100

№8 журнал 2013г-на сайт

  • Upload
    suppprt

  • View
    637

  • Download
    8

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: №8 журнал 2013г-на сайт
Page 2: №8 журнал 2013г-на сайт
Page 3: №8 журнал 2013г-на сайт

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 43ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 702 600 01 19

Е.МАІL: [email protected] www.tat-astana.kz

ТАРАЛЫМЫ 7 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫНА РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (727) 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

БАС РЕДАКТОР

ШЕФ-РЕДАКТОР

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР БОТАГӨЗ ТАЖИМОВАӘСЕМ БІРМАҚОВАДИАНА АЛИЯКБАРОВАЗЫЛИХА САЛИХСЕЗІМ ЖҮСІПҚЫЗЫАЙСҰЛУ САҒЫНТАЕВА

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

ФОТОГРАФаудармашы

ВИЗАЖИСТ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА ҮСЕНҚЫЗЫ

БОТАГӨЗ СЕМБАЙҚЫЗЫ

ӘСЕМ САҒИҚЫЗЫ

РАЙХАН КЕНЖИБАЕВАРАУШАН МҰҚАЛИАЙНҰР ҚАБДОЛДАҚЫЗЫМӨЛДІР ҚҰРМАНЛӘЙЛЯ НЫҒМАТУЛЛИНА

ГҮЛЖАЙНА ДӨНЕНҚЫЗЫ

ДЖОН ЛАУЖанар 8 (701) 947 83 53Әбіш8 (7172) 48 20 23

МАРИНА НЕКЛЮДОВА8 (701) 750 89 88

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДУШЕВА8 (7172) [email protected]

№8 (2) НАУРЫЗ 2013 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №12035-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

Меншік иесі: «Серикжан - БЭСС» ЖШС

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Оразғали Қаршегенов Ақылдастар алқасының төрағасы«Атырау Жарық» АҚ директоралар кеңесінің Төрағасы, Облыстық мәслихаттың депутаты

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА Президенті, Академик

Әбдімұса ҚуатбековҚазақстан Халықтар ДостығыУниверситетінің Президенті, Академик

Марат Тоқашбаев«Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Академик

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Надежда ПетуховаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Абдолов Аманкелді АманиязұлыАтырау облыстық жеке сот орындаушылар алқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Рая ЖорабайқызыҚР Кәсіподағының төрайымы

Өмірзақ МелдехановОҚО Мәслихатының депутаты «Нұр Отан» ХДП ШҚФ Төрағасы

Дария ҚожамжароваЖамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Жолдасбек НүсіповҚР Еңбек сіңірген салықшы

Тілеуберген ШәутайҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Оразалы Телеуов«Промхиммонтаж» АҚ-ның бас директоры,Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Әуелхан ТұрғынбековОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі

Ібайдулла ТілепҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Мағжан СадыханұлыЖурналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Ғани ТашқараевШымкент қалалық Мәслихатының депутаты

Марите ӘбілпаттаЖамбыл қонақ уйінің директоры, кәсіпкер

Бөріхан БеркімбаевАтырау облыстық Мәслихатының депутаты, Құрметті теміржолшы

Жүрсінбай Ергешов”Гидроспецстрой №5” ЖШС-і Бас директоры

Әлжан Шәмшідін”Асыл-түлік” РМШО АҚ-ның директоры

Ерсайын ИхсановАкадемик, Атырау облыстық маслихатының депутаты

3

Page 4: №8 журнал 2013г-на сайт

18

16

12

32

34

Алтын бесік Үшқоңыр

Батырларға толы мекен

«Жетісу жерінің бүгіні - бекем,болашағы - жарқын»

Наурыз мерекесі - ұлыстың ұлы күні

«Сапасыз құрылыс ел атына түскен дақпен бір»

39

42

50

Білім берудің бағдарлы дамуы

Мерейі тасыған кәсіпкер

Жетісу дүлдүлдері

МАЗМҰНЫ

8 Сұлтан-Нұрсұлтан немесе еліне нұрын шашқан елбасы жайында

20 Ұлы ақын - Жамбыл Жабаев

28 Халықтық партияның болашаққа бетбұрысы

24

46

Жол - өмір тіршілігінің қайнар көзі

«Белсенді ұстаным және білікті басшы»

22 Қазақ поэзиясының бәйтерегі

8

24

Page 5: №8 журнал 2013г-на сайт

55

58

Біздің еліміздің болашағы нұрлы

Ғұмыры бұлтпен бақталас

87

94

96

80

76

82

«Биотерроризмнің демографиялық үрдіске тигізер зияны орасан зор»

Өнер жанашыры өрге шығады

Классика өнерінің бір тірегі

Сүт өндірісінің серпіні мол

Қазақстанның інжу-маржаны

Біздің дәстүр біздің мақтаныш

52«Ауыл жастарын ата кәсіпке тарту керек»

90«Жауапкершілікті жоғалтпау - жарқын болашаққа ілгерілеу жолындағы басты парызымыз»

68

6664

61

73

Киелі өңірдің іскер әкімі

Кісінің мәңгілік хатшы бейнесі

Біртұтас Талдықорған мекеніЖетісу тарландары

Абзал ағаның арда бейнесі

68

32

Page 6: №8 журнал 2013г-на сайт

6

Қадірменді оқырман қауым!

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.

Бұл жолғы журналымыз еліміздің көрікті де табиғаты ерекше жаратылған арнайы Алматы облысына арналып отыр. Бұл топтамамызда жер жаннаты Жетісу өңірінің тыныс тіршілігінен кеңінен мағлұматтар ұсынылып, журналымыздың шығуына септігін тигізген Талдықорған қалалық және Алматы облыстық Мәслихат депутаттарына редакция тарапынан алғысымызды білдіреміз.

Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілей отыра, журналымыздың кезекті санын ұсынамыз!

Құрметпен, Эльмира Үсенқызы!

Бас редактор бағаны

Page 7: №8 журнал 2013г-на сайт

7

Тәуелсіздіктің ақ таңы журналы Ақылдастар алқасының Төрағасы

Қаршегенов Оразғали Төлеуғалиұлы

Құрметті оқырман!

Көне парсы тілінен қазақшаға аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ. Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман шаққа жеткен әрбір жанды шығыстың жаңа жылымен құттықтаймын! Наурыздың өзіне тән салтына бағына отырып, әрбіріміз өткен жылғы өкпемізді ұмытып, жақсы ниет тілейік.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Биылғы бастаған барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін!

Page 8: №8 журнал 2013г-на сайт

8

Page 9: №8 журнал 2013г-на сайт

9

СҰЛТАН-НҰРСҰЛТАН НЕМЕСЕ ЕЛІНЕ НҰРЫН ШАШҚАН

ЕЛБАСЫ ЖАЙЫНДА

Тек нағыз махаббаттан ғана сұлу адамдар дүниеге келеді деп жатады. Ал ұлы адам ше?! Ұлыны бәлкім уақыттың өзі тудырады. Дегенмен, адал ниетті ата-ана-дан ғана кемеңгер туылатыны шындық.

Осыдан 71 жыл бұрын Райым-бек бабадан «бойыма бала бітсін» деп тілеген Әлжан анамыз дүниеге тұңғышын Нұрсұлтан есімді ұл баланы әкеліпті. Түсінде теңіздің түбінен тауып алған мылтығы бүгінде мақаламыздың кейіпкеріне айналған Елбасының өзі.

Жастайынан білімге деген құштарлық пен ата-анаға деген қамқорлығы байқалып тұратын ба-ланы үй ішіндегілері Сұлтан деп атаған. Өз ортасының алғыры, сұлтаны бола білген бұл Сұлтан бүгінде әлемді салиқалы саясаты-мен мойындата білген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-зиденті. Бала Сұлтаннан Елба-сы Нұрсұлтанға дейінгі аралықты қамтитын оның тағдыр жолы бізге қандай өмірлік сабақ береді?

Тәуелсіздік анау айтқандай Кеңес Одағы құлағанда оп-оңай келе салған олжа емес. Ол қазақтың әріден айтқанда бостандық сүйген асыл ерлерінің қанына суарылып, беріде-гі Алаш арыстарының, кеше-гі Желтоқсандағы ұлтын сүйген жаны таза жастарымыздың сәулелі болашақ үшін өздерінің құрбан етуімен келген жеңіс.

Ал Тәуелсіздік ұғымы өз ке-зегінде біздерге Елбасы есімімен етене байланысты. Еліне, жеріне деген жүрек тебіренісінен туған Нұрсұлтан Әбішұлының жырлары жанының тазалығын, ақынжанды адам екендігін көрсетеді.

Ешқандай боямасы, әсерелеуі жоқ жыр жолдары жүрегіңе жылы тиеді, жаныңның терең түкпірінде

бұғып жатқан кіндік қаның тамған жеріңнен аялап өсірген еліңе деген ыстық сезіміңді лап еткізгендей болады. Әлдеқандай күй кешесің...

Аталмыш жыр шумақтарын туғызған Алатаудың қарлы шыңдары үстіндегі мөп-мөлдір көгілдір аспан, жомарттықпен құйылған күн нұры, кәусар ауа болатын. Балалық шағының сол таудағы қайталанбас саф ауа-сы ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстап, сөйтіп елден бөлек толық адам бола білген Елбасыны әлі күнге дейін алға жетелеп келе жатқандай.

29-шы жылдың қатерлі көктемінде қазақ даласына «Кол-лективтендіру» деген бәле келді. Бұл шақ - жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген кезеңі. Әбіш жалданып жұмыс істеген Ни-

кифоровтар отбасының та-мырына да балта шабылды. Сөйтіп, бәрінен жұрдай болған халық ауылдан шұбырып, бас ауған жаққа кете барады. Басқа жақтан жер аударылған «ку-лактар» Шамалғанға қоныс те-беді. Оларға шаруашылықпен айналысуға рұқсат берілмей, тауда жол салу жұмысын істе-теді. Аталмыш оқиғадан кейін қаншама уақыт өтсе де, жергілік-ті тұрғындар осынау бұралаң жолды - «жазалылардың жолы» деп атап келеді. Сол кезде бри-гадир болып қызмет атқарған Әбіш «жазалылардың» арасы-нан болашақ жары Әлжанды кез-дестіреді. Сөйтіп, екеуі жүрек қалауларымен тағдырларын қосады. Арада бес жыл өткен соң қазақтың Қарасай батырының жетінші ұрпағы Назарбайдың Әбішінің отауында аңсап күткен маңдайы жарқыраған ұл дүниеге келеді. Құдайға сеніп, құлшылық етіп, намаз оқыған, әжесі Мырза-бала «кенже ұлдан көрген тұңғыш немерем» деп бауырына салып, өзі Нұрсұлтан деп ат қойыпты.

Әр адамның өмір жолы ақ пен қара жолақты. Бүгін сәтсіздікке ұрынсаң, ертеңіне күтпеген

«Бұл жерде тарих сырдың сыбыры бар,Бабалар тұлпарының дүбірі бар.

Бұл жерде Жамбыл жәкем ән шырқаған,Құлақта күмбірлеген ұлы үні бар»

(«Үш Қоңыр» әнінен үзінді)«Арайлап таңым, асқақтап тауым,Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,Жасай бер, жаса, қазағым менің!»

(«Елім менің» әнінен үзінді)

Page 10: №8 журнал 2013г-на сайт

10

қуанышқа кенелесің. Ал егер заманың қилы болса, өмірің тіп-ті қиындай түспек. Ол туралы Нұрсұлтан Әбішұлы «Әділеттің ақ жолы» дейтін кітабында: «Біздің зердеміз, әсіресе күйінішті сәттерде, алыста қалған балалық шақтың көріністерін ойға орал-татыны кездейсоқ болмаса ке-рек. Маған қазір Қазақстанның соғыстан кейінгі, әсіресе мен ере-сек тартқан елуінші жылдардағы тағдырын көз алдыма келтірудің оңайлығы сондықтан да болар. Қалай десек те, есімде қалған ең әуелгі әсерлерімді, бәлкім, Алатау жоталарының ғажайып сұлулығын суреттеуден бастағаным жөн болар еді. Әйтсе де, басқа бір сезім ұдайы ашқұрсақ жүруім санамда күштірек жатталып қалыпты», - дейді.

Қиын-қыстау заманға қарамастан «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» деп Абай айтқандай жақындарының махаб-баты мен сүйіспеншілігіне қанып өскен Нұрсұлтанның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және Хақ жолы осы деп әділетті» деген Абай ұстанымын саясаттағы қағидасы ретінде таңдап алуы да бізге түсінікті.

1991 жылғы 30 шілдеде «Ва-шингтон пост» газетінде «Кеңес

Одағы саясат саласындағы жұрт назарын аударған жаңа тұлға На-зарбаев» атты мақала жарық көреді. Онда «Кеңестер Одағының басшылық ұйытқысында Қазақ басшысы Назарбаевтың орны аса маңызды. Ол - әрдайым өзін бас-ты тұлға санайтын Горбачев пен Ельцин арасындағы текетірестің салмағын бәсеңдетуші тұлға... Ол бір жағынан Горбачевті ре-форма жолына икемдесе, екін-ші жағынан Ельцинді сезім мен ұрыншақтықтан сақтандырып келеді... Назарбаевтың ақылын алған Ельцин Горбачев-ті отставкаға кетіру жөніндегі пікірін қайтып алса, Горбачев әр одақтас республиканың құқығын молайтуға келісті» делінуі бекер-ден бекер емес. Себебі алғаш кез-ден бастап алдына айқын мақсат қоя білген Нұрсұлтан Әбішұлы қай істі қолына алса да табандылық та-ныта білген азамат.

Ол мемлекеттің ішкі саясатын нығайту және Ресей-ге тәуелділіктен құтылу үшін Қазақстанның ұлттық валюта-сын жасауды қолға алып, төл теңгемізді дер кезінде айналымға енгізді. Мемлекетаралық ынтымақтастықты қолға алды. Олай етпейінше, Қазақстанның халықаралық ауқымда танылуы, сол арқылы әлемдік қоғамдастық

тарапынан қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі, аумақтық тұтастығы мен шекарасының мызғымастығына кепілдік алуы мүмкін емес еді. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда алдымен етек-жеңді жинап алып, қадам басу керек болды. Респуб-ликамыз бен АҚШ-тың арасын-да сауда келісімі жасалды. Бұрын Қазақстан шетелге Ресей арқылы ғана шыға алатын, енді Елбасының мәлімгерлігінің арқасында Иранға жол ашылып Үнді мұхитына, Қытай арқылы Тынық мұхитқа шығу мүмкіндігіне ие болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылда-рында мемлекеттің экономикалық жағынан дамуына бастайтын интеграцияның өрісті қадамы со-лай басталғанды.

Халқымыздың іргелі ел бо-луын арман-мақсат еткен алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатов «Қазақ жайы» де-ген мақаласында: «Тіршілік - бәсеке жарыс. Дүние - бәйге үлестіруші. Озғанға қарай бәйге береді, жарыстың алды боп кел-ген алдын алады, ортасы боп келген ортасын алады, соңында қалған бәйгеден тіпті құр қалады. Дүниенің ісі осылай болған соң адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейді. Озғанның ісі қай орында да болса үстем түсіп, қалғанның ісін баспақшы. Ғылым, өнерімен асқандар білімсіз, өнерсіздерді білім-мен жығып, аяғына баспақшы» деп жазғанындай, қазақтың да басқалардан кем емес екендігін көрсетіп, халқымыздың рухын көтеру мақсатында Тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жыл-дарында ғарышқа тұңғыш рет қазақ Тоқтар Әубәкіров ұшты. Ал ғарышты тек озық елдер иге-ре алатыны белгілі. Тіпті алпауыт елдердің бірі Қытайдың өзі бізден кейін қалып қойды.

Бұрынғы экономикалық жүйені - қоғамдық меншік жүйесін талқандап, меншік иелерін қалыптастырды. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара бас-

Page 11: №8 журнал 2013г-на сайт

11

тады. Осы жерде сәл шегініс жа-сай кеткен орынды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлем саясаткер-лері Батыстың болжау институтта-ры Югославияны он орап алатын Кеңес Одағында, соның ішін-де Қазақстанда территориялық, этникалық соғыстар болады деп болжам жасады және соны олардың ақпарат құралдары та-ратып жатты. Олар айтқандай Посткеңес елінде Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан, Армения, Қара теңіз үшін Ресей мен Украина, Преднестропе, Қырғызстанның оңтүстігі үшін Қырғыз бен Өзбек, толып жатқан орыс-шешен соғыстары, Осетия үшін Ресей мен Грузин арасында соғыстар бол-ды. Олардың кейбірінде қазірдің өзін де ішінара қақтығыстар не-месе соғыстар болып жатыр. Ал Қазақстан болса мұндай жағдайды айналып өтті. Анықтап айтсақ, Назарбаевтың көрегенділігі арқасында соғыс өрті тұтанып ке-туіне жол берілген жоқ.

Рас, Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Орал, Қызылжар, Өскемен жақтарда казактар үй іші-нен үй тіккілері келді. Сол кезде Елбасының халықты соңына ерте білетіндігінің арқасында басқа ұлт өкілдері арасына жік түспей, саяси мәнге ие болатын қақтығыстарға ұласқан жоқ. Дер кезінде бәрі өз орнына қойылды. Сондай-ақ біздің Тәуелсіздігіміздің баян-ды болуы ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығында десек, Президент құрлықтағы ең ұзын шекараны бекітуді де жүзеге асырды.

Қилы замандарда атамекенін амалсыз тастауға мәжбүр болып, шет елдерге тарыдай шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын ұйымдастырып, қауымдастығын құрды. Қандас бауырларымыздың ата-жұртына қайтып оралуына жағдай жасап, квота бөлді. Мұндай тәжірибені қолданатын әлемде үш ақ ел бар, соның бірі Қазақстан.

Мұның өзі Елбасының ұлтымыздың демографиялық, тіл-

дік мәселелерін шешуді тереңнен ойлаған сұңғыла саясаткерлігінің бір дәлелі.

Елбасы болу тек абырой - атақ ғана емес, ұлт алдындағы, Қазақстан халқы алдындағы жауапкершілік. Осыны айқын сезінген Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағының қазақты әлемге танытқан Абайдың туып-өскен жері Семейді жарты ғасыр бойы сынақ алаңына айналдырып, халықтың денсаулығын құртып, ұрпақтың кеміс болып туылуы-на әкелген Невада-Семей по-лигонын жапты. Дүниежүзінің мұсылман елдерінің ішінде атом қаруы тек біздің елде ғана бо-латын. Батыс мұсылман елдері ішінара бірігіп, Батысқа қарсы саясат жүргізе ме деп үрейленген кезде Елбасы оларға достық ни-етін білдіріп, елімізге инвестиция тартты. Мемлекеттің астана-сын бір қаладан екінші қалаға ауыстырудың заңдылығы тари-хи, саяси ахуалға тығыз байла-нысты десек, Елбасының тағы да қателеспегендігіне көз жеткі-земіз. Бүгінгі күні байырғы қазақ даласында әлемдік мәдениеттің тынысынан нәр алған жас мемлекетіміздің жаңа астанасы күн өткен сайын ажарлана түсуде.

Ықылым заманда даналығымен елге танылған бір ұстаз өмір сүріпті. Шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздың білмейтіні жоқ деседі. Бірде шәкірттері осы біздің ұстаздың шынымен де білмейтіні жоқ па деп тексермек болады. Арала-рынан біреуі суырылып шығып, көгалдан көз тартар, түрлі түске бөленген көбелек ұстап әкеліп, алақанына салып, ұстаз алды-

на келеді. «Менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?»-дейді шәкірті, асығыс жауап күтіп. Сон-да дананың іркілместен айтқаны мынау: «Бәрі сенің қолында».

Елбасының арманына айналған Астана елордаға ар-ман қуып келгендердің өмірін сан тармаққа бөлді. Тұлпарлардың ер-тұрманы бүтінделіп, талайлардың жұлдызы жанды.

Бірде Гесиод шын мәніндегі ұлы адам уақытты өз ыңғайына қарай бағындыра білген адам деп анықтама беріпті. Қазіргі ты-ныш өмірімізде өз отбасын асы-рай алмай жүргендерді көріп, тұтас мемлекетті білікті басқарған Елбасының ұлылығын байқамауға негіз жоқ. Бұған дәлел ретінде 2011 жылы 11-ші айдың 11-і күні сағат 11-де Алматыда «таудың шыңында отырған Президенттің еліне нұр шашып тұрған сәті» бейнеленген Қазақстанның тұңғыш президен-ті атындағы саябақта Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Прези-дент мүсіні «Қазақстан» деп ата-латын мемориалдық кешенінің ортасында орналасқан. Мүсіннің артқы бетінде орналасқан қыранның екі қанатында Қазақстан тарихында елеулі орын алатын екі қала – Астана мен Алматы бейне-ленген.

Нұрсұлтан Әбішұлының тағдыр жолы бізге заман адамды емес, адам заман-ды өзгертетіндігін дәлелдейді. Сұлтаннан Нұрсұлтанға дейінгі Елбасының жүріп өткен өмір жолы мені - Тәуелсіздіктің құрдасын ойлаған мақсаттан бас тартпай, кездескен қиындыққа мойымай, тек алға ғана ұмтылуыма жетелей-ді.

Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Әбішұлы еліне нұрын шашқан нұр сұлтан болып тарихта есімі қалатыны сөзсіз.

Жазира Байдалы

Қазақстан - дүниедегі

әр қазақтың қастерлі

құбыласы!

Қазақстан - әлемдегі

барша қазақтың құтты

қарашаңырағы!

Page 12: №8 журнал 2013г-на сайт

АңсарМұсаханов

Page 13: №8 журнал 2013г-на сайт

13

«ЖЕТІСУ ЖЕРІНІҢ БҮГІНІ – БЕКЕМ, БОЛАШАҒЫ – ЖАРҚЫН»

Жер жәннаты – Жетісу. Тауы да, тасы да терең тарихтың куәсі болып келе жатқан киелі мекен барша қазақтың маңдайына біткен асыл мұра. Ұлан ғайыр жеріміздің небір сұлу да кербез нүктелері осы аймақта орналасқан. Сонымен қатар Алматы облысы кезінде Қазақ хандығы құрылған аймақ.

Алматы облысының экономикалық әлеуеті көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. Өңірдің бүгінгі таңдағы әлеуметтік және экономикалық дамуынан хабардар болу мақсатында журналымызға Алматы облысының әкімі Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы кеңінен сұхбат берген еді.

Аңсар Тұрсынханұлы, Алматы облысының бүгінгі таңдағы жағдайына тоқтала кетсеңіз. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қандай деңгейде?

Жетісу жерінің бүгіні – бекем, болашағы – жарқын деп үлкен сеніммен айтуға болады. Осыдан біраз бұрын ғана тұрғындар алдында есеп бергенімде айтқанымдай, Алматы облысы соңғы жылдары даму қарқынын тұрақты сақтап, біршама жетістіктерге жетіп отыр. Бұрын таза аграрлы аймақ едік, бүгінде агроөнеркәсіпті өңірге айналдық. Мал және егін шаруашылықтары алға басып, қайта өңдеу мен өнеркәсіп өрлеуде. Әлеуметтік саланың әлеуеті артып, мәдениеттің мәртебесі көтеріліп, білім беру мен денсаулық сақтауда күрделі мәселелердің күрмеуі тарқатылды. Республикалық және аймақтық индустрияландыру карталары ауқымында белгіленіп, бекітілген жобалар нақтыланған жоспарға сай жүзеге асырылды және алдағы кезде де сол қарқында орындала бермек. Олардың жемісін де көре бастадық.

Алматы облысы еліміздегі маңызы үлкен агарарлық аймақ. Өңірдегі ауыл шаруашылығының қарқыны қалай?

Жалпы еліміздегі барлық ауыл шаруашылығы өнімдерінің 17,4 %-ның Алматы облысында

өндірілетіндігі өңірдегі жетекші саланың жетістігі мен дамуын аңғартып отыр. Облыс фермерлерінің 2012 жылы өндірген өнімдерінің жалпы көлемі 337 миллиард 700 миллион теңгені құрап, 2011 жылға қарағанда 18%-ға артты. Облыс аграршылары еліміздегі жүзімнің 24%-ы, картоптың 20%-ы, қант қызылшасының 74%-ы, жүгерінің 71%-ы және қытайбұршақтың 98%-ын жинайды. Сонымен бірге өңірде еліміздегі мал шаруашылығы өнімдерінің бестен бірі өндірілетіндігін де мақтанышпен айта аламыз. Жыл сайын облыс үлесі үшін 60 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері шығарылады және өңірде жылыжай шаруашылығының қарқынды дамуы арқасында республикадағы жалпы көлемнің үштен бірінен астамын құрайды. Облыста жалпы алаңы алпыс гектардан асатын 470 жылыжай жұмыс істейді. Аумағы 10,8 гектарды құрайтын тағы 20 жылыжай салынуда. Тұрғындарды көкөністермен және жемістермен жыл бойы қамтамасыз ету үшін саны 122-ден асатын заманауи көкөніс қоймасы бар.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің үлес салмағы 54,7% иеленеді. Облыс құс еті, жүзім шараптары, темекі бұйымдары мен сыра ашытқысының (солод) ішкі тауарлық нарықтарында жетекші

орынға иелік етіп отыр. Мал шаруашылығы, оның

ішінде бірінші кезекте асыл тұқымды мал шаруашылығы белсенділікпен даму үстінде, мұнда, әсіресе «Сыбаға» бағдарламасы күш алып келеді. Талдықорған қаласында республикалық тұрғыда маңыздылыққа иелік ететін, мүйізді ірі қараның асыл тұқымды өндіргіштерін ұстауға, сондай-ақ олардың ұрықтарын алуға, жинақтауға, сақтауға және таратуға мамандандырылған «Асыл» асыл тұқымды орталығы қызмет етеді. Облыста 158 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді. Асыл тұқымды мүйізді ірі қараның үлес салмағы 13,6 % құраса, қойда 22,2%, жылқыда 12,4%, түйеде 48,4%, шошқада 29 % жетті. Бұл еліміздің аграрлық аймақтары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіштер болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласында бұлардан да басқа жетістіктер артып жығылады. Олардың барлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан негізгілеріне ғана тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.

Өнеркәсіптің өрісі қалай жүріп жатыр? Инвестициялар тартылып жатыр ма?

Өнеркәсіпте де өткен жылға қарағанда біршама өрлеу барын жоғарыда айттым. Нақты көрсеткіштерге келер болсам, өнеркәсіп өндірісінің

Page 14: №8 журнал 2013г-на сайт

14

2012 жылғы көлемі 499,2 миллиард теңгеге жетті. Мұндай жоғары жетістік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілді. 2010-2012 жылдары сомасы 235,7 миллиард теңге болатын 36 нысан іске қосылды. Олардың ішіндегі 14 нысан 2012 жылы пайдалануға берілді. 5266 жұмыс орны құрылды.

Республикалық және аймақтық индустрияландыру карталары аясында өткен жылы ірі машина құрастырушы, тау-кен өндіруші, химиялық, жылыжайлық кешендер, энергетика нысандары қатарға қосылды. Мәселен, «Универсал» ЖШС Панфилов ауданында қап шығаратын зауыт жұмысқа қосылды. Зауыт өнімі бірнеше айдың ішінде қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болып, тапсырыс берушілер мен іскерлік тұрғыда әріптестері тарапынан мойындау мен бағалауға ие болды. Инвестициялар тартуға да баса назар аударылады. Өткен жылы облыс экономикасына 393 млрд. теңге инвестиция тартылды. Үкіметтің, сауда-өнеркәсіптік палатасы және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың 29 қарашасында Талдықорғанда

І халықаралық «Жетісу Инвест-2012» инвестициялық форумының өтуі де инвестициялар тартуға әсерін тигізді. Форум аясында болашақ инвесторлармен 300 млрд. теңгеге жуық сомадағы жобалар туралы келісімдерге қол қойылды.

Алматы облысы денсаулық сақтау жүйесіне қаншалықты көңіл бөлініп отыр? Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайы қалай шешілуде?

Медициналық кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты мәселенің тым өзектілігіне қарамастан, облыстың денсаулық сақтау жүйесі өз тиімділігін сақтап қалды. Соңғы үш жылда облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының күшімен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша облысқа 492 маман келді. Олардың барлығы әрқайсысына арналған 113 мың теңгелік көтерме ақы мен коммуналдық шығындарын жабатын қаражат алды. 2012 жылы 29 жас маман баспана, 10 жас маман тұрғын үй алу үшін 2,5 миллион теңгеден пайызсыз несие алды.

Жалпы, қазіргі кезде облыс әкімінің грантымен жоғарғы оқу орындарында 379 жетім және аз қамтамасыз етілген отбасынан

шыққан балалар білім алуда. Олардың ішінде 75-і медициналық институттарда оқып жатыр.

Сонымен бірге бізде жыл сайын дәстүрлі түрде дәрігерлер арасында облыстық конкурс өткізіліп, одан озық шыққан ақ желеңді абзал жанға Талдықорған қаласынан екі бөлмелі жаңа пәтер беріледі. Облыстық бюджетте медицина қызметкерлерінің қысқы отынға жұмсайтын шығыны өтеледі. Қазіргі кезде халық саны қажетті деңгейдегі барлық елді мекенде медициналық мекеме бар. Олардың жабдықталуы, керек-жарақпен қамтамасыз етілуі жолға қойылған. Тіпті арнайы автокөліктері де бар. Тағы басқа да қажетті қолдаулардан кенде емес. Жыл сайын бұл саланы қаржыландыруға көп көңіл бөлініп, еселене түсуде. Мәселен, бүгінгі күні денсаулық сақтау саласына бөлініп отырған қаражат 50 млрд. теңгеден астамды құрайды. Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша облыста белгіленген жұмыстар толығымен жүзеге асырылды. 2011-2012 жылдары жергілікті бюджет есебінен 1,8 миллиард теңге сомасына 14 дәрігерлік амбулатория, 102,2 миллион теңгеге 3 медициналық

Page 15: №8 журнал 2013г-на сайт

15

бөлімше, Балқаш ауданының Бақанас ауылында 50 төсектік туберкулездік аурухана салынды. Тек өткен жылы ғана 6 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт салынып, 19 денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Таяудағы екі жылда 16 емдеу мекемесі пайдалануға беріліп, тағы 20 нысан күрделі жөндеуден өткізіледі. Перзентхананың ескі ғимаратын Талдықорған қаласындағы облыстық кардиологиялық орталыққа арнап қайта құрастыру аяқталуға жақын.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2012 жылы ауылдық елді мекендерді көтеру, әл-ауқатын арттыру жұмыстары қандай нәтиже беруде?

Облыс халқының 76,8 пайызы тұратын ауылдық жерлердің дамуына айтарлықтай көңіл бөлінуде. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2012 жылы ауылдық елді-мекендерді қамту үлесі 8,7 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 2013 жылы қаражат көлемі 6 есеге артты. Осыған орай, 191 ауылдық және кенттік округтер жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 205 жоба іске асырылады деп

жоспарлануда. Сонымен қатар «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша Алматы облысынан моноқалалар тізіміне 29 мың тұрғыны бар Текелі қаласы енгізілді. Текелі қаласын орналастыру бойынша республикалық бюджет есебінен екі жоба аяқталды. Жалпы сомасы 112,7 млн. теңгеге 6,5 шақырым арық жүйесі жөнделді, 4,5 мың тонна қоқыс шығарылып, 2860 шаршы метр қала аумағы тазаланды. Ағымдағы жылы Текелі қаласын дамытудың кешенді жоспары аясында 824,9 млн. теңге бөлінді. Алдағы уақытта жұмыстар өз жалғасын таппақ.

Келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өту қалай жоспарланып жатыр? Мейрам қарсаңында ҰОС Еңбек ардагерлері және басқа да әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қандай қолдау көрсетіледі?

Біз әз Наурызды жылда халқымыздың байырғы салт-дәстүрлеріне сай қарсы аламыз, тойлаймыз, мерекелейміз. Облыс орталығындағы орталық көшені бойлай қазақтың ақ ордалы ауылдары қоныстанып, жыл бойында қол жеткізген

жетістіктеріміздің көрмесін ұйымдастырамыз. Этно-мәдени орталықтар өздерінің ұлттық өнерлерін ортаға салып, ақ дастарханын жаяды. Аудан орталықтарында да осындай мерекелік шаралар өткізіледі. Ал ардагерлерді ардақтау, тұрмысы төмендерді қолдау, әлеметтік тұрғыдағы әлжуаз топтағыларға жәрдемдесу бізде жүйелі жолға қойылған. Мерекелер қарсаңында осындай шарапатты шараларды барынша күшейтіп, халқымыздың қолы ашықтығы мен дархандығы барынша паш етіледі.

Аңсар Тұрсынханұлы, Сізге журналымыздың дәстүрлі сұрағын қоя кетсек. «Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде?

Ел Тәуелсіздігі жарияланған күн мен үшін мәңгі есте қалатын күн. Себебі, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бес жылдығына орай Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына жиналған қауымға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік декларациясы туралы Қонституциялық Заңға қол қойғанын айтты. Сол кезде Елбасымыздың Қазақстанның Тәуелсіздігін дүние жүзінде бірінші болып бауырлас Түрік мемлекетінің танығаны туралы толқи тұрып хабарлаған тебіренісін сол кезде алаңда болғандар ғана түсіне алады. Сондықтан баршамыз Тәуелсіздіктің қадірі мен қасиетін әсте естен шығармауымыз қажет. Демек, еліміздің әрбір азаматы Тәуелсіздік ұғымын әрдайым жүрек түкпірінде сақтап, барынша қадірлеп, ел Тәуелсіздігіміздің баянды болуына өз үлесін қосуы тиіс деп ойлаймын.

Сүбелі сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 16: №8 журнал 2013г-на сайт

16

БАТЫРЛАРҒА ТОЛЫ МЕКЕНЖетісу өңірінде VI-VIII

ғасырларда сақ халқы мекендеген. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда сақ тайпаларының одағын Орталық Азияның түпкірлерінен Жетісуға келген үйсіндер алмастырған болатын. Жаңа дәуірдің басында Қазақстан аумағына Гоби даласынан ежелгі тайпалары – ғұндар қоныс аудара бастады. Жетісу өлкесін мекендеген тайпалар бір жерден екінші жерге қоныс аудара отырып, отырықшы халықтармен араласқан көшпенділер-номадтар тұтас құрлықтың этникалық картасына әлденеше рет алып мемлекеттерді құрап отырды. Қоғамдық дамудың барысында өзгерістер енгізіліп, олардың мәдени жетістіктері отырықшы бір халықтан екінші халыққа жеткізіп отырды. Нәтижесінде әлемдік мәдениеттің тарихына айтарлықтай үлестерін қосты.

Жетісу атты ұлан-ғайыр өлке сонау Шыңғыс ханның шапқыншылығынан бастау алып, кейіннен жоңғар шапқыншылығымен жалғасып, тіпті Ұлы Отан соғысы сынды қанды оқиғалар ел өміріне айтарлықтай өзгеріс енгізді. Сонау 1916 жылғы Ресей революциясының толқуларынан да Жетісу халқы шет қалмады. Еліміздің басынан өткен шапқыншылықтардан соң халық жеңілістің, орасан зор шығындардың ащы дәмін татып және олардан шығу себептерін терең түсініп, ұғына бастады. Жетісу өлкесінде өткен сұрапыл соғыс барлық материалдық ресурстарды жұмылдыруды, рухтың күштілігін, көптеген рулардың бірігуін талап етті. Және жауға қарсы соққы беруді ұтымды ұйымдастыра білу әдістері жеңістерге қол жеткізді.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары Алматы облысы суармалы егіншілік аймағына

айналды. Ауыл шаруашылығы көп салалы болатын. Дақылды егістердің көпшілік бөлігін бидай алып, сонымен қатар арпа, сұлы, тары, жүгері, күріш және бұршақтар да себілді. Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы басшыларының таланты мен еңбек сүйгіштігінің арқасында бидайды, жүгеріні, көкөністі өсіруде, құс өсіруде және ауыл шаруашылығында үлкен табыстарға қол жеткізілген болатын.

Қазіргі таңда, Алматы облысы – табиғаттың сан алуан байлығы сыйғы тартылған берекелі, нұр жауған өлке. Ерте заманнан жеті өзен өлкесі – Жетісу деп аталды. Облыстың жалпы аумағы – 244 мың шаршы шақырым. Бүгінгі таңда халық саны – 1 807 000 адам.

Аймақ Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыс аумағының көпшілік бөлігін Балқаш-Алакөл және Іле ойпаттары алып жатыр. Жетісу өзендері – Қапшағай су қоймасы салынған Іле өзені, Қаратал, Ақсу, Лепсі – ішкі ағынсыз Балқаш-Алакөл бассейніне жатады. Облыстың ірі көлдері – Балқаш, Алакөл және Сасықкөл.

Облыс әкімшілік тұрғыдан он алты ауданға бөлінген: Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Талғар және Ұйғыр аудандары. Облыстық маңызы бар қалалар: Талдықорған, Қапшағай және Текелі. Сонымен қатар, облыста жеті аудандық маңызы бар қалалар бар. Олар: Есік, Жаркент, Қаскелең, Сарқан, Талғар, Үшарал және Үштөбе.

Жетісу аймағы өнеркәсіптік аймақ болып табылады, дамыған әлеуметтік инфроқұрылымға ие, еліміздің қарқынды дамып

отырған аграрлық-индустриялдық аймақтарының қатарына жатады.

Облыстың өнеркәсіптік саясаты мен индустриялдық базасын 34 ірі және 87 орта кәсіпорындар құрайды. Алматы облысында 21 мұражай, 2 галерея, 1519 ескерткіш, оның ішінде бір халықаралық, тоғыз республикалық маңызға ие ескерткіш бар.

Жетісу өлкесінен шыққан батырларымыздың ерлігі өскелең ұрпаққа мәңілік тәрбие болмақ. Бұл мекенде туып өскен батырларға кішігірім тоқталуды да жөн көріп отырмыз. Қабанбай батыр (Ерасыл) Қожағұлұлы 16 жасында жоңғардың батыры Долан дашимен жекпе-жекте жеңген. Туған жерді жаулардан азат ету үшін 103 шайқасқа қатысқан. Медетбек Есенбайұлы XVIII ғасырда шапырашты руынан шыққан қазақтың белгілі батыры әрі қоқан хандығымен ұлт-азаттық соғысындағы ең ержүрек жауынгердің бірі. Қапал Жанысұлы дулат руынан бір тармағы Жалыстың батыры. Қолбасшыға тән тактикалық және стратегиялық қабілеттерден басқа,оның бойында үлкен дипломатиялық дарыны да болған. Қапал батыр 90 жыл жасап, саналы ғұмырын туған жерін жоңғарлардан қорғауға арнаған. Шапырашты Наурызбай – Абылайханның туын ұстаған үш батырдың бірі, қазақ жерін жоңғар басқыншылардан тазартқан әйгілі батыр. Наурызбай батыр жасы жетпіске келгенше қаруын тастамаған. Қазақ халқының болашағы үшін жаумен шайқасқан Шапырашты Наурызбай есімі әрқайсымыздың жадымызда сақтаулы. Шапырашты руынан шыққан белгілі батырдың бірі Қарасай Алтынайұлы. Ол өзінің алғашқы ерлігін он жеті жасында жасаған. Жаумен болған бір шайқаста Қарасай

Page 17: №8 журнал 2013г-на сайт

17

батыр жаудың ортасына кіріп, Қазақ хандығының туын Суық төбенің басына орнатқан. Сәмен Дәненұлы – қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан (ойраттан) азат еткен, әйгілі Бұланты-Білеуіті және Аңырақай шайқастарына қатысқан белгілі батыр. Сәмен батырдың бір ерлігі – Қарақастек алабында Жоңғар қолын талқандауы. Мықтыбек Тағайұлы – XVIII ғасырдағы жоңғар езгісіне қарсы қазақтардың азаттық қозғалысына қатысушы. Жастайынан Мықтыбек Жетісу шекарасын жау шапқыншылығынан қорғап, батылдығымен және ер жүректілігімен даңқы шыққан. Батырдың жігерлігіне байланысты оны Мығым би деп атап кеткен. Бөлек Бөргетайұлы - суан руынан шыққан батыр

әрі би. Ойрат деген жерде Бөлек батырдың басшылығымен халық жасағы шапқыншылардың жауынгерлерін ойсырата жеңді. Бөлек батыр Абылай ханның лайықты құрметіне ие болған және мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысып отырған. Бағай батыр – суан руының батыры, XVIII ғасырдың бірінші жартысында Алатау бөктерінде өмір сүрген. Бағай батыр жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін азат етілген атақты Аңырақай шайқасына қатысқан. Райымбек батыр – қазақ батыры, Албан руынан шыққан әскери басшы. Өмірінің көп бөлігін жоңғар шапқыншылығында шайқасып, ат үстінде өткізген. Сол кездегі барлық танымал қазақ батырлары қатысқан Аңырақай шайқасында Райымбек батырлық,

ержүректілік, ерлік көрсетіп, Жетісудан жоңғарларды қуып шығу шайқасына белсене қатысқан болатын.

Жетісу өңірі батырларға толы мекен. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл өлкеден елі мен жері үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен батырларымыз жетіп артылады. Әрине, Ұлы Отан соғысы халық үшін ауыр сын болды. Алматы облысынан 54 Кеңес Одағының батыры шыққан. Атап айтар болсақ, Әлібек Қосаев, жас батыр Бақтыораз Бейсекбаев, Владимр Иванилов, Александр Тулинцев, Сергей Юдин, Нұртай Аманбаев және т.б басқа бабаларымыздың ерлігін ескермеуге болмас. Соғысқа қатысқан батырларымыздың әрбір екіншісі елге оралған жоқ. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 925 соғыс ардагері қалды. Даңқты 28 панфиловшы-батырлардың басым бөлігі осы аймақтан шыққандар.

Фашистік Германияны талқандауда Алакөл аудан тұрғындарының қосқан үлесі баға жеткісіз. 15 000 алакөлдіктер майданға аттанып, олардың жартысы үйлеріне қайта оралған жоқ. Жаунгерлер Григорий Безродный мен Викентий Тощенко Кеңес Одағының батыры атанды. Г.Афансьев, М.Бабешко, Н.Бабаков, И.Ряполов, Ф.Сафронов, Н.Смирнов, И.Титов, Ш.Тоқпаев, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталған. «Ерлігі үшін» медалімен майдангерлер А.Бакута, И.Беденко, Г.Величко, А.Жекеев, Д.Кузнецов, И.Пичугин, А.Садықов, А.Санқайбаев, С.Саньяров, К.Трасченко, А.Тұрысбеков аталып өтті. «Жауынгерлік қызметі үшін» медалімен А.Абсаликов, М.Абузяров, М.Қалашбаев, А.Сейдахметов, И.Седаков және А.Тілеуов марапатталған.

Сезім Жүсіпқызы

Page 18: №8 журнал 2013г-на сайт

18

АЛТЫН БЕСІК ҮШҚОҢЫР

ҚАСКЕЛЕҢ

Үшқоңыр - Алматы облысы, Қарасай ауданындағы төбелі қоныс. Алатаудың етегіндегі биіктермен астасып кең көсіліп жатқан Үшқоңыр ауылының тарихы сонау тереңнен басталады.

Үшқоңырлықтар бұл жерде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кіндік қаны тамып, есейіп-ержетіп, үлкен өмірге қанат қаққан туған жері екенін ерекше мақтанышпен еске алады. Сондықтан болар, елді мекен тұрғындары ауыл мәдениетін асқақ ұстап, көркейтіп, сәулеті мен дәулетінің артуына өзіндік үлестерін қосып, жұдырықтай жұмылған.

Кіреберістегі үлкен мешіт пен қазақ батыры Қарасай Алтынайұлының қасиетті қара шаңырағы сақталған. Алыс-жақыннан ғибадатханаға келушілер қатары әсте толастамайды. Осындағы Жібек жолы, Д.Қонаев, М.Мақатаев және Әлжан ана, Т.Рысқұлов атындағы көшелердің көрікті келбеті кімді болса да таңдандырады. Жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беретін бес мектепте 4 000-ға жуық бала оқиды. Елбасы 1948-1957 жылдары Фурманов мектебінде білім алған. Қазіргі кезде білім шаңырағы Қарасай батыр есімімен аталып, «Шапағат» мұражайында Нұрсұлтан Әбішұлының жастық шағынан басталған тарихи суреттер, құнды құжаттармен толығып, ұрпаққа ұлағат болатын игілікті істермен ұштасуда. Тәуелсіздік таңымен түрленген елді мекенде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен жаңа үлгідегі салынған мектеп, балабақша, емхана, мәдениет үйі тұрғындар игілігіне қызмет көрсетіп келеді.

Тәуелсіздік әкелген асыл құндылықтарды бойтұмардай қастерлейтін тұрғындардың ертеңге деген сенімдері де нық. Өйткені, ауыл түрленіп, береке-бірлігі жарасым тапқан.

Қаскелең – Алматы облысы, Қарасай ауданының орталық қаласы. Қаланың аумағы 5,31 шаршы км жетеді. Қаскелеңнің тарихына келер болсақ, VII-IX ғасырлары қарлұқтар заманында салынған қоныстардың бірі. Ежелгі ру-тайпалар осы өңірдегі шұрайлы мал жайылымдары мен суармалы егіншілікке қолайлы жер деп қоныс тепкен. Ресей империясы 1847 жылдан бастап Жетісуда өзінің бекінісін сала бастады. Осыған байланысты 1861 жылы Қаскелең қонысының орнына қаланың негізі болған казак-орыс бекінісі салынып, қала алғашында «Любовный» деп аталды. Ал, 1901 жылдан бастап Қаскелең аты берілді. Қаскелең 1958 – 1997 жылдар аралығында көкөніс-сүт бағытындағы Ленин кеңшарының орталығы болып бекітіліп, 1997 жылдан бастап қаладағы 9 құрылыс мекемесі, баспахана және т.б. кәсіпорындар меншік түрін өзгертіп ӨК, ЖШС-ке айналды. Сонымен бірге, 450-ге жуық шаруа қожалығы құрылып, республикалық және облыстық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Қазіргі таңда, қалада Қаскелең оқу-өндірістік комбинаты, қалалық баспахана, мемлекеттік «Водоканал» коммуналдық кәсіпорны, «Жер астын зерттеу институты» мемлекеттік кәсіпорнының бөлімшесі, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, «Сарыарқа» емдеу-сауықтыру орны т.б. мекемелер жұмыс істейді. Оқу-ағарту саласы бойынша Қаскелеңде мәдениет колледжі, мәдениет үйі, музей, кітапхана сынды мекемелер де бар.

Әзірлеген Айсұлу Сағынтаева

Page 19: №8 журнал 2013г-на сайт

19

ҮШҚОҢЫР

Үшқоңыр Алатаудың қойнауындаӘкемнің ізі қалған жайлауында.Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп,Арқарың жайылатын аймағында.

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,Рахым нұры тұнған жерім.Ай, Үшқоңырым, тау бесігім,Жүрегімде мәңгі есімің.

Бұл жерде тарих сырдың сыбыры барБабалар тұлпарының дүбірі бар.Бүл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқанӨнердің, ақыңдықтың тұғыры бар.

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,Жазира жасыл әлем алқабынды-ай.Жуасы, қарақаты, бүлдіргені Әжемнің шекер қосқан талқанындай

Көрінер сонадайдан анық мағанШыңында қырандары қалықтаған.Самғаған қыраныны құмар қылыпӨсірген ұландарын алып далам.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Page 20: №8 журнал 2013г-на сайт

20

Жамбыл Жабаев – қазақтың көрнекті суырып салма ақыны. Ол 1846 жылы Жамбыл ауаданында дүниеге келген. Жастайынан қобыз бен домбырада ойнап, қазақ батырлар эпосы, аңыздар мен дастандардан алынған үзінділерді өзінің әуендеріне салып орындаған. Айтыстарға ерте араласқан Жамбылдың есімі 16-17 жасында бүкіл Жетісудың қалың жұртшылығына кеңінен танылды.

ҰЛЫ АҚЫН – ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ

Жамбыл жастайынан өлең-жырға қанып , өз анасы Ұлдананың ақындық талантын бойына сіңіріп өскен. «Менің пірім – Сүйінбай ...» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр алыбынан тәлім-тәрбие алған. Жамбылдың ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында ғана қалған жоқ. Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп, өз шығармашылығына тұғыр еткен.

Жамбыл Жабаев – өз заманының ең танымал халық ақыны. Өзінің өлендерінде ақын өмірдің ең көкейкесті оқиғаларына үн қосты. Ақынның «Ленинградтық өреңдерім» және «Алғадайы» атты өлеңдері ең айшықты эмоциялық шығармалары болып табылады.

Жамбыл ақын 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысты. Патша жарлығына қарсы көтерілген қалың бұқараның ортасында жүріп, өзінің жалынды үндеу жырларымен сол қозғалысқа қатысушылардың рухын көтерді. Оның «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» деген өлең толғаулары осы кезеңдегі Құлан саз, Қарабастау жайлауындағы Қарғалы, Самсы, Ұзынағаш шатқалдарында билік өкілдері мен көтерісшілер арасында болған қақтығыстарды суреттейді. Жамбыл көтерісшілерді өлең-жырымен жігерлендірді, оның үгітшілік қимыл-әрекетін патша әкімдері жазаламақ болды, бірақ халық Жамбылды қорғап қалып отырған.

Замандастарының айтуынша, Жамбылдың есте сақтау қабілеті ерекше болған. Ол «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» және қырғыздың «Манас» батыр эпостарын жатқа айта алатын. Қазақ халқының Тәуелсіздігі мен бірлігі тақырыбы оның шығармаларының негізіне айналған. Жамбылдың «Өтеген батыр» мен «Сұраншы батыр» батырлық жырлары Жетісуда кең тарап, жергілікті ақындардың репертуарына енген.

1934 жылы Өнер шеберлерінің бірінші республикалық съезінде Жамбылдың көрсеткен өнері оның шын мәнінде халық ақыны екенін дәлелдеп берді. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне 90-ға келген ақын Кеңестік елдің, халық зиялыларының алдында өзінің жырларын орындап берген болатын.

Ақынның «Шахнама», «Кероғлы», «Мың бір түн» шығыс поэмаларынан алынған үзінділерге қайтадан музыкалық өңдеу жасап, орындауы оның даңқын одан әрі асырды. Жамбыл поэзиясының, оның ақындық стилі мен өлең жазудағы тәсілдері оның көптеген шәкірттерінің, айталық Кенен Әзірбаевтың, Үмбетәлі Кәрібаевтың, Есдәулеттің, Орынбай Таймановтың, Нартай Бекжановтың, Саяділ Керімбековтің және т.б өнер иелерінің шығармашылығына әсер еткен.

Жамбыл Жабаевтың бір ғасырға жуық өмірі бір ғана мақсатты, яғни туған халқының мүддесіне қызмет етуді көздеген. Халық тарапынан оның жасаған еңбегі жоғары бағаланған. Ол Қазақ КСР Жоғары кеңесінің депутаты болып сайланған болатын. Сондай-ақ, Ленин және Еңбек Қызыл Туы ордендерімен марапатталған. 1941 жылы Жамбыл Жабаевқа КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығы берілген.

1946 жылы Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша Жамбыл ауданында халық ақыны Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориялдық мұражайы бой көтерді. Құрамына мұражай, конференциялық зал, ақынның мазары кіретін мемориялдық мұражайдың жалпы ауданы – 15 мың шаршы метрді құрайды. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориялдық мұражайы ақынның көзі тірісінде қандай болса, бүгінде сол күйін сақтап отыр. Бұл жерде ақынның жеке заттары мен отбасының күнделікті ұстаған заттары көпшіліктің назарына ұсынылған. Ал мұражайдың гаражында Үкімет Жамбылға Отан алдындағы адал қызметі үшін сыйға тартқан автокөлігі тұр.

Сонымен қатар, Алматы облысы жұртшылығы Елордамыздың 10 жылдығына орай ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың ескерткішін Астана қаласына сыйға тартты.

Page 21: №8 журнал 2013г-на сайт

21

Page 22: №8 журнал 2013г-на сайт

22

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ БӘЙТЕРЕГІ

Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 5 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданында дүние есігін ашты. Ол әр жанрда – поэзияда, прозада, драмада жан-жақты қалам тартып, елеулі туындыларды халқына арнаған әмбебап дарын. Әсіресе өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналды. Ілияс Жансүгіров жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өскен. Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өз бойынан ерекше сергектік пен сілкіністі сезінді. Өз үйінде әкесінен хат танып, молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ ниетте Алматыға келіп, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды.

Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінің біршама кештеу дамыған кезінде келді. Яғни, –өткен ғасырдың 20-жылдарының басы болатын. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің арқасында біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы,

Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы білім алып, өз бетімен де көп оқыды. Орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттеп оқи жүріп, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударуды жетік меңгерді. Осы аралықта жазу қабілеті одан сайын төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене ат салыса бастайды. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрді. Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы - ойға қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

Қазақтың Абайдан кейінгі заманындағы аса дарынды ақыны Ілияс Жансүгіровті әдетте керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін жас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер – Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына

Page 23: №8 журнал 2013г-на сайт

23

жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

Деректерге сүйенсек, Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып тұрды. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары

мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, М.Горькийдің, Г.Гейне мен В.Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. Республикада бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен Алматы облыстық мәдени үйіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

Ілияс Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану мұражайы Ақсу ауданында 1994 жылы құрылған. Мұражай аумағының жалпы көлемі 246 шаршы метр. Қордағы материалдардың саны 450 бірлік, оның 145-і негізгі қорды құрайды. Мұражайдың

экспозициялық залдары өлкенің табиғаты мен этнографиясына, Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен қызметіне арналған. Мұражайда соғыс пен еңбек батырлары туралы әңгімелейтін материалдар да қойылған. Тарихи-өлкетану мұражайында 6 экспозициялық залдары бар: 1) күмістен жасалған халықтың қолданбалы тарихына арналғаны; 2) ежелгі дәуір мен бүгінгі күнге дейінгі адамдардың өсіп-қалыптасуын бейнелейтін деармалар жинақталған; 3) Ақсу ауданында өсімдіктер мен жануарлар әлеміне арналған; Экспозицияның «Інжуі» ретінде сирек кездесетін жәндіктердің жиынтығы қойылған; 4-5) ежелгі тарихқа арналған; 6) қазақтың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді. Мұнда ақын мен оның отбасы мүшелерінің көптеген фотосуреттері, қолжазбалары, жеке заттары жинақталған. Олардың арасында ақынның әдебиеттегі достарының тарту-сыйлары да бар.

Редакция

Page 24: №8 журнал 2013г-на сайт

24

ЕрмекКелемсейіт

Page 25: №8 журнал 2013г-на сайт

25

ЖОЛ - ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ Келешегі кемел елдің болашағына сенімділік жастардан бастау алса керек. Себе-

бі, келер ұрпаққа тәлім беретін де, жол көрсететін де ел ағалары. Қызмет жолында көпті көрген, елдің ертеңі мен өткенін өзіндік тәжірибелік таныммен сараптай алған сондай азаматтардың бірі - Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы.

Жер жанаты Жетісу халқының бүгінгі таңдағы ауқымды жаңалықтарымен таныстырып өткен халық қалаулысы бұл өңірдің аумағын қамтыған халықаралық, республикалық деңгейдегі ірі транзиттік жолдарға кеңінен тоқталып өтті. Облыстағы тағы бір ең ірі жобалардың бірі - үшінші газ құбырының салынуы. Ермек Әбілмәжінұлы осы бір үлкен жобаларға тоқтала келе облыстың өткені мен ертеңі-не салыстырмалы түрде сараптама берді. Біршама әлеуметтік тыныс-тіршіліктен хабардар болдық. Көнекөз ел ағасымен болған байсалды әңгімеде қоғамдағы көп дү-ние талқыға салынды. Салиқалы әңгіме барысында сөз болған ел ықыласына бөленген ел ағасының істері жайлы халыққа баян етуді жөн көрдік.

Ермек Әбілмәжінұлы, өзіңіздің өмірбаяныңыз турасында тоқталып өтсеңіз.

Мен 1952 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келгенмін. Әкем еңбек жолында өскендіктен мені де еңбекке ерте араластырды. Ол кісі жастайынан әкесінен айрылып, мал баққан. Есейе келе таудан қарағай кесіп су бөгендерін жасау жұмыстарында жүреді. Сөйтіп жүріп орыс тілін меңгеріп алады да, комунистік жастар мектебіне оқуға түсіп, артынша механизатор болып ұзақ жылдар жұмыс жасайды. Мен 3 сынып бітіргенде қайрақшы болып жұмыс істеп, сол жасымда алғаш еңбекақымды алдым. Еңбекке деген тиянақтылдық, қажымас күш-қайрат пен жігер әке тәрбиесімен дарыды деп есептеймін. Есейе келгендегі еңбек жолым мектептегі жүргізушіліктен басталды. Өмір баспалдақтарын сатылай келе әр салада қызмет еттім. 1995-2004 жылдары Парламент мәжілісінің депутаты, одан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Орман және аң шаруашылығы» комитетінің төрағасы болдым. 2005 жылы Алматы облысы Панфилов

ауданының әкімі, кейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, ал қазіргі уақытта Алматы облыстық мәслихатының хатшысы міндетін атқарып келемін.

Көп жылдар бойы саясат пен халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей араласып келе жатқан адам ретінде өзіңізге қояр сауалымыз мынадай болып отыр: облыста қандай әлеуметтік ірі жобалар тәжірибе жүзінде нәтижелерін көрсетіп жатыр? Даму жоспарларын қамтыған межелі уақытта облыста қандай өзгерістер болды?

Осы өңірде көптен бері қызмет етіп келе жатқандықтан өңірдің экономикалық саласынан кеңінен хабардар болып келеміз. Жылдар аралығындағы экономикалық саладағы өзгерістерге келер болсақ, 2005 жылы Панфилов ауданының әкімі қызметіне ауысып келгенімде облыс бюджеті 57 миллиард төңірегінде болатын. Қазір 2013 жылға бекітілген облыс бюджеті 271 миллиардты құрап отыр. Бірнеше жылдар аралығында бес есеге артып отырған бюджетіміз өңіріміздің экономикалық

тұрғыда ілгерілеуінің белгісі. Бюджеттің көбеюі екі жақтан болады. Біреуі жергілікті жердегі өндірісті дамытып және кеңейту арқылы көбейетін салық есебінен болса, екіншісі өңірдің жалпы дамуына инвестициялардың көбірек тартылуына сай келеді. Бұл тұста өндірістің кеңеюі де, инвестициялардың тартылуы да қала бюджетінің игілігіне қызмет етуде. Негізінен Алматы облысы ауыл шаруашылығымен айналысатын облыстардың бірі болып саналады. Соңғы жылдары облыста шағын және орта кәсіпкерлік дамып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі артып келе жатыр. Сөйтіп республикалық рейтингте төртінші немесе бесінші орынды қанжығаладық. Яғни, индустриясы ірі көлемде дамыған облыстардан кейінгі тізбекті жалғастырушы облыс осы Алматы өңірі болып отыр. Әр жылдармен салыстыра келгенде, ауыл шаруашылығындағы ілгерілеушілік басым. Бұл даму жоспарларының өңірге әкелген оңды өзгерісі. Жаңа нысандар бой көтеруде. Соның бірі жақында Жамбыл ауданында жаңадан халыққа қызмет көрсету орталығы

Page 26: №8 журнал 2013г-на сайт

26

ашылды. Біздің облыста газдандыру

мәселесі кең көлемде қолға алынып жатыр. Алматы облысы халқының 10 % газданбаған. Қазірде Қытайға қарай халықаралық линиядағы екі газ құбыры өтіп жатыр. Онда Өзбекстанның және Түрікменстанның да газы бар болғандықтан ішкі пайдаланымға газ ала алмаймыз. Ендігі кезекте Қазақстан газ құбырының өтуі болып тұр. Соған сәйкес Панфилов, Райымбек, Еңбекші қазақ, Талғар аудандарының барлығы газбен қамтамасыз етіледі. Құбыр Жамбыл ауданынан Талдықорғанға дейін тартылып, қазір құрылысы жүргізілуде. Бұл бағыт Қапшағай, Сарыөзек, Қаратал бойымен Алакөлге дейін созылады. Үшінші жоба бойынша газ құбыры аудандарға беріліп, артығы Қытайға өтіп кете береді. Бұл халықаралық келісім-шартта көрсетілген. Бұл жұмыстар Алматы облысын газдандыру бағдарламасына сай, жүзеге асырылып жатыр. 2014 жылы жұмыс толықтай аяқталады деп жоспарланған.

Облыста өзінің ауқымдылығымен орын алған ірі жаңалықтар қандай?

Облыстың екі миллион халқы бар. Алайда халық шашыраңқы орналасқан. Бұл төңіректе олардың қарым-қатынасы біраз қиындау. Осы орайда облыстық бюджетке сай жолдарды салу және жөндеуге жіті мән берілуде. Облыс көлемінде бөлінетін қаржылардың барлығы ішкі жолдарды реттеуге бағытталған. Бұл жолдарды қалыпқа келтіру төңірегінде жұмыстар жүріп жатыр. Ал енді халықаралық қатынастардағы ірі жолдар, республика деңгейіндегі жолдарға тоқталар болсақ, бұл тұста біздің өңірден орын алатын республикалық деңгейдегі ірі транзиттік жолдарға мән беріп келеміз. Соның бірі Талдықорған мен Алматының арасындағы

жолдарды үш бөлікке бөліп, жөндеу жұмыстары жүргізу болып отыр. Жолдың жөнделуі 2014 жылдың аяғында толықтай аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жол Алматыдан Талдықорғанға, Талдықорғаннан бастап Алакөлге, Алакөлден Жарма, Аякөз, Семей, ары қарай Ресейге шығып кетеді. Сол себепті де өмірлік маңызы бар сұранысқа ие жол болып отыр. Ресей Федерациясына шыға алу маңыздылығына сай, Қазақстанның жол дамыту логистикасында солтүстікке шығу қақпалары деп есепке алынады. Бүгінгі таңда жергілікті халықтың қарым-қатынасынан тыс шет мемлекеттермен байланыс орнататын транзиттік жолдар басты назарға алынып келе жатыр.

Өңірде Жетіген-Харкөз теміржолы іске қосылды. Соның есебінен Қытаймен арада пойыздар ары-бері жүріп тұруда. Жуырда Панфилов, Ұйғыр, Райымбек, Еңбекші қазақ аудандары арасында қала маңы пойыздарын жүргізу мәселесі шешімін тапты. Осы жолдармен қатынасудың әлеуметтік зор маңызы бар екені де анықталып отыр. Сол себепті де бұл бағытта мемлекет тарапынан субсидия бөлу арқылы жүру бағасын арзандатуды қолға алудамыз. Қазірде Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолы мемлекет тарапынан қолға алынғаны белгілі. Экономикалық тұрғыдан қарастырар болсақ, бұл жолдар шоп-турдың дамуына серпін беріп тұр. Яғни, халықтың Қытайдан тауар әкелу кезінде тура барып қайтуына ыңғайлылық туғызады.

Сіз өткен жылы Текелі

қаласы, Рудничный кенті тұрғындармен кездесу барысында басты өзекті мәселелерді анықтап, алдағы өңірлік даму жоспарларын назарға алған едіңіз. Моноқалаларды дамыту жоспарына еніп отырған Текелі және өңірдегі өзге кенттерде қандай жұмыстар атқарылуда?

Бұрындары осы Текелі қаласынан депутаттыққа сайланып жүрдім. Сондықтан қаланың жай жапсарымен кеңінен таныспын. Біздің облыста жалғыз моноқала ретінде Текелі қаласы таңдап алынды. Қалаға биыл 120 миллион қаржы бөлінді. Келесі жылдары миллиардтан астам қаржы бөлінбек. Қала халқының тұрмыс тіршілігі өндіріс айналасында болып отыр. Бұл жерде бірнеше жыл бір ғана өндіріс орны болған, ол Текелі қорғасын-мырыш комбинаты еді. Комбинат кейінгі жылдары өнім шығаруды тоқтатқанымен, әлі де жұмыс жасауда. Қазірде өндіріс орны жан-жақтан руда тасу мәселесін қарастырып жатыр. Руданы комбинатта байытып, өнім ретінде сатылымға шығаралуы жоспарлануда. Бұл өнімге Қытай тарапынан сұраныс өте жоғары.

Қалада теплицалар ашылып отыр. Облыс кіші артельдер, тігін цехтарды ашуға үлкен көңіл бөлді. Сол мақсатта жолдар салынды. Әлемге әйгілі миссионер Агахан үлкен университет салу мақсатында Текеліден жер белгілеп, құрылыс жобасын жасап жатыр. Аталмыш жоғарғы оқу орнында студенттерге әлемдік дәрежеде білім берілетін болады.

Табиғаты жағынан Текелі курорттық мекен болғандықтан, болашақта үлкен тур база салыну жоспарда тұр. Оған Алматыдағы Медеудің маңайындағы базаның сапасы деңгейінде салынатын шаңғымен тебу базасы енеді. Қазірдің өзінде Текеліге барып демалатын халықтың қарасы көбейіп келеді. Болашақта шетелден туристер жиі келетін туристік база құрылғанда ішкі туризмнің дамуына жоғары қарқында серпін беретіні айдан анық. Жалпы алғанда қаланың болашағынан зор үміт күтілуде.

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиялық жоспарына сіздің саяси тұрғыдағы көзқарасыңыз қандай?

Page 27: №8 журнал 2013г-на сайт

27

Жолдауда айтылып өткендей он түрлі негізгі себептер бар. Яғни, әлемдік дағдарыстың әлі де тоқтамауының салдарынан бүгінгі мен ертеңгіні сарапталған саясатта көп дүниені қамтиды. «Қазақстан-2050» бағдарламасы аясында біз өз мүмкіншіліктерімізді қайта қарап жатырмыз. Елбасының «Қазақстан-2050» бағдарламасы облыста жан-жақты қарастырылып, жоспарға еніп, халыққа жіті таныстырылуда. Нәтиже ойдағыдай болады деген сенімдеміз.

Жастардың әлеуметік тұрмыс жағдайына қаншалықты мән беріледі?

Жастар мәселесі көптен бері қолға алынып, алайда бір жүйеге түсе алмай келе жатқанын байқаймыз. Бұрын аудандарда жастар ұйымдарының комитеті болмаған. Қазірде барлық аудандарда жастар

ұйымдары құрылып, олардың жұмыспен қамтамасыз етілуі қарастырылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару саласында жастар арасынан құрылып, жаңа мамандармен жасақталуға түбегейлі мән беріліп келеді. Сондай-ақ, жастар ұйымының жұмысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы айқын бағыттар тастауда, соның аясында жоспарлар іске асуда. Мысалы мен әкім болған Панфилов ауданында №19 кәсіптік лицей осы бағыт бойынша маман дайындап келеді.

Өмірде нені бағалайсыз? «Адам баласы үшін ең

құндысы саясат па, уақыт па?» деген сөз бар еді. Осы тұста мен уақытты жоғары бағалар едім. Уақытты бағамдай білу, құнын білу адам баласы үшін басты құндылық. Ал саясат деген өзгеріп тұратын дүние. Өмірде де,

қызметте де уақытты бағалаймын.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

«Тәуелсіздік» деген сөзді айтқанда менің бойым шымырлай түседі. Ол ұғымды мен жоғары мәртебе ретінде қабылдаймын. Қаншама азаматтарымыз, Алаштың ардақтылары осы жолда құрбан болды. Қаншама Тәуелсіздік үшін күрескен жандардың жігерінің құм болып, еркіндікті аңсап өмірден өтуін ескерсек, желтоқсанда мұзға салынған қанды ізбен келген бұл «Тәуелсіздік» киелі ұғым екенін жүрегімізбен сезінеміз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Төлендинова

Page 28: №8 журнал 2013г-на сайт

28

ЕрғазыҚошанбеков

Page 29: №8 журнал 2013г-на сайт

29

ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯНЫҢ БОЛАШАҚҚА БЕТБҰРЫСЫ

Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы жарияланысымен ел болашағын айқындайтын іргелі істер легі жер-жерлерде қолға алынып жатыр. Қазақстан мемлекеті өзінің дамуы тарихында көшбасшы елдер қатарына қосылып, халық-аралық деңгейде қуатты да табысты мекенге айналудың маңыздылығын арттыруда. Осы орайда келешегі кемел елдің іргетасын қалыптастыруға үлесін қосып жүрген саяси партияларымызды айтпай кету мүмкін емес. Атап айтар болсақ, «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларда әрдайым халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, сан түрлі мәселелерді шешу міндетін мүлтіксіз орындап келеді. Нәтижесінде партия тарапынан сауалдардың шешімдері қарастырылып, атқарылар жұмыстардың легі еш толастаған жоқ. Аталмыш және басқа да бірқатар мәселелермен айналысудың басы-қасында жүріп, өз ісімен ел ықыласына бөленген халық қалаулысының бірі – депутат Қошанбеков Ерғазы мырза болып отыр. Ол қашанда өзіне жүктелген шаруалардың анық-қанығына жетіп, тынымсыз жұмыс жасап жүреді.

Талдықорған қаласындағы кезекті іс-сапар барысында біздің редакция «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қошанбеков Ерғазы мырзамен сұхбат ұйымдастырған болатын. Енді соны назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

Өміріңіз бен қызметіңізге тоқталып өтсеңіз.

Жастайымнан әкемнің «жатқанға жан жуымас, жалқауға мал құралмас» деген нақыл сөздері жадымызда сақталып келді. Өйткені, менің әке-шешем нағыз еңбектің адамдары болған. Қандай қиын-қыстау кездерді бастан кешсе де, «еңбек бәрін жеңбек» деп жүріп, шиеттей бала-шағасына жоқшылықтың дәмін таттырмай, татулық пен бірлікте өмір кешті. Сөйтіп, бала кезімнен қара жұмыспен шыңдалып өскен мен де еңбекке ерте араластым. Елмен қатар жоғарғы білім алдым. Бойымдағы бар білім-біліктілігімді еліме қызмет етуге бағыттап, бүкіл саналы ғұмырымды осы мәртебелі іске арнағаныма өзімді ерекше бақытты санаймын. Себебі, туған еліңе, жеріңе, халқыңа қызмет етуден асқан асқақ жол жоқ деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» ХДП-ның өңірде атқарып отырған жұмыстары аясында сөз өрбітсек.

Елімізде «Нұр Отан» партиясының жұмыс жасап келе жатқанына 14 жылдың жүзі болыпты. Осы мерзім ішінде партия халық арасында үлкен бедел мен сенімді иелене білді. «Нұр Отан» партиясының негізгі мақсаты – мемлекеттік бағдарламадағы жүйелі жұмыстарды жандандыра түсу. Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиялық - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында көрсетілген ұзақ мерзімді бағыты мен салиқалы саясатына қолдау көрсетіп, сол төңіректе қоғамның әлеуметтік белсенді өкілдерін топтастыру басты парыз болып табылады. Осы орайда «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Ақ бұлақ», «Балапан», «Жұмыспен қамту - 2020», «Қолжетімді тұрғын үй», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» және басқа да әлеуметтік маңызды салаларды қамтитын мемлекеттік

бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге асырылып жатқандығын айтуға болады.

Сіз халықпен кездесу барысында өз сөзіңізде «2020 жылға дейін партия бағдарламасын орындау негізгі мақсат болып табылады. Онда әлеуметтік жағдайды жақсартуға айрықша мән берілген» деп атап өткен едіңіз. Әлеуметтік жағдайды жақсартуға партия тарапынан бұл бағдарламалар аясында қандай жұмыстар атқарылуда?

«Ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолындағы жасампаз істердің барлығының басында «Нұр Отан» жүруі керек!» деп Елбасы партия съезіндегі өз сөзінде атап айтты. Міне, осы талапты жүзеге асыру үшін соңғы жылдары «Нұр Отан» партиясы өзінің рөлі мен беделін арттыра отырып, жергілікті жердегі партия құрылымдарының жұмысын жүйелі түрде қайта құруға мүмкіндіктер алды. Жасампаздықтың жарқын істері мен жақсылықтары да жеткілікті.

Page 30: №8 журнал 2013г-на сайт

30

Жалпы біздің өңірде жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталар болсақ, Райымбек ауданының алқабындағы таулы-тасты қия-құзарларды қақ жарып салынған алып құрылыс - Мойнақ су электр стансасы іске қосылды, тұрмысқа қолайлы тұрғын үйлер бой түзеп, шағын шаһардың іргесі қаланды. Іле өзенінің шығыс-батыс беткейіндегі боз дала төсін дүбірлетіп, Қытай еліне қарай темір жол төселіп, тақыр түзде Нұркент қалашығы бой көтеріп, көптеген жұмыс орындары ашылып, жаңа қоныстанушылар тұрғын үйлердің кілтін алып, мәре-сәре шадыманды шаттыққа бөленді. Жетісудың кіндік қаласы Талдықорған гүлденіп, тотыдай түрленген үстіне түрлене түсуде. Қаратал өзенінің жағалауы жаңаша жаңарып, абаттандырылуда. Қазір осы өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тіл сарайы, Достық үйі, Теннис орталығы мен балабақшалар бірінен кейін бірі қаз-қатар бой түзеп, заңғар көкпен тілдесіп, тынысы мен тірлігі үндесіп жатуын көрудің өзі бір ғанибет.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген барлық нысандарда партиялық бақылау бекеттері жұмыс істейтіні белгілі. Қазіргі таңда жөнделген жолдардың сапасы қандай деңгейде?

Әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына партиялық бақылауды күшейту бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасына сәйкес, партиялық бақылау бекеттері құрылған болатын. Жер жаннаты Жетісу аймағындағы күрделі нысандар құрылыстарындағы жұмыс барысы облыстық, аудандық және қалалық партиялық бақылау комиссияларының, қоғамдық кеңес құрылымдарының және партия белсенділерінің бақылауына

алынған. Олар еңбек көрігін қыздырған өндіріс орындарында болып, жұмыс барысын көздерімен көріп, орын алған кейбір кемшіліктерді дереу жөндеуге игі ықпал жасауды дәстүрге айналдырған. Бекеттердің қызмет етуінің нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар айқындалып, орын алған проблемалар мен кемшіліктерді жою бағытында біршама шаруалар атқарылды. Сонымен қатар, олар мемлекеттік бағдарламалардың тиянақты түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ықпалды да пәрменді жұмыс атқаруда. Олар салынатын нысандарға бөлінген бюджет қаржысының қажетті мақсатқа пайдалануын әрі ысырапсыз игерілуін, жұмыстың жоба-сызбасында көрсетілген нұсқаға сай сапалы әрі уақытылы атқарылуын, еңбек адамдарына еңбекақыларының дұрыс төленуін бақылап, байқалған ақауларды тез арада түзетуді талап ете алатын әрі әлеуметтік бағдарламаларды толық жүзеге асыруды көз қырынан таса етпейтін партия ұйымдарының әділдікті діттеген толыққанды өкілі ретінде танылуда. Ал, бұрнағы жылдары іске асырылған «Жол картасы» бағдарламасына келетін болсақ, жөндеу жұмыстары өткен облыстық, республикалық маңызы бар жолдар осы күні халық игілігіне қызмет етіп жатыр.

Бүгінгі таңда өңір халқының сауалдары партия тарапынан қаншалықты деңгейде қарастырылып, шешімін табуда? Халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайына халықтық партия қандай баға береді?

«Нұр Отан» партиясы саяси жұмысының маңызды тармақтарының бірі - азаматтарды қабылдау болып табылады. Шынын айтар болсақ, бұл тыным таптырмайтын жұмыс. Бүгінде халық партияға үлкен сенім артады. Көмек сұрап, жүгіне келеді. Базынасын ашық айтады. Әр адам басқа жерден қолдау

таппаған көкейіндегі өзекті мәселесін партияға айтуға үкілі үмітпен келіп, жүрелей жүгінеді. Сол себепті де, партияның халыққа қызмет еткені, мақсат-мұратына жеткені. Бұл жерде «Данышпанның ұлылығы – ақыл-ойының озықтығында, жүректің жылылығы - мейірінің нәзіктігінде» болар, облыстық филиалдың қоғамдық қабылдауына былтырғы жылы үш мыңнан астам өтініш-хаттар түсіп, олардың көбісі мүмкіндігінше тиісті шешімін тапты. Қоғамдық қабылдауға келіп түскен арыздар мен шағымдарды сараптағанда, олардың 70 пайызы әлеуметтік жағдайға негізделіп жазылған: тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімін алу, оралман бауырларымыздың квотаға қол жеткізу, зейнетақы мен жәрдемақы жайын білу, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау мәселелері, сот шешімдеріне келіспеушілігі сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. Әр өтініш иесіне істің жөнін табуға сәйкес заңды кеңес беріліп, оны шешуге жәрдемдесу жүйеге қойылған. Сонымен қатар, облыстық партия филиалында құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың басқарма басшыларының қатысуымен кестеге сәйкес көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізіліп тұрады. Облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде құқық қорғау органдарына қарасты прокуратура, ішкі істер департаменті, қаржы полициясы, әділет басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығы, салық басқармасы сияқты мекемелердің басшылары бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдап отырады. Сонымен қатар, партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде облыстық, аудандық мәслихат депутаттары белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауы дәстүрге айналған іс.

Page 31: №8 журнал 2013г-на сайт

31

Облыстық партия филиалының алдағы күнге діттеген мақсаттары қандай?

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған кезде қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған жаңа міндеттерді партияластарға жеткізіп, азаматтардың көңіл-күйі мен қажеттіліктерін жете білуді тапсыра келіп: «Нұр Отан» - бұл халықтық партия. Ол қарапайым адамдардың арасында болуы керек» деді. Сонымен бірге «Қазақстан-2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары тарапынан жергілікті атқарушы билік органдарының қызметіне нақты тапсырмалар берді. Қазіргі заман талабына сай ауыл әкімдерінің рөлі мен іске деген жауапкершілігін арттыру, дербестігін күшейту, бизнес пен билік органдарының әлеуметтік әріптестігін нығайту, қордаланып қалған қүрделі мәселелердің түйінін бірлесіп шешу, бюджет қаржысын мақсатты әрі тиімді жұмсауды қадағалау, жемқорлықпен күресті аяусыз жүргізу, партиялық

және қоғамдық бақылаудың пәрменділігінің ықпалдылығын күшейту сияқты мәселелер күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптар болып табылады. Олар жөніндегі азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдау арқылы қажеттілерін бұлжытпай орындаудың алдыңғы шебінде нұротандықтар жүруі тиіс екендігін жақсы түсінеміз.

Күнкөріске тікелей әсер ететін бағаның тұрақсыздығы, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне «Нұр Отан» ХДП қалай әсер етуде?

Халықты қашанда әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын оңалту мәселесі көбірек толғандырады. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтар болсақ, облыс бойынша 740 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Талдықорған қаласында алпыс пәтерлі екі үйдің, Каскелең қаласында 64 пәтерлі бір үйдің құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасының аясында алты аудан мен үш қалада 45 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жүргізіліп, олардың құрылыс жұмысына 789.5

миллион теңге жұмсалды.

Өмірлік мақсатыңыз қандай?

Адамның жас ерекшілігене қарай мақсаттары да өзгеріп отырады емес пе?! Еліме еңбек етіп, Қазақстанның іргелі, алпауыт мемлекеттердің қатарынан көрінуіне аз да болса үлесімді қосу мен перзенттік парызымды орындау қызмет аясындағы менің басты мақсатым.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Әрбір қазақстандық үшін «Тәуелсіздік» деген сөздің қадірі мен қасиеті ерекше, әрі жүрегінің түбінен мықтап орын алған ұғым болу керек. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстанның әлемдік деңгейде беделі көтеріліп, бейбітсүйгіш саясаты жұртқа үлгі бола бастады. Халықаралық ұйымдарға абыроймен жетекшілік ету де еліміздің мәртебесін өсірді. Тәуелсіздіктің басты қасиеті біздің бүгінгі таңдағы жетістіктерімізге қол жеткізуімізде.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Қабдолдақызы

Page 32: №8 журнал 2013г-на сайт

32

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ Наурыз – көктем мерекесі. Табиғат жаңарып, жер беті жаңа

келбетке енеді. Көне парсы тілінде наурыз сөзі «жаңа күн» деген мағына беретіні де халыққа аян. Яғни, көнеден «жаңа жыл» атанып кеткен бұл мейрам халық ішінде тойлануы да өте ерекше. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Елімізде наурыз мерекесі кеңес үкіметінің тұсында 1926-1988 жылдары тойланбай келді. Сол себепті де біраз уақыт мазмұндық тұрпатынан ажырап кеткен еді. Алайда, араға жылдар салып, 1988 жылдан бастап, бұл мейрам ресми түрде қолға алына бастады. Ал 2010 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз – Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. Қазақстанда Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі.

Халық арасында Наурыздың Ұлыстың ұлы күні атанып кетуі де тегіннен тегін емес. Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: «Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық

тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды». Дәстүр бойынша наурызды бүкіл ауыл-ел болып тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт,

ақ) қауышуды білдіреді. Осы ретте наурыз көженің дайындалуына келер болсақ, бұл тағам жаңа жылда молшылықтың жоралғысы болсын деген ниетпен дайындалады. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Наурыз күні туған-туыс бір-біріне қонаққа барып, дәм татып қайтады. Асқа бата беріп, «ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп өз тілектерін айтып жатады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Наурыз мейрамында халық ойындары өткізіледі. Соның ішінде: «Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан» т.б. Көктем мерекесін ерекше шаттықпен қарсы алған халық мерекені жандандыра түсу үшін ақындар айтысын, қазақша күрес, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, тең көтеру өткізіп, кешке қарай алтыбақан айналасында ойын-сауық құратын. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар. Халық аңыздарына сай, 21 наурыз күні даланы Қыдыр аралайды. Қыдыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ кондырады деп сенеді халық. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы

Page 33: №8 журнал 2013г-на сайт

33

- Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен деп халық сенген. Жаңа жылдың алғашқы таңы атып, күн шыққанда, күннің «Құты» дарыған кісі мол ырысты болады деп ырымдалып «Қыдыр түнін» күзетіп шығады. Таң бозарып ата бастаған кезде, ауыл-аймақта үлкен-кіші демей биіктеу жерге жиналып, күнге қарап: «Армысың, Қайырлы Күн - Ана! Армысың, кеудесі түкті Жер - Ана! Жаңа жыл жарылқа, жарылқа!» – деп, күнге тәу етіп, бата жасайды.

Ал наурыз мейрамындағы ырымдарға тоқталар болсақ, салт бойынша ежелден сақталып келе жатқан оның да өз реті бар. Наурызнамада сойылған Көк өгіздің бауыздау қанымен балалардың маңдайына күн бейнесін салып, «Құты дарысын, сіңсін» - деп ырым етеді. «Көк қаулап өссін, ақ мол болсын» - деп ырымдап, «Құтаю» рәсімі бойынша жаңа бүрлеген шыбыққа ақ бүркеді. Пәле-жала, ауру-сырқау, реніш-қайғы өткен жылда қалсын, отпен жанып кетсін деп «Аластау» рәсімін жасайды. Ұлыс күні жауған қар «Ақшақар», «Нұржауды» деп аталады. Ол басталатын жылдың ырысты болатындығының нышаны.

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдалықтар «Наусарыз» армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Өз еңбектерінде М.Қашғари былайша атап кетеді: «Көшпенділер өз жаңа жылдарын тойлағанда, барлығы бір ауылда жиналып, өткен ескі өшпенділіктерін ұмытып, қару-жарақтарын тастап, бір-біріне ізгі тілектерін айтады». Яғни, наурызда барлық жаугершілік те ұмытылып, мерекені атап өткен екен.

Наурыз бүгінгі таңда жер бетінде көптеген мемлекетте тойланып отыр. Соның ішінде: Қазақстан, Албания, Ауғаныстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия т.б бірнеше мемлекеттер бар.

Тойлануы бойынша барлық елде өзіндік өзгешелік кездесіп жатады. Алайда, бір ортақ дүние: Наурыз ырыс пен молшылықтың, ынтымақтастықтың және табиғат құбылысына сай жаңа күннің мерекесі.

Наурыз күні берілетін бата да ерекше. Молшылық пен ырыс, берекенің символы болған бұл мейрамда халық:

«Бақытты ас берсін,Ұлыстың үлы күнінде,Ұлың оңға консын,Қызың қырға қонсын,Қыруар малың өріске толсын,

Дәулетіңді асырсын, Дұшпаның басылсын, Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам» - деп үй иесіне батасын береді.

Ия, расымен де, Қазақ еліміздің әрбір аумағында тойланып келе жатқан көктем мерекесі барлығымызға тек береке мен бірлік әкелсін!

Әзірлеген

Айнұр Төлендинова

Page 34: №8 журнал 2013г-на сайт

Ерғали Миразов

Page 35: №8 журнал 2013г-на сайт

35

«САПАСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ЕЛ АТЫНА ТҮСКЕН ДАҚПЕН БІР»

Әрбір саланың өз алдына ойнақтата, оймақтата жүгірте жөнелтетін һас шебері бар. Сол сияқты құрылыста да асқан шеберлік қажет. Бұл мамандықтың да кесте тоқу, сурет салу сияқты әрбір милиметрі маңызды екені айдан анық. Сондықтан мұны кез келген адам қолға ала да бермейді. Біз төмендегі сұхбаттың бас кейіпкері етіп құрылысшыны алған едік. Бұл азамат құрылыс саласында біраз салмақты еңбек етіп, талай жобаларды халыққа тарту етті. Бүгінгі күннің һас шебері деп айтсақ артық кетпеспіз. «Еламан» ЖШС-нің директоры, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Миразов Ерғали Төреұлымен сұхбат жүргіздік. Миразов Ерғали Төреұлы Қазақстанның «Құрметті құрылысшы» құрмет белгісімен, ҚР Тәуелсіздігіне – 20 жыл төсбелгісімен марапатталған.

Ерғали Төреұлы, алдымен өзіңіз жайлы айта кетсеңіз. Қай өңірде туып-өстіңіз?

Мен Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келдім. 1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Еңбек жолымды облыстық жөндеу-құрылыс ПМК-ның тресінде мастер болып бастадым. 1982 жылдан бері жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысып келемін.

Осы ретте «Еламан» ЖШС-нің жұмысына кеңірек тоқтала кетсеңіз.

Мекеме 1991 жылдан бастап құрылған. Өзіміздің 32 га өндірістік базамыз бар. Кірпіш зауыты мен темір-бетон құятын цех жұмыс жасайды. Құрылысқа қажетті темір-бетоннан жасалатын өнімнің басым бөлігі өзімізде шығарылады. Қиыршық тас шығатын карьеріміз де бар. 2001-2009 жылдар аралығында «Еламан» компаниясы 14 нысанды тұрғызып, пайдалануға берді. Оның ішінде ауылдар мен аудандарда орналасқан мектептер, спорт залдар, көп пәтерлі тұрғын үйлер және жүргізілген су құбырлары бар. Соңғы бес жылдың ішінде біздің

фирмамыз Алматы облысы бойынша 5 896 000 000 теңгеге нысандар тұрғызып, толық жөндеулер жасады. Жұмыстардың барлығы тендрге қатысу арқылы жүргізіледі. Фирмада І дәрежелі лицензиямыз бар. Бұл ұйым жылына бір мектеп салады. Биыл Алматы облысына он сегізінші мектепті салдық. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Қолжетімді баспана бойынша тұрғын үй салуды жоспарға қойдық. Мемлекеттің қолдауы бойынша аз пайыздық мөлшермен несие алып, сол құрылысты биылғы жылы бастаймыз деп отырмыз. Біздің компания үшін бұл жобаның пайдасы көп. Ал жол мәселесіне келетін болсам, басты жоспарда «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының құрылысына біз қатысамыз. Сонымен қатар Алматы-Астана бағытында салынатын автомобиль жолына да өз үлесімізді қосамыз деп жоспарлап отырмыз.

Мелекеттен берілетін 7 пайыздық несие қаншалықты тиімді деп айта аласыз?

Әрине. Әркімге әр түрлі. Біздің компанияны айтатын болсам, өнімнің 60 пайызы өзімізде шығарылады. Оған

қоса өте сапалы технологияны қолданамыз. Мәселен біздің фирмада сағатына 250 тоннаны өндіретін Америкалық құрылғы жұмыс істейді. Құрылыстың басым бөлігі өзімізден шығатын материалдармен салынады. Ойлап қарасақ, өзіндік өніммен құрылыс салу өте тиімді және үнемді. Әрі бұл жерде сапасына да күмандануға болмайды. Себебі, барлығы өз көз алдымызда жасалынып, пайдаға асып жатады. Мемлекет тарапынан мұндай жобалар көп болса екен деймін.

Бүгінгі таңда қанша адамды жұмыспен қамтып отырсыздар? Қызметкерлеріңіздің әлеуметтік жағдайын жақсарту назарға қойылған ба?

Бірінші кезекте жұмыскер-леріміздің жағдайының дұрыс болғаны маңызды. Себебі, жалақысы жақсы, уақытымен беріліп тұратын, белгілі бір мөлшерде әлеуметтік көмек алып отыратын маман өз жұмысына толық көңіл бөле алады. Сондықтан, бұл қай жерде болмасын жұмыс берушінің басты қағидасы болу керек деп ойлаймын. Біздің өндірістік базада арнайы салынған тұрғын үйлер бар. Солардан мамандарға, оның ішінде жас мамандарға

Page 36: №8 журнал 2013г-на сайт

36

тұратын баспана беріп, барлық жағдайды жасап тұруға тырысып жатырмыз. Өндірісте бүгінде 150 адам еңбек етіп жатыр. Ал құрылыс кезінде жалдамалы бригадалар 500 адамға дейін барады. Жалпы кәсіпкер ретінде де, адам ретінде ешкімінің еңбек ақысын жемей, уақытында беріп, қашан да ынталандырып отырамыз. Себебі, өз қарамағында қызметкерлерді ынталандырып, жұмысқа деген жігерлерін қайрап отыру өте маңызды. Өйткені, келім-кетім кадр ауысуынан ешқандай кәсіп салмақты табысқа жете бермейді. Бұл жерде бастысы адал әрі тіимді еңбек ету.

Ерғали Төреұлы, маман ретінде Сіздің ойыңызша сапасы төмен бірақ Астанаға арналып салынып жатқан құрылыстарды, жалпы ел бойынша нашар сападағы нысандардың санын қалай азайтуға болады? Бұл жерде басты кінарат неде? Қателік кімнен кетіп отыр? Егер сапасыз құрылысты ұрпаққа мұра ететін болсақ, елдің болашағы бізге сын емес пе?!

Сұрағынызбен толық келісемін. Рас. Бұл өте үлкен алаңдатушылық тудырып отырған мәселе. Біз Астананы салып тастадық. Көп маңызды нысандар бой көтерді. Сапасыз құрылыстар да бар. Бұл жерде бастысы ертеңге деген жауапкершілік керек. Себебі, құрылыс біздің мемлекетіміздің, қалаларымыздың архитектуралық құжаты болып табылады. Басты қателік – бұл жерде бас жоспардың дұрыс жасалмауынан туады. Қазір өздеріңіз білесіздер, тендрге қатысушы ірілі-ұсақты компаниялар көп. Араларында тіпті техникалық жабдықталуы әлсіз компаниялар да бар. Ал бас жоспардың байқаудан өтіп кетуі мүлдем бөлек мәселе. Алайда, қазір маңызды нысанды тұрғызу құқығын бәріне бірдей беріп жатқан жоқ. Әркімнің

күш қуатына қарай І,ІІ,ІІІ дәрежелі лицензиялар беріліп жатыр. Мысалы Қарағандыда құлаған үйді алатын болсақ. Ол құрылыстың бастапқысында геологиясы дұрыс болмаған. Қателік жоспарды жасаушылардан кеткен. Кінә құрылысшыларда емес бұл жерде, жоба құрастырушыларда болып отыр. Бұрынғы кезде бас жоспарлар үш-төрт жыл алдын-ала дайындалып, жіті қадағалауда тұратын. Ал қазір бас жоспар өтеді, құрылыс бірден басталып кетеді. Құрылыс шарттарын, талаптарын одан әрі қатайта түсуіміз керек. Сол кезде ғана біз адам шығынынан ада болып, келер күнге сапалы дүние қалдыра аламыз. Ал тендрден ұтамыз, қалталанамыз деп, «Бармақ басты, көз қыстыға» салсақ, құрылысымыздың болашағы бұлыңғыр болмақ. Осы мәселеге, ел болып, қоғам болып, адам болып ат салысуға шақырамын.

Ерғали Төреұлы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай жұмыстарды атқарып жатырсыз?

Өзім кәсіпкер болғандықтан, өндіріс, құрылыс саласында жұмыс атқаратын адамдардың жағдайы маған өте жақсы таныс. Сол үшін күш-жігерімді шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсап жүрмін. Соның ішінде Отандық өнімдерімізді өндіріп, нарыққа шығаруға бағытталған бизнес-жоспарларды жүзеге асыруға ат салысамын. Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына көп көңіл бөліп, олардың әлеуметтік топтар арасына әділетті үйлестірілуін қадағалау менің міндетім деп білемін. Елбасының халыққа арнаған Жолдауларының барлығының тіисті және дұрыс орындалуын қадағалап отырамын. Алдағы уақытта ауылдық аймақтарды жақсы жолдармен, таза ауыз сумен

Page 37: №8 журнал 2013г-на сайт

37

қамтамасыз етуге ат салысамын деп тырысып жатырмын. Оның ішінде бес ауылға биылдан бастап медициналық бөлімшелер мен емханалар салынайын деп жатыр. Ең күрделі мәселе бүгінгі таңда таза ауыз су болып отыр. Тағы бір маңызды жәйттардың бірі Алматы облысында мектептердің үш ауысыммен оқуы десек болады. Осы жөнінде депуттатық сұраныстар жасап, жаңа мектептердің көптеп салынуын қадағалап келемін. Жалпы қай сала болсын, қай аумақтың тұрғыны болса да мен үшін маңызды емес. Бөліп жармай, тек депутат ретінде ғана емес, адам ретінде көмек беруге міндеттімін деп ойлаймын. Мысалы, жоғарыда айтып өткен үш ауысыммен оқитын мектептер бала дамуына аса жақсы әсерін

бермейді. Себебі, бұл жерде уақыт тапшы. Ал кез келген оқушы бір сабақты толық қырық бес минту меңгеріп шығу керек. Үш ауысым десек, арты кешке қалып қала тірлігі үшін қолайсыз жағдайлар туғызады. Сонымен қатар ауылдардағы таза ауыз судың берілуі де күрмелі іс. Себебі, кезінде Кеңес үкіметі тұсында қойылған құбырлар, су жүйелері әбден ескірген. Сондықтан, оны жаңартып үлгеру де оңай болмай жатыр. Дегенмен, күн тәртібінде қаралуда. Бұл жерде басты мәселе сусыз аймақтың тұрғындарының денсаулығы. Осыны шешу жолында да әлі біраз жұмыстар атқарылу керек.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа

саяси бағыты тақырыбындағы жолдауы аясында біршама ойыңызды айтып өтсеңіз. Жолдауда насихаттау жұмыстарына ат салысып жүрсіз бе?

Жалпы Елбасы жолдауларының барлығының жоспары өте мықты құрастырылған. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шағын және орта бизнеске өте үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Мәселен, несие беріліп отыр. Қазақстан Даму банкі арқылы 7 пайызын мемлекет өтеп беруде. Қарасаңыз, бұл өте жақсы қолдау емес пе?! Сонымен қатар қолжетімді баспана мәселесі де өзекті. Ол да қолға алынып жатыр. Ал жаңа стратегиялық жоспарға келетін болсам, мұның да өз алдына

Page 38: №8 журнал 2013г-на сайт

38

салалап белгілеп қойған реті бар. Мәселен, денсаулық, білім беру, инфрақұрылымды дамыту тағы басқа салалар дамуы сатылап ретке қойылған. Тәуелсіздік алған жылдары жағдайымыз мәз болмаса да, мойымадық, халық та мойымады. Сол кезде «Қазақстан - 2030» стратегиясын қабылдағанда осы күнге сену қиын болған еді. Ал енді міне, жеткен жетістігімізге әлем куә. Сондықтан да Елбасымыздың көрегенділігінің арқасында жоспарды ойдағыдай орындап, сатылап дамып келеміз. Ол кезде Елбасымыз «Алдымен экономика, сосын саясат» деген қағиданы ұстанған еді. Н.Ә.Назарбаев:

«Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге болады» деген еді. Осыдан-ақ еш сөзсіз Елбасының еңбегін, қажырлығын аңғаруға болады емес пе?! Мен ойлаймын алда әлі шығатын Жолдаулар да, алынатын асу мен бағындыратын белес те көп. Тек біз барлығымыз бірлікте, ынтамақта еңбектенсек болғаны.

Сіз үшін «Тәуелсіздік»

қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздік десем, көзіме жас келеді. Уақыт әр нәрсені орын-орнына қойды. Біз дербес мемлекетпіз. Біз бүтін Елміз. Демек, біз өз алдына Тәуелсіз адамдармыз. Жастар да, аға буын да осы Тәуелсіздігіміздің қадірін, қасиеттілігін түсінсе екен дейміз. Бастысы сол. Басқасы уақытпен келеді. Елдігіміз бүтін болсын.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 39: №8 журнал 2013г-на сайт

39

БІЛІМ БЕРУДІҢ БАҒДАРЛЫ ДАМУЫ«Қазақстан Республикасында

білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президен-тінің жарлығы 2010 жылы шықты. Елбасы: «Білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек» деп нақты мақсат қойып айтқан еді. Сон-дықтан, техникалық және кә-сіптік білім саласы техникалық мамандықтар бойынша қажетті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауы қажет. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық жә-не қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету бұл жолда басты мақсат болып отыр. Бүгінде елімізде жұмыс берушілердің

қатысуымен кәсіптік стандарттар әзірленуде. 100-ден астам колледжде дуальді оқыту енгізіліп жатыр. Кәсіптік-техникалық білім берудің жоғары деңгейде дамуы еліміздің бәсекеге қабілетті болуында аса маңызды рөл атқарады. Біз бұл саланың сапалы дамуы турасында «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Телпекбаева Жанна Тлеубекқызымен сұхбаттасып қайтқан едік.

Жанна Тлеубекқызы, алдымен өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.

Мен Алматы қаласында дүниеге келдім. 1995 жылы Алматы қаласында Қазақ энергетикалық институтын “автоматты электробайланыс” мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 1995 жылы Алматы қаласының заң

колледжінде бастаған болатынмын. 2001 жылдан бастап, есепші-тексеруші, техник-бағдарламашы, техник-механик мамандықтарына оқытатын «Прогресс» политехникалық колледжінің құрылтайшысымын. 2007 жылы Іле аудандық кәсіпкерлері ассоциациясының атқарушы директоры болып тағайындалдым. Мен облыстың қоғамдық өміріне

белсене қатысып қана қоймай, республиканың қоғамдық өміріне де барынша атсалысуға тырысамын. Республикалық «Іскер әйелдер қоғамдастығының» Іле ауданындағы төрайымы болып қызмет етіп келемін. Кәсіптік техникалық білім беруді жақсарту мақсатында барлық халықаралық жобаларға қатысып, Халықаралық және шетелдің

Page 40: №8 журнал 2013г-на сайт

40

үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтсам, «Халықаралық еңбек ұйымы», ТАСИС ЕФО жобасы (Білімнің еуро қоры), Британ ұйымы, қызметкерлердің дамуы мен біліктілігін көтерумен айналысушы халықаралық ұйым- InWent.

Бүгінде Сіз білім ордасын басқарып отырсыз. «Прогресс» политехникалық колледжінің жұмысына тоқтала кетсеңіз.

«Прогресс» политехникалық колледжі 2002 жылы ашылған. «Прогресс» политехникалық колледжіне кәсіптік және техникалық білім беру саласында білім беру қызметін жүргізіп келеді. Колледжде «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру»; «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»; «Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамандықтары оқытылады. Оқу мекемесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына 2002 жылы қантардың 1 күні қабылданған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талабына және «Прогресс» политехникалық колледжі Жарғысына сәйкес оқу-тәрбиелеу үрдісі жүзеге асырылады. Колледжде бүгінгі таңда 600 студент білім алуда. Колледжде оқу -тәрбие үрдісі колледждің даму бағдарламасы, оқу жылына арналған бірыңғай оқу-тәрбие жоспарына сәйкес ұймдастырылып, сабақтар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі 1999 жылы қазанның 20 күні қабылдаған № 03-04-07-2600 «Орта кәсіби білім беру мекемелерінің сабақ кестесі туралы» нұсқаулық хатының негізінде жасалған оқу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Күндізгі және сырттай оқу нысандарында колледжде дайындық мемлекеттік және орыс тілінде өтеді.

Колледж «Оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» мәселесі бойынша жұмыс жасайды. Аталған мәселенің шешілуі және жалпы әдістемелік жұмыстардың жоспарлы, сауатты және жүйелі ұйымдастырылуы колледждің әдістемелік кеңесіне жүктелген. Әртүрлі пәндік «Тілдер апталығы», «Экономистер апталығы», «Техникалық пәндер апталығы» апталықтар өткізіліп тұрады. Апталықтар негізгі дәстүрлі бағытта жүргізіледі. Мәселен, ашық сабақтар, пән бойынша тәрбиелік іс-шаралар, ПЦК-ның қорытынды ашық отырысы негізінде. ПЦК колледждің әдістемелік қызметінің маңызды құрылымдық бөлімшелері болғандықтан кешенді іс-тәжірибелерінің материалдары әдістемелік кабинетте жинақталған. Сондай-ақ колледжде «Жас ұстаздар» мектебі жұмыс жасайды. Колледж жұмыссыз адамдарды қайта даярлау курстарында өткізеді. Біздер өндірістік кәсіпорындармен келісімдер жасап, студенттермізді тәжірибеден өткізіп, кейін жұмысқа орналастырып жатамыз. Студенттер оқу уақытының 30 пайызын колледжде, қалған 70 пайызын белгілі кәсіпорында тәжірибеден өтуге жұмсайды. Әр студентке колледж бен кәсіпорын арасындағы келісім негізінде арнайы мастерлер бекітілген.

Оқу орнындағы кітапхана қоры да аз емес. Кітапхананың жалпы қорында – 9626 дана кітап бар. Кітапхана қоры электронды оқулықтармен толықтырылып отырады, яғни кітапхана ішінде электронды кітапхана құрылған, онда 300 дана электронды оқулықтарды оқуға мүмкіндік бар. Колледжде Елбасының білім беруді информатизациялау бағдарламасына ерекше көңіл бөлінеді. Компьютер сыныптарын жаңа компьютерлермен жабдықтау жаңа құрылғылар алынып

отырады.

Оқу орыны жекеменшік. Бірақ әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, студенттерге жеңілдіктер мен грандтар белгіленген бе?

Әрине аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған, мүгедек балаларға арналған бағдарламалар үздіксіз жұмыс істейді. Олар біздің тігін цехымызда оқытылады. Студенттерді кәсіпкерліктің қыр-сырына үйретіп жатырмыз. Оған қоса «Жол картасы - 2020» бағдарламасы негізінде де жұмыс атқарылуда. Жеке кәсіпорыннан төленіп оқытылатын жобалар бар. Сонымен бізде оқу ақысы толықтай емес, ай сайын төленіп тұруына мүмкіндік жасалған.

Бүгінгі таңда шетелдік компаниялармен келісімдеріңіз бар ма? Қандай серіктестік жобалар жасап жатырсыздар?

Бүгінде бізде бірнеше жоба жұмыс істеуде. Оның ішінде айтарлықтай халықаралық жобалар да бар. Оның бірі Германиямен бірлесіп атқарып жатқан жоба. Ол жаққа біздің мұғалімдеріміздің біліктілігін арттыруға жіберіп отырамыз. Ал осы жылдың көктемінде Германияға колледж студенттері тәжірибеден өтуге кетеді. Ол жерде кәсіпорындарда оқытудың арнайы жүйесімен жұмыс істейтін белгелі орындар бар. Солар арқылы біздің студенттерміз өздеріне қажетті толық білім мен біліктілікті алып келеді. Сонымен қатар, бұл жобада екі елдің студенттерін біріктіру де қарастырылған. Мәселен Германияның он студенті мен Қазақстандық он студент бірлесіп, бір техникалық жобаны жасайды. Кейін Германияның студенттері біздің елге келіп, осындай жобаға қатысатын болады. Қарап отырсақ, білім сапасын арттыруда мұндай іс-әркететер өте таптырмас тәжірибе.

Page 41: №8 журнал 2013г-на сайт

41

Алдағы жоспарларыңыз қандай?

Колледж жыл сайын халықаралық жобаларға қатысып отырады. Оның ішінде мүгедек балаларға арналып жасалған жобаларды іске асырып отыр. Әр жыл сайын кәсіби-техникалық білім беруді дамыту жұмыстарына атсалысып келеді. Мәселен, бүгінде бізде арнайы жер телімі бар. Сол жерге біз Германиялық тәжірибеге сүйене отырып, шеберханалар салуды жоспарлаймыз. Біршама инновациялық жаңалықтарды өз жобаларымызға енгізсек деп отырмыз.

Ұстаз ретінде Қазақстанның білім беру жүйесіне көңіліңіз тола ма?

Бүгінгі таңда отандық білім беру жүйесі үлкен реформаны бастан өткеріп отыр. Мәселен мектептегі 12 жылдық білім беруге жаппай көшу өте үлкен қадам. Бұл ретте оқушыға орта біліммен қатар белгілі бір кәсіптік біліктілік үйретіледі. Демек оқушыларымыз мектеп бітірерде мамандық таңдауда шатаспай, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғарылайды. Меніңше, бұл бағыты дұрыс қадам. Орта білім беру және ЖОО-ы да көптеген жаңашыл жобаларды іске асыруда. Егер техникалық білімге қатысты айтар болсам, біз тәжірибені Еуропа, соның ішінде Германиядан алғанымыз дұрыс. Себебі, бұл елде біздің білім беру жүйеміздің алға дамуына себепкер болатын тұстары көп. Сонымен қатар бұл жерде кадрдың яғни педагогтардың аса білікті болуы маңызды.

Жанна Тлеубекқызы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай жұмыстар атқарып жатырсыз?

Бүгінде жұмыс істеп жатқан үдемелі индустриялық бағдарлама аясында кәсіпкерлермен жұмыс істеп жатырмын. Біз

бұл жерде бағдарламаға сәйкес инфрақұрылымды одан әрі дамытып, көкейкесті мәселелерді шешу жолында жұмыс атқарудамыз. Сонымен қатар жастар саясатымен де айналысып жүрмін. Оның ішінде білім беру саласында кәсіптік-техникалық білім беруді күшейту жұмыстары да бар. Себебі, бүгінде өндіріс орындары үшін техникалық мамандардың жетіспеушілігі айдан анық нәрсе. Сондықтан мемлекет пен кәсіпкерлердің арасында етене байланыс жүріп жатыр десем артық айтпаспын. Оған қоса менің депутаттық жұмысымның маңызды бөлігі мүгедектер мәселесі. Ол кісілердің әлеуметтік жағдайының дұрыс болуы, қандай да бір тұрмыстық сұрақтарының шешілуіне көмек жасау менің адами парызым деп білемін. Мәселен, ем алуға квоталарды алу жөнінде сұрақтар бар. Әртүрлі дейгейдегі әлеуметтік мәселелер бар дегендей. Жалпы «Депутат қандай болу керек, оны мәслихатқа сайлаған адамдар қандай сипатта көргісі келеді?» Ол Қазақстанның патриоты болуы тиіс, депутаттық қызметін жүзеге асыру кезінде жеке басының емес, мемлекеттің және қарапайым халықтың мүдделелерін қорғайтын адам болу керек. Сайланған жағдайдағы

менің жоспарым сайлаушылардың ұсыныстарынан жасалады және заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға тұтасымен бағынышты болады. Өзімнің ең бірінші борышым, тек сайлау округінің аумағында тұратын ғана емес, сонымен қатар барлық аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге көмек көрсету деп білемін.

Жанна Тлеубекқызы, ана ретінде, мұғалім ретінде жастарға не айтар едіңіз?

Менің ойымша бүгінгі таңда біздің жастарымызға еңбекке деген тәрбие жетпей тұрған сияқты. Себебі, қазіргі балалар компьютердің алдында отырып, шын өмірдің қиын сәттерін көріп өсіп жатқан жоқ. Сондықтан да, олардың мамандық таңдауда, еңбек етуде әлсіздік танытуы байқалады. Біз қоғам болып баланың алғашқы іргетасын еңбексүйгіштікке тәрбиелеуден бастауымыз керек. Сонда біз көп нәрсені ұтамыз. Сол кезде біздің ұрпақ шыдамды әрі ынталы болып өседі.

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Мөлдір Құрман

Page 42: №8 журнал 2013г-на сайт

42

ӘбдіжаппарҚыстаубаев

Page 43: №8 журнал 2013г-на сайт

43

МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН КӘСІПКЕРҚоғамымызда өзекті мәселелер жүгінің жібін үзбей, бизнестің әлеуметтік

жауапкершілігін сезіну кәсіпкерлердің мойындарына жүктелген бірден-бір міндет. Оның үстіне экономикалық көрсеткіштердің өсуіне мән беріп әрі сапалы тауарлар шығаруды заманның өзі талап етіп отыр. Үш мың халқы бар ауылдың төрт жүз адамын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған «Бірлік» агрофирмасының президенті Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлы осылай ойлайды. Басты кезекте әлеуметтік-тұрмыс мәселесіне дер кезінде көңіл бөлетіні де сондықтан. Мәселен, бір ғана жылдың ішінде, нақты айтқанда былтыр ауылдың спортын дамытуға 6 миллионан аса қаржы жұмсады. Ал жалпы көлемде сол жылға әлеуметтік-тұрмыс деңгейінің жақсаруына 21 миллион теңге қаржыға демеушілік көмек көрсеткен. Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлы кәсіпкерлігімен қоса бүгінгі таңда Балқаш ауданы атынан сайланған Алматы облыстық мәслихатының депутаты қызметін қоса атқарып жүр. Заманауи әлемдегі кәсіби жетістіктері мен қоғамның интеллектуалдық дамуына қосқан үлесі, бизнестегі кіршіксіз атақ-абыройы және өнім өндіру мен қызмет көрсетуде жоғары сапаға қол жеткізгені үшін халықаралық деңгейдегі «Алтын барыс» және «Даңқ мерейі» сыйлығы ұсынылды. Сол сыйлық алар жылы ағамыз 2000 т күріш тапсырған болатын. 2010 жылы мемлекеттік «Құрмет» орденімен де марапатталған. Кәсіпкерлік қызмет үшін ең бастысы ұйымшылдық пен адал еңбекті ескеріп, адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекет алдындағы жауапкершілікті борышы санайды. Төрт баланың әкесі.

Кезекті іс-сапар барысында біздің редакция «Бірлік» агрофирмасының президенті, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлымен жолығып, сұхбат жүргізген болатын.

Әбдіжаппар Өгізбайұлы, әңгіменің төркінін депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Алматы облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

2003 жылдан бері Алматы облыстық мәслихатының

депутатттығы қызметінде келемін. Менің қарамағыма Балқаш ауданы тиесілі. Әсіресе, ауыл шаруашылығының өркендеуіне, тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс-деңгейлерінің жақсаруына біршама ат салысып келемін. Нарық заманына аяқ басқан кезде қирап, құрдымға кете жаздаған ауылдағы мекемелерді қайтадан

жаңғырту істерімен шұғылдандым. Мәселен, «Ақбұлақ» бағдар-ламасымен су жүйесі ретке келтірілді. Ауылдағы мәдениет үйіне және мектептерге қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңадан 240 орындық балабақша салынды. Ауылдың жағдайы түзеліп, көшелеріне жарық қойылған, абаттандырылған және

Page 44: №8 журнал 2013г-на сайт

44

тас жолдар төселген. 3000-нан аса халық тұрады. Спорт нысандары мен мешіт салу өзім басқарып отырған «Бірлік» агрофирмасының арқасында жүзеге асырылды.

Сіздің қарамағыңыздағы Балқаш ауданында спорттың дамуы қандай деңгейде?

Спорттық нысандар біздің ауылда өте жақсы деңгейде салынып жатыр. Менің марқұм інім фирмамыздың комерциялық директоры міндетін атқара жүріп, волейболдан спорт шебері атанды. 2001 жылы сол інімнің ұйымдастыруымен салынған спорт кешені әлі күнге дейін жұмыс жасап тұр. Бағанағы айтып кеткен мешітті де дәл осы жылы салған болатынбыз. Сол кездері ауыл жастарының қалаға кетуі жиілеп кеткендіктен, бір жағынан сол жастарымызды ауылда ұстап қалу ниетте спорт кешендерін ашып қойдық. Қазақша күрестен және волейболдан мықты тренерлеріміз жастарымызды спортқа деген қызығушылықтарын

арттыру мақсатында жұмыс жасап келеді. Осы спорт түрлерімен айналысуына кейбір ауыл тұрғындарына ақшасын төлеп отырамын. Таэквандодан ауылымыздың үш спорт шебері шықты. Осы спорт түрлерінен аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға жиі қатыстырып тұрамыз. Қазақ спорты кенжелеп дамып жатыр деген пікір болса, мен оған келіспеймін. Біздің қазақ спорты кенжелеп емес, біртіндеп дамып келеді. Әрі дамыту бағытын дұрыс игермегендіктен солай болып жатыр. Кенже дамыған болса, Кеңес Одағында жақсы көрсеткіштерге ие болмас еді ғой.

Дүние жүзі бойынша жұмыссыздықтың өсуі ғаламдық дерттердің бірі болып отыр екен. Қалай ойлайсыз, тығырықтан шығудың жолын қалай таңдаған дұрыс? Мәселен, сіздің ауылда осы мәселе қалай шешілген?

Қазақстанда жұмыссыздықтың

деңгейі қысқартылды. Кәсіп-керлерге қолдау берілгеннен кейін, жұмыссыздықтың азаюына себі тигізілуде. Мемлекет барлық жағдайды қарастырып отыр, тек тиімді басқара білуіміз керек. Ауылдық жерде жұмыс ашып берумен шектелмейді ғой, әр адам өз тірлігін жасаған дұрыс. Әсіресе, ауыл және мал шаруашылығымен айналысуды жиілету керек. Тым құрығында жалқаулықтарын көрсетпей бала-шағасына картоп пен пиязды сатып әпермей жазды күндері өздері ексе болмас па еді.

Ауылдағы жұмыссыздық деңгейі қысқартылған, нақты айтқанда жоқ деп те айтуға болады. Себебі, осы ауылда жұмыс істейтін адамдарға фирмамыз зәру. Қарақалпақстаннан 40, Моңғолиядан 17 және еліміздің шалғай өңірілерінде орналасқан ауылда тұратын тұрғындарды жұмыспен қамту үшін көшіріп әкелдік. Мал шаруашылығы мен егіс көлемі көбейген сайын жұмыс күші де көбейіп келеді. Ауылға кіре беріс жердегі шұңқыр

Page 45: №8 журнал 2013г-на сайт

45

жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және жесір әйелдерге ақшалай көмек беріп тұрамын. Былтыр демеушілік ретінде балалардың жазғы демалысқа қыдыруларына қаржыларын төлеп, спорттық жарыстарға демеушілік ретінде 6,5 миллион теңге бөлінді. ЖОО-на түскен екі студенттің де қаржысын төлеп отырмын.

Сіз басқарып отырған «Бірлік» агрофирмасы бүгінгі таңда нендей жұмыстарды атқарып келеді? Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайлары қалай қарастырылған?

Жыл сайын егін шаруа-шылығын дамытуда 6000 га жерге тұқым себіледі. Оның 2000-на жуық гектар алқабына күріш, соншама жерге арпа мен бидай, 2100 гектар жерге көпжылдық шөп, 100 гектарға бақшалық дақылдар себіледі. Бір мезгілде өнімдерді өңдеу мен мал шаруашылығын өркендету жұмыстары да қолға алынады. Экономикалық көрсеткіштердің өсімін үнемі жақсарту жағына қарай ойыстырып, елді-мекендегі әлеуметтік нысандардың артуы мен жұмыс күшінің көбеюіне септігін тигізуде. Менің ойымша мемлекет үздік құрылым мен

іскер азаматты анықтағанда нақты осы жайттарды ескеру керек сияқты. Дүкен сөрелерінде тұрған «Бақанас», «Мәдина» және т.б. аттармен шығарылатын күріштер осы біздің агрофирмамыз өндіреді. «Мәдина» күріші марқұм болған халқымыздың сүйікті әншісі Мәдина Ералиеваның есімімен байланысты. Осы екі күріш ЕуроОдақтың сертификатын иеленді. Арпа, бидай жүгерілер де егеміз. Су мәселесі жөнді шешілген біздің ауылымызда тек сапалы өнімдер ғана алынады. Соғысқа ер-азаматтары кеткен апаларымыз кезінде арықтарды кетпенмен қазған болатын. Қазір осы арықтың арқасынан ауыл ағын судың зардабын көріп отырған жоқ. Фирмада 400-ге жуық адам еңбек етеді. Бір кездері тауарымызды Ресей мемлекетіне шығарғанбыз. Қазір көбіне Қазақстан төңірегінде таратылады. Сондай-ақ, алда құрылыс жабдықтарына қажетті материалдар шығарсақ деген жоспарымыз бар. Қап ты да өзімізден шығарамыз.

Ал, экономиканың бет-бейнесін өзгерту тиімділігі қалай ескеріледі деп ойлайсыз?

Экономиканы өзгерту тиімділігіне мен қарсымын. Себебі, бірде Ресейден комбайн сатып алу үшін біраз әуреге

түскенім бар. Сол кезде экономиканың дамығандығы емес көз алдыма оның құлдырап, нарық қыспағының шаңы шыға беретіндей боп көрінді. Мәселен, бұрындары күріштің сату бағасын 200 теңгемен өткізетінмін, қазір 80-ақ теңгеге сатылады. Шаруашылығыңды шығынға ұшыратпай, оны тығырықтан алып шығу қажеттілігін ескеріп отырған адамның ісі қай уақытта да ілгері басады. Осыдан бірер жыл бұрын Англия еліне барып, кәсіпкерлер саммитіне қатысқан болатынмын. Сонда отырсам, телеарнадан біздің ауылдың көркеюін, күріш зауытын көрсеткенде көңілім бір марқайып қалды. Сайып келгенде бизнестің әлеуметтік жауапкершілгі осыған саяды.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Менің ұғымымда Тәуел-сіздіктен артық қадірлі де қасиетті ұғым жоқ. Болашаққа осы Тәуелсіздігімізді аман-есен жеткізсек, мемлекетіміз қарыштап дами беретініне сенімдімін.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Зылиха Салих

Page 46: №8 журнал 2013г-на сайт

Серік Донбаев

Page 47: №8 журнал 2013г-на сайт

47

«БЕЛСЕНДІ ҰСТАНЫМ ЖӘНЕ БІЛІКТІ БАСШЫ»

Осыдан аттай үш-төрт жыл бұрын Қарасай ауданына қарасты «Қасен-тоған» су арнасы жаңартылған болатын. Сол арық арқылы егістік алқаптары мен бау-бақшаларын суаратынына ауыл кәсіпкерлері мен қарапайым тұрғындары бір марқайып қалған еді. Бір емес бес елді-мекенді күні бүгінге дейін сумен қамтамасыз етіп отырған осындай игі істің бастамасын «Дәулет-Серпін 603» құрылыс мекемесі жүзеге асырып, ел қуанышына бөленді. Бірінші категориялы лицензиясы бар мекеменің директоры Донбаев Серік Дәлібайұлы бірнеше жылдардан бері басқарып келеді. Ол біршама игілікті істерді атқаруда жауапкершілікпен қарау міндетін қарамағындағы жұмысшыларына үнемі жүктеп отырады. Мұғалімдер отбасында дүниеге келген Серік Дәлібайұлы өз компаниясын басқаруда мындай жайттарды әркез есте ұстайды: жауапкершілік, табандылық және мақсатқа бейімділік. Осы қасиеттері арқылы бүгіндері білдей бір мекемені алға сүйреп, ілгері жылжытуды ғана көздейді.

Ол 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» және 2005 жылы «Қазақстан Конститу-циясына 10 жыл» төсбелгілерімен, сонымен қатар, Алматы қалалық Спорт Федерациясының дипломдарымен және төсбелгілерімен марапатталған. Арнайы Елбасымыздың алғыс хатын да алған.

Біз іс-сапар барысында «Нұр Отан» ХДП-ң Қарасай ауданы филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «Дәулет Серпін 603» ЖШС-нің директоры, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Донбаев Серік Дәлібайұлымен кездесіп, сұхбат жүргізген болатынбыз.

Серік Дәлібайұлы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді талқыға салып жүрсіз?

Бірнеше рет Алматы Қарасай аудандық мәслихатының депутаты қызметінде жүрдім. Ал былтырдан бері «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты болып келемін. Халықты алаңдататын әлеуметтік сұрақтар бойынша жұмыс жасау басты міндеттерімнің бірі болып табылады. Мәселен, бюджет саласының қызметкерлерінің жалақыларын өсіру мәселелерімен шұғылданып келемін. Әрі де осы мәселені бір жүйеге келтіру үшін тынымсыз жұмыс жасамақпын. Құрылыс саласында жұмыс жасайтын болғандықтан балабақшалар мен мектептер, ауруханалар, несиеге берілетін

үйлерді салу жүйесін ретке келтіруде үлесімді қостым. Жастар саясатына араласып, соғыс ардагерлеріне, мүгедек жандар мен әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларына, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындарға үнемі қолдау беріп жүремін. Былтырғы жылғы мәліметті келтіре кетейін, мәслихатқа сексеннен аса түскен өтініш пен арыз-шағым қабылданып, белгіленген мерзімде жауап қайтарылды. Ал менің қарамағымдағы Қарасай ауданынан отыздан аса өтініш түсіп, оларға үш миллионнан аса қаржы аударылды. Соның ішінде жастармен бірге жүргізілетін жұмыстарға көп көңіл бөлінді. Қарасай ауданы бойынша «Нұр Отан» ХДП Қарасай аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы ретінде аудан әкімдерімен,

депутаттарымен, аудандағы мемлекеттік органдардың басшыларымен бірігіп, жұмыс жасап келемін. Депутат ретінде қоғамдық-саяси шараларға және қайырымдылық акцияларына да қатысып тұрамын.

Тағы бір ерекше назар ауда-ратыным – ауылдың дамуына ат салысу. Әсіресе, ауыз сумен қамтамасыз етіп, топтық су құбырлары мен көлік жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналыстым. Сондай-ақ, электр қуатымен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелерін шештім. Ауыл спортын дамыту мақсатында спорт нысандары мен сауықтыру орталықтарының ашылуына көп мән беремін. 2011 жылы Қарасай ауданында стадион салдық. Аталмыш стадионды саларда жетпеген қаржыны кейін өз қалтамнан төлеуге тура келді. Осы стадионда футболдық

Page 48: №8 журнал 2013г-на сайт

48

жарыстар жиі өткізіліп, аудандық жастар және ересектер командасы болып, екіге бөлініп ойнайды. Қарасай ауданындағы футбол командасының біршама жетістікке жеткенін көріп, ауылдың спорты біршама көтеріліп келеді деген ойдамын. Он чемпионаттың осы футбол командаларынан шыққанын мақтанышпен айтып жеткізе аламын. Жыл сайын республикалық және облыстық деңгейдегі чемпионаттарға қатысып келеді. Сондай-ақ, жылдың аяқталуына да орай футболдық жарыстар қайта-дан ұйымдастырылып, жүлделі орындарға медальдар мен сыйлықтар табыс етіледі. Ауыл-дың спортын одан әрі дамыта түсу үшін 400 балаға доп сыйладым. Еліміздің болашағы балаларымыз қазақ спортын дамытсын деген мақсат қой.

Облыстық мәслихат сессия-ларында қандай мәселелерге жіті назар аударылады?

Алматы облыстық мәслихатының барлық сессия отырыстарында көптеген мәселелер қаралады. Мәселен, бюджетке бөлінген қаражаттарды неғұрылым өлшемді етіп, қалыптастыруға депутаттардың ықпалы маңызды екендігіне баса мән беріледі. Міндеттелген жоспар бойынша маслихаттың рөлін арттыру үшін халық қалаулыларының депутаттық

өкілеттілігінде жауапкершілікке аса мән беріледі. Ал депутаттар өз өкілеттігін іске асырудың маңыздылығын қарастыруда өз округіне сайланған жұмыс орнының ішкі тәртіптерін қадағалап отырады. Сөйтіп олар сайлаушыларының толғантып жүрген мәселелерін уақытымен жүйелі түрде шешіп береді.

Елбасының соңғы Жолдауына қатысты депутаттық сараптамаңыз қандай?

2030 бағдарламасын аяқтап, енді 2050 стратегиялық жоспарға енеміз деп отырмыз. Бұйыртса ол мақсатымызға да жетеміз. Елбасының саясаты мығым, бірақ командасы белсенділік танытуға құштар емес екендіктерін кейде байқатып қояды. Сол себептен, кадр саясатына басты назар аударылып, әсіресе оқу бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасуы дұрыс жолға бағытталса деймін. Әрі оларға үй беру мәселесінің тиімді тұстарын қарастыруымыз керек. Маған колледж, институт және университет бітірген жас мамандар жұмысқа орналасу өтініштерімен жиі келіп жатады. Екі-үш жылдан бері бір оқу орнымен келісім-шартқа отырдым. Жұмыс іздеп келген және өндірістік тәжірибеден өткісі келетін жастарды сол мекемемен бірлесе отырып шешемін.

Қоғамдағы жастардың белсенділігіне көңіліңіз тола ма? Оларға шектен тыс тыйым салатындарға қандай ой тастар едіңіз?

Көңілім толады, ойлары ширақ. Бізге қарағанда олар басқа заманда өмір сүріп жатыр. Маған жастардың ұнайтын қасиеттері бұрынғыдай ішімдікке және темекі түтініне әуестігі азайған. Осы мәселені жастар саясатының қолданысына қарай енгізу керек сияқты. Демек тәрбиенің отбасынан басталғандығын осыдан-ақ байқай берейік. Сәл жұмысты қиынсынып жалқаулыққа бой алдыратындарға білімнің қажеттілігін оқу орнында жақсылап түсіндіріп жіберсек, олардан да еліміздің белсенді азаматтары өсіп шығады. Кеңес Үкіметі тұсында құрғақ Заң деген болған. Мысалы, ішімдікті сату белгіленген уақыт бойынша ғана сатылды. Бірақ, бұл дұрыс саясат емес еді. Себебі, адам қанша жерден тыйым салған нәрсеге керісінше бой алдырып тұрады. Менің ойымша шектен тыс тыйым салу жақсылыққа апара бермейді. Сатылым нарығына ащы судың шыққанында тұрған ештеңе жоқ. Осы арқылы мемлекетіміздің дамығандығын көрсете аламыз. Сол бір ащы бәлені ішіп, жастарымыз шіли бұзылып кетіп жатқан жоқ қой.

Өзіңіз басқарып отырған «Дәулет Серпін 603» ЖШС-нің бүгінгі таңдағы тыныс тіршілігіне тоқтала кетсеңіз. Мекемеде қандай өзгерістер болып жатыр?

Біздің мемлекетіміз қаншама қиыншылықты бастан өткерсе де, дамудың тұрақты жолын таңдады. Қалалар мен ауылдар күн өткен сайын жаңарып, сыртқы келбеті қазіргі әлемдік стандарттарға сай келуде. Мәселен, қай қаланы алып қарасақ та құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай көптеген құрылыс мекемелері өз қызметтерін ұсынуда. Біздің

Page 49: №8 журнал 2013г-на сайт

49

«Дәулет Серпін 603» құрылыс мекемесі де солардың қатарында, сондай-ақ, әркез жөндеу-құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдарының өндірісі болып табылады. Мекемені нық басқарудың арқасында ұжымның барлық мүшелері ортақ бір бағыттағы мақсатта жұмыс жасай отырып, нәтижесінде нақты жетістіктерге жетіп, дамудың жаңа серпінін алып келді. 2003 және 2012 жылдар аралығында оннан аса ең ірі нысандар салынып, тапсырылымға жіберілді. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданына су құбырын тарту үшін жеті жыл тынбай еңбек еттік. Құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша: «Жаңа Турген магистралды су құбырына», «Қаракемер ауылындағы мешітке», «Мектеп ғимараты спорт залына», «Бес қабатты және тоғыз қабатты тұрғын-үйлерге», «Қаскелең қаласындағы жаңа көпірге», «Қаскелең қаласындағы стадионға» және тағы да басқа бірқатар нысандарға құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Мекеме бірнеше жылдар арасында еңбек етіп келе жатқанымен, аздаған уақыттың ішінде жүктелген міндеттемелерді ең жоғарғы көрсеткіште орындай алатынын, сонымен қатар өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде көрсетіп келеді. Бұл жағдайда компаниямызға түскен тапсырыстар легінен байқауға болады. Мекемеде құрылысты-дәнекерлеу жұмыстары қолға алынып, инженер-техник

мамандары мен құрылыс бригадалары өз істерін тиянақты атқаруда. Құрылысқа қажетті машиналар мен механикалық құрылғылар қажетінше берілген. Онда білікті инженерлер мен техника мамандары жұмыс жасайды. «Дәулет Серпін 603» құрылыс мекемесі 1968 жылы құрылды. Мекемеге биыл 45 жыл толып отыр. Онда 130-дан аса адам жұмыс жасайды.

Болашаққа нені жоспарлап

отырсыз?Биыл құрылыс жұмыстарын

жүргізу бойынша біраз нысандарды алсам деймін. Облысты дамытуда агроөнеркәсіп салаларына көңіл бөлінсе, себебі көрсетілетін көмектер уақытылы берілмей қалып жатады. Нақты осы салада жұмыс істеп жатқан адамдарға жіті назар аударылғанын қалар едім және осы бағытта жұмыс жасауды қолға алып жүрмекпін.

Қарапайым болуыңыздың сыры неде?

Ата-анамнан алған тәрбиемнің әсерінен болар. Әкем балалар үйінде тәрбиеленген. Ол кісіге сабақ берген мұғалімдер мені көргенде әкемнің өте зерек әрі алғыр болғанын үнемі айтып жүреді. Анам да ақылды жандардың бірі. Лауазымды дәрежеге жетуіме анамның тәрбиесі тікелей әсер етті. Көзін көрген адамдар мені анама қатты ұқсатады және «Сенің ақылдылығың анаңа ұқсайды»

дейді.

Өзіңіз жайлы шағын мәлімет бере кетсеңіз.

Мен 1959 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданында дүниеге келгенмін. 1976 жылы Жамбыл атындағы орта мектептік білімімді бітірісімен, Алматы қалалық құрылыс техникумына оқуға түстім. Әскери борышымды өтеп келгеннен кейін, Алматы қалалық құрылыс техникумын бітіріп, «КазАвтоТрансстрой» трестіне бөлім маманы болып тағайындалдым. Сосын Алматы қалалық сәулет және құрылыс институтына оқуға түсіп, инженер-құрылысшы-технолог мамандығы бойынша білім алып шықтым. 1991 жылдан бастап «Дәулет-Серпін 603» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келемін. Екі баланың әкесімін.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

«Тәуелсіздік» ұғымының тарихын тереңнен қозғар болсақ, Елбасының саясатын дұрыс қолданысқа енгізіп, қазақ елінің қаншалықты ұзаққа шабатынын байқай беруге болады. Біз ең алдымен осы Тәуелсіздігіміздің нәтижелерін көрсетуіміз қажет, ал халық оны сезінулері тиіс. Оған біздің әлеуетіміз бен мүмкіндігіміз жетеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанӘсем Сағиқызы

Page 50: №8 журнал 2013г-на сайт

50

ЖЕТІСУ ДҮЛДҮЛДЕРІЖер жаннаты Жетісу еліміздің киелі де қасиетті алтын бесігі. Бұл аймақтың

тарихы тамаша аңыздар мен хикаяларға толы. Бүгінгі жетістіктері де жетерлік. Жетісу тарихи-мәдени, ғылыми ескертіштерге, Жетісу мен Қазақстанның тарихында өшпес із қалдырған танымал тұлғаларға бай. Міне, осы өңірден шыққан бірқатар өнер иелері жайында сіздерге мәлімет ұсынбақпыз.

Сүйінбай Аронұлы ( 1827-1896) - Шапырашты руынан шыққан лирик әрі суырып салма ақын. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданында туып өскен. Жыршының шығармашылығының қалыптасуына өзінің ақындық дарынымен және орындаушылық шеберлігімен әйгілі атасы Күсеп пен әкесі Аронның ықпалы болған. Іле алатауының көркем шатқалында, Қаракестек ауылының маңында ұлы ақынның кесенесі орналасқан.

Үмбетәлі Кәрібаев - 1889 жылы Жетісу облысы, Жамбыл ауданының, Шолақ Қорғалы (қазір Үмбетәлі ауылы) ауылында дүниеге келген. Жергілікті молдадан сауат ашқан. Оның көптеген шығармалары қазақ халқының ғасырлық дәстүрлері мен қарапайым адамдардың күнделікті тұрмысына арналған. Үмбетәлі Кәрібаевты өз заманының шежірешісі деп атауға толық негіз бар.

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) – белгілі қазақ дирижері, сазгер, күйші. КСРО халық әртісі және «Халық қаһарманы» атағын иеленген. Ол Алматы облысы, Іле ауданының, Шилі кемер ауылында дүниеге келді. Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптары мемлекеттік академиялық оркестрінің бас дирижері қызметін атқарды. Бес жүзден астам шығарма жазды. Нұрғиса Тілендиев Жамбыл ауданында, ақын Жамбыл Жабаевтың мазарының қасында жерленген.

Әбілхан Қастеев (1904-1973) – Алматы облысына қарасты Жаркент қаласына жақын жердегі Шежін ауылында дүниеге келген. Басқа суретшілер сияқты, ол да сурет салуды өз бетімен үйренген. Әбілхан Қастеев акварельмен және майлы бояумен мыңнан аса шығарма жазған. Оның жұмыстары Мемлекеттік Третьяков галереясына, Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік мұражайына, Мәскеудегі Ленин орденді КСРО Революциясы Орталық мұражайына, Қазақстан өнерінің мемлекеттік мұражайына қойылған.

Сара Тастанбекқызы – ұлы қазақ ақын қызы әрі айтыс өнерінің майталман шебері. XIX-XX ғасырлырдың тоғысында ол өзінің поэтикалық туындыларында қазақ әйелдерінің теңдігі мен тәуелсіздігін жырлаған. Оны еркіндіктің алғашқы қарлығашы, «даланың бозторғайы» және феодалдық, әйелдердің тәлімгері ретінде санайды.

Мұқағали Мақатаев (1931-1976) – XX ғасыр поэзиясының ұлы да көрнекті өкілдерінің бірі. Оның әлемдік қазына қоймасына енетін өлеңдері мен поэмалары туған Қазақстаннан тысқары жерлерге де кеңінен белгілі. Қазақ ұлттық лирикасының ең жақсы қырларын анықтайтын Мұқағалидың поэтикалық образдар әлемі ерекше әрі қайталанбас болып келеді.

Тұманбай Молдағалиев – 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Казатком» ұжымшарында дүниеге келген. 40-қа жуық поэзиялық кітаптардың авторы. «Парасат», I дәрежелі «Достық» ордендерімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңестің төсбелгісімен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Бүкіл түркі әлем жазушыларының халықаралық Физули атындағы сыйлығының лауреаты.

Page 51: №8 журнал 2013г-на сайт

51

Әбділманов Болат Мәзімбайұлы – 1960 жылы 12 қарашада Алматы облысы, Ақсу ауданы «Қаракөз» кеңшарында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік театр-көркем институтының актерлік факультетін бітірген. Болат Мәзімбайұлы театр мен кино өнерін қатар алып жүрген майталман актер. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» төсбелгісімен марапатталған және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Өтеуілов Нұркен Әшімханұлы – 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шошанай ауылында туылған. Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. 1988 жылдан бері Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актеры.

Бахаров Ділмұрат Нұрмахаметұлы – 1975 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысының Панфилов қаласында туылған. П.И Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің халық аспаптары факультетін оркестр мамандығы бойынша бітірген. Қосымша компазитор мен экономист мамандығын игерген. 100-ден астам эстрада жанрындағы әндердің, 20-ға жуық инструменталдық шығарманың (домбыраға, скрипкаға, қобызға арналған), симфониялық оркестрге, ішекті квартетке арналған шығармалардың, сондай-ақ «Шығысқа», «Шарасыз ұры болғандар немесе сандықта не жатыр» фильмдері музыкасының және т.б. туындылардың авторы.

Дәулетбанова Майра Тұрлыбекқызы – 1964 жылы 28 сәуірде Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының музыкалық комедия факультетін бітірген. Музыкалық комедия театырының актрисасы, эстрада әртісі.

Құдайбергенова Фарида Досанқызы – 1963 жылы 5 ақпанда Алматы облысы, Қапал-Арасан ауылында туылған. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педогогикалық институтының музыка факультетін бітірген. Мамандығы музыкант, ән-күй мұғалімі. Еңбек жолын Талдықорған облыстық филормониясының вокалисі қызметінен бастаған. 2009 жылдан бастап «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің әншісі. «На хвылях свитязя» халықаралық конкурсының лауреаты.

Нұрғали Нүсіпжан – 1937 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы, Керібұлақ ауданының Долақалы аулында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін бітірген. Мамандығы солист-вокалисі, ән оқытушысы. «Өз елім» кітабының, сондай-ақ, бірқатар мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Тыныштығұлова Сара Өрдембайқызы – 1942 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Қаратал ауданында туылған. Бүкілресейлік эстрада өнерінің шығармашылық шеберханасын бітірген. Мамндығы солист-вокалшы. Қосымша филология, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын игерген. Алматы облысының және Вьетнам мемлекеті Хо-Ши-Мин қаласының құрметті азаматы. Көптеген республикалық конкурстардың лауреаты.

Айсұлу Сағынтаева

Page 52: №8 журнал 2013г-на сайт

52

«АУЫЛ ЖАСТАРЫН АТА КӘСІПКЕ ТАРТУ КЕРЕК»

Жер жаннаты Жетісу жерінің табиғаты талайды тамсан-дыруда. Соның ішінде Алакөл көлі қасиеттілігі және шипалығымен танымал. Жергілікті халқы да қарапайым және еңбекқор. Облыс мәслихатының депутаты Нүсіпов Қанатхан Тоқтаубекұлы осы киелі Алакөл ауданының атынан сайлаған халық қа-лаулысы. Халыққа қызмет жо-лында жауапкершілігі және жанашырлығымен абыройын арт-тыра алған азамат 2009 жылы Елбасының қолынан «Парыз 2009» номинациясы бойынша дипломант атағын алып, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Құрмет граммотасымен» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгілерімен марапатталған.

Қанатхан Тоқтаубекұлы, әңгіменің төркінін депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз. Осы тұрғыда өзіңізге жүктелген міндеттемелер қандай екенін айта кетсеңіз?

Сенімін артып, өсиетін арқалап сайлаған халықтың қалаулысы болғандықтан елдің мұң-мұқтажын тыңдап, тұрмыс-тіршілігіне көңіл бөлу халыққа қызмет ету алдындағы тікелей міндетіміз. Алматы облысы,

Алакөл ауданынан мәслихат депутаттығына екінші мәрте сайланып отырмын. Қоғамның тынысы қай уақытта да өткені мен бүгінгісіне сараптама жасатады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері көптеген қиыншылықтарды еңсере білдік. Қазірде еліміздің іргесі нығайып, шаңырағы биіктеп, тұғыры жоғарылады. Оған әрбір ел азаматы өз үлесін қосып отыр деп есептеймін. Халық қалаулысы ретінде күш-жігерімізді ел мүд-

десі үшін жұмсап, ынтамызды салуға дайын екенімді халық алдында айта аламын. Алматы облысында Елбасымыздың туып өскені - халқы үшін мақтаныш. Сұлулығы тамсандырған жер жаннаты Жетісу өңірі ең ірі, халқының саны жағынан да көп, экономикалық тұрғыда нығайған облыстардың бірі. Ол тізгінін тартқан тиянақты істер жемісі деп білемін. Халық болашақты кемелдендіруге ынтасын салуда.

2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін атқарып келе жатқан депутаттық қызметінде халық күн көрісін жақсарту тарапынан қолға алынған істері біршама өзігерістер әкелген екен. Оның пікірінше, ауыл жастарын ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтар бойынша ата кәсіпке тарту - өңір тынысын аша түседі.

Біздің редакция арнайы іс-сапар барысында «Нүсипов ИК» ЖШС директоры Нүсіпов Қанатхан Тоқтаубекұлымен сұхбаттасқан еді. Енді соны назарларыңызға ұсынбақпыз.

Page 53: №8 журнал 2013г-на сайт

53

Тұрғындар тарапынан жолданған сауалдарда көтерілген мәселелер оңды шешімін тауып келеді. Болашақта да оңтайлы өзгерістер көп боларына сенім бар.

Бүгінгі таңда Алматы

облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз? Өз ауданыңызда көтерген мәселелеріңіз бойынша орын алған өзгерістер болды ма?

Өткен шақырылымда да, кейінгісінде де міндетім аясында ел ішіндегі келеңсіз кейбір жағдайлар төңірегінде депутаттық сауалдар жолдадым. Соның бірі, аудандағы туберкулезді емдейтін аурухананың мүшкіл жағдайынан туындады. Аурухана тазалығы дұрыс болып, жататын орындардың ыңғайлы болсын деген бағытта көтерілген мәселе депутаттық сауалға негізделді. Ол бірінші сессияда облыстың әкіміне жолданып (облыс әкімі Үмбетов С.Ә кезінде), ауруханаға 15 миллион теңге ақша бөлінді. Кейінгі жылдары аудандағы Ақши елді-мекеніндегі орта мектеп жағдайының мәселесі көтерілді. Мектепте спорт және акт залы, тарих, биология, математика сыныптары болмады. Облыс әкіміне жолданған бұл сауал да оңтайлы шешімге ие болды. Осы мәселе бойынша 2011 жылы соңғы

сессияда облыстық бюджеттен 312 миллион теңге ақша бөлінді. Мектеп құрылысы осы 2013 жылы аяқталғалы отыр. Елдің қуанышына, балалардың игілігіне қызмет етеді деген сенімдеміз. Сондай-ақ, халық тарапынан біршама мәселелер көтерілді. Соның бірі ауыз су тұрғындардың көбісін алаңдатып отыр. Бұл сауал тұрақты комиссия отырысында да көтерілді, жалпы айтылмай келе жатқан тақырып емес. Бұл төңіректегі жоба жұмыстарына қаржы бөлінді, жұмыстар жасалынуда. Жаңағы айтып өткен жаңа мектептің ашылуымен қатарласа толықтай ол да өз межесіне жетеді. Ал енді өңірдегі өнідіріс тұрғысынан мәселелерге тоқталсақ, қасиетті Алакөл көлінде кеңес заманында Алакөл балық комбинаты жұмыс жасады. Көлден 5000 тоннаға дейін балық ауланатын. Бүгінгі таңда балықты аулау, оны өсіру, өндіру мәселесі кішкене төмендеп тұр. Сол төңіректе бүгінгі таңда жұмыстар қолға алынуда. Бірашама депутаттарға сауал жолданды. Себебі балық та экономиканы арттырудың бір көзі, ел үшін тағам, тамақ екені анық. Бұл тұстағы басты мақсат - балықты көбейту, қорғау мәселесіне күш салу.

Біздің аудан шалғайда болса да халқы белсенді, өте еңбекқор. Аудан аумағынан Қытай еліне

мұнай құбыры өтіп жатыр, Алматы-Үрімші бағыты бойынша теміржол жүруде. Халықты тұрғын үймен қамту мәселесі тарапынан ауданда екі жылдың ішінде жүз пәтерлі үй салынды. Үстіміздегі жылы тағы да бірнеше үй және балабақша халық тұтынуына берілмек. Аудандағы жиындарда жүзеге асырылмай жатқан істерді аудан әкімшілігімен бірлесіп, облыстық сессияда көтеріп келеміз.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сол арқылы ел экономикасын ілгерілету бағытында тыныс-тіршілік неден басталу керек деп ойлайсыз?

Мен ауыл шаруашылығымен ұзақ жыл бойы айналысып келемін. Бастапқыда 1998-2001 жылдары өте ауыр болды. Тапшылықтың салдарынан «бас ауырып, балтыр сыздады». Соның ішінде ақшаның да болмауы, жанар-жағармайдың жетіспеушілігі орын алды. Бірақ, оның барлығы уақытша нәрсе екен. Кезінде бүкіл Одаққа әйгілі болған біздің аудан қант қызылшасын өсірумен айналысқан. Алайда 90-жылдары өндіріс тоқтатылды. Сол өндіріс тоқыраған жылдарда бір күні «Огни Алатау» облыстық газетті оқып отырсам, Алматы қаласында «Вита» АҚ-ы шаруа қожалықтарына үндеу жасап, мақала жариялапты. «Біз соя салушыларды шақырамыз. Соя өсіремін деуші шаруа қожалықтарына тұқымын береміз, жанар-жағармай және қажет көлемде ақша беріледі. Соя өсіріліп, өнім алынғанда жақсы бағамен сатып аламыз» деп жазылған. Содан мен Алматыға барып, сол фирмамен келісім-шартқа отырып, қарызға 7 жарым тонна тұқым әкелдім. Бұл 2001 жыл еді. «Жигули» автокөлігімді кепілге қойдым. Сол жылы мен 50 гектарға соя дақылын салдым. Күш-жігерді сарп ете отырып, намысыма

Page 54: №8 журнал 2013г-на сайт

54

тырыса осы кәсіпті алға тарттым. Өндірген тұқымды «Вита» АҚ-ға сатып, оны қайта өзіме хат жазу жолымен қайтара келе, келесі жылы шаруа қожалықтарына, ауыл аймақтарға соя өсіруді үгіттедім. Келесі жылы ауданда 1600 гектар, үшінші жылы 3800 гектар жерде өнім өндірілді. Алакөл ауданында былтыр 15000 гектарға соя дақылы егілсе, биыл 17-18 мың гектарға еккелі отырмыз. Аудан халқы бұл кәсіппен мол өнім алып отыр. Өңірде жалғыз ғана соя емес, жүгері, көкеніс, бидай дақылдары да өсіріліп отыр. Істі ілгерілетуде табандылық пен тиянақтылық керек деп есептеймін.

Жастарды осы тұрғыда еңбекке баулу қажет. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асу аясында жас дәрігерлер, мұғалімдер де ауыл-аймақтарға барып жатыр. Алайда, ауыл шаруашылығына мамандар аз. Мысалы: агроном, бухгалтер, экономист, инженер, мал дәрігері, зоотехник жетіспейді. Сол себепті жастарды ауыл шаруашылығына ынталандырсақ жөн болар.

Сізді ел ағасы ретінде қоғамда қандай мәселелер жиі алаңдатып жүр?

Жаңа қоғамға сай халық күнкөрістің не екенін түсінді. Елімізде жер, су болсын, қазба байлықтарын да үнемдеп ұстау дәрежесі биік болса деймін.

Экологияны сақтау да басты мәселе. Мысалы, Алакөл ауданы туризмге ыңғайлы. Бүгінде көлдің айналасында жерлер сатылып, үйлер салынып жатыр. Бір байқайтыным, біз оны аялай білмейміз. Көлдің жағасын ластандырамыз. Дұрыс қарамаймыз. Осы мәселені өз басым әрқашан ауылда өтетін жиындарда, сол жақтағы ауылдарға барғанда да айтамын. Арнайы тазалау мекемелері құрылса, олар тазалығын қолға алса деген пікір бар. Сондай-ақ, адамдар табиғатты аялауды жоғары қойса деймін.

Ата анаңыз жайлы не айтқыңыз келер еді? Өміріңізге сәл тоқталсаңыз.

Мен 1952 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Еңбекші деген ауылда дүниеге келдім. Әкем 45 жыл мұғалім болып еңбек етті. Әкелік тәрбиесін беріп, өмір тораптарында ақылымен бағыттай алған менің өмірлік ұстазым. Ол кісі қазір бар. Анам 2000 жылы дүние салды. Жағамызды кірлетпей, мейірімімен бізге ақ батасын беріп кеткен адам. Мен Алматы қаласындағы Абай атындағы мұғалімдер институтының тарих факультетін бітірдім. Өкінішке орай, мұғалім болып жұмыс істей алмадым. Комсомол комитетінің, «Алакөл» малын бордақылау кеңшарының

хатшысы, аудандық партия меңгерушісі болдым. Кейіннен аудандық атқару комитетінің төрағасы орынбасары болдым. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін бизнеспен айналысып кеттім. Қазірде «Нүсипов ИК» ЖШС директорымын.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Сізге үлкен бір кісінің менің сауалыма берген жауабын айтайын. Өмірдегі бір сәт. Мен басқа бір ұлттың, басқа мемлекеттің адамымен жолығып, сөйлесе келе, ол «Қай жерденсіз?» деді. «Қазақстаннанмын» дегенімде, «бақытты екенсіздер» деп жауап қайтты. Оның себебін сұрағанымда «сіздердің өздеріңіздің жерлеріңіз, суларыңыз, аспандарыңыз бар, еркіндіктеріңіз бар, осы ғой бақыт деген» деді. Шындығында солай, біз бақыттымыз. Тәуелсіздік деген осы еркіндік. Тәуелсіздіктің ақ таңын осы деп танимын. Сондықтан, менің тілегім Тәуелсіздіктің арайлаған ақ таңы бізге әрқашан шапағатымен, нұрымен жарқырай берсін, береке мен ырысымыз арта берсін!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Қабдолдақызы

Page 55: №8 журнал 2013г-на сайт

55

БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ НҰРЛЫ

Қазақстанда қай саланы алатын болсақ та дамуы жағынан жаңылыспайтынымыз хақ. Себебі, әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар, Елбасы Жолдаулары, ірі жобалар күн сайын сарапталып, іске асыру мақсатымен жүргізіліп отыр. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жұмысы мен талаптары кәсіпкер қауымға қол ұшын беріп отырғаны да көзге көрініп тұр. Оның ішінде мал шаруашылығы да назардан тыс қалған жоқ. Бүгінде ата кәсіппен айналысатын шаруа қожалықтарына көп көңіл бөлініп келеді. Бұл туралы сол кәсіпкер азаматтардың өздері баршаға мәлім етті. Демек көңіл толарлық жұмыстар атқарылып жатыр деген сөз. Өз кезегінде журналымызға жалпы елдің дамуы мен жаңа серпілістері туралы Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жүнісбаев Жарқын Жазылбайұлы ойын білдірген еді. Аталған сұхбатты назарларыңызға ұсынбақпыз.

Page 56: №8 журнал 2013г-на сайт

56

Жарқын Жазылбайұлы, бүгінгі таңда депутат ретінде қандай жұмыстар атқарып отырсыз?

Біз көп балалы отбасында туып-өстік. Сондықтан ата-анамыздың берген тәрбиесімен тек қарабастың қамын ғана емес, көпшіліктің де жағдайын ойлап жүру депутаттықтан бөлек парызымыз деп білемін. Мен Шелек ауылындағы мектептердің салынуына, жөнделуіне ат салысып жатырмын. Ескі автобазаның мекемесінде оқып жатқан мектепті ауыстыру біздің бүгінгі мақсатымыз. Депутат ретінде де, кәсіпкер ретінде де халыққа қол ұшын беріп жүреміз. Жол жөндеу мәселесі де күн тәртібінде тұр.

Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан қолдау турасында өз ойыңызды айта отырсаңыз...

Бұл жерде бір қарапайым әрі нақты мысал келтіре кетсем. Шағын және орта кәсіптің дамуына біздің елде барлық мүмкіндік жасалып қойған. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын әр кәсіпкер қаржы полициясы келсе, сескеніп қаптаған қағаз бастылық тексерістен қорқа бастаушы еді. Ал қазір керісінше, қаржы полициясының өкілдері келеді де кәсіпкердің жағдайын сұрап, кәсіпкерді ешкімнің бей-берекет мазалауына жол бермейді. Міне, дамыды деген осы. Оның үстіне Елбасының «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында зор көмек көрсетілуде. Мұның барлығын ескеріп, одан әрі дұрыс жұмыс істеуге тырысу керек деп ойлаймын. Қарапайым ғана бір мысал. Бір қойшының үйіне жиырма екі адам болып қонаққа бардық. Солардың он үші өзінің жекеменшік көлігімен жетті. Бұл жетістік емей немене?! Қазір ШҚ-да қойды мотоциклмен бағып жүр. Жайлаудан көшетін бір көлігі, бір жеңіл көлігі тағы бар.

Қазақта сөз бар ғой «Қойға мінетін аты басқа, тойға мінетін аты басқа» деген. Бұл да сол сияқты. Демек адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігі де жағдайы да бар.

Жарқын Жазылбайұлы, Шелек ауылындағы спорт саласының дамуына тоқтала кетсеңіз. Көңіліңіз тола ма?

Шелек өңірінде спорт қарқынды дамып жатыр деп айта алмаймыз. Әрине мектептерде сабақтар, курстар өткізіледі. Бірақ, биыл ғана жаңадан спорт мектебі салынып жатыр. Күрестен ғана бір спорт мектебі бар. Енді сәуір-мамыр айларында Абай атындағы орта мектепте бокстан ринг алып беріп, былғары қолғап үйірмесін ашып, балаларға ұйымдастырып берсек деп отырмыз. Спорт саласының дамуы да ел болашығының негізгі тетіктерінің бірі ғой. Сондықтан бұл мәселеге салғырт қарамауға тиіспіз.

Бүгінгі әлеуметтік мәселелерге деген ойыңыз қандай? Мысалы басты көкейкесті мәселе баспаналы болу...

Әрине. Үй алу, кезекке тұру, ипотекалық несиеге отыру барлығы өте қиын үрдіс. Бұл көп қаржыны, күш-жігерді талап етеді. Қалаларымыз күннен-күнге адамға толып жатыр. Жастардың дені алып шаһарларымызға келуде. Ол Алматы, Астана сияқты қалалар. Нарықтық заманға байланысты пәтер бағасы қымбат. Менің ойымша бұл басты мәселе. Дамыған мемлекетте баспана мәселесі қашанда өзекті. Себебі, тірлігі тұрақты, дамуы тез елде баспана әрқашан жоғары сұраныста болады. Ал біздің Шелек ауылына келетін болсам, отыз тұрғын үй салынайын деп жатыр. Болашақта жас отбасылар және басқа адамдар сол шаңырақтың игілігін көреді деген ойдамыз.

Сізді қоғамда жастар мәселесі қай жағынан алаңдатып жүр?

Кезінде бізді бір идео-логияның астарында тәрбиеледі. Оның дұрыс тұстары көп әрине. Ал қазір біздің елімізде жастар саясатына өте үлкен көңіл бөлініп отыр. Елбасы өзі жастардың дұрыс бағытта тәрбиеленіп, білім алуына баса назар аударуда. Қазір жастарға деген сұраныс көп. Мамандық алам десе де, кәсіпкерлікпен айналысам десе де тағы басқа дегендей. Сондықтан осындай жас мемлекетте жастардың елмен қатар өсуі шарт. Сонда біздің болашағымыз жарқын, ертеңіміз елеңсіз болады.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде?

Өте орынды сұрақ. Мен Сіздерге бір мысалмен жауап берейін. 1980 жылдары жазушы Әзілхан Нұршайықовтың Болгарияға барып, сол кездегі аты шыққан көріпкел «Бабка Ванга» атты әйелге жолығудың сәті түсіпті. Сол кезде Әзілхан ағамыздың айтқаны бар: «Мен өз тағдырымды білемін, маған халқымның тағдырын айт» деген екен. Сонда көріпкел әйел: «Сенің елін кең байтақ қазақ жері. Халқы көп қиыншылықты басынан өткерген. Бірақ, аздаған уақыт өткен соң бір билеуші орнына келіп, қасиетті ыдыс қайтарылады. Сол кезде сенің елің шөл далада өскен раушандай гүлдене жөнеледі» деген екен. Шын мәнісінде арада он жыл өтті. Дәл осылай болғанын, болып жатқанын біз бүгін көріп отырмыз. Менің ойымша еліміздің егемендігі, Тәуелсіздігі әрі жалғаса берсе керемет жетістіктерге жете аламыз. Тәуелсіздік біздің өміріміздегі ең құнды, ең қасиетті, ең құдіретті түсінік.

Әңгімеңізге рахмет!

Мөлдір Құрман

Page 57: №8 журнал 2013г-на сайт

57

Page 58: №8 журнал 2013г-на сайт

58

Қалмұхамет Донсебаев

Page 59: №8 журнал 2013г-на сайт

59

ҒҰМЫРЫ БҰЛТПЕН БАҚТАЛАС Кезінде бір философ: «Өмірде құлай білген адам емес, құлап барып көтерілген

адам мықты деген» екен. Бұл өмір шындығы. Бүгінгі нарық заманында да осы қағида үздіксіз дәлелденіп келеді. Мәселен, көз алдымызға Тәуелсіздікті енді алған 1991-1994 жылдарды келтіретін болсақ, заман қандай болған еді?! Бұғанасы бекімеген, қорғаны жоқ жас мемлекет енді-енді тәй-тәйлай бастады. Міне, сол кезде нағыз құлдыраулар мен жеңістер орын алды. Сол кезде біздің отандық авиация да әлсіз еді. Соның бірі Талдықорған әуежайы болатын. Сұхбатымыздың негізгі тақырыбы да осы салаға арналмақ. Біз бұл жерде Талдықорған авиациясына отыз жылдан астам еңбек етіп, қанатын бірде-бір қисайтпаған құрметті ұшқыштарымыздың бірі «Жетысу» авиакомпаниясының президенті, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Донсебаев Қалмұхамет Жағыпарұлымен болған әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.

Қалмұхамет Жағыпарұлы, өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Ұшқыш болу бала арманыңыз болды ма?

Алматы облысы, Үштөбе қаласында туып-өскенмін. 1974-1977 жылдар аралығында Саратов авиациялық училищесін бітіріп, ұшқыш мамандығын алдым. 1986 жылы азаматтық авиация Академиясында командалық басқару құрамының дайындық курстарынан өттім. Бұдан бөлек заңгер-құқықтанушы мамандықтарын да меңгердім. Училищені бітірген соң, алғашқы еңбек жолымды 1977 жылы Талдықорған қаласында АН-2 ұшағында екінші ұшқыш болып бастадым. 1981 жылы осы ұшақтың командирі етіп бекітті. Солай тәжірибе жинақтап, І-ші санаттағы пилот дәрежесіне дейін жеттім. Жалпы есептегенде аспанда 10 000 ұшу сағатым бар. 1994 жылы «Талдықорған Авиа» АҚ директорының орынбасары болып, ал 1995 жылдан «Жетысу» Авиакомпаниясының президенті қызметінде жұмыс атқарып жатырмын. Ұшқыш болсам деп бала кезімнен армандап едім. Мақсатыма жеткенімді алғаш рет аспанға көтерілгенде сезінген болатынмын. Училищеде оқып жүрген кезде жанымызда нұсқаушы отырып, штурвалға үйрететін. Сол кездегі ұшқан сәтім әлі күнге кешегідей көз алдымда. Кішкентайымда

қолымды екі жаққа жайып, құстың қанатындай елестетіп, шіркін аспанға көтірілсем деп қиялға батушы едім. Сол бала арманым орындалып, көк аспанға көтеріліп, өзімді құс сияқты, бір бостандыққа шыққан сияқты сезіндім. Содан бері отыз жылдан астам уақыт өзімнің сүйіп таңдаған мамандығыма үздіксіз қызмет етіп келемін. Шәкірттеріміз, жас ұшқыштарымызға ақыл айтып, өзім де нұсқау беріп отырамын. Арман орындалды деген осы ғой.

«Жетысу» авиакомпа-ниясының жұмысына тоқтала кетсеңіз.

Бұл әуе мекемесі 1998 жылдан бастап «Талдықорған әуежайы» болып жұмыс істеп келді. Тек 2003 жылдан бері «Жетысу» авиокомпаниясы болып өзгертілді. Әуежай қазіргі замандық барлық талаптарға сай. Ескі әуежайдың орнына жаңасы бой көтерді. Ұшақтармыздың барлығы 2010 жылы Минскте толық жөндеуден өткен. Ұшқыштарымыз да өте білікті, жоғары санаттағы мамандар. Компаниямызда төрт ЯК-40 әуе кемелері бар. Олар Талдықорған-Астана-Талдықорған бағыты бойынша 2004 жылдан бері күнделікті рейстер жасап отырады. Ал 2015-2016 жылдары Алматы облыстық әкімшілігінің қаржыландыруымен қазіргі замандық CRJ,AH-148-100, ERJ (EMBRAER) ұшақтарын аламыз

деп жоспарлап отырмыз. Бұл 60-70 орындық әуе кемелерінің құны 30-100 млн. доллардан басталады. Бұл ұшақтарда қызмет көрсететін инженерлік-техникалық құрамды арнайы авиациялық орталықтар да оқытып, біліктіліктерін арттыру қажет. Ұшақтардың түріне байланысты ұшқыштарды Ресей, Литва, АҚШ-қа оқытуға жібереміз. Жердегі қызмет көрсету техникасын алып, іске қосу керек. Бүгінгі таңда оның құны 1 млрд. теңгені құрап отыр. Техниканы және техникалық бөлшектерді сақтайтын бокстар салыну керек. Қорғаныс министрлігінің «Талдықорған» аэродромының инфраструктурасын дамыту жоспарына сәйкес мемлекеттік экспертизаның негізінде әуежайдың ұшу жолдарын түбегейлі жөндеуден өткізу жөнінде жобалық-сметалық құжат дайындалды. Жоба құны 11 млрд. 063 млн. 219 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар жолы нашар алыс елді-мекендерге, Талдықорған – Үшарал және Талдықорған-Панфилов арасында жергілікті әуе линияларын құрып, 16-18 орындық ұшақ рейстерін жасаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Кадрлардың сапасы қандай? Компанияда қанша ұшқыш бар?

Мамандарымыздың сапасы өте жоғары. Компанияда 150 адам еңбек етіп жатыр. Жалпы 14

Page 60: №8 журнал 2013г-на сайт

60

ұшқыш бар. Соның 7-і тәжірибелі, білікті ұшқыштар, қалған 7-і жас мамандар. Бізге жас мамандар азаматтық авиация Академиясын тәмәмдаған соң келеді. Оларды Орынбор қаласында біліктілікті арттыру курстарына үш ай мерзіммен оқуға жібереміз. Жас ұшқыштарымыздың барлығы болашағынан үміт күттіретін мамандар.

Қалмұхамет Жағыпарұлы, Алматы облыстық мәслиха-тының депутаты ретінде қандай жұмыстар атқардыңыз?

Көбіне сайлаушылырымыздың тарапынан түсетін тұрмыстық мәселелер. Тұрғын үй комму-налдық жағынан, жұмысқа орналасу тағы басқалары бар. Сайлаушыларымыздың сұраныстарын қашан да қанағаттындыруға тырысамыз. Бірақ шешімі қиын мәселелер де жоқ емес. Солардың барлығын кезекті сессияда, «Нұр Отан» ХДП-ның отырыстарында ортаға салып, үндеу жасап тұрамыз. Нәтижесі де байқалып келеді. Жалпы өмірде шешімі жоқ мәселе болмайды, тек шешімін табуда күрделі тұстары болады. Сонымен қатар мен футболдың жағдайына да жақсы назар аударылса деймін. Сол үшін де біраз жұмыстар жасалыну керек.

Футбол деп қалдыңыз, жалпы қазақстандық футболға деген көзқарасыңыз қандай?

Қазақстан футбол федерациясы жұмыс істеп жатыр. Бірақ, менің ойымша кемшін тұстары бар. Біздің елде Ресейдің әрекетімен санасады, яғни көрші елдің футболда қолданатын әдістері бізде де жасалынып жатыр. Мәселен, Ресейде бұрын бір командада үш легионер ойыншы болатын, қазір алты шетелдік ойынша доп тебеді. Бізде де сондай. Ал ол легионерлердің жалақасы біздің жігіттердің ақшасынан үш-төрт есе жоғары. Мысалы «Жетісу» командасында жеті легионер ойнап, жоғары төлем алды. Содан біздің өзіміздің ойыншыларымыз ынталанбайды да, өспей қала береді. Демек біздің жастармызға мүмкіндік бермейді. Ол қалай десеңіз?! Ойынның негізгі бөлігін легионерлер ойнайды да, біздің балаларымыздың алдын орайды. Ал ол үшін бір командада үш легионер, қалған ойыншылардың барлығы өзімізден болса футбол дамиды. Себебі, ойынға деген ынта, жеңуге деген жігер пайда болады жастардың бойында. Сол себепті бізде футбол нашар ойналады. Осыған байланысты біздің ойыншыларымызда Қазақстан футболына деген жанашырлық аз дегім келеді. Сонымен қатар басты мәселе бапкерде екені сөзсіз. Қымбат бапкердің қолынан біздің футболшыларымыздың арасынан да мықтысын дайындап шығаруға болады. Мәселенің

мәнісін осыдан бастау керек. Өз ойыншыларымызға жол берген дұрыс. Олардың да арасында таланттылары бар. Бұл Қазақстан футбол федерациясының құлағына алтын сырға болсын.

Қалмұхамет Жағыпарұлы, сізді қоғамда қандай мәселе алаңдатады?

Жастардың бойындағы патриоттық тәрбие мықты болса екен деймін. Әрине заманның ағымына қарай біздің кезімізбен салыстыруға келмейді. Ол кезде идеология күшті еді. Ал бүгінгі таңда түрлі топтар, түрлі қозғалыстар пайда болып, жастар солардың жетегіне кетіп қалып жүр. Жұмыссыз жастар баршылық. Содан олардың бойында нашақорлыққа, ішімдікке әуестік басым. Жастарда болашаққа, еліне, жеріне деген жауапкершілігі оянып, жігерлері мықты болса деп тілеймін. Мені жастарымыздың бойындағы отансүйгіштік тәрбие қатты алаңдатады. Себебі, болашақ жастардың қолында. Жастар авиация саласына көп барса, техникалық мамандықтарды көп меңгерсе нұр үстіне нұр болар еді.

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 61: №8 журнал 2013г-на сайт

61

АБЗАЛ АҒАНЫҢ АРДА БЕЙНЕСІ

Еліне қызмет ететін белді азаматтар көп бізде. Бүгін солардың бірі де бірегейі «Шаңырақ» ЖШС-нің Төрағасы, «Талдықорған жолдары» ЖШС Бас директорының кеңесшісі, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Алматы облысының Құрметті азаматы Егінбаев Жанайдар Жылқайдарұлы сұхбатымыздың бас кейіпкері болып отыр. Абзал азаматты Алматы облысының тұрғындары әрдайым мақтан тұтады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аталы сөз осындай Жанайдардың еңбегіне айтылған шығар. Себебі, Жанайдар Жылқайдарұлы бүгінде өзінің азаматтық борышын да, депуттаттық қызметін де адал жолмен алып келе жатыр. Қайырымдылық десе ішкен асын жерге қоятын ағамыз ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың еліміздің ең үздік білім меценаттарына министрліктің атынан «Білім меценаты» атағының қола жүлдесімен марапатталған тұлға.

Жанайдар Жылқайдарұлы, алдымен өзіңіз және қызметіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.

Мен осы Жетісу өңірінде тудым. 1967-1972 жылдар аралығында Қазақ ауылшаруашылық институтының «ауыл шаруашылығын механизациялау» факультетінде білім алдым. Оқу орнын бітірген соң Талдықорған облысы, Кировск ауданының Еңбекші ауылында өзімнің алғашқы еңбек жолымды бастадым. 1973 жылдың наурызында осы ауылдың бас инженері болып тағайындалдым, 1976 жылдың басынан «Жетіжал» елдімекеніне бас инженер болып

ауыстырылдым. 1980 жылы мені Талдықорған облысы, Ақсу ауданының «Қосағаш» ауылына директор етіп тағайындады. 1984 жылдан Кировск ауданында ауыл шаруашылығының Аудандық бөлімі басқарушысы болдым. 1987 жылдан Талдықорған облысы, Кировск ауданының электрификация және механизация РАПО орынбасары болып, кейін кәсіпкерлікке бет бұрдым. 1997 жылдан бері Алматы облысы, Көксу ауданындағы «Шаңырақ» ЖШС-ін басқарып келемін.

Кәсіпкерлікпен қалай айналыса бастадыңыз?

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміз өте қиын кезеңді бастан өткерді. Барлық жұмыс орындары жалақыны малмен, ұн, қантпен төлеп жүрді. Сол жылы тоқырау кезінде маған бір автобазаны басқару ұсынылған болатын. Дәл осы уақытта елімізде мүлікті жекешелендіру басталып кетті. Сол кезде маған автобазаны елу машинасымен сатып беріп, жекешелендіріп алдым. Әрине, бүгінгі таңда ол көліктердің басым көпшілігі істен шықты. Астананың құрылысы басталған уақытта отыз машинанын шоферларымен сол жаққа жібердік. 1997 жылы әкемнің туған жері Шаңырақ

Page 62: №8 журнал 2013г-на сайт

62

ауылын басқаруға ұсыныс түскен болатын. Ойлана келіп, мен келісуді жөн көрдім. Ол кезде ауылдың 1 500 бас қойы ғана қалған еді. Ал бүгінде сол Шаңырақ пен автобазаны біріктіріп, үлкен ұйым жасадық. Қазір 20 000 астам қойымыз бар, қарамал, жылқы, түйелер де бар. Ет өндірумен айналысып жатырмыз. Қазақтың биязы жүнді қойын өсіріп, бір жылда 50-60 тоннаға дейін жүн өткіземіз. Осы жерде айта кету керек Елбасының ауыл шаруашылығына деген мол көмегі тиді. Өзімдегі төрт түліктің барлығына мемлекеттен жылына 15-18 млн. теңгеге дейін дотация алып отырдым.

Ал «Жол картасы - 2020» бағдарламасы негізінде мемлекеттен несие алдыңыздар ма? Ол қаншалықты тиімді?

Мен ауылшаруашылыққа несие алған емеспін. Бірақ біздегі «Талдықорған жолдары» фирмасында» жасалынатын жобалар құны өте үлкен. Сондықтан биылдан бастап несие алып жатырмыз. Қазіргі

жаңа заңға сәйкес тендрді ұтып алған соң, қаражаттың отыз пайызы өнімді немесе жұмыс нәтижесін көрсеткен соң бірақ төленеді. Бұл фирмада біз жолдар салу, жөндеумен айналысамыз. Бұл жерде сәл қиындау, себебі айналымға түсу үшін улкен қаражат керек. Бүгінде Алматы облысы бойынша біздің фирмадан 500-600 адам жол жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Біздің фирма Алматы облысындағы сапалы жолдар салумен айналысатын бірден бір мекемеге айналды. Алматы-Өскемен жолын салып жатырмыз. Осы өңірде де біраз жолдар шақырымдары бар. Техникамыздың барлығы қуатты, сапалы жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз.

Бүгінгі таңда нақты жоспарларыңыз қандай?

Бәлкім мен социализмде тәрбиеленген шығармын?! Тек халықпен бірге жүруге дағдыланып қалғанбыз. Сондықтан халық жұмыссыз жүрмеуі керек деп ойлаймын. Бүгінде біздің

қарамағымызда 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтыдық. Шойын, темір құятын зауыттарда жұмысшылар жұмыс істеп жатыр. Жұмыс барысында жаңа технологияны кеңінен қолдана отырып, қызмет етіп келеміз. Алда қойылған жоспар көп, межеленген мақсат та аз емес.

Кадрларды дайындауды қалай жүзеге асырып жатырсыздар?

Бұл ретте әсіресе жол құрылыс саласына 20-25 адам университеттерде оқытылып, біліктіліктен өтіп жатыр. Алды өзімізде жұмыс істейді. Көбіне жастар жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде инженер-механиктер 35-40 жас шамасында. Жалпы мамандарға деген сұраныс бар және оларды сапалы етіп дайындауда өз үлесімізді барынша қосып келеміз.

Жанайдар Жылқайдарұлы, елімізде «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасына деген көзқарасыңыз қандай?

Жалпы бұл ел болып қолға

Page 63: №8 журнал 2013г-на сайт

63

алып отырған өте үлкен бастама. Қазақ даласында шағын қалалар көп. Олардың көпшілігі мықты инфрақұрылымы бар, тек соны дамыту ғана қалған. Сондықтан бұл бағдарлама дұрыс жұмыс істеп, нәтиже берсе нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы, кейбір шағын ғана мемлекеттер өз экономикасына тікелей пайда түсіретін қаржыны туризмнен табады. Мәселен, алып Араб Әмірліктерінің өзі түсімнің 83-87 пайызын туристерден түсіреді екен. Міне, сондықтан моноқалаларды дамыту ел болашағы үшін аса маңызды.

Алматы облыстық мәслихаты депутаты ретінде қандай шаруаларды атқарудасыз?

Атап айтсам, Ж.Егінбаев атындағы орта мектепке 18 орындықты автобус, 16 компьютер, мектеп мұғалімдерінің компьютерлік сауаттылығын жетілдіру үшін екі апталық тегін курс, жыл сайын жалпыға бірдей міндетті білім беру қорына әлеуметтік жағдайы төмен отбасы

балаларына ақшалай және заттай көмек, ағылшын тілі пәнінен қосымша курс пен оқушылардың спорттық-сауықтыру жарыстарын (футбол, күрес, бокс) ұйымдастырудағы шығындарын өтеуге демеушілік көмек көрсетіп отырмыз. Көксу ауданы Мәмбет ауылындағы «Жастар» спорт кешенін салып, Мұқаншы орта мектебіне 16 компьютер сыйға тарттық. Қазіргі кезде жағдайы төмен отбасыдан шыққан жиырма баланың жоғары оқу орнында білім алуына қаржылай көмек көрсетудеміз.

Жанайдар Жылқайдарұлы, Сізді біздің қоғамда не алаңдатып жүр? Қазақ жастарына көңіліңіз тола ма?

Мен бізде жастар нашар, жалқау деген пікірлеріді естіп жүремін. Алайда, мен бұл пікірмен келісе алмаймын. Әрине, адам болған соң, қоғам болған соң кемшіліксіз болмайды. Бірақ, қазір жастардың бәрі бірнеше тілді меңгерген, ақпараттық технологиядан жіті хабардар, заманмен ілесіп өсіп келеді.

Тек бір ғана көңілге күйбең түсіретіні екі қазақ баласы бір-бірімен қазақша сөйлессе болғаны. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай біздің жастарымыз өз ана тілдеріне титтей де дақ түсермесе екен деймін.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде?

Кезінде Кеңес үкіметі тұсында жиналыстарда қазақша сөйлеп, сөзге қалғаным бар еді. Ал бүгін әр жиналысымыз қазақ тілінде өтеді. Жалпы Тәуелсіздікті сөзбен түсіндіріп, қолмен көрсету мүмкін емес. Оны тек жүрекпен сезіне білу керек. Ата-бабаның аңсаған болашағы міне осы күніміз. Сондықтан тіліміздің, жеріміздің, халқымыздың қадірін білгеніміз жөн.

Әңгімеңізге рахмет!

СұхбаттасқанМөлдір Құрман

Page 64: №8 журнал 2013г-на сайт

64

ЖЕТІСУ ТАРЛАНДАРЫОлимпиадалық тайталаста оза шапқан Алматы облысының спортшылары

додалы бәсекелестікке түсіп, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі мәртебесін бір-ақ асырды. Мәселен, Лондон олимпиадасында еліміздің туын көкке желбіретіп, ұлттық құрама қоржынын үш алтынмен толтырған қыздарымыздың да еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Сондай-ақ, грек-рим күресі бойынша талай жарыстардың жеңімпаздары осы өңірден шыққан. Осыған орай біздің редакция аймақтағы спорт саңлақтары жайында аз-кем мәлімет бергелі отыр.

Бұғыбаев Аманжол Күнболатұлы – 1944 жылы 5 сәуірде Алматы облысы, Сарқанд ауданында туылған. 2010 жылдан бастап ҚР еркін күрес бойынша құрама командасының аға жаттықтырушысы. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері М. Мамыровты тәрбиелеген. «Ерең еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, сондай-ақ, Алматы облысының Құрметті азаматы болып саналады

Баймұхамбет Болат Рахымжанұлы – 1948 жылы 23 тамызда Алматы облысы, Сарқанд ауданында дүниге келді. КСРО спорт шеберлері, Қазақстан чемпионатының финалисшілері Андрей Сауткин, Қали Мұратов және т.б спорт дарабоздарын тәрбиелеген. КСРО Дене шынықтыру және спорт саласының озаты, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және «ҚР дене тәрбиесі мен спортын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.

Бабичев Николай Викторұлы – 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы, Панфилов ауданында туылған. Алматы облыстық Регби және регбилиг федерациясы Кеңесінің мүшесі. ҚР Туризм және спорт министрлігінің құрмет қағаздарымен марапатталған. 2001 жылы ҚР Президентінің алғыс хаты табыс етілінген. Сондай-ақ, регбиден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Дроздов Владимир Викторұлы – 1966 жылы 27 тамызда Талдықорған облысының Рудничный кентінде дүниеге келген. Алматы облысының Регби және регбилиг федерациясының төрағасы. Алматы облысы әкімінің, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің құрмет қағаздарымен марапатталған. ҚР регби бойынша Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Байсейітов Бахтияр Бағашарұлы – 1971 жылы 29 қыркүйекте Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2010 жылдан бері грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы. КСРО Халықтары спартакиядасының күміс жүлдегері, ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы құрметіне орай ҚР Президентінің Құрмет қағазымен марапатталған.

Житкеев Асхат Расулұлы – 1981 жылы 13 сәуірде Алматы облысы, Талдықорған қаласында туылған. «Астана батыр» жекпе-жек клубы» МКҚК-да дзюдо жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Дзюдодан халықаралық кластағы спорт шебері. Халықарлық және республикалық турнирлердің жеңімпазы. ҚР бірнеше мәрте чемпионы.

Әсембеков Марғұлан Ержанұлы – 1983 жылдың 13 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Грек-рим күресі бойынша ҚР және 2 мәрте Азия чемпионы болған. Әлем кубогында 2003-2005 жылдары күш сынасып жүлделі орындарға ие болған. Грек-рим күресінің халықаралық кластағы спорт шебері.

Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы –1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданында дүниеге келген. 1995 жылдан бастап грек-рим күресімен айналыса бастаған. Спортшы, нұсқаушы. Грек-рим күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Page 65: №8 журнал 2013г-на сайт

65

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫ – ТАЛДЫҚОРҒАН МАҚТАНЫШЫ

Майя Манеза – 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-нің Тоқмақ қаласында дүниеге келген. 2007 жылдың тамыз айынан бастап ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы. Серпе көтеруден салмағы 141 кг бір-ақ көтеріп, әлемдік рекорд жасады. 2010 жылы XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері, ауыр атлетика бойынша ҚР кубогының иегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері және «Құрмет» орденімен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері 63 кг салмақ санатында жарыс жолына шыққан М.Манеза жұлқи көтеруде 109 кг бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 кг еңсеріп кіші алтын медальге ие болды. Екі сайыстың

қорытындысында үлкен күміс медальді қанжығасына байлады. Лондонда өткен ХХХ Одимпиада ойындарында 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Майя Манеза Олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқи көтеруде 110 кг, ал серпе көтеруде 135 кг бағындырып, 245 кг көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты.

Подобедова Светлана Николайқызы – 1986 жылы 25 мамырда Ресейдің Иркутск облысы, Зима қаласында туылған. 2007 жылға дейін Ресей құрамасы сапында болған. 2007 жылы Светлана Подобедова және жаттықтырушысы Қазақстан ауыр атлетика федерациясымен келіссөз жүргізіп, Қазақстан атынан қатысуға келісімін берді. Сол жылдан бастап, Светлана Қазақстанның азаматтығын қабылдады. Ресей ауыр атлетика федерациясы оның бұл әрекетін құптамай, Халықаралық ауыр атлетика федерациясына шағымданды. Өйткені, ереже бойынша қандай да зілтемір көтеруші басқа елдің азаматтығын қабылдағаннан кейін арада екі жыл өткеннен соң ғана ресми халықаралық жарыстарға қатыса алады. Сөйтіп, ол төрт жылдықтың басты жарысы Бейжің Олимпиадасынан шет қалды. 2009 жылы Подобедованың Алматыға келгеніне екі жылдан асып, ол Қазақстанның атынан сынға түсе алатын болды. Екі дүркін Әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, Қазақстан чемпионы және Азия ойындары чемпионы атанған. 2011 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жұлқи көтеруде 134

кг салмақпен Әлем рекордын орнатқан. Қос сайыс бойынша 295 кг салмақтағы Әлем рекордын да Светлана Подобедова орнатқан. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Чиншанло Зүлфия Салахалқызы – 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. 2008 жылдан бастап ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы. XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. 2011 жыл Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 53 кг салмақ дәрежесінде 227 кг нәтижемен әйелдер арасында жаңа әлем рекордын тіркеп алтын медаль иеленді. 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының 53 кг салмақ дәрежесінде қос сайыс бойынша 229 кг нәтижемен жаңа әлем рекордын орнатты. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері атағын иеленді.

Айсұлу Сағынтаева

Page 66: №8 журнал 2013г-на сайт

6666

Жетісу өлкесі табиғаты мен климаты бойынша ерекше жер, оның тарихы да бай. Бұл жерді біздің батыр бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен жоңғар басқыншыларының шабуылынан қорғап қалған... Мұнда X-X11 ғасырларда қытай, араб және еуропа көпестері мен саяхатшыларын таңдандырған, әрі солармен байланыс орнатып, барлық шекаралас елдермен сауда жасасқан гүлденген қалалар болған. Сіздердің өлкелеріңіздің одан әрі дамуына ықпал ететін экономикалық әлеуеті зор.

Талдықорған қаласының инвестиция таратуға мол мүмкіндігі бар: еркін еңбек резервтері, біршама дамыған әлеуметтік база, мол су қорлары мен экологиялық ресурстар, дайын өндірістік инфроқұрылым. Осының бәрі ірі Алматы аймағының қарқынды дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Page 67: №8 журнал 2013г-на сайт

67

БІРТҰТАС ТАЛДЫҚОРҒАН МЕКЕНІ

Тарихы – Алғашқы орыс әскерінің Жетісуға, аймаққа одан да тереңдеп енуіне қолайлы тірек болып келген Қапалдағы әкімшілік бөлім орталығы 1922 жылдың 2 маусымында Талдықорғанға көшіп келіп орналасады. Кеңестер Одағы мен Германия арасында сұрапыл соғыс жүріп жатқан жылдардың бірінде – яғни 1945 жылдың 15 наурызында Талдықорғанға қала атауы беріліп, ол жаңа құрылған облыстың әкімшілік орталығы болып бекітіледі. Осылайша тарихи құжаттарды және ғылыми зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып, Екі Оғыз – Талды – Талдықорған мекендері біртұтас, үздіксіз жалғасып келе жатқандықтан Талдықорған қаласының іргесі шамамен тоғызыншы ғасырдың – 850 жылдарында қаланған деп жариялауға толық негіз бар. Қаланың жалпы жер аумағы – 0,1 мың шақырым. Талдықорған

қаласына жеті ауыл қарайды. Халық саны 154,18 мың адам.Қаланы басқарған басшылар – Талдықорған қаласының

экономикасы мен өндірісінің өркендеуіне, мәдениетінің марқайып сәулеттене түсуіне қала басшыларының қосқан үлестері елеулі. Талдықорған қаласының экономикасының дамуы мен мәдени өмірінің жақсаруына парасаттылықпен баса назар аударған қала басшыларын атап айтар болсақ, Дубровский А.А., Кондратенко А.П., Колмогоров Г.И, Федотов А.П., Синцов И.И., Әубәкіров Ж., Балапанов Ж., Копытин В.П., Талқыбаев М., Нұрпейісов С.С., Ақылбаев К., Шегіров А.А., Жақиянов О.Н., Бижанов К.К., Жылқайдаров С.Е., Бегелдиев М.С., сынды азаматтардың еңбегін елемеуге болмас.Ал, қазіргі таңда Талдықорған қаласын білікті басшы

Алпысов Ермек Амантайұлы басқаруда.

Қараталдың жағалауындағы Талды ауылының тағдыры қазақ даласының өңіріндегі қоғамдық-саяси оқиғаларды айналып өтпегені белгілі. Кеңес одағының темір ноқтасын 1918 жылдың 5 наурызында киген елді-мекен, қалалық мұрағаттың құжатына сай, 1925 жылы Талдықорған ауылы Талдықорған қаласы мәртебесін иеленді. Бірақ, тарихи құжаттар бойынша Кеңес-Герман соғысы жүріп жатқанда, 1944 жылдың 15 наурызында Талдықорған облыс орталығы болып, қала мәртебесін алды деп көрсетілген.

Page 68: №8 журнал 2013г-на сайт

68

ЕрмекАлпысов

Page 69: №8 журнал 2013г-на сайт

69

КИЕЛІ ӨҢІРДІҢ ІСКЕР ӘКІМІТарих сахнасының төрінен орын алған Киелі Жетісу өңірі заманына сай өз

азаматтарын тәрбиелеп шығаруда. Ер болсаң еліңе пайдаң тисін дегендей, отызында орда бұзып, елі сүйсіне алатын тірлік жасауды өзіне міндеттеп қойған білдей бір қаланың басшылық қызметін өз ақыл-парасатымен әрі қабілет-қарымының арқасында жүйелі түрде басқарып отыр. Бұл Талдықорған қаласының әкімі Алпысов Ермек Амантайұлы болатын.

Қаланың қазіргі кейпі жаңа басшы келгелі бері оң өзгерістерге толы. Соның қатарында жаңа нысандардың бой көтеруі, өнеркәсіп саласына инвестициялардың тартылуы, жұмыс орындарының көбейе түсуі қалаға тың серпін мен оңды сипат әкелгені сөзсіз. Ол 2012 жылдың қаңтар айынан бері қала әкімі қызметін атқарып келеді. Қалың көпшілік әкімнің атқарып жатқан жұмыстарына да куә болып үлгерді. Соның бірі - жылу жүйесін жаңартудан бастап, әлеуметтік қажеттіліктегі бірқатар шаруалардың дер кезінде орындалуында болып отыр.

Алпысов Ермек Амантайұлының айтуы бойынша халықтың әкімге қояр сауалдары электронды үкімет арқылы да жүзеге асып келеді. Жалпы «тыңдай білу де өнер» екенін ескерген Ермек Амантайұлы, «әкім бол, халқыңа жақын бол» халық сөзіндегі тәліммен ұштасқан танымдық болмысы бар екенін аңғартты. Интернет әлемінің өзінде танымал блогер болып үлгерген Ермек Амантайұлы жастардың туитер мен фейсбукте қоятын сауалдарын да жауапсыз қалдырмайтыны да белгілі болып отыр. Белсенді блогер, әлеуметтік желіде де қойылатын әлеуметтік сауалдарды ескере білген қала әкімімен сұхбаттасудың реті түскен еді. Әсіресе жастар қауымының қала әкіміне тікелей қойылған сауалдарынан жауап алынуы, ұсыныстар мен сұраныстардың әкімшілік жоспарына енгізілуі қуанарлық жағдай әрине.

Осыған орай қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігін білу мақсатында қала әкімімен болған сұхбатты оқырмандар назарына ұсынғалы отырмыз.

Ермек Амантайұлы, өзіңіз жайлы қысқаша тоқталып өтсеңіз.

Мен 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келдім. Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетінде оқыдым. Алғашқы мамандығым - география, биология пәнінің мұғалімі бойынша 1993 жылы қызмет ете бастадым. Кейін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен экономист мамандығы бойынша қосымша дипломды алдым. 1999 жылы жекеменшік мекемеде бухгалтер болып, 2001 жылы Талдықорған қаласына көшіп келгеннен кейін Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасында жетекші маманнан бөлім бастығы қызметіне көтерілдім. 2004 - 2012 жылдар

аралығында Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқардым. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Талдықорған қаласының әкімі қызметінде жүрмін. Отбасымымызда жан-жарымыз екеуміз екі бала тәрбиелеп отырмыз. Өмірде қызметіме сай тәжірибемді жетілдіріп, сапалы қызмет жасауды тиянақты қолданудамын деп есептеймін.

Сіз Талдықорған қаласының әкімі болып келгелі бері қалада қандай өзгерістер болып жатыр?

Талдықорған қаласының жаңарып әрі жасаруы Елбасымыздың Жарлығымен Алматы облысының орталығы мәртебесін беруімен бастау

алады. Осы тұрғыда біршама жауапкершілік міндеттемелер артылып, әлеуметтік тұрғыдан көптеген өзгерістер енді. Қала халқының саны соңғы жылдары жылына 4,5-5 мың адамға артып, бүгінгі күнге 156 мың адамға жетті. Өткен 2012 жылы қалада соңғы он жыл ішінде дүниеге келген сәбилер саны ең жоғарғы деңгейді көрсетті (3676 нәресте). Бұл – әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың дұрыс бағыт алғандығының жарқын көрінісі деп білемін. Демек, жалпы алғанда тұрғындарымыздың әл-ауқаты жақсарып келеді, адам санының көбеюі халықтың болашаққа деген сенімінің нығая түсуінің белгісі. Сонымен қатар, соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламаларды қолға алуға араласуда Талдықорған қаласы белсенділік танытуда.

Page 70: №8 журнал 2013г-на сайт

70

Былтырдан бастап «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша оңтүстік-батыс өңіріміздегі ықшам аудандарында тұрғын үйлер құрылыстарын бастадық. Үстіміздегі жылы ол үйлер пайдалануға беріледі. Істің ілгерілеуін тиянақты қолға ала келе, 2020 жылға дейін 138 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді деп жоспарлап отырмыз. Бұл баспаналарға 6000-нан астам отбасы қоныстанып, яғни 20-25 мыңдай адам пәтермен қамтылатын болып отыр. Бұл дегеніміз, жүйелі жоспарлардың халыққа деген қызметінің нәтижесі болғалы отырғандығы. Сондай-ақ, қала өскен сайын инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстарды арттырып келеміз. Оның ішінде көшелерді кеңейту, жаңадан көшелер салу осы бағдарламалар аясына енеді. Қалада жылу жағынан күш-қуат біраз тапшы болғанын ескере келе, үлкен жылу қазандығын жаңаша күрделі қайта құрылымдаудан өткізуді қолға алып отырмыз. Жылу беруді арттыруға негізделген бұл жоба 2016 жылға дейін толық іске асқалы отыр. Мәдени тұрғыдан жаңаша өзгеріске тоқталсақ, өткен жылы қыркүйек айында Д.А.Қонаев атамыздың ескерткіші ашылып, аумағы абаттандырылды. Спорт саласын дамыту мәселелері бойынша, қалада 3 жаңа спорт залы салынып, «Коммунальник» саябағында қазіргі заманғы үлгідегі жасанды футбол алаңы ашылды. Талдықорғанда қазіргі таңда 1500 орынды Спорт сарайы, әртүрлі стадиондар, спорттық кешендер жергілікті халық қолданысына берілді. Тілі кеміс балаларға арналған 140 орынды арнайы бақша ашылды. Бұрын ондай балалардың мектепке дейінгі мекемемен қамтылуы қиындық туғызатын. Өтенай, «Көктал» ауылдарындағы және «Мүшелтой» шағын ауданындағы бұрынғы бала бақша қайтарылып, жобалық-сметалық құжаттамасы

сараптамадан өтті. Жалпы алғанда жыл сайын орын алып келе жатқан өзгерістер көп. Бірақ барлығының негізі бір, ол – халықтың әлеуметтік жағдайын нығайта түсу екені анық.

Елбасы соңғы Жолдауында бюджет саясаты тұрғысында «өз мүмкіндіктеріміздің шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз» деп атап өткен еді. Қазір де Талдықорған қаласында қандай тапшылық бар? Бюджет аясында сол мәселелерді шешу қаншалықты жоспарда?

Бюджет саясатын талапқа сай жүргізу қала дамуына оң әсер етуде. Биылғы жылы бюджеттің кіріс бөлігін өткен жылдармен салыстырғанда кемінде 15-20% асыра орындауды жоспарлап отырмыз. Оның негізі жаңа кәсіпорындар ашу, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамту, қалаға қосымша инвестиция тарту. Сол арқылы қала бюджеті көлемі арта түседі. Мысалы, қалада құс фабрикасы бар, осыған орай алдағы уақытта жаңадан құс етін өңдейтін цех ашылады. Жалпы өндіріс саласында 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Тағы бір мәселе, бірнеше ауылдарда ауыз су проблемасы толығымен шешілмеген. Сол мәселелер бойынша аймақтарды дамыту бағдарламасына ұсыныс енгіздік. Қала бюджетінің аясында тапшы аудандар ауыз сумен қамтамасыз етіліп келеді. Келесі бір мәселе, көлікпен қатынауда Қазақстан бойынша ең арзан тарифтың бірі біздің қаламызда екендігі. Яғни, қоғамдық көліктегі баға 50 теңге. Бұл тариф әкімшілік тарапынан ескерілген. Соңғы жылдары қалаға жаңадан автобустар әкелініп жатыр. Біздің талап бойынша, алдағы үш жылдың ішінде шағын автобустарды қаланың ішінен толық алып тастау міндеті тұр.

Соңғы жылдары қалада индустрияландыру саласында қандай елеулі жұмыстар атқарылды? Қала өнеркәсібі уақыт еңсеріп қандай тың бастамалармен ілгерілеп келеді?

Өнеркәсіп қала экономикасының басты, жетекші саласы. Тоқтала кетсек, 2012 жылы өнеркәсіп 36,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Осы тұрғыда аймақтық индустриаландыру картасы аясында бірнеше ірі жобалар іске қосылды. Соның ішінде «Қайнар АКБ» ЖШС бұрын Қазақстанда шығарылмаған жаңа аккумулятор батареяларын өндіру жобасын іске қосты. Жылдық жоспарланған қуаты 10мың дана батарея болса, кәсіпорын 11,6 мың дана шығарып, жоспарын 115,9%-ға орындады. Өндіріс орны 700 адамға жұмыс беріп отыр. Бұл жоба жұмыс істеуін тоқтатқан аккумуляторларды өңдеу арқылы зиянды заттарды қоршаған ортаға шығармау жөніндегі Қазақстандағы бірегей жоба болып табылады. Екінші бір өзгеріс, «Индустрияландыру картасы-2020» бағдарламасы бойынша былтырғы жылдың желтоқсан айында «JLC Сүт» серіктестігінде сүт заводы ашылды. Заводта 50-ден аса сүт өнімдерінің түрлері шығарылады. Кәсіпорын ашылуымен 90 жаңа жұмыс орны құрылды. Зауытта 200-ге жуық адам жұмыс жасайды. Сондай-ақ, «Алматы бояулары» серіктестігінде бояу және лак өндіретін құны 286 млн. теңге завод құрылысы бойынша жоба іске қосылды. Қала аумағында интенсивті шаруашылық жүргізу үшін қолайлы топырақ-климаттық жағдайлар бар. Мұнда суармалы жерлерде дәнді дақылдар өсіру арқылы бақша шаруашылығы да дамып келеді. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қала құрамындағы 2 аумақта 400-ден астам ауыл шаруашылық қалыптастырушылар жұмыс істейді. Жалпы алғанда жыл

Page 71: №8 журнал 2013г-на сайт

71

ішінде 6 жаңа өндіріс енгізілуі есебінен өнеркәсіп саласына 1,6млрд.теңге инвестиция тартылды. Инвестиция тарту, өндіріс көлемін ұлғайтуға сай кең етек алған тың бастамалар қаланың тыныс-тіршілігіне өзіндік дем беріп келе жатқандығы байқалып келеді. Тың бастамалар- тың өзгерістерге серпін береді. Өзгеретін дүние әлі көп. Өнім артып, өндіріс қарыштай түсеріне сенімдіміз.

Қалада жұмыспен қамту және еңбек саясатын жақсарту сынды мемлекеттік бағдарламалардың бағыты қандай нәтиже беруде? Жаңа кадр даярлауда орын алған өзгерістер бар ма?

Аталмыш мәселені қаламызда «Жұмыспен қамту орталықтары» қолға алып келеді. Ірі кәсіпорындар мен кәсіптік колледж, жоғарғы оқу орындары өзара бірлесе келісім-шартқа отырып, сұранысқа сай мамандар даярлайды. Осы тұрғыда құрылыс мамандықтарына сұраныс жоғары екенін айта кеткен жөн болар. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сай колледждер мен лицейлерге өндіріс мекемелеріндегі мамандар тапшылығына сай мемлекеттік тапсырыс беріліп, түлектер артынша жұмыспен қамтамасыз етіліп келеді. Ал енді бұл мәселені есеп жүзінде алар болсақ, экономикалық белсенді тұрғындар ішіндегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз. Жыл бойында 2 250 жұмыс орындары ашылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 33 млн. теңге несие бөлінді. Елбасының «Сенерім - болашақ» деген сөзі бар еді. Біз де жастар болашағына жағдай жасаудан құр алақан болып, қарап қалмағанымыз анық. Жаңа кадрлармен жасақтау біздің біліктілігімізді арттыратыны сөзсіз. Біз оны ескереміз.

Бүгінгі таңда елімізде инфрақұрылым саласы жетілдіріліп келе жатканы белгілі. Осы орайда электронды үкімет сіздің қалаларыңызда қаншалықты деңгейде жетік жұмыс жасап отыр?

Жастар электрондық жүйеде әсіресе жақсы жұмыс жасайды, ол анық. Сол себепті де электронды үкімет арқылы қойылатын сұрақтардың басым бөлігі жастар тарапынан болып отыр. Әкім ретінде мемлекеттік қызметкерлер электрондық жүйеде жұмыс жасай білу керек деген талап қоямын. Электронды жүйе арқылы мемлекеттік қызметкерлермен халық арасындағы байланыс қарастырылған. Біз сол электрондық жүйені насихаттап елге түсіндіріп, айтып жатырмыз. Алайда көпшілігі үйреншікті қалыппен өз сауалдарын қағаз жүзінде де береді. Біздің әкімшіліктің сайтында да жаңа талаптарға сай біршама өзгерістер болды. Халық сауалдарына тиісінше жауап берілуде. Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының саны өсе түсуде. Бұл стационарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да, интернетке де қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның қандай да болмасын көріністеріне қарсы ымырасыз күрес жүргіземіз. Бұл бағытта қала әкімдігінде арнайы комиссия бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлініп, қадағаланады.

Өзімде әлеуметтік желілерде, соның ішінде туиттерде де, фейсбукте де жеке парақшам бар. Бұл әлеуметтік желіде де маған әкім ретінде сұрақтар қойылып жатады. Мен оған тиісінше жауап беруге тырысамын.

Қаланың әл-ауқатын жақсарту тұрғысында болашаққа деген әр саладағы

қандай ірі жоспарларыңыз бар? Ірі қалалармен салыстырғанда

біздің қала халықының табысы төмендеу. Бірақ біздің қаламызда өзге қалалармен салыстырғанда коммуналдық төлемақы да, тұрғын үй бағасы да салыстырмалы түрде арзан болып келеді. Осы тұрғыдағы біздің басты жоспарымыз қалаға инвестиция тартуды жетілдіре түсу. Тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды қала аумағында жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Біз бұл тұрғыда облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлы Мұсахановтың жанды қолдауын көріп келеміз. Қаламызда 320 және 280 орынды 2 жаңа балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Еңбек ауылында 75 балаға шағын орталығы бар 300 орынды мектеп құрылысы да биыл басталмақ. Еркін ауылында 100 орынды шағын орталығымен 300 орынды мектеп құрылысының қажетті құжаттары дайындалып, «Баспа үйі» ғимараты құрылысын бастады. Өткен жылы жолаушылар тасымалдау жұмысы біраз реттелді. «Балалар шығармашылығы Үйі» ғимараты құрылысы бойынша оң шешім қабылданып, тиісті құжаттары дайындалуда. 2013 жылы құны 8млрд. теңге болатын 300 орындық көп салалы аурухана құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Айта берсе, алда жоспар көп. Соның бәрі сәтімен іске асырылса, біздің қаламызда біршама үлкен өзгерістер әлі де көп болатындығы белгілі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясына саясаткер ретінде сипаттамаңыз қандай?

Қолдаймын! «Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстанның Тәуелсіздік алғалы бері жүріп өткен жолының заңды жалғасы деп білемін. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2050 жылға қарай Қазақстанның

Page 72: №8 журнал 2013г-на сайт

72

заңы үстемдік ететін, билігі әділ, азаматтары еркін әрі үш тілде сөйлейтін білімді, еңбексүйгіш патриоттар мекендеген, бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған, экономикасы мықты мемлекетке айналатынына сенімді екенін тоқтала айтты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады», деген халық даналығын мысалға келтірді. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек деген еді. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Осы құндылықтарды қазақстандықтардың болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек деп ойлаймын.

Жетістікке жетудегі ұстаным

қандай? Өмірлік ұстазыңыз бар ма?

Балалық шақта атам әрқашан өз білгенін үйретіп отыратын, тәлім беретін. Ол кісі ауыл шаруашылық саласының маманы болды, құрметті азаматтардың бірі еді. Ол кісі көптеген зиялы азаматтармен араласты. Соның ішінде академик Манаш Қозыбаев сынды достары болды. Олардың сөйлеген сөзі мен ойлаған ойларынан халықтың қамын ойлайтын азаматтардың бірі екенін байқайтын едім. Мен жалпы ол кісілерден көп дүниені үйрендім. Соның ішінде сабырлыққа ұштасқан талпыныс бойдағы күш-жігерді нығайта келе жетістікке қол жеткізетініне көзім жетті. Өмірлік ұстаз, үйретуші, ақ қараны үйретуге жол бастаушы атам еді. Еңбек жолыма тоқталсам, үш әкімнің орынбасары қызметінде болдым. Өз қызметіме сай бұл тұрғыдан да көп дүние үйрендім. Осы тұрғыда менің мақсатым әкім болғаннан кейін халыққа жақын болу. Адам баласы ретінде өмірде әрбір азаматтың өзіндік ой пікірі бар. Адамды тыңдай білу керек деп есептеймін. Бұл халықты

басқара алудың басты ұстанымы деген ойдамын.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Жаңадан келген ұрпақ - бақытты ұрпақ деп есептеймін. Оның басты себебі, Тәуелсіз елде туып өскендігінде. Өз тіліміз бар болғандықтан бір мемлекет ретіндегі өзіндік тұлғамыз бар деп есептеймін. Тәуелсіздіктің ең бірінші байлығы тіліміз бен намысымызды сақтауымызда.

Біздің журналға айтар

тілегіңіз? Оқырмандарыңыздың саны

арта берсін! Жақсы жаңалықтар көп болсын деген тілегімді білдіргім келеді. Ең бастысы Тәуелсіздікпен аттас аттарыңызға дақ түсірмеңіздер!

Сүбелі сұхбатыңызға

рахмет! Істеріңізге тек сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан Айнұр Төлендинова

Page 73: №8 журнал 2013г-на сайт

73

КІСІНІҢ МӘҢГІЛІК ХАТШЫ БЕЙНЕСІ Бір мүшелден аса мәслихат хатшысының

қызметін атқарып келе жатқан кісіні көріп, біз осындай ой қорыттық. Оның ұғымында кісінің тұлғалық қасиеттерін танытатын адамгершілік қасиеттер сұңқардай саң-қылдаған, бітімі бөлек тұлпардай жүйрік азаматтардың бойында мәңгі дараланып тұрса бек жақсы. Атпалдай азамат өзі де ізгілік пен қайырымдылықтың жаршысы бола жүріп, кішіпейілділік пен жауапкершілік ұстанымын ілгері жетелеп, небір сұрыпталған мықтылардың арасынан бір бәйтеректей суырылып, үнемі алда жүреді.

Жаз мезгілінің алғашқы күнімен әрі дүниежүзілік балаларды қорғау мерекесімен

тұспа-тұс келетін 1 маусымның 1963 жылында Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ойтаған ауылында Бопазов Марат Дәрібекұлы дүниеге келді. 1985 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін тәмамдаған ол тау-кен инженері мамандығы бойынша білім алды. Алғашқы еңбек жолы Семей қаласындағы геологиялық барлау техникумында оқытушылық қызметтен басталған. Алла қос-қан жарымен бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Кезекті іс-сапар барысында біз қазіргі таңда Талдықорған қалалық мәслихаты-ның хатшысы қызметін атқарып жүрген Бопазов Марат Дәрібекұлымен жолығып, сұхбат құрған едік.

Марат Дәрібекұлы, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

1999 жылы Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы қызметіне келдім. «Нұр Отан» партиясының ұсынылуымен, кандидатурам қабылданғаннан кейін, осындай жауапты іс маған тапсырылды. Қалалық мәслихатта он бес депутаттан тұратын үш тұрақты комиссия жұмыс жасайды. Бюджеттік сала бойынша қалаға бекітілген қаржы он екі миллиард екі жүз миллион теңгені құрады. Бір жылдары қаржының тапшылығынан ақшаны бөлуді неден бастау керектігін білмеген кездеріміз де болды. Содан ғаламтор жүйесіне шығып,

қай жерлерде қандай шаруалардан басталғаны жайында ақпарат жинап, ойымызды ширатып, ісімізді алға қарай жүргізудің қамымен жүрдік. Әр округтар мен ПИК қызметкерлерімен ақылдаса отырып, халықтың пікірімен санасып жұмыс жасаудамыз. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін, спорт саласына қарай көңіл бөле бастадым. Бұрын спорт алаңдары жеткіліксіз болатын. Сол себептен, ең бірінші кезекте хоккей спортын дамытудан бастадым. № 12 мектепте оқып жүрген балалардың тәртіптерінің нашарлығына қарамастан оларды спортқа бейімдеп, жарыстарға қатыстырып, ең үлгілі оқушылардың қатарына қостық. Спорттың әсерінен, сол оқушылардың білім алу деңгейлері

20 % -ға артты. Облыс деңгейіндегі «Жетісу» футбол командасында біздің округтан қатысатын екі баланың әлеуметтік жағдайына қарайласып тұрамыз. Менің округіме қарасты «Самал» шағын ауданында стандартқа сай, арнайы салынған футбол және хоккей алаңы бар. Хоккейден жарыс ұйымдастырылып, бағанағы №12 мектептің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Бұдан да басқа шахматтан және дойбыдан жарыстарды жиі ұйымдастырып отырамыз. 4 сыныптан 11 сынып аралығындағы оқушыларға арнап, арнайы шағын ауданға аттас «Самал» футбол және допты хоккей командасын құрдық. Осының бәрі сайып келгенде, болашақ жастарды спортқа деген қызығушылығын ояту болып отыр.

Page 74: №8 журнал 2013г-на сайт

74

Көп қабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізу мәселелері бойынша, сол үйлердің шатырлары мен төбелері, ауласы жөнге келтірілді. Келісім бойынша, көп қабатты үйлерге жөндеу жүргізуде қаржының 25 %-ын сол үйлердің тұрғындары төлесе, 50%-ы бюджеттен аударылды. Айта кететін бір мәселе, тұрғындардың келісімімен жаңағы айтылған 25 %-ды бос уақытында жөндеу жұмыстарына көмектесумен өтеп жатты. Одан кейін қала көшелеріне жарық орнату мәселесіне көштік. Жоспарға сай осылайша, біраз шаруалар халықтың демеуімен атқарылды. Арық қазу жүйесіне қала бюждетінен бір жүз сексен миллионнан аса қаражат бөлінді. Соның біразы қазір жұмыс істеп тұр. Қаламыз жасыл желекті болуы үшін, арық қазу жүйесінің көбірек қолға алғаны дұрыс деп есептеймін. Тағы бір түйткілді мәселе – балабақшаның жайы болып отыр. Тоқырау жылдарында жекешелендіруге түсіп кеткен балабақшалар көптеп саналады. Шамамыз келгенше балабақшалар ашу үшін құжаттарды әзірлеп, қажетті қаржыны аударуға бюджетке салмақ түсіріп жатырмыз. Сонымен қатар, № 34 және № 35 үйлердің ауласын ретке келтіру қажеттілігі тұр. Жүре келе әр нәрсені ойлап жүресің дегендей, ақсақалдармен ақылдаса «Самал» шағын ауданының гимін шығардық. Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін «Менің шағын ауданым» атты байқау ұйымдастырылып, жүлделі орындарға сыйлық тапсырылды.

Сіздің қарамағыңыздағы депутаттар өзіне жүктелген міндеттемелерден басқа қандай шаруаларды атқарып жүр?

Қалалық мәслихатта он бес депутат қызмет етеді. Әрқайсысы бір-бір мекемені басқарады. Олар Заңға сүйене отырып жұмыс жасайды және мәселелердің уақытында шешіліп, дер кезінде талап етілуін

қадағалайды. Депутаттарыма риза болатыным – шешімі табылмаған мәселелерге алаңдап, қай жерде қате жіберілгенін сарапқа салып, соның байыбына жеткенше тыным таппайды. Он бес депутат бір үйдің баласындай бірігіп, жұмыс жасайды. Өздеріне жүктелген міндеттемелерден басқа халықтың мұң-мұқтажын ескеру үшін біраз шаруаларды атқарады, бірақ, міндетсініп, еңбектеріне орай ақша алған емес. Мәселен, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылары мен зейнеткерлерге, мектеп оқушыларына көмектерін беріп тұрады.

Депутаттық қызметті атқару жауапкершілігі сізді не нәрсеге үйретті?

Кейде бірең-сараң адамдарға жақпай қалатын кездер баршылық. Мін іздеу оңай кім-кімге болса да. Олардың санасында баяғы Кеңес Үкіметі заманының сарыны қалып қойған және бір байқағаным жеке басының қамы. Мен айтар ем сол кісілерге: «Өткенді бүгінгімен салыстыруға мүлдем келмейді». Біздің қоғамда мынадай түсінік қалыптасқан. Халық қалаулысы саналғаннан кейін, барлық жағдайды ескеріп, түйіні көп мәселелерді қайтсе де шешуге міндетті. Бірақ, заңды да сақтау керек. Біреулердің жасап жатқан бармақ басты, көз қысты тірліктеріне қарап, мен де солай жасайтын болсам, өкілеттігімді асыра пайдаланғандығым болып есептелінер. Осының салдарынан ашкөздігім мен алауыздығым көрінер. Бойымдағы адамгершілік қасиетімді сондай кездері жоғалтып алмасам екен деп іштей ойланып жүремін. Әрі балаларыма жақсы әке ретінде үлгілі болып қалғым келеді. Сөйтіп менде бір ой туындап, халыққа ұсыныс айттым. Халық өз өтініштерін тек ауыз сөз арқылы емес, хат арқылы жеткізсе деген ой тастадым.

Әңгіме барысында байқағанымыздай спорт

саласына көп көңіл бөледі екенсіз. Осы жерде сұрақ туындайды. Қазіргі қазақ спортының дамуы қандай деңгейде?

Былтыр Лондон Олимпиадасының тарихында Қазақстан мемлекеті ерекше жетістіктерге қол жеткізді. Үш алтын медальді Талдықорған өңірінің спортшылары иеленді. Олар: Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедова. Осыған қарап-ақ, жастардың спортқа еліктеуін жоғары бағалауға болады. Біздің жас мемлекетіміздің тарландары спорттың дамуын бір қадам ілгері жылжытты.

Елбасы соңғы Жолдауында мемлекеттік көмек тек әлеуметтік қолдауға зәру жандарға ғана көрсетілу керектігін айтқан болатын. Сіз осы мәселеге қатысты қандай ой түйдіңіз?

Бұл мәселеге толықтай келісемін. Бір ғана мысалмен ойымды жеткізейін. Бізде балалар үйіндегі қаракөздеріміздің саны жыл сайын артып келеді. Әке-шешесінің сана сезімінің төмендігінің арқасында балалар сондай күйге жетті. Ертеңгі күні елім-жұртым дейтін болса, олар осындай жағдайларға бармас еді ғой. Кей жағдайларда әлеуметтік қолдауға зар болудың әсері де тиюі мүмкін. Балаларымыздың жетімдер үйінде тәрбиеленіп шығуына мен қарсымын. Екі-үш жыл көлемінде осы мәселемен айналыстым. Тиісті орындарға айта-айта мезі болдым. Бала асырап алғысы келетін жандарға Заңда көрсетілген кейбір тұстарына өзгертулер енгізілсе екен деймін. Себебі, құрсақ көтере алмай жүргендер балалар үйінен сәби асырап алғысы келерде көп кедергілерге тап болып жатады. Бала тәрбиелеймін деген адамға неге біз шектеу қоюуымыз керек? Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, отбасының жылулығын

Page 75: №8 журнал 2013г-на сайт

75

көрмеген балалардың қылмысқа баруы жиілеп кездеседі. Сайып келгенде, әлеуметтік қолдауға өте зәру жандар мәселесі осыған келіп тіреледі.

Әлеуметтік саясат дегеннен шығады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңестірудің тиімді жолы қалай қарастырылған? Мәселен, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік және қоғамдық тепе-теңдіктің сақталуын қалай пайымдайсыз?

Мына сұрағыңыз ауыр тиіп отыр. Қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықтар жоқ емес, бар. Өз міндетімізге орай ауыл тұрғындарымен араласып, жұмыс жасап отырамыз. Мәселен, балабақша ашу, спорт саласына назар аудару және т.б. Ауылдың басқа ішкі саясат мәселелеріне араласа алмаймын. Себебі, Заң бар дегендей әрі қызметім қалалық мәслихат төңірегінде шектеліп отыр. Ақиқатына келсек, әлеуметтік және қоғамдық тепе-теңдіктің сақталуы мемлекет азаматтарының санасына байланысты.

Қала бюджетіне қаржының басым бөлігі қай мекемеден түседі?

Біздің қалада «Қайнар АКБ» ЖШС жұмыс жасап тұр. Бюджетімізге құйылатын қаржының 4/1 бөлігі осы зауыттан түседі. Зауыттың шетелдермен байланысының қарым-қатынасының арқасында қала бюджетіне қомақты қаржы аударылуда. Зауыттың басшылығымен келісіп, жұмыс іздеушілерді осы зауытқа жұмысқа орналасуларына себімізді тигізіп жатырмыз. Жалпы, шамамыз жеткенше жұмыс іздеп жүргендердің қатарын азайтып, олардың қысқа даярлық курсынан өтіп, артынша жұмысқа орналасып кетулерін назардан тыс қалдырмаймыз. Еңбек төлеміне келсек, әр адам еңбегіне қарай

жалақыларын алуда. Сонымен қатар, халықты еңбекпен қамту мәселесін әрі қарай өркендетуіміз керек.

Еңбек төлемі саясатына

көзқарасыңыз қандай?Бұл мәселенің анық қанығына

жету мүмкін емес. Мәселен, мемлекеттік орындарда өздерінің тарифтеріне сай қызметкерлеріне қажетті жалақыларын төлеп жатыр. Кей кездері 80-90 000 жалақыға құрылысшыларды таба алмай жатамыз. Біріншіден, оларға жұмыс ауыр болып көрінсе, екіншіден жасаған жұмыстарының сапасы нашарлау. Еңбек төлемі саясатының бір ұшы халықтың қалтасы көтеретін азық-түлікпен қамтамасыз ету қажеттілігін ойластыру болып табылады. Елбасының бастамасын көтеру мақсатында, сол себептен қалада коммуналдық базар салынды. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, біз күзде жеміс-жидектерге қор жинап қойдық. Сөйтіп, баға көтеріліп кетпесін деп, сол жеміс-жидектерімізді коммуналдық базарға сатуға қойдық.

Қала кәсіпкерлерімен қаншалықты байланыс орнатып жүрсіз?

Бизнес маңында жүрген ер-азаматтарымыз кәсіпкерлікті таңдағаннан кейін, оның жауапкершілігін сезіне білулері қажет. Мәселен, азық-түлік тағамдарына бақылау көбірек жасалынғаны дұрыс. Бұрынғыдай емес, кәсіпкерлерге шектеусіз тексерулер азайды. Бірақ, халық тұтынатын тағамдар сапалы болуы шарт. Қазір шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны көбейіп келеді. Оларға берілетін несиенің ұзартылу мерзімі қарастырылса екен деймін.

Жалға берілетін тұрғын үй мәселесі мемлекет болашағы жастарымыз үшін өз қызметін қалай жалғастыруда?

Тұрғын-үй мәселесі қай уақытта да күрделі. Тек алаяқтардың уысына түспесе екен деймін. Себебі, екі жас үйленеді, кейін ажырасады да алған үйлерін сатып жібереді. Одан қайтадан үйлі-баранды болып, үй алу кезегіне өтініштерін өткізіп қояды. Керісінше, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар мен жекеменшік құрылымдарда жұмыс жасайтындарға үй беру мәселесін қарастыру керек сияқты.

Қоғамда кезігетін кикілжіңдерге қалай қарсы тұрасыз?

Қоғам болған соң, кемшіліктер қашанда кезігіп тұрады. ЕХРО 2017 көрмесін жеңіп алдық. Бұл шаруа оңай жолмен келген жоқ. Әзер қол жеткізген Тәуелсіздігімізді жастарымыз сақтап қалса екен деген бір ой мені үнемі мазалап жүреді. Қазір бізде студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Ой-өрістерінің таяздау екендіктері байқалып қалады. Бұл жерде ешкімнің ар-намысына тигім келіп тұрған жоқ. Бірақ, осындай «әттеген-ай» жайттар адамды әуре-сарсаңға салады екен. Ал, кейбір жастардың көздерінен от шашып тұрғаны бірден байқалынып тұрады. Соларға қарап, бір марқайып қаласың. Өмір болған соң кедергілердің кезігіп тұруы заңды. Бірақ мен оңайлықпен берісе қоймайтын азаматтардың бірімін. Әке-шешемнің берген тәрбиесімен қоса, өзімінің алған білімімнің арқасында ел көзіне түстім.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Қазақтың рухын түсірмей, Көк туымызды желбіретіп жүру үшін Тәуелсіздігіміз бек сақталса, одан асқан бақыт жоқ!

Әсерлі сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 76: №8 журнал 2013г-на сайт

76

Әли Алпысбаев

Page 77: №8 журнал 2013г-на сайт

77

КЛАССИКА ӨНЕРІНІҢ БІР ТІРЕГІ Қазақстандағы ұлттық дирижерлік өнерінің қалыптасу тарихы жиырмасын-

шы ғасырдың басынан бастау алады. Содан бері сахна төрінен небір тума талант дирижерлер өз өнерлерін халыққа паш етіп жатты. Өте күрделі әрі көп қырлы аталмыш мамандықты игеріп қана қоймай, адам психологиясын меңгеріп жүрген біздің келесі кейіпкеріміз бүгінгі таңда кәсіби тәжірибесінің арқасында үлкен ұжыммен жұмыс жасап отыр. Алға қойған мақсаты айқын, діттеген ойы ширақ.

Ол он бес жылдан бері ҚР Композиторлар Одағының мүшесі қызметін атқаруда. Алпысбаев Әли Демегенұлы «Құрметті профессор», «ҚР еңбегі сіңген қайраткері» және «ҚР білім беру ісінің үздігі» атақтарын иеленген. Сондай-ақ, өнердегі жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен және Астананың он жылдық мерейтойына байланысты төсбелгісімен марапатталған. Республикалық деңгей-дегі жыл сайын өтетін «Елім менің» байқауында «Ән сал, сарбаз» және «Атамекен» номинациялары бойынша 1 дәрежелі дипломды үш рет жеңіп, лаурает атанады. «Елге арнау» күй-поэмасы үшін Мемлекеттік грантты еншілеген оның жүз шақ-ты әні мен жиырмадан аса ірі күй-поэмалары бар. Күні бүгінге дейін Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының және М.Төлебаев атындағы қазақ аспаптар оркестрінің дирижері қызметтерін атқарып жүрген ағамыз өнер саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандардың бірі.

Осыған орай біздің редакция Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының директоры, композитор әрі дирижер Алпысбаев Әли Демегенұлымен сұхбат жүргізген еді.

Әли Демегенұлы, сіз еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсене араласып жүрген азаматтардың бірісіз. Әңгіменің төркінін алдымен сіздің дирижерлік мамандығыңыздан бастасақ. Дирижерлік қызметті таңдауыңызға не себеп болды?

Жалпы дирижер мамандығы орындаушылар тобын басқаратын бірден-бір маман болып есептелінеді. Дирижер музыкалық шығармалардың екпініне қарай қалыптасқан дирижерлік тіл арқылы жетекшілік жасап отырады. Міне сол кезде музыканттарды шабыттандырып, қол қимылдарына негізделген белгілі бір тәртіп пен жүйе бойынша лезде басқарып алып кету керек. Орындаушыларда ансамбльдік үйлесім мен орындау шеберлігі қатар қолданылса, шығармаға өзіндік көркемдік әрі көрермендік түсінік беруге болады. Музыканы тыңдағанымен кәсіби әуеннен алыс адамдар дирижерлардың қимылына мән бере бермейді. Композицияның

сәтті шығуына дирижердің көмегі осындайда ауадай қажет. Дирижердың негізгі міндеті – қолындағы таяқшасымен әуенді көркемдеп қана қоймай, музыканы өзіне ілестіріп әкететін жетекші маман екенін әсте естен шығармауы. Мен қарапайым отбасында тәрбиелендім. Әкем мал шаруашылығымен айналысқанымен домбыраны шебер тартатын, ал анамның әжептәуір ән айтатын қабілеті болды. Өнерге бет бұруым ата-анам арқылы дарыған болар. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, әр түрлі үйірмелер мен сайыстарға жиі қатысатынмын. Сөйтіп, мектеп бітірісімен өнер саласы бойынша мамандық таңдауды қолға алдым.

Дирижер мамандығының қиындығы мен қызығы қатар жүретіні белгілі. Жалпы, дирижерлар табиғатынан қандай адам?

Дирижердың іс-қимылы сырт көзге оңай көрінгенімен, шын мәнісінде дирижер болу үшін

іштен дирижер болып туылу керек сияқты. Неге десеңіз, олар қажырлы еңбегі мен төккен терінің арқасында ғана білікті дирижер болып отыр. Әсем әуеннен нәр алып, нағыз музыканың құдіретін сезінген көрермен ғана бұны жақсы түсінеді. Дирижер – шебер ұйымдастырушы, терең білімді және ізденгіш маман. Композитордың шығармасын халыққа жеткізетін ортадағы дәнекер, әрі барлық аспапты меңгерген мықты музыкант. Дирижерсіз басқарылған оркестрдің ұзаққа шабуы екіталай. Оның рөлі оркестр мен ансамбьлді басқаруда көрінеді. Әуенді және ырғақты, шығарманың тыңдаушының көз алдында дұрыс суреттеліп, жанды дүние етіп жеткізілуі дирижердің талғамына байланысты.

Кей кездері дирижер мамандығы жетіспей жатады деген әңгімелерді құлағымыз шалып қалып жатады. Әлде бұл қате түсінік пе?

Page 78: №8 журнал 2013г-на сайт

78

Иә, дирижер мамандығы санаулы ғана. Көбісі консерваторияны бітіргеннен кейін таңдаған мамандығы бойынша бара бермейді. Өте қиын мамандық. Тек білікті жандар ғана бұл мамандықты басқара алады. Алпыс-жетпістен аса мамандарды қолындағы таяқшасымен басқарып отыру оңай емес,әрине. Жылына симфониялық және халық оркестірінен екі адам ғана дирижер болу мамандығын игеріп шығады. Кейбіреулері шет елге барып оқиды.

Қазақ өнерінің даму деңгейі дегенде бірден ойыңызға не түседі?

Қазақ өнеріне, оның музыкасына сіңірген еңбегім және шығармаларым мені өмірлік ұстаз болуға үйретті. Әлі де үйретіп келеді. Менің бүгінгі жасап жатқан жұмыстарым келер ұрпаққа үлгі болып қонса, аз да болса өздері бір ғибрат алса екен деймін. Қазақ өнері шаңырағының биіктеуі, шыққан белесінің жұрт назарын аудара бастауы, өрлеу дәуірі осы тұстан басталса керек. Өнер саласында күрделі жанрларға бет бұруда сол туындылары арқылы өнеріміздің жоғары сатыға әрдайым көте¬ріле берсе құба-құб. Әрбір өнер иесі жазған дүниесіне тиянақты әрі талғампаз бола білсе, сол арада байланыс орнатылып, шоқтығы биік шығармалар туатыны сөзсіз. Құнды шығарманы дүниеге әкелерде көп ойлану мен толғану керек-ақ. Сонымен қатар, шығармашылық үрдіс үздіксіз жүріп отырса, онда ойға алынған шығарма өздігінен туындайды.

Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты қызметін де атқарып жүрсіз. Осы ретте қандай мәселелер жайында ой айтып, талқыға салып жүрсіз?

Өмірлік тәжірибем мен кәсіби біліктілігімді пайдалана отырып, халықтың арманы мен мүддесін қорғауға бір кісідей қолға алып

жүрмін деп ойлаймын. Қазақ өнерін өркендетуде мәдениетті қаржыландыруды ұлғайту және жас дарынды балаларды өнер саласына тартып, оларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелерімен айналысып жүремін. Қаланың көркейіп одан әрі гүлденуіне, оның тазалығына көп көңіл бөлемін. Әлеуметтік қолдауға зәру жандарға дер кезінде көмектің берілуін қадағалаймын. Айналып келгенде осының бәрі халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелер ғой. Өнер адамы болғаннан кейін көбіне шет мемлекеттерге гастрольдік іс-сапарларға жиі шығамыз. Содан келгеннен кейін, сол елде көріп келгенімізді көңілге түйіп, осындай нәрселердің біздің қаламызда болса екен деген ой туындап жатады. Депутат болғаннан кейін, халықтың әл-ауқатына көп көңіл бөлуге тура келеді. Қандай жағдай болса да, мұң-мұқтаждарының ескерусіз қалмағандарын қалайды. Қолымнан келгенше халықтың өтінішін орындауға бір кісідей ат салысып жүрмін. Мәселен, бір зейнеткер кісілеріміздің үйлерінің үстінен су ағып жатты. Қала әкімі Ермек Амантайұлы Алпысовқа хат жазып, осы мәселені ретке келтірдім. Яғни, сол үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тағы бір зейнеткер кісі бір апта бойы үйінен шықпай қойған. Туыс-туғандары жоқтығын білетін жергілікті газетіміздің тілшілері келіп өтініштерін айтқаннан кейін, сол үйге өз көмекшілерімді жібердім. Кісінің жағдайларын көздерімен көріп қайтқан көмекшілерім әлгі зейнеткер кісінің үйінде тамағы, суы, отыны бар екенін жеткізді. Тек кәріліктің әсерінен жүріп-тұруы қиынға соғып жүр екен. Әкімшілік басқармасына ол кісінің жағдайын апта сайын бақылауға алуын өтіндік. Сондай-ақ, өзіміз де назардан тыс қалдырмай, қарайласып келеміз. Сөз арасында айта кетейін облыс көлемінде

мәдени-құндылықтарға көп мән беріліп отыр. Мәселен, Нұрғиса Тілендиев пен Мұқан Төлебаевтың ескерткіштері орнатылды. Бұған қоса, Дінмұхаммед Қонавтың 100 жылдығына арналған ескерткіші де бой көтерді.

Қала тұрғындарының әлеуметтік ахуалының деңгейін қалай пайымдайсыз? Халық не нәрсеге көбірек алаңдауы мүмкін?

Талдықорған өңірі халқының әлеуметтік жағдайы біршама жақсы. Менің ойымша, осы өңірге индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына сай, жаңадан шағын болса да зауыттар ашқан дұрыс сияқты. Кейде анық қанығына жету үшін кешкісін серуенге шығып, өтіп бара жатқан адамдармен тілдесіп, хал-жағдайларын сұрап жүремін. Ешкімнің де бұрынғыдай қыспаққа түскен тірліктің күнін кешіп, шағым айтқан кездерін бірде-бір естіген емеспін. Бұған қарап, қала тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыс деңгейлері нашар деп айта алмаймын.

Өзіңіз басшылық етіп отырған І. Жансүгіров атындағы мәдениет үйінің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне тоқтала кетсеңіз.

Бағана байқаған боларсыз, екі бірдей концерт жүріп жатты. Бұндай шаралар біздің мекемемізде аптасына екі-үш рет ұйымдастырылып тұрады. Халықтың концертке келуі өте сирек. Себебі, олардың үйлерінде телевизорлары бар, газет-журнал оқиды және интернет жүйелері іске қосылған. Ал шынайы өнерді түсінетін көрермендеріміз өздерінің сүйікті өнер майталмандарына қошеметтерін көрсету үшін, әдейілеп ауылдық жерлерден де ат терлетіп келіп жатады. Жергілікті басшылыққа рахмет, облысымыздың мәдениетінің дамуына үнемі жанашырлық көзқарас танытып

Page 79: №8 журнал 2013г-на сайт

79

жүреді. Мекемеде 47 қызметкер жұмыс жасайды.

Қазақ өнер мәдениетін дамыту аясында мерекелік шараларға қаншалықты үлес қосып отырсыз?

Біз шетелдерге гастрольдік сапарларға жиі шығып тұрамыз. Мәселен, Болгарияда өткізілген халықаралық фестивальге қатысып қайттық. Фестиваль кезіндегі шеруде көшеде жүрген біздің делегацияға сүйсінбей қойған ешкім жоқ. Қазақи болмысымызды сипаттайтын ұлттық киімдеріміздің үлгісіне және Көк туымызға қарап, қошеметтерін көрсетіп жатты. Соған да іштей шүкіршілік қылдық. Тіпті операторлар мен фотографтар бізді қайта-қайта түсіре бергенде, төбеміз көкке бір елі жеткендей болды. Бізге жасаған құрметтері өте ерекше болды. Содан кейін Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Польша, Үндістан және Ресейдің ірі қалаларында көптеген хлықаралық музыкалық форум мен фестивальдарға қатысып, берген концертімізге таң-тамаша болып жатты. Астана, Ақтау және Қарағанды қалаларына дирижер ретінде жиі концерт беріп тұрамын. Халқымыздың біртуар перзенті, сүйікті композиторы, қазақ операсының негізін

қалаушылардың бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына орай жақында Жамбыл атындағы филармония оркестріне концерт беріп қайттым. Республика көлемінде концерт беруді жиі әдетке айналдырып, осылайша қазақ өнерінің дамуына үлес қосудамыз. Қазір обылысымызда Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арнап мерекелік шара ұйымдастырғалы отырмыз. Аталмыш шараға дайындалу барысы өте жоғары және халықаралық деңгейде өткелі тұр. Құдай қаласа мамырдың аяғына қарай, мерекелік шараны өткізу жоспарланып отыр. Композиторлар мен вокалистерге арналған арнайы байқаулар осы мерекелік шарада көрініс табады.

Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына қатысты депутаттық пікіріңіз қандай?

Алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосылу міндеті толықтай орындалып, ендігі кезек дамыған отыз елдің санатына қосылу мүмкіндігіне ие болу. Алға қойған мақсаттардың бірі ретінде мемлекетіміз күннен-күнге дамып келеді. Жолдауда көтерілген бастамаларға бүкіл ел болып, жұрт

болып ат салыссақ, Қазақстанның алар асуы, шығар биігі ұзағынан болмақ.

Әли Демегенұлы, сөз соңына қарай өзіңіз және отбасыңыз жайлы шағын мәлімет бере кетсеңіз.

Мен 1956 жылы Талдықорған облысы, Ескелді ауданы, Елтай ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келдім. Мектеп бітіргеннен кейін, Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы Мәдениет институтына түсіп, содан кейін Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының оркестр дирижері класынан білім алдым. Құдай қосқан жарыммен бір ұл және бір қыз тәрбиелеп отырмыз.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік – еліміздің тағдыры. Тәуелсіздік алысымен, өз алдымызға бөлек мемлекет болып кеттік. Оны көрудің өзі қазақ елінің маңдайына жазылған бақыты деп санаймын. Тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 80: №8 журнал 2013г-на сайт

80

«БИОТЕРРОРИЗМНІҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮРДІСКЕ ТИГІЗЕР ЗИЯНЫ ОРАСАН ЗОР»

Бұл мәселе «Талдықорған қалалық медициналық кол-леджінің» директоры, дәрігер, медицина ғылымының канди-даты, қалалық мәслихаттың депутаты Жансеңгіров Серік Максимұлымен төменде жария-ланған сұхбатымызда кеңінен баяндалды. Медицина саласында отыз жылдан аса қызмет етіп келе жатқан оның отыз ғы-лыми мақалары отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген. Сондай-ақ, 2005 жылы шыққан медициналық кітаптың авторы. Отбасылы, екі ұлы және бір немересі бар.

Серік Максимұлы, әңгіменің төркінін депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Талдырқорған қалалық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді талқыға салып жүрсіз?

Медицина саласында жүргендіктен осы мәселелерге басты назар аударамын. «Жаңа фармациялық медицина» бағдарламасын дамыту аясында аймақтағы тұрғындарға және қоғамның әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне, сондай-ақ, емдеу алдын-алу шараларын жасайтын мекемелердің материалды-техникалық базаларын жақсарту мәселелерімен айналысып келемін. Медицина мен білім берудің тәжірибелік қызметтестігі арқылы мамандандырылған медицина құрамының білімін жетілдіріп, қызметкерлердің еңбегіне материалдық жағдай жасауды қалыптастыру ісін қолға алып жүремін. Жастардың

нашақорлық, темекі шегу мен ішімдікке салынуларына, сонымен бірге, ана мен баланың өліміне жол бермеулеріне тырысып келемін. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін медициналық қызмет көрсетудің маңызы зор екені белгілі. Осы орайда облыстық ауруханадағы жұмыстарының жүргізілу тәртібін қадағалауды маған тапсырып қойды. Ал, әлеуметтік бағытта саяси сауатты әрі білікті медицина мамандарын тәрбиелеуге ат салысып, олардың жұмысқа орналасуларын қол ұшымды тигізіп жүрмін. Жыл сайын орта есеппен 5000-нан аса студент жастар медицина мамандығы бойынша дипломдарын алып жатыр. Мамандар тапшылығы қоғамда сонда да кездесіп қалады. Себебі, олар ең алдымен әлеуметтік қолдаудың болғанын күтеді, үй алу мәселесіне көбірек алаңдайды. Соған орай медицина қызметкерлеріне арнайы үй салып беру мәселесімен екі жылдан

бері қозғап келемін. Тым болмаса жұмыс істеуге келген жас маманға үй ұсыну мәселесін ретке келтіріп, қолға алсақ деймін. Көп балалы және әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларға демеу көрсету мақсатында ақысыз дәрі-дәрмекпен емделуін қадағалаудамын. Тағы бір айта кететін мәселе, ғылым мен мәдениеттің дамуына өзіндік үлесімді қосып жүрмін.

Мемлекетіміздің медициналық стилінің қалыптасуын қалай бағалайсыз?

Адамға қай уақытта да денсаулық керек. Мемлекеттен денсаулық саласына қаншама ақша бөлінсе де, түрлі аурулар пайда болып жатады. Мәселен, ауыл тұрғындарының денсаулықтары нашарлай түсетіні жасырын емес, туберкулез, вич және т.б. аурулар жиілеп барады. Бұған себеп сол ауыл тұрғындарының білімсіздігінен туындап жатыр. Басты кезекте сол себептен

Page 81: №8 журнал 2013г-на сайт

81

денсаулықты сақтау мәселесін халыққа кеңінен насихаттау керек. Салауатты өмір салтын ұстанып жүру үшін спорттық алаңдарды көбірек салу мәселесін айтып жүретінім сондықтан. Менің колледжімде оқитын 1000 студенттің 200-і түрлі себептермен дене шынықтыру сабағына қатысуға жарамсыз. Неге? Мектеп қабырғасында жүргенде олар сол дене шынықтыру сабағына жөнді қатыспаған немесе аналары аяғы ауыр кезінде өз-өздеріне күтім жасамаған. Нәтижесінде әлсіз, өте нәзік балалар дүниеге келіп жатады.

Біздің мемлекетіміздің медициналық стилі Кеңес Үкіметі тұсынан қалыптасқан бағытты әлі күнге дейін ұстап келеді. Яғни, кісі басы ауырып, балтыры сыздаған кезде ғана ауруханаға емделуге барады. Профилактика яғни, аурудың алдын-алу шараларын өткізу керек. Мемлекетіміздің ұстанып отырған саясатында денсаулық сақтау мәселесіне байланысты басты екі мақсат бар: 1) бала туу санын арттыру; 2) сол балаларымыздың денінің саулығын сақтап қалу қажеттілігі. Ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ, денсаулықты сақтау мәселесіне көп мән берген. Мәселен, жазғы жайылымдық жерде малдар қырылып қалатын болса, келер жылы дәл сол жерге қоныстанбаған. Көрдіңіз бе, тазалық тәртібін осылайша ретке келтірген. Шын мәнісінде Шығыс медицинасын қолдануымыз керек.

Сіз басшылық етіп отырған «Талдықорған қалалық медициналық колледжі» МКҚК бүгінгі таңда білім беру мәселесімен қалай айналысуда? Сондай-ақ, оқу бітірісімен түлектеріңіздің жұмысқа орналасу тәртібі қалай назарға алынуда?

Біздің колледжіміздің сексен жылға жуық тарихы бар. Колледжді бітірген түлектеріміз жан-жақты қызмет етуде. Оқу

орнында санға емес сапаға мән беріледі. Осы колледжде білім алып жатқан студенттерден басқа жиырма жетім баланы оқытып және жәрдемақы төлеп отырмын. Осы жиырма қыз бала өрескел қателікке бой бергенше білім алсын деген ниетте ғой.

Келісім-шарт бойынша оқуға түсетіндерге қатаң талап қойылады және бір орынға түсу үшін бес үміткерден келеді. Студенттеріміз өндірістік тәжірибені ауылдық жерлерден де өтіп келе береді. Былтырғы жылғы мәліметті айта кетейін, оқуды бітірген түлектердің 82 пайызы жұмысқа орналасты. Депутат болғалы бері мына мәселені көтеріп келемін. Мәселен, колледжді бітіретін студенттер мүмкіншілігі жоқтығынан білімін әрі қарай жалғастыру үшін ЖОО-на түскілері келеді. Бірақ, мүмкіншілігі жоқтығынан балаларға осы жағы қиындау болып тұр. Тым құрығанда колледж бітірушілерге ЖОО-на түсу үшін 20 грант бөлінсе деймін. Біріншіден, келісім-шартқа сол баланың оқуды тастап кетпейтінін және оқуын аяқтасымен өзінің ауылына баратынын көрсетіп береміз. Екіншіден, сол жастар ауылда жетпей жатқан мамандардың орнын толтырады әрі әке-шешесінің қасында болады. Осы мәселені көтеріп келемін бірақ, шешімін таппай келеді. Құдай қаласа Білім министрлігіне хат жолдасам деген ойым бар.

Сіз медицина саласында көп жылдардан бері қызмет етіп келесіз. Нарық ағымына ілесу үшін шет елдердің жаңалығын бірінен соң бірін қабылдап жатырмыз. Айтыңызшы гендік модификациялық өнімді қолдану болашақта қаншалықты тиімді болмақ?

Ғалымдардың мәліметтеріне сүйенсек, гендік модификациялық өнімді қолдану ұлт ғұмырының ұзақтығына кері әсер етуі мүмкін. Әлі пайдасы мен зияны қаншалықты екендігі толық

зерттелмеген. Әлемдік ақпаратқа сүйенсек, гендiк инженерия мен гендiк терапияның дамуы «биологиялық терроризмді» жақындата түседі екен. Ал биотерроризм деп – әртүрлi iндеттер мен дерттердi тарататын бактериялар мен вирустарды атайды. Гендiк мамандар тiрi жасушалардың iшiне белоктардың күшiн әлсіретіп және сол тiрi жасушаларды жансыздандыруға қабiлеттi тізбектерді зерттеді. Сөйтіп көзге көрiнбейтін этностық қарулар жасалынып шықпақ. Қандай да бір ұлтты жою үшін кез келген адамның қаны, терiсi мен денесінің биоматериалдарын осылайша қолдануға болады. Себебі, кез келген ұлттың жаратылыс ерекшелiктерi мен оның қандай ауруларға бейiмдiлiгi туралы толық ақпарат сол адам ағзасының кез келген жасушасынан яғни биоматериал этностан алынады. Қолға түскен биоматериалдар жасырын лабораторияларда зерттелінеді және геномы анықталады. Бір сөзбен айтқанда тұтастай бір елдің тұқымын құрту үшін гендік қару жасап шығарылады. Мәселен, жыныстық гендерге әсер ету арқылы бүтiн бiр халықты бедеулiкке ұшыратады. Биотерроризмнің демографиялық үрдіске тигізер зияны орасан зор.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

Тәуелсіздік түсіне білген адамға тарихы тереңде, ұғымы қасиетті де қадірлі. Қазақстанның болашағы Тәуелсіздіктің арқасында қарыштап дамып келеді. Әлем мойындаған Қазақстанға айналды. Сол үшін де осы Тәуелсіздігімізді әрі қарай сақтап қалу мақсатында мемлекетімізге еңбек ете берейік.

Сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанӘсем Сағиқызы

Page 82: №8 журнал 2013г-на сайт

82

БақытайТүстікбаев

Page 83: №8 журнал 2013г-на сайт

83

ӨНЕР ЖАНАШЫРЫ ӨРГЕ ШЫҒАДЫ Журналымыздың келесі кейіпкері - Түстікбаев Бақытай Қабдолдаұлының

депутаттық қызметке келгеніне аз ғана уақыт болса да, бірқатар шаруалардың басын қайырып үлгергені әңгіме барысында байқалынды. Халық қалаулысына дейінгі қызметтік жолында әсіресе қазақ өнерінің дамуына ат салысып жүрген ағамыз арасында ән де жазып қояды. Осыдан үш-төрт жылдай бұрын талантты ару қыздарымыздың өнерге бет бұруларына себін тигізіп, қыздар ансамбьлін құрып берді. Ансамбль «Мөлдір» вокалды-аспаптар деп аталынады және сол ансамбльге өзі жетекшілік етіп келеді. 2007 жылдан бері І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде қызмет атқарып, 2010 жылдан күні бүгінге дейін «Өтенай ауылдық мәдениет үйі» МКҚК-ң директоры қызметтерін атқарады.

Біз Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Түстікбаев Бақытай Қабдолдаұлымен кездесіп, сұхбат жүргізген болатынбыз. Енді соны назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты қызметіне келгеніңізге 4-5 айдың ғана жүзі болды. Дегенмен қандай мәселелерге баса назар аударып жүрсіз?

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатын қолдау мақсатында «Нұр Отан» ХДП-ның атынан депутаттықа сайланған болатынмын. Депутаттық жолдағы басты міндетім – отандастарымның өмір сүру деңгейлерін жоғарылату болып табылады. Әрбір Қазақстан мемлекетінің азаматы қоғамдағы орны мен әлеуметтік жағдайына қарамастан бірдей өмір сүруге құқылы. Сол үшін де қысқа мерзім ішінде әлеуметтік мәселелерге басты назар аударып келемін. Әсіресе, тұрмыс деңгейлері төмен отбасыларға қолғабысымды беріп, кейбір жұмыссыз жүрген отбасы мүшелерінің жұмысқа орналысып кетуін қадағалап, құжаттарын реттеуге көмектесіп жүрмін. Аз да болса көп болсын дегендей, кейбір ауыл тұрғындарының үйлеріне 1-2 тоннадай көмірін, отынын тіпті азық-түлікті де өз қаражатымнан түсіріп беру жолын қарастырдым. Жаңа жылдың алдында Ұлы Отан соғысына қатысқан екі ардагерге азық түлігін сатып әпердім.

Сондай-ақ, екі зейнеткерге бір жылдық газетке жаздырып қойдым. Газетке жазылуға көмектесу мәселесі бойынша жылдан жылға көбейтуді қолға алайын деп отырмын. Ауылдағы отбасы төмен балалардың барлығын жинап, тегін концерт ұйымдастырып, оларға сыйлықтар табыс еттім. Одан кейін жүз балаға жаңа жылдық сыйлықтар бердім.

Халықпен кездесу барысында қандай сауалдар жиі қойылуда? Сіздің тарапыңыздан сол сауалдар өз шешімін қалай табуда?

Бақша егу үшін ауыл тұрғындары суармалы жерге арықтың қазылуына өтініштерін білдіріп жатады. Өзіңіз білесіз, ауылдық жерлерде мамандардың тапшылығынан кей мәселелерді шешу сәл қиынға түсіп кетеді. Осы мәдениет үйінде би үйрететін хореограф жоқ болатын. Өзім осы «Өтенай ауылдық мәдениет үйіне» басшылыққа келгеннен кейін бұл мәселені оңтайландыру үшін хореографты жұмысқа алып, керекті инструменттерін сатып әпердім.

Бағана әзірде сұхбат

басталмас бұрын саясатқа енді араласып жүргеніңізді айтып қалдыңыз. Біз демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқанымызбен, қоғамымызда кездесіп жатқан кейбір келеңсіздіктерге қарап, демократия халыққа ма, әлде халық демократияға қызмет етіп жатыр ма деген ой туындап қалады. Сіз осы пікірге қатысты қандай ой айтар едіңіз?

Польшаның бір саясаттанушысы кезінде демократияға революция арқылы емес, оған жетудің өзіндік жолдары бар деген екен. Егер реформа жоғарыдан бастау алар болса, демократияға жету жолында бір жүйеліліктің келуі заңды. Саяси билік басындағылар оппозиция өкілдерімен келісе отырып, белгілі бір тәртіп бойынша демократияның міндеттемелерін жүзеге асыруға ат салысып бағады. Басты кезекте халықтың білім дәрежесіне және әлеуметтік деңгейіне баса назар аударылса, демократиялық қоғам өздігінен әрі мемлекетке, әрі қоғамға қызмет етіп қала бермек. Сондай-ақ, азаматтардың демократиялық үрдіске бейімделу деңгейін анықтап береді және шешуші

Page 84: №8 журнал 2013г-на сайт

84

рөл атқарады. Себебі, олардың арасындағы саяси реформалық байланыс осы кезде пайда болады. Демократиялық үрдісте тәрбиеленген бірақ, басқару саясатын меңгермеген адамды билікке араластырудың да керегі шамалы. Дамуға бетбұрыс жасаған біздің мемлекетіміздің жаңа жағдайларға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заң және беделді саяси партияның болуы орынды. Сонда ғана билікті білікті әрі саяси басшы жасай алады, ал мемлекетте мықты демократиялық үрдіс қалыптасады.

Еңбек нарығындағы болып жатқан қақтығыстар жайында не айтар едіңіз?

Мәселен, Германия мемлекетін алайық. Ол жақта жұмыссыз жүргендерге жәрдемақы төленеді. Сол жәрдемақының есебінен күн көріп, бизнес ашып жатқан адамдар бар. Бізде кейбір кісілер зейнетке шығуға 2-3 жылдай қалғанда әр түрлі себептермен жұмыс істей алмайды. Нақты айтқанда, оларды жасың келді деп жұмысқа қабылдамай қояды. Мемлекет зейнетке шыққанға дейін ең аз дегенде 15-20 000 теңге қаржылай әлеуметтік көмек беру қажеттілігін қарастырса деймін.

Сіздің ауылда жастардың жұмыспен қамтамсыз етілу деңгейін қалай байқасақ болады? Осы мәселеге сіз қаншалықты араласып жүрсіз?

Маған тікелей келіп, көмек сұрап жұмысқа орналасуларына өтініш білдірген жастарға шамам келгенше өтініштерін жерге қалдырмауға тырысамын. Былтыр осы мәдениет үйіне оқуды жаңадан бітіріп келген екі жас маманды қабылдап, жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын.

Еліміздің қуатты да табысты мемлекет болудағы

басты тірегі неде деп ойлайсыз?Менің білуімше, дамыған

елдердің болашаққа қадам жасауы үшін алдағы жылдарға арнайы жасаған стратегиялық жоспарын ешбір мемлекетте барын естіген емеспін. Бұндай ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар тек біздің мемлекетіміздің қолынан ғана келеді.

Сіздіңше ұлт болмысының сипаты қандай болуы тиіс?

Әр адамның ұлтшыл болу керектігі ол айдан-анық. Өз ұлтына деген жанашырлығы кісінің бойындағы адами қасиеттерімен астасып жатса, ұлттың болмысын сипаттайтын мемлекетіміздің азаматтары көбейеді деген сенімдемін. Мәселен, бір ғана өнер саласын алып қарайтын болсақ, қазақ өнерінің шарықтау шегіне жетуі үшін белсенділік танытып жүрген азаматтарымыз қоғамымызда жетіп артылады. Сол өнер иелері шет елдерге шығып, өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, ұлтымыздың мақтанышы болуға белсенділік танытып жүр. Бұл да болса ұлттық болмысымызды даралап көрсететін жетістігіміз бен өнердің шыңдалуына үлес қосуы деп ұғайық.

Түсінікті. Болашақта нені жоспарлап отырсыз?

Жоспар көп, бірақ оның орындалуы оңайлықпен келе бермейді. Заман талабына сай, өсіп келе жатқан балаларымыздың толыққанды тәрбиеленіп және білім алулары үшін 100 пайыз кіші балабақшалармен қамтамасыз етілгенін қалар едім. Сол себептен кезінде жекешеленіп кеткен балабақшаларды қайтару мәселесін қала әкімшілігіне жолдаған болатынмын. Бұйыртса, алдағы уақытта шешімін табады деген ойдамын. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау үшін балаларымызға арнап мектеп жанынан стадиондар, бассейндер мен спорт кешендерінің салынуын

қарастырудамын. Мекемеде сапалы медициналық қызмет түрінің жақсартылуын және халықтың қол жетімді бағамен дәрі-дәрмек алуларына септігімді тигізіп жүрмін. Өнер саласында жүргеннен кейін оны дамытып, адамдардың бойына рухани байлықты сіңдіру міндетін өзіме жүктеп қойдым. Сол үшін мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту, әр түрлі деңгейдегі байқаулар мен шараларды ұйымдастырып, оларға өнерлі адамдардың қатысуын қамтамасыз ету қажеттілгін қарастырудамын. Қалада өмір сүріп жатқан барлық этностар мен халықтардың мәдени салт-дәстүрлеріне де көңіл бөлуге тырысып жүрмін. Шығармашылық табысқа жету үшін көркемөнерпаздар ұжымын ашуға мүмкіндік туғызуға және гастролдік сапарларға шығуларына материалдық көмек көрсету қажеттілігін де ұйымдастырмақпын.

Мәдениет саласында жүргізілетін жұмыстар бастамасы қалай қарқын алуда? «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ән-би және «Мөлдір» вокалды-аспапты қыздар ансамблін құрудың мақсаты неде еді?

Мен басшылық етіп отырған «Өтенай ауылдық мәдениет үйі» МКҚК шағын концерттерден республикалық деңгейдегі мерекелік шараларға қатысады. Бұл мәдениет үйінде 6 би ұжымы бар. Ал, 2011 жылы қала әкімінің бастамасымен «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблі құрылған болатын. Ансамбльде 50 адам өнер көрсетеді. Арнайы әрбір музыкантқа 3-4 қазақы үлгідегі киімдер тіктірілді. Бұл да болса бір жағынан қала әкімінің жанашырлық көзқарасы мен екінші жағынан Елбасының қазақ өнерінің дамуына жасаған қолдауының арқасында жүзеге

Page 85: №8 журнал 2013г-на сайт

85

асты деп ойлаймын. Бұл ансамбль қазір республикалық деңгейде сондай-ақ, Елбасы қатысқан концерттерге жиі қатысып тұрады. Ансамбль «Нұрсұлтан» туралы ән орындағанда Елбасынан бастап, залда отырған барлық көрермендер орындарынан тұрып, қол соғып, қошеметтерін көрсетіп жатты. Бұл ансамбльді құруда бір ғана мақсатымыз болды. Қазақ өнерін дамытуға үлесімізді қосу үшін қазақ дәстүрінің фольклорлы-этнографиясын халыққа жеткізу болатын. Әрі сол арқылы болашақ ұрпақ өз дәстүрін ұмытпасын деген ой еді. Бұл ансамбльдің ерекшелігі – дәстүрлі және халық әуендерді орындап, ұмытылып бара жатқан көне аспаптарымызды жаңғырту болып отыр. Тағы бір айтып кететін жайт, Талдықорған қаласындағы мәдениет үйімен бірлесіп жұмыс жасап отырамыз. Сол мекеменің басшысы Алпысбаев Әли Демегенұлы өте зиялы кісілердің бірі.

2009 жылы өзім құрған «Мөлдір» вокалды-аспапты қыздар ансамбліне жетекшілік

етіп келемін. Аталмыш ансамбль «Дариға жүрек» атты республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Сахнаға қырмызы гүлдей құлпырып, қызғалдақтай қыздар шығып, әрі өздері аспаптарында ойнап, ән айтқандарын көрген көрермендер әлбетте қызыға да сүйсіне де қарайды. Өздеріңіз білесіздер, 60-70 жылдары «Айгүл» деген қыздар ансамблі өмір сүрген. Сол қыздардың жолын қусын деген мақсатпен ансамбльді құрып қойдық. Кезінде бұл ансамбльдің атағы жер-жерлерге танылып, шамамен 1000 ауылға концерт берген екен. Сол сияқты бұл қыздарымыз да халыққа танылса екен деймін. Тағы бір жаңалығымыз, болашақта «Ғасыр дос» деген ансамбль құрғалы отырмын.

Бақытай Қабдолдаұлы, өзіңіз жайлы шағын мәлімет бере кетсеңіз.

Мен 1958 жылы Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқры ауылында дүниеге келгенмін. 1975 жылы Кербұлақ ауданының,

Шоқан ауылындағы орта мектепті бітірісімен, Отан алдындағы әскери борышымды өтеуге кеттім. 1981 жылы эстрада-цирк өнерінің республикалық студиясына түсіп, оны ойдағыдай аяқтасымен вокалдық өнер сыныбы бойынша консерваторияға түстім. Алғашқы еңбек жолымды 1986 жылы Айнабұлақ стансасындағы Мәдениет үйінің директоры қызметінен бастағанмын.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай?

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» деген журналдарыңыздың атауы қандай керемет еді! Сол журналға сай қызмет етулеріңе тілектеспін.

Тәуелсіздік – қазақ халқының басына қонған бақ деп есептеймін. Ең бірінші кезекте татулықты сақтап қалсақ, Тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ болады деген үміттемін.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 86: №8 журнал 2013г-на сайт

86

МУЗЫКА БӘЙТЕРЕГІ«Ән – халық үні, оның шындығы,

оның ойы мен сезімі»

Жамбыл Жабаев

Қазақ көрерменіне «Біржан-Сара» сынды операсын сыйлаған, ұлттық нәрі құнарлы туындының аса дарынды сазгері дархан даламызды жүректен шыққан әуенге мәңгілікке бөлеп кеткендей. Әңгіме қазақтың белгілі музыка шебері, ұлттық композиторымыз, КСРО-ның Халық әртісі Мұқан Төлебаев жайында өрбісін. Тумысынан талантты Мұқан ағамызды кәсіби музыка өнерінің тұңғыш негізін салушы ретінде білеміз. Киелі Жетісу жерінде дүниеге келген, өнерлілердің өлкесінен шығып, күллі қазақ халқына не бары жарты ғасырға да жетпейтін өмір керуенін жүріп өткен біртуар сазгер ұрпаққа мол мұра қалдыра білді. Мұқан Төлебаев жүзден астам музыкалық шығармалардың авторы. М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокалды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық

бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. Композитор опералық, контаталық-ораториялық, ән-романстық шығармаларға ерекше мән берген еді. Сонымен қатар ХХ ғасырдағы музыка мәдениетінің ең көрнекті және сәтті табыстарының бірі «Біржан - Сара» операсы талғамы терең көрермен тарапынан мол ілтипатқа ие болып келеді. Қазақ операсының классикалық туындысына айналған сазгердің бұл шығармасы әлі күнге қойылымнан түспей келеді. Мұқан Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырған бірден-бір сазгер. Оның «Кестелі орамал», «Тос мені, тос», «Ақмарал» т.б. сынды әндері халық жадында, тыңдаушылардың жүрегінде сақталып қалды. Мұқан Төлебаев Қазақ КСР Мемлекеттік әнұранының музыкасын жазған сазгерлердің қатарында.

Бүгінгі таңда композитор өзіне лайық барлық атақ-құрметке ие. Ел аузынан әуені түспейтін әндердің авторы қашанда жүрегімізде. Мәселен, 2013 жылды ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы «Мұқан Төлебаев жылы» деп жариялады. Осыған байланысты композитордың бірнеше шығармалары, оның ішінде «Біржан-Сара» операсы Түркияның бірнеше қалаларында қойылатын болады. Композитордың 100 жылдығына орай еліміздің барлық аумақтарында түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.

«Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті – оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезім-талдығы мен сезгіштігі» деп Борис Владимирович Асафьев айтқандай қазақ музыкасынан даланың кеңдігі, самалдың ән-сазы байқалады. Дәл осы сипат Мұқан Төлебаевтің музыкалық шығармаларында кездеседі. Әнің тыңдай жөнелсең, көз алдына сол дала тебіренісі, жүректен шыққан сезім, шіркін жан нұры, бір бөлек мінез сипатталып, елестей кетеді. Бұл нағыз ана сүтімен дарыған тума талант. Бұл Мұқан Төлебаевтің мәңгі өшпес тебіренісі...

Ботагөз Сембайқызы

Page 87: №8 журнал 2013г-на сайт

87

СҮТ ӨНДІРІСІНІҢ СЕРПІНІ МОЛСүт тағамдарын қазақ халқы

бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағам әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасап, ұлттық ас мәзірімізге жазып кетті. Сүт тағамдарының құрамы белок, май және көмірсуларға өте бай, олар адам ағзасында оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру үрдістерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол. Қазақстандағы сүт өндірісі саласы баяу да болса дамуға бет алған саланың бірі деп айта аламыз. Бірақ мұндағы шешімі табылмай жүрген және өндірістің өркендеуіне кері әсерін тигізіп отырған әсерлер де жетерлік.

Дегенмен, еліміздің әр өңірінде алпауыт сүт өндіретін зауыттар жылдан-жылға өркендеп келеді. Отандық өнімді пайдаланудың жоғары көрсеткіштері де байқалып отыр.

Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде сүт өндірудің нағыз маманы, «GSK Lac-tis ltd» ЖШС-ның атқарушы директоры, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Арқабаев Бақыт Ерғазыұлымен сұхбаттасудың реті келген еді.

Бақыт Ерғазыұлы, алдымен өзіңізге тоқтала кетсеңіз. Қай жерде туып-өстіңіз?

Мен Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келдім. 1987 жылы Семейдің технологиялық институтынан инженер-механик мамандығын алып шықтым. 1992 жылы ЖОО-ның тәмәмдаған соң Талдықорған қаласындағы «Береке» агрофирмасында слесарь болып, 1994 жылы

бригадирлікке тағайындалдым. Осы жылдың шілде айында біліктілікті жоғарылату бойынша курстардан өтіп, арнайы сертификат алдым. 1996-1999 жылдар аралығында Қапал ауданының «Ақ-сүт» АҚ зауыт директорының орынбасары болып қызмет еттім. 2000-2003 жылдар аралығында Кербұлақ ауданындағы «Қоғалы май сыр зауыты» зауытының директоры қызметін атқардым. 2009

жылдың күзінен бастап «GSK Lactis ltd» ЖШС-ның атқарушы директоры қызметінде келемін.

Өнімді шығаруда қандай талаптарға сүйенесіздер?

Дәстүрлі технологияны қолданамыз. Сүт өнімдерінің барлығын жіті қадағалаудан, тексерістен өткіземіз. Сүт тез бұзылатын тамақ өнімі. Сондықтан біз тек тікелей тапсырыстар негізде ғана өнім шығарамыз. Сақтау мерзімдері

Page 88: №8 журнал 2013г-на сайт

88

де екі күннен аспайды. Ал жылдар бойы шыдайтын сүт өнімдерінде сөзсіз толастаған химиялық қоспалар болады. Бұл денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Осы жерде көкейкесті мәселелер туындайды. Мәселен, менің айтқым келетіні біздің ішкі әскеріміз өзіміздің Отандық зауыттардың өнімін тұтыну керек. Бізде қазір әскерге берілетін өнім шетелден әкелініп жатыр. Мәселен, бірнеше зауытты таңдай келе, Үкімет лицензия беруі керек. Сосын сол лицензия негізінде зауыттар әскерді өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ал ішкі әскерді сырттан тамақтандыру дұрыс емес. Бұл қауіпті.

Бақыт Ерғазыұлы, мемлекеттік тендрге қатысу ережелеріне, мемлекеттік сатып алу жүйесіне байланысты сіздің ойыңызды білсек бола ма?

Әділетсіздік басым деп ойлаймын. Себебі, тендр портал арқылы жүзеге асады. Ал қазір сол порталдың тетіктерін де адамдар біліп алған. Мәселен, үш-төрт адам бірігіп, бір жеке кәсіпкерлік компаниясын ашады да тендрге түсіп кетеді. Қоятын бағалары арзан. Ал шын мәнінде шығарған өнімі жоқ. Мәселен, сүт немесе басқа өнімдерге сұраныс жасалған тендрді ұтып алады да, келіп сол өнімді біздің зауыттан сатып алып кетеді. Екіншіден, сапасы өте

төмен өнім шығарады. Оның қандай санитарлық жағдайда жасалынатыны да тексеріліп жатқан жоқ. Ал сол өнімді мемлекеттік мекемелер, бала-бақшалар, мектептер, емханалар сатып алады. Қараңызшы, ұрпағымыздың денсаулығы үлкен қауіпқа ие емес пе?! Дұрыс есептеліп, жасалынбаған өнім балалардың есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, жалпы ағзасының нашар жұмыс істеуіне әкеліп соқтырады. Ал ол былай жүзеге асады. Мәселен, менің қойған бағам 120 теңге болса, олардікі 119 теңге. Осы бағамен байқаудан автоматты түрде жеңіп кетеді. Біздің зауыттың өнімінің қаншалықты жақсы екенің сол мекемелердің басшыларының өздері айтып жатады. Бірақ, бұл жерде таңдау еркіндігі жоқ. Яғни сапа емес, сан маңызды. Демек арзан бағаға, сапасы күмән тудыратын өнім беріледі.

Сіздің қарамағыңыз-дағы мамандар сапасы қаншалықты деңгейде? Жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайына қаншалықты көңіл бөлінуде?

Бұрынғы кездерден бері жұмыс істеп келе жатқан адамдардың зейнетке жақындап қалғандарын байқап, колледж, университеттерден мамандарды алдық. Бес жас маманды алып сынақтан өткізсек, соның үшеуі бізде жұмысын жалғастырып қалып қояды. Бүгін тек зауытта 150 адам еңбек етіп жатыр. Сарқант ауданында тағы бір зауытымызда 70 адам жұмыс істеп жатыр. Осы екі зауытқа жалпы санағанда 7000 адам сүт өткізеді екен. Қарасаңыз 7000 адам аздап болса да өз нәпақасын тауып отыр деген сөз ғой. Жалпы біздің ұжым тұрақты. Жұмыскерлеріміздің еңбек ақысын кешіктірмей,

сыйақылар беріп отырамыз. Бізде түскі астың бағасы 50 теңге ғана тұрады. Жас мамандарды өзіміз оқытып, тәрбиелеп, ынталандырып еңбекке баулимыз. Осы жөнінде де айта өтсем деп едім. Маманның маман болып шығуы, жұмыс берушіге тікелей байланысты. Мәселен, енді еңбек жолын бастаған жас маманға қолданысына қырық жыл болған техниканы беріп, оның жұмыс істеуінен бұзылуы көп болса, жас қыз-жігіттердің беті қайтып қалады. Ал бізде керісінше, жас деп тозығы жеткен техниканы беріп қояды. Ондай әрекеттерден аулақ болғанымыз жөн.

Шетелдік құрылғыларды қай елдерден алып жатырсыздар?

Көбінесе көрші Ресейден аламыз. Еуропадан алуға тырысамыз, бірақ оның бағасы қымбат. Несие бес жылдық мерзіммен ғана беріледі. Мен Италияда көрген автомат құрылғының бағасы 600 мың еуро тұрады. Ал бұл жерде банктермен келісе алмаймыз. Себебі, менің 30-50 млн. долларға алатын автомат машинамның несиесін өтеу үшін көп уақыт, әрі мол қаржы керек. Сол кезде мен өз қызметкерлерімді жалақысынан қаға алмаймын ғой. Ал сапасы мықты құрылғымен жұмыс істеу бізге де өте тиімді. Құрылғыларды сатып алуға берілетін несиенің өтелу уақыты 10-15 жыл болғаны дұрыс деп ойлаймын. Сонда сапалы техникамен сапалы өнімді одан да көбірек, жақсырақ жасай аламыз.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінен беріліп отырған дотацияның үй-лестірілуіне ойыңыз қандай? Кемшін тұстары бар ма?

Page 89: №8 журнал 2013г-на сайт

89

Мемлекеттен сүтке, етке дотациялар беру жөнінде де айтып кеткен жөн. Кемшін тұстары бар. Оның ішінде мал шарушылығын ынталандыру үшін ірілі-ұсақты шаруа қожалықтарына берілетін қаражат бойынша да, малдың саны қаншалық көп соншалық субсидия жоғары төленеді. Ал мал саны аз шаруа қожалығына да барынша жағдай түзеу үшін сол ақша керек. Байқасаңыз, бұл жерде сапа емес, санның мәнісі көзделіп отыр. Егер ШҚ-да 1000 бас қарамал болса, демек бұл ірі қожалықтың өзіндік табысы мол. Осы мәселе кеңінен қарастырылса деймін. Жалпы субсидия мемлекеттен қайтарымсыз берілетін ақша. Біздің елде АШМ берілетін субсидиялар көбінесе бидайға және сүтке көзделген. Ол жердің өзінде де әділетсіз тұстарын байқадым.

Елімізге сүт өнімдерінің сырттан әкелінуі қандай қауіп төндіреді деп ойлайсыз?

Біздің елде сүт өнімдерінің 30-40 пайызы ғана Отандық, қалған 60 пайызы шетелден әкелінеді. Оның ішінде Ресей, Украина, Беларусия және Қырғызстаннан көп экспорт тасымалданады. Мәселен, Ресейде қымбат, Украина толық химияға көшіп отыр. Ең тазасы Беларусиядан шығады. Отандық тауарды басты назарға алу керек. Алайда, біз де еш ұтылып отырған жоқпыз. Кәдімгі дәстүрлі үрдіспен сүт өнімдерін жасап шығарып жатырмыз. Оның ішінде, ұлттық тағамдардан құрт, қатық, ірімшіктер де бар. Йогурттар, кефир, қаймақ, жазды күндері балмұздақ жасаймыз. Сапасы да халықтың көңілінен шығып жүр. Дегенмен, Отандық өнімнің көп болуына басты назар аударылса дейміз.

Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты ретінде қандай жүмыстарды атқарып келесіз?

Атқаратын жұмыстар көп. Дені халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында. Менің сайлау округімде мектептердің жөндеу жұмыстары, ауыз су тағы басқа мәселелер бар. Сонымен қатар кәсіпкер ретінде шағын және орта бизнестің дамуына баса назар аударып жүрмін. Әсіресе, жемқорлық фактілерін азайту күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Сонымен қатар электр энергиясына қойылған тарифтердің тұрақтылығы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызмет көрсету, жылу, су берудің үздіксіздігін бақылау т.б. менің міндетіме жатады. Жалпы депутат болу деген істеген ісіңді көпшілікке айқайлап айту, хабарлауда жатқан жоқ. Алдымен бұл қызметте халыққа жағдай жасап, азаматтықты көрсету болып табылады.

«Тәуелсіздік» сіз үшін қандай ұғым?

Біздің замандастарымыз өмір сүрген ел мен қазіргі жиырма жасар жастар өмір сүріп жатқан қазақ елі мүлдем бөлек. Мен жас ұрпақ біздің көргенімізді, өткерген қиыншылықтарымызды көрмесе екен деймін. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміз көп жетістікке жетті. Бұл шын мәнінде біздің Тәуелсіздігіміз. Осы дербестіктің қадірін, құндылығын түсіне білейік.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мөлдір Құрман

Page 90: №8 журнал 2013г-на сайт

90

«ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖОҒАЛТПАУ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ІЛГЕРІЛЕУ

ЖОЛЫНДАҒЫ БАСТЫ ПАРЫЗЫМЫЗ»Қоғамның өткені мен

келешегін сараптай келе, «Үлкендердің арасында жүр-сең дана боласың», - дей-ді Талдықорған өңірінде-гі халық қалаулыларының бірі Ахажан Темірболат Жанболатұлы. Өмірлік тә-жірибесінде жасы үлкен ел ағаларының танымынан ой түйе білген ол бүгінде өзі де ел ішінде абыройға ие болып жүрген азаматтардың бі-рі. Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты ел тынысынан ажырамауды ұстаным етіп, ел игілігіне ізгілікті істер атқаруда. Өзі сайланып отырған Талдықорған қаласы жанын-дағы Еркін ауылының болашаққа деген даму жоспарларына сүбелі үлес қосып келеді. Соның ішін-де мектеп пен балабақша

салынуының жоспарға алынуы, ауыз су мәселесіне сай оңтайлы шешімдердің қарастырылып, жұмыстардың жасалуы мен ауыл шаруашылығы саласына көрсетіліп келе жатқан қолдау жұмыстары бар. Іргелі ел болуымызға әрбіріміз үлес қоса білуіміз керек деп білген азаматтың халық алдындағы істері ел болашағына деген оның өзіндік үлесі деп танимыз.

Біздің редакция салмақты ойдың өресінде Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Ахажан Темірболат Жанболатұлымен жүргізілген сұхбат барысын оқырмандар назарына ұсынғалы отыр.

Темірболат Жанболатұлы, оқырмандарымызға өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Қай елдің тумасысыз?

Мен 1964 жылы Талдықорған облысы, Еркін ауылында

дүниеге келдім. Әкем Жанболат Бекболатұлы 60 жасында дүниеден өтті. Әкелік тәрбиелік тағылымын дарытып, еңбекке үйретті. Анам Еркінбала Бұхарбекқызы, қазіргі таңда

немерелерінің ортасында, ұрпақ тәрбиелеп отыр. Еңбек жолымды жүргізуші болып бастадым. Әскери борышымды атқарып келгеннен кейін, біршама жыл комбинатта жұмыс

Page 91: №8 журнал 2013г-на сайт

91

жасадым. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін «Ақбұлақ» ЖК, кейіннен «Сарыбұлақ» және «Жетісуқұрылыссервис» ЖШС-де, сондай-ақ, «Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары сынды мекемелердің директоры қызметін атқарып келдім. Отбасым, бес балам бар.

Сіз Талдықорған қалалық

мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

2012 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық депутаттыққа сайланғалы бері халық мүддесі үшін қызмет етуші азаматтар ретінде біз әрбір сессияларда әлеуметтік тұрғыдағы түрлі мәселелерді сарапқа салып келеміз. Әрбір көтерілген мәселе төңірегінде межеленген уақытпен белгіленген тапсырмаларға сәйкес жұмыстар атқарылады. Халық тарапынан ауызша немесе жазбаша қойылған сауалдар назардан тыс қалған емес. Мен Талдықорған қаласы жанындағы Еркін ауылынан депутаттыққа сайланып отырмын. Ауылдың он мың тұрғыны бар. Оның тыныс-тіршілігіне тоқталар болсақ, мұнда өткен ғасырдың ірі кеңшары бар болатын. Ал қазірде жергілікті халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады, шаруа қожалықтар жұмыс істейді. Бөліп алған біраз жерлеріне халық егін егеді, бақшаларында жеміс өсіреді. Мұнда ірі өнеркәсіп орындары жоқ. Қала жанында орналасқан ауыл болғандықтан жергілікті халықтың көбісі қалада жұмыс жасайды. Бізде балабақша мен мектеп те болмай отыр. Алайда, алдымыздағы жылдан бастап мектеп пен жүз орындық балабақша салынбақ. Жергілікті жердегі балалар Еркін ауылы сияқты қала жанында орналасқан көрші Көктал ауылына қатынасып барып оқиды. Өзімізде мектеп, балабақша ашылғанда үлкен

қуаныш болатыны анық. Жоспарымыз жүйелі орындалады деп сенеміз. Көлікпен қатынасып тұру жағына келсек, қалаға барлық автобустар жүріп тұрады. Жаңадан әр-түрлі нысандар салу болашақта қарастырылмақ. Қазіргі таңда спорттық нысан, өзіміздің стадионымыз бар.

Өңірдегі әлеуметтік тұрмыс деңгейін дамыту жүйесінде қандай да бір кемшіліктер орын алып отыр деп айта аласыз ба?

Халыққа ауыл әкімі, қала әкімі атқарылған жұмыстар төңірегінде кестеге сай есеп берді. Бұл тұста тұрғындар тарапынан көтеріліп жатқан сұрақтар әкімдер назарына алынып келеді. Біз де халық қалаулысы ретінде оны ескереміз. Депутат ретінде қызметтік міндетімізге үлкен жүк артылған. Соның бірі, ауыл тұрғындары алдында беделді түсірмеу, берген өсиеттерін ұмытпау деп санаймын. Сайлауалды бағдарламамен біршама бастамалар қолға алынды. Халықпен кездесу барысында байқайтынымыз, осыдан 4-5 жыл бұрын қойылған сұрақтар мен қазіргісі салыстырмалы түрде жер мен көктей, ұсақ-түйек мәселелер аз. Міндетіміз ретінде барлық сауал ескерілуде. Мысалы, қаңғыбас иттерді ату жұмыстары тиянақты бақылана отырып, қолға алынды. Ауыз су мәселесіне орай Қаратал өзенінен арық қазылып жатыр. Жалпы алғанда кемшіліктер көп деп айта алмаймын. Алға тартылған жұмыстарды қадағалау мен ілгерілету қадамдары басым.

Халықта «Үлкендердің арасында жүрсең дана боласын, кішкетайлардың арасында жүрсең бала боласың» деген мақал бар. Бізде ауыл ақсақалдарының кеңесі бар. Ол кісілер ауылда не болып жатқанын егжей-тегжейлі біледі. Сараланған өзіндік пікірімен өзіндік дара ой айта алған абзал ақсақалдармен өз жұмысымызды үнемі ақылдасып отырамыз.

Депутаттық міндетке дейін атқарған қызметтеріңізде халық игілігіне сай қандай ірі жұмыстар жүзеге асты?

Мен осыған дейін басқарған «Көркейту» қалалық мекемесінің негізгі жұмысы қаланы көркейту болды. Яғни, қаланың тазалығы, арықтарды тазалап қалпында ұстау, қысқы мезгілде қарды күреу, көктем уақытында көгалдандыру, сондай-ақ, абаттандыру жұмыстары. Мекемеде 100-ден аса жұмысшы еңбек етті. Қалада «Көркейтуге» ұқсас тағы екі мекеме бар. Барлығы қадағаланған бір тәртіп аясында жұмыс атқарып келеді. Келіп-кетуші халықтың да, жергілікті тұрғындардың да көріп жүргеніндей Талдықорған көк қала, тазалығымен әсем қала. Сондай-ақ, республика бойынша экологиясы ең таза. Мен басшылық еткен «Көркейту» мекемесі халыққа осындай тарапта игілікті істер атқарып келді.

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына қатысты депутаттық пікіріңіз қандай?

Біздің тұғырлы Тәуел-сіздігіміздің ғұмырлы болуы береке мен бірлікті ұстана отырып, бір мемлекет негізінде бір мақсатты алға тартуымыз деп білемін. Осы күнге дейін Қазақстан сатылап басып, өз іргесін қалап отыр. Жасампаз елдің жетістіктері жетерлік. Әлемдік аренада өз орнымызды белгілей алу, яғни, дамыған отыз мемлекеттің қатарына ену жоспары атқарылар істерге салмақ сала отырып, талпынушылықты арттырады. Біз сол мемлекеттер қатарына қосыларымызға сенеміз. Жауапкершілікті жоғалтпау - жарқын болашаққа ілгерілеу жолындағы басты парызымыз.

Кемелді болашақты біз келешектен көреміз.

Page 92: №8 журнал 2013г-на сайт

92

«Қазақстан-2050» бағдарламасы болашаққа жоспардың басым бағыттарын айқындайды. Ал жастар елдің болашақтағы мақсатын бүгіннен білу керек. Сондықтан бұл бағдарламаның жастар үшін маңыздылығы жоғары. Өз мақсаттарымызды айқындауымыз дұрыс қадам деп білемін. Бұл бағдарламаны бүкіл қазақстандықтар қолдап жатыр. Оны орындауда бір ел болып күшімізді салып, үлесімізді енгізуіміз керек деп есептеймін.

Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Мақсатым - ауылымның тынысынан ажырамау, абыроймен өз міндеттерімді атқару. Соның негізінде алда көптеген жоспарлы істер бар. Оның басты бағыты - ауылды көркейту, жаңа нысандар салу, өмір сүру жағдайын жақсарту. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымдарының дұрыс жұмыс істеуін, өскелең ұрпақтың сапалы және қолжетімді баспана алуын қамтамасыз ету. Бұл жоспарлардың барлығы көптеген

істерді жасауға міндеттейді. Халық игілігіне қызметтегі бағыт – Елбасы жүргізетін халықтың түпкі мүддесі білдірілген және барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік мақсат-міндеттерімізді айқындайтын реформалардың бағыттарына қолдау көрсету және мақұлдау. Әсіресе, тұрғындардың денсаулығын нығайту, аналарды қорғауға баса назар аудару, халықтың әлжуаз топтарын қолдау елдің ертеңін жақсарту жоспарлары ішіндегі міндеттер болып отыр.

Сондай-ақ, әке ретінде болашаққа балаларыма тәрбие беру менің өмірлік мақсатым. Біз үлкендерден өнеге көре алсақ, жастарымыздың болашағына да бей-жай қарамауымыз керек деп санаймын. Қызметтегі тәжірибе біліктілікті нығайтса, өмірде көрген-білгенің, көрген дүниеден жинаған түйінді ойларың өзіңнің артыңнан ерген ұрпағыңа айтылуы тиіс. Себебі балаларыма берген тәриеден олардың өмірдегі тұлғасы қалыптасады деп ойлаймын.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

1986 жыл - біз үшін үлкен бір серпіліс болды. «Қазақ жасасын!», -деп Алатаудан жаңғырық болып қайталанып тұрған ұран - желтоқсаншылардың жанын жалын боп кернеген өршіл намысы мен өткір жігері еді. Қаншама қаракөз өз мүддесі үшін емес, ел мен жердің еркін келешігі үшін құрбан болды. Мұның барлығы тарихта. Ол тарих бүгінгі мен келер ұрпақ бойына қуат, жанына жігер сыйлайды. Ғасырлар астарындағы үлкен тарихымыз бүгінгі біздің үлкен руханиятымыздың терең тамыры. Тарихымыз қасиетті болғандықтан, Тәуелсіздігіміздің де қасиеті жоғары!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан

Айнұр Қабдолдақызы

Page 93: №8 журнал 2013г-на сайт

93

Page 94: №8 журнал 2013г-на сайт

94

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫҚазіргі заманда – туризм ең ірі және болашағы зор индустрия, жылдам әрі қарқынды

дамып келе жатқан қызмет түрлерінің бірі. Жыл сайын елімізге көптеген туристер келіп, мемлекетімізге едәуір табыс әкелуде. Салынған қаражаттардың тез айналуы, ресурстардың қайта жаңаруы және аралас салалардың дамуы туризмді инвесторлар үшін тартымды етеді. Қазақстан Республикасының географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы туризмнің дамуына оң әсер етеді. Біздің елімізге деген қызығушылық бүкіл әлемде едәуір артып отыр, көрсететін қызмет түрлерінің ауқымы кеңейе түсуде. Туризмнің белсенді, танымдық, экологиялық және қызықты оқиға толы түрлері дамып келеді.

Туризм саласының тұрақты дамуының негізгі кепілі - экономикалық және саяси тұрақтылық болып табылады. Көптеген интеграциялық бастамалар мен тиімді саясат Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың мойындауына мүмкіндік береді. Жетісу – Қазақстанның інжу-маржаны, өте бай табиғи-рекреациялық және тарихи-мәдени туристік мүмкіншілігі бар аймақ. Облыста барлық үйлесім тапқан бірегей ресурстар: ұлттық табиғи парктер, қорық аймақтары, таулар мен алыптар, өзендер мен көлдер, мәдени және тарихи ескерткіштер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі әр түрлілігімен ерекшеленеді. Туристерге көптеген қызмет көрсету түрлерін қамтитын саяхат бағыттары бар.

Соңғы жылдары Алматы облысында туризм инфроқұрылымының екі

жүзден астам жаңа нысандары пайдалануға берілді. Олардың жалпы саны төрт жүзден асады. Тамаша табиғат аясында жанға жайлы қонақ үйлер, сондай-ақ жоғарғы қызмет түрлерін ұсынатын жаңа базарлар саны күннен күнге арта түсуде. Экологиялық туризмді дамыту өрлеу үстінде, бұл тек қана табиғатта дем алу ғана емес. Ең бастысы – туристердің барған жерлерінен алған әсері мен білімі, жергілікті халықтың сал-дәстүрі және мәдениетімен танысу.

Алакөл – Қытай мемлекетімен шекаралас аймақта суы шипалы, мөлдірлігі жағынан Қара теңізге тең келетін, су құрамында Менделеев кестесінің бірнеше элементі кездесетін көл. Қазақстанда орналасқан көлдердің ішінде Алакөлдің орны бөлек. Көлдің «ала» деп аталуының өзіндік себебі де бар. Мұнда таңертең көл суы көкшіл

түске боялса, күн бата дереу түсі өзгереді. Оның үстіне, әлем бойынша құрамында кремний басым малтатас пен қиыршық тасқа бай мекен де - Алакөл. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен шипалы мекенге мыңдаған туристер ағылады. Әсіресе, маусым айының басы мен қыркүйек айына дейінгі кезеңде Алакөлдің жағасы демалушыларға лық толады. Әсіресе, мұнда Ресей мен Қытай елінен демалушылар көп келеді. Алакөлдің ең үлкен айырмашылығы - оның суының шипалы болуында. Көл суы әрқилы тері ауруларына, тыныс алу жолдарына, сүйек-бұлшық ет жүйесіне һәм жүйке жүйесіне де аса пайдалы. Көлдің солтүстік-шығыс аймағында жерасты тұзды қайнарлар бар. Дәл осы қайнардың суы - түрлі аллергиялық дерттің емі. Адам денсаулығына пайдалы минералдар мен тұздардың негізгі

Page 95: №8 журнал 2013г-на сайт

95

концентраты солтүстік-шығыс жағалауға шоғырланған.

Айтушылардың сөзіне сенсек, Кеңес заманында кезекті ғарыштық сапардан оралған ғарышкерлер Алакөл жағасындағы арнайы сауықтыру-қалыптастыру орталығында болып, бірер уақыт тынығып, денсаулығын қалпына келтіреді екен. Сірә, біздің пайымдауымызша, бекер болмаған болу керек. Қазақтың Алакөлінің суының емдік, ауасының ерекше шипалық қасиетін түсінгендіктен болғаны шүбә келтірмейді.

Қапшағай – Қазақстанның Алматы облысында орналасқан қала. Қапшағай су қоймасы жағалауында, Іле өзеніне таяу теміржолмен түйіскен жерде, Алматыдан солтүстікке қарай 76 шақырым жерде орналасқан. Мұнда әлемнің ең үздік курортарындағыдай жоғары санаттағы қонақ үйлер, пансионаттар және ұлттық үлгідегі, емдік қасиеті бар құм жағажайының демалыс орындары айтарлықтай көп. Тынық ауа, ғажап таза су, яхталар, су мотоциклдері, теплоходтар және судағы басқа да таңғажайыптар жылдан-жылға алыс және таяу шетелден қонақтарды қызықтыруда.

Қорық жерлермен ағатын

мың шақырымдық Іле өзені жыл сайын Қапшағайдан Балқаш өзеніне дейін баратын көптеген мемлекеттерден келетін туристер үшін ерекше сый. Таңғажайып және әлемдік назар аударарлық орындардың әуесқойлары сапарларын Қапшағайдан бастаса, бірнеше күн бойы «теңіздің» солтүстік-шығысында «Ән салып тұрған төбелерді», Жоңғар Алатауының таулы өзендері бар Альпі қарағайларын, Ыстықкөл өзеніне қарай жүретін туристік бағыттың тау өткелдерін, Қапшағай қаласынан бес шақырым төменде орналасқан екі мың жыл бұрынғы жартастардағы суреттерді, ерте заманнан бері әлемде қалған екі тораңғы терегін және осы аймақтағы басқа да қызықтарды көре алады. Қала аймағында өзен айлығы, жолаушы кемелері және Қытай халық республикасының Дугунь аймағына дейін баратын жүк баржалары бар. Қапшағайға түсетін Қытай, Ресей және Орта Азия мемлекеттерін біріктіретін автомобиль және теміржол көлік магистральдарі қаладағы әртүрлі бағытта дамитын бизнес-құрылымды тарататындығы анық.

Халық санын арттырып, Қапшағай қаласын дамыту және солтүстік жағалауға жолсерік қалалар мен «Жаңа Іле» қаласын салу жөніндегі G4 жобасын

жүзеге асыру бағдарламасы халықаралық бизнес әрекетін «Алматы облысындағы гидро және желэнергетик дамыту бағдарламасы» атты жобаға қатысуға итермелейді. Данияның тәуелсіз сарапшыларының бағалауы бойынша, географиялық жағынан қала «Жоңғар қақпасы» мен «Шелек дәлізі» арқылы өтетін ауа ағынының бойында орналасқан қала мен аймақтағы аталған энергетиканы дамытудың әлемдегі ең үздік жел «дәлізі» болып табылады. Сондай-ақ, «ҚазГидро» институтының бағалауына сәйкес, қуаты 50-ден 300 МВТ-қа дейінгі ГЭС құрылысын салу Қазақстан өзендеріндегі болашағы бар жеті жер телімінің төртеуі Іле өзеніндегі Қапшағай аймағында анықталған. Қала мен аймақтың басымдылықтарын бірінші болып италия кәсіпкерлері бағалады. Олардың инвестициясына салынған қазіргі заманға сай аквапарк (Қазақстанда алғашқы) – туристік бизнес қана емес, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көздейтін басқа да құрылымдарды дамытудағы Қапшағай қаласының болашағы зор екендігін көрсетеді.

Әзірлеген Айсұлу Сағынтаева

Page 96: №8 журнал 2013г-на сайт

96

БІЗДІҢ ДӘСТҮР БІЗДІҢ МАҚТАНЫШНаурыз — әлем халықтары арасындағы жылдың жаңаруын сипаттайтын ежелгі

мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «наурыз» сөзінің таралу аумағына қарағанда, оның жыл мерекесі екенін мойындауға тура келеді. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі мереке болып саналған. Бұл күні кембағал және мүгедек жандар жақын туыстарының қарауында болады. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап береді. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады, би биленеді. Көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан сынды дәстүрлі ұлттық ойындар ойналған. Ежелде бұл мейрамда, таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алуға шыққан. Наурызда біртекті дәм емес, жетітекті наурызкөже пісірілген. Журналымыздың бұл айдарында наурыз мейрамына қатысты қолданылатын салт-дәстүрлерді ұсынбақпыз.

Наурызкөже– Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжені жеті түрлі дәмді араластыра отырып, пісіреді. Оған ескі жылғы соғымнан қалған сүр еттің, қарынға салынған сары майдың, басқа да дәмнің араластырылуы арқылы дайындалады. Тайқазанға бір астың пісірілуіне әр уақыттағы алуан тұрпатты дәмдердің салынуы Уақыт пен Кеңістіктің сипатын паш ету болып табылады. Оған қоса, ол – тоқшылық пен құттың жоралғысы.

Алтыбақан тебу – дәстүрлі ойындардың бірі болып саналады. Бұл ойынды жылдың жылы мезгілдерінде ойнайды. Ертеректе ауыл тойларында, Наурыз мейрамында, қыз ұзату немесе үйлену тойларында арнайы жастарға құрылған. Алтыбақанға кезегі жеткен жігіт пен қыз түрегеп тұрып, ән бастаулары қажет, қалғандары алтыбақанды тербетіп, әнге қосылады. Осылайша ойнаушылар кезек-кезек ауысып, ән жалғаса береді.

Қыз қуу – бұл ойын көпшіліктің назарын аударып, үлкен мен кіші қызыға тамашалайды. Бұл ойынның ережелері, басқа ойындарға қарағанда, өзгеше және қызықты. Көрермендер алдында тұрған атқа мінген шабармандардың арасынан бір қыз шығып, қалаған жігіттің атын немесе өзін қамшымен бір басып, алға қарай шаба жөнеледі. Есесін қайтарғысы келген жігіт қуа жөнеледі. Егер қуып жетсе, есесін қыздың бетін сүйіп қайтарады, ал қуып жете алмай қалса, көпшілікке күлкі болады. Қыз да, жігіт қанша қуғанмен, жеткізбеуге, алдап бұрылып кетуге, қалайда айласын асыру мақсатын көздейді.

Көкпар - қазақ халқының үлкен мереке тойлары, Наурыз мейрамы немесе әдейілеп ауыл жігіттерінің арасында ойнатылатын ойынның бір түрі. Ойынға бауыздалған қозы немесе лақты қолданады. Ол жерге тасталынып, ойынға қатысатын аттылар белгіленген сызықты қатарға тұрып, ойын басқарушы белгі бергенде салт аттылар тұра шауып,

Page 97: №8 журнал 2013г-на сайт

97

қай жеткені көкпарды ала қашады. Оны артынан қуып жетіп, озған ойыншы тартып алады. Көмбеге осылайша, бір-бірімен тартысып, кім бұрын жеткізсе, көкпарды алып, жүлде алады. Ойынды қызықтаушылар көкпарды бірнеше рет тігеді. Осылайша ойын жалғаса береді.

Ақсүйек – қазақ халқының жастардың арасында кең тараған ойындарының бірі. Бұл ай жарық түні және қараңғы түнде жазық далада ойналады. Ертеректе қойдың кепкен жілігін немесе ағашты пайдаланған. Ойынға жиналған жастар екі жаққа бөлініп, жүлделерін тағайындап қояды. Ақсүйекті қай жақ лақтыратынын анықтау үшін, екі жақтан шыққан бір-бір жас таяқ ұстасады. Таяқтың ұшына қайсысының қолы бірінші жетсе, сол лақтырады. Сонан соң көмбеде топ басқарушылары қалады. Ақсүйекті тапқан ойыншы, ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға тырысады. Қарсыластар сезіп қойса, онда оны қолма-қол тартып алып, қаша жөнеледі. Сондықтан, сол топтың ойыншылары, қарсыластары ақсүйекті тартып алмас үшін, біріне-бірі лақтырып, алға қарай жылжып, көмбеге жетуге тырысады. Сөйтіп, ақсүйекті көмбеге жеткізіп, жеңімпаз атанып, жүлделі болады. Келесі кезек ақсүйекті екінші топ лақтырады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Ұйқыашар (салт) – 21наурыз түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен бозбалалар болса, қыздардың қолақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт еткізер», «дір еткізер» сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

Бастаңғы (дәстүр) – қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайды. Қыздар мұндай басқосуға жеңгелерімен бірге келетін болған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастарқан жайып, бас қосқан. Кейде жиын қызықты өту үшін сал-сері бозбалалар да арнайы шақырылған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу және қонақ күте білуге баулу. Енді бірі – қызды қазан-аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге т.б. үйрету. Сондықтан бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, «шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады» деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған.

ӘзірлегенАйсұлу Сағынтаева

Page 98: №8 журнал 2013г-на сайт

98

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» Республикалық қоғамдық-саяси журналының осы нөмірі

тікелей Алматы облысына арналып отыр.Іс-сапар барысындағы сараптама нәтижесіне сүйене отырып, атқарған жұмыстарына орай жер жаннаты Жетісу өңірінің бірнеше азаматтарын редакциямыздың атынан «Құрмет

грамотасымен» марапаттауды жөн көрдік. ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР!

ІСКЕРЛІГІ ҮШІН

ӨНЕР САЛАСЫНА ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІ ҮШІН

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН

ҮЗДІК ДЕПУТАТ

Келімсейіт Ермек Әбілмәжінұлы – облыстық мәслихат хатшысы, депутат.Республика және облыс төңірегінде атқарған жұмыстарының нәтижесінде іскерлік

танытқаны үшін марапатталады.

Алпысов Ермек Амантайұлы – Талдықорған қаласының әкімі.Әлеуметтік желілер арқылы халықпен тығыз байланыса отырып, атқарған жұмыстары

жайында кеңінен баяндап және халықтың сұрақтарына тікелей жауап беруі арқылы республикаға хабардар еткені үшін, сондай-ақ, қаланың өркендеуіне қосып жатқан үлесі үшін, іскер ретінде марапатталады.

Арқабаев Бақыт Ерғазыұлы – Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты, «GSK Lactis ltd» ЖШС-ның атқарушы директоры.

7 000 адамның күн көрісіне жол ашып, ауыл шаруашылығының даму жолына қосып жатқан үлесі үшін іскер ретінде марапатталады.

Әли Демегенұлы Алпысбаев – композитор әрі дирижер, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты.

Саясат пен өнерді қатар ұштастыра біліп, қазақ өнерінің дамуына үлес қосқаны ретінде марапатталады.

Бопазов Марат Дәрібекұлы – Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы.Депутаттар арасында ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп, еңбекқорлығы арқылы

халықтың алғысына бөленгені үшін «Үздік депутат»деп танып, марапаттаймыз.

Донбаев Серік Дәлібайұлы – «Дәулет Серпін 603» ЖШС-ң директоры және облыстық мәслихаттың депутаты.

Атқарып жатқан жұмысының нәтижесінде әлеуметтік мәселелер бойынша халыққа пайдалы жобаларды қаржыландырып, ауыл спортының көркеюіне үлесіп қосып жүргені үшін «Қайырымды жан» ретінде марапаттаймыз.

Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлы – «Бірлік» агрофирмасының президенті және Алматы облысы мәслихатының депутаты,

3 000 халқы бар ауыл тұрғындарына жұмыс орнын ашып, тікелей қамқорлық танытып, сол ауылды дамыту жолында жасаған жұмыстарының нәтижесінде «Қайырымды жан» ретінде марапаттаймыз.

Page 99: №8 журнал 2013г-на сайт

99

Page 100: №8 журнал 2013г-на сайт

100