42
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМК АШЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ Мамандығы: «Медбикелік іс » Пән: «Медбикелік іс негіздері » Такырыбы: «Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі». Құрастырған: А. К. Сейсекенова

методическая разработка

  • Upload
    -

  • View
    76

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: методическая разработка

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢШЖҚ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМК

АШЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ

Мамандығы: «Медбикелік іс »

Пән: «Медбикелік іс негіздері »

Такырыбы: «Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі».

Құрастырған: А. К. Сейсекенова

Павлодар, 2016 ж/г

Page 2: методическая разработка

Сабақ жоспары

Өткізу күні: 21.11. 2016 ж.Топ: 31 Мамандығы: «Медбикелік іс»Сабақтың тақырыбы - «Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі»Сабақтың мақсаттары: 1. Білімдік: Оқушыларды медбикелік үрдіс және медбикелік күтімін ұйымдастыру әдістеріне бейімдеу.2. Дамытушылық: Медбикелік үрдіс бойынша студенттердің білімдерін дамыту, талдау, салыстыруды жүргізу, қажетті қорытынды шығара білу біліктерін дамытуға мүмкіндік туғызу.3. Тәрбиелік: Өз пікірін дәлелдей білу, өзара қарым-қатынас жасау мәдениетін дамытуға, өздік өқу жұмысына қажетті дағдырларды игеруге мүмкіндік туғызу.Сабақ типi: Білімді, ұсталықтарды және дағдырларды нығайту және жетілдіру сабағы.Сабақтың өткізу формасы: практикалық.Өткізу әдіс-тәсілдері: көрнекілік, мәселелік, ауызша.Пән аралық байланыс Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы.Пән ішілік байланыс: «Науқастың жағдайын бағалау», «Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс», «Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс», «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік процесс», «Ішек қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс», «Зәр шығыру жүйесінің бұзылған кездегі медбикелік үрдіс», «Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс». Құрал-жабдықтар, көрнекі кұралдар а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: тонометр, фонендоскоп, градусник, медбикелік ауру тарихы, жұмыс дәптері.Өткізілетін орны: № 29 кабинетӘдебиет: С.Қ. Муратбекова «Мейірбике ісі негіздері», – Астана, 2007. б 332-342 Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., Ешова Г.А.Мейірбике ісінің негіздері, 98-101Сабақ ұзақтығы 180 мин.

Page 3: методическая разработка

САБАҚТЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Сабақ бөлімдерінің атауы Уақыты –180 мин.

1 ҰЙЫМДАСТЫРУ –МАҚСАТТЫҚ КЕЗЕҢІ 5 мин.2 ОПЕРАЦИЯ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗЕҢІ 25 мин.2.1

Теориялық білімнің актуализациясы 20 мин.

2.2

Оқу жұмысының мотивациясы 5 мин.

3 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ МЕҢГЕРУ

40 мин.

3.1

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ІСТЕЙТІН ЖҰМЫС

55 мин.

5 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ БЕКІТУ КЕЗЕҢІ

40 мин.

6 РЕФЛЕКСИВТІ-БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ 5 мин.7 САБАҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ 10 мин.7.1

Сабақты қорытындылау 7 мин.

7.2

Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 3 мин.

Page 4: методическая разработка

САБАҚ БАРЫСЫ

Ұйымдастыру - мақсаттық кезеңі - 5 мин. Мақсаты: студенттерді откізілетін сабаққа дайындау, тақырыптың атауы мен мақсаттарың қою

Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекетіҰйымдастыру кезеңі • Сабақ мақсаттарын қою• Студенттердің оқу жұмысы бойынша мотивациясы• Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыруМақсаттық кезеңі • Эмоциялық күйді жасау (қосымша № 1)• Білімін тексеру үшін студенттерді психологиялық дайындау• Тақырыптың өзектілігіне назар аудару• Студенттерді қызықтыру

• Оқытушыны ұқыпты тыңдау• Сабақ бойынша жауап беруге дайын болу

2. Операция-танымдық кезеңі – 25 мин.

2.1 Теориялық білімнің актуализациясы - 20

Мақсатты: Тақырып бойынша студентттердің білімді меңгеруінің бақылау деңгейін анықтау.

Оқытушының іс-әрекеті/ Студенттердін іс-әрекеті/

Тақырып бойынша студенттердің білімді меңгеруінің бақылау деңгейін өткізу: «Парентеральдық тамақтануды қолдану. Жасанды тамақтандырудың әдістері».(№ 1 қосымша)

Қойылған сұраққа жауып береді,тапсырманы орындайды, бір бірінің жауаптарының дұрыстығын қадағалайды.

2.2. Оқу жұмысының мотивациясы - 5 мин.

Мақсатты: студенттерді тақырып бойынша қызығушылығың ояту.

Оқытушының іс-әрекеті/

Деятельность преподавателя

Студенттердін іс-әрекеті/

Действия студентов

Берілген тақырыптың маңыздылығын белгілеу. Студенттерді тақырыптың

Жұмысқа деген ынтасын,ойлау

Page 5: методическая разработка

өзектілігімен қызықтыру; толық сабақ барысында жағымды эмоцияларды құру.

қабілеттілігін арттыру.

Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды.

Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.

3. Жаңа білімді, білік пен дағдырларды меңгеру – 40 мин.

Мақсатты: Оқытушы оқу материалдарың түсіндыру, медбикелік іс бойынша негізгі модельдерін шешу

Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті

• Оқу материалын түсіндіру.

• А.Маслоу, В.Хендерсон, Д.Орем бойынша медбикелік істің негізгі модельдерін студенттерге еске түсіруге ұсынады.

(қосымша № 2)

• Студенттер берілген материалдарды дәптерлеріне толтыру.

• А.Маслоу, В.Хендерсон, Д.Орем бойынша үйге берілген негізгі модельдерді түсіндіреді.

4 Студенттердің өздік жұмысы – 55 мин.

Мақсаты: эксперттік топтардың жұмысын ұйымдастыру.

Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті

1.Оқытушы топтарды экспертті топшаларға бөледі. 2.Әр топшаға тапсырма береді. 3.Дұрыс орындауын қадағалайды.4.Студенттерге жұмыс дәптерлерді ұсынады.

(қосымша № 3)

1.эксперттік топтар пациенттерді қабылдайды, субъективтік және объективтік зерттеуін өткізеді; 2.Аурудың медбикелік тарихын толтырады;3.Науқастың мәселесін анықтайды.

Page 6: методическая разработка

5 Жаңа білімді, білік пен дағдыларды бекіту – 40 мин.

Мақсаты: бекіту мақсатымен жағдайлық тапсырмаларды орындау.

Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті

1. Студенттерге тақырып бойынша жағдайлық тапсырмалар ұсынады.2. Бір студентті эксперт ретінде таңдайды.3. Экспертпен бірге топтарды бағалауды жүргізеді.(қосымша № 4)

1.Тапсырмалардың шешімін табады;2. Жағдайды рөлдерге бөлініп көрсетеді;3. Дұрыс жауабын ұсынады.

6 Рефлексивті бағалау кезеңі/рефлексивно-оценочный этап – 5 мин

Мақсаты:оқытушылармен кері байланыс, туындаған қателіктермен қиыншылықтар талқылынады. Студенттердін тақырыпты меңгеру сапасын , анықтауы , талқылау бойынша бағалауды өткізу.

Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті

Оқытушы сұрақтар қояды, студенттердің тапсырманы орындау сапасы мен білімдерін қорытындылайды, жіберілген қателіктерді түзетеді, тақырып бойынша жалпы қорытынды жасайды

Сұрақтарға жауап береді, шешім қабылдайды, сабақ барысында пайда болған қиындықтар мен мәселелер бойынша өз ойын білдіреді және нақтылайды,

7 Сабақтың қорытынды кезеңі – 10 мин.

7.1 Сабақты қорытындылау – 7 мин.

Мақсаты; студенттерге сабақта алған бағалары хабарланады. Сабақтың қорытындысы өткізіледі.

Оқытушының іс әрекет Студенттердін іс әрекеті

Сабақтың қорытындысын жүргізеді, алынған бағаларды талқылайды, белсенді студенттерге жағымды сөз айтады, топтың дайындығына жалп баға береді.

Өздерін мүмкіншіліктер бойынша бағалайды

Page 7: методическая разработка

Қосымша № 5

7.2 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру – 3 мин.

Оқытушының іс-әрекеті/

Деятельность преподавателя

Студенттердін іс-әрекеті/

Действия студентов

Хаттағы тапсырмаларды тарату үшін кезекші пошташыны белгілейді. (қосымша № 6)

Конверттерді ашады;Әрбір студент өз үй жұмысын қарайды.

Page 8: методическая разработка

Қосымша № 1Жағымды эмоционалды күй жасау үшін оқытушы студенттерді шенберге

тұруларын сұрайды. Бір бірінің бетіне қарап, бүгінгі күнге саттылық, жаксы қөніл күй тілейлі. Содан соң студенттер орындарын ауыстырып, өзіннің тілегін басқаларға тілейді.

Қосымша № 2

Оқытушы студенттерді 4 эксперті топқа бөліп, карточкалар тапсырмаларды береді. Әр экспертті топша 3 баллдық жүйемен бағаланады. Бір студентті бағалау жүйесіне эксперт ретінде қояды.

Бірінші экспертты топқа арналған тапсырмалар: «Пациенттерді зонд арқылы тамақтандырудың мақсаттарың, көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштерін айтып берініз».

Екінші экспертты топқа арналған тапсырмалар:«Пациенттерді гастростома арқылы тамақтандырудың мақсаттарың, көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштерін айтып берініз».

Үшінші экспертты топқа арналған тапсырмалар:«Пациенттерді зонд арқылы тамақтандырудың техникасын көрсетініз».

Төртінші экспертты топқа арналған тапсырмалар:«Пациенттерді гастростома арқылы тамақтандырудың техникасын көрсетініз».

Page 9: методическая разработка

Қосымша № 3

Адамның негізгі қажеттіліктері

  Адамның өмір сүруі көп факторлармен байланысты: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухтық қажеттерден. Қажеттік деген психологиялық немесе физиологиялық ұғыну түрде бір нәрсенің жетіспеушілігі адамның түсінуіне тойтарыс етеді, өзінің өмір бойы бастан кешуі. Қажеттіктің пайда болуы адамды белсендікке шақырып, мінезінің себебі түрінде болады.

Айналадағы қоршаған ортамен үйлесімді түрде өмір сүру үшін адамға үнемі өзінің қажеттігін қамтамасыз ету керек, салауатты өмір сүруін сақтау, әлеуметтік, мәдениеттік, айналамен үйлесімді өмір сүру, материалдық рухтың байлығын көтеру.

Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны

Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды.

Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.

Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:- Пациент туралы ақпараттар базасын құру.- Мейірбикелік күтім көрсетудегі пациенттің қажеттілігін анықтау.- Мейірбикелік қызмет көрсетудегі маңыздылығын көрсету.- Күтім жоспарын құру, яғни мейірбикелік күтімді тікелей және жанамакөрсетіп отыру.- Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесінбағалау.

 Мейірбикелік үрдістің кезеңдері, оның өзара байланыстығы,

және әрбір кезеңнің мазмұныМейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар:I кезең - мейірбикелік тексеріс немесе пациенттің қажеттілігін анықтау үшін және мейірбикелік күтімге керекті ресурстар жағдайларын бағалау.II кезең - пациенттің мәселелерін анықтау. Бұл кезеңді пациент жағдайын мейірбикелік диагностикалау деп атауға болады.III кезең - пациентке қажетті көмектерді жоспарлау.

Page 10: методическая разработка

IV кезең – жоспарды жүзеге асыруV кезең – мейірбикелік күтімінің қорытынды бағасын шығару.

Мейірбикелік үрдістің құжаттары пациенттің жағдайын бақылау картасында жүргізіледі.

Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны Мейірбикелік үрдістің I-ші кезеңі - пациенттің жағдайын бағалау. Ол үшін мейірбике тексеріс әдістерін қолдана отырып керекті ақпараттарды жинайды:

1. Субъективті мәліметтер - оның ішінде физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, сонымен қатар төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы, қазіргі уақыттағы шағымдары.2. Объективтік мәліметтер - бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі, жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі, тамыр соғысы, қан қысымы, табиғи қызмет атқаруы, т.б. мәліметтер.3. Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау: бақылудағы мінез құлқын сипаттау, эмоционалдық өрісінің динамикасы, әлеуметтік - экономикалық мәліметтерді жинау, қауіп-қатер мәнбірлерін, денсаулыққа әсер ететін айналадағы қоршаған ортаның мәліметтерін анықтау.Мейірбикелік үрдістің IІ-ші кезеңі - диагностикалау немесе пациенттіңФизиологиялық қажеттілігі - демалысы, тағамдық, жыныстық, өз-өзін қорғау.

Сенімділік қажеттілігі - материалды сенімділікке, денсаулыққа, қартаюды қамтамасыз етуін ыңғайлау.Әлеуметтік қажеттілігі - қоғамдық қарым - қатынастар.Өзінің адамгершілігін, өзіне деген құрметті сезіну.Жекелік даму қажеттілігі, өз-өзін өмірде бағыттап, өз ой-пікірі.Сондықтан мейірбике пациенттің қамтамасыз етілмеген қажеттілігін анықтап отыруы керек және мейірбикелік үрдісті қолданып, көмек көрсетуі тиіс. Мейірбикенің мақсаттары:1. Жағдайын бағалау, пациенттің психоэмоциалдық жағдайының өзгеру себебін анықтау.1. Пациенттің мәселесін табу немесе мейірбикелік тексеріс жүргізу.2. Керекті көмекті жоспарлау.

Пациенттің жағдайын бағалау Пациенттің жағдайдын бағалау үшін ақпараттар жинау маңызды. Пациенттер туралы мәліметтер толық және анық болуы керек. Пациенттің денсаулық жағдайының хабарлығын әр түрлі әдіспен және әр түрлі қайнар көздері арқылы жинауға болады: пациенттерден, жанұя мүшелерінен, кезекшілер мүшелерінен, медициналық құжаттардан, физикалық тексерістен, диагностика тестілерінен т.б. Мейірбикелік тексеріс пациенттен сұрау арқылы басталады, бұл кезде мейірбике пациенттің физикалық денсаулығы туралы, психологиялық, әлеуметтік, эмоцияналдық, рухтың, ойын мәлімдеп алады, пациенттің ерекшелігін, негізін, бет

Page 11: методическая разработка

әлпетін, оның пікірін біледі. Субъективтік, объективтік әдістер қолдана отырып, керекті ақпаратар алғаннан кейін, мейірбике оны талдайды:

1. Күтім жоспарын құрмастан бұрын пациент туралы толық мәлімет алу.2. Адамның қалыпты жағдайын, жағымды жақтарын анықтау.3. Күтім көрсетудегі адамның қамтамасыз етілмеген қажеттіліктерін анықтау.4. Пациенттпен нәтижелі қатынас жасау және ынтамақтастыққа шақыру5. Пациентпен күтім ерекшілігін және күту нәтижесін талқылау6. Пациенттің қажеттілігін есепке алып, оған ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету7. Құжаттарды толтыру8. Жаңа мәселенің пайда болуына жол бермеу Мәліметтер жинауға немесе субъективтік тексерістерге кіреді:- пациенттің толық құжаттық мәліметтері- дәрігер диагнозы- қазіргі уақыттағы шағымдары- ауру тарихы: әлеуметтік жағдайы, өмір баяны, аллергологиялық анамнезі,гинекологиялық және эпидемиологиялық анамнезі.- ауруын сипаттау, оның қалай, қай жерге әсер ететінін анықтауОбъективтік тексеру немесе ауруханаға келген пациенттіңжағдайын бағалау:- Физиологиялық мәліметтер: бойы, салмағы, ісіктер.- Бет жүзінің өзгерісі: ауырсынған, домаланған, қайғылы, өзгеріссіз, салмақты, немқұрайсыз.- Сана сезімі: есі дұрыс, есін білмейді, анық сана сезімі, ступор, сопор, кома.- Төсектегі жағдайы: белсенді, енжарлы, ыңғайлы.- Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының жағдайы: түсі, дымқылдығы, әр түрлі бөртпелер, қатаюлар, ісіктер, қансыраулар, терінің қызаруы, бозаруы, сарғаюы, құрғақтығы, терінің түсуі- Сүйек-бұлшық ет жүйесі: омыртқаның, буындардың қисаюы, бұлшық ет жұмысының бұзылуы- Дене қызуы: норма бойынша, субфебрильді, фебрильді.- Дем алу жүйесі: демнің көлемі, оның қасиеттері (ырғақтығы, тереңдігі) дем алу бөлінеді (сыртқы, терең дем), іштік, аралас дем, тахипное (жиі, ырғақты, сыртқы) норма бойынша минутына 16-18 рет.- Қан қысымы: гипотония, нормотония, гипертония- Тамыр соғысы: минутына соғу көлемі, ырғақтығы, толуы, толықсуы, норма бойынша минутына 60-80 рет- Табиғи қызмет атқарулары: зәр шығуы (жиілігі, көлемі, зәрді ұстамау, катетер арқылы, өз бетінше, зәр жинағыш) ішектің жұмысы (өз бетінше, ретті, дәретін ұстамау, колостома арқылы),.- Сезім мүшелері (есту, көру, сезім түсінігі, иіс сезімі, сөйлеу)- Ес: сақталынған, бұзылған- Қорларды қолдану: линзалар, көзілдірік, есту аппараты, алып-салымалы тіс протездері

Page 12: методическая разработка

- Ұйқы: күндіз ұйықтау қажеттілігі- Қозғалуға қабілеттілігі: өз бетінше, біреу арқылы және т.б.- Тамақтану, тағам қабылдау қабілеті, тәбеті, шайнауының бұзылуы, жүрегінің айнуы, құсу, қорлар.- Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау Мейірбике істей білу керек:- сөйлеу үлгісін суреттеу, мінезін бақылау, эмоциалдық жағдайын, психомоторлық өзгерістерін, сезімін байқау- пациенттен әлеуметтік-экономикалық мәліметтерін жинау- қауіп - қатер факторларын анықтау- пациенттің қажеттілігін бағалау, қамтамасыз етілмеген қажеттігін анықтау. Пациенттің жағдайын бақылағанда мейірбикелік іс-әрекеттері:- пациенттің жағдайындағы барлық өзгерістерді бақылау- уақытымен дәрігерге өзгерістерді хабарлау- шұғыл жағдайларда пациенттке дәрігерге дейін көмек көрсету. Пациентті бақылау кезінде мейірбике назар аудару керек:- сана сезіміне, төсектегі жағдайына- бет жүзінің өзгерістеріне- терінің, көрінетін шырышты қабаттарының түсіне- қан айналу, дем алу мүшелерінің қызыметіне- зәр шығару жолдарының қызыметтеріне, үлкен дәретіне.

Диагностикалау немесе пациенттің мәселелерін анықтауПациентің мәселелерін және осы мәселелерді тудыратын факторларын диагностикалау болып табылады. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болып қалу мүмкін) мәнбірлері мейірбике күту жоспарына енгізіледі. Бұл мәселелерді мейірбикелік диагнозы деп атайды, сондықтан бұл мейірбикелік үрдісінің екінші кезеңі болып саналады.Мейірбикелік диагноз дегеніміз - ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен шеше алады.Мейірбикелік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді.Мейірбикенің қызыметін анықтау мақсатында мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991жылы мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 114 негізгі мәселелер берілген, оның ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген.Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар:- дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген серпілісін білуге бағытталған;- дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін;

Page 13: методическая разработка

- дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейірбикелік диагнозында мейірбикелік кірісуі қажет;- дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады;- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты 14 топқа бөлінеді:- қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)- дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)- қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)- ас қорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі)- зәр жолдарының өзгерістері (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы)- гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)- мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)- зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы)- назарлық (өз бетінше, еріксіз)- ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)- ойлау (ақыл-есінің төмендеуі)- эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.)- гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.)- организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо-физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.Мейірбикелік диагностикада негізгі пациентпен әңгіме құру және бақылау болып табылады. Мейірбике пациенттпен қарым-қатынас жасау арқылы пациенттің жанұяда немесе жұмыс орнында психологиялық қысымның болу немесе болмауын анықтап отырады (өз-өзіне қанағаттанбаушылығы, ұялшақтығы және т.б.). Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі жағдайы туралы көп мәлімет береді. Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым, қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия пайда болуы мүмкін, сондықтан мейірбике пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы: тазарту клизмасын жасар алдында пациент қызара бастап ұялады немесе өзін күте алмағандықтан уайым пайда болады. Мейірбике пациент туралы барлық мағұлматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейірбикелік картасына тіркеп отырады. Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін силауға тырысу керек, оның мәселесін айқын қабылдап көмек көрсету керек. Осы мәселелерді шешкеннен кейін мейірбике қандай көмек көрсетуін жоспарлауға тиісті.

Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі -Мейірбикелік кірісу жоспарын енгізу

 Жоспардың жұмыс істеуіне мынадай қызметтердің жүйелі орындалуын талап етеді:1. Көзделген іс- әрекеттерді орындау, және оларды тіркеу, үйлестіру.2. Жоспарланған, бірақ күтім жасалынбағаны туралы тіркеу.3. Пациентті және оның отбасы мүшелерін көмек көрсету процессіне қатыстыру

Page 14: методическая разработка

4. Емдеу процессіне мейірбикелік күтім жоспарын іске асыру, үйлестіру және интеграциялау. Бұл жұмыстарды жоғары деңгелі білімі бар немесе жоғарғы білімді мейірбикелер орындайды.Жоспарды енгізуге қойылатын талаптар:1. Жоспарды үнемі орындау2. Көзделген іс- әрекеттерді үйлесімді орындау3. Пациентті және оның жанұя мүшелерін көмек көрсету процессіне қатыстыру4. Көрсетілген күтімдіерді тіркеу5. Егер жағдайы өзгерсе, онда жоспарланған күтім орындалмауы мүмкін6. Алғашқы көмек пациенттік жекелік қасиеттеріне қарай мейірбикелік стандарттар бойынша көрсетіледі.7. Мейірбикелік манипуляциялар кәсіби қызымет алгоритмдері (стандарттары) бойынша жүзеге асырылады.8. Мейірбике кірісулері үш түрде өтеді. Мейірбикелік үрдістің бесінші кезеңі –Мейірбикелік күтімге баға беру Қорытынды баға қоюдың мақсаты мейірбикелік көмектің нәтижесін анықтау.Мейірбике мағұлматтарды үнемі алып, оны сынап талдайды және сонымен қатар пациенттің көрсетілген күтімдерге деген көз қарасын ескеріп, жаңадан туындайтын мәселелерге назар аударып отырады.Сондықтан бағалаудың негізгі аспектілерін белгілеуге болады:- Мақсатқа жету, күтім сапасын анықтау- Пациенттің мейірбикелік кірісуіне деген әсері- Пациенттің күтім бойынша қажеттілігін ашудағы жаңа мәселелерді белсенді іздестіру және оларды бағалауЕгер қойылған мақсаттар орындалып мәселелер шешілсе, онда мейірбике өзінің жоспарында берілген мәселе бойынша мақсатқа жеткендігі туралы белгілейді (күні, сағаты, минуты және қолы қойылады).Егер қойылған мақсаттары орындалмаса, онда себебін анықтап, әрі қарай қайта бағалау жүргізіледі, жаңа жұмыс жоспары құрылады.

Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттауДәрігерлік диагноз Медбикелік диагноз

• Ағзадағы нақты аурудың патологиялық процестің негізін айқындайды

• Түрлі мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуы мен олардың себебін яғни пато-физиологиялық, патолого-анатомиялық өзгерістерін анықтау

• өзгермейді

• Ағзадағы терең патологиялық процеске емделушінің сыртқы жауапты реакциясын сурет-тейді

• Адамның негізгі қажеттілік-тері қамтамасыз етудің бұзылуы қызмет көрсетудің бұзылуының нәтижесі ретінде, яғни ең бастысы емделушінің өз денсаулығы жайлы түсінік

• бірнеше рет өзгереді

Page 15: методическая разработка

Қосымша № 4

Әрбір топқа пациенттің медбикелік ауру тарихың өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беріледі, пациентке «қабылдау» жүргізуге, ауру тарихын толтыруға және науқастың жағдайын табу. Пациенттің рөлін клиницист оқытушыларға мүмкіндік беріледі.

Өзін өзі бағалау әдісі төмендегі критерий бойынша.

1. Берілген тапсырманы толық орындай алды – 3 ұпай2. Берілген тапсырманы жартылай орындай алды – 2 ұпай3. Берілген тапсырманы орындай алмады – 1 ұпай

Қосымша № 5

Әрбір топқа ситуациялық есеп беріледі. Студенттер алдына қойылған тапсырмамен танысып, оны қорсетіп, науқастың мәселесін шешіп, жеке күтім жоспарын ұсыну.

Атқарылған жұмысты бағалау үшін топтан арнайы студент алынады (эксперт). Оқытушы мен бірге олар сапалық карта көмегімен бағалау жұмысын жүргізеді.

№ 1 топқа тапсырма

Науқас: Әлсіздіктің жоғарлауына, бастың айналуына, мас адам сияқты теңселіп жүретіні мазалайтының айтты. Кей кезде құлап кетуден қорқамын біреудің жетектеп жүруін сұраймын.Түнде жаман ұйықтаймын, тез ұйқыға кетемін, бірақ 3-4 сағаттан кейін оянып таңға дейін ұйықтай алмаймын. Өзімнің жағдайымды көп ойлаймын. Науқас күнделікті қысымнан, түндегі ұйқысыздықтан және уайымдаудан шаршады.Тапсырма.

1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?2. Науқастың проблемаларын құрастыру.3. Науқасты күту жоспарын құрастыру.

Ықтимал жауаптар:Бұзылған қажеттіліктер:

физикалық қауіпсіздік ; ұйқыда және демалыста.

Науқастың мәселесі: Жарақаттану кезіндегі тәуекел факторлары: бас айналу, әлсіздік, жүргенде

теңселіп жүру. Ұйқысыздық салдарынан жағдайының нашарлауы.

Page 16: методическая разработка

Жеке күтім жоспары

Науқас шағымдары

Мақсаты/ күтілетін нәтижелер

Медбикелік арасулар

Ретті Күтімді бағалау

Жарақаттану кезіндегі тәуекел факторлары: бас айналу, әлсіздік, жүргенде теңселіп жүру.

Науқас қауіпсіздік ережелерін біледі және оларды сақтайды.

Науқасқа орын ауыстыру ережелерін сақтауды түсіндіру (бастың айналуына әкелетін жылдам қозғалыс жасамау). Жоғары әлсіздікті сезінгенде медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіну.

Күнделікті Медициналық қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді. Қауіпсіздік ережесі сақталады мақсатқа қол жеткізді.

Аурудың салдарынан дұрыс ұйықтамау.

Медицина қызметкерлерінің араласуынан кейін қалыпты демалу.

Дәрігердің нұсқауы бойынша ұйықтататын дәріні беру. Палатадағы тыныштықты сақтау, таза және ыңғайлы төсек орын.Жағымды әсер алу үшін қасындағы адамдармен және медицина қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау.Тамақ рационынан қозуды тудыратын тағамдарды шектеу (шәй кофе, шоколад т.б.)

Күнделікті Күнделікті 6-8сағат ұйықтау. Мақсатқа қол жеткіздік.

Page 17: методическая разработка

№ 2 топқа тапсырма Пациенттке ота жасау күні белгіленді. Медбике науқасқа өткізілетін шаралар

түралы хабар берді: асқазанды тазалау және екі тазалау клизмасын қою.Қобалжыған науқас медбикеге көп сұрақ қояды.

Гепатит, ШЖҚ мен жүқтырып алуын қауіп тенеді. Неліктен емшараның саны көп және осындай ауыр дайындалу қажет пе. Айтуы бойынша, ол өзін біледі, енді отаға дейін ұйқысы нашар болады, қобалжиды. Тапсырма.

1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру.3. Науқасты күту жоспарын құрастыру.

Ықтимал жауаптарБұзылған қажеттіліктер:

инфекциялық қауыпсіздігі; үйқы мен демалу жайлы күйі

Науқастың мәселесі: отаға дайындалу барысында жұқпа ауруларды жұктыру. Отаға дайындалу кезде білімнін аздығы. Ұйқысыздық салдарынан жағдайының нашарлауы.

Page 18: методическая разработка

Жеке күтім жоспары

Науқас шағымдары

Мақсаты/ күтілетін нәтижелер

Медбикелік араласулар Реті Күтімді бағалау

Операция алдында инфекция түсу мүмкіндігін білмеуі.

Науқастың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық шаралар жүргізу.

Инфекцияның алдын алу үшін профилактикалық шараларды жүргізу.Бір рет қолданылатын заласыздандырылған заттармен танысу (зондтар,клизмаға арналған құралдар).Көп рет қолданылатын медициналық құралдарды залалсыздандыруда мұқият болу.Операциялық бөлімшеде қолданылатын залалсыздандырылған және заманауи құралдар туралы түсіндіру (халаттар, қолғаптар, сүлгілер, төсеніштер т.б.).

Медицина қызметкерлерімен әңгімелесуден кейін.

Алдындағы операцияға дайындалу.Мақсатқа жеттік.

Отаға дайындалу кезде білімнін аздығы.

Медбикемен сөйлескеннен кейін қажетті ақпаратты алу.

Берілген науқасқа ота алдындағы кезең мен оның өткізілу ерекшеліктері туралы айту. Отаға және оның өткізілуіне сапалық дайындық үшін барлық жоспарлы іс шараларды орындау қажеттілігіне бағыттау.

Медбикемен бір рет әңгімелесуден кейін.

Алынған ақпаратты дұрыс түсінуді көрсетеді.Мақсатқа жеттік

Ота алдындағы ұйқысыздықтың туу қаупі

Ұйқы, организмнің демалу сезімін тудыратын қажеттіліктері.

Палатада ыңғайлы шарттар құру(шудың болмауы,таза ауа,жұмсақ және жылы төсек).Дәрігердің тағайындауы бойынша түнгіге ұйқы дәрісін беру.Психоэмоционалдық күш түсіруден арылу(әңгімелесу,дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілер ).

Күнделікті, түнгі ұйқыдан кейін.

Ұйқының 7-8 сағат бойы үздіксіз болуыМақсатқа жеттік

Page 19: методическая разработка

№ 3 топқа тапсырма.

Бассейіндегі сабақтан кейін екінші күні науқастың көзінде ауырсыну,күйдіру сезімі пайда болды.оны пайда болған сезімдер уайымдатады , кезекті барудың алдында ол медбикеден «Бассейінде ауру жұқтыруға бола ма ?» екенін білгісі келді.

Қарау кезінде : қабыну белгілері, сілемейлі қабығы гиперемирленген ,жас ағуы бар. Науқас окулист консультациясына жіберілген. Дәрігер қарауынан кейін диагноз қойылды : аденовирусты коньюктивит.Тапсырма.

1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру.3. Науқасты күту жоспарын құрастыру.

Ықтимал жауаптар:Бұзылған қажеттіліктер:

инфекциялық қауыпсіздігі; жайлы күйі

Науқастың мәселесі: Бассейінге бару кезіндегі көздің сілемейлі қабығының қабынуы.

Page 20: методическая разработка

Жеке күтім жоспары

Науқас шағымдары

Мақсаты/ күтілетін нәтижелер

Медбикелік арасулар

Ретті Күтімді бағалау

Бассейінге бару кезіндегі көздің сілемейлі қабығының қабынуы.

Медикаменттік терапия курсынан кейінгі қабыну белгілерінің жоғалуы.

Ауру барысында бассейінге баруды тоқтату.Дәрігердің тағайындауы бойынша ликвидациялық қабыну процессі үшін көз тамшыларын қолдану. Қабаққа жақпа май салу. Науқасқа қатысты берілген емшаралардың білімі мен біліктілігін анықтау.Орындау сапасын көтеру

Әрбір қатынас сайын.

Қабыну белгілерінің жоғалуы : гиперемиялар, күйіктер , көздің ауырсынуы ,жас ағуы.Мақсатқа жеттік.

Page 21: методическая разработка

№ 4 топқа тапсырма.

Ұзақ уақыт төсек режимінен кейін Айгуль Ахметовнаға гигиеналық ванна тағайындалды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық.Науқас қоятын шағымдары: терінің қышуы, аяқпен ауыздан шығатын жағымсыз иіс. Осы иіс әсерінен палатадағы көршілес науқастар алшақтанады, сондықтан ол жалғыздықты сезінеді. Айгуль Ахметовна ваннаны душқа ауыстыру бойынша кеңеседі. Себебі ваннаны үйде қабылдауға оған қолайлырақ, сондай-ақ ауруханадағы инфекцияны жұқтырудан қорқады.

Тапсырма.1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру.3. Науқасты күту жоспарын құрастыру.

Ықтимал жауаптар:Бұзылған қажеттіліктер

• дене қауіпсіздік;• ұйқы және демалу.

Науқастың мәселесі:• Науқас айналасындағы адамдардың жағымсыз сезімдер нәтижесіндегі

қарым-қатынас тапшылығы.• Гигиеналық процедуралар қабылдау кезінде инфекция жұқтыру қауіпі.

Page 22: методическая разработка

Жеке күтім жоспары

Науқас шағымдары Мақсаты/ күтілетін нәтижелер

Медбикелік араласулар

Реті Күтімді бағалау

Айналасындағы адамдардың жағымсыз сезімдер нәтижесінде науқаста қарым-қатынас тапшылығы туындаған.

Медбике науқасқа көмек көрсетілгеннен кейін, жақсы эмоциялар тудыратын айналасындағы адамдармен қарым-қатынас.

Күн сайын

Мақсатқа қол жеткіздік.Айналасындағылармен қызықты сұрақтарды талқылайды

Гигиеналық емшаралар қабылдау кезінде инфекция жұқтыру қауіпі.

Жағымсыз иістің болмауы.

Науқасқа гигиеналық емшаралар (бұлау,себізгі) ұйымдастыруНауқастын өз өзіне күтім жасауды қолдау. Іш киімді әрдайым ауыстыруды жүзеге асыру.Науқасқа тісін күніне 2 рет тазалауды ұсыну.Жағымсыз иіс кетіру мақсатында ауыз қуысына арналған аэрозоль қолдану. Тіл бетін тазалауды жүзеге асыру.Жаңадан түскен науқастармен байланыс орнатуға көмектесу

Күн сайын

Мақсатына қол жеткіздік.Гигиеналық душты қабылдауға келіседі.Гигиеналық процедуралар қабылдау кезіндегі инфекция жұқтыру қаупі.Гигиеналық процедуралар қабылдау кезіндегі инфекция жұқтыру қаупін жою.1. Жуынатын бөлмені пайдалануға дайындау кезеңдері туралы әңгіме жүргізу.2. Бір рет пайдаланылатын күту заттарымен таныстыру.3. Бұрын пайдаланған заттардың дезинфекциясы туралы айту.4. Науқасқа өз қалауы бойынша ваннаның орнына душты өткізуді ұсыну.

Page 23: методическая разработка

Топтарды критериалды бағалау

Топты сапалықбағалау Мұмкін ұпай

1 топ 2 топ 3 топ 4 топ

Науқастың қандай қажеттіліктер бұзылғанын анықтану.

2

Науқастың мәселелерің анықтану. 3

Науқастың жеке күту жоспарын жасау.

3

Мейірбикелік күтімінің қорытынды шығару

1

Уақытша режимді сақтау 1

Қорытынды ұпай: 10

Page 24: методическая разработка

№ 6 қосымшаБағалау парағы

Студенттің Т.А.Ж

«Парентеральдық тамақтануды қолдану. Жасанды тамақтандырудың әдістері» тақырыптың баллі.

Жаңа білімді, білік пен

дағдырларды меңгеру

Студенттін жеке

жұмысы

Жаңа білімді, білік

пен дағдыларды

бекіту

Қосымшақосалқы

Қорытынды

Page 25: методическая разработка

Приложение № 7.

Студенттердің бірі кезекші пошташының рөлін ойнайды және үй жұмысын хат ретінде таратады.

1 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, құрғақ жөтелі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

2 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, ентігуі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

3 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, дымқыл жөтелі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

4 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, демікпесі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

5 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Ұсынылған материалды қолдан а отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 1 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

6 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 2 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

7 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 3 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

8 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Page 26: методическая разработка

Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, өкпеден қан кетуі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

9 Хаттық тапсырмаҚұрметті студент!

Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, қақырықпен қан шығуы бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.

Жұмыс дәптері

«Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен

орындаудың ғылыми әдісі».

Page 27: методическая разработка

Сабақ мақсаты: 1. Білімдік: Медбикелік үрдіс және медбикелік күтімін ұйымдастыру әдістерін білу.

2. Дамытушылық: Медбикелік үрдіс бойынша студенттердің білімдерін дамыту, талдау, салыстыруды жүргізу, қажетті қорытынды шығара білу біліктерін дамытуға мүмкіндік туғызу.

3. Тәрбиелік: Өз пікірін дәлелдей білу, өзара қарым-қатынас жасау мәдениетін дамытуға, өздік өқу жұмысына қажетті дағдырларды игеруге мүмкіндік туғызу.

Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.

Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттілікті қарастырды:

1. Тыныс алу 8. Ұйықтап, демалу2. Тамақтану 9. Киініп, шешіну3. Ішу 10. Таза болу4. Бөліп шығару 11. Қауіпсіз болу5. Қозғалу 12. Қарым – қатынас жасау6. Дені сау болу 13. Өмірлік қазынаға ие болу7. Дене қызуын сақтау 14. Қызмет ету, ойын ойнау, оқу

Тыныс алу қажеттілігі - оттегіні қажет ету адамның негізгі физиологиялық қажеттіліктерінің бірі. Тыныс алу мен өмір ажырамайтын түсініктер. Оттегі жетіспеушілігінде тыныс жиіленеді, беткей болады, ентігу, жөтел пайда болады. Оттегінің ұлпаларда тұрақты жетіспеушілігі цианозға алып келеді, тері мен шырышты қабықтар көгереді. Бұл қажеттілікті қолдау медицина қызметкері үшін басты ауықымды (приоритетті) мәселе болуы керек. Адам бұл қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өмір сүруге қажет болған қанның газды құрамын қолдайды.Тамақтанудың қажеттілігі - денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Рационалды және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмек береді. Мысалы жүректің ишемиялық ауруы жиі жануар майлары мен холестеринге бай тағамдарды тұрақты қабылдағанда дамиды. Тамақтың құрамында ақуыздың көп мөлшерде болуы жаралардың тез жазылуына көмектеседі. Медқызметкер науқастың тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру үшін рационалды дұрыс тамақтануды үйретіп ұсыныстар беруі қажет. Күнделікті жеміс-жидектерді, сүт өнімдерін, ботқаларды, майсыз ет, балық, құс етін қабылдау ұсынылады. Қант, тәтті тағамдар, тұздар,

Page 28: методическая разработка

алкогольді ішімдіктер шектеледі. Тамақтану қажеттілігінің қанағаттанбауы адам денсаулығының бұзылуына алып келетінін ұмытпау керек.

Ішу қажеттілігі - бұл күнделікті 1,5-2 литр сұйықтықтар: су, шай, кофе, сүт, сорпа, жеміс-жидектер қабылдау. Мұндай мөлшер зәрмен, нәжіспен, терлеуде, тыныс алуда жоғалтқан сұйықтықты толтырады. Су балансын сақтау үшін адам бөліну мөлшерінен көбірек сұйықтық қабылдау қажет. Сұйықтықты аз қабылдау дененің сусыздануына, ал шамадан тыс яғни 2 литрден артық қабылдау бірнеше жүйе, ағзалардың қызметінің бұзылуына алып келеді. Мейірбикенің сусыздану немесе ісіктердің пайда болу қаупін алдын ала анықтауы көптеген асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді.Бөліп шығару қажеттілігі -тағамның қорытылмаған бөлектері ағзадан зәр, нәжіс түрінде бөліп шығарылады. Бөліп шығару режимі әрбір адамда жекеше болып келеді. Басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруды қалдыруға мүмкін болғанымен, бөліп шығаруды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.Ұйықтау, дем алу қажеттілігі - ұйқы аз болған жағдайда қандағы қант деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі нашарлап, ойлау процестері бәсеңдейді, зейін тұрақсызданады, қысқа мерзімді есте сақтау нашарлайды. Американдық ғалымдардың зерттеуі бойынша жарты түн ұйықтамаған адамда фагоцитоз үшін жауапты болған қан жасушалары 2 есе төмендейді. Науқас адамға ұйқы өте қажет, өйткені ұйқы науқас жағдайының жақсаруына алып келеді. Зерттеу барысында ұйқының бірнеше кезеңдері анықталған.Демалу - физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеу жағдайы. Диванда жатып қана емес, сонымен қатар арнайы жаттығулар жасап, кітап оқу арқылы да демалуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық, басқа адамдардың болуы демалуға кедергі жасауы мүмкін.Қозғалу қажеттілігі – адам үшін қимыл- әрекеттердің шектелуі немесе мүлдем жоғалуы адам үшін көп мәселе тудырады. Мұндай жағдай аяқтардың жарақаттарында, созылмалы аурулардағы ауырсынумен, бас ми қан айналымы бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. Қимыл - әрекеттердің жоғалуы ойылу дамудың қауіпті факторларына жатады. Тірек-қимыл жүйесі қызметінің бұзылулары жүрек пен өкпе қызметіне әсер етеді. Қимыл -әрекеттердің ұзақ мерзімді жоғалуы ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерге: диспепсия, метеоризм, анорексия, іштің өтуіне, іштің қатуына алып келеді. Сонымен қатар зәр шығару қызметі бұзылып, қуық инфекциясына алып келеді. Науқастың басты мәселесі адам тұлғасының қалыптасуына елеулі әсер ететін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай алмайды.Қауіпсіз болу - көпшілік адамдар үшін қауіпсіз болу сенімділік пен жайлылықты, ыңғайлылықты білдіреді. Науқастың кереуеті немесе каталка жақсы бекітілгенде, палата едені құрғақ болғанда, онда бөтен заттар болмағанда, жарық жеткілікті болғанда, көру нашар болғанда көзілдіріктің болуы науқаста қауіпсіздік сезімін туғызады. Науқас өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар айналасындағыларға зиянын тигізбейтініне сенімді болуы керек, стресті жағдайлардан қашу керек.Әлеуметтік қажеттіліктер - бұл жанұяға, достарына, олармен қарым-қатынасқа, қолдауға т.б. қажеттілік. Егер адам өзін қажетсіз, жалғыз, ешкімге керексіз сезінсе, демек оның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттанбаған.

Page 29: методическая разработка

Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы:• Медбикенің жауапкершілігі артады;• Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға мүмкіндік

береді;• Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;• Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкінді береді;• Пациенттер белсенді түрде дем алады.

Медбикелік мәселелердің негізгі саласыМедбике ауруды емес емделушінің ауруға және өз қалпына жауабын қарастырады. Бұл жауап:

• физиологиялық• психологиялық және рухани• әлеуметтік болуы мүмкін

Физиологиялық медбикелік мәселелер• созылмалы немесе жедел ауру;• жеткіліксіз немесе артық тамақтану;• ісіктер немесе сусыздану;• тұншығу;• әлсіреу;• гигиенаның сақталмауы т.б.

Психологиялық және рухани медбикелік мәселелер• қорқу, абыржу, тынышсыздану;• бос уақыт тапшылығы;• медқызметкерлерге сенбеу;• дәрілерді қабылдаудан бас тарту;• отбасындағы жанжал;• өлімнен қорқу.

Әлеуметтік медициналық мәселелер• әлеуметтік оңашалану;• мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағын ойлап мазасыздану;

Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді.Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады.Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т.б. белгілерге шағымданады. Медбикелік диагноз: қан қысымы көтерілу синдромы.

Мейірбикелік урдістің кезеңдері, олардың мазмұны және өз ара байланысы.

Page 30: методическая разработка

I кезеңі - мейірбикелік зерттеу әдісімен жағдайды бағалау. Ол мынандай сәттерден тұрады:«науқас жайында, субъективті, объективті деректер туралы қажетті мәліметтерді жинау;• науқасты қоршаған психоәлеуметтік жағдайды бағалау;• денсаулыққа әсер ететін қауіп факторларын, қоршаған орта туралы деректерді анықтау;науқастың күтімді қажет етуін анықтау мақсатында жиналған мәліметтерді талқылау.

II кезең - науқастын күтіміндегі мәселелерді анықтау немесе мейірбикелік диагностикалау.

Оған кіретіндер:«науқастың нағыз және жасырын мәселелерін және оның күтімдегі қажеттігін анықтау;• күтімнің маңызды мақсаттарын талдау, тезірек шешуді талап ететін маңызды мәселелерді анықтау;«науқаспен оның анықталған мәселелері, канағаттандырылмаған қажеттіктері және алдыға койылған мақсаттар туралы сұхбаттасу. Ш кезең - кажетті көмекті жоспарлау. Оған жататындар:• мақсаттарды белгілеу (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді); » науқаспен бірге күтім нәтижелерін анықтау;• науқасқа көрсетілетін мейірбикелік іс-әрекет түрлерін анықтау (тәуелді, өзара тәуелді, тәуелсіз);• мейірбикелік іс-әрекеттерді жоспарлау, оларды мына төмендегі тәсілдерді қолдану арқылы жүзегеасыру ұсынылады:1. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.2. Дәрігерлік тағайындауларды орындау.3. Науқастың негізгі қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында оған ыңғайлы жағдай жасау.4. Науқас пен оның жащясына психологиялық демеу жэне көмек көрсету.5. Техникалык эрекеттер. ісшаралар жүргізу.6. Денсаулықты нығайту жэне асқынулардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру.7. Науқас пен оның жанұясы мүшелеріне кеңес беру, үйрету және сүхбатгасу.«науқаспен күтім жоспарын талқылау:«мейірбикелік күтім жүргізетін адамдарды күтім жоспарымен таныстыру.

3-Кезең Мейірбикелік көмекті жоспарлауМедбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Page 31: методическая разработка

Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:

• жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;• қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Мақсат қоюдың талаптары:• мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.• әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

Жоспар түрлері:• Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте

аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.• Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар

асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған.Әр мақсат 3 компоненттен тұрады:

• іс-қимыл;• белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;• шарты – кімнің (ненің) көмегімен.• Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа

алады.Стандарт дегеніміз – берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды.Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

4-Кезең Жоспарлауды жүзеге асыруМедбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

• тәуелді• тәуелсіз• өзара тәуелді

Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.Мысалы:

• емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.• емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;• емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;• емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру

жөнінде нұсқау беру т.б.Өзара тәуелді қатысу– дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б.

Page 32: методическая разработка

5-Кезең Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалауМедбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл

мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.

Мейірбикелік процесс – медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.