8
(Соңы 6-бетте). Елдік мінбері Тарих толқынында №12 (28236) 19 ҚАҢТАР ЖЕКСЕНБІ 2014 ЖЫЛ (Арнаулы шығарылым) Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің бюро мүшесі. Əңгіме өзегі – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жылқы жылы жария етілген Қазақстан халқына Жол- дауы. Елбасы Жолдауы еліміздің да- муының ең басты құжатына айналып, қоғамның жетекші қозғаушы күші бо- лып қалыптасқаны, тұрмысымыз бен тіршілігіміздің көрнекті көрсеткіші болғаны туралы толғамдарымызды Аға газет оқушыларының назарына салып, бұдан бұрынғы жолдаулар тұсындағы əңгімені жалғастыру ниетінде, əрі жаңа Жолдаудың кейбір айрықша ерекшеліктеріне де тоқталудың жөні келіп тұр. Ең алдымен, жыл сайынғы Елбасы Жолдауының мемлекет өміріндегі айрықша орнын, оның ел өркендеуіндегі ықпалдылығын, халықтың əр жылы жаңа Жолдауды күтіп жүретіндігін атап өту орынды болмақ. Екіншіден, Жолдау – Ата За- ңымыз Конституцияның талаптарын бұлжытпай орындау тəр- тібін қалыптастырып, құқықтық мемле- кет орнатудың негізін қалаушы бірден бір іргелі факторына, сондай-ақ өр- кениетті дəстүріне айналды. Үшіншіден, Президент Жолдауы – халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, бүкіл елдің ынтымағы мен жасампаздығын ұйымдастыратын рухани басты құжат болып, тұрмысымызға, өмірімізге енді. Жолдау арқылы елдің əл-ауқа- ты жақсарып, əлеуеті көтеріліп, өмірге, адамдардың, қоғамның қарым-қатынастарына жаңа көзқарас, жаңа сана қалыптаса бастады. Сондықтан жыл сайынғы Қазақстан халқына Президент Жолдауының қоғам, мемлекет дамуындағы атқарар рөлі өте зор. Экономикалық дағдарыс, дағдарыстан шыға бастаған алғашқы жылдар кезінде күнделікті тұрмысымызда мұқтаждық мол болғаны да көпшілігіміздің есінде. Уақыттың тездігі соншама – тіпті қазір дағдарысты көрмеген, ол туралы хаба- ры жоқ ұрпақ та есейіп, еңбекке ара- ласты. Қандай да дағдарыс əуелі өмір сабағы, тағылым екендігін де ескергеніміз орынды болар. Дағдарыс сабақтарынан шығарған қорытынды болашақ дамуға септігін тигізетіні де болады. Сондықтан да сол жылдардағы жолдауларды сарап- тай қалсаңыз – халықтың тұрмысына тікелей мемлекеттік көмек, атап айтсақ – мəселен, ана мен балаға, мүгедектерге, тұрмысы төмен, асыраушысы жоқ отба- сыларына жəрдемақы сияқты мəселелер немесе əлеуметтік нысандар құрылысы сияқты кемістіктердің орнын толықтыру мəселелері қаралған. Олар өзінің оң нəтижелерін берді. Əсіресе, соңғы он екі жылда елімізде бұрын-соңды болмаған əлеуметтік жақсылықтар мен өзгерістерге қол жеткізе алдық. Жылќы жылыныѕ жорыєы Жалпы, ежелгі түркілердің «Мəңгілік ел» идеясын екі ма- ғынада алып қарастырған дұрыс. Біріншісі – кең мағынада, яғни біртұтас түркі елі немесе қаға- нат, бірнеше ұлыстар мен ру- тайпалық мемлекеттерді бірік- тірген ірі бірлестік, ал екіншісі – тар мағынада, яғни жекелеген түркі мемлекеттері немесе хан- дықтар мен ұлыстар. «Мəңгілік Ел» идеясының алғаш рет ма- нифест, яғни үндеу тұрғысынан жарияланғаны – кең мағыналық сипатта еді. Өйткені, ол кезде түркі жұрты – Ұлы Түркі қағанатын, яғни біртұтас елін құраған заман болатын. Ежелгі түркілердің «Мəңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: оның бірін- шісі – көне түркі жазба ескерт- кіштеріндегі «Мəңгілік Ел» ма- нифесі, екіншісі – əл-Фарабидің философиялық шығармаларында, əсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-мето- дологиялық тұрғыдан тиянақ- талуы жəне үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіз- деген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бəрі бір-бірімен ты- ғыз байланысты, бір заманның жемісі жəне өзіне дейінгі баба- лар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мəңгілік Ел» идеясымен сабақтасады. Тоныкөк ескерткішінде мем- лекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айты- лады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. «МƏЅГІЛІК ЕЛ» ЖƏНЕ ЕЛБАСЫ Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», де- ген еді. Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мəңгілік Ел идея- сын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр. (Соңы 3-бетте). (Əлеуметтік сұрау салудың қорытындысы туралы 8-беттен оқисыздар) Бірінші бағана «КЇН СҐНГЕНШЕ СҐНБЕЙМІЗ!» Демалыс. Сенбі. Редакциядамыз. Газеттің кезекті нөмірі дайында- лып жатыр. Жексенбіге. Елбасы Жолдауына бағышталған арнау- лы шығарылым ойластырдық. Неге? Жылда жасалатын, дəстүрге айналған Жолдау емес пе? Иə, жыл сайын жария етілетін Жолдау. Рет саны бойынша он сегізінші Жолдау. Негізінен алғанда «Қазақстан-2050» Стратегиясын əрі қарай тарата түсетін Жолдау деуге де болады. Соның өзінде де бұл Жолдаудың жөні бөлек. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін əрбір қазақ үшін, осы мемлекет- пен жанын жақындастырып, ой- арманын астастырып үлгерген əрбір қазақстандық үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған бұл жолғы сөзі ең ал- дымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арма- нын – əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем карта- сынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу арма- нын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтуымен, болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны – Мəңгілік Ел идеясын Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша аяулы, бөлекше бағалы. Ел – халық сөзінің де, мемле- кет сөзінің де, ұлт сөзінің де бала- масы. «Адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Еуразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан əсер ет- кен» (Н.Назарбаев), заманын- да көктің жүзін тітіреткен көк түріктері ел болуды халық ретінде қалыптасудың, мемлекет ретінде мығымданудың, ұлт күйінде ұйысудың биік белесі деп білген. Осының бəрін біржолата бекіту үшін сол заманның өзінде басқа қонған бақыттың баяндылығын білдіретін философиялық катего- рия – Мəңгілік Ел ұғымын ойлап тапқан. Соны тасқа қашап тұрып, «МИНГУ ЕЛ» деп жазып кет- кен. Ежелгі түркілерден тараған барша халыққа бірдей түсінікті сөздер. Мұсылмандыққа бет бұрған ағайындар тұрмақ, тарихтың та- лайымен басқа діндерді ұстанатын сахалар, тувалар, марийлер де ет жүректі елжірететін Ел сөзінен екі елі ажырамай, өз елдерін Саха Эл, Эл Тыва, Марий Эл атаумен келеді. Солардың ішінде марий- лер Марий Эл атауын ресми алып та үлгерді. Демек, Ел – ұлы ұғым. Халық болып құралу, мемлекет құра алу, дербес тұра алу, ұлт болуға бет бұра алу – осының бəрі Ел болудың белестері. Тəубе, сол белестердің бірінен біріне абырой- мен асып келеміз. «Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық» – Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдаудағы осы сөзі бұл сапардың ұзаққа созыла- тынын, бұл жолдың алысқа бара- тынын білдіреді. «Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру əлдеқайда қиын. Бұл – əлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама» – Нұрсұлтан Назарбаев бұл сөздерді де Жолдауда айтты. Ескертті бəрімізге. «Мəңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек» дегенді де айтты біздің Елбасымыз. Қайрады бəрімізді. Мəңгілік Ел болу бабаларыңның бабаларының бабалары арман- даған, аңсаған асыл мұратты балаларыңның балаларының ба- лалары ардақ тұтатындай мемле- кет орнату дегенді, енді ешқашан, ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін əрқашан, əрқашан əспеттейтін, үлгілі үрдістерін үстеген үстіне үстейтін, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халқының бақыты баянды болатын ел құру дегенді білдіреді. Алаш гимніне: «Енді Алашты ешкімнің Қорлығына бермейміз, Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп жазғанда қайран Сұлтанмахмұт осыны ойлаған. «Қазақстан-2050» – Мəңгілік Елге бастайтын ең абы- ройлы, ең мəртебелі жол. Осы жол- дан айнымайық, қадірлі халқым!» дегенде Елбасымыз да осыған шақырған. Халқымыз Нұрсұлтан Назар- баевты əу бастан-ақ ел бағына туған перзент деп сенген, екі тізгін, бір шылбырды қолына берген, адас- тырмас азаматым деп соңынан ерген, сөйтіп бүгінгі биігіне кел- ген. Алда да солай бола береді. Қазақтың басына бақыт құсы қона береді. Күн сөнгенше сөнбейміз! Сауытбек АБДРАХМАНОВ Жолдауға жедел үнқату Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі. Елбасы Жолдауының қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер мен мəселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипат- талып отыр. Жолдаудың басты ерек- шелігі, Елбасының өзі айт- қандай, 30 дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қамтылып, бағыттары нақтыланып, айқындалып отыр. Экономиканың өсімі жылына 4 пайыздан кем бол- мауы міндеттелді. Ал егер, өсім 5-6 пайыздан жоғары болса, Стратегиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұ- рын қол жеткізетініміз атап көрсетілді. Сол себептен Мем- лекет басшысы осы Жолдауда саннан сапаға өту мəселесін ерекше атап өтті. Озық нанотех- нологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мəселесіне басымдық берілді. Біздің өңір үшін де маңызды болып табы- латын шағын жəне орта биз- нес, ауыл шаруашылығына жəне əлеуметтік салаларға, жұмыссыздықпен күреске ерек- ше тоқталды. Сонымен қатар, Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналу керектігі үшін қуанышты хабар бол- са, жергілікті билік үшін үлкен жауапкершілік. Ғылым, инфрақұрылымдар мен ло- гистиканы дамыту жайлы айтылған міндеттердің өңір үшін маңыздылығы тағы да дəлелденіп отыр. Жергілікті биліктің құзы- ретін күшейту керектігі жəне соған сəйкес сұраныстың да болатындығы − бұл да осы Жолдауда айтылған маңызды саяси шешімдердің бірі. Жолдау – мемлекеттік мекемелер үшін міндетті түрде орындалуға тиіс сая- си құжат. Облыс əкімдігі жүктелген міндеттерді орын- дау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Ал облыс тұрғындары биыл да бірлік мен ынтымақ арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін. ШЫМКЕНТ. Їлкен жауапкершілік жїктейді

Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

  • Upload
    others

  • View
    26

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

(Соңы 6-бетте).

Елдік мінбері

Тарих толқынында

№12 (28236)19 ҚАҢТАРЖЕКСЕНБІ2014 ЖЫЛ

(Арнаулы шығарылым)

Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің бюро мүшесі.

Əңгіме өзегі – Елбасы Нұрсұлтан Əбіш ұлы Назарбаевтың жылқы жылы жария етілген Қазақстан халқына Жол-дауы. Елбасы Жолдауы еліміздің да-муының ең басты құжатына айналып, қоғамның жетекші қозғаушы күші бо-лып қалыптасқаны, тұрмысымыз бен тір шілігіміздің көрнекті көрсеткіші болғаны туралы толғамдарымызды Аға

газет оқушыларының назарына салып, бұдан бұрынғы жолдаулар тұсындағы əңгімені жалғастыру ниетінде, əрі жаңа Жолдаудың кейбір айрықша ерекшеліктеріне де тоқталудың жөні келіп тұр.

Ең алдымен, жыл сайынғы Елбасы Жолдауының мемлекет өміріндегі айрықша орнын, оның ел өркендеуіндегі ықпалдылығын, халықтың əр жылы жаңа Жолдауды күтіп жүретіндігін атап өту орынды болмақ.

Екіншіден, Жолдау – Ата За-ң ы м ы з – К о н с т и т у ц и я н ы ң

талаптарын бұлжытпай орындау тəр-ті бін қалыптастырып, құқықтық мемле-кет орнатудың негізін қалаушы бір ден бір іргелі факторына, сондай-ақ өр-кениетті дəстүріне айналды.

Үшіншіден, Президент Жолдауы – халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, бүкіл елдің ынтымағы мен жасампаздығын ұйымдастыратын рухани басты құжат болып, тұрмысымызға, өмірімізге енді.

Жолдау арқылы елдің əл-ауқа-ты жақсарып, əлеуеті көтеріліп , ө м і р г е , а д а м д а р д ы ң , қ о ғ а м н ы ң

қа рым-қатынастарына жаңа көзқарас, жаңа сана қалыптаса бастады.

Сондықтан жыл сайынғы Қазақстан халқына Президент Жолдауының қоғам, мемлекет дамуындағы атқарар рөлі өте зор.

Экономикалық дағдарыс, дағдарыстан шыға бастаған алғашқы жылдар кезінде күнделікті тұрмысымызда мұқтаждық мол болғаны да көпшілігіміздің есінде. Уақыттың тездігі соншама – тіпті қазір дағдарысты көрмеген, ол туралы хаба-ры жоқ ұрпақ та есейіп, еңбекке ара-ласты. Қандай да дағдарыс əуелі өмір

сабағы, тағылым екендігін де ескергеніміз орынды болар. Дағдарыс сабақтарынан шығарған қорытынды болашақ дамуға септігін тигізетіні де болады. Сондықтан да сол жылдардағы жолдауларды сарап-тай қалсаңыз – халықтың тұрмысына тікелей мемлекеттік көмек, атап айтсақ – мəселен, ана мен балаға, мүгедектерге, тұрмысы төмен, асыраушысы жоқ отба-сыларына жəрдемақы сияқты мəселелер немесе əлеуметтік нысандар құрылысы сияқты кемістіктердің орнын толықтыру мəселелері қаралған. Олар өзінің оң нəтижелерін берді. Əсіресе, соңғы он екі жылда елімізде бұрын-соңды болмаған əлеуметтік жақсылықтар мен өзгерістерге қол жеткізе алдық.

Жылќы жылыныѕ жорыєы

Жалпы, ежелгі түркілердің «Мəңгілік ел» идеясын екі ма-ғынада алып қарастырған дұрыс. Біріншісі – кең мағынада, яғни біртұтас түркі елі немесе қаға-нат, бірнеше ұлыстар мен ру-тай палық мемлекеттерді бірік-тір ген ірі бірлестік, ал екіншісі – тар мағынада, яғни жекелеген түркі мемлекеттері немесе хан-дықтар мен ұлыстар. «Мəңгілік Ел» идеясының алғаш рет ма-нифест, яғни үндеу тұрғысынан жарияланғаны – кең мағыналық сипатта еді. Өйткені, ол кезде түркі жұрты – Ұлы Түркі қағанатын, яғни біртұтас елін құраған заман болатын.

Ежелгі түркілердің «Мəңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: оның бірін-шісі – көне түркі жазба ескерт-кіш теріндегі «Мəңгілік Ел» ма-ни фесі, екіншісі – əл-Фарабидің фи лософиялық шығармаларында, əсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-мето-дологиялық тұрғыдан тиянақ-та луы жəне үшіншісі – Жүсіп

Бала сағұнның осы идеяны негіз-де ген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бəрі бір-бірімен ты-ғыз байланысты, бір заманның жемісі жəне өзіне дейінгі баба-лар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мəңгілік Ел» идеясымен сабақтасады.

Тоныкөк ескерткішінде мем-лекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айты-лады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.

«МƏЅГІЛІК ЕЛ» ЖƏНЕ ЕЛБАСЫ

Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты ең бе гінде: «Егер біз мемлекет бол ғымыз келсе, өзіміздің мем лекеттігімізді ұзақ уақытқа мең зеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының не гізінде жатыр», де-ген еді. Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бо ла шақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мəңгілік Ел идея-сын – Қазақ елінің ұлттық идея сы ретінде жариялап отыр.

(Соңы 3-бетте).

(Əлеуметтік сұрау салудың қорытындысы туралы 8-беттен оқисыздар)

Бірінші бағана

«КЇН СҐНГЕНШЕ

СҐНБЕЙМІЗ!»Демалыс. Сенбі. Редакциядамыз.

Газеттің кезекті нөмірі дайында-лып жатыр. Жексенбіге. Елбасы Жолдауына бағышталған арнау-лы шығарылым ойластырдық. Неге? Жылда жасалатын, дəстүрге айналған Жолдау емес пе? Иə, жыл сайын жария етілетін Жолдау. Рет саны бойынша он сегізінші Жолдау . Нег і з інен алғанда «Қазақстан-2050» Стратегиясын əрі қарай тарата түсетін Жолдау деуге де болады. Соның өзінде де бұл Жолдаудың жөні бөлек.

Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін əрбір қазақ үшін, осы мемлекет-пен жанын жақындастырып, ой-арманын астастырып үлгерген əрбір қазақстандық үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған бұл жолғы сөзі ең ал-дымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арма-нын – əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем карта-сынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу арма-нын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтуымен, болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны – Мəңгілік Ел идеясын Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша аяулы, бөлекше бағалы.

Ел – халық сөзінің де, мемле-кет сөзінің де, ұлт сөзінің де бала-масы. «Адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Еуразия құр лығындағы халықтардың тағдырына орасан əсер ет -кен» (Н.Назарбаев), заманын-да көк тің жүзін тітіреткен көк түріктері ел болуды халық ретінде қалыптасудың, мемлекет ретінде мығымданудың, ұлт күйінде ұйысудың биік белесі деп білген. Осының бəрін біржолата бекіту үшін сол заманның өзінде басқа қонған бақыттың баяндылығын білдіретін философиялық катего-рия – Мəңгілік Ел ұғымын ойлап тапқан. Соны тасқа қашап тұрып, «МИНГУ ЕЛ» деп жазып кет-кен. Ежелгі түркілерден тараған барша халыққа бірдей түсінікті сөздер. Мұсылмандыққа бет бұрған ағайындар тұрмақ, тарихтың та-лайымен басқа діндерді ұстанатын сахалар, тувалар, марийлер де ет жүректі елжірететін Ел сөзінен екі елі ажырамай, өз елдерін Саха Эл, Эл Тыва, Марий Эл атаумен келеді. Солардың ішінде марий-лер Марий Эл атауын ресми алып та үлгерді. Демек, Ел – ұлы ұғым. Халық болып құралу, мемлекет құра алу, дербес тұра алу, ұлт болуға бет бұра алу – осының бəрі Ел болудың белестері. Тəубе, сол белестердің бірінен біріне абырой-мен асып келеміз. «Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық» – Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдаудағы осы сөзі бұл сапардың ұзаққа созыла-тынын, бұл жолдың алысқа бара-тынын білдіреді. «Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру əлдеқайда қиын. Бұл – əлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама» – Нұрсұлтан Назарбаев бұл сөздерді де Жолдауда айтты. Ескертті бəрімізге. «Мəңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек» дегенді де айтты біздің Елбасымыз. Қайрады бəрімізді.

Мəңгілік Ел болу бабаларыңның бабаларының бабалары арман-даған, аңсаған асыл мұратты балаларыңның балаларының ба-лалары ардақ тұтатындай мемле-кет орнату дегенді, енді ешқашан, ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін əрқашан, əрқашан əспеттейтін, үлгілі үрдістерін үстеген үстіне үстейтін, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халқының бақыты баянды болатын ел құру дегенді білдіреді. Алаш гимніне: «Енді Алашты ешкімнің Қорлығына бермейміз, Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп жазғанда қайран Сұлтанмахмұт осыны ойлаған. «Қазақстан-2050» – Мəңгілік Елге бастайтын ең абы-ройлы, ең мəртебелі жол. Осы жол-дан айнымайық, қадірлі халқым!» дегенде Елбасымыз да осыған шақырған.

Халқымыз Нұрсұлтан Назар-баев ты əу бастан-ақ ел бағына туған перзент деп сенген, екі тізгін, бір шылбырды қолына берген, адас-тырмас азаматым деп соңынан ерген, сөйтіп бүгінгі биігіне кел-ген. Алда да солай бола береді. Қазақтың басына бақыт құсы қона береді.

Күн сөнгенше сөнбейміз!Сауытбек АБДРАХМАНОВ

Жолдауға жедел үнқату

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ,Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі.

Е л б а с ы Ж о л д а у ы н ы ң қайсы сын алып қарасаңыз да, стра тегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер мен мəселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипат-талып отыр.

Жолдаудың басты ерек-шелігі, Елбасының өзі айт-қан дай, 30 дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қам тылып, бағыттары нақты ла нып, айқындалып отыр. Эконо миканың өсімі жылына 4 пайыздан кем бол-мауы міндеттелді. Ал егер, өсім 5-6 пайыздан жоғары

болса, Стратегиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұ-рын қол жеткізетініміз атап

көр сетілді. Сол себептен Мем -ле кет басшысы осы Жолдауда саннан сапаға өту мəселесін ерекше атап өтті. Озық нанотех-нология лар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мəселесіне басымдық берілді. Біздің өңір үшін де маңызды болып табы-латын шағын жəне орта биз-нес, ауыл шаруашылығына жəне əлеуметтік салаларға, жұмыссыздықпен күреске ерек-ше тоқталды.

Сонымен қатар, Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналу керектігі үшін қуанышты хабар бол-са, жергілікті билік үшін үлкен жауапкершілік. Ғылым,

инфрақұрылымдар мен ло-гистиканы дамыту жайлы айтылған міндеттердің өңір үшін маңыздылығы тағы да дəлелденіп отыр.

Жергілікті биліктің құзы-ре тін күшейту керектігі жəне соған сəйкес сұраныстың да бола тындығы − бұл да осы Жолдауда айтылған маңызды саяси шешімдердің бірі.

Жолдау – мемлекетт ік мекеме лер үшін міндетт і түрде орын далуға тиіс сая-си құжат. Облыс əкімдігі жүктелген міндеттерді орын-дау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Ал облыс тұрғындары биыл да бірлік мен ынтымақ арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін.

ШЫМКЕНТ.

Їлкен жауапкершілік жїктейді

Page 2: Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

19 қаңтар 2014 жылwww.egemen.kz2

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты.

Қазір ешқашан жəне де ешбір талас тудырмайтын бір тарихи ақиқат бар. Ол ақиқат – əлемдік қауымдастықта да, əлемдік саясатта да Қазақстанның лайықты орны да бар, өзіндік үні де бар. Жəне де кешегі кеңестік жүйе -нің илеуінен шыққан біздің ел үшін Тəуелсіздіктің жиырма екі жылын-да бүгінгідей экономикалық əлеуеті қуатты, алдында айқын бағыт-бағда ры бар, бір мақсат, бір мүддеге жұмыл-ған ынтымақшыл халқы бар жағдай-ға жетудің өзі оңай болмағаны да бар. «Тəуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуі-нен, беттен қағар желінің есуінен тайсал мауға тиіспіз», дегенді айта оты-рып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оңай болма са да бəрінің де орайын келтіре білді, келтіріп те келе жатыр. Бұл кім нің арқасы, бұл ненің арқасы?! Бұл ел бір-лігінің арқасы! Бұл Елба сы ның арқасы!

Еліміз өз тəуелсіздігін алған өтпелі кезең нің кедергілері мен бар қиыншы-лықта рынан біздің ел өз бетімен өте алмайды деген үрейлі бір сенімсіздіктің сол бір тұста көкейде тұрғандығын да несіне жасырайық. Құлдырап қалған шаруа, жұмысы тоқтап тұрған өндіріс, сөрелері қаңырап бос жатқан дүкендер мен күнде тиісті еңбекақылары мен зейнетақыларын сұрап, көшеде улап-шулап жүрген жасы да, жасамысы да бар халықтың да шайқалғанын да, қиналғанын да мына көз көрді. Елбасы осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, яғни жаңа саяси бағдарын белгілеп, Қазақ елін əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосуды басты мақсат ретінде алға тартқан жағдайда ойымызға осы жайдың еріксіз оралғаны да бар-ды.

Қазір жалпы адамзат баласы мен дүние мемлекеттері мына жаңа мінезі бар жаңа дəуір жəне де түрлі қауіп-қатерлері көп болмаса аз болмайтын ХХI ғасырдағы өз келешегі үшін қалғуды білмей ойланып отырған аса күрделі кезеңде «Мəңгілік Қазақстан» жоба-сы аталып отырған бұл Стратегияны белгілеу арқылы Нұрсұлтан Назарбаев тағы да өзінің кемел кемеңгерлігімен Қазақстан тағдырын кеңінен пішіп бере алды. Біз осы бір ойымызды

Елбасының биылғы Жолдауында айтқан: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын жəне үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сы-нала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, ем-тиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!», – деген осы бір пікірімен орайластыра айтқанды жөн деп санадық.

Бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясы бізге өз еліміздің болашағының тізгінін нық əрі берік ұстауымыз үшін қажет! Кей-кейде əр құрлықтарда көтеріліп жататын мына заманның дауылы мен дауы, мына дүниенің дүрбелеңі мен дүр мегі кездерінде өз бағыты мен ба-ратын айлағынан көз жазып қалмас үшін Елбасы бұл Стратегияны «айқын шам шырақ секілді» деп орынды əрі дəл атап көрсетті. Иə, бұл Стратегияны Ел-басы тағы да біздің еліміздің, жалпы қазақстандықтардың өмірін күннен-күнге, жылдан-жылға жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы екендігін атап көрсетумен бірге, «бірақ нарықтық жағдайда аспан-нан нəпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін əр кім-ақ түсінуі тиіс, дегенді де орынды айтты.

Елбасының Жолдауда айтқан осы бір ауыз сөзі Стратегияны жүзеге асыру үшін халқымызды еңбек етуге жұмылдырудың қаншалықты маңызды екендігін ұғындыра түсері бар. Жəне де Елбасы бұған дейін де Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам мəселесін де тегін қозғаған жоқ бола-тын. Бұл мəселені, яғни еңбек етуді, еңбек ете білуді жəне де сол еңбек ете білуге əр үйде өсіп келе жатқан бала-ларды баулу мəселесі де біздің ендігі басты бір жұмысымызға айналуы ке-рек. Əр отбасында, əр мектепте еңбек жəне еңбекке баулу идеологиясы болуы қажет. Осы орайда біз ендігі арада мал бағу біздің ата кəсібіміз екендігін, мал баға білу де таптырмас кəсіп екендігін санаға қайыра сіңіретін кезеңге келіп тұрмыз. Мұны ұғынуға тиістіміз. Мал бағудан ендігі арада арланудың да, оған қорланудың да қажеті жоқ. Мал бағу – үлкен еңбек! Тіпті, өнер десе де болғандай! «Қазақстан ет жəне сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс», дегенді Елбасы Жолдауда атап көрсете отырып, біздің

ауылдарымыздың да, фермерлеріміздің де үлкен болашағы бар екендігін нақтылы бір ойлармен тұжырымдады.

Қазақстанның агроөнеркəсіп кешенін инновациялық бағытқа түс іру д ің маңыз дылығын айта келіп Елбасы бұл секторға инвести-ция көбірек салынатындығын, соған сəйкес ендігі арада бүгінгі фермер-лер өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиістілігін де атап көрсетпей қалмады. «Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бəсеке өсе беретін бо-лады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технология ларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыра-тындар, жұмысын əлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек», деген Елбасының бұл айтқандарының аса терең, тіпті өмірлік маңызы бар екендігін атап көрсетер едік. Өйткені, Елбасы «болашақ – аграрлық секторда» дегенді нықтап та, нақтылап та айтты! Бұл саланың алдағы міндеттері ескеріле келіп Мемлекет басшысы Үкіметке агроөнеркəсіп кешенін дамыту жос -парына түзету енгізуді де тапсырды. Жолдаудағы осы айтылған жайларды біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауыл шынында да біздің алтын бесігімізге айналуы керек деген парасатты ойының түйіні деп таныдық.

Елбасы Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасына сəйкес алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары бойынша шешілуге тиісті біраз мəселені нақтылы атап көрсетуі арқылы қазірден болашаққа жол салар міндеттерді айқындап беріп отыр. Мына қараңыз, инновациялық индустрияландыру трендін түзеу жəне күшейте түсу, сол индустрияландыру басымдықтарының санын шектеу, дəстүрлі өндіруші сектор-лар тиімділігін арттыруды біздің əлемдік бəсекедегі табиғи артықшылықтарымыз деп қарастырылады.

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген ұран көтеріліп отырғандығын да аңдағанымыз абзал. Ендігі арада би-ылдан бастап 2050-ге дейінгі қалған жылдары жеті бесжылдыққа бөлініп, əр бесжылдығы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру мəселесін шешетін Жолдауда айтылған нақтылы істерді жүзеге асыру жəне де сол бір мақсатты бір мүдденің, бір ғана болашағымыздың, «Мəңгілік Ел болу» болашағының ұлы міндет екендігін Елбасыдай айқын сезіне білу жəне оның ұлы жауапкершілігін де Елбасыдай арқалай білу де ел Тəуелсіздігінің тағдырын тереңінен ойлай білер əр саналының парызы болса керек-ті.

Бүгінгі жаһандану үрдісіне сəйкес Қазақстанды «жасыл экономикаға» көшіру жөніндегі тұжырымдамаға сəйкес, энергетиканың дəстүрлі түрлерін дамыту, жылу-электр станса-ларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа техноло-гиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажеттілігін жəне де Еуроодақтың əйгілі «жасыл экономиканы» жүзеге асырған төрт жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтқандығын, бұл келіп біздің елімізде солардың осы қателіктерін ескеруіміз керектігін де Елбасы орынды əрі дер кезінде айтты.

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өтк і зуге дайындық барысында болашақтың энергиясын іздеу жəне жа-сау жөніндегі озық əлемдік тəжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек», деп Елбасының айтқаны бойынша маман-дар тобы Назарбаев Университетінің қолдауымен осы жұмысқа кірісе оты-рып, Қазақстанның «жасыл энерге-тика» жөніндегі бастамасының да əлемдік өркениетке берері мол болары-на сенеміз. «Сонымен қатар, ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Əлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндіруде əлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом станса-сын салуға тиіспіз», деген Елбасының осы айтқанын ендігі арада байбалам салмай-ақ орындауға кірісетін кез келген сыңайлы. Қазақстанда АЭС салу мəселесі жайлы түрлі пікірлердің бар екендігі де анық. Кезінде атом қаруының сынақ алаңына айналып келген елдің бойында əлі де болса атомның үрей синдромының бар бо-луы да заңды. Бірақ ол атом қаруын сынау мен АЭС салудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін де ойлай отырайық. Қазір жыл сайын жетілдіріліп келе жатқан АЭС салу технологиясын пайдалана білсек, Қазақстан да атом энергетикасын жолға қою арқылы ХХІ ғасырдың ин-дустрияландыру революциясынан да жеңімпаз болып шығарына да, арзан қуат алуға да жол ашамыз.

Қазақстанның əлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу міндетін екі кезеңде жүзеге асыру белгіленіп, осы екі кезеңнің біріншісі 2030 жылға дейін гі кезеңді қамтиды. «Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асы-руы қажет. Мұны іске асыруға əбден болады», деп Елбасының жігер бере сөйлеуі барша қазақстандықтардың күш-жігер, ынта əлеуетіне толық сеніп отырғандығы деп қабылданары да бар. Ал енді 2030-2050 жылдар аралығын қамтитын екінші кезең еліміздің ғылыми қамтымды жəне «жасыл экономика»

қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ете отырып, қуатты өңдеуші өнеркəсіп қалыптастыру жəне де дəстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылмақшы. Елбасы осы істерді қалай бастау керектігі жайлы да айтып, биылдан бастап атқарылуға тиіс шаралар негізінде Үкімет пен Ұлттық Банкке нақтылы жеті тапсырма да берді. Бұл жеті тапсырманың бəрінің де Мəңгілік Ел болашағын бүгіннен бас-тап айқындай түсудегі зор маңызы бар екендігі де сөзсіз.

«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн!» – Елбасы осылай деді! Бұл – аталы сөз! Ел мен мемлекет мүддесін, тəуелсіздік тағдырын бəрінен де жоғары қояр болсақ, біз Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясатының талабын заманның өзі алдымызға тартып отырғандығын ұғына түскеніміз де абзал. Жəне де үш тілді саясат біздің халық есебінде сақталып қалуымыздың, ендігі өсіп келе жатқан ұрпағымыздың өзгелерге тəуелді болып қалмауының кепілі ме деп те ойлаймын. Ендігі ұрпақ үш тіл біліп жатса, олардың ендігі тағдыры сол үш тілге байланысты болмақшы. Əрине, бірақ əр қазақ үшін өз ана тілі бəрінен де жоғары тұруға тиісті. Біз қазақ де-ген халықтың перзентіміз. Елге деген құрмет, өз Отаныңа деген сүйіспеншілік те əуелі өз тіліңмен қалыптасарын да ойлай жүрейік. «Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ақын Қадырдың осы бір айтқанына сай өз тіліңді құрметтеу жағының басымырақ жатқаны да абзал.

Түс іне б ілсек , Мəңг іл ік Ел болу мəселесі бұл біздің де, бізден кейінгілердің айтар мəңгілік əңгімесі, біздің өз ұрпақтарымызға айта жүрер де, қалдырар да мəңгілік аманатымыз бо-луы керек. Дəл осы арада бұрын осы біз дегеніңіз «бізде ұлттық идеология жоқ» деп байбалам салатындығымыз ойға да оралғаны болды. Міне, Елбасының осы айтып отырған Мəңгілік Ел болу мəселесі ендігі біздің ұлттық идеологиямыздың ендігі басты тақырыбы деп білуіміз керек. Енді сол тақырыпты тарқатып жаза да, айта да білуіміз қажет. Ел Тəуелсіздігі, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаса да қол жеткізе алмай кеткен осы Тəуелсіздігімізді нығайту, осы Тəуелсіздікті уыстан шығарып алмай ұстап тұру – бұл басты парызымыз!

«Мəңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық», деген Нұрсұлтан Назарбаевтың жан толқытарлық бұл сөзі əрқайсымыздың санамыздан берік орын алып, жүрегімізде жазылып, сақталып тұруға тиісті.

Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Нұрсұлтан Əбішұлы Назар-баевтың Жолдауындағы Мəңгілік Ел болу мəселесі жəне сол жолда атқарылуға тиісті іс-шаралардың бəрі де ең əуелі халқымыздың санасына терең сіңірілуі керек. Осы жайларды санаға сіңіре білсек, əркімнің мемле-кет алдындағы, өз ұлтының алдындағы жауапкершілігі де арта түсер еді. Мəңгілік Ел болып қалу үшін Елбасы не істеу керектігін де айтып, осы ұлы мұраттар жолындағы істі бастап та берді. Елді индустрияландыру, жа-сыл энергетикаға көшу, еңбек ету, тіліміз бен дінімізге берік болу, елдің тыныштығын сақтау, көрші елдермен татулық қарым-қатынас жасау, жас ұрпақты бабалар өсиетімен тəрбиелеу, оларға терең білім беру, ғылымды да-мыту сияқты өзге де маңызды міндеттер тұр алдымызда. Қазір қалғитын заман емес, бос сөз, берекесіз іспен айналыса-тын заман емес, бақ-дəулет таластыра-тын заман емес, ашылып, шашылып, ас та төк төгіліп дарақыланатын да заман емес. Елім десең сəт сайын айналаңа ойлы көзбен қарайтын заман, еңбек ететін заман!

МЫҒЫМ МЕМЛЕКЕТТІҢ Омархан ӨКСІКБАЕВ,Парламент Мəжілісінің депутаты:

– Елбасымыз елі-міздің болашақтағы жо-лын нақтылайтын, ай -қындайтын Жолдауын жасады. Мем ле кет бас-шысының əр мə селе, əр салаға бай ла ныс ты бер-ген тапсыр ма ла ры өте орынды деп есеп тей мін. Əсіресе, эко но мика лық дамуда ғылымның ала-тын орны, атқаратын

қызметі ерекше, сондықтан да индус трияны ғылыми негізде дамыту күн тəртібіне қойы-лып отыр.

Президент Үкімет пен мемлекеттік орган-дарға шағын жəне орта бизнесті дамытып, оның ІЖӨ-дегі үлесін 50 пайызға дейін жет-кізуге тапсырма берді. Рас, дамыған ел-дерде осы саланың ІЖӨ-дегі үлес салмағы жоғары. Алдағы кезеңдерде біздің еліміз де осы деңгейге жетіп қалар деген үмітіміз бар. Сон дай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қаржы институттарына дамыту жолдарын, оның тұжырымдамасын дайындауды да тап-сырды. Жалпы, бұл Жолдау еліміздің эконо-микасын дамытып, халықтың əл-ауқатын əрі қарай арттыруға жаңаша серпін береді деп есептеймін.

Əсима БИМЕНДИНА,Парламент Мəжілісінің депутаты:

– Əр жыл сайын халық күтетін Жолдауды тыңдадық. Бұл – ел өмі -ріндегі ерекше бір бе-лес. Өйткені, ол – бар-ша қазақстандықтардың өмі ріне, болашағына қатысты мəнді құжат. Ер-теңінің бағытын, жүре -тін жолын, өсу жолын-дағы мұратын анық білген елдердің қандай жеңістерге жеткенін тарихтан білеміз. Біздің еліміз тəуелсіздігіне енді қол жеткізіп жатқанда алдағы 30 жы-лын ойласа, енді жүрісін дұрыстап, тынысын жөндеп алғанда Мəңгілік Ел деген мұратты алға қойып отыр. Мəңгілік Ел деген халықтың жағдайы, Мəңгілік Ел деген елдің өрлеуі, Мəңгілік Ел деген шексіз жарқын өмір.

Əрине, депутаттыққа білім саласынан кеше ғана келгендіктен, Елбасы аузынан осы ғылым-білімге қатысты айтқан сөздер жаны-ма жақын. Балабақшадан бастап, мектептер, жоғары оқу орындарының болашағы, студент-тер стипендия сы, ғылымның дамуы, кəсіптік білімді қалай беру керек осылардың барлығын жіліктеп айтып берді.

Жолдау барлық қазақстандықтар алдына үлкен міндет қойып отыр. Үлкен жұмыстар басталады. Осы жерде менің бірінші назар аударғым келетіні, ол – бүгінгі Жолдаудың халыққа жетуі. Оның байыбына жетіп түсіну, сезініп, тереңіне бойлап, бар болмыспен қабылдай отырып, алға қойған мақсат үшін жұмылу маңызды. Сондықтан, бірінші кезек-те халыққа барлығын айтып түсіндіру міндет.

Елбасы 7 бесжылдық туралы айтты. Олардың əрқайсысында атқарылатын жұмыстарды белгілеп берді. Ал оларды сол жоспарланған жолмен орындап шықсақ, Мəңгілік Ел үшін қызмет жасаған боламыз.

Ерлан СЫДЫҚОВ,Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:

– Елбасының би ыл -ғы Жолдауының маңы-зы ерекше. Мə селен, эко но микамыз ды дамы-тудың, əл-ауқа ты мыз-ды арттырудың, 2050 жылға қарай əлемдегі 30 озық мемлекеттің қатарына қосылудың басты факторы – ғы-лым. Президент міне,

осыны, яғни ғы лым ды индустрияға жеткізу, ғылымды өндіріске апару мəселесін баса айт-ты. Бұл салада тек ғалымдардың ғана күші емес, өндірістің, индустрия өкілдерінің күш-қайраты керек. Олар да ғылымға қарай қадам жасауы тиіс. Осы екі ортада тығыз байланыс болу керектігі айтылды.

Бұл салада ғылыми орталықтарда, белді университеттерде, оның ішінде Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде де белгілі бір деңгейде жұмыстар жүргізіліп жа-тыр. Біздің инновациялық парктеріміз, түрлі ғылыми жобаларымыз ғылымның қатысуын қажет ететін үлкен-үлкен мəселелердің шешімін табуға бағытталып отыр. Міне, осыған өнеркəсіп орындары мен индустрия өкілдері келіп, өздерінің қажетін алып жататын болса, одан екі жақ та ұтады. Себебі, ғылым араласпаған жерде өсу де, ілгерілеушілік те жоқ. Оны Президент жақсылап тұрып, жіліктеп шағып айтып берді. Демек, ғылым араласа-тын болса, кез келген өндірістің шығаратын өнімінің саны да артады, сапасы да артады.

Президент атап өткен тағы бір мəселе – стипендияның өсуі. Яғни, 2016 жылдан бастап, стипендия көтерілуі керек. Ол үрдіс одан əрі жалғасын таба беретін болады. Бұл студент қауымға, Қазақстанның болашағына, интел-лектуалды болашағына құйылған инвестиция, үлкен қолдау деп түсіну керек.

Жолдауға жедел үнқосу

баян етілген Елбасы Жолдауы

Ќазаќстан жолы – жаѕєыру жолы

«Қазақстан-2050» – Мəңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мəртебелі жол. Осы жолдан айнымайық!

(Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан).

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».

Алқа жұмысына Прези -дент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қ о ж а м ж а р о в , П р е з и д е н т Ə к і м ш і л і г і н і ң ж а у а п т ы

қыз мет керлері, Бас про куратура орталық аппаратының, Құ-қықтық статистика жəне ар-найы есепке алу жөніндегі комитетінің, Бас əскери жəне Бас көлік прокуратураларының қызметкерлері , облыс тық жəне оларға теңесті рілген

про курорлар, бейне кон ферен -циялық байланыс режімінде облыстық, қалалық жəне аудандық деңгейдегі прокура-туралар қызметкерлері қатысты.

Алқада Бас прокурор мем-ле кеттік аппарат пен құқық қор ғау органдарының алдына Президент Нұрсұлтан Назар-баев қойған стратегиялық мін-дет терді жеткізді. Асхат Дауыл-баев барлық жеке құрамға

бағ дарламалық құжаттың ере-же лерін мұқият зерделеуді, Жол дау да көрсетілген тапсыр -малар ды жүзеге асыру жөнін -дегі іс-шаралар жоспарын əзір-леу бойын ша жұмыс тобын құ руды тап сырды. Сондай-ақ, жина лыста про куратура ор ган-дарының өткен жылғы жұмыс қорытындылары талқы ланды, Президент берген тапсырмалар-ды ескере отырып, қыз меттің

алдағы кезеңге ар нал ған негізгі бағыттары айқындалды.

Бұдан кейін сөз сөйлеген Қа уіпсіздік Кеңесінің хатшы-сы Қайрат Қожамжаров, құ қық қорғау органдарының тиім -ділігін, заңдылық пен құқық -тық тəртіптің деңгейін одан əрі арттыру, шиеленісті жағ-дай ларды ескерту жəне экс тре -мизм мен терроризмге тосқауыл қоюдың ұтымды тетік терін əзірлеу жөніндегі Мем лекет басшысының тапсыр ма ларын орындаудағы про к ура тураның

үйлестірушілік рөлін атап көрсете отырып, «Қазақстан-2050» Стра -тегиясын жүзеге асырудағы қада-ға лау органдары жұмысының ба сым бағыттарын белгіледі. Мə жіліс барысында заңдылық-тың жай-күйі жəне прокурор лық қадағалаудың əртүрлі қыр ла-ры егжей-тегжейлі талқыла нып, шешімін табуы тиіс про бле ма-лық мəселелер көтерілді, алдағы кезеңге арналған басым бағыт-тар айқындалды.

(Соңы 7-бетте).

ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАЄАН МІНДЕТТЕРМемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған

Жолдауынан кейін Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мəжілісі болды.

Page 3: Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

19 қаңтар 2014 жыл www.egemen.kz 3

МЕРЕЙЛІ МҰРАТЫ Нұртай САБИЛЬЯНОВ,Парламент Мəжілісінің депутаты:

– Президентіміздің əр Жолдауы халық үшін де, мемлекет үшін де өте маңызды. Өйткені, осы жолдаулар арқылы біз еліміздің əлеуметтік-экономикалық жағ да-йын жақсартуға мүм-кіндік аламыз. Бүгінгі Жолдауда көрсетілген ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерге көмектесу, оларға тиісті қолайлы жағдайлар жасау ауылдардағы, елді мекендердегі кəсіпкерлікпен айналысамын дегендерге үлкен қолдау болады деп ойлаймын.

Елбасымыз, сондай-ақ шағын жəне орта бизнесті дамыту жөнінде өте жақсы баста-ма көтерді, ұсыныстар айтты. Бұл – əр адам еңбектенуі үшін, кəсіпкерлікпен айналысуы үшін оларға қолайлы жағдай жасау қажет де-ген сөз. Егер əр адам еңбегіне қарай, кəсібіне қарай еңбекақысын алып отыратын болса, бұл да қоғамның дамуы деп ойлаймын. Ең бастысы, ауылдағы шаруа қожалықтарына, кəсіпкерлерге жеңілдетілген несие мəселесі шешілген жағдайда, елімізде шағын жəне орта бизнес қанатын кең жаятын болады.

Қазіргі кезде несие беретін делдалдар көбейіп кетті. Елбасы несиені делдалдар арқылы емес, тікелей алу мəселесін шешу қажеттігін айтты. Бұл өте дұрыс. Себебі, дел-далдар арқылы алған несиенің жылдық үстемесі бүгінде 17-20 пайызға дейін жетіп отыр. Ол 6-7 пайыздан артпауы тиіс.

Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА,Мəжіліс депутаты, Қаржы жəне бюджет комитетінің төрайымы:

– Қазақстан Респуб-ликасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қа-зақстан халқына арнаған биылғы Жолдауындағы міндеттерді бір-бірінен ажыратып алып қарауға болмайды. Өйткені, алға қойылған межелер бір-бірімен тығыз байла-ныс ты. Ең бастысы, онда болашақты бағдарлаған

нақты мақсаттар көрініс тапқан. Əрине, мұның барлығы жастардың болашағы

үшін жасалып отырғаны түсінікті. Бір жағынан қарағанда, барлығы да қолда қазір бола қалуы тиіс сияқты, бірақ екінші жағынан қайда бара жатқаныңды білмей, бір күндікпен өмір сүруге болмайды. Алыс қашықтыққа жету үшін де ал-дымен күшімізді сынап, қай жерге дейін жететін мүмкіндігіміз барлығын біліп алуымыз керек.

Осы тұрғыдан келгенде, Нұрсұлтан Əбішұлы мемлекетімізді дамыту үшін не істеу қажеттігін айқындап беріп отыр. Тəуел сіздігімізді сақтап, озып кеткен елдердің артынан шаң қауып қал-мауымыз үшін солардың қателіктерінен тиісті қорытынды шығара отырып, даму жолына түсуіміз қажеттігіне ерекше екпін берілді. Əрбір жас демократиялық дамыған елде өмір сүруге құштар болса, сол ортаны Қазақстанда ор натуға əрбір жастың мүмкіндіктері болуы тиіс.

Оңалбай АЯШЕВ,Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, облыстық мəслихат депутаты:

– Мемлекет басшы-сы Н.Ə.Назарбаевтың биылғы Жолдауы «Қа-зақстан-2050» Стра-тегиясынан туындайтын міндеттерді жан-жақты айқындап берген құжат болды. Əсіресе, қоғамды алаңдатып келген қазақ тілінің мəселесіне екпін беруі өте орынды болды деп ойлаймын. Өйткені, қазіргі кезде мемлекеттік тілге деген сұраныс жыл санап артып келеді. Менің ойымша, мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық аздық етуі де мүмкін. Сондықтан да өздігінен қазақ тілін меңгеріп алғысы келетіндер үшін де əдістемелік құралдарды шығара беруіміз қажет. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік Тіл болды. Бұл мəселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деген Елбасы шынында да сөзден іске көшетін кез келгендігін меңзеді. Естеріңізде болса, Президент бұған дейінгі сөздерінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», деп келсе, қазір тілдің болашағы жарқын боларын нық сеніммен айтып отыр.

Ғани ҚАСЫМОВ,«Қазақстан патриоттарыпартиясының» жетекшісі:

– Мені Жолдау дың əсіресе, ел тұр ғын да-рының əлеуметтік ахуа-лы жақсаруына қа-тысты ақпарат қатты толқытты əрі қуантты да. Ең бастысы, əрине, жалақы деңгейінің өсімі. Мемлекет басшысы екі қолға жұмыс таба ал-май жүргендерге на-

зар аударуды ұсынды. Əсіресе, мүгедектер, жəрдемақыға өмір сүріп келе жатқан жəне өзге де жандарға жұмыс беру қажеттігіне тоқталды. Ал олардың саны 600 мыңға жетіп отыр. Бұл өте орынды ұсыныс деп санаймын. Сонда ғана қорғансыз қалған жандарға лайықты жағдай жасай аламыз. Біраз жылдардан бері жалақы деңгейі өспей келеді, тиісінше, инфляция қарқын алып барады. Ендігі жерде жалақыны өсіру инфляцияның орнын жауып қана қоймай, азаматтардың еркін тыныс алуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, ғылым мен инновация сала-сына мəн берілді. Бұл салаға біраздан бері онша жіті көңіл бөле алмай келе жатырмыз. Негізінен, ғылым өндірісімізді өркендетіп, өзіндік құны төмен тауарларды өндіруге оң ықпал беретін болады деп ойлаймын.

Жолдауға жедел үнқосу

Жедел сұхбат

ел халқын дүр сілкіндірді

– Светлана Жақияқызы, қасиетті жұма күні Тəуелсіздік сарайында тағы бір тарихи құжат – Елбасының Қазақ -стан халқына арнаған кезек-ті Жолдауы жария етіл ді. Осыған байланыс ты алғашқы əсерлеріңізбен бөлі сіп, биыл -ғы Жолдаудың негізгі басым-дықтарын атап өтсеңіз.

– Əлмисақтан əмбеге аян ақиқат – ел дамуының басты тұғыры – экономика. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясын нақты жүзеге асырудың барлық салалардағы таяу мерзімдегі жəне ұзақмерзімдік міндеттері мен мақсаттарын айқындаған стратегиялық құжат болып

табылады. Елбасы өзінің Жолдауында «Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік ж о с п а р л а у м е н , т ұ р а қ т ы экономикалық өсумен айна-лысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын жəне үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы... Стратегияны мүлтіксіз орын дап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!» деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысы ха-лық на зарына ұсынған осы бір стра тегиялық бағдар ла-ма сында еліміздің 2050 жыл-ға дейін гі экономикалық-əлеу меттік да му ке зеңдерін жеті бес жыл дыққа бөліп, кезең-кезеңмен атқарылатын

ке шенді міндеттерді сарала-ды. Бұл жеті бесжылдықтың əрқайсысы еліміздің əлемдегі ең дамыған 30 мемлекетінің құрамына кіру жөніндегі биік мақсатқа жету жолындағы ортақ міндетті ойдағыдай іс-жүзіне асыру белестері болмақ. Қазір елімізді дамытудың үдеме-лі ин дустриялық-инновация -лық бағ дарламасының алғаш-қы бес жылдығының қорытын-ды жылында тұрмыз. Бірінші бесжылдықта атқарылған ша-ралар ауқымы үлкен. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында келесі – екінші жəне одан кейінгі бесжылдықтарда атқа-рылатын нақты міндеттер ауқы-мын айқындады. Бұл бесжыл-дықтарда мо биль ді, мульти-медиялық, нано жəне ғарыштық технологиялар, роботты техни-ка, гендік инжинерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салуға ерек-ше мəн берілмек.

– Жолдауда қазақ стан дық-тардың тұрмыс жағ да й ын жақсартып, өмір сүру дə ре-жесін арттыру мəсе ле ле ріне ерекше мəн берілді. Осы орай-дағы пікі рі ңіз қан дай?

– Елбасы барлық жолдау -ларында халықтың өмір са-пасын арттыруды бірінші ке-зекке қояды. Кейбір ретте ел арасында осы ұзақмерзімдік бағдарламалар қабылдаудан гөрі елдің бүгінгі тұрмыс жағдайын жақсартатын мə-селелерді күн тəртібіне қойса дұрыс болар еді деген пікірлер де айтылып қалады. Ақиқатына

келсек, «Қазақстан-2030», «Қа-зақстан-2050» Стратегиялық бағдарламаларының негізгі мақсаты да халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсартып, өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Ол туралы Жолдауда «Стратегия – күннен-күнге, жылдан-жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдар -ламасы» деп атап көрсетілген. Мемлекет басшысының ал-дымызға қойып отырған еліміз-дің əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі жос пары да осы халқымыздың өмір сапасын жақсарту мақ-сатындағы көкейкесті ойлар-дан туған. Жолдауда атап көрсетілгеніндей, осы биік межеге жету үшін Елбасы ел Үкіметінің алдына нақты тұжырымдама жобасын жасау жөнінде міндет қойды.

– Жолдауда азаматтық қыз мет ші лердің еңбекақысын тағайындаудың жаңа үлгісін əзірлеу мəселесі күн тəр ті біне қойылды. Бұл шын мəнін де əлеуметтік сала қызмет кер ле -рінің жалақысын елеулі түрде көтеруге жол ашады емес пе?

– Осы уақытқа дейін мұға-л імдердің , дəр ігерлердің жəне əлеуметтік сала қыз мет-керлерінің жалақысын бел-гілеу мəселесінде түсініксіз жағдайлардың орын алып келгендігі жасырын емес. Б и ы л ғ ы Ж о л д а у б о й ы н -ша 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, елімізде азаматтық қызметшілердің еңбекақысын белгілеудің жаңа үлгісі енгі-зілетін болды. Яғни, 2015 жылдың 1 шілдесінен денсау-лық сақтау саласы қызмет кер-лерінің еңбекақысы 28 пайызға дейін, білім беру саласы қыз-меткерлерінің еңбекақысы 29 пайызға дейін, Əлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға дейін өсірілетін азаматтық қыз мет-шілер еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі. Бұл көпшіліктің көңілінен шығатын, көптен күткен игі қадам болмақ.

Сонымен бірге, бұл Жол-дауда мүмкін дігі шектеулі

азаматтардың тұрмыс жағдайын көтеруге байланысты кешенді міндеттерді шешу мəселесі көтерілді. Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда « . . .мүмк інд і г і шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедер-гі сіз аймаққа айналуы тиіс», – деп атап көрсетті. Ендігі уақыт та мүмкіндігі шектеулі адам дарға тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнер кəсібі, ауыл шаруашылығы кəсіп -орындарында жұмысқа орнала-су үшін барлық мүмкіндіктер жа-салатын болады. Елбасы барлық кəсіпкерлер мен биз несмендерді мүмкіндігі шектеулі аза маттарға қамқорлық көрсетуге шақырды.

– Жолдауда еліміздің ұлттық идеясының тұғы-рына айналатын «Мəңгілік Ел» Патриоттық актісін əзір-леп, қабылдау мəселесі атап көрсетілді. «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы төңірегіндегі ойыңыз қандай?

– Шындығында да көпші-лік арасында еліміздің ұлттық идеясы туралы əртүрлі пікір-лер үнемі айтылып келеді. Тұңғыш Президентіміз өзінің парасаттылығы мен даналығын осы жолы тағы бір айқын паш етті. Ол кейбіреулер əр саққа жүгіртіп, əңгіме туындатып жүрген ұлттық идеямыздың тұғырын бұлжытпай айқын-дап берді. Ата-бабамыз арман-даған Тəуелсіздігімізді баян-ды етіп, елімізді өркениет биігіндегі елдердің алдыңғы қатардағы шоғырынан көретін болсақ, ұлттық идеямыздың орындалғаны емес пе. Мəңгілік Ел болудан артық қандай мақсат, қандай арман болуға тиіс. Мемлекет басшысы бар-лық қазақстандықтарды бір мақсатқа жұмылдыратын ұлт-тық идеяның жеті тұғырын бел-гілеп берді. Ендігі міндет – осы жеті кешенді міндетті іс жүзіне асыру мақсатында жұмыла еңбек етіп, бірлігімізді берік, берекемізді баянды ете беру баршамыздың басты парызы-мыз болмақ.

ƏңгімелескенЖылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Барыс бейнелі болашаққа баянды бағыт ұстаған тəуелсіз Қазақстан жаңа тарихында өзінің əлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа сапалық кезеңіне өтті. Оның шынайы дəйектемесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауынан нақты көрініс тапты. Қалыптасқан мемлекеттің жаңаша дамуына бастаған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың қазіргі жəне ұзақмерзімдік нақты жоспарын айқындаған бұл тарихи Жолдаудың басты идеясы – Қазақстанның болашағына деген нық сенім. Елбасының осы кезекті Жолдауы жарияланғаннан кейін алғашқы əсерлерімен бөлісу мақсатында Парламент Сенатының депутаты Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВАНЫ əңгімеге тартқан едік.

Дамуымыздыѕ ертеѕін айќындады

(Соңы. Басы 1-бетте).

Осының бəрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мəңгілік Ел» ұғымы, тəуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.

Көне түркі жазба ескерткіштерін алып қарастырсақ, біріншіден, олардың заттық, яғни материалдық сипатқа ие бо-лып, еркіндік, азаттық пен тəуелсіздіктің нышандарын айғақтайтын мемлекеттік рəміздер белгілерін көруге болады. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің ұшар басы бөрі бейнелі бесбұрышты қалқан түрінде ойылуы кездейсоқ емес. Көк бөрі түркі халықтарының ежелгі тотемдік на-нымына негізделгендігі белгілі. Түркілер əулетінің негізін қалаған Ашина Алтай тауына қоныс тепкеннен кейін, «өзінің тегін ұмытпайтындығын елге жария ету үшін қақпасына қасқыр басты туын іліп қойды», делінген қытай жылна-маларында. Толық бөрі бейнесін оның басы арқылы беру «тұтастықты бөлшек арқылы беру» деген ғылыми принципіне негізделген. Мұндағы бөрі бейнесі көркемдік емес, саяси-əлеуметтік, яғни елдік пен еркіндікті, тəуелсіздік пен азаттықты айшықтайтын тудың рəміздік нышаны. Бөрінің бейнесі көптеген түркі тайпалары мен руларының таңбасы болған. Қазір де кейбір түркітілдес халықтар қауымдастығының рəмізі ретінде қолданыста.

Л.Н.Гумилев те Орхон-Енисей ескерт -кіштеріне талдау жасағанда руника лық жазулар эпитафиялық емес, публицис-тикалық сипатта деп жаңа бір пікірді білдірген болатын: «үш жазудың мəтін -дері де түркілердің барлық қоғам мүше -ле ріне үндеу тұрғысында айтылған, оның өзінде ештеңемен бүркемелемей, халықты сендіргісі келеді. Ендеше, жазу – үндеу, ондағы берілген материал таңдап алынған. Мұндай жанрдың болуы ның өзі сөздің түркі қоғамында нақты күш екендігін көрсетеді. Олай болса, дамыған қоғам жəне қоғамдық пікір де бар». Ендеше, бұдан шығатын қоры тынды: «Мəңгілік Ел» – көне түркі жазба ескерт -кіштерінде Ұлы Түркі қағана ты мемле -кетінің манифесі ретінде жария етілген.

Əл-Фараби ежелгі грек философия-сы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мəңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді.

Ғалым «Мəңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары тура-лы», «Азаматтық сая сат», «Мем лекет билеушінің нақыл сөздері» шығар-маларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсі нушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тəрбие мен тəлім – Əл-Фарабидің тұтас əлеуметтік-саяси теориясының ажыра мас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы əлеуметтік-саяси тео-риясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері ашыл-ды. Сондықтан, бұлардың бəрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс.

Фараби мемлекеттің міндетін жəне оның ішкі жəне сыртқы міндеттерін

толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шаралар-ды іске асыру керек: олар – əділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тəрбиелеу, қайырымдылықты тара-ту жəне ең жақсы бақытқа жеткізетін əдеттерд і бойға с ің іру . Қалған мəселелердің бəрі – экономикалық жəне саяси мəселелер – негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тəуелді.

«Құтты б іл ік» дастаны орта ғасырларда өркениетті ел болған Қарахан əулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылда-ры Баласағұн қаласында бастап, он

сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қарахан əулеті билік жүргізген дəуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тəртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толты-ру мақсатымен Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, əлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, əскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің əл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Жүсіп Баласағұн дастанда патшалар мен уəзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, əскербасылар мен нөкерлердің, тəуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дəрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады.

Əрине, «Мəңгілік Ел» идеясының негіздерін Елбасы Жолдауынан кейін жедеғабыл жазылған газет мақаласында толық ғылыми талдау мүмкін емес.

Біз оны тезистік тұрғыдан қысқаша баяндауға тырыстық. Бұл мəселе кейін үлкен ғылыми жобаларда зерттелуі тиіс.

Түркі мемлекеттерінің сабақтастығын жекелеген хандықтар құрылған за-манда жалғастырған тұлғалар: Қасым хан, Есім хан, Тəуке хан, Абылай хан мен соңғы Кенесары хан еді. Таяуда елордалық жастардың «Жас азамат» ұйымы Астананың «Жастар» шағын ауданы аумағында орналасқан көне қорымнан хан Кененің ел тəуелсіздігі үшін жанын қиған 200 сарбазының рухы-на арнап қойылған көне құлпытасты тап-ты. Қабір басына тұрғызылған тастағы мəтін де, сол көне түркілердің тас бітіктеріндегі эпитафиялық мəтіндерге өте ұқсас болып келеді.

Абылай хан дүниеден озар алдын-да Бұқар жыраумен қоштасып жатып: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, ау-зын нанға сүйегенім жоқ, бұл – бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ, екі. Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қатын құнымен бір бəс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы үш арман бойым -да кетті» деген екен. Абылайдың осы үш арманының аржағында үлкен филосо-фия лық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мəңгілік Ел» етсем дегенін, ел бола ша -ғын тереңінен ойлағанын пайымдатады.

Осы Абылай арманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен Қазақстан егемендік алғаннан бері соңғы 20 жылдан астам аз уақыттың ішінде орындалып келе жатқанының куəсіміз. Кезінде түркі жұрты қағандары «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» «Мəңгілік Елдің» іргесін қалап кетсе, дəл осыны жаңа дəуірде Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев ХХІ ғасырдағы «Мəңгілік Ел» идеясы тұрғысында, іс жүзінде тарихи сабақтастықта жалғастырып отырғанын атап өтсек артық кетпейміз. Оған Елбасының кешегі Жолдауындағы «Мен Мəңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп ал-дым», деген сөзі айшықты айғақ.

Сатай СЫЗДЫҚОВ, Күлтегін сыйлығының лауреаты,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.

«МƏЅГІЛІК ЕЛ» ЖƏНЕ ЕЛБАСЫ

Спорт пен денсаулыќ – егіз

Андрей ГЛЫВЯК,гір спортынан аға жаттықтырушы.

Мен Елбасы Н.Назарбаевтың ха-лыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауымен танысып, ел эконо-микасын, республика тұрғындарының əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан əрі ілгерілетуді көздейтін басты құжат ретінде қабылдадым. Осы жолы да Президент қазақстандықтардың арман-мақсатын бірінші орынға қоя отырып қалыптасқан мемлекеттің ұзақмерзімге бағдарланған саяси қадамдарын кезең-кезеңге бөліп қарастыруынан-ақ мемлекеттілігіміздің, ұлттық эко но -микамыздың, азаматтық қоға мы мыз-дың нақты даму жолын аңғарамыз. Бізді жаһандық дағдарыс тар дың сал-дарынан əлемнің əр түкпі рінде бо-лып жатқан қаржылық дағда рыстар үрейлендірмейді.

Елбасы əр Жолдауында ұлт денсаулығы табысты болашағымыздың негізі екенін үнемі айтып, саламатты өмір сүруге үндеп келеді. Бұл орай-да, денешынықтыру мен спорт ұлт денсаулығының кілті екенін ешкім жоққа шығармаса керек. Бүгінде об-лыс тұрғындарының төрттен бірі бұқаралық спорттық шаралармен қамтылған. Жүрек-қан тамырлары, туберкулез секілді аса қауіпті ауру-лар дың азая түскені, ана мен бала өлі-мінің төмендегені байқалады. Мұның бəрі медициналық көмектің қол же-тім ділігін кеңейтуге бағытталған ша-ралардың нақты жемісі екені даусыз.

Мұның алдындағы жолдауларда 2015 жылға таман қазақстандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығын 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін ұлғайту көзделсе, енді 80 жасқа, одан əрі де ғұмыр кешу мүмкіндіктерінің аталуы өте құп -тарлық. Меніңше, бақытты қарттық -ты бастан өткерудің бірден-бір жолы, Елбасымыз атап өткендей, өте маңыз-ды мақсат. Оған қол жеткізетін күн де алыс емес. Жыл өткен сайын елімізде денсаулық, спорттық нысандар салу, осы заманғы құрал-жабдықтар орнату жайы жақсарып келеді.

Спорт пен халық денсаулығы Қа-зақ станның өзінің стратегиялық мақ-саттарына жетудегі табысының ажы-рамас құрамы екенін Елбасы кезекті Жолдауында тағы бір айқындап берді.

Солтүстік Қазақстан облысы. Айқарма бетінің суреттерін түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Page 4: Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

19 қаңтар 2014 жылwww.egemen.kz4 www.egemen.kz4

Page 5: Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

19 қаңтар 2014 жыл www.egemen.kz 5www.egemen.kz 5

Page 6: Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

19 қаңтар 2014 жылwww.egemen.kz6

Жылќы жылыныѕ жорыєы

Астанада, Алматыда, өңірлерде сегіз жүзге жуық мектептер мен балабақшалары, 450-ден астам ауруха-налар мен дəрігерлік қызмет орындары, тағы да басқа көптеген əлеуметтік нысан-дар мемлекет есебінен салынды. Кеңес Одағының тұсындағы ахуалымызды біле бермейтін жас ұрпақ назарына салыс-

тырмалы түрде айтар болсақ, ол кезде əрбір мектеп, аурухана кешендерін салу үшін Мəскеудегі Одақтық Жоспарлау комитетінің келісімін, рұқсатын алу арқылы əр жылда əр облыста мықтаса 2-3 мектеп немесе аурухана салуға зорға қол жеткізетін едік. Бұл – бір ғана бағытты айтқанымыз. Жалпы, бүкіл əлеуметтік тұрмысымыз Мəскеудегі Орталық биліктің құзырына байланысты болды.

Қазір Астанада салынған медицина-лық кластерді еске алсақ та жеткілікті. Қаншама жаңа əрі ең озық əлемдік тех-нологиялармен жабдықталған орасан ауқымды медициналық орталықтар елге қызмет ете бастады. Сондай-ақ, əрбір облыс орталықтарында ашылған кардиологиялық ауруханаларда өз хирург мамандарымыз тек бір жыл-да жүрек қан тамырларына ота жасау арқылы он мың адамның өміріне араша түсіп, аман алып қалғанын да бұрын арман болып, бүгін қол жеткізген та-маша табыс деуіміздің əбден жөні бар. Осы қысқа ғана бір үзік мысалдың өзі ойланған адамға Тəуелсіздіктің қадірі мен қасиетін көрсетсе керек.

Бүгінгі барлық рухани еркіндігіміз бен өрлеуіміз, тұрмыстағы баршылы-ғымыз бен келістілігіміз тұтастай ұлттық, мемлекеттік тəуелсіздігіміздің нəтижесі екендігін есімізден шығарма ғанымыз жөн. Сондай-ақ, Тəуелсіздіктің қадір-қасиетін ерекше құрметтеу арқылы санамыздың шектеулігі мен тоқыраушылығынан да арылып, елге, жерге, Отанға деген жауапкершілігіміз бен сүйіспеншілігіміз қалыптасып, арта түспек.

Тəуелсіздік, тəуелсіз мемлекеттігіміз болмаса бүгінгі əңгіменің бірі де бол-майтыны хақ.

Нұрсұлтан Əбішұлының кешегі Жолдауының бүкіл мазмұны, оның тұжырымдары мен айшықтаған мін-деттері тұтастай осынау тəуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, оны сақтап, нығайту шараларына, даму, өсу, өркендеу арқылы жаһандық бəсекелестік пен қақтығыстардың алапат толқындарында қапы қалмай, төтеп бере аларлық білім, сауатты əрі озық технологиялық үрдістерге сай өндіріс құру, елдің, Отанымыздың қуаттылығы жолындағы рухани бірлігін қамтамасыз етерлік нақты қадамдар мен бағдарламаларға арналған.

Елбасының мемлекеттік тəуелсізді-гіміз дің 21 жылдығында жариялаған Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі Стратегиясы елді айқын мақсат, жарқын болашаққа жұмылдырып отырған аса маңызды құжат. Əрине, ол ал-дымен жас ұрпақтың кемел шағына бағытталған орасан еңбекті талап етері де белгілі. Сол дамудың жақсылығын көрсем деп армандау аға ұрпаққа да тəн. Мұндай түйсіну мен сезімнің өзі де Елбасы жолдауларының рухани қуатын көрсетсе керек. Яғни, осы ұзақ кезеңге арналған Ұлы жобаның өзі ұрпақтар сабақтастығын меңзеп, мем-лекет тұрақтылығы мен ұлт өсуін де көмкеріп қамтып тұрғаны анық.

Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясы бүгінгі еңбек пен тіршілік-тің нəтижелерінен басталары да хақ.

Өз Жолдауында Нұрсұлтан Əбіш ұлы мəселенің осы бағытына айрықша екпін берді. Жолдау өркениет жолында жаңа технологиялық даму биіктерін игере отырып, халық тұрмысы мен мүмкіндігін жақсарту, күшейту арқылы əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену бағдарламасын ег жей-тегжейлі баяндауға арналды. Жоспардағы 40 жылға жуық мерзімді Елбасы екі кезеңге бөлді. Оның бірінші кезеңі 2030 жылмен шек-телсе, келесі кезеңі 2030-2050 жылдар аралығы болмақ. Осы кезеңдерден асу жолында Қазақстан жеті бесжылдықтан өтері көзделуде. Ол бесжылдықтардың əрқайсысында жаһандық даму мен өркендеудің ең үздік үлгілеріне біздің мемлекетіміздің, еліміздің қол жеткізуі – басты мақсатымыз.

Бұл Жолдауда да əдеттегідей көп-теген əлеуметтік жаңалықтар, атап айтқанда мемлекеттік бюджеттің

құзырындағы əртүрлі салалар қызмет-керлерінің жалақысының, студенттер стипендиясының, мүгедектерге көмек, қамқорлық шараларының сапасы мен ауқымын кеңейту сияқты жақсылықтар мейлінше көзделген. Сөз жоқ, бұл сияқты көптеген əлеуметтік топтарға мемле-кет тарапынан жасала тын қамқорлық бағытындағы бағ дарламалар көптеген адамдардың еңсесін, көңілін көтеріп, əлеуетін жақсартары да қоғам дамуына оң ықпалын тигізеді.

Сонымен бірге, өз Жолдауында Елбасы елді əр адамға игілікті Үкімет, билік, мемлекет жасап береді екен деп арқа сүйеушіліктен, керенаулықтан, масылдықтан да сақтандырады. Елімізде қандай да тұрмыс, тіршілік əлеуеті бүкіл халықтың қатынасуымен, қоғамның белсенділігімен жақсара тынына екпін түсіре айтты. Əрбір адамның, əрбір отбасының өз тағды рына өзі бей-жай қарамай, зор жауап кершілікпен қарауына пəрмен берді.

Тіпті, мүмкіндігі шектеулі адам-дардың өздерін əлсіздіктен, шара-сыздықтан, бойкүйездіктен, үміт-

сіздіктен, сенімсіздіктен арылып, еңсесін көтеріп, еңбекке араласуға шақырды. Осы орайда барлық атқару шы билік буындарына, Үкіметке де олардың қоғамдық еңбекке араласуы на жағдай туғызуға арнайы тапсырма да берілді. Өйткені, бұл – өр кениетті елдердің тəжірибесіндегі қалыптасып, адам құқын, оның қоғамның басқа мүшелерімен тең құқықтығын қамтамасыз ете ала-тын, Конституциямыздың талаптары-на сай құқықтық кеңістіктің шынайы жұмыс істеу көрінісі болмақ. Осы бағытқа сəйкес, елімізде мүмкіндігі шек теулі 400 мыңнан астам мүгедек азаматтардың қоғамдық тіршілікке араласуын қамтамасыз ету Үкіметке, Парламентке тапсырылады. Бұл орай-да көптеген үкіметтік емес ұйымдар мен мейірімділік қорларының да ат-салысатынына сенім білдірілді. Осы істе, əрине, мемлекет тарапынан не-месе əртүрлі қоғамдық құрылымдар, бизнес тарапынан көрсетілетін қам-қорлық немесе көмек тек қана əртүрлі мерекелер қарсаңындағы сый-сияпатпен шектелмеуі тиіс екендігіне де мəн берілді. Негізгі қамқорлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мейлінше өздеріне лайық еңбекпен қамтамасыз етіп, қоғаммен араласуы на ықпал етуге екпін түсіргенін де Президенттің ұсынысы, əрі тапсырма-сы деп қабылдағанымыз жөн.

Міне, осының бəрі əр адамның, қоғамның, ресми үкіметтік орындар қызметкерлерінің санасын өзгертуі тиіс. Яғни, Президент сана, дүниетаным бағытындағы ежелден қатып-семіп қалған көзқарасты түбірімен өзгертуге шақырып отыр. Бұл – жаңа көзқарас, мұндай көзқарас көпшілік қолдауына ие болары да сөзсіз.

Жалпы, əр адамның денсаулығын сақтау жауапкершілігі туралы Прези-дент үнемі айтып, ескеріп келеді. Осы Жолдауда бұл мəселеге де жаңа сипат беріп, енді талап жағына екпін қосты. Дəрігерлік көмек, ауруханалар, басқа да медициналық қызмет қа жеттігін айта келіп, əр адамның өз денсаулығына мемлекет тұрғысынан қарауға кеңес берді. Қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру арқылы азаматтардың денсаулық сапасын жаңа сатыға, жаңа сапаға көтеру қажеттілігіне зор мəн берді. Мемлекетіміздің азаматтарының орта жасын 80 жасқа жеткізу көзделетініне тоқталды. Əрине, бұл дүние жүзі елдеріндегі қазіргі замандағы жоғары көрсеткіш. Алайда, бұған мүмкіндік бар. Еліміздің өркендеуі арқылы елдің тұрмыс əлеуеті жылдан-жылға жақсарып келеді. Барлық жасалып жатқан шара-лар алдымен адам игілігі үшін екендігі де белгілі. Дəрігерлік көмек мүмкіндігі де жаңа сапаға ие болуда. Балалар, жастар баратын спорт кешендері де аясын кеңейте түсуде, бұл бағытқа болашақта да зор мəн берілетін болады. Сондықтан, əсіресе, жастардың мектеп жасындағы оқушылардың жаппай спорт-пен үнемі, жүйелі түрде шұғылдануы ұлттың денсаулығын, мүмкіндігін арт-тыра түсетініне сенім мол. Дəл осы талап та мемлекеттік қызметкерлердің, басқа қоғамдық қозғалыс белсенділерінің атал-мыш проблемаға жаңа көзқараспен, яғни, сана өзгерісімен кірісуіне жол ашады.

Жолдаудың əрбір тиянақталған ойы, ұсынысы, тапсырмасы, тұжырым-дамасы жеке-жеке мақалаға, сараптап-талдауға жүк екеніне ешкімнің күмəні бола қоймас. Сондықтан, олар дың бəрін жұманың түнінде қағазға түсе қалған бір мақалада қамту мүм кін болмағанмен, кейбір қоғам сұранысының алдыңғы шебіне бүгін шығып тұрған жағдайларға тоқтала кетпесек болмас.

Менің пайымдауымша, сондай мəселелердің бірегейі – орта жəне шағын кəсіпкерлік тің орнығуы, қоғамға қызмет етуі. Елбасы бұл мəселеге айрықша мəн беріп, Үкіметке, құқық қорғау органдары-на, Ұлттық Банкке нақты тапсырма берді. Елімізде 2,4 миллионға жуық адам осы орта жəне шағын бизнеспен күнелтетінін де, осы сала өнімдерін таяу жылдар-да жалпы өнімнің 50 пайыз ға жеткізу

(Соңы. Басы 1-бетте).

Майра АЙСИНА,Парламент Мəжілісінің депутаты:

– Жолдауда айтыл-ған мəселелердің бар лы-ғы көңілімізден шықты. Мəжілісте Əлеуметтік-мəдени даму коми те-тінің мүшесі болған-дықтан, отырыстар-да осы мəселелердің көп шілігін талқылаған едік. Мысалы, коми-тет тің отырыстарын-да мұғал імдер мен

дəрігерлердің, мүмкіндігі шектеулі адам-дармен, зейнеткерлермен жұмыс істеп жүргендердің жалақысын көтеру мəселесін айтып жүрдік. Сол мəселелер бірден шешіле қояды деп мүлде ойламаған едім. Міне, бұл Елбасымыздың халық мүддесін əрдайым наза-рында ұстайтындығын көрсетіп отыр.

Қазір Парламент «Жастар саясаты тура-лы» заң жобасын қарап жатыр. Депутаттар ел аймақтарына шығып, халықпен кездесулерінде, сайлаушылар жастарға қолдау-көмек көрсету жайын жиі айтатын. Енді, міне, оған да қол жеткізілуде. 2016 жылдан бастап студенттердің стипендиялары 25 пайызға өсірілетін бол-ды. Жолдауда, сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы қағазбастылықты жою мəселесі де айтылды. Өте дұрыс мəселе. Өйткені, мемлекеттік органдардың нендей жұмыс істеп жатқандары былайғы жұртқа жетпейді. Көпшілік одан сырт қалады.

Болатбек ƏБДІРƏСІЛОВ,Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

– Елбасының Қа-зақстан халқына арнаған Жолдауын біраздан бері күтіп жүрдік. Еліміз өзінің дамуы жолын-да жаңа деңгейге көте-рілді. Əрине, біз оны «Қазақстан-2050» Стра-тегиясының қабыл-дануынан көре аламыз. Жолдауда Стратегияның қалай жүзеге асыры-

ларының бағыттары мен тетіктеріне бай-ланысты бірқатар мəселелер көтерілді. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы да Жолдауда көрініс тапқан міндеттерді жүзеге асыруға өздерінің интеллектуалдық əлеуетін бағыттайтын бо-лады.

Дана ƏБУТƏЛІПОВА,«Нұр Отан» партиясы Стратегия жəне мониторинг департаментінің директоры:

– Елбасының Қа-зақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы ел тұрғындарының əлеу-меттік-тұрмыстық жағ-дайын айтарлықтай арт тыруға арналған маңызды құжат бо-лып табылады. Мем-ле кеттік органдар мен «Нұр Отан» партия сы Елбасының алға қойған

міндеттері мен идеяларын ілгері жылжытуда бірлесе жұмыс атқарып келеді. Президенттің сөзінен естігендеріңіздей, қазіргі кезде ел тұрғындарының 97 пайызы əлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын жəне оның жыл өткен сайын жақсара түскендігін атап өткен. Бұл мəселеде ел тұрғындарының көптеген түйткілді мəселелерін шешуде белсенді əрекет етіп келе жатқан біздің партиямыздың да үлесі зор. Қабылдау бөлмелері арқылы немесе кездесулерде қарапайым тұрғындардың мұң-мұқтажын жан-жақты қарап, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар əзірлеумен қатар, олардың нақты шешімінің бо-луын да жіті қадағалап келеміз. Осы тұрғыдан келгенде «Қазақстан-2050» Стратегиясы бұл елдігіміздің онжылдықтарға бағытын айқындап берген маңызды құжат болуымен қатар, жақын жылдарға не істеу керек деген міндеттерді мойнымызға жүктеп отыр. Біз бұл үдеден шығарымызға сенімдіміз.

Тимур БАЙМҰХАНОВ,Бəсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары:

– Үкіметке ағымдағы жылдың соңында 2030 жылға дейінгі кезеңде Астана мен Алматы қалаларының агломера-циясын қалыптастыру стратегиясын əзірлеуді тапсырған Мемлекет бас-шысы оның маңызды екеніне ерекше тоқталды. Егер Астананың өзін алар болсақ, қазіргі таңда

агенттік мемлекеттік органдармен бірлесе оты-рып елордадағы тұрғын үй бағаларын барынша оңтайландыру жөнінде кешенді жоспар əзірлеп жатқандығынан хабардар еткім келеді. Бұл жерде тұрғын үй бағасының өсіміне əсер ететін бірқатар түйткілді мəселелер баршылық. Атап айтқанда, сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік, жаңа тұрғын үйлердің қолданысқа берілуін кешеуілдету, құрылысты жүргізуші компания кірісі деңгейінің реттелмеуі, құрылысшыларға бағаны барынша жоғарылатуға мүмкіндік беру жəне жер телімдері мен құрылысты жүргізуге шешім алудың ашық болмауы, рынокқа жаңа құрылыс компанияларының кіруіне кедергі қойылуы, т.б. Бұдан басқа жер телімдерін игермеу, банк несиелерінің тартымсыздығы, екінші рет қолданыста болған үйлерге қатысты алыпсатарлық əрекеттер сияқты көптеген келеңсіздіктер кездеседі. Статистика агенттігінің мəліметтеріне қарағанда, 2001 жылдан бастап 2013 жылдың желтоқсаны аралығында жаңа тұрғын үйге деген баға 600 пайызға өскен. Осының барлығын ескере келгенде, агенттікке артылған міндеттердің қаншалықты оңай еместігін сезінуге болады.

Жолдауға жедел үнқосу

САРАПШЫЛАР НЕГІЗГІ ТЕЗИСТЕРДІ БӨЛІП КӨРСЕТТІ

«МƏҢГІЛІК ЕЛ» – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

Қазақстан мен Астананың тəуелсіздігі

Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім

Зайырлы қоғам жəне жоғары руханилық

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

Тарихтың, мəдениет пен тілдің ортақтығы

Ұлттық қауіпсіздік жəне біздің еліміздің жалпыəлемдік жəне өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық атсалысуы

ƏЛЕУМЕТТІК САЛА

ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемінің көрсеткішін 4,5 есе – 13 000$-дан 60 000 $-ға дейін ұлғайту

Саламатты өмір сал-тын бекіту жəне медицинаны дамыту қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұзартуға жағдай жасайды

2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100% қамту

2015 жылдың 1 шілдесінен азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделін енгізу. Ол денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысын – 28%-ға дейін, білім беру қызметкерлерін – 29%-ға дейін, əлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің еңбекақысын 40%-ға дейін өсіруді қамтамасыз етуі тиіс.

2015 жылдың 1 шілдесінен мүгедектігі жəне асыраушысынан айырылғандығы бойынша əлеуметтік жəрдемақылар мөлшерін 25%-ға өсіру

«Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақыларын 2015 жылдың 1 шілдесінен – 15%-ға, ал 2016 жылдың 1 шілдесінен тағы да 15%-ға өсіруді қамтамасыз ету

ЭКОНОМИКА

2050 жылға қарай шағын жəне орта бизнес қазіргі 20%-дың орнына Қазақстан ІЖӨ-сі көлемінің 50%-нан кем емес өнім өндіретін болады

Жыл сайынғы өсім ІЖӨ-нің 4%-нан кем емес

Инвестициялар көлемін қазіргі 18%-дан ІЖӨ-нің бүкіл төлемінің 30%-на дейін ұлғайту

Экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ІЖӨ-нің 3%-нан кем емес деңгейде өсіруді қажет етеді

қажеттігін де айтты. Əсіресе, бүкіл халықтың жүрегіне жеткені – Нұрсұлтан Əбішұлының шағын жəне орта бизнесті «отбасылық дəстүрге» айналдыру қажеттілігі. Бұл – біздің халқымыз үшін тың ой, жаңа ұсыныс, жаңа серпіліс, жаңа мақсат, Үкіметіміз, банктер, құқық қорғау органдары үшін – жаңа міндет. Əсіресе, құқық қорғау, жергілікті əкімшіліктер саналарына сіңіп, жайылып, терең бойлап, улап кеткен бюрократтық, үстемшілдік мінез-құлықтарынан арылып, тазарып, Елбасының сөзіне айрықша жауапкершілікпен қарап, түсініп, іскерлікке көмектесуге жұмыс істеп, осы мəселеге тура Елбасының көзімен қарауға тырысқандары жөн болар еді. Сонда өздері де серпіліп, іштей тазарып, Елбасының тапсырма-сына кедергі болмай, керісінше, шы-найы қолдаушы болар еді. Ауанымыз да бұлттай торлаған жемқорлықтан сейіліп, қоғамның тынысы кеңіп, кəсіпкерліктің тұсаулы, шідерлі аяқ тары көсіліп, көп елдің тұрмыс-əлеуеті жақсарып қалар еді.

Бизнесті тексергіштер мен оларға сынықтан сылтау тауып соқтыққыш əкімшілік қызметкерлері орта жəне шағын бизнес арқылы елде жұмыс-сыздыққа жол бермейтінін, сондай-ақ олардың əлі ешқандай алпауыт, оли-гарх еместігін, алдымен күн көрісін қамтамасыз етіп жүргендерін еске-ре, түсіне алмай жүргендеріне таң қалмасқа болмайды. Міне, бұл да біздің мемлекеттік қызметкерлердің санасының жетімсіздігі, мемлекетшіл сананың орнықпағандығы. Осыдан айығу, арылу қажет. Сонда олардың да, қоғамның да дені сау болмақ.

Жаңа Жолдаудың бел омыртқасы – жоғарыда айтылған білім, ғылым эко-номика, технология, бизнес, күнделікті тұрмыс көрсеткіштерінің бəрінің сая-тын ең үлкен арнасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мəңгілік Ел» идеясы. Елбасы бұл ойын тұңғыш рет ресми түрде ел алдында «Қазақстан-2050» Стратегиясында жарияласа да, оны ұзақ жылдар ой-санасында толғатып, жүрегінде тербетіп келгені елге мəлім. Оған дəлел Нұрсұлтан Əбішұлының Елбасылық мемлекеттік қайраткерлігі, мемлекет басындағы қызметі үстінде жария еткен шығармашылық еңбектері, дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттары.

Елбасының Жылқы жылындағы Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегия-сының əрі жалғасы, əрі сол арманға жету бейбіт жорығының бір арнасы. Қойылған міндет, айтылған мақсатты жинақтап түйіндей келе Нұрсұлтан Əбішұлының «Қазақтың Мəңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мəңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мəңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мəңгілік Ел!

Мен Мəңгілік Ел ұғымын ұлтымыз-дың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп ал-дым» деген ұранды сөздері қаны бар, жаны бар, санасы бар əр қазақтың, əр қазақстандықтың жүрегіне жетер деп ойлайтын, жылқы жылғы ақжолтай Жолдау жұртшылықты жаппай жігер-лендіреді, сыпыра сілкіндіреді деп сенетін мен де бір қазақпын.

Еліміздің мəңгілігі үшін бас тіге алуы мыз, бəс тіге білуіміз əркімге де зор абырой болса керек.

Жылқымен жаны жарасқан қазақтың тұлпары, Алаштың арғымағы жал-құйрығы желкілдеп əлемдік бəйгеде оза шауып жүргей.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Біздің күшіміз бақытты жандарда

Page 7: Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

19 қаңтар 2014 жыл www.egemen.kz 7

Астанадағы Тəуелсіздік сарай-ында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған дəс түрлі Жолдауын зор ықыласпен тыңдадық. Алған əсеріміз бө лекше. Барша Қазақстан азаматтары аса зор ықыласпен қабыл алған биылғы Жолдау «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кең ауқымды тақырыпты қамтыды.

Терең мағынаға ие əрбір жаңа Жолдау – ең алдымен егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына бастар басты бағыт. Сөз жоқ, Елбасының бұған де йінгі əрбір Жолдауының өзі –құнды да маңызды стратегиялық құжат. Биылғы Жолдаудың өзегі «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға негізделгендіктен, қоғамдағы əр салаға аса жоғары міндеттер жүктеліп отыр. Бұл жолы да Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықты тол ған дырып жүрген түйткілді проб лемаларға айрықша мəн беріп, келелі мəселелерге ерек-ше тоқталды. Елбасының ин дус-триялық-инновациялық бағ дар-ламаларды жүзеге асыру арқылы халықты еңбекпен қамту, заманға лайық сапалы білім беру, ғылым мен экономиканы дамыту, ұлттық патриотизмге серпін беру, жаңа тех-нологияларды игеру сынды маңызды мəселелерді көздеген нақты тапсыр-малары көптің көкейіндегі ойды дөп бас ты.

Экономикалық мəселелерге

басымдық берілген Елбасы Жол-дауында алдағы уақытта іш кі жалпы өнімдегі инвестиция ауқымын бүгінгі 8-18 пайыз дан 30 пайызға дейін жеткізу қажеттілігі айтылды. Осы орайда Елбасы экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру мен ғылымды қаржыландыруды арттыру қажеттілігін де нақты-ла ды. Президент еліміздің ин-дус триялық-инновациялық да му бағытын экономикалық əлеуе-тімізді арттыруға негіздеу бары-сын жетілдіре отырып, Үкіметке ауыл шаруашылығын мейлінше жан дандыруды жəне азық-түлік қауіпсіздігін қам тамасыз ету мақса-тында құр ғақшылыққа төзімді, ген дік модификацияланған дақыл-дар ды енгізу, тəжірибелік агроин-но вациялық кластерлер құру мəсе-лесін қарастыруды, жалпы, аг рарлық ғылымды дамытуды тапсырды.

Жолдауда айтылғандай, Ел-басы Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен азаматтық қызмет-ші лерге еңбекақы төлеудің жа ңа моделін жасап, енгізуді тап сыр ды. Осы орайда алдағы уақыт та білім беру саласы қыз мет керлерінің жала-қысын – 29 пайызға дейін арттыру көзделді. Бұған қоса 2050 жылға дейін Қазақстанға білім берудің бар-лық буындарын жақсарту бойынша елеулі жұмыстар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, 2050 жылға дейін Қазақстанға білім берудің

барлық буындарын жақсарту бой-ынша елеулі жұмыс атқарылмақ. Сондықтан да жастардың орта техникалық білім алуының мем-лекетпен кепіл дендірілген ұлттық жүйесіне көшу қарастырылмақ.

Президент Жолдауында жас тар саясаты мəселесі мен олардың озық білім алуын қамтамасыз ету жайы да назардан тыс қалған жоқ. Елбасы жоғары үлгерімі бар студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігіне тоқталып, Үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шəкіртақы көлемін 25 пайызға арт-тыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Еліміздің əлеу меттік-эко-номикалық жаң ғыруы Қа зақ стан

дамуының ең басты ба ғы ты сана-лады. Ал адами капиталға қа тысты сапаның артуы, оның ішін де білім сапасы мен ғылыми ізденіс нəти-желерін жоғарылату – Президент Жолдауының басты өзегі. Жолдауда жүктелген міндеттер, негізінен, жаһандық дағдарыс салдарынан ту-ындап отырған түрлі қауіптерден Қазақстанның мүддесін қорғау жо-лын аңғартады. Бір айта кетерлігі, Елбасы анықтап берген мемлекеттік бағдарламалар мен аясы кең мегажо-балар өзі міздің ішкі жағдайымызға ғана емес, белгілі бір дəрежеде өзге де əріптес елдермен қарым-қаты-насымыздың дамуына серпін берері сөзсіз.

Жолдау барысында 2050 жылға дейін Қазақстан өмір сүру үшін қауіпсіз, қолайлы жəне қауіпсіз ел болуы тиіс деп мəлімдеген Елбасы: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Мəңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арма-ны. «Қазақстан-2050» – Мəңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мəртебелі жол», деп атап өтті. Осы орайда Президент «Қа зақстан-2050» Стратегиясы жол сілтейтін шам-шырақ ретінде еліміздің негізгі мақсаттарын жоғалтпай, адамдардың күнде лікті өмірінің проблемаларын шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл тұрғыда жыл сайын ел азаматтарының əл-ауқатын арттыруға ықпал жасайтындығын жеткізді.

Жолдауда көтерілген ауқымды мəселелер Қазақ ұлттық аграрлық университет ұжымының алдын-да жаңа міндеттерді айқындайды. Бүгінде мемлекеттің берген жаңа мүмкіндіктерін пайдалана оты-рып, университетіміз əлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялануға жұмылуда. Бұл орайда ғылымға негізделген инновациялық іс -шараларды жүзеге асыру білікті ғалымдар мен ізденімпаз студенттерімізге жүктеліп отырғаны белгілі. Қа-зіргі күні біздің университетіміз еліміздегі аграрлық сала маман-дарын даярлайтын алдыңғы қа-тарлы жоғары оқу орны санала-ды. Сондықтан да Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Елбасының агрокешеннің алды-на қойған міндеттерін өте жақсы түсініп отыр.

Қазақ ұлттық аграрлық уни -верситетінің ректораты, про -фессор-оқытушылар, студенттер, магистранттар жəне қыз меткерлер ұжымы ел Пре зиденті Н.Ə.На-зарбаевтың Қа зақ стан халқына ар наған биылғы Жолдауында ай-тылған өзекті мəселелерге кеңі-нен қолдау білдіріп, ондағы нақ-ты ланған міндеттемелер мен тап-сырмалардың жүзеге асырылу жо-лында аянбай еңбек ете тіндіктерін жеткізеді.

Тілектес ЕСПОЛОВ,Қазақ ұлттық аграрлық

университетінің ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик.

Дамудыѕ айќын баєыты

Екатерина ШИПОВА, «Дағдарыстан кейінгі əлем инс титуты» қорының директоры (Ресей):

– Қазақстан Президентінің осы жол ғы Жолдауын асыға күткен шетел діктердің бірі менмін. Бұған себеп, мен Қазақ елі басшысының осыған дейінгі жолдауларының бəрінің маз мұндарымен жақсы таныспын. Олардың бəрі де елдің дамуының кезекті кезеңдерінің нағыз бағдары болды. Осы тұрғыда келешекке қол созған Қазақстанның 2012 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасының мəні мен маңызы өте жоғары. Сондықтан болар, жаңа Жолдауда елдің алдына қойылатын міндеттердің ауқымы өте зор. Ол ең алдымен жұртты тұтынушылық тілекке емес, борышкерлік міндетке үндейді. Бұл сонысымен бағалы.

Татьяна МОСКАЛЬКОВА, РФ Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты:

– Қазақстан Президентінің Жол дауы біз үшін де маңызды. Себебі, біз Бірыңғай экономикалық кеңістік ая-сында өмір сүріп жатырмыз. Олай болса, Қазақ елінде бо-лып жатқан өзгерістердің Ресейді айналып өтуі мүмкін емес. Маған Нұрсұлтан Назар баев Жолдауындағы нақтылық пен тұжырымдылық ұнайды, онда ауаға жайылған бос сөздер, мəселенің айналасын сипалай берушілік мүлдем жоқ. Қазақ елі Президентінің арнаулары өзіне өзі сенімді адамның, өз ісінің пайдалы екеніне əбден көзі жеткен тұлғаның көпшілікке жайып салған бағдарламасы болып көрінеді. Олар үнемі өзінің тереңдігімен жəне де халыққа аса қажет мəселелерге бағытталғандығымен ерекшеленеді.

Мехмет Сейфиддин ЕРОЛ, Халықаралық қауіпсіздік жəне стратегиялық зерттеу орталығының директоры (Түркия):

– Біз бауырлас, бір тілдес халық тардың өкілдері ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың əрбір Жолдауына ұдайы ықылас қойып тыңдап, ынта салып қарап отырамыз. Бұл жолы да солай болды. Жолдаудың жарияланғалы жатқанын алдын ала білдік. Білгесін сол сағаттарды күтіп жүрдік. Ал құлақ түрген құжатымыз көңілімізден шықты. Онда тек сырт қы сая сат жөнінде ғана емес, барлық сала қамтылды. Əсіресе, мем лекет-тің əлеуметтік-экономикалық да му бағытына қатысты тұшымды тұжырымдамалары мен ұтымды пікірлері көңілге жылы ұялады. Біздің бауырлас елдің ішкі саясаты – сын-дарлы, сыртқы саясаты – көпвекторлы. Бұған күллі əлем, төрткүл дүние куə. Президенттеріңіз жылдағы дəстүр бойынша халыққа Жолдауында Үкіметке нақты тапсыр-ма жүктеді жəне ол тапсырмалар уақтылы орындалады.

Чжан НИН, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Орталық Азияны зерттеу бөлімінің меңгерушісі:

– «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасы елдің жарқын болаша ғының кепілі бола алатын құжат. Қазақ-стан Президенті Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Қазақ стан-2030» бағдарламасының сəт ті орындалуы осы сөзіме негіз. Қазақ стан Президенті мемлекет жалпы халықпен бірігіп, бастапқы қойған мақсаттарды, жоспар-ларды жүзеге асыруда аянбай еңбек етті. Қазақ халқы еңбекқорлығын, талапкерлігін əлемдік қауым алдында дəлелдеді, мойындатты. Осы қасиеттердің арқасында 2030 жылға жоспарланған нəтижелерге мерзімінен бұрын қол жеткізді. Мақсат – аталған мерзімге дейін дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру еді. Ол мақсат орындал-ды. Жас мемлекеттің бүгінгі нəтижелеріне қарап-ақ, жаңа Стратегиялық даму бағдарламасы 2050 жылға дейін күттірмес деген ойға келемін.

Бұл Жолдауда «сапа» деген сөз 10 рет қайталанды. «Өсу», «өрлеу», деген ұғым да содан кем аталмады. Өсу – экономикадағы сіз бен бізге тиесілі үлестің артуы. Ішкі жалпы өнім дейтін ұғыммен астасып жатады. Жалпымызға тиесілі өнім қазір 13 мың АҚШ доллары. 2050-ге қарай 60 мың АҚШ доллары көлемінде болады. Еңсеңізді көтеріңіз, бұл – есебі бар дүние.

Карлос Вальдес де ла КОНСЕПСИОН, Куба Республикасының Қазақстандағы елшісі:

– Менің ойымша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – дамудың даңғыл жо лы. Бұл мақсаттарға жету үшін Қазақ-станның барлық мүмкіндіктері бар. Қазақ елі бірнеше жылдардан соң əлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің біріне айналады деп сенемін. Бұған өзім Қазақстанға келіп тұрып жатқалы бері де ұдайы көз жеткізіп келемін. Бір ғана Астананың өзі неге тұрады. Тарихта осыншалықты қысқа мерзім ішінде тың алқаптан түрен түргендей етіп, елорда-ны сала салу бұрын ешкімнің қолынан келмеген. Қаперінде де болмаған. Міне, мұндай батыл қадамға Қазақстан Президенті ғана барды жəне оны үлкен абыроймен орындап шықты. Ал енді Бүкілəлемдік көрме өткізуге қызу кірісіп жатыр. Осыншалықты батыл істерге барып жатқан елдің болашағы да баянды бола береді деп ойлаймын.

Ирнерио СЕМИНАТОРЕ, Еуропалық халықаралық қатынастар институтының президенті:

– Қазақстанның бүгінгі эконо микалық дамуы елдегі саяси тұрақ тылықпен тікелей байланыс ты. Қазақстанның қол жеткізген жетістігі – Елбасының көреген саясаты мен нақты жоспарының жемісі. Бұл ел тəуелсіздік алған кезеңнен бері Қазақстан экономикалық жəне саяси тұрғыда қарқынды дамыған.

Президент Нұрсұлтан Назар баевтың батыл қадамының нəтижесінде сəулетті Астана бой көтерді. Астанаға сапар шегудің сəті түсті. Қазір оны елдің саяси жəне əкімшілік орталығына айналды деп айта аламын.

Найджел ПИТЕРС, British Expertise компаниясының басшысы (Ұлыбритания):

– Маған белгілісі, Қазақстан тəуел сіздік алған кезінде өзіне белгілеп алған даму жоспары бойынша нақты əрі қарқынды өркендеді. Қазақ елі нарықтық экономиканың қыр-сырын жетік меңгеріп, бəсекелестік саясатты ор-ната білді. Сондай-ақ, шетелдік инвестиция тарту сала-сы да өз жемі сін беруде. Мəселен, тəуелсіздік алған нан бері Қазақстан экономикасына 160 миллиард АҚШ дол-лары шамасында инвестиция құйылды. Осы орайда ол Ұлыбританиямен де алдыңғы қатарда байланыс орнатты.

Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас жылдан-жылға жанданып келеді. Біздің отандық компаниялар Қазақ елімен байланысты дамытуға əрқашан ниетті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы халыққа үлкен сенім мен жігер береді. Мен өз басым Мемлекет бас шысының биылғы Жолдауын да нағыз қайнаған өмірдің өзінен туған құнды құжат, байып-ты бағдар деп білемін.

Сарапшы сөзі

Байыпты баєдарлама,

мəртебелі межелер

Қазақстан Президентінің Жолдауы шетелдік саясаткерлердің назарынан да тыс қалған жоқ. Бұған олардың «Қазақстан 2050» Стратегиялық бағдарламасымен жақсы таныстығы себеп болды. Сондықтан олар осы Стратегияны жүзеге асырудың жолда-рын қарастыратын биылғы Жолдауды дамудың даңғылына бастайтын, тың міндеттерге толы сауатты жоспар болады деп есептеп отыр.

Мəулен ƏШІМБАЕВ,Мəжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Елбасының бұл жол -ғы Жолдауында ма-ңызды мəселелер көп-теп кө терілді. Жол дау -дың əр бөлімінде нақ-ты бағыттар мен ай қын мақсаттар көрі ніп тұр. Бұған дейін «Қазақ -стан-2050» Стра тегия-сы қабылданғаны мə-лім. Онда əлемдегі ең дамыған 30 елдің қата-рына қосылу басты мақсат етіп қойылған. Бүгінгі Жолдауда сол мақсатқа жетудің жол-дары мен механизмдері, түрлі иірімдері мен тетіктері көрсетілген. Себебі, дамыған 30 елдің қатарына қосылу өте қиын əрі асқан жауапкершілікпен еңбек етуді талап ететін міндет. Десем де, Мемлекет басшысы дамыған 50 елдің қатарына бар-жоғы 21 жылдың көлемінде еркін енген еліміз, бұл межені де бағындыра алатынына сенімді.

Негізінен еліміздің экономикасын жүйелі дамытып, ғылым мен өндірістің бірігуін, сөйтіп, озық техника мен технологияларды үздіксіз жетіл діріп отыру мəселелері көп ай-тылды. Мем ле кетіміздің іргетасы нығаюы үшін экономикамыз тұрақты əрі мықты бо-луы керек. Сонда ғана халықтың əлеуметтік жағдайы дұрысталып, бейбіт өміріміздің шырқы əр кез баянды болады. Десек те, Елбасы бүгінгі Жолдауында ұлттық құн-дылықтарға да баса назар аударды.

Жолдауда Мемлекет басшысы Мəңгілік Ел идеясын көтерді. Онда Мəңгілік Елдің егемендігін тұғырлы ету мəселесіне на-зар аударды. Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, əлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Енді бұдан былай тəуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сəт сайын нығайта беруіміз керек. Идеологиялық жұмыстарды жетілдіріп, халқымызды Мəңгілік Ел идея-сына жұмылдыруымыз қажет. Негізі, еліміз тəуелсіздік алған жылдардан бергі бас ты мақсатымыз – Мəңгілік Ел құру болатын. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында ол мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін көрсетіп, кезеңдерін белгілеп берді. Енді Үкімет пен Парламент палаталары, сондай-ақ, басқа да қоғамдық ұйымдардың бəрі осы Мəңгілік Ел идеясының қасынан табылып, кемел келешек жолына жұмылуы керек.

Жолдауға жедел үнқосу

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ, Президенттің 2013 жылғы қаңтарда құқық қорғау органдарымен өткізген жиналыста берген тапсырмаларын жүзеге асыру прокура-тура органдары қызметінің негізгі өзегіне ай-налды. Мақсатқа бағытталған жұмыстардың нəтижесінде берілген тапсырмалардың толықтай жəне белгіленген мерзімінде орындалуына қол жеткізілді. Құқық қорғау қызметін жетілдірудің маңызды бағыттары бойынша жемісті заңнамалық жұмыс жылдың басты қорытындыларының бірі болды. Жаңа Қылмыстық жəне Қылмыстық іс жүргізу кодекстері Парламент қарауына енгізілді. Құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғыртудың, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламалары, Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы, Құқық қорғау жəне ар-найы мемлекеттік органдар басшыларының президенттік резервін қалыптастыру ережесі дайындалды жəне оларды Елбасы бекітті. Өзге де өзекті құқықтық актілер бойынша жұмыс жалғасуда.

Қадағалау қызметінің аясында про-курорлардың басты күш-жігері халықтың əлеуметтік əлсіз жіктерінің, кəсіпкерлердің жəне мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау проблемаларына бағыт-талды. Сыбайлас жемқорлық жəне экстре-мизм көріністеріне қарсы тұру бойын-ша ауқымды жұмыстар жүргізілген. 450 мыңнан астам заңдылықтың бұзылуы анық-талып, 32 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілердің күші жойылды. 735 қылмыстық іс қозғалды. 670 мың азамат тың құқықтары қалпына келтірілді, олардың арасында 155 мың кəмелетке жасы толмағандар, 14,5 мың мүгедектер мен қарттар үйлеріндегі адамдар бар. Азаматтардың құқықтарын бұзғандары үшін 11 мыңға жуық лауа-зымды тұлға жəне прокурорлық қадағалау актілері бойын ша барлығы 60 мыңнан астам құқық бұ зушылар əртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Радикалдық діни идеологияны таратудың жолына тосқауыл қоюға бағытталған жұмыс жүргізудің нəтижесінде соттардың шешімімен терроризм жəне экстремизм идеяларын насихаттаушы 596 деструктивті

интернет-ресурсқа кіру тоқтатылды. Кезекші прокурорлар институтының жемісті қызмет етуі нəтижесінде ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 2 мыңға жуық азамат босатылды. Негізсіз жүргізіліп кел ген 672 жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды. Прокурорлардың наразылығы бойынша 1432 тұлғаға қатысты 1142 сот актілері заңға сəйкес келтірілді.

Қылмыстық қудалау органдарының 2,5 мыңнан астам лауазымды тұлғалары есеп-ке алу-тіркеу тəртібін бұзу жəне қылмысты жасыру фактілері үшін жауапкершілікке тартылды.

Прокурорлардың араласуынан кейін мемлекеттің кірісіне 8 миллиардқа жуық теңгені, азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына 14 миллиард теңгені өндіру ту-ралы сот актілері орындалды.

Алқа жұмысының қорытындысы бой-ынша Бас прокурор өңірлік прокурорларға қадағалау қызметінің тиімділігін одан əрі арттыру, ел Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер қойды.

Жанат ҚАСЫМЖАНОВА, Алматы қалаcы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Жылқы жылындағы Елбасының Қазақстан халқына дəстүрлі Жол дауы əдеттегідей əрқай-сымызға жаңа бағыт, жаңа міндет, жаңа талап жүктейді. Өйткені, Мемлекет басшысының əрбір Жолдауы бірін-бірі толықтырып тұратын біртұтас стратегиялық құжат болып табылады. Дамудың даңғыл жолы саналатын ұзақмерзімді бұл бағдарламада назардан тыс қалған мəселе кемде-кем. Соның бірі – халықтың денсаулығы.

Бүгінгі таңда Қазақстанның тұрақ ты да-муында ұлт саулығы мемлекеттік ең ма-ңыз ды мəселелер санатына кіреді. Осы Жолдауында да Елбасының: «Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады», деуі осыған дəлел. Мəселен, Алматы қаласында «Сала матты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске

асырудың үш жылында қала тұрғындарының денсаулық индикаторлары мен нəтиже көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы қамтамасыз етілді.

Алматыда туу көрсеткіші артып, алматы-лықтардың табиғи өсімі 2010 жылы – 12,7, 2011 жылы 17,3 пайызға өсіп отыр. Сəби

өлімінің деңгейі 2010 жылдан – 39,2 пайызға, 2011 жылдан – 37,7-ге, ал 2013 жылы 7,9 пайызға кеміген. Ал қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы бір жылға ұзарып, 71,7 жасқа жетіп отыр. Бұл – республика бойынша салыстырғанда, ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар, саламатты өмір салты бойынша мекемеаралық жəне сектораралық тиімділікті жоғарылатуда оң қорытындыларға қол жеткізілді. Мəселен, 2012 жылдан бастап 30 минуттан күн сайын дене жаттығуымен шұғылданатындар саны артып, 3 жылда 30-дан 41,6-ға пайызға өскен. Темекі шегетіндер саны былтыр 24-тен 23,7 пайызға төмендеген. Ішімдікке салынғандар саны соңғы 3 жылда 14-тен 12,8 пайызға азайған.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан медициналық туризм бойынша Еуразия елдерінің ішінде алдыңғылар қатарында да-митынына сенім білдіріп отыр. Оған толық негіз бар деп ойлаймын. Өйткені, Мемлекет басшысының ұдайы қолдау көрсетуінің

нəтижесінде елімізде медициналық кере-мет кластерлер қолға алынды. Қазіргі кезде Қазақстанда заманауи үлгідегі халықаралық стандартқа сай салынып, соңғы үздік тех-нология құрылғылармен жарақтанып, жаңа инновациялық бағытта жұмыс жасап жатқан клиникаларымыз қаншама. Əсіресе, трансплан-тология саласындағы жетістігіміз қарқындап дамуда.

Елбасының дəстүрлі Жолдауы денсаулық сақтау, білім беру саласы қызметкерлеріне қуанышты хабар сыйлады. Өйткені, келер жылдан бастап, еліміздегі дəрігерлердің жалақысы 28 пайызға көбеймек. Егер халық-тың саулығы – қоғамның ең басты құн-дылықтарының бірі десек, осы елдің баға жетпес игілігі үшін күндіз-түні денсаулық күзетінде жүрген медицина қауымының еңбегінің еленіп, бағаланып жатуы – біздерді жаңа биіктерді бағындыруға, алға қойған міндеттерді орындау жолында ынта-жігер, қажыр-қайрат қосатынына кəміл сенеміз.

ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАЄАН МІНДЕТТЕР

Біздің күшіміз бәсекеге қабілетті

ғылымда

Ўлттыѕ саулыєы – ел мерейі

(Соңы. Басы 2-бетте).

Жауапкершілігі жоєары

www.egemen.kz 7

Page 8: Жылќы жылыныѕ жорыєы - Egemen · пен жанын жақындастырып, ой- ... шындық. Өзара алауыздық пен ... тудырмайтын

19 қаңтар 2014 жылwww.egemen.kz8 www.egemen.kz8

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – (712-2) 32-94-07;

Көкшетау – (716-2) 25-76-91;Қарағанды – (721-2) 43-94-72;Қостанай – (714-2) 39-12-15;Қызылорда – (724-2) 27-00-85Орал – (711-2) 28-80-35;Өскемен – (723-2) 25-28-41;

Павлодар – (718-2) 68-59-85;Семей – (722-2) 52-26-86;Тараз – (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 404-36-29;Петропавл – (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы201 715 дана.

Нөмірдің кезекші редакторы

Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жария ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №228 ek

Кеше Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын қатардағы жауынгерден бас-тап, генералға дейін ынта қойып тыңдады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мем лекеттік органдардың жұмысын да-мыту, халықтың əл-ауқатын арттыруға қатысты мəселелерді көтерген. Қазақстан өз бағдарын дұрыс таңдай білгендігін уақыттың өзі дəлелдеп берді, Президент таңдаған бұл жол еліміздің бұдан да əрі дамуы мен гүлденуінің басты кепілі екендігі сөзсіз. Бұл міндеттің іске асуына Шекара қызметінің əскери қызметшілері де өз үлестерін қоса беретін болады.

Қазіргі қол жеткізген табыстар-ды бағамдай отырып, алдағы кез-де де мемлекетіміздің қуаты артып, халқымыздың тұрмыс деңгейі көтеріле беретіндігіне сенім мол, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ґз їлесімізді ќосамыз

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан».

Кездесуді қозғалыс төра-ғасы Данат Жумин ашып, жүр-гі зіп отырды. Алдымен ол қозға-лыстың өткен жылдың 6 желтоқ-санында дүниеге келгенін айтып өтті. Оның мақсаты Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жолында жастардың күші мен білімін біріктіруге бағытталған. Оған түрткі бол-ған Президенттің «Болашақ» сти пендиясының 20 жылдығына арналған форумда айтқан сө зі екен. Сонымен бірге, бұл қозға-лысқа «Болашақ» стипендиясы ар қылы оқымаған жастарды да тарт тық. Біздің қозғалысымыз қатар дағы қоғамдық емес, жүйелі түрде құрылған ұйым, деді ол.

Одан əрі Д.Жумин қозға лыс-тың бүгінгі күнге дейін атқарып

жатқан жұмыстары туралы айт-ты. Біздің ең бас ты жұмысымыз Президенттің Стратегиясын халыққа түсіндіру, оның аса зор мақсатын ашып көрсету болып табылады. Оны іске асыруға əрбір азаматтың қатысуының маңызды екенін халыққа жеткізуге ты-рысудамыз. Бұл құжат біздің болашақ ұрпағымыздың жарқын өмір сүруіне қажетті бағдаршам екенін əрбір қазақстандыққа ұғындырып, оның қаншалықты тереңдікті қамти ты нын жет-кіземіз. Өзінің жəне ұрпа ғының болашағын Қазақстанмен байла-ныстырғысы келетін əрбір азамат үшін бұл Стратегияның орын-далуы өте маң ыз ды. Біз соны халыққа ұғындыру жо лын да еңбек етіп келеміз, деді шешен.

Екінші болып сөзді жас биз-несмен, қозғалыс белсендісі Мұх тар Манкеев алды. Ол да

қозғалыстың мақсатына тоқ-тал ды. Біздің мақсатымыз Ел-ба сы Н.Назарбаевтың «Қазақ с-тан-2050» Стратегиясын қолдау ар қы лы елімізді дамыған 30 ел-дің қатарына енгізуге атсалы су бо лып табылады. Біздің бар лық қыз метіміз осы іске жұмыл ды-рылған дей келіп, ол 2014 жылғы нақты жұмыстар туралы айтты.

Сөз кезегі өзіне тигенде

бел гілі балалар кардиохирургі Дмит рий Горбунов Жолдаудың ден саулық сақтау саласы тура-лы айтылған бағыттарына тоқ-та лып, онда көтерілген мəсе-лелердің өзінің көңілін көншіт-кенін атап өтті. Мəселен, Пре-зи денттің Қазақстанда медици-налық туризмнің белсенді түр-де дамығанын қалайтыны өте орынды екенін жеткізді. Бұл

біздің медицинамыздың көрші елдерге қарағанда, жоғары дең-гейге көтерілуіне мүмкіндік беріп, сол елдер азаматтарының Қазақстанда емделіп, осында ота жасатуға тырысушылығын арт-тырар еді, деді шешен.

Одан əрі Д.Горбунов өздерінің клиникаларындағы жұмыстарға тоқталып, оған жақын шетел-дерден де пациенттердің көптеп

келе бастағанын тілге тиек етті. Сөзінің қорытындысында Пре-зиденттің қазақ стан дық тардың орташа жасы 80-ге жетуі жолын-да қыз мет ету керектігі тура-лы айтқаны өте орынды екенін атап өтті.

«Қазақстан-2050» жал пы ұлт-тық қоз ғалысының бір белсен-дісі Ұлттық биотехнология орта-лығының қызметкері, жас ғалым, генетик Айша Ысқақова екен. Сөз кезегі өзіне тигенде ол Жолдауда ғылымға өте көп көңіл бөлгеніне тəнті болғанын жеткізді. Ғылым саласындағы ізденістерді қар жы-ландыру көлемі ІЖӨ-нің 3 пайы-зы көлеміне жеткелі отырға ны ғылым жолындағы жастар дың белсенділігін арттыра тү сері сөзсіз. Ғылыми жолмен дами-тын экономикаға тек осындай қамқорлықпен ғана қол жет-кі зуге болады. Соның ішінде агроөнеркəсіптік кешеннің да-муына да ғылыми жетістіктерді пайдаланудың маңыздылығы туралы көптеген ойлар жасал ды. Енді Жолдаудағы осы талап тар-дың бəрі де іске асырылады деген үміттеміз, деді жас ғалым.

Брифингтің соңында жи нал-ғандар журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Жасампаздыќќа жетелейдіКеше Орталық коммуникациялар қызметінің мінберінде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының бір топ мүшелері Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына сəйкес өздерінің ойларын айтып, журналис терге брифинг берді.

Біздің күшіміз – дамыған қалаларда

«Қазақстан жолы – 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ел дамуының шешуші мақсаттарын жүзеге асырудың алгоритмін дəйектілікпен ашатын соңғы Жолдаудың көкейкестілігі сарапшылар тарапынан жоғары бағаланған болатын. Сондай-ақ, сарапшылар қоғамға ашық та нақты іс-қимыл жоспарын ұсынатын жəне оның барлық күш-жігерін дамудың (98%) жаңа секірісіне бағдарлайтын Жолдаудың қуатты жұмылдырушы жəне біріктіруші əлеуеті көрінетін ұзақ мерзімді жоспарлаудың ерекше құндылығын атап көрсетеді.

Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі болады

Тарих, мəдениет жəне тіл ортақтығы негізіндегі ел Тəуелсіздігінің рухани

іргетасы болады

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының арқауын

құрайтын жаңа еңбек құндылықтарын нығайтады

Инновация мен индустрияландыру негізінде экономикалық өсім

мақсаттарына қол жеткізуде əлеуметтік əлеуетті жұмылдыруға мүмкіндік береді

Қоғамның əрі қарайғы рухани өсіміне жаңа серпін береді

Елдің барлық азаматтарын біріктіретін негізгі құндылықтарды белгілейді

Қоғамдық бірлік пен елдегі келісімді əрі қарай нығайтуға ықпал ететін болады

«МƏҢГІЛІК ЕЛ»ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ:

САРАПШЫЛАР БОЛЖАМЫ

2014 жылы экономика өсімін 6-7% деңгейінде жəне жан басына шаққандағы ІЖӨ үлесін 14 500$-дан кем емес

көлемде қамтамасыз ету

Үкіметтің 4-ші мұнай өңдеу зауыты мен атом электр стансасы құрылысының

орны, инвестициялар көзі мен мерзімі мəселелерін шешуі (2014 жылдың 1-ші

тоқсанының соңына дейін)

Үкіметтің халықаралық сауда-саттықты жүзеге асыруда

кедергілерді жою мəселелерін айқындай отырып, Қазақстанның

2030 жылға дейінгі кезеңге арналған көлік əлеуетін дамыту

бағдарламасын жасауы

Үкіметтің 2014 жылдың соңына дейін Астана, Алматы қалаларында 2030

жылға дейінгі кезеңге арналған агло-мерация қалыптастыру стратегиясының

жоспарын жасауы

Мемлекеттің қатысу үлесі бар барлық компанияларға сараптама жүргізу, жекешелендіруге жататын кəсіпорындардың санын айқындау. Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасын қабылдау

Қаржы секторын 2030 жылға дейін дамытудың Кешенді бағдарламасын жасау (2014 жылдың 1 маусымына дейін)

Орта мерзімдік перспективада инфляцияны 3-4%-ға дейін төмендету бойынша шаралар кешенін дайындау

ҮКІМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ БАНККЕ ТАПСЫРМА

ДЕР КЕЗІНДЕ БЕРІЛІП ОТЫР ДЕП САНАЙДЫ

АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛҒА КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Оның ішінде баға қалыптастырудың мөлдір тетіктері арқылы да тиімді

жер рыногын құру

Инвестициялар тарту мен жаңа технологияларды енгізуді есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы

жерлерін жалға беру жолымен бəсекелестікті арттыру

Аграрлық сектордағы бизнесті дамытуға кедергі келтіретін

тосқауылдарды аластау

Фермерлердің ұзақ мерзімді қаржыландыру мен сату ры-

ногына делдалдарсыз тікелей қолжетімділігін қамтамасыз ету

Ауыл өндірушілерін кепілдендіру мен займдарын сақтандырудың

тиімді жүйесін құру

Өсімдік шаруашылығында тиімділігі аз, суды көп қажет ететін

дақылдардың үлесін қысқарту жəне оларды көкөніс, майлы жəне

жемдік дақылдармен алмастыру

Агрохимикаттарды қолдануды тиімді пайдаланудың кешенді шара ларын

құру, қуаңшылықты өңірлер де жерді нөлдік өңдеудің заманауи тех-

нологияларын қолдану

Аграрлық ғылымды дамы-ту, тəжірибелік аграрлық-

инновациялық кластерлер құру

Құрғақшылыққа төзімді генді модификацияланған дақылдарды

жасауға енгізу

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТРИАДАЛАР – АГЛОМЕРАЦИЯНЫ, КӨЛІКТІ, ЭНЕРГЕТИКАНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ КӨКЕЙКЕСТІ САНАЙДЫ

Əуелі Астананы, Алматыны, содан кейін Шымкент пен Ақтөбені қазіргі заманғы урбанистикалық орталықтарға трансформациялау

Логистикалық қызметтер секторын, бірінші кезекте, Кеден одағы аумағында дамыту

Қоғамдық көлікті отынның экологиялық түрлеріне көшіру үшін жағдай жасау, электромобильдер енгізу

Жүктерді кедендік рəсімдеудің мерзімін қысқарту, шекара өткелдерінің өткізу қабілетін жоғарылату, Ақтау портының қуатын арттыру, экспорттық-импорттық операцияларды оңтайландыру

Еуропаның Азияға жолындағы транзиттік торап ретінде сапалы инфрақұрылымдарын қалыптастыру

Теңізге шығатын жолдары бар елдерде логистикалық орталықтар құруды инвестициялау

АЭС үшін отынның өз өндірісін дамыту

ЭКСПО-2017-ге дайындық шеңберінде болашақ энергиясын іздеу мен құру бойынша озық əлемдік тəжірибені үйрену мен енгізудің орталығын ұйымдастыру

Энергетиканы дəстүрлі түрлер бойынша дамыту

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ƏЛЕУЕТІН АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМИ АУҚЫМДЫ ЭКОНОМИКА ҚҰРУ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ТИІМДІ САНАЙДЫ

Үкіметтің 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін венчурлық қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновация-ларды қолдау, сондай-ақ, ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру бойынша заңнамаларды жетілдіруге бағытталған заң жобаларының пакетін жасауы

Ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайтудың жоспарын жасау

Елімізге білімдер мен жаңа технологиялар трансферті үшін шетел инвестицияларын пайдалану

Шетел компаниялары-мен бірге жобалау жəне инжинирингтік орталықтар құру

Ұлттық инновациялық жүйенің тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына 17 қаңтардағы Жолдауына орай Еуразиялық интеграция инсти-туты құрамында орталық жəне жергілікті атқарушы органдар, тəуелсіз сараптама құрылымдары, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар,

даму институттарының өкілдері бар сарапшылардың жедел са-уалдамасын жүргізген болатын. Барлығы сауалдамаға еліміздің 14 облысы мен Алматы жəне Астана қалаларынан 96 сарапшы қатысқан еді.

● Сауалдама