46
1 1

курсовая

Embed Size (px)

DESCRIPTION

про курсовую работу

Citation preview

Page 1: курсовая

1

1

Page 2: курсовая

Мазмұны

КІРІСПЕ.......................................................................................................3

1 ЗАҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫҚША

НОРМАТИВТІ—ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІСІ 1.1 Заң нышандары....................................................................................41.2 Заңға - қосымша нормативтік-құқықтық актілер..............................13І.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу..........................................9

2 ЗАҢҒА БАҒЫНЫШТЫ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР..........................132.1 « Номативтік құқықтық актілер » заңы

2.2 Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы…......................................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................25

ҚОСЫМША….................................................................................26

2

Page 3: курсовая

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзілік ғылымымен қауышып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкіндік алып дамиды. Мемлекет және құқық теориясы - заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орнының бірінші курсында оқылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен кұқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең, шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-қүқықтық қүбылыстардың дамуының басымдықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жэрдемдеседі.

Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мэселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың «Атасы» - деуге болады.

Заң - ерекше жағдайда заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.

Курстық жұмысты жазған кезде теоретикалық - методологиялық негізі ретінде отандық жэне шетелдік авторлардың оқулықтары, оқу күралдарын атап көрсетуге болады; біріншіден, қазақ авторларының еңбектері, әсіресе Жоламановтың, Өзбекүлының, Ағдарбековтың жэне Бақкүловтың «Мемлекет және құқық теориясы бойынша жазылған еңбектері», екіншіден орыс

3

Page 4: курсовая

заңгерлерінің іргелі еңбектері, соның ішінде мысалға мына авторларды атауға болады: Булгакова,Бюргенталь т. б.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы, бұл тақырыпты болашақта зерттей алу мүмкіндігінде, сондай-ақ жұмысты орындау барысында алынған білімнің қажеттілігі мен болашақ жұмыста қолданысқа керектігінде.

Заңның пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің басты заңдылықтары туралы ғылыми практикалық ілімдерді жеткізіп түсіндіру.

Жұмыстың негізгі мақсаты заңның түсінігін, түрлерін және белгілерін анықтап корсету. Осы көздеген мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылады:

- Заң нышандары- Заңға - қосымша нормативті-қүқықтық актілер- Осы актілердің жүйеленуі- Заңдылық үғымы- Заңдылықтың негізгі талаптары- Жауапкершілік туралы ашып көрсету.Жұмыстың қүрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және

қосымшадан түрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

4

Page 5: курсовая

1 ЗАҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫҚША

НОРМАТИВТІ—ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІСІ 1.1 Заңның нышандары

Заң - ең жоғарғы заңдылық күші бар, өте қатаң белгіленген ерекше тәртіппен қабылданған, барлық қүқық салаларындағы негізгі нормаларды белгілейтін жэне ең басты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативті -қүқықтық акт.

Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың «Атасы» - деуге болады.

Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тэртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен күқықтары демократияның басқа да талаптары қалыптасады.

Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.

Заң артықшылықтардың болатынын тағайындай алады, бірақ ол ешқандай да белгілі түлғаға оларды бере алмайды; Заң азаматтардың бірнеше топтарын қүруы мүмкін, тіпті осы топтардың эрқайсысына жату қүқығын беретін қасиеттерді де тағайындауы мүмкін; бірақ ол нақты осы таптардың біріне немесе басқасына мынадай түлғалар кіреді деп көрсете алмайды; ол корольдік басқаруды тағайындауы жэне тэжді мүраға қалатын етуі мүмкін; бірақ ол корольді сайлай да, белгілі отбасын патшалық қүрушы деп жариялай да алмайды, - бір сөзбен айтқанда, объектісі жеке сипатта болатын кез-келген әрекет заң шығарушы билікке жатпайды. [1 Өзбекүлы С, Қопабаев264 б.]

Егер заңдардың кез-келген жүйесінің мақсаты болып табылатын барлығы үшін ең жоғарғы игілік неде дегенді анықтауға тырысса, ол екі басты нәрсе: бостандық пен теңдікке келіп тіреледі. Бостандыққа - себебі, кез-келген жеке түлға тәуелдік шамасы мемлекеттің күшін соншама шамаға кемітеді; теңдікке - себебі, онсыз бостандықтың болуы мүмкін емес.

Заң - мемлекеттің ең басты және айрықша нормативті - қүқықтық актісі. Ол қоғамның ең маңызды жақтарын жэне мемлекет өмірін реттейтін қүқықтарды жинақтайды. Заңның түсінігін қүрастыруды ерекше заң жолымеы мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданатын нормативті - қүқықтық актіден бастауға болады. Ол ең жоғарғы заңдылық күшке ие жэне еліміздегі халықтардың мүдделеріне, қажеттіліктеріне сай, маңызды, қоғамдық қатынастарды реттейді.

Осы берілген түсініктемелерден, негізгі заң белгілері шығады және ол ең жоғарғы заңдылық күші бар нормативті - қүқықтық актінің негізгі дерегі ретінде болады:

Page 6: курсовая

1. Заңдар, мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданады не халықтың өзімен референдум арқылы қаблданады;

2. Заңдар, заңға қосымша нормативті - қүқықтық актілерге тэн емес, ерекше заңды тэртіптерге сай қабылданады. Заңды қабылдау, өзіне төрт түрлі міндетті кезеңдерді қосып алады: заңның жобасын жасау, заң шығаратын органға өткізу, заңның жобасын талқылау, заңды қабылдау оны жариялау. Референдум нэтижесінде заңды қабылдау, сол сияқты референдум туралы заңда көрсетілгендей, заңдылық тәртіппен іске асырылады;

3. Заңдар, жеке адамдардың мүдделерін қолайлы қанағаттандыруды талап ететін, ең маңызды қоғам өмірінің мэселелері жөнінде қабылданады;

4. Заңдар мемлекеттің басқа органдарының тарапынан бақылануға не бекітуге жатпайды. Олар, тек заң шығаратын биліктегі орган арқылы, өзгертілуге не тоқтатылуға тиіс. Конституциялық кеңес не басқа сондай, сот праламент қабылдаған заңды конституциялық емес, деп танығанымен оның күшін тоқтату тек заң шығарушы органның қолында.

5. Заңдар мемлекеттің барлық қүқық жүйесінің біртүтастығын көрсетіп, барлық нормативтік - күқықты актілер жинағының күрамын қамтамасыз етеді, әрқайсысының заңдылық күшін нормативті -қүқықтық актілердің бір-біріне қатынасын реттейді.

Мемлекеттің нормативтік - күқықтық жүйесіндегі заңдарды бастаушы жэне белгілеуші жагдайы, қоғамдық қатынастарды реттеудегі заңдылықтың, заңның үстемділігінің негізгі талаптарының бірі болып есептеледі. Ешқандай заңға қосымша актілер заңдылық реттеу аясына кіре алмайды. Заңдар екіге бөлінеді: конституциялық жэне жай заңдарға. Конституциялық заңдардың негізінде барлық нормативті - қүқықтық актілер қүрылады жэне талданады.

Конституция, басқа нормативті - қүқықтық актілерге жэне заңдарға қарағанда ең жоғарғы заңды күшінде болады. Жай заңдар конституциялық актілерге сай қабылданады жэне әрекетке келеді, қоғамдық өмірдегі белгілі жэне тежеулі аяларды реттейді.

6

Page 7: курсовая

1.2 Заңға - қосымша нормативтік - қүқықтық актілер

Бұл күзіретті органдардың құқықтық - шығармашылық актілері заңға негізделген және оған қарсылығы жоқ. Заңға - қосымша актілердің заңдылық күштері заңға қарағанда аздау болады, олар заңдардың заңдылық күшіне негізделгеніне байланысты қарсылық жасауға мүмкіндігі жоқ. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі тиімділікке тек сонда ғана жетуге болады, егер жалпылама мүдделер, жекелеген мүдделерге сай келсе. Қосымша актілер болса, негізгі принципиальді заңдардың жағдайларын эр түрлі жекелеген мүдделердің ерекшеліктеріне саи нақтылау үшш қажет. Өздерінің мазмүндарына байланысты заңға - қосымша актілер, әдеттегідей әр түрлі атқарушы биліктің актілеріне жатады және олар жалпылама, жергілікті, ведомстволық, ішкі үйымдастыру актілеріне бөлінеді.

1. Жалпы заңға - қосымша актілер. Бұл қүзіретті нормативті - құқықтық актілер, олардың эрекеті сол жердің барлық азаматтарына қатысты болады. Өзінің қүқықтық жүйедегі реттелуіне, заңдылық күшіне және маңызына байланысты заңның артынан жүреді. Заңға - қосымша актілерге байланысты қоғамдағы мемлекеттік басқару іске асырылады, қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және басқа мэселелері реттеледі.

Жалпылама заңға - қосымша актілерге жоғарғы атқарушы билік органдарының нормативті - гпығармашылық актілері жатады. Олар елдің президентінен не үкімет басшысынан шығады. Мемлекеттік басқару нысанына байланысты (президенттік не парламенттік республика) жоғарғы атқару билігінің нормативті - қүқықтық актілері екі түрлі заңға - қосымша актілерден түрады.

Президенттің нормативті жарлығы. Заңға - қосымша актілер жүйесінде, олар жоғарғы заңды күшке ие жэне заңдарды дамыту, жетілдіру негізінде шығарылады. Президенттің қүқықтық -шығармашылығы өкілдік қызметі, еліміздің Конституциясымен не арнайы конституциялық заңдармен белгіленеді. Олар әр түлі қоғам өмірінің мемлекетті басқаруға байланысты жақтарын реттейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының 3 тарауының 21-бабындағы Республика Президентінің жарлықтарында:

а) Президенттің Республика Президентінің актілерін шығаруды талапететін конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;

ә) Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүмыс істеуін және өкімет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгіленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;

б) Парламенттің заңдық қүзіретіне кірмейтін, сондай-ақ Үкіметпенбасқа да мемлекеттік органдардың заңмен белгіленген қүзіретінежатпайтын мәселелерді, күқықтық реттеу жүзеге асырады;

в) Қазақстан Республикасының экономикалвіқ жэне элеуметтік -саяси дамуының стратегиялық мэселелері бойынша шешімдер

7

Page 8: курсовая

қабылданады деп анық көрсетілген. Соныменқатар, Конституцияның 22-бабында Республика Президентініңөкімдерімен:

- Әкімшілік - өкімдік, жедел жэне жеке сипаттағы шешім жүзегеасырылады;- Республика Президентінің қүзіретіне сэйкес конституциялық мәртебесі

жоқ лауазымды түлғалар қызметке тағайындалады жэне босатылады.Үкіметтің қаулысы. Бүл заңға - қосымша актілер, Президенттің

жарлығына сай қабылданады жэне қажетті жағдайларда көбінесе, мемлекеттің экономикасын, элеуметтік қүрылымды, денсаулықты сақтау, білім туралы мәселелерін бөлшектеп реттеу үшін қабылданады. Конституцияның Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2 тарауының Республика Үкіметінің актілер туралы 10 бабында көрсетілгендей.

а) Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды;ә) Республика Премьер-Министрі өкімдер шығарады. Премьер-

Министрдің өкімдері - экімшілік - өкімдік, жедел жэне дара сипаттағы мэселелер бойынша шығарылады;

б) Өздерінің қүзіреті шегінде қабылданған Үкімет қаулылары менРеспублика қаулылары, Республика Премьер-Министрі өкімдерініңРеспубликаның бүкіл аумағында міндетті күші болады;

в) Үкімет қаулылары мен Республика Премьер-Министрінің өкімдеріРеспублика Үкіметінің регламентінде белгіленген тэртіппенэзірленеді және қабылданады;

г) Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметжоя алады;ғ) Премьер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті,

Үкімет жэне Премьер-Министр жоя алады.2. Жергілікті заңға - қосымша актілер. Бүл жергілікті жердегі өкілетті

биліктің жэне жергілікті өзін-өзі билеу органдарының нормативтік -қүқықтық актілері. Ол актілердің эрекеті сол жердің көлеміне байланысты шектеледі. Оларға нормативті күші бар шешімдер не муниципалитеттің, мэрлердің, әр түрлі мәселелер бойынша жергілікті сипаттағы қаулылары жатады.

3. Ведомстволық нормативтік - құқықтық актілер, бүйрық нүсқау. Бірнеше елдерде басқару органдарының күрамындағы белгілі органдар (министр л іктер, ведомстволар) қүқықтық шығармашылық функцияларымен шүғылданады, олардың заң шығаратын билігі, президентпен және үкіметпен рүқсат етілген. Бүл жалпы эрекеттегі нормативті - қүқықтық актілер, тек шектеулі алдағы қоғамдық қатынастарға қатысты болады (кеден, банк, көлік, мемлекеттік-кредит т. б.).

4. Ішкі үйымдастыру туралы заңға - қосымша актілер. Бүл нормативті актілерді әр түрлі үйымдар өздерінің ішкі мэселелерін реттеу мақсатында шығарады және сол үйымдардың мүшелеріне ғана қатысты болады. Белгілі жоғарғы заңдылық күші бар актілердің қалпында, ішкі - үйымдастырушылық

8

Page 9: курсовая

актілер, эр түрлі қатынастарды, нақты мемлекеттік мекемелердің, өндірістердің, эскери бөлімдердің қызметінде туындайтын мәселелерді реттейді.

Қазіргі мемлекеттердің нормативті - құқықтық актілер жүйесі біркелкі емес. Бұл мемлекеттік басқару нысандарының ерекшеліктерімен, әр елдің көп ғасырлық эдеттерімен, үлттық жэне басқа факторлармен түсіндіріледі. Дегенменде, көптеген нормативті -қүқықтық актілер жүйесі заңдылық күші бар актілердің деңгейлік белгісіне сай қүрылады. Төмендегі актілер қоғамдық өмірдің түрақтылық мүдделері жэне оның үйлесімді үйымдастырылуы үшін жоғарғы органдардың актілеріндегі үйғарымдарға сай болуы тиіс. Барлық қарама-қайшылықтар, заңға - қосымша актілердің бір-бірінің арасындағы қайшылықтар өркениетті мемлекеттерде заң шешеді, себебі олар ең жоғарғы заңды күшке иелігі бар.

Нормативті - құқықтық актілердің заңды күштерінің деңгейі әр түрлі, бірақ солардың бойындағы нормалардың міндеттілігі баршылықтарына, кімге олардың жарлықтарының қатьшасы болса, абсолютті түрде бірдей екендігін айтуымыз қажет. Осындай принципиалды ережелер қүқықтық мемлекеттің негізгі қызметін қүрайды. [ Ағдарбеков Т.]

Қоғамдық қатынастарды нормативті реттеуді басты жэне белгілеуші орьшды заң алады. Заңға - қосымша актілер тек көмекші және талдаушы роль атқарады. Қүқықтық мемлекетте, заң өзінің әрекетімен қоғамдық өмірдің негізгі жақтарын қамтиды, ол негізгі басты мүдделердің жеке адамның құқығымен бостандығының кепілі.

1.3 Нормативтік -құқықтық актілерді жүйелеу

9

Page 10: курсовая

Жүйелеу нәтижесінде, күқықтық нормалардың арасындағы қайшылықтар жойылады, тоқтатылады не болмаса ескірген нормалар өзгертіледі жэне қоғам дамуының қажетіне сай жаңадан қүрылады. Олар белгілі жүйелік белгілермен топтасады кодекске, заңдар жинағына және басқа жүйеленген актілерге айналады.

Қазіргі кезде, нормативті -қүқықтық актілерді жүйелеудің үш нысаны пайдаланылады: Кодификациялау, инкорпорация, консолидация.

1 .Кодификациялау - мемлекеттік - шығармашылық органдардың жаңа, жинақталған нормативтік - күқықтық актілердің жүйесін қүрудағы қызметі, ол терең және жан-жақты әрекеттегі заңдарды қайта қарау жэне оған жаңа маңызды өзгертулер кіргізу арқылы жүзеге асырылады.

Кодификациялау процесінде күрылып жатқан актінің жобасына, эрекеттегі нормалар, өзінің маңызын жоймаған лоне жаңадан қүрылған нормалар кіреді, олар белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге сапалы өзгерістер кіргізеді.

Заңдарды кодификациялау мынандай белгілермен сипатталады. Біріншіден, кодификациялаумен, тек қүзіретті күқықтық-шығармашылық органдар, конституцияның не басқа өкілетті заңдар негізінде шүғылданады.

Екіншіден, кодификациялау нэтижесінде жаңа нормативті-құдықтық актілер қүрылады, оларға бүрынгы эрекеттегі нормалардан мүлде өзгелері қосылады.

Үшіншіден, кодификацияланған акт жиналғанға жатпайды, себебі, онда бүрынғы әр түрлі актілерге жатса да, қоғамдық қатынастардағы бір ғана аяны реттеген.

Төртіншіден, кодификацияланған акт қоғамдық өмірдің белгілі аясын реттейтін актілердің ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Ондай акт жалпы алғанда, қоғамдық қатынастардың пәні болатын, берілген құқық саласын реттейді (мысалы, жер туралы кодекс). Онда бүл қүқық саласына қатысты басты маңызы бар барлық нормалардың жалпы принциптері бар.

Бесіншіден, кодификациялау нэтижесінде қүрылған нормативті -қүқықтық актілер, қоғамдық қатынастарды үзақ уақытқа реттеуге есептелген. Олар қоғам өміріндегі мүмкін болатын өзгерістерді есепке алады және көбірек жетілген, болашақта пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет.

Кодификациялық актілер өздерінің мазмүнына және аттарына байланысты үш негізгі түрге бөлінеді:

Заң шығару негіздері - белгілі құқық саласын не мемлекеттік басқару аясының негізгі ережелерін қүрушы нормативті - құқықтық акт. Мүндай кодификация нысаны федеративтік мемлекеттерде пайдаланылады.Заң негіздері федерация мүшелерінің кодификациялау әрекетінің негізін қүрайды.

Кодекс - қоғам өмірінің негізгі аясында әрекет жасайтын, көп таралған кодификациялық актілердің қүқықтық тәртіптілікті талап ететін түрі

10

Page 11: курсовая

(Азаматтық кодекс, Қылмыс кодексі, Кедендік кодекс, сауда жөніндегі, теңізде жүзу кодексі т. б.).

Жарғы, ереже - бүл кодификацияланған арнайы әрекеттегі актілер, олар тек заң шығарушылармен ғана шығарылмайды, басқа құқықтық -шығармашылық органдармен де шығарылады (мысалы, президентпен не үкіметпен). Жалпы эскери жарғы, қарулы күштердегі әрекет жасайтын қүқық нормасы. Теміржол ережесі - кодификациялық актілерге жатады.

Қазіргі мемлекеттерде көптеген кодификациялық актілердің арнайы аттары да жоқ. Оған эр түрлі заңдар жатады: меншік туралы, пенсия туралы, әскери қызмет, жергілікті өзін-өзі билеу т. б.

2.Инкорпорация дегеніміз, әрекеттегі нормативтік -құқықтық актілердің мазмүндарын өзгертпей, белгілі тэртіппен бір жинаққа біріктірілуі.

Инкорпорация нәтижесінде эрекеттегі заңдардың сыртқы жағы жөнделеді.

Оны қалай түсінуге болады?Сыртқы жағын жөндегенде нормативті - қүқықтық актілер белгілі

тәртіпте орналасады: әріптік, хронологиялық не пәндік яғни, олардың сыртқы тәртіптілігіне қол жеткізу.

Инкорпоративтік жинаққа не қүрамға кірген нормативтік - қүқықтық актілердің мазмұны негізінен өзгермейді. Оларға, тек заңмен тоқтатылған не күшін жойғандығы мойындалған актілер кіреді.

Инкорпорацияны жүйелеуші органдар жасайды (мысалға эділет министрлігі), олардың тоқтатуға, өзгертуге не қүқықтық нормаларды белгілеуге өкілдіктері жоқ. Ол тек қана қүқықтық - шығармашылықтағы органдардың толықтыруларын, өзгертулерін жинаққа кіргізуге мүмкіндіктері бар.

Инкорпорация екіге бөлінеді: ресми және ресми емес.1. Ресми инкорпорация - қүқықтық нормаларды тәртіпке келтіру

мақсатымен, қүзіретті органдардың эрекеттегі нормативтік - қүқықтық актілердің жинағын шығару. Ол органдардың шығарған заңдар жинағы ресми сииатта болады. Олар қүқықтың деректері болса да, құқықтық -шығармашылық және құқықты қолдану процестерінде соларға сүйенуге болады.[ Баққұлов С. Жалпы құқық және мемлекет. 2001.№1. 15-бет] Өзінің заңды табиғатына сай, ресми инкорпорацияға нормативті -қүқықтық актілерді жөнделген және тәртіпке келтірілген түрде жариялау.

Ресми инкорпорацияның кодификациядан айырмашылығы, құқық нормаларының жүйелеу деңгейіне байланысты көрінеді. Егер, кодификация қүқық жүйесін түбегейлі дамытуға, күқықтық реттеудің мазмүнын өзгертуге бағытталса, инкорпорация ондай функцияларды орындамайды. Ол қүқықтық реттеудің мазмүнын өзгертпей-ақ, кодификация процесінде қүқықтық - шығармашылық органдармен қүрылған актілерді қатаң жүйеге келтіруге арналған.

Ресми инкорпорацияның екі түрі болады: хронологиялық жэне жүйелік.

11

Page 12: курсовая

Хронологиялық инкорпорация - нормативтік - қүқықтық актілерді тәртіпке келтіру, олардың жариялану жэне заңды күшіне кіретін уақыттарына байланысты жүйелеу нысанына жатады. Хронологиялық тәртіппен заң шығарушы жэне атқарушы биліктердің актілері ресми баспада шығарылады (мысалы, президенттің жэне үкіметтің актілер жинағы). Хронологиялық инкорпорацияда әрбір нормативтік актінің кезекті нөмірі, оның аты көрсетіледі, шыққан жылы, айы, гпыққан күні, сонымен қатар баптың нөмірі көрсетіледі. Бүл маңызды мөлшерде қажетті нормативтік -қүқықтық актіні іздеуді оңайлатады, шүғыл түрде ондағы қүқықтық нормаларды табуға және пайдалануға мүмкіндік береді.

Жүйелік инкорпорация - әрекеттегі нормативтік - қүқықтық актілерді пэндік белгілеріне байланысты тэртіпке келтіру жэне қүқықтық салаларға, олардың институттарына, мемлекеттік эрекеттер аясына байланыстылығы.

Жүйеленген жинақтарда жэне заң қүрылымдарында нормативтік материалдар өздерінің түрлеріне не қүқықтық реттеу аяларына байланысты бөлінеді (мемлекеттік қүрылым, финанс, білім беру, отан қорғау, қоғамдық үйымдар, қылмыстық жауапкершілік т. б.). Пәндік инкорпорациямен пайдаланатын мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар және азаматтар тез және жедел түрде өздершщ мүдделерше саи құқық нормаларын пайдалана алады.

Ресми емес инкорпорация - бүл заңдарды сырттай жөндеу, үйымдармен не жекелеген азаматтармен (оқу орындарымен, ведомстволармен, ғалымдармен) жэне іс жүзінде арнайы органдардың қүқықтық - шығармашылық өкілеттігінсіз жүргізіледі. Ресми емес инкорпорациялар мекемелердің, үйымдардың, жекелеген мамандардың арнайы қажеттілігін нормативтік - қүқықтық материалдарын пйдаланып орындайды. Оған еңбек не түрғын үй заңдары, әскери қызметкерлерге, мүғалімдерге, геологтарға, қүқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған анықтамалар жатады. Олар жарияланатын ресми нысанға жатпайды, сондықтан қүқықтық - шығармашылық жэне қүқықты қолдану процесінде оларға сүйенуге болмайды.

3 .Консолидация (шоғырландыру) - бірнеше нормативтік - қүқықтық актілердің бір қоғамдық қатынастар саласында қызмет істеп, мазмүндары өзгермей бір жинаққа бірігу жүйесінің нысаны болып табылады.

Консолидацияның ерекшелігі, ол өзіне кодификацияның жэне инкорпорацияның кейбір жақтарын сіңірген. Консолидация актілері нормативтік - қүқықтық актілердің жиынтығы - бүл оны кодификациямен формальді түрде жақындастырады, ал сол факт, шын мәнісінде қоғамдық қатынастарды реттеуге ештеңе қоспайды сондықтан, оны инкорпорациямен жақындатады. Нормативтік - қүқықтық актілердің жүйелеу нысанымен консолидация, кобінесе жүйелеу инкорпорациясына жақын. Ол қай жерде қажеттілігі жоқ, не болмаса кодификацияның мүмкіншілігі жоқ жерде пайдаланылады. Мүндай жағдайда консолидация біржақты нормативті

12

Page 13: курсовая

материалдарды біріктіруге, актілердің санын қысқартуға және қүқықтық реттеу нысандарын жақсартуға тиімді қүрал ретінде көрінеді.

2 ЗАҢҒА БАҒЫНШТЫ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР

13

Page 14: курсовая

2.1 « Номативтік құқықтық актілер » заңы

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» занда қабылданатын актілердің сатылары нақтылы көрсетілген. Теорияда заңға сәйкес қабылданатын актілер деп зандарды орындау және іс жүзіне асыру үшін мсмлекеттік және жергілікті органдардың шығарған кесімдерін айтады. Дүниежүзілік тәжірибеде бұл процесс «заңнаманың делегациялануы» (делегированность законодательства) деп аталады.

Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау мынандай жағдайларға баланысты:

1. Заң қоғамдық қатынастардың барлық салаларын, субъектілердің мінез-құлықтарын толыққанды дәрежеде реттеп, қамти алмайды. Занда негізінде жалпы талаптар мен нормалар бекітіледі.

2. Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдер заң мен жоққа шығарылады, ал мемлекеттік басқару органдарының кесімдері заңның колдану күшін тоқтата алмайды.

3. Заңның ең жоғарғы күші бар, заңға сәйкес қабылданған кесімдер тек ғана заңның негізінде және оны орындау үшін қабылданды.

4. Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер заңға қайшы келмеулері тиіс. Олай болған жағдайда жоққа шығарылады.

Заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заң бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:

:      Заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi

Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары

Қазакстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары, өкілдері

Министрліктердің өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, ережелері, бұйрықтары

Мәслихат пен өкімдердің нормативтік шешімдері

14

Page 15: курсовая

принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;Заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;Заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы; Кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы;Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;

15

Page 16: курсовая

нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау; уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар).      Заңның қолданылу салаларына тоқталатын болсақ Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады, бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.  Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.Нормативтік құқықтық акт халықаралық шарттарды, оның iшiнде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi: 1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;

16

Page 17: курсовая

3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары; 8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатқызуға болады:1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;      1-3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт; 2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.      Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін. Олар туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады және де орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.Нормативтiк құқықтық актiлердiң тікелей қолданылуы

17

Page 18: курсовая

Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.Қолданысқа енгізілген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:  1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы;  2) актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжiлiстiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң өзге де нысаны;3) осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi; 6) тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күнi мен нөмiрiн осылай тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету; 8) елтаңбалы мөр.      Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына тоқталатын болсақНормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық элементi құқық нормаларын қамтитын бап немесе тармақ болып табылады. Құқық нормалары баптар түрiнде "бап" атауымен заң актiлерiне енгiзiледi. Қайсыбiр нормативтiк құқықтық актiлер тармақтардан тұрады, олардың атауы "тармақ" деген сөзбен жазылмайды және де көлемi едәуiр нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау бөлiмдерге, ал бөлiмдер өз кезегiнде нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн.Көлемi үлкен тарауларда нормативтiк құқықтық актiнiң параграфтары және параграфтарының бөлiктерi бөлiп көрсетiлуi мүмкiн, ал үлкен бөлiмдерде

18

Page 19: курсовая

осылайша бөлiмшелер бөлiнуi мүмкiн.Нормативтік құқықтық актінің баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар - тармақшаларға бөлінуі мүмкін. Баптардың, тармақтар мен тармақшалардың ішінде бөліктер-құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен бөлінген жекелеген нормалары болуы мүмкін.      Мәтіннің мағыналық жағынан тұтастығы бар, бірінші жолда азат жолмен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.      Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары - жекелеген құқық нормалары бар тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Баптардың, тармақтардың және тармақшалардың iшiнде абзацтар арқылы бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.      Кодекстерде iшкi құрылымның басқа белгiлерi пайдаланылуы мүмкiн. Нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгілермен белгілеуге, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бөліп көрсетуге және олардың астын сызуға жол берілмейді.Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмiрленедi. Баптардың (тармақтардың) нөмiрленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмiрленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Баптың тармақтары мен тармақшаларының нөмiрлерi әрбiр бап үшiн дербес болады. ал негiзгi құрылымдық элементi бап емес, тармақ болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлерде әрбiр тармақтың тармақшалары дербес нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауындағы параграфтардың нөмiрлерi мен әрбiр бөлiмiндегi бөлiмшелердiң нөмiрлерi де аяғына дейiн емес, дербес нөмiрленедi. Тармақтарда тармақшалардың нөмiрлерi жақшамен жабылған араб цифрларымен көрсетiледi. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен себептерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi.Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда оған олардың мәнi түсiндiрiлетiн бап берiледi. Мемлекеттiк тiлдегi нормативтiк құқықтық актiде терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады.      Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актіде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс. Пайдалануға ыңғайлы ету мақсатында нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр

19

Page 20: курсовая

тарауының, оның бөлiмiнiң, бөлiгiнiң, сондай-ақ тараулардың параграфтары мен бөлiмдерi бөлiмшелерiнiң тақырыптары болуға тиiс. Заң актiлерi баптарының да тақырыптары болуға тиiс.Тараулары жоқ шағын заң актiлерi баптарының тақырыптары болмауы мүмкiн.Кодекстердiң, ал уәкiлеттi орган мұны қажет деп тапқан жағдайларда басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң қажеттi құрылымдық элементi мазмұны болып табылады.

     

2.2 Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы

20

Page 21: курсовая

Нормативтік құқықтық кесімдердің уақыт, кеңістікте және тұлғалар бойынша қолданылуы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңымен реттелінеді және оның 7-тарауы осы мәселеге арналған. Аталмыш заңның 36-бабы бойынша зандар, Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулыларында күшіне ену уақыты, мерзімі көрсетілмесе, олар жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң өзінің күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының қаулыларында күшіне ену мерзімдері көрсетілмесе, ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулылары қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Басқа да мемлекеттік органдар мен Жоғарғы Соттың, жергілікті органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдері өзінің мәтінінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң өзінің күшіне енеді.

Нормативтік құқықтық кесімдердің кеңістік жағынан қолданылуы жоғарыда керсетілген заңның 41-бабы арқылы іс жүзіне асады. Атап айтқанда заң нормасы бойынша нормативтік құқықтық кесімдерде кеңістік шеңбері көрсетілмесе,Казақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және күші бар.

Нормативтік құқықтық кесімдердің тұлғалар бойынша қолданылуы заңның 42-бабында нақтылы бекітілген. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің күші Қазақстан Республикасы азаматтары мен занды тұлғаларына, оның аумағында шетелдіктер мен азаматтықтары жоқ адамдарға қолданылады. Бүған заң кесімдеріне және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды. (Мысалы, дипломатиялық иммунитетке ие субъектілер).

Кейбір нормативтік құқықтық кесімдер тек Қазақстан Республикасы азаматтарының кейбір бөлігін, топтарын ғана қамтуы мүмкін, мысалы, мүгедектер, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, студенттер және т.б. азаматтар.

2. Әр мемлекеттік билік және басқару жүргізу органдары өздерінің құқықтық құзыры шеңберінде нормативтік құқықтық кесімдер шығарады. Мемлекеттің шығарған нормативтік құқықтық кесімдер реттейтін қоғамдық қатынастарына байланысты көбейе түседі. Оларды қолдануда көптеген шатасулар мен ретсіздік пайда болуы мүмкін. Нормативтік құқықтық кесімдерді пайдалану және колдану барысында олар мемлекет тарапынан жүйеленіп отырады.[ Жоламан Қ. Д. Алматы, 2005 - 296 б.] Нормативтік құқықтық кесімдерді жүйеге келтіру дегеніміз құқықтың қайнар көздерінің бір-бірімен қайшылықтағы жағдайларын жою, ескірген құқықтық нормалардың қолданыллуын тоқтатып, жаңа нормаларды гылыми жетістіктердің нәтижелерін пайдалану арқылы реттеудің тиімді құқықтық негізін жасау. Профессор С.АТабанов былай деп атап көрсетеді: «..зандарды жүйелеу» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Бір жағынан, бұл ұғым заңдарды ретке келтіру, оны бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегеңді білдіреді.

21

Page 22: курсовая

Заңдарды жүйелеуді реттестіру, яғни зандарды бір ретке келтіруге, қалыпты актілердің мазмұнын өзгертпей жиынтықтары мен жинақтарын шығаруға және қолданылып жүрген құқық қалыбын белгілі бір мәселе бойынша тиісінше қайта қараумен байланысты қалыпты материалдарды тәртіптеуге, яғни сұрыптауға бөлу заң әдебиетіңде кеңінен мәлім әрі сырт кейпінде де қолданылып жүрген қалыпты реттеуді жинақтаушы, сондай-ақ белгілі бір өзгертулерді, яғни өзгерістер енгізілген қағидатты сипаттағы жаңа қалыпты кесімдерді басып шығаруды білдіреді. Сонымен қатар, құқық теориясында заңдарды жүйелеудің әлдеқайда тар әрі арнайы ұғымы, атап айтқанда тек қана реттестіру белгілі. Ғылым мен тәжірибеде «зандарды сұрыптау және жүйелеу» деген тіркес қолданылады, бұл әрі орынды да. Өйткені реттестіру барысында қолданылып жүргсн қалыпты актілер мен жекелеген нұсқаулар нақ жүйеге түсіп, белгілі бір ішкі үйлесіммен орналасады.

Мемлекет және құқық теориясында нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру негізіндс үш түрге бөлінеді:

1. Инкорпорация — нормативтік құқықтық кесімдердің ескірген және бір-біріне қайшы келетін нормаларынан тазарту, біріктіру арқылы мәнін өзгертпеи, олардың сырт пішінін өңдеу. Мысалы, ежелгі Римде Юстининиянның кодексі императорлардың жарлықтарын жүйелі түрге біріктіру арқылы инкорпорацияланады. Ресейде XIX ғасырдың 30 жылдары М. Сперанскийдің басшылығымен инкорнорация іс жүзіне асырылып, 16 томнан тұратын империяның заң жиынтығы жасалынды. Қазақстан Республикасында Заң жиынтығын жасау ісі қазіргі күні қолға алынуда.

Кодификация - нормативтік құқықтық кесімдердің бүкіл мазмұны өзгеріп, қалыптасқан қатынастарын реттеу барысында көптеген жаңа құқықтық нормалардың қабылдануы. Көшпелі қазақ қоғамында зандардың кодификациялары Есім, Қасым, Тәуке сияқты хандардың тұсында жасалынып, тарихқа «Есім ханнның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» деген атпен енді: 1804 жылы Францияда Наполеонның жаңа азаматтық кодексі қабылданды. Кеңес өкіметі 1918-22 жылдар аралығында кең.

2. Көлемде кодификациялық жұмыстар жүргізудің нәтижесінде жаңа қалыптасып келе жатқан социалистік қоғамдық қатынастарды реттеу үшін Азаматтық, Еңбек, Қылмыстық кодекстерді қабылдады.

Қазіргі Қазақстанда кодификация жұмыстары белсенді түрде 1993-1995 жылдарда іс жүзіне асырылды.

Кодификацияның мынандай ерекшеліктері бар:а) Кең көлемде, барлық мемлекеттік органдардың құқық жа-

саушылығы арқылы болды.б) Ресми түрде мемлекет пен іс жүзіне асырылады.в) Қоғамдық қатынастарды реттейтін ең негізгі нормативтік

құқықтық кесімдер (заңдар, кодекстер, жарлықтар және т.б.)жаңа талаптарга сай мүлдем кайта өңделеді.

г) Мемлекеттің құқықтық нсгізін қалайтын жаңа заңдар,кодекстер қабылданды.

22

Page 23: курсовая

3. Консолидация — кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормаларда кездесетін қайталауларды жоққа шыгарып, жаңа мәтінін қалыптастыру.

Заңнамалық техника. Заңдарды жүйелеу барысында көптеген қиындықтар пайда болады. Атап айтқанда ұйымдастырушылық, құқық жасаушылық барысында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіру жоне т.б., қызметтер. Бұл процестер негізінде заңнамалық техника арқылы іс жүзіне асырылады. Заңнамалық техника деп заң ғылымында нормативтік құқықтық кесімдерді сапалы дайындаудағы ережелердің жиынтығын айтады. Заңнаманың техникалық деңгейінен нормативтік кесімдердің сапалы болуы және тиімді пайдалануы байланысты. Сондықтан құқық жасаушылық барысында заңнамалық техникаға ерекше көңіл бөлінеді.

23

Page 24: курсовая

ҚОРЫТЫНДЫ

Республикадағы мемлекеттік билік Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөлім (4 бабында) көрсетілгендей біртұтас, «ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады». Заңдылық, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының және азаматтардың тәртібі ретінде конституциялық талаптар дәрежесіне көтеріледі. Демократиялық мемлекет өзінің саясатын тек заңдылық тәсілдер арқылы жүргізеді, ең алдымен жүртты үйымдастыру жэне біріктіру бөлініп шығады, мемлекетті жэне қоғамды басқаруға шақырады, көпжақты іс жүзіндегі қызметке тартып, мэдени жэне түсіндіру сендіру, тэрбие жүмыстарын жүргізіп, азаматтарды қайта тэрбиелейді.

Әрбір халықтың өзінде ерекше бір бастау бар, ол оларды ерекшелендіреді және оның заңдарын оны тек өзіне ғана жарамды етеді. Мысалы, бір кездері еврейлер, арабтар үшін, ең бастысы - дін болды, афиндіктер үшін - эдебиет, Карфаген мен Тир үшін - сауда, Родос үшін - теңізде жүзу, Спарта үшін -соғыс, ал Рим үшін - ізгілік болды.

Мемлекеттің құрылысы, онда табиғи қарым-қатынастар мен заңдар үнемі бір тректерде дэл келіп отыратындай қалыптасқан эдет-ғүрыптар сақталса, шынында мықты бола бастайды, сондай-ақ соңғылары біріншісін, былайша айтқанда, нығайтады, ере жүреді, дүрыстайды. Бірақ Заң шығарушы өзінің мақсатын анықтауда қателесіп, нәрселердің табиғатынан туындайтын бөлек принципке жүгінсе; егер принциптердің бірі - құлдыққа, басқасы -бостандыққа; бірі - байлық жинауға, басқасы - түрғындардың көбеюіне; бірі - бейбітшілікке, өзгесі ~ жаулап алуға алып келсе, онда заңдар байқаусыз өз күшін жояды, ішкі қүрылым бүлініп, Мемлекеттегі қозғалыстар оны қиратуға немесе өзгертуге жеткізбейінше және дүлей табиғат өз күшіне қайтадан мінбейінше бэсеңдемейді.

Заң - мемлекеттің қан тамыры - деп бекер айтылмаған. Осыған орай белгілі адамдардың заң туралы ойлары мынадай болған:

Мемлекет басшысы - елді екі түрлі тәсілмен басқарады. Бірі - қабылдаған заң жолымен, екіншісі - күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі -айуанға тэн. Егер тәртіп орнатайын десе, басшы осы екі тэсілді де тең үстағаны абзал. Түсінігі молдарға заңды қүрметтеуді үйрет, көнбегендерге амал жоқ күш қолдан.

Никкола Макиавелли

Заң дегеніміз - адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамдық даналықтың жоғары көрінісі.

С. Джонсон:Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады. Т. Фуллер

24

Page 25: курсовая

25

Page 26: курсовая

3. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Өзбекүлы С, Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 264 б. 2.Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. - Қарағанды: Болашақ -Баспа, 2002. - 320 б.

3.Андабеков Ш. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды 2002

4. Әділбекова Қ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған сызбалар. Қарағанды 2006

5. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды 2001

6. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арнлған дәрістер жинағы.Қарағанды 2003

7. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша құқық бөліміне арналған дәрістер жинағы.қарағанды 2005

8. Байжанова Г.Т.,Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша әдістемелік құрал. Қарағанды 2001

9. Баймаханов М. Т. Ағымдағы Заңдардың дамуына және жұмыс істеуіне Конституцияның ықпал етуінің кейбір формалары. Жалпы құқық және мемлекет. 2001.№1. 15-бет

10. Баққұлов С. /Құқық негіздері/ Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -248 б.

11. Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары: Қысқаша шолу. -/Ағымдағы аударым. - Алматы: Ғылым, 1999. 320 б.

12. Жоламан Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық: «Тұр - пресс» - Алматы, 2005 - 296 б.

13. Қазақ мемлекеттік заң академиясының 5 жылдық мерейтойына арналған ғылыми - теориялық конференциясының материалдары (Алматы қаласы, 17-наурыз 1999ж) - Алматы БПО Қаз МЗА, 2000.-480 б.

14. Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық. /Құрастырған Е. Баянов. -Алматы: Жеті жарғы, 2001. - 624 б.

15. Мемлекет туралы ойлар /Құрастырған: Н. Қазыбек. - Алматы: Жазушы, 1998.-200 б.

Page 27: курсовая

Заң жүйесі түсінігі, оның құрылысының элементтері [Әділбекова Қ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «. Қарағанды 2006]

Заң жүйесі - заңмен-заңға тәуелді нормативтік актілержинағы

Page 28: курсовая

Вертикальдық жүйелері: норманың заңдық күшіне қарай жүйелеу

Горизонтальдық жүйелері: қоғамдық қатынасты реттеуіне сәйкес жүйелеу

Page 29: курсовая

Парламент бекіткен заң

Заң жүйесінің саласы: -азаматтық құқық -қылмыстық құқық -қаржы құқығы

Page 30: курсовая

Мемлекет басшысының бекіткен нормативтік

актісі

Page 31: курсовая

Үкімет бекіткен нормативтік

акт

Заң, кодекс, жинақ, жарлық т.б.

Page 32: курсовая

Министрліктер,

ведомстволар бекіткен норма

Жергілікті аппараттың

бекіткен нормасы

Page 33: курсовая

Нормативтік актінің түрлері [Әділбекова Қ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «. Қарағанды 2006]

Заңдылық күшіне қарай нормативтік актілер екіге бөлінеді

Заңдар Заңға тәуелді актілер

Page 34: курсовая

Қоғамдық өмірдің күрделі мэселелері

бойынша қабылданады

Заңнан туатын, заңды орындау барысында

қабылданатын актілер

Page 35: курсовая

Айрықша заң шығару жолымен бекітіледі

Заңды парламентте немесе референдум арқылы бекітеді

Мемлекет басшысының нормативтік жарлығы

Үкіметтің нормативтік қаулысы

Page 36: курсовая

Заңды мемлекеттің басқа органдары өзгерте алмайды

Министрліктер және ведомстволардың норма-

тивтік актілері

Page 37: курсовая

Заң - құқықтық жүйенің негізі болады

Жергілікті басқару мемлекеттік аппараттың нормативтік шешімдері

Page 38: курсовая

Заңның түрлері: -конституциялық -

жай заңдар Төтенше заңдар

Page 39: курсовая