87
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы Диплом жұмысы Стилистикалық коннотациялар Орындаған 4 курс студенті _________________ Алибаева И.Н. Ғылыми жетекші Ф.ғ.докторы, профессор _________________ Әлкебаева Д.А. Норма бақылаушы _________________ Әміров. Ә.Ж. Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберілді

Диплом коннотация

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Диплом коннотация

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Филология факультетіҚазақ филологиясы кафедрасы

Диплом жұмысы

Стилистикалық коннотациялар

Орындаған 4 курс студенті _________________ Алибаева И.Н.

Ғылыми жетекшіФ.ғ.докторы, профессор _________________ Әлкебаева Д.А.

Норма бақылаушы _________________ Әміров. Ә.Ж.

Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберілдіфилол.ғ.докторы, профессор _________________ Шалабай. Б.

«3 маусым 2010ж.».

Page 2: Диплом коннотация

Реферат

Диплом жұмысының тақырыбы: Стилистикалық коннотацияларДиплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын тіркес сөздер:

стилистикалық мағына, стилистикалық коннотациялар, экспрессивтік тілдік бірліктер, стилистикалық әсер, стилистикалық бояу.

Диплом жұмысының өзектілігі: Танымдық процесс негізінде дамыған адам санасы объекті мен субъектінің арасындағы эмоционалдық қатынасты қалыптастырады. Эмоция психологтар мен философтардың айтуынша, объективті шындықты бейнелеудің, танып білудің және бағалаудың түрі әрі ол адам әрекетінің негізі болатын қажеттілікпен тікелей байланысты. Психикалық құбылыстың көркем тіл арқылы бейнелену жайы, әсіресе публицистикалық шығармаларда эмоционалдылықты, бағалауыштық пен экспрессивтілікті зерттеу әлі кең қанат жайған жоқ.Сондықтан, тілдік бірліктердің экспрессивті-эмоционалды қасиетін танытатын бояулы сөздерге, олардың адамға беретін әсеріне көңіл аудару қажет.

Диплом жұмысының нысаны: Жұмыс барысында баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларда, көркем әдебиетте кездесетін коннотацияларды нысан етіп алдық.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қазақ тілі экспрессивті стилистикасының бөлшегі болып табылатын стилистикалық коннотациялардың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау және стилистикалық коннотациялардың табиғатын ашу. Мақсатқа қол жеткізу барысында зерттеудің мынадай міндеттері анықталды:

- қазақ тіліндегі стилистикалық коннотациялардың логика-философиялық негіздерін, танымдық тұғырын анықтау;

- коннотациялардың экспрессивтілігінің психологиялық және лингвистикалық ортақ мәселелері мен айырмашылықтарын анықтау;

- стилистикалық коннотациялардың зерттелуі мен қалыптасу сипатына шолу жасау;

- қазақ тіліндегі стилистикалық коннотациялардың мазмұны мен ұғымдық мәнін, жалпы стилистикалық жүйедегі орнын анықтау және жүйелеу;

- коннотациялардың әр түрлі стилистикалық амал-тәсілдер жүйесі арқылы жасалатынын троп түрлері мен фигураларды талдап, жүйелеу;

Диплом жұмысының әдістері: Жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда тілдік деректер мен ғылыми тұжырымдарды диахронды-тарихи-салыстырмалы, синхронды-салғастырмалы, сипаттамалы талдау, жинақтау, баяндау, жүйелеу, тілдік факторларды салыстыра отырып зерттеу әдісі, прагматикалық, лексика-семантикалық т.б. зерттеу әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушалардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының көлемі: 55 бет Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 35

Page 3: Диплом коннотация

Глоссарий

Стилистика – осы терминнің тілтану біліміндегі барлық мағыналарына сай Стилді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Стилистика стильдердің даму, өзгеру тарихын, тілдік құрастыру тәсілін, жанрлық қатынасын, тілдің экспрессивтік құралдарын зерттейді.

Стиль – адамдар арасында қарым-қатынас қызметін атқаруда көрінетін біршама бекітілген жүйе.

Прагматика – коммуниканттардың бір-біріне және мәтіннің мазмұнына (жазбаша және ауызша түрде) олардың коммуникативтік пиғылымен және сұхбаттасу мән-жайымен санасқан жеке қарым-қатынасы.

Семасиология – орыс және европа дәстүрлерінде сөз, сөз тіркесі, сөйлем мағыналарын зерттеумен айналысатын тіл білімінің бір саласы.

Коннотация – тілдік бірлік мағынасында жасырын әрі қосымша ерекше компонент; дүние туралы білім мен белгіленетін заттың эмотивті қабылдануын, семантикадағы субъектілікті байланыстырады.

Деннотат – тілдік бірлік арқылы белгіленетін шындықтың көптеген объектілері.Ол арқылы адамның танымдық қызметінің нәтижесі белгіленеді.

Поэтизмдер – белгілі бір экспрессивтік-эмоциялық реңкі бар, кез келген ситуацияда қолданыла бермейтін, көбінесе бейтарап параллелі көрініп тұратын сөздер.

Тілдік сана – ұлттық қоғамдық сананың маңызды бөлігі, нақты бір халықтың тіліне, мәдениетіне тән, кеңістікті, себеп-салдарлы, эмоциялы және т.б. байланыстары арқылы анықталатын әлем бейнесі.

Page 4: Диплом коннотация

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 I Стилистиканың негізгі нысаны. Адам, ойлау және тіл. . . . . . . . . . . 5 1.1 Стилистикалық коннотацияның табиғаты . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15 1.2 Коннотациялардың зерттелу тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24

1.3 Стилистикалық коннотациялардың құрамдас бөліктері мен түрлері, олардың қолданылу аясы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35

II Функционалды стильдерде кездесетін стилистикалық коннотациялар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41

2.1 Көркем мәтінде кездесетін стилистикалық коннотациялар. . . . . . 49

2.2 Публицистикада кездесетін стилистикалық коннотациялар . . . . . 53

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 57Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60

Page 5: Диплом коннотация

КіріспеКез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы

табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланыста болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние - әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан-дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.

Диплом жұмысының өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады.Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған. Қазіргі ғылымның дамуындағы антропоцентристік бағыт адамды интеллектуал тұлға ғана емес, оны эмоционалды менталды қырынан да қарастырады. Жеке тұлғаның психикалық құрылым компоненттерінің бірі эмоция болса, бұл феномен стилистикада арнайы тіл құралдары мен стилистикалық амал-тәсілдер арқылы объективтенеді. Тілдің адамнан тыс тұрған жеке құбылыс емес, адаммен бірліктегі, бірін-бірі анықтайтын күрделі құрылымдар болып саналатыны да сондықтан. Тілдің ең кіші бірлігі дыбыстан бастап мәтінге дейінгі тіл бірліктерінің барлығы адамның қандай да бір ішкі эмоциясы мен көңіл-күйін жеткізуге қызмет етеді. Тіл тарихи категория ретінде өзінің дамуы барысында эмоцияны сыртқа шығарудың түрлі тілдік механизмдерін қалыптастырады. Алайда, тілдің шынайы мүмкіндігі, әлеуеті сөз әрекетінде әр қырынан ашылады, сондықтан қазіргі қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық қызметінің сөздегі мүмкіндіктерін, яғни коннотациялық реңктерін арнайы зерттеу өзекті болып табылады.

Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің эмоционалдық, экспрессивтік қызметі ғалымдардың назарын көптен бері аударып келеді. Стилистиканың ғылым ретінде дамуына түрткі болған В.Гумбольдт, К.Фосслер зерттеулері дүниеге келген заманнан бері бұл бағытта көптеген еңбек жазылды. Сол

Page 6: Диплом коннотация

кезеңдегі тілдің эстетикалық табиғатын оның экспрессивтік қызметімен тығыз байланысты қараған тұжырымдар бүгінде дамытылып стилистиканың экспрессивтік қызметімен тығыз байланыста қараған тұжырымдар бүгінде дамытылып, стилистиканың экспрессивтік стилистикасының қарастыратын мәселелеріне айналды.

Диломдық жұмыстың арқауы болып отырған стилистикалық коннотациялар бүгінгі күнде экспрессивтік стилистиканың өзекті мәселесіне айналуына қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр. Стилистикалық коннотацияларды ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеудің перспективасы тілдегі дара стиль категориясын, көркем шығарма тілін, функционалды стилистика, стилистикалық ресурстар, ортология, сөз мәдениеті т.б. мәселелерді әр қырынан және тереңірек зерттеуге ықпал етеді.

Жалпы эмотивті лексикаға қатысты қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдеріндегі зерттеу еңбектерінде эмоционалды-экспрессивті лексиканың көркем шығармада қолданылуы, синтаксистік парадигмалары, олар сөйлеу коммуникациясындағы қолданысы жан-жақты сөз болды. Негізінен эмоцияны бейнелейтін коннотацияларға арналған бұл еңбектердің қазақ тіліндегісі бірен-саран ғана. Бұл жұмыс экспрессивтік стилистиканың жүйесін құрайтын белгілі семантикалық топ бірліктері ретінде стилистикалық коннотациялардың өзіндік қасиеттерін зерттеуді мақсат еткен жұмыс болып есептеледі.

Халықтың ақыл-ой, дүниетанымы, өмір сүру тәсілі материалдық және рухани мәдениеті, тарихы, сол материалдық, рухани дүниелердің қалыптасуы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары сияқты белгілер ұлт болмысын құраса, оны тіл арқылы танып білң бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Ұлт болмысын мәдени байлықтары тұрғысынан көрсетуге көмектесетін стилистикалық коннотациялар сияқты экспрессивтік стилистиканың бөлігінің болуы жұмыс аясының ауқымдылығын кеңейту қажеттілігін тудырады.

Диплом жұмысының нысаны. Жұмысты жазу барысында баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар, А.Сүлейменовтың «Бесін» әңгімесі, С.Бердіқұловтың «Үшінші подъезд» повесі, сондай-ақ М.Шахановтың поэзиясында кездесетін бейнелі тіркестер, коннотациялар мысал ретінде алынды. Сонымен бірге негізгі нысан қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық жүйесі.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – эмоция мен экспрессиялық көңілді білдіретін стилистикалық коннотацияларды соңғы жылдары қалыптасқан лингвистика ғылымындағы жаңа қолданыстар негізінде кешенді түрде қарастыру, классификациясын жасау, семантикалық сипатын ашу, оларды ғылыми тұрғыда талдау. Осы мақсатқа жету үшін бір-бірімен іштей байланысатын мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

- зерттеліп отырған коннотациялық компоненттердің бағалауыштық, экспрессивтік, стилистикалық мағына ерекшеліктерін ескере отырып талдау;

Page 7: Диплом коннотация

- қазақ тіліндегі стилистикалық коннотациялардың логика-философиялық негіздерін, танымдық тұғырын анықтау;

- коннотациялардың экспрессивтілігінің психологиялық және лингвистикалық ортақ мәселелері мен айырмашылықтарын анықтау;

- стилистикалық коннотациялардың зерттелуі мен қалыптасу сипатына шолу жасау;

- қазақ тіліндегі стилистикалық коннотациялардың мазмұны мен ұғымдық мәнін, жалпы стилистикалық жүйедегі орнын анықтау және жүйелеу;

- коннотациялардың әр түрлі стилистикалық амал-тәсілдер жүйесі арқылы жасалатынын троп түрлері мен фигураларды талдап, жүйелеу;

- көркем әдебиет пен публицистикадан алынған нақты тілдік деректер арқылы коннотацияның экспрессивтік қызметі мен сипатын анықтау;

Диплом жұмысының әдістері: Жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда тілдік деректер мен ғылыми тұжырымдарды диахронды-тарихи-салыстырмалы, синхронды-салғастырмалы, сипаттамалы талдау, жинақтау, баяндау, жүйелеу, тілдік факторларды салыстыра отырып зерттеу әдісі, прагматикалық, лексика-семантикалық т.б. зерттеу әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының дереккөздері. Жұмысты жазу барысында қазақ ауызекі сөйлеу тілінен, әдеби тілінен, көркем әдебиет стилінен, публицистика материалдарынан алынған тілдік бірліктер, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер, қазақ классикалық әдебиеті мен қазіргі әдебиет өкілдері шығармаларынан дәйектеме сөйлемдер алынды. Абай, М. Әуезов, Б. Соқпақбаев, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Сәрсенбаев, А. Сүлейменов, С. Бердіқұлов, Д. Досжан, М. Шаханов т.б. жазушылардың шығармалары, сондай-ақ М. Кольцовтың публицистикалық шығармалары мен лингвистика және экспрессивтік стилистика теориясы бойынша еңбектер пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушалардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының көлемі: 55 бет Диплом жұмысында пайдаланылған әдебиеттер саны: 35

Page 8: Диплом коннотация

I. Стилистиканың негізгі нысаны. Адам, ойлау және тіл.

Қазіргі заман лингвистикасында тіл негізінен екі парадигмада зерттелуде. Біріншісі – құрылымдық парадигма (структурацентристік), екіншісі – антропоцентристік парадигма. Жиырмасыншы ғасырдаң соңғы он жылдығында дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам-тіл-мәдениет», «адам-тіл-ойлау» үштігі негізінде гуманитарлық зерттеудің пәнаралық салаларының дамуын күшейтті.

Адам ерте заманнан-ақ өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын, өзін, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесі болмайды, сондықтан таным адам санасын дамытудың негізі болып табылады.Қоғам бар жерде адам, адам бар жерде таным процесі жүріп жататынына орай, сезімдік таным процесін сөз еткенде, эмоцияның қыр-сырына үңілмеске болмайды.

Эмоциялар – адам өмір сүруінің маңызды бөлігі. Адаммен эмоция әлемінің тілдегі көрінісі тікелей байланысты. Г. А. Золотова: «Адам - әлемнің басты көзге түсетін және сол әлемді суреттей білетін орталық тұлғасы», – деп атап көрсетеді. [16, 5 б.] Эмоцияны білдіретін тілдік құралдардың әр түрлілігі адамның эмоция әлемінің дүниенің тілдік бейнесінен көрінуінен-ақ байқалады. Сөз тілдік бейне жасайтын тілдік құралдардың ядросы (өзегі) болып табылады.

Танымдық процесс негізінде дамыған адам санасы объекті мен субъектінің арасындағы эмоционалдық қатынасты қалыптастырады. Эмоция психологтар мен философтардың айтуынша, объективті шындықты бейнелеудің, танып білудің және бағалаудың түрі әрі ол адам әрекетінің негізі болатын қажеттілікпен тікелей байланысты.

Түрлі психикалық әрекеттерді, оның ішінде эмоция құбылысының болмысын зерттеу Қ.Жарықбаевтың «Психология», Ә. Алдамұратовтың және Н.Итбаевтың «Жалпы психология» оқулықтарында, Х. Нұрмұқановтың «Сөз және шеберлік» монографиясында қарастырылған. Бұл ғылыми еңбектердегі тұжырымдардан шығатын қорытынды сыртқы дүние адам миында түйсік, қабылдау, сезіну, елестету арқылы бейнеленеді де, ойлау үстінде адам айналасындағы сол дүниеге талғаумен қарайды: жақсыға қуанады, жаманнан жиренеді немесе оған ашуланады. Осыдан келіп сезімнің әр қилылығы шығады: қайғы, мұң, қуаныш,сүю және бұлар – адам баласының жан әлемінде жаратылғаннан бері бар сезімдер. Эмоцияның ғылыми бағыты осылай айқын болса да, оның тілдік құралдар арқылы берілу мәселесін зерттеу әрдайым қиындық әкеліп отырады, өйткені сөйлеу үстінде адам бір эмоцияны әр түрлі сөзбен немесе керісінше, бір сөзбен бірнеше эмоцияны білдіруі мүмкін. Сондықтан эмоцияны білдіретін тілдік құралдарды туралы айтқанда, лингвист оны тікелей белгілеу мен бейнелеудің тілдік механизмін зерттеп, анықтап отыруға тиіс.

Адамның эмоциясы тіл арқылы танылатыны белгілі. Сондықтан психология мен физиологиядағы эмоцияның табиғатын тану үшін тілдің эмоционалды-экспрессивтік құрылымдарын зерттеу өте қажет. Себебі тілші

Page 9: Диплом коннотация

үшін сезім нақты тіл құралдары арқылы көрінгенде ғана таңба құралға айналады. Сонымен қатар, тілдің эмоционалды-экспрессивтік құрылымдарын тану ғылыми дұрыс болады.

Эмоционалдылықты білдірудың тілдік тәсілін лингвистикалық ғылымдардан стилистика өз ішіне алып қарастырады. Осындай бейнелі сөздерді зерттеудің барысында стилистиканың экспрессивті стилистика саласы туындайды.

Б. Шалабай өзінің «Қазақ тілінің стилистикасы» еңбегінде: « Тілдік қабаттардың бірліктері өздерінін негізгі мағыналарынан тысқары, әрқилы реңктерге ие болып келеді. Стилистикалық табиғаты жағынан олар біркелкі емес. Тілдік құралдар, осындай ерекшелігіне орай, алдымен бейтарап және стилистикалық бояулы болып бөлінеді», - деп коннотациялардың стилистикадағы орнына бастама беріп өтеді. [4, 18.]

Б. Шалабай өз еңбегінде стилистикалық бояудың екі түрін ажыратады: эмоционалды-экспрессивті және функционалды. Бұл жағдайда стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға өздерінің негізгі атаулық, заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарына үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функционалды мағыналарды қоса білдіретін тілдік құралдар жатады. Тілдің ондай қосымша сапа-қасиеттері әлгі құралдардың қолданылу өрісін шектеп, қарым-қатынастың белгілі бір саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді. Мысалы, жалмауыз, шошқа, сүмелек, шаһар, сөлектеу, желкебай, тыраштану т.б. Бұлар эмоционалды-экспрессивті бояуға ие тілдік құралдарға жатады.

Қазақ тіл білімі ғылымында тілдің экспрессивтілігі жайлы сөз ежелден-ақ қозғалған. Т. Қордабаев: «...тілдің қатынас құралы болу қызметі коммуникативтілік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтілік деп аталады»,- деген.О.С.Ахманова: «Экспрессия – сөздің мәнерлілік, суреттілік қасиеті. Ол – сөзді қарапайым (немесе бейтарап стильдік) лексикадан ерекшелеп, оған бейнелілік пен эмоционалды реңк үстейді», - деген.

Кез келген сөз ой бейнелеуде өзінің лайықты орнында қолданылса, эмоционалды сөз, оның экспрессивтілігі де жоғары. Бұл – жазушы, ақындардың еншісіндегі шеберлік, солардың шығармашылық деңгейін анықтайтын әрекет.

Қазақстан жеріне қашаннан да көз алртушылар аз емес еді ғой. Қазақтың дүркін-дүркін қырылып, өспей қалғанының бір қырсығы – осыншама жерге өзгелердің өзеурей қарағандығынан емес пе еді (Ш.М., «Хаттар», 19).

Үзіндідегі курсивпен белгіленген сөздер арқылы автордың эмоциясын білдіру мүмкіндігі ерекше. Мысалы, «көз аларту» деп отырғаны жай көз аларту ғана емес, өзгеге үстемдік жасап, қоқан-лоққы көрсету деген сөздің «сыпайысы» болса, «қырылып, өспей қалу» - шындықты жалпылай жеткізіп тұрған тура мағыналы сөз. Ал «өзеурей қарау» - суық қолын салғысы келіп, қомағайлана, құныға қарау деген мағынада тұр. Бұл сөздерден сөйлеушінің зат пен іске қатысы бейнеленіп, бағалауыштық категориясының әлеуметтік-прагматикалық рөлі нақты көрінеді. Сонымен қатар, автордың қоғамдық-

Page 10: Диплом коннотация

саяси жағдайға қатысы, оған баға беруі анық сезіледі, яғни бағалауыштықтың әлеуметтік сипаты анық байқалады.

Көркем шығарманың әсемдігі мен әсерлілігі оның тілінде. Сонымен қатар жазушы тілінің шұрайлылығы құлақ сарсытқан «жылтырақ» (Р.Сыздық) сөздердің емес, оқырман жүрегін дір еткізетін (аз да болса саз), экспрессиялық мәні жоғары сөздердің орынды қолданылуында. І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев қазіргі қазақ тілі лексикасының «қатты қарқынмен дамығанын» айта келіп, бұл дамуды «стильдік дамуға» саяды және оның «сөздің тұрақты мағынасын тірек етіп, дәстүр бойынша қалыптасқан нақтылы жұмсалуымен байланыстылығын» айтады. Оған мысал ретінде қарт, кәрия, кәрі, шал, көне, ескі сөздерінің мағыналары өзара жуық болғанмен, «стильдік қолданылуы жағынан айырмашылықтары бар» екендігіне тоқталады.

Page 11: Диплом коннотация

1.1 Стилистикалық коннотацияның табиғаты

Осылай, тілдік бірліктердің экспрессивті-эмоционалды қасиетін танытатын бояулы сөздер туралы сөз қозғауымызға тура келеді. Яғни бұл сөздер – стилистикалық коннотациялар.

Тіл ғылымының барлық саласында «коннотация» термині қолданылады, алғашқы мағынасынан оның қазіргі мағынасы әлдеқайда терең.

Стилистикалық коннотация бояу, стилистикалық мән деген мағынаны бере отырып, тілдік бірліктердің экспрессивті-эмоционалды,бағалаушы функционалдық қасиетін танытады.

Стилистикалық коннотация кең мағынасында тілдік бірліктердің бояулы өрнектері болып табылады. Стилистикалық коннотацияның құрамына зерттеудің әр түрлі аспектілері кіреді: әлеуметтік,саяси,моральдық, эстетикалық, этнографиялық т.б.

Қазіргі тіл ғылымында тілдік бірліктердің коннотациялық мағынасы жеке-жеке алынып зерттеу нысандарына ілінуі – осының айғағы.

Семасиологтардың көзқарастарында коннотацияның тілдік табиғатына қатысты біркелкілік әлі де жоқ болып отыр. Осы пікірлердің кейбіреуін қарастырып өтейік:

● коннотация – семантикалық тұрғыдан номинативтік бірліктердің құрамдас бөлігі (Э.С. Азнаурова, И.В. Арнольд, В.Н. Телия, В.И. Шайковский );

● коннотация тілдік семантиканың құрамдас бөлігі бола алмайды (Ю. Д. Апресян, Н.Г. Комлев, Д. Н. Шмелев);

● коннотация тілдік бірліктердің бояуы, реңі (Э. С. Азнаурова);● коннотация – сигнификат элементі (О.С. Ахманова);● коннотация – сөздер мен фразеологизмдердің ассоциативті-бейнелі

өрнегін жасайтын импликационал компоненті (В.Н. Телия);● коннотация – сөздің мүмкіндік ассоциативті энергиясы ( В.В.

Виноградов);● коннотация дегеніміз – стилистикалық мағына (И.В. Арнольд, А.В.

Филатов).Коннотация – экспрессивті бағалаушы стилистика категориясы бола

отырып стилистикалық норманы құраудың негізгі тәсілі. Коннотацияның негізгі белгілері денотативтік мағынадан қосымша мағынаға ие болуы эмоционалдық, экспрессивтік және бағалауыштықты білдіреді. Зерттеушілер коннотацияның әр түрлі жағдайда туындауының басты белгілеріне мыналарды жатқызады:

- ситуативті-психологиялық: ирониялық күлкі тудыратын,эвфемистикалық (күштеу мәндегі);

- әлеуметтік-лингвистикалық коннотация: жаргондық түрлері (ауызекі сөйлеуде, кітаби тілдегі);

Стилистиканың өзіндік ерекшелігін айқындайтын ұғымдары мен категориялары болады. М.Серғалиев стилистиканың басты ұғымдары мен категорияларына жалпы мағынадағы стиль, стилистикалық бояу,

Page 12: Диплом коннотация

стилистикалық құрылым, стилистикалық белгі, стилистикалық норма т.б. жататындығын айтады.

Стилистикалық коннотация дегеніміз – заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарға қосымша жұмсалынатын экспрессивтік және стилистикалық қасиеттер, ол – стилистикалық коннотацияның сипатын айқындайтын түрлері өте көп.

Қолданыс тіл стилистикасында стилистикалық коннотация прагматикалық салмаққа ие болғанда, таңбаның « іс-әрекеті» мәнділік сипаты анық көріне алады. Адресанттың мәтіннің мағыналық-ақпараттық мәнінің сипатын стилистикалық коннотация толық ашып бере алады, оның өн бойында бірге жүретін прагматикалық мақсат айқын аңғарылып тұрады. Мысалы, егеменді жылдарда публицистикалық стильде жаңа қазақ немесе бай қазақтар деген сөздер қолданысқа енді.Бұл арада стилистикалық коннотацияны семиотикалық тұрғыдан қарастыру қажет.Стилистикалық коннотация мен прагматика қарым-қатынас аясында зор прагмастилистикалық мүмкіндіктерге ие болады.Жаңа қазақ деген сөзде қазақ сөзі номинативті мағынасынан алшақтайды, ол жаңа сөзінің тіркесіп келуінде ол коннотативті мағынаға толық ие болады.

Жаңа қазақ сөзіндегі стилистикалық коннотация, стилистикалық фреймдер арқылы адамның ассоциативті теориялық ойлау жүйесінен туындаған, жаңа қазақ тіркесі ауызекі сөйлеу стилінде және публицистикалық стильде де жиі ұшырасады. Автор жаңа қазақ сөзі арқылы адресатқа астында қымбат машинасы бар, жаңа үлгімен киінген ақшалы адамды көзге елестетуге мүмкіндік жасайды. Жаңа қазақ тіркесінің прагматикалық мәні тарихи-әлеуметтік жағдайдан пайда болды.Жаңа қазақ таңбасын қолданушы адресант адресатқа төмендегідей прагматикалық мақсаттың нәтижесін бере алады: жаңа қазақ – қазіргі жаңа заман өкілі, жаңа қазақ кекесін мағынасын көрсетеді; жаңа қазақ – жаңа қоғамның өкілі, ақшалы бай қазақ, «жаңа қазаққа» адресант қызығушылық көзқарасын жасыра алмау үшін де айтуы мүмкін немесе керісінше, жаңа қазақ – ақылды, білімді, жаңа мемлекет өкілі. Жаңа қазақ – қазіргі кәсіпкер,жаңа заманның зиялы өкілі, сөйлеу жағдаяттарына және контекске байланысты адресант жаңа қазақ сөзін қоғамдық рухани құндылықтарын жоғалтқан, тек дүниеге қызығушы ғана ақшалы адам ретінде айтуы да мүмкін.Автор жаңа қазақты қолданғанда контекстік және ситуацияға байланысты оның прагматикалық салмағының басқаша қасиеттерін де бере алады. Бір ғана жаңа қазақ сияқты стилистикалық коннотациялық тілдік бірліктен әр түрлі прагматикалық мақсатта айтылған таңбаның қызметін көруге болады екен. Кез келген стиль түрінде стилистикалық коннотацияның прагматикалық факторларға негізделуі автордың білім аясы, мәдени дәрежесі, сөйлеу ниетінің гуманистік идеяларына,сондай-ақ танымдық әлемі, тәжірибесі арқылы да айқындалып отырады. Жаңа қазақ сөзінде прагматикалық фактор экстралингвистикалық факторлармен біте қайнасып жатады.Қоғамдық сананың қалыптасуындағы өзгеріс, әлеуметтік ортаның ықпалы, қарым-қатынас аясының әркелкілігі де көрінеді.Адресат (қабылдаушы) жаңа қазақ сөзінің астарынан әр түрлі прагматикалық ықпалды қабылдай отырып, өзінің де ой-сезімінің өзгеру әрекетін сезінеді. Жаңа қазақ адресаттың стилистикалық әсерге бөленуін

Page 13: Диплом коннотация

қамтамасыз етеді.Егер адресат сол әлеуметтік ортаның өкілі болмаса, онда жаңа қазақтардың бар екенін санасында сақтайды немесе сол әлеуметтік ортаның өкілі болса, ол адамға бағалау көзқарасы пайда болады. Бұның барлығы адресаттың интеллектуалдық мәдениетіне байланысты жан-жақты ашылады.

Ю.Л.Апресян, құрылысы жағынан «стилистикалық мағына» терминіне ұқсайтын «коннотация», «мағына реңкі» терминдерін талдай отырып, оларды тілдік бірлік прагматикасының бөлігі ретінде қарастырады. Берілген трактовка толығымен нәтижелі және логикаға сай болып табылады. Ол стилистикалық мағына туралы сұрақтың сипатынан қажетті түрде келіп шығады. Бірақ та сонымен қоса осындай шешімге келуде стилистика пәні толығымен семасиологияға араласады.

Осыған байланысты А.Луначарскийдің пікірін келтіреміз: «… Всякая речь которая вас потрясает, есть речь художественная; она переходит невольно в ту художественную форму. Речь художественна, если она ярка, если она заражена вашим чувством». Одан әрі қарай Луначарский бұл ойын тереңдете түседі: « Когда мы хвалим того или иного оратора, того или другого революционного просветителя , мы хвалим именно за художественность его речи, и это художественность прямо пропорциональна его способности взволновать окружающих , заражать их своими чувствами. Итак, агитация во имя величайших идеалов, стремится невольно сделаться возможно более художественной и образной, возможно ярче воплотиться в потрясающие душу формы».

«Стиль – бұл қабылдаулар жиынтығы емес, ол қоршаған ортаны қабылдауымыздың, бейнелі ойлаудың көрінісі»,- деп атап өтеді И.В.Арнольд.

Осыған дейін де айтып өткеніміздей мәтіннің прагматикалылығы оның функционалдық мағыналылығын көрсетеді, соған байланысты мәтіннің концептуалдылығы, бағалауыштығы, оның партиялылығы функционалдық мағыналылықтың субстанционалдық , оң мазмұнын құрайды, сонымен қоса ол теріс те, таза дифференциалды түрде – шығармашылық мән мәтін жүйесінің ішіндегі стилистикалық бірліктердің қарым-қатынасының жиынтығы ретінде қарастырылады.

Қазіргі тіл ғылымында коннотацияның түрлері көптеп кездеседі, оның

бәрі прагмастилистиканың барлық қолданыс ерекшеліктерінде кездесіп отырады.

1.Баға берушілік эмоционалды-экспрессивті коннотациялар.2.Стилистикалық коннотациялар дәстүрлі эмоционалдық деп

аталынады.Стилистикалық коннотациялар стильдің белгілі бір түріне тәуелді

болып телінуін айтады.Тілдегі денотативтік-бағалауыштық, қосымша мағыналық

коннотативтілік тілдік бірліктердің семантикалық компоненттерінен туындағанмен, оның қатарында «мән-мағына», «қатпар», «обертон» деген атаулар да қосылып айтылатындықтан, терминдік атауларына күдік келтіріліп отырады.Фактілерге жүгінсек заттық-логикалық, эмоционалдық элементтері тілдік бірліктердің мазмұнының барлық пропорцияларында

Page 14: Диплом коннотация

кездеседі. Экспрессивтілік бояуға көркемдік, бейнелілік сипаттағы және жалпы қолданыстағы стандарттан ауытқыған тілдік бірліктер жатады. Тілдегі стилистикалық коннотацияның эмоционалдығы сезімге байланысты, адамның бағалау көзқарасынан айқындалатын заттың «жақсы», «жаман» сияқты сипаты әлеуметтік норманың қарым-қатынасын көрсетеді. Стилистикалық коннотация арқылы айқындалатын образдылық таңбаның ішкі тұнықтылық сапасын анықтайды.

Телия алғаш рет коннотацияның семантикалық мәніне тоқталып, ол қолданыс тұрғысынан немесе окказионалды түрде тілдік бірліктердің семантикасына кіреді және сөйлеушінің шындықты бейнелеуінің эмотивті-бағалағыштық қатынасын білдіретінін атап көрсетті. Мысалы, зарығу етістігінің әр түрлі стилистикалық және бағалауыштық қасиеттері бар бірнеше синонимдерін алып көрейік: зерігу, ығыр болу, мезі болу, іші пысу, іші толу және т.б. Бұл етістіктерді сөйлеушінің талдауында эмотивті-бағалауыштық қасиеттерімен қатар, тыңдаушыға қатысты стилистикалық бояуы мен прагматикалық мәні де бірдей емес.

Салыстырыңыз: Болса да сән-салтанат қызық, әсем,Тез жалығып айныймын тұрлауым кем (Абай); Болат енді пионер бөлмесінде біраз отырып қалып, зеріге бастаған соң,

сыртқа шықты (Байтанаев); Азаншы қайта-қайта айтудан ығыр болғандай, мұңды әнді ерініп,

босаңдау салып тұрғаны (Ибрагимов);Абай Оспанның тентектігіне мезі болушы еді (Әуезов);Тартынып іші пысса күй тыңдады,Күй шіркін ылпылдады, бипыңдады (Жансүгіров);Ішің толып бара ма, қу жүгірмек,- деп әжем маған қатты ұрысты

(Қаз.тіл. син. сөздігі) және т.б. Мысалдардан көрсетіп тұрғандай, зарығу мағынасындағы етістік әр автор контекске, ситуацияға, қойған мақсаты мен оның кейіпкерге көзқарасына орай әр түрлі стилистикалық мәнге ие болған.

Page 15: Диплом коннотация

1.2 Коннотациялардың зерттелу тарихы

Тілдік семантиканың коннотативтік қыры әлемдік лингвистикада көптен бері зерттеліп келе жатыр. Зерттеушілердің пікірлері көбіне коннотацияның сапалық әр түрлілігі жөнінде тоғысады. Коннотацияның сапалық әр түрлілігі лингвистикалық мән ретінде кешенді түрде көрінеді және нақты бір бірліктің стилистикалық ерекшелігін айқындаушы доминантты белгісін коннотативтік белгіден табу қиын болады.

Әр түрлі авторлардың ұсынатын коннотацияның жіктемелері бір-бірінен өздерінің ерекшелігі бойынша ажырап жатады. Осы күнге дейін коннотацияның жіктемесі әдеби деректерді жалпылау болып табылады.

Коннотацияның типологиясы туралы зерттегенде, қарапайым, коннотативтік семантиканың шектік бірліктері емес, оның узуальды және окказионалды коннотациялар екеніне назар аударылады.

Эмотивті коннотацияның жіктемесінде алдымен мынаған көңіл бөлінеді: эмоционалды күйлер (қуаныш, ашу, қорқыныш, түсінбеушілік т.б.), бағалау коннотациясы оң – бағалау (мелиоративті), теріс – бағалау (пейоративті) болып бөлінеді. Сонымен қоса олар екеуі де жиілік сипаты және өзге типті қоса берілетін коннотациялар болып бөлінеді.

Коннотациялар сөздің экспрессивтілігімен қатысты екені жоғарыда егжей-тегжейлі айтып өтілді. Енді осыған байланысты М.Балақаев пен М.Серғалиевтің еңбегіндегі сөздің мәнерлілігі жайлы берілген сипаттамаларға назар аударалық.

Мәнерлілік сөздің эмоциональдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты.

Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті.

Көпшілік алдында мәнерлі сөйлеп, жалпыға әсер беру үшін сондай қасиеттерге ие тілдік бірліктерді өз орнында қолдана білу керек. Тілдегі мәнерлілікті сақтау үшін функционалдық стильдердің ерешеліктерін есте ұстау өте қажет, өйткені әр стильде мәнерлілікті тудырудың тәсілдері әр түрлі. Стилистикалық коннотациялар осындай мәнерлілікті сақтап сөйлеу үшін өз септігін тигізеді. Бұл сөздер адамдарға бояулы сөйлеп, мағынаға қосымша мағына қосуға мүмкіндік береді.

Кез-келген лексикалық единицалардың семантикалық мағынасы болатыны белгілі. Айталық зат есім сөздер болса, заттың, нәрсенің, құбылыстың атын білдіреді, ал сын есім болатын сөздер сол заттың, нәрсенің, құбылыстың сынын, сапасын көрсетеді.

Стилистикада осы аталғандарға қосымша мағына берушілік бар. Оны стилистикалық коннотация, яғни мағына немесе стилистикалық бояу деп аталады. Ғылыми термин ретінде стилистикалық мағына да, стилистикалық бояу да стилистикалық коннотация деген ортақ атау алады.

Сөздің таза лексикалық, грамматикалық мағыналарын ұғымдық-логикалық компонент дейтін болсақ, стилистикалық мағына немесе бояу оған қосымша экспрессивтік-эмоционалдық баға берушілік қосымша мағына

Page 16: Диплом коннотация

үстейді. Сөйтіп, стилистикалық коннотация дегеніміз – заттық-логикалық және грамматикалық мағынаға қосымша жұмсалатын экспрессивтік және стилистикалық қасиеттер.

Авакова Р. өзінің «Фразеология теориясы » атты монографиясында коннотацияның фразеологиялық түріне тоқталып өтеді. Ол алдымен коннотация терминінің пайда болу жолына тоқталып кетеді.

Тіл туралы ғылымға алғаш рет «коннотация» (лат.con.- «бірге», notatio- «таңбалау» - қосалқы, қосымша, толықтыратын) терминін Леонард Блумфильд енгізген. Бұл терминді психология ғылымының маманы Дж. Милл теориясы алған. Қазіргі семасиология саласында «коннотация» ұғымының мазмұны бастапқы мағынасымен салыстырғанда әлдеқайда кең, әрі әр түрлі мағынаға ие болды. Аталмыш ұғым тіл білімі саласында тілдің номинативтік бірліктерінің экспрессивтік бояуымен ғана қарастырылды. Тіл білімінің бұл феноменіне деген ой желісінің күрделілігі жинақталған материалдар негізінен шығып отыр. Сөздер мен сөз тіркестерінің бойындағы мағынаны толықтыратын қосымша экспрессивтілік бояуымен ғана байланысты қарастырылды. Тіл білімінің бұл феноменіне деген ой желісінің күрделілігі жинақталған материалдар негізінен шығып отыр. Сөздер мен сөз тіркестерінің бойындағы мағынаны толықтыратын қосымша экспрессивтілік, тілдің ұлттық ерекшеліктері мен мәдени құндылықтары оларға ерекше прагматикалық әсер, яғни сөйлеуді айшықтандыратын нәтиже беретіні сөзсіз. Салыстырайық: сараң – «біреуге бірдеңе бере қоймайтын, қолы тар (адам)». Мысалы: Алмабек қолындағысын оңайлықпен ешкімге бермейтін сараң, іші тар, өзімшіл бала еді; сырдаң (ауызекі) – «сараң, қатты, қолы тар». Түзде – мырзаң, Үйде –сырдаң, сөзі қылжаң ерексіп (Абай); немесе қатты қытымыр, шығымсыз және т.б. қолы тар деген жалпы денотаттың адамдардың бейнесін ашудағы қолданылатын сөздердің мағыналарында қосымша экспрессивтік, бағалауыштық қасиеттер мен стилистикалық ерекшеліктері бірдей емес, керісінше, жиіркену, жақтырмау мағынасы басымырақ.

Коннотация ұғымына берілген лингвистикалық көзқарастар мен лингвистикалық емес анықтамаларды салыстырсақ, олардың ара жігінің одан әрі күрделене түсетініне көз жеткізуге болады. Бұл ең алдымен: а) Л. Ельмслев пен Р. Бартт еңбектеріндегі коннотацияның семиотикалық теориясы және ә) А.А. Леонтьев, Р. Роммевейт, М.С. Портер және т.б. ғалымдар көзқарастарымен шектесіп жатқан психологиялық теория; б) коннотацияның философиялық теориясы (Э.С. Азнаурова, И.В. Арнольд).

Коннотация теориясын семиотикалық тұрғыдан түсіндіру – сөйлеу қызметінің прагматикасына негізделген, яғни «субкодты» таңдай мен сөйлеушінің тілдік таңбаға қатысына негізделген.

Психологиялық тұрғыдан түсіндіру негізінде сөйлеу үрдісіндегі ассоциативті және эмоционалдық құрылымдар, анығырақ айтсақ, ұлттық-мәдени аспектілер жатыр. Н.В. Алефиренко пікіріне сүйенсек: «... коннотация определяется как «ореол», «атмосфера», «дымка», которые «наслаиваются», «прикрепляются», «обволакивают», «пронизывают» и пр. предметнологические значение слова...» [Н.Ф. Алефиренко, 1999; 102 б.].

Page 17: Диплом коннотация

Коннотацияға берілген сан қырлы метафоралы анықтамалар В.И. Шаховскийдің сөзімен айтсақ, «қазіргі семасиология үшін коннотация әлі де көркінен айырылмаған, әркімнің қолға түсіргісі келетін бақыт құсы» [ В.И. Шаховский, 1983; 13 б.]

Қолға түсірмесе де, қиялдағы бір бақыт құсқа жақындауға, сөздер мен тұрақты тіркестердің коннотация теориясына лингвистикалық талдау ғана жеткілікті нәтиже бере алады. Бұдан коннотацияны түсіндірудегі семиотикалық және психологиялық аспектілердің қажеттігі жоқ деген түсінік тумауы қажет. Аталмыш тілдік феноменге лингвистикалық талдау сөздер мен фразеологизмдердің тілдік коннотациялық табиғатын талдаудың антропоцентристік сипатын аша түседі. Осы тұста В.Н. Телия мен В. И. Шаховский еңбектері мен зерттеулерін айта кеткен орынды болмақ.

Коннотация ұғымының лингводидактикалық тұрғыдан нақтылануы В.И. Шаховский еңбектерінде орын алған. Ғалым коннотация теориясына мынандай анықтама береді. «Коннотация – это аспект лексического значения, с помощью которой кодировано выражается эмоциональное состояние говорящего и обусловленное им отношение к адресату, объекту и предмету речи, ситуации, в которой осуществляется данное речевое общение» [В.И. Шаховский, 1983; 14 б.].

В.И. Шаховский мағынаның коннотативтік аспектісі сөздің эмотивтік функциясын жүзеге асыратын семантикалық микрокомпоненттерінің жиынтығы болып табылатынын атап көрсетеді. Мұндай семантикалық микрокомпоненттер семалар болып табылады, анығырақ айтқанда, олар - коннотативті семалар. Бәрінен қиыны – семалардың қай жиынтығы коннотацияға жататындығында.

Коннотация ұғымы «кең» мағынада түсінетін ғалымдар тобы бұл жиынтыққа мағынадағы (семадағы) эмоционалдықты, экспрессивтілікті, бағалағыштықты және стилистикалық микрокомпоненттерді жатқызады.

Коннотация ұғымы «тар» мағынада қабылдайтын ғалымдар тобы мағынада көрсетілген барлық микрокомпоненттерін коннотативтік семаға кіргізбейді. Сондықтан да бұл ұғымды түсіндіруде әр түрлі қарама-қайшылықтар кездеседі. Олардың кейбіреуіне тоқталып өтейік:

Мәселен, А.В. Филиппов мағынаның коннотативтік аспектідегі мазмұнына эмоционалдық және стилистикалық макрокомпоненттерді ғана жатқызады. [А.В. Филлипов, 1978; 60 б.]. Бағалағыштық пен экспрессивтілік табиғаты коннотацияға жатпайды деген пікір айтады. Өзінің көзқарасын дәлелдей отырып, А.В. Филиппов: 1. бағалағыштық – ұғымның (түсініктің) прагматикалық компоненті, сондықтан да коннотацияның емес, денотацияның аспектісі; 2. экспрессивтілік сөздің семантикалық құрылымынан алшақ, тыс жатқандықтан, ол әрқашан нормадан «сәтті» ауытқыған окказионалдылықпен байланысты, экспрессивтілік тек сөйлеу үрдісінде пйда болады, сондықтан да оны тілдік құбылысқа жатқыза алмаймыз.

Дәл осы позицияны В.И. Шаховский де қолдайды. Бағалағыштық және экспрессивтік компоненттер коннтацияның құрамына кірмейді, себебі олар денотацияның компоненті – деген пікір ұсынады. Алайда, бұл көзқарасты Э.Г. Ризель қолдамайды. Ғалымның ойынша, стилистикалық

Page 18: Диплом коннотация

микрокомпонент пен коннотация ұғымдары бір-біріне үйлесімсіз ұғымдар. Стилистикалық микрокомпонент сөздің семантикалық құрылымының құрамдас бөлігі болғанымен, коннотация лексикалық семантиканың бөлігі бола алмайды. Коннотация мағынаның денотативтік және стилистикалық компоненттерінің қосындысы (реакциясы) деп түйіндейді. [Э.Г. Ризель, 1978; 10-18 бб.].

Осы пікірлерге диссонанс ретінде Л.Е. Кругликова көзқарасын келтіруге болады. Ғалымның пікірінше, эмоционалдық және бағалағыштық компоненттер семантикалық құрылымның құрамына кіреді, ал стилистикалық компонент кірмейді. Пікірін дәлелдеу негізінде мынандай тұжырмдар келтіреді:1. Эмоционалдық бояу мен экспрессивтілік – тілдің қасиетін, ал олар функционалдық-стилистикалық қасиетке сөйлеу кезінде ие болады. Мысалы, Атырау, Маңғыстау аймақтарында ауызекі тілде қолданылатын ауыздап жіберу «ән салу, ән шырқау» мағынасындағы фразема: Есентайдың домбыраға қосылып ауыздап, ауыздап жіберетіні бар.2. Эмоционалдық бояу мен экспрессивтілік лексикалық мағынаның өзгеруіне әкеп соғады. Ал стилистикалық микрокомпоненттер мұндай қасиетке ие емес. Мысалы, талқылау бұрын «теріні талқыға салып жұмсарту» мәнінде қолданылса, кейін оған «мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу» мәнінде қолданылатын болды. Сонымен қатар байланыс – тілдегі белгілі бірінші мағынасы «қарым-қатынас, аралас» мәніне қосалқы «хат-хабар, телефон, телеграф, арқылы қатынас жасау орны, мекеме» мәніне ие болды.3. Сөздің функционалды-стилистикалық бояуы (эмоционалдық және экспрессивтік микрокомпоненттермен салыстырғанда) сөздің ұғымдық мазмұнына айтарлықтай әсерін тигізбейді. Салыстырыңыз: мүмкіндік және мүмкіншілік бір түбірлі сөздердің мағынасы бірдей және т.б.

Экспрессивтіліктің конструктивті негіздерінің қатарына атаудың номинациясының көрінісі, яғни сөздің бейнелілігі (образдылығы) жатады. Номинативті бірліктердің көпшілігінің экспрессивті қызметінің негізінде, олардың табиғатына тән бейне жасау мен көркемдік елес қасиетінің семантикалық микрокомпоненті жатыр. Бұл қасиет сөздің прагматикалық, яғни ықпал ету, әсер ету әсерін күшейтеді. Мысалы: жазғыру, сөгу,кінәлау, кінәраттау, айыптау, қаралау, бетіне басу, қара бет қылу, жерден алып жерге салу, аузын ашырмау және т.б.

Сонымен, В.И. Шаховскийдің пікірінше, қарқындылық пен бейнелілік атау номинациясының көрінісі болып табылады, сондықтан да экспрессивтіліктің негізі – сөздің денотациясы. Сонымен қатар автор экспрессивтіліктің өзін екіге бөліп қарайды: бірінші – жеке авторлар қаламына тән семасиологиялық категория, екіншісі – жеке авторлар қаламына тән, тілдік құралдар мен стилистикалық тәсілдер негізінде жасалатын стилистикалық экспрессивтілік. Мұндағы бізге қажеттісі – мағына аспектісінің денотативті микрокомпоненті болып табылатын экспрессивтіліктің семасиологиялық категориясы. Көптеген лексикологияға арналған оқулықтар мен оқу құралдарында лексикалық мағынаның эмоционалды-экспрессивті бояуы туралы сөз қозғалады.

Page 19: Диплом коннотация

Сөздер мен фразеологиялық оралымдардың мағынасындағы эмоционалдық семалар бағалаушы семалар мен тығыз байланысты. Кейде олардың ара жігін ажыратудың өзі өте қиын. Сондықтан да көпшілік ғалымдар арасына дефис белгісін қойып біріктіріп қолданады: мағынаның «эмотивтік-бағалауышты», «эмоционалдық-бағалауышты» компоненті. Алайда, бағалағыштық семаның табиғаты туралы түсінік семасиологияда біркелкі емес.

Бірінші көзқарас. Коннотация денотаттың белгісін емес, сөйлеушінің оған қатысын және қарым-қатынас жасау ситуациясын сипаттаса, онда бағалағыштық коннотативтік сема болып табылады; салыстырыңыз: ерсі, сорақы,өрескел, жалқау, жатып ішер(жағымсыз баға),батыр, қыран, қаһарман, көгершін, ботақан (жағымды баға).

Екінші көзқарас негізінде бағалағыштықты модалдықтың бір түрі ретінде қарастыру жатыр. Коннотация негізі болып табылатын экспрессивтер қос модальдық мағынаға ие: бірінші – таза бағалағыштық, олар номинация атауын (денотатты) сипаттайды, екінші – эмотивті-бағалағыштық, мотивтенетін (уәжделетін): а) сөз немесе фразеологизмнің ішкі формасы арқылы көрінетін адамның сол бейнедегі «күйзелісі» немесе б) сөйлеушінің күтпеген, таңсық ситуацияға (белгіге) эмоционалдық реакциясы [В.Н. Телия,1986; 25-26 бб.].

Сондықтан да біріншісін – денотативті-бағалағыштық, екіншісін – эмотивті-бағалағыштық модальдылық деп атауымызға болады. Екінші мағына коннотация аспектісіне жатады. Осы ойды В.Н. Телия былай деп дәләлдей түседі: «... Этот эмотивно-оценочный компонент вместе с основанием оценки (внутренней формой), а также стилистической маркировкой и образуют коннотацию» [ В.Н. Телия, 1986; 20 б.].

Үшінші көзқарас. Олар бейнелейтін белгілері таңбаланатын атауға қатысты болғандықтан, мағынаның бағалағыштық семасы ұғымдық болып табылады. Осыған орай бағалағыштық семаны денотативті деп жіктеген жөн. Мәселен, алаяқ, сұғанақ – «өте қу адам, басқа біреулер арқылы өзінің ісін тындыратын адам», мысқылдау – «біреуді кекетіп, жақтырмай,төмендетіп, қызғаныңқырап сөйлеу», бөспе – «ақыл парасаты төмен, көп мақтанып, түк тындырмайтын адам» және т.б. Бағалағыштық сема табиғаты жағынан өте ұтымды, бірақ оның құрамындағы эмосема оған эмоционалды реңк беретіні сөзсіз. Бірақ оның мұндай табиғаты, оның денотативтік қасиетін жоя алмайды. Екінші жағынан, эмоционалды реңк денотаттың бойында коннотацияның туындауына түрткі болады.

Біздіңше, осы аталған көзқарастардың ішіндегі үшіншісі ақиқатқа жақындау ма деп ойлаймыз.

Сонымен номинативтік бірліктер мағыналарының микрокомпоненттерінің ішінде дәстүрлі түрде эмотивтілік (эмосемалар) пен ассоциативтік-бейнелі кешендер коннотативті болып табылады.

Коннотация дегеніміз – эмотивтік, ассоциативті-бейнелі және стилистикалық семалардың жиынтығы болып табылатын, таңбалайтын объектілердің белгілерінен гөрі сөйлеушінің таңбаланушыға және сөйлеу шартына қатысын білдіретін номинативтік бірліктер мағынасы. Мысалы: түймедейді түйедей ету, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу; шыбын жаны

Page 20: Диплом коннотация

шыққанша және т.б. Бұл номинативтік бірліктердің міндетті микрокомпоненті – эмосема болса, оған қосалқы, жанама қызметті ассоциативтік-бейнелі және стилистикалық микрокомпоненттер атқарып отыр. Осы жанама компоненттердің болуы коннотация бояуын күшейте түсіп, оларды денотативті мағынадан алшақтатады.

Бірінші дәрежелі коннотативті сема (к1) денотативті семамен логикалық байланысты сақтайды және соның негізінде уәжденеді. Мысалы: ақ түн – «солтүстіктегі түн», жарық түн, қараңғыланбаған түн. Коннотативті сема ( К1) денотативті семамен (Д2) логикалық жағынан байланысқан және денотат арқылы уәжденеді. Мәселен, мойынға отыру – «біреудің қарауында болу, ауыртпалығын түсіру, ешнәрсе бітірмеу» фраземасындағы отыру семасы коннотативті (К1) болып табылады.

Екінші дәрежелі коннотативті сема (К2) денотатпен логикалық байланысты жоғалтқан, кезінде ондай байланыс болса да қазіргі тілдік тұрғыдан уәждеуге келмейді. Мысалы: аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу – «долданып, аузына не келсе, соны айтып ұрысу» немесе шошқа тағалау «түк бітірмеу», асмандики ғазиниң шовисиға нан чилап йемак «бос қиялдау», саман астидин су жугартмак «қастандық жасау» және т.б.

Біздің ойымызша, коннотативтік семаның бойында ассоциативтік-бейнелі қасиет бар. Қандай да бір сөз семасын өз бойындағы семасиологиялық ресурстардан (қордан) алады. (К2) семасына сол сөздің өз табиғатында болса ғана ие бола алады. Бұл қасиет сөздің тура номинативтік белгісінің немесе денотацияның нәтижесі емес, бұл – сөздің, фраземалардың басқа лексикалық компоненттерімен синтагматикалық (жүйелік) байланыстарының, қатынастарының нәтижесі. К2 – импликационалдың арақатынасының фразеологизмдердегі сөздермен бірлестігінің нәтижесі.

Соңғы, үшінші дәрежелі коннотативті сема – (К3) сөз мағынасы бүтіндей денотатпен байланысы жойылған сема. Мысалы: қыбы, жегідей, араны, апшы, аңыс,ыдын, шола, түйедей және т.б. сөздердің коннотациясы тек фраземалар құрамында ғана түсінікті. Бұл сөздер тілде жеке қолданылмайды, тек фразеологиялық бірілктер құрамында ғана кездесіп, белгілі мағынаға ие. Мысалы: қыбын табу – «көңілін табу, тілін табу»; жегідей жеу – «өзін қоярға жер таппау, қанағатсыз», апшысын қуыру – 1. «берекесін кетірді, қатты састырды», 2. «асып-састыру, тездеттіру»; аңысын аңду – «бір істің бет алысын, ыңғайын байқау»; ындыны кебу – «қатты шөлдеу»; түйедей құрдас – «қатты шөлдеу»; түйедей құрдас – «бірдей құрдас, ұқсас құрдас, тең құрдас» және т.б.

Соңғы жылдары лексикалық мағынаның коннотативтік аспектісін көптеген ғалымдар зерттеп жүр. Олар коннотацияға әр түрлі атаулар берген:

● эмотивтік мағына;● эмотив;● қосымша мән;● жасырын сема;● семантикалық ассоциациялар;● экспрессивтік бояу т.б.

Page 21: Диплом коннотация

Барлық атаулар да коннотация терминінің мәнін аша түседі. Сол себепті коннотация төмендегідей қасиеттерге ие: бейнелілік, экспрессивтік мағына, эмоциялық мағына, бағалағыштық.

Көптеген себептерге байланысты коннотация мәселесі ұзақ уақыт бойына лингвистикалық зерттеу нысанына түспеді. Оның негізгі себебі, біріншіден:

● тіл бірліктерінің көбісінде коннотацияның кездеспеуі;● семантикадан гөрі прагматикаға, яғни сөйлеушілердің нақты

коммуникативтік әсер туғызу мақсатымен тіл белгілерін талдауы.Екіншіден:● экспрессивтік мағынаның талданбай, тіл білімінде оны сипаттайтын

белгілі ережелердің жоқтығы;Үшіншіден:● лингвистикалық әдебиеттерде экспрессивтік, коннатативтік

мағыналардың мағыналас сөздер ретінде қолданылуы;Төртіншіден:● мәтінде прагматикалық талдаудың тіл біліміне жаңадан ене бастауы. Кейбір ғалымдар сөздің эмоционалды-экспрессивтік қызметін

стилистикалық мағына құрамында қарап, негізгі мағынаны қосымша коннотаттық мағына қатарына жатқызады.(Э.С. Азнаурова, В.А. Звегинцев, И.В. Арнольд). Сонымен қатар кейбір тілшілер коннотацияға кең мағына беріп, оған эмоционалдықпен қатар стилистикалық мағыналарды да қосады.Экспрессивті-эмоционалдық мағына сөздің негізгі мағынасы емес, оған үстелетін қосымша мағына деп ұғынатын болса, онда тілдегі тек экспрессивті-эмоционалдық мағыналардан тұратын көптеген сөздердің (тентек, сараң, дана,топас) мағынасын түсіндіре алмаған болар едік. [ М. Оразов, 1991; 109 б.].

Амренова Р.С. өзінің «Коннотативно-культурные доминанты этнонимов казах и русский» атты диссертациясында коннотация терминіне түсініктер беріп өтеді.

Мәдени коннотация (В.Н.Телия 1993ж. енгізген) – бұл жалпылама түрде мағына аспектісінің мәдениет категориясындағы квазиденотативтік, бейнелі мотивацияланған немесе денотативтік интерпретациясы.

Коннотация ( латынша. cum – con – бірге, c+rotare – белгілеу,білдіру). Коннотациялар – сөздің негізгі мағынасына қосылатын қосымша семантикалық немесе стилистикалық бояулар және эмоционалдық-экспрессивті бояуды беруге қызмет етеді, сондай-ақ сөйлемге көтеріңкілік, фамильярлық, қосымша бояу береді.

Л.С. Выготский «слово, лишенное значения, не есть слово, оно есть звук пустой, следовательно значение есть необходимый, конституирующий признак сомого слова» деп атап өтеді.

А.А. Потебня «… под значением слова вообще разумеется две различные вещи, из коих одну, подлежащую ведению языкознания назовем, ближайщим, другую, составляющую предмет других наук, - дальнейшим значением» деген пікірді айтады. Осыған байланысты, «ближайщее значение слова народно, между тем дальнейшее у каждого различное по качеству и количеству элементов лично» деп атап өтеді.

Page 22: Диплом коннотация

А.Ф. Лосев айтады: « ...әрбір сөз тек бір ғана негізгі мәнге ие болмайды. Бұл әрқашан мағынаның әр түрінің массасы, әрине, олар өзара байланысқан және жалпы түрде бөлек құрылымды не модельді құрайды».

Коннотаттың немесе коннотативті компоненттің (латынша конното –қосымша мағынаға иемін) денотаттан айырмашылығы, олар тек кейбір сөздерді ғана сипаттайды, яғни сөздің эмоционалды-бағалауыштық бояулары. ( Мечковская Н. Б. Әлеуметтік лингвистика).

Ю.С. Масловтың пікірі бойынша, «коннотация» ( латынша. con «бірге» и notatio «мағына») – буквально «обозначение чего-либо совместно с чем то другим, попутно», т.е. «добавочное, сопутствующее значение».

Сонымен қатар, А.Р. Лурия «…наряду с прямым «референтным» или «денотативным» значением слова существует еще и обширная сфера того, что принято называть «ассоциативным» значением» деп атап өтеді.

А.А. Залевская мағынаны психолингвистика позициясынан қарастырады, ол сөз мағынасы трактовкасын индивидтің жеке құндылығы ретінде қарастырады.

Мағынаның суреттелуі мен көрінуін индивидтің жеке игілігі ретінде қарастыратын бастаушы бағыттарды атап өтеді. Оларға ассоциативті, параметрлік, сындық, прототиптік және ситуациялық тәсілдерді жатқызды.

Э. Лендваи «коннотативтік мағына – бұл сөйлеушінің (тілдік ұжымның) затқа, тыңдаушыға немесе сөздің өзіне деген субъективті көзқарасын білдіретін мағыналық компоненттердің жиынтығы. Коннотативтік мағына денотативті мағынамен салыстырғанда екіншілік орында тұрады» деп атап өтеді.

Н.Г.Комлевтің пікірінше, «…коннотациялар елеулі бөлігінде субъективті сипатқа ие, бірақ олар әлеуметтік мәнге де ие бола алады».

Коннотативтік қайта ойлау уәжделмеген немесе түсініксіз уәжделген объектілердің әлеуметтік эволюциясының нәтижесінде, адам алдындағы объектінің рөлі, т.б. нәтижесінде пайда болады.

«Коннотация эксплицитті түрде көрсетілмеген, ол – мағынаның семантикалық модификациясы, ол объектілердің кейбір қасиеттері мен сапалары не лексикалық мағыналары туралы түсініктердің, сезімдер мен семантикалық қабаттардың жиынтығы. Олардың мағынасын түсіндіру үшін осы сөз мағынасы қолданылады».

Н.Г. Комлев мағынаның алты түрін бөліп көрсетеді: бейнелі (ойша ұғыну), эмоционалдық-сезімдік, мәдени-өркениеттік, тематикалық (семантическалық өріс), ақпараттық (білім деңгейі) және дүниетанымдық.

Индивидуалдық ерекшеліктерге тәуелді болмыстың субъективті бейнелері түсініктерді құрайды. Бірақ тілдік ұғымдар ерекше индивидуалды болмыс болып табылмайды, көбіне олар ұжымдық, әлеуметтік сипатта болып келеді. Бұл әлеуметтік ортаның бірлігі мен адам физиологиясының генетикалық бірлігімен түсіндіріледі.

Page 23: Диплом коннотация

1.3 Стилистикалық коннотациялардың құрамдас бөліктері мен түрлері, олардың қолданылу аясы.

Стилистикалық коннотацияның бойынан табылатын қасиеттерді көрсететін стилистикалық бояу, стилистикалық норма деген атаулардың қолданылуы заңды құбылыс. Егер коннотацияның жеке тілдік бірліктерде көрінуі, сөз жоқ, оның табиғатының күштілігіне, тереңдігіне байланысты болса, онда негізгі қызметі стилистикалық мәнермен және прагматикалық мақсатпен өз нәтижесін береді.

Стилистикалық бояу – контекстен тыс ерекше стилистикалық әсер беретін сөздің қосымша мағынасы. Көп мағыналы тілдік бірліктердің стилистикалық бояуы заттық-логикалық сипатынан хабар ғана бермейді, қосымша мағына беретін стильдік тәсіл сөздің жасырын мағынасында прагматикалық «әрекет» айқын байқалады. Стилистикалық бояу – экспрессивтік-эмоционалдық коннотацияда ғана емес, әр түрлі экстралингвистикалық факторлар арқылы көріне алады. Атап айтқанда, қарым-қатынас аясы, функционалдық стильдердің ерекшеліктері жанр түрлерінде, сөйлеудің мазмұны мен формасында, адресант пен адресаттың өзара қарым-қатынас хабарларында автордың затқа, құбылысқа көңіл бөлуінен де оның белгілері табылады.

Стильдік ерекшеліктер көбінесе әр функционалдық стильге тән болып келеді.Қарым-қатынас аясы, мазмұны мен мақсаты, қызмет түрлері, таным

Page 24: Диплом коннотация

формалары да қатысады. Әр стиль бүтіндей бір спектрлі стильдік ерекшеліктерді қамтиды.Мысалы, ресми стильде нақтылық, дәлдік негізгі стильдік ерекшелік болса, көркем әдебиет стиліне дәлдік, көркемдік пен сенімділік тән болып келеді, ал публицистикалық стиль дәлдік «автордың» субъектінің кәсіптік шеберлігі мен жоғары сапалы сөйлеу қағидаларына негізделеді.

Стилистикалық коннотацияның тағы бір ұғымы стилистикалық мағына деп аталады. Стилистикалық мағынаға айрықша экспрессивтік бояуға ие болатын тілдік бірліктердің қатары жатады. Қолданыс аясындағы кездейсоқ, тосын, ерекше көркемдікке ие болатын айшықты тілдік бірліктерді суреттеуде «стилистикалық мағына» деген атаумен беріледі.

Атап айтқанда, осы шақтың ауыспалы шақ түрі ғылыми стильге тән болса, сол сияқты іс-әрекетке міндетті болу, міндеттілік іс-әрекеті ресми стильге тән стилистикалық мағына болып табылады.

Коммуникативтік тапсырманы орындау іс-әрекетінде тілдегі көркемдік сипатты ашатын тілдік амал-тәсілдер стилистикалық мағына болып есептелінеді. Стилистикалық мағына стилистикалық тапсырманы орындауға жұмсау үшін алдын ала ойластырылған немесе жоспарланған адресанттың көркемдеп сөйлеуі, адресаттың қабылдауына күшті әсер туғызады.

Сондықтан стилистикалық мағына, стилистикалық тапсырманы стилистикалық коннотацияға жататын атаулар деп қабылдау керек.

Адресанттың өзінің сөйлеу жағдаяттарында стилистикалық мағына шартын тілдік бірліктерімен алдын ала көркемдеп сөйлеу мақсатын ойластыруы (стилистикалық тапсырма болса) адресаттың қабылдауына қабылдауына ерекше ықпал етеді. Адресаттың қабылдауына ерекше ықпал ететін тілдік бірліктер стилистикалық әсер деп аталынады.

Стилистикалық әсер стилистикалық амал-тәсілдер арқылы адресатқа беріледі. Адресат өзі қабылдаған стилистикалық әсер арқылы өзінің де қолданыс тілінде стилистикалық коннотацияның негізгі мазмұнын құруға мүмкіндік алады.

Адресант адресатСтилистикалық мағына, стилистикалық тапсырма, стилистикалық әсер.Стилистикалық коннотацияның негізгі арқауы болатын бұл үш

аспектіні былай көрсетуге болады:- стилистикалық тапсырма;- стилистикалық мағына- стилистикалық әсер.Қазіргі лингвистикалық әдебиеттерде стилистикалық мағына термині

стилистикалық бояу терминімен синонимдес, ол жалпы стилистикалық коннотация деп те алына береді.

Сонымен, стилистикалық тапсырма адресанттың алдын ала ойластырылып көркемдеп, мәнерлеп сөйлеуі арқылы адресатқа әсер етуі болып табылады. Стилистикалық тапсырма адресанттың хабарының экспрессивтік дәрежесін анықтайды. Стилистикалық тапсырманы сөйлеуші (адресант) қабылдаушыға стилистикалық әсер тудырып, прагматикалық мақсатын жүзеге асыру үшін пайдаланады.

Page 25: Диплом коннотация

Атап айта кететін нәрсе,стилистикалық тапсырманың орындалуы экспрессиямен байланысты. Стилистикалық деп танылған нақысты сөз әр уақытта экспрессивті болып келеді. Стилистикалық мәнерлілік қандай тәсілмен жасалса да «экспрессия» терминімен тығыз байланысты.

Стилистикалық тапсырма мен стилистикалық әсер коммуникативтік актінің екіге бағытталған бірлігін құрайды. Стилистикалық тапсырма автордан шығады, стилистикалық әсер қабылдаушыға бағытталынады. Стилистикалық тапсырма, стилистикалық мағына мен әсердің өн бойында прfгматикалық мақсат анық көрінеді, яғни стилистикалық коннотация арқылы анық және жасырын өтіп жатады. Стилистикалық тапсырма адресанттың және адресаттың жадында жиі ассоциацияланып тұрады. Стилистикалық тапсырма сұрақ-жауап арасында жиі байқалады. Сұрақ-жауап – адамдардың ойлауы мен қарым-қатынасының негізгі элементі. Сұрақ-жауап екі маңызды қызмет атқарады, бірі – танымдық, екіншісі – коммуникативтік. Танымдық адамның сыртқы әлем мен өзі туралы болса, коммуникативтік адамдардың бір-біріне пікір білдіру, көзқарасын анықтау қарым-қатынасы. Сұрақ пен жауап қарама-қарсы құбылыс, бірақ бірін-бірі толықтырып отырады. Сұрақ-жауап риториканың аясында қарастырылған болатын. Сұрақ адресатқа, жалпы қабылдаушыға ерекше әсер етеді, сөзді тірілтеді, жандандырады. Ресми стильде стилистикалық тапсырманың негізгі бірлігі болатын сұрақ нақты жауапты талап етеді. Публицистикалық стильде аудиторияның назарын өзіне аударуы, көпшіліктің әр қабылдаушының сөзге қатысуға қызығушылығын тудырады.

Ғылыми стильге сұрақ эпистемиалық функцияны атқара отырып, қабылдаушының әлемді зерделеуінің логикалық тұрғыдан белсенділігін талап етеді. Сондықтан қазір логика ғылымы сұрақ-жауап мәселесіне ерекше назар аударады. Мәдени коммуникацияның барлық саласында сұрақ пен жауап стилистикалық тапсырманың ерекше прагматикасын береді. Сондықтан адресаттың қабылдауының жетістіктеріне қарай ойластырылған тілдік бірліктер айтушының лингвистикадан тыс мақсатын жүзеге асыруға да стилистикалық тапсырма ұйытқы болады.

Стилистикалық тапсырманың негізгі екі түрін ажыратып алу керек:- тура стилистикалық тапсырма;-сұрыпталған стилистикалық тапсырма.Тура стилистикалық тапсырма да әр стильге тән болғандықтан, соның

аясында қолданылатын функционалды мағынамен сәйкес келетін тілдік тәсілдерді жатқызуға болады. Мысалы, ғылыми стильде терминдер, көркем әдебиет стилінде троптың түрлері т.б.

Сұрыпталған стилистикалық тапсырмаға әр түрлі стиль саласына тән қолданылатын тілдік бірліктерді жатқызуға болады. Басқаша айтқанда, сұрыпталған стилистикалық тапсырма силистикалық контраст тәсілі арқылы жүзеге асады. Стилистикалық контраст стилистикалық мәні бар тілдік бірліктердің өзара байланысының жалпы заңдылықтарымен анықталады. Стилистикалық контраст бейнелілікке тосыннан, кездейсоқтықтан пайда болады, бейтарап тілдік бірліктер стилистикалық мәнге ие болады, сөз тіркестерінде өзара қиыспайтын тілдік бірліктер болып келеді. Экспрессивті стилистиканың стилистикалық мүмкіндіктерін тарату жиынтығын құрайды,

Page 26: Диплом коннотация

көркемдікке, ажарлылыққа қызмет етеді. Мысалы: өмір мейрамы, ескірмеген махаббат т.б.

Стилистикалық контрастың екі түрі бар:- контактылық (жалғастырылмалы);- дистанттық.Жалғастырмалы стилистикалық контраст пікір, сөздің құрылымдық

мүшеленуі негізін түйістіріп отырады: орасан ақымақ, жексұрындықтың қоймасы т.б.

Стилистикалық контрасттың дистанттық түрінде сөйлем мүшелері бір-бірінен алшақтап кетеді, байланысы үзіле отырып, басқа синтаксистік конструкциялардағы мүшелермен қарама-қарсы қойылып айтылады. Мысалы: Сен мына ақымақты сүмірейтіп неге алып келдің?

Стилистикалық әсер «жанды тіл» қолданысында алдын ала жоспарланған белгілі прагматикалық мақсатқа тілдік бірліктерді сұрыптап пайдаланады. Қолданыс аясында стилистикалық әсер беретін тілдік бірліктер тыңдаушысының экспрессивтілік реакциясын тудырып отырады.

Стилистикалық әсер тудырудың екінші жағдайы адресанттың сөйлеуі белгілі мақсатқа бағытталмайды, дайындықсыз аяқ астынан тыңдаушысына әсер қалдырып, жағымды-жағымсыз реакция тудыра алады. Бұл жерде стилистикалық әсер стилистикалық тапсырмасыз орындалып отырады.Сондықтан адресанттың прагматикалық «әрекеті» толық ашылмауы мүмкін, алайда адресат (қабылдаушы) бірінші жақтан алған пікірді өз пайдасына пайдаланады. Прагматиканың қарастыратын мәселелерінің бірі - «сөзді өз пайдасына шешу», ендеше адресат адресанттан алған стилистикалық әсерін өзінің прагматикалық мақсатының үшінші деңгейінде көтеруге мүмкіндік алады.

Таусоғарова Аяужанның «Сот-лингвистикалық сараптама мәселелері» атты еңбегінде сот процесіндегі сөздерге сараптама жүргізе отырып, бұл процесте коннотациялардың да орын алатынын атап өткен. Осылайша, коннотацияға былай анықтама береді: Коннотация – сөз мағынасының эмоционалдық, бағалауыштық, ассоциативтік, стилистикалық компоненті. Ол сөздің негізгі мағынасын толықтырып, қосымша реңк береді. Коннотативтік компоненттер негізінен субъективті болып табылады, ол тілді тұтынушының білім деңгейіне, дүниетанымына байланысты болады. Коннотативті компоненттер көп жағдайда әлем бейнесін ұлттық ерекшеліктер тұрғысынан тануға негізделеді. Сөйленістен я мәтіннен дерек, оқиға немесе тұлғаға байланысты бағаны анықтауда мағыналық қабатында сын, сапа элементтерін қамтыған бағалауышытқ, эмоционалды-экспрессивтік, модальды сөздер мен синтаксистік құрылымдар назарға алынады. Оң бағалауыштық бірліктер орын алғанда, жағымды ақпарат туралы сөз болса, теріс бағаның қатысында жағымсыз ақпарат беріледі. Бағаны білдіруде, сондай-ақ сөздердің ауыспалы, метафоралық мағыналары да қолданылады. Әдетте оқиғалар эмоционалды түрде бағаланса, нақты деректер (факт) рационалды бағаланады. Бұл орайда шындыққа сәйкестігі тексерілетін жағымсыз семантикалық мән қамтыған сөйленістер мен шындыққа сәйкестігі тексеруге жатпайтын бағалау сипатындағы сөйленістерді ажырату қажет (15,38).

Page 27: Диплом коннотация

Стилистикаға қатысты зерттеу еңбектерде стилистикалық коннотация жоғарыда аталған стилистикалық ұғымдар мен атауларды толық қанағаттандыра алады.

Кез келген стилистикалық коннотативтілік ассоциативті бейнелілік көзіне ие болады. Ал, бейнелілік, көркемдік, экспрессивтілікке жету үшін адресант стилистикалық құралдар, тәсілдер, стилистикалық тапсырма, стилистикалық бояу сияқты стилистикалық ұғымдар мен категорияларды жақсы меңгеріп, тыңдаушысына стилистикалық әсер беретін авторлық «прагмастилистикалық» іс-әрекеттің жоғары деңгейін игеруі қажет.

Тілдік бірліктер негізгі мағынасынан (денотациядан) бөлек, қосымша семантикалық немесе стилистикалық мағынаға және айтылған тілдік бірліктің қолданылу мүмкіндігін белгілі бір салалармен және қарым-қатынас шарттарымен шектейтін бояулы мағынаға да ие бола алады.

Стилистикалық коннотацияның эмоционалды-экспрессивтік (бағалауыштық) және функционалды-стильдік түрлері ажыратылады.

Эмоционалды-экспрессивтік коннотациялар белгілі бір затқа қатысты айтылатын тілдік бірліктермен (осы тілдік бірліктің кең мағынасында), оның бағасымен байланысты:.Мысалы: орыс тілінде зайчишка, веточка, старушонка, директорша, лиса, заяц, медведь деген сөздер адамға қатысты айтылады.

Эмоционалды-экспрессивті бояуы бар тілдік бірліктер айтылып жатқан нәрсеге оң қатынастағы (бағадағы) көзқарасты білдіретін – мелиоративті (Мысалы: орыс тіліндегі энтузиаст, восхитительный, несгибаемый, одухотворенный) және теріс көзқарасты білдіретін пейоративті ( Мысалы,орыс тілінде главарь примиренчество, белоручка, раболепный, потворствовать, кичиться) болып келеді.

Орыс тіліндегі еңбектерде былай делинген:« Среди положительных окрасок выделяются возвышенная,

торжественная, риторическая ( нерушимый, беззаветный, держава чаяния, водрузить), одобрительная (изумительный, великолепный, чудесный), ласкательная (доченька, голубонька, барашек и др.) , среди отрицательных пренебрежительная (брехун, аптекарша, врачиха, болтун, замухрышка, стадо баранов, уставится как баран на новые ворота), презрительная (анонимка, буржуй, базарная баба), неодобрительная ( лежебока, брюзга, тащиться), ироническая ( убить бобра обмануться в рассчетах, пролить бальзам на что-либо, каниф на час), бранная (аферистка, гад, гадюка (о человеке), бюрократ-проходимец) и другие».

Функционалды-стильдік коннотациялар тілдік бірліктердің қандай да белгілі бір қарым-қатынас аясында ғана қолданылуымен ерекшеленеді. Функционалды-стильдік бояуы бар дәстүрлі тілдік бірліктер орыс әдеби тілінде кітаби және ауызекі стильге бөлінеді.

Кітаби тілге мысалдар, орыс тілінде: отчизна, интеллект, уведомление, чрезмерный, крайне, весьма, читающий, ахиллесова пята, танталовы муки, ничтоже сумняшеся. Ауызекі тілге тән орыс тіліндегі мысалдар: читалка, дружище, ехидный, балагурить, понарассказывать, поставить на ноги, грамм (в родит.падеже) в отпуску.

Page 28: Диплом коннотация

Ауызекі тілдік бірліктер ауызекі сөйлеу стиліне ғана тән, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылады. Бұл тілдік бірліктердің жазба тілде қолданылуы көркем әдебиет және публицистика жанрларымен шектелініп, портретті суреттеуде белгілі бір айшықтағыш-көркемдегіш мақсатқа, тұрмыстың немесе басқа әлеуметтік ортаның реалистік бейнелеріне ие болады. Ғылыми әдебиеттерде, іс-қағаз құжаттарында олар қажетсіз. Ауызекі тілдік бірліктерге жартылай әдеби тілде қолданылатын, жартылай әдеби емес қарапайым тілдік бірліктер жақын келеді. Тағы да орыс тілінен мысалдар: проныра, пустомеля, брехня, калякать, бахвалиться, валять дурака, словно варом обдать, звонят, магазин торта.

Кітаби тілге жазбаша тілге тән, күнделікті тұрмыстық әңгімеге тән емес шектеулі және қолданылуы тұрақталған тілдік бірліктер жатады. Олар ғылыми әдебиеттерде, публицистикалық шығармаларда, іс-қағаз құжаттарда, сондай-ақ, көркем әдебиетте қолданылады. Кітаби тілдік бірліктер жалпы кітаби стиль болғанымен функционалдық-стильдік бояулары белгілі бір шеңберлерде әр түрлі қолданысқа ие. Мысалы, ауызекі тілде : истина, начинание, аналогия, аспект, ибо, весьма, быть в отпуске және белгілі бір стильге тән сөздер.Мысалы: санкция, правопорядок, ответчик, истец, возложить ответственность, податель сего, согласно постановлению (ресми іс-қағаздар стилі), аномалия, окисление, вектор, гипотенуза,диалектология, орфоэпия (ғылыми), авангард, агрессия, интервью, пресловутый, захватнический, оказать поддержку, прибыть с офциальным визитом (публицистикалық стиль).

Кітаби сөздердің бірқатары поэтикалық бояуға ие болады. Мысалы, орыс тілінде ланиты, очи, муза, дубрава,скорбь, кумир, кручина, дивный, лучезарный, лелеять, изведать, воистину, сыны Отечества және басқалар. Бұлар көбіне өлеңдерде көп кездеседі.

Мысалы, все страдания вся скорбь души человеческой слышались в них, [звуках скрипки],(И. Гончаров); Вдруг ему почудилось, что в воздухе над его головою раздались какие-то дивные, торжественные звуки ( И.Тургенев).

Стилистикалық бояу көбіне екіпланды болады, яғни ,тек қана тілдік бірліктің қолданылу шеңберін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге оның эмоционалды-экспрессивті және бағалауыштық характерін де көрсетеді.

Орыс тіліндегі еңбектерде былай деп жазылған: «Разговорные языковые средства могут выражать фамилярность, презрение, ласку, пренебрежение и.т.д. книжные торжественность, приподнятость, поэтичность и т.п. Например: балбес (разг. и презр.), базарная работа (разг. и пренебр.), спрятаться в кусты (разг. и ирон.), педант (книжный и неодобр.), форум (книжный и торжественный)».

Дегенмен функционалдық-стильдік қатынастағы тілдік бірліктердің барлығы эмоционалды-экспрессивтік бояуға ие бола бермейді.Мысалы, ғылыми терминдер іс-қағаздар лексикасы эмоционалды-экспрессивтік бояуға ие емес. Мысалы, орыс тілінде: анестезия, гипертония, арифмометр, вектор, молекула, аффиксация, квартиросъемщик, расследование, правопорядок, санкция и т.д. Эмоционалды-экспрессивті бояудан кейбір ауызекі стильдегі сөздер де айырылған. Мысалы,прогрессивка, пятак, читалка, нынешний,

Page 29: Диплом коннотация

мигом, по-свойски, и т.д. Сонымен бірге, ауызекі және кітаби немесе бейтарап грамматикалық формалар: отпуски отпуска, кусок сахара сахару, граммов грамм, и т.д.

Стилистикалық коннотациялар лексикалық деңгейде детальды түрде түсіндіріледі. Бірақ та олар басқа деңгейлердің тілдік бірліктеріне тән. Қазіргі орыс тілінің сөзжасам жүйесіндегі субъективті бағалайтын (эмоционалды-экспрессивтік) суффикстер мен префикстерге тоқталсақ: -ок,-ек сучок, пенек; -очек (-ечек) дружочек, пенечек, -оньк(-еньк) голубонька, доченька, хорошенький, маленький, -ищь грязища, ручища, силища; -ун болтун, драчун; -ак зевака, привляка, гуляка және басқалар. Көптеген аффикстер сөздерге функционалдық-стильдік бояу береді. Мысалы, сөзге ауызекі сөйлеу бояуларын орыс тілінде –к,-ка суффикстері береді: моторка, перловка, промывка; -ик,-ник: вечерник, глазник; Ауызша және жарқын эмоционалды-экспрессивті бояуға орыс тілінде –ты,-ны,-ота,-ня,-отня,-ша суффикстерімен аяқталатын зат есімдер ие болады: житье, беганье, беготня, возня, кассирша. Әдеби бояуға –ирова,-изирова суффикстері жалғанған етістіктер ие болады: дебатировать, стимулировать, интенсифицировать, военизировать, фетишизировать, сонымен бірге –ирование,-изирование суффикстеріне сәйкес келетін зат есімдер, -ированный, -изированный суффикстері жалғанған сын есімдер мен есімшелер, -нщ, -из, -воз және басқа префикстері бар сөз құрылымдары: орыс тілінде сопричастность, содружество, возвеличить, низвергнуть, издевать, -ость суффикстері жалғанған: -мощность, договоренность, ирреальность; -ация: мелиорация, акклимитизация; -ит бронхит, гайморит, фарингит.

Морфологияда лексика мен сөзжасам салаларына қарағанда стилистикалық коннотацияға ие бірліктер аз болып келеді. Морфологиялық формалар мен категориялар тек нұсқалар мен бар жағдайда ғана бояуға ие болады. Мысалы, былай делінген: морфологческие формы и категории стилистически маркированы только при наличии вариантов, например, формы именительного падежа множественных числа некоторых существительных мужского рода (договоры договора, лекторы лектора, слесари слесаря); формы родительного падежа единственного числа существительных мужского рода с вещественным значением (кусок сыра сыру, ложки меда меду); краткие и полные формы имен прилагательных (более высокий выше, самый интересный интереснейший) және басқалар.

Ал синтаксистік конструкцияға келер болсақ, олар да сол немесе басқа функционалды-стилистикалық немесе эмоционалды-экспрессивтік бояуға ие болады.

Кейбір авторлар сөздің логикалық-заттық, эмотивті, функционалдық-стилистикалық деп аталатын деп аталатын үш макрокомпонентін көрсетеді [98]. Кейбір зерттеулерде денотация, коннотациялық мағына және образды компонент болатынын көрсетеді.

Денотаттық ұғым ғылыми әдебиеттерде кең мағынада түсіндіріледі. Ол объективті өмірдегі мәнділікті білдірсе, коннотаттық мағына сөйлеуші адамға және коммуникативтік ситуацияға байланысты анықталады.

Бір-біріне қатысты, байланысты бола келіп бұл екі мағына бірін-бірі өзара толықтырады, мағынаның логикалық-заттық мағынасын құрайды.

Page 30: Диплом коннотация

Кейбір ғалымдардың ойынша, лексикалық мағынаны бұлайша ажырату әрдайым мүмкін емес және өте қиын. Осыған байланысты бірқатар зерттеулерде денотаттық мағына мен сигнификаттық мағынаны біртұтастықта қарау да орын алған. Л.Г. Бабенко бұл екі мағынаның ажырағысыз бірлікте екенін алға тарта келіп, денотацияны тек коннотацияға қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырады: «денотация – часть лексической семантики, многокомпонентная, иерархическая организованная, содержащая информацию о разнообразных фактах действительности, в том числе и информацию о человеческих эмоциях... Коннотация – периферийная часть лексического значения, многокомпонентная, как и денотация, факультативная, содержащая информацию о личности говорящего, в том числе и его эмоциональном состоянии, ситуации общения, характере отношения говорящего к собеседнику и предмету речи». Осылайша, ғалым тілдегі эмоцияны білдіретін атауларды ол әрі деннотативті қасиетке ие, әрі коннотативті қасиетке ие құбылыс ретінде зерттейді. Эмоцияны білдіретін сөздердің коннотациясын «өзінше лексикалық модальды» құбылыс деп көрсетеді.

Дегенмен, деннотация, сигнификаттық мағына, коннотация құбылыстары бұл жерде стилистикаға қатысты қарастырылып отырғандықтан, олардың стилистикалық мән-мағынаға ие болу (маркированность) сапа-қасиеттері біз үшін алдыңғы орында тұрады. Көп жағдайда стилистиканың құзыретінде қарастырылатын коннотаттық мағына тіл бірліктерінің эмоционалдық-экспрессивтік қызметі арқасында көрінеді.

Коннотацияға қатысты ой-пікірлер оның ұғымдық-заттық мағынадан мүлдем бөлек, ол негізінен «адамның сөйлеу психикасына байлаулы» мағына екенін мойындайды. Соның ішінде сөз семантикасының әсіресе адамның интеллектуалдық элементі басым, дегенмен, эмоциялық элементі де бірге берілетін күрделі психикалық жасалым екеніне басты назар аударылады. В.И. Говердовский коннотациялық мағына мен эмоционалдық мағынаны өзара тең ұғымдар деп те қарастырады. А.Я. Шайкевич коннотацияны сөз қолдануға байланысты пайда болатын түрлі семантикалық белгілер деп, кеңірек қарайды.

Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігінде бұл ұғымдарға қатысты нақты пайымдаулар жасалынған. «Деноттатық мағына - әр түрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс сөздің негізгі мағынасы. Мысалы, азамат сөзінің «кәмелетке жеткен ер адам» деген негізгі мағынасы – денотаттық мағына болса, осыған байланысты туындайтын денотация құбылысы «тіл бірлігінің семантика-стилистикалық реңктерден тыс, өзіне тән негізгі мағынаны білдіруі» болып табылады. Ал «коннотаттық мағына сөздің негігі мағынасына үстемеленіп, әр түрлі семантикалық, стилистикалық реңк тудыратын қосымша мағына» делініп, ол негізінен сөздің денотаттық мағынасына қарама-қарсы құбылыс ретінде алынады. Ал коннотация құбылысы тіл бірлігінің эмоциялық, стилистикалық реңін» білдіреді деп, оны лексикалық бірлік шеңберінде емес, кең мағынадағы ұғым мағынасы ретінде қарайды. Кең мағынада коннотация тіл бірлігінің грамматикалық және заттық-ұғымдық мағынасын толықтыратын оған экспрессивті рең беретін кез келген түрі. Тар мағынада коннотация – тіл бірлігі мағынасының бір бөлігі,

Page 31: Диплом коннотация

сол мағынаның ассоциативті бейнелік ішкі тұлғасын түсінуден туындайтын қосымша мағына, яғни троп не сөйлеу фигурасына тән мағына.Мысалы, азамат сөзінің кәмелетке жеткен ер адам мағынасын денотативтік (негізгі) мағына болса, «адамгершілік қасиеті жоғары, саналы адам» деген мағынасы коннотативтік көтеріңкі мағынасы болып табылады.

М.Серғалиев стилистикалық коннотацияларды үш түрге бөледі:1. Баға берушілік - эмоционалды-экспрессивтік коннотациялар. Коннотацияның бұл түрінде айтушының немесе жазушының сөзге жай қатынасы ғана емес, сөз болып отырған нысанға берер бағасы (ұнататыны, жек көретіні, еркелетушілігі, кекетуі, т.б.) сол сөздің немесе сөздердің қолданысынан байқалып отырады. Емен деген сөзді тура ботаникалық ұғымда ғана емес, өмірдің ащы-тұщысын көп көрген, талай қиыншылықтарға төтеп беріп, көп жасап келе жатқан адам мағынасында да қолданамыз.Соның өзінде тамырын кеңге жайған, аяз бен ыстыққа берілмеген өсімдік атауынан мүлдемалыстап кеткен жоқ. Сөйтіп, бір жағынан мағынасында салыстыру бой көрсетіп тұр да, екіншіден, айтушы немесе жазушы адамның сүйсінгенін білдіретін баға да бар. Қасқыр сөзін де осылай түсіндіруге болар еді, яғни мәтін ішіндегі қолданысына орай тағы жыртқыш деген ұғымда емес, алған ойынан қайтпайтын, батылдығын танытатын адамға қатысты осы сөзді пайдаланатынымыз рас. 2. Мұндай стилистикалық коннотацияның екінші түрін дәстүрлі экспрессивтік-эмоционалдық деп атаса да болар еді. Мұндайда ілгерідегідей дәл баға берушілік бірден көзге түсе қоймаса да сөзді қолдану ыңғайында белгілі дәрежеде баға берушілік те аңғарылып қалады, бірақ баға берушілік алдыңғы қатарды немесе мақсат түрінде көрінбейді. Солай болғанымен негізгі лексикалық мағынасымен салыстырғанда, сәл де болса поэтикалық бояуы көрініп тұратын жайы бар. Мәселен, қазақ тіліндегі көз бен жанар сөздерін қатар қойғанда, біріншісінің жұмсалу аясы барынша кең, жанар болса көркем шығармада, әсіресе өлең шумақтарында жиі жұмсалады. Мұнысы, әрине ол сөздің эстетикалық әсерінің артықшылығынан деуіміз керек. Сол сияқты әдетте адам көз тоқтата қарайды, тесіле қарайды, бажырая қарайды. Осының әрқайсысында экспрессивтілік пен эмоционалдылықтың белгілері білініп тұрады. Бұдан шығатын бір қорытынды: сөздердің стилистикалық бояулары тек лексикалық единицалармен шектеліп қалмайды, фразеологизмдерде де, сөзжасам мен сөздің қосымша жалғаған түрлерінде де синтаксистік конструкцияларда да мұндай қасиеттер мол орын алған. Берді мен бере салды, кесті мен кесіп тастады, бала мен балақан, бұзау мен бұзауқан, құлын мен құлыншақ сөздерінің соңғыларының эмоционалдық-экспрессивтік қасиеттерінің басымырақ болуына оларға жалғанған қосымшалар немесе тіркескен көмекші етістіктер көп септігін тигізіп тұр. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын», « Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» тәріздес мақал-мәтелдердің де «Аш қарын жұбана ма, майлы ас жемей» (Абай), «Барымен – базар» сияқты қанатты сөздер мен фразеологизмдердің де құрамындағы сөздер бірігіп, әлгіндей, сезімге әсер етер мағына тудырып отыр.

Page 32: Диплом коннотация

3.Лексикология мен фразеологиядағы, морфология мен сөзжасамдағы немесе синтаксистегі экспрессивтік-эмоционалдық мағыналарды бірден қабылдауға болады. Бұларды мектеп оқулығынан немесе жоғары оқу орындарындағы тілдің әр ярусы бойынша тыңдалған лекция мен практикалық сабақтан, оқулықтан таныс болғандықтан, оншалықты күдік те тудыра қоймайды. Тіпті сол лексикалық единицалар мен сөз тұлғаларының, конструкциялардың стилистиканың қарамағына түскенде де, экспрессивтік-эмоциональдық қасиеттерін жоймағандығы, қайта, стилистикалық коннотация болуға «дайын» екендігі де түсінікті. Ал таза стилистикалық, яғни экспрессивтік немесе эмоционалдық мағына бірден көзге түсе қоймайтын коннотацияға, бір қарағанда, шүбә келтірілетін сияқты.

Таза стилистикалық коннотация жеке сөздің немесе сөз тіркесінің қолданылу аясына да, тілдің функционалдық түрлеріне де тікелей байланысты болып келеді. Дәлірек айтқанда, таза стилистикалық коннотация функционалдық стильдің белгілі бір түріне телулі болады: шығыс, кіріс, ізденуші, жауап беруші (ресми стиль), синхрония, теорема, тангенс (ғылыми стиль), очерк, хабарлама, бас мақала (публицистикалық стиль), идея, тартыс (көркем әдебиет стилі) т.с.с.

Стилистикалық мағынаның бар/жоқ белгісіне қарай тілдік құралдар стилистикалық нышаны бар (бояу,бедері) және стилистикалық бейтарап (бояусыз, маркерленбеген) болып ажыратылады. Тілдік бірліктің сөйлеуде қолданылу диапазоны оның нышандалуының өлшемі болып табылады: стилистикалық бояу үдемелі және әр түрлі болған сайын оның қолданыс саласы тарылады.

Лингвистикада бұл әмбебап құбылысты атау мақсатында коннотация ұғымы да қолданылады. Коннотация ұғымының жан-жақты мәнін ескере келіп, М.Н.Кожинаның ізімен біз де жұмысымызда осы ұғымды басшылыққа аламыз. Оған коннотация ұғымының мынадай ерекшелігі негіз болады: 1) оның деривативті мүмкіншілігі кең; 2) М.Н.Кожинаның ескертуі бойынша, коннотация термині «стилистикалық мағына», «стилистикалық бояу» ұғымдарына қарағанда жалпы және олардың барлығын жинақтап атайды.

Тіл семантикасының коннотативтік қырына соңғы он жылдықта көп мән беріле бастады. Ғалымдардың пікірінше, коннотация ұғымының аясы кең. «Тілдің мазмұны денотаттық және коннотаттық мағыналар арқылы өріледі».

Тілдегі коннотация құбылысын зерттеу тіл туралы ғылымның басым бағыты екені анық. Бұлай деуге М.Н.Кожинаның мына пікірі негіз болады: «Если традиционное – а в общем-то и современное языкознание – было сосредоточено на изучении денотативной (в широком смысле), чисто логико-понятийный сферы языка (правда, с неизбежными, но побочными выходами в область коннотации), то теперь пришла пора специального изучения этой коннотативной сферы по всему «разрезу» языковых уровней». Демек, тілдегі коннотация құбылысы тек лексикаға қатысты ғана емес, тілдік жүйенің барлық деңгейлерінде қарастырылуы тиіс маңызды мәселе болып табылады. Ғалымның пікіріне жүгінер болсақ, тіл білімінде мағынаның денотативтік қырын ғана зерттеу сөздің коммуникативтік табиғатын тануға тосқауыл болып, осының нәтижесіндесөздің лингвистикалық мәртебесіне айтарлықтай

Page 33: Диплом коннотация

нұқсан келіп отыр. Тіл құралдарының коннотаттық мағыналық ерекшелігін зерттеу оның тілдік құбылыс ретіндегі табиғатын толық тануға әкеледі.

Тілші-ғалымдар бұл құбылыстың интерпретациясын жасаудың қиындығын ескере келіп, оны зерттеудің ерекше әдістемесін ұсынады. Бұл әдістемеде сауалнама, лингвистикалық эксперимент, контекстік талдау компоненттерін қолдануды ұсынады. Коннотативті белгілер лексикалық бірліктердің бойынан айрықша көрінеді және бұл бағыттағы зерттеулер негізінен лексикаға қатысты жасалынған. Конотация туралы алғашқы және жалғыз ғана монографиялық еңбек лексикалық материалдар негізінде жасалынған.

Сөздің коннотативтік семантикасына деген қызығушылық практикалық лексикография үшін айрықша маңызға ие. Практикалық лексикография өзінің негізгі зерттеу міндетін сөз мазмұнының денотативтік, дербес – номинативтік, логикалық ұғымдық қырынан көреді. Бұған кез келген аударма сөздіктерден мысал келтіруге болады: бір тілдің коннотативті бірлігін аудару үшін екінші тілдің стилистикалық нышандалмаған элементі қолданылып, олардың семантикалық эквиваленттілігі мен коммуникативтік-функционалды теңдігі туралы алдамшы ой туындайды. Осыған байланысты коннотацияны сипаттау оның онтологиялық қасиетіне байланысты күрделенеді және де «барлық коннотациялар санада ашылмаған, көп жағдайларда диффуздық есімдер мен реминнисценциялар аясынан шыға алмайды».

Коннотация тілдің барлық деңгейіндегі бірліктерге тән. Бұл дегеніміз аталып отырған тілдік феноменге кешенді, жүйелік көзқарас қажет екендігін көрсету, яғни «коннотацияның жүйелік сипатталуы тіл білімінде арнайы бөлімнің пайда болуына әкелуі тиіс, яғни оқыту пәні ретінде филологиялық факультеттерде уақыт оза өз орнын табатын бөлімнің пайда болуы тиіс».

Коннотация тілдік бірліктерді және құрылымдарды олардың ақпараттылығы жағынан сипаттайды. Сондықтан да коннотация проблемасы, біріншіден, семасиологияға жатады. Стилистикада олар функционалды маңыздылығы жағынан қарастырылады, олардың әр түрлі типтік мәтіндердегі коммуникативтік-экспрессивтік рөлі және сөйлеу процесінде стилистикалық боялған және бейтарап құралдардың қолданылуында болып жататын процестер қырынан қарастырылады.

Көптеген коннотациялардың мәні коммуникацияның экспрессивті формасынан ажыратылмайды; бұл байланыстың жақын және түбірлі екендігі соншама, коннотация тілдегі экспрессиялық нұсқаны жүзеге асырушы өнім, құрал болып табылады деп сенімділікпен айтуға болады. Лингвистикада бұл екі ұғым – коннотация мен экспрессия – бір бірі арқылы анықталады; бұл екі ұғымды бір ғана тілдік мәнді белгілеуші синонимдік терминдер деп те қарайтын пікірлер бар. Көрсетілген ұғымдарды ұқсастыру дұрыс емес. Коннотация – біріншіден, мазмұнды, тілдің ақпараттық қырын, олардың номинативтік құралдар жүйесіндегі статусын сипаттаушы семантикалық құбылыс.

Кез келген коннотация экспрессия туғызады. Ғылыми терминдерге қолдану саласын көрсетуші функционалды коннотация тән. Термин ғылыми сипаттау контексінде қолданғанша, оған экспрессиялық функция жат болып саналады. Егерде термин күнделікті – тұрмыстық салада нақты бір ғылымға

Page 34: Диплом коннотация

жатпайтын заттар мен ұғымдарды атау үшін қолданылса, онда ол экспрессивті міндетті тасымалдаушы болып саналады. Мысалы машинесін көрсетіп, «мынау менің зымырантасығышым» дегенді алатын болсақ, зымырантасығыш сөйлеуші үшін жаңа зат, оны күлкі тудыру үшін қолданған.

Экспрессивтілік ұғымы сөйлеу актісіндегі тілдік белгінің оның мақсатқа сай және ұтымды қолданылуы болып табылады. Экспрессияға семантикалық емес өлшемдер тән. Коннотация және экспрессивтілік бір-бірімен себеп-салдарлық қатынас арқылы байланысқан. Коннотация экспрессивтіліктің семантикалық негізі болып табылып, экспрессияға айналып, экспрессияны тудырады.

Экспрессивтілік – сөйлеу процесі кезінде пайда болған функционалды құбылыс. «Тілдік мағынаның тек қана нақты болмыспен түйісуі, айтылымда ғана болатын тілдік қисынның болмыспен түйісуі экспрессияны туғызады»(Бахтин М.М.). Сонымен қатар «сөзден тыс экспрессия болмайды (экспрессивті бояулы мағына нақты бір сөзге тән және ешкімде ой туғызбайтын, ештеңеге шақырмайтын «мәліметтер базасы» сыпатты)»(Телия В.Н.); «Экспрессивтілік сөздің экспрессивті потенциясын жүзеге асыруда пайда болады» (Перл Н.Е.).

Экспрессивтіліктің көзі ретінде тек қана узуальды коннотациялар емес («құтыру», «сәнденшек» сияқты сөздердің теріс бағалау потенциялары), сонымен қатар тілдің бейтарап құралдарының сөйлеу процесінде стандартты емес түрде қолданылуы нәтижесінде пайда болатын окказионалды коннотациялар да болады. Мысалы, бағалау функциясында сөздіктер деңгейінде коннотативтіліктен айырылған есімдіктер де бола алады. Мұндай қолданыстардың экспрессивті-прагматикалық ұтымдылығы ретінде сөйлесушіден алшақтау болуды алуға болады немесе сөйлесушіге деген ирония,сарказм, номинация объектісі т.с.с.

Қазақ тілінде өзінің қолданысы бойынша бейтарап болып табылатын және адамға қатысты кемсіту және келемеж ету мағынасында қолданылатын коннотациялық мағыналық көрсеткіштері ретінде –қай, -қақ, -мсақ, -мсек жалғанған сын есімдерді айтуға болады. Кейбір авторлар ингерентті және адгерентті коннотацияларды бөліп қарайды.

Коннотациялық семантикамен айналысатын лингвистикалық зерттеулердің орталық саласы ретінде екі міндетті көрсетуге болады. Біріншісі – тілдік айтылымдардың коннотацияланған бірліктерінің инвентаризациясы мен жүйеленуі. Сонымен бірге, «жалпылау қорытындысы бойынша елтаным сөздігінен жоғары» болатын арнайы коннотациялық сөздіктер жасау. Бұл жерде зерттелетін материалдың ерекшелігіне байланысты талдаудың өте жоғары деңгейдегі әдістері алынуы қажет. Бұл талдаулар метатілдік формулаларда өте нәзік семантикалық-стилистикалық нюанстарды ескеретін және бекіте алатын, яғни нағыз ұлттық колорит беретін нағыз сол коннотацияны көрсете алатын болуы тиіс. Мұндай әдістің ең көрнекті және бүгінгі күні кең қолданылып жүрген А.Вежбицкаяның эмоционалдық концепттердің семантикалық экспликациясын көрсететін әмбебап семантикалық тілін айтуға болады.

Page 35: Диплом коннотация

Екінші міндет – түрлі тип жанрдағы мәтіндердегі коннотациялардың функционалды рөлін зерттеу. Бұл жерде тілдік қатынас саласы, коммуникацияның мазмұны мен мақсаты, сөз актілерінің өту жағдайлары сөйлеушінің және адресаттың тұлғасы т.б. ескерілуі қажет.

II.Функционалды стильдерде кездесетін стилистикалық коннотациялар

Сөйлеу тілі мәтіндерін коннотациялар көркем дискурстан, әсіресе сөздің экспрессивтік-мағыналық шегі (ореолы) кейде оның заттық мағынасынан маңыздырақ болып табылатын поэзиядан да өзгеше беріледі. Поэзияда ауызекі сөзбен бітіспейтін дыбыстық рөл пайда болады, ол сонымен қатар сөздің коннотативтік ерекшелігін де айқындап отырады. Сөздердің дыбысталуынан алынатын әсер ақын үшін шығармашылық таңдауының шешуші критерийі болып табылады. Ал ауызекі сөзде экспрессивті коннотацияның тасымалдаушысы ретінде фразеологизмдердің рөлі артады. Оған екі жағдай әсер етеді – біріншісі «фразеологизмдердеконнотативтік мазмұнның денотативті элементтерінен басымырақ болады». Бұл ауызекі сөз мәтінін құрау үшін экспрессивтілігі жағынан қажетті материал болып табылады. Екінші жағынан, көптеген фразеологизмдер сөйлеу тілі реңкінде болады, көбінесе олар қарым-қатынастың күнделікті – тұрмыстық саласында қолданылады. Мағыналық обертондармен толықтырылатын мақал-мәтелдердің, сықақ-ұйқастардың, ойын-сықақ бірліктердің белсендірілуі экспрессивтік мақсатта қолданылуы сөйлеу тілі стилінің белгісі болып табылады.

Енді стилистикалық коннотациялардың көркем мәтіндегі орнына тоқталып өтетін болсақ. Біртұтас құрылым ретінде көркем мәтін белгілер жүйесінің заңдылығына бағынады, сондықтан ойды жеткізудің құралы болып

Page 36: Диплом коннотация

табылады. Көркем мәтін ақпараттың бір уақытта өзекті, мәнерлі және әсер ете алатындай болуын талап етеді. Ерекше мәнерлілік және әсер ету күші көркем баяндауда ерекше талғаммен ұйымдасқан барлық тіл элементтері арқылы іске асады және әр элемент көркем бейне сомдауға жұмсалады. Суреттеу, баяндаудың эстетикалық ұйымдасуы тіл тәсілдерін үлкен талғампаздықпен мақсатқа сәйкес жұмсап, сөздің ішкі семантикасына сәйкес ұйымдасады. Эстетикалық жағынан ұйымдасқан тіл материалы тұтас тіл элементтерінің жүйесін құрайды. Көркем жүйенің элементтері көркем мағыналылыққа ие болады. Көркем шығармадағы тіл тәсілдері «тұтас құрылымдағы орнына байланысты болады әрі жазушының ойын жеткізуде маңызды қызмет атқарады», - дейді М.Б. Борисова.

Көркем шығармадағы тіл элементтері оның эстетикалық ұйымдасуына әсер етеді. Мәтіннің эстетикалық ұйымдасуы тіл бірліктерін сапалы өзгерістерге түсіріп, түрлендіреді, жаңа семантикалық жүйенің элементіне айналдырады. Тұтас көркем бірлікте сөз білдіретін «микрообраз» арқылы, яғни әсер ету нәтижесінде көркем образ қалыптасады. Сөздің ерекшелігі көркем мәтінде арнайы зерттеу әрекетінде байқалады. Жалпыхалықтық тілдегі сөз, көркем тұтастыққа еніп, семантикалық алмасу деңгейі әр түрлі болады. Халық жазушысы Ш. Мұртаза: «Шындықты жазған жазушының шығармасы – қоғамның шипагері. Қоғам ауруын жазады, таниды дегенде қолма-қол емес, адамдардың жүрегіне – жігер, көзіне – нұр,көкірегіне – сәуле қосу арқылы әсер етеді. Сиқырлы сөз – ауруды жазатын сөз. Қоғам дерті осындай сөзбен емделеді»,- дейді. (Әзімжанова Г. Дис.79-80б.)

Эмоциялық реңкі бар экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет тілінде жиі кездеседі, олардың барлық қыр-сыры, стильдік бар бедер, бояуы сол көркем әдебиет тілінде жан-жақты ашылады. Эмоциялық реңк түбір зат есім сөздерде ғана болмайды, оның қосымшалы түрлері арқылы да беріледі. Бұл жөнінде Д.Э. Розенталь өте дұрыс айтқан: «Некоторые суффиксы имен существительных образуют вариантные пары, придающие словам одно и тоже значение, но различную стилистическую окраску (разговорный или просторечный оттенок), диалектный характер, оттенок народнопоэтической речи и т.д.». Қазақ тіліндегі сөздердің стильдік реңкін сөздің эмоционалдық-экспрессивтілігімен бірдей қарауға болмайды: «Обычно под стилистическими качествами слова понимают, во-первых, прикрепленность слова к той или иной сфере употребления, и во-вторых, наличие или отсутствие в нем экспрессивности» деп жазса, сөздің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі туралы: «Под эмоциональной окраской здесь понимается свойство слова выражать, помимо названия того или иного предмета или явления, и определенное отношение к обозначаемому: ласковое, шутливое, ироническое, пренебрежительное и т.д.» деп ашып айтқан. (Одинцов О.) [Айтбенбетова А.]

Стилистикалық коннотациялар қарым-қатынастың нақтылы аясы мен шарттарына байланысты бұл единицалардың қолданылу мүмкіндіктерін шектеп отырады, сонысымен стилистикалық ақпарат құрауға себепші болады.

Сөздің барлығы дайын күйінде экспрессивті-эмоционалдық қасиетке ие бола бермейді. Бейтарап сөздердің көп кездесетіні белгілі. Басқа сөздердің

Page 37: Диплом коннотация

стилистикалық бояуы осы бейтарап сөздермен салыстырғанда көзге шалынады. Ілгеріде айтылғандай бейтарап сөздердің мәтін ішінде стилистикалық коннотация қызметін атқаруы мүмкін. Сондай-ақ стилистикалық бояуы бар сөздің өзі сол бояудың бір түрінен екінші түріне ауыса береді. Әдетте, «Ол балажан еді» деп айтуға хақылымыз. Демек адамның жан-күйіне байланысты бір қасиетті салқын қанды жеткізудің түрі делік. Осы сөйлемді «Ол – балажан еді» деп тіпті бір сөйлемді де алып қоспастан, интонация арқылы кекетінді түрде айтудың да мүмкіндігі бар.

Осыған байланысты стилистикалық құралдар туралы ой туындайды. Стилистикалық құралдардың қандай болу керектігі жөнінде қарама-қайшы пікір баршылық. Ол көзқарастағылардың біріншілері стилистикалық құрал болу үшін сөздердің өздерінің табиғатында экспрессивтік-эмоционалдық бояу мәтіннен тысқары күйінде білініп тұрғанын қалайды. Енді біреулері стиль әлгіндей бояуы жоқ сөздерден де жасалады деген пікір ұсынады. Шындығына келгенде, бейтарап сөздердің өзі белгілі бір функционалдық стильге қызмет ететініне көзіміз жетсе, демек сол стильдің ерекшелігін танытуға жәрдемін тигізсе, оның үстіне көп ретте мәтін ішінде стилистикалық бояу тудырып отырса, оларды да экспрессивтік-эмоционалдық мағынасы бар деп білген жөн. Сонымен стилистикалық құралдарды функционалдық құралдар және экспрессивтік құралдар деп екі топқа бөлуге болады.

Функционалдық құралдарды әдетте, кітаби құралдар мен ауызекі сөйлеу құралдарына жіктейді. Кітаби құралдар тиісті функционалдық стильдерге байланысты: ресми, ғылыми, публицистикалық, көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу стильдеріне сәйкес сыныптастырылады. Ауызекі стиліне байланысты құралдар көп жағдайда тұрмыс-тіршілік аясында еркін қолданылу мақсатында жұмсалады. Сондай-ақ көп ретте көркем әдебиет шығармаларындағы көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлер тілінде, олардың сәйлеу еркешеліктерін таныту үшін, тілімен ғана емес, кейіпкерлердің жалпы болмысынан, ой-өрісінен, мамандығынан хабар беру үшін де ауызекі сөйлеу құралдары да пайдаланылады.

Сонымен бірге коннотациялар көркем шығармада фразеологиялық бірліктер түрінде көп кездеседі. Фразеологиялық бірліктер мағынасы аталмыш қасиеттермен қатар, ассоциативті-бейнелі информацияны да бере алады. Жоғарыдағы сараң сөзінің орнына жұмсалатын фраземаны сараптап көрейік: қолы тар, Қарынбайдай сараң, Шығайбайдай сараң, қаныпезер,сасық бай, аузын қу шөппен сүрту, жұмыртқадан жүн қырқу, қу бастан қуырдақ ет алу және т.б. Әрине, бұл фраземалар адам эмоциясының түрлі қасиеттерін өзінің ассоциативті-бейнелілігінің нәтижесінде беріп отыр. Бұл қасиеттерді екіншілік мағынаның негізінде пайда болған кейбір сөздердің бойынан да кездестіруге болады. Мысалы: ит, шошқа, сүйретілу, көкең, көпіру және т.б. Сөздер мен сөз тіркестерінің жоғарыдағы қасиеттері мен одан да басқа ерекшеліктерін көптеген ғалымдар «коннотация» ұғымына жатқызады. Сонда да коннотацияның негізгі белгілерін атап көрсетейік:

● мағынаның денотативтік аспектісіндегі қосымшалық мағына;● денотациямен салыстырғанда коннотацияның екіншілігі;

Page 38: Диплом коннотация

● эмоционалдық, экспрессивтік және бағалауыштық информацияны білдіреді.

Алайда, көрсетілген белгілер коннотацияның лингвистикалық табиғатын толық аша алмайды, әсіресе, сөздің немесе фразеологизмдердің семантикалық құрамындағы коннотацияның сипатын анықтауда бұл белгілер жеткіліксіз болмақ.

Коннотация ұғымы туралы лингвистикалық көп қырлы түсініктемелер аталмыш мәселенің күрделілігінің, сан қырлылығының куәсі. Енді коннотация классификацияға тоқталып өтейік:

● Л.А. Сергеева коннотацияның үш түрін бөліп көрсетеді: мазмұндық немесе сипаттамалық, экспрессивті-бағалағыштық және нормативтік [ Л.А. Сергеева,1983; 116 б.].

1) Сипаттамалық коннотация таңбалаушы объект туралы бірден көзге көріне бермейтін, сөздің және фразеологизмнің тура мағынасынан туындамайтын ақпарат негізінде жасалады. Әдетте, бұл қасиеттер – сырттан байқалмайтын, белгілі атаумен алғаш танысқанда бірден көрінбейді, көзден таса, жасырын қалатын белгілер. Атаудың аталмыш қасиеттері біраз уақыт өткеннен кейін, оларды пайдалану, қолдану тәжірибесінен кейін көзге көріне бастайды. Уақыт пен тәжірибе әрқашан ақиқаттың, шындықтың көзі болғандықтан, атаулар туралы жиналған тұжырымдар мен олардың қасиеттері де табиғи болып табылатыны сөзсіз.

Мәселен, қоян сөзінің мағынасы «қорқақ» коннотациясының қасиетін сақтаса, арыстан – «жүректі, батыр», ит – «топас, қырсық, шыдамды», аю – «икемсіз», аңқау, күшті және т.б. қасиеттердің коннотациясы жинақталған. Бұндай коннотациялар жасырын сипатта болады. Олардың шығу төркінінде ассоциативті-бейнелік жатыр. Мысалы: Өй, нағыз қоян жүрек өзің едің ғой, бүгін тіпті батырсынып кетіпсің (Ә. Әлімжанов); - Бұқпадан адам сияқты тұтас жөнеліп едік, тап ауылға жақындағанда быт-шыт болғанымызға кім айыпты? – Е, ит біле ме? (Ғ. Мүсірепов); Аюдай бақырған шешесі де отырса басқа, тұрса аяққа ұрып күн көрсетпейді (Б. Соқпақбаев); Арыстандай айбатты, Жолбарыстай жүректі (Ауыз әдебиеті) немесе ұйғыр тілінде У вақитта униң бешида меғизғақар едим. Келтірілген мысалдар коннотацияның функционалдық немесе сипаттамалық қызметінің айғағы болып табылады.

2) Экспрессивті-бағалағыштық коннотация атаудың сапалық қасиеттерін (экспрессия негізі болып табылатын) білдірген тұста сипаттамалық коннотациямен тығыз байланыста болады. (Мысалы: бір үзім нан, бір шымшым тұз, бір кесек ет, бидайдың дәніндей, иненің көзіндей немесе ұйғыр тілінде бир қәпәз,бир йоли, бир қошуқ, бир тал, бир тасқам, бир ташлиқ су, бир тийн, бир тутам және т.б.). Мұндай коннотация, әдетте,бағалағыштық семамен байланысты. Мәселен, ит байласа тұрғысыз, ине жұтқан бұралқы иттей, мысық пен иттей, ұйғыр тіліндегі ишт өлүми, ишттәк болмақ, ағидин ақ ишт кирип, көк ишт чиқмақ және т.б. фраземалардың құрамындағы ит семасы бұрыңғы жасырын, потенциалды «шыдамды» деген мағынада көрініс беріп тұр.

Бұл семалар қосалқы, қосымша мағынаны қатар білдіре алады. Сонымен қатар кейбір семалар субъективтік себептермен бір тілдің өзінде бір

Page 39: Диплом коннотация

біріне қарама-қарсы мағынада жұмаслуы да мүмкін. Салыстырыңыз: ит жанды (шыдамды) немесе иттен жаралған (топас, түк көрмеген).

3) Нормативтік коннотация коммуникативтік қызметімен ерекшеленеді. Бұл – функционалдық стильдегі коннотация.

Л.А. Сергееваның коннотацияға жасаған классификациясы қандай да бір коннотация тәсілінің таңдап алынуы ол сырттан, күшпен болатын құбылыс емес, ең алдымен атаудың табиғатынан келіп шығатын, яғни заттың номинациясының ерекше сипатынан (сипаттамалық коннотация) немесе сөйлеудегі коммуникативтік талаптардың, қажеттіліктің негізінен (экспрессивті-бағалылық коннотация) немесе тілдің ішкі құрылымдық ерекшеліктерінен (стиль коннотациясы, контекстік коннотация және т.б.) келіп шығатын мән екендігінің ғылыми дәлелі болып табылады.

● Коннотацияның мазмұндық типологиясын В.И. Говердовский ылғи даму, жаңару үстінде болатын, окказионалдылықтан узуальдыққа ұмтылатын динамикалық құбылыс деп түсіндіреді, коннотацияны қолданыс пен мағына арасындағы аралық кезең (звено) деп атайды. Осының негізінде ғалымның классификациясы бірде сөзге жақындаса, енді бірде мағынаға жақындайды. Зерттеуші коннотацияның бес типін бөліп көрсетеді: контекстік, тақырыптық, тарихи-тілдік және экспрессивті-бағалағыштық [В.И. Горердовский,1985; 71-79бб.].

Контекстуалды және экспрессивті-бағалағыштық коннотациялар Л.А. Сергеева классификациясымен сәйкес келеді. Тарихи-мәдени коннотация қызылдар – ақтар («революционер – контрреволюционер») мысалдары дәлел болса, тарихи-тілдік коннотацияға – символизм сөзін мысалға келтіреді.

Эмоционалды-экспрессивтік сөйлеу үрдісіне тән құбылыс болғандықтан, кез келген сөйлемде айтылған хабарға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін модальдықтың шындығы жатады. Эмоционалды-экспрессивтік мағына тіл элементтерінің барлығында болуы шарт емес. Бұл шарттылық сөздің негізгі қызметінен туындайды. Мәселен, фразалық тіркестер мағынасында эмоционалды-экспрессивті мағына анық байқалады: үріп ауызға салғандай «өте әдемі, сүйкімді», түйені түгімен жұту «ойсырата пара алу», мұрнынан шаншылу «әбден шаршау» немесе ұйғыр тілінде пути гөрә саңгилимақ «өте қарт адам», төгиниң қуйриги йәргә йәткәнде «ешқашан болмайтын жағдай» және т.б.

Жоғарыда айтып өттік, тілшілердің барлығы бірдей, эмоционалды-экспрессивтік мағынаны сөздің лексикалық мағынасының құрамына қоса бермейді. Эмоция түсінік ретінде өмір сүреді, ал сөздің эмоционалды-экспрессивтік мағынасы мен заттық-логикалық мағына тең түсетінін компонент болып көрінгенмен, оларды лексикалық мағынаның құрамына енгізуге болмайтынын ескертеді. Сөздің эмоционалды-экспрессивтік мағыналық реңкі сөздің лексикалық мағынасымен біте қайнаспайды, оңай бөліне салады, ал кейбір сөздер эмоционалды-экспрессивтік мағынада қолданылуы мүмкін, бірақ ол негізгі мағына емес, көп мағыналы сөздің бір мағынасы болады деген қорытынды шығарады.

Сөздің эмоционалды-экспрессивтік мағынасын түсіндіре келіп, М. Оразов, дүниені танып білудегі көп қырлылық пен көп сатылық адамдардың эмоциясының берілуіне әсер етеді. Сондай-ақ адамдардың амал-әрекетіне,

Page 40: Диплом коннотация

қоғамдық құбылыстарға баға бергенде, адамдар өздерінің дүние тәжірибесіне, көзқарасына, біліміне және т.б. сүйенеді. Бұның өзі оның берген бағасының қоғамдық сипатқа ие екенін көрсетеді деген тұжырым айтады.

Тілдің сөздік құрамын да эмоционалды-экспрессивтік лексика деп атайды. Бұл топтағы сөздердің саны аз болғанымен де, тілде белгілі бір дәрежеде орын алатыны белгілі.

Тіл-тілдегі эмоционалды-экспрессивтік мағынаның көрінетін тұсы фразеологиялық бірліктер болып табылады. Бірақ бұл қасиетке барлық фраземалар ие емес. Мәселен, сәске түс «түс мезгілі», жол көрсету «бағыт беру», жүрек жалғау «тамақтану», беті бері қарау «жазылу», жұмған аузын ашпау «үндемеу» және т.б. көптеген фразеологизмдер мағынасында эмоционалды-экспрессивтік мағына жоқ. Сонымен қатар көпшілік фразеологизмдерде эмоционалды-экспрессивтік реңк болады. Фразеологизмдердің пайда болуының негізгі себебінің бірі – адам ойының әсерлі, бейнелі жеткізілуі болып табылады. Мысалы: аузы құлағына жету «шексіз қуану», көзі шарасынан шығу «қорқу, таңдану», жан жүйесін босатты (тебірентті) «толқыды, көңілденді», өзегі өртенді «күйінді», төбесі көкке жетті «қуанды» және т.б.

Экспрессивтілік пен эмоционалдық мағыналарға жақын реңктердің қатарына бағалағыштық қасиет те жатады. Экспрессивтілікке анықтама бергенде де тілдің мәнерлілігі, бағалағыштығы, бейнелілігі сияқты семантикалық жағынан бір-біріне жуық, жақын құбылыстардың ара жігін ашуға талпынады. Осылардың ішінде, әсіресе экспрессивтілік, эмоционалдық және бағалағыштық мағыналарының арасын ашу қиынға соқтырады.

Дәстүрлі стилистикада ( Ж.Вандриес, Ш. Балли, В.В. Виноградов) эмоционалдық немесе эффективтік және экспрессивтік мағыналар арасына теңдік белгісі қойылады. Бірақ қазіргі лингвистикалық еңбектерде бұлардың ара жігін ажыратады. Экспрессивтілік пен бейтараптық арасына қарама-қарсылық белгіні қоя салмауға болмайды, себебі екі полюс арасында аралық құбылыстар саны аз емес. Көптеген тілдік бірліктер қолданыс аясында екі полюс арасында, бірде біріншісіне, бірде екіншісіне ауысып өтпелі қызмет атқаруы да мүмкін.

Мәтін тіл бірліктерінен жасалып, тілдің прагматикалық әсерін туғызатын ұғымдарды көрсетеді. Мысалға, сиыр, оттама, ботадай зарлама сияқты сөздерді алсақ, сөйлеушінің айтар прагматикалық ойын толық сөйлемсіз де түсініге болады. Бұл сөздердің семантикасында сөйлеушінің көзқарасын білдіретін - Өзі бір сиыр екен! Көп оттама! информациясы жасырын тұр. Лексикалық мағынаның прагматикалық бағыт-бағдары туралы деректердің аздығы коннотация туғызатын экспрессивтік әсерді зерттеу мәселесін қиындатады. Стилистикалық бояу сөздің семантикасына кіреді. Өйткені, ирония, каламбур, дыбыстық еліктеу т.б. стилистикалық әдістер көмегімен экспрессивтік әсер туғызуға болады. Басқаша айтқанда, сөз мағынасы (бояуы) дегеніміз – мағынаға қосылған үстеме информация.

Экспрессивті мағынаны қарастырғанда, сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына да назар аударған жөн. Сөздіктерде берілген менсінбеу, кемсіту, еркелету т.б. белгілеулері бар, экспрессивтік әсері бар сөздердің қолданылу

Page 41: Диплом коннотация

прагматикасы ескерілуі қажет. Осыған орай бұл белгілер коннотацияға кіретін мағына компоненті ме, әлде прагматикалық көрсеткіш пе – деген сұрақ туады. Мысалы: Қозым менің (еркелету), екеуің егіз қозыдайсың (таңырқау, сүйсіну), сендер неге қозыдай жамырайсыңдар? (жақтырмау, зеку) сөйлемдерінде қозы сөзі әр түрлі экспрессивтік мағынада қолданылып тұр. Бұл белгілер сөздің не фраземалық мағынасының қолданылуының немесе белгілі коммуникативтік мақсатты жүзеге асыру үшін қолданылған сөздердің мағынасының экспрессивтік бояуы да, ал қалған компоненттері коннотацияға қызмет етеді.

Мағыналардың экспрессивтік бояуын көрсететін компонент ретінде коннотация мәселелерінің толық зерттелмеу себебі: прагматикалық бағыт-бағдарды ескерген лексикалық мағынаның типологиясыеың жоқтығы болып табылады.

Лингвистикада стилистикалық, эмоционалдық, бағалауыштық, бейнелілік, т.б. бояуларды бойына сіңірген экспрессивтілік ұғымы өріс алған. Осыдан эмоционалды-экспрессивтік, экспрессивті-эмоционалдық, эмотив, экспрессив, экспрессивті-стильдік, бағалауышты-экспрессивтік және коннотативтік деген терминдердің лингвистикалық әдебиеттерде қатар қолданысы өріс алды. Бұл терминдерге берген (эмоционалды,эмотивті, стилистикалық, коннотативтік) анықтамаларда лексемалардың ішкі мағыналарда қосымша мәннің немесе синонимдердің болу шартын басып айтады. Бұл бағыт шетелде С.Ульманн еңбектерінде, Ресей тіл білімінде В.В. Виноградов зерттеулерінде орын алған.

Бейтарап лексикадан гөрі экспрессивті бояулы басым лексика анағұрлым күрделі мағыналық құрылымға ие, өйткені ол семантикалық құрылымның «қосымша» макрокомпонентінен жасалған коннотативті семантикаға қатысты. Коннотация бойына мазмұн құраушы стилистикалық, бағалауыштық, эмоционалдық және экспрессивтік қызметтерді білдіретін қосымша мағлұматтарды сіңіреді. Экспрессивті бояуы бар мағынаның тағы бір ерекшелігі – экспрессивтік әсер лексеманың ішкі формасында немесе сөздің ерекше мағынада қолданылуында. А.А. Потебня ішкі форманы динамикалық құбылыс, terium comporations деп, яғни жаңа және ескі ұғым ұқсастығы негізінде ассоциациясы сөзден туындайтынын анықтаған.

В.Н. Телия ішкі форманы коннотативтік мағынадан іздейді. Ғалым пікірінше, «... коннотация включает в себя несколько элементов, среди которых внутреняя форма является «криптосмыслом», играющим роль темы, а экспрессивная окраска создаваемая оценкой, эмоциональным отношеним или стилистической отмеченностью, - роль темы» [В.Н. Телия, 1986; 13 б.].

Мағынаның коннотативтік компонентінің зерттелуінің негізгі себептерінің бірі – сөздің ішкі формасының тек окказионалдық сөз қолданысында қарастырылуы. Экспрессивті бояма лексика – екіншілік атау нәтижесі, ал ішкі форма сөйлеуші субъектіні объективті өмірмен байланыстырады. Мысалы, сөйлеуші біреуді қой деп атағанда, тілде жуастық, момындық эталоны деп саналатын қойдың мінез-бітімін бейнелі-ассоциациясын көз алдына елестетеді. Бейне эмоцияны туғызады.

Тыңдаушыға сөзбен әсер етудің бірнеше әдістері бар, соның ішіндегі үнемдісі – бір сөздің номинативтік және прагматикалық мағыналарының

Page 42: Диплом коннотация

негізінде бейнені эмоционалды тұрғыдан қабылдай алуы. Тілдік құралдарды үнемді қолдану тенденциясы «қосымша мән» коннотацияда кездеседі.

Коннотация – лексикалық мағынаның негізгі компоненттерінің бірі. Лексикалық мағынаның түрлерін денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық деп макрокомпоненттерге бөліп қарастырған ғалымдар: И. Арнольд, Л. Васильев, Л. Новиков, И.Стернин, Э. Кузнецов т.б.

Сөз мағынасының үстеме макрокомпонентін ғалымдар эмоциялық, коннотаттық, прагматикалық деп атайды. Бұлардың ішінде үстеме, қосымша мағынаны дәл беретін – коннотаттық компонент. Коннотациялық мағына эмоция мен бағалауыштық компоненттерден тұрады. Денотаттық, сигнификаттық компоненттер кез келген сөздің мағынасында болса, коннотаттық компонентте ондай қасиет жоқ. Бұл микрокомпонент тек жекелеген сөздердің мағынасында болады. Адам айналасындағы заттар мен құбылыстарды қабылдағанда, адам санасында сол зат немесе құбылыс негізінде эмоция туады және сол зат немесе құбылысқа деген баға қалыптасады. Мағына сезім мен бағалағыштық болмаса, толық сипатқа ие бола алмайды. Эмоция мен бағалағыштығы солғын сөздерде, узуалды сипаттағы коннотаттық компонент сақталады. Бұл микрокомпонент эмоциялық бағалағыштық пен стилистикалық сипаттан көрініс табады.

Сондықтан коннотаттық компонент мағынаның эмпирикалық функционалды стилистикалық компоненттерімен тығыз қиысып жатады. Коннотаттық микрокомпоненті бар сөздің мағынасы субъективті сипаттағы қосымша хабардан тұрады. Онда сөзбен берілген денотатқа деген бағалау қатынасы білінеді. Сөздіктерде коннотаттық компоненттің бағалағыштық коннотациясы ерекше белгілермен беріледі (дөрекі, қарапайым, көне, діни және т.б.).

Жоғарыда айтылғандай, семантиканың экспрессивті микрокомпоненті болып табылатын коннотация – номинация үрдісіндегі қабылдаудың, көрініс табудың, бағалаудың жемісі. Коннотацияның негізгі қызметі – сөйлеу прагматикасымен тікелей байланысты әсер ету функциясы. Сол себепті семантиканың коннотаттық аспектісін зерттеуде ойдың бағалауыштық қызметін білу маңызды. Бағалауыштықты тілдегі сөздер мағынасының модальдылығы деп қарастырады. Бағалауыштық модальдылық сөйлеушінің субъектіден тәуелсіз объективті ойлаудың бәріне де көзқарасын білдіреді. Номинативтік бірліктердегі коннотациялық мағыналардың көріну белгілерін зерттеген Ресей ғалымы профессор В.Н.Телия осы тұрғыдан мынандай ғылыми тұжырым айтады: «Оценочная модальность – это связь устанавливаемая между ценностей ориентацией говорящего/слушающего и обозначаемой реалией, оцениваемой положительно или отрицательно по какому либо основанию в соответствии со стандартом бытия вещей или положения дел в некоторой картине мира, лежащим в основе норм оценки»

Экспрессивті бояу тікелей аксиологиялық көзқарасқа байланысты болғандықтан, оның қандай формада коннотацияны туғызатынын, жалпы бағалау модальдігі мен экспрессивті модальдіктің айырмашылыған белгілеу үшін оның құрылымын қарастыру қажет. Эмоция – экспрессивтік негізінен сөйлеу үрдісіне тән құбылыс. Кез келген сөйлемде сол айтылып жатқан хабарға айтушының көзқарасын білдіретін элемент – модальділіктің

Page 43: Диплом коннотация

болатындығы шындық. Фраземалар мен сөздердің келтірінді мағынада қолданғанда сөздердің мағынасындағы эмоционалдық-экспрессивтік мағына анық байқалынады. Мысалы, түйе үстінен сирақ үйіту «икемсіз, болбыр», қой аузынан шөп алмайтын «момын».

Экспрессивтіліктің болуы – бояуы басым сөздердің мағынасындағы коннотаттық компонент болуының модальдылығының екі жақтылығының көрсеткіші. Мәселен, Ол – нағыз қой сөйлемінде модальдылығының екі формасы бар. Біреуі – объектіге, белгілі бір аспектіге қатысыт көзқарас (момын), ал екіншісі – ішкі формадан шыққан белгіге байланысты (қой болғандықтан момын). Экспрессивті бояуы бар сөздердің екі жақты модальдігінің болуы – бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ табиғаты әр түрлі екі факторға байланысты.

Экспрессивті бояуы бар сөздердің мазмұны бағалағыштық мағынасы бар сөздермен синонимдес болып келеді. Мысалы, сиыр – «ебегейсіз», «шадыр адам» туралы, қой «момын», «жуас» адам туралы. Екіншіден, сөзге жаңадан атау беру үшін экспрессивті-бағалауыштық мағынаның міндетті түрде белгілі бір бейнеге немесе мотивке байланысты болады. Бұл бейне ұқсастықты белгілейтін теңеудің экстенсионал ішкі формасына қатысты болып келеді.

Коннотаттық модальдылықтың экстенсионал аналогиясына негізделген логикалық тәртібі бар. Мысалы, жетім қозыдай теңеуінде «жалғыздық», «жаман нәрсе» деген денотаттық модальдылық және «жетім қозыдай жалғызсырау жаман» деген коннотаттық модальдылық бар.

Осы айтылып жатқан мәселелерге байланысты С.Қоянбекованың еңбегінен қосымша келтіріп өтуге болады. Онда, Бағалау коннотациясы – тілдік бірліктердің экспрессивті стилистикалық мағынаның кең тараған типі және құрылымы. Ол адамның әлемді қабылдауының өзі әрқашан бағалау қарым-қатынасымен шартталады. Сондықтан да сөйлеу әрекетінде аз ғана қабылдау деңгейінде болса да әйтеуір бағалау элементтері қосылып отырады. Бағалау категориясының сөз әрекетінде үнемі болып отыратынын мәтіннің маңызды сапалы сипаты, мәтіндегі тілдік фактілер арқылы болмысқа деген бағалау қарым-қатынасы деп түсінуге болады. Осыған қатысты «Стиль айтылымның мазмұнына (бейтарап бағалаудан болымсыздыққа дейін) деген сөйлеуші немесе жазушының бағалау қарым-қатынасының тілдің фонетикалық, сөздік және грамматикалық мүмкіндіктерінің нақты қолдану жүйесі» деуге болады.

Бағалау коннотациясын идентификациялауға тілдегі бағалаудың функционалды-семантикалық аясының орталығына жататын «жақсы – жаман» базалық семантикалық оппозициялар қызмет етеді. Ал бекзат, қаламгер, ақыл, өнер шебері, еңбекқор және т.с.с. тек қана экстралингвистикалық болмыста болатын кейбір объективті деректерді көрсетпей, сонымен қатар оң имманентті бағалауды да көрсетеді. Коннотацияның осы түрінде нақты бір қоғамның мәдени, прагматикалық және адамгершілік құндылықтарының бағалауын көруге болады. Олар логикалық түрге сәйкес лексикалық мағынаның денотативті компоненттерінен шығып, рационалды-бағалау деп аталады.

Page 44: Диплом коннотация

Бағалау коннотацияларының стилистикалық ролі сөздің субъективті-индивидуалды бояуын күшейтуден тұрады. Бұдан басқа бағалау әрқашан прагматикалық бағдарда болады және де онда сөйлеу адресатына белгілі бір әсер ету мақсаты болады. Сөйлеушінің синонимиялық қатардан сөздің стилистикалық боялғанын, бағалау сипаттауын таңдауы сөйлеу актісінде коммуникативтік және стилистикалық тұрғыдан маңызды болып табылып, адресаттың санасы мен еркіне әсер етуші факторға айналады.

Кейбір зерттеушілер коннотацияны және астарлы сөзді изоморфты құбылыс деп қарайды. Осыған қатысты сюжеттік-жағдайлық бағалау коннотациясы айқын көрінеді. Олардың ерекшеліктері – ондағы бағалау фондық білім негізінде белсендіріледі және де айтылым межесінде нақты бірлік ретінде көрінбейді: «Мен оған қанша рет ішуді доғар деп қақсадым ғой» деген реплика күнделікті сөйлеу саласына тән. Мұндағы негативті – бағалау қатынасы екі деректің бір орналасуымен көрінген. Бағалау коннотациялары ауызекі сөйлеуде,көркем, публицистикалық мәтіндерде өте белсенді болып келеді. Ал керісінше, ресми-іскери стильдерде бағалау коннотациялары эксплицитті түрде анық және біржақты бейтарап құрал болып табылады.

Коннотациялар шашыраңқы (диффузды), олар сәйкес заттардың тікелей сөздік белгіленуінің лексикалық бірліктерінен әлдеқайда нақтылығы жоқ болып табылады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, «бағалау тілдік жүйенің әр түрлі қырын шалып өтеді». Бағалау функциясы тілде әр түрлі деңгейдегі фонетикалық (интонация), морфологиялық, лексика-фразеологиялық, синтаксистік бірліктерді қамтиды. Оларды әр түрлі комбинацияда қолдану мүмкіндіктері шексіз.

Эмотивті коннотациялар, олардың тақырыптық-ұғымдық мағыналары көрсетілетін заттың, құбылыстың эмоционалды реңкімен күрделеніп отыруы лексикалық бірліктерге тән. Эмоционалды бояуы бар құралдардың екі түрлі болады: сөздің эмоционалды бәсеңдету және эмоционалды күшейту (көтеру) түрі. Эмоция мен сезімді көрсету, сонымен қатар адресатты эмоционалды «қыздыру» – адамның іргелі коммуникативтік құралының бірі болып табылады. Бұл үшін тілде лексикалық мағынаның эмоционалдық компоненті тәрізді әр түрлі арсеналдар болады.

Сонымен қатар кез келген коммуникацияда эмоционалдық мәнді құраушы элементтер, яғни эмоционалдық мәтіндік те категория болып табылады. Ал оның жүзеге асуы әр түрлі қатардағы тілдік құралдардың, лексика-фразеологиялық, паралингвистикалық, интонациялық, синтаксистік сөз тудырушы құралдардың динамикалық өзара қарым-қатынастары арқылы жүзеге асады.

Мәтіннің эмоционалдығы тұрақсыз, ауыспалы болып келеді, мәтіннің жанрлық-стилистикалық түріне, сөйлеушінің жеке-психологиялық ерекшелігіне, коммуниканттардың өзара қарым-қатынасының сипатына, сөздің тақырыптық жағдайына байланысты өзгеріп отыратын құбылыс. Әрбір сөз актісінде мәтіндегі логика-ақпараттық және эмоционалды-экспрессивтіліктің сәйкестігі оларда кездесетін экстралингвистикалық факторларға да тәуелді болады. Мысалы, өте талантты жазылған ғылыми

Page 45: Диплом коннотация

мақала тек қана ол проблема таныс маман үшін ғана қуаныш сезімін бере алады.

Бұл жерде мысалдар арқылы эмоционалды нышаны бар лексиканың стилистикалық-бедерлі мақсатта қолданылуын көрсете кетуге болады. Тілдің семантикасында адамдарға тән эмоционалды стереотиптер болады. Нақты бір деректер, жағдайлар адамдардың бәріне бірдей эмоционалды реакция тудырады. Ондай деректерді білдіретін номинативті бірліктердің тұрақты эмоционалды бояулары болады. Мысалы: сасық, соғыс, ұрлау, айқайлау, жеку, жұпар иісті т.б.

Сөйлеу барысында айқын жағымсыз-эмоционалды коннотацияларды мақсатты түрде таңдау және оларды бірге қолдану хабарлауды ушықтыра түсудің (драматизациялаудың) құралы болып табылады. Мысалы: «Әрбір жоғалтқан сағатың – қиыншылық, қайғы, көз жасы, жылау, ауыру (Т.Т.) Бұл жерде бір текті стилистикалық санамалау арқылы автор айтылымның эмоционалды кернеуін күшейтіп адресатқа әсер етуді көздеген.

Жалпыға мәлім, сөздер өздерінің коммуникативтік және экспрессивтік-стилистикалық әлеуетін сөйлеу актісінде ашады, өзге сөздермен байланысқанда көрсетеді. Контекстік фактор ролі лексикалық бірліктерге сапалық нақтылауды эмоционалды-бедерлеу арқылы беруі болып табылады. Бейнелі конструкциялар құрамында метафоралық қолданыс етістіктердің семантикасын өзгертеді: нақты бір іс-әрекетті көрсету, көркем образ құруда атқаратын функцияны белгілеу, белгілі бір көңіл-күйдің колоритін көрсету т.б.

Бедерлі коннотациялар нақты-бейнелік, сезімдік көріністерді белгілейді. Оларда идиомдарға тән қасиет болады: «идиома в отличие от слова не называет объект или качество, количество, процесс, способ совершения действия, а изображает их». Фразеологиялық бірліктер мен сигнификативтік мағына арасындағы байланыстардың уәждік мағынасы аз болған сайын оның бейнелік-ассоциативті көрінуі төмен болады. Фразеологиялық номинациялардың негізіндегі эксцентрикалық бейнелердің болуы және олардағы фантастика, иррационалды әлемнің болуы ондай бірліктердің жоғары бедерлігінің көрсеткіші болып табылады. Фразеологиялық бірліктердің бейнелі-бедерлі қасиеті сөз типінде қолданылады. Сөзде сәтті қолданылатын идиома күлкі туғызады, сенімді қарым-қатынас жағдайына себеп болады, сөйлеушінің тұлғасына деген қызығушылық тудырады.

Халық тіліне тән сөз колоритін көркем шығармаларда көбіне фразеологизмдер беріп тұрады. Фразеологизмдерден бейнелеу коннотациялары өзге типті коннотациялармен үйлесіп отырады. Лексика саласындағы транспозиция семантикасымен байланысты коннотативтік ақпарат бейнелі-экспрессивтік сипатта болады. Семантикалық тасымалдаулардың кейбір типтеріне эмоционалды бағалау-сипаттаушы коннотациялар тән. Олар құралдық функция атқарып, эмоциялы бағалауды жүзеге асырушы ретінде рөл атқарады. Мысалы, күнделікті сөйлеуде зоометафоралар ретінде қолданылатын сөздердің ауыспалы және тура мағыналарын салыстырып көрелік: жылан – сұм адам, қораз – төбелескіш адам, күшік – тәжірибесіз жас бала. Сөздің мәнерлі дыбыстық формасы

Page 46: Диплом коннотация

экспрессивтіліктің көзі болып табылады. Колоритті және мәнерлі суреттеуші дыбыстық қатар да ассоциативті процесстерді күшейте түседі. Сондықтан да олар белгілі бір эмоционалдық күй кештіріп, коммуникативтік мағына ретінде қабылданады. Бұл жайлы көбіне поэтикалық мәтіндерге тән деп айтуға болады.

Функционалды коннотациялар (функционалды-стилистикалық коннотациялар) тілдік бірліктердің белгілі бір қоғамдық әлеуметтік-сөйлеу практикасында қолдануымен байланысты. Тілдік құралдардың функционалдық-стилистикалық дифференциациясы үшін «сөйлеу тілі – кітаби тіл» оппозициясы іргелі мәнге ие.

«Есек» сөзі «жынды» және «қырсық», «ештеңе білмейтін» деген мағыналарды береді, олар былай айтқанда коллоквиалды бояуға ие, яғни қарым-қатынастың сөйлеу формаларына ғана тән.

Тарихи коннотациялар белсенді сөз қолданысынан шығып қалған лексикалық бірліктерге тән. Олар жадымызда біздің ата-бабаларымыз жасаған байырғы рухани және материалдық мәдениет реалийлерін жаңғыртады. Жазушылар оларды көбіне тарихи жағдайларды суреттегенде қолданады. Мысалы, Д.Досжанның «Жібек жолы» романындағы құрал-саймандардың атаулары т.б. қолданылуымен байланысты. Ал соңғы уақытта болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты кейбір көнерген сөздер қайтадан белсенді лексика қатарына қосылуда. Бұл процесстегі конструктивті рөлді БАҚ атқарып отыр.

Жаңа сөздер коннотациясы неологизмдер мен окказионалды сөздерге тән және сөзді атаудың «жаңа» деп ұғынылуы олардың экспрессивтіліктерінің негізі болып табылады. Бұрынғы тілдік тәжірибеде белгіленбеген номинативтік бірліктер ерекше зейін қоюдың объектісі болып, белгілі эмоционалдық күй кешіруге әкеледі. Мұндай терминдер кең мағынада да қолданылады, яғни кез келген инновациялық құбылыс ретінде тіл – сөз жүйесінде қолданылады және өзінің орнын табады. Жаңа сөздер коннотациясы ретінде тілдік факті болып тілдік қолданыстардан ерекше бөлініп тұратын айрықша сөз тіркестерін атауға болады. Олар стилистикалық тұрғыдан өзгерістер тауып қажетті жағдайларда (ситуацияларда) қолданылады. Тілдік айтылымдардың жаңалығы мәтіннің ақпараттылығын күшейтеді және сөздің экспрессивтілігінің және тиімділігінің факторы болып табылады. Диалектілік коннотациялар жалпы көркем әдеби мәтіндерде сөздерге белгілі бір жергілікті коллорит беру мақсатында қолданады. Мысалы: Даусы тәтті шықты ғой, не бітіріп қайтты екен (Ә.Нұрпейісов); Шаршап, талып шақ жеттік (Ә.Сәрсенбаев). Шақ – «әрең» деген мағынада.

Мәдени коннотациялар ұлттың өзіндік ерекшеліктерін байқататын рухани және материалдық өміріндегі құбылыстарды көрсетеді. Мысалы: киіз үй, соғым, күздік, қыстақ, жайлау сияқты сөздер қазақ халқының тұрмысынан хабар береді. Көрсетілген коннотациялар типі көптеген фразеологизмдерге де тән. Мысалы, барымтаға қарымта, есепсіз дүние, сауда сақал сипағанша, ет бауыры елжіреген т.б. Кейбір жағдайларда олардың контекстік қолданылуы стилистикалық мақсатта да болады. Мысалы: Қаралы жаулық салынып, қызулы базар есігін жапқанына алты

Page 47: Диплом коннотация

жыл болды... (М.Әуезов); Бердібай бақсы арқасы қозып, мүлде көтеріліп-көтеріліп қояды (Б.Майлин).

Коннотацияларға тән ерекшелік ретінде олардың бір-бірімен байланысып, өзара семантикалық қарым-қатынаста болуы. Коннотативтік мазмұн күрделі және синкретті болып келеді, эмоционалды-бағалау-экспрессивті қасиет компонентінің номинациясы тек қана кейбір жағдайларда ғана олар бір типке жатқызылады.

Коннотацияны зерттеудегі проблемалардың бірі олардың әрқайсысының бірізділігі және олардың түрлерін ажырату болып табылады. Стилистика материалының ерекшелігі экспрессивтік қасиеттің ғылыми жіктемедегі орнын былай көрсетуге болады: «Экспрессивные факты, которые по своей природе содержат тончайшие оттенки и бесконечные градации, не могут уместиться в жестких рамках». Эмоционалды және бағалау коннотацияларының өзара тәуелділігін ескере отырып, кейбір авторлар оларды бірі бірінен ажыратпай, бір тұтас нәрсе деп қарастырады. Мысалы Н. Лукьянова эмоционалды бағалардың сараланбаған коннотативтік семантикадағы мазмұн типіне қарай оларды эмоционалды-бағалау және бағалау-эмоционалды коннотациялар деген түрге ажыратып қарайды.

Сезімдік, эмоционалдық компоненттер мағынаның субъективті элементі болып табылады.

Кейде сезімдік коннотация лексикалық мағынаны басып, алдыңғы планға шығады. Бірақ экспрессивті лексикада сезім коннотация бола алмайды, ол лексикалық мағына құрайды.

Келесі бір мағынаның субъективті элементі мәдени компонент болып табылады. Мәдени компоненттің мәні «семаниканың мәдени ортаға тәуелділігін» көрсетеді.

Со знакомства со сөз-дыбыспен, оның қасиеттерімен танысқаннан бастап кез келген затпен танысу басталады. Содан кейін, заттың қызметі, оның тарихы, т.б. туралы біліміміз кеңейеді. Уақыт өте келе білім өзгереді, бірақ мағына өзгеріссіз қалады, ол тек кеңейеді. Мағына тек сөз-дыбыста жаңа лексикалық мағына пайда болғанда ғана өзгереді.

Уақыт пен кезеңге байланысты, қоғамның дамуына байланысты сөз әр түрлі мағыналар мен коннотацияларға ие бола алады.

Н.Г. Комлевтің пікірінше «коннотация уровня знания может играть и положительную и отрицательную роль в языковом общении. Однако при наличии тождеств в существенной части лексического понятия индивидуальная, интерсубъективная дифференциация не подрывает основ языка, хотя игнорирование этого языкового факта может иметь отрицательные последствия в некоторых видах коммуникации».

Н.Г. Комлев лингвистикалық көзқарас тұрғысынан «дүниені танудың екі түрін» бөліп көрсетеді, олар коннотация ретінде кейбір сөз-ұғымдарға серік бола алады:

1. Лексико-этимологиялық немесе тілдік-құрылымдық дүниетаным. Коннотацияның бұл түрін шартты түрде дүниетаным деп атауға болады, өйткені атаудың уәжділігі және лексикалық мағынаның өңделуі тілді дамытудың стихиялық процессінде жүзеге асады, сондықтан қарапайым түбір сөздер – морфемалар тіптен мотивацияға ие емес.

Page 48: Диплом коннотация

2. Жеке дүниетаным, таптық-саяси мәндегі дүниетаным. Мағынаның коннотациясы қоғамдық-саяси лексикалық бірліктердің қатарында, қоғамдағы таптық теңсіздік немесе жойылған ұлттардың дамуының арнайы кезеңдерінде көрініс табады. Дүниетанымды эксплицитті түрде білдірудің (сөздің морфологиялық құрылымында) болмауы коннотацияның болмауымен мүлдем сәйкес келмейді. Коннотация сөздің әр түрлі әлеуметтік топтар арқылы әр түрлі тарихи-әлеуметтік жағдайларда қолданылу жолында жинақталады.

Осылайша, коннотация түрлері мағына ұғымына – коннотацияға әсер етеді.

Екі ұлттық мәдениетті салыстырғанда коннотативтік сипаттағы ұлттық компонент әр түрлі сөздердің мағыналық құрылымында әр түрлі статусқа ие болады. Осыған байланысты мынадай лексика-семантикалық болмыстар назарда ұсталады,яғни олар коннотациясы ассоциацияға жататын жеке есімдер; ауыспалы-кеңейтілген мағынада қолданылатын сөздер, яғни сөздер мұндай қолданыста басқа тілдердегі өздерінің лексикалық эквиваленттерімен негізгі мәнде сәйкестігін жоғалтады; мағынасының коннотативті-мәдени компоненттері берілген лексикалық бірліктің ауыспалы-метафоралық мағынасы ретінде қатысатын сөздер. Сөздердің аталған топтарында коннотацияның сипаты ұлттық-спецификалық және бірегей-ұлттық. Ұлттық мәдениеттерді салыстырғанда ғана сөздің мәдени компоненті анық көрінеді.

Сөздің мағыналық компоненттерінің арасында ерекше орынды коннотативтік мағына алады. Бізге белгілі, лексикалық мағына құрамына ядродан бөлек сөзге ерекше реңк не болмаса коннотация беретін эмоционалды, экспрессивті, стилистикалық «бояулар» кірсе де әр түрлі денотативтік мағынадағы сөздерде сөздің коммуникативтік-семантикалық ауырлығының орталығы түрліше орналасады. Көптеген сөздерде коннотациялық мағынаның болуы адамдардың түрлі психологиялық, әлеуметтік және саяси жағдайларға байланысты сөзді түрліше қабылдауына байланысты, осылайша адамдар әр түрлі ассоциация тудырады, тілдік танымға тікелей қосыла отырып сөйлеушінің немесе бүкіл бір тілдік ұжымның затқа, тыңдаушыға және тіпті сөздің өзіне деген субъективті қатынасын білдіреді.

Осылайша, бір жағынан эксперимент ретінде құрылған коннотативтік артефактілер респонденттердің тілдік танымына «сіңуге» және этностардың стереотипіндегі «ұжымдық» және «танымдық емес» ұғымдарының терең жағдайларын білдіруге мүмкіндік береді: өз және көрші этностардың теріс және оң бағасын беретін этностардың негізгі моральдық-этикалық құндылықтары. Екінші жағынан, жаңа материалда тек коннотациялар ғана әлемді бағындырудың құнды формасы, мінездің ішкі детерминациясының факторы екендігі бекітілген. Тек коннотациялар ғана сөз мағынасымен күрделі қарым-қатынастағы түпкі мағынаны тудырып, сақтайды, оны тілге берік етіп бекітеді және осыдайша мәдени-ұлттық тілдік бейнені жасайды.

Page 49: Диплом коннотация

2.1 Көркем мәтінде кездесетін стилистикалық коннотациялар

Функционалдық стильдердің ішінде стилистикалық коннотациялар көбіне көркем әдебиет және публицистика стилінде кездеседі. Көркем әдебиет стилдің тілдік құралдарының стилистикалық бояуы өте кең, бай және әр түрлі болып келеді. Көркемдік мақсатқа барлық тілдік құралдар қызмет етеді. Енді көркем әдебиет стиліндегі кейбір шығармалардың тілінде кездесетін коннотацияларға келсек. С. Бердіқұловтың «Үшінші подъезд» повесінің тақырыбы – спорт және спортшылар,оның ішінде велоспортқа арналған. «Ай астынан айқабақ атып», садақ тартып, «адырнасын ала өгіздей мөңіретіп» мергендік таластырған,додаға түсіп, көкпар тартысқан, айдарынан жел есіп, ат шабысқа қатысқан, балуандар күресіп, күш сынасқан, «қыз қуып» бақ сынасқан т.т. осындай спорт түрлерін біліп келген қазақ жұртында бұл салаға тән сөздер, фразалар, небір теңеулер мен эпитеттер неге болмасын?!

Бүгінгі спорт туралы әңгімені баяғы «спорттық» сөздерімізбен, образдарымызбен беру бірден-бір ұтымды, әсерлі шыққан. Және бір тамашасы – қазақтың спорт сөздері жай баяндау, сипаттау қызметін атқарып қана қоймайды, образ жасайды. «Күшті командалар (футболшылар туралы) жеңіліп қалды» деудің орнына «жалы қарағайдай болған 6 команда іріктеу жарыстарында омақаса құлап қалды» деп беру әрі образды, әрі әсерлі. Бұл қолданыстар стиль үдесінен шығып, шығарманың мазмұны мен тілін қиюластырып жіберген. Бірғана велосипед сөзіне көсем жегер, бос тартар, қос дөңгелекті тұлпарлар деген сияқты салыстырулар, жабы машина, атжалман двигатель, өзімен үзеңгі қағыстыра қоятын қауқары жоқ команда, велосипедшілер бұйда бойы алда келеді, төрт жапон рульге жарбиып еңіретіп барады, Бельгия футболшылары Европаның жан жуытпас көкжалдарының бірінен төрт ұпайдың үшеуін бітеу сойып алды. Сезілер-сезілмес юмормен қоса берілген неткен образды баяндаулар! [13, 142]. Бұл кітапта біз бұрын-соңды көп кездестірмеген «құм санап отырып, қойтас қылғытатын кейбіреулер», «үпілмәлік майын зорлап ішердей», «електің түбінде кебек болып қалды», «футбол кіндігін кескен ел», «шеберлігі ояз, алабы таудай» деген сияқты образды фразаларды едәуір ұшыратамыз. С. Бердіқұлов өмір құбылыстары мен адам қылықтарын өзгелерге ұқсатып, теңеп, балап суреттеуге шебер. Мысалы, жасы келген американдық жолаушыларды «бет-ауыздарының әжімдері ошарлы ауыл сыятын сай-сала, аумағы ат шаптырым езулеріне қолағаштай трубка қыстырған» деп суреттейді. Бангкок аэропортының бетон жолының кеңдігін «бір үйір піл билесе бұйым көрмейтін» деп теңеуі ұтымды берілген.

Поэтикалық құралдардың ішінде экспрессиясы күштілерінің бірі – перифраздар деп аталатын тіркестер. Перифраз дегеніміз бір нәрсені немесе

Page 50: Диплом коннотация

құбылысты, іс-әрекетті олардың бір белгісін, бір қасиетін көрсетіп, ауыстырып атау. Мысалы, Абай надандықты «қараңғылық пердесі» деп атаса, мұнда надандықтың белгісі – бір нәрсені көре алмау, біле алмау, осы белгіні ақын перде сөзімен ауыстырып атайды. Жазушы Асқар Сүлейменов осы тәсілді өзінің «Бесін» әңгімесінде жақсы қолданады. Шығармадағы әкесі айтқан сөздің ауыр тигенін «қыраулы сөздің сызы табанынан өткенде» деуі бейнелеп атау. Шығармада және бір перифраздық қолданыс бар, ол – «егіз жолдың маңыраған сыңары».

Оқырман сезіміне әсер ететін эмоциялы-экспрессивті бұл амалды «Бесіннің» өн бойынан жиі кездестіреміз. Әңгіме мұндай тұспалды атаулардың мәтін ішінде әйтеуір кездесетіндігінде емес, олардың осы шығарманың жалпы поэтикалық үніне сай түсетіндігінде және көбінің күтпеген жерден жасалған сонылығында: бұқпаторғайлыққа қоңсы қонып алу («тайсақтау, батылсыздану»), көмейіндегі қомдаған сөзді ұшыра алмай...кәрі жүрегінің жыртық жабығынан сығалағыш болып алды... үрей қанатын жайып қабынып барады... Сәруәр бір зерен уды осы ойдың ауылынан төңкеріп алғаны да рас... Міне, бұлардың әрқайсысы авторлық перифраздар болып келеді де, шығарма тілінің бояуын түрлендіре, құбылта түседі.

Қысқасы, тілі талданып отырған повесть – «Бесін» деген символдық атынан бастап тұнып тұрған поэтизмдердің қазынасы.

Поэтизм – дегеніміз бейнелі, көркем, әсерлі сөз. Поэтизмдердің шоғырланып жұмсалуы шығарма жанрына қатысты. Әдетте поэтикалық сөздер мен тіркестер, яғни сөз-образдар өлең тіліне көбірек тән болады. Ал прозалық шығармаларда аз ба, көп пе орын алады. Яғни, осындай образды сөздер мәтін оқып отырған адамға әсер етпей қоймайды, бұдан шығатын қорытынды поэтизмдер де коннотациялардың белгілі бір бөлшегі болып табылады.

Жалпы, көркем шығарманың мақсатының өзі адамға, оның көңіл-күйіне әсер ету, сол арқылы оқушы қауымды кейіпкер өміріне түсіріп, ойландырту, жағдайды сездірту, ал оқырманға соншалықты әсерді беру үшін жазушы түрлі көріктеу тәсілдерін қолданады, яғни шығармада кездесетін коннотациялар оқырманға әсер етпей қоймасы анық.

Поэзияда М. Шахановтың өлеңдерінде соны, ұтымды тіркестер көп қолданылады. Ақынның тілдік қорында мұндай адамға бірден әсер ететін сөздер мен тіркестер жиі кездеседі.

Шахановтың адам арманының сынуын әсерлеп беруі «Эверестке шығу» өлеңінде былай берген: «құлайды арман дауыл жыққан қайыңша», «жанарынан жан тербетер назды сәуле құйылып» бұл жерде теңеу тәсілін ақын шебер қолданған. Адамға әсер ете алатын тіркеспен берген.

Ақынның «ТЖ-лар» атты өлеңінің де адамға әсер ететін экспрессивтік мәні зор. Ақын қоғамдағы өз пайдасына бола өмір сүретін, жағымпаз адамдарды өткір тілмен мінеп алады. ТЖ-лар табан жалағыштар, яғни басшы алдында сызылып, өз арам пиғылдарын ішіне жасырып жүретін, сырты бүтін, іші түтін адамдар туралы. Оларды қысқарған сөзбен ТЖ деп беруінің прагматикалық та, экспрессивтік те әсері зор. Ақын осы сияқты соны тіркестерді шығарған. Мысалы, Қажымұқанды «қазақтың бас бұлшық еті,

Page 51: Диплом коннотация

құлагер төс, піл табан» деп теңесе, қазіргі рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесмендерге «жаңа қазақ, шала қазақ» деген сияқты тың тіркестерді арнайды, өз ішіне қаншама эмоцияны алып отырған бұл коннотациялардың ақын поэзиясының тілін әсерлі етуде маңызы зор. Сондай-ақ, ақын «рухы, жаны аласа жарты ұстаздар, жарты бастық, жарты қыздар, жарты ұлдар» деп ашынып жырлауынан қаншама мағына табуға болады, осы тіркестерді оқығанда оқарман бірден ақын эмоциясын қабылдай, түсіне алады. Ақынның «Компьютербасты жарты адамдар» деп аталатын өлеңінің тақырыбының өзі адамға әсер бермей қоймайды, өлеңде монитор көз, компьютербас жас талап, робот-түйсік арқалаған жарты адамдар сияқты тың, соны, эмоцияға толы стилистикалық коннотациялар бар. Ақын бақыт туралы жырлар кезінде «Бақыт геометриясын» жасап алады. Ақын өлеңдерімен танысқан кезімізде байқайтынымыз өлеңдерінің көбі эмоцияға, қайнап тұрған шындыққа, ақынның көтеріңкі рухына толы. Ақын жырлаған тақырыбын нәзік сөздермен емес, ашынған адамның айтатын ащы, өткір сөздерімен берген. Сондықтан да өлеңіндегі көптеген тіркестер адамға қосымша экспрессивтік, эмоциялық әсер береді. Яғни, стилистикалық коннотациялар деп айтып отырған терминіміз, ақын өлеңінен өз көрінісін тауып отыр.

Жалпы, көркем әдебиеттің қай саласында болсын стилистикалық коннотациялардың кездесуі заңды. Себебі, көркем шығармада болсын, поэзияда болсын бояулы тіркестердің болуы шығарманың адамға беретін әсерін күшейтеді. Ақынның эмоциясынан туындайтын мұндай коннотациялар оқырманға шығармадағы жағдайды түсінуге, сонымен бірге жасасуға ықпал етеді. Мұндай тіркестер мақал-мәтел, фразеологизмдер түрінде де келуі мүмкін, олар шығармадағы сол уақытта болған жәйді адам жанына терең жеткізе алу қабілетімен де маңызды. Себебі, жәй ғана айтыла салған оқиға адамға әсер бере алмайды. Көркем шығарманың көркемдігі осыдан көрінеді.

Page 52: Диплом коннотация

Публицистикада кездесетін стилистикалық коннотациялар.

Психикалық құбылыстың көркем тіл арқылы бейнелену жайы, әсіресе публицистикалық шығармаларда эмоционалдылықты, бағалауыштық пен экспрессивтілікті зерттеу әлі кең қанат жайған жоқ. Публицистикалық стиль де әр түрлі стильдік бояуға ие тілдік құралдардың кең қолданысымен ерекшеленеді. Тілдің публицистикалық құралдары салтанаттылық, поэтикалық, риторикалық немесе ирониялық мазақтау реңктеріне ие болып келеді. Көпшілік жағдайда экспрессивтік бояу мен функционалды бояу осылай бірлікте келеді. Бобылева өз диссертациялық жұмысында М. Кольцовтың шығармаларынан мысалдар келтіреді. М. Кольцовтың мақала, фельетондарындағы жарқын эмоциональды-экспрессивті бояуы бар теріске шығарушы лексика пролетариат классының мүшелеріне әлеуметтік сипаттама беру үшін қолданылады. Мысал үшін: «Главари фашистских восстании, белые террористы, официально осужденные за монархистские мятежы, давно амнистированы. Иные из них уже расселись в делегатские кресла республиканского немецкого парламента».

«Всю жизнь чистосердечно поклоняться монарху, обожествлять его, служить всеми помыслами, верить в его благородство и храбрость и в самый ответственный момент , когда решается судьба родины и династии, увидеть этого монарха удирающим через границу как последний трус, как последняя сволочь, предающая все всех вплоть до собственной жены-императрицы за одно спасение свойей шкуры »

«В огромном стеклянном киоске-кафе в неистовем гаме орудует вся «деловая» «шваль» столицы».

«Распутинский кружок оглядывается по сторонам, ища для себя какую-нибудь продувную бестию с представительной внешностью и придворным званием».

М. Кольцовтың көркем публицистикасындағы эмоционалды-бағалауыштық тілдік бірліктер түпкі мақсаты топтық солидарлықты бекіту болып табылатын экспрессивті коммуникацияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелеріне бағытталған мақалаларда эмоционалды-бағалауыштық бірліктерді қолдану, публицистке айтылып жатқан фактілер мен жағдаяттарға тек қана партиялық көзқарасын, өз позициясын білдіруге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге жалпы оқырманға әсер ету мүмкіндігін де береді. Әлеуметтік психология бойынша мамандар бақылауларының көрсетуі бойынша, «тарихи даму жолына, яғни объективті шындыққа сәйкес келетін жалпы халықтың революциялық сенімі әрқашан да қабылдана бермейді, ол жұмыскерлердің белгілі бір бөлігінде кейде рационалды, эмоционалды жолдармен көрініс табады».

Page 53: Диплом коннотация

М.Кольцовтың мән мәтініндегі «проходимцы», «шваль», «бестия», «сволочь», «свора» және т.б. сөздердің, олардың бағалауыштық атының стилистикалық мағынасы оқушы тарапынан буржуаздық саясаты туралы онда бар ойларға қатысы жағынан ішкі предицирлеудің арқасында мағыналық мазмұнның басты құрамдас бөлігіне айналады да, олардың денотативті мағынасы артқы планға ауысады.

Page 54: Диплом коннотация

ҚорытындыСөйлеушінің қоршаған өмірге, затқа, құбылысқа, басқа адамдарға деген

көзқарасы мен сезімдік қатынасы сөздің семантикасында беріледі. Сөйлеуде эмоционалды-экспрессивтік мағынаны жеткізуші тіл бірліктеріне дыбыс, сөз, сөз тіркестері, сөйлем жатады. Осылардың барлығы жиылып, тақырыптық-композициялық тұтастық құраған кезде тұтас мәтіннің эмоционалды-экспрессивтік тонын, ырғағын жасайды. Қарым-қатынас барысында сөйлеушінің түрлі көңіл-күйі мен сезімін, көзқарасын білдіру мақсатында пайда болатын тілдің коннотациялық, бояулы мағынасының қызметі ерекше.

Стильдік ерекшеліктерді мәтінге жинап-теріп, бір арнаға ұйымдастыратын психикалық процестердің негізгісі ретінде сөйлеу процесі барлық тіл бірліктерінің жаңа бағдар ала ұйымдасуының жаңа сапасын танытады. Сол болмыспен сыртқа шығарылған сөйлеу туындысы енді сыртқы ортаны өзгертуге мүмкіндік алатын белгілі бір күшке ие екенін көрсетеді. Сөз бір нәрсе жайында баяндаумен бірге, ықпал жасау құралы да болып қызмет етеді. Адам тілінің ықпалдық қызметі - өте мәнді құбылыстардан. Ол тікелей әрекет-қылықты өзгерткенімен, қалайда тыңдаушының ой-санасына, сезіміне қандай да бір өзгеріс ендіреді. Сөйлеу - әлеуметтік міндетті орындау, тіл қатынасының құралы бола тұрып, саналы ықпал қызметін орындайды.

Сөйлеушінің сезімдік, эмоциялық қатынасы сөздің негізгі ұғымына қосымша мағына үстеліп, ол тілде коннотация деп аталады. Коннотацияның стилистика үшін маңызы оның тіл құралдарының стилистикалық мағынасын, стилистикалық бояуын анықтаудың өлшемі болуында. Коннотацияның мазмұны кең, ол бағалауыштық, бейнелілік, әсерлілік және экспрессия ұғымдарының жиынтығын көрсетеді. Коннотацияның диахронды және синхронды, жағымды, жағымсыз, болымды, болымсыз ұстанымдарына қарай топтасытру түрлері бар. Дихронды және синхронды болу ерекшеліктеріне орай ол экспрессивтік-бағалауыштық, тілдік (контекстік), тарихи-тілдік, тарихи мәдени түрлеріне топтастырылады.

Лексикалық бірліктердің қатарында фразеологизмдердің экспрессивтік-стилистикалық қызметі олардың әдеби тілдік, стильдік тармақтарға бөлінуі, лексикографиялық деректер негізінде жіктелуі, фразеологиялық деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, түрлі жағдайдағы қолданыс аясы, фразеологиялық бірліктердің қолданылуының коммуникативтік заңдылықтары, олардың бейнелік және метафоралық белгілерінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары және т.б. байланысты қарастырылады. Фразеологизмдер бір-бірінен экспрессияға негізделген стильдік реңк, бояу құрамында қолданылу аясына қарай ерекшеленіп тұрады.

Стилистикалық коннотацияларды троптар мен фигура және оның түрлері тудыра алады. Троп туралы ғылыми әдебиеттерге талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Көркем ойлаудың көрсеткіші болып табылатын троп түрлері тілде мағынаның трансформациялануы арқылы

Page 55: Диплом коннотация

жасалып, көркем шығармадағы аналогиялық ой тұжырымдары, зат, ұғымдардың санадағы ассоциациялық бейнелерін жасауға негіз болады. Демек, троптар тек коннотация тудырып қана қоймайды, сол арқылы көркем сана болмысына тән танымдық сипатқа ие болады. Санадағы белгісіз құбылыстарды белгілі заттармен ұқсату, меңзеу арқылы түсіндіру, бейнелеу, сол арқылы көркемдік дәлдікке, бейнелілікке қол жеткізу троптың коннотациялық мәнін күшейтеді.

Сөз таптарының ішінде айрықша экспрессивтік стилистикалық әлеуеті жоғары деп танылатын зат есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің, еліктеу сөздер мен одағайлардың экспрессивтілікті берудегі қызметі айрықша болып табылады.

Сонымен бірге стилистикалық коннотациялар қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін де танытады. Қазақ жерінде қалыптасқан рухани мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр жалғастығы биігінен орын алуы, оның әлемдік өркениеттер диалогында танылуы, өзінің өміршеңдігімен сақталған тілге тікелей қатысты. Қазақ халқының түп төркінін танытатын мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрлері, мазмұны тіл, сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тарап, жеткізіліп отырған. Осы тұрғыдан алғанда тіл арқылы ұлттық-мәдени ерекшеліктерді тану – қазақ ұлтының, қазақ тілінің өткені мен болашағы, әлеуметтік құндылықтарды танып-білу, игеру болмақ.

Қорыта келгенде, жүргізілген зерттеу жұмыстары мынадай тұжырымдар жасауға негіз болады:

Біріншіден, стилистикалық коннотациялар тіл философиясы, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу, тілдік таным мен бейне, эмоция және тілдік таңба, ұлттық таным мен сана, ұлттық тіл мен діл, көркемдік таным, ұлттық тіл мәдениеті сияқты мәселерге байланысты экспрессивті стилистиканың бір бөлшегі.

Екіншіден, стилистикалық коннотациялар тіл бірліктерінің экспрессивтік-стилистикалық қызметін анықтауда басшылыққа алынатын негізгі ұғым болып табылады. Стилистикалық коннотациялар тілде эмоционалды, бағалауыштық, қарқындылық, көркемдеуіштік тағы басқа мағыналық элементтердің интегративтік жиынтығы болып табылады.

Үшіншіден, стилистикалық коннотациялар мазмұнды, тілдің ақпараттық қырын, олардың номинативтік құралдар жүйесіндегі статусын сипаттайтын семантикалық құбылыс.

Төртіншіден, қазақ тілі лексикасының тілдік жүйеде қалыптасқан және сөйлеудегі қалыптан тыс экспрессивтік стилистикалық тетіктері лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикалық әлеуетінің жоғары екекнін дәлелдейді. Сөздің, фразеологизмдердің өзіндік табиғатына бағалауыштық, көркемдік-бейнелеуіштік, функционалдық (тарихи коннотациялар, жаңа коннотациялар, диалект коннотациялар,ұлттық-мәдени коннотациялар т.б.) тән болып келеді. Яғни, лексикалық құралдар коннотацияларға бай болып келуін көрсетеді.

Бесіншіден, стилистикалық коннотациялардың экспресситвік стилистикалық қызметі мағыналардың семантикалық трансформациялануы арқылы да жасалады.Осыған байланысты, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің интонациялық, синтаксистік орын тәртібінің өзгермелілігі

Page 56: Диплом коннотация

оның экспрессивтік мағынаны, ойды жеткізудегі мүмкіншіліктерінің кең екенін танытады.

Алтыншыдан, тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі болып саналады. Сөздегі коннотатты мағына ұлттың өзіндік дүниетанымымен бірге ақыл-ой өрісінің де өлшемі бола алады. Осы орайда қазақ ақыл-ой өрісінің нақты тілдік көрсеткіші ретінде мақал-мәтелдердің экспрессивтік стилистикалық әлеуетінің зор екенін көруге болады. Мақал-мәтелдер тілдің экспрессивтік әсерін арттырып, өткірлік сипат, ұлттық бояу беретін экспрессивтік стильдік мәні ерекше құрал болып табылады.

Page 57: Диплом коннотация

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007. – 244 бет. 2. Авакова Р. Фразеологиялық семантика.-Алматы: Қазақ университеті, 2002. 3. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздің метафоралы қолданылуы.-Алматы: Мектеп, 1966. 203 бет.

4. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 бет.

5. Серғалиев М. Стилистика негіздері.-Астана, 2006.6. Қоянбекова С. Б. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының

негіздері: ф.ғ.док.дис. Абай атындағы ҚазҰПУ.-Алматы, 2008.7. Мұсабекова А. Қазіргі қазақ публицистикасында экспрессия мен

эмоцияны білдірудің тілдік құралдары.-Астана, 2004.8. Сарышова К. Қазақ тіліндегі эмоцияны бейнелейтін

фразеологизмдер.-Қызылорда, 2006.9. Ерназарова З. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің

прагматикалық негіздері.-Алматы: Дәуір,2001.10. Әзімжанова Г. М. Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық

әлеуеті.-Алматы, 2007.11. Бобылева Т.Б. Экспрессивно-стилистические особенности

художественной публицистики М. Кольцова. 1982.12. Амренова Р.С. Коннотативно-культурные доминанты этнонимов

казах и руский.13. Сыздық Р. Сөз құдіреті.-Алматы: Санат,1997.- 224 бет.14. Шаханов М. Эверестке шығу.- Алматы: Атамұра, 2003.15. Таусоғарова А.Қ. Сот-лингвистикалық сараптама мәселелері: Оқу

құралы.- Алматы: Қазақ университеті,2006.- 103 бет.16. Золотова Г.А. Коммуникативные аспекты русского синтаксиса. –

М.:Наука, 1982.- 368 с.17. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция,

символ, тілдік сана. –Алматы: Ғылым, 1998 – 104 б.18. Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики номинативных

единиц.- Москва: Наука, 1986 – 143 с.19. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілі

стилистикасы. –Алматы: Ғылым, 1966 – 190 б.20. Серғалиев М., Нургожина Ш. Эмоционально-экспрессивная лексика

казахского разговорного языка.- Алматы: Наука, 1995 – 131 с.21. Нұрмұқанов Х.Тілдегі эмоционалдылық-экспрессивтілік туралы//

Мұғалімге қазақ тілінен көмек.- Алматы; 1972,№9. 22. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 192 б.23. Қосымова Г. Шешендік өнердің негіздері. – Алматы: Білім, 2003. –

260 бет.

Page 58: Диплом коннотация

24. Жонкешев Б.С. Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты. – Алматы: Дәуір, 2006. – 130 бет.

25. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. – Алматы: Білім, 1993. – 195 бет.26. Цоллер В.Н. Экспрессивная лексика, семантика и прагматика//

Филологические науки. – 1996. № 6 (596) – 55 с. 27. Кожина М.Н.О конструктивном принципе функционального стиля

его экстралингвистической основе и критериях стилистических оценок//Вопросы стилистики, - Саратов, 1972. - № 5. – 155 с.

28. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә., Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Дәуір,2003. – 242 бет.

29 Нургожина Ш. Эмоционально экспрессивная лексика казахского языка: автореф...канд.фил.наук. – Алматы: Казахский государственный университет, 1989. – 145 с.

30. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Мектеп, 1989.

31.32.33.34.35.