8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСи ГАзЕТ www.zhaikpreSS.kz Сенбі, 26 қазан 2013 жыл №131 (19892) + 9 0 С + 5 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] АҚПАРАТ КЕРУЕн САРАЙ 8 Баспасөз - 2014 2 Орал өңірі Ұлағат ұясына – 100 жыл Қысқа-нұсқа . Алматыда бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық тар табысты өнер көрсетуде. Жартылай финалға сегіз бірдей боксшымыз шықты, бұл – ел тари хында бұрынсоңды қол жетпеген көрсеткіш. Кеше Жәнібек Әлімханұлы, Данияр Елеусінов, Мерей Ақшалов, Біржан Жақыпов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко өз қарсыластарын ұтып, ақтық айқасқа жолдама алды. Қайрат Ерәлиев пен Берік Әбдірахманов қола жүлдегер атанды. Бұл ретте ел құрамасының капитаны Данияр Елеусіновтің Батыс Қазақстан облысы боксының түлегі екенін айта кетейік. . Қайырымдылық айлығына орай Бөкей ордасы ауданындағы Бисен ауылының Жұмағұл Мұқатаев, Кү ніш Арыстанғалиева, Күнсұлу Ма таева сияқты қамқорлыққа мұқтаж "Бірнеше сала бойынша Батыс Қазақстан облысы республикалық рейтингте алдыңғы орында" Облыс әкімінің поштасынан Республикалық Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтан хат келіп түсті. Бұл хатта төраға ҚР Президенті жанындағы Орта лық коммуникациялар қызметіндегі Ба тыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өткізген брифингке қатысты өз ілтипатын білдіреді. «Астанаға келгенде өзіңізбен тілде се алмай қалдым. Сөзіңізді теледидар арқылы тыңдадым. Сөз саптауыңыздан қазақы нәр алғаныңыз сезіліп тұрады. Ардагер ағаларға деген құрметіңіз, үл кенге сәлем беру, оларға көмек көрсету сияқты адамгершілік қадірқасиетіңізге мен өз басым куәмін, – делінген одан әрі хатта. – Батыс Қазақстан облысының табыстарына қуанып, үнемі тілектес бо лып жүретін адамның бірімін. Ел еңбегі жемісті болып, әр отбасынан ырыздық кетпесін». Облыс әкімінің баспасөз қызметі қарияларына ауыл әкімдігінің әлеу меттік қызметкерлері үйлеріне барып көмек көрсетті. . Биылғы 9 айда облыс бойынша жаяу жүргіншілерге қатысты 156 жолкөлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 17 адам қаза тапты, 143 жолаушы түрлі жарақат алды. Жаяу жүргіншілерге қатысты ЖКО көбіне күз бен қыстың қараңғы мезгілінде орын алады. Сондықтан Орал қалалық жол по лиция бөлімі күзгі, қысқы қараңғы мезгілде «Жаяу жүргінші, көрініп жүр!» атты акция өткізіп, сыртқы киім кешекке арнайы жапсырма жапсы руды ұсынуда. . Өңірімізге танымал фотограф Алек сандр Куприенко «Бизнестің жол кар тасы 2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грантқа ие болды. «Фотокітап өндірісі» жобасы ая сында қолжеткізген бұл қаражатқа кәсіпкер қажет құралжабдық сатып алды. Онымен сауатты жұмыстану мақсатында ол Қазақстан мен Ре сейдің ірі компанияларында машық танудан өтті. . Теректі ауданында 1418 қазан күндері аралығында ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кез десулері өтті. Есептік кездесулерге қатысқан 2 189 адамның 46сы сөз сөйлеп, 69 сұрақ қойылды. Кездесулерде тұрғындар елді мекендерді ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жер телім дерін беру, жолдардың сапасы ту ралы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының құрылысы және жөндеу мәселелерін қозғады. Өз тілшілеріміз 4

Орал Өңiрi №131

  • Upload
    -

  • View
    264

  • Download
    8

Embed Size (px)

DESCRIPTION

 

Citation preview

Page 1: Орал Өңiрi №131

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСи ГАзЕТ

www.zhaikpreSS.kz

Сенбі,26 қазан 2013 жыл№131 (19892)

+ 9 0С

+ 5 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

АҚПАРАТ

КЕРУЕн САРАЙ

8Баспасөз - 2014

2

Орал өңірі

Ұлағат ұясына – 100 жыл

Қысқа-нұсқа. Алматыда бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық­тар табысты өнер көрсетуде.

Жартылай финалға сегіз бірдей боксшымыз шықты, бұл – ел тари­хында бұрын­соңды қол жетпеген көрсеткіш.

Кеше Жәнібек Әлімханұлы, Данияр Елеусінов, Мерей Ақшалов, Біржан Жақыпов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко өз қарсыластарын ұтып, ақтық айқасқа жолдама алды. Қайрат Ерәлиев пен Берік Әбдірахманов қола жүлдегер атанды. Бұл ретте ел құрамасының капитаны Данияр Елеусіновтің Батыс Қазақстан облысы боксының түлегі екенін айта кетейік.

. Қайырымдылық айлығына орай Бөкей ордасы ауданындағы Бисен ауылының Жұмағұл Мұқатаев, Кү­ніш Арыстанғалиева, Күнсұлу Ма­таева сияқты қамқорлыққа мұқтаж

"Бірнеше сала бойынша Батыс Қазақстан облысы республикалық

рейтингте алдыңғы орында"

Облыс әкімінің поштасынан

Республикалық Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтан хат келіп түсті. Бұл хатта төраға ҚР Президенті жанындағы Орта­лық коммуникациялар қызметіндегі Ба­тыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өткізген брифингке қатысты өз ілтипатын білдіреді.

«Астанаға келгенде өзіңізбен тілде­се алмай қалдым. Сөзіңізді теледидар арқылы тыңдадым. Сөз саптауыңыздан қазақы нәр алғаныңыз сезіліп тұрады.

Ардагер ағаларға деген құрметіңіз, үл­кенге сәлем беру, оларға көмек көрсету сияқты адамгершілік қадір­қасиетіңізге мен өз басым куәмін, – делінген одан әрі хатта. – Батыс Қазақстан облысының табыстарына қуанып, үнемі тілектес бо­лып жүретін адамның бірімін. Ел еңбегі жемісті болып, әр отбасынан ырыздық кетпесін».

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

қарияларына ауыл әкімдігінің әлеу­меттік қызметкерлері үйлеріне барып көмек көрсетті.

. Биылғы 9 айда облыс бойынша жаяу жүргіншілерге қатысты 156 жол­көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 17 адам қаза тапты, 143 жолаушы түрлі жарақат алды. Жаяу жүргіншілерге қатысты ЖКО көбіне күз бен қыстың қараңғы мезгілінде орын алады.

Сондықтан Орал қалалық жол по­лиция бөлімі күзгі, қысқы қараңғы мезгілде «Жаяу жүргінші, көрініп жүр!» атты акция өткізіп, сыртқы киім­кешекке арнайы жапсырма жапсы­руды ұсынуда.

. Өңірімізге танымал фотограф Алек­сандр Куприенко «Бизнестің жол кар­тасы ­ 2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грантқа ие болды.

«Фотокітап өндірісі» жобасы ая­сында қолжеткізген бұл қаражатқа кәсіпкер қажет құрал­жабдық сатып алды. Онымен сауатты жұмыстану мақсатында ол Қазақстан мен Ре­сейдің ірі компанияларында машық­танудан өтті.

. Теректі ауданында 14­18 қазан күндері аралығында ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру кез­десулері өтті. Есептік кездесулерге қатысқан 2 189 адамның 46­сы сөз сөйлеп, 69 сұрақ қойылды.

Кездесулерде тұрғындар елді мекендерді ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жер телім­дерін беру, жолдардың сапасы ту­ралы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының құрылысы және жөндеу мәселелерін қозғады.

Өз тілшілеріміз

4

Page 2: Орал Өңiрi №131

ақпаратСенбі, 26 қазан 2013 жыл

[email protected]

Бейсенбіде облыстық қазақ драма театрында Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің құрылғанына 100 жыл толуына арналған шара өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Н.Ноғаев қатысып, сөз сөйледі.

Ұлағат ұясына – 100 жыл

Мерейтойлық шара Дәулетке­рей атындағы қазақ ұлт аспапта­ры оркестрінің орындауындағы Құрманғазының «Сарыарқа» күйі­ мен ашылды. Содан соң ҚР Білім және ғылым министрлігі техника­ лық және кәсіптік білім беру бас­ қармасының басшысы Жанат Қо­ қамбаева педколледж ұжымын мерейтоймен құттықтап, осы оқу орнының директоры Ш.Құрман­әлинаға алғысхат пен сый­сияпат табыс етті. Көп жылғы еңбегі үшін педколледждің бір топ қызмет­ керлері де жоғары марапатқа ие болды.

­ Құрметті ұстаздар! ­ деді Нұрлан Асқарұлы, ­ Сіздерді айтулы ме­реке – 100 жылдық мерейтоймен құттықтаймын! Осы жылдар ішінде сіздің оқу орнынан қаншама түлек қанаттанып, қияға аттанды. Бірін­ші сыныпқа келген баланы ұстазы

қалай қарсы алса, оның мектепке көзқарасы солай қалыптасады. Бұл орайда сіздің түлектеріңіз қашан да тек талап деңгейінен көрінуде. Демек, сіздің колледждің аты заты­ на сай. Шәкіртке қашан да лайықты білім мен тәрбие бергейсіздер! Өзгеге өнегелі болып, жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер!

Ұжымды Ы.Алтынсарин атын­дағы ұлттық білім академиясының вице­президенті Әділхан Дүйсе­ бек, «Ұлттық ақпараттандыру ор­ талығы» департаментінің дирек­торы Анарбек Қозыбай, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құл­шар, осы оқу орнының бұрынғы түлегі, соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев, бұрынғы бас­ шысы Лидия Белоконь, Орал қала­сындағы жоғары оқу орындары­ ның басшылары құттықтап, алғыс­ хат пен сый­сияпаттарын табыс етті.

Көңілінен шыққан лебізін қара ша­ ңырағына арнаған бұрынғы тү­лектер де аз болған жоқ.

Салтанатты шара барысында өнерпаздар ән салды, би биледі, күй тартты, сахналық көрініс ұйым­дастырып, мерекелік бал өткізді. Ақмаржан Таубаева бастаған ақын­дар мерейтойға орай жыр жолда­рын арнады. Бұдан басқа сан алуан жылдары әлемдік додада жарып шығып, жоғары атақтарды иелен­ ген педколледждің бұрынғы түлек­тері мен бүгінгі шәкірттері ­ спорт дүлдүлдері сахнаға шақырылып, көрермендерге таныстырылды. Педколледждің мерейтойы жайын­ да бейнебаян көрсетіліп, осы ұжымның бұдан бұрынғы 12 бас­шысының аты­жөні көрсетіліп, Ұлы Отан соғысынан кері оралмаған боздақтар құрметпен еске түсіріл­ді.

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ,«Орал өңірі»

Бейсенбіде ҚР Білім және ғылым министрлігі Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырды.

Кәсіптік білім берудегі инновацияАйша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

Бұған ҚР кәсіпкерлерінің ұлт­тық палатасы, «Самұрық­Қазына» ұлттық әл­ауқат қоры» АҚ, «KAZ­ENERGY» Қазақстан мұнай­газ жә­ не энергетика кешені ұйымдары­ ның қауымдастығы», Ы.Алтынса­рин атындағы ұлттық білім беру академиясы, «Кәсіпқор» холдингі»

КАҚ, облыстардың және Алматы, Астана қалаларының білім бас­ қармалары мен кәсіптік­техника­ лық білім беретін оқу орындары­ның өкілдері қатысты.

Облыстық қазақ драма теат­рында өткен жиынды ашқан ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру басқармасының бас­шысы Жанат Қоқамбаева бұл конференцияның маңызы жөнін­де айтып, жиналғандарды оның бағдарламасымен таныстырды. Бү­гінгі таңда Елбасының тапсырма­сы бойынша кәсіптік­техникалық білім беру жүйесін жетілдіру жұ­мысы жүйелі түрде жүзеге асы­рылып жатқанын жеткізген ол еліміз бойынша осы бағытта біздің облыстың көш бастап тұрғанын айт­ты. Жанат Керейқызы өз сөзінде Шалқыма Құрманәлина басқарып отырған Ж.Досмұхамедов атын­ дағы педагогикалық колледж бен Ақсерік Әйтімовтің басшылығын­дағы экономикалық және ақпа­раттық технологиялар колледжі ұстаздарының оқытудың заманауи әдістерін шебер меңгергендігін айтып, аталмыш оқу орындарын­дағы білім беру жүйесін өзгелер­

ге үлгі етті. ­ Кәсіби­техникалық білім жүйе­

сін жетілдіру, осы бағытта білікті мамандарды даярлау – Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі. Заманауи техниканың тілін білген білікті мамандар экономи­каны үдемелі индустриялық­инно­вациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын сапалы жүзеге асыру үшін ауадай қажет. Қазіргі таңда біздің облыста 38 кәсіптік­техникалық білім ордасы жұмыс іс­тейді. Оларда 25 мың қыз­жігіт 128 мамандық бойынша білім алуда. Бұдан басқа мамандар дамыған шет елдерге барып, тәжірибе алмасып оралуда. Осы оқу орындарынан сапалы білім алған жастардың за­манауи құрал­жабдықтармен жаб­ дықталған ірі мекеме­кәсіпорын­ дарда жұмыс істеп, ел экономика­ сын дамытуға үлес қосары сөзсіз, ­ деді жиын барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Мәкен.

Сол күні түсқайта бағдарлама­ ға сәйкес Ж.Досмұхамедов атында­ғы педагогикалық колледждің 100 жылдығына арналған салтанатты ша­ ра өтті.

­ Еліміз алға қарай қадам басқан сайын экономикамыз дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсара түсуде. Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы ­ қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің 2050 жылға қарай әлемнің да­мыған 50 елінің қатарында бо­луы тиістігін атап көрсеткен бо­латын. Қазақстанның дамуына қыз­келіншектердің де қосатын үлесі зор. Қоғамдық­саяси өмір­дегі облыстағы әйелдер бел­сенділігі жылдан­жылға өсіп ке­ леді. Мысалға, 2007 жылғы ше­ шім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің пайыздық көрсет­кіші 12,1 пайыз болса, 2012 жыл­ ғы облыстық, аудандық мәс­лихаттар депутаттарының сай­ лауынан кейін депутат әйел­дердің көрсеткіші 20,6 пайызға жетті. Бұл, әрине, жылдан­жыл­ ға өсетін көрсеткіш, ­ деген об­лыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Мәкен саяси­партиялық, қоғамдық ұйымдар, облыстық саяси клубтармен әйелдердің шешім қабылдау деңгейін іл­герілету бағытында жұмыстану қажеттігін көрсетті.

Қала және аудандарды қоса есептегенде облыстағы мемле­кеттік органдардың саны 408 болса, оның 59­ын нәзік жан­дылар басқарады. 1533 әйел

кәсіпорындар мен ұйымдарға, 15690 ақжаулықты шағын кә­ сіпкерлік нысандарына басшы­ лық етеді. Облыстық 20 басқар­маның үшеуінің тізгіні қыз­ке­ ліншектердің қолында. Аудан­дардың әкімдерінің орынбасар­лары болып 4 әйел адам қызмет етеді. Облыстағы 150 ауылдық округте 15 әйел әкім лауазы­мында. Орал өңірінде күллі еліміздегідей белсенді, іскер һәм бастамашыл әйелдер бар­шылық екенін жиынға қатысқан қонақтар да сөз етті. Ұлттық комиссияның төрайымы Гүл­шара Әбдіхалықованың айтуын­ша, еліміздің нәзік жандылары алдыңғы қатарға ұмтылуда, мұ­ ны билік басындағы, Парла­мент Мәжілісіндегі, атқарушы биліктегі жауапты орындардағы олардың санының артқанын айқын аңғаруға болады.

Клубтың отырысында облыс­ тағы саясаткер әйелдер клубы­ның қызметі жайында клубтың төрайымы Зинатбану Мусина баян етті. Әйелдердің белсен­ділігін арттыру жайында ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко, Қазақстан іс­кер әйелдері қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаева өз ойларымен бөлісті. Клуб мүшелері де ортақ мәселеге қатысты пікірлерін ортаға сал­ды.

Жиын соңында әйелдер көш­басшысы мектебінің түлектері­нің тұсаукесері жасалды. Бұл мектептің түлектеріне сертифи­катты Гүлшара Әбдіхалықова табыстады.

ҚР Президентінің кеңесшісі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаева және облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Бақтияр Мәкен облыстағы саясаткер әйелдер клубының отырысына қатысты.

Қыз-келіншектер

белсенділігі жоғары

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

Page 3: Орал Өңiрi №131

Сенбі, 26 қазан 2013 жыл3ҚОҒАМ

[email protected]

Әлеуметтік қамқорлық жіті назарымызда

Берікболат нҰРЖАнОВ,БҚО бойынша бақылаужәне әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы

ҚР Президентінің 2011 жыл­ ғы 20 қазандағы №164 Жар­лығымен қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қор­ғау жүйесі қызметкерлерінің күні» болып белгіленгені мә­лім. Осы орайда әлеуметтік салада жеткен жетістіктеріміз қомақты.

Зейнетақы, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы және басқа да әлеуметтік төлемдер еселеп өсті. 2007 жылмен салыстырғанда, 2012

Спорттық-мәдени алаң ашылмақ

Ауылды абаттандыру, елді мекенді көркейту мақсатында Федоров селолық округіне қарасты Жайық ауылында спорттық­мәдени алаң cалу жұмысы жаз айында басталған болатын.

Аталмыш құрылысқа жергілікті бюджет­тен 1млн. 824 теңге қаржы қарастырылған екен. Қазіргі таңда «Биовви­проект» (ди­ректоры жеке кәсіпкер В.Войтенко) жобасы бойынша «Козиева А.Р» жеке кәсіпкерлігі құрылыс салуды жүргізуде.

Жалпы аумағы 2600 шаршы метрді қамтитын, Жайық ауылының келбетіне кө­рік қосқалы отырған спорттық­мәдени алаң жуырда халық игілігіне пайдалануға берілмек.

жалған ағымдарға қарсы

Облыстық білім басқармасында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің директорлары мен дінтану пәні мұғалімдеріне арналған «Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шараларын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн жүйесінде семинар өтті.

Семинар барысында мектептердегі дін­тану пәнін оқытудың өзекті мәселелері, ислам туралы жалпы түсінік, дінге сену мен дінді сыйлау, экстремистік діни ұйымдар­ дың кесір­кесапаты деген тақырыптарда арнайы теолог­исламтанушылардың дәріс­тері оқылып, қатысушыларға әдістемелік құралдар таратылды. Сондай­ақ қала мек­тептеріндегі үздік деп танылған мұғалімдер­дің аталмыш тақырыптағы шығармашылық шеберхана сабақтары көрсетілді. Семинар соңы пікір алмасумен жалғасты.

Кәсіпкерге – айыппұл Бөрлі аудандық соты ақсайлық

кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевті ірі көлемде салық төлемегені үшін айыпты деп таныды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, “KSS building” ЖШС басшысы Б.Меңдіғазиев биылғы шіл­деде ұсталып, оған бірнеше жыл бойы салық төлемеді деп айып тағылған болатын. Кейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Бөрлі аудандық сотының үкімімен Мең­діғазиев айыптың бірі бойынша қылмыс құрамы болмағандықтан, ақталды. Айыптың екінші эпизоды бойынша ол рақымшылыққа ілікті. Үшінші эпизод – 2011 жылы кірістер мен шығыстар жөнінде бұрмаланған де­ректермен декларация бергені үшін ҚР ҚК 222­бабы 1­бөлімі бойынша айыпты деп та­нылды. Оған жеті жүз АЕК (1211700 теңге) көлемінде айыппұл белгіленіп, бір жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Бірақ Б.Меңдіғазиевтің биылғы 22 шілдеден 17 қыркүйекке дейін қамауда болғанын ескеріп, сот жазаны жеңілдетіп, айыппұл көлемін 500 АЕК­ке (865500 теңге) дейін түсірді.

жылға қарай зейнетақы 2,5 есеге артты. Оның ішінде 2009 жылы 30 пайызға, 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 30 пайызға өссе, 2012 жылы және биылғы 2013 жылғы 1 қаңтардан бас­тап 9 пайызға көбейді. Қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы мөлшері 28 396 теңгені құраса, орташа зейнетақы – 44 179 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 59 962 теңгеге жетіп отыр. 2017 жылға қарай базалық зейнетақы төлемі мен арнайы әлеуметтік көмек кемінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайтын болады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халық үлесі 2010 жылы 6,5 пайызға азайды. Халық денсаулығы­ның негізгі көрсеткіштері жақ­ сарды. Күтілетін өмір ұзақ­тығы 65­тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайып, бала туу бір жарым есеге өсті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Қазақстан қазірдің өзінде­ақ халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мә­селесінде халықаралық дең­ гейде мойындалған жетек­

ші елдердің біріне айналды, яғни Орталық Азияда ғана емес, ТМД елдері арасында да халықтың әлеуметтік жағ­ дайы тұрғысынан көш басын­дағы мемлекеттердің қатарын­да келеді.

Аталған салада 2010 жыл­ғы 31 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011­2015 жыл­ дарға арналған стратегия­лық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкі­ метінің №1507 қаулысы ая­сында облысымызда тынды­рылып келе жатырған игілікті істер аз емес. Қазіргі таңда біздің департаментте 33 қыз­меткер бар. Бұл қызметкер­лер үш жыл сайын Астанада­ғы ҚР ЕжХӘҚМ жанындағы кадрлардың біліктілігін арт­тыру курсында біліктілікте­рін жетілдіріп отырады.

Департамент құрылғаннан бергі құрметті демалысқа шыққан Ізгілік Ысқақовтың, Талғат Оразовтың, Марат Бөкесовтың, Сәуле Шалаева­ның, Жансұлу Тастілекова секілді ардагерлердің есім­

дерін құрметпен атаймыз. Күні бүгін еселі еңбек етіп жүрген Меңсұлу Жұматова, Қуат Мұсағалиев, Ольга Айтуғанова, Ардақ Мұқанова, Гүлнәр Қадырәлиева, Әлфия Чукаева, Жұлдыз Есенғазина және Зауре Сариевадай әріп­тестеріміз ­ өз ісін жетік мең­герген мақтаулы мамандары­мыз.

ҚР Президенті Н.Ә.Назар­баевтың «Қазақстан ­ 2050» стратегиясы ­ қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан хал­ қына Жолдауында атап өт­кен мақсат­міндеттер елді әлеуметтік жаңғырту мәселе­леріне ерекше назар аудар­тып, әлеуметтік тұрақтылықты өте маңызды міндеті ретінде белгіледі. Яғни ел­жұрттың ахуалын көтеру, халықтың еңбек құқығын қорғау және жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдердің тиісті деңгейде орындалуы, барлық санаттағы мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік кө­мек көрсету – бізге жүктелген бірінші міндет.

126 жобаға 96 миллион тЕңгЕ

Кеше облыстық қазақ драма театрында облыстың үкіметтік емес ұйымдарының конгресі өтті.

Мемлекеттік құрылым­дардың басшылары,

үкіметтік емес және жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, этно­мәдени бір­ лестіктер, бизнес­құрылым, кәсіподақтар қатысқан шара­ да облыстық үкіметтік емес секторды дамыту және өр­ кендету бойынша өзекті мәсе­ лелер талқыланды. Астана қаласында 14­15 қарашада өтетін Қазақстан Республика­сының VI Азаматтық форумы­на ұсынбалар дайындалып, үкіметтік емес ұйымдардың арасынан делегаттар сайлан­ды.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен: «Елбасымыз демокра­тиялық қоғамға айналу жо­лындағы ҮЕҰ­ның жұмысына үлкен мән беріп келеді. Өйткені

азаматтық сектор ­ халықтың әлеуметтік қамтылуының не­гізгі көрсеткіші. Азаматтық сектор дамудың үлкен жо­лын өткерді, сондықтан адам және оның құндылығын жоға­ры бағалайтын мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы бағытын дұрыс деп санаймыз. Бұл құн­дылықтардың барлығы жуыр­ да өткен «Нұр Отан» партия­ сының ХV сиезінде қабылдан­ған жаңа доктринаның негізі болып табылады. ҮЕҰ­ның жұ­ мысының маңыздылығын арт­тырып, алға жылжыту үшін жыл сайын қаржыландыру көзі

ұлғайып келеді. Биылғы жылы 80 ҮЕҰ­ның 126 әлеуметтік маңызды жобасына 96 млн. теңге бөлінген. Ал осыдан бір жыл бұрын 76 ҮЕҰ­ның 76 әлеуметтік жобасына жалпы көлемі 63 млн. теңге бөлін­ ді», ­ деді.

Облыстық ішкі саясат бас­ қармасы басшысының мін­детін атқарушы А.Есекено­ваның «БҚО мемлекеттік ор­гандар мен Азаматтық қоғам институттарының әріптестігі туралы» тақырыбында, БҚО Қазақстан халқы ассамблея­сы хатшылығының «Дос» қо­

ғамдық қорының төрайымы В.Шохинаның «РФ шекаралас аймақтарымен серіктестік қа­рым­қатынасты нығайту ту­ралы», Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жастар комитетінің маманы С.Тұманбаеваның «G­Global» ­ жаһандық диалогтың жаңа алаңы», «БҚО азамат­тық альянсы» ЗТБ атқарушы директоры Г.Түзелбаевтың «ҮЕҰ облыстық конгресі шең­ берінде диалогтық алаңдары­ның ұсынымдары» атты баян­дамалары тыңдалды.

Конгресте өңірдегі азамат­тық қоғамды қалыптастыруға және дамытуға белсене ат са­лысқаны үшін ««Арба» тірек­қозғалыс аппараттарының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төра­йымы Гүлмира Батпақұлова, Батыс Қазақстан ауған соғы­ сының мүгедектері және ар­ дагерлері қоғамдық бірлесті­гінің төрағасы Тахир Қосжа­нов, «Семей ядролық полиго­ нының мүгедектер қауымдас­тығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мағжан Бисенға­лиев, «Тасқала әйелдері» қо­ ғамдық бірлестігінің төра­йымы Вердана Завгарина, Ақжайық аудандық «Раду­ га» славян ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Валентина Боричевская облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.

нұрлыбек РАхМАнОВ

Page 4: Орал Өңiрi №131

Ел мЕн ЕлбаСыСенбі, 26 қазан 2013 жыл4 [email protected]

"Бірнеше сала бойынша Батыс Қазақстан облысы республикалық рейтингте алдыңғы орында"

Бейсенбі күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің облыстың тыныс-тіршілігімен танысуы Жайық өзені жағалауында салынған саябақтан басталды. Мұнда Елбасы аға буын өкілдерімен кездесті.

­ Ақ Жайықтағы ағайындар­дың жағдайын біліп кетейін деп Оралға арнайы келдім. Екі күн­нен бері облыстың жағдайымен танысудамын. Батысқазақстан­дықтардың ауызбірлікте, тату­тәтті өмір кешіп жатқанына тағы да куә болдым. Зейнеткерлер­дің де көңіл, күйлері көтеріңкі. Астықтың да шығымы жаман емес. Яғни азық­түлік қоры жет­кілікті. Еліміз бойынша 21 млн. тонна астық жинадық. Бұл – үлкен

Сәкен ӘБІЛхАЛЫҚОВ,Тоқтар кЕнЖЕҒАЛИЕВ,"Орал өңірі"

Батыс Қазақстанда оңды тір­лік бар. Облыс әкімі аймақтағы барлық жағдайдан хабардар, жұмысын жақсы деп бағалаймын. Орал қаласы ажарланып ке­леді. Істелген жұмыс көп, алда тұрған міндет одан да аз емес, ­ деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Аға буынның атынан сөз ал­ған соғыс және еңбек ардагері Иван Гапич Елбасына Оралға ат басын бұрғаны үшін алғысын айтып, Жолдаудағы міндеттер Батыс Қазақстан облысында да жоспарға сай жүзеге асып жат­қанын баяндады.

­ Мәдени­рухани құндылық­тарды сақтау, халықтың бірлігін нығайту әрбір қазақстандықтың

көп ұлтты, бейбіт ел ретінде әлемге танылды. Сол себепті сізге деген ризашылығымыз шексіз. Деніңізге саулық, ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларыңызға сәттілік тілейміз, ­ деді Иван Степанович.

териалдарды өзімізден шығару бағытында да жұмыстанып жа­тырмыз. Қазір қалада екі тұрғын үй құрылыс комбинаты салынуда. Қала солтүстік­шығыс және ба­тыс бөлігі жағынан дамымақ. Бұл жақтан негізінен көп қабатты және таунхаус коттеджі типтес үйлер бой көтермек. «Қолжетімді баспа­на ­ 2020» бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін Оралда 500 мың шаршы метр үй салынатын бола­ды. Ал халықтың саны 2030 жылға дейін 400 мыңға дейін жетеді деп болжанып отыр. Бұл бағытта біз де­мографияның, өндірістің, бизнес­тің даму қарқынын ескердік. Яғни тұрғындар жұмыссыз қалмайды. Қазір қала тұрғындарының үштен бірінде көлік бар. Сол себепті қаланың орталық көшелеріндегі көлік нөпірін азайту үшін жаңа шағын аудандарға әкімшілік бас­қару орындарын, бизнес нысан­дарды көшіру жоспарлануда, ­ деді шаһар басшысы.

Осыдан кейін Елбасы Орал қаласының «Жаңа орда» шағынау­данында жас жанұяларға арнап салынған 108 пәтерлік тұрғын үйді көрді.

«Ақжайық – Жас отау» ЖШС­ның бұл жобасымен республика­да әзірге теңдес жоқ. Бұған дейін серіктестік жастарға 2 үй салып берген еді. Оның алғашқысы 2008 жылы салынып, сол жолы 75 отбасыға баспана кілтін Ел­басының өзі тапсырған болатын. Екінші үйдің құрылысы 2010 жы­лы аяқталып, тағы да 75 жанұя баспаналы болды. Енді, міне, 108 пәтерлік 9 қабатты үйдің кезегі келді.

Облыс әкімінің бірінші орын­басары Серік Шәпкенов пен «Ақжайық ­ Жас отау» ЖШС­ның

атқарушы директоры Айнұр Ме­деуова Елбасына жаңа үйді беру тәртібі туралы баяндап берді. «Бұл үйдің құны ­ 589 млн. теңге. 330 млн. теңгені бірінші және екін­ші үйлердегі пәтерлерді сатудан түскен қайтарымды қаражаттан алдық. Қалған ақшаны мерді­гер «СВ плюс» ЖШС салды. 108 пәтердің 60­ына жас жанұялар қоныстанады. Қалғандары нарық бағасымен сатылымға қойылады», ­ деді Серік Жамбылұлы.

Пәтерлердің бірін көріп шыққан Мемлекет басшысы елдегі «Тұрғын үй» бағдарламасының ойдағыдай жүргізіліп жатқандығын баса айт­ты. «Мемлекеттік «Тұрғын үй» бағдарламасы жақсы қарқынмен орындалуда. Жас жанұяларға ерекше қамқорлық бар. Мына үй де сол бағдарлама аясында салы­нып отыр. Үй иесі пәтердің жарты бағасын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 3 жыл мерзімде жинайды, қалған бөлігін өте төмен пайызбен несиеге алады. Пәтері банкте кепілде болады. Сонымен қатар бізде жалға берілетін үйлер бар. Баспананы қайта жаңғырту жобасы жемісті. Егер кімде­кім қаражаты жетіп, жеке үй саламын десе оған да инфрақұрылымын жеткізіп береміз», ­ деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Облысқа жасаған сапарын қорытындылай келе Елбасы ат­қарылған жұмыстарға оң баға берді. «Облыста тыныш, тұрақты ахуал қалыптасқан. Бірнеше сала бойынша Батыс Қазақстан об­лысы республикалық рейтингте алдыңғы орында. Әрине, кемшілік­тер де жоқ емес. Енді жергілікті билік, атқарушы органдар олар­ды жою жолында жұмыс істеулері тиіс», ­ деді Мемлекет басшысы.

көрсеткіш. Жыл сайын 1 млрд. пұттан астам астық өндірудеміз. Соған орай бұрынғыдай халық­тың, техниканың көбін егіс ал­қабына ешкім «қуып» жатқан жоқ. Міне, республикамызда эко­номиканың мемлекеттік және жеке меншік секторы осылайша дамуда. Жалпы айтқанда, өңірдің әлеуметтік экономикасы жыл өткен сайын оңалып келеді.

міндеті екенін сіз айтып жүрсіз. Соған сәйкес аға буын өкілдері жас ұрпақтың бойында патрио­тизмді, еңбексүйгіштікті қалыптас­тыру бағытында шама­шарқын­ша өз үлестерін қосып келеді. Сіздің Отан алдындағы ерен еңбегіңізді жақсы білеміз. Сараб­дал саясатыңыздың арқасында Қазақстан қиыншылыққа ұшы­рамай, ынтымағы жарасқан

Содан соң Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов облыс орталығының бас жоспарымен таныстырды.

– Бас жоспарға сәйкес, қаланың аумағы 5 гектарға ұлғаймақ. Оның 2,7 гектары тұрғын үйге бағытталған. Тұрғын үй салу бойынша мемле­кет тарапынан «Қолжетімді баспана ­ 2020» бағдарламасы жүзеге асы­рылады және жеке инвесторлар тартылады. Құрылысқа қажет ма­

Page 5: Орал Өңiрi №131

Сенбі, 26 қазан 2013 жыл[email protected] 5Сұхбат

­ 2011 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізіліп, ағымдағы жылғы 19 маусымда «Жұмыспен қамту – 2020. Жол кар­тасы» бағдарламасы қабылданды. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске

оларға 429 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа жолданды. 11 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бағдарламаның екінші «Ауыл­да кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бағыты бойынша биыл 602 адам 1075,0 млн. теңге көлемінде несие алды.

­ Халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуде, соның ішінде мұқ­ таж жандарға қызмет көрсету­ де қандай нақты шаралар жүзеге асуда?

­ Облыс бойынша 2013 жыл­дың 9 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 996 отбасына, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы 10812 отбасына және тұрғын үй көмегі 4724 отбасына көрсетілді.

Аз қамтылған отбасыларының жиынтық табысын көбейту мақ­сатында бірінші кезекте еңбек­

«Халықты әлеуметтік қорғау –баСты жұмыСымыз»

кемел СӘДБЕкОВ,облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларбасқармасының басшысы

асырудың қисынды жалғасы бо­лып табылады.

2013 жылы «Жұмыспен қамту – 2020. Жол картасы» бағдарла­масын жүзеге асыруға облысқа 5006,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталмыш бағдарламаның бірінші «Инфрақұрылымды және тұрғын үй­коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қам­туды қамтамасыз ету» бағыты бойынша әлеуметтік саладағы 42 нысанға күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 834 жаңа жұмыс орнын ашып, оған жұмыспен қамту органда­ры арқылы 415 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Үс­тіміздегі жылдың 9 айында 42 нысанға күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілуде,

Бағдарламаның үшінші «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша облыста 6 аудан­да бағдарламаға қатысушыларға 30 үй салу жоспарланды. Бұл үй­лерге 150 адамды немесе 30 отба­сын көшіру қарастырылды. Қоныс аударғандарға 1,5 млн. теңге суб­сидия төленеді. Қазіргі кезде бар­лық үйдің құрылысы жүргізілуде немесе аяқталып қалды.

“Жастар тәжірибесі” түлектер­дің алған кәсібі бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына арналған. Биыл 1505 жас адамға “Жастар тәжірибесін” ұйымдастыру жоспарланды. 2013 жылғы 1 қазан­дағы жағдай бойынша “Жастар тә­жірибесіне” 1936 адам жолданды.

ке жарамды отбасы мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы олар­ды кедейлер қатарынан шығару жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, ағымдағы жылдың 9 айы ішін­де тұрақты жұмысқа орналас­тырылғандардың 190­ы аз қам­тылған отбасынан, әлеуметтік жұмысқа тартылғандар 83 адам, қоғамдық жұмысқа 383 адам және кәсіби оқуға даярлау үшін 50 атаулы әлеуметтік көмек алушы белсенді шараларға тартылды. Со­ның нәтижесінде АӘК алушылар­дың саны 2012 жылдың осы кезе­ңімен салыстырғанда 19,8%­ға төмендеді.

­ Кемел Ермекұлы, биыл Ең­бек кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Осы заң

актілеріндегі әлеуметтік қам­сыздандыру мәселесіне қатыс­ты жәйттарға тоқтала кетсеңіз.

­ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасының 2013 жылғы 4 ақпандағы №75­V заңымен Еңбек кодексіне жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеу­

дің ерекшеліктері туралы то­ лықтырулар енгізілді. Бұл толық­тырулар облыстық үшжақты ко­ миссияның биылғы наурыз айын­да өткен отырысында талқы­ланды. Онда үш жақ тараптары бұл өзгерістерді қолдады. Ба­тыс Қазақстан облысы әкімдігі, кәсіподақтардың облыстық ке­ңесі және жұмыс берушілердің об­лыстық бірлестіктері арасындағы қол қойылған 2012­2014 жылдарға арналған келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жалпы әлеуметтік­еңбек қа­тынастары саласында еңбек дау­ларының туындауын болдырмау мақсатында облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнін­дегі үшжақты комиссия арқылы көптеген іс тындырылуда. Мыса­лы, ағымдағы жылдың өткен мер­зімінде еңбекақы бережақтарын өтеу бойынша шаралар қабылдау жөніндегі облыстық штабтың үш отырысы өтті. Барлық өткізілген отырыстарда еңбекақыға бере­жақтары бар кәсіпорындардың басшыларының есебі тыңдалды. Бірлесіп атқарылған жұмыстар­дың нәтижесінде 2013 жылдың 1 қазанына Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбекақы бе­режақтарының жалпы мөлшері 10913,3 мың теңгеге дейін төмен­деді. Бұл бағыттағы жұмыс жала­қы қарыздары толық өтелгенше жалғаса бермек.

Сұхбаттасқан Еламан ӘЙПІШЕВ,

«Орал өңірі»

Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» болып белгіленді. Осы мереке қарсаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Кемел Сәдбековпен сұхбаттасудың сәті түсті.

­ «Бизнестің жол картасы ­ 2020» бағдарламасы шең­берінде мемлекеттік демеу­қаржыға ие болып отырған жобалардың көпшілігі көлік сатып алуға, яғни жүк тасыма-лына, жаңа нысан сатып алуға бағытталған деген пікірге қалай қарайсыз?

­ Бағдарламаны жүзеге асыру­дың нәтижелеріне көз жүгірт­сек, бағдарламаның барлық ба­ ғыты бойынша мақұлданған жо­балардың салалық жіктелімінде қызмет көрсету (қоймалау, оқы­ту, медициналық) 30,5%­ды, ауыл шаруашылығы саласы 18,3%­ды, құрылыс материалдары өндірісі 24%­ды, металл өңдеу 20,2%­ды, тамақ өнеркәсібі 4,2%­ды, жиһаз өндірісі 2,8%­ды құрады. Көлік саласының үлесі, соның ішінде жүк тасымалын қоса алғанда 15%­ды, жолаушылар тасымалы 14%­ды, яғни жалпы қолдауға ие болған жобалардың (2,8 млрд. теңгенің 52 жобасы мақұлданды) үштен бір бөлігін немесе 29%­ды құрады.

Сонымен қатар бұл бағдарла­маның басты мақсаты – бұрынғы жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын құру. Егер де ұсынылған жоба бағдар­лама талаптары үдесінен шықса және экономиканың басымдық берілетін салаларынан болып, жа­ңа жұмыс орындарын ұсынатын болса, онда ондай жобаға мемле­кеттік қолдау көрсетіледі.

­ Елбасымен кездесуде бұл бағдарламаға облыстың бір­қатар ауданынан бірде­бір адамның қатыспағаны айтыл-ды. Сонда ауыл шаруашылығы саласындағы, өңдеу өндірісіне қатысты жобалардың жоқты­ғын немен түсіндіресіз?

­ «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру нә­тижелері бойынша 2010­2013 жылдары аймақтық үйлестіру ке­ңесімен несиенің пайыздық мөл­шерлемесін субсидиялау және инфрақұрылым тарту бағытында жалпы шамасы 38,5 млрд. теңге бо­латын 255 жоба қолдауға ие болды. Соның ішінде ауылдық жерлердегі 11,1 млрд. теңгенің 62 жобасына оң баға берілді. Субсидиялауға ұсынылған жобалар көбіне мал шаруашылығы саласынан, мал бағылатын нүктелерге электр желісін жеткізуді көздейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу­ге бағытталған бірқатар жобаға, мысалға, «Белес­Агро» ЖШС­ның, «Желаев астық өнімдері комбина­ты» АҚ­ның және басқа жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Сонымен қатар бұрынғыдай об­лыс аудандарындағы ауылдық кә­сіпкерлердің несиеге қол жеткізуі қиын болып тұр. Екінші деңгейде­гі банктердің несиелік саясатын ескерсек, олар қала аумағында кепілдеменің болуын талап етеді. Мұндай талап ауыл кәсіпкерлерінің

несие ресурстарын алуын қиын­датады, ал ауылдық жерлерде кепілдеме болса да, банктер олардың құнын төмендету коэф­фициентімен кепілге алады. Міне, осындай жағдайдың кесірінен облыстың Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы, Қаратөбе аудандарының жобаларын банк­ тер несиелемей келеді. Ауылдағы кәсіпкерлерге несиенің пайыз­дық мөлшерлемесін субсидиялау арман күйінде қалып отыр. Бұл бағытта облыс және басқарма басшылығы банктердің өкілдері­ мен кездесулер өткізіп, бағдарла­маға белсене қатысуға шақырдық. Бүгінде Ұлттық банктің басшылығы өзгерді, Мемлекет басшысы да осы мәселені шешуді тапсырды.

2011 жылдан бастап елімізде келесі «Жұмыспен қамтудың жол картасы ­ 2020» бағдарламасы іске асырылуда. Аталмыш бағдарлама ауылдағы ағайындардың шағын несие ресурстарына қол жеткізуді жеңілдетеді, кәсіпкерліктің қыр­сырына оқытуды ұйымдастырады. Бағдарламаның 2­бағытын жүзеге асыру шеңберінде ауыл кәсіп­керлерін шағын несиелеуге және оқытуға республикалық бюд­жеттен бөлінген 3,5 млрд. теңге толықтай игерілді. 2011­2012 жылдары 1741 адам шағын несие алды және 1983 ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. 2012 жылы несие алған 1554

адам өз істерін ашты, 26 адам кәсіпкерліктерін кеңейтті. 1509 жаңа орны ашылып, жұмыспен қамту орындары арқылы жаңадан құрылған жұмыс орындарына 437 адам қабылданды.

2013 жылы «Жұмыспен қамту ­ 2020» бағдарламасы бойын­ша республикалық бюджеттен БҚО­ға шағын несиелеу мақса­тына бөлінген 1 075 млн. теңге шамасындағы мақсатты транс­ферттер толықтай игерілді. Бағ­дарламаның өңірдегі өкілетті ұйымы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ­мен 1075 млрд. теңге көлеміндегі 602 шағын несие берілді.

2013 жылы «Агробизнес ­ 2020» бағдарламасы бекітілді. Оның мақсаты – агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілет­тілігін арттыруға қолайлы жағдай туғызу. Бұл бағдарлама ауыл шар­уашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық жүгін жеңілдетуге көмектеседі деп білеміз. Жалпы Елбасының өңірдегі импорттың үлесін азайту, экспорттың үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы бойынша да жұмыстанамыз.

­ Аслан Қабиболлаұлы, кә­сіпкерлерді кәсіпкерліктің қыр­сырына оқыту, инновациялық гранттар беру жұмыстары қа­лай жүруде?

­ «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының 4­бағыты бо­

йынша «Бизнес ­ Кеңесші» бағ­дарламасы шеңберінде кәсіп­керліктің негіздеріне қысқа оқу курстары өткізілді. 2013 жылы 807 кәсіпкер оқыды. 17 кәсіпкер топ­менеджментке оқыту жобасы бойынша «Назарбаев универси­теті» АҚ­дағы бизнес­мектеп ба­засында оқуда болды. Ал «Іскер байланыстар» жобасының бас­тапқы кезеңіне біздің облыстан 7 кәсіпкер қатысты. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті сервистік қолдау шеңберінде биылдың өзін­де 2,8 мың кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді.

2012 жылдан бастап кәсіпкер­лікті жаңадан бастаған кәсіпкер­лерге 3 миллион теңге шамасында мемлекеттік инновациялық грант­тар берілуде. 2012­2013 жылдары 90 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Гранттық қаржыланды­руға облыстың барлық ауданы жақсы қатысуда. Бөлінген грант­тар жарықтандыру құралдарын шығаруға, аэробот өндірісіне, фо­токітап шығаруға және өзге нақты жұмыстарға бағытталды. Алдағы жылға гранттық қаржыға тапсы­рыстар беріп қойдық. Сондықтан өңірдегі инноваторлардан инно­вациялық жобалар күтеміз.

СұхбаттасқанГүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

Облыстық инновациялық дамужәне кәсіпкерлік басқармасының басшысы Аслан ЖАҚЫПОВ:

Елбасы тапсырмасы орындалуда

«Инновациялық жобалар күтеміз»

Page 6: Орал Өңiрi №131

қаулы-қарарСенбі, 26 қазан 2013 жыл

[email protected]

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялауБөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300,

Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99­үй, 2­қабат, 34­бөлме, анықтама үшін телефон: 8­(71133) 20­5­09, электрондық мекенжайы: burlin­[email protected], бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қо­йылатын жалпы біліктілік талаптары:

E­R­4,E­G­3­санаттары үшін: жоғары білім; Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес не­месе осы санаттағы нақты лауазымның функцио­налдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

E­R­5­санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім;.

E­G­4 санаты үшін: жоғары білім немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім;

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауа­зымдық жалақылары

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына min maxE­R­4 56375 76235 E­R­5 49969 67907E­G­3 53813 72391E­G­4 48044 64704

Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі аппара­тының бас маманы ­ 3 бірлік, E­G­3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Әкім аппара­тының бухгалтерлік есебін жүргізеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сай бюд­жеттік өтінімді және жылдық қаржылау жоспарын әзірлейді. Салық басқармасына тиісті есептерді, декларацияларды тапсырады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес жұмыстарын жүргізеді, келісімшарттар әзірлейді, жылдық жоспарды әзірлейді және оған өзгерістер енгізеді. «1­С Кәсіпорын 8» мемлекеттік мекемелерінің бухгал­терлік есебі бағдарламасы және «Қазынашылық­Клиент» жүйесімен жұмыс жасайды.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Рес­публикасының нормативтік­құқықтық актілеріне және заңнамаларына сәйкес қала әкімі аппа­ратының жұмысын ұйымдастырады. Әкімге қол қоюға ұсынылған шешімдер, өкімдер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Әкімнің нормативтік актілерінің жобаларын дайындай­ды. Нормативтік­құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Әділет органына тіркеуге жібе­ру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Бел­гіленген тәртіппен сотта, сол сияқты құқықтық

мәселелері қаралатын басқа да органдарда қала әкімінің мүдделерін қорғайды. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес жұмыстарын ұйымдастырып жүргізеді.

Функционалдық міндеттері: Коммуналдық меншік мониторингін және аналитикалық­ақ­параттық жұмыстардың формаларын және әдіс­терін білу. Коммуналдық меншік нысандарын қабылдап­тапсыру, есептен шығару және жасақтау бойынша есепті жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қаланың коммуналдық меншігін түгендеу бойынша есеп жүргізу және тапсыру. Ай сайын есепті кезеңде коммуналдық меншік нысан­дарын басқару бойынша шаралар ұйымдастыру және орындалуы бойынша есеп беру. Жоғарғы органдардан келіп түскен тапсырмаларды орын­дау. Әкім аппаратына түскен хаттар, ұсыныстар және басқа да өтініштер мен арыздарға уақтылы жауап беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын та-лаптар:

әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқықтану;

техникалық ғылымдар не әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқықтану не ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша.

Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Е­R­4 са-наты.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік ор­гандар және лауазымды тұлғалармен мемлекеттік ішкі саясаттың жүзеге асырылуына бақылауды, сондай­ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының, об­лыс және аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің, жоғары тұрған облыстық ұйымдардың шешімдері мен өкімдерінің орын­далуын жүзеге асырады. Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын іске асыру барысы туралы ақпараттарды дайындайды және ақпараттық жарықтандырады, ақпараттық­насихаттық жұмысын ұйымдастырады. Елбасының жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында үгіт­насихат тобының мүшелеріне ақпараттық және әдістемелік құжаттар дайындайды. Аудан­да болып жатқан қоғамдық­саяси процестерді және олардың даму тенденцияларын жан­жақты және объективті зерттеп және талдап қорытады, аудандағы қоғамдық­саяси ахуалға сараптама жүргізуге бағытталған әлеуметтік және саяси зерт­теулер жүргізеді. Ұлттық–мәдени орталықтардың жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдеседі, қо­ғамдық және діни бірлестіктермен, саяси партия­лармен, кәсіподақ ұйымдарымен, БАҚ­пен бірлесіп әрекет етеді, олардың қызметіне талдау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын та-лаптар:

Білім, гуманитарлық ғылымдар; әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес; құқықтану мамандықтары бойынша.

Жер қатынастары бөлімінің жетекші мама-ны, Е­R­5 санаты.

Функционалдық міндеттері: Қазынашылық аумақтық органы арқылы төлемдер жүргізу, жо­ғары тұрған органдарға уақтылы есеп беру, бух­галтерлік электрондық бағдарламаға сәйкес жұ­мыстар атқару, жылдық жұмыс жоспарға сәйкес қаржыны мақсатпен жұмсау, бухгалтерлік есеп­терді дұрыс және уақтылы жүргізу, мүліктер мен бағалы заттардың сақталуына бақылау жүргізу, бухгалтерлік құжаттарды сақтап, мұрағатқа тапсы­ру. Азаматтардың өтініштеріне, хаттарына, бақы­лау құжаттарының жауаптарына бақылау жүргізу, құжаттарды мұрағатқа тапсыру. Тендерлер, келі­сімшарттар және хабарламалар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын та-лаптар:

Әлеуметтік ғылымдар; экономика және бизнес мамандықтары бойынша.

Александров, Қарағанды, Бөрлі селолық округі әкімі аппараттарының жетекші маман­дары 4 бірлік, Е­G­4 санаты.

Функционалдық міндеттері: Округ әкімі селолық бухгалтерлік есебін жүргізу, ақшалай қаржы мен мүліктердің тиімді әрі үнемді пайда­лануын қамтамасыз ету. Штаттық кесте және шы­ғындар сметасын құрастыру, шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың есебін жүргізу, салық құжат­тарын жүргізу. Селолық округтің шаруашылық кі­табын жүргізу, жанармай шығымы және қосалқы бөлшектерді қондыру бойынша есеп беру.

Функционалдық міндеттері: Мал иелерінің, қожалық шаруашылықтар мен малдарды, мал тегінен шыққан азық­түліктер мен шикізаттарды дайындайтын, өңдейтін, сақтайтын, тасымалдай­тын және сататын ұйымдармен, ветеринария са­ласында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен ҚР ветеринария саласындағы заңдылықтардың талаптарының сақталуына ба­қылау жасауды жүзеге асыру. Бекітілген жоспарға сәйкес індетке қарсы шаралардың заңды және жеке тұлғалармен жоспарының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ аумағында комиссиялар жұмысын ұйымдастыру, олардың жоспарларын бекіту және хаттамала­рын жүргізу. Мемлекеттік атаулы көмек қызметін және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыларды рәсімдеу. Тұрғындардың ма­териалдық және тұрмыстық жағдайын тексеру актісін рәсімдеу. Округ аумағында тұратын ҰОС­ның ардагерлерімен және мүгедектермен жұмыс жүргізу. Әлеуметтік картасын жүргізу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:­ өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; ­ 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген

нысандағы толтырылған сауалнама;­ білімі туралы құжаттардың нотариалдық куә­

ландырылған көшірмелері немесе өзге де заң­дарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қызметшілер тапсыра­тын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады);

­ еңбек қызметін растайтын құжаттың нота­риалдық куәландырылған көшірмесі немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қызметшілер тапсыра­тын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады);

­ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республика­сының Нормативтік­құқықтық актілердің тізілімін­де 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тір­келген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

­ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

­ құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сер­тификат қабылдау мерзімі конкурс өткізу тура­лы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген ме­кенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурстық комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде аза­маттардың өздері әкеліп берген, поштамен не­месе электрондық мекенжайға жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну кон­курстық комиссиясының оларды қараудан бас тар­туы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгі­мелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жі­берілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде әңгімелесуді конкурс жариялаған аудан әкімі аппаратында өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналасқан үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Дегенмен әскери қақтығыстарға ұшыраған өңірлерге жақын орна­ласу, көші­қон үдерістері, сондай­ақ интернет­кеңістікте шет елден терроризм идеяларының наси­хатталуы тұрғындардың өміріне ықпал етпей қоймайды.

Азаматтардың санасына бізге тән емес діни ағымдар мен секта­лар, шетелдік уағыздаушылар, сон­дай­ақ терроризм мен діни экстре­мизм идеологиясын уағыздайтын веб­сайттардан «дұрыс» дінді өз бетінше іздеу ықпал етеді.

«Терроризмге қарсы іс­қимыл туралы» Қазақстан Республикасы­ның заңына сәйкес «терроризм» ұғымы күш қолдану идеология­сы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал кел­тіруге бағытталған қылмыстық әрекеттерді жасау жолымен мем­лекеттік органдарға әсер ету прак­тикасы ретінде айқындалған.

Осыған байланысты елімізде терроризмге қарсы іс­қимылдар жөнінде жоспарлы жұмыс жүргі­зілуде. Мемлекеттік органдар тер­роризммен күресудің көп жылғы халықаралық тәжірибесімен та­нысып және осы тәжірибе негізін­де діни экстремизм мен терро­ризмге қарсы іс­қимыл бойынша 2013­2017 жылдарға арналған бағдарламаны әзірледі, сондай­ақ бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.

«Терроризмге қарсы іс­қимыл туралы» Қазақстан Республикасы­ның заңына 2013 жылғы 8 қаңтар­да енгізілген өзгерістерге және «Терроризмге қарсы комиссия­лар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республика­сы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №589 Жарлығына сәйкес Батыс Қазақстан облысын­да терроризмге қарсы облыстық,

қалалық және аудандық комиссия­лар (бұдан әрі ­ ТКҚ) құрылды.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанында терроризмге қарсы комиссияның төрағасы ­ облыс әкімі Н.А.Ноғаев, облыстық аудандарда тиісті әкімшілік бір­ліктердің әкімдері болып табыла­ды.

Барлық деңгейдегі комиссия­лар құрамына Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің, ішкі іс­тер, қорғаныс істері, төтенше жағ­дайлар, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес, әділет департаменттері­нің, дін істері, денсаулық сақтау, білім басқармаларының және бас­қа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері кіреді.

Төрағаның шешімі бойынша ко­миссиялар құрамына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге лауазымды тұлғалары қосылуы мүмкін.

ТКҚ барынша тиімді жұмыс жа­сауы үшін облыс әкімінің аппараты мемлекеттік­құқықтық жұмыстар бөлімін терроризмге қарсы комис­сия аппараты ретінде айқындады.

Республикамызда барлық ко­миссиялардың қызметін жалпы үй­ лестіруді ведомствоаралық жоға­ры консультативтік­кеңес органы ретінде Қазақстан Республикасы­ның терроризмге қарсы орталығы қамтамасыз етеді.

Терроризмге қарсы іс­қимыл саласында барлық мемлекеттік органдардың іс­шаралары рес­публикалық деңгейден аудандық деңгейге дейін бірыңғай өзара байланысты кешенге біріктірілген, олардың негізгі бағыты профи­лактика болып табылады.

Мәні бойынша профилактика – бұл терроризмнің алдын алу, оның туындауына және таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерттеу мен жоюға бағытталған түрлі іс­шаралар жиынтығы.

Нақ осы жұмысты терроризмге қарсы комиссиялар дамытуға тиіс.

Облыс аумағында халықтың діни сауаттылығын арттыруға, мә­дениетімізге тән діни көзқарастар мен қағидаттарды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық­насихат­тау және идеологиялық жұмысты түсіндіретін арнайы топтар құры­

лып, қызмет етуде. Олардың құрамына мемлекет­

тік қызметшілер мен теологтар кіреді. Батыс Қазақстан облысы «Жайық» деструктивтік ағымдар­дан жапа шеккендерге көмек беру орталығы» қоғамдық бірлес­тігі азаматтарды құқықтық қорғау мақсатында діни ағымдар мен секталар қызметінен зардап шек­кендерге көмек көрсетуді жүзеге асырады.

Ұйымдастыру мәселелері мен жұмысты жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 28 тамызында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының алғашқы отырысы болып өтті, мұнда облыс­тың барлық мемлекеттік органда­рының жалпы іс­қимыл жоспары бекітілді.

Г.РАхМЕТОВА,

облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық

жұмыстарбөлімі басшысының

міндетін атқарушы

Терроризмге қарсыкомиССиялар құру туралыҚазіргі уақытта Қазақстан қарқынды даму

үстінде, бірқатар индустриялдық-инновациялық

бағдарламалардың табысты іске асырылғаны,

халықтың әл-ауқаты жақсарғаны байқалады.

Page 7: Орал Өңiрi №131

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 15888, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: н.РАхМАнОВ

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас набиоллаұлы САФУЛЛИн

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИн Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕнШІкТІ ТІЛШІЛЕР: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙТАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ,Сырымбек ТҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Тоқтар кЕнЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАнОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛхАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),нұрлыбек РАхМАнОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

хабар-ошарCенбі, 26 қазан 2013 жыл

[email protected]

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Ақжайық ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны болған асыл жар, сүйікті әке, ата Қанат Сұлтановты сағына еске аламыз.

Аңсау

Қаратөбе ауданы Жігерлен ауылының тұрғыны болған қадірлі де аяулы әкеміз Сағындық Мырзағалиұлы Бекку-жинді сағына еске аламыз. Ыстық ықыласын, қамқор көңілін сағындық.

Шуақ берген, нұр құйған санамызғаӨлшеусіз біздер үшін бағаңыз да.Үш жыл өтті, мәңгіге сапар шегіп,Әкетай, сіз кеткелі арамыздан.Өзіңнен жаралғанбыз бастау алып,Қайғырдық жанарларды жасқа малып.Ер жеткенше аялап, мәпелеп ең,Біз үшін қадіріңнің асқаны анық.Жан едің ғой өзгеден орның бөлек,Сағындырар өзіңді көп қой себеп.Топырағың торқа боп, мәңгі орныңдаЖатқайсың ұрпағыңды желеп­жебеп.

Әкеміздің жатқан жері жарық, рухы биік, топырағы торқа, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын.

Еске алушылар: зайыбы Бағила, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немерелері Тоғжан, Меруерт, Ернұр, Құралай, Малика,

Алихан, жиені Шаһкерім

Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тұрғыны бол­ ған ұлағатты ұстаз, адал жар, ардақты ата, сүйікті әкеміз Есенгелді Төлегеновтің бақилық болғанына 10 жыл болды.

Азамат ең туған елін елеген, Жанашыры ең ағайынның демеген.Жапырағың келеді, әке, жайылып,Өсіп келеді жиенің мен немерең.Амал қанша, кеттің бүгін алыстап,Өсиетіңді ұрпағыңа табыстап.Топырағың торқа болсын, жан әке,Аруағыңа ас береміз бағыштап.

Сағына еске алушылар: зайыбы Қапыш, ұл-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Жансая, Гүлсая, Зарина, Лунара, Зарима,

Мырза, Ернар, кәусар

Орал қаласының тұрғыны болған Райхан Қажығалиқы­зы Елеубаеваны бақилық болуына орай сағынышпен ес­ ке аламыз. Егер де ортамызда болса, жуырда 62 жасқа то­ лар еді.

Өмір өзен ағып жатқан өтпелі,Неткен қиын бұл тағдырдың өткелі.Жанымызда жүрген жайсаң дос едің,Қиын болды сен өмірден өткелі.

Еске алушылар: апалары Жамал, Маржан, Роза, Разия, құдағиы Марзия, достары күншығар, Ғиният-

Салтанат, Фарид-Асылғаным, Жәрдемғали-Ғайни, Қаламғали-Шолпан

Азаматым, арысым ең ардақты,Ата болдың мейірімді, салмақты.Бауырмал ең аңқылдаған ақ жүрек,Қалбалақтап қамтушы едің жан­жақты.Арманы мол, тілегің зор ер едің,Жаны жайсаң, жадыраған күн едің.Қабақ шытып, көтермеуші ең еш дауыс,Бәрімізді күлдіріп сен жүр едің.Алмагүл мен Мөлдіржаның гүл еді,Ал Балтабек жалғыз тұяқ ұл еді.Анаң қалды аңыраған артыңда,«Жанарымның қарашығы» деп еді.Жылай­жылай көз жасым да кебеді,Өзегімді тек өкініш тебеді.

Наразы боп табиғаттың заңы даКөктен, жаным, ақ жауын да себеді.Қолдап­қорғап жүрер деймін аруағың,Еске алады сағына сені балаларың.Анаң, жарың, жиендерің аңсайды,Ерте үзілдің бұл өмірден – сол қайғы.Тірі жүрсең, толар едің елуге,Жете алмадың, азаматым, бұл күнге.Мәңгі­бақи рухың бірге бізбенен,Сені өлді деп, сірә, бола ма сенуге?!

Еске алушылар: зайыбы Орынғаным, ұлы Балтабек, қыз-күйеу балалары Қанат-Алмагүл, Талап-Мөлдір және жиендері

«Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бө­лімі» ММ: 090000, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127 а­үй, 2­қабат, 21­бөлме, анықтама үшін теле­фондар: 8­(7112) 506272, факс: 8­(7112) 512899, электрондық мекенжайы: [email protected] бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Бөлімнің бас маманы, Е­R­4 санаты /№1­9 0­2/, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылда­рына байланысты 56 375,56 теңгеден 76 235,14 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және

өзге органдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін бел­ гіленген тәртіпте білдіру, мемлекеттік мекеме қыз­метінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету, бөлім­ нің құқықтары мен мүдделерін қорғау (заңды тұлға ретінде).

Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын құжаттарды (бұйрық, нұсқаулық, келісімшарт және т.б құжаттар­дың жобасы) дайындау және заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

Өкімдік, ұйымдастырушылық­құқықтық құжаттар­ дың жобаларын дайындауға қатысу, құжаттардың, со­ ның ішінде, мемлекеттік сатып алу бойынша құжат­ тардың заңды түрде сауатты ресімделуіне бақылау жа­сау.

Бөлімге түсетін нормативтік актілердің жүйелі есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыру;

Қолданыстағы заңнамаларды насихаттау бойынша шаралар дайындау және құқықтық оқытуды жүзеге асыру;

Құқықтық мәселелер бойынша қызметкерлерге кеңес беру, түсіндіру, анықтамалар беру;

Келісімді міндеттердің тиісті мерзімде орындалуын бақылау;

Мемлекеттік мекеме атынан сотқа талап арыздар беру;

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұ­мыс.

Бөлімнің бас маманы, Е­R­4 санаты /№1­9 0­2/, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылда­рына байланысты 56 375,56 теңгеден 76 235,14 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім басшылығының тапсырмаларын белгілен­

ген мерзімде орындау.Қазынашылықпен жұмыс, бөлім қызметкерлерінің

еңбекақыларын, салықтарды, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік жарналарын аудару үшін төлем шотта­ рын ресімдеу, бөлім қызметкерлерінің карточкалық шотына еңбекақыларын және міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін тізімді дайындау бойынша Халық банкінің МТ102 бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімімен жұмыс.

Бухгалтерлік құжаттарды есепке алу, тексеру, №1, №2, №3, №4, №5, №6, №8, №9, №10, №13 мемориалдық ордерлерді ресімдеу, ағымдағы шот көшірмелерін дайындау, 408 нысанындағы ұйымдармен есеп жүргі­ зу бойынша жиынтық ведомостіні қабылдап, тексеру.

Бөлімге түсетін ақшалай қаражаттың, тауарлық­материалдық құндылықтардың және негізгі құралдар­дың есебін жүргізу және олардың қозғалысымен байланысты бухгалтерлік есеп операцияларын уақты­ лы жүргізу.

Бөлім қызметкерлеріне еңбекақы аудару.Алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қабылдауды жү­

зеге асыру, тиісті органдарға, Салық комитетіне, БҚО бойынша статистика департаментіне белгіленген мер­зімде бухгалтерлік есеп ұсыну.

Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды ресімдеу және белгіленген тәртіпте мұ­рағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған жә­ не орындалған келісімшарттар бойынша мәлімет жи­нақтау.

Хаттарға жауап дайындау және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап-тар:

Техникалық ғылымдар және технология (Машина жасау, құрылыс, жылу энергетикасы, тех­

нологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша), көліктік құрылыс).

Қызметтер(Тасымал, қозғалыс және көлікті пайдалануды ұйым­

дастыру).Құқық (Құқықтану).Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (Экономика,

есеп және аудит, қаржы) немесе инженерлік­техника­лық мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес не­месе осы санаттағы нақты лауазымның функционал­дық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білі­ мі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қа­зақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы­ ның Президенті туралы», «Қазақстан Республикасы­ ның Парламентi және оның депутаттарының мәрте­ бесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі ту­ ралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Респуб­ликасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсім­ дер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiш­терiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстар­ дағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республика­сының нормативтік­құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционал­дық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да мін­ детті білімдер;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: ­ өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;­ 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген ны­

сандағы толтырылған сауалнама;­ бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәлан­

дырылған көшiрмелерi немесе өзге де заңдарда бел­гіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері /мем­лекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызме­ ті куәландыра алады/;

­ еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариал­ дық куәландырылған көшiрмесi немесе өзге де заң­ дарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшір­ мелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжат­тарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

­ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми­ нистрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұй­ рығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нор­ мативтік­құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

­ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куә­лігінің көшірмесі;

­ құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарлан­дыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәй­кесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мер­зімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық мекенжайға жіберілген (қоса тір­келген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін не­ гіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар­ды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құ­ жаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Осы құ­жаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны канди­даттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде конкурс жариялаған Орал қаласының тұрғын үй­коммуналдық шаруашы­ лық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бө­лімінде өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңіл­діктер берілмейді.

Page 8: Орал Өңiрi №131

кЕруЕн СарайСенбі, 26 қазан 2013 жыл8 [email protected]

Құттықтаймыз!жүрек тебірентерлік «жас қазақ» Неміс фашистерімен жан беріп, жан алысқан

қанды қырғында жауынгер Рамазан Елебаев еліміздің астанасы болған Мәскеуді қорғап жатқан әскер сапында болатын. Ол Алматыдан арнайы жолдамамен келіп, осындағы театр институтында оқып жатқан студент еді.

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы­ның тұрғыны сүйікті ұл, ардақты аға, іні, қымбатты әке, асыл жар Серік Сұлта­ниярұлы АЙТКАЛИЕВТІ 28 қазан ердің жасы 50­ге толған мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне сау­лық, қажымас қайрат, отбасына бақыт ті­лейміз.

Туған күнің құтты болсын, Серікжан,Тілейміз саған ұзақ ғұмыр бір Алладан.Жанұяң бір өзіңмен көрікті ғой Сен жүрсең ортамызда есен­аман.

Ізгі тілекпен: анаңыз Ұлғаным, ағаңыз Бақтияр, қарындасыңыз Мира, зайыбыңыз Гүлжайнар,

ұл-қыздарыңыз Ерік, назерке, Жанерке

Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауы­лының тұрғыны ұлымыз, сүйікті бауыры­мыз Сағыныш Сатқанұлы ЕРҒАЛИЕВТІ 25 жасқа толу мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Азаматсың, адал жансың ақ жүрек,Алдыңнан ұшсын талай шәкірт, сан түлек.Жанашыр боп туған­туыс, аулыңаЖүре берші аман­есен – бір тілек.

Тілек білдірушілер: ата-анаңыз Сатқан-Қазима, апа-жездеңіз

Рүстем-Шынар, аға-жеңгеңіз Қуаныш-Ақжарқын, күйеу бала-қарындасыңыз Қуаныш-Меңзира,

қарындастарыңыз Гүлина, Инара, ініңіз Арсен, жиеніңіз Еркенұр

Баспасөз – 20142014 жылдың бірінші жартыжылдығына облыстық газеттерге жазылу жалғасуда

“Орал өңірі” – 65428 “Приуралье” – 65429Байланыс телефондары: ­ «Қазпошта» АҚ БҚ ОФ­ның жазылу бөлімі 51­54­56­ «Курьер» ЖК­ның жазылу бөлімі 50­86­75, 51­36­03

БҚО Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округіндегі МКҚК «Балбөбек» мек-тепке дейінгі ұйымы азаматтық қызметші лауазымдарының

бос орындарына ашық конкурс жариялайды:

1. Хореограф – 0,5 бірлік2. Саз жетекші – 0,5 бірлік

Конкурсқа қатысушы үміткерлерге қойылатын талаптар: аталған мамандықтар бойына білімі жоғары немесе арнаулы орта, еңбек өтіліне талап қойылмайды, мемлекеттік тілді білетін, компьютерді жетік меңгерген, интернетпен жұмыс жасай алатын маман.

Конкурс ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 Қаулысымен бекітілген азаматтық қызмет­ке кіру және азаматтық қызметінің бос тұрған орнына конкурс өткізу ережесі негізінде өткізіледі.

1) конкурсқа түсуге өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжаттың

көшірмесі;3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (қосым­

шасымен бірге);4) кадр есебі жөніндегі жеке іс­парағы;

5) еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

6) алдын ала медициналық байқаудан өткені туралы құжат;

7) фотосурет 3×4 (1 дана).

Құжаттар нотариалды куәландырылған болуы тиіс.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ақпарат

құралдарында жарияланғаннан бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылады: БҚО Ақжайық ауданы Мерген ауылы Құрманғазы көшесі, 2 МКҚК, «Балбөбек» МДҰ, байланыс теле­фоны: 51­0­01

Конкурсқа қажетті құжаттар:

2013 жылғы 8 қазандағы “Орал өңірі” газетінің №124 санындағы «№ 1 БЖСМ» МКҚК бадминтон бөлімінің жаттықтырушысы лауазымын жарияланған конкурс­тың талаптар бөлімі төмендегі түзетулермен оқылсын:

Жоғары спорттық білім, 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ор­таша білім қарастырылады.

1942 жылдың ақпан айының басында алғы шепке Алматыдан өнерпаздар келіп жатыр деген ха­барды естіген жауынгер Р. Елебаев командирінен сұранып, оларды көруге асығады. Өнерпаздарды жазушы Ғабиден Мұстафин, Жүсіп­ бек Елебеков, Роза Бағланова бас­тап келген екен. Рамазан аман­саулықтан соң асығыс:

­ Аға, мен ән шығардым, соны сіз үйреніп алып, елге жеткізіңіз, ­ дейді Жүсіпбек Елебековке.

­ Шаршап қалыпсың ғой, терің­ ді бас, ­ деп мейірімділік таныта­ ды Жүкең.

­ Солдат шаршамайды...

­ Ендеше, өлеңің қайда?­ Сөзін сіз жазып беріңізші, ­

дейді Ғабиден ағасына қарай бұ­рылып.

­ Мен ақын емеспін, прозаик­ пін ғой. Елге барғасын ақындар табылады, ­ деген Ғабең қапелім­ де келісе қоймайды.

­ Мен оны қандай болса да, қа­ зір естігім келіп тұр, ­ деп өтіні­ шін айтады Рамазан. Сол кезде Ғабиден терезеден сыртқа қарап тұрып:

Қар жамылған кең дала қанға бөгіп,

Күркірейді көк аспан өлім тілеп,

Жас қазақ, мұрттай ұшты «Ура­лап»!.. ­ деп алты шумақ өлеңді дүниеге әкелді. Бұл ән Рамазан­ның қанды көйлек жолдасы, ер­ лікпен қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген Төлеген Тоқтаровқа арналған бо­латын.

Осынау әнді өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін көзі тірі кезінде Жүсіп бек Елебеков жү­ рек тебірентіп, жиі орындайтын. Бұл әнді теледидар жоқ кездің өзінде, көшеде сайрап тұратын радиодан жиі еститін едік. Қазір оның үні бәсеңсіп қалды. “Жас қазақ” – ерлерге ғана орындауға арналған классикалық ән. Егер әнші солдат киімімен орындаса, әннің әсері арта түседі.

хамен ҰБАнОВ,Еңбек Қызыл Ту орденді

мәдениет ардагері,Ілбішін ауылы,

Ақжайық ауданы

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы­ның Төтенше жағдайлар жөнінде­ гі министрлігі мен Қазақстан Рес­публикасы Көлік және коммуни­кациялар министрлігі арасында SMS­хабарламалар тарату туралы бірыңғай келісімге қол қойылды. Мұндай жедел хабарламалар адам өмірі мен денсаулығына табиғи және техногенді сипатта қауіп төндіретін төтенше жағдайлар туындаған жағдайда таратылады.

Бірыңғай келісім «Кселл», «Кар­Тел», «Мобайл Телеком ­ Сервис», «АЛТЕЛ» ұялы операторларымен

SMS арқылы суық хабар, суыт ақпар тарату тәртібі Қазіргі таңда SMS-хабарламалардың маңызы

зор. Мұндай хабарламалар қысқа да нұсқалығымен және жеделдігімен ерекшеленеді.

27 қазан күні батысқазақ­ стандықтар алаң иелері «ТНК «Казхром» командасымен ше­берлік байқасып, финалдық жолдаманы сарапқа салады. Екінші жартылай финал жұбы – «Алматы» мен «Павлодар».

Игорь Никольченко жаттық­ тыратын оралдық волейболшы­ лар ширек финал ойындарында тек хромтаулықтарға ғана 2:3 есебімен есе жіберіп, қалған командалардың бәрін, соның ішінде ел чемпионы «Алматы­

ны» ұтты. «Жайық» волейбол клубынан

түскен мәліметке қарағанда, оралдық командаға биыл украи­ налық Руслан Шевцов пен Роман Владимиров алынғаны­ мен, басқалай көп өзгеріс жоқ. «Конденсат­Жайық­мұнай» жә­ не «Жайық­Конденсат» коман­ дасының да негізін БҚО волей­болының түлектері құрайды.

Арман БОЛАТҰЛЫ

«Конденсат-жайықмұнайдың» жақсы өнері

Хромтау қаласында волейболдан ел кубогы үшін өтіп жатқан ойындарда «Конденсат-Жайықмұнай» жартылай финалға шықты.

жасалды. Хабарламаларда тек адам өмірі мен денсаулығына табиғи және техногенді сипатта қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың туындағаны жөніндегі ақпарат пен оны абонент нөміріне жедел жеткізу туралы мәлімет болуы тиіс. Хабарлама мазмұны мен оны тарату жөніндегі нұсқау БҚО тө ­ тенше жағдайлар жөніндегі депар­таменттің бірыңғай кезекші­дис­петчерлік қызмет басқармасына ұялы байланыс операторлары арқылы беріледі. SMS­хабарлама­ лар тізбегі келісім бойынша бекі­ тілген. Мұндай хабарламалар күш­

ті жел (25 м/с) ұйытқып соққанда, қалың қар түсер алдында, көктай­ғақ боларда таратылады. Қатты аяз болғанда мектептерде оқу үдерісінің уақытша тоқтатылғаны туралы мәлімдеме де осындай SMS­хабарламалар арқылы хабар­ланады. Сондай­ақ су тасқыны, жер сілкінісі немесе қоршаған ор­ таға күшті әсер ететін улы заттар таралған апатты жағдайлар мен радиация қаупі туындағанда осын­дай SMS­хабарламалар жедел түр­де таратылады.

Максим хАЙРЕкЕнОВ, өртке қарсы күрес

қызметінің подполковнигі, бірыңғай кезекші-

диспетчерлік қызметібасқармасының бастығы

Қазанның 25­і күні Батыс Қазақстан облыстық ҚОЖД­ның терроризмге қарсы күрес бойынша облыстық жедел штабы Қазақстан Республикасының Терро-ризмге қарсы штабы өкілінің қатысуымен РУ­170/2, РУ­170/3 түзету мекемелері базасында жоспарлы жедел­тактикалық терроризмге қарсы жаттығу өткізді.

Жаттығу барысында хабарлау жүйесі және арнайы жасақтардың террористік қауіп­қатерге тосқауыл қоюға дайындық деңгейі тексеріл­ді. Нәтижесінде облыстық жедел штаб жетекшісі өткізілген шараға оң бағасын берді.

БҚО бойынша ҰҚкД

Дайындық пысықталды

• Ән­күйдің тарихы