7
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Болашақ селолық округі №10 орта мектебі Информатика пәні мұғалімі: Жексенгалиев Нуршат Амантаевна Тақырыбы:«Есептеуіш техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналарының буындары» Мерзімі: 23.10.2015 ж. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушылардың есептеуіш техникасының даму тарихы: есептеудің тарихы, есептеудің ыңғайы мен құрылысы, есептеуіш техникасының дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар туралы білімін қалыптастыру; Ә) Дамытушылық: «Информатика» пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру; Б) Тәрбиелік:Оқушыларды сауатты түрде сөлей білуге, өзойын жеткізе алуға, компьютерлік терминдерді дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу. Пән аралық байланыс: тарих, физика Сабақтың көрнекілігі:дербес компьютерлер, мультимедиалық проектор, Windows ОЖ, материалды көрсету үшін презентациялар. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту; топқа бөлу. (оқушыларды бірнеше бөлікке бөлінге алғашқы есептеуіш машиналарды суреттерін құрау арқылы топқа бөлу) Топ аттары: «Лейбниц» «Паскаль» ІІ. Үй тапсырмасы. Алғашқы есептеуіш машиналады жасаған ғалымдар туралы ақпарат дайындап келу. «Джон Непер» «Готфрид Вильгельм Лейбниц»

45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewTIENS company Created Date: 10/14/2015 23:22:00 Last modified by: User Company: SPecialiST RePack

  • Upload
    vancong

  • View
    217

  • Download
    4

Embed Size (px)

Citation preview

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Болашақ селолық округі №10 орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі: Жексенгалиев Нуршат Амантаевна

Тақырыбы:«Есептеуіш техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналарының буындары»

Мерзімі: 23.10.2015 ж.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың есептеуіш техникасының даму тарихы: есептеудің тарихы, есептеудің ыңғайы мен құрылысы, есептеуіш техникасының дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар туралы білімін қалыптастыру;

Ә) Дамытушылық: «Информатика» пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелік:Оқушыларды сауатты түрде сөлей білуге, өзойын жеткізе алуға, компьютерлік терминдерді дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: тарих, физикаСабақтың көрнекілігі:дербес компьютерлер, мультимедиалық проектор, Windows ОЖ,

материалды көрсету үшін презентациялар.

Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту; топқа бөлу.(оқушыларды бірнеше бөлікке бөлінге алғашқы есептеуіш машиналарды суреттерін құрау арқылы топқа бөлу)Топ аттары: «Лейбниц»

«Паскаль»ІІ. Үй тапсырмасы.Алғашқы есептеуіш машиналады жасаған ғалымдар туралы ақпарат дайындап келу.

«Джон Непер» «Готфрид Вильгельм Лейбниц» «Джон фон Нейман» «Блез Паскаль және оның машинасы»

ІІІ. Жаңа сабақ.Компьютерлер біздің өмірімізге ерте кезден енген. Олар әлемге түпкілікті еніп,

адамдардың мүмкіндіктерін өзгертті. Компьютер біздің өмірімізді айтарлықтай жеңілдетті. Кей жағдайда біз өмірімізді компьютерсіз және интернетсіз елестете алмаймыз. Компьютер мүмкіндіктерінің жедел дамуына сәйкес информатика пәні де қызықты болуда.Көптеген дамыған елдерде алғашқы машинаның үлгілері сақталған мұражайлар бар.

Бүгін сабақта біз жаңа ІІ-бөлімді, яғни «Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы» деп аталады. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Есептеуіш техниканың даму

тарихы. Электронды-есептеуіш машиналадың (ЭЕМ) буындары». Оқулықтан § 2.1 және § 2.2 ашасыңдар.

Есептеуіш техниканың даму тарихы бірер ғасыр бүрын басталған және олардың дамуын төрт кезеңге бөлуге болады: қол саусақтарымен санау, механикалық, электромеханикалық және электрондық.

Қараңдаршы оқулықта 12-суретте нелер көрсетілген?

Қол саусақтарымен санау кезеңі

Қол саусақтарымен санау басталған кезең, ол біздің заманымыздан бұрынғы 50 мыңжылдықтан бастап XVII ғасырға дейінгікезеңді алады, яғни есептеуіш техникасының дамуы адазат өркениетінің дамуына бастау алған. Есептеу үшін әр халықта түрлі тәсіл пайдаланылды: қол саусақтары, таңбалар, ағаш таяқшалар, ұсақ тастар, түрлі дәндер, түйілген түйіншектер, шот, таспиық, т.б. содан кейін санау құралдары пайда бола бастады. Ғалымдардың кейбірі есепшот ең алғаш рет Қытайда пайда болған десе, кейбір оқымыстылар ертедегі Египетте, жекелеген зерттеушілер ежелгі Гекияда қолданылған деген пікірде. Мұндай санау құралдарын ггректер мен еуропалықтар «абак», жапондықтар «серобян», ал қытайлықтар «суан-пан» деп атаған. Осылардың қатарына орыстардың есепшоттарын жатқызуға болады.

Механикалық кезең

Механикалық кезең XVII ғасырда механиканың дамуына сәйкес шықты. Бұл кезеңді есептеудің механикалық элементтері қолданылған есептеу құрылғылары мен құралдары жасала бастады. Паскаль, Лейбниц арифмометрі, Бэббидж аналитикалық машинасы және т.б. құралдар арифметикалық төрт амалдарды ғана орындай алатын.

Электромеханикалық кезеңЭлектромеханикалық кезеңнің дамуы 60 жылға ғана созылды. Ол Г. Холлерит

құрастырған бірінші перфорациялық машинасына бастап (1887 ж.) алғашқы электронды-есептеуіш машинасына (ЭЕМ) ENIAK (1946 ж.) дейінгі аралықты қамтиды.

Электромеханикалық есептеуіш құралы сол кезеңнің жаппай есеп жүргізуіне өте қолайлы болды. Электромеханикалық кезеңде Бэббидж идеясымен программалық басқаруға бейімделген әмбебап есептеуіш машинасы жасалып, оның негізінде есептеуіш техникасының электрондық даму кезеңіне аяқ басты.

Электрондық кезең ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап дами бастады. Бұл кезеңнің негізгі құралы үлкен электронды-есептеуіш машиналар (ЭЕМ) болып табылады. Осы ЭЕМ-нің негізінде басқарудың автоматтандырылған және ақпараттық іздеу жүйелері құрылды.

Компьютерлік кезең ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында дами бастады. Нақтылай айтқанда кәсіби мақсатта және күнделікті өмірде пайдалану үшін стандартты программалармен жабдықталған дербес компьютерлер пайда болды.

ЭЕМ-нің буындары – есептеуіш техникасының архитектурасы мен техникалық міндеттерінің даму кезеңі. Буындардың алмасуы және элементтік базаға өтумен байланысты және ол үдеріс ЭЕМ-нің негізгі сипаттамаларының даму деңгейіне сәйкес жүргізіледі.

ЭЕМ-нің жаңа буындары

Жаңа қолданусаласы

Жаңа программалық қолданба

Жаңа өндірістік технологиялар

Жаңа элеметтік база

Даму буындар

ы

ЭЕМ суреттері Элементтік база Элементтік базаның

кескіндері

Қолдану жылдары

І Электрондық шамдар

1946-1956

ІІ Транзисторлар 1956-1964

ІІКіші көлемдегі

интегралды микросхемалар

1964-1971

IV Микропроцессорлар 1971 жылдан осы уақытқа

дейін

V Өте үлкен интегралдық

схемлар, жасанды интеллект

элементтері

Болашақта

Осындай компьютерлерге қол жеткізу үшін көптеген ғалымдар көп еңбек сіңірген. Қазір «Қай ғалым?» ойыны.

Ойынның шарты экранда ғалымның суреті көрсетіледі, сол ғалымның кім екенін таныған оқушы үйге берілген тапсырма бойынша сол ғалым туралы жинаған мағұлматын береді.Бір ескеретін жағдай, алдарында берілген «Бағалау бетшесі» ол әр топ басшысы өзінің топ мүшелерімен ақылдаса отырып, келесі топ мүшелерінің үй тапсырмасын бағалайды.

Тақтамен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу1. Төрт амалды ғана орындайтын есептеуіш техникасын ойлап тапқан

ғалымдардың бірі(Паскаль)

2. ХХ ғасырдың 50- жылдарында дамыған кезең? (электрондық)3. Информацияның заңдылықтарын зерттейтін ғылыми білімдер саласы.

(информатика).4. 1971 жылдан бастап қазіргі уақытта пайдаланып жүрген элементтік база.

(микропроцессор)5. Компьютер атасы Бэббидждің есімі. (Чарль)6. ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында дами бастаған кезең (компьютерлік)7. Сурет салуға арналған программма. (пайнт).8. ХVІІ ғасырда қандай кезең белең алды?(механикалық)9. Ертеде санау құралдарын жапондықтар не деп атаған?(серобян)

Сегіту сәті. Сабақты бекіту. Дәптермен жұмыс«Информатикалық диктант» сұрақ-жауап

1. Ең алғашқы санау құрылғысы. (саусақтар)2. Дамудың І-ші буынындағы элементтік база. (Электрондық шам)3. ХХ ғасырдың 80-жылдарында қай кезең белең алды? (компьютерлік)

Бағалау. Оқушылардың бағалау бетшедегі бағалары мен мүғалімнің бағаларын талдай отырып, оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқып, түсінік айту.

Бағалау парағы

№ Аты-жөні Үй тапсырмасы

Тақтамен жұмыс

Дәптермен жұмыс

1

2

3

4