384
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ВОСТОЧНО- КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. АМАНЖОЛОВА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР ИННОВАЦИЯСЫ» студенттер мен жас ғалымдардың ҒЫЛЫМИ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ СБОРНИК НАУЧНЫХ МАТЕРИАЛОВ студентов и молодых ученых «ИННОВАЦИИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ ТРЕТЬЕЙ МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСТАНА» Өскемен Усть-Каменогорск 2017

ҒЫЛЫМИ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ СБОРНИК …Қ 18 Бас редактор: Ә.Ө. Қуандықов, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

  • Upload
    others

  • View
    70

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

    МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. АМАНЖОЛОВА

    «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫН

    ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР

    ИННОВАЦИЯСЫ»

    студенттер мен жас ғалымдардың

    ҒЫЛЫМИ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ

    ЖИНАҒЫ

    СБОРНИК

    НАУЧНЫХ МАТЕРИАЛОВ

    студентов и молодых ученых

    «ИННОВАЦИИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ

    ТРЕТЬЕЙ МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСТАНА»

    Өскемен – Усть-Каменогорск

    2017

  • 2

    ӘОЖ 378:001

    КБЖ 74.58

    Қ 18

    Бас редактор:

    Ә.Ө. Қуандықов, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, экон.ғ.д.

    Бас редактордың орынбасары:

    А.Б. Мырзағалиева, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор,

    б.ғ.д., профессор

    Редакция алқасы: М.Е. Утегенова, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

    директорының міндетін атқарушы, техн.ғ.магистрі;

    А.Қ. Қайратова, Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің маман-төрайымы;

    Ш.Х. Найзабаева, Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту

    орталығының маманы;

    Б.З. Медеубаева, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы;

    С.З. Шагалақова, ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің ғылым бойынша үйлестірушісі;

    Н.Б. Алимбекова, Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімінің бастығы;

    Д.Р. Сапарова, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы,

    педагогика және психология магистрі;

    А.К. Игібаева, п.ғ.д., педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының профессоры;

    Р.С. Бейсембаева, г.ғ.к., экология және география кафедрасының профессоры;

    А.Т. Казбекова, 6D020300-«Тарих» мамандығының 3-оқу жылының докторанты.

    Қ 35 «Қазақстанның үшінші жаңғыруын» жүзеге асырудағы жас ғалымдар

    инновациясы» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми материалдарының жинағы =

    «Инновации молодых ученых для реализации Третьей модернизации Казахстана»: сборник научных материалов студентов и молодых ученых. – Өскемен: С. Аманжолов

    атындағы ШҚМУ баспасы, 2017. – 384 б.

    ISBN 978-9965-871-51-1 (2-том)

    Жинаққа қазақстандық қоғамның жаңа тарихи кезеңге аяқ басу тұсындағы ғылым мен білім

    кеңістігінің кеңеюі мен осы мәселенің құқықтық және экономикалық сипаттарын қарастыруға, жас

    ғалымдардың жаңа легін даярлау міндетіндегі нақты ғылымдардың орнын айшықтауға,

    гуманитарлық ғылымдардың мәселелері бойынша жас ғалымдар мен студенттердің көзқарастарын

    белгілеуге бағытталған мақалалар енгізілген.

    В сборнике представлены статьи молодых ученых и студентов, направленные на рассмотрение

    расширения научно-образовательного пространства, правовых и экономических аспектов данного

    вопроса, обозначение важности точных наук в выполнении задачи подготовки новой волны ученых,

    определение актуальных проблем гуманитарных наук через призму взглядов молодых ученых в свете

    модернизации казахстанского общества и вступления его на новый исторический период своего

    развития.

    ӘОЖ 378:001

    КБЖ 74.58

    ISBN 978-9965-871-51-1 (2-том) © С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2017

  • 3

    3-СЕКЦИЯ

    ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЖАСТАР ШЕШІМІ

    СЕКЦИЯ 3

    ПРОБЛЕМЫ ГУМАНИТАРНЫХ НАУК: РЕШЕНИЯ МОЛОДЫХ

    ӘОЖ 811.512.122

    АДЕХАНОВА А.М., БАРБОСЫНОВА Қ.Т.

    С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.

    ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ТАБИҒАТЫ

    Халық – жасампаз. Әр халықтың да өз тарихы мен мәдениеті, өз тарихының шежіресі,

    өз мәдениетінің асылы тәрізді көркем әдебиеті бар. Халық арасынан талай саңлақ жыраулар

    мен жыршылар, бармағынан өнер төгілген күйшілер шыққан. Талант – гүл, халық соның нәр

    алар топырағы.

    Қазақ халқының біршама мол сақталған әдеби мұрасы – жыраулар мен ақындар

    поэзиясы. Сан ғасыр сынынан өтіп, халық көкірегінде жатталып, жыраудан жыршыға

    ұласып, біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сөз зергерлері – ХV-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген

    Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара,

    Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш сияқты ақын-жыраулар. Олардың жыр-толғаулары Қазан

    төңкерісіне дейін де, кеңестік дәуірде де жинақтар мен мерзімді баспасөз беттерінде сан рет

    жарық көрді. Алайда бұрынғы шыққан басылымдар қалың оқырман қолына тие бермеді.

    Себебі олар сирек кездесетін кітаптар еді. Соңғы жиырма-жиырма бес жылдан бергі кезде

    жарияланған жинақтар ғана ХV-ХVІІІ ғасырларда өмір сүоген ақын-жыраулар мұрасын

    оқушы жұртшылққа кеңірек таныстыруда ерекше роль атқарады.

    ХV-ХVІІІ ғасыр ақын-жырауларының өмірі мен шығармашылығы хақында да бірқатар

    зерттеулер жарияланды. Демек, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы сөз зергерлері оқушы қауымға біршама

    жақсы таныс. Әйтсе де, бұл дәуірдегі ақын-жыраулар мұрасының әлі ашылмаған қыры мен

    сыры аз емес. Солардың бірі – ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшеліктері. Өйткені

    көркемдік өрнек-ерекшеліктер ақын-жыраулардың жан сезімі мен ой қиялын, арман-мұратын, өз

    дәуіріне, сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен белгілі адамдарға деген көзқарасын, сайып келгенде,

    суреткер мұрасын шынайы танып-білуімізге мүмкіндік береді.

    Ақын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі сөздер жүйесінің, суреттеу, мәнерлеу

    құралдарының, сөз қолдану шеберлігінің, сөз саптау ерекшелігінің, сұлулық әлемінің

    жұмбақ-құпиялары ала-бөтен, жаратылысы қызық. Поэзияның ішкі астар-қабаттарындағы,

    тереңдері мен қойнауларындағы қайнар көздерін ашу, қисапсыз көркемдік құбылыстарды

    айқындау, кестелеу тәсілдерінң табиғатын тану, сөздің көркемдік, эстетикалық қасиеттерін

    тану, бейнелі түрде қолданылуын контекспен тұтастықта алып тексеру поэзия тілінің тарихы

    мен теориясын зерттеу екені белгілі.

    Сонау Аристотельден бастап әдебиеттің болмыс-бітімі сөз болып келеді. Белгілі ғалым

    А.А.Потебняның ғылыми-теориялық ойлары поэзияның көркемдік табиғаты, ақындық ойлау

    және шығармашылық психологиясы дегенге саяды [1].

    Поэзияның гармониясы, тілі, образдық-музыкалық кестесі туралы Аристотельден басқа

    Лукреций, Гораций, Батыс Европа классиктері Н.Буало, Скалигер, Антонио Минтурио,

    Лодовико Кастельветро, Торквато Тассо, Филип Сидин, Франсуа Малерб, Мартин Опиц, т.б.

    да оқымыстылардың ой-толғамдары айрықша маңызды.

    Атадан балаға, жыраудан жыршыға ұласып, ертелі-кешті қағаз бетіне түсіп, негізгілері

    ғана сақталған ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы – оны туғызған жыраулар мен

    ақындардың талант-дарынын әйгілеп, олар өмір сүрген алыс замандар жайлы сыр шертеді.

    Жыраулар мен ақындардың қоғамдағы ролі, олардың шығармашылық ерекшеліктері

  • 4

    хақында әдебиеттану ғылымында бірқатар уақыттан бері әңгіме болып келеді. Бұл салада

    жазылған зерттеулер мен пікірлер аз емес. Әсіресе, Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезов,

    С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, В.Жирмунский, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев,

    Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісалин, М.Мағауин, Р.Бердібаев т.б. ғалымдардың

    әдеби қауымға кеңінен таныс еңбектері жыраулар мен ақындар өнерінің әлеуметтік мәні мен

    бірқатар көркемдік сыр-сипаттарын тануға мол мүмкіндік жасады. Жыраулық поэзияның

    жанрлық сырлары, өлең құрылысы, көркемдік қисындары хақында З.Қабдолов, М.Базарбаев,

    З.Ахметов еңбектерінде де құнарлы жолдар, құнды пікірлер кездеседі. Соның нәтижесінде,

    әсіресе жырау мен ақын анықтамасы, оларға тән ерекшеліктер, өлеңдік түрлер, дәстүрлі

    әдеби орта сырлары, т.б.ғылыми мәнді мәселелер айқындала түсті. Қазір жыраулар мен

    ақындар, олардың атқарған қызметтері туралы пікірлер қалыптасты.

    Замана шындығын, дәуір сырын бейнелеген жолдар ақын-жыраулар мұрасында да аз

    емес. Мұндай реалистік элементтер «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам

    білмейсің» сияқты Асан толғауларында, «Би Темірге айтқаны», «Алай Яным» сияқты Шәлгез

    толғауларында, Ақтамберді, Бұқар, Көтеш т.б. ақын-жыраулар мұраларында да мол. «Төрден

    орын тимейді, патша болсын малы азға» (Асан қайғы) – бұл айна қатесіз замана шындығы

    еді. «Сүйгенінен ер жігітім айырылса, жүрегінің басы-дағы қан болар» (Шәлгез) - әлеуметтік

    теңсіздік көрінісі. «Аспан ұшып, Арқа кезіп көп көріп, әділдікті еш көрмедім көзіммен», «Ақ

    сүйектер ары-бері тартысса, әзіз орда абдырарға ұқсайды, әзіз орда алпыс болып таралса,

    ауыр ноғай аз болғанға ұқсайды» - бұл сол дәуірдің Шәлгез байқаған шын сыры, бақ, дәреже,

    даңқ жолындағы текетірес салдарынан бірлік, береке ыдыраған ноғай ордасының ауыр халі.

    Сондай-ақ Ақтамберді жырларындағы жетім көрген зорлық-зомбылық, Шәлгез, Бұқар

    толғауларында жалғыздың жапа шегуі біршама шынайы суреттелген. Бұл әуен Бұқарда,

    кейінгі дәуір ақыны Шортанбайда да бар. Ақтамберді де, Бұқар да, Шортанбай да, тіпті Абай

    да шаруа мен жалшы халін көре білді, көрсете білді. Бұл сол дәуірлердегі ой-сана

    эволюциясына, халық өмірінің даму процесіндегі тарихи жағдайларға байланысты жай

    болатын. Ал, сол нашарларға қабырғасы қайыса білудің өзі аталмыш дәуір поэзиясы үшін

    ілгерілеу еді.

    Аздың ісі бітер ме?!, Көптің ісі жетер ме?!Көп ішінде бір жалғыз,Сөйлеп те сөзі өтер

    ме?! НемесеРулының оғы қалса табылар [2,114 б].

    Бұл тап қайшылығы мол, әлеуметтік теңсіздік үстемдік еткен дәуірлердің қай-

    қайсысына да тән бір кезде Шәлгез көре білген дәуір шындығы еді. Бұқар өмірдің осы тектес

    ащы шындығын айта білумен қатар «Жарлы байға теңеліп, жарыса қонбас демеңіз» деп

    басталатын шумақта бір орында мәңгі тұрар, өзгермейтін нәрсе жоқ – жарлы байға, жалғыз

    көпке теңелер, қу тақырға қурай бітер дегендей дүниені даму, өзгеру рухында көре біледі. Ал

    Көтеш ақынның «Қаратаудың басынан көш келеді» шумақтарында халық басынан өткен

    қайғылы кезеңнің нақты шынайы суреті бар.

    Әдетте, автор тарихи жағдайға, өмір шындығына өң беріп, ой қосады, демек көркем

    шығарма дәл тарих емес, суреткер қиялына бөленген өмірдің көркем шежіресі. ХҮ-ХҮІІІ

    ғасырлардағы қазақ поэзиясы туралы да осыны айтамыз. Әйтсе де, бұл дәуір мұраларында

    ақын-жырау қиялынан туған образ кездеспейді. Көбінесе жыраулар мен ақындар

    поэзиясындағы мекен, кісі аттары тарихи деректерге сәйкес келеді.

    Ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік кестесінде терең мағыналы сөздер ұшан-теңіз.

    Алдымен көркем теңеулердің нендей себептерге байланысты туындайтындығына үңілейік.

    Сыртқы дүниеге әсерлері мен түйсік-түсініктерді синтездейтін және өнерпаздықпен жүйеге

    түсіретін, болмыстың бейнелері мен моделін, әлемді көркемдік, рухани, практикалық

    тұрғыдан игерудің принциптерімен үйлестіре суреттейтін сана қабілеті көркемдік қиял деп

    аталады.

    ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар мен ақындарда жан-жақты сомдалған адам образы

    болмағанмен шебер бейнеленген портреттер мен мінездеулер, батырдың жан күйін суреттеу

    эпизодтары, батырлар мінген сайгүлік сипаттары біршама кездеседі. Ал, мінез-құлық

    нормаларын жақсы-жаман әдеттерді қарама-қарсы қойып шендестіре суреттеу адам образын

  • 5

    бейнелеуге барар жолдағы нышандар еді.

    Ақын-жыраулар өз дәуірінің белгілі батырлары мен хан, билерінің сыртқы, ішкі

    сипаттарын бейнелеген. Халық әуелі жұртқа танымал тарихи адамдарды ғана құмарта

    тыңдаса керек.

    Бәрін айт та, бірін айт,

    Қабағын қара сусар бөрік басқан

    ауырынын күшіген жүнді оқ жанышқан,

    Қалжуардай шаншылған,

    Күшігендей шоңқайған,

    Он екі құрсау жез айыр,

    Қара мылтық жұмсаған...

    Міне, бұл «Ер Шобандағы» Жақан батырдың портреті.

    Бұдырайған екі шекелі,

    Мұздай үлкен көбелі,

    Айдаса қойдың көсемі,

    Сөйлесе қызыл тілдің шешені,

    Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

    Қалайылаған қасты орданың сырығы,

    Мұсылман мен кәуірдің,

    Арасын өтіп бұзып дінді ашқан,

    Сүйінішұлы Қазтуған! [2] (Қазтуған)

    Сан алуан эпитеттер мен ұлғайған метафораны қатар қолдана бейнелеген бұл үзіндіде

    Қазтуған батырдың ішкі һәм сыртқы сипаттары да бар.

    Сондай-ақ Асан толғауларындағы «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің» тирадасында

    өркөкірек, менмен, тәкаппар ханның сыртқы бейнесі көз алдыңа келеді. Ал, Бұқар Бөгембай

    батырдың ерлігін баса айтып былай мінездейді:

    Қиядан қиқу төгілсе,

    Аттың басын тартпаған.

    Қисапсыз қол көрінсе,

    Қорқып жаудан қайтпаған [2].

    Ақын-жыраулар батырлар мінген сайгүліктер мен тұлпарларды да тамылжыта шебер

    суреттеген:

    Келбетіне қараса,

    Омырауы даладай,

    Әлпетіне қараса,

    Сырлап соққан моладай.

    Немесе

    От басар орны отаудай,

    Қабырғасы халық орнаған жонсаудай,

    Ор қояндай қабақты,

    Сары мысықтай азулы,

    Саптыаяқтай ерінді.....,

    Табаны жалпақ тарланды

    Таңбалап мінер ме екенбіз?! (Ақтамберді)

    Жауынгер жырау Ақтамберді армандаған мықты да берік, сұлу да сымбатты, жүйрік те

    төзімді арғымақтар мен тұлпарлардың сыртқы бейнесі осындай. Мұндай шынайы да шебер

    суреттеу арғымақ баптап, мал шаруашылығымен айналыспаған елдің ақындарының қолынан

    келе бермеуі мүмкін. Ат бейнесін суреттеудегі осындай сыншылдық Ақтамберді дәуірінен

    бері талай ақынға өнеге болды. Бәр-бәрін санамағанның өзінде Бұқар, Абай, Ілияс

    шығармаларындағы ат бейнелері (аттың сындары) – қазақ поэзиясындағы үздік өрнектер.

    Бұқар жырау «Ай, айтамын, айтамын» толғауындағы «құлында емген, тайда емген»

    тирадасында «кекілін қаздай тараған, тостаған көзді торыны» бағзы ауыз әдебиеті дәстүрінде

  • 6

    тебірене сипаттаған және адам өмірін әрбір кезеңге сай санамалап суреттеу әдісін мұнда да

    қолданады (құлын, тай, құнан, дөнен, бесті, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он жасына орай).

    Жыраулар адам жан дүниесін аса терең, жан-жақты суреттеуден гөрі қысқа да шола

    суреттеуді, сол кездегі оқиғаға байланысты бейнелеуді машық еткен.

    Сондай-ақ Шәлгез толғауларындағы «Арқаның құба жонында» сегіз жол үзіндінің

    өзінде елдік, бірлікті көксеген, қызғыштай болған есіл ер де, шолақ ақылмен шорт кесер

    тоңмойын топас та көз алдыңызға келеді. Сонымен қатар мұнда қимыл мен әрекет те, уақыт

    пен кеңістік те айқын сезіледі.

    Ақын-жырауларда табиғат бейнесін суреттеуге арналған толғау-өлеңдер кездеспейді.

    Әйтсе де қоршаған ортаның жануарлар дүниесі мен өсімдік әлемін, ауа райының кейбір

    құбылыстарын елестетерлік ойдым-ойдым әсерлі де әрлі жолдар, образды тіркестер мол

    табылады. Ақын-жыраулар ондай бейнелеулерді суреттеп отырған адамның көңіл-күйімен

    салыстыра беру үшін, не өткенді еске алу барысында қолданады.

    Ақын-жыраулар поэзиясындағы суреттеу әдісі әрқилы. Өз атынан бірінші жақта сөйлеу

    өте сирек ұшырайды (Доспамбет: «Тоғай, тоғай, тоғай су», Шал: «Пасыл да, пасыл,

    пасылман» т.б.). Ал, екінші-үшінші жақта суреттеу – ақын-жыраулардың ең көп қолданар

    әдісі (екінші жақта – Доспамбет: «Озушылар, озмаңыз», Бұқар: «Садыр, қайда барасың»,

    Көтеш: «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», үшінші жақта – Доспамбет: «Қалаға қабылан

    жаулар тигей ме», Шәлгез: «Арқаның құба жонында» т.б.). Әсіресе, ақын-жыраулардың

    көбірек қолданған әдісі – үшінші жақтағы бейтарап суреттеу.

    Жыраулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық, трагедиялық, қаһармандық,

    романтикалық образдарға тән нышан – элементтер де байқалады.

    Жау жағадан алғанда,

    Ит етектен алғанда,

    Ер Абылай қорыққан жоқ,

    Әншейін еңкейе бере жылысты. (Тәтіқара)

    Қалмақпен шайқас кезіндегі Абылай әрекетін бейнелеуде осылайша зілсіз, жеңіл ғана

    әжуамен сынап өтеді. Ал, Асанның «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің», Бұқардың «Атаңды

    білмес құл едің», Шалдың «Басеке, мал, жануар басқа бітер» деп басталатын өлеңдерінде

    сатиралық образ детальдары елес береді. Ал, Доспамбеттің «Арғымаққа оқ тиді»

    тирадасында жауынгер жырауды бейнелеуде әрі трагедиялық, әрі қаһармандық, Үмбетей,

    Бұқар жырларындағы Бөгембайды суреттеуде қаһармандық образ көріністері аңғарылады.

    Әлемді түгел көрсе де,

    Алтын үйге кірсе де,

    Аспанда жұлдыз арайлап,

    Ай нұрын ұстап мінсе де,

    Қызыққа тоймас адамзат!

    Бұл жыраулық тебіреніспен көтеріңкі рухта келетін романтикалық сипаттағы бейнелеу.

    Осынау жолдардағы бұрын қиял, арман көрінген бірқатар жайттар қазіргі дәуірде қол жеткен

    шындыққа айналды. Әр дәуірдегі озық ой, қисынды қиял, асыл арман осылайша келешекпен

    табысып, ақиқатқа айналып отырған.

    Ойды шашыратпай жүйелі айту, толғау құрылысының мазмұны мен идеясына лайық

    келуі – ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы біз қарастырған жыраулар мен ақындарға тән көркемдік

    әдістердің бірі. Ақындар ман жыраулар поэзиясының композициялық ерекшеліктері арнайы

    зерттеу обьектісіне айнала бастады. Жыраулар мен ақындар толғауын ой, мазмұн жағынан

    бірнеше бөлімге жүйелеуге болады. Әдетте, сол кезде өтіп жатқан оқиға, әрекет суреттеледі

    де, жырау оған өз қатынасын білдіреді, яки қорыта шешім айтады. «Қырында киік жайлаған»

    деп басталатын Асан толғауының алғашқы бөлімінде Жем мен Ойылды қоныс етпей Еділге

    келген Жәнібек мінезін мінеп, бірақ көнбес сыңай таныған жырау соңғы жолдарда Еділ,

    Жайықтың елге тиімдігіне келіскендей пікір білдіреді. Мұндай сипаттар Шәлгездің «Би

    Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауында да бар. Шәлгез өлеңнің алғашқы

    бес жолында

  • 7

    Кебеге кетпек болған Би Темір әрекетін баяндап, оған жалғас бес жолда бұл әрекетке өз

    қатынасын (өз пікірі мен сұрағы), оған жалғас он бес жолда Би Темір әрекетіне елдің әсерін

    (Би Темір сапарына қайғыруын) суреттейді. Одан кейінгі қырық алты жолда жырау Би

    Темірге баға береді, өзінің бағы жүріп дәуірлеген кезін еске алады. Шәлгез Би Темір әрекетін

    екі дүркін қайталап суреттеп, арасында өз пікірін білдіріп, сұрақ қойып, иесіз қалар елінің

    халін баяндап, Темірді тебіренте мадақтағанмен негізгі қорытынды ойын (қажы сапарынан

    тоқтату) соңғы он бір жолда ғана білдіреді. Демек, алдыңғы Асан толғауына қарағанда мұнда

    ой, мазмұн жүйесінде біраз күрделілене түскендік байқалады.

    Өмір көрінісін, болмысты, сол дәуірде өткен оқиғаны, әрекетті айтып, оған ақын,

    жырау қатынасын, көзқарасын, пікірін көрсететін бағзы дәстүр ХҮ-ХҮІІІ ғасыр поэзиясында

    негізінен сақтала тұрса да, толғаулардың ой, мазмұн жүйесі – композициялық құрылысы

    ғасырлар өткен сайын күрделілене түскен. Бұған Асаннан үш ғасыр, Шәлгезден екі ғасыр

    кейін өмір сүрген Үмбетей жыраудың «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» толғауы

    толық дәлел бола алады. Толғауды ой, мазмұн жағынан шартты түрде болса да бірнеше

    бөлімге бөліп қарастыруға болады: 1. Әуелі қатқылдау, қаратпа сұрақ («Ей, Абылай, Абылай,

    Абылай ханым бұл қалай?»), сосын сыпайылау тілек («Бұл қалайдан сескеніп, сөзімді қойма

    тыңдамай»), оған жалғас өткен дәуренді шоли еске алу («Өтіп еді-ау жасыңнан, қиын,қызық

    әрбір жай»). Бұлар толғаудың кіріспесі іспетті.

    2. Жырау негізгі айтпақ ойына апаратын байланысқа көбірек орын берген. Бұл

    бөлімдегі тоғыз шумақтың тоғызында да жырау Абылай басынан өткен жайлар мен сол

    дәуірді суреттейді (жастық шағы, жігіттік кезі, ерлігі, қалмақтармен шайқасуы, хан болуы,

    қалмақ ханы Қалданның қолына түсіп құтылуы, Абылай тұсындағы батырлар мен билер –

    Керей батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай,

    Қанжығалы Бөгенбай), сол дәуірді мадақтау, Абылайдың дәуірлеген кезі, жолы болған

    жорықтар. Жырау шумақ соңында өткен күндер оқиғасын айта-айта келіп, «Ұмыттың ба

    соны, Абылай» - деп ойын бекітіп, әрі өткен тарихты Абылайдың есіне салып отырады.

    3. Бөгембай өлімін сездіру – оқиғаның шарықтай түсуі («дүние кезек, Абылай!...

    Табылар батыр тағы да-ай, сондай ерлер көп тусын, деп тілей бер, а құдай!»).

    4. Естірту – шиеленіс һәм шешілу іспетті («Батырың өлді – Бөгембай»).

    5. Толғаудың аяқталу сәтін де (яки қорытынды бөлімі) бірнеше жүйеге бөліп қарауға

    болады. Бұл бөлімде жырау өз парызын өтегенін толғап, көңіл айтады («Қазаға жақсы

    қасқарар, Ойбайлап жаман бас салар, көзінің жасын тыя көр, жақсылық бата қыла көр»), игі

    тілек білдіріп, бата береді («Береке берсін артына-ай, сабыр берсін халқына-ай»).

    Демек, жырау әуелі ханды сабасына түсіріп әріден қозғап, бағзы тарихын баяндап

    байырқатып алып, қайғыны сатылап сездіріп барып естіртеді. Сосын дағдылы мұң-шер

    өлеңдеріне тән дәстүрде жұбату, бата айтады. Осының бәрін жырау рет-ретімен, жүйелі

    жеткізген.

    Жыраулар әрбір шумақ соңында негізгі айтпақ ойын қайталап, бекітіп отырады. Бұқар

    жыраудың Абылайға Бөгембай өлімін естірту толғауында алты шумақтың алтауы да

    «Батырың өтті, Бөгембай!» деген жолмен аяқталады. Жырау әр шумақтың алғашқы

    жолдарында батырдың қадір-қасиетін еске алып, соңғы жолды айтуға негіз жасайды.

    Жыраулар поэзиясындағы дәстүрге айналған бір көркемдік тәсіл – санамалап, нақпа-

    нақтап суреттеу, жеке-жеке мінездеу. Ер Шобан толғауындағы әрбір батырды мінездеу тәсілі

    кейінгі көптеген ақын-жырауларға үлгі болған. Бұл дәстүрді Қалнияз «Ер Қармыс» жырында,

    Мұрат «Шәлгез» толғауында жалғастыра, дамыта түскен.

    Толғауларда ақын, жырау болған істі, әрекетті ғана суреттеп қоймайды, өз болжамы

    мен пікірін де қоса білдіреді.

    Кейбір толғаулардың алғашқы жолы сұрақпен басталып, қалған жолдары жауап

    күйінде келеді (Асан қайғы: «Бұл заманда не ғарып?»). Бұл өрнекті Асаннан бес ғасыр кейін

    өмір сүрген Қашаған ақын «Бұл дүниеде не жетім?» толғауында қолданған. Ақын-жыраудың

    негізгі ойы – толғау мазмұны жауап бөлімінде қамтылады.

    Ақын-жыраулар толғауды ақыл, нақыл күйінде өтіп жатқан оқиғадағы құбылысты

  • 8

    дағдылы баяндау ретінде бастап, соңынан өзі қорытып отырады.

    Сары аязда қата ма,

    Қайнардың аққан тұнығы?!

    Қап түбінде жата ма,

    Болаттың асыл сынығы.

    Халқы тозып кем болмас,

    Әділ болса ұлығы. (Ақтамберді)

    Негізгі ой соңғы екі жолда. Сондай-ақ Бұқардың «Асқар таудың өлгені», «Жал,

    құйрығы қаба деп» толғаулары да осы іспеттес. Алғашқысында жырау өмір сырын әрқилы

    мысалдармен нақыл күйде суреттеу келіп, соңынан қорытынды жасайды («Жақсының аты

    өлмейді, Әлімнің хаты өлмейді»). Екінші толғау ақыл күйінде басталып, нақыл ретінде бітеді

    (Жақсыдан жаман туса, тартпай қоймас негізге»).

    Бірқатар толғауларда ақын-жыраулар өзі туралы мәлімет береді, не өзінің шабыт-

    дарынын, ата-тегін, т.б. деректерімен таныстырады. Бұлар – ақпа-төкпе ақын, жыраулардың

    шабыты қозып, рухы көтеріліп, қанаттана түскен сәттерінде туатын жыр жолдары, әрі

    тыңдаушымен арадағы қатынасты нығайтып, ерекше әсерге бөлеп, баурай түсудің көне

    дәуірден келе жатқан тиімді тәсілі. Мысалы, Бұқар «шашырап қандар көп, шашау жатқан

    малдар көп, қайсы бірін айтайын, Айта берсем сөздер көп» деп бастап барып, әрі қарай

    өрбіте түседі. Ал, Шал ақын «Домбыра қолда қарағай, қолға да оны алған соң, жүйрік туған

    ағаңыз, Арыдан бері тербетер» дейді. Мұндай мысалдар ақын-жыраулар

    шығармашылығында көптеп кездеседі. Толғау арасында кездесетін ақын-жыраудың өзі

    туралы тебіренісі кейде толғаудың басында, кейде орта жерінде, не аяғында келеді.

    ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігінің эпостық

    жырларды тудыруға қатысы болған не кәрі әжесіндей сол жырлардан өнеге алған.

    Сондықтан да ақын, жыраулар толғауларының композициялық құрылысында эпос әсері

    айқын аңғарылады. Ол заңды да (Бұқар: «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды.

    Жырлағанда не дейді, соғыспа деп жырлайды...»)

    Жыраулар поэзиясындағы бір ерекшелік – жыр жолдарындағы сөздердің, не басқы

    буындардың қайталанып келуі (Асан қайғы: «Ұсар ма, билер, ұсар ма?», Қазтуған: «Алаң да,

    алаң, алаң жұрт», Шәлгез: «Алп, алп басқан, алп басқан», «Ор, ор қоян, ор қоян», «Ау,

    бөрілер, бөрілер», «Алып, алып ал сақын», «Асқар, асқар, асқар тау», Доспамбет: «Сіреу,

    сіреу, сіреу қар», «Тоғай, тоғай, тоғай су», Ер Шобан: «Ол тұрысқан, тұрысқан», Жиембет:

    «Ей, қыңыр ер, қыңыр ер», Ақтамберді: «Көк көгершін, көгершін», «Бұлан да, бұлан, бұлан

    сан», «Жел, жел есер, жел есер», Бұқар: «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек», «Ай, заман-ай, заман-

    ай», «Ай, айтамын, айтамын»). Мұндай қайталаулар көбінесе толғаудың, яки шумақтың

    басқы тармағында кездеседі. Қайталаулардың бірқатарында жырау бір нәрсеге яки

    құбылысқа тыңдаушы назарын ерекше аударып, сосын барып, ол туралы өз толғамын айтады

    («Тоғай, тоғай, тоғай су», т.б.). Кейбіреуінде жырау адамға, яки заманға қарата сөйлеп,

    тікелей тіл қатады. («Ау, бөрілер, бөрілер», «Ай, заман-ай, заман-ай», т.б.).

    Жыр жолдарындағы сөздер мен буындардың қайталанып келуі жыраулар мұрасынан

    өнеге алған ХІХ, ХХ ғасыр басындағы, тіпті қазіргі халық ақындары шығармаларында да

    кездеседі. Жыр айту процесінде Шашубайдың «Сөйле, Шашеке», Өскінбайдың «Ой,

    шіркіннің ағылуын-ай» деп өздеріне дем беріп, қанаттандырып айқайлап отыратыны сияқты

    біз айтып өткен қайталаулар жыраулардың тебіреніс-толғанысына, шалқып-шамырқануына

    кең тыныс, мол мүмкіндік беретін тәсілі болғанға ұқсайды.

    Ақын-жыраулардың өз атынан монолог ретінде, не кезектесіп диалог ретінде келетін

    толғау, өлеңдері көп емес. Бірінші жақта монолог ретінде өз атынан айтылатын өлеңдер

    өзгелерден гөрі Шал ақында бар («Әр жерде қадір, құрмет көрген жанмын», «Түседі өлең

    десе қайғы шерім»). Ал, Ер Шобан толғауындағы Биғазы мен Шобан сөздері, сондай-ақ

    «Шал ақын мен Дегдар қыз» сияқты Шалдың бірқатар өлеңдерін ғана диалог үлгісі ретінде

    қарауға болады.Кейбір толғауларды қисса, эпос дәстүрімен жыр мен қара сөз аралас келеді

    (Ер Шобанда, Жиембеттің Есім ханға айтқан толғауларында).

  • 9

    Ақын-жыраулар шығармашылығының пікір, ой өрбіту, жырлау жүйесіндегі осы

    мысалдардың өзі толғаулардың композициялық құрылысындағы олар қолданған көркемдік

    әдіс, тәсілдердің сан алуан болғандығын байқатады.

    Жыраулар мен ақындар халық тілі қазынасынан мол сусындап, оның бейнелі де

    өрнекті, отты да өткір, мағыналы да қанатты түрлерін өз шығармаларында мол пайдалана

    білегн, өздері де халықтың сөз қазынасына елеулі үлестер қосқан.

    ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1. Аристотель. Поэтика. -Алматы, 1959. 2. Ахметов З. Өлеңсөздіңтеориясы. -Алматы, 1973. 3. Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). -Алматы, 1989. 4. Негимов С. Өлең өрімі. -Алматы., 1980; Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. -Алматы, 1991. 5. Өмірәлиев Қ. 15-19 ғғ.қазақпоэзиясыныңтілі. -Алматы, 1976. 6. Сыдықов Қ. Көркемдік өрнектер. Алматы, 1992

    ӘОЖ 811.512.122

    ӘДІЛБЕКОВА Қ.Ә., БАРБОСЫНОВА Қ.Т.

    С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.

    Ә. НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ

    РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК СИПАТТАРЫ

    Ә. Нұршайықов өзіндік көзқарас-қолтаңбасы бар қаламгер. Ел-жерді көп аралаған, әр

    алуан адамдармен кездескен, өмір оқиғаларын, кейіпкерлерді де ойдан емес, керісінше,

    қалың көптің ішінен іздеп, табады. Әр алуан көрініс-жайттардан өзінше байлам-қорытынды

    шығарып, зерттеп зерделейді. Жазушы шағын жанрдан көлемді туындыға дейін болашақ

    шығармасының дерек – материалын молынан жинап, естелік – сұхбат, хат жазбаларға да зор

    маңыз беріп, көңіл күнделігіне түсіре береді. Мұның соңы белгілі: ауызша әңгімеден - роман

    - диалогқа дейін қалың көпке көркем қалыпта, жүйелі, жинақы, тартымды сипат - үлгіде

    жетеді.

    Ә. Нұршайықовтың «Әсем», «Ботагөз», «Ғажайып адам», «Ескі дәптер», «Махаббат

    жыры» сынды лирикалық повестерінен, «Талқы», «Астық», «Баяндама», «Телеграмма»

    секілді әңгіме – эсселерінің өзіндік өзгешеліктері бар. Біздіңше, бұл туындылардың табиғаты

    жазылу әдістері тұрғысынан әр алуан болып келеді (мысалы, ауызша баяндау үлгісі -

    «Әсем», «Ғажайып адам», «Махаббат жыры», қолжазба хат түрі - «Ботагөз», күнделік сипаты

    - «Ескі дәптер»). Бірақ, соған қарамастан осы туындыларға тән ортақ белгі- ерекшеліктер:

    жастардың асыл арманы мен асқақ рухы, биік мақсат-мұраттары мен асыл адамгершілігі,

    қарапайым да кішіпейілдігі, адалдығы мен ар-ожданы, ұяты мен намысы, сезім сырлары

    нәзік, шынайы үлгіде баяндалады.

    Ә. Нұршайықов шығармашылығында адалдық пен адамгершілік, сыр-сезім табиғаты,

    яки моральдық-этикалық мәселелер шынайылық сипаттар арқылы кең өріс алады дей тұрсақ

    та, бұл жайттар өмір- тұрмыс суреттерімен табиғи астасып, содан үндестік, үйлесім тауып

    жатады. Айталық, «Ботагөзде» - келісті, көркем жігітке қызығып, соңынан сол сезім-

    көзқарасына алданған, жаны жараланған бойжеткен Ботагөздің өмір сабағы қалың көптің

    назарына ұсынылады. Ақыл мен ажардың тең келмей, жеңілтектіктің ащы сабағы Ботагөз

    өміріне арқау етіледі. Керісінше, Асылгүл («Махаббат жыры»), Ғайни («Ғажап адам»)

    бейнелері адамдық болмысымен, жан сұлулығы, сезім сырларымен табиғи өрбітіп, сол

    арқылы тақырып табиғатын, кейіпкерлер жүйесін, олардың өзара үйлесім-сипаттарын

    көркем, бейнелі түрде баяндайды. Романның жазылу тарихы, жарық көру жайы жөнінде

    жазушы еңбектерінде әр кез сөз етілген-ді. Осы жайттарды негізгі назарда ұстасақ, жазушы

    басты туындысын жазуға үлкен дайындықпен келгені байқалады.

    Алдымен халық әдебиеті материалдарын, ондағы ұлттық-рухани құндылықтарды, адам

  • 10

    факторына қатысты сапалық белгілерді, даналық мәйектеріне жіті ден қояды.

    Жазушы мұраты мен ізденістеріне сергек көңілмен қарасақ, адамның жастық кезеңіне

    зор маңыз беріп, адамгершілік иірімдеріне, ұлттық дәстүр өнегелеріне, сыйластық

    сырларына қоғамдық-әлеуметтік сипаттар дарытқанын аңғарар едік.

    Сондай-ақ, өмір оқиғалары мен шындықтарын нақтылы кейіпкерлер болмысы,

    көзқарасы мен іс-әрекеттері арқылы сенімді суреттеп, қалың көптің қызығушылығын еселеп

    арттыра түсті.

    Романдағы жастық пен достық, махаббат тақырыптары ұлттық ерекшеліктерімізге,

    адами-имандық мәселелеріне сай сенімді өріс алады. Негізгі кейіпкерлер (Ербол, Меңтай

    т.б.) бойындағы ізгілікті қасиеттер, сыйластық иірімдерінен де ұлттық қасиеттеріміз, адами

    құндылықтар молынан ұшырасады. Мұның бәрінен жазушы еңбегі, басты туындының

    жазылу тарихына қатысты көзқарас, қолтаңба мәнері терең танылады.

    Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» деген атпен 1956 жылы жарық

    көрген. Алпысыншы жылдардан бастап біржола көркем прозаға ауысты. Жиырмадан астам

    кітабы шыққан : «Махаббат жыры» (повестер, 1964), «Тоғыз толғау» (1977), «Автопортрет»

    (әдеби портреттер, 1977), «Махаббат, қызық мол жылдар» (1970) романы және «Ақиқат пен

    аңыз» (1976) роман-диалогі, «Екі естелік» (1985), «Жамбылға хат» атты әскери естеліктері

    (1996) т.б.

    Бұл туындылардың бірқатары «Жазушы» баспасынан бірнеше дүркін орыс тілінде де

    басылып шықты. «Песня любви» (1965, 1975, 1982), «Истина и легенда» (1982), Мәскеудің

    «Советский писатель» баспасынан «Истина и легенда (1980) және «Дорогой памяти» (1985)

    кітаптары жарық көрді. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі украин («Дніпро», 1984) және чех

    (1985) тілдеріне аударылып жарияланды. Жеке шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік,

    молдован, татар, якут тілдеріне аударылған.

    1980 жылы «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы

    Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. И. Буниннің шығармаларын,

    М. Шолоховтың «Адам тағдыры», П. Павленконың «Жарияланбаған хат» әңгімелерін, А.

    Якобсонның «Қорқау» пьесасын және басқа туындыларын қазақшалады.

    ІІ дәрежелі Даңқ, «Құрмет Белгісі», Халықтар достығы және ІІ дәрежелі Отан соғысы

    ордендерімен, «Батырлығы үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында

    Германияны жеңгені үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарымен,

    үш мәрте Қазақ КССРЖоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды (1962, 1972,

    1982). Қазақстанның Халық жазушысы [1, 455 б.].

    «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі үшін жазушыға ҚР Абай атындағы Мемлекеттік

    сыйлығы берілді. Әзілхан Нұршайықов көркем әдебиетке құлаш ұрған кезде-ақ ұлт

    адамдарының жарқын істері жайлы, олардың ішкі жан дүниесінің сұлулығы жайлы, туған

    Отанға сүйіспеншілігі жайлы толғана жазуды мұрат тұтқан қаламгер. Барлық қазақ

    жазушылары сияқты ол да адамгершілікті, жаңа адамға лайық адамгершілікті жырлау,

    дәріптеу міндетін мақсат тұтты. Уақытты, дәуір шындығын көркем сөзбен бейнелеуге

    ұмтылды. Қаһармандықты жырлау сонау Гомер заманынан бастау алады десек, Әзілхан

    Нұршайықов та өзінің міндетін анық, шын қаһарманды дәл танып, қалың көпшілікке

    таныстыру деп түсінеді. Қаһармандық – бұл бүгінгі өміріміздің де анық белгісі. Қаһарман тек

    әр заман, әрқилы уақыт өлшемінен өлшенеді, бейнелі, белгілі бір үлгіге айналады. Оның

    очерктері мен көлемді мақалаларының кейіпкерлері шын мәнінде өз дәуірінің, өз уақытының

    қаһармандары болатын. Сол алғашқы очерктерінен-ақ Әзілхан Нұршайықов жасанды

    сұлулыққа, әсіре қызыға ұмтылмайды. Не мәселені көтерсе де оқиғаны нақты өмірден алады,

    адамдардың жан құбылысын, мінез – құбылысын көркем кестелеуге қадам жасайды. Оның

    очерктерінің көркем әңгіме деңгейіне көтерілуінің басты сыры осында болса керек. Тағы бір

    тоқталып кетер мәселе, Ә. Нұршайықов жасық, осал, күйрек адамдарды өз шығармаларына

    кейіпкер етіп алмайды. «Махаббат, қызық мол жылдар» романында негізінен романтикалық

    кейіпкерлердің кең көрініс табатынының негізгі сыры да осында.

    Әзілхан Нұршайықов қасиетті қаламы арқылы өз дәуірін тарихқа айналдырады. Ерте

  • 11

    есейген еңселі мен тамырын тарихтың терең қойнауларынан тартқан тағлымды жұрттардың

    қай-қайсысы да өткен күнге өз көзімен қарайды. Кешегісін айтқанда келешегін ойға алып

    отырады. Осы тұрғыдан келгенде «Махаббат, қызық мол жылдар» романы да тарихқа, ұлт

    тарихына, ұлт мәдениетінің тарихына айналып барады. Ендеше, біз романды бүгінгі күннің

    талқы таразысынан өткізгенде ондағы кейіпкерлердің өмір сүрген уақытын да есімізден

    шығармауымыз керек. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» романын

    жазарға дейін осындай өмір жолынан өтіп келген қаламгер. Оның қаламынан шыққан көркем

    туындылар әдебиетсүйер қауым тарапынан ыстық ықыласқа, үлкен қызығушылыққа ие

    болып жатса оның ең бірінші себебі жазушының өмір көргендігінде, сол көргенін өнермен

    өре білетіндігінде болса керек.

    Біздіңше, Ә.Нұршайықов шығармашылығы аса бай әрі өмір-тұрмыстан туындаған оқиға,

    шындықтар нақты да көркем бейнеленеді. Өмір өрнектері, еңбек адамдары, жастардың тәлім-

    тәрбиесі т.т. жүйелі жеткізіледі. Ой құнары, тіл бедері, стиль сипаттары бейнелі де бедерлі.

    Өмір – ұстаз, өнеге, тәжірибе тәлімі екенін сәт сайын сезініп келеміз. Даналардан

    шыққан сөзге ден қойсақ, Өмір мен Уақыт - адамға берілген шетсіз де шексіз мол

    мүмкіндіктер әрі қызық та қимас, ғажайып та ғаламат, сәулелі сәттер болыптабылады. Өмір

    мен Уақыттың бағасы мен салмағын, сыр-сипатын негізгі нысана, басты бағдаршам

    еткендердің бірі - Әзілхан Нұршайықов болып табылады.

    Журналист-жазушы Ә.Нұршайықов туралы төмендегі сөздерді айтуға болады:

    - өмірі өнеге, сөзі мен ісінде бірлік, байланыс бары байқалады;

    - жылы жүзін, шағын бойы мен денесін байыпты байсалдылығы, қарапайым да

    кішіпейілділігі байытып та, толықтырып та тұрады;

    - жинақы да таза, сырбаз болмысын еңбекқорлығы, сезімталдығы, табандылығы,

    тиянақтылығы, ұқыптылығы жан жылуымен нұрландырып, биік-белестерге асқақтата түседі;

    - маңыздысы, жазушы еңбегі мен шығармашылық мұрасынан адам әлемі, еңбек сипаты,

    өмір өрнектері мен достық дастандары кең орын алады. Бұл белгі-ерекшеліктері -

    Ә.Нұршайықовтың өмірі мен қоғамдық қызметінен, шығармашылық мұрасынан да терең

    танылады.

    Ә.Нұршайықовтың өмірі мен өнегесіне, шығармашылық мұра-мирастарына байыппен

    назар аударсақ, онда: жазушы еңбегіне аса құрметпен қарайтыны, қалам мен қағаздың

    құдірет-киесін терең сезінетіні, халықтық тағлиматтарға зор маңыз беретіні, ұстаздары мен

    тұстарына, жас қаламгерлер менәдебиетшілерге, студент жастарға қамқор көңілін бүкпесіз

    білдіріп, кең құшағын айқара ашатыны айқын аңғарылады. Бұл белгі-ерекшеліктер - жазушы

    еңбегі мен шығармашылығынан, әр жанрдағы туындыларынан терең танылады.

    Журналист-жазушы Ә.Нұршайықовтың шығармашылық мұрасына жіті көзбен ден қойсақ,

    көптеген қаламгерлер секілді - өлең-өнерді өмірдің басты мұраттарының бірі ретінде ерте серік

    еткені, сол арқылы айнала әлемді, адам қайратын, еңбек сипатын, жастық-достық сырларын қал-

    қадерінше көңіл көрігінде қорытып, көркемдік көкжиегіне еркін де сергек, серпінді түрде құлаш

    сермеуі терең танылады. Айқын аңғарылатыны: көзбен көріп, көңілмен сезінген қайсібір

    құбылыс, көріністерді қаз-қалпында табиғи баяндап, жүйелі де жеңіл жеткізеді. Ой мен сөз, сыр

    мен сезім тұтастығында да бірлік-байланыс мұраттары айқын. Жан жылуы мен көңіл шуағынан

    мол мейірім, сән салтанат сипаттары сезіледі, терең талғам мен тебіреніс-тербелістердің де бары

    байқалады. Әрине, алғашқы тұста көне кезеңнің шежіре-жазбалары-"Мың бір түн", "Рүстем-

    Зораб", "Сейфүлмәлік", "Шәкір-Шәкірат", "Қалқаман- Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Айман-

    Шолпан", "Қыз Жібек", "Тауке батыр", "Түсіпхан" т.т. аңыз-әңгіме, батырлар жыры, дастан-

    хиссаларды жиі оқып, жаттап өскен жас талап оны жақын-жуыққа, әр алуан басқосу кештерде

    нақышына келтіріп орындап, әрі көңіл-жүрекке берік ұялатқандықтан, өміріне арқау еткендіктен

    туған ауылында «өлеңші бала» атанады.

    Жазушы еңбегі мен шығармашылық мұраттарына жіті көз, сергек көңілмен ден қояр

    болсақ, сөз өнерінің арғы-бергі тарихынан бастап, оның танымал тұлға-мақтаныштары - Әл-

    Фараби, Қорқыт, Асан қайғы, Бұқар, Дулат, Махамбет, Абай, А.Байтұрсынов, Қ.Бөкейхан,

    Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов, Ғ.Мұстафин т.б. өмірі мен кезеңі

  • 12

    хақында, ең негізгісі ұлт мұраты, руханият мәселелеріне зор маңыз, мән беретіні байқалар

    еді. Осының бәрінен, әрине сөз өнеріне, қаламгер мұратына, көзқарасы мен қолтаңбасына

    ерекше мән береді. Ә.Нұршайықов «Жалын» журналына берген интервьюінде жазушылық

    өнерге келу жолын, атап айтқанда, өлең өлкесіндегі алғашқы қадамдары хақында

    төмендегіше еске алады: «- Мен жазушылыққа кеш келдім. Ерте туып, кеш қалған сияқты

    болдым. Сол себептен де шығарманы өз тұрғыластарымның ішінде ең аз жазған

    жазушылардың бірімін. Олай дейтінім, мен өлеңді он төрт жасымнан бастадым. Алғашқы

    шағын өлеңдерім мектеп қабырға газетінің, Жарма аудандық (Семей облысы) «Социалистік

    еңбек» газетінің беттерінде жарияланды. Атақты композитор анамыз Дина Нүрпейісованы

    көріп, күйін тыңдағанда шығарған «Домбыра» деген тұңғыш толғауым 1938 жылы Семей

    облыстық «Екпінді» газетінде шықты. Осыдан бастап өлеңдерім баспасөз бетінде дүркін-

    дүркін жарық көріп тұрды.

    Бала күнімде алғашында ақын, артынан инженер болсам деп арман еттім. Соңғы

    арманға табан тіреп, ауылдан жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы, ол кезде

    таукен институты аталатын (қазіргі политехникалық) оқу орнының жұмысшы факультетіне

    түстім. Семейдегі Абай атындағы Қазақ педагогикалық училищесіне барып оқуға мәжбүр

    болдым. Осы кезде инженер болу үміті өшіп, ақындық арман қайта оянды. 1940 жылы

    шыққан «Көрікті бақшаның гүлдері» деген Қазақстан пионерлері мен мектеп оқушылары

    творчествосының жинағына «Ульба» деген өлеңім кірді. Республикалық «Пионер»

    журналының беттерінде «Күзетте», «Біздің колхозда», «Бір» деген және басқа өлендерім

    басылды [2, 30 б.].

    Жоғарыдағы жайттардан, яки ой мен сөздің жүйесі етілген Ә.Нұршайықовтың ақындық

    мұрасы хақындағы ойлар мен толғаныстардан: өлең-өнер, һәм жан жылуы мен жүректің

    сәулесі, көңілдің нұры, табиғат сыйы екендігі айқын аңғарылады.

    Қоғам дамуына, өмір өрнегіне жіті назар салсақ, әңгіме арқауы етерлік жайттар

    жетерлік. Алайда, көрген-білгенді қаз-қалпында қағазға түсіру - сөз өнеріне жат құбылыс.

    Кез келген ақын-жазушының өмірді танып-түсінуі, зерттеп-зерделеуі түрліше болып

    келеді. Журналист табиғаты туралы да осыны айтуға болады. Бұл ретте, әрине «қазақтың

    Овечкині» атанған - Ә.Нұршайықовтың журналистік еңбегі, ізденісі мен көзқарасы,

    қолтаңбасы мен шеберлігі кім-кімге де ой саларлық әрі тағылымды-ғибратты болып

    табылады. Айталық, «Алыстағы ауданда», «Тың астығы», «Ертіс жағасында», «Жомарт

    өлке», «Село коммунистері», «Комбайншы» сынды очерктер мұраты мен табиғатынан

    ізденіс арналары, көзқарас пен қолтаңба, адам өмірі мен еңбегі, ел-жер тағдыры, сайын дала,

    шалқар көл көріністері кең орын алады. Журналистік зерттеу, көңіл күнделігі мен өмір

    өрнектері, адам еңбегі мен қайраты, кезең-уақыт сырлары әсерлі әлемнен туған дерек көздері

    шынайы штрих, детальдар негізінде бейнелі беріледі. Қоғам, кезең көріністері, өмірдің ағыс-

    арнасы, адам мұраты мен еңбек ырғақтары көтеріңкі серпін, сезіммен, публицистік сарын,

    сипаттармен сенімді суреттеледі.

    Ә. Нұршайықов 1960 жылдардан бастап біржола көркем прозаға ден қойды. Бұл

    бағытта - «Махаббат жыры» (1964), «Әсем» (1966), «Батырдың өмірі» (1969), «Мен

    журналиспін» (1978), «Тоғыз толғау» (1977), «Автопортрет» (1977), «Екі естелік » (1985),

    «Махаббат, қызық мол жылдар» (1970, 1972, 1979, 1980, 2002), « Ақиқат пен аңыз» (1976,

    1978, 1980), «Өмір өрнектері» (1987, 2000), «Қаламгер және оның достары» (2000)т.т.

    әңгімелері мен повестері, бірнеше романдары және Күнделік мұралары, естеліктері жарық

    көрді. Бұл еңбектердің бірсыпырасы республикалық баспалардан орыс тілінде, жекелеген

    шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдаван, татар, якут тілдеріне аударылды.

    Ә. Нұршайықов шығармаларына - ізденіс, суреткерлік, шеберлік тән. Ол қай жанрда

    жазса да туындының тартымдылығын, көркемдігі мен түрлі ерекшелігіне мән береді. Оның

    шығармаларының - очерк-эссе, очерк-әңгіме, естелік-очерк. роман-диалог, повесть-монолог,

    естелік-әңгіме, әдеби күнделік, эпистолярлық роман т.т. болып келуі осыған нақтылыдәлел

    болады.

    Ә. Нұршайықовтың көркем прозасындағы күнделік үлгісі -«Ескі дәптер», қолжазба хат

  • 13

    түрі - «Ботагөз», баяндау мәнері – «Әсем», «Махаббат жыры», «Ғажайып адам», жастар

    конференциясы – «Талқы», колхоз еңбекшілерінің өмір-тұрмысы – «Комбайншы», аудан

    көріністері – «Алыстағы ауданда», майдан жазбалары – «Ер Төлеген», «Мәншүк әні»,

    гвардия полковнигі Б. Момышұлы қаһармандығын роман-диалог үлгісінде көрсеткен –

    «Ақиқат пен аңыз», жастық пен достық, махаббат мерейін асқақтатқан – «Махаббат, қызық

    мол жылдар» романы, әдеби портреттер мен естелік-әңгемелер топтамасы - «Автопортрет»,

    қойын дәптерлер сыры – «Өмір өрнектері», жас қаламгерлер ұстазы, азамат-жазушы

    М. Иманжановтың қысқа ғұмырына негізделген – «Қаламгер және оның достары» т.т.

    туындылары елдік пек ерлік салттарын, азаматтық пен адамгершілік сипаттарын, ұлылық

    пен кішілік иірімдерін, игілік пен ізгілік іздерін кемел, көркем,шебер жеткізеді.

    «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бірнеше рет басылды (1970, 1972, 1979, 1980,

    2002 ж.ж.). Романға 1970 жылдың 19 қаңтарында күндізгі сағат 14-те соңғы нүкте қойылып,

    сол жылы жарық көреді (Өмір өрнектері.- А, 1987.-94 бет; – Жазушы роман атына

    байланысты әдебиетші-ғалым М. Дүйсеновпен ақылдасып – «Махаббат, қызық мол

    жылдар»деп ат қояды.

    Роман жазушы-ұстаз, жас каламгерлердің қамқоры М. Иманжановқа арналған. Роман

    қазақ әдебиетіндегі махаббат тақырыбы, оны қалай жазу хақындағы асыл мұрат, ойлы

    ізденіс, көзқарастардан бастау алады. Бұдан кейінгі жерде-пролог, эпилог орнына берілген

    бірер бетте: Тургенов, Пришвиннің күнделік-жазбаларынан орын алған махаббат туралы

    ойлар мен көзқарастары көпшілік, оқырман назарына ұсынылады. Мұнда: Махаббат мәні,

    адам өміріндегі сыр-сезім сипаты, жастық-достық шыңы-ғашықтық пен сүйіспеншілік

    салтанаты биік белестерден ту етіп көтеріледі. Адам өмірі мен мәніне ден қойылады.

    Романның жарқын да әсерлі тұстарыныңбірі -университеттегі профессор М. Әуеновтың

    дәрісі болып табылады. Біздіңше, М. Әуенов (М. Әуезов) дәрісі білім-біліктің биікүлгісін,

    тақырыпқа адалдықтың, ой мен сөздің бірлік, жүйесінен тұрады. М. Әуенов дәрісін

    студенттердің қабылдауы, ұлттық мұрат, руханиятқа құштар көңіл, көзқарастары нанымды,

    әсерлі беріледі. Ең негізгісі, М. Әуенов дәрісі - білім мен біліктің, шеберлік пен шешендіктің

    биік үлгісін танытады. Ұстаз ұлағаты, жан жылуы мен мейірім шуағыда дәріс

    тағылымдарын, руханияттың өріс-өнегесін кең көлемде көрсетеді. М. Әуенов әлемінің бір

    сыры, мың қыры,мол тағылымы осы.

    Роман табиғаты студент жастар өмірін арқау етсе де қалың. Қызыға оқып, жадына

    мықтап ұялап қалар бедерлі көріністер де бар (Ербол-Ментай, Заман-Тана, Жомартбек,

    Майра т.т), керісінше жат әрекет, көзқарастарымен көңілге көлеңке түсіріп, жанды жаралар

    көрініс - құбылыстар да орын алған (колхоз төрағасы-Бүркітбайдың студент Сәлиманы айла-

    амалын асырып, өзіне әйел етіп алуы, Тұмажан Ошақбаевтің қыз туралы тар түсініп, осы

    мақсатпен-Меңтай жанын, жүрегінжаралауы т.т.). Қысқасы, Ә.Нұршайықов өз кезеңінің

    қоғамдық құбылыстарын, өмір-уақыт тынысын, студент жастар мен олардың бір-біріне

    қатынас-көзқарастарын жан-жақты суреттеп, Ербол мен Меңтайдың махаббаттары арқылы-

    Адамдық істі, Әділеттік жолды ардақтап-әспеттейді. Достық жыры мен Сүйіспеншілік

    сырының салтанат құрған сәтін кең көлемде көрсетеді.

    Ә.Нұршайықовтың талант пен тәжірибе тәлімін, көзқарас пен қолтаңба мәнерін

    танытатын туындысы – «Ақиқат пен аңыз» роман диалогы (1976, 1978, 1980). Осы үшін

    роман авторына Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді (1980). Романнан журналистік

    қолтаңба, өткір диалог, нақтылы дерек көздері бірден байқалар еді. «Ақиқат пен аңыз» қалай

    туды?» деген мақаладан «Жұлдыз» журналының тапсырмасы түрткі болғанын, интервью

    үлгісі болашақ романның жанры мен стилін айқындағанын аңғарар едік. Роман-диалог үлгісі

    бұған дейін қазақ әдебиетінде болмағанын ескерсек, күрделі жанр-роман мүмкіндігі зорая

    түскені танылады.

    «Ақиқат пен аңыз» - Отан үшін от кешіп, өмірін оққа байлаған, халқымыздың біртуар

    тұғырлы тұлғасы-Бауыржан Момышұлының бастан өткерген оқиғаларын көркем, сырлы

    суреттеген туынды.

    Б.Момышұлы өзі көріп, куәсі болған жайттарды байыпты қарап, жүйелі сөз өтеді.

  • 14

    Дерекпен сөйлейді, Ұлы Отан соғысы жауынгерлердің ерлік істеріне, жеңістің

    маңызынадұрыс қорытынды жасайды. Романның өріс-арнасынан, сұхбат барысы мен

    сырынан екі түрлі мінез сипатын (бірі-қатал, екіншісі-жұмсақ), ортақ тұстарын (адалдық, сөз

    бен істегі бірлік) айқын аңғарамыз.

    Романның диалог үлгісінде өріс алуы жазушыға мол мүмкіндіктер берген. Алдымен, Ә.

    Нұршайықовтың өзі де толарсақтан қан кешіп, қалам ұстағандықтан-соғыстың қасіреті мен

    шындықтарын жетік білсе, кейінгі кезекте Б. Момышұлының батырлық болмысы мен

    қаһармандық ерліктерін әр алуан оқиға, түрлі шегіністер дерек пен дәйек көздері, тәлім-

    тәрбие арналары негізінде көркем, шыншыл суреттейді.

    Ә. Нұршайықов журналист жолы, жазушы еңбегі, шығармашылық жұмыстың қыр-

    сыры туралы көзқарастары мен толғам-толғаныстарын - «Өмір өрнектері» сынды әдеби

    күнделіктері «Қаламгер және оның достары» атты эпистолярлық романы дәлел-

    деректерімен, өмір-уақыт, тұрмыс туралы ақиқат жайттарға толы шындық сырларымен

    байытып, кең көлемде толыға түскені айқын аңғарылады.

    ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1. Нұршайықов Ә. Өмір өрнектері. – Алматы: Жазушы, 1987.- 431 б.

    2. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 1962.- 236 б.

    3. Қабдолов 3. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. - 352 б.

    4. Нұршайықов Ә. Махаббат, қызық мол жылдар. – Алматы: Жазушы, 1970.-315 б.

    5. Нұршайықов Ә. Автопортрет. – Алматы: Жазушы, 1977.-241б.

    6. Нұршайықов Ә. Халима. // Жұлдыз», 2002, № 3

    УДК 811.81'44

    АЗАТБЕК А., АБДРАХМАНОВА Т.М.

    ВКГУ имени С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск

    ПЕРЕВОД ГЕОГРАФИЧЕСКИХ НАЗВАНИЙ

    С АНГЛИЙСКОГО НА РУССКИЙ И КАЗАХСКИЙ ЯЗЫКИ

    Жизнь человека тесно связана с различными местами, которые обозначаются с

    помощью особых слов – географических названий, или топонимов (от греческого слова topos

    «место» и «onoma/onyma» имя, название).Изучением географических названий, выявлением

    их своеобразия, историей возникновения и анализом изначального значения слов, от которых

    они образованы, занимается топонимика – одна из отраслей языкознания, или лингвистики.

    Мы с уверенностью можем сказать, что трудно представить себе современный мир без

    географических имен. Каждый топоним несет разнообразную информацию: географическую,

    лингвистическую, историческую, так как географические названия – это результат

    исторических условий эпох, когда они возникали, формировались и распространялись в тех

    или иных странах.

    Проблемами топонимики занимались такие российские лингвисты, как

    А.В. Суперанская, В. И. Даль, Л. В. Успенский. Большой вклад в изучение английских

    топонимов внесли шведский лингвист Э. Эквол, английский лингвист Р. Коутс. Также

    исследованием топонимов занимались такие лингвисты, как А. Смит, Г. Стюард, В. Уотсон,

    О. Падель др.

    Топонимия Англии рассматривает языковое происхождение географических названий в

    Англии, и тенденции в именовании. Английская топонимика богата, сложна и разнообразные

    современные интерпретации склонны быть неточными. Многие английские имена были

    повреждены и стерты на протяжении многих лет, в связи с изменениями в языке и культуре,

    которые вызвали потерю первоначальных значений. В некоторых случаях слова,

    используемые в географических названиях, взяты из языков, которые уже исчезли и которые