41
ТӘУЕЛСІЗДІК - ТУЫМ МЕНІҢ ҰСТАҒАН Ғайса-Ғали Сейтақ Мультимедиялық библиографиялық бейнекөрсетілім

Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

  • Upload
    others

  • View
    4

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

ТӘУЕЛСІЗДІК - ТУЫМ МЕНІҢ ҰСТАҒАН

Ғайса-Ғали Сейтақ

Мультимедиялық библиографиялық

бейнекөрсетілім

Page 2: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Алғысөз

Ғайса-Ғали Сейтақтыңөлеңдері

Ғайса- Ғали СейтақтыңФото әлемі

Ғайса- Ғали Сейтақтыңөмірбаяны

Ғайса-Ғали Сейтақтың

шығармалары

Page 3: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Алғысөз

М.Горький атындағы Орал қалалық кітапхана сіздердіңназарларыңызға поэзия өнерінің дариясында желкендіқайықтай еркін жүзіп жүрген белгілі ақын, журналист,Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарыныңмүшесі Ғайса–Ғали Сейтаққа арналған “Тәуелсіздік – туымменің ұстанған...” мультимедиялық библиграфиялықбейнекөрсетілімді ұсынады.

Құрал кітапхана қызметкерлеріне, оқушыларға,студенттерге, ұстаздарға және қалың оқырман қауымғаарналған.

«Досы сатып, қасы атып кетіп жатқан жалғантірлікте, кей тұстарда адамдықтың бетінешіркеу түскен, арғымағын жабыға айыр-бастаған заманда ақындығына қоса адам болыпқалу үшін де, «түрленбеген тағдырына тәнтіСейтақтың ғұмыры баянды болғай!»

Ұлдай Сариева

Page 4: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі
Page 5: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі
Page 6: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Сейтақ Ғайса-Ғали Самиғоллаұлы 1958 жылы шілденің 1-інде

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы

қазіргі Хан ордасы ауылында дүниеге келген.

1976 жылы қазіргі Жәңгір хан атындағы Орда орта мектебін,

1980 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық

институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша

бітірген. 1980-1982 жылдары Тасқала аудандық «Екпін»

газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. 1982 жылдан

облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редактор

орынбасарына дейінгі жолдан өтті. 2000 жылдан бері

«ҚазАқпарат» Халықаралық ұлттық ақпарат агенттігінің

БҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін қоса атқарып келеді.

Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады.

Page 7: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің мүшесі. Қазақстан

Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі. 1987

жылы бір топ өлеңдері «Жалын» баспасынан шыққан

«Қарлығаш» ұжымдық жинағына енгізілген. Әр жылдары

«Маңдай» (Жалын,1990), «Аман бол, атамекенім» (Дастан,

1996), «Нарынның нар ұлдары» (Жазушы, 1998), «Ай-арудың

алқасы» (Өлке, 2001), «Тек пен тамыр» (Арыс, 2005),

«Жақыным менің - жалпақ ел» (Сөздік - Словарь, 2007) жыр

кітаптары жарық көрген.

1987 жылыдың қортындысы бойынша Республикалық

«Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы

сыйлықтың лауреаты Қ.Мырзалиев атындағы мүшайраның

бас жүлдегері. Қазақ радиосы ұйымдастырған

«Қазақстаным - қара шаңырағым» және облыстық «Орал

өңірі» газетінің 90 жылдығына орай өткізілген «Жайық

жырлайды» республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері.

Page 8: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі
Page 9: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Бұл ақынның бірінші кітабы.

Алайда автордың “тұла бойы тұңғышынан”

кәнігі қаламгерге тән кесек ой, кестелі тіл

аңғарылады.

Сейтақ, Ғ.

Маңдай [Мәтін]: өлеңдер. - Алматы:

Жалын, 1990.- 112 б.

Page 10: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Сейтақ, Ғ.

Аман бол, Атамекенім

[Мәтін]: өлеңдер, поэма.- Орал:

Дастан, 1996.- 160 б.

Page 11: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ақын Ғайса-Ғали Сейтақтың бұл кітабына

негізінен еліміздің өткенін, ұлы тұлғалар

тағдырын және қазіргі заманның қат-қабат

тұстарын арқау еткен өлеңдері мен поэмалары

енгізілген. Сейтақ, Ғ.

Нарынның нар ұлдары [Мәтін]: өлеңдер мен

дастандар. - Алматы: Жазушы, 1998.- 176 б.

Page 12: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Кітапқа ақынның соңғы жылдар бедерінде

жазылған өлеңдері мен дастандары

топтастырылып отыр. Ақынның жырлары

нәзік лиризммен, тосын ой орамдарымен

ерекшеленеді. Жинақ барша жыр сүйер

қауымға арналған.Сейтақ, Ғ.

Ай арудың алқасы [Мәтін]: өлеңдер мен

дастандар.- Алматы: Өлке, 2001.- 120 б.

Page 13: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Кітапқа аты республикаға танымал талантты

ақынның жиырма бес жыл бедерінде жазған

таңдаулы туындылары топтастырылды.

Сезімі сергек, ойы айқын, тілі қарапайым да

құнарлы өлең-жыр жинағы сөз қадірін ұғынар

қалың оқырман қауымға арналған.

Сейтақ, Ғ.

Тек пен тамыр [Мәтін]: өлеңдер мен

дастандар.- Алматы: Арыс, 2005.- 328 б.

Page 14: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ақынның бұл кітабына негізінен ата жұрты –

Нарын құмы мен Ақ Жайықтың тарихи сырға

толы кешегісі мен бүгіні, қоғамдық өмірдің сан

түрлі қалтарыстары туралы, сондай-ақ махаббат,

жастық шақ тақырыбында жазылған

туындылары енгізілген.

Сейтақ, Ғ.

Жақыным менің – жалпақ ел [Мәтін]:

өлеңдер / Ғайса-Ғали Сейтақ. – Алматы: Сөздік -

Словарь, 2007.- 240 б.

Page 15: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ғайса–Ғали Сейтақтың

Фото әлемі

Page 16: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ақын өлеңдерінде өршіл рух , қайсар мінез бар.

Ғайса –Ғалидің шығармашылығы – өлеңді кәсіп еткен немесе

ермек кылған кісінің ісі емес, поэзияны жанына сыңарындай

сырлас серігі еткен ақынның дүниесі.

Page 17: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ғайса-Ғали Сейтақтың анасы

Анаға хат

Із-түзсіз қалып көп дерек,

Өтеді күндер алаңсыз.

Жүрсің бе апа, өкпелеп,

Кетті деп біздер хабарсыз.

Даланың жүзі қуарып,

Көңілге күдік толы көп.

Жүрсің бе әлде қуанып,

Қос ұлым ақын болды деп.

Қайғының жұрты алыстап,

Астана жерін бассаң да,

Елестеп көзге таныс бақ,

Ордаға жетер бәс бар ма!

Қайтасың қайран ауыл деп,

Секілді ол төрі жұмақтың.

Қаумалап күтер қауым көп,

Қаладан, әттең, жырақ тым.

Білмеймін, кештік күй нендей,

Жүректе көп сыр түюлі.

Келеміз бірақ үйренбей

Ауылды сенше сүюді!

Page 18: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ақын Ғайса-Ғали Сейтақтың отбасы

Page 19: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ақын ауылының қазіргі келбеті

Page 20: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі
Page 21: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді

дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастырған

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауында «Үздік

мақала» номинациясынан 3-орынды Батыс Қазақстан облысы

«Казақпарат.кз» сайтының меншікті тілшісі Ғайса-Ғали Сейтақ иеленді.

Page 22: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Орал өңірі ұжымының конференция залы

Page 23: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық

мектеп-интернаты кешеніне 90 жыл

Page 24: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Айтыскер ақын, ақын Бауыржан Халиолланың

шығармашылық кеші

Қаламдас інісіне ақ жол тілеп тұрған сәт

Page 25: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ардагерлермен кездесу кешінен естелік

Page 26: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Жаңақала ауданындағы тарихи

орындардан естелік

Page 27: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

“Тарихқа тағзым” ақындар айтысынан естелік

Таректі ауданы

Page 28: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы - Құсайынов Дәулеткерей.

Ақын Ғайса-Ғали Сейтақ.Спорт жұлдызы Илья Ильин.

Page 29: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ақын Ғайса –Ғали Сейтақ әріптестерімен

Page 30: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Мейлі, күндер жырыл қағып ,тез өтсін,

Мақсатыңа жетсең ғана, өжетсің.

Біреулердің ізін қайта басқанша,

Өзің салып жүрген жолға не жетсін!

Ғайса-Ғали Сейтақ

Page 31: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы

Ақын Ғайса-Ғали Сейтақ пен Амангелді Шахин оқушылармен кездесу кеші

Page 32: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі
Page 33: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі
Page 34: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Бұл қаламмен 1995 жылдың қаңтарына

дейін Қадыр Мырза Әлі, 1995 жылдың

қаңтарынан 1998 жылдың 13 қарашасына

дейін Жанғали Набуллин өлең жазған,

1998 жылдың 13 қарашасынан бастап

Ғайса-Ғали Сейтақ өлең жаза бастады.

Қалам

Page 35: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Ғайса- Ғали Сейтақтың

өлеңдері

Page 36: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

«Какая боль – искать

потерянное слово».

О.Мандельштам.

Бұл тірлік – қой етіне тойған қасқыр,Тұсынан өтсем-дағы тойлар жастың,Көріктен жұрдай бүгін болмасам да,Неліктен сөз ұстамай, Ойдан қаштым!? Қалың жау шекарадан қаптағандай,Ханын да орға жығар мақтаған бай.Базарын бұл өмірдің шарласам да,Ажарын күй кешемін таппағандай.Мен қалай жұрттан өзге жол ашамын,Демеймін: сыбағамды мол асадым.Шоқ түсіп жүрегіме, Аһ ұрамын,Оққа ұшып кетпесе деп Болашағым.

Ел іші бүлінсе егер, сыйы кетер,Ақынның соған жаны күйіп өтер.Тоналған бақ-дәулет те ештеңе емес,Жоғалған сөзді табу қиын екен.Қайғырмай жүрмін бірақ соған да аса,Қанымды қоғам дейтін сорар маса....Сөз-дағы бір күн қайтып оралар-ау,Болғаны халқым мәңгі жоғалмаса!

Ғайса- Ғали Сейтақ

Page 37: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Жылқылар

(Жылқы жылғыларға)

Жұлдыз ба аққан көгімнен,

Көмбе ме сонау көрінген!?

Тұлпарсыз тірлік сәні жоқ

Құйрығы-жалы төгілген.

Жылқысыз қазақ бай деме,

Түседі кейде жай неге!?

Сәйгүлік қанша сүрініп,

Мүлт кеткен өмір-бәйгеде!

Тимеген тұяқ қыр бар ма,

Өтеді заулап құмнан да.

Арланың-дағы бата алмас,

Арқырап айғыр тұрғанда.

Шауып бір өтсе жалғаннан,

Жүйрікте қандай арман бар!

Үмітін үзіп кетеді

Үйірден шығып қалғандар.

Кетсе де тірлік мұнартып,

Мықтылар ғана тұрар тік.

Мәстекпен ғұмыр кешкеннен

Арғымақ мінген күн артық!

Тұлпардай бейне тұрқы бар,

Тай-құлын сынды шұрқырар,

...Сүріңдер өмір өзгеше,

Жүріңдер аман, Жылқылар!

Ғайса-Ғали Сейтақ

Page 38: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Орданың орманыТуған дала, келбетіңе қайранмын,

Көз алдымда – құшағын кең жайған құм.

Ортасынан ойып орман жасаған

Бабалардың қолдарынан айналдым.

Кіндігінен тұрғандай ел байланып,

Орманымда Күн де жарық , Ай да анық.

Көк теректер қолын созып аспанға,

Ақ қайыңдар билегендей айналып.

Жасқұсымнан алдым алтын шуақты,

Көкіректе қаншама арман гүл атты.

Ордамдағы жиде деген – мықтылық,

Қарағайлар биіктігім сияқты!

Ғайса –Ғали Сейтақ

Page 39: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Жайықтың жусаныЖазылар , шамасы,

Жүректің жарасы.

Жыр толы,сыр толы

Жайықтың жағасы.

Жұмбақты шешкен бе ел,

Жылы леп ескен бел.

Жөңкіліп жан-жаққа

Жеті жұрт көшкен жер.

Жол бойы - обалар ,

Жайық па жоғалар!?

Жусаны бұрқырап,

Жұрты бар оралар!

Жарқ еткен жалыны

Жаужүрек бар ұлы.

Жүрекке түскендей

Жұлдыздар жарығы.

Жалт ойнап аспанда ,

Жазылар дастан да

Жайықтың жусаны

Жұпарын шашқанда!

Ғайса – Ғали Сейтақ

Page 40: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Қалам мен жанар

Жолбарысты іздеп ем,

Мысық жылай бастады.

Жазыла ма күзде өлең,

Ұйқыныңда қашқаны.

Кей күнімнен түн жарық,

Ашық Айдың қабағы.

Бас жағымда тұр жанып,

Қадыр ақын қаламы

Өзім жазам от басып,

Жүректегі жараны.

Кетер сонда шоқ шашып,

Жанғалидың жанары.

Ғайса-Ғали Сейтақ

Page 41: Ғайса Ғали Сейтақcgb-oral.kz/images-new/17/2/2.pdf · 2017-09-26 · «Қазақстаным-қарашаңырағым»жәнеоблыстық«Орал өңірі

Орал қаласыЛ.Толстой көш., 27/6

тел: 51-28-0751-20-88

«М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы» ММ