздары аналары тіккен көйлектермен көздің жауын алар-дай күзгі сән үлгісін көрсетті.

Жалпы, ата-аналардың осы ме- кемені басқарып отырған Ақтол-қын Оразқызына, «Ақкөгершін» тобының тәрбиешілері Аягөз Са- менқызына, Жанар Сансызбай-қызына ризашылықтары мол. Ал Гүлшан Асқарқызы осы топтың тазалығын үнемі қадағалап оты-рады. Олардың мейірім-тәрбиесі- нің арқасында бөбекжайға жа-ңадан келгендер де тез бауыр ба-сып, үйреніп кетті.

Орал НАРЫНҰЛЫ

«Болашақтағы» «Алтын күз» Зашаған кентінде іші-сырты бірдей жарқырап

тұрған №40 «Болашақ» бөбекжайында көптеген игі шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – «Алтын күз».

Мәдени шараның шы-мылдығы тарихта «Қа-ратөбе съезі» деген

атпен белгілі болған 1918 жылғы 18 ақпанда Орал қазақтарының үшінші съезі өткен орынға орна-тылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатынан басталды.

Қазақ халқының азаттығы мен жарқын болашағы, қазақ елінің өз алдына тәуелсіз ел болуы үшін күрескен Алаш кайраткерлерінің рухына арналған ескерткіш тақ-таның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров аудан халқын аудан күні мереке-сімен құттықтады.

Тарихи маңызы зор оқиға өт-кен орынға орнатылған ескерт- кіш тақтаны ашу рәсімін аудан- дық ақсақалдар алқасының төра-ғасы Нәжім Дәулетов пен аудан басшысы Асхат Шахаров жүргізді.

Мерекелік шара барысында аталмыш игі іске байланысты жы- лы лебіздер айтқан Қаратөбе ау- данының құрметті азаматы, өл-кетанушы Тілекқабыл Сағынов, Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің оқытушысы, алаш- танушы Дәметкен Сүлейменова-лар қаратөбеліктерді мерекеле-рімен және тарихи ескерткіш тақ-таның ашылуымен құттықтады.

Мерекелік шара аясында ау- дан орталығында жаңадан салын-ған үлкен теннис алаңының ашы- лу салтанаты өтті. Аталмыш ша-рада сөз алған аудан әкімі Асхат

Тарих тұнғанкиелі мекен

Биыл Қаратөбе ауданының құрылғанына 85 жыл толып отыр.

Жуырда аудан орталығы Қаратөбе ауылында аудан күніне орай мәдени мерекелік шаралар өткізілді.

Шахаров пен аудандық ардагер- лер кеңесінің төрағасы Орынға- ли Ермекқалиев, осы спорт ныса-нының құрылысын жүргізіп, қыс- қа мерзімде пайдалануға берген «Сана строй» ЖШС-ның жетекші-сі Талғат Мұхтаров, «Қазақстан барысының» облыс бойынша же-ңімпазы, жас спортшы Бауыржан Шүрменов аудан тұрғындарын спортқа тарту, салауатты өмір салтын ұстану, тұрғындар денсау-лығын нығайту, өскелең ұрпақты спортқа баулу мақсатында пай-далануға беріліп жатқан спорт нысанының ашылуымен құттық-тады.

Спорт алаңын көріп тамаша-лаған мәдени шара қонақтары екі команда арасындағы тартымды ойынның куәсі болды.

Мерекелік шара аудандық мә-дениет үйіндегі «Өренді, өнерлі Қаратөбе» тақырыбындағы ғылы-ми-практикалық конференцияға жалғасты.

Мерейтойлық шара соңында көпшілік аудандық мәдени-дема- лыс орталығы көркемөнерпаз-дарының мерекелік гала-концер-тін үлкен ықыласпен тамашалады.

Ерболат РАЙСОВ, Қаратөбе ауданы

Аталмыш мектеп 1971 жылы са- лынған болатын. Содан бері жөн- деу жүргізілмеген. Қомақты қара-жатты қала бюджетінен қарасты- ру мүмкін болмады. Жергілікті би- ліктің белсенді іс-қимылы нәтиже-сінде аталмыш нысанды жөндеу- ге биыл «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәй- кес қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыс-тарына Круглоозерный мен Сереб-ряков кенттерінен жиырмадан астам адам жұмысқа тартылды. Жөндеу жүріп жатқан кезде атал-мыш мектептің 559 шәкірті жаңа оқу жылын Серебряковтағы осын-дай білім ордасында қарсы алды. Олардың қатынап оқуы үшін үш

автобус бөлінді. Міне, енді ол күн- дер де артта қалды.

Круглоозерный кентінің әкімі Мирболат Нұржановтың айтуын-ша, мердігер ұйым «ОралWest-Комплект» ЖШС келісімшартқа сәйкес терезе, электр желілерін ауыстырып, өрт белгісін беретін қондырғыны орнатты. Сондай-ақ қырық жыл бойы жөндеу көрме- ген акт залы, кітапхана, еңбек каби-неті мен асхана еден-төбелеріне, ғимараттың жылу жүйесіне дейін түгелдей жаңартылды. Жалпы, орындалған жұмыс көлемі 88 млн. астам теңгені құрады.

Арман БОЛАтҰЛЫ

Круглоозерныйдағы қуанышКруглоозерный кентіндегі орта мектеп

оқушылары биылғы екінші тоқсанды күрделі жөндеуден өткізілген өз ғимаратында бастады.

рыста 2-орынды жүлделеген олар соңғы шешуші кезеңде өзгелерден тағы оқ бойы озық шықты. Біріккен туризм бойынша жарыста батысқа-зақстандық құрама команда табиғаттың төтенше жағдай-лары кезінде дұрыс әрекет жасау, туристік жорықтар мен саяхаттардың қауіпсіздігін кү-шейту, қызмет дағдыларын қалыптастыру мәселесі бо-йынша озық өнер көрсетіп, үздік атанды. Команда мүше-лері жеке сынақта да тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Сөйтіп, 2013 жылдың қоры- тындысында спорттық туризм бойынша ҚР кубогы үшін өт- кізілген жарыста «Батыс-West-2»

командасы жалпыкомандалық есеп бойынша І орын алып, еліміздің ең үздік командасы атанды. Жекелеген қатысушы- лар арасында команда капи- таны Аманер Темірбаев 1-орын, команданың негізгі қатысу-шысы Замир Нұрсайынов ер балалар арасында жеке сы- нақта 2-орын, Ботагөз Тәржі-манова қыздар арасында же- ке сынақта 2-орын алды.

Жарыстан олжалы қайтқан жас спортшылар ауыспалы кубокты облыстық балалар- жасөспірімдер туризмі және экология орталығының мұра-жайына тапсырды. Бәсеке шарты бойынша аталмыш кубокты мұражайда мәңгілік сақтау үшін батысқазақстан- дық құрама команда мүшеле-рі алдағы 2015 жылы бола-тын сайыста да топ жаруы тиіс. Жеңімпаздар ауыспалы жеңіс кубогын уыстарынан шығармауға уәде етті.

Айша ӨтЕБәЛІ,«Орал өңірі»