16
www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАяСИ ГАЗЕТ + 27 0 С + 15 0 С БЕЙСЕНБі, 21 маусым 2018 жыл №67-68 (20632) www.oraloniri.kz www.facebook.com/oraloniri [email protected] www.oraloniri.kz 4 «Білікті бапкерлер жетіспейді» Oral óńіrі Oral óńіrі Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облысымыздағы олимпиадалық және бұқаралық спорт түрлерінің дамуы мен болашағы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Басталды... Құрметті оқырмандар! «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс тұрғындарымен жедел де тіке байланыс орнату мақсатында арнайы 8 707 808 48 55 Whatsapp нөмірін іске қосты. Оған сіз хабарлама жіберіп, газетке неме се сайтқа өз тақырыбыңызды ұсынуға болады. Елге, халыққа пайдасы тиетін маңызды мәселені, әлеумет назарын аударатындай оқыс оқиғаны шұғыл хабар лап, газет журналистерінің іссапармен келіп, зерттеу жүргізуіне мұрындық боласыз. Газет жанынан ашы лып отырған жедел байланыс түрі оқырман мен үнқағаздың үндестігін бұрынғыдан да жақсарта түседі деп сенеміз. 8 707 808 48 55 Бассейнде жүзіп үйренбек «Ақбұлақ» келген Ақоба 7 9 Жәнібекке жол тартқан жолаушы аудан орталығына жақындағанда, күре жол бойындағы «Ақоба» деп жазылған белгінің оң бағытқа нұсқайтынын көреді... Кеше өңірімізде ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Бірінші лекте М. Өтемісов атындағы БҚМУда – 608, Жәңгір хан атындағы БҚАТУда – 459 түлек ҰБТға қатысты. М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың №48 ұлттық бір- ыңғай тестілеу өткізу пунк- тінің басшысы Диляра Әмір- ғазинаның айтуынша, талап- керлер сегіз аудиториямен қамтылған. Ең бастысы, бала- ларға қажетті бар жағдай жасалған. Әр аудиторияның алдына су қойылып, талап- керлерге өздерімен бірге су алып кіруге рұқсат берілген. – Барлық аудитория бейне- бақылау камерасымен, мо- бильді, радиотехникалық құ- ралдарды бұғаттайтын құрыл- ғылармен қамтамасыз етіл- ген. Дәрігерлер мен құқық қорғау құрылымдарының ма- мандары ҰБТ аяқталғанша талапкерлердің жанында бол- мақ. Жалпы балалардың кө- ңіл күйі орнықты, дейді Диляра Ахатқызы. Биылғы жылдың ерекше- лігі мектеп бітірушілерге алғаш рет өз қалауы бойынша ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік берілді. Сондай- ақ тест тапсырушыларға ар- налған жағдайды жақсарту мақсатында әр түлекке ҰБТ пәндерінің комбинациясы бар ақпараттық парақша және қандай мамандықтарға баруға болатыны туралы мамандық- тар тізілімі ұсынылады. Ерек- ше оқытуға қажеттілігі бар ба- лалар жеке көмекші және ым- дау тілі маманымен қамта- масыз етіледі. Қазақстан бо- йынша тегін қоңырау шалуға болатын бірыңғай саll-орта- лығы (8 800 080 71 77) іске қо- сылды. Кеше Ақжайық, Бөрлі, Бө- кей ордасы, Жәнібек, Қаз- талов, Қаратөбе, Сырым, Тас- қала, Шыңғырлау ауданы жә- не І кезеңде Орал қала- сы мен Теректі, Зеленов ау- данының оқушылары тест тапсырды. 21 маусымда Жаңа- қала, 22 маусымда Зеленов, Теректі аудандары және Орал қаласының оқушылары екін- ші кезеңде ҰБТ тапсырады. Тест тапсырмалары 120 сұрақтан тұ- рады. Ең жоғары балл 140, конкурсқа өту үшін төменгі шекті балл – 50. Ағымдағы жылы өңіріміз бойынша мектеп бітірген 5198 түлектің 3748-і ҰБТ-ға қатысу- ға өтініш білдірген. Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі» «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы және Орал қалалық ардагерлер клубы бірлесе өткізген шарада қаламызда құрылған алты вокалдық топ өзара өнер сайысына түсті. Нәтижесін- де «Ағалар әуені» үздік болса, «Асыл әже» және «Деркулочка» вокалды топтары жақсы нәтиже көрсетті. «Сударушка», «ДК Зенит» және «Ару аналар» топтарына жүлделі III орын бұйырды. Фестиваль соңында қатысушыларға ал- ғысхаттар мен сыйлықтар табысталды. Осы- лайша алдыңғы лектен көрінген ардагер өнерпаздар енді байқауда бақ сынамақ. Өнерпаз ардагерлердің фестивалі Сейсенбі күні Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі – Астана» атты ардагер көркемөнерпаздардың қалалық фестивалі өтті. Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ Жақында Бөкей ордасы аудандық балалар- жасөспірімдер туризмі және экология орталығында үрмелі бассейн пайдалануға берілді...

«Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

  • Upload
    others

  • View
    8

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpressГазет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ­САяСИ ГАЗЕТ

+ 270 С+ 150 С

БЕЙСЕНБі,21 маусым 2018 жыл

№67-68 (20632)

www.oraloniri.kz

www.facebook.com/oraloniri

[email protected]

www.oraloniri.kz

4

«Білікті бапкерлер жетіспейді»

Oral óńіrіOral óńіrіСейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облысымыздағы олимпиадалық және бұқаралық

спорт түрлерінің дамуы мен болашағы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Басталды...

Құрметті оқырмандар!«Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об­

лыс тұрғындарымен жедел де тіке байланыс орнату мақсатында арнайы 8 707 808 48 55 Whatsapp нөмірін іске қосты. Оған сіз хабарлама жіберіп, газетке неме­се сайтқа өз тақырыбыңызды ұсынуға болады. Елге, халыққа пайдасы тиетін маңызды мәселені, әлеумет

назарын аударатындай оқыс оқиғаны шұғыл хабар­лап, газет журналистерінің іссапармен келіп, зерттеу жүргізуіне мұрындық боласыз. Газет жанынан ашы­

лып отырған жедел байланыс түрі оқырман мен үнқағаздың үндестігін бұрынғыдан да жақсарта

түседі деп сенеміз.

8 707 808 48 55

Бассейнде жүзіп үйренбек

«Ақбұлақ» келген Ақоба

7

9

Жәнібекке жол тартқан жолаушы аудан орталығына жақындағанда, күре жол бойындағы «Ақоба» деп жазылған белгінің оң бағытқа нұсқайтынын көреді...

Кеше өңірімізде ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Бірінші лекте М. Өтемісов атындағы БҚМУ­да – 608, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ­да – 459 түлек ҰБТ­ға қатысты.

М. Өтемісов атындағы ­БҚМУ-дың №48 ұлттық бір-­ыңғай тестілеу өткізу пунк-тінің басшысы Диляра Әмір-ғазинаның айтуынша, талап-­керлер сегіз аудиториямен­қамтылған. Ең бастысы, бала-ларға қажетті бар жағдай жасалған. Әр аудиторияның алдына су қойылып, талап-керлерге өздерімен бірге су алып кіруге рұқсат берілген.

– Барлық аудитория бейне-­бақылау камерасымен, мо-

бильді, радиотехникалық құ-­ралдарды бұғаттайтын құрыл-­ғылармен қамтамасыз етіл-ген. Дәрігерлер мен құқық­қорғау құрылымдарының ма-мандары ҰБТ аяқталғанша талапкерлердің жанында бол-­мақ. Жалпы балалардың кө-­ңіл күйі орнықты, – дейді ­Диляра Ахатқызы.

Биылғы жылдың ерекше-­лігі – мектеп бітірушілерге алғаш рет өз қалауы бойынша ағылшын тілінде тапсыруға

мүмкіндік берілді. Сондай-ақ тест тапсырушыларға ар-налған жағдайды жақсарту мақсатында әр түлекке ҰБТ ­пәндерінің комбинациясы бар­ақпараттық парақша және­қандай мамандықтарға баруға болатыны туралы мамандық-тар тізілімі ұсынылады. Ерек-­ше оқытуға қажеттілігі бар ба-­лалар жеке көмекші және ым-­дау тілі маманымен қамта-масыз етіледі. Қазақстан бо-­йынша тегін қоңырау шалуға болатын бірыңғай саll-орта-лығы (8 800 080 71 77) іске қо-сылды.

Кеше Ақжайық, Бөрлі, Бө-­кей ордасы, Жәнібек, Қаз-талов, Қаратөбе, Сырым, Тас-­

қала, Шыңғырлау ауданы жә-­не І кезеңде Орал қала-­сы мен Теректі, Зеленов ау-данының оқушылары тест ­тапсырды. 21 маусымда Жаңа-­қала, 22 маусымда Зеленов, Теректі аудандары және Орал­қаласының оқушылары екін-­ші кезеңде ҰБТ тапсырады. Тест тапсырмалары 120 сұрақтан тұ-­рады. Ең жоғары балл –­140, конкурсқа өту үшін төменгі шекті балл – 50.

Ағымдағы жылы өңіріміз бойынша мектеп бітірген 5198 түлектің 3748-і ҰБТ-ға қатысу-­ға өтініш білдірген.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,«Орал өңірі»

«Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы және Орал қалалық ардагерлер клубы бірлесе өткізген шарада қаламызда құрылған алты вокалдық топ өзара өнер сайысына түсті. Нәтижесін-­де «Ағалар әуені» үздік болса, «Асыл әже» және «Деркулочка» вокалды топтары жақсы нәтиже көрсетті. «Сударушка», «ДК Зенит» және «Ару аналар» топтарына жүлделі III ­орын бұйырды.

Фестиваль соңында қатысушыларға ал-­ғысхаттар мен сыйлықтар табысталды. Осы-лайша алдыңғы лектен көрінген ардагер өнерпаздар енді байқауда бақ сынамақ.

Өнерпаз ардагерлердің фестивалі

Сейсенбі күні Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі – Астана» атты ардагер көркемөнерпаздардың қалалық фестивалі өтті.

Суре

тті

түсі

рген

Тем

ірбо

лат

ТОҚМ

АМБЕ

ТОВ

Жақында Бөкей ордасы­аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында үрмелі бассейн пайдалануға берілді...

Мемқызметшілер де асық ойнайды

Page 2: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

AQPARAT2 Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

– Бір ай бұрын мемлекет бас-шысы Батыс Қазақстан облысын-­да жұмыс сапарымен болып, қор-ғаныс өнеркәсібі кәсіпорында-рын көріп, оларды жаңғыртуға байланысты нақты тапсырмалар берген еді. Бүгін соған қатысты негізгі бағыт-бағдарды саралап,­көтерілген мәселелерді талқылай-­мыз. Оның ішінде салалық кәсіп-орындарды бәсекелестікке сай жабдықтау жайы қамтылады. Об-лыста қорғаныс өнеркәсібінің төрт кешені орналасқан. Бұл бағытта

«Салалық кәсіпорындар бәсекелестікке сай жабдықталуы керек»

Кеше ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Орал қаласына келді. Министр облыс әкімдігі ғимаратында өткен жиында облыс бойынша индустрия­ландыру және қорғаныс өнеркәсібіне қатысты тапсыр­малардың уақтылы орында­луын Елбасы басты назарда ұстап отырғанын айтты. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов, қорғаныс саласына қатысты өнім шығаратын зауыттардың басшылары, шекара қызметі және құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысты.

наға дейін жететін 27 катер мен кеме шығарған. Былтыр кәсіп-орын шығарған өнім құны 8,7 млрд.­теңгені құрады. Биылғы қаңтар-­мамыр айларында 640 млн. тең-геге жуық өнімді шығарды. Бұл өткен жылғы есептік көрсеткіш-­тен 87,7%-ға төмен. ҚР ҰҚК шека-­ра қызметі сұранысы үшін «Ба-­рыс» кемесін шығаруға және екі кемені жеткізуге келісім жасалған. Қазіргі уақытта кәсіпорын жүкте-месінің 25%-ын құрайтын бұл тап-сырыс жеткіліксіз көрінеді.

«Батыс Қазақстан машина жа-сау компаниясы» АҚ кешенінде 500-ден астам адам еңбек етеді. Бұл компания Орталық Азия мен Қазақстан аумағына қару-жарақ пен оқ дәрі, сонымен қатар мұ-най-газ жабдықтарын шығарады. ­Биылғы қаңтар-мамыр айларында кешен өнімінің көлемі 1813,4 млн.­теңгені құраған. Яғни, былтыр-­ғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,9%-ға аз.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

2 мыңдай адам еңбек етеді. Өңір-дегі қорғаныс өнеркәсібінің кәсіп-орындары былтыр 13 млрд. тең-геге жуық өнім шығарды, – деді ­ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

Министр сол күні «Батыс Қа-зақстан машина жасау компания-­сы» АҚ кешені мен «Зенит» зауы-тында болды. Айта кетейік, «Зе-нит» зауытында 1993-2017 жыл-дар арасында еліміздің Қарулы күштеріне сыйымдылығы 240 тон-­

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,Орал қаласы

Облыс әкімінің орынба-сары Ғабидолла Оспан-құлов бастап келген мәр-­

тебелі меймандар алдымен Тал-дыапан ауылдық округіне қарас-ты Сарықұдық ауылында кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаевтың демеу-­шілігімен салынған медициналық пункттің жұмысымен танысты. Со-дан кейінгі сапар Жалпақтал ауы-лында жалғасты.

Жалпақталда «Рухани жаңғы-­ру» бағдарламасы аясында атқа-­рылған іс аз емес. Мәселен, әр­жылғы түлектер өз қаражаттары-мен ауылдық мешітті қалпына келтіріп, балалар ойын алаңы мен­футбол алаңын ел игілігіне пай-далануға берді. Сонымен қатар мәдениет үйінің алаңы мен су-­бұрқақ салынып, Ұлы Отан соғы-­сы ардагерлерінің ескерткіш тақ-­талары жаңартылды. «Менің жү-­

регім – Жалпақтал» атты жарық-диодты тақта, кіреберіс жолға ­ауыл аты жазылған конструк-циялық белгі орнатылды. Биыл 1966 жылғы мектеп түлектері ту-­ған ауылына 13 Социалистік Ең-­бек Ері мен екі Кеңес Одағы Ба-тырының мүсіндерін орнатты. Бұл жұмыстарға 10 миллион теңге ­шамасында қаражат жұмсады. Ал­1978 жылы мектеп бітіргендердің бастамасымен құны 1 млн. теңге

тұратын «Жастар саябағы» ашыл-­ды. 1981 жылы дүниеге келген ауылдың жастары 4 млн. теңге қаражат жұмсап, «СТРИТ ВОРКАУТ» спорттық алаңын сыйға тартты.

Жалпақтал мәдениет үйінде өткен дөңгелек үстел барысын-да «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқан жұмыстар ту-расында сөз болды.

– Ауылдың, елдің жастарының демеушілігінің арқасында ауда-нымыздың көркейіп, дамып келе жатқанын мақтанышпен айтамыз.­Өткен мамыр айында аудан бо-йынша түлектердің демеушілігі-мен жалпы құны 40 млн. теңгенің, соның ішінде жалпақталдық тү-­лектердің демеушілігімен 24 мил-лион теңгенің түрлі жобалары іс-­ке асты, – деді аудан әкімі Абат Шыныбеков.

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бұл бағыт-­та облыс көлемінде атқарып жат-қан жұмыстар жөнінде баяндап, алда тұрған жоспарлармен бө-­лісті. Олардың ішінде аудан-ауыл-дың өркендеуіне меценаттарды тарту, рухани кештер өткізу, кі-таптар шығару сынды жобалар бар.

Осы кездесу барысында об-­лыстық мәслихат депутаты Маға-уия Есмағұлов, Жалпақтал ауыл-­дық ардагерлер ұйымының төр-­ағасы Ғилым Едекешев меценат-тардың туған ауылдары үшін жа-салатын игі істеріне атқарушы

билік тарапынан көмек-қолдау-­лар болса деген ұсыныс-пікірле-­рін жеткізді.

– «Рухани жаңғыру» бағдарла-масының жүзеге аса бастағанына бір жыл болса, ал Қазталов ауда-­нында бұл бағыттағы істер 2009­жылы басталып кеткен екен. Мі-не, содан бері қанша жұмыстар атқарылды. Бұл өзге өңірлерге үлгі-өнеге боларлық нәрсе. Алда­ауқымды істер мен жаңа жоба-­лардың жоспарланып отырған-дығы да қуантады. Осыдан-ақ ау-дандағы даму үрдісі жыл өткен сайын қарқын алып келе жатқа-нын көруге болады, – деген ҚР Президенті Әкімшілігінің мем-­лекеттік инспекторы Есет Бәйкен­облыста және Қазталов ауданын-дағы атқарылған істерге оң баға-сын берді.

Құрамында орталық мемле-кеттік құрылым өкілдері бар топ Ақпәтер ауылында да болды. Мұн-­да олар еңбек ардагері Кәрім Өтеғұловтың демеушілігімен жа-салған «Ана мен бала» монументі және Ақпәтер тарихи-өлкетану музейінің жұмыстарымен таны-­сып, жеке кәсіпкер Самат Хаса-новтың демеушілігімен салынып­жатқан медициналық-амбулато-риялық пунктті көріп, бұл жұмыс-тарды жоғары бағалады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ, Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

Перзенттік пейіл ауыл-аймақты ажарландыруда«Рухани жаңғыру»

бағдарламасының өңір­лерде жүзеге асуын сара­лау үшін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Есет Бәйкен жетекшілік еткен топ Қаз­талов ауданында болды.

Page 3: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

QOǵamБейсенбі, 21 маусым 2018 жыл 3Oral óńіrіOral óńіrі

ТЕГіН ЖОҒАРЫ БіЛіМ

P ЖЫЛ САЙЫН ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМІ БАР МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУҒА 140 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ;

P ЖЫЛ САЙЫН СТУДЕНТТЕРГЕ 49 000­НАН АСТАМ НЕМЕСЕ ӘРБІР ҮШіНШі ОҚУШЫҒА ГРАНТ БЕРІЛЕДІ;

P 2018 ЖЫЛЫ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРҒА ҚОСЫМША 20 000 ГРАНТ БЕРІЛЕДІ;

P БАРЛЫҚ ЖЕТІМ БАЛАЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ЖОО-да ТЕГіН ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТіЛЕДі;­

P ГРАНТТАР АЯСЫНДА АЙ САЙЫН БАКАЛАВРИАТ БОЙЫНША 21 000 ТЕҢГЕ, МАГИСТРАТУРА – 54 000 ТЕҢГЕ СТИПЕНДИЯ ТӨЛЕНЕДІ;

P ЖЫЛ САЙЫН «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 555 ГРАНТ БЕРІЛЕДІ, ­­­­­­­­20 ЖЫЛДА 12 200 СТУДЕНТ ОҚЫТЫЛДЫ.

СТУДЕНТТЕРДі ЖАТАҚхАНАМЕН ҚАМТУ

БҮГіНДЕP 68 000­ СТУДЕНТ, ЯҒНИ БАСҚА ҚАЛА-

ЛАРДАН КЕЛГЕН ӘРБіР ҮШіНШі СТУДЕНТ ­ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН;

ЖОСПАРДАP ҮШ ЖЫЛДА 75 МЫҢ ОРЫНДЫҚ­ ЖАТАҚХАНА САЛЫНАДЫ;P БҰЛ БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТІ ШЕШЕДІ.

БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫ

P БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ 442 270 ОҚУШЫСЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ 280 000­ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТСІНЕТІН ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ ТЕГІН ТАМАҚТАНДЫРЫЛАДЫ.

P­­­­­АСТАНА Қ., БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТАРЫНДА­ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНЫҢ БАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН.

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫН ТӨЛЕУ

БҮГіНДЕP БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӘРБИЕШІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЕҢБЕК ӨТІЛІНЕ ҚАРАЙ 76 000 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ;

P 2018 ЖЫЛДАН ЖАҢА МАЗМҰН БОЙЫНША ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫНА 30% ҚОСЫМША ТӨЛЕНЕДІ.

ЖОСПАРДА

P ­1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН­ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ КВАЛИФИКАЦИЯСЫ ҮШІН 30­дан 50%­ға ДЕЙІН ӨСЕДІ.

Психолог маман ретінде әр ба-ланы зерттеп, педагогтар және ата-аналармен бірлесіп, баланың

жан дүниесіне жол табу, әр баланы зерт-­теп, басқаға ұқсамайтын қасиетін тану, сауатты психологиялық сауатты диагнос-­тика жасау – келеңсіз оқиғалардың ал-­дын алудың алғышарты.

Міне, осы бағытта 11-сынып оқушыла-­рына әр түрлі тақырыптарда тест, тренинг-тер, жаттығу ойындар, жеке кеңестер өткі-­зіп тұрамыз. Жыл бойы біз пән мұғалім-­дерімен бірге оқушыларға уақытты тиім-ді пайдалануды үйретеміз. Әр жеткіншек – зерттелмеген құпия. Оқу жылының ба-сында оқуда кейбір пәндерден қиналып жүрген, жатақхана өміріне үйрене алмай,­үйін сағынып жүрген балаларды анықтап, зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Осы зерт-теулер 11-сыныпта әңгімелесу түрінде, психологиялық тесттер, тренингтер ар-­қылы жүзеге асады. Әр сыныпқа әр сынақ алдында көңіл күйлерін байқау, кеңесу сағаттары, тренингтер өткізудегі мақса-тым – балалардың өздеріне сенімді бо-луын бұлжымас қағидаға айналдыру. Яғ-­ни сабақтағы тақырыптардың бірін қал-­дырмастан оқып шығу емес, керісінше қа-­жет мәліметті есте сақтай отырып, ерік-жігерді ҰБТ-ға дайындыққа жұмылдырып, үлкен жетістікке жету. Уақытты тиімді пай-­

даланып, оқушының өзіне сенімі арт-­са, ілгерілеу бар екені бірден байқа-лады. Дайындық барысында «Алдағы ҰБТ сынағынан сәтті өтемін» деген се-­нім нығаюы шарт.

Кейде адам көп оқығанда барлық мәліметті толық қабылдай алмайды. Аз-­даған уақыт демалып қайта оқыса, оқы-­ған тақырыптары есіне түсе бастайды.­Сол үшін уақтылы тынығу да маңызды. Дайындық барысында сабыр сақтап, жүйкеңізді шаршатпауға тырысқан ­жөн. Асығып отырып, қате жіберіп қоюдан сақ болу қажет.

Біз жас түлекке: «Мұқият болы-ңыз! Жаттап алған сұрағың келсе де, бір рет көз жүгіртіп алып, жауап берудің еш артықшылығы жоқ» деген бағытта үнемі ақыл-кеңес беріп отырамыз. Оқушылары-мыз тиімді кеңестерді жадын-­да сақтап, биылғы ҰБТ-да жо-ғары жетістіктерге жетеді ­деген сенімдеміз.

Дария ЖҰБАТОВА,Теректі аудандық

лингвистикалық гимназиясының

педагог­психологы

Психологиялық дайындықтың маңызы зор

Биылғы мектеп бітірушілер кешелі бері Ұлттық бірың­ ғай тестілеу (ҰБТ) сынағын тапсыруға кірісті. Ертең түлек­тердің тағы бір легі ҰБТ сынағынан өтеді. Жалпы, ҰБТ­ға оқушыларды психологиялық тұрғыда даярлауда пән мұға­ лімдерімен бірге сынып жетекшілерінің, мектеп психолог­тарының жауапкершілігі жоғары болу керек. Әрбір мектеп бітіруші осы сәтте қобалжу, өзіне деген сенімсіздік сезім­ дерін бастан кешіреді. Әр мектеп бітірушінің санасындағы орынсыз үрейді жойып, өз­өзіне деген сенімін нығайту – педагог­психологтардың негізгі міндеттерінің бірі.

2008 жылғы мектеп түлектері өзара ақылдаса келе, туып-өс-­кен ауылымызға, Сарыөмір –­Шалқар жұртшылығына кішігі-­рім тарту жасаймыз деген ке-лісімге келген болатынбыз. Мек-теп қабырғасында өткен соң-­ғы қоңырау салтанатында сөз алып, осынау жоспарымызбен бөлісіп, ауылдастардан сүйінші сұраған едік.

Көп уақыт өткен жоқ, айтыл-ған мерзімінде тосынсыйымыз

Ауылымыздың көркіне көрік қосылды

Биыл біздер, яғни тәуелсіздік құрдастары үшін ерекше жыл. Өйткені, Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылын­дағы хамза Есенжанов мектебінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққанымызға тура он жыл толып отыр.

ауыл орталығынан ойып тұрып орын алды. Біздің шамды-диод-ты композициямыз Шалқар кө-лі мен Сасай тауының ортасын мекен қылып, жылдан-жылға өркендеп келе жатқан туған же-ріміздің көркіне көрік қосып, ауылдастарымызды қуантары-­на сенеміз.

Зәру ҚУАНЫШӘЛИЕВА,Теректі ауданы

Aýylymyzdyń kórkіne kórіk qosyldy

Bıyl bizder, ıagnı tayelsizdik qurdastary ushin erekshe jyl. Оıtkeni, Terekti aydanyna qarasty Saryomir ayylyndagy Hamza Esenjanov mektebinen tulep ushyp, ulken omirge qanat qaqqanymyzga tyra on jyl tolyp otyr.

2008 jylgy mektep tulekteri ozara aqyldasa kele, tyyp-osken ayylymyzga, Saryomir –

Shalqar jurtshylygyna kishigi-rim tarty jasaımyz degen keli-simge kelgen bolatynbyz. Mektep qabyrgasynda otken songy qony- ray saltanatynda soz alyp, osynay josparymyzben bolisip, ayyldas-tardan suıinshi suragan edik.

Kop yaqyt otken joq, aıtyl-

gan merziminde tosynsyıymyz ayyl ortalygynan oıyp turyp oryn aldy. Bizdin shamdy-dıod-ty kompozısıamyz Shalqar koli men Sasaı tayynyn ortasyn meken qylyp, jyldan-jylga orkendep kele jatqan tygan jerimizdin korkine korik qosyp, ayyldastarymyzdy qyantaryna senemiz.

Zary QYANYSHALIEVA,Terekti aydany

Әлеуметтік игіліктер

Page 4: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

EL-JURT4 Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облысымыздағы олимпиадалық және бұқаралық спорт түрлерінің дамуы мен болашағы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Облыстық дене шынық-тыру және спорт бас-қармасының басшысы

Әсия Аманбаеваның айтуынша, биыл олимпиадалық спорт түр-лері бойынша ұлттық құрамалар сапына 237 батысқазақстандық спортшы іліккен. Яғни жазғы олим-пиадалық спорттан 205, қысқы олимпиадалық спорт түрінен 32

дер спорт мектебі бол-са, оның екеуі олим-пиада резервінің ма-­мандандырылған мек-тебі екен.

Сонымен қатар олим-­ пиада резервтерін даяр-лау орталығы, облыстық жоғары спорттық ше-берлігі мектебі, спорт-­

екенін көрсетеді. Қысқы олим-пиадалық спорт түрлерін, соның ішінде шаңғы жарысы, сондай-ақ жеңіл атлетика бойынша білікті жаттықтырушылардың жеткілік-сіздігінен аталмыш ойын түрлерін дамытуда қиындықтар кездесіп отыр, – деді Әсия Рахымқызы.

Облыста балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде олимпиада-­лық спорт түрлерінен үш халық-­аралық дәрежедегі спорт шебе-рі және 25 спорт шебері, 270 спорт шеберлігіне кандидат бол-са, 327 спортшының І разряды ­бар екен.

Былтыр «Өңірлерді дамыту-­дың 2020 жылға дейінгі бағдар-ламасы» аясында жергілікті бюд-жет есебінен аудандарда 24 спорт-­

тық алаң бой көтерсе, Орал қа-­ласында «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту­қоры және «Street Workout» Қа-зақстан қауымдастығы есебінен­10 спорттық алаң салынып, пай-далануға берілген. Сондай-ақ был-тыр «ҚПО б. в.» компаниясының есебінен Ақсай қаласында және жергілікті бюджет есебінен Зеле-нов ауданының орталығында 160 ­орынға арналған дене шынықты-­ру-сауықтыру кешені салынған. Қазіргі таңда «ҚПО б. в.» компания-сының есебінен Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш кешен тамыз айында пайдалануға берілмек.

– Облысымыз бойынша Орал қаласы мен Бөрлі ауданында ғана дербес дене шынықтыру және спорт бөлімдері бар. Қалған 11 ау-­данда мәдениет, тілдерді дамы-ту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері жұмыс істейді. Ауылдық округтерде спорт клубтарының нұсқаушы-әдіскерінің жоқтығына байланысты бұқаралық спортты­дамыту жұмысымен жастармен­жұмыс жөніндегі ресурстық орта-­лықтың мамандары айналысып­отыр. Барлық дамытылатын 27 олимпиадалық спорт түрінен ау-­данда 16-сы бойынша ғана жү-йелі жұмыс жүруде. Биылғы оқу жылында әйелдер күресі мен то-­ ғызқұмалақтан бөлімшелер ашыл-ды. Олимпиада резервтерін даяр-­ лау орталығында академиялық­есу, бокс, грек-рим күресі, еркін

«Аудандарда дәстүрлі өнерді дәріптеу кемшін»

«Men qazaqpyn!» халықаралық телевизиялық мегажобасы­ ның облыстық кезеңі аяқталды. Бұл шараның өту барысы жө­ нінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен бас­ пасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжат­тама басқармасы басшысының орынбасары Сайран Дүйсенов және «Қазақстан» РТРК АҚ БҚО филиалының директоры Асылан­бек Ғұбашев баяндады.

Асыланбек Зиннатұлының айтуынша, ұлттық құн-дылықты ұлықтап, руха-

ниятымызды жаңғыртуды мақсат тұтқан аталмыш байқауға облыс бойынша 140-қа жуық үміткер қа-­тысқан. Оның 44-і облыстық ке-зеңде бақтарын сынаса, 14-і гала-концертте өнер көрсеткен. Бай-­қаудың қорытынды кешінде дәс-­түрлі ән жанры бойынша тасқа-лалық Бейбіт Қажығалиев, терме орындаудан оралдық Тілек База-ров, ал күй тартудан оралдық Жасұлан Зинединов үздік деп танылған.

– «Men qazaqpyn!» мегажоба-­сының аудандық, облыстық кезең-­дері облыс әкімінің қолдауымен өткізілді. Байқау үш бағыт бойын-­ша, яғни дәстүрлі ән, терме, күй­жанры бойынша ұйымдастырыл-­ды. Бұл жоба біздің ұлттық өнері-мізді дәріптеуге, болашақта осы бағыт бойынша тың жобаларды

бастауымызға серпін берді. Ау-­дандарға барғанда дәстүрлі өне-ріміздің насихатталуы кемшін екеніне көз жеткіздік. Қазылар алқасының құрамында Хатимол-ла Бердіғалиев, Сәуле Таудаева, Нұржан Сертеков секілді өнер майталмандары болды. Облыстық кезеңнен жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар мегажобаның ха-лықаралық кезеңінде бақтарын сынайды. Онда әр түрлі өнер мек-­тебінің ән-термелері мен күйле-­рін орындайды. Жерлестерімізге­жеңіс тілейміз, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжат-­тама басқармасы басшысының орынбасары Сайран Темірғалиұлы.

Жобаның халықаралық кезеңі тамыз айында Астана қаласын-­да өтеді.

Гүлсезім ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

«Білікті бапкерлер жетіспейді»спортшы болашақта түрлі до-­даларда өнер көрсетпек. Был-­тыр ұлттық құрамада 219 спорт-шы болған еді. Батысқазақстан-дықтар спорттың олимпиадалық емес 26 түрінен, жазғы олимпиа-­далық спорттың 24 түрінен, қыс-қы олимпиадалық спорттың 4, ­паралимпиадалық спорттың 20, ұлттық спорттың сегіз түрі бо-­йынша саралаудан өткен.

Ағымдағы жылдың бес айын-да ҚР чемпионаттарында бақ сы-­наған 34 ересек, 12 жас, 46 жасөс-пірім спортшы жүлдегер атанған.

Өңірде 23 балалар-жасөспірім-­

та дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мек-­теп-интернаты, 11 спорт клубы, оның ішінде «Ақжайық» спорт клубы, «Жайық» волейбол клубы, «Ақжайық» футбол клубы секілді кәсіпқой клубтар жұмыс істейді.

– Республикалық, халықаралық спорттық-бұқаралық және сауық-тыру іс-шараларының күнтізбе-­ лік жоспарына 554 спорттық ша-­ра енгізілді. Бүгінгі күні аталған жоспардың 83,1 пайызы орындал-­ды. Бұл көрсеткіш күнтізбелік жос-­пардың сапалы бекітілгенін жә-не қаржының тиімді игерілуінде

күрес, әйелдер күресі, велоспорт, шорт-трек, садақ ату, таэквондо, волейбол, жеңіл атлетика, ауыр ­атлетика секілді спорт түрлері дамытылуда. Мектеп-интернатта­247 бала тәлім алып, 26 жаттық-тырушы қызмет етіп жүр. Жас­спортшылардың 44-і ұлттық құ-рама командасының мүшелері. Спортта жетістікке жету үшін ең бірінші жаттығу орындары материалдық-техникалық жағы-нан жарақтануы керек. Кейбір аудандарда спортзалдарының жоқтығына байланысты жаттығу сабақтары жеке тұлғаларға неме-се түрлі кәсіпорындарға тиесілі залында өткізілуде. Қазір 12 ау-­данның жетеуінде бұқаралық спортты дамыту бойынша спорт клубтары жұмыс жасайды. Олар Ақжайық ауданындағы «Жігер», Бөрлідегі «Ақсай», Қазталов ау-­данындағы «Айбын», Қаратөбе ау-­данындағы «Қаратөбе», Сырым-­дағы «Қайсар», Тасқаладағы мә-­дени-сауықтыру клубы мен Шың-ғырлаудағы спорт клубы, – деді облыстық дене шынықтыру жә-­не спорт басқармасының бас-­шысы Әсия Аманбаева.

Басқарма жүргізген есеп бо-­йынша былтыр шыңғырлаулықтар мен оралдықтар дене шынықты-румен жүйелі айналысушылар ре-тінде тіркелсе, бұл бағыттағы ең төменгі көрсеткіш Жаңақала мен Қаратөбе аудандарына тән болып отыр.

Гүлсезім БИяШЕВА,«Орал өңірі»

– Әріптестеріміз мемлекеттік­қызметке жаңа қадам басуда. Ме-нің аталған қызметте жүргеніме 15 жылдан астам уақыт өтіпті. Мемлекеттік қызмет адалдық пен әділдікті талап етеді. Мемлекеттік қызметкер – халықтың тұрмысын, өмір сүру деңгейін, құқықтары-ның сақталуын қамтамасыз ету-­ші тұлға Елбасымыздың саясаты-­ның дұрыс жүзеге асуы да мемле-кеттік қызметкерлерге байланыс-ты. Қызметте адал болып, уақыт-­пен санаспай еңбек етсеңіздер,­үлкен құр­метке бөленесіздер. Қо-ғам мен мемлекеттің артқан се-­

Кеше Орал қаласын­ дағы ҚР Тұңғыш Президен­ ті алаңында орна­ласқан Ту тұғырының алдында жас мемле­кеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Мемле­кеттік қызмет істері құрылымдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйым­дастырылған шараға облыс әкімінің орын­басары Ғабидолла Оспанқұлов қатысты.

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

Ант қабылдадынімін ақтайтындарыңызға сене-мін, – деді шарада Ғабидолла Абдоллаұлы.

Мемлекеттік қызметке жаңа-­дан қабылданғандар ҚР Консти-туциясына оң қолдарын қойып, елдің Конституциясы мен заңда-рын сақтауға, халыққа адал және кәсіби қызмет көрсетуге ант берді.

– Мамандығым – заңгер-кеңес-­ші. Мемлекеттік қызметші болуды­оқушы күнімнен армандаушы едім. Сол арманым орындалды. Бүгін қабылдаған антымды ешқашан жа-­дымнан шығармай, елге абырой-лы қызмет етуге дайынмын, –­

дейді облыстық мамандандырыл-ған ауданарлық экономикалық со-тының жетекші маманы Бибінұр Басырбаева.

Шара барысында облыстық соттар әкімшісінің басшысы Нұр-­лан Қажғанов, мемлекеттік қыз-­мет құрылымдарының ардагері­Мырзағали Мұхамбетов жас мем-­лекеттік қызметшілерге жемісті еңбек тіледі. Салтанатты рәсім Қа-­зақстанның мемлекеттік Әнұра-нымен қорытындыланды.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,«Орал өңірі»

Page 5: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

ÁLEÝmETБейсенбі, 21 маусым 2018 жыл 5Oral óńіrіOral óńіrі

Батыс Қазақстан облысында коммерциялық емес ұйымдарға арналған байқау жарияланды

Қазақстандық коммерция-лық емес ұйымдарды жаңа деңгейге шығару

қолға алынды. Олардың бір тап-сырыстан екінші тапсырысқа де-йінгі уақыты өтті, енді әлеуметтік бизнеске бет бұрып, табыс табу-дың жаңа жолдарын үйренетін болады. Дәл осы мақсатпен елі-­мізде 18 маусымнан бастап «ӘRE-KET» әлеуметтік кәсіпкерлікті да-мыту» жобасы іске қосылды.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен жүзеге асырылатын болады. Оның мақ-саты – ел өңірлерінде әлеумет-­тік кәсіпкерліктің мәдениетін да-мытуды ынталандыру болып та-былады.

Ережеге сай грант қызметі әлеу-меттік қызмет көрсетуге немесе халықтың әлеуметтік осал топта-рына жұмыс орындарын құруға бағытталған КЕҰ ғана беріледі.

Жобаға қатысу коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне кә-­сіптік оқытудан өтуге, барлық қа-жетті іскерлік дағдыларды иеле-­нуге және 500 000 теңге көле-­міндегі грант ұтып алуға мүмкін-­дік береді.

Жобаға қатысу үшін үміткер-­лер 2018 жылдың 12 шілдесіне­дейін «Samruk-Kazyna Trust» әлеу-­меттік жобаларды дамыту қоры-ның ресми сайтындағы www.sk-trust.kz онлайн сауалнаманы­толтыру керек. Сауалнамаларды­қарағаннан және іріктегеннен ке-­йін қатысушылар Орал қаласын-­да өткізілетін тренингтерге ша-қырылады. Тренинг нәтижесінде үміткерлерге әлеуметтік кәсіп-керлік негіздері бойынша курсқа қатысқандығын растайтын серти-фикаттар табысталады.

Тренинг соңында үміткерлер-­ді ең қызықты нәрсе күтеді – ­олар өздерінің бизнес-жобала-­рын қорғайды. Олардың ішінде-­гі ең үздік деп танылғаны әлеу-меттік кәсіпкерлікті дамыту үшін­500 000 теңге көлемінде қаржы-ландыру алады. Грантты алғаннан кейін, коммерциялық емес ұйым-дарға жоба әкімшілері қаражат-тың мақсатты пайдаланылып, биз-­нес-жобаның тиімділігін қадаға-­лау мақсатында қолдау көрсетеді.

«ӘREKET» жобасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы ая-сында жүзеге асырылып жатыр. Жоба Батыс Қазақстан облысынан басқа Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыста-рын қамтыды.

Анықтама «Менің елім» әлеуметтік инвес-­

тициялар бағдарламасы «Самұ-рық-Қазына» АҚ компаниялар то-­бы бар өңірлерде әлеуметтік-

экономикалық жағдайды жақсар-туға бағытталған. Бағдарламаны өңірлердегі әлеуметтік инфрақұ-­рылымды дамыту және жергілік-­ті қауымның өмір сүру сапасы-ның жоғары стандарттарына, яғ-­ни әлеуметтік ортаға, білімге, мә-­дениетке және спортқа қолжетім-ділігін арттыру жолдары арқылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

«Менің елім» бағдарламасы қордың компаниялар тобы бар ай-­мақтардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар сериясын біріктірді, он-да еншілес ұйымдар қала құру-­шы компаниялар болып табыла-ды. Бағдарламаның басты миссия-сы – өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын Астана және Алма-ты қалаларының деңгейіне дейін көтеру.

Грант байқау

.­­Егер сіз коммерциялық емес ұйым өкілі болсаңыз.­­Егер сіздің әлеуметтік стартап үшін тың идеяңыз болса.­­Егер сіз әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған бизнесті­ іске қосқыңыз келсе

Байқауға қатысуға шақырамыз!Біз коммерциялық ұйымдарға арнайы бизнес оқытудан өтіп,­өз кәсібін дамытуға 500 000 теңге көлемінде грант ұтып алу ­мүмкіндігін ұсынамыз!

Жобаға қатысуға өтінім 2018 жылдың 12 шілдесіне дейін қабылданады

#MeninElim #Areket

Байқауға қалай қатысуға болады?ӘREKET

WWW.SK­TRUST.KZСАЙТЫНДА ӨТіНіМ БіЛДіРіП,іРіКТЕУДЕН ӨТіҢіЗ

АРНАЙЫ ОҚУКУРСТАРЫНАН ӨТіҢіЗ

ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢДЕ ӨЗ БИЗНЕС ЖОБАҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ

500 000 ТЕҢГЕ КӨЛЕМіНДЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛЫҢЫЗ

Жобаға қатысуға өтінім 2018 жылдың 12 шілдесіне дейін қабылданады

#MeninElim #Areket

Онда Мұхтар Әблязов пен оның сыбайласта-ры қазақстандықтар

оларды қолдап, биылғы 23 мау-­сымда митингке шығуға шақыра-ды. Қадағалау ведомствосы анық-тағандай, бұл бейнероликтерде­«қазақстандық тәрбиешілер мен­жұмысшылар» рөлін Киев қала-сының кәсіби актерлары және Әблязовтың туысқандары ойна-ған. Нақтылап айтқанда, Әблязов Киевтегі жарнамалық агенттікті жалдап, азияттық келбеті бар ак-терларды іріктеп алған. Осындай бейнероликтердің бірінде митинг-ке шығуға және оны қолдауға шақырған Қазақстанның кедей жұмысшысын Әблязовтың жиені

Айдар Амангелдиев «сомдаған».­Қазақстаннан 2009 жылы көшіп­кеткен Айдар Амангелдиев қазір­Шотландиядағы университеттер-дің бірінде жылына 9 млн. теңге төлеп оқып жатыр.

ҚР Бас прокуратурасы аталған­роликтердің мазмұны шындыққа жанаспайтынын және қазақстан-дық қоғамда әлеуметтік алауыз-дық пен араздықты тудыруға ба-ғытталғанын мәлімдейді.

Әблязовпен және «ДВК»-ның сыбайластарымен арандату бей-нероликтерінің таратылуына бай-­ланысты сотпен 2018 жылғы 13 нау-­рыздан бастап Қазақстан Респуб-ликасының барлық аумағында «ДВК»-ның іс-әрекетіне тыйым

салынғаны белгілі. Соған орай прокуратура «ДВК»-ның кез кел-ген экстремистік әрекетіне қаты-су және оны қаржыландыру ҚР Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын ха-барлайды.

Митингтерге қатысуға шақыру-үгіттеулер «Бейбiт жиналыстар,­митингiлер, шерулер, пикеттер­және демонстрациялар ұйымдас-­тыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын бұзу болып саналады. Заң талаптарына сәйкес ашық акция-­ларды ұйымдастыру үшін оны өт-­кізу белгілеген мерзімнен он күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы құрылым-­ның рұқсатын алу қажет. Ал бүгін-гі таңда әкімдіктерге үстіміздегі жылдың 23 маусымында митинг­өткізу туралы арыздар түспеген. Яғни бұл митингтер заңсыз бо-­лып табылады, оларды ұйымдас-

Әлеуметтік алауыздықтан сақ болайық!ҚР Бас прокуратурасымен әлеуметтік желілерде «Қазақстан­

ның демократиялық таңдауы» («ДВК») экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің таратылып жатқаны анықталды.

тыру мен оған қатысу әкімшілік жауаптылыққа апарады, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу да көзделген. Сол себепті ҚР Бас­прокуратурасы Қазақстан халқын­экстремистік ұйымның және оның сыбайластарының аранда-тушылықтарына ермеуге шақы-рады.

Жалпы, «ДВК»-ның идеялары­мен митингтерді үгіттеу үшін Әб-лязовқа шетелдегі белгілі заңгер іспетті болып жүрген Бота Джар-демали, Жанар Ахметова (Жанна Бота) деген атпен танымал бел-сенді көмектесуде. Шындығын-да олар әр түрлі ауыр және аса ­ауыр қылмыстар үшін қазақстан-дық сот төрелігінен шетелде жа-­сырынып жүргендер екенін айта кеткен жөн. Олардың түпкі мақ-саты – қылмыстық қудалауға сая-си астар беріп, жауапкершіліктен жалтару. Ал Қазақстанда ондай әрекеттерге жол жоқ.­

Асылхан ҚАДЫРҰЛЫ

Таяуда Ақоба ауылындағы ­Х. Халиуллин атындағы орта мек-тептің 9-сынып оқушысы Бай-­болсын Сердеш қой бағып жү-­ріп, ауыл маңынан тат басқан ­алтыатар тапаншасын тауып ал-ды.

Көне қарулардың біріне жа-татын тапанша мектеп жанында-­ғы музейге табысталды. Айта ке-тейік, ашылғанына көп болмаған музейдегі бұл алғашқы қару емес. Бұдан бұрын ауыл мектебінің мұғалімі Елдос Әліпқалиев Му-­син винтовкасын тапсырған екен.

Әсемгүл ҚУАНҒАЛИЕВА,Жәнібек ауданы

Айдаладағы алтыатар

Page 6: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

taǵzym6 Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrіOral óńіrіOral óńіrі

Нағашым Бимағамбет­1918 жылдың мамыр айында облысымыз-­

дың Чапаев, қазіргі Ақжайық ауданының Бітік ауылында дү-­ниеге келген. Әкесі Абдол – мал-шы, анасы сауыншы болып жұ-­мыс жасап жүріп, 1930 жы-­лы Қосшығыр бөлімшесіне кө-шіп келеді. Кейін 1933 жылы «Первомай» кеңшарына қоныс ау-­дарып, ол Бітік ауылындағы мектепті бітіреді. 1938 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылып, әскерге аттанады. Әкесі Абдол Биеш (Михаил), Жиеш, Мәкен есімді ұл-қызын «қанаттыға қақ-­тырмай» өсірді. Абдолдың әке-сінің есімі – Досберген. Яғни, Досбергеннен Абдол және Кө-шен есімді ұрпақтары тараған. Көшеннің Мәден (анам), Сабыр, Ізмағамбет, Қиуаш атты балала-ры болған. Сабыр мен Ізмағамбет нағашыларым ҰОС-на қатысып, бірнеше медаль-ордендермен марапатталған болатын. Соғыс-тан кейінгі тұралап қалған шар-­уашылықтарды көтеруге аян-­бай үлестерін қосты. Михаил нағашымнан ұрпақ жоқ. Сабыр-дың үш немересі бар. Ізмағам-бет нағашым мен Алтынғаным жеңгемнен төрт ұл, төрт қыз дүниеге келді. 1946 жылы қазан айында нағашым Биеш (Михаил) елге оралған кезде мен алты жастағы бала едім. Нағашым майданнан оралғанда Чапаев ау-данының бүкіл тұрғындары құ-

шақ жайып қарсылап алғаны әлі есімде. Жиырма жасында әскери міндетін орындауға шақыртыл-ған ол 74-дивизияның құра-мындағы сарбаз, барлаушы, аға сержант, рота командирі ретінде соғыстың алғашқы жылдарынан бастап-ақ неміс-фашистерімен айқасқа кіреді. Барлаушы ретінде шайқастарда шыңдалып, жауап-ты да маңызды операцияларға қатысыпты. Ол Волгадан Берлин-ге дейінгі ұрыс жолдарынан өт-кен. Дивизия құрамындағы III жеке барлау ротасының бөлімше командирі, аға сержант шенін-дегі Михаил нағашым Югославия және Венгрия далаларындағы ұрыстарға қатысып, ерекше көзге түседі. 1944 жылғы 7 қарашада ол бастаған барлаушылар Дунай өзенінен қараңғы түнде екі қа-йықпен жүзіп өтіп, жаудың көзін жойып, Кеңес әскерлерінің бөгет-­сіз өтуін қамтамасыз етеді. Не-­містер басып кірген Кеңес әс-керлерін көргенде миномет ба-тареясы мен шағын калибрлі екі зеңбірегін тастап қашуға мәж-­бүр болыпты. Бұл жағдай біздің әскерлердің жасаған шабуылы-­ның сәтті аяқталып, неміс фа-шистерінің жеңілуіне септігін ти-­гізген елеулі операциялардың бірі болған. Осы аса жауапты тапсырманы ойдағыдай орында-ғаны үшін КСРО Жоғарғы кеңесі президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығы бойынша нағашым Бимағамбетке Кеңес

Ержүрек нағашым туралы бір үзік сыр

Биыл облысымызда Кеңес Одағының Батыры Михаил (Бимағамбет) Абдоловтың 100 жылдығы аталып өтілді. Соған орай нағашым туралы өзім көріп­білген, өз аузынан естіген оқиғаларды баяндап бергім келеді.

Одағының Батыры атағы беріле-ді. Сондай-ақ Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі салтанат-ты жағдайда табысталды. Ал оған дейін ол Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғы-­сы ордендерімен де марапаттал-ған болатын. Соғыстан кейін Пер-­вомайда аға шопан болып еңбек етті. Әр саулыққа бір-бірден төл­ілестіріп, шаруашылық отарына отар қосты. Еңбекте қол жеткен табыстары үшін «Еңбек арда-гері» медалімен, сондай-ақ «Ұлы­Жеңістің 50 жылдығы», «Ұлы Же-­ңістің 60 жылдығы» медальда-рымен марапатталды. Ол 2006 жылы 9 мамыр күні қайтыс болды. Ұлы Жеңістің 61 жылды-ғын тойлай алмай, бақилыққа аттанды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама-лық мақаласында атап өткен-­дей, ерлігімен, қаһармандығы-­мен ел есінде қалған жерлес-теріміздің рухы алдында тағзым ету – біздің басты парызымыз. Майдандағы ерлігін бейбіт өмір-дегі еселі еңбегімен ұштастыр-ған батырдың 100 жылдығын мерекелеу ҚР Мәдениет және­спорт министрлігінің бұйрығы-мен бекітіліп, 2018 жылы тойла-натын мерейтойлар тізіміне ен-­гізілгенін естігенде, үлкен қуа-нышқа бөлендім.

Темірғали ҚАЖЫҒАЛИЕВ,еңбек ардагері

Момышұлының майдандасы

1900 жылы туған менің әкем Қайырғали Жоламанов 1942 жылы Қаратөбе ауданының Аққолқа ауылдық кеңесі, «Қазақстан» кеңшарында басқарма болып жүрген жерінен Ұлы Отан соғысына аттанды.

Ағамыз соғыста жүрген кезде үйдегі Сәлима есімді апамызға хат жазып тұрған. Сол хаттар әлі күнге дейін сақталған. Майдан-­нан келген соңғы хатқа Украина ­елі, Харьков облысы, Чучуев ау-даны, Чкалов поселкелік кеңесінің мөрі соғылған. Сол хаттан кейін хабар-ошар болмады. Артынан қа-­ра қағаз да келген жоқ. Әкем 1974 жылы өмірден өткенше ағасын іздеумен болды. Бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Өмірден

Менің әкем Малай Ержігі­тов 1928 жылы дүниеге келген. Әкемнің ағасы Төлепберген Бисенғалиев 1923 жылы дүниеге келіп, 1942 жылы соғысқа алынып, 1943 жылдың қазан айында хабарсыз кеткен.

өтер шағында әкем өз бауырының жерленген жерін тауып, туған жерден бір уыс топырақ пен Құ-­ран кітап апаруымды маған тап-сырған болатын.

Соңғы жылдары әкемнің аға-­сы секілді соғыста із-түзсіз жо-ғалғандардың бір деректері та-­былып жатқандығын көріп, оқып­отырамын. Сол игі істермен ай-налысып жүрген жандар менің ағам туралы да бір дерек тауып берсе екен деймін. Бір дерегі болып жатса, Орал қаласы, Әбіл-қайыр хан көшесі, №11 мекенжай-­ға немесе 87051261522, 8775121­9567 ұялы телефонына хабар-ласуы сұралады.

Қайрат ЕРЖіГіТОВ,Орал қаласы

Бір дерегін білсем деймін

Майданда халқы-­мыздың хас баты-­ры Бауыржан Мо-­

мышұлы басшылық еткен дивизияның құрамында со-­ғысқан. Жастайынан ән-жыр-­ға құмар, ауыл-аймаққа әнші жігіт ретінде танылған әкемнің бойындағы өнері байқалмай қалмайды. «Қызыл әскерлер» ансамблінің бел-ді мүшесі болған ол кес-кілескен ұрыстардың арасын-да жігерлі әндермен соғыстан қансыраған жауынгерлердің рухтарын көтереді. Тіпті бұл жөнінде соғыс кезіндегі далалық газетке «Әскерді әнімен әлдилеген» атты мақала шыққан екен. 1945 жылы елге оралғанда өзімен бірге ала келген сол газет үйге келген уәкілдерге көр-сетіп жүргенде, жыртылып қалыпты. Әкемнің ерлігі мен өнері туралы жазылған сол бір маңызды жәдігерді сақтай алмағанымыз әлі күнге дейін өзегімді өкініш болып өртейді.

Аяулы әкем елге жеңіспен оралғаннан кейін оны Қа-ратөбе ауданының Сталин атындағы колхозына бас-қарма етіп жіберді. Мен ол кезде 1-сыныпта оқып жүрген едім.

Әке қанымен берілді ме, әйтеуір, әншілік өнер маған да жұғысты болды. Бүгінде аудандық мәдениет үйінің жанындағы «Ақ жаулықты әжелер» ансамблінің, сон-дай-ақ соғыс және еңбек ардагерлері хорының мүшесі боп, ауданның мәдениетін дамытуға қолымнан келген үлесімді қосып жүрмін. Сон-дықтан мен өзімді әкемнің өнерін жалғастырушымын деп есептеймін.

Әкемнің майдандағы ер-ліктері мен бейбіт замандағы еселі еңбегі үшін алған Қызыл Жұлдыз ордені, ІІІ дәрежелі Даңқ ордені, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «1941-1945ж. ж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдары –­

оның ұрпақтары үшін баға жетпес құндылықтар.

Соғыстан келгеннен кейін әкемді «Сталин» колхозына басқарма қылып тағайындады. Ол жұмысшыларға өте сыйлы, жағымды болды. Қоскөлде Әсірәлі Әбітиев деген ақын ағамыз болды. Жұмыстың қайнаған кезінде, пішеншілер мен егіншілер шаршап, сорпа ішкісі келіп, әкеме өлең шы-ғарады екен:

Басқармамыз Қайрекең,Шәкірті ферма қайда екен?Пішенді келдік орталап, Қоймайды ма екен

Қайрекең,Бізді аз ғана сорпалап.

Сол кезде әкем қой беріп, жұмысшылар қой сойып, рақ-меттерін айтып, мәре-сәре болады.

Менің есімде, ол күн-дері Ақтөбе қаласының фи-­лармониясынан ауылымыз-­ға әртістер келеді. Олардың ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рахила Ақ-жарова бар. Әртістер кон-цертті Шалғын ауыл кеңесі-­не қояды. Ол кезде ауыл-­дардың арасы он шақы-рым. Әртістер концертті Дайынөткел ауылына қоятын болып, арбаға бір жігіт сыймай қалады екен. Сол жігітке Қайырғали әкем астындағы атын беріп, концерт көруге жіберген. Сондағы әлгі жігіттің әкеме арнап шығарған өлеңі:

Астыма мінген Аққұнан,Артық ат болмас

тап мұнан.Ұзаққа шауып шалқытып,Шыға алмадым құмардан.Бұлдырты неткен

жақын ед(і),Шабысқа құнан мақұл ед(і).Ауылға шауып кірмейтінҚазақтың ескі әдеті ед(і).Осы әдет нағыз оңбаған,Шап деп еді Аққұнан,Шаба алмадым сонда даҚорқа соға ұяттан,­– деп әкеме ризашылығын

білдіріпті.

Сәкен ҚАЙЫРҒАЛИҚЫЗЫ,Ақсай қаласы

Page 7: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

7aýyl-aımaQБейсенбі, 21 маусым 2018 жылOral óńіrіOral óńіrіАуыл мектебінде «Рухани жаң-­

ғыру» бағдарламасының «Туған жерге туыңды тік» жобасы бо-йынша музей ашылған. Музейде 80-ге жуық көне жәдігер бар. Музей сөрелерінде ХVII ғасырға тән деп есептелетін Құран кіта-бы мен жайнамаз орналасқан. ­Екі жәдігерді ауыл молдасы, мар-құм Жолмұхаммед Қауденов кө-­зінің қарашығындай сақтап, ұр-пағына табыстаған көрінеді. Көр-­меге Орынғаным Бисенова әжей-дің көзіндей болып қалған қол диірмен де қойылыпты. Музей-­ден Ақобадан шыққан белгілі тұлғалар – КСРО Жоғарғы Кеңе-сінің депутаты, ҰОС кезінде полк комиссары болған Хаби Халиул-­лин, Кеңес Одағының Батыры Николай Чуриков, Исатай батыр-­дың ұрпағы, ақын Халима Өте-ғалиева, ақынның ұлы, қазақ ком-позиторлары арасында тұңғыш симфониялық шығарма жазған Қапан Мусиннің фотосуреттері мен құжаттарының көшірмесін көруге болады.

Ауыл азаматтары Х. Халиуллин мектебін қамқорлауды ұмытпай-ды. Биылғы соңғы қоңырау сал-танатында 1998 жылы түлеп ұш-­қан буын оқу-білім ошағының ауласына 100 түп ағаш ексе, мек-­тепті 1988 жылы тәмамдағандар аула ішіне түнгі жарық шамын ­орнатып, ауыл мешітіне ыдыс-­аяқ әперген. Ақобада бұдан бас-­қа жасалып жатқан игі іс­көп. Сәуір айында «Билайн» ұялы­желісі қосылып, тұрғындар мәре-­сәре болып қалды. Және «Би-­лайн» арқылы смартфон үшін жиі-­лігі жоғары интернет күшін пай-далануға мүмкіндік туды.

Шағын ауылда төрт бірдей азық-түлік дүкені бар. Ауыл кәсіп-керлері мен жергілікті шаруа қо-­жалықтарының басшылары қайы-­рымдылық шаралары кезінде­жиі қолұшын созады. Биыл ауыл­азаматтары «Рухани жаңғыру» ау-­қымында бірнеше жобаны қолға алмақ ниетте.

Нұртай АЛТАЙҰЛЫ,«Орал өңірі»,

Жәнібек ауданы

Сайқын ауылында жаңа мектеп интернатының құрылысы былтырғы қараша айынан басталған.

«Альфаcервисcтрой» ЖШС-ның­учаске басшысы Мерген Шегі-ровтің мәліметінше, бүгінге де-­йін құрылыс жұмысының 75 пайызы орындалған. Серіктестік қарауында 40-қа жуық адам ең-бек етуде. Ғимаратқа пластика-­лық терезелер орнатылған. Бү-гіндері жатақхана құрылысы-ның ішкі жұмыстары жүргізі-­луде. Құрылыс материалдары облыс орталығынан тасымал-­дануда. Нысан тамыз айының­аяғында пайдалануға берілмек.­Интернатқа аудандағы алыс-жақын ауылдардан келетін 70­оқушы орналасады. Ғимаратқа

Ескінің орнына жаңа интернат

жапсарлас асхана салынған. Ау-­лада жылу қазандығы орнаты-лады. Интернатта оқушылар үшін медициналық және сабаққа да-

йындалуға, теледидар қарауға, жуынып-шайынуға, кір жууға ар-­налған бөлмелер бар. Бұл ны-санды салу үшін жергілікті

бюджеттен 300 миллион тең-геден астам қаржы бөлінген. Айта кетейік, Сайқында бұрынғы интернаттың салынғанына 40

жылдан асып, оның тозығы әб-­ден жеткен екен.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,Бөкей ордасы ауданы

«Ақбұлақ» келген Ақоба

Жәнібекке жол тартқан жолаушы аудан орталығына жақындағанда, күре жол бойындағы «Ақоба» деп жазылған белгінің оң бағытқа нұсқайтынын көреді. Бұл жазу мен үшін ыстық. Себебі балалық шағымды өткізіп, мектептен түлеп ұшқан жер. Жақында Жәнібек ауданына іссапармен барғанымызда, ауылға жол түсті.

Сәл шегініс жасасасақ, Ақоба тағдыры қыл үс-­тінде көрінгендей кезең­

өткенін ауылдастарым жақсы бі-леді. Оған себеп – 2000 жылдар-дың басында облыс және аудан орталығынан ат шалдырып келген әкімқаралардың «Бұл ауылдың болашағы жоқ, көшіңдер» деген сыңайлы әңгімені айтқаны. Бұл әңгімеге дейін де, кейін де қоныс аударғандар болды. Үй қатары селдірегені рас. Бірақ шаруасын мығым ұстап, үдере көшуге қо-сылмай, тұрақтап қалған қауым да баршылық еді. Бүгінде ауылда 200-ге жуық түтін бар. Биыл 40-тан астам шаруа қожалығының жартысынан көбі мемлекеттен демеуқаржы алған. Ауылдағы бас-­ты күнкөріс кәсібі – мал шаруа-шылығы. Ауылдық округте жыл-қының саны 2 мыңнан, қой-ешкі-нің басы 7 мыңнан асыпты.

Қазіргі кезде ауыл реңі өзгер-­ді. Бірнеше жылдан бері ақоба-лықтар көтерген мәселелер өз­шешімін табуда. Мәселен, ауылға­өңірлерді дамытудың 2020 бағ-­дарламасының «Ақбұлақ» бағыты­ауқымында су тартылуда. «Жа-

йықгидрогеология» компаниясы­70 метр тереңдіктен жер ас-­ты су қорын тауып берген екен. Су көзі ауыл іргесінде орналасқан. «ЖайықСуГаз құрылыс» ЖШС-ның­учаске басшысы Шадияр Онда-баевтың (оң жақта суретте) сө-­зінше, су жинайтын екі резер-вуар, төрт сорғы және мұнара орнатылуда. Су тұшытатын қон-дырғы арқылы сүзілген ауыз су құбыр арқылы үйлерге тарайды. Ал қалдығы арнайы қазылған екі тоғанға құйылады. Екеуінің де айналасы қоршалған. Ашық тоғанға құйылған қалдық су буланып, құрамындағы заттар түбіне шөгеді деп есептелінеді. «ЖайықСуГаз құрылыс» компа-ниясы 25 адамды жұмысқа алған екен. Оның 18-і – осы Ақоба ауы-­лының тұрғындары. Су құбыры-­ның жалпы ұзындығы 17 шақы-рымды құрайды, соның 12-сі тар-тылып үлгерген. Ауылдағы ауыз сумен қамтылуы тиіс 177 «нүкте-­нің» 115-іне су құбыры жеткізіл-ген.

Ауылдың солтүстік-шығыс бе-­тінде орналасқан су нысанында-ғы қызу жұмысқа ақсақал Төле-­ген Жүсіпов дән риза.

– Соңғы жылдары ауылымызды көркейтуге зор көңіл бөлінуде. Бірнеше жыл қатарынан көтеріліп келе жатқан су мәселесі шешімін тауып жатыр. Енді тұрғындарды Жәнібекке баратын трассамен байланыстыратын 23 шақырым

жолдың жайы алаңдатады. Жа-уынды-шашынды күндері жол­беті лайсаң болып, батпаққа ай-налады. Оның үстіне, жүк көлікте-рі дөңгелектерімен қазып-ақ тас-тайды. Қыста қалың қар басып қалады. Осындай кезде көлікпен қатынау қиын. Аудан орталығына шұғыл бару қажет болғанда жол азабын тартудай-ақ тартып жүр-міз. Жолдың беті асфалтталса немесе қиыршық тас секілді ау-токөлікпен қатынауға шыдас бе-ретін материал төселсе, керім бо-лар еді, – дейді ақсақал.

Ақобадағы фельдшерлік-аку-­

шерлік нысан да күрделі жөн-­деуден өтуде. Мердігер – «Ба-тысКатлоМонтаж» компаниясы. Ғи-­мараттың төбесі түгелімен ауыс-тырылып, кей бөлмелер кеңей-­тілуде. Пластикалық терезе-­лер қондырылып, қабырғалары

мен еденге кафель жапсырылмақ. Учаске бригадирі Бекжан Бал-молдиннің айтуынша, амбулато-рия шілде соңында пайдалануға беріледі. Осы ғимарат ішінде орналасқан кітапхана бөлмесі де бірге жаңғыртылуда. Құрылыс жұ-мысына 30 млн. теңге бөлінген.

Былтыр ауылдағы жалпы білім беретін Х. Халиуллин атындағы орта мектептің ауласында су жа-ңа спорттық зал салынып, жыл соңында пайдалануға берілді. Спорт нысаны құрылысын 62 ­млн. теңгеге жуық қаражатқа «Символ» ЖШС жүргізді. Спорт-­залда түрлі шаралар ұйымдас-тырылады. Қазақ күресіне қаты-­сатын балғын палуандар жатты-ғады. Волейбол ойнауға да қолай-лы. Мектеп директоры Дулат Закариннің айтуынша, қазіргі уа-­қытта 30 мұғалім еңбек етуде. Жақында 141 бала биылғы оқу жылын тәмамдап, жазғы дема-лысқа шыққан. Жасөспірімдерге арналған жазғы кезеңдегі бала-­лар лагері спортзалда орнала-сыпты. Ақоба ауылындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан фельдшерлік­акушерлік пункт

Page 8: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

dala-qala8 Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Тәуелсіздігіміздің тұғыры білімді, елдік ұстанымы берік, талапты жастардың қолында. Білімге салынған қаржы болашаққа құйылған инвес-тиция деп білетін азаматтар қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, 40 жылдан астам облыстың сот саласында абырой-лы қызмет атқарған Хаби Жақыповтың атындағы жеке қор он жыл көлемінде ауыл жастарын қолдаумен келеді.

1915 жылдың 15 қыркүйегінде Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылында дүниеге келіп, ана-сы мен бауырларын асырау үшін еңбекке ерте араласқан Хаби Жақыпұлының өзі де ел ішіндегі небір дүрбелең кезеңді, кәмпескелеу мен аштықты бастан өткере жүріп, жастайынан білім алуға ұмтылған екен. Ересектер-мен иық теңестіре еңбек ете жү- ріп, ауылдағы төрт жылдық мек-тепті бітірген бозбала Хаби 14 жасқа толған шағында отызды алқымдап қалған ауылдастары-ның сауатын ашады.

Алдымен жұмысшылар фа-культетін, кейін Мәскеудегі Бү-кілодақтық заң институтын, со- дан соң Киров атындағы ҚазМУ-

Туған жердің жанашырлары

– Рамазан айында тұрғын-дардан жиналған пітір садақа есебінен мүмкіндігі шектеулі, табысы аз отбасыларға көмек беріп отырмыз. Жыл са- йын оздырылатын шараның мақсаты – мұқтаж отбасыларға аз да болса көмек көрсету. Қайырымдылық ісі мұнымен тоқтамайды. Әлі де болса мұқ-таж жандарға азық-түлікпен көмектескісі келетін жомарт жандардың қарасы көп бол-ғандықтан, игі іс жалғаса бере-ді, – дейді Ақсай мешітінің бас имамы Қанат Жәкенов.

Шынар Жұмалиева (суретте) – үш баланың анасы. Балала-рының алды отау құрса, ортаншысы студент, кенжесі

оқушы. Көмекке мұқтаж жан жыл сайын мешіт қызметкер- лерінің игі ісіне алғысын ай-тып келеді. «Отбасымның жағ- дайы төмен. Өзім қазір ең- бек ете алмаймын. Осы жағдайымды біліп, маған жыл сайын азық-түлікпен көмекте-седі. Барша жомарт жандарға алғысым шексіз», – дейді Шы- нар Жұмалиева.

Қайырымдылық шарасы Ақ-сай мешітінің ауласында өтіп, оған 70-ке жуық отбасы келсе, қалған 30 отбасыға арналған көмекті мешіт қызметкерлері үйлеріне апарып берді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,Бөрлі ауданы

дың заң факультетін бітіргеннен кейін ауылдағы ұстаздық қыз-метіне қайта оралады. 1934 жыл-дың қазан айында аудандық комсомол комитеті аудандық сот- қа хатшылық қызметке жібереді. Осылай өз өміріне ғұмырлық азық болған, 40 жыл ыстығына күйіп, суығына тоңған сот сала-сына бет бұрады. 1957 жыл- дан бастап Батыс Қазақстан об-лыстық сотының мүшесі болады. Бертін келе. жылдар бойғы мінсіз қызметі үшін ҚР Жоғарғы сотының құрметті грамотасымен марапатталды.

Хаби Жақыпұлы республика судьяларының арасында бірінші болып 1967 жылы «ҚазКСР-ның еңбек сіңірген заңгері» деген құр- метті атақты алды. Халық судья- сы лауазымына Қазталов ауда-нында төрт рет қатарынан сайлан- ған. Өзі ұзақ жыл қызмет еткен Қазталов ауданының орталығын- дағы бір көшеге есімі берілген. Оралдағы үйінің қабырғасына ескерткіш-тақта орнатылған.

Елі ардақтаған сот саласы ардагерінің ұрпақтары 2008 жылы әкелерінің атына қор ашып, бүгінгі күнге дейін Қазталов ауданындағы «Алтын белгі» алған 90-нан астам мектеп түлегіне демеушілік жа-саған. «Хаби Жақыпов» атындағы

жеке қор биыл да Алма Оразбае-ва атындағы орта мектептің 150 жылдық мерейтойына орай білім ошағының түлектері Еркеайым Жаңбыршина, Аружан Зайдуллина, Сабина Сәбитоваға демеушілік танытып, әрқайсысына 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етті.

Әйтеке бабамыздың «Ісің – артыңда қалған ізің» деген өсиеті бар. Дара тұлғаның тағылымды істерін қазіргі уақытта ұл-қызда-ры, немерелері жалғастыруда. Ұлдары Мирболат пен Төремұрат Жақыповтар жоғары лауазымдар-да қызмет атқарып, еліміздің, облысымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосып жүр. Хаби Жақыповтың қызда-ры Гүлнәр мен Бақытгүл – рес-публикаға кеңінен танымал театр және кино жұлдыздары. Өздері жырақта жүрсе де, туған жерге, өскен өлкеге ерекше жана- шырлық танытып, білімді жас-тарды ұдайы қолдап жүрген жер- лестеріміздің бұл ісі көпке үлгі.

Нариман ТІЛЕПОВ,«Хаби Жақыпов» атындағы

жеке қордың атқарушы директоры,

Орал қаласы

100 отбасыға көмек көрсетілді

Ақсай мешітінің қызметкерлері өңірдегі көп балалы, табыс-кірісі аз және жалғызбасты қарияларға азық-түлік таратты. Барлығы 100 от-басы діни мекеменің жанашырлығын сезінді.

2016 жылы Зеленов ауданы- ның жас туристер стансасының педогогы Ольга Суботина мен «Жас геолог» үйірмесінің мүшеле- рі ауданның Краснов округіне қарасты Щучкин ауылы маңынан осыдан 150-160 миллион жыл бұрын өмір сүрген ихтеозавр- дың сүйектерін тапқан болатын.

Жас туристердің күшімен ежел-гі балықтың біраз бөлігі қазы- лып, зерттелген еді. Ұзындығы шамамен 5-6 метр болатын ихтеозаврдың жер астында қал- ған бөлігі жуырда қазылып алын- ды. Бес күн бойы геология және минерология ғылымдарының кан- дидаты В. Ефимов бастаған топ Щучкин ауылы ма- ңында қазба жұ- мыстарын жүргізді.

Қаңқасы қазылып алынды

Экспедиция құрамында Қазақстан Республикасының құрметті геологы Г. Якименко, география ғылымдарының кан- дидаты С. Рамазанов, облыс- тық БЖТжЭО-ның бөлім мең- герушісі Н. Ғатауов, Зеленов аудандық жас туристер станса- сының «Жас геолог» үйірме- сінің оқушылары және қосым- ша білім беру педагогтары бол- ды.

Жер астына жасырылған ежел-

гі балықтың қалдығын қазған гео- логтарға «Асан» шаруа қожалы- ғының басшысы Бейбіт Асанов техникамен көмек көрсетті.

Бүгінгі таңда толығымен алын-ған ихтеозаврдың сүйектері Ре-сейдің Ульянов облысындағы Ун- доры қаласына жөнелтілді. Ол жерде толық зерттелген соң елі-мізге қайтарылатын болады.

Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы

Page 9: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

9dALA-QALAБейсенбі, 21 маусым 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі

Қазір мұнда тұрғын үйлердің­құрылысы қарқын алған. Бұл екі­пәтерлік 20 баспананың мер-дігері – Қызылорда қаласындағы «Қазқұрылыссервис» ЖШС. Аталған серіктестіктің учаске басшысы Ба-қытжан Берікболовтың бізге бер-­ген мәліметіне сәйкес құрылыс-шылар тұрғын үйлерді салып бола келген. Үйлерге табиғи газ, электр энергиясы тартылып, таза ауыз суға қосылған.

Серіктестік жұмысшылары үй-лердің қабырғаларын өріп, төбесін

жауып бітіріп, ішкі жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылысқа 100-ден астам адам тартылған. Соның ішінде 15 жұмысшы жергілікті жерден жұмысқа алынып, тұрғын үйдің қарқынды жүруіне атсалы-суда. Сондай-ақ жұмысқа тартыл-ған тұрақты тұрғынның екеуі әйел адам, олар үйлерді сырлау, сылау жұмыстарымен айналысуда, – дейді учаске басшысы.

Нұрымбек ЖАПАҚОВ,Жәнібек ауданы

Бассейнде жүзіп үйренбек

Жақында Бөкей ордасы аудандық балалар­жасөспірімдер ту­ризмі және эколо­гия орталығында үрмелі бассейн пайдалануға берілді. Жабдықтың құны 700 мың теңге тұрады.

Бассейннің ұзындығы – 15, ені – 10, тереңдігі – 1,32 метр. Сайқын ауылында орналасқан туризм орталығындағы «Арай»­стационарлық туристік-сауық-­тыру лагерінде жаз бойы­жеті ауысымда 300-ден ас-­там бала демалмақ. Аудан ау-­мағында өзен-көл сықылды табиғи су көздері тым тапшы болғандықтан, бөкейордалық балалар енді жүзуді бассейн-де үйренбек.

– Облыстық төтенше жағ-дайлар департаменті судан құтқару қызметінен үш маман арнайы оқып, сертификат алып келді. Олар балаларға суда жүзудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Жазғы маусымда суға шомылатын жасөспірім-­

дер қауіпсіздік ережесін еске-ре бермейді. Аудан климаты шөлейтті болғандықтан, облыс­орталығына және басқа ай-­мақтарға барған кей балалар суға түскен кезде жүзу техникасынан бейхабар бо-­лып жатады. Сондықтан оқыс­оқиғаның алдын алып, суға жүзуді ерте үйретпекпіз. Са-­нитарлық талапқа сәйкес­бассейн суы аптасына бір мәр-­те жаңаланып тұрады, – де-­ді Бөкей ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер туриз-­мі және экология орталығы-ның директоры Кенжебек Құрмашев. Оның айтуынша,­жыл бойына жас туристер-­ді тәрбиелеу жан-жақты жүр-­гізіледі. Өңір бойынша жә-­

не Ресейдің шекаралас ор-наласқан облыстарына вело-­жорықтар жасалады. Өлкета-ну бағытындағы зерттеу жұ-­мыстары жүргізіледі. Кенже-­бек Құрмашев аудан мек-­тептерін туристік құрал-жаб-­дықтармен қамту жеткілік-­сіз болғандықтан, шалғайда-­ғы ауыл балаларының түр-­лі деңгейдегі жарысқа дайын-­далуына кері әсерін тигізіп отырғанын айтты. Ал Бөкей­ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер туризм және­экология орталығы ғимараты келесі жылы күрделі жөндеу-ден өтетін көрінеді.

Нұртай АЛТАЙҰЛЫ,Бөкей ордасы ауданы

Құрылысы аяқтала келді

Жәнібек ауданы орталығының солтүстік­батыс беткейінде салынып жатқан екі пәтерлік 20 тұрғын үйдің құрылысы таяуда аяқталып, пәтер иелеріне кілттері табысталмақ.

Page 10: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

sAPAR10 Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Аталмыш университеттің 55 жылдығына орайлас-тырылған жорыққа Ре-

сейден арнайы шақыртылған па-­леонтолог, РҒА жанындағы палеон-тологиялық қоғамы Ульянов бө-лімшесінің төрағасы Владимир Ефимов, РҒА Еділ бассейні эко-логиясы институтының герпето-­логия және токсинология зертха-­насының аға ғылыми қызмет-кері Андрей Бакиев және зоо-лог, «Самара зоологиялық сая-бағы» мекемесі директорының зооветеринарлық бағыты бойын-­ша орынбасары Александр Кузо-­венко қатысты. Сондай-ақ Жәң-­гір хан атындағы БҚАТУ-дың био-­технология және табиғатты пай-­далану ғылыми-зерттеу институ-­тының директоры, география ғы-­лымдарының қандидаты, «Qazaq-­ Geography» республикалық қо-­ғамдық бірлестігінің мүшесі, қа-­уымдастырылған профессор Қа-­жымұрат Ахмеденов пен тарих­ғылымдарының кандидаты Есқай-рат Хайдаров және аталмыш бі-­лім ордасының магистранттары болды.

Орал қаласынан аттанған экс-­педиция алдымен Тасқала ауда-нына барды. Делегацияны аудан әкімінің орынбасары Люция Жұ-­банышқалиева қарсылап, Тасқала­ауылының кіреберісінде орна-ласқан «Ана мен бала» мону-­ментін таныстырды. Бұл өлкеде Отан үшін от кешкен Садық Жақ-сығұлов, Анатолий Скоробогатов,­Алексей Чурилин секілді Кеңес­Одағының Батырлары, жауынгер-­лік Даңқ орденінің толық иегері­Михаил Шамов дүниеге келген.­Ерлікке тағзым еткен делегация ­мүшелері сапарын Тасқала ауылы-­нан 12 шақырым жерде орналас-қан Үлкен Ешкітауда жалғастыр-­ ды.

Бұл аймақтағы өсімдіктерді соң-­ ғы жылдары М. Өтемісов атын-дағы БҚМУ-дың профессоры, та-­нымал ботаник Талшын Дарбаева­мен оның шәкірттері жүйелі зерт-теуде. Олардың мәліметінше, биік-­ тігі 259 метр болатын бұл тауда­өсімдіктің 219 түрі өседі екен.­Мұнда сирек кездесетін және жо-йылып бара жатқан өсімдіктер де бар. Үлкен Ешкітау туралы алғашқы деректі бұл жерге 1769 жылы ­Санкт-Петербург қаласынан арна-­йы келген академик Петр Пал-­лас жазған. Ауыл ақсақалы Ға-­лым Хисаметдиновтың айтуынша, бұрын осы жерде дала ешкілері көп жайылған екен. Таудың атауы

да соған байланысты қойылған. ­Мұнда соңғы төрт-бес жылда­құрғақшылық орнап, таудың ба-­сындағы өсімдіктер қурап, бұлақ­көзі бітеле бастаған. 2002 жыл-дан бастап Үлкен Ешкітау мемле-­кеттік табиғат ескерткіші санаты-на кіргізіліп, республика бойын-­ша қорғауға алынған.

Люция Жұбанышқалиеваның сөзіне қарағанда, өткен айда ау-­дандық жастармен жұмыс жөнін-дегі ресурстық орталықтың ұйым-дастыруымен тау аумағынан 300 келідей балшық пен 40 текше метр қураған ағаш шығарылған. Қураған ағаштар ауылдағы аз қам-тылған отбасыларға отын ретін-­де үлестірілген. Сондай-ақ бұлақ көзі аршылып, айналасына бір тонна көлемінде қиыршық тас төселген.

Таудың ұшар шыңына шыққан сала мамандары зерттеу жұмыс-тарын жүргізді. Ресейлік ғалым, палеонтолог Владимир Ефимов бастаған топ таудағы тастарды ба-­ғамдаса, герпетолог Андрей Ба-киев жылан іздерін аңди баста-­ды. Ал Астрахан мемлекеттік уни-­ верситетінің магистранты, орни-­толог Михаил Шпигельман Ешкі-таудың орман алқабындағы құс-­тарын суретке түсірді. Географ­Қажымұрат Ахмеденов шәкіртте-рімен бірге тау етегіндегі көкте-ректі орман шоғын және бұлақ-­ты зерттеуге кірісті.

Ресейлік ғалымдарды Ешкітау-дың ұшар басындағы шілік аға-шына байланған шүберектер мен орамалдар таңқалдырды.

– Ешкітауды ауыл тұрғындары қасиетті орындар қатарына жат-қызады. Таудың баурайындағы то-­ғайдан асып, таудың шыңына кө-терілген кезде адамның өзіне де-­ген сенімі артып, бойында күш-жігері артатын көрінеді. Әсіресе, таудың шыңына шығып, тілек тілеп, шүберек байласа, арман-мақсаттарының орындалатынына сенеді. Мұнда перзентті болмай жүрген жас отбасылар көп келе-­ді, – деді аудан әкімінің орынба-сары Люция Әсетқызы.

Келесі күні БҚАТУ-дың тарих­және әлеуметтік пәндер кафе-драсының аға оқытушысы, тарих­ғылымдарының кандидаты Есқай-­ рат Хайдаров бастаған топ Тас-қала ауданының бірқатар ауыл-дарына барып, көне қорымдары мен тарихи орындарды аралады. Тарихшыларға жолсерік болған ауыл ақсақалы Ғалым Хисамет-динов Тасқала ауданының Ақтау

ауылының маңындағы бұлаққа алып барды. Бұлақтың суы мөл-­дір, дәмі тіл үйіретіндей екен. Ай-­та кетерлігі, университет ғалым-дары Ешкітау басындағы және Ақтау ауылы маңындағы бұлақ-тардың суын бірнеше жыл бо-йы зерттеуде. Зерттеу нәтижесі бойынша су таза және ішуге жа-рамды.

Содан соң Тасқала ауданының I Шежін ауылының оңтүстік-шы-ғысында 7-8 шақырым жерде ор-наласқан көне қорымдарды ара-лап, болашақта зерттеу жұмысын жүргізу үшін суретке түсірді.

– 2004 жылы бұл обаларды зерттеуге Ә. Марғұлан атындағы­археология институтының ғалым-дары келді. Қолдарындағы арна-­йы жол карталарында Шежін ауы-­лы көрсетілген. Сонда олар бұл ­жерде үлкен жеті оба бар екенін­айтты. Обаларда сол кезде мар-­құм болған адамдардың құрал-­саймандары, ыдыс-аяқтары, ат әб-­зелдері мен жалшылары көміл-­ ген екен. Алайда, обалардың ал-тауы суық қолдың құрбаны болып тоналған. Қалған бір обаны олар 2020 жылы келіп зерттейтінін ­айтты, – деді Ғалым Ғайниұлы.

Көне қорымдардағы жазулар-­ға үңілген тарихшы Есқайрат Ер-­болатұлы мұндағы құлпытастар-дың XVIII-XIX ғасырларға тән еке-нін жеткізді.

Зерттеуші ғалымдар екі күн бойы Тасқала ауданындағы мәде-ни-тарихи ескерткіштерді ара-­лап, экологиялық, ботаникалық, зоологиялық зерттеу жұмыста-­рын жүргізді.

Содан соң экспедицияның не-­гізгі бағыты бойынша Атырау об-лысының Индер ауданына аттан-ды.

Дендер тауы, Дендер тұзды көлі, Дендер бекінісі. Бұл атау-­лар XV-XIX ғасырларда өмір сүр-ген ақын-жыраулардың бізге жет-­кен шығармаларынан белгілі. Еділ бойында туған қарға бойлы Қазтуған жырау «Мен кеткенмін, кеткенмін, Нарын менен Ден-­дерден, Сағыз бенен Жемдерден» десе, Жиембет жырау Есім хан-ның қудалауы бойынша елмен қоштасқандағы «Қол аяғым бұ-ғауда...» жырында «Қияда қолды көрсеткен, Төбеңе шығар күн бар ма, Жотасы биік Дендерім?!» де-гені бар. Экспедиция мүшелері өткен ғасырлардағы елдің мұңын жоқтаған сол жыраулардың ба-­сып өткен ізімен Индер ауданы-­на барды.

Индердің орнына жергілікті тұрғындар арасында Дендер ата-уы да кеңінен таралған. Дендер қалмақ, моңғол тілдерінің «төбе, биіктік, қарауылтөбе» сөзінен

шыққан екен. Бұл аудан Атырау облысының солтүстігінде, Каспий маңы ойпатының орта тұсында, Жайық өзенінің екі жағалауын бойлай орналасқан. Шығысы мен­оңтүстігінде Атыраудың Қызыл-­қоға, Махамбет аудандарымен, ба-­ тысы мен солтүстігінде біздің об-лыстың Жаңақала, Ақжайық ау-­дандарымен шектеседі. Аудан-­ның жер көлемі 1 087 596 га. Ау-­данды екіге бөліп жатырған Жа-йық өзенінің батыс жағы негізі-нен жазық құмды шөл болса, ал шығыс жағы үстіртті. Орталығы –­Индербор кенті. Құрамында бір кент, алты ауыл, 18 елді мекен ­бар. Округ аймағы тұщы суға тап-шы аймақтардың қатарына жа-тады. Жалпы, Атырау облысында екі мыңнан астам көл болса, со-­ның ішіндегі ірілерінің бірі Ин-­дер тұзды көлі екен.

Бұл көл Жайық өзенінің сол жағында Индербор кентінен 15 шақырымдай

жерде орналасқан. Тұзды көлдің ауданы 110 шаршы шақырым болса, ұзындығы 13,5, ені 11 ша-­қырымды, тереңдігі 0,7 метрді­құрайды. Көлге жылына 1,5 тон-наға дейін тұз шөгеді екен. Ин-дер көлінің шөгінді тұзы – таби-­ғи тұздардың ішіндегі ең бағалы-сы. Құрамында бор, бром, йод се-­кілді микроэлементтердің көп бо-­луына байланысты бұл тұздың консервілеуші қасиеті де өте жо-ғары. Тұзды көлдің жағалауында үш ірі бұлақ бар, олар Тілепбұ-­ лақ, Ащытұзбұлақ және Тұздыбұ-­лақ. Жергілікті тұрғындар осы­жердің қара балшығына, тұзды­суына түсіп, тау арасынан шығып жатқан күкіртті суға жуынып, ау-­ру-сырқауларынан, әсіресе, тері ауруларынан емделеді екен. Со-­нымен қоса бұл маңда «Қыз әу-

лие» деп аталатын қорым да бар.­Күні бүгінге дейін жергілікті тұр-ғындар ол жерге тәу етіп, қорым басына түнеп келген. Ауыл ақса-қалдарының айтуынша, «Қыз әу-­ лие» туралы бірнеше нұсқа айты-лады. Тұзды көл сүйгеніне қосы-­ла алмай, арманда кеткен көріп-кел қыздың көз жасынан пайда болған деген де аңыз бар. Келесі нұсқасында мұнда Қаламқас ат-­ты көріпкел қыз жерленіпті. Қа-риялардың айтуынша, ерте за-манда алты құлаш шұбар ат мінген Мәлім қожа қажылыққа барған. Арафат тауын аралап, енді жаяу қайтқалы тұрғанда, бейтаныс жі-­гіт жолығып «Мені бірге ала кеті-­ңізші» дейді. Мәлім қожа «Қара-­ғым, мен сені танымаймын, әрі айтқан шартымды орындайтыны-ңа сенбеймін» дейді. Сонда ол «Барлық шартыңызды орындай-мын. Тек еліме жеткізсеңіз бол-­ды» деп өтінеді. Мәлім қожа Шұ-бар атының қасына келіп: «Осы атқа мінген соң екі көзіңді тас қып жұмасың, мен аш деп айтқанша ашпайсың. Өздігіңнен ашып қой-­саң, екеуміз де құримыз», – дейді. Бұл шартқа бейтаныс жігіт көнеді. Сөйтіп екеуі атқа отырған соң Мәлім қожа: «Ал, қарағым, көзіңді жұм» дейді. Сөйтіп Мәлім «Әйт шу, жануар!» дегенде шұбар ат көкке көтеріліп ұшады. Алдары-нан жел гулейді. Бейтаныс жігіт «Бұл қалай? Біз шұбар атпен ша-­уып келе жатқан сияқты емес, ­ұшып келе жатқан сияқтымыз, қы-зық екен» деп таң-тамаша ойға қалады. Бұл қызықты көзімен көр-­гісі келген ол көзін ашып жібе-реді. Сол бойда-ақ қанатын жа-зып келе жатырған шұбар ат оқ тигендей құлдилап барып жерге құлайды. Бейтаныс жігіт пен шұ-бар ат бірден өліп кетеді. Ал Мә-­лім қожаның жаны қиналып жа-

Табиғат пен тарих терең зерттеуді«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жәңгір хан атын­

дағы БҚАТУ ұйымдастырған «Индер – Орал өңірінің келешек геопаркі» атты экспедициясы мәреге жетті.

Page 11: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

KÓzQaRaSБейсенбі, 21 маусым 2018 жыл 11Oral óńіrіOral óńіrі

қажет етедіЭкспедиция мүшелері тұз-­

ды көл аймағында зерт-­теу жұмыстарын жүргі-­

зіп, өлкенің тарихына, география-сына қанығу үшін аудандық та-­рихи-өлкетану музейіне барды.­Музейде аудан тарихының де-­ректері, қазақ халқының даңқ-­ты ұлы Махамбет Өтемісұлының, ­ақын, жырау Мұрат Мөңкеұлы-ның, діни ғұлама Әйіп қажы Бе-кенұлының экспозициялық көр-­мелері, сондай-ақ мамонт, бизон сүйектері және халқымыздың ұлт-­тық киімдері мен қолөнер бұ-­йымдары бар. Мұнда 5000-нан ­астам жәдігер сақталған.

Жорық барысында зерттеуші ғалымдар Ақжайық ауданынан ар-­найы іздеп келген аудандық ба-лалар-жасөспірімдер туризм ор-­талығының жас экологтарымен­кездесіп, оларға туған жерді зерт-теудің маңыздылығын түсіндірді.

Кеш батуға айналған шақта па-­леонтолог Владимир Ефимов қаз-ба жұмыстарының нәтижесінде Индербордағы тұзды көл маңы-­нан лабиринтодонттың сүйекте-рін тапқанын айтып, сүйіншілеп оралды. Біз де әлгі жыртқыш жа-­нуардың сүйегін ұстап көрдік. Қол-тырауынның сүйегі секілді екен. Дәл тауыппыз. Триас дәуіріндегі жануарлардың энциклопедиялық кітабын ашып қараған Владимир Михайлович аталмыш жануарды­лабиринтодонт, яғни сыртқы пі-шіні қолтырауынға ұқсас жырт-­қыш су жануарының қабырғала-­ры мен жақ сүйегі екенін айтты. ­Лабиринтодонттар – қос мекен-ділер отрядына жататын триас дәуірінде тіршілік еткен жыртқыш жануарлар. Дене тұрқы 5 метр ша-­масында болған. Олардың көпші-лігі өзен-көлде, кейбірі құрлықта өмір сүрген. 30 тұқымдасқа бірі-гетін 100-ден астам туысы болған. Осыған дейін Еуропа, Азия, Сол-түстік Америкада жоғарғы пале-озой мен триас шөгінділерінен табылған.

– 1968 жылы ұстазым Виталий Очев осы аймақта зерттеу жұмы-­сын жүргізгенде, лабиринтодонт-тың сүйектерін тапқан еді. Бір қызығы, біз де осы сапарымызда олжалы болып, тұзды көл маңы-нан триастық өзгеріске ұшыраған аумақтан лабиринтодонттың қа-бырғалары мен жақ сүйектерін таптық. Болашақта оны зерттейтін боламыз. Жалпы, палеонтология­ғылымы біздің заманымызға де-­йін болған өмірді, яғни тасқа айналған жан-жануарды, өсімдік-терді, жәндіктерді зерттейді. Мен­былтырдан бері Батыс Қазақстан облысына келіп, зерттеу жұмыс-­тарын жүргізіп келемін. Өйткені 2016 жылы Батыс Қазақстан об-лыстық балалар-жасөспірімдер ту-­ризмі және экология орталығы-ның жас зерттеушілері Зеленов

ауданының Краснов ауылдық ок-ругі аумағынан мезозой дәуіріне жататын ихтиозаврдың қаңқасын тапқан болатын. Зерттеу бары-сында бұл ихтиозаврдың жаңа тү-рі екені анықталды. Тіпті бұл түрін ресейлік ғалымдар түгілі, әлемдік ғалымдар да зерттеп сипаттама-ған. Бұл қаңқа қазақ елінде мезо-зой дәуіріне жататын ихтиозавр секілді өзге де жануарлардың та-былатынын дәлелдеп отыр. Сол ихтиозаврды «Қазақстанзавр», яғ-ни «Қазақстаннан табылған завр» деп атадық. Ал бұл сапар барысын-да кең байтақ Қазақстанда зерттеу жұмыстарын қажет ететін орын-дар әлі де көп екеніне куә болдық. Индер тұзды көл аумағы бірнеше ғасыр өтсе де, өзгеріске ұшырамай сақталады деп ойлаймын. Өйтке-ні судағы тұздың қоры өте мол. Жалпы патриоттық тәрбиені да-

мытудағы қазақстандықтардың бұл бағыттағы бастамалары көп-­ке үлгі деп айтар едім, – деді Вла-димир Михайлович.

Экспедиция жұмысы Бөкей ор-­дасы ауданындағы Аралсор көлі­мен Қайыңды орманында жалғас-ты. Делегацияны аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева қарсылап, Бөкей ордасы ауда-нында зерттеулер жүргізуге қол-дау көрсетті.

Аралсор маңына екі түн түне-ген соң делегация мүшелері Ор-­да ауылындағы Хан зиратына тағ-­зым етіп, ауыл маңындағы қо-­рымдарды суретке түсірді. «Руха-ни жаңғыру» бағдарламасы ая-сында ауылдағы жастармен кез-десіп, Орда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қор-­ғау мекемесінің жұмысымен та-нысты. Сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағының ашылу салта-­натына қатысты. Ғалымдар екі ­күн бойы Орда қарағай орманы-ның қазіргі экологиялық жағда-­йын бағалап, оның жануарлар дүниесін зерттеді.

Экспедицияның басы-қасын-да жүрген Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың биотехнология және табиғат пайдалану ғылыми-зерт-теу институтының директоры, гео-­графия ғылымдарының канди-даты Қажымұрат Ахмеденовтің айтуынша, экспедицияда тапқан олжа аз емес. Олардың ішінде Тасқала ауданындағы Үлкен Ешкі-тауға алғаш рет табылған қара грифтердің, яғни тазқара құсы-­ның ұшып келгендері тіркеліп отыр. Тазқара – қаршыға тұқым-дас ең үлкен жыртқыш құстың түрі, қанатын жайғанда үш метр-ге дейін жетеді. Негізінен бұл құс түрі оңтүстік таулы аймақтарды мекендейтін құс. Содан кейін ла-биринтодонттың сүйектерін ай-­туға болады. Оның бұдан 300 млн.­жыл бұрын мекендегенін дәлел-дейді. Үшінші олжа ол – Бөкей ор-­дасы ауданының Хан ордасы ауы-­лының маңынан табылған сары-­бауыр қарашұбар жылан. Бұл жы-­ ланның тіршілігі аз зерттелген, си-­рек кездеседі. Қазақстанның «Қы-­зыл кітабына» енгізілген. Ол улы емес, ұзындығы 1,5 метрге, қа-лындығы 5 см-ге дейін жетеді.

Он күнге созылған экспеди-ция барысында ғалымдар Жайық бойының табиғаты мен тарихын зерттеуде аз еңбектенген жоқ. ­Соған орай болашақта бұл бағыт-­та ғылыми зерттеу мақалалары мен монографиялар, бейнефильм-­ дер жарияланып, фотокөрме ұйымдастырылмақ.

Гүлсезім БИяШЕВА,«Орал өңірі»

Ұлттық киім отаншылдыққа үндейді

«Мария ханым» сән үйі қазақтың тарихымен, мәдениетімен байланыс­тырып, жаңаша үлгідегі қайталанбас мәнерде киім ұсынып келеді. Жиырма шақты жылдан бері киім тігумен айналысып келе жатқан бұл сән үйінде ди­зайнерлер, конструкторлар, киім пішушілер, тігіншілер мен кесте тігушілер бар.

– Біз әлі күнге дейін қазақтың ұлттық ою-өрнекте-­рінің әр түрлілігі мен әдемілігіне таңғалумен ке-леміз. Ұлттық өрнектердің көптеген техникасы ­

мен мазмұны бар. Тіпті ертеректегі ою-өрнекті алғаш шық-қан күйінде қолдансақ та, олар өздерінің маңыздылы-­ғын жойған емес. Ою-өрнектер өздерінің әр түрлілігімен ғана қызық емес, сондай-ақ бір суреттің өзін түрлі тех-никамен, түстердің гаммасымен де пайдалануға болады. Ұлттық, этникалық киімдер осынысымен де қызық. Бүгін-­де жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу өзекті болып ­отыр. Ұлттық нақыштағы киімдерді заманауи сұраныс-­қа сай етіп тігу арқылы ұлттық рухты оятамыз деп білемін. ­«ЭКСПО – 2017» көрмесінде біз этностильдің көпте-­ген топтамасын көрсеттік. Ондағы киімдер табиғи мате-­риалдардан тігілді, – дейді сән үйінің директоры Жұл-­дыз Құспанова (жоғарғы суретте).

Мұнда бір костюмді тігуге орта есеппен бір айдан ас-там уақыт кетеді екен. Оны тігуге аз дегенде 5-6 адам ат-салысады. Шеберлер түрлі тарихи үлгілерді пайдалана-­ды. Олардың қатарында тенгриандық өрнектер, петрог-лифтер, ежелгі символдар, бір стильдегі ою-өрнек те бар. Сондай-ақ киім тігерде тапсырыс берушілердің кескін-­келбетіне, қалауына да қарайды.

– Шетелдерде қазақстандық этникалық киімдерді сүй-сіне қабылдайды. Мәселен, Біріккен араб әмірлігінде ­біздің киімдерді әйелдер жағы жақсы көреді. Олар киім-дерімізді көркемдік жағынан алып қарағанда, кестелері-не алтын және күміс жіптерді пайдаланатын марокко-­лық этникалық киімдерден де жоғары бағалайды. Негізін-­де табиғи матаның өзі этникалық бояу беріп, ұлттық стиль-ді танытып тұрады. Екінші жағынан, біз өзіміздің киімде-­рімізге теріні тітіркендірмеуі, киімнің қыртыстанбауы жә-не кигенде ыңғайлы болуы үшін қазіргі заманғы матери-алдарды да пайдаланамыз. Алайда бүгінде елімізде ма-талар нарығында, оларға қол жеткізуде қиындықтар бар. Біз барлық әлемдік мата өндіруші фабрикалармен бай-­ланыста болғымыз келеді. Егер де біз матаны шетелден ­

әкелетін болсақ, салынатын салық пен­кедендік төлемдерді есептегенде, баға-­сы бірнеше есе қымбатқа шығады. Сон-­

дықтан да адамдарға дайын киімді са-­тып алған тиімді. Шындығында, тігу қа-­

шанда эксклюзив болып саналады. Тағы­бір қиындық тұтынушылардың төлем қабі-­

леттігіне байланысты дер едім. Себебі, қалаған киімнің бағасы тұтынушының жалақысымен бір-­

дей болуы мүмкін. Сондықтан да шамасы кел-­гендер киімді шетелден сатып алады. Өйткені ше-­

телде шикізатты өздері өндіреді. Алайда біз еліміз-­дегі мұндай қиындықтарға қарамастан, қол жұмысының­өнімдерін көпшілікке таратып, қазақстандық этникалық стильді тартымды, ең бастысы, қолжетімді етіп жасауға тырысамыз. Қазақ халқында «Инемен құдық қазғандай» ­деген сөз бар ғой. Тігін тігу бизнесі де сондай, жақсы нә-­тижеге жету үшін үлкен еңбекті қажет етеді. Әрі бұл жұ-­мыс рухани байлық, шығармашылық шабыт сыйлайды, – дейді сәнгер.

Жұлдыз Құспанова ұлттық нақышта тігілген киімдер-ді жастардың кигенін қалайды. Ұлттық киімді насихат-­

тау арқылы жас ұрпақтың тарихымызға, қазақ халқы-на тән салт-санаға, әдет-ғұрыпқа деген құрмет сезімін оятуды көздейді. Бүгінде «Мария ханым» сән үйінде ­әмиян, шағын сөмкелер, қоржын секілді кәдесыйлар да тігіледі. Жыл сайын бұл сән үйі тауар өндіруші-лердің «Алтын сапа» көрмесіне қатысып келді. Бұл

олардың көпшілікке кеңінен танылуына мүмкін-­дік береді.

Галина САМОЙЛОВА

тады. Осы кезде бұлардың құлап келе жатқанын көрген сол жер-дің тұрғындары қаумалап жина-лып қалады. Мәлім қожа қиналып жатса да, өзін таныстырып бар-лық болған жағдайды айтып бе-реді де, көзін мәңгілікке жұмады. Олар сол құлаған жеріне, тұзды көлдің жағасына қойылады. Кейін беріш руының бір адамы Қалам-­қас есімді кішкене қызын алып келіп, Мәлім қожаның бейітіне дұ-ға етіп, түнейді. Сол қыз өсе келе ауырған адамды өзі тауып емдей-тін болған. Дендер тауының 41 санды ала тасын шашып жіберіп сөйлегенде, тас аштырушының барлық құпия сырын көзімен көріп, бірге жүргендей айтып бе-ретін болған. Сөйтіп ел оны «Қыз әулие» атаған. Қаламқас тұрмыс-­қа шықпастан өмірден озған. Қыз-дың өтініші бойынша бейіті Мәлім қожаның жанына қойылған екен.

Page 12: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

bUQARA12 Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Бүгінгі студент – еліне қызмет ететін болашақ қызметкер. Бұл іс-шара

мемлекеттік аппарат жұмысы-ның негізгі мақсаты халыққа қыз-­мет ету екендігін түсіндіріп, мем-қызметтің беделін нығайтуды көз-­дейді. Шара барысында жас ма-­мандар өз салалары бойынша­жан-жақты ақпарат алып, алдағы жұмыс орындары жөнінде түсінік-тері қалыптасады, – деді акция барысындағы кездесуді жүргіз-­ген аумақтық инспекцияның бас-шысы Темірхан Қонақбаев.

ҚР АШМ Ветеринариялық ба-­қылау және қадағалау комитеті-нің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряды» БҚО филиалының

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау ко митетінің БҚО аумақтық инспекциясы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Ашық есік» күні акциясын өткізді. Бұл шара Жәңгір хан атын­дағы БҚАТУ­дың ветеринариялық медицина және биотехнология факультетінің түлектеріне арналды.

директоры Асылжан Хайретдинов,­ветеринария ғылымдарының докторы, профессор «Жайық ве-теринары» газетінің бас редак-торы Гайса Абсатиров және та-­ғы басқа да ауыл шаруашылы-­ғы саласының мамандары тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, эпизоо-тия, паразитология, ветеринар-лық санитарлық сараптау секіл-ді өзге де жұмыстарды қамтып, инспекцияның жұмысы жөнінде ақпарат берді.

– Біздің университет аумақтық инспекциямен үнемі тығыз байла-ныста жұмыс жасап келеді. Өт-­кен жылы да түлектермен кезде-су өткен еді. Бүгінде біздің алды-­мызға практикалық бағытта ма-мандар даярлау бойынша міндет-тер қойылып отыр. Сонымен қа-­тар оқу бітіретін түлектерге мем-лекеттік емтиханды жұмыс беру-­шілер өткізу керек деген де тап-­сырма берілді. Сондықтан да ве-­теринариялық санитария маман-­дығы бойынша бітірген түлекте-­ріміз республикалық ветерина-риялық зертхананың облыстық филиалының базасында екінші­мемлекеттік емтихандарын тап-­сырған болатын. Олардың білі-­мін сол мекеменің мамандары­бағалады. Болашақта ветерина-риялық медицина мамандығы бойынша бітіргендерді де сол ба-­

ғытта сынақтан өткіземіз деп ой-­лаймыз. Ол үшін аумақтық инс-пекцияның, болмаса басқа да ­мал шаруашылығымен айналыса-тын мекемелердің мамандарын тартатын боламыз. Болашақ ма-мандарды біз даярлап, сіздер біз-дің кадрларды одан әрі жетілді-­ру бағытында жұмыстанып, өзара тығыз байланыста жұмыс жасай-мыз деп ойлаймын. Ертеректе төртінші курс студенттеріне сес-сия біткеннен кейін практика қаңтар, ақпан, наурыз айларын-да өтіп жүрсе, биылдан бастап олар күзгі және көктемгі науқан кезінде өтетін болды. Сондай-ақ­бұрындары студенттердің тәжі-­рибеден өтетін мекемелерін табу оңай болатын, ал қазір бәрі же-­кенің қолында. Мал сою пунктте-рінің өзі жеке кәсіпкерлік нысан-дарына жатады. Сондықтан да сту-­денттерді тәжірибеден өткізу жа-­ғынан көмек жасасаңыздар, – деп­ұсыныс-пікірін де білдірді Жәңгір хан атындағы аграрлық-техника-­лық университетінің ветерина-риялық медицина және биотех-нология факультетінің деканы ­Біржан Нұрғалиев.

Шараға қатысқан студенттер­атынан сөз алған университет­түлегі Анар Себебова бұл басқо-­судан қажетті ақпарат алғанда-­рын айтып, акцияны ұйымдасты-рушыларға алғысын білдірді.

Білікті маман – ел тірегі

Облыс әкімдігі, әділет­департаменті мен қа-­лалық сот ұйымдас-

тырған шарада халыққа тегін заңгерлік кеңес берілді.

– Мемлекеттік құрылымдар, адвокаттар, заңгерлер, жеке сот орындаушылар мен әділет са-ласы қызметкерлері қатысқан бұл акцияның мақсаты әр қазақ-­стандықтың құқықтық сауатты-лығын арттыру болды. Бұған де-­йін акция Алматы, Астанада және Шымкент секілді ірі қала-­ларда өтті. Оралда осымен екін-ші рет ұйымдастырылып отыр. Акция барысында тұрғындар та-­рапынан көбінесе жер қаты-настары бойынша, банктік дау-лар, алимент өндіріп алу және­жеке сот орындаушылардың ­жұмысына қатысты мемлекеттік құрылымдардың әрекеті мен­әрекетсіздігі бойынша көптеген мәселелер айтылады. Алдағы уа-­қытта мұндай шараға банк заң-

Тегін кеңес берді

Жуырда х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ғимаратында «халық заңгері» республикалық акция­сы өтті.

герлерін де қатыстырғымыз келеді. Бүгінгі тегін кеңес беру-­ге сот өкілдері алғаш рет қа-тысты. Мұның бәрі халыққа жа-қын болу үшін, тегін көмек беру үшін ұйымдастырылды, – дей-­ді «Iniaw.kz» заң агенттігінің же-текшісі, заң ғылымдарының ма-гистрі Саида Сүлейменова.

Саида Сайлауқызы айтып өт-кендей, бұл акцияның өтуіне «Параграф» ақпараттық жүйесі мен Zakon.kz ақпараттық пор-талы да атсалысты. Жұмыстан кейінгі кешкі мезгілге арнайы жоспарланған бұл шарада 150 адам тегін кеңес алды. Кеңес алып шыққан тұрғындарды сөз-ге тартқанымызда, көпшілігі көп-­тен бері түйінін тарқата алмай жүрген мәселелері бойынша­тұшымды жауап алғандарын ай-­тып, ризашылықтарын білдірген еді. Мұндай шаралардың қа-­рапайым халық үшін пайдасы зор екенін де тілге тиек етті.

Материалдарды дайындаған ясипа РАБАВА, «Орал өңірі»

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІМемлекеттік лицензия KZ68LAA00008289

ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНДЫ БҚИТК­мен БіРГЕ БАСТА! мамандар даярлауды келесідей мамандықтар бойынша 9-11-сыныптар базасында мемлекеттік тапсырыс (грант) және ақылы негізде жүзеге асырады

Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қой-маларын салу және пайдалануМұнай және газ кен орындарын пайдалануМұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмысының технологиясыМұнай және газды қайта өңдеу технологиясыЭлектрмен қамтамасыз етуТасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқаруЕсептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету****

••

•••

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану Стандарттау, метрология және сертификаттауЭкология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануБалық шаруашылығы ВетеринарияМаркетингМенеджментҚаржыЕсеп және аудит

••

••••••

ҚұқықтануОрман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшафты құрылыстарЖерге орналастыруСүт өнімдерінің өндірісіЕт және ет өнімдерінің өндірісіЭлеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісіФермер шаруашылығыАуыл шаруашылығын механикаландыруМашина жасау технологиясы­

••

••••

•••

****«Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы негізінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарының мектеп түлектерін мамандық бойынша оқуға қабылдайды.

БіТіРУШі ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТіК ҮЛГіДЕГі ДИПЛОМ БЕРіЛЕДіКолледжге қабылдау 11-сынып негізінде бітірушілерге ҰБТ нәтижесі немесе колледж ішінде өткізілетін кешенді тестілеу қорытындысы

бойынша жүзеге асырылады.Біздің мекенжайымыз: Орал қ., Достық даңғылы, 215. тел./факс: (7112) 51-35-31, тел.: (7112) 50-98-14. ұялы тел.: 8 702 830 26 16

Қабылдау комиссиясының мекенжайы: Орал қ., Ықсанов көш., 44/1. тел./факс: (7112) 51-35-31, тел.: (7112) 50-98-14. ұялы тел.: 8 702 830 26 16

zkitk_zhiger WWW.WKETC.KZ [email protected]

Балалар Жымпитыдағы тарихи-өлкетану мұража-­ йына барып, өткен та-

рихқа көз жүгіртіп, Алаш арыста-­рының өмірімен, олардың еңбек­жолымен танысты. Сырым Датұлы­туралы деректермен өз білімдерін­толықтырды. Әйгілі ақын Қадыр­Мырза Әлидің балалық шағынан

бастап, өмір жолдары туралы мол мәлімет алды. Сонымен қатар бала-лар «Алаш» саябағын аралап, әдемі әсер алып қайтты.

Айша ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ, Талап мектеп­бөбекжай

кешені директорының орынбасары,

Ақжайық ауданы

Өлке тарихымен таныстыАқжайық ауданы

Қурайлысай ауылдық округіндегі Талап мектеп­бөбекжай кешені жа­ нындағы «Алау» жазғы демалыс лагерінің бір топ демалушылары Сы­рым ауданына саяхаттап қайтты.

Айлық аясында тиісті мемқұрылымдармен етене жұмыстануды

мақсат тұтқан «Нұр Отан» пар-тиясының Зеленов аудандық филиалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және ауто-мобиль жолдары бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі өзара­бірлескен түрде даму мүмкін-дігі шектеулі жандардың ауто-көліктерде жол жүру және ғи-­

мараттарға кедергісіз кіруін ба-­қылауға алып, оларға қолдау көрсету жұмыстарын жүргізбек.

Айлық барысында даму мүм-кіндігі шектеулі жандардың қор-­шаған ортаға тез бейімделуі қа-дағаланып, тиісті шаралар алы-нады. Осы мақсатта алғашқы болып аудан орталығы Пере-­метный ауылында қоғамдық кө-ліктер тексеруден өткізілді.

Ертай БИМҰхАНОВ,Зеленов ауданы

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық аутокөлікті мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімдеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатындағы айлық жұмысын бастады.

Зеленовта«Кедергісіз келешек»

Page 13: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

mEREkE-mEıRAm 13Бейсенбі, 21 маусым 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі

Мен ол кезде, яғни 1969 жылы Қазталов аудандық комсомол комитетінің бірінші ­

хатшысы болып қызмет жасап жүр ­едім. Бір күні аудандық партия ко-­митетінің бірінші хатшысы М. Ыс-­қақов шақырып алып, «Аудандық партия комитеті сенің жұмысыңа ­дән риза. Комсомол жұмысында ­біраз шынықтың, енді қызмет ауыс-тырудың уақыты келген сияқты. Аудан шаруашылықтарының бірі-не партком хатшысы етіп сені ұсынғым келеді» деді. Бірақ мен «Мақсот Ысқақұлы, сеніміңізге рақмет. Егер ыңғайы болса, мили-ция жұмысына ауысқым келеді» дедім. Хатшының менен күтпеген сөзі екенін маған қарап біраз үн-сіз отырып қалғандығынан сез-дім. Біршама уақыттан соң «Бұл мәселе жөнінде ойланған жоқ едім. Облыстық партия комитеті арқылы шешілуге тиіс жұмыс. Об-­лыспен сөйлесемін, хабарын өзім-нен күт» деді. Содан бір апта өт-­кеннен кейін облыстық партия ­комитетіне шақырылып, Қазталов ­аудандық милиция бөлімі басты-ғының орынбасары қызметіне та-ғайындалдым.

«Біздің жұмсаған жерімізге бар-­масаңыз, қызметті өзің тауып ал» ­десе, мені ауданда жауапты жұ-мысқа ешкім де алмас еді. Себебі, бір қызметке тағайындау үшін міндетті түрде аудандық партия комитетімен келісім қажет бола-тын. Сондықтан да кезінде менің қалаған салама баруға жол ашқан Мақсот Ысқақұлына ризашылы-­ғым шексіз. Егер басқа қызметке ­жіберсе, облысымыздың бірнеше ­аудандарында жұмыс жасап, сол ­кезде белгілі тұлғалармен кезде-суім екіталай еді. Ол хатшының алды жәйлі, адамға қатты келмей-­тін мінезі жұмсақ, қолындағы би-­лікті жөнсіз пайдаланбайтын қа-­рапайым партия қызметкері еді. ­Ал ішкі істер құрылымдарына ба-­руға аудандық милиция бөлімінің бастығы Нұфтығали Сейітжанов ­ағамыздың сол кезде дүрілдеп ­тұрған атақ-абыройы үлкен әсер ­етті ғой деп ойлаймын. Ұлы Отан ­соғысының ержүрек жауынгерле-рінің бірі болған, II дәрежелі Ұлы Отан соғысы және екі Қызыл Жұл-­дыз ордендері мен бірнеше ме-­

Біз өстік

23 маусым – Қазақстан полициясы күні

алдын көріп ағалардың...даль өңіріне сән беріп тұратын, соғыста рота командирі міндетін атқарған, майдан даласынан кел-ген бойда осы жұмысқа шинелін шешпестен кіріскен, құрыштан құйылғандай шақпақ денелі, әрі қайратты осы ағаның жұрт аузын-­да жүрген істері аз емес еді. Ол Орда ауданында туып-өсіп, сонда жұмыс жасап жүріп, Орда ауданы тараған соң Қазталов ауданына қызметке ауысқан еді. Тың игеру кезінде ауданға келген жуан білек дәукес бір бұзық аудан асханасы алдында араққа тойып алып, жер-гілікті жігіттерге байланып, сабап жатқан жерінен осы ағамыз ал-памсадай жігітті жерге алып ұрып, қолын артына қайырып алдына салып, милицияға айдап әкетке-нін жұрт жиі айтатын. Оның үстіне бөлім қызметкерлері тілін кесіп алсаң да, аузын ашпай отырған кәнігі қылмыскерлердің оның ка-­бинетінде барлық қылмысын жа-йып салып, күліп шығатынын айта-тын. Яғни тамаша психолог болған.

Сөйтіп, 1969 жылы күзде аудан-­дық комсомол комитетінің плену-­мында хатшымыз Мақсот Ысқақ-ұлының маған арнаған жылы сө-зімен комсомол жұмысын жастар-ға эстафета ретінде тапсырдым. ­Н. Сейітжанов ағайдың қарауында оперативтік жұмыстардың қыр-сырын меңгеріп, бұл қызметке біршама төселіп жұмыс жасадым. ­Ол қатаң тәртіптегі адам еді, қа-рауындағы адамдардан да соны ­талап ететін. Бірақ жөнсіз қатал-дыққа салынбайтын. Адами қасиет-терді де қатты қадірлейтін. Қонақ шақыратын, қонақтыққа да бара-тын. Реті келген жерде әуелетіп ­ән де салатын. Бірақ өзін әрқашан да жұмысқа әзір күйінде ұстай-­тын. Ауданның партия-кеңес ор-­гандарымен тығыз байланыс ор-натуға мен де қолымнан келгенше біраз жұмыс жасадым. Ауданда қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау жолында істелген жұмыс-тарымыз нәтижесіз болған жоқ. ­Сол жылдары облыстық партия жә-­не атқару комитеттерінің ауыспа-лы қызыл туын да жеңіп алдық. Орда ауданы жаңадан құрылғанда Н. Сейітжанов сол ауданның ішкі істер бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

1977 жылы Нұфтығали ағай

Бөрлі ауданында қызмет жасап жүрген маған телефон шалып, «Мұлхайдар, мен зейнеткерлікке шыққалы жатырмын. Орныма сені тағайындайтын болды. Ордада кез-­дескенше» дей бергенде, мен жал-ма-жан «Нұфтақа, мен Егізбаев жолдаспен жұмыс жасай алмас-пын, ол өте қатал адам ғой. Мені қинамай-ақ қойыңыз» дедім. Сол кезде «Ол кісіден қорықпа, сенің ауданға келуіңе келісті. Міндетті түрде Ордаға келетін бол» деді.

1973 жылы облыстық партия комитеті мені шұғыл шақырып алып, Бөрлі аудандық ішкі істер ­бөлімі бастығының саяси-тәрбие ­жұмыстары жөніндегі орынбасар-лығы қызметіне жұмсаған бола-тын. Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Александр Ко-лесников – Ұлы Отан соғысына ­белсене қатысқан жан. Ауданда ­жиырма жыл бойы милиция қыз-­метіне жетекшілік етіп, бөлімді облыстағы кадрлардың ұстахана-­сына айналдырды. Яғни қарауын-дағы 11 орынбасарын, оның ішін-­де мен де бармын, аудандардағы ішкі істер бөлімдеріне басшы қы-лып өсірген, республика көлемін-де сол кезде Еңбек Қызыл Ту ор-денімен марапатталған санаулы жетекшілердің бірі еді. Ол басқар-ған бөлім тоғыз рет облыстық пар-тия және атқару комитеттерінің ауыспалы қызыл туын жеңіп алған облыстағы ең озат бөлім болатын. Оның аудан жұртшылығы арасын-да беделі үлкен екен. Ол кісі мені жылы қабылдады. Мен де аянбай жұмысқа кірістім. Бастығым өзі ертіп апарып, Бөрлі аудандық пар-тия комитетінің бірінші хатшысы Павел Земляновпен таныстырды. Ол кісі де Ұлы Отан соғысына бел-сене қатысқан, бірнеше орден-ме-дальдың иесі екен. Бұл өзім көрген өзге ұлт өкілдерінің ішінен қазақ тілін мұндай жетік білетін адамды бірінші кездестіруім болды. Мені жылы қабылдап, салғаннан қай туғансың деп сөз бастап, бүкіл жанұяма дейін сұрап, сол бойда ­аудандық атқару комитетінің төр-ағасы Сағат Сукировке телефон-мен маған жайлы пәтер беруді және жолдасымды жұмысқа, бала-ларымды балабақшаға орналыс-­тыруды тапсырды. Маған «Сен сая-си қызметкерсің, бізбен үнемі бай-

ланыс жасап, жұмыс жағдайында көмек керек болса, келіп тұр» деп тапсырды. Мен ол кісіден марқа-­йып, жұмысқа зор құлшыныспен кірісуге жігерленіп шықтым. Бас-­шы болсаң, осындай бол дедім ішім-нен. А. Колесников көп сөйлемей-­тін, милиция жұмысының жілігін шағып, майын ішкен, жұмыстың нағыз білгірі екен. Күнделікті атқа-­рып жатқан жұмысыма қолдау көрсетіп отырды. Жұмыс стилі бір-қалыпты, жоқ нәрсеге күйіп-піс-пейтін, қарауындағы адамдардың психологиясын толық меңгерген, жұмыс істеуге жағдай жасай оты-­рып, оның орындалуын талап ете-­тін, өтірік айтқанды жаратпайтын адам екен. Маған Бүкілодақтық заң институтының Орынбор қа-ласындағы филиалында сырттай оқуыма жәрдем берген де осы кісі еді. Мен бұл институтты Сара-тов қаласында бітірдім. Ол өзін қарапайым ұстайтын. Тұрмысы да ­қарапайым болды. Дүние мүлікке қызыққан жоқ. Облыстағы ең үл-­кен бөлімнің жұмысын ұршықтай үйіріп басқарып отырды. Мен ол ­кісінің қарауында жұмыс жасаған жылдарымда көп нәрсені үйрен-дім. Нұфтығали Сейітжанов пен Александр Колесников екеуін мен ­өзіме ұстаз санап, көздері тірі ке-зінде олармен жиі араласып, ақыл-кеңестерін алып тұрдым.

Енді Нұфтығали ағаның те-­лефон шалып айтқан жағдайға қайта оралсақ, мен Рахметолла Егізбаев-

ты сырттай ғана білетінмін. Бірде ­ол облыстық бір партконференция-­да трибунаға шығып, қос қолымен қалың шашын артқа қарай қайы-рып тастап «Біздер, халқымыздың революциялық, жауынгерлік және ­еңбек дәстүрлері рухында тәрбие-ленген қасиетті Орда өлкесінің большевиктері...» деп күндей күр-­кіреген даусымен жалынды сөз бастаған Жәнібек аудандық партия ­комитетінің бірінші хатшысы Р. Егіз-­баев жолдастың сөзін тыңдап, ішім-­нен «Мына кісі бетіне жан қарат-пайтын қатал адам шығар» деп ой-­лап жүретінмін. Сол ауданда жұмыс ­жасап жүрген таныс комсомол қыз-­меткерлерін аяйтынмын. Енді, міне, ­ұстазым Н. Сейітжанов ағайдың ­сөзін жерге тастамай, 1977 жылы Орда аудандық ішкі істер бөлімін

қабылдап алып, жұмысқа кірістім. Аудан басшылары Р. Егізбаев және М. Насимуллин жолдастар мені жылы қабылдап, аудан активіне та-ныстырды. Бірге жұмыстас болған кезде байқағаным, Р. Егізбаев сырт-тай сондай қатал адам сияқты болып көрінгенімен, жаны нәзік, сонымен қатар ұйымдастырушылық қабі-­леті күшті, сөзге шешен адам екен. Жаны нәзік дейтін себебім, ол кісі ақынжанды адам болып шықты. Бір күні мені өзіне шақырып алып, «Қараша қаздар қайтқанда» де-ген өлең кітабын сыйға тартып, кітаптың ішкі мұқабасына «Қадірлі Әміреевке! Ешбір артық сөзсіз шын жүрек ілтипатынан арналған құрмет сезімімен Р. С. Егізбаев. ­1977 жыл» деп қолтаңбасын қал-­дырыпты. Рақаң жұмыс істеген ­жылдарында маған үнемі қолдау көрсетіп отырды. Р. Егізбаев пен ­М. Насимуллин ағалар Ұлы Отан ­соғысында от кешкен, халқымыз-дың ержүрек азаматтары еді. Олар-­дың өңірлеріне соғыс және еңбек майданындағы ерліктері мен та-быстары үшін алған бірнеше ор-­ден-медальдары сән беріп тұра-­тын. Ол кісілерден Орда өңірі тура-лы талай тамаша әңгімелер естіп, бірнеше жыл аянбай еңбек етіп, 1985 жылы басқа ауданға жұмыс барысында ауысуыма байланысты ордалықтармен қимай қоштастым.

Жоғарыда аттары аталған аяу-­лы ағаларым кезінде жұртшылық-тан өз бағаларын алған қадірлі адамдар еді. Сол ағалардың жаса-­ған жақсылықтары мен қамқор-лығының арқасында бірнеше ау-­данда қызмет жасаған кезімде олар-дың жақсы қасиеттерді ұстануға тырыстым. Бұл ағалар қазір ара-мызда жоқ. Олардың рухтары ал-дында басымды иемін.

Қызмет еткен Қазталов, Бөрлі, ­Фурманов және Орда аудандарын-дағы әріптестерімнің біреуін де ұмытқан жоқпын. Жиі еске түсіріп тұрамын, олар менің жадымда өмір бойы сақталмақ.

Мұлхайдар ӘМіРЕЕВ,ҚР ішкі істер

құрылымдарының ардагері,Қазталов ауданының

құрметті азаматы

Зеленов ауданына қарасты Приурал по-лиция бөлімінің кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторы, полиция капи-таны Нұргүл Биссалиеваның құқық қорғау саласында қызмет істеп жүргеніне біраз жыл болды.

– Өз кәсібіңді сүйсең, жұмыс барысында қы-­зығына қуанып, қиындығына қалыпты жағ-­дай деп қарайсың. Жасөспірімдердің ата-ана-­ларымен, мектеп психологтарымен бірлесіп, ­тәртібі, мінез-құлқы қиын балалармен жұмыс-танамыз. Бастысы, әр қадамыңды ақылға са-лып, алған біліміңе, жинаған тәжірибеңе арқа сүйеу керек, – дейді инспектор.

Инспектордың игі ісіОл балалардың қылмысқа баруының бас-

ты себебін отбасындағы тәрбие, көшенің орынсыз ықпалы мен жасөспірімнің өзін тұл-­ға ретінде сезінуге талпынысы және ата-ана-­сының ықыласын өзіне аударуға ұмтылу деп түсінеді. Инспектор аудан аумағындағы мек-тептер мен колледждерде құқықтық және тәрбие тақырыбындағы кездесулер мен дөң-гелек үстелдер ұйымдастырып тұрады.

– Қылмыс жасаған жастардың көбі айнала-сындағы теріс пиғылдағы топтардың ықпалы-­на байқаусыздан ілесіп кетеді. Олардың соң-ғы кезде қатыгездікке жиі баратыны адам жа-­нын ауыртады. Теледидардан бұзақылық пен ­қарақшылықты насихаттайтын шетелдік фильм-

дерді көріп, сондай кинолардың кейіпкерлері-не еліктейді, соларға ұқсауға тырысады. Олар жасаған қылмысы үшін заң алдында жауап беретінін алдын ала ойламайды, – дейді поли-­ция капитаны.

Жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім жеткін-­шектер арасында қылмыс пен құқықбұзушы-лықтың алдын алумен шұғылданады. Полиция капитаны Нұргүл Биссалиева өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, әрдайым біліктілігін жетілдіріп отырады. Қызығынан қиындығы көп ­салада жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан инспектордың ақыл-кеңесіне әріптестері де жиі құлақ асады. ­

Гүлжан АяЗБАЕВА,Зеленов ауданы

Page 14: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

hAT-hAbAR14 Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі №123 24 мамыр 2018 жыл

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты №17­ 2 31 мамыр 2018 жыл

Орал қаласы

БіРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШіМБатыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы ­

23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқ-сандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жыл-­ғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақ-стан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШіМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері қайта аталсын:Ақжайық ауданы бойынша:Первомай ауылы – Қабыршақты ауылы;Сырым ауданы бойынша:Бірінші Май ауылы – Саралжын ауылы.2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет

органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен ­соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. КӨЛГіНОВСессия төрағасы Ф. БАхТИОЗИНОблыстық мәслихат хатшысы М. ҚҰЛШАР

(Батыс Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2018 жылғы 13 маусымында № 5239 тіркелген)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы ­23 қаңтардағы,«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 жел-тоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанын-­дағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Батыс ­Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШіМ ҚАБЫЛ­ДАДЫ:

1. Орал қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет

органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен ­соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. КӨЛГіНОВСессия төрағасы Ф. БАхТИОЗИНОблыстық мәслихат хатшысы М. ҚҰЛШАР

(Батыс Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2018 жылғы 13 маусымда № 5240 тіркелген)

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі №125 24 мамыр 2018 жыл

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты №17­ 1 31 мамыр 2018 жыл Орал қаласы

БіРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШіМБатыс Қазақстан облысы Орал қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

1. «Жұлдыз» шағынауданы бойынша:№1 жобалық көшесі – «Ұлытау» көшесі;№2 жобалық көшесі – «Әзірбайжан Мәмбетов» көшесі;№3 жобалық көшесі – «Үшқоңыр» көшесі;№5 жобалық көшесі – «Бурабай» көшесі;№7 жобалық көшесі – «Алатау» көшесі;№9 жобалық көшесі – «Хантәңірі» көшесі;№10 жобалық көшесі – «Қызылқұм» көшесі;№15 жобалық көшесі – «Созақ» көшесі;№17 жобалық көшесі – «Сығанақ» көшесі;№19 жобалық көшесі – «Сырдария» көшесі;№21 жобалық көшесі – Жібек жолы көшесі;№25 жобалық көшесі – «Оқжетпес» көшесі.

2. «ТЖЖ­1» шағынауданы бойынша:ТЖЖ-1 шағынаудан – «Көкжиек» шағынауданы;№1 жобалық көшесі – «Игілік» көшесі;№2 жобалық көшесі – «Мұрагер» көшесі;№3 жобалық көшесі – «Ақтамберді жырау» көшесі;№4 жобалық көшесі – «Сүгір жырау» көшесі;№5 жобалық көшесі – «Ақсұңқар» көшесі;№6 жобалық көшесі – «Оралхан Бөкей» көшесі;№7 жобалық көшесі – «Наркескен» көшесі;№8 жобалық көшесі – «Оспан батыр» көшесі;№9 жобалық көшесі – «Кейкі батыр» көшесі;№10 жобалық көшесі – «Қарасай батыр» көшесі;№11 жобалық көшесі – «Жаяу Мұса» көшесі;№12 жобалық көшесі – «Ақжелең» көшесі;№13 жобалық көшесі – «Александр Затаевич» көшесі;№14 жобалық көшесі – «Майқы би» көшесі№15 жобалық көшесі – «Малайсары би көшесі;№16 жобалық көшесі – «Малтақан би» көшесі;№17 жобалық көшесі – «Лев Гумилев» көшесі;№17а жобалық көшесі – «Кемел» көшесі;№18 жобалық көшесі – «Қайым Мұхамедханов» көшесі;№18а жобалық көшесі – «Айнабұлақ» көшесі;№19 жобалық көшесі – «Күләш Байсейітова» көшесі;№20 жобалық көшесі – «Серпін» көшесі;№21а жобалық көшесі – «Мерей» көшесі.

3. «ТЖЖ­2» шағынауданы бойынша:ТЖЖ-2 шағынаудан – «Сарыарқа» шағынауданы;№1 жобалық көшесі – «Сұлтанмахмұт Торайғыров» көшесі;№2 жобалық көшесі – «Иса Байзақов» көшесі;№3 жобалық көшесі – «Абылай хан» көшесі;№4 жобалық көшесі – «Тәуке хан» көшесі;№5 жобалық көшесі – «Ілияс Жансүгіров» көшесі;№6 жобалық көшесі – «Талпын» көшесі;

№7 жобалық көшесі – «Балдәурен» көшесі;№8 жобалық көшесі – «Бейімбет Майлин» көшесі;№9 жобалық көшесі – «Қарахан» көшесі;№10 жобалық көшесі – «Айша бибі» көшесі;№11 жобалық көшесі – «Батыр Баян» көшесі;№12 жобалық көшесі – «Қорқыт ата» көшесі;№13 жобалық көшесі – «Халифа Алтай» көшесі;№14 жобалық көшесі – «Баубек Бұлқышев» көшесі;№15 жобалық көшесі – «Түркістан» көшесі;№16 жобалық көшесі – «Отырар» көшесі;№17 жобалық көшесі – «Дарын» көшесі;№18 жобалық көшесі – «Ләззат Асанова» көшесі;№19 жобалық көшесі – «Рауан» көшесі;№20 жобалық көшесі – «Тақсай» көшесі№21 жобалық көшесі – «Әзілхан Нұршайықов» көшесі;№22 жобалық көшесі – «Ғабит Мүсірепов» көшесі;№23 жобалық көшесі – «Тұманбай Молдағалиев» көшесі;№24 жобалық көшесі – «Ғабиден Мұстафин» көшесі;№25 жобалық көшесі – «Әмина Өмірзақова» көшесі;№26 жобалық көшесі – «Бөкей хан» көшесі;№27 жобалық көшесі – «Роза Бағланова» көшесі;№28 жобалық көшесі – «Әміре Қашаубаев» көшесі;№29 жобалық көшесі – «Ахмет Жұбанов» көшесі;№30 жобалық көшесі – «Шәкен Айманов» көшесі;№31 жобалық көшесі – «Шара Жиенқұлова» көшесі;№32 жобалық көшесі – «Тұран» көшесі;№33 жобалық көшесі – «Мәлік Ғабдуллин көшесі; №34 жобалық көшесі – «Рақымжан Қошқарбаев» көшесі;№35 жобалық көшесі – «Төлеген Тоқтаров» көшесі;№36 жобалық көшесі – «Қасым Қайсенов» көшесі;№37 жобалық көшесі – «Хадиша Бөкеева» көшесі;№38 жобалық көшесі – «Саржайлау» көшесі; №39 жобалық көшесі – «Бейбітшілік» көшесі;№40 жобалық көшесі – «Тұрар Рысқұлов» көшесі;№42 жобалық көшесі – «Арыстан баб» көшесі;№43 жобалық көшесі – «Шыңғыс хан» көшесі;№45 жобалық көшесі – «Шаттық» көшесі; №46 жобалық көшесі – «Байбарақ батыр» көшесі;№47 жобалық көшесі – «Алтын Орда» көшесі;№48 жобалық көшесі – «Қаратау» көшесі;№49 жобалық көшесі – «Жасыбай» көшесі;№50 жобалық көшесі – «Шығай хан» көшесі.

4. 5­шағынаудан – Қадыр Мырза Әли шағынауданы.

5. 5­шағынаудандағы жаңа алаң – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» алаңы.

6. Ремзавод ауданындағы сквер – «Чернобыль апатының салдарын жоюшылар» сквері.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №125 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31 мамырдағы №17-1 бірлескен қаулысына және шешіміне қосымша

Орал қаласының кейбір құрамдас бөліктерінің атауы

хАБАРЛАНДЫРУ2018 жылдың 20 шілде күні сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысының Бөрлі

ауданында орналасқан Жарсуат ауылының мәдениет үйінде «Секва Петролеум» ЖШС (Казақстан), «Секва Петролеум» ЖШС (Казақстан) және «БОЛЗ» ЖШС келісімшарттық аумағында жер қойнауын пайдалану объектілерін жою жобасы (ҚР, БҚО Ақсай алаңы)» жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді. Жоспарды дайындаушы «НИПИ Нефте-Газ» АҚ. (АО «НИПИнефтегаз», ҚР, 130000,. Ақтау, 8 ш.а., 38-үй «а»; тел.: 8 (7292) 600208).

Қағаз түріндегі құжаттармен танысуға және сұрақтар туындаған жағдайда қо-­сымша мәлімет алу үшін төмендегі байланыс телефондарына және астында көрсе-тілген мекенжайда, сонымен қатар электрондық мекенжай арқылы білуге болады:

Алматы қаласы, Қыз-Жібек көшесі, 149. Телефон: +7 272 225 16 00.e-mail: [email protected]Батыс Қазақстан облыстық экология департаменті[email protected]

Қазталов ауданында киік аулаған браконьер­лер ұсталды.

Киік аулаушылар азаяр емесҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ­

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сә-­кен Ділдахметтің мәлім еткеніндей, 17 ­маусым күні «Охотзоопром» ӨБ» кәсіп-­орны Батыс аймақтық филиалының инс-пекторлары Қарасу ауылының маңында-­ғы Сүттігенді қыстағының маңында күзет жұмыстарын жүргізу кезінде ВАЗ-21214 «НИВА» көлігін тоқтатқан.

Көлік ішінде 1978 жылғы жүргізуші, 1999 және 2000 жылғы екі жолаушы отырған. Автокөлікті тексеру кезінде ішінен 4 киік-­

тің кесілген басы (мүйізімен), екіоқпанды 12 калибрлі аңшы қаруы, 12 калибрлі 14 патрон, қол арасы мен екі пышақ табылды.

Автокөліктің ізін тексеру кезінде басы кесіліп алынған 4 киіктің денесі де табыл-­ған. Оқиға орнына Қазталов ауданының ­ІІБ мен Жалпақтал бөлімінің тәртіп сақ-­шылары шақырылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 377-ба-­бы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қоз-­ғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Елжан ЕРАЛЫ

Құрметті оқырмандар!8 707 808 48 55

“Орал өңірі” газеті және zhaikpress.kz сайты облыс тұрғындарымен жедел де тіке байланыс ор-нату мақсатында арнайы 8 707 808 48 55 Whatsapp нөмірін іске қосты. Оған сіз хабарлама жіберіп, газетке немесе сайтқа өз тақырыбыңызды ұсынуға болады. Елге, халыққа пайдасы тиетін маңызды мәселені, әлеумет назарын аударатындай оқыс оқиғаны шұғыл хабарлап, газет журналистерінің іссапармен келіп, зерттеу жүргізуіне мұрындық боласыз. Газет жанынан ашылып отырған жедел байланыс түрі оқырман мен үнқағаздың үндестігін бұрынғыдан да жақсарта түседі деп сенеміз.

Қазақстан Республикасы «Облыстық балалар­жасөспірімдер теннис спорт мектебі» МКҚК

бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды090000, Орал қаласы, Астана ш-а., 17, анықтама үшін телефондар:

8 (7112) 27-07-48, 27-07-36, электронды пошта [email protected]

1. Теннис бойынша жаттықтырушы – 1 бірлік.Қойылатын талаптар: жоғары және арнайы білім, біліктілік санатының болуы, ­

сәйкес курстардан өткендігі туралы сертификат, жұмыс тәжірибесінің болуы, мем-­лекеттік және орыс тілдерін білуі шарт.

Конкурсқа қатысушыларға қажетті құжаттар тізімі:- Түйіндеме;- Байқауға қатысу туралы өтініш;- Кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы

(тұрғылықты мекенжайы, телефоны көр-сетілуі тиіс);

- Жеке куәлік көшірмесі;

- Білімі, біліктілігі туралы құжат көшір-мелері;

- Еңбек кітапшасының көшірмесі;- 086 медициналық анықтама;- Сотталмағаны туралы анықтама;- Мекенжай анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер қажетті құжаттарды хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайға тапсыруы тиіс.

Page 15: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

hAbAR-oshAR 15Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 54-18-08, 24-17-08.

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай-даланылмаған хат авторларына жауап қай-тарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жария-ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады.

белгісімен жарияланған материалдар ақы-лы болып есептеледі.

Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.

Е-mail: [email protected]

Телефондар:

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Осы нөмірдің таралымы: 14 299, 4 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВАКезекшi редактор: н. сАфуЛЛин

А

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДУЛЛИНРедакция алқасы: Сырымбек ТҰяҚОВ, Сәкен ӘБіЛхАЛЫҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Нұртас САФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕВ (экономика бөлімі).

Oral óńіrіOral óńіrі

Медколледж аялдамасы аума-ғында 10 сотық жер сатылады.

Тел.: 8 775 2187597

Зеленов ауданы Озерный ауы-лынан бес бөлмелі, тасы селикат үй сатылады. Оралдан 27 км, жолы асфальт. Су, газ, тоқ үй ішінде. Әжет-хана, септигі бар. Бау-бақшаға үлкен жері бар. Мал бағуға қолайлы. 21x10 қорасы бар. 12x8 сарай, гараж, мон-ша бар. Барлығы 2228 кв. м. Бағасы ­7 000 000 тг, саудаласамыз.

Тел.: 87016460690, 87715951415

Зеленов ауданы Белес ауылынан 10 сотық жер телімін сатамын. Газ, су, жарық жүргізілген, (ПДП) өзен-­ге жақын, шаруашылыққа қолайлы. Ауылда мектеп, балабақша, амбула-­тория бар. Қаладан 25 км. қашық-

тықта орналасқан. Тел.: 87787383777

Теректі ауданы Ұзынкөл ауылы-нан (бұрынғы ХVІІІ партсьезд) 10 сотық жері бар, алты бөлмелі үй тез арада сатылады. Газ кіргізілген, ­барлық жағдайы бар. Қосымша жы-лыжай да бар. Шаршы метрі – 12 х 8. Қалаға 35 шақырым. Бағасы келісім бойынша.

Тел.: 8 775 738 31 44, 8 778 264 36 18

ЖөндеймізҒимарат және пәтер ішіндегі

жөндеулерді жүргіземіз. Шпаклев-ка, түсқағаз жабыстыру, бояу, ГКЛ, ПВХ, ламинат, линолеум, сантехни-ка, электрика, балкон жөндеу. Ау-дандарға шығамыз. Виктор.

Тел.: 8 705 402 73 26

Сауда-саттық

Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылы-­ның Үшана елді мекенінде тұрған асыл анамыз, ардақты ұстаз Қымбатай Қадысихқызы Утесбаеваның бақилық болғанына 20 жыл болуына орай сағына еске аламыз.

Біз сізді жоқтап жүрміз, іздеп әлі,Тағдырдың кейде тозақ от қабағы.Жабыққан кезімізде жүрер ме едің,Анажан, ұл-қызыңды қостап әлі.

Сағынып жүрміз, ана, сеземісің,Біз жақты шарлап бір сәт кеземісің.Көре алмадың тіршіліктің көп қызығын,Өртенер соны ойласам өзек ішім.

Жатқан жерің жарық болсын, анашым,Жәннатта қыл жанын Аллам ылайым.Ұл-қызының дұға еткен тілегін,Қабыл қылшы, жаратушы құдайым.

Еске алушылар: ұлдары, қыз­күйеу балалары, келіні, немере­жиендері

Тасқала ауданы Тасқала ауылының тұр-ғыны болған, сүйікті жар, ардақты ана, аяулы әже Ағис Қойбағарқызы Жане­кенова тірі болса, 24 маусым күні 80 жасқа толар еді. Анамызды сағынышпен еске аламыз.

Жан едіңіз орны бөлек өмірдегі,Жарқын бейнеңіз өшпейді көңілдегі.Сағынышпен еске аламыз өзіңізді,Жұмақта болсын дейміз жаныңызды.

Сағынышпен еске алушылар: жұбайы Мақсот, бала­келіндері, қыз­күйеу балалары, немере­жиендері,

шөберелері

Қаратөбе ауылының тұрғыны болған, ағамыз Жаукен Елеусіновтің өмірден оз-ғанына 21 маусым күні бір жыл болады.

Жан аға, сағынумен бейнеңді отырамыз,Қайтіп енді орныңды толтырамыз.Өмірдің сынағына төзіп әр кез,Тағдырдың жазғанына бағынамыз.

Сағына еске алушылар: бауыры Кенжеғали, келіні Алтын, Елеусіновтер отбасы

Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылының тұрғыны болған, сүйікті баламыз, ардақ-ты ағамыз, адал жар, асқар таудай әке Серікқали Қалиұлы Қонысбаевтың өмірден өткеніне бір жыл болуына бай-­ланысты сағына еске аламыз.

Ірілік сезінуші еді кірпігіңнен,Жан едің жүрегіңнен күн төгілген.Жәннатта болсын мәңгі жатқан жерің,Жебеп жүр ұрпағыңды рухыңменен.

Еске алушылар: ата­анасы, зайыбы Айжан, балалары Дариға, Мирас, бауырлары

ҚР Экологиялық кодексінің 57-ші бабын орындауда «Урал Ойл Энд Газ» ЖШС «Рожковское га-зоконденсатты кен орнындағы және оған іргелес Федоров бло-­гінің территориясындағы бағалау ­жұмыстары жобасының №2 қо-сымшасына» арналған «Қоршаған ортаның әсерін алдын ала баға-лау» жобасын сараптаудан өту мақсатында Батыс Қазақстан об-лысы бойынша экология депар-таментіне жіберілгенін хабарлай-мыз.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС(Жобалаушы

«Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС)

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің БҚО бойынша қазынашылық департаменті республикалық бюджетті атқару және жергiлiк­тi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асы­ратын ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департаментте «Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңын сақтауға бағытталған жұмыс-­тар үнемі жүргізіледі.

Департаментте Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбай-лас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білу және сақталуын насихаттау бо-йынша іс-шаралар жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң-­наманың талаптарын сақтау сұрақ-тары қазынашылықтың аумақтық бө-­лімшелерінде шығу алқаларында қа-растырылады.

Ұжымда сыбайлас жемқорлық құ-­

қықбұзушылық пен қылмысты бол-­дырмау бойынша алдын ала жұмыс-қа аса көңіл бөлінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» плакат және «Нұр Отан» партиясы ­стенді орналасқан. «ҚР мемлекет-тік қызметі туралы» Қазақстан Рес-публикасы заңының талаптарына ­сәйкес мемлекеттік қызметке азамат-­тардың тең қолжетімділігін қамтама-­сыз ету, кадрларды сапалы іріктеу ­жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік ­қызметшілерді сыбайлас жемқор-­лыққа қарсы заңнаманы сақтамағаны үшін тәртіптік және өзге де жауап-кершілікке тарту фактілері болған жоқ. Департаментте тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлердің лауазы-мын жоғарылату орын алған жоқ.

Департамент мемлекеттік қызмет-­тер көрсетпейді. Департаментте рұқ-саттық функциялар қарастырылма-­ған. Департаментте бақылау функция-лары қарастырылмаған. Мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына есептік кассалық қызмет көрсету ке-­зінде қаржылық құжаттарды рәсім-­деу кезінде бюджет заңнамасының сақталуына алдын ала және ағымда-­

ғы бақылау жүргізіледі.Департамент облыстың мемле-

кеттік органдары және мекемелері арасында үлгілі болып табылады. Де-­партамент облыста «Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы қызметтің қойылуы бойынша өте жақсы мемлекеттік ор-­ган» тақырыбында өткен байқауда бірнеше рет үздік болды, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының диплом-дарын алды.

Департамент мемлекеттік орган-­дар арасындағы «Сыбайлас жемқор-­лыққа қарсы іс-қимыл бойынша өте жақсы жұмыс» аймақтық конкурсына ­қатысты, сол үшін 2017 жылдың жел-­тоқсан айында «Нұр Отан» партиясы ­БҚО филиалы төрағасының орынба-­сары С. Сүлейменнің және ҚР Мемле-­кеттік қызмет істері және сыбайлас ­жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент-тігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Б. Исаковтың атынан алғыс жарияланды.

Г. ЖАСАНҒАЛИҚЫЗЫ,ҚР ҚМ ҚК БҚО бойынша

қазынашылық департаментінің бас маманы

Қазынашылық органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс

А

БҚО ТЖ департаменті жедел ­құтқару жасағының бас құтқару-шы-психологы Лейла Әбдірахма-нованың айтуынша, оқиға 18 мау-сым күні Шаған өзенінде орын алды.

Қалалық мәдениет және дема-лыс саябағындағы құтқару беке-­

Жасөспірімді құтқардыОралда құтқарушылар

13 жасар жасөспірімді суға кетуден аман алып қалды.

тінде кезекшілікте жүр­ген бас құт-қарушы Нұрбек Тауашев пен Бек-­жан Айтқалиев суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды.

Бала өзінің досымен бірге сая-баққа ересектердің бақылауынсыз келген. Содан кейін тыйым салын-ған белгіге қарамастан, қауіпті тұс-­тан суға секірген. Кезекті секіріс-тен кейін сіңірі тартылған бала су-­ға бата бастаған. Құтқарушылар қайықпен жедел жетіп, оны шыға-­ рып алған. Шошып кеткен балаға

көмек көрсетіліп, досымен бірге үйіне жіберілді.

Екі сағаттан кейін суға шомылу-­ға жабдықталмаған жерден аяғын ­жарақаттап алған тағы екі жас-өспірімге медициналық көмек көрсетілді. Бұлар да ересектердің қарауынсыз жүрген.

Аталмыш саябақта құтқару бе-­кеті жұмыс жасай бастаған 25 ма-мырдан бері 11 адам құтқарылса, соның бесеуі – балалар.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Page 16: «Орал өңірі» газеті және zhaikpress.kz сайты об лыс ...oraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/06/67-68.pdf · twitter.com/zhaikpress Газет

kERÝEn sARAı16 Бейсенбі, 21 маусым 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Құттықтаймыз!Жаңақала ауылының тұрғыны, құрметті құдамыз

Жұмажан Сағитұлы ҚАБДОЛОВТЫ зейнетке шы-ғуымен құттықтаймыз! Денсаулығыңыз мықты бо-­лып, ұл-қыздарыңыздың қызығын көруді, отбасы-­ ңыздың амандығын тілейміз.

Тілек білдірушілер: құдаңыз Жұмағали, қыз­күйеу балаңыз Арайлым­Артур, құда

балаңыз Абат, құдашаңыз Асыл және жиендеріңіз Айбат, Абылай

Жәнібек ауылының тұрғыны, сүйікті ұл, сүйкім-­ді немере Нұрсылтан Абылайұлы САМАТОВТЫ­­22 маусымда толатын 16 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Тілейміз таусылмас бақ, асқақ арман,Нұрын төксін әрқашан саған Аллам.Ағайын мен бауырлардың ортасында,Жүре бер, тек күлімдеп әр кез аман.

Құттықтаушылар: ата­әжеңіз Самат­Айбарша, ата­анаңыз Абылай­Айнагүл, бауырларыңыз

Нұрсәуле, Нұрдәулет, Нұртілек, аға­жеңгелеріңіз, апа­жезделеріңіз және іні­қарындастарыңыз

30 маусым күні елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына ұштастырылып, облыстық «Таза орман!» экологиялық акциясы өткізіледі.

«Таза орманға» шақырамыз

Акцияның мақсаты – облыстағы ор-ман қорының санитарлық жағдайын жақсарту, өскелең ұрпақты туған өлке-­нің табиғатын сақтауға тәрбиелеу, со-нымен қатар облыс тұрғындарының на-зарын экологиялық проблемалар мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару болып отыр.

Акция облысымыздың барлық ауда-нында жүргізіледі. Шара барысында ормандарымыз қоқыстардан және қура-­ған ағаштардан тазартылмақ. Бұл облыс-

тың экологиялық ахуалын жақсартуға ­өз септігін тигізетіні сөзсіз. Орал қала-сының төңірегіндегі жұмыстар 1, 2, 3-­саяжай, Хан тоғайы, Перевалочная то-ғайы аумақтарында жүргізіледі. Барлық облыс тұрғынын экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырамыз.

БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасы

Алдағы мемлекеттік қызмет­шілер күніне орай Ақжайық ауданында осы сала өкілдерімен кездесулер, басқа да мазмұнды шаралар ұйымдастырылуда.

Ұлттық спорт түрі асық атудан және бес асықтан мемлекеттік қызметшілер арасында аудан біріншілігі өтті. Бұл жарысқа Бударин, Жамбыл, Жаңабұлақ, Есенсай, Мерген және Чапаев ауылдық

округінен мемқызметшілер қатысты. Айталық, асық атудан ерлер арасында аудан әкімі аппаратының қызметкері Сәкен Сарбөпеев, бес асықтан әйелдер арасында Жаңабұлақ ауылдық округі-нен Самал Қалелова жеңімпаз атанды. «Аталған сайыс аудан аумағында асық ойындарының кеңінен өрістеуіне серпін берді», - дейді «Жігер» спорт клубының әдіскері Мейірбек Көшімов.

Бекем БЕКҰЛЫ,Ақжайық ауданы

Мемқызметшілер де асық ойнайды

Ресейдегі аяқдоптан әлемдік доданың 18 маусымдағы кес-­тесіне үш ойын қо-­

йылған болатын. Алғашқы жұп ­Швеция – Оңтүстік Корея ара-­сындағы бәсекеде шведтердің жеңісі күмән тудырған жоқ. Ағылшындық «Халл Ситидің» ойыншысы Себастьян Ларсен бастаған жігіттер бір доп соғып, кәрістерді қапы қалдырды.

Келесі матчта Бельгия мен ­Панаманың жолы түйісті. Ал-ғашқысы аса талантты жастар-ды сапына тартқан құрама ре-­тінде үлкен қызығушылық ту-дырса, Панама өз құрлығында (Америка) Коста-Рикадан ба-сым болып, тарихында тұңғыш рет дүниежүзілік додаға жол-дама алған еді. Шүу дегеннен Бельгия басымдығын байқатты. 47 минутта Дрис Мертенс гол салды. Артынша, 69 және 75 минуттарда Ромелу Лукаку қос доп соғып, кездесу тағдырын біржола шешіп тастады. Жал-пы, мамандардың пікірінше, биылғы біріншіліктің басты жаңалығы осы Бельгия болуы әбден мүмкін.

Соңғы жұпты Тунис-Англия түйіндеп, бұл матчта 2:1 есебі-мен ағылшындар жеңіс тойын тойлады. Күтілген нәтиже. Таң-­ғалудың қажеті жоқ. Ал әлемді таңғалдырған әзірге Ресей құ-

Орыс «ертегісінің» жалғасы бар ма?..

рамасы болып отыр. Өйткені, дүниежүзілік доп-додасы бас-­талғанша өзін-өзі «сыйлайтын» жанкүйердің бірде-бірі Ресей ­құрамасы топтан шығады де-­генге сенген жоқ. Сенбегені ­былай тұрсын, мазақ қылып күлетін. Күлмегенде ше, Чер-­чесовтың шәкірттері жолдас-тық кездесулерін қалай болса солай, сүреңсіз өткізіп, әбден қадірлерін қашырып алған-тұ-­ғын. Чемпионат басталмай жа-­тып, негізгі қорғаушы Соломон ­Квирквелия жарақат алды. Одан қақпашы Александр Се-­лихов «сынды». Ортада ойқас-тайды делінген Денис Глуша-ков тізімнен тыс қалды. Есесіне, жыл бойы әр клубта «жалда-нып» (аренда), тепкен добы жиі қиыс кетіп жүрген шабуылшы Артем Дзюба шақырылды. Осының бәрі, түптеп келген-­де, бас бапкер Станислав Са-­ламұлының атына мадақ сөз-дерін көбейтпегені анық.

Сөйте тұра, дүниежүзілік доп-доданың беташар ойы-­нында Ресей құрамасы Сауд Арабиясын 5:0 есебімен тізе ­бүктіріп, айды аспанға шығар-ды. Газинский, Головин, жоға-рыдағы Дзюба бір доптан, ал ­Черышев қос доп соғып, жан-күйерлерін бір желпіндірді.

Екінші ойын «Африканың перғауындары» атанған Еги-петпен болды. Футболдан алыс ағайын Египеттің Саудтардан не айырмашылығы бар деуі де ғажап емес. Бір сәтке тоқтай тұрыңыз, мұнда «Ливерпуль-­дің» сұрмергені, биыл Чемпион-дар лигасының финалына дейін жеткен, барлық турнир-лерде 36 (!) гол соққан атақты Мохаммед Салах бар. Матч алдындағы негізгі әңгіменің

барлығы қайтсек Салахты «ұс-тап» тұрамыз дегенге сайды. Тіпті, біреулер жарақаттан жа-­зылмаған иығынан түйіп, оны «саптан» шығарып тастау ке-рек дегенге дейін барды. Алай-да ойын барысы мүлде басқа сипат алды. Черчесов алғы шепке түйедей Дзюба мен қол-тоқпақтай Черышевті қатар жұптап шығарды. Алғашқы ­таймда бұл екеуі «перғауын-дардың» қорғанысын бұзып-­жарып өте алмағанымен, біраз терлеуге мәжбүр етті. Ресей нағыз күшін екінші таймға сақ-­таған екен. Жартылай қорғау-­шы Зобниннің тепкен добы ­жол-жөнекей мысырлық Фат-хидың аяғына тиіп, қақпадан табылды. Аутоголдан ес жия ­алмай жатқанда, Черышев тағы бір голды торда тулатты. Іле-шала ебедейсіз көрінген Дзюба айып алаңында әбжілдік танытып, қос қарсыласын ал-дап, үшінші допты енгізіп кет-­ті. Египеттің «жұбаныш» добын пенальтиден сол баяғы Салах ­соқты. Осымен қос ойында ұтылған «перғауындар» еліне ­қайтты. Ал Ресей өз тарихын-­да тұңғыш рет әлем чемпио-натының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Соңғы ойында Уругвайға есе жіберсе де, енді көршілерге бәрібір.

Египетпен ойыннан кейін бас бапкер Черчесов бір-ақ ауыз сөз айтты. «Мен ештеңе дегім келмейді, менің әңгімем-­ді жігіттерім жасыл алаңда іспен айтты» депті сабазың. Шынында да, бұған не алып қосарсың. Енді тек өз елінде өтіп жатқан аяқдоптың алама-нына қатысты орыс «ертегісі» әрі қарай жалғасар ма екен?.. ­

Дайындаған Жамал ҒАЛИ

Суре

т ғ

алам

торд

ан

алы

нды