16

1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

  • Upload
    others

  • View
    8

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері
Page 2: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері
Page 3: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

1 ҚОЛДАНУ АУМАҒЫ

Осы Әдістемелік нұсқау кәсіби практикалардың ұйымдастырылуы мен өтуін

сипаттайды.

Әдістемелік нұсқауды факультет декандары, кафедралар, әдіскерлер, практика

жетекшілері, базалық кәсіпорындар және кәсіпорындардан практика жетекшілері

қолданады.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУДА КЕЗДЕСЕТІН ҚЫСҚАРТУЛАР:

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ЖОО – жоғары оқу орны

ПОӘК- практиканың оқу-әдістемелік кешені

ЖОБ - жұмыс оқу бағдарламасы

2. НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР Осы нұсқау мынадай нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді:

2.1 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ

Заңы (өзгерістермен және толықтырулармен).

2.2 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі.

2.3 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. 2018 жылғы 31

қазандағы №604 бұйрығы.

2.4 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері. ҚР БҒМ 2018 жылғы 30

қазандағы №595 бұйрығы.

2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері.

ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар 12.10.2018

ж. №563).

2.6 Кәсіби практиканы ұйымдастыру мен өткізу және студенттердің практика

базасы ретінде ұйымдарды анықтау туралы Ережесі 28.08.2018ж.

3. КӘСІБИ ПРАКТИКАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ:

3.1 Әдістемелік нұсқаудың мақсаты Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ білім

алушыларының кәсіптік практикасын ұйымдастыру мен өткізуді регламенттеу болып

табылады.

3.2 Кәсіби практика оқу жұмысының міндетті түрі болып табылады және

университетте Оқу процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, тәжірибелік дағдылар

мен құзыреттілікті алуға, сондай-ақ озық тәжірибені игеруге бағытталған.

- Кәсіби практикалар білім беру бағдарламасының тиісті модульдеріне енгізіледі.

Бұл ретте кәсіби практиканың әрбір түрі әр түрлі модульдерге жатады.

- Кәсіби практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі және мазмұны стандарттармен,

оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламаларымен айқындалады.

- Кәсіби практиканың барлық түрлері бойынша бағдарламаны әзірлеу және бекіту

тәртібін ЖОО өзі анықтайды.

3.3 Оқу процесінде білім алушылар білім бағдарламасының мемлекеттік жалпыға

міндетті білім беру стандарттарына сәйкес кәсіби практиканың мынадай түрлерін өтеді:

оқу, тілдік (көптілді топтар үшін), педагогикалық, өндірістік, дипломалды.

3.4 Кәсіптік практиканың ұзақтығы 30 сағатқа тең (5 күндік жұмыс аптасы кезінде

күніне 6 сағат) апта ішінде практикада студенттің жұмысының нормативтік уақытына

сүйене отырып, апталарда анықталады.

3.5 Білім алушыларды практиканың барлық түрлеріне жіберу университет

ректорының бұйрығымен ресімделеді, практикадан өту мерзімі, практика базасы және

практика жетекшісі көрсетіледі.

3.6 Практика жетекшісі практика басталғанға дейін білім алушыларды практикаға

алдын-ала даярлауды ұйымдастырады, практика бағдарламасына сәйкес кеңес береді,

Page 4: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

практикадан өту барысын бақылауды жүзеге асырады, білім алушылардың практика

бойынша есептерін тексеруді жүргізеді.

3.7 Практика жетекшісі практика басталғанға дейін бір ай бұрын кәсіби практика

базаларымен екі жақты келісім-шарт (университет-кәсіпорын) жасасуды ұйымдастырады.

4. ПРАКТИКАНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖАСАҚТАУ

ТАЛАПТАРЫ

4.1 Бітіртуші кафедра нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, сондай-ақ

кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның – практика базасының сипатын ескере отырып, кәсіби

практика бойынша ПОӘК және практиканың жұмыс оқу бағдарламасы ЖОБ әзірлейді.

4.2 Практиканың барлық түрлері бойынша ЖОБ кафедра, факультеттің әдістемелік

кеңесінің отырысында қаралады және деканмен бекітіледі.

4.3 Кәсіби практика бойынша ПОӘК университеттің ОӘК отырысында қаралады

және оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректормен бекітіледі.

4.4. ПОӘК ББ бойынша неғұрлым білікті, тәжірибелі, креативті кәсіби ойлау

қабілеті бар, оқытушылар құрамымен әзірленеді.

4.5. ПОӘК құру кезінде ББ ерекшеліктері және кәсіпорынның, мекеменің, ұйым –

практика базасының сипаты ескеріледі.

4.6 ПОӘК-ға ББ бойынша практиканың барлық түрлері енгізілуі тиіс.

4.7 ОӘК-ді әзірлеуде ЖОО-ның бірыңғай талаптарын ескеру қажет.

4.8 ПОӘК құру кезінде практика нәтижелерінің мазмұнына, бағалау өлшемдеріне,

ББ ерекшеліктерін және практика түрлерін ескере отырып, практикадан өту барысын

бақылау кестесіне өзгерістер енгізуге болады.

4.9 ПОӘК мынадай шарттарды ескере отырып жасалады:

- ББ бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейінгі

ұйымдастырылатын кәсіптік практикалардың кезеңділігі, жүйелілігі сақталуы тиіс.

- ПОӘК мазмұнын баяндау стиліне ғылыми, қол жетімді, сауатты көзқарас қажет.

- ПОӘК-де жалпы ғылыми, дидактикалық, әдістемелік мамандардың өзара байланысы

көрсетілуі тиіс.

ПОӘК құрылымдық компоненттері:

Кәсіби практиканың оқу-әдістемелік кешені төмендегідей құрылымнан тқрады:

Титульдық беті

Алғысөз

Практиканың әр түрі бойынша студент үшін жұмыс оқу бағдарламасы

Қосымшалар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ПОӘК құрылымдық компоненттерінің қысқаша мазмұны (Қосымша 1.2):

Титульдық беттің сыртында:

Министерства атауы;

ЖОО атауы;

Факультет атауы;

Бітіртуші кафедра атауы;

Ортасында:

құжаттың атауы;

ББ атауы, шифры;

Төменде:

шығару орны; жылы.

Титульдық беттің келесі бетінің жоғары жағында ПОӘК жасақтауда басшылыққа

алынатын құжаттар көрсетіледі.

Одан кейін қайда, кіммен мақұлданғаны, бекітілгені, хаттама нөмері көрсетіледі.

Аннотацияда практика атаулары, түрлері, ПОӘК қандай ББ арналғаны айтылады.

Алғысөзде болашақ маманды ББ даярлау жүйесіндегі практиканың рөлі мен маңызын

көрсету, практика базасын, ББ бойынша практиканың түрін, атауын, семестрін, апталарда

өту ұзақтығын белгілеу қажет.

Page 5: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

Практиканың қамтамасыз етілуі: олардың құрылымы, ұйымдастыру және өткізудің

типтік орындары, презентация және нәтижелердің бағалалануы көрініс табады.

ЖОБ құрылымы (Қосымша 1.1) әр практика түріне байланысты құрылымдық

компаненттерден тұрады:

Жұмыс бағдарламасының аннотациясы

Практиканың мақсаты мен міндеттері

Жоғары білім берудегі практиканың орны

Құрылымы және мазмұны

Бақылау формасы

Практиканың оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі

Материалдық-теқникалық қамтамасыз етілуі

Есеп құжаттарының тізімі

Бақылау кестесі

Практиканың қорытындыларын бағалау критерийлері

Қосымшалары

5. КӘСІБИ ПРАКТИКАЛАРДЫ ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 5.1.Практика базаларымен арадағы 2 жақты келісім-шарттар практика басталғанға дейін 1 ай

бұрын жасалуы тиіс.

5.2. Практика басталуына дейін 2 ай бұрын базалық кәсіпорынмен практика бағдарламасын,

күнтізбелік графикті келісу қажет.

5.3.Деканат ректордың атына кафедра меңгерушісінің ұсынуымен оқу үрдісінің

академиялық күнтізбесіне сәйкес практикаға жіберу туралы қызметтік хат дайындайды. Қызметтік

хат негізінде кәсіби даму және мансап орталығы практикаға жіберу туралы бұйрық дайындайды.

5.4. Кафедрадан практика жетекшісі:

- практиканттарға жалпы басшылық жасайды;

- ұйымдастыру және қорытынды конференцияларды өткізеді;

- студенттердің есеп құжаттарын тексеріп баға қояды;

- студенттер практикасы жөнінде есеп дайындайды.

5.5. Практика қорытындысы бойынша студенттер жауапты кафедраға есеп дайындайды.

Есепті жетекші тексеріп, комиссия алдында қорғауға жібереді. Есеп балльды-рейтингтік жүйеде

бағаланады.

6. КӘСІБИ ПРАКТИКА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 6.1. Кәсіби практиканың ЖОБ (оқу, педагогикалық, өндірістік, дипломалды) ББ бойынша

кафедрада жасақталаып, кафедра отырысында қаралғаннан кейін факультеттің факультет

деканымен бекітіледі.

6.2. Практика барысында кафедра әдіскерлері алдын ала бекітілген кестеге сәйкес практика

барысын бақылау және студенттерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында базалық мекемелерге

барады.

6.3. Кафедра бойынша практика барысының сапалы өтілуіне кафедраішілік бақылау

жоспары жасалады.

6.4. Университет бойынша практика жетекшісі кәсіпорындар мен мекемелер тарапынан

студенттердің қалыпты еңбек және тұрмыс жағдайларының жасалуын, олармен еңбек қорғау және

техникалық қауіпсіздіктің міндетті инструктажының өткізілуін, практиканттар тарапынан ішкі

еңбек тәртібінің сақталуына бақылау жасайды.

6.5. Мекемелер мен кәсіпорындар тарапынан жетекші:

- практиканттарға қажетті түсіндірулер беріп, тапсырмалардың уақытында және сапалы

орындалуына қадағалау жасайды;

- практика барысына бекітілген бағдарламаға және студенттердің жеке жоспарларына сай

басшылық жасайды;

- практика аяқталған кейін студент-практикант жұмысы туралы жазбаша пікір беріп, студент есебін

бекітеді.

6.6. Студент-практиканттың кәсіби дайындығының деңгейін анықтау мақсатында кафедрада

базалық кәсіпорындардың практикалардың ұйымдастырылуы және өткізілу барысы туралы

пікірлері мен ескертулері жинақталады.

6.7. Практика барысын бақылау кафедра жетекшілері, факультет декандары және кәсіби

даму және мансап орталығы тарапынан жүзеге асады.

Page 6: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері
Page 7: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫ БОЙЫНША ҚОСЫМШАЛАР (1.1., 1.2)

Қосымша 1.1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

______________________ факультеті

_______________________ кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Факультет деканы

_________ Аты-жөні

«____» ___________2019 ж.

ПРАКТИКАНЫҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

(практика атауы көрсетіледі)

Дайындық бағыты

Білім

бағдарламасы

Семестр ________________ кредит саны _____________________

Бақылау формасы __________________________________

Ақтөбе қ.

2019ж.

Page 8: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

(1 беттің артқы жағында)

Бағдарлама білім типтік оқу және модульдік оқу жоспарларына, «Кәсіби практиканы

ұйымдастыру мен өткізу және студенттердің практика базасы ретінде ұйымдарды

анықтау туралы» Ережеге сәйкес құрастырылған «__» ____ 2019ж.

Бағдарламаны құрастырғандар:

_____________________ Аты-жөні, ғылыми атағы

_____________________ Аты-жөні, ғылыми атағы

Эксперт(тер):

(бітіртуші кафедралар, басқа да жоғары оқу орындары, жұмыс берушілердің өкілдері,

кемінде 2 өкіл)

_____________________ Аты-жөні, қызметі, жұмыс орны

_____________________ Аты-жөні, қызметі, жұмыс орны

Бағдарлама _____________________________ кафедра отырысында қаралды

Хаттама №___ «____» ______ 2019 жыл

Кафедра меңгерушісі ___________________ Аты-жөні

Бағдарлама факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданды __________________

Хаттама № _____ «____» ______ 2019 жыл

Page 9: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ

(Практика атауы) ___________практика дайындау бағыты бойынша студенттерді даярлаудың

негізгі білім беру бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Практиканың өту базасы ________ (кәсіпорынның атауы /ұйымының/құрылымдық

бөлімшелер) болып табылады.

Практика мазмұны (пәндік облысты сипаттауға) байланысты сұрақтар шеңберін қамтиды.

Практика бітірушінің жалпы мәдени құзыреттерін (тізіп жазу), кәсіби құзыреттерін (тізіп

жазу) қалыптастыруға бағытталған.

Практика оқу үдерісін ұйымдастырудың келесі түрлерін қарастырады: (практикалық

жұмыстар, жеке тапсырмалар, лекциялар, экскурсиялар, семинарлар және т.б.).

Практика бағдарламасында қарастырылған келесі бақылау түрлері тағайындалған: ағымдық

бақылау нысанында ____ бақылау, аралық бақылау нысанында ____.

Практиканың жалпы еңбек сыйымдылығы _____ кредитті құрайды.

Практика бағдарламасында практикалық жұмыстар /жеке тапсырмалар, экскурсиялар

қарастырылған.

1.ПРАКТИКАНЫ ӨТУІНІҢ МАҚСАТЫ Практиканың өтуінің мақсаты білім нәтижесінің (БН) төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:

білім:

елестету деңгейінде... (тізіп жаз)

қабылдау деңгейінде...( тізіп жаз)

түсіну деңгейінде..( тізіп жаз)

білік:

теориялық...(тізіп жаз)

практикалық...(тізіп жаз)

дағды: ... (тізіп жаз)

жалпымәдени компетенциялар (ЖК)

ЖК-...(аттары)

ЖК-...( аттары)

кәсіптік компетенциялар (КК)

КК-...(аттары)

КК-...(аттары)

Ескерту: бұл бөлімде практиканың қалыптасуына көзделген 2-3 тен көп емес жалпымәдени және

кәсіптік компетенциялар көрсетіледі.

2. ПРАКТИКАНЫҢ ОРНЫ. Практикадан өту үшін студент білуі керек: білімі________________(негізгілерін атаңыз),

біліктілігі_________________( негізгілерін атаңыз), дағды_____________(негізгілерін атаңыз).

Практиканың мазмұны Негізгі білім бағдарламасы (НББ) бөлімдерін _____________(атаңыз)

логикалық жалғасы болып табылады және НББ-ның келесі бөлімдерін _____________(атаңыз) оқып-үйренуге

негіз болады, _____________практикасынан өту, сонымен қатар кәсіптік компетенциялардың кәсіби

аймақта_____________ (кәсіби аймаққа тұжырымдама беріңіз) қалыптасуына ықпал етеді.

3. ПРАКТИКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Жалпы практиканың еңбек сиымдылығы ______ кредит.

ББ

модулінің

№ Бө

лім

і №

Практика атауы

Оқу жүктемесінің түрлері және олардың еңбек

сыйымдылығы,

кредиті

Дәрістер/

экскурсияла

р

Жеке тапсырма/

практикалық

жұмыстар

Жалпы

кредиті

БАРЛЫҒЫ:

3.1. Практика мазмұны

(Дидактика келтіріледі. Мысалы, кіріспе нұсқаулық, ұйымның құрылымымен, оның

бөлімшелерінің өзара байланысымен, сыртқы өзара іс-қимыл принциптерімен танысу, оптикалық

элементтерді дайындаудың технологиялық процесін зерделеу, оптикалық жүйелерді құрастыру

және юстировкалау әдістемесін зерделеу, ұйымның сапа менеджменті жүйесін зерделеу, ұйымның

Page 10: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

пайдаланатын маркетингтік зерттеулер және шығарылатын өнімді коммерцияландыру

технологияларын зерделеу, шығарылатын өнімнің өмірлік циклін зерделеу, зияткерлік меншікті

қорғау әдістемесін және ноу-хау және т. б. зерделеу.)

4. Бақылау формасы

Бұл бөлімде ағымдағы және рубеждік аттестаттау, сонымен қатар аралақ бақылау туралы

айтылады, мысалы: Практиканың өтуін бақылау студенттердің үлгерімінің ағымдағы және аралық

аттестация Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Ағымдағы аттестация студенттерге практика жетекшісінің төмендегі уақыт интервалдарындағы

қойған баллдарына сәйкес жүргізіледі:

лекция және экскурсияға қатысқанын ескеру;

лекция және экскурсияның конспектісін жүргізуі;

жеке тапсырма/практикалық жұмыстарды орындауы;

студенттің жеке басының сапасына (ұқыптылығы, ұйымдастырушылығы,

орындаушылығы, жаңашылдығы т.б.)

Аралық бақылау практика біткеннен кейін мына формада жүргізіледі:

Практиканың есебін қорғау (аралық бақылау бітіртуші кафедра ұйымдастырған комиссиясы

бойынша практиканың құжаттарын қабылдау, кәсіпорынның (ұйымның) берген мінездемесі мен

бағасы, студенттің практиканың өтуі бойынша ауызша баяндамасы арқылы жүзеге асырылады).

Бағалау құралдары фондасы (егер бар болса), ОМК құрамына кіретін практикадан БН-ді

(білім нәтижесін) бағалауға арналған типтік жеке тапсырмалар.

Жұмыс бағдарламасының 3 және 4 қосымшаларында берілген бағалау критерилері, бақылау

нүктелерінің тізімі және оқыту нәтижесін жоспарлау кестесі.

5. ПРАКТИКАНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ. а) негізгі әдебиеттер:__________________________________________________________

(әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Негізгі әдебиеттер кітапханадағы кітаптар саны мен кітап қорының

жеткіліктілігі бұйрыққа сәйкес көрсетіледі. Негізгі әдебиеттердің ескіруі – 5 жыл).

б) қосымша әдебиеттер________________________________________________________

в) бағдарламалық қамтамасыз ету және Интернер-ресурсы _________________________

6. ПРАКТИКАНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ.

(Осы практиканың метериалды-техникалық қамтамасыз етілуі көрсетіледі).

Мысалы:

1. Жеке тапсырма / Практикалық жұмыстар:

а. техникалармен жабдықталған компьютер класы (проектор, экран, компьютер/

ноутбук, ...), Интернетке шығу мүмкіндігі т.с.с. ;

в. зертхана__________________(аты), жабдықталған___________________________

(зертхананың негізгі құралдарының тізімін көрсету) және т.б. ;

с .өндірістік аймақ (участок)_______________ (аты), жабдықталған______________

( негізгі өндіріс құралдарының тізімін көрсету) және т.б. ;

2. Дәрістер / экскурсиялар:

а. электронды презентациялар/слайдтар;

в. презентациялық техникалармен жабдықталған дәрісхана (проектор, экран,

компьютер / ноутбук, ...) және қажетті БҚЕ (бағдарламалық қамтамасыз ету);

с. мамандандырылған көрсету стендтері_________________________ (аттары) және

қондырғылар_________________________ (аттары);

д. арнайы киімдер (спецодежда) _______________________ (атауларының тізімі) т.б.

7. ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

8. ПРАКТИКА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ ГРАФИГІ

9. ПРАКТИКА ҚОРЫТЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

10. ҚОСЫМШАЛАР.

Page 11: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

ПОӘК титулдық парағының қосымшасы

Қосымша 1.2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

______________________ факультеті

_______________________ кафедрасы

« БЕКІТЕМІН»

ОжОӘЖ жөніндегі проректор

_________ Абенова Б.С.

«____» __________2019 ж.

КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ _________________________________________

Ақтөбе

2019 ж.

Page 12: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

Кәсіби практиканың оқу-әдістемелік кешені білім бағдарламасының модульдік оқу жоспарлары

мен «Кәсіби практиканы ұйымдастыру мен өткізу және студенттердің практика базасы ретінде

ұйымдарды анықтау туралы» Ережесіне сәйкес құрастырылған «__» ____ 2019ж.

Факультеттің әдістемелік кеңесі отырысында қаралды (факультет атауы)

Хаттама № ___ «___» ______ 2019 жыл

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды

хаттама №____ «___»__________ 2019 жыл

Page 13: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫ БОЙЫНША ҚОСЫМШАЛАР

«Білім» бағытындағы білім бағдарламаларының есеп құжаттары «Студент-практикант

Портфолиосында» жинақталады.

СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

І.Практикаға дайындық туралы мәліметтер тарауы

- титульдық беті ( студенттің фото суреті, аты –жөні, туған жылы , мекен

жайы,телефоны, ЖОО, факультеті, кафедрасы, тобы, әдіскері, портфолионың жасақталған

уақыты);

- студенттің практикаға дайындығының диагностикасы (өзін-өзі бағалауы)

- практикадан өту кезіндегі студенттің жеке жоспары (Қосымша2)

- практикаға жолдама (Қосымша3).

ІІ. Ақпараттық тарау (практика базасы туралы мәліметтер) – қосымша:

- мектеп туралы мәлімет

- сынып туралы мәлімет

- сабақ кестесі

- сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің жұмыс жоспарлары.

III. Әдістемелік тарау

- есеп құжаттарының рәсімделуі туралы әдістемелік нұсқаулар

- пән бойынша және тәрбиелік жұмыстардың күнтізбелік жоспарлары

- сабақ жоспар-конспектілері (дидактикалық, көрнекіліктері), тәрбиелік іс-шаралар.

VI. Психолого-педагогикалық тарау

- -психологиялық зерттеудің бағдарламасы (ББ ерекшелігіне, қажеттілігіне орай)

- -оқушыға мінездеме

- -сынып ұжымына мінездеме

V. Рефлексиялық-бағалау тарауы

- сабақтар талдауы

- өзіндік талдау

- әдіскерлер мен курстарының талдауы

- студент-практикант күнделігі (Қосымша 1)

- практика бойынша есеп

- студенттің кәсіби өсуінің мониторнигі

- курстастары мен оқытушыларының пікірлері

VI. Ресми қорытынды тарауы

- студентке берілген мінездеме

- мектептің педагогикалық кеңесінің хаттамасынан көшірме

- практика қорытынды бағасы тізімдемесінің көшірмесі

- алғыс хаттар

- практикадан өткені туралы анықтама

Өндірістік практика қорытындысы бойынша есеп беру құжаттарының тізімі:

1. Кәсіби практикадан өтуі туралы күнделік – есеп (Қосымша 1)

2. Студентке өндірістік мінездеме

3. Өндіріс туралы мәлімет (өндірістің технологиялық схемасы, зауыт шаруашылығы, оқу-

зерттеу жұмысы, қауіпсіздік техникасы, аппаратуралық қамтамасыз ету, эскиздер және т. б.)

4. Жеке жоспар (Қосымша 2)

5. Практикаға жолдама (Қосымша 3)

6. Пікірлер және ұсыныстар

Page 14: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

Қосымша-1

Жолдама

Өндірісте қалады _______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________ (негіздеме)

20___ ж. «_______» ____________________

Білім алушы __________________________________________________________________ аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________ (кәсіпорынның атауы)

___________________________________ кәсіптік практикадан өту үшін жолданады.

Практиканың басталу мерзімі 20____ж._________________

Практиканың аяқталу мерзімі 20____ж. ________________

Оқу орнының басшысы _____________________

М.О. _____________________ (қолы)

--------------------------------------------------------------------------------------

Оқу орнына қайтарылады.

Келу мен кету туралы белгі

Білім алушы _____________________________________________________________ аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)

кәсіптік практикадан өту үшін ____________________________________________

_________________________________________________________________________ (кәсіптік практиканың атауы)

Келді Кетті

_____________________________ __________________________

20____ж. «_____»_______________ 20___ж. «_____»_____________ Мөр, қолы Мөр, қолы

Page 15: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

Қосымша-2

«Бекітемін»

Оқу орны басшысының оқу-өндірістік

жұмысы жөніндегі орынбасары

«Келісілді»

Кәсіптік практиканың жетекшісі

(ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің)

_______________________________ ________________________________ Аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде) Аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)

20____ж. «____»____________________ 20____ж. «____»___________________

Кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі

________________________________________________________ББ бойынша

Білім алушының ______________________________________________________курс аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)

(оқу орнының атауы)

р/с

Кәсіптік практиканың

бағдарламасына сәйкес

орындауға (оқытуға) жататын

жұмыстар тізбесі

Кәсіптік практиканың

бағдарламасын орындау

мерзімдері

Ескертпе

басталуы аяқталуы

1.

2.

3.

Қолы ____________________________________________________________

(оқу орнынан кәсіптік практиканың жетекшісі)

20___ж. «____»_______________________

Page 16: 1 ҚОЛДАНУ · 2019-11-07 · 2.5 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

Қосымша-3

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік - есеп

Білім алушы

__________________________________________________________________ аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)

р/с

Кәсіптік практиканың

бағдарламасына сәйкес әр күн үшін

орындалған ( оқып болған )

жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың

жеке тақырыптарының,

жұмыстарының орындау

мерзімі

Өндірістен

кәсіптік практика

жетекшісінің қолы

басталуы аяқталуы

1

2

3

1. Оқып болған констукциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің,

өндірістің механизациялау мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің

т.б. сипаттамасы.

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

________________________________________________________________

Білім алушының қолы ___________

«____» ___________________ 20___ж.

_______________________________________________ (кәсіптік практикасының тікелей жетекшісі)

2. Білім алушы практиканттың мадақтамалары мен жазалары

___________________________________________________________________

_________________________________________________________________

3. (Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) кәсіптік практика жетекшісінің

қорытындылары.

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

Ұйымнан (кәсіпорыннан, мекемеден)

кәсіптік практика жетекшісінің қолы ____________________

«____» ____________ 20___ж.